Құдайберді Бағашар Тагылым ТАМШЫЛАРЫ 1 Алматы, 2011
УДК 297 ББК 86.36 Б 13 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған Бағашар Қ. Б 13 Тағылым тамшылары-1 – Алматы, “Көкжиек – Б” баспасы, 2011. – 208 бет. ISBN 978-601-7271-22-0 Араб, түрік тіліндегі кітаптардан тәржімалап- құрастырған Құдайберді Бағашардың бұл еңбегі пайғам- барлар мен сахабалар, тақуа, пірәдар әулиелердің өмірінен алынған мазмұнды оқиғалар мен ғибратты хикаяттарға арналған. Рухани тәлім-тәрбиелік, тағылымдық астары мол әңгімелер оқырманды бей-жай қалдырмайды деген сенімде- міз. Кітап тізбегі алдағы уақытта жалғасын таппақ. УДК 297 ББК 86.36 ISBN 978-601-7271-22-0 © “Көкжиек – Б” баспасы, 2011
Аңдатпа Қазақ халқы – ежелден даналыққа, шешендікке, әңгіме, жыр-дастандарға үйір халық. Ауылына қонақ келсе айтқан әңгімесін ұйып тыңдап, таңды таңға ұрып батырлық жыр мен ғашықтық жырларды жалықпай тыңдайтындығы да соның айғағы. Ауыз әдебиеті бай дамыған халқымыздың осы бір қасиеті оның ақынжанды, әңгімеқұмар халық екендігін дәлелдей түскендей. Ата-бабаларымыз – жүйелі сөзге тоқтай білген, сөз салмағын бағамдай білген, бір ауыз сөзбен бір-бірімен жауласқан екі руды татуластырған, бір ауыз сөзбен адасқан тентегін жөнге салған, сөз қадірін жете ұға білген ел. Ұтымдық пен тапқырлыққа, шешендікке негізделген айтыс өнері де күні бүгінге дейін қазақ халқының сөзден түйін түйген дара халық екендігін дәлелдеумен қатар ел ішіндегі тәрбие болмысын қалыптастырып келеді. «Ақылды қария – ағып жатқан дария» деп бір ауыл елді дуалы ауызды бір ақсақалға билеткен халқымыздың қанында мәнді ой мен қисынды уәжге тоқтау о бастан сіңісті әдет екендігі даусыз. От тілді, орақ ауызды ділмарларын көкке көтере, Төле, Әйтеке, Қазыбек сынды билерінің әр сөзін ғибратқа балаған халқымыз даналыққа, татымды ой мен тар- тымды әңгіме-қиссаларға деген қадір-құрметін әлі күнге сақтап келеді. Тәуелсіз ел болғалы бері руха- ни, танымдық, тәлімдік жәдігерлер қайта зерделеніп, қордасы молайып келе жатқаны шындық. Кезінде Абай, Ыбырай, Ахмет сынды алыптар шетелдік ақын- жазушылардың мысалдары мен шағын әңгімелерін 3
Тағылым тамшылары қазақ тіліне көптеп аудару арқылы халықтың сана- сына сәуле құйып, өскелең ұрпақтың тәлім-тәрбиесін қалыптастыруда үлкен үлгі-өнеге ошағының кірпішін қалаған болатын. Сол бір сара жолды дамытып күні бүгінге дейін әр түрлі жанрда көптеген аударма- лар жарық көрді. Ал мына көзі қарақты, көкірек көзі ояу оқырман қауымға енді ғана жол тартып отырған еңбектің бірқатар өзіндік ерекшелігі, бөлекше бет- бедері бар. Біріншіден, бұл жай ғана аударма еңбек деуге келмейді. Себебі кітап мазмұны терең дидактикалық әрі ойшылдық (пәлсапалық) һәм тақуалық тәмсілдерге құрылған. Екіншіден, бұл – 70 жылдық соцреалистік жат- танды тәрбиешілдік пен көбіне жасанды көркемдікке құрылған дүниелерден жалыққан жаңа заманның рухани сұранысынан туған еңбек. Жай ғана руха- ни сұраныс емес, дәл бүгінгі қоғамдық ахуалды шын мағынасындағы рухани серпілістің бастауы десек те болғандай. Неге бұлай ой топшылап отырғанымыздың мәнісіне кітап мазмұнымен танысу барысында көз жеткізерсіздер деген сеніміміз бар. Себебі, біз бұл ғибратты тәмсілдерді таңдауда, аударып құрастыру барысында шығарманың атынан гөрі затына, сыртқы пішінінен гөрі ішкі мазмұн байлығының тереңдігіне (идеясына) басты назар салдық. Кітап төрт тараудан тұрады. Осы орайда, тілге орамды, ойға ықшамды, бе- рер ғибраты мен даналығы мол шағын әңгімелердің халық талғамында алар орны ерекше екенін айта кеткен орынды. Рухани дүниелеріміздің қатарын толықтыру ниетімен түрік тілінен аударылған бұл шағын әңгімелер 4
Тағылым тамшылары жинағы Хақ тағаланың сүйікті құлы Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) пайғамбардан бастап, саңлақ сахабалар мен бес күндік тіршілікте ешкімнің ала жібін атта- май адал ғұмыр кешкен әулие, абыз, дана кісілердің өмірлерін өнеге етіп, оқырманды адамгершілік пен сүйіспеншілікке, имандылық пен адалдыққа, ізгілік пен ізеттілікке, әділдік пен жанашырлыққа, парасаттылық пен қанағатшылдыққа баулиды. Кітаптың тілі жеңіл болғанмен мазмұны терең, салмақты. Көңіл бөліп оқыған жанның көкірек сарайын ашар, руханиятын кемелдендіріп, ойына-ой, ақылына- ақыл, нақылына-нақыл қосар деген сеніміміз мол. Баспадан 5
6
І БӨЛІМ ПАЙҒАМБАРЛАР ПАРАСАТЫ Мәрттік Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бар арман-тілегі мен мақсат-мұраты – адамзат атаулыдан өзіне көрсетілген қызмет емес, керісінше өзінің адамзатқа тигізер жәрдемі мен қызметі бола- тын. Сондықтан да болар, қолына не нәрсе түссе де, мұң-мұқтажға таратып беріп, өзі кимесе де өзгені киіндіріп, өзі ішпесе де өзгеге ішкізіп, қарамағындағы адамдардың сәл де болса қуанғанын көруді өзіне зор қуаныш, үлкен бақыт деп есептейтін. Бұл жолы да қолына келіп қалған дүниені зәру жұртқа таратып бермек ниетпен ел арасына шабарман- дар жүгіртті. Мәдина көшелерімен жолға түскен шабарман- дар: – Уа, халайық! – деп жар салысты, – Аллаһтың ардақты пайғамбары Мұхаммед мешіт алдында мұқтаж адамдарды күтуде. Күнкөріс тапшылығын тартқандар мен өте кедей көмекке зәру жандар өз үлестеріне ти- ген көмекті алсын. Ешкім де бұл көмектен мақұрым қалмасын! Сәлден кейін-ақ мешіт алдына көп бейнет көріп, тұрмыстың қыжалатын тартқан, көмекке зәру жандар жиналды. Бірақ олар бұл жолы тым көңілді. Өйткені біріне тартсаң біріне жетпей, зар ғып келе жатқан 7
Тағылым тамшылары үйге керекті заттардың, ең болмаса, біршамасына қол жеткізу мүмкіндігі туып тұрған еді. Расында да, өздері ойлағандай болды. Пайғамбарымыз келген жұртты жалпылама бір шолып шығып, қолда бар затты бәріне бірдей ғып үлестіре бастады. Бұл іске іштей өзінің де қуанышты екендігін елге ерекше бір жылы жүзбен қарап, күлімсіреуімен аңғартты. Иә, ол қуанышты болатын. Өйткені, ол үшін өмірдегі ең үлкен қуаныш – басқалардың қажетіне жа- рау, қиналғандарға қол ұшын беру, халыққа қалтқысыз қызмет ету. Ал мына сәт – сол бір тәтті қуанышқа ке- нелген, халықтың игілігіне жарап, барынша қызмет көрсеткен, жарлы-жақыбайлардың мұң-мұқтажын елеп, шамасы жеткенше қол ұшын созған сондай бір қимас сәт. Ақыр соңында, қолындағы дүниелер де таусылды. Кедей-кепшіктердің де аяғы саябырсыды. Дәметіп кеп, дәнемеге қол жеткізе алмай қалған ешкім болған жоқ. Демек, ішкі есептің дұрыс шыққандығы. Бірақ сол мезет сонадай жерден өзіне қарай асыға ентігіп жүгіріп келе жатқан бір бәдәуи қартты көзі шалды. Қарсы алдына келіп, аз демін алғаннан кейін бәдәуи былай деп тіл қатты: – Сіз көмек таратып жа- тыр дегенді естіп жүгіре жеткенімше үлгермегенімді қарашы?! Менің-ақ, әйтеуір, ісім өмірі өрге басып, жо- лым болып көрген емес.. Әлгі кедей байғұс онсыз да тағдырдың өзін өмірі кисе киімге, ішсе асқа жарытпағаны аздай, енді бұдан да тіс татырмай қаққанына налығандай кейіпте бола- тын. Айтуына қарағанда, керекті қыжалаты да біршама 8
Пайғамбарлар парасаты көрінеді. Тым құрыса, осы бір мүмкіндікті жіберіп алмайыншы деп, ести сала екі өкпесін қолына алып жүгіріп келген беті екен. Қолына ештеңе тимей, сан соғып қалғаны кедей жанына қатты батты. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әлгі байғұстан: – Зәру затың көп пе еді? – деп сұралғанда үміт ұшқыны қайта қылаң бергендей болды. Санай бастады... Расында да, көмекке қолы жет- се, біразынан құтылып, көңілі бір жұбанып қалғандай екен. Айтқандарының бәрі де күнделікті тұрмыс үшін ауадай қажетті заттар болатын. Алайда, қамкөңіл Пайғамбарымыз аз ғана уақыт бұрын қолындағы бар дүниенің бәрін келген жұртқа бірін де қалдырмастан со күйі түгелімен таратып бергендіктен, дәл қазір қолында бір тиын да қалмаған еді. Енді не болмақ?! Пайғамбарымыз іштей терең тебіреніп, қатты аяушылық білдіріп, пақыр бәдәуи жүзіне мейіріммен көз тастады. Сөйткенше болмай, күтпеген жерден оқыс шешім айтты: – Қамықпа, қажетті затыңның бәрін де аласың! – Қалайша? – деп сұрады көзі шарасынан шыға таңғалған кедей байғұс. Пайғамбарымыз болса, бұл жолы әр сөзін нықтап, анық-анық айтты: – Қазір осы тұрған бойда қаланың ішіне бар. Қай жерден керекті затыңды көрсең, сатушысына “Мына затыңды мен алам, ал ақшасын Аллаһ елшісі Мұхаммедтің өзі төлейді. Қалағанымды бер!” дегейсің. Пайғамбарымыз беретін ақшасы болмаған кез- де осылайша кедей-кепшіктердің мұң-мұқтажын өтеп беруді өз мойнына алатын. Тіпті ол үшін өзінің қарызданғандығын да елемейтін. Әйтеуір, ретін тауып 9
Тағылым тамшылары төлермін деген оймен оларға деген көмегін еш аяған емес. Адам баласына деген қызметті оның қашанда бірінші орынға қоятыны осыдан-ақ байқалатын еді. Әлгі бейбақ бұны ести сала, қуанышы қойнына сыймастан қала ішіндегі базарға бет алды. Бір жағынан, өзіне керекті алатын нәрселерін де ойша елестетіп бара жатқан күйде еді. Бұл жайдың куәсі болған Омар (р.а.) мұншалықты жанашырлық пен мейірбандықтың көрсетілгенін іштей аса құптамады. Ақыры, өзін іштей мазалаған ол ойын айтпай да тұра алмады: – Я, Расулаллаһ! Сіз шама- шарқың жететін нәрсеге ғана жауапты емессіз бе?! Қолыңыздағы дүниенің бәрін жұртқа түгін қалдырмай таратып бердіңіз. Мейлі ғой, бар болса берерсіз, жоқ болса, өзіңізді белшеден қарызға батырып, біреуді жарылқаудың не керегі бар еді?! Бұл артықтау болды- ау деймін! Пайғамбарымыздың бұл айтылғанды іштей жақамағандығы оның жүзіндегі күлімсіреудің байқалмағандығынан сезілді. Әйтпесе, ол дәл сол уақытқа дейін өте бір қуанышты күйде еді. Жүзінен жылылық пен күлімсіреудің табы ешқашан байқалмай қалған емес-ті. Сөйткенше болмай қастарындағы тағы бір адам сөзге араласты: – Уа, Аллаһ тағаланың құрметті елшісі! Омарды тыңдап қайтесіз, сіз одан да қолдан келген- ше жақсылық жасап, жұртқа беруіңізді тыймағайсыз, Ғарыштың Егесі сізді қараусыз қалдырмас! 10
Пайғамбарлар парасаты Бұны естігенде, Пайғамбарымыздың жүзі қайта күлімсіреді, өйткені оған “Жомарт бол, жұртқа жақсылық жасағаннан жалықпа” дегені ұнаған-ды. Иә, жомарттық Пайғамбарымызға тән қасиет еді. Әсіресе, Рамазан айларында оның жомарттығы мен мәрттігінде тіпті шек болмайтын. Бір күні бір адам өрістегі ешкілерін санап жүрген Ардақты елшіге келіп бірнеше ешкі сұрағанда, ол бірнешеуін ғана емес сол жайылып жүрген ешкілердің барлығын да алдына салып берген еді. Бір қора ешкісін ауылға айдап келген әлгі кісі сон- да өз қаумына былай деп жар салған екен: – Уа, халайық! Бәрің де мұсылман болыңдар! Мұхаммедтің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жомарттығы сонша кедейленем деп те қорықпайды... Аллаһтың ардақты елшісі кейде біреуден бір нәрсе сатып алып, оны қайта сол адамның өзіне сыйлайтын. Ал өзіне біреу сый жіберсе, дереу қасындағыларға сол сыйды таратып беретін. Ондай сый біраз уақыт қолында тұрып қалса реніш білдіретін. Пайғамбарымыздың жары Үммі Сәләмә (р.а.) бы- лай дейді: – Бір күні Пайғамбарымыздың жүзінен бір торығуды сездім. Себебін сұрағанымда: «Кеше алған жеті динарды әлі ешкімге үлестіріп үлгермедім. Менде қалып қойыпты» деп мұңайған еді... Ақысын даулаған сахаба Хазірет Мұхаммед пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл өмірдегі дәм-тұзы таусылуға айналған соңғы күндері. Алпыс үш жылдық өмірін абыроймен 11
Тағылым тамшылары өткізіп, имандылық пен ақиқат жолына бастау арқылы халықтың ыстық ықыласына бөленген ол тіршілігінде бір құмырсқа екеш құмырсқаны да ренжітпейтіндей өте кішіпейіл, қайырымды болатын. Ол өмірінің соңғы сәттерінде мұсылмандар арасында жіберген қателігі болса кешірім сұрап, бақұлдасып қалуды жөн көрді. Осы ниетпен бір күні Біләлге азан айтқызып, жұртты мешітке жинауын өтінді. Пайғамбар сөзін екі етіп көрмеген Біләл (р.а.) дереу мұнараға шығып, зор даусымен азан шақырды. Әуезді азан даусын естір- естімес Мәдиналығы бар, Меккеден көшіп келгені бар – барлық мұсылмандар мешітке аяңдап жинала баста- ды. Сәлден кейін-ақ мешіт іші лық толды. Сүйікті Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сахабаларға екі рәкат намаз оқытқаннан кейін мінберге шығып сөз бастады. Алдымен Аллаһ тағалаға шүкір етіп мақтау айтты. Артынша бүкіл елдің ет жүрегін езілтіп, жан-жүрегін тебіренткен, еріксіз көздеріне жас алғызып, тұла бойын шымырлатқан хұтбасын оқыды. Хұтба соңы анық-анық айтылған мына сөздерге ұласты: «Ей, мүминдер! Мен сендердің пайғамбар- ларыңмын. Өмір бойы ізгілікке үгіттеп, тынбастан бәріңді де Аллаһтың ақ жолына шақырумен келдім. Жақсылықты насихаттауда бір ғана Жаратқанның жәрдеміне арқа сүйеумен болдым. Сендерді қызғыш- тай қорғадым. Қанаттыға қақтырып, тұмсықтыға шоқтырмауға тырыстым. Сендерге қолымнан кел- генше бір әкедей-ақ мейірімділік таныттым. Мұң- қайғыларыңды да бірге арқаладым... 12
Пайғамбарлар парасаты Ал енді сендерден сұрарым: осынша жыл біргеміз, менде ақысы кеткен жан араларыңда бар ма? Ақысы кеткенің бар болса, Құдай үшін, Қиямет күніндегі есепке қаратпастан дәл қазір менен ақысын алсын!». Бұл сөзді естігенде көңілдері өрекпіп, көздеріне жас үйірілген сахабалардың ешқайсысы да тікелей Пайғамбарға барып «Сізде менің ақым кеткен» демеді. Сұрақ екі-үш рет қайталанғанда ғана сахабалардан Үккаша орнынан тұрып Пайғамбарымыздың қасына барды. Сөйтті де сөз бастады: – Уа, Аллаһ тағаланың сүйікті елшісі! Сіз үшін әке-шешемнің де жаны пида! Құдай үшін деп бірнеше мәрте қайталағандықтан айтпасқа лажым жоқ, сізде менің ақым кеткен еді, – деді де болған оқиғаны былайша баяндады: – Я, Расулаллаһ! Бір күні сізбен бірге соғысқа қатыстым. Шайқастың қызған кезі еді. Бір уақытта қалай екенін қайдам, мінген түйелеріміз бүйірлесіп қатар келіп қалыпты. Мұным ұят болды ма, қой кешірім сұрайын деп түйемнен түсіп имене жақындай бергенім сол еді, арқамды қамшыңыз осып түсті. Я, Расулаллаһ, сол жолы сіз әдейі-ақ мені қамшымен тар- тып жібердіңіз бе, жоқ әлде, байқамастан болды ма сол жағын әлі күнге ажырата алмай келемін... Бұны естігенде Пайғамбарымыз: – Ей, Үккаша! Сені қайтіп әдейі ұрайын, байқамастан болған ғой, – деп кешірім сұрайды да ар- тынша Біләлді қызы Фатиманың үйіне барып дәл сол жолғы қамшыны әкелуге жіберді. Біләл (р.а.) мешіттен шыққан бойы бірден Фатима- ның үйіне бет түзеді. Бір жағынан Пайғамбардың қалай 13
Тағылым тамшылары өз-өзіне жұрт көзінше жаза бермек болғандығына да таңғалды. Келе сала есікті қақты. Іштен Фатиманың: – Ол кім? – деген даусы естілді. Біләл (р.а.) өзінің атын ай- тып Пайғамбардың қамшы сұратқанын жеткізді. Фа- тима: – Ей, Біләл! Әкем қамшыны не істемек? – деп сұрады. Біләл: – Өз-өзін жазаландырмақшы, – деп жауап берді. Фатима: – Ей, Біләл! Қамшымен ұрып әкемнен ақысын алмақ болған кім? – деп сұрады. Біләл: – Үккаша, – деп жауап қатқаннан кейін қамшыны алған бойы мешітке заулады. Қамшыны апа- рып хазірет Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ұстатты. Пайғамбар болса қамшыны Үккашаға берді. Дәл осы арада орындарынан атып тұрған Әбу Бәкір мен Омар (р.а.) қосарлана: – Ей, Үккаша! Қамшымен Пайғамбарды ұрғанша бізді ұр, міне арқамыз, – деп жалыныш білдіре жон арқаларын тосты. Хазірет Пайғамбар: – Уа, Әбу Бәкір, ей, Омар! Аллаһ тағала сендердің бұл тілектерің үшін сый-құрметке бөлейтіндігі күмәнсіз, – деді. Бұл жолы Үккашаға Али (р.а.) жалына бастады: – Ей, Үккаша! Пайғамбарды қамшымен ұруыңа риза емеспін. Оны ұрғанша мені ұр! Міне, арқам, міне, кеу- дем, қай жерімнен қанша ұрғың келсе де ұр! Оған да хазірет Пайғамбар басу айтты: – Уа, Али! Орныңа отыр! Ұлы Аллаһ сенің бұл жақсылығыңды да елеусіз тастамайды. Үккашаға енді Хасан мен Хұсейін жалына баста- ды. 14
Пайғамбарлар парасаты – Ей, Үккаша! Біздің Пайғамбар немерелері екендігімізді білесің, одан алмақ болған өшіңді бізден алғаның жарасады. Өтінеміз, одан да бізді ұр! – десті. – Уа, менің көзайым немерелерім! Орындарыңа отырыңдар! – деді Пайғамбар оларға да, сөйтті де Үккашаға бұрылып: – Әй, Үккаша! Мені шындап ұрғың келсе, кәне ұр! – деді. Үккаша: – Я, Расулаллаһ! – деді тайсалмастан: – Сіз ұрғанда мен жалаңаш бо- латынмын. Мен де сізді ұрарда денеңіздің жалаңаш болғанын қалаймын, – деді. Сүйікті Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) екі сөзге келместен бірден жейдесін шешті. Сөйтті де: – Кәне, ұр! – деді, – қалағаныңша ұр! Бұны көрген мешіттегі бар сахабалар көңілдері бо- сап жылады. Жейдесін шешкенде Пайғамбар денесінің сүттей аппақтығына отырған жұрт таңғалысты. Арқасында тумысынан Аллаһ тағаланың берген сыйы, елші екендігінің хақ дәлелі – қал тәрізді Пайғамбарлық мөрі де көзге оттай басылды. Алайда дәл осы сәт еш күтпеген тосын жайт болды. Міне, қызық! Қамшымен ұрады деп күткен Үккаша барған бойы Пайғамбар арқасындағы сол мөрді құшырлана сүйіп-сүйіп алма- сы бар ма?! Сөйтті де: – Уа, Аллаһ тағаланың құрметті елшісі! – деді: – Сіздей адамға кім қол көтерсін?! Бар арма- ным: сіздің арқаңыздағы Пайғамбарлық қалыңызды бір сүю болатын. Сол арманыма бүгін жеттім. Мен бақыттымын! Аллаһ тағала енді сіздің құрметіңізге бола мен бейбақты тозақ отына қия қоймас! Отырған жұрт тебірене теңселіп кетті. Пайғамбарымыз да қатты толқыды. Қуанышты жүзбен көпшілікке көз тастаған Пайғамбарымыз: 15
Тағылым тамшылары – Жұмақтық адам көргілерің келсе, мына Үккаша- ға қараңдар! – деді. Бұны естіген бүкіл мұсылмандар Үккашаны құттықтап, оны маңдайынан сүйгіштеді. Бұл пәни Абдуллаһ ибн Масғұттың әңгімелеуі бойынша: Пайғамбарымыз бірде жалаң шиден жасалған төсенішке жатып көз ілді. Тұрған кезде мүбәрак тәніне түскен шидің іздері байқалды. Оны көріп, жаны ашығандар: – Ей, Аллаһ тағаланың құрметті елшісі! Біз сізге бір жұмсағырақ төсеніш алайық та? – деп сұрады. Сонда ардақты Расулаллаһ: – Е-е, бұл жалған дүниені қайтейін?! Мен бұл дүниеде ағаш көлеңкесіне сәл ғана аялдап, жолын қайта жалғастырған жолаушы іспеттімін, – деп жауап берді. (Таж: 5/177) Иә, адам баласы бұл өмірге қонақ әрі жолаушы ретінде келеді. Бұ дүниедегі бар дүние-мүлік оның ұзақ сапарына жолшыбай қажетті керек-жарақ қана болмақ. Олай болса «қонақтың» үй иесінің ісіне араласпа- сы белгілі. Қонақүйді де өз мүлкіндей иемдене алмасы, ешқандай да үкім жүргізе алмасы да анық жайт. Өзіне көрсетілген сый-құрмет пен бұйырған дәмге де ләм-мим дей алмасы, үй иесіне қарсы шығып, надандыққа баса алмасы, алдына сонша дәмді жайып сап отырғанда үй иесін сынап-мінеуі де дұрыс емес екендігі кімге де болса аян. 16
Пайғамбарлар парасаты Сондай-ақ, қонақ өзі ала келмеген нәрсесі мен өзімен бірге ала кетпейтін нәрселерге де көңіл аудар- масы, оған құлықсыз болары даусыз. Расулаллаһ бір күні Ибн Омардың иығына қол са- лып былай деді: «Бұл пәниде өзіңді жат жұрттық секілді сезініп өт! Ылғи да өзіңді жолаушымын деп біл әрі өзіңді қабірде жатқандардың қатарында сана!». Ибн Омар (р.а.) да оның айтқандарын сол күйі бұлжытпай орындап, өзі де артқыға былай деп өсиет қалдырған екен: «Түнге қалсаң таңды күтпе, таңды атырсаң кешті күтпе. Денсаулығың болса ауырмауға әрекет жаса, өміріңді өлімге дайындық деп есепте». Иә, біздің халіміз төмендегі мына екі ауыз өлеңде айтылғандай: Ана жатырынан шықтық базарға, Бір кебін алып қайттық мазарға... Расында да, бұл дүниенің о дүниеге қарағанда құнсыз әрі көзді ашып-жұмғандай өтпелі екендігін кімде кім түсінсе өкінбес еді. Қазақтың «Қамшының сабындай қысқа ғұмыр» деуінде де үлкен астарлы ой жатса керек?! Уәдеге беріктік Пайғамбарымыз Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қай іске болсын аса бір жауапкершілікпен қараған. Тіпті біреуге уәде берсе, сол уәдесін орындағанша асығатын. Өзін іздеп келген досы бір күні онымен базарда кездеспек болып келісті. Айтқан уақытынан сәл ерте 17
Тағылым тамшылары барған Пайғамбарымыз өткен-кеткеннен уақыт сұрап досын күтіп тұрды. Өкінішке орай, досы көп кешікті. Қас қарайғанша күтті, келмеді... ...Екі-үш күннен соң бір жұмыстармен базарға соққан досы өзін уәделескен жерде әлі күтіп тұрған Пайғамбарымызды (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көріп қатты таңғалды. Іштей әлдеқашан есінен тарс шығып кет- кен кездесу есіне түсіп қатты ұялды. Шынында да, ұмытып кеткен екен. Ал Пайғамбарымыз болса оны екі-үш күннен бері тапжылмастан сол орында күтіп тұр еді. Досы өзінің қай іске болсын бей-жай қарайтын салғырттығына бас шайқап қатты өкініш білдірді. Бір жағы, ел айтып жүрген Пайғамбарымыздың өз ісіне ба- рынша жауапкершілікпен қарайтындығына осы жолы анық көз жеткізген еді. Өйткені жақындап келген досына Пайғамбарымыз Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жай ғана: – Мені неге күттірдің? Біраз шаруаларым аяқсыз қалды ғой, – де- геннен басқа ештеңе айтпаған-ды... «Уәде – Құдай сөзі» демекші, рас, Пайғамбарымыз қай істе де үмметіне өнеге бола білген. Тас сараң Жабир (р.а.) әңгімелеуде: Пайғамбарымыз Расулаллаһқа бір кісі келіп: – Я, Расулаллаһ! Пәлен деген көршім құрмасының қоқыстарын менің аулама тастайды. Маған жамандық жасауын тыяр емес, – деп мұңын шақты. Пайғамбарымыз әлгінің көршісін шақырып алып: – Көршіңнің ауласына тастап жүрген құрмаңның қажетсіз ағаштарын маған сат, – деп сұрады. 18
Пайғамбарлар парасаты Әлгі кісі: – Болмайды, – деп үзілді-кесілді келіспеді. – Онда маған сыйлашы, – деп өтінді. Әлгі кісі тағы да: – Болмайды, – деді. – Онда маған беріп, орнына Жұмақтық қайтарымын ал, – деп ең бір бағалы ұсыныс жасап еді, бұл жолы да әлгі кісі сазарған қалпы: – Болмайды, – деді. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) : – Сәлемдесуден қашатын кісілерді қоспағанда (бүгінге дейін) сенен өткен сараң адам көрмеппін, – деген еді кейіп1.. Кедейдің кемеңгерлігі Аллаһ тағаланың сүйікті құлы пайғамбарымыз Мұхаммедті (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір топ кісілер қаума- лай отырысып, алқа-қотан әңгіме-дүкен құрып отыр- ды. Бір уақытта үстіндегі киімі жұпынылау бір кедей мұсылман есіктен бас сұқты. Ислам әдебі бойынша қонақтардың үстінен түскен адам өзіне арнайы орын таңдап жатпастан табылған орынға отыра кетуі керек- ті. Ол да соның ыңғайымен отырғандарды асығыстау көзімен бір шолып, бостау тұрған бір орынға жайғаса кетті. Алайда бір қызығы – ол тұс бай біреу отырған жер болатын. Кедей келіп қасына отырғанда, онымен қатар отыруға намыстанған әлгі бай қымбат шапанының етек-жеңін жиыңқырап ұстаған күйі аулағырақ барып басқа орынға отырды. Оның бұл қылығын жақтырмаған Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) : 1 Имам Ахмед пен Бәззар радиаллаһу анхумадан 19
Тағылым тамшылары – Немене, кедейлігі жұғып кетеді деп қорықтың ба? – деді байға қарап. Ол: – Жоқ,- деді. Пайғамбарымыз тағы да: – Жоқ әлде ырысың ауып кетеді деп қорықтың ба? – деді. Ол болса: – Я, Расулаллаһ, ондай да ойым болған жоқ, – деп ақталғансыды. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) : – Онда неге аулағырақ барып отырдың? – деп сұрағанда, ол өзінің үлкен қателік жасағанын аңғарып: Менен бір ағаттық кеткен екен. Оны мойындай- мын. Осы қателігімді жуып-шаюды ниет етіп, бар байлығымның тең жартысын осы мұсылман бауырыма бағыштасам деймін. Сірә, кемсітті деп көңліне қатты алып қалған шығар. Мені кешірсін, – деп жаңағы кедей мұсылманнан кешірім сұрамақ болды. Алайда кедей мұсылман болса күтпеген жерден: – Я, Расулаллаһ! Маған оның байлығы керек емес, – деп үзілді-кесілді қарсылық білдірді. Бұған отырғандардың бәрі таңғала неліктен екендігін сұрағанда, ол: Өйткені мен де байлықтың буына мастанып, мына отырған бай секілді күндердің бір күні жағдайы өзімнен төмен мұсылман бір бауырымның көңліне кірбің түсіріп алам ба деп қорқамын, – деп, өзінің нағыз 20
Пайғамбарлар парасаты мұсылман екендігіне жұртты тәнті ете мағыналы жау- ап қайырған екен2. Сөз бен іс Ардақты пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір са- парда ат басын тежеп, достарымен бірге көліктерінен түсер-түспес жүктерін жерге қойысты. Жолсоқты боп қарын ашқандықтан бір қой сойып жеуге ақылдасты. Бар жұмысты әркім өзара бөлісе бастады. Біреуі: – Қойды мен сояйын, – деді. Екіншісі: – Терісін мен сыпырайын, – деді. Үшіншісі: – Ет пісіру менің мойнымда болсын, – деді. Сол кезде Пайғамбарымыз да: – Шөлден отын жинап қайтуға мен барайын, – деді. Бұны естігенде сахабалардың бәрі әбігерленіп: – Уа, Аллаһтың құрметті елшісі! Еш әуре болмастан сіз көлеңкеде сәл тыныға тұрыңыз. Біз өзіміз-ақ бәрін қуана-қуана істейміз, – десті. Сонда Пайғамбарымыз: – Иә, бұл жұмыстарды мен сендердің өздерің-ақ істей алатындарыңды білем, алай- да Аллаһ тағала қандай да бір құлдың өзін өзгелерден артық сезініп дос-жарандарынан бөлек отырғанын ұнатпайды, – деп жауап берген еді. Сөйтті де, шөлге барып бір құшақ отын теріп әкелді... Бұл Аллаһ елшісінің сөзі мен ісі тең, турашыл сипатының қарапайым ғана бір көрінісі. 2 Усул-ы Кафи с. 2. «Мүслүман факирлерин фазилеті» бабы 21
Тағылым тамшылары Ең балажан кісі Пайғамбарымыз Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) балаларға тым мейірімді еді. Сахабалардан Абдуллаһ ибни Омар (р.а.) немерелері Хасан мен Хұсейн үшін пайғамбарымыздың «дүниедегі екі райханым (хош иісті гүл) менің» дегенін, Әнәс ибн Малик Расулаллаһтың оларды бауырына басып, иіскеп, оларға дұға оқитындығын айтқан. Усама ибн Зәйд (р.а.) болса «Расулаллаһ мені бір тізесіне, Хасанды екінші тізесіне отырғызып, екеуімізді де бауырына бірдей қысып «Иә, Раббым! Менің бұларға мейіріммен қарағанымдай, сен де бұларға мейіріміңді төге гөр!» деп пайғамбар сүйіспеншілігінің тек қана өз немерелеріне ғана емес, басқаларға да дәл сондай екендігін айтқан. «Кішкентайларымызға мейірімділік танытпаған бізден емес» (Әбу Дауыт, әдеп, 58) деп хадисінде айтқан пайғамбарымыз, реті келгенде бұл жайлы ата- аналарға да жұмсақ тілмен ескертіп отырған. Әр түрлі сахабалардың айтуына қарағанда, пайғамбарымыз балаларды өте қатты жақсы көріпті. Оларды құшақтап, көтеріп, мойнына отырғызып, ба- уырына басып, сүйіп, түйемен келе жатса, түйесіне мінгізіп, алдына алып ойнатып, балалармен бірге өзі де ойнап, бірдеңе бүлдіріп, үстін былғап қойса да еш ұрысып, қабақ шытпаған екен. Бұл жайында кейбір сахабалардың айтқандары: Абдуллаһ ибн Бүср Расулаллаһты тамаққа шақырғанда, тамақтан кейін әдеттегідей сол үй-ішіне аман-есендік тілеп, дұға оқығандығын әрі «мына бала бір ғасыр өмір сүреді» деп басынан сипағандығын айтқан. 22
Пайғамбарлар парасаты Абдуллаһ ибн Жафер (р.а.): «Расуллаһ сапардан қайтқанда немерелері Хасан мен Хұсейн алдынан жүгіріп шығатын. Ол бірінші жеткенін алдына, екінші жеткенін артына мінгестіріп Мәдинаға алып кіретін». Махмұд ибн Рәби бес жастарында Пайғам- барымыздың бір тостағаннан аузына су толтырып үстіне бүріккендігін айтады. Бұл Расулалланың ба- лалармен ойнауының, кейде оларды ойнатуының бір көрінісі. Ялла ибн Мүррә Расулаллаһтың бірде қонаққа бара жатып, жолда балалармен ойнап жүрген немересі Хұсейннің де ала кетпек болғандығын, бірақ Хусейннің атасын көргенде қашып, Расулаллаһтың оның артынан бала секілді қорбаңдап жүгіріп, қуғанын айтқан. (Ибн Мажә, Мұқаддима, 11). Хазірет Пайғамбарымыздың немерелерінің бірін сүйіп жатқанда, оны көрген Акра ибн Хабис: «Менің он балам бар, ешқайсысын да әлі маңдайынан сипап көрген емеспін» дегенде, Пайғамбарымыздың оған: «Сен басқаға мейірбандық көрсетпесең, саған да Аллаһ мейірбандық көрсетпейді» - деп жауап бергені айтыла- ды. (Әбу Хурайрадан) Сол секілді Мәдиналық біреудің: «Менің бір балам бар. Балиғатқа толды. Сонда да әлі бір рет те иіскеп, сүйіп көрген емеспін» дегенде, Пайғамбарымыздың оған: «Аллаһ тағала жүрегіңнен сүйіспеншілікті алып тастаса, мен не істейін (менің кінәм не?)» деп жауап бергенін айтқан. 23
Тағылым тамшылары Сонымен қатар, әз Пайғамбар балаларына жақсы қарайтын ата-аналарды да мақтап, жақсы-жақсы сөздер айтатын. Бір күні баласын жоғалтып, тұтқындардың арасы- нан кез-келген баланы бауырына басып іздеп жүрген әйелді көрсетіп, пайғамбарымыз: «Біліп қойыңдар, Аллаһтың құлдарына деген мар- хабаты, сүйіспеншілігі, мына әйелдің өз баласына де- ген махаббатынан да асып түседі» деген. Жаратушының пенделеріне деген махаббатын анық айқындаған бұл хадис Бұхари мен Мүслимнен алынған. Жанашырлық Мұхаммед пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір мереке күнінде қуана ойнап жүрген балаларға қарап тұрып, олардың қастарында жыртық киімді бір баланың жылап отырғанын көреді. Бірден қасына барып: – «Балалармен бірге неге ойнамайсың? Неге жыладың?», – деп сұрады. Бала қайғырып: – Әкем пайғамбармен бірге пәлен соғыста қайтыс болды. Шешем басқа біреуге үйленді. Өгей әкем мені үйден қуып жіберді. Жейтін тамағым, киетін киімім, паналайтын жерім де жоқ. Әке-шешелері бар балалардың жақсы киім киініп, ойнап жүргендеріне қызығып, қорланып жылап тұрмын, – деп жауап бер- генде, пайғамбарымыз оның қолынан ұстап: – Мен – әкең, Айша – шешең, Хасан мен Хұсейннің саған – бауыр болуын қалар ма едің? – деп сұрады. 24
Пайғамбарлар парасаты Сонда бала өзімен сөйлесіп тұрғанның пайғамбарымыз екенін біліп: – Әрине, я, Расулаллаһ! Қалайша разы болмаймын, – деп қуана жауап қатты. Баланы үйіне ертіп апарып, тамақтандырып, жақсылап киіндіргеннен кейін шаттанған баланы достарының қасына қайта жіберді. Балалар оны көргенде: – Жаңа ғана жылап тұр едің. Қалайша қуанып қайттың? – деп сұрады. Бала мән-жайды толық айтып бергенде, достары: – Шіркін, біздің де әкелеріміз сол соғыста шейіт болып, біз де сен сияқты болғанда ғой, – десті тамса- на... Кешіру де зор сауап Сахабалардан Әнас (р.а.) әңгімелеуде: Пайғамбарымыз Мұхаммедпен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бірге отырғанбыз. Әлден уақытта тісі көрінетіндей ғана сәл жымиды. Себебін сұрағанымызда былай түсіндірді: – О дүниеге барғанда үмметімнен екі кісі Аллаһ тағаланың құзырына әкелінеді. Біреуі екіншісін көрсетіп: – Уа, Раббым, менің мына пәленшеде кезінде ақым кеткен, сол ақымды алып бер, – деп өтінеді. Аллаһ тағала: – Ей, пәленше, ақысын өзіне қайтар, – дейді. Жеген ақысы үшін өз сауаптарынан бөліп берген екіншісі: – Я, Аллаһ тағала! Менің сауаптарымнан ештеңе қалмады ғой? – дегенде, Аллаһ тағала бірінші адамға: – Қарашы, мынаның сауабынан дым қалмады, 25
Тағылым тамшылары бұған не дейсің? – деп сұрайды. Сонда бірінші адам: – Олай болса менің күнәларымнан өзіне алсын, – дейді. Дәл осы тұсқа келгенде Пайғамбарымыздың көзі жасаурады. Сөйтті де: «Ол күн – аса бір зор күн болмақ. Адам өз күнәсінің алынғанын қалайды» деді де сөзін ары қарай жалғастырды: Сол кезде Аллаһ тағала ақысы кеткен адамға: – Басыңды көтер де Жұмаққа қара! – деп дауыстай- ды. Сонда бірінші кісі: – Я, Аллаһ тағала! Алтынмен апталған, күміспен күптелген, жібекпен тоқылған небір сән-салтанаттарды көріп тұрмын. Бұған қай пайғамбарлар мен әулие-шейіттер ие? – деп сұрайды. Аллаһ тағала: – Бұлар маған өтемін төлегендер үшін, – деп жау- ап береді. – Бұлардың өтеуін қайтіп төлейді? – деп сұрайды адам. – Қаласаң бұған сен де ие бола аласың, – деп жау- ап береді Аллаһ тағала. – Қалайша? – деп таңырқағанда, Аллаһ тағала: – Сен егер ақың кеткен қасыңдағы мына жолдасыңды кешірер болсаң, – деп жауап береді. – Олай болса мен оны кешірдім, – деп жауап береді әуелгісі. – Ендеше жолдасыңды ал да, екеуің де Жұмаққа барыңдар! – деп бұйырады Аллаһ тағала. Сөйтті де Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) : «Аллаһтан қорқыңдар! Аллаһтан қорқыңдар да араларыңды түзеңдер! Қараңдаршы, Аллаһ тағаланың өзі мүміндердің арасын жарастырып тұрған жоқ па?!», – деді. 26
Пайғамбарлар парасаты Екі қыздың оразасы Пайғамбарымыз бір күні сахабаларына ораза ұстауды бұйырып, артынша былай деп қатаң ескерту жасады: – Мен рұқсат етпейінше кешке ешкім де ауыз аш- пасын! Елдің бәрі жаппай ауыз бекітіп, ораза ұстады. Кеш түскенде жеке-жеке келіп, ауыз ашуға рұқсат алып жатты. Дәл осы тұста бір кісі жақындап келіп: – Уа, Расулаллаһ! Екі қызым да күні бойы ораза ұстаған еді. Ұялғандықтан өздері келіп сізден рұқсат сұрай алмады. Рұқсат етсеңіз, оразаларын аяқтап, ау- ыздарын ашса жақсы болар еді, – деп өтініш білдірді. Алайда Пайғамбарымыз оған рұқсат бермеді. Әлгі кісі тағы екі рет келіп рұқсат сұрады. Үшінші рет келгенде Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) : – Өкінішке орай, олар бүгін ораза ұстаған жоқ.. Күні бойы «кісі етін жеген» (әркімнің сыртынан өсек айтып, ғайбат сөйлеген) адам қайтіп ораза ұстасын?! Бар да оларға айт: егер ниет етіп ораза ұстағандары рас болса, дереу құсып асқазанындағының бәрін шығарсын, – деді. Әлгі кісі қыздарына Пайғамбарымыздың айтқандарын айна қатесіз жеткізді. Олар пайғамбары- мыздың бұйрығын дереу орындап, өздерін күштегенде кесек-кесек қан құсысты. Әлгі кісі келіп бұл жайды Пайғамбарымызға айтқанда, ол: – Құдіреті күшті Аллаһ тағалаға ант етейін, егер олар әлгі ұйыған қанды құсып тастамай, асқазанда сол күйі қалып кеткенде Тозақ отына отын болар еді, – деді. 27
Тағылым тамшылары Иә, тек тамаққа ғана емес, тілге де, көзге де, аяққа да, қолға да ораза болса, сонда ғана ол нағыз ораза болмақ. Әке мен бала Хазірет Иса (а.с.) бірде жолда кетіп бара жатып бір қарияны бас салып тепкілеп жатқан жас жігітті көріпті. Әлгі кісіге жаны ашыған Иса пайғамбар бірден жүгіріп барып, араша түспек болғанда қарт оны тоқтатып: - Мені арашаламай-ақ қой, тепкілей берсін!- депті. Қарттың бұл сөзіне қатты таңырқаған Иса (а.с.) себебін сұрағанда, әлгі шал оның мәнісін былай деп түсіндірген екен: - Мен де кезінде өз әкемді тұп-тура осы жерде дәл осылай тепкілеген едім. Мына жігіт – менің туған ба- лам. Менің әкеме істегенімді балам маған істеп жатыр. Менде кеткен әкемнің өшін өз баламның менен алып жатқан жайы бар... Бұл «Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді» деген нақыл сөздің астарын анық ұқтырса керек. Жазмыштан озмыш жоқ Бір кісі Сүлеймен пайғамбардың сарайына сәске уақытында есі шыға жүгіріп келіпті. Тығыз шаруасы бар екендігін айтқан ол, Сүлейменмен (а.с.) кездестіруді өтініпті. Дегбірі қашып өңі құп-қу болып кеткен оған Сүлеймен пайғамбар: – Жайшылық па? Мұнша неге қорықтың? Себебі не? – деп сұрапты. 28
Пайғамбарлар парасаты Әлгі кісі бойын билеп алған үрейден әліде арыла алмаған кейіпте: – Бүгін ертеңгісін дәл қарсы алдымнан өңі сұсты Әзірейілді (а.с.) көрдім. Маған тесіле қараған күйі алыстай берді. Шамасы, менің жанымды алуға ни- еттенген секілді, – депті жан-жағына жалтақтап. – Сонда менің не істеуім керек? – деп сұрапты өлімнен мұнша қорыққан әлгі бейбаққа көз тастаған патша-пайғамбар Сүлеймен. – Сізден бір көмегіңізді өтінем, – депті сонда әлгі кісі сөзін жалғап, – Сіз – аң-құс біткеннің тілін білетін, жан-жануар, тау-тасқа әмірі жүретін үлкен патшасыз. Қолыңыздан бәрі де келеді. Желге айтып, мені сонау Үндістанға ұшырып апарып жеткізуін бұйырыңызшы,- депті жалына, – мүмкін сол кезде жан алғыш Әзірейіл менен көз жазып қап, өлімнен құтылармын. Сүлеймен пайғамбар жыламсырап тұрған әлгі адамға жаны ашығандықтан, желді шақырып, оны Үндістанға апарып тастауын бұйырыпты. Жел патша жарлығын екі етпестен құйындатып ала жөнелген күйі жаңағы адамды бірден Үндістандағы жапан бір аралға апарып тастапты. Түске қарай қарамағындағылармен жиналыс құрып отырған Сүлеймен келгендер арасынан Әзірейілді де байқап қалыпты. Бірден қасына шақырып алып: – Ей, Әзірейіл! Сәске кезіндегі әлгі бейбақтың жүрегін алып, сонша қорқытқаның не? Неге алайып қарадың? – деп сұрапты. Сонда Әзірейіл (а.с.): – Уа, әлемнің баға жет- пес патшасы! Мен оған сұс көрсетпедім, тек таңғала қарадым. Өзі қорқып кеткен болар. Мен оның осы жақта жүргеніне таңырқаған едім. Өйткені Аллаһ 29
Тағылым тамшылары тағала маған оның жанын бүгін кешке Үндістанға ба- рып алуымды бұйырған-ды. Мен оған қарап тұрып “Бұған жүз қанат бітсе де Үндістанға, әй, бүгін жете алмас” деп таңғалған едім. Таңғалыспен жүзіне тесіле қарағаным да сол болатын, – деп жауап берген екен. Иә, «ажал айдады» деген осы. Патша мен құмырсқа Сүлеймен пайғамбар (а.с.) бір күні құмырсқадан бір жылдық азығының көлемін сұрайды. Құмырсқа оған бір жылдық азығының көлемі бір бидайдай екендігін айтады. Құмырсқаны сынамақ болған Сүлеймен пайғамбар (а.с.) әлгі құмырсқаны алып шыны әйнекке қаматады, тыныс алуына жағдай жасап, қоректенуі үшін қасына бір тал бидай дәнін қойғызады. Сөйтеді де тура бір жыл күтеді. Уақыт жетіп шыны әйнекті ашып қараса, құмырсқа әлгі бидайдың жартысын қалдырып, жарты- сын ғана жеген екен. Сүлеймен пайғамбар құмырсқаның бидайдың жартысын жемей қалдырғанына таңырқап одан неліктен бидайды толықтай жеп қоймағандығын сұрайды. Сонда құмырсқа: – Негізі, менің жейтін несібемді Аллаһтың өзі беретін. Ол беретін кезде мен еш нәрсеге алаңдамай, еш нәрсені уайымдамай бидайымды жылда толық жейтінмін. Өйткені Жаратушымның мені ұмытып кетуі әсте мүмкін емес еді. Алайда бір жылғы азығымды енді сен беретін болған кезде «әй, түптің түбінде пендешілікке басып мені ұмытып кетсе қайтем» деген сақтықпен маған берілген бидайдың жартысын ғана 30
Пайғамбарлар парасаты жеп, жартысын келесі жылға сақтап қойғандығымның мәнісі сол еді, – деп жауап берген екен3. Иә, Аллаһ тағала пендеге күнімізді қаратпай-ақ қойсын деп тілейік! Отқа күймеген пайғамбар Ибраһим (а.с.) пайғамбар ретінде жіберілген кез- де, ел ішінде пұтқа табынушылық кең етек алды. Ибраһим пайғамбар пұттардың ес-түссіз, жай ғана мелшиген меңіреу тастар екендігін, Жаратушы бола алмайтындығын қанша түсіндіре айтса да, оларды көндіре қою аса қиын шаруа еді. Өйткені олар ылғи да қарсы дау айтудан жалықпайтын. Сондықтан да бо- лар Ибраһим (а.с.) олардың саналарына сәуле бітіріп, шел басқан көңілдерін ояту мақсатында ғибратты бір іс істеуді ұйғарды. Бір күні қала халқы түгелімен мереке қарсаңында қаланың сыртына шықты. Қағбаға кірген Ибраһим (а.с.) пұт атаулының бәрін қиратып, балтаны сол жердегі ең үлкен бір пұттың мойнына іліп қойды. Мерекеден қайтып келген халық әлгіндегідей ойран-асыр жағдайды көріп жағаларын ұстасты. Халық: – «Біздің Құдайларымызды кім соншама қорлаған? Сірә, бізге зұлымдық ойлаған біреу болар», – десті. Біреуі: «Ибраһим деген бір жігіт осы жайында кейінгі кезде сөз етіп, соқтығысып жүрген. Мүмкін сол болар», – деді. 3 Осман ефенди, Сечме дини хикайелер, Седа яйынлары, И - танбул 2000, с. 60-61 31
Тағылым тамшылары – Олай болса, оны дереу алдымызға әкеліңдер. Мойындасын істегенін! – деді халық жамыраса. Ел сұрады: – Әй, Ибраһим! Біздің құдайларымызға бұны істеген сен бе? Ибраһим (а.с.) ой салмақ ниетпен: – Мүмкін ол істі иығына балта асынған анабір ең үлкен құдайларың жасаған болар?.. Мүмкін айтар, өзінен сұрап көрсеңдерші? – деп жауап берді. Олар Ибраһимге (а.с.) қарап: – Бұлардың сөйлей алмайтындығын өзің де білмеуші ме ең?!, – деді. Ибраһим (а.с.): – Олай болса, тіл қатуға да шамасы келмейтін, түк пайдасы жоқ мұндай меңіреу пұттарға қалай табынасыңдар? Аллаһты тастап, сезімсіз тасқа табы- нып кеткен сендер оңбассыңдар! Кішкене ақылмен ойласаңдар қайтеді? – деп шыр-пыры шықты. Ақыр соңында ел Ибраһимді (а.с) жұрт көзінше тірідей отқа жақпақ болды. Таудай ғып отынды үйіп, Ибраһимнің(а.с) қол-аяғын байлаған күйі отқа лақтырды. Ибраһим (а.с) еш нәрседен тайсалмастан, іштей тас-түйін бекініп, Аллаһ тағалаға ғана арқа сүйеді. Сол кезде Аллаһ тағала Ибраһимді (а.с) жақпақ болған лаулаған отқа: «Әй от! Салқын бол! Жайлы бол!» деп бұйырды. Яғни Жаратушы оттың күйдіру және ыстық қасиеттерін тоқтатып тастаған еді. Осылайша Хақтың көмегіне арқа сүйеген Ибраһим пайғамбар неше күн жанған оттан дін аман шықты... 32
Пайғамбарлар парасаты Сірә,халықарасындағыбатырлықтысуреттейтін «Отқа салса күймейтін, суға салса, батпайтын» деген теңеу осындай пайғамбарлардың ақиқатынан аңызға айналса керек. Күнәдан тазарған кінәлі Аллаһ тағала Мұса пайғамбарға қаратып: – «Әй, Мұса! Пәлен деген жерде бізге дос адамдардың біреуі қайтыс болды. Сен барып соның жұмыстарын реттестір. Сен бармасаң да, біз оны бәрібір мейірімнен құралақан қалдырмаймыз», – деп бұйырды. Мұса (а.с.) айтылған жерге барды. Сол жақтың кісілерінен: – Бүгінгі түні Аллаһ тағалаға жақын, има- ны берік жандардан кім көз жұмды? – деп сұрады. Бірақ ел оған: – Ей, Мұса пайғамбар! Аллаһ тағаланың досы еді дейтіндей ешкім қайтыс болған жоқ. Тек пәлен үйдегі өмірін жаманшылықпен өткізген, бұзылған бір жас жігіт қана көз жұмды. Жиіркенішті қылықтарына қарап оны көмуге де ешкім жолар емес, – десті. Мұса (а.с.): – Ендеше, менің іздеп жүргенім сол жігіт, – деді де, елдің жөн сілтеуімен жігіттің үйіне барды. Мұса пайғамбар үйге кірген кезде үй толы періштелерді көрді. Олардың әрқайсысы қолдарындағы табақтан Аллаһ тағаланың мейірім-шапағаты мен кеңшілігін, рақымдылығы мен мейірбандығын молы- нан жан-жақтарына шашып жүргенін көріп таңданысы тіптен артты. Бұны көрген Мұса пайғамбар Аллаһ тағалаға жалына - жалбарына тіл қатты: – Уа, Жаратқан Хақ тағала! Сен ол жігітті «Менің досым» деген едің, алайда ел оның бұзылған, жаман 33
Тағылым тамшылары жігіт екендігін айтуда. Бұның астарындағы мәнді ұға алмай тұрмын? Сонда Аллаһ тағала: « – Ей, Мұса! Халықтың ол жігітті бұзылған деуі рас. Алайда күнәсынан хабары болғанмен ол жігіттің тәубасынан халықтың хабары жоқ. Менің бұл құлым таң сәрісінен тұрып топырақ құша тәубаға келді. Менің рақымдылығымнан мол үміт етіп, мейірімділігімді пана тұтты. Мен оның шын жүректен шыққан тәубасын қабыл алдым. Ешқашан үмітсіздікке берілуге болмайтындығын көрсету мақсатында мен ол құлымды өзі сұраған мейірімділікке бөледім», – деп тіл қатты... Иә, «Үмітсіз – тек қана шайтан». Неғұрлым шын жүректен шықса, тәуба соғұрлым қабыл болады. Сиқыршылар мен перғауын Мұса пайғамбардың халықты бір ғана Аллаһқа илануға бағыттайтын тәухид сеніміне үгіттеуі нәтижесінде перғауын балқып-шалқып отырған қазіргі мына сән-салтанатымнан айрылып, жер си- пап қалармын деп қорықты. Қайтсе де Мұсаны (а.с.) тұқыртып, осының алдын алу мақсатында алыс-жақын елдегі бүкіл сиқыршыларды ордасына шақыртқан перғауын оларды Мұсамен (а.с.) жарыстырмақ болды. Келген сиқыршылар: – Ей, Мұса! Қолыңдағы аса таяғыңды алдымен сен лақтырасың ба, әлде біз лақтырайық па? – деп Мұсаға деген ілтипаттарын білдірді. Мұса оларға Құранның «Ағраф» сүресінің 115-116 аяттарында айтылғандай: 34
Пайғамбарлар парасаты – Сендер лақтыратындарыңды лақтырыңдар! – деді саспастан. Сиқыршылар Перғауын мен бүкіл Мысыр халқының көзінше әкелген таяқтары мен жіп- шуларының бәрін сиқырлап жерге лақтырғанда, олар дереу жылан кейпінде жан бітіп ирелеңдей бастады. Дәл сол мезет Аллаһтың әмірімен Мұса пайғамбар да қолындағы аса таяғын жерге лақтырды. Мұса пайғамбардың лақтырған аса таяғы демде аузынан от шашқан аждаһаға айналып, маңайындағы өзге сиқыршылардың жыландарын түгелдей жалмап, жұта бастады. Мұсадағы күштің ешбір сиқыр қисынына келмейтін иләһи яғни құдайылық мұғжиза екендігіне келген сиқыршылардың барлығының көзі анық жетті. Өйткені сиқыр күші тараған кезде жерге тасталған таяқтар мен жіп-шулар қайта қалпына келуі керек еді. Алайда бұл жолы сиқырланған дүниелердің бәрі сол күйі тып-типыл болды. Бұған көңіл көздері жетіп, Мұса пайғамбарға Аллаһ сыйлаған ерекше күш - мұғжизаға таңғала бас иген сиқыршылар сол мезетте- ақ бірауыздан: – Біз Мұса мен Харұнның Жаратушы Иесіне бас иіп, иман келтірдік, – дескен күйі бастарын сәждеге қойды. Бұл тосын жайтқа Перғауын қатты ашуланды. Ол: – Сендер менің рұқсатымсыз қалайша Мұсаның Жаратушысына бас иесіңдер?! Демек сен- дерге сиқырды үйретуші ұстаздарың Мұса екен. Олай болса, мен сендердің аяқ-қолдарыңды бір қол, бір аяқтан қайшылап кестіремін! – деп бұйырды. 35
Тағылым тамшылары Жүректеріндеиманнұрыберікұялағансиқыршылар Перғауынның бұл қатал үкіміне қасқая қарсы тұрып: – Сен Мұсаның мұғжизасынан артық емессің. Не істесең де өз еркің. Сенің қатігездігіңнен қорқып тұрған біз де жоқ. Көп болса бұ дүниеде есіріп, тайраңдарсың. Түптің түбінде Аллаһ тағалаға оралғанкезде кімді жеңбексің?! – десті... Ол сенің ізіңе ерген жоқ Нұх пайғамбардың баласы кәпір еді. Жер бетін то- пан су басқан уақытта баласының теңіз толқындарымен арпалысып, өлім мен өмір арасында жанталасып жатқанын көргенде жаны ашып: – Ей, балам! Кел, бізбен бірге кемемізге мін. Кәпірлігіңнен арыл! – деп дауыстады. Алайда баласы қырсығып: – Тауды паналасам да судан аман қаламын, – деді асау толқындарға бір батып, бір шыққан ол екі қолын ербеңдете. Нұх пайғамбар баласына оның бүгінгі апаттан не істесе де құтыла алмайтындығын ескерте: – Аллаһ қаламаса, бұл азаптан ешкім де сені құтқара алмайды, – деді. Осы сәт Нұх пен баласының арасын таудай тасыған теңіз толқындары бөліп, ештеңеге мұрша бермей екеуін екі жаққа алды да кетті. Алайда Нұх (а.с.) баласын ой- лап қатты қамықты. Қалай қамықпасын, бауыр еті өз баласы емес пе?! Іштей қайғырып қан жұтқаны сонша, ең болмағанда баласы Қиямет күні азапқа ұшырамаса екен деп тіледі. 36
Пайғамбарлар парасаты Оттың судан да қауіпті екенін ескерсек, ақыреттегі азаптың бұдан да қорқынышты болары сөзсіз. Алайда Аллаһ Нұхты отбасымен бірге игілікке бөлейтіндігіне уәде етпеп пе еді? Жаратушының уәдеден таймайтындығын бетке ала Нұх баласы үшін Аллаһтан шапағат тілеуді жөн көрді. Нұх пайғамбар көкке қарап, екі қолын жая жаратушыға жалбарына бастады: – О, Жаратқан! Балам да отбасымның мүшесі болғаны үшін Өзіңнің мейірімділігіңе сенемін, менің отбасымды сақтаймын деп Өзің уәде етпеп пе едің?! Сенің берген уәденің хақтығы талассыз. Ең ұлы үкім беруші Өзің емессің бе?! Алайда Аллаһ тағаланың ата-текке емес, тек қана амалдарға қарайтындығы шындық. Аллаһтың сондай- ақ өзіне серік қосқандардың шапағатын кешірмейтіндігі де рас. Аллаһқа серік қосатын пенденің пайғамбар әулетінен болуы, тіпті орынсыз. Сондықтан болар Аллаһ тағала Нұх құлына осы жайтты ұғындыра: – Ей, Нұх! Ол сенің әулетіңе жатпайды. Өйткені оның оңған қылығы болмады. Өзің жете білген нәрсені менен сұрап надандар қатарына қосылма! – деп қатал бұйырды. Нұх пайғамбар бірден өз қателігін түсінді: – Уа, Жаратушы Раббым! Білетін нәрсемді сұрағаныма қатты өкініш білдіре, кешірім сұраймын! Егер мені кешірмесең, онда менің құрдымға кеткенім... , – деп дереу Аллаһқа жалбарынып тәубаға келді4. 4 Куран ышығында пейгамберлер кыссалары, Әбу Хасан Али ән- Нәдуи 37
Тағылым тамшылары Ағаттық жасау – о бастан адам баласына сіңісті әдет. Алайда дереу кешірім тілеп, тәубаға келген- дер – сол ағаттық жасағандардың ең ізгілері болып саналатындығы хадисте айтылған. Содом мен Гомор Лұт пайғамбар (а.с.) – араб түбегінде жайлап кеткен пұтқа табынушылықпен жан аямай күрескен, халықты бір ғана Жаратушыға иман келтіруге шақырған, осы бір қасиетті жолда өмірінің соңына дейін асқан сабырлылық пен төзімділік таныта білген Ибраһим пайғамбардың көкесінің ұлы. Оның пайғамбарлығы мен бүкіл өмірі Иордания мемлекетінің аймағында орналасқан Лұт көлінің маңайында өткен. Бүгінгі күні алақандай ғана жерге ие бұл тұзды көл кезінде ұлан- ғайыр алқапты алып жатқан, жағалай ірі қалалар қоныс тепкен, өте шұрайлы мекен болған. Сол қалалардың екеуінің аты күні бүгінге дейін әлі ұмытылмай, тіпті ғылыми қазба жұмыстары мұндай қалалардың тарих- та расында да болғандығын дәлелдеуде. Бұлар: Шезум (Содом) және Оморе (Гомор) қалалары еді. Лұт (а.с.) осы Шезум қаласында тұратын. Біз қазір сіздерге өмір бойы халықты имандылыққа үгіттеп, ақиқатқа шақырған Лұт пайғамбардың тіршілігіндегі соңғы күндері жайлы баяндамақпыз. Әдетте адам баласының тура жолдан аяғы бір тайса болды, оның небір азғындықтарға ұшырап, небір арсыздықтарға басатындығы сөзсіз. Тура жол- дан ауытқыту арқылы Адам атаның баласы Қабылға да қызғанышпен өз бауырын өлтірткен осы бір тәнқұмарлық сезім Лұттың (а.с.) халқында да аса бір 38
Пайғамбарлар парасаты жиіркенішті түрде қатты белең алды. Лұт пайғамбардың қауымының азғындыққа шектен шыға берілгендігі соншалық, еркектің еркекпен жыныстық қатынасқа баруы (гомосексуализм) үйреншікті әдетке айналды. Лұттың (а.с.) шыр-пыры шыға оларды имандылық пен ізгілікке шақыруы, өзіне берілген пайғамбарлық міндетті адал атқарып, жатса-тұрса халқын осы бір лас қылықтан арылтпақ болып насихат айтуы азғындап аласұрған халыққа шыбын шаққан құрлы әсер етпеді. Пайғамбардың сөзі өтпеген бұл елге соңында Аллаһтың өзі қатал үкімін түсірді. Өйткені олар бұл кезде осы бір бассыздық пен азғындықтары үшін жазаға жаппай ұшырауға әбден- ақ лайық күйде еді. Ұлы Жаратушы енді тәубаға келмес күнәһар халықтың күлін көкке ұшырып, жермен-жексен ету үшін алдымен періштелері арқылы Лұт пайғамбарға алдын ала хабар білдірді. Сәнді киінген үш жігіттің бейнесіне еніп Лұтқа келген періштелер оған өзіне сен- ген, айтқанына ерген ат төбеліндей ғана адамды алып қаладан шығу керектігін айта келді. Періштелер Шезум (Содом) қаласына келе сала Лұттың үйіне тіке тартты. Алайда үш бірдей қылшыл- даған жас жігіттердің сәнді кейіпте қалаға кіргенін көрген, нәпсісі азған халық бұларды жақыннан көруге құмартты. Үш бірдей пәк жігітті көргенде халықтың тәнқұмарлығы одан әрі қозып, өз нәпсілеріне ие болу- дан қалып, ауыздарынан сілекейлері шұбырды. Нөпір халықтың ортасын қақ жара жүрген бойда періштелер бірден Лұттың (а.с.) үйіне барды. Нәпсіқұмарлықтың шырмауына мықтап шырмалған азғын халық бол- са, әлгі көркем жігіттермен тезірек тәнқұмарлығын 39
Тағылым тамшылары қанағаттандырып, тояттағанша байыз табар емес. Халық олардың жай жігіттер емес өздерін қалаларымен қоса үлкен азап құшағына сүңгітуге келіп отырған періштелер екендігін қайдан білсін?! Лұт пайғамбардың үйіне келген періштелер әу баста өздерінің періште екендігін айта қоймады. Алай- да арттарынан қалмаған халық шұбырған күйі үйдің есігіне дейін жеткен болатын. Үйді бастарына көтере айғайлаған халық Лұттан (а.с.) әлгі жігіттерді өздеріне шығарып беруді талап етіп жатты. Ал Лұт болса халықтың мына қылығы үшін келген қонақтарынан ұялып қысылғаны сонша, жерге кіріп кете жазда- ды. Тіпті бір уақытта сыртқа шыққан күйі үйді айна- ла қоршаған халыққа ашуланып, ызадан жарылардай кейіпте: – Әй, ұятсыздар! Келген қонақтар аса бір ізетті кісілер. Олар менің ғана емес бәріміздің де қонақтарымыз емес пе? Адамгершіліктен осыншалықты жұрдай болғандарың ба? Естеріңді жисаңдаршы? – деп ұрысты. Халықтың оған иліге қоймаған күңкілін есті- генде: – Тіпті болмаса мен сендерге мына он екіде бір гүлі ашылмаған қыздарымды (некелеп) берейін5, соны алыңдар да қараларыңды батырыңдар бұл жер- ден. Алайда қонақтарымның көзінше мені масқара қылмаңдар, – деп те көрді. 5 Ислам ғалымдары пайғамбарлар өз үмбетіне әке секілді болғандықтан, Лұт пайғамбардың бұл жерде айтып отырғаны өз қыздары емес, үмбетінің қыздарын ер кісілермен некелеп берейін дегені деп түсіндірген. 40
Пайғамбарлар парасаты Бірақ ауыздарынан көбік ағып тәнқұмарлықпен елігіп тұрған халық оның бұл ұсынысына да құлақ аспады. Олардың бар мақсаты – іштегі жігіттерді сыртқа алып шығып білген арсыздықтарын айыздары қанғанша бір жасап қалу еді. Қанша айғайлап та, ұрсып та, жай сөзбен айтса да халықты көндіре алмаған Лұт (а.с.) жыларман боп үйге кіргенде, періштелер өздерін танытып, айықпас азғындыққа ұшыраған бұл халыққа Аллаһ тағаланың зор азабын ала келгендіктерін айтты. Аллаһтың әмірі бойынша неше жыл Пайғамбарды тыңдамаған халықтың бүгінгі татқаны – тіршіліктегі соңғы дәм- тұзы болмақ. Лұтқа түн қата өзіне сенгендерін ерткен бойда ешкімге сездірместен қаладан шығу тапсырыл- ды. Ал бұл мезет қалада қалған халық Аллаһтың қатты қаһарына ұшырап, тұрған жерлері қаласымен қоса жермен-жексен болмақ еді. Әрі бұл оқыс азапты Ұлы Жаратушы кейінгі халықтарға үлкен үлгі-өнеге ретінде жасамақ. Айтқандай-ақ Лұт өзін тыңдап, ізіне ерген азған- тай адамымен сол түні-ақ Содом мен Гомор қалаларын тастап қала шетіне шығып кетті. Олар қаладан шығысымен-ақ Аллаһтың уәде еткен азабы ретінде аспаннан шоқ аралас жауын жауа бастаған. Есі кет- кен ел ешнәрсенің байыбына барып үлгірместен аз уақыттың ішінде-ақ екі қаланың халқы да тып-типыл болып, орнында жанған от пен бықсыған күл ғана қалды... Иә, олар әлі күнге ғибрат... Құдіреті шексіз Аллаһ тағала бәрімізді де оқыстан болатын жамандықтардан сақтасын! 41
Тағылым тамшылары Зекет – байлықтың қорғаны Хасан әңгімелеуде: Бір күні Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзін қоршай отырған сахабаларға: «Зекет – қолдағы мал мен байлықтың қорғаушысы, сақтаушысы», – деді. Дәл осы мезет бір христиан саудагер де айтылғандарға құлақ салып тыңдап отырды. Пайғамбар сөзін айтып бітірер-бітірмес әлгі христиан барған бойы малының зекетін берді. Сол уақыттар христиан саудагердің жақын досы Мысырға саудамен жол тартқан еді. Екеуі бірге сау- да жасайтын. Ол кездерде сауда үлкен керуендермен жасалатындықтан жол бойы қарақшылардың қармағына түсіп қалу қаупі жоқ емес. Христиан ішінен былай деп ойлады: «Егер Мұхаммедтің айтқаны рас болса, мен берген зекеттен досым қарақшылар құрығынан аман- есен келеді, онда мен де мұсылмандықты қабылдаймын. Ал егер Мұхаммед жалған айтып жұртты алдаған болса, онда менің досымның саудасы жол бойы қарақшылардың талан-таражына түседі, онда мен де қылышымды алып Мұхаммедтің сазайын беремін». Бір уақытта жолдағы керуеннен хат келеді. Хат- та керуеннің қарақшыларға тап болып, бар дүние- мүліктен айрылғаны жазылыпты. Хаттың бас жағын оқи сала христиан бірден қылышына қол жүгіртіп, жолға жиналмақ болды. Бірақ артынша досының «Керуеннің алдыңғы жағына қарақшылар шабуыл жасап, бар мал-байлықты ту- талапай жасағанда, мен керуеннің соңында едім. Маған ештеңе болған жоқ. Бар мал-байлығымыздың еш шашаусыз аман-есен келе жатқан жайы бар. Алаң болма! Жақында барып 42
Пайғамбарлар парасаты қаламын» деген сәлемдемесін алады. Бұдан кейін Пайғамбардың ақиқат сөйлеп, рас айтқанына христиан саудагердің зәредей де шүбәсі қалмайды. Дереу Ақиық елшінің алдында тізе бүккен күйі: – О, Расулаллаһ, – дейді, – маған исламды түсіндір, иманға келейін. Ислам түсіндірілгенде, ол ислам туының аясын- да адамзаттың ең тұнық бастауы мұсылманшылықты қуана қабылдайды6. Кәпірліктен мұсылмандыққа қадам Мекке толықтай мұсылмандардың қолына өт- кеннен кейін Исламның бас дұшпаны Әбу Жәһилдің баласы Икриманы Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өлім жазасына кескендіктен ол бас сауғалап Йеменге қашты. Алайда оның әйелі Үммү Хаким болса мұсылмандықты қабылдап, әрі күйеуі Икри- маны кешіруді Пайғамбарымыздан өтінген еді. Пайғамбарымыз оны кешіргендігін білдіргенде, Үммү Хаким дереу күйеуін іздеп жолға шықты. Теңіз жағасындағы бір кемеде мұсылман капитанымен сөйлесіп тұрған жерінен Икриманы тапты. Капитан оған: – «Лә иләһа иллаллаһ, Мұхаммед расулаллаһ» деп айтып имансыздықтан біржолата арылсаңшы, – деді. Икрима: – Мен онсыз да соны айтпағандығым үшін қашып кеткем жоқ па?! – деп қарсылық білдірді. Сол кезде қастарына жақындаған Икриманың әйелі: 6 Рауда-тул Улема 43
Тағылым тамшылары – Мен қазір адамдардың ең абзалының, ең жақсысының қасынан келе жатырмын. Пайғамбарымызбен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сөйлестім, сені кешіріп, саған берген өлім жазасын да қайтып алды. Саған ендігі жерде қорған болатындығын айтты. Өзіңе титтей жаның ашыса, жүр енді,- деп ізгі хабарды жеткізді. Екеуі бірге жолға шықты. Жолда қонақтаған бір жерде Икрима әйелімен жақындасқысы келді. Алайда әйелі оған қарсы болып: – Жоқ болмайды, – деді, – мен мұсылманмын, ал сен кәпірсің! Икрима: – Сені маған жақындатпаған сенім расында да маңызды болса керек, – деді. Икрима Меккеге жақындағанда Аллаһ елшісі са- хабаларына қарап: – Әбу Жаһилдің баласы Икрима мүмин және мұһажир кейіпте сіздерге келе жатыр. Әкесін сөге көрмеңіздер! Өйткені айтылған сөгіс өліге жетпеген- мен тіріге жетеді, – деп ескертті. Пайғамбарымыз Икриманы көргенде аса бір қуанышпен қарсы алып, ерекше ілтипат көрсетті. Икрима келген бойда: – Әй, Мұхаммед! Сен мені қандай дінге шақырасың? – деп сұрады. – Аллаһтан басқа құдай жоқтығына және менің Аллаһтың құлы әрі елшісі екендігіме сенуге, сондай- ақ намаз оқуға, зекет беруге шақырамын, – деп жауап берді пайғамбарымыз. Сонда Икрима: 44
Пайғамбарлар парасаты – Аллаһ атымен ант етейін, сен шынында да халықты тек қана жақсылыққа шақырасың. Сен пайғамбар болмай тұрып та, арамыздағы ең шын- шылымыз әрі ең абзалымыз болатынсың, – деді де Пайғамбарымызға қол берген күйі кәлима-и шәхадасын айтып, мұсылмандықты қабылдады7. «Хилфул-фудулдың» жақсылығы Исламға дейінгі кезеңде Араб түбегінде Фадл ес- імді аттас үш кісі жиналып, қиянатқа ұшырағандардың залымдардан кегін қайтару, өзара әділдікті үстем ету мақсатында ант берісіп қол алысқан. Кезінде пай- да болғанмен кейіннен ұмыт бола бастаған бұл ұйым Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) кезінде қоғамның қайта жамандықтарға бой алдыра бастауын ауыздықтау мақсатында Құрайыштың алдыңғы қатарлы адамдары тарапынан қолға қайта-қайта алынған. Олар ұйымды тұңғыш құрушылардың атын ескеріп «Фадылдардың немесе абзал кісілердің анты» мағынасын білдіретін «Хилф-ул фудул» деп қойды. Ол кезде Пайғамбарымыз жиырма бір жас шамасында болса да, осы ұйымның мүшесі еді. Кейіннен қайта құрылса да бұл ұйым о бастағы түпкі мақсатынан ауытқымаған. «Хилфул-фудулдың» ең бір белсенді кезінде мы- надай бір оқиға болған. «Хасам» тайпасынан бір кісі бойжеткен қызымен бірге Меккеге келеді. Қызы көзтартарлық сұлу еді. Әкесімен қалаға келген әдемі бойжеткенге көзі түскен Мекке ақсүйектерінің бірі Нұхайл ибн Хажжаж оны 7 Тариху Мәдинат-и Димашқ, 41/63; Хаяту-с-сахаба,1/175-76 45
Тағылым тамшылары әкесінің қорғаштағанына қарамастан алып қашты. Ха- самнан келген қыздың әкесі болса, күйініп: – Ана бір есерсоқты алдыма әкелер ешкім жоқ па? – деп айғай салған еді. Халық оған ел ішіндегі талас-тартыс, дау-дамайды тек «Хилфул-фудулдың» шешетіндігін айтып жөн сілтеді. Ол болса тікелей Қағбаға барып: – Әй, хилфул-фудулшылар, маған көмектессең- дерші? – деп дауыс көтерді. Хилфул-фудулшылар дереу қыздың әкесін ертіп Нұбайхтың үйіне барды. Нұбайх сыртқа шыққанда оған дүрсе қоя берді: – Әй, көргенсіз! Сен біздің қиянатшылдықпен жан аямай күресеміз деп серттескенімізді білесің. Жан ке- рек болса, шығар тез қызды үйіңнен! Нұхайл іс бұлай насырға шабады деп ойлама- са керек ә дегенде сасып қап, артынан қызды үйінен шығарды. Иә, пайғамбарлық келмей тұрып та, хазірет Мұхаммедтің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ел ішіндегі осындай игі шаралардың басы-қасында жүргені тарихқа аян. 46
ІІ БӨЛІМ САХАБАЛАР САБАҒЫ Ананың ақ сүті Алқамә Пайғамбардың көзі тірісінде құлшылыққа жан тәнімен берілген, садақаны көп үлестіретін өте бір ізетті, иманды жас жігіт еді. Бір күні аяқ астынан ауырған Алқамә төсек тартып жатып қалды. Ауруы әбден меңдеп, өлетін халге жеткенде, тілі куәлік сөзге келмей күрмеле берді. Оның қатты қиналғанын көрген сахабалар пайғамбарға жүгіріп мән-жайдан хабардар етті. Пайғамбарымыз бірден әлгі жігіттің шешесін шақыртты. – Алқамә қандай еді? – деп сұрады. Әйел: – Балам көп намаз оқитын, көп ораза ұстайтын, садақаны көп тарататын, – деп жауап берді. Пайғамбарымыз бұл жолы сұрақты төтесінен қойды: – Сізбен қарым - қатынасы қалай еді? Әйел: – Іштен шыққан балам ғой деп қанша кешіріммен қарағаныммен, мені ренжітетін кездері көп еді. Оны айтып отырған себебім, көбіне әйелін жақтап, маған қарсы шығатын, – деген кезінде, пайғамбар: – Анасының реніші баласының тілін күрмеп тұр екен. Қане, отын жинаңдар, Алқамәні тірідей отқа жағамыз, – деп маңайындағыларға бұйырды. 47
Тағылым тамшылары Ана байғұс бірден жанұшырды: – Қажеті жоқ. Ба- ламды жаға көрмеңіз, – деп жалынғанда, пайғамбар салиқалы түрде: – Аллаһ тағаланың о дүниедегі аза- бы балаңыздың қазіргі тартып жатқан азабынан да қатты болмақ. Егер Аллаһ ұлыңыздан разы болсын десеңіз, сіз де аналық ақ сүтіңізді кешіп, ұлыңызға де- ген бар реніш-өкпеңізді қойып, онымен ризалықпен қоштасыңыз, – деді. Әйел байғұс разылығын айтып, күбірлеп кешірген сәтте баласының да кәлимаға тілі келіп, өмірден озған еді. Құлшылық құндылығы Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) да қатысқан «Затур-Риқа» соғысында шайпауыздығына басып, ерінен қалыспай соғысқа келген бір мүшрік әйелді мұсылмандардың біреуі жер құштырды. Әйелін кімнің өлтіргенін жазбай танып қалған күйеуі, сол мұсылманды өлтірмей тынбайтындығын айтып, өз-өзіне іштей ант берді. Соғыс біткеннен кейін де мұсылман жасағының қай жерге тоқтайтынын байқамақ болып, іздерін қуалай жүріп отырды. Аллаһ елшісі сол түнгі қонатын жерді белгілеп: – Осы түні бізді қорғап күзетте кім тұрады? – деп сұрағанда, мұһажир мен әнсардан екі кісі суырыла алға шықты. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оларға: – Онда мына сайдың шыға берісінде тұрыңдар, – деп күзет үшін оңтайлы орынды көрсетті. Бұл екі ықыласты сарбаз: Аммар ибн Ясир мен Аббад ибн Бишр еді. Түн қараңғылығы басып күзет 48
Сахабалар сабағы кезегіне тұрарда әнсарлық Аббад мұһажирлік Аммарға қарап: – Түннің қай шамасында күзетте тұрғың келеді?- деп сұрады. Ол өзінің тап қазірден бастап түннің ортасына дейін тұрғысы келетіндігін айтты. Екеуара келіскеннен кейін мұһажир сарбаз өз кезегі келгенге дейін аздап көз шырымын алмақ болып ұйықтап кетті. Ал әнсарлық сарбаз болса күзеттегі уақытты босқа өткізбейін деп намаз оқи бастады. Дәл осы сәт соғыста жер жастанған әйелінің өшін алмақ болып іздерінен қалмай келе жатқан мүшрік бұқпантайлап келіп намазда тұрған сахабаға садақтан оқ ысқырта бастады. Ал намаз оқып тұрған сахаба бол- са үш оқ тигенге дейін намазын бұза қоймады. Алайда үшінші оқ қадалғанда қатты жараланды. Дереу руку, сәждасын орындап, сәлемін беріп намазын аяқтады да: – Тұр, тұр енді, мен жараланып қалдым, қимыл көрсете алар емеспін! – деп қасындағы жолдасын оят- ты. Жолдасы орнынан атып тұрғанда дұшпан қорқып жылыстап жөнелді. Жолдасының қатты жараланғанын көргенде мұһажир досы таңғала сұрады: – Алғашқы оқ тие салысымен мені бірден оятпағаның не? Алайда әнсарлық сахабаның берген жауабы да таңғаларлық еді. Ол: – Оқып тұрған сүремді ортасынан үзе алмадым. Егер Пайғамбарымыз табыстаған күзетшілігімізге 49
Тағылым тамшылары кесірі тимейтін болғанда, жаным шығып кетсе де мен ол сүрені тоқтатпас едім!.. – деген еді8. Иә, сахабалар ғибадатқа осыншалықты құштар болатын. Куәгер Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сахабалары- мен отырған бір сәтінде өз-өзінен сәл-пәл жымиып: – Неге күлімсіредім, білесіздер ме? – деп сұрады. Сахабалары «Жоқ» дегенде, Пайғамбарымыз: – (О дүниеде есеп берілгенде) Құл шыр-пыры шыға өз-өзін ақтамақ болады, іле-шала Аллаһ тағаламен ара- да мынадай бір әңгіме өрбиді мен соған еріксіз жыми- дым: Құл: – Сен мені тіршілігімде қиянаттан қорғамадың ғой? – деп сұрайды. Аллаһ тағала: – Иә, – дейді. Құл: – Онда маған да бөгде куәгердің қажеті жоқ. Маған менің өзімнен куәгер беруіңді сұраймын, – деген кезде Аллаһ тағала: – Ал онда сенің куәгерлерің өзіңнің дене мүше- лерің болсын. Тіпті саған «Кираман Катибин» періште- лері де куә болмай-ақ қойсын, – дейді де әлгі құлдың тілін байлағаннан кейін дене мүшелеріне қарап не істеп, не қойғанының бәрін түк қалдырмай айтып беруін бұйырады. 8 әл- Бидая уә-н-Нихая, 4/466-67; әл-Камил фи-т-тарих, 2/175 50
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208