Георгий Гулиа ОМАР ХАЙЯМ ТУРАЛЫ АҢЫЗ РОМАН Орыс тілінен аударған УƏЛИХАН ҚАЛИЖАНОВ ОҚЫРМАНДАРҒА Уақыт бəрін де өзгертеді: ол шөлдегі құйыннан да қуатты, онымен тіпті теңіздің ақ шулан толқындары да теңесе алмайды. Оның ерекшелігі: ешкімге көрінбей өз дегенін істейтіндігінде. Бүкіл əлем ұйқыға кеткенде, боран тыйылып, толқындар тыншығанда уақыт қана көз ілмейді, оның құдіретінің, күш-қуатының өзі осы тынымсыз тіршілігінде. Ол тіпті киелі құдайлар Зороастр, Заратуштра табынған
оттан да күшті. Барлық зұлымдық пен қараңғылықтың бастауы — Ахриман деседі. Мүмкін, уақыттың алапат күшінің бір сыры осында жатқан болар. Əрине, мұны ұғыну үшін, ең əуелі, отқа табынушы зороастриттердің жазбаларында айтылған мəселелердің бəрін еске түсіріп, ойланып алғанның терістігі жоқ. Уақыт үлкем қаланы күл етіп, көзге қораш мекенді көркейтіп, жаңғыртып жібереді. Мысалы, кезінде ғажайып қала атанған Пишапур мен жадау қала Нокан осындай күйге ұшырады. Соңғысы қазіргі Хорасанның астанасы — Мешхедке айналды. Ал алдыңғысы қарапайым ғана қала, оның бар қасиеті — Омар Хайямның бейітінің болуында. Егер мұнда осы бейіт болмаса, Нишапур не күйге ұшырар еді? Тіпті атақты көгілдір ақық өндірілетін кен көзінің өзі де оның атын шығара алмас еді. Бұдан кейін Рахмат Даштани мырза адам танымастай болып өзгеріпті деген сөзге таңдануға бола ма? Ол Парижге уыздай жас, арыстандай айбатты шағында кетіп еді, ал атамекен Нишапурға шал болып оралды. Ол байлық пен атақтан кенде емес-ті, ақылы мен білімі де ұшан-теңіз. Бірақ өз ғұмырын неге арнады? Немен атағы шықты? Не үшін білім жинақтады? Ата-анасынан қалған ақшаны неге жұмсады? Моштаг көшесінде тұратын көршілері болмаса, енді бұл сұрақтың басқалар үшін еш қызығы жоқ. Ол сауалдар енді тек Даштани мырзаның бəрін білгісі келіп тұратын əуесқой көршілерін ғана
қызықтырады. Мен Алиов пен Арк, Фирдоуси мен Даран көшелерін кезіп, қуықтай Map-Map жəне Чахар-рах көшелерін үш рет бойлап өтіп барып қана Моштаг көшесін əрең таптым. Үйінде қамалып отыратын тақуа Даштани мырзаны жұрттың бəрі біле бермейді. Оның жас шағын осы қалада өткізіп, білім алғанын, сонан соң Мешхед пен Тегранға барып оқуын жалғастырғанын естіген едім. Омар Хайям мемориалының бақылаушысы Асефи мырза да ол туралы өте қызықты əңгімелер айтып, онымен кездесуге кеңес берген-ді. Əрі Даштанидің кейбір таңданарлық қылықтары жөнінде де бірер сөз айтып қалған-ды. Оның ең негізгісі — үй күшіктігі. Жəне Омар Хайямға деген өлшеусіз махаббаты. Бірақ мына бұйығы адам мен өмірге іңкəр Хайям екеуіне ортақ не нəрсе екен деген ой еріксіз көңілге орала береді. Рахмат Даштани кезінде Тегеран университетін тастап Сорбоннаға түсіп еді. Парижде қырық жылдай тұрып, Хайям секілді ол да туған қаласына оралды. Мен, əйтеуір, Рахмат Даштаниді таптым-ау. Рештік əзербайжан қызметші əйел менің шала-шарпы əзербайжанша сөзіме жібігендей болды. Оған Даштани мырзаны көрмей кетпейтінімді айттым. Артынша үй иесінің өзі де көрінді. Ол ұзын бойлы, арық, ақ шашты, үлкен қара көзді кісі болып шықты. Бір киерін киіп жасанып алыпты.
Үстінде аппақ көйлек, сəнді галстук, тропикаль деп аталатын матадан тігілген сұр костюм. Ол жіңішке тарамыс қолын ұсынып амандасты да, терезесі темірмен торланған шағын қонақ бөлмесіне əкелді. Сол сəт таза орыс тілінде сөйлеп кетті. Менде де өзімнің Нишапур туралы, Омар Хайям туралы, оның ғылыми трактаттары мен поэзиясы туралы не ойлайтындығымды бүкпесіз жайып салдым. Қызметші əйел бізге шай əкелді. – Асығыс емессіз бе?—деп сұрады менен Даштани мырза – Егер əңгіме Хайям туралы болса уақытпен санаспаймын, – дедім мен. – Сіз ол туралы көп кітап оқыдыңыз ба? Даштани мырзаға əлемде ол туралы не жазылса соның бəрін (сол минуттағы еріксіз айтылған əсірелей ғой) оқыдым дедім. Ол езу тартты.
Ендеше,— деді ол,— мен кітаптар туралы айтпаймын. Одан да ескі қолжазбаларда сақталған жəне халық аузынан жинағандарым туралы айтып берейін. Мүмкін мұның бəрінің бір керегі болар. Шынымды айтсам, төбем көкке бір елі жетпей қалды: іздегенім нақ осы емес пе? —Біріншіден,— деді ақырын ғана Даштани мырза.— Омар Хайям — Адам.— Бұл сөзден кейін ол біраз уақыт үнсіз қалды. Осы бір қарапайым пікір жайдан-жай айтыла салмаған сияқты. Мен сөзге ықыластана құлақ қойдым. — Оны мүлдем шарап ішпейтін тақуа, не өткен ғасырдағы француз романдарындағыдай сері етіп те көрсетудің қажеті жоқ. Ол — өзіміз секілді жан: тоңды, ашықты, кейде жағасы жайлау болып жайлы өмір сүрді, көп ойлады жəне көп жұмыс істеді. Сүюге де уақыт тапты. Кімді дейсіз ғой?.. Мен былай деп айтар едім: жалпы Адамзатты. Мүмкін, сіз: ол əйелді сүйді ме деп сұрарсыз. Мен сізге: иə, жəне өте ынтызар болып сүйді дер едім. Оның растығына менің əңгімемді тыңдай отырып көзіңіз жетеді. Жиырма жеті жасында Хайям, яғни шатыр тігуші деген атпен танылған Омар Ибрахимұлы, белгілі ғалым жəне сындарлы азамат-тын. Ол осылайша əңгімесін бастады. Мен оның айтқандарының ең қажетті деген жерлерін конспект
түрінде жазуға кірістім. Тегеранға барғасын «Парк отелде» қағазға түсіргендерімді жəне еске сақтағандарымды жүйелеп кеңейтіп жазбақпын. Біздің əңгімеміз кешке дейін созылды. Бірақ аяқталмады. Ертесіне таңертең қайтадан Даштани мырзаға жолықтым. Біз тағы да ұзақ, тым ұзақ əңгімелестік. Анығырақ айтқанда, мен тек ара-тұра сұрақ қойып, оны тыңдай бердім... Уақыттан да, ішілген шайдың есебінен де жаңылдым... Бұл кітап белгілі бір жайда Рахмат Даштанидің əңгімесі жүйесі бойынша жазылады. Оған өз алғысымды айтамын, алда-жалда əңгіменің кемшілігі бар болса, оны Рахмат Даштани мырзаға аудармаймын. Бұл кемшіліктер — менің кемшіліктерім, оның барлық жауапкершілігін өз мойныма аламын. Кімде-кім Иранның ұлы ақыны əрі ғалымының өмірбаянымен таныс болса, оның өмірінің соншама мазмұнды болуына қарамастан, нақты деректері аз екендігін жақсы біледі. Осында баяндалатын бір ай, 1092 жылдық Исфаханда өткен бір ғана айы, май айы осыны дəлелдейтін секілді. Нишапур. Май, 1973 жыл. Г. Г. 1. Мұнда Исфаханда, Омар Хайям үйі жанында болған бір оқиға баяндалады
Тарс жабылған қақпаны біреудің не таспен, не жұдырықпен қойғылап тұрғаны айдан анық еді. Əйтеуір, оның бір қатты нəрсе екенінде күмəн жоқ-ты. Үй иелерінің шақырусыз келген қонаққа есік ашуға асықпаған сыңайы бар, əлі күйбеңдеп жүр. Оны топсасымен жұлып ашу ғана қалған секілді. Есіктің топсасы енді болмаса сынып кеткелі тұр. Еңгезердей апайтөс жас жігіт есікті сындырып кіруге бекем бел байлағанға ұқсайды. Ол осы келісінде неге болса да бас тіккен жанға ұқсайды. Сол сəт қақпа ашылды да, артынша: — Кім бұл?— деген дөкір дауыс шықты. — Оны қайтесің,— деді ол жауап орнына.— Одан да өзіңнің кім екеніңді айт. Есікші — бұл, шынында да, есікші екен — далаға шықты. Тығыншықтай эфиоп-құлдық үстінде өңделмеген арзан матадан тігілген көгілдір шапан бар. Оның беті де, қолы да қап-қара. Тек қана алақаны аппақ, дəлірек айтсақ, күлгін еді. — Менің есімім — Ахмет,— деді есікші бүйірін таянып. Жас жігіт мысқылдай езу тартты. Сонан соң: — Сенін орның осында ма, əлде анда, үйде ме?— деп сұрады. — Осында,— деп жауап қатты есікші. — Маған сенің қожаң керек. Оның аты-жөнін де білемін, Омар ибн
Ибрахим. — Білсең қайтейін?.. — Оны ғұлама деседі. — Сен бəрін білетін болып шықтың ғой?.. — Білмегенде ше, əлде мені түк білмейтін кеще біреу деп пе едің. Эфиоптың үлкен көздері жалт ете қалды, əрі байқасын дегендей өзінің таға жасайтын темірді де иіп жіберетіндей əлеуетті қолын көрсетіп қойды. Бірақ эфиоптың қолы ашулы келімсекке соншалықты əсер ете қойған жоқ. — Бұл жерде ақшаның қандай қатысы бар? Қатысы болғанда қандай, сенің қожаң менің сүйкімді қызымды алтын-күміспен алдаусыратып торға түсірді ғой. Жағдайың қиын екен,— деді Ахмет шімірікпей. - Е, неге? Тірі көңілден өлі темірді артық көрген əйелден не опа, не қайыр? — Жалған! Ол оны сатып алды, арсыздықпен сатып алды. Оның осында екеніне сенімдімісің?—деп сұрады Ахмет. — Иə! – Мүмкін, сен оның атын да білетін шығарсың? — Білмегенде ше! Есімі — Эльпи. Оны Кипрде ұрлап əкетіп,
алдаумен осында жеткізді. Ол Эльпиді сатып алды!—Жас жігіт жұдырығын түйіп кіжінді.— Қалтасы қалыңның қолына қағу жоқ деп, білгеніңді істей беруге бола ма екен?! Эфиоп «қазына» мен «қағу жоқ» деген ұғымдарды басқаша түсінеді. Бұл жөнінде ол фəлсəфə соғуға да Cap. Тіпті табалап қуанудан да қашпайтын секілді. Неменеге Эльпи деп елпектей береді?! Ахметтің өзі ше? Немене, сонда бұның Эльпиден жаман болғаны ма? Ахметтің өзін де Бағдат базарынан сатып алды емес пе? Өз тағдырына налыса тек Ахмет қана налысын! Ал Эльпиге не жорық? Жылы төсегі салулы, құмыра толы шербеті алдында тұрады. Хорасанның хош иісті суларын былай қойғанда, арабияның майлары мен бағдаттың иіс сулары жəне бар. Енді оған не жетпейді? Көсіле жатып қожаңның көңілің таба бер!.. — Не дейсің?!—деп шырылдады мəжнүн байғұс.— Сен бақытсыз бейбақ оған бəрібір деп ойлайсың ба?! Əлде ол сүйе білмей ме? Сонда сеніңше, ол жансыз зат болғаны ғой? Эфиоп балшықтан соғылған дуалға иығын тіреді. Қолын кеудесіне айқастырып алып, ғашық жігітке, бір жағы, мүсіркей, бір жағы, жаратпай қарап қояды: оның мына сандырағын тыңдау күлкілі-ақ. — Неғылған жаны нəзік қатын еді! Одан да Эльпидің Хайям мырзаға кез қылғаны үшін Аллаға алғысын айтсын. — Алғыс айтсын?!—деді мəжнүннің зығырданы қайнап.— Не үшін? Өзінің махаббатын сатып алғаны үшін бе? Mүмкін, оның құшағында
жатып, ол мені ойламайтын шығар?.. Мүмкін... Эфиоп оның сөзін бөліп жіберді. — Жарар... Айтпақшы, атыңды сұрамаппын ғой! — Оның не қажеті бола қалды? — Білгеннің не айыбы бар? — Хұсейін делік! — Былай, Хұсейін. Əлемде үш ұлы жұмбақ бар. Мен оны жақсы білемін. Олардың шешуін табу да оңай емес. Оның бірі өлім жұмбағы; екіншісі — ғарыш жұмбағы; ал үшіншісі əйелдің қарғыс атқан махаббаты. Оны ешкім əлі шеше алған жоқ. Сен соны шешуге бекем бел байлаған тəріздісің. Абайла, тісіңді сындырып алын жүрме? Бұл оңай шағылатын жаңғақ емес. Хұсейін де қарысқан жерінен айрылмайтын қасқыр екен. Ол қалайда сүйгенін арбаушы арамзамен тілдесуге тиіс. Бұл оған да, өзіне де қажет. Эфиоп иегімен Хұсейіннің орамал-белбеуіне қыстырылған қанжарды нұсқап:
— Мəселені мына қанжардың ұшымен шешпексің ғой?— деп сұрады. — Мүмкін,— деп Хұсейін күңк етті. Ахмет шақырусыз келіп алып, дікіңдеп тұрған желауыз жігітті қуғысы-ақ келген. Əрі өзінің де қолы қышып шатақ іздеп тұрғаны. Бірақ Хұсейіннің күші басым екенін байқап, сескеніңкірейді. Сондай-ақ оны Омар ибн Ибрахимнің: «Адаммен адамша сөйлес, қолыңнан келсе таласта қарсыласыңды иландыра біл, ал басқа амалың қалмаса оның сөзіне сен» деген ақыл-кеңесі тежеп еді. — Хұсейін,— деді Ахмет жылы ұшырай тіл қатып,— өз жолыңды тапсаңшы. — Қандай?!—Хұсейін жылан шағып алғандай шоршып түсті. — Жеңілдеуін. — Қайда сол жеңіл жолың? — Əйтеуір, бұл жерде емес! Хұсейін эфиопты басынан аяғына дейін бір сүзе шолып шықты. «Əлде аулаға жарып өтіп, қарсыласыммен сөйлессем бе екен?!»—деп ойлады ол. Бейшара Эльпиді сарай байларының бірі алып, көз жасын көл еткізіп қорлап жүрген шығар деген ойда-тын. Осы ой одан сайын жанын жеп, ашуын еселей түскен-ді. — Құдай тілеуіңді берсін, Ахмет, онымен сөйлесуге мұрсат бер...
Эфиоп басын шайқады. – Тек екі-ақ ауыз сөзім бар! Болмайды. Алыста тұрып-ақ бірер сөз айтсам болды... — Болмайды. Егер күш көрсетіп кірсем ше?!. – Қажеті қанша? Хұсейінніқ қаны қайнап, жарылардай боп тұр. Дəл осы сəтте ол өлтіруге де, таптауға да, қылқындыруға да. Əзір-тін. Иə, ештеңеден тайынбас еді... — Оны өзіме қайтарсын,— деді Хұсейін солғын дауыспен. — Əлгі Эльпиді ме? — Иə, соны. — Бірақ ол оны сатып алды ғой. Солай екенін сен де білесің ғой. — Бəрібір қайтарсын!!! Хұсейін сонау Бағдатта жүргенде қолға түсірген дамаск болатынан жасалған қанжарын қыса түсті. Эфиоптың шыдамы таусыла бастады. Оның үстіне күк көзі де күйдіріп барады. Əрі грек қызы Эльпиге ес-түссіз ғашық болған мəжнүнмен қақпа алдында қанша мылжыңдасып тұруға болады. Бірақ Ахмет қожасының кеңесін ұстанып, шыдамдылық жасап бақты.
— Хұсейін, егер мен саған жонымды бұрсам өкпелемейсің бе? — Неге? — Аулаға кіру үшін. — Өкпелемеспін, бірақ екі жауырыныңның ортасына əлденені қағып жіберермін. Хұсейін əзілдеп тұрған жоқ-ты. Ол қанжарын қынынан суырып алды. Эфиоп мына жанкешті жанға жауырынын тосудың қажетсіздігін ұқты. Ол: — Сен оны сонша сүйесің бе?!—деп таң қалды. — Өз өмірімнен де артық көремін,— деп мойындады мəжнүн. — Бəрібір мен сені аулаға кіргізбеймін! Хұсенін ашулана ақырып жіберді. Егер Омар ибн Ибрахимнің өзі көрінбегенде мұның арты немен тынары беймəлім еді. Омардың үстінде етегі жерге сүйретілген, қалың жібектен тігілген жасыл шапан. Тар ойықты аппақ пирахан мығым мойнын келісті көрсетеді. Қой көзді, жирен сақалды, қияқ мұртты жігіт ағасы. Қыр мұрнының үсті сəл дөңестеу. Ал кең маңайына шафранмен боялғандай солғын сəлде ораған. Иə дəл соның өзі. Хұсейін оны салған бетте таныды. Ахмет екеуінің ортасына тұра қалмақшы еді, Омар Хайям қызметшісін кері ысырды. Хұсейін азғырушының жасы өзінен екі есе үлкен, шамамен қырық-
қырық бес жастарда болар деп шамалады. Омар Хайям қарсыласының көзіне тіктеп қарады. Бейне бақталасына ақылға кел, сабаңа түс деп тұрғандай. — Дəл сен болатынсың!—деп Хұсейін гүр ете түсті... — Ғұмырымда сені көрген емен,— деді Омар Хайям. Оның даусы жай, салмақты шықты. Бірақ даусында шаршағандық табы бар сияқты. Ол қылаусыз шындықты айтып тұр еді: алпамсадай шаруа мен жұмысы басынан асып жатқан сарай əкімінің кездесуі неғайбыл ғой. — Ал базар ше?—деді Хұсейін тіс арасынан сыздықтатып.— Базарды есіне түсірсеңші. — Қайдағы базар? — Менің Эльпиімді сатып алған базарды айтамын. — Сенің Эльпиің?— Омар Хайям қызметшісіне таңдана көз тастап, одан: — Эльпи мына жас жігітке тиесілі ме еді?— деп сұрады. Ахмет қолын жайып, мырс етті. — Мəймөңкелеме,— деді Хұсейін.— Сен оның менікі екенін, оған сонау Бағдаттан ілесіп келе жатқанымды білдің, біле тұра көз сүздің. Əлде мені иісалмас біреу деп ойлайсың ба? — Жоқ,— деді Хайям сабырмен.— Мен ондай ойдан аулақпын. Ол бой жағынан Хұсейіннен де, қызметшісінен де сəл аласа-тын. Денесі едəуір мығым да, қимылы да жай, баяу.
— Мырза,— деді Ахмет,— мына жас жігіт сол қызға деген ессіз махаббаттан көр соқыр мəжнүн болдым деп отыр. — Бұл мəжнүн бəріне де бас тіккен!—деп дауыстап жіберді Хұсейін. «Ол қазір қожайынға тарпа бас салады» деп ойлады Ахмет. — Мен мəжнүн жайын ұғуға бармын,— деді Хайям Хұсейінге.— Сенің жайыңды түсіне аламын. Егер сен шын мəжнүн болсаң, егер махаббатты қастерлесең, онда өзіңнің бауырыңды да түсінуге тиіссің. – Қайдағы бауырды айтып тұрсың?—деп күңк етті Хұсейін. — Мені. Кімді? Сені ме? — Иə, мені, Омар Хайямды. — Ол ненің ақысы? — Мүмкін, мен де мəжнүн шығармын?.. Мүмкін, мен де Эльпиді сүйетін болармын? Жəне сенен кем сүймесем ше?.. — Мен саған сенбеймін. — Онда Эльпиді сатып алып нем бар еді? Тəңір жарылқағыр, өзің айтшы, неге? Тұтқын əйел ұстау үшін бе? Хайям Хұсейіннің иығына қолын салып, түсінікті етіп: — Азамат бол. Махаббат дауы ұрыс-төбелеспен шешіле ме?—деді.— Қазір маған қанжарды сұғып алуыңа да болады, бірақ одан не қайыр? Мен саған басқа бір жолын айтайын. Мəжнүнге де, жалпы адамға да
лайығы сол болар. Хұсейін үндемеді. Ол қара бұлттай түйіліп тұра берді. — Менің ұсынысым тым қарапайым. Сен Эльпимен сөйлес, кіммен боларын өзі шешсін. — Сен, əрине, істің өз пайдаңа шешілетініне сенімдісің ғой... — Мен бе?—деп таңданып қалды Омар.— Сенімім сенікінен артық емес. Əйелге бір түн деген не?.. — Оның мəні аз емес,— деп Хұсейін қырылдай сөйледі. — Атап айтқанда, қандай мəні бар? — Ол бір түнде-ақ ес-түссіз сүюі мүмкін. — Немесе мүлдем жек көріп кетуі де мүмкін ғой,— деп Хайям қарсылық білдірді...— Сөйтіп, онымен жеке сөйлескенің жөн. Оның да жан-сезімі бар емес пе. Сұралық. Таңдау реті сонда болсын... Хұсейін мырс етті. Өзін күштеп күлді. Өйткені дəл қазір оған күлкінің аулы алыс еді. Жалпақ дуал ішінде əсем Эльпи болса, сол қарғыс атқан дуалдың сыртында Хұсейін тұрса, күлкі оның не теңі? Одан да сүйгенінен айырған азғырушыға қанжар сұққан жеңіл емес пе? Сонда Эльпи кімді таңдаймын деп бас қатырмас еді. Хайям сөзін одан əрі жалғастырды. Жоқ, ол мына қарулы мəжнүннен сескеніп тұрған жоқ. Тек адамдардың бір-біріне жұдырық ала жүгіргеннен гөрі, бірін-бірі сөзбен иландырғаны жөн екенін
түсіндіргісі келеді. Maхаббат əркез екі жақты: ол оны сүйсе, ол да бұны сүйеді. Əйел — бұл істе басты тұлға, одан махаббаттың барлық машақаты тарайды. Сондықтан əйел шешімін күткеннің қандай сөкеттігі бар? Неге оның пікірін білмеске. Сүйе ме, сүймей ме? Ол кімді қалайды? Мұның ешқандай тосындығы мен өрескелдігі болмас? «Ол өзіне əбден сенімді,— деп ойлады Хұсейін қанжарын қыса ұстап. — Не ол қызды ақшамен қызықтырды, не болмаса басын жадылады. Əйтпесе маған соншама ынтызар Эльпи аяқ астынан өзгере қалар ма еді?!.» — Сөзіме құлақ сал, Хұсейін,— деп Хайям өз ойын əрі қарай жалғастырды.— Мен сенің сезіміңнің шынайылығына сенемін, Эльпи сені таңдауы да мүмкін, бірақ мен оны сатып алдым. Оның қожасына бір уыс динар бердім. Əрине, ол текке шашылып жатқан алтын емес- тін. Əрі менің қалтамды теспес еді. Мен Эльпиге қайырымдылық жасадым ғой деп ойладым. Ал сен жайлы білсем бұйырмасын... Алла атымен ант етемін. Хұсейін ұнжырғасы түсіп тыңдап отыр, бірақ ойынан Эльпи шығар емес... Хайям уақытты бағдарлау үшін, аспанға қарады. Күн едəуір көтеріліпті — обсерваторияға баратын мезгіл де болған екен. Бірақ ол мына мəжнүнмен шыдамдылықпен сөйлесуге мəжбүр. Өйткені
махаббаттың аты — махаббат, жəне кімнің махаббаты болса да оған шыбынды жасқағандай қол сілтей салуға болмайды. Мəжнүн шектен шығып дөрекілік көрсетіп, доң-айбат жасаса да шыдаған жөн. Хайям нəзік те əсем Эльпиді ойлады, сол минут басына ол мені емес, Хұсейінді қаласа не болмақ деген ой келді. Қоштаспақ па? Сөйтеді де. Өмірдің өзі кездесулер мен қоштасулардан, қуаныш пен қайғыдан тұрса не шара?! Барлығына да əзір болған жөн! Мына тірлік кімге опа берген дейсің. Тіпті ұлы Жəмшит пен Фаридун да өздеріне тиесілі уақыттан артық ғұмыр кеше алды ма? Ендеше, қарапайым пенденің үміт артар не жайы бар? Егер солай болуға жазса, жүрегі қаншама қан жыласа да Эльпимен қоштасады да. Өмірдегі ең сұмдық нəрсе бұл емес. Жəне бұл жүрек бүгін ғана емес, əлі талай езілер-ақ. — Базарда оны қалай таңдағаныңды көргенмін,— деді Хұсейін. — Иə, таңдадым. — Сондықтан да бұл махаббат емес. Өйтіп атты да таңдауға болады. — Мүмкін. Бірақ мен оны дəл сол базарда сүйіп қалдым. Оның бір мес қарын жексұрынның үлесіне тимеуін тіледім. Маған қызметші əйел керек еді. Сондай қажет-тін... Хұсейін оны: — Қызметші емес, ашына десеңші,— деп түзетті. — Ал мен оған үйленбекші едім.
— Шын айтып тұрсың ба?—деп сұрады Хайям. — Алла атымен ант етемін! Хайям қолын нəшпен қозғап сақалын сипады да, терең күрсінді, өлермен мəжнүнге — Хұсейінге жаны аши қарады. Сонан соң: — Эльпи екі еркекке бірдей тиесілі бола алмайды. Мен ол үшін алтын төледім, ал сен оны жүрек қанымен өтемексің. Мақтарлық-ақ қасиет! Мұндай жағдайда саған берер бір ғана көмегім бар... Хұсейін тағатсызданып: — Қандай?— деп сұрады. Ахмет əлдеқандай жағдай болады деген оймен Хұсейінге жақын келіп тұрды. Хайям мырзаға қол көтергендей болса, қақпайлап қалмақ ойы бар. Омар ибн Ибрахим өз ұсынысын қысқа əрі нұсқа əділ сөзбен қайырды. Сол сөзге құлақ түрелік. — Осы уақытқа дейін мен сені білмесем, сен мені білмейтінсің. Екеуміздің арамызда жауласу болған жоқ, сондықтан саналы түрде сені қорлауым мүмкін емес. Мен кипрлік тұтқын қызды заңды түрде сатып алдым. Мен болмасам, сол бағаға басқа біреу алып кетер еді. Енді сенің де одан дəмелі екенің анықталып отыр. Меніңше, мұның заңсыздық тəрізді, бірақ махаббат əркез заңмен сыйыса бермейді. Сондықтан да күн ұясына қонысымен осында кел, күтемін. Саған Эльпимен тілдесуге
мүмкіндік жасалады. Тіпті оңаша қалдырамын. Əрине, егер қыз тілегі солай болса ғана. Өз кесімін өзі айтсын. Əрі ол не десе сол болады деп ант беруге əзірмін... Осыным əділдік болар...— Хайям үнсіз қалды. Сонан соң:— Бұған не дейсің, Хұсейін?— деп сұрады. Жас жігіт əлі түксиіп тұр. Қолы қынабындағы қанжарын сығымдай түседі, қажет болса қазір суырып алуға дайын. Омар ибн Ибрахим: — Менің өлімімнен саған келер пəлендей пайда жоқ, Хұсейін. Сөзіме илан. Саған ойға келе бермейтін бір ақыл берейін. Бар да суық су іш, сосын, ибн Синаның кітабын оқы, оны қазір Ахмет əкеліп береді. Ал кешке маған келерсің. Сөйдеді де Хайям жөніне кетті. — Естідің бе?— деді мəжнүнге Ахмет. Бірақ мəжнүн ештеңе еститін халде емес-тін: өйткені ол мəжнүн — нағыз мəжнүн ғой. 2. Мұнда Исфахан обсерваториясы туралы əңгімеленеді Исфахандағы Омар ибн Хайям жұмыс істейтін обсерватория ұлы мəртебелі Мəлік шахтың бұйрығы бойынша тұрғызылған еді. Бірақ оның шын мəніндегі салдырушысы — бас уəзір Низам əл-Мүлік болатын. Омар Хайямды бар болғаны жиырма жеті жасында көзі шалған кім? Низам əл-Мүлік. Ол кезде Омар Хайям қайда еді? Бұхара мен
Самарқанттатын. Исфахандық жас ғалымды көп ішінен жазбай тану оңай болды ма? Ол үшін көреген жəне ақылды болу жеткілікті ме? Əрине, жоқ. Мəртебелі мырзаның ақылы дария еді, жанары алысты көретін, құлағы ұланғайыр патшалықтың басқалар естімейтін сыбдырына түрік-тін. Омар Хайям жайлы ұлы мəртебелі шахқа жеткізген кім? Жас ғалымды сарайға шақыруға кеңес берген кім? Бас уəзір. Əсем ай астындағы ең озық обсерваторияны салу жөнінде кім ой тастады? Бас уəзір. «Бізге ұлы мəртебелінің атымен аталатын жаңа календарь керек» деген кім? Бас уəзір. Мəлік шах — ұлы адам, бірақ əрбір патшаға дана кеңесші керек. Əлде бас уəзір ондай адам емес пе? Дəл сондай жан. Сондықтан уəзір сөзіне ұлы мəртебелі əрдайым құлақ асады. Ақылды тыңдай білу жəне оны құптау да өнер емес пе? Билеушінің шынайы ақылдылығының өзі осында жатқан жоқ па? Ұлы мəртебелі мен бас уəзір — бүтін бір дүние. Бірі ақыл қосады, екіншісі бұйрық береді. Мемлекеттік істерді бірлесіп атқарады. Екеуі əркез ынтымақтас. Бірақ бұдан ұлы мəртебелі тақсырдың мінезі бас уəзірге ұқсас деген ой тумаса керек. Бас уəзір — біршама тақуалау жан, оң қолы əркез құран үстінде, сол қолы жүрек тұсында, көзі ұлы мəртебелінің əр қимылын бағады, сергек сезімі тақсырдың көңіл-күйін үнсіз ұғады. Ұлы мəртебелі сұлтан уəзірге риза. Оның қабілетіне, ақыл-ойы, күш-
қуатына сенеді. Тек осы жағдайда ғана мына ғажайып обсерватория дүниеге келетін еді. Мұндай ғимарат қайда бар? Үндістанда ма? Қытайда ма? Александрияда ма? Афины мен Римде ме? Мұндай обсерватория тіпті ұлы ғалымдар қаласы саналатын Самарқантта да жоқ. Обсерватория дөңгелек базальтты мықты іргетасқа орнатылған. Іргетас үстінде бірнеше қабатты биік қабырға бар. Шатыры жалпақ, ливан жаңғақ ағашының діңгектері осы шеңбері он бес кез кірпіш мұнараны ұстап тұр. Дөп-дөңгелек жалпақ шатырда əр түрлі астрономиялық құралдар: квадранттар, астролябия, үлкен армилярлық жүйе жəне басқалар бар. Олардың кейбірі Самарқанттың, Хорасанның жəне Исфаханның зергер шеберлерінің қолдарынан шыққан, кейбірін Омар Хайямның жақын көмекшілері мен қызметшілері жасаған. Мəселен, кезінде Архимед пен Птоломей пайдаланған аспаппен бірдей армилярлық жүйені мыс пен латуннан Əбурахман Хазини мен Əбу-Хатам Мұзаффари Исфизари жасады. Омар Хайям аспаптарға əсіресе астролябияға дəн риза. Белдеуге мықты темір шынжырлармен ілінгендіктен олар, бір жағынан, тамаша салмақ анықтағыш болса, екінші жағынан, жарық сəулесінің көтерілу бұрышын, эклиптиканың көлбеуін есептеуге септігін тигізеді. Алидада окулярлары — Омар Хайямның көріп
жүргендерінің ішіндегі ең оңдысы. Мұнараның дөңгелек алаңы бірыңғай сызықтармен үш жүз алпыс градусқа бөлінген, əрбір градус алпыс минутқа бөлінгенде, ол сызықтар алидадалық окулярда ап-айқын көрінеді. Обсерваторняның негізгі жалпақ шеңбері, анығырақ айтқанда, жоғарғы дөңгелек алаңы, Исфахан меридианына туралап қойылған болатын, ол есептеу кезінде ноль градусқа теңгерілетін. Ойдағы көкжиек кеңістігі жəне одан басталатын санақ алидадалық осьтің туралығымен жəне бағдарлаушының қолы арқылы қамтамасыз етіледі. Төменгі қабатта жұмыс жəне жатын бөлмелер орналасқан. Сұқбат, демалыс бөлмелері де осында. Бірінші қабатта, ең салқын жерде, тамақ ішуге болады. Ол ас үймен жалғасып жатыр. Ал ең үстіңгі қабатта жеңіл əрі жатуға ыңғайлы жиналмалы төсек барын естен шығармаған жөн. Олар түнде жұлдызды аспанды қарайтын астрономдар үшін қойылған. Обсерватория кірпіштен соғылған дуалмен қоршалған, ал кіре берісінде күзетші үйі бар. Бір сөзбен айтқанда, Омар Хайям мен оның əріптестерінің өздеріне дейін жəне
сол тұста салынған обсерваториялардың ішіндегі ең таңдаулысы осы обсервторияға еш өкпелері жоқ-тын. Обсерваторияның бас ғалымы бесеу еді — олар əр тəулік сайын кезекпе-кезек кезекшілік ететін. Олар мыналар: Омар Хайям, Əбурахман Хазини, Əбу-л-Аббас Лоукари, Əбу-хатам Мұзаффари Исфизари жəне Меймуни Васети. Олардың жастары шамалас-тын, əрі жұмыстарын бірге бастаған-ды. Алла жазса соңғы күндеріне дейін бірге қызмет істеп, аспан əлемін зерттеуді мұрат етеді. Көмекшілері арасында қабілетті исфахандық жастар да бар — жалпы саны он адам. Бас уəзірдің бұйрығымен обсерваторияға қағаздың ең таңдаулы түрі —«самарқанди» қағазы бөлінді. Сия да сапалы, ғалымдарға қажет əрбір құрал олардың талабы бойынша дер кезінде жеткізіліп тұрады. Обсерватория үстінен қала да, күн əбден күйдіріп, ертектерде айтылатын жануарлардың сойдиған тістеріндей жалаңаштанған тау сілемдері де алақандағыдай көрінеді. Исфахан алқабы қасиетті Зайендеруд өзенінің арқасында өлі, сап-сары шел арасында тіршіліктің жасыл бағына оранып тұр. Осы обсерваторияға əр күн сайын таңертең Омар Хайям келеді.
Зайендеруд үстіндегі кірпіштен өрілген көпірден өткенде өзеннің көгілдір ағысына бір минут көз салып, адамзаттың бас-аяғы жоқ шексіз ғұмырының көз ілеспес жылдамдығын ойлап тұрып қалады... 3. Мұнда параллель деп аталатын сызықтар жөнінде əңгімеленеді Таңғы таза ауамен тыныстап сергіп келген, əрі достарының шат жүзін көрген Омар Хайям обсерваторияға қуанышты жүзбен жарқылдап, жадырап кірді. Дегенмен кең иықты, ептеп тола бастаған, шашы едəуір жұқарған, қоңыр көзді Меймуни Васетидің жүзі бозаң, шаршаңқы көрінді. Олай болатын реті де бар. Өйткені осы түнді ол мұнара үстінде өткізді. Аспанды мұқият қадағалап, ондағы əрбір жаңа құбылысты «Аспан кеңістігінің тəуліктік өзгерістері» деп аталатын ерекше кітапқа тіркеумен болды. — Мені құттықтап қойыңдар,— деп, Омар Хайям шекпенін жерге атып ұрды. Ұзын бойлы, арық, дөңес мұрын, қара торы жүзді Исфизари Хайям мырзаның тиімді сауда жасағанын білетін. Ол басын сəл ғана иіп, кəнігі сүр бойдаққа табыс тіледі. Омар Хайям бұған ренжіген сыңай танытты. — Неге «кəнігі сұр бойдақ» дейсің? — Кімде-кім қырық төртінде үйленбесе, алпыс жасында да үйленбек
емес. — Оныңа қосылмаймын. Сен, Əбу-Хатам, менің анық, айқын деректерді жарататынымды білесің ғой. Неге мені кəнігі сүр бойдақ дейсің, ашып айтшы? Исфизари достарына бұрылып: — Егер менікі дұрыс болмаса, мыналар тоқтамын айтсын,— деді. — Мейлі,— деп келісе кетті Омар Хайям. Меймуни Васети түні бойы жұлдыздар қозғалысын бағып еді. Оның назары бір шоқжұлдыздан екіншісіне ауды. Ал Егіздер шоқжұлдызында ол бұрын болмаған жəне ешкім суреттемеген жарық пайда болғанына назар аударды. Осы таңда оның ойын Хайям мырзаның бойдақтық өмірінің мəселелерінен гөрі маңыздырақ істер бөліп тұрған-ды. Ол ер адамның жұбайлық өмірдің қамытын қашан киетінін əлі ешкім дөп басып айта алмайды деді. Сондықтан да бүгінгі «кəнігі» сүр бойдақ ертең «жайлы» үй иесі болуы мүмкін. Солай емес
пе? Мырзалар,— деді Исфизари,— біздің құрметті Хаям мырза үйіне ғажайып кипрлік рум қызын енгізіпті. Анығырақ айтсақ, құл базарынан сатып алды. Бірақ ескертіп қояйын: ол бар болғаны үй қызметшісі ғана.— Сөйдеді де мырс ете қалды. — Естідіңдер ме?—деді Омар Хайям.— Бұл — қылаусыз шындық. Əрине, қызметші əйел! Жəне ертеректегі əйелін үй бибісі деп атайтын ескілік ұғыммен шатастырып алмауларыңды өтінемін. Əйткенмен де қазір көңіл-күйім жақсы жəне бұндай сəттердің менің өмірімде сирек болатыны өздеріңе мəлім ғой. Сендер: «Көңіл-күйіңнің жақсы болуының сыры неде?»—деп сұрамақсыңдар ғой. Солай емес пе? — Оның рас,— деп қостады Лоукари.— Өзіміздің жолдасымыз əрі ұстазымыз жөнінде мүмкіндігінше көбірек білгіміз келеді. Лоукари — сөзге сараң, тарамыс денелі адам. Түрі де, болмысы да нағыз ғалымға сай. Түнді аспанға, жарық жұлдыздарға қарап өткізгеннен артық не бар? Алайда кітапханада отырып кітап оқыған да тамаша-ау! Əбу-л- Аббас Лоукаридің бар қызығы — кітаптар мен аспан кеңістігі. Жақында ғана жасы қырық үшке келді. — Мақұл,— деді Хайям.— Қуанышымның себебін сендерден жасырмай-ақ қояйын. Ол əріптестерінің жүздеріне асықпай көз жүгіртіп қарап шықты.— Сендердің дəл қазір мен туралы не
ойлағандарыңды жəне іштей не деп отырғандарыңды сеземін. Олай емес десеңдер де, ол сөз мен үшін белгілі.— Хайям көзін сығырайтып, бүйірін таянды.— Сендер іштей «əйел» дедіңдер, анық қуанышының себебі — əйел деп ойладыңдар. Ол енді мыналар ар жағын айтсаңшы деп өтініш етсін дегендей үнсіз қалды. Бірақ бəрі инабаттылық сақтап үнсіз тұр. Осы бір тəрбиелі жандар əрдайым сабыр сақтай біледі... Хайям қолын бір сілтеді. Сосын сөйлеп кетті. — Əйел — өз алдына. Əйелді неғұрлым қымбат бағаға сатып алсаң, əрі ол біреудің күншілдігі мен қызғанышын қоздырса, сөзсіз қуанасың. Бірақ қазір мен əйелдер туралы айтпаймын. Мен түні бойы əр түрлі сызықтар, оның ішінде параллель сызықтар туралы ойланып шықтым. Иə, иə! — Тізе бүксек қайтеді?—деді Васети. Шынында да, неге бірге отырып асықпай кеңеспеске? Əйтпесе, жүре сөйлескен сөздің жүйесі болмайды... — Ендеше, сендерді жуық арада жібере қоймаспын,— деді Хайям байыппен.— Иə, иə! Өйткені осы бір параллель сызықтар, ғажайып сызықтар — он бес жылдан бері менің ойымнан шықпай жүр. Бұған қоса айтарым, ол сызықтар — құпия сызықтар. Алайда бұл сендерден
гөрі өзіме қажеттірек. Əлбетте, ол туралы сендер менен кем хабардар емессіңдер. Міне, қуанышымның басты себепшілері — сол сызықтар. Алла атымен ант етемін! Ғалымдар кілемге жайғасты. Ал Меймуни Васети екі-үш жастықты жастана отырды, түні бойы көз ілмегені көрініп тұр. — Əңгімені ең қарапайым нəрседен,— деді Хайям,— ұлы мəртебелі Евклидтің бесінші постулатынан басталық... Сөйдеді де ол үндемей қалды. Өзгелер де үнсіз. Олар Омар Хайям сөзін одан əрі жалғастырып, ойын аяқтар деп ойлаған... Ал ол: — Бесінші постулат кімнің есінде бар?—деп сұрады. Васети есіне түсіріп көрмекші болып еді, бірақ ортасына келгенде мүдіріп қалды. Лоукари де алғашқы сөйлемнен аса алмады. Хазини Хайямға: — Бізді несіне қинайсың. Өзің-ақ жатқа айта салсаң болмай ма?— деді. Шынында, Омар Хайямның есте сақтау қабілеті ғажап-тын: кез келген тексті көзбен шолып өтсе болды, оны ай немесе жыл өткен соң қаз-қалпында сөзбе-сөз қайталап беретін. Кейде Хайям өзінің осы қасиетін сəл-пəл мақтаныш та ететін. — Ендеше, тыңдаңдар,— деді де, ол Евклидті араб тілінде (Каирде жазылған кітаптан) сөзбе-сөз қайталады: «Егер бір түзу екі түзуді
қиып өтіп, олармен қосындысы екі тік бұрыштан кем болатын тұстас ішкі бұрыштар жасайтын болса, онда ол екі түзу созған кезде міндетті түрде өзара қиылысады». — Ал,— деді Хазини.— Сосын қалай? — Содан кейін бе? Ар жағы мейлінше күрделі. Он бес жылдай бұрын... Жоқ, одан да ертерек, анда Самарқантта жүргенде мен осы есепті шығара бастап едім... — Қандай есепті?—деп сұрады Васети. — Евклидтің бесінші постулаты демедім бе... — Оны шығарудың не қажеті бар?.. Постулаттың аты — постулат. Оның: шөпті жасыл, құмды сұр деп дəлелдегенмен бірдей. – Олай ғана емес,— деп қарсылық білдірді Хайям.— Сен, Меймуни, осы постулатты теорема ретінде қарастырып, оны дəлелдеуге тырысқандардың бəрі ақымақ деп ойлаймысың? Васети: Онда Евклид өз постулатын қажетсіз жерге қыстырған деп шамалау керек қой,— деді. – Иə, бəлкім, солай да болар. Ғалымдар бір-біріне қарасты. Омардың бұнысы несі„ Евклидтің қатесін шығармақ па? Евклидті қаз-қалпында қабылдау керек емес пе? Евклид — геометрия тəңірісі. Болған біткені — осы! Достар,— деді Хайям.— Ғылыммен адам шұғылданады. Ал қандай
ұлы адам болса да, адам болған соң қателеспей тұра алмайды. Сондықтан да мына шым-шытырық деп атауға болатын бесінші постулатты дəлелдеу тұрғысынан қарағанның несі айып? – Оның бір ғана жауабы бар!—деп, Васети маңдайын ысқылады.— Онда жаңа геометрия жасау керек қой. Ол міндетті нəрсе емес, Меймуни... Дəлелдеу — Евклид ілімің мойындау деген сөз... Мен Евклидтің: «барлық түзу сызықтардың бұрышы тең» немесе «шектелген түзуді түзулік бойымен соза беруге болады» деп жазғандарын түсінемін, ол ешқандай да дəлелдеуді қажет етпейді. Ол — айдан-анық нəрсе. Ал екі параллель сызықтардың жайы мүлдем басқа. Меймуни басын шайқады, сірə, бұнысы — түсіне алмадым дегені болар. Басқалары Хайямның айтқандарын ой елегінен өткізгендей үнсіз отыр. Хакім,— деді Исфизари Хайямды құрметтей сөйлеп, міне, мың жылдан астам уақыттан бері ғалымдар Евклидтің осы постулатын не мойындап, не жоққа шығара алмай таласып келеді. Бірақ əлі бір түйінді шешім жоқ!.. Мүмкін, енді бұл мəселе жөнінде бас ауыртпай-ақ даңқты гректің айтқандарына көне салған жөн болар. Ойды тоқырату үшін бе?—деп Хайям қысқа қайырды. Жоқ, неге олай болсын. Ой үшін кеңістік шексіз. Жəне оны
дамытудың жолдары көп. Хайям тостаққа құмырадан су құйды. Бір ұрттап, тостақты стол үстіне қойды. Хазини өзінін хакіммен келісетінін білдірді. Егер сол постулат миға мықтап сіңсе жəне ой қозғай берсе, онымен айналыспасқа болмайды. Тіпті нəтижесіздіктің өзін нəтиже санаған жөн. Мейлі, ғалымдар оған мыңдаған жылдарға созылған уақытын сарп етсін. Мың бірінші жылы, əйтеуір, біреу ақиқатты ашар. Жəне ол сондай қарапайым болуы да мүмкін. Егер ақиқат ашылса жақсы, ал ашылмаса ше?.. Хазини Васетиге қарады, онан соң Лоукариге көз тастады. Олардан дəйекті жауап күтетін сияқты. Əрине, олардың мақұлдауларын да күтеді. Хайям саусағымен столды тақылдатып, ойланып тұр, бірақ достарының бір сөзін қақас жібермейді. Олардың ақылын бағалайды, ойын ашық айтатын мінездерін ұнатады. Ғылыми шындық үшін қажет болса, олар тіпті əміршінің өзімен айтысуға əзір. Достары құрметті хакіммен де талай рет пікір жарыстырған. Хайям əлі үнсіз. — Егер тағы да сəтсіздікке ұшырасақ өзгелер ойлайтын болады,— деді Васети, жаңа əкелінген суға ернін тигізіп.— Адам ойы ешқашан тоқырамақ емес, ол мəңгілік дамып отырады. — Мəңгілік пе?— деді Хайям ойлы жүзбен.
— Иə, қымбатты хакім, мəңгі! — Онысы жақсы екен... Васети ақырын ғана күледі. Мəңгілік деген жақсы ғой? Бірақ мəңгілік дегеннің өзі не? Бір жыл ма, екі жыл немесе мыңдаған, мыңдаған жылдар болар? — Жоқ-ə,— деді Хайям.— Сендер мəңгілік дегеннің не екенін менен кем білмейсіңдер. Əлгі үнді аңызын əлі естен шығармаған боларсыңдар?.. Алмас бағанасы жөніндегі аңызды айтамын. — Əрине,— деді Лоукари. Васети де мақұлдап бас изеді. — Ғафу өтінемін,— деді Исфизари,— мен ұмытыппын... ол қандай алмас? Қандай бағана? — Сен шын айтып тұрсың ба?—деп сұрады Хайям. — Ойнап тұр дейсің бе? Менің де бір нəрсені ұмытуыма болатын шығар? Əлде болмай ма? Хайямға бұл аңыз ұнайтын жəне оны қайталаудан жалықпайтын. — Жə, қазір-ақ оны есіңе түсіресің,— деп сөзін жалғастырды Хайям. — Ол былай болыпты... Бір данагөйден: — Мəңгілік деген не?—деп сұраған екен. Ол: «Мен мəңгілік дегеннің не екенін білмеймін, бірақ мəңгіліктің қас-қағым сəтін көз алдыма елестете аламын»,— депті. Одан мəңгіліктің қас-қағым сəтінің мəнін түсіндіруді өтініпті. Ол: «Сіздер Айды көріп тұрсыздар ма? Енді айға
дейін жететін алмас бағанасын елестетіп көріңіздер. Ал одан кейін бағана басына қонақтаған құстың тұмсығын алмасқа тазалап жатқанын елестетіңіздер. Ол осылайша ептеп-ептеп бағананы жонбай ма, солай ғой?.. Сонымен,— деп данагөй сөзін жалғайды,— құс бағананы шоқып бітіріп, жерге қайта келіп қонғанға дейінгі аралықтағы уақыт мəңгіліктің қас-қағым сəті болады». — Ə, ə... бұл аңыз енді ғана есіме түсті,— деп қалды Исфизари.— Оны мен бала кезімде-ақ естігенмін. — Бала кезде көргендерің мен естігендерің ешқашан естен шықпайды,— деді Хайям.— Бірақ мен бұрыннан белгілі жайтты қайталап мазаңды алмаған болармын? Исфизари қазір тым салмақты еді, сондықтан да хакімнің сөзінде бір астар бар деп ойлаған жоқ. Ол: — О, мəңгілік, мəңгілік,— деп күрсінді. Хакім де оның даусына салып əзілдей сөйледі. — О, шексіздік, шексіздік!— деп күлді, онан соң қайтадан байыппен сөзін жалғады.— Меніңше, гректер шексіздік деген ұғымның абсолюттігін түсіне алмады. Яғни кейбір қашықтықтарды адыммен немесе керуен көшімен өлшеуге болмайды. Евклид грек еді жəне Грецияның ұлы, ұлы болғанда да нағыз \"лайықты ұлы-тын. Сондықтан да ол геометриялық шексіздік дегенді бірден қабылдай алатын ба еді.
Меніңше, өйте алмас еді,— деді Хайям, қолын стол үстіне салып.— Сол себепті де параллель сызықтар жөніндегі теоремасын постулаттар қатарына қосты. Тоқ етерін айтқанда, осы бір шым-шытырық, дəлелдеуі қиын ұғыммен, яки шексіздікпен айналысқысы келмеді. Меймуни Васети бар пейілімен сөзге құлақ түріп отыр. Ол: «Мұның бəрі қызықты, бірақ...»—деді. Хайям оған ары қарай не айтпақ едің дегендей сұраулы жүзбен қарады. — ...Бірақ,— деп сөзін жалғады Меймуни, оң қолының сұқ саусағымен ауаны сызғылап отырып,— бірақ мынадай сұрақ туады: біздің тұсымызда шексіздік ұғымы айқындалды ма? Хайям жауап беруге асыққан жоқ. Ол достарын аяғына дейін тыңдауға ұйғарды. Əрі мұндай күрделі іс асығыстықты көтере ме? «Шексіздік» деп айту оңай, ал геометриялық тұрғыдан оны қалай белгілеуге, көрсетуге болады? Яки тіпті гректердің өзі істей алмағанды қалай жүзеге асыру керек?.. Лоукари: — Егер мəселені осылай қойсақ, тағы бір мəселе туындайды,— деді. — Қандай?— Исфизари Лоукаридің не дейтінін тезірек білгісі келіп тағатсызданып отыр. Анау асығатын емес. Ақыры, ойын жинақтап: — Егер біз шексіздік деп аталатын нəрсені зерттеуден бас тартатын
болсақ, оны ұғына алмасақ, онда біз сол арқылы адамның жыл өткен сайын тереңдей, кеңи, жетіле түскен қабілетіне шек келтірген болар едік. — Оу, мен не естіп отырмын?!—деп дауыстап жіберді Хайям.— Бұл сөз — мен үшін балмен тең... Лоукари шабыттанып кетті. Ол өзі ойлаған заттың байыбына тереңірек бойлауға бел шешкендей қабағын түйіп, сөзін төмендегіше жалғастырды. — Параллель сызықтар жəне оның басты қасиеті — Евклид геометриясының түбірі. Ал бұл геометрия біздің əлем, қоршаған орта туралы түйсігімізге сай. Əлде біз жазықтың, нүкте, сызық дегендердің не екенін білмейміз бе? Біздің көзіміз, сөзіміз, сезіміміз, бүткіл ой- санамыз əлем жөніндегі ұғымымызды сол ұлы грек теориясымен үйлестіреді. Егер ғылым мен өмірдің танымдық мəні негізінен қайшы болмаса, онда оның қосалқы бөлшектері де дəлме-дəл келеді. Немесе, керісінше: қосалқы нəрселердің немесе жеке құбылыстардың дəлме- дəл келуі жалпы нəрселермен үндеседі. Мен өзімнің ойымды қаншалықты дəл, қаншалықты анық айтып тұрғанымды білмеймін, дегенмен... Хайям оның сөзін бөліп: — Ал менімше, сен мейлінше анық айтып отырсың, сондықтан да
шектен тыс ұяңдықтың қажеті жоқ,— деді. Исфизаридың ойы басқаша-тын. — Маған құрметті Лоукари айтқан пікірлердің кейбірі ұнамайды. — Мақұл, онда құлағым сізде,— деді Лоукари. — Біздің құрметті досымыз: «Егер ғылым мен өмірдің танымдық мəні...— деді. Лоукари: «Бұнда «өмір», «əлем» деген ұғымды білдіреді», — деп түсіндірмек болды. — Мейлі, солай-ақ болсын... «Егер олар басты мəселеде қайшы келмесе... Бұл — не деген сөз? Біріншіден, «əлемнің танымдық мəні» дегенді қалай түсінуге болады. Бұл — ақиқат па, əлде бізге солай көрінетін жай ма? — Ақиқат,— деп түзетті Лоукари. — Өте жақсы. Ары қарай... Екіншіден, «басты» жəне «қосалқы» деген сөздер де дəл емес. Бұл түсіндіруді қажет етеді, өйткені табиғатта ұқсас құбылыстар бола береді, бірақ олардың өзегі өзгеше. Лоукари қолын кеудесіне айқастырып, ойланып қалды. Əріптесін соңына дейін тыңдап алып, біршама үнсіз қалды, сосын, Омар Хайямға бұрылып: — Хакім, қысқа сұқбат кезінде жəне жан-жақты ойластырылмаған асығыс əңгіме үстінде ақиқат ашылмайды деген сөз бар. Сондықтан осы мəселе жайлы басқа бір уақытта кеңірек отырып əңгімелессек
қалай болар екен?— деді. Хакім оған: — Қандай да болмасын ғылыми талас пайдалы. Дегенмен əбден ойластырылған, алдын ала дайындалған əңгіменің өзіндік салмағы бар. Бірақ ой кейде зауза қоңыз тəрізді аяқ астынан жарқ ете қалады. Жəне мұндай ойлар көп жағдайда өте маңызды болады,— деді. Ғалымдар сол таңда осылай əңгіме-дүкен құрып еді. 4. Бұл тарау өткен тараудың жалғасы болып табылады Ғалымдар ұзақ əңгімелесті. Бұл түсінікті де еді: ой мен сана бір нəрсеге бөлінсе, уақыттың қалай өткені байқалмайды. Күн көзі биіктей түссе де, аптап ауа барған сайын үйдіріп алып бара жатса да, олар көрер де, елер де емес. Өйткені ой мен сана маңызды іспен шұғылданулы. Ал олай болмаған жағдайда күн қыздырып, уақыт та өтпей қояр еді. Бұл көне заманнан, тіпті Джамшид пен Фаридун секілді құдіретті патшалар дəуірлеген кезден бұрын да белгілі болатын. Аштық азабы — ыстықтан да қатты. Бірақ өз ісіне берілген адам аштықта да өлмейді. Мəселен, ұлы ибн Синаның өзі тəуліктеп тамақ та, су да ішпей жұмыс істей береді екен деседі. Самарқандық, бағдаттық жəне исфахандық кітапханаларда сақтаулы көне кітаптарда дана адамдар осыны қуаттайды. Бірақ мысалды алыстан іздеудің не қажеті бар? Міне, əлі де кəрілікке
бас имеген, ғылым даналығын бойына жинаған адамдар дүниенің бəрін ұмытып, əңгіме əсеріне елтіп отырған жоқ па? Тіпті түні бойы көз шырымын алмай, аспанға қараған адамның өзі де шаршағанын естен шығарыпты, өйткені хакім Омар Хайям бастаған мына адамдар үшін əрбір минут алтынға пара-пар, олар ешқашан да уақытты текке өткізбейді. Аула мен дөңгелек шаңырақ үстімен салыстырғанда обсерваторияның қалың қабырғалары ыстық жібермейтін осы бірінші қабатын едəуір салқын деуге болады. Дегенмен де Исфаханда жылдың бұл мезгілінде — яғни жаздың басында — күннің ыстық болатыны сондай, тіпті тілмен айтып жеткізу қиын. Өйткені Исфахан оттай жанған құм шелі арасындағы жасыл желекті жалғыз мекен, қоршаған орта ауаның да қызуына əсерін тигізбей қоймайды. Тіпті қалың кірпіш қабырғалар да, аңызақ өтпе жел де салқын ұстай алмайды. Сондықтан да мына
ғалымдардың шыдамдылығы мен еңбекқорлығын мойындамасқа болмайды. Олардың əрқайсысының қолында бір-бір қалам мен əдемі қағаз бар. Ғалымдар өз ойларын мақтадай аппақ, Эльбрус шоқысының қарындай таза ақ қағазға түсіруде. Кейін бұл жазбалар хакім тағайындаған адамға беріледі де, ортақ еңбек, жекелеген кітаптар үшін пайдаланылады. Хакім шабыттанып патша күймесі немесе қарапайым арба доңғалағы құм үстінде қалдыратын түзу сызықтар жөнінде əңгімелеп отыр. Осы сызықтардың өзі параллель сызықтардың болмысын ашпай ма? Бұл — күйме немесе арба Ай мен Күн секілді шар іспеттес Жер үстінде жүре алады деген сөз. Евклид бұл сызықтарды параллель сызықтар деп атайды. Егер оған тура сызық түсіп, қиып өтетін болса, онда ішкі екі бұрыштың қосындысы — екі тік бұрышқа тең болады. Олай болмаған жағдайда, сызықтар міндетті түрде екі сызыққа түскен түзудің не оң, не сол жағынан кездесетін болады. — Дəл солай,— деді Исфизари. Бұл пікірді бəрі қоштады. Ал хакім:
— Ешбір талас туғызбайды ғой?— деп сұрады. — Иə,— деп жауап берді Исфизари. — Бұдан да гөрі тереңірек ойланғандарыңды қалар едім,— деді хакім. Ол ерекше толқулы еді. Қазір қаскөй мəжнүн де, Эльпи де алыста қалды, дəл осы минутта жер үстінде оны толғандырған бір-ақ нəрсе бар, ол — мына түсініксіз параллель сызықтар сыры. Ол Хайямды тұңғиығына тартып барады. Ол Хайямның бар болмысын билеп алды. Достарының да сол күйді кешулі екені анық. Өйткені, қазір оларды да осы параллель сызықтар сыры толғандырады. Бұл сызықтардың ерекшелігі, хакім ойынша, олардың теоремалар ішінде емес, постулаттар қатарында болуы. Евклид таза теореманы неге постулаттар қатарына қосты. Ибн Сина айтқандай, ойдың тереңінен немесе ойдың ар жағынан Омар Хайям ол сызықтардың
параллельділігін əлі дəлелдеу керектігін түйсінген болатын. Жəне оның геометриялық дəлелдемесі де дəл табылғандай еді. Ол ойға анда, Самарқантта жүргенде-ақ оралған болатын. Хакім бұл мəселеге Бұқарада көңіл аударып, енді Исфаханда ғана шешуге жақын келіп отыр. Бірақ «жақын келіп отыр» деген сөз істің бар мəнін аша алмайды. Хакім ол теореманы шешуге көп жылын сарп етті, бірақ бүгін де көп жыл бұрынғыдай дөп басып дəлелдей алмай қиналды. Хакім бұл параллель сызықтар жөніндегі постулаттар үшін Евклидтің талай түнді ұйқысыз өткізгенін іштей сезді. Тек постулаттар ғана ма екен. Бəрі дəлелсіз-ақ көрініп тұрған нəрсеге алаңдауға болмайды. Ол ешқандай дəлелсіз-ақ өмір сүре бермек. Ал дəлелдеуді қажет ететін нəрсе ше... Əр үйдің іргетасқа қойылатыны бесенеден белгілі. Іргетас мықты болуы үшін тас салынады. Ол — беріктік кепілі. Ал егер үй шайқалса, онда тас, иə іргетасқа салынған тас кінəлы. Евклид кітаптарының, ілімінің сондай тасы — оның бесінші постулаты. Онсыз Евклид ілімі жоқ. Сол арқылы ол шаңырағы шайқалмай берік тұр. Жəне өткен он ғасырдан бері солай болып келеді. Бұл оның геометриясының беделін көтеріп тастады. Бірде-бір адам геометрияның жосықсыздығынан сарай құрылысын өлшегенде қате кетті деп айта алмайды. Бұл — ілім жолы. Евклид геометриясы ешқандай күдік туғызбайды деген сөз. Солай деп есептеген жөн.
— Егер жалпысы анық болса, онда даралығы да анық дедің ғой,— деп, Омар Хайям Лоукариге бұрылды.— Былайша айтқанда, Евклид геометриясы ешқандай күдік туғызбайды. Ол күнделікті тұрмыста білімді қажет ететін сəулетшілердің, ғалымдар мен саяхатшылардың жұмысында баяғыда-ақ тексерілген. Бұдан,— деп, хакім досының көзіне тік қарады.— Бұдан параллель сызықтар жөніндегі постулат ешқандай дəлелдеуге, тексеруге келмейді деген ұғым туа ма? Бұл геометрияны жалпы алғанда шыншыл деп есептесек, ол өзін ақтай ала ма? Лоукари маңдайын сипады. Жөткірінді. Cу ішті. Мұның бəрін ол осы сəт дүниенің кілтін ұстап отырған адамдай асықпай байыппен істеді. Ол ғылымда бір нəрсеге кесіп-пішіп, үзілді-кесілді пікір айтуға болмайтынын ескертті. Ертең біреу келеді де, сенің пікіріңді жоққа шығарады. Əлде мұндай жағдайлар болмады ма? Мəселен, Думани есімді (ол Мемфисте тұрған жəне есімі қазір ұмытылған) бір ғалым аспандағы жұлдыз шоғырлары бір мыңмен шектелген, ал басқа жарық нүктелері біздің ақыл-ойымыздың елесі немесе сол жарықтар шағылысуының нəтижесі деген тұжырым айтқан болатын. Бірақ Архимед, онан кейін Птоломей келді де, жұлдыз шоғырының əлдеқайда көп екенін дəлелдеді. Ал Птоломей көрінетін жұлдыз шоғырларының толық атласын жасады. Бір ғасыр өткен соң,
жұлдыздар шоғыры Птоломей болжағаннан да көп болып шықты. Əрбір ғылыми шындық осылай əркез тұрақты тексеруді жəне ойлануды қажет етеді. Бірақ Евклидтің бесінші постулаты жылы орнынан əлі қозғалған жоқ... — Бұдан,— деді хакім,— осы мəселе төңірегінде ойланып, дəлел іздеп бас қатырған адамдарды əпенде деуге бола ма? — Жоқ, неге олай дейсің?— деді Исфизари.— Олар ғылымға құштар адамдар. Мен бір қартты білемін — базар сыртында тұрады. Ол өзін- өзі айналдыратын дөңгелек жасағысы келеді жəне мəңгілік айналатын болса дейді. Менімше, қолға пышақ алып, үлкен жолда адамдарды тонағанша, дəлелденбейтін нəрсені дəлелдеуге тырысқанның өзі жақсы. Ғалымдар күліп жіберді. Омар Хайям — əдетінен тыс қарқылдап, Исфизари — саңқылдап кеп күлсе, Васети — жөтел қысқан адамдай қырылдаңқырай күлді. Ал Хази мен Лоукари дыбыссыз селкілдеп отыр. — Жаман айтылмады,— деді Хайям. — Бұл — біздің жұмысымызға берілген жоғары баға... Өздерің елестетіп көріңдерші: исфахандық алпамсадай бес еркек Шираз жолы үстінде тұрды делік... Мен тіпті қарақшылық жасауға лайық жерді де білемін...— деп Васети сөз қосты.
— Орта жолда бұрылыста ғой?—деп сұрады Лоукари. — Дəл өзі! Васети айтып тұрған жер елсіз мекен. Бірак сол жерге таяу маңда ағып жатқан аты-жөні беймəлім бір өзен арқылы Парсы шығанағына жету қиын емес. Өзен кейде құмға кіріп көрінбей кеткенмен, негізінен биік саймен ағады. Күндіз жасырынып жүруге ыңғайлы. — Егер біздің жерімізді үлкен шарға баласақ,— деді Васети.— Ал ол, шындығында, солай, онда біздің қозғалған арбамыздың ізі əлемді орап өтеді. Бұдан туар сұрақ: шексіздік деген қайда?— Ол Хайямнан көзін алар емес. — Маған бекер қарайсың. Егер мұның бəрін білген болсам, өзімді көріпкел деп жариялар едім,— деді Хайям ағынан жарылып.— Мəселе мынадай болып тұр: мен өзім де еш нəрсе білмеймін. Жəне маған данагөйліктен сақалы желп-желп ететін данаға қарағандай қарауды қойыңдар. Мен сендердің жасы үлкен жолдастарыңның бірімін. — О не дегеніңіз?—деп қалды Исфизари.— Мен бір ғана нəрсеге ден қоям: ол — біліміңе орынсыз мақтанбау керек. Бірақ шектен тыс қарапайым болу да жөн емес. — Қарапайымдылықтың бұл жерде ешбір қатысы жоқ, Исфизари мырза,— деді Хайям.— Шындықты мойындау керек жəне соған сəйкес сөз қозғаған жөн. Мен басы ашық нəрсені ұнатамын. Мұны сіздер
білесіздер. Шындық мынау: мен ештеңені білмеймін! Мен грек данагөйінің сөзін еш ұялмай-ақ қайталаймын. Біз өмірге «шексіздік» деген ұғымды батыл түрде енгізуіміз керек. Ол не? Күнге дейінгі қашықтық па? Егіздер жұлдыз шоғырына дейінгі қашықтық па? Əлде жүз рет еселенген қашықтық па? Біріншісі де, екіншісі де, үшіншісі де емес. Біз айтқан қашықтықтар фарсангымен өлшеуге келеді, ал шексіздікті өлшеуге болмайды. Егер біз мұны ұқпасақ онда біздің грек ғалымдары тоқтаған нүктеден бір адым алға жылжымағанымыз. Ал одан бері он ғасырдан астам уақыт өтті ғой! Қызметші салқын шербет əкелді. Бір құмыра. Ыдыстарға құйды. Əр ғалымға бір-бір шербет ыдысын берді де, үнсіз шығып кетті. Хайям шербетке ауыз тигізді де қойды, ал Васети ыдысты басына бір-ақ көтерді. Басқалары ерін тигізген жоқ. — Егер жұртқа жайып жібермесеңдер сырымды ашайын,— деді Хайям.— Менің жаңа қызметші əйелім махаббат мəселелеріне жетікпін дегендей ыңғай танытты. Бірақ мен асыққан жоқпын. Ол мұны түсінбеді. Өздерің ойлап көріңдерші: жиырма жасар сұлу əйел мені көрші бөлмеде тосып отырды. Ал мен уақытымды қағаз қараумен өткіздім. Таңға жуық ол менің жаныма келіпті, бірақ мен оны байқамаппын... — Бұл саған тəн мінез емес қой,— деді, бағанадан бері үнсіз тұрған
Хазини.— Сен қағаз басты болып отырыпсың да, жаныңда махаббат лəззатына құмар жас сұлу тұрыпты? — Иə, дəл солай!—деп Хайям нық жауап берді. Хазини қолын жайды. Шынымен-ақ солай болғаны ма? Шарап пен əйелді дəріптеп жүрген хакімнің өзі емес пе еді? Васети: — О, хакім, махаббат лəззатына тосқауыл болған не нəрсе?— деп сұрады. — Не дейсің бе?— Омар Хайям достарына көңілдене қарап, тізесін сипады.— «Тосқауыл болған» дегенің дөп келе қоймас, «алдандырды» деген жөн болар. — Мейлі, сенің айтқаның болсын. Сонымен алдандырған не? — Күн ұзақ геометриялық есептің шешуін іздедім. Ұзақ ойландым. Əрине, сол параллель сызықтар жөнінде. Мен төрт бұрышты алдым, жоғарғы бұрыштарын түзу деп жобаладым. Бірақ оны дəлелдеу керек болды. Бұл — бірінші тұспалым, яғни бұрыштары түзу деп қарастырдым. Екінші тұспалым: бұрыштары үшкір болуға тиіс. Ал үшінші тұспал: бұрыштары мұқыл деп алалық. Мен үшбұрыш жасап, оған түзу сызық түсірдім, төртбұрыштарды тепе-тең бөлдім... Бір сөзбен айтқанда, бұлтарыссыз дəлел табу үшін қолдан келгеннің бəрін істедім. Мұнан соң, барлық бұрыштары мұқыл жəне барлық бұрыштары үшкір деп көз алдыма елестетіп көрдім. Қиялымда осы
төртбұрыштарды тұрғызып, оны қызықтап тұрып қалдым... — Түсініксіздеу төртбұрыштар екен,— деді Васети əріптестеріне. Оларды неге пайдалануға болар екен?—деп сұрақ қойды Омар Хайям көзін сығырайтып. Ғалымдар үнсіз қалды. Олар асығыс, жаңсақ пікір айтудан сақтанатын секілді. — Сол фигуралар мені күні бойы, түні бойы толғандырды. — Басқаша болуы мүмкін емес,— деді Исфизари. — Иə, өте қызықты фигуралар...— деді Лоукари. — Тағы не қосасың, Лоукари мырза? — Ештеңе де... — Сөзіме құлақ салыңдар, достарым менің,— деп, Омар Хайям сөзін жалғастырып əкетті.— Өздеріңді бейне бір құм төбе үстінде тұрмыз деп елестетіп көріңдерші. Сол сіздер тұрған құм төбе сусымалы денелерге тəн заңдылыққа сəйкес жан-жаққа шашылады. Қалай ойлайсыңдар, жаңағы мен айтқан төртбұрышты осындай құм төбе үстіне сызуға болар ма еді. — Құм төбеге ме?—деп сұрады Лоукари. — Мен оны мысал үшін айтып отырмын. Құм орнына бидайды да алуға болады. Үйілген көп бидайды елестетіп көріңдерші? Ал сіздер оның ең төбесінде тұрсыздар делік. Табанымыздың астында
төртбұрыш бар дейік. Ойдан шығарылған не болмаса бормен, немесе басқа бір нəрсемен бейнеленген төртбұрышты елестете аласыздар ма? Бірінші болып Хазини тіл қатты. — Мүмкін емес,— деді ол. Басқалары соның сөзін қоштады. Омар Хайямның көңілі пəсейіп қалды. Ол сызбаларын жыртты да: — Асылы, сендердікі дұрыс. Құм төбе деген ақымақ ойды қоялық,— деді. 5. Мұнда Хұсейіннің Эльпимен кездесуі жəне кездесудің мəжнүнге əсері туралы əңгімеленеді Ол хакімнің бір жағында, ал Хұсейін екінші жағында отыр. Осылай отырайық деген Эльпидің өзі еді. Ол Хұсейіннің оңаша сөйлеселік деген өтінішіне құлақ аспады. — Оның қажеті не?—деп сұрады ол. — Біз ашығырақ əңгімелесер едік,— деп ұғындырды Хұсейін. — Менің одан жасырар сырым жоқ,— деді де, Эльпи Омар Хайямға қарады. Ал Омар Хайям үндеген жоқ. Ол əуел баста-ақ Эльпи қалай айтса солай болатынын ескерткен-тін. — Сенің басыбайлы күңіңнің бе?—деп ашулана тіл қатты Хұсейін. — Ол — əйел,— деп жауап берді Омар Хайям. — Сен ол үшін ақша төледің емес пе?
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343