151Қазір заң атынан, бірақ қысастық пиғылмен заңсыз түрде мені Стамбулға сотқа жолдауда. Менің қарттығыма, науқастығыма, әлсіздігіме және уланулардан шеккен зияндарыма байланысты төрт рет анықтама алып, оларға жолдасақ та қоймай шақыруы маған ауыр тиіп отыр. Менің сотта немесе биліктің алдында сөйлеуге шамам жоқ. Сөйлесем де отанға, халыққа, қоғамға зиян келтіру мақсатында, мені заңсыз түрде сотқа сүйрегендердің бетіне айтуға мәжбүр боламын. Енді мұндай зұлымдыққа шыдай алмаймын. Бұл аса маңызды, басқа бір кесел. Бұл рухани кеселдің елге, отанға зияны тиюі мүмкін.Қазір Денсаулық комиссиясына айтарым, мені танитындар, мені–мен жақын араласқандар, көмек берушілер біледі, жасырын жаулар маған қаншама рет у беруде. Ас іше алмаймын. Тіпті маған көмектесіп жүрген адаммен де бес минуттан артық сөйлесе алмаймын. Басым үнемі ауырады, содан бір көзім тоқтаусыз ауырып, жасаурап тұрады. Арқамда қатты шаншу бар. Жиырма сегіз жыл бойы елден жырақ өмір сүргендіктен және өзгенің көмегін қабыл алмайтындығымнан әлсіздік арта түсуде. Баспалдақпен әзер шығамын. Аса қажет нәрсе болмаса бес минуттан артық сөйлей алмаймын, шаршап қаламын.Бұрынғы соттарда Рисалей-Нұр үшін, Рисалей-Нұр шәкірттері үшін шыдас беретінмін. Ақиқатты беттеріне баспай қалушы едім. Зұлымдықтарына төзіп келдім, бейкүнә жандар мен қоғамның тыныштығына зиян келмесін, деп сабыр еттім. Зұлымдықтар мен азаптарға шыдап келдім.Қазір Рисалей-Нұрға Ислам Әлемі ие болды. Нұр шәкірттері менің залымдар мен жаулардың зұлымдықтарына төзіп, үндемей жүре беруіме мұқтаж емес. Сондықтан менің ашуыма тиіп, мен қаламасам да қарсы алдыма шығып жатқан дұшпандардың маған зиян беруіне көмектескендер мен мені жазалауға тырысқандарға ақиқатты ашық айтамын. Үнсіздік... Қазір айтылмайды...Ақиқат осы, денсаулық комиссиясы менің моралдық-материалдық, нерв, жүрек, бас ауыруым мен қатты шаншуыма байланысты сотта сөйлеуге шамамның келмейтіндігі жөнінде және осындағы сот түсініктемемді алып, көшірмесін сонда жолдауы керектігі жөнінде анықтама берсін. Оның үстіне менің ресми өкілдерім, кітапты басырушылар сол жерде.ӘмірдағынанСаид Нұрси
152Әзиз де мүбәрак, мейрімді Ұстазым!Бұл хатымды Нұрларға көңіл бөліп жүрген хажылық жолдасым Қаракочандық хажы Сабри арқылы жолдап отырмын.Біріншіден: Құрметпен мүбәрак қолдарыңыздан сүйдім. Мына кемшілігі мол байғұс бауырыңызды, шәкіртіңізді берекелі, қабыл болғыш дұғаларыңызға қоса жүруіңізді өтінемін.Екіншіден: Хажы Сабри бауырыңыз бен жаңадан көңіл бөле бастаған (Нұрларға) бауырларды да дұғаңызға қосуыңызды өтінемін.Үшіншіден: Бауырым Хусрев өзінің және басқа да бауырларымыздың хаттарын сіздің бұйрықтарыңызға орай жолдап отырғандықтан (Аллаһқа шүкір) жағдайдан хабардар болып отырмын.Төртіншіден: Хусрев баурымның да Жейланның да жіберген кітаптарын бауырларымызға бердім, ақшаларын өздеріне жібердім. Урфадан тағы сұрадым. Келген соң оларды да шәкірттерге беремін, Иншаллаһ. Хажы Сабри бір жинақты толық алыпты.Бесіншіден: Президенттің сөздеріндегі сүйінші хабарлардың орындалуын Аллаһтың жарылқауынан күтеміз, сұраймыз.Алтыншы: Мейрімді де Кәрім Раббымыз Нұрдың жарыққа шығып, жайыла түсуіне жол ашып тұрғанда біз де ісімізді жалғастыра береміз (Аллаһқа шүкір).Кешке қарай үйге келген Нұр жамағатымен бірге Нұр дәрістерін өткізуді жалғастырып жатырмыз.Малатияға барған кезімде, ол жақтағы Нұрға көңіл бөлушілердің қалай жұмыс істеп жатқанын айттым. «Үлкен Шығысшылдардың» мені өз қатарларына қосқысы келу ойларына, «Үлкен Шығысшылдық саяси ұйым ба?» деп сұрадым. «Иә» деді. «Сіздердің имани Құрани мәселелер жайлы сұрақтарыңыз болса Рисалей-Нұрдың көмегімен жауап беруге тырысамын. Менің ұстанымым, еркім мен ақылым орнында тұрса Рисалей-Нұрдың шеңберінен шықпау. Иман мен Құран жолында ойымыз бір. Бірақ саясатпен шұғылдана алмаймын», деген мағнада жауап бердім. Олардың арасында да Нұрларға көңіл бөлушілер бар. Ұйымдасқан түрде кітап оқуларын, түсінбеген жерлерін сұрауын, үйреніп алуға күш жұмсауларын өтіндім. Малатия, Урфа Антептегілерді кітаптарды алып, көбірек көңіл
153бөлуге хат арқылы ынталандырудамын. Әзірге Нұрға осылай қызмет етудемін. Хақ Тағалаға шексіз шүкір етемін. Сансыз кемшіліктерім болса да Құран мен Иман жолындағы қызметке лайық көріпті. Әрине мүбәрак, мейрімді ұстазымның дұғаларының берекеті арқылы Нұр жамағатының әлсіз бір мүшесі болуды жалғастыра берсем, Пайғамбарымыз (с.а.у.)-ның туының астына жиналғандардан болармын.Құрметпен мүбәрак қолдарыңыздан тағы да сүйіп, бауырларымыздың сәлемдері мен дұғаларын күтемін. Сіздің айналаңыздағы моралдық-материалдық жақын бауырларымыздың бәріне құрмет білдіремін. Мейрімді Раббымыздан өтінерім, құрметті, әзиз, мейрімді Ұстазымызға мәңгі риза болсын, барлық мақсаттарына жеткізсін. Әмин.сізді Аллаһ рызасы үшінжақсы көруші Хулуси* * * * *Аса Сүйікті, мейрімді ұстаз ХазретБіріншіден: мүбәрак он түн және айтыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Нұрды жазып жатқан қолдарыңызды құрметпен сүйіп, қателіктерімді кешіруіңізді өтінемін.Екіншіден: мына әлсіз, күнәхар, мұндайға лайық емес, бейшара, жалқау шәкіртіңізді Рисалей-Нұрдың қасиетті Құран мен Иманның ақиқаттары жолындағы қызметіне жұмсап, сүйікті ұстазымның моралдық-матреиалдық тәрбиесін нәсіп еткені үшін мейрімді Аллаһқа шексіз шүкір етемін.Сүйікті Ұстаз! Сіздің Рухани тәрбиеңізді алуды нәсіп еткен Мейрімді Раббыма қанша шүкір етсем де аз. Берілген нығметтерді айта кету барысында мыналарды да қоса айтпақпын. Науқастығым үшін шағым айтпаймын. Өйткені (Аллаһқа шүкір) көзімнің нұры, рухымның шүкірі, жүрегімнің нәрі болған Рисалей-Нұрдағы ақиқаттарды іс жүзінде, өз басымнан өткізіп, сабақ алуыма себеп болды.
154Сондай-ақ өмірімнің қырықыншы жылындағы ауыр материалдық та моралдық та дерттеріме, әр бір үмітінде рухыма, жүрегіме мыңдаған Тәухид нұры мен жұбаныш сәулесін төккен (қарттар рисалесі), әр бір дауасында шексіз рухани шипа жатқан (Дерт пен дауа рисалесі).Сонымен қатар тәухидті жеткізер он бір сөзі ғажайып тылсымдарды ашып беруші, әр бір сөйлемінен Тәухид Нұры жарқыраған. (жиырмасыншы хат) Сондай-ақ иман ақиқаттарының ең соңғы, ең қиын, ең терең және барлық философтарды, тіпті Исламның даналарын да таң қалдырған аса маңызды мәселелерді шешіп берген. (Жиырма төртінші хат)Сондай-ақ жүректегі барлық рухани жараларға ем болған (Он жетінші сөз) және осыларға ұқсас рисалелер таң ғажайып түрде көмекке келіп, емдей бастады.Маған да мынадай сенім ұялатты. Мен және менің көңілімді сұрап келген кісілер әлгі рисалелерден сабақ алсын деп мейрімді Аллаһ мені ауыртқан екен.Иә, сүйікті де мейрімді Ұстазымыз қарттар Рисалесін жастарға, Дерт пен дауа рисалесін дені сауларға арнап жазған екен.Үшіншіден: Сол жерде жүрген және сүйікті Ұстазымыздың маңызды шаруларына көмектесіп жүрген барлық бауырларымызға жеке-жеке сәлем. Айт құтты болсын. Сүйікті ұстазымның қолдарынан, бауырларымның көздерінен сүйдім.Кемшілігі мол, науқас шәкіртіңізМехмед Фейзи* * * * *
Әзиз, Сыддық бауырларым!Бір кісі жаңа әріптермен ауқымды бір хат жазып, өзінің кім екендігін айтпапты. Үш жерде күмән келтіріп, қарсы шығардай сыңай танытып, қате түсінікпен бізге ескерту жасайтындай. Біздің ұстанымымызда айтысып-тартысу болмағандықтан және кемшілігімізді нақты көрсетіп берушілерге риза боламыз. Мына белгісіз кісінің хатындағы «үш негіздің» ақиқатын көрсетіп, қатесін түзеткім келді.Бірінші негіз: Рисалей-Нұрдың ұстазы, қайнар көзі және Саидтың да біраздан бергі вирді (үнемі оқитын, таңдаулы дұға, аяттары) болған кейбір аяттар, кейбір шәкірттерімнің қалауы бойынша Хизб-ы Құран түрінде жинақталды. Содан кейін басылып шықты. Төрт-бес сот сараптауға ұсынған маман ғұламалар, тіпті Дін істері басқармасындағы және Стамбулдағы пәтуә бөліміндегі діни кітаптарды сараптаушы комиссиядағы еш бір ғалым маман қарсылық білдірген жоқ. Тіпті қолдау көрсетіпті. Өйткені сахабалардан бастап, Межмуатул Ахзабқа енген Хазреті Усама Рудиаллаһу Анхтың Хизб-ы Құраны күн сайын бір бөлімі оқылатындай етіп бөлінген. Сол кітапта және Межмуатүл Ахзабтың сол томында Имам Ғазалидің (р.а.) Хизб-ы Құраны бар. Көптеген әулиелер өз ұстанымдарына сай кейбір сүрелер мен аяттардан өздеріне тән Хизб-ы Құран жасап алғандықтары ортада. Он жыл бұрын шәхид болып кеткен марқұм Хафыз Әли сынды Нұрдың Хас батырлары менің жеке вирдім мен Рисалей-Нұрдың Ұстаздары, қайнар бұлақтары болған маңызды аяттарды бір жинаққа енгізгісі келді. Мен де соларға жолдадым. Олар басып шығарды. Өйткені жұрт әр қашан бүкіл Құранды оқып шығатын уақыт таба бермейді. Алайда сондай Хизб-ы Құран қолында болса, үнемі пайдасына жарар деген оймен және сауабы өте көп аяттар мен сүрелер енгізілді. Қасиетті Құранның бір мұғжизасы да мынау: Әһли Хақиқат, кәміл жан Құранның ішінен өз ұстанымына сай бір Құранды, өзіне тән хизбті, ұстазды тауып алады. Бір ғана Құранның ішінде мыңдаған Құран бар сияқты болады. Бұл мұғжизаның сыры мынада. Қасиетті Құран аяттары мен сөздері тек қатар тұрған сөздермен байланысып тұрған жоқ. Көптеген
156аяттармен сөздермен байланысып тұр, соларға бағытталады. Нұрдағы Ишаратүл Иғжаз тәпсірінде бұл сыр біршама түсіндірілген. Демек басқа сөздерге ұқсамайды. Әр бір аяттың мыңдаған аяттарға қарап тұрған жүзі мен көзі бар. Құрандағы мұндай жағдай көптеген ақиқаттарға негіз болуда. Әһли тариқат пен Әһли хақиқаттың әр тобында өз ұстанымына сай үлкен Құраннан алған өзіндік хизбтері бар. Рисалей-Нұрдың Хизб-ы Құраны да осылардың бірі. Әулиелердің қатарында тұрған Хафыз Әли мұны осылай бастыру үшін асыққан еді. Өйткені Рисалей-Нұр Құранның жазылу ретінен де сәйкестік мұғжизаларын ашып бергендіктен, оны солай бастыру үшін де мына хизб-ы Құран соның кіріспесі, сүйіншілеушісі ретінде бастырылды. Хусревтің қаламымен жазылып шыққан, ғажайып сәйкестік мұғжизалары көрініп тұрған Құранымызды он бес жылдан бері бастыруға тырысудамыз. Алайда ол Құранды фото көшірме әдісімен бастыруға жиырма бес мың банкнот қажет. Нұршылардың басым көпшілігі кедей болағандықтан, әуелі Хизб-ы Құранымызды бастама ретінде, Құранымыздың жаршысы, сүйіншілеушісі ретінде бастырдық. Сол мұғжизалы Құранымызды Дін істері басқармасы тексеріп, сараптама жасады, қатты ұнатыпты. Стамбулдағы сарапшы ғұламалар да жоғары бағалапты. Жіті тексеруден өткізіп, қатесіз деген бағамен, өзімізге қайтарды. Иншаллаһ жақында сол Құранымыз басылып шығып, Нұрдың бір сыйлығы ретінде Ислам Әлеміне таралатын болады.Өзінің кім екендігін айтпаған адам күмән келтіргенЕкінші мәселе: Көптеген Нұршылардың мен туралы шамадан тыс жақсы ойлары мен менің бойымда бар деп санайтын қасиеттер жайлы олардың көңілін қалдырсам да олай еместігін жүз рет айтқан едім. Алайда қазіргі саясатшылар Рисалей-Нұрдың тек қана Имани, ақыреттік ұстанымдарын қазіргі мәдени пікірлерге сай көрмегендіктен жиырма сегіз жыл бойы түрмелер мен соттар, қатаң бақылау мен негізсіз жалалар арқылы Нұршыларды қорқыту, менің беделімді түсіру арқылы Рисалей-Нұрды таратқызбау үшін жасаған әрекеттерінің кесірінен, қиын жағдайларға тап болған едім. Жазуым нашар, мойныма кінә артылған жағдайда Нұр шәкірттерін мүлдем қашырып алмау үшін жеке басымды мақтауларын жоққа шығарамын, ондай мақтаулар Рисалей-Нұрға арналсын. Сендер көріп отырған жоғарғы дәрежедегі ерекшеліктер Рисалей-Нұрға тиесілі. Ол да
157Қасиетті Құранның бір ақиқатының тәпсірі. Әр ғасыр сайын дінге, иманға толық қызмет етуші жаңғыртушылар (мүжәддиттер) болған ғой. Адасқандар ұйымдаса шаубыл жасап отырған мына заманда рухани түрде бірлескен жаңғыртушы мүжәддит те болуы қажет. Бұл бұрынғы заманға ұқсамайды. Жеке тұлға қанша мықты болса да ұйымдасқан (моралдық) күштен жеңіліп қалады. Бұл жағынан алғанда Рисалей-Нұрдың осындай рухани түрдегі жаңғыртушы екендігі анық болғандықтан, ол ерекшеліктер менікі емес, оған менің шамам келмейді, қаншама рет жазып көрсеткенімдей менің өмірім Рисалей-Нұрға бір дәнек болуы мүмкін. Құранның Нұрымен Хақ Тағаланың жарылқауымен, жаратуымен сол дәнектен Рисалей-Нұрдың мәуелі, аса құнды ағашы шықты. Мен дәнек ретінде шіріп кеттім. Барлық құндылықтар Қасиетті Құранның мағнасы, ақиқатқа толы тәпсір болған Рисалей-Нұрға тиесілі.Кім екенін айтпаған адамныңҮшінші күмәні: «Бүйүк Жихад» пен «Сәбилүл-Решадта» жария еткеніндей, дінге, иманға қызмет етуші Рисалей-Нұрды дүниелік саясат былай тұрсын, рухани кемелдену, жоғарғы дәрежелерге (рухани) көтерілу жолында да пайдаланбадым... Жұрт жақсы көретін ақыреттік бақыт үшін де тозақтан құтылу үшін де пайдаланбадым. Аллаһтың Әмірі мен Ризашылығынан басқа еш нәрсеге пайдалануға болмайтын мына заманда, Нұрдың шынайы күші болған ықыласты сақтап қалуға мәжбүр екендігіміз сонша, Сыддық Әкбар (р.а.)-тың (Хазіреті Әбу Бәкір) «Тозақта менің денемді соншалықты үлкейіт, басқа мүминдерге орын қалмасын, олар азап шекпесін деп тілеймін Аллаһтан» дегеніндей, осындай жанқиярлықтың бір ұшқынына қол жеткізу үшін иманға келу арқылы, бірнеше адамның тозақтан құтылулары үшін тамұққа кіруді де қабыл етемін деген едім. Онсыз да құлшылық, жұмаққа кіру немесе тозақтан құтылу үшін жасалмайды. Олай етсе ықылас бұзылады. Тек қана Аллаһ рызасы үшін және Аллаһ әмір еткендіктен жасалады.Хизб-ы Құранымыз жайлы әңгімеге қайта оралайық.Пайғамбарымыз (с.а.у.)-ның ұлы қолбасшыларының бірі Хазіреті Усама (р.а.) бір күн «хамдқа» (шүкірге) байланысты, бір күн, «истиғфарға» бір күн «тәсбихке», бір күн «тәуекелге» бір күн «тәухидке» «Лә илаһа илла һуға» бір күн «Раб» сөзіне қатысты
158аяттарды Құраннан іріктеп алып Хизб-ы Құран шығарған, өзіндік вирд жасаған. Демек мұндай хизбтерге Пайғамбарымыз (с.а.у.) рұхсат берген.Біздің Хизб-ы Құранымыз иман ақаиқаттарына қатысты аяттарды, әсіресе сүрелердің басындағы аяттарды жинақтағандықтан бастарында жазылған. Бұл хизб Құранды толық оқып шығуға ынталандырады. Кемсітпейді. Оқығым келетін иман жайлы аяттар жиырма күнде бір айналып келетін. Мына хизбте бір-екі күнде айналып келетіндіктен бір кездері барлық сүрелердің басындағы бірнеше аятпен бірге, Рисалей-Нұрдың негізі болған иманға қатысты аяттарды өзіме вирд жасаған едім. Кейінірек хизбке айналды.Өзінің кім екенін айтпаған адам, перғауын пиғыл адамдарға қарсы ілімнің абыройын сақтау ниетімді менмендік деп ойлапты. Нұр шәкірттерінің мен жайлы жақсы ойларын түбегейлі жоққа шығармауымды да менмендік санапты. Иман ақиқаттары жайлы баяндауларыма шәкірттерімнің толық сенуін және сенімдерін нығайта түсу үшін әулиелердің сөздері мен кейбір аяттардағы нақты ишаралар мен нышандардың мыңға жуығын хас шәкірттеріме айтуға мәжбүр болған жағдайымды өзімді көрсету үшін жасалған менмендік деп ойлапты.Иә, дінсіздіктің сойылын соғып, менмендіктері перғауынға айналған, иман ақиқаттары мен Рисалей-Нұрға шабуыл жасаушыларға қарсы бүгінгі күні кішіпейілдік танытып үндемей қалу үлкен қылмыс, қиянат болмақ. Ондай кішіпейілділік, жігері құм болған езілуге көне берушінің ісі болмақ. Оларға қарсы ілімнің абыройы мен қасиетін сақтап қалу үшін батырлық, табандылық, рухани жігер таныту қалай ғана менмендік саналады. Даңқ құмарлық, өзімшілдік санала ма? Қалай ғана солай ойлауға болады? Сондай-ақ Рисалей-Нұрға мұқтаж және иманын құтқарып қалу, нығайта түсу үшін Нұр іздегендердің оннан үш-төртеуі жеке басыма назар аудармай-ақ, Нұрдағы ақиқаттарды қанағат тұтуда. Бес-алтауы айғақтардың қадірін түсіне алмағандықтан, менің жеке басыма көңіл бөлуде. Бізді алдап тұр ма? Әлде расында да ақиқаттарды жеткізуде ме? деген екі-ойлы жағдайдағы жеке басыма деген жақсы ойларының бетін қайтарып тастамау үшін бойымдағы кемшіліктерді жасырып қалу менмендік болып па?
159аятының сырына орай нәпсіме сене алмаймын. Бүгінгі таңдағы айдаһарлар мен дәулерге айналған дінсіздік ұйымдарының бүліншіліктері шабуылдары кезінде, мендегі болмашы кемшіліктерді көре қалу, әлгі шабуыл жасаушыларға көмектесу болып саналады. Ақиқаттарға мұқтаж он адамнан бес-алты бейшараны Нұрдың емінен мақұрым қалдыру болып саналады. Сондықтан мен өз күшіме, қабілетіме емес Құрандағы ақиқаттар мен оның имани ақиқаттарын жеткізуші тәпсіріне арқа сүйеп, әлемге жар салудамын. Бүкіл дінсіздер жиналып келсе де тайсалмай майдан ашудамын. Бас имеймін. Ілімнің де абыройын сақтап қаламын. Мұны менмендік деп сансаңдар, оның маған қатысы жоқ. Менмендік болып та саналмайды. Бұл Имани табандылық. Мен табиғат жаратты дегенді мойындамаймын. Рисалей-Нұр мұны нақты дәлелдеп берген. Олай болса, адамды менмендікке, кеуде керуге, перғауындыққа итермелейтін күш-қуатты да табиғат сияқты етіп жоққа шығарамын. Тек қана адамның дұғасы, іс-әрекетпен, мұқтаждық жағдайда жасаған еңбегі, қабыл болған дұға болып саналады. Оны да қабыл алатын Хақ Тағала. Жаңалық ашу деп аталатын, адамзатқа қажетті нәрселерді сыйлайды. Мұны діни ілімдерді зерттеуші ғұламалар тағдыр мен қалау-ерік тақырыптарын түсіндірген кезде нақты дәлелдеп берген... Мен де Құранның Нұры мен Рисалей-Нұрдағы дәлелдер арқылы әуелі өз бойымдағы содан кейін барлық адамдағы менмендік пен күш-қуаттың Аллаһтың жарылқауы, тәупиқ беруінің бір көрінісі екендігін нақты түсініп, нұрлар арқылы бауырларыма мен бір дәнекпін, шірідім кеттім деп, жар салған едім. Әлсіздік пен мұқтаждыққа орай және іс-әрекетпен дұға етудің нәтижесінде Хақ Тағала Рисалей-Нұрды сол дәнектен өндіріп шығарды, сыйға тартты. Нұрдағы хаттарда кездесетін барлық мақтаулар сол ағашқа тиесілі. Қай жағынан алғанда да менің үлесім мақтауға тұрмайды. Тек шүкір ету. Олай болса әлемдегі барлық заттардың санынша. «Аллаһқа шүкір-Әлхамдулиллаһ...»Саид Нұрси
Әзиз, Сыддық бауырларым!Біріншіден: Көптеген нышандары мен нақты оқиғалардан белгілі болғанындай Нұрдың және Нұр шәкірттерінің жаулары Нұрдың хас шәкірттерінің кейбірінің әлсіз жақтарын тауып Нұрға қызмет етуден бас тартқызу немесе әлсіз жағдайға әкелу үшін неше түрлі жоспарлар құруда. Ғибрат алу үшін бір-екі мысалын айта кетейік.Бірінші мысалы: Нұрларға көп көңіл бөлуші бірнеше хас шәкірттің назарын, ойын басқа жаққа бұру үшін қызығы молдау рухани іс-әрекеттермен шұғылдандырып, иман жолындағы қызметтерін әлсірету үшін кейбіреулер испиртизма деп аталатын өлген адамдармен тілдесу деген желеумен жындармен сөйлестіру сынды, тіпті баяғы әулиелермен, одан әрі тіпті пайғамбарлармен сөйлестіру сынды баяғыда көріпкелдік деп аталса... қазір медиум деген айдар тағып, кейбір бауырларымызды әуре етуде. Ал бұл мәселе философиядан, шет елден бастау алатындықтан иманды жандарға аса зиян беруі мүмкін. Бұрыс нәрселерге бастау болумен қатар, бір ақиқатқа он жалған нәрсе араласып тұрады. Өйткені ақиқат пен жалғанды ажыратып тұратын өлшем, таразылау болмағандықтан жаман рухтар мен шайтанға көмектесуші жындар осыны пайдаланып, мұнымен шұғылданушы адамның жүрегіне және Исламға зиян келтіруі мүмкін. Өйткені, Руханият атынан Ислам ақиқаттарына және көпшіліктің ақидасына қарама-қайшы хабарлар айтылады. Жаман рухтар өздерін жақсы әруақтар етіп, тіпті үлкен әулиелердің атын алып, Исламның негіздеріне қайшы келетін сөздермен зиян беруге тырысулары мүмкін. Ақиқаттың өңін айналдырып, ақ көңіл жандарды алдап соғуы мүмкін.Мәселен Күн, шағын ғана әйнектің бетінде жарығымен (сәулесі) жылуымен, өз бейнесімен бірге көрінеді. Алайда сол әйнектегі күннің шағын бейнесі, өз атынан тіл қатып, менің жарығым бүкіл жерді қамтып тұр. Менің жылуым барлық нәрсені жылытып тұр. Жер шарынан миллион есе үлкенмін десе, ақиқаттан қаншалықты алшақ жатқандығын түсінерсің. Осы мысалдағы сияқты, бір Пайғамбар күндей дәрежеде ал, әлгі испиртизманың немесе медиумдықтың
161шағын әйнектей ғана қабілетінің көрінісі, ақиқаттың атынан сөз айта алмайды. Айта қалса жүз жақты қарама-қайшылық болады. Испиртизма мен медиумдықтың болмысын, уахидан бастау алатын рухани күннің болмысымен ешқашан салыстыруға болмайды. Өйткені әсфел-и сафилиндегі әйнектің сынығы Ала-и Илииндегі рухани күннің ақиқатын өз бойына сыйғыза алмайды. Соған әрекет жасау құрметсіздіктен басқа еш нәрсе емес. Тек сол дәрежеге жақындау үшін, Жалаледин Суити және кейбір әулиелер сияқты, сейр-і сүлік арқылы өрлеп, сол рухани күннің сұхбатына қатыса алуға мүмкіндік табады. Алайда Рисалей-Нұрда дәлелденгендей, Пайғамбардың әулиелік дәрежесімен сұхбаты... өз дәреже-қабілеттерінің дәрежесінде болмақ. Алайда Пайғамбарлықтың ақиқаты, әулиеліктен қаншалықты жоғары болса, испиртизма арқылы немесе рухани өрлеу арқылы қол жеткізілген сұхбат, әңгімелеу де еш қашан Пайғамбармен сұхбаттасуға жете алмайтындықтан шариғи үкім қабылдауға негіз бола алмайды. Дінде негізі жоқ, философияның негіздеріне сүйенетін әруақ шақыру, ақиқатқа да әдепке де жат әрекет. Өйткені ала-и иллиинде және қасиетті дәрежелерде тұрғандарды әсфел-і сафилин деңгейге түсіргендей, өтіріктің ордасындай ойыншықтар алаңына әкелу нағыз қиянат және құрметсіздік. Патшаны үйшікке шақырып әкелу сияқты нәрсе. Ал ақиқат пен әдеп, құрмет Жалаледдин Суити, Жалаледдин Руми, Имам Раббани сынды кісілердің рухани самғаулары сияқты, рухани түрде самғап, қасиетті кісілерге жақындау, солардан пайдалы нәрсе үйрену болмақ. Жаман рухтар мен шайтандар түс арқылы Пайғамбарымыздың бейнесінде көріне алмайды. Бірақ әруақ шақырған кезде жаман рухтар Пайғамбардың атын атап сүннетке және Шариғатқа қайшы әңгімелер айтуы мүмкін. Егер оның сөзі Шариғат пен Сүннетке қайшы келсе онда оның жаман рух болғандығының дәлелі. Иманды, мұсылман жын да емес. Жаман рух. Олар солай ойын ойнады.Екіншіден: Қазір Нұр шәкірттері мұндай мәселелер бойынша дәріске мұқтаж емес. Рисалей-Нұр барлық нәрсенің ақиқатын түсіндіріп берген.Тағы да түсіндірудің қажеті жоқ. Рисалей-Нұр жеткілікті. Бірақ Нұр шәкірті болмаған адамдардың мұндай жағдайлардағы Шариғат үкімдері мен Сүннетке қайшы әңгімелерді тыңдамағандары дұрыс, ең дұрысы сол. Әйтпесе үлкен қателік болады.
162Ескерту: Бұл хаттағы рухтармен сөйлесу мәселесіне жасалған сын, шеттен келген, философия мен испиртизмадан бастау алып, рухани бейне алған топқа қарсы айтылуда. Исламнан, сопылық пен тариқаттан бастау алатын, рухтармен тілдесуге ұқсайтын және лайық болмағандар кіріп кетіп бұрыс айтылып жүрген аз ғана сопылардың сопылық ұстанымдарына қарсы айтылған жоқ. Шынтуайтында олар да кейбіреулерге зиян тигізуі мүмкін. Бірақ аналар сияқты алдамайды. Исламға зиян тигізу ниеттері жоқ. Ал шеттен келген ұстаным болса тариқатқа да Исламға да қарсы. Сондай-ақ сопылардың ұстанымдарын түкке тұрғысыз етіп, тұқыртып тастағылары келеді. Сүннетті толық орындай алмайтын сопылар абай болуы керек, өздерін соларға ұқсатып алмасын.Саид Нұрси* * * * *Соттың төрағасынаКөптеген зұлымдықтар мен ауыртпалықтарды басымнан өткізген ұзақ өмірім жайлы қысқаша айта кеткім келіп тұр. Тыңдауларыңызды өтінемін. Жиырма сегіз жыл бойы опасыздықтар мен азаптауларға душар болдым, абақтыларға қамалдым. Барлық жалалар мен айыптаулар мына нәрселерге негізделген.Біріншісі: Мені қазіргі басқару жүйесіне қарсы деп айып тауда. Бұған жауап ретінде былай деймі: Кез келген үкіметке наразылар (оппозиция) болады. Қоғамның тыныштығын бұзып, бүлік шығарып жатпаса, көңіліндегі ой-пікірлері мен әдістеріне бола ешкімді кінәлауға болмайды. Бұл, бәрі білетін құқықтық норма. Өз діндеріне өте берік, аса қатыгез Ағылшын үкіметі, жүз милионнан астам мұсылманды жүз жылдан бері билеп-төстеп отырса да, Мұсылмандар, Ағылшындардың күпірлікке сүйенген жүйелерін қабылдамай отырғанымен Ағылшын соты осы уақытқа дейін оларды кінәлаған жоқ.Мұнда да, барлық Ислами елдерде баяғыдан бері. Яһуди, Христиан дінін ұстанатындар өмір сүруде. Олар сол елдің дініне, саяси жүйесіне қарсы болғандарымен ол жерлердегі билік сол үшін оларды заң жүзінде қудалап, қысым жасап жатқан жоқ.
163Хазіреті Омар Халифа кезінде қарапайым бір Христианмен бірге сотқа тартылды. Ал ол Христиан Исламның қасиетті қағидаларына, Ислам дініне, заңдарына қарсы, оларды мойындамаса да сотта олар назарға алынған жоқ. Бұл жағдай, әділет орындарының ешқандай ағымдарға ілеспей, бір жаққа бұра тартпай әділ болуы керектігін көрсетеді. Сондықтан да жер бетінің халифасы бір кәпірмен қатар тұрып, сотқа тартылды.Мен де жүздеген Құран аяттарына сүйене отырып (айтарым) Құранның қасиетті заңдарының орнына мәдениетшілдердің бұзылған тобы анархияның сойылын соғып, болшевиктердің атынан абсолюттік диктатураны Республикалық демократия деген желеумен (жүзеге асырып) діндарларға сұмдық зұлымдық жасап жатқан уақытша билікке мен ғана емес, ар-ожданы бар бүкіл адамзат қарсы. Еш қандай үкіметтің алдында оларға қарсы пікірлер (опазиция) кінәлі болып есептелмейді.Екіншісі: Қоғамның тыныштығын бұзып, қауіпсіздікке зиян беруі мүмкін деген сылтаумен отыз жыл бойы мені жазаға тартып келеді. Бұған жауап ретінде былай деймін: Соттың тергеп-тексеруіне сүйене отырып айтарымыз, бес жүз мың Нұр шәкірті жиырма сегіз жыл бойы осынша зұлымдықтарға душар болып, қиянат шексек те Нұршылармен айналысқан алты уалияттың алты соты (Нұршылардың) қандай да бір келеңсіз оқиғаға араласқаны жайлы мәлімет тіркей алмауы мынаны көрсетеді: Нұршылар, қоғамдық тыныштықтың сақшылары. Имани сабақтар арқылы әр бір адамның миына сақшы қоюда. Қоғамдық тыныштықты сақтауда. Үш аймақтың ұяты бар сақшылары мұны растап отыр.Үшіншісі: Мені, «Дінді саяси мақсатқа пайдаланғысы келеді» деп кәнілауда. «Себилүлрешад» газетінің 116-санында жарық көрген «Ақиқат Сөйлеуде» атты мақалам бұған нақты жауап беруде. Сол мақаланың қысқаша өзегі мынау:Жауап: Бүкіл болмысын, қажет болса ақыретін де діні үшін пида ететіндігін бүкіл өмірі дәлелдеп беріп отырған, отыз бес жылдан бері саясаттан сырт айналған, бес сот өздері қозғаған істеріне нақты дәлел таба алмаса да сексеннен асып, қабір аузында тұрған және дүниелік ешқандай мүлкі жоқ бір адамға «дінді саяси мақсатқа пайдаланғысы келеді дегендер жер мен көктің арасын
164толтырардай өтірік айтушы найсаптар. Осындай жалалармен қатар, бұл адам қоғамның тыныштығын бұзғысы келеді» дейді. Ал ол адамның Қасиетті Құраннан алған сабағы және шәкірттеріне берген дәрісі мынау: Бір үйде немесе бір кемеде бір бейкүнә адам мен он қылмыскер отырса, Құрани әділет сол бейкүнә адамға зиян келтірмеу үшін әлгі үйді өртеп немесе кемені батырып жіберуге тиым салып тұрғанда, тоғыз бейкүнә адамды бір қылмыскердің кесірінен көзін құрту болып саналар сол үйді өртеу немесе кемені батыру ең үлкен зұлымдық, қиянат, озбырлық болатындықтан, ішкі тыныштықты бұзар он қылмыскердің кесірінен тоқсан бейкүнә жанның басын қатерге тігуге Иләһи әділдік пен Құрани ақиқат қатаң тыйым салғандықтан біз Құраннан алған сабағымызға сүйене отырып бар күшімізбен қоғамның тыныштығын сақтауға мәжбүрміз деп білеміз.Осы үш-төрт баб бойынша бізге кінә артып, соттарды босқа әуре етуші жасырын жауларымыздың саясатты дінсіздік үшін пайдаланғысы келеді. Немесе коммунистік деген шапан жамылып, біліп-білмей мына берекелі отанымызға анархия орнатқысы келеді. Өйткені бір мұсылман Ислами шеңберден шығып кетер болса, діннен безген анархистқа айналады. Қоғам үшін аса қауіпті уға, бұзғыншыға айналады. Өйткені анархист ешқандай хақты, құқықты танымайды. Адамгершіліктің деңгейін жыртқыш аңдардың деңгейіне түсіріп жібереді. Ақырзаманда келетін Яджуш-Мәджуштердің тобыры анархистер болатындығына (екендігіне) Құран ишара етуде.Саид Нұрси* * * * *
Әзиз, Сыддық бауырларым!Біріншіден: Қасиетті Құранның әріптеріндегі реттілік, сәйкестік мұғжизаларын көзге анық көрсете отырып, жылтырақ әріптермен жазылған Құранымызды бастыру үшін әуелі Германияға жіберілді. Стамбулда бастыруға тырысқанымызбен үш түсті етіп бастыру аса қымбатқа түскендіктен кешеуілдей берген болатын. Осы жолы баспа ісі едәуір дамыған Италияда байқап көру үшін бір парасы жөнелтілді. Мүмкін болса Стамбулда басылуы үшін тағы да байқап көрдік. Сәйкестік мұғжизаларын сақтай отырып, әзірге бір түспен бастыра бастаймыз. ИншаАллаһ кейін үш түсті етіп, жылтыр қағазға Мысыр, Германия, Италия сынды жерлерде басылатын болады.Екіншіден: Құранның арабша бір тәпсірі, Рисалей-Нұрдың арабша Меснеуи Шәрифі саналар көлемі де Зүлфикар шамалас бір кітап, ИнашаАллаһ көбейтіліп басылатын болады. Бұл аса маңызды, құнды әр тақырыбы бір кітап, бір рисале болардай аса ауқымды мәселені жинақы түрде жеткізген бұл кітап қырық жыл бұрын жазылып, өз заманының атақты, нағыз ғалымдарынан, шейхтарынан мақтаулы баға алған еді. Сол рисалелердің біреуінің өзіне «бұл тамшы емес теңіз» деген баға бере отырып, толық түсінуге біздің шамамыз келе қоймады деген де еді. Рисалей-Нұрдың осы екі шаруасын сүйіншілемекпін. Табысты болуы үшін дұға етулеріңді күтеміз. Баршаға көптен көп сәлем, табыс тілейміз.БауырларыңЖейлан, Зүбейр* * * * *
[Бұл хат Самсунда шығатын «Үлкен жихад» газетінде жарияланды. Жала жабушылардың кесірінен Самсунда сотқа тартылды. Сот ақтау шешімін шығарды]Ислам Әлемінің құтқарушысы, мұсылмандардың тәжі, Рисалей-Нұрдың тәржүманы Ұстазымыз Бәдиүззаман Саид Нұрси Хазіретке!Осы жолы діндар демократтардың дәлелдері арқылы Афион соты Рисалей-Нұрға қойылған шектеудің күшін жойып, барлық кітаптар мен хаттарда қылмыстың нышаны болмағандықтан оларды авторға қайтарып беруге үкім шығарды. Неше жыл бұрын өзіңіздің, «Рисалей-Нұр менікі емес Құранның мүлкі. Құранның фейзінен шығуда. Ешқандай күш оны Анадолының кеудесінен жұлып ала алмайды. Рисалей-Нұр Құранға байланған. Ал Құран Арш-ы Ағзамға байланған. Оны ол жерден жұлып алуға кімнің шамасы келеді.» дегеніңіздің жарқын дәлелі болып отыр бұл шешім. Бұл жағдай ерен еңбегіңіздің Илаһи және Құрани екендігінің дәлелі деп білеміз. Бұл ақтау қарары Ислам Әлемінің, бірінші кезекте мына Мұсылман халықтың күні туып келе жатқандығының белгісі. Осыған байланысты, осы Нұр алқасының басшысы, ақиқаттар теңізінің капитаны болып тағайындалған, күпірліктен азғындаған адамзатқа тура жолды көрсетуші болған Ұстазымызға және бұған себепші болу арқылы мұсылмандарды өздеріне дос еткен Демократтарға және әділ сот алқасына шексіз рахмет айта отырып былай дегіміз келеді.Неше жылдан бері дамуына, кемелденуіне ат салысып, сол жолда жаныңызды да пайда етуге дайын жүріп, Құран ақиқаттарының бүкіл бір елдің, халықтың мұсылмандардың жүректеріне тыныштық әкеліп бақытты ететін қызметті арқаладыңыз және жеңіске де жеттіңіз. Бұл қызметіңіздің қаншалықты жоғары да жарқын екендігі айдай анық дәлелденді.Жиырма бес, отыз жылдан бері барлық кедергілерге, қиыншылықтарға қарамай, сабырлықпен, табандылықпен, жарқын жүрегіңізге Құраннан жеткен Рисалей-Нұрды жазып тарату барысындағы ерен еңбегіңіз, күрескерлігіңіз, келешек ұрпақтарға және Исламның қаһарман күрескерлеріне үлгі өнеге болуда. Құран атты күннің сөнбес нұрлары мен сәулелері болған Нұр шуақтары
167адасушылық пен надандықтың қою қараңғылығын түріп тастап, миллиондаған жүректерді нұрға толтырып, иманды жандарды өзіңізге борыштар еттіңіз.Бұл ел бұл еңбектеріңізді ешқашан ұмытпайды. Мәңгілік әлемге өтіп кеткеннен кейін де бұл еңбегіңіз бір дәнге айналады. Одан өніп шыққан алып ағаш өрлей өсіп, сол Нұр ағашының айналасына жиналған жамағат Рисалей-Нұрдан шығып жатқан жарқын нұрларды одан да қатты жарқырата түсіп, жалғастыра беретін болады.Сіз Рисалей-Нұрдың тәржүманы ретінде, осы Иман жолындағы қызметіңіздің жарқырай түсуіне орай осы ғасырдың тура жолға бастаушысы көшбасшысы екендігіңіз анық. Мұхаммеди (с.а.у.) он төртінші ғасырда Қасиетті Құранның делдалы, сұмдық зұлымдықтар ғасырының зұлымдықтарына қарсы Құранның Нұры арқылы күрескен ұлы күрескер, Рисалей-Нұрдың жүз мыңдаған нұсқаларын өзінің жүз мыңдаған шәкірттеріне жазғызып, күпірлікке қарсы Құрани қорған салған қаһарман, сүйікті Ұстазымызсыз!Әлемді мейірімділік пен бақытқа жетелеп, адамзатқа жұбаныш сыйлаған бұл қызметіңіз, Мұсылмандарға Исламның үкімі жүрер күндердің жақындап қалғандығын сүйіншілеп, нышандарын да көрсете отырып, дәлелдеп бердіңіз. Осындай қуанышқа жан-тәнімізбен құтты болсын демекпіз. Аллаһ сізге ұзақ өмір сыйласын деп тілейміз. Құрметпен қолыңыздан сүйеміз. Анкара УниверситетіНұр шәкірттері* * * * *Қоғамдық өмірімізге байланысты жүрекке жеткен бір ақиқат.Қазір бұл елде төрт партия бар. Біреуі Халық Партиясы, екінші Демократ Партия үшіншісі Ұлт Партиясы енді бірі Ислам бірлігі. Ислам Бірлігі партиясы алпыс-жетпіс пайызы нағыз діндар адамдар болса, қазіргі саясат бойынша билікке келуіне болады. Дінді саяси жолға пайдаланбай, саясатты дінге пайдалануына болар. Алайда, біраз уақыттан бері Ислами тәрбие әлсіреп қалды. Оның үстіне қазіргі саяси қылмыстарға қарсы дінді саяси мақсатқа пайдалануға мәжбүр болып қалуы мүмкін, олай жасағанша әзірге билікке келмей-ақ қойғаны жөн.
168Халық Партиясы: Кейбір мемлекеттік қызметкерлерге, заң атынан жалпылық сипаттағы пара беріліп жатқандықтан жиырма сегіз жылдық қылмыстарымен қоса басқалардың қылмыстары да Иттихатшылар мен масондардың бүліншілігі де осы партианың мойнында болса да, бір жағынан алғанда Демократтарды жеңіп тұрғандай. Өйткені құлшылық азайған кезде менмендік артады, нәмрудтық пиғыл артады. Менмендік белең алған кезде мемлекеттік қызмет шынтуайтында қызметшілік бола тұра билік жүргізу әмір беру, нәмрудттық сезім ұялап, нәпсіге үстемдік күш беріліп, кейбір мемлекеттік қызметкерлерге билеп-төстеу мәртебесін беріп қойғандықтан осынша қылмыстарына қарамастан Демократтардан басым болып отыр, мұны оларға қарамайтын газеттерден және маған қарсы жасалып жатқан әрекеттерден сезіп отырмын. Ал Исламияттың негізгі ұстанымы Хадис Шәріпте айтылғандай яғни. Қызметкер болу, әмірді орындау, билік емес.Халыққа қызмет жасау. Демократтық, Исламның бір негізі болған ар-ождан еркіндігіне арқа сүйей алады. Өйткені күш заңда болмаса, жекенің қолына өтеді. Нағыз диктатурға, білгенін істеуге айналады.Ұлт партиясына келсек: Егер Ислам бірлігіне негізделген Ислам ұлтының ішіне (миллетті) Түрікшілдік біте қайнасып кеткен болса, онда ол Демократияның бір мағнасы. Діндар Демократтарға қосылуға мәжбүр болады. Европалық індет деп атап жүрген нәсілшілдік, болымсыз ұлтшылдық пікірін Европа Ислам әлемін бөлшектеу үшін арамызға енгізіп, улап отыр. Алайда бұл пікір іштей тартымды көрініп, ләззат беретіндіктен қаншама зияндарын көре тұра сол ләззатты қимаған қай халық (ұлт) болса да азды көпті осыған шырмалып отыр.Бүгінгі таңда Ислами тәрбие әлсіреп, «мәдени тәрбие» белең алғандықтан көпшілік дауыспен билікке келсе, жүзде отызы ғана Түрік, жетпіс пайызы басқа ұлттардан тұратын елде, басқалар, Түріктерге де Ислами билікке де қарсы сап түзеуге мәжбүр болады. Өйткені Исламның негізгі заңдарының бірі мына аят яғни біреудің күнәсі үшін басқа біреу жауапқа тартылмайды. Ал ұлтшылдық сезім, бір адамның қылмысы үшін оның бейкүнә бауырын, туысқанын, немесе руласын өлтіріп,
169өзінікін дұрыс санатуы мүмкін. Ол кезде нағыз әділет былай тұрсын, сұмдық зұлымдыққа жол ашылады. Өйткені Исламияттың негізгі заңдарының бірі «Жүз қылмыскер үшін бір бейкүнә жанның құқы тапталмайды. Бұл Отан үшін аса маңызды мәселе. Исламның үстемдігі үшін де аса маңызды. Ақиқат осы, ей діндар және дінді құрметтеуші Демократтар! Сіздер мына екі партияның орнына рухани да материалдық та арқа сүйер күш – Ислам ақиқаттарынан күш алуға мәжбүрсіздер. Әйтпесе сіздер жасамаған бұрыннан бергі қылмыстар сіздерге жүктеліп, халықшылдар, ұлтшылдықты қолға алып, сіздерді жеңіп кететіндігін жақсы сезіп отырмын. Исламият үшін алаңдаудамын.(Сілтеме:) Бұрынғылардың (билік) түкке тұрғысыз, өзім білемдік заңдарының нәтижесінде, тіпті бүлдірулерінің нәтижесінде ортаға шыққан Тижани мәселесі мен ауыр жазаларын діндар Демократтардың мойнына артпау керек және Ислам Әлемінің назарында Демократтардың беделін түсірмеу керек деп ойлаймын.Азанды Пайғамбарымыз (с.а.у.) заманындағы қалпында қайта (Арабша) шақырту арқылы Демократтар он дәреже күш жинады. Сол сияқты бес жүз жыл қасиетті міндет атқарған Аясофияны да қайта қалпына келтіру керек. Ислам Әлеміне жақсы әсер етіп, олардың (Ислам Әлемінің) бұл елге деген сүйіспеншілігін арттыра түскен және жиырма жылдық соттың соңында еш қандай зиянды жағы табылмаған және соңғы бес сот ақтау шешімін шығарған Рисалей-Нұрдың еркін таралуына діндар Демократтар жол ашып, жар салуы керек. Сонда мына жараға ем болады. Сонда Ислам Әлемінің сүйіспеншілігі оянады және өзгелердің зұлымдық әрекеттері олардың мойнына жүктелмейді деп ойлаймын.Діндар Демократтардың, әсіресе Аднан Мендерес сынды кісілердің құрметіне отыз бес жылдан бері тәрк еткен саясатқа бір-екі күн назар аудардым және осы жазбаны жаздым.Саид НұрсиБұл ақиқатқа нақты куә болып, растаушы Нұр шәкірттері:Мехмед Чалышқан, Мұстафа Ажет, Хамза, Садық, Халим,Рашид, Ахмед Хусрев, Сұңғыр, Тахири, Нури және басқалар...(Сілтеме) Ұстаз былай дейді: Бұл қоғамдық саяси мәселе жинақы түрде ескертілді. Жеткізу барысындағы қажетсіз, зиянды сөздерді өзгертулеріңе болады. Жаман ой туғызбау шартын ескере отырып, орталық жерлерге жолдауларыңа болады.* * * * *
[Ұстаз Бәдиүззаман Саид Нұрси Самсунда шығатын «Бүйік-жихад» газетінде жарияланып, сол жерде сотқа тартылған бұл уәжнаманы Стамбул сотында оқыды және сот оны ақтау шешімін шығарды]Жасырын дұшпандарымыз биылғы қасиетті Рамазан айында әділет орындарын маған айдап салды. Мәселе де жасырын бір коммунистік ұйымға қатысты. Біреуі жалғыз өзім қырда жүргенде, ешқандай заңға сай келмейтін жағдайда, қарулы үш жандарм мен бір аға сержантты артымнан жіберіпті. «Сен неге шляпа кимейсің» деп, полиция бөлімшесіне күштеп алып келді. Әділдікті қалайтын барлық әділет орындарына айтарым:Бес жақты заңсыздық жасап, заң атынан Ислами заңдарды аяққа таптаған адам, нағыз заң бұзушы ретінде жауапқа тартылуы керек бола тұра, таң қаларлықтай сылтаулар тауып, екі жылдан бері азап беріп келе жатыр. Әлбетте Махкеме-и Күбрада жазаларын тартатын болады. Отыз бес жыл бойы жалғыз өмір сүріп, базар аралап, көше кезбейтін бір адамды «Сен неге Европалық стильдегі шляпа кимейсің», деп кінәлауға әлемдегі қандай заң рұхсат береді.Жиырма сегіз жылдан бері бес уәләяттың бес соты және полициялары оның бас киіміне тиіскен жоқ. Ал осы жолы Стамбул сотында жүзден астам полицияның көз алдында, екі ай бойы көптеген жерлерді жаяу аралаған кезде, ешқандай полиция қызметкері тиіскен жоқ. Касациялық сот берет киюге тыйым салған жоқ. Барлық әйелдер жалаңбас жүр. Тіпті әскерилер мен мемлекеттік қызметкерлер де берет киюге мәжбүр емес, кисе жақсы болады деген нәрсе де жоқ. Мен де мемлекеттік қызметкер емеспін. Берет кигендер де жауапқа тартылмайды дегендеріне қарамастан, жалғыз өмір сүріп, қоғаммен араласудан бас тартқан, Рамазан айында мұндай заңсыздықтармен рухын кірлеткісі келмеген, дүниені ойлағысы да келмегендіктен өзінің хас достарымен де кездесуден бас тартқан, тіпті ауырып жатса да рухы мен жан дүниесін денесі үшін алаңдатқысы келмей доктор да шақырмаған бір адамға шляпа кигізу үшін шет елдік поптарға ұқса деп, сотпен қорқытудан титтей де болса ар-ожданы сақталып қалған адам, жиіркенетін шығар.
171Оған осы әңгімелерді айтқан адам «Мен бұйрық орындаушы ғанамын» дейді. Ойына келгенді айта салғанды орындаушы адам мен бұйрық орындаушымын деуіне бол ма?Иә, Құранда Яһудилер мен Христиандарға ұқсамау керектігі жайлы Аят бар және аяты да басшыларға бағыну керектігін бұйырады. Дей тұрғанмен Аллаһқа және Пайғамбарына қарсы келмеу шарты бар. Содан кейін барып, мен басшының бұйрығын орындауға міндеттімін десе болады. Ал бұл мәселеде Ислами заңдар ауруларға, кәріп жандарға мейірімділік таныту, Аллаһ жолында Құран жолында Иман ілімі жолында қызмет етушілерге тиіспеу керектігін бұйырады. Жалғыз өмір сүріп жатқан адамға шетелдіктердің шляпасын ки деу он жақты, тіпті жүз жақтан заңға қайшы. Ислами заңдарға да қайшы заңсыздық. Ойына келгенді айта салған бұйрыққа, дініміздің қасиетті әмірлерін жығып беру болып саналады. Пайғамбарымыздың Сүннетіне қайшы келіп қалмау үшін отыз бес жылдан бері дүниені тәрік қылған, қабір аузында тұрған науқас, ғәріп, қарт адамға қарсы мұндай әрекеттерге барған адамдардың артында коммунистік шапан жамылған анархия орнату үшін елге, ұлтқа, дінге Исламға қастық ойлайтындардың тұрғандығына күмән қалмады. Исламиятқа, отанға қызмет етіп, сырттан келген сұмдық бұзғыншы күштерге қарсы тұрғысы келетін депутаттар мен демократтарға да жасалып жатқан қастандық. Діндар депутаттар абай болсын. Мына сұмдық шабуылдарға қарсы қорғаныста мені жалғыз тастап кетпесін.(Сілтеме)Орыстың бас қолбасшысы алдынан арнайы түрде үш рет өткенде де орнынан тұрмаған, кішіреймеген, ал оның өлім жазасына кесуіне Исламның абыройын түсірмеу үшін тайсалмаған, Стамбулға басып кірген Ағылшынның бас қолбасшысына және соның айтқанымен пәтуә берушілерге қарсы тұрып, Ислам жолында өлім жазасына түк те мән бермей «Түкіріңдер залымдардың ұятсыз беттеріне» деп, баспасөзде жариялаған, Мұстафа Кемалдың елу депутаттың ортасында тұрып ашу шақыруына қарсы «Намаз оқымаған қиянатшыл» деп жар салған, әскери трибуналдың сұрақтарына қарсы «Шариғаттың бір ғана мәселесі үшін жанымды пида етуге дайынмын» деп, жағымпаздық жасамаған, кәпірлерге ұқсап кетпеу үшін, жиырма сегіз жыл бойы жалғыз өмір сүрген, Ислам қаһарманына, Құран ақиқаттарының жанкешті қызметкеріне ақылға да заңға да қайшы түрде «Сен Яһуди және Христиан дін басыларына ұқса, солар
172сияқты басыңа шляпа ки, бүкіл мұсылман ғұламаларына қарсы шық, әйтпесе жазаланасың» десе, барлық нәрсені Құран ақиқаттарының жолына пида қылған адам, түрмеге қамамақ түгілі, тілім-тілім етіп турап тастаса да тозаққа салса да жүз жаны болса соның бәрін пида етуге дайын екендігін өмір тарихы дәлелдеп береді.Ал, мына Отанымыз бен дініміздің жаулары жасап жатқан сұмдық зұлымдықтарға қарсы Рухани жақтан күші бола тұра, бұл кісінің шыдап бағуы, материалдық күшімен ғана болымды түрде әрекет етуінің сыры не? Бұл сырды сіздерге және барлық ар-ожданы бар жандарға жайып салып отырмын. Он оңбаған дінсіздің кесірінен тоқсан бейкүнә адамның зардап шекпеуі үшін, қоғамның ішкі тыныштығын сақтау үшін, Нұр дәрістері арқылы әрбір адамның жүрегіне қарауыл қою үшін Қасиетті Құран оған сабақ беріп отыр. Әйтпесе дұшпандарымның жиырма сегіз жылдық зұлымдықтарының кегін бір-ақ күнде алар едім. Сондықтан қоғамның тыныштығын сақтап, бейкүнә жандарға зиян бермеу үшін намысыма тиіп, қорлағысы келгендерге қарсы тұрып жатқан жоқпын. Мен дүниелік өмірімді ғана емес, қажет болса ақыреттік өмірімді де мұсылман халықтың бақыты жолында пида етемін..Саид Нұрси* * * * *
[Бағдатта шығатын «Эддифа» газетінің тілшісі Иса Абдүлқадирдің арабша мақаласының аудармасы]Бағдатта шығатын «Эддифа» газеті Рисалей-Нұр шәкірттері туралы былай дейді: Түркиядағы Нұр шәкірттерінің Ихуан-ы Мүслимин ұйымымен қандай байланысы бар? Олардан айырмашылығы не? Түркиядағы Нұр шәкірттері, Мысырдағы және араб елдеріндегі Ихуан-ы Мүслимин секілді Ислам әлемінің бірлігі үшін әрекет ететін өзінше бір ұйым ба? Бұлар да солардың санатынан ба? Мен де жауап ретінде былай дедім:Негізінде Нұр шәкірттері мен Ихуан-ы Мүслимин ұйымының мақсаттары, Құран ақиқаттары мен иманға қызмет және Ислам әлемінің бірлігі шеңберінде мұсылмандардың дүниелік және ақыреттік бақытына еңбек ету. Бірақ Нұр шәкірттерінің бес-алты тұрғыдан айырмашылығы бар.Бірінші айырмашылық: Нұр шәкірттері саясатпен айналыспайды, саясаттан қашады. Егер саясат жүргізуге мәжбүр болса, онда саясатты дінге пайдаланады. Осылайша, саясатты дінсіздік жолында пайдаланушыларға қарсы діннің қасиеттілігін көрсетеді. Ешқашан саяси бір ұйымдары болған емес.Ихуан-ы Мүслимин болса, мемлекеттік жағдайға қарай саясатқа араласу арқылы дін жолында қызмет етеді әрі саяси ұйым құрады.Екінші айырмашылық: Нұршылар ұстаздарымен бірге отырып жиналыс жасамайды, олай етуге мәжбүр де емес. Ұстазбен жиналыс өткізуге мәжбүрміз деп сезінбейді. Сабақ алу үшін бірге болуды қажетсінбейді. Бүкіл ел дәрісхана іспетті. Қолдарындағы Рисалей-Нұр кітаптары оларға ұстаз секілді сабақ береді. Әрбір рисале бір Саид секілді болады.Қолдарынан келгенше ақысыз көшіреді. Мұқтаж жандардың оқып-үйренуі үшін тегін береді. Осылайша алып мемлекет, алып дәрісханаға айналады.Ихуан-ы Мүслимин болса, барлық орталықтарда өздерінің мүршидтерімен, басшыларымен жүздесіп, сабақ алу үшін алдарына барады. Ұйымның бөлімшелерінде де үлкен ұстазбен және оның көмекшілерімен, уәкілдерімен кездесіп тұрады. Олардан дәріс, бұйрық алады. Сондай-ақ жалпы орталықтарда шыққан газет-журналдың ақысын беріп, олардан дәріс алуда.
174Үшінші айырмашылық: Нұр шәкірттері, жоғары оқу орнының шәкірттері секілді ғылыми отырыстар арқылы дәріс алуда. Үлкен бір уәлаят бір медресеге айналады. Бірін-бірі көрмесе де танымаса да қашықта тұрса да бір-біріне дәріс беруде және бірге дәріс оқуда.Ал Ихуан-ы Мүслимин болса, мемлекеттері мен жағдайларының талабына орай газет-журналдар мен кітаптар шығарып, бүкіл әлемге таратады. Сол арқылы бір-бірін танып, дәріс алады.Төртінші айырмашылық: Нұр шәкірттері, бүгінгі күні Ислам әлемінің көптеген жеріне таралған, әрі жиі кездеседі. Әртүрлі өкіметтің қол астында болғанымен жиналып, бас қосуға рұқсат сұрамайды. Өйткені, ұстанған жолдары саяси ұйым болмағандықтан жергілікті өкіметтен рұқсат сұрауға мәжбүрміз деп қарамайды.Ал Ихуан-ы Мүслимин болса: ұстанымдарына орай саясатқа араласуға, ұйымдар құруға және бөлімшелер мен орталықтар ашуға мұқтаж болғандықтан жергілікті өкімет орындарынан рұқсат алуға мәжбүр. Нұршылар секілді білінбейді емес білінеді. Осыған орай, жалпы орталықтары болған Мысырда, Сирияда, Ливанда, Палестинада, Иорданияда, Суданда, Мароккода және Бағдатта көптеген бөлімшелер ашқан.Бесінші айырмашылық: Нұр шәкірттерінің арасында әртүрлі сынып бар. Нұршылардың арасында Құран үйрену үшін мешітке барып жүрген жеті-сегіз жасар сәбиден бастап, сексен-тоқсан жасындағы қарттарға дейінгі әйел де бар, ер адам да бар. Сондай-ақ, шаруадан бастап депутатқа дейін, қатардағы сарбаздан жоғары шенді қолбасшыға дейін бар. Бүкіл осы әртүрлі деңгейдегі Нұршылардың бар мақсаты, Құранның жол сілтеуімен шынайы иман арқылы нұрлану. Бар іс-әрекеттері, ғылым мен таным және иман ақиқаттарын жаю. Бұдан өзге іспен айналысқан емес. Қатал сот орындары мен қызғаншақ қасқөйлер жиырма сегіз жылдан бері осынау қасиетті қызметтен өзге бір мақсатты олардан таба алмағандықтан, оларды жауапқа тарта алмай, ыдырата алмай отыр. Сондай-ақ Нұршылар, өздеріне жақтас адам іздеуге мұқтаж емес... «Біздің міндетіміз қызмет, тұтынушы іздемейміз. Олар бізді іздеп, тапсын» дейді. Санға көңіл бөлмейді. Шынайы ықыласы бар бір адамды жүз адамнан артық көруде.
175Ал Ихуан-ы Мүслимин болса, олар да Нұршылар секілді Ислам ілімі мен танымы жолында және иман ақиқаттарын ұстану үшін жұртты құлшындырып, солай қарай бағыттауда. Бірақ, жағдайлары, мемлекет пен саясатқа араласуды талап еткендіктен санға көңіл бөлуде, өздеріне жақтастар іздеуде.Алтыншы айырмашылық: Шынайы ықыласты Нұршылар, материалдық пайдаға мән бермейді. Кейбіреулері кедей бола тұра аса үнемділік пен қанағат арқылы Құран қызметінде шынайы ықыласты әрі жанкешті болу үшін сабырлылық көрсетуде. Сандары өте көп және қатігез дінсіздердің алдында жеңіліс таппау үшін және мұқтаж жандарды ақиқатқа, ықыласқа шақыруда күмән келмеуі үшін Аллаһтың ризашылығынан басқа әлгі қасиетті қызметті ешнәрсеге құрал етпеу үшін қоғамдық өмірдің пайдаларынан өздерін аулақ ұстауда.Ал Ихуан-ы Мүслимин болса мақсаттары бір бола тұра, мекен-жай, ұстаным және кейбір себептерге байланысты, Нұр шәкірттері секілді дүниені тәрк ете алмауда. Барынша жанкештілік көрсетуге өздерін мәжбүрлемейді.Иса Абдүлқадир* * * * *
[Бағдатта шығатын маңызы зор, саяси «Эддифа» газетінің тілшісі Иса Абдулқадир былай дейді:]Нұр шәкірттерінің Ұстазы Бәдиүззаман Саид Нұрси жайлы «Эддифа» газетінен оқығандар Түркиядағы Нұр шәкірттері және олардың ұстаздары Саид Нұрси жайлы мағлұмат бер деп өтініш білдіруде. Мен де қысқаша жауап берейін. Ұстаздың, Нұрдың және Нұр шәкірттерінің Арабтарда хақы бар болғандықтан, арабтар олар жайлы көбірек әңгіме қозғасын деймін. Өйткені, мұсылмандардың негізгі тобын қалыптастырып отырған арабтар Рисалей-Нұрдан көптеген пайда көре бастады.Бұл Нұр Шәкірттері, Рисалей – Нұр арқылы Түркияда да Араб елдерінде де коммунистерге қарсы алынбас қамалдар тұрғызуда............................................................................................................................Рисалей-Нұр өте кең таралуда. Түркияда Ислам әлемінде ғана емес шет елдерде қызығушылық артуда.Нұр шәкірттерінің ынтасын еш нәрсе азайта алмайды. Нұр шәкірттері мен Рисалей-Нұр және олардың Құран жолындағы қызметтері Демократ Үкіметтің үлкен қазнасы, Ислам әлеміндегі Ислами қозғалыстар мына Демократ Үкіметті жақсы қабылдауда. Ирактың бүкіл мұсылман халқы Араб та, Түрік те Күрд те, Иран да Исламға жасалып жатқан мына қызметті қуана қолдауда. Түркиядағы түрік бауырларымыз батыстың жаман әсерлеріне қарсы осылай жауап беруде деп білемін.Иса Абдүлқадир* * * * *
[Ұстаздың Рисалей-Нұрдың Отанға, Халыққа Ислмаға көп қызмет еткендігін қабылдап, мақтан тұтқан Премьер министр Аднан Мендереске жазған бір хаты]Өзім ауыр науқаспын және саясатта шаруам жоқ. Бірақ Аднан Мендерес сынды Ислам қаһарманымен сөйлесіп, сұхабаттасқым келеді. Кездесуге шамам болмағандықтан, көзбе көз кездеспесек те мына хат менің сөзімді жеткізер деп, жазып отырмын.Ислам қаһарманы Аднан Мендерес сынды діндар жанға бірнеше ақиқатты айтайын.Біріншісі:Исламның негізгі қағидаларының бірі аятының ақиқаты. Біреудің қылмысы үшін басқа біреу, туысқаны, досы жауап бермейді. Ал қазіргі саяси ортада, партиялық жақтастықтың салдарынан, бір қылмыскер үшін көптеген бейкүнә жанның зардап шегуіне ризашылық танытылуда. Бір қылмыскердің қылмысы үшін оның жүздеген жақтастарына немесе туыстарына өрескел ғайбаттар айтылып, сын тағылуда. Осылайша бір ғана қылмыс жүз қылмыстық сипат алуда. Кек қайтару, жауласу сынды пиғылдарды өршітіп, кек алуға, жауласуға, маған не істесең саған да соны істеймінге мәжбүр етуде. Мұндай жағдай қоғамдық өмірдің тас-талқанын шығаратын у-дерт. Сыртқы жаулардың араласып кетуіне қолайлы жағдай тудырады. Иран мен Мысырда байқалған толқулар осындай нәрселерден туындап отырғандығы түсінікті болып отыр. Бірақ ол жақтар бізге ұқсамайды. Бізбен салыстырғанда жүзде бір ғана жағдай. (Құдай сақтасын) ондай жағдай бізде бола қалса, сұмдық болады.Мұндай қауіпті жағдайға қарсы бір ғана шара: Ислами бауырластық, Ислам мен ұлттың бір ұғымға айналуы негізге алынуы керек. Бейкүнә жандарды қорғау үшін, тек қылмыскерлер ғана жазалануы керек.
178Қоғамдағы тыныштықты сақтаудың негізі ретінде тағы сол қағида қолға алынуы керек. Мысалға: бір үйде немесе кемеде бір бейкүнә адам мен он қылмыскер отырса, нағыз әділдік пен сенімділікті сақтау үшін, әлгі бейкүнә жанды құтқару керек, ол сыртқа шықпайынша ол үйге немесе кемеге тиісуге болмайды. Міне осы Құрани заңның үкімі бойынша, қоғамның тыныштығын бұзып, он қылмыскердің кесірінен тоқсан бейкүнә жанға қауіп төндіру Аллаһтың қаһарына ұшырауға себеп болады. Аллаһ осындай қиын-қыстау заманда діндар жандарды билікке әкелген болса, олар да Қасиетті Құранның заңдарына сүйенуі керек және өздеріне тиісушілерге қарсы қалқан етулері керек екенін уақыттың өзі хабар беріп тұр.Исламның тағы бір негізгі қағидасы мына Хадис Шәріп: хадисіне орай мемлекеттік қызметкер халықтың қызметшісі. Менменсіп, билеп-төстеудің құралы емес. Бүгінгі таңда Ислами тәрбие мен құлшылықтың азаюынан, халыққа қызмет ету емес, билік жүргізу, өзімбілемдік жасау, әмір беру дәрежесіне шығарып жіберген. Сондықтан бұл дәретсіз, құбылаға бет бұрмай намаз оқу сияқты, әділеттіліктің негіздері бұзылып, халықтың құқы тапталады. Құл ақысы, Тәңір ақысы, деп білмегендіктен әділет болмайды. Өзім білемдікке жол ашады. Қазір, Аднан Мендерес сындылар Исламның, діннің талаптарын орындаймыз деп жүргенде, жоғарыда айтылған екі негізгі қағидаға кері әрекет ететін екі ағым, аса ірі көлемдегі парамен халықты алдау және шет елдіктердің іске кірісуіне жол ашып беру сынды шабуылдардың ықтималы жоғары.Біріншісі: Бірінші негізгі қағидаға керағар түрде бір қылмыскердің кесірінен, қырық бейкүнә жанды өлтіріп, бір ауылды жағып жіберіпті. Осындай дәрежедегі шексіз диктаторлық жағдай бүкіл адамның нәпсісіне ұнамды мемлекеттік қызметке “билік“ сипатын беру арқылы паралап, діндар, еркіндік сүйгіш жандарға соққы жасауда.Екінші шабуыл: Ислам деп аталатын қасиетті ұлтын тәрк етіп (біріншіге ұқсас) бір қылмыскердің кесірінен жүз бейкүнә жанның құқын таптай салатын, сырт көзге ұлтжандылық, ал ақиқатында нәсілшілдік сезіммен, еркіндік сүйгіштерге де діндар Демократтарға да осы елдегі жетпіс пайызды құрайтын әр түрлі
179ұлттарға да үкіметке де бейшара Түрік халқына да, Демократтар жүргізіп отырған саясатқа да қарсы әрекет етуде. Бұл үшін менменшіл бұзақылардың нәпсілеріне жағымды “пара“ ретінде нәсілшілдік бауырластығын ұсынуда. Сол нәпсіге жағымды бауырластықтың астарында оның нәпсани пайдасынан мың есе артық шынайы бауырларды дұшпандыққа бастайтын өте үлкен қатер тұр. Алайда мұны нәсілшілдік сезімінің мастығымен байқай алмай отыр. Мысалы: Ислам атты ұлтқа айналған төрт жүз миллион бауырының күн сайынғы деген ортақ дұғасынан пайдаланудың орнына, нәсілшілдік пиғылмен төрт жүз миллион бауырын төрт жүз басбұзар мен немқұрайлы жандардан келер дүниелік пайдаға айырбастап отыр. Мұндай жағдай, Отанға да үкіметке де діндар демократтарға да Түріктерге де аса қауіпті. Бұлай жасап жатқандар шынтуайтында Түрік те емес. Жаны жомарт Түріктер мұндай келеңсіз іске жоламайды. Бұл екі ағым, екі топтың да кез келген нәрсені пайдаланып, діндар Демократтарды құлатып тынуға әрекет етіп жатқандықтары, сол жолда жұмсалып отырғандықтары анық белгілі болып тұр. Мұндай сұмдық бұзғыншылыққа және екі күшті жауға қарсы, қырық Сахабамен әлемнің қырық мемлекетіне қарсы майдан ашып, жеңіске жеткен және бір мың төрт жүз жыл бойы, әр ғасыр сайын үш жүз, төрт жүз миллиондық шәкірті бар Құран ақиқаттарының сарқылмас күшіне арқа сүйеп, ол жердегі екі дүниенің бақытына бөлер, өзіне баурап әкетер ақиқаттарға арқа сүйеу керек. Бұл, әлгі топтарға және іштен де сырттан да шабуыл жасаушы жауларға қарсы қолданар аса қажетті, жалғыз ғана шара. Әйтпесе аяуды білмейтін ішкі де сыртқы жаулар, сендердің бір қылмыстарыңды мың есе асырып көрсетеді және бұрынғылардың қылмыстарын да сендердің мойындарыңа артып, басқаларға жасағанын сендерге де жасайды. Сендерге де елге де халыққа да бетін қайтаруға келмей қалатын қауіп төндіреді. Аллаһ сіздердің Исламның пайдасы үшін атқарар қызметтеріңізді табысты етсін, жоғарыда айтылған қауіптерден сақтасын деп, мен де Нұршы бауырларым да осы ақиқаттарды қабылдап, келешекте атқарар қызметтеріңіз үшін дұға етуге қарар бердік.Үшіншісі: Исламның қоғамдық өмірге қатысты негізгі заңдарының біреуі мына Хадис Шәріптің
180ақиқаты. Яғни, сыртқы жауға қарсы, ішкі араздықты ұмыту және бір біріне арқа сүйеу. Тіпті ең бәдәуи тайпалардың өзі осы негізгі қағиданың пайдаларын түсініп, сырттан жау келген кезде, өзара бір-бірінің әкесін, ағасын өлтіріп қойса да ішкі араздықты ұмытып, сыртқы жаудың бетін қайтарғанға дейін ауызбіршілік танытуда. Менмендіктен, өзімшілдіктен, мақтангершіліктен, қатаң саясаттан туындайтын өзара жік-жік болудың кесірінен, өзінің сөзін сөйлеуші шайтанға рахмет айтқызып, қарсыласын қолдаған періштеге лағнет жаудыратын оқиғалар орын алуда. Тіпті бір діндар ғалым өзінің саяси пікірін қолдамайтын діндар ғалымды кәпір дәрежесінде ғайбаттап, өзінің ойын қолдаған, Исламға жау бұзғыншы адамды қатты мақтағанын көрдім. Содан бері саясаттан шайтаннан қашқандай қашып, саясаттан сырт айналғаныма отыз бес жыл болды. Қазір де біреудің Қасиетті Рамазан айында, Ислами нышандарға және мына діндар халыққа қарсы ауыр қылмыс жасаған кезінде қарсыластары оның мұндай жағдайына қатты қуанды. Ал күпірлікке риза болу да күпір болып саналатыны сияқты, адасушылыққа, пасықтыққа, зұлымдыққа ризашылық білдіру де адасушылық, пасықтық, зұлымдық, болып саналады. Бұл өкінішті жағдайдың сырын түсіндім, көрдім. Өздері жасаған қылмыстарды халықтың алдында үзірлі (болымды себепке байланысты) етіп көрсету үшін қарсыластарын өздерінен де өткен дінсіз, қылмыскер етіп көргісі және көрсеткісі келеді.Мұндай сұмдық әділетсіздіктердің нәтижесі өте қауіпті болуымен қатар, қоғамдағы ахлақты (мінез-құлықты) бұзады. Отанға да Халыққа да Исламның үстем болуына да үлкен қастандық болып саналады. Әлі де жаза түсер едім, бірақ осы үш негізгі мәселені еркіндік сүйгіш, діндар жандарға жеткізу жеткілікті болар деймін.Саид Нұрси* * * * *
[Аднан Мендереске жіберу ниетімен бұрынырақта жазылған, қоғам өміріне қатысты бір ақиқаттың сілтемесін қайта ұсынып отырмыз]Сілтеме: Бұрынғылардың түкке тұрғысыз, қалағанын істеп шығарған заңдары мен орынсыз қолдануларының нәтижесінде, тіпті бүлдірулерінің нәтижесінде пайда болған Тижани мәселесін *діндар демократтардың мойнына арта салмау және Ислам Әлемінің назарында Демократтардың абыройын түсірмеудің бір ғана шарасы мынау деп ойлаймын. Азанның қайтадан Арабша айтыла бастауы арқылы Демократтар он есе күш жинады. Діндар демократтар Ая Софияның бес жүз жыл атқарып келген қасиетті міндетін қайта жандандыруы және Ислам Әлеміне жақсы әсер етіп, Ислам Әлемінің бұл елдің халқына деген сүйіспеншілігін оятқан, жиырма сегіз жыл бойы тергеп тексерсе де зиянды жақтарын таба алмаған, бес сот ақтау қарарын шығарып берген Рисалей-Нұрға ресми түрде еркіндік берілуін ашық түрде жария етуі және бұл жараға дәрі жағуы керек. Сол кезде Ислам Әлемінің сүйіспеншілігіне бөленуімен қатар, басқа біреулер жасаған зұлымдықтар бұлардың мойнына артылмайды деген ойдамын. Діндар демократтардың, әсіресе Аднан Мендерес сынды кісілердің құрметі үшін, отыз бес жылдан бері тастап кеткен саясатқа бір-екі сағатқа бет бұрып, осыларды жаздым.Саид Нұрси* * * * *«Бүйік Жихадта» жарық көрген, шағым түрінде жазылған мақалама байланысты Самсунның тергеу органы мен прокуротурасы мені қылмыстық сотқа бергендігі жайлы шақырту қағазы келді. Оқып берді. Айтылғандардың арасынан төрт жеріне назар аударуға болатынын байқадым.Солтүстік Африкада құрылған бір тариқаттың аты(ауд.)
182Біріншісі: «Бүйік Жихадтың» жауапты редакторы сотта прокурорға «мақаланы маған Саид Нұрси жіберді, мен жарыққа шығардым» депті.Бұл мәселенің ақиқаты мынау: мен ауырып жатқанда Әмірдағындағы бауырларым келді жаныма. Әмірдағында басымнан өткен зұлымдықтар жайлы әңгіме болды. Өзім ауырып отырғанда ашулы түрде Анкараға шағым ретінде біраз нәрсе айтқан едім. Маған көмектесіп жүрген қызметші жазып алды. Бірнеше діндар депутаттарға көрсетсін деп Анкарадағы Нұр шәкірттеріне жіберіпті. Ауырып жатқанда маған тиісе бермесін деген екен. Жолданған жазбаны кейбір депуттар көріпті. Біз білмейтін бір кісіге ұнап қалыпты да «Бүйүк Жихадтың» редакторына жіберіпті. Ант етейін, сол кезден қазірге дейін кім жібергенін білмеймін. Жарыққа шыққанан кейін бір нұсқасы осында келді. Жаңа жазуды білмейтіндіктен, маған біреу оқып берді. Мен де риза болдым. Жарыққа шығарушыларға Аллаһ разы болсын дедім. Алайда отыз бес жылдан бері саясатты тәрік қылған едім. «Бүйік Жихад» сынды дінге ықыласпен қызмет етуші газеттің иесіне, редакторына, тілшілеріне дін атынан борыштар болдым. Аллаһ Разы болсын дедім.Менің хабарым болмаса да, ақша төлемесем де сол берекелі газет үнемі келіп тұратын.Екіншісі: Менің Самсун қылмыстық істер сотына баруым керектігі жайлы. Бұл мәселе бойынша нақты айтарым, Самсун аймағындағы әсіресе «Бүйүк Жихадтың» айналасындағы мүбәрак, ақыреттік бауырларым мен Нұр шәкірттерін зиярат ету үшін сол жаққа барғым-ақ келді. Бірақ докторлар анықтамаларында көрсетіп отырғандай шамамның жоқтығы сондай, осы мәселелерді бастап отырған, бес минуттық жердегі сотқа да бір жарым жылдан бері шақырса да бара алмай отырмын. Прокурор мен соттың міндетін атқарушы, тергеуші сот менің жаныма келуге мәжбүр болды. Сұрақтарға себеп болған «Бүйүк Жихадты» да ала келіпті. Менің сөздеріме газеттің сөздері араласын кетіпті. Мен де оларға өз жауаптарымды берген едім. Егер қылмыстық сот осы мәселеге аса мән беретін болса, соттың Ескішехирде өтуіне рұхсат берсін.Улануыма байланысты қатты ауырып жатқандықтан сол жердегі сотқа өзім қатыса аламын. Басқаша болмайды.
183Үшіншісі: Прокурор мен тергеуші сот, жүз алпыс үшінші бабқа сүйеніп, Саид Нұрсиді дінді саяси мақсатқа пайдалануда және қоғамның тыныштығын бұзатын үгіт жүргізуде деп айыптауда. Бұл мәселе бойынша жиырма тоғыз жылдан бері бес-алты сот, бес-алты уәләяттың сақшылары жүз отыздан астам кітаптарымды, мыңдаған хаттарымды тексерсе де, дінсіз ұйымдардың айдап салуымен аңқау қызметкерлерді алдап келсе де, екі мәселеден басқа жауапқа тартар еш нәрсе таба алмады. Барлық кітаптарым мен хаттарым екі жыл бойы Денізлі және Анкара қылмыстық істер сотында жатты. Олар касациялық сотпен бірге менің және кітаптарымның қайтарылуы жайлы үкім шығарды. Бес-алты аймақта орамалға қатысты бір аяттың тәпсірін сылтау етіп, жеңіл жаза бергісі келді. Нақты жауаптарымнан кейін соттың еркіне қалдырды. Демек жауапқа тартар еш нәрсе таба алмады. Бұл жағдайды түсіндіру үшін Афион сотының төрағасына жолдаған арызымды сіздерге де мәлім болсын деп жолдап отырмын.Қорытынды: Бір тақпақ бес-алты сотта қайталанды. Жауапқа тартар еш нәрсе табылмады. Енді Самсунның прокуроры мен тергеушісі жиырма сегіз жылдық тақпақты қайталап отыр. «Жеке басына бедел жинау үшін үгіт жүргізіп, дінді саяси мақсатқа пайдалануда», дейді. Сөзді бес сот жоққа шығара алмаған төрт жүз беттік қорғау сөздеріме қалдырайын. Мені сөйлеткенше соларды оқысын.Саид Нұрси* * * * *Самсуннан келген құлақ қағазға қарсы айтар қысқаша жауабымды Самсун сот алқасына ұсынамын.Біріншісі: Мақаланы мен өзім жолдаған жоқпын. Осындағы барлық достарым біледі.Екіншісі: Жасырын жаулардың у беруіне байланысты қатты ауырып жатырмын. Жақын жердегі мешітке де анда-санда әзер барамын. Самсунда өтер сотты жақындау жердегі Ескішехирге ауыстыруды заң жүзінде талап етемін.* * * * *
184[Аса маңызды оқиға, арыз және шағым]Пакистанда шығатын «Әссадық» атты маңызды бір журнал қолымызға тиді. Қарасақ елу беттік журналдың жартысына жуығы Рисалей-Нұрдың кейбір бөлімдері. Әсіресе бас жағында Рисалей-Нұрдан жиырма екінші хаттың бірінші бөлімі аса мән беріле отырып, Ислам Әлеміне аятына шақыру ретінде ұсынғандығын көрдік. Енді осы арабшаға аударылып басылған рисаленің түп нұсқасын, Түрікшесін көпшіліктің назарына әсіресе мына мұсылман Үкіметтің басшыларына, депутаттарына бір жыл бұрын ұсынылғанындай, тағы да ұсынуға екі-үш себеп бар.Біріншісі: Рисалей-Нұрдан Сикке-и Тасдық-ы ғайби жинағында жазылған жүздеген нақты ишара белгілер мен оқиғалар дәлелдеп бергеніндей, Рисалей-Нұр рухани бұзғыншылық пен анархияға, болшевизмге, табиғатшылдыққа, материализмге күдік күмәндар мен күпірлікке қарсы Құрани қорған болу қызметін толық атқаруда және елімізді осындай қауіп-қатерлерден құтқаруға бір себеп, қабыл болған садақа ретінде екінші дүние жүзілік соғыстың бәлесінен қорғап, басқа елдердің басына келген бәлелердің бұл елге кіруіне жол бермей рухани қалқан болғандығы анық. Рисалей-Нұрға зер сала қараған ең қырсық философ та бұл айтылғандарды мойындауға мәжбүр болып отыр. Рисалей-Нұр бес жүз мың шәкірті, алты жүз мың нұсқа кітап арқылы адамдарға имани сабақтар бере отырып, жүректеріне сақшы қою арқылы қоғамның тыныштығын сақтауда. яғни біреудің күнәсі үшін басқа біреу жауапқа тартылмайды деген Құранның негізгі заңдарының бірін іс жүзінде орындап отыр. Оны оқыған миллиондаған адамның еш қайсысы соны оқудан зиян шеккен жоқ. Бүгінгі таңда оның бір Құрани мұғжиза және еліміз бен халқымыз үшін бәлелердің бетін қайтарғыш болғандығы дәлелденіп отыр. Ал жасырын жаулар, бүлікшіл анархияның сойылын соғушы ұйымдар жиырма бес жылдан бері неше түрлі айла-шарғыларды пайдаланып, соттарды Оған қарсы (Рисалей-Нұрға) айдап салуда. Бес аймақтан бес сот Рисалей-Нұрды жіті тексеріп, жауапқа тартар еш нәрсе таба алмаған
185соң ақтау шешімін шығарды. Кейіннен жиырма жерде жиырма сот қайтадан қарап, еш нәрсе таба алмай, қылмысты етер факт жоқ деген қарар берді. Афион соты Рисалелерді өзімізге қайтарып беру жайлы екі рет шешім шығарса да, Рисалелердің қайтарылуы мен жарыққа шығаруға заңды түрде кедергі болмаса да, жасырын ұйымдардың алдарқатуы мен айла-шарғыларының кесірінен, неше түрлі сылтау айтып, Афион соты бес жылдан бері рисалелерді қайтармай отыр. Ал, үлкен жерлердегі әділет орындары мен сақшылық мекемсінде, жүз мыңдаған Нұр шәкірттері мен жүз мыңдаған Нұр нұсқаларынан зиян келгендігі жайлы ешқандай деректің тіркелмеуі, Рисалей-Нұр қоғамдық өмірдің тыныштығын сақтаушы, қабыл болған садақа, бұл елді моралдық-материалдық қауіптерден сақтауға себеп болып тұрған Құрани ақиқат екендігін көрсетуде.Рисалей-Нұрдың маңызды бір бөлімі, мыңдаған жастарды отанға, елге, халыққа, қоғамға пайдалы етіп тәрбиелеген «Жастар шырағының» сотына байланысты Ұстазымыз науқас халде екі рет Стамбулға сотқа қатысты. Жүз жиырма сақшы жиналған жұртты таратуға тырысқан сол сотта «Жастар шырағының» авторын және жарыққа шығарушыны ақтау қарары алынды. Бес сот бар барлық рисалелерді, арасында «Жастар шырағы» да бар, ақтау шешімін шығарған еді. Он бес күнде қайтарылуы тиіс Жастар шырағы он бес айдан бері қайтарылған жоқ. Денізлі және Анкара қылмыстық істер соты бес ай қарап, ақтау және қайтарып беру шешімін шығарған еді. Афион соты бес жылдан бері қайтармай ұстап отыр. Диярбақыр өңірі мен Шығыс аймақтарда дін, иман, қоғамның тыныштығы мәселелері бойынша жүз уағызшыдан артық қызмет еткен адамның өз ақшасына алған Нұр кітаптарын (бес сот ақтау шешімін шығарса да) жинап алып, отанға, халыққа пайдалы қызметіне кедергі болуда. Осылайша қабыл болғыш садақа іспетті бәлелердің бетін қайтарар себептердің жолы кесілгендіктен, бір жарым миллиард лиралық зиян берген мына бәле жол тауып келді деуге болады. Егер бес соттың және Стамбул сотының ақтау шешімдері бойынша «Жастар шырағы» еркін жарыққа шыққанда, одан сабақ алып оянған мұсылман жастар бүлдіргіштерге жол бермес еді. Бір жарым миллиардтық зияннан елді құтқарып қалу жолында еңбек етер еді. Бір жарым миллиард лиралық зиянның орын алуына жол бермес еді...
186Ұстазымыз Бірінші дүние жүзілік соғыста Ресейде тұтқында жүргенде, рухани бұзғыншылық арқылы жастарды бұзар қауіп, біздің елге де жетеді деп, алаңдаған. Сол уақыттан бері, рухани бұзғыншылыққа қалқан болар «Жастар шырағы» сынды көптеген кітаптар жазды.Құран Кәрімдегі сабақтарды жарыққа шығарды. Аллаһқа шүкір көптеген жастарды құтқаруға себепкер болды... Саясатшылар қазір барша халықтың сәлеметі мен ауыз біршілігін қаласа, тез арада Пакистан да мән беріп, «Әс-Садық» журналында жариялап отырған рисалелердің жарыққа шығуына мүмкіндік беруі керек.* * * * *Қасиетті Құранның негізгі заңдарының бірі болған бойынша біреудің қателігі үшін басқа біреу, тіпті бауыры болса да жауапқа тартылмайды. Жүз отыз рисаленің ішіндегі бір рисаленің жүз бетінің бір бетіндегі қырсық найсаптардың назары бойынша қате саналған, тіпті қате болған күннің өзінде жүз мың беттік жүз отыз кітапты жауапқа тартар заң бар ма жер бетінде? Негізінде отыз жыл ішінде бес сот бұл кітаптардың бәріне ақтау шешімін шығарған болатын. Малатия мәселесіне байланысты тағы жиырма сот айналысқан еді. Ол жиырма сот қандай да бір кінәрат таба алмадық деді. Алты жүз мың нұсқа елде және шет елде жарық көрсе де ешкімге зияны тимеуі, Европадағы ең жоғарғы мектептің ішінде Нұр дәрісханасы ретіндегі арнайы бөлмеде Христиандар да оқуы, Ислам Әлемінде де жақсы қабылдануы, тіпті Пакистанда шығатын «Әссадық» жураналы Рисалей-Нұрдан бір рисалені жариялап Дін істері басқармасына жолдауы, осынша кітап жарық көрсе де ешқандай ғалымның қарсылық білдірмеуі сынды ақиқаттар Нұрларға қамқор болу Дін істері басқармасының міндеті екендігін көрсетуде. Дін істері басқармасы Исламға байланысты шаруалардың орталығы сынды тек Түркияның мұғалімі емес бүкіл Ислам Әлеміндегі Исламға қатысты істерге көңіл бөліп қарағаны жөн. Ислам Әлемі де бұл дін істері жөніндегі мекемеге шынайы түрде, жақсы назармен қарап, жаман
187ойламаулары керек болып тұр бүгінгі таңда. Сондай-ақ Түркиямен одақтаспай отырған Ислам мемлекеттерінің мына берекелі мекемеге қырын қарамауына себеп болған және Ислам Әлемінің әр тұсында және Европада жақсы қабылданып отырған Рисалей-Нұр сол мекеменің абыройын сақтап тұр және сол мекеменің Ислам Әлеміне арнаған еңбегі ретінде жарыққа шығару қажет. Сарапшылар осы жағына назар аударғандары жөн. Бейшара Саид Нұрси мен Нұр шәкірттеріне қарағанда Дін істері басқармасының қызметкерлері мен ғалымдар жүз есе көп көңіл бөлулері керек. Осылайша дінсіздердің шабуылдарынан Рисалей-Нұр қорғалады. Қаншама рет ақтау шешімі шықса да жарыққа шығуына кедергі болып отырған айла-шарғыларды тоқтату керек...Саид Нұрси* * * * *«Аса-и Мұса» мен «Жастар шырағын» сылтау етіп, Анкарадағы бір бауырымыздан барлық Рисалелерді жинап алуға келіпті. Ол бауырымыз Қылымыстық істер сотының «Аса-и Мұсаны» ақтау жайлы шешімін көрсеткеннен кейін «Аса-и Мұсаны» алып қоюдан бас тартыпты. Алып кетеміз деп жинап қойған он шақты «Жастар шырағының» үстіне өздері байқамай басқа кітаптарды қойып тастапты. Кетер кездерінде қанша іздесе де «Жастар шырағын» таба алмай қалыпты. Осылайша «Жастар шырағы» өз кереметі арқылы өзін сақтап қалыпты. «Аса-и Мұса» мен «Жастар шырағынан» басқа жинақтар мен рисалелерді сақшылық бөлімшесінен қайтарып алыпты. Саид Нұрси* * * * *
МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТІНЕ ЖӘНЕ ТЕВФИК ИЛЕРІГЕАйтпағымыз мынау: Шығыс Университеті үшін атқарып жатқан аса маңызды еңбегіңіз жайлы ұстазға айттық. Ол кісі былай деді: Науқас болмасам, мен де осы мәселе үшін шығысқа барар едім. Оқу министрін шын жүректен құттықтаймын. Елу бес жылдан бері өзім Медресетүззехра деп атаған Шығыс Университетін салдыру үшін тер төктім. Ол Университеттің біреуін Ванда, екіншісін Диярбәкірде, үшіншісін Битлсте ашуды қаладым. Тым болмаса біреуін Ванда салдыру үшін демократиялық төңкерістен бұрын Стамбұлға келдім. Төңкеріс болды. Ол мәселе де кейінге қалды.Кейінірек Иттихатшылар билікке келгенде Сұлтан Решадтың Балкан сапарында мен де бірге болдым. Косоваға бардық. Сол кезде Косовада үлкен Ислам Университетінің іргетасы қаланды. Мен сол жерде Үкімет мүшелеріне және Сұлтан Решадқа Шығыс аймақ осындай Университетке бұл жақтан да мұқтаж. Ол жақ Ислам Әлемінің ортасы дедім. Сол жерде маған уәде берді. Артынша Балқан соғысы шықты да әлгі Университет салынатын аймақ жау қолында қалды. Мен, олай болса жиырма мың алтын лираны Шығыста салынар Университетке беріңдер дедім. Қабыл етті.Мен де Ванға барып, Ван көлінің жағасындағы Артемитте мың лиралық шығын шығарып, Университеттің іргетасын қалаттым. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталып, ол да аяқсыз қалды.Тұтқыннан құтылған соң Стамбұлға келдім. Ұлттық қозғалыстағы қызметімді көріп, Анкараға шақырды. Бардым. Оларға да, өмір бойы осы Университетті салдыртудың соңында жүрмін. Сұлтан Решад пен Иттихадшылар жиырма мың алтын бөлді. Сендер де осынша қосыңдар дедім. Олар жүз елу мың банкнот беруге қарар берді. Депутаттар қол қойсын, дедім.Кейбір депутаттар, сен медресе стильімен тек Ислами тұрғыдан әрекет етудесің. Ал қазір батысты үлгі тұту керек, деді. Мен де былай дедім:Шығыс аймақтар Исалам Әлемінің орталығы іспетті. Жаңа пәндермен бірге діни ілімдерді оқыту өте-мөте қажет. Өйткені Пайғамбарлардың басым көпшілігі Шығыстан, философтардың басым көпшілігі батыстан шығуы Шығыстың дамуы дін арқылы болатындығын көрсетеді. (Сілтеме ) Басқа аймақтарда тек қана *Баяғыда менің бір күрд шәкіртім бар еді. Бұрынғы медресемде сабақ алған
189жаңаша пәндерді оқытсаңыздар да Шығыста елдің, отанның қамы үшін діни ілімдерді оқыту негізге алынуы керек. Әйтпесе Түрік емес мұсылмандардың Түріктерге шынайы бауырластық сезімі толық болмайды. Осынша жауға қарсы бүгінгі таңда өз ара көмекке, бір-бірімізге арқа сүйеуге мәжбүрміз. Қазір мен улануыма байланысты ауыр науқас халдемін. Қарттық билеп, елу бес жылдық өмірімнің мақсаты болған шаруаны көзіммен көріп, арасында жүре алмай отырмын. Тіпті Анкараға барып Шығыстың дамуына мұрындық болар осы мекемені ашуға тырысып жатқандарды шын жүректен құттықтаудан да мақұрым қалып отырмын.Отыз бес жыл бұрын Әбу Зия баспасынан жарық көрген Мүназарат және Сайкал-үл Исламия атты кітапттарым оқу министрінің назарынан сырт қалмапты. Менің орныма сол кітаптар сөйлесін. Мен өмірден үміт үзгендеймін. Алайда сол үлкен Университеттің ірге тасы, негізі және рухани программасы, оқулығы саналар Рисалей-Нұрдың жүз елу Рисалесін өзімнің өкілім деп білемін.Еліміздің, Халқымыздың, болашақ студент жастардың және оқу министрлігіне арыз айтып, осы мәселені көтеріп, табысқа жетіп жүрген Тевфик Илерінің мына бейшара Саидтың орнына Рисалей-Нұрға ие болып қамқорлық етуін мейрімді Аллаһтан тілеймін. Ауыр науқас, қарт, кәріп, жалғыз отырғанСаид Нұрсиөте зерек шәкірт еді. Діни сабақтардағы мұсылмандар арасындағы бауырластық жайлы тақырыптардан әсер алып, тақуа, салих бір түрікті, дініне селқос, пасық бауырымнан, тіпті әкемнен де жақын туысым деп білемін, дейтін. Өкінішке орай, кейінірек әлгі шәкіртім тек қана батыстық үлгідегі пән ғылымдарын оқыпты. Арада төрт жыл өткен соң, тұтқыннан келгеннен кейін әлгі шәкіртіммен қайта жолықтым. Әңгіме барысында ұлттық тақырыптар да қозғалды.– Қазір мен рафизи (сүнниттік жолға қайшы келетін теріс ағым) бір күрдті түріктің тақуа молдасынан артық көремін, деді. «Әттеген-ай, осынша өзгеріп кеткенің бе?» дедім. Бір апта әңгімеден соң бұрынғы жағдайына қайта оралды. Ей, депутат мырзалар! Сол шәкіртімнің әуелгі жағдайы түрік халқына қаншалықты қажет болса, соңғысының қаншалықты зиян екенін өз ойларыңызға қалдырамын. Демек басқа жақтарда саясат жолында дінге немқұрайлылық танытсаңыздар да (олай бола қоймас), шығыс жақта діни сабақтар өткізу аса қажет. Сол кезде маған қарсы шыққан депутаттар да болды. Жүз алпыс үш депутат қолдап қол қойды. Осынша адам қол қойған арыздың күшін жиырма жеті жылдық диктатура бұза алмапты.
Шығыс Университеті жайлы ақиқатты бұра тартушы журналистке жауап.Оппозициялық партияның әсіре сыншыл мүшесі «Улустың» 01.04.1954 жылғы санында жарияланған «Ататүрік Университеті» жайлы мақаласына жауап ретінде Ол Университет жайлы ақиқатты баян етеміз.Қазір Ататүрік Университеті деп аталатын Университеттің ашылуы жолында Ұстазымыз елу жылдан бері үлкен еңбек сіңіріп келді. Ұстаз Иттихатшыларға қарсы болса да олар және Сұлтан Решад осы Университеттің салынуы үшін он тоғыз мың алтын бөлген. Ұстаз оның іргетасын Ванда қалаған. Алайда Дүние жүзілік соғыс басталып кетті де ол іс аяқсыз қалды. Кейінірек Республикалық кезеңнің басында Саид Нұрсиді Анкараға мәжіліске шақырған кезде Ұстаз бұл іске қайта кірісті. Ол жерде ұстаз сол жердегі басшыларға қарсы еді. Саясаттан толық бас тартқанымен кейбір нәрселерде билікке қарсы еді. «Сендердің дүниелік істеріңе араласпаймын» деп отырғанымен, Мұстафа Кемалға «Намаз оқымаған адам қиянатшыл» дейтін кезі болатын. Мұстафа Кемал ұсынған мол ақша мен айлықтан, Шығыс аймаққа аймақтық уағызшы болу қызметінен бас тартты. Шығыс Университеттінің салынуы үшін бөлдірткен жүз елу мың банкноттық қаражатты екі жүз депутаттың жүз алпыс үші қолдап дауыс берді, қол қойды. Мұстафа Кемал да қол қойып қарар берілді. Демек Шығыстың сол кездегі ең үлкен мәселесі сол университет еді. Қазір бұған жиырма есе мұқтаж. Соңында тағы сол Ұстазымыздың моралдық-материалдық қолдауларының нәтижесінде сол Университетті салуға мына Исалми үкіметтің тұсында қарар берілді.Бұл Шығыс Университетінің аса аңызды рол ойнағандығын мұхиттан тамшы алғандай етіп қана, екі-үш тұжырыммен айта кетейік:Біріншісі: Бұл Университет Иран, Арабстан, Мысыр, Ауғаныстан, Пакистан, Түркістан, Анадолының ортасындағы жүрек сияқты. Әл Әзхар, Медресетүз Зехра іспетті.
191Екіншісі: Қазір адамзат баласы әлемдік тыныштық үшін, яғни адамзаттың қырғынға ұшырамауы үшін, шара іздеуде. Одақтар құрылуда. Қазіргі мұсылман үкімет баршаның тыныштығы мен үкіметтің сәлеметі үшін Югославия мен Испанияға дейінгі елдердің көңілін аулап, дос болуға тырысуда. Мұндай істердің жалғыз шарасының дәлелі ретінде көрсетіп береріміз: Салынғалы отырған Шығыс Университетінің негізін қалаушы адамның дәріс кітабы ғылым мен Имани ілімдерді достастырған, отыз жылдан бері бүкіл философтарға қарсы майдан ашып отырған және ресми ғұламаларға сын айтып, бұрынғы үкіметпен сыйыспай қалып отырса да, олардың еш қайсысы қарсы дау айта алмай мойындап отырған, соттардан ақталып шыққан Рисалей-Нұр бұл елдің, халықтың тыныштығын сақтап отыр. Ислам елдерінде, әсіресе Морокко, Мысыр, Сирия, Иран сынды елдерде болып жатқан ішкі қақтығыстар бұл елде жоқ. Рисалей-Нұрдың (қоғамның тыныштығын бұзар себептер бізде әлгі елдердегіден де көп болып тұр.) қоғамның тыныштығын сақтап тұруы Шығыс Университетінің салынуы, адамзаттың қолын жалпылық сипаттағы сәлеметке жеткізетіндігін көрсетуде. Өйткені қазіргі бүлдіру рухани болғандықтан оларға қарсы тұрып жөндеуші де рухани атом бомбасы болуы керек. Бүгінгі таңдағы бүліншілік рухани, ал оған қарсы, жөндеуші де рухани атом бомбасы болуы керектігінің нақты дәлелі, Университеттің қайнар көзі дәнегі болған Рисалей-Нұрдың соңғы отыз жыл бойы Европадан жеткен сұмдық адасушылық пен философияға, дінсіздік шабуылдарға қорған болуы. Сол рухани бүліншілікке қарсы Рисале-Нұр қалпына келтіруші рухани атом бомбасы болып отыр.Үшіншісі: Шығыс Университеті бір орталық ретінде Ислам Әлемі мен бүкіл Азияға назар аударар маңыздылыққа ие болғандықтан, алпыс миллион емес, алпыс миллиард жұмсалса да аз.Жаңа Улус газеті оппозицияда болғандықтан осы мәселені сылтау етіп жаңа үкіметтің осы мәселені көтеріп жүрген жоғарғы лауазымды қызметкерлеріне керітартпа деген айдар таққысы келеді. Ал бұл мәселе даму мен жалпылық сипаттағы бейбітшіліктің қайнар көзі. Бұл университет мына мұсылман Үкіметке Азанның қайтадан Арабша айтылуы мен діни сабақтардың қайта беріле бастауы сияқты күш (ұпай) береді. Бәлкім бұл үкіметтің болашақта жақсы жағымен есте қалуына себеп болар.
192Бұл мәселенің іске асуынан ортаға шығар Нұр-Фейз, Демократ үкіметтің ең үлкен қызметі ретінде бұрын соңды болмаған жарқын сәулесін мәңгі шаша берер. Және Халықаралық беделін арттыра бермек.Ұстаз ауырып жатқандықтан, сол кісіге қызмет етуші Нұр шәкірттері* * * * *Сотымыздың кейінге қалуы мен істің Анкара сотына жіберілуінде көп хайыр бар. Қазір Спарта соты және Вандағы Молла Хамидтің, Диярбәкірдегі Мехмед Қаяның кітаптарының қайтарылуы мен Афион, барлығы да Анкараға қарап отыр. Анкарада орын алар хайырлы нәтиженің арқасында бұл шаруа барлық жақта бірден бітеді. Қазіргідей уақытта Нұрлардағы имани ақиқаттарға Анкараның назар аударғаны жөн. Бұл істің сол жаққа жіберілуі аса маңызды оянуларға себеп болады, ИншаАллаһ.БауырларыңЗүбейр* * * * *Зиярат етушілерге жазылған бір хатБарлық достарыма, әсіресе, мені зиярат етушілерге өзімнің бір үзірімді баяндауға мәжбүр болдым.Өмірімнің басым бөлігі оқшаулықпен өтті. Отыз-қырық жыл бойы қатаң бақылауға алындым. Аса қажетсіз кездесу-сұхбаттардан тартынамын. Маған сыйланған рухани-заттай сыйлықтар бұрында да маған жақпайтын. Қазір мені зиярат етушілер де, достар да көбейді. Азғантай да заттай сыйлық маған жақпағанындай, зияратқа келу, жүздесу, әсіресе ұзақтан арнайы келу де рухани сыйлық қой... Оларды да қабылдай алмаймын. Бұлар арзан нәрселер емес, рухани жақтан өте қымбат. Мен өзімді мұндай құрметке лайықпын деп санамаймын..... Сондықтан Аллаһтың жарылқауы маған заттай сыйлық алуға тыйым салғанындай, рухани сыйлық алуға да тыйым салды... Заттай берілген сыйлықтың ақысын бермесем, ауырып қалатыным секілді, кейде рухани сыйлықтар да маған жақпай, ауырып қаламын. Сондықтан маған ренжімеңіздер.
193Рисалей-Нұрларды оқу менімен жүздескеннен он есе пайдалы. Онсыз да менімен кездесу ақырет, иман, Құран мәселелері үшін емес пе? Бұ дүниелік нәрселерден толық қол үзгендігімнен, олар туралы әңгіме қозғаудың, жүздесудің мағынасы жоқ. Ақырет, Иман, Құран үшін кездесем деушілерге Рисалей-Нұр бар. Менің қажетім жоқ. Тіпті, жанымда жүрген хас шәкірттеріммен де өте қажет болғанда ғана сөйлесемін. Тек қана Рисалей-Нұрдың таралуына байланысты мәселелер бойынша кейбір кісілермен кездескім келеді. Сол кезде, сол мәселелер бойынша кездесуге болады. Мұндай жүздесулер маған зиян бермейді. Бұл жағдайларды білмейтін кісілерге айтып қояйын, бірнеше жылдан бері газеттерге хабарландыру берудемін. Менімен кездескісі келетіндерге, әсіресе, ұзақ жерлерден келіп, жүздесе алмай кеткендерге дұға етудемін. Күніге таңертең дұғама қосамын. Сондықтан маған ренжімеңіздер.Саид Нұрси* * * * *Аса құрметті бауырымыз СалихҰстазымыз саған және екі діндар нағыз халық өкілдеріне (депутатқа) көптен көп сәлем айтып, дұға етуде. Саған да оларға да мың «Бәрекелді» деп отыр. Ұстаз былай дейді: «Мен көптен бері Урфа жақтан Нұрларға ие болар мықты кісілер шықса деп күтуші едім. Өйткені ол жер Анадолының, Араб елдері мен Күрдістанның нақ ортасы. Нұрлар сол жерге орнықса үш аймақтың да дамуына себеп болады. Аллаһқа шексіз шүкір етемін, Сеид Салих сынды жас батыр және сол өңірден шыққан елді ойлайтын, діндар екі депутат Нұрларға қамқорлық таныта бастады. уланудың кесірінен ауырып отырсам да Өз ақшама сатып алып, тексеріп-түзетіп шыққан өзіме тиесілі кітаптарды соларға жіберудемін. Көптеген жерден қанша кісі сұраса да мен Урфаға жібергенді жөн көрдім. ИншаАллаһ бір бөлігін тағы да жіберемін. Сеид Салих пен елдің қамын ойлайтын депутаттар ИншаАллаһ ол жақта Құран мен Иманға шынайы қызмет етіп, ол жердің Спартадағы Медресетүз Зехра мен Мысырдағы Әл-
194Әзхар Университетінің шағын үлгісіне айналуына себеп болуын, Шам мен Бағдаттағы Ислам медреселерінің шағын үлгісіне айналуына себеп болуын мейрімді Аллаһтан тілеймін, үміт етеміз.Сондай-ақ Рисалей-Нұрдың ұстанымы достық қой. Ал Урфа Ибраһим Халилуллаһтың (Аллаһтың досы), отырған жері.Иншаллаһ Ибраһимнің достығы жарқырай түсер. Мына удың зардаптарынан құтылсам келер қыста Урфаға баруды қатты қалаймын. Солай болу ықтималы жоғары». Тағы да сәлем жолдап, құрмет білдіреміз.Рисалей-Нұрға қызмет етуші бауырларыңЗия, МехмедБүкіл Урфа халқына, бала-шағасына, мазарда жатқандарына күнде таңертең дұға етемін. Барша Урфалықтарға сәлем жолдаймын. Урфаның тасы да топырағы да берекелі.Мен ауыр науқаспын. Олар да маған дұға етсін.Саид Нұрси* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым!Ислам Әлемінде Қадір Түні ретінде танылған Рамазан айының жиырма жетінші түні уланудың кесірінен ішімді бүріп, жүйкемді жүрегімді, жан-дүниемді жаншып жатқандай жаман ауырдым. Материалдық та моралдық та екі сұмдық ауырудан оянған мейрім арқылы барлық тіршілік иелерінің қиналулары ойыма түсті. Өз ауруымнан бетер рухани жағдай сездім. Онымен қоса, сексен жылдық өмірімнің соңында, сексен жылдық рухани құлшылыққа қол жеткізер соңғы Қадір түніне лайық құлшылық ете алмадым
195деген уайым, ана екі дерттен бетер қинап, нәпсінің қызметін атқарып тұрған өкініш сезімі ұнжырғамды басып тұрғанда Хасбие аятының бір сыры көмекке келді.Аллаһқа шексіз шүкір етемін, сол үш дерттің ауыртпалықтарын жойып жіберді. Ойламаған жерден шыдас берді. Үш дертіме де үш дәрі жағылды. Материалдық дерттің (Дерт пен дауа рисалесінде айтылғандай) бір сағаты сабыр мен тәуекел еткен жандарға кем дегенде он сағаттық құлшылықтың сауабын жаздыратынындай, менің де мына Қадір түні ауырып қалуым, шамам келмей қалған кезде, құлшылық жасай алмай қалған кездегі Қадір түнінің сауабын жазғандай толық шипа беруші дәріге айналады. Ал бүкіл тіршілік иелерінің ауырып қиналуыларын аяу арқылы орын алған мендегі қиналысты Рахымды Аллаһтың мейрімі, яғни, мақұлықтарды жаратушының мейрімі, рахметі жеткілікті болғандықтан олардың қиналуларын, олар үшін ләззатқа немесе сыйлыққа айналдырып жіберетін Иләһи мейрімнен артық мейрім жасамақ болу мағнасыз және жөнсіз болғандықтан, мендегі мейрімнен бастау алып тұрған қиналыстарды рухани қуанышқа, ләззатқа айналдырды. Дәрі болып қана қалмады. Шипа берді.Өмірімнің соңында аса құнды рухани қазынадан айырылып қалам ба деген рухани қиналысымның орнына Нұрдың хас шәкірттерінің әр қайсысы рухани серіктестік сыры бойынша баршаның атынан дұға ету арқылы салих амал жасайтындықтан, «Әл Худжетүз Зехрада» және «Нұр кілтінде» түсіндіргеніндей, Әт-тахиятта және Фатихада барлық жаратылыстар мен тіршілік иелерінің дұғаларына және туәхидті жар салуларына ортақ болып, топырақтың, ауаның, судың, нұрдың бір бір тіл болып, топырақтан шыққан өмірдің барлық сыйлары, судан шығып жатқан берекелі сыйлықтар, ауадағы шүкір мен құлшылықтың жаңғырығы, көрінісі, Нұрдағы моралдық-материалдық әсемдіктер, әт-тахият пен Фатихада әлемдегі барлық нығметтерден бастау алатын шүкірлер, барлық жаратылыстың әсіресе тіршілік иелерінің жалпылық құлшылықтары, өз ара көмектері, тура жолда жүрген барлық ақиқатты тапқандар мен имандылардың соңына ергендерге рухани түрде жолдас болып, олардың дұғаларына амин деп, көтерген мәселелерінің ақиқат екендігін растаудың барлық сыры сол түні маған көмекке келді.
196Ауыр науқас, әлсіз, үмітсіз жағдайда аз да болса қызмет ете алмаудағы рухани дертіме ем болғаны сонша, мен сап-сау кезімде, жас кезімде, ең ләззаты мол вирдттерімнен ала алмаған ләззат пен қуанышты сезім. Шексіз шүкір етіп, сол ауыр жағдайыма риза болдым. дедім.БауырларыңСаид Нұрси* * * * *Ұстазымыз былай дейді: Менімен кездескісі келетін әзиз бауырларыма айтарым, аса қажет болмаса адамдармен кездесуге шамам болмағандықтан, уланудың нәтижесінде және әлсіздіктен, қарттықтан, науқастықтан көп сөйлей алмаймын. Сендерге нақты айтарым, Рисалей-Нұрдың кез-келген кітабы бір-бір Саид. Сендер қай кітапты алсаңдар да менімен қарама-қарсы отырып сөйлескеннен он есе пайдалы және менімен кездескендей боласыңдар. Менімен Аллаһ үшін кездескісі келгенімен кездесе алмаған адамды күн сайын таң ертең оқыған дұғаларыма қосамын деген шешім қабылдадым. Бір-екі айдан бері Ұстаз жәрдемшілерімен де сөйлеспейді. Сөйлесе қалса, ыстығы көтеріледі. Бір аянға сүйеніп, мұның хикметін түсіндірді. Рисалей-Нұр тұрғанда менің қажетім жоқ. Сөйлесудің де қажеті жоқ. Оның үстіне мен әлсіз жағдайдамын. Жиырма адам үшін мыңдаған адамды ренжітуге болмайтындықтан сөйлесуге тыйым салыну ықтималы жоғары. Жеке сөйлесе алмауымды үзір деп санасын. Тіпті айтта қол алысып, көрісуге де жарамаймын. (Сілтеме ) оған *ренжімесін.* * * * * Қазір Анкара, Стамбул, Самсун, Анталия бәрі де Рисалей-Нұрды бастыра бастады. Жасырын ұйымдар сол істерге қарсы жала жаппасын деп, хас достарымды да қабыл етпеуге мәжбүр болдым. Рисалей-Нұр басылып бітсін...
[Төрт жыл бұрын Ұстаз ауырып қалғандықтан мені Анкарадағы Рисалей-Нұрдың соттағы шаруаларымен айналысу үшін уәкіл етіп жіберген еді. Сол кезде бірнеше депутатқа жазған хатымызды сіздердің және құрметті депутаттардың назарына қайта ұсынып отырмыз. Себебі сол мәселелер әлі жалғасуда. Біреуі де соңғы айларда Шығыс аймақтарда салынуы көзделген Университет]Рислей-Нұрдың отыз жылдан бергі өзімізде және шет елде ерекше таралуы және жақсы қабылдануы мен Ұстазыдың Шығыс аймақтарда елу бес жылдан бері үлкен Университет салдыруға тырысуы, бірін бірі толықтыра түсетін, бүгінгі таңда Ислам әлеміне тікелей байланысты екі маңызды мәселе. Бұл екі үлкен нәтиже, халқымызды, әсіресе шығыс аймақта және төрт жүз миллион Мұсылманды, жалпылық сипаттағы бейбітшілікке мұқтаж Христиан әлемін де ішіне қамтып, әсірін көрсетіп отырған мақтануға тұрарлық екі маңызды оқиға. Ислам дінінің және Құрани ақиқаттардың жалпылық сипаттағы екі жаршысы.Ұстазымыз елу бес жылдан бері көп қайрат жұмсап, әр түрлі себептерді пайдаланып, Шығыс Анадолуда Әл-Әзхар Университеті сияқты өзі Медресетүз Зехра деп ат қойған Ислам Университетінің салынуы үшін тер төкті және мұның аса қажет екендігін үнемі алға тартты. Ұстаз Президентті және Премьер министрді осы мәселеге байланысты құттықтау хатында жазғандай Шығыстағы Университет Ислам Әлемінің ортасында жатқан көптеген әзиз, мүбәрак кісілер мен мыңдаған ғұлама – ғалым, шәхид және ақиқатты тапқан аталарымыздың бұрындары атқарған аса құнды, қасиетті діни қызметтері, рухани мінез-құлықтары осы Университет арқылы көрініс тауып, имани қызметтері кеңінен тарала түсетін болады. Шығыс Университетінің программасы болуға лайық негізгі сабағы, Қасиетті Құранның Имани ақиқаттарын тәпсірлеуші және барлық мәселелерді ғылыми-логикалық дәлелдермен дәлелдеп, ақылға қонымды дәріс беретін Рисалей-Нұр, жаңа ғасырдың Университеттері мен мектептерінде оқытылуға лайық. Рислаей-Нұр Шығыс Анадолының әр өңірінде ғасырлар бойы руханият бұлағының міндетін атқарған медреселер мен ұстаздардың шәкірті ретінде ортаға шығып отыр. Ол құрметті ұстаздар соңғы нұрлы жемістері
198арқылы қайтадан өз істерін жалғастырып, ағартушылық қызметтерін Құрани қызметтерін әлемдік аренаға шығаруларын шын жүректен үміт етеміз және мейрімді Аллаһтан тілейміз. Бұл дұғамызға мезгіл мен мекеннің өмірлік шарттары мен әлемде бейбітшіліктің қажет екендігі «Әмин, Әмин» деуде және солай жалғастыра бермек.Шығыстағы ғылыми-ағартушылық істердің бір жемісі, жалпылық нәтижесі болған Рисалей-Нұр, Шығыс Университетінің Ислами тұрғыдан алғандағы программасы болуына орай, Исламға, мына халыққа, Ислам Әлеміне қызмет етуге тырысушылардың назарын аударып отыр. Америка мен Европадан Рисалей-Нұрды сұратуы, сол жақтарға кеңінен таралуы бұл айтқандарымыздың маңызды екендігін көрсетуде.Мұстафа Сұңғыр* * * * *Жазғандары бес жақты жала және өтірік екендігі көрініп тұрған бір газетті маған оқып берді. Мұндай жалалар Спартаға және кітап шығарушыларға көп зиян тигізеді.Бірінші өтірігі: Рисалей-Нұрды оқығандарға мүрид және тариқат депті, мені тариқат дәрістерін береді деп кінәлапты. Ал мені танитындар жақсы біледі, соттарда нақты дәлелдеп бергенімдей, мен тариқат сабақтарын емес, Иманның, Құранның ақиқаттарын айтамын. Дәрістерімді тыңдаушыларға Нұр шәкірті дейді. Ұстанымымыз тариқат емес Иаман ақиқаттары.Екінші өтірігі: Жала жабушы газет басқа бір газетті ортақ етіп, қисынсыз әңгімелер айтады. «Егрідір жастары Саид пен оның мүридтеріне қарсы күресті бастады» дейді. Бұл мүлдем негізсіз екендігін Спарта мен Егрідірдің жастары жақсы біледі. Тіпті Спарта мен Егрідір мұны естіп, қатты наразылық танытуда. Тек Анкарада тұратын Егрідірлік бір адам, жас та емес, отыз жыл бұрын менімен әңгімелескенін сынай жазыпты. Бұған «Жастар қарсы күресті бастады» деп айдар тағу көзге ұрып тұрған өтірік. Ал мен кім болса ол болсын, барлық жастарға бауырмалдылықпен қараймын. Спарта мен Егрідірде жастардың маған немесе шәкірттеріме қарсы шықандығын естімеппін,
199Үшінші жаласы: Жала жабушы сол газет басқа біреудің тілімен былай дейді. «Саид және мүридтері жасырын саясат жүргізуде. Қоғамдық қауіпсіздікті әлсіретіп, жүйені өзгертуге әрекет етуде». Мұның өтірік екендігін жиырма сегіз жыл ішінде бес соттың ақтау шешімін шығаруы көрсетіп отыр. Саясатпен еш қатысым жоқ екендігінің де дәлелі. Бұған қарсы көрсетер ешқандай дәлелдің болмауы, олардікі нағыз жала екендігін көрсетуде. Отыз бес жылдан бері саясаттан бас тартқандығымды барлық достарым біледі. Төртінші жаласы: Саид Нұрси кейбір әйелдерді шайтан депті, дейді. Бұл жала қайдан шықты: «Бұрындары үлкен қалаларда жартылай жалаңаш дейтіндей, ашық-шашық жүрген Христиан қыздар шайтанның әскеріндей Ислами мінез-құлыққа зиян тигізуде» деген сөздерім. Осындай ашық-шашық жүретін бірнеше әйелге айтылған сөздің өңін айналдырып, қатындардың бәрі сондай дегізіп, бұрмалау, көрер көзге жала жабу, күйе жағу. Әйелдермен сұхбат атты рисалемде, әйелдерге аса құрмет білдіріп, мән беріп, бағалайтындығымды, тіпті мейрімділік тұрғысынан еркектерден көш ілгері болғандықтан және Рисалей-Нұрдың негіздерінің бірі мейрім болғандықтан, мүбәрак қарындастарымды «Қымбатты қарындастарым» деп атағанмын. Оларда шынайы ықыластың мол екендігін байқаймын.Бесінші жаласы: Ислами үкімдер мен ұстанымдарға қайта оралу керітартпалық, «малғұн ой» деген сөзді пайдалануы, жер шарын дірілдетіп жіберердей күпір-жала екендігі тек Спарталықтар мен Нұр шәкірттеріне ғана емес, бүкіл Ислам Әлеміне жасалған қиянат.Ауыр науқас, қартСаид Нұрси* * * * *
[Ұстаз ауыл аралап жүреді екен деген сарындағы алып қашпа әңгімелерге жауап. Алаңдайтын еш нәрсе жоқ]Ұстазымыз Саид Нұрси екі жылдан бері қонақ болып отырған Спартаның сақшыларына айтарымыз.1. Ұстазымыз Саид Нұрси отыз жылдан бері аралап жүрген Анадолуның қаншама аймақ, аудандарында өзін сақшылардың қонағы ретінде санайды. Сақшылар да үнемі достық пейіл мен қамқорлық танытқан. Құранның жарқын тәпсірі болған Рисалей-Нұрды отыз жыл бұрын Спартада жаза бастаған. Ұстазымыз Иман ақиқаттарын түсіндіру жолында тек ақырет үшін еңбек етті. Алайда бұл қызметтің дүниелік пайдасы иман арқылы жүректерге жамандықтарға қарсы тұрар сақшы қоюы болды. Соның нәтижесінде қоғамның тыныштығын сақтауға бір себеп болды. Ұстаз нағыз әділдікті түсіндіретін яғни «Біреудің қателігі үшін басқа біреу жауапқа тартылмайды» деген аяттың талабына және «Бір бейкүнә жанның құқын жүз қылмыскер үшін пида етуге болмайды» деген Құрани қағидаға сай, он залымның кесірінен тоқсан бейкүнә адамға зиян келтіру нағыз әділдікке Құранның әмірлеріне қайшы... деп жариялауда жазуда өзіне зұлымдық жасалып жатса да Мұсылман халықтың бақыты жолында «Мен бұл дүниелік өмірімді ғана емес, ақыреттік өмірімді де пида етудемін», дейді, әлі де солай деуде.Рисалей-Нұрдағы имани ақиқаттарды түсіндірер дәрістері арқылы және соттардың бәрінде ақтау шешіміне жол ашқан өзін қорғау сөздеріндегі Құрани ақиқаттар арқылы қоғамға дүниелік те ақыреттік те бақытқа қол жеткізер дәріс беру арқылы қоғамдағы тыныштықты, қауіпсіздікті сақтаудың ең үлкен себепкері Ұстаз болғандығын елдің бақытын ойлап жүрген жанашыр жандар растап отыр.Отыз жылдан бері сан рет тексерулер мен соттардың ақтау шешімін шығаруды, қазір толық еркіндік алуы, кітаптардың жан-жаққа кең таралуы, Анадолу мен Ислам Әлемінің маңызды жерлеріне және батыс елдерінің кейбіреулеріне таралып, жақсы бағалануы, барлық сырлары жіті зерттеліп, тексерілген Ұстазымыздың жауапқа тартар еш нәрсесі жоқ екендігін көрсетуде.
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255