Әулие-абыздар іздей бастағанда ақырын ғана білдірмей араларынан сытылып шықтым да қашып кеттім29... Пілден құтылған әулие Аллаһқа бір табан жақын жүрген құлдардың бірі Абдуллаһ Қаланиси бір жолы кемемен жолаушылап бара жатып қатты бір дауылға тап болды. «Кемедегінің жаны бір» демекші, жолаушылардың бәрі естері шыға осыдан аман-есен құтылар болса бір-бір мал атап соятындықтарын айтып Құдайға уәде берісті. Олар өз кезегінде Абдуллаһ Қаланисидың үндемей қалғанын жөн көрмей оған да бір мал құрбандық шалғанның дұрыс болатындығын білдірісті. Абдуллаһ Қаланиси оларға: – Мен бұл өмірмен қатысымды біржолата үзгенмін, – деп қанша түсіндірмек болса да, олар қояр да қоймаған соң: – Мейлі, ендеше мен осыдан аман- есен жағаға шығар болсам, піл етін тегі ауызға алмай- ын, – деп әлгілер үшін түсініксіздеу өз уәдесін айтты. Абдуллаһтың бұндай құрбандығын естіген жанның ешқайсысы да түсінбеді. «Піл етін жемеймін деген несі? Елдің бәрі жанымен қайғы болып құрбандыққа мал атап жатқанда, оның бұлай деп Құдайға уәде еткеніне жол болсын?! Сірә, ақыл-есі кемістеу болар» десіп үндемеді. Олардың өзара күбірлесіп өзін ақыл-есі кеміске жорығандарына іштей ренжіген ол жай ғана: – Дәл қазір менің ойыма келгені осы болды. Сондықтан да Аллаһқа осылай деп уәде бердім, – де- геннен артық ештеңе айтпады. 29 Хиляту-л-Әулия, 7/426; Тариһу Мәдинати Димашқ, 6/284. 151
Тағылым тамшылары Аллаһ тағала оларды әлгі дауылдан аман-есен құтқарып, жағаға шығарды. Алайда кемедегі бүкіл жолаушылар дін аман жағаға шыққанымен бірнеше күн бойы тіске басар ештеңе таппай қатты қиналды. Аштықтан қатты бұратылған бір сәтте алдарынан бір пілдің баласы шыға келген еді. Бәрі бас салып, оны бірден өлтіріп етін пісіріп жей бастады. Абдуллаһ ибн Қаланиси болса кемеде берген уәдесіне беріктік таны- тып, піл етіне еш қол созбады. Қасындағылар: – Аштан өлмес үшін піл етін лажсыздан жеп отырған жайымыз бар. Кел, сен де же! – десті. Алайда Абдуллаһ Қаланси олардың сөзін тыңдамады. Қанша аштығына қарамастан піл етін жемеді. Сәлден кейін-ақ пілдің етін жегендердің бәрі тегіс ұйықтап кетті. Артынша пілдің өзі келді. Баласының сүйектерін көрген кезде ұйықтап жатқандардың бәрін алдымен иіскеп көрді. Баласының исі шыққандардың бәрін тегіс таптап өлтірді. Сөйтті де Абдуллаһ Қаланисиге келді. Оның бойынан иіс таппаған соң сыртын тосып арқама мін дегендей қимыл көрсетті. Абдуллаһ барып пілге мінді. Піл оны белгісіз бір жер апарып түсірді. Абдуллаһ Қаланиси таң ата бір елге жолықты, олар оны барынша қонақ қылып күтті. Осылайша әулие кісі елден ерек Құдайға берген уәдесімен әрі сол уәдесінде табанды тұра алғанымен бір ажалдан аман қалған еді. Иә, «Судың да сұрауы бар» дегенді әркез ұмыт- паған абзал. 152
Әулие-абыздар Әулие мен мәжуси Әулие Жүнәйд-Бағдади қыс күні мәжуси (отқа та- бынушы) бір адамның жанашырлықпен құстарға жем шашып жүргенін байқайды. Әулие мен мәжусидің арасында мынандай әңгіме өрбиді: – Сен құстарға жақсылық жасап жүрмін деп өзіңді алдап жүрсің. Аллаһ тағала әуелде иманға келуді па- рыз қылған. Ал жасалған басқа жақсылықтар болса екінші кезекте қалып қоятындықтан, иманның орнын ешқашан да толтыра алмайды. Иманға келмей тұрып істеген сенің бұл жақсылығыңды Аллаһ тағала қабыл алмайды. – Мен де білем Аллаһ тағаланың қабыл алмайты- нын. Бірақ Аллаһ тағала менің бұл жақсылығымды көреді, біледі, ескереді емес пе? – Әрине, білетіндігі де, көретіндігі де, ескеретіндігі де сөзсіз. – Олай болса, соның өзі маған жетеді, – дейді де мәжуси өз жолымен кете барады. Арада біраз уақыт өтеді. Жүнәйд-Бағдади қажылығын өтемек ниетімен Қағбаны тауап етіп жүріп, қос қолын көкке көтеріп егіле жылап, Аллаһқа жалба- рынып жатқан бір адамды көреді. Әлгі адамға үңіле қарағаны сол екен оның қыс күні құстарға жем шашып жүрген мәжуси екендігін жазбай таниды. Мәжуси де оны танып: – Аллаһтың көрді әрі білді дегені – міне осы, – дейді де сол жерде тілін кәлимаға келтіріп жан тәсілім етеді. 153
Тағылым тамшылары Сол сәтте Аллаһ тағаладан Жүнәйд-Бағдадиға мы- надай дауыс естіледі: – Әй, Жүнәйд! Сен менің үйімді тауап етуді қалап едің, оның орындалды. Ал мәжуси Мені қалап келіп еді Маған қауышты! Байлыққа қол жеткізген адалдық Бір кісі Қағбаның қасында отырып дауыстаған күйі мына бір жол дұғаны ғана қайталай берсе керек: « – Уа, турашылдарға қол ұшын беріп, харамнан сақтанғанды сақтаушы Аллаһ тағала!...». Бұған таңғалған қасындағылар «Басқа дұға білмейсің бе? Бұл қалай?» деп оның мәнін сұрапты. Сонда ол өз басынан өткен мына бір ғибратты жайтты баяндап берген екен: ...Бір күні Қағбаны тауап етіп жүріп аяқ астынан бір кесе алтын тауып алдым. Санасам дәл мың ал- тын екен. Жүрегім өрекпіп бірден иманым мен шай- таным арпалысқа түсіп айқаса кетті. Шайтаным «Де- реу жымқырып ал, әйтпесе, мың алтынды саған кім береді?! Ештеңеден қыжалат көрмейсің» десе, има- ным «Иесіне қайтармасаң бұл адалдыққа жатпайды. Одан да иесін тап та, бер» деді. Мен осылай екіұшты ойда тұрғанымда, «Осы маңда бір кесе алтынымды жоғалтып алдым. Тауып алған адамға сүйінші ретінде отыз алтын беремін» деп жоғын іздеп жүрген алтынның иесін көрдім. Мың харам алтыннан гөрі отыз адал ал- тын артық қой деген оймен қолымдағы алтынды иесіне қайтардым. Ол маған айтқанындай сүйіншіге отыз ал- тын берді. Ақшамды қолыма ұстап базар аралап келе жатқанымда тұп-тура отыз алтынға сатылмақ болып 154
Әулие-абыздар тұрған бір араб құлды көріп жаным ашып сатып ал- дым. Бір күні бұл құлдың қасына араб біреулер келіп өзара жасырын күбірлесіп сөйлесе бастады. Құлдан олардың не айтып жатқандықтарын сұрадым. Құл еш жасырмастан: – Мен Марокка сұлтанының баласы едім. Әкем Эфиопиялық бір патшамен соғыста жеңіліске ұшырағандықтан мен соларға тұтқынға түстім. Олар мені осы жаққа әкеліп құл есебінде саған сатты. Енді, міне, әкем мені іздетіп жатқан көрінеді. Сатып болса да тауып әкелсін деп бұлардың қолдарына елу мың алтын ұстатыпты. Сен маған көп жақсылық жасадың. Саған қарыздармын. Сондықтан мені сатсаң, елу мың алтыннан кемге сатушы болма, – деді. Айтқанындай әлгі құлды елу мың алтынға саттым. Байып, Бағдатқа барып дүкен ашып, түрлі заттар са- тумен айналыса бастадым. Бір күні бір танысым келіп «Атақты бір саудагер досым қайтыс болды. Үріп ауызға салғандай әдемі қызы жетім болып қалды. Қаласаң, сол қызбен таныстырып екеуіңді үйлендірейін» деді. Мен келістім. Екеуміз үйлендік. Қыздың артынан келген төсек-орынға көз салғанымда табақ атаулы алтынға лық толы екен. Бәрінің бүйірінде «Мың алтын» деген жазуы бар. Бірақ бір табақтың ғана бүйіріндегі «Тоғыз жүз жетпіс алтын» деген жазуға көзім түсті. Оның мәнісін сұрағанымда, қыз: – Әкем Қағбаға тауап етіп жүріп мың алтыны бар бір кесесін жоғалтып алыпты. Соны тауып берген жаны жомарт кісіге сүйінші ретінде отыз алтынын ұстатыпты. Бұл табақтағы алтынның тоғыз жүз жетпіс болып тұрған кемдігі сол, – деп 155
Тағылым тамшылары түсіндірген еді. Бұны естіген сәтте мен қатты толқып Аллаһ тағалаға көп шүкіршілік айттым. Өзімнің ба- сымнан өткен адалдық турасындағы оқиғаны оған да баяндағанымда екеуміздің қуанышымызда тіптен шек болмады. Кемшілік кімде? Ахмет Рафи бір күні шәкірттерінен: – Менің кемшілігімді байқаған адам болса айтсын, – деп өтініпті. Сонда шәкірттерінің бірі тайсалмастан: – Ұлы ұстаз, сізде мен байқаған үлкен бір кемшілік бар, – депті. Өз кемшілігін шәкірттерінен сұрауға арланбайтын өте кішіпейіл ұстаз шәкіртінің бұл сөзіне қабақ шытпа- стан сол кемшілігін түзетпек ниетпен: – Иә, айта ғой, – дейді жай ғана, – ол қандай кемшілігім? Көзі жасқа шыланған шәкірті сонда: – Біз секілді лайықсыз жандардың сізге шәкірт бо- луы, – дейді. Әлгі шәкірттің бұл сөзін естігендер тегіс жылапты. Ахмет Рафи да көз жасына ерік беріп еңкілдеп жылаған күйі: – Мен сендердің қызметшілерің ғанамын, мен бәріңнен де төменмін, – деген екен. Нағыз қажы Табииіндік парасатты ғалым, хадисші Абдуллаһ ибн Мүбәрак қажылығын тәмамдап, Қағбаның түбінде отырғанда көзі ілініп кетіпті. Сол сол-ақ екен Аллаһ 156
Әулие-абыздар тағаланың әмірімен көктен екі періште түсіпті. Біреуі екіншісіне: – Осы жылы 600 мың кісі қажылық жасады. Алайда бұлардың бәрінің жасаған қажылығы Шам қаласындағы Али ибн Муаффақ есімді етікшінің құрметі үшін ғана қабыл болды. Ал, ол кісі қанша жыл талаптанса да бәрібір қажылық міндетін өтей алмаған көрінеді. Бірақ, бір ісінің Жаратқанға ұнағаны соншалық, осыншама адамның құлшылығы соның құрметі үшін ғана қабыл болды, – дейді. Абдуллаһ ибн Мүбәрак ұйқылы-ояу тұра сала таңданып таңдай қаққан күйі бірден керуенге ілесіп Шамға тартады. Шамға келе сала жаңағы кісіні та- уып алып шаужайына жабыса кетеді: – Айналай- ын, қажылыққа бара алмапсың, сонда қандай амал жасадың? – деп сұрайды. Али ибн Муаффақ өзін Абдуллаһ ибн Мүбәрак сынды жұртқа танымал кісінің іздеп келгенін көріп өз көзіне өзі сенбей есінен танарлық халге түседі. Есін жиғанда, тілі сөйлеуге келіп өз жайын былай деп ба- яндайды: – Отыз жыл қажылыққа барсам деп армандадым. Елдің аяқ киімін жамап 300 дирхәм ақша жинадым. Қажылыққа жол тартпақшы болдым. Енді жүрмек болғанымда, етке жерік аяғы ауыр әйелім: «Көршінің үйінен ет иісі шығады. Маған сол еттен бір жапырақ кесіп әкеліп берші?», – деп өтінді. Көңілін қимадым. Көршіге бардым. Мән-жайды түсіндірдім. Көршім еңкілдеп жылаған күйі: «Бір апта болды. Балаларым аш. Тіске басар ештеңе жоқ. Жолдың шетінде өліп жатқан бір өлексе малды көрдім. Соның қоң етінен 157
Тағылым тамшылары кесіп алдым. Сол етті қазанға салып қайнатып, бала- ларды жұбатып отырған жайым бар. Егер адал ештеңе таппасам, осы арам еттен бермеске басқа лажым жоқ. Қаласаңыз, сізге де берейін. Бірақ аштықтан өліп бара жатқандарға ғана болмаса, бұл тоқтықта отырған сіздерге харам ғой», – деген еді. Али ибн Муаффақ сөзін жалғастырды: – Бұны естігенде жүрегімді біреу тіліп жібергендей қатты жа- ным ашыды. Әрең жинаған 300 дирхәмымды қолма- қол соған ұстаттым да «Я, Аллаһ тағала! Өтей алмасам да менің қажылық ниетімді қабыл ала гөр!» деп дұға еттім, – депті. Бұны естіген Абдуллаһ ибн Мүбәрак: – Ендеше, Аллаһ тағала түсімде маған рас білдіріпті, – деген екен. Құлшылық пен құрмет Әбу-л- Хасани-л- Харқани әңгімелеуде: Ағалы-інілі екі жігіт бірге тұратын. Олардың күтімге зәру кәрі шешелері бар еді. Түннің бір уағына дейін жігіттердің біреуі анасына қызмет етіп, зыр жүгіретін де, екіншісі қол қусырып Құдай алдындағы құлшылығын орындап намаз оқитын. Күн сайын құлшылық жасап көңлі рухани шабытқа шалқыған ағасы бір күні кеш бата інісіне: – Шешемізге бүгін де өзің қарашы, – деді, – мен күндегідей таң атқанша ғибадат жасайын. Інісі келісті. Ағасы ғибадат жасап отырып ұйықтап кетті. Таңғажайып түс көрді. Түсінде бір дауыс оған: «Ініңе 158
Әулие-абыздар үлкен кешірім жасадық. Ініңді сыйлағандықтан, сені де кешірдік» деген еді. Ғибадат жасаған жігіт бұған таңғалды, сөйтті де: – Қалайша? – деп сұрады, – мен болсам күн демей түн демей Аллаһқа құлшылық жасаймын. Інім болса жай ғана шешемді күтумен болады. Ініме деген құрмет үшін мені кешіргендеріңіз қалай? Өктем үн қайта естілді: – Иә, – деді сосын, – Сен жасаған құлшылықтарға біз зәру емеспіз. Алайда қол күтімге анаңның қатты зәру болып отырған жайы бар… Шайтаннан қорғану Тақуалығымен танылған құлдардың бірі Сүфиян Сәури бұ дүниелік дәм-тұзы таусылуға жақын өмірінің соңғы сәттерінде жастығының астынан бір кесе шығарды. Іші толған алтын. Жанындағы достарына: – Мынаны садақа ретінде таратыңдар, – деді. Бұл жайтқа достары таңғала: – О, тоба! Біз білетін Сүфиян Сәури бұ дүниелік еш нәрсеге пысқырып қарамаушы еді, осыншама байлықты сақтап келгендігінің себебі не болды екен? – деп бір-біріне қарасты. Олардың таңданысын байқаған Сүфиян Сәури өз ісінің астарын сонда былай деп түсіндірген екен: – Мен бұл ақшамен дінімді қорғаштадым. Шай- тан мен нәпсімнің аузын аштырмадым. Қашан нәпсім мен шайтан маған: «Ей, сіңірі шыққан пақыр, қашанғы киер киім мен ішер асқа жарымай жүре бересің? Одан да ақша тап!» деп маған дүниелік желік берген сайын мен оларға алтын толы кесемді көрсете маңайыма жо- 159
Тағылым тамшылары латпаушы едім. Бұл алтындарды мен соларға қарсы қару ретінде қолданып келдім... Алтындар садақа ғып үлестірілгеннен кейін, Сүфиян Сәури де алаңсыз мәңгілікке көз жұмды.. Несібе дұғамен келе ме? Бір кісі қатты күйінген күйі Имам Садыққа (а.с.) келіп: – Кедейшіліктің зарын тартқан мендей-ақ болар. Көбірек рызық берсін деп Аллаһқа дұға етіңізші? – депті жалынып. Сонда Имам тұрып: – Жоқ! – депті, – саған ешқашанда бұндай дұға ете алмаймын! Әлгі кісі күтпеген бұндай жауапты естігенде: – Неге? – деп сұрапты. Сонда Имам Садық: – Бұл мәселеде Аллаһ тағаланың өзі жол көрсетпеді ме? «Рызық-нәсібелеріңді жатпай-тұрмай іздеңдер, табыңдар!» деп бұйырмады ма? Ал сен болсаң үйде жатып алып дұға жасай салып рызық-несібем маған өзі келсін дейсің. Осы да жөн бе?! – деп ұялтқан екен. Әбабил құстарының жеңісі Хабашистан (Эфиопия) патшасының Йемендегі басшысы Әбраха миләди 570- жылдары Сана қаласында «Құллейс» деп аталатын керемет бір шіркеу салдырды. Ойы – Қағбаға барушыларды осы шіркеуге қарату. Оның бұндай ниетін жақтырмаған біреу түнде әлгі жаңа салынған шіркеуге кіріп, дәрет сындырып кетті. Ертесі бұған қатты ашуланған қарадүрсіндеу христиан Әбраха атой салып, Қағбаны тас-талқан ғып 160
Әулие-абыздар қиратпақшы болды. Жинаған он мың әскерімен (алпыс мың екендігі де айтылады), «Махмұд» деген ірі пілмен қоса тағы да бірнеше пілдермен Меккеге қарай жолға шықты. Алдынан шыққан ірілі-ұсақты күштерге бой берместен алға жылжи берді. Тайыф қаласына жет- кенде әскерлерінің бір бөлігін Меккеге жіберді. Олар бара сала Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ата- сы, Құрайыштардың басшысы Абдулмутталибтің екі жүзден аса түйелерін, онымен қоса сол маңайдағы ел- жұрттың да бар малын айдап әкетті. Түйелерін айдап әкете салып, Абдулмутталиб бірден Әбрахаға жолықты. Түйелерін кері қайтаруды сұрады. Әбраха: – Менен түйелеріңді ғана сұрап, Қағба жайлы жақ ашпағаның қалай? Мен оның күлін көкке ұшырып қиратуға келіп тұрғам жоқ па? – деді. Оған Абдулмутталиб: – Мен – түйелерімнің ғана иесімін, ал Қағбаның қорғаушы иесі – Аллаһ тағала, – деп жауап берді. Кездесуден кейін Абдулмутталибтің түйелері кері қайтарылды. Мекке халқы өздерінен әлденеше есе үстем бұндай күшке төтеп бере алмасын біліп, арадағы келісім бойынша тауға шегініп, істің немен аяқталарын тағатсыздана күтті. Әбраха жасағы ең ірі пілді алға салған күйі Меккенің шекарасына аяқ басты. Қағбаны жуан темірлермен шандып байлап, пілдерге тартқызып жықпақ ниеттерінен әлі қайтпаған-ды. Дәл осы кезде Әбраханың жол сілтеушілерінің бірі Нүфайл ибн Ха- биб ірі пілдің құлағынан тартып бірнәрсе деп айтты да жүгіріп тауға шыққан күйі: – Ей, Махмұд! Алдыға 161
Тағылым тамшылары жылжушы болма! Аман-есен тұрғаныңда кері қайт! – деп бар даусымен айғай салды. Сол сол-ақ екен, Меккеге кіре берісте ең үлкен піл тартыншақтай бастады. Қатты қинағаннан кейін табан- дап жерге жатып алды. Не істесе де оны ешкім Қағбаға қарай аяқ бастыра алмады. Дәл осы мезет топ болып ұшып келген «Әбабил» құстары аспанда қаптап кетті. Әрқайсысының ауыздары мен аяқтарында қойдың құмалағындай майда тастар бар. Ұшып келген бойда сол тастардан жау әскерінің үстіне қарша боратты. Тас кімге тисе де денесін тесіп өтіп жатты. Бір демде-ақ әскерлердің көбісі қырылып қалды. «Піл жасағының» қалғандары жан сауғалап, Йеменге қашты. Әбраханың өзі де қайтар жолда өлді. Қағба болса сол баяғы қалпында тұра берді. Құрандағы «Піл» сүресі осы бір тарихи оқиғаны баян- дауда30. Қайсысы шейіт? Әмір Темір Халеп қаласын басып алған кезде көптеген мұсылмандардың қаны судай ақты. Соғыстан кейін діндарларды шақыртып алған ол: – Соғыс кезінде сіз бен бізден көп адам өлді. Айтыңдаршы, кәне, осылардың қайсысы шейіт болды? – деп сұрады. Сонда Ибнушахнә орнынан тұрып: – Сізден яки бізден өлуінің ешқандай мәні жоқ. Кім Аллаһ тағаланың ұлы есімін асқақтату ниетімен 30 Ахбару Мекке (Мекке, 1994), 1/136-154; Әйюб Сабри Паша: Мирату-л- Харамайн, 1-2/443-458; Әл- Камил фи-т- Тарих, 1/442-47. 162
Әулие-абыздар соғысқан болса, сол ғана шейіт болды, – деп жауап берген екен. Қашанда қай істе болмасын түпкі ниет аса маңызды. Шейіттіктің де ниетке байланысты екені сөзсіз. Күндік өмірің болса... Мекке... Жол шетінде қарт кісі мен жас жігіт шүйіркелесіп өзара әңгімелесіп отыр. Алдарынан жақсы киінген бір кісі шықты. Әлгі кісі келген бойы жас жігітке бір кесе алтын ұсынды. Жігіт: – Рақмет, – деді, – маған оның қажеті жоқ! – Сонда да, ал, – деді әлгі кісі, – қаласаң өзіңе жаратарсың, қаламасаң кедей-кепшіктерге үлестірерсің? Жігіт көп сөз таластырып жатпастан ала салды. Бір кесе алтынды тұтастай сол күні-ақ өзі білетін мұң- мұқтаж кісілердің бәріне таратып берді. Қарт кісі ертесі күні кешегі қасында отырып әңгімелескен жас жігіттің біреуге қыжалатын айтып көмек сұрап тұрғанын көріп: – Балам-ау, өзіңнің де ақшаң жоқ екен. Кешегі қолыңа тиген алтыннан өзіңе де алып қалсаң болмас па еді? – дегенде, жас жігіт жұлып алғандай: – Мен таң атса болды кешке дейін өмірімнің жетер- жетпесіне ешқашан сеніммен қарап көрген емеспін, – деген еді. 163
Тағылым тамшылары Тақуалық – қашанда өлімге даяр жүру. «Күндік несібе Құдайдан» деген сөз де осындай тақуа кісілердің айтқаны болса керек.. Шындықтың құдіреті Бір қатігез әкім бар еді. Осы әкім бір күні қызметшілерін жіберіп рухани алып, әулие кісі Хасан Басриді ұстатпақ болды. Ол кезінде шәкірті болып, дәрістерін тыңдаған Хабиб-и Ажемидің күркесіне ба- рып жасырынды. Әкімнің адамдары келіп қатуланып: – Хасан Басриды көрдің бе? – деп сұрады. Хабиб-и Ажеми болса: – Иә, – деді жай ғана. – Қайда ендеше? – Міне, мына күркемнің ішінде отыр... Қызметшілер күркеге кіріп Хасан Басриды іздегенмен таба алмай сыртқа шығып: – Әй, ақсақал, неге өтірік айтасың? – деп дүрсе қоя берді. Хабиб-и Ажеми: – Жоқ, мен өтірік айтқан жоқпын. Өздерің көре алмасаңдар, мен қайтейін? – дейді. Олар қайта ішке кіріп, алақандай күрке ішін қанша қарағанмен, бұл жолы да таба алмады. Әкімнің жандайшаптары кеткеннен кейін күркеден шыққан Хасан Басри: – Ей, Хабиб! Сенің құрметіңе бола Аллаһ тағаланың мені әлгілерге көрсетпегенін білем. Алайда менің ор- нымды неге айттың? Ұстаздық ақымды ескермегенің қалай? – дейді ренішпен. Сонда Хабиб ұялған пішінде: 164
Әулие-абыздар – Әй, ұстаз! Сізді таба алмаулары менің құрметіме бола емес, қайта шындықты тура айтқандығымыздан болса керек. Өйткені шыншылдардың көмекшісі Аллаһ тағала емес пе?! Егер жалған айтқанымда дердектетіп сізді де, мені де алып кетер еді, – деген екен. Харамнан сақтанғанды Аллаһ та сақтайды Тимур әулетінің басшыларынан Шахырух (779- 850) тұсында харам нәрселерден бойын аулақ салып, алыс жүруімен танылған Нығметуллаһ деген өте діндар бір кісі болыпты. Төмендегі жайт сол кісінің осы мәселе төңірегіндегі зеректігін көрсетпек. Шахырух бір күні құзырына сәлем бере келген Нығметуллаһқа тиісе: «Естуімше, жіберілген сый- сыяпаттан тартынбай жей беретін көрінесің. Сый- сияпаттың арасында харамы болуы мүмкін екенін осы уақытқа дейін білмегенің бе? Білсең соны ескермей қалай жей бересің?», – деп сұрақ қойыпты. Нығметуллаһ бұған: «Бізге астың харам жағы емес, адал жағы ғана бұйырады. Құл харам жемесем екен деп барынша ты- рысса, Аллаһ та оған харам нәрсе жегізбейді. Мендегі сыр – осы», – деп жауап беріпті. Бұны естіген патша сөзін дәлелдемек болып, қала шетінде жалғыз қозысын бағып жүрген әйелдің қолындағы қозысын тартып алдыртады. Қозы бірден сойылып, еті қазанға салынып, харам жемейтін Нығметуллаһ әдейі қонаққа шақыртылады. 165
Тағылым тамшылары Ол кісі де «шақырғаннан қалма» демекші, бірден- ақ келісімін береді. Хан сарайындағылар енді қайтер екен дегендей нәтижені тыпырши күтеді. Әне-міне дегенше, табақ-табақ ет тарты- лып, Нығметуллаһ та, уәзірлер де аса бір тәбетпен алдарындағы асты жеп бітіреді. Нығметуллаһ болса, арасында Аллаһ тағаланың берген нығметіне жиі-жиі шүкір етіп отырады. Әбден болды-ау деген кезде Шахырух жымиып: – Оу, сіз «Харамнан қашатын құлдарын Аллаһ қорғайды, тіпті харамнан жегізбейді» деген едіңіз. Жаңа ғана сіз жеген ет бір әйелден күштеп тартып алынған харам малдың еті болатын. Аллаһ сені сақтамағаны ма, бұған не дейсің? – депті мысқылдай. Нығметуллаһ әуелгі қалпын бұзбастан: – Менің жегенім адал екеніне күмәніңіз болмасын. Ал, сіздердің жегендеріңіз анық харам. Сенбесеңіздер, малынан айрылған әлгі әйелді шақырып сұраңдар, – депті. Шахырух адамдарын дереу жібертіп, әлгі әйелді алдыртып, жайып жүрген қозысының мән-жайын сұрағанда, ол ештеңе түсінбестен: – Осы жақта Нығметуллаһ деген құдайға қараған, тақуа, діндар адам жайлы көп естіп, қозымды сол кісіге беріп, игі батасын алмақшы едім. Соған апара жатқам. Сіздер болса, менен оны тартып алып, сол кісіге тиесілі үлесті жеп қойдыңыздар, харам жедіңіздер, – депті. Харамнан қолынан келгенше сақтанғанды Аллаһ та сақтайтынын осылайша дәлелдеген Нығметуллаһ кейіннен Кирманда дүниеден өтті. 166
ІV БӨЛІМ ТАҢДАМАЛЫ ӘҢГІМЕЛЕР Қойшы мен алма ағашы Қойшы қарт қойларын өрістетіп, жайылымға жайған сайын дөңге жақын өскен бір алма ағашының түбіне барып дем алатын. Егер жеміс піскен мезгіл бол- са, алма ағашымен тілдесіп: – Қане, балам, қарттың ал- масын бере ғой, – дейтін. Сөйткенше болмай, дәмі тіл үйіретін, исі аңқыған, балбырап піскен бір алма жерге топ ете түсетін. Қарт болса, кішкене бәкісімен әлгі ал- маны асықпай тілімдеп кесіп, өзімен бірге ала келген торсығындағы айранымен қоса сәл жүрек жалғағаннан кейін әкесінен қалған Құранын баппен қолға алып, жайлап оқи бастайтын. ..Қойшы қарт бұл алма ағашын осыдан жиырма жыл бұрын отырғызған кезде жиі-жиі суғарып, намаз алдында беті-қолын шайған дәрет суының қалғанын да ырымдап соның түбіне төгетін. Қарт жүзін шайған сол судың шарапаты тиді ме, әйтеуір, алма ағашының тамыры тез жан алып, аз уақытта-ақ бой көтеріп, жеміс бере бастады. Қойшы қарт ол кезде жас болғандықтан қай әдемі алмаға көзі түспесін, сәл ұмсынып қол созғаны жетіп жатыр еді. Алайда одан бергі қаншама жыл ішінде қарттың бойы аласарып, белі бүгілді, ал алма ағашының бойы керісінше барынша биіктеп, шы- нар ағашындай жайқалып кеткен-ді. Бірақ алма ағашы қанша жайқалып өскенімен мәпелеп өсірген баланың 167
Тағылым тамшылары аты бала емес пе? Оны баласындай көретін қарт ағаш бұтақтарын алақанымен жай ғана сипап тұрып: – Қане, балам, – дейтін, – бүгінгі несібемді түсіре ғой? Айтқанындай, көп пәлсінбестен бір алма түсуші еді. Бұл көрініс дәл осы қалпында бірнеше жылдан бері қайталанып келе жатқан-ды. Тіпті қарт сұрағанда, алманың түспей қалған бір де бір күні болған емес. Ауыл адамдары болса, таңғажайып бұл құбылысты сырттай бірнеше мәрте байқап, қойшы қартты «әулиеге» жорысып қойғалы қашан. Қарт кісі ағаш көлеңкесінде аздап тынығып, на- мазын оқығаннан кейін әдеттегідей сол күнгі алмасын сұрады. Алайда, бір таңғаларлығы, ағаш бұтақтары жеміске толып тұрса да, қарт қолына ештеңе түспеді. Қарт өз қалауын қанша қайталағанымен бәрібір ештеңе бола қоймады. Күткені орындалмай, кірпігі мен сақалы тарам-тарам жасқа шыланған қарт үнсіз ғана алыстап қойларына кетіп бара жатты. Жеміс бергелі баласы қарт көңілін еш қалдырып көрген емес еді. Мәпелеп өсірген баласына дәл осы жолы қатты ренжіді. Көңлі құлазыған қарттың бойы тіпті шөкімдей боп, белі де бұрыңғыдан бетер бүкшие түскендей. Малдарын қайырып, ауылға бет алғанда мешіттен әуелеп шыққан азанға құлақ түрді. Азан өте бір ерек- ше, әуезді үнмен оқылып жатқандай. Тіпті астарынан қуаныш та сезілетін секілді. Бірден іркіліп, бойын жи- нап ала қойды. Қарт байғұс өмірге қайта келгендей күй кешті. Өйткені есіне бір нәрсе түскен еді. 168
Таңдамалы әңгімелер Бұл жолы көзіне қуаныштан жас алып, балаша мәз болған қарт әлгіндегі алма ағашына жеткенше асықты. Келе сала оны айналып-толғанып, кең құшағын төсей құшақтаған қарт: – Күнім, әшейін, – деді иегі кемсеңдеп жылаған күйі, – айналайын, балам, жарығым! Ұмытшақ мен байғұсты ренжітпей тұрып-ақ білдірсең болмас па еді?! Бүгін Ораза айының алғашқы күні екен ғой?!.. Қолы сынған қыз ...Бағдатта елді аштықтың қатты бір тықсырған кезі. Бұл қиын жағдай әсіресе қолындағы арқанымен әркімнің жүгін тасып, солардың ұстатқан азын-аулақ тиын-тебенімен күнелтетін жүктасығыштардың қабырғасын қайыстырып, жандарына қатты батты. Бір күні қатты ашыққан жүктасушының бірі дәулетті үйдің жанынан өтеді. Есік алдындағы тандыр- да жаңа піскен нанның мұрын жарған иісіне шыдамаған ол: – Неше күннен бері нәр татпаған мен бейбаққа Аллаһ разылығы үшін бір үзім нан беретін жан болар ма? – деп дауыстады. Тандырдың қасындағы шешей жаңа піскен ып- ыстық күлшеден бірін қызына беріп, «Ана кісіге ұстат» деді. Қызы бір ауыз сөзге келместен ыстық күлшені әлгі адамның қолына ұстатты. Оның қуанышында шек жоқ. Неше күннен бері бір күлшеге зар болып еді. Енді міне сол тілеуін Құдай аяқ астынан берді деген сөз. 169
Тағылым тамшылары Бірден үйіне қарай бет алды. Алайда дәл осы мезет ту сыртынан естілген өктем дауыстан тұрған орнында қатты да қалды. Ол дауыс: – Айт, тез, андағы нанды қайдан алдың? – деді. Бұл байғұс жаңа ғана шыққан үйін қолымен нұсқады. Қабағы онсыз да қату әлгі кісі ашуланған күйі: – Бәсе, – деді, – мынадай заманда басқа кімнің үйі елді жарылқап нан береді дейсің?! Сөйтті де үйіне барып: – Қайыршыға нан берген қайсысың? – деп айғайлады. Әйелі байғұс қатты қорыққандықтан, жең ұшымен қызын көрсетті. Онысы – қызына жаны ашыр, басы артық қылыққа бара қоймас деген ойы еді. Алайда қыздың әкесі сараңдық пен ынсапсыздықтың ауруы- на мықтап шалдыққан-ды. Сондықтан да болар ойла- нып жатпастан, босағада тұрған таяқпен «нан берген қолың осы болса» деп қызының қолынан оңдырмай салып қалды. Қыздың баж еткен даусы қатты шықты. Өйткені, онсыз да нәзік қолы сол мезет сынып кетіп, өмірлік мүгедек болып қалған-ды. Оған қарап жатқан әке бар ма?! Ол өз ісін іштей дұрыс деп түйді, «елдің бәріне нан тарата берсем бұл үйде нан қала ма» деп ойлады. Алайда оның бір нәрсені ақылға салып таразылауға, түйсінуге парасат-пайымы жетпеген еді. Ол – өзіне нәсіп етілген әрбір нығметке шүкір ету қажеттілігі еді. Яғни адам баласы әрқашан Аллаһ тағаланың маңдайға бұйырған әрбір жақсылығына іштей шүкіршілік қылып, соны біліп жүруі керек. Өйткені шүкір ету 170
Таңдамалы әңгімелер ұмытылған жағдайда Аллаһ тағаланың ол адамды бар жақсылықтан мақұрым ғып, құр алақан қалдыруы дем- де еді. Айтқандай-ақ осы бір ақиқат шығайбай әлгі сараңды өз ырқына бас идірді де. Көп өтпей-ақ ісі өрге баспай, кетеуі кете бастаған үй иесінің базардағы сау- да орнын сатуы да сол берекесі қашқан тірлігінің бір көрінісі еді. Аз-ақ уақытта кедейленіп шыға келгені соншалық, бір күндері нан таппайтындай жағдайға қалай душар болғанын өзі де сезбей қалды. Салы суға кетіп кешқұрым үйіне қайтқан ол үйдегілерге: – «Болды енді, менен үміттеріңді біржолата үзіңдер! Бүгін күні бойы нан алатын ақша да таба алмадым. Қызым, бүгін сен одан да базарға ба- рып өткен-кеткендерден біраз нан алатын ақша сұрап қайт!», – дейді амалсыз. Қызы қол жайып, қайыр сұрауға қанша арлан- са да, шарасыздықтан қысыла-қымтырыла базардағы бұрынғы дүкендерінің алында тұрып таныс біреу-міреу кездесіп қалар ма екен деп күте бастады. Сәлден кейін-ақ өзін байқаған әлгі дүкендегі кісі келіп: – Сенің бір қыжалатың бар секілді. Бұл жерде кімді күтіп тұрсың? – деп сұрады. Қыз лажсыздан бар шындықты жасырмай айтты: – Шыны керек, нан алатын ақшамыз болмай, қолыма бірдеме ұстатар таныс кісілер кездесіп қалар ма деп тұрған жайым бар... Әлгі кісі қолын бірден қалтасына салып біраз ақша алып «мә, ала ғой» деді. «Сен бұған қалағаныңша нан сатып ала аласың. Мен де сенің арқаңда Аллаһтың 171
Тағылым тамшылары өзіме жасаған жақсылығына аз да болса шүкіршілігімді өтеген болып саналамын», – деді. Қыздың манадан бері бір қолын артына жасырып, берген бір уыс ақшаны да бір-ақ қолымен алғаны әлгі кісіні таңдандырмай қоймады. Сол сол-ақ екен: – Қолыңда жара болса, айт, емдетіп берейін. Неге артыңа көрсетпей жасырып тұрсың? Аллаһ маған көп нығмет-несібе бергені үшін менің де шүкіршілік етіп басқаларға жақсылық жасауым керек емес пе? – деді. Қолы жайлы қыз қанша айтқысы келмей тартыншақтағанымен, әлгі кісі сұрап тұрып алғаннан кейін айтуды жөн көрді. – Кезінде мен бір пақырға нан берген едім. Әкем әлгі байғұстан «нанды қайдан алдың» деп сұраса ол біздің үйді көрсетіпті. Әкем қатты ашуланып, үйге келе сала нан берген қолың осы болса деп менің қолымды таяқпен ұрып, өстіп мүгедек қылып тастады. Көрсетуге ұялатындықтан, ел бетіне көрінбей үйде отырамын деп күйеуге де шықпай қалған жайым бар... Әлгі кісі қыздың айтқандарын ести сала бар көрші- қолаңын шақырып айғай салады. – Әй, көршілер! Келіңдер, мен өз қиялымдағы ақ жүректі аруды енді таптым. Ол, міне, алдарыңда тұр. Сендер де менің бұл ісіме куә болыңдар! Сөйтеді де аң-таң болып тұрған қызға болған жай- ды әңгімелеп түсіндіре бастайды: – Кезінде сенен нан сұраған бейбақ мен едім. Мен ол кездері елдің жүгін тасып күнелтетін кедей бір жұмысшы едім. Демек, қолыңның сынғанына мен се- беп болған екем. Енді, сенің тұрмыс құра алмағаныңа да себеп болғаным жарамас. Бұған Аллаһ тағала да разы 172
Таңдамалы әңгімелер бола қоймас. Сені көргенде іштей ұнатып қалғаным да рас. Маған нан берген қызға қатты ұқсайды екен деп қадала қарап қалған едім. Қателеспеген де екем. Әкең шүкіршілік етпегендіктен, қолындағы барынан айрылып қалды. Ал керісінше оның айрылып қалған байлығын Аллаһ тағала маған нәсіп етті. Мен ондай шүкіршілікті білмейтін адам емеспін. Кел, екеуміз одан да некемізді қиғызып, отау құрайық. Әкеңді де қиыншылықтан құтқарармыз. Екеуі бірге қол ұстасқан күйі қыздың әкесіне көмектеспек ниетпен жолға шығады... «Шүкір етсеңдер, ырыс-несібемді молай- та түсемін. Ал шүкіршілікті ұмытсаңдар, қолдарыңдағы нығметімді аламын да шүкіршілігі бар басқаларға нәсіп етемін. Шүкіршілік етпегендерді әрі қатты азапқа ұшыратамын...» (Құран Кәрім, 14/7) Тәубаға келген күйеу Мұсылманшылықты берік ұстанған иман жүзді әйелдің керісінше діннен мүлдем хабарсыз әрі екіжүзді пасық күйеуі бар еді. Әлгі діндар әйел қай істі баста- са да «бисмиллаһ» деп барып қана бастайтын. Ал күйеуі оның бұнысына қатты ашуланатын. Сол үшін де әйеліне көрсетпеген қорлығы жоқ еді. Әйелі байғұс күйеуінен көрген құқайларға барынша сабыр ететін де тек қана Аллаһқа күндіз-түні дұға етіп, күйеуін тура жолға түсіруді тілейтін. Қабағынан қар жауған күйеуі бір күні тағы да қатты ашуланды. Әйелін осы жолы да ебін тауып шықпыртып алмақ болғандықтан, өзінше оған себеп іздей бастады. 173
Тағылым тамшылары Іштей: «Бұны жақсылап тұрып қатырайын, қайтер екен? Содан соң көрсетейін көресесін» деп күбірлеген күйі әйеліне жала жауып, жазғырудың жолын қарастыра ба- стады. Құдай алдында бас иіп иманға келмегендіктен, оның жүрегін әлдеқашан осындай бықсыған арамдық жайлап алған-ды. Әйелін шақырып оған бір кесе алтын берді де: – Мынаны бір жерге тығып қой! – деді. Әйелі күйеуінің айтқанын екі етпестен «бисмиллаһ» деген күйі алтын толы кесені үйдің бір жеріне тығып қойды. Ал күйеуі оны сырттай аңдып тұрып, алтынды әйелінің қайда жасырғандығын біліп алды. Артынша әйелінің көзін ала беріп жасырған жерден алтынды алды да кесесін суы бар терең бір құдыққа тастай салды. Арада көп өтпей жатып әйелін қайта шақырды да: – Әнеукүнгі саған берген алтынды қайтып әкел, – деді. Әйелі жүгіріп барған күйі өзі жасырған жерге «бисмиллаһ» деп қолын сұқты. Әйелдің шын ықылас-пейіліне Аллаһ тағала разы болғандықтан, бар алтын мұрты бұзылмаған күйі кесесімен бірге сол орнында тұр еді. Бірақ кеседен су тамшылап тұрды. Әйел кесенің неліктен су болғанын түсінбестен, алтынды алған күйі күйеуіне әкеліп берді. Алтын толы кесені бәз баяғы қалпында көргенде күйеуі есі шыға таңғалды. Сөйтті де әйелінің істеп жүрген тірліктерінің қаншалықты шындық екендігіне осы жолы анық көз жеткізді. Қипақтап әйеліне қараған күйі: – Саған осы уақытқа дейін қаншама қиянат жаса- дым. Менің барлық пендешіліктерімді кешірші? Шын тәуба етіп, Аллаһтан да кешірім сұраймын. Осыдан 174
Таңдамалы әңгімелер бастап құлдық ұрып, құлшылығымды жасайтын бола- мын, – деп жалынды. Сол күннен бастап: – Я, Аллаһ тағала! Маған о дүние мен бұ дүниемді бақытты ететін діндар әйел нәсіп еткеніңе көп шүкіршілік айтамын. Мені кешіре гөр! – деп дұға ететін болды. Ал оның иманды әйелі болса: – О, Жаратқан! Ертелі-кеш аузымнан тастамайтын дұғамды қабыл алып, күйеуімді тура жолға түсіргеніңе мың да бір шүкір, – деп дұға етті. Сынақтардан сүрінбеген кедей Кедей жұмысшы бір күні жұмысынан қуылды. Оның үстіне бала-шағасы да үш күннен бері нәр татпаған-ды. Күн көретін басқа табыс көзі де жоқ. Қай жерге барса да «Жұмыс жоқ» деген бір ғана сөзден әбден ығыр болды. Ішектері шұрқыраған бала-шағаларының жағдайын әйелі де қайта-қайта тілге тиек етіп, құлақ етін жеп бітті. Қайтсін, қолдан келер қайран жоқ! Ең соңында, әйелі келін болып түскенде таққан әдемі ора- малын еріксіз күйеуінің қолына ұстатты да: – Мә, мынаны бір сатып көр. Қаншаға өтсе де мейлі. Бала-шағаны қашанғы аш ұстаймыз. Аллаһ тағала жомарт қой, бір ретін келтірер, – деді. Күйеуі қысыла-қымтырыла әйелінің сандықта жатқан су жаңа орамалына амалсыздан қол созды. Ора- малды екі дирхамға сатып үйіне қайтты. Қолындағы ақшасына жолай базарға соғып, бала-шағасына тіске басар бір нәрселер алмақ болды. Бірақ базарға жақындағанда жол үстінде отырған қайыршыны көрмей өту мүмкін емес еді. Даусы да сүйектен өткендей ащы, 175
Тағылым тамшылары зарлы еді. Қайыршы өткен-кеткенге қол созған күйі: – Аллаһ разылығы мен Пайғамбар сүйіспеншілігі үшін қолымды бос қайтармағайсыздар! Маған көмектесу арқылы Аллаһ тағаланың мейіріміне қол жеткізгісі келетін адам жоқ па? Өте бір мұқтаж жанмын, – деп тынбастан жалына дауыстап тұрды. Әлгінің сөздеріне шыдай алмай, көп ойланбай-ақ қалтасындағы орамал сатып тапқан екі дирхәм ақшаның бәрін әлгі қайыршының қолына ұстатып кете барды. Алайда беруін берсе де нағыз қиямет-қайым енді ба- сталды. Өйткені, өз бала-шағасының аш отырғаны анау. Алдынан әйелі шыққанда не айтарын ойлағанда, екі беті дуылдап, демі құритындай сезінді. Не болса да көре жатармыз деген оймен алдымен мешітке соғып намаз оқыды. Мешіттен шығып үйіне беттеді. Әкелері кешіккен сайын тіске татыр бірдеңе әкеле жатқан болар деп үйдегілердің де үміті арта түскен. Ішке кіргенде бәрі жәутеңдей бұның қолына қарасты. Әкелері басын төмен салбыратқан күйі болған жайдың бәрін әйеліне жасырмай айтты. Әйелі күйеуін тыңдап болған соң: «Е, бопты. Бар ақшамыз Аллаһ жолында кетсе, қайта Аллаһ оны еселеп қайтарар. Ол асқан жомарт емес пе? Не де болса дұрыс істепсің», – деді қашанғы сабырлы, тақуа әдетіне басып. Таң атқанда әйелі күйеуіне бұл жолы төркіні сыйлаған сағатты берді. «Ал енді осыны сат та, үйге азық болар бірдеңелер әкел», – деді. Күйеуі сағатты алып базарда қас қарайғанша тұрса да, сағатты сұраған жан болмайды. Үйіне бос қайтуға қысылып тұрғанда қолындағы соңғы балықтарын дәл өзі секілді өткізе алмай тұрған балықшыны көреді. 176
Таңдамалы әңгімелер Сөйтті де оған жақындап: «Әй, саудагер! Менің сағатымды да, сенің мына балықтарыңды да ешкім алар емес. Кел, одан да екі балығыңды менің сағатыма айырбаста», – дейді. Айғайлай-айғайлай алушы тап- пай тамағы ауырған саудагер де екі сөзге келместен, екі балығын сағатқа айырбастап тез үйіне қайтқанды жөн көрді. Бұл жолы үйіне қуанып келген күйеуі әлгі балықтардың біреуін пісірмек болып жарғанда ішінен жарқыраған жақұт шыға келді. Бұны көргенде кедей байғұстың есі шыға қуанды. Дереу әйелі екеуі зергер- ге барып көрсетеді. Зергер бұл жақұттың өте бағалы екенін, егер дәл қазір сатса он төрт мың дирхәмға алуға әзір екендігін айтады. Аллаһ оларды аяқ асты мол несібеге бөлеп қиыншылықтан құтқарды. Зергерге әлгі жақұтты он төрт мың дирхәмға сатқан күйі үйлеріне құстай ұшты. Әп-сәтте-ақ үй ішінде шаттық орнады. Бәрі отырып Аллаһ тағалаға шүкір айтысты. Дәл осы кезде есік алдына бір қайыршы келді. Әлгі қайыршы бұларға қарап: «Ей, мейірімді жандар! Аллаһ тағала сендерге нәсіп еткен нәрседен маған да беріңдер?», – деп жалынды. Бұны естігенде күйеуі бірден далаға жүгіре шыққан күйі: «Біздің бірнеше күннен бері аш отырғанымызды көрген Аллаһ бізге аяқасты он төрт мың дирхәм нәсіп етті. Ақыры Аллаһ тағаланың разылығы үшін сұрап тұрсаң, мен саған сол ақшаның тең жартысын әкеп берейін. Қазір келем, тұра тұр», – деп үйге кіріп кет- кен еді. Айтқандай жарты ақшасын алып есік ал- дына шыққанда, үй иесі жаңа ғана өзін күтіп тұрған қайыршыны таппай қалды. Әрі-бері қайыршыны іздеді. Ұшты-күйлі жоқ. Үйіне келді. Неше күнгі аштық ұмыт 177
Тағылым тамшылары болып, шұрқыраған балалардың да іштеріне ел қонып, қолға да көп ақша түскендіктен, отбасының бүгінгі қуанышы шексіз еді. Сол күні түнде үй иесі түсінде әлгі есік алдына келіп жоқ болып кеткен қайыршыны көрді. Одан неге күтпей кетіп қалғандығын сұрады. Сонда ол: «Мен жай бір қайыршы емес, Аллаһ тағала тара- пынан сені сынауға жіберілген періште едім. Кешегі орамал сатып тапқан екі дирхамыңды да сен көзің қиып, бала-шағаңның аузынан жырып маған бергенсің. Сол күнгі жақсылыққұмарлығың мен ақ пейілің үшін Аллаһ тағала саған жақұт сыйлады. Ең соңғы рет тағы сынады. Мен қайыршы кейпінде есігіңнің алдына қайта келдім. Ал сен болсаң дархандығыңа тағы да тәнті еттің. «Аллаһ разылығы үшін» дегенде жаныңды да болса беруге пейіл екендігіңді көрсеткендіктен, Аллаһ тағала сенің осы бір екінші жомарттығың үшін о дүниеде Жұмағын сыйға тартпақ. Аллаһ разылығын тілеп, неге де болса бара алатын сен секілді мұсылмандар не деген бақытты десеңші?!..», – деп жауап қайырыпты. Жабылмайтын жалғыз есік Бұрынырақта өмір сүрген бір ханның әдемі бақшасы болса керек. Небір алуан түрлі хош иісті гүлдерге толы бұл бақшаға бір күні хан келіпті. Өйткені бақша күзетшісінің әйелі ажарлы екен. Келе сала бақша күзетшісін бір жұмысты сылтауратып жұмсап жіберіп, хан бірден оның әйеліне көзін қадап: – Бар да бақшаның барлық есіктерін жауып кел. Бір де бір есік ашық қалмасын, – дейді. 178
Таңдамалы әңгімелер Алайда бақша күзетшісінің әйелі ажарлы ғана емес, ар-ұятты білетін өте ақылды да еді. Әйел бірден ханның жаман пиғылын сезеді. Есікті жаппақ болып кеткендей бір ағаштың артында сәл тұрып келгеннен кейін ханға қарап: – Хан-еке! Есіктердің бәрін де жаптым, алайда бір есікті жабуға әлім келер емес. Қанша тырыссам да жаба алмадым, – депті. Хан: – Ол қай есік? – деп сұрапты таңырқап. Сонда дәл осы ұрымтал тұсты күтіп тұрған әйел оған: – Ол есік – Аллаһ тағаланың өз құлдарының не істеп, не қойып жатқандарын түгел көріп тұратын «Ба- сир» (көруші) есігі еді, – депті ханды ойлантпақ ниет- пен. Бұны естігенде төбесінен біреу қос қолдап тұрып бір қойғандай, есін жиып ала қойған хан дереу әйелден кешірім сұрап, Аллаһ тағаланың алдында тәубаға келіпті. Екінші рет ондай жаман ойға бармас үшін де- реу Аллаһ тағаланың сүйікті құлдарының біреуінің қасына барып, имани ислами дәрістер ала бастап- ты. Көп өтпей-ақ әлгі хан Аллаһ тағаланың сүйікті құлдарының қатарына қосылса керек. Енжарлықтың емі Ертеде бір ханның жар дегенде жалғыз баласы бо- лыпты. Хан баласы туғаннан не ішем, не кием демеген- мен сондай бір еңсесін басқан көңілсіздік пен өмірге деген енжарлықтан арыла алмаса керек. Баласының қашан болсын салғырттығы мен бойкүйездігін байқаған 179
Тағылым тамшылары әкесі хан елдегі ең данышпан деген кісіні шақыртып, оған баласын бұндай босаңдықтан арылтуды қатаң тапсырыпты. Баланы қайтсем жөнге келтірем деп шақшадай басы шарадай болып шарасыз күйге түскен данышпан қанша шарласа да бұған ешқандай дауа таба алмаса ке- рек. Ең соңында тым болмаса, өз басын аман алып қалу үшін алыс елге қашып кетуді ұйғарыпты. Дорбасын арқалап ел сыртындағы бір қырға жет- кенде, қой жайып жүрген бір балаға кездесіпті. Бала әлгі данышпанға: – Бүгін өзіммен бірге тамақ алуды ұмытып кетіппін. Мен ауылға түсіп қайтқанша сіз малдарыма қарап беріңізші? – деп жатып кеп өтініпті. Бала өтінішін жерге тастай алмаған данышпан келісіп, өрістегі малдарға қарап қалыпты. Бала кете сала-ақ мал ішінде ойнақтап жүрген бір лақ байқаусызда тереңірек бір жыраға түсіп кетіпті. Малға қарап отырған данышпан өзіне табыстап кеткен- нен кейін ұялғандықтан жыраға түсіп, әлгі лақты алып шықпақ болып әрекет жасай бастапты. Лақты жыра- дан сыртқа алып шығу оңайға соқпапты. Көп әуреге түсіп жүріп, өзінің жүрегі аузына тығылып қашып келе жатқанын, еңсесін басқан зіл уайымды, патша әмірінен қатты қорыққандығын – бәрін де ұмытып кетсе керек. Ақыр соңында ақ тер, көк тер болып, лақты арқасына байлап жатып әрең сыртқа алып шыққан данышпан бұл әрекеттен өмірдің бір шындығына көз жеткізгендей болыпты. Қойшы бала тамағын алып ауылдан шауып кел- генде, малын өзіне табыстаған данышпан дереу еліне қайтыпты. Келе сала патша ордасына ат басын тіреп: – 180
Таңдамалы әңгімелер Мен сіздің балаңыздың емін таптым, – депті қуанғаннан жүрегі жарыла жаздап. Патша маңайындағы уәзірлердің бәрімен даныш- панның сөзіне құлақ қойғанда, ол өз емін: « – Тақсыр, балаңызды бойкүйездік пен енжар- лықтың шырмауынан арылтатын бірден-бір тәсіл – оған жауапты бір жұмыс тапсыру. Балаға жүктер істің жауаптылығы неғұрлым көбірек болған сайын баланың да өз бойындағы бойкүйездіктен соғұрлым арылары сөзсіз. Балаңыздың салғырттық пен болбырлыққа са- лынуы жұмыссыздық пен қолы бостық салдарынан. Балаңыз берілген жұмысты қолға алып, өзінің сол жұмысқа деген жауапкершілігін сезіне кіріскен кез- де уақыт та сондық жылдам өтіп, оның өмірге деген қызығушылығы мен құлшынысы да арта түседі, – деп өмірден алған сабағын қорытқан екен..». Әділ би Бір күні бір кісі базарға барып жылқы сатып алып- ты. Үйге әкеліп қараса, сатып алған аты ауру екен. «Қой, бұны тез апарып иесіне қайтып өткізбесем бол- мас» деп жолға шыққанда, ойына алдымен төреші биге соғу түсіп, мән-жайды түсіндіріп, куәландырып алмақ болыпты. Алайда биге барғанмен ол күні биді өз орнынан таба алмай кеш батып кетіп, ат жайы келесі күнге қалыпты. Келесі күні қараса, ауру ат өліп қалыпты. Содан биге барып болған жайды тегіс баян- дапты. Би әлгі адамның әңгімесін тыңдап болғаннан кейін: – Сенің атыңның ақшасын мен төлеп беремін, – депті. Таңғалған ат иесі: – Неге сіз төлеуге тиіссіз? Бұл жерде сіздің ешқандай кінәңіз жоқ қой? – деген- 181
Тағылым тамшылары де, би: – Қалайша менің кінәм жоқ, сен алған аттың ауру екенін біле сала кеше мені іздедің, ал мен өз ор- нымда отырғанымда, онда барып атты сатқан иесіне қайтартып, ақшаңды алып берер едім. Мені кеше таба алмауың себепті сен бүгін осындай күйге түсіп қиналып отырсың. Сондықтан бұл жердегі үлкен кінә – ол менде, сол үшін де өз кінәмді мойындап, өлген аттың ақшасын мен төлеуім керек, – деп түсіндірген екен. Тура би қашанда туралығын көрсетпек. Жеті ғасырлық насихат Төмендегі жазу – атақты ислам ғалымы Шейх Әдәб-Алидың насихаты. Бұл насихаттың жазылғанына арада аттай 700 жыл өтсе де әлі күнге ескірмегендігі, құнын жоймағандығы, одан бергі заман ағымына қарамастан, өміршең қалпын сақтауы, шындығында да, таңғаларлық жайт. «Балам, таң қылаң бере туылып, кешкі азан оқылғанда өлетін адамдар болады. Ашуланғанда өзіңді баса біл! Бойыңдағы күш- қуатпен пен ақылыңды қалай өз жөнімен қолдану керектігін, ауыздағы сөзді де қашан, қай жерде, қалай айту керектігін білгейсің. Әйтпесе, бір күні жел соққандағы қалтыраған қауқарсыз жапырақ кейпіне түсерің анық. Ешқашан ашуың мен нәпсің бір жақ боп ақылыңды жеңіп кетпесін. Ылғи да сабырлы, сөз бен ісіңе тұрақты бол, өз еркің өз қолыңда болсын. Сенің көзіңе басылғандай әлем соншалықты үлкен емес. Әлі де жасырын, әлі де жұмбақ дүниелер сенің парасаттылығың арқылы ашылатыны даусыз. 182
Таңдамалы әңгімелер Ата-анаңды құрметте! Үлкендер жүрген жерде берекеттің қатар жүретінін ұмытпа! Бұ дүниеде наным-сеніміңнен қол үзіп қалар болсаң, жап-жасыл болсаң да қурап, шөлге айналасың. Ақжарқын бол, ашық айт. Өзіңе қаратылған сөзді көңліңе ала берме. Көпбілемдікке салынба, әр көргеніңді айта берме. Өзіңді жақсы көретін жерге көп барма, өзіңе деген сый-құрметтен айрыларсың. Үш кісіге жаның ашысын: Надандар арасындағы ғалымға, Байлығынан қол үзген кедейге, Құрметке ие болып жүріп абыройынан бір-ақ күнде айрылған пендеге. Жоғарыдан орынға ие болғандардың жердегілер секілді алаңсыз отыра алмайтындығын ұмытпа! Ақ екенің рас болса, күресуден қорықпа!» Ана өсиеті Исламға дейінгі кезеңде өмір сүрген Үмамә деген ақылды әйел қызы Үнасты Кинда патшасы Хариспен үйлендіргенде, әлі күнге құны ескіре қоймаған мына- дай өсиет айтқан екен: «Қызым, егер бір қыз ата-анасының байлығы жеткілікті болып күйеуге шығуды қажетсінбейтін болса, онда бәрінен бұрын оған сен лайық болар едің. Алайда өмір заңы басқаша, ер адам қалайша біз үшін жаратылса, әйел де о баста ер адам үшін жаратылған. Қызым, сен өзіңді туып, аялап өсірген әке- шешеңнің ұясынан ұшып, жат жұртқа кетіп бара жатырсың. Ендігі уақытта сен күйеуіңе бағынып, оның 183
Тағылым тамшылары ризашылығын алып отырғайсың, сонда ол да сенің алдыңда құлыңдай құрақ ұшатын болады. Сен оны сыйлаған сайын ол да сені жақсы көріп қалағаныңды істейтін болады. Мен саған қазір он өсиет айтайын, егер сен олар- ды бұлжытпай орындайтын болсаң күйеуіңмен ара- қатынасыңда мін болмайды: Үйге ішіп-жейтін не әкелсе де шын жүрекпен қабыл ал, қанағат иесі бол. Не істе десе, соны істе, тыйым салған нәрселеріне жолама. Үй ішін де, үсті-басыңды да таза ұста. Күйеуіңе жақсы көрінуге тырыс, жақсы иістеріңнен себіне жүр. Ол сенен тыжырынбайтын болсын. Ұйықтайтын, тамақтанатын кездерін жақсы біл. Ол бұларды қай уақыттарда жасайтын болса сен сол уақыттарда тамағын әзірлеп, төсегін салып қой. Өйткені аштық пен ұйқысыздықтан барып адам ашу шақырғыш келеді. Күйеуіңнің дүниесін көзіңнің қарашығындай сақта, ысырапшылдыққа жол берме. Оның абыройын ойла, тума-туыстарына да құрметпен қара. Оған қарсы шығушы болма. Күйеуіңнің сырын елге жайма. Қарсы шықсаң, саған деген өшпенділігі оянады, ал сырын елге жайсаң, қиянаттан көз ашпайтын боласың. Күйеуің қайғырып отырғанда – сен қуанышты болма, күйеуің қуанышты кезде – сен қайғырма»31. 31 Ө. Рыза Кәһһала, Аламун-Ниса, 1/75; Меһмед Зихни, Мәшахирун-Ниса 184
Таңдамалы әңгімелер Зерек бала Сол күні ертеңгісін күн арқан бойы көтеріліп, жер бетіне ерекше бір жылылық төге бастады. Қали аға таңғы намазын оқи сала бірден жолға шықты. Егіс алқабына жетер-жетпестен басын көтеріп, күнге қарады. – Құдайға шүкір, – деді сосын ақырын ғана күбірлеп. Мәшинеде отырып ұйқысынан енді оянған кішкене Ермек таңғалғанын әкесінен жасыра алмады. – Қараптан қарап тұрып неге шүкір еттің, әке? Қали аға күлімсіреген күйі баласына көз тастап: – Шүкір ылғи да айтылуы керек, балам, – деді, – өйткені біз Аллаһ тағала нәсіп еткен нығметтерді ылғи да өз кәдемізге жаратамыз. Саған бес минут дем жет- пей қалса, не болар еді? Ермек иығын қиқаң еткізіп, ернін тістеледі. – Қайдан білем, онда өліп қалатын шығармын.. – Міне, көрдің бе? – деді әкесі сөзін жалғап, – бізде шүкір етуге татитын жақсылықтар өте көп... Сөйтті де терең тыныстап: – Жаңа мен қызыл арай күн үшін шүкір еттім, – деді. Ермек әлі де әкесіне таңырқай қарап, одан көз алар емес. Әкесі сөзін қайта жалғады: – Күн болмаса жердегі дән жан алып, өспес еді.. Ермектің ұйқысы шайдай ашылып, бар ойының астаң-кестеңі шықты. Шынымен де, жерге еккен дән өспей қалса, адамдар мен қоса бүкіл жан-жануарлар аштан қырылмай ма?! Онда мынадай жайма-шуақ өмір де болмас еді. 185
Тағылым тамшылары Таңғала әкесінен сұрады: – Онда топырақ та, су да нығмет екен ғой, иә? Әкесі күліп, оның шашынан сипады. – Әрине, балам, – деді сосын, – дәл солай! Егіс алқабына да жетті. Қали аға дән салынған қаптарды мәшинеден түсіріп, соқаны әзірледі. Кішкене Ермек болса, алда қандай іс күтіп тұрғанын тағатсыздана тосты. – Мен де дән егейінші, әке! Еккен дәндерімнің өскенін көріп қуанатын боламын! – Әрине, егесің, – деді әкесі. – Бірақ бірден емес. Егілген дән берекетті болу үшін алдымен дұға оқып, бет сипау керек. Сен бар да көлеңкеде кішкене дем ала ғой, мен екі бас намаз оқып, дұға жасайын. Содан кейін бастаймыз. Ермек көлеңкеге барып отырды. Бүгін көп нәрсе үйренгенін айтсайшы! Әкесімен бірге егіс алқабына келгені мұндай жақсы болар ма?! «Ағаларым да кел- генде ғой, шіркін!» деп ойлады. Бірақ артынша «Олар менен үлкен ғой, мен білетін нәрселерді онсыз да білетін шығар» деп жұбатты өз-өзін іштей. Әкесі намазын оқып болып, қол жайып күбірлеп дұға оқып отыр. Бір мезет Ермектің есіне әлдене түскендей селт етіп «Әкем осы дұға оқығанда не айта- ды екен?» деген қызықты ой қылаң ете қалды. Қасына барып ол да тізе бүкті. Күбірлеп айтылғандардың бәрі естіліп-ақ жатыр: « – Я, Аллаһ тағала! Жерді де, көкті де, тауды да, та- сты да, не нәрсе болсын бәрін жоқтан жаратқан сенсің. Мен болсам – сенің әлсіз, дәрменсіз ғана құлыңмын. Қазір топыраққа егейін деп отырған дәндерімді сенің 186
Таңдамалы әңгімелер шексіз құдіретің мен мейіріміңе арқа сүйеп барып та- стап, бір өзіңе аманаттамақпын. Оларды өсіріп, өндіріп, берекетті қыла гөр! О, Жаратқан, біз сенің көмегіңе мұқтаж пендеміз...». Дұға біткенде Ермек те әкесінен көргенін істеп, кішкене қолдарымен бетін сипап, «әумин!» деді. Сол күн Ермек үшін ұмытылмастай қызықты болып өтті. Ол да әкесі секілді уыс-уыс дән шашты. Жерді соқамен жыртқан сайын әлгі дәндердің топырақтың астын- да қалай жасырына қоятындығына көз алмай қарап, қызықтаумен болды. Кешке үйге келгенде сол күнгі көргендерін түгелдей шешесіне айтып берді. Ағалары болса, бұл таңғала әңгімелеген нәрселерді күлкіге айналдырып, келемеждесті. Қали ағаның егістік жерімен қоса бір бақшасы да бар еді. Сол жылы егінімен бірге әлгі бақшасы да жақсы жеміс берді. Күз келгендіктен бірнеше күннен кейін жемістерді жинау керек. Ертеңгі аста сол жайтты тілге тиек еткен баласы: – Әке, – деді аса жақтырмаған кейіпте, – жемістерді жинап алып, жылдағы әдетің бойынша биыл да елге таратып бермейтін шығарсың?! Әкесі күлді. – Әркім өз ризығынан дәм татады, балам. Әрине, мұқтаж адамдарға керегінше беремін. Ортаншы баласы да ағасының сөзін қоштап сөзге араласты. – Ала жаздай терді біз төгіп, қызығын бөтен ел көру керек пе?! Одан да сатып өзімізге ақша жасамай- мыз ба?! 187
Тағылым тамшылары Қали аға балаларына ренішпен көз тастады. – Егер бұл ниеттеріңнен қайтпасаңдар, бәрінен де қағыласыңдар, балам. Мен неше жылдан бері зәру адамдарға қанша көмектесіп келемін, еш қыжалат тартқан емеспін. Көрші ақысы деген болады, бұны ұмытпаңдар! Уысың ашық болған сайын ырысың арта түспесе, кемімейді... Әкелерін оңай көндіре алмайтындықтарын білген балалары орындарынан тұра жөнелісті. Қали аға жылы жымиған қалпы қасында отырған кішкене Ермектің басынан сипап: – Сен оларға ұқсама, балам, – деді. Береген қол – алаған қолдан қашанда жоғары тұрады. Осыны ұмытпа! Жиын-терін басталған күні Қали ағаның бақшасы мерекеге бөленетін. Жеміс алғысы келген ауыл адам- дары Қали ағаның көмегіне зыр жүгіріседі. Балалар да жерге түскен жемістерді жинасып, тоя жеп мәз болы- сатын. Алайда бұл қуаныш ұзаққа созылмады. Мұң- мұқтажға қай кезде де қол ұшын созуға дайын Қали аға кенеттен ауырып, сол қыс қайтыс болды. Бақша мен егін күтімі енді балаларына қалды. Бір күні ең үлкен ағасы барлық інілерін шақырып алып былай деп сөз бастады: – Әкеміздің жіберген қателігін біз енді қайталамайық. Маңдай терімізді төгіп, аянбай жұмыс істейік. Сөйтейік те, елге бір тиын да татырмастан сол күйі өзіміз ғана пайдаланайық, міне, сонда ғана шіреп баюға болады! 188
Таңдамалы әңгімелер Бәрі бірауыздан қоштағанда, Ермек қана қарсы шықты. – Ол дұрыс емес, – деді ол өз ойын бүкпестен, – егер көп пайдаға кенелейік десек, онда алдымен шүкір етуіміз керек. Содан кейін дән жерден нәр алып, өсуі үшін, кейін берекетті боп, бәрімізге пайдалы болу үшін дұға оқуымыз керек. Жемісті жинаған кезде қажетінше көрші-қолаңдарға да үлестіргеніміз жөн. Бұны естіген ағалары кішкене Ермекке дүрсе қоя беріп, ұрса жөнелді. – Шынашақтай боп ақыл айтқышын өзінің! – десті. Арада біраз жыл өтті. Шаруа балалары бір күні егінжайға барғанда өз көздеріне өздері сенбеді. Еккен бидайлары шықпай жа- тып қурап, түкке жарамсыз боп қалыпты. Олар өздерін жұбатып: – Бұл жылы жаңбыр жөнді жаумады, – десті. Кішкене Ермек қана істің астарын сезгендіктен, әлгі айтылғанға мырс етіп күліп, басын шайқады. Өйткені ағалары бұл жылы егін егерде дұға оқымақ түгілі «бисмиллаһты» да ауызға алмаған болатын. Сөйткенше жиын-терін науқаны да келді. Ағалары ауылдағы ешкімге тіс жармастан, ертеңгісін ертемен тұрып бақшаға барды. Бұл жерде де қатты өкінішке ұрынған олар шарасыздықтан жағаларын ұстасты. Өйткені аяқасты шыққан өрт бүкіл бақты сол күйі көк түтін мен күлге айналдырыпты. Екі көзге ерік беріп, бәрі отырып жылай бастады. Ермек қана жігерлендіріп, оларды жұбатты: 189
Тағылым тамшылары – Зиянға енді ұрынбаудың жолын қарастырайық, – деді ол аузы күйген ағаларын ақылға шақырып, – Келіңдер тойымсыздық пен ашқарақтықты қойып, одан да әкеміздің жолымен жүрейік! Ағалары оның айтқанына көніп, қателіктеріне өкініш білдіріп тәубаға келісті. Бұдан кейінгі уақытта тер төгіп еңбек етіп, берекетті Аллаһтан күтетін болды. Аллаһ тағала да, әрине, өзіне қол жайып, күндіз-түні тілеу тілеген жандардың тілегін қалыс қалдырмасы белгілі. Олардың да тілегін қабыл алды. Көп өтпей- ақ мол ырысқа қайта кенелген олар бүкіл ауыл болып бақытты өмір сүре бастады... Иә, қасиетті Құранда жазылған «Шүкір ете білгенде ғана Жаратушының несібе-ризықты арт- тыратындығы» осындайда анық ұғылса керек. Қабірден қорқу Өлгенде қабірге түсетіндігінен қатты қорыққан бір бай қайтыс боларының алдында былай деп өсиет қалдырыпты: «Кім де кім мен өлгенде қабіріме бір түн қонып шықса, сол адамға байлығымның тең жартысын қалдырамын!» Айтқандай-ақ көп уақыт өтпей бай қайтыс бо- лыпты. Байды қабірге қоярда оның өсиеті бойын- ша жақындары қабірге бірге қонып шығатын адам іздестіріпті. Бірақ онымен бірге барып қонуға ел ішінен ешкімнің жүрегі дауаламаса керек. Бұған елдің жүгін тасып күнелтіп жүрген, бір құлаш арқанынан басқа түгі жоқ сіңірі шыққан бір кедей ғана көніпті. Әлгі кедей баймен бірге қабірге түсіп жатады. Кеш бата ел аяғы саябырсығанда екі періште келіпті. 190
Таңдамалы әңгімелер Келген періштелер қабірдегі екеуге қарап: «Мына жерде екі адам жатыр екен. Біреуі – өлі, екіншісі – тірі екен. Өлісі қайда қашар дейсің, кел, тірісінен жауап алайық» деп кедей байғұсты бүкіл өмір бойғы істеген тірліктері үшін жауапқа тартса керек. «Мына арқанды қайдан алдың? Онымен не істедің? Қашан, қай жер- ге не апардың? Бұл өзіңдікі ме, өзгенікі ме?» деген сұрақтарға жауап берумен пақыр-екең таңды әрең аты- рыпты. Бір ғана арқанға жауап берем деп қиналған ке- дей байғұстың есі шығып, үсті-басы әбден қара терге малшыныпты. Бір ғана арқанның есебін бере алмай есі шыққан ол ертесі өзін «Байдың жарты байлығына ие болдың!» деп, құттықтай келгендерге: «Ойбай-ау, мен түгім жоқ тақыр кедей бола тұра бір ғана арқанның есебін бере алмай таңды көрер көзбен әрең атырып әбден сілікпем шықты. Сендер маған қалайша сонша байлыққа ие бол дейсіңдер?! Қой, айналайын, ондай байлықтарың бар болсын. Аулақ!» деп азар да безер болып ат-тонын ала қашқан екен. От пен топырақ Жаратушыға деген сенімнен ада, Құдай жоқ деп парықтайтын біреу діндар бір ғалымға келіп мынадай үш сұрақ қойыпты: – Аллаһ бар болса маған көрсетші? – Аллаһ маңдайына жазып қойса, адам неге жаза- ланады? – Шайтан өзі оттан жаратылса тозақ отына қалай күймек? Байсалды қалпын бұзбастан оның сұрақтарын тыңдап болған ғалым жерден бір кірпіш сынығын алып 191
Тағылым тамшылары әлгінің басынан бір ұрыпты. Басы жарылған дінсіз бірден биге жүгініпті. Би ғалымнан сұрапты: – Басынан кірпішпен ұрғаның рас қой? – Маған үш сұрақ қойған еді. Мен сол сұрақтарына кірпішпен жауап бердім, – депті ғалым. – Қалай сонда? Таңғалған биге ғалым өз ісінің астарын былай деп түсіндіріпті: – Біріншіден, «Аллаһ бар болса маған көрсет» деп сұрады. Басының ауырғаны рас болса маған көрсетсін кәне? Екіншіден, «Маңдайына Аллаһ жазып қойса адам неге жазаланады?» деді. Басына кірпішпен ұрылу жазылса, мені неге Сотқа берді? Үшіншіден, «Өзі от- тан жаратылған шайтанға тозақ оты қалай әсер етеді?» деп сұрады. Оған да жауап бердім: Өзі топырақтан жа- ратылса топырақ кірпіш оған қалай әсер етті? Қисынды жауапты естігенде сот ғалымды еркіне қоя беріпті. Ақ ит пен қара ит Немересімен күн шуақта отырған қарт сонадай жерде бір-бірімен ырылдасудан-ақ шаршамайтын екі итіне сырттай көз тастап отырды. Екі иттің біреуі қара, біреуі ақ еді. Бала ес білгелі әлгі иттер атасының аула- сында ылғи да ырылдасып жататын. Неге екені белгісіз, бұларды атасы қасынан бір елі ажыратқан емес. Бір үйді күзеткенге бір-ақ ит те жетпей ме, екеуінің түрі неліктен екі түрлі деген ойлар бала санасын көптен бері мазалап жүргендіктен осы жолы ептеп атасынан сұрауды жөн көрді. 192
Таңдамалы әңгімелер Немересінің қойған сұрағына еріксіз жымиған қарт әуелі оның арқасын сипап біраз отырды, сөйтті де: – Олар мен үшін екі белгі, балам, – деді асықпай жұмбақтаған күйі. Бала әлі де түсіне қоймағандықтан: – Ненің белгісі, ата? – деп қайта сұрады. – Жақсылық пен жамандықтың белгісі, – деді қарт немересіне ендеше ол жайды бір тәптіштеп түсіндіріп қояйын деген кейіппен, – Тура мына сен көріп отырған әлсін-әлсін өзара ырылдасқан иттер секілді адам бой- ында жақсылық пен жамандық та ылғи бір – бірімен айқас үстінде жүреді. Бұларға қараған сайын мен соны еске аламын, сол үшін де оларды ылғи өзіммен бірге ұстаймын... Бала айқаста әйтеуір біреу жеңер болар деген ойын жасыра алмастан балаға тән сұрағыш кейіп танытты: – Ата, сонда бұлардың күресте қайсысы жеңеді? Қарт жүзі қайта күлімсіреп: – Е-е, балам-ай, – депті сонда, – қайсысына көбірек болыссам, сөзсіз сол жеңеді... Бір іске тап болғанда кейде іштей көп ойланып тұрып қалатынымыз бар. Сондайда адам жамандыққа бастайтын нәпсіден гөрі жақсылыққа жетелейтін ақылға жүгінгені жөн. Күндер мен күнәлар Бір кісі өз-өзін есепке тартыпты. Ол үшін бүкіл өмірін жалпылама алпыс жыл деп алып, сол алпыс жыл ішінде қанша күн бар екенін есептегенде 21 900 күн шығыпты. Бұны көріп есі шыға безек қаққан әлгі кісі өкіріп жылап қоя беріпті. 193
Тағылым тамшылары – Күн сайын бір күнәдан істесем осыншама көп күнамен қай бетіммен Аллаһтың алдына барам?! – деп жанын қояр жер таппай егілген ол сол мезет талып қалыпты. Есін жиғанда жаңағы нәрсе қайта есіне түсіп, қайтадан талықсып кетіпті. Маңайындағылар оятуға тырысқанда оның өліп қалғанын бір-ақ біліпті. Иә, біздің күніге қанша күнә істеп жатқанымызды кім білсін? Соңымыз не болар екен? Аллаһ бәрімізді де кешірсін!.. Тесік шелек Үндістанда су тасығыш бір кісі екі шелек алып, иін ағашпен су таситын болса керек. Алайда екі шелектің біреуі тесік екен. Бүтін шелек өзіне құйылған суды қожайынның үйіне сол күйі шашау шығармай жеткізеді екен де, ал тесік шелек болса, толтырып құйылған судың үйге жеткенше жол бойы сыздықтатып отырып, әрең дегенде жартысын ғана апаратын көрінеді. Бұл жағдай дәл осылай тұп-тура екі жыл бойы жалғасыпты. Су тасушы күн сайын қожайынының үйіне толықтай екі шелек емес, бір жарым шелек қана су жеткізіп жүріпті. Сау шелек өзінің қалтқысыз қызметін мақтаныш көрген сайын тесік шелек байғұстың іштей мұңайғаны сонша, жерге кіріп кете жаздап ұялып, өзін қатты ыңғайсыз сезінеді екен. Екі жыл өтіп, бір күні әдеттегідей өзен жағасына тағы барғанда, шыдамаған тесік шелек су тасушыға қысыла-қымтырыла: «Сізден кешірім сұрасам деп едім, білсеңіз ылғи алдыңызда ұяттан өртене жаздай- мын», – депті назарын төмен салған күйі. Таңғалған 194
Таңдамалы әңгімелер су тасушы: «Неге?», – деп сұрапты. Шелек: «Өйткені менің бір бүйірім тесік болғандықтан ылғи да сіз тол- тырып құйған судың жартысын ғана жеткізіп, өзіме жүктелген міндетті толық орындай алмай жүргеніме іштей қатты қысылам. Менің кесірімнен сіз де өзіңізге тиесілі төлемақыңызды толықтай ала алмай келесіз»,– дегенде, су тасушы: «Оған бола қайғыратын түк те жоқ. Одан да қожайынның үйіне баратын жолдың сен жағындағы гүлдерін бір байқашы», – депті жай ғана. Тесік шелек байқаса, қожайынның үйіне жеткенше жолдың өзі жағы, шындығында, жапырағы жайқалған, иісі аңқыған небір гүлдерге толы екен. Тіпті әлгі гүлдерге қызуы жақсы түсіп тұрған күнді де байқапты. Сонда су тасушы: «Көрдің бе? – деп сұрапты, – бұл сендегі кемшілікті менің байқағандығым әрі оның өз жөнін тауып, орайластыруымның жемісі, – деп сөзін жалғастырыпты, – Жолдың сен жағына әдейілеп гүлдер ектім, ал сен болсаң, күн сайын біз өзеннен су алып қайтқанда оларды суғарып тұрдың. Екі жылдан бері осы әдемі гүлдерден апарып, қожайынды таңғалдыра, дастарха- нын жайнатып келдім. Егер сен тесік болмағаныңда қожайынымыздың үйінде бұндай әдемілік болмас еді», – деп түсіндірген екен. Пенде болған соң тесік шелек секілді әркімнің де өзіне мәлім кемшіліктерінің болары сөзсіз. Алай- да кемшіліктен қуыстанып, қорқа беру де жөн емес. Қайта сол кемшіліктен де адам өзіне қажет үлгі ала білсе, оның да басқалардың қуанышына жарамасына кім кепіл?! 195
Тағылым тамшылары Темір шыбық Мектепте сабақпен қатар тәлім-тәрбие мен ұлттық мәдениетке де жеткілікті деңгейде көңіл бөлінгенде ғана рухы мықты, тәрбиелі азаматтар өсіп шығары сөзсіз. Тәлім бөлек, тәрбие бөлек. Адамдардың көпшілігінің қолынан мұғалім болу келгенімен тәрбиеші болу келе бермейді. Айдар ағай Ержан ағайға қарап: – Тағы да қашыпты, – деді, – Бұған дейін де талай мәрте ескерткенбіз. Ешқандай сөз өтпейді. Міне, мынау үшінші рет болып отыр. – Сонда бұлар неге қашады? – деп сұрады ол. – Білмеймін. Тәрбиеге көнбей өз беттерінше өмір сүргілері келеді. – Бұрын қалай ұстап едіңіздер? – Бір жолы автобус бекетінен ұстап әкелдік. Екінші рет қашқанда парктегі орындықта ұйықтап қалыпты. Біздегі тәрбиенің қатал, түнге қарай оқушыларға бей- сауыт көшеге шығуға болмайтындығын жақсы білетін маңайдағы полиция қызметкерлері көріп қап әкелген болатын. ...Үшеуі тағы да мектептен қашуды жоспарлады. Олар бұл жолы пойызбен қашпақшы болды. Билет алуға кассаға жақындағанда, кассирші әйел бұлардың «тегін еместіктерін» сезіп: – Бұл жер өте қауіпті. Билеттерің мен ақшаларыңды маған бере тұрыңдар, пойыз кел- генде өздеріңе қайтарып беремін, – деп алдады. Сеніп қалған оқушылар сөзге келместен, оған билеттері мен ақшаларын берді. Кассирші әйел дереу бекет поли- циясын шақырып алып, әлгі оқушылардың қай мек- тептен екендіктерін білуді әрі сол мектепке хабарлау- 196
Таңдамалы әңгімелер ды тапсырды. Балалардың қастарына барып, кішкене әңгімеге тартып, олардың қай мектептен екендіктерін білген полиция қызметкері бірден жатақханаға теле- фон соқты. Айдар ағай мәшинесіне отырып, пой- ыз жүрмей тұрып дереу келіп үлгерді. Оқушыларды алып жатақханаға келді. Осы жолы жақсылап тұрып сыбағаларын бермекші. Өйткені бұған дейін де талай мәрте ескертілген. Жатақханаға жақындағанда мектеп директоры алдарынан шықты. Айдар ағай оқушыларды өзі жазалаудан бас тартып, мән-жайды түгелдей мек- теп басшысына баяндады. Ол бірден: – Айдар, – деді, – маған үш темір шыбық әкелші, қазір сабағым бар, сабақтан кейін мына үшеуі сыныпқа келсін. Сен бар да мен айтқандай үш темір тауып кел! Айдар ағай кетіп бара жатып «Ой, сұмдық! Үш темірі несі, ағаш емес қой ол сынып қалатын. Бір ағаш таяқ та жетпей ме?!» деп ойлады, артынша «Әй, бір білгені бар шығар?!» деп айтқанындай үш темір іздеуге көшті. Аздан кейін үш темір шыбықты да тапты. Дирек- тор да сабағын бітірді. Үш оқушының көздері шарасы- нан шыға қатты қорықты. Операция алдындағы ауру адамдай тізелері қалтырап, жүректері аузына тығылды. Директор бұларға қарап: – Жүріңдер, – деді қатуланып, – кіріңдер ана сыныпқа! Бәрі бірдей сыныпқа кірді. Алайда мектеп басшы- сы еш күтпеген оқыс қимыл жасады. Қасындағы ағайға қарап: – Әй, Айдар, – деді, – шеш үстіңдегі жейдеңді. Мен де шешем. Ал сендер мына үш темірді алыңдар. Таяқты сендер емес, сендерге жақсы үлгі-өнеге көрсете 197
Тағылым тамшылары алмаған, сендерге осы уақытқа дейін тәрбие бере алмаған біз жеуіміз керек. Таяқ жеуге сендер емес, қайта біз көбірек лайықпыз. Егер біз сендерге тәрбие бере алғанымызда сендер жаман жолды қаламаған бо- лар едіңдер. Ал ұрыңдар мына жалаңаш арқамыздан! Сыныпқа кірерде зәрелері қалмай қорыққан оқушылар еш күтпеген мынадай жағдайға тап болғанда естері шыға жалынып кешірім сұрасты: – Бізге не істесеңіздер де өз еріктеріңіз, тек өтінеміз кешіріңіздерші, екінші рет қайталамаймыз! – десті жы- лап. Мектеп директоры іштей бұл іске шындап бекінген болатын, дегенмен оқушылардың көздерінен жас мөлтілдеп шынымен жалынып кешірім сұрап тұрғанын көргеннен кейін барып райынан қайтты. Оқушылар да екінші мәрте қашуды сап тыйды. Әкеден артық балмұздақ Жақын бір жолдасым 3-4 жасар баласын құшақ- таған күйі емханаға әкелді. Баласының қызуы көтеріліп, не құсқанына дейін тәптіштеп ентіге жеткізуінен-ақ баласына деген әкелік махаббатының шексіз екендігін, баласы үшін терең уайымға салынғанын сезу қиын емес еді. Бір қарап шыққаннан кейін «Бір нәрсе жүрегіне тиіп қалған болар?» деп күдігімді айтқанымда: – Тоңазытқышта тұрған бір килоға жақын балмұздақтың шамамен бәрін жеп қойыпты. Біз оны кейіннен білдік, – деді. Мәселенің мән-жайы енді түсінікті болды. Алайда баласын қатты жақсы көретін әкені сабаға түсіру бала- ны емдегеннен де қиынға соқты. Осы орайда баланың да әкесін қаншалықты жақсы көретіндігін білдіру әрі 198
Таңдамалы әңгімелер балаға ауыр тиген нәрсенің балмұздақ екенін байқату мақсатында: – Балақай, қане айта қойшы, әкеңді қаттырақ жақсы көресің бе әлде балмұздақты ма? – деп сұрағанымда, бала еш ойланбастан: – Балмұздақты, – деп жауап берген еді. Иә, бала небәрі 3-4-ақ жаста. Ол жақсы көрген нәрсесіне көзсіз құлай берілудің кейде зиянды бола- тынын білмейтін. Сондай-ақ, балмұздақты емес өзіне ерекше қамқорлық көрсетіп, оның бар жағдайын жа- сап отырған әкесін жақсы көру керектігін, өзінен ештеңесін аямайтын әкесінің балмұздақпен ешқашан салыстыруға келмейтін теңдессіз тұлға екендігін әлі ұғына қоймаған жаста еді. Тек қана балалық әнтек сезім шеңберінен аса алмаған күйде солай жауап бер- ген еді. Ал біздер ше, үлкендер?! Көбінесе әлгі әлі ештеңенің байыбына бара қоймаған, ана сүті аузы- нан кеппеген кішкене баланың кейпіне еніп, бізді шексіз нығметтерге бөлеп, ризық-несібемізді молынан үлестірген құдіреті күшті Ұлы Жаратушымызға шүкір етіп, сүйіспеншілікпен қарап, ерекше бір ықылас- пейілмен Соған бетбұрудың орнына Оның пәрменіндегі ойыншық іспетті дүние тіршілігін көбірек жақсы көріп жүрген жоқпыз ба? Зиянды екенін біле тұра бір тұтам дүние тіршілігіне бар ынта-шынтамызбен құлай беріле кірісетініміз соншалық, Ұлы Жаратқан алдындағы құлшылығымызды да қаперге ілмей жүрген жоқпыз ба?! Әй, бұл пендешілікті қойсайшы?! 199
Тағылым тамшылары «Байлық-алақандағы мұз, бақ-басқа қонған құс. Бірі-еріп кетер, бірі-ұшып кетер» деген даналар сөзі не деген мағыналы айтылған десеңізші?! Аяғы сынған бозбала Қытай ойшылы Лао Цзудың әңгімесі: Бір ауылда жасы егде тартқан, самайын қырау шалған қарт кісі тұрыпты. Тұрмысы жұпыны, күнкөрісі төмен кедей екен. Бірақ оның атырапқа жүйріктігімен аты шыққан сәйгүлігі болыпты. Әлгі дүлдүл атқа патшаның да қатты қызыққаны соншалық, тіпті қазынасының тең жартысына айырбаста десе де, кедей байғұс ат тонын ала қашып, көнбей қойыпты. Атын сұратып келгендерге ол: – Бұл менің жай атым емес, ол – мен үшін дос. Досты сатуға бола ма екен?! – деп жолатпайтын көрінеді. Шал бір күні таңертең қараса, қорадағы аты ұшты- күйлі жоқ. Әне-міне дегенше жиналып қалған ауыл адам- дары: – Әй, шал, сен ақылыңнан алжасқан боларсың, сірә?! Әйтпесе әркімнің көзі түсе бастағаннан-ақ сол аттың жоғалатынын ертерек білсең болмас па еді?! Одан да патшаға сатқаныңда ғой, қалған өміріңде не ішем, не кием демей, балқып-шалқып өтер едің. Енді мынау отырысың, не ақшаң жоқ, не атың жоқ, – деп дүрсе қоя беріпті. Қарт ойланып: – Сендер шешім айтуға бұлай асықпаңдар, – депті. – Азар болса ат қана жоғалар, ар жағы не болатынын, неге апаратынын қайдан білесіңдер? Әрі-беріден кейін, сол аттың аяқ астынан жоғалғанының өзі не бақ, не сор 200
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208