201Иманның сегізіншы айғағымен тартулары өзін жақсы көргізу үшін, таныстыру үшін бола тұра, өз ісіне қарама қайшы әрекет қылып, яғни, бүкіл мақұлықтар тарапынан: \"Бізге дәмін татқызды, бірақ жегізбестен бізді жоқ қылды\" демеуі әрі дегізбеуі үшін және де Құдайылық билігінің беделін түсірмеу үшін әрі соңсыз Мейірімін жоққа шығармауы, шығартпауы үшін әрі өзіне ынтық болған бүкіл достарын құр алақан қалдыру салдарынан дұшпанына айналдырмау үшін, әлбетте, әрі қалай болғанда да мәңгілік бір әлемде, мәңгілік бір өлкеде мәңгі тұрақ беретін құлдарына, мәңгілік мейірім қазыналарынан, мәңгілік жәннаттарында мәңгі және жәннатқа лайық бір түрде саялы да мәуелі ағаштар мен гүлді өсімдіктер даярлағаны анық. Бұл жердегілер бар болғаны сол жаққа назар аудартып қызықтыратын, тұтынушыларға көрсету үшін ғана қойылған үлгі-нұсқалар ғана. Сондай-ақ, ағаштар мен өсімдіктердің барлығы жапырақ, гүл және жемістері арқылы, яғни, олар бейне бір сөз секілді мағына білдіріп Сені пәктеп, мадақтап зікір еткендері сияқты ол сөздердің әрқайсысы өзінше Сені пәктеп мадақ айтады. Әсіресе, жеміс жидектерге назар салайық! Олардың іші таңғажайып әрі сан алуан, әсем де шебер жасалуы және дәнек, тұқымдарының керемет мұғжизалы жаратылуы, сөйтіп, ол тамақ салынған ыдыстарды, яғни, жеміс ағаштарының қолымен немесе өсімдіктердің төбесіне қойып өзінің сыйлы қонақтары жан жануарларға қарай тасымалдауы олардың осылайша хал тілімен жасаған тәсбихтері болып табылады. Тәсбихтерінің анықтығы сонша, кәдімгі тілмен айтылған зікірдей ап-анық. Бұлардың барлығы Сенің иелігіңде, Сенің күш қуатыңмен, Сенің құдіретіңмен, Сенің қалауыңмен әрі жарылқауыңмен, Сенің рахымың және хикметіңмен іске асуда, олар Сенің әрбір әміріңе толық мойынсұнатын қызметшілерің. Уа, өте айқындығынан жасырын тұрған әрі шексіз ұлықтығынан қалқаланып көрінбей қалған Хаким, шексіз дана, шебер, Мейірімді Жаратушым! Бүкіл ағаштар мен өсімдіктердің ондағы бүкіл жапырақ, гүл, жемістердің тілдерімен қанша тәсбих айтылса, мен де Сені сонша кемшілік атаулыдан, әлсіздіктен, серігі болудан пәктеп, Саған шексіз мадақ пен шүкір айтамын. Уа, бүкіл нәрсені бір-бірінен ажыратып әрқайсысын ерекше жаратушы Құдірет! Уа, бәрін хикметпен басқарушы! Уа, Мейірімді тәрбиеші! Расулуллаһтың (С.А.У.) тағлымымен және Құран-і Кәрімнің үйретуі арқылы түсінгенім және кәміл иман еткенім: Қалайша өсімдіктер мен ағаштар Сені танып, Сенің киелі сипаттарың мен әсем есімдеріңді білдіреді, дәл сол секілді, жанды мақұлықтардың ануарлардың ішіндегі рух иесі болып табылатын адамзат пен хайуанаттың қайсыбірін алсақ та дене бітімінде сағат секілді өте мұқият жұмыс жасайтын яғни жасатқызылып
202АСА-И МҰСА жатқан ішкі-сыртқы ағзаларымен де; бойларында орналасқан өте нәзік әрі дәл өлшеммен жасалған әрі маңызды пайдаларына орай орналастырылған құрал-жабдықтары мен түйсіктері арқылы да, сондай ақ, өн бойында өте күрделі жұмыстар атқарып жатқан, асқан шеберлікпен әрі аса хикметпен өте мұқият түрде үйлесімді орнатылған дене мүшелерімен де Сенің сөзсіз бар екеніңе әрі сипаттарыңның рас екеніне куәлік етеді. Өйткені, мұншама көрегендікпен болған нәзік өнерге және саналы түрде атқарылған күрделі іске, хикмет толы басқару жұмысына, керемет үйлесімділікке, әлбетте, соқыр күш пен меңіреу табиғаттың, сергелдең кездейсоқтықтың араласуы әсте мүмкін емес, олардың ісі дегенге ешбір ақыл иесі сенбейді. Ал, өзінен-өзі құрастырылып пайда болды деу мың есе ақылға сыйымсыз, жөнсіздік болар еді. Өйткені, олай болатын болса, онда әрбір бөлшек ол дененің барлық нәрсесін, болымысының пішінін, қалай жасалуы керектігін, тіпті, ол дененің қоршаған ортамен болатын бүкіл байланысын білетін, көретін, жасай алатын, құдды бір тәңірі сияқты жан-жақты мұхит ілімі, шексіз құдіреті болуы керек қой. Сонда ғана болмыстың жаратылуы оларға тапсырылуы немесе сонда ғана \"өздігінен болып жатыр\" делінуі мүмкін. Сондай-ақ, бүкіл денелерде жалпылай алғанда байқалатын өзара ұқсас басқару, бірегей тәрбиелеу, біртектілік әрі бір түрде болу және жүздерінде көз, құлақ, ауыз секілді ағзалар тұрғысынан біркелкі болуы, сондай ақ, жеке жеке алғанда да жаратылыс таңбалары бәрінде бірдей болуы, олардың азықтануы мен жасалуында сәйкестіктің болуы әрі бір-бірінің ішіне орналасуы секілді құрылымына қарасақ Сенің бір екеніңе нақты түрде куәлік етпейтін бірде бірі жоқ. Және олардың әрқайсының бойында Сенің күллі әлемді қамтып жатқан бүкіл есімдеріңнің сәулелері көрінуінен - уахидиет ішінде әхадиетіңе ишара етпейтін ешқайсысы жоқ екенін байқаймыз. Сондай-ақ, адаммен бірге хайуандардың бүкіл жер бетіне жайылған жүз мың түрін алар болсақ, олардың сақадай сай, тәртіпті бір әскер тәрізді толық жабдықталуы, тәлім алуы, белгілі бір міндет жүктеліп оны адал атқаруы, мойынсұнуы және Рубубиеттің бұйрықтарын ең кішкенесінен сонау ең үлкеніне шейін бұлжытпай орындауы - Сенің Рубубиетіңнің, яғни, билік пен басқару ісіңнің ұлықтығына әрі олардың сансыз көп болуымен бірге тым құнды әрі еш нұқсансыз әрі өте жылдам жасалуы әрі аса шебер жасала тұра, өте оңай жаратылуы - құдіретіңнің орасан зор екенін дәлелдеп қана қоймай, шығыстан батысқа, ұшан-теңіз жайылып жатқан, микробтан сонау мүйізтұмсыққа дейін, ең кішкене жәндіктен ең үлкен құсқа дейінгі болмыс атаулының жаппай рызықтарын дер кезінде жеткізетін - мейіріміңнің шексіз ауқымдылығына және әрбірі тәртіпті жауынгер сияқты жаратылыс міндеттерін адал атқаруы; жердің беті әр көктемде әскерге шақырылып, күз сайын әскери міндетінен босатылып, олардың орнына басқа, жаңадан келетін қарулы жауынгерлерге әскери жай болуы - рубубиетіңнің, билігіңнің шексіз
203Иманның сегізіншы айғағыкеңдігін нақты дәлелдейді. Сондай-ақ, хайуандардың әрқайсысы әлемнің шағын үлгі нұсқасы және бір кішігірім мысалы ретінде өте терең ілім, мұқиятты даналық керек ететін өте терең бір ілім мен аса мұқият даналықты талап ететін бір сипатта, сапырылысқан бөлшектері араласпай әрі бүкіл жануарлардың сан алуан түрлері шатастырылмай қатесіз, жаңылыссыз, нұқсансыз керемет құрастырылуы - іліміңнің әр нәрсені қамтитындығына және хикметіңнің барлық нәрсені толықтай ішіне алатындығына, олардың саны қанша болса, сонша рет ишаралар жасайтыны секілді, олардың әрбірі өнердің дара ғажайып үлгісі әрі хикметтің таңғажайып мысалы ретінде өнерлі де әсем түрде жаратылуы - Өзің сонша қалап жария қылғың келген Раббани өнеріңнің кәміл көркемдігі мен шексіз дәрежедегі сұлулығыңа ишара етеді және әрбірі, әсіресе, сәбилердің керемет еркелетіліп, мәпеленіп тамақтандырылуы әрі тәбеттері мен өтініш-тілектерінің орындалып, толық қанағаттандырылуы - Сенің қамқорлығыңның сондай шырын әсемдігіне сансыз ишара етеді.О, Мейірімді де Рахымды! О, уәдесіне берік, өте Сенімді! О, қиямет күнінің әміршісі, дін күнінің иесі! Сенің Расулуллаһ ғалейһиссәлату Уәссәламыңның тағлымы және дана Құраныңның басшылығымен түсінгенім: Әлемнің ең таңдаулы нәтижесі тіршілік екен. Ал, тіршіліктің ең таңдаулысы, мәнісі рух екен. Және рух иелерінің де ең таңдаулысы саналы жандар екен. Және сол саналы жандардың толыққанды, кәмілі Адамзат екен. Күллі әлем, болмыс атаулы тіршілікке байланысты болып сол тіршілік үшін қызмет етіп, сол үшін зыр жүгіреді. Тіршілік иелері рух иелеріне бағынышты болып дүниеге солар үшін жіберілуде. Жан жануарлар адамдарға бағынышты болып соларға тәуелді түрде пайда келтіреді. Әрі адамзат табиғаты бойынша өзінің Жаратушысын шынайы түрде жақсы көреді және Жаратушы Иесі де оларды жақсы көреді әрі өзін оларға әрбір ісі арқылы жақсы көргізеді. Және де адамзаттың қабілеттері мен рухани мүмкіндіктері бұл дүниеден басқа мәңгі бір әлеммен, соңсыз бір тіршілікпен тығыз байланысты екені байқалады. Ол бақилықты аңсайды, оның жүрегі мен санасы мәңгілікке құштар, тілі де сансыз дұғалармен Жаратушысынан мәңгілік сұрап жалбарынады. Ендеше, әлбетте және қалай болғанда да, өзі өте жақсы көріп сүйген, сүйікті де сүйкімді болған адам баласын Жаратушысы қайта тірілместей өлтіріп, мәңгіге жоқ қылып жіберіп, оны әу баста мәңгі бақи махаббатпен жарата тұра мәңгі бақи дұшпанына айналдырып, қатты ренжіте алмайды және олай істеуі әсте мүмкін емес. Ақиқатында, адамзат басқа мәңгі бір әлемде бақытты өмір кешуге, осы дүниеде қызмет қылып, бақи дүниеде мәңгі бақытқа қауышу үшін жіберілген. Сондай-ақ, адам бойында шағылысқан Иләһи есімдердің мына өткінші де қысқа өмірдегі көріністеріне үңіле қарасаң о дүниеде әлгі есім сипаттарға айна болған адамдардың мәңгі нұрға бөленетіндерін байқауға болады.
204АСА-И МҰСА Иә, мәңгіліктің адал досы да мәңгі болмақ. Әрі Бақидың саналы айнасы да бақи болуы тиіс. Хайуандардың рухтары бақи қалатынын және Сүлеймен Пайғамбардың (Ғ.С.) көкегі мен құмырысқасы, Салих Пайғамбардың (Ғ.С.) түйесі, Асхаб-ы Кәһфтің иті секілді кейбір жеке тұлғалар рухымен қоса тәні де бақи әлемге көшетіні және әрбір түрдің кейде қолдануы үшін бір денелері болатындығы нақты риуаяттардан түсінікті болуымен қатар, солай болуы Иләһи хикмет, ақиқат әрі рахым мен рубубиеттің бұлжымас талабы десе болады.О, Құдіреті шексіз Қайюм! Бүкіл тіршілік иелері, рух иелері, саналы жандар Сенің мүлкіңде, жалғыз Сенің ғана күш қуат және құдіретің арқылы, тек Сенің ғана басшылық пен игеруің арқылы, мейірім және даналығың арқылы толық билігіңнің әмірлеріне мойынұсынып, табиғатына сай жүктелген міндетті атқаруда. Олардың кейбірі, адамның күш қуаттылығына немесе үстемдігіне орай бағынған жоқ, қайта жаратылысынан адам баласы күшсіз әрі әлсіз болғандықтан Иләһи мол мейірім тарапынан бағындырылған.Сондай-ақ, олардың барлығы хал тілдеріменен және кәдімгі тілдеріменен де Жаратушысын, Табындырушысын қателесуден, өзіне серік ұстаудан пәктеп, нығметтеріне алғыс білдіріп мадақ айтып, әрқайсысы өздеріне тән құлшылықтарын жасауда. О, аса әшкерелігі себепті жасырын қалған және шексіз ұлықтығы себепті перделенген Киелі Жаратушым! Бүкіл рух иелерінің Сені пәктеп жасаған тәсбихтерімен мен дағы Сені пәктеп, ниет ете деймін. О, әлемдердің Раббысы! О, әуелгілер мен ақырғылардың Қожайыны! О, көктер мен жерлердің иесі! Расулуллаһтың (С.А.У.) тағлымы мен Құраны Хакимнің үйретуі арқылы мен мынаны түсіндім әрі иман еттім: Көк, аспан кеңістігі, жер, құрылық пен теңіз, ағаш, өсімдік, хайуан; әрбірі жеке жеке, әрбір бөлшегі, әрбір атомы арқылы Сені біліп, танып, әрі Сенің бар және бір екеніңе куәлік етіп айғақ болатындары, ишара ететіндері секілді, әлемнің қорытындысы болып табылатын тіршілік иелері және тіршілік иелерінің де қорытындысы болып табылатын адамзат және адамзаттың да қорытындысы болып табылатын пайғамбарлар мен әулие, асфиялардың өздерінің асыл заттарымен яғни сау жүректері мен, дұрыс ақылдары арқылы, яғни, өздерінің көріп, куә болғандарына және ашқан жаңалықтарына, жүрекке қонған аяндарына сүйене отырып барлығы бір ауыздан нақты түрде, жүздеген тәуәтүр қуатында Сенің міндетті түрдегі болмысыңа, сөзсіз бір екендігіңе, жалғыздығыңа куәлік етіп, хабар беруде. Олар өздерінің мүғжизалары мен кереметтеріне және бұлтартпас айғақтарына арқа сүйеп, хабарларын үсті үстіне дәлелдей түсуде.
205Иманның сегізіншы айғағыИә, Сенің сөзсіз болмысың мен киелі сипаттарыңа және уахдетің мен әхадиетіңе, яғни, жалғыз әрі дара екеніңе, сондай ақ, әсем есімдеріңе куәлік етпейтін, айғақ болмайтын, ишара қылмайтын бірде-бір илхам яғни жүректе ғайып пердесі жағынан ескертуші біреуді көрсетпейтін бірде-бір ғайби ескерту жоқ. Бәрі жаппай сені ескертіп тұрады. Және аян беруші біреуге қаратпайтын да бірде бір аян жоқ. Және киелі сипаттар мен әсем есімдеріңді тауып, ашып бермейтін ешбір нақты сенім-наным да жоқ. Және пайғамбарлар мен әулиелерде болатын бір Аллаһтың нұрларын көзбен көргендей қанағаттанбайтын ешбір нұрлы жүрек те жоқ және асфиялар мен сыддықтарда, яғни, Аллаһтың адал құлдарында күллі нәрсені жаратушы Аллаһтың болмысын ғылыми түрде растамайтын, Оның белгісі мен бірлігін дәлелдемейтін бірде бір нұрлы ақыл жоқ. Яғни таза жүректер мен нұрланған ақылдар Жаратушының бар әрі бір екеніне, Оның қандай екеніне ишара қылып меңзеп, тіпті, дәлелдеп тұрады. Әсіресе, бүкіл пайғамбарлар мен әулиелердің, асфиялар мен сыддықтардың имамы, жетекші басшысы, қорытындысы болып табылатын Мұхаммед саллаллаһу аләйһи уәссаламның әкелген хабарын қуаттап, дәлелдейтін мұғжизалары, сондай ақ, шынайылығын растайтын терең ақиқаттары әрі бүкіл киелі де аспани кітаптардың негізі, қорытындысы болып табылатын Ғажайыптар Баяны Қасиетті Құранның нақты тәухид аяттары мен иман мәселелері түгелдей, жаппай Сенің міндетті түрдегі болмысың мен киелі сипаттарыңа және Сенің бірлігің мен жалғыздығыңа әрі көркем есім мен сипаттарыңа куәлік етіп, анық дәлел болады. Сондай-ақ, қалайша жоғарыда аталғандай бүкіл жүз мыңдаған турашыл хабаршылар өздерінің мұғжизалары мен кереметтеріне және дәлелдеріне сүйене отырып Сенің бар және бір екеніңе куәлік етеді, сол сияқты барлық нәрсені қамтып жатқан Ғарш-ы ағзамның күллі істерін басқарып тұрған, сонау көңілдің түкпіріндегі жасырын әрі жылт еткен көмескі ойлар мен талап, дұға тілектерді білетін, еститін, игеретін, жүзеге асыратын рубубиетіңнің, яғни, толық билігіңнің ұлық дәрежесін, сондай ақ, көзіміздің алдындағы түрлі-түрлі, сансыз нәрселерді бірден жарататын, ешбір іс басқа бір іске, бір жұмыс басқа бір жұмысқа кедергі болмастан ең үлкен нәрсені ең кішкене шыбын құрлы да көрмей оңай жасайтын құдіретіңнің шексіз алыптығын жұмыла растап, бір ауыздан жар салып хабар беруде, дәлелдеп көрсетуде. Сондай-ақ, мына әлемді рух иелеріне, оның ішінде адам баласына керемет қылып, ішінде не керектің бәрі бар зәулім сарай секілді жаратып және жұмақ пен мәңгі бақытты жын мен адамзатқа дайындап қойған және өте кішкене бір жәндікті де назардан тыс қалдырмайтын әрі тым бейшара, жаралы да аянышты бір жүректі қуантып риза қылуға дайын рахымыңның кеңдігін, сондай ақ, атомдардан сонау ғаламшарларға дейінгі жаратылыстардың
206АСА-И МҰСА бүкілін әміріне бағындырушы, мойынсұндырушы, оларға белгілі бір міндет жүктеп іс атқартушы әкімдігіңнің шексіз жойқындығын хабарлап, мұны мүғжизалары мен айғақтары арқылы дәлелдеген. Сонымен қатар, әлемді элементтер қанша болса, сонша баптардан тұратын сансыз кітапшаларды қамтитын алып бір кітап тәрізді жаратқан және Ләух-ул Махфуздың дәптерлері болып табылатын Имам-ы Мубин мен Китаб-ы Мубинге бүкіл жаратылыстың барлық уақиғаларын тізіп жазып қойған және бүкіл дән, тұқымдарға ағаш атаулының мазмұны мен бағдарламасын, сондай ақ, саналы жандардың миына, жадына олардың өмірбаяндарын тәртіпті түрде, еш шатыстырмай жазып қойған іліміңнің әр нәрсені қамтитындығына, сондай ақ, әрбір жаратылысты көптеген хикмет пайдалармен жаратқан, тіпті, әрбір ағаштан жемістерінің санындай нәтижелер алатын және әрбір жан иесінен ағзалары, тіпті, бөлшектері мен жасушаларының санына сәйкес пайдалар көздейтін, атап айтқанда адамның тіліне көптеген міндеттер жүктеуімен бірге, оны тағамдардың дәмдері қанша болса, сонша зауық, ләззат алатындай көп нүктелермен, кішкене таразылармен жабдықтаған киелі де мол хикметіңнің әр нәрсені өз ауқымына алғандығына, сондай-ақ, осы дүниеде үлгілері көрініп жатқан жәмал мен жәлал, яғни, ұлылық пен сұлулық есімдеріңнің көріністері одан да жарқын бір түрде мәңгі әлемде жалғасын табатындығына және бұл дүниеде оларды көріп ынтық болғандардың мәңгі әлемде олармен бірге жасайтындықтарына бір ауыздан, бәрі бірге жұмыла куәгерлік етіп дәлелдейді, ишара етеді. Сондай-ақ, әу баста жүздеген ашық мұғжизалары мен нақты аяттарына сүйеніп Расулуллаһ (С.А.У.) мен хикмет толы Құран, одан кейін бүкіл нұрлы рухтар иесі болып табылатын Пайғамбарлар, таза жүректердің иесі, құтыбтар мен әулиелер, ақылы нұрлы асфиялар, барлық киелі парақтар мен кітаптарда Өзің көп кайталаған уәделерің мен ескертулеріңе сүйене отырып және Сенің Мейірімің мен құдіретің, хикметің мен қамқорлығың, жәмал мен жәлал, яғни, әсемдігің мен ұлылығың секілді киелі сипаттарыңды, үстем абыройың мен ұлықтығыңды және толық рубубиетіңді негіз қылып, көріп білгендеріне және ғылыми дәлелдерге негізделген сенімдеріне сүйене отырып жын мен адамзатқа мәңгілік бақыт тосып тұрғанын сүйіншілейді, ал адасқан дінсіздер үшін тозақ бар екенін әйгілеп жар салады, иман етіп куәгерлік етеді. О, Құдіреті шексіз әрі дана! О, Аса Мейірімді де Рахымды! О, уәдесіне берік әрі асқан Жомарт! О, ұлылық пен шексіздік және Айбат иесі Қаһһар-ы Зүлжәлал! Мұншама адал достарыңды және мұншама уәделеріңді әрі мұншама киелі сипаттарың мен маңызды істеріңді бекерге шығарып, рубубиетіңнің бұлжымас талабы және Өзің сүйген және олар да Сені мойындап, бағыну арқылы өздерін Саған сүйсіндірген әлгі сансыз
207Иманның сегізіншы айғағыізгі құлдарыңның сансыз дұға тілектерін қабыл етпей, дініңнен безген, тәкәппарлана бас көтеріп уәдеңді жоққа шығару арқылы Сенің шексіз ұлық мәртебеңе тіл тигізген әрі қаһарлы айбатыңа шек келтіріп және Иләһи абыройыңа кір келтірмекші болған әрі рубубиетіңе, толық тәрбиегерлігіңе, мол Мейіріміңе күйе жаққысы келген, қаһарға ұшыраған адасқан тобыр мен кәпірлерді растаудан, яғни, олардың қайта тірілуді жоққа шығарған ойларын дұрыс қылып, растаудан қуаттаудан жүз мың дәреже адасың әрі шексіз дәрежеде пәксің, өте жоғары биіксің! Ондай шексіз бір зұлымдықтан, жағымсыз істен, тұрпайылықтан Сенің шексіз әділетіңді, әсемдігіңді, мол Мейіріміңді аса биік деп білеміз. аятын денемдегі бүкіл ұсақ бөлшектердің санынша қайталағым келеді. Сенің әлгі адал да турашыл елшілерің мен ақиқатшыл жаршыларың сенімді де қанық түрде Сенің ахиретте мейірімге толы қазыналарың бар екеніне және бұл дүниеде белгі берген, мәңгі әлемде толығымен көрінетұғұн көркем есімдеріңнің ғажайып жарқын көріністері онда жалғаса беретініне куәлік етеді, ишара қылып сүйіншілейді. Және бүкіл ақиқаттардың бұлағы, жарқыраған Күн көзі болып табылатын Сенің «Хақ» есіміңнің ең үлкен шуағы, осы хашир, яғни, қайта тірілу екеніне өздері иман келтіріп, сосын Сенің құлдарыңа дәріс беруде.О, Пайғамбарлар мен сыддықтардың Раббысы! Олардың барлығы Сенің мүлкіңде, Сенің әмірің мен құдіретің арқылы, Сенің қалауың мен игеруің арқылы, Сенің ілімің мен хикметің арқылы Саған мойынсұнған жандар, олар аса маңызды да жауапты міндет жүктелгендер. Олар Сені дәріптеу, ұлықтау, мадақтау, бірлеу арқылы жер шарын бейне бір зікірханаға, әлемді алып мешітке айналдырып жіберген еді. О, Раббым! О, көктер мен жерлердің Қожайыны! О, Жаратқан ием! О, бүкіл нәрселерді Жаратушы! Көктерді жұлдыздарыменен, жерді ішіндегілеріменен және бүкіл жаратылысты барлық жағдайыменен әміріне толық мойынсұндыратын құдіретің мен қалауыңның, және хикметің мен билігің әрі мол мейіріміңнің құрметіне нәпсімді өзіме мойынсұндыра гөр! Асқақ арман, биік мақсатқа жеткізе гөр! Құранға және иманға қызмет ету үшін адамдардың көңілін Рисалей-Нұрға бұра гөр! Маған және достарыма кәміл иман және ақыры қайыр, жақсылық бере гөр! Хазіреті Мұса ғалейһиссәламға теңізді, Хазіреті ибраһим ғалейһиссәламға отты, Хазіреті дәуіт ғалейһиссәламға тауды, темірді, Хазіреті Сүлеймен ғалейһиссәламға жын мен адамды және Хазіреті Мұхаммед ғалейһиссәлату Уәссәламға Күн мен Айды бағындырғаныңдай Рисалей-Нұрға жүректерді баурап, ақылдарға мойындата гөр! Мені және Рисалей-Нұр шәкірттерін нәпсі мен
208АСА-И МҰСА шәйтанның кесірінен, қабір азабынан, жәһәннам отынан сақта! Баршамызды Жәннәт-ул Фирдәуста шат-шадыман, бақытты қыла гөр! Амин! Амин! Амин!Құран Кәрімнен және Ардақты Пайғамбарымыздың мінәжаты болып табылатын Жәушән-ул Кәбирден алған осы дәрісімді пікірмен жасалған құлшылық деп есептеп, Мейірімді Раббымның алдына ұсыну барысында қателескен болсам, қатемнің кешірілуі үшін Құранды және Жәушән-ул Кәбирді шапағатшы қылып Аллаһтың мол мейірімінен ғафу етуін жалбарына сұраймын!САид НұРСи.
иМАННың тОҒыЗыНшы АйҒАҒы(тОҒыЗыНшы шУАҚтың ХАшиР тУРАлы КіРіСПЕСі)
210АСА-И МҰСА иманның бір ғана кең өрісін көрсететін мына Сәмауи ұлы аяттардың және хаширді растайтын осы қасиетті ұлы айғақтардың бір ғана терең тұжырымы, үлкен бір дәлелі осы \"тоғызыншы шуақ\" атты шығармада баяндалмақ.Керемет әрі нәзік Раббани бір жарылқау: Осыдан отыз жыл бұрын Ескі Саид тәпсір жазуға кіріскен кезде жазған \"Мүхакемат\" атты еңбегінің соңында: ЕКіНші МАҚСАтҚұранның хаширге ишара ететін екі аятына тәпсір және түсініктеме жасамақ болып,деп, одан әрі жаза алмай, тоқтап қалған болатын. Арада отыз жыл өткен соң, Аллаh таупық ихсан етті, яғни, жарылқады. Халиқы-Рахимыма әлемде қанша дәлелдер мен хаширге қанша нышандар болса, сонша шүкір мен мадақтау болсын!иә, бұдан тоғыз-он жыл бұрын сол аяттың бірінші аяты: деп басталатын иләhи әмірдің өте жарқын әрі қуатты айғағы, құнды тәпсірі болып табылатын \"Оныншы Сөз\" бен \"Жиырма тоғызыншы Сөзді\" Раббым сыйлаған болатын. Сөйтіп, құдайсыздардың ауызына құм құйдық.Сондай-ақ, тоғыз-он жыл өткен соң хаширге иманның әлгі екі берік қорғанынан мына екінші аятты, яғни, жоғарыда аталған ұлы аяттың тәпсірін осы шығарма түрінде ұсынды. Міне, осы \"тоғызыншы шуақ\", аталған аятымен қоса ишара етілген \"Мағынасы терең тоғыз Мақам\" және бір маңызды \"Кіріспеден\" тұрады.* * *
КіРіСПЕ[Хаширге иман етудің көптеген рухани пайдаларынан және өмірде көрінетін нәтижелерінен бір ғана маңызды нәтижесі қысқаша баяндалмақ. Оның жеке өмірге, әсіресе, қоғамдық өмірге аса қажеттілігін, тіпті, ауадай керек екендігін дәлелдейтін өте күшті айғақтар бар. әзірге бір ғана ауқымды айғағын жинақы түрде көрсететін және осы хашир нанымының қаншалықты айқын, әрі шүбәсіз екендігін түсіндіретін \"ЕКі тұЖыРыМ\" баяндалмақ.]БіРіНші тұЖыРыМ: Хаширге наным, яғни, ақыретке сенім қоғамдық өмірдің және жеке өмірдің іргетасын қалайтынын, ол адамзаттың бақытқа бөленуі мен кемелденуінің бірден-бір жолы екендігінің жүздеген дәлелдерінен мысал ретінде төрт дәлел ұсынамыз.Бірінші дәлел: Адамзаттың жартысын жас өспірімдер құрайды. Олар өздеріне тым қорқынышты көрінетін өлім мен қазаларға қарсы тек Жәннат ұғымы арқылы ғана төтеп береді. Осылайша, олардың тым әлсіз әрі нәзік болмыстары әлгіндей соққыға рухани төзімділік танытады. Әр нәрсеге тез сағы сынатын, қорғансыз да нәзік көңілдері жәннатқа сену арқылы үміттеніп, шат өмір сүреді. Мысалға, өлім туралы естісе: \"Менің кішкентай інім немесе досым қайтыс болды. Ол енді Жәннаттың бір құсы секілді. Жұмақта самғап, сайрандап жүр. Бізден әлдеқайда рахат өмір сүруде,\" – деп, Жәннат ұғымымен көңілін жұбатады. Әйтпесе, күнделікті маңайында болып жатқан өзі сияқты балалар мен қарттардың өлім хабарлары әлгі бейшараның үрейін ұшырып, көңілін құлазытып, әлемін астаң-кестең етеді. Тек көзі ғана жылап қоймай сонымен қатар рух, жүрек, ақыл-ес секілді сезімдерін де қоса жылатып, оны мұңлыққа немесе диуана бір хайуанға айналдырып жіберер еді.Екінші дәлел: Адамзаттың бір тұрғыдан алғанда жартысын құрайтын қарттарды алайық. Олар бауыр басып қалған дүниелерінің көп кешікпей өшіп, қараң қалатынын ойлап қамыққан кезде тек о дүниелік өмірді ойлау арқылы ғана көңілі жайланып, жұбаныш табады. Сонда ғана өздеріне таяп қалған қабірлеріне үрейленіп емес, сабырлылықпен, байыппен қарайды. Сәби тәрізді нәзік рухтары мен морт сынғыш көңілдері ажалды, айырылысуды ойлап, қайғырып үмітсіздікке түсу қауіпі төнгенде мәңгі өмір, ақырет бар деген үмітпен қуаттанып, бойларына қажыр-қайрат бітеді. Әйтпесе, әлгі ардақты да аяулы, жан тыныштығына тым мұқтаж, уайымшыл қариялардың көңілдері құлазып, рухани күйзеліп, мына дүние оларға тар зындан, өмір сүру деген адам төзгісіз азап болар еді.
212АСА-И МҰСА Үшінші дәлел: Жастар – қоғамдық өмірдің қуат көзі. Олардың бойындағы тасып тұрған күш-қайратын, шалқыған көңілдерін, нәпсі мен әуесқой сезімдерін бұзақылықтан тежеу тек Жәhаннамнан қорқу арқылы іске аспақ. Егер олар Жәhаннамнан қорықпаса, \"Кім күшті, соныкі дұрыс\" деген залым заң орнап, жастар бейшара әлсіздерге күн көрсетпей дүниесін тозаққа, адамгершілікті хайуандыққа айналдырар еді.төртінші дәлел: Қоғамдағы белсенді ұйым, негізгі күш, дүниеуи жәннат, бірден-бір бекініс – әр адамның өз отбасы. Ол әркімнің өзіндік дүниесі. Отбасының жақсы тұрмыс-тіршілігі мен бақыты, өзара адалдық, сыйластық, мейірбандық, жанкештілік болғанда ғана орнайды. Ал шынайы сыйластық пен мейірбандық, мәңгіге жалғасатын достық, серіктестік, сондай-ақ, мәңгі өмірдегі әкелік, перзенттік, жұбайылық секілді қарым-қатынас мәңгі жалғаса береді деген ұғыммен ғана қалыптасады. Мәселен, \"Менің жұбайым – о дүниедегі мәңгілік өмірде де айрылмас серігім. әзірге қартайып жүзінен көркі тайғаныменен оқасы жоқ. Ақыретте өзіне қайта оралатын мәңгі сұлу көркі бар. Осындай мәңгі жұбайлықтың құрметіне қандай да болсын жанкештілікке дайынмын, рақымшылық етемін,\" – деп әлгі қартаң әйелін хор қызындай көріп, махаббаты мен жанашырлығы, сыйластығы арта түседі. Әйтпесе, қып-қысқа жалған ғұмырдың өтуімен, сүйікті жұбайымен мәңгіге қоштасумен тынатын, қайта оралмайтын ерлі-зайыптылық өмір тым баянсыз. Ондай өткінші неке өзінің рухани құндылығын жойып, хайуан секілді өзі тектес болғаны үшін ғана уақытша жанашырлық танытады және жануарға тән жеке басының пайдасы немесе басқа да жабайы сезімдер үшін сыйласып, ақырында адами қасиеттен айырылып, әлгі дүниеуи жәннат сықылды отаудың шырқы бұзылып, жәhаннамға айналып кетуі әбден мүмкін.Осыдан көріп отырғаныңыздай, хашир, яғни, қайта тірілуге деген сенімнің жүздеген нәтижелерінің біреуінің өзі адам баласының қоғамдық өміріне ықпалы зор, пайдасы мол екен. Демек, осындай пайдалы нәтижелердің жүздеген тиімді жақтары мен оның қыр-сырын жоғарыда айтылған төрт дәлелдеменің негізінде қарайтын болсақ, хаширдің ақиқат екендігі және оның жүзеге асатындығы адамгершілік деген ұғымның ақиқатындай анық екендігі, сондай-ақ, оның қатаң талаптары секілді күмәнсіз екендігі белгілі болады. Қарынның ашуы, оның мұқтаждығы қалайша тағамның бар екенін дәлелдейді, сол секілді хаширдің жүзеге асуы да дәл сондай сөзсіз анық нәрсе.Егер хашир ақиқатының пайдалары мен нәтижелері адамгершілік қағидаларынан тыс қалса әлгі аса маңызды да күрделі әрі құнды да өміршең адамгершілік дейтін ұғым микроб ұяшығына айналып, мүлдем мәнісін жояр еді. Қоғамды басқарамын, мінез-құлықты түзетемін дейтіндер, сондай-ақ, әлеуметтанушылар мен қоғам қайраткерлері, саясатшылар,
213Иманның сегізіншы айғағыжастарға жөн көрсетіп, оларды тәрбиелеуші мамандар бұған не дер екен?! Манағы бос қуысты немен толтырар екен? Осы ауыр дертті емдей алар ма екен?ЕКіНші тұЖыРыМ: Хаширдің шындық екендігін дәлелдейтін бұдан өзге де шексіз айғақтар көп-ақ. Мұны иманның өзге шарттары қалай дәлелдейді? Енді сол туралы күрделі болса да қысқаша сөз етелік. Хазіреті Мұхаммед Ғаләйhиссалату Уәссаламның елші екендігін дәлелдейтін барлық мұғжизалар және пайғамбарлығы мен оның адалдығын растайтын дәлел-айғақтар тұтасымен хаширдің хақ әрі міндетті түрде болатындығына куәлік етіп, оны нақтылай түседі. Өйткені, оның өмір бойы күресіп, ұмтылған мұрат-мақсаты Уахданиет, яғни, Аллаһтың бір екенін дәлелдеу болса, одан кейінгісі хашир мәселесі болып табылады. Және барлық пайғамбарларды мойындаған да мойындатқан мұғжизалары мен айғақтары да осы ақиқатқа келіп тіреледі. Һәм кәлимасындағы шәhәдетті толықтырып, нақтылай түсетін куәлігі де осы ақиқатты бекіте түседі. Қалай десеңіз, мұның алдында айтып кеткеніміздей, Қасиетті Құранның хақ екендігін дәлелдейтін барлық мұғжизалар, айғақтар, ақиқаттар тұтасымен хаширдің болатынын дәлелдеп, оны нақтылай түседі. Енді соған тоқталып өтейік.Қасиетті Құранға зер салып қарасақ, ондағы аяттардың үштен бірі хашир туралы. Көптеген қысқа сүрелердің бастапқы аяттары хашир жайында. Кейде ашық, кейде астарлы түрде мыңдаған аяттар сол ақиқатты білдіріп әрі дәлелдеп тұрады.Мысалы,секілді отыз-қырық сүрелердің бастапқы аяттары хашир мәселесі әлемдегі ең маңызды да өзекті ақиқат екенін анық айтады. Сол сияқты басқа да аяттар хашир ақиқатын түрлі дәлелдермен баяндай отырып, көз жеткізеді. Апырым-ай, заманымызда бір аятының, бір ишарасының өзі көптеген ғылыми немесе жаратылыстану салаларында ақиқат шашқан Қасиетті кітаптың керемет куәліктері мен мақсаттары хаширдің болмағы айдан анық екенін көрсетіп тұрғанда, оған күмәндану Айды, тіпті, бүкіл әлемді жоққа шығару секілді ақымақтық болмай ма? Жоққа шығару құр бос әурешілік, мың есе жалған болмай ма?! Апырым-ай, кезінде бір Сұлтанның бір ауыз
214АСА-И МҰСА сөзін бекерге шығармау үшін қалың әскер жорыққа шығып жан алысып, жан берісіп соғысып еді ғой. Олай болса, абыройы үстем, аса айбынды да орасан зор құдірет Иесі, Сұлтандардың Сұлтаны – Аллаh Тағаланың мыңнан аса дәлелді сөздері мен уәделері, нақты ескертулері ақиқаттан тыс, бекер болуы әсте мүмкін бе? Он үш ғасыр бойы үздіксіз сансыз рухтарға, саналы жандарға, ояу көкіректерге хақ пен ақиқат дәрісін беріп келген, әділ түрде үкім жүргізген, олардың барлығын тәрбиелеп, басқарып отырған осы бір мағынауи, аса абыройлы Сұлтанның бір ғана ишарасы әлгі ақиқатты толық дәлелдеуге жеткілікті бола тұра, әрі оның үстіне мыңдаған анықтамалар жасап, Хашир ақиқатын көзге көрсетіп, дәлелдеп тұрғанда, оны мойындамаған ішкі дүниесі қараңғы, жүрегі қара, санасыз ақымақ Жәhаннамның зор азабына лайық болмай ма? Оны Тозаққа тастамау, үстем абыройына жараспайды. Сондай-ақ, өз заманы мен дәуірін басқарған барлық аспани парақтар мен қасиетті кітаптар да болашақ пен өткенді түгел қамтып, барлық заманға үкім жүргізетін Құранмен үндесіп бұлтартпас дәлелдерімен, анықтамаларымен, түсініктемелерімен хашир ақиқатын өз заманына, өз дәуіріне сай баяндап қысқаша, астарлап ол туралы сөз етеді. Олар да бұлтартпас айғақ болып табылады. Демек, Құранның айтқанын мыңдаған ишараларымен олар да баяндап отыр. Бұл айтылған тақырыбымызға сәйкес \"Мінәжәт Рисалесінің\" соңында: «иманум бил уәймил ахир»Ақыретке иман шартына, әсіресе, \"РУСУл\" мен \"КҮтУБ\" шәhәдеті, яғни, Пайғамбарлар мен Кітаптарға иман шарты қуатты да жинақы түрде, қандай да болсын күмәнді жоққа шығаратындай нақты баяндалған болатын. Орай келген соң тағы да қайталанбақ:О, Рабб-ы Рахимым! Расулы-әкремнің тәлімімен және Қасиетті Құран дәрісінің арқасында мынаны түсіндім: әуелі Құран мен Расулы-әкрем, сонан кейін өзге де қасиетті кітаптар мен пайғамбарлар, Сенің бұл дүниеде және әр тарапта үлгілері көрінген аса Жәлал әрі Жамал есімдеріңнің көріністері одан әрі әсем түрде әбәд-ул әбадта (бақи әлемде) жалғасын табатынын; мына фәни әлемде рақымды шуақтары мен үлгілері көрінген жарылқаудың мәңгі бақыт әлемінде одан да көркем түрде жалғасатынын; және мынау қысқа дүниеде оларды таңдана тамашалаған, сүйсіне қарап, бірге болған ынтық жандардың мәңгілік әлемде де бірге болатындарын бірауыздан шәhәдет етіп, дәлелдей түседі. Сондай-ақ жүздеген күшті мұғжизаларына, нақты аяттарына сүйене отырып әуелі Расулы- әкрем және Құран-ы Хаким, сонан кейін барлық нұрлы рухтардың иелері - пайғамбарлар, барлық нұрланған жүректердің құтұбтары - әулиелер және барлық өткір де нұрлы ойлардың қайнар көздері - турашылдар, мухаққиқтар Сенің аспани парақтарың мен қасиетті кітаптарыңда қайта-қайта берген
215Иманның сегізіншы айғағымыңдаған уәделеріңе, ескертулеріңе сүйене отырып - Сенің Құдірет, Рақым, инает, Хикмет, Жәлал, Жамал тәрізді ақыретті қажет ететін киелі сипаттарыңа, атқарып жатқан істеріңе және Сенің Жалалыңның қол жетпес үстемдігі мен Салтанатты Рубубиетіңе hәм ақыреттің іздеріне hәм оның бар екендігін білдіретін қол жеткен жаңалықтарына және көргендеріне ғылмәл-яқин және айнәл-яқин дәрежесіндегі сенімдері мен имандарына сүйене отырып, мәңгі бақыттың бар екендігін адамзатқа сүйіншілеп хабар беруде. тура жолдан тайғандар үшін тозақ, һидает бұйырған жандар үшін жұмақ болмағын айтып, мызғымас иман келтіріп, куәлік етуде.О, Қадир-ы Хаким! О, Рахман-ы Рахим! О, Садық-ул Уәғд-ил Кәрим (Аса жомарт, уәдесін сөзсіз орындаушы)! О, Ғиззат пен Азамет әрі Жалал иесі Қаhhар-ы Зүлжалал! Мұншама сенімді достарыңды, мұншама уәделеріңді әрі осыншама есім-сипатарыңды, олардың талаптарын жоққа шығарып, саған сенбеген және Салтанат-ы Рубубиетіңнің (Рубубиетінің салтанаты) бұлжымас талап-тілектерін жоққа шығарып, орындамай қасарысқан кәпірлерді растап, ал өзің сүйетұғын және сені мақұлдап, мойынсұну арқылы өздерін де саған сүйсіндірген көптеген адал құлдарыңның ақыретке қатысты дұғаларын, талап-тілектерін тыңдамай, кері қайтарудан пәксің! Және күпірлік етіп қарсы шыққан, уәдеңді теріске шығарып, ұлықтық пен үстемдігіңе тіл тигізіп, абыройлы Жалалыңа кір келтірген, Улухиетіңнің талаптарын орындамай мейірімге толы Рубубиетіңді ренжіткен азғын, діннен безгендерді жақтаудан, хашир жоқ деушілерді растаудан аулақсың, мың есе ада, шексіз пәксің және үстемсің. Мұндай шексіз қатігездіктен, тым жиіркенішті көріністерден Сенің теңдессіз әділеттігің, шексіз зор Жамалың, соңсыз Рахымың асқақ биікте деп білеміз.Сенің жүз мыңдаған сенімді де адал елшілерің және салтанатыңның көптеген турашыл жаршылары болып табылатын пайғамбарлардың, әулиелердің хаққаляқын (мағрифаттың ең жоғары мәртебесі. Ақиқатты жақыннан көріп, сезіну), ғылмеляқин түрінде Сенің Ақыреттегі мейірімділік қазыналарыңа, мәңгілік әлемдегі қайырымдылық, байлық қорларыңа, бақыт әлемінде толық түрде көрінетін көркем есімдеріңнің таңғажайып сұлу көріністеріне келтірген куәліктері, еткен шәhәдеттері хақ әрі ақиқат. Сондай-ақ, ишаралары дұрыс, орынды әрі сүйіншілері рас екеніне сенеміз. Олар ақиқат атаулының бастауы әрі өзегі болған \"Хақ\" есіміңнің ұлы шуағы хашир ақиқаты екеніне иман ете отырып, Сенің әміріңмен Сенің құлдарыңа хақ дәрісін беруде, әрі нағыз ақиқатты үйретуде.
216АСА-И МҰСА О, Раббым! Осылардың дәріс-тәлімдерінің құрметіне бізге және Рисалей-Нұр шәкірттеріне кәміл иман бер және ақырын қайырлы қыла гөр! Бізді олардың шапағатына бөле! әмин!...Һәм Құранның және өзге де барлық Аспани кітаптардың хақ екендігін дәлелдейтін күллі айғақтар мен дәлелдер және соңғы Пайғамбардың, сондай-ақ, барлық пайғамбарлардың елшіліктерін куәландыратын күллі мұғжизалар, бұлтартпас айғақтар түптің-түбінде олардың алға қойған ең маңызды талаптары ақыреттің шындыққа айналуына келіп тіреледі. Сондай-ақ, Уажиб-ул Ужудтың бар және бір екендігіне куәлік ететін көптеген дәлелдер мен айғақтар айналып келгенде Рубубиет пен Улухиеттің ең маңызды негізі, hәм мекені болып табылатын бақыт әлемінің, мәңгілік дүниенің бар екендігін және оның ашылатынын дәлелдей түседі. Себебі, біз сөз еткелі отырған Зат-ы Уажиб-үл Ужудтың (Болмысы шарт, міндетті түрде бар) болмысы және толық сипаттары, көптеген көркем есімдері мен Рубубиет, Улухиет, Рахым, Инаят, Хикмет, Адалет сияқты сипатттары және істері міндетті түрде ақыретсіз болмайтынын, олар сөзсіз бақи дүниені қажет етіп, шүбәсіз түрде жазалау мен сый-сыяпат жері болып табылатын Хашир мен Неширді керек етеді. Әзәли де Әбәди Бір Аллаhтың бар екені қандай рас болса, әлбетте, Улухиет салтанатының өшпес өзегі ақыреттің де бар екені сондай рас. Және бұл әлемде, барлық тіршілік иелері арасында өте айбынды әрі хикметке толы бір Рубубиет бар екені көзге көрініп-ақ тұр. Әлбетте, сол Рубубиеттің айбындылығын күйреуден, хикметін әбестіктен, Мейірімділігін зұлымдықтан сақтайтын, айыратын мәңгі бақыт әлемі бар, соған баратын боламыз.Һәм, мынау көз алдымызда болып жатқан нығмет беру, ихсан, жарылқау, қамқорлық, сыйлық, көмек пен рақымдылық секілді құбылыстар санасы сарқылмаған жандарға бір ғайып пердесінің артында Зат-ы Рахман-ы Рахимның бар екенін көрсетеді. әлбетте, нығмет беру мазақ қылу еместігін; жарылқау алдату еместігін; көмектесу – дұшпандық, рақымдылық – азаптау, сыйға бөлеу – қиянат жасау еместігін; яғни, нығметті – нығмет, жарылқауды – жарылқау ететін о дүниеде соңсыз да бақи өмір болмақ, ақырет әлемі бар.Көктем кезінде көз алдымызда Жер атты алақандай параққа Құдіретті қалам мыңдаған кітапты аралас-құралас, бірақ, бірде-бір қатесіз жазып жатқанына куә болудамыз. Ол әсте шаршамастан, тынбай жазуда. Ол қаламның иесі: \"Мына тар жерде аралас-құралас жазылған Көктем кітабынан әлдеқайда оңай әрі бұдан да кең жерге әсем һәм мәңгі бітпейтін кітап жазамын да сендерге оқытамын!\" – деп
217Иманның сегізіншы айғағыбарлық әмірлерінде сол кітаптан хабар беруде. әлбетте, ол кітаптың негізі жазылып қойылған. тек хашир мен нешир (ыдырап қайта жиналу) арқылы толықтырылып, жалпының амал дәптерлері соған тіркелетін болады.Жер шары қыруар мақұлықтың үйі, сан-алуан тіршілік иелері мен жан-жануарлардың сан құбылған баспанасы, өндіріс орны, жайқалған көрме, бейне бір махшар секілді. Сондықтан жер шары әлемнің жүрегі, өзегі, орталығы һәм нәтижесі, сондай-ақ, ғаламның жаратылуына ұйытқы болғандықтан маңызы зор. Сол үшін өзінің шағын болмысына қарамастан алып аспанмен терезесі тең бірге аталады. Аспани әмір Құранда әрдайым: деп келеді. Сондай-ақ, осы аталған Жер шарының әр тарапына үстемдік еткен, көптеген мақұлықтарға билік жүргізген, тіршілік иелерінің де көпшілігін бағындырып, өзінің айналасына жинатқызған, көптеген жаратылысты қалауына қарай, қажеттілігіне сай реттеп, жайната сәндеп, көркейтіп қойған, әр нәрсені өз орнына орналастырып, оларды әсем безендіріп, тек адамдар мен жын атаулының ғана емес, бүкіл ғалам мен аспан тұрғындарының назарына ілігіп, таңқалдырған, бүкіл ғалам иесінің хош назарын аударып, маңыздылығы мен қадірі артқан, осылайша ғаламның жаратылыс хикметі, зор нәтижесі, құнды жемісі, жер жәhанның халифасы екендігін ілімімен, өнерімен толық дәлелдеген әрі заттық тұрғысынан қарағанда әлемді Жаратушы Аллаhтың мұғжизалы туындыларын кереметтей таныстырып реттегені үшін алатын сыйлығы мол, әйтсе де қасарысып күпірлік еткені үшін дүниеге жіберілген, ал жазасы болса да атқарған игі қызметі үшін кейінге қалдырылып, мұрсат мерзімі ұзартылып табысқа жету мүмкіндігіне ие адамзат бар. әрі табиғаты мен жаратылысы осындай тым әлсіз, бейшара, мүсәпір, өте пақыр, толассыз уайым-қайғыға душар адам баласына, оның күш-қуаты мен ерік-жігерінен тыс мына алып әлемді игілігіне қажетті заттар мен азық-түлікке толы әдемі бір дүкен бейнесінде жаратқан шексіз Құдірет пен мол Хикмет иесі, мейірімді бір Мутасаррыф (Басқарушы) бар. Ол – адам баласын ұдайы қадағалап, азықтандырып, әрқашан қалағанын беріп отырады.иә, осындай Раббымыз, адам баласын керемет жақсы көреді һәм адам баласының да өзін керемет жақсы көргенін қалайды. Ол – бақи әлемдердің hәм мәңгіліктің иесі. Атқарған әрбір ісі әділет пен хикметке толы. Мына фәни қысқа тіршілікке, мына адамзаттың тар дүниесіне, мына баянсыз мекенге Ол Хаким-ы әзәлидің (мәңгі билеп-төстеуші) айбынды Салтанаты мен соңсыз үстем билігі сыймайды. Алайда әлемнің заңына, әділет пен тәртібіне, сұлу жүзіне қайшы келетін небір зұлымдықтар мен бас көтерулер, нығметтің қадірін білмей
218АСА-И МҰСА ысырап қылу, мейірлене қамқорлық еткен әлгі мейірбанға қарсы тоңмойындық жасау, қасарысу, күпірлік атаулы түрлі жамандықтар адамзат әлемінде жиі болып жатады. Қанішер, залымдар бұл дүниеде жазаланбай рахат өмірін сүріп, бейшара жәбірленушілер болса машақат көріп, дүниеден озып жатады. демек, қанішер залымдар мен үмітсіз бейшаралардың өлгеннен соң тең дәрежеде, айырмасыз қабірде жата беруі мына ғаламда байқалатын әлгі зор әділдікке мүлдем керағар. Ол ондай бассыздыққа әсте рұқсат бермейді.Барша ғаламның иесі, бүкіл ғаламнан әуелі жер жаhанды таңдап, одан соң адамзатты қалап, оған өте маңызды міндет, зор мән берген. Сондай-ақ, адам баласының ішінен Рубубиетінің мақсаттарына сәйкес өздерін иман және тәслім арқылы сүйсіндірген, нағыз адамгершілік қасиеттерге ие пайғамбарларды, әулиелер мен асфияларды таңдап, өзіне дос әрі әңгімелесуші етіп, оларды мұғжизалармен, таупықтармен жарылқап, ал дұшпандарын аспани тоқпақтармен жазалап отырған.Осынау қадірлі де, сүйікті достарының ішінен, олардың имамы, мақтанышы, ардақты Мұхаммед Ғалейhиссалату Уәссаламды таңдап, жер әлемнің құнды бөлігін, адамзаттың маңызды бестен бір бөлігін ұзақ ғасырлар бойы оның шуағымен нұрға бөледі. Бейне бір әлем Сол үшін жаратылғандай, барлық мақсаттары Онымен, Оның дінімен, Құранымен сабақтасып жатыр. Аса қадірлі әрі миллиондаған жылдарға жалғаса беретін зор еңбегінің қызмет ақысын толассыз мәңгі-бақи түрде алуға лайық бола тұра, Ол ауыр күндерді бастан өткеріп, машақатты күрестерге толы, небәрі алпыс үш жыл ғана өмір сүрді. Ендеше, Ол кісінің барлық дос-жарандарымен бірге қайта тірілмеуі әсте мүмкін бе? Жоқ, мүмкін емес! тіпті, қазірдің өзінде тірі болмауы, мәңгілікке жойылуы мүмкін емес? Астағфируллаh! Құдай сақтасын! Олай болуы әсте мүмкін емес!иә, бүкіл ғалам және әлемдегі ақиқаттар, ғалам иесінен оның тірілуін сұрап, мәңгі өмір сүруін өтінеді!…Сондай-ақ, осы бір еш өзгермес ақиқаттар жайында \"Жетінші шуақ\", \"Аят-үл Күбра\" деп аталатын еңбегімізде, әрқайсысы заңғар таудай отыз үш айғақ келтірілген болатын. Бүкіл ғалам бір қолдан шыққан, біреудің мүлкі. Ол, иләhи кәмілдіктің негізі саналатын Уахдет пен әхадиетті ап-айқын түрде көрсетеді. Он сегіз мың ғалам Уахдет пен әхадиет сырымен Зат-ы Уахидтің (Біреу, Жалғыз) айтқанын орындайтын әскерлері, оған бас иген қызметшілері секілді бейнеде көрінеді. Ақыреттің орнауы арқылы Жаратқанның кемелдігі – кемуден, ұлықтығы – құлдыраудан арашаланып және айқын әділдігі – қатігез зұлымдыққа, толық хикметі – құр әбестікке, ерекше мейірімі – мазақ етіп, азап беруге, абыройлы
219Иманның сегізіншы айғағықұдіреті – бейшара мүсәпірлікке айналудан аман қалып, өзіне лайық жоғары мәртебеге ие болады. әлбетте, Аллаhқа иманның жүздеген тұжырымымен һәм жоғарыда айтылған ақиқаттардың талабына сай қиямет қайым болмақ, хашир мен нешир, жазаға тарту мен сыйға бөлеу орны ашылады. Сөйтіп, әлемнің аталған маңыздылығы, өзектілігі, сондай-ақ, адамзаттың мән-мағынасы, құндылығы анықталады. Жер мен адамның жаратушысы Халиқ, Рабб-ы Мутасаррыф-ы Хакимнің (өте дана басқарушы Рабб) жоғарыда аталған әділдігі, хикметі, рақымы, билігі толық орнайды. Бақи Аллаhтың аталған шынайы да адал достары, оған ынтық болғандар мәңгі жоқ болудан құтылады. Және достарының ең ұлысы, hәм ардақтысы, бүкіл ғаламды риза қылған жан, өзінің баға жетпес зор қызметінің ақысын алып, сый-сыяпатқа бөленеді. Осылайша, Сұлтан-ы Сәрмәдидің (мәңгі бақи сұлтан, Аллаһ) кемелдігі нұқсандықтан, құдіреті әлсіздіктен, хикметі әбестіктен, әділдігі зұлымдықтан тазарып, иләһи мерейі үстем болмақ. Сонымен Аллаhтың бар екені қаншалықты рас болса, әлбетте, ақыреттің болары да дәл сондай анық.Айтылып кеткен иманның үш шарты, өздерінің бұлтартпас дәлелдерімен хаширге қалай шәhадат етсе, дәл солай: деген иманның екі шарты да хаширды талап етіп, бақи әлемнің бар екеніне төмендегідей қуатты түрде куәлік келтіріп дәлелдейді.Иә, Періштелердің болмысы мен олардың құлдық ұратынын дәлелдейтін барлық айғақтар, алуан-алуан оқиғалар мен әңгімелер қисынды түрде рухтар әлемінің бар екендігін, сондай-ақ, ғайып әлемі, мәңгілік әлемі, Ақырет әлемі, келешекте жын, адам атаулы мақұлықтармен толығатын бақыт сарайы, Жәннат пен Жәhаннам сияқты әлемдердің бар һәм рас екенін дәлелдей түседі. Өйткені, періштелер сол әлемді Аллаhтың рұқсатымен көре алады. Хазіреті Жәбрәйіл (а.с.) сынды адамдармен жүздескен муқаррабин Періштелер ол әлемдердің бар екендігін, өздерінің де сол әлемдерді еркін аралап кезгендерін өте сенімді де қуатты түрде хабарлайды. Көзімізбен нақты көрмеген Америка дейтін құрлықтың бар екенін сол жақтан келген адамдар арқылы нақты білгеніміз сияқты, анық та күмәнсіз түрде періштелер жеткізген ақпараттар арқылы бақи әлемінің, ақырет дүниесінің, Жәннат пен Жәhаннамның бар екеніне шынайы иман келтіруіміз керек. Әрине, солай иман етеміз!\"Жиырма алтыншы Сөз\" деп аталған \"Тағдыр рисалесінде\" баяндалған тағдырға иман шартын дәлелдейтін барлық айғақтар, айналып келгенде осы Хашир мен Нешр-і Сухуфқа (әркімнің амал дәптері алдына жайып салынуы) және Ұлы таразыға амалдардың тартылатынына дәлел болады. Өйткені,
220АСА-И МҰСА әрбір жаратылыстың жеке-жеке тағдырын көз алдымызда тәртіппен, жүйелі түрде өзіндік таспалары секілді тұқымдарына және әрбір тіршілік иелерінің өмірбаяндарын жадында сақтатуы, сондай-ақ, өзге де сол тектес таспаларға тіркеу және әрбір рух иелерінің, әсіресе, адам баласының амал дәптерлерін жазып, белгілеп қоюы, әлбетте, өте үлкен, күрделі сырды аңғартады. Себебі, ондай ауқымды тіркеу, хикметті жазу, мұқият тізім, сақтаулы жазба, тек қана Ұлы сот кезінде жалпыға ортақ сараптаудың нәтижесінде мәңгі жаза немесе бақи сый-сыяпат үшін ғана жасалады. Демек, айтылған тіркеу, сақтау жұмыстары сол үшін. Әйтпесе, әлгі тіркеп, сақтаудың ешқандай мағынасы болмай, әрі түкке пайдасыз һәм Хикмет пен Ақиқатқа кереғар іс болар еді.Хашир болмаса, Тағдыр қаламымен жазылған мына \"Әлем\" атты алып кітаптың барлық хақ мағыналары жойылып, мәнісінен айырылады. Ал, бұлай болуы әсте мүмкін емес. Бұл ықтимал, яғни, солай ойлау әлемнің болмысын жоққа шығару сияқты мүмкін емес, қисынсыз ой.Қорыта келе, Иманның бес шарты өзінің барлық дәлелдерімен хашир мен неширдің болатынына, сондай-ақ, о дүниенің бар екеніне, сот ашылатынына дәлел болып, шәhәдет етеді. Тіпті, талап етеді.Міне, Хашир ақиқатының ұлықтығына сай осындай терең де бұлтартпас айғақтар мен дәлелдер көптеп кездеседі. Сондықтан, қасиетті Құран-ы Кәримнің шамамен үштен бірі хашир және ақырет туралы болып келеді. Оны барлық ақиқаттарына іргетас, негіз қылып, әр нәрсені соған тірейді.(Кіріспе аяқталды.)Бастапқы аяттың мұғжизалық ишараларынан хаширге байланысты тоғыз дәлелдің тоғыз мақамынан \"Бірінші мақам\".Осы аяттарда көрсетілген хашир хабарының айғақтары мен дәлелдері, Құдай қаласа, баяндалып, түсіндірілмек.
иМАННың ОНыНшы АйҒАҒыЖиыРМАСыНшы МЕКтУБ[Осы тәухид сөйлемі таңғы және ақшам намазынан кейiн қайта-қайта оқылса өте сауапты. әрі нақты хабарларға сүйенсек ішінде исм-і Ағзам, яғни, Аллаһу тағаланың ең ұлы есiмi бар екен. Бұл тәухид сөйлемі он бір кәлимадан (сөзден) тұрады. әр кәлимасында сүйінші мен қуаныш, hәм Рубубиеттің тәухид мәртебесі, hәм исм-і Ағзам тұрғысынан Уахдет пен Уахданиеттің ұлылығы мен көркемдігі көрiнедi. Осы терең әрі ұлы ақиқаттың түсiніктемесi басқа \"Сөздерде\" баяндалғандықтан бір кезде берілген уәдеге орай әзірше мұның мазмұнын қысқаша \"Екі бөлім\" және бір \"Кіріспе\" арқылы баяндаймыз].КіРіСПЕНақты білген жөн; жаратылыстың басты мақсаты және болмыс атаулының ұлы нәтижесі \"иман-ы Биллаh\", яғни, Аллаhқа иман. Адамгершiлiктiң ең жоғарғы мәртебесі, соңғы сатысы – \"иман-ы Биллаh\" ішіндегі \"Мағрифәтуллаh\", яғни, Аллаhты тану. Жын мен адам баласының нағыз бақыты мен тәттi нығметi сол Мағрифәтуллаh ішіндегі \"Мухаббәтуллаh\", яғни, Аллаhқа деген махаббат болмақ. Және адам рухына шексіз қуаныш сыйлайтын, көңілін жадырататын сол Мухабәтуллаһтың ішіндегі рухани ләззат блып табылады.иә, шынайы шаттық пен зор қуаныш, нағыз бақыт, кіршіксіз ләззат, сөзсіз Мағрифәтуллаhта және Мухаббәтуллаhта. Олар онсыз бола
222АСА-И МҰСА алмайды. Хақ тағаланы таныған әрі оны жақсы көрген адам іс жүзінде яки іштей рухани мол бақытқа, нығметке, сырға, нұрға бөленеді. Оны нақты танымаған, сүймеген адамның жаны мен тәні шексіз үрей мен қайғыға душар болып, мұңлы күй кешеді. иә, мына аласапыран дүнияда, қу тiршiлiк, өмірде, сеңдей соқтыққан адамзат қоғамында Жаратқан иесін танымай, қамқоршысын білмей, иесiз күй кешкен бейшара адам, дүнияны билеген сұлтан болса да не пайда? Оның қаншалықты бейшара әрі абыржулы күй кешетiнi түсiнiктi болар. Ал, иесін тауып, оны таныса, оның мейірімділігіне сенiп, құдіретіне арқа сүйейді. Сонда мына үрейлi дүния серуен мен сауда-саттық орнына айналады.БіРіНші БөліМОсы бір тәухид сөйлемінің әрбір кәлимасы қуанышты хабарға толы. Әрбір хабарында шипа, әрбір шипасында рухани ләззат бар. Бірінші кәлима: Мұның әкелген қуанышты хабары мынау: Мұң-мұқтажы басынан асатын әрі сансыз дұшпанның қыспағында қалған адам жанына бұл кәлимәның беретін медеті сондай, оған бүкіл мұқтаждықтарын қамтамасыз етіп, мейірімділік қазынасының есігін ашатын, сондай-ақ, оған демеу болып, сансыз дұшпанның қыспағынан құтқаратын асқан құдірет иесі, өзінің Мағбудын әрі Жаратушысын білдіріп таныстырады, иесін көрсетіп Мәлікі кім екенін аңғартады. Сол арқылы жүректі үрейден, рухты уайым-қайғыдан тазартып, мәңгілік шаттықпен әрдайым қуанышқа бөлейді.Екінші кәлима: Бұл кәлимада мынадай жанға шипа әрі қуанышты хабар бар. Бүкіл әлемнің сан-алуан түрлерімен кіндіктесіп, байланысып жатуы себепті жабырқап, аласапыраннан күйзеліске түскен адамзаттың рухы мен жаны кәлимасынан демеу табады. Оны түңілуден, аласапыраннан құтқарады. яғни,мынаны меңзейді: \"Аллаh біреу. Басқа нәрселерге тіленіп шар-шама, оларға жалбарынып қарыздар болма, оларға жалтақтап басыңды име, олардың ізіне түсіп әуре болма, олардан қорқып үрейленбе... өйткені, бүкіл әлемнің сұлтаны біреу. Барлық нәрсенің кілті де, тізгіні де оның қолында. Бәрі оның әмірімен болады. Оны тапсаң бүкiл арманың орындалып, әрнәрсеге қарыздар болудан құтылып, қорқынышты үрейлерден арыласың\".
223Иманның оныншы айғағыҮшінші кәлима:Яғни, қалайша Оның Улухиеті мен үстемдігінде серігі жоқ, Аллаh біреу, бірнеше болуы әсте мүмкін емес. Дәл сол сияқты Рубубиетінде, жаратуында, ісінде де серігі жоқ.Кейде, сұлтан біреу болады билік үстемдігінде серігі болмайды, бiрақ, басқармасында оның қызметшілері мен серіктері ортақтасып, қабылдау кезінде сұлтанның құзырына әркiмдi кіргізбейдi. \"Өтінішің болса бізге айт\" деп, кедергi болады.Бірақ, соңы мен бастауы жоқ, мәңгіліктің сұлтаны – Аллаhу Тағала, билігінде серік ұстамайтыны мәлім, сол сияқты Рубубиетінде де жәрдемшілерге, серіктерге мұқтаж емес. Оның әмiрі мен басқаруынсыз, құдірет-күшінен тыс ешкім де, ешнәрсеге араласа алмайды, ешнәрсе iстей алмайды. Әркім оған өтінішін тікелей айта алады. Серігі, көмекшісі болмағандықтан өтініш иесіне \"болмайды, қабылдап жатқан жоқ\" деп, ешкім кедергі жасай алмайды.Міне, осы кәлиманың адамзат рухына әкелген сүйінішті хабарын тыңдайық: Нағыз иманға қолы жеткен адамзат рухы, қандай жағдайда болсын кедергісіз, емін-еркін, әртүрлі өтінішін, мұң-мұқтажын әрқашан, кез келген жерде мәңгілік иесі, мейірімділік қазынасының Мәлікі, мол бақыт иесі Жәмил-і Зүлджәләл, Қадир-ы Зүлкәмалға айта алады. Оның мейіріміне бөленіп, құдіретіне арқа сүйеп, көңілі жадырап қуанышқа кенеледі. төртінші кәлима: яғни, мүлiк атаулы – Оныкi. Сен де оның мүлкісің, hәм мәмлүгісің, hәм мүлкінде жұмыс істейсің. Бұл сөздiң шипалы да қуанышты хабары: \"Ей, адамзат! Сен өзіме-өзім қожайынмын деме. Себебі сен өзіңді алып жүре алмайсың, ол жүк өте ауыр. өз бетіңмен қорғана алмайсың. Пәлекеттерден сақтанып, өзiңдi қажеттіліктермен қамтамасыз ете алмайсың. Олай болса, құр босқа күйзеліп, өзіңді азаптама, мүлік басқанiкi. Мүліктің иесі Мәлік hәм Қадир, hәм Рахим. Оның құдіретіне сен, мейірімділігін айыптама. Жаныңның қамын ойла, мұңайма, еңсеңді көтер!Оған қоса былай дейді: Ынтығып әрі қайғысын жұтып, түзету болса қолыңнан келмейтін мына дүние Қадиры- Рахимнің мүлкі. Мүлікті иесіне тәсілім ет, оған тапсыр да жапасын шегудің орнына рахатын көр! Ол Хаким, hәм Рахим. Мүлкінде не істесе де өз еркі. Әлденеден үрейленген сәтте Ибраhим Хаққының дегеніндей былай де: «Құдайдың жазғанын көрейік. Ол не жазса да жақсы болады деп сенейік». Алыстан қара, араласпа! Терезеден тамашала, ішіне кірме!
224АСА-И МҰСА Бесінші кәлима: яғни, мадақтау мен дәріптеу, марапаттау мен шүкiр тек оған лайық. демек, нығметтер оның қазынасынан келіп жатыр. Қазынасы сарқылмас.Міне, бұл кәлима былайша сүйінішті хабар береді: Ей, адам! ырысым таусылды, нығмет бiттi деп уайымдама! өйткені, мейірімділік қазынасы сарқылмайды. ләззат аяқталды деп қайғырма. Себебі, олар соңсыз мейірімділік қазынасынан келіп жатыр. Ағашы аман болса жемісі таусылса да оқасы жоқ, қайтадан жеміс береді емес пе? Берілген нығметтердің ләззатынан мың есе тәтті Иләһи мейірімнің ілтипатын, оның арнайы сыйы екенін шүкір ете ойлап бiр ләззатты жүз есе арттыруға болады. Мәселен, аты әлемге әйгілі патша ағзам саған алма сыйласа, ол алманың ләззаты басқа алмалардан жүз, бәлкім мың есе тәтті болады. Өйткені, ол алма саған деген патшаның сый-ілтипатының белгісі. Сол сияқты кәлимасы арқылы, яғни, мадақтау мен шүкір ету арқылы яғни, нығметке қарап оның берілгенін, жарылқау екенін сезiну арқылы яғни, Мүним Аллаһты яғни, нығмет берушiні ойлау арқылы, яғни, оның рақымын, ілтипатын, әрi жарылқауы тағы да жалғасатынын ойлау арқылы берілген нығметті мың есе тәттi рухани ләззатқа айналдыруға болады.Алтыншы кәлима:яғни, өмірді берген – Ол. Азықпен қамтамасыз ететін де – Сол. өмірді жалғастырып, қажеттіліктерін беретін де – Сол. өмір сүрудегi басты мақсаттар Оған тиесілі, әрі маңызды нәтижелер Оның қолында, пайданың жүзде тоқсан тоғызы – Оныкі. Міне, бұл кәлима фәни, бейшара адамзатты былай деп сүйсіндіреді:\"Ей, адам! өмірдің ауыр жүгін бүгілген беліңе артып әуре болма. өмірдің қиыншылықтарын ойлап, түңілме. тек дүниеуи, түкке тұрғысыз пайдаларына қарап, өмiрге келгеніңе өкінбе. Сенің кемеге ұқсас болмысыңның тұрмыс тiршiлiгi Хаий-ы Қаюмның қолында. шығындарын өзі өтеп, қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. өмірдің шексiз мақсаттары мен нәтижелері оған тиесілі. Сен болсаң, ол кемегенің бағытына жауапты жауынгерсің. Міндетіңді адал атқар да ақысын ал, алаңдама, көңіліңді еңсеңді көтер! \"өмір\" дейтін кеменің қаншалықты қымбат, мол табыс көзі екенін әрі ол кеменің иесі қаншалықты Кәрім (Жомарт), Рахим (Аса мейрімді) екенін ойла, қуан, шүкір ет. әрі білген жөн! Міндетіңді адал атқарсаң әлгі кемеден түскен күллі пайда мен нәтиже, бір жағынан сенің есебіңе яғни, амал дәптеріңе жазылады. Саған бақи өмір ұтқызып, мәңгі жасатады.
225Иманның оныншы айғағыЖетінші кәлима: яғни, өлімді берген – Ол. яғни, өмірдегі атқарар міндеттен демалысқа шығарады. Фәни дүниеден көшіредi. Машақаты көп қызметтен азат етiп, фәни өмірден бақи өмірге апарады.Міне, бұл кәлима, фәни адамзат пен жын атаулыға былай дейді:\"Сендерге сүйінші! өлім – жоқ болу емес, жойылу емес, тым жағымсыз нәрсе емес, өшу емес, сөну емес, келмеске кету емес, кездейсоқ емес, босқа жоғалу емес... Ол деген, Файл-ы Хаким-ы Рахим тарапынан демалысқа шығару, қоныс аудару, мәңгі бақыт әлемі, нағыз отанға, атамекенге оралу, жақын әрi сүйікті жандардың жүзде тоқсан тоғызы жиналған Берзах әлеміне апаратын қауышу сәтi.Сегізінші кәлима: яғни, бүкіл әлемдегі еріксіз көзтартатын сұлулықтар, әсемдіктер, игіліктерден де асқан сұлу, әсем әрі игілік иесі және барлық сүйіктілер оның қасында құнсыз қалатын, Оның сұлулығының бір ғана көлеңкесі әлемге жетіп артылатын Мағбуд-ы Ләмязәл, Махбуб-ы Ләязәл мәңгi тiрi, оның бастауы мен соңы жоқ. Ол сондай тiрi, аяқталу дегенді білмейді, біту мен өшуден ада, ақаулық пен нұқсандықтан таза, кемшілік атымен жоқ.Міне, мына кәлима жын атаулыға, адамзатқа және барлық саналы жандарға әрi оған махаббат қылып ғашық болған ариф-әулиелерге мынаны хабарлайды:\"Сүйінші! Сүйікті жаннан көз жазып, қоштасудан пайда болған сансыз жараларды емдеп тәуір қылатын Махбуб-ы Бақиыңыз бар. Демек, Ол бар, әрі мәңгі. Олай болса, басқаларға не болды деп қам жемеңдер. Сүйіктiлердiң бойындағы сұлулық, әсемдік, мейірбандық пен қамқорлық сияқты қасиеттер, әлгі Махбуб-ы Бақидың мәңгілік жамалынан тараған әсемдiктердің қабат-қабат пердеден өтіп келген сәулесінің өте көмескі іздерінің нышандары. Олардың көзден таса болуы көңілге кірбің түсірмесін. Себебі, олар айна тәрізді. Айналардың өзгеруі қалайша сұлудың әсем көріністерін жаңартып, бұрынғыдан бетер әдемі көрінiстерге себеп болады, сол сияқты. Демек, Ол болса бәрі де болады.тоғызыншы кәлима: яғни, бүкiл жақсылық оның қолында. Жасалған әрбір жақсылық Оның дәптеріне жазылады. Атқарылған әрбір игі іс жадында сақтаулы. Міне, бұл кәлима жындар мен адамзатты өзіне қаратып, қуанышты хабарын былай жеткізеді: Ей, бейшаралар! Қабірге тура көшкенде, \"қап, әттеген-ай! Мал-жанымыз таланып, еңбегіміз еш болды. Мына жарық, кең дүниеден кетiп қараңғы, тар қабірге кірдік-ау\" деп, жылап-сықтап қайғырмаңдар. өйткені, сендердің бүкiл нәрселерің сақтаулы, атқарған істерің жазулы, жасаған қызметтерің тіркеулі. Еңбектеріңнің ақысын
226АСА-И МҰСА беретін және жақсылық атаулы қолында, қандай игілік болсын қолынан келетін Зат-ы Зүлджәмал, сендерді өзіне тартып, жер астына уақытша қояды да, сосын құзырына алдырады. Неткен бақытты жан едіңдер. өйткені, сендер қызмет пен міндеттеріңді атқарып болдыңдар. Қиын күндер артта қалды, енді рахатқа батуға, мейірімге бөленуге бара жатырсыңдар. Қызмет, машақат дегендер осымен бітті. Енді сол еңбек ақыларыңды алуға барасыңдар.Иә, өткен көктемнің амал дәптерінің парақтары мен атқарған қызметтерінің сандықшасы тәріздес дән, тұқымдарды сақтап отырған... келесі көктемде тым керемет, тіпті, бұрынғысынан жүз есе берекелі түрде сақтап, қайта өсiрiп отырған Қадир-ы Зүлджәләл, әлбетте, сендердің өмірдегі нәтижелерiңдi сақтап, қызметтеріңе қарай мол сыйлық береді. Оныншы кәлима: Ол – Уахид әрi Әхад, яғни, барлық нәрсеге құдіреті жетеді. Оған ауыр тиер нәрсе жоқ. Көктемді жарату Оған гүлді жаратумен бірдей. Жәннатты жарату көктемді жарату сияқты оп-оңай. Күн сайын, жыл сайын, ғасыр сайын жаңадан жаратылған шексiз таңғажайып нәрселер Оның аса құдіретті екеніне сансыз тілмен куәгерлік етеді. Міне, бұл кәлима, сүйіншісін былай хабарлайды:Ей, адам! Атқарған қызметің, жасаған құлдығың босқа кеткен жоқ. Оларды сараптайтын есептеу орны және бақыт сарайы сен үшін әзірленіп қойылған. Сенің мына фәни дүниеңнің орнын мәңгі Жәннат тосып тұр. өзің құлшылық етіп, таныған Халиқ-ы Зүлжәләлдың уәдесіне сенім арт. Оның уәдеден таюы әсте мүмкін емес. Құдіретінің ешбір жағында нұқсандық жоқ. істеген ісінде ешбір әлсіздік сезілмейді. Сенің аулаңдағы шағын бақшаны жаратқаны сияқты, Жәннатты да саған арнап жарата алады және жаратқан әрі уәде берген. Уәде берген болса, әлбетте, уәдесін орындайды.Сондай-ақ, жыл сайын жер бетіндегі жануарлар мен өсімдіктердің үш жүз мыңнан астам түрін өте жүйелі әрі жылдам түрде оп-оңай, тым нәзік әрі күрделі түрде өлтіріп, қайта тірілтіп отырғанын көзімізбен көріп отырмыз. Әлбетте, мұндай Қадир-ы Зүлжәләл, өзінің уәдесін орындауға әбден шамасы жетеді.Сондай-ақ, әлгі Қадир-ы Мутлақ, жыл сайын хашир мен Жәннаттың үлгiлерін сан алуан түрде көрсетіп отыр. Һәм, көктен келген бүкiл әмірлерімен мәңгі бақытқа бөлейтініне уәде беріп, Жәннатты сыйға тартуда. Һәм, оның атқарған барлық жұмыстары мен істері өте дұрыс әрі ақиқат, сенімді әрі маңызды. Һәм жаратқан жаратылысына қарап олардағы әсемдіктерден Өзiнің де шексіз әсем, ешбір нұқсандығы жоқ екенiн бiлуге болады. Ал, берілген уәдені орындамау, өтірік алдау болса өте жағымсыз әрi нашар сипат әрі үлкен кемшілік болып табылады. О, иманды халайық!
227Иманның оныншы айғағыәлбетте, әлгі Қадир-ы Зүлжәләл, Хаким-ы Зүлкәмал, Рахим-ы Зүлжәмал берген уәдесін бұлжытпай орындап, мәңгі бақыт есігін айқара ашып, сендерді Адам аталарыңның отаны – атамекенге, Жәннатқа қоятын болады.Он бірінші кәлима: яғни, адам баласы мына сынақ алаңы болып табылатын дүниеге сауда жасауға және қызмет етуге жіберілген. Олар саудасын жасап, қызметiн бітіріп, мiндетін аяқтаған соң, өздерiн жіберген Халиқ-ы Зүлджәлалына қайтып оралады. Сөйтіп, Мәулә-и Кәрімдеріне қауышады. Яғни, мына фәниден көшіп, мәңгі әлем – Аллаhтың құзырына шығу абыройына бөленеді. Яғни, себептердің аласапыран кедергiсiнен әрі қараңғы пердесiнен құтылып, мәңгілік салтанат сарайларында Рабб-ы Рахимдеріне пердесіз, кедергісіз қауышатын болады. Ол жақта әркім тікелей өзінің Халиқы, Мағбуды, Раббы, Сәйіді және Мәлікі кім екенін біліп, адаспай табатын болады. Міне, бұл кәлима барлық сүйіншілерден де тамаша хабарын былай деп жеткізеді:Ей, адам! Қайда бара жатқаныңды білесің бе? Қайда апара жатыр, ойландың ба? \"Отыз екінші сөздің\" соңында баяндалғанындай: \"Бір сағаттық өмірі дүниенің мың жылдық шат-шадыман өмірiнен артық Жәннатқа, ал бір сағат Аллаhтың жәмалын, яғни, әсемдігін тамашалау, Жәннаттың мың жылдық рахат өмiрiн ұмыттырып жiберетiн әлемге барасың. Осындай бір Жәмил-і Зүлжәләлдың мейірімге толы аяулы құзырына барасың. Өліп-өшіп құмартқан, ғашық болып ынтыққан фәни, уақытша нәрселердегi сұлулықтар, сондай-ақ, айналамыздағы тамаша әсемдіктер, Аллаhтың жәмалының көрінісі, яғни, Оның әсем есімдерінің шуағының жәй ұшқындары ғана. Жәннат – өзінің бүкiл кереметтігімен Оның рақымдылығының көркем сәуле шуақтары екен. Және барлық құштарлық, махаббат, сұлулық пен көрік, Оған деген махаббаттың ұшқындары ғана. Міне, осындай бір Мағбуд-ы Ләмязәлдің, Махбуб-ы Ләязәлдің құзырына бара жатырсың. Оның мәңгі бітпейтін дастарханына, Жәннатына шақырылып отырсың. Олай болса, қабірге кірерде жыламсырап емес, күлімсіреп кір! Бұл кәлима сүйіншісінде тағы да былай дейді:Ей, адам! \"Жойылуға, құрып кетуге, қараңғыға көміліп, көрінбей қалуға, шіріп, ыдырап кетуге, себептерге жем болуға кетіп барамын\" деп қайғырма! Сен құрып кетуге емес, мәңгілікке бара жатырсың. Жойылуға емес, мәңгі жасауға, қараңғыға емес, нұр әлеміне, Сахип әрі Мәлікі-і Хақиқидiң құзырына кетіп барасың. Сұлтан-ы әзелидің орталығына ораласың. Көрінгенге жем болуға емес, дара біреудің алдына және тынығуға барасың. демек, бұл қоштасу емес, қауышу, айырылысу емес, кездесу. * * *
иМАННыңОН БіРіНші АйҒАҒы(ЖиыРМА ЕКіНші СөЗдің БіРіНші БөліМі)Бірде екі адам бір әуізде шомылып, есінен танатындай керемет әсер алыпты. Бірауық естерін жиып қараса, ғажап бір әлемге әкелініпті. Әлем болғанда қандай, өте тәртіпті де керемет жүйелі. Оның тәртіп пен жүйелігі сондай, оны бір мемлекет, бәлкім бір шаhар, тіпті, бір зәулім сарай дерсің.Екеуі айналаны таңғала тамашалап, қызыққа батты. Бір жағынан үлкен бір әлем, екінші жағынан тәртіпті бір мемлекет, тағы бір жағынан сәулетті бір шаhар, енді басқа бір қырынан қарағанда алып әлемді қамтып жатқан бір зәулім сарай секілді.Екеуі осы бір таңғажайып әлемді серуендеп, тамашалады. Қараса, өздерінше сөйлесетін кейбір мақұлықтар бар. Бірақ, олардың тілі бұларға түсініксіз. Әйтсе де, олар маңызды міндет, жауапкершілігі мол қызмет атқарып жүргендері іс-қимылдарынан, ишараларынан байқалып-ақ тұр.Әлгі екеудің бірі, қасындағы жолдасына: \"Мына ғажап әлемнің, әлбетте, бір басқарушысы, мұндай тәртіпті мемлекеттің бір патшасы, мынау әсем шаhардың бір әкімі, мынадай сәулетті сарайдың өнерлі бір шебері болуы тиіс. Біз қайткенде де оны тауып, танып алайық, соған қам жасайық. Өйткені, бізді осында әкелген сол екені түсінікті болды. Егер оны танымай, бейқам жүре берсек бізге кім көмектеседі. Тілдері түсініксіз, өздері бізді тыңдамайтын мына әлсіз мақұлықтардан не қайыр. Мына алып әлемді бір мемлекет тәрізді, тіпті, бір шаhар, бір сарай секілді жасаған, бастан соңына шейін керемет нәрселермен, сан-алуан әшекейлермен безендірген және ғибрат толы мұғжизалармен жайнатып, құлпыртып қойған әлгі Қожайын, әлбетте, бізден және осында келушілерден бір талап-тілегі бар. Біз оны тануға және бізден не қалайды, талабы не, соны білуіміз керек,\" – деді.
229Иманның он бірінші айғағыОған анау қырсығып: \"Жоқ, иланбаймын! Сен айтқандай Біреудің бар болуы, мына әлемді жалғыз өзі басқарып тұруы мүмкін емес, мен оған сенбеймін\" – деді.досы оған: \"Оны танымай, бейқам жүре берсек еш пайдасы жоқ, ал зияны болса өте көп. Егер оны тануға тырыссақ, еш қиындығы жоқ. Пайдасы болса шаш етектен. Енді бізге немқұрайлы болу ақылдының ісі емес\".әлгі серігі: \"Маған тиіспе! Мен мұндай нәрселерді ойланбасам әлдеқайда жаным тыныш, көңілім рахат. Әрі мұндай ақылыма сыймайтын нәрселермен шұғылданғым келмейді. Бұлардың бәрі кездейсоқ, мәні жоқ оқиғалар, өздігінен болып-бітіп жатыр. Маған еш қатысы жоқ!\" – деді.Ақылды досы оған: \"Сен бұлай қырсыға берсең, мені де басқаны да бәлеге ұшырататыныңды білесің бе? Кейде бір әдепсіздің кесірінен бір ел зардап шегеді,\" – деді.әлгі қыңыр былай деді: \"Сен маған мына алып мемлекеттің бір ғана Иесі, жалғыз Патшасы бар екенін анық түрде дәлелдеп бер! Әйтпесе, менде шаруаң болмасын!\"Жауап ретінде досы оған: \"Қырсықтық сені ақылдан адастырған екен. Бұл мінезің бізге, тіпті, мемлекетімізге қауіп төндіреді. Ендеше мен саған он екі айғақ, бұлтартпас дәлел келтіріп, мына зәулім сарайдай әлемнің, бір шаhар секілді мына мемлекеттің бір ғана жаратушы Иесі бар екенін және Ол жалғыз өзі басқарып тұрғанын, Оның ешбір серігі, сипатында ешқандай кемшілігі жоқ кәміл екенін, өзі көзге көрінбейтінін, бірақ, ол бізді және барлық нәрсені көріп, сөздерімізді еститінін, барлық істері мұғжиза, таңғажайып және мына көз алдымыздағы тілі түсініксіз мақұлықтар Оның қызметшілері екенін дәйекті түрде баяндап берейін\".БіРіНші АйҒАҚКел, айналаға қарашы! Барлығына назарыңды сал! Бүкіл істер жасырын бір құдіретті қолдың жұмысы. Өйткені, бойында титтей де күші жоқ, тырнақтай бір зат (Сілтеме )16 өте ауыр жүк көтеріп тұрады. Мүлдем ақылы жоқ нәрселер (Сілтеме )17 өздерінің жанындағы ағаштарға жабысып, шырмала өседі. Сөйтіп, хикмет толы істер атқаруда. Демек, бұлар өздігінен өсіп жатқан жоқ. Оларды өсіріп отырған жасырын бір құдірет Иесі бар. Егер өздігінен болса, мына жаратылыстың барлығы жаппай дерлік мұғжиза жасаушы, тегіс таңғалдырушы, керемет құдірет иесі болуы керек. Ал, олай болуы әсте мүмкін емес. Ол барып тұрған сандырақ.Сілтеме15: Ағаштарды төбесінде көтеріп тұратын дәнектерге ишара.Сілтеме :16 Өздігінен өспейтін, кейін жемістерінің салмағына шыдай алмай, майысып кететінін білгендей әрекет ететін жүзім және басқа да жеміс-жидек, өсімдіктерге ишара.
230АСА-И МҰСА ЕКіНші АйҒАҚКел, мына сайларды, кең даланы құлпыртып тұрған нәрселерге назар салайық! Әрқайсында әлгі жасырын Шеберден хабар беретін белгі, нышандар бар. Олар, бейне бір өзіндік мөр, жеке таңба секілді. Әрбірі әлгі Жаратушыны меңзейді.Міне, сенбесең қара! Көз алдыңда кіп-кішкене мақтадан не жасады десеңші! (Сілтеме )18 Қарашы, ішінен қаншама орам шұға, бәтес және гүлді маталар шықты десеңші! Одан қаншама шекердей тәтті тағамдар мен дөңгелек балдай котлеттер жасалуда. Біз секілді мыңдаған адам жесе де кисе де таусылар емес. Міне қызық! Әлгі Шебер, өзінің көзге көрінбейтін құдірет қолына темір, топырақ, су, көмір, бақыр, күміс пен алтынды алды да олардан кәдуілгі ет жасады. (Сілтеме )19 Қара, көр! Міне, ей ақылсыз адам! Бұл істердің барлығын әлемдегі бүкіл болмысты тұтас өзінің күш-құдіретімен, таңғажайып мұғжизалы түрде басқарып тұрған біреу ғана істей алады. Демек, Ол – болмыс атаулыға не әмір етсе, сол болады.ҮшіНші АйҒАҚКел, мына бір орында тұрмайтын жылжымалы ғажайып өнер туындыларына қарашы! (Сілтеме ) 20 Керемет жаратылғаны сондай, әрқайсысы бейне бір мына үлкен де зәулім сарайдың шағын үлгі-нұсқалары тәрізді. Мына зәулім сарайда не болса әлгі кішкене жылжымалы мәшинелерде сол бар. Ақылыңа салшы! Мына сарайды жасаушы Шебер ұстадан басқа біреу, бұл сарайды жинақы түрде әлгі кішкене қондырғының ішіне сыйғызып, орналастыруы мүмкін бе? Бір қораптай шағын мәшине бүкіл әлемді қамти тұра, кездейсоқ, өздігінен пайда болды немесе әбес жаратылыс дегенге ақылды жан сене ме? Демек, бұл жерде қанша таңғажайып тетік көрсең, солардың бәрі әлгі жасырын Шебер туралы хабар беріп, әрқайсысы оның өзіндік таңбасын, белгі-аяттарын көрсетеді. Әрқайсысы бір делдал, бір жарнама қызметін атқарады. Хал тілдерімен: \"Біз – бүкіл әлемді бізді жаратқандай оңай жарата алатын бір Құдіреттің өнеріміз,\" – дейді.Сілтеме :17 Тұқымдарға ишара. Мысалы кіп-кішкене көкнар немесе кішкентай шабдалы немесе қауынның дәнін алайық. Олар, шұғадан да әсем тоқылған жапырақтарды, бәтестен де бетер ақ-сары гүлдерді, шекерден де тәтті және котлет пен консерві құтыларынан да әлдеқайда тамаша, өте дәмді де шырын жемістерді Рахмани қазынадан әкеп, әр маусымда бізге ұсынып отырады. Сілтеме :18 Хайуан денелерінің әлемдегі элементтерден жасалатынына және жан-жануарлардың ұрықтан жаратылатынына ишара.Сілтеме :19 Жан-жануарларға және адамдарға ишара. Себебі, әрбір жануар мына әлемнің кішкене мазмұны. Сондай-ақ, адам да әлемнің шағын үлгісі болып табылатындықтан, бейне бір әлемде не бар болса, адам бойында да түгел үлгісі табылады.
231Иманның он бірінші айғағытөРтіНші АйҒАҚО, қыңыр достым! Кел, саған одан да қызығын көрсетейін! Қарашы, бұл жердегі заттар, болып жатқан істер өзгеріп, құбылып отырады. Бір қалыпты жағдайда тұрмайды. Назар сал! Мына жансыз заттар, әне бір меңіреу құтылар, әрқайсысы бейне бір әкім не патша секілді айналасына әмір етіп үкім жүргізетіндей. Сенбесең, мына жанымыздағы қондырғыға қара! (Сілтеме ) 21Әне қарашы! Ақыл-есі жоқ бір зат, (Сілтеме ) 22 бейне бір, бір ғана ишарамен алып нәрселерді өзіне бағындырып, қызметші қылып, пайдасына жаратуда. Тағы сол сияқты құбылыстарды салыстырып бақ! Әрбір зат, болмыс атаулы өздерін қоршаған әлемдегі заттарды өз игілігіне пайдаланады. Егер, жасырын Шебер Аллаһты мойындамасаң, бұл жердегі бүкіл тас-топыраққа, хайуандарға, бүкіл мақұлықтарға әлгі Шебердің бүкіл өнерін, толық шеберлігін, кәміл сипаттарын жеке-жеке бөліп, еншілеп беруіңе тура келеді.Міне, керемет мұғжизашы, таңғажайып Шебердің бар екенін қабылдауды жөн көрмесең, миллиардтаған әлгіндей мұғжизашы, аса құдіретті, бірақ біріне-бірі қарама-қайшы, бірақ бір-бірін толықтырушы, біріне-бірі тең, бірақ бірінің ішіне бірі орналасқан, дегенмен мына жүйелі тәртіпті бұзбайтын, бүлік шығармайтын сансыз тәңірлерді қабылдауға тура келеді. Бірақ, мына шексіз мемлекет тәрізді әлемге екі қол қатар араласса тәртіпті бұзатыны анық. Себебі, бір ауылда екі бастық, бір шаhарда екі әкім, бір елде екі патша болса, тәртіп кетіп, астаң-кестең болатыны белгілі. Қалай ғана қолында толық билігі бар, ұлық патша Аллаһ бірнешеу болмақ? Олай ойлау ақылға сыйымсыз.БЕСіНші АйҒАҚО, күдікшіл достым! Кел! Мына зәулім сарайдың нақыштарына назар сал! Мына керемет шаhардың әсемдігіне қара! Мына ірі мемлекеттің тәртіп пен жүйесіне көңіл бөл! Бүкіл әлемнің шебер жаратылысына, күрделі құрылысына ой жібер! Егер осы күрделі өнерді, мына керемет нақышты шексіз мұғжизашы, кере-мет өнерлі, жасырын бір Шебердің қаламы жазды, соның ою-өрнек, нақыштары дегенді қабылдамай, меңіреу табиғат, соқыр Сілтеме :20 Мәшина, жеміс ағаштарына ишара. Өйткені, жіңішке тал-бұтақтар бейне бір тұла бойына жүздеген кәсіпорын, фабрика орналасқандай керемет сұлу жапырақтар мен гүл-шешектерді, жеміс-жидектерді тоқып, пісіріп жатады. Дайын болған соң бізге ұсынады. Рас, қарағай секілді үлкен ағаштар, қатты да құрғақ тастардың үстіне шығып алып кәсіпорын ашқандай қызу жұмыс істеп тұрады. Ал, оның солай қызу жұмыс істеп тұруына және безенуіне қажетті заттар тым алыс жерлерден тез жөнелтіліп отыр.Сілтеме :21 Дән-тұқымдарға және шыбындардың жұмыртқаларына ишара. Мәселен, бір шыбын балалайтын кезінде жұмыртқасын қара ағаштың жапырағына салады. Кенет әлгі жапырақтар, ана құрсағына немесе бесікке немесе балдай тәтті қорекке толы қоймаға айналалады да әлгі жұмыртқалардан шыққан жәндіктің балалары оны жей бастайды. О ғажап! Бейне бір әлгі жеміс салмайтын ағаш осылайша, жанды жеміс салатын ағаш болып шыға келеді.
232АСА-И МҰСА себептер жасады, кездейсоқ өздігінен пайда болды дейтін болса, онда бұл жердегі тас-топырақ, өсімдік атаулының бәрі-бәрі мұғжизашы, суретші, шебер ұста, таңғажайып жазушы, керемет өнер иесі болып, бір әріптің бойына мың дана кітапты сиғызып жазатын, бір нақышқа миллиондаған нақыш сала алатын хас шебер болғаны ғой. Неге десеңіз, мына тастардағы нақышқа назар сал! (Сілтеме )23 Әрбір нақышқа, сарайдың бүкіл ою-өрнек нақыштары және шаhардың бүкіл басқару жүйесі, ереже-заңдары енгізіліп, мемлекеттің бүкіл заң-жобасы, бағдарламасы жазылған. Демек, бұл нақыштарды жазу, ою өрнектерді салу толық бір мемлекет құру секілді таңғажайып іс. Олай болса, әрбір нақыш, әрбір өнер әлгі жасырын Шебер туралы хабар беріп, оның ұлықтығын әспеттейді. Әрқайсысы оның басқан таңбасы. Бізге мәлім, бір әріп өзінің жазушысын көрсетпей тұрмайды және шебер жасалған нақыш суретшісін білдірмей қоймайды. Ендеше, қалай ғана бір әріпке қалың бір кітапты түгел сиғызған Жазушы және бір нақышқа мыңдаған нақыш салған Суретші өзі жазған кітабы арқылы, өзі салған суреті арқылы білінбей, танылмай қалады? әсте мүмкін бе? Жо-жоқ, мүмкін емес!АлтыНшы АйҒАҚКел! Әне бір кең жазыққа шығайық! (Сілтеме )24 Жүз мыңдаған түрлі мақұлықтар топ-топ болып, бір-бірімен араласа, бірлікте жаратылып, үйлесе әсем жазылуда. Ешбір қате, әсте бір кемшілік жоқ. Керемет тәртіппен, гүл-гүл жайнап, сан құбылады. Рахмани сан-алуан дастархандар жайылып, қайта жиналып, жаңадан қайта құрылады. Бейне бір әрбір ағаш бір ыдыс тәрізді, әрбір бау-бақша бір қазан секілді. Әне бір жерде биік бір тау бар екен. Айналаны тамашалауға ыңғайлы болғандықтан соның үстіне шығайық. Әрі қолымызға алысты жақындататын дүрбімізді ала жүрейік. Өйткені, мына ғажайып мемлекетте ғажап құбылыстар болуда. Сағат сайын күтпеген, таңғаларлық оқиғалар болып жатыр. Міне қара! Анау таулар, сайлар, шаhарлар дереу өзгеріп сала берді. Қалай құбылады десеңші! Өзара аралас-құрмалас миллиондаған болмыс жүйелі түрде тәртіппен әп-сәтте өзгеріп кетті. Бейне бір миллиондаған түрлі-түсті маталар, бәрі бірге шатаса-матаса тоқылып жатқандай таңғажайып көрініс беруде. Қарашы! Көз үйренген қаншама таныс гүлді өсімдіктер көзден бір сәтте таса болады да, орнына асқан тәртіппен, жалпы құрамы жағынан ұқсас, әйтсе де, түр-Сілтеме :22 Жаратылыс ағаш болса, оның жемісі, болған адамзатқа және өзінің ағашының бағдарламасын, мазмұнын қамтитын жеміске ишара. Өйткені, Құдірет қаламы мына әлем дейтін алып кітапқа не жазған болса, қысқаша мазмұнын адамзаттың болмысына да жазыпты. Тағдыр қаламы зәулім ағашқа не жазса, тырнақтай жемісінің ішіне де сол жазу бар.Сілтеме :23 Көктем мен жаз маусымындағы жер жүзіне ишара. Өйткені жүзмыңдаған түрлі жаратылыс сыныбы өзара аралас жаратылуда. Және еш қатессіз, кемшіліксіз жүйелі түрде ауысып өзгертілуде. Рахманның мыңдаған дастарханы жайылып, қайта жиналып жаңарып отырады. Әрбір ағаш ыдыс-аяқ секілді. Әрбір бау-бақша өзіндік қазан секілді.
233Иманның он бірінші айғағыпішіні бөлек басқалары келіп жатыр. Құдды мына жазық дала мен таулы қыраттардың әрқайсысы жүз мыңдаған түрлі кітаптардың арасына ретпен орналасқан бір парақ секілді. Әрі еш қатесіз, ешбір кемшілігі жоқ мұнтаздай тамаша. Мұндай құбылыстардың өздігінен болуы әсте мүмкін бе? Әлбетте, мүмкін емес.Иә, хас шеберлік пен мұқияттылықты керек ететін бұл шаруа өздігінен жасалуы әсте мүмкін емес. Олар өзінің болмысынан әлдеқайда Жаратушысының болмысын анық көрсететін аяттар екенін ақылы бар адам түсінер. Бұларды жаратқан құдірет, сондай таңғажайып Біреу, оған ешнәрсе қиын емес. Мың кітап жазу бір әріп жазу сияқты оп-оңай. Және айналаға қарашы! Барлық нәрсе аса хикметпен өз орны-орнына қойылып, кім неге лайық болса сол беріліп, жомарт түрде жарылқануда. Өте мол сыйлық, керемет қамқорлық жасалып, баршаның арман-тілегі орындалып, жаппай риза. Сондай-ақ, ризыққа толы берекелі дастархан жайылып мемлекеттің халқы, жан-жануарына дейін тегіс, әрқайсына өзіндік арнайы да ыңғайлы, тіпті әркімнің өзіне тән ризығының үстіне аты-жөні жазылулы нығмет салынған ыдыстармен берілуде. Бұл оқиғалардың кездейсоқ немесе босқа, әбес, пайдасыз немесе бірнеше тосын күштердің салдарынан болуы не болмаса осыларды жаратқан Құдіреттің барлығына күші жетпеуі, бәрі оған бағынбауы әсте мүмкін бе? Олай ойлау дүниедегі ақымақтықтың ең сорақылығы болар. Міне, достым! Бұған қарсы бір уәж айтып көрші!ЖЕтіНші АйҒАҚО, достым! Енді мұндай ұсақ денелерді қоя тұрып сарай тәріздес мына ғажап әлемдегі алып болмыстардың өзара тығыз байланыстарына, керемет үйлесімдігіне назар салайық! Қарашы! Әлемде өте жүйелі істер атқарылып, жалпыға ортақ өзгерістер болуда. Бейне бір мына сарайдағы тас-топырақ, ағаш, жәндік не болса бәрі барлығын көріп тұрғандай әлемдегі күрделі заңдарға, күллі ережелерге сәйкес әрекет етіп, соған қарай үйлесімді қозғалуда. Бір-бірінен тым алыс нәрселер өзара жеңіл жәрдемдеседі. Нанбасаң қарашы! Жүк тиелген бір керуен жоқтан пайда болып бері қарай жылжып келеді. (Сілтеме )25 Астына мінген көліктері ағаштар мен өсімдіктерге, тауларға ұқсайды. Әрқайсының төбесінде азық-түлік салатын ыдыстары бар. Қарашы! Мына жақта оларды күтіп тұрған қаншама мұқтаж жан-жануарлар бар. Демек, олар арнайы түрде ризық тасушы қызметшілер. Әне бір күмбезде үлкен электр шамы оларға жарық беріп тұр. (Сілтеме )26 Әрі бүкіл ризықтарды керемет пісіреді. Астына уақыты келіп, мерзімі толғандар ғана жіпке тізіліп апарылады да қызарып пісіп жатады. (Сілтеме )27Сілтеме :24 Бүкіл жан-жануарлардың ризығын таситын, қорегі болып табылатын өсімдіктер мен жеміс ағаштарына ишара.Сілтеме :25 Әлгі электр шамы болса аспандағы Күн. Сілтеме :26Жіп және жіпке асылған ризық болса, ағаштың бұтақтарындағы жеміс-жидектер.
234АСА-И МҰСА Бұл жаққа да қара! Мына шарасыз, әлсіз, күш-қуаты жоқ әлжуаздардың дәл маңдайларының алдына қоректік затқа толы екі шағын торсық орнатылған. (Сілтеме )28 Әлгі әлсіз жандар оған аузын апарса болғаны сүт ағады.Сонымен, бүкіл әлемдегі нәрселер бірін-бірі көретіндей өзара жәрдемдесуде, бірін-бірі білетіндей ұйымшыл, бірін-бірі танитындай істерін тамамдауға асыға жұмылуда, қол ұстасып үйлесімді түрде әрекет етуде. Қалған жақтарын осыған салыстырып бақ! Санап тауысу мүмкін емес. Осы жағдаяттар бізге мына ғажап сарайдың Иесіне барлық нәрсе бағынышты екенін, барлығы Оның атымен әрекет ететінін, барша зат оның тіл алғыш әскері, бәрі де Оның әмірімен жүретінін, Оның хикметімен реттеліп аса жомарттығымен бір-біріне көмектесетінін, барлық зат Оның Мейірімімен басқаға жәрдем ететінін, яғни, жәрдем еткізетінін көрсетеді. О, достым! Шамаң келсе бұған қарсы бір нәрсе айтып көр!СЕГіЗіНші АйҒАҚКел, ей нәпсім секілді өзін ақылды санайтын достым! Мына зәулім сарайдың Иесін танығың келмейді. Алайда, барлық нәрсе Оны көрсетіп, Оған ишара қылып, Оған шәhәдат-куәлік етуде. Бұлардың осы бүкіл шәhәдаттарын қалай жоққа шығармақсың? Ендеше, мына сарайды да жоққа шығар! \"әлем жоқ, Мемлекет жоқ\" де! Тіпті, өзіңді де жоқ санап, ортамыздан жоғал! Не болмаса ақылға кел! Мені тыңда!Өзің қарашы! Мына сарайда және мемлекеттің әр тарапында өзгермейтін бір қалыпты нәрселер мен шикізаттар бар. (Сілтеме )29 Бұл мемлекеттегі барлық нәрсе әлгі төрт заттан жасалуда. Демек ол заттардың иесі кім болса, одан жасалған барлық нәрселердің иесі де сол. Егіс алқабы кімдікі болса, егін де соныкі болмай ма? теңіз кімдікі болса, ішіндегілер де соныкі.Әрі мына тоқылған нәрселер мен әсем тігілген көйлектер, тегі бір заттан жасалуда. Ол затты әкелген, дайындаған, жіп қылып иірген әлбетте шүбәсіз Біреу, Дара, Жалғыз Құдірет. Өйткені, бұл іс бірнеше қолмен жасалуды, ортақтықты қабылдамайтын күрделі іс. Олай болса, өте күрделі тоқылған әсем ою-өрнек те, өнермен жасалған бұйымдар да, әлбетте, Оның ісі.Сондай-ақ, әне қарашы! Әлгі тоқылғандай әсем жасалған нәрселер бүкіл мемлекеттің әр тарапында кездеседі. Олар, айналаны жайлап алғандай, барлығы бірге, аралас-құралас түрде, бір әдіспен, бір уақытта жасалуда. Сілтеме :27 Екі торсық болса, енелерінің сүт беретін желін, емшектеріне ишара. Оған ауызын апарса болды сүт ағады.Сілтеме :28 Нәрселер, шикізаттар дегені, саны өте көп әрі жүйелі түрде белгілі бір міндет атқаратын және Раббани әмірмен әрбір мұқтажға жәрдемге жүгіретін, әрбір жерге кіріп көмектесетін, өмірге қажетті нәрселерді таситын, жан-жануарларды сусындатып, қамтамасыз ететін және Иләhи ою-өрнек, әсем нақыштардың яғни жаратылыстың тоқылуына бастау әрі аналық етіп әрі бесік қызметін атқаратын ауа, су, жарық, топырақ секілді элементтерге ишара.
235Иманның он бірінші айғағыДемек, Жалғыз Біреудің ісі, бір әмірмен әрекет етеді. Әйтпесе, бәрі бірдей, бір уақытта, бірдей, бір жағдайда үйлесе қалуы, біртұтас болуы әсте мүмкін емес қой. Олай болса, мына шебер жасалған нәрселердің әрқайсысы әлгі жасырын, көзге көрінбейтін Шебердің жаршысы, Оны меңзеп, Ол туралы хабар беріп, Оны көрсетеді. Бейне бір әрбір гүлді мата, құрылысы күрделі әрбір мәшинә, тәтті әрбір тағам әлгі мұғжизашы Шебердің өзіндік жеке-жеке таңбасы, арнайы мөрі, ерекше нышаны, ешкім көшіре алмайтын белгілері. Әрбірі өзіндік тілімен былай дейді: \"Мен кімнің өнері болсам, мен тұрған сандықтар, дүкендер де Соныкі\". әрбір нақыш былай дейді: \"Мені кім тоқыған болса, жібімді де иірген Сол\". әрбір тәтті тағам айтады: \"Мені кім әзірлеп, пісірген болса, қазан да Соныкі\". әрбір мәшинә айтады: \"Мені кім жасаған болса, мемлекетке кеңінен тараған мен секілді, маған ұқсастарды жасаған және әртарапқа таситын, жеткізетін де Сол\". демек, мемлекеттің қожайын Патшасы да Сол. Олай болса, бүкіл мына мемлекетке, бұл сарайға қожайын кім болса, Сол ғана бізге қожайын бола алады!\"Мысалы, мемлекеттік қызметтегі әскери кісінің бір қобдишасына немесе киімінің бір ғана түймесіне толыққанды қожайын болу үшін, оны жасап шығарған бүкіл фабриканың иесі болу керек. Сонда ғана толыққанды қожайын саналады. Әйтпесе, \"менікі\" деп даурыққан есалаңның қолынан, \"жоқ, бұл мемлекеттікі!\" деп жұлып алынады да, жазаға тартылады.Сонымен, бұл мемлекеттегі шикізаттар, ұсақ бөлшектер, мемлекеттің әртарапын қамтып жатқандықтан, олардың Иесі де бүкіл мемлекеттің толық иесі, патшасы екені анық. Сол сияқты бүкіл мемлекетте кездесетін өнерлердің бір-біріне ұқсауы және бәрінде бір таңба болуы, бүкіл мемлекеттегі барлық нәрсеге сөзі өтетін, үкімі жүретін, басқаратын Біреудің өнері екенін көрсетеді.Міне, ей достым! Мына мемлекетте яғни мына зәулім сарай секілді әлемде бірліктің, тұтастықтың нышаны көрінеді, таңбасы байқалады. Өйткені, кейбір нәрселер бірдей болып барлық жерде кездеседі ал, кейбіреуі әртүрлі болғанымен – бір-біріне ұқсас және әртарапта болатындықтан – бірлік, тұтастық, бір түр құрайды. Демек, жасаушысы да, иесі де, қожайыны да, жаратушысы да Біреу болмақ.Әрі, сен мынаған назар салып қарашы! Көзге көрінбейтін ғайып пердесінің артынан қалыңдау бір жіп шығып келеді. (Сілтеме )30 Қарашы! Одан шашақталып мыңдаған жіп тарайды. Әрбір жіптің ұшына қара! Әр жеріне алмас, жақұт, орден, медаль, марапат нышандары, сыйлықтар Сілтеме :29 Қалыңдау бір жіп дегені, жеміс ағаштарына, ал мыңдаған жіптер болса, бұтақтарына ал, жіп ұшындағы алмас, орден, медаль, ихсан, сыйлықтар дегені, бұтағындағы сан-алуан гүлдер мен түрлі жемістерге ишара.
236АСА-И МҰСА тағылған. Әркімге өзіндік сыйлық берілуде. Апырым-ай, мұндай ғажайып, көзге көрінбейтін перденің артынан, осындай ғажап сыйлықтармен жарылқап, өзі жаратқан пенделеріне ұсынып отырған бір Қожайынды танымау, Оған шүкір етіп, алғыс айтпау қаншалықты тоңмойындық, надандық екенін білесің бе? Неге десең, Оны танымаған жағдайда \"ұштарындағы алмастарды, басқа да құнды сыйлықтарды мына жіптердің өздері жасап, өздері ұсынуда\" деп сенуге тура келеді. Ол кезде әрбір жіпті бір Құдірет, Ұлы билеуші, Патша деп қабылдауың керек. Ал, негізінде ол жіптерді, ұштарындағы сыйлықтарымен қоса көз алдымызда бір \"ғайби қол\", яғни, көзге көрінбейтін құдірет тағып жіберіп жатыр. Демек, мына бүкіл сарайдағы барлық зат өз болмысынан әлдеқайда анығырақ әлгі мұғжизашы Шеберді көрсетеді. Егер, Оны танығың келмесе, мына болмыс атаулының бүкілін жоққа шығар, бар екеніне сенбе! Бірақ ештеңе өзгермейді, тек өзіңнің ақымақ екеніңді әшкерелеген боласың.тОҒыЗыНшы АйҒАҚО, жан-жақты ойлап салыстыра алмайтын достым! Кел! Сен мына сарайдың Иесін танымайсың әрі танығың да келмейді. Өзіңше, ақылға сыйымсыз деп ойлайсың. Оның ғажап өнерін, хикмет толы құбылыстарын саяз ақылыңа сыйғыза алмағандықтан, Оны жоққа шығарғың келеді. Ал, негізінде ақылға сыйымсыздық пен қисынсыздық, Оны танымағанда болатынан білемісің? Қалай десең, егер Оны танысақ, сарай тәріздес мына шексіз әлем, бір ғана нәрсенің жаратылуы секілді оңай жаратылады. Сонда көз алдымыздағы мына молшылық пен арзаншылықтың сыры ашылып, орынды әрі түсінікті болады.Егер, танымасақ немесе жаратып жатқан Ол емес деп, қырсығар болсақ, ол кезде әрбір нәрсенің жасалуы бүкіл сарайдың жасалуы секілді қиын болар еді. Өйткені, барлық нәрсе осы сарай тәріздес шебер жасалған. Әрі ол кезде, мына молшылық пен арзаншылық та болмас еді. Тіпті, мына көз алдымыздағы заттардың бір түйірі де, тіпті, ешқайсысы да қолға түспес еді. Сен, тек мына жіпке тағылған тәтті консерві құтысына қарашы! (Сілтеме )31Егер бұлар Оның мұғжизаға толы жасырын фабрикасында жасалғандығын, жеке асханасында дайындалғандығын қабылдамасаң, яғни, бөтен біреудің ісі дейтін болсаң, қазір қырық теңгеге алып жүрген бір затты жүз мың теңгеге ала алмас едің.Иә, қандай да бір қисынсыздық, ақылға сыйымсыздық пен пәлекет, тығырыққа тірелу, шешімі жоқ мәселелер болса, барлығы Оны танымағаннан пайда болады. Неге десеңіз, мәселен бір ағашқа қажетті заттар бір тамырмен, бір ғана заңмен, бір орталықтан берілсе, нәтижесінде мыңдаған жеміс салып, бүкіл іс бір ғана жемістің жасалуындай оп-оңай Сілтеме : 30Консерва құтысы дегені арнайы ыдысқа салынғандай қауын, қарбыз, анар, какос, жаңғақ секілді Рахмани сыйлықтарға ишара.
237Иманның он бірінші айғағыжасалады. Егер әлгі жемістердің пайда болуы үшін түрлі түрлі заңдарға, сан-алуан орталықтарға, бірнеше қолдарға тапсырылса, бір түйір жеміс үшін бір ағашқа қажетті іс-шара керек болар еді. Немесе қалың әскердің толық жабдықталып, қамтамасыз етілуін бір орталыққа тапсырып, бір ғана заңмен, бір жерден басқарылса жауынгер саны қанша болса да бір жауынгерді жабдықтағандай оңай болар еді. Егер, әрбір жауынгердің жабдықталуы бөлек-бөлек жерлерден дайындалса, бір ғана жауынгер үшін бүкіл әскердің жабдықталуы секілді пәленбай фабрика, завод, өндіріс қажет болар еді. Аталған мысалдағыдай мына жүйелі де әсем сарай, сұлу шаһар, қызу дамып жатқан ел секілді, мына керемет алып әлемдегі болмыстың жаратылысы, бір ғана Құдіретке тапсырылған жағдайда өте жеңіл, оңай болатыны сөзсіз. Оған көз алдымыздағы молшылық пен арзаншылық, шексіз байлық куә, оған өзің де куәсің. Олай болмаған жағдайда бүкіл зат, болмыс атаулы тым қымбат әрі жасалуы тым қиынға түсіп, бір түйір затты, мәселен, бір алманы бүкіл дүниеңді түгелімен берсең де сатып ала алмас едің.ОНыНшы АйҒАҚО, біршама ынсапқа келген бауырым! Кел! Біздің осы жерде жүргенімізге он бес күн болыпты. Егер мына әлемнің тәртібін түсінбей әрі оны үйренбей, патшасын да танымасақ жазалануға әбден лайық боламыз. Үзіріміз қалмады. Өйткені, бізге құдды бір мұрсат бергендей он бес күн бойы тиіспеді. (Сілтеме )32Әлбетте, біз өз бетімізше лағып жүре алмаймыз. Мұнша нәзік те шебер жасалған, тәртіпті де жүйелі, дәл өлшемді, ғибрат толы мына әлемде хайуан секілді кезіп, шырқын бұза алмаспыз, бізге бұздырмаса керек. Мына елдің ұлық патшасының әлбетте жазасы да ауыр. Оның қаншалықты құдіретті екенін мынадан-ақ байқауға болар, мына алып әлемді бір сарай секілді реттеп, шыр айналдыруда. Мына үлкен мемлекетті бір үй секілді, ешбір ақаусыз керемет басқаруда. өзің қарашы! Бір ыдысты екінші ыдысқа босатқандай оңай түрде әрдайым мына сарайды, мына мемлекетті, мына шаһарды тұрғындарға толтырып, аса хикметпен жүйелі түрде босатып отыр. Бір дастарханның жайылып қайта жиналғаны сияқты, алып мемлекетті жаппай өзгертіп, оған бір емес бірнеше дастарханды көзге көрінбейтін құдіретті қол бірде жайып, бірде жинағандай (Сілтеме )33 жаңадан, сан-алуан түрлі Рахмани дастархандар, Хақ Тағаланың әмірімен жер жүзі асханасында дайындалып келіп-кетіп жатыр. Әрбір бау-бақша бейне бір қазан тәрізді, әрбір ағаш бір даяшы, тамақ тасушы секілді, түрлі ризықтар бірінен соң бірі келіп жатыр. Оны сен де көріп отырсың. Осы құбылыс, керемет ұлықтықтың, шексіз байлықтың, мол мейірімнің, аса жомарттықтың нышаны, оның бар екенін көрсетіп Сілтеме : 31Он бес күн дегені, он бес жасқа яғни кәмелет жасына ишара.Сілтеме : 32Дастархан дегені, жаз айларында құлпырып кететін жер жүзіне ишара.
238АСА-И МҰСА тұрғанын ақылың болса түсінген шығарсың. Қарашы! Әлгі көрінбейтін құдіреттің билік салтанатына, Оның бірлігіне барлығы куәлік етуде. Сонымен қатар, топ-топ болып келіп-кетіп жатқандар және мына ашылып- жабылып тұрған перделер, яғни, сан құбылған өзгерістер әлгі Құдіреттің жалғаса беретініне, мәңгі бақи екеніне куәлік етеді. Өйткені, аяқталған нәрселер өзінің себептерімен бірге жоқ болуда. Олардың сүйеніп тұрған нәрселері де жоқ болып қайта пайда болуда. Демек, бұл нәрселер олардың өнері емес. Бұлар аяқталу дегенді білмейтін біреудің ісі.Мәселен, өзен бетіндегі көпіршіктер, бір сәтке жоғалып қайтадан пайда болады. Олардың бастапқыдай жалт-жұлт етіп жылтырағанын көріп, оларды жылтыратып тұрған әрдайымғы биік, көкте бір Күн бар екенін білеміз. Сол сияқты, мына істердің тез арада ғайып болуы, сан құбылуы және артынан келгендердің дәл солай түр-сипатқа ие болуы, әрдайым бола беретін, аяқталу дегенді білмейтін бір ғана Құдіреттің сәулесі, Оның ою-нақыштары, хас өнері екенін және бұлар Оны әсем түрде шағылыстырып көрсететін айналар, өнер туындылары екені анық.ОН БіРіНші АйҒАҚКел, достым! Қазір саған жоғарыда аталған он айғаққа татитын бұлтартпас тағы бір айғақ көрсетемін. Кел, екеуміз бір кемеге мінелік. (Сілтеме )34 Мына ғасырдың қараңғы түнегінен шығып, азғын мәдениеттің лас батпағынан тазарып, уақыт дейтін теңізге, тарих пен сияр яғни Пайғамбарымыздың өмір баяны атты кемеге мініп әлгі шаттығы мол ғасырға, Арабия түбегіне сапар шегеміз. Сөйтіп, Әлемнің Мақтанышын (С.А.У.) қызмет басында көріп тамашалайық. Шынымен-ақ, Ол кісінің өзі Жаратқанның жалғыз екеніне бұлтартпас айғақ болып табылады. Ол, бүкіл жер жүзін және заманның екі қанатын, яғни, өткен мен болашақты нұрға бөлеп, күпірлік, адасушылық деген қараңғылықты жойып жіберді. Әне бір жерде бір сахара бар екен, сонда барайық. Өйткені, мына жұмбақ әлемнің құпия сырларын ашатын кілт сол жерде секілді. Барша жұрт сол сахараға қарап, сол жақтан бір нәрсе күткендей телміре қарап, сол жерден әмір алып отырғандай сыңайы бар.Міне, келе жатырмыз. Сахараға да жеттік. Қарашы үлкен бір жиналыс бар. Беделді ірі бастылар сол жерге түгел жиналған екен. Маңызды іс-шаралар қаралуда. Мұқият қарашы! Ол, үлкен жамағаттың ортасында бір жетекшісі көрінеді. Кел, тағы да жақындайық. Онымен жақсылып танысайық. Қарашы! Оның мыңдаған керемет нышан-белгілері бар. (Сілтеме )35 Қандай керемет Сілтеме : 33Кеме дегені тарих. Түбек болса Ардақты Пайғамбарымыздың (С.А.У.) өмір сүрген бақыт ғасырына ишара.Сілтеме : 34Мыңдаған нышан-белгілер дегені, Ардақты Пайғамбарымыз (С.А.У.) көрсеткен мыңдаған мұғжизалары. Мұғжизаларының рас болғандығын зерттеуші сансыз ғалымдар бір ауыздан қуаттауда.
239Иманның он бірінші айғағытілге шешен десеңізші! Сөзі қандай тамаша! Осы он бес күннің ішінде оның айтқандарын бір шама үйреніп қалдым. Қаласаң саған да үйретейін. Тыңда! Ол кісі мына таңғажайып мемлекеттің Сұлтаны туралы айтады. \"Мені сол Сұлтан жіберді!\" дейді. Өзі ғажап істер атқара отырып, шүбәсіз Сұлтанның хас қызметшісі екенін дәлелдейді. Мұқият қара! Оның айтқан сөздерін тек осы түбектің халқы ғана емес, бүкіл ел болып тыңдауда. Сонау алыстан келіп дүйім жұрт құлақ асуда. Ол өзінің құтпасын күллі әлемге естіртуде. Оны тек адамдар ғана емес, хайуандар да, тіпті таулар да оның жеткізген әмірлеріне мойынсұнғандай орындарынан қимылдауда. әне ағаштарға қара! Қай жерді көрсетсе сол жерге бара жатыр. Қалаған жерінен су шығарады. тіпті, саусақтарымен бұлақ тәрізді абыл-хаят ағызуда. Қарашы! Осы сарайдың биік күмбезіндегі аса қажетті шам (Сілтеме )36оның ишарасымен біреу еді екеу болды. демек, бұл ел жаппай оның елші екенін қабыл еткен-ді. Ол - Мұғжизашы ғайып Біреудің адал да хас аудармашысы, делдал, тылсымы терең жұмбақтың шешімін хабарлаушы, барлық әмірлерді жеткізуші қызметші. Міне, осыны олар да білетіндей оның айтқанын екі етпеуде.Оның, айналасындағы ақылы бар барша қауым бұл кісінің сөйлеген әрбір сөзін \"иә, дұрыс айтасың!\" деп растап отыр. Тіпті, осы жердегі тау-тас, ағаш және бүкіл елді жарық қылып тұрған алып Нұр шамы да (Сілтеме )37Оның ишара-әмірлеріне бас иіп: \"иә, рас. Айтқаныңның бәрі дұрыс!\" деп мақұлдауда.О, достым! Әлгі Сұлтанның өзіндік қазынасынан ғана шығатын мыңдаған нышандарға ие, байсалды да нұрлы, тым адал осы кісінің жан-тәнімен айтқан сөзі өтірік болуы яғни ерекше тұлғалар тарапынан расталған Бір Құдіреттің болмауы, аталған сипаттары жалған болуы, берген әмірлері бекер, өзі барып тұрған өтірікші болуы әсте мүмкін бе? Әлгі, айтылғанға сенбесең, мына көз алдымыздағы сарайды, ішіндегі жамағатты, әлгіндей шамдарды жоққа шығар! Егер қолыңнан келсе осы айтқандарыма қарсы бір сөз айтып көр! Айтар болсаң жоғарыда аталған айғақтар аузыңа қақпақ болар.ОН ЕКіНші АйҒАҚСілтеме : 35Аса қажетті шам дегені – Ай. Пайғамбарымыз (С.А.У.) ишара қылғанда ол екіге бөлінді. Яғни Мәулана Джамидің айтқанындай: Мүлдем жазу-сызу білмейтін үмми бір кісі, саусағын қалам қылып аспан дейтін параққа бір әліп жазды. Осылайша бір қырықты екі елуге айналдырды. Яғни бөлінбей тұрғанда сандық мөлшері қырыққа тең “мим” әрпін қақ жарып екі “нун”, яғни елуге тең екі “нун” әрпіне ұқсатты.Сілтеме : 36Үлкен нұр шашқан шам дегені Күн. Бірде жер шары кері қарай айналып Күн ұясынан қайта шыққан екен. Сонда құшағында Пайғамбарымыз (С.А.У.) жатқандықтан екінді намазын оқи алмаған Хазіреті Али (Р.А) сол мұғжизаның саясында екінді намазын өтеген екен.
240АСА-И МҰСА Кел! Аз да болса ынсапқа келген бауырым! Саған он бір айғақ қуатында тағы бір айғақ көрсетейін. Көктен түскен және жұрттың бәрі таңғала құрметпен қарайтын, өзіне еріксіз назар аударатын нұрлы кәламға, жарлыққа қарашы! (Сілтеме )38 Әлгі мыңдаған нышаны бар Кісі, оның қасында тұрып мән-мағынасын баяндап түсіндіруде. Кімді де болсын тамсандыратын өзіндік түсіндіру тәсілі бар. Әрі өте маңызды да терең мәселелер туралы сөз қозғап халықты өзін тыңдауға мәжбүр етуде. Өйткені, ол мына мемлекетті жаппай толық басқарып отырған әрі осы сарайды жаратқан, мына ғажаптарды әзірлеген Қожайынның кім екенін, оның жұмыс барысын, әмір-бұйрықтарын жеке-жеке талдап түсіндіруде. Ол бұйрықтың жалпы алғанда өзіндік бір мөрі, көшіру мүмкін емес бір таңбасы, жоғары қасиеті бар. Сонымен қатар әрбір бетінде, әрбір сөйлемінде де теңі жоқ таңба, белгілер бар. Сондай-ақ, әрбір мағынасында, ақиқатында, әмір мен хикмет толы сөздерінде, өзінің Иесіне ғана тән ерекше таңба қойылып, барлық нәрсе тек өзінікі, өзі ғана жасағанын білдіреді. Сонымен, осы аталмыш бұйрық Күндей жарқырап әлгі Зат-ы Ағзам, Ұлы Қожайынды соқыр еместерге анық көрсетеді.Міне, ей бауырым! Ақылың болса осы жетер! Қарсы келер сөзің болса айт!әлгі қырсық кісі: \"Аталған айғақтарға қарсы не деуге болады. әлхамдулилләһ, сендім. Расында, мына елдің бір ғана Мәлик-і Зүлкамалы, мына әлемнің бір ғана Сахиб-ы Зүлжәлалы, мына сарайдың бір ғана Сани-ы Зүлжамалы бар екенін толық қабылдаймын әрі оған шын жүректен сендім. Аллаh саған риза болсын. Сен мені бұрынғы бірбеттіктен, қырсықтықтан қайтарып жамандықтан тыйдың. Айтқан әрбір айғағың ақиқатты дәлелдеуге толық жеткілікті болатын. Бірақ, әрқайсысын тыңдаған сайын тартымды да хош, тәтті де нұрлы мағрифат (Аллаhты тану) қақпалары ашылып, әсем нұрлы әлемдер, Аллаһқа деген мөлдір махаббат мәртебелері көрініп жатқан соң үндемей тыңдап, ақырын күттім\", деді.Тәухидтің ұлы ақиқатына және Аллаһ Тағалаға иман шартына ишара ететін теңеу-хикая осымен тәмам болды. Енді, Рахманның фазылымен, Құранның фейізімен, Иманның нұрымен нағыз Тәухидтің осы аталған теңеу-хикаядағы он екі айғақтан кем түспейтін он екі сәулесі және бір кіріспесі баяндалады.***Сілтеме : 36Нұрлы жарлық болса, Құран Кәрім. Үстіндегі таңбасы дегені, оның иғжазы яғни баршаны таңғалдыратын, теңі жоқ, ешкім көшіре алмайтын, мақұлықтарға әлсіз екенін мойындататын шешендігі.
Бүкіл әлемнің батпайтын мағынауи күні Құран Кәрім үлкен кітап тәріздес мына әлемнің жаратылыс заңдарын яғни аяттарын оқытып, мән-мағынасын түсіндіру үшін нұр сәулесін әртарапқа шашуда. Адамзаттың санасын нұрландырып, сыратал мұстақимды, яғни, тура жолды көрсетуде. Адамзаттың әрбір тұлғасы өзінің жаратылыстағы мақсатын, талап-тілектерін, қайда кетіп бара жатқанын, бағытын сол һидает күнінің нұрымен көреді, сол арқылы табады. Ол һидает нұрына шомылғандар қабілетіне қарай оған айна болып, жарқ-жұрқ етіп шағылыстырып, жақындай түседі. Болмыс пен тіршіліктің мән-мағынасы тек сол нұрмен анықталып, сол нұр арқылы көрінбек. Сонда ғана түсінікті, сонда ғана белгілі болмақ. Әзәли күннің мағынауи хидает нұрлары болып саналатын Құран Кәрім сана мен көкіректің көзімен хақ пен ақиқатты көруге жол ашады. Оның нұрынан жырақта қалғандар қараңғыда қалады. Өйткені кез келген нәрсе нұр арқылы көрінеді, аңғарылады, білінеді. Міне, осы ақиқаттың мағынауи да мәңгі өшпес күні Құран Кәрімнің нұр шуағын бүгінде «Нұр» есімімен аталып жүрген \"Рисалей-Нұрдың\" мағынауи тұлғасы иеленіп отыр. Ол нұрлар қараңғылықты жаны сүйетін жарқанат тәрізді қапы қалып, күндізі түнге айналған, азғындыққа салынып, ақылы көзіне түскен, түнекте қалып көрсоқыр болғандарға және адасып жүргендерге шам-шырақ болып, өзінің нұрын иман ақиқаттарына бағыттап, сыратал мұстақимды алаңсыз көрсоқыр болмағандарға көрсетеді. Нұр шашқан асасымен кәпірлер мен Құдайдан безгендерді төмпештеп: \"Ақылыңды алып таста, хайуан бол! Не болмаса, ақылға кел, адам бол!\" - дейді. Ілім бір нұр болғандықтан, Рисалей-Нұрдың ілім дариясындағы тереңдігін көрсететін бір-екі дәлелге қысқаша тоқталып өтсем деймін. Әуелі мынаны есте сақтаған жөн. Рисалей-Нұрдың басқа кітаптардай емес, тек қасиетті Құранды ұстаз деп тануы, оған қызмет етуі тұрғысынан артықшылығын айтып түсіндірудің қажеті жоқ. Ол белгілі. Біз тек ғылым адамдарына Рисалей-Нұрдың құндылығын білдіру үшін, мынаны білдірсек дейміз: Рисалей-Нұр күні бүгінге дейін ешбір ғылым адамы толық қанағаттанарлық түрде растай алмаған, шеше алмаған түйіндерді,
242АСА-И МҰСА мәселелерді өте оңай, сауатсыздан бастап, ең жоғары білімді адамдарға дейін әркімнің қабілетіне қарай түсіне алатын түрде, шүбәсіз толық қанағаттандыратындай етіп анықтамалар мен түсініктемелер жасаған. Аталған ерекшелік, ешбір ілім адамының еңбегінде жоқ деуге болады. ЕКіНшідЕН: Барлық нұр шығармалары Құран Кәрімнің кейбір аяттарының тәфсірі болып, оның мағынауи ұшқындары екендігін жан-жақты көрсетуі. ҮшіНшідЕН: Адамдардың аса қажетті мәселелеріне бұлтартпас дәлелдер мен айғақтар келтіріп, ғылыми түрде дәйектейді. Мәселен, Аллаһтың бар екендігін, ақыретті, сондай-ақ, басқа да иман негіздерін бір ғана атомның өзіне тән хал тілімен және кәдуілгі тілімен, яғни, оны сөйлеттіріп дәлелдеп береді. Мәшһүр Ислам даналары: Ибн Сина, Фараби, Ибн Рушд сияқты ғұламалар бұл мәселелерді болмыс атаулыны тұтас алып, дәлел ретінде қолданып көрсеткен болса, Рисалей-Нұр ол ақиқаттарды бір атом немесе бір ғана дәннің тілімен дәлелдеп көрсеткен. Егер оларға Рисалей-Нұрдың ғылыми құдіреттілігін қазір көрсету мүмкін болса, олар дереу тізе бүгіп, Рисалей-Нұрдан дәріс алар еді. төРтіНшідЕН: Рисалей-Нұр адам баласының жылдар бойы еңбек етіп қол жеткізе алмайтын ілімді жинақы түрде, қысқа да нұсқа, тұжырымды түрде қысқа мерзімде ұсынады.БЕСіНшідЕН: Рисалей-Нұр ғылымның басты мақсаты болып табылатын Аллаһ ризашылығына бөленуге себеп болуы, ғылымды ешқандай да бас пайдасына қолданбай, шынайы түрде адамзаттың игілігіне қызмет еткізу секілді киелі міндетті арқалауы керектігін ұғындырады.АлтыНшыдАН: Рисалей-Нұр қуатты да киелі және имани толғаныстың жемісі болып болмыс атаулының өзіндік тілі мен хал тілінің аудармашысы, бір жағынан иман ақиқаттарын ғылмәл-яқин, айнәл-яқин, хаққәл-яқин дәрежелеріне жеткізеді. ЖЕтіНшідЕН: Рисалей-Нұр, негіз жағынан барлық ілімдерді қамтиды. Бейне бір ілімнің жіптерінен тоқылған әсем кесте тәрізді. Осыған дейін ешбір ғылым адамдары тарапынан айтылмаған барлық ғылым саласына қатысты нақыл сөздер жинағы. Мысал ретінде бірнешеуін атап, жақыннан білгісі келетіндер болса, Рисалей-Нұрдың өзіне назар аударсын деп кеңес береміз. 1.Масаның көзін кім жаратқан болса, Күнді де сол жаратты. 2.Бүргенің ішкі құрылысын кім реттеген болса, Күн жүйесін де сол реттеген.
243оқырмандар ойы3. Бір молекуланы жарату үшін, бүкіл әлемді жарата алатын шексіз құдірет иесі болуы қажет. өйткені, мына \"әлем\" атты ұлы кітаптың әрбір әріпі, әсіресе, \"тіршілік иесі\" әріпі оның әр сөйлемімен тығыз байланысты. Бір-біріне қарайтын жақтары мен көздері бар. 4. табиғат деген не? Ол — бейне бір баспахана, бірақ басатын ол емес. Ол — сурет, суретші емес. Ол — қабылдаушы, беруші емес. Ол — жазылған дәптер, жазушы емес. Ол — реттелген нәрсе, реттеуші емес. Ол — заң, бірақ құдірет емес. Ол — бұйрық заңдары, нақты болмыс емес. 5. әрдайымғы, тұрақты, жаратылыс заңдары сияқты Рух та Аллаһтың әмірімен, Оның «ираде» (қалау) сипатымен пайда болған нәрсе. Құдірет оған сезім мүшелерімен жабдықталған дене кигізген. Сонымен рух дегеніміз қозғалатын, сезімге бай, денеге енген нәрсе. Тағы осы сияқты мындаған нақыл сөздер көптеп кездеседі. доктор Мұстафа Хилми Рамазанұлы.* * *
Анкара қаласындағы Нұр шәкірттерінің бір хатыҒазиз, адал бауырларым!Хаттарыңды оқып, Ислам күні туатын уақыт жақын екенін сезгендей болдық. Жүздеген жылдар бойы адамзатқа қарсы, Дін Исламға тосқауыл болар пікір, үгіт-насихат жасап келген кәпірлердің бұзған жерлерін жөндеуге бел буып кіріскен Рисалей-Нұрдың жастар арасында кеңінен тарап жатқанын естіп қуанып қалдық. Мәңгі өмірге жол тартқан хаққа құмар жандар қияли, бос сөздерді қойып, Рисалей-Нұрды қолға алып күпірлікке қарсы күресуі заңдылық. Нұр шәкірттері жүрегі таза, иманды жандардың адал достары болып табылады. Сендер секілді бауырлардың жазған хаттары бізді құлшындырып, шабыт беруде. Құранның тәпсірі Рисалей-Нұр адасушылық неткен жаман екенін, бұл заманда күпірлікпен күреспеу барып тұрған ақымақтық екенін үйретеді. Мына коммунизм, анархия жайлаған заманда және масондық ұйымдардың қарқынды жұмыс істеп жатқан кезде ең басты міндет Рисалей-Нұрға қызмет және Аллаһтың ризашылығы үшін оны сұрағандарға жеткізу болмақ. Мұндай киелі де маңызды әрі аса қымбат қызметтен бас тартқызғызы келген жойқын тосқауылдар керісінше біздің ықыласымызды арттыра түспек. Рисалей-Нұр бізге былай үйретеді әрі дәлелдейді: Бұл дүния мейманхана. Мәңгі өмір сүргісі келетіндер мейманханадағы міндетін адал атқарған жағдайда қошеметке бөленеді. Демек, қазіргі таңда басты міндетіміз ұйықтан шыққысы келетін діндарларға, қараңғыдан көзі талған, мұқтаж жандарға қол ұшын беріп көмектесу. Әу, баста өзімізден бастап Нұрларды оқып түсіну, оны жарнамалау. Бұл өте маңызды мәселе. Әуелі Рисалей-Нұр кітаптарын мұқият әрі толғана және әрдайым оқу керек. Сол құнды кітаптардағы Құран және Иман ақиқаттарымен қаруланып, оны жақсы меңгерген жөн. Осылайша, осы таңғажайып тәпсірді толық оқып жақыннан танысуымыз керек. Міне, сол кезде зор нығметке бөленген боламыз. Ондай адамның құндылығы жүз тіпті мың есе артып өзіне, отанына, халқына пайдалы болары сөзсіз. Отанына, ұлтына, жастарға, Ислам әлеміне қызмет ете алатын дәрежеге көтеріледі. Сондықтан әуелі Хазіреті Ұстаз Бәдиүззаман
245оқырмандар ойыжәне оның хас, ықыласты шәкірттері болуға лайық сіздер, біздің Рисалей-Нұр жинағын қолға түсіріп мұқият, талдап-талқылап, ықыласпен оқуымыз үшін дұға етіңіздер. Құран мен Иманға қызмет ету үшін аянбай еңбек етейік. Рисалей-Нұрдың бұл ғасырда қабыл болған кітап екеніне дәлелдер көп-ақ. Сондықтан ар-намысты әрбір мүмин оның туа біткен жан ашыры, көмекшісі деп ойлаймын.Рисалей-Нұрдың осы ғасырға тән сипат-қасиеттері бар екені рас әрі мыңдаған ғалымдар оны қоштап жатқанына да шындық, һәм Құранға делдал болған қаһарман Ұстаз, теңдесіз түрде, аяғын нық басып, құнды ережелерді қатаң сақтай отырып бүкіл өмірін Иман мен Ислам дініне арнаған, һәм дүниелік ешбір пайда көздемей, тек Аллаһ ризасы үшін еңбек еткен екен, һәм Нұр шәкірттері де бар күштерімен Иман мен Дін Исламға сүннетті ұстана отырып қызмет үшін жандарын қиюда, олар түкке татымайтын бас пайданы ойламайды, һәм жүз мыңдаған Нұр шәкірттері қанша қыспақ, зорлық-зомбылық көрсе де осы ақиқатты іс жүзінде дәлелдеді, һәм әрбір тәлабасы бүгінде қоғамда етек алған қисық көзқарастарға, жөнсіз нанымдарға толық қанағаттанарлық, қисынды жауап бере алатын дәрежеде жетілуде, һәм барлық сұрақтарға Құранда жауап бар, оның ішінде қажетті әр ақиқат ашық түрде табылады, һәм Қасиетті Құран керемет сабақ беретін Аллаһтың сөзі, сый-кәдесі, нұры мен рахымы екені рас. Олай болса осы рахымға толы қазынаны, осы бір ақиқат бұлағын көрсеткен, үйреткен және жастардың, жалпы бұқараның оңай түсінетін тілінде жазылған Рисалей-Нұрды мұқият әрі ден қойып, әрдайым бос уақытымызды тиімді пайдаланып оқиық, жазайық. Мұны ғибадат әрі зауық көзі деп білейік.Ол, осы шақ пен келешектің және біз секілді жастардың тартымды әрі тәтті, һәм өте пайдалы, һәм құштарлана ішетін дәрісі, мағынауи құтқарушы десем артық айтқан болмаймын. Мұндай ақиқаттар жарыққа шығып қол жеткізу мүмкін бола тұра оған талпынбау, басынан бастап соңына дейін Рисалей-Нұр тәпсірін зерттемеу, мән бермеу тек бейғамдардың ісі, соларға ғана жарасатын қылық. Һәм, кімде-кім ақиқатты іздеп жүрсе Рисалей-Нұрдан дәріс алуы керек. Нұр жолында жүрген әрбір нұрлы жан нағыз бақытқа қолы жетеді, дүниенің не екенін, мәнісін түсінеді деп біз мына Анкара Нұр шәкірттері бір ауыздан тоқтамға келдік. Мәңгі өмірдің қазынасын ашып көрсеткен Құран Кәрімнің нұры Рисалей-Нұр, әлбетте заманы келгенде дүниені шулататын хош, нұрлы үнін бүкіл әлем еститін болады. Хадистің білдіргеніндей Ислам ғұламалары дүниеге қызықпай, әуестікке берілмесе пайғамбарлардың ең сенімді ізбасарлары боп саналады. Олай болса біз де Рисалей-Нұрды толық
246АСА-И МҰСА ізбасар деп білеміз. Рисалей-Нұрдың мағынауи тұлғасы толыққанды ізбасар екенін дәлелдеді, дәлелдеуде. Оған қарсы шыққан соқырлар мен тоңмойын ғапылдар масқара болады. Осындай керемет қасиеттерге ие Рисалей-Нұр, әлбетте, бүкіл философтарды, дүние жүзіндегі ілім адамдарын, хақ жолдағыларды өзіне шақырады. Сөйтіп, ақыл-есі дұрыс, жүрегі жомарт жандарды өзіне шәкірт қылады. Бұл айтылған күн де алыс емес, жақын. Алдымызда жарқын болашақ күтіп тұр. Көптеген дана-ғалымдардың айтуынша дүния жаңа бір кезең өткергелі тұр. Дүнияға бір нұр керек. Ақиқатшыл ақын Мехмет Акиф: О, Аллаһ! Ғасырлар бойы сарғайып күтіп жүрген нұрды жіберші келсін.тұншығып, тынысы тарылды халықтың, таңның атқанын көрсін!- дегені осы нұрға ишара екені меніңше даусыз.Анкара университетініңНұр шәкірттері * * *
Ғазиз, өте мүбарак, өте Мейірімді, өте сүйікті ұстазымыз!Сіздің дұғаңызбен, мағынауи демеуіңізбен Рисалей-Нұрды мұқият әрі сараптап оқыған сайын оның ғалам сырларын ашатын кілт, көп жұмбақтардың шешуі, осы және келер шақтың жетекшісі, жол басшы екенін тағы сол сіздің дұға, демеуіңізбен түсінген болдық. Иә, қадірменді ұстаз! Рисалей-Нұрды оқыған әрбір түйсікті жан, оның осы ғасырдың және келешек ғасырдың адамдарын ой-пікір қараңғылығынан құтқарып, нұрландыратын, жөнге келтіретін кітап екенін аңғарады. Рисалей-Нұр, тек осы ел мен осы халықтың ғана емес, Ислам әлемінің, күллі адамзаттың қажеттілігін қамтамасыз ететін күллият ретінде жазылған. Бүгінгідей тарихта болмаған зұлымдық пен пәлекетке ұшыраған адамзат үшін қолын созғанды құтқаратын Рисалей-Нұрды мықтап ұстаудан басқа және қандай жағдай болса да Рисалей-Нұрдың нұрлы да жарқын кітапшаларын қолға түсіріп оны мұқият әрі пікір жүргізіп оқудан басқа амал қалмаған сияқты. Рисалей-Нұрды түсініп оқыған әркім осы ақиқатқа көзі жетіп түсінуде. Егер біздің мүмкіндігіміз болса осы ақиқатты ғаламға естілетін шыңға шығып жария етер едік. Бірақ оған қолымыз жетпейді екен және Рисалей-Нұрдың баға жетпес құндылығын Ұстазымыздың дұғасымен осыншасын ғана аңғардық, олай болса ол нұр мен фәйіз қазынасы және ирфан мен кәмілдік бұлағы Рисалей-Нұрды бір сәтімізді де босқа жібермей әрдайым, күн сайын, тіпті, әр сағат оқи бермекпіз. Сол үшін күндіз-түні еңбек етеміз, иншаллаһ. Алайда, әрқашан бүкіл істерімізде болғаны секілді бұл тұрғыда да ұлы ұстаздың дұға-демеуі қажет. Һәм, мына ақиқат анық әрі қанық: Біреудің ілімі терең ғұлама болса да бәрібір ол Рисалей-Нұрдың және авторының тәлабасы. Ол, Рисалей-Нұрды оқуға мәжбүр, аса мұқтаж. Егер қапы қалып немесе өзін-өзі алдатып, менмендікке бойұрып Рисалей-Нұр топтамасын оқымаса көп нәрседен мақұрым қалғандығы. Бұл баға жетпес құнды тәпсірдің қадір-қасиетін түсінген кезде адамзаттың құтқарушысы, миллиардтаған адамдарға шарапаты тиген осы Раббани қызметшіге қалай риза әрі қарыздар болғанымызды сөзбен жеткізе алмаймыз. Тағы да сіздің дұға-демеуіңізбен түсінгеніміз: Құран Кәрімнің мағынауи мұғжизасы таңғажайып Рисалей-Нұр күллиятының бір парағынан көрген пайдамыздың азғана ақысын өтеуге әліміз жетпейді. Сондықтан қолымыздан келетіні тек бір Аллаһқа былай деп жалбарыну:
248АСА-И МҰСА «О, Раббым! Бізді мәңгі әрі жалғыз адамдық қапастан құтқарып, бақи әрі мәңгі әлемдегі бақытқа қол жеткізетін ақиқат толы қазынаның кілтін Рисалей-Нұр атты теңдесіз кітабымен тауып берген сүйікті де аяулы ұстазымызды залымдардың, дін дұшпандарының қастандықтарынан сақтай гөр! Оны Құран мен иман қызметінде табысты қыла гөр! Мықты денсаулық, ұзақ өмір сыйла!» Уа, Ұстаз! Рисалей-Нұрды мұқият және пікір етіп, ойлана оқу дейтін құнды нығметке бөленген біз секілді университет жастары Бәдиүззаман, Аллаһтың инаетімен дүние жүзіндегі бұрын соңды болмаған жауыздық пен қараңғылықтың себебі болған дінсіздік пен күпірліктің бел омыртқасын сындырып, енді шабуылдай алмайтындай жауырынын жерге тигізді. Бұл сеніміміз асыра сілтеп, ұстазды көтермелеу деп немесе құр қиял-арманнан туындап отырған жоқ, бұл әбден зерттеліп, көзіміз жеткен, дәйекті түрде илмәляқин анық-қанық ақиқат. Сондықтан қарсылас кісінің өзі бұл ақиқатты шын жүректен растайды деп ойлаймын. Құран мен Иман қызметіне шынайы беріліп жанкешті болуымыз үшін, Рисалей-Нұрды бір минутымызды да жоғалтпай оқуымыз, жазуымыз және толық ықыласты болуымыз үшін, бізге дұға етіңіз, мейірімділік жасап қамқор болыңыз.Стамбул университетінің Нұр шәкірттері атынан МУХСиН * * *
Мүнәууәр Мәдина қаласында тұратын ілімі терең бір ғұламаның Бәдиүззаман Саид Нұрсидың өмір баяны жайлы кітаптың алғашқы бетіне жазған «Алғы сөзі» «Бүйік Иқбал» атты кітаптың «Алғы сөзінде» былай деген едім: Ұлы тұлғалардың өмір баянын оқып, олардың бастан кешірген оқиғаларын естіп, керемет естеліктерін тыңдап отырғанда адам басқа бір әлемге кетіп қалады. Ол кезде көңіл мөлдір махаббаттың лапылдаған отымен күйіп жанып, фейіз бен нұрға шомылады. Тарихта сондай ірі тұлғалар болған екен, олардың қасында көптеген атақты кісілер ұсақ боп қалады. тарихта аттары алтынмен жазылған ерлерді еске алғанда,Рух көкке шарықтап, кең әлемдерді саяхаттайды.Хош иістерге малынып, бөленеді рух шаттыққа, Бейне бір жұмақтың гүлзарына кіргендей асқақтап тоят таппайды.Осы терең ақиқатты «Алғы сөзді» жазып отырған кезімде толық әрі жан-жақты аңғарғандай болдым. Өйткені, ғазиз де құрметті оқырмандарға шын жүректен, шынайы ықыласпен ұсынылып отырған бұл кітап, бір ғасырға жуық берекелі, ұзақ өмір сүрген, өмірінің әр кезеңі қыруар ғажап оқиғаларға толы, көңілдерді баурап алушы үлкен Ұстаз Бәдиүззаман Саид Нұрси және оның жүз отыз кітапшадан тұратын Рисалей-Нұр тәпсірі, сондай-ақ, биязы мінез-құлық, адамгершілік, ықылас пен адалдық, иман мен ирфан секілді игі қасиеттерімен бір елге ғана емес, күллі адамзатқа үлгі боларлық, өнеге тұтарлық Нұр тәлабалары жайлы.Бір кітаптың «Кіріспесі» ол кітаптың мазмұны деп айтады. Алайда әрбір тақырыбы өзінше бір кітапқа сыймайтын, мағынасы терең, ауқымы кең осы құнды кітаптың мазмұнын бірнеше беттік кіріспеге сыйғызу мүмкін бе?Осы кезге шейін қанша жазба еңбектер жазған болсам ешбірінде мұндай әлсіздік, таңғалыс сезінбеген едім. Сондықтан бұл кітапты зор қызығушылықпен, Иләһи қуанышпен, құмарлана оқыған жандар Бәдиүззаман сонау бала кезінен бастап ерекше тәрбиеленген, бүкіл өмірі Иләһи құбылыстарға сахна болған, ұқсасы жоқ, ерекше ғалым, теңдесіз тұлға екенін көреді.
250АСА-И МҰСА Мен бұл кісіні, оның кітаптарын, жетілдірген шәкірттерін терең зерттеп, етене жақындап сол бір нұрлы әлемдерге сезімдеріммен, пікіріммен, рухыммен сапар шеккеннен кейін мәшһүр, көне заманғы араб ақынының сөздері өте терең ақиқатты мегзегенін түсіндім. Ол кісі былай деген болатын: «Аллаһ тағалаға күллі әлемді бір адамның бойына жинап қою түк емес». Алға қойған мақсатының ұлықтығынан, көтерген мәселесінің маңыздылығынан, иманының күшінен нәр алған осы алып тұлғаның тартылыс күшіне шыдай алмай тартылып жатқандардың саны күннен күнге артуда. Осы бір жұртты таңғалдырған киелі де қызық оқиға кәпірлерге қатты соққы болып, мүминдерге шаттық пен қуаныш сыйлады, сыйлап та жатыр. Бұл оқиғаны, яғни, иманды көңілдерді өзіне баурап алған мұндай Иләһи уақиғаны үлкен мұжахид, ержүрек күрескер өте тұжырымды да тамаша түрде былай суреттеген екен:Жаман мінез-құлықтар етек алып, топан судай асып-тасып, адамгершілікке шүйлігіп, оны жоқ қылуға сәл қалған кезде Бәдиүззаман әкелген нұр-фәйз ккөңілдегі сыр секілді жүректен жүрекке, ауыздан ауызға еш толассыз, тосқауылсыз жан-жаққа тарап жатқанын көріп көңіліміз жәй табуда. түннің қараңғылығы қоюлана түссе таңның атуы жақын дейтін еді. Иә, бір сыр секілді жүректен жүрекке еш кедергісіз жайылып, шашырап бара жатқан бұл нұрдың мемлекетіміздің әртарапында ұшқынын, сәулесін көргендер аң-таң болып, баз біреулер үрейленіп былай сұрай бастады: «Аты жер жарып, абыройы еліміздің түкпір-түкпіріне тарап жатқан бұл кісі кім болды екен? өмір жолы, жазған еңбегі, ұстанымы не? тариқат, сопылық па, әлде бір ағым ба, әлде саяси ұйым ба?»Сұрастыру мұнымен шектелмеді. Дереу билік органдары, тәртіп сақшылары ізіне түсіп, жіті бақылауға алды. Сосын белгілі ұзаққа созылатын соттар мен сараптамалар әне-міне дегенше басталып кетті. Ақырында бұл Иләһи нұрдың орталығы көңілдер мен жүректерге құрылатынын, мұның «иман, ілім үйірмесі\" екені, одан өзге ешнәрсе еместігі анықталды да әділдік Аллаһтың қалауымен жарқын көрініс тапты: «Бәдиүззаман Саид Нұрси және Рисалей-Нұр кітаптары ақталсын!». Бұл қарар ресми түрде жарияланды. Сөйтіп, рух материяға, хақ-дұрыс бұрысқа, шындық өтірікке, нұр қараңғылыққа, иман күпірлікке әрдайым үстем келетіні ежелден бері әсте өзгермейтұғын Иләһи заңдылық, ақиқат екені тағы да айқын болды. Қандай да бір рухани жетекшінің кім екенін, оның ақиқатын, адалдығы мен ықыласын анықтайтын белгі – оның мақсатын жүзеге асыруға кіріскен күні жеке басының адами тұрпаты қандай болса, жеңіске қолы жеткен кезде де, жеке өмірінде яки қоғамдық өмірінде көңіл-күйі, адамгершілік
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272