Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Құдайберді Бағашар «Тағылым Таразысы»

Құдайберді Бағашар «Тағылым Таразысы»

Published by Макпал Аусадыкова, 2021-05-11 09:54:26

Description: Құдайберді Бағашар «Тағылым Таразысы»

Search

Read the Text Version

Сахабалар сабағы Ал жаңағының дене мүшелері болса бір-бірлеп сөйлей бастайды. Кейіннен барып тілінің күрмеуі шешіліп қайта сөйлеуге келгенде ол ренжіп, өзінің дене мүшелеріне қарап «Мен сендерді қорғаштап жа- ным шығып жатса, сендер не істеп, не қойғандарыңның бәрін жіпке тізе тәптіштеп айтып шыққандарыңа жол болсын, бәрің де көзіме көрінбей, қараларыңды батырыңдар!» деп ашулана айғайлайды.... Хазірет Пайғамбардың хаты Дыхиятул-Кәлби (р.а.) әңгімелеуде: Хазірет Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) маған бір хат беріп Византия патшасы Қайсарға жіберді. Патшаға барып хатты бергенімде қасында қызыл шы- райлы, көк көзді, бұйра шашты жиені бар еді. Хаттың басы «Аллаһтың елшісі Мұхаммедтен гректердің қожайыны Гераклийге» деп басталатын. Жиені осы сөзді оқи сала терең бір тыныстады да «бұл хатты оқуға болмайды» деп бір-ақ түйді. Қайсар бұның себебін сұрады. Жиені: «Бұл хатты жазған адам алдымен өз атын жазыпты да сені екінші орынға қойыпты, сөйтіпті де сені патша демей жай ғана қожайын деп көрсетіпті» деді. Патша қарсылық білдіріп, міндетті түрде оқуын бұйырды. Хат оқылған соң ол жердегілердің бәрі сыртқа шығып, Қайсар ішке мені шақыртты. Қайсар патша мен ішке кірген кезде өздерінің дін істеріне қарайтын епископын да шақыртты. Сөйтті де хатты епископқа оқытты. Епископ оған: 51

Тағылым тамшылары – Бұл Мұхаммед қой, – деді, – ол біздің көптен күткен пайғамбарымыз. Тіпті Исаның өзі оның келетіндігі жайында сүйіншілеп хабар айтқан. Қайсар епископқа қарап: – Иә, маған қандай ұсынысың бар? – деп сұрады. Епископ: – Өз басым сөзсіз оны растап, мойынсұнам, – деді. Қайсар оған: – Алайда мен де растап оған бас иер болсам патшалығымнан айрылып қалармын, – деді күмілжіп. Содан біз патшаның қасынан шықтық. Қайсар сол кезде қонағы Әбу Суфиянды шақыртты да оған сұрақ қойып жауап ала бастады. – Сендер жақта пайда болған әлгі кісі кім? – Ол бір жас жігіт. – Шыққан әулеті қандай? – Арамыздағы аса бір сыйлы әулеттен шыққан. – Ол пайғамбарлығының белгісі болар. Иә, оның болмысы қандай? – Ешқашан өтірік айтқан емес. – Бұл да пайғамбарлығының бұлтартпас белгісі. Қайсар Әбу Суфияннан сұрауын жалғастыра түсті. – Оның ізіне ергендердің арасынан исламды та- стап кеп қатарларыңа қосылғандар болды ма? – Жоқ. – Иә, бұл да оның пайғамбарлығының дәлелі. Оның шайқастарда жеңілген кезі болдыма? – Кейде жеңгенмен, кейде жеңілетін. – Бұл да пайғамбарлығының белгісі. 52

Сахабалар сабағы Артынша Қайсар патша мені шақырып былай деді: – Сені жіберген адамға айта бар, мен оның пайғамбар екенін білгенмен, патшалығымды тастай алмаймын! Ал епископ болса әр жексенбі сайын христиан- дарға уағыз айтатын. Алайда келесі жексенбі күні ол христиандарға барып әдеттегідей уағызын айтпады. Одан кейінгі жексенбіде де сөйтті. Халыққа өзінің ау- ырып жатқандығын айтты. Бірақ мені шақырып алып, әр түрлі сұрақтар сұрайтын. Дәл осылай бірнеше апта халыққа шығып уағыз айтпай қойған соң, бір күні халық жиылып келіп оған былай деп қатаң талап қойды: – Не өз еркіңмен сыртқа шық, не біз сені бөлмеңде өлтіреміз. Әлгі араб келгелі бері біз сенен күмәндана бастадық. Бұны естігенде епископ маған бірден хат жазып беріп былай деді: – Мына хатты ал да, Мұхаммедке жеткіз. Оған дұғай сәлем айт та, менің Аллаһтан басқа тәңір жоқ әрі Мұхаммедтің оның пайғамбары екендігіне иман еткенімді, сондай-ақ оған мойынсұнғанымды айт. Халық менің бұл жағдайымды жақсы сезіп отыр. Оған көргендеріңнің бәрін айт! Осыны айтты да ол далаға шықты. Күтіп тұрған халық оны дереу өлтіріп тынды9... 9 Юсуф Явуз «Самарқант» 53

Тағылым тамшылары Ықыласпен айтылған «кәлима-и шәһадаттың» салмағы Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір күні шын ықыласпен айтылған кәлима-и шәһадаттың ақыретте мүмин таразысының оң жақ басын қалай ауыр басаты- нын былай деп түсіндірді: «Аллаһ тағала Қиямет күні үмметімнің ішінен бір адамды сықаса жиналған халықтың арасынан шығарып алып, оған қатталған тоқсан тоғыз дәптерді көрсетеді. Әр дәптердің үлкендігіне кім де болса бас шайқап таңырқай қарайды. Аллаһ тағала әлгі адамнан: – Мына дәптерде жазылғандарға не айтасың? Менің жазушы періштелерім саған қиянат жасамап па? – деп сұрайды. Құл: – Уа, Раббым! Жоқ, әрине. Бәрі де дұрыс, – дейді. Аллаһ тағала одан қайта сұрайды: – Осыларды жасағандығың рас болса маған айтар дауың бар ма? Құл: – Уа, Аллаһ тағала! Айтар дауым жоқ, – дейді. Іле барлық амалдары таразыға тартылғанда, сауаптары аз болып қалады. Бұны көргенде Жаратушы Ие: – Бұдан тыс сенің үлкен жақсылық-сауабың да бар. Біз бүгін сені ешқандай жамандыққа ұшыратпаймыз, – дейді. Таразыға тілдей бір қағаз салынады. Құл ол қағаз не салмақ берер дейсің деп үмітсізденіп тұрады. Бірден дәптерлер таразының бір басына, әлгіндегі бір жапырақ қағаз болса таразының екінші басына 54

Сахабалар сабағы қойылады. Таразы тартылғанда дәптерлер жеңіл тар- тып, қағаз ауыр басады Сөйтсе, қағазда «Әшхәду ән лә иләха илла Аллаһ уә әшхәду әнна Мұхаммадан расулаллаһ» (Аллаһтан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның құлы әрі елшісі) деген кәлимасы жазулы екен». Негізінде, Аллаһ тағаланың атымен не салысты- рылса да онымен бәрібір тең келе алмасы анық. Пайғамбар екеніңді дәлелде! Әбу Бәкірдің (р.а.) ислам дінін еш бүкпесіз қабылдауына бірнеше жайт түрткі болған. Соның бірі мына оқиға. Ислам діні келгенге дейін қысы-жазы саудамен айналысатын Әбу Бәкір көбінесе Шамға баратын. Бір сапарда таңға жуық таңғажайып түс көрді. Түсінде аспандағы ай келіп оның құшағына тығылыпты. Әбу Бәкір айды қос қолдай құшақтап көкірегіне қысқан екен. Тәтті сезім құшағында жатып ояна кетсе, түсі бо- лып шығады. Дереу сол маңайдағы Ямлиха атты таны- мал монахқа барып түсін жорытты. Монах әуелі: – Қай жақтан боласың? – деп сұрады. Әбу Бәкір: – Хижаз аймағынан,- деп жауап берді. Монах: – Немен шұғылданасың?- деп қайта сұрады. Әбу Бәкір: – Саудагермін,- деп жауап қатты. Бұны естігенде монах: – Әй, арабстандық жан, мына түс тегін түс емес екен. Шынын айтсам, үлкен сүйінші түсіп тұрған жайы бар. Ақымды берсең, дәл қазір жорып берейін, – деді. 55

Тағылым тамшылары Әбу Бәкір (р.а.) оған сол мезет он екі динар ұстатты. Монах сөзін жалғап, түсті былай деп жорыды: – Көктегі айдың саған түсуі – ақырзаман пайғамбарының келетіндігі. Таяу уақыттарда ол өзінің «пайғамбарлығын» жұртқа жариялайды. Сен сол Пайғамбардың қасында жүретін уәзірі, кейіннен халифасы боласың. Уа, арабстандық жан, егер ол менің тірі кезімде келсе, онда маған хабар сал. Барып жолығып, оны өз көзіммен көрейін. Ал ол келген кезде мен о дүниелік болып кетсем, онда менің дұғай-дұғай сәлемімді жеткіз. Әкелген жаңа дініне менің кіргенімді, оның үмметі болғандығымды айт. Ақыретте маған шапағат етуді ұмытпасын! Әбу Бәкір бұны естігенде: – Олай болса маған хат жазып қалдыр, – деді. Монах он екі сөйлеммен жазылған хатты Әбу Бәкірге ұсынды. Хаттың төркіні мынадай: «Ассалаумағаләйкум, уа, Мұхаммед ибн Абдуллаһ әл- Мәкки әл- Мәдәни әл-техами! Сен – расында да ақырзаман пайғамбары, он сегіз мың ғаламның Иесі Хақ тағаланың елшісісің! Мына үшбу хатты Әбу Бәкір ибн Әбу Күхафа арқылы өзіңе жолдап отырмын. Осы арқылы саған иланып, иманға келгенімді, саған үммет болып ергенімді жеткізгім келеді. Әбу Бәкір келіп, түсін жорытты. Сол түс бойынша Әбу Бәкір сенің уәзірің кейіннен халифаң болады. Егер мен тірі тұрсам, сенімен бірге Аллаһ жолында әл-дәрменімнің жеткенінше күресуден тартынбаймын. Ал егер оған өмірім жетпесе, онда маған да ақыретте шапағат етуді ұмытпағайсың!». 56

Сахабалар сабағы Әбу Бәкір түсін жорып берген кісіге қарап: – Егер түсім дәл осы жорығаныңдай болып шықса, онда менен тағы да жүз динар алашағың бол- сын, – деді риза кейіппен. Әне-міне дегенше Шам сапары да бітіп, Әбу Бәкір Меккеге келді. Арадан он екі жыл өтті. Аллаһ тағала хазірет Мұхаммедке (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) уахи түсірді. Бір күні Әбу Құбайс тауына шыққан Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзінің пайғамбар екендігін жұртқа жар салып, халықты жансыз пұттарға емес бір ғана Жаратқанға иман етуге шақырды. Төсекте жатқан Әбу Бәкір айтылғандарды ести сала Мекке көшелерінің бірінде хазірет Пайғамбармен жүздесті. Пайғамбарымыз оны Исламға мойынсұнуға шақырды. Әбу Бәкір (р.а.) оған: – Уа, Мұхаммед! Пайғамбар екендігің рас болса, дәлелдеп мұғжизаңды көрсет, – деді. Хазірет Пайғамбарымыз оның көкірегіне қолын қойып, қабырғаға тақаған күйі: – Саған Пайғамбарлығымды дәлелдеген мұғжиза ретінде осыдан тұп-тура он екі жыл бұрын түс көргенің, оны Ямлиха атты монахқа жорытқаның жетпей ме?! Оған түс жорығаны үшін жалма-жан он екі динар төледің, кейіннен тағы да жүз динар бермек болып уәделестің. Түсті жорып берген кісі он екі сөйлемдік хат жазып қолыңа ұстатты. Қаласаң тіпті хаттың әр сөзіне дейін айтайын, – деп хатты түгел жіпке тізгендей айна-қатесіз айтып берді. Бұны естігенде оның Пайғамбарлығына зәредей күмәні қалмаған Әбу Бәкір бірден сұқ саусағын аспанға көтеріп: 57

Тағылым тамшылары – Ямлиха монах сүйіншілеген Пайғамбар расын- да да сен екенсің, «Аллаһ тағаланың жалғыз екендігіне әрі Мұхаммедтің оның пайғамбары екендігіне нық сендім», – деп бірден мұсылманшылыққа бас иген екен10. Әбу Бәкірдің достығы Періште Жәбірәйіл (а.с.) бір күні былай деп тілепті: – Уа, он сегіз мың ғаламның ұлы әміршісі Хақ тағала! Пайғамбарымыз Мұхаммедке (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) деген Әбу Бәкірдің достығы қаншалықты адал екенін, оған деген сүйіспеншілік жүрегінде қаншалықты терең орын алатынын білгім келеді... ...Мереке күні еді. Әбу Бәкір Сыддық (р.а.) бағалы, қымбат, әсем киімдерін киіп, иығынына отыз алтындық шәлі ілді. Жәбірәйіл соқыр кейпіне еніп, жол шетіне от- ыра кетті. Әбу Бәкір Сыддық келіп, жол шетіндегі пақырға жақындады. Бұны көрген Жәбірәйіл бірден: – Пайғамбар Мұхаммед Мұстафаның достығы үшін маған садақа тастаған адамның Аллаһ тағала бар күнәсін кешірсін! – деп естірте дауыстай бастады. Әбу Бәкір (р.а.) ол сөзді естіген-ді. Ойланба- стан иығындағы қымбат шәліні сусыта ысырған күйі «қайыршыға» ұстатты да: – Қане, тағы бір рет қайталашы? – деді. Қайыршы тағы бір рет қайталады. Әбу Бәкір Сыддық сырт киімін шешіп берді. Әр қайталаған сайын үстіндегі бір-бір киімін шешіп 10 Мәнақиб-и Чиһар Яар-и Гузин 58

Сахабалар сабағы беріп отырды. Бесінші рет қайталағанда, Әбу Бәкірде әлгіндегі бағалы киімдерінің ешбірі қалмады. Әбу Бәкір Сыддық Біләлді шақыртып: – Ей, Біләл! Айшаның үйіне барып маған бір киім әкел, – деді. Біләл (р.а.) кетіп бара жатып жолшыбай Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жолығып қалады. Пайғамбарымыз: – Әй, Біләл! Қайда бара жатқаныңды, не себепті бара жатқаныңды мен айтайын ба, әлде өзің айтасың ба? – деді. Біләл (р.а.) әдеп сақтап: – Сіз айтыңыз, – деді. Сонда Пайғамбарымыз оған былай деді: – Жол шетінде отырған соқыр, ол – Жәбірәйіл періште. Әбу Бәкірдің маған деген зор сүйіспеншілігі мен арамыздағы қыл өтпес достықтың қаншалықты адал екендігіне көз жеткізу үшін Аллаһ тағаланың әмірімен осындай бейнеде келген. Бұл кезде Әбу Бәкір (р.а.) Біләлді күтіп тұрды. Біләл Айшаның үйінен киім әкелді. Әбу Бәкір әкелген киімдерді киді. Періште Жәбірәйіл Расулаллаһтың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) алдына келіп: – Уа, Мұхаммед! Жай ғана Әбу Бәкір Сыддықты бір сынамақшы болғаным болмаса, бұл киімдердің маған қажеті жоқ еді, – деп, бағана Әбу Бәкір берген қымбат киімдердің бәрін қолына ұстатты. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Жәбірәйіл періште тастап кеткен киімдерді Әбу Бәкірдің өзіне әкелді. 59

Тағылым тамшылары Әбу Бәкір (р.а.) болса: – Сіздің жолыңызға арнап менің қолымнан шыққан заттың маған қайта қажеті жоқ. Кімге көңіліңіз соқса, соған берерсіз, – деген бо- латын11... Иә, Пайғамбарды өзінен де қатты жақсы көрмейінше ешкімнің де иманы толық болмайтындығы шындық. Әбу Бәкірден озу қайда! Омар (р.а.) әңгімелеуде: Бір күні Пайғамбарымыз бізге әскерлерді қамтамасыз ету үшін өзара жылу жинауды бұйырды. Менің ең дәулетті кезім. Ылғи менен озып кете беретін Әбу Бәкірдің (р.а.) осы жолы алдын орап, шаң қаптырмасам ба деген тұтқиылдан бір ой келді. Өйткені ол қашан болсын жақсылық жасауда алдына жан салмайтын. Арамыздағы ең көп садақа беретін де сол еді. Осы жолы одан да көп жылу берейінші де- ген оймен бар малымды теңдей екіге бөліп жартысын садақа ретінде апардым. Мені көрген Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) : – Ей, Омар! Үй - ішіңе де бірдеңе қалдырдың ба? – деп сұрады. Мен: – Уа, Расулаллаһ!, – дедім, – Үй-ішіме малымның тең жартысын қалдырдым, – дедім өз ісіме масатта- нып. Дәл осы сәт қолындағы малын алдына салып айдаған күйі Әбу Бәкір де келді. Пайғамбарымыз одан да: 11 -Мәнақиб-и-Чиһар Яр-ы Гүзин- 60

Сахабалар сабағы – Ей, Әбу Бәкір! Өз үй-ішіңе сен не қалдырдың? – деп сұрады. Әбу Бәкір болса: – Уа, Расулаллаһ! – деді, – Үй-ішіме Аллаһ тағала мен Пайғамбарына деген сүйіспеншілікті ғана қалдырдым, – деді. Дәл осы сәт екеумізге көз тастаған Пайғамбарымыз: – Екеуіңнің араларыңдағы айырмашылық – дәл жауаптарыңның айырмасындай, – деген еді. Осыдан бастап Әбу Бәкірден озсам-ау деген көкейді тескен ой-қиялдан біржолата арылдым12... Тілді ауыздықтаған тас Бір күні Әбу Бәкір (р.а.) сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қасында отырды. Бір уақытта ұрынарға қара таппаған қара ниетті біреу аузы көбіктеніп Әбу Бәкірге тіл тигізіп, былапыт сөздер айта бастады. Пайғамбарымыз әлгі кісі Әбу Бәкірге қанша жаман сөздер айтқанына қарамастан ләм-мим деп тіл қатпай ара-кідік күлімсіреп қойып отыра берді. Әлгінің әдепсіздігі мен былапыт сөздері әбден шегіне жетті- ау дегенде ашуы алқымына тығылған Әбу Бәкір де бір-екі ауыз сөз қайтарды. Осы сәт манадан бері жақ ашпаған Пайғамбарымыз дереу сыртқа шығып кетті. Іле- шала орнынан тұрып, пайғамбарымызды қуып жеткен Әбу Бәкір: – Уа, Аллаһ тағаланың ардақты елшісі! – деді, – Бағанадан бері жаңағының әдепсіздігі мен айтқан қаншама былапыт сөздерін ести тұра үндемей, мен 12 Мәнақиби Чиһар Яры Гузин 61

Тағылым тамшылары бір - екі сөз қайтарғанға не себепті орныңыздан тұрып кеттіңіз?, – деп сұрады. Сонда адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз оған:(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) – Ей, адалдығымен айдай әлемді тәнті еткен дос! Әлгі ұятсыз, әдепсіз неме саған тіл тигізе бастағанда Аллаһ тағала аспаннан бір періште түсірді.. Ол періште сені қорғап, жаңағы байғұстың тілін өзі-ақ байламақ еді. Алайда сол арада сен де ашуға мініп қарсы сөз айтқандықтан, періште лезде ғайып болды да орны- на Ібіліс келді. Аллаһтың қарғысына ұшыраған Ібіліс тұрған жерде Аллаһтың алғысынан үміт күткен менің бірге тұруым мүмкін емес. Орнымнан тұрып кеткен себебім сол, – деп жауап берген еді. Бұл оқиғадан үлкен сабақ алған Әбу Бәкір (р.а.) бұдан былай біреуге сөз айтуға қатты мән беретін бол- ды. Тіпті жөн- жосықсыз сөйлемеу үшін аузына тас са- лып жүретінді шығарды. Айтар сөзін әбден ойланып, елеп-екшеп барып қана айтатын еді. Аузына салып жүретін тасты сөйлер алдында ғана алатын. Жай кез- де ылғи да Жаратқанға жалбарынып, күбірлеп мадақ айтатын. Ешкімге де жақсы- жаманнан сөз айтпайтын болды. Өте бір керекті кезде ғана аз сөзбен көкейіндегі ойдың түйінін жеткізетін13. Харам астың азабы Әбу Бәкір Сыддықтың (р.а.) бір қызметшісі бар болатын. Кешкі асты ылғи да сол даярлап әкелуші еді. Алайда Әбу Бәкір алдына әкелген астың қайдан, қалай 13 Мәнакиби- Чиһар Яры- Гузин 62

Сахабалар сабағы келгендігін бәрін тәптіштеп сұрап білмейінше асқа қол созбайтын. Әлгі қызметшісі бір күні кешке әдеттегідей тамақ әкелді. Әбу Бәкір Сыддық бұл жолы тамақтың кімнен сатып алынғандығы, дастарханға қойылғанға дейін қалай келгендігі туралы ешқандай сұрақ сұрамастан бірден бір қасық алып аузына салды. Оның бұл тосын әдетіне таңырқаған құлы: – Қожайын-ау, сіз күнде тамақтың жай-жапсарын сұраушы едіңіз, бүгін қалайша сұрап жатпастан ауыз салдыңыз? – деп сұрайды. Бұны естігенде Әбу Бәкірдің (р.а.) көзі жасқа шы- лана: – Е, қайтейін-ай, қу аштық соған қаратты ма?! Енді кеш те болса маған тамақтың қайдан қалай келгенін айт, – деді мұңая. Қызметші: – Исламға дейінгі уақытта мен халыққа өнер көрсетуші едім. Бір күні кездесе кеткен бір топ кісінің қолқалауымен оларға өнер көрсеткенім бар еді. Сол мезет олардың маған ақы ретінде ұстатар ештеңелері болмай, ақысын кейінірек бермек болып уәде берген еді. Бүгін соларды көріп, берген уәделерін естеріне сал- дым. Олар өздері жемек болып отырған тамақтарынан маған берген болатын, – деді. Бұл жайсыз жауапты естігенде Әбу Бәкір (р.а.) іштей қатты реніш білдіріп, абайсызда болған қателігіне қатты өкінді. Тіпті бет-жүзін тарам-тарам жас жуып кетті. Алдында тұрған тамақты лақтырып жіберді. Сұқ саусағын аузына тығып жіберіп қақала- шашала құса бастады. Бір көгеріп, бір қызарып өзін 63

Тағылым тамшылары қатты қинады. Жылымшы ғана су ішіп тағы да құсты. Бір орында байыз таппай мазасы кетті. Асқазанында ештеңенің қалмағандығына әбден көзі жеткенде ғана барып тоқтатты. Қасындағылар таңдана: – Түкке тұрғысыз бір татым тамаққа бола осынша- ма қиналғаныңыз қалай? – деп сұрағанда, ол: – Иә, – деді, – өйткені бірде Пайғамбарымыздың (саллаллаһуаләйһиуәсәлләм) «Ішкен-жегені харам болған кісілерге Аллаһ тағала Жұмақты нәсіп етпейді» дегенін естіген едім. Сөйтті де басын жоғары көтеріп: – Уа, барша әлемнің Иесі! Байқамастан жеп қойған бір шайнам ас үшін қолымнан келгенін істеп, бәрін де құса алғанымша құстым. Егер әлгі тағамнан бойымда қалып, тамырыма еніп кеткен нәрсе болса, Өзің кешіре гөр! Тозақ отыңа шыдай алмайтын қауқары жоқ, әлжуаз құлмын ғой, – деп дұға оқып егіле тілек тіледі... Иә, берік тақуалығына сүйсінген бұл досы жайлы Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Әбу Бәкір тура менің көзім, құлағым секілді» деген еді14. Келін таңдау Омардың (р.а.) ел басқарып тұрған кезі. Бүгін де ылғидағы әдеті бойынша үстіндегі киімдерін ауы- стырып киіп, ел ішін аралап қайтпақ ниетпен ымырт үйіріле көшеге шықты. Мәдинаның көшелерін ара- лап көп жүрді. Түн қараңғысы әбден қоюланған кез- де бір үйдің қасына келді. Іштен дауыстар шығып жа- тыр екен. Не болып жатқандығын білмек болып әлгі 14 Тәнбиху-л-ғафилин 64

Сахабалар сабағы үйдегі дауысқа құлақ түрді. Байқаса шешесі мен қызы әңгімелесіп жатыр екен. Шешесі: – Қызым, ертеңгі сатылатын сүтке су қосуды ұмытпа! – деді. Алайда қызы: – Шеше, біздің халифа сүтке су қоспаңдар деп елдің бәріне тыйым салмап па еді? – деп қарсылық білдірді. Шешесі: – Е-е, түннің бір уағында сенің не істеп не қойып жатқаныңды халифа қайдан білсін? Ол қазір жылы төсегінде ұйықтап жатқан болар.., – деді қызына өз айтқанын қалайда істеткізбек болып. Бірақ, қызы бұған да көнбей, былай деді: – Шеше-ау, мейлі Халифа ұйқыда болсын-ақ, бірақ бәрімізді қас қақпай бағып тұрған Аллаһ тағаланы қайтеміз? Сүтке су қосып елді алдамақ болғанымызды халифадан жасырсақ та Хақ тағаладан қалай жасыра- мыз? Ол бәрін де көріп-біліп тұрған жоқ па?! Омар (р.а.) бұны естігенде қыздың адалдығы мен діндарлығына қайран қалып, іштей қатты сүйсінді. Сөйтті де бұл көргенін барып әйеліне айтты. Екеуі құда түсіп, әлгі қызды ұлдары Асыммен үйлендірді. Осы- лайша ақылды қыз Омарға (р.а.) келін болып түсті. Иә, Омарға келін болу аса қиын емес, ол үшін тек қана бәрін көріп-біліп тұрған Аллаһ тағаладан ештеңені де жасыра алмайтындығыңды тереңнен сезіне білсең жеткілікті. Қыздың өне-бойы тәлім- тәрбиеге тұнып тұрса, оған қайыната болуға Омар секілді жаны жайсаң кісілердің әркезде де табылатындығы шындық.. 65

Тағылым тамшылары Күнә іздеуші де кінәлі Бір күні түнде ел басқаратын халифа Омар (р.а.) мен Абдуррахман ибн Ауф Мәдина қаласының көшелерімен келе жатып бір үйден дабырлаған дауы- стар естіді. Үйге таяп келген халифа: – Ей, Абдуррахман! Мынау кімнің үйі екенін білесің бе? – деп сұрады. Абдуррахман: – Білмеймін, – деп жауап берді. Халифа өзі: – Бұл – Рәбиға ибн Үмәйяның үйі. Іштегілер тегіс арақ ішкенге ұқсайды. Мастықпен айғайласып отыр. Бұларды мықтап тұрып жазаласақ қалай қарайсың? Абдуррахман ибн Ауф болса: – Маған салсаңыз, жазаға олар емес, біз лайықты секілдіміз! – деді именбестен. Тосын жауапқа халифа іркіліп қалды. Сөйтті де: – Неге? – деп сұрады артынша таңданысын жасы- ра алмай. Сонда қасындағы саңлақ сахаба оның себебін бы- лай деп түсіндірген еді: – Өйткені Аллаһ тағаланың «Адамдардың жа- сырын күнәларын іздестірмеңдер!» деген бұйрығы бар. Біз болсақ түннің бір уағында елдің үйіне келіп, тіміскіленіп, олардан қателік іздеп жүрміз. Негізі, жа- заны біз тартуымыз керек!.. Абдуррахманның көкейге қонымды сөзіне ойла- нып қалған халифа оған: – Ендеше, кеттік бұл жерден! Әйтпесе, расында да жазаны олар емес біз тартуымыз мүмкін, – деген еді асыға. 66

Сахабалар сабағы Былай шыға бере халифа өз-өзінен күбірлеп бара жатты. «Ойы да, жөні де түзу осындай достардан Аллаһ тағала бізді мақұрым етпегей! Менікі ғана дұрыс деп, кеудемсоқтыққа салынудан сақтасын! Білмегеніңді білгеннен сұрап, соның айтқанына көне білген қандай жақсы!» Расында да, қарғыстың ең жаманы «Өзің білме, білгеннің тілін алма» емес пе?! Асыра мақтау жөн бе? Омар (р.а.) тағайындаған басшылардың бірі жұма хұтбасы кезінде Омарды жер-көкке сыйғызбай мақтағаны сонша, сахабалардың біреуі шыдай алмай орнынан атып тұрып әлгі кісімен шарт-шұрт сөзге келіп қалды. Намаз біткенде мешітте болған жайт Омардың құлағына да жеткен еді. Халифа Омардың әмірімен әлгі сахаба дереу тұтқындалып алдына әкелінеді. Са- хаба кірген бойда халифаға сәлем береді. Алайда өзі ашуланып отырған халифа оның сәлемін алмастан тіпті жекіп те жібереді. Сол кезде сахаба: – Ей, Омар, – дейді жұлып алғандай басын көтерген күйі, – мен бір кінә жасасам, сен нақ екі кінә жасап отырсың! Бұны естігенде бағанадан бері Омардың алқымына тығылған бар ашуы сап тыйылып: – Менің екі кінәм не болды сонда? – деп сұрады таңырқап. Сахаба тағы да тайсалмастан: – Аллаһтың бер деген сәлемін беріп ем, ашумен сәлемімді алмадың. Яғни уәжіпті елемедің, бұл – бір. 67

Тағылым тамшылары Кінәлі адамға құлақ түрмей жатып бір жақты ғана үкім айттың, бұл – екі, – деді. Бұны естіп сабасына түскен Омар (р.а.) болған жай- ды айтып беруін өтінгенде, ол былай деп түсіндірді: – Сен тағайындаған басшы хұтбада сені жер-көкке сыйғызбай мақтағаны сонша, ел сені Әбу Бәкірден де артық па деген ойға қалды. Алайда сенің Әбу Бәкірге жете алмасың айдан анық жайт. Мен осыған келіспеушілік білдірдім. Омардың таңғалысы тіпті арта түсіп: – Иә, неліктен мен Әбу Бәкірге жете алмайды екем? – деп сұрады. Сонда әлгі сахаба: – Сол да сөз болып па, – деді өз сөзін дәлелдемек болып,- «жасаққа қол ұшын беріңдер» деп Пайғамбарымыз бұйырғанда сен қолыңдағы малдың жартысын ғана әкелдің де, ал Әбу Бәкір болса өзіне тышқақ лақ та қалдырмай қолында барын түгел әкеліп елді бір жылатпап па еді?! Бұны естігенде Омар (р.а.) әлгі сахабадан кешірім сұрап, оны еркіне қоя берді. Артынша жағымпаздық жасаған әлгі басшыны жұмыстан босатты. Ибн Аббастың әңгімесі Қыс. Аяз. Көзге түртсе көргісіз қараңғы түн. Жер бетінде қар жатпағанмен, еттен өткен ызғарлы суық сүйекке жеткендей. Халифа Омармен жүздесіп, әңгімелесіп қайтпақ оймен үйден шықтым. Айнала тым- тырыс. Қала тұрғындары бұл уақытта ұйқыларының ең тәтті шағында жатқан кез. Көше де қыбыр еткен жан жоқ. 68

Сахабалар сабағы Жол ортасына жете бере, сонадай жерден қарауытқан адамға ұқсас біреуді көзім шалды. Кішкене жақындай түскенімде, оның адам екеніне анық көзім жетті. Берген сәлемімді қабыл алып, басын мен жаққа бұрғанда, еріксіз таңғалдым. Өйткені ол мен іздеп бара жатқан Омардың (р.а.) дәл өзі еді. Елдің бәрі шырт ұйқыда жатқан осынау түннің бір уағында ел билеген халифаның жападан-жалғыз көшеде не ғып жүргені, шынында да, таңғаларлық еді. Оның үстіне, қытымыр қыстың аязы болса мынау. Ақыры таңғалысымды жасыра алмай өзінен: – Түннің бір уағында көшеде жүргеніңіз не? – деп сұрадым. – Асығыс жұмысың жоқ болса, бірге жүр. Жол бойы себебін айтармын, – деді де Омар (р.а) маған жақындап, қолтығымнан демей берді. Мен онсыз да өзін іздеп келе жатқан жайымды айтып, “Қайта жақсы болды. Екеуара әңгімелесуді өзім де қалап келе жатыр едім” деп, ол айтқан ұсынысқа бірден келісе кеттім. Екеуміз бірге жолға шықтық. Себебін әлі айта қоймағандықтан ішім ішіме сыймай мен өз- өзімнен жарылып кетердей боп келемін. Бір мезет шыдамымның таусылғаны сонша, тағы да “Түннің бір уағында жападан-жалғыз көшеде неғып жүргеніңізді айтсаңызшы енді?” деп сұрауға оқтала жаздап барып, өз-өзімді әрең сабырға шақырдым. Халифа Омар мұнымды түсінді. Бірақ әр нәрсенің басын бір шалған күйі түнде неғып жүргені жайында жақ ашпады. Бірге келе жатып, әр үйдің есігінің ал- дына біршама тоқтаған ол тың тыңдап, іште не болып жатқанын білмекке құлақ түрумен болды. Көше бойы әр үйдің есігін тыңдап, іштен дауыс шыға ма, шықпай 69

Тағылым тамшылары ма деп құлақ қоюмен екеуміз қала көшелерінің бәрін аралап шықтық. Ешқандай тырс еткен дыбыс білінер емес. Бәрі де қалың ұйқы құшағында жатқан сияқты. Осынау үлкен қалада дәл қазір, осындай түннің бір уағында халифа Омар (р.а.) екеумізден басқа ояу жан, тыпыр еткен пенде жоқ секілді. Бірте-бірте Омардың (р.а.) неліктен түн жарымын- да көшеге шыққанын түсінгендей болдым. Шамасы, қандай да бір қыжалатпен көз ілместен, Құдайға мұңын шағып отырған зарлысы бар ма екен, соны білейін деп шыққан шығыс болатын. Елдің итіне дейін тегіс мау- жырап ұйқы құшағында жатқан қыстың бет қарыған осынау аязды түнінде Омардың бүкіл мұсылмандардың басшысы бола тұра ұйқысын қиып, көше кезіп шыққан себебі, расында да, сол еді. Қала ішіндегі бар үйді аралап, қала шетіне шықтық. Маңайда әр-әр жерде тұрған шашыраңқы үйлер ғана менмұндалайды. Жылаған-сықтаған жандар бар ма екен деп оларды да тыңдағаннан кейін кезек жол шетіндегі бір үйге тірелді. Алдыңғы үйлер секілді есігіне құлақ қойып, бұл үйді де тыңдадық. Бұл жолы іштен бір-екі баланың жылаған дауыстары естіліп жатты. Біраз құлақ түргеннен кейін есікті қағып, аманда- са хазірет Омар (р.а.) ішке кіріп барды. Үй іші қалай болса солай шашылып жатыр екен. Жылай-жылай балалардың көздері де көнектей боп ісіп кетіпті. Қарт ана пеш үстіндегі қайнаған қазанды бір қолымен ара- ластырып, бір жағынан тізесіне жығылған екі ба- ланы жұбатумен әлек. Шешей қалжыраған күйіне қарамастан Омардың сәлемін алғандай жылы шырай танытты. Бірақ ол үйіне келген адамның ел басқарған 70

Сахабалар сабағы халифа Омар екенінен мүлде хабарсыз еді. Кім біледі, мүмкін халифаны тіптен танымайтын да шығар. Бірақ қала шетіндегі жалғыз тамға түннің бір уағында хали- фа бас сұғады деп кім ойласын?! Омар (р.а.) өзін танытпастан шешейді жай ғана сөзге тартып, балаларының жылау себебін сұрады. Кемпір: – Е, аштық қой. Екі күн болды нәр татпағандарына, ішегі шұрқыраған бала жыламай қайтсін?! – деді кейіген пішінмен. «Ана қазандағы тамақтан неге бермейсіз?» деп сұрай жаздаған Омарды айтпай-ақ түсінген қарт ана көз жасын сығымдаған күйі екеумізге ішкі ащы запыран, мұң-зарын төге сөз бастады:- Балам, сен ана қазандағыны тамақ деп ойлаған боларсың, қайдан!.. Балаларды жұбатайын деп қазанға салып қайнатып жатқан ұсақ тастар ғой. Тіске басар ештеңе жоқ бол- са қайтесің?! Менің көрген күнімді сендерге бермесін. Мына балалар – менің тас жетім немерелерім. Балам да, күйеуім де, бауырларым да қатарынан соғыста шейіт болды. Үйді асырайтын еркек кіндік болмаған соң өзі кәрі, өзі қауқарсыз төмен етектіге қараған қорғансыздардың күні осы болмай қайтсін?! Қу жоқшылықтың зарын тартып, аш отырғанымыздың себебі сол. Аш отырсам да ешкімге барып алақан жай- ып, қайыр сұрауға дәтім барар емес. Қайғы жұтып жылап-сықтаумен аш-жалаңаш отырғандарға Аллаһ тағала өзі қарайласпаса адамнан қайыр бола қоймас! Қабағына кірбің ұялаған Омар (р.а.) тұнжырап, жүзін төмен салған күйі шешейдің сөзін бөлді: – Жағдайыңыздың нашар екенін қала ішіне барып мұсылмандардың басшысы халифа Омарға неге айт- пайсыз? 71

Тағылым тамшылары Бұл жолы өзі жыламсырап әрең отырған кемпір тіпті ашуға булықты: – Омар құрсын бір құрыса! Халифалығы да құрысын бүйткен! Екі дүниеде де жақсылық-опа көрмесін! Сасып қалған Омар тұтыға тіл қатты: – Сонда ол Омардың жазығы не? Қарғағаныңызға жол болсын! Кемпірдің ашуы тіптен өрши түсті: – Балам, мен – төрімнен көрім жуық адаммын, қарттықтан қуарған дәрменсіз мына күйімде екі күн бойы көз ілместен жылаған панасыз жетім балалар- ды жұбатумен әлекпін. Біз өстіп Құдайға мұңымызды шағып зарланып, таңды аштан-аш жылап-сықтаумен атырып отырғанда, ел қамын жейді деген оның жайлы төсегінде алаңсыз ұйықтауға қандай қақысы бар?! Ол барша мұсылмандардың басшысы емес пе?! Біз әуелде Аллаһтан одан кейін сол Омардан жәрдем күтпейміз бе?! Келіп менің жайымды сұраса болады ғой?! Мұсылмандарға басшы болуды оңай іс деп ойлай ма екен?! Әлгі сөзден тұла бойы шымырлаған Омар (р.а.) лықсып келіп қалған көз жасын білдірмеуге тырысып әжейге басу айтпақ болды: – Дұрыс айтасыз шешей, дегенмен басшы адамның да шаруасы бастан асып жатады дегендей. Сірә, оған уақыты да бола бермейтін шығар?! Оның үстіне сіз де барып жайыңызды айтпаған соң ол қайдан білсін... Алайда кемпірдің ашуы бұнымен де тарқай қоймады: – Е, онда о баста халифалықты таңдап несі бар?! – деп басталған қарғыс аралас кемпірдің зары біраз уақытқа дейін басыла қоймады. Дәл осы сәтте 72

Сахабалар сабағы келісіп алғандай өңі қашқан екі бала да жастықтан бастарын жұлып алып жылап қоя берді. Балалардың жылауы кемпірдің зарына зар қосты. Ол көкке қолын жайған күйі қарғыс айта бастады: - Осы жетімдердің тамған көз жасы Омарды құр жібермесін! О, Жаратқан! Халифа Омар отырған ор- нында ома қапсын! Оның бәле-жаладан басын арылт- па!.. Хазірет Омар бұдан арыға шыдай алмады. Көзінен жас сорғалап ағып кетті. Бірақ жылап-сықтаумен өздері есеңгіреп отырған үй ішіндегілерге Омар өзінің көз жасын көрсетпеуге тырысты. Кемпірдің сөзі сүйектен өтетін зарын тыңдап бұдан әріге дәті шыдап отыра беру Омар үшін тіптен мүмкін емес еді. «Айтқаныңыздың бәрі де рас. Балаларыңызды жұбата тұрыңыз, мен қазір келем» деген күйі бұрылып есіктен шыға берді. Ілесе артынан мен де шықтым. Сыртқа шыққанда терең бір тыныстап, қатты күрсінді. Жүзі түнеріп кеткендей еді. Жол бойы ләм- мим деп тіл қатпады. Ештеңеге қарамастан адымда- рын жылдамдатып, тез жүріп келеді. Мен болсам арт жағынан ілесе алмай келем. Бірден мемлекет қазынасына бардық. Хали- фа бір қап ұн алып, маған май құйылған бір ыдысты ұстатты. Уақыт өткізбей әлгі бір қап ұнды арқасына көтеріп арқалаған күйі қайта жолға шықпақ болды. Мен өз көзіме өзім сенбедім. Шынымен-ақ, бүкіл бір мұсылман елінің басшысы бір қап ұнды өзі арқаламақ болғаны ма? 73

Тағылым тамшылары Бірден қолына жармастым: – Уа! Мұсылмандардың әміршісі! Бұның не?! Қапты сен емес менің арқалағаным жөн болар. Дәл осы сәт манадан бері жақ ашпаған хазірет Омар (р.а.) қолымды кері итеріп, күңірене былай деп тіл қатты: – Жоқ, құрметті досым, ибни Аббас! Қап көтеріп шаршамақ түгілі, жерге жығылып өліп кетсем де сен ме- нен бұл жүкті алушы болма! Маған бұл дүниеде жүгімді көтерісер достар табылғанмен, о дүниеде жазамды бөлісер достар табылмасы ақиқат. Шешейдің бағанағы айтқанының бәрі рас. Мен о баста халифалықты ал- мауым керек еді, ал алған екем, қарамағымдағы әр адамның алаңсыз өмір сүруі, менің мойнымда екенін ұғуым керек. Құрметті досым! Дижле аймағында өрістеп жүрген бір қойға қасқыр шапса, о дүниеде әділдік таразысы тартылған уақытта оны да мына Омардан сұрары қақ. Шешей тұл қалып, немерелері жетім қалыпты, олай болса, оған да басқа емес Омар жауап берері даусыз. Қараусыз қараң қалып, бір шаңырақ шайқалса, оның да обалы Омарға деген сөз. Жазықсыздан-жазықсыз жер- ге бір тамшы қан тамса, ол да Омарды құр жібермейді. Зарлылар мен жарлылардың кірбің ұялаған көңілдер үшін де Омар жазықты. Қайғы-қасіреттен көз ашпай, қан жұтқандар үшін де Омар емей кім кінәлі?! Дүниенің тауқыметін арқалағандар мен қарғап- сілеушілердің тіл ұшында жүрген қайран Омар! Қалай ғана сонша ауыр жауапкершілікті алып едің о баста?! О, Жаратқан! Енді міне, сол үлкен жауапкершілікті 74

Сахабалар сабағы көтере алмастан әлсіз, әлжуаз, дәрменсіз құлың екі бүктетіліп алдыңда тұр... Мен оған біраз басу айтпақ оймен сөзін бөлдім: – Әй, ақ жүректі Халифа! Соншалықты мұңайып егілетіндей не болды? Халифалық міндетті сен атқармасаң, дәл сендей болып оны кім алып жүреді?! Қанша дегенмен сен де пенде емессің бе?! Қара қылды қақ жарған әділ болғаныңмен, сенің басыңнан да пендешілік өтері сөзсіз. Адамдардың бәріне бірдей әділеттілік пен мейірбандық танытуда, Жаратқанмен жарысам деп пе ең?! Елдің көңліне бірдей жағу оңай шаруа емес. Әй, жақсылыққа жаны құмар басшы! Шындығына келгенде, сен періште емессің ғой! Бірақ сен – періште болмағаныңмен, жақсылықта алдына жан салмайтын, әділдік пен мейірімділікті ту ғып ұстаушы алдыңғы қатарлы азаматтардансың. Сенің ел ішіндегі әділдігіңе Қиямет күні қара жер де, көк аспан да, мына арқаңдағы бір қап ұн да, тіпті мына мен де куәлік ететін бола- мыз. Бұған ең теңдессіз куәгер тас қараңғы түнде қара тастың үстіндегі қара құмырсқаға дейін бәрін көріп- біліп тұрған Аллаһ тағаланың өзі екендігінде кімнің күмәні бар?! Жалған өмірді жалпағынан басып, жалқы тіршілікпен қара басыңның қамын күйттеп кетпей, ел үшін әділ қызмет етіп келесің! Әрбір ісің жақсылыққа толы, қайта сен қайғырма, қуан! Біз сені қашанда мақтан тұтамыз! Менің бұл айтқандарым ұнжырғасы түскен халифаның құлазыған көңілін сәл жадыратып, еңсесін біраз көтергендей болды. 75

Тағылым тамшылары Бір қап ұнды арқалап екі бүктетілген күйі бар күшін сала алға жүріп келеді. Тіпті жолдың ой- шұқырын да елер емес. Күннің қақаған суығында қала шетіне шыққанға дейін маңдайынан сорғалаған ащы терге де қарамады. Әупірімдеп қала шетіндегі кемпірдің үйіне де жеттік. Омар (р.а.) ентіккен күйі ішке кіріп қапты жерге түсірді. Тер жуған жүзінен қатты қалжырағаны көрініп тұр. Бірақ ол сәл ғана тыныққаннан кейін ор- нынан жылдам атып тұрды. Қазандағы тастарды алып, мен әкелген майдан құйып, қаптың аузынан ұн алып тамақ жасауға көшті. Кемпірден оттық алып, әлдеқашан сөніп қалған отты қайта жақты. Сәлден кейін-ақ піскен тамақты суытыңқырап әкеп, өз қолымен жайған дастарқанға қойды. Артынша әкелік мейірім таныта күлімсіреген күйі жетім балалардың басынан сипап тамаққа шақырды. Өздігінен жей алмайтын кішкенесіне өз қолымен тамақ жегізді. Әп-сәтте үй іші қуанышқа бөленіп, талай күннен бері ұмыт болған ерекше бір жылылық орнады. Жетім балалардың жүздеріне үміт ұялады. Қарт ше- шей Хазірет Омар ұн көтеріп кіргеннен бастап не айта- рын білмей аңтарылып қалған. Алайда сәлден кейін-ақ қарындары тойып, бір-бірімен ойнап кеткен балаларды көріп көңлі босаған шешей өз ризашылығын білдіріп, әлі халифа екендігін білмеген кісіге қарап: – Айналайын, не деген мейірімді, жанашыр едің, – деді қызарған көзін сүртіп, – Омарға қарағанда халифалыққа нағыз сен лайық екенсің. Аллаһ тағала бізге сені халифа қылғай! 76

Сахабалар сабағы Алдындағы адамды әлі танымаған шешейдің сөзіне мен іштей күліп жібердім. Ақырын көз қиығыммен халифаға қарадым, ол да бүгін алғаш рет қабағы жады- рап, жылы жымиды. Маған жақындап, жүр қайтайық дегендей белгі бергеннен кейін: – Шешей, – деді кемпірге бұрылып: – Ертең халифаның ордасына келіп, маған жолығыңыз. Мен сізге зейнетақы мен жетімдеріңіз үшін ақша жаз- дырайын. Әзірге сау болып тұрыңыз! – деді. Екеуміз сыртқа шыққанымызда ағарып таң да атып келе жатты. Сәлден кейін-ақ азаншының намазға шақырған әуезді үні естілді. Түнді ұйқысыз атырса да, халифа тер төгіп біреудің қажетіне жарағанына қуанышты кейіпте. Мен де түнімнің ұйқысыз өткеніне қуанбасам, еш өкінбедім. Өйткені көп нәрсе көріп, көп нәрсе естіп, көп нәрсе көңілге түйдім. Көргендерім мен түйгендерім мен үшін өмір бойы ұмытылмастай із қалдырған еді. Есіме Пайғамбарымыздың «Менің сахабаларымның әрқайсысы аспандағы жолшы жұлдыздар секілді. Қайсысына ерсеңдер де, тура жолды табасыңдар» деген хадисі түсті. Уа, Пайғамбарым, сен, сірә, Омарды көріп барып осылай деген боларсың! Ертесіне түске таман қарт шешей Халифаның ор- дасына келді. Ол келмей тұрып-ақ, оған керектілердің бәрін Хазірет Омар алдын ала дайындатып қойған бо- латын. Кемпір Омарды келген бетте бірден таныды. Таңғалғандықтан не істерін білмей қалшиып тұрып қалды. Халифа Омар болса оны құрметпен күтіп алып, төрдегі орынға отырғызғаннан кейін: – Шешей, – деді жай ғана, – бұдан кейін әр ай сайын өз атыңызға әрі қолыңыздағы жетімдер үшін жәрдемақы алып тұратын 77

Тағылым тамшылары боласыз. Мынау сіздің алғашқы айлығыңыз болсын, алыңыз, – деп бір кесе күміс ұсынғаннан кейін оған қарап: – Енді Омарды кешіріп, қарғыстарыңызды кері аласыз ғой? – деп сұрады. Сол сәт кешегі кештен бергі болған жайтты енді ғана түсінген қарт шешей Омарға тіктеп қараған күйі: – Е-е, қолыңа қараған мұсылмандардың бәріне өстіп әділдігіңді көрсетсеңші?! – деп аса разы кейіп танытқан еді... Иә, «Ұлық болсаң, кішік бол» деген мақалдың өмірдегі шын келбеті осындай болса керек. Нүшіруанның әділеттілігі Бірде Омар (р.а.) мен Саад ибн Әби Уаққас Иранға жылқы сатуға барды. Қалаға кіре берісте алаяқтыққа басып ойын ұйымдастырып, өткен-кеткен елді еліктіріп тұрған бір топ жастарды көрді. Екеуінің өздерінен көз алмай қарап тұрғанын байқаған әлгі жігіттердің біреуі дереу келіп, бұларға ауыр-ауыр сөз айтып, сатпақ болып әкелген араб аттарын да қолдарынан тартып алды. Омар (р.а.) мен Саад ибн Әби Уаққастың сауда жасаймыз ба деп келген көңілдері су сепкендей ба- сылды. Жығылғанға жұдырық дегендей азықтары таусылған кезде қалтадағы ақшадан да қағылып, екеуі де пұшайман күй кешті. Аштан-аш кеш бату- ын күтуге тура келді. Әне-міне дегенше кеш те бо- лып жолаушылар керуен сарайға барып түнейді. Ол жердегі қонақ күтуші бұл екі кісінің ренжулі екенін қабақтарынан бірден байқап, бір реті келгенде себебін сұрады. Омардың жүзі тым сынық болғандықтан, еш 78

Сахабалар сабағы нәрсеге зауқы соқпай үндемегендіктен, қалаға келгелі бергі көрген құқайлары мен алаяқтарға қалайша жем болғанын Әби Уаққас назалана баяндады.. Әби Уаққасты бастан-аяқ тыңдаған сарай күтушісі оларды жұбатып: – Сіздер қатты қайғырмаңыздар, біздің патшамыз өте әділ кісі. Ол кісі сіздерден көмегін аяп қалмайды, не жылқыларыңызды таптырады немесе ақысын төлетіп береді. Сіздердің айтқандарыңызға қарағанда жылқыла-рыңызды тартып алған жігіт патшаның өз баласы сияқты. Ол бұл мәселені еш қиындықсыз-ақ шешіп беруге тиіс. Менің тілімді алсаңыздар ертең таң ата базарға барыңыздар. Өйткені ол күн сайын сол базарға соғып халықтың мұң-мұқтажына құлақ түреді. Сіздер де өз арыздарыңызды айтып қалыңыздар, – деп ақыл-кеңес берді. Таң ата Омар мен жолдасы базарға барып патшаны күте бастады. Бір уақытта қасына аудармашысын ерт- кен патша күнделікті әдеті бойынша базарға ат басын бұрды. Елден түскен арыз-шағымға қарай патша оның орындалуы үшін қызметкерлеріне әмір беріп жатты. Ке- зек Омар мен Әби Уаққасқа келгенде олар да бұл қалаға келудегі ниеттерінен бастап, ұшырап отырған қазіргі жағдайға дейін жасырмай айтып, сатуға әкелген сол жылқыларды тапқызып беруін өтінді. Бұларды тыңдап тұрған патшаның іштей қынжылғаны байқалғандай еді. Бұларды тыңдап болған соң, патша дереу бір кесе ал- тын ұстатып, аттарының көп ұзамай табылатындығына уәде берді. Алайда патшаның қасындағы аудармашы жылқыны тартып алған адамның патшаның өз баласы екендігін айтпай жасырып қалды. 79

Тағылым тамшылары Хазірет Омар мен Әби Уаққас кеш бата кешегі керуен сарайға қайта келді. Бұл жолы қалтада ақша бар, қарын да тоқ. Түнеген ақыларын төлеп ертеңгісін жолға жиналмақ. Сарай қызметшісі мәселенің қалай шешілгендігін сұрады. Бұлар патшамен кездесіп мән- жайды түсіндіргендіктерін, аттарды тауып беретін бо- лып патшаның уәде бергенін айтты. Күтуші бірден ашуланып: – Мұнысы қалай, кінәлі өз баласы болса жағдайды басқаша шешпек пе? – деді. Күтуші таң ата патшаға барып: – Ел жамандық жасаса жазаға ұшырайды, ал сіздің балаңыз бассыздық жасаса да, еленбей кете бермек пе? – деп салды. Нүшіруан мәселенің байыбына барғанда, қатты ашуланды. Сөйтті де: – Ат иелері ертең қаладан кетсін! Бірақ біреуі қаланың солтүстік есігінен, екіншісі болса қаланың оңтүстік есігінен шықсын, – деп бұйырды. Ертесі күні патша Омар мен оның жолдасына сатпақ болып келген аттарының ақшаларынан да көп ақша берді. Патшамен қош айтысып жолға шыққан олар қаланың екі жақ бетіндегі екі бөлек есіктен шығып бара жатып, сұмдық бір көрініске тап болды: бір есікте аттарды алған патша баласы, ал екінші есікте шындықты жасырған аудармашы дарға асулы тұрған еді. Тіпті олардың денесі суып та үлгерген екен. Бір өкініштісі, қара қылды қақ жарған бұл әділ басшыға иман нәсіп болмады. Өйткені Пайғамбары- мыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) имансыз кеткен кісілердің қатарында оның да атын атаған еді. 80

Сахабалар сабағы ...Арада біраз уақыт сырғып, Хазірет Омар бүкіл мұсылман әлемінің басшысы, ал Саад ибн Әби Уаққас Мысырдың әкімі болып тағайындалды. Мысырды Саад ибн Әби Уаққас басқарып тұрған- да ислам дінін өркендету мақсатында бір жерге мешіт тұрғызылуы керек болады. Бірақ ең ыңғайлы деп тапқан жер бір яһудидікі (еврейдікі) еді. Мысыр әкімі әлгі яһудидің жеріне мешіт салуға бұйрық шығарып, мешіт құрылысы басталып та кеткен-ді. Басқа жері болмағандықтан далада қалған яһуди шарасыз әркімге бір мұңын шаққан соң, ел оған Мәдинадағы хали- фа Омарға барып шағымдану керектігін айтып жөн сілтеді. Ол кезде әлгі яһуди Ислам дінінен мүлде бейхабар болатын. Көп уақыт созбастан Мәдина қаласына жол тартты. Халифаның қайда екенін сұрастырып жүріп бақшада екендігін білді. Бақшаны да тапқанмен, бір қызығы, бақшада бір-ақ адам жұмыс істеп жүр екен. Қасына жақындап барған яһуди: – Маған халифа Омар керек еді, – деді. Әлгі кісі: – Иә, Омар мен боламын. Қандай шаруамен жүрсің, айта бер, – деді жай ғана. Хазірет Омар яһудидің шағымын естігенде, қатты ашуланды. Іле-шала жерден бір сүйекті ала салып соған бірдеңе деп сүйкеп жазды да: – Мә, мынаны әкіміңе апарып бер, – деп қолына ұстатты. Яһуди жазуға қанша үңілгенімен, ештеңе ұға ал- мады. «Сонша жерден іздеп келгенімде мынаусы несі, ойыны ма шыны ма, әжетіме жарай ма, жарамай ма» деген екіұдай оймен өз-өзіне сенімсіз күйде кел- 81

Тағылым тамшылары ген ізімен салғырт қана кері қайтты. Мысырға келіп сүйекті әкімнің қолына ұстатқаны сол еді, сүйектегі жазуды оқығанда Саад ибн Әби Уаққастың зәресі ұшып кетті. Бірден яһудидің үйін өзіне қайтарып, тіпті бұрыңғысынан да әдемі қалыпқа келтіртті. Онымен де қоймай тағы біраз көмек те жасады. Хазірет Омардың сондағы сүйекке жазған жазуы мынау еді: «Байқа, мен Нүшіруаннан да әділірекпін!» Халықтың «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деуі тегін бе?! Адам құқықтары жөніндегі алғашқы сот Мұсылмандардың Меккеден Мәдинаға сапар шеккен ұлы көш – хижреттің он жетінші жылы. Ел басқарып отырған халифа Омар келімді-кетімді кісі көп болғандықтан, Пайғамбар мешітін кеңейтпек бол- ды. Ол үшін мешіт маңындағы жерлерді иелерімен келісе отырып, мешітке қосу керек еді. Көп өтпей-ақ мешіт қасындағы жерлердің иелеріне қолқа салды: – Үйлеріңіз бен жерлеріңізді Расулаллаһтың мешітін кеңейту үшін сатып алсам деймін. Ешкім де өз мүлкін арзанға бағаланады деп ойламасын. Әркім өз жерінің бағасын өзі шамалап айтсын. Мен біреудің жерін қолынан күштеп алып, Пайғамбар мешітін кеңейтуден аулақпын. Елдің бәрі жерлері мен үйлерінің бағасын өздері айтып, мешіт маңындағы жерлер сатылып алына ба- стады. Мешітті кеңейтуге едәуір жер де табылды. Алайда күтпеген жерден бір кілтипан кездесе кетті. Ол – Аббастың (р.а.) келіспеуі еді. Аббас басын алып- 82

Сахабалар сабағы қашқан күйі жерін сатпаймын деп тұрып алды. Тіпті мешіт үшін дегенге де көнбеді. Халифа өз ұсынысын тағы қайталады: – Ей, Аббас! Жеріңді сатқаннан сен ұтылмайсың, арзанға алмаймыз. Біреудің көзінен жасын ағызып, Пайғамбар мешітіне жер алып қосар жайымыз жоқ. Егер жердің ақшасын азырқансаң, онда екі-үш есе көп төлейік. Әйтеуір, сен разы болып жеріңді сат. Осымен бұл жұмысты тәмамдайық. Пайғамбар мешіті кеңейіп халық игілігіне жарасын. Бірақ, қайдан! Аббас бұған да көнбеді: – Жоқ! Жер менікі, қанша ақша берсеңдер де сатқым келмейді. Тартып алмақ болсаңдар, онда бас- қаша! Мәселе шешілер болмаған соң халифа Сотқа жүгінуге мәжбүр болады. Қазылық қызметін атақты құқықшы Ұбәй ибн Кааб атқарады. ..Екі жақ та сот алдында отыр. Мемлекет басшы- сы: – Біз басшылық ретінде Аббасқа жер құнын еселеп беруді ұсынған едік. Оның бұған келіспейтін жөні жоқ. Жерін берсін, Пайғамбар мешітін кеңейтуіміз керек. Аббастың жауабы: – Жер менікі болса, мүлік иесі мен болсам, құнын қанша еселеп берсе де бергім келмейді. Ақшамен қыстаса да, мешітке қосамыз десе де қолымнан күштеп ала алмайды. Сот үкімі: – Ислам құқығы бойынша ешкім ешкімнің жері мен мүлкін ақшалай болса да тартып алуға хақысы жоқ. Тіпті мешіт үшін де мүлік иесін күштей алмай- 83

Тағылым тамшылары ды. Аббастың мүлкі Аббастың өз қолында қалады. Үкіметтің оны күштеуіне жол берілмейді! Соттың бұлжымайтын шешімі шығып, екі жақ та сот үкіміне көніп есікке бет алғанда, аяқ астынан бір дауыс саңқ ете қалды. Міне, қызық! Ол дауыс Аббастыкі еді: – Ей, Ұбәй! Сот үкімі осымен бітті ме? Нақ осы шешімге тоқталдық па? – Иә, Соттың нақты үкімі шықты, ешкім сенің жеріңді құнын көп төлесе де күштеп ала алмайды. – Олай болса, мені жақсылап тыңдаңдар! Сот алдында мен өз шешімімді айтайын: Жерімді дәл қазірден бастап Расулаллаһтың мешітіне қосуға тегін- ақ бағыштадым. Маған бір тиын да пайданың керегі жоқ. Бәрің де куәгер болыңдар, құнын қанша еселеп төлесе де бермеген жерімді су тегін-ақ Пайғамбар мешітін кеңейту үшін халифаға бердім. Бұдан былай мүлік иесі мен емес, мына тұрған халифа. Ұбәй ибн Кааб сұрады: – Ей, Аббас! Бұныңды қалай түсінуге болады? Ба- сында еселеп төлеген ақшаға бермеген жеріңді қалайша тегін-ақ бермекшісің? Аббастың берген жауабы, шынында да, таңғаларлық: – Ислам дінінің адам құқықтарына деген зор құрметін айдай әлемге паш ету үшін!.. Рас, Ислам діні адам құқықтарына зор құрметпен қараған. Тіпті бір жанұяның өзінде ата-ана, бала, отағасының, жұбайының құқықтары деп жеке-жеке тоқталуы да соның айғағы. 84

Сахабалар сабағы Өзің қандай болсаң, басшың сондай Омар (р.а.) қай жолмен жүрсе де сол жол бойын- да жатқан ірілеу тастарды аяғының ұшымен жолдың шетіне ысырып, өзінен кейін сол жолмен жүретіндерге кедергі келтірмеуіне көңіл бөлетін. Бір күні тағы да жолмен кетіп бара жатып, жол үстінде жатқан бір тасты аяғымен жол шетіне қарай ысыра теуіп қалған. Алайда жол шетіне шығарып тастамақ болған тас байқаусызда қарсы келе жатқан бір сахабаның аяғына барып тиді. Бұл жайтқа хазірет Омар іштей өкініш білдірсе де, үндемеген қалпы кете барды. Арада бір жыл өткен еді. Омар сол баяғы жолмен кетіп бара жатып тағы да кездесіп қалып жатқан жол бойындағы тастарды жол шетіне ысырып бара жатқан еді. Дәл сол мезет өткен жылы аяғына тас тиген сахаба да сол жолмен өтіп бара жатыр екен. Халифа еш ойланбастан қалтасына қолын салып жіберіп бір уыс ақша алған күйі әлгі сахабаға: – Мә, мына ақшаны ал да қажетіңе жұмса, – деді. Сахаба таңырқаған күйі: – Әй, мүминдердің басшысы! Жұмсайтын ақшам менің өзімде де бар ғой, – деді. – Жұмсайтын ақшаң бар да шығар білем, бірақ сонда да алғаныңды қалап тұрмын! – Жоқ, маған қажет емес. – Әй, сен осы жылы қажылыққа бармаушы ма едің? – Иә, барам. – Онда мә, жолыңа жұмсарсың! – Жолыма да ақшам жеткілікті. 85

Тағылым тамшылары – Иә, жолыңа да ақшаң бар екендігін білемін, алайда мені кешірсін деп осы ақшаны берсем деп едім. Есіңде болса өткен жылы дәл осы жермен кетіп бара жатып, бір тасты жол шетіне теуіп жібергенім сол еді, ол тас барып байқаусызда сенің аяғыңа тиді. Мен басшы бола тұра бір адамды болсын аяғын ауыртып, ренжіткенім үшін іштей өзімді қатты кінәлап едім. Енді міне, соның мүмкіндігі туып тұрғандай. Сен мына ақшаны ал да менің сол жолғы абайсызда болған қылығымды кешір, мен де іштей мазасыздықтан құтылайын. Сен бұны алсаң, мен де жеңілдеп, өзімді жақсы сезінер едім. Кісі ақысының салмағын өзің білесің ғой!.. Бұл сол кезгі мемлекет басшысының жағдайы еді. Ал енді сол күнгі жай қарапайым халықтың жайынан мысал беріп көрейік. Өзі тоқ бола тұра, көршісі аш бұратылып жатса, он- дай адамның мұсылманға жатпайтындығын Әбу Зәрр жиі айтатын. Ол сондай-ақ қолында мүмкіндік бола тұра кедей-кепшік, жарлы-жақыбайларға қараспаған адамның о дүниеде тозақтың азабын тартатындығын да жиі ескертетін. Оны осы қылығын жақсы білетін жақын таныстарының бірі қатырып тұрып сынап көру үшін оған сыйлық ретінде бір кесе алтын беріп жібереді. Әбу Зәрр болса, ол алтынды ала алмайтындығын, одан да сол алтынды өзінен де жағдайы төмен кедей- кембағалдарға тапсыруы керектігін қанша қадап айтса да алтынды әкелген құл азар да безер болып «егер сіз осыны алсаңыз, менің құлдықтан құтылатындығымды айтты» деп тұрып алған соң, Әбу Зәрр лажсыздан ол алтындарды алуға мәжбүр болды. 86

Сахабалар сабағы Ертесі күні таңертең қайта келіп тұрған кешегі құл: – Кешіріңіз, кешегі алтындарды қайтып өзіме берсеңіз, мен оны қателесіп сізге әкеліп берген екенмін, – деп, кешегі берген алтындарды қайтарып беруін сұрайды. Сонда оған берген Әбу Зәррдің жауабы мынау болды: – Көршім қарызға белшеден батып отырғанда, уыс-уыс ақшаның буына мас болып отыратын адам мен емеспін, сондықтан кеше қолыма түскен ақшаны мен кешке дейін-ақ қарызынан құтыла алмай отырған жарлы-жақыбайлардың бәріне таратып бергенмін. Дәл қазір саған бере қоятындай менде ешқандай ақша жоқ!.. Иә, бұл қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған ма- мыражай кезден, бақытты ғасырдан бір көрініс бола- тын. Ал енді біраз Хижреттің жетпісінші жылдарына қарай келейік. Тарихта қаныпезерлігімен аты шыққан Хажжаж көптеген сахабалардың басын шапқан, тас лақтырып Қағбаны қиратпақ болған, аз қалған сахабалардың өзін улап өлтірген қатыгез адам еді. Бірде осы кісіге ел жиылып келіп: – Әй, басшы! Сен ана Омар секілді болсаңшы. Ол әділдікті сүйетін, халықпен жақсы шығысатын еді. Ол халықтың басын шапқызбақ түгілі, абайсызда біреудің аяғына тас тиіп кеткені үшін бір жыл өтіп кет- се де ұмытпай кешірім сұрай білетін еді. Сен де соған кішкене ұқсасаңшы?! – деген екен. 87

Тағылым тамшылары Бұл сөзге Хажжаждың берген мағыналы жауабы мынау болыпты: – Дұрыс айтасыңдар! Алайда Омардың басшылығы заманында Әбу Зәрр секілді халқы бар еді. Сендер Әбу Зәрр секілді діндес бауырларының қамын жейтін шынайы, жылы жүректі мұсылман болсаңдар, мен де Омар секілді халықты ойлайтын әділ басшы болар едім. Өздерің Әбу Зәррдай бола алмай тұрып, менен Омар болуды күтпеңдер! Өйткені сендердің мына кейіптеріңе қазіргі мен ғана лайықпын! Пайғамбар қойған астау Хазірет Омар (р.а.) бір күні Жұма намазына бара жатып бір тамның қасынан өте бергенде там төбесінен үстіндегі киіміне қан тамып кеткен еді. Ол бірден қан тамшылап тұрған астауды тауып әлгі тамның үстінен алып тастады, сөйтті де үйіне кері қайтып, үстіндегі киімін ауыстырып қайта келді. Мешітке келген халыққа намаз оқытып болған соң хұтбаның соңын ала бере жиналған халыққа қаратып: «Әй, жамағат, мүминдерге қиыншылық жасап отырған жайларыңыз бар, – деп ба- стап, – мен сол қан тамшылаған астауды орнынан алып тастадым», – деп сөзін аяқтайды. Хазірет Омар сөзін бітірместен мешіт ішінен біреудің «Әй, Омар! Сен не бүлдірдің?» деген айғайлаған ащы даусы естілді. Бұны айтқан адам Омардың ең қатты жақсы көретін досы Аб- бас еді. Кезінде бір қуаңшылықтан қатты қысылғанда «Аллаһым, бұл – пайғамбардың көкесінің қолы, бізге сол қолдың құрметі үшін жаңбыр жаудыра гөр!» деген тілек те осы Аббасқа қатысты айтылған-ды. 88

Сахабалар сабағы Аббас түрегелген күйі: «Ей, Омар! Ол там – менің тамым. Ал жаңағы астауды Хазірет Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өз қолымен сол жерге қойған еді ғой, сенің мына істегенің не?», – деп кінәлады. Омар «пайғамбарымыз өз қолымен қойып еді» де- ген сөзді естігенде-ақ бойдағы бар әл-дәрмені құрып, жер сүзе құлағандай пұшайман халге түсті. Омар өз ісіне қатты өкініш білдіре: – Уа, Аббас! – дейді, – мен қазір сол тамның түбіне барып, басым- ды жерге қоям, ал сен болсаң менің басымды аяғыңмен басып тұрып жаңағы астауды орнына қоясың. Сен ол астауды орнына қоймағанша мен басымды ол жерден көтермек емеспін, – дейді. Сөйтіп, соңында ескі астау өз орнына қайта қойылды. Иә, сахабалар хазірет Мұхаммедті (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) осынша-лықты жақсы көретін, тіпті оның әрбір іс-әрекеті олар үшін бұлжымайтын қағидаға айналған еді. Ирандықтар мен Византияны тізе бүктірген Омар пайғамбарымыздың өз қолымен қойған астауына кел- генде қаншалықты кішіпейілділік танытып, майдай еріді десеңізші?! Шіркін, біз де сүйікті пайғамбарымыздың қандай да бір ісінің ұмытылмауында сахабалар көрсеткен қырағылықтың сәл-пәлін болса да көрсете алғанымызда екі дүниеміз де жұмаққа айналған болар еді... Адам тану Омардың (р.а.) қасында бір кісі әлдебір дауға қатысты куәгер болған еді. Омар оған: 89

Тағылым тамшылары – Мен сені танымаймын, сені танитын біреу келсін, – деді. Жанында тұрғандардың біреуі: – Мен оны танимын, – деді. Омар одан: – Иә, танысаң айтшы, бұл қандай адам? – деп сұрады. Ол кісі: – Жөні түзу, әділ кісі, – деп жауап берді. Омар (р.а.) қайта сұрады: – Күндіз-түні не істеп, не қойғанын жақсы білетіндей жақын көршің бе еді? – Жоқ, – деп жауап берді әлгі кісі. Омар (р.а.): – Кісінің қаншалықты Құдайдан қорқатын тақуа екендігі оның ел арасындағы іс-әрекеті мен қылықтарынан белгілі. Бұл кісі сауда-саттықпен айна- лысушы ма еді? – деп қайта сұрады. Әлгі кісі бұған да: – Жоқ, – деп жауап берді. Бұл жолы Омар (р.а.): – Бұл кісінің мінез-құлқының жақсы-жаман екендігіне көз жеткізетіндей бірге сапарға шығып көріп пе едің? – деп тағы сұрады. Әлгі кісі бұл сұраққа да «Жоқ» деп жауап берген- де Омар: – Онда сен бұл кісіні танымайды екенсің, – деді де куәгерлік айтқан адамға қарап: – Бар да, сені танитын басқа біреуді ертіп кел, – деді15. Демек, бір адамды жақыннан тану үшін 3 шартқа аса мән берген жөн. Не қоян-қолтық араласатын көрші 15 Хатибу-л-Бағдади, әл- Кифая фи Илми- р- Риуая, 84 Б 90

Сахабалар сабағы болып тұрасың, не саудаласып көресің, не бірге сапарға шығасың. Ал, осы үш шарт жүзеге аспаған болса – ол адамды танимын деу ағаттық. Нілдің тасуы Мысыр елі Омардың (р.а.) ел басқарған халифалығы тұсында мұсылмандардың қолына өтті. Мысырды мұсылмандардың қол астына қаратқан даңқты қолбасшы – Амр ибн Ас еді. Мысыр халқы Амр ибн Асқа өздеріндегі әдет- ғұрыптарды таныстыра келіп: – Ей, қолбасшы! Біздің салт-санамыз бойынша Маусым айының он екінші түні үйлене қоймаған жас қызды барынша сәндеп, әдемі киіндіреміз. Сөйтеміз де Ніл өзеніне тастаймыз. Біз бұны Ніл өзені арнасынан тасып, маңайындағы егіндіктерді суғару үшін жасай- мыз, – деп түсіндірді. Амр ибн Ас мысырлықтарға: – Бұл исламға мүлдем жат нәрсе. Ислам діні бұрынғы барлық жаман әдеттерді жойды, – деді. Алайда сол жылғы маусым, шілде, тамыз айларын- да Ніл өзенінің суы тасымай Ніл жағалай күн көретін халық құрғақшылыққа ұшырап қатты қиналды. Халық жапа-тармағай көшуді жөн көрді. Амр ибн Ас болса жағдайды баяндап, халифаға хат жіберді. Хатты алған Омар (р.а.) іле-шала былай деп жауап жазды: «Сен өте орынды істепсің. Исламның бұрынғы жаман әдеттерді жойғаны да рас. Саған хатпен бірге тілдей қағазға өзінше бөлек жазу жіберіп отырмын. Сол бір жапырақ қағазды Ніл өзеніне тастарсың». 91

Тағылым тамшылары Амр ибн Ас әлгі айтылған тілдей қағазға көз тастағанда онда былай деп жазулы тұр еді: «Аллаһтың құлы әрі мүминдердің басшысы Омар- дан Мысырдың Ніл өзеніне! Ей, Ніл! Егер сен осы уақытқа дейін өз күшіңмен ағып келсең, онда бұдан былай ақпай-ақ қой. Алайда құдіреті күшті бір Аллаһтың бұйрығымен ағып келсең, онда Аллаһ тағаладан бұдан кейін де сені толассыз ағызып, арнаңнан тасытуын тілейміз». Хазірет Амр халифаның дегенін істеп, қағазды Ніл өзеніне ағызды. Таңертең Ніл суының жеті-сегіз метр көтерілгені сонша, арнасынан сыймай тасып кетті. Сол күннен бері Ніл заңы әлі күнге дейін өзгерген емес16. Елден ерек елбасы Грек елшісі Мәдина қаласына саяси бір кезде- су мақсатында келді. Келген бойда мұсылман елінің басшысы халифа Омардың сарайын сұрады. Кімнен сұраса да бәрі: – Біздің халифаның барша жанды сыйдырған көңіл сарайынан басқа ел қабылдайтын ар- найы салдырған ешқандай сәнді сарайы жоқ. Тек қана кедей-кепшіктіктердікі тәрізді кішкене ғана күркесі бар, – десті. Бұны естігенде грек елшісінің таңданысында шек болмады. Қанша тиелген жүктері мен сыйлықтарын, түйелерін-бәрін бос қоя беріп Омар Фаруқты іздей бастады. Қала ішінен түк қалдырмай халифаны іздеп жүріп өз-өзіне: «Мәссаған, демек адамдардың назары- 16 Тариху Мәдинати Димашқ, 44/337; әл-Бидая уән-Ниһая, 7/107 92

Сахабалар сабағы на көп түсе бермейтін ел басшысы да болады екен-ау» деп күбірлеген ол одан әрі іздестіреді. Бір араб әйел: – Сен іздеп жүрген халифа Омар әне, ана құрма ағашының көлеңкесіндегі кісі. Елдің бәрі төсекте жатқанда ол керісінше жерде құм үстінде жатыр. Бар да көлеңкеде жатқан зылл-ы- иләһиге (Хақтың көлеңкесіне) көз сал!.. – деген еді. Ұйықтап жатқан хазірет Омардың сұсты кейпі грек елшісіне қатты әсер етті. Қорқыныш пен ұнамдылық екеуі екі бөлек жайт болғанымен, екеуінің бірдей бой- ын баурап алғанына таңданған елші өз-өзіне «Мен қаншама императорларды көріп, солардың мақтауын естіген жанмын. Алайда сол патшалардың қасында ұяламаған қорқыныш пен сүйіспеншіліктің дәл осы бір кісінің қасына келгенде бойымды тебіренткені тегін болмаса керек. Халифа ешбір қарусыз жерде жатса да, менің қалшылдап қорыққаныма жол болсын?! Бұл не өзі сонда?! Сірә, бұл сұсты кейіп мына шапанға ора- нып жатқан кісіге Хақтан берілсе керек» деді іштей. Грек елшісі осылайша өз ойымен өзі арпалысып тұрғанда хазірет Омар да ұйқысынан оянған еді. Грек елшісі хазірет Омарға иіліп құрметпен сәлем береді. Халифа да ерекше бір ілтипатпен сәлемін қабыл алып, демде-ақ оны өзінің жан сарайымен баурап, небір шуақты тәтті сөздерін сыйлап, жанын жадырата түсті. Елші мынадай ел басшысы дәрежесіндегі адамның соншалықты кішіпейілдігіне таң тамаша болған еді. Тіпті бөтен елден келген елші сәлден кейін-ақ Омарға өз елінің адамынша бауыр басып, әдемі әңгімеге 93

Тағылым тамшылары беріліп, ерігені сонша, не жұмыспен келгені де есінен тарс шықты. Алтынға айналған қамшы Мұхаммед ибн Мәсләма – Пайғамбарымызбен бірге барлық соғыстарға қатысқан алдыңғы қатарлы сахабалардың бірі. Ол Мәдина қаласында Расулаллаһтың орнына уәкіл ретінде тағайындалған хазірет Омардың ел ішіндегі «арыз-шағым бұрышына» жауапты кісісі болатын. Халықтың бар арыз-тілектері осы бұрыш арқылы шешіліп, қажет болған жағдайда пара алған, біреудің құқығын аяққа таптаған басшы- лар мәселенің мән-жайы әбден анықталған соң, осы бұрыштың шешімі арқылы лайықты жазасы берілетін. Бір жолы Омар (р.а.) Мәдинаға жиналған атқа мінер ел ағаларына олардың халыққа жақсы қарауы керектігін, ешкімге әділетсіздіктің жасалмауын қатал түрде ескерткен-ді. Дәл осы мезет халық арасынан сы- тылып шыққан біреу:–Мынапәлендегенбасшыңыздың мені қарадай кінәлап, жөнсіз ұрғаны бар еді. Алайда соңында менің кінәсіз екендігім белгілі болған-ды, – деді де, өзінің сол адамда ақысы кеткендігін айтып қалды. Мәселенің жай-жапсарын анықтай келе басшы болып тағайындалған адамның кінәсіз адамды жөн- жосықсыз жазалап, сабатқаны белгілі болды. Бұл кезде хазірет Омардың да шешімі дайын еді: – Сені сабаған басшыны сен де соншалықты сабайсың! Алайда Амр ибн Ас бұған қарсылық білдірді: 94

Сахабалар сабағы – Ей, Омар! Сонда бұдан былай басшыларыңыздың халықтың көзінше сабатпақ болғаныңыз ба? Егер бұлай жасар болсаңыз, бұдан кейінгі уақытта басшылардың ел алдындағы абырой-беделіне нұқсан келеді. Онда олар жұмыс істеуден қалады ғой... Хазірет Омардың да бұған жауабы дайын еді: – Менің өйтіп-бүйтіп тісін батырған әлдіні қорғаштап, жәбір көрген әлсізді дәрменсіз кейіпте қалдыруға дәтім шыдамайды. Кім озбырлық жасаған болса, екінші рет ондай жөнсіз әрекетке баруға жүрегі дауаламау үшін жақсылап жазалануы керек! Иә, шешім қатал. Таяқ жеген адам өзін қамшымен қанша рет сабаса, ол да сол басшыны сонша рет сабамақ болды. Бұл жолы ешкімі жоқ әлгі адамға Амр ибн Ас қайта барды. Бара сала өз ұсынысын айтты. – Сені қанша рет қамшымен сабаса, мен саған сон- ша алтын берейін. Осыны ал да, кеткен ақыңды кешір. Әйтпесе халық батылданып, басшылардың жүрегі шайлығып қалар... Таяқ жеген кісі қамшы салудың орнына алтын алғанда ғана барып, әлгі басшыны кешіреді. Содан былайғы уақыттан бастап тағы да хазірет Омардың қара қылды қақ жарған әділдігінің арқасында пана- сыз жандарды басынып оларды жөнсіз сабау ісі сап тыйылған еді. Қапастағы батыр Хазірет Омардың (р.а.) ел басқарған уақытында (хижри санақ бойынша 14 жыл) ирандықтар мен мұсылман арабтар арасында атақты «Қадисия» соғысы 95

Тағылым тамшылары жүріп жатқан болатын. Ол тұс мұсылмандардың қолбасшысы Саад ибн Әби Уаққастың (р.а.) денесіне сыздауық қаптап шығып, түрегеп тұруының өзі мұң болып қатты қиналған кезі еді. Ол сонда да басын жастыққа сүйеген қалпы арнайы орындық жасатып, әскерлерді ту сыртынан бақылап отыруды жөн көрді. Алайда дәл осы сәт әскерлер орналасқан жердің маңайындағы бір абақтыда Әбу Мыхжан деген өзі ақындығымен жұртқа танымал батыр кісі жатты. Кезінде шарапқұмарлығымен аты шартарапқа әйгілі болған ол тіпті бір өлеңінде: – «Жүзім бағы – менің көмілер мекенім, Сүйегімді де шараппен жуып өтемін», – деп жырлаған-ды. Оның абақтыда жату себебі – шарапты тым дәріптегендігі мен кейбір жасаған қателіктері еді. Маңайында аттардың дүбірлеген тұяқ үндерін естіген сайын Әбу Мыхжанның да соғысқа қатысқысы келіп делебесі қозды. Іле-шала Саад ибн Әби Уаққастың әйеліне өтінішпен былай деп тіл қатты: – Менің мына соғысқа қатысқым келіп тұрғаны. Маған Саадтың «Бәлка» деген сәйгүлігін беріп, мені мына абақтыдан уақытша босатсаңыз. Соғыстан аман- есен келсем, абақтыға өзім-ақ қайта кірейін, шынжы- рымды да қайта тағарсыз... Әуелде бұл өтінішті қабылдамаған әйел, Әбу Мыхжанның оқыған бір өлеңінен кейін-ақ оған айтқан жылқысын беріп, абақтыдан босатты. Әбу Мыхжан өз түрін адам танымастай етіп тұмшалап, соғыс май- данына көз жұмып қойды да кетті. Дұшпан әскерін қорқытып, ойсырата соққы бергені соншалық, көрген жан оның бұндай жойқын күшіне қарап еріксіз «Бұл кім 96

Сахабалар сабағы болды екен?» деген ойға қалысты. Кім екенін ешкімге сездірмей түн жарымына дейін дұшпан әскерімен жан аямай арпалысқан бұл жүрегі түкті батырға таңдана қараған Саад ибн Әби Уаққас маңайындағыларға: «Әбу Мыхжан абақтыда болмаса мынау нақ соның өзі болу керек, мінген аты да менің «Бәлкам» шығар, сірә», – деген еді. Әбу Мыхжан таң ата абақтысына оралып, шын- жырын таққызды. Саад ибн Әби Уаққас қораға бас сұққанда, жылқысының қатты терлегендігін көріп, мәселенің мән-жайына қанықты. Әбу Мыхжанның ерлігіне тәнті болған Саад ибн Әби Уаққас артынша-ақ оны дереу абақтыдан босатты. Әбу Мыхжан да тәубаға келіп, өз қателіктері үшін кешірім тіледі17. Тағдырдан тағдырға қашу Хижреттің 17-18 жылдары Шам төңірегінде «Әмуас» деп аталатын оба ауруы кең тарады. Ең алғашқы шыққан жері Палестинаның Әмуас аймағы болғандық-тан осылай аталған. Бұл жұқпалы ауру әкелген кеселден 25 мың адамның өмірі қиылып, тіпті үлкен сахабалардың қатарындағы Әбу Үбәйда ибн Жәррах пен қоса Муаз ибн Жәбал да айықпас дерттің қармағына іліккен-ді . Сол жылы Омар (р.а.) Шамға бармақ болып жолға шықты, оны ірі қолбасшыларымен бірге Шам әкімі Әбу Үбәйда қала сыртынан күтіп алды. Бірақ Шамда ауруының тарағанын естіген соң халифа мен сахаба- 17 Әл-Камил фи-т-Тарих, 2/475-76; әл-Бидая уә н-Нихая, 7/48- 49 97

Тағылым тамшылары лары қалаға кірместен кері қайтуды жөн көрді. Оны естігенде Әбу Үбәйда (р.а.) таңырқап: – Аллаһтың тағдырынан қашқаның қалай? – де- генде, Хазірет Омар оған қарап: – Иә, Аллаһ жазған тағдырдан және Соның тағдырына қашып бара жатқан жоқпын ба?! Сен түйелеріңді бір жағы жоңышқа, бір жағы жусанды бетке жайып түйелерің қайсысынан оттаса да сен Аллаһтың тағдырымен жайған болып саналмайсың ба? – деп ойланта жауап қайырды. Қасындағылармен бірге Мәдинаға қайтқан хазірет Омар оба ауруының тез жайылып бара жатқандығына алаңдағандықтан тым болмаса Әбу Үбәйданы құтқарып қалмақ болып келе сала былай деп хат жолдайды: «Ассалаумағалейкум! Бір мәселе жайлы ақылдасу үшін сен маған аса қажет болып тұрсың. Хатты ала сала дереу жолға шық!». Хазірет Омардың ойын айтқызбай-ақ ұққан Әбу Үбәйда іле-шала мынадай жауап жазады: «Әй, мүминдердің басшысы! Мені неліктен қажетсініп тұрғаныңды білемін. Алайда мен мұсылман әскерлермен бірге болғандықтан өзімді олардан артық санай алмаймын. «Жазмыштан озмыш жоқ» деген. Мен де пешенеге жазылғанды көрермін. Маған оларды таста да, кел дегеніңе келісе алмаймын». Омар (р.а.) хатты оқығанда көзінен жас парлап қоя берді. Маңайындағылар: – Әй, мүминдердің әміршісі! Неге жылайсыз, әлде Әбу Үбәйда да аурудан көз жұмып па? – деп сұрады. Омар (р.а.) оларға: 98

Сахабалар сабағы – Жоқ, олай емес, бірақ, әй қанша қалды дейсің, – деді тұнжырап. Көп өтпей-ақ Шамда обадан тіл тартпай кет- кен Әбу Үбәйданың орнына Муаз ибн Жәбал барды. Бірақ, ол да артынша көз жұмып, орнына Амр ибн Ас тағайындалды. Амр ибн Ас дендеп бара жатқан ауру- дан халықты аман сақтап қалу мақсатында елді тау ба- сына жинап, ойдан гөрі тауды паналаған. Сол тұстары аурудың да беті қайтып, Хазірет Омар болса кейіннен Амрдың бұл тапқырлығына ризашылығын білдірген екен18. Әлидың дархан мінезділігі Хазірет Әли құрма бақшасында кешке дейін жұмыс істеп, кешкісін түйесіне бір қап жеміс теңдеген күйі үйіне қайтты. Түйенің тізгіні көмекшісі Қамбардың қолында, ал өзі болса алда келе жатты. Мәдинаға кіре берісте жол шетінен жалыныш- ты дауыс естілді. «Аллаһ разылығы үшін» деп өткен- кеткенге алақан жайған қайыршының күйі аянышты- ақ еді. Дәл осы сәт Әли мен түйе жетектеп келе жатқан Қамбардың арасында мынадай бір әңгіме өрбіді. Әли: – Әй, Қамбар! Мына байғұс не сұрап тұр? – Құрма сұрап тұр. – Берсеңші, ендеше! – Құрма қапта ғой.. – Қабымен бер, ендеше! – Қап түйенің үстінде ғой.. 18 Әл-Камил, 2/558-560; әл-Бидая, 7/84-85 99

Тағылым тамшылары – Түйесімен бер, ендеше! Әлидың айтқанын бұлжытпай орындаған Қамбар: «Түйенің тізгіні менің қолымда деуге қорықтым, – дейді, – әйтпесе, мені де қоса ойланбастан әлгі қайыршыға беріп жібергендей еді...». Иә, сахабалар тым дархан мінезді еді. Христиан және Әлидің (р.а.) шапаны Ел басқарған халифалығы кезінде Куфа қаласында хазірет Әлидің (р.а.) шапаны жоғалды. Аз уақыт өтер- өтпес әлгі шапан бір христианның қолынан табылды. Әли әлгі христианды ерткен күйі қазыға жүгінді. Қазы: – Мына халифаның айтқанына не дейсің? – деп христианға қарады. Ол болса халифа Әлиді жалақорға жатқызбайтынын, алайда шапанның өзінікі екенін айт- ты. Қазы бұл жолы Әлиге бұрылып: – Мына кісі бұл өз шапаным деп тұр. Ал бұған сенің куәгерлерің бар ма? – деп сұрады. Хазірет Әли күлген қалпы: – Қазы дұрыс айтады, дәл қазір менде куәгерлер болу керек еді. Бірақ ешқандай куәгерім жоқ, – деді. Куәгерлер болмағандығына сүйенген қазы хазірет Әлиді христианға жығып берді. Алайда шынтуайтында шапанның кімдікі екенін білгендіктен ішкі ар-ұяты жібермеген христиан сәлден кейін қайта бұрылып келіп, былай деді: – Мұндай үкім шығару, сірә, адамдарға қатысты емес, пайғамбар әкелген үкіметтік жүйеге тікелей 100


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook