Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Әмірдағы Лахикасы-2

Әмірдағы Лахикасы-2

Published by risalekz, 2021-02-16 08:04:14

Description: Emirdağı Lahikası-2

Keywords: Рисалей Н?р

Search

Read the Text Version

251бұрын алты жүз мың адамның иманын құтқарғандығы белгілі. Қазір олардың саны миллиондап саналады. Демек Рисалей-Нұр адамзатты анархиядан құтқаруға бір шама себеп болумен қатар екі қаһарман мұсылман бауыр Түрік пен Арабты біріктіруге және Құранның негізгі заңдарын жариялауға ұйытқы болғандығын жаулар да мойындап отыр.Бүгінгі таңда абсолюттік күпірлік Құранға қарсы шығуда. Абасалюттік күпірлікте бұл дүниенің өзінде жәһаннамнан бетер тозақ бар. Өйткені өлім өлмейді. Әлемде күн сайын отыз мың жаназа өлімнің жалғаса беретіне куәлік етуде.Абсалюттік күпірлікті қабыл көргендер мен соны жақтайтындар өзінің және барлық өткен-кеткен, келешектегі туыстарының өлгенен соң мәңгі жоқ болатынын ойлаған кезде Жәһәннамнан он есе ауыр, тозақи азап шегеді. Демек ол абсалюттік күпірлік арқылы жүрегіндегі тозақи азапты сезуде. Өйткені барлық адам туыстарының бақыты үшін қуанып, азабқа түсуінен ол да азап шегеді. Аллаһты жоққа шығарушылардың сеніміне орай бақыттың орнын қайғы басуда, азаптар алуда. Осындай кезеңде бұл дүниеде адамдардың жүрегіндегі тозақи азапты тоқтатар бір ғана шара бар. Ол – Қасиетті Құран және Құранның, заманның ойлау жүйесіне сай түрдегі рухани мұғжизасы болған Рисалей-Нұр кітаптары.Аллаһқа шүкір, қазір бір саяси партия осыны біршама сезінді. Ол кітаптардың жарыққа шығуына кедергі келтірмеді. Иман ақаиқаттарының мұсылман адамға бұл дүниенің өзінде рухани жәннат сыйлайтындығын дәлелдеп берген Рисалей-Нұрға тосқауыл қоймады, жарыққа шығуына мүмкіндік берді. Жарыққа шығушыларға қысым жасауды тоқтатты.Бауырларым! Ауыр науқаспын, жақында өлетін шығармын немесе сөйлеуден мүлдем қалатын шығармын. (Кейде даусым шықпай қалатыны сияқты). Сондықтан менің ақыреттік Нұр бауырларым «Жамандардың тәуірі» деп қарап, кейбір қателесушілердің қателеріне шүйлікпесін. Үнемі болымды түрде әрекет етсін. Біздің шаруамыз болымсыз әрекет ету емес. Өйткені ел ішінде болымсыз әрекет етуге болмайды. Кейбір саясаткерлер Рисалей-Нұрға зиян тигізіп жатқан жоқ, аздап мүмкіндік беруде. «Жамандардың тәуірі» ретінде қараңдар. «Жамандардың жаманынан» құтылу үшін аналарға зиян тигізбеңдер, пайдаларың тисін.

252Ел ішіндегі рухани жихад-рухани бүліншілікке қарсы күресу. Материалдық емес моралдық қызмет ету керек. Сондықтан біз саясаткерлерге тиіспейміз олар да бізбен әуре болмасын, оған құқы да жоқ!..Мәселен: Бір партия маған мың рет тиісіп, отыз жыл қамауда ұстап, қысым жасаса да кештім-кешірдім. Қанша азап шексем де соның өтеуі ретінде сол бейшаралардың жүзден тоқсан бесін жазғырулар мен зұлымдыққа ұшыраудан құтқаруға себепші болдым. аятының үкімі бойынша жүзден бесі ғана айыпты болды. Бізге қарсы болған партияның қай жағынан болғанда да үстімізден шағым айтар хақы жоқ. Тіпті бір сотта жалған ақпараттар мен тыңшылықтардың үрей туғызуына байланысты бізді, жетпіс адамды соттау үшін теріс пиғылдарын пайдаланып, Рисалей-Нұрдың кейбір бөлімдеріне қате мағна беріп, сексен қате жасаса да мені соттауға әрекет жасады. Сотта дәлелденгеніндей қатты шабуылға ұшыраған бір бауырымыз, түрмеде жатқанда әлгі прокурордың үш жасар қызын терезеден көріп қалады. «Мынау кімнің қызы» деген сұрағына прокурордың қызы деген жауапты естіп, бейкүнә баланы аяп прокурорды қарғамайды. Мүмкін сол прокурорлар туғызған қиыншылықтар, Рисалей-Нұрдың, рухани мұғжизасының жайыла түсуіне, жар салынуына себеп болғандықтан мейрімге айналған болар.Бауырларым! Мен өлетін шығармын. Заманымыздың тағы бір дерті бар. ол менмендік, мақтаншақтық, өмірін мәдениеттің неше түрлі фантазияларын іске асырумен өткізуге деген құштарлық, деген дерт. Рисалей-Нұрдың Құраннан алған сабағының ең бірінші негізі менмендікті,эгоизмді, мақтаншақтықты қою керектігі. Сонда ғана шынайы ықыласпен иманды құтқаруға қызмет етуге болады. Аллаһқа шүкір сондай шынайы ықыласқа қол жеткізген көптеген ерлер шықты. Менмендігі мен атақ-даңқын иман мәселесінің ең кіші бөлшегі жолында пида еткен жандар көп. Тіпті Нұрдың бір бейшара шәкіртінің дұшпандары досқа айналған кезде онымен сөйлесіп-сұхбаттасқысы келетіндердің көбеюіне байланысты Аллаһтың мейрімімен әлгі кісінің дауасы шықпай қалды. Оған мақтау үшін назар аударатындардың көзі тиіп, жақпай қалуда. Тіпті құрметпен

253қолын сүю, құшақтау, шапалақ ұрғандай әсер етеді. «Сенің мұндай жағдайың не? Миллиондаған достарың бар екен оларды неге ренжітесің», деген сұрақ қойылды. Жауап ретінде былай дедім:- Біздің ұстанымымыз шынайы ықыласты сақтау эго мен менмендік былай тұрсын, дүниелік салтанат-билік берілсе Иманның бір мәселесін әлгі салтанаттан артық көру шынайы ықыластың талабы. Мысалы: Соғыста, алғы шепте, жаудың оғы борап тұрғанда, Қасиетті Құранның бір аятының бір әріпінің бір нүктесін жазу үшін хатшы Хабибке «Дәптерді аш» деп ат үстінде сол нүктені жаздырған. Демек Құранның бір әріпінің бір нүктесін жаудың оғы астында да тастамаған, рухының құтылғанын қалаған. (Тәннің емес) Ол бауырымызға «Мұндай ықыласты қайдан үйрендің», деп сұрадық.- Екі жағдайдан (екі жерден)Біріншісі: Ислам Әлеміндегі ең таң қаларлық соғыс Бәдір соғысында намаз уақытында жамағаттан үлессіз қалмау үшін жау шабуылдап жатса да мүжахиттердің жартысы қаруын қойып, жамағат болсын, екі рәкаттан кейін басқалар келіп олар да үлескер болсын деп бұйырған Әлемдердің мақтанышы Алейхиссалату Уссаламның Хадис шәріпі. Соғыста мұндай рұхсат бар. Жамағаттың хайыры да сүннет, сол сүннетті орындау дүниедегі ең маңызды шарудан да артық болып тұр. Ең Ұлы Ұстаздың осындай бір ишарасынан үлгі алып, біз де жан тәнімізбен мойынсұндық.Екіншісі: Ислам Қаһарманы Имам Әли (р.а.) Жәлжәлутиенің көп жерінде және соңғы жағында бір қызметші сұрапты. Намазда тұрғанда жау келіп қалды ма деген ой келмеуі үшін, намаздағы құзыр қашпасын, әлгіндей ойлар кедергі болмасын деп Аллаһтан Үлкен жындардың бірі қорғап тұруын өтінген.Мына бейшара да, өмірі мақтангершілік пен өтіп бара жатқан бауырыңыз да, Әлемдердің жаратылуына себеп болған кісі (Пайғамбарымыз (с.а.у.)) мен Исламның Қаһарманынан осы екі нәрсені сабақ етіп алдым. Қазіргі кезде аса қажет болып тұрған Құранның сырларына мән беріп, соғыста жанын сақтап қалуды ойламай, Құранның бір әріпінің бір нүктесін баяндаған екен.Саид Нұрси

Бұл кітап жайында ұсыныс-пікірлеріңіз болса, мына мекен-жайға хабарласуларыңызға болады.ЖШС ТОО Нур Фейз,050009, Алматы қаласы, Түркебаев көшесі, №84-үй. тел.: 8 (727) 374 71 10E-mail: [email protected]


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook