Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Әмірдағы Лахикасы-2

Әмірдағы Лахикасы-2

Published by risalekz, 2021-02-16 08:04:14

Description: Emirdağı Lahikası-2

Keywords: Рисалей Н?р

Search

Read the Text Version

101көрінбейтіндіктен, ол мағналар ақырет әлемінде толық көрінетін болады. Мейрім төгу мен аяудың ақиқат (сыры) қайта тірілместей болып өлумен үйлесім таппайды. Демек, «Рахимдағы» аяу Жұмақты көрсетіп тұр.Енді -ға қараңыз. Әлхамдулиллаһта Улухиетке анық ишара бар. Өйткені барлық шүкір, хамд Аллаһқа жасалады. Улухиетті де Тәухидті де көрсетіп тұр. дағы «ләмнің» граматикалық бір мағнасы соған тиесілі дегенді білдіреді. «Әлхамдулиллаһ»-дағы «әліп ләм»-нің бір мағынасы жалпылық сипат беру. Демек барлық хамд, шүкір Аллаһқа бағытталады.Демек Тәухидті нақты көрсетіп тұр. -да әділетке де пайғамбарлыққа да ишара бар. Өйткені он сегіз мың ғаламда бір атомнан бастап, атомдар тізбегінде, шыбыннан бастап жер шарынан мың есе үлкен планеталардың, жұлдыздардың барлығы да кемел жүйе, үйлесім, тамаша тәрбие мен ұлы әділет көрініп тұр.Пайғамбарлыққа ишараға келер болсақ. Адамзаттың бойындағы күшке басқа хайуанаттардағыдай шектеу қойылмаған, сондықтан басқаға күш көрсету туындап отыр. Сондай-ақ адам бүкіл әлеммен материалдық қана емес моральдық жақтан да байланысып тұр. Әлемнің жаратылысымен адамның жаратылыс сырларын, жүйемен заңға бағынатын дән іспетті қабілеттерін ашу арқылы, ұлы аманаты мен міндеттерін түсініп, орындай алуы үшін Пайғамбарлық қызмет болуы қажет.Сонда ғана дағы -нің ішінде тұрған ұлы мақсатты түсініп жер бетінің халифасы бола алады және періштелерден де жоғары дәрежеге шыға алады. сөйлемі болса Хаширді түсіндіріп тұр. Өйткені яғни, дін күні, жазалау күні, руханият күні.Мәселен бұл дүние материя мен материалдық әрекеттердің күні. Демек сол әрекеттердің нәтижелерін, қызметтердің төлемін, материяның жемістерін, сол өткінші нәрселердің мәңгілік

102туындыларын мысал әлемінің камералары мен фото аппараттарына түскен сол фәнилер әлемінің амал дәптерлерін көрсететін, жайып салатын күн келеді дегенді жеткізуде.Бисмиллаһ, Әлхамдулиллаһ сөйлемдеріндегідей Құранда манағы төрт негізді қамтып тұрған жерлер көп. Мысалы: осы төрт негізді қамтып тұр. Зер салсаң көресің. «Біз саған Кәусарды бердік» яғни, Хақ Тағалаң сені пайғамбар ету арқылы материалдық – моралдық әділдікпен қамту сынды даңққа бөленумен қатар, Жәннтта Кәусарды сыйлады. Ей, сұрақ қоюшы! Ауқымды ақиқатты қысқа қайыр, осы үш мысалды пайдаланып, осы байланыстар мен ишараларды біріктір. Енді біз Бисмиллаһтан бастаймыз. Егжей-тегжейлі түсіндірмелерді Рисалей-Нұрға, ондағы Бірінші сөзге, Бисмиллаһ жайлы Лемаға, Бисмиллаһ жайлы басқа да Рисалелерге тапсырып, ұйқасына байланысты шағын ишара жасаймыз. Ол былай: Бисмиллаһ күн сияқты. Басқаны нұрландырумен қатар өзін де көрсетеді. Рухтар әр бір минут сайын, әр дем сайын ауаға суға мұқтаж болғанындай оған да мұқтаж болғандықтан, оның ақиқатын кез келген адамның рухы сезеді. Жүрек пен қиял білмесе де маңызы жоқ. Сондықтан түсіндіріп жату қажет емес. Әріптер мен қалыптастырушылардың алғашқысы граматикалық бір мағнасы көмек сұрауды білдіруі. Көпшілікке танымал мағынасы береке мағнасында болғандықтан -ның байланыс нүктесі өз мағнасынан шыққан мен етістіктерімен байланысады. Немесе Бисмиллаһтағы жасырын тұрған айт дегеннен шығатын оқы етістігіне қарайды. Яғни Я Раб, мен сенің есіміңнің көмегімен және соның берекетімен оқимын. Барлық нәрсе сенің құдіретіңмен, жаратуыңмен, тәупығыңмен болады. Тек қана сенің атыңмен бастаймын.Демек, Бисмиллаһтан кейін оқу сөзі келетіндіктен ықылас пен тәухидті жеткізіп тұр. Бірақ сөзіне келсек: Важибул Вужудтың (Аллаһтың) мың бір есімінің кейбіреуі «өзіндік есімі» деп аталады. Аллаһтың өзіне тән. Өзіне тән аттар. «Аллаһ, Ахад, Самад, Важибүл Вужуд» сынды көптеген есімдер. Енді біреулері «Істеріне тән Есімдер» деп аталады. Олар да көп, мәселен: Ғаффар, Раззақ, Мухи, Мүмит, Мүним, Мухсин.

Құрметті бауырларым!Әуелі, өткен және келер айттарың құтты болсын дей отырып, рухани мерекелеріңді және қасиетті түндеріңді шын көңілден құттықтаймын! Мейірімді Аллаһтан, жасаған құлшылық, еткен дұғаларыңның қабыл болуын тілеймін! Екіншіден: көбіне рухани түрде сұралатын маңызды екі сұраққа әркімге айта бермейтіндей жауап беруге мәжбүр болдым. Бірінші сұрақ: Ертеректе, демократиялық төңкерістің алғашқы кезеңдерінде саясатпен қатты айналыстың. Саясатты мүлде қойып кеткеніңе де қырық жылға таяды. Мұның себебі не? Жауап: Саяси қағидалардың ең негізгісі «Ұлттың бақыты үшін жекелеген адамдар пида етіледі. Жамағаттың бақыты жолында кейбіреулер құрбан болады. Отан үшін бәрін де пида қылу керек». Адамзаттың осы уақытқа дейінгі басынан өткізген жантүршігерлік қылмыстардың бәрі де осы қағиданы бұра тартудан туындап отыр. Бұл қағиданың белгілі бір шекарасы болмағандықтан теріс пайдаланылып жатыр. Екі дүниежүзілік соғыста осы қатігез қағиданың кесірінен адамзаттың мың жылдық дамуы мен кемелдігі тас-талқан болды. Он қылмыскердің кесірінен тоқсан бәйкүна жанның зардап шегуіне жол берілді. Осы көпшіліктің пайдасы үшін деген сылтаудың ар жағында жекелеген жауыздық мүдделер тұрды. Бір қылмыскердің кесірінен бір ауыл жойылып кетті. Бұл ақиқаттар Рисалей-Нұрдың көптеген жерлерінде айтылғандықтан сөзді соған қалдырып отырмын. Міне, саясаттың осындай қатыгез қағидаларына қарсы Арш-ы Ағзамнан жеткен Қасиетті Құранның негізгі заңдарын таптым. Ол заң мына аятта көрсетілген:Яғни, бұл екі аят мына негізгі қағиданы үйретуде. «Бір адамның қылмысы үшін басқа біреу жауапқа тартылмайды. Сондай-ақ, бір адам өзі соған разы болмаса, бүкіл адамзат үшін де пида етуге

104болмайды. Өз ризашылығымен жанын пида етсе, онда оның шәйіт болғаны, бұл мүлдем басқа мәселе» деп, нағыз адами әділдіктің негізін қалауда. Мұның да толық түсіндірмелерін Рисалей-Нұрға тапсырдым. Екінші сұрақ: «Сен бұрын шығыс өңірдегі бәдәуи қауымдарды аралаған кезіңде, оларды мәдениет пен өркениетке шақырушы едің. Соңғы қырық жылда қазіргі мәдениетті «мимсіз», яғни құлдырау, азып-тозу деп, өзің де қоғамдық тұрмыстан қол үзіп оқшау жүресің, тіпті өз бетіңше өмір сүре бастадың. Мұның себебі не?»Жауап: Батыстың қазіргі мәдениеті, діни заңдардың негіздеріне қайшы келіп, жағымсыз жақтары жағымды жақтарынан асып кетті. Әрі жіберген қателіктері мен шектірген зияндары түсірген пайдасынан көп болып тұр. Мәдениеттің басты мақсаты халықтың тыныштығы мен дүниелік өмірінің бақыты дейтін болсақ, оның құты қашып, берекесі кетті. Мәдениет орнағалы үнемділік пен қанағаттың орнын ысырап басып, еңбек пен қызметтің орнына жалқаулық пен рахатқа бату пейілі артып, бейшара адамзат һәм пақыр, жатып ішер жалқауға айналды. Ал, Құранның негізгі заңы:Рисалей-Нұр Құранның әміріне сүйене отырып «өмірдің бақыты, үнемділік пен еңбекке деген құлшыныста. Сонда ғана бұқара халық пен зиялылар бір-бірімен тату-тәтті өмір сүреді» дейді. Бұл жерде бір-екі қысқа тұжырыммен шектелеміз.Біріншісі: Бәдәуи, «мәдениет» дамымай тұрған кезде адамзат үш-төрт нәрсеге мұқтаж болатын. Және ондай үш-төрт қажеттіліктерін он адамның бір-екеуі ғана қамтамасыз ете алмайтын. Қазіргі батыстың залым мәдениеті болса, бұрыс жолға қолдану, ысырапшылдық, әуестікке жол ашу арқылы зәру емес нәрселерді аса қажеттілік қатарына қосып, оны үйреншікті әдетке айналдырып, адамды аса қажетті төрт заттың орнына, жиырма нәрсеге мұқтаж қылып қойды. Ондай жиырма қажетті затты адал жолмен табатын кісі, бүгінде жиырма адамның бір-екеуі ғана. Қалған он сегізі мұқтаж болып қала бермек.Демек, бұл мәдениет, адамды мүлдем пақырға айналдырып жібереді. Ондай зәруліктен тыс қажеттілік қоғамда зұлымдық пен басқа да арам пиғылдарға жол ашады. Бейшара бұқара халық пен

105ауқатты кісілерді бір-біріне өшіктіріп, араларына от тастап, айдап салды. Құранның негізгі заңы болған зекеттің міндетті екендігі, өсімқорлықтың харам яғни тыйым салынғандығының арқасында ғана бұқара халық бай-патшаларға мойынсұнады. Бай, қалталы адамдардың да бұқара халыққа деген мейрімі оянады. Мұндай қасиетті де қатаң заңды аттаған қоғамда ауқаттылар зұлымдық жасап, ал пақырлар бас көтеруге мәжбүр болады. Бұл мәдениет халықтың тыныштығын бұзып, мазасын әбден қашырып болды.Екінші: Мәдениеттің таңғажайып жетістіктері адамзатқа берілген Раббани сый, нығмет болатын. Оған шынайы шүкір етіп, халықтың игілігіне пайдалану қажет еді. Алайда, өкінішке орай қазіргі мәдениет, қолынан іс келетін адамдарды жалқаулыққа, бойкүйездікке, азғындыққа итермелеп, жұмыс істеп, тірлік қылудың орнына рахатқа бату сезімін оятып, еңбекке деген ынтаны төмендетіп жіберді. Қанағатсыздық пен ысырапшылдық етек жайып азғындық, бекерге мал шашпақ, зұлымдық, харам нәрселер көбейіп кетті. Мәселен, Рисалей-Нұрдың «Нұр әлеміне бастау» деген кітапшасында айтылғандай, радио-үлкен нығмет. Оны халықтың игілігіне пайдаланып мағынауи шүкір ету керек-ті. Бірақ, олай етпей оның бестен төртін әуестік жолына қолданғандықтан адамдар жалқаулық пен әуесқойлыққа бой алдырып, еңбекке деген ынтасын жоғалтуда. Ол, адамзаттың негізгі міндетін атқаруына кедергі болуда. Тіпті, өте пайдалы кейбір ғажап құралдар, еңбек етуге жеңілдік ретінде және халықтың аса қажеттілігін өтеу жолында қолданылуы тиіс бола тұра, оның оннан бір-екеуі ғана аса қажетті істерге жұмсалып, қалған оннан сегізі көңіл көтеру, ойын-сауық пен әуестікке жұмсалып, жалқаулыққа үйретуде. Оны өз көзіммен көрдім. Осындай мыңдаған мысалдар келтіруге болады.Сонымен, қазіргі батыстың мәдениеті аспани діндерге құлақ аспағандықтан адамзатты пақыр қылып қажеттіліктерінің санын көбейтті. Һәм үнемділік пен қанағаттың қағидаларын бұзып, ысырап пен ашкөздікті, сондай-ақ сараңдықты арттырды. Әрі зұлымдық пен харамға жол ашты. Һәм адамзатты азғындыққа итеріп, бейшара мұқтаж адамзатты селқос, бойкүйез қылды. Табыс табу мен еңбекке деген ынтаны жойды. Әуестік пен азғындықты жарнамалап өмірді бос, пайдасыз өткізуді әдетке айналдырды.

106Онымен тұрмай, мұқтаж әрі жалқау адамзатты ауру қылды. Қабілетті бұрыс жерге жұмсау мен ысырапшылдықтың кесірінен жүз түрлі кеселге ұшыратып, олардың асқынып кетуіне жол ашты.Сондай-ақ, аса қажетті үш нәрсе және қызық қууға деген құштарлық және әрқашан өлімді еске түсіріп тұратын әртүрі аурулар, көзі ашылып ояна бастаған адамзаттың көзіне өлімді мәңгілікке жойылу етіп көрсетіп, зәресін алуда. Тозақи азапқа салуда десе де болады...Адамзаттың осындай қиын жағдайының екінші жағында Қасиетті Құран өзінің бүгінгі таңдағы төрт жүз миллиондық шәкірттерінің көзін ашып, бір мың үш жүз жылдан бері қасиетті заңдарының нұрын шашып келеді. Осы қасиетті заңдарды берік ұстанған төрт жүз миллион шәкірт, адамзаттың жоғарыда айтылған үш ауыр жарасын емдеп жазады. Егер жақында қиямет орнап кетпесе адамзаттың екі дүниелік бақытын сақтап қалып, өлімнің мәңгілікке жойылу емес, нұрлы әлемге аттану жолдамасы екенін көрсетіп береді. Мәдениеттің игіліктері жамандықтарынан басым түседі. Осы уақытқа дейін мәдениетке қол жеткізу үшін, діннің бір бөлігі пида етіліп келді. Енді, мәдениетті діни заңдарға қызмет еткізу керектігі және осының бәрі де орындалатындығы Қасиетті Құранның мұғжизалы баяндауларынан белгілі болып отыр. Көзі ашылған адамзат Мейірімді Аллаһтан осылай болуын тілеп, жалбарынуда.Саид Нұрси* * * * *Әзиз, Сыддық жанқияр бауырларым.Көптеген жерден айтпен құттықтаған телеграммалар мен хаттар келуде. Науқасым ауыр болғандықтан мұрагерлерім болған Медресетүз-Зехраның хас тұлғаларына менің орныма және өз

107аттарынан айтпен құттықтауын тапсырамын. Ислам Әлемінің ұлы мейрамының бастамасы болған әзірге Азия мен Африкадағы жақсы өзгерістер төрт жүз миллион мұсылманды бір-біріне бауыр, моралдық-материалдық жәрдемші ететін Ислам Бірлігін жаңадан құрылып жатқан Ислам мемлекеттері қалыптастыра бастады. Қасиетті Құранның қасиетті заңдарын сол жаңа құрылған Ислам мемлекеттері негізгі заң етіп қабылдауы құтты болсын. Бұл Ислам үшін үлкен мереке. Басқа діндерге қарағанда барлық үкімдерін ақылға қонымды түрде дәлелдерге негіздеп отырған Құранның бүгінгі күні белең алған күпірліктің (атеизм) жалғыз өзі-ақ белін үзетіндігіне көптеген айғақтардың көріне бастауына орай адамзаттың жарқын болашағына да құтты болсын айтамыз. Медресетүз-Зехраның және барлық Нұр шәкірттерінің ел ішінде де шет елде де Арабша, Түрікше Нұрлардың жарыққа шығуы жолындағы еңбектері және Демократтардың басым көпшілігінің Нұрларға еркіндік берілуіне қолдау көрсетулеріне шын жүректен құтты болсын демекпіз...Биыл Хажылардың аз болуына көптеген себептер бола тұра жүз сексен мыңнан астам хажының қасиетті парызды орындауға және дін Исламның сәмәуи конгресі сияқты болған үлкен хажылығы ұлы мерекенің басы, жаршысы болғандығы құтты болсын.Науқас бауырларыңСаид Нұрси* * * * *ӘМІРДАҒЫНАН МАҒЫНАЛЫ БІР ЕСТЕЛІКБес жылдан бері дем алу үшін Әмірдағының сыртына арбамен серуендеуге шығатынмын. Сол кездерде бір жастан жеті жасқа дейінгі балалар ата-анасына деген құрметтен бетер қызығушылық танытып, арбаға жүгіріп келіп қолыма жабысатын. Тіпті, бір күні сол балалардың бірі арбаның астына түсiп қалды да, бірақ еш нәрсе болмағандай сау-саламат тұрып кете берген-дi.

108Мені танымайтын, мүлде көрмеген бiр-екi немесе үш жастағы балалар жалаң аяқ, тікенектердің үстімен зымырай жүгiрiп, арбаға жетіп алады да, үлкен кісідей құрмет көрсетіп, \"қолыңыздан сүйейік\" дейтін. Бұл көрініске мен де, менiң достарым да, мұны көрген жұрт та қайран қалатын. Және ол оқиға бір ауданға ғана тән емес, барлық жерлерде, тіпті, ауылдық жерлерде де қайталанатын.Мені алдамайтын ақиқатшыл түйсігіммен түйгенім: Мына, бейкүнә балалар күнәсіз болғандықтан, «сәуқ-ы фытри» деп аталатын болашақты сезу қабілетімен осы елдің балаларына және ересектерiне Рисалей-Нұр өте пайдалы екенін ақыл мен пікірлері аңғармаса да әлгі бейкүнә сезімдерімен және Рисалей-Нұрдың мағынауи көмегімен, оның жеткізушісіне яғни маған анасына жармасудан бетер құлшына жүгірiп жатыр.Біз де болашақты сезу қабілетімен былай ұйғардық: Келешекте мына бейкүнә жасөспірімдердің ішінен үлкен Нұршылар шығады. Бұлай істегендеріне қарағанда солай болса керек әрі келешекте Нұрдың белсенді шәкірттері шықпақ. Менің фәни дүниеде бала-шағам болмағандықтан мына бейкүнә балаларды өзіме мағынауи бала деп есептеп, барлығын дұғама қостым. Күн сайын таңертең нұр шәкірттерімен бірге оларды да дұғамның арасында аттарын атап өтемін. Һәм олардың біреуін қырық жастағы бейқам бір ересек адамнан артық көруімнің себебі, бұлар бейкүнә болғандықтан, шын жүректен ықыласпен ден қояды. Бұл шынайы ықылас қайдан пайда болды дейтін болсақ, әлбетте бір ақиқат оларды еріксіз өзіне тартады. Сөйтіп, мен де үлкендерге құрмет еткенім сияқты бұлардың құрметтеріне де құрметпен жауап беретінмін. Һәм бейкүнә, һәм келешекте нағыз Нұршы болатындықтарынан, мен үшін еткен дұғалары қабыл болар деп оларға былай дейтiнмiн: «Міне, сендер менің мағынауи балаларым болдыңдар, бұдан былай мен сендерге дұға етемін. Сендердің күнәларың болмағандықтан, мен үшiн еткен дұғаларың Құдай қаласа, қабыл болар. Сендерде мен үшін дұға етіңдер. Өйткені, мен ауыр науқаспын».Менің және қасымдағы бауырларымның ойынша мынаған көзіміз әбден жетті: Масондар мен дін дұшпандары құйтырқы жоспар жасап, бір кездері большевизм ұғымын сіңдіру үшін мектептер ашылған болатын. Заман өте ол мектептер өзгеріске ұшырап, жастарды жолдан тайдыру

109жұмысы жүзеге аспай, Ислам дінінің қаһарман ту ұстаушысы болған Түрік халқының мағсум, таза ұрпақтары нұрға ұмтылып оянуда. Жарқын болашақты сезіп, олар Рисалей-Нұрдан дәріс алуда. Міне, бұл оқиға басқа түскен әлгі пәлекетке төтеп беру, тойтарыс беру деп білеміз. Сондай-ақ, мына қызық жәй, Инша Аллаһ, сол балалар мен жас буынның масондар мен Құдайдан безгендердің қазған орынан аман қалатынына ишара болар.Саид Нұрси18.11.1951* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым және рухани Медресетүз-Зехраның Нұр шәкірттеріСпартаға келген кезімде, Спартада Уағызшы-Имамдар мектебінің ашылатындығы жайлы хабар алдым. Ол мектепке барғысы келетіндердің басым көпшілігі Нұршы болуына орай, сол мектепке жақын маңнан ресми түрде тіркелмеген Нұр медресесін ашып, ол мектепті де Нұр медресесіне айналдыру ойы ескертілді жүрегіме. Бір-екі күннен кейін, мен арнайы сабақ өткізеді екен деген хабар тарап, айналадағы елді мекендерден еркек-әйелі аралас көп халық жинала бастады. Ондай жартылай ресми Нұр медресесі ашылса, өте көп адам жиналып кететіндіктен олай болмайтыны түсінікті болды. Афионда сотқа бара жатқандағыдай өте көп адамның қажетсіз жиналатындығы белгілі болғандықтан, ол ойды қойдық. Жүрегіме мына екінші ақиқат ұялады. Ол мынау: Әр бір адам, егер үйінде төрт-бес баласы болса, өз үйін шағын Нұр медресесіне айналдырсын. Егер жалғыз болса, араласып, жүрген көршілерден үш-төрт адам жиналып, тұрған үйлерін шағын Нұр медресесі ретінде қабылдасын. Ең болмағанда қолдары жұмыстан қалт ете қалғанда бес-он минут болса да Рисалей-Нұр оқысын, тыңдасын, жазсын, бір

110шама шұғылдансын. Сонда нағыз ілім іздеген шәкірттердің сауабы мен абыройына бөленіп қана қоймай, ықылас рисалесінде жазылған бес түрлі құлшылықты орындаған болады.Ақиқат ілім іздеген шәкірттер сияқты, олардың да күн көріс қамымен жасаған қарапайым амалдары да құлшылық болып саналуы мүмкін, деген нәрсе еді жүрегіме жеткен... Мен де бауырларыма жеткізіп отырмын.Науқас бауырларыңСаид Нұрси* * * * *29.11.1951ЕскішеһирӘзиз, Сыддық бауырларым!Біріншіден: Құран, Иман жолындағы қызметтеріңді шын жүректен құттықтаймын. Осы хат арқылы бір маңызды мәселе жайлы ақылдасып, сендердің ойларыңды білгім келеді. Қалай қарайсыңдар? Мақұл көрмесеңдер түзетерсіңдер.Екіншіден: Рисалей-Нұрда дәлелденген бір нәрсе бар. Адамдардың қолымен жасалып жатқан зұлымдықтың ішінде Иләһи тағдырдың әділдігі бар. Яғни адамдар кейбір себептерге байланысты зұлымдық жасайды. Біреуді қамап тастайды. Бірақ тағдыр оны басқа себеппен түрмеге түсіреді. Әділдік орнайды. Нағыз қылмысы үшін қамалады. Осы ақиқатты көрсетіп беріп отырған басымнан өткен бір мысал. Жиырма сегіз жылдан бері қаншама аймақтарда, қаншама соттарда жауапқа тартып, соттағысы келген себептерін, еш қашан дәлелдей алмаған, күдіктері «Саид, дінді саяси мақсатқа пайдаланғысы келеді, сол мақсатқа пайдалануда», деген айып.Отыз жыл бойы қиыншылықпен өткен өмірімнен де отыз үлкен жинағымнан да бұл айтқандарына тұшымды дәлел таба алмады. Бір

111сот еш нәрсе таба алмаған жағдайда, басқа соттардың сол мәселені қайта-қайта қозғауы заңға да ақылға да сыймайтын жағдай. Саясатты дінсіздік жолында пайдаланушылар осы айыптаулардың артында өздері жасырынып тұрғаны белгілі. Өмірдегі өзім араласқан саяси-әлеуметтік, бұл дүниелік ағымдардың барлығын дінге қызмет еткізу үшін пайдаланғандығыма дінге қызмет ету жолында ғылыммен айналысқан алпыс жылдық өмірім нақты дәлел бола алады. Бұл мәселені сотта да көтеріп дәлелдеп бергенімдей мен дінді саяси жолда пайдаланбақ былай тұрсын Иман ақиқаттарының біреуін бүкіл дүниенің салтанатына айырбастаймын. Осы жағдайды қаншама рет дәлелдеп берсем де, жиырма тұрғыдан ақиқатқа үлеспейтін мәселені, ақымақша әрекет ететін және жоғарғы шендерге ие болып отырған әділет саласының кейбір қызметкерлері мен саясаткерлер осындай түкке тұрғысыз мәселелерді ақиқат санап, жиырма сегіз жыл бойы маған зұлымдық жасап келе жатуының шын себебін жақында білдім. Себебі мынау: Осындай аса маңызды кезеңдегі, Иман жолындағы қызметіме ең үлкен қауіпті нәрсе және ең үлкен рухани күнә мен қылмыс, бүгінгідей уақытта Құран жолындағы қызметімді өзімнің рухани-материалдық дамуыма, кемелденуіме пайдаланып қою екен. Аллаһқа шексіз шүкір етемін, ұзақ уақыттан бері менің еркімнен тыс, менің Иман жолындағы қызметімді моралдық-материалдық дамуыма, кемелденуіме, азаптан, тозақтан құтылу тіпті ақыреттік бақытқа қол жеткізу мақсатында пайдалану былай тұрсын қандай да бір мақсатқа пайдалануға қатаң тыйым салар аса күшті рухани кедергіні байқаушы едім. Қатты таң қалатынмын.Апырай, жұрттың бәрі ынтық болған рухани деңгей мен ақыреттік бақытқа қол жеткізу үшін салих амал жасау, соған ұмтылу күнә емес қой, зиян берер жағы да жоқ қой. Онда неге рухани түрде тыйым жасалуда, деп таң қалатынмын. Аллаһтың Ризашылығынан басқа, ілімнің мойныма артқан міндеті мені жетелеп отырып, тек қана иманға қызмет етудің өзі маған өтем ақы болатындығын көрсетіп берді. Өйткені, бүгінгі таңда еш нәрсеге құрал болмайтын, бағынышты болмайтын, барлық мақсаттан жоғары тұрар Имани ақиқаттарды шынайы құлшылық арқылы (ретінде) мұқтаж жандарға әсер ете алатындай етіп жеткізудің мынадай сұмдық кезеңдегі бір ғана шарасы және иманын құтқаруға, толық сенім ұялатуға себеп болар

112нәрсе еш нәрсеге құрал болмайтын Құрани сабақтар қажет. Сонда ғана абсолюттік күпірлік пен қырсық, бір беткей адасушылықтың белін үзіп, жұртқа толық сенім ұялатуға болады. Мынадай сұмдық кезеңде, мынадай жағдайда еш қандай жеке мүдде мен ақыреттік бұ дүниелік, моральдық, материалдық еш нәрсеге құрал болып тұрмағанын білгенде ғана толық сенім ұялатады. Әйтпесе, әр түрлі ұйымдар мен топ құрушылықтан туындап жатқан дінсіздіктің моралдық күшіне қарсы бір кісінің ең жоғарғы рухани мәртебесі де күдік күмәндарды толық тоқтата алмайды. Өйткені Иманға келгісі келген бір қырсық адамның нәпсісі мен менмендігі «Бұл қасиет қонған адам, өткір ойы жоғарғы дәреже-деңгейі арқылы бізді алдап соқты» - деуі мүмкін. Күмән – күдігі қалып қоюы мүмкін.Аллаһқа шүкір, жиырма сегіз жыл бойы дінді саясатқа пайдалануда деген айып тағылса да, Иләһи тағдыр адамдардың зұлымдықтары арасынан менің рухыма ескертіп, еркімнен тыс, дінді қандай да бір бас пайдама қолданбау үшін, залым адамдардың қолымен тоқпақтап, сақ бол, сақ бол, «Иман ақиқаттарын бас пайдаңа жаратпа. Иманға мұқтаж жандар айтылып жатқандардың тек қана ақиқат екенін түсінсін. Нәпсінің күмәндары мен шайтанның арбауы бойында қалып қоймасын. Үні өшсін», деп ескертуде. Рисалей-Нұр қозғаған ақиқаттарға мағыналас милиондаған кітаптар сол ақиқаттарды шешен де көркем тілімен жариялап, мыңдаған нағыз ғалымдар сабақ беріп жатса да бұл елдегі сұмдық абсолюттік күпірлікті толық тоқтата алмады. Ал Нұрлар, жоғарыда айтылған сырға орай бір жағынан алғанда оларды (күпірлікті) жеңіп кеткендігін дұшпандар да растап отыр. Осынша ауыр шарттарға қарамастан Нұрлардың абсолюттік күпірлікті жеңіп шыққандығы анық. Демек Нұрдағы күш осы ұлы сырдан қуат алуда. Мен де рухыммен қоса жиырма сегіз жылдық осыншама азапты жағдайларға разы болдым. Кештім, кешірдім. Әділ тағдырға да айтарым: Мен сенің осындай мейрімді шапалағыңа лайық едім. Мен де жұрт сияқты ешқандай тыйым салынбаған, зияны да жоқ Аллаһ үшін жүрген жолдарына түссем, яғни моралдық-материалдық сезімдерімді пида етпегенімде, Иман жолындағы қызметімдегі мына таң ғажайып рухани күшті таба алмас едім. Бұл күштің таң қаларлық бір үлгісі мынада. Мен олардың ең төменгі дәрежедегі шәкірті ғана бола алатын біреуі болсам да ол

113кісілердің иман ақиқаттары жайлы жазған кітабын оқыған бір кісі, Рисалей-Нұрдың бір бетін оқып, сол бір бет ана бір кітапқа қарағанда оның иманын құтқарып қалуына себеп болғанын айтыпты...Дұғаңызға мұқтаж бауырларыңСаид Нұрси* * * * *Ұстаз былай дейді: Соттың кейінге қалуында қайыр бар. Осы уақытқа дейін Нұрға және Нұршыларға тартқызған қиыншылықтардың жақсылыққа айналуы мына кейінге шегерілуде де қайыр барын көрсетуде. Біреуі де мынау болса керек. Нұрлар Ислам Әлеміне жақсы таралып жақсы әсер ете бастады. Мұндағы саясаткерлер де Европға еліктеп, Европалық мәдениетке бет бұрды. Нұрларға толық еркіндік берілуі сырттағы Ислам Әлемінің Нұрлар жайлы жақсы ықыласына зиян берер еді. Нұршылар рияға бой алдырды немесе Европалық үлгідегі мәдениет пікіріне қарсы емес, әлсіздік танытуда, деп Нұрдың қадірін түсірер еді. Соттардың кейінге шегерілуі ондай күдік-күмәндарға жол бермей отыр. Отыз жылдан бері Исламға жат нәрселерге бас имей келе жатқандығын дәлелдеуде.Ұстаз лекция оқығандай етіп айтты біз де жазып алдық. Биылғы екі сот жайлы айту керек болды. Мұндағы сотқа келсек; Елу жыл бұрын бір хадистен шляпа жайлы мағна шығарған едім. Кейінірек соттар бұл сөздерімді бір қолбасшыға жасалған шабуыл дегенді алға тартты. Афион соты мені ауыр жазаға тартылуға себеп ретінде сол мағынаны алға тартты. Ал енді мен оны жақында жазған екенмін, ол қолбасшы да тірі жүр деп ойлайық. Діні мен басқару жүйесін берік ұстайтын Ағылшындардың қол астындағы жүз миллион мұсылман, жүз жыл бойы Ағылшынның басқару жүйесін (режимін) дінін мойындамай отырса да олардың заң орындары сол үшін ешкімді жауапқа тартып отырған жоқ...

114Партияның қазіргі лидерлері әлгі қолбасшының үштен біріне тең дейік (олар да бір кездері қолбасшылар еді) менің ол қолбасшыға хадиспен ұрған шапалағымнан жиырма есе ауыр соққыларды мына лидерлерге газеттер-ақ беруде. Жауапқа тартылып жатқан жоқ, еркін. Мен елу жыл бұрын бір хадистің тасын лақтырдым. Жиырма жылдан кейін бір қол басшы сол тасқа басын тосып, басын жарыпты. Үкіметтен де дүниеден де байланысы үзіліп, өліп қалған адам. Ал бұрынғы үкіметтің көшбасшылары депутат болып немесе мемлекеттік қызметте жүргенде оларға жасалған шабуылдар, Рисалей-Нұрдың шапалақтарынан он, тіпті жүз есе ауыр болса да газеттерде еркін жазылып жатыр. Ал, кітаптарды жинап алғандағы сылтаулары, жүз отыз кітаптан тұратын Рисалей-Нұрдың бір кітабының бір-екі бетінде сол шапалақ жайлы айтылған екен. Соған бола жүз отыз кітапты жинап алу (тыйым салу) бір адамның қатесі үшін жүз отыз адамды жазалау сияқты қатігездікпен жасалған зұлымдық. Қазір кітапханалар мен кітап дүкендерінде, жұрттың қолында жүрген отанға, дінге қарсы дінсіздердің, азғындардың коммунистердің кітаптары, тіпті бастан аяқ Исламға қарсы жазылған Доктор Дузидің кітаптарының еркін таралуы, Рисалей-Нұрға тыйым салу, жер мен көктің арасын толтырардай зұлымдық, қатыгездік екендігін көрсетеді. Өйткені, Рисалей-Нұр Жиырма сегіз жыл бойы Ислам Әлемінің маңызды орталықтарындағы және елдегі ғұламалардың қолында жүрді. Еш бір ғалым, еш бір философ қарсылық білдірген жоқ. Соттар мен саясаткерлер хиджаб және ақырзаманда бір қолбасшы шляпа киіп, басқаларға да күштеп кигізеді, деген екі мәселе бойынша тиісті. Кейіннен бұл мәселелер бойынша төрт-бес соттың ақтау қарары шықты. Сонда да бір-екі мәселе үшін жиырма мың бетті сотқа тартып, Рисалей-Нұрды жинап алу, мына мысалға ұқсайды.Бір адамның екінші біреуге жазықсыз, мүмкін жазығы да болса тиіскені үшін (басқалар оны кінәсіз деп танып, бес сот ақтау қарарын шығарса да) жиырма мың адамды кінәлау сияқты нәрсе. Бір-екі бетке бола жиырма мың беттік Рисалей-Нұрды жинап алып, төрт жыл бойы Афион сотында (қоймасында) қамап ұстау, әлгі заңсыздықтан жүз есе артық заңсыздық, қате іс, қылмыс, елге опасыздық.Саид Нұрси

Әзиз Сыддық бауырларым!Біріншіден: Аллаһқа жүз мың шүкір етемін, елу бес жылдан бергі арманым, өмірімнің нәтижесі болған Медресетүз-Зехранның рухани ақиқатын сендер, Медресетүз-Зехранны қалыптастырушылар толық көрсетіп бердіңдер.Екіншіден: Ауыр науқас болуыма және басқа да себептерге байланысты мен Нұршы бауырларыммен әңгімелесіп сұхбаттаса алмаймын. Менің орныма сендер Рисалей-Нұрдың Бүгінгі Саидқа Құраннан берген сабақтарын. Бұрынғы Саидтың Шам Худбасы мен соның қосымшаларынан алған өмір медресесінің сабақтарын бейшара бауырларыңның орнына мен көп жеткізе алмай отырған бауырларыма түсіндіруге, айтып беруге уәкіл етемін.Үшіншіден: Өз үйін шағын Нұр медресесіне айналдырып, қаһарман Тахири сынды Нұрдың хас батырын Нұр қызметіне берген Тахиридің әкесінің қайтыс болуына байланысты марқұмның туыстарына, Спартаға, Нұр қызметіндегілерге көңіл айтамын. Хақ Тағала Нұрдағы әріптердің санынша рухына рахмет жаудырсын, әмин...Төртіншіден: Инеболу, Зүхретүн Нұрдың үш жүзін мен үшін дайындапты. Менің айтарым, жүз елуін Спартаға жіберсін, жүз елуі маған келсін. Маған жетті. Сендерге кеткені, келешекте маған жіберер Мектубаттың есебінен болсын. Сендерге қарызым болса соған жатқызыңдар...Бесіншіден: Ирактағы бауырларға, әсіресе Бағдаттағы Үлкен Ұстаздың шырақшысына сәлем айтыңдар. Өмірім жетсе сол жақтарға барып қайтуды шын жүректен қалайтындығымды жеткізіңдер...Науқас бауырларыңСаид Нұрси* * * * *

Әзиз, Сыддық бауырларым!Бұрынғы Саидтың бұрынырақта баспадан шыққан кітапшаларының біреуі қолыма тиді. Қызыға қарап шықтым. Мына әңгімелер келді ойыма. Жөн көрсеңдер Мектубаттың соңына енгізілсін.Біріншіден: Демократиялық төңкерістен үш жыл өткенде ру-тайпаларға Шариғатқа сай Демократияны жақсылап түсіндіру, қабыл еткізу үшін Ертуш тайпасына қарасты Күдан, Мамхуран руларына берген сабақтарым бір мың үш жүз жиырма тоғызда (Хиджри) Әбу Зия баспасынан қырық жыл бұрын басылған екен. Өкінішке орай жиырма-отыз жылдан бері таба алмай жүрген едім. Осы жолы біреу бір нұсқасын тауып, маған жіберіпті. Мен де Бұрынғы Саидтың басы мен Бүгінгі Саидтың жүрегін біріктіріп, зерделей қарадым. Түсінгенім, Бұрынғы Саид алдын ала сезу сезімі арқылы отыз-қырық жыл бұрын бүгін орын алып отырған моральдық материалдық оқиғаларды сезген екен. Сол кездегі бәдәуи Күрт тайпаларының артында тұрып, бүгінгі мәдениетті өздеріне маска жасаушы, отан сүйгіш болып көрініп, нағыз дінсіздік пен бәдәуилікке итермелеуші нағыз, керітартпа яғни, бұл елді Исламнан бұрынғы әдеттеріне қайта апарар алаяқтарды көріп тұрғандай сөйлеп, бастарына ұрған екен.Екіншіден: Сол туындының жүз бесінші бетінен жүз тоғызыншы бетіне дейін аса мән бере қарадым. Сол кезде, сабақ өткізіп, сұрақтарына жауап берген кезімде араларында үлкен әулие кісі болған екен. Мен оны байқамаған екенмін. Оның сол дәрежесі қарсы шығып, былай деді.– Сен қатты кеттің, қиялды ақиқат деп ойлайсың. Бізді де менсінбей тұрсың. Ақырзаман осы. Барған сайын бұдан да жаман болады. Сол кітапта былай жауап берген екенмін.Бұл дүние басқалардың даму алаңы болады да, бізге келгенде құлдырау шұңқырына айнлады ма? Олай болса мен де сендермен сөйлеспеймін.Ей, жүз жылдан, тіпті үш жүз жылдан кейінгі асқақ ғасырдың артында бізге көрінбей, Нұрлы сөздерді үнсіз тыңдап, ғайыптан тамашалап тұрған (Саид, Хамза, Омар, Осман, Юсуф, Ахмед және басқалар) сендерге айтамын.

117Тарихтың терең қатпарларынан сымсыз телефон арқылы сендермен сөйлесемін. Қайтемін! Асығыстық жасап, қыста келдім. ИншаАллаһ, сендер жұмақтай құлпырған көктемде келетін боласыңдар. Қазіргі егілген нұр дәнектері сол жерлерде гүл ашатын болады. Сендерден сұрайтыным, өткен шақтың аулына өтер кезде қабіріме соға кетіңдер. Сол гүлдердің бірнешеуін сүйегім жатқан топыраққа (есігіне таға кетіңдер. Яғни қарттар рисалесінің он үшінші үмітінде айтылғандай, Медресетүз-Зехраның бастауыш мектебі болған және Ван қамалының түбіндегі Хор Хор медресесінің күйреуі, Анадолудағы барлық медреселердің жабылып күйреуінің нәтижесінде мазар тасына айналатындығының белгісі ретінде Ван қамалы солардың бәріне қойылған үлкен мазар тасы болып отыр. Ей жүз жылдан кейін келетіндер! Осы қамалдың басына Нұр медресесінің гүлін тағыңдар.)Материалдық түрде болмаса да рухы мәңгі және көпшіліктің рухынан орын алған Медресетүз-Зехраны материалдық түрде салыңдар демек. Онсыз да Бұрынғы Саидтың өмірі сол Медресені армандаумен өтті. Баспадан шыққан сол рисаленің жүз қырық жетінші бетінен жүз елу жетінші бетіне дейін Медресетүз-Зехраның құрылуы мен пайдалары жайлы маңызды ақиқаттар жазылған.Осы қайырлы шаруа Медреселер жабылған жиырма бес жылдық сұмдық диктатуралық кезең аяқталып, оқу министрі Тевфик, Ванда Шығыс Университеті деген атпен Медресетүз-Зехраны салдыруға қарар беруі және ойламаған жерден Президент Жалалдың да бұл мәселеде Тевфиктің ойын қолдауы Бұрынғы Саидтың қырық жыл бұрын айтқандары мен өтініші жөн екендігін көрсетуде. Қырық бес жыл бұрын айтылған жауапта үш ақиқат айтылады.Біріншісі: Бұрынғы Саид алдын ала сезу қабілеті арқылы екі таң қаларлық оқиғаны сезіпті, бірақ садық түс сияқты жору керек депті. Ақ немесе қара нәрсеге қызыл перде арқылы қараса, қызыл болып көрінеді. Ол да сол ақиқатқа Ислами саясат арқылы қараған. Ақиқаттың бейнесі бір шама өзгерген екен. Әлгі үлкен әулие де сол қателіктерді байқап сол жағынан қарсы шыққан екен. Ол ақиқат екі бөлімнен тұрады.Біріншісі: Османлыдан бір Нұр шығады дейтін. Тіпті Демократиялық төңкерістен бұрын шәкірттерін ынталандыру үшін талай рет бір Нұр шығады, өздерің көріп жүрген келеңсіздіктерге

118тойтарыс беріп, елімізді бақытқа бастайтын болады дейтін. Міне, қырық жылдан кейін Рисалей-Нұр сол ақиқатты соқыр көздерге де көрсетіп берді. Рисалей-Нұрдың сырт көрінісіне, сан жағынан аз, тар шеңберіне назар аудармай, сапа жағынан алғандағы ауқымды пайдасын сезіп, саяси назармен қарағандықтан бүкіл Османлыға Нұр шашады деп айтқан. Әлгі үлкен әулие оның тар шеңберді кеңейтіп түсіндіруіне қарсы шыққан. Ол кісінікі де дұрыс. Бұрынғы Саидтікі де жөн. Өйткені Рисалей-Нұр иманды құтқаратындығы жағынан алғанда, тар шеңбер кеңейіп кетеді. Өйткені мәңгілік бақытқа Иманды құтқару арқыла қол жеткізуге болады. Бір миллион шәкірті бір миллиард сияқты болып кетеді. Бір миллион емес мың адамның мәңгілік бақытқа қол жеткізуіне ат салысу, бір миллиард адамның дүниелік өткінші өмірі мен мәдениетіне қызметтен артық және рухани тұрғыдан ауқымды болып саналатындықтан, Бұрынғы Саидтың садық түс сияқты алдын-ала сезу қабілеті тар шеңберді бүкіл Османлы мемлекетін қамтитындай етіп көрген. Нұрлар еккен дәнектер өркен жайып, жүз жылдан кейін кең шеңберді қамтыған кезде Оның кемшін жорамалдарын толықтырып жіберетін болады, ИншаАллаһЕкінші ақиқат: Қырық жыл бұрын Бұрынғы Саид бұл жазбаларында, Ишаратүл Иғжаздың басындағы түсіндірмеде және басқа да жазбаларында шәкірттеріне қайта-қайта адамзаттың қоғамдық өмірінде Рухани да материалдық да үлкен төңкерістер болады. Менің дүниені тәрк етіп, жалғыз өмір сүретіндігіме қызыға қарайтындар болады, дегенді ескертетін. Тіпті демократиялық төңкерістің бірінші жылында Стамбулда Әл-Әзхар Университетінің Ректоры Шейх Бахид Хазреттің (Р. Алейх)деген сұрағына Бұрынғы Саиддеп жауап береді. Яғни, Османлы мемлекетіндегі демократияға не айтасың? Европа жайлы пікірің қандай? Деген сұраққа Бұрынғы

119Саид, Османлы үкіметі Европаға аяғы ауыр, Европалық үкіметке ұқсайтын үкіметті дүниеге әкеледі. Ал Европа Исламға аяғы ауыр. Ол да Ислам мемлекетін дүниеге әкеледі деген екен.Ол ғұлама да, Бұған мен де келісемін, депті. Қасындағы ғалымдарға, мен мына кісімен білім жарыстыра алмаймын, жеңе алмаймын деген. Дүниеге әкеледі дегеннің біріншісін көрдік. Ширек ғасырдан бері Европаға қарағанда діннен әлде қайда ұзақ. Дүниеге әкеледі дегеннің екіншісі де жиырама-отыз жылдан кейін болады. Шығыста да батыста да Европада Ислам мемлекетінің дүниеге келуіне көптеген нышандар байқалуда.Үшінші ақиқат: Бұрынғы Саид та Бүгінгі Саид та Османлы мемлекетінде моралдық, материалдық жақтан бүліншілік орын алады дегенді алдын ала сезіп, қайта-қайта ескертуші еді. Сол сезім Нұрға керісінше кең шеңберді тар етіп көрсеткен екен. Уақыт оны екінші дүние жүзілік соғыс арқылы көрсетіп берді. Ал Османлыға қарайтын жағын былай жорыды.Адамзатқа тигізген зияны жағынан екінші дүние жүзілік соғыстың ауқымы кең әрине. Алайда дүниелік жақтан алғанда, баянсыз мәдениетке әсер ететіндіктен Османлыдағы бүліншіліктен аз болып қалады. Османлыдағы рухани зіл-зала мәңгілік өмірге, мәңгілік бақытқа зиян беру жағынан, Исламиятқа рухани зіл-зала әкелгендігі жағынан, екінші дүние жүзілік соғыстан да сұмдық болғандықтан Бұрынғы Саидтың бұл қатесін қате болудан арашалап, Садық түсін растап, алдын ала сезгендерін көзге көрсетіп отыр. Қарсылық білдіруші әулиенікі сырт қарағанда дұрыс секілді болғанымен ақиқатында Бұрынғы Саидтың сезгендері дұрысырақ екендігін дәлелдеп, ол әулиенің қарсылықтарын жоққа шығаруда.Саид Нұрси* * * * *

Әзиз, Сыддық, Мүбәрак бауырларымБіріншіден: Медресетүз-Зехраның белді мүшелерінің қалауы бойынша берілген бір сабақтың өзегі, сендерге де айта кеткенді жөн көрдік. Ол дәрістің тақырыбы: Бүкіл Әлеменің мақтанышы, әлемдердің жаратылысындағы нәтиже – Пайғамбарымыз Алейһиссалату Уссәлам барлық жаратылыстардың атынан Миғражға шыққан түні, Аллаһтың хұзырында адамзаттың, тіпті барлық тірі жанның, тіпті барлық жаратылыстардың атынан сәлемнің орнына деуі, ішінде жалпылық мағна жатқандықтан бүкіл үммет күн сайын намазда қаншама рет осыны айтады. Иманды жанда әр бір мәртебе иесінің үлесі бар екендігін «Хуәның сыры» рисалесінің қосымшасында, радио арқылы ауадағы мұғжизаның ашылу сыры жүрегіме мынаны ескерткен еді.Бір Иманды жан қысқа ғана дүниелік өмірінде жасаған құлшылығында мәңгілік бақыт әлемінде жер шарындай үлкен, мәңгілік мүлікке қол жеткізетін жалпылық құлшылық бар. Өзіне тән әлеммен бірге құлшылық жасаған сияқты өз әлеміндей сыйлық алатындығына қуана ишара ететіндігі Әл-Худжетүз зехраның екінші бөлімінде, Илаһи ілімдер жайлы айтылған жерде, -ның жалпылық мағынасы рухыма келеді. Әт тахиятта деген кезімде бірденен жеке әлемімнің төрт негізгі элементтері «топырақ, су, ауа, нұр» төрт жалпылық тілге айналды. Әр бір тіл, миллиардтаған тіпті триллиондаған тіпті катриллиондаған сөздерін өздеріне тән тілдерімен айтты, қиялыммен көрдім.Бұлардың ішінен «топырақ» бір тіл болып, барлық тіршілік иелері сөзге айналып дейді. Өйткені бір уыс топырақ өсімдіктердің басым көпшілігіне құмыралық қызмет атқарып, нәр алуына негіз бола алатындай жағдайда. Олай болса бір уыс топырақта бүкіл адамзат

121жасаған барлық фабрикалардың санынша шағын фабрикалар болуы керек. Бұлай болуы мүмкін емес... немесе барлық нәрсеге Құдіреті жететін, шексіз құдірет пен ілім иесінің басқаруы бар. Демек топырақ, осындай басқаруға (жарылқауға) бөленгендіктен барлық атомдарымен қоса дейді. Яғни: Әзелден әбедке дейін барлық тіршілік иелеріне өмір сыйлап тұрған Хақ Тағала.Одан кейін, жұрттың бәріне тән өзіндік әлем сияқты менің жеке әлемімдегі «су» да жалпылық сипаттағы тілге айналып, тіршілік иелеріне қызмет ету барысында атомдарының санынша триллион рет, катриллион рет берекелі сөзін өз тілімен әлемге жар салуда. Өйткені судың әр бір атомы өз міндеттерін атқаруда. Әсіресе жұмыртқалардың, дәнектер мен тұқымдардың оянуы өз қызметтерін атқару барысында кішкентай жаратылыстардың, төлдердің аса үлкен, тамаша, жүйелі, қызметтері барлық саналыларға «Бәрекелді, Машаллаһ» дегізуге лайық жағдайға ие болуы үшін судың әр бір атомында Платонның іліміндей ілім мыңдаған Хәкім Лұқманның хикметі, ерік күші болуы керек. бұл дегенің судың атомдары қанша болса сонша қисынсыздық. Олай болса Шексіз құдіреті, мейрім, хикметі ерік күші арқылы ол берекелі заттардан өз мұғжизаларын көрсетіп, сол мүбәрак заттарға өздерінің санынша сөзін айтқызып тұрғандықтан, барлық жаратылыстардың атынан әлемдердің жартылыстың нәтижесі болған Пайғамбарымыз (с.а.у.) Миғраж түні деген. Яғни барлық мақтауларға, Машаллаһ, бәрекеллаһтарға себеп болған жағдайлар, өнер туындылары Хақ Тағалаға тиесілі болғандықтан барлық -ларды Хақ Тағаланың алдында сыйға тартқан.Содан соң, әр кімнің жеке әлеміндегі «ауаның» әр бір атомы өзіне сыйланған қабылдау – жеткізу (өткізу) қабілеттері арқылы барлық дұғаларды, өтініш, құлшылықтарды қамтып сөйлемін өз тілдерімен айтып тұрғандықтан, ауа да жалпылық бір тіл ретінде ол сөздерді катриллион тіпті кентриллион рет айтып, Жаратушыға ұсынатындықтан, Пайғамбарымыз солардың атынан сол мағынада Хақ Тағалаға деп ұсынған. Яғни: «Бүкіл дұғалар мен

122мұқтаждықтардан туындайтын өтініштер, нығметтерден шығатын шүкірлер, құлшылықтар, намаздар Жаратушы Хаққа арналады». Өйткені Хуә нүктесінің қосымшасында айтылғандай, «Ху» деген кездегідей аз ғана ауаның әр бір атомында барлық тілдерді білетін және сөйлеушінің орнын көретін, ұзақтағы жақындағы барлық нәрсені еститін, барлық диалектілерді білетін әр бір әріптің айтылуын білетін қаншама істі бірдей орындайтын, шатаспайтын құдыретке, ерік – күшке ие болуы керек. Бұл дегенің ауаның атомдары қанша болса сонша қисынсыздық болғандықтан, еш күмәнсіз, әр бір атом Хақ Тағаланың барлық сыфаттарын көрсетіп куәлік етуде. Бүкіл әлемнің куәлік етуінің кішірейтілген түрі іспетті куәлік етуде. Демек Пайғамбарымыз (с.а.у.) миғраж түні ауаның атомдары қанша боса сонша салауатты білдіретін деген.Одан кейін деген тамаша сөзді айтан кезде «от» пен «нұр», яғни қызуы бар және қызуы жоқ, материалдық және моралдық нұр жалпылық тілге айналып, сансыз, шексіз түрде дейді. Яғни барлық тамаша сөздер, тамаша мағыналар, тамаша сұлулықтар, жаратылыс атулыдағы байқалған барлық сұлулықтар, Аллаһтың көркем есімдерінің шағылыстары, Пайғамбарлар бастаған әулие асфиялар мен иманды жандардың Имандары арқылы әлемдегі мақұлықтардан байқалып тұрған көркем бейнелер, Иманды жандардың иманынан туындайтын көркем сөздер, шүкірлер, тәухидті білдіретін сөздер тәсбихаттар, тәкбірлер сыры арқылы арш ағзамға бағытталған сол тамаша сөздер мен дүниенің үш жағының ең әдемісі Аллаһтың есімдеріне айналық қызмет етіп тұрған бірінші жағындағы шексіз әсемдіктер, игіліктер және дүниенің ақыреттің егіс алқабы болған екінші жағындағы сансыз жақсылықтар, қайырлы істер рухани жемістер, әсемдіктер бәрі де әзл-әбед сұлтаны Аллаһқа тиесілі. От пен Нұрдың бұл жалпылық тілмен жасап тұрған құлшылығы Аллаһқа құлшылық ету мағнасында. Әлемдердің мақтанышы Пайғамбарымыз (с.а.у.) осы мағынада деген. Өйткені материалдық және рухани нұрдың мойнындағы міндеттер жалпылық

123та жалқылық та сипатта Аллаһтың бар екендігіне ишара және куәлік ететіндігіне миллиардтаған мысал бар. Иә, от пен нұр да топырақ ауа, су сияқты. Барлық себептердің перде екенін, барлық жаратулар мен әсер ету Құдіреті шексіз Аллаһтан екендігін анық көрсетіп, басқа жолдың мүмкін емес екендігін дәлелдеп тұр. Нұр да дене мен өмір сияқты Иләһи Құдіретке пердесіз тікелей бөленіп, соған лайық болып тұрғандықтан сыртқы себептер перде бола алмайтындықтан вахидиеттің ішінен ахадиетті көрсетіп тұр. Өте қарапайым қызметтен өте ауқымды жалпылық сипаттағы ахадиеттің дәлелдеріне ишара етеді. «Хуә нүктесі» қосымшаларымен бірге осыны қысқаша түрде дәлелдеп беруде. Миллиардатаған мысалдардан шағын екі мысал:Біріншісі: Рухани Нұрдың адамзаттың басынан көрініс табуы, (ілім түрінде) – тырнақтай ғана есте сақтау қабілетіне ие бір адамның басында тоқсан кітаптың сөздері жазулы. Күн сайын үш сағат қайталау арқылы үш айда есте сақтау қабілетінің сол бөлімін ғана бітіре алады. Сол адам сексен жылдық өмірінде көрген, естіген, қызыққан, ұнатқан мағналар мен суреттерді, дыбыстарды тырнақтай ғана есте сақтау қабілетінен қалаған кезінде іздеп табады, үлкен кітапхана түріндегі есте сақтау қоймасында солардың барлығы жазылып, тізіліп тұрғанын біледі. Міне, сол тырнақтай есте сақтау қабілетінің теңіздей кеңдігі, күндей ауқымды нұры мен рухани жарығы, жер бетіндей үлкен парақтары болмаса мұндай жағдай болмас еді. Бұлай болуы жүз мыңдаған қисынсыз жағдайды қабыл етуден де қисынсыз, мүмкін емес нәрсе. Ендеше сол тырнақтай ғана есте сақтау қабілеті, Шексіз ілім Иесі Аллаһтың хикметі мен құдіреті ләух-ы махфуздың шағын үлгісін адамның басында жаратып, (орнатып) қойғандығына куәлік етуде.Екінші шағын мысал, электр: Бір адам электр шамындағы таң ғажайып жағдайды зерттепті. Қараса жүздеген нүктелер мен орталықтардағы металл, сымдардағы атомдар жансыз сансыз, әрекетсіз бола тұра... болмашы бір контакт беру арқылы он километрлік қараңғылық жоқ болады, жарты секундқа жетпей Нұрға бөленеді. Көзге көрініп тұрған қараңғылық кетіп, орнына көзге көрініп тұрған нұрдың келуі қиял емес. Түймеге басылған кезде, санасыз атомдар шексіз күшті, нұрды өздерімен бірге арқалап, жүз километр жерге жетіп, қараңғылықты сыпырып тастап, Нұрға

124толтыруы керек. Мұны шайтандар да дінсіздер де материалистер де жабылып келіп, бір скептикке қабылдата алмайды. (Сілтеме ) немесе *(Ақиқатында) бүкіл әлемге әмірі жүретін және барлық нұрлар оның «Нұр» есімінен фейз алатын Нұр-ен-Нұр, Халиқун Нұр, Мүдебиран Нұр болған Құдіреттің Ғайыптарды білуші, бәрін білуші Аллаһтың Құдіретімен, Хикметімен болады. Осы екі мысал сияқты салыстыра қарауға болатын қаншама мысалдар бар.б ү к і л ә л е мд е г і н ұ р л а р д ы,ә с е мд і к т е р д і ,жақсылықтарды, жақсы сөздерді, қайырлы нәрселерді, кемелдіктерді Хақ Тағалаға нұрдың тілімен ұсынғанындай, әлемдердің жаратылуына себеп болған Мұхаммед (с.а.у.) да әлемдегі барлық жаратылыстардың атынан миғраж түні деген. Пайғамбарымыз (оған әлемдегі атомдардың санынша сәләту сәлем) осы төрт тамаша сөзді сәлемнің орнына айтқаннан кейін Хақ Тағала (Рисалей-Нұрда кеңірек түсіндірілгеніндей) деу арқылы бүкіл үмметінің де солай дейтіндігіне ишара еткен, рухани әмір берген және солай жауап қайтарған. Пайғамбарымыз бірден деу арқылы сол құтты сәлемді өзіне де, үметіне де өзінен бұрынғы пайғамбарларға да тәлім етіп, жалпылық сәлем түрінде көрсетіп берген. Барлық жаратылыстардың өкілі ретінде сол сәлемге барлық жаратылыстар үшін жалпылық сипат әперген. Үметінің әр намаз сайын деуі, Аллаһтың сәлеміндегі әмір мен бұйрыққа мойынсұнуы. Тек алдарқатып, аса маңызды ақиқаттарға бір ат беріп, әлгі ақиқаттың сыры ашылғандай, қарапайым нәрсе етіп қояды. Мәселен: «Бұл электр күші екен» деп, әлгі аса маңызды, терең ақиқатты елеусіз нәресе етіп көрсетеді. Аллаһтың сол құдірет мұғжизасының хикметтерін екі бет жазу арқылы әзер түсіндіруге болады. Ал қарапайым бір ат беріп, ол ақиқатты, жалпылық сипаттағы хикметті бүркемелеп, оның орнына елеусіз бір атты қойып, әлгі мұғжизаны соқыр күшке, кездейсоқтыққа, табиғатқа еншілеп беріп, Әбу Жахилден де жахил (надан) деңгейге түсуде.Аллаһтың басқару жүйесіндегі Әдетуллаһ деп аталатын заңдарының біреуін адам баласы өзі түсіне алмаған соң оған электр деген айдар тағып, жарықтандыру мұғжизасын, әдеттегі, белгілі нәрсе сияқтандырып «электр күші» деген ат қою арқылы Аллаһтың Құдрет мұғжизасының құнын надандықпен түсіруде.

125Бағынуы... күн сайын сол бағыну мен мойынсұнуын және ол жеткізген бұйрықтарға бас иетіндігін жаңғырту және Пайғамбарын ұлықтау. Оның мәңгілік бақытты сүйіншілеуіне орай Ислам Әлемінің осы сөз арқылы алғыс айтулары. Кез келген адам өз денесінің күйрегеніне қайғырумен қатар үйінің қирауына да қайғырады, азап шегеді. Отанының күйреуіне де қайғырады. Туысқанының алысқа кетуіне не өлуіне де қайғырады, жүрегіне ауыр тиеді. Өзіне тән әлемнің күйреуін ойлау рухын тозақтай өртейді.Ал, басында миы бар әр бір адам егер ол рухсыз, жүрексіз, ақылсыз болмаса мынаны білуі керек. Мұхаммед Араби Алиһиссалату Уссалам Миғраж түні көзімен көрген мәңгілік бақытты сүйіншілеп, иманды жандарға Жұмақтағы мәңгілік бақыттан хабар берді. Сүйікті жандары жоқ болып кетпей қайта табысатындығы ақиқат екендігін жеткізуіне байланысты Ислам Әлемі күн сайын қаншама рет дейді. Ол жеткізген рухани сыйлықтың арасында әлемнің парақтары Илаһи хат екендігі белгілі болды. Жаратылыстардың шынайы құндылықтары, кемелдіктері Оның Пайғамбарлығы арқылы көрініс тапқандықтан бүкіл жаратылыс атаулы осы ақиқаттардың тілімен рухани түрде дейді. Үмметі де өз ара деп Ислам нышанын танытуы сүннет болуы осы ұлы ақиқаттардың сәулесі.Саид Нұрси* * * * *

Әзиз, Сыддық бауырларым!Біріншіден: Сексен жылдық рухани өмірге қол жеткіздіретін қасиетті үш ай құтты болсын. Шын көңілден Қасиетті түндер, реғаиб түні, Миғраж түні, барат түні, қадір түні құтты болсын демекпіз. Әр бір Нұршының рухани табыстары мен дұғалары барлық бауырлары үшін де қабыл болуын Мейрімді Аллаһтан тілеп, Нұр қызметінің табысты болуын үміт етеміз, құтты болсын дейміз.Екіншіден: Уланудың нәтижесінде пайда болған ұмытшақтық деген пәле мен үшін нығымет, мейрім болып, кейбір ақиқаттардың ашылуында кілттің қызметін атқарып отыр. Сондықтан маған жандарың қатты ашымай-ақ қойсын, дегенді айтқым келеді. Бірақ шын көңілден дұға етулеріңді қалаймын. Қазір Сиражин нұрдың бас жағындағы дұғаны оқыдым. Үйреншіктілік, әдетке айналудың, бір қалыптылықтың артында көптеген ақиқаттардың байқалмай қалатындығын көрдім. Әсіресе көкірегі қараңғы ғапылдар, табиғатшылдар, дінсіз философтар Әдетуллаһ деп аталатын Аллаһ қойған заңдардың артындағы Аллаһтың құдірет мұғжизаларын көрмей, таудай ақиқатты тарыдай бір себепке еншілей салады. Барлық нәрседегі Аллаһқа апарар жолдарды жауып тастайды. Ол жердегі нығметтерді соқыр көздері көре алмай, шүкір мен хамдтың есіктерін жауып тастайды. Мысалы: Құдайдың құдреті бір ғана сөзді, бір уақытта миллион тіпті миллиард сөзге айналдырып, ауа деп аталатын парақтың бетіне шашып тастайды. Сондай-ақ Аятының ишара етуі бойынша көркем сөз, құдірет қаламы мен уақытқа тәуелсіз түрде атомосфераның түпкір-түпкіріне бірден тарап кететіні сияқты, рухани және қабыл болғыш ақиқаттарды жазып-өшіру тақтасы іспетті атмосферадаға Құдіреттің мұғжизаларын, көкірегі қараңғы жандар Адам заманынан бері әдет, үйреншіктілік деп аталатын пердемен бүркемелеп келеді. Қазір радио деп аталатын ақиқат арқылы түсінікті болғанындай, мәңгілік құдреттің шексіз ілімі, хикметі ауаның әр бір атомынан көрініс беруде. Өйткені, сан жетпес жеке-жеке сөздер, ауадағы

127әр бір атомның кішкентай құлағына кіріп, шағын тілінен шығып жатса да араласып, бұзылып кетпейді, адаспайды. Демек бүкіл себептер жиналып келсе де бір атомның жаратылысына тән қызметіндегі Аллаһтың құдретін орындай алмайтындықтан, әр бір атомның құлағындағы, тіліндегі ғажайып өнерге ешкім араласа алмайтындықтан, адасушылар мен көкірегі қараңғы жандар қалыпты әдет, заңдылық, бір қалыптылық деген перденің артына жасырып, қарапайым ат беріп, өздерін уақытша алдарқатуда.Мәселен: Он төртінші сөздің қосымшасының сілтемесінде айтылғандай; Аса мұғжизагер бір ұста тырнақтай ғана ағаштан жүз келілік алуан түрлі тағамдар мен жүз метрлік түрлі-түсті мата жасаса, бір адам әлгі тырнақтай ағашты көрсетіп, «Бұл істер табиғи түрде, кездейсоқтық жағдайда мына ағаштан пайда болды» десе. Әлгі ұстаның өнерін жоққа шығарса қаншалықты ақымақтық, адасушылық болар еді. Сол сияқты: Қарағай және інжір ағаштары сынды мыңдаған ғажайып өнер туындыларын көрсетіп тұрған құдіреттің мұғжизаларына, олардың ноқаттай дәнін көрсетіп, «Бұлар мынадан пайда болды» деу немесе атмосфераны конференц залы, жер бетін сынып (класс), білім ошағы секілді етіп, шексіз нығметтер беріп отырса да, адамзаттың мәңгілік бақыты үшін Аллаһтың жарылқауының бір үлгісіне (Сілтеме ) еш күмәнсіз, тікелей мейрім *қазынасынан келіп тұрған Иләһи сыйлыққа радио деген ат қойып, бұл электр өрісі, ауа толқыны деу – жүз мың нығметке шүкір етудің орнына күпірлік пердесімен бүркей салу. Жоғарыдағы мысалдағыдай, материалисттер мен адасушылардың ақымақтығы. Шексіз қылмыс, шексіз азапқа лайық етеді. Бауырлар бүгін Сиражинұрдың бас жағындағы мінәжатты расында да түзету-тексеру ниетімен оқудамын. Есте сақтау қабілетім нашарлағандықтар (сексенге келсем де өмірге жаңа келгендей) үйреншіктілік, әдет деген нәрселер кедергі бола алмайды. Аса қызығушылықпен, толық пайдама жарата отырып оқыдым. Тамаша екен. Жасырын жаулар кейбір ресми қызметкерлерді айдап салып, Сиражинұрдың соңғы жағын сылтауратып, жинатып алуы бас жағындағы мінәжаттың таралуына жол бермеу екендігін түсіндім. «Шырақтағы», «Хуәның сыры» сияқты бұл мінәжат та дінсіздердің Сиражиннұрға шүйлігуіне себеп болған екен.Бұл сөзде үлкен ақиақттың кілтіне ишара бар

128Үшіншіден: Нұршылардың бойындағы шынайы ықылас пен нағыз табандылықтың, шын берілудің, бір-біріне сүйеу болудың арқасында басымызға келген барлық қиыншылықтар, Иман жолындағы қызметіміз үшін үлкен нығметке айналып отырғандығын, сырт көзге байқалмай-ақ, Нұрдың ойға келмес табыстарға кол жеткізіп жатқандығын сүйіспеншілікпен...Мысалы: Спартадан Стамбулдағы сотқа қатысу үшін жүз банкнотты жолға төлеуге мәжбүр болдым. Сендерге ант іше отырып айтайын, тек қана осы мәселе бойынша, тек қана «Шыраққа» қатысты мәселе бойынша, қызметтің маған ғана қатысты нәтижелері үшін екі мың банкнот берсем аз дер едім. Баршаңызға қатысты нәтижелерін осыған салыстыра беріңдер. Дұғаларыңа мұқтаж науқас бауырларыңСаид Нұрси* * * * *

НҰР ӘЛЕМІНІҢ БІР КІЛІТІНІҢ ҚОСМЫШАСЫНұр кілтіндегі радио тақырыбына орай. Бір күні екі студентпен бірге машинада кетіп бара жатып, машинадағы еш қандай сымға байлаусыз радиодан мәуліт-шәріп тыңдап отырып, ол екі студентке былай дедім:Нұрда да өмірдегі, денедегі сияқты Аллаһтың құдіреті тікелей, анық көрініп тұрғандығының бір дәлелі мынау: Мына шағын аппараттағы тырнақтай ауа, рухани нұр, қазір оқылып жатқан мәуліттің сөздерін ғана естіп, айтып тұрған жоқ мыңдаған тіпті миллиондаған сөздерді бір уақытта естіп, айтады. Мыңдаған станциялардағы әр бір сөзді қазір естіп отырған сөздеріміз секілді жеке-жеке естіп, естірте алады, айта алады.Демек ең кішкентай, жалқылық нәрсе жалпылық сипат алады. Аз ғана ауа бүкіл атмосфераның міндетін орындай алады. Шағын бөлшек атмосферадай үлкейіп кетеді. Егер бұлар Мәңгілік Құдіреттің ісі демесек, қисынсыз. Мәселен ең кішкентай жалқы нәрсенің ең үлкен жалпылық сипат алуы... ең кішкентай нәрсенің ең үлкен нәрсе болуы. Жансыз, санасыз, әлсіз, надан нәрсенің ең күшті, ең ақылды, білімді, қалау еркі бар, саналы болуы керек. Жүздеген қисынсыз қарама-қайшылықтар ішіндегі теңдесі жоқ қияли нәрсе болмақ.Демек бұлар мәңгілік Құдіреттің ісі екені анық. Құдіреттің атмосферадағы бұл көрнісін мына хадистің мағнасы көрсетіп беруде. Мағына былай: Бір періште бар. Қырық мың басы бар. Әр басында қырық мың тілі бар. Әр тілі қырық мың тәсбих айтады. Алпыс төрт триллион тәсбихты бір уақытта айтады. Демек атмосфера да осы періште сияқты. Яғни, сол періштенің тәсбихатындай тамаша сөздер жазылуда. Атмосфера өз тілімен былай дейді: «Бұл хадис мен жайлы немесе мені бақылап тұрған періште жайлы хабар беруде». Өйткені, бүкіл адамдардың сөздері, қаншама дыбыстар араласып жатқанымен шатаспайды. Айтушының диалектілері, әдемі дыбыс ырғағы, жалпыны қамтушы сана арқылы ғана жасалатын шаруаны маған (атмосфераға) қандай да бір себепке еншілеп берудің қисыны

130жоқ. Демек барлық жерді қамтып, бақылап тұрған Ахадиеттің көрнісі. Барлығын қамтып тұрған қалау ерлік пен шексіз ілім иесі мәңгілік құдіреттің ісі. Мұның миллиондаған куәгерлерінің бірі радио «Он үшінші сөзде» Құранның хикметі мен философияны салыстыру кезінде айтылған мәселенің мағнасы былай болатын: Адами философия, Аллаһтың құдрет мұғжизаларының ішіндегі мейрімділік мұғжизаларының үстіне қарабайыр жапқышты бүркей салады. Сол қарабайыр жапқыштың астындағы Аллаһтың бір екендігінің дәлелдерін ғажайып нығметтерді көрмейді, көрсетпейді. Бірақ әдеттен тыс кейбір жеке жағдайларды көріп, мән береді.Мәселен: Адамның жаратылысындағы құдрет мұғжизаларын көрмейді, мән бермейді. Бірақ әдеттен тыс екі басты, үш аяқты бір адам көрсе, таң қалып, назар аударады. Жалпылық сипаттағы мұғжизаны әдет пердесінің артына жасырып қояды. Қарапайым және заңдылықтардан тыс қалған, өз үйірінен бөленіп қалған нәрселерден ғибрат алғысы келеді. Мәселен: Адамның да хайуанаттың да балалары мен төлдеріне мұғжизалы түрде рызық беріледі. Оны әдеттегі қарапайым нәрсе санап, мән бермейді. Алайда бір кездері Америкада бір газет жария еткендей, өз үйрінен, тұқымдастарынан бөлініп, теңіздің түбіне кеткен қоңыздың аузындағы жасыл жапырақты көрген балықшалар оның рызық тауып жегенінен әсер алып жылап, жарияға жар салыпты. Негізінде, ең қарапайым төлге берілген емшек сүті, ондай мыңдаған мейрім мұғжизасы мен жарылқауды жар салуда. Адам философиясы мұны байқамағандықтан, шүкір етпейді. Рахман Рахимды танымайды. Сондықтан шүкір етпейді.Ал, Құрани хикмет сол қарабайыр пердені жыртып тастайды. Жалпыға ортақ, ғажайып мұғжизалар мен нығметтер арқылы адамзатқа сабақ береді. Аллаһты таныстырады. Жалпылық сипаттағы шүкір болған ғибадатқа бет бұрғызады.Адами философияның аса таңқаларлық қателерінің бірі мынау: Бойындағы қалау еркі, ең қарапайым амалы болған «сөйлеуге» де жетпейді, жарата алмайды. Оның бейімділігіне орай, Аллаһ әлгі сөздерді жаратады. Мыңдаған нұсқасын ауаға да жазып қояды. Бұларды жарату адамның қолынан келмейді. Әлемдегі барлық себептердің де қолынан келмейтін құдрет мұғжизаларын адам жаратты деу қаншалықты үлкен қате екенін титтей де болса санасы бар жан түсінер.

131Бұның тағы бір мысалы, жүз мыңдаған ғажайып нәрселер орын алып отырған Иләһи заңдарды адамзаттың игілігі үшін танып білу, яғни іс-әрекетпен жасаған дұғасының қабыл болуы, Аллаһ берген илхам (ой салу) арқылы жасалған радио сынды заттарды пайдасына жаратқан бейшара адам, «О! Пәленше радионы ойлап тапты, түгенше электр күшін тапты. Өнер тапқыш ойшылдар адамның басындағы нәрселерді оқитын аппарат жасауға әрекет етуде» дейді.Хақ тағала мына әлемнің ішіне адамға қажетті және лайық барлық нәрсені жаратып, қонақ үй етіп қойған. Уақыттың түпкірінде жасырын қалған нығметтерді іс-әрекетпен жасалар дұғалар мен ой қосу, зерттеулердің нәтижесінде адамдарға сыйлап отырады. Енді бұған шүкір ету қажет бола тұра, нығметтерді менсінбеушілік болып саналатын, адам ойлап тапты, адами өнер деп қарайды. Содан соң барлық нәрсені қамтып тұрған сана, ілім, ерік-қалау, мейрім, сый арқылы болып жатқан ғажап нәрселерді ұмыттырып, қарапайым бір перде болып тұрған (себепті) ғана көрсетіп, кездейсоқтыққа, табиғатқа, жансыз заттарға еншілеп беріп, жоғарғы дәрежеде жаратылған адамның болмысына керіағар көрсоқыр надандықтың есігін ашады. Олай болса қағидасына сай, жаратылыстарға жаратушысын таныстырушы айғақ ретінде қарау керек. Адам сонда ғана адам болады.* * * * *

Әзиз, Сыддық бауырларым!Біріншіден, жақында Анкебут сүресіндегіаятын оқып отырғанда мыналай бір ой келді: «Ең әлсіз үй өрмекшінің үйі. Аллаһқа серік қосушылар білсе ғой, яғни иманға келмеген Құрайш басшылары білсе ғой...» деген мағынадағы бұл аяттың шешендігіне сай жағдайды байқамадым.Сол кезде Зүлфикарды Пайғамбарымыздың мұғжизалары жазылған бөлімін түзету-тексеру үшін аштым. Мына жолдар көзіме бірден түсті. Бірінші оқиға: Мағынауи тәуәтур дәрежесінде әйгілі, Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм Әбу Бәкір Сыддық екеуі, кәпірлердің қуғынынан құтылу үшін жасырынған Хира үңгірінің аузына екі көгершін күзетші сияқты қонақтап отырған, ал өрмекші болса, тоқымашы сияқты керемет түрде өзінің қалың торымен үңгірдің аузын жауып тастаған.Тіпті, Құрайыштың басшыларының бірі, Бәдір соғысында Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнің қолымен өлтірілген Убеий ибн Халеф үңгірге үңілгенде серіктері оған: «Үңгірге кірейік!» депті. Сонда ол: «Кірудің қажеті жоқ. Мына өрмекшінің торын көрмейсің бе? Бұл Мұхаммед дүниеге келмей тұрғанда тоқылған тор». дегенБірден бұл аяттың екі әріпіндегі яғни әріптеріндегі мұғжизаны көрдім. Бағанағы күдігімнің орнындағы мұғжизаның сәулесін көрдім. Соны айтайын: Анкебут сүресі Меккеде түскен. Құрайштың иманға келмеген көсемдері Пайғамбарымызға (с.а.у.) қастандық жасайды, сол қастандықтары кезінде ең әлсіз жәндік өрмекші әлгі көсемдердің ызалы қастандықтарының бетін қайтарып, оларды жеңіп кетеді. Яғни өрмекшінің нәзік ауы (үйі) өте нәзік перде бола тұра әлгі күштері тасыған көсемдердің жеңіліп қалғандығын көрсете

133отырып былай дейді: «Ең әлсіз жәндіктен жеңіліп қалатындықтарын білгенде мұндай қастандық, мұндай қылмыс жасамас еді». Міне аятындағы бір сөз бір тарихи мұғжизаны көрсетіп тұр. (Сілтеме )*Меккеге түскен бұл сүренің мына аятындағы ишара арқылы Хира үңгіріндегі ғажайып оқиға, Аллаһтың сақтауы, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мұғжизасы жайлы ғайбтан хабар беруі, мұғжизаның бір сәулесін көрсетіп, ол сүреге Анкебут (Өрмекші) сүресі деген ат берілуі, өрмекшінің нәзік ауына мән беру өте орынды екендігін, қандай да бір күдік-күмәндарды жоққа шығаратындығын көрдім. Аллаһқа шексіз шүкір еттім. Құранның сүрелері мен аяттарында, тіпті сөйлемдері мен сөздерінде мұғжизалардың сәулесі жатқандығын, олардың тіпті әріптерінде де тұрғандығын білдім.Науқас бауырларыңСаид Нұрси * * * * * аяты суға батқан Перғауынға былай дейді: \"Бүгін сенің суға батқан денеңе азаттық беремін\". Осы үндеу арқылы барлық перғауындардың рухтың әрі бері көшетініне сеніп, жаназаларына бальзам жағып өткен шақтан болашаққа жіберіп, келешек ұрпаққа ғибрат боларлық тіріліктерін әшкерелеп қана қоймай, қазіргі таңда анық әлгі суға батқан Перғауынның денесі болып шыққан жәдігер, оқиғаның болған жеріндегі жағадан табылып, дененің теңіздің толқындарынан аман-есен өтіп жағаға жеткені секілді заман дейтін теңіздің ғасырлар дейтін толқынынан аман қалып, осы ғасырдың жағалауына шығатынын Құран пәленбай ғасыр бұрын ишарамен хабарлап, өзінің мұғжиза екенін бір ғана сөзбен көрсеткен. (Сілтеменің сілтемесі )**Сілтемесі :** Шетелдіктер қазір сол Перғауынның денесін тауып алыпты. Музейге қойылған денелердің арасында көпшілікке ашық көрсетілуде

Әзиз, Сыддық, қайтпас, табанды, жан қияр бауырларым!Біріншіден сынды мақтауға бөленген түндер, айттарың құтты болсын. Асқынып тұрған ауруыма шипа сұраған дұғаларыңды күтемін.Екіншіден: Жасырын жаулар Нұрлардың жарқын түрде таралуына бір шама кедергі келтіру үшін кейбір ресми қызметкерлерді айдап салып, өздері шығарып алған заңдармен қысым жасауда. Кейбір Хас Нұршыларға кедергі келтіруге тырысуда. Осындай берекелі күндерде, Стамбулда «Жастар шырағы» жайлы дінсіздік сезіммен жазылған (Сілтеме ) сараптаманы маған жолдапты. *Уланудың нәтижесінде қатты ауырып жатқандықтан, оларға жауап беруді сендерге тапсырамын.Бұл (кітапша) он екі жыл бұрын жазылып, рақымшылық жасалып, ақталып шыққан. Бес сот қарап, еш нәрсе таба алмай қайтарып берген. Он мың адамға әсіресе жастарға пайдасы тиген. Сотта айтқан қорғау сөздерімде, (қосымшалармен қоса алғанда) Отанымыз үшін аса пайдалы екендігін дәлелдеп берген едім. Саралауды білмейтін сарапшылардың заң атынан заңсыңздық жасап, әділет орындарына әділетсіздік жасатып, сұмдық зұлымдықтарға жол ашып отырғандығын, «Жастар шырағында» дінді саясатқа пайдалану бар дегендеріне қарсы, олардың өздері саясат пен заңдарды дінсіздіктің сойылын соғуға пайдаланып отырғандығын дәлелдеп, ауыздарын жабуды Медресетүззехра мен бөлімшелеріндегі Нұршы бауырларыма тапсырамын.Науқас бауырларыңСаид Нұрси * * * * * Хабардар болуларың үшін сендерге де жібереміз

САРАПШЫЛАРДЫҢ АНЫҚТАМАСЫНА ҚАРСЫЛЫҚ РЕТІНДЕ АҚИҚАТТЫ БАЯНДАУДіни сезімдерді саяси жолда пайдалануда деген айып тағуларға қарсы айтарымыз.Бүкіл өмірім мен мені танитындар куә, саясатқа араласқан кезімде де дінді саясатқа пайдалану былай тұрсын, бар күшіммен саясатты дінге қызмет еткізуге, соған бағындыруға тырыстым. Өмір тарихым мен достарым куә, Демокаратиялық төңкерістің басында шариғат қалайтындарды дарға асқан кезде, әрекет әскері атанғандардың жан түршіктірер әскери трибуналы кезінде, бір күнде он бес адамды дарға асып, трибунал төрағасы мен мүшелері маған «Сен де кері тартпасың, Сен де шариғат қалапсыз», деген кезінде «Шариғаттың бір ғана мәселесі үшін жанымды пида етуге дайынмын». Егер Демократия бір топтың диктаторлық әрекетінен тұратын болса, шариғатқа қайшы әрекет ететін болса, бүкіл әлем куә болсын онда мен керітартпамын» дедім. Өлім жазасына бес тиындық мән бермеген, дүниесін де барлық нәрсесін Шариғат жолында пида еткен адамның, дінді, шариғатты бір нәрсеге, саясатқа пайдалануы мүмкін бе? Солай болуы мүмкін деп әлемді жоққа шығарушы скептик те айтпайтын шығар. Сондай-ақ, араларында бір бейкүнә жан болса он залымға саяси жолда тиісу үлкен қате деп білетін және өзіне зұлымдық жасағандарға қарсы әрекет етпеген, тіпті қарғыс та айтпаған, қоғамның тыныштығын бұзбауды өмірлік қағидасына айналдырған бір адамға дінді саяси жолда пайдалануда, оның ар жағында қоғамның тыныштығын бұзу жатыр деп айыптаудың артында қаскөйлік пиғыл жатыр әрине. Жиырма сегіз жылдан бері бұрын – соңды жасалмаған қиянаттарға, азаптауларға душар болса да соттар көрсетіп бергендей жүз мыңдаған шәкірттер мен жанқияр достарының еш қайсысы қандай да бір заңсыз әрекет жасамағандығын алты уәлиятының соттары анықтап отыр. Осындай адамды қоғамға, отанға саясатқа зияны тиеді деген адам, жер мен көктің арасын толтырардай жөнсіздік жасайды.Осынша айыптауларға қарсы үндемеуім, өзімді жауапкершіліктен, қамаудан құтқарып қалғым келгендіктен деп ойламасын. Мені жақсы білетін достарым растап отыр ғой, соңғы жиырма сегіз жылда маған

136өмірден гөрі өлім пайдалы, түрмеден гөрі қабір он есе пайдалы, еді. Ал мынадай еркіндіктен түрме он есе пайдалы болғандығына сенімдімін. Егер кейбір достарым уайымдап, қайғырмайтын болса, үнемі түрмеде қалар едім.Егер шариғат өз-өзіне қол жұмсауға рұқсат бергенде, Орыстың бас қолбасшысының және Стамбулға басып кірген одақтастар әскерінің басқолбасшысының өлім жазасына кесуіне және үкімет үйінде елу депутаттың алдында Президенттің қатты ашулануына қарсы кішіреймеген бір адамға қарапайым жандарымдар мен қарауылдардың қаншама рет қиянат жасап қорлауы, жазалары мен жалалары өлімді өмірден жүз есе артық көрсетер еді, сол жақсы дер еді.Жастар шырағын сылтау етіп, ақылға, қиялға сыймайтын күдік-күмәндармен айыптауда. Мен де бауырларым да Жастар шырағындағы ақиқаттар арқылы иманымызды, мінез-құлқымызды қауіптерден құтқарудамыз. Сондықтан айтарымыз. Жастар шырағы он бес жыл бұрын жазылды. Үш рет басылып, мыңдаған нұсқасы тарады. Он мыңдаған нұсқа колмен көшіріліп көбейтілді. Ел арасында қызыға оқылуда, жүз мың адам оқыса да жақтаушысы бар, қарсы шығушысы бар, діндары бар, дінсізі бар еш қайсысының «Осыдан зиян шектік» немесе «Елге, отанға қауіпті», дегенін естіген жоқпыз.Ондай зиян тигізер болса осынша маңызды мәселе тыныш жатпас еді, естілер еді. Тіпті қажет болса осы арқылы иманымызды құтқардық, ұлттық болмысымызды осы арқылы түзеттік, пайдамызға жарады деген жүз мың адамды куәға тарта аламыз.Бір адамның он жақсылығы болса, болмашы бір қатесіне ешкім назар аудармайды ғой. Жүз мыңдаған игі істер атқарған бір шығарманы негізсіз күдік-күмәндарды сылтау етіп жауапқа тартуға бола ма? Қоғамдық өмірге қатысы бар бір де бір заң бұған қылмыс дей ала ма?Ислами ғылымдардан бейхабар сарапшылардың таққан айыптары.Біріншісі: «Зайырлылыққа жат. Дінді саясат жолында пайдалануда». Ал авторы отыз бес жылдан бері саясатты тастап, бір де бір газет оқымаған. Шәкірттеріне де үнемі, «Саясатпен айналыспаңдар» дейді. Бұл жағдай айыптаулардың негізсіз екенін көрсетеді.

137Екіншісі: «Діни сабақтар берілуін жақтайды», деген айып тағылыпты. Бұған қарсы айтарымыз. Дүние жүзінде бұны кінә санайтын иманды жан жоқ. Оның үстіне түрмедегі бейшараларға жұбаныш ретінде сабақ берген. Сабақтардың өтуін қолдайтынын сол кезде айтқан. Бұл жағдай ол сөйлемнің де түбегейлі мағынасыз екендігін көрсетеді. Тіпті түрмедегі үш жүз адамның Рисалей-Нұр арқылы аз уақыттың ішінде түзеліп, жасаған қылмыстарына тәубә етіп, намазға жығылуы, сол жерге қараушы қызметкерлердің назарын аударған. Сол қызметкерлердің кейбіреуі «Он бес жыл түрмеге қамағаннан, он бес апта Рисалей-Нұрдан сабақ алған пайдалы» деген. Бұны түрмеде жатып «Жастар шырағын» көшіріп жазушы адамға айтқан. Автор да Жүз отыз кітаптан тұратын Рисалей-Нұрдың және соның бір бөлігі болған «Жастар шырағын» толық болмаса да оқып шыққан адам, он бес жыл түрмеде жатқандай емес, медреседе сабақ алып шыққандай пайда көреді, тәрбисеі түзеліп, жаман қылықтарынан тәубә етеді дейді. Осындай ұмтылыстарды ынталандыру қылмыс санала ма? Мені түрмеге қамағандар да мұны мойындап отыр.Үшіншісі: «Орамал тағуды, Ислами тәрбие беруді жақтайды» деп кінә артуда. Бұл Ескішехир, Денізлі, Афион соттарында қаралып, Афион сотының үкімінде жазылғандай, он бес жыл бұрын Ескішехирде орамал тартуды жақтағаным үшін сотқа тартылдым. Сотқа да касациялық сотқа да мына жауапты берген едім.Бір мың үш жүз елу жылда әр ғасыр сайын үш жүз елу миллион мұсылманның өмір салтының бір қасиетіне айналып, үш жүз елу мың тәпсірдің мағналары бір болуына орай, орамал тарту керектігі жайлы аятты мың үш жүз жылдық ата-бабасының сеніміне сай тәпсірлеген бір адамды айыптау, әрине жер бетінде әділдік бар болса жоққа шығарылып, сол айыптауларға байланысты шығарылған үкімнің күшін жоятындай жағдай. Бұл аяттың әйелдерге орамал тартуды бұйыруы аса үлкен мейрім, әйелдерді арсыздықтан құтқару екендігін Рисалей-Нұр нақты дәлелдеген. Оған қосымша ретінде «Себилүррешадтың» 115 – санындағы «Әхл-и иман ақыреттік қарындастарыма» атты мақалам да дәлелдеп берген.Төртіншісі: «Бедел жинауда» деп кінә тағыпты. Себеп ретінде «Рисалей-Нұрдың рухани келбетінің атынан айтып тұрмын» және «жүрегіме ескертілді», «ойыма келді», «жүрегіме сездірілді»,

138«Рисалей-Нұр мектептің де медресенің де тәкиенің де берер пайдаларын беруде», деген сөздерді көрсетіп айып тағуда. Жауап ретінде былай дейміз. Сексен жастан асып, қабір аузында тұрған бір адам. қырық жылдан бері жалғыз өмір сүруге үйренген. Жиырма сегіз жылдан бері түрмелер мен айдауда. Дүниеден мүлдем сырт айналған. Отыз бес жылдан бері еш қандай газет оқымаған, тыңдамаған. Еш қашан тегін сыйлық қабылдамаған. Ең жақын адамдарынан тіпті бауырынан да ақысыз еш нәрсе алмаған. Жұрттың құрмет көрсетуінен қашу үшін, аса қажет болмаса адамдармен кездесуден де қашқақтауды өмірлік әдетіне айналдырған. Достарының мақтау сөздерін де өз атына алмай, Нұршылардың, Рисалей-Нұрдың рухани келбетіне аударып отыр. «Мен бұған лайық емеспін. Олай етуіме болмайды. Мен қызметшімін. Дәнек сияқты шіріп кете бардым. Рисалей-Нұр болса, Қасиетті Құранның тәпсірі, мағнасы», дейді. Ойыма түсті, осындай ой келді, ой-пікіріме осындай ескерту жасалды, дегенді жұрттың бәрі қолданады. Менің бұларды айтудағы мақсатым, «Менің өнерім, мендегі ақыл», деу емес. Рухани түрде шабыт ретінде жеткендігін айту. Бұл да көпшіліктің айтатын сөзі. Сараптауды білмейтін сарапшылар берген мағына илхам болса, ол хайуанаттарда да періштелерде де адамдарда да бар екендігін барлық ғалымдар бір ауыздан айтып, біліп отыр. Бұған қылмыс ретінде қарау үшін ғылымды жоққа шығару керек.Бесіншісі: Автордың, «Адамдарды тартып әкетер фитне бүліктің тұзағынан бір ұрпақты, Рисалей-Нұрдан медет күтетіндерге берген жауаптары арқылы құтқарып қалатынына сенімдімін» деген сөзін де сарапшылар кінә артуға себеп ретінде пайдаланды. «Жүз мың куәгер куә болған, көзге көрініп тұрған ақиқатты қанағат тұттым» дегеніне кінәлі етуге тырысу, қаншалықты қисынсыз екенін зер сала қараған жан түсінер.Алтыншысы: «Саясатшылардың, әлеуметтанушылардың, психологтардың құлақтары шуылдасын» дегенді қылмыс ретінде көрсетіп отыр. Жастарды қауіп-қатерден құтқарып қалудың қысқа да даңғыл жолы табылды, саясатшылар мен психологтар сол жолда таныла түсуіне ат салыссын, деген мағынада айтылған «Құлақтары шуласын» деген сөзді қылмыс санаған жан, адами тұрғыдан алғанда өзі қылмыскер саналуы керек.

139Жетіншісі: Бүліншіліктің отын лаулатып, нұсқау беріп, отырған көзге көрінбейтін біреу бар, соны мына рухани тұлға қиялмен көріпті дейді. Бірақ оның кім екенін айтпайды, деген айып тағуда сараптауды білмейтін сарапшылар. Әлемде адами және жыни шайтандар бос отыра ма екен? Олардың үнемі жамандық жасаумен, жасатумен айналысатынын мына сараптауды білмейтін сарапшылар білмей ме? Айтылған болса да рухани деген. Кім екендігі де анық айтылмаған. Осындай рухани бір бейнеге яғни шайтанға ауыр сөздер айттың, сені сотқа береміз деген адамның сөзіне мән беруге болмайды.Сегізіншісі:Автор діни үгіт-насихаттарды Қасиетті, Мұғжизалы Құраннан сүзіліп шыққан Рисалей-Нұрды негізге алып, дәлелдермен жеткізетіндігі де қылмыс ретінде көрсетіліпті.Рисалей-Нұрды оқушылар да Мысыр, Шам, Бағдат Пакистанның ғұламалары мен Дін істері басқармасындағы ғұламалар да Рисалей-Нұрдың Құранның тәпсірі екендігін айтып отыр. Құранның мүлкі, Құранның сәулелері деп отырғанның өзінде мұны қылмыс санайтындар ақыреттегі ұлы сотта мұндай қателіктеріне жауап беретін болады.Науқас Саид Нұрси * * * * *

[1952 жылы Стамбулда «Жастар шырағына» байланысты соттың барысында Сарапшыларға білдірілген қарсылықнама]Бірінші Қылмыстық істер сотынаРисалей-Нұр жинағынан «Жастар шырағының» басылып шығуына байланысты автор Бәдиүззаман Саид Нұрси сотқа тартылды. «Жастар шырағы» кітабына сараптама жасаған сарапшылардың ақиқаттарға қайшы келетін, дінсіз, Ислам дініне қаскөйлік пиғылда талдау жасап, қылмыстың нышандарын көрсетіп берген сараптамасын оқыдық. Жүз отыз кітапшадан тұратын Иман мен ілімнің, игіліктің қазынасы болған Рисалей-Нұр жинағының бір кітабы осы «Жастар шырағы» Рисалей-Нұрдағы ақиқаттарға рухын да бүкіл болмысын да арнап, бұл кітаптардағы қазынаны елдің моралдық-материалдық өміріне нұсқаулық ретінде білгендіктен, бұл нұсқаулыққа қарсы айтылған сараптауды білмейтін сарапшылардың сөздерін өздерінің беттеріне лақтырып, ақиқаттарды жар салып, дәлелдеп береміз. Алқа билерге айтарымыз.Мына сараптама, еліміздің, халқымыздың өмір салтына, тарихына, қасиет тұтқан нәрселеріне, заңына мүлдем керіағар. Қазіргі заңдарға жала жабу, үкіметті қорлау. Халқымыздың мың жылдық тарихын жоққа шығару, ата-бабамызды қорлау. Қазір өмір сүріп отырған жиырма миллион бауырларымыздың руханиатына шабуыл. Қастандықтың бір үлгісі. Әділ сот жағдайды назардан тыс қалдыруына болмайды. Сарапшы маман атанып, қаскөйлік пиғылдағы құжаттарға қол қоюшы адамдар мынаған жауап берсінші. Мына ел дінсіз бе? Бұл халық жүз жылдардан бері діннен Иманнан мақұрым халде, ойына келгенді жасап жүре берді ме? Бұл Халықтың жарқын тарихын алтынмен әрлеген ата-бабамыз, өз өмірін азғындық, күпірлік жолда өткізді ме? Стамбулды алып, әлем тарихында жаңа дәуірдің есігін ашқан, шығыс пен батыста Құранның ту ұстаушысы міндетін атқарған, хидаят нұрын, білім мен парасаттың сәулесін шашқан бұл халық Европаға нағыз мәдениеттің не екенін үйретті. Ислами мәдениеттің нұрымен адамзатты нұрландырған ұлы тарих, олардың қолбасшылары Баязиттер, Фатихтер, Сәлімдер,

141Сүлеймандар шыққан халық, руханияты өлген, діннен хабары жоқ халық болғаны ма? Түріктердің Исламның ту ұстаушысы ретінде басқа халықтардың басындағы тәждей қадірлі болғандығы өтірік пе? Немесе бұл халықтың Ислам ақиқаттарынан алған сабағына орай әйелдері мен қыздарын Құранның әдебі бойынша тәрбиелеп, әйелдің қадір-қасиетін сақтап, қадір-қасиеттен жұрдай болуына жол бермегені өтірік болғаны ма? Ғасырлар бойы Түрік – Ислам қаһармандары деген атпен танылған, өзінің мінез-құлқын бұзбай, намыс пен ардың даңқтың кемеліне жетті деп білетін аталарымыз бен аналарымыз біз мақтан тұтарлықтай Құранға мойысұнбаған ба? Әсемдіктің ақиқатын Құрани тәрбиемен, Құрани әдеппен әрлемеген, денесі ашық-шашық жүре берген бе?...Ей ақиқатшыл, тарихымен, өзіндік құндылықтарымен, аяулы да қаһарман аталармен мақтанатын қазіргі ұрпақ! Келіңдер, қараңдар. Тарихымызды, Исламды қорлаушы мына қаскөйлік құжатты жазушы, қолдап қол қоюшыларға өміріміздің мәні, жанымыздың жаны деп білетін Ислам дініміздің атынан, әлемді он төрт ғасыр бойы нұрландырып тұрған, қасиетті заңдарымен мың жылдан бергі миллиондаған ата-бабамызға нұр шашып, мәңгілік бақытқа бастаушы Құранымыздың атынан, сол Құранның заңдарына мойынсұнған миллиондаған аталарымыздың атынан, жақсы мінез-құлық пен намысты сақтау жолында Ислами тәрбиенің нұрымен нұрланған, тәрбие алған, әйел затының шынайы мән-мағынасын, шынайы әсемдігін өз өмірі, киім киісі арқылы көрсетіп берген аналарымыз бен әжелеріміздің атынан, мына жала жабушы, күйе жағушыларға қарсылықтарыңызды, ескертулеріңізді білдіріңіздер.Бүгінгі таңда барлық зиялы қауым мен әдебиетшілер, тәрбиешілер, отан сүйгіштер шағым айтып отырған тәрбиесіздік пен арсыздықтан құтқарып, жастарға жақсы мінез бен иманның, парасаттың жолын көрсетуші, олардың халқымыздың отанымыздың пайдалы да белді бір мүшесі болуына ықпал етуші, әділет пен қоғамның пайдасына, Отанымыз бен халқымыздың бақыты жолында қызмет етуші «Жастар шырағы» атты кітаптың авторы, жасы сексенге жетіп, қаншама рет уланудың нәтижесінде ауыр науқасқа шалдығып отырған, дінге қызмет еткені үшін өмірі түрмелерде өткен Исламның хас батырын әлгі жалақорлар түрмеге жабуға себеп іздеп былай дейді:

142Бәдиүззаман әйелдердің орамал тартуын жақтайды. Жартылай жалаңаш жүрген әйелдерді Исламиятқа қарсы соғыс ашып отырған шайтандардың қарамағына берілген әскер ретінде суреттеуде. Бүгінгі қоғамдық өмірде әйелдердің балтыры ашық, жартылай жалаңаш киінулерін күнә санауда. Бәдиүззаман қазіргідей жартылай жалаңаш жүруді үйленуге кедергі, жезөкшелікке итермелейтін жағдай деп білуде. Бәдиүззаманға салсаң әйелді әсем, сұлу етіп көрсететін нәрсе әйелдің табиғи әдемілігі, қоғамдық өмірдегі сыланып тарануы, денесін көрсетуі емес, Ислами тәрбие мен Құрани әдептермен безену. Бәдиүззаман діни сабақ берілуін қолдайды. Рисалей-Нұр деп аталатын діни сабақтардың арқасында түрмедегілер он бес аптада түзелетіндігін айтуда. (Денізлі мен Афион түрмелеріндегі қызметкерлер мен басшылар бұған куә.) Бәдиүззаман, жастарды тартып әкетер батпақтарға (бұзғыншылықтар) түсіп кеткен жастарды діни ақиқаттар мен Нұрдың имани сабақтары арқылы әлгі бәлелерден құтқаруға болады деп сенеді. Осындай ойлары үшін кінәлі. Заң бойынша сотталуы керек дейді. Бұны айтушылар сарапшы-маман атанып отырған, жастарға әділет, еркіндік, құқық сабақтарын беруші профессорлар, доценттер.Ей, нағыз әділет саласының өкілдері болып саналатын, жалпылық құқық пен, ұлттық абыройды сақтап қалушы судиялар. Егер «Жастар шырағының» имани сабақтары мен мінез құлықты түзетер ақиқаттары, мына сарапшылар айтқандай қылмыс ретінде қабылданар болса, авторын осы қызметтері үшін жауапқа тартар болса, онда жоғарыда айтылғандай бұл елге, мың жылдық тарихына, әдет-ғұрпына, басқарылаған заңдарына, халқымыздың мәңгілік мақтанышы болған дініне, Исламның қасиетті ақиқаттарына, Қасиетті Құранның сабақтарын алып, ақиқаттарын берік ұстану арқылы Ислами мәдениетті бүкіл әлемге кемел салтанатымен қоса таныстырған ардақты аталарымыздың абыройына, құқына, руханиятына қарсы жасалған қорлау мен төмендетулерді, жабылған жалаларды қабыл ету керек болады. Осындай рухани қылмыстарды жөн санап, қабыл көру арқылы ғана мына сарапшылар кінә артқан «Жастар шырағын» қылмысты етуге болады. Сонда ғана авторын соттап, «Жастар шырағын» жарыққа шығарушы шәкірттерді жауапқа тартуға болады. Әйтпесе, әділ заң мен ой-пікір бостандығы

143қағидалары бойынша соттау, жауапқа тарту мүмкін емес. Ой-пікір және ар-ождан еркіндігін кеңінен қолданып отырған Республикалық басқарудың демократиялық заңдарына мүлдем үйлеспейді. Егер «Жастар шырағын» шығару арқылы діни сабақтар берілуде, ал бұл зайырлы жүйеге қайшы деген айып тағар болса, зайырлылықтың мағнасы не? Біз де сұрайық. Зайырлылық Исламиатқа жау болу ма? Зайырлылық дінсіздік пе? Зайырлылық деген, дінсіздікті өздеріне дін етіп алғандардың дінге шабуыл жасау еркіндігі ме? Зайырлылық діни ақиқаттарды жеткізушілердің, Имани сабақ берушілердің аузына құлып, қолына кісен салушы абсолюттік диктатура ма? Зайырлылықта ар-ождан, пікір еркіндігі болғандықтан, дінсіздер, дін дұшпандары, Исламға қарсы неше түрлі шабуылдар жасап, ар-ождан еркіндігі дегенді бүркеніп, анархиялық ойларын жая береді де, бір Ислам ғұламасының сол ой-пікір еркіндігіне сүйеніп, мың жылдан бері Исламның ту ұстаушысына айналған бір халықтың ортасында, сол халықтың мың жылдан бергі әдеп-ғұрыптарына, қағидаларына сүйене отырып, тағы да сол халықтың бақыты үшін, мінез-құлық пен намысын сақтап қалуы жолында діни сабақ беруі зайырлылыққа томпақ бола ма? Мемлекеттік жүйені діни сенімдерге негіздеуге тырысуда деп басынуға бола ма? Біз мұндай адам сенгісіз жағдай орын алады деп ойламаймыз. Әділеттің бұған жол бермейтіндігене сенеміз.Шынтуайтына келсек, өткен соттар ақтау шешімін шығарып, қайтарып берген жүз отыз бөліктен тұратын Рисалей-Нұрдың бір бөлігі болған «Жастар шырағы» Еліміз бен халқымыздың бақытына жол ашар құралдардың бірі. Сол кітаптарды оқып, содан алған сабақтары арқылы, нәпсіқұмарлық пен адасушылықтың ұйықтарынан құтылғандықтарын сот залдарында қанша рет айтқан жүздеген Нұр шәкірттері және қазір де сол кітаптар арқылы елге Отанға пайдалы, қоғамның бір мүшесі болып отырғандықтарын өз өмірлері, қызметтері арқылы дәлелдеп отырған біздер, мыңдаған Түрік жастары, әлгі негізсіз сылтаулармен жала жабушылардың беттеріне ұрамыз.Қоғамның тыныштығы мен ар-ұяттың, сақталуына себеп болып, әділет орындары мен сақшыларға мыңдап пайдасы тиген бір кітапқа, бүгінгі таңда ақиқатқа мүлдем керіағар жағдайда кінә артып, зиянды

144деп көрсетілуге әрекет етілуі расында да өкінішті жағдай. Көзге көрініп тұрған осынша керағар нәрселерді ар-ожданы бар жандардың арына тапсырып, сарапшылардың Ұстазымыз жайлы дінді саяси жолда пайдалануда дегендеріне жауап ретінде, Ол сарапшылар әділет органдарын дінсіздік жолында пайдалануда демекпіз.Сараптамада тағылған айыптың бірі мынау: Автор Рисале-Нұрдың рухани келбетінің атынан сөйлейді. Жүрегіме ескертілді, Қадір түні жүрекке жеткен маңызды бір мәселе, сынды сөйлемдер арқылы айналасына адам жинау мақсаты бар.Адам, осынша негізсіз, мағынасыз айыптаулардың қарсысында білгір маман атанып жүрген сарапшылардың, өз ісін мүлдем білмейтін надандықтарына таң қалады екен. Сарапшылар ең болмаса осы жағына абай болса, өздерін надандықтың шыңырауына тастаудан құтқарып қалар ма еді. Мұндай негізсіз айыптауларға қарсы, ең негізгі дәлел, Рисалей-Нұр кітаптары, хаттар, Ұстаздың бүкіл өмірі. Ол ғазиз жан бүкіл күшін, еңбегін хақ жолында жұмсады. Тек қана Аллаһ үшін айтты. Әлгі сарапшы атанып отырғандар, Нұр жинағынан шағын бір бөлік оқып алып, дінсіздіктен тайып кетпеу үшін, қайтсем де бір кінә тағамын деп, осынша жала жабуда. Ал ол ғазиз жан Рисалей-Нұр сабақтарын түсіндіру барысында, ең жақсы сабағымыз әлсіздік, пақырлық, мейрім, тәфәккүр (ой-толғау) дейді.Ақиқатына келер болсақ, ол ғазиз жан, аса ауқымды қызмет етіп, жан төзгісіз азаптарға сабыр етіп, шыдап, рухани майданды жалғастыра берген... Күпірлік пен адасушылықтың аяусыз шабуылдарын, материалистер мен табиғатшылдардың күпірлік ұстанымдарын Қасиетті Құрандағы иман ақиқаттарынан алған Нұрларымен талқандап, Нұрдың жүз отыз кітабын жүз мыңдаған нұсқамен таратып, имани сабақ алып оған борыштар болған жүз мыңдаған шәкірттерімен бірге жарыққа шығаруда... Дінсіздіктің, әсіресе коммунистіктің елімізге жасаған шабуылдарын тойтаратын имани ақиқаттарын нақты дәлелдермен, айғақтармен дәлелдеп, күпірлік пен адасушылықтың негізсіз ұстанымдарын Құранның алмас қылышы болған Аллаһқа иман мен Аллаһтың бір екендігін дәлелдеу арқылы тас-талқан еткен... Ол Нұрлы жазбалар қазір Ислам Әлемінің негізгі орталықтарында аса қызығушылықпен оқылып, таратылуда, жарық көруде...

145Өткен жылы Түркияға келген Пакистандық бір министр қырық-елу студентке...«Бауырлар, мен Ислам Әлемінен іздегенімді Түркиядан таптым. Бәдиүззаман тек сіздікі ғана емес бүкіл Ислам Әлеміне ортақ. Жақын арада оны бүкіл Ислам Әлемі түсінетін болады. Сіздер мына Нұр жазбаларына жіті назар аударыңыздар. Мен мұны тоқсан миллион мұсылманға жария етіп бастырамын. Ислам Әлемінің тағдыры ойландыратын және Ұстазға қояр сұрақтарым да көп еді. Оның жанында бір сағаттай отырып, сөздерін тыңдағаннан кейін барлық уайымдардан арылып, барлық сұрақтарыма жауап алып, Пакистанға Ислам Әлемінің тағдыры жайлы сүйінші хабарлармен қайтып барамын. Мен Түрік және Ислам тарихын зерттедім. Ислам жолындағы көптеген батырлар, көптеген жанкешті адамдар болған. Барлыға да халыққа, отанаға жан аямай қызмет еткен. Алайда олар қызметтерінің нәтижесіндегі лайықты сыйлыққа бөленген. Ұстаз жиырма жылдан астам уақыт бойы осы елдің екі дүниелік бақыты жолында айтып жеткізу мүмкін емес зұлымдықтар мен азаптарды тарта жүріп, осы жазбаларды жарыққа шығарды, ел арасындағы дінге қарсы ағымдардың белең алып кетуіне жол бермеген Бәдиүззаманың үйінде шам да жоқ. Ол бүкіл нәрсені тәрк етіп, тек қана дінге қызмет ету үшін еңбек етті. Әрине Ислам Әлемі мұндай адамды жақын арада барлық еңбектерімен бірге танитын болады» деген Әли Әкбар Шаһ сынды ойшыл-ғалымның мақтауына бөленген... Қазір де Демократ депутаттардың кейбіреуі «Бәдиүззаманның Нұр Рисалелерін оқыған, сабақ алған және сол кітаптарды жарыққа шығарушы Нұр шәкірттері осы істері арқылы елімізге комунистік идеаның жайылуына тосқауыл болды. Үкіметіміз комунизмге қарсы, олай болса атқарып жатқан қызметтері үшін Нұршыларға борыштар», деген депутаттар да бұл қызметті құптап отыр...Рисалей-Нұр бастан аяқ, әр бір кітабы, мыңдаған сөздері мен сөйлемдері сол кісінің бүкіл болмысына, жиырма бес жылдық еңбегіне, қызметіне және кітаптарының аса пайдалы екендігіне куәлік етуде. Ол кісі адам бойындағы әлсіздік пен пақырлықты ұстаным етіп алып, шәкірттеріне де соны үйретуде. Жағдайдың ақиқаты осы. Жоғарыда айтып өткен қызметтің нәтижесінде өз шәкірттері мен иманды жандардың мақтауына сүйіспеншілігіне ең

146лайық кісі бола тұра, зиярат етіп келушілер мен Рисалей-Нұрдан Иман ақиқаттары жайлы сабақ алушылардың, ғасырдың барлық ілімдері мен дәлелдерінен жоғарғы дәрежеде деп қайран қалуына және шынайы құрметтері мен мақтауларынан қашып, өзінің көптеген хаттарында «Мен де сендермен бірге Құраннан сабақ алушымын. Мен ең мұқтаж, пақыр жан болғандықтан мына қасиетті ақиқаттар ең бірінші маған сыйланды... Мен жоғарғы дәрежелі жан емеспін. Өз-өзіме көңілім толмайды. Мені жақсы көрушілерді де ұнатпаймын. Бауырларым, сендерді өзімнен бездіріп жібермеу үшін нәпсімнің көптеген кемшіліктерін айтпай-ақ қояйын», деп өз атына айтылған мақтаулар мен жасалған құрметтерді қабыл алмаған. Өмірінің бір ғана мақсаты имани ақиқаттардың жайыла түсуіне қызмет ету, деп біледі. Дүниеуи пайдалардың барлығын да осы қызметтің жолында пида еткен. Бүкіл өмірі еш қалтқысыз осы ақиқаттарға куәлік етіп отырғанда ең қиыс кеткендердің өзі жаба алмас жаланы мына білгір маман сарапшылар жауып отыр. Тіпті «Қадір түні ескертілген аса маңызды мәселе» деп аталатын «Жастар шырағындағы» аса маңызды бір ақиқатқа назар аудармай, «ескерту» сөзін де бедел жинаудың бір дәлелі ретінде көрсетіпті. Ал ол жердегі «ескерту» сөзі сол мәселенің аса маңыздылығына назар аудартуда, ол үшін сол ақиқатты толық оқып шығу керек. Ол жерде Екінші Дүниежүзілік соғыстың соңында адамзаттың сұмдық зұлымдықтары мен бүлдірулерінің нәтижесінде орын алған өкініштері мен жан азабы, дүниелік өмірдің өткінші, алдамшы екендігі «мәдениет» фантазиялары мас қылып ұйықтатар уақытша нәрсе екендігі көрініп қалғандықтан, адамзаттың бойындағы жаратылысына тән қабілеттер сұмдық жара алды. Құранның алмас қылышымен адасушылық пен көр соқырлық талқандалды. Дүниелік өмір уақытша болғандықтан адамзат баласы мәңгілік өмірді іздейтін болады, ал мәңгі өмір мен мәңгілік бақытты Құран ғана сүйіншілеп отырғандығын дәлелдеп, түсіндіріп бергеннен кейін былай дейді: Әлбетте, адамзат ақылынан мүлдем адаспаса, заттық немесе рухани қиямет қайым болмаса, Швеция, Норвегия, Финляндия және Англияның Құранды қабылдауға ұмтылған атақты ойшылдары, сондай-ақ Американың хақ дін іздеген белсенді ұйымдары, сондай-ақ Жер шарының ірі құрлықтары мен елдері Қасиетті Құранды шарқ ұра іздейтін болады. Мәнісін түсініп, ақиқатына көзі жеткен соң жан-

147тәнімен қабылдайды. Себебі, бұл тұрғыда оған тең келер ешбір кітап жоқ, болмайды да. Ешбір кітап ең ұлы мұғжизаның яғни Қасиетті Құранның орнын баса алмайды.Құрметті алқа билер! Мысал ретінде соңғы сөйлемін сіздерге жеткізіп отырған аса маңызды жазбаның басындағы «ескерту» деген сөз айып тауға себеп бол ма? бұл жазба бедел жинау үшін жазылды деп отырсыздар ма? Әлде, Құрандағы ақиқаттардың зерттеле бастағандығын айту арқылы келешекте Құран адамзатқа өз билігін жүргізетіндігін жеткізіп, соны дәлелдеп отыр ма? Мұны өздеріңізге қалдырамыз. Рисалей-Нұр авторының Құраннан алған сабақтары арқылы ақиқаттың нақ өзі болған осы ескертуді айтуы, айтып, дәлелдеп отырған тақырыптарына, ақиқаттарға айғақ болуы үшін. Мұның ақиқат екендігін зер сала қарағандар көре алады. Тәухид қазынасын тауып, иманы дария, даналығы теңіз болып тасыған ғажайып жанның, келешек ұрпақ пен миллиондаған жүректерден қалай орын алғандығын, олардың қалай қошеметтегендерін сезе алады. Сондай-ақ Түрік халқының мың жылдық ұлттық мақтанышының өкілдері ретінде, әлемге үлгі болған аталарының орнын басып, Ислам ақиқаттарынан берік ұстап, Құранның ту ұстаушысы ретінде келешекте де рухани үкім жүргізетіндігін сезе алады. Аса маңызды, аса құнды осы ақиқаттарды толық түсіне алу үшін, Бәдиүззаманның бұдан қырық жыл бұрын 1327-жылы Шам (Дамаск) Әмәуи мештінде, араларында жүз ғалым отырған он мың кісілік жамағатқа айтқан Шам Хұтбасы атты туындысын оқу керек. Қазір сол шығарманы аударып отырған сол кісі, сол кездері тәуелсіздігінен айрылып, кіріптар болып отырған Ислам Әлеміне қазіргі мәдениеттің зияндары жақсылықтарынан асып кетуіне орай, келешекте Исламның күші мен мәдениеттің жақсылықтары жеңіске жетіп, Ислам атты күннің көптеген халықтар мен құрлықтардың үстінде жарқырайтындығын айтып, хабар берді, сүйінші сұрады. Сарапшы атанып отырған адамдар, «Жүрегіме ескертілген бір мәселе» деген сөйлемдегі ақиқатты түсіне алмай қате мағына шығарып отыр. Олай болса 1327-де тұрып, 1371-жылдан кейінгі Ислам Әлемінің тағдырына назар салған Шам Хұтбасындағы ақиқаттар (сарапшылар басқа мағына берсе де) осы «ескертілген» деген сөздің ақиқаттарын кеңінен, тереңінен түсіндіріп береді. Сол

148Шам Хұтбасының аудармасын сотқа ұсынып отырмыз. Бұл жерде толық дәлелденген бірнеше сөйлемді қаз-қалпында көшіріп беріп отырмыз...Алған сабақтарыма сүйене отырып айтарым. Ей, Ислам Жамағаты! Сүйінші! Ислам әлемінің бақыты, әсіресе, Османлының бақыты, әсіресе, Исламның дамуы Арабтардың оянуы арқылы болады. Бұл жарық таңның да белгілері көрінуде. Бақыт таңы ататын уақыт жақындап келеді. Үмітсіздіктің кеудесін басып тұрып, бүкіл әлем еститіндей етіп, сенімді түрде жар саламын. Болашақта тек қана Исламның жұлдызы жанып, Құран ақиқаттары үкім жүргізетін болады.Олай болса қазіргі тағдырымызға риза болуымыз керек. Біздің болашағымыз жарқын, өзгелердің өткені аласапыран жағдай. Егер біз Исламдағы көркем мінезді және Иман ақиқаттарын ісімізбен көрсете алсақ, басқа діндегілер топ-тобымен Исламға кірер еді. Тіпті, көптеген мемлекеттер Ислам дінін қабылдар еді.Ей, мына Әмәуи мешітінде отырған бауырларым және Ислам әлемі атты алып мешіттегі туысқандарым! Сіздер де ғибрат алыңыздар. Соңғы қырық бес жылдағы оқиғалардан ғибрат алыңыздар. Өздерін ақылды, зиялы қауым өкілдеріміз деп санайтын жандар естеріңді жиыңдар. Әңгіменің тоқ етері: Біз Құраннан дәріс алушы мұсылмандар дәлелдерді мойындаймыз. Иман ақиқаттарын ақыл-ойымызбен, жүрегімізбен қабылдай отырып, соған мойынсұнамыз. Басқа діндегілер секілді дінбасыларға еру үшін дәлелдерді жоққа шығармаймыз. Болашақта адамзат ақыл мен ілімнің соңынан еретін болады. Сол кезде, барлық үкімдері ақылға үйлесімді түрде орнығатын қасиетті Құран билік жүргізетін болады.Қазір болмаса да отыз-қырық жылдан кейін ғылым мен шынайы білім және мәдениеттің игіліктері осы үш үлкен күшті қаруландырып, әлгі сегіз кедергіні алып тастау үшін ақиқатты іздеу ниеті мен ақиқатшылдықты және адами сүйіспеншілікті сегіз жауға қарсы қойып, сегіз майдан ашып, оларды тықсырып барады. Иншаллаһ жарты ғасырдан кейін оларды тас-талқан етеді. «Анау Америка мен Европаның ақыл бақшалары мистер Карлайл мен Бисмарк сынды дана өнімдер бере бастауына сүйене отырып, мен де еш күмәнсіз Европа мен Америка Исламға аяғы ауыр, уақыты келгенде Ислами мемлекетті дүниеге әкелетін болады», деймін.Исламият таңының атуына және адамзатқа сәуле шашуына

149кедергі болар перделер де ашыла бастады. Кедергі келтірушілер де кейін шегінуде. Қырық бес жыл бұрын сол таңның белгілері көріне бастады. 71-де анық таң ата бастады не енді басталады.«Ей, мына Әмәуи мешітіндегі бауырларым және Ислам әлемі деп аталатын алып мешітке жарты ғасырдан кейін жиналатын туысқандарым! Болашақта шынайы және рухани билік жүргізетін және адамзатты екі дүниеде де бақытты ететін тек қана Ислам діні мен әртүрлі аңыз қоспалардан арылып, Құранға мойынсұнып, Исламға айналған Исауи діні болмақ».Құрметті алқа билер! Рисалей-Нұрдың авторына тағылған айыптаулар мен жалаларға заңды түрде берілер нақты жауап, үш сот пен үш сараптаманың тексеру-тергеуінен өткен соң кітаптардың қайтарылуы. Сондай-ақ Ұстаздың жиырма жеті жылдық өмірі мен жүз отыз кітапбы, хаттары. Үш сот пен үкіметтік қызметкерлердің тергеп-тексеруі. Өзіне қарсы жұмыс істеген залымдардың мүртедтердің, мұнафықтардың әрекеттеріне, тіпті өлтірілуі үшін жасырын бұйрық берілуіне қарамастан дінді саяси жолға пайдаланбауы. Мұның болмашы бір нышанының да табылмауы. Жақыннан танитын біз, Нұр шәкірттері, мұндай жағдайға таң қалудамыз және Рисалей-Нұр шеңберіндегі ықыластың бір дәлелі деп білеміз. Сондықтан, оған жала жауып, көзін құртқысы келетін, халқымыздың отанымыздың бақытына балта шапқысы келетін жасырын залым дұшпанның жоспарын, әділ шешімдеріңіз арқылы беттеріне лақтырып тастайтындықтарыңызды әділеттен және сіздердің ар-ождандарыңыздан күтеміз.Ескішехир Нұр шәкірттері:Яшар, Осман Топрақ, Ахмед,Осман Жейлан, Шүкрү,Байрам, Сұңғыр, Хүснү* * * * *

ДЕНСАУЛЫҚ КОМИССИЯСЫНА«Жастар шырағының» бас жағында жазылғанындай, он бес жыл бұрын, өздерінің дүниелік және ақыреттік өмірлерін құтқарып қалғысы келген бірнеше жас өспірім келді маған. Мен де оларға Аллаһ үшін сол «Шырақтағы» сабақты айттым. Ол Рисле, бір-екі қосымшасынан басқа Спарта Үкіметі (билігі) мен Денізлі сотында, Анкараның қылмыстық істер соты мен касациялық сотта екі жыл жатып, ақталып шықты. Рисалей-Нұр жинағы, ішінде Жастар шырағы да бар, кері қайтарылды. Бір нұсқасы Анкара Полиця басқармасы бастығының қолында. (Шырақтың бас жағында айтылғандай) Бір сөзге тиіскенімен, кейінгі сөйлемдерді оқып, ақиқатты түсінді. Таралуына кедергі болмады.Мыңдаған нұсқа жарыққа шықты және еш жерден зиян шектік деген қарсылықтар болған жоқ. Тіпті Мерсиннің Тарсус ауданында бірнеше Нұр кітаптарын жинап алды, арасында «Жастар шырағы» да бар. Анкараға жіберіп, тексергеннен кейін, Уәлидің бұйрығымен ресми түрде толық еркіндік алды. Стамбулда басылып шыққан соң, заң бойынша бес-алты ресми органға жолданып, бес-алты ай солардың қолында жатты. Ешқандай қарсылық болмады. Бұл оқиғалар «Шырақтың» маңыздылығы мен заң бойынша да тиым жоқ екендігін дәлелдеуде.Мыңнан астам жастың Анкарада, басқа да аймақтардың мектептерінде отан, ұлт, мінез-құлық жайлы жақсы мағлұматтар алып, пайдасына жаратқандығын, еш қандай зиян шекпегендігі белгілі бола тұра, бір неше сөзге қате мағна беріп, («Жастар шырағы» деген атының өзіне) кінә артуда. Автор ауырып жатқанда жастар бастырып шығарса да, жеке бедел жинау үшін жазылған деп, бастырушыны емес авторға ауыр жаза беріп, мәжбүрлеп шақыруда. Ал бұл кітап он бес жыл бұрын жазылған. Рақымшылық заңы бойынша да уақыттың өтуіне байланысты да ақталып шықса да мүлдем заңсыз түрде, қысастықпен авторына тиісуде.Менің айтарым: Он жақты заңсыз. Ауыр науқас болсам да, мені сотқа берулерінің себебі, «Шырақтың» елге, отанға, қоғамға аса пайдасы тиюі «Анархия мен дінсіздікті өршіте түскісі келетіндердің ісі деп білемін».


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook