Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Құдайберді Бағашар «Тағылым Таразысы»

Құдайберді Бағашар «Тағылым Таразысы»

Published by Макпал Аусадыкова, 2021-05-11 09:54:26

Description: Құдайберді Бағашар «Тағылым Таразысы»

Search

Read the Text Version

Таңдамалы әңгімелер екендігіне көздерің жетіп тұрған жоқ қой, – деп, олар- ды сабырға шақырыпты. Ауыл адамдары шалдың сөзін мазаққа айналды- рып, әбден күлісіпті. Арадан бір-екі апта өтпей жатып, бір түні ат үйге оралыпты. Сөйтсе, аттың өздігінен босап, тауға қашып кеткені болмаса, оны ешкім ұрламаған екен. Ал ат болса, өзімен бірге таудағы он екі иесіз жабайы жылқыларды да үйіріп ерте келсе керек. Бұны көрген ауыл адамдары жиналып кеп, қарттан кешірім сұрапты. – Сенің айтқандарың рас шықты. Атыңның жоғалғаны сен үшін сор емес қайта бақ болды. Аяқ астынан бір үйір жылқыға ие болып, байып шыға келдің, – десіпті. Қарт басын шайқап: – Сендер шешім айтуға тағы да тағатсызданып тұрсыңдар. «Аты табылыпты, өзі қайтып келіпті» деп, осыны ғана айтыңдар, әріге бармаңдар. Әзірше бізге анығы осы емес пе? Ал ар жағы не боларын, неге ұласарын кім біліпті?! Бір кітапты ашпай жа- тып, бір сөзін оқи сала, мына кітап түгелдей мына жайлы екен деп, кесіп-пішіп айтуға бола ма екен? – деп жиналғандарды тағы да әліптің артын бағуға шақырыпты. Ауыл адамдары бұл жолы қартты көзінше мазақтамапты. Іштерінен «Әй, осы, шамасы, ақымақ- ау» десіп тарқасыпты. Бір апта өтер өтпестен жабайы аттарды қолға үйретем деп жүріп қарттың жалғыз баласы аттан құлап, аяғын сындырып алыпты. Үйін жан бақтырып отырған жалғыз баласының аяғын сындырып алып, ұзақ уақыт 201

Тағылым тамшылары төсек тартып жатып қалғанын естіген ауыл адамдары қартқа «Сенің әнеугүні айтқаның сол күйі рас екен. Балаң енді аяғы жарай қоймай, көп уақыт емделіп жа- тар болса сенің күнің тіптен қараң болады екен» деп мүсіркесіпті. Қарт болса: – Сендер әлі де кесіп-пішіп шешім айта қоюға асықпаңдар, – депті, – баламның аяғын сындырғаны әзірше бізге мәлім болғаны ғана. Ал ары қарай не бо- лары бізге беймәлім, тіпті болжауға да дәрменсізбіз. Өмірде де осындай ұсақ-түйек нәрселерден басталып, ар жағы неге апарып соқтырары белгісіз жайттар жиі кездеспей ме? – депті әуелгі қалпын бұзбастан. Бірнеше аптадай кейін ел шетіне өздерінен сан жағынан да, қару жағынан да бірнеше есе басым жау тиіп, күтпеген жерден алапат соғыс басталып- ты. Патшаның соңғы үміті – қолына қару ұстай алған бүкіл жастарды соғыс майданына салу ғана болып- ты. Ауыл ауылды аралаған патша шабармандары аяғы сынған кедейдің баласынан басқа ауылдағы жас атаулының бәрін тізіп тұрып соғысқа әкетіпті. Ауыл- ды мұң басыпты. Өйткені мыңғырған жауды жеңу бұл жолы тіптен мүмкін емес екендігін, әрі соғысқа кет- кен балаларының не қаза табатынын, не жау қолына тұтқын болып түсерін ел жақсы білсе керек. Ауыл адамдары тағы да қартқа келіп: – Сенің айтқаның тағы да рас шықты, – депті, – Балаңның аяғы сынса да, әйтеуір, қасыңда, көз алдыңда болатыны жаныңа жұбаныш емес пе?! Ал біздің балаларымыздың соғыстан өлмей, не тұтқынға түспей, аман-есен үйге оралуы екіталай. Балаңның аттан құлап аяғын сын- 202

Таңдамалы әңгімелер дыруы сен үшін қайғы емес, қайта қуаныш болды, – десіпті. Сонда қарт: – Сендер-ақ, әйтеуір, тон пішіп тез шешім айтуға құмар екенсіңдер, – деп тағы ренжіпті. – Әзірше бізге мәлім бір-ақ шындықтың бар екені белгілі, ол – менің баламның қасымда, ал сендердің балаларыңның әскерде екендігі. Алайда бұлардың да түбінде қайсысы бақ, қайсысы сор екендігін бір ғана Аллаһ біледі, – деген екен. Лао Цзу әңгімесін мынадай насихатпен аяқтапты: «Асығыс шешім айта салмаңдар! Өмірдің аз ғана бөлігіне қарап тұтасын бірден кесіп-пішпеңдер. Ақылға салып, әбден саралап барып қана шешім айтқан жөн. Әліптің артын бақпастан тон пішуге әдеттенбеңіз. Бірақ сонда да ақыл-ойдың адамды ылғи да тиянақты бір шешімге итермелейтіндігі шындық. Өйткені бір шешімге келе алмай әрі-сәрі күйде жүру адамды сергелдеңге салады. Ал өмірдегі саяхаттың жалғаса берері сөзсіз. Бір жол бітсе, екінші жол енді басталады. Бір есік жабылса, екінші бір есік ашылар. Бір мақсатқа қол жеткізсеңіз, екінші бір одан да биік мақсаттың қол бұлғап шақырып тұрғанын көреріңіз даусыз. Сондықтан беті көрінген мұзтауының (айс- берг) астына да көңіл аударыңыз». 203

Мазмұны Аңдатпа................................................................................................3 І БӨЛІМ ПАЙҒАМБАРЛАР ПАРАСАТЫ Мәрттік................................................................................................7 Ақысын даулаған сахаба..................................................................11 Бұл пәни.............................................................................................16 Уәдеге беріктік..................................................................................17 Тас сараң............................................................................................18 Кедейдің кемеңгерлігі......................................................................19 Сөз бен іс...........................................................................................21 Ең балажан кісі.................................................................................22 Жанашырлық. ................................................................................... 24 Кешіру де зор сауап..........................................................................25 Екі қыздың оразасы.........................................................................27 Әке мен бала.....................................................................................28 Жазмыштан озмыш жоқ...................................................................28 Патша мен құмырсқа........................................................................30 Отқа күймеген пайғамбар................................................................31 Күнәдан тазарған кінәлі ..................................................................33 Сиқыршылар мен перғауын.............................................................34 Ол сенің ізіңе ерген жоқ...................................................................36 Содом мен Гомор..............................................................................38 Зекет – байлықтың қорғаны.............................................................42 Кәпірліктен мұсылмандыққа қадам................................................43 «Хилфул-фудулдың» жақсылығы...................................................45 ІІ БӨЛІМ САХАБАЛАР САБАҒЫ Ананың ақ сүті..................................................................................47 Құлшылық құндылығы....................................................................48 Куәгер................................................................................................50 Хазірет Пайғамбардың хаты ...........................................................51

Ықыласпен айтылған «кәлима-и шәһадаттың» салмағы..............54 Пайғамбар екеніңді дәлелде!...........................................................55 Әбу Бәкірдің достығы......................................................................58 Әбу Бәкірден озу қайда!...................................................................60 Тілді ауыздықтаған тас....................................................................61 Харам астың азабы...........................................................................62 Келін таңдау .....................................................................................64 Күнә іздеуші де кінәлі......................................................................66 Асыра мақтау жөн бе?......................................................................67 Ибн Аббастың әңгімесі....................................................................68 Нүшіруанның әділеттілігі................................................................78 Адам құқықтары жөніндегі алғашқы сот.......................................82 Өзің қандай болсаң, басшың сондай .............................................85 Пайғамбар қойған астау..................................................................88 Адам тану..........................................................................................89 Нілдің тасуы......................................................................................91 Елден ерек елбасы............................................................................92 Алтынға айналған қамшы................................................................94 Қапастағы батыр...............................................................................95 Тағдырдан тағдырға қашу...............................................................97 Әлидың дархан мінезділігі..............................................................99 Христиан және Әлидің (а.с.) шапаны...........................................100 Өз «Құдайынан» көңілі қалған сахаба..........................................101 Періштелермен пәктелу.................................................................103 Зейнептің шеберханасы.................................................................104 Хазірет Нәсиба ...............................................................................106 Қонақ пен рызық.............................................................................107 Өз басын қатерге тігу.....................................................................109 Қос уыс құрма.................................................................................111 Пәлекетке ұрындырған байлық ....................................................112 Надандықтың кесірі........................................................................116 Аллаһ бергенін алады.....................................................................117 Амр ибн Ас тура жолға қалай түсті?............................................118 Жан-жануарға жасалған жақсылықтың сауабы...........................121 Қара қылды қақ жарған халифа! ..................................................122 Жалғыз көйлек................................................................................124 Түйе етінің әуресі ..........................................................................125 Баянсыз байлық..............................................................................126

Харун Рашит пен қария..................................................................128 Зұлқарнайн мен басшы..................................................................129 Алтынға баланған ақырет..............................................................130 Қызыр екеніңді айта салам............................................................132 Тіл мен жүрек..................................................................................133 Нағыз қамқоршы.............................................................................135 Харижилардың тәубаға келуі........................................................137 Маскүнем көрші.............................................................................139 ІІІ БӨЛІМ ӘУЛИЕ–АБЫЗДАР Әулие болу оңай ма?......................................................................141 Жалаңаяқ әулие...............................................................................142 Сынған құмыра...............................................................................144 Шайтан мен мақтан........................................................................146 Ақ жолға бастаған екі ауыз сөз.....................................................147 Әулиенің кішіпейілділігі...............................................................149 Пілден құтылған әулие...................................................................151 Әулие мен мәжуси..........................................................................153 Байлыққа қол жеткізген адалдық..................................................154 Кемшілік кімде?..............................................................................156 Нағыз қажы.....................................................................................156 Құлшылық пен құрмет...................................................................158 Шайтаннан қорғану........................................................................159 Несібе дұғамен келе ме?................................................................160 Әбабил құстарының жеңісі............................................................160 Қайсысы шейіт?.............................................................................162 Күндік өмірің болса........................................................................163 Шындықтың құдіреті.....................................................................164 Харамнан сақтанғанды Аллаһ та сақтайды.......................... 165 ІV БӨЛІМ ТАҢДАМАЛЫ ӘҢГІМЕЛЕР Қойшы мен алма ағашы.................................................................167 Қолы сынған қыз............................................................................169 Тәубаға келген күйеу......................................................................173 Сынақтардан сүрінбеген кедей.....................................................175

Жабылмайтын жалғыз есік............................................................178 Енжарлықтың емі...........................................................................179 Әділ би.............................................................................................181 700 жылдық насихат.......................................................................182 Ана өсиеті........................................................................................183 Зерек бала........................................................................................185 Қабірден қорқу................................................................................190 От пен топырақ...............................................................................191 Ақ ит пен қара ит............................................................................192 Күндер мен күнәлар.......................................................................193 Тесік шелек.....................................................................................194 Темір шыбық...................................................................................196 Әкеден артық балмұздақ................................................................198 Аяғы сынған бозбала......................................................................200

Құдайберді Бағашар ТАҒЫЛЫМ ТАМШЫЛАРЫ-1 Редакциялаған: Ұ. Еркінбаев Көркемдеуші дизайнер: Б. Алтынбекұлы


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook