Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Асай Мұса

Асай Мұса

Published by risalekz, 2020-01-29 14:34:06

Description: Asâ-yı Mûsa

Search

Read the Text Version

251оқырмандар ойықасиеті өзгеріске ұшырап-ұшырамағандығымен өлшенеді дейді. Мысалға, алғашқыда кішіпейіл, өте қарапайым, пейілі кең, жанкешті қысқасы мінез-құлық, адамгершілік тұрғысынан жоғары қасиеттерге ие, жұртқа өнеге боларлық кісі дейік. Енді табанды түрде күресіп, көздеген мақсатына жетіп, халық арасында танымал, белгілі бір мақамға ие болған кезде бұрынғы жарқын, пәк, үлгі болар халін сақтай алды ма, әлде жеңістің буымен кейбір атақты тұлғалар секілді жер-көкке сыймай кетті ме? Міне, қандай да бір алдына қойған мақсаты бар адамның кім екенін, оның салмағын нақты анықтайтын өлшем осы болса керек. Тарихта осы аталған қатал сыннан сүрінбей өткен әу баста Пайғамбарлар, әсіресе әнбияның сұлтаны Саллаллаһу аләйһи уәссалам, сосын оның ізбасар халифалары, сосын сахабалар, кейін олардың сара жолымен жүрген ірі тұлғалар.* * *Ардақты Пайғамбарымыз: яғни, «Ғалымдар пайғамбарлардың ізбасарлары» деген шәріп хадисі арқылы ғалым болудың оңай шаруа еместігін өте шебер, қысқа-нұсқа жеткізген. Иә, солай болуы керек. Өйткені олар хақ пен ақиқатты халыққа жайып, жеткізерде дәл солардың жолынан ауытқымауы керек. Ал, олардың ұстанған жолы аумалы-төкпелі, тау-тас, соқпағы көп, тайғақ, мұз, боран, жауын-шашынды яки қуғын-сүргін, соттау, қамау, зындан, у беріп өлтіру, жалғыз әрі өлім камерасы секілді небір төбе шашты тік тұрғызатын, адам төзгісіз зұлымдық пен азапқа толы болатыны мәлім.Міне, Бәдиүззаман елу жылдан астам өзінің осындай табанды күресімен, қажырлы еңбегімен әлгіндей ауыр жолды жүріп өткен, кесе көлденең шыққан тосқауылдарды асып, Пайғамбарлардың ізін басқан ғалым екенін іс жүзінде көрсеткен кісі.Оның ілімі, ахлақы, шешендігі және санай берсе көптеген ізгі қасиеттерінің ішінен мені қатты таңқалдырған жағы оның таудай асқар, теңіздей шалқыған ұлан-ғайыр, көк аспанмен таласқан, кең пейілі, мықты иманы.Иманы қандай мықты! Сабыры неткен қуатты! Ерік-қалауы қандай күшті! Адамның төбе шашын тік тұрғызатын ауыр азап, жан төзгісіз қыспақ. Бірақ мұнша азап басын идіре, үнін өшіре алмаған. «Бүйүк Иқбал» атты кітаптағы өлеңдерді алғаш оқығанымда шабыттанып «Муджахит» деген өлең жазған болатынмын. Оны оқығандар бәлкім ақындыққа беріліп, асыра сілтеп жіберген екен деген шығар.

252АСА-И МҰСА Алайда, кіріспесін жазу маған нәсіп болған мына Рисалей-Нұр кітабын оқығандардың мынаған көздері жететіне сенімдімін: Дүниеде Аллаһтың небір құлдары бар. Олардың жүрегіндегі иман кемелденіп, шыңырау шегіне жеткен кезде таңғажайып кереметтер көрсетіп, ғажап істер атқарады. иман толы жүрек егер нақты шешімге келсе,иманның сырын түсініп, ол адам да меңгерсе,Үрей түгіл өлім де, оны тежей алмайды.дес бермейтін жанартаудай тоқтамастан лаулайды.шешіміне қуат беріп, илһам келер жүрегіне,Бәлкім, сүйікті Пайғамбарымызды көретін шығар ол күнде (түсінде).Бәлкім, оған қар мен аяз әсер етпейтін болар,Ал, мезгілдің бәрі де жадыраған жаз шығар,Жүрсе дағы бұл фәниде, жұмақты тамашалар,таулар қирап жатса дағы, әсте, мойымас олар.Айналасына ор қазылып, қияң құзға итерілсе де,тас түнек орнап, Ай батып, тіпті, Күн түнерсе де,Қара бұлт жамылып, бәрі қараң қалса да,Алған бетінен қайтпастай боп бекінген олар сірә,Жан дүниесінің иман шамы мүлде оның сөнбейді.Жүрегінде лаулап тұрған иманы неткен киелі!Ар-ожданы әрдайым оған былай деп тұрғандай:Уа, жолаушы! таң атты, асық, ұмтыл алға!Зұлыматты жоятын бар ғой шамың,Көкке самғап биік әлемдерге талпын!Адамзатты құтқаруға пейіштен келген нұрсың ғой, жарқын!Құдды, осы өлең шумақтары иманы таудай, баһадүр Бәдиүззаман үшін жазылғандай. Олай дейтінім, бұл сипаттар оның бойынан толық табылады. Аллаһ тағала өз жолында күрескендерге не уәде ететінін мына аяттан білуге болады: Қысқа тұжырымы: «Біз үшін күрескен мұджахиттерге міндетті түрде жол көрсетеміз. Ешқандай шәк жоқ, Аллаһ мухсиндермен, яғни, Аллаһты көріп тұрғандай ғибадат қылатын мүджахиттермен бірге».

253оқырмандар ойыДемек, иман мен Құран үшін жанын, дүниесін пида еткен күрескерлерге Аллаһ тағала ақиқатқа апарар һидает жолын көрсететінін уәде етіп отыр. Аллаһ тағала уәде берсе сөзсіз орындайды. Тек, осы ұлы уәденің шарттары жүзеге асса болғаны.Осы киелі аят, Ұстаздың кім екенін, оның ірі тұлғасын етене тану үшін бізге септігі тиіп, нұр болып айдындатады. Сол нұрдың саясында өте көмескі қыр-сырлары көрініп, жан-жақты ортаға шығады. Кімде-кім Аллаһ тағаланың хыфз уә химаясына, яғни, қорғаштауына, қол астына кірген болса, оған енді қорқу, уайым, өкініш, қажу, жалығу, шаршау деген мүлдем атымен жоқ. Аллаһтың нұрымен нұрланған көңілдің ашық аспанын қандай қара бұлттар тұмшалап жаба алушы еді? әрдайым өзін Аллаһтың алдында екенін сезінетін бақтияр құлдың рухын қандай фәни арман-тілектер, қошеметтер мен ілтипаттар алдатып, қанағаттандырушы еді? Оған алдана қояр ма?Оның досы бір Аллаһ ғой, тәрбиешісі һәм қамқоршы,Оны еске алғанда сезімі де нұрға шомып, көңілі де шалқысын.әрқашан мағрифат әлеміне қанат қағып ұшады.Қаққан сайын рухына Құран әртүрлі сый тартады.«Бәзм-и әләстиді» Құран есіне салады.Ғашық жан сонда шабыттанып қалады.Міне, Бәдиүззаман осындай таңғажайып Иләһи қамқорлыққа алынған кісі. Сондықтан, зындандар оған гүл-гүлстанға айналып, ол жерде отырып мәңгіліктің нұрлы таңын көріп тамашалайтын. дар ағаштары оған уағыз насихат айтатын күрси секілді көрінетін. Ол жерде тұрып адамзатқа ұлы мұратқа жету үшін сабыр, табандылық, қайсарлық, батырлық дәрісін береді. Абақты оған Жүсіп пайғамбардың медресесі боп көрінетін. Оған бара жатқанда профессордың университетке сабаққа бара жатқаны секілді сезінетін. Себебі, ол жерде отырғандар оның дәріс-нұрына, тәлім-тәрбиесіне мұқтаж шәкірттері тәрізді көрінетін. Күнде бірнеше азаматтың иманын құтқару, бұзылған адамды жөнге салу, адам халіне түсіру ол үшін баға жетпес бақыт болатын. Осындай таудай биік иман мен ықыласқа қолы жетіп, көкірек көзі ашылған жан, уақыт пен мекенге тәуелді болудан құтылып рухымен руханият әлеміне сапар шегеді. Ол жақтағы гүл-гүл жайнаған нұрлы шапаққа көзін тігіп ұзақты шалады. Биік асуларды, асқақ белестерді шолады. * * *

254АСА-И МҰСА Танымал тасауыфшылардың (рахимуллаһ) «Финафиллаһ», «Беқабиллаһ» деп айтып жүрген жоғары мәртебе, міне, осы киелі абыройға бөлену болса керек. Иә, әрбір мүминнің өзіне тән құзыр, мүләйім, нұрға шому, бәрін тәркі ету, бір нәрсеге қарқ болу секілді тәтті күйлері болады. Ол күйден әркім иманы мен ілімі, игі амалы тақуалығы, фәйіз бен руханияты дәрежесіне қарай пайдаланады. Алайда, мұндай тамаша хал, тәтті күй, ештеңе тең келмейтін ләззат жоғарыда аталған аят баяндаған ірі тұлға мұджахиттерде әрдайым болады, әсте үзілмейді. Міне, сондықтан олар бір сәт болсын Жаратқанды ұмыту бейғамдығынан аман болады. Нәпсілерімен арыстандай өмір бойы арпалысып өтеді. Өмірінің әр кезеңі биікке өрлеу, даму, кәмілденуге толы. Бүкіл болмысын жәмал, кәмал, жәлал сипаттары бар Рабб-үл Аламиннің ризасына арнаған болып табылады. Жаратқан ием бізді де сол бақтиярлар тобына кіруді нәсіп етсін, амин! Жоғарыда қадірменді Ұстаздың достарын қайран қалдырған, дұшпандарын таба қылған теңдесіз иманы туралы айттық. Енді біршама, жеке басының ізгі қасиеттері, жайдары жұмсақ, биязы мінез-құлқы, кәміл сипаттары туралы айтсам деймін.Өздеріңе мәлім, әрбір жеке тұлғаның сан-алуан ерекшеліктері, белгілі бір қасиеттері болады. Сонымен Ұстаздың да басты ерекше қасиеттерін төмендегідей жеке-жеке қарастырсақ;• Фәрағат (тоқ көздік):Биік мақсатқа ұмтылған күрескерге, әсіресе рухани көсеемге қойылатын ең бірінші талап \"фәрағат\" яғни ақысы бола тұра одан бас тарту. Өйткені жұрттың назары осы жағына көп мән беріп, мінеп, сыншыл келеді. Ұстаздың бүкіл өмірі басынан соңына дейін фәрағатқа толы.Мәшһүр ғұлама Шәйһ-үл Ислам Мұстафа Сабри мырзадан (марқұм) фәрағат жайлы былай дегенін естіген едім: «Қазіргі таңда дін исламға тек дүниесін ғана емес ақыретін де пида етуге дайын мүджахит, күрескерлер керек болып тұр». Рухани мәртебелі кісінің бұл сөзін толық түсіне алмай сопылардың \"истиғрақ\" жағдайда айтатын сырлы сөздерге ұқсатып әркімге әр жерде айта бермейтін едім. Енді мұны Бәдиүззаманның жалынды сөздерінен де кездестестіргенімде алып тұлғаларға қарай \"фәрағаттың\" өлшемі де өзгеріп отырады екен-ау дедім. Шынымен де Ислам үшін осындай өз ақысынан бас тартқан, қиын ауыртпашылыққа кеудесін керген мұджахит-азаматтарға Зүл-Кәрим Аллаһ Тағала қараусыз қоя беріп, ондай жанкешті құлдарын жарылқамай, жәрдемі мен қамқорлығынан құр қалдыруы әсте мүмкін емес. Бұлай істеуі үстем мерейіне, асқақ абыройына жараспас.

255оқырмандар ойыМіне, Бәдиүззаман осындай ерекше жарылқауына бөленген ерекше тұлға. Ғұмыры жалғыздықпен өтті. дүниенің орынды ләззаттарынан мүлдем бас тартты. Отау құрып, жанұялы болу қызығын көруге уақыты жоқ, мүмкін емес-ті. Бірақ, Аллаһ тағала оған сыйға тартқан құнды да баға жетпес кәделерін қаламмен қағазға жазу мүмкін емес. дүниеде Бәдиүззаман секілді рухани тұрғыдан бақытты отағасы бар ма екен? Ол секілді миллиондаған баласы бар әке табыла ма екен мына фәниде? Бала болғанда қандай балалар десеңізші! Ол секілді шәкірті мол ұстаз бар ма екен дүниеде?Бұл киелі де рухани қарым-қатынас – Иншаллаһ – қияметке шейін жалғаса бермек. Өйткені бұл Иләһи мақсат Қасиетті Құраннан туындап, Құраннан бастау алған, Құранмен бірге жасайды. • шәфқат (Мейірімділік) уә мәрхаматы;Ғазиз Ұстаз хақ пен ақиқатқа ертеректе сонау бала кезінде көзі жеткен. Жүрегінің дүрсілін, жан даусын, мінәжатын тыңдау үшін үңгірлерге кіріп күн ұзаққа ғибадат пен тағат қылып, толғану мен ішкі дүниесін шолудан нәр алып, құзыр табудың ләззатын татқан «Ариф-ы Билләһ», яғни, Раббысын таныған жан. Қайғылы қараңғы түндей қорқынышты қасіретті заман күпірлік, діннен бездіру апаты мұсылман дүниесін, оның ішінде отанымызды жаулап алғысы келген қиын қыстау кезеңде жатқан орнынан атып тұрған арыстандай жер жаратын дауысымен жиһад майданына аттанды. Жан тыныштығын, жылы төсегін тәркі етіп өзін ұлы мақсатқа арнады. Міне, сол үшін де болар айтқан әрбір сөзі шоқтай күйдіріп, пікірі мірдің оғындай дәл тиеді. Естіген құлаққа, тыңдаған жанға қатты әсер етіп өзіне үйіріп алып кетеді. Ұстаздың бір кезеңде өзімен-өзі жалғыз қалып біршама «узлет», «инзиуа» қылуы, сосын халыққа жол көрсетіп жөнге салуға кірісуі, қоғамға араласуы құдды Имам Ғазалидың өміріндегі маңызды да тарихи кезеңдерге ұқсайды. Демек, Жаратқан Иеміз ұлы ұстаз, мүршидтерді осылайша біршама жеке ұстап өзі тәрбиелеп, рухани тазартқаннан кейін халықты нұрландыру, жөнге салу міндетін жүктейтін болса керек. Сондықтан болар мөлдір таза, пәк жүрегінен шыққан демі, жүрекке тиісімен мүлдем басқа әсер қалдырып, дереу баурап алады. Айтпақшы, Имам Ғазалидың бұдан тоғыз жүз жыл бұрын ахлақ, мінез-құлық саласында атқарған ерен еңбегін, бұл ғасырда Бәдиүззаман иман мен ықылас саласында атқарып мол табысқа жетті.

256АСА-И МҰСА Иә, Ұстазды осындай қырғын жиһад майданына айдап апарған оның бойындағы мейірбандық пен мәрхамат сезімі. Қаласаңыздар мұны өз аузынан естиік:«Маған былай деп айтқандар болды: Сен анаған-мынаған неге тиісесің? өзім де білмеймін. Көз алдымда өрт болып жатыр. Сол жалыны көкке жетердей жойқын өрттің ішінде балаларым жанып жатыр, иманымды өрт шалып күйдіріп барады. Енді сол өртті сөндірейін деп, иманымды құтқарып қалайын деп жүгіріп бара жатсам, жолда мені тоқтатқысы келген бәз-біреулерге аяғым тиіп кетіпті. Онда тұрған не бар? Бұл анау сұмдық өрттің қасында түкке тұрғысыз оқиға емес пе? Саяз түсінік, шолақ ұғымды жандар-ай!..»• истиғна (Көңіл байлығы):Ұстаздың өмір бойы қоғамның әрбір буынына өнеге боларлық ізгі қасиеттерінің бірі \"истиғна\", яғни, Аллаһтан басқа ешкімге қарыз болмау. Халық арасына кеңінен тараған бұл қасиетіне мыңдаған мысал келтіруге болады.Аллаһтан басқа бүкіл нәрселерден тура мағынада бастартып жан тәнімен әлемдердің Раббысына, Оның таусылмайтын қазынасына үміт артып, өмір бойы мұны бір әдет емес, бейне бір қатаң ереже, ұстанған жол, мәзхаб ретінде қабылдаған. Бұл қағидасын қандай жағдайда болсын бұзбаған, әлі бұзбай сақтап жүр. Бір қызығы, бұл қағида жеке басына ғана қатысты болмай, ізінен ерген шәкірттеріне бір заңдылық боп жалғасын табуда. Нұр дариясына шомылу абыройына бөленген Нұр тәлабасының истиғнасына таңғалмасқа шара жоқ. Бұл туралы ұстаз құнды Мәктубат кітабының екінші мектубында осы өзекті мәселені алты тұрғыдан қолға алып имани, іліми түсініктеме жасайды:БіРіНшідЕН, Кәпірлер ілім жолындағыларды «ілімді күн көрістің көзі етеді, дінін, жинаған білімін пайдаланып нан табады» деп ұялмай айып тағып, тиіседі. Сондықтан оларды іспен өтірікке шығару керек.ЕКіНшідЕН, «Хақ пен ақиқатты жаю тұрғысында әнбияға ұйып, солар сияқты болуға міндеттіміз. Қасиетті Құранда: дегеніндей халықтан ешнәрсе сұрамай, адамдардан \"истиғна\" қылу керек- дейді көңілі бай ұстаз.Міне, Рисалей-Нұр күллиятының қолы жеткен Иләһи жеңіс осы әнбия жолын ұстануының арқасында келді. Осылайша Ұстаз өзінің іліми абыройын баға жетпес алмастай қорып, кір келтірмей сақтап келді. Ол, жұрттың көпшілігі байланып қалған жалақы, шен, байлық және жеке басқа

257оқырмандар ойықатысты мыңдаған пайдалардан бас тартқан, әсте қызықпаған кісі. Енді көңілдердің патшасы, жүректердің мырзасы ол болмаған да кім болады? Әрине иманды көңілдер оның нұрына шомылмағанда не істейді!? • иқтисатшылығы (үнемшілдігі): Бұл жоғарыда баяндалған «истиғна» сипатының анықтамасы, түсіндірмесі деуге болады. Өйткені, иқтисат сарайына кіру үшін әуелі истиғна дейтін есіктен өту керек. Сондықтан иқтисат пен истиғнаны бірі-бірінсіз елестету мүмкін емес. Иә, ұстаз сынды истиғнаға келгенде өзіне Пайғамбарларды өнеге тұтқан мұджахидтің үнемшілдігі өздігінен, табиғи жолмен болатын қасиет. Сондықтан болар оған күніне бір кесе сұйық тамақ, біршама су, аздаған нан жетіп жатыр. Өйткені, бұл ерекше тұлға, атақты француз ақыны Ламартиннің дегеніндей: «тамақ жеу үшін емес, өмір сүру үшін тамақ жейді». Ұстаздың ұстанған жолын түсінгеннен кейін енді оның үнемшілдігін мұндай ішіп-жеумен өлшеу әбестік болар. Себебі мұндай ұлы тұлғаның иқтисатшылдығын рухани салада көріп, мағынауи өлшеммен өлшеген дұрыс болар. Мәселен, ұстаз әлгіндей үнемшілдігін тек ішіп-жеу, киінуі сықылды қарапайым нәрселермен ғана емес, сонымен қатар пікірін, бейімділігін, ойын, қабілетін, уақытын, жанын, тіпті, алған демін үнемдеп, олардың ысырап болуына жол бермей қолда барын жіті қадағалап отыратын дана кісі. өмір бойы ұстанып келе жатқан осы өлшемді болуы, әрнәрсені жіті бақылау дәстүрі бүкіл шәкірттеріне де мирас боп жалғасын тапқан. Содан болар бір Нұр шәкіртіне кез-келген бір кітапты оқыту, әр сөзді тыңдату оңай шаруа емес. Өйткені көңілінің түкпірінде орналасқан сақтық сезімі оған әрдайым «Байқа!» деп ескертіп отырады. Міне, Бәдиүззаман керемет жол көрсетуші, теңдесіз мүрәбби (тәрбиеші) екеніне жетілдірген шәкірттері, өрескел ұрпағы куә. Үнемділік тұрғысында да үлгі-өнеге болар сирек тұлға. • тәуәзу уә маһуиәткарлығы (кішіпейіл, инабаттылығы):Нұр кітаптарының осыншама кең тарауына меніңше осы екі қасиеті үлкен рөл ойнаған, көп ықпал еткен. Себебі Ұстаз, сұхбаттасқанда, кітап жазғанда өзін «Құтб-үл Арифин», «Ғаус-үл Уасилин», яғни, білгір, көсем, медет беруші, құтқарушы айдарынан аулақ тұрғандықтан адамдардың көңілі ауып, шын жүректен жақсы көріп, оның биік мақсатын қостап, қолтығынан демеді. Мысалы, ол жақсы ахлақ, адами қасиеттер мен даналық, ғибрат туралы уағыз айтқан кезде тікелей өзіне, нәпсісіне арнайды. тиген жерін күйдіріп жіберетін өткір сөздерін әуелі өзіне арнап, тыңдаушым өз нәпсім дейтін. Сосын барып орталық нүктеден

258АСА-И МҰСА жан-жаққа шашылғандай айналаны нұрға, қуанышқа, бақыт пен құзырға бөлеп, ақ көңілдерді баурап алатын.Жалпы ұстаз өте жұмсақ мінезді, биязы әрі тым кішіпейіл. Адам баласын түгіл ешбір жаратылысты ренжітпеу үшін жанкештілік танытатын. Қатты қиналып азап шексе де, машақатқа түсіп, зиянға ұшыраса да біреуге зиян тимеуі үшін бәріне төзетін. Бірақ, иманына, Құранына зияны тиетін болса мәселе басқаша... Егер оған қауіп төнсе, әлгі тынық теңіз буырқанып, толқындары жер дүниені шайып жіберердей аласұрып, қатуланып кететін. өйткені, ол Құран Кәрімнің адал қызметшісі, иман елінің шекара сақшысы, жанкешті сарбазы, ержүрек қаһарманы. Мұны тұжырымды өз сөздерімен суреттесек: «Сарбаз күзетте тұрғанда бас қолбасшы келсе дағы қаруын тастамайды ғой. Мен де Құранның бір қызметшісімін, оның жауынгер сақшысымын. Күзетте тұрғанымда кім болса да «мынау ақиқат!» деп ешкімге бас имеймін. Оның қызмет кезіндегі, соғыс майданындағы халін мына өлең жолдары дөп басып суреттейтін секілді:Асау аттай жүгендеуге көнбеймін,Қорқауларша жасырынған жауларыма берілмеймін.Берілу, тұтқын болу өзіңді жоғалтқанмен тең,өйтіп, қор болғанша өлген артық па деймін.Мәңгі бақытқа қауыштыратын өлім, арман тілегім,Ешкім бұза алмайтын шеп-бекініс иманым.Мұндай арманым болғанына өзімде дән ризамын.шейіт болған бабаларым жұмақта жүздескісі келеді,Рухым мәңгі, тірімін мен, жАса-и берем әрдайым,Қауыштырар өлім келсе, Раббым Аллаһқа мені.Кітабыма кірісерде Ұстазды жан-жақты яғни іліми, пікіри, тасаууифи, әдеби тұрғыдан қолға алып таныстырғым келген. Алайда өте терең әрі ауқымды мұндай тақырыптарды бірнеше бетке сыйғызу мүмкін еместігін аңғарғаннан кейін, әлгі тақырыптарға қысқаша бір-екі сөйлеммен тоқтала кеткен жөн болар.Раббым нәсіп етсе, аталмыш тақырыптарға Рисалей-Нұр тәпсірімен және шәкірттерімен бірге үлкен кітап жазып әрқайсысына жеке-жеке талдау жасап, түсініктеме бергім келеді. Ол үшін қадірменді Ұстаздан және ғазиз бауырларымнан мақбұл дұға-тілекте болуларын сұраймын.

259оқырмандар ойы• ұстаздың ілімі жайлы бір-екі сөз: Кісінің айнасы сөзі емес ісі,ісінен байқалады ой-өрісі.Марқұм Зия Паша мына бір өлең арқылы ұрпақтан ұрпаққа жалғаса беретін өміршең терең ақиқатты шебер жеткізген. Иә, мұсылман жұртымызға «Рисалей-Нұр күллияты» дейтін иман мен ілімге толы құнды кітапхананы тарту еткен, баршаның көңілінен орын алған, ерекше тұлғаның ілім деңгейін түсіндіруге тырысу түс мезгілі Күнді таныстыру секілді бос әурешілік деп білемін. Тілі өткір бір ақынымыздың: «тамаша деп, көрген кезде еркіңнен айыратын әсемдікті айтады» дегеніндей, өмірінің әр кезеңі Иләһи құбылыстарға толы жаны жайсаң бұл кісінің іліми қыры, парасаттылығы, ахлақ пен кәмілдігі жайлы сөз қозғағанда адам басқа әлемге кетіп қалғандай Иләһи ләззат, рухани зауық алады. Ұстаз, Рисалей-Нұр жинағында діни, әлеуметтік, әдеби, құқықтық, философиялық, тасаууифи секілді маңызды тақырыптарды тыс қалдырмай, бәрін толық қамтып жаза білген. Таңғалдыратын тарапы, көптеген ғұламалардың күрделі мәселеге келгенде ауытқып кеткен нәзік мәселелерді өте ашық әрі нақты түрде баяндап беруімен қатар, терең тақырыптарды әһл-і сүннет уәл жамағаттың ұстанған нұрлы жолынан таймай аман-есен шыққан әрі ол жолды оқушыларына көрсете білген. Сондықтан Рисалей-Нұр жинағын ғазиз халқымыздың түрлі деңгейдегі барша жұртқа сенімді түрде, шын жүректен ұсына отырып, оны абырой санап, мақтан тұтамыз. Нұр рисалелері Құран Кәрімнің нұр теңізінен алынған мөлдір тамшылар, һидает күнінің сәуле шуақтары іспеттес. Сондықтан әрбір мұсылманның киелі міндеті иманды сақтайтын осы нұрлы кітаптардың жайылуына ат салысу. өйткені, бір кітаптың көптеген кісілердің, отбасы, тіпті, қоғамның һидаетіне, тура жол тауып, бақытты болуына ұйытқы болғанын тарихта көптеп кездестіруге болады. Пах, шіркін, бір мүмин бауырының иманын сақтап қалуына себеп болған кісі неткен бақытты! • ұстаздың пікірлеу, толғану тәсілі:Өздеріңе мәлім, әрбір ойшыл дананың өзіне тән тәфәккүрі, яғни, пікірлеу әдісі болады. Бүкіл ой-пікірімен ұмтылған өзіндік бір мақсаты, көңілімен әбден берілген бір арманы болады. Оның тәфәккүр әдістемесінің мақсаты мен арманын анықтау үшін ұзақ кіріспе, жоспар жасалуы керек. Бірақ, Бәдиүззаманның пікірлеу әдісі, алға қойған мақсаты бар арманы ондай ұзыннан ұзақ кіріспелер мен жоспарларды қажет етпейтін секілді. Оның мақсатын бір ауыз сөзбен қорытындылар болсақ:

260АСА-И МҰСА Күллі аспани кітаптардың, барлық пайғамбарлардың жалғыз мақсаты «әлемді Жаратушының улухиетін (Аллаһқа тән толық сипаттарын) және Уахданиетін (жалғыз, дара) жариялау». Және осы үлкен мәселені іліми, ақылға қонымды қисынды түрде бұлтарпас айғақтармен дәлелдеу». Олай болса Ұстаздың логика, философия саласымен, нақты ілімдермен де байланысы болды ғой?Иә, логика, философия егер Құранмен тату болып хақ пен ақиқатқа қызмет етсе онда Ұстазды логика ғалымы, үлкен философ деп атауға болар. Оның мақсаты Құранның Аллаһ сөзі екенін бұлтартпас айғақтармен дәлелдеу. Ол осындай маңызы зор мәселені ақылға қонымды етіп, заманауи талапқа сай, ілімге негіздеп жүзеге асыра білді. Негізінде философияны хикмет, даналық мағынасында қарастырар болсақ, болмысы шарт, міндетті түрде бар Аллаһ тағаланы өзіне лайық сипаттармен дәлелдеуге тырысатын барлық ой-пікір - хикмет болып саналады, ол еңбектің иесі де үлкен дана, хәкім болмақ. Міне, Ұстаз осындай іліми жолды, яғни, Құран Кәрімнің нұрлы жолын ұстанғаны үшін мыңдаған оқымысты жандардың иманын сақтап үлкен абыройға бөленді. Ұстаздың айта берсек іліми, әдеби, философиялық көптеген адам қызығарлық ізгі қасиеттері көп-ақ. Бірақ оларды өзінің кітабынан мысал келтіре отырып иншаллаһ бөлек бір кітап жазсам деймін. Таупық Аллаһтан. • тасауыф қыры:Нақшибәнди жолын ұстанушы, әрбір іс-әрекетін Ардақты Пайғамбарымызға (С.А.У.) еліктеп жасайтын, үлкен бір кісіден былай деп сұраған едім:-Тақсыр! Осы ғұлама мен мүтасауыф (тариқат иелері) арасындағы түсініспеушіліктің себебі не?-Ғұлама – Расулуллаһтың (С.А.У.) іліміне, мүтасауыфтар болса Оның (С.А.У.) амалына мирасқор. Міне, сол себепті екі әлемнің сардары Пайғамбарымыздың (С.А.У.) һәм іліміне, һәм амалына мирасқор кісіні «Зүлжәнахейін», яғни, қос қанатты деп атайды. Сондықтан тариқаттың мақсаты тақуалықпен амал етіп, Пайғамбарымыздың (С.А.У.) ахлақын, көркем мінезін ұстануға тырысып, рухани кесел-аурулардан арылып, Аллаһ тағаланың ризашылығына қауышу, сол жолда өзін фәни қылу. Міне, осы биік мақамға көтерілген жандар сөзсіз ақиқатқа жеткендер боп саналады. Яғни, тариқаттың мақсатына, биік шыңына шыққан болып табылады. Алайда бұл биік мақсатқа жету әркімге нәсіп болмайтындықтан ірі тұлғалар әлгі межеге жетуді жеңілдету үшін белгілі бір қағида, ереже қойған. Сонымен, тариқат шариғат шеңберінің ішіндегі бір шеңбер. Тариқаттан құлаған шариғатқа түседі. Ал, Құдай сақтасын, шариғаттан құлаған адам орны толмас шығынға ұшырайды.

261оқырмандар ойыБұл кісінің сөзіне қарағанда Бәдиүззаманның ұстанған нұрлы жолы мен таза тариқат арасында айтарлықтай керағарлық жоқ тәрізді. Екеуі де Аллаһтың ризашылығына қауыштыратын, соңында жәннатқа бастайтын, Жаратқанның дидарын көрсететін жолдар.Сол үшін осы асыл мақсатты көздейтін кез келген тариқатшы бауырымыз Рисалей-Нұр жинағын сүйсіне оқуына ешбір кедергі жоқ, керісінше, Рисалей-Нұр тариқаттағы «мүрақабе» шеңберін Құранның нұрымен кеңейтіп, оған қосымша тәфәккүр (пікірлеу) міндетін вирд яғни күнделікті оқылатын дұға ретінде ұсынады.Иә, адамның ой-өрісін, көкжиегін кеңейтетін тәфәккүрдің арқасында тек жүректің мүрақабесімен, яғни, зікірмен шұғылданатын жолаушы енді жүрекпен қоса бүкіл сезімдерімен бірге зәрелерден бастап, сонау жұлдыздарға шейін күллі ғаламды жан-жақты тамашалап, мұрақаба, мүшаһада етіп, Аллаһ тағаланың сол әлемдердегі мың бір түрлі жалт-жұлт етіп шағылысып жатқан көркем есім-сипаттарын таңғала да таңдана көріп, өзін ұлы ғибадатханада екенін айналяқын, ғылмәляқин, хаққаляқин түрде сезінеді. Себебі ішіне кірген ғибадатханасы сондай зәулім ғибадатхана, ол жерде миллиардтан астам жамағат, бәрі бірге сүйсіне де құлшына, мүләйімси бір жағынан құлшына, ықыласпен һәм көңіл хоштығымен, тәтті қорқыныш сезіне жаппай Жаратушысын мадақтап зікір етуде. Тәтті де керемет тілдерімен бірде жарқын, бірде баяу, сазды да хош үндермен бір ауыздан: деп зікір салатынына куә болады. Рисалей-Нұрдың иман, ирфан және Құран жолына түскендер осындай ұлы зәулім ғибадатханаға кіреді. Бұл ақиқаттан әркім иманы мен сана-сезімінің, бен ықыласының дәрежесіне қарай өз үлесін алады. • әдеби қыры:Бұрыннан бері сөз бен мағына, тәсіл мен мазмұндылық жағынан әдебиетшілер, ақын жазушылар, ойшыл ғұламалар екі топқа бөлінген. Олардың кейбірі тек тәсілге, сөзге, ұйқасына көп мән беріп жеткізбек ойын сөзге құрбан еткен. Бұл тәсілді біз көбіне жыр, өлеңдерде кездестіреміз. Екінші топ болса мағынаға, ойдың мазмұндылығына баса назар аударып айтар ойды сөзге, мағынаны сөйлемге құрбан етпегендер.Енді Бәдиүззаман сынды алып ойшыл кісінің әдеби қыры осы кіріспе сөзбен-ақ түсінікті болған шығар деп ойлаймын. өйткені, ұстаз өзінің қымбат әрі берекелі өмірін тек құлақта қалатын сөздің реттілігі мен ұйқастығымен емес, ол жүректе, рухта, ар-ождан мен пікірде өміршең, мәңгі жасайтын діни сезімдерді, имани сананы оятуға,

262АСА-И МҰСА ахлақ, адамгершілік түсініктерін ғасырларға, келер ұрпаққа үйретуге тырысқан зерек те дана кісі. Сонымен, осындай ұлы мақсатты жүзеге асыруға жан-тәнімен берілген күрескер кісінің фәни, құбылмалы сыртқы суреттермен шұғылданбайтындығы айтпай-ақ түсінікті болар.Сонымен қатар, ұстаз ерекше талғампаздығымен, сезімталдығымен, ұшқыр ойымен, ғажап қиялымен ерекшеленетін әдебиет әлемінде ірі тұлға. Сондықтан оның түсіндіру тәсілі, сөз саптауы өнері тақырыпқа қарай өзгеріп отырады. Мәселен, іліми, фәлсафи тақырыпқа келгенде ақыли, риязи дәлелдер келтіріп, ақылды толық қанағаттандырып, өте қысқа да нұсқа сөйлейді. Ал, көңілді тасытып, рухты асқақтатар сәтте сөздері сұлу бір кейіпке еніп кететіні сондай айтып жеткізу мүмкін емес. Мысалға, аспанды, күнді, жұлдыздарды, әсіресе, көктем мезгілін суреттегенде және сол әлемдерде көрінетін Аллаһтың ұлы құдіретін, ұлықтығын түсіндіргенде қолданатын тәсілінің таңғажайыптылығы сонша, ол жердегі қандай да болмасын теңеу, қандай түстегі болмасын бояу оқырманның жан-жарасын дәл тауып, ғажайып күйге салып, нұрлы әлемге бастайды. Міне, сол үшін де болар, бір Нұр шәкірті Рисалей-Нұр кітаптарын талдап-талқылап оқыған кезде, мейлі ол университеттің қандай да бір бөлімінде оқысын, оның сезімдері, рухы, ар-ожданы, қиялы толығымен қанағаттанып, дән риза болады. Қанағаттанбауы әсте мүмкін бе? Себебі, Рисалей-Нұр жинағы Құран Кәрімнің жаһанға жайылып жатқан саябағынан теріліп алынған гүл шоғы ғой. Сондықтан оның ішінде әлгі мүбарак иләһи бақтың самал лебі есіп, нұр-сәулесі әртарапты алып, хош иісі аңқып тұрады. Рухтың қажеттілігі шексіз көп қой, шіркін.ықыласпен іздеген Құраннан табады еркін. Али Улви Қуружы* * *

РиСАлЕй-НұР тәПСіРіНің АвтОРы БәдиҮЗЗАМАН САид НұРСидың ҚыСҚА ҒұМыРНАМАСы1877 жылы Түркияның Битлис облысына қарасты Нұрс ауылында дүниеге келген.Ілімге деген құштарлық жасы алтыға енді толған баланы ата-анасынан жыраққа алып кетеді. Терең ақиқаттарды жетік меңгеріп, бір оқыған кітабын тез ұғып қана қоймай оны жаттап алатын зерек ол, көп жыл тәлім алуы тиіс медресе білімін үш айда тәмамдайды. Пікір таласта, іліми сайыста зеректігімен ерекшеленетіндіктен замандас ғалымдар оны “Бәдиүззаман” (Заманның озығы) деп атайды.“Ескі Саид” деп бөліп қаралуы тиіс қырық бес жасқа дейінгі өмірі дүрбелең саясатқа толы. Ол, дін Исламға саясат арқылы қызмет етемін деп ойлайтын. Кейін бұл ойынан бас тартып саясаттан мүлдем қол үзеді. Шығыс халқының ауыр күйі, олардың басына түскен нәубат қиыншылықтар оның жанына қатты бататын. Мұның шарасы ретінде халықтың көзін ашу, ілімді ұрпақ тәрбиелеу екеніне көзі әбден жеткен ол, халыққа діни іліммен қоса заманауи жаңа ғылымды да үйрететін оқу орындарын ашу қажеттігін айтып, соған бар күшін жұмсап бағады. Өкінішке орай бірінші дүниежүзілік соғыс басталып, өзі ерікті әскер жасақтап шәкірттерімен майданға аттанады. Қанды қырғындарға қатысып талай ерлік көрсетеді. Тұтқынға да түседі. Аман-есен отанына оралған соң қайтадан Ислам әлемінің мәселелерін талқылап, оның шешімін іздейтін Ілім академиясына мүше болып қызмет атқарады. Стамбулға жау шауып, қоршауда қалған қаралы күндерде қорықпай халықтың рухын асқақтатып, намысын қайрайтын кітапшалар таратып анталаған жауға тегеурінді тосқауыл болып азаттық алуға мол үлесін қосады. Мұндай елеулі еңбегін ескеріп сол кездегі билік, оны ел ордасы Анкараға шақыртады. Мұнда да ол билік басында отырған кісілерді Ислам негіздерін мықтап ұстануға уағыздайды.Бұдан кейін оның “Жаңа Саид” деп аталатын саясаттан ада, дүниядан таза ақыретпен қатысты екінші өмір кезеңі басталады. Бұл 1925 жылдар болатын. Ван қаласы, сосын Барла ауылынан бастау алған бұл кезеңдерде имани тақырыпта көптеген кітаптар жазып айналасына Құранның нұрын жая бастайды. Ислам негіздері мен Иман шарттарына қатысты дәйекті түрде, қарапайым әрі түсінікті тілмен жазылған кітапшалары иманына қауіп төнгенін сезген оқырмандар арасында қызығушылық туғызады. Оны өзі үшін қолмен көшіріп, түпнұсқаны басқа мұқтаж жандарға сыйлап, осылайша айналаға нұр кітапшалары кеңінен таралады.

264АСА-И МҰСА Әрине, мұндай қарқынды имани қызмет діннен безгендерге ешқашан ұнамайтыны белгілі. Ақырында, Құран тәпсіршісіне жала жауып, қуғын-сүргінге ұшырайды. 1935 жылы Ескішәһар, 1943 жылы Денизли, 1947 жылы Афион, 1952 жылдары Стамбул қалаларында үстінен іс қозғалып сотқа шақырылады. Кастамону, Эмирдағы, Испарта қаласына жер аударылып, үнемі бақылауға алынады.Адам төзгісіз зұлымдықтарға душар болса да, ол бәріне сабыр етіп, қаймықпастан Ислам әлеміне төнген күпірліктің қара бұлтына қарсы, Құранның нұрын айнадай көрсетіп, айналасына иманның нұр-сәулесін жеткізуге барынша тырысады. Қиын-қыстау кезеңдерде жазылған алты мың парақтан тұратын «Рисалей Нұр» тәпсірі міне сол қиын кезеңдердің жемісі. Бастаған тәпсірін толық аяқтап, оны өз оқырмандарының қолдарына аманат қылып тапсырған ол, құдды бір міндетін адал атқарған әскерге ұқсайды. Құранның ақиқаттарын, оның таңғажайып терең сырларын заманның ұғымына сай анық та қанық баяндайтын бұл кітаптар, міне сол қиындыққа толы ауыр күндерде ықыласпен жазылған. Содан болар осы бір Құрани тәпсір, нұр кітаптары қазіргі таңда әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, миллиондаған мұсылмандар тарапынан қызыға оқылуда.Муфәссир яғни Құранды тәпсірлеуші ғалым-ғұлама Саид Нұрси Урфа қаласында 1960 жылдың 23-наурыз күні, яғни рамазан айының жиырма бесінші жұлдызы, түн ауа бақилық әлеміне аттанып кете барады.* * *

НЕліКтЕН ЖұРт РиСАлЕй-НұРды ҚыЗыҒА ОҚиды? СЕБЕБі Ол БАРшАНы ОйлАНдыРАтыН өЗЕКті МәСЕлЕлЕРді ҚОлҒА АлыП, МАЗАлАП ЖҮРГЕН СұРАҚтАРдың ЖАУАБыН БЕРЕді. АтАП АйтСАҚ:* Аллаһтың бар әрі бір екенін қалай дәлелдейміз? (22-Сөз, 23-Лема, 2-Шуақ)* Құран Аллаһтың сөзі екенінің дәлелдері (25-Сөз)* Хазреті Мұхаммед (с.ғ.с.) Аллаһтың елшісі екенінің дәлелдері (19-Сөз)* Періштелердің бар екенінің дәлелі (29-Сөз)* Өлген соң тірілу рас екені (10-Сөз)* Тағдырға сену қалай болмақ? Бәрі алдын-ала жазулы. Маңдайға жазғаны болады - дейді, мұны қалай түсінеміз? (26-Сөз)* «Бисмилләһ» сөзінің сыры (1-Сөз, 14-Лема, 2 тарауы)* Аллаһ еш бір мекенге тәуелсіз, бірақ Ол барлық жерден табылады. (16-Сөз, 22-Сөз)* Дүниеде жағымсыз, қорқынышты көрінген оқиғалардан Раббымыздың мейрім шуағын, хикметін қалай көруге болады? (18-Сөз)* Жаратылыс Аллаһты дәріптеп, қалай ғибадат қылады? (24-Сөздің 4 бөлімі)* Намаз неге бес уақыт оқылады? (4, 9-Сөз, 21-Сөздің 1тарауы)* Аурудың пайдасы бар ма, сырқаттанудың хикмет-сыры не? (2-Лема, 25-Лема)* Рух дегеніміз не? (29-Сөз)* Ораза ұстаудың хикмет-пайдалары. (29-Мектубтің 2 бөлімі)* Миғраж оқиғасы қалай болған? (31- Сөз)* Шайтанды неге жаратқан, оның не пайдасы бар? (13-Лема, 12-Мектуб, екінші сұрақ)* Адам дегеніміз не? Бұл дүниеге не үшін келеді, мақсат-мұраты не? (11-Сөз) * Дұға қылып жалбарынып жатамыз, қабыл болмай жатады. Құранда барлық дұғаға жауап беріледі демей ме? (23-Сөз)* Кейде көңілді күмән басып, күдік пайда болады. Ол не үшін? (21-Сөз, 13-Лема, 11-Мектуб)* Ардақты Пайғамбарымыздың сүннет амалдарының. Маңызы мен хикметтері (11-Лема)* Сопылық туралы. Тариқат деген не? (29-Мектуб)* Уаххабшылар кім? Шығу тарихы. (28-Мектуб) * Махаббат туралы Құран не дейді? (24-Сөз)* Молекула, атом секілді ұсақ бөлшектер неліктен тынымсыз қозғалады? (30-Сөз)

* Саналы кісілерді жаппай таңқалдырған және бірде бір философ аша алмаған тек Құранның қасиетімен ашылатын дүниенің жаратылу тылсым-сырлары жайлы. (24-Мектуб)* Исламда үнемділік және береке туралы не дейді? (19-Лема)* Мұсылмандардың ынтымағын күшейтудің, имандылар өзара бауырмал болудың себептері. (22-Мектуб)* Не үшін иманды әрдайым жаңартып отыру керек деген. (26-Мектуб)* Бүкіл әлем Пайғамбарымыздың нұрынан жаратылған дейді. Бұны қалай түсінеміз? (31-Сөз.)* Хазреті Адам ғаләйһиссалам жұмақтан неге шығарылған? Адамдардың көбісі тозаққа түседі дейді. Неліктен? (12-Мектуб, 13-Лема)* Әйелдің орамал тартуы шарт па? (24-Лема)* Шайтанның Құран туралы уәсуәсәсіне қарсы жауап. (26-Мектуб)* Мәзхабтар неге әртүрлі? (27-Сөз)* Жеті қабат жер мен аспан жайлы аятты қалай түсінеміз.(12-Лема)* Аллаһтан өзге ешкім біле алмайды деген «бес ғайыпты» ғылым мен техника арқылы біз де білетін болдық!-деушілерге жауап. (16-Лема)* Иса пайғамбардың көктен түсуі, тажалды өлтіруі және Мәдидің шығуы туралы хадисті қалай түсінген жөн? (15-Мектуб, 5-Шуақ, 24-Сөз, 1-Мектуб)* Исми Ағзам яғни Аллаһтың ең ұлық есімдері. (30-Лема)* Зұлқарнай қамалы қайда? Яджуж-Мәджуж деген кімдер? (5-Шуақ, 24-Сөз)* Шииттер мен Сунниттер арасындағы мәселенің анық-қанығы. (4-Лема)* * *

РиСАлЕй-НұР тОПтАМАСыҮлКЕН КітАПтАРы:«Сөзлер», «Мектубат», «лемалар», «шуалар», «ишарат-ул иғжаз», «Аса-и Муса», «Мухакемат», «тарихче-и Хаят», «Барла лахикасы», «Кастамону лахикасы», «әмирдағ лахикалары», «Сикке-и тасдиқ-ы Ғайби», «Мәснәу-и Нурие», «иман уә Күфүр мувазенелери»КішКЕНЕ КітАПшАлАРы: «Аят-ул Кубра», «Бәдиуззаман жауап вериор», «диван-ы Харб-и өрфи», «әлхужжәт-ул Зәхра», «әнә уә Зәррә», «Гәншлик рәхбери», «Хақиқат Нұрлары», «Ханымлар рәхбери», «Хасталар рисалеси», «Хашир рисалеси», «Хизмет рехбери», «Хутбе-и шамие», «иджтихад рисалесі», «иман хақиқатлари», «ихлас рисалелери», «Конферанс», «Күчүк сөзлер», «Мәйуә рисалеси», «Мифтах-ул иман», «Миғраж уә шаққ-ы Қамар», «Миркат-ус Сүнна», «Мұғжизат-ы Ахмедие», «Мұғжизат-ы Құрание», «Мүнажат», «Мүназарат», «Нұр әлеминин Бир анахтары», «Нұр чәшмеси», «Нұрун илк капысы», «Отыз үш пенжере», «Рахмет уә шәфкат илачлары», «Рамазан-иқтисад-шүкір», «Сунухат-тулуат-ишарат», «табиғат рисалеси», «Ухуввет рисалеси», «иырмы учунжу сөз», «Зухрет-ун Нұр».

РиСАлЕй-НұР тОПтАМАСыНАН ҚАЗАҚ тіліНЕ АУдАРылҒАН КітАПтАР:«тылсым сырлы Сөздер», «лемалар», «Аса-и Мұса», «Мұхаммед Пайғамбардың мұғжизалары», «Рамазан рисалесі», «Ханымдар шырағы», «Жастар шырағы», «ықылас сыры», «табиғат сыры», «Адам және иман», «Сүннет сатылары», «Мінәжат», «Отыз үш терезе», «Бауырластық рисалесі», «Қысқа сөздер», «Хашир рисалесі», «тәухид сыры», «дерт пен дауа»РиСАлЕй-НұР тУРАлы МыНА иНтЕРНЕтСАйттАРдАН МАҒлұМАт АлУҒА БОлАды:www.nurfeyz.kzwww.envarnesriyat.comwww.ihlasnurnesriyat.comwww.sozler.com.trwww.hizmetvakfi.comwww.ru-nur.comwww.lichtstr.dewww.elmascevher.comwww.nurnetwork.orgwww.malaysianur.comwww.nur.gen.trwww.nuronline.comwww.nursistudies.comРисалей-Нұр топтамасы жайында ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төмендегі адрес арқылы хабарласуларыңызға болады:E-mail: [email protected]

МАЗМұНыКіріспе...................................................................................................5-7БіРіНші БөліМ(МиУА КітАПшАСы)Бірінші Мәселе.......................................................................................9-10Екінші Мәселенің өзегі................ ......................................................11-13Үшінші Мәселе ....................................................................................14-17Төртінші Мәселе .................................................................................18-19Бесінші Мәселе ........................................................................................20Алтыншы Мәселе ................................................................................21-24Жетінші Мәселе ..................................................................................25-37Сегізінші Мәселенің қорытындысы ..................................................38-51Тоғызыншы Мәселе.............................................................................52-57Оныншы Мәселе (Әмірдағының гүлі)...............................................58-67Оныншы мәселеге қоpытынды ..........................................................68-70Хүсревтің өз Ұстазына жазған хаты..................................................71-72Он бірінші Мәселе...............................................................................73-81Он бірінші Мәселенің соңы................................................................82-88Хүсревтің хаты..........................................................................................89Спарталық Рисалей-Нұр шәкірттерінің хаты....................................90-93ЕКіНші БөліМ(ХУдЖәтУллАҺ-ил БАлиҒА)Иманның бірінші айғағы (Аят-үл Күбрадан он тоғыз мәртебе)...............................................96-138Иманның екінші айғағы (Отыз екінші Сөздің бірінші тарауы).............................................139-151

Иманның үшінші айғағы (Табиғат рисалесі)...........................................................................152-165Табиғат рисалесінің соңы...............................................................166-171Иманның төртінші айғағы (Адл есімінің нүктесі).....................................................................172-175Иманның бесінші айғағы (Хакем есімінің нүктесі).................................................................175-183Иманның алтыншы айғағы (Хашир рисалесінен тоғыз ақиқат)................................................184-188Иманның жетінші айғағы (Он жетінші терезе) ........................................................................189-190Иманның сегізінші айғағы (Мінәжат рисалесі) .........................................................................191-208Иманның тоғызыншы айғағы (Тоғызыншы Шуақ) ...................................................................... 209-220Иманның оныншы айғағы (Жиырмасыншы Мәктубтың бірінші мақамы) ............................221-227Иманның он бірінші айғағы (Жиырма екінші Сөздің бірінші мақамы).....................................228-240Университетте оқитын Нұр шәкірттерінің Рисалей-Нұр туралы хаттар............................................................241-248Мүнәууәр Мәдина қаласында тұратын бірғалымның Бәдиүззаман Саид Нұрси жайлы пікірі.......................249-262Рисалей-Нұр тәпсірінің авторыБәдүиззаман Сайд Нұрси..............................................................263-264Неліктен жұрт Рисалей Нұрды қызыға оқиды?.............................265-266

ЕСКЕРтПЕлЕР ҮшіН________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бұл кітап жайлы ұсыныс-пікірлеріңіз болса, мына мекен-жайға хабарласуларыңызға болады.ТОО Нур Фейз,050009, Алматы қаласы, Түркебаев көшесі, №84-үй. тел.: 8 (727) 374 71 01.E-mail: [email protected]


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook