151Иманның екінші айғағы«Құс жолындай» оның бұтақтарына,Бір Жәмил-і Зүлжәлалдың хикметімен,Орнымызды тауып, ілінген, әсем жемістерміз біз. Осынау аспан тұрғындарына, жеке-жеке жылжымалы мешітпіз, Қозғалмалы үйлерміз, заңғар биік ұя тәріздіміз біз.Нұрлы шамдай әр біріміз, ұшақ яки алып кемелерміз.Бір Қадир-і Зүлкәмалдың, Бір Хаким-і Зүлжәлалдың, Барлығымыз, жеке-жеке құдіретінің мұғжизаларымыз, Жаратушымыз – ұста, шебер, біз де ғажап өнеріміз,Хикмет толы, сирек кездесетін таңғажайып жаратылыспыз, әрбіріміз нұрлы әлемдерміз,Осылайша, жүз мың тілмен,Жүз мың айғақ көрсетеміз, Адам баласы адамға,Үнімізді естіртеміз,Көзі соқыр дінсіздердің,Көрмес болды көздері. Жүзімізге қарамайды, Сөзімізді тыңдамайды, Айтқанға құлақ аспайды. Біле білсең, Ақиқатты,Жар салатын аяттармыз біз.Бірдей біздің таңбамыз да, Бірдей біздің мөріміз, Бағыныштымыз Раббымызға, Мадақтаушы құлымыз.Зікір етіп, еске салып, әрдайым ойландырамыз.шоқ жұлдыздардан құралған, Кең алқада шыр айнала зікір салған,Закирлерміз біз нағыз! * * *
иМАННың ҮшіНші АйҒАҒыЖиырмА үшінші лемА[табиғат жаратады дейтін күпірлік ұғымды жоққа шығарып, енді бас көтерместей етіп, оның негіздерін түгелдей күл-талқан етеді.]ЕСКЕРтУБұл жазбада Құдайдан безген жаратылыстанушылардың ұстанған жолы, олардың пікірі қаншалықты ақылға сыйымсыз, табиғатқа жат, құр қиял екенін, ең кемінде тоқсан түрлі сандырағын әшкерелейтін тоғыз түйін баяндалады. Олардың мұндай қисынсыз ой-пiкiрлерi өзге кітаптарымда едәуір айтылғандықтан, мұнда қысқа ғана тоқталып, кейбір бөлiмдерiн аттап өттік. дегенмен, мынадай бiр ой келедi: «Неліктен атақты пәлсапашылар, ақылгөй ойшылдар көрер көзге осындай тым оғаш, сену қиын пiкiрдi құптап, сол жолда кетiп барады?»иә, олар өздері таңдаған жолдарының жөн-жосығын, мәнісін терең түсіне алмаса керек. Олардың пайымдаулары шын мәнісiнде – тақырыптың бас жағында баяндалғандай – жөнсіз әрі қисынсыз, (сілтеме )12 қиял тәрізді болмашы нәрселер ғана. Егер оған күмәнданушы болса, бұлтартпас айғақтармен жан-жақты анық етiп дәлелдеп беруге дайынмын. Бұл аят болымсыз түріндегі сұрақ сөйлемі арқылы «Аллаhтың бар екеніне шек келтіресіңдер ме? Оған әсте күман болмауы тиіс» дей отырып, Аллаһ тағаланың міндетті түрде бар әрі жалғыз екенін ап-анық көрсетiп тұр.Сілтеме11 Бұл кiтапшаны жазуыма Құдайдан безген кәпірлердің өз ақылдары жетпеген нәрселерге «аңыз» деп, атеизмді табиғатпен ұштастырып Қасиетті Құранға дөрекi тіл тигізуі себеп болды. Мұндай сұмдыққа шыдай алмай қолыма ерiксiз қалам алдым. Сөйтіп, хақ жолынан тайған әлгi дiнсiздерге дәлелдi сөздермен ауыр соққы бердім. Әйтпесе, Рисалей-Нұрдың түсіндіру тәсілі қарапайым, сыпайы әрі жұмсақ.
153Иманның үшінші айғағыБұл МәСЕлЕГЕ КіРіСПЕС БұРыН БіР «ЕСКЕРтПЕ» ЖАСАй КЕтКЕН ЖөН.1922 жылы мен Анкарада едiм. ислам әскерi грек әскерімен соғысып, жеңіске жеткен кез. Осы жеңiстің кезеңінде күпірлік пікір сұр жыландай сумаңдап, көңiлi тасыған мүминдердің санасын улап, шатастыра бастағанын аңғардым. «Қап, мына аждаhа, иманның шарттарына зақым келтiрмесе игі еді!» деп қауiптендім. Содан, Аллаhтың сөзсіз бар әрі жалғыз екенін баяндайтын жоғарыдағы аятқа жүгiнiп, медет қылдым. Құраннан келген сол бұлтартпас айғақты араб тілінде жазып, ол «Жаңа күн» баспасынан бастырылып жарыққа шықты. Бiр өкiнiштiсi оған көпшiлiк мән берiп оқи қоймады, бәлкім арапша білетіндер аз болғандықтан ба, әйтеуір қысқа әрi нақты айғақтармен жазылған әлгi еңбегімнің әсері айтарлықтай болмады. Ал, әлгі дінсіздік ұғымы өртше лаулап, күшейе түсті. Сол себептi амал жоқ, оны түрік тілінде жазуға тура келді. Аталмыш, бұл мәселенің кейбір тұстары өзге еңбектерімде кездесетіндіктен, қазір қысқа қайырмақпын. Сол себептi бұрынғы жазған дәйекті еңбектерім бүгiнгi жазар айғақпен ұштасып жатады. Олай болса, бұл айғақ бұрынғы айғақтың шағын үлгісі десе болады. КіРіСПЕЕй, адам! Халық арасында күпірліктің лебі есетін қауiптi сөздер естисің. Оның қауiптілігінен бейхабар имандылар да ол сөздерді қолданады. Сол қауiптi сөздердің ең қатерлi үшеуін баяндап берейін. БIРIНшI ҚАУIПтI СөЗ: «әужәдәт-hүл әсбаб», яғни, себептердің ықпалымен пайда болады.ЕКIНшI ҚАУIПтI СөЗ: «тәшәккәлә би нәфсиhи», яғни, «өздігінен пайда болады». ҮшIНшI ҚАУIПтI СөЗ: «иктизат-hүл табиат», яғни, «табиғи құбылыс, табиғат керектірген соң солай болады». Иә, сонымен, әлемнiң бар екенi рас, оны ешкім жоққа шығара алмас. Әрбір болмыс, шебер әрі хикметті түрде, яғни, белгiлi бір мақсатпен, пайдаға асатындай жаратылғаны ап-анық көрініп тұр. Әрі, ежелден бері келе жатқан дүниедей көне емес, жаңадан жасалып, көз алдымызда пайда болуда. Олай болса, ей, дінсіз адам! Қалай болғанда да сен жаратылыс туралы: «Мына болмысты мысалыға, мына хайуанды себептер жаратты, яғни, себептер жиналып жаратты не болмаса, өзінен-өзі пайда болды, яғни, табиғаттың әсерінен пайда болды не болмаса, Қадир Зүлжәләлдың
154АСА-И МҰСА құдіретімен жаратылды, яғни, Аллаh жаратты» деуге мәжбүрсің. Ақылға салар болсақ, осы төрт жолдан басқа түсіндіру мүмкін емес. Әуелгі үш жолдың қисынсыз әрі мүмкін еместігі толық дәлелденсе, төртінші жол — Уахданиет ұғымы, яғни, Аллаhтың бар екенi, барлығын бір өзі жарататыны сөзсіз нақты түрде дәлелденген болады. Ал, енді «себептердің ықпалымен» деген бірінші қауiптi сөзге келейік. Мұның қисынға келмейтін, мүмкiн емес, жөнсiз жағы көп-ақ. Оның үшеуін ғана баяндаймыз. БіРіНші ЖөНСIЗ ЖАҒы. Дәріхананың сөресінде дәрі-дәрімек жасауға қажетті заттарға толы жүздеген құтылар тұр деп ойлайық. Бізге осы заттардан жасалған жаны бар, тірі қоймалжың дәрі, сондай-ақ, у қайтарғыш таңғажайып тірі дәрмек қажет. Жанды қоймалжың дәріні зерттеп едік, әлгi құтылардың бiрiнен нәзік таразыға тартып бір-екі мысқал алып, екiншi бiр құтыдан алты-жеті мысқалын қосып дегендей тағы сол сияқты... әртүрлі мөлшерде заттар дәл өлшенiп алыныпты. Егер біреуінен бір мысқал артық не кем алынса, манағы дәрі жандылығын жоғалтып, қасиетінен айырылар еді. Сондай-ақ, қоймалжың жанды дәрi қалай дайындалса, әлгі у қайтарғыш таңғажайып тірі дәрі де өзіндік нәзік таразымен дәл тартылып жасалған. Қоспа заттар белгiленген мөлшерден сәл артық, не кем болса, аталған дәрілер қасиеттілігін жоғалтады. Әлгі жүздеген құтының әрқайсысынан өте дәл таразымен өлшеммен алынып, дәрiнiң құрамы өте күрделі сан-алуан заттардан тұрады. Ал енді, осы құтылардан мөлшермен алынған заттар күтпеген кездейсоқтықтан немесе соққан дауылдан шайқалып кетіп құтылардан дәлме-дәл төгiлуi себептi бірігіп, араласуынан пайда болуы мүмкін бе? Бұлай ойлау барып тұрған ақымақтық, мүлдем қисынсыз, сандырақ қой! Есек екеш есек те екі рет есекке айналған соң, ақырында адам болып, мұны естісе, «жоқ, мүмкін емес» дер еді.Міне, осы мысалдағыдай, әрбір жанды дене, әлбетте, жаны бар қоймалжың дәрі секілді және әрбір өсімдік у қайтарғыш таңғажайып дәрі іспеттес. Олар сан-алуан бөлшектерден, түрлі-түрлі заттардан құралған. Егер, олар әлгi себептердің салдарынан кездейсоқ пайда болды десе, бұл дәл манағы дәріханадағы құтылардың кездейсоқ құлап кетуі салдарынан қоймалжың дәрiнiң пайда болуы сияқты сандырақ болар еді. Ол мүмкiн емес, тiптi де ақылға сыймайды. Иә, сонымен жан-жануарлар мына әлем атты алып дәріханада Әзәли Хаким Аллаһтың тағдыр мен қаза безбенiмен өлшеніп, шексіз хикметпен, шексiз іліммен және бәрiне пәрменi жүретiн құдіретпен пайда болады. «Дүниені, оның ішіндегілерді соқыр, мылқау, шамасын білмейтiн, селдей ақтарылған элементтер мен себептер жаратты» дейтін бейбақ, әлгі таңғажайып дәрi құтылардың «өзінен-өзі құлап түсiп, ондағы заттардың араласуы нәтижесiнде дәрі-дәрмек пайда болды» деген есуастан бетер ақымақ деген сөз. Иә, мұндай күпірлік ұғым, есі ауысқандар мен көзі қызарған мастарға тән сандырақ.
155Иманның үшінші айғағыЕКіНші ЖөНСIЗ ЖАҒы. Егер жаратылыс Уахиды-Ахадтың емес, себептердің еншісіне қалса, онда әлемдегі барлық элементтер мен себептер бүкіл тірі жанның болмысына енiп, денесімен толық қатынаста болғаны ғой. Алайда, шыбын секілді ұсақ жәндіктердің болмысында өзара қарама-қарсы, бірінен-бірі алшақ жатқан сан-алуан себептердің жиналып, керемет тәртіппен, жүйелі түрде бас қосуы мүлдем қисынсыз. Оған ақылы кемдеу адамның өзi, «жалған, олай болуы мүмкін емес!» дер едi. иә, шыбынның кiп-кiшкене болмысы, әлемнің көптеген элементтерімен, себептерімен тығыз байланысты, тіпті, оның қортындысы десе болады. Егер шыбынды Қадиры-әзәли жаратпаған болса, онда шыбынның табиғатында әлгi материалдық себептердiң өздері әзiр тұруы қажет, тіпті, оның кiп-кiшкене бойына енуі керек. Керек болса, денесiнiң кішірейтілген үлгiсi болып табылатын көзіндегі әрбір жасушаға енуі тиiс. Өйткені, себеп материалдық нәрсе болғандықтан салдардың, яғни, нәтиженің жанында әрі ішінде болуы шарт. Сол кезде әлемнің iрi құбылыстары, элементтері бірігіп шыбынның қылдай жiңішке аяқтары да сыймайтын бiр жасушаның iшiне кәдiмгiдей кiрiп, ұста сияқты бiрлесе жұмыс iстеп жатыр деп түсiнуге тура келедi.Ал, мұндай ұғымнан нағыз скептиктердiң (философиядағы ағым) ақымақтары да ұялар еді. ҮшіНші ЖөНСIЗ ЖАҒы: нақты қағидасына сүйенер болсақ, «заттың өне бойында бiрегейлiк пен бiрлiк, жинақылық болса, әлбетте, ол бiреуден, бір қолдан шыққаны» дейді. Демек, бір зат керемет тәртіптi, өте дәл өлшемдермен пiшiлген әрi күрделі табиғатқа ие, тірі болса, онда ол бiрнеше қолдан шықпағаны белгілі. Егер бiрнеше қол араласса, ол заттың тәртібі шығып, бұзылар едi. Демек, ол Қадир, Хаким (шексiз құдiрет иесi, әдiлеттi) бiр қолдан шыққан болуға тиіс. Меңiреу, әрi санасыз табиғи себептердiң меңiреулiгi мүмкіндіктер көбейген сайын арта түсетiнi белгiлi. Олай болса, бiрегей болмысты, шебер жасалған жаратылысты санасыз табиғи себепке еншiлеу, мыңдаған жөнсiз пікірді мақұлдағанмен бірдей.Жалпы, материалдық себептердiң әсері, сөзсіз тіке жанасу арқылы ғана жүзеге асады. Алайда, бүкіл себептер жан-жануарлардың сыртқы жағына ғана жанаса алатыны белгілі. Бiрақ себептердің әсері жете алмайтын тірі жандардың ішкі құрылысы, сыртқы жағынан әлдеқайда күрделі. Әрі материалдық себептердің әсері, тіпті, сыртқы жағына да толық тие алмайтын өте ұсақ жәндіктер бар. Олар ірі жануарлардан әлдеқайда күрделі, шебер жасалуда. Енді мұны көзбен көре тұра, бұларды әлгi меңіреу, бiрi-бiрiнен бөлек, өзара қарама-қайшы себептер жаратады деу, жүз есе көрсоқырлық пен мың есе меңіреулік болар.
156АСА-И МҰСА Ал енді, екінші қауiптi сөзге келер болсақ, «тәшәккәлә би нәфсиhи», яғни, өздігінен түрленедi деген пікір. Бұл сөздің де көптеген жөнсіз тұстары мен ақылға сыймайтын жөнсіз жақтары бар. Мысал ретінде, тек үшеуін баяндаймыз. БіРіНші ЖөНСIЗ ЖАҒы. Уа, қасарысқан дінсіз! Тәкәппарлықтан ақымақ болғаның сондай, сен жүздеген жөнсіз ойды бірден қабылдай саласың. Неге десең, сен барсың әрі қарапайым, өзгермейтiн емес, үнемі қозғалыста болатын керемет жүйелi мәшине немесе әрдайым жаңарып отыратын керемет сарай сияқты жанды болмыссың. Сенің болмысыңдағы бөлшектер тынбастан жұмыс істеп тұр. Біле білсең сенің болмысыңда, әсіресе, қоректену жағынан, нәсіл жалғастыру тұрғысынан қоршаған ортамен, тіпті, бүкіл дүниемен өзара тығыз байланыста болатын күрделі де сансыз зат алмасу жүріп жатыр. Бойыңдағы жасуша, ұсақ бөлшектер әлгі нәзiк те күрделі байланысты бұзбау үшiн және әлгі тығыз байланысты жалғастыру үшін дәлме-дәл, ретті түрде қозғалып, мұқият қимылдауда. Бейне бір бүкіл әлемді көріп, сенің өзара қарым-қатынасыңды бiлетіндей, соған қарай әрекет етуде. Сен сол ішкі және сыртқы сезім мүшелеріңмен, ағзаларыңмен сол бөлшектердiң ғажап қызметін пайдаланып қоршаған ортамен, алып дүниемен байланыс жасайсың. Егер сен, денеңдегi бөлшектер Әзәли Қадир Аллаһтың тіл алғыш қызметшілері, тәртіпті әскері немесе Әзәли тағдыр қаламының ұштары, (яғни, әрбір бөлшек қалам ұшы секілді) я болмаса құдiрет қаламының нүктелері дегенді қабылдамасаң, онда сенiң көзiңдегі жұмыс атқарып жатқан әрбiр бөлшектiң бүкіл әлемді көре алатын кәдімгі алып көзі болуы керек. Және де, әлгі бөлшектердің сенің келешегiң мен өткенiңді, шыққан тегің мен нәсіліңді, асылыңды, құралған бөлшектерінің қайдан, қалай келетінін, оларға не керектігін білетін дариядай ақылы, жүздеген ғұламалардың санасындай санасы болуы керек. Сен секілді бұл мәселеде түк ұқпайтын біреудің денесiндегi сансыз бөлшектің бір бөлшегiнде мыңдаған Платонның ілімі мен ақыл-санасы бар екенін қабылдау бір емес, мың есе ақымақтық болар.ЕКіНші ЖөНСіЗ ЖАҒы: Сенің денең бейне бір мың күмбезді сарай тәрізді. Күмбездің әрбір тасы ештеңеге тірелмей, жүйелі тәртіппен үйлесімді тұрғызылғаны сондай, кәдiмгi зәулім сарайдан мың есе ғажап. өйткені, сенің сарайың әрдайым жаңарып, жаңадан жасалуда. Керемет рух, жүрек, ішкі сезімдерді санамағанның өзінде, тек денеңдегі әрбiр мүше, жеке-жеке күмбезді ғимарат, үй тәріздес құрылысқа ұқсайды. Құрамындағы бөлшектер күмбездің тастарындай дәл өлшеммен реттi түрде үйлесiп, асқан шеберлікпен жасалған. Ал, көз бен тіл өз алдына ғажайып аспап. Егер бұл бөлшектерді әлемнің ұстасы – Аллаhтың қол астындағы жауынгерлері деп санамаса, онда әрбір бөлшек ақыл, сана, құдірет иесі болуы керек. яғни, денедегі
157Иманның үшінші айғағыбарлық бөлшектер Аллаhқа тән Құдайылық сипаттарға ие, құдреттің қайнар көзі болуы керек. Осындай, бiр Аллаhтың ғана құдіреті жететін жаратылысты әлгі шексіз бөлшектерге еншiлеп, солар жаратты деудің мүлдем қисынсыз екенін аз ғана ақылы бар адамның өзі түсінер деп ойлаймын. ҮшіНші ЖөНСіЗ ЖАҒы: Егер сенің болмысың Уахид-ы Ахад Аллаһтың қаламымен жазылған хат екенін қабылдамай, табиғат немесе себептер дейтін баспаның өнiмi деген пікірді қабылдар болсаң, онда денеңдегi ұсақ жасушадан бастап, сонау толып жатқан үлкенді-кішілі, құрамы күрделі қанша қоспалар болса, табиғаттың сонша өзіндік арнайы қалыптары болғаны ғой, солай ма?Мәселен, мына қолыңыздағы кітап қолжазба болса, онда іс оңай болар еді. Яғни, жазушы өз іліміне сүйеніп бір ғана қаламмен барлығын жазып шығар еді. Ал, егер ол, қолжазба болмай әрi оның жазатын қаламына тапсырылмаса, яғни, өзінен-өзі болды десе, ол кезде оның әрбiр әрiпiн басу үшiн баспаханада әр әріптің арнайы қалыбы болғаны сияқты әрбір әрпін жазатын арнайы темір қалам қажет болар едi. Мұндай жағдайда бір қаламның орнына қанша әріп болса сонша қалам болуы қажет. Тіпті, кейде бiр әріптiң үстіне үшкір қаламмен, майда жазумен бір бет өлең жазылса, онда бір әріп үшін мыңдаған қалам қажет болар еді. Егер ол жазулар бір-бірімен үйлесіп сенің денең сияқты керемет пішінде болса, ол кезде әрбір жеріне, әрбір бөлігіне манағыдай қалыптар қажет етеді. Әлгi шебер жасалған темір әріптерді, керемет қалыптарды, қаламдарды жасау үшін тағы бір қалам керек және әлгі қалыптар, қаламдар, темір әріптер жасау үшін олардың шамасындай тағы да сондай қаламдар, қалыптар, әріптер жасау қажет болады. Өйткенi, олар да жасалған, әрі өте шебер түрде. Тағысын тағы... Сабақтасып ұласа берер еді. Атеистік ұғымның іші толған осындай қисынсыздық екенін осыдан-ақ түсінуге болар. Ей, шатасып өзгені де шатастыратын қырсық! Адасушылықтан бас тартып, істеген ісіңе өкініп жылауың керек.ҮшіНші ҚАУіПті СөЗ: «иктизат-һүл табиат», яғни табиғаты керек етедi, табиғат жаратады, деген пікір. Бұның жөнсіз жақтары жетеді. Үлгi ретінде үшеуін баяндалық. БіРіНші ЖөНСіЗ ЖАҒы: Әлем, оның ішінде жан-жануарлар, олардағы хикметтi де көреген iстер, өнер мен шеберлік Шәмси-Әзәлидiң тағдырымен, оның құдірет қаламымен жазылған дегенді жоққа шығарып, оларды меңіреу табиғат немесе басқа бір күш жаратты дейтін болса, ол кезде табиғат, барлық нәрсеге өзінің мәшинелерін, баспаханаларын толассыз түрде орналастыруы керек болады, не болмаса барлық нәрсеге әлемді жарата алатын әрі басқара алатын бір құдірет пен хикмет беруi тиіс.
158АСА-И МҰСА Мәселен, Күн сәулесі Жер бетіндегі кiп-кішкене шыны сынықтары мен тамшыларға шағылысып, әсер еткенде олар жалт-жұлт етіп нұрға бөленеді. Егер Күнмен шағылысқан кішкене жылтырақ сәулелерді нағыз Күнмен байланысы жоқ, өздігінен десек, онда иненің көзіндей шыны сынығының ішінде табиғи нағыз күннің қасиеттеріне толық ие, болмысы шағын кәдiмгi Күннің бар екенін қабылдауға және біреу ғана емес шыны бөлшектерi қанша болса, сонша табиғи Күннің бар екенін мойындауға тура келеді... Дәл осы мысал сияқты, жаратылыс атаулы мен жан-жануарлардың жаратылуын тікелей Шәмс-і Әзәлидің есімдерінің сәулесi деп қарамасақ, онда әрбір болмыста, әсіресе, әрбір жан-жануардың бойында шексіз құдірет, жойқын билік, терең ілім мен хикмет әрі орасан зор күш қуат, яғни, бір-бір тәңір бар деп мойындауға тура келедi. Мұндай ұғым, әлемдегі қисынсыз пікірдің ең қисынсызы болар. Олай болса, бүкіл әлемдi жаратқан Аллаhтың шеберлiгi мен өнерін меңiреу табиғатқа телитін адам, әлбетте, хайуаннан жүз есе төмен, өзінің мың есе санасыз екенiн дәлелдейдi. ЕКіНші ЖөНСіЗ ЖАҒы: Егер көз алдымыздағы тәртiптi де өлшемдi, сұлу да әсем, шебер әрі хикметке толы жаратылыс шексіз Қадир, Хакимнің өнері болмай, табиғаттың ісі, табиғи дейтін болсақ, онда табиғат әрбір уыс топыраққа Еуропадағы баспалар мен фабрикалардың саны қанша болса сонша, мәшинелер мен фабрикалар орнатқан болды ғой, солай ма?!. Өйткені, гүл егуге арналған бір құтыны алайық. Сол топырақтан пішіні әртүрлі, бір-бірінен мүлдем өзгеше, түрлі-түсті гүлдердiң өсiп-өніп шығатыны анық оны iс жүзiнде көрiп жүрмiз. Егер, бұл құбылыс Зүлжәләл уа Қадир бір Аллаһқа тән болмаса, онда құтыдағы топырақтың ішінде әрбір гүлге арналған арнайы табиғи мәшине, өзгеше өндіріс бар деп ұғынуға мәжбүрміз. Әйтпесе, ондай түрлі гүл өсіп шықпас еді. Себебі, гүлдің дәнегі деген кәдiмгi ұрық пен жұмыртқа сияқты сутегi, оттегi, көмірқышқыл және азоттың қамыр сияқты араласқан қоспасынан тұрады және гүлге қажетті ауа, су, жылу, жарық секілді элементтер беті ауған жаққа кете беретін бейсана нәрселер. Дегенмен әлгі шебер жасалған гүл ғажайып әсем, тым тәртiптi де шебер түрде сол қарапайым қара топырақтан шығады. Олай болса, әлгі құтыдағы топырақта шағын мөлшерде баспаханалар мен фабрикалар бар болғаны ма? Солай пайымдауға тура келеді. Сонда ғана топырақ осыншама «гүл» дейтін тірі мата мен мыңдаған түрлі-түсті тоқыма өнімдерін өндіре алады. Ал, мұндай жағдай әлі күнге байқалған жоқ, топырақтан да таң қалдырар тамаша өндіріс орны табылған емес. Осыған қарап-ақ табиғат жаратты деушілердің хақ дінге қарсы үғымы қаншалық қисынсыз екенін ақылға салып сараптай беріңіз. Табиғатты «жаратушы» деп, оған «табиғат ана» деп табынып жүрген адам бейнесіндегі ақымақтар, өздерін «ғылым адамымыз, ақылдымыз» деп санайтынын қайтерсің!
159Иманның үшінші айғағыМүмкін, олар ақыл-ой мен ақиқат ғылымынан қаншалықты қол үзіп қалғандарын аңғармайтын да шығар. Мұндай адасушылық пікірін өздерінше білім саласы деуі кісі күлерлік нәрсе. Ондай масқара салаға түкіргеннен өзге еш амал жоқ. Егер былай десең: «Жаратылысты табиғатқа телісең қыруар қисынсыздықтар мен шыға алмайтын тығырықтар пайда болады дейсiң. Ал, бұларды Ахад әрі Сәмад бір Аллаһқа бергенде әлгi қиындықтар қалай жоғалып, ұғыну жеңіл болып кетеді?» ЖАУАП: «Бірінші мысалда, Күн сәулесі еш қиындықсыз, кіп-кішкене тамшыдан бастап, сонау айдын көл, үлкен теңізге дейін шағылысып, өзінің сәулесін, әсерін өзіне ұқсас көптеген кішкене мысали күндер арқылы жеңіл көрсете қояды. Егер әлгі тамшының және сол сияқты жылтырақ бөлшектердің күнмен байланысы жоқ десе, онда әлгі кішкене күнді көрсетіп тұрған әрбір бөлшектің ішінде күн сыртқы пішінімен бірге орналасуы керек. Сол сияқты әрбір болмысты тікелей Заты-Ахад уа Сәмад бір Аллаһтың жаратқаны, оның құдіретімен болады деген кезде бүкіл болмысқа не керектiң бәрi өте оңай әрі жеңіл түрде қамтамасыз етіледі. Егер мұндай байланыс үзілсе болды әлгіндей қызметшiлiк тоқтап, болмыс атаулы өз бетімен жүр немесе табиғатқа қатысты дейтін болсақ, ондай жағдайда шешілмейтін шексіз байланыстар түйіндерге айналып, ақылға сыймайтын жөнсіздік, яғни, мүмкінсіздіктер алдымыздан шығады. Онда мына керемет хикметке көз жұмып, әлемнің кiшкене үлгісі тәрізді, таңғажайып мәшинеге ұқсас шыбынды сол шыбынның ішіндегі меңіреу табиғат жасады деп сенуге тура келеді. Ендеше бүкіл табиғаттың өзін шексіз әлемді жарататын құдірет пен хикмет иесi деп мақұлдауға тура келеді. Бұл дегеніміз бір емес, бәлкім сансыз есе қисынсыз, санасыз сандырақ болар еді. Олай болса, Заты Уажиб-үл Ужуд жаратқан және оның серігі мен теңі жоқ, болуы да мүмкін емес. Сол сияқты оның құдіретіне және болмысты жарату ісіне де өзгенің араласуы мүмкiн емес, мүлдем ақылға сыймайтын түсінік. Ал, екінші жөнсіздіктегі мүшкілдікке келер болсақ, көптеген еңбектерімде баяндағанымдай, егер болмыс атаулы Уахид Ахад бір Аллаһқа берілсе, барлық нәрсе бір нәрседей жеңіл әрі оңай болады. Егер іс себептерге, табиғатқа жүктелсе бір ғана нәрсе бүкiл болмысты жаратқандай аса зор қиындық туғызады. Мәселен, бір адам патшаның қызметшісі болып қол астына кiрсе, сол мансаптың арқасында әлгi адамның күш-қуаты жүз есе артып, бұған дейінгі атқарған қызметінен әлдеқайда көп істер тындыра алады. Өйткені, атқаратын ісі мен жұмысына қажетті заттарды, күш-қуатты өзі тасымайды, тасуға да мәжбүр емес. Әлгi байланыс арқылы керегінің бәрін патшаның қазынасынан алып және оны патшаның әскері тасиды. Демек, атқарған істері керемет, бейне бір патшаның өзi iстегендей тыянақты, іс-қимылы бір әскери жасақтың қимылындай керемет басталып, таңғажайып болып аяқталады.
160АСА-И МҰСА Мысалы, кішкентай құмырсқа, әлгіндей қызметкерлік арқылы Перғауынның зәулім сарайын тас-талқан етеді. Шыбын сондай байланыстың арқасында патша Нәмрудты жер жастандырады. Сондай байланыспен кiп-кiшкене қарағайдың дәнегі, таудай қарағай ағашын арқалап, ішіне сақтап тұр емес пе?. (Сілтеме ) 13Иә, егер мұндай тығыз байланыс үзіліп, әлгіндей зор қызметінен босатылса, онда кішкене дәнек зәулім қарағай ағашына қажетті заттарды өзі арқалап тасуға мәжбүр болар еді, ол да мүмкін емес. Ол кезде, көп болса өзіне шақ сол азғантай күш-қуатының шамасындай ғана iс атқарады. Әрине, мұндай хикаяны қиялға жүйрік сайқымазақ естісе де, осындай жөнсіз қиялдан ол да қатты ұялатын шығар. Сонымен, болмыс атаулыны Уажиб-үл Ужудқа беру, яғни, бiр Аллаh жаратты деу шарт әрi сөзсіз жеңіл. Ал, табиғат жаратты деу мүшкіл, ақылға қонымсыз. ҮшіНші ЖөНСіЗ ЖАҒы: Бұл қисынсыз пікірді әшкерелейтін мұның алдындағы кітапта баяндалған екi мысалға тоқталайық.Бірінші мысал: Өркениеттің барлық озық жетістіктерімен безендірілген ен далада орналасқан зәулім сарайға жабайы бiреу келеді. Қараса, іші толған көздің жауын алатын тамаша өнер туындылары. Әлгі жабайы ақымақтық жасап «сырттан ешкім араласқан жоқ. Бұл сарайды ішіндегі заттарымен қоса сол заттың біреуі жасаған шығар» деп ойлайды. Бірақ ақылы таяз болса да, ішіндегі бір заттың мына зәулім сарайды жарата алмайтынын біледі. Содан сарайдың жұмыс жоспары мен ішіндегі заттардың тізімі және басқару заңдары жазылған дәптер тауып алады. Расында көзсіз, жансыз, күш-құдіреті жоқ ол дәптердiң қолынан жасау, безендіру келмейтiнi анық. Ол бар болғаны басқару заңдарының жиынтығы мен заттардың атауы жазылған бір зат қана. Әлгі жабайы сонда да өзiн зорлап «Басқалармен салыстырғанда осы дәптер сарайдағы нәрселермен тығыз байланысты болғандықтан, мына сарайды осы дәптер жасап, безендіріп, ішін дүние-мүлікпен толтырған екен» деп есуастардың сандырағын айтады. Міне, осы мысалдағы зәулім сарайдан да керемет, жүйелi де тәртiптi, таңғажайып, айналасы хикметке толы, мына «әлем» сарайын табиғат жаратты дегенге сенетін Құдайдан безген жабайы адам келеді. Бірақ, ол Сілтеме . 12Иә, егер де тығыз байланыс болса, Аллаhтан әмір келедi де әлгі дән ғажап іс атқара бастайды. Егер ондай байланыс болмаса, бiр дән жаратылуы үшiн зәулiм бiр ағашқа қажет шарттар мен құдірет әрі сондай өнер қажет болар еді. Өйткені, тау етегінде өсiп тұрған Құдайдың құдіретi алып қарағайдың барлық болмысы, бүкiл керектi заттары және тағдырдың жазғаны сол дәннен шығатын ағашта да болуы керек қой. Өйткенi, ол ағаштың фабрикасы сол дәннің өзі болуға тиіс. Ал ақиқатында, дән ішіндегі тағдыр жазуы Аллаhтың құдіретiмен сыртқа шығып кәдiмгi қарағайға айналады.
161Иманның үшінші айғағыбұл әлемді мүмкiндiк шеңберiнен тысқары Зат-ы Уажиб-үл Ужудтың бар екеніне сенбегендіктен әлем Оның шебер жаратқан өнерi деп қарамай, Иләhи тағдырдың жазып-өшіретін тақтасы және Иләhи құдіреттің жарату заңдарының ауысып өзгеретін дәптерi болып табылатын, бірақ «табиғат» деп аталып кеткен Иләhи ережелер мен заңдар жинағын, яғни, Раббани шеберліктің мазмұнын көреді. «Мына нәрселердің пайда болуы үшін бір себеп керек. Бiрақ, мен олармен тығыз байланыста болатындай мына дәптерден басқа нәрсе көре алмай тұрмын. Шынында көзсіз, санасыз, құдіреті жоқ мына дәптер, толық Рубубиеттің ісі болып табылатын әлемді жаратуы әсте мүмкін емес. Бірақ мен, Сани-ы Қадим Жаратушыны мойындамаймын ғой. Олай болса, ең дұрысы әлемді мына дәптер жаратты және жаратып жатыр деймін» деді. Оған жауап былай: «Ей, ақымақтықтың шегіне жеткен ақымақ! табиғаттың ұйығына батқан басыңды көтер, көзіңді аш! Ең ұсақ бөлшектен бастап сонау жұлдыздарға дейін толып жатқан болмыс атаулы өзiне тән сан-алуан тілде Аллаhтың бар екеніне куәлiк ететіндігін тыңда! әлем атты алып сарайды салған, оның жоспарын бір дәптерге жазған Наққаш-ы әзәлидің табиғат атты құбылысына назарыңды сал! Сан қилы өзгеріс болып көзге түсіп тұрған істеріне қара! Сонан соң, осының бәрін тамаша түсіндіретін Құранын тыңда. Екінші мысал: Мүлде жабайы бiреу жер қайысқан қалың бiр әскери бөлімшеге тап болады. Сөйтіп, әскердің бәрі бірдей жалпыға ортақ тәртіппен жаттығып жатқанын, үйлесімді іс-қимылын көреді. Бір жауынгердiң әрекетімен қалың әскер тұра қалады, жата кетеді, жүгіре жөнеледі. «Атыңдар!» деген бұйрығын алғанда оқ боратады. Ақылы таяз әлгі жабайы адам мына істер бір қолбасшының немесе мемлекеттің не болмаса бір патшаның заңымен басқарылып жатқанын түсiне алмай және ол түсінікті жоққа шығарғандықтан жауынгерлер бір-біріне өзара жіппен байланған екен деп ойлайды. Сөйтіп, «ол неткен ғажап жіп!» деп те таңқалады. Одан әрі Аясофия дейтін өте сәулетті де керемет бiр мешітке келеді. Жұма күнi болғандықтан мешітке мұсылмандар көп жиналыпты. Олар бір адамның дегеніне ұйып, иіліп, еңкейіп сәжде етедi. Аллаһ Тағаладан келген бүкiл заңдарды қамтитын иләһи шариғатты және шариғат иесінің әмірлерінен тұратын мағынауи ереже-заңдарды әлгі адам ұқпағандықтан. «Мына жамағат кәдiмгі жіппен байланып тұр, оларды шырмап, ойнатып тұрған жіп таңғажайып екен!» деп, тағы да қияли ой кешеді. Осылайша, ол хайуан достарының өзін де күлкіге қарық қылып, өзі де масқара болып шығып кетеді... Міне, дәл сол сияқты Сұлтаны-Әзәл және Әбәд Аллаһтың сансыз әскері тәрізді мына әлемге немесе Мәғбуды-Әзәлидің сәулетті мешіті сияқты мына дүниеге, әбден жабайыланып кеткен қырсық әрі Құдайдан безген, табиғат
162АСА-И МҰСА жаратады деген ұғымды жақтайтын бір кәпір келеді. Ол Сұлтаны-Әзәлидің хикметінен туындаған әлемнің мағынауи заңдарын материалдық нәрсе деп пайымдап, Рубубиет билігінің заңдар жинағы, яғни, жаратылыс заңдарын материалдық нәрсе деп сеніп, сосын оларға «табиғат» деп әлдеқандай айдар тағып Құдіреттің ісі болып табылатын құбылыстарды кездейсоқ табиғаттың көрінісі деп қарайды. Бұл жоғарыда келтірген мысалдағы жабайылықтан мың есе өткен жабайылық қой!Сонымен, жаратылыстанушылардың «табиғат» деп ойдан шығарғандары егер бар болса, онысы тек өнер болуы мүмкін, шебер емес. Яғни, асқан шебердің ғажап өнері ғана. Ол бір сурет қана, әлбетте, суретші емес. Үкімдердің жинағы болуы мүмкін, бірақ, әкімі бола алмайды. Ол бір жаратылыс заңы, Заңгер бола алмайды. Бүркеніш пердесі болып табылатын жаратылыс, Жаратқан бола алмайды. әсер алушы құбылыс, әсер етушi емес. Ол бір орындалушы заң, Құдірет те емес, Қадир де емес. Құралған нәрселер, бірақ, Құрастырушы емес... Сонымен, қорыта келгенде, әлемде болмыс бар екенi рас, оған күмән жоқ. Он алтыншы нотаның басында айтылғандай, болмыстың пайда болуының ақылға сияды-ау деген төрт жолдан басқа жолы жоқ. Міне, осы төрт жолдың әуелгі үшеуі қисынсыз, бекер, сандырақтау екені толық түрде дәлелденді. Енді төртінші жолға келер болсақ, бастапқы: аяты Зат-ы Уажиб-үл Ужудтың Улуhиетін және барлық нәрсе оның құдіретімен болатынын, жер мен көк оның билігінде, оның тікелей қол астында екендігін ап-анық әрі нақты көрсетіп тұр. Ей, себептерге шырмалып, табиғатқа табынған бейшара адам! Сен әуелі мынаны біліп қой! әрбір болмыстың табиғаты бүкiл нәрселер сияқты кейіннен пайда болады, яғни, жаратылады. өйткені, шебер түрде жаңадан жасалуда. Һәм әрбір болмыс жаңадан жаратылғаны секілді оның себептерi де асқан шеберлікпен, керемет өнермен жасалуда. Сондай-ақ, әр нәрсенің жаратылысы көптеген заттар мен құралдарды қажет етедi. Олай болса, ол табиғатты жасаған және сол себептерді жаратқан Қадир-ы Мутлақ, Жаратушы бар. Ал, мұндай Қадир-ы Мутлақ өзінің жарату ісіне, шексіз басқару билігіне әлсіз, қолынан түк келмейтін себептерді ортақ қылады деймісің. Жоқ! Ол нәтижені себептерімен бірге өзі ғана жаратады және есімдерінің кереметтігін және ғажап хикметін осылайша көрсете отырып оларға белгілі бір тәртіп береді. Таңғажайып жүйеге түсіреді де бір-біріне себеп қылып, нәтижені осы тәртіп пен жүйеге қатысты салдары етіп көрсетеді. Бұл екеуі де Аллаһ Тағаланың асқан құдіретінiң бүркенiш перделерi болып табылады. Осылайша киелi есiмдерiне нұқсан келтірмей, намысын мақұлықтардан қорғайды.
163Иманның үшінші айғағыАпырым-ай, сағат шебері сағаттың бөлшектерін жасап алып, сағатты құрастыра салуы оңай ма, әлде таңғажайып бір мәшине ойлап тауып, онысын әлгі бөлшектердің арасына орналастырып, сосын сағат жасауды сол мәшиненің жансыз қолдарына тапсыруы оңай ма? 0, тоба! Бұлай болуы әсте мүмкін бе? Осыған төрелік етіп көрші! Немесе жазушының сия, қалам, қағазды пайдаланып өзі жазғаны оңай ма, әлде қалам, сия, қағаздың арасына әлгi жазбадан әлдеқайда шебер жасалған өте күрделi әрi тек сол жазбаға ғана тән жады бар мәшине құрастырып, сосын ақыл-есi жоқ әлгi мәшинеге «қане, сен жаз!» деп, өзінің араласпағаны оңай ма? Бұл қолжазбадан жүз есе мүшкіл емес пе? Егер сен «дұрыс қой, бір кітапты жазу үшін әлгіндей мәшине жасау әрине көп әуреге салады. Бірақ, мұндай мәшине болса, жазушының сол кітабын көбейтуге пайдасы тимей ме? Сол жағынан бәлкім жеңілдік болар?» дерсің. Оған былайша жауап береміз: Наққашы Әзәли, яғни, әсем де шебер суретшi, өзінің асқан құдіретімен көркем есімдерінің көрінісін сан-алуан түрде көрсете отырып, үнемі жаңалау арқылы, болмыс атаулыға өзгеше түр, өзіндік бейне беруде. Тіпті, ешбір Самәдани хат немесе Раббани кітаптың дәлме-дәл көшірмесі жоқ. Жаңадан басқа мағына білдіру үшін, кейіннен жаратылғаны міндетті түрде өзге бейнеде болады. Егер соқыр болмасаң, адамның жүзіне зер сал! Адам ата заманынан бері, бәлкім қияметке дейін сол алақандай бет әлпетiнде, дене мүшелерімен қоса салыстырғанда, адамдар бір-біріне ұқсамайды.Міндетті түрде бір айырмашылығы болмақ. Демек әрбір бет, өзiндiк бір кітап. Оны тек көркемдеу үшін өзінше бір жазу құралдары, жаңа бір тәртіп, өзге бiр жазу керек. Қажетті заттарды әкелу, оларды орналыстыру және басылуына қажетті нәрселерді орнына қою үшін мүлдем басқа баспахана қажет. Егер, мүмкін емес болса да табиғатты баспахана деп санағанның өзiнде баспаға қажетті теру мен басу, яғни, дайын әріптерді қалыпқа қоюын былай қойғанда, әлгі теру жұмысынан әлдеқайда мүшкіл болып табылатын жанды мақұлықтың болмысындағы қажетті заттарды әлемнің түкпір-түкпірінен өзіндік өлшеммен, өте дәл әрі белгілі бір жүйемен жасау және тасу, сондай-ақ, әлгi баспаға беру үшін бәрiбiр, қайтадан сол баспаның иесi Қадир-ы Мутлақтың құдіреті мен еркіне мұқтаждық туады емес пе? Демек, баспа болуы мүмкiн деген ой мүлдем керағар, мағынасыз әрi сандырақ. Егер, сағат пен баспа мысалдарын түсiнген болсаң, онда шебер Жаратушы Сани-ы Зүлжәләл, бүкіл мүліктің Иесі Қадир-ы Күллі Шей себептерді де өзі жаратқан, нәтижені де сол жаратуда. Хикметті түрде себептi салдармен ұштастыруда. Әлем құбылыстарының жүйесіне қатысты Аллаhтың әдет-заңдары Иләhи ұлы жаратылыс заңдарының бір ғана сәулесiне жәй ғана айна болып табылатын болмыс атаулының табиғатын өз еркімен қалағанындай белгiлеген. Әрі сол табиғаттың заттық жағын құдіретімен жаратқан, болмыс атаулыны өзiндiк табиғатына сай жаратқан...
164АСА-И МҰСА бір-бірімен араластыра байланыстырып қойған... Апырым-ай, тым орынды әрі нақты дәлелденген осы ақиқатты мақұлдау қиын болып па?! О, тоба, осылай болуы керек емес пе? Әйтпесе, қарапайым себептер мен табиғат деген нәрселерге әр нәрсенің жаратылуына қажетті заттар мен құралдарды беріп, өте хикметті әрі күрделі iстердi атқарту мүлдем қисынсыз. Апырым-ай, бұл деген мүмкін еместің мүмкін емесі ғой. Мұны да сенің ынсап білмейтін ақылыңа саламын.Әлгі кәпір, яғни, табиғатқа табынушы былай дейді: «Сен маған ынсапқа кел деп отырсың. Осы кезге дейін жүрген жолым тым қисынсыз әрі зиянды, іске алғысыз жол екенін түсіндім. Жоғарыда аталған дәлелдерiңiздi естіген адамның егер аз ғана ақылы болса, табиғат немесе себептердiң жаратуы мүмкiн емес және олай деудің өзі сандырақ екенін түсiнедi деп ойлаймын. Ал, барлық нәрсені тікелей Уажиб-үл Ужудтың жаратқаны шындық әрi мiндеттi түрде солай. «әлхамдүлиллаhи аләл иман» деп иман еттім. Көңілімде мынандай бір ғана күмән бар: Аллаһ тағаланың Жаратушы екенін қабылдаймын, алайда кейбір кiшкене себептердің қарапайым нәрселердi жарату ісіне араласуы, азғантай мадақтауға ие болуы Оның Рубубиетінің салтанатына зиян келтіре ме? әкімдiгiне нұқсандық түсіре ме?»Мұның жауабы: Бұл мәселе менің кейбір шығармаларымда толық дәлелденген. Әкімдiктiң басты талабы басқаның араласуына мүлде жол бермеу. Тіпті, қарапайым әкім мен жәй қызметкердiң өзi басқарма ісiне баласының араласқанын қаламайды. Тіпті, тағыма таласады деп, кейбір патшалар өз дәуірінде өзінің бейкүнә ұлдарын өлтіріп отырған. Бұл оқиға «билікке басқаны араластырмау заңының» әкімдік ісінде қаншалықты маңызды екенін аңғартады. Шағын ауылдағы екі бірдей бастықтан бастап, сонау бір өкіметте екі патшаға дейін әкімдік iсiнде тәуелсiздiк, «басқаны араластырмау заңдылығын» қатаң талап етедi. Мұны адамзат тарихы қырғын қан төгістер арқылы дәлелдеп отыр. Апырым-ай, Аллаhтың толық басқарма мен әкiмдiгiнiң жәй ғана көлеңкесiндей әлсіз әрі көмекке мұқтаж адамдардың арасында жеке дара билеп-төстеу осыншама дәрежеде болса, өзiң ойлашы Толық Әкімдігi Рубубиет дәрежесінде, Толық басқармасы Улухиет дәрежесінде, Толық тәуелсiздiгi Әхадиет қуатында және ешнәрсеге мұқтаж емес, Қадириет қуатындағы Заты Зүлжәлалдің ісінде, оның әкімдігінде басқаны араластырмау, серiкті қабыл етпеу, ешнәрсенi ортақ қылмау заңдылығы қаншалықты қажет әрі шарт екенін салыстыра алсаң, салыстырып көр! Ең қатаң шарт осы Жаратушы Аллаһқа тозаңдай да серік қоспау шарты болуы тиіс!
165Иманның үшінші айғағыАл, күмәнiңнiң екінші жағына келсек, «Себептер, кейбір ұсақ нәрселердің кейбiр құлшылықтарын иеленсе, Мағбуд-ы Мутлақ болып табылатын Зат-ы Уажиб-үл Ужудқа жасалған ең ұсақ бөлшектен бастап жұлдыздарға дейінгі жаратылыстың құлшылықтары азайып қала ма?» дейсің. Оған жауап былай: Мына әлемнің Халиқ-ы Хакимы әлемді шексіз зәулiм ағаш тәріздес жасап, оның жемісі ретінде саналы пенделерді, ал олардың ішінде ең күрделі жемісі адамды жаратқан. Адамның да өзiне тән өте маңызды жемісі, тіпті, жаратылысының нәтижесі, мақсаты бар. Ол, оның шүкіршлігi мен құлшылығы. Міне, осының бәрін жаратқан толық ерікті, ешнәрсеге тәуелсіз әмірші Хаким-ы Мутлақ және өзін таныту үшін әлемді әсем түрде жаратқан Уахид-ы әхад Аллаһ, бүкіл әлемнің жемісі адамзатты және адамның ең құнды жемісі – шүкірі мен ғибадатты басқаларға беріп қоюы мүмкін бе? Жаратылыстың нәтижесін, әлемнің зор жемiсiн хикмет пен даналығына мүлдем кереғар етіп, өзгеге беріп әбестік жасай ма? Олай істеуі әсте мүмкін емес.Жаратылыстың құлшылықтарын басқаларға беру – Аллаhтың зор хикметі мен толық Рубубиетін бекерге шығарумен тең. Оған өзi риза бола ма, ұлықсат бере ме? әрі, өзін танытып, бірақ жаратқан құлдарының шүкіршілігі мен ризашылығын, сүйіспеншілік пен құлшылықтарын бөтен біреуге, себептерге беру арқылы өзін ұмытқызып әлемдегі ең ұлық мақсатын жоққа шығаруы мүмкін бе?!Уа, табиғатқа табынудан бас тартқан достым! Басқа айтарың бар ма? Ол айтады: «әлхәмдүлиллаh, көңілімде күдік қалмады. иләhи Уахдәниетті және Мағбүд-ү Билхақ жалғыз Аллаһ тағала екендігін әрi Аллаһ тағаладан басқалар ғибадат етуге лайық еместiгiн өте анық түрде, бұлтартпас айғақтармен дәлелдеп бердiңiз. Бұған да сенбей Жаратқанды жоққа шығару, Күн мен Айды жоққа шығару секілді ақиқатқа мүлдем қайшы ғой». * * *
СОңыТабиғатшылдық дейтін күпiрлiк ұғымды тастап иманға келген адам айтады: «Құдайға шүкір, күмәнiм қалмады. Алайда, көңілімді алаңдатқан бірнеше сұрағым бар». Бірінші сұрақ. Жалқау кiсiлер және намазды тастап кеткендер айтады: «Құранның көптеген жерінде ғибадат етпейтiндердi жанға батыра қайта-қайта Жәhаннамның жан төзгісіз азабымен қорқытып, адамның зәресiн алады. Сонда біздің ғибадатымыз Аллаһ Тағалаға керек болғаны ма, не қажеті бар? Адамзатқа тура жол көрсетіп, жөнге салып отыратын әділетті Құранның бұлай сөйлеуі оған жараспайды. Елеусіз, кіп-кішкене қателiкке бола, осыншама қорқыту қаталдық емес пе?».Жауабы: Рас, Аллаһ тағала сенің ғибадатыңа да ешнәрсеге де мұқтаж емес. Бірақ, ғибадатқа сен мұқтажсың. Рухың сырқат, жаның жаралы. Ал, құлшылық – рухани жараны емдейтін шипа. Апырым-ай, науқас адам дәрігердің жаны ашып айтқан пайдалы кеңесіне және дәрі-дәрмек ішу жайында қайталанған ескертуіне ренжіп «сiзге мұны қайталай бергеннен пайда түсе ме?» десе, мұнысы әбестік қой. Ал, Құранның ғибадатты тастауға қатысты қорқынышты да қатаң ескерту жасап, ауыр жаза жайлы хабарының мәнісі мынада: Мерейі үстем Патша қол астындағылардың құқын сақтау үшiн халқының ақысын жеп, намысына тиетiн жәй бір адамның жіберген аз ғана қателiгiне бола ауыр жазаға тартады емес пе? Сол сияқты ғибадатты, намазды тастаған адам, Сұлтан-ы Әзәл уа Әбәдтің билiгiндегі болмыс атаулының құқына үлкен жауыздық әрі қастандық жасаған болып есептеледi. Себебі, болмыс атаулының әсемдігі, Жаратушысын мадақтауы мен тәсбих етуінде жатыр. Ғибадатты тәрк еткен адам болмыс атаулының ғибадатын көрмейді, көре алмайды, тіпті, жоққа шығарады. Ал ғибадат жасап, тәсбих ету жоғары дәреже екені белгілі. Сондай-ақ, Самәдәни хат, әрбірі Раббани есімдердің айнасы болып табылатын жаратылысты төмендетiп түкке тұрғысыз, мағынасыз, меңіреу санап, мағынасы мен мақсатын жоққа шығарады. Сөйтiп, бүкіл жаратылысқа қастандық жасаған болады. иә, әркім әлемді өз айнасымен көреді. Аллаһ тағала адам баласын бүкіл әлемнің үлгісі, таразысы түрінде жаратқан. әрбір адамға мына дүниеде өзіндiк әлем сыйлайды. Ол әлемнің күйі, пенденiң көңілiне қарай өзгеріп отырады. Мәселен, өте мұңлы жабырқау адам, төңірегін де солай көреді. Ал, өте көңілді, қуанышты адам, әлемді құлпырып жайнаған түрде көредi. Сол сияқты, ойшыл әрі терең мағыналы ғибадат жасап, тәсбихпен шұғылданатын адам, жаратылыстың мәнісiн, оның ақиқатын тереңірек
167соңыаңғарады. Бейқам немесе Құдайдан безіп ғибадатты тастаған адам әлемнiң кемелдiгiне, шынайы әсемдігiне кереғар тұжырым жасап, үйлеспейтін әбес түрде түсініп, олардың құқына рухани қарсылық жасайды. Әрi адам өзі өзінің нағыз иесi болмағандықтан намаз оқымаса, нағыз Иесi болып табылатын Аллаһтың құлына, яғни, өз нәпсісіне зұлымдық жасаған болады. Ал, оның Иесi, құлының ақысын оның жүгенсіз нәпсісінен алу үшін қайта-қайта қорқытып, қатаң ескерту жасап тұрады. Сондай-ақ, жаратылысының нәтижесі әрі мақсаты болып табылатын ғибадатты тәрк еткен адам Иләhи хикметке әрі Раббани мақсатқа қарсы шыққан болып саналады. Сол үшін қатаң жазаға тартылады. Сонымен, ғибадатты тастаған адам өзінің нәпсісіне (жан) зұлымдық еткен болады, ал, нәпсі болса Аллаһ Тағаланың құлы әрі толық иелігінде, сонымен қатар бүкіл әлем кемелдiгiне шек келтіріп, олардың мағынауи ақысын жеп, құқына қол сұққан болады, демек залым болғаны. Иә, кәпiр, яғни, атеист бүкіл болмыс атаулыны қорлаушы залым. Ғибадатты тастау, әлемдегi әсем кемелдiктi, ондағы сұлулықты жоққа шығару деген сөз. Осы себептен, Иләhи хикметке қарсы келу болып табылады. Нәтижесінде қатаң ескертуге, қатты қорқытуға, ауыр жазаға да лайық болады. Міне, жоғарыда аталған өте орынды ақиқатты білдіру үшін Қасиетті Құран Кәрім керемет түрде әлгіндей қатаң ескертпелі түсіндірме тәсілін шебер пайдалана отырып, өз жөнімен, дәл тауып айтқан әрi сол жерге лайық сөзді шешендікпен өте тамаша қолданған. Екінші сұрақ: «Болмыс атаулы қай жағынан болсын, ісінде де, өзінде де, сипатында да Аллаhтың құдіретіне тәуелді екені ұлы ақиқат. Ұлы болғандықтан ол таяз ақылымызға сыймайды. Әйтсе де, көз алдымыздағы мына телегей теңіз молшылық әрі уахдет тұрғысындағы оңайлық пен жеңілдік, Құранда баяндалғандай: Осы секілді аяттарының анық түрде көрсеткен өте оңай әрі асқан жеңіл түрде болуы әлгі ұлы ақиқаттың өте орынды да дұрыс екендігін қуаттай түседі. Бұл жеңілдіктің сыры мен хикметі неде?» Жауабы: Біріншіден, Жиырмасыншы Мектубтың оныншы кәлимәсы болып табылатын: аятының баянында бұл сыр өте анық әрі толық түрде баяндалған болатын. Әсіресе, соңғы жағында нақты дәлелденген-ді. Егер қайталайтын болсақ, болмыс атаулыны Сани-ы Уахид бір Аллаһ жаратты деген кезде барлығы бір түйір зат сияқты оңай әрі жеңіл пайда болады. Егер болмысты Уахид-ы Ахад жаратқан жоқ дейтін болсақ,
168АСА-И МҰСА бір түйір заттың жаратылуы бүкіл заттың жаратылуы сияқты мүшкіл болып, орасан зор қиындық туады. Ол кезде бір дәннің жаратылуы бір ағаш сияқты ауырлық туғызады. Егер өзінің нағыз шебер ұстасына берілсе, бүкіл әлем бір ағаш сияқты, бір ағаш бір дән сияқты, ал Жұмақ бір гүл сияқты оңай әрі жеңіл жаратылады. Демек жеңілдік пайда болады. Сонда мына көз алдымыздағы молшылық пен арзаншылықтың және әрбір түрдің жеңiл көбеюiнiң, сондай-ақ, өте оңай әрі жылдам пайда болуының сыры ашылып түсінікті болады. Мұның хикметтерін білдіретін жүздеген дәлелдер басқа шығармаларымда толық баяндалған болатын. Қазір оған қысқаша тоқталып өтелік. Мысалға, жүз жауынгерді бір қолбасшыға тапсыру бір жауынгерді жүз қолбасшыға тапсырудан жүз есе жеңіл ғой. Сондай-ақ, әскердің немесе жер қайысқан қалың қолдың қажеттi жабдықтарын қамтамасыз ету бір орталықтан басқарылып, бір заңға бағынып, бір фабрикаға жүктеліп, бір патшаның басқаруымен болса, саны жағынан бір жауынгерді қамтамасыз ету сияқты жеңіл болады. Ал, бір жауынгерді қамтамасыз ету көптеген орталықтарға, сан-алуан фабрикаларға жүктеліп, бірнеше қолбасшыларға тапсырылса, бейне-бір саны жағынан бір топ әскерді қамтамасыз етуден де қиынға соғады. Өйткені, бір ғана жауынгерді қамтамасыз ету үшін де, бүкіл әскердi қамтамасыз ететiн көптеген фабрикалар керек. Һәм Уахдет сырымен бір ағашқа қажетті заттар бір тамырдан, бір орталықтан, бір заңмен беріліп отырғандықтан, мыңдаған жеміс беретін әлгі ағаш, бір жеміс сияқты оңай өсіп-өнгенін көзімізбен көріп жүрміз. Егер жағдай Уахдеттен (бірліктен), Кесретке (көпшілікке, себептерге) өзгерсе, яғни, бір Аллаһтың әмірімен емес сансыз себептерге жүктеліп, әр жеміске қажетті заттар әр жерден өздігінен берілетін болса, әрбір жеміс бір ағаш сияқты қиындық туғызар еді. Өйткені, бір ағаштың тіршілігіне қажетті заттар бір дән үшін де керек екені мәлім. Міне, осы тектес жүздеген мысал бар. Мұндай жеңіл әрі оңай жаратылу ісіне Иләhи ілім, тағдыр және Раббани құдірет тұрғысынан қарасақ, әлгіндей терең де маңызды сыр біршама ашылып түсінікті болады. Қалай десең, мысалыға сен барсың, болмыссың. Егер өзіңді Қадир-ы Әзәли жаратты десең, шексіз құдіретімен, әмірімен сіріңке шаққандай бір сәтте сені жоқтан бар етеді. Егер өзіңді Қадир-ы Әзәлиге тапсырмасаң, қандай да бір материалдық себептерге немесе табиғатқа телісең, ол кезде сен бүкіл әлемнің жинақы қорытындысы, жемісі мен кішкене мазмұны, тізімі болып табылатындықтан сені жарату үшін бойыңдағы заттарды бүкіл әлемнен жинап, оның бөлшектерін өте майда елекпен елеп, дәлмә-дәл өлшемдермен әлемнің түкпір-түкпірінен жинастыру қажет болады. Себебі, материалдық себеп тек қана реттеп жинастырады, басқа қолынан келмейді. Өзінде жоқ нәрсені қайдан тапсын? Себептердің жоқтан бар жасай
169соңыалмайтыны күллі ілім иелерiне мәлім. Ондай жағдайда, бір ғана кішкене жәндіктің болмысын әлемнің түкпір-түкпірінен жинауға мәжбүр болар еді. Міне, Уахдет пен Тәухид көзқарасында яғни, Аллаh жалғыз дегенде мәселе өте жеңіл әрі оңай шешіледі, ал ширк пен адасушылықта жаратылысты түсіну мүлдем қиын әрі мүшкіл болады. Екіншіден, бұл мәселеге Иләһи ілім жағынан қарасақ та оңай. Өйткені, тағдыр дегеніміз ол iлiмнiң бір түрі. Ол барлық нәрсенің мағынауи, өзіндік қалып сияқты мөлшерiн алдын-ала белгілеп қояды. Тағдыр – әр нәрсенің белгіленген мөлшері, жоспары. Құдірет жаратар кезде өте жеңіл түрде сол тағдырда белгіленген мөлшерiнен аспай, соған қарай жаратады. Егер болмыс атаулы бәрiн қамтитын, шексiз әрі соңсыз ілім иесі Қадир-ы Зүлжәләлдың жаратқаны болмаса, жоғарыда айтылғандай мыңдаған қиындық емес, сансыз қисынсыздықтар пайда болар еді. Себебі, әлгі тағдырдың белгіленген мөлшері мен іліми өлшемі болмаса, бір жәндіктің болмысын жасау үшін мыңдаған кәдiмгi және материалдық қалып қолданылуы керек болады. Міне, Уахдетте керемет оңай шешім, ал дінсіз ұғымда, күпірлікте, ширкте, яғни, Аллаhқа ортақ қосу пікірі бойынша бәрі қиын әрі тым мүшкiл екенiн түсінген шығарсың.аяты қандай ғажап ақиқатты әрі ұлы шындықты баяндаған десеңші! Бұрын дұшпан қазiр дос, тура жолға түскен адамның үшінші сұрағы.Бұл заманның алдыңғы қатарлы философтары айтады: «Жоқтан ешнәрсе пайда болмайды, бар нәрсе жоқ болмайды, тек қосылу мен ыдырау бар. Осылайша, Әлем фабрикасы жұмыс істеп тұр», дейді.Жауабы: Құранның нұрынан мақұрым философия белсенділері «болмыс атаулы табиғи немесе себептердің салдарынан пайда болды»дейін десе, ол жолда кездесетін ақылға сыйымсыз қисынсыздықтарды көріп өзара екі топқа бөлінді. Бірінші топ. Бұлар – скептицизм жолын ұстанушылар. Олар, адамның басты қасиеті болған ақыл ойдан бас тартып, хайуаннан бетер төмендеп бүкіл әлемді, тіпті, өздерін де жоққа шығаруға мәжбүр болды. Өйткенi, кәпiрлiк көзқарас бойынша себептер немесе табиғат жаратты дегеннен гөрі жоққа шығару әлдеқайда оңай. Сондықтан әуелі өздерінің болмысын, сосын әлемді жоққа шығарып, «бәрі қиял, ешнәрсе жоқ» деп көрсоқырлыққа әбден салынды. Екінші топ. Бұлар – себептер немесе табиғат жаратты дейін десе, бір ғана шыбынның немесе дәннің жаратылуы үшін қыруар қиындықтар туады, әрі ол үшін ақылға сыймайтын алып құдірет керек. Сондықтан, амалсыздан
170АСА-И МҰСА «жарату» дегенді жоққа шығарып, «жоқтан бар болмайды» деді және жоқ болуды да қисынсыз санап, «бар нәрсе жоқ болмайды» деді. «Тек қана атом бөлшектердiң қозғалысы салдарынан әрі кездейсоқтықтың әсерінен ыдырау және қосылу, түрлену және жүйелi реттелу арқылы белгілі күйге енеді, дүние солай жасалады» деп қиялдады. Сөйтіп, көрсоқырлықтың қою қараңғылығында тұрып, өздерін өте ақылды санайды. Құдайдан безу, адамды қаншалықты аздырып, көрсоқыр әрі масқара қылатынын осыдан біл, ғибрат ал! Жыл сайын төрт жүз мың түрлі жаратылысты әп-сәтте жер жүзінде жаратып отырған, Жер мен Көкті алты күнде жаратқан және алты аптаның ішіндегі әрбір көктемде өте шебер әрі хикметті түрде жан-жануарлар дүниесін жаратып, дүниені құлпыртып тұрған Құдреті әзәли Аллаһ өзінің әзәли яғни мұхит ілімінде жоспары мен өлшемдері анықталған болмысты яғни болмысы іліми түрде болған болмысты көзге көрінбейтін сиямен жазылған көрінбейтін жазуды айқындап көрсететін дәрі тәрізді өте оңай әлгі сырт пішіні жоқ, болмысы тек іліми түрдегі болмысты денеге айналдыру Әзәли Құдретке оп-оңай бола тұра сенбеу, жоққа шығару манағы софестаи дейтін ақымақтардан бетер ақымақтық, қою надандық. Бұл сорлы, бейшаралар өздері мүлдем әлсіз, қолында түк жоқ, тек аз ғана еркi бар әрі перғауынға ұқсап кеткен нәпсілері еш нәрсені жоқ қыла алмағандықтан, әрі жоқтан еш нәрсе жарата алмағандықтан және сенім артқан себептері мен құдайдай сенген табиғатының өзi жаратуға шамасы келмегендіктен ақымақтыққа салынып: «Жоқтан бар болмайды, бар нәрсе жоқ болмайды» деп, өздерінің бұрыс, жаңсақ қағидаларын Қадир-ы Мутлаққа, яғни, құдiретi шексіз Аллаhқа да еншiлегiсi келедi. Иә, Қадир-ы Зүлжәләлдің екі түрлі жаратуы бар. Біреуі, «ихтира» және «ибда» деп аталады, яғни, жоқтан бар қылу, жарату, қажет нәрсемен қамтамасыз ету. Екіншісі, «инша» және «санат» деп аталады, яғни, хикмет толы әсемдігін және көптеген есімдерінің әсем сәулесiн көрсету үшін өте күрделi ғажап болмысты әлемдегі элементтерден, бөлшектерден құрастырады. Әміріне құлдық ұратын бүкіл бөлшектерді және заттарды, өзінің «Раззақиет», яғни, ризықтандырушы атымен қамтамасыз ететін заңымен әрнәрсенің керегін жөнелтіп, сол арада әрекет еткізеді. иә, Қадир-ы Мутлақтың «ибда» мен «инша» дейтін екі түрлі жаратуы бар. Бар нәрсені жоқ қылу, жоқ нәрсені бар қылу оған тым оңай әрі өте жеңіл, тіпті, әрдайымғы, жалпыға ортақ заңдылығы. Көктемде тіршілік иелерінің үш жүз мың түрін, олардың пішінiн, сын-
171соңысипатын, тіпті, бойындағы бөлшектерін айтпағанның өзінде, олардың барлық күй-жағдайын, хал-ахуалын жоқтан бар қылған құдіретке қарсы «жоқтан бар жасай алмайды» деген адамның өзі жоқ болуы керек қой. Табиғат жаратты деген қисық пікірден бас тартып ақиқатқа көзі жеткен адам, енді былай дейді: «әлемде қанша ұсақ бөлшектер болса, Жаратушыға сонша шүкір етемін әрі мадақтау мен марапат бір Аллаhқа тән. иманым артып, көңілді торлаған күдік-күмәндардан құтылдым. Енді көңіл таза, жүрек тыныш». * * *
иМАННың төРтіНші АйҒАҒы(Отызыншы лемАның еКінші тұЖырымы)аятының бір тұжырымы және исм-і Ағзам немесе исм-і Ағзамның алты нұрының бір нұры «Адл» есімінің бір ғана сәулесі бірінші тұжырым секілді ол да Ескішеһирдегі түрмеде отырғанымда ұзақтан көрінді. Оны жақындату үшін тағы да тәмсіл-мысалдама пайдаланамыз.Мына ғалам ерекше бір сарайға ұқсайды. Ол сарайдың ішінде әрдайым бірде қирап, бірде жөнделіп сапырылысып жатқан қала бар. Ал, қаланың ішінде толассыз соғысып, көшіп-қонып жатқан бір мемлекет бар. Ал ол мемлекетте әруақыт өлім мен өмір арасында шыр-көбелек айналған бір әлем бар. Бір ғажабы, манағы сарайда да, қалада да, мемлекетте де, әлемде де таңғажайып тепе-теңдік, өзара үйлесім, өлшем сақталып тұрады. Демек бұл бізге, мына сансыз болмыста болып жатқан құбылыстар мен кіріс-шығыстар, әр уақыт бүкіл ғаламды бірден көретін, назарынан тыс қалдырмай жіті қадағалайтын бір Құдіреттің таразысымен өлшеніп, Соның дәлме-дәл есебімен жүзеге асып жатқанын дәлелдейді. Балықтардың кейбір түрі мыңдаған уылдырық ал, «хашхаш» (көкнар) деп аталатын өсімдік жиырма мың тұқым шашады екен. Осындай селдей аққан себептер мен әлгі керемет жүйені бұзуға әзір тұрған анталаған құбылыстар тізгінсіз болса немесе мақсатсыз содыр кездейсоқтық пен өлшемді білмейтін соқыр қуатқа, қараңғы да меңіреу табиғатқа телінсе, манағы жаратылыстағы тепе-теңдік, әлемнің жүйесі астаң-кестең болар еді ғой. Бір жылдың ішінде, тіпті, бір күнде ойраны шығады, яғни, теңіз әбден былығып иістеніп кетер еді, ауа зиянкес нәрселермен уланып мүлдем кірленер еді. Жер шары мал сойылатын жерге ұқсап, нәжіспен ластанып, шалшыққа айналып кетер еді. Дүние күл-қоқысқа толар еді. Алайда, хайуанат денесіндегі жасушалардан және қандағы ақ, қызыл түйіршіктерден бастап, зәррелердің қозғалуынан, дене мүшелерінің үйлесімді орналасуынан бастап, сонау теңіздердің кіріс-шығысына, жер асты суларының ағуы мен толуына шейін, сонау жануарлар мен өсімдіктердің тууы мен өлуіне, күз бен көктемдегі ескіру мен жаңаруға дейін, элементтердің, жұлдыздардың қозғалысы мен атқарар қызметтеріне шейін, сондай-ақ, өлім мен өмірдің, жарық пен қараңғының, жылу мен
173Иманның төртінші айғағысуықтың орын ауыстыруына, тоғысуына, алысуына дейінгі құбылыстар өте керемет тәртіппен реттеліп, нәзік сезгіш таразымен тартқандай дәл өлшеммен жүзеге асуда. Олардың ешбір жерінде шынайы ысырап, бос әбестік барын ешбір ақыл таба алмайды. Дамыған ғылым барлық нәрседе аса керемет тәртіп, өте тамаша өлшем, реттілік көріп, көрсетіп отыр. Тіпті, ғылым дегеніміз сол тәртіп пен өлшемнің бір көрінісі, біздің тілге аударатын тәржімеші.Міне, кел! Көлемдері әртүрлі Күн мен сан-алуан он екі ғаламшардың өзара жүйесіне қара! Апырм-ай, бұл тәртіп пен жүйе Күннен бетер анық түрде Адл уә Қадир бір Зат-ы Зүлжәлалды көрсетіп тұрған жоқ па? Әсіресе сол ғаламшардың біреуі, біздің кемеміз Жер шарын алайық. Бір жылда жиырма төрт мың жылдық жолды айналып саяхат етеді. Адам айытқысыз жылдамдығымен жер жүзінде орналасқан, жүк секілді жүйелі түрде жинаулы жаратылысты шашып-төкпей, айналаға лақтырып жібермей зымырап келеді. Егер жылдамдығы бір сәт артып, не азайса, тұрғындарын кеңістікке шашып жіберер еді. Бір минут, тіпті, бір секундқа жүйе бұзылса, дүниеміз қирап, бәлкім басқа ғаламшармен соғысып, қиямет қайым болар ма еді. Әсіресе, жер бетіндегі өсімдіктер мен хайуандардың төрт жүз мың түрінің өсіп-өнуі мен қурап қартаюы, қоректенуі мен тұрмыс тіршілігі кезіндегі рахымды реттілік пен тәртіп керемет-ақ. Жарықтың Күнді көрсететіні секілді бұл оқиға да бізге бір ғана Зат-ы Адл уә Рахимды көрсетіп тұрған жоқ па? Бір ғажабы, әлгі сансыз түрлердің, сансыз тұлғаларының бір тұлғасының ағзасы, сезім мүшелері керемет дәлме-дәл өлшеммен өзара үйлесімді, келісімді орнатылғаны соншалық, ол үйлесімділік пен реттілік ап-анық түрде бір Сани-ы Адл-ү Хакимды көзге шұқып тұрып көрсетеді. Сондай-ақ, әрбір хайуанның денесіндегі жасушалардың, қан тамырларының, оның ішіндегі домалақ түйіршіктердің, ондағы зәрелердің (атом) өзара өте нәзік әрі дәл, таңғажайып үйлесімділігі бар. Бұл бізге, бүкіл нәрсенің тізгіні қолында, барлығының кілті өзінде, бір ісі бір ісіне кедергі туғызбайтын, бүкіл нәрсені бір түйір нәрсе секілді оп-оңай басқаратын жалғыз Халиқ-ы Адл-ү Хакимнің таразысымен, заңымен, тәртіпті әмірімен басқарылып, орындалып жатқандығын дәлелдейді.Ертең қиямет күні ұлы сот болып «ағзим әділет» атты үлкен таразыға адамдар мен жындардың амалдары тартылатынын ақылға сыйымсыз деп сенбейтіндер осы айтылған және өз көздерімен көріп жүрген керемет тәртіп пен жүйеге үңіліп қарай алса, әлбетте, күпірліктен бас тартар еді. О, ысырапшыл, үнемдеудің білмейтін! О, залым, әділдікке мойынсұнбайтын! О, кір қожалақ, таза емес бейбақ жан! Бүкіл әлем, болмыс атаулы қатаң сақтайтын үнемділік, тазалық, әділдік ережесін бұзғандықтан оларға жаппай қарсылық білдірген болып, олардың ойша ашу-ызасын келтіріп отырсың. Олар сенен жиіркеніп жақтырмай
174АСА-И МҰСА отыр. Кімге сеніп күллі жаратылысты зұлымдық жасаумен, ретсіз, өлшемсіз әрекетіңмен, ысырап қылумен, тазалықты сақтамаумен ашуландырасың!? Иә, Хаким есімінің ұлы сәулесі болып табылатын ғаламдағы жаппай хикмет пен үнемділік, ысыраптың жоқ болуы бізге де үнемділікті бұйырады. Және Адл есімінің әсерінен пайда болған әлемдегі толық әділдік, барлық заттың реттелуін жіті қадағалап отыр. Адамзатқа да әділ болуды бұйырады. Рахман сүресінде:деп келетін аяттағы төрт мәрте, төрт түрлі таразыға ишара ететін төрт рет таразы мағынасында «мизан» сөзі әлемде таразының қаншалықты маңызды екенін, өлшемді болудың бәрінен жоғары тұратынын білдіреді. Рас, ешнәрседе ысырап болмайтыны секілді ешбір нәрседе нақты мағынада зұлымдық, артық я нұқсан жоқ. Аллаһтың «Құддус» есімінің ұлы сәулесінен пайда болатын танзиф (тазарту), незафет (тазалық) ақиқаттары бүкіл әлемдегі жаратылысты тазартып, әдемі етіп отыр. Адам пенденің қолы жетпеген жерде тура мағынада ешбір кір, лас, жаман бір нәрсе көре алмайсың. Сонымен, Құранның ақиқаттарынан, Ислам дінінің негіздерінен боп саналатын «әділет, үнемділік, тазалық» қоғам өмірінде қаншалықты сақталуы қажет ереже, заң екенін және Құранның үкімдері әлеммен тығыз байланысты, әлемнің ішіне терең бойлап, мықтап шырмап алған екенін біл! Ал, осы ақиқаттармен санаспау, оны бұзу әлемді бұзу, өңін өзгерту болып табылады, бірақ ол ешкімнің қолынан келмейді. Осы аталған үлкен үш зия (жарық) секілді рахмет (мейірім), инает (жәрдем), хафизиет (сақтау) тәрізді жүздеген ауқымды ақиқаттар Хаширді, Ақыретті керек етіп, қатаң талап етеді. Бүкіл әлемде үкім етіп тұрған рахмет, инает, адалет, хикмет, иқтисад (үнемділік), нәзафет (тазалық) секілді қуатты ақиқаттар, егер хашир мен ақырет болмаса мейірімсіздікке, зұлымдыққа, әбестікке, ысырапқа, ластыққа, хикметсіздікке ұласады да, аталмыш ақиқаттар терісіне айналып кетер еді. Құдай сақтасын, олай болуы әсте мүмкін емес!Бір ғана шыбынның тіршілік хақысын рахымды түрде қорғаштап, оны тірі қылып отырған рахмет пен хикмет, апырм-ай, хаширді жаратпай, яғни, қайта тірілтпей барлық саналы жаратылыстың тірі болу хақысын жеп, сансыз болмыстың шексіз құқығын аяқ асты етуі мүмкін бе? Егер айтуға болатын болса, рахмет пен қамқорлыққа және әділдік пен хикметке келгенде өте мән беріп, мұқияттылық
175Иманның төртінші айғағытанытатын Рубубиет, сондай-ақ, өзінің кәмілдігін көрсету үшін, және өзін таныстырып жақсы көргізгісі келетін, сол үшін де әлемді неше түрлі ғажап санатпен, шебер түрде нығметтермен безендірген Улухиет, әлгіндей күллі кемелдікті жойып жіберетін, барлық жаратылыстың құнын түсіріп тастайтын, жоққа шығаратын хашир мен ақыреттің болмауына рұқсат береді деп ойлайсың ба? әрине, жоқ! Жамал-ы Мұтлақ Аллаһ мұндай тым жаман келеңсіздікке әсте жол бермейді. иә, ақыретті жоққа шығармақ ойы бар адам әуелі бүкіл дүниені ішіндегі барлық ақиқаттарымен қоса жоққа шығаруы тиіс. әйтпесе, дүние бүкіл ақиқаттарымен жүз мың тілде оны бекерге шығарып ондай сорақы ісін әшкерелеп, өтірігін бетіне басады. Оныншы Сөз нақты дәлелдермен Ақыреттің болмысы дүниенің болмысы секілді анық, шүбәсіз екенін дәлелдеген болатын.
иМАННыңБЕСіНші АйҒАҒыиСМ-ы АҒЗАМНың Алты НұРыНАН ҮшіНші НұРыНА ишАРА ҚылАтыН ҮшіНші НҮКтЕаятының бір нүктесі және исм-и Ағзам немесе исм-и Ағзамның алты нұрының бір нұры болып табылатын «Хакем» есімінің бір сәулесі қасиетті Рамазан айында көрінді. Қазір оған тек ишара қылатын үшінші Нүкте баяндалмақ. Бірақ асығыс жазылды. Бұл нүкте бес тұжырымнан тұрады. шимай қағазға қалай жазылса солай көшірілді. Үшінші нүктенің бірінші тұжырымы: Оныншы Сөзде ишара етілгеніндей, Хакем есімінің жойқын әсері, оның қуатты шағылыс-сәулесі мына ғаламды бір кітап сияқты өте тәртіппен жаратқан. Иә, ғалам бейне бір ғажап кітап тәрізді, әрбір парағында жүз кітап жазулы, әрбір жолында жүздеген парақтық жазу жатыр, әрбір сөзі жүздеген жазу жолдарын қамтиды, әрбір әрпінің қойнауында жүздеген сөздер жататын, әрбір нүктесінің үстінде кітаптың қысқа мазмұны жазылған. Бұл кітаптың парақтары, жолдары, тіпті, сонау нүктелеріне шейін жүздеген жағымен өзінің Жазушысын ап-анық көрсететіні сонша, кітаптың болмысы көзге анық-қанық көрінуінен әлдеқайда анық түрде Жазушының болмысын, оның жалғыз екенін нақты дәлелдейді. Өйткені, бір түйір әріп өзінің болмысын бір әріптей ғана көрсететін болса, өзін жазған жазушыны бір жол жазудай көрсетеді. Иә, әлгі алып кітаптың бір парағы мына жер жүзі. Ол парақта қанша өсімдіктер мен хайуандар болса сонша кітап бар. Олар көктем шыға өзара аралас-құралас, бәрі бірге, бір уақытта, еш қатесіз, өте тамаша түрде жазылып жататынына өзіміз куәміз. Әлгі парақтың бір жолы бір бау-бақша десек. Ол бау-бақшада қанша гүл-шешектер, ағаштар мен өсімдіктер болса, сонша керемет қасида, жыр-дастандар болып бәрі бірге, құралас ,жаңылыссыз жазылған, оны өзіміз де көріп жүрміз. Манағы жазу жолының бір сөзі гүлдеп, жеміс бергелі тұрған, жапырағы мол бір ағаш десек. Ол сөз дағы, өзінде қанша ретті әрі өлшемді һәм сүйкімді жапырақ, гүл мен жемістер болса, сонша Хаким-і Зүлжәлалды мақтап-мадақтайтын, мағынасы терең ой-тұжырымдар секілді. Бейне бір әлгі ағаш өзі тектес гүл ашқан
177Иманның бесінші айғағыжеміс ағаштары секілді ол да өзін жаратқан Наққашты (Нақыштаушы, шебер Аллаһты) мадақтап, құлаққа естіліп тұрған тамаша жыр-дастан тәрізді. Һәм, құдды Хакем-і Әзәлидің өзі жер атты көрмесінде жайып тастаған таңғажайып, керемет жаратқандарына мыңдаған көзбен қарағысы келетіндей. Һәм, әрбір ағаш та әлгі Әзәли Сұлтанның берген тамаша сый-кәделерін, парад киімдерін, медаль, ордендерін өздерінің мерекесі, салтанатты шеруі боп табылатын көктемде падишахтың назарына ұсыну үшін осылайша безеніп, әп-әдемі, тап-тұйнақтай киініп алғандай. Оларға хикметке толы болмыс берілгені сонша, әрбір гүлінде, әрбір жемісінде көптеген қыр-сырлар, дәлел-айғақтар бір-бірінің ішіне орналасқан. Солар арқылы Шебер Суретші, Наққаш Иесінің болмысына, көркем есімдеріне куәлік етеді. Қалай десеңіз, мәселен, әрбір гүлдің, әрбір жемістің белгілі бір мөлшері бар. Ол мөлшер реттіліктің ішінде, ал реттілік болса әрдайым жаңарып отыратын реттеумен, өлшеумен жүзеге асады. Ал ол өлшем мен реттеу болса әдемі әрі өнермен жасалады. Ал ол әдемілік пен өнер болса мағыналы хош иістер мен хикметке толы тәтті дәмдермен көмкерілген. Міне, сондықтан әрбір гүл өзінің ағашында қанша гүл болса сонша Хакем-і Зүлжәлалға ишара қылып, одан хабар береді. Және бір сөз тәріздес мына ағаштың бір әріп секілді бір түйір жемісіндегі бір нүкте іспеттес дәнінде сол ағаштың толық мазмұны, барлық бағдарламасы сақтаулы, ол бір сиқырлы сандық, сырға толы қобдиша. Тағысын тағы...Осылайша ғалам кітабының бүкіл жазу жолдары, парақтары Хакем және Хаким есімдерінің шуақтарымен әрбір парағы ғана емес, тіпті әрбір жолы, әрбір сөзі, әрбір әрпі, әрбір нүктесі мұғжиза бейнесіне енген. Бүкіл себептер жұмылса бір нүктесінің ұқсасын жасай алмасы хақ, әсте жасай алмайды.Иә, осы ғалам атты ұлы Құранның әрбір тәкуәни аяты өзінің қанша нүктесі, қанша әрпі болса сонша мұғжиза көрсететіндіктен, әлбетте, есерсоқ кездейсоқтық, соқыр күш, өлшемді білмейтін, мақсатсыз, меңіреу табиғат ешбір тұрғыдан әлгі хикметке толы, көреген, дәл өлшемді де күрделі тәртіпке араласа алмайды. Егер араласқан болса міндетті түрде тәртіпсіздік, ақау табылар еді. Алайда қандай да бір тәртіпсіздік, ретсіздік байқалмайды. Үшінші нүктенің екінші тұжырымы. Бұл тұжырым екі мәселеден тұрады. Бірінші Мәселе: Оныншы Сөзде баяндалғанындай, шексіз кәміл бір жамал (сұлулық) және шексіз жамал яғни таңғажайып сұлу бір кәмал (кемелдік) әлбетте өзін көргісі әрі көрінгісі келеді, яғни жасырын қалмай өзін паш еткісі келеді. Бұл тірегі мықты қағида. Міне, осы жалпыға ортақ негізгі қағидаға орай мына алып ғалам кітабының авторы, Наққаш-ы Әзәли осы ғалам арқылы, ғаламның әрбір парағы арқылы, әрбір жолымен, тіпті әрбір әрпімен, әрбір нүктесімен өзін таныстырғысы, кәмілін білдіргісі, жамалын көрсеткісі келеді, өзін жақсы көруді қалайды. Сол үшін де ең ұсақ
178АСА-И МҰСА бөлшектен бастап ең күлли нәрсеге дейін, әрбір болмыстың бірнеше тілімен өзінің кәміл жамалын, жамал кәмалын таныстырып отыр, һәм сүйсіндіріп жақсы көргізуде. Уа, ғапыл жан! Осындай Әким-і Хакем-і Хаким-і Зүлжалал-і уәл Жамал әрбір жаратқан нәрсесімен өзін осылай шексіз әрі жарқын түрде тануды, сүйсінуді қалап тұрғанда сен болсаң оның таныстыруына жауап ретінде иман етіп танымасаң, және оның сүйсіндіруінің ақысы ретінде құлшылық етіп өзіңді Оған сүйсіндірмесең, бұл әрекетің қаншалықты тоңмойындық, мүлдем көрсоқыр надандық әрі саған күллі зиян екенін біл, есіңді жи! Екінші тұжырымның екінші мәселесі: Мына ғаламның иесі Сани-ы Қадир уә Хакимнің иелігіне басқа біреудің араласуы, ортақ болуы мүмкін емес. Өйткені, барлық жерде шексіз дәреже тәртіп болғандықтан ширкті яғни ортақ болуды қабылдамайды. Себебі бір іске бірнешеу араласса іс былығады. Бір елде екі патша, бір шәһарда екі әкім, бір ауылда екі басшы болса ол елдің, манағы шәһардың, әлгі ауылдың әр ісі өнбей, былығатыны белгілі. Тіпті қарапайым бір жауапты қызметкер өз ісіне басқаның араласуын қабылдамайды. Бұл бізге әкімшіліктің негізгі қасиеті, қатаң талабы тәуелсіздік, даралық екенін көрсетеді. Демек, тәртіп уахдетті (жалғыздық), әкімшілік жеке, даралықты талап етеді екен. Жалпы әкімшіліктің уақытша көрінісінің өзі көмекке мұқтаж, әлсіз адамзат әлемінде осылайша басқаның араласуын қабылдамай, оған титтей де жол бермей жатса, әлбетте Қадир-і Мұтлақтың Рубубиет дәрежесіндегі нағыз мұтлақ әкімшілігі жойқын түрде, бар күшімен басқаның араласуын қабылдамаса керек. Егер титтей араласқан болса тәртіп бұзылар еді. Бірақ, мына ғаламның жаратылысына қарасақ, бір дәнекті жарату үшін бір ағашты толық жарата алатын құдірет керек. Бір ағашты жарату үшін де әлемді жарата алатын құдірет-күш керек. Егер Аллаһтан басқа ғаламға әсер ете алатын ширк болса, ол ең ұсақ дәнектің жаратылысында да үлескер болуы керек қой. өйткені ол оның үлгісі. Сонда алып әлемге сыймайтын екі Рубубиет бір дәнектің ішіне, тіпті, бір зәренің ішіне орналасқан болды ғой. Бұл әрине сандырақтың, қисық қиялдың сорақысы, мағынасыз бос даурықпа ғана, ақылға мүлдем сыйымсыз пікір. Алып ғаламды барлық хал-ахуалымен өзінің әділ таразысымен, хикметке толы өлшемімен басқарып отырған Қадир-і Мұтлақты әлсіз деп ойлау, тіпті бір дәнектің ішінде басқа құдрет бар деп сену яғни ширк пен күпірлік қаншалықты ақылға сыйымсыз, жалған әрі болымсыз, қате пікір. Ал, тәухид яғни бәрін бір Аллаһ жаратты деу шексіз дәреже хақ пен ақиқат, әрі дұрыс, солай болуы керек екенін біл, «әлхамдулиллаһи аләл иман!» - деп айт!Үшінші тұжырым: Сани-ы Қадир өзінің Хакем және Хаким есімдерімен мына әлемнің ішіне мыңдаған жүйелі әлемдерді орналастырған. Ол әлемдердің ішінде хикметтерге ең көп бөленуші һәм ұйытқы боларлық адам
179Иманның бесінші айғағыбаласын таңдап, оны орталық, негіз етіп жаратқан. Ғаламдағы маңызды хикметтер мен пайдалар адамды айнала қоршап, онымен тығыз байланыста. Енді адам әлемін алайық. Ол әлемде ризық маңызды рөл ойнайды, оны орталық, бір негіз ретінде жаратқан. Адамзат әлемінде көптеген хикметтер, пайдалар сол ризықпен кіндіктес әрі сол арқылы көрініс табады.Мәселен, Медицина (дәрігерлік) пәнінен: «Мына әлем неге ұқсайды?» деп сұраса, ол былай дер еді: «ішіне небір дәрі-дәрмек рет-ретімен жинастырылған, өте тиянақты жасалған, керемет алып дәріхана».Химия пәнінен: «Мына жер шары неге ұқсайды?» десе, «өте тамаша, бір міні жоқ химиялық зертхана, зерттеу орталығы» деп жауап берер еді. техника ғылымынан сұралса, былай дер еді: «Ешбір ақауы жоқ өте керемет фабрика».Егіншілік (агрономия) ілімі былай дер еді: «өнімді молынан беретін, қандай да болсын дәндерді мезгілінде үлгертетін егіс алқабы, керемет бау-бақша».Сауда-саттық ілімі былай дер еді: «таңғажайып көрме, өте жүйелі базар, өте шебер жасалған заттар сатылатын дүкен».Аспаздық, дұрыс тамақтану ілімі былай дер еді: «өте тамаша, азық-түліктің небір түрі табылатын қойма».тамақ өнеркәсібі былай дер еді: «Жүз мыңдаған тәтті тағамдар бәрі бірге бірақ араласпай, өте жүйелі түрде пісірілетін Рахмани асхана, Раббани қазан».әскери ілім былай дер еді: «Жер шары әскери лагерь. Көктем сайын құрамы жаңадан сақадай сай сарбаздармен толтырылады. Жер беті әскери шатырларға толып, ішінде төрт жүз түрлі ұлт өкілдері әлгі әскери бөлімшеде борышын өтеп жүр. әрқайсысының азығы бөлек, киімдері басқа, қару-жарақтары өзгеше, тағылымдары мен босатылу мерзімдері әртүрлі, сөйте тұра өте жүйелі түрде ешқайсысын ұмыт қалдырмай, шатастырмай бір ғана ұлы қол басшының әмірімен, күш-қуатымен, мейірімімен қамтамасыз етіліп, мол қазынасынан беріліп, керемет толық басқарылуда». Электр физика пәнінен сұраса, әлбетте былай дер еді: «Мына зәулім ғалам сарайының төбесі өте ретті әрі өлшемді түрде сансыз электр шамдарымен безендірілген. таңғажайып жүйелі, дәлме-дәл өлшемді екені сонша, Күннен бастап сонау жер шарынан мың есе үлкен аспани шамдар, әрдайым жанып тұрса да тепе-теңдіктерін бұзбай, жарылып кетпейді, өрт шығармайды. Сарп ететін шығындары қыруар бола
180АСА-И МҰСА тұра, ол шығындары мен жанар майлары қайдан келіп жатыр. Қалай таусылып қалмайды. Жану жүйесі қатаң сақталуда. Кішкене шамның өзін мұқият бақылап отырмаса сөніп қалады емес пе? Астрономия пәнінің мәліметі бойынша, көлемі жер шарынан миллион есе үлкен және миллион жыл бұрын жаратылған Күнді (Сілтеме )14 еш көмірсіз, жанар майсыз жандырып тұрған Хаким-і Зүлжалалдың шексіз хикметіне, асқан құдіретіне қара! Субханаллаһ деп айт! Күн қанша заман жанып тұрған болса сонша минуттарының ашираты санынша яғни оннан бірі есебінше «Машааллаһ, Бәрекелді, ләиләһә иллаллаһ» сөздерін қайтала! демек, мына аспани шамдарда өзара таңғажайып тәртіп бар және оларды біреу өте мұқият қадағалап отыр. Бейне бір әлгі алып әрі сансыз от шашқан шарлар мен құжынаған нұрлы шамдардың бу қазаны болса-ыстығы азаймайтын Жәһанннам. Ол нұрсыз жылу беріп тұрады. Ал, манағы электр шамдарының жарық өндірушісі болса - мәңгі бақи Жәннат болып табылады. Аллаһтың Хакем және Хаким есімдерінің үлкен нұр-сәулесімен әрдайым жанып тұрады. тағысын тағы...Осы пәндер секілді жүздеген пәннің әрқайсысы мына ғалам керемет тәртіпті түрде шексіз хикметтерге, күллі пайдаларға негізделіп безендірілгеніне бұлтартпас куәлік етеді. Және осы ғажайып әрі мұхит хикметпен күллі әлемді тәртіппен, хикметпен жаратқаны секілді ең ұсақ жәндікті, кішкене бір дәнекті де шағын мөлшерде керемет жаратқан. Өздеріңе мәлім әрі анық нәрсе, тәртіпті түрде белгілі бір мақсаттарды, хикметтерді және пайдаларды көздеу үшін ерік-қалау, әдейілік керек, онсыз мүмкін емес. Олай болса еріксіз, қалаусыз, бейсана, меңіреу табиғат пен себептердің қолынан келмесі анық, тіпті, араласуы да мүмкін емес. Демек, мына ғаламдағы күллі жаратылыстағы керемет тәртіп пен шексіз хикметтің талап етіп һәм көрсетіп тұрған Фаил-ы Мұхтарды, Сани-ы Хакимды танымау немесе жоққа шығару қаншалықты надандық, ақымақтық екені айтпаса да түсінікті. Иә, әлемде ең таңғалатын нәрсе кәпірлік болар. Өйткені әлемнің болмысындағы шексіз тәртіп пен хикметтер бір Жаратқанның бар әрі бір екенін көрсетіп, жаппай куәлік етіп жатқанда Оны көрмеу, сенбеу барып тұрған соқырлық, надандық екенін көрсоқыр, топас та түсінер. Тіпті, Сілтеме : 13Апырмай дүние сарайын жылытып тұрған Күн дейтін ошақтың яки шамның жанып тұруы үшін қаншама отын, көмір мен жанар май керек десеңізші! Бір күн жануы үшін астрономия пәнінің есебі бойынша, бір миллион жер шарындай отын, мыңдаған теңіз жанар май керек екен. Енді өзің ойлашы! Оны отынсыз, жанар-жағар майсыз үнемі жандырып отырған Қадир-і Зүлжәлалдың құдретіне, хикметіне, қаншалықты ұлық екеніне ой жүгірт. Күннің зәрелері қанша болса сонша «Субханаллаһ, Мәшаллаһ, Бәрекаллаһ» деп айт!
181Иманның бесінші айғағыменіңше, кәпірлердің ішінде әлемнің бар екенін жоққа шығарғандықтан ақымақ саналатын Софестаи (скептиктер) ағымы кәпірлердің ең ақылдылары. Себебі, әлемнің бар екеніне сене тұра оның жарартушысы Халиқына, Аллаһқа сенбеу әсте мүмкін емес болғандықтан олар әлемді жоққа шығара бастады һәм өздерін де жоқ санап «ешнәрсе жоқ, бәрі қиял» деп, ақылдан бас тартып, өздерін ақылды санайтын өзге кәпірлердің мүлдем ақылсыз пікірлерінен құтылып шамалы болса да ақылға келді. төртінші тұжырым. Оныншы Сөзде ишара етілгеніндей, айталық бір Сани-ы Хаким, Шебер һәм дана бір Ұста салған сарайының әрбір тасына жүздеген хикметке толы сыр шертетін ою-өрнек салып, ғимаратқа аса мән беріп жасап, сосын ол ғимараттың төбесін жаппай еңбегін еш қылып манағы көз майын тауысқан шексіз өнер мен хикметтерін зая етуі әсте мүмкін бе, мұндай келеңсіздікті ешбір ақыл қабылдай ма? Және, Хаким-ы Мұтлақ өте дана, кәміл хикмет иесі болғандықтан тырнақтай дәнектен жүздеген батпан пайдалар мен мақсаттарды, хикметтерді мұқият көздей отырып, еш ысырап қылмайтынын көре тұра, үлкен зәулім ағаштың титтей бір ғана пайда, болмашы бір мақсат, бір түйір жеміс беруі үшін манағы зәулім ағашқа қыруар шығын жұмсап, бірақ өз мақсатына, даналығына мүлдем керағар, тіпті, бекерге ысырап жасауы ешбір тұрғыдан мүмкін емес. Дәл сол секілді мына ғалам сарайының әрбір затын жүздеген хикметпен жаратқан, және жүздеген міндет жүктеген, тіпті, әрбір ағашты жемісінің санына пара-пар хикметтермен безендірген және оған гүл-шешектері санындай міндет жүктеген Сани-ы Хаким, қияметті болдырмай, хашірді жаратпай қисапсыз хикметтер мен сансыз міндеттерді мағынасыз, әбес, босқа, түк пайдасыз, зая етуі әсте мүмкін емес. Бұл, Қадир-ы Мұтлақтың шексіз құдіретін шексіз әлсіз деп тану, Рахим-ы Мұтлақтың әсем рахымын тым жағымсыз білу, Адил-і Мұтлақтың асқан әділдігін зұлымдық санау деген сөз. Бейне бір ғаламда әркімге көрініп тұрған хикметті, рахымды, әділдікті жоққа шығару секілді бассыздық. Бұл, мүмкін емес, ақыл шығарға жол таба алмайтын тығырық деген сөз. Кәпірлер ойлансын, бұл деген ертең өздері түсетін, елестеткеніндей тар қабір сықылды, яғни, адасушылық неткен қараңғы, қорқынышты, ол жылан мен улы шаяндар толы құдық секілді екенін білсін. Ал, ақыретке сену, иман келтіру болса Жұмақ секілді тамаша, пейіштей нұрлы, жәннаттай жарқын әрі кең жол екенін білсін, иманға келсін. Бірінші тұжырым. Бұл екі мәселе.Бірінші мәселе: Сани-ы Зүлжәлал, Хаким есімінің талабына сай барлық нәрседе ең жеңіл түрін, ең қысқа жолын, өте оңай шешімін, аса пайдалы жағын жіті көздеп жаратуы, жалпы жаратылыста ысырап, әбестік, бос, пайдасыздық жоқ екенін көрсетеді. Ысырап деген Аллаһтың Хаким есіміне керағар құбылыс. Ал үнемділік болса оның шарты әрі негізгі заңдылығы болып табылады.
182АСА-И МҰСА Уа, үнемдеуді білмейтін, ысырапшыл адам! Күллі ғалам мойынсұнатын негізі мықты ережені, яғни, үнемділікті сақтамағандықтан ақиқатқа қаншалықты теріс әрекет етіп отырғаныңды білемісің? аяты тірегі мықты, ауқымы кең ережені дәріс беріп отырғанын түсін! Екінші мәселе: Хакем және Хаким есімдері анық түрде Расул-ы Әкрем аләйһиссалату Уәссаламның пайғамбарлығын дәлелдеп, солай болуын қажет етеді десек артық айтқан болмаймыз. Иә, өздеріңе мәлім мағыналы, қызық кітап өзін дәріс беретін, үйрететін бір мұғалім керек етеді. Өте сұлу тамаша жәмал өзін көретін, көрсететін айна сұрайды. Өте кәміл өнер өзін әлемге танытатын делдал талап етеді. Олай болса, әлбетте мына әрбір әрпінде жүздеген мағыналар мен хикметтер жатқан ғалам атты ұлы кітаптың оқырманы болып табылатын адамзаттың ішінен әлбетте бір кәміл жетекші, ұлы ұстаз болуы керек. Ол әлгі кітаптағы киелі де нағыз хикметтерді дәріс береді, ғалам хикметтерге толы екенін үйретеді. Тіпті, ғаламды жаратардағы Раббани мақсаттардың көрінуіне, тіпті, жүзеге асуына себеп болады. Бүкіл әлемдегі Аллаһ тарапынан көрінуі қаланған шебер өнерді, көркем есім-сипаттарды таныстыратын, айна болып шағылыстыратын болады. Әлемнің Жаратушысы, күллі болмыс арқылы өзін сүйсіндіргісі келеді, оған өзінің мақұлықтары болымды жауап бергенін қалайды. Сондықтан саналы мақұлықтардың атынан біреу шығып әлгі ауқымы кең Рубубиеттің талабына сай ауқымды түрде құлшылықпен қайтарым жасап, құрылық пен суды үйіріп әкететін, жер мен көкті шулататын зікірімен манағы сана иелерінің назарын манағы өнердің иесіне аудармақ. Өзінің киелі дәрістерімен, құнды тағылымымен ақылды жандардың көңілін жаппай өздеріне аудартып, Қасиетті Құран арқылы Сани-ы Хакем-і Хакимнің Иләһи мақсаттарын өте жағымды да тартымды түрде көрсетеді. Міне, күллі хикметтер көрініс тапқанда, жәмал мен жәлал көрінген кезде оған ыңғайлы жауап беретін ірі Тұлға, Күннің болмысы секілді мына ғаламға керек-ақ, тіпті шарт. Осылай істеген және осы міндетті адал да толық атқарған ап-анық Расул-ы Әкрем аләйһиссалату уәссалам боп табылады. Олай болса Күннің жарықты, ал жарық күндізді талап еткеніндей анық түрде ғаламдағы хикметтер Ахмедтің (С.А.У.) пайғамбарлығын талап етеді. Иә, қалайша Аллаһтың Хакем және Хаким есімдері ауқымды шағылысымен өте анық түрде Ахмедтің (С.А.У.) пайғамбарлығын талап етеді, сол секілді көркем есімдерден Аллаһ, Рахман, Рахим, Уәдуд, Мүним, Кәрим, Жәмил, Раб секілді көптеген есімдердің әрбірі ғаламда көрінген ұлық шуақтарымен ауқымды түрде және анық-қанық дәрежеде Ахмедтің (С.А.У.) пайғамбарлығын талап етеді.
183Иманның бесінші айғағыМәселен, Рахман есімінің шуағы кең рахымшылық, әлемге рахым болып жіберілген сол Кісі арқылы көрініс табады. Уәдуд есімінің шуағы «тахаббуб-ы иләһи», яғни, Аллаһтың өзін жақсы көргізуі және «тағаруф-ы Раббани», яғни, Аллаһтың өзін таныстыруы әлгі Хабиб-ы Рабб-үл Аламин арқылы нәтижелі болмақ, тиесілі жауабын алмақ. Жәмил есімінің бір сәулесі болып саналатын күллі сұлулықтар, яғни, Жәмал-ы Зати, Жәмал-ы Әсма, Жәмал-ы Санат, Жәмал-ы маснуат әлгі жарқын Ахмедтің (С.А.У.) айнасында көрінеді, сол арқылы көрсетіледі. Рубубиеттің айбындығы мен Улухиеттің салтанатының сәулелері де сол Рубубиеттің салтанатының делдалы Ахмедтің (С.А.У.) пайғамбарлығы арқылы білінеді, көрінеді, түсінікті болады, расталады. Тағысын тағы... осы мысалдар секілді көркем есімдердің әрбірі Ахмедтің (С.А.У.) пайғамбарлығына жеке-жеке куәлік етіп, жарқын айғақ боп табылады.Сонымен, ғаламның бар екені рас, оны ешкім жоққа шығара алмайды. Олай болса, әлбетте, ғаламның түрлі бояулары, әшекейлері, жарық-нұрлары, тіршіліктері, байланыстары болып табылатын хикмет (даналық), инает (жәрдем), рахмет (мейірім), жәмал (сұлулық), низам (реттілік), мизан (өлшем), зинет (әсемдік) секілді көпе-көрнеу ақиқаттарды жоққа шығару ешбір тұрғыдан мүмкін емес. Аталған сипаттардың, істердің бар екені анық, жоққа шығару мүмкін емес екен, олай болса міндетті түрде ол сипаттардың мәусуфы (сипатталушы), әлгі істердің Фаиылы (жасаушысы), манағы жарық нұрлардың күні Зат-ы Уажиб-үл Ужуд, Хаким, Кәрим, Рахим, Жәмил, Хакем, Адл (әділ) ешбір тұрғыдан жоққа шығарылмайды, шығару мүмкін емес. Және сөзсіз түрде ол сипаттардың, әлгі істердің көрінуіне ұйытқы, тіпті кәмілдігіне себеп, тіпті, жүзеге асуында басты рөл ойнайтын Рәхбер-і әкбар, Муаллим-і әкмәл, дәллал-ы Ағзам, ғаламның тылсым-сырын ашқан, Самадтың айнасы, Рахманның хабибы, Мұхаммедтің аләйһиссалату уәссәламның пайғамбарлығын ешбір тұрғыдан жоққа шығару мүмкін емес. Ақиқат әлемінің нұры және әлем ақиқатының жарығы тәріздес бұл тұлғаның пайғамбарлығы да әлемнің жарқын нұры болып табылады. * * *
иМАННың АлтыНшы АйҒАҒы(ОНыНшы СөЗдің тОҒыЗыНшы АҚиҚАты)тОҒыЗыНшы АҚиҚАт: ихя (тірілту) және имате (өлтіру) ақиқаты. Хай-ы-Қаюм (Барлығын тік ұстап тұрған, мәңгі тірі) мен Мухий (тірілтуші, жан беруші) және Мумийт (өлтіруші, жан алатын)есімдерінің сәулесі.Қурап, өліп қалған алып жер жүзін тірілткен және әрқайсысы адамзаттың Хаширіне, яғни, қайта тірілуіне ұқсас үш жүз мыңнан астам түрлі мақұлықтарды жеке-жеке жанын алып, жан берген, осылайша, өзінің таңғажайып құдіретін көрсетіп отырған, әрі сол Хашир мен нешир (ыдырап қайта жиналу) кезінде аралас-құралас сапырылысып жатқан болмысты өте жүйелі де тиянақты түрде жеке жеке айырып, өзіндік ерекшеліктерімен жарату арқылы өзінің ілімінің шексіздігін көрсеткен, сондай-ақ, барлық Сәмауи (көктен түскен) әмірлерімен барша адамзаттың Хаширіне, яғни, қайта тірілтетініне берген уәдесі арқылы барлық құлдарының назарын мәңгі бақытқа аударған және болмыс атаулыны түгел қол ұстастырып, арқа сүйеген түрде өзіне бағындырып, оларды бір-біріне көмекші, қызметші жасап, осылайша, Рубубиетінің алыптығын көрсеткен; әрі адамзатты ағаш тәріздес әлемнің ең күрделі, ең нәзік, ең әлсіз, ең ерке, ең мұқтаж жемісі түрінде жаратып, өзімен сөйлесуші, өзге нәрселерді оған қызметші жасауы арқылы адамзатқа зор мән бергендігін көрсеткен – жалғыз Қадир-ы Рахим (Өте мейірімді, құдіреті шексіз), Алим-ы Хакимнің (Хикмет иесі, бәрін білуші) қиямет қайымды болдырмауы, Хаширді жасамауы яки жАса-и алмауы, Махкеме-и Күбра ашпауы, Жәннат пен Жәhаннамды жаратпауы әсте мүмкін бе? Жоқ. Әсте мүмкін емес!Рас, мына әлемнің аса абыройлы билеуші әкімі, әр ғасырда, әр жылда, әр күнде мына өзі тар, өзі баянсыз жер бетінде ұлы Хаширдің, яғни, қияметтің, махшардың көптеген үлгі-мысалдарын, ишараларын жаратып, көзімізге көрсетіп отыр. дәлірек айтқанда, әр көктемде көз алдымызға, небәрі бес-алты күннің ішінде үлкенді-кішілі хайуанат пен үш жүз мыңнан астам өсімдіктер түрін Хашир етіп жайып салуда.
185Иманның алтыншы айғағыБарлық ағаштар мен өсімдіктердің тамырларын және де кейбір хайуандардың дәл өзін тірілтіп, қайта өмірге әкеледі. Ал, кейбіреуін тура болмаса да ұқсас бір түрде қайтадан жаратады. тіпті де, болмыс-бітімі бір-біріне өте ұқсас, аралас күйдегі дәндерді мұқият дәлдікпен бір-бірінен ажыратып, жаппай, әрі жүйелі де жеңіл әрі өлшемді түрде өте жылдам, небәрі алты күннің немесе алты аптаның ішінде жан бітіріп, тірілтіп қояды. Ендеше, мұндай алып та күрделі істерді атқарып отырған Құдіретке қандай да бір істің ауыр келуі, жер мен көкті алты күнде жарата алмауы, адамзатты бір дауыспен Хашир ете алмауы әсте мүмкін бе? Жоқ, мүмкін емес! Апырым-ай, мұғжиза көрсеткіш Жазушы Біреу әріптері өшіріліп, тоз-тозы шыққан үш жүз мың дана кітапты бір парақтың ішіне жаңылыспай, еш қатесіз, нұқсан келтірместен бір сағаттың ішінде қайта жазып шықса, оны көргеннен кейін біреу саған: \"Мына Жазушы, сенің суға түсіп кеткен, әріптері шайылып өшіріліп қалған кітабыңды бір минөттың ішінде жадынан қайта жазып береді. өйткені, ол кітапты өзі жазған\" десе, сен әлгі Жазушы туралы \"жаза алмайды, сенбеймін\" деп айта аласың ба? Немесе, мұғжиза жасаушы Сұлтан, халыққа өзінің құдірет күшін көрсету үшін немесе ғибрат алсын, көңілі көтерілсін деп бір ғана ишарамен биік заңғар тауларды көтеріп, әп-сәтте, елді мекендерді орнын ауыстырып, көшіріп жіберіп, теңізді құрлыққа айналдырып тұрғанын көзіңмен көрдің дейік. Сонан бір үлкен тас сайға қарай аунап, әлгі Сұлтанның өзі қонаққа шақырған адамдарының жолын бітеп тастады да, қонақтар бері өте алмай, жартастың ар жағында қамалып тұр. Сонда саған біреу келіп: \"Мына тас қаншалықты үлкен болса да Сұлтан оны бір ишарамен көтеріп, жолдан алып тастайды немесе күл-талқанын шығарады. Ол қонақтарын жолда қалдырмайды\" десе, сен оған: \"Жоқ, алып тастай алмайды. Көтереді дегеніңе сенбеймін\" деп айта аласың ба?!тағы бір мысал келтірсек, бір қолбасшы бір күнде шұғыл түрде жаңадан қалың қол, тәртіпті әскер жинаса, енді біреу шығып \"әлгі қолбасшы тынығып жатқан әскердің бір бөлімшесін керней дауысымен әп-сәтте жинап, сапқа тұрғызады. Қосындар рет-ретімен оп-оңай сап түзейді\" десе, сен оған \"Сенбеймін!\" десең, мұның қаншалықты ақымақтық екендігін сезетін шығарсың!Міне, осы айтылған үш мысалды түсінсең, ойланып қарашы! Наққаш-ы әзели, яғни, мәңгі Суретші, нағыз Жазушы Аллаh көз алдымызда қыстың ақ парағын жауып, көктем мен жаздың жасыл
186АСА-И МҰСА парағын ашып, Құдірет, Қадер қаламымен жаппай жер жаhанның бетіне үш жүз мыңнан астам мақұлықтың түрін аса көркем түрде жазып отыр. Олар сонша көп, құжынап жатса да түрлерін бір-бірімен әсте шатастырмайды. Бәрі бірге жазылады, бірақ бір-біріне кедергі болмайды. түрлері, бейне-пішіндері бір-бірінен өзгеше, әсте жаңылыспайды. Қателеспейді.иә, зәулім ағаштың мағынауи бағдарламасын титтей дәнегіне сыйғызып, мұқият сақтап отырған Зат-ы Хаким-ы Хафиз (Бәрін сақтаушы хикмет иесі) туралы қайтыс болған адамдардың рухын қалай сақтайды деп күмәндануға бола ма? Сондай-ақ, дүниені шыр көбелек айналдырып отырған Зат-ы Қадир (Құдіреті күшті) жайлы ақыретке аттанған қонақтарының үстінен топырақты қалай алып тастайды, дүниені қалай күл-талқан етеді деп шәк келтіруге бола ма? Һәм жоқтан, hәм жаңадан қалың әскер тәрізді тіршілік иелерін жаратып, оның бір бөлімшесі тәріздес болмыс-денелеріне зәрелерді, яғни, атом секілді ұсақ бөлшектерді аса жүйелі түрде (Күн фәя күн) әмірімен ретпен орналастырған, осылайша бүкіл затты әскери қалың қол секілді әміріне мойынсұндырған Зат-ы Зүлжәлал (шексіз айбынды) жайлы әскердің бір ғана бөлімшесі тәрізді тәртіпке көндігіп қалған денелерді, бір-бірімен танысып, үйренісіп қалған негізгі бөлшектерді бір дауыспен қайтадан қалай жинайды деуге бола ма?Сол бір көктем Хаширіне ұқсас әр дәуірде, әр ғасырда, тіпті, күн мен түннің алмасуы кезінде, көктегі бұлттың үйірілуі мен сейілуінің арасында Хаширге ұқсас, үлгі болатын қаншама нақыш-құбылыстар жасап жатқанын көзіңмен көріп отырсың. Тіпті сен өзіңді, \"мың жыл бұрынғы уақытта өмір сүріп отырмын\" деп қиялдап, сосын осы уақыттың екі қанаты – өткен мен болашақты бір-бірімен салыстырып қарасаң, қанша ғасыр, қанша күн болса, сонша Хаширдің мысалымен, қияметтің үлгілерімен танысар едің. Сонан кейін мұншама үлгі мен мысалдарға куә бола тұра денемен бірге Хашир болуды, яғни, қайта тірілуді ақылға сыйымсыз көріп, жоққа шығару неткен ақымақтық, неткен нақұрыстық екенін білер едің. Зер сал! Ферман-ы Ағзам (Иләһи әмірлер жазылған, Құран), аталмыш ақиқатқа қатысты не дейді екен, соны тыңда:
187Иманның алтыншы айғағыҚорытынды: Хаширге кедергі боларлық еш нәрсе жоқ. Керісінше барлық нәрсе оны талап етеді. иә, ғажап махшар тәріздес мына алып жер жүзін бір тірі жан секілді өлтіріп, қайта тірілткен және оны күллі адам баласы мен хайуандарға ыңғайлы бір бесік, әсем бір кеме тәрізді жаратқан, Күнді жылу әрі жарық беретін шамшырақ етіп жасаған, сондай-ақ, періштелеріне ғаламшарларды өзіндік ұшақ ретінде жасаған Құдіреттің мұншалықты айбынды, мәңгі өшпес Рубубиеті және осыншама алып, зор билігі, әрине, жалғасы жоқ өткінші, мәнісі жоқ құбылмалы, баяны жоқ ауыспалы, кемелдігі жоқ нұқсан дүниеуи тіршілікпен, жердегі өмірмен шектеліп, сонымен аяқталып тынуы мүмкін емес. әлбетте, Оның бұдан басқа, мәңгі бір елі болмақ. Біздің бұл жерде еңбек етуіміз – сол елге бару үшін. түбінде бәрімізді де сол елге шақырады, сонда көшіріп апарып, орналастырады. Бұл мәселенің анық екеніне ақиқатқа қолы жеткен, жалпы құзырына бөленіп, нұрға шомылған рухтар мен ақ жүрек нұрлы жандар, турашыл ақылы кәміл жандар куәлік етуде. Бағалы сый-сыяпат немесе ауыр жаза, есеп қисаптың күтіп тұрғанын бірлесе хабарлауда және қайта-қайта уәде беріліп, қатаң ескертулер жасалып жатқанын жеткізіп отыр. Негізінде уәде беріп орындамау қорлық пен масқаралық болып саналатындықтан, иләһи үстем абырой мен асқақ даңқы мұндай келеңсіз жайтпен әсте үйлеспейді. Киелі сипаттары ондайға әсте жол бермейді. Ал, жазалауға уәде беріп, одан бас тарту болса, я кешіргеннен, я болмаса әлі жетпегендіктен болады. Ал, күпірлік деген кешірілмейтін ауыр күнә. (Сілтеме )15 Кешірілуі әсте мүмкін емес...Қадир-ы Мұтлақ (Күш-құдіреті шексіз) шарасыздықтан ада, әлсіздіктен пәк. Мұны бір ауыздан растаушылар мен хабарлаушылар кімдер десеңіз, олар кәсіби мамандар, бірақ ұстанған жолы, тәсілі бір-бірінен өзгеше бола тұра, тек осы мәселенің негізіне келгенде пікірлері Сілтеме : 14Иә, күпірлік болмыс атаулының қадірін түсіру, оларды мағынасыз деп кемсіту, бүкіл әлемді қорлау әрі болмыс атаулының жүзіндегі Иләhи есімдердің шағылыс-сәулелерін жоққа шығару болып табылатындықтан және барлық Иләhи есімдерді кемсіту әрі болмыс атаулының Уахданиетке деген куәліктерін мойындамау, сондай-ақ, барлық мақұлықтарға жала жабу болғандықтан адами абырой мен қасиеттен жұрдай қылып бұзатыны соншалық, қайырымдылық, игілікке зауқы соқпайтын ауыр хәлге душар етеді. Әрі ол үлкен зұлымдық. Өйткені, бүкіл мақұлықтардың сондай-ақ, Иләhи есімдердің құқықтарын таптау, абыройын төгу болып табылады. Міне, осындай жалпыға ортақ құқықты сақтау үшін әрі нағыз кәпір жақсылық атаулыға қас болып, жауласатындықтан күпірліктің ешбір тұрғыдан кешірілмейтіндігін деген аят бізге айтып отыр.
188АСА-И МҰСА бір жерге тоғысатын, саны жағынан күмән келтірмейтіндей көп, сипаты жағынан заңғар да асыл тұлғалар, мәртебесі болса әрқайсысы адамзаттың жарқыраған жұлдыздары, әрқайсысы бір-бір тайпаның көсемдері, бір халықтың қадірлісі атанған жандар. Маңыздылығы жағынан сөздеріне құлдық ұрарлық мамандар hәм хабарын түгел дәлелмен айтушылар.Бір саладағы екі маманның өз саласына қатысты айтқан пікірі өзге саладағы білікті мыңдаған мамандардың нақ сол мәселеге қатысты айтқан пікірлерінен басым түседі. Һәм бір нәрсені дәлелдеуші екі кісі мыңдаған жоққа шығарушыдан басым келеді. Мәселен, Рамазан айында жаңа айдың туғаны жайында екі куәгер хабар берсе, «көрмедік» деген мыңдаған жоққа шығарушыларды оп-оңай жеңіп кетеді.Сонымен, дүниеде бұдан асқан анық хабар, ап-айқын мәселе, ашық бір ақиқаттың болуы мүмкін емес... демек, шүбәсіз дүние – егіс алқабы. Махшар – қырман. Жәннат пен Жәhаннам – қойма.
иМАННыңЖЕтіНші АйҒАҒы(ОтыЗыНшы МЕКтУБтың ОН ЖЕтіНші тЕРЕЗЕСі)Жаз кезінде жер жүзін тамашалап, назар аударған болсақ мынаған куә боламыз: Негізінде бір нәрсенің әдемі болуына кедергі болатын, оның ұсқынын, тәртібін бұзатын себеп - саны көптік, оның аста-төк, ағыл-тегіл, шексіз мол болуы. Алайда, жаратылыста, қоршаған ортада керемет реттілік, әдемі тәртіп бар. Бұған көз жеткізгің келсе жер жүзін безендіріп тұрған өсімдік атаулыға қара! Сондай-ақ, бір нәрсені өлшемсіз, қалай болса солай, ұсқынсыз қылатын себеп - оның тез, жылдам жасалуы. Алайда, мына әлемдегі жаратылыс керемет өлшеммен нәзік те сұлу жаратылуда. Бұған дәлел жер жүзінің көркі болып табылатын жеміс-жидектерге қара! Сондай-ақ, жәй, қарапайым, тіпті, көріксіз қылатын саны көптік, шамадан тыс молшылық керемет әсем өнермен жасалуда. Оған айғақ, жер бетін құлпыртып тұрған сан-алуан гүл-шешектерге назар сал! Сондай-ақ, бір нәрсенің жәй, өнерсіз, қарапайым болуына себеп болатын нәрсе оның тым жеңіл, оңай жасалуы. Алайда айналадағы заттар керісінше керемет өнерлі, өте күрделі және аса мән беріліп шебер жасалуда. Оған дәлел жер жүзіндегі ағаш пен өсімдіктердің керек-жарақтары сақталатын сандықша әрі олардың бағдарламасы немесе өмірбаяны жазулы құты тәріздес күллі тұқымдарға, дәндерге назар сал! Һәм ыдырау мен ажырауды талап ететін алшақтық пен асқан ұзақтық та кемел түрдегі тұтастықты, бірлікті көрсетуде. Мұны бүкіл жер жүзіне егілген әртүрлі дәндерден байқаймыз. Һәм шатасу мен матасуға әкеп соқтыратын аралас-құралас бір жағдай, керісінше тым әсем өзгешелікпен, өзіндік қасиеттерін жеке-жеке сақтап қалу секілді ерекшелікпен ұштасуда. Өйткені, жер астына ретсіз шашылған, құрамы жағынан бір-біріне ұқсас болып келетін дән-тұқымдардың өсіп-өнген кезінде кәміл түрде ерекшеленуі және ағаштың бойына сіңген сан-алуан заттардың оның жапырақ, гүл, жемістеріне аса тәртіппен керемет түрде жеткізілуі әрі асқазанға түскен сапырылысып жатқан быламық күйіндегі қоректік заттардың түрлі-түрлі ағза, мүшелерге, жасушаларға дейін жеке-жеке тиянақты түрде тасымалдануына қара! Сөйтіп, шексіз хикмет ішінде тұрған асқан құдіретті көр!
190АСА-И МҰСА Сондай-ақ, бір нәрсенің қадірін түсіретін, оны түкке тұрғысыз, жарамсыз, құнсыз ететін себеп оның санының тым көптігі, асып-тасқан көп болып шашылып-төгіліп жатуы әрі арзандығы екені мәлім. Алайда, тым шебер әрі өнерлі түрде жасалып, аса қымбат әрі құндылығын сақтап қалуда. Ендеше, ол шексіз ғажайып өнерлердің ішінен жер жүзінің Рахмани дастарханындағы тек балдай тәтті тұт ағашының түрлеріне ғана қарасаң жетіп жатыр! Сөйтіп, Аллаһтың рақымдылығын оның хас шеберлігімен қоса тамашала!Міне, сөзімізді қорытындылар болсақ, жер жүзінде өте қымбат әрі құнды нәрселер өте арзанға беріліп жатыр әрі аралас-құралас шашылып-төгіліп жатқанымен әрқайсысы жеке-жеке керемет ерекшеленіп, бөлектеніп жаратылуда. Һәм өзара бөлек-бөлек ерекшеленуі арқылы бір-біріне аса алшақ, тым жат бола тұра керемет үйлесімділік пен ұқсастық бар. Әрі өзара ұқсастықтарына қарамастан өте жеңіл әрі оңай жасалуда. Сондай-ақ, аса мән беріліп, тиянақты түрде үлкен мұқияттылықпен жасалуда. Әрі өте жоғары дәрежедегі көркемдікпен жасалып қана қоймай, асқан шапшаңдықпен, ерекше жылдамдықпен жаратылуда. Әрі ешқандай ысырапшылдыққа жол берілмеуімен қатар, аста-төк молшылық пен сан жағынан шексіз көптігі сақталып қалуда. Дегенмен сансыз көп болғанына қарамастан үнемді түрде асқан шеберлікпен, көркем де күрделі өнермен жасалуда. Сондай-ақ, шебер жаратылумен бірге асып-тасқан, ағыл-тегіл мол байлық пен мұқият тәртіп қатар көрінуде. Бұл көз алдымызда болып жатқан жағдай. Әлбетте, күндізгі жарық Күнді көрсететіні секілді бұл аталған құбылыстар бізге бір Қадир-ы Зүлжалалдың (айбынды, құдіреті шексіз), бір Хаким-ы Зүлкәмалдың (кәміл әрі хикмет иесі), бір Рахим-ы Зүлжәмалдың (сұлу көркем әрі аса мейірімді) сөзсіз бар екеніне және Оның шексіз құдіретіне, Рубубиетінің әсемдігіне, сондай-ақ, Уахданиетіне, Әхадиетіне куәлік етеді. сырын ашып көрсетеді.Ендеше, ей, Құдайға сенбейтін бейшара надан, бейқам қырсық! Осы аталған ұлы ақиқатты немен жауып жасырмақсың? Осынау шексіз мұғжиза, таңғажайып жағдайды қалай түсіндірмексің? Аталмыш ғажап өнерді кім істеді демексің? Аллаһтың құдретін көрсететін осынау жер жүзіндей алып терезені нендей бейқамдық пердесімен жауып бүркемекшісің? Сенің «кездейсоқ», «табиғат» деп сеніп жүрген бейсана жолдасың және адасуыңа себеп боп жүрген серігің бұл нәрселерді жасауға шамасы жетеді деп ойлаймысың. Жоқ, бұған кездейсоқтықтың араласуы әсте мүмкін емес. Бұл таңғажайып істердің мыңнан бір бөлігін «табиғат жаратты» деу барып тұрған ақымақтық. Әлде меңіреу, күш-құдіреті жоқ табиғат әрнәрсенің ішіне өзін жасайтын және саны қанша болса сонша көзге көрінбейтін мағынауи қондырғылар мен кәсіпорындар, баспаханалар орнатып қойды демекпісің?
иМАННың СЕГіЗіНші АйҒАҒыМіНәЖАтиманның осы сегізінші айғағы Аллаһтың міндетті түрдегі бар екенін және оның жалғыз екенін дәлелдеп қана қоймай, сонымен қатар, нақты дәлелдермен рубубиетінің шексіз ауқымды екенін және құдіретінің шексіз екендігін көрсетеді. Сондай-ақ, әкімдігі барлығын қамтитынын да дәлелдеп, растайды. Һәм, хикметі болса ғаламның барлық бөлшектерін ішіне алып, ілімі болса шексіз бәрін қамтып жататынын көрсетеді. Сонымен бұл сегізінші айғақтың сегіз бөлімінің әрбірінде сегіз нәтижені дәлелдермен бекітіп отырады. Сондықтан осы иманның сегізінші айғағы өте маңызды әрі қасиетті. САид НұРСи О, Раббым! О, иләһым! Менің, иманның нұрымен, Құранның тәлімімен, сондай-ақ, Расулы-әкрем ғаләйссилату уәссаламның дәрісімен әрі Хаким есімінің көрсетуімен көзім жеткені: аспанда керемет тәртіптілігімен сенің бар екеніңді білдірмейтін, меңземейтін ешбір қозғалыс, айналыс жоқ. Және аспан денелерінің ішінде еш дыбыс шығармастан тым-тырыс күйде өзіне тән міндет атқарып, ешқандай тіреусіз тұруы арқылы сенің рубубиетіңді көрсетпейтін, саған куәлік етпейтін бірде-біреуі жоқ.
192АСА-И МҰСА Және өзінің өлшемді жаратылысымен, тәртіпті жағдайымен және нұрлана күлім қағуымен, сондай-ақ, бүкіл жұлдыздарға тән ұқсастық жағымен – күн өз алдына бір таңба – әрі сенің улухиетің мен уахданиетіңнің ұлықтығына ишара етіп, куәлік қылмайтын ешбір жұлдыз жоқ. Және он екі ғаламшардың әрқайсысы хикметті қозғалысымен, бағыныштылығымен, жүйелі міндет атқаруымен, сондай-ақ, жылдам қозғалып жатқан өзге аспани денелер де сенің сөзсіз бар екеніңе куәлік етеді әрі улухиет салтанатыңды мегзеп ишара қылады.Рас, аспан әлемдері өзінде орналасқан денелер арқылы әрқайсысы жеке-жеке Аллаһтың құдіретіне куәлік ететіні секілді барлығы ұжымдасқан түрде де ап-анық - О, жер мен көкті жаратқан жаратушы Жаббар! – сенің сөзсіз бар екеніңе көрнекі түрде куәлік етуде. О, зәрелерді керемет қосындыларымен бірге жаратып, басқарып отырған және әлгі жұлдыздарды жұлдызды шоғырларымен бірге шыр айналдырып, әміріне мойынсұндырған Аллаһ! Олар сенің жалғыздығыңа, бір екеніңе қуатты түрде куәлік ететіні соншалық, көкте қанша жұлдыз болса, сонша нұрлы жарқын дәлелдер ретінде өзара куәліктерін бекітіп растауда. Һәм, мына мөлдір де ашық әрі тап-таза, тамаша аспанға қарайық! Бейне бір ғаламат үлкен әрі өте шапшаң денелерімен бірге қарастырсаңыз сақадай сай әскер, тіл алғыш қалың қол секілді әрі электр лампаларымен көмкерілген көз тартар әсемдігі арқылы Сенің рубубиетіңнің ұлықтығына және барлығын жаратқан шексіз құдіретіңнің зор екеніне ап-ашық дәлел болып табылады. Сондай-ақ, шексіз көк аспанды қамтып жатқан әкімдігіңді, әрбір тірі жанды қамқорлығына алған рахымыңның кеңдігін дәлелдейді. Сондай-ақ, аспан мақұлықтарының барлық істері мен жағдайларын көріп-біліп отырған, уысында ұстап тұрған әрі реттеп басқарып отырған іліміңнің шексіз екеніне және хикметіңнің бүкіл оқиғаларды қамтып, назардан тыс қалдырмайтынына куәлік етеді. Ол куәлік пен дәлелдің анық-қанықтығы сонша, бейне бір аспандағы жұлдыздар әлгі куәгер аспанның куәлік сөздері іспеттес, денеге айналған нұрлы айғақтары десе болады. Һәм, аспанды кең майдан немесе теңіз ретінде қарастырсақ, ондағы жүзіп жүрген жұлдыздар құдды тәртіпті әскер, керемет кемелер, таңғажайып ұшақтар немесе ғажап шам-шырақтар іспеттес әрі сенің улухиетіңнің салтанатын, оның асқан әдемілігін көрсетуде. Әлгі әскердің бір ғана жауынгері, яғни, бір дене болып табылатын Күннің ғаламшарлар арасында орналасуы мен жердің атқарар қызметінен анық көрінетіні Күн және оның жолдастары болып саналатын жұлдыздардың кейбірі ақырет әлемімен байланысты әрі босқа тұрған жоқ, атқарар міндеттері бар. Тіпті, олар бақи әлемде де Күн қызметін атқарар. О, Уажиб-ул Уджуд! О, Уахид-і әхад! Мына керемет жұлдыздар, анау ғажап Күндер, Айлар, жаппай сенің иелігіңде, сенің аспаныңда, сенің
193Иманның сегізіншы айғағыәміріңмен, құдірет-қуатыңмен және сенің қалауыңмен, басқаруыңмен бағынып, бұлжытпай мойынсұнуда, белгілі бір міндет атқаруда. Сонау аспан денелері бірі қалмай өздерін жаратқан, шыр айналдырып тұрған, басқарушы бір ғана Халиқты тәсбих қылып, тәкбир (ұлықтау) етеді. Хал тілдерімен «Субханаллаһ, Аллаһу әкбар» дейді. Мен дағы олардың жаппай тәсбихтеріне қосылып сені пәктеймін. О, өте жарқын көрінетіндіктен жасырын қалған Аллаһ! О, тым шексіз ұлық болғандықтан құпия болған Қадирі-Зүлжалал! О, Қадирі-Мұтлақ! Қасиетті дана Құранның дәрісімен және Расулуллаһ ғаләйссалату уәссаламның тағылымымен түсінгенім мынау болды: Қалайша аспандар мен жұлдыздар сенің бар екеніңе, жалғыздығыңа куәлік етеді. Дәл сол секілді көк аспан бұлттар арқылы, күннің күркүреуі арқылы және жел-дауылдарымен, жауын-шашындарымен сенің сөзсіз бар екеніңе, жалғыз екеніңе куәлік етеді. Иә, жаны жоқ, бейсана бұлт тірішіліктің көзі саналатын жаңбырды мұқтаж жан-жануарларға медет қылып себелеуі тек сенің рахымың мен хикметің арқылы ғана болмақ. Оған шым-шытырық кездейсоқтық әсте араласа алмас. Сондай-ақ, ең үлкен электр тоғы бар және өзінің жарықтандыру қабілетіне ишара ете отырып, одан тиімді пайдалануға ынталандыратын жай отын алар болсақ, ол аспандағы құдіретіңді анық көрсетеді. Һәм, жаңбырдың келе жатқанын сүйіншілеп хабар беретін, алып аспанға тіл біткендей сөйлететін және тәсбихтерінің дыбысымен көктерді жаңғыртатын найзағай жарқылы мен күннің күркіреуі де өз «хал» тілдерімен сені пәктеп, рубубиетіңе куәлік етеді.Һәм, тірі жандардың өмір сүруі үшін қажетті ризықты таситын және қолдануға оңай, әрі тыныстап демалдыратын әрі жанды махлұқтарды рахаттандыратын, осы секілді көптеген маңызды міндеттер жүктелген желдер де ауа қабатына назар аударайық! Бұл бір хикметке байланысты бейне бір «ләух-ы махыв уа исбат», яғни «жазып-сызып, сосын өшіріп тастайтын тақтаға» ұқсайды. Осы құбылыс сенің құдіретіңнің шексіз іскер екеніне ишара әрі сенің сөзсіз бар екеніңе шәһадат етіп қана қоймай, сенің шексіз қамқорлығыңды және жауын-шашын да яғни бұлттардан сауылып тірі жандарға арнайы жөнелтілген Иләһи мейірімділіктің мөп-мөлдір әрі керемет өлшемді тамшылары да өзіне тән тілдлерімен Сенің рахымыңның кең, мейірімің болса мол екеніне куәлік етеді. О, Мутасаррыфы-Фағал! О, Фәйязы-Мутағал! Сенің сөзсіз бар екеніңе бұлт, жай, найзағай, жел, жаңбыр, әрқайсысы жеке-жеке куәлік еткендері секілді барлығы қосылып тұтас күйде құрамы әртүрлі, табиғаты бір-бірінен алшақ болса да, өзара бірлесу арқылы, біркелкі түрде, араласа-құраласа отырып бір-бірінің міндетіне жәрдем беру жағымен сенің уахдетіңе, бір екеніңе өте қуатты ишара етеді.
194АСА-И МҰСА Һәм, алып кеңістікті бейне бір ғажап махшар майданына ұқсатып, кейде бір күнде бірнеше рет түнертіп, бірнеше рет жадыратып рубубиетінің ұлықтығына куәлік еткізеді, әлгі алып кеңістікті жазу-сызу тақтасы тәрізді бұлттарды қысып сол арқылы жер бау-бақшасын суарады. Осылайша, құдіретінің ұлықтығын, барлық нәрсеге күші жететінін дәлелдейді. Сондай-ақ, жер бетін жаппай қамтып, күллі жаратылысқа ауа қабатын басқарып отырған рахымың мен үстемдігіңнің шексіз кең әрі кәміл екенін дәлелдейді. Һәм кеңістіктегі ауа қабаты хикметке толы шексіз міндет атқаруға жұмсалып, ал бұлт пен жаңбыр болса ілім талап ететін пайдалы істерге қолданылуда. Бұл шаруа әрине әрнәрсені қамтитын ілім және әр нәрсеге қатысты кәміл хикмет қажет етеді. Әйпесе мүлдем іске аспас еді. Уа, Фағал-ун лимә Юрийд! Әуе қабатындағы қызу жұмыстарыңмен әрдайым хашир мен қияметтің үлгісін көрсетіп, бір сағатта жазды қысқа, қысты жазға ауыстырып, жаңа бір әлем жаратып, ескісін ғайыпқа жіберу секілді істер атқарып жатқан құдіретің, әлбетте, дүниені ақыретке ауыстырады және ақыретте мәңгі бітпейтін істерін паш ететінін мегзейді. О, Қадирі-Зүлджәлал! Көктегі ауа қабаты, бұлт, жаңбыр, жай мен найзағай секілді жаратылыс, сенің иелігіңде, сенің әміріңмен, сенің ғана күш-қуатыңмен бағынышты түрде қызмет етіп, өз міндетін адал атқаруда. Құрамы бір-бірінен алыс, мүлдем ұқсамайтын әлгі кеңістіктегі жаратылыс, өздерінің өте жылдам, шапшаң түрде әміріне бағындырған, тез әрі жылдам бұйрықтарын орындатқызған Әміршісін, Әкімін пәктеп, оның шексіз рахымын мадақтап паш етуде.О, жер мен көктің Халиқ-ы Зүлжалалы! Сенің хикмет толы Құраныңның тағылымымен және Расулы - әкрем ғаләйһиссалату уәссаламның дәрісі арқылы көзім жетіп, мынаған иман еттім: Аспан жұлдыздармен бірге, атмосфера кеңістігі ішіндегілермен бірге сенің сөзсіз болмысыңа, бір екеніңе, уахдетіңе куәлік еткені секілді, «арз» яғни жер шары бүкіл мақұлықтарымен, хал-жағдайымен сенің бар екеніңе, бір екеніңе өзінде қанша жаратылыс болса, сонша куәлік етіп, қыруар ишаралармен мегзейді. Иә, жер жүзінде болып жатқан құбылыстарға, ағаштар мен хайуандардың жыл сайын бейне бір киім ауыстырғандай құлпыруына назар аударалық! Ол құбылыстардың жалқы немесе жаппай түрде өте жүйелі жүзеге асуы Сенің міндетті түрде бар әрі бір екеніңе куәлік етеді. Куәлік етпейтін бірде бір құбылыс жоқ.Һәм, әрнәрсе әлсіздігі мен мұқтаждығына қарай, өзіне мейірімді қамқорлық жасалуы және өміріне қажетті заттардың хикметпен берілуі тұрғысынан Сенің бар екеніңе, біреу екеніңе куәлік етеді. Куәлік етпейтін бірде біреуі жоқ.
195Иманның сегізіншы айғағыҺәм, әрбір көктемде көз алдымызда жаратылып жатқан өсімдік болсын, хайуан болсын барлығының ешбірі қалмай керемет өнерлі жаратылуы, нәзік әсемдігі, ерекшелігі, реттілігі, өлшемді жасалуы тұрғысынан Сені таныстырады, сен туралы айтады. Жер бетінде көптеп кездесетін өсімдік пен хайуанат деп аталатын құдіретіңнің кереметтерін, өнеріңнің мұғжизаларын әрі шамасы шектеулі, құрамы ұқсас, тіпті, бірдей жұмыртқа мен кішкене жұмыртқаларды, ұрықтықтар мен дәнек-тұқымдарды алайық. Олардың ішінен болмыстар еш қатесіз, керемет толық әрі сұлу әрі өзара бір-бірінен өзгеше түрде шығып, көркем жаратылуы Сани-ы Хакимінің бар әрі жалғыз, бір екеніне, хикметі мен құдіреті шексіз екеніне куәліктерінің өте күштілігі сонша, жарықтың Күнге куәлігінен әлдеқайда қуатты әрі жарқын.Һәм, су, нұр, от, топырақ секілді элементтерді алайық. Олар өздері бейсана бола тұра саналы әрі керемет міндет атқарып, әрі құрамы қарапайым әртарапқа жайылғыш, тәртіп дегенді білмейтін, қайда бұрса, сонда ағып жүре беретін бола тұра өте тәртіпті нәтиже беруі, соңында сан-алуан пайда мен жеміс салуы, ғайып қазынасынан өнімдерді әкеліп беруі бекер емес. Олардың ішінде сенің жалғыз әрі сөзсіз бар екеніңе куәлік етпейтіні жоқ. О, Фатыр-ы Қадир! О, Фәттах-ы Ғаллам! О, Фағал-ы Халлақ! Қалайша жер шары өзін мекендеуші барлық тұрғындарымен Жаратушысының уажиб-ул Уджуд, ешбір шартқа тәуелсіз бар екеніне куәлік етеді, дәл сол секілді – О, Уахид-ы Әхад! О, Ханнан-ы Мәннан! О, Уәһһаб-ы Рәззақ! Сенің әхадиетіңе, уахдетіңе, яғни, бірлігіңе бетіндегі таңбасымен, тұрғындарының жүздеріндегі мөрлерімен және өзара ұқсас, біркелкі әрі бір-бірімен матасып жатуы, біріне-бірі жәрдем етуі, сондай-ақ, оларға үкім етіп тұрған рубубиет есімдерінің, Иләһи істердің біреу болуы жағымен ап-анық түрде сенің уахдетіңе, әхадиетіңе куәлік, тіпті, бір емес қанша жаратылыс болса, сонша куәлік етеді. Һәм, қалайша жер шары бір әскери бөлімше яки көрме, яки тағылым орны болуы жағымен, сондай-ақ, өсімдік пен хайуанат тобындағы төрт жүз мың түрлі ұлттан құралған болмыстың сан түрлі жабдықтары рет-ретімен берілуі арқылы сенің рубубиетіңнің айбындылығын, құдіретіңнің барлық нәрсеге жететінін дәлелдейді. Дәл сол секілді саны шексіз тірі жандардың түрлі құрал-жабдықтары жүйелі түрде берілуі сенің рубубиетіңтің айбындылығына, құдіретіңнің шексіздігіне дәлел болады. Сол секілді сансыз тірі жандардың сан-алуан рызықтары дәл уақытында құп-құрғақ қара топырақтан Мейірімін төге мол түрде берілуі және сол сансыз жаратылыстың әрқайсысы зыр жүгіріп Раббани заң-әмірлерге мойынсұнуы - рахымыңның барлық жерді қамтитындай кең екенін, әкімдігіңнің күллі нәрсені ішіне алатынын аңғартады.
196АСА-И МҰСА Һәм, жерде әрдайым өзгеріп отыратын мақұлықтардың топ-тобымен айдалып, басқарылуы, өліп-тірілулері және хайуандар мен өсімдіктердің де басқарылуы мен алдын алу шаралары міндетті түрде барлығын білетін іліммен, әрнәрсеге үкімі жүретін шексіз хикметпен болатын іс. Бұл әрине сенің іліміңнің мұхит, хикметіңнің орасан зор екенін көрсетеді. Һәм, дүниеде қысқа мерзім ішінде мойнына сансыз міндеттер жүктелген, мәңгі өмір сүретіндей қабілет пен рухани құрал-аспаптармен жабдықталған және жер жүзіндегі жаратылысқа үстемдік ететін адам баласын алайық. Оған мына тәлім алар дүниеде, мына уақытша әскери орын-дүниеде, мына бір сәттік көрмеде мұнша мән берілуі, мұнша шығын, осынша қыруар рубубиеттің шағылыс-әсері, мұнша Субхани үндеу, осыншама Иләһи ихсан-сый-сыяпат, әлбетте, әрі оған дау жоқ, мына қып-қысқа, мұңлы өмір үшін емес және мына қайғы аралас тіршілік пен бәлесі көп, фәни дүние үшін беріліп, тек сол үшін арналмаса керек. Иә, ол тек ғана өзге мәңгі өмірге арналған, бақи сағадат әлемі үшін берілген. Бұлар мәңгі әлемде болатын ақыреттік сый-сыяпаттармен байланысты, тіпті, солардың бар екенін көрсетеді. О, Халиқ-ы Күлли шей! Жердегі күллі мақұлық сенің иелігіңде, сенің жеріңде, сенің күш-қуатыңмен, сенің құдірет және қалауыңмен, сенің ілімің және хикметіңмен басқарылып, мойынсұнуда. Жер жүзінде қызу жұмыс атқарып жатқан рубубиетіңнің ауқымы кең, көлемі шексіз және оның басқаруы мен іс-шаралары, тәрбиесі кемшіліксіз әрі өте мұқият һәм әртараптағы істері өзара ұқсас, сондай-ақ, бір және бірлікпен атқарылуда. Демек, бөлінуі мүмкін емес біртұтастық, бірі-бірінен ажырамайтын күлли түрде басқарып, әрнәрсені орны-орнымен рубубиет қылуда яғни реттеп басқаруда. Һәм, жер шары барлық тұрғындарымен бейне бір тіл біткендей, тіпті, одан да анық сансыз өз тілдерімен Жаратушы Халиқын тақдис (ұлықтау), тәсбих (пәктеу) етуде. Және мол нығметке бөлену жағымен хал тілдерімен Рәззақ-ы Зүлжалалдарын мақтап-мадақтап, шүкір етуде.О, тым жарқын көрінетіндіктен жасырын қалған және тым ұлықтығынан көрінбей тұрған Заты-Ақдес! Жер жүзінде сені күллі тақдис, тәсбих еткендермен бірге сен кемшілік атаулыдан, әлсіздіктен, ширктен ада екеніңді айтып, бүкіл мадақ, мақтау сөздерімен саған шүкір етіп, мадақ айтамын.О, Раббул-Бәррі уәл Бахр! Құранның дәрісімен, Расулы-әкремнің ғаләйһиссалату уәссаламның тағылымымен түсінгенім: қалайша көк аспандар мен кеңістік және жер шары сенің бір және сөзсіз бар екеніңе куәлік етеді, дәл солай да бахирлер, яғни, теңіздер, өзен-көлдер, бұлақтар мен сарқырамалар сенің уажиб-ул ужуд уә уахдетіңе, яғни, сөзсіз бар әрі бір екеніңе анық түрде куәлік етеді.
197Иманның сегізіншы айғағыИә, дүниеміздің ғажап су қоймасы, бу қазаны іспеттес теңіздерге қарайық. Ішінде табиғаты жағынан, реттілігі мен пайдалылығы және керемет жағдайы тұрғысынан Жаратушысын таныстырмайтын ешбір жаратылыс, тіпті, ешбір тамшы су жоқ. Қарапайым судағы, жай топырақтағы (Қарапайым су мен қара топырақта) өмір сүріп жатқан, рызықтары тамаша түрде беріліп жатқан ғажайып мақұлықтарды, жаратылысы таңқалдыратын тәртіпті теңіз хайуандарын, әсіресе, біреуінің өзі бір миллион жұмыртқа шашып теңізге көрік беретін балықтарды алайық. Олар жаратылыстарымен, міндет атқаруы жағымен, керемет басқарылуы және асыралуы, тәрбиеленуі тұрғысынан жаратқан Иесіне ишара етеді, Рызық беруші қамқоршысының бар екеніне куәлік етеді. Һәм, теңізге қарайық. Оның ішінде керемет жаратылысымен, тартымды табиғатымен, пайдалы қасиетімен сені танымайтын, таныстырмайтын ешбір жауһар, жақұт, асыл тас жоқ. Иә, олар жеке-жеке куәлік ететіні секілді барлығы қосылып жұмыла өзара ұқсас әрі аралас-құралас болуы арқылы және жаратылыс таңбаларының бір болуы мен жеңіл әрі жылдам жаратылуы тұрғысынан, сондай-ақ, санының көптігі жағымен Сенің жалғыз екеніңе куәлік етеді. Сонымен қатар жерді топырағымен бірге, бұл Жер шарының үстін жайлап жатқан мұхит пен теңіздерін тепе-теңдікте ұстап, кеңістікке іліп қою әрі суларын төгіп-шашпай Күнді айналдыра кездіру және көршілес топырақты шайып кетуіне жол бермеу һәм қара топырағы мен суынан сан-алуан тіршілік иелерін, асыл тастарды жарату әрі олардың азық-түлігі мен өзге де мұқтаждықтарын, қажеттіліктерін жаппай әрі толығымен басқару, қамтамасыз ету және жер бетін басып қалуы тиіс сансыз өлексе жаназаларға жол берілмеуі Сенің сөзсіз бар екеніңе, Уажибул-Уджуд екеніңе жаратылыстың санынша ишара етіп, куәлік қылады. Осылайша, рубубиетіңнің салтанаты ұлық екеніне және барлығын қамтып жатқан құдіретіңнің шексіз екеніне ап-анық дәлел болғаны секілді көк аспанның арғы жағында орналасқан алып жұлдыздардан бастап, сонау теңіз түбіндегі керемет қорекпен қамтамасыз етіліп жатқан тым ұсақ балықтарға шейін құшағына алып жатқан рахымыңның да, басқарып тұрған әкімдігіңнің де ауқымы кең екеніне дәлел болып табылады. Олардың ретті әрі пайдалы, хикметті де өлшемді, жүйелі болуы Сенің іліміңнің әрнәрсені толық қамтитынын, хикметіңнің барлығын басқаратынын мегзейді. Және сенің мына мейманхана секілді дүниеде жолаушылар үшін осыншама рақымды іс-шараларыңның болуы және олардың адамзаттың саяхаттауына, кемемен жүзуіне, падалануына ыңғайлы болуы бізге мынаны білдіреді: Жол бойына орналасқан бір түндік керуен сарай, яғни, уақытша қонақ үйге келіп-кетушілерге мұнша теңіз байлықтарын кәде қылып сыйға тартқан Құдірет, әлбетте, мәңгі әлемінде мәңгі рақым сый-қазыналарын мол
198АСА-И МҰСА түрде жаратқан болса керек. Мына әлемдегі көргендеріміз олардың фәни, кішкентай, уақытша үлгі-нұсқалары, көріністері болмақ. Міне, теңіздердің осылай өте ғажайып түрде жердің айналасына керемет орналасуы, ал теңіз мақұлықтарының да өте жүйелі түрде басқарылып, қамтамасыз етілуі тек қана сенің құдіретіңмен, сенің ерік-қалауыңмен атқарылуда, олар сенің иелігіңде, сенің әміріңе мойынсұнып, хал тілдерімен Жаратушы Иесін ұлықтап «Аллаһу Әкбар» деп пәктеп, мадақтауда. О, тауларды жер шары кемесіне қазына толы қазық етіп қаққан Қадирі-Зүлжәлал! Расулы-әкремнің (ғаләйһиссалату уәссалам) тағлымынан және Құраны-Хакимнің дәрісінен түсінгенім: Қалайша теңіздер ғажайыптығымен Сені танып таныстыруда сол секілді таулар да зілзәланың әсерінен жердің тынышталуына, ішіндегі дүмпулердің басылуына, сондай-ақ, теңіздердің шайып кетуіне кедергі болуы, ауаның зиянды заттардан тазаруына және су қоймаларының бірігуіне, тірі жандарға қажетті заттардың жиналуына ұйытқы болуы жағымен, яғни, осындай аса маңызды қызметтерімен, зор хикметтерімен Сені танып отыр әрі таныстыруда.Иә, тау жыныстарының түрлерін алайық немесе түрлі ауруларға шипа боларлық шикі заттардың түрлерін және тірі жандарға, әсіресе, адамдарға аса қажетті әрі түрлері сан-алуан жер асты қазыналардың жыныстарын, сондай-ақ, таулар мен далаларды гүл-шешектерімен безендіріп, жемістерімен құлпыртып тұрған өсімдіктердің сыныптарын алайық. Олардың ешбіреуі кездейсоқ болуы мүмкін емес. Себебі керемет хикметпен, өте тәртіпті әрі әдемі де әсем, аса пайдалы етіп жаратылған. Әсіресе, элементтерге, оның ішінен тұзқышқылына, лимон қышқылына, сульфат пен ашудас секілді сырттай ұқсас болғанымен дәмдері мүлдем басқа заттарға назар аударалық. Әсіресе, өсімдіктердің қарапайым топырақтан неше түрлі болып өсіп-өнуі, сан-алуан гүл шешек, жеміс беруі таңғажайып. Міне, осы құбылыстар бізге шексіз қадир, шексіз хаким, шексіз рахим және керим бір Аллаһтың сөзсіз бар екенін анық білдіретіні секілді барлығы қосылып өздеріндегі біркелкі басқарылуы һәм бір шарамен жүйеленуі арқылы әрі қайнар бұлағы, мекен-жайы, табиғаты мен өнер тұрғысынан бірдей болуы, біркелкі түрде және арзан әрі оңай әрі мол және тез жаратылуы жағымен, әлгі Шебердің уахдетіне, әхадиетіне куәлік етеді. Қалайша таулардың ішіндегі, сыртындағы жаратылыс жердің әр тарапында кездеседі, әрбір түр бір уақытта, бір әдіспен, еш қатесіз өте кәміл түрде жылдам жаратылады, әрі бір-біріне кедергі болмай, басқаларымен бірге аралас-құралас бола тұра әсте араласпай жасалады. Міне, осы құбылыс сенің рубубиетіңнің айбындылығына және ешнәрсеге қиналмайтын құдіретіңнің шексіз, әрі асқақ екендігіне дәлел болып табылады.
199Иманның сегізіншы айғағыСол сияқты жер жүзіндегі күллі тірі жандардың шексіз қажеттіліктерін, тіпті, сан-алуан ауруларын, тіпті, сан-қилы зауықтарын, неше түрлі тәбеттерін қандыратындай дәрежеде таулардың іші-сыртын қазына байлықтармен, өсімдік-ағаштармен толтырып құлпырту және мұқтаждардың игілігіне мойынсұндыру бұл да сенің рахымыңның шексіз кең екенін, үстемдігіңнің орасан зор екенін білдіреді. Сондай-ақ, топырақ қабаты қараңғы әрі аралас, түк көрінбейтін болса да бәрін біліп, көріп, араластырмай, өте тәртіппен, қажеттігіне қарай барлығын орны-орнына қойып, дайын тұруы сенің әрнәрсені білетін іліміңнің мухит екенін, барлығын реттейтін хикметіңнің бүкіл затты қамтитынын және дәрі-дәрмектердің әзірленуі, шикізаттардың орналасуы, міне осы аталған іс-шаралар рубубиетіңнің рахымды әрі жомарт түрде керемет іс атқаратынын және жарылқауыңның нәзік түрдегі әсемдігіне ап-анық түрде ишара қылады, дәлелдеп көрсетеді. Һәм, мына дүние қонақүйінде жолаушылап жүрген қонақтарға арнап алып тауларды қажетті заттармен толтыру және келешекте қажет болады деп пайдалы нәрселермен мұнтаздай етіп оны сақтау қоймасы жасау және оларды өмірге қажетті қазыналардың бұлағы етуі, міне, бұл да керемет керим (жомарт), тым қонақжай, өте хаким (хикмет иесі) және аса Мейірімді әрі құдіреті күшті, тәртібі қатаң бір Аллаһтың бар екеніне ишара, дәлел болып табылады. Олай болса, Оның міндетті түрде әлгі өзі өте жақсы көрген қонақтарына арнап мәңгі әлемде мәңгі бітпес сый-сыяпаты, мәңгі таусылмас қазына байлықтары болмақ. Бұл жердегі таулардың орнына ол жақта жұлдыздар сол қызметті атқаратын болады. О, Қадир-ы Күллі шей! Таулар мен ішіндегі мақұлықтар жаппай сенің иелігіңде, олар сенің күш-құдіретіңмен және ілім-хикметіңмен басқарылуда әрі орны-орнына қойылған. Олар өздерін осылай белгілі бір міндет жүктеп, бағындырып отырған Жаратушысын тақдис қылып (дәріптеп), тәсбих етеді (ұлықтайды). О, Халиқ-ы Рахман, уа Рабб-ы Рахим!Расулы-әкремнің ғаләйһиссалату уассаламның тәлімімен және Құраны-Хакимнің дәрісімен түсінгенім: қалайша аспан, кеңістік пен жер шары, тау, теңіз және ішіндегілер, күллі мақұлықтар барлығы сені танып отыр әрі таныстырып жатыр, сол сияқты жердегі күллі ағаштар, өсімдіктер және олардың жапырақтары мен гүл-шешектері, жемістері сені анық түрде таныстыруда әрі өздері де сені таниды. Енді барлық ағаштар мен өсімдіктердің сүйкімді де тартымды зікір ететін жапырақтарына және тамаша әдемілігімен Шебер Аллаһтың көркем есімдерін сипаттап, таныстыратын гүл-шешектеріне қарайық және нәзіктігімен, мейірім шуағымен күлім қағатын жемістеріне назар аударалық. Олардың кездейсоқ болуы әсте мүмкін емес, олар керемет Иләһи өнермен
200АСА-И МҰСА безендіріліп жасалған. Ол реттіліктің ішінде өлшем бар. Өлшемнің ішінде әсемдік бар. Әсемдіктің ішінде нақыштар, ою-өрнектер бар. Нақыштардан тамаша әрі сан-алуан иістер шығады. Ал хош иістердің ішінен жемістердің түрлі-түрлі дәмдері байқалады. Міне, осы аталған нәрселер шексіз рахим және кәрим бір Аллаһтың сөзсіз бар екенін көрсетеді.Сонымен қатар, барлығын қосып қарағанда бүкіл жер жүзінде бірлік пен тұтастық, өзара ұқсастық және жаратыларда сәйкестік, басқарылуында өзара тығыз байланыс және оларды басқарып реттеп отырған істер мен Раббани есімдердің сәйкестігі және тек бір түрінің өзі жүз мыңнан асатын сансыз мақұлықтарды сапырылысып жатса да жаппай басқару – міне, осы аталған нәрселер әлгі Уажиб-үл Уджуд Аллаһтың анық бір және бәрін бір өзі істеп отырғанына куәлік етеді. Һәм, олар жаппай Сенің уажибүл-уджуд екеніңе уә уахдетіңе, яғни, міндетті түрде бар әрі жалғыз екеніңе куәлік ететіні секілді жер жүзін мекендеген төрт жүз мың түрден құралған тіршілік иелері дейтін әскер қатарындағы сансыз мақұлықтардың жүз мың түрде асыралуы мен басқарылуы, яғни, еш шатастырылмай керемет ұйымдастырылуы, міне, бұл да сенің рубубиетіңнің уахданиеттегі ұлықтығына, айбындылығына және көктемді бір түйір гүлдей жарататын құдіретіңнің шексіз екеніне, әрнәрсені жасай алатынына дәлел болып табылады. Сондай-ақ, жер шарының әр тарапында өзінің сансыз тірі мақұлықтарына, шексіз тағамдардың сан-алуан түрлерін әзірлеп қойған рахымыңның орасан кеңдігіне және сол сансыз істер мен жарылқаулар, басқарулар мен асыраулар, іс-шаралар өте тәртіпті түрде жүзеге асуы және барлық нәрсе, тіпті, зәрелер сол әмір мен шараларға мойынсұнуы, аса бағынышты болуы әкімдігіңнің ауқымды екеніне нақты дәлел болып табылады. Сонымен қатар сол ағаштар мен өсімдіктердің әрбір жапырақ, гүл-шешегі мен жемістері, тамырлары мен тал-бұтақтары секілді әрбір бөлігінің әрнәрсесін, әрбір ісін алдын-ала біліп, көре отырып, соған қарай пайдалары мен хикметтеріне және соңында болатын тиімді нәтижелеріне сәйкес жасалуы Сенің іліміңнің әр нәрсені қамтитынына және хикметің барлық затқа әсер ететініне анық түрде айғақ болады әрі сансыз тұрғыдан меңзеп ишара етеді. Осылайша, Сенің орасан зор шеберлігіңнің көркемдігін және шексіз әсем нығметіңнің кәмілдігін сансыз тілдермен мақтап дәріптейді.Сондай-ақ, мына уақытша мейманханада, бір түндік керуенсарайда қысқа мерзімде және азғантай өмірде ағаштар мен өсімдіктердің қолымен мұнша қымбат рызық, құнды нығмет пен қыруар шығын, кәденің берілуі тегіннен тегін емес. Мұндай сый-сыяпат мына мағынаны білдіреді, тіпті, анық көрсетеді: Бұл жерде меймандарына осыншама сый-сыяпат берген құдіретті де жомарт Жаратушы Рахим Аллаһ жасаған бүкіл шығындары
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272