Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Имандылық пен Күпірлік

Имандылық пен Күпірлік

Published by risalekz, 2021-05-31 11:58:16

Description: İman ve Küfür Müvazeneleri

Search

Read the Text Version

“Рисалей-Нұр” жинағынанИМАНДЫЛЫҚПЕНКҮПІРЛІК(Тура жол мен адасқан жол қандай болмақ)БәдиүззаманСаид Нұрси

Бәдиүззаман Саид НұрсиС16 Иман мен Күпірді таразылауУДК 28ББК 86.38ISBN 978-601-7028-75-6© ТОО Нур Фейз, 2021УДК 28ББК 86.38Н 87Нұрси С.Н 87 Иман мен Күпірді таразылау / Бәдиүззаман Саид Нұрси; ауд.: З. Батайұлы, Ж. Қиянбек Алматы 2021ISBN 978-601-7028-75-6





Өте маңызды сұрақтың өзіне лайық маңызды жауа-бы. Орайы келгендіктен осы жерге жазылды. Рисалей-Нұрдың керемет әсерлі дәрісін бұдан қырық жыл бұрын бұрыңғы Саид білгендей өз хатында осы сұрақ пен жа-уапты жазған екен.Көпшілік тарапынан мынадай бір сұрақ қойылуда. «Мұншама дұшпандарға және қырсық философтар мен адасқандарға қарсы Рисалей-Нұрдың төтеп беруі таңғаларлық оқиға. Иман жайлы миллиондаған құнды кітаптар мен Ислам туралы шығармалардың жайылуына тосқауыл болып, азғындық және дүниялық өмірдің ләззаттарын көрсету арқылы көптеген бейшара жастарды, жалпы халықты иман ақиқаттарынан мақұрым қалдырып жатқан мына за-манда және Рисалей-Нұрға сұмдық шүйлігіп, небір азғырушы үгіттер жүргізсе де жала жауып, одан адамдарды үркітіп, бас тартқызуға тырысып жатса дағы басқа кітаптармен салыстырғанда Рисалей-Нұрдың таңғажайып түрде кеңінен тарауы, тіпті басым көпшілігі қолжазбамен көбейтіліп, алты жүз мың нұсқа оқырмандар арасынада қызыға оқылып, жасырын жайылып ел арасына, тіпті ел асып, шетелдерге өзін қызығушылықпен оқытуы таңғаларлық жәйт. Мұның хикмет сырын ашып берсеңіз!» деген мағынада көптеген сұрақтарға жауап ретінде былай демекпін:Хикметке толы Құранның кереметімен оның хақ тәпсірі болған Рисалей-Нұр бұл дүниенің өзінде мағынауи жәһаннам бар екенін, адасушылықтың өзі тозақ екенін көрсетеді. Сондай-ақ, имандылықта

6ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУбұл дүнияның өзінде рухани жәннат бар екенін дәлелдеп береді. Және күнә, жамандық, харам нәрселердің ішіндегі рухани азапты көрсетіп, ал жақсы қасиеттерде, шариғаттың ақиқатарында, ізгі амалдарда жұмақтың рахатына ұқсас рухани ләззат бар екенін көрсетеді. Осы-лайша, азғын жолда адасып жүрген жандарға осы тұрғыдан келіп, егер ақиқатты тыңдарлық ақылы болса құтқарып қалады. Себебі, мына заманда екі сұмдық жағдай бар.Біріншісі: Істің соңын ойламайтын және кейін болатын үлкен ләззатты дайын тұрған кішкентай ләззатқа айырбастап жіберетін сезім, ақыл мен ой-пікірді билеп алғандықтан азғын жолда жүргендерді қайтарудың бір ғана шарасы бар. Ол: дәл сол ләззаттының ішінде азап бар екенін көрсетіп әлгі, соқыр құмарлық сезімді басу.Және аятының ишара еткеніндей, бұл заманда адамдар ақыреттегі алмастай қымбат нығметтерді, мол ләззаттарды біле тұра, тез сынғыш әйнек секілді дүниелік ләззатарды таңдайды. Осы тұрғыдан алғанда дүниеқұмарлыққа салынып қауіпке бас тігеді. Бұдан құтқарудың бір ғана шарасы бар. Ол: Дүнияның өзінде жәһаннам азабына ұқсас азаптар бар екенін көрсету. Міне, Рисалей-Нұр осы әдісті қолданады. Әйтпесе, адамдар күпірліктің кесірінен азғындықтың ықпалынан құтыла алмайды. Оларға Аллаһ Тағаланы таныстырып, жәһаннамның бар екенін дәлелдеп, тозақ отымен қорқытып, «қисық жолдан, харамнан тиыл!» десең, он адамнның тіпті жиырманың бірі құлақ асып, дәріс алады. Дәріс алған соң, «Аллаһ Тағала аса мейірімді де кешірімшіл, әрі тозақтың ауылы алыс қой!» деп, қайтадан бұрынғы азғын жолын жалғастыра береді. Жанын, жүрегін сезім билеп алады.Міне, Риселей-Нұр көптеген теңеулер арқылы күпірлік пен адасушылықтың дүниядағы салдарын, сұмдық нәтижелерін көрсету арқылы ең қырсық, аса нәпсіқұмар адамдардың өзін әлгі сасық та пасық харам ләззаттардан, азғындықтардан жиіркендіріп, ақылы бар жандарды олардан бастартқызып тәубаға келтіруде. Ондай теңеулер, атап айтсақ, Жетінші, Сегізінші Сөздердегі қысқа мысалдар және Отыз Екінші Сөздің Үшінші тарауындағы ұзақ теңеу. Олар тым азғын, адасып жүрген бейбақты қорқытып, өз дәрісін мойындатқызады.Мысалы, Нұр аятында қиялмен саяхат жасаған кезімде анық көрген жәйтті қысқаша ишара түрінде баяндап берейін.

7MUKADDIMEЕгжей-тегжейлі білгісі келгендер болса, «Сикке-й Ғайбия» кітабының соңғы жағына қарасын.Сол саяхатта көргенім: Ризыққа мұқтаж хайуанат әлеміне материалистік философия көзімен қарадым. Қарасам, олардың мұң-мұқтажы бастан асады, әрі аш, әрі тым әлсіз, тым бейшара. Ол жан-жануарлар әлемі тым аянышты, ауыр халде көрінді. Осылай, адасқандар мен бейқамдардың назарымен қарағаныма қатты өкіндім. Кенет, Құран хикметімен, имани назармен қарадым. Сонда, Рахман есімі Рәззақ мағынасында жарқ еткен Күндей шыға келді. Әлгі, аш бейшара тірі жандар рахымның сәулесіне бөленді. Енді, хайуандар әлеміндегі жас төлдер мен нәзік нәрестелер назарымды аударды. Олардың бәрі де, тым әлсіз, өте әлжуаз, сонша мұқтаж, жанұшырған ауыр да мұңлы халде екендігі айналасын аяныштан жылатқандай, қараң қалған бір әлемді көрдім. Оларға, адасқандар секілді қарағаныма: «Қап, әттеген-ай!» деп өкіндім. Дереу, иман маған бір көзілдірік сыйлады. Сол көзілдірікпен қарасам, Рахым есімі шәпқат мағынасында жарқ етті. Әлгі, аянышты әлемді керемет сұлу, шырын да әсем бейнеге ауыстырды. Жарқыратып жібергені сонша, қайғы-мұңнан, өкініш пен аяныштан аққан жасты, қуаныш пен шүкірдің шаттық сезімінен рахаттанып аққан қуаныш жасына айналдырды.Енді, адамзат әлеміне назар аудардым. Оған да адасқандар секілді назармен қарадым, Сонда, ол әлем өте қараңғы, сұмдық қорқынышты көрінді. Жүрегім, аузыма тығылды «Қап!» дедім. Өйткені, адам бойында толассыз армандар, шексіз-талап тілектер, неше түрлі ой-мақсаттар, мәңгі болмысты аңсайтын қалау ниеттер, жәннатты қалайтын талпыныс-қабылеттер және шек қойылмаған түрлі сезімдер мен сансыз мұң-мұқтаждықтар бар. Сонымен қатар, басына небір бәле үйір, сан-алуан қиыншылықтар мен қауіпті дұшпандар қоршаған, өмірі тым қысқа, күн сайын, сағат сайын өлім қаупі төніп тұрады. Ала-сапыран өмір, қиын тірлік, ауыр тұрмыс, бұл әрине жүректі жаралап, рухты азапқа салады. Бір жағынан, өмірдің аяқталуы мен айырылы-сып қоштасулар, бір жағынан қараңғы қапастай көрінген қабір. Адам-дар топ-топ болып сол қараңғы шұңқырға түсіп жоқ болуда. Міне, адамзат әлемін осындай қараңғы да мұңлы түрде көргенімде, жүрегім де, рухым да, ақылым да тіпті, бүкіл сезімдерім зар еңіреп жылауға дайын еді. Кенет, Құраның Нұры, қуатты иман әлгі адасушылық на-

8ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУзарды жойып, имани назар ұсынды.Қарасам, Аллаһтың Әділ есімі Хаким көкжиегінде, Рахман есімі Кәрим көкжиегінде, Рахим есімі Ғафур көкжиегінде яғни мағынасында, Баис есімі Уарис көкжиегінде, Мухий есімі Мух-син көкжиегінде, Раб есімі Малик көкжиегінде әрқайсысы Күндей жарқырап, әлгі қараңғы әрі ішінде небір әлемдері бар адамзат әлемін жаппай жарыққа бөлеп, құлпыртып жіберді. Жәһаннамға ұқсас жағдайдан құтқарып, нұрлы ақырет әлеміне қарай тура терезе ашып, әлгі қайғылы адамзат дүниесіне нұр шашты. Мен дән риза болып, «Әлхамдулләһ, Әшшукрулиллаһ» дедім. Сонда, бұл дүнияның өзінде Иманның ішінде мағынауи жұмақ, ал күпірлікте мағынауи тозақ бар екеніне көзім жетті.Енді, жер шары бір әлем болып көрінді. Қиялмен саяхат еткен кезімде дінді қабылдамайтын философияның қараң қалған табиғат заңдары бойынша қарағандықтан сұмдық қорқынышты боп көрінді. Жер шары зеңбіректің оғынан жетпіс есе жылдам қозғалып барады. Жиырма бес мың жылдық жолды бір жылда жүріп өтеді. Мұндай жылдамдықпен кез келген уақытта быт-шыт болуы мүмкін, ішкі жағы дүмпіп жатқан, әбден қартайған жер шары сұмдық алып кеме тәрізді ұланғайыр кеңістікте саяхат жасап барады, үстінде шарасыз жағдайдағы адамзат бар. Бұл жағдай маған тым ауыр, қорқынышты болып көрінді. Көзім қарауытып, басым айналды. Философияның көзілдірігін жерге бір ұрып сындырдым. Кенет, Құранның хикметі, иманның даналығы арқылы нұрлы көзбен қарадым. Қарасам, Аспан мен жерді жаратқан «Қадир», Алим», «Раб Аллаһтың», «Рабб-ус сәмәуат-и уәл ард», «Мусаххир-үш Шәмси уәл қамар» есімдері, «рахым», «азамет», «рубубият» көкжиегінде Күндей жарқырап нұрға бөледі. Әлгі, қараңғы, үрейлі, сұмдық боп көрінген әлем жап-жарық боп кетті. Сол кезде менің иманды көзіме жер шары керемет, өте бағынышты, еш қауіпсіз, сенімді және әркімнің ризық несібесі ішінде сенімді саяхат кемесі тәрізді көрінді және көңіл көтеру үшін, әрі сауда жасау үшін тіршілік иелерін мінгізіп алып, Күнді айна-лып кезіп жүрген және жаз, көктем, күз мезгілдерінің өнімдерін тұтынушыларға таситын ұшақ яки поезд тәрізді көрдім. Жер шарының зәррелері санынша «Әлхамдуилләһ ала ниғмәт-ил Иман!» дедім.Міне, осындай көптеген теңеулермен Рисалей-Нұр адасқандар мен азғындардың бұл дүнияның өзінде жәһаннам азабын шегіп

9MUKADDIMEжүргендігін, ал имандылар мен ізгі амал жасаушылар, бұл дүнияның өзінде рухани жәннатта рахаттанып жүргенін нақты дәлелдеп берген. Әрине, әркім оны иманның дәрежесіне қарай сезінеді. Бірақ, мына аласапыран заманда сезімді шатастыратын, адамның назарын басқа жаққа аударып,ақылын шашыраңқы қылатын ағымдар ақыл-ойды тұсаулап, есеңгіретіп тастағандықтан, адасқандар рухани азапты әзірше нақты сезбей жүр. Һидаят бұйырған имандылар да ғапылдыққа салынып, нағыз рухани ләззаттың дәмін ала алмай, қадірін білмей жүр.Бұл ғасырдағы екінші қауіпті жағдай:Бұл заманда мутлақ күпірлік және пән-пәлсападан туындаған ада-су сондай-ақ, күпірліктен пайда болатын қырсықтық, тәкаппарлық бұрынғы уақытпен салыстырғанда өте көп. Ескі заманда Ис-лам ғалымдарының дәрістері, айтқан дәлелдері адамдарды толық қанағаттандыратын. Көкейдегі күмән-күдікті тез арада жойып жіберетін. Ол кезде жұрт жаппай Аллаһқа сенетіндіктен Аллаһ тура-лы айтып, жәһаннам азабын еске түсіргенде көпшілік қисық жолдан қайтып, тәубаға келетін.Бұрын бір елде бір ғана кәпір болса, қазіргі заманда бір ауыл-да жүз кәпір бар. Бұрын пәнмен, іліммен адасып, қырсығып иман ақиқаттарына қарсы шығатындардан қазіргілердің саны жүз есе көп. Бұл тоңмойын қырсықтар перғауынға ұқсап тәкаппарлана, қыңыр кетіп иман ақиқаттарына қарсы шығады. Сондықтан, оларға қарсы атом бомбасы секілді қуатты, бұ дүнияда да олардың наным-сенімдерін тас-талқан қылатын құдси, киелі ақиқат ләзім. Сонда, олардың шабу-ылы тоқтап, кейбіреуі иманға келеді. Міне, Құдайға сансыз шүкір, осы заманның мағынауи дерттеріне дәл шипа боларлық Қасиетті Құранның мағынауи мұғжизасы, нұр сәулесі Рисалей-Нұр көптеген теңеу-мысалдармен ең қырсық, тоңмойындарды да Құранның ал-мас қылышымен шауып, тас-талқан етуде. Әлемде қанша зәрре бол-са, сонша уахданиятқа дәлел көрсетеді яғни Аллаһтың бір екенін, иманның ақиқаттары рас екенін нақты түрде, көзге шұқып тұрып көрсетеді. Жиырма бес жылдан бері небір шабуылдарға төтеп беріп, жеңіске жетуде.Иә, Рисалей-Нұр иман мен күпірді салыстыра отырып, адасу мен тура жол қалай болмақ екенін көзбен көргендей дәлелдейді.

10ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУАтап айтар болсақ, Жиырма Екінші Сөздің екі тарауы, ондағы айғақтар, Лемалар, Отыз Екінші Сөздің бірінші бөлімі, Отыз Үшінші Мектубтың терезелер атты бөлімі және Аса-и Мұса жинағының Он бір айғағы міне, осы аталған Рисалелерді салыстыра әрі өте мұқият оқыса, қазіргі замандағы мутлақ күпірліктің, қырсық дінсіздіктің сағын сындыратын, күлін көкке ұшыратын Рисалей-Нұрда көрініс тапқан Құрани ақиқаттар белгілі болады.Иншаллаһ, Тылсымдар топтамасы кітабында, діннің маңызы зор терең сырлары мен әлемнің жаратылу себептері қалай баяндалған болса, осы аталған жинақтарда солай топтастырылған .Сондай-ақ, адасқандар бұл дүнияның өзінде тозақи өмір кешу-де, ал тура жолдағылар дүниеде де жұмаққа тән рахатта болатынын көзге көрсетіп, иманда жәннаттың мағынауи тұқымы бар екенін, ал күпірлікте Жәһаннамдағы заққұм ағашының тұқымы болатынын дәлелдеген Рисалей-Нұрдың сол тақырыптағы үзінділері қысқа да нұсқа бір кітапшаға жинақталып, жақында жарыққа шығады деген үміттемін, иншаллаһ.Саид Нұрси

Бірінші Сөз«Биссмилләh» әрбір жақсылықтың бастамасы. Олай болса, бiз де «Биссмилләhтан» бастайық.Ей, нәпсiм! Бiлiп қой! Бұл мүбәрак сөз, Исламның белгiсi. Сондай-ақ, оны бүкiл жаратылыс атаулы, өздерiне тән тiлімен әрдайым қайталап отырады. «Биссмилләh» қажымас қайрат, таусылмайтын береке екенiн бiлгiң келсе, мына шағын хикаяға назар аудар, құлақ сал:Бәдәуи араб сахарасына сапарға шыққан адам жол торыған қа рақшылардан аман құтылып, өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуі үшiн белгiлi бiр қауымның басшысының атымен әрекет етіп, оны өзіне пана тұтып жүруі керек. Әйтпесе, қаптаған жауға, жол қиыншылығына душар болып, әбіржіп кететіні рас.Екi адам осындай жолға шығыпты. Олардың бiреуi – кiшiпейiл, екiншiсi – тәкаппар екен. Кiшiпейiлі әлгіндей бiр басшыны пана тұтады, ал тәкаппар жолаушы оны қажетсінбеді. Кішіпейіл жолаушы барлық жерде аман-есен жүрдi. Жолда қарақшыларға жолықса: «Мен пәлен деген басшының атынан жүрмін» – дейдi. Қарақшылар тиiспей, жөнiне кете бередi. Сондай-ақ, жолай үйлерге ат басын бұра қалса, әлгі беделдi басшының арқасында құрметке бөленедi.Ал, анау тәкаппардың жол бойы әбіржіп азып-тозғаны соншалық, жағдайын сөзбен жеткiзу мүмкін емес. Әрдайым зәресi ұшып, қорқыныш пен үрейден әбден титықтапты. Ақырында досқа күлкi, дұшпанға таба болыпты.Мiне, ей тәкаппар нәпсiм! Сен де бір жолаушысың. Мына дүние шексiз сахара секілді. Өзің әлсiз, пақырсың. Дұшпаның көп, ал өзінің көп нәрсеге мұқтажсың. Ендеше, мына сахараның иесi Хаким-i Әзели Аллаһтың есiмiн пана тұт! Сондағана әлемдегі құбылыстардан, түрлі қауіп-қатерден аман болып, оларға тәуелдi болудан құтыласың. Сенің әлсіздігің мен пақырлығың әлгі қасиетті сөздің арқасында құдiретi күштi Аллаhтың алдында саған шапағатшы болады. Сондықтан, әрбір iсін «Биссмилләh» деп бастайтын адам ешкiмнен қорықпайтын, қандай iс болсын заң жүзiнде, мемлекет аты-нан абыроймен атқарып, бәрiне төтеп беретін жауынгерге ұқсайды.

12ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУСөз басында күллі жаратылыс өздерiне тән тiлмен «Биссмилләh» дейт iнін айтып өттік. Ендi соған тоқталайық:Мәселен, бiр адам бүкіл қала тұрғындарын бір өзі бiр жерге жи-нап мәжбүрлеп жұмысқа жексе, оның бұл iстi өз күшiмен емес, біреудің атынан, яки Патшаның құдiретiне сүйеніп, мемлекет атынан атқарғанын түсінесің.Сол секiлдi бүкіл нәрсе Хақ Тағаланың атымен іс атқарады. Кiп-кiшкене дәнектер зәулім ағаштарды көтеріп тұрады. Әрбір ағаш «Биссмилләh» деп, Аллаhтың рахым қазынасындағы жемiстердi бізге жеткізіп отырады. Бау-бақшалар, да «Биссмилләh» дейдi. Бей-не бір сан-алуан дәмдi тағамдар бірге пiсiрiлiп жататын Иләhи қазан тәрізді. Сиыр, қой, ешкi, түйе секiлдi жануарлар «Биссмилләh»дейді, Бiздi Аллаhтың «Рәззақ» атымен, өте жұғымды аппақ сүтпен қамта масыз етедi.Өсiмдiктер мен ағаштардың жiбектей жұмсақ тамырлары «Биссмилләh» дейді. Қатып қалған тас пен топырақты тесіп өтеді. «Аллаh атымен, Рахман атымен» дегенде бәрi қыз метшi бола қалады.Ағаштың бұтақтары ауада еркін жайылып, жемiс салатыны тәрiздi нәзік тамырлар дың жер астында емiн-еркiн жайылып, түйнек салуы, сондай-ақ, нәзiк, жасыл жапырақтардың аптап ыстықта айлар бойы жап-жасыл қалпында тұруы; «табиғат жаратты» дегендердiң аузына құм құяды. Оларға:«Көздерiң соқыр ма? Көрмейсiңдер ме? Қат тылық та, ыстық та Құдайдың бұйрығымен әрекет етеді. Әлгi жұп-жұмсақ нәзік тамырлар Мұсаның (Ғ.С.) аса таяғы тәрiздi әмiрiмен тас-топырақты қақ жара ды. Жұп-жұқа, нәзiк жапырақтар Ибраhимнiң (Ғ.С.) ағзалары тәрiздi отқа қарсы аятын оқиды» – дейді.Иә, барлық нәрсе «Биссмилләh» деп, ырыс- нығметтерді Аллаhтың атымен бiзге әкеліп беруде. Ендеше, бiз де «Биссмилләh» деуiмiз ке-рек. Аллаh атымен алып, Аллаh атымен беруiмiз керек. Аллаh атымен бермейтін, ғапыл, бейқам адамдардан алмауымыз керек.Сауал: Әлгі ризық-нығметтерді әкеліп беруші себептерге мән беріп, баға берiп жатамыз. Алайда, бұл нығметтердiң нағыз иесi Аллаh Тағала, мұнша нығметтерінің ақысына не сұрайды?

13БІРІНШІ СӨЗЖауап: Иә, нағыз Жарылқаушы, аса Қамқор Аллаh Тағала өзінің құнды нығметтерi үшiн бiзден үш нәрсе сұрайды. Олар – зiкiр, шүкiр, пiкiр.Әрнәрсенің басында «Биссмилләh» айту – зiкiр. Соңында«Әлхамдү лиллә h» деу – шүкiр. Ортасында осыншама таңғажайып нығметтердi Әхад әрi Самәд Аллаһтың құдреті жаратты, Оның жарылқауы, сыйлығы деп бiлу – пiкiр.Патша өте пақыр адам арқылы бiреуге қымбат сыйлық жiберсе, мұны алған пенде сыйлықты әкелген әлгі мiскiннiң аяғын сүйiп, риза болып, ал сыйлықты жіберген нағыз иесiн сұрамаса, танымаса, барып тұрған ақымақтық емес пе? Сол сияқты сырт көзге нығметті беруші, негізінде тасушы ғана себептерге аса мән беріп, оларды жақсы көрiп, ал нағыз иесі аса қамқор Мүним-i Хақиқи Аллаһты ұмыту немесе та-нымау әлгі мысалдағыдан мың есе ақымақтық.Ей, нәпсiм! Мұндай ақымақ болғың келмесе, Аллаh атымен бер! Аллаh атымен ал! Аллаh атымен баста! Аллаh атымен әрекет жаса! Уәссәлам.

Екінші СөзИманда мол бақыт, зор нығмет, таусылмас ләззат, керемет рахат бар екенін бiлгiң келсе, мына мысали хикаяға назар аудар, құлақ сал!Бiрде екi адам көңiл сергiтiп әрі сауда-саттық жасау үшiн сапарға шығады. Олардың бiреуi өзiмшiл де бейбақ, екiншiсi Құдайшыл, бақытты адам болатын. Екеуi екi бағытқа кетедi. Қара басының қамынан басқаны ойламайтын өзiмшiл һәм әр нәрсенің болымсыз жағына қарайтын сорлы, жаман ниетiне қарай назарында жаман елге тап болады. Ол елдің тұрғындары залымдардан қиянат көріп, жылап-еңіреген бейшаралар боп көрінеді. Қайда барса да қасірет шегіп, зар жылаған мұңлықтарды көредi. Орталықтың өзiнде қорқынышты жаназа мен тірі жетiмдердi көріп қатты күйзеледі. Бұл қайғы-қасiреттi сезбеу үшiн шарап iшiп, мас болудан басқа шара таппайды. Өйткенi бәрi оған жат, дұшпан болып көрiнедi.Ал, бақытты жан болса, жақсы ниеті мен дархан мiнезiнiң арқасында керемет елге тап болады. Барған жерiнде бәрі қуанышты, көңiлдері көтерiңкі. Барлығы оған дос, күлім қағып, туыс-бауырдай көріндi. Тәкбір, Тәхлил яғни зікір салып, әскерге алынушыларды құттықтаған дауылпаз, сырнайлардың сазды дауысын естiп шаттанып қалды. Әлгi бейбақтың жағдайына керісінше, мына бақытты жанның көрген қызығы мен қуанышы зор едi. Көпшіліктің қуанышына мерейi тасып, көңiлi жәй тапты. Жүзi жадырап, iстеген саудасы да сәттi болып, табысқа кенелдi. Аллаhқа шүкiр еттi.Сапардан оралып келе жатқанда екеуi қайта жолықты. Бақыттысы танысының ауыр жағдайын айтқызбай-ақ түсініп, былай дедi:

15ЕКІНШІ СӨЗ«Ау, жүнжіп кетіпсің ғой. Iшiңдегi жамандықтар сыртыңа шыққан-ау, күлудi – жылау, әскери міндеттен босатылуды – тонау, дүние-мүлкiн талан-таражға салу деп, босқа уайымдапсың. Ендi ақылға келiп, жүрегiңдi тазарт! Назарыңды бүркемелеп, ақиқатты көрсетпей тұрған пердені ысырып таста дағы ақиқатты көр! Шексiз әдiл, өте рақымды, халқына қамқор, жанашыр, мейiрбан да қайырымды Патшаның елi сен ойлағандай болуы мүмкін бе? Әрi көз алдыңда осыншама өркениет пен кемелдіктің нышандарын көрсетіп тұрған мұндай ел сен ойлағандай жаман болуы мүмкін емес!»Осыны естiгеннен кейiн әлгі сорлы есін жинап, өткенiне өкiніп: «Иә, мен iшiмдiктiң кесiрiнен тоз-тоз боп жүнжіп кетіппін. Аллаh саған риза болсын! Сен менi тозақи жағдайдан құтқардың», – деп рахметін айтады.Ей, нәпсiм, бiлiп қой! Бiрiншi адам кәпiр немесе Аллаhты ұмытқан, пасық адам. Оның назарында мына дүние, қасiретке толы, қайғысы көп жер. Тiршiлiк иелері ақырында жоқ болудан құтыла алмай, зар еңiреген жетiмдер сықылды. Хайуанат, адамзат ажалдың тырнағынан құтыла алмайтын бейшаралар тәрізді. Ал, тау мен теңiз, табиғат меңіреу, үрейлі жаназа түрінде көрiнеді. Сөйтіп әлгі бейбақтың зәресі ұшып, бойын үрей билеп, күпiрлiк пен азғындықтың кесiрiнен рухани азап шегеді.Ал, екiншi адам болса мүмин. Ол, Хақ Тағаланы танып, мойындайды. Ол мына дүниенi Рахманды зiкiр ететін жер, адамзат пен жан-жануардың тәлiм-тәрбие алатын орны, адамдар мен жындардың сынақ алаңы деп түсiнеді. Сондай-ақ, өлімді, адамдар мен хайуандардың бостандыққа шығуы, дүниедегі мiндетiн атқарғандар, дүрбелең әлеммен қош айтысып, әлдеқайда бақытты, анағұрлым тыныш о дүниеге аттанады. Сөйтіп өздерiнен кейiнгiлердiң тiршілiк етiп, қызмет етуіне орын бередi деп түсінеді. Бүкiл адамзат пен хайуандардың дүниеге келуі – отандық борышын өтеу үшiн әскер қатарына алынып, қару асынған жауынгер секілді жауапкершілігі мол мiндет атқару боп табылады. Тiршiлiк иелерi – тапсырма алған әскер, белгiлi міндет жүктелген қызметкерлер. Дүниедегі барлық дыбыстар мiндеттi орындар алдындағы зiкiр мен тәсбих, демалыс кезiндегi шүкiр мен рахаттану немесе еңбекке құлшыныстан туындаған дыбыстар. Жаратылыс атаулының барлығы Сәйид-і Кәрим, Мәлик-i Рахим

16ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУАллаһтың адал қызметшiлерi, оқылатын қызықты кiтаптар тәрізді. Осылай қараған кезде иманның саясында дүния тамаша мекен-жай болып, ләззаты мол ұлы ақиқаттар ашылып, көңiлді жадыратады.Демек, Иманның ішінде Жәннаттағы Туба ағашының рухани дәнег i бар. Ал, күпiрлiкте Жәhаннамдағы Заққум ағашының рухани дәнегi жатады. Демек, есендік пен саламат тек Ислам дiнi мен Иманда. Олай болса, бiз әрдайымдеуге мiндеттiмiз.

Үшінші СөзҚұлшылықтың мол бақыт, орасан зор пайда екенін, ал пасықтық пен нәпсі құмарлық күллі зиян, қайғы-қасiрет екенін бiлгiң келсе, мысал ретінде мына хикаяны зейiн қойып тыңда!Бiрде әскери мiндетiн өтеп жүрген екi адам шалғайда орналасқан бiр қалаға баруға бұйрық алып, жолға шығады. Олар едәуiр жүргеннен кейiн, жол екiге айрылады. Жол айрығында бiр адам кез болып, екеуiне былай дейдi:«Бұл жолдардың тағдыры екi басқа. Оң жақтағысымен жүргендердiң ұдайы жолы болып, ойлаған мақсатына жетедi. Бұл жолды қалаған он адамның тоғызы пайдаға кенелiп, рахатқа бөленедi. Ал мына солға кеткен жол, ешкiмге пайда бермеген. Бұған түскен он адамның тоғызы зиян шеккен. Дегенмен екi жолдың қашықтығы бiрдей. Бiрақ, мынадай бiр айырмашылығы бар. Сол жақты қалаған адам қоржын арқалап, қару асынбайды. Басқарушыға да, тәртіпке де бағынбайды. Өткiншi де алдамшы рахатқа батады. Ал, оң жақты қалаған адам әскери заңға бағынуға міндетті әрі жол азығы салынған қоржын мен кез-келген дұшпанды жайратып салатын қару асынуы шарт».Мұны естіген соң біреуі оң жақ жолды қалайды. Арқасына қор-жынын арқалап, белiн бекем буады. Сөйтiп, үрей мен қорқыныштан, кiрiптарлықтан аман болып, көңiлі жәй, сапары сәтті болады. Ал, өзіне қажетті жүкті арқаламай, заңға бағынғысы келмей сол жақты таңдаған екінші жолаушы болса, жүк арқалаудан құтылғанымен, жүрегi зiл батпан кiрiптарлықтың астында қалып, нағыз ауыр жүкті сол көтерді. Анталаған дұшпаннан зәресі ұшып, рухани күйзеліске-түстi. Жол бойы жұрттың бәрiне қайыршы атанып, уайымнан бір құтыла алмайды. Баратын жерiне өлiмшi болып, зорға жеттi. Онда да сатқындығы мен заңға бағынбағаны үшiн қашқын ретінде жазасын тартты.

18ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУАл, әскери заңға бағынып, қоржыны мен қаруын тастамай оң жақ жолға түскен жауынгер ешкiмге кiрiптар болмай, ешқандай қауiп-қатерге ұрынбай, абыройлы түрде көңілі шат болып барар жерiне жетті. Ол жерде мiндетiн адал атқарған қаhарман жауынгерге лайық сый-сыяпат көрді.Ей, тентек нәпсiм! Бiлiп қой, әлгі екi жолаушының бiрi, Аллаhтың заңдарына бағынатындар, ал екiншiсi болса, Иләhи тәртіпке көнбей, нәпсiнiң дегенiнен шыға алмайтындар. Жол деп отырғанымыз – рухтар әлемiнен келiп, қабiрден өтiп, ақыретке бастар өмір жолы. Қоржын мен қару-жарақ – ғибадат пен шынайы тақуалық. Сырт көзге құлшылық ауыр болып көрiнгенiмен, шын мәнiнде рахат әрі жеңіл екенін сөзбен айтып жеткiзу мүмкін емес. Себебi, ғабит, яғни, құлшылық ететін адам, намазда дейдi. Яғни, «Жаратушы да, Рызық берушi де – Ол. Зиян да, пайда да соның қолында. Ол – Хакiм, яғни, әрбір ісі хикметке толы, мақсат пен пайда бар. Ол – әсте бос, мағынасыз іс жасамайды. Ол – Рахим, сыйы мен мейiрiмi мол, шексіз» деп сенгендiктен барлық нәрседен мейiрiмдiлiктiң нышанын көріп, дұға-тiлек арқылы жақсылық күтеді. Сондай-ақ барлық нәрсе Раббысының қолында екеніне кәміл сеніп, рахымына сыйынады. Тәуекел етіп, Оған үміт артады. Түрлi жаманшылықтардан Оған сыйынып, Оны пана тұтады. Ең сенімді қорғаны өз иманы болмақ.Иә, барша жақсылық та, тіпті, шынайы батырлық та Иман мен ғибадаттан бастау алады. Ал, бүкiл жаманшылық, тіпті, қорқақтық пен азғындық та имансыздықтан туады.Иә, жүрегі нұрға бөленіп, иманға толы болған құлды Жер шары бомба болып жарылса да қорқыта алмайды. Керісінше, Самәдани құдiреттiң жойқын құбылысын тамсана тамашалайтын болады. Ал, оның орнында имансыз, пасық философ болса, ондай жарылыс түгiлi көктегi құйрықты жұлдызды көрiп, қорқып: \"Апырым-ай, мына сандалған жұлдыз Жер шарымен соғып кетпей ме екен?\" – деп, сары уайымға салынады. (Осындай аспан құбылысынан бір кездері Америка жұрты қорқып, үйлерiнен безіп, далаға түнегенi бар).Адам баласы көп нәрсеге мұқтаж, бірақ қолы қысқа, күші жоқтың қасы. Өмірде кезiгетін пәлелерге нысана болып тұрса да, ерік-шамасы қолының жеткен жерiне дейiн ғана. Ал мұң-мұқтаждығы

19ҮШІНШІ СӨЗкөзi мен қиялы жеткен жерге дейiн созыла береді. Олай болса тым әлсiз, шарасыз әрi пақыр, мұң-мұқтажы мол адамға Жаратқан Иесіне құлшылық қылу, тәуекел ету, иман келтіру тәухид, Иләһи үкімдерге мойынсұну қаншалықты тиімді де пайдалы, мол бақыт , зор нығмет екендiгiн мүлдем көр-соқырға айналмаған жандар түсiнер, бәлкім көрер.Адамдар зиянды жолдың қауіптілігін ойлап тіпті оннан бiр ықтимал болса да зиянсыз жол іздейтіні мәлім. Әңгімеге арқау болып отырған құлшылық, Исламның хақ жолы еш зиянсыз болуымен қатар оннан тоғыз ықтимал мәңгiлiк бақытқа бөлеп, қымбат қазына таптырмақ.Ал, күпiрлiк пен азғындық жолы түк пайдасыз екенін тіпті пасықтар да мойындауда және о дүниеде азап шегетіндігін «әhл-и кешф» дәрежедегі әулиелер бір ауыздан куәлік етуде.Олар пасықтық оннан тоғыз ықтимал мәңгi азапқа салатын, құрдымға апаратын кесiрлi жол екені анық дәлелдеген.Қорытынды: Аллаhқа әскер болып мойынсұну және шынайы құлшылық бұл дүниеде де, ақыретте де бақытқа бөлейді. Олай болса, бiз әрдайым:деп мұсылман болғанымызға шүкiршiлiк етуіміз керек.

Төртінші СөзНамаздың мол байлық әрi маңызды шаруа екендiгiн, және сол байлыққа көп нәрсе жұмсамай-ақ, аз ғана шығын арқылы қол жеткізуге болатындығын, ал, бейнамаз жүрген бейбақ адамның күллі зиян шегетiндігі екі жердегі екінің төрт болатындығы секілді нақты екендігін білгің келсе, мына мысали хикаяға назар аудар:Баяғыда бiр патша, екi қызметкерiнiң әрқайсысына жиырма төрт алтын нан берiп, екi айлық жердегі өзінің жеке, әдемi саябағына қоныс танып, сол жақта өмір сүруін бұйырады. «Мына қаражатқа жолға керек заттар мен билет алыңдар, сондай-ақ ол жақта қажеттi нәрселер сатып аларсыңдар. Бiр күндiк жерде бекет бар. Бекетте автобус, кеме, поезд, ұшақ секілді жол көліктері бар. Қаражаттарыңа қарай мiнерсiңдер», – деді.Екi қызметшi бұйрық алған соң жолға шығады. Олардың бiреуi бақтияр едi. Бекетке дейiн аз шығындалып, оның есесiне қожайынының көңiлiнен шығатын сауда жасап, қалтасындағы қаражат мың есе артып кетті. Ал екiншi қызметшi болса, бейбақ, ойына келгенді жасай беретін. Бекетке дейiн жиырма үш алтынын құмар ойындарына жұмсап ысырап қылады. Бiр ғана алтыны қалғанда жолдасының жаны ашып: «Қалған бiр алтыныңды билетке қалдыр! Жол ұзақ, аш-жалаңаш қалу қаупi бар. Қожайынымыз мейiрiмдi ғой, мүмкiн қатеңдi кешiрер, тiптi ұшаққа да мiнгiзiп жіберер. Сөйтіп барар жерiңе бiр күнде жетiп аларсың. Әйтпесе, екi айлық жолда аш-жалаңаш әрi жаяу жүруiңе тура келедi», – дедi.Апырым-ай, анау адам қасарысып, қолындағы бiр ділдәсiн қазынаның кiлтiндей қымбат, өзіне аса қажетті билетке бермей, оны да өткiншi ләззат, бол машы қызық үшiн құмар ойынға жұмсап жіберсе, оның ақылсыз, ақымақ екендiгiн ең ақымақ адамдар да түсінетін болар.

21ТӨРТІНШІ СӨЗМiне, ей бейнамаз адам! Және намазды жақтырмайтын нәпсiм! Бұл мысалдағы патша деп отырғаны – Раббымыз, Халиқымыз – Аллаh. Ал, екi қызметшi, яғни жолаушылар болса, бiреуi – намазын ықыласпен оқитын, екiншiсi – ғапыл, намаз оқымайтын бейқам кiсiлер. Жиырма төрт алтын деп отырғаны, бiр күндегi жиырма төрт сағаттық өмiр. Ал, сая-бақ болса - Жәннат. Бекет дегені қабiр. Сапар болса, қабiрге қарай одан махшарға, одан әрi мәңгiлiк әлемiне жалғасатын адами ғұмыр. Ол жолды әркім тақуалығына қарай әрқилы жүрiп өтеді екен. Кейбiр тақуа кiсiлер мың жылдық жолды бiр күнде қиялдай самғап өтсе, кейбірі елу мың жылдық жолды бір күнде өтіп кетеді. Бұған Қасиеттi Құран екi аятымен ишара етедi.Ал, манағы билет болса – намаз. Бес уақыт намаз дәретiмен қоса есептегенде бiр сағат қана уақыт алады. Апырым-ай, жиырма үш сағатын мына жалған дүниеге жұмсап, ал мәңгi, өмірге бiр сағатын қимаған адамның қаншалықты зиянға ұшырайтынын, өзi-өзіне зұлымдық жасайтынын аңғарған шығарсың. Мың кiсi қатысқан, ұту мүмкіндігі мыңнан бір ғана құмар ойынына қолындағы ақшасының жартысын салуды жөн санап, ал ұтары жүзден тоқсан тоғыз ықтимал \"мәңгiлiк қазына\", үшін қолда барының жиырма төрттен бір бөлігін бермеу ақымақтық екенiн түсiну қиын ба? Оның үстіне, намаз оқығанда рух, жүрек, ақыл-ой сияқты сезiмдер тынығып, рахатқа батады. Шаршататындай ауыр жұмыс та емес және намаз оқыған кiсiнiң бейкүнә iстерi, тұрмыс тіршілігі құлшылық болып есептеледi. Осылайша, бүкiл өмiрiн ақыретке арнап, фәни өмірін мәңгi-бақи өмiрге айналдырады.

Бесінші СөзНамаз оқу, ауыр күнәлардан аулақ болу адамның басты мiндетi және жаратылысы соған лайық екенiн бiлгiң келсе, мына шағын мысали хикаяны тыңда:Соғыс кезінде бір әскери бөлiмшеде бiреуi білімді де ұқыпты, екіншісі ұқыпсыз, тамақсау екi жауынгер болыпты. Ұқыпты жауынгер әскери дайын дыққа ынталы болатын, нәпәқасын, ішіп-жемін ойлап басын ауыртпайтын. Өйткенi, толық қамтамасыз ету, қарумен жабдықтау, ауырып қалса емдеу, тiптi керек кезiнде тамақты аузына апарып салу да мемлекеттiң мiндетi екенiн, өзінің мiндетi білім алу және отанды қорғап соғысу екенiн жақсы білетін. Кейде тамақ әзірлеу, қазан қайнату, ыдыс-аяқ жуу, су тасу жұмыстарын да атқаратын. «Не iстеп жүрсiң?» – десе, ол: «Отан алдындағы борышымды, әскери міндетімді өтеп жүрмiн», – деп жауап беретiн. Ешқашан: «Нәпәқа табу үшін, күн көріс үшін жүрмін» – демейтiн.Ал, тамақсау, жауапкершілігі төмен жауынгер болса, оқу мен соғыс өнерiне немқұрайлы қарап: «Ол мемлекеттiң жұмысы, маған керегi не» – дейтiн. Әрдайым қарнының қамын ойлап, әскери дайындықтан қашып, базар аралап, сауда жасайтын. Бiр күнi тәртiптi құрдасы оған былай дедi: «Достым, сенiң мiндетiң білім алу мен соғыс өнерiн жетік меңгеру. Сен бұл жерге сол үшiн келдiң. Патшаға сенiм арт. Ол сенi аш қалдырмайды, сенi асырау оның мiндетi. Сенің шамаң шектеулі, дәрменсіз әрi пақырсың. Өзiмдi өзім қамтамасыз етемiн деп әуре болма әрi қазір соғыс уақыты болғандықтан бұл тәртiпсiздiгiң үшiн жазаға тартыласың. Рас, атқарылуы тиiс екi мiндет бар. Бірақ, бiреуi патшаның мiндетi. Ол – бiздi асырау, қамтамасыз ету. Оны кейде өзiмiзге істетеді. Екiншiсi бiздiң мiндетiміз. Ол – оқып тәлім алу, соғысу. Патшамыз бiздi қару-жарақпен қамтамасыз етіп, жағдай жасайды».

23БЕСІНШІ СӨЗАпырым-ай, манағы олақ жауынгер ұқыпты досы ның айтқанына құлақ аспаса, жағдайы қиын болары түсінікті шығар.Ей, жалқау нәпсiм! Әлгi аласапыран соғыс майданы – мына дүбiрге толы дүние. Әскер болса адамзат, ал оның бiр бөлiмшесi – осы ғасырдың Ислам жамағаты, яғни, мұсылмандар. Ондағы екi жауынгердiң бiреуi Аллаhтың әмiрлерiн орындап, күнәлардан аулақ болу үшiн шайтанмен айқасып жүр ген тақуа мұсылмандар. Екiншiсi, Құдайға сенбегендей күнкөрістің қамы деп Аллаhтың әмiрлерiн орындамай, адал мен арамды айырмайтын пасық адамдар. Ал, тәлім-тәрбие болса, құлшылық, ең бастысы – намаз. Ал, соғыс болса адамның әуестікке берілмей нәпсiмен күресуі және жын және адам кейпiндегi шайтандармен шайқасуы. Жүрек пен рухты арашалап, мiнез-құлықтың бұзылуынан сақтану.Ал, атқарылуы қажет екi мiндеттiң біріншісі – жан беріп, өмір сыйлап әрі оны қам тамасыз ету. Екiншiсi болса, өмiр сыйлап, оны жан-жақты қамтамасыз етушіге шынайы түрде берiлiп, жалбарыну, Оған тәуекел етiп, сену.Иә, әсем де ғажайып Иләһи өнер болып табылатын және хикметке толы мына өмірді кiм сыйлаған болса, оны жалғас тырып, қамтамасыз ететін де сол ғана. Басқа ешкiмнің қолынан келмейді. Дәлел керек болса, өте әлсiз әрi түйсігі жоқ хайуандарға қара! Олар өте керемет қоректенедi. Мысалы, нәзік құрттар мен балықтар. Жаратылысы нәзік, бейшара болғандықтан өте керемет азықтанады. Бүкіл нәрестелер мен жан-жануарлардың төлдерi де солай. Демек, адал ризық табу күш пен ептілікке байланысты емес, керісінше әлсiз дiк пен шарасыздыққа байланысты. Дәлел ретінде балықтарды түлкiлермен, кiшкене төлдердi үлкен жануарлармен, ағаштарды хайуандармен салыстыру жетіп жатыр. Демек, намаз оқымай тек күн көрістің қамын ойлайтын адам әлгi жауапкершілікті сезінбейтін жауынгерге ұқсайды. Ал, намазын оқып, Рәззақ-ы Кәрим, Жомарт Аллаһ жаратқан дәмханадан несібесін іздеу, бiреуге масыл, жүк болмау үшiн өзi барып алуы мәрттiк әрi құлшылық болып есептеледi.Иә, адамның жаратылысы, оның бойындағы қасиеттер құлшылық үшiн жаратылғанын көрсетеді. Өйткенi, адам тек бұл дүниелiк өмірді ойлап, бар күшін соған жұмсаса тұрмыс жағдайы құс екеш торғайға

24ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУда жете алмайды. Алайда, рухани өмір сүріп, ақы реттiң қамын ойлап, өзінің пақыр екенін мойындап, Жаратқан Раббысына жал барынса бүкiл тiршiлiк иесiнiң сұлтаны, әміршісі деген жоғары мәртебеге ие болады.Демек, ей, нәпсiм! Егер басты мақсатың дүниелiк өмiр болып, тек соның қамын ойласаң, торғаймен деңгейлес болып қаласың. Егер ақы реттік, рухани өмiрдi ойлап, сол жақта бақытты болуды мақсат қылсаң және мына фәни өмiрдi соған ұйытқы, оның егiн алқабы деп қабылдап, о дүниеге қам жасасаң, барлық тiршiлiк иелерiнiң басшысы әрi Хақ Тағаланың бұл дүниедегi ерке құлы, қымбатты да қадiрлi қонағы боласың.Мiне, саған екi жол. Қалағаныңды таңда. Тура жол мен таупықты Әрхам-ур Рахимин, Мейрімділердің ең мейірімдісі Аллаһтан сұра!

Алтыншы СөзЖанын және дүниесін жаратқан Аллаhқа сату және Оған құл, әскер болудың тиімді сауда, үлкен абырой, биік лауазым екенiн бiлгiң келсе, мына мысал ретiндегi қысқаша хикаяны тыңда!Баяғыда бiр патша қарамағындағы екi адамға аманат ретiнде әрқайсысына бiр-бiр қожалық бередi. Ол қожалықта фабрика, өндiрiстiк мәшине, ат-көлiк, құрал-сайман секілді тұрмысқа қажеттi барлық жабдықтары сайма-сай екен. Бiрақ, сұрапыл соғыс кезi болғандықтан бәрі баянсыз, бар нәрсе жоғалып немесе өзгерiске ұшырап жатқан заман екен. Мейірімді Патша әлгi екi адамға ілтипат жасап бiр елшісін жiбередi. Елші арқылы мейiрiмдi жарлығымен былай дейдi: «Сендерге берген аманатымды маған қайта сатыңдар. Оны өзім сақтаймын. Босқа зая болмасын. Соғыс бiткен соң берекелі түрде өздерiңе қайтарып беремiн. Аманатымды сендердің мүліктерің секілді қымбатқа, сатып аламын да байлыққа кенелтемін. Өндiрiс мәшинелері мен фабрикадағы өзге де құрал-жабдықтар менiң атымнан, менiң жерімде жұмыс iстейтiн болады әрі табысы мың есеге артады. Ол пайданы да түгелдей сендерге беремiн. Сендер әлсiз, әрi пақырсыңдар, ондай ауқымды ауыр жұмыстарды атқаруға, қажеттi нәрселермен қамтамасыз етуге шамаларың жетпесі анық. Барлық шығынды өзім көтеремін. Түскен пайда мен байлықты сендерге бөліп беремiн. Әскери мiндеттен босағанға дейiн оларды сендердiң қолдарыңда қалдырамын. Мiне, бес есе пайда!Егер маған сатпасаңдар, көрiп отырсыңдар ешкiм қолындағысына ие бола алмай, айрылып қалуда. Сендер де солардың кейпін киесіңдер. Зор шығынға ұшырап, берілгелі тұрған мол байлықтан құр қаласыңдар. Қымбат құрал-жабдықтар мен нәзiк аспаптар қолданысына сай жұмыс iстемегендіктен құнын жояды. Оларды

26ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУсақтау мен басқару жауапкершілігі және өзге де машақаты мойындарыңа мінеді. Аманатқа қиянат жасап, жазасын тартатын боласыңдар. Пайда көрудiң орнына бес есе зиян шегесiңдер!Ал, маған сату деген сөз, маған әскер болып менің атыммен әрекет ету. Құны жоқ тұтқын немесе бұзақы атанудың орнына Ұлы патшаның нағыз ерiктi жауынгері, адал сарбазы атанасыңдар».Осы iлтипат толы жарлықпен танысқаннан кейiн әлгі екі адамның бiреуі: «Әлбетте, мен сатуға дайынмын. Қуана-қуана келісемін. Мың да бiр шүкiршiлiк етемiн» – дедi. Бұл ақылды әрі тәрбиелісі болатын. Екiншiсі тәкаппар, нәпсiсi перғауынға айналған, өзiмшiл, маскүнем болатын. Ол өзiн әлгі қожалықта мәңгi қалатындай сезiнетiн. Сырттағы зiлзәла мен апаттан бейхабар ол: «Жоқ! Патша кім, танымаймын. Мен мүлкiмдi сатпаймын, рахатымды бұзғым келмейді» – деп қарсылық білдірді.Арада бiраз уақыт өткен соң бiрiншi адамның мерейі өсіп, жоғары мәртебеге ие болды. Оны көргендердiң барлығы қызыға қарайтын. Себебі, патшаның мейiріміне бөленіп, оның хан сарайында бақытты ғұмыр кешіп жатты. Анау бейбақ болса, өте ауыр жағдайға душар болды. Көргендердiң барлығы оған жаны ашып, бiр жағынан «өзiңе де сол керек» дейтiн. Өйткенi, жіберген қателiгiнiң жазасы ретінде бақытынан да, мал-мүлкiнен де айрылып, азабын тартуда.Ей, дүниеқұмар нәпсiм! Осы мысалды дүрбi етіп, ақиқатқа қара! Мысалда келтiрiлген Патша – Әзел, Әбәд Сұлтаны – раббың, Халиқың – Аллаh. Қожалық, құрал-жабдықтар мен таразылар – сенiң өмiрде иелігіңе берілген нәрселер. Соның iшiнде дене, рух, жүрек, көз, құлақ, тiл, ақыл, қиял сынды сыртқы және iшкi сезiмдерiң. Ал, елші деп отырғаны – расул-ы кәрим, яғни Ардақты Пайғамбарымыз. Ілтипатқа толы жарлық дегенi – Құран Хаким. Бiз сөз еткен үлкен сауда туралы Құран Кәрімніңаяты баяндайды.Ал, әлгі аласапыран соғыс майданы болса, бір орнында тұр- майтын, сан-құбылып өзгеретiн, қауiп-қатерге толы баянсыз мына дүние. Расында, фәни дүниедегi құбылыстар адам баласының санасына: «Осылайша барлық нәрсе қолымыздан шығып кете бере ме? Бұларды мәңгiлiкке айналдырудың шарасы жоқ па?» – деген ой

27АЛТЫНШЫ СӨЗтуғызады. Адам осылай ойланған сәтте Аспани Құранның дауысы естiледi: «Иә, бар. Мұның бес есе пайдалы әрi тамаша, жеңіл шарасы бар,» – дейдi.Сұрақ: Ол қандай шара?Жауап: Аманатты нағыз иесiне сату. Мұндай сауданың еселеп беретiн бес пайдасы бар.Бірінші пайдасы: Фәни байлық мәңгiлiкке айналады. Себебi, Қаюм-ы Бақи, Зат-ы Зүлжәлал Аллаһқа арналған және Оның жолында жұмсалған өткiншi өмiр мәңгiлiкке айналып, бақи жемiс бередi. Сөйтіп өмiр сәттерi сырт көзге шіріп, жоқ болып кеткен тұқым, дәнектер секілді аяқталып, фәни болғанымен бақи әлемде мәңгі бақыт гүлдерiн ашып, өсiп-өнетiн болады. Әрi Берзах әлемiнде әрбiр минут нұрлы да, жағымды түрде қайта оралатын болады.Екiншi пайдасы: Ерекше сый – Жәннат берiледi.Үшiншi пайдасы: Әрбір ағза мен сезім мүшелерінің құндылығы мың есеге артады. Мәселен, ақыл ол бiр құрал. Оны Хақ Тағалаға сатпай, нәпсi жетегiнде жұмсаса, жанды қинап, мазалайтын құралға айналады. Себебі, өткен күндердiң өкініштері мен болашақтың уайымын жегізіп бейшара басты төпелеп, сабалаушы деңгейiне құлдырап кетеді. Сондықтан, пасық адамдар, ақылдың мазалауынан құтылу үшiн маскүнемдiкке салынады немесе бос ойын-күлкіге құмар келеді.Егер ақыл, Мәлик-і Хақиқиге яғни нағыз Иесіне сатылса және Оның атымен қолданып, әміріне сай пайдаланса тамаша тылсым- сырларды ашатын кiлтке айналады да әлемдегi шексiз рақым байлықтарын, хикмет қазыналарын ашып, иесiн мәңгi бақытқа жетелеуші Мүршид, ұстаз мәртебесiне көтерiледi.Мысалы, көз. Рух бұл әлемдi сол көз терезесi арқылы көреді. Егер оны Хақ Тағалаға сатпай, нәпсi үшін пайдаланса, өтпелi суреттер мен жай көріністердің жалған қызығын тамашалап, нәпсiқұмарлық пен әуестiктiң арсыз қызметшiсiне айналады. Егер көздi өз иесi– Сани-ы Басир, Хақ Тағалаға сатса, Оның атынан және Оның рұқсатымен жұмсаса, мына әлем атты үлкен кiтаптың оқырманы және әлемдегi ғажап Раббани өнердi тамашалаушы көрермен, Жер шары бақшасындағы рақым гүлдерiнен бал жинаушы мүбарак ара мәртебесiне көтерiледi.

28ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУМысалы, тiлдiң дәм сезу қабілетін Фатыр-ы Хакiм,Аллаһқа сатпай нәпсiге ноқталап беріп, тек асқазан үшiн жұмсаса, онда ол қарын фабрикасының есiгiндегі күзетшi деңгейiне құлдырап кетеді. Егер оны Рәззақ-ы Кәрим яғни Аса Жомарт ризық берушіге сатса, онда ол Иләhи рақым қазынасының мұқият бақылаушысы және Самәдани Құдiрет асханасының шәкiр (шүкір етуші) зерттеушiсi дәрежесiне көтерiледi.Мiне, ей, ақыл! Мұқият бол! Мазаны алушы құрал болу қайда жатыр? Әлемнiң сырларын ашатын кiлт болу қайда жатыр?Ей, көз! Жақсылап қара! Арсыз қызметшi атану қандай, Иләhи кiтапхананың зерделi зерттеушi қандай?!Ей, тiл! Дәмдi айырарда байқа! Фабриканың есiгiн күзету қалай? Аллаhтың рақымына тән қазынаның бақылаушысы болу қалай? Осылайша, өзге де құрал-ағзаларды, сезімдердi салыстырсаң шын мәнiнде иманды жандар Жәннатқа, ал кәпiрлер Жәhаннамға лайық екенiн бiлуге болады. Олардың осындай сипаттарға ие болуының басты себебi мүминдер иманы арқылы Жаратушысының аманатын Оның атымен, әмірімен, рұқсат берген жерлерге қолданса, ал кәпiрлер берiлген аманатқа қиянат жасап, ысырап қылып тек жамандыққа, ұрындырушы нәпсi үшiн жұмсауында.Төртiншi пайдасы: Адам баласы өте әлсiз. Мұң-мұқтаждығы сансыз. Пәлелерi өте көп, дәрменсiз, пақыр. Оның үстіне өмiр тауқыметі ауыр. Егер Қадир-ы Зүлжәлалге сүйенiп, тәуекел етпесе, Оған сенiп, шын берiлмесе, ар-ұжданы азап құрсауында қалып нәтижесiз тірілік, машақат пен уайым, өкiнiш пен қайғы еңсесін басып, ақырында не маскүнемге, не жыртқыш хайуанға айналады.Бесiншi пайдасы: Адамның сезім мүшелерiмен жасаған бүкіл ғибадат, құлшылықтары мен зiкiрлерiнiң ақысы тым мұқтаж болған кезінде, яғни қараңғы да тар қабiрге түсіп қиналғанда пайдасы тиіп, Жәннат жемiсi тәрізді алдынан шығатынына әулиелер мен сенiмдi көрегендер бiр ауыздан куәлiк етуде.Егер де осы айтылған бес пайдалы сауданы жасамасаң, онда мұндай табыстың бәрiнен мақұрым қалып қана қоймай, бес бiрдей зиянға ұшырайсың.Бiрiншi зиян: Соншалықты жақсы көретiн мал-мүлiк, байлығыңнан, бала-шағаңнан, жастық шағыңнан, өміріңнен, жақсы

29АЛТЫНШЫ СӨЗкөретiн нәпсiңнен тiптi бәрiнен айрылып, құр қаласың. Саған бұйыратыны өкiнiш пен қайғы, мойныңа жүктелер ауыр күнәлар мен қателіктер болмақ.Екiншi зиян: Аманатқа қиянат жасаудың жазасын тартасың. Себебi, өзiңе аманат етiлген қымбат сезім-құралдарды бос әрi құнсыз нәрселерге жұмсап, ысырап қылдың, нәпсiңе, яғни, өзіңе зұлымдық еттің.Үшiншi зиян: Адам баласына ғана берiлген қымбат құндылықтарды хайуаннан бетер төменгi деңгейге түсiргенің үшiн Иләhи хикметке қайшы әрекет қылдың. Онымен қоймай үлкен зұлымдық жасадың.Төртiншi зиян: Әлсiз пақыр бола тұра өмірдің ауыр жүгiн қылдай мойныңа артып, аяқталу мен айрылу қайғысын жұтып, өмір бақи жылаумен өтесiң.Бесiншi зиян: Мәңгiлiк өмiрдiң негiзiн қалайтын және ақырет бақытына жеткізетін игі амал жасасын деп берілген ақыл, көз, тiл секілді Рахманның құнды құрал-сезімдердің қадірін түсіріп, Жәhаннамға жетелейтін зиянкес, басыңа бәле қылдың.Ендi сату мәселесiне келейік! Бұл, адам қашатындай соншалықты қиын шаруа ма? Жоқ! Еш қиындығы жоқ. Өйткенi, шариғаттың өрісі қашан да кең, халал, яғни, рұқсат етілген нәрселер ләззат алуға толық жеткiлiктi. Харамға, күнәға батудың ешқандай қажетi жоқ. Аллаh бұйырған парыздар да жеңiл, әрi аз.Аллаһқа құл әрі әскер болу ләззаты мол үлкен абырой. Оны сөзбен айтып жеткізе алмаймыз. Жүктелген міндет: Аллаhтың атымен бастау, Аллаhтың атымен iстеу, Аллаhтың атымен беру, Аллаhтың атымен алу... Оның рұқсатымен, оның әміріне сай әрекет ету, жазғанына көну...Жаңылса, тәубесiне түсiп, ғафу өтiнiп: «Раббым! Күнәларымызды кеш! Бiздi өзiңе құл ретінде қабыл ал! Аманатыңды алатын уақытқа дейiн бiздi аманатқа адал қыла гөр! Әмин!» – деп, жалбарынуы керек.

Жетінші СөзМына тылсымы терең ғаламның сырын ашатын яғни, Аллаhқа және Ақыретке иман адамды бақытқа жетелейтін қазына, тылсымы терең сырларды ашатын рухани байлық екенiн сондай-ақ, сабыр сақтап, тәуекел ету, Жаратқан Аллаhқа жалбарыну, Құдайға шүкiршілiк етiп, оған дұға етіп, тiлену жанға жайлы шипа, дертке дауа екенiне білгің келсе, сондай-ақ, Қасиетті Құранды тыңдау, үкiмдерiне мойынұсыну, намаз оқу, ауыр күнәлардан қашу мәңгілікке сапар шеккенде өте қажетті әрi маңызды, аса қажет билет екенін, сондай-ақ, ақыреттiң азығы, қабiрдiң нұры болып табылатынын түсiнгiң келсе, мына мысалға құлақ түр!Кiм жеңiп, кiмнің жеңiлетiнi белгісіз сұрапыл соғыста бір жауынгер қиын жағдайға тап болады. Екi иығы жаралы, артында бас салуға әзiр азулы арыстан, алдында дар ағашы. Тума-туыстарын әлгі дарға асып жатыр. Бұған да кезек келері анық. Жауынгер осы күйінде ұзаққа сапар шегеді, қоныс аударылады.Сөйтіп бейшара қайғыдан қан жұтып, мұңайып тұрғанда, оң жағынан Хызыр секiлдi нұрлы жүздi бiреу пайда болып, оған былай деп тiл қатады: «Мұңайма! Саған екi нәрсе үйретемiн. Оны дұрыс қолдансаң, мына арыстан сенiң бағынышты жүйрiк атыңа, дар ағашы да көңiлдi әткеншегiңе айналады. Және екi түйiр дәрi беремiн, оны iшкенде мына ауыр жараларың «Мұхаммед» (с.а.у) атты хош иiстi әдемi гүлге айналады. Билет те беремiн, ол билетпен әлгі сапардың бiр жылдық жолын бiр күнде жүріп өтесiң. Күмәнiң болса, тәжiрибе жасап көр! Айтқаныма өзің де куә боласың!» Жауынгер байқап көріп еді, рас екеніне көзі жеттi. Мен де, яғни, мына бейшара Саид та, мұны қуаттаймын. Өйткенi, тәжiрибем бар, рас екеніне көзiм әбден жеткен.Мұнан соң жауынгердiң сол жағынан албастыдай әзәзіл біреу пайда болды. Өзi өтiрiкшi, әлем-жәлем киiнiп алған, қолында арақ- шарап, көздiң жауын алатын суреттер, қиял-ғажайып бiрдемелер, кесе көлденең тұра қалып, былай деді:

31ЖЕТІНШІ СӨЗ— Ау, дос! Кел, отыр. Шараптан ішіп, көңiл көтерейiк. Мына сұлу қыздардың суреттерiн тамашалайық. Нәпсіге хош келетін музыка, әуендер бар. Балдай тәттi мына тағамдардан ал!Сұрақ: — Ей, сен ернiң жыбырлап не оқып тұрсың?Жауап: — Тылсым-сыр.— Қойшы сол, түсiнiксіз нәрселерді. Қазіргі көңілді күйімізді бұзбайық!Сұрақ: – Мына қолыңдағы не?Жауап: – Дәрi.— Таста оларды. Денiң сау. Көңiл көтеретiн кез емес пе?Сұрақ: — Ей, мына бес бiрдей мөр басылған қағазың не?Жауап: — Билет.— Жыртып таста! Мына құлпырған көктем кезiнде жолға шығып керегi не? – дедi.Осындай сан-алуан жолдармен азғыруға тырысты. Манағы бейшара сенiңкiреп, ойланып қалды. Иә, пенде болғасын алданады. Кезiнде мен де осындай бiр алаяққа алданған болатынмын. Сол мезетте оң жағынан күркіреген зор дауыс естiлдi:— Байқа! Алданба! Ол алаяққа былай де: «Егер артымдағы азулы арыстанды өлтiрiп, алдымдағы дар ағашын жоятын болсаң және екi иығымдағы жараны емдеп, менi айдаудан аман алып қалудың шарасын білсең, қане көрсет! Содан кейiн кел, көңiл көтерейiк! Егер қолыңнан келмейтiн болса, сөздi қысқарт, есуас неме! Мына Хызыр секілді көктен түскен қайырымды жан айтарын айтсын, соны тыңдайық».Ей, жастық шақта көп күлiп, ендi сол күлгенiне жылаған нәпсiм! Жаңағы жаралы жауынгер сенсiң, яғни, адам. Ал, арыстан – ажал. Дар ағашы – өлiм. Күн өткен сайын жақын достарың қош айтысып, кете бермек. Екi жараның бiрi - адами пақырлық. Екіншісі - әлсiздiк. Қоныс аудару, сапар шегу болса, рухтар әлемiнен келiп, ана құрсағына бітіп, одан дүниеге, сәбилiкке, сәбилiктен жастыққа, одан қарттыққа, ол жерде де көп аялдамай қабiрге, берзахқа, махшар алаңына саяхат. Одан әрі Сырат көпiрiнен өтетiн адамзаттың сынақ сапары. Ал құпиялы екi тылсымның бiреуi – Аллаh Тағалаға Иман, екiншiсi – ақыретке Иман.Иә, осы қасиеттi тылсым арқылы өлім – адам баласын мына зындан секiлдi тар дүниеден Жәннаттың кең де сұлу бақшасына,

32ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУРахманның құзырына шығаратын сенімді көлік пен пыраққа айналады. Сондықтан, өлімнің мәнісін түсінген жандар өлімнен қорықпай, ажалы келмей тұрып өлiмдi қалаған. Сондай-ақ, қоштасу, аяқталу және дар ағашы секілді бәрін жоқ қылатын уақыттың өзі иманның саясында Сани-ы Зүлжәлалдың, (Аллаһтың) таңғажайып өнерін, мейірімге толы құбылыстарды рахаттана тамашалауға мүмкіндік боп табылады. Мәселен, Күн нұрының әсем бояуларын көрсетіп тұрған айналардың ауыстырылып, жаңаруы әдеттегiсiнен әлдеқайда әдемi, әсем көрiнiстерге себеп болады емес пе?Ал, әлгі екi дәрiнiң бiреуi – сабыр мен тәуекел ету, ЖаратқанныңАл, әлгі екi дәрiнiң бiреуi – сабыр мен тәуекел ету, Жаратқанның құдi ретiне арқа сүйеп, хикметiне сену. Иә, әмірі бар яғни не десе сол бола қоятын бүкiл әлемнiң Сұлтанының алдында өзінің әлсiз екенін мойындап, оған сенген адам неден қорықсын. Өйткенi, ең қиын жағдайда: -деп, шын жүректен Рабб-ы Рахимына сиынады. Аллаhты таныған жандар әлсiздiктен, Одан қорқудан ләззат алады.Иә, Аллаһтан қорқу адамға ләззат береді. Егер бiр жасар сәбиді ақылы толық, тілі де шыққан деп санап одан: «Өзіңнің ең қызық әрі тәттi күйің қашан?» – деп сұраса, ол: «Өзімнің әлсiз, дәрменсiз екенiмдi сезініп, анамның шипалы шапалағынан қорқып, оның мейiрiмдi құшағына тығылған кезiм» – деп жауап берер едi. ал, енді барлық ана біткеннің жүректеріндегі мейiрбандық – Аллаhтың рақымының бiр ғана сәулесiнiң көмескі шуағы. Сондықтан болар иманы кәміл, дана абыздар Аллаhтан қорқудан, өзінің әлсiз екенін сезінуден ғажайып рахат күй кешкен. Олар бойындағы күш-қуатынан бас тартып, Жаратқан Иесіне әлсiздiгiн алға тартып жалбарына сиынған. Әлсiздiк пен қорқу сезімін өздерiне шапағатшы деп білген. Екiншi дәрi болса, шүкiршiлiк және қанағат етіп, дұға арқылы талап- тілектерін сұрау, Рәззақ-ы Рақымның мейiрiмділігіне сенім арту.Иә, жер жүзiн ырысты дастархан тәрізді әрдайым құлпыртқан, көктемдi гүл шоғы секiлдендiрiп әлгі дастарханның жанына қойған Жәууәд-i Кәрим, Аса Жомарт шексіз бай Аллаhтың қонағымын деген пенде пақырлыққа, мұқтаждыққа мұңаюшы ма еді..? Қайта пақырлық

33ЖЕТІНШІ СӨЗпен мұқтаждық оны Раббысына сыйынуға себеп болады. Аштық адамның тәбетiн ашатыны секілді пақырлық та пендені Раббысына одан сайын жақындатып, құзыр беретіндіктен ынталана түседі. Сол үшiн де иманы кәмiл жандар пақырлығын мақтан тұтқан. Дұрыс түсін, бұл Жаратқанның алдында пақыр екенін сезініп жалбарыну деген сөз. Әйтпесе, пақыр, бейшара екенін халыққа айтып, тіленші бол деген емес.Мысалдағы билет болса, бiрiншiден намаз, парыздарды өтеу, ауыр күнәлардан қашу. Иә, Құранды зерттеушi ғұламалар, көреген әулиелер сонау ұзақ әрi қорқынышты бақилық сапарда, керек- жарақ, азық-түлiк, киiм-кешек, жарық нұр тек Құранның әмiрлерiне мойынұсыну әрi тыйым салғандарынан аулақ болу секілді игі амалдар екенін бір ауыздан хабар беруде. Әйтпесе, пән мен пәлсәпәнің, өнер мен атақ-данқтың ол жақта бес тиын пайдасы жоқ. Олардың жарығы қабiр басына дейiн ғана.Мiнеки, ей, жалқау нәпсiм! Бес уақыт намаз оқу, жетi ауыр күнәдан аулақ болу оңай әрi рахат. Нәтижесi мен пайдасы шаш етектен, әрі маңызды екенiн ақылың болса түсiнген боларсың. Сенi пасықтық пен азғындыққа шақыратын шайтанға және әлгiндей әзәзіл адамдарға былай де: «Егер өлімді өлтiрiп, аяқталу дегеннiң көзiн жойып, адамзаттың әлсiздiгі мен пақырлығын жоятын күшiң болса, қабiрдiң аузын тас бекiтудiң амалын тапсаң айт, тыңдайық. Әйтпесе, үнiңдi өшiр...алып мешiт тәріздес ғаламда Қасиетті Құран әлемдi оқып, түсіндіруде. Құранды тыңдайық. Оның нұрымен нұрланып, Хақ жолы – Ислам жолымен жүрейiк. Құранымыз – ұранымыз болсын. Иә, сөз деп соны айтады. Хақ болып, Хақтан келiп, хақ деген және ақиқатты көрсеткен, айналаға нұрлы хикмет шашқан кітап - Құран кәрім!»

34ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУ

Сегізінші СөзДүние дегеніміз не және дүниедегі адамның рухы туралы, сондай-ақ адам өмiрiндегi дiннiң маңыздылығын және егер хақ дiн болмаса дүние – зындан, дiнсiз адам – бақытсыз, сорлы екенiн және ғаламның тылсымын ашатын әрi адамзат рухын қараңғылықтан құтқаратын және яғни «Аллаhтан басқа тәңір жоқ» және «Уа, Аллаh!» деген қасиетті сөздер екенiн түсiнгiң келсе, мына мысал ретiндегi шағын хикаяға назар сал, тыңда!Баяғыда екi жiгiт ұзақ сапарға шығады. Әлдебір жерге келгенде жол екiге айырылады. Жол айырығында тұрған шынайы, адал бiреудi көредi. Екеуi одан: «Қай жол тиімді?» – деп сұрайды. Ол адам: «Оң жақтағы жолға түссеңдер тәртiп пен заңға бағынуға мәжбүр боласыңдар. Бiрақ, ол қиыншылық есендікке қауыштырып, бақытқа бөлейді. Ал, сол жақтағы жолда ешкімге бағынбай тәуелсіз, емін-еркiн жүресіңдер. Бiрақ ол еркiндiк қауiп-қатерге ұшыратып, түбінде азапқа салады. Таңдау еркі өздерiңде,» – дейдi. Бұны естіген соң жайсаң мінездісі тәуекелге бел буып, заң мен тәртiпке көнуді жөн санап оң жолды қалайды. Ал, жанындағысы қыңыр мiнездi, өз дегенiмен ғана жүретiн жан едi. Еркiндiкке бола сол жақты таңдады. Сырт көзге жеңiл сияқтанғанымен рухани ауыр жолға түскен осы жолаушының ізінен қиялымызбен еріп көрелік.Ол жүре-жүре бiр шөл далаға тап болады. Кенет, үрейлi дауыс естіледi. Жалт қараса, ағаш арасынан айбарлы арыстан өзiне қарай тура ұмтылып келедi. Ол тұра қашады. Қашып келе жатып, тереңдігі алпыс метрге жуық құдыққа тап болады. Қорыққанынан әлгi құдықтың ішіне секiредi. Құлап келе жатып, қолына бiр бұтақ iлiгедi де содан

36ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУұстап салбырап қалады. Құдықтың қабырғасына жабыса өскен бұл ағаштың екi тамыры бар екен. Екi тышқан оны кемiрiп жатқанын көредi. Оның бірі ақ, екіншісі қара екен. Жоғарыға қараса, әлгi арыстан құдықтың аузын аңдып отыр. Төменге қараса түбiнде алып айдаhар жатыр. Арандай ашылған аузы құдықтың аузымен бірдей екен. Екі орта шамамен отыз метрдей. Құдықтың қабырғасында өте улы жәндiктер өріп жүр екен. Дегенмен, таңғажайып түрде ерекше құдiрет жаратқан iнжiр ағашының ұштарына қараса, жаңғақтан бастап анарға дейiнгi барлық жемiс атаулының небiр түрi самсап тұр. Бiрақ, мұның мән-жайын толық түсiнуге бейшараның ой-өрiсi жетпедi. Бұл бiр жай, әншейiн iс емес, мұнда бір сыр жатқанын, бұлай кездейсоқ, өзінен-өзі болмайтынын, мұның бәрiн реттеп тұрған аса құдiреттi бiреу бар екенін аңғара алмады. Оның санасы мен ары қиналып, жан дауысы шығып рухы азапталып жатса да жүгенсіз нәпсiсi еш нәрсе болмағандай, өзін-өзі алдады. Жан дауысын естiмеу үшiн құлағын басып, өзін керемет бір бау-бақшада жүргендей қиялға беріліп әлгі жемiстерден жұлып жей бастады. Ал, жемiстердiң бiр бөлiгi улы, зиянды болатын.Пайғамбарымыздың құдси бір хадисінде Хақ Тағала былай бұйырған дейді: Яғни: «Құлым менi қалай таныса, мен де оған солай көрінемін!» Мiне, бұл бейбақ ойы жаман әрi ақылы таяз болғандықтан көргенін ақиқат, осылай болуы тиiс деп жаңылды. Сол түсiнiгiне лайық күй кешті, күй кешіп жатыр, кеше де бермек. Не өлiп құтыла алмайды, не тiрi қалып өмiр сүрiп жарытпады. Ауыр азаптың шырмауында қалды.Ал, енді екінші мүбарак, ақылды адам болса, сапарын ары қарай жалғастырды. Бiрақ, бауыры сияқты қиналып, азып тозбады. Өйткенi, мiнезiне сай ойлаған ойы да, iстеген iсi де жақсылыққа толы едi. Өзiн-өзi жұбатып, әр нәрсенiң жақсы жағына қарайтын. Сондықтан, ол манағы бауыры сияқты машақат тартып, мехнат көрмеді. Өйткенi, тәртiпке бағынып, заңға көнді және оның жеңілдіктерінен пайдаланды. Көңілі жай тауып, өзін қауiпсiз сезініп есен-аман жүрдi. Жолай түрлі жемістер мен әсем гүлдер қаулап өскен үлкен бақшаға кез болды. Күтiмсіздіктен жемістің лас, шіріктері де кездесетін. Манағы бауыры да осындай бiр бақшаға кез болған едi. Бiрақ, ол бейшара

37СЕГІЗІНШІ СӨЗлас, шірік жемістерді жеп, жүрегi айнып, бел жазып, аяқ суытпастан шығып кеткен болатын. Бұл болса «әр нәрсенің жақсы жағына қара!» қағидасын ұстанып жағымсыз, лас нәрселерге көз қырын да салмады. Тазасын жеп, пайдалысын алды. Тамаша дем алып, бақшадан көңiлдi шықты.Біраздан соң сахарада әлгі бауыры сияқты айбарлы арыстанның дауысын естiдi. Бiрақ, бауыры сияқты зәресі ұшып қорықпады. Өйткенi, жақсы ой, ізгі пікірі: «Мына сахараның иесі, өзіндік Патшасы бар. Арыстан соның әмiрiмен жүрген қызметкер болуы мүмкін» деп, өзін жұбатты. Дегенмен, айбарлы арыстаннан бұл да қашты. Қашып келе жатып бұл да тереңдігі алпыс метр құдыққа тап болады. Қорыққанынан бұл да құдыққа тығылады. Бауыры сияқты құдықтың түбіне жетпей қолы бiр бұтаққа iлiнедi. Екi аяғы салбырап, бұтаққа жабысып, тұрып қалады. Тамырын кемiрiп жатқан екi тышқанды көреді. Жоғарыға қараса арыстан, төменге қараса айдаhар. Бұл да қорықты, бiрақ, бауырының қорқынышынан мың есе жеңiл болатын. Өйткенi, жақсы мiнезi оған жақсы ой, жақсы пiкiр берген-дi. Жақсы пiкiрi барлық нәрсенi тек жақсы жағынан көрсететін. Сондықтан ол:«Бұл ғажайып iстер бiр-бiрiмен байланысты әрi бiр әмiрмен болып жатқанға ұқсайды. Демек, мұнда бiр тылсым, сыр жатыр. Иә, бұл жасырын бір Әміршінің әмiрiмен болып жатқанға ұқсайды. Олай болса мен жалғыз емеспiн. Ол менi көрiп, бақылап отыр әрі менi сынап белгілі бiр мақсатпен өзіне шақырып тұр» – деп ойлайды. Осы тәттi қорқыныш пен тамаша пiкiрден мынадай бiр қызығушылық пайда болды:«О, ғажап! Менi сынап әрі өзiн таныстырғысы келетін және ға- жайып түрде мені осында әкелген кiм екен?».Мұндай қызығушылықтан оның жүрегiнде тылсым иесiне деген махаббат оянды. Махаббаттан тылсымды ашсам деген тiлек пайда болды. Тiлектен «тылсым сырдың иесiн риза қылсам, оған ұнамды жағдайда болсам» деген пiкiр туды.Енді ол ағаштың басына қарап еді, інжiр ағашы екен. Бірақ, бұтақ- тарындағы жайнап тұрған сан-алуан жемiстердi көргенде бойын билеген қорқыныш пен үрей сейіліп қоя берді. Ол енді мәселенің парқына барды. Иә, бұл iнжiр ағашы жеміс-жидектердің тiзiмі, үлгісі, жиынтық-көрмесі болса керек. Әлгі жасырын Патша өзінің мәңгі- бақи бау-бақшасындағы жемiстердiң үлгiлерiн тылсым сырмен,

38ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУғажайып түрде мына ағашқа іліп қойған болуы керек. Сондай-ақ, мұны өз қонақтарына әзiрлеген тағамдарға ишара ретiнде безендiрген болды ғой. Өйткені, бiр ағаштың сан түрлі жемiс салмайтыны анық. Содан соң, мына тылсым-сыр ашылып, кiлтiнiң табылуын өтiнiп, жалбарына былай дұға етті:«Уа, мына жерлерді билеп басқарушы! Сенің қолыңа түстім, Сені мойындап, Саған құлдық ұрып, қызметшiң болайын. Маған Сен керексiң, Сенiң ризашылығың керек, Сенi iздеп тұрмын!»Осы жалбарынудан кейiн, кенет, құдықтың қабырғасы қақ айрылып, керемет әсем бақшаға жол ашылды. Айдаhардың аузы қақпа болып. Тіпті, арыстан мен айдаhар қызметшi кейпіне еніп, мұны iшке шақырды. Айбарлы арыстан сәйгүлік боп шыға келді.Ей, жалқау нәпсiм мен тыңдарман дос! Мына екi ағайынның бастан кешіргендерiн ақылға салып, таразылайық! Жақсылықтың қалайша жақсылық, жамандықтың қалайша жамандық әкелетiнiне тағы да бір мәрте ой жүгіртейік.Сол жақтағы жолға түскен жолаушы айдаhарға жем болуға әзір тұр, ал оң жақтың ақылды жолаушысы керемет бау-бақшаға шақырулы. Әрі жаман адамның үрейленгені сонша, жүрегi жарылғалы тұр. Ал, жақсы адам болса, хикмет толы ғибрат, тәттi де зиянсыз қорқыныш, қызықты iзденiс үстiнде таңғажайып оқиғаларға куә. Жаман адам қорқыныш пен үрейден жалғызсырап, жан азабын тартып еді, ал жақсы адам көңiлi шат, үмiтке толы, қызыға рахатқа батты. Жаман адам жыртқыш хайуандарға жем әрi тұтқын болды, ал ақылды кісі құрметтi қонақ ретiнде сол жердің қожайыны Михмандар-ы Кәримнiң ғажайып қызметшiлерiмен көңiл көтерiп, сұхбат құрды. Әлгі бейбақ сырты әдемi, іші ащы, улы жемiстердi жеп, азапқа түсті. Себебi, әлгi жемiстер үлгi ретінде дәмiн татып, тәбеті ашылып, негiздерiне қол жеткiзу үшiн қойылған-ды. Әйтпесе, хайуан секiлдi тоюға рұқсат жоқ. Бақытты жан мұның мәнісін түсініп әрқайсысының дәмiн татып, сабыр сақтады. Ал, анау бейбақ болса, өз-өзiне қастандық жасады. Ол өзiнiң тоңмойындығынан ақиқатты түсінбей, оңтайлы сәттi пайдалана алмай, ұтар жерде ұтылып қалды да тәтті күй ащы күйге айналды. Өзіне де обал жоқ, мейірімге де лайық емес. Әрі ешкiмге шағым айтуға да ақысы жоқ.

39СЕГІЗІНШІ СӨЗНеге десең, мәселен, бiреу құлпырған жаймашуақ жаздың күні бау-бақшада ағайын туыстарымен көңiлдi дастарханда отырып, бәріне мұрын шүйiрiп, сол жағдайды менсiнбей, арақ iшiп, мас болып, жазды қыс, ағайынды мал санап, ал өзiн аш, жалаңаш деп ойласа, онымен қоймай ойбайын салып бақырса, оған кімнің жаны ашиды? Ондай адамға мейірім жасала ма? Өйткенi, ол өзiне-өзі қастық жасап, жақын туыстарының намысына тиiп, абыройын төгеді. Міне, әлгi сорлының жағдайы да дәл сондай.Ал, бақытты жан болса ақиқатты тапты. Ақиқат деген тамаша ғой! Адам ақиқаттың әсемдiгiн аңғарған кезде ақиқат иесiнiң кемелдiгiне құрмет етедi, оның мейрiмiне бөленедi.Мiне, қасиеттi Құранның «Жамандық – өзiңнен, жақсылық – аллаhтан» деген сөзі біршама түсiнiктi болды ғой деп ойлаймын. Осыған басқа жақтарын салыстыра отырып, әуелгi адамның нәпсiсi оның рухын тозаққа салғанын, ал екiншi адамның iзгi ниетi мен биязы мiнезi, жақсы ойы мен тамаша пiкiрi рухын көтерiп, бақыт пен береке сыйлағанын ұққан шығарсың.Ей, нәпсiм және нәпсiммен бiрге осы хикаяны тыңдаған жан! Мысалдағы бақытсыз адамдай болғың келмесе, яғни, бақытты болғың келсе, Құранды тыңда, оның үкiмдерiне мойынсұн, одан берiк ұстанып, айтқанымен жүр! Мысалдағы ақиқаттарды түсiнген болсаң, Ислам дiнiнiң, дүниенiң, адамзаттың, Иманның негiздерi мен мән-мағынасын мысалда айтылғандармен салыстыра отырып, ақиқатын аңғар, пайдаңа жарат! Негiзгiлерiн мен айтайын, қалғандарын өзiң тап!Манағы екi адамның бiрi жаны таза мүмин, екiншiсi ниеті қара, пасық адам. Екi жолдың оң жақтағысы – Құран жолы, сол жақтағысы– Құдайдан безу, күпiрлiк жолы. Жол бойындағы бау-бақша – қоғам мен өткiншi мәдени тұрмыс. Өмiрде жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық, тазалық пен ластық сапырылысып бiрге жүретін әдеті. Ақылы бар адам қағи да сын ұстанып мұратына жетедi. Ал, шөл дала, сахара дегенiмiз – дүние. Арыстан – ажал мен өлiм, құдық болса – мына дене, болмысымыз.Ал, оның алпыс метр терең дегенi болса, орташа жас мөлшерi, орташа өмiр алпыс жыл. Ағаш болса – өмiр мен тұрмыс. Ақ пен қара тышқан болса – күндiз бен түн. Айдаhар болса – ауызы апандай

40ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУқабір боп табылатын бәрзах әлемі, ақыретке бастар жол. Алайда, ол апандай ауыз имандылар үшiн зынданнан бақшаға шығатын есiк болып саналады. Улы жәндiктер – өмірдегі қиыншылықтар мен бәлелер. Олар мұсылмандар бейқамдыққа салынып, дүниеге қызығып, әзәзілге алданбауы үшiн Иләhи ілтипат, Аллаһтың мейірімді ескертулері. Ағаштағы жемiстер болса дүниедегi ырыс, нығметтер. Кәрим-i Мұтлақ оларды ақыретте берілетін нығметтердiң үлгiсi соларды еске түсіретін ұқсас-мысалдары ретінде және құлдарын жұмаққа қызықтыру үшiн жаратқан.Ал, бiр ағаштың сан алуан жемiс салуы болса, Құдайдың құдiретiнің шексіз, орасан зор екендiгiн көрсетеді. Қалай десеңіз, «бiр ғана нәрседен әртүрлi нәрсе жасау,» яғни, қарапайым топырақтан барлық өсiмдiк пен жемiс-жидектi және жан-жануарлардың барлық түрін бiр тамшы судан жарату, сондай-ақ қарапайым тағамнан тірі жандардың дене-мүшелерiн жасау керемет мұғжиза! Сонымен қатар,«барлық нәрседен бiр ғана нәрсе жасау» яғни, жан-жануарлардың қоректенген түрлi тағамдарынан оларға тән ет пен терi жасау ғажап өнер, асқан шеберлiк. Бұл тек Зат-ы Әхад-ы Самәд болған Сұлтан-ы Әзел уә Әбәдтің ғана қолынан келетін іс. Бұл оның ешкiм ешқашан көшіре алмайтын, тек өзiне ғана тән таңбасы, аяты болып табылады. «Бiр нәрседен көп нәрсе, көп нәрседен бiр нәрсе жасау» өнерi барлық нәрсенiң Иесі, Жаратушысы – Қадир-ы Күллi Шей, құдіреті шексіз бір Аллаhқа ғана тән, өзіндік белгi, Оның аяты.Тылсым дегені – Иман арқылы ғана ашылатын жаратылыстың хикмет сыры.Ол сырды ашатын кiлт: және сөздері.Айдаhардың аузы бақшаның есiгiне айналуы мынаны білдіреді; қабiр – Құдайдан безген азғындар үшiн зындан сияқты тар түнек, айдаhардың iшiндей тар қапас. Ал, имандылар мен Құран жолында жүргендер үшiн мына зындан секiлдi тар дүниеден әлдеқайда кең, мәңгi нұр бағына апаратын есiк әрi сынақ алаңынан тынығатын пейіш-саябаққа бастайтын қақпа. Жыртқыш арыстанның жуас атқа айналып, сәйгүлік болуы; Құдайдан безгендер ажалды жақын тума-

41СЕГІЗІНШІ СӨЗтуысқаннан мәңгiге айыратын сұм ажал деп, өздерiн мына жалған дүние жасанды жұмақтан шығарып, өте қорқынышты қабір дейтін зынданға жападан-жалғыз қамап тастайтын қапас деп түсінеді. Ал, хақ жолындағы имандыларға өлім - бақилыққа аттанып кеткен достарына, ағайын-туыстарына қауыштыратын әрі мына тар дүниеден кең Жұмаққа кіргізетін нағыз отандарына оралу, мәңгi бақыт әлемiне көшу деп ұғады. Рахман-ы Рахимның мейiрiмдiлiк қазынасынан, Оның фазылымен дүниеде атқарған еңбегінің ақысын алуға кезекке тұру, дүниенің ауыр мiндетiнен босатылу, құлшылықтан, емтиханнан, тәлiм алудан азат болу деп түсінеді.Сонымен, кiмде-кiм мына фәни дүниенi, баянсыз өмірді басты мақсат қылса, сырт көзге Жәннатта жүргендей көрiнгенiмен негізінде рухы Тозақта жүргендей жаны мазасызданып қиын күй кешеді. Ал, кiмде-кiм мәңгi өмiрдi қалап, ақыретке шын ықыласымен дайындалса, екі дүниенiң бақытын табады. Бұл өмірде азап көріп қиналса да фәни дүниені – Жұмақтың уақытша күту залы деп бiліп, сабыр сақтап шүкіршілік етеді...

Он екінші СөзЕКІНШІ НЕГІЗ: Хикмет толы Құранның даналығының жеке өмірге тигізер пайдасын және оның адамның ахлақына, мінез-құлқына, тәрбие сіне әсерін пәлсапаның тигізер ықпалымен салыстырып қарайық:Пәлсәпәнің озат шәкірті расында бір перғауын. Бірақ, бас пайдасы үшін ең төмен нәрсеге құлшылық ететін жарамсақ перғауын. Пайдалы бір нәрсе көрсе өзіне Раббы етіп, соған табынуға дайын. Ол дінсіз шәкірт, былай қарағанда қырсық, бір беткей. Алайда, бір ләззат үшін ауыр қорлыққа көнуге әзір міскін бір қыңыр. Шайтан сықылдылардың кішкентай пайдасы үшін аяғын жалайтын дәрежеде жарамсақтық ететін өте жылпос алаяқтың өзі. Әрі ол дінсіз, қайырымсыз, залым әрі тәкаппар. Бірақ, көңілінде сенетін ешнәрсе болмаған соң негізінде өте әлсіз, дәрменсіз, жағымпаз, өркөкірек. Әрі ол шәкірт пайдакүнем, өзімшіл. Оның бүкіл талпынысы тойымсыз нәпсісін, қарнының қамын, басқа да сезім-мүшелерінің құмарын қандыру. Жеке басының пайдасын халықтың пайдасының арасынан іздейтін өзімшіл, нағыз қиянатшылдың өзі.Ал, Құран хикметінің адал шәкірті болса, өзі бір құл. Бірақ, ең үлкен жаратылысқа құлшылық етпейтін құл. Жұмақ секілді мол пайданың өзін құлшылығына арқау етпейтін абыройы үстем құл. Құранның нағыз шәкірті кішіпейіл, жұмсақ мінезді, кешірімшіл. Бірақ, Жаратушысынан басқаға, Оның рұқсатынсыз өз еркімен жарамсақтанып, ешкімге мойын имейді. Өзі пақыр, дәрменсіз, әлсіз екенін мойындайды. Бірақ, өзінің Мәлик-і Кәримі (Аса жомарт қожайын) оған арнап, жинап қойған ақыреттік байлығына қанағат

43ОН ЕКІНШІ СӨЗетуші бай және Жаратушысының шексіз құдіретіне сүйенгендіктен өте күшті. Ол тек Аллаh үшін, Аллаhтың ризалығы үшін адамгершілік амал жасайды, еңбек етеді. Міне, екі хикметтің беретін тәрбиесін шәкірттеріне қарап салыстырып білуге болады.ҮШІНШІ НЕГІЗ: Пәлсапаның мәнісі мен Құранның хикметінің ада мның қоғамдық өміріне ықпалы мен тәрбиелік мәні:Пәлсапа, қоғамдық өмірдің тірегі – күш-қуат деп са найды. Мақсаты – пайда табу. Өмірлік қағидасы – күрес деп біледі. Жама-ғаттарды біріктіріп тұрған нәсілшілдік, жағымсыз ұлтшылдық деп түсінеді. Нәтижеде нәпсінің әуестігі қозып, адамзаттың қажеттілігі молая түседі. Алайда, күш-қуат жауыздыққа, өктемшілдікке апарады. Пайда табу болса, қанағат болмаған соң қырқысуға соқтырады. Күрес қағидасы болса, текетіресу, ал нәсілшілдік болса, басқаны жұтып күн көру болғандықтан ол да өктемшілдікке апарады. Міне, сондықтан осы пиғылдағы адамзаттың басынан бағы тайып, сорлап жүр.Ал, Құран хикметіне келер болсақ, қоғамның тірегі күш-қуат емес \"хақ\" деп қабылдайды. Мақсаты – пайда табу емес, адамгершілік, Аллаhтың ризалығына бөлену. Өмірдегі қағидасы – күрес емес, өзара жәрдемдесу. Халықты байланыстыратын нәрсе нәсілшілдік, ұлтшылдық емес, діни бауырластық, отаншылдық. Мақсаты, нәпсінің әуестігін тиып, рухты биік белестерге, асу шыңдарға өрлетіп, ұлы сезімдерді орнымен пайдаландырып, адамды өз кемелдігіне көтеріп, адам ету. Қоғамда хақ, туралық үстем болса, ынтымақ болады. Адамгершілік болған жерде тату лық, ауызбіршілік болады, ал өзара жәрдемдесу ұғымы бір-біріне көмек тесуге ұмтылдырады. Дін, бауырластыққа, бірлікке баулиды. Ал, нәпсіні тиып, рухты кемелдікке бағыттай білу, еркіндікке, тәуелсіздікке қол жеткізіп, соңында екі дүниенің бақыты орнайды.

Он үшінші сөздің екінші бөлімі[Заманақырдың фитна-бүліктерін көзбен көріп жүрген, байқамаса өзіне тартып әкететін пәлекет иірімінің ішінде жүріп, әлі де болса ақылынан адаспаған кейбір жастармен сұхбат.]Бір топ жас, мына замандағы әзәзіл де құйтырқы, нәпсі қоздырар нәрселер мен әуестіктің шырмауынан сескеніп: «Ақыреттік жарқын өмірімізді қалай сақтап қалуға болады?» – деп, «Рисалей-Нұрдан»медет сұрады. Мен оларға, «Рисалей-Нұрдың» рухани тұлғасының атынан былай дедім:Дүниеде қабірдің бар екені рас, оны ешкім жоққа шығара алмайды. Қаласақ та, қаламасақ та, бәріміздің оған баратынымыз анық. Оған барудың үш жолы бар, басқа жолы жоқ.Бірінші жол: Әлгі қабір – иманды жандар үшін бұл дүниеден әлдеқайда керемет мәңгі әлемге ашылған есік.Екінші жол: Ақыретті мойындағанымен, өз нәпсісін тыя алмай адасып жүргендер үшін ол – барлық дос атаулыдан айыратын жалғыз адамдық абақты, мәңгіге қамалу. Пенде ақырет күніне сенгенімен, сол сезіміне сәйкес әрекет етпеген соң, тиісті жазасын осылай тартады.Үшінші жол: Ақыретке сенбейтін кәпірлер мен хақ жолдан тайғандар үшін мәңгілікке жоқ болу қақпасы. Ол – өзінің, өзімен бірге барлық жақсы көрген адамдарының да көзін жою үшін жасалған дар ағашы тәрізді. Өзі де солай деп білгендіктен, күткенін айнытпай көретін болады. Соңғы екі жол өте айқын әрі түсінікті болғандықтан, дәлелдеудің қажеті жоқ, көзбен көріп, қолмен ұстағандай анық.Иә, ажал деген қашан да жасырын, табан астында келмек. Ол барлық жерде, әрқашан шап беруге әзір. Жас-кәрі деп те алалап жатпайтын, кірпік қақпастан сұқты көзін қадап тұрған нәрсе. Ол,

45ОН ҮШІНШІ СӨЗДІҢ ЕКІНШІ БӨЛІМІмәңгіге қош айтыстыратын құрдым. Міне, оны керісінше, мәңгілік әлеміне бастайтын, шексіз бақыт пен нұр әлемінің қақпасына айналдыру – кеудесінде жаны бар әрбір пенденің ең басты мәселесі.Бұл ащы шындыққа яғни ажалға үш жол бар. Үш жолдың үш түрлі болатынын кім хабар берді десеңіздер, олар, жүз жиырма төрт мың турашыл елшілер - халқына мойындату үшін мұғжиза көрсеткен пайғамбарлар, - сондай-ақ олардың хабарларына куәгерлік етіп, қызу Бұл ащы шындыққа яғни ажалға үш жол бар. Үш жолдың үш түрлі болатынын кім хабар берді десеңіздер, олар, жүз жиырма төрт мың турашыл елшілер - халқына мойындату үшін мұғжиза көрсеткен пайғамбарлар, - сондай-ақ олардың хабарларына куәгерлік етіп, қызу қуаттап растаған жүз жиырма төрт миллион әулиелер мен ақиқатқа жаны құмар сансыз жандар. Бұл ақиқатшылдар пайғамбарлар мен әулиелердің айтқан хабарларын дәлме-дәл, қисынды әрі ғылыми түрде растай отырып (Сілтеме ) әлгі жоқ болу мен мәңгі зынданға *қамалудан құтылып, оны мәңгі бақыт әлеміне бастау етудің жолы – жүзден тоқсан тоғыз ықтималдықпен, Имандылық пен Аллаhқа мойынсұну екендігін, бірауыздан бірлесе хабар беруде.Қауіптілігі жүзден бір-ақ ықтимал болған жолға түскен адам, қауіпке мән бермеймін дегеннің өзінде «Бір нәрсеге ұшырап қалам ба?» деген ой үнемі мазалап,тәбетін қашыратыны мәлім. Олай болса жүз мыңдаған турашыл да адал елшілер, Құдайдан безу мен азғындық жолы – жүз де жүз ықтимал әлгі көзін жоюға қасқайып тұрған қабір дар ағашына асылуға немесе мәңгілікке жападан-жалғыз қамалуға себеп болатынын хабарлауда. Ал, имандылық пен құлшылық жолы болса, анық түрде әлгі көз алдындағы қабірдің дар ағашы мен жалғыздық зынданы емес екендігін және өлім мәңгілік мол қазынаға, сондай-ақ бақыт сарайына бастау екенін хабарлап, оның дәлелдері мен ишараларын көрсетіп береді. Осындай өте маңызды да өзекті мәселені шешуге мәжбүр адам баласы, әсіресе, мұсылман, егер иманы, құлшылығы болмаса, оған дүниенің байлығы мен салтанаты берілсе, апырым-ай, өзін бақыттымын деп санай алар ма екен? Қарсы алдында қасқайып дар ағашы секілді ажал тұрғанда көңіліндегі күдікті, жоқ болудан пайда болатын үрейді дүниелік байлық баса қояр ма? – деп сендерден сұрап отырмын.Сілтеме. Сондай тәпсірлердің біреуі Рисалей- Нұр

46ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУҚарттық, ауру-сырқау, бәле-жала, айналамызда күнде болып жататын өлім-қаза секілді оқиғалар әлгі өзекті мәселені әрдайым еске түсіреді. Құдайдан безгендер мен азғындар сырттай қарағанға мол ләззат пен рахатқа батып жүргендей көрінгенімен, олардың көңілдерін рухани жаhаннам торлап, жаны күйзеле күн кешеді. Бірақ, бойын билеп алған бейқамдық масайтып, уақытша сездірер емес. Ал, имандылар мен құлшылық ету шілер болса, иман арқылы қабірді сарқылмас қазынаға кенелтетін және мол бақытқа бастайтын жол деп біледі. «Мәңгі тағдыр» лотереясынан мил лиардтаған алтын ділдә мен алмас, жақұт ұтқызатын билет те әлгі иман арқылы табылмақ. Өйткені, әрдайым «Кел, ұтыс билетіңді ал! Жұмаққа жүр!» деген хабарды күткендіктен, мол үміт, пәк ләззат, рухани рахат алып өмірі қызықты өтеді. Егер сол ләззаттар денеге айналса немесе дән болып ағашқа айналса, иесіне өзіндік бір жәннат болар еді. Осындай рахат пен пәк ләззаттан біле тұра бас тартып, жастықтың буымен әлгі уайым-қайғы аралас, улы бал тәріздес әуесқой, ойнақы да өткінші, тыйым салынған харам ләззат қуған адам өзінің хайуаннан жүз есе төмен екенін көрсетеді. Ол басқа халықтың дінсіздері секілді де бола алмайды. Өйткені, олар өз пайғамбарына сенбесе, басқа пайғамбарға сенеді. Пайғамбарларды танымаса да, Құдайын таниды. Құдайын ұмытса да, бойында кейбір мәдени жақсы қасиеттер қалуы мүмкін. Алайда, мұсылман баласы, бар лық пайғамбарды және Жаратқанды сондай-ақ жақсы қасиет, ізгі амал, кемелдік атаулыны Мұхаммед Араби ғаләйhиссалату уәссәлам арқылы үйреніп, білді. Оның тәрбие жолынан бас тартып, Исламмен байланысын үзген тұста ешбір пайғамбарды танымайды, тіпті Құдайын да ұмытады. Бойында ізгіліктің нышаны қалмай, мүлдем көрсоқырға айналады. Өйткені, біздің пайғамбарымыз бүкіл пайғамбарлардың соңғысы, ең ұлысы әрі шақыруы мен діні жалпыға ортақ, бүкіл адамзатқа үндеу жа-саған, сондай-ақ мұғжизалары жағынан бәрінен үстем және ақиқат тұрғысында адамзатқа жетекшілік етіп, пайғамбарлығы он төрт ғасыр бойы іс жүзінде дәлелденіп, жалғасын табуда. Адамзат атаулының мақтанышы, бетке тұтар үлгісі. Пайғамбарымыздың осындай тәрбиелік негіздерін, діни заңдарын ұстанбаған адам кемелденуден мақұрым, нұрға бөленуден құр қалады. Әбден азғындап, ең төменгі деңгейге құлдырайды.

47ОН ҮШІНШІ СӨЗДІҢ ЕКІНШІ БӨЛІМІУа, дүниенің қызығына құмар, қысқа ғұмырының рахаты үшін жан таласқан бейшаралар! Өмірде бақыт, рахат, көңіл хоштығын қаласаңдар, Аллаhтың рұқсат беріп, кеңшілік еткен өлшеулі ләззатына қанағат етің дер. Ол көңіл көншітуге толық жеткілікті. Оның сыртындағы заңсыз ләз заттардың мыңдаған қайғыға душар ететінін енді түсінген шығар сыңдар. Кино өнері, өткен шақтың оқиғаларын бүгін айнытпай көрсетіп жатқанындай, болашақтағы, мәселен, елу жылдан кейінгі жағдайларды да кино арқылы қазір көру мүмкін болса, Құдайдан безген азғындар қазіргі мәз-мәйрам өміріне қатты жиіркеніп, өкіне жылар еді. Демек, дүние мен ақыретте мәңгі бақытқа бөленгісі келгендер иман шарттарын орындап, Мұхаммедтің (с.а.у.) тәрбиесін алып, оны өзіне жетекші қылып қабылдап, ізінен ерсін.

Бір топ жастарғаберілген дәріс яки нұсқауБірде маған жарқын жүзді жастардан бірнешеуі келді. Өмірде кездесетін қауіп-қатерден, жастықтың албырттығынан сақтану үшін әсерлі насихат сұраған оларға, ертеректе «Рисалей-Нұрдан» медет сұраған жастарға айтқанымды қайталап, былай дедім:Жастық шақтың өтіп кететіні анық. Егер заңды да тура жолмен жүрмесеңдер мына жастық шақ босқа өтіп, тек мына дүниеде ғана емес қабірде, ақыретте дүниедегі ләззатынан мың есе көп уайым- қайғыға душар етеді. Егер жастық шақты нығмет деп шүкіршілік етіп, абыроймен тура жолда жүріп, Аллаhқа мойынсұнуға жұмсасаңдар, әлгі жастық шақ рухани түрде мәңгілікке айналып, бақи жастық шақты иеленуге себепші болады. Бұл өмірде, егер жүректе иман болмаса немесе қарсыласып, қырсығудың кесірінен иман әсер етпесе, өмірдің уақытша ләззаты сол ләззаты мен қызығынан көп уайым мен қайғыға салады. Өйткені, адам баласының хайуаннан айырмашылығы – оның саналылығы. Ол осы шақпен қатар өткен шақты және келешекті ойлап уайымдайды. Жырақта қалған шақтардың ләззатын аңсап, қайғысын жұтады. Хайуан олай емес, санасы болмаған соң, өткен күндердің өкініштері мен келешектің уайымдары оның қазір тататын ләззатына еш әсер етпейді, мазаламайды.Егер адам азғындық пен бейқамдыққа салынса, өткен шақтың өкініштері мен келешектің уайым-қайғысы қазіргі алған ләззатын бұзып, мазасын қашырады. Әсіресе, ол ләззаттар заңсыз, харам болса, улы балдан бетер ішті өртейді. Демек, адам өмірдің қызығын көруге келгенде, хайуаннан жүз есе төмен. Құдайдан безгендер мен азғындардың, сондай-ақ бейқамдардың өмірі, тіпті болмысы сол күнгі сәттері ғана. Олардың ойынша, өткен шақ пен болмыс жоқ, енді қайтып келмейді. Саналы болғандықтан ол жақтан жоқтық пен қараңғылықтың лебі есіп мазасын алады. Келешек те сондай, не болары белгісіз, жым-жылас. Міне, осындай мәңгіге қоштасудан әрдайым оның өміріне үмітсіздіктің ызғары еседі.

49ОН ҮШІНШІ СӨЗДІҢ ЕКІНШІ БӨЛІМІЕгер өмір иманмен жанданса, өткен шақ пен болашақ иманның нұрымен жарыққа толады. Имандылық осылайша оның рухы мен көңіліне нұр сыйлап, рахатқа бөлейді. Бұл ақиқат «Қарттар рисалесі» атты кітапшаның «Жетінші үмітінде» баяндалған-ды. Соған қараңыздар.Міне, өмір деген осы! Өмірдің ләззаты мен рахатын қаласаңдар, оны иманмен жандандырыңдар, парыздарды орындау арқылы қызықты етіп, күнәлардан аулақ тұру арқылы сақтап қалыңдар. Әр жерде, әр уақытта, тіпті күн сайын болып жатқан қайғылы қазалар бізге нені меңзейді? Ол бізге өлімнің ақиқат екенін, одан қашып құтылу мүмкін еместігін білдіреді.Өлім дегеніміз не? Оның мәнісі не? Міне бұл туралы басқа жастарға да айтқан болатынмын. Тағы да қайталаудың реті келіп тұр.Мәселен, әне бір жерде дар ағашы тұр дейік. Оның қасында ұтысы қымбат лотерея орталығы орналасқан. Осы отырған бәріміз қаласақ та, қаламасақ та жаппай әлгі жерге шақырыламыз. Шақыру уақыты белгісіз болғандықтан, кез келген уақытта бізге: «Кел! Сен өлім жазасына кесілдің, дар ағашына шық!» Не болмаса: «Кел! Саған ұтыс шықты, миллион алтын ділдәға ие болдың!» дейтін хабарын күтіп тұрғанда, кенет есіктен екі адам кіріп келеді. Бірінің киімі әлем-жәлем, жартылай жалаңаш сұлу әйел, қолында сырты тәтті, бірақ ішіне у қосылған тағамдар бар, соны бізге жегізгісі келеді. Екіншісі, салмақты да байсалды, әрі алдамайтын, алданбайтын адам. Ол манағы әйелдің ізін ала кіріп келді де, бізге бұрылып: «Сендерге бір тылсым, дәріс әкелдім. Оны оқысаңдар, әлгі тәтті халуаны жемесеңдер, көз алдарыңдағы дарға асылудан құтыласыңдар. Әрі оның арт жағына орналасқан, лотореяның құнды билетін иеленесіңдер. Әне, көз алдарыңда дар ағашы дайын тұр. Манағы халуа жегендерді көріп отырсыңдар, олар дар ағашына барып асылып жатыр. Тіпті, дар ағашына барғанша жеген халуа-сы асқазанын бүріп, жанын шырқыратуда. Ал, құнды ұтысты иеленгендердің де көзге көрінбейтіні рас. Олар да сырт көзге дарға асылғандай, бірақ олар дар ағашын баспалдақ етіп ұтыс беретін орталыққа өтіп жатқанын миллиондаған куәгерлер көріп хабар беруде. Сенбесеңдер, терезеден қараңдар». Жауапты қызметкерлер мен бұл іске тікелей қатысты ұлы тұлғалар ол жөнінде айналаға жар

50ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУсалып хабарлауда. Хабарына құлақ түретін болсақ, былай дейді: «Әлгі тәтті халуаны жеп, дар ағашына бет алғандарды қалайша анық көздеріңмен көрдіңдер сол сияқты мына қымбат ұтысы бар билеттерді де мен әкелген тылсым сырды қабылдағандар, дәріс алғандар иеленгеніне күмәнсіз сеніңдер! Ол айдай анық, рас екеніне шүбәларың болмасын!»Міне, осы теңеудегідей у қосылған балдай, тыйым салынған заңсыз әрекет пен орынсыз көңіл көтеру, харам нәрселер мәңгілік қазына әрі мол бақытқа бөленудің билеті және куәлігі болып табылатын иманды зақымдап, тіпті жоғалуына себеп болатындықтан, дар ағашы тәріздес өлімнің және тұңғиық қараңғы әлемнің есігі сияқты қабірдің азабына душар етеді. Ажал жасырын болғандықтан жас, кәрі деп қарамай, қылышын сүйретіп кез келген уақытта басын алуға жетіп келуі әбден мүмкін. Ал, манағы улы балдай, заңсыз әрекеттерден тиылып, Құранның тылсым сыры – иманға қол жеткізіп парыздарды орындағандар «тағдыр» атты керемет лотереядан мәңгілік бақыт билетін ұтатынына жүз жиырма төрт мың пайғамбар ғаләйhимүссәлам мен сансыз әулиелер куәлік етіп, бірауыздан хабар беруде және оның белгі-нышандарын көрсетіп беруде.Сонымен, жастық шақтың өтетіні сөзсіз. Азғындық жолда жүрсе, дүниеде де ақыретте де ауыр қайғыға ұшырайды. Ондай жастар көбіне жат қылықтарға бой алдырудан және шамадан тыс ысыраптан болатын рухани ауруға шалдығып, ауруханаға, сондай-ақ бойын билеген албырттықтың кесірінен түрмеге түсетіндігіне немесе жаны күйзелгендіктен қызық қуып, көңіл көтеретін бұзық жерлерге және ішімдікке үйір болатынына көз жеткізгің келсе, түрмелерді, ауруханаларды, қабірлерді бір шолып шық! Әлбетте, ауруханадан өзіне тән тілінен, жастық шақтың қызбалықтары мен теріс әрекеттерінен туатын аурудан жаны қиналып, «Қап, әттеген-ай!» деген өкінішті, ащы дауыстар естіледі. Түрмеден де албырттыққа салынып, заңға қайшы әрекет етіп, тұщы етіне ащы таяқ тиген байғұс жастардың өкінішке толы күйініштерін естисің. Ал, қабірден, яғни есігі үздіксіз ашылып-жабылып тұрған берзах әлемінен, азапқа шыдай алмай шыңғырған дауыстар естіледі. Қабірде не болып жатқанын көре алатын әулиелер мен ақиқатқа көзі жеткендердің айтуынша, қабір азабына салатын бірден-бір


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook