Зейнеп Ахметова КҮРЕТАМЫР
Зейнеп Ахметова Күретамыр Алматы 2018
УДК 391/395 ББК 63.5 (5 Қаз) А-94 Бұл кітаптыц жарыща шыгуына қамқорлық көрсетіп, демеушілік жасаган жігіттерге шын жүректен алгыс айта- мын. Өмірлері мэнді, істері сэтті болсын деп тілеймін. Автор Ахметова 3. А-94 Күретамыр / Зейнеп Ахметова. - Алматы, 2018. - 208 бет. ISBN 978-601-06-4746-6 Бұл кітапта халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырым-тыйымда- рының мағынасы жас ұрпаққа кеңінен түсіндіріледі. Осы арқылы бұрынғы жақсы мен бүгінгі жаңаны ұштастырып, ұлттық болмыстан айнымай, қазақы тәлім-тәрбиенің мәнін ұғындырады. Кітапта қүрсақ шашудан бастап, баланың алғашқы мүшеліне дейінгі аралыкта салт- дәстүр, жөн-жоралғылар барынша қамтылған. ISBN 978-601-06-4746-6 УДК 391/395 ББК 63.5 (5 Қаз) © Ахметова 3., 2018
КҮРЕТАМЫР Күретамыр деп, қанды жүректен дене мүшелеріне тасымалдап таситын ең ірі, ең маңызды қан тамырды айтады. Күретамырдың бітеліп қалмай, қызметінің жақсы атқарылуы адамның қалыпты өмір сүруінің кепілі. Сол секілді әрбір халықтың жеке атауды иемденетін ең басты белгісі, яғни жүрегі - тілі болса, сол тіл арқылы таралатын барша рухани құндылықтары ұлтты ұлт ретінде танытатын да, сақтайтын да - күретамыры. Бүл жөнінде қазақ халқының қаһарман, батыр ұлы былай дейді: «Қай ұлттың болмасын ана тілі, ата дәстүрі, салт-санасы - сол халықтың өзіндік қадір-қасиетін, жан-дүниесін, тұрмыс-тіршілігін көрсететін төл белгілері. Олар - бүкіл бір халықтың өмір жолында ғасырлар бойы мысқалдап жинаған рухани қазынасы, үрпақтан- ұрпаққа қалдырған ардақ мүрасы. Онсыз қара шаңырағы бар іргелі ел болып, бүтін ұлт болып қалу мүмкін емес. Ана тілі, ата дәстүр езінен өзі жалғаспайды немесе біреу сырттан келіп сен үшін көсегеңді көгертіп сақтап та бермейді. Халықтың өз бет- бейнесінен айырылуы не сақтап қалуы - эрбір ұрпақ өкілінің өзінен кейінгі ізбасарларына бабалар аманатын қай сапада жеткізуіне байланысты. Бауыржан Момышұлы, 1973 жыл, қарашаның 19 жұлдызы. Дүйсенбі». Мен осы ата сөзін айтудан да, жазудан да жалыкқан емеспін. Өйткені бұл ұлт тағдыры жайлы толғанып кейінгіге қалдырған өсиет, аманаты. Аманатқа адал болу - парыз, ал парызды орындамасаң мойыныңа қарыз кетеді. Өз басым осылай түсінемін эрі өзімді аманат арқалап жүргендей сезінемін. Сондықтан қарым- қабілетім жеткенше білгенімді кейінгіге айтуға, түсіндіруге тырысамын. Аллаға шүкір, мақтанғаным емес, мен уызыма жарыған жанмын. Анам марқұм өмірден өткенше ұлттық дәстүр-салт, қазақы үлгі-өнегенің қылшығын қисайтпай берік ұстаған тегеурінді адам еді. Балаларын, әсіресе бір топ ұлдың ішіндегі 3
Зейнеп Ахметова жалғыз кызы мені дәстүрмен ауыздандырып, тыйым-тектеумен тэрбиелеп өсірді. Одан кейін, улттык құндылықтардың шежіредей білгірі қайынатамның тэлімін алдым, сол кісінің көрігінде шыңдалдым. Бұл күнде өзімнен кейінгі буынға, өкшебасарларыма сөз арнайтындай азды-көпті айтарым болса, сол ардақ кісілердің бойыма сіңіргені. Олар маған халықтың ортақ қазынасы - ұлттық қасиеттерді қадірлеуге, отбасымда қолданып сақтауға баулыды. Әне, сол естіген-үққандарым, көріп-біліп көңілге түгендерімді осы кітапқа арқау еттім. Бұл мен ашқан жаңалық емес, тыңнан жол салғаным жоқ, барлығы ата-бабаның үрпағына қалдырған асыл мұрасы. Мен тек баяндаушымын.
КҮРЕТАМЫР ¥РПАҚ ЖАЛҒАСТЫҒЫ Жас ұрпақ тәрбиесі бір сәт босаңсуды, бейқамдықты көтер- мейтін тіршілік-тынысымыздың аса өзекті тетігі болғандықтан ешқашан күн тәртібінен түскен емес. «Бір баланы адам етіп өсіргенше,бір шаһар опат болады», - депті көне Шығыс дана- лары. Осы салыстырудың өзі-ақ баланың шын мәніндегі толық Адам болып қалыптасуы қыруар тер төгуді, ауқымы кең, жауап- кершілігі мол еңбекті қажет ететінін үқтырса керек. Адамзаттың мәңгілік парызы, өмір-тіршілік жалғастығының мұрат-мүддесі болып табылатын - бала тәрбиесінің қыры мен сыры жайлы бұрынды-соңды аз айтылып, кем жазылған жоқ. Қазір ғалымдардың дәлелдеуі бойынша сәби жарық дүниеге келмей түрып, ана жүрегінің астында жатқан кезінен тэрбиені қабылдайды екен. Басқаны қайдам, біздің қазаққа бұл жаңалық та, таңсық та емес. Олай дейтінім, докторлық, кандидаттық атақтан ауылы алыс, жазу-сызумен айналыспаған қарапайым әжелеріміз бүгінгі ғылымға азық боларлық, талай кітапқа беломыртқа болатын үлгі-өнеге, жөн- жобаны қалдырған. Олар үрпақ тәрбиесін, перзент қамын іште жатқан шағынан бастау керектігін табиғи сезімталдықпен ұққан, өмір тәжірибесі арқылы бүлтартпай болжаған. «Іштен қыңыр туғанды тезге салсаң түзелмес» деген көне сөздін қос қыртысты астары тәлім-тәрбие үлгісі тым ертеден басталатынын анық ұқтырып түр ғой. Болашақ ананың сана-сезімі, ой-өрісі, дүние танымы, айналасымен қарым-қатынасы, реніш-қуанышы, ішкен асына дейін тікелей іштегі шақалаққа беріліп, оньщ туа бітетін мінез- құлқының іргетасы ана құрсағында қаланатынын эжелер атам заманнан білген. Ана мен баланың арасындағы үндестік ананың аяғы ауырлағанынан басталатынын жақсы үққан, яғни бала мінезінің қалай қалыптасуы ананың күнделікті тірлігіне, көңіл күйіне тәуелді, егер ана көп жыласа, қамығып жүрсе, бала аурушаң, жасық, әлсіз болып қалады. Бұл шындық. Біз үнемі бас шүлғып сенетін ғылым да мұны дәлелдеп отыр. 5
Зейнеп Ахметова Сонымен, ұзын сөздің қысқасы, басқаны қоя түрып, ата- бабаларымыздан қалған ұлттық таным-наным, ұлттық жөн- жоба үлгілері, ұрпақ қамын ертеден бастаған эжелер «ғылымы- на» қайырылып, білгенімді айтып көрейін. Мүмкін бүгінгі ұрпақ жалғастығы, оның тәрбиесінің де кем-кетігін толықтыруға септігі тиер. АТА-АНА АРМАНЫ Қазақ ерекше балажан халық. «Бесіксіз үйде береке болмай- ды» деп отбасының қызық-қуанышын, береке-қүтын баламен байланыстырады. «Балалы үй - базар» деп баласының көптігінен үйі базардай шуға толып, миы ашып жатса да, ырым етіп баласы- ның санын бадырайтып айтпаған. Біреу сұрай қалса: «Құдайға шүкір, біраз жаман қаралар бар ғой», - деп сырғыта жауап берген. Ата-ана ұлы ержеткенде отау көтеріп, оң жағын кызартып келін түсіруді армандайды. Тіршілікте жұмырбасты тірі пенденің арманы таусылған ба, келін түсіріп, басына бас қосылған соң, баласын қанаттандырған соң, енді оның баласын көруді көксейді. «Балам - балым, баламның баласы - жаным» деп, еріні тұшынып немере сүюді аңсайды. Жаңа түскен келінге қойдың ұлтабарын жегізіп ырым етуі де - сол ак ниетті ізгі арманның бір көрінісі. Қариялар жас келіннің сәлеміне, өзге де келін құрметіне: «Көп жаса, үбірлі- шүбірлі бол, қарағым!» - деп, әжелер: «¥л тап! Етегің баладан кеппесін!», «Қазаның булы, жөргегің сулы болсын!» - деп бата беруі де адам өмірінде үрпақтың қаншалықты маңызды екенін білдірсе керек. О дүниеге кетпей тынбайтын өзекті жанның бұл пәниден ұтары не? Тіріңде көз нұрың, көңіл қуанышың болатын, өлгеніңде аруағыңды разылайтын Қүран бағыштап, отыңды өшірмей, түті- ніңді түзу шығаратын ұрпағың ғана. Өмір ақиқаты осы. Бұл қазақ айтқан түйінді сөз. Сөйтіп, келін түсіп бір тілегіне жеткен тілеуқор ана уақыт өткен сайын келіннің бойындағы, жүріс-тұрыс, эдетіндегі кішкентай 6
КҮРЕТАМЫР өзгерістің өзін қалт жібермей, оның себебін турасынан сұрамай, қамқорлығын жасай жүріп бақылауға алады. Тек ене ғана емес, абысын-ажындары, ауылдағы жанашыр аналар жақсылықтың нышаны қашан байқалар екен деп қадағалап күте бастайды. Күндердің күні келіннің асқа тәбеті соқпай, қалтарысқа барып лоқсып жүргенін көрген әйелдердің бірі оның енесіне келіп: «Келініңіздің қүрсағы аққа жарыпты», - деп немесе: «Келініңіз ақ алғысты болыпты», - деп келіннің талғағанын әдемілеп, астарлап жеткізеді. Қуанышты хабарды алғаш айтқан адамға жөн білетін ене көңіл ризашылығын білдіріп, «қүлақсүйіншісін» береді. Жай- ды ұғар жақсы ене күтіп жүрген жүрекжарды хабарды естіген соң ебін тауып, сәтін келтіріп, оның анық-қанығына толық сенімді болғанда бір шаршы ақ орамалды қара шаңырақ аталатын сол әулеттің үлкен үйінің оң босағасына байлайды. Бұл түңғыш перзен- ті бойына біткен келінді ата-баба рухы қолдап-қоршап жүрсін деген ізгі ниеттен туған ырым. Әрі келіннің «ақ алғысты» болғанын басқаларға да жеткізіп, жақсылықты жариялау. Сол ақ орамал белгісінен бастап ауылдың үлкен-кішісі келінге болашақ ана ретінде құрметпен қарап, көңіл демеуін, қол көмегін көрсетуді өздеріне парыз санаған екен. ҚҮРСАҚ ШАШУ Ұрпақ қамын ойлаған көргенді ене арнайы дастарқан жайып, ауылдағы әйелдерді «құрсақ шашу», кейде «құрсақ той» деп аталатын дәстүрлі қонақтыққа шакырады. Шақырылған эйелдер қүрқол келмейді, эрқайсысы өз үйлерінен эртүрлі тағам әкеледі. Ондағы мақсат - келіннің жерік асын табуға жәрдемдесу. Құрсақ шашудың негізгі мэні де, мақсаты да осында жатыр. Өйткені бойына алғаш бала біткен тәжірибесіз жас келіншек бұрын-соңды өзінде болмаған сезім-түйсіктерді басынан кешеді. Көңілінің неменеге соғып тұрғанын, тэбетінің қандай асқа ауатынын дөп басып айта алмай, не екенін анық түсінбей аласұрып қиналады. 7
Зейнеп Ахметова Осы бір аса жауапты кезеңде ақыл-кеңес айтып, жерігін табуға көмектесіп мейірім таныту сауабы мол қасиетті іс саналады. Кұрсақ тойда жас келін элгі әйелдер әкелген тағамның бірін сүйсініп жесе, оны әзірлеп экелген эйел қуанып, мәртебесі асып- ақ қалады екен. Содан келіннің жерігі қанғанша сол дэмді ас иесі жасап беріп қамқор болады. Алда-жалда бір реткі құрсақ шашу кезінде келіннің аңсары табылмаған жағдайда бэрбір іздеуді тоқтатпайды. Қалайда ретін келтіруге әрекет етіледі. Бұған тек әйелдер ғана емес, келіншектің қайнылары, күйеуінің құрбы- қүрдас, дос-жарандары да қолғабыс етеді. Жабайы аңеың, қүстың еті, балық секілді әуес дэмдерді тауып әкеліп, жэрдем жасайды. Осы жерде айта кететін бір тыйым - аяғы ауыр әйелдің жұбайы аң атпайды, тұзақ құрмайды, қармак салмайды, яғни жандыға әдейілеп зиянын тигізбейді. Іштегі балаға кесір болады дейді. Жерік ас кейде тосын, күтпеген нэрсе болуы мүмкін. Ол бола- шақ ананың өз қалауына, өз таңдауына байланысты емес, еркінен тыс болатын құпиялы құбылыс. Күні бүгінге дейін сақталған ел ішіндегі аңыз-әңгіме, жыр-дастандарда жолбарыстың жүрегіне, қабыланның, аюдың, ұлардың, сүңқардың етіне жерік болған аналардан туған балалар кейін ержүрек батыр, ақылгөй дана болғандығы жайлы айтылады. Мысалы, аруақты батыр Жалаңтөс бабамыздың анасы Ақтұмар жарықтық көкжал қасқырдың төс етіне жерік болған дейді. Сол секілді Шапырашты батырдың анасы Жұпар шешеміз де арланның бауырын шикідей жеп жерігін қандырған екен деп эліге дейін аңыз етеді. Әрине, аңыз тарих, дәлел емес, алайда аңыздың түбінде шындық жатады. Сонымен, қүрсақ шашу болашақ ана мен өмірге келер нәрес- тенің қамын ерте ойлаған тілегі тұнық, ниеті ақ, мазмұны терең салиқалы дэстүр. Сан ғасырлар бойы сыннан өткен, ел өміріне өнеге болып керегіне жараған ұлағатты рухани мүра. Аналарымыз басынан өткізген жөн-жоба. Алайда біреуі байлықпен үдеп, біреуі жокшылықтан жүдеп, теңсіздік терсңдеп бара жатқан мына заманда, қалталылар ақша 8
КҮРЕТАМЫР шашып, «айға түкіріп» көңіл көтерудің тағы бір түрін шығарыпты. Үлкен мейрамханаларға жүздеп қонақ шақырып, атақты-атақсыз «жұлдыз» әншілерді тұмсығынан тізе кезекке қойып, тамак пен ішімдікке үстелді майыстыра сықап, өңештері талғанша тост сөйлеп, аяғы талып, тізесі бүгілгенше селкілдеп билеп, «құрсак шашу» тойын жасайтын болыпты. Аты бар да, заты жоқ даңғаза- ның құрсақ шашуға не қатысы бар екенін ұқсам не дейсіз. Жаман дерт қашанда жүқпалы, күні ертең жаппай үрдіске айналып кет- песіне кім кепіл? Ол да мүмкін. Біз тым еліктегішпіз, елпілдек, қызарғанға қызыга жалп ететін, «анау сөйтіпті, мен неге бүйтпей- мін» деп кеуде қағып шыға келетін тыраш, мақтаншақтығымыз жетіп-артылады. Негізгі мән-мағынасынан жұрдай, көрсетер үлгісі, берер тэлімі жоқ мұндай даңгаза тойлар жастарға не береді? Онсыз да бірі - Шығысқа, бірі - Батысқа табынып еліктеп, ұлттық қүндылықтарға мұрынын шүйіріп жүрген талай жасты одан ары адастырамыз ғой. Әркім өз қалауынша ата-бабаның сапалы да салауатты салт-дәстүр, әдет-ғұрпын белден басып өзгерте берсе, қазақтың онсыз да жұлмаланып жатқан ұлттық бет-бейнесінен не қалады? Шөре-шөресі шығып қүрдымға кетпей ме? Әлдекімдерге мүмкін сол керек шығар? Кім білсін. Ұлттың үлт болып жеке атауға ие болатын халық ретінде сақ- талуы оның тіліне, діліне, өзіне тэн ата дәстүр, әдет-ғұрыптарына тікелей байланысты екені бүрыннан бері белгілі ақиқат екенін неге ұмыта береміз, элде қазақ болудан жалықтық па... ЖЕРІКТІК ӨРІС Тілімізде «жерік асын жегендей балбырады», «жерік асы та- былғандай қуанды» дейтін қалыптасқан сөз тіркестері бар. Айт- са айтқандай, болашақ ананың аңсары ауған тағамы табылып, соны құмары қанып қабылдаған соң еш нәрсемен салыстыруға келмейтін ғажайып рақат сезім сэттеріне бөленеді. Тортасынан айырған сарымайдай жан дүниесі еріп, мінез-құлқы жайдары- 9
Зейнеп Ахметова ланып шыға келеді. Айналасы алқызыл гүлдерге түнып тұр- ғандай, төрт құбыласы түгелденгендей өзінен-өзі қуанып, жүзіне нұр үялайды, езуіне күлкі үйіріледі. Жанындағы адамдарға мейірлене қарайды, қолға алған ісін ынта-пейілімен тыңғылықты атқарады. Осындай көл-көсір дарқан көңіл күйдің іштегі баланың аман-сау жетілуіне кандай жағымды эсер ететіні ешбір талас туғызбайды. Егер келіннің жерік асы табылмаса, ол босанғанша ішкен- жегені бойына сіңбей басы айналып, әл-дәрмені құрып, көңілі жер тартып, әбден титықтайды. Қазақ мүндайды «ит жерік» дейді. Ал осындай жаны мен тэні бірдей күйзеліп, азаптанып жүрген әйелдің жай-күйінің қаншалықты жағымсыз болатыны өзінен- өзі түсінікті. Бүл жағдай іштегі шақалаққа тікелей эсер етеді. Өйткені ананың жерігі, ең алдымен, баланың қажеттілігінен, қандай да бір керек қоректің жетпеуінен туындайды. Жерігі қанбай аласүрған анадан туған нәрестенің есейгенше аузынан сілекейі шүбырып, үнемі қанағатсызданып жылай беретін бей- маза, денесі болбыр, элжуаз болады. Көпті көрген, өмір тэжі- рибесі мол эжелердің айтуынша, баланың дене мүшелеріндегі қайсыбір кемістіктің болуы жерік астың жетіспеуінен де болады екен. Өкінішке қарай, қазіргі жас келіндердің көпшілігі «жеріктік» дейтін аса маңызды, жүктіліктің алғашқы айларында болатын табиғи іңкэрліктің мән-мағынасын, қадір-қасиетін үғына бермейді. Оның бала үшін орны толмас салдары болатынын бағалап та жат- пайды. Әлі ана болып көрмеген жас келінге түсіндіріп, жіліктеп ұктыратын енелер де бұл күнде көп емес. Себебі олардың өзі ұлт- тык құндылықтардың тегін, тетігін білмейді, байыбына өздігінен үңілмейді. Дайын көмекке жүгінеді. Ол - эйелдер консультация- сы. Дэрігерлер ғылыми түрғыдан, медициналық жағынан ақыл- кеңестерін айтып, арнайы дәрі-дәрумендерін беріп, ай сайын тексеріп қадағалайды. Бүл сөзсіз үлкен қамқорлық, болашақ анаға аса кажетті көмек. Дегенмен эрбір адамның дара жаратылысы, бір- 10
КҮРЕТАМЫР біріне ұқсамайтын мінез-құлқы, жеке табиғаты бар. Бір қарағанда бірдей көрінетін адамның дене бітім құрлысының өзі қайталан- байды. Сөйте тұра «токсикоз» деп бэріне бірдей дәрі-дәрумен беріледі. Оны іштегі бала да қабылдайды. Мен дәрігерлерге жап- пай күмэн келтіріп отырғам жоқ, ондай астамшылықтан құдай сақтасын. Дэрігерлерсіз күніміз бар ма? Білікті, білімді дәрігер- лерді өте құрметтеймін. Өзім дэрігердің отбасында туып-өскен- мін. Менің бүл жерде айтпағым мүлде басқа. Ол ғасырлардан бері жалғасып келе жатқан тектік қасиетке мүлде мэн бермейтін салғырттығымыз. Тектік қасиет ұлттық қасиегпен бірге өріліп жатады емес пе! Мұның бэрін естен шығарып тек дәрігердің дэрі- сіне сену, соларға ғана тэуелді болудың нэтижесінде тәніміз бен жанымыздың өрістік ағысын, өрістік қалауын өздігімізден ажы- рата алмайтын ішкі сезімдік тоқырауға ұрынғанбыз. Бүл деген ұлттық қасиеттен ауытқуға экелген. Қарапайым ғана кішкентай мысал келтірейік. Осы күні «мынандай дэмге жерікпін» деп атын атап, түсін түстеп беретін келіндер өте сирек. Есесіне, әйтеуір тэ- бетін ашу үшін, жерігін басып тұншықтыру үшін тұздалған кияр мен тұздалған помидор жейтіндер екінің бірі. Бұл нені көрсетеді? Бүл жеріктік өрістің тоқырауы, тектік сәйкессіздік, үлттық болмыс- тың өзгеруі деуге болады. Өзгерген емей немене, түздалған қияр мен помидор қай ата-бабамыздың асы еді? Келісерсіз-келіспессіз, бірақ екі айналдырып ойлануға тұратын түйткіл екені анық. «Жерік ас тандамайды» дейді. Қоспасы жоқ шындык соз. Ха- лық тэжірибесінің түйіні. Анам Мәлике маған аяғы ауырлағанда адамның ойына келмейтін, естігенде езу тартқызатын нәрсеге жерік болыпты. Неге дейсіз ғой? Кэдімгі қойдың тандайы. Маған дейін жеті ұл көріп, жеріктіктің ығы-жығын жетік білсе де, біразға дейін көңіл іңкэрін нақты ажырата алмай, өзін жайсыз сезініп жүріпті. Сондай күндердің бірінде жақсы араласатын көршісі: «Алыстан нағашым келіп еді, бірге дастарқандас болындар», - деп әке-шешемді қонаққа шақырыпты. Сонда бас үстаған ақсақал үйдің кіші баласына: «Жақсы сөзге күлағың жақын болсын!» - деп 11
Зейнеп Ахметова құлақ беріпті. «Әнші бол, жүйелі сөйлейтін дэлмар бол!» - деп тандайды қызға ұсыныпты. Сол кезде шешем ана қыздың қолында- ғы бір жапырақ таңдайды жұлып алуға шақ қалыпты. Аузының суы кұрып әрең шыдап, бірақ жерігінің не екенін кездейсоқ білге- ніне қуаныпты. Үйге келе салып әкем Әскербекке: «Әсеке, қой алдыр, таңдай жеймін», - деген ғой. Әкем алғашында бас-аяғы жоқ сөзге күлсе де, артынан мэн-жайды түсініп: «Бір-екі күн шыда», - депті. Бір қойдың бір таңдайы мәселені шешпейтінін білген әкем өзінің жақын жора-жолдастарымен ақылдасып амал тауыпты. Олар әкемнен бастап эрқайсысы үйлерінде қой сойып, бір мезгілде ет асып, бір мезгілде таңдайды суытпай анама жеткізіпті. Ол кісі оннан аса таңдайды тамсанып отырып жеп, пора-порасы шыға терлеп, әб- ден рақаттанып риза болыпты. Сауапты іс тындырған әкемнің дос- тарын қонаққа шақырып, рақметін айтыпты. Содан қайтып таңдай сұрамапты, жерігі сол бір реткі қанып жегеннен қанағаттанған екен. Енді мына қызықты қараңыз, менің тілім аяғымнан бұрын шығып, аузым тынбай жыбырлап сөйлей береді екенмін. «Анау не, мынау не», «неге солай, неге бұлай» деген секілді сансыз сұрақтарым анамды эбден мезі етіп жалықтырғанда: «Құдайдың қүдіреті-ай, жөні түзу дэмге аңсарым аумай таңдайға жерік болып едім, енді мына қыздыңтаңдайы тақылдап, құлақты жеп бітірді-ау!» - деп кейіп те алады екен. Әсіресе үйге қонақ келгенде өршеленіп кететін көрінем. «Қонағын жаратпаған баласын ұрады» дегеннің мэнін жақсы білетін анам қонақтың көзінше амалсыздан тиіспей шыдайды екен. Ал кісілер кеткен соң: «Қонақ келгенде неге сонша заржақтанып қагынасың?», - деп жұмсақ жеріме шықпыртып жібереді екен. Мен бақырып жылап жатып: «Өзің қонақ кеткен соң неге кағынасың?», - дегенмін ғой. Ашуланып тұрған анам еріксіз күліп жіберіп құшағына алыпты. Содан біздің үйде «қонақ келгенде Зейнеп қағынады, қонақ кеткен соң апам қағынады» деген сөз тіркесі қалыптасыпты. Кейін мұнда, мен тұрмысқа шыққан соң, бір жолы сөзден- сөз шығып, анам менің бала кездегі әлгіндей әрекеттерімді, 12
КҮРЕТАМЫР сөзуарлығым үшін жазалы болып жүретінімді әңгімеледі. Сонда жұбайым Бақытжан: «Ой, апа, бұл қазір де жетісіп тұрған жоқ, өзінің аузын, менің қүлағымды аямайды. Не батарейкасы бітпей- ді, не тетігін бүрап тастайтын радио емес», - дегені. Бәкеңнің бұл теңеуі жайылып кетіп талайларды күлдіріп, көңілдендіріп еді. Күлкі де күлкі, алайда жерік астың адамның мінез-қүлқына, жаратылысына тікелей эсері болады дейтін әжелер сөзінің шын- дыққа жақын екенін көрсетеді. КЕЛІН КҮТІМІ Тұңғышына аяғы ауырлаған жас келіншек ана болатынын білгенімен, шынайы мәніндегі жүрек елжіретер аналық сезімді әлі түсінбейді. Бірақ оның бүкіл болмысында өзгерістер жү- ріп жатады. Бойына бала бітпей тұрғандағы қалпы, айналаны кабылдауы енді басқаша ағыска түседі. Өзінен-өзі мазасызда- нып, сэл нәрсеге кейіп, болар-болмасқа тарылып, әр нәрседен секемденіп, бұрын өзіне тэн емес күй таңдау пайда болады. Әлгі акын-жазушылардың асқақтатып суреттейтін алып-ұшқан жү- рек қуанышы, ана болардағы мақтанышы, шынын айтқанда, алғаш бала көтерген эйелде бола бермейді. Неге десеңіз, алдында не күтіп тұрғанын шамалап болжаса да, болмай қоймайтын шындықпен бетпе-бет келгенде қал-жағдайының қандай күй кешерін білмейді. Белгісіз бір бұлыңғыр дүние. Ал белгісіздік қашанда құпиялы, тіпті қорқынышты. Өйткені өмірге адам әкелу - элемдегі ең ауыр, ең қасиетті қүбылыс. Сол үшін әжелеріміз: «Екіқабат эйелдің бір аяғы жерде, бір аяғы көрде», - деп, ана болу бақытының қасында толып жатқан қауіп-қатердің бар екенін айтады. Ұғымды енелер өтпелі кезеңді жақсы түсінеді, түсінгендіктен келін мінезіндегі құбылып тұрған көрініске, аумалы-төкпелі жай-күйіне кешіріммен, жанашырлықпен қа- рап, бауырына тарта мейірім көрсетеді, мезгілімен тынығуға жағдай жасайды. 13
Зейнеп Ахметова «Көңілсізден көзсіз бала туады», - депті бұрынғы эжелеріміз. Аяғы ауыр келін ашық-жарқын жайдары болса, көңіл күйі көте- ріңкі жүрсе, толғағы жеңіл, аман-сау босанады, бала ерте күліп, жақсы ширайды дейді. Ұрпағының қамын нәресте өмірге келмей жатып ойлаған ақылды ене ауыл жастарын шақырып, «келін көңілі» деп аталатын әдемі басқосуды жасап береді. Жастар жүрген жер көңілсіз болушы ма еді, күмбірлетіп күй шертіп, эн шырқап, қызық ойындар ойнап, жарасымды әзіл-қалжыңмен бо- лашақ ананың көңілін көтереді, жан дүниесін сергітеді. Жанашыр жақындар, құрбы-құрдас теңтүстар аракідік өздері де «келін көңілін» жалғастырып, сауық құрады екен. Қазіргі ғылыми-зерт- теу тэжірибелері жағымды сезімде жүретін ананың баласы мейі- рімді, сезімтал, кісіге жақын үйірсек болатынын дәлелдеп отыр. Ал эжелеріміз мүның бэрін оқымай-ақ, табиғи тектілігі арқылы баяғыда-ақ білген ғой. Ененің баса назар аударып қадағалайтын бір қамқор ісі - келіннің уақытымен дұрыс тамақтануы. Асты аз ішсе, баланың өсуі тежеледі, көп қабылдаса, бала тым толып, кейін босанарда қиындық туындайды, бүл ана мен баланың өміріне қауіпті. Сондықтан сиырдың, қойдың майлы еттерін шектеп, есесіне, нәрлі, дэмді тағамдарды, әсіресе сүт қосылған астарды, сүт өнімдерін молынан ішкізіпті. Баланың сүйегі шымыр, мықты болсын деп қызыл ірімшік жегізіп, аракідік сағыз шайнатады екен. Ертедегі сағыздардың ешқандай химиялық қоспасы жоқ, таза өсімдіктерден алынатын қарағайсағыз, құмсағыз, жерсағыз секілді табиғи түрлері болған. Сонымен бірге сәбидің көру, есту қабілеті жақсы жетілсін деп эрі келіннің тамағы бойына сіңсін деп рауғаш, жуа, қымыздьщ, саумалдық, түйетабан сияқты өсімдіктерді, қарақат, бүлдірген, мойыл, таңқурай, жидек секілді жемістерді мүмкіндігінше жегі- зуге тырысқан. Келіннің өзін күтіп таза жүруіне үлкен көңіл бөлінген. Киікоты, көкемарал, жалбыз, шайшөп, жүпар сияқты хош иісті шөптерді пайдаланып жуынуға үйреткен. ¥қыпты ене, 14
КҮРЕТАМЫР егер келіні қысқа қарай босанатын болса, жоғарыдағы шөптерді жазда көлеңкеде құрғатып кептіріп, дайындап алып қояды екен. Сол секілді емдік қасиеті бар арша, адыраспан сияқты өсімдік- терді үйге түтіндетіп, іштегі баланың тыныс мүшелерінің сезімтал болуына эсер еткен. «Балаға жағымсыз кесірі тиеді», - деп келін- шектің тіс тазалығына да көп көңіл бөліпті. Азанда жэне жатар- да тұзды сумен немесе жоғарыда аталған хош иісті шөптердің қайнатпа тұнбасымен аузын шайқатқан. Үлкен кісілер немере көруді аңсап күтумен бірге нәрестенің аман-есен өмірге келуіне өздерін де міндетті санаған. Қамқор ене келінге ауыр зат көтертпей, шаң-тозаңы, күл-қоқысы бар жүмысқа жолатпаған. Әлденеден шошып, түсік тастау қауіпі болмасын деп түнде далаға жалғыз шығармаған. ¥рыс-керіс, у-шу болып жаткан бейэдеп көріністерден аулақ ұстапты. Аяғы ауыр келіннің көзін- ше кім-кімге де өрескел сөйлеуге, айғайлап арындауға тыйым салған эрі келіншектің өзіне: «Шырағым, даурығып дауысьщды көтермей, биязы, сыпайы сөйле, әйтпесе, бөпеңнің мінезі шэл- кем-шалыс, салдыр-күлдір содыр болып қалады», - деп жағымсыз әдеттерден сақтандырған. Сол секілді: «Үйге келген кісіні есіктен қайтарма, «қырықтың бірі - Қыдыр» деген, қолыңнан дэм татқы- зып, ықыласын ал, шарапаты тиеді. Жас балаға зекіме, олар періш- тедей пэк, күнәсіз, баланың мейірімі түссе, бойың жеңілдейді. Итке «кет» деме, тамақ бер. Ит - жеті қазынаның бірі, иесіне жақсы- лық экелер берекенің күзетшісі. Малды ұрма, олардың эрқайсы- сының киесі, қасиеті бар», - деген секілді қарапайым да астарлы ұлағатты тэлімін беріп, келінді келеңсіз әрекеттерден тежеп, эдептілікке, ізгілікке жетелепті. Сол арқылы іштегі балаға тэрбие ұрығын сепкен. «Келін жыласа, бала жасық болады» деп келінді жылауға жет- кізбей, қас-қабағына қарап, элдебір суық хабарды, тосын жаманат- ты естіртпей, кездейсоқ зардаптардан қорғаған. Келіншектің күйеуіне: «Қосағыңның аяғы ауырлады, салмағын өзің көтеріс», - дей отырып, оның азаматтығына сенім артып, міндет жүктеген. 15
Зейнеп Ахметова Өйткені көңілі күпті әйел, ең алдымен, жұбайына арқа сүйеп, оның сүйіспеншілігіне зэру боп тұрады. Ер-азамат жарын ыстық ықыласына бөлеп, жанға жағымды жақсы эрекеттерімен аялап отырса, іштегі балаға эке мейірімі, әкенің рухани күш-қуаты анасы арқылы беріледі дейді. Ал болашақ анаға ауыр сөз айтып балағаттау немесе қол жұмсау қазақта үлкен күнэ саналған. Он- дай анайы мінезді парықсыздарды бүкіл ауыл болып айыптаған, қатты сынға алып жазалаған екен. Ата-бабаларымыз әлемдегі ең ұлы кітап - Жаратылыстың өзінен оқып-тоқыған. Табиғатпен үйлесімділікті сақтай отырып, Жаратылыстың тылсым сырларын үғып, оны танып-білуге құл- шынған. Сол түсініп-түйсінгенін күнделікті түрмыс-тіршілігіне пайдаланған. Бүгінде ғылым-біліммен қаруланған біздің үлкен ағаттығымыз - табиғаттан бөлініп, ешбір қүдіретке, тылсымға иланбай, «сенім» дейтін рухани ұлы күшті тұншықтырып ал- ғандығымыз. Соның нэтижесінде ішкі жан дүниеміз, ұлттық дүниетаным құндылықтарымыз лайланып, обалды түсінбейтін, сауапты жасай алмайтын, парызды өтемейтін, күнэні мойында- майтын, тіршілікке тэубе демейтін мэңгүрттік дертке шалдыққа- нымыз жасырын емес. Қаттырақ кетіп, ащылау айтып жатқан себебім - тэрбие талғамын табиғаттан ажыратып, оқшау карамасақ екен деген ойдан туып отыр. Адам қуатты табиғаттан алады. Бұл біздің қазак үшін жаңалық емес. Ілгеріде өткен аналарымыз келіндерін табиғаттың өзімен тәрбиелеп, сол арқылы болашак ұрпағына қамқорлық жасаған. «Қарағым, заңғар тауға қара, немеремнің өресі биік болсын. Жа- зық далаға, көкжиекке көз жібер, немерем кеңпейілді дарқан бол сын. Жайнаған гүлге, жайқалған көкорайға назар аудар, сәбиің шырайлы болады. Бұлақтың көзін аш, бала қайырымды, мейірім- ді болады» деген секілді ақыл-кеңестерін айтып, жас келіннің табиғатты қастерлеп түсінуге, жақсы қасиеттерді жаратылыстың өзінен үйренуге баулыған. Ой жіберіп қарасаңыз көңілі күмэнді болып жүрген аяғы ауыр әйел түгілі, былайғы адамиың өзі бір 16
КҮРЕТАМЫР сәт тауға көз тігіп қарағанда ойы биіктеп көңілі өседі. Сол сияқты сайын далаға, сағымданған көкжиекке қарасаң жансарайың кеңігендей эсер аласың әрі адамның көру қабілеті артып, жанары өткірленеді. Көңіліне түйгені мол көргенді енелер келіннің айы-күні жа- қындап келе жатқанда далаға алып шығып, жалаңаяқ таза жермен жүргізеді екен. «О, кеудесі түкті қасиетті Жер-ана, өзің медет бере көр! Перзентіңді пэле-кесірден сақтап, бойын жеңілдете көр!» - деп тілек тілейді. Мұны негізсіз дей алмайсыз. Жердің адам де- несіндегі артық энергияны, бойға сіңген бөтен, былғаныш күш- терді өзіне тартып алатыны ғылымда да дәлелденген. Найзағай түскен, тоқ соққан адамды жерге көміп емдейтіні сондықтан. Оның үстіне жалаңаяқ жер басып жүргенде табандағы шоғырланған нерв жүйелерінің қызметі артып, адамның денсаулығына жағым- ды эсер беретіні тағы да даусыз. Қазір емшілердің емдеу тэсілінде табиғаттың өзінен - күн нұрынан, ай сәулесінен, оттан, судан, жерден қуат алып, науқасты сауықтыратыны жайлы жарыса жа- зып, жаңалық ашқандай жар салып жатады. Осылар қазаққа таңсық емес, қарапайым табиғи әдіс-тәсіл болган. Қолында екіқабат келіні бар саналы ене Ай сүттей жарық түнде келінді ай сәулесі астында жүргізіп серуендетіп, ғарыш қуатының эсерін дарытқан. «Бала айдай сәулелі, айдай көпке ортақ білікті болсын!» - деп тілепті. Келінді ай жарығында бұлақ суына, көлге шомылдырып: «Бала судай таза, судай тұнық, судай қасиетті болсын!» - деп ниет қылған. Іле-шала маздап жатқан отқа қыздырып: «Бала айналасына оттай опалы, оттай мейірімді, оттай жарық, оттай күшті болсын!» - деп жас келіннің көңілін жаксылыққа иландырып жігерлендіріпті. Суық пен ыстықты ке- зек алмастыру аркылы бойға күш-қуат сіңіруді ата-бабаларымыз бағзы заманда-ақ білген. Келін күтімінде оның киім-кешегіне де зор мэн берген. Бой та- залығымен қоса, киім-кешектің кірсіз эрі денеге ыңғайлы болуын қадағалаған. Келінге қара, қоңыр, сүр түсті киім кигізбеген. 17
Зейнеп Ахметова Керісінше ашық түсті кең-мол тігілген киім таңдалған. Осы жер- де нақты болған бір әңгімені айтуды жөн көрдім. Менің анам ұлттық қүндылықтарды өзі өмірден өткенше үкісін қисайтпай ұстаған жан еді. Ұлыма аяғым ауыр кезде бір күні үйге келді. Маған етек-жеңі кең-мол пішілген, кеудесінен бүрген екі көйлек тігіп әкеліпті. Мен оны көрген замат: «Мұндай көйлектерді кимеймін, бұл менің мэнерім емес», - деп бірден ыршып түстім. Сонда анам: - Түһ, сенің осы тызетпе мінезің-ай! Туламай алдымен тыңда! - деді иығымнан сілки ұстай, өзіне қаратып. - Бұл көйлектерді еріккеннен ермек етіп көз майымды тауысып тіккенім жоқ. Сенің қамыңды, жарық дүниеге элі келмеген жиенімнің амандығын ойлап тіктім. Қиқарланбай қарсылықсыз киесің. Неге екенін айтайын. «Мені көр» дегендей ішіңді тырситып келе жатқаныңда қарсы алдыңнан шыққан кез келген адамның көзі ең алдымен қарныңа түседі. Әр адамда эртүрлі шамада назар болады, көзінің сұғы болады, кейбіреулердің жанарында отты уыт та кездеседі. Ол адамдар саған әдейілеп кесірін тигізейін демейді, сенде ша- руасы жоқ. Бірақ өзінің көзінде қаншалықты назар барын білмейді, оны ойламайды да. Ал көлгемедей көлкілдеген көйлек көлденең көздердің еріксіз қадалар сұғынан сақтайды. Содан кейін онсыз да тар құрсақта жатқан балаға сырттан қосымша қысым түспейді. Баланың дене мүшелерінің емін-еркін өсуіне кең киім айтарлықтай септігін тигізеді. Жаман айтпай, жақсы жоқ, нәресте іштен кем- кетікті тумауы үшін бұл да бір сақтық шарасы. Әсіресе мықынды қысатын киім аяғы ауыр әйелге қауіпті. Босанар кезде қиындық туындауы ғажап емес. «Қайтер дейсің, киімде түрған не бар, өзіме ұнағанын кием», - деп өзімшілдікке салыну опық жегізуі әбден мүмкін. Кімге болса да құдайым ондайдың бетін аулақ етсін. Пенде пақыр қашан, қай жерде қауіп-қатер, жазым кезігерін болжай алмайды. Жаратқан ием сақтанғанды сақтайды. Содан кейін сен мына көйлектердің түсі тым ашық дейсің, солай болғаны жақсы, неге десең сұқтана қараған көзді алдайды. Алғашқы назар ішіңе емес, көйлекке түседі», - деп түсіндіріп ұқтырып еді. 18
КҮРЕТАМЫР Қазір, құдайға шүкір, сонау алпысыншы жылдардағыдай емес, дайын киімнің де, матаның да алуан түрі іздемей-ақ табыла- ды. Әсіресе маталардың арзаны да, ортақолдысы да, асыл құнды- лары да көздің жауын алып, дүкен сөрелерінде жайнап түр. Бірақ, амал қанша, бір кездегі қолға түспейтін мата көбейгенімен көйлек киетін эйел заты азайған. Бұл күнде ұрғашы қауьшы көй- лектен жеріген заман. Кэрі-жас демей, арық-семізіне карамай, үйлескен-үйлеспегеніне пысқырмай, шалбарланып шауып жүр. Әсіресе үстіндегі киімінің тігісі жыртылардай тырситып, төңке- рілген тегенедей ішін алға шермитіп келе жатқан аяғы ауыр ке- ліндерді көргенде: «Әттеген-ай, бұл байқұстардың ақыл айтар анасы, қамқор боп үлгі көрсетер енесі жоқ па?» - деп жаньш ашып қынжыламын. КІНДІК ШЕШЕ Қазақ халқында кіндік шеше деген ерекше орыны бар, өте қа- дірлі тұлға саналған. Баланың туған анасынан кейінгі құрметпен қарайтын, өзегі жарыла өзімсінетін жақыны - кіндік шеше. Келіннің бойына бала бітіп, «ақ алғысты» болған кезден бастап, ене болашақ немересіне лайыкты кіндік шешені іштей саралай бастайды. Ол аралықта: «Мен болам», - деп өз тарапынан қолқа салушылар мен таласушылар да көбейеді. Солардың арасынан пейілі түскен адамды ене өзі таңдайды. «Пәленшенің мінезі бия- зы, үнемі жайдары жүреді», «түгеншенің жүріс-тұрысы салмақ- ты, істеген ісі берекелі» деген секілді кісінің жақсы қасиеттерін жинақтай келе кіндік шешені алдын ала белгілейді. «Екеуміз де ниетімізге жетейік, келініме бас-көз бол», - деп келін енесі көңілі қалаған әйелге ризашылығын білдіреді. Бүл - үлкен сенім әрі мэртебе. Өзін кіндік шешелікке жараймын деп жауапкершілікті кө- теруге шынайы ниет еткен әйел келіншек пен күйеуін үйіне арнап шақырып, кәделі тамақ береді. Сол күннен бастап аралас- 19
Зейнеп Ахметова құраластары жиілеп, екі үйдің арасында әдемі қарым-қатынас басталып кетеді екен. Болашақ кіндік шеше эрбір сәтті пайдала- нып келіннің үй шаруасына қолғабыс етіп, оның шаршамауын қадағалайды. Бойын күтуді, қалай жүріп-тұруды, қалай тамақтану керектігіне дейін ұқтырып, іште жатқан шақалаққа әу бастан-ак қамқорлығын жасайды. Енесі ашық айта алмайтын жайларды түсіндіріп дегендей, бір сөзбен айтқанда, ана болуға дайындайды. Олар бұрыннан жинақталған тәжірибелерге сүйене отырып, «ай толғақ», «апта толғақ» дейтін хабаршы толғақтардың күнін санап, келіннің қай кезде босанатынын алдын ала есептеген. Соған орай үйді, төсек-орынды кіршіксіз тазартып, арасында арша, адырас- пан түтіндетіп, отбасын залалсыздандырады. Сонымен бірге туыт жеңіл болсын деп күнде келіншектің құймышағынан бастап көкжелкесіне дейін қойдың құйрықмайымен сылап, қол батыра уқалайды. Салқын тиіп желдеп қалмауын ықтияттайды. Міне, осы секілді жұмыстардың талайын болашақ кіндік шеше атқарады. Өйткені жас келін аман-есен көз жарып, қол-аяғын бауырына алса, «кіндік шешенің ниеті қабыл болды, қолы жеңіл екен» дейтін абыройга ие болып, көңіл аясы көтеріліп жатады екен. Кіндік шешенің жүмысы мүнымен бітпейді, енді жас босан- ған ана мен нәрестенің күтіміне көмектеседі. Тұңғышын өмірге әкелген келіншек жаңа өміріне жаттыққанша, белі бекігенше қолын суға салғызбай кір-қоңын жуып, баланы шомылдыру, сылау, құндақтау, жаялық-жөргектерді таза ұстау секілді, бір қарағанда ұсақ-түйектей көрінетін, бірақ өте қажетті шаруалардың бар- лығын дерлік кіндік шеше мойынына алған. Баланың ең алғашқы киімі - «итжейдені» тігіп әкелу де тікелей оның міндеті болған. Баланың былайғы өмірінде сол жанашырлық, мейірім-ықы- лас кіндік шеше тарапынан толастамайды. Сәбиге қатысты өткі- зілетін шілдеханадан бастап, үйлену не ұзатылу тойына дейінгі барлық шаралардың басы-қасында жүреді. Оны айтасыз, өзі тү- гіл бүкіл отбасы мүшелерінің барлығы кіндік балаға айрықша бауырмалдықпен қарап қадірлеген. 20
КҮРЕТАМЫР Баланың ата-анасымен қатар кіндік шешеге көрсетілер кұр- меттің орыны бөлек болыпты. Қыз үзатып, келін түсіріп, екі ел құдандалы болып жатқанда да ата-анамен бірге аты аталып, төрден орын берілген. Кейін бала ат жалын тартып мінер азаматтыққа жеткенде кіндік шешенің еңбегін ақтап, іздеп-сұрап, сый-сияпатын жасай жүруді өзіне парыз санапты. Ұзатылып кеткен қыздар төркіндеп келгенде арнайы тарту-таралғысымен кіндік апасы- ның алдынан өтіп, ақ батасын алады. Мұның өзі береке-бірлікке, ынтымақ-татулыққа көпір болып жалғасып жатады екен. Қазақ халқы: «Бала кіндік шешеге тартады», - деп тегін айтпа- ған. Мұны қазір ғылым да қостайды. Өйткені жарық дүниеге шыр етіп түскен сәбидің пэк тэнін ұстап, кіндігін кесу аркылы эрбір адамның бойында эртүрлі деңгейде болатын биоөріс, жараты- лысындағы тектік касиеттер белгілі бір мөлшерде балаға бері- леді. Сондықтан баланың өз жақындарына үқсамайтын кейбір мінездерінің кіндік шешеге тартатыны анық. «Ой, бүл пәленше- нің кіндік баласы ғой, мінезі содан аумай қалған» деген сөзді бұрындары жиі естуші едік. Осы жерде сәл ойланып, зерделеп көрейікші, жетпіс жыл бойы бүл қазақтың кіндігін кім кеспеді дейсіз?! ¥лттық қадір-қасиет, ұлттық болмысымыздың жүтаң тартып, басқа бағытқа қарай ауыңқырап кеткенінің бір түйіні осында жатқан жоқ па? Қалай десеңіз де, бұл ой негізсіз емес. Кеңес өкіметі дэуірлеп түрған кезде «кіндік шеше» деген ұғымның қазақ ғұрпындағы негізгі мән-мағынасы көмескіленіп, өзінің бастапқы ерекше де қадірлі орнынан айырылып еді. Рас, сол заманда да «кіндік шеше» атауын иеленгендер болды. Алай- да олар кіндік кеспей-ақ сырттай сайланғандар, яғни сэби өмірге келген соң жаялық-жөргегін алып, гүлі мен тәттісін көтеріп барып перзентханадан ана мен баланы үйге шығарып әкелушілер. Бұлар шілдехана, қырқынан шығаруда қүрметті қонақ болып, бала каратабан болмай жатып «кіндіккесер» сыйын алып дегендей, екі жағы да міндеттерін өтегендей мэз-мейрам болып жататын. 21
Зейнеп Ахметова Әйтеуір, қалай болғанда да, ниеттері жақсы. Ал нағыз кіндік кесушілер - басқа, көпшілігіміз оларды түстеп танымаймыз. Өйткені ананың босану сәті қай дэрігердің кезекшілік уақытына сай келсе, кіндікті сол кеседі. Қалай ма, қаламай ма, жалақы алып отырған қызметі болғандықтан өзінің тікелей кэсіби мінде- тін атқарады. Бұл олардың жаттыққан дағдылы жұмыстары. Кімнің кіндігін кесіп жатқаны олар үшін маңызды емес, ең басты- сы, ана мен баланың амандығына жауапты жандар. Сол бір кезде ауылды қайдам, қалалы жерде, әсіресе Алма- тыда перзентханалардың дэрігерлері мен медбикелері, тіпті элгі «нянка» дегеніне дейін орыс ұлтының өкілдері еді. Басқаны айтып қайтейін, өз ұлымның кіндігін солардың біреуі кесті. Ол Иванова ма, Петрова ма, білмеймін, тек аман-сау босанғаныма қуанып, риза болдым. Осы күндері баламның бойынан әулетімізде жоқ кейбір мінезді байқағанда кіндігін кескен адамды бірден есіме аламын, бірақ көзіме оның бет-бейнесін, кескін-келбетін елестете алмаймын. Орайы келіп түрғанда айта кетейін, өз баламның кіндік ше- шесі белгісіз болғандықтан енді көптен күткен немеремнің бо- лашақ кіндік шешесі жайлы көп толғандым. Қайтсем екен деп эр ойдың басын бір шалып шешімін таба алмай жүргенімде анық болған бір тосын әңгімені естідім. Танысымыздың келіні босанғанда келіншектің күйеуі туыт бөлмесіне бірге кіріп, бүкіл толғақ барысын, нэрестенің өмірге келу сәтін түгел видеокаме- раға түсіріпті. «Астапыралла! Естімеген елде көп деген осы екен- ау!» - деп қазақ жігітінің мына қылығын ер-азаматқа ерсі тексіздік көріп қынжылдым. Алайда «егер еркек адам эйел босанатын жер- ге камерамен емін-еркін кіретін болса, неге өзім қалаған әйелге медициналық бетперде мен халат кигізіп апармаймын? Дәрігер өзінің кэсіби міндетін атқарса, ал кіндік шеніе баланың кіндігін кессе...» деген ойға келдім. Осы ниетімді жақсы таныс акушерге айтып едім: - Туыт бөлмесіне дәрігерлерден басқа адам кіруге болмайды, - деп басын шайқады. 22
КҮРЕТАМЫР - Ойбай-ау, ана жігіт камерамен тайраңдап қалай кірген? - деймін ғой баяғы қарсы дау айтып. - Білмеймін. Олай болуы мүмкін емес, - деп ат-тонын ала қашты. Мейлі ғой. Ол білмесе, мен білемін. Жүрмейтін жері жоқ, кірмейтін қуысы жоқ «ақша» деген бедерлі қағаздың күшімен кірген. Сонымен, не дейсіз, бір күні белді бекем буып, айтар сөзімді жұптап, дәлелдерімді нақтылап перзентханаға келдім. Ондағы мақсатым - болашақ кіндік шешені өзім әкелуіме бола ма, болмай ма, соның мэн-жайын білмекшімін. Егер сәті түсіп ойым орында- лып жатса, элі өзім тоқтала қоймаған, бірақ көңілімдегі бірнеше адамның ішінен біреуін таңдап, ниет-тілегімді айтпақшы едім, Сөйтіп, эйелдер босанатын бөлімді басқаратын адамның кабинетіне бас сұқтым. Бір жақсы жері ол келіншек қайсыбір бастықтар секіл- ді сызқабақтанып салқын қарсы алмай: «О-о, апай, қош келіпсіз!» - деп орнынан ұшып түрып қарсы алды. Құдайдың құдіреті, ол ә дегеннен көзіме жарқ етіп ыстық көрінді. Оның бойынан адамды өзіне тартатын бір тылсым шуақ таралып жатқандай әсерде болдым. Үнемі аналардың өмірге сәби әкелу сәтінде шарапаты тиіп, жаңа туған баланьщ күнәсіз таза тәнінен берілетін ғажайып қуатынан ылғи эсер алғандықтан ба, маңдайы жарқырап, жанары жайнап тұр екен. Шынымды айтсам, бірден «ғашық» болдым да калдым. Айтамын деп келген айшықты сөздерім жайына қалды да: - Айналайын, бізде бар-жоғы бір тал үл, бір келін. Тұңғыш немеремнің өмірге келуін күтіп жүрмін. Келінімді қамқорлығыңа алып, бізге кіндік шеше болшы, - деп сөзімді созып ширатылмай, өтінішімді төтесінен айтып салдым. Ол алғашында біртүрлі абдырап қалғандай болды. Әнтек үзілістен кейін: - Апай, ана мен баланың қауіпсіз болуын қолымыздан келген- ше қамтамасыз етіп, қызмет істеу - біздің ең үлкен борышымыз. Ал бүкіл қазаққа белгілі шаңырақтың келініне бас-көз болып, 23
Зейнеп Ахметова аман-сау босандырып, «кіндік шеше» атансам, мен үшін зор мэртебе ғой, - деп ризашылығын білдірді. Бұл эңгіме 1998 жылы желтоқсанның 3-і күні болып еді. Ол содан бастап келінімді қадағалап, денсаулығын бақылап, дәрігерлік ақыл-кеңестерін беріп жанашырлықпен алдағы күнге дайындады. Иә, эр нәрсе өз уақытымен деген, Алланың рақы- мымен желтоқсанның 22 жұлдызында Анарым аман-есен көз жарып, өмірге балпанақтай ұл келді. Атаның туған күніне екі-ақ күн жетпей туған немереміз Бақытжан екеумізді «ата», «әже» атандырып, көңілімізді көк аспанға шарықтатып, марқайтып тастады. Мен қателеспеген екенмін, ¥лтай Дауылбекқызы азын көпке балап жүретін өте ақкөңіл, еңбекқор, айналасынан алғыс естіп жүретін ақеділ жан екен. Ол екі шаңырақтың қою араласуына дәнекер болып, өрісіміз кеңейе түсті. ¥лым мен келінім «¥лтай мама» деп құрақ ұшып жақсы көрді. Тілі жаңа шыға бастаған немерем бір жолы ол келгенде: «Мэмэ Уля», - деп былдырлап қолын созып ентелегені бар. Содан бастап ол «мама Уля» атанып кетті. Кейін екінші немеремді де қамқорлығына алып, Момышұлы әулетіне қосқабат кіндік шеше болды. Біздің үйдің барлық қуа- нышы мен қайғысына ортақтасып, үнемі қасымыздан табылып жүргендіктен оны туған-туысқан, жекжат-жұрат, дос-жаран тү- гел таниды. Танып қана қоймай, біреуі «кіндік апа» деп, біреуі «кіндік әпке» деп атап, сыйлап тұрады. Мұндай сый-құрметтің тамыры ұлтымызға тэн қазақи болмысымыздың, ықылас пен пейілімізден басталып, осылай нэр алып жатқан болса керек. АҚҚОЛДЫ АНА Әйел затының мынау жарық дүниеден көретін шынайы жал- ғыз бақыты - ана болуы қуанышы десек, аттың жалында, түйенің қомында, жаугершілік қуғын-сүргінде де өмірге перзент әкеліп, ұрпақ өсірген қайран асыл аналар-ай десеңізші! 24
КҮРЕТАМЫР Бұрын көшпенді қазақ елінде қазіргідей жабдықталған дайын перзентханалардың атымен болмағаны белгілі. Қазақ әйелі отының басында, ошағының қасында сәбиінің алғашқы іңгәсін естіген. Оларға көрген-түйгені көп тәжірибелі аналар кө- мектесіпті. Өмір сүру салтымен тіршілік қажетіне бейімделген, кітаби білімі жоқ сол апалар бүгінгі күннің акушер-гинеколог- тарының міндетін атқарған деуге болады. Бұлардың арасында есімі ел аузына ілінген қолы шипалы, аузы дуалы арнайы ана босандыратын «ақжарқьш ана», «аққолды ана» атанған ерекше ша- рапатты туыт аналары болған екен. Ондайлардың «аққолды ана» атануы кейде толғақ үстінде бала теріс келіп, ана мен баланың өміріне қауіп төнген қысылтаяң жағдайда қойдың жақсы жуыл- ған бүйенін қолына киіп, баланы оңына келтіріп, ананы аман-сау босандырып алатынынан екен. Тапқырлығына таңғаласың, жаңа сойылған қойдың бүйені жасанды зат емес, «табиғи қолғап» болғандықтан анаға да, балаға да ешбір зияны тимей, қайта тэнге жұмсақ, жағымды болыпты. Әжелеріміз: «Әлемдегі аурудьщ ең қиыны да, тез ұмытылаты- ны да - толғақ», - деп айтушы еді. Бұл сөздің мэнін өзі ана бол- ғандар ғана жаксы түсінеді. Жарық дүниеге жаңа адамды әкелу ащы да азапты толғақпен келеді. Әне, сол толғақ үстінде әркім өзін эрқалай ұстайды, өйткені пенде жаратылысы бір-біріне ұқ- самайды. Шыбын жаны кеудесінен үшып шығардай қиналғанда біреу ойбайлап айғайлайды, енді біреуі белі үзіліп жатса да, ды- мын шығармай тістеніп, сазарып қалады. Екеуі де жақсы емес, ойбай мен айғайды естігенде сыртта жақсылық хабар күтіп тұр- ғандар үрейленіп суық ойға бой алдырады эрі үздіксіз ойбай мен айғайдан әйелдің күш-қуаты кеми береді. Ал тістенетіндердің жағы күйзелістен қарысып қалады да, босанған соң күш жұмсап ашқызуға тура келеді. Кепке бармай ондайлардың тістері босап түсе бастайды. Осындай жайларды болдырмау үшін аққолды ана келіншектің аузына тары салады екен. Толғақ қысқанда амалсыз- дан тарыны қышырлатып шайнау арқылы бебеулеуге де, тістенуғе 25
Зейнеп Ахметова де мүмкіндігі қалмаған. Бұл қарадүрсін эдіс болғанымен ананың толғақ үстінде әлсіремеуіне эрі тіс түбінің босамауына үлкен септігін тигізеді екен. Осының өзінде тэрбие мен өнеге жатыр ғой. «Аққолды ана» немесе «ақжарқын ана» атанған сол мейір- бан жандар өздері кіндік шеше болмаған. Қазақ салты бойынша аяғы ауыр келін күтіміне қомақты еңбек сіңіріп, кіндік шеше бо- луға дайындалып жүрген қамқоршылардың қолын қағып, жолын кесуді көргенсіздікке балаган. Олар тек өзінің кәсіби міндетін орындаған. Ана мен баланың жағдайының оңды болып нәрестенің аман-сау дүниеге келуін, сонымен қатар туытпен бірге кездесіп қалатын эртүрлі қауіп-қатердің болмауына асқан жауапкерші- лікпен қараган. Өйткені адам өмірінен қымбат не бар дейсіз, шыр етіп сэбидің өмірге келуі бір үйдің ғана емес, бүкіл әулеттің, ауылдың қуанышы. Адамдар бір-бірінен сүйінші сұрап мэре-сэре шаттанғанда туыт аналар төңірегінен түгел алғыс естіп, абырой- ға ие болып, жүздері жарқын, маңдайлары ашық болгандықтан «ақжарқын ана» атанган екен. *** Баланың өмірге келуін сөз етіп отырып, оның түскен кіндігі мен тоғыз ай ана жүрегінің астында шақалаққа серік болып жатқан жолдасы туралы айтпай кетуге болмайды. Бұл жөнінде халқымыздың ертеде қалыптастырған мэні терең, мазмұны кең ырымдары бар. Әсілі, қазақ халқының кез келген ырымы ізгі ниеттен, шынайы пэк көңілден туындап, жақсылыққа бағыштал- ды. Ғасырлар бойы қайталана-қайталана адамға медет беретін тылсым күшке айналған. Сенім - ұлы күш, сенім бар жерде кие бар. Әр үлтты демейтін, сүйейтін киесі өзіне ғана қасиетті, өзіне гана тиесілі. Мың жерден өзгенің ырымын, салтын керемет кел- істіріп орындасаң да, тегіңде жоқ болғандықтан ешқашан саган жұғысты болмайды. Сонымен, ата-бабаларымыз «Еркек - түздің тынысы, әйел - үйдің ырысы» деп түйіндеп, қыздың кіндігі мен жолдасын «от- 26
КҮРЕТАМЫР басынын алтын қазық құт-берекесі болсын» деп оттың басына көмген. Әжелеріміздің «оттың басына түкірме», «оттың басын баспа» дейтін тыйымы осыған орай шығыпты. Ал үл баланың жолдасын «елін-жерін, атажұртын қорғайтын намысты азамат болсын» деп алты қырды асырып апарып, таза жерге көміпті. Ер-азамат түздің адамы болуымен бірге «ол шаңырақтың иесі, әулетті жалғастырушы, босағаны берік ұстайтын тірек болсын» деп кіндігін туған үйінің табалдырығының астына көмеді екен. Әлгі «табалдырықты баспа» деген көне тыйымның жауабы осын- да жатыр. Міне, осылай бүрынғы қазақ баласының жолдасы мен кіндігі жерге берілген екен. «Ер туған жеріне, ит тойған жеріне» дейтін мағыналы сөз бар. Ит қарыны тойған жерде жүре береді. Итте отан да, туған жер де жоқ, ейткені иттің кіндігі жерге көмілмеген. Ал кіндігі жерге «жабысқан» ата-бабаларымыз ұлтарақтай жері- нің өзін жатқа бермей жан алып, жан беріп жаумен шайқасқан. Қолындақүдіретті қаруы болмаса да, қылыш-семсер, найза-шоқпар, садақпен-ақ сіз бен бізге осыншама үлан-байтақ жерді мұраға қалдырыпты. Ал біз ше? Жетпіс жыл бойы қай ата-ана баласының кіндігі мен жолдасын жерге көмген? Көмбек түгілі, көргеміз жоқ. Күл-қоқысқа тасталып ит жеді ме, мысық жеді ме, құрт-құмырсқага азық болды ма, бір құдай біледі. Бұл күнде ата-бабаның қаны мен теріне суарылган, сүйегі жатқан жерді аузы-мұрны қисаймай «сатамыз» дейтін, қарыны тойған жерде жүре беретін ит тектестер көбейді. Үлкен кішіге ұлағат көрсете алмай, кіші «өзімбілемге» салып ит пен мысықтай жауласып, намыстан жүтап, құрт- құмырсқадай үсақталып, берекеміздің кетіп бара жатқанының бір ұшы - кіндігіміздің касиетті Жерімізден ажырап қалғанынан шығар?! Ата марқұм: «Қүдайға сенбеген тылсымға да сенбейді», - деуші еді. Сену-сенбеуді эркімнің өз еншісіне қалдырайық, тек адам ретінде осы әңгімені ой-санасынан өткізсе екен деймін. Өткен ғасырда ана болгандар жақсы біледі, босанған эйелді баласының кіндігі түспейінше үйіне жібермейтін. Кейін өзіміз 27
Зейнеп Ахметова жеке шаңырақ көтеріп, еркін ел болғалы бері, екі күннен соң перзентханадан шығарып жіберетін болды. Жас ана бұрынды- соңды естігені бар, түскен кіндікті тастауға болмайтынын шама- лап түсінеді, алайда ары қарай не істеу керектігін білмейді. Өкі- ніштісі сол, азан білмесе де құлағын қағатын дүмше молда секілді, өздері ештеңенің байыбына бармай-ақ ақыл айтушылар жеткілік- ті. Біреуі «түмарға қосып тігу керек» дейді, енді біреуі «баланың алғашқы алынған қарын шашымен қосып, шүберекке түйіп үйде сақтау қажет» дейді. Әлеуметтік желіден әжептәуір атағы бар бір әйел: «Балаларымның кіндігін Құранның арасына салып сақтаймын», - деп айды аспанға бір-ақ шығарды. Қасиетті Қүранды кіндік қоймасына айналдырып әрі соны мақтанышпен өзгеге үлгі етіп отырған сол пендеге қайран қалдым. Әрине, бауыр еті баласы үшін аналар қолынан келген бар игілікті жасауға дайын тұратыны белгілі. Жоғарыдағы ақыл айтушылар да жақсы ниет ойлаған бо- лар, десе де, эркім өзінше бұра тартып білгішсінбей, ата-бабадан қалған үлағатты қазақ дәстүріне неге жүгінбейді екен деймін. Рас, баяғы от басы мен табалдырық өзгеріп кеткен, бірақ Жер-ана өзгерген жок, орнында тұр ғой... Маған талай жас аналар мен олардың шешелері хабарласып, жөн-жоба сұрап жатады. Қазақтың ұлттық төл дәстүрлерін білгісі келетін ондай адамдарға риза болам, шама-шарқымша білгенімді түсіндіріп ұқтыруға тырысамын. Айтайық, кіндікті сыртқа апа- рып кісі аягы таптай бермейтін таза жерге немесе даладагы та- мыр тартып, жапырақ жайып өсіп тұрған ағаш түбіне көмуге кеңес беремін. Бүл бабалар дәстүрінен қиғаш кетіп түрған жоқ, қисынға келіп, қиюы қабысып түр деп ойлаймын. Ал оны орындау- орындамау - эркімнің өз еркі. «Айтпайын десем аузым бар, көрмейін десем көзім бар» болған соң көңілімді көптен бері қажап жүрген нәрсе - сэбидің жолдасы жайлы. Ертедегі эжелеріміз таза жуып, акка орап жерге көм- гізетін, ана құрсағынан шықкан бала жолдасын айтып отырмьш. Қүдайга шүкір, қазір нәресте кіндігімен үйге келетін болды, ал 28
КҮРЕТАМЫР жолдасының қайда кететіні сол баяғы белгісіз күйі қалды. Неге десеңіз, оны іздейтін, сұрайтын адам жоқ. Тәуелсіздікке дейінгі жетпіс жыл, одан кейін бостандықтың ширек ғасыры ішінде бір ата-ана баласының жолдасына жоқшы болып, жерге көмгенін естідіңіз бе? Мен естімедім. Білуге талпынсам да оған қолым жетпеді. «Тексеріп, зерттейміз» деген жан-жағы тұйықталған бітеу сөзден басқа жауап алмадым. Естіген құлақта жазық жоқ, Кеңес заманында «бала жолдасын арнайы ыдыстарға салып Мәскеуге жібереді екен, жоғарыдағы лауазымды адамдардың ханымдары мен оларға жақын жүретін атақты әйелдер жас көрінуі үшін, өңіне эжім түспей жылтырап тұруы үшін бетіне жапсырады екен, көп бөлігі шетелге алтынға сатылады екен, жарамсыздары қоқысқа тасталады екен...» дейтін. Осылай толып жатқан «екен»-дерді еститінбіз. Рас-өтірігін көзің көріп, қольщмен ұстамаған соң, бір бүйіріңе шаншудай қадалса да дымың ішіңде, ауызды жауып жүрдік. «Саптыаякка ас кұйып, сабына қарауыл қойған» заман еді ғой. Әйтсе де, отты үйде жақса да, түтінінің сыртқа шығатыны секілді, қанша қүпияласа да, әлгіндей қыбыр-сыбырлар бэрбір таралып жататын. Бұл әңгіме- нің бекер емес екенін ішіміз сезетін, бірақ ашық айтудан жалта- рып жүре бердік. Ендігіміз не? Сүйекке сіңген әдет пен кіжінуіміз көп те, бел шешіп кірісуіміз жоқ, ынжықтық элі иығымыздан түспеді. Иә, солай. Әйтпесе, ана тоғыз ай бойы баламен бірге көтеріп, ащы толғақпен келетін сәби жолдасын нағыз иесінен сұраусыз өздеріне меншіктеп алғандардың не істеп жүргендерін, қандай тапсырма орындайтындарын білер едік. Ең болмаса, құдіреті күшті Құдайым ана құрсағына баламен бірге оның жол дасын тектен-тек жаратпағанын ойланар едік... ЖАРЫСҚАЗАН Қазақ халқынын, салт-дәстүр, әдет-ғүрып, ырым үдірістері талай-талай тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, небір зұлмат 29
Зейнеп Ахметова замандарды артта қалдырып, сан алуан дәуірлердің таңбасын бойына сіңіріп бізге жеткен. Қоғамдық құрлыс пен өмір салты өзгеріп тұратыны табиғи құбылыс. Халқымыз басып өткен белестермен бірге әдет-ғұрпымыздың да талайы тарих қойнауы- на кетіп, көзден тасаланғаны белгілі. Алайда «өткеніңді білмей, жеткеніңнің бағасын жете білмейсің» депті кемеңгер бабалар. Иә, өткенді білгеннің артықшылығы жоқ, ол басқанікі емес, өзіміздікі ғой. Аналар қауымы жалпыға ортақ перзентханаларда босанғалы бері салттан шығып қалған, қолданыста жоқ ырымдарың бірі - «жарысқазан». Келін босанар сәтте бірнеше әйел қазан көтеріп, от жағып тамақ әзірлеуге кіріседі. Уақыт алып ұзақ пісетін ас таңдалмайды, керісінше тезірек даяр болатын жеңіл-желпісін жасайды. Ондағы мақсат «қазан қайнап, ас піскенше бала дүние- ге келсін», «келін аман-есен апы-күпі тез босансын» деп қазан мен толғакты «жарыстырып» тілек тілейді. Сөйтіп, келіншек қол- аяғын бауырына алып жеңілдегенде ас та эзір болып, қуаныш дастарқаны жайылып, шілде тойдың алды басталып та кетеді екен. Бұрын көне қазақ ауылында болған, қазір келмеске кетіп үмытылған тағы бір ырым - «түсті ме» деп аталыпты. Келіннің толғағы жиілеп, бірақ бала түсе қоймай анасын бебеулетіп жатқанда осы ырым жасалған екен. Білегінің күші бар ересек балалар мен келіншектер келсап, тоқпақ секілді ауырлау заттармен үйдің сыртында айнала жүріп жерді дүрсілдете соққылап: «Түсті ме, түсті ме?» - деп дауыстайды. Іштегі әйелдер: «Түсті! Түсті!» - деп жауап қатады. Бұл әрекет қажетіне қарай қайталанады. Ащы толғақ шыдатпай қиналып, жан-жағына тырмыса қарманып жанұшырып жатқан келінге айналасында соншама адамның езі- не тілеулес болып, көңіл демеулерін беруі эсер етпей қоймайды дейді. Сол кезде келіннің сіресіп түрған бойы босап, бала да шыр етіп түсетін көрінеді. Әжелеріміздің бұл әдісінің негізгі мэні - келінге рухани күш-қуат дарытып, өзіне деген сенімін арттырып жігерлендіруді көздегені екен. 30
КҮРЕТАМЫР ШІЛДЕХАНА Жақсылықтарын жария етіп, қуаныштарын дария етіп жүретін ақкөңіл халқымыздың әдемі бір салты - шілдехана. Жарық дүниеге жаңа адамның келу қүрметіне арналған той, сауық-сайран, айналасына қуанышты паш еткен көңіл шашуы. Күткен күні сәтті болып, келін аман-сау босанған соң төңіректегі туыстарға, жек- жат-жұратқа, көңіл жетер дос-жарандарға сүйіншілеп хабаршы- лар аттанады. Жаңалықты жеткізушілер ұл баланы «атұстар», «құрықүстар» деп, қыз болса, «кестетігер», «шолпытағар» деген секілді сыпайы да келісті теңеулермен өмірге кім келгенін әде- мілеп айтады. Осының өзінде ұлттық әдеп-иба, үлттық тектілік жатыр. Қазақ салты бойынша жақындарға сүйіншілеп кісі жібермеу өкпе туғызатын мін болыгі саналған. Сондықтан онсыз да «бір атым насыбайдан көңілі қалатын» бала мінез ағайынның арасындағы ынтымақ-бірлік, сыйластыққа сызат түсірмеу жағы қатты ескеріл- ген екен. Ал сүйінші сұрап, қуаныш жеткізген адамды кұрметтеп, сый-сияпат ұсынып, риза етіп қайтарады. Басқа тойлардай емес, шілдеханаға шақырылып та, шақырусыз да келе береді. «Бауы берік болсын» айта келген эрбір адамды ашық көңіл, жарқын жүзбен қарсы алу халқымыздың бұлжымайтын ата жолы. Шілдеханаға кешке қарай өнерпаз жастар жиналады, сонымен бірге ауыл адамдары да қойын қоралап, сиырын сауып, бала-шағаның ас-суын беріп дегендей, шаруаларын бір қайырып, шілде күзетіне қатысып, өнер тамашалайды. Күмбірлеп күй тартылып, асқақтап ән шырқалып, өрнекті өлең ұйқастарын төгілте қыз-жігіттер айтысып, сауық-сайран таң аппақ боп атқанша толастамайды. Жас ана жаңа туған сәбиін бауырына алып, өздеріне арналған ілтипатқа елітіп, шымылдық ішінде жатады. Бағанағы ширық- қан жүйкесі босап, он екі мүшесі түгел балбырап, көңіл мерейін қандырған ән мен күйді тыңдап, ракат бір сезімге бөленеді. 31
Зейнеп Ахметова Жаратушы иемнің пенделеріне жіберген жеті сазының ерек- ше қасиеті, эуез күдіреті біздің халқымызға молынан дарыған. Шоқан Уәлихановтың досы, этнограф, фольклоршы ғалым Григо рий Николаевич Потаниннің: «Бүкіл қазақ даласы эн салып түрған- дай...» - деп таңғалғаны бекер емес қой. Әне, сол сиқырлы саз, эсем эуен жаңа туған нәрестенің құлағына сіңеді, дүние есігін ашқан сэттен эн-күймен тербеледі. Осыдан соң қазақ қалай әнші болмайды, қалай ақын болмайды дейсіз? Амал қанша, біздің ана атанған ке- зімізде перзенттеріміз мұндай сыйды көрген жоқ, олардың қүлағы туа сала тек орыс сөзін естіген. Қазақы рухымыз бен болмысымыз- дың әлсіреуіне мұның да эсері болғанын бекер дей алмайсыз ИТЖЕЙДЕ НЕМЕСЕ ИТКӨЙЛЕК Итжейде - баланың мынау жарық жалғанда киетін ең алғаш- қы киімі. Оны тек кіндік шеше әкеледі. Бұл кэдімгі жейде сияқты емес, қолтығынан ойып жең шығарып, қолмен көктеп тіккен уақытша киетін көйлек. Нэрестенің терісі тым нэзік болғандық- тан жүмсақ матадан тігісін сыртына қаратып, кең-мол эрі ұзын етіп тігеді. Мұның өзіндік мэні бар, біріншіден, баланың емін-еркін жатуына ыңғайлы болсын дегені. Ал, негізінен, басты мағынасы тереңірек жатыр. Тіршілік деген бірқалыпты зырылдап өте шығар тақтақ жол емес. Өрге де өрлейсің, теменге де сырғисың. Күн мен түн секілді жақсылық пен жамандық, молшылық пен жоқшылық бірге жүреді. Аққан селдей, ескен желдей өте шығар қысқа өмірде таршылық көрмесін, басына тартса, аяғына жетпейтін мұқтаждық- қа тірелмесін деген ақ тілеумен итжейдені берекелі етіп тіккен екен. Кейінгі заманның кіндік шешелері дүкеннің дайын киімін алады, жейдесі кіндігіне де жетпейді. Ата-бабаларымыз «жақсы сөз - жарым ырыс» деп сөз киесін жете ұққандықтан айтқан. Олар жаратылыс пен адам болмысын байланыстыра отырып түрмысқа енгізген ырым-тыйым, әдет- ғұрыптары ойсыз, негізсіз шықпағаны аз да болса зерделі адамды 32
КҮРЕТАМЫР бей-жай қалдырмаса керек. Осынау ұлан-ғайыр кен-байтақ жер- ге иелік еткен «көшпенділер» атанған халық ерлігі мен өрлігін, парасаты мен даналығын шартарапқа танытып, түтастығын мойындата білгені тарихи шындық. Бүгінде... Қарап тұрсаңыз өз елінде, өз жерінде үйсіз-күйсіз күн кешіп, базарда ала қоржын арқалап, жанбағыстың жарапазанына түсіп, басына тартса, аяғы- на жетпей, тұрмыс тауқыметін тартып жүрген өз қазағымыз емес пе? Қай тұста ата жолынан адастық, қай жерде жаңылып жаза бастық? Туралықтан қашан тайдық? Жауап іздейміз. Себеп іздейміз. Біз бір күнде жетпедік қой бұл күйге. «Тасын ала берсе, тау да таусылады» дегендей, ана жерден, мына тұстан там-тұмдап ұлттық қасиетіміз мұжыла берді, мұжыла берді. Сөйтіп, «көп аздан көлемді көп жиналғанын» білмей қалдық. Тікелей итжейдеге қайта оралайық, оны сәби қырқынан шық- қанша киген. Баланы қырқынан шығарғанда иткөйлекке өрік- мейіз, тэтті-мәттіні түйіп, иттің мойнына байлап жібереді. Балалар итті қуып жүріп ұстап, не алдап шақырып мойнындағы жейдені шешіп алып ішіндегісін таласып жейді. Босаған жейдені үлкен- дерге қайтарып беріп, сый алады. Қазақ халқы итті «жеті қазынаның бірі» деп әтеуірлейді. Ит - адамзаттың жер бетіндегі алғашқы серігі, қорғаушысы эрі иесіне адал берілген күзетшісі. «Адам ата мен Хауа ана пейіштен қуылғанда ит олармен бірге келген» деген аңыз әлем халықтары- ның дерлігінде бар. Иттің жэне бір қасиеті - көптеп күшіктейтінді- гінде. «Баланың артынан бала ерсін, шаңырақ баланың шуына толсын» деген тілек жатыр. Содан кейін тілімізде «итжанды» деген сөз бар. Иттің төзімділігіне, қайсарлығына байланысты айтылғандықтан да баланың бойында қайсарлық пен табанды- лық, адалдык қатар өрілсін, тіршілікте кезігер қиындықтарға төзе білсін деген ақ ниетпен итжейде итке байланған. Сол жейдені бала көтермей жүрген әйел қалап алатын да салт болған екен. Осы жерде сонау жас кезімде болған, күні бүгінге дейін көз алдымнан кетпей, жадымнан шықпай жүрген бір кішкене көрініс- 33
Зейнеп Ахметова ті айтудың реті келіп тұр. Анамның Атамқұл дейтін туысы бар еді. Сол нағашымды Алматыда туратын үйлі-жайлы екі ұлы екі жағынан үгіттеп, қалаға көшіріп әкетпекші болды. Сонда нағашым үлдарына: - Қайда жүрсеңдер де қүдай беттеріңнен жарылқасын! Ме- нің бата-тілегім қашанда сендермен бірге. Түстік өмірім бар ма, жоқ па, білмеймін, ол тек бір Аллаға аян. Тоқымдай жерге сиятын томаршадай тэнімді сүйреп туған жерімнен ешқайда қозғалмай- мын. Мына жерге аталарым ат байлап, аналарым күл төккен. Кіндігім осында кесіліп, итжейдемді иттің мойнына осы жерде байлаған, - деп туып-өскен Қарқарасын құшақтағысы келгендей құлашын жайып тұрып қалды. Жасы жетпіске келген адамның өзі көрмеген «итжейдесін» есіне алғаны сол кезде маған күлкілі көрініп еді. Кейін түсіндім... Екі ауыз сөзбен туған жеріне, өскен отанына деген шексіз адалдық пен сүйіспеншіліктің ғажап үлгі- сін айтқан екен. Қайран баяғының иманжүзді ардақ қарттары-ай десеңізші! ҚАЛЖА Қазақ ғұрпында аса қадірлі эрі міндетті түрде орындалатын салттың бірі, бірі емес-ау бірегейі - жаңа босанған әйелге бағыш- тап, оның ана болу құрметіне арнап мал сойып, қалжа жегізу. Алдын ала жақсы бағылған еркек қойдың сорпасын ішкізіп, етін жегізуді «қалжа беру» деп атаған. Анаға қалжаның берілмеуі ер-азамат үшін үлкен мін болумен бірге күнә саналған. Сон- дықтан кедейдің кедейі бір қалжаға жарапты. Өткен ғасырдың бас жағында өмір сүрген талантты ақын Сұлтанмахмұт Торайғы- ровтың: Менің сорлы шешеме қалжа қайда, «Қой сат», - деп әкем барды көрші байға, - дейтіні де сол қалжаның қамы. 34
КҮРЕТАМЫР Кейбір өңірлерде қалжаны келін төркіндері әкелген. Сол се- кілді ағайын-туыс, дос-жарандар да қарап қалмаған. «Қалжасы үзілмесін» деп қуанышқа қойын өңгеріп келеді екен. Өйткені бір әулетке ұрпақ сүйгізіп, айналасын қуантып отырған анаға арналған бұл дәстүрді жасау сауабы зор эрі абыройлы іс делін- ген. Ана мен баланың былайғы жерде дені сау, көзі қара болуы қалжаға тікелей байланысты болған. Бүкіл мүше-мүшесі салды- рап жатқан әйел күнде күйлі қойдың жас сорпасын ішіп, етін жеген сайын күш-қуаты қалпына келіп, белі бекиді. Кездейсоқ кезігетін түрлі ауру-сыркауға қарсылық қуаты артады, сүті нәр- леніп, құнарланып балаға жұғымды әсерін береді. Сэби күн са- нап ет алып, ширай түседі. Әйелдің денесіндегі үйыған, қатқан қан, артьщ түз секілділер термен шығып, бойы тазарады, көңілі сергиді, өңі ашылып ажарланады. Айтса да, қалжаға сойған кой- дың мойын омыртқасын бөлшектемей түтас, бүтін күйі пісіреді. Келін оған пышақ тигізбей колымен тап-таза етіп мұжиды. Содан кейін жіп өткізіп, есіктің маңдайша тұсына іліп қояды. Баланың мойыны тез қатайсын эрі түзу болсын деген ырым. «Шілде тері шыкпаса, қырық түрлі кырсық жабысады» деп тіршілік тәжірибесінен ой түйген бұрынғы аналарымыз қырық күнге дейін, әсіресе түңғыш баласын өмірге әкелген келінді ерек- ше күтімге алады. Келіншектің қолын суық суға тигізбей, салкын сусын ішкізбей, тісі босамасын деп аузын орамалмен жауыгі, жел тиюден сақтапты. Тізесіне жылы тізеқап, аяғына жүн байпақ пен кебіс-мәсі кигізіп, буын сырқырайтын дертке шалдықпаудың амалын жасаған. Әсіресе омырауын қымтап, салқын тигізіп ал- мауын қатты қадағалаған екен. Тоғыз ай бойы созылған ішін қалпына келтіру үшін белін жалпақ шүберек белбеумен мыктап орап тастаған. Сондықтан қазақ эйлдері бүгінгідей қарынды болмай, тіпті төрт-бес бала тапқанша бой-түрқы сынын бұзбай, мүшелері келісті сақталған дейді көнекөздер. Сонымен бірге келіншектің шашын қатты етіп өріп, ерте түсуден сақтаған. Аяғы ауыр кезде бетіне түскен ноқта, секпілдерге бие саумалының 35
Зейнеп Ахметова көбігін, кілегей жэне бала еміп тойынған соң қалған сүтті жағып, аз уақыттың ішінде көрер көзге дидары көріктеніпті. Түптеп келгенде осылардың барлығы - ұрпақ қамы үшін жасалған қамқорлық. Қалжа жеген ананың дені сау, көңілі жадыраңқы болса, бала да ана сүтіне тойып, тез түлеп аман-сау жетілетіні сөзсіз. Бэрін айт та, бірін айт, немере мұратын ойлаған мейірбан әжелер келіннің аяғы ауырлағаннан бастап, күнделікті өмір сабақтарын көрсетіп, келесі балада өздігінен көп жайды түсінетін, талай тірлікті айтқызбай-ақ атқара алатындай үлгі-өнеге беріп, шыңдаудан өткізген екен. Ел аузындағы эңгімелерде айтылатын «тезек теріп жүріп, далада жалғыз босанып қалып, кіндігін тісімен қиып, баласын етегіне орап келетін» эйелдер бірінші туытта жақсы күтім көрген, сынақтан өткен белділер дейді. Бүгіндері келінін қырық күн баптайтын енелер көп пе, аз ба, жоқ па, оны білмеймін. Ол әркімнің өз шаруасы. Өз басым екі немеремде де келінімді қырық күн қалжасын үзбей баптап күттім. Тұңғыш немеремде келінім ыңғайсызданып: «Ой, мама, өзім істеймін, өзім жуамын», - деп шаруаға араласқы- сы келді. Ол түсінікті де, үлкенді сыйлай білетін, текті ата-ананың тәрбиесін көргендіктен енесінің өзіне тік тұрып қызмет еткенін қабылдай алмады. Мен оған: «Белің бекігенше қозғалма, сенің жұмыс істейтін кезің элі алда. Мен саған келін болмаймын, ке- ліндік тірлігіңді өзің атқарасың. Ал қазіргі міндет тікелей менікі. Ол ата-бабамнан қалған, менің әжем, менің анам орындаған салт, мен солардан көргенмін. Енді кезек менікі, құдай бұйырса, келешекте бұл күн саған да туады. Сондықтан айтқанымды тың- дайсың, көрсеткенімді орындайсың, бергенімді ішіп-жейсің, ма- ған қолбайлау болып асүйге кірмейсің», - деп түсіндірдім. Көнді, көнбей қайда барады. Айналамдағы араласып жүрген теңтұстарым мені онша түсі- не қоймады. Біреуі қасын керіп таңырқады, біреуі «қазақбайшы- лық» деп күлді, енді біреуі «келінге малай болдың» деп те жіберді. Біле білген адам болса, бұл жерде әулетімізге ұрпақ әкеліп, 36
КҮРЕТАМЫР шаңырағыма шаттық сыйлаған анаға құрмет көрсетіп, соның амандығын тілеп тұрмын ғой. Келінім арқылы немереме қамқор- лық жасадым. Қашан немеремнің жаялығын жуар екем деп аң- садым. Алла тағала арманыма жеткізіп, көптен күткен немеремді сүйгізіп отырғанда ата-баба салтын істемеуім керек пе, тоғыз ай бала көтеріп, ащы толғақты бастан өткізіп, әл-дәрмені әлсіреген келінімнің жағдайын жасамасам менің кім болғаным? Сол қырық күн Анар екеумізді тым жақындастырып, аналар ретінде бір-бірімізді кедергісіз түсінетін, ынтымақты берік одақ болдық. Мұның өзі бері келе сыйластык кана емес, бүкпесіз сырластыққа айналып, «мен», «сен» демей, «біз» дейтін дәрежеге көтерілдік. Тағы бір айтайын дегенім, екінші немерем туғанда келінімнің көп іске көзқарақты болғанын көрдім. Тәлім-тәрбие керсетуден сіңімді болатынына анық көзім жетті. Сондықтан жастарды «ештеңе білмейді» деп кінәлап жазғырудан бұрын эр нәрсенің тетігін көрсетіп, көзін жеткізіп үйретсе, азар топас бол- маса, онды нэтижесін беретіні сөзсіз екен. ...Қазіргі жігіттерді қайдам, бүрындары бір жігіттің ауырлау затты көтеруге шамасы келмей мықшыңдап жатқанда қүрдастары: «Немене, сен туғанда шешең қалжа жемеген бе?» - деп қағытатын. Қайсыбір жігіт өзінің күш-қайраты басқадан басым екенін көрсеткенде: «Қүдайға шүкір, біздің де шешеміз қалжа жеген», - деп кеуде керетін. Бүгінде осы сөздер ауызекі сөйлеу тілімізде жоғалып кеткендей, эйтеуір естілмейді. Өйткені қазақ атам қадіріне жеткен қалжа дэстүрі жай «тамақ» дәрежесіне қүлдыраған. Заманның тарлығы ма, көңіл тарлығы ма, салтты бағаламау ма, екінің бірі қал- жаланбайды, есесіне, «витамині көп» деп неше түрлі шөп-шалам пәле-патырды әтеуірлейді. Мүмкін сол үшін де сирақтары шидей, бойлары бір тұтам жігіттердің қазак ішінде көбейгені, ұсақталып шөгіп бара жатқаны анасының қалжаға қанықпаған, күтім көр- мегенінен шығар? «Тамырына сүйенген тал бэйтерек болады» депті бабаларымыз, біз тектік, ұлттық рухани байлығымызға сүйенбей ұлт болып жарымаймыз. Айта береді дерсіз, мейлі, ол өз еркіңіз. 37
Зейнеп Ахметова «Ойлай-ойлай ой болдым, ортеке едім қой болдым» депті бір эңгүдік алаңғасар. Сол айтқандай, мен де кейде өткен күндерді еске алып, ойға берілемін ғой баяғы. Сонау ертедегі «оқымаған, сауатсыз, қараңғы» деп ат қойып, айдар тағып, оған бізді сендірген бүрынғы аналардың келіндері перзентхананың капусталы көк сорпасын ішіп, шикі тарыдан жасалған ботқасын жеп, маңдайы жіпсіп терлемеген мына біз бейбақтарға қарағанда анағұрлым қадірлі де аяулы болған-ау! Есімде, кеңес дэуірінде жаңа босанған эйелдің ішіне «қан тоқтату» деген желеумен кесек-кесек мұзды басқызушы еді. Барлығы демей-ақ қояйын, бірақ содан эйелдердің көбі өміріне жетерлік дерт тапқаны анық. Сүйегі «жарылып» балбырап, жаңа ғана тіршілікке сәби экеліп елжіреп жатқан ана түгіл былайғы адамды тітіркендіретін қышырлаған мұзды жас босанған анаға басуды қай данышпан ойлап тапты екен? «Адамгершілік аяудан басталады, аяушылық жоқ жерде адамдық жоқ», - деп отырушы еді марқұм анам. Сонда бала жатқан жатырымызға мұз басып, бізді ешкімнің аямағаны ма, элде «осылар көбеймесін, өсіп-өн- бесін» деген жымысқы мысықтілеу ме? Ол жағын енді ажыратып білу қиын, жауап беретін адам жоқ... Бір қуанарлық жай - өзіміз дербес ел болғалы бері жаңа бо- санған әйелдің ішіне мұз қоятын «емнің» аты өшіп қүрыды. Оның зиян екенін енді түсініпті. Оған да тәубе дейсің! УЫЗ «Келінді сүлу көрсетер алдындағы баласы» депті бұрынғы- лар. Бөпесін емізіп отырған ананың жүзіне зер салып қараңыз- шы, ракат бір маужыраған тылсым тыныштыкты, мейір-шапағат шуағын көрер едіңіз. Ана мен баланьщ арасындағы гажайып бір үйлесім, бірлік тек қана ана сүті арқылы ғана жалғасады екен. Адам бойындағы ізгі қасиеттің бэрі ана сүтімен берілетінін бүкіл әлем біледі. Дэлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Алайда жас босанған 38
КҮРЕТАМЫР анаға жетімді күтім, жанашыр қамқорлық жасалмаса, баланың толыққанды аман-сау өсуі екіталай. Өйткені ана сүті бала үшін болашақтағы жігер-қуаттың, денсаулықтың, түрлі ауруларға карсы түру қабілетінің қайнар көзі. Қазақта «Уызына жарымаған өмірінде жарымайды» дейтін сөз бекер айтылмаған. Мұның терең мэн-мағынасы бар. Уызда тектік қасиет болатынын, ал тектік қасиет дегеніміз үлттық қасиет екенін жете түсінген ата-бабаларымыздың уызға ерекше мэн бе ру себебі осында жатыр. Бала өз өмірінің алғашқы күндерінде қабылдайтын «уыз» деп аталатын ананың қою сүтін дэл қазақ сияқты ардақтап, ерекшелеп айтатындар кемде-кем. Өзгелер жал- пылама «ана сүті» деп қана атайды. Уызда ананың сонау зау-зат тегінің жиынтық қасиеті болады екен. Әлгі жиеннің нағашы жұртына айрықша ықыласпен бүйрегі бұрып жаксы көруі, нағашының жиенді барынша әтеуерлеп кез келген еркелігін көтеруінің бір мэні осыдан көрінеді. Қазактың текті жерден келін іздеуі тегін емес қой. Тілімізде «уызына жарыған» дейтін мақтау сөз бар. Оны көргенді, арлы, намысты, тілін, ел-жүртын қадірлейтін білікті адамдарға арнап айтады. Керісінше «уызына жарымаған» деп, тексіз, бәтуасыз, қайырымсыз, өз ұлтына тұмсык шүйіретіндер- ді айтады. Түсінген кісіге қарғыс секілді ауыр сөз. Сол секілді «уызына жарымаған құлыннан жүйрік шықпас», «уызын жары- маған қозыдан қошқар болмас» дейді, адам түгілі мал екеш мал- дың төлі уыз ембесе өліп қалуы мүмкін, тірі болғанның өзінде шөкімдей болып өспей қалады. Ертеректе қазақ әйелдері баланы бір жарым, екі жасқа дейін, кейде одан да көп уақыт емізген. Әрине, ана күтімі жақсы болса. Ана сүтін неғұрлым үзақ кабылдаған баланың денесі ширақ, кимыл- қозғалысы тетік, дені сау жетіліп, зерек, ақылды болып өседі. Ал бала емізіп жүрген кезде келіншек түлеп жасара түседі, қүлын мүшесі бір эдемі толысып, жанарында үшқын ойнап, шырайланып кетеді эрі қазіргі қаптаған төс ауруларынан аулақ болған екен. 39
Зейнеп Ахметова Өкінішке қарай, бүгінгі келіндердің көпшілігі нәрестесін екі- үш ай ғана емізеді, сүті ерте тартылады. Талайлары тіпті бала туа салып-ақ емізе алмайды, яғни балаға аса қажетті уызсыз қалады. Мұның үлкен бір себебі - жас келіншектердің «кесер тілігі» арқылы босануға әуестеніп кеткендігінде жатыр. Осыдан отыз-қырық жыл бұрын ана мен баланың өміріне қатер төнгенде ғана, онда да сирек жағдайда жасалатын бұл эдіс қазір екінің бірі басынан өтуде. Тәжірибесіз жасты алдын ала сабырға, төзімге шақырып, мұның бэрі уақытша құбылыс, өте шығар қиындық екеніне илан- дырып, сенім ұялатудың орнына «өздігінен босана алмайды» деген уэжге дәрігерлер де жаттығып алған секілді. Олардың пайымды, парасатты ақыл-кеңесінің, маман ретіндегі міндетінің кемшін түсіп жатқандығы дер едім. Ештеңені артық-кем жаратпаған Алланың құдіретімен келетін ащы толғақты ауырсынып, соған шыдамы жетпей табиғи түрде өмірге бала әкелуден бас тартатын- дар сол сэттегі жаратылыстың құпияға толы сырынан ада қалады. Бебеулеткен толғақ желісінің соңы тілмен айтып жеткізе алмай- тын ғажайып сезімге үласатынын тек кана сәбиін өзі босанған аналар жан-тэнімен жақсы түсінеді. Әлгіндегі толғақтың «азабын» одан да күшті, одан да құдіретті аналықұлы сезім басып кетеді. Ал «кесер тілігі» арқылы дәрігерлердің темір-терсек қүралдарының көмегімен босанғандар ондай үлан-ғайыр ғаламатты түйсіне алмайды. Эрине, ана болғанына ол да қуанады, аман қалғанына масайрайды, бірақ сәбиін ішін жарып алу арқылы туғанның кесірінен ана мен баланың арасындағы көзге көрінбейтін ішкі байланыстың құпия да нэзік жібі үзілгенін аңғармайды. Мұндай әдіспен өмірге келген балалар ана сүтін өз дәрежесінде қабылдай алмайды, өйткені анасының ақ сүті өзі босанған анаға қарағанда ерте тартылады. Сондықтан амалсыздан жасанды қоспа сүт беруге мэжбүр болады. Иә, бала денесінің коректік заттарға деген кажетін қолдан жасалған қоспа сүт те қамтамасыз ете алады. Алайда қоспа сүт тұрмақ анасынан сауып алып емізік шөлмекпен берген сүт те баланың табиғи қажет сезімін туғыза алмайды. Сәби ана төсін 40
КҮРЕТАМЫР сорғанда ғана ләззаттанып, толык қанағат алады. Қоспа сүт бала- ның қарнын тойғызады, бірақ ана жүрегінің жылуы мен мейірімі- нен айырады. Ол бүгін білінбеуі мүмкін, алайда өмірінің бір кезе- ңінде сол кемдік көрінбей қоймайды екен. «Сызат түскен қоңырау дұрыс сылдырламайды» дегендей, дімкәстік түрінде ме, безбүйрек мейірімсіздік мінезбен бе, эйтеуір білінеді екен. Сондықтан ана сүтін балаға қажет тамақ қана деп ұғатындар қатты қателеседі. Ана сүті - адам баласының шынайы түрде, жақсы сапада адам болып қалыптасуының, өміршеңдігінің басты кепілі. Бұл күнде «ананың ақ сүті», «ананың аялы алақаны», «ана мейірімі» дейтін адам өміріне бірден-бір қажетті де қасиетті үғымдарды жүрекпен сезінбей, эншейін ауызбен айтқанда жағы- мыз жаңылмайтын жасанды межеге жеткеніміз жасырын емес. Кіндігінен қағынған тасбауырлар еш кінәсі жоқ, кіршіксіз перзен- тін адамның аузы қайталап айта алмайтын лас жерлерге лақты- рып кетіп жатыр. Күні ертең өзін оңдырмай ұратын зауал барын ойламайтын имансыздар катары қалыңдап келеді. Олардың кей- біреулерінің үлкен «жақсылығы» баласын жетімдер үйіне өткі- зіп құтылады. Әрине, балалар үйінде сәбилерді асырап бағып- қағады, киім мен тамақтан кемдік көрсетпейді. Алайда ана сүтін татпаған тірі жетім ана мейірімінен мақүрым қалады. Мейірім жоқ жерде оның орнын қатыгездік жайлайды. Бэрі демеймін, бірак балалар үйінен рухани мүгедек, үлттык болмысы жоқ, бү- кіл қоғамды өз басындағы жетімдікке кінәлі санайтын кекшілдер көп шығады. Мен Алматы облыстық «Балбөбек» қорын басқарғанда балалар үйімен, сәбилер үйімен тығыз байланыста болдым. Сонда тамаққа тоқ, көңілге аш балалардың жүзі жарқырап күліп, еркін көсіліп ойнап немесе еркелегенін көрмедім. Қашан барсаң да тағдырдың тасбауыр тәлкегіне мойынсүнғандай тұнжырап жүргендері. Құртакандай сэбидің көзіндегі бір сүмдық мұңды байқағанда жүрегің азар тас болмаса, парша-парша езіледі. Кішкентай бөпеден бүрқырап шығатын ғажайып жұпар иіс бұларда атымен жоқ. 41
Зейнеп Ахметова Қайдан болсын, ол тек ана сүтімен беріледі ғой. Бір таңғаларлық нэрсе, этір-пэтір, иіссудің алуан түрін жүздеген жылдан бері жасап, хош иістің мыңдаған сапасын шығарған мамандар күні бүгінге дейін ана сүті арқылы берілетін нәрестенің ерекше иісін жасай алмапты. Өйткені бұл Жаратқан иемнің қүдіретімен тек анаға ғана берілетін ерекше сыйы эрі құпиясы. Құпия болмаса, ана сүтінің құрамын тауып алар еді, ғылым шамалап жақындаға- нымен ананың ақ сүтін жасауға әлі қауқарсыз екен. ...Кейінгі кездері «америкалық тэсіл» деп алабөтен жаңалық ашқандай аузы көпіріп жүргендер көп. Құдай-ау, сондағысы біздің әжелеріміздің атам заманнан-ақ қолданған әдісі. Сәби өмірге келе сала «анасының иісін алсын» деп баланы бірден келіннің бауыры- на салады. Алғаш перзентін кеудесіне қысып, омырауын тосқан ананың алпыс екі тамыры шымырлап, теңдесі жоқ ұлан-ғайыр керемет сезімге бөленеді, ана болу құрметіне ие болады. Ананы билеп алған осы тылсым толқындар балаға құйылып, оның бүкіл болмыс табиғатының алғашқы сатыларын қалыптастырады. Бала үшін анасының «мәмесі» арқылы тамақтанудан артық еш нәрсе жок, тек ана сүті ғана балаға өмірлік өзек. Сәби анасын емгенде сүтті өзінің табиғи жылылығымен қабылдайды, қолдан жылытқан кез келген сүт бұл сапаны бере алмайды екен. Ананың иісі, оның дене жылуы, жүрек лүпіліне дейін баланы тыныштандырып, тамағы жақсы қорытылып, бойына жұғымды болады дейді. Мүның бэрін дүниежүзі ғалымдары ғылыми сараптамалар жасап дәлелдеп, көптеген кітаптар жазылған. Ал біздің ақылды әжелеріміз олардан да бұрын Алланың берген сезім-түйсігімен, өмір тәжірибесі арқылы білген. Сол аналар келіндеріне: «Қарағым, қолың мен төсіңді жумай түрып баланы емізбе, періштесі шошиды. Оңашада үнсіз мейірленіп, еміреніп, іштей игі тілек тілей отырып еміз, балаң жанышыр, қайырымды, қадіріңді білегін білікті болып өседі. Ана сүтімен берілген мейірім балаға өмірлік шипа, бойына ерекше күш-қуат сіңіреді. Баланың қанағаты қанбай түрып, оқыс төсіңнен ажыратпа, бөпеңде қарсылық сезімі пайда болады. Кейін 42
КҮРЕТАМЫР мінезінен көрініс табатын қиқарлықтың себебі осыдан бастала- ды. Ашық түсті орамал-шаршы сал басыңа немеремнің көзі қуансын. Ешқашан шашыңды қобыратып жалаңбас бала емізуші болма...» деген секілді ақыл-кеңестерін келін құлағына құйыпты. Міне, сізге қарапайым ұлттық ұлағат. \"к * * Жаңа туған нәрестеге қатысты міндетті түрде орындалатын маңызды дәстүрдің біреуі - баланы ауыздандыру. Баяғы әже- леріміз бала өмірге келген соң оны маймен ауыздандырған. Жер бетіндегі алғашқы татқан дэмі май болғандықтан қазак бала- сьшың асқазаны әрқалай асқа тезімді эрі ауырмаған екен. Кейде ер балаларды қасқырдай қайратты, қайсар да намысты болсын деп бөрінің қылшығымен ауыздандыратын да ырым болыпты. «Несібесі кем болмасын», «қара суға қарап қалмасын» деген се- німмен еш уақытта сумен ауыздандырмаған екен. Кейінгі жетпіс- сексен жылдың көлемінде талай үрпақтың немен ауызданғанын білетін, тіпті соғіы қажетсінген адам болды ма? Әй, қайдам! Кап- таган дәрігері жоқ замандарда дәл қазіргідей асқынған асқазан дерті - «қылтамақтың» (рак) сирек болғанын бүл күнде ешбір дәрігер мойындамайды. Олар ғылыми тілмен дәлелдерін айтып, тастай етіп түсіндіреді. Өйткені біз - ата-бабаларымызды «қа- раңғы», «сауатсыз», «білімсіз» деп миымызға астамшылықты сіңіріп өскен үрпақпыз. Менің бір жеңешем өзі туралы элдебір әңгімені айтқанда ыл- ғи: «Ағаңның жігіт кезінде, менің қыз күнімде», - деп бастаушы еді. Сол кісі секілді мен де айналып-айналып өз заманыма, өмірім- нің көбі өткен Кеңес кезіне соға берем. Қайтейін енді айтпасқа бол- май тұрса... Сол дәуірде ана болғандар жақсы біледі, әйел босанған соң бір-екі күнсіз, кейбіреуіне одан да көп уақыт өткізіп барып баланы емізуге әкелетін. Оған дейін: «Балаңа береміз», - деп әйнек шишаға алғашқы уызды сауғызып әкететін. Түңғышына босанған жап-жас келіншек тұрмақ, бірнеше балаға ана болған 43
Зейнеп Ахметова әйелдердің өзі осыған мэн бермейтін, перзентхананың ережесін- дей көрдік. Кейін ақыл-есім «толысқанда» ойлаймын ғой: «Япыр- ай, неге алғашқы уызды балаға тікелей еміздірмей шиніага саугы- зып экеткен? Оны менің балама берді ме? Басқалардың сүтімен ауысып кеткен жоқ па? Бір палатада орысы мен еврейі, қазагы мен кәрісі бар алты эйел жатып едік қой... Мүмкін барлыгымыздың уызымызды араластырып, сол кездегі тілмен айтқанда- «халықтар достығы», қазіргі тілмен айтқанда «ассамблея» жасаган шығар?» Осындай ойлар миымды шағады. Сұрау - көп, жауап - жоқ. Жауапкер де жоқ. Амал қанша, заман екі келмейді. Көкейдегі көп түйін тарқатылмаған күйі қалды. Қазір қарап тұрсам, сол кезде туған ұрпақтың өзі немерелі бо- лып отыр. Өкінішке қарай, осы буынның арасынан тегіне тартпаған, үлттық қасиеті шамалы, бауырға қайырымсыз, ата-анасын карт- тар үйіне өткізетін қатыгез, өзге болғысы келсе де, қазақ болғысы келмейтін уызына жарымаған дүбэралар шығып жатыр. Ата-ана- ның бетіне тіке келмейтін, эке сөзін жерге тастамайтын, ананың ақ сүтінен аттамаған қазақ баласы үшін қарттар үйі біздің түсінігімізде жат эрі қорқыныш сезімін үялатуы керек еді. Олай болмай тұр-ау, талайларымыз тітіркенбейміз де. Өз кеудесінің желіне өзі желпініп жүрген бір кісі: «Айдың бетінде де дақ бар, жердің үсті де тегіс емес. Нарық заманы. Ондай-ондай болады», - деп тастанды қариялар туралы пәлсапа соққанын да құлағым естіді. Оның үстіне әдейі тапсырма бар ма, білмеймін, «жаңалық» деп жағаңды ұстатып, жаныңды түршіктіретін жаманат хабарларды жарыса жариялау әдетке айналды. Телеарналар көзімізді де, құлағымызды да үйретті. Қүдайдың құтты күні айтылатын сұмдықтарға етіміз өліп кетті, селт етпейтін бейтарап енжарлыққа көштік. «Заманы азғанның адамы тозады» дейтін сөз бар, бірақ заман деген басқа жақтан келген қүбылыс емес қой. Заманды жасайтын адам емес пе?! Олай болса, заманды аздырып, өзіміздің тозып жүргеніміз ұлттық сана- сезімнің тоқырап, «уызына жарымаған» кемдігіміз енді көрініп жатқан жоқ па деп ойлаймын. 44
КҮРЕТАМЫР БАЛАҒА AT ҚОЮ Қазақ халқының ерекше көңіл бөлетін ғұрьштарының ма- ңыздысы - өмірге жаңа келген нэрестеге ат қою. Әрбір ата- ана өзінің көз нұры, қолқа-жүрегі санаған баласына эдемі әрі мағыналы ат қоюды қалайды. Ізгі ниеттен ырымшыл болған халқымыз перзентіне қол бастаған батырлардың, сөз бастаған шешендердің, қара кылды қақ жарған эділ билердін, дэулескер күйшілердің, шашасына шаң жұқпаған ақын-жыраулардың атын қоюға пейілді болған. Бірақ әулие-пірлердің атын қоймаған. «Балаға ауыр болады, киесін көтере алмайды» деп, астамшылықтан сақтаныпты. Балаға ат қойғанда кез келген адамға емес, тағы да сол ырым етіп көпті көрген ел ағаларына, айналасына сыйлы, аузы дуалы ақсақалдарға сәбиінің есімін қойғызып, батасын алуды мәртебе санаған. Халкымызда азан шақырып ат қою - парыз. Баланың атын қоярда үш қайтара: «Аллаһуакбар!» - деп азан шақырылып, содан кейін баланың құлағына таңдалган есімді: «Сенің атың ...!» - деп үш рет қайталайды. Баланың құлағына осы ат сіңеді, зердесіне тарайды деген наным. Осыған орай: «Адамның өмірі азан мен намаздың арасы», - дейді мұсылмандар. Оның мэні - ат қойғанда азан шақырылады, бірақ намаз оқылмайды, адам өмірден озғанда намаз оқылады, бірақ азан шақырылмайды. Мүны да білген жөн. Тағы бір айта кететін нәрсе, бала туа салып шетінеп кетсе немесе ай-күніне жетпей түсік түссе де ат қойып жерлейді, алайда жаназа оқылмайды. Тегінде біздің халық атау беруге өте шебер. Қазақ жеріндегі кішкентай бұлак, жайдак төбе, жылтырап ағып жатқан титімдей жылғаға дейін атаусыз қалмаған жэне олар жайдан-жай қойылма- ған. Белгілі бір ерекшелігіне, сол жерде өткен әлдебір оқиғаға, элденеге ұқсайтын көзге ілінер көрініске сэйкес дэл тауып қойған. Ал адамның атына келгенде халықтың таным-нанымы, жол- жобасы, ниет-пейілі, салт-сана ұлттық бейнесі көрініп түрады. 45
Зейнеп Ахметова Айталық, «қырықтың бірі - Қыдыр» деп жолаушыны, қонақты қадірлейтін халқымыз үйіне келіп қалған кұдайы қонаққа да ат қойғызған сәттері болыпты. Көшпенді тіршілік салтына қарай баласы жайлауда туса, Жайлаубай, Шілдебек деп, қыстауда өмір- ге келсе - Қыстаубай, күзем алып жатқанда туса - Күзембай, наурызда туса, «Ұлыстың ұлы күні дүниеге келді» деп атын Нау- рызбай қойып ерекшелепті. Сол секілді қай күні дүниеге келгеніне орай Дүйсенбек, Сейсенбай, Сэрсенбай, Бейсенбек, Жұмабек, Сенбек, Жексенбай деп те қоя берген екен. Баласы түрмай бір перзентке зар болып жүрген адамдар бала сүйгенде «тіл ти- месін, сүқ өтпесін» деп құлаққа ерсі естілетін - Итбай, Итемген, Күшікбай, Ұлтарақ, Шүлғаубай, Кебекбай секілді тосын аттарды ырымдап қойыпты. Осылардың ішінен де талай мықтылар шық- қан екен. Өмірде не болмайды, эр шаңырақтың тағдыры эртүрлі дегендей, кейбір отбасылардың бауырынан өрбігеннің бәрі кыз болғанда «әулетке ұл келсін» деген тілекпен қыздарының атын соған үйлестіріп қою дағдысы болған. Әлі есімде, біздің ауылда Тоқтарбек деген кісінің жеті қызы бар еді. «Ырыс алды - қыз» де ген халық сөзімен түңғыш қызының атын Ырысалды қойып, одан кейінгілерін Ұлбосын, Ұлмекен, Ұлжалғас, ¥лжан, Ұлбала деп атап, жетінші қызының есімін экесі Тойдық қойып еді. Шарапаты мол жаратушы нем Тойдықтан кейін егіз ұлды берді. Бір таңғаларлығы, қыздардан тойған сол Тоқтарбек бар жақсылықты, мейірімді қыздарынан көрді. Өмірден өткенде ақ жауып, арулап аттандыр- ған да, басына еңселі белгі қойған да қыздары болды. Осыған қараймын да кейбір қазақтардың қызды бала қатарына қосқысы келмей қомсынатынына таңғалам. Қызық болғанда Кеңес өкіметі орнаған соң қайсыбір адам- дардың ырымшылдығы шектен шығып та кетті. Совхозбек, Колхозбай, Коммуна, Артель, Съезд, Зауытбек секілді қоғамдык құрлысқа сэйкестендірілген атаулармен халықаралық деңгей- де аты жайылған Маркс, Энгельс, Тельман, Ганди, Клара, тагы 46
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216