Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Асай Мұса

Асай Мұса

Published by risalekz, 2020-01-29 14:34:06

Description: Asâ-yı Mûsa

Search

Read the Text Version

101Иманның бірінші айғағыкөрді де «әмәнтү билләһ» (Аллаһқа иман келтірдім) деді. Бірінші мақамның екінші мәртебесінде айтылған: сөзі манағы жолаушының аспанға қатысты көргендерін баяндайды. Енді әлгі пікірімен саяхат етіп жүрген ойшыл жолаушыға жер шары хал тілімен, яғни, өзінің жағдайымен былай дейді: «Аспанда, ғарышта, ауада неғып жүрсің? Бері кел! іздеп жүргеніңді мен саған тауып берейін. Сен менің атқарған міндеттеріме қара, мендегі жазылған парақтарды оқы!»Сөзін тыңдап назар аударып қараса: Жер шары тартылыс күшіне тәуелді шыр айнала қозғалуда. Оның екі түрлі әрекеті бар. Осылайша күн мен түннің, жыл мезгілдерінің ауысына себеп болатын шеңберді, яғни, ұлы хашир болатын махшар алаңының шекарасын сызуда. Ол, жүз мың түрлі тірі жандардың барлық ризық, несібелерін арқалап, ғарыш теңізінде тепе-теңдігін сақтай отырып, жүйелі түрде жүзіп, Күнді айналып саяхаттап жүрген алып әрі бағынышты Раббани кеме тәрізді. Енді оның парақтарын аша бастайды. Қараса, әрбір беті мыңдаған аяттармен Раббысын таныстырады. Барлығын түгел оқуға уақыт таба алмағандықтан бір ғана парағы болып саналатын тірі жандардың көктем кезіндегі жаратылуы мен олардың басқарылуына назар аударды. Қараса, жүз мыңдаған түрдің сансыз тұлғаларының бейне-пішіндері қарапайым бір заттан өте керемет түрде рет-ретімен ашылуда. Және өте рахыммен өсіп өніп тәрбиеленуде. Кейбіреуінің тұқымдарына таңғажайып түрде қанат тағылып ұшу арқылы әр тарапқа жайылады. Өте жүйелі түрде басқарылып, аса Мейірімді қамқорлықпен асыралып, сан-алуан, неше түрлі тәтті де дәмді ризықтармен және ол ризықтары жоқтан, құп-құрғақ топырақтан, сондай-ақ, өзара қатты ұқсас, парқы өте аз, сүйек секілді тамыр мен дәнектерден және су тамшыларынан жасалуы өзі алдына керемет құбылыс.Әрбір көктемді бір вагон секілді ғайып қазынасынан жүз мың түрлі ризық, несібеге әдемілеп тиеп бүкіл жан-жануарларға жіберіп отыр. Әсіресе, ондай ризық салынған құтыларды кішкене төлдер мен нәрестелерге арнап, аналарының мейірім толы кеудесіне асып, шекердей тәтті сүт трорсықтарын жарату сөзсіз асқан мейірімділік пен қамқорлықты, шексіз даналық пен хикметті көрсетеді. Әрине, бұл Рахман-ы Рахимнің аса қамқор тәрбиеші екенін, бұл оның жарылқауы мен рақымының бір ғана сәулесі екенін көрсетеді.

102АСА-И МҰСА Сонымен, осы көктем дейтін тірі парағы ұлы махшардың жүз мың үлгі-мысалдарын көрсету арқылы аятын материалдық тұрғыдан жарқын түрде тәпсірлейді. Құрани аят болса ол да осы парақтың мағыналарын ғажап түрде шешен жеткізеді. Әлгі жолаушы жер шары өзінің барлық парақтарымен, алыптығымен, зор қуатымен дейтінін түсінді. Міне, жер шарының жиырмадан астам үлкен парақтарының бір ғана парағының жиырма бөлігінен бір ғана бөлігінің қысқаша куәлігін көрді. Осы және басқа да парақ пен бөліктерінің куәліктерін қамтитын, және сол көргендерін мегзейтін Бірінші мақамның үшінші мәртебесінде былай делінген болатын: Сосын әлгі ойшыл жолаушы жердің әрбір парағын оқыған сайын адамды бақытқа бөлейтін иманы қуаттанды және рухани дамудың бірден бір себебі мағрифаты артып сондай-ақ, кемелдік атаулының негізі, ұйытқысы болып табылатын Аллаһқа иман ақиқаты бүршік аша бастады да рухани көптеген зауық пен ләззат берген сайын оның қызығушылығы одан әрі қоза түсті. Енді ол, аспан мен жердің керемет әрі нақты дәрістерін тыңдаса да яғни, тағы да бар ма екен? - деп тұрғанда теңіздер мен үлкен өзендердің тартымды түрде қызу құлшылық-зікірлерін, олардың жанды тебірентер құлаққа жағымды, тәтті дауысын естиді. Олар хал тілдерімен яки үн шығарып былай деді: «Бізге де қара! Бізді де оқы!» Ол қарап еді, көргені мынау болды:

103Иманның бірінші айғағыТіршілікке толы және әрдайым шайқалып, төгілуі, айналасын шайып кетуі және сіңіп жоқ боп кетуі әбден мүмкін теңіздер жер жүзін қамтып жатыр. Олар жер шарымен бірге өте жылдам түрде бір жылда жиырма бес мың жылдық қашықтықты зыр жүгіріп жүрсе дағы әсте төгілмейді я шашылып кетпейді, айналасындағы құм-топырақты жуып-шайып кетпейді. Демек құдіреті күшті, ұлы біреудің әмірімен, оның күш-қуатымен тұр, әрі белгілі бағытта әрекет етеді, мөлшері сақталып отырады. Енді ол теңіздің ішіне үңіліп қараса, керемет әсем, көздің жауын алатын жауһар тастарға толы. Сондай-ақ, ішінде өмір сүретін мыңдаған түрлі жан-жануарлардың қоректенуі мен басқарылуы, көбеюі мен өлуі жүйелі түрде іске асады. Шынымен де жай бір құм мен ащы судан шығатын ризықтары мен несібе-тағамдары керемет берілетіні сонша бұл оқиға анық түрде Бір Қадир-ы Зүлжалалдың, Бір Рахим-ы Зүлжамалдың басқаруы, соның асырап жатқаны екенін нақты дәлелдеп көрсетіп тұр.Сосын әлгі жолаушы өзендерге назарын салады. Қараса, олардың пайдасы мен атқарар міндеттері және кіріс-шығыстары өте хикметпен, мейірімді түрде жүзеге асатыны сонша, бүкіл көл мен бұлақтар, сарқырамалар мен үлкен өзендер бір Рахман-ы Зүлжалал-і уәл Икрамның рақым қазынасынан бастау алып, ағып жатқаны шәксіз, шүбәсіз. Тіпті, керемет түрде жинақталып, бірігіп ғажайып ағатыны сонша «төрт өзен жұмақтан бастау алады» деген риуаят бар. Яғни, олар сыртқы себептерімен еш үйлеспейді, таңғажайып болғандықтан мағынауи жәннаттың қазынасынан бастау алып, тек ғайби әрі таусылмайтын бұлақтың нұрымен ағып жатыр деген мағынада айтылған.Мысалға, Мысырдың сахарасын жер жәннатына айналдырған мүбарак Ніл өзенін алайық. Ол, оңтүстікте орналасқан «Жәбәл-і Қамар» деп аталатын бір таудан тынбастан шағын теңіздей таусылмай ағып жатыр. Алты айда аққан суы тау болып жиналса және мұзға айналса әлгі таудан әлдеқайда үлкен болып асып кетер еді. Алайда таудан оған бөлінген жер мен су қоймасы өте аз, яғни, алтыдан бір бөлігін де құрамайды. Шығынның орнын толтыратын жауын-шашын болса әлгі ауа-райы ыстық жерде өте сирек болады және онсыз да сусап, құрғап тұратын топырағы да жауған жаңбырды тез сіңіріп алатындықтан өте аз жиналатын жауын, әлбетте, ондай кең көлемді тепе-теңдікті сақтай алмасы хақ. Сондықтан әлгі Мүбарак Ніл өзені әдеттен тыс ғайби жұмақтан бастау алады деген риуаят өте тамаша әрі терең мағыналы ақиқатты білдіреді. Сонымен жолаушы теңіз бен өзендердің теңіздей терең ақиқаттарының және куәліктерінің мыңнан біреуін ғана көрді. Олардың барлығы жұмылып

104АСА-И МҰСА теңіздей зор қуатпен дейтінін және осы куәліктеріне теңіздегі тірі жандар санынша куәгерлер бар екенін аңғарды. Теңіздер мен өзендердің жаппай куәліктерін ниет етіп білдіру мағынасында бірінші мақамның төртінші мәртебесінде былай делінген болатын: Енді пікірімен саяхат етіп жүрген әлгі жолаушыны таулар мен сахаралар шақырып тұрды. Олар: \"Біздің парақтарымызды да оқы!\" – дейді. Қараса: Таулардың жалпыға ортақ күлли қызметтері мен атқарар міндеттері орасан зор әрі хикметке толы екен. Ақыл қайран қалады. Мәселен, Аллаһтың әмірімен олардың жерден дүмпіп шығуы және жер асты құбылыстарынан пайда болатын қысымды яғни ашуын шығарып тынышталдыруы, сондай-ақ, жанар-таулардың нәтижесінде жер шары тыныс алып қауіпті сілкіністерден, зиянды зілзәладан құтылып тұрғындарының мазасын алмай өзінің қалыпты айналу міндетін жалғастыруы керемет құбылыс. Демек қалайша кемелерге ауып кетпей, тепе-теңдігін сақтау үшін үстіне тіректер орнатылады, дәл сол секілді таулар да жер атты кемеге осындай қазынаға толы тіректердің қызметін атқаратынын Құран-ы Мұғжиз-ул Баян секілді аяттарымен білдіреді. Һәм, таулардың іші тіршілік иелеріне қажетті сан-алуан заттарға, яғни, жер асты кендерге, суларға, қоймаларға, дәрі-дәрмектерге, шикі заттарға өте дана түрде, алдын ала ұйымдастырылып, мұқият толтырылып ретпен жинап қойылған. Әлбетте бұл құдіреті шексіз Қадирдің, хикметіне шек жоқ Хакимнің қазыналары, қойма-байлықтары және қызметкерлері екенін дәлелдейтін оқиға – деп түсінді. Және таулар мен сахаралардың атқарар таудай алып көптеген міндет пен хикметтерін, осы аталған екі міндетімен салыстыра отырып таулар мен сахаралардың жаппай хикметтері бір ауыздан, әсіресе, ықтияттап сақтық қойма болуы жағымен куәлік ететінін және олардың айтқан (лә иләһә иллаһу) тәухид сөзі өте қуатты екенін, қуаттылығы мен беріктігі таудай, ал ауқымдылығы сахараның кеңдігіндей алып екенін көрді де «әмәнту Билләһ» деді.

105Иманның бірінші айғағыМіне, осы мағынаны білдірмек мақсатында бірінші мақамның бесінші мәртебесінде былай делінген болатын: Сосын әлгі жолаушы тауда, сахарада ойша кезіп жүргенде оған ағаштар мен өсімдіктер әлемінің есігі ашылып ішке кіруге шақырды. «Келіңіз, біздің арамызды да көріп жазуларымызды оқыңыз!» – деді. Ол да ішке еніп қарап еді: Олар өзара өте керемет әрі көз тартар сұлу \"тәухид\" (Аллаһты бірлеу), \"тәхлил\" (Лә иләһә иллаллаһ) мәжілісін құрып, ғажайып зікір мен шүкір алқасын ұйымдастырған екен. Өсімдік пен ағаштардың бүкіл түрлері жиналып бір ауыздан «лә иләһә иллаллаһ» дейтіндей хал байқалады. Өйткені, жеміс ағаштары мен өсімдіктер жаппай өлшемді жапырақтарының өте түсінікті тілдерімен, сондай-ақ, әдемі де көркем, өзара ұқсас гүл-шешектерінің сөздерімен және тәртіпті де өткір, шешен жемістерінің халдерімен барлығы бір ауыздан Раббысын тәсбих қылғандай куәлік етеді және «лә иләһә иллаһу» дейді. Мұны дәлелдеп растайтын үш күлли, ауқымды да алып ақиқат бар. БіРіНшіСі: Олардың әрқайсысында өте анық түрде әдейілеп жасалатын нығметке бөлеу, сыйлық беру, ерікті түрде жарылқау мен миннет яғни өзіне қарыздар қылу мағынасы мен ақиқаты бар екені сезіледі. Сондай-ақ, бұл мағына барлығында жаппай күннің сәулесіндей жарқын түрде байқалады. ЕКіНшіСі: Кездейсоқ деп әсте айта алмайтындай әдейілеп әрі хикметпен жасалған өзгешелік, бір-бірінен айырмашылық және ерікпен болған әрі мейірімге толы әдемілеу мен суреттеу мағынасы және ақиқаты әлгі шексіз түрлерде және жеке-жеке тұлғаларында ап-анық көрініп тұр. Бұл әрине бір Сани-ы Хакимнің ісі, оның нақышы екенін көрсетеді. ҮшіНшіСі:Әлгі сансыз жаратылыстың жүз мыңдаған түрлі, сан-алуан бейнеде және шексіз пішіндегі суреттері өте тәртіпті де өлшемді әрі сұлу түрде шектеулі һәм санауға болатын әрі өзара тең және қарапайым да жансыз, бір-бірінен айнымайтын немесе азғана парқы бар әрі тым шатасып

106АСА-И МҰСА жататын дән мен дәнектерден шығуы, яғни, манағы екі жүз мың түрдің бір-бірінен өзгеше, ретті де бөлек әрі өлшемді де тірі әрі хикметті де еш қатесіз түрде жаппай әрбірінің суреттерінің ашылуы адамды таңғалдыратын ғажайып ақиқат. Бұл ақиқат аспандағы Күннен жарқын ақиқат. Және бұл ақиқатты дәлелдейтін көктемде қанша гүл, жеміс және жапырақ болса тіпті болмыс қанша болса сонша куәгер-дәлелдер бар екенін білді. - деді.Міне осы аталған ақиқаттар мен куәліктерді білдірмек мағынасында бірінші мақамның алтыншы мәртебесінде былай делінген болатын:Сосын пікірімен саяхат қылып жүрген әлгі құмарпаз және дамыған сайын зауқы мен ынтасы арта түскен манағы жолаушы, көктем дейтін бау-бақшадан көктемдей алып мағрифат (Аллаһты тану) пен Иман шоқ гүлін алып келе жатқанда оның ақиқат құмар ақылына, мағрифатқа құштар пікіріне хайуанат және құстар әлемінің есігі ашылды. Оны жүз мың түрлі құйқылжыған дауыспен, сан-алуан тілдермен ішке енуін өтініп, «төрлетіңіз!» деді. Ол да ішке кіріп еді мынаған куә болды: Бүкіл хайуанат пен құстардың барлық түрі мен топтары бірлесіп, жұмыла өз дауыстарымен немесе хал тілдерімен деп жер жүзін бір зікірханаға, ұлы бір тәхлил* мәжілісіне айналдырып жіберген-2дей әрқайсысы Раббани қасида* немесе әрбірі Субхани сөйлем, мағынасы 3*Сілтеме. Тәхлил – Лә иләһә иллаллаһ сөзін қайта-қайта зікір ету.*Сілтеме. Қасида – біреуді мақтап-мадақтап жазылатын өлең.

107Иманның бірінші айғағытерең жеке-жеке Рахмани әріп іспеттес өз Жаратушыларын сипаттап хамд пен мадақ айтып жатқандай жағдайда көрді. Құдды әлгі хайуандар мен құстардың сезім мүшелері, ағзалары, құрал-жабдықтары ұйқас әрі үйлесімді кәлимәлар, өте ретті де керемет жазылған сөздер секілді. Олар сол арқылы Халлақ (күшті жаратушы), Рәззақ (барлығына ризық беруші) Жаратушы-ларына шүкір етіп, оның уахданиетіне (жалғыз, дара) шәһәдат етіп жатыр. Мұны бұлтартпас дәлелдейтін үш ұлы әрі ауқымды айғаққа яки ақиқатқа куә болды. БіРіНшіСі: Ешбір тұрғыдан есерсоқ кездейсоққа, соқыр қуатқа және меңіреу табиғатқа тапсыруға болмайтын жоқтан бар қылуы һәм хикметпен, һәм шебер түрде таңғажайып, әдейілеп, біле тұра жаратуы, сондай-ақ, жиырма жағымен ілім мен хикметті, ирадені (қалау) көрсететін рухтың берілуі, тірілту ақиқаты. Бұл ақиқат әлемде қанша тірі жан болса сонша куәгер, растаушылары бар бұлтартпас айғақ болып Зат-ы Хаи-ы Қаюмның сөзсіз бар екеніне, оның жеті сипатына және жалғыз екеніне куәлік етеді. ЕКіНшіСі: Әлгі сансыз жаратылыс бір-бірінен кескіндері әртүрлі, пішіндері сан-алуан, салмақ мөлшері неше түрлі, сурет, түрлері болса тәртіппен өзара айырылып өзгеше болып ерекшеленеді. Керемет сұлу безенген, суреттелген. Міне, бұл қуатты да алып ақиқат. Ал бұл оқиға Қадир-ы Күлли Шей, Алим-ы Күлли Шейден басқа ешбір нәрсе мына қай жағынан болсын таңғажайып хикметке толы ауқымды іске әсте араласа алмайтынын, ешбір тұрғыдан әсер ете алмайтынын, ортақтасуы мүлдем мүмкін еместігін көрсетеді.ҮшіНшіСі: Өзара тең және бір-бірінен айнымайтын немесе азғана парқы бар, өте ұқсас шектеулі де белгілі жұмыртқалардан және жұмыртқашалардан, сондай-ақ «нүтфә» деп аталатын аталық судан әлгі шексіз жануарлардың сан-алуан бейнеде, әрбірін хикметке толы мұғжиза қылып керемет суреттерін өте ретті әрі тең жағдайда, еш қатесіз толық түрде ашу дейтін жарқын ақиқат. Мұны қанша хайуандар болса сонша дәлелдер растап, бекіте түседі һәм нұрландырады.Сонымен осы аталған үш ақиқат бірлесе хайуандардың барлық түрі жұмыла (Лә иләһә иллаллаһ) деп шәһәдат ететіндерін, бейне бір жер шары алып адам секілді өзіне жарасымды зор даусымен (Лә иләһә иллаһу) деп оны аспан тұрғындарына естіртіп тұратынын түсінді әрі толыққанды дәріс алды. Бірінші мақамның жетінші мәртебесінде осы аталған ақиқаттарды білдіру мақсатында былай делінген болатын:

108АСА-И МҰСА Сосын әлгі ойшыл жолаушы Мағрифатуллаһтың сансыз мәртебелеріне көтерілу үшін және шексіз зауық пен нұрларына терең шому үшін адамзат әлеміне, адам дүниесіне енгісі келді. Сол кезде оны әнбиялар шақырды. Ол да ішке еніп қараса мынаған куә болды: Адамзаттың ең нұрлы және кәмілдері саналатын бүкіл пайғамбарлар (ғаләйһиссалам) бір ауыздан жаппай (лә иләһә иллаһу) деп зікір салып жатқанын және жарқын әрі нақты болған сансыз мұғжизаларының қуатымен тәухид мәселесін алға тартуда және адамзатты хайуандық деңгейінен періште дәрежесіне көтеру үшін оларды Аллаһқа иман келтіруге шақырып дәріс беріп жатқанын көрді. Ол да осы нұрлы медреседе тізе бүгіп дәріске қатысты.Қараса, мәшһүр адамдардың ең абыройлы да атақтысы болған манағы ұзтаздардың әрқайсысы әлемдердің иесі тарапынан берілетін және қабыл болғанына белгі-нышан болып табылатын мұғжизалар көрсеткен екен. Соның саясында айтқан хабарларына сенім пайда болып, халық арасынан үлкен жамағат, бір топ кісі оларға үммет болып мақұлдап иман келтірген екен. Енді сол жүз мыңдаған адал да ықыласты жандардың жұмыла әрі бір ауыздан қарар беріп, бекіткен

109Иманның бірінші айғағыақиқат қаншалықты қуатты әрі шүбәсіз нақты екенін бұл да аңғарды. Және осындай қуатты әрі мұнша шыншыл хабаршылардың сансыз мұғжизаларға сүйене отырып айтқан дәйекті ақиқатты жоққа шығарып сенбеген кәпірлер үлкен қателік, ауыр қылмыс жасап отырғандарын және соңында мәңгі азапқа лайық болатындарын түсінді, ал пайғамбарларға сеніп иман келтіргендер қаншалықты жөн, ақиқатшыл екендерін білді. Сөйтіп оған қасиетті иманның тағы бір мәртебесі ашылды.иә, тарихта әнбияны (ғаләйһиссалам) Аллаһ тарапынан іс жүзінде растау болып саналатын қыруар мұғжизалар болған. Олардың шыншыл екенін айғақтайтын тағы бір нәрсе дұшпандарының аспани апаттарға ұшырауы және хақ екендерін растайтын жеке басының кемелдіктері, сондай-ақ, ақиқатқа толы тәлім-тәрбиесі, тура екендерін көрсететін мықты имандары және шынайы ықыластары мен жанкештіліктері және қолдарындағы киелі кітап пен парақтары және олардың хақ, тура жолда екендерін растаған кәміл жандар яғни олардың артынан еріп ақиқатқа, кемелдікке, нұрға қолы жеткен сансыз шәкірттері, міне осыларды есептемегеннің өзінде олар өзара болымды мәселеге келгенде жұмылып, бір ауыздан бірін-бірі құптап, ынтымақ танытуы жойқын күш, бұлтартпас айғақ болып табылады. Оған қарсы дүниеде ешбір күш төтеп бере алмайды. Ол туралы ешқандай күмән, күдік болмауы тиіс. иман шарттарының ішіне барлық Пайғамбарларға (ғаләйһиссалам) иман етудің де болуы бұл растаудың артында орасан зор қуат жатқанын көрсететінін аңғарды. Олардың дәрістерінен иман фейізін алды. Міне, осы жолаушының аталмыш дәрісін білдіру мағынасында бірінші мақамның сегізінші мәртебесінде былай делінген болатын: Сосын иманның қуатымен ақиқаттың тәтті зауықын алған әлгі жолаушы-тәліп, пайғамбарлардың (ғаләйһиссалам) мәжілісінен келе жатып ғұламалардың дәрісханасына бас сұқты. Олар ғылыми анық түрде, бұлтартпас дәлелдерге сүйене отырып Әнбияның (ғаләйһиссалам) көтерген мәселелерін растап бір ауыздан құптап отыр. Асфия, сыддық деп аталатын олар мутәбаххир, муджтахид, мухаққиқ яғни ілімге терең бойлап, әдбен көз жеткізген жандар. Енді мұны олар өздерінің дәрісханасына шақырды. Ол да кіріп, сондағы көргені:

110АСА-И МҰСА Мыңдаған зерек және жүз мыңдаған талғампаз әрі жоғары мәртебелі зерттеуші ғалымдар шүбәға еш саңылау қалдырмайтындай терең де күрделі зерттеудің нәтижесінде ең бірінші Аллаһтың сөзсіз бар екені және оның жалғыздығы жайлы дәйекті имани мәселелерді қанық түрде анықтап отыр. Иә, олар әртүрлі бейімділікте, ұстанған жолдары да бөлек-бөлек бола тұра иманның шарттары мен негіздеріне келгенде барлығы бір шешімге тоқтауы және әрқайсысының қуатты да нақты айғақтарға сүйенуі, өзінше бір айғақ болып саналады. Оларға қарсы шығып дауласу үшін олардың барлығын қосқанда шығатын зеректік пен ой-өрістеріне тең боларлық ауқымды зеректік пен пікір қажет және күллі айғақтарынан асып түсетін нақты айғақ керек. Әйтпесе жоққа шығарушылар тек өздерінің надандығынан, дәлелденбейтін болымсыз мәселеге келгенде қырсығып, көзін тарс жұму арқылы ғана тайталаса алады. Ал, көзін жұмған тек өзіне ғана күндізді түн жасайтыны мәлім.Бұл саяхатшы осы керемет әрі зәулім дәрісханада әлгі аса қадірлі де алым ұстаздардың шашқан нұрлары мың жылдан астам уақыт бойы жер шарының жартысын жарықтандырып келгенін білді. Бойын рухани құдірет билеп, мағынауи күш-қуаты тасығаны сонша дүниедегі бүкіл кәпірлер жұмылып тиіссе бір өзі төтеп беріп, әсте жолдан тайдыра алмас еді. Міне, біздің жолаушымыздың осы дәрісханадан алған сабағына қысқа ишара ретінде бірінші мақамның тоғызыншы мәртебесінде былай делінген болатын: Сосын, сенімі одан әрі қуаттанып, иманы бүршік ашқан сайын және «ғылм-әл яқин» дәрежесінен «айн-әл яқин» дәрежесіне көтерілген сайын пайда болатын нұр мен зауыққа құштар әлгі ойшыл жолаушы медреседен келе жатып сансыз кішкене зікірханаларға, завияларға тәжірибе алмасып, өзара жәрдемдесіп ауқымы кеңейген, өріс алған өте фәйзді де нұрлы, тым алып хангахтар мен иршадгахтарға, яғни, тәрбие орындарына ат басын бұрды. Ол жерде Ардақты Мұхаммедтің (С.А.У.) сара жолын ұстанып және Ахмедтің (С.А.У.) миғражының көлеңкесін паналап ақиқатқа ұмтылған, хаққа қолы жеткен, айн-әл яқин дәрежесіне көтерілген мыңдаған, миллиондаған жоғары мәртебелі муршидтер, ірі тұлға ұстаздарды көрді. Олар мұны дергахтарына, шақырды. Кіріп көріп еді:Ол әһл-и кәшф уә кәрамат ұстаздар өздерінің көріп-білгендеріне және кәраматтарына сүйене отырып бір ауыздан (Лә иләһә иллаһу) деп Раббани уахдетті, оның ужуб-ы ужудын, яғни, Аллаһтың сөзсіз бар әрі

111Иманның бірінші айғағыбіреу екенін әлемге жар салып жатқанын сондай-ақ, Күнді сәулесіндегі жеті реңімен тану дегендей, жетпіс реңімен тіпті көркем есімдерімен Шәмс-и Әзәлидің сәулесінен шашыраған сан-алуан нұрлы түстерге боялған, жалт-жұлт еткен түрлі реңгі бар және неше түрлі ақиқатқа бастар тариқаттар құрған, тура жолға апарар сан-алуан ұстанымдар жасаған әлгіндей қасиетті ұстаздар мен нұрлы ариф-әулиелердің жұмыла растаған ақиқаты өте анық та қанық және орасан зор маңызды екенін көрді. Әнбияның (ғаләйһиссалам) бір ауыздан, асфияның ортақтаса, әулиенің өзара сәйкес қарар, шешімдері және осы үш топтың бәрі бірігіп ұйымдасуы Күнді көрсететін күндіздің жарығынан әлдеқайда жарық екеніне көзі жетті. Сонымен, бұл қонақтың зікірханадан алған фейіз-нұрға қысқа ишара ретінде бірінші мақамның оныншы мәртебесінде былай делінген болатын:Сосын адамның кемелденуінің басты себебі, қозғаушы күші тіпті кемелдік атаулының қайнар көзі, негізі және Аллаһқа иман келтіруден, оны танудан пайда болатын «Мухабетуллаһ» екенін яғни Жаратқанды жаннан жақсы көру екенін түсінген әлгі дүние жолаушысы жан тәнімен, бүкіл сезімдерімен иманын қуаттауға, мағрифатын одан әрі арттыруға ниеттеніп басын көтерді де аспанға қарады. Өзінің ақылына былай деді:әлемде ең қымбат нәрсе тіршілік екені рас. Болмыс атаулы тіршілікке қызмет етеді. Және тірі заттардың ішінде ең құндысы рух иелері. Ал рухты денелердің ең маңыздысы сана иелері. Және осы маңыздылығына орай жер шары тірі жандарды әрдайым көбейту үшін жыл сайын, ғасыр сайын бірде толып бірде босайды. Олай болса міндетті түрде мына керемет әрі әсем аспанның да өзіне тән тұрғындары мен халқы, тірі жандар мен рух иелері, саналы мақұлықтары болуы керек. Бұрыңғы заманнан бері періштелерді көру, олармен сөйлесу уақиғалары күмәнсіз түрде анық болған әрі сенімді жолдармен жеткен. Атап айтсақ, Хазіреті Жабрайыл періште Ардақты Пайғамбарымыздың (С.А.У.) құзырында көрініс тапқан. Оған сахабалар да куә болған. Жолаушы: \"Пах, шіркін! Мен де аспан халқымен көріссем, олар не дейтінін білсем ғой!\" деп армандады. өйткені, әлем жаратушысы туралы тура сөз нақты хабар соларда болса керек\" деп ойлап тұрғанда кенет аспани бір дауыс естіді: \"Сен бізбен көрісіп, дәріс тыңдағың келетіні рас болса, мынаны жақсылап біліп ал! Ең бірінші, Хазіреті Мұхаммед

112АСА-И МҰСА (С.А.У.) пен Қасиетті Құранға, сондай-ақ, барлық пайғамбарларға біз арқылы келген имани мәселелерге әу баста біз иман келтірдік. Һәм, адамдарға аян беріп көрінген және біздің жынысымыздан болған күллі игі әруақтар, бәрі жұмыла осы әлем иесінің сөзсіз болмысына, оның бір екеніне және киелі сипаттарына куәлік етіп, бірін-бірі растайтын дәрежеде үйлесімді түрде ақпарат берген-ді. Олай болса сол сансыз ақпараттың өзара сәйкес болуы, үйлесімділігі саған Айдай анық дәлел, жол көрсетуші жетекші\". Мұны естіген соң жолаушының иманының нұры одан бетер жарқырай түсті. Бірден жерден көкке ұшқысы келді. Ол туралы Бірінші мақамның он бірінші мәртебесінде былай делінген екен: Енді әлгі құмарпаз әрі ынталы жолаушы шәһәдат әлемін яғни мына көзге көрінетін материалдық әлемді және ондағы белгілі заттардың тілдерінен, олардың хал-жағдайларынан сабақ алғаннан кейін ғайып әлемін, берзахты, яғни, қабір әлемін, о дүниені де шолып өтейін, ол жақтан да ақиқат іздейін, не дейді екен деп ойлады. Сол кезде оған әрбір топ адамда болатын, яғни әлем ағашының жемісі саналатын адамзаттың дәнегі әрі өзі кішкене бола тұра мағына жағынан ғалам секілді кеңейіп, қанаттары ашыла беретін мұстақим (тура) әрі мүнәууәр (нұрланған) ақылдар мен сәлим (таза, аман) нұрлы жүректердің есігі ашылды. Қараса; Бұл екеуі яғни дұрыс ойлайтын ақыл мен таза жүрек ғайып әлемі мен шәһәдат (обьективтік) әлемінің ортасын бөліп тұратын адами перделер болып табылады. Екі әлемнің өзара байланыстары, қарым-қатынастары адам үшін сол жерден жүзеге асады екен. Сондықтан жолаушы ақылы мен қалбына (жүрек) былай деді: \"Келіңдер! Өздерің секілді сезімдердің үстінен өтетін, ақиқатқа бастайтын жол әлдеқайда қысқа көрінеді. Біз енді аталмыш тілдерден дәріс алғандай емес, өзгешелеу, яғни, иман тұрғысынан ақыл мен қалбтың қосындысынан, олардың хал-жағдайынан, олардың түрлерінен ғибрат алып, ой жүгіртіп көрелік, сол тиімдірек - деді де ішіне үңіле бастады. Бейімділіктері әртүрлі, ұстанған жолдары да бір-бірінен ұзақ, тіпті мүлдем ұқсамайтын барлық тура бағыттағы нұрлы ақылдар иман мен тәухидке келгенде бір сап болып, тамыры терең нанымдары

113Иманның бірінші айғағыөзара сәйкес келуі және ризашыл қанағаттары мен анық көзқарас, қарарлары өзара үйлесіп бір арнаға топтасып жатуы бекер емес. Демек, әсте өзгермейтін бір ақиқатқа шырмалып, тамырлары жұлынбайтындай бір мықты ақиқатқа байланған. Олай болса бұлардың иман тұрғысынан және Аллаһтың болмысы мен тәухиді (бірлігі) жағынан осылай ұжымдасуы, бірігіп қосылуы еш үзілмейтін нұрлы шынжыр, және ақиқатқа апарар даңғыл жол, соған бағытталған ашық терезе болып табылады. һәм қараса, ұстанған жолдары бөлек-бөлек, сүйенетін негіздері әрқалай, тіпті бір-бірінен алыс, мүлдем ұқсамайтын әлгі жаппай дерлік сәлим ақылдар мен нұрлы қалбтардың иман шарттарына келгенде өзара бірлесе, қанағаттана, өзара жақын тарта бір ақиқатты көруі және тылсым сырларды ашуы әрі бір-біріне сәйкес, тәухид мәселесінде өзара үйлесімді, бір жерден шығуы әрине босқа емес. Демек, ақиқатқа бағытталған және соған жеткізетін және өзара ұқсас әлгі кішкене Раббани \"мағрифат ғаршы\" саналатын әрі ауқымы кең, аса күрделі және әрқайсысы жеке-жеке Самедтің айнасы болып табылатын қалбтар (жүректер), ақиқат күніне тура бағытталған ашық терезелер іспеттес. Ал олардың барлығын қоссаң Күнге айна болып шағылыстыратын алып теңіз сықылды үлкен айна болып шығады. Міне, бұлардың яғни күллі ақыл мен жүректердің Аллаһтың уджудына (сөзсіз болмысы), уахдетіне (анық жалғыздығы) келгенде бірлесуі, өзара ұйымдасуы, әлбетте, бізге әсте адаспайтын, адастырмайтын керемет жетекші, ұлы жолбасшы, нақты дәлел боп табылады. Өйткені, осыншама толассыз әрі тереңіне бойлайтын, мұнша алып әрі өткір назарлардың барлығын ақиқаттан өзге бір бос ой, шындыққа жанаспайтын бір пікір, негізі жоқ бір сипат жаппай алдатып, шатастыруы әсте мүмкін емес. Оған сенуге ешбір негіз жоқ. Мұны мүмкін дейтін қисық ой мен бұзылған ақылға бүкіл әлемді жоққа шығаратын ақымақ софестаилар (скептиктер) да риза болмай, ондай ақылдан бас тартатын болар. Мұны түсінген жолаушымыз ақылы мен қалбын пайдаланып: \"әмәнтү Биллаһ\" (Аллаһқа сендім!) - деді. Міне, бұл жолаушының мұстақим ақылдар мен мүнәууәр қалбтардан алған имани мағрифат дәрісіне қысқаша ишара ретінде бірінші мақамның он екінші және он үшінші мәртебесінде былай делінген болатын:

114АСА-И МҰСА Сосын, ғайып әлеміне жақыннан қарап, ақыл мен қалб ішінде саяхат қылған әлгі жолаушы: \"Апырым-ай, ғайып әлемі бұл туралы не дейді екен\" деп қызыға әлгі есікті пікірімен қақты. Яғни, мына дүниеде, яғни, шәһәдат әлемінің өзінде мұншама сұлу әрі көркем, шебер жаратылған нәрселер арқылы өзін таныстырғысы келетін, және мұншама тәтті де әсем толассыз нығметтермен өзін жақсы көргенді қалайтын және мұншама мұғжизалы да шебер істерімен өзінің құпия кемелдігін білдіргісі келетін және мұнысын сөзбен жеткізуден әлдеқайда ашық әрі түсінікті түрде іспен көрсеткен, хал-жағдаймен жеткізген Құдіретті біреу ғайып пердесінің артында бар екені сөзсіз. Ол түсінікті. Олай болса, әлбетте, әрі оған еш күмән жоқ әлгі құдірет іс жүзінде әрі хал-жағдаймен мұратын білдіргені секілді сөзбен де, сөйлемдермен де сөйлейді, өзін таныстырады, жақсы көргізеді. Олай болса ғайып әлемі тұрғысынан Оны, Оның тәзәһураты арқылы, яғни, шағылыс-көріністерінен тануға тырысалық - деп қалбы ішке еніп, ақыл көзімен қарап еді: Өте анық тәзәһурат арқылы яғни, ап-ашық түрдегі уахилардың ақиқаты (аян, Аллаһ тарапынан Пайғамбарға келетін әмір, ақиқат, пікір) ғайып әлемінің әр тарапын жайлап өз үкімін жүргізіп тұрғанын көрді. Ғаламның, жалпы жаратылыстың шәһәдаттарынан (куәлік) әлдеқайда қуатты түрде тәухид жайлы, Аллаһтың бір екені туралы ақиқат Аллам-үл Ғуюб (ғайыптың бәрін білуші Аллаһ) тарапынан уахи мен илһам арқылы келіп, білдіріліп жатады екен. Аллаһ Тағала өзінің бар әрі жалғыз екенін тек жаратылыстың куәлігімен білдіріп қана қоймай, өзіне лайық әзәли, мәңгі бітпес сөзімен де сөйлеп тұрады екен. Барлық жерде өзінің ілім және құдіретімен әзір-назыр Аллаһтың сөзі де шексіз болмақ. Сөздерінің мағынасы оны таныстыратыны секілді сөйлеуіде Оны сипаттарымен бірге таныстырады. Иә, жүз мың Пайғамбардың (ғаләйһиссалам) нақты хабарлауы арқылы және олардың ақпараттары Иләһи уахиға сүйеніп, бәрі бір жерден шығып, үйлесім табуы арқылы және адамзаттың басым көпшілігі мойындаған әрі оларға жетекші әрі өнеге әрі уахимен келген және уахи екені көпе-көрнеу болған киелі кітаптар мен аспани парақтардың дәлелдерімен, мұғжизалары арқылы уахидың ақиқат екеніне, оның рас, анық болғандығына көзі әбден жетті. Әрі уахидың ақиқаты, оның мән-мағынасы қасиетті бес ақиқатты қамтитынын, соны білдіретінін аңғарды:

115Иманның бірінші айғағыБіРіНшіСі: деп аталатын адамзаттың ақылына, ой-өрісінің деңгейіне қарай сөз сөйлеу. Бұны «тәнәззүл-у иләһи»- дейді. Иә, өзі жаратқан күллі рух иелерін сөйлеткізген және сөздерінің мағынасын білетін Аллаһ әлбетте өзі де сол сөздерге сөйлеу арқылы жауап беріп араласуы керек, бұл Рубубиетінің талабы. ЕКіНшіСі: Өзін таныстыру үшін ғаламды бастан аяқ мұнша толассыз шығындармен керемет түрде таңғажайып етіп жаратқан және оларды мыңдаған тілдермен өзінің кемелдігін сөйлеткізген Құдірет, әлбетте өзінің сөздерімен де өзін таныстырмақ. ҮшіНшіСі: Жаратылыстың ең таңдаулысы және аса мұқтажы және өте нәзік әрі құштары болған нағыз адамдардың жалынышты мінәжаттарына және риза болғандағы шүкірлеріне іс жүзінде жауап бергені секілді сөйлеу арқылы да жауап береді, бұл Халиқиеттің, яғни, жоқтан бар ету, жарату ісінің талабы. төРтіНшіСі: Ілім және тіршіліктің алғы шарты және оның жарқын көрінісі болып табылатын \"мукалеме\" яғни сөйлеу сипаты, әлбетте мухит ілімі бар, мәңгі тірі Біреуде болса, мұхит, яғни, ауқымды түрде, мәңгі бақи бітпейтін жағдайда болмақ. БЕСіНшіСі: Табиғаты тым сүйкімді, жақсы көруге лайық әрі сүйенішке аса мұқтаж және өзінің иесін табуға ынтық һәм пақыр һәм әлсіз пенделеріне; оларды осындай әлжуаз, құштар, пақыр, мұқтаж және келешекті уайымдайтын етіп жаратқан әрі жүрегіне махаббат пен құштарлықты берген Құдірет әлбетте өзінің бар екенін оларға сөйлеу арқылы да білдірмек. Бұл улухиеттің талабы. Міне, жоғарыда аталған «тәнәззүл-ү иләһи», «тағарруф-ы Раббани», «мукабеле-и Рахмани» және «мукалеме-и Субхани» және «ишар-ы Самедани» ақиқаттарын қамтитын аспани күллі уахилердің бір жерден шығып, өзара тоғысуы, осылайша, Уажиб-үл Ужудтың (Аллаһ) болмысын және оның ужудын, яғни, бар екенін дәлелдеуі аса қуатты айғақ, бұлтартпас дәлел болып табылады. Бұл айғақ күндізгі Күннің шуағы қалайша Күннің бар екеніне дәлел болса одан да қуатты дәлел - деп түйді. Енді ол илһамға назар аударды. Қараса, садық (шын,тура) илһамдар бір жағынан уахиге ұқсас әрі ол да Раббани мукәлеме, яғни, Аллаһтың сөйлеуі. Дегенмен екі парқы бар. БіРіНші ПАРҚы: Илһамнан әлдеқайда мәртебесі жоғары уахидің басым көпшілігі делдал яғни періште арқылы, ал илһамның көбісі делдалсыз келеді. Мәселен, бір патшаның сөйлеуі, жолдау-әмірлері екі түрлі болады. Біреуі; Салтанатының ұлықтығы мен жалпыға ортақ үстемдігінің талабына сай өзінің жолдауын бір шабарман яки делдал арқылы бір әкімге жібереді. Билік салтанатының айбындылығын, әмірінің маңыздылығын көрсету мақсатында кейде әлгі делдал арқылы жиналыс жасап, сосын жолдауы

116АСА-И МҰСА оқылады, бұйрық жеткізіледі. Екіншісі; Сұлтан патша деген жалпыға ортақ сипатымен емес, жеке өзінің атымен, жеке бір мәселеге қатысты, өзара қарым-қатынас, аса маңызды шаруа емес, шағын бір мәміле үшін жеке қызметшісімен немесе қарапайым халықпен және арнайы телефонымен сөйлеседі. Сол секілді, Әзәли Падишаһ Аллаһтың бүкіл әлемнің Раббысы атымен және ғаламның жаратушысы жағымен, уахи қылады яғни сөйлейді немесе уахидің қызметін атқаратын ауқымды илһам қылады яғни әрбір тұлғаның, әрбір тірі жанның Раббысы және Халиқы (Жаратушы) болу жағымен жеке-жеке, бірақ, перделердің артынан олардың қабілетіне қарай өзіндік сөйлеуі бар. ЕКіНші ПАРҚы: Уахидың ешбір бұлыңғыр тарапы жоқ, мөлдір, саф әрі ерекше тұлғаларға тән. Илһам болса бұлыңғыр тұстарымен бірге түрлі-түсті боп келеді әрі жалпыға ортақ болады. Атап айтар болсақ, періште илһамы, адам илһамы, хайуандар илһамы болып көп түрге бөлінеді. Осылайша, теңіздердің тамшылары санынша Раббани кәлимәлар, көптеген мағыналар бар. Сөйтіп, әлгі жолаушы илһамдар деген аяттың бір мағынасын тәпсірлейтінін түсінді.Сосын илһамның мәнісіне, хикметіне, оның шәһәдатына яғни Жаратқанның бар екеніне қалай куәлік ететіне қарады. Қараса, мәнісі, хикметі және нәтижесі төрт нұрдан тұрады екен. Біріншсі; тәуәддүд-і иләһи, яғни, өзін махлұқтарына іс жүзінде жақсы көргізгені секілді сөзбен, құзырмен және сұхбат арқылы да өзін жақсы көргізеді. Бұл Уәдудиеттің (жақсы көру), Рахманиеттің (мейірімділік жасау) талабы. Екіншісі; Ибадының яғни құлдарының дұға-тілектеріне іспен жауап бергені секілді сөйлеу арқылы да перделердің сыртынан жауап береді. Бұл оның Рахимиетінің талабы. Үшіншісі; Ауыр жағдайларға, қиын-қыстау халдерге ұшыраған махлұқтарының көмек сұраған, өтініш пен жылап-сықтаған жалыныштарына іс жүзінде медет бергені секілді белгілі мағынада сөйлеуі боп табылатын илһами сөздермен яғни аян беру арқылы да жәрдем етуі Рубубиетінің талабы.төртіншісі; Өте әлсіз, тым әлжуаз, аса пақыр әрі мұқтаж және өзінің иесін, қамқоршысын, басқарушысын, сақтаушысын танып-табуға өте мұқтаж әрі құштар саналы жаратқандарына өзінің болмысын, құзырын, сақтаушы екенін іс жүзінде сездіргені секілді белгілі бір мағынада сөйлеуі боп саналатын кейбір дұрыс илһамдар (аян) арқылы перденің артынан

117Иманның бірінші айғағыәркімге бөлек-бөлек және әркімнің қабілетіне қарай қалб телефонына сөйлеу арқылы да өзінің бар екенін сездіруі, құзырын білдіруі Улухиет Мейірімінің, Рубубиет рахметінің қатаң әрі сөзсіз талабы деп түсінді.Сосын илһамның қалай куәлік ететініне назар аударды. Сондағы куә болғаны: Мәселен, Күнді егер тірі һәм ой-санасы бар деп қабылдасақ онда оның жеті түсті реңгі жеті сипаты болар еді. Енді ол жарығындағы шуақтарымен, сәулелерімен белгілі бір мағынада сөйлер еді. Оның көрінісі мен шағылысы барлық мөлдір, жылтырақ заттардан табылар еді. Әрбір айна, бүкіл жылтырақ нәрсе және шыны сынықтары, су бетіндегі көпіршіктер, тамшылар тіпті мөлдір зәрелер де оны шағылыстырады. Ол әрқайсысымен қабілетіне қарай сөйлесіп, олардың сұрағанына жауап береді. Олардың барлығы Күннің бар екеніне куәлік етеді. Күн қыруар істі атқара берер еді, бірақ, бір ісі бір ісіне кедергі болмайды. Біреумен сөйлескен сәтте басқасымен сөйлесуіне еш кедергі туғызбайды. Бұл кәдімгі көзбен көргендей анық ақиқат. Дәл сол секілді Әзәл мен Әбәдтің Зүлжалал сұлтаны, жаратылыс атаулының Зүлжамал жаратушысы Шәмс-і Сәрмәдидің сөйлеуі де оның ілімі мен құдіреті секілді күлли, яғни, жалпыға ортақ, барлығын жаппай қамтып жататындықтан әрбір нәрсенің қабілетіне қарай көрініп, жеке-жеке шағылысады. Ешбір сұрақ бір сұраққа, бір іс бір іске, бір үндеу басқа үндеуге кедергі болмайды, әсте араласып шатаспайды. Бұл өте түсінікті жайт. Міне, осы барлық шағылыс-көріністер, сөйлеу мен илһамдар жеке-жеке және топтасып әлгі Әзәли Шәмс, Аллаһтың құзырын, оның сөзсіз бар екенін әрі жалғыз, дара Уахид, Әхад екенін дәлелдейді, куәлік етеді. Мұны жолаушы айнәляқынге жақын ғылмәляқын яғни анық-қанық көрді. Сонымен, біздің құмарпаз қонағымыздың ғайып әлемінен алған мағрифат дәрісіне қысқа ишара ретінде бірінші мақамның он төртінші және он бесінші мәртебесінде былай делінген болатын:

118АСА-И МҰСА Сосын манағы жолаушы өзінің ақылына былай деді: Мен ғой ғаламдағы жаратылыс арқылы Жаратқан Иемді іздеп жүрмін. Олай болса бәрінен бұрын осы жаратылыстың ең мәшһүры тіпті дұшпандарының өзі оның кәміл жан, ұлы қолбасшы, жоғары мәртебелі Би, сөзі маржан, ақылы мол данышпан екенін мойындаған және он төрт ғасырды адамгершілігімен, қымбат қасиеттерімен, Құранымен нұрландырған араб Мұхаммедті (ғаләйһиссалату уәссалам) зиярат етіп, іздегенімді сол Кісіден сұрау үшін оның бақыт ғасырына ақылына: \"бірге барайық!\" деп, Ол өмір сүрген ғасырға аттанды. Қараса, ол ғасыр шынымен де әлгі ардақты Кісінің (С.А.У.) саясында адамзаттың ең бақытты дәуірі болған екен. Себебі Ол, өзі әкелген нұрымен өте жабайы, мүлдем сауатсыз надан халықты қысқа мерзімде дүниеге танымал, ел басқаратын білікті би, дипломат, қоғам қайраткері жасады.Һәм ақылына былай деді: «Біз бәрінен бұрын осы керемет Кісінің (С.А.У.) аз да болса қадірін және айтқан сөздерінің ақиқат екенін, берген ақпаратының шын екенін біліп алуымыз керек, сосын барып одан Жаратушы иемізді сұрайық» деп оны жақыннан тануға кірісті. Көзі жеткен көптеген анық дәлелдерден әзірге «тоғыз ауқымды айғаққа»жеке-жеке бірақ қысқа ишара етілмек. БіРіНшіСі: Бұл кісінің тұла бойы жақсы мінез-құлық пен асыл қасиетке тұнып тұр. Мұны, тіпті, дұшпандарының өзі растаған. Сондай-ақ, аятының ишара еткеніндей бір саусағының ишарасымен көктегі Ай екіге бөлінген-ді. Анталаған жауға лақтырған бір уыс топырақтан әрқайсысының көзіне бір уыс топырақ бұйырып тым-тырақай қашқан-ды. шөлде қалған әскеріне бес саусағынан кәусардай аққан судан қанғанынша ішкізген-ді. Осы секілді бізге жеткізілген кейбірі тәуәтүрмен (нақты хабар) жүздеген мұғжизалар оның қолынан көрініс тапқан деседі. Мұндай мұғжизалардың үш жүзден астамы Он тоғызыншы Мектуб деп аталатын «Мұғжизат-ы Ахмедие» атты керемет кітапта нақты

119Иманның бірінші айғағыдәлелдермен баяндалғандықтан оны соған сілтеп былай деді: Мұншама жақсы мінез-құлық пен кемел сипаттарға ие әрі әлгіндей көптеген мұғжизаларға бөленген Жан (С.А.У.) әлбетте, шыншыл, айтқандарының бәрі дұрыс. Ол, мінезі жаман надандар сықылды жалған айтып, өтірік алдап, қулық жасап өзін төмендетпейді. Олай болуы әсте мүмкін емес. ЕКіНшіСі: Қолында мына ғаламның иесінің жолдауы және ол жолдауды әр ғасырда үш жүз миллионнан астам адамдар қабылдап, растаған және манағы жолдау, яғни, Қасиетті Құран жеті тұрғыдан таңғажайып болып табылады. Сондай-ақ, осы Құранның қырық жақтан керемет, мұғжиза екендігі және ғаламның Иесінің сөзі екені қуатты дәлелдермен Жиырма бесінші Сөз және Мұғжизат-ы Құрание атты Рисалей-Нұрдың бір Күні боп саналатын мәшһүр бір рисаледе жан-жақты баяндалғандықтан оны соған сілтеп былай деді: Мұндай нағыз хақ, іші толы ақиқат бір жолдауды әкелген, бізге жеткізген Кісінің (С.А.У.) әлгі жолдауға қастандық әрі жолдау иесіне опасыздық болып табылатын жалған сөйлеуі, өтірік алдауы мүмкін емес.ҮшіНшіСі: Ол Кісі (С.А.У.) дүниеде теңдесі жоқ шариғатпен, баға жетпес ислам дінімен және керемет ғибадатпен, дұғамен, дағуатпен (шақыру), иманмен ортаға шықты. дүниеде Оған тең келер тұлға жоқ, болмайды да. Одан артық кәміл жан болмаған, болмайды да. Неге десеңіз, үмми, яғни, оқу жазу білмейтін бір Кісінің (С.А.У.) әкелген шариғаты он төрт ғасырды және адамзаттың бестен бірін өте әділ түрде, тура жолмен, терең де мызғымас ереже-заңдарымен басқаруы теңдесіз емей не!? Һәм, үмми бір Кісі өзінің (С.А.У.) іс-әрекетінен, айтқан сөздерінен және хал-ахуалынан туындаған дін ислам арқылы, әр ғасырда үш жүз миллион адамдардың жетекшісі, данышпан көсемі, күллі ақылдың мұғалімі, ұстазы, барлық қалбтардың (жүрек) нұрландырушысы, тазартушысы және нәпсілердің тәрбиешісі, ағартушысы, рухтардың ашылып дамуына бірден-бір себеп, дәнекер болуы тұрғысынан оған ешкім жете алмаған, жетпейді де.Һәм, үйреткен дінінде ғибадат атаулының барлық түрлерінен алдыңғы шепте болуы, баршадан артық тақуа болуы, Аллаһтан ерекше қорқуы, әрдайым күрес пен аласапыран ішінде жүрсе дағы құлшылығын бүге-шүгесіне дейін керемет толыққанды орындауы әрі ешкімнен көшіріп алған да емес, толық мағынада, алғаш рет бірақ ең кемел түрде, һәм басын мен соңын біріктіре отырып атқаруы әлбетте теңдесіз, теңі болмайды да. Һәм мыңдаған дұға-тілектері, мінәжаттары ғажап-ақ! Мәселен «Жәушан-үл Кәбир» атты мінәжатындағы Раббани мағрифаты яғни

120АСА-И МҰСА Раббысын тамаша сипаттайтыны сонша сол ықылым заманнан бері мағрифат қылушылар мен әулие-абыздар пікірмен өзара жәрдемдесе отырып мағрифат қылса да оның мәртебесіне, Аллаһты сипаттау дәрежесіне жете алмауы, дұға етуге келгенде де теңдесі жоқ екенін көрсетеді. Мінәжат рисалесінің басында Жәушән-үл Кәбирдің тоқсан тоғыз шумағынан бір шумағының қысқа мағынасы баяндалған жерге қараған адам: «Жәушәннің теңі жоқ екен» - деп айтары сөзсіз. Һәм, рисалет (пайғамбарлық) міндетін адал атқаруы, халықты хаққа шақыру барысында қайсарлық, батырлық, табандылық танытуы өзінше тақырып. Алпауыт мемлекеттер мен кең тараған ескі діндер, тіпті, өзінің қауымы мен руы, тіпті, туған көкесі оған қас дұшпан бола тұра титтей де болсын кідірмеуі, сасқалақтамауы, уайым мен үрейге берілмеуі әрі бір өзі бүкіл дүниеге атой салуы әрі соңында табысқа жетіп дін исламды дүниеге мойындатуы ғажап-ақ. Міне, бұл оның ақиқатты жеткізуде, дағуатта да теңі жоқ екенін, теңдесі болмайтынын көрсетеді. Һәм иманы асқар таудай, оның ақиқат екеніне әбден көзі жеткен, сенімі тым мықты әрі таңғажайып гүлдей жайнаған нанымы керемет. Сол заманға үкімі жүріп тұрған барлық көзқарас-пікірлер мен нанымдар, даналардың хикметтері мен рухани басшылардың ілімдері түгелімен оған мүлдем қарсы әрі керағар, тіпті, жоққа шығаратындай қарама-қайшы бола тұра, бұл оның нанымына, көзқарасына, сеніміне әсте күдік, бірде-бір күмән, тоқырау, кері шегіну, уәсуәсә туғызбаған. Оған куәгер әрдайым руханиятта, иман мәртебесіне өрлеу үстінде болған әу баста сахабалар, сосын күллі әулие, асфиялар. Олар Ол кісінің иманынан фейз, нәр алуы және оны әрқашан жоғары дәрежеде көруі анық түрде иманының да теңдесіз екенін көрсетеді. Сонымен, мұндай теңдесіз шариғат пен ерекше дін исламның құрушысы Ардақты Пайғамбардың және керемет құлшылық етуші әрі ғажап дұға қылушы тақуа жанның, сондай-ақ, әлемге шулы дағуат пен таңғажайып иман иесінің, кәміл Жанның, әлбетте, өтірік алдауы мүмкін емес, сөзі жалған болуы ақылға сыйымсыз деп түсінді, мұнысын ақылы да қоштады. төРтіНшіСі: Қалайша әнбияның (аләйһиссалам) барлығы ынтымақта болуы Аллаһтың ужуд (бар болу) уә уахданиетіне (бір болу) қуатты дәлел болып табылады, сол сияқты олар жаппай бұл кісінің де (С.А.У.) рас екеніне, пайғамбарлығына мықты куәгерлер боп табылады. өйткені, әнбия аләйһиссаламның рас әрі пайғамбар екенін дәлелдейтін қанша киелі сипаттар, мұғжизалар мен міндеттер болса, бұл Кісіде (С.А.У.) өте жоғары дәрежеде болғаны тарихи шындық. демек олар, қалайша жазбаша түрде тәурат, інжіл, Зәбүр және көктен түскен

121Иманның бірінші айғағыпарақтар арқылы ол Кісінің (С.А.У.) келетінін хабар беріп, адамзатқа сүйіншілеген – мұндай көктен түскен кітаптардың сүйінші ишари хабарларынан жиырмадан астамы және өте анық кейбір түрлері Он тоғызыншы Мектубта жақсылап дәйекті түрде баяндалған болатын - дәл сол секілді олар хал тілдерімен де, яғни, пайғамбарлық арқылы және мұғжизаларымен де жолдасы әрі әріптесі болған осы мерейі үстем әрі кәміл Жанды растап, мүддесін қоштаған. Олар сөзбен әрі ұйымдаса уахданиетке куәлік еткендері секілді хал тілдерімен де, бір ауыздан осы кісінің рас екеніне куәлік етеді – деп түсінді.БЕСіНшіСі: Осы бір ұлы тұлғаның тәрбиесіне көніп, ережесін сақтап, ізінен еру арқылы хақ пен ақиқатқа, кемелдікке, кереметке, кәшфиятқа, мүшәхәдатқа қолы жеткен мыңдаған әулиелер уахданиетке куәлік еткендері секілді, ұстаздары болған осы Кісінің растығына, оның пайғамбар екеніне бір ауыздан, ұжымдаса куәлік етеді. Оның ғайып әлемі туралы ақпаратының кейбірін олар әулиелік нұрымен көріп куә болған. Барлық айтқан хабарларын иман нұрымен, я «ғылм-ил яқын» немесе «айн-әл яқын» не болмаса \"хаққал яқын\" түрде сеніп һәм растаған екен. Міне, бұл да ұстаздары болған бұл кісінің қаншалықты ақиқатшыл, турашыл екенін көрсетеді. Жолаушы осыны түсінді. АлтыНшыСы: Бұл Кісі үмми бола тұра әкелген ұлы ақиқаттарының және бұрын-соңды болмаған ілім мен жаңадан ашқан иләһи мағрифат дәрісінің саясында ілімнің биік мәртебесіне жеткен миллиондаған мудаққиқ асфия мен мухаққиқ сыддықтар және дана, зерек хәкім мүминдер бұл кісінің басты мүддесінің негізі болып табылатын уахданиетті қуатты айғақтармен бір ауыздан дәлелдеп, бекіткен. Олар осылайша әлгі ұлы мұғалімнің, жоғары мәртебелі ұстаздың анық ақиқатшыл екеніне, айтқан сөздерінің рас екеніне жұмыла куәлік етеді. Бұл куәліктері оның пайғамбар екеніне, рас шынайы екеніне айдан анық дәлел болып саналады. Мәселен, Рисалей-Нұр жүз кітапшасымен осы кісінің шынайылығына бұлтартпас дәлел болып табылады. ЖЕтіНшіСі: «әл уа асхаб» деп аталатын сондай-ақ әнбиядан кейінгі парасатты, көрегенділігімен танымал және аса құрметті де діндар, назарлары өткір кәміл жандар қатты қызыға да, өте мұқият, тапжылмастан бұл кісінің жасырын немесе ашық барлық хал-жағдайын, ой-пікірін, жүріс-тұрысын зерттеп, талдаудың нәтижесінде бұл кісінің дүниеде ең адал, шыншыл және дәрежесі өте жоғары әрі өте дұрыс, ақиқатшыл адам екеніне көздері жетіп, бір ауыздан растап бекіткен әрі толық иман келтірген. Бұл да күннің жарығын дәлелдейтін күндіз секілді мықты дәлел. Жолаушы осыны ұқты.

122АСА-И МҰСА СЕГіЗіНшіСі: Қалайша мына әлем өзін жарату, басқару, реттеу, суреттеу, өлшеу, ұйымдастыру жағымен бір сарай яки бір кітап немесе бір жайма, бір көрме секілді өзін салған ұстаны, жазушыны, суретшіні шүбәсіз көрсетеді. Сол секілді әлемнің жаратылысындағы иләһи мақсаттарды білетін, білдіретін және құбылыстарындағы Раббани хикметтерінен дәріс беретін және белгілі бір міндет атқаратын қозғалыстарындағы нәтиже-пайдаларды үйрететін, мән-мағынасын, қадір-қасиетін, болмыстың кәмілдігін паш ететін және әлгі алып кітаптың мағынасын мазмұндайтын жоғары мәртебелі делдал, тылсым сырларды ашатын турашыл жан, сенімді ұстаз, адал мұғалім керек етеді, міндетті түрде болуын талап етеді. Міне, осы тұрғыдан алғанда мұндай міндеттерді бәрінен де толық, адал атқарған осы Кісі. Олай болса, Оның шынайы Пайғамбар және Ол мына ғалам иесінің жоғары мәртебелі, шын берілген қызметшісі екеніне әлем де куәлік етеді. Жолаушы осыны аңғарды. тОҒыЗыНшыСы: Мына шебер әрі хикметпен жаратылған болмыс арқылы өзінің өнерін, шеберлігінің кәмілдігін жария қылғысы келетін және мына әсем сұлу сансыз махлұқтарымен өзін таныстырғысы келетін, жақсы көруді талап ететін және мына тәтті де қымбат нығметтерімен өзіне алғыс пен шүкір, хамд еткізгісі келетін және мына Мейірімді де қамқоршыл жалпыға ортақ тәрбие мен асырау арқылы, тіпті, тілдің өзін сан-алуан зауық пен ләззат беретіндей етіп, тағамның небір түрін татып танитындай етіп жаратқан, Раббани нығметтер мен ас-дәмдер арқылы өзінің рубубиетіне ризашылықпен шүкір ете табынатындай құлшылық еткізгісі келетін, сондай-ақ, маусымдарды, түн мен күнді ауыстыру секілді алып істер мен басқару, хикмет толы құбылту, жоқтан бар ету арқылы өзінің улухиетін, яғни, Аллаһ екенін көрсеткісі келетін және оған иман келтіріп, мойынсұну, бағыну керектігін білдіруді қалайтын және әрдайым жақсылыққа ынталандырып, жақсыларды қорғаштап, ал, жаманшылық пен жамандарды тойтарып, аспани апаттармен залымдарды ауыздықтап, суайт-өтірікшілерді әшкерелеп, осылайша, өзінің хақ екенін, әділдігін көрсеткісі келетін перденің артында біреу бар.Олай болса, әлбетте, еш күмәні жоқ әлгі ғайби Құдіреттің ең сүйікті Жаратқаны және өте турашыл Құлы және жоғарыда аталған мақсаттарына адал қызмет етіп, әлемнің жаратылысындағы тылсым-сырды ашқан және әрдайым Жаратушының атымен әрекет еткен, Одан жәрдем мен сәттілік сұраған және әрдайым медет алып, таупыққа бөленген, Мұхаммед-і Құрайши деп аталатын Кісі осы болса керек. Һәм, ақылына деді: Осы аталған тоғыз ақиқаттар Оның адалдығына куәлік ететіні рас. Олай болса әлбетте бұл адам адамзаттың бетке тұтар

123Иманның бірінші айғағымақтанышы әрі әлемнің абыройы және оны «Фахр-ы әлем», «шәрәф-і Бән-и Адам» деуге әбден лайық. Сондай-ақ, қолындағы ұлы жарлық, күллі махлұққа жолдау болған Қасиетті Құранның рухани үстемдігі, ұлы салтанаты жер шарының жартысын бағындыруы және жеке тұлға ретінде кәміл әрі жоғары қасиеттерге ие болуы бізге мынаны көрсетеді: Бұл әлемде өте маңызы зор тұлға осы Кісі және Жаратушымыз жайлы маңызды сөз сөйлеу Оған тиесілі. Міне, сен де қара! Осы керемет тұлғаның жүздеген анық әрі нақты мұғжизаларының қуатына, дініндегі мыңдаған тамыры терең ақиқаттарына сүйене отырып біз де былай демекпіз: Оның алға қойған мүдде-мақсаттарының ең бастысы және өмір бойы аңсап арпалысқан арманы Уажиб-ул Ужудтың бар екенін, оның жалғыз, дара екенін, есім-сипаттары кемел екенін әлемге жар салып дәлелдеу, оған куәлік ету және сол Уажиб-ул Ужудқа халықтың көзін жеткізу, жария етіп баршаға білдіру болып табылады. демек, мына ғаламның рухани Күні және Жаратушымыздың өте жарқын айғағы осы Хабибуллаһ деген кісі болды ғой. Оның куәлігін растайтын, қуаттап, бекітетін әсте алданбайтын, алдамайтын үш үлкен иджма яғни пікір бірлігі бар.БіРіНшіСі: «Егер ғайып пердесі ашылса яқиным (сілтеме*) 4күшейіп, артып кетпейді» деген Хазіреті Али (радиаллаһу анһ) секілді және өзі жерде тұрып ағзам ғарышты, сондай-ақ, исрафилдің алып тұлғасын көрген Ғаус-ы Ағзам (қуддусу сыррух) тәрізді назары өткір, ғайыпты көре алатын мыңдаған қутуб пен ұлық әулиелерден құралған және әл-і Мұхаммед деп аталатын әлемге танымал нұрлы жамағаттың бір ауыздан иджма қылып растауы. ЕКіНшіСі: әу баста бәдәуи, оқу-жазу білмейтін, қоғамдық өмірден бейхабар, саяси сауатсыз, кітапсыз және надандық жайлаған қараңғы заманда жүріп тез арада өте мәдени, сауатты, қоғамдық және саяси өмірді әбден меңгерген халықтарға, мемлекеттерге ұстаз, жетекші әрі дипломат әрі әділ басқарушы би болып шығыстан батысқа дейін ұлан ғайыр құрылықты басқарған, өздері «Сахаба» деген атпен танымал мәшһүр жамағаттың бір ауыздан ұжымдасып мал-жандарын, керек болса әке-шешесін, жұртын пида еткізген қуатты иман келтіріп растауы.ҮшіНшіСі: әр ғасырда мыңдаған өкілдері бар, және әрбір пән мен ғылымда зерек, алдыңғы шепте, сан-алуан салада еңбек ететін, үмметтің ішінен шыққан сансыз кәміл ғұламалар мен ілімі терең ғалымдардан құралған үлкен жамағат бір-біріне сәйкес ғылыми, нақты түрде растауы.Сілтеме: Адамның бір нәрсені шүбәсіз, анық білуі

124АСА-И МҰСА Демек, бұл Кісінің уахданиетке куәлігі шағын, жеке басымен шектелмейді. Керісінше жалпыға ортақ, ауқымды да күлли, әсте мызғымас берік, бүкіл шайтандар ұйымдасса ешбір тұрғыдан қарсы шыға алмайтын шәһәдат (куәлік) екен деп шешті. Міне, пайғамбарымыздың бақытты дәуіріне ақылымен саяхат еткен дүниеге жолаушылап келген және өмірге қонақ кісі манағы нұрлы медреседен алған дәрісіне қысқа ишара ретінде бірінші мақамның он алтыншы мәртебесінде былай делінген болатын: Сосын, бұл дүниеде өмірдің мақсаты және өмірді өмір қылып тұрған иман екенін түсінген әлгі шаршамайтын, тыным таппай ізденетін жолаушы өз-өзіне былай деді: «Мен іздеп жүрген Құдіреттің сөзі, кәламы деп аталатын және дүниеде аты шулы, өте жарқын әрі үкімі жүріп тұрған сөз Сұлтаны және өзіне тәсілім болмай ерегіскендерді жаппай айтысқа шақырып тізе бүктіретін Құран Кәрім дейтін кітапқа назар аударайық, ол туралы не дейді, соны тыңдайық: Алайда, ең әуелі бұл кітап бізді жаратқан иеміздің сөзі екенін дәлелдеу керек болар» - деп іздене бастады. Жолаушы осы заманның адамы болғандықтан бірінші болып Құранның мағынауи ғажап тәпсірі болған Рисалей-Нұрға назар аударды. Оның жүз отыз кітапшалары Құранның аяттарының нүктелері, жарық сәулелері, терең түсініктемесі екенін аңғарды. Және Рисалей-Нұр тым қырсық тәкәппар әрі дінсіз ғасырда жарыққа шығып әртарапқа Құран ақиқаттарын батыл әрі қайсар түрде жайса дағы ешкім қарсы келе алмауы, оның ұстазы, қайнар көзі, жарық алар бұлағы, Күні Құран Кәрім екені, ол болса айдай-анық түрде аспани, адам сөзі емес екенін анық.

125Иманның бірінші айғағыТіпті, Рисалей-Нұрдың жүздеген кітапшаларынан бір ғана рисалесі, Құранның айғағы, Жиырма бесінші Сөз бен Он тоғызыншы Мәктубтың соңғы тарауы Құранды қырық тұрғыдан қолға алып мұғжиза екенін дәлелдегені сонша, көрген жандар мінемек түгіл таңғала қайран қалып, жоғары баға беріп, көкке көтеріп мақтаған. Ол енді Құранның таңғажайып тұстарын және оның хақ Кәламуллаһ екенін дәлелдеуді Рисалей-Нұрға сілтеп тек қысқа ишаралармен оның ұлықтығын көрсететін бірнеше тұжырымға назар аударды.БіРіНші тұЖыРыМ. Қалайша Құран, күллі мұғжизаларымен және хақ екенін дәлелдейтін ақиқаттарымен Мұхамедтің (С.А.У.) бір мұғжизасы болып табылады. Сол секілді Мұхаммед те (С.А.У.) бүкіл мұғжизаларымен, пайғамбарлық дәлелдерімен және ілім тұрғысынан кәмілдігімен Құранның бір мұғжизасы боп саналады әрі Құран кәламуллаһ екеніне анық дәлел боп саналады.ЕКіНші тұЖыРыМ. Құран дүниеде нұрлы да жарқын, бақытты әрі шынайы түрде қоғам өміріне өзгеріс ендірген. Сонымен қатар адамдардың нәпсілерінде (бойларында), һәм рухтарында, һәм ақылдарында, һәм жеке және қоғамдық өмірлерінде, һәм саяси ахуалға ықпал етіп түбегейлі өзгеріс әкелген әрі оны әрімен қарай жалғастырып, билеп басқарып келген. Ғасырлар бойы минут сайын оның алты мың алты жүз алпыс алты аяты жоғары құрметпен ең азы жүз миллионнан астам адамдар тарапынан оқылып келеді. Ол адамдарды тәрбиелеп, нәпсілерді жөнге салып, қалбтерді (жүрек) тазартып, рухтарға қанат беріп, өрге сүйрейді. Ақылдарға тура бағыт пен нұр, өмірге нәр сыйлап бақытқа бөлеуде. әлбетте, мұндай кітаптың теңі табылмас, ол таңғажайып әрі бәрінен жоғары, мұғжиза.ҮшіНші тұЖыРыМ. Құран сонау ғасырдан қазірге дейін «бәлағаны» яғни шешендікті, тіл өнерін шебер пайдаланғаны сонша, Қағбаның дуалына алтынмен жазылып, ілініп қойылған аты шулы ақындардың «Муаллақат-ы Сәбға» деп аталған танымал мәшһүр өлеңін төмен түсіріп, алып тастауға мәжбүр қылған. Ләбидтің қызы әкесінің әлгі жерде ілулі тұрған өлеңін алып жатқанда мойындап былай деген екен: «енді мұның аятқа қарсы тұрарлық бір құны қалмады». Һәм, бәдәуи бір араб шешені аяты оқылғанда ести сала сәжде қылған. Сонда оған: «Сен мұсылман болдың ба?» деп сұрағанда: «Жоқ, мен мына аяттың бәлағасына, яғни, шешендігіне қайран қалып сәжде жасадым!» деген екен. Һәм, «бәлаға» ілімінің дана, кемеңгер тұлғалары Абдүлқадир-і Джуржани, Сәккаки және Зәмахшари сынды мыңдаған кемеңгер имамдар мен ғалым, әдебиетші шешендер иджма түрде бір ауыздан: «Құранның бәлағасына адамның өресі жетпейді, бұлай сөз саптау ешкімнің

126АСА-И МҰСА қолынан келмейді» деген ұйғарымға келген. Һәм, Құран түскеннен бері қарсыластарын әрдайым айтысқа шақырып өркөкірек, менменшіл ақындар мен шешендердің қытығына тиіп, намысын аяқ асты етіп былай дейді: «Сендер бір ғана сүреге тең келер жазу әкеліңдер! әйтпесе, дүниеде де ақыретте де сорлап, қор боласыңдар!». Сонда әлгі ғасырдың қырсық шешендері бір түйір сүреге ұқсас жазу жазып жеңіске жету секілді қып-қысқа жол тұрғанда ұзақ әрі мал-жанға қауіпті соғысуды таңдағандарына қарағанда, мәселені ол жолмен шешу мүмкін емес-ті.Тіпті, біреуаятын оқып: \"Мұның таңғажайып деп жүрген шешендігін көре алмай тұрмын\" деді. Оған: \"Сен де манағы жолаушы секілді сол заманға барып, сол жерде тыңда!\"деді. Ол да өзін Құраннан бұрынғы заманда жүргендей қиялдап қарап еді, болмыс атаулы астаң-кестен, әлемді қайғы-мұң басып, дүние меңіреу әрі бейсана табиғаттың құрсауында. Ұшы қиыры жоқ, бір орнында тұрмайтын, аумалы төкпелі, баянсыз. Енді, Құранның тілінен осы аятты тыңдап еді, бұл аят ғаламды тұмшалап, ақиқатты жауып тұрған пердені ашып жіберіп нұрландырғаны сонша, бейне бір әр ғасырдың саналы жандарына түгел дәріс беріп, көздерін ашқанын көрді. Мына ғалам алып бір мешіт тәрізді, әу баста, аспан мен жер, барлық жаратылыс өздеріне жан біткендей тіріліп, зікір, тәсбих етіп, әрбірі өзінің міндетін құлшына атқарып әрі өздерін бақытты сезініп, риза болуда. Мұны көрген соң, аяттың шешендігіне біршама көзі жетіп, басқа аяттарды осыған салыстырып, Құран өзінің зор шешендігімен жер шарының жартысын, адамзаттың бестен бірін қалай баурап алғанын, жоғары үстемдігі құрметпен он төрт ғасыр бойы үздіксіз жалғасып келгенінің мыңдаған хикметтерінен бір хикметін аңғарғандай болды.төРтіНші тұЖыРыМ: Құранның ақиқатқа толы мазмұнында өзіндік бір ләззат бар. Ең тәтті нәрсені қайталай берсе, жалықтырып жіберетіні рас. Алайда, Құранды қайта-қайта оқу жалықтырмақ түгілі жүрегі қараймаған, зауқы бұзылмаған адамдардың қызығушылығын арттырып, тәттілігін үдете түсетіні бұрыннан бері жұртқа аян болып, халық арасында кең тараған. Құранның балғындығы, жастығы, ғажаптығы сонша он төрт ғасыр өтсе де және оны қолға түсіру оңай бола тұра, жаңа түскендей өзінің балғындығын сақтап келеді. Әрбір ғасыр тап өзіне айтылып жатқандай оны жап-жаңа, уылжыған жас күйінде көреді. Түрлі ғылым саласындағы ғалымдар қолынан тастамай оны әрдайым пайдаланып жүрсе де әрі сөз саптауына еліктеп, соған ұқсастырып еңбек жазса да, Құранның түсіндірудегі ғажап әдісі мен баяндау тәсілін ешкім айнытпай меңгере алмақ емес.

127Иманның бірінші айғағыБЕСіНші тұЖыРыМ: Құранның бір қанаты бұрынғы заманда, бір қанаты болашақта, ал тамыры мен бұтағы болса, бұрынғы пайғамбарлардың бір ауыздан растаған ақиқаттары деуге болады. Бұл олардың үкімдерін растап, бекіте түседі. Олар да өзара бірлесе мұны растайды. Сол секілді, әулие мен асфиялар одан нәр алып, өсіп шыққан жемістері тәрізді. Олар өздерінің жанды түрде рухани кемелденуі арқылы әлгі \"қасиетті ағаштың\" жанды да нәрлі екенін, ол ақиқат атаулының қайнар көзі екенін дәлелдейді. Ал, екінші бұтағынан өсіп-өнген әулиеліктің тура жолдағы бүкіл ұстанымдары, дін Исламның бүкіл шынайы ілімдері бірлесе келіп, Құранның нағыз хақ, ақиқаттардың жиынтығы және мазмұндылығы, яғни, шексіз күрделі мәселелерді қамтуы тұрғысынан таңғажайып екенін көрсетеді.АлтыНшы тұЖыРыМ: Құранның алты жағы да нұрлы. Міне, бұл оның хақ әрі шын екенін көрсетеді. Иә, астында бұлтартпас айғақ пен дәлелдер, үстінде иғжаздың нұрлы сәулелері, алдында, яғни, ұстаған бағытында екі дүниенің бақытының сый-сыяпаттары, артында сүйенер тірегі көктен түскен уахидың ақиқаттары, оң жағында сансыз дұрыс ойлайтын ақылдардың дәйекті құптаулары, сол жағында таза жүректер мен ар-ождандардың сенімдері мен шынайы берілуі, осы аталғандар Құранның бәрінен үстем, таңғажайып, мызғымас әрі ол жер бетіндегі ешбір оқ өтпейтін аспани мықты қорған екенін дәлелдейді. Осы алты мақамнан көрініп тұрғанындай, оның хақ әрі рас екенін, адамның сөзі еместігін, ішінде бірде-бір қате жоқ екенін растаушы біріншіден, әлемнің Иесі болып табылады. Ол әрдайым жақсылықты қолдаушы, хаққа жақ, өтірікшілдерді, жала жабушыларды масқаралаушы, барлығын жаппай уысында ұстап билеп басқарушы Аллаһ – Құранға әлемде ең жоғары орын, мақбұл да үстем әрі биік мәртебе берген. Екіншіден, дін Исламның бұлағы, Құранның аудармашысы болған асыл жан Расулуллаһ (С.А.У.) бәрінен де артық оған сеніп, құрмет етуі және уахи түсіп жатқанда ұйқы басқандай маужырап қалуы әрі басқа аян-сөздер Оның әкелген уахиының дәрежесіне жете алмауы, ұқсамауы және көрместен оқу-жазуы жоқ бола тұра, өткен тарих пен болашақты Құран арқылы еш күмәнсіз, сенімді түрде нақты хабарлауы және өзіне мұқият қадағалап отырғандардың алдында ешбір қулығы, ешбір қатесі байқалмауы әрі Ол бар күшімен Құранның әрбір үкіміне жан-тәнімен беріле иман етіп, мойынсұнуы, ешнәрседен тайсалмай әрдайым алға ұмтылуы, Құранның аспани ақиқат екенін, ішінде әсте жалған жоқ түгелдей шындық екенін, Мейірімі мол Жаратқанның қасиетті сөзі екенін растап нақтылай түседі.Һәм адамзаттың бестен бірі, бәлкім одан да көбі Құранға жан тәнімен беріліп, оның ақиқатына құштарлана ден қойып тыңдауы әрі көптеген оқиғалар мен белгі-ишаралардан анықталғанындай оқылған кезінде жындар

128АСА-И МҰСА мен періштелер, руханилер көбелектей айнала үймелеп, хақ сөз тыңдауға жинала қалуы, Құранның ғалам бойынша ең жоғары мәртебеде екенін тағы да растайды.Сондай-ақ, адамзаттың барлық сыныбы жаппай, яғни сауатсыз наданынан бастап ең ақылды, зерек ғалымына шейін әрқайсысы Құраннан толық қанағаттанарлық дәріс алуы, өте терең ақиқаттарды аңғарып түсінуі, ғылым мен пән және Ислами жүздеген ілім саласының және ұлы шариғаттың ғұлама-ғалымдары, сондай-ақ, \"Усул-уд дин\", \"илм-і Кәламның\"дана ғалымдары сықылды әр саланың ғұламалары өзіне қатысты қажетті мағлұматты, керекті жауапты Құраннан табуы, бұл да Құранның хақ пен ақиқаттың бұлағы екенін растайды. Және әдебиетте алғы сапта тұратын араб ақын-жазушылары (күні бүгінге шейін мұсылман болмағандарды да) айтысуға өте мұқтаж бола тұра, Құранның иғжазының негізгі жеті түрінің бір ғана түрі шешендігіне төтеп бере алмауы, тіпті, бір ғана аятына тең келер жазба жаза алмай шарасыз қалуы, айтысып атын шығарғысы келетін әйгілі ақындар мен дана ғұламалардың өзі ешбір тұрғыдан, ешбір қасиетіне қарсы шыға алмауы, ауыздарын аша алмай үндемей қалуы, бұл да Құранның мұғжиза екенін, адамның қолынан келер шаруа еместігін дәлелдейді. Иә, сөздің қадірі, оның жоғары деңгейлігі мен шешендігі, оны \"кім айтқан, кімге айтқан, неге айтқан\" деген жақтарымен анықталады. Олай болса, Құранның теңі жоқ, оған жету мүмкін емес. Себебі Құран, күллі әлемнің Раббысы, бүкіл ғаламды Жаратқан Аллаһтың үндеуі, Оның киелі сөзі әрі ешбір тұрғыдан көшіру, ұйқастыру мүмкін емес бүкіл жаратылысқа жолдауы һәм бүкіл адамзаттың, тіпті, болмыс атаулының өкілі, жоғары мәртебелі кісіге түскен. Ол Кісі – адамзаттың мақтанышы, ең абыройлысы, аты әлемге әйгілі мухатаб, тыңдарман. Ол тыңдарманның иманы берік, орасан зор екені сонша, иманы Ислам дінін қамтитындай кең, ауқымды әрі оны Қаб-ы Қаусәйін мақамына көтеретіндей дәрежеде киелі. Және Құран \"не туралы айтады?\" десе, ол – екі дүниенің бақыты жайлы баян қылады. Ғалам не үшін жаратылғаны, оның нәтижесі, оны Жаратқанның мақсаты туралы сыр шертеді және әлгі қадірменді делдалдың бүкіл Ислам ақиқаттарын қамтитын, орасан зор, алып иманын түсіндіреді және мына үлкен ғаламды бір гоеграфиялық карта, бір сағат, бір сарай секілді суреттеп, жан-жағын түгелдей көрсете отырып, оны жасаған ұлы Шеберді сипаттап, жақсылап таныстырады.Міне, осындай баяны мұғжиза Құранның, әлбетте, теңін табу мүмкін емес, оның иғжазына жету ешкімнің қолынан келмесі хақ. Және Құранға кейбірі отыз-қырық, тіпті, жетпіс томдық түсініктеме жасап, тәпсір жазған, зерек, ілімі терең, көзі қарақты мыңдаған ғалым ғұламалардың дәлелге

129Иманның бірінші айғағысүйене баяндаған шексіз қасиеттері, терең мағыналары мен тұжырымдары, сондай-ақ, әртүрлі көптеген ғайып хабарларын көрсетуі, дәлелдеуі, атап айтқанда, Рисалей-Нұрдың жүз отыз кітабы, оның әрбір кітапшасы Құранның бір қасиетін, бір тұжырымын бұлтартпас айғақтармен дәлелдеуі, әсіресе, Құранның мұғжизалығы туралы сыр шертетін \"Мұғжизат-ы Құрание\" кітабы, заманауи оқиғаларды, яғни, пойыз, ұшақ секілді ғылым жетістіктерінен көптеген жаңалықтарды Құраннан тауып шығарған Жиырмасыншы Сөздің екінші мақамы, сондай-ақ, Рисалей-Нұрға және электр тоғына ишара қылатын аяттардың белгі-нышандары жазылған\"ишарат-ы Құрание\" атты \"Бірінші шуақ\" және Құранның әріптері өте тәртіппен, жүйелі орналасқанын, олар сырға толы, мағыналы екенін көрсеткен \"Румузат-ы Сәмание\" атты сегіз кітапша және \"Фәтих\"сүресінің соңғы аяты бес тұрғыдан ғайби хабар беретінін, оның өз алдына бір мұғжиза екенін дәлелдеген көптеген Рисалей-Нұрдың әрбір кітапшасы Құранның бір ақиқатын, бір нұрын ашып көрсетуі, міне, бұлар Құранның теңдессіз мұғжиза, таңғажайып екенін білдіреді және жұмыла Құран ғайып әлемінің мына куәлік әлеміндегі тілі және ғайыптың бәрін білетін Ғаллам-үл Ғуюбтың сөзі екенін дәлелдейді. Иә, біз Құранның жоғарыда аталған қасиеттерге ие екенін алты тұжырыммен, алты жақтан, алты мақамда ишара етуге тырыстық. Сол үшін оның орасан зор нұрлы үстемдігі, ұшан теңіз киелі билік-салтанаты күллі ғасырларды нұрға бөлеп, жер жүзіне түскеннен бері жарықтандырып, аса құрметпен жалғасын тауып келеді. Әрі сол қасиеті үшін Құранның әрбір әрпі ең аз он сауап, он жақсылық жасағандай қымбат, он түйір жұмақ жемісін береді. Тіпті, кейбір аяттардың, сүрелердің әрбір әрпі жүз, мың кейде одан да көп пайда береді. Кейбір ерекше берекелі уақыттарда әрбір әрпінің нұры мен сауабы оннан жүзге артып кететіндей дәрежеде киелі ерекше әрі қасиетті. Міне, осыны әлгі дүние жолаушысы аңғарды да, өзіне-өзі былай деді:\"шынымен осындай қай жағынан болсын мұғжиза, таңғажайып мынау Құран, өзіндегі сүрелері ұйымдасқан түрде, аяттары үндесе, сырлары мен нұрлары өзара жұмыла отырып және берген жемістері мен нәтижелерінің бір жерден шығуы арқылы бәрі бір ауыздан Аллаһ тағаланың бар екенін, Оның жалғыздығын көркем есім-сипаттарымен бірге дәлелдей отырып куәлік етеді. Бүкіл имандылардың кәміл имандары, куәліктері оның куәлігінен, оның нұрынан нәр алған\".Міне, біздің жолаушымыздың Құраннан алған тәухид дәрісі және иман сабағына қысқа ишара ретінде Бірінші мақамның он жетінші мәртебесінде былай делінген болатын:

130АСА-И МҰСА Сосын, әлгі жолаушы пақыр адамзатқа фәни, уақытша бір алқап я болмаса бір үй, баспана ғана емес, оны бүкіл әлемге, дүниеге тең келер үлкен әрі мәңгі бақи мүлікке ие қылатын және фәни адамды мәңгі өмірге дайындайтын, сондай-ақ, ажал дарағашы күтіп тұрған бейшара адамды мәңгі жоқ болу қаупінен құтқаратын және мәңгі бақыттың қазынасын ашатын, адамзаттың баға жетпес қымбат бұйымы иман екенін түсінген соң өз-өзіне былай деді: «Қане, алға!». Иманның шексіз мәртебелерінің тағы бір мәртебесінен асу үшін ғаламның жалпы жаратылысына назар аударып «бұл не дейді екен, тыңдап көрейік, манағы ішіндегі болмыстан алған дәрісімізді толықтырып, одан әрі нұрландыра түсейік!» деп Құраннан алған үлкен әрі ауқымы кең дүрбімен қарады. Қараса:Бұл әлем керемет мағыналы әрі тәртіпті жаратылғаны сонша, бейне бір алып заңғар Субхани кітап немесе дене түрінде үлкен Раббани Құран яки сұлу да зәулім Сәмедани сарай немесе жүйелі құрылған Рахмани шәһар тәрізді. Бұл кітаптың барлық сүре, аяттары, кәлима, сөздері, тіпті, әріптеріне, баптарына, бөлімдеріне, парақтарына, жолдарына шейін жаппай әрдайым ретті түрде өзгертіліп, хикметпен алмасып отырады. Бұл бізге ұжымдасып, бірігіп бір Алим-ы Күлли Шей, бір Қадир-і Күлли Шей, Аса Шебер, барлық нәрсенің барлық жағын көретін, ненің немен байланысатынын білетін, соған қарай мәміле жАса-итын Наққаш-ы Зүлжәлал, бір Катиб-ы Зүлкәмалдың

131Иманның бірінші айғағыбар екенін, оның болмысы хақ екенін аңғартады. Сол секілді әлем өзіндегі «әркан», яғни, негіздерімен, «әнуа», яғни, мақұлықтардың түрлерімен және «әджза», яғни, бөлшектерімен, тұрғындарымен, ішіндегі болмыстарымен, кіріс-шығыстарымен сондай-ақ, жаратылыстағы болып жатқан пайдалы құбылыс-өзгерістерімен, хикмет толы жаңаруларымен, барлығы бірге осы істерді өзінің шексіз құдіретімен, орасан зор хикметімен жасап жатқан Шебердің және теңдесі жоқ Ұстаның сөзсіз бар екенін әрі Оның уахдетін (жалғыз) білдіреді.БіРіНші АҚиҚАт. Усулуд-дин уә ілм-і Кәлам саласының зерек ғалымдары мен Исламның дана ойшылдары көрген әрі сансыз айғақтармен дәлелдеп берген «худус» пен «имкан» ақиқаты. Олар былай деген:«Әлемде және барлық нәрседе өзгеріс, құбылыс орын алмасу бар екені рас. Олай болса міндетті түрде фәни, кейіннен пайда болған. Оны бастауы жоқ «қадим» дей алмаймыз. Енді кейіннен пайда болғаны рас болса, әлбетте, оны бар қылған бір жаратушы болуы керек. Сондай-ақ, барлық нәрсе затында, түптеп келгенде болуына я болмауына бір себеп керек етеді әйтпесе болып болмауы екіталай. Олай болса сөзсіз мына болмыс әзәли яғни абсолюттік яғни, бастауы мен соңы жоқ нәрсе емес. Әрі соңында тығырыққа тірелетін, ақылға сыйымсыз \"дәуір\" мен \"тәсәлсүл\" ұғымы, яғни, мынау ананы, анау мынаны тудырады деп шынжырлама түріндегі бірін-бірі жарату пікірі мүлдем қисынсыз, ол бұлтартпас айғақтармен дәлелденген-ді. Олай болса, әлбетте, Уажиб-ул Ужуд бір Аллаһтың болуы шарт. Әрі Оның теңі жоқ, ешнәрсеге ұқсамайды. Одан өзгелер «мүмкіният», ал өзі болса әзәли, «абсолюттік». Басқалар оның жаратқандары, әрі оған бәрі мұқтаж.Иә, «худус» (жоқтан бар болу) ақиқатын әлемнің барлық жерінен кездестіруге болады. Басым көпшілігі көзге көрінсе, қалғанын ақыл көреді. Рас, көз алдымызда жыл сайын күз мезгілінде бір әлем ғайып болады. Сөйтіп, саны шексіз, әрбірі тірі ғалам секілді жүз мың түрлі өсімдіктер мен ұсақ жәндіктер әлгі әлеммен бірге опат болады. Бірақ опат болу құбылысы өте жүйелі түрде жүзеге асады. Яғни, олардың қайта тірілуіне ұйытқы болатын және Аллаһтың рахымы мен хикметінің мұғжизалары әрі құдіреті мен ілімінің өнері болып табылатын дән-дәнектер мен тұқымдарды, жұмыртқаларды өз орындарына тастап, атқарған амал дәптерлері мен жасаған қызмет жоспарын оларға тапсырып Хафиз-ы Зүлжәлалдың әмірімен оның хикметіне аманат қылып сосын барып опат болады. Ал келесі көктемде ұлы хаширдің жүз мыңдаған үлгі-мысалы мен дәлелі ретінде әлгі опат болған ағаштар мен тамырлар және кейбір тірі жандар қаз қалпында жан бітіп, тіріледі. Кейбірінің өзі болмаса да орнына өзіне өте ұқсас теңдестері жаратылып, тіріледі. Және былтыр көктемдегі жаратылыс жасаған амалдарының, атқарған міндеттерінің парақтарын ашып, жария

132АСА-И МҰСА қылғанындай Құранның деген аятының бір үлгі-мысалын көрсетіп тұрады. Һәм, ішіндегі болмысымен қоса жалпы алғанда әрбір күзде, әрбір көктемде үлкен бір әлем опат болып орнына жаңа әлем келеді. Осы опат болу мен қайтадан пайда болу құбылысы өте тәртіппен, жүйелі түрде жүзеге асады әрі керемет өлшеммен, ретті түрде әрбір түрлі жаратылыс қирап қайта жаратылатыны сондай, бейне бір дүние ғажайып мейманхана секілді. Оған тірі жандар топ-топ болып қонаққа келеді, неше түрлі әлемдер жолай соға кетеді, тұрақсыз дүниелер келіп кетіп жатады. Әрбірі өз міндетін атқарып болған соң көзден таса болады. Міне, бұл дүние, осындай сансыз жанды заттарды, белгілі бір міндеті бар әлемдерді аса көрегендікпен, білікті түрде, асқан хикметпен, дәл өлшеммен, тепе-тең әрі тәртіппен жаратып, өз орындарына қойып, Раббани мақсаттарға, Иләһи межеге қарай бағыттап, жойқын түрде Рахмани қызметке пайдаланып, рахымды түрде жұмсап отырған Зат-ы Зүлжәлалдың сөзсіз бар екенін және Ол шексіз құдірет, асқан хикмет Иесі екенін ақылға Айдан анық көрсететін дүние.Ал, енді «имкан» (болуы да, болмауы да мүмкін) ақиқатына келер болсақ, ол да барлық жерде кездеседі, әлемді қамтып жатыр деуге болады. Өйткені, барлық нәрсе, ол мейлі үлкен мейлі кіші болсын ғарыштан жерге дейін, зәреден жұлдыздарға шейін барлық зат, бүкіл жаратылыс өзіне тән болмысқа, белгілі бір суретке, пішінге, ерекше бітім мен өзіндік сипаттарға ие түрде әрі хикметке толы жағдайда, пайдалы да тиімді жабдықталып дүниеге жіберіліп жатады. Алайда әлгі белгілі бір түрде жаратылған зат шексіз мүмкіндіктердің ішінен әлгіндей белгілі өзіндік түрге енуі, ерекшелікке ие болуы һәм сансыз суреттер бола тұра, шексіз ықтималдардың ішінен осындай әдемі де ерекше, өзіне жарасымды белгілі бір суретке орануы ойланарлық жәйт. Басқаша болуы да мүмкін ғой.һәм, өзі тектес тұқымдастары қанша болса, сонша мүмкін жолдар бола тұра ол затқа өзіне лайық болмыс-бітімді арнап ерекшелендіруі, сондай-ақ, сипаттардың түрлері мен мәртебелері қанша болса сонша мүмкіндіктер мен ықтималдар көп әрі манағы зат солардың арасында еш қандай түр-түсі жоқ, қалай болары белгісіз бола тұра кенет өзіндік ыңғайлы да пайдалы сипаттарға ие болуы, һәм сансыз ықтималдар ішінде белгісіз, не боларын білмейтін, белгілі бір мақсаты жоқ, бағыт-бағдарсыз әлгі жаратылысқа әлгіндей хикметке толы тиімді хал-жағдай жасалып, өте пайдалы құралдармен жадбықталуы, қамтамасыз етілуі, әлбетте, бізге мынаны мегзейді: Болмыстың жалпы немесе жалқы түрде жаратылу тұрғысынан қаншама мүмкіндіктері болса, соншама және әрбір жаратылыстың жоғарыда аталған болмысы, оның бітімі, сурет-пішіні, сипат пен хал-жағдайының

133Иманның бірінші айғағыболу мүмкіндігі қанша болса, сонша дәлелдер ретінде барлығы бірлесіп әр нәрсені жеке-жеке айырып талдаушы, таңдаушы, тағайындаушы, лайықты орнына қоюшы бір Уажиб-үл Ужудтың сөзсіз бар екенін, Оның құдіреті мен хикметі шексіз екенін, еш нәрсе, ешбір іс одан жасырына алмайтынын, ешбір зат оған қиын еместігін, ең үлкен нәрсе оған өте кішкентай нәрсе сияқты оңай болатынын, көктемді бір ағаштай, ал бір ағашты бір дәндей жеңіл жарататынын көрсетеді. Енді осы аталған мүмкіндік дейтін ақиқаты ғаламның нақты әрі үлкен куәлік-шындығына айналады немесе оның бір қанаты болып табылады.Ғаламның осылай куәлік ететінін және оның екі қанаты мен екі үлкен ақиқаты бар екенін Рисалей-Нұр кітапшалары, атап айтсақ Жиырма екінші, Отыз екінші Сөздер мен Жиырмасыншы және Отыз үшінші Мәктубтар толығымен дәлелдеп, жан-жақты түсіндіргендіктен соларға сілтеп осы ұзақ қиссаны қысқа қайырдық. Ғаламның жалпы алғанда ортаға шығатын алып үлкен, күлли куәлігінің екінші қанатын дәлелдейтін ЕКіНші АҚиҚАт: Мына әрдайым болып жататын өзгерістер мен құбылыстардың ішінде өзінің болмысын, атқарар қызметін, егер тірі жан болса тіршілігін сақтап қалуға, жүктелген міндетін атқаруға тырысқан махлұқтарға яғни жаратылысқа қарайық. Оларда күш-құдіретінің шамасынан тыс өзара жәрдемдесу ақиқаты байқалады. Мысалға, элементтер тірі организмге көмектеседі, бұлттар өсімдіктерге медет береді, ал өсімдіктер болса хайуанатқа қол ұшын береді, хайуандар да адамзаттың игілігіне қызмет етеді, кәусар бұлағындай аналық сүттер нәресте, төлдерді қоректендіруге асығады. Және тірі жандардың әлі келмейтін көптеген қажеттіліктері мен ризықтары күтпеген жерден нәсіп болып жатады. Тіпті, жеген тағамның бөлшектері де денедегі жасушалардың (клетка) жөнделіп, реттелуіне қызмет етеді. Осындай Раббани бағындыруға, Рахмани қызмет еткізуге қарап «тәғауын» заңына, яғни, бір-біріне жәрдемдесу ақиқатына көптеген мысалдар келтіруге болады. Ол мысалдар тура әрі анық түрде бүкіл әлемді бір сарайдай басқарып отырған Рабб-ул Аләминның жалпыға ортақ, күлли мейірімге толы рубубиетін көрсетеді. әлгі, жаны, ақылы, мейірімі жоқ, дей тұрғанмен бір-біріне қамқоршыдай ақылды сияқты әрекет қылатын өзара жәрдемшілер, әлбетте, өте Рахим, Хаким бір Рабб-ы Зүлжәлалдың құдіретімен, рахымымен, әмірімен бір-біріне көмектеседі.Міне, ғаламда болып жатқан осындай жаппай жәрдемдесу, жұлдыздардан бастап тірі жандардың ағза мен сезім мүшелері, тіпті, ұсақ бөлшектеріне шейін жүйелі түрде жүзеге асып жатыр. Һәм өзара тепе-теңдік, қауіптерден сақтану және аспан мен жердің әсем де құлпырған жүзінен бастап сонау гүл-шешектердің күлімдеген жүзіне дейін қалам жүргізген безендіру

134АСА-И МҰСА ақиқаты, сондай-ақ, Күн жүйесінен бастап сонау жүгері, анар секілді жеміс-жидектерге дейін үкімін жүргізіп тұрған реттеу ақиқаты және Күн мен Ай, элементтер мен бұлттардан бастап сонау бал арасына шейін белгілі бір міндет жүктеу секілді алып та ауқымды ақиқаттардың нақты куәліктері, ғаламның куәлігінің екінші қанатын, яғни, бөлігін құрайды, дәлелдейді. Рисалей-Нұр осы үлкен куәлікті дәлелдеп, жан-жақты түсіндірген болатын. Олай болса біз қазір осы қысқа ишараға қанағат қыламыз.Сонымен, дүниеге мейман кісінің ғаламнан алған иман дәрісіне қысқа ишара ретінде бірінші мақамның он сегізінші мәртебесінде былай делінген болатын:Енді, дүниеге келіп Жаратушысын шарқ ұрып іздеп жүрген және он сегіз мәртебеден пайда болған, ақиқат ғарышына қолы жеткен, иман миғражы арқылы ғайып түрдегі мағрифаттан өтіп һәзіране, мүхатабане, яғни, Жаратушының алдында тұрғандай, онымен сөйлесіп отырғандай мақамға қолы жеткен құмарпаз әрі құштар жолаушы өзінің рухына былай деді: Құранның «Фатиха» сүресін оқып жатқан адам сүренің басынан бастап «ияка» сөзіне келгенше ғайып түрде мадақтап келеді де сосын

135Иманның бірінші айғағықұзыр тауып (Саған ғана) үндеуіне көтерілетіні секілді біз де ғайып түрдегі іздеуді қойып тұп-тура іздегенімізді іздеп жүргенімізден сұрайық. Болмыс атаулыны жаппай көрсетіп тұрған Күнді табу үшін Күннің өзіне қараған жөн болар. Рас, барлық нәрсені көрсетіп тұрған нәрсе өзін бәрінен жақсы көрсетеді емес пе!? Олай болса Күннің шуағы арқылы Күнді танып, көргені сияқты біз де Жаратушы Халиқымызды көркем есімдерімен, киелі сипаттарымен бірге қабілетімізге қарай тануға тырысалық! Біз бұл рисаледе ол мақсаттың көптеген жолдарынан екі жолын және ол екі жолдың да шексіз мәртебелерінен екі мәртебені және ол екі мәртебенің де сансыз ақиқаттары мен терең де ұзақ түсіндірмесінен тек екі ақиқатты қысқа-нұсқа баяндамақпыз.БіРіНші АҚиҚАт: Ашықтан ашық көзге көрініп тұрған және жан-жақты қамтып жатқан әрі әрдайымғы, өте жүйелі де ұлық және аспан мен жердегі жаратылысты шыр айналдырып отырған, орындарын өзгертіп һәм жаңартып тұрған, ғаламды толық құшағына алған «фағалиет-і мүстәулие» ақиқатына, яғни, қызу жұмысқа, біртынбай әрдайым болатын қозғалысқа қарайық. Және әлгі жан-жақты хикметке толы «фағалиет» ақиқатының ішінен «тәзахур-ы Рубубиет» ақиқатын яғни толық, жан-жақты басқарылып тұрғанын көреміз. Және осы жан-жақты рахымды басқарудың ішінен «тәбаруз-ы улухиет», яғни, ашықтан ашық өзіне табындыру, бағындыру ақиқаты нақты түрде байқалады.Міне, толық үкім жүргізетін, әр ісі хикметке толы құдретке тән осы әрдайымғы фағалияттан, яғни, қызу іс пен құбылысқа қарап мұның артында бір Файыл-ы Қадир уә Алим Аллаһтың (құдіреті шексіз, бәрін білуші) бар екені, бұл соның істері екені көзбен көргендей анық сезіледі. Және осы тәрбиелеуші, әрнәрсенің алдын алушы, жан-жақты ұйымдастырушы Раббани іске қарап отырып, перденің арғы жағынан барлық жерде сәуле-шуақтары кездесетін Иләһи есімдерді сезгендей боламыз. Ал енді, осы Жәлалын шашқандай айбынды һәм Жәмалына қызықтырғандай нәзік көркем есімдерден, яғни, сол жұп-жұқа тор перденің артынан «құдси сифат-ы сәбға», яғни, Аллаһтың киелі жеті сипатын танып, оның ақиқат екенін «илм-әл яқин», «айн-ал яқин», тіпті, «хаққ-ал яқин» дәрежеде білуге болады. Осы аталған жеті құдси (киелі) сипаттың тіріге тән екенін құдіреттіге лайық, шебер әрі бәрін еститін, көретін, қалағанын істейтін біреу екенін, оның сөйлейтінін, осылайша жан-жақты, шексіз әсер етуіне қарап анық әрі еш күмәнсіз, нақты түрде осы сипаттардың иесі Уажиб-ул Ужуд, әлгі есімдердің иесі Уахид-ы Әхад, Файыл-ы Фәрд-і Сәмад екенін, оның болмысы сөзсіз бар екенін Күннен де анық әрі жарқын екені жүректегі имани көзге көрініп, нақтылана түседі. Өйткені, керемет әрі қызықты кітап пен тамаша бір үй, анық түрде жазу, жасау деген істі мегзейді. Ал, әдемі

136АСА-И МҰСА жазу мен епті іс-қимыл болса анық түрде жазушы, ұста деген есімді, ал жазушы, ұста деген есімдер болса анық түрде жазушылық, ұсталық деген өнер мен сипаттарды, ал өнер мен сипаттар болса шүбәсіз біреуді яғни, оның өзін көрсетеді. Ол болса, осы сипаттар мен есімдердің иесі, жасаушы, шебердің өзі болмақ. Файылсыз бір фийл, яғни, іскерсіз бір іс, мүсәммасыз бір исим, яғни, иеленушісі жоқ бір есім болмайтыны секілді, мәусуфсыз бір сипаттың, яғни, иесіз бір сипаттың және шеберсіз бір өнердің болуы әсте мүмкін емес. Міне, осы ақиқат пен қағидаға байланысты мына ғалам, бүкіл болмысымен тағдыр қаламымен жазылған, құдірет құралымен жасалған бір емес бірнеше қызғылықты кітаптарға, хаттарға, сан-алуан сарайлар мен ғимараттарға ұқсайды. Әрбірі мыңдаған тұрғыдан және бәрі қосылып жан-жақты Раббани уә Рахмани шексіз істерді және ол істердің бұлағы болып табылатын Иләһи мың бір есімді, ал олардың қайнар көзі болған Субхани киелі жеті сипатты, ал ол мухит әрі құдси сипаттардың иесі, бұлағы Әзәли уә Әбәди бір Зат-ы Зүлжәлалдың сөзсіз бар екенін, оның жалғыз екенін көрсетіп, жан-жақты куәлік етеді. Сондай-ақ, барлық болмыстағы күллі сұлулықтар, әсемдіктер, құндылықтар мен кәмілдіктер де Раббани істің, Иләһи есім-сипаттардың, Субхани «шуынаттың» өзіне тән, еш теңдессіз киелі көркем жамалына, кемеліне және барлығы жұмылып бір Зат-ы Ақдестің киелі жамалына, теңдессіз кемеліне анық түрде куәлік етеді. Сонымен, «фағалиет» ақиқатының ішінен көрінетін «рубубиет» ақиқаты, ілім және хикметпен жарату, жоқтан бар ету, жасау және тәртіппен, өлшеммен тағайындау, суреттеу, алдын алу, алмастыру, сондай-ақ, қалау-ерікпен өзгерту, орын ауыстыру, түсіру, көтеру, кемелдендіру және мейіріммен азықтандыру, нығметке бөлеу, жарылқау, сыйлық беру секілді «шуынатпен», яғни, Иләһи істермен, керемет толық басқару арқылы өзін көрсетеді әрі таныстырады. Рубубиеттің көрінісі дейтін ақиқаттың ішінен анық сезіліп тұрған Улухиеттің көрінісі дейтін ақиқат та көркем есімдердің мейірімді де жомарт түрде шағылысуы арқылы және «Субути жеті сипат» деп аталатын «хаят», «ілім», «құдірет», «ираде», «сәмиғ», «басар», «кәлам» сипаттарының жалалли уә жамалли көріністері арқылы өзін таныстырады, бар екенін білдіреді. иә, қалайша Аллаһтың «кәлам» сипаты уахилер мен илһамдар арқылы Зат-ы Ақдесті таныстырады. дәл сол секілді «құдірет» сипаты да дене түріндегі сөздер болып табылатын мына шебер жасалған заттық өнер туындылары арқылы ол Зат-ы Ақдесті білдіреді. Ғаламды жаппай материалдық үлкен Құран кейпінде көрсетіп бір Қадир-і Зүлжәлалды сипаттап, таныстырады, Ол туралы мағлұмат береді. Сондай-ақ, ілім сипаты да хикметке толы және тәртіпті де өлшемді жаратылыс қанша болса сонша, және ілім мен қалау арқылы, безендіру, бір-бірінен

137Иманның бірінші айғағыажырату, ерекшелендіру арқылы жаратылған қанша зат болса сонша сол сипаттардың иесі бір ғана Зат-ы Ақдесті білдіреді. Хаят, яғни, тірі сипатына келер болсақ, құдіретті көрсететін бүкіл жаратылыс және ілімнің бар екенін білдіретін бүкіл тәртіпті әрі хикметті, әрі өлшемді де әдемі суреттер, хал-жағдайлар, сондай-ақ, басқа да сипаттарды көрсететін күллі дәлелдер, осылай тірі сипатының дәлелдерін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар хаят яғни тірі сипатының рас екенін білдіреді. Сол сияқты хаят та әлгі дәлелдермен мына айна тәріздес бүкіл тірі жандарды куәгер қылып Зат-ы Хай-ы Қаюмды (мәңгі тірі Аллаһты) көрсетеді. Осылайша, ғаламды бастан аяқ әрдайым жаңадан-жаңа әрі түрлі-түрлі шағылыс-сәулелер мен ою-өрнектерді көрсету үшін әрқашан өзгеріп, жаңарып отыратын шексіз айналардан құралған алып, үлкен бір айна бейнесіне енгізеді.Осылай салыстырып қараса, көру, есту, қалау, сөйлеу сипаттары да әрқайсысы жеке-жеке анық түрде Зат-ы Ақдесті білдіреді, таныстырады.Һәм, бұл сипаттар Зат-ы Зүлжәлалдың болмысына дәлел болғаны секілді тіршілік дейтін ақиқат бар екенін, рас екенін және Ол Зат (Аллаһ) хаят иесі, тірі екені ап-анық түрде дәлелдейді. Себебі, білу деген хаяттың, яғни, тірінің белгісі; есту де тіріні көрсетеді; көру ол да тірілерге тән сипат; қалау-ерік, ол да тірінің ісі; ықтиярымен күш-құдіретін көрсету ол да тіріге лайық; сөйлеу болса ол да білетін тірінің жұмысы. Міне, осы тұжырымдардан түсінгеніміз, хаят сипатының жеті мәрте әлемдей ұлық дәлелдері бар және өзінің және осы сипаттардың иесі бар екенін көрсетеді. Сондықтан хаят бүкіл сипаттардың негізі, қайнар көзі және Исм-ы Ағзамның бұлағы, ұйытқысы болып отыр. Рисале-і Нұр осы бірінші ақиқатты қуатты айғақтармен дәлелдеп, біршама түсіндіргендіктен ол теңіздей мағрифаттан осы аталған тамшыдай мағлұматпен әзірге қанағат қылып шектелдік. ЕКіНші АҚиҚАт: Кәлам (сөйлеу) сипатынан шығатын тәкәллүм-і Иләһи (Аллаһтың сөйлеуі) жайлы болмақ. аятының сырымен, Иләһи кәлам, яғни, Аллаһтың сөзі шексіз көп. Біреудің бар екенін білдіретін анық белгі - оның сөйлеуі болып табылады. Демек, бұл ақиқат шексіз дәреже Әзәли Мүтәкәллим Аллаһтың бар екеніне, біреу екеніне куәлік етеді. Бұл ақиқаттың қуатты екі куәлігі осы кітапшаның он төртінші және он бесінші мәртебелерінде баяндалған уахилар мен илһам (аян) тақырыбында қозғалған-ды. Ауқымы кең тағы бір куәлігі оныншы мәртебесінде ишара етілген аспаннан түскен кітаптар жайлы баяндаған кезде айтылған болатын. Тым жарқын әрі күрделі куәлігі де он жетінші мәртебесінде Қасиетті Құран жайлы айтқанда тоқталып өткен болатынбыз.

138АСА-И МҰСА Сондықтан бұл ақиқаттың баяндалуы мен қалай куәлік ететінін әлгі мәртебелерге сілтеп ол ақиқатты таңғажайып түрде білдірген, және куәлігін басқа ақиқаттардың куәлігімен қоса баяндаған мына ұлы аяттың әнуары мен әсрары (сырлары) біздің жолаушымызға жеткілікті болса керек, әрі қарай бара алмаған екен.Сонымен, жолаушының осы құдси мақамнан алған дәрісінің қысқа мағынасына бір ишара ретінде бірінші мақамның он тоғызыншы мәртебесінде былай делінген екен:Осы «Аят-үл Күбра» кітабының отыз үш мәртебеден тұратын толық түрі, керемет кіріспесімен бірге бөлек өзінше бір кітап болып жарыққа шыққан-ды. Бұл жерге бір бөлігі ғана жазылды.* * *

иМАННыңЕКіНші АйҒАҒы(ОтыЗ ЕКіНші СөЗдің БіРіНші БөліМі)Рамазан айының түні болатын. Осы аталған тәухид сөйлемінің он бір сөзінің әрқайсысында кездесетін тәухидтің мәртебесін және жеке-жеке қуанышты хабар беретінін сондай-ақ, ол мәртебелерден тек (лә шәрикә ләһ) сөзіндегі мағынаны қарапайым халық тілімен диалог түрінде, тәмсіл қылып, ойша пікір талас секілді хал-жағдай тілін «қал» тіліне аударып, яғни, сөзбен жеткізген болатынмын. Маған қызмет еткен аса қымбатты достарымның және мешіттегі бауырларымның сұрауы бойынша сол диалог ақиқатты жазып отырмын. Былайша: \"Табиғат жаратты, себептер жасайды, Аллаһтың серігі бар\" дейтін бүкіл мүшриктердің және кәпір, адасқандардың қиялындағы ширктердің атынан ойша бір тұлға, бір кейіпкер шығарамыз да, ол ойша ширк, яғни, Аллаһтан басқа бір \"құдайсымақ\" өзінше қандай да бір болмысты иеленіп, оған иелік еткісі кеп, \"қожайын, Рабб, жаратушы болам\" деп даулап, әлек болады.Міне, әлгі даугер әуелі ең ұсақ нәрсе зәрреге барады. Оған әлгіндей Рабб, яғни, өзінің қожайын екенін алға тартып, онысын пәлсәпә ауызымен, табиғат тілімен айтады. Зәрре болса ақиқат атынан, Раббани хикмет

140АСА-И МҰСА тілімен оған былай жауап береді: \"Мен сансыз міндет атқарамын. Сан-алуан жаратылыстың ішіне кіріп, қызу жұмыс істеймін. Осы міндеттерді маған атқартатын сенің ілімің, құдіретің болса әрі өзім секілді саны шексіз зәррелермен бірге жұмыс істететін, бүкіл зәррелерді жұмсап, (Сілтеме)5әміріңе бағындыратын үкімің, күш-құдіретің болса, сондай-ақ өте жүйелі түрде бір бөлшегін құрап тұрған мына болмысқа, мәселен қанның ішіндегі қызыл түйіршіктерге толыққанды қожайын болып, оларды билеп төстей алсаң, сонда ғана маған Раббыңмын деп даула, мені Аллаһтан басқаға телі! Ол қолыңнан келмейді екен аузыңды жап! Маған Рабб болмақ түгілі, кішкене ісіме де басыңды сұғып араласа алмайсың. Өйткені, біз атқаратын міндеттер мен іс-әрекетімізде керемет тәртіп бар екені соншалық, ісімізге шексіз хикметі, мұхит ілімі болмаған біреу әсте араласа алмайды. Егер араласса тәртіп бұзылады. Алайда, сен секілді меңіреу, бейшара, соқыр, мылқау және кездейсоқтық пен табиғаттың шырмауындағы біреу ешбір тұрғыдан, әсте, қол сұға алмайды.Әлгі даугер материалистерге ұқсап былай деді: \"Олай болса, сен өзіңе өзің қожайын бол! Неге басқа біреудің атымен жүресің?\". Зәрре оған былай деп жауап берді: \"Егер Күндей алып миым, оның жарығындай мұхит ілімім, жылуы секілді асқан құдіретім, сәулесіндегі жеті түс тәрізді өткір сезімдерім, сондай-ақ қай жаққа барсам, сол жерге жүретін үкімім және ішіне кіріп жұмыс істеген заттарға өтетін сөзім, бәрін көретін көзім болса, бәлкім сен секілді ақымақтанып, өзіме-өзім қожайынмын деп даулар едім. Қане, жоғал көзімнен, менде шаруаң болмасын!\"Енді, ширктердің өкілі зәрреден түк бітіре алмағасын қызыл түйіршіктерден бір нәрсе табамын ба деп үміттеніп қанның құрамындағы түйіршікке барады да, оған себептердің атынан, табиғат пен пәлсәпә тілімен былай деді: \"Мен сенің Раббыңмын, қожайыныңмын!\". Әлгі қызыл түйіршік болса оған ақиқат тілімен, Иләһи хикметпен былай жауап береді: \"Мен жалғыз емеспін. Егер таңбамыз бірдей, міндетіміз бірдей, тәртібіміз бірдей болған \"қан\" дейтін әскери топтағы менің құрдастарымды басқара Сілтеме .4 Иә, қозғалатын нәрсенің барлығы, зәрреден бастап ғаламшарларға дейін күллі жаратылыс, өздерінің бойындағы Иләһи мөр, таңба арқылы Аллаһтың жалғыз екенін көрсететіні секілді, әрекеттерімен де жүрген жерлерінің жаппай бір Аллаһтікі екенін, ол жерлер өз қожайынының жерлері екендігін көрсетеді. Ал, қоз¬ғалмай бір орында тұратын жаратылыс болса, өсімдіктен бастап аспандағы тұрақ¬ты жұлдыздарға шейін, олардың әрбірі уахданиеттің таңбалары, Жаратқанның жалғыз¬дығына куәгерлер болып табылады. Олар өздері тұрған мекен-жайларды Жаратқан Иелерінің хаты екенін көрсетеді. Демек, өсімдіктің әрқайсысы, жеміс-жидектің әрбіреуі уахданиеттің таңбасы, уахдеттің мөрі болып саналады. Олар өздері орналасқан жерді, тұрған мекендерін бір Аллаһтың иелігі, Оның жазған хаты болып табылатынын көрсетеді. Сонымен, барлық нәрсе әрекетімен бүкіл әлем бір Аллаһтың иелігінде екенін растайды. Олай болса, барлық жұлдыздарды уысында ұстап, әміріне бағындыра алмаған, бір түйір зәрреге (ұсақ бөлшек, атом) де Рабб (қожайын) бола алмайды.

141Иманның екінші айғағыалсаң әрі жасушаға әмірің жүретін болса, өйткені біз оған мүлтіксіз қызмет етіп, ішіне еніп қызу да жүйелі жұмыс істейміз ғой, әлгі жасушаға иелік ететіндей сенде терең хикмет пен ұлы құдірет болса көрсет! Сонда ғана сөзіңде бір мағына болуы мүмкін. Алайда, сен секілді есалаң, меңіреу табиғат пен соқыр күшке тәуелді біреу бізге қожайын болмақ түгілі, тіпті жақындай алмайды. Себебі, біздегі тәртіптің аса күштілігі сондай, тек барлық нәрсені көретін, бәрін еститін, білмейтіні жоқ, құдіреті шексіз біреу ғана бізді басқара алады. Олай болса, үніңді өшір! Атқарар міндетім өте көп, әрі сондай маңызды да жүйелі, сенімен әңгімелесуге, сенің мұндай мағынасыз, жөнсіз әрі бас қатырар түсініксіз сөздеріңе жауап беріп отыруға уақытым жоқ!\" деп қуып жібереді.Содан соң әлгі даугер ширк, мұны алдай алмайтынын білген соң, денеге орналасқан жасушаларға барады. Оларға пәлсәпә тілімен, табиғат атынан былай деді: \"Зәррелер мен қызыл түйіршіктерге түк түсіндіре алмадым. Бәлкім сен түсінерсің. Себебі, сен кішкентай үйшік тәріздес бірнеше заттан құралған екенсің. Олай болса, сені мен жасауым мүмкін ғой. Сен менікі бол, толық менің иелігіме көш!\". Сонда әлгі жасуша жауап ретінде ақиқат атынан, хикмет тілімен былай деп жауап береді: \"Рас, сенің дегеніңдей мен кіп-кішкене нәрсемін. Бірақ, атқарар өте үлкен де маңызды міндеттерім бар. Өзара тым күрделі байланыстамын. Денедегі барлық жасушалармен тығыз қарым-қатынас жасаймыз. Бізде өте күрделі де нәзік, керемет тәртіп бар. Егер бізге үкім етіп, басқаратын бір Хаким-і Мұтлақ, Қадир-і Мұтлақ, Алим-ы Мұтлақ яғни нағыз әкім, құдіреті күшті, бәрін білетін біреу болмаса тәртібіміз бұзылып, жүйеміз астаң-кестең болар еді. (Сілтеме) .6Сілтеме .5 Сани-ы Хаким, адамның денесін бейне бір өте жүйелі қала тәрізді жаратқан. Кейбір тамырлар телеграф, телефон секілді байланыс қызметін атқарады. Кейбірі су ағатын құбырлар тәрізді қанның айналуына себеп болады. Енді, қанға келер болсақ, оның ішінде екі түрлі түйіршік болады. Біреуінің түсі қызыл. Бұлар, денедегі жасушаларға қажетті заттарды, яғни, ризық таратады және Иләһи заңмен жасушаларды толық қамтамасыз етіп отырады (азық-түлікке жауапты қызметкерлер яки оны сататын саудагерлер секілді). Екіншісінің түсі ақ. Бұлардың саны қызылдардан қарағанда азырақ. Атқарар міндеттері болса, сырттан жау шапқанда яғни ауру келгенде, оларға қарсы әскер секілді шайқасуға дайын тұрады. Жауды көргенде дереу лап қойып шыр айнала екі түрлі әрекет жасап, ғажап күйге енеді. Жалпы қанның екі міндеті бар. Біреуі, ағзадағы қирап қалған жасушаларды жөндеу болса, екіншісі, жасушалардан шыққан артық заттарды жинап, тазалық жасау. Тамырдың да күре тамыр, көк тамыр дейтін екі түрі бар. Олардың бірімен таза қан жүріп бүкіл денеге тарайды, олар таза қан ағатын құдды құбырлар секілді. Екіншісімен артық қалдықтар мен қоқыстарды жинап алған лас қан ағады. Бұлар қанды өкпеге, яғни, дем алатын жерге алып келеді.Сани-ы Хаким (шебер Аллаһ), ауада екі зат жаратқан. Олардың біреуі азот, екіншісі оттегі. Оттегі, тыныс алғанда ішке еніп, қанмен жанасады да, оны кірлетіп тұрған көміртегін өзіне тартып алады. Екеуі өзара араласудың нәтижесінде көмір қышқыл газы пайда болады. Һәм, осы арада дененің жылуы реттеліп, һәм қан тазарады. Себебі, химия пәні бойынша белгілі, Сани-ы Хаким, “химиялық ғашықтық” деп аталатын оттегі мен көміртегін өзара араласатын қылып жаратқан. Сөйтіп, әлгі екі зат (элемент) бір-біріне жанасқан сәтте Иләһи заңмен қосылып кетеді. Пән бойынша, қосылудан жылу пайда болады. Өйткені, қосылу белгілі бір мағынада жану, тұтану болып табылады. Мұның сыры мынада; әуелде екі зәрренің →

142АСА-И МҰСА Содан әлгі даугер бұдан да ештеңе шықпаған соң адамның денесіне барады. Тағы да сол табиғат пен пәлсәпә тілімен \"табиғат жаратады\" деушілер секілді былай дейді: \"Сен менікісің. Сені жаратқан менмін не болмаса сенің бойыңда аздаған үлесім бар\".Жауап ретінде дене, оған ақиқат пен хикмет тілімен және керемет тәртіпке сүйене отырып былай дейді: \"Егер мен тектестерді жаппай және бәрімізге ортақ таңба басылған мен секілді ағзаларды толық басқарушы, билеп төстеуші болатындай ілімің мен құдіретің болса, сондай-ақ, ауа мен судан бастап сонау өсімдіктер мен жан-жануарларға дейін менің ризығым болып табылатын қоймаларға қожайын болатындай асқан бай әрі билік иесі болсаң және менің ішімде орналасқан асылында көлемі кең, дәрежесі жоғары, тым биік рух, қалб, ақыл секілді рухани сезімдерді мендей тар әрі шектеулі қалыпқа сыйғызып, аса хикметпен жұмсап өзіңе ғибадат еткізе алатын шексіз құдірет, теңдесіз хикмет болса көрсет көрейік, сонда ғана \"Мен жараттым!\" дей аласың. Олай істеу қолыңнан келмейтін болса, үніңді өшір! Менің жаратушым барлығына құдіреті жететін Қадир, бәрін білетін Алим, бәрін көретін Басир, бәрін еститін Самиғ екеніне менің бойымдағы керемет тәртіп пен жүйе және өзара ұқсастық таңбасы бұлтартпас дәлел. Сен секілді бейпарық, ессіз әрі шарасыз әрі тым әлсіз біреу оның өнеріне әсте араласа алмайды, зәрредей қол сұға алмайды.Әлгі ширктердің уәкілі денеден де орын таппаған соң, адамзат әлеміне жол тартады. Ішінен былай деп ойлайды: \"Мына бытырап, шашылып жатқан дүйім жұрттың ерікті істеріне, қоғамдық өміріне шайтан араласады ғой, бәлкім мен де болмыстарына, жаратылыстарына араласып, қол сұға алармын. өзіме бір орын тауып алып анау мені қуып жіберген денеге және жасушаға үкім жүргізермін\" дейді. Сөйтіп, адамзат қауымына тағы да меңіреу табиғат пен есерсоқ пәлсәпәнің тілімен былай дейді: \"Сендер құжынап, қайнап жатқан көп екенсіңдер. Мен сендерге Рабб әрі Қожайынмын я болмаса үлескермін\" дейді. Сол кезде адамзат, хақ пен ақиқат тілімен, хикмет пен тәртіптің атымен былай деді: \"Егер, бүкіл жер жүзіне кигізілген және біз тәріздес барлық жан-жануарлар мен өсімдіктердің сан-алуан түрлерінен түрлі-түсті жіп жасап, шексіз хикметпен әдемі жасалған көйлекті тоқи алсаң, сондай-ақ, әрекеттері бөлек-бөлек болатын. Қосылған кезде екеуінің зәрресі, яғни, оның ұсақ бөлшегі мен мұның ұсақ бөлшегі қосылып кетеді де енді бір ғана әрекетпен қозғалатын болады. Бір әрекет артық болып, бос қалады. Себебі, қосылыспай тұрғанда екі әрекет еді, енді екі зәрре біреу болып, бір зәрредей әрекет етеді. Манағы артық қалған әрекет болса Сани-ы Хакимнің заңымен, яғни, Аллаһтың әмірімен жылуға айналады.Иә, “әрекеттен жылу пайда болады” деген заңдылық бар. Міне, осылайша адам бойындағы жылу осы аталған химиялық үдеріс арқылы қамтамасыз етіледі, әрі қан өзінің бойындағы көміртегінен арылғандықтан тазарып, қызметін одан әрі жалғастырады. Дем алынған кезде ауа ішке еніп қан тазарады әрі жылу пайда болады. Ақырында дем ауыздан дыбыс болып шығады да Иләһи құдіреттің мұғжизалары, яғни, Құдіреттің таңғажайып өнері яғни “сөз” жемістері төгіледі.

143Иманның екінші айғағыжер бетіне төселген, жүз мыңдаған түрлі тірі заттардан жасалған, ою-өрнекпен нақышталған түсті кілемді тоқи алсаң және оларды әрдайым асқан хикметпен жаңартып тұратын құдіретің, даналығың болса әрі біз жемісі боп табылатын жер шарына, дәнегі болып табылатын әлемге үкім жүргізе алсаң және тіршілікке қажетті заттарды хикмет таразысымен ғаламның әр тарапынан өлшеп, таразылап жібере алатын шексіз құдіретің, ауқымды хикметің болса, сондай-ақ, өткен шақтағы және болашақтағы біз тектес, бір қолдан жасалған ұқсастарымызды жарата алатын күшің болса, бәлкім Рабб, Рубубиет даулағаныңның бір жөні болар, әйтпесе, үніңді өшір! Менің тегімдегі аралас-құраластыққа қарап, қол сұға алам деп ойлама! Өйткені, тәртіп өте қатаң да күрделі! Әрі сенің тәртіп жоқ деген жағдай, ол, құдіреттің тағдыр кітабына сәйкес тиянақты да тәртіпті жазу болып табылады. Себебі, бізден өте төмен дәрежедегі жануарлар мен өсімдіктердің аса тәртіптілігі сен ойлағандай аласапыран, мағынасыз жағдай емес, керісінше белгілі бір мағынадағы жазу екенін көрсетеді.Өзің ойлашы, кілемнің әрбір жеріне жетіп, әр тарапынан табылатын бір тоқыма жібін шебер түрде кім орналастырған болса, кілемді тоқыған да, иесі де сол, бөтен ешкім емес. Жемісті кім жаратқан болса, ағаштың жаратушысы да сол. Дәнді кім жаратқан болса, дәнді дақылды және дәннен шығатын өсімдікті де сол жаратады. Көзің көрмей ме, біздің табиғатымызда құдіреттің мұғжизалары, таңғажайып өнер туындылары мен шеберлік байқалады. Егер көрсең еді, менің жаратушым сондай біреу, Оған ештеңе ғайып, беймәлім емес, ешнәрсе Оған қиын емес. Алып жұлдыздардың басқарылуы ұсақ зәррелерден еш парқы жоқ. Бір көктемді жарату бір түйір гүлді жарату секілді оңай. Ол - алып ғаламның мазмұнын аса тәртіппен менің шағын болмысыма сыйғызып қойған күшті біреу. Мұндай құдіреттің өнеріне сен сықылды меңіреу, қолынан ештеңе келмейтін, соқыр мылқау араласа ала ма? Жоқ әрине! Олай болса ауызыңды жап! Табаныңды жалтырат!\" деді де қуып жіберді.Сосын, әлгі даугер жер жүзіне төселген үлкен кілемге, яғни жер жүзіне кигізілген әсем сұлу тамаша көйлекке барып, себептердің атынан, табиғат пен пәлсәпә тілімен былай деп даулады: \"Сені билеп, төстей аламын. Сенің қожайының мен, яки үлесім бар\". Сол кезде әлгі көйлек, анау кілем (Сілтеме )7 хақ пен ақиқат атымен, хикмет тілімен манағы даугерге былай деді: \"Егер, бізге қаншама жыл, сан ғасыр болған болса, соншама рет жер шарына жаңадан киім кидіріліп, сосын жүйелі түрде шешіндірілетін, оны өткен шақтың уақыт дейтін жібіне ілінетін, осылайша қайталанып отыратын Сілтеме : 6Бірақ бұл кілем тірі һәм жүйелі түрде әрдайым жаңадан жазылып, тоқылып отырады. Оның нақыш, ою-өрнектері хикметпен, ретті түрде үнемі өзгеріп, ауысып тұрады. Осылайша, Тоқымашысының көркем есімдерінің сәуле-шағылыстарын түрлі-түрлі етіп көрсетеді.

144АСА-И МҰСА бағдарламасы Иләһи тағдырдың емле-заңына сәйкес, нақыш-өрнектері хикметке толы терең сыр шертетін көйлектерді, ғажап кілем төсеніштерді тоқитын, жарататын құдірет пен өнерің болса, әрі жер жаратылғаннан бастап қирағанға дейін, тіпті шексіз заманды қамтитын әрі дана әрі құдіреті күшті рухани екі қолың, яғни, өткен мен болашаққа жететін құдіретің бар болса, сондай-ақ, мендегі бүкіл мақұлықтарды жеке-жеке жарататын және оларды жүйелі түрде асқан даналықпен жөндеп, жаңартып отыратын күш-құдіретің болса, әрі біздің үлгіміз боп табылатын, бізді киіп, бізді өзіне жаулық қылған жер шарын шыр көбелек айналдыратын құдірет иесі болсаң ғана Рубубиет билігін даула, саған қожайынмын де! Әйтпесе, жоғал көзімнен! Бұл жерден іздегеніңді таба алмайсың. Біздің маңдайымызға уахдеттің таңбасы, әхадиеттің мөрі басылған. Демек, бүкіл ғаламды толық басқара алмайтын, барлық затты толығымен көре алмайтын, шексіз істерді бір мезетте, бәрін бірге жасай алмайтын, барлық жерде әзір, һәм назыр (көруші), бірақ, белгілі бір мекенге, уақытқа тәуелсіз бола алмаған, шексіз хикметі, мол ілімі, асқан құдіреті болмаған біреу, әлбетте, бізге иелік ете алмайды, ісімізге әсте араласа алмайды\".Сосын әлгі даугер: \"Бәлкім жер шарын алдап сол жерден өзіме бір орын табармын\" деп, жұмыр жерге (Сілтеме )8 тағы да сол табиғат атымен, себептер тілімен былай дейді: \"Бұлай бағыт-бағдарсыз кезгеніңе қарағанда иесіз біреуге ұқсайсың. Олай болса сен менікі бол!\". Сол кезде жер шары хақ пен ақиқат атымен өктем дауыспен оған былай жауап қайтарады: \"Доғар! Қалай сен маған бағыт-бағдарсыз, иесіз деп айтасың. Менің үстімдегі киімімді, тіпті оның ең кішкене бір тұсын, бос тұрған бір жіпті, немесе тәртіптен тыс, хикметсіз, әбес, өнерсіз бір іс көріп пе едің? Сен неге маған мақсатсыз, қаңғыбас дейсің?Егер де шамамен жиырма бес мың жылдық (Сілтеме ) 9 жолды бір жылда жүріп өтетін, дәл өлшемді де хикметке толы айналу міндетімді атқартатын болсаң және сол алып шеңберге толық иелік ете алсаң және бауырларыма, яғни, мен секілді маңызды міндеті бар он ғаламшарға, олардың кезіп жүрген ұшы-қиырсыз алаңдарына, сондай-ақ, біздің имамымыз саналатын және әдемі де тартымды заңмен өзіне байлап тұрған Күнді жаратып, оны өз Сілтеме : 7Сонымен, зәре әлгі даугерді қанның қызыл түйіршіктеріне сілтейді, қызыл түйіршіктер болса оны жасушаға, жасуша адамның денесіне, дене болса адамзатқа, адамзат болса оны тірі жандардың түрлерінен тоқылған жердің көйлегіне, жердің үстіндегі көйлек болса жұмыр жерге, жұмыр жер оны Күнге, Күн болса оны құжынаған жұлдыздарға сілтейді. Олардың әрбіреуі былай дейді: “Кет, құры! Менен жоғары тұрғандарды қолға түсіре алсаң ғана маған иелік ете аласың. Егер оларға әлің келмейді екен босқа әуре болма, жолама!” Демек, бүкіл жұлдыздарға иелік ете алмайтын біреу, бір түйір зәреге үкімін жүргізе алмайды.Сілтеме : 8Жер айналып жүрген шеңбердің яғни орбитасының радиусы шамамен жүз сексен миллион километр деп алсақ, ол шеңбердің ұзындығы жуық шамамен жиырма бес мың жылдық қашықтық болады.

145Иманның екінші айғағыорнына орналастырып, мені және басқа ғаламшарларды шыр айналдырып жүйелі түрде, белгілі бір мақсатпен қызмет еткізетін хикметің, шексіз құдіретің болса, маған Рабб екеніңді даула! Әйтпесе, қане жоғал әрмен, жаһаннамға кет! Менің атқарар маңызды міндетім, уақыт күттірмейтін істерім бар.Һәм, біздің өте керемет дәлме-дәл жүйеміз, орасан зор алып қозғалысымыз, хикметке толы тәртібіміз бар. Ол, бізді жаратқан құдіреттің үстемдігін, болмыс атаулы, яғни, зәррелерден бастап жұлдыздар мен Күндерге шейін бәрі-бәрі Оның жаппай тілалғыш сарбаздары тәрізді оған мойынсұнғыш, бағынышты, әмірін бұлжытпай орындайтынын көрсетеді. Ол – ағаштарды жемістерімен бірге жаратып, барлығын реттеп, безендіргені секілді, өте оңай түрде Күнді ғаламшарлармен бірге тәртіпке келтіріп, реттейтін бір Хаким-і Зүлжәлал уә Хаким-і Мұтлақ.Содан әлгі даугер, жерден орын таба алмай Күнге бет алады. Ішінен былай дейді: \"Мынау өте үлкен нәрсе екен. Бәлкім ішінен бір тесік тауып жол табармын. Сосын жерді де өзіме бағындырармын\". Күнге ширк пен шайтан қаққан пәлсәпә тілімен отқа табынушылар секілді былай дейді:\"Сен өзіңше бір Сұлтансың. Өзіңе өзің қожайын бол! Не қаласаң соны істе! Күн болса, хақ пен ақиқат атынан, Иләһи хикмет тілімен оған былай дейді: \"Құдай сақтасын! О, тоба! Мен бұйрықты орындаушы, бағынышты қызметкермін. Жаратқан Жаббардың мейманханасында жәй ғана жарық пен жылу берушімін. Бір түйір шыбынға, тіпті, оның бір қанатына да толық қожайын бола алмаймын. Неге десең, шыбынның болмысында өнер туындысы рухани нәрселер, көз, құлақ секілді керемет сезімдер бар, ол менің дүкенімде жоқ. Жасау қолымнан келмесі анық\" деп даугердің бетін қайтарады.Енді, әлгі даугер, айналып келіп пәлсәпә тілімен былай дейді: \"Сен өзіңе қожайын емес екенсің, қызметшімін дейсің, онда сені себептер жаратты, сен менікісің\". Сол кезде Күн хақ пен ақиқат атымен, құлдық тілімен былай жауап берді: \"Мен өзім секілді алып жұлдыздарды жаратып, оларды көк аспанға хикметпен орналастырған әрі жойқын түрде шыр айналдырған, әсем сұлу бейне берген біреудің ғана иелігіндемін\".Сосын, әлгі даугер ішінен былай дейді: \"Жұлдыздар өте құжынаған, ығы-жығы, шашыраңқы көрінеді. Бәлкім олардың ішіне еніп уәкілдерімнің атынан үлескер болармын\". Сөйтіп, іштеріне еніп кетеді. Оларға себептер мен ширктердің және діннен безген пәлсәпә тілімен, жұлдыздарға табынатын \"сабиюн\" деген адасқандар секілді былай деді:\"Сендер тым шашыраңқы болғандықтан, әрқайсысыңның жеке-жеке иелерің бар, солар сендерге үкімін жүргізіп тұр\". Сонда бүкіл жұлдыздардың атынан бір жұлдыз шығып былай дейді: \"Не деген ақымақ әрі есерсоқ, ақылсыз да соқырсың. Біздегі уахдет пен әхадиет таңбасын неге

146АСА-И МҰСА көрмейсің? Аңғармаймысың! Арамыздағы керемет жүйені, заңға бағыну деген құлшылығымызды көріп, түсінбей тұрсың ба?Бізді бей-берекет қозғалады деп жаңылма! Біз құдреті шексіз біреудің өнеріміз, қызметкеріміз. Ол - біздің теңізіміз болып табылатын аспан әлемін, біз жеміс болсақ ағашымыз болған ғаламды, сайрандап жүрген мына ұшы қиырсыз кеңістікті уысында ұстап тұрған Уахид-ы Әхад, бір Аллаһ. Біз бейне бір жарықтандыратын электр шамдары секілді Оның Рубубиетін, Иләһи билігін көрсетіп тұратын жарқ-жұрқ еткен куәгерлерміз. Оның Рубубиетінің салтанатын паш ететін жалт-жұлт еткен айғақтармыз. Әрбір шоқ жұлдыз, Оның құдіретіне куәлік етеді. Оның – салтанат алаңында тұрып үлкен-кіші, жоғары-төмен, дүниеуи-ақыреттік және қабір әлемдерін толығымен басқаратын, орасан зор билік пен үстемдік қылатынын жар салып, көрсететін әрі жарық беретін нұрлы қызметшілерміз.Иә, әрқайсысымыз Әхад әрі Уахид құдіреттің мұғжизасымыз, әлем атты ағаштың жеке-жеке әдемі жемістеріміз, Уахданиеттің бөлек-бөлек нұрлы айғағымыз, періштелердің жеке-жеке тұрағымыз, ұшағымыз, мешітіміз, жоғары биік әлемдердің шам шырақтарымыз, күніміз, Рубубиет салтанатының делдалымыз, көк аспанның көркіміз, зәулім сарай, гүл шешек, аспан теңізінің балықтары, көк жүзінің әрқайсысымыз мөлдіреген көздері (Сілтеме )10 секілдіміз. Сонымен қатар, тып-тыныш болып, еш шу-дыбыс шығармай, хикметпен әрекет етуіміз, және орасан зор бола тұра әсем сұлу, жүйелі де көркем жаратылысымыз, табиғатымыздағы дәл өлшем, кәміл өнер, міне бұлар бізді жаратқан Сани-ы Зүлжәлалымызды сансыз тілдермен Оның Уахдетін, Әхадиетін, Самәдиетін, Жәмал, Жәлал, Кәмал сипаттарын бүкіл әлемге паш ететін аяттар. Солай бола тұра біз секілді пәк, мөлдір, тілалғыш, бағынышты қызметшілерді, бей-берекет, тәртіпсіз, белгілі бір міндеті жоқ, тіпті, иесіз деп жазғырғаныңа жол болсын, ол үшін сен жауап бересің, жазаға тартыласың\".Сөйтіп, жүргенде әлгі даугердің жүзіне шайтанға атылған тастай бір жұлдыз зымырап келіп бетіне былш еткенде жұлдыздардың арасынан құлдырап жәһаннамның түбіне бірақ түсті. Өзімен бірге жүрген табиғатты да (Сілтеме )11 ала кетіп, оны азап пен уайым шұңқырына, ал кездейсоқтықты Сілтеме :9 Хақ Тағаланың таңғажайып өнеріне қарап, оларды тамашалап әрі тамашалататын ишара-белгілеріміз. Яғни аспандар жалт-жұлт еткен көздерімен жердегі Аллаһтың ғажайып өнерін тамашалайтындай бейнеде көрінеді. Аспандағы періштелер секілді, жұлдыздар да жұмыр жерді, яғни, керемет махшарға ұқсайтын, таңғажайып жерді тамашалап тұрады және саналы жандарды мұқият қарауға шақырады деген сөз. Сілтеме :10 Дегенмен, шапалақ жеп, бір құлап алған соң табиғат тәубесіне келді. Атқарар басты міндетінің әсер ету, жарату еместігін, керісінше қабылдау, әсер алу екенін түсінді. Өзі Иләһи тағдырдың белгілі бір мағынада дәптері екенін, бірақ та әрдайым өзгеріп, құбылып отыратын дәптері және Раббани Құдіреттің бағдарламасы секілді және Қадир-ы Зүлжәлалдың жаратылысқа қатысты шариғаты яғни бір мағынада заңдар жиынтығы →

147Иманның екінші айғағыжоқ болу, құрдым құдығына, ал \"ширктерді\" болса шығуы мүмкін емес қапасқа, тығырыққа, ал дінге қарсы пәлсәпәні әсфәл-і сафилинге, тозақтың түбіне лақтырып жіберді. Барлық жұлдыздардың атынан әлгі жұлдыз: аятын өз тілімен оқып береді. Жұлдыздар жамырай былай деді: \"шыбынның қанатынан бастап, сонау аспандағы күлім қаққан жұлдыздарға шейін ешбір жерде титтей болсын ширкке, яғни, Аллаһтан өзге құдіретке орын жоқ. Қол сұғатын, ине шаншардай бос, иесіз жер жоқ\".* * *болып табылатын түсінді. Өзінің өте әлсіз, қолынан түк келмейтінін мойындап, бас иіп, құлшылық міндетіне кірісті. Сөйтіп өзі Аллаһтың жаратқаны, Раббани өнер деген атқа ие болды.

Осы киелі аяттың ұшы-қиыры жоқ, үлкен бау-бақшасында өсіп тұрған бір тал гүлге ишара ететін араби жазбалар.БіРіНші БөліМГЕ КішКЕНЕ ҚОСыМшАОсы аяттың белгілі бір мағынада тәржімесі боп табылатын мына сөзінің аудармасыЯғни, қасиетті аят, назарды аспанның әсем сұлу жүзіне аударады. Аспандағы тым керемет тыныштыққа, ешбір дыбыс шығармайтын алып қозғалыстарға зер салып, ол бір Қадир-і Мұтлақтың әмірімен, бағындыруымен болып жатқан жағдай екенін білсін дейді. Егер, ол алып денелер өз бетінше жүрген, жүгенсіз нәрселер болса, ерсілі-қарсылы зымыраған алып та қорқынышты, саны да шексіз, жылдамдығы да жоғары әлгі дәулердің қозғалыс дүбірлерінен ғаламның құлағы бітеліп, саңырау боп қалар еді. Сондай-ақ, аласапыран болып ғаламның астаң-кестеңі шығар еді. Жиырма өгізді ерсілі-қарсылы айдаса, жерді басына көтеріп, шаңын шығарып ойран салатыны белгілі. Ал жер шарынан мың есе үлкен, зеңбіректің оғынан жетпіс мәрте жылдам қозғалатын аспан денелері көк жүзінде көп екені астрономиядан белгілі.

149Иманның екінші айғағыМіне, тып-тыныш, ешбір дыбыс шығармай, үн-түнсіз зымыраған алып денелерге қарап Сани-ы Зүлжәлалдың, Қадир-ы Зүлкәмалдың құдіретінің қаншалықты жойқын екенін, бағындырғыш екенін, жұлдыздардың Оған қаншалықты мойынсұнғыш, бағынышты екенін ұқ! Һәм, аят аспанда хикметпен болып жатқан қозғалысты көруді әмір етеді. Иә, өте ғажап әрі жойқын әлгі қозғалыстар өте дәл әрі шексіз хикметпен жасалуда. Мәселен, бір зауыттың қондырғыларының бөлшектері қаншалықты хикметпен айналып, жұмыс істесе, соншалықты оны жасаған шебердің өнері мен ептілігі көрінеді. Сол сияқты алып Күнді жұлдыздармен бірге зауыттың алып тістері тәріздес шыр көбелек айналдырып тұрған, әрнәрсені қондырғының бөлшектеріндей орны-орнына қойып, Күнді ортаға алып үйлесімді түрде әрекет еткізген Қадир-і Зүлжәлалдың құдіретінің күштілігі, хикметінің шексіздігі соғұрлым назарға анық шалынады. яғни, һәм аспан тұңғыйық та жарқын түрде жайнап, әсем бейнеде күлім қағады. Осылайша, Сани-ы Зүлжәлалдың салтанат билігі қаншалықты орасан зор, өнері неткен керемет, баға жетпес құнды екенін көрсетеді. Мейрам күндері болатын жарқ-жұрқ еткен электр шамдар Сұлтан патшаның айбындылығын, үстемдігін әрі өркениетте көш ілгері екенін, кемелдігін көрсеткені секілді, ұшы қиырсыз аспан да әлгі жойқын құбылыстарымен, жалт-жұлт еткен жұлдыздарымен Сани-ы Зүлжәлалдың салтанатының, яғни, билік басқармасының кемелдігін, өнерінің көркемдігін мұқият қарағандарға анық көрсетеді.Һәм былай дейді: Аспандағы жаратылыстың тәртіптілігін, дәлме-дәл қозғалысын, өлшемді шебер жаратылған өнер туындыларына қара! Оларды жаратқан Сани, қаншалықты құдіретті, неткен Хаким, дана екенін біл! Иә, сан-алуан, шағын денелерді немесе жан-жануарларды мүлтіксіз басқарған әрі оларды белгілі бір мақсатқа айдаған, өлшеммен есептеп әрқайсысын белгілі бір жолмен жүргізген Құдіреттің айбындылығы мен шеберлігі, даналығы әлгі қозғалып тұрғандардың оған қаншалықты бағыныштылығымен, мойынсұнуымен өлшенетіні секілді мына алып аспанға бір қара! Шексіз аспан ұшы-қиырсыз алып, әрі құжынаған жұлдыздарға толы. Ол жұлдыздардың салмағы, жылдамдығы орасан зор бола тұра титтей де болсын, тіпті, сәл ғана өз бағытынан ауытқымауы, бір сәтке болсын міндетіне кешікпеуі, Сани-ы Зүлжәлалдың орасан зор шексіз құдіретін, Оның әрнәрсені өте дәлме-дәл, арнайы керемет өлшеммен жасайтын мұқият Рубубиетін, яғни, толық басқарып тұрған Иләһи билігін назарға ұсынып, көзге шұқып тұрып көрсеткендей куәлік етеді.

150АСА-И МҰСА Һәм осы аят секілді \"Аммә\" сүресінде, басқа да аяттарда баяндалғанындай Шәмс пен Қамарды, яғни Күн мен Айды және жұлдыздарды толық бағындырып тұрғанына ишара қылады.Яғни: Аспанның керемет әсем қабатына Күнді яғни жарық пен жылу беретін шамды асып қою; сондай-ақ, күндіз бен түнді өлшем бірлігі жасап қыс пен жаз дейтін парақтарға Самәдани хаттарды жазуға оны нұр сиясы ретінде қолдану; Ал, Айды, төбесі көкке тірелген биік мұнараның уақытты көрсететін алып сағаттың жарқыраған тілі тәрізді жарату; әрі әрбір түнде аспанды ерекше бейнеде көрсетіп сосын таң ата қайтадан жинап алу; өз орындарына қойып дәлме-дәл өлшеммен әрекет еткізу; сондай-ақ, көк аспан күмбезін күлім қағып жайнап тұрған жұлдыздармен құлпыртып қою; міне, осы аталған құбылыстар, Иләһи Рубубиеттің салтанатының белгі-нышандары, Улухиеттің рәміз-белгілері. Бұлар ой-жүгіртіп пікірлей білетін, сөзді ұғатын саналы жандарды иманға, тәухидқа шақыратын аяттар.Қарашы мына кітап тәріздес ғаламның сан-алуан парағына,Құдіреттің алтын қаламы нендей сөздер жазғанына, түсініксіз бір нүкте жоқ парасатты жандарға Һуданың аяттары нұрмен жазған ба?!Назар салшы хикметтің осынау мұғжизаларына, Адамды таңқалдыратын, небір дүниелер бар ғаламында,Қарашы ұлан ғайыр кеңістігі мен ғарышына,тамашалауға тұрарлық кереметтей дүниелер ғой расында,Жұлдыздардың көңілге қонар хұтпасын ден қойып тыңдашы! Хикмет нұрымен өте әдемі жазылған хатқа тағы бір қарашы!әрбіріне тіл біткендей, шынайы хақ тілімен олар:\"Біз, бір Қадир-і Зүлжәлалдың ұлықтығының айнасы, даралығы мен жалғыздығының жарқыраған айғағы,Оның теңдесіз, құдіреті шексіз екеніне, куәгерміз біз \"-дейді.Жер жүзін құлпыртып нәзік мұғжиза болып, Періштелердің серуен кемелеріміз,Аспаннан жер мен жәннатқа қарап Зер салатын мыңдаған көз секілдіміз біз.әлемнен өсіп-өніп бет алған аспан тарапына,Назар сал «туба» ағашына,


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook