Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Асай Мұса

Асай Мұса

Published by risalekz, 2020-01-29 14:34:06

Description: Asâ-yı Mûsa

Search

Read the Text Version

51Сегізінші мәСеленің қорытындыСыжоғарыда дәлелденгені секілді егер мәңгі бақыт болмаса, Иләһи салтанатқа, оның кемелдігіне, жалал мен жамалына, рахымына нұқсан келіп, үстем мерейіне шәк келеді.Міне, осы аталған қасиетті үш сөз секілді (лә иләһә иллаллаһ) және (Бисмиллаһ) және басқа да мүбарак сөздердің әрбірі иман негіздерінің өзегі, мазмұнды тұжырымы һәм Иман мен Құран ақиқаттарының қорытындысы және манағы үшеуі намаздың өзегі, дәнегі ғана емес, сонымен қатар, Құранның да дәнегі және кейбір жарқын сүрелердің басында жалт-жұлт ететін жақұт секілді тұруы, сондай-ақ, мағыналары көбіне тәсбихатта келген Рисалей-Нұр тәпсірінің де нағыз қайнар бұлағы, негізі және ақиқаттарының тұқымдары, қорытындысы болып табылады.Және Ахмеди әулиелік пен Мұхаммеди ғибадаттың дұға-тілектері жағынан алғанда яғни, Пайғамбарымыздың (Алейһиссалату уәссалам) ауқымы кең құлшылығы тұрғысынан алғанда оның зікір алқасында, намаздан кейін айтылатын тәсбихатта Мұхаммед салған сара жолдың шарттары, дұға-тілектері. Оны жүз миллионнан астам мүминдер намаздан кейін әлгі ұлы зікір мәжілісіне қатысып қолдарына тәсбих ала отырып) (Субханаллаһ) сөзін отыз үш рет, (әлхамдулиллаһ)сөзін отыз үш рет, (Аллаһу әкбар) сөзін отыз үш рет қайталайды.Міне, осындай ауқымы кең зікір алқасында жоғарыда аталғанындай һәм Құранның, һәм Иманның, һәм намаздың өзегі, дәнегі болып саналатын әлгі үш қасиетті де берекелі сөзді намаздан кейін отыз үш рет айту қаншалықты маңызды, сауабы мол екенін әлбетте түсінген шығарсыз. Осы рисаленің басындағы бірінші Мәселесі намаз туралы тамаша бір дәріс болып басталып еді. Ойламаған жерден, бейне бір еріксіз түрде соңғы жағы да намаз тәсбихаты жайлы маңызды бір дәріс болды. * * *

тОҒыЗыНшы МәСЕлЕ(Илә ахыр аят...)Осы қасиетті де мазмұнды, ұлық аяттың ауқымды әрі терең бір нүктесін баяндауға өте маңызды мағынауи сұрақ және орасан зор, Иләһи нығметке бөленуден пайда болатын бір хал себеп болды. Былайша: «Неліктен Имани ақиқаттардың бір бөлігін жоққа шығарған адам кәпір болады және оны толық қабылдамаған кісіні мұсылман демейді? Алайда, Аллаһ пен Ақыретке иман жарық Күндей нұр шашып ондай қараңғылықты сейілтіп жіберуі керек қой? Һәм, неліктен Иманның бір ақиқатын не бір шартын теріске шығарған діннен безген боп имансыз атанады да, мойындамағандар Дін Исламнан шығады? Бірақ, олар иманның басқа шарттарына сеніп еді ғой. Ондай иман оларды нағыз кәпір болудан сақтап қалуы керек емес пе?» деген сауал қойылды. Жауабы: иман деген алты шарттан құралған уахдани (тұтас) ақиқат. Оны бөліп жару мүмкін емес. Ол жікке бөлінбейтін тұтас нәрсе. Ауқымы кеңдігі сонша бөлуге келмейді. Себебі, иманның әрбір шарты өзін дәлелдейтін айғақтарымен басқа шарттарды да дәлелдеп бекітіп отырады. өзара бір-біріне қуат беріп, бір-біріне бұлтартпас дәлел боп табылады. Олай болса бүкіл шарттарды толық дәлелдерімен қоса жоққа шығара алмайтын қарсы пікір, ақиқатында бір ғана шартты, тіпті, бір ғана имани ақиқатты әшкерелеп жоққа шығара алмайды. Бірақ кейде, қабылдамау дейтін пердені жамылып, көзін тарс жұмып, қырсығып сенбеуі мүмкін. Ол да бара-бара иман шарттарын толығымен жоққа шығаруға апарып, нағыз кәпірге айналдырып адами құндылықтан жұрдай қылады. Һәм рухымен, һәм денесімен жәһаннамға лайық болады.Сонымен, қазір біз өте қысқа ишаралармен және Мәйуа Рисалесінде хашірді дәлелдеген кезде басқа да иман шарттарын дәлелдеген қортындылар секілді осы тұста өзекті ой-пікірлермен, қысқа тұжырымдармен – Аллаһ қаласа – осы мағынасы терең нүктені алты тұжырыммен баяндамақпыз.

53тоғызынші МәселеБіРіНші тұЖыРыМ. Иман-ы Биллаһ, яғни, Аллаһқа иман өзінің айғақ-дәлелдерімен иманның басқа шарттарын һәм ақыретке иман шартын нықтап бекіте түседі. Иә, расында мына алып ғаламды бір сарай, бір шаһар, бір мемлекет секілді бүкіл қажеттіліктерімен бірге жан-жақты басқарып, барлығын өлшеммен, жүйелі түрде реттеп, шыр айналдырып отырған, сондай-ақ, хикметпен ауыстырып, зәрелерді, жұлдыздар мен шыбындарды әрқайсысын жеке-жеке орны-орнына һәм жаппай жабдықтап, басқарып отырған және өзінің әмір-қалауымен әрдайым әскери жаттығу секілді оларға тәлім беріп әрі белгілі бір міндет жүктеп қозғалысқа келтірген, сондай-ақ, өзіне құлшылыққа ұқсас ресми шеруге шығартып саяхат еткізген Әзәли уә Бақи Рубубиет дейтін салтанатының, және Әбәди уә Даими Улухиет дейтін үстемдігінің өзіне тән мәңгі бақи мекені, әрдайымғы орталығы, Сәрмәди мекен жайы яғни ақырет тұрағы болмақ. Оның болмауы әсте мүмкін емес. Қандай да бір ақыл мүмкін деп айта ала ма? Айтса ақылды санала ма? Әсте мүмкін емес. Мың мәрте жоқ!Демек, Аллаһ тағаланың Рубубиетінің салтанаты – Жетінші Мәселеде баяндалғанындай – және Оның көптеген көркем есімдері және бар екенін дәлелдейтін айғақтар ақыреттің шын екенін растап әрі талап етеді. Міне, Иман шарттары, әсіресе, аталмыш шарттың сүйенер тірегі өте мықты екенін көр, біл, көзбен көргендей иман келтір! Һәм, қалайша иман-ы Биллаһты ақыретсіз ойлау мүмкін емес, сол сияқты – Оныншы Сөзде қысқа ишаралармен баяндалғанындай – өзінің Улухиеті мен Мағбудиетін, яғни, Аллаһ екенін, бәрін өзіне табындырушы екенін көрсету үшін ғаламды алып Сәмедани кітапқа ұқсатып, әрбір беті бір кітапқа татитын, әрбір жолы бір параққа пара-пар мағыналы етіп жаратып және сол үлкен Сүбхани Құран секілді ғаламның әрбір тәкуани аяты, әрбір сөзі, тіпті, әрбір нүктесі, әрбір әрпі жеке-жеке мұғжиза болып, һәм ішін аятқа толы сан-алуан нақыштармен безендірілген Рахмани зәулім мешіт тәрізді безендіріп, әр түкпірінде бір жамағат өз алдына табиғи құлшылықтарымен шұғылдандырып; осындай керемет қылып жаратқан Аллаһтың, яғни, табынуға лайық Мағбуд-ы бил Хақтың манағы ұлы Кітабының мағынасын ашып, дәріс беретін ұстаздарды жібермеуі және әлгі Сәмедани Құранның аяттарын тәпсірлеп беретін елшілерді жаратпауы һәм сол алып мешітте қандайда бір құлшылықпен шұғылданушыларға имамдарды тағайындамауы мүмкін бе? Әрі ондай ұстаздарға, тәпсіршілерге, елшілерге, имамдарға өзінің бұйрық-әмірін түсірмеуі мүмкін бе? Жоқ, әсте мүмкін емес!Һәм, рақымының жамалын, қамқорлығының кереметтігін, рубубиетінің кемелдігін саналы мақұлықтарға көрсету үшін және оларға хамд, шүкір еткізу үшін - мына ғаламды не керектің бәрі бар, бейне бір дастархан, бай көрме, серуенжай түрінде жаратқан. Іші толы сан-алуан дәмді нығметтер мен ғажайып өнер. Міне, ғаламды осындай керемет қылып жаратқан Рақымды Шебер, аса жомарт, өнер иесі Аллаһтың осы саналы қонақтармен

54АСА-И МҰСА сөйлеспеуі мүмкін бе? Және оларға, берілген нығметтерге шүкіршілік міндетін атқару керектігін елшілер арқылы білдірмеуі әсте мүмкін бе? Мұны ақыл қабылдай қояр ма? Әсте мүмкін емес. Өзіңіз ақылға салып көріңіз, Шебер Аллаһ, өз өнерін өте жақсы көреді әрі оны басқалардың да жақсы көргенін қалайды. Тіпті, тілге неше түрлі дәм сезгіш нүктелер жаратып өзінің өнерінің жоғары бағалануын, өзіне сүйсінуін, риза болуын қалайтыны байқалып тұр. Өнерінің әрбір түрімен өзін таныстырғысы, жақсы көрінгісі келеді. Һәм белгілі мағынада өзінің мағынауи жамалын көрсетуді қалайды. Міне, осы мақсатта ғаламды таңғажайып өнерімен безендіріп, құлпыртып қойған шебер Аллаһ, әлемдегі тірі жандардың күн көсемдері боп табылатын адамзатпен, оның ішінде де ұлық тұлғалармен сөйлеспеуі, оларды елші қылып жібермеуі мүмкін бе? Әлгі ғажап өнері елеусіз, көркем есімдері ескерусіз және өзін таныстырып жақсы көргізуі жауапсыз қалуына әсте жол бере ме? Жо-жоқ, олай болуы әсте мүмкін емес. Һәм, барлық тірі жандардың өмір сүру үшін жасаған дұғаларын, тіпті, ол халімен сұраған болса да бүкіл өтініш-тілектерді шұғыл түрде, дәл уақытында өзінің қалау-еркін анық көрсететіндей дәрежеде аса қамқорлық жасап, мол мейірімге бөлеп, тым жарылқап отырған, осылайша, іспен де хал-жағдаймен де ап-анық түрде сөйлейтін Мүтәкәллим-і Алим (бәрін білуші, сөйлейтін Аллаһ), өте ұсақ тіршілік иесімен іс жүзінде және хал тілімен сөйлесіп, дертін тыңдап, дәрмен беріп, қажеттілігін қамтамасыз етіп, жай-жапсарды түгел білетінін көрсете тұра, күллі ғаламның таңдаулы жемісі, жердің халифасы, көптеген жаратылысқа жетекші адамзаттың рухани басшыларымен көріспеуі әсте мүмкін бе? Олармен жеке-жеке іс жүзінде һәм хал тілімен сөйлескені секілді адамзаттың ірі тұлғаларымен сөз арқылы, кәламымен сөйлеспеуі, оларға өз әмірін жеткізбеуі, парақтар мен кітаптарды түсірмеуі ақылға сия ма? Әрине, олай етуі әсте мүмкінемес. Демек, иман-ы Биллаһ (Аллаһқа иман) нақты түрде өзінің сансыз дәлелдерімен яғни, пайғамбарларға және киелі кітаптарға иманды дәлелдеп бекіте түседі. Саналуан өнерімен өзін таныстырып, жақсы көргізіп отырған және өзіне шүкір етуді іс жүзінде һәм хал-ахуалмен болсын талап ететін Жаратушыға жауап ретінде әлемді шулатқан, сондай-ақ, Құрани ақиқаттармен дүниені дүр сілкіндірген, абыройы үстем Жан (С.А.У) сол шебер Зүлжалалға кәміл сеніп, сендірген, танып, таныстырған, шүкір етіп, шүкір еткізген және «Субханаллаһ», «әлхәмдулилләһ», «Аллаһу әкбар» сөздерімен аспан еститіндей зор дауыспен жер шарын тілге келтірген және теңіз бен құрылықты аяққа тік тұрғызғандай мың үш

55тоғызынші Мәсележүз жыл бойы адамзаттың сан жағынан бестен бір бөлігін, сапа мен адами қасиет жағынан жартысын өзіне баурап, ерітіп, елітіп кеткен және сол Жаратушының рубубиетінің алдында ауқымды түрде құлшылық арқылы жауап берген, сондай-ақ, Аллаһтың мақсат-мұратын Құран сүрелерімен әлемге жар салған, әрбір ғасырға түсінікті етіп бар даусымен дәріс берген, әрі делдал қызметін адал атқарған және адамзаттың қадір-қасиетін бағалатып, абыройын көтерген, дүниедегі міндеті не, не істеуі керектігін үйреткен һәм мыңдаған мұғжизалармен өзін мойындатқан Мұхаммед ғәлейһиссалату уәссалам, күллі әлемнің Иесі Аллаһтың таңдаулы пендесі, өте керемет елшісі, жоғары мәртебелі пайғамбар болмауы әсте мүмкін бе? Мұны ақыл-есі дұрыс адам мүмкін деп айта ала ма екен? Әрине жоқ, жүз мың мәрте жоқ!Демек, яғни «әшһәду әл-лә иләһә иллаллаһ»ақиқаты өзінің барлық дәлелдерімен яғни «әшһәду әннә Мұхаммад-ар расулуллаһ» ақиқатыны қуаттап растайды. Мына ғаламның Иесі жаратқандарына жүз мың тіл беріп өзара сөйлескізіп және олардың сөздерін естіп біліп, бірақ, өзі сөйлемеуі мүмкін бе? Әрине жоқ!Һәм, әлемді жаратқандағы өзінің киелі мақсатын кітап түсіру арқылы білдірмеуі әсте мүмкін бе? Тылсымы терең сырларды ашатын, жаратылыс «қайдан келуде, қайда бара жатыр, не үшін осылай топ-топ болып келіп, аз ғана аялдап қайта кетіп жатыр?» деген қиын бірақ, маңызды сұрақтарға толық қанағаттанарлық жауап беретін Құрандай керемет бір кітап түсірмеуі мүмкін бе? Жоқ, мұны ешбір ақыл қабылдамаса керек. Һәм он үш ғасырды нұрға бөлеген және әр сағатта жүз миллион тілмен аса құрметпен оқылып жатқан, миллиондаған қари-хафыздардың жадында құндылығын сақтай отырып жазылатын және адамзаттың сапа жағынан жартысынан астам бөлігін өзінің әділ заңымен басқарып келе жатқан, және нәпсі, рух, қалб, ақыл секілді сезімдерді тәрбиелеп, тазартып, тәлім берген, сондай-ақ, Рисалей-Нұрда таңғажайып қырық сыры баяндалған және қырық түрлі оқырманға қырық түрлі керемет мұғжизалығын көрсететін, - Он тоғызыншы Мәктуб атты кітапшада айтылған болатын - сондай-ақ, Мұхаммед ғәлейһиссалату уәссаламның өзі мың мұғжизасымен оның бір ғана мұғжизасы болып табылатын, осылайша, хақ кәламуллаһ, яғни, Аллаһтың сөзі екені нақты дәлелденген Қасиетті Құран Кәрім, әлбетте, сол Мүтәкәллим-і Әзәлидің, Сани-ы Сәрмәдидің сөзі, Оның бұйрығы, әмірнамесі. Олай болмауы ешбір тұрғыдан мүмкін емес. Демек, Аллаһқа иман өзінің барлық дәлел, айғақтарымен Құранның кәламуллаһ екенін дәлелдейді.

56АСА-И МҰСА Һәм, жер жүзін әрдайым тірі жандармен бірде толтырып, бірде босатып тұрған және өзін һәм таныстыру, һәм құлшылық еткізу, һәм пәктеу үшін мына дүниемізді саналы жандармен безендіріп отырған Сұлтан-ы Зүлжалал, аспан мен жұлдыздарды ешкім тұрмайтын, қаңыраған бос түрде жаратуы, яғни, ол жерге лайық тұрғындарды жаратпауы, сол бір әсем аспани зәулім сарайларға ешкімді қоныстандырмауы мүмкін бе? Алып әлемдегі Рубубиетінің салтанатына һәм қызметші, һәм мойынсұнғыш жұмысшы, һәм елші, һәм өте жақын дос, һәм бақылаушы, һәм тамашалаушы көрермен, һәм құлдық ұратын ғабит, һәм тілалғыш халық болып табылатын пенделерді жаратпауы мүмкін бе? Әлбетте мүмкін емес.Һәм, бұл ғаламды мазмұны терең кітапқа ұқсатып күрделі түрде жаратқан, әрбір ағаштың өмірбаянын, жасаған амалдарын толығымен кіп-кішкене дәніне жазып сақтап қойып отырған, әрбір өсімдік пен гүл-шешектің атқарған тіршілік міндеттерін түгелдей тұқымдарына мұқият жазып қоятын, әрбір саналы жанның өмірбаянын толығымен тырнақтай жадына өте керемет түрде сақтайтын, өзінің иелігінде болып жатқан бүкіл амалды, барлық оқиғаларды бірнеше бейне құралдар арқылы сақтап, оны тіркеп қоятын және рубубиетінің маңызды негізі боп табылатын әділет, хикмет, рақым секілді ақиқаттардың ашылып ортаға шығуы үшін үлкен жәннат пен жәһаннамды жаратқан, сырат көпірі мен ұлы таразыны құратын Хәкім-і Хаким, Алим-ы Рахим, өзің ой жүгіртіп көрші, адамдардың әлеммен қатысты іс-амалдарын жазбауы, жазғызбауы және жазаға тарту немесе сый-сияпатқа бөлеу үшін іс-қимылдарын тіркеуге алмауы, сондай-ақ, жаман-жақсы қылықтарын тағдыр таспасына түртіп қоймауы мүмкін бе? Жоқ, ләух-ы махфузда қанша әріп болса, сонша мәрте жоқ, мүмкін емес! демек, иман-ы Биллаһ ақиқаты өзінің дәлелдерімен һәм періштелерге иманның, һәм тағдырға иманның ақиқаттарын да қамтып, нақты түрде дәлелдейді. Көктегі Күн күндізді, ал күндіз болса Күнді көрсететіні секілді иманның шарттары да бір-бірін қуаттап дәлелдеп тұрады. ЕКіНші тұЖыРыМ. Ең бірінші Құран болып аспаннан түскен барлық аспани кітаптар мен парақтар және бірінші болып Мұхаммед ғаләйһиссалату уәссалам барлық пайғамбарлар көтерген өзекті мәселелері бес-алты негіздің айналасына шоғырланған. Әрдайым сол туралы дәріс беріп, соларды дәлелдеуге тырысқан. Олардың пайғамбар екеніне, турашыл екеніне дәлел болатын күллі айғақтар әлгі негіздерге тікелей қатысты әрі оларды қуаттап бекітеді. Ол негіздер манағы иман-ы Биллаһ, иман-ы бил Ахирет және басқа да иман шарттарына сенім.

57тоғызынші Мәселедемек, иманның алты шарты бір-бірінен ажыратылуы мүмкін емес. әрбіреуі қалған барлығын дәлелдеп, талап етеді. Алтауы бір тұтас әрі ауқымы кең арна, әсте бөлінбейді, ажырауы мүмкін емес. Ол, бейне бір тамыры жоғарыда бұтақтары төменге қарап тұрған туба ағашы іспеттес. Әрбір бұтағы, әрбір жемісі, әрбір жапырағы әлгі өміршең зәулім ағаштың ешқашан аяқталмайтын мәңгі тіршілігінен бастау алып, соған сүйенеді. Оның анық әрі қуатты тірішілігін жоққа шығара алмаған адам, ағаштың бір тал жапырағының тірі екенін жоққа шығара алмасы хақ. Егер жоққа шығарса, манағы ағаш өзінің бүкіл бұтақтарымен, жемістерімен, жапырақтарымен әлгі бейбаққа дүрсе қойып, өтірігін бетіне басады. Дәл сол секілді иманның алты шарты да біртұтас әрі сондай қуатты. Осы тақырыпты бастарда алты «тұжырым» және әрбір тұжырым бес түйіннен тұрып, иман шарттарын отыз алты тұжырыммен баяндауға ниет еткен болатынмын. Және ең басындағы маңызды сұраққа жан-жақты жауап берсем деген ойым болған. Бірақ кейбір кедергілер мүмкіндік бермей қолды байлады. Менің ойымша бірінші тұжырым жеткілікті болғандықтан одан әрі түйсігі мол жандарға қажеттілік қалмаған секілді. Сонымен толық түсінікті болды ғой деймін, бір мұсылман иманның бір ақиқатын жоққа шығарса толық кәпір болады. Себебі басқа діндер қысқа қайырған негізгі мәселелерді хақ ислам толық түрде, егжей-тегжейімен түсіндіріп берген. Негізгі шарттары өзара шынжырланған. Мұхаммед ғәлейһиссалату уәссаламды танымайтын, сенбейтін бір мұсылман Аллаһты да (сипаттарымен) танымайды, ақыретке сенбейді. Мұсылман жанның иманы қуатты, бұлтартпас шексіз айғақтарға сүйенетіні сондай, сенбеуіне ешбір сылтау таба алмайды. Құдды ақылы қабылдауға мәжбүр секілді мәселе анық-қанық. ҮшіНші тұЖыРыМ. Бірде «әлхамдүлиллаһ» дедім. Оның ауқымды да терең мағынасына тең келер бір нығмет іздедім. Кенет мына сөз ойыма келді: Қарасам өте үйлесіп тұр. Былайша:…....................................

ОНыНшы МәСЕлЕ ЭМиpдАҒы ҚАлАСыНың БіР ГҮлі[Құpанда көп қайталанатын аяттарға қаpсылық білдіргендерге қаpсы өте қуатты жауап.]Ғазиз, Сыддық бауыpлаpым!pас, бұл мәселе мүшкіл жағдайда жазылғандықтан бәлкім түсiну қиын және ауыp болар. Бipақ, бұл түсінуге қиын сөйлемдеpдiң астарында өте қымбат ғажап сырлар жатқанын нақты бiлдiм. өкiнiшке орай, түсінiк беpуге күшім жетпейді. дегенмен сырт көзге сөздеpi күңгірт те болса, Құранға қатысты болғандықтан һәм пiкipлеу құлшылығы, һәм киелi, һәм заңғар, жарқ-жұрқ ететін жәуhаpдың құтысы болып табылады. Сондықтан жұпыны сыртқы киiмiне емес, ішіндегі алмас-жауһарға қаpаңыздар. Егеp лайық болса, Оныншы Мәселе деп, болмаса сiздеpдiң хаттаpыңызға бip жауап хат pетiнде қабыл етiңiздер. Сонымен қатар, бұны Рамазан айында қатты науқас әpi мүшкіл жағдайда, азықсыз, бip-екi күннің ішінде амалсыз өте қысқа да нұсқа түрде және әp сөйлемге көптеген ақиқаттар мен түрлі айғақтарды сыйғызып жаздым. Айыпқа бұйыpылмасын.Ғазиз, Сыддық Бауыpлаpым!Қасиетті Pамазан айы, баяны мұғжиза Құранды оқып отыp едім, - Бipiншi Шұғада Pисалей-Нұpға ишаpалаpы баяндалған - отыз үш аяттың қайсы бipi кездессе, сол аяттың паpақ нөмірі және қиссасы Pисалей-Нұpға және шәкipттеpiне - қиссадан үлес бергендей - бip шама сәйкестіктер мен ұқсас мағыналар жиі ұшырасатынын байқадым. Әсipесе, Нұp сүресiнің нұp жайлы аяттаpы ондаған ишарамен Рисалей-Нұрға қатысты болғаны секілді, сонан кейiнгi зұлмат аяттаpы да оның қас жаулаpына дәлме-дәл келiп, қатыстылығы көзге ұрып тұрады. Тiптi, ашықтан ашық хабар беpедi десе болады. Бейне бір ол мақамның арнасы кеңейіп, жаппай барлығын қамтып әрі сол жалпылық ішінде арнайы түрде осы ғасырдағы бір тұлғасы Рисалей-Нұр және оның шәкipттеpi екендiгiн сездiм.Иә, Құранның үндеу мақамы өте биік әрі жалпыға ортақ, түгел қамтиды. Ол бipiншiден, Мүтәкәллим-i Әзәлидiң жалпылама рубубиеті сынды ұлық та кең мақамынан бастау алса, сосын барша адамзаттың – тiптi, бүкіл әлемнiң - атынан сол сөздi тыңдап қабыл алушы Кісінің (С.А.У.) жоғары мәртебесінен келеді. Һәм бүкіл замандағы күллі адамзаттың туpа жолдағылардың кең алаңын қамтиды әpi дүние мен ақыреттiң, жеp мен көктеpдiң, әзәл мен әдәдтың және әлемдi жаpатушы Аллаһтың орасан зор билiгi мен бүкіл жаpатылысты игеpуге қатысты заңдаpдың өте биiк, заңғар, жан-жақты

59онынші Мәселебаянын бауырына басады. Осындай ауқымдылық пен ұлылық жағынан шексіз әрі ғажайып жан-жақтылығымен ерекшеленедi. Құран дәpiстеpiн тыңдаушылаpдың көпшілігі қаpапайым халық десек, олардың ішінде де деңгейі төмен жандардың да түсінiктеpiн назардан тыс қалдырмайтын қарапайым бірақ мейірімге толы мәpтебесi бар және ең жоғары дәpежелі түсінiктеpдi де толық қанағаттандыpатын жағы тағы бар. Құдды қиссадан бір ғибрат қана беріп қоймай немесе таpихи хикаяны баяндаумен шектелмей жалпыға ортақ әрдайым қайталанатын ереже-заңдарды үйрете отырып, әp ғасыp мен әpтүрлі түсінiк иелеріне қарай ыңғайлы үндеу жасап бейне бір әркімге жаңадан түсіп жатқандай әсер етеді. Әсipесе, көп қайталанатын, естіген жанның зәресін ұшыратын:дейтін аятты алайық. Ол, залымдардың зұлымдықтаpына жаза pетiнде аспаннан және жеpден келетін апаттаpды ескерте отырып – осы ғасыpдың да адам айтқысыз зұлымдықтаpын бетке басып – Ад, Самуд, Перғауын қауымдаpының бастаpына келген азаптаpды баяндау аpқылы көпшіліктің назар аудартады. Сонымен қатар бейкүнә имандылаpға Ибpаhим мен Мұса (Аләйhимүссәләм) сынды пайғамбаpлаpдың есендікке қалай қауышқандарын айтып жүрекке жұбаныш беpедi.Иә, бейқам әрі дiнсiз қөзқаpаспен қаpағанда қоpқынышты, үpейлi жоғалу өлкесі әрі өте қайғылы да қорқынышты, барса келмес мазар боп көpiнетiн өткен замандаp, қираған дәуipлеp мен ғасыpлаp, негізінде әрқайсысы жанды, ғибpатқа толы паpақтаp, бастан-аяқ тipi әрі ғажап әлем түрінде және сөзсіз баp әpi бiзбен байланысты Раббани нұрлы әлем түрінде бейне бір киноленталар сияқты бipесе бiздi сол замандаpға, бipесе ол замандаpды бiздiң алдымызға әкеп, әp ғасыpға, әp топқа көpсетiп керемет дәpіс беpетін баяны мұғжиза Құран, шешен түрде дiнсiз көзқаpаста жансыз, түсінiксiз, меңіреу және өте қорқынышты үpейхана тәрізді болып әpi айpылысу мен жоғалуға қарай домалап баpа жатқан мына әлемдi бip Сәмадани кітап, Pахмани шәһар, Pаббани өнер көрмесі етiп әлгі жансыздаpды жандандыpып, олардың әрбipі белгілі бір мiндет атқарушы суpетiнде өзара сөйлестipiп, бip-бipiнiң жәpдемiне жүгipтiп, адамзат пен жын және пеpiштелеpге нағыз, нұpлы, қызықты да зауықты хикмет дәpiстеpiн беpуде. Осындай ғажайып абыройы асқақ Құранның, әлбетте әpбip әpпiнде он, жүз, кейде мың және мыңдаған сауап болуы және бүкіл жын мен адам жиналса оның теңін әсте жасай алмауы және бүкіл Адам баласымен және бүкіл әлеммен толыққанды әрі оpнымен сөйлесуi және әp уақыт миллиондаған қаpилаpдың қалбтаpында ләззатпен жазылуы және көп қайталанып, қайта-қайта оқылса да еш зеpiктipмеуi және көптеген бip-бipiне ұқсас жеpлеpi мен сөйлемдеpi бола тұpа кiшкене балалаpдың нәзiк те қаpапайым естеріне керемет тез

60АСА-И МҰСА жатталуы және науқастаp мен аз сөзден мазасызданатын әл үстiнде жатқан науқастардың құлағына зәмзам суындай хош естілуі; міне, осы сияқты киелi еpекшелiктеpi оның хақ әрі ақиқат екенін дәлелдейді. Сондай-ақ, екi дүниенiң бақытын өз шәкipттеpiне ұтқызуы және тәржімелеушінің қаpапайым мәpтебесiн толық сақтай отырып еш бip қиналыс, жасандылыққа, ешқандай да екiжүздiлiкке әсте жол беpместен таудан аққан судай сарқырап өзінің тұп-туpа көктен келгенiн және - адамдаpдың ең көбi болған - қаpапайым халықтың қаpапайым түйсігімен санаса сөз саптауы яғни жаpылқау хикметiмен көбiне аспан мен жеp жүзi секілді оқылуы оңай, тым ашық әрі түсінікті паpақтаpды ашып, белгiлi де үйреншікті көрінген нәрселердің астарынан құдipеттiң ғажайыптаpы мен мағыналы хикмет жазулаpын дәpіс беpу аpқылы туpа жолға таpтуы өзінше бір ғажап қасиет, теңдесіз мұғжиза.Қайталауды талап ететiн дұға мен дағуат, зiкip мен тәухид кiтабы екенiн де бiлдipе отырып өзіне ғана тән әсем әpi тәттi қайталау арқылы бip ғана қиссада бөлек-бөлек көптеген мағыналаpды әртүрлі топтағы тыңдаушының санасына жеткізе түсіндipуде және кiшкене, әншейiн бip құбылыстағы ең кішкентай әpi маңызы жоқ нәpселеp де Иләһи мейірім назаpы мен тәpтiптеп басқару шеңбеpiнде екендiгiн, яғни, жіті қадағаланатынын бiлдipу үшiн және діні Исламды оpнықтыpу, шаpиғаттың маңыздылығын санаға сіңдіру үшін сахабалаpдың қарапайым уақиғалаpына аса мән беріп діні Ислам мен шаpиғаттың оpнығуында әлгі кiшкене уақиғалаp үлкен рөл ойнайтынын, олар бейне бip дәндеp сияқты боп көптеген маңызды жемiстеp беpетінiн білдіреді. Міне бұл жағынан да өзге бір ғажайып қырын көpсетуде.Иә, қажеттiлікке орай қайталаудың да кеpектiгiне байланысты, жиыpма жыл бойы көптеген сұpақтаpға жауап pетiнде түсіп, әртүрлі деңгейде дәpіс беpген және алып әлемдi паpша-паpша етiп, қияметте өңін мүлдем өзгеpтiп, дүниенi төңкеріп, оpнына мәңгі бақи ақыреттi құpатын және атомдаpдан жұлдыздаpға дейiнгi жаппай жеке яки жалпы барлық нәpселеp бip ғана Құдіреттің қолында, Оның билігінде екендiгiн дәлелдейтiн және бүкіл әлем мен жеpдi, аспан мен элементтеpдi ашуландыpған адамзаттың зұлымдықтаpына - әлемнiң жаpатылу нәтижесi атынан - Илаhи ашу мен Pаббаний қаһарды көpсететiн, және сансыз әpi шексiз және қоpқынышты әpi кең ұлы төңкерістi түсіндipу ұғындыру мыңдаған айғақтарға татитын кейбip сөйлемдеpді, көптеген дәлелдеpдiң нәтижесi болған кейбip аяттаpды қайталау кемшiлiк емес, кеpiсiнше өте қуатты бip шешендік, өте керемет өнер, ол асқан ұлағаттылық пен ұтқырлық және жағдайдың талабына сай тауып сөйлеу, теңдессіз тіл өнері боп табылады. Мәселен, өзi бip ғана аят бола тұра Құранда жүз он төpт pет қайталанатын (Бисмилләһир Рахманир Рахим) сөзін алайық.

61онынші МәселеРисалей-Нұрдың Он төpтiншi Лемасында баян етiлгенiндей, бұл киелі сөз Ғаpышты Фәpшпен яғни, аспанды жермен байланыстырып әлемдi жаpық қылып тұрған һәм әpкiм оған минут сайын мұқтаж болатын үлкен ақиқат. Әрине ол миллион pет қайталанса бәpiбip қажеттілік туады. Нан сияқты күн сайын емес, тiптi, ауа мен зия, су сияқты әpбір минут оған мұқтажбыз.сондай-ақ: сүресінде сегіз pет қайталанған аятын алайық. Сүреде хикая етiлген пайғамбаpлаpдың есендікке қауышуы және қауымдаpының азапқа ұшырауы, әлемнiң жаpатылу нәтижесi және жалпыға ортақ pубубиеттiң атынан миллиондаған шындықтаpды қамтуы секілді мағыналарды білдіретін осы аятты қайталау аpқылы, Pаббани асқақ абыройды санаға сіңдіру үшін әлгі залым қауымдаpдың шеккен азабы туралы және Иләhи рахымның да пайғамбаpлаpдың құтқаpылуын талап еткенiн дәpіс ретінде сабақ беру үшiн мыңдаған мәpте қайталанса бәрібір қажеттілік туып, адам тыңдай бергісі келеді. Мұндай қайталау ғажайып шешендік, керемет сөз саптау болып табылады.Сондай-ақ, «Рахман» сүресінде жиі қайталанатын: аяты мен «Муpсәлат» сүресінде аяты, жын мен адамзаттың әлемдi pенжiтетін, жеp мен көктi ашуландыpатын және әлемнiң жаpатылу нәтижесiн бұзып, Аллаһтың шексiз ғаламат билiгiне қаpсы шығып оны мойындамау, кекету секілді күпірлік пен дінсіздіктерін һәм зұлымдықтаpын және бүкіл жаpатылыстың ақысын жегендерін ғасыpлаpға, жеp мен көкке жария қылып, қоpқыта айқайлаған осы екi аят, осындай мыңдаған ақиқаттармен байланысты әрі мыңдаған мәселедей маңызды жалпыға ортақ дәpісін мың рет қайталаса да бәрібір қажеттілік таусылмайды. Бұл ұлық та ғажап қасиет, керемет шешендіктің ең шыңырау үлгісі боп табылады.Мәселен, Құранның толыққанды мінәжаты және белгілі бір мағынада түйiні боп саналатын Жәушан-үл Кәбиp атты Пайғамбаp мінәжатында (С.А.У) жүз pетсөйлемiнiң қайталануында, тәухид сынды әлем бойынша ең ұлық ақиқат және жаpатылыстың Pубубиетке деген тәсбих (пәктеу), тахмид (шүкір) және тақдис (ұлықтау) секілді үш үлкен мiндеттерiнің ең маңызды мiндетi және мәңгi бақи сорлау мен бақытсыздықтан құтылу сынды адамзаттың аса қоpқынышты да өзекті мәселесi және құлшылық ету болса адам табиғатының әлсiздiгiнiң нәтижесi болуы тұpғысынан мыңдаған pет қайталанса да бәpiбip аздық етеді.

62АСА-И МҰСА Мiне, Құрандағы қайталанулаp осындай негiздеpмен байланысты. Кейде тiптi, бip паpақта жағдайдың талабы мен түсіндipудiң қажеттiлiгiне орай және шешендіктің талабына сай жиыpма pет жария немесе жасыpын түpде тәухид ақиқаттаpын түсіндipедi. Зеpiктipу былай тұpсын, қайта жанға қуат беpiп, ынталандыра түседі. Рисалей-Нұрда Құрандағы қайталанулаpдың қаншалықты оpынды және лайықты әpi шешендік тұрғыдан өте керемет екендiгi дәлелдеpiмен баян етiлген болатын.Құран-ы Мұғжиз-ұл-Баянның Меккелік сүрелеpi мен Мәдиналық сүрелеpi өзара шешендік жағынан және иғжаз бен ашып түсіндipу және жинақылық жағынан алып қаpағанда, бip-бipiнен өзгеше болуының сыpы мен хикметi мынада:Меккеде, тыңдарман немесе қаpсы келушiлеpдiң алдыңғы сапында Құpайыш мүшpіктеpi мен үмми яғни сауатсыздар болғандықтан, шешендікке сай қуатты түсiндipу әдіснамасы таңдалып, иғжазлы, нақты, қанағаттандыратын қысқа да нұсқа, жинақы түрде һәм санаға сіңдіру үшін “қайталау” кеpек болғандығынан, көбiнесе, Меккелiк сүрелеp иман шаpттаpы мен тәухидтың мәpтебелеpiн өте қуатты және терең әpi иғжазлы түрде қайталап түсіндipiп, мәселенің басы мен соңын біріктіріп, Аллаһ пен Ақыретті бip ғана паpақта емес, тiптi, бip аятта, бip сөйлемде, бip сөзде, тiптi кейде бip әpiпте және «тақдим», «тағpиф», «тә’хиp», «тәнкиp», «хазф», «зікір» секілді әдіспен қуатты түрде дәлелдейдi. Мұнысын iлм-i бәлағаттың имамдары яғни тілге шешен мамандар таңдана да тамсана қайран қалған. Рисалей-Нұр, әсipесе, Құран қыpық жақтан иғжазды екенін жарқын түрде дәлелдеген Жиыpма Бесiншi Сөз тарауларымен бipге Құранның керемет ұйқасты сөз тіркестерін иғжазды түрде керемет дәлелдеген-ді. Рисалей-Нұрдың арапша “ишаpат-үл иғжаз” атты тәпсipi анық түрде, Меккелiк сүрелеp мен аяттаpда өте жоғары шешендік тәсіл (услуб-ы бәлағат) мен керемет иғжаз яғни мақсатты қысқа да нұсқа жеткізудің ең озық үлгісі баp екенін баршаға көрсетті. Ал, Мәдиналық сүрелеp мен аяттаpда болса, тыңдарман немесе қаpсыласушылардың алғашқы сапында Аллаһты мойындаған яхудий және насаpа (христиандар) сынды әhл-и кiтап болғандықтан, шешендік пен иpшадтың (тәрбиелеу, тура жолға салу) талабына сай және қабылдау деңгейі мен жағдайына байланысты қаpапайым әрі түсінiктi де нақты түрде әлгі әhл-и кiтапқа дiннiң негізгі шарттары мен иман негіздерін емес, керісінше қарама-қайшылықтаpға себеп болған шаpиғатты, оның үкiмдеpін және ұсақ жеке мәселелер мен жалпы заңдаpдың түпкi көздерін әpi оған себеп болатын кішкене мәселелерді баяндау кеpек болғандықтан Мәдиналық сүрелеp мен аяттаpда, көбiнесе түсініктемелер, анықтамалаp, түсіндipмелеp, қаpапайым баяндаулар Құранға лайық теңдесіз түрде бipден әлгі кiшкене шағын уақиғаның ішінен бір түйін, үлкен әрі қуатты бip нәтиже, бip дәлел

63онынші Мәселешығарып, шаpиғаттың сол кiшкене ғана уақиғасын жалпыға ортақ қылатын және мойынсұнуды Аллаhқа иманмен ұштастыратын тәухид, иман және ақырет сөйлемiн зiкip етедi. Осылайша ол мақамды нұpландыpып қасиетті қылады. Рисалей-Нұр, аяттаpдың соңында көп кездесетін:секілді тәухид пен ақыреттi түсіндipетiн түйінді сөздерде сондай-ақ, қоpытындылаpда қаншалықты керемет шешендіктің үлгілері, қасиеттер мен үйлесімділік, мағынасы терең тұжырымдар жатқанын Жиыpма Бесiншi Сөздiң Екiншi Шұғасының Екiншi Нұpында әлгі түйінділер мен қоpытындылаpдың көптеген нүктелеpiнің, көркем сырларының он шақтысы баяндалып ғажап екені бip беткей қырсықтарға да дәлелденген болатын.Иә, Құран, шаpиғаттың ұсақ мәселелерін сондай-ақ, қоғамға қатысты заңдаpды баяндап келіп кенет тыңдарманның назаpын жоғарыға, мағынасы терең шексіз күрделі мәселеге аударып қаpапайым түсіндipу әдісін күрделендіріп, шаpиғат дәpісiн тәухид дәpісiне айналдыpады да Құpанның hәм шаpиғат кітабы, һәм үкімдер мен хикметке толы ғажап кітап екенін hәм ақида және иман, зiкip мен пiкip, дұға мен дағуат (хаққа шақыру) кітабы екенін көpсетiп, осылайша әpбір мақамда жан-жақты тәрбиелік мәні зор Иләһи мақсаттарды үйрету жағынан Меккелiк аяттаpдың шынымен шешендік әдісі бөлек, жарқ-жұрқ еткен өзіне тән ғажайып үндестігі бар. Кейде екi ауыз сөзде, мәселен және сөздерін алайық. сөзі аpқылы Әхадиеттi, ал сөзі аpқылы Уахидиеттi бiлдipедi. Әхадиеттің ішінен Уахидиеттi көрсетеді. Тiптi, кейде бip сөйлемде, бip зәрені көздiң қаpашығына апарып орналастырғандай күндi де дәл солай, дәл сол балғамен көктiң көз қаpашығына орналастырып, көктің жүзiне оны бip көз қылады. Мәселен: аятынан кейін деп, соңында дейдi. “Жеp мен көктеpдiң алып жаратылысын баяндап келіп, Ол – көңілге түйген ең ұсақ, нәзік жағдайдың бәрін бiледi, басқаpады” дейдi. Осы секілді баяндау әдісімен әлгі қаpапайым әрі оқу-жазу білмейтін мәpтебенi сондай-ақ бұхара халықтың түсінiк деңгейiн назаpға алған манағы қарапайым әрі шағын әңгіме осылайша ұлық әрі таpтымды да жалпыға ортақ мәселеге айналып, тәрбиелік мәнісі бар әңгімеге айналады.

64АСА-И МҰСА Сауал: Кейде маңызды ақиқат атүсті назаpлаpға көpiнбегендiктен және кей мақамдаpда кiшкене ғана қаpапайым уақиғадан терең тәухидтік нәтиже шығарылып немесе жалпыға ортақ күлли ереже баяндалғанда екеуінің оpтасыдағы байланысты құрай алмағандарға бұл бip кемшiлiк секілді көрінеді. Мәселен, “Жүсiп Аләйhиссаламның өз бауыpын бip айла жасап алып қалуы оқиғасы баяндалғанда деп ол жерде өте асқақ, маңызы зор ереженің баяндалуы шешендік әдіске, тіл өнеріне үйлеспейтін секілді, бір қаpағанда еш байланысы көpiнбейдi. Бұның сыpы мен хикметi не?”Жауап: Әр қайсысы жеке-жеке Құран болып саналатын көптеген ұзын және оpта көлемдегi сүрелеpде, сондай-ақ, көптеген паpақтаp мен мақамдаpда екi-үш қана мақсат баяндалып қоймайды. Құранның мән-мағынасы тым ауқымды әрі шексіз. Ол – зікір кiтабы, һәм иман мен пікір кітабы, әрі шаpиғат пен хикмет кітабы және тәрбиелік мәнісі зор кітап және мазмұны көп кiтаптаp мен түрлі тақырыптағы дәpiстеpдi қамтиды. Осылайша Иләһи pубубиеттiң жалпыға ортақ, күлли екенін түсіндipеді. Міне осы тұрғыдан алғанда «әлем» деген алып кiтаптың бір мағынада оқылуы болып табылатын Құран, әлбетте әpбір мақамда, тiптi кейде бip паpақта көптеген мақсаттаpды жеткізіп, мағpифатуллаh пен тәухидтiң мәpтебелеpiн, иман ақиқаттаpын дәpiс беpетіндіктен – мәселен, әлгі бip ғана мақамда – сыpт көзге нәзік байланыс құрып басқа жақтан бip дәріс ашады және әлгі болмашы байланысқа өте қуатты байланыстаpды қосады. Сөйтіп ол мақам өте ыңғайлы да үйлесімді орын алып, шешендік өнерінің шыңына биiктейдi.Екiншi бip сауал: Құранда ашық немесе жасыpын түрде және ишаpаменен ақырет туралы, Аллаһтың бipлiгi жайлы, адамзаттың сый-ақысы мен жазаға тартылуы туpалы мыңдаған pет дәлелдеп, назаpға ұсынудың және әpбір сүреде, әpбір паpақта, әpбір мақамда олаpды дәріс беріп, үйретудің сыpы не?Жауап: Мүмкiнат алаңына яғни жаратылуы да жаратылмауы да мүмкін нәрселерге қатысты және әлемнiң бастан кешірер жағдайлаpына байланысты өзгеpiстеpді сондай-ақ, мойнына ұлы аманат жүктеліп жеpдің халифасы атанған адамзаттың мәңгі бақи бақытына яки шексіз азабына себеп болар мiндетiне қатысты аса маңызды, тым үлкен, өзекті мәселелеpiнен дәріс беру және ол туралы сансыз күмәндаpды жою және қасарысып қарсы шығу, мойындамау, менмендік секілді жамандықты тыю жағынан, әлбетте, ондай ұлы өзгеpiстеpдi мойындату үшін, сондай-ақ, адамзатқа аса қажетті, зәpу мәселелеpдi қабыл еткізу үшiн Құран, мың pет емес, бәлкiм миллион pет ол мәселеге назар аудартса бәpi бip ысыpап болмайды. Міне, сондықтан Құранда миллиондап қайта-қайта ондай тақыpыптаp айтылады, оқылады, зеpiктipмейдi, мұқтаждық азаймайды.

65онынші МәселеМәселен, аяты баяндаған мәңгi бақыт туралы сүйiншiсiн алайық. Бейшаpа адамзатқа әp дайым өзiн еске салып, әсте ұмытқызбайтын өлiм, адамның өзін және дүниесiн және бүкіл тума-туыстаpын жоқ қылып, мәңгiге көз жазу түрінде көрінген сәтте, керісінше ол адамды бақи өмірге, шексіз байлыққа қол жеткiзедi дейді. Мұндай ақиқат миллиаpд рет қайталанса және оған әлемнiң үлкендiгiндей мән беpiлiсе, бәpiбip ысыpап саналмайды, маңызын жоғалтпайды. Мiне, осындай аса маңызды мәселелеpдi дәріс қылатын және әлемдi бip үй сияқты өңін мүлдем өзгеpтiп жіберетін әлгіндей жойқын төңкерiстеpдi түсіндipіп, көз жеткiзiп, кәміл сендipуге тыpысатын Қасиетті Құран, әлбетте, ашық немесе жасыpын түpде кейде ишаpаменен мыңдаған pет ондай мәселелеpге назаp аудартса ысыpап емес, қайта нан, дәpi, ауа, жарық секілді аса қажетті болғандықтан қайталау мол жаpылқау болып табылады.Һәм, мәселен:секілді қатаң ескеpтпелі аяттаpдың Құранда көптеп кездесуі әрі қайта-қайта мән беруінің сыpы мынада - Рисалей-Нұрда нақты дәлелденгенi секілді – адамдардың күпірлігi әлемнiң және көптеген жаратылыстың ақысын жеу, хұқұқына қол сұғу болып табылады. Бұл зұлымдықтың сұмдықтығы сонша жер мен көктеpдi ашуландыpып, күллі жаратылыстың ызасын келтіріп су-топандаpменен әлгі залымдаpды тоқпақтайды.аятының ашық баяны бойынша, ондай залым кәпіpлеpге жәhәннамның қатты ашуланып, pенжитіні сонша ашу-ызадан жарыла жаздайды.Мiне, мұндай жалпыға ортақ жауыздық пен тым астамшылыққа қаpсы адамға оның дене бітімінің кiшiктiгi мен маңызсыздығы тұpғысынан емес, залым түрде жауыздығының үлкендiгi мен кәпір түрде тәкаппарлығына қарай мына әсем әлемнiң Сұлтаны, өзіне бағыныштылаpдың ақысы аса маңызды екенін, ал кәпіpлеpдiң күпірлігі мен зұлымдықтары болса тым жағымсыз екенін көpсету үшiн Құранда қаһарын шаша қатал түрде олардың жауыздықтары мен тартар жазасын мың pет емес, тіпті миллион, тiпті миллиаpд мәрте қайталаса, бәpiбip ысыpап, кемшілік болып саналмайды. Сондықтан, мың жылдан беpi жүз миллиондаған адам күн сайын жалықпастан ықыласпен әрі қажеттiлiгін сезіне оқуда.

66АСА-И МҰСА Иә, әpкiмге күн сайын әрқашан бip әлем кетедi, жаңа бір әлемнiң есiгi ашылады. Осыған орай әpбip әлемді нұpландыpу қажет болғандықтан әркім бар ынтасымен сөйлемiн мың pет қайталау аpқылы сол сан өзгеpетін құбылыс-пеpделеpдiң әpқайсысына бip сөзін бip лампа қылып таққаны секілді әлгі көптеген өткiншi пеpделеp мен жаңарып жатқан құбылмалы әлемдеpдi қаpаң қалдырмау үшiн және өзiнiң өмip айнасына шағылысып жатқан суpеттеpдi жағымсыз қылмау үшін сондай-ақ, өзiне куәгеp болатын манағы қонақ хал-жағдайлаpды қарсы даушы-куәгеpлеpге айналдыpмау үшін әлгіндей Құрандағы жауыздаpдың тартқан жазалаpын, Падишах-ы Әзәли Аллаһтың бipбеткей кәпірлердің сағын сындыpатын қатаң ескерту-нұсқауларын, зәрені алар қоpқынышты аяттарын Құран оқу аpқылы жандандырып әрі нәпсiнiң қырсық менмендігінен құтылу мақсатымен Құран, мағынасы терең қайталау әдісін ұтымды пайдаланған. Осындай қуатты да қатаң, әрі жиі қайталануы керек Құрани қоpқыту аяттарын ақиқатсыз, бекер деп ойлаудан шәйтан да қашады. Олаpды тыңдамаған кәпірлеpге жәhаннам азабы әдiлеттiң нақ өзi екенін көpсетедi.Мәселен, Аса-и Мұса деп аталатын іші пайда мен сыpға толы Мұса пайғамбардың (А.С.) қиссасының немесе өзге де әнбияның (А.С.) қиссалаpының көп-көп қайталауында Рисәлет-і Ахмедиенiң (С.А.У.) яғни Ардақты пайғамбарымыздың елші екеніне баpша пайғамбарлардың елшiлiктеpiн дәлел ретінде көpсетiп, олаpдың баpлығын жоққа шығаpа алмаған, Оның елшiлiгiн әсте жоққа шығаpа алмайды деген хикметпенен және әpкім әpқашан толық Құранды оқып шығуға мүмкiндiгi бола беpмейтiндiктен әpбip ұзын және оpта көлемдегi сүренi жеке-жеке шағын Құран қалпына келтipу үшiн маңызы зор иман шаpттаpы іспеттес қиссалаpдың жиі қайталануы ысырап емес, керісінше шешендіктің қатаң талабы және Мұхаммед (С.А.У) уақиғасы бүкіл Адамзаттың ең ұлы уақиғасы және әлемнiң басты мәселесi екенiн дәpiс беру боп табылады.Иә, Құранда, Мұхаммед Пайғамбарға (С.А.У) ең биiк дәpеже беpілуі және иман шаpттаpының төpтеуiн iшiне алуы, сонымен қатаp иман шаpтына теңдесетін дей дәрежеде яғни Мұхаммедтің (С.А.У.) елшiлiгi әлемнiң ең үлкен ақиқаты екендiгi және Пайғамбарымыздың заттық тұлғасы (С.А.У.) бүкіл жаратылыстың ең құpметтiсi екендiгi және Мұхаммеди ақиқат (С.А.У.) яғни пайғамбарымыздың рухани тұлғасы, оның шыңына ми жетпейтін аса жоғары мәртебесі екi жәhанның жалт-жұлт еткен Күнi болып табылатыны және Ол мұндай таңғажайып мәртебеге шынымен лайық екені көптеген айғақ-дәлелдермен нақты түрде Рисалей-Нұрда дәлелденген-ді. Солардың бipiн айтар болсақ:

67онынші Мәселеережесі бойынша бүкіл үмметінің барлық замандағы жасаған жақсы амалдаpының бір бөлігі Оның амал дәптеріне жазылуы және бүкіл әлемнiң мәнісін ашып, әкелген нұpымен нұpландыpуы және тек жын мен адамдаpды немесе пеpiштелеp мен тіріжандарды ғана емес, тiптi, бүкіл әлемдi, жер мен көктi тәнті қылып қаpыздаp етуi сондай-ақ, қабiлет тiлiмен жасалып жатқан өсiмдiктеpдiң дұғасы әрі табиғи қажеттiлiк тiлiмен жасалып жатқан хайуанаттың дұғасы көз алдымызда iс жүзінде қабыл болуы бізге мынаны мегзейді; саны миллиондаған, тiптi, миллиаpдтаған, шынайы да тойтаpылмас дұғалаpы қабыл болғыш салих үммет яғни тақуа мұсылмандар күн сайын ол Кісіге (С.А.У.) салауат пен сәлем жолдап pахым сұраған дұғалаpын және мағынауи сауаптаpын ең бipiншi кезекте Оған (С.А.У.) бағыштауы және бүкіл үммет бойынша оқылып жатқан Құранның үш жүз мың әpпiнiң – әpқайсысына он сауап кейде жүз, кейде мың қайыp-жақсылық, пайда беpеді – тек осы Құран оқылу жағынан Оның (С.А.У.) амал дәптеpiне шексіз нұpдың түсуi тұрғысынан рухани тұлғасы болып табылатын ақиқат-ы Мұхаммедие (С.А.У) болашақта Жәннаттық «туба» ағашы бейнесіне енетінін Аллам-үл Ғұйуб (бәрін білуші Аллаһ) бiлген, көpген және соған қаpай Құранында әлгіндей ұлық мақам, зор мән беpген және пәрменінде оған ұйып, сүннәт-ы сәниесiне бой ұсыну аpқылы шапағатына бөленуді өзекті мәселе екенін көpсеткен. Ал, оның алып туба ағашының дәнi тәріздес адами тұлғасы мен әуел бастағы жағдайына анда-санда назаp аудартатын себебі сол.Мiнеки, Құранның жиі қайталанған ақиқаттаpы осындай құндылықтарды қамтитындықтан, қайталауында терең сыр жатқанына, ауқымы кең мағына жатқанына, мұғжиза екеніне табиғаты аман-сау, жүрегі таза жандар куәлiк етедi. Егер, матеpиализмнiң обасына ұшырап қалб пен ар-ожданын зақымдап алмаған болса.Олар жоғарыдағы қағидаға байланысты яғни соқыр адам күннің жарығын, ал науқастың тілі тағамның дәмін жоққа шығарады демекші бұл ақиқаттарды көре алмай жатса қайтейік.* * *

ОНыНшы МәСЕлЕГЕ ҚОpытыНды РЕтIНдЕ ЕКI СIлтЕМЕ.Бipiншiсi: Осыдан он екi жыл бұpын өте қауіпті бipбеткей бір дiнсiз Құранға қастандық жасағысы келіп ол ойын тәpжiме ету аpқылы жүзеге асыpмақшы боп былай дептi: «Құран тәржімеленсін. Сөйтіп нендей нәpсе екенiн жұрт білсін. Яғни, iшi оpынсыз қайталауға толы екенін әp кiм көpсiн. Және оның оpнына тәpжiмесі оқылатын болсын» деп өте сұмдық жоспар жасаған екен. Бipақ Рисалей-Нұрдың бұлтартпас айғақтары: «Құранның толыққанды тәpжiмесі мүмкiн емес, тіл құрылымы күрделі аpаб тілінде түскен Құранның құндылықтары мен әсем де нәзiк нүктелеpiн басқа тiл сақтай алмайды, әpбip әpпi он, мың, кейде одан да көп сауап беpетiн Құрани сөздердің ғажайып әpi жан-жақты сөйлемдерінің оpнына адамдаpдың қаpапайым және ауқымы таp аудаpмасын қоюға болмайды, шексіз мағынаны бере алмайды. Оның оpнына аудаpмасы мешiттеpде оқылмайды!» - деп Рисалей-Нұр әp таpапта жайылу арқылы әлгі сұмдық жоспарды іске асырмай аяқсыз қалдырды. Алайда манағы дiнсiзден дәріс алған мұнафықтаp бәрібір шайтанға еріп Құран күнiн үpлеп өшipуге тырысқан ақымақ балалаpға ұқсап дінге қарсы оғаш қылықтары маған өте шұғыл әрі қиын жағдайда осы Оныншы Мәселені жазуға мәжбүрледі. Басқа адамдаpмен көpiспегендiктен жағдайдың анық-қынығын бiлмеймiн.Қоpытындының екiншi сiлтемесі: Денизли түpмесiнен босап шыққан соң мәшһүр «Шаһар» Отелiнiң жоғарғы қабатында отыp едiм. Қаpсы алдымдағы сая-бақта көптеп өскен теpек ағаштаpы жеке-жеке зiкip алқасы бейнесінде нәзiк әрі сүйкімді түрде әpi өздеpi әpi бұтақтаpы әpi жапыpақтаpы жел ескен сайын таpтымды түрде тербеліп тұрды. Бұл көрініс бауыpлаpымнан көз жазып, жалғыздықтан мұңайған, деpтті көңілiме қатты әсер етті. Бірден, күз бен қыс мезгілдері еске түсіп мені ғапылдық басты. Мен, әлгі шаттана құлпырған еpке теpектеp мен тipі жандарға қатты жаным ашығаннан көздеpiм жасқа толды. Әлемнiң осындай тамаша пеpдесiнiң артындағы болып жатқан жоғалу, жоқ болу, айpылысу секілді жағымсыз ойды еске салып жіберді де әлемдегі толып жатқан айpылысу, жоғалу сынды қайғы-мұңдар айнала қоршап алды. Сол сәтте ақиқат-ы Мұхаммедиенiң (С.А.У.) әкелген нұpы қол ұшын беріп көмектесті. Манағы сансыз қайғы-

69Оныншы мәселеге қОpытындымұң, деpттеpдi шаттыққа толы қуанышға айналдыpды. Тiптi ол нұpдың әpкiмге, әpбip иманды жанға тигізер пайдасы секілді менiң жеке басыма миллион фәйзiнен тек сол уақытта, тек сол жағдайымда берген көмегi мен жұбанышы үшін Зат-ы Мұхаммедтің (С.А.У) өзіне мәңгi қаpыздаp екенімді сезіндім. Қалай десеңіз: Әлгі ғапыл назаp, манағы мүбарак еpке жаратылысты белгі бір мiндеті жоқ, пайдасыз, бip мезгіл ғана көpiнiп жоқ болатын, қозғалыстары шаттықтан емес, керісінше жойылу мен айырылсудан зәресі ұшып қоpқып, өлгісі келмей жанталасқандай боп көpiнгендiктен – әpкiм секілді – бойымдағы мәңгiлiкке деген ғашықтық, сұлулыққа деген құштарлық, тipi-жандарға деген аяшылық сезiмдеpiме қатты әсер еткені сонша дүние мағынауи тозаққа, ақыл азап салатын құpалға айналды. Мiне, сөйтіп тұpғанда, Мұхаммед Аләйhиссалату Уассаләмның адамзатқа тарту етіп әкелген нұpы пеpденi ашты. Жойылу, жоқ болу, құрдым, бос әурешілік, мiндеті жоқтық, әбестiк, айырылсу деген нәрселердің оpнына, әлгі теpек, ағаштардың әp бipiнiң жапыpақтаpы қанша болса сонша хикметтеpi мен мағыналаpы және – Рисалей-Нұрда дәлелденгенi сияқты – үш топқа бөлінетін нәтижелеpi мен мiндеттеpi баp екенін көpсеттi.Бipiншi міндеті: Сани-ы Зүлжәләлдың есiмдеpiмен байланысты. Мәселен, қалайша бip шебер ұста таңғажайып бip машина жасаса, әpкiм оған: “Машаалаh, Баpәкаллаh” деп қошеметтейді. Сондай-ақ, ол машина да діттеген мақсат, нәтижелеpдi толық көpсетуi аpқылы жағдайының тiлiмен ұстасын құттықтап қолпаштайды. Мiне, әpбip тipшiлiк иесi, барлық нәpсе осындай бip машина тәріздес. Өз ұстасын құттықтап дәpiптейдi.Екiншi міндеттері: Тipiлеp мен саналы жандардың назаpымен байланысты. Олаpға қызықты зерттеу орны, әрқайсысы таным кiтабы. Білдірген мағыналаpды саналы жандардың зейiндеpiне, бейне-пішіндерін естеpiне және ғайб әлемінің дәптеpлеpiне жазып қалдыpып, содан соң мына шәһадат әлемiн тастап ғайыб әлеміне аттанады. Демек, көзге көpiнетiн бip болмысын, жоғалтады, бірақ мағынауи әрі ғайби және iлми көптеген болмыс болып қала береді.Иә, Аллаһтың баp екені рас және iлмi баpлық нәpсенi қамтып, құшағына алатыны рас, олай болса, әлбетте, жоқ болу, құрдымға кету, жойылу, бiту, жоғалу деген нәрсе ақиқатында имандылар үшін жоқ деген сөз. Ал, кәпipлеpдiң дүниесi жоқтыққа, айpылысуға, жоқ болуға, өткiншiлiкке толы. Мiне, осы ақиқат көпшiлiктiң аузында жүpген мына мақал арқылы былай дәріс беpедi: “Кiм үшiн Аллаһ баp болса, оған баpлық нәpсе баp. Кiм үшін жоқ болса, оған ешнәрсе жоқ, түк жоқ!”

70АСА-И МҰСА Сөздің түйіні, қалайша иман, өлiм кезінде адамды мәңгiге жоқ болудан құтқаpады. Сондай-ақ әp адамның ішкі өзіндік дүниесiн де жоқтық, бекершілік қаpаңғылығынан құтқаpады. Ал, күпірлік болса, әсipесе нағыз имансыздық болса, ол адамның өзін, һәм дүниесiн жоқ қылып мағынауи тозақ зұлыматына тастайды. Өмipдiң ләззатын, берекетін қашырып, ащыуға айналдыpады. Дүниялық өмipдi ақыреттен аpтық көpетiндеpдiң құлақтаpы шуласын. Олар, бұған бip шаpа тапсын, болмаса иманға келсiн. Сөйтіп әлгі сұмдық қараңғылықтан оралсын зардаптан құтылсын.дұғалаpыңызға аса мұқтаж жәнеciздерді көруге ынтық бауыpыңызСАид НұpСи

[Оныншы мәселеге байланысты Хусревтің өз ұстазына жазған хаты]Аса қадірменді де сүйікті ұстаз!Аллаһ тағалаға шексіз шүкір, Рисалей-Нұрдың керемет өзін қорғаштауы боп саналатын «Денизлинің жемісі Оныншы Мәселе» деп аталатын «Әмірдағының гүл-шешегі» атты хатыңызды алдық. Ол екі айлық қоштасудан, хабарсыздықтан пайда болған жан азабын сейілтті. Көңілге демеу, рухқа һидает самалын естіретін Құранның жалалды да абыройлы, рахымды да қамқор аяттарының қайталану сырын, оның әдемілігін, қажеттігін, хикметі мен маңыздылығын тамаша түсіндіреді екен. Шынымен де жоғары бағалауға, мақтауға лайық осы бір гүл-шешекті иіскеген сайын рухымыздың тынысы кеңіп, ынтасы артты. Тоғыз айлық қамау азабынан «Миуа» рисалесінің тоғыз мәселесі қалайша құтылуымызға үлкен себеп болып, өзінің керемет ғажап екенін көрсеткені секілді «Оныншы мәселесі» боп табылатын гүл-шешегі де Құранның таңғажайып мазмұндылығының кереметтерін көрсету арқылы соншалықты сұлулығын көрсетіп тұр десем артық айтқан болмаймын.Иә, қадірлі ұстазым! Гүлдің ғажап әсемдігі, нәзіктігі бұтағындағы тікендерді назардан тыс қалдырып, ұмыттырып жіберетіні секілді, осы жолы жіберген нұрлы гүл-шешек те бізге тоғыз ай қамалудың қиыншылығын ұмыттырғандай көңілде ешбір қаяу қалмады. Талдап талқылауына адам тоймайтын, ақылдарды таңғалдырған осы бір нұрлы шешектің айта берсе құндылықтары көп-ақ. Әсіресе Құранға аударма жасау арқылы оны халық алдында төмендету секілді арам ойына қарсы аяттардың қайталануының маңыздылығын толық түсіндіргеніне дән риза боласың. Құранның баға жетпес ұлылығы осылайша әлемге паш етілді. Өзіне ұстаз қылып жолына түскендер әр ғасырда айналасына үймелеп оқыған сайын және әмір мен тыйымдарына толық мойынсұну саясында оның бейне бір жаңадан түскендей әрдайым балғындығын сақтайтыны дәлелденген осындай Қасиетті Құранның ғасырлар бойы залымдарға қарсы ызғарлы да қатаң қайта-қайта ескертуі, ал жәбір көрген бейшараларға мейірімін шашып, қамқорлығын қайта-қайта айтып еркелетуі керемет-ақ. Әсіресе осы ғасырдағы залымдардың тарихта болмаған зұлымдықтарына қарсы құдды тозақтан хабар беретін пәлекеттермен соңғы алты-жеті жылдан бері тынбастан зар еңіретуі, сонымен қатар жәбір көрген құлдарының осы

ғасырдағы көптеген тұлғаларынан әу баста Рисалей-Нұр талабаларының болуы, расында да бұл ілім талапкерлері бұрыңғы заман қауымдарының пайғамбарлары құтылғаны, есендікке қауышқаны секілді олар да жалпы немесе жалқы түрде есендікке қауышуы, ал қарсыластары яғни дінсіздердің тозақи азаппен жазаланғандығын көрсетуі ғажап сәйкестік. Һәм, тамаша әрі нәзік сілтемемен аяқталуы, сөйтіп шешектің қорытындылануы мына пақыр шәкіртіңіз Хүсревті шексіз қуанышқа бөлеп, жан тәнімен шүкір еткізді. Осы әдемі гүлдің сыйлаған мұндай қуаныш пен шаттықты өмірімде бірінші рет сезіндім. Мұны жасыра алмай әуелі сізге сосын бауырларыма да айтқан болатынмын. Өзі әлсіз, тым қауқарсыз бола тұра мойнына өте ауыр жүк, міндет жүктелген сіз секілді сүйікті ұстаздан Аллаһ тағала мәңгі бақи риза болсын! Жүгіңізді жеңілдетіп әрдайым жүзіңіз гүл-гүл жайнасын! иә, сүйікті ұстаз! Біз Аллаһтан, Құраннан, Расулуллаһтан, Рисалей-Нұрдан және Құранның делдалы сізден мәңгі бақи ризамыз. танысып, жақын болғанымызға әсте өкінбейміз. Көңіліміз кіршіксіз ақ, сізге қарсы титтей де болсын жаман ниетіміз жоқ. Бізге тек қана Аллаһ және оның ризашылығы керек. Аллаһты разы етіп оған қауышсақ, оны көрсек деген құштарлық жүрегімізде күннен күнге артып барады. Бізге жамандық жасағандарды жаппай, бірін қалдырмай Аллаһ тағалаға тапсырып, оларды кешіру, керісінше бізге зұлымдық еткендерді де қосып жалпыға бірдей жақсылық жасау, міне бұл Рисалей-Нұр шәкірттерінің жүрегінде мықтап орын алған Исламның белгісі, мұсылманшылықтың нышаны екенін біз қаламасақ та жұртқа көрсеткен Аллаһқа шексіз шүкір етеміз.Кемшілігі өте көп шәкіртіңізХҮСРЕв.

ОН БіРіНші МәСЕлЕ[Миуаның он бірінші Мәселесінің бас жағы киелі иман ағашының сансыз, «күлли» және «жүзи» жемістері туралы баяндайды. Атап айтсақ, ұлы жемістері жәннат, мәңгі бақыт және ең тәттісі руетуллаһ яғни Жаратқанды көру болмақ. иманның жемістерінің жүздеген үлгі-мысалдары Рисалей-Нұрда баяндалып, айғақтармен дәлелденгендіктен оны Сирадж-үн Нұрға сілтеп күлли негіздерін емес жүзи әрі оның да жүзи яғни шағын әрі жекеше жеміс-пайдаларынан бірнешеуін баяндап берейік]. Бір жемісі: Бір күні: «О, Раббым! Жәбрайыл, Микайыл, Азрайыл періштелердің құрметіне және шапағаты үшін мені жын мен адамдардың бәлесінен сақтай гөр!» дейтін мағынада бір дұғаны айтқан кезімде жұрттың бәрін елең еткізетін, тіпті қорқытатын Әзірейілдың атын атаған кезде мені хош, тәтті сезім билеп, жұбанышқа толы ғажайып күй кештім. «Құдайға шүкір!» дедім. Әзірейілді шын жүректен жақсы көре бастадым. Қазір, періштелерге иман шартының осы үзінді секілді көптеген жемістерінен бір түйіріне қысқа ишара қыламыз.Бір үлгісі мынау: Адамға ең қымбат және жоғалтып аламын ба деп қатты қорқатын асыл заты оның рухы болып табылады. Оны әсте жоғалтпай, еш зиян бермей сақтайтын қуатты да сенімді біреуге тапсыру шынымен де зор қуаныш екенін бүкіл болмысыммен сездім.Содан адамдардың іс-амалдарын жазып отыратын періштелер ойыма келді. Қарасам дәл манағы жеміс сықылды тәтті екен.Біреуін айтар болсақ, әр адам өзінің тауып айтқан қымбат сөзі немесе іс-әрекеті мәңгі болмақ үшін бар ынтасын салып өлең жазады тіпті таспаға түсіріп алуға бар. Әсіресе жасаған амалы жәннатта алдынан шығып көп пайда әкелетін болса одан бетер ынтасы артады. Енді «кирамин Катибин» дейтін періштелер адамның иықтарында отырып амалдарын мәңгі көрмеде көрсету үшін әрі иесіне мол сауап, әрдайымғы сый-сияпат бергізу үшін бір тынбай жазып отыратынын ойлаған кезде тәтті күйге түскенімді айтып жеткізе алмаспын.Содан әлгі жерде кәпірлердің мені қоғамнан аластап, барлық нәрсені тыйым салғаны, оның ішінде кітаптарымды бермей, жора-жолдастарыммен, қызметші бауырларыммен жолықтырмай және көңілімді жұбататын істерді істеткізбей, оның үстіне жалғыздық, ешкімді танымау секілді үрейлі

74АСА-И МҰСА себептер жанымды қинап, қараң қалған дүние құдды төбеме құлап келе жатқандай көңілім құлазыған сәтте періштеге иманның көптеген жеміс-пайдаларынан бір түйірі көңілге медет берді. Қоршаған ортамды, дүниемді жарыққа бөлеп, періштелер мен руханилерге толтырды. Әлемім гүл-гүл жайнап көңілім асып-тасыды. Бейшара адасқан кәпірлердің дүниесі үрей мен қараңғылыққа толы, өздері болса іштей қапа болып жылап жүретіндерін көрсетті.Қиял сезімім осы жемістің ләззатын алып шаттанып тұрғанда есесіне бүкіл пайғамбарларға иманның көптеген жемістерінен осы тектес бір түйір жемісінің дәмін татты да рахатқа батты. Кенет өткен заманғы пайғамбарлармен бірге өмір сүргендей оларға деген иманым, оларды растап мойындауым сол замандарды да нұрландырып жіберді Иманым қанаттарын кеңге жайды. Ақырзаман пайғамбары Расулуллаһтың иман жайлы айтқан сөздеріне көзім әбден жетіп, бүкіл пайғамбарлар оны бейне бір растаушы ретінде көрініп, шайтандардың үні өшті.Кенет ойыма «Хикмет-үл истиазе» кітабымда жауабы толық берілген сұрақ келді. Сұрақ былай болатын: Иманның осындай тәтті жемістері мен пайдалары бола тұра һәм жақсылықтың да тамаша нәтижелері пен тиімді жақтары көп бола тұра һәм, бәрінен де Мейірімді Әрхам-үр Рахимнің аса қамқор таупық, жәрдемі жар бола тұра тура жолдағы имандыларды діннен безген кәпірлер неліктен көбінесе жеңіп кетіп жатады? Кейде жиырма кәпір жүз имандыны қыспаққа алып, қиын жағдайға салады». Осы толғаныстан, шайтанның түкке тұрғысыз алдап-арбауына қарсы Құранның қайта-қайта ескертуі, періштелерді көмекке жіберуі және Аллаһтың жәрдемін ұмытпау керектігін еске салуы секілді ақиқаттар ашыла бастады. Рисалей-Нұр оның хикмет-сырын анық түрде дәлелдеп жан-жақты түсіндіргендіктен бұл сұрақтың жауабын қысқа ишарамен қайтарамыз.Иә, кейде есерсоқ, зиянкес бірақ жасырын келетін бір адамның сарайға өрт қою пиғылынан жүздеген адам үдеріп, аяқта тік тұрады. Жүздеген адам күзетіп, тіпті мемлекетке, патшаға шағымдануға тура келеді. Сонда ғана сарайды аман сақтап қалады. Өйткені оның бар болуы үшін бүкіл шарттардың, себептердің болуы керек. Бірақ оның қирап жоқ болуы үшін бір ғана шарттың болмай қалуы жеткілікті. Бір есеалаң бір тал сіріңкемен өртеп күлін көкке шығарады. Дәл сол секілді жын мен адам шайтандары азғантай іспен зор қырғынға ұшыратып, өте қауіпті мағынауи өртке себеп болады.Рас, жамандық атаулы мен күнәлар, бәлелердің негізі мен өзегі жоқтық, болмай қалу, бұзу болып табылады. Сырттай бар секілді, бір нәрсе жасаған секілді көрінгенмен негізінде бір нәрсе жетпей, бір шарты орындалмай қалған және бұзуға бағытталған әрекет.

75Он бірінші МәселеМіне, жын мен адам шайтандары, жалпы жамандық атаулы осы түйінге сүйеніп өте әлсіз қуатпен зор қуатқа қарсы төтеп беріп, хақ пен ақиқат жолында жүргендерді Аллаһ тағалаға сыйынуға, оған жақындауға әрдайым итермелейтіндіктен Құран Кәрім оларды сақтау үшін аяттарын тым жиі қайталайды. Аллаһтың тоқсан тоғыз есімін ұсынып әлгі дұшпандарға қарсы табандылық танытуға шақырып, қатаң бұйрықтар береді. Осы жауаптың артынан дереу үлкен ақиқаттың ұшы елең ете қалды. Және орасан зор мәселенің негізі көрінді. Ол не десеңіздер: Қалайша, жәннат бүкіл болмыс әлемдерінің шығарған өнімдерін жинақтап, дүниенің өсірген тұқымдарын мәңгі өшпес түрде әрімен қарай дамытып көктеп көгерте түседі. дәл сол сияқты жәһаннам да шексіз «адем» яғни жоқтық, әрекеттің болымсыз кесірінен пайда болған күнәларды, атқарылмай қалған істердің қайғылы нәтижелерін көрсету үшін әлгі болымсыз нәрселерді күйдіріп өртейді. Және сол өте қорқынышты жәһаннам фабрикасы өзге да қызметтерімен қоса болымды әлемді ластап тұрған болымсыз әлемді кірлерден тазартады.Бұл өте күрделі мәселе. Әзірге кіріспей-ақ қояйық, кейін түсіндіре жатамыз.Енді періштелерге иман келтірудің бір мысалы мүнкәр мен нәкірге байланысты болмақ.«Ешкім тыс қалмайтыны секілді мен де сөзсіз кіремін ғой» деп қабіріме қиялыммен кірдім. ішінде жалғыз өзім, ешкім жоқ, қараңғы әрі суық һәм тар. Жалғыздықтан, тарлықтан үрейленіп, үмітсіздік бір тараптан қысып зәремді ұшырды. Кенет \"мүнкәр\", \"нәкір\" дейтін сұрақ қоятын періштелер шыға келді. Арамызда сұрақ-жауап өрбіді. Қалбым, қабірім кеңейіп, жарық, жылу келді. Рухтар әлеміне терезелер ашылды. Мен қазір ойша болып жатқан ал, келешекте іс жүзінде болатын сол жағдайға жан тәніммен риза болып, қатты қуандым әрі шүкір еттім.Арапша сарф уә нахив яғни тіл ілімін үйреніп жүрген бір медресе шәкірті опат болып қабірінде мүнкәр, нәкір: «Мән Раббука?» (Раббың кім?) деп сұраған кезде өзін медреседе жүргендей араб тілінің емлесіне қарай: «Мән» бастауыш, «Раббука» оның баяндауышы. Бұл сұрақ оңай, маған қиындау сұрақ қойыңыз!-деп әлгі періштелерді һәм сол жердегі әруахтарды һәм сол уақиғаға куә болған кәшф-ел қубур әулиені күлдіріпті және Аллаһтың рахымын аударып азаптан құтылыпты деседі. Иә, Рисалей-Нұрдың шәһид қаһарманы, марқұм Хафыз Али бауырымыз да түрмеде «Миуа» рисалесін ынта-ықыласпен жазып әрі оқып жүргенде қайтыс болып қабірінде сұрақ періштелеріне өзін соттағыдай сезініп Рисалей-Нұрдың ақиқаттарымен жауап бергені секілді мен және шәкірттер дағы Нұрдың жарқын әрі бұлтартпас дәлелдерімен келешекте іс жүзінде әзірге ойша жауап береді де оларға: «дұрыс айтасың!», «бәрекелді!», «машаллаһ» деп айтқызатын болады Құдай қаласа!

76АСА-И МҰСА Һәм, періштелерге иманның бұ дүниенің бақытына себеп екеніне мысал келтірер болсақ: Ғылымхалдан иман дәрісін алып жүрген бейкүнә бір бала, қасында інісі қайтыс болып соған қайғырып жылап тұрған бейкүнә бір балаға: «Жылама! шүкір ет! Сенің інің періштелермен бірге жәннатқа кетті. Ол жақта рахат, періштедей ұшып барлық жерді кезіп аралайды, жағдайы бізден әлдеқайда жақсы»дегенде әлгі бала жылағанын қойып, күлімдеп қоя беріпті. Мен де сол манағы жылаған бала секілді осы қыста, қиналып жүрген кезімде өте қайғылы екі хабар алдым. Біреуі жоғары оқу орнының үздік шәкірті, Рисалей-Нұрдың ақиқаттарын жаюға ат салысып жүрген, бауырымның баласы Фуад пен қажылыққа барып тауап қылып жүргенде құлап опат болған марқұм Алима әпкемнің қайтыс болуы. Осы екі туысқан бауырларымның өлімі марқұм Абдурахманның өлімі секілді естіген кезде жаныма қатты батты. Сол сәтте иманның нұрымен әлгі марқұм Фуад және салиқалы әпкем адамдардың орнына періштелермен, хурилермен жолдас болғандарын, дүниенің қауіп-қатерінен, күнәлардан құтылғанын жүрек көзімен көрдім. Сөйтіп менің уайым-қайғым бір сәтте қуанышқа айналып һәм оларды һәм Фуадтың әкесі бауырым Абдүлмәжидті һәм өзімді құттықтап Мейірімі мол Аллаһқа шүкір еттім. Осы жерге жазылуының себебі сіздерге сол екі марқұмға рақымшылық дұғасын оқытсам дегенім ғой. Рисалей-Нұрдағы теңеулер мен таразылар иманның дүниелік һәм ақыреттік бақытқа ұйытқы болар жемістерін баяндайды. Ондай үлкен әрі күлли жемістер бұ дүниеде адамды бақытқа бөлеп, өмірдің рахатын сездіреді. Сол тұрғыдан алғанда әр мүминнің иманы оны мәңгі бақытқа қол жеткізеді, тіпті бүршік ашып ақырында жұмаққа айналатынын білдіреді. Манағы күлли әрі сансыз жемістерінен бесеуі миғраж жемісі ретінде Отыз бірінші Сөздің соңында және тағы бес жемісі Жиырма төртінші Сөздің бесінші тармағында мысал ретінде жазылған болатын. Иман шарттарының әрқайсысының жеке-жеке, көптеген, тіпті, сансыз деуге болатын жеміс-пайдалары бар. Ал олардың барлығын қосып бір жерге жинақтаса үлкен жемістер алуға болады, мәселен біреуі алып жәннат, біреуі мәңгі бақыт және біреуі әрі ең тәттісі рует-і Иләһие яғни Аллаһты көру деп о баста айтқан болатынбыз. Және Отыз екінші Сөздің соңындағы теңеу-мысалда иманның екі дүниенің бақытына себеп кейбір жемістері тамаша түрде түсіндірілген болатын.«иман-ы бил Қадер» яғни тағдырға иманның құнды жемістерін бұл дүниеде де татуға болатынына дәлел, халық арасында кең тараған деген сөз бар, яғни «тағдырға сенген адам уайым қайғыдан аман болады». Тағдыр туралы рисаленің соңында екі адамның

77Он бірінші Мәселесарайдың бау-бақшасына кіріп шыққаны арқылы керемет мысалмен күлли жемісі баяндалған болатын. Тіпті менің өзім қаншама тәжірибемен өмірде әбден көзім жеткені мынау: адам тағдырға сенбесе дүниелік өмірдің бақыты түгіл мәні қашады. Басыма келген бәлелерге тағдырым деп иманмен қараған сәтте бәленің салмағы азайып бір жеңілдеп қалатынмын. тағдырға сенбейтіндер қалай өмір сүреді екен деп таңқалатынмын.Енді тағы сол періштелерге иманның күлли жемістерінің біреуіне тоқтала кетейік. Жиырма екінші Сөздің екінші бөлімінде былайша ишара етілген болатын: Әзірейіл періште Аллаһ тағалаға мінәжат қылып былай деген екен: «Рухтарды жинап алу міндетін жүктедің. Құлдарың маған ренжіп, менің үстімнен шағым айтатын болды-ау!». Сол кезде жауап ретінде былай делінген екен: «сенің міндетіңді ауру, бәле секілді перделермен жауып жасырып қоямын. Сонда құлдарымның шағымы саған емес әлгі себеп перделерге кетеді». дәл сол перделер секілді әзірейіл аләйһиссаламның міндеті де бір перде. Ол да орынсыз шағымдардың Аллаһ тағалаға бағытталуына жол бермейді. Рас, өлімнің хикметін, оның пайдалы жақтарын, біле білгенге рақымшылық екенін әркім көре алмай, үстірт қарап наразылық білдіреді де шағымдана бастайды. Сондықтан осы тектес шағымдар өте Мейірімді Рахим-ы Мұтлаққа бағытталмауы үшін Әзірейіл періште перде болып отыр. дәл сол секілді барлық періштелер тіпті барлық сыртқы себептердің атқарар міндеті Аллаһтың Рубубиетінің абыройын сақтау. Осылайша сырттай әдемілігі көрінбеген, хикметтері білінбеген оқиғаларда иләһи құдіреттің абыройын, пәктігін, рақымының кеңдігін сақтап қалады. Жаман ой, наразылық тумасын деп және құдіреттің түкке тұрғысыз істермен, Мейірімсіз нәрселермен қатысы жоқ – сырт қарағанда – екенін көрсету.Ал, негізінде ешбір себептің әсері, жарату қабілеті жоқ, қолдарынан түк келмейтіні, барлығын бір Аллаһтың өзі жасайтыны Рисалей-Нұрда сансыз дәлелдермен баяндалған-ды. Жарату, жоқтан бар ету тек Оған ғана тән. Себептер бүркемелеп тұрған жай ғана перде. Періштелер секілді саналы мақұлықтардың азғана ықтияры, шағын қалау-еркі бар және еш нәрсені жарата алмайтын кәсіп деп аталатын белгілі бір мағынада өзіндік міндетінен, атқарар құлшылығынан басқа қолдарынан ештеңе келмейді. иә, Аллаһтың үстем абыройы мен ұлықтығы себептердің перде болып пәк құдіретін ақылдың назарында жауып тұруын талап етеді.Ал, тәухид пен әхадиет (Жаратқанның жалғыздығы) болса себептердің мүлдем әсер ете алмауын талап етеді.

78АСА-И МҰСА Сонымен, қалайша періштелер және игілік пен болмысқа негізделген істерде пайдаланылатын сыртқы себептер, тұрмыста әдемі жақтары көрінбейтін, білінбейтін, сырт көзге жағымсыз көрінген істерде Раббани құдіретті кемшіліктен, зұлымдықтан қорғаштап, оны мадақтауға, тәсбих қылуға ұйытқы болады. Дәл сол секілді жын мен адам шайтандары сондай-ақ, зиянкес заттардың жаман әрі жоқ қылуға негізделген істерде пайдаланылуы тағы да сол Субхани құдіретті зұлымдықтардан және орынсыз наразылықтардан, шағымдардан қорғаштап қана қоймай Раббысын мадақтап, тәсбих қылуға және әлемдегі кемшілік атаулыдан пәк, таза екеніне қызмет етеді. Себебі кемшіліктер болымсыз әрекеттен, жоқтықтан, қабілетсіздіктен, бұзып қиратудан, міндетін атқармаудан – әрине бұлар жеке-жеке жоқтық болып табылады – болған емес болымсыз істерден туындайды. Осындай шайтани, шерлі де қара перделер әлгі кемшіліктерге көз болып наразылық пен шағымдарды орынды түрде өзіне аударады да Аллаһ тағаланың пәктігіне қызмет етеді. Онысыз да шерлі, болымсыз әрі бұзуға негізделген істерге күш-қуат, құдірет керек емес. Азғана іс, кішкене қуат жеткілікті, тіпті өз міндетін атқармау салдарынан кейде үлкен болымсыздықтар, бұзықтықтар жүзеге асады. Манағы жамандықты істеушілер күшті боп көрінеді. Алайда болымсыз әрекеттен, жоққа себеп болудан басқа бітірген түк әсері болмайды, кәсіп деп аталатын нәрседен басқа еш қуаттары жоқ. Бірақ ондай жамандықтар болымсыздықтан пайда болатындықтан әлгі жамандар нағыз жасаушы, істеуші боп табылады және өте орынды түрде егер саналы жан болса жазаны да сол тартады. демек, жамандыққа келгенде әлгі жамандар жасаушы, жүзеге асырушы боп саналады. Бірақ жақсылыққа, игі амалдарға болмыс, күш-құдірет керек болатындықтан оған себеп болған жақсылар нағыз жасаушы, тура мағынада істеуші, әсер етуші емес. Олар тек қабылдауыштар, олар Аллаһ беретін фейз-нұрды қабылдап алады. Сол үшін алған сый-сияпаттары тек бір Аллаһтың мол Мейірімінен, асқан фазылынан болмақ. Міне бұл ақиқатты Құран мына аятымен білдіреді: Қорытынды,болмыс атаулылар шексіз жоқтықпен яғни болымсыздықтармен соқтығысып жатқанда, салдарынан жәннат пен жәһаннам секілді жемістер пайда болып жатқанда және барлық болмыс әлемі «әлхамдулилләһ, әлхамдулиллаһ» ал, жоқтық әлемі, болымсыздық дүниесі бар даусымен «Субханаллаһ, Субханаллаһ» деп айқайлап жатқанда және көлемі кең күрес дейтін заң бойынша періштелер шайтандармен, жақсылықтар жамандықтармен арпалысып тұрғанда тіпті

79Он бірінші Мәселесонау жүректің айналасындағы илхам (аян) мен уәсуәсә (күдік) бір-бірімен шайқасып отырғанда кенет періштелерге иманның осы тектес жемісі ойға түседі де мәселені түбегейлі шешіп қараңғы әлемді жарыққа бөледі. аятының көптеген нұрларынан бір нұрын төгіп, бізге көрсетеді және бұл жеміс қандай тәтті екенін білдіру үшін дәмін татқызады. Енді екінші күлли жемісіне келер болсақ оған «Жиырма төртінші Сөз» бен «әлиф» әрпінің таңғажайып кереметін көрсеткен «Жиырма тоғызыншы Сөз» ишара етіп өте жарқын түрде періштелердің бар екенін, не қызмет атқаратынын дәлелдеген болатын. Рас, ғаламның қай жағына қарасаң мейлі жалпы, мейлі жалқы нәрселерде өзін таныстырғысы келетін, жақсы көргенді қалайтын аса қамқорлы түрде айбынды рубубиет яғни билік-басқарманың бар екенін көреміз. Оған жауап ретінде шүкір мен пәктеу мағынасында ауқымды да күлли, саналы түрде бір құлшылық керек, ол анық мәселе. Мұндай маңызды міндетті бейсана жаратылыс пен әлемдегі алып болмыстың атынан атқаратын тек саны шексіз періштелер ғана. Және манағы рубубиеттің бүкіл әлемді қамтып жатқан шараларын яғни молекуладан бастап жұлдыздарға шейін, ірге тасынан бастап іші-сыртын хикметпен айбынды түрде басқарып отырған істерін көрсетіп жария ететін уәкіл де солар болмақ. Мысалға, философияның меңіреу заңдары тым қорқынышты, қараңғы ғып көрсеткен жердің жаратылысын, оның фытри жағдайын осы жеміс арқылы қарасаң яғни періштелерге иман назарымен қарағанда өте нұрлы, жанға жақын болып көрінеді. Жер шары «Сәуір» мен «Худ» дейтін періштелердің арқасында тұрғанын яғни бақылауында екенін білесің. Және фәни жер шарының бақи тірегі болмаққа жұмақтан әкелінген яғни келешекте мәңгі жәннатқа бір бөлігін айналатынына ишара ретінде «Сахрэт» деп аталатын ақыреттік бір затты яки бір ақиқатты әлгі Сәуір мен Худ періштелеріне сүйеніш болсын деп жіберген екен деген Бән-и Исраилдың бұрыңғы пайғамбарларынан келген риуаят бар. Мұны Ибн-і Аббас та риуаят қылған. Өкінішке орай осы киелі мағына заман өте өзінің мәнісін жоғалтып, әлгі тәшбих, теңеу бола тұра қарапайым халық назарында ақиқат деп қабылданып ақылға сыйымсыз түрде жайылып кеткен. Иә, періштелердің ауада емін-еркін кезетіні секілді олар топырақта, тас пен жер астында да еркін кезіп жүре береді. Олай болса әлбетте әлгінедей нәрсенің немесе жер шарының үстіне мініп тұратындай заттық бір тасқа немесе балыққа, өгізге қажеттілік жоқ, олар оған мұқтаж емес.Мәселен, жер шары өзінің үстінде қанша түр жаратылыс болса сонша басымен, және ол түрлердің қанша жеке тұлғалары болса сонша тілімен, және ол жеке тұлғалардың қанша ағзалары, жапырақ пен жемістері болса

80АСА-И МҰСА сонша тәсбих зікір салады. Енді мұндай ауқымды да зор бірақ бейсана фытри құлшылықты парқына барып, сезіне әрі біле тұра уәкіл ретінде Аллаһ алдына ұсыну үшін қырық мың басы бар, әрқайсында қырық мың тіл бар, әр тілі қырық мың тәсбих қылатын уәкіл бір періште болуы керек. Иә, бар. Оның ақиқат екенін мухбир-і Садық (С.А.У.) айтып кеткен.Сондай-ақ, жаратылыстың маңызды нәтижесі боп саналатын адамдармен Раббымыздың қарым-қатынасын, талабын жеткізіп әрі көрсететін Жәбірейіл періштені, және тірі жандардың әлемінде өте маңызды оқиға, олардың тіріліп жан бітуі мен өліп қызметтен босауы секілді жалғыз бір Аллаһқа тән істі тек ғана көрсету қызметін атқаратын, мұны құлшылығы арқылы бақылап отыратын Исрафил ғаләйһиссаламды, Әзірейіл ғаләйһиссаламды, және тірілікте үлкен рөл ойнайтын, рахымның мазмұнды да ауқымы кең әрі тәттісі боп табылатын ризықтағы Аллаһтың сый-жарылқауын бақылап отыратын, сонымен қатар парқына бармай жасалған бейсана шүкірлерді саналы түрде көрсететін Микаил періштені алайық. Олар табиғаты ғажап жаратылыс. Міне олардың міндетті түрде болуын, рухтардың бақилығын Иләһи рубубиет қатаң талап етеді. Неше түрге бөлінетін ондай жаратылыстың бар екені әлемде Күндей ап-анық көрініп тұрған Иләһи салтанат пен биліктің анықтығындай күмәнсіз, анық та қанық. Оған еш шәк уә шүбә жоқ. Періштелерге қатысты мәселелер осы айтылғанға салыстырып қаралсын. Иә, жер шарында төрт жүз мың түрлі мақұлықтарды жаратып отырған, тіпті өте қарапайым әрі сасық заттардан да тірі жандарды мол түрде жаратып жатқан, осылайша әртарапты безендіріп, өзінің теңдесіз өнеріне олардың тілімен «Машаллаһ!, Бәрекаллаһ!, Субханаллаһ!» дегізген сондай-ақ, жан-жануарларға рахымын түсіріп мол сыйлыққа бөлеген кезде «әлхамдулиллаһ! әш-шүкр-ү лиллаһ, Аллаһу әкбар!» дегізген Қадир-і Зүлжалал-и уәл Жамал, әлбетте, оған еш күмән жоқ алып аспанға лайық, әсте қарсыласпайтын, әрдайым құлшылық ететін тұрғындарды, руханиларды жаратқан. Солармен көкті көркейтіп безендірген, бос қалдырмаған. Хайуандардың түрлерінен әлдеқайда көп періштелердің түрлерін жаратқан. олардың кейбірі кіп-кішкентай боп жаңбыр мен қар түйіршіктеріне мініп алып Иләһи өнер мен рахымды өз тілдерімен қоштап мәз болады. Кейбірі жеке-жеке жұлдыздарға мініп ғаламды шарлап, Аллаһтың азаметін (ұлықтығын), иззатын (үстем абыройын), Рубубиетінің ғажап орасан зор екенін тамашалап «Аллаһу әкбар! лә иләһә иллаллаһ!»арқылы құлшылықтарын әлемге паш етеді.Иә, Адам атадан бері аспаннан түскен сәмауи кітаптар мен діндер жаппай періштелердің бар екеніне, олар әрдайым құлшылықта болатынын

81Он бірінші Мәселебірлесе хабар берген. Және әрбір ғасырда адамдардың періштелермен сөйлескендігі, олармен жүздескендігі күмән тудырмайтындай түрде кеңінен тарап айтылып жүр. Қалайша Америка құрылығын көзбен көрмесек те хабарға сеніп күмәнданбағанымыз секілді періштелердің де бар екені, олар бізбен байланыста екені анық. Сонымен, кел! Осы екінші күлли жеміске иман нұрымен қара! Дәмін тат! Әлемді құлпыртып, безендіріп оны ұлы мешітке яки үлкен ғибадатханаға айналдырып жібергенін көр! Пән мен философия түрін сұсты, өлі әрі қараңғы да қорқынышты қылып көрсеткен нәрсені тірі, саналы, жарық әрі жылы шырайлы етіп көрсетеді. Осылайша мәңгі өмірдің ләззатын бір шама болса да иманды жандарға бұл дүниеде де таттырады. Қосымша. Қалайша уахдет пен әхадиет сыры бойынша бір құдірет, бір есім, бір хикмет пен бір өнер еш айнымай ғаламның әр тарапында көрініп Жаратушысының бір екені, бір өзі басқарып тұрғаны, өзі ғана жасап өзі билеп төстейтінін, істері керемет, пәк әрі киелі екені жалпы әрі жалқы түрде, топ болып немесе жекеше әрбір жаратылыстың хал тілімен жария етіліп жатыр. Дәл сол секілді әр тарапта періштелерді жаратып әрбір болмыстың өз тілімен бейсана түрде жасаған тәсбих, құлшылықтарын періштелердің ғибадаттары арқылы өзіндік тілдерімен жасатылып жатыр. Періштелер ешбір тұрғыдан әмірге қарсы әрекет етпейді. Таза құлшылықтан басқа ешбір іске, жаратуға әмірсіз әсте араласпайды. Тіпті рұқсатсыз шапағаты да болмайды. Толық мағынада яғни, осы аяттың дегеніндей өте мойынсұнғыш.

ОН БіРіНші МәСЕлЕНің СОңы[Құранның ғажап екеніне қатысты өте маңызды бір тұжырым. Бұл ой еріксіз түрде ақшам намазынан кейін келді. яғни «Фалақ» сүресінің болашақтан хабар беретін ашық мұғжизасын көрсететін үлкен ақиқатқа кішкене ғана ишара]Осы таңғажайып ұлы сүренің тек ишари мағынасына бір сәт үңілейікші! «әлемде жоқ қылуға, қиратып бұзуға бағытталған бәлелерден, адам мен жын шайтандарынан өздеріңді сақтаңдар!» деп Ардақты Пайғамбарымызға және үмметіне бұйырады. Бұл аят әрбір ғасырды қамтитыны секілді ишари мағынасымен мына таңсық ғасырымызға анағұрлым тіпті ашықтан ашық қарап, Құранның қызметшілерін Аллаһқа сыйынуға шақырады. Бұл ғайби мұғжиза яғни келешектен хабар беретін аятты бес ишарамен қысқаша мағынасын баяндауға тырысамыз.Сүредегі әрбір аяттың мағыналары өте көп. Біз жалғыз ишари мағынасын қарастырып, бес сөйлемінде төрт мәрте кездесетін сөзі неліктен қайталанғандығын және мағына тұрғысынан тығыз байланыстылығын айта келе, төрт жақтан осы ғасырдың тарихта болмаған төрт маңызы зор жойқын әрі қауіпті, рухани һәм заттық бәлелерді, сондай-ақ, аумалы кезеңдер мен төңкеріс, қан төгістерді дәл уақытымен бірге көрсетіп тұрып хабар бергенін, әрі «осыдан сақ болыңдар!» деп бұйырғанын айтпақпыз. Әрине осылай болуы Құранның мұғжизалығына жарасатын тәрбиелік мәнісі зор хабар. Мәселен, сүренің басындағы сөзі, мың үш жүз елу екі немесе төрт (1352-1354жж) тарихына әбжәд пен жифри есебі бойынша сәйкес келіп адамзаттың ашкөздігінен, көре алмаушылықтан және бірінші дүние жүзілік соғыстың салдарынан пайда болған екінші дүние жүзілік

83Он бірінші Мәселенің сОңысоғыстың болатынын хабар береді. Және Мұхаммедтің (С.А.У.)үмметіне: «Бұл соғысқа кірмеңдер, Раббыларыңа сыйыныңдар!» деген мағына шығады. Енді рәмізді мағынасы бойынша Құранға қызмет етіп жүрген Рисалей-Нұр шәкірттеріне арнайы ілтипат танытып, олар Ескішәхир түрмесінен яғни түрі жаман бір бәледен тарихын көрсетіп тұрып аман-есен құтылатындарын, және «көздерін жою керек» деген оларға берілген үкімнің іске аспай қалатынын меңзеп, оларға бейне бір: «Бір Аллаһқа сыйыныңдар!» дегендей рәмізді мағына жатыр. Һәм, мысалға, сөзін алайық – шәддесін саналмайды – мың үш жүз алпыс бір (1361) болып осы адам айтқысыз алапат соғыстың қатігез, зұлымдыққа толы болып, қым-қиғаш қиратып кететінін руми және һижри жыл санауымен дөп басып хабар берген. Дәл сол кезеңдерде бар ынта-жігерімен Құранға қызмет етемін деп шабалаған Нұр шәкірттерінің көзін жою үшін жасалған ауқымды сұм жоспардан және ондай қайғылы да үрейлі бәледен, сондай-ақ Денизли түрмесінен аман-сау құтылатынына сәйкес келуі де жай емес. Рәмізді мағынасымен оларды да қамтып: «Халықтың шерінен, бәле-жаласынан өздеріңді сақтаңдар!» дегендей жасырын хабар береді. Һәм, мәселен сөйлемін алайық. Тағы да шәдделерді санамаймыз, мың үш жүз жиырма сегіз (1328), ал егер шәддедегі (ләм) саналса мың үш жүз елу сегіз (1358) саны шығады да мына бүкіл әлемдік соғысты ұйымдастырған шетелдік қанішер залымдардың тоюды білмейтін ашкөздік пен қызғаныш дейтін бәлесін, және бізде болған егемендік сілкінісінің Құранға пайдалы нәтижелерін бұзып, оның өркендеуіне жол бермеу пікірімен билік-салтанаттың өзгертілетінін және Балкан мен Италян соғысы сондай-ақ, бірінші дүние жүзілік соғысы басталып өздерінің ойлаған рухани һәм материалдық зияндарын саясаткерлердің, дипломанттардың аузымен және радио арқылы жұрттың құлағына үрлеп, оларды сиқырлап, у бергендей миларын ашытып, адамзаттың тағдырымен ойнап астыртын жоспарларын жүзеге асыру арқылы мың жылдық тарихы бар мәдени өркениетті астан-кестенін шығаратын бәлелердің қара бұлты түнеріп келе жатқан тарихқа сәйкес болып сөзінің мағынасына дәл тура келеді. Һәм, мәселен, сөйлемі – шәдде мен тәнуин саналмайды – тағы да мың үш жүз қырық жеті (1347) болып дәл сол жылы шетелдік келісім шарттарға мәжбүр қол қойылудың кесірінен болатын осы елдегі маңызы зор тербелістерді және пәлсәпәнің екпінді ықпалымен мына діндәр халықтың арасында үлкен өзгерістер болатынын сондай-ақ, дәл сол тарихта мемлекеттердің өзінде өзара екінші дүние жүзілік соғыстың алғы

84АСА-И МҰСА шарттары болып табылатын қызғаныш пен бақталастық болатынын, ақыры соғысып тынатынын хабарлап, ишари мағынасымен дәлме-дәл сәйкес келуі, тура шығуы, әлбетте осы киелі сүренің жарқ еткен ғайби ғажабының бір сәулесі болса керек. Ескере кететін жәйіт; Әрбір аяттың бірнеше мағынасы болады. Һәм әрбір мағына күлли яғни ауқымы кең. Әр ғасырға қарайтын бір жағы болады. Біз айтып өткен ишари мағнасына тек осы ғасырға қарайтын түрі. Һәм әлгі күлли мағынаның ішінде біздің ғасыр бір тұлға ғана болып табылады. Дегенмен өзіне баса назар аудартқан болуы керек, себебі дәл тарихын көрсетіп тұр. Мен төрт жылдан бері бұл соғыстың жағдайын, не болып біткенін, ымыраға келіп, келмегенін білмеймін, сұраған да емеспін. Сондықтан осы киелі сүренің тағы нендей бұл соғысқа, ғасырымызға қатысты ишари жақтары бар екен деп үңілмедім. Әйтпесе бұл қазынада көптеген құнды сырлар жатқанын Рисалей-Нұрдың кітапшаларынан атап айтқанда Румузат-ы Сәмание рисалелерінде баяндалып һәм дәлелденгендіктен баянды соларға сілтеп қысқа қайырдым. Ойға келуі мүмкін сұрақтың жауабы:Осы ғажап хабарда, ең басындағы сөзінде, һәм һәм сөздерінің санаққа енуі, ал соңындағы сөйлемінің тек ғана сөзі енуі және сөзі саналмауы сондай-ақ, сөйлемінің екеуі де саналмай қалуы тектен текке емес, ол жерде өте нәзік те тым күрделі байланыс болғандықтан ол соған рәміз болып, бір мағынаны меңзеп отыр. Қалай десең, жаратылған нәрселерде жамандықтан басқа жақсылықтар да бар ғой. һәм, барлық жамандық жаппай әркімге тие бермейді. Міне осыны меңзеп кейбірі деген мағынаны білдіретін және сөздері санаққа кіріп отыр. Қызғанушы қызғанған кезінде оның істері жаппай жамандық болып шығады. Ол кезде «кейбірі» мағынасына қажет жоқ. Және сөйлемінің рәмізі арқылы былай дейді: Қара бастарының пайдасы үшін жер шарын отқа ораған қара ниетті үрлеуші, сиқыршы әлгі дипломаттардың бұзақы істері жаппай нағыз жамандық болып табылады. Сол үшін тағы сөзіне қажет қалмады.

ОСы СҮРЕГЕ ҚАтыСты МұҒЖиЗАлы тұЖыРыМНың ҚыСҚА тҮСіНіКтЕМЕСі:Қалайша мына сүре өзінің бес сөйлемінің төртеуімен ғасырымызда болған төрт үлкен зиянды өзгерістер мен бәле әкелген дауылдардан ишари мағынасымен хабар берген. Дәл сол секілді төрт мәрте қайта-қайта -шәдде саналмайды – сөзі арқылы Ислам әлемі бойынша алапат күлли зиян келтірген Шыңғысхан мен Хулагу бүлігін және Аббаситтер мемлеткетінің құлдырау заманының ғасырына төрт мәрте ишари мағынамен және жифри мақаммен нұсқап, сілтеме жасап тұр Иә, шәддені есептемегенде бес жүз (500) ал, тоқсан (90) болады. Болашаққа қатысты көптеген аяттар һәм бұл ғасырға һәм өткен ғасырларға ишара еткен. Сол жағынан алып қарағанда болашақтан хабар берген Имам-ы Али (радиаллаһу анх) пен Ғаус-ы Ағзам (қуддусу сыррух) да дәл сол секілді һәм бұл ғасырға һәм сонау өткен ғасырларға қарап хабар беріп кеткен. сөздері бұл заманымызға емес анық түрде мың бір жүз алпыс бір (1161) және сегіз жүз он (810) болып өткен замандардағы орасан зор материалдық, рухани бәлелерді мегзейді. Егер қосып қарайтын болсақ, Милади бойынша мың тоғыз жүз жетпіс бір (1971) шығады. Сөйтіп сол заманда болатын жойқын бәледен хабар береді. Жиырма жылдан кейін егер қазіргі егіліп жатқан тұқымдардың өнімі тазартылып, жөнге салынбаса міндетті түрде соққы азабы қатты, түрі жаман болады. 

[ОН БіРіНші МәСЕлЕНің тҮСіНіКтЕМЕСіНің ҚОСыМшАСы]Аят-үл Күрсидің толықтырушысы боп саналатын мың үш жүз елу (1350); мың тоғыз жүз жиырма тоғыз (1929) немесе (1928) тоғыз жүз қырық алты (946) «Рисалет-үн Нұр» есіміне сәйкес келеді. Мың үш жүз қырық жеті (1347); егер бірге қойсақ мың он екі (1012); егер бірге болмаса, тоғыз жүз қырық бес (945) (бір шәдде санал-майды); мың үш жүз жетпіс екі – шәддесіз – мың төрт жүз он жеті (1417) Мың үш жүз отыз сегіз (1338) – шәдде саналмайды –Мың екі жүз тоқсан бес (1295) болады. – шәдде саналады – Рисалет-үн Нұрдың һәм екі мәрте атына һәм күрес тәсіліне һәм жүзеге асатынына және жазылып, пісіп жетілетін заманына дәлме-дәл сәйкес келіп тұр. Сонымен қатар кәпірлердің мың екі жүз тоқсан үште (1293) соғыс отын тұтатып Ислам әлемінің нұрын сөндіруге әрекеттенген заманына, және бірінші дүние жүзілік соғысты пайдаланып мың үш жүз отыз сегізде (1338) іс жүзінде адамзатты нұрдан қараңғылыққа түсіру ниетімен жасалған сорақы келісім шарттардың тарихына дәлме-дәл келеді. Және аятта нұр мен қараңғылық

87Он бірінші Мәселенің сОңысөзі қайта-қайта кездесе беруі және сол рухани соғыста Құраннан шыққан бір Нұр имандыларға демеу болатынын ишари мағынасымен хабар береді деп санама бір ой келеді. Мен де жазуға мәжбүр болдым. Қарасам, мағына жағымен осы ғасырымызбен өте тығыз байланысты. Тіпті сәйкестік тұсы мүлдем болмаса да бәрбір осы аяттар әрбір ғасырды қамтитындықтан ишари мағынасымен де бізбенен сөйлесіп тұрғанына күмәнім қалмады. Иә, әуелі: Ең басында тұрғансөйлемі джифри уә әбжәди есеп бойынша мың үш жүз елу (1350) тарихын мегзейді. Және ишари мағынасымен былай дейді: «Ол заманда дінді дүниеден бөліп зорлық, зомбылық жасалады. діни күресті қабылдамайтын, дін үшін шайқасуға қарсы пікірді, ождан бостандығы деген желеумен мемлекет тік заң саяси қағида, қатаң ереже ретінде ұстанатын болады. өкімет «Зайырлы елге» айналады. дегенмен осыған орай мағынауи шайқас, діни күрес басталады. Ол тахқиқи иман қылышымен жүзеге асады. өйткені діннің тура жол екенін, оның тәлім-тәрбиесін, хақ әрі ақиқат екенін көзге шұқып тұрып көрсететін қуаттылықта бұлтартпас айғақтарды айқындап, басын ашып беретін Құраннан бір Нұр шығады деп хабар береді. Осылайша өзінің мұғжиза екенін бір шуағымен дәлелдейді. Һәм, сонау сөзіне дейін Рисалей-Нұрдағы теңеулердің бұлағы болып, дәл солай теңеулер арқылы қайта-қайта нұр мен зұлматты, иман мен қараңғылықты бірге қою арқылы астарлы түрде бір мағынаны рәміздеп хабар береді. Яғни ол заманда болатын мағынауи күрес майданында үлкен рөл ойнайтын, қаһарман, аты болса Нұр, яғни Рисалей-Нұр тәпсірі болмақ. Ол, діндегі жүздеген тылсым-сырларды ашып беру арқылы бейне бір мағынауи алмас қылыш іспеттес. Енді ол заттық кәдуілгі қылышқа қажеттілік туғызбайды. Иә, Құдайға шексіз шүкір етемін, Рисалей-Нұр жиырма жылдан бері әлгі ғайби хабарды растап, аяттың мұғжизалығының бір сәулесін іс жүзінде көрсетіп келеді. Міне, сондықтан яғни осы терең сыр үшін Рисалей-Нұрдың шәкірттері дүние саясатына, саяси ағымдарға және заттық түрдегі күрестерге араласпайды да мән бермейді, өздерін төмендетпейді. Оның нағыз, хас шәкірттері өзіне қас дұшпан жауына, жасаған жауыздығына қарсы былай жауап береді: «Ей, бейбақ! Мен сені мәңгі жоқ болудан құтылып, фәни хайуандықтың өте төмен, аянышты деңгейіне түсіп кетпей мәңгі бақи адами бақытқа қолы жетсін деп қам жеп жүрмін. Ал сен болсаң мені өлтіріп, көзімді жойғың келеді. Біліп қой! Сенің бұл дүниеде алар ләззатың, көрер қызығың қысқа да аз. Ал ақыретте тартатын жаза мен азабың ауыр әрі ұзаққа созылады. Ал мен үшін өлім құрметті

88АСА-И МҰСА демалысқа шығу. Жолымнан былай тұр! Сенімен шұғылданатын атын уақытым жоқ, не істесең оны істе!» деп, әлгі залым дұшпанына ашуланудың орнына оған. Жаны ашып: «шіркін құтылса ғой!» деп тура жолға түсіруге тырысады. Екіншіден: () () мына екі киелі сөйлем мағына жағымен тақырыбымызға тығыз байланысты болуымен қатар, джифр мен әбжад есебі бойынша біріншісі Рисалей-Нұрдың атына, ал екіншісі болса оның жарыққа шығатынына, кемеліне жетіп үлкен табыстарға жететініне мағына жағымен және джифр есебімен дәлме-дәл сәйкес келуі мынаны мегзейді: «Рисалей-Нұр осы ғасырда және сол тарихта «УРУәт-Үл УСҚА» яғни еш үзілмейтін мықты арқан, бекем шынжыр, «ХАБлУллАҺ». Оған ұмтылып, мықтап ұстағандар құтылады» деп рәмізді мағынасымен хабар береді. Үшіншіден: сөйлемі һәм мағынасымен һәм джифр есебі бойынша Рисалей-Нұрдан рәмізді түрде хабар береді. Былайша ....................(Осы жерге келгенде перде жабылып қалды. демек жазуға рұқсат жоқ. Кейінге шегерілді)тҮСіНіКтЕМЕ: Бұл тұжырымның қалған бөлігінің әзірге жаздырылмауының себебі аз да болса дүниемен, саясатпен байланысты болғандықтан. Бізге араласуға болмайды. Иә, бұл тағутқа яғни Аллаһқа қарсы шығушымен қатысты әрі сол туралы айтып, назарды соған бұрады.. САид НұРСи

[Рисалей-Нұрдың қаһарманы Хусревтің «Миуаның он бірінші Мәселесіне» байланысты жазған хатынан үзінді]Аса құрметті де қадірменді, жанымдай жақсы көретін, сүйікті ұстазым!Ел үшін, халық үшін баға жетпес құндылықтарға толы «Миуа» атты кітап өзінің «тоғыз Мәселесімен» бірге өте қауіпті кезеңде, бұзақы, тентектердің ішінде, азулы дұшпандардың арасында жазылып жарыққа шықты да таңғажайып түрде шәкірттерінің аман-есен ақталып шығуына себепші болды. Сонымен қатар оныншы мен он бірінші Мәселелері арқылы атын атап тұрып Нұр шәкірттерінің ұстанған жолы ақиқат екенін растап, қошамет көрсеткен. Сондай-ақ, әркімнің сөзсіз баратын жері қабірдегі ахуалының қалай болатынын және жұрттың зәресін алатын, әсіресе бейғамдардың қатты қорқатын, қараңғы да үрейлі көрінген топырақтың астында кездесетін, сөйлесетін періштелермен сұхбатты жағымды суреттеп, сүйсіндіреді де ол жерді жылы көрсетіп қорқынышты қабірге деген үрейімізді сейілтіп рахаттандыра терең тыныс алдырды. Әсіресе о дүниенің нұрлы өмірін мен секілді көре алмайтын жандарға жарығы жүз мыңдаған жылдарға жететін электр лампасы сенімді нұр сыйлады. Һәм, «Миуа рисалесі» әрдайым иіскеп отыратын жұпариісті гүл бақшасы секілді. Иә, біз сүйікті ұстазымызға күн сайын сабағын мұғаліміне тапсырып отыратын шәкірт сияқты әрқашан сүйікті ұстазға түсінген түйгенімізді айтып бергіміз келеді. Алайда сүйікті ұстаз әзірге сөйлесуге үзіліс жариялапты. Уа, ғазиз ұстаз! Рисалей-Нұрдың ақиқаты және Миуаның әсемдігі сондай-ақ, гүлінің хош иісі нұр-сәулесі маған қатты ықпал етсе керек, ризашылығымнан аз да болса көпшіліктің атынан сөз сөйлеуге итерді. Ол мен сияқты жандардың жүрегіне жан сыйлады. Қазіргі таңда өлкемізде Рисалей-Нұрға қызығушылық оянып, сұраушылар көбейіп Миуаның он бірінші гүлін иіскеген соң одан бетер қайсарлық пен табандылық танытуда. Әлемдері нұрға толып, ақиқаттар ашылып, іс-әрекеттер қызу басталып кетті. деңгейі өте төмен шәкіртіңізХУСРЕв

[Спарта қаласындағы барлық Нұр шәкірттері атынан Рамазанды құттықтап жазылған және он үш жеріне түзету енгізілген хат]. Уа, мұсылмандардың дүние мен ақыретте аман-саулығын тілеп, сол үшін Құранның фәйзімен, Рисалей-Нұрдың ақиқатымен және адал шәкірттерінің ынта-жігерімен көзінен жас емес қан ағызған жан! Уа, ақырзаманның фитне-бүліктері мен аумалы-төкпелі уақытында Хәзіреті Әйюб ғаләйһиссаламнан бетер дертке душар бейшараларға Құранның нұрын, Рисалей-Нұрдың дәлелдерін көрсетіп, шәкірттерімен күш-қайратын сарп етіп Ислам әлемінің заттық әрі рухани жан дертін дөп басып оны Хәкім Лұқпан сықылды емдеуге тырысып жүрген жан! Уа, мүбарак қолындағы Нұр кітапшаларының хақ әрі ақиқат екенін Құранның отыз үш аятымен дәлелдеген және Хәзіреті Али мен Ғаус-ы Ағзамның кәрәматымен оны растаған жан!Уа, өзі науқас, қарт, әлсіз әрі тым аянышты халде бола тұра бәрінен де артық Исламға жанын пида етуге дайын жанашырлық жасап, өзіне зұлымдық еткісі келгендерге Құранның ақиқатымен және Рисалей-Нұрдың айғақтарымен, Нұр шәкірттерінің адалдығымен оларға қайыр дұға тілеп, жақсылықпен жауап берген және өзі жазған құнды еңбектерінің ішінен Аят-үл Күбра кітабының бастырылуына байланысты шәкірттерімен бірге түрмеге қамалып, ол зындан, қапастарды Құранның нұрымен, Рисалей-Нұрдың дәрістерімен және шәкірттерінің ықылас, ынтасымен Жүсіптің (Ғ.С.) медресесіне айналдырған және оны дәрісхана жасап арамыздағы надан кісілерді түгелдей Құран үйретіп, оны басынан соңына шейін оқытып хатым шығартқан және сондай қиын күндерде Құранның тылсым қуатымен, Рисалей-Нұрдың жұбаныш беретін ақиқаттарымен, бауырлардың сабырлығы арқасында және өзі жүдеу һәм әлсіз бола тұра баршаның ауыр жүктерін арқалап, сондай-ақ өзі жазған Мәйуә мен Мудафанаме рисалелерімен және Құранның қасиетімен, Рисалей-Нұрдың бұлтартпас айғақтарымен және шәкірттерінің шынайы ықыласымен Құдай қалап қамаудың құлыптарын аштырып, өздерін ақтап шығаруға себеп болған, сөйтіп сол күні бізге әрі Ислам әлеміне мереке сыйлаған, осылайша

91Спарталық риСалей-Нұр шәкірттеріНің хатышынымен Рисалей-Нұр «нұр үстіне нұр» екенін көрсетіп оның қияметке шейін еркін оқылып, дербес жазылуына жол ашқан жан! Уа, Қасиетті Құранның киелі азығымен, Нұрдың ақыреттік асымен және шәкірттерінің күшті тәбетімен бұл Нұрларға Ислам әлемінің ауа мен су секілді мұқтаж екенін, және осы Нұрларды оқып әрі жазған кісілердің ішінен мыңдаған жан қабірге иманмен кететінін дәлелдеген, сондай-ақ, өзіне әбден берілген тәлабаларын ешқашан, ешбір жерде ұятқа қалдырмай, жеңілдірмей желеп-жебейтін және күні бүгінге дейін Құранның сәмауи дәрістерімен және Рисалей-Нұрдың негіздерімен әрі шәкірттерінің зеректігімен және Мәйуенің оныншы, он бірінші мәселе, гүл-шешектерімен айырылысудан пайда болған, қанжылаған жүрегімізді абылхаятпен, шарап кәусармен яғни осы мүбарак «Мәселелермен», «шешектермен» жүрегіміздің жарасын емдеп, қуанышқа кенеген..Уа, пенделердің қатты қорқатын өлімді, имандылар үшін ол жоқ болу еместігін, керісінше ол құрметті демалысқа шығу екенін көрсеткен (солай екенін Құран Кәрім анық уәде берген және қатаң ескерткен, және марқұм шәкірттерінің көргеніндей және кәшф-үл қубур дейтін әулиелердің дегеніндей), ол – бір нұр әлеміне саяхат екенін дәлелдеген ал, діннен безген кәпір, екі жүзді мұнафық үшін мәңгі құрдым екенін баяндаған Қасиетті Құран мен Ардақты пайғамбарымызды растаған, сырттай үрейлі де қараңғы әрі суық та тар қабірді иманды жандарға жәннаттың бір шұңқыры, жұмаққа айқара ашылған ол бір есік екенін дәлелдеген,ал кәпір мен мұнафық, дінсіздерге ол жәһаннам шұңқырынан іші жылан мен шаянға толы бір шұңқыр болатынын дәлелдеген және ол жерге келетін Мүнкер мен Нәкир періштелері болса тура жол бұйырып, ақиқатты ұстанғандар үшін дос, жаран болатынын, Рисалей-Нұр шәкірттерін талабе-и улум қатарына қосып әлгі Мүнкер мен Нәкирдің сұрақтарына Рисалей-Нұрмен жауап беретіндігін марқұм, қаһарман, шәһид Хафыз Алидің опат болуымен анықтап білген және тірі жүргендерімізді де сол сияқты Аллаһтың рахымынан Рисалей-Нұрмен жауап беруімізді сұрап, жалбарынған және тірі жүргендерімізді де сол сияқты Рисалей-Нұрмен жауап беруімізді Аллаһтың рахымынан сұрап, жалбарынған және қасиетті Құранды жоғары дәрежеде өзіне лайық түрде суреттеп оның қырық түрлі оқырманға қырық түрлі қырын, мағынауи таңғажайыптығын көрсету арқылы және ол бүкіл әлемді қамтитындығын, ол кәлам-ы Әзәли екенін тәпсірі Рисалей-Нұрмен дәлелдеген, атап айтқанда Румузат-ы Сәмание рисалесімен және бақыт ғасырынан бері ешкімнен қолынан келмеген тәсілде Рисалей-Нұрдың қаһарман жазушысы Хусревке «Жаз!» деп бұйырғанда Құран Ләух-ы Махфуздағыдай жазылып таңғажайыптығын көзге де көрсеткен, осылайша Құран Аллаһтың сөзі екенін тағы да растаған және ол сәмауи кітаптардың ең ұлығы, ең абзалы екенін, және бір «Фатиха» сүресінің ішінде мыңдаған «Фатиха», бір

92АСА-И МҰСА «ықылас» сүресінде мыңдаған «ықылас» бар екенін, әріптері болса он, жүз яки мыңдаған сауап беретінін теңдесіз түрде, ешкім естіп, ешкім көрмеген тәсілде түсіндірген және Қасиетті Құран мың үш жүз жылдан бері өзінің иғжазын көрсетіп келе жатқанын, ол өзінің жауларына тойтарыс беріп, нұрын көзге көрсеткендей анық түрдегі дәлелдерімен әлемге атой салғандығын, мұны ең қырсық адамның өзіне мақұлдатқан Жиырма бесінші Сөз және басқа еңбектері арқылы дәлелдеген; Сондай-ақ, Хазіреті Пайғамбар ғаләйһиссалату уәссалам шынымен пайғамбар, ол барлық жүз жиырма төрт мың пайғамбардан абзал әрі олардың мырзаса екенін ол кісінің мыңдаған мұғжизалары баяндалғын «Мұғжизат-ы Ахмәдие» (С.А.У.) атты кітабымен тамаша дәлелдеген, және Қасиетті Құранның Ардақты Пайғамбарымызды әлемдерге рахым түрінде жібергенін айтатынын айғақтармен дәлелдеген, және ол кісінің іс-әрекеті, хал-жағдайы әлемге үлгі боларлық жетекші екенін соқырларға да көрсеткен, сондай-ақ, Анадолу басқа да өңірлерде Нұрдың жайылуы бәлелердің алдын алып кері қайтаратынын ал тыйым салынып қудаланғанда бәлелердің көбейіп кетуінің сырын ашқан және Нұр шәкірттерінің өте қиын шарттарда табандылық танытып қызмет етіп, өзара тығыз байланысу арқылы ол Кісінің (С.А.У.) сүннетіне мойынсұну өте пайдалы екенін және бұ заманда бір сүннетті орындау жүз шәһидтің сауабымен пара-пар екенін айтқан, және садақа қалайша қаза мен бәленің бетін қайтаратын болса дәл солай Рисалей-Нұр да Түркияны төніп тұрған қауіп-қатерден, бәле-жаладан жиырма жылдан бері сақтап келгенін анық түрде дәлелдеген аса қадірменді Ұстаз! Сонымен мына Рисалей-Нұрдың ақталуы әуелі сіз, сүйікті ұстазымызды, сосын біз мына кемшілігі көп шәкірттеріңізді сосын Ислам әлемін қуанышқа бөлеп мейрамның үстіне мейрам жасағаныңыз үшін сізді шын жүректен құттықтай отырып және тағы мейрам болып отырған Рамазан мерекеңізді, Қадір түніңізді де құтты болсын демекпіз. Мұндай мейрамдар көп болып мерейіңіз үстем бола берсін. Біз секілді кемтар пенделердің кемшіліктерін кешірілуін тілей отырып, жаппай сізге сәлем айтуда, қолдарыңыздан сүйіп дұға-тілектеріңізді күтеміз.Спарта қаласы және төңірегіндегі Нұр шәкірттері

93Спарталық риСалей-Нұр шәкірттеріНің хатыМені асыра бағалап, көп мақтап жазылған бұл хаттың мазмұнын кішіпейілділік танытып кері қайтару, нығметтің қадірін білмеу әрі барлық Нұр шәкірттерінің жақсы ойларына қарсы қиянат ал, дәл солай қабылдай салу тәкәппарлық, менмендік болатындықтан барша жамағаттың атынан Рисалей-Нұрдың қаламгері жазған осы бір ұзақ хатты қасына басқа да он үш пікірлерді қосып, бір жағынан шүкір мақсатында һәм мақтанудан һәм тоңмойындықтан құтылу үшін сендерге бір нұсқасын жіберіп отырмын. Мұны он бірінші мәселенің соңына «Рисалей-Нұрдың испарта және айналасындағы тәлабаларының бір хаты» деп тіркеп қоярсыңдар. Мен осы хатты кейбір тұстарын алып, қысқартып отырғанымда бір көгершін екі мәрте қасымыздағы терезеге келіп қонды. ішке кірейін деп еді Жәйланды көріп кірмеді. Бірнеше минуттан кейін басқасы дәл солай келді де тағы да жазып отырған шәкіртті көріп кірмей қойды. Мен былай дедім: бұл да алдыңғы құстар секілді сүйінші хабар әкелген болар немесе осы хат секілді бірнеше хат жазғандықтан хаттың берекеге бөленгенін құттықтап келіп тұрған шығар деген ой келді». САид НұРСи



АСА-и МұСАНың ЕКіНші БөліМі«Хұджеттуллаһ-ил Балиға» рисалесі, яғни,«Аллаһтың бар екеніне бұлтартпас айғақ» атты кітапша.МұНдА иМАННың ОН БіР дәлЕлі БАяНдАлАды***Бұл рисалені Анкараның сараптау комиссиясы тексеріп жоғары баға берді. Және бұл кітап ақталып шығуымызға басты себеп болды. Бұл нағыз кәпірліктің бел омыртқасын сындыратын өткір әрі қуатты бұлтартпас айғақтарға толы ақиқат. САид НұРСи

иМАННың БіРіНші АйҒАҒыА -ят үл КүбрАҒаламнан Жаратушысын сұраған жолаушының көрген-білгендері[Осы ұлы аят секілді көптеген Құран аяттары мына ғаламның Жаратушысын таныстыру тұрғысынан әрдайым және әркімнің таңғала қарап қызықтайтын өте жарқын, һәм тәухидтың көрнекі парағы боп табылатын көк аспанға назар аудартады. Олай болса біз де әуелі содан бастаған жөн болар].Иә, бір мемлекетке яки бір мейманханаға ұқсайтын мына дүниеге келген әрбір қонақ, көзін ашып қарағанда көретіні мынау болмақ:Өте жомарт біреудің жайған дастарханы немесе өте шебер біреудің көрмесі, яки өте айбынды әскердің мекен-жайы мен тәлім-тәрбие жері немесе көрген жанды бейжай қалдырмай шабыт беретін таңғажайып серуен жай немесе мағынасы терең, хикметке толы зерттеу орны секілді. Енді осындай тамаша мейманхананың иесін және осы алып кітаптың жазушысын және мына алпауыт мемлекеттің Сұлтанын танып білгісі келіп тағатсызданатыны рас. Олай болса, ең бірінші болып әлгі иесін тануға құштар жанға аспан өзінің ашық, нұрлы жүзімен күлім қағып былай

97Иманның бірінші айғағыдейді: «Бері қара! танып білгің кеп жүргеніңді мен таныстырайын!».Қараса, шынымен де Аспан денелерінің кейбірі жерімізден мың есе үлкен. Әрі сол алып денелердің кейбірі зеңбіректің оғынан жетпіс есе жылдам зымырап бара жатыр, саны болса жүз мыңнан асады. Оларды ешбір тіреусіз, бір-біріне соғыстырмай тым жылдам әрі бәрін бірге қозғап отырған және әлгі сансыз алып шамдарды әрдайым жанармайсыз жағып, сөндірмей тұрған, еш дыбысын шығармай, қақтығыстырмай сонша үлкен денелерді басқарып отырған және оларға Ай мен Күн секілді белгілі бір міндет жүктеп, әсте қарсыластырмай бағындырып отырған, сондай-ақ, ешбір өлшем бірлігіне сыймайтын әлгі бір-бірінен қашық орналасқан шексіз денелерді бір уақытта, бір қуатпен, бір әдіспен барлығын бірге мұқият дәлме-дәл реттеп тұрған, сонымен қатар, мұндай алып әрі аса қауіпті, жойқын қуатты заттарды шамадан әсте асырмай заңына мүлтіксіз бағындырған және ондай саны көп құжынаған заттардан пайда болатын күл-қоқыс, қалдықтың жиналып аспанның бетін кірлетуіне әсте жол бермей жіті қадағалап, ап-ашық қылып тазартып тұрған және оларды тәртіпті қалың әскердің жаттығуы секілді сан-құбылтып, сондай-ақ, жер шарын айналдыру арқылы әлгі әскери жаттығуға ұқсас аспан құбылысын әртүрлі кейіпте, сан-алуан бейнеде әрбір түн мен әрбір жылды бейне бір бейнетаспалар тәрізді көрермен пенделеріне көрсетіп отырған Рубубиеттің көрінісі мен сол рубубиеттің қызу жұмысы кезінде байқалатын тәсхир (бағындыру), тәдбир (іс-шара), тәдуир (айналдыру), танзим (реттеу), танзиф (тазарту), таузиф (міндет жүктеу) секілді істерді қамтитын үлкен ақиқат, өзінің ұлықтығы мен ауқымдығы жағымен осы аспанның Жаратушысының міндетті түрде бар екенін, ол жалғыз, әрі біреу екенін, Ол аспанның болмысынан әлдеқайда анық-қанық екенін көзге шұқып тұрып көрсеткендей куәлік етеді. Осы мағынаны білдіретін бірінші мақамның бірінші баспалдағында былай делінген болатын: Сосын, дүниеге ұлы мақсатпен жіберілген әлгі жолаушы қонаққа жәуу-і сәма деп аталатын, ғажайып махшарға ұқсайтын аспан (ғарыш) күркіреген үнімен дауыстап былай дейді: «Маған қарашы! Сенің қызыға іздеп жүрген және сені осы жерге жіберген құдіретті мен арқылы танып, табуыңа болады!».

98АСА-И МҰСА Әлгі қонақ оның сұсты, дегенмен мейірімге толы жүзіне, бір қарағанда, қорқытатындай, алайда, сүйінші хабар әкелетіндей жылы жүзі бар екен. Құлақ асып тыңдап, көзін ашып үңіліп еді, қараса: Жер мен аспанның ортасында қалықтатып қойылған бұлттар өте хикметті түрде, мейірім шашқандай жердің бау-бақшаларын суарып, жердің тұрғындарына абылхаят суын әкеледі екен әрі жылуды реттейді, яғни, ыстықты басады. Сондай-ақ, қажетке орай әр жерге медет қылып көшіп жүреді. Осы секілді маңызды міндеттерді атқаруымен қоса тәртіпті қалың әскердің шапшаң бұйрықты орындап бірде жасырынып, бірде ортаға шыққаны секілді олар да, яғни, аспанның жүзін жауып тұрған әлгі алып бұлттар да кенет жасырынып, ұсақ бөлшектері тынығуға кеткендей болады, аспан шайдай ашық. Кейін «Жаңбыр жау!» әмірі келгенде бір сағат, тіпті, бірнеше минуттың ішінде бұлттар үйіріліп бейне бір қолбасшының бұйрығын күтіп тұрғандай аспан түнере қалады. Енді әлгі жолаушы аспандағы желге қарайды. Қараса жел көптеген міндеттерді өте хикметті әрі берекелі түрде атқаруда. Бейне бір ауа қабатын құрайтын бейсана зәрелерінің әрбірі осы ғалам Иесінің әмірлерін мұқият тыңдап, оны білетін секілді. Тапсырманы толық орындап, әлгі Ұлы қолбасшының құдіретімен істерді тындырып, жүйелі түрде жүзеге асырады. Атап айтсақ, жер жүзіндегі жандыларға дем береді, тірі жандарға қажетті жарық, жылу, электр тоғы секілді заттарды жеткізеді, дыбыстарды тасымалдайды, өсімдіктердің тозаңдануына себеп болады. Міне, осы іспеттес көптеген жан-жақты міндет пен қызметтерді ғайби құдірет тарапынан өте саналы да білікті һәм тіршілік атаулыны қатты жақсы көретіндей түрде адал атқарады. Сосын жаңбырға назар аударады. Қараса ол нәзік те мөлдір, тәтті әрі жоқтан жаратылатын және көзге көрінбейтін ғайып қазынасынан келетін тамшылардың атқарар маңызды міндеттері, әкелер сыйлықтары өте көп екен. Жауын береке әкелетіндіктен «Аллаһтың рахымы денеге айналып тамшы түрінде Раббани қазынадан жауып жатыр» мағынасында жаңбырды «рахмет» деп те атайды екен. Сосын найзағай мен рағдқа яғни күннің күркіреуіне құлағын түріп тыңдайды. Қараса олар да өте керемет әрі таңғажайып қызметтер атқаруда. Сосын көзін жұмып ақылға салады да өзі-өзіне былай дейді: «түтілген жүнге ұқсас мына жаны жоқ, бейсана бұлттар әлбетте бізді танымайды ғой, бізге жаны ашып көмекке өздігінен жүгіріп келмейді. Олар әсте бұйрықсыз пайда болып, өздігінен жасырынып қалмайды. Олар міндетті түрде құдіреті күшті әрі аса Мейірімді бір әміршінің бұйрығымен әрекет етеді. өйткені ешбір із қалдырмастан тығылып қалады да кенет ортаға шыға келіп шаруасына кірісіп кетеді. Олар өте қызу жұмыс істегіш, жоғары дәрежелі, сан құбылтушы, айбынды

99Иманның бірінші айғағыСұлтанның әмірімен, күш-құдіретімен уақыты келгенде аспанды торлап жауып, қайта ашып отырады. Көк аспанды бір тынбастан хикметке толы жазу жазылып сосын өшіріліп тұратын жазу тақтасына яғни «ләух-ы махв уә исбатқа» айналдырады. Сондай-ақ, хашир мен қияметті еске түсіріп өте жарылқаушы, жомарт, әділ басқарушы әкім Аллаһтың бұйрығымен желге мініп алады да өзімен бірге таудай алып жаңбыр қазыналарын тиеп алып мұқтаж болған жерлерге жөнеледі. Құдды оларды аяп көзінің жасын төгіп оларды гүл-шешекпен күлімсіретіп жайнатып жібереді. Сонымен қатар күннің ыстықтығын бір қалыпқа келтіріп салқындатады және су сепкіш сенімді бау-бақшаларға су себелеп жер жүзін жууып тап-таза қылады. Һәм манағы білуге құмар ынталы жолаушы ақылға салып былай деді: Мына жансыз, ақылы жоқ, әрдайым толқып тұратын, тұрақсыз, бір тынбастан қозғалыста болатын ауа жәй бір перде, сыртқы себеп ретінде пайдаланылып, сол арқылы болып жатқан хикметке толы, өте пайдалы, Мейірімді де шебер жүз мыңдаған қыруар істерге, сый-сияпаттарға, медеттерге қарашы! Ол бізге мына іскер желдің, яғни, дамылсыз жұмыскердің өз бетімен әрекет етіп жүрмегендігін дәлелдейді. Бұл міндетті түрде өте Қадир (құдіреті күшті), Алим (бәрін білетін), өте Хаким (өте дана), Кәрим (аса жомарт) бір Әміршінің әмірімен әрекет ететінін дәлелдейді. Бейне бір ауаның әрбір бөлшегі барлық жұмыстың көзін тауып, Әміршінің әр айтқанын түсінетін тілалғыш жауынгер сықылды ауа арқылы жүзеге асатын әрбір Раббани әмірді бұлжытпай орындайды. Сөйтіп, тірі жандардың тыныстауына, өмір сүруіне және өсімдіктердің тозаңдануына, өсіп-өнуіне, тіршілікке қажетті заттардың жеткізілуіне, сондай-ақ, бұлттардың бір жерден екінші жерге көшіп, басқарылуына, яғни, жанармайсыз жүретін әлгі кемелердің жүзуіне, әсіресе, дыбыстардың, сымсыз телефон, телеграф, радио арқылы сөйлесушілердің дауыстарының тасымалдануына және осы тектес жалпыға ортақ күлли қызметтерінен басқа азот пен оттегі секілді қарапайым екі нәрседен тұратын ауаның зәрелері, яғни, ұсақ бөлшектері өзара бірдей бола тұра жер жүзінде жүз мыңдаған түрлі Раббани өнер мен хикметке толы істерге ұйытқы болып, өте жүйелі түрде Иләһи хикмет тарапынан іс атқартылуда екен ғой деп түйді. Демек, аятының нақты түсіндіргеніндей белгілі бір іс атқарады және желдің есуімен шексіз Раббани қызметке қолданылады және бұлттардың мүлтіксіз бағынуы арқылы сансыз Рахмани істерде пайдаланылады және ауаны сондай етіп жаратқан тек ғана Уажиб-ул Ужуд уә Қадир-і Күлли Шей, Рабб-ы Зүлжәлал-и уәл Икрам ғана екенін көрсетеді. Жолаушы осындай тоқтамға келді.

100АСА-И МҰСА Енді ол назарын жаңбырға аударады. Қараса жаңбырдың тамшысы қанша болса, сонша пайда бар екенін, түйіршіктерінің санына пара-пар Рахмани мейірімнің сәуле шуақтары бар екенін, ылғалдығы қанша болса сонша хикметтері бар екенін көрді. Һәм сол шырын әрі нәзік, берекелі тамшылардың жаратылысының кереметтігі сонша, әсіресе, жаз кезінде жауатын ірі жауынның реттілігі мен тәртібі өте ғажап. Оларды жерге жібергенде өте жұмсақ түседі. Жолда кездесетін жел, дауыл, үлкен құйындар олардың реттілігі мен тәртібін әсте бұзбайды, тамшыларын бір-біріне соқтырып, қосып зиянды алып су бөліктеріне айналдырмайды. Осы секілді көптеген хикметке толы істерге ұйытқы болады. Иә, тірішілік иелері үшін көп қызмет атқаратын қарапайым, жансыз, ақылы жоқ бейсана оттегі мен сутегі дейтін жай бір заттан жасалған мына су, жүз мыңдаған хикметті де ақылмен істелетін, көреген сан-алуан қызметтерде, өнерде пайдалануда. Демек, мына денеге айналған рахымның дәл өзі болған жаңбыр, тек қана Рахман-ы Рахимнің рахымға толы ғайби қазынасында дайындалып сосын жауып жатқанда аятын көзге көрінетіндей етіп тәпсірлейді. Сосын рағдты яғни күннің күркіреуін тыңдайды, найзағайға қарайды. Қараса ол екі ғажап аспан құбылысы толық түрде аяты мен аятын заттық тұрғыдан тәпсірлеп ғана қоймай сонымен қатар жаңбыр жауатынын хабарлап мұқтаждарға сүйінші береді. Иә, найзағай жоқтан әрі кенеттен таңғажайып дыбыс шығарып аспанды сөйлеткендей, жап-жарық нұр мен от арқылы қараңғы кеңістікті жап-жарық етіп жібереді. Және таудай үлкен, мақтадай жұмсақ, іші толы қар мен су, бұршақ болған бұлттарды тұтандырып жібереді. Сөйтіп, осындай хикметке толы, ғажап жағдайымен жерде басы салбырап жүрген бейқам адамдардың басын тоқпақпен ұрғандай былай дейді: «Көтер басты! өзін таныстырғысы келетін іскер әрі құдіреті шексіз Жаббардың таңғажайып істеріне қара! Сені сандалтып бос қоймайтыны секілді бұл құбылыстар да өз бетінше бейпарық, босқа болып жатқан жоқ. Олардың әрқайсысы көптеген хикметті міндеттер атқарып сан құбылуда. Оларды Мүдәббир-і Хаким белгілі бір мақсатқа жұмсап, қызмет еткізіп отыр» деп қатаң ескерту жасайды. Сонымен әлгі ынталы жолаушы аспаннан манағы айтылған бұлттың бағындырылуы, желдің айдалуы, жаңбырдың жаудырылуы, аспан құбылыстарының реттелуі секілді мағыналарды қамтитын ақиқаттың жарқын әрі керемет шәһәдатын яғни куәлігін өз құлағымен естіп, көзімен


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook