51ақиқаттар жайлы айтқандарын заманның өзі растап беруін және ең ауқымды рухани шеңбер болған Құранның нұрына адамзаттың мұқтаж екендігін сезіне бастауын жан-тәнімізбен құттықтаймыз. * * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым!Біріншіден: Сейт Салихтің Халеб өңіріндегі маңызы зор Ихуан-ы мүслимин ұйымы үшін сізден сұраған Нұр жинақтарының қолымдағы он данасын сұрағандарға берсін деп (Салихқа) жолдадым.Екіншіден: Денізлі және Денізлідегі Нұршы бауырларымызға қатты алаңдаймын. Марқұм Хасан Фейзидің жолдастары қандай жағдайда екендігін және байырғы досымыз Якуб Жамал қалай, қай жақта екен деп алаңдап отырғанда, Якуб Жамалдың Денізлі Нұршыларының атынан жолдаған айтпен құттықтау хаты мені қатты қуантты. Сағынышқа толы сезімдер мені ойша Денізліге алып кетті. «Машаллаһ», «Бәрекелді», дедім.Үшіншіден: Жиырма жылдан бері Нұршыларға азап тартқызып, түрмеге тыққан бейбақтардың кейбіреуі бізге бір айда тартқызған азапты күн сайын тартуда. Біз ол залымдар тозақта жазасын тартар деп, сабыр еттік. Алайда Имани қызметтің қасиеті ол бейбақтар бұл дүниеде де тозақи азап тартуын Иләһи әділдіктен сұраған екен. Кейбіреулердің дара биліктен алған бір жылдық ләззаттын түккес тұрғысыз етіп тастағанын көрдік, уақыт көрсетті.Демек Әділдік пен Иләһи жарылқау бізге жетеді.Төртіншіден: Әли Османның қайтыс болуына байланысты туыстарына және Медресетүз-Зехраға, Нұр жамағаттына көңіл айтамын. Өзін де құттықтаймын, өз міндетін толық атқарып, Нұрдың Хас батырлары Хафыз Әли мен Хафыз Мұстафаның жанында дұғамызға қосылды. Барлық бауырларыма мың сәлем.Бауырларың Саид Нұрси* * * * *
52[Көпшілікке арналмаған, әзірге Медресетүз-Зехрадағы бауырларымызға ғана](Жасы ұлғайған әйелдерге маңызы зор қуанышты хабар. Бойдақ, дара қалуды қалайтын жас қыздарға естерту)Киелі хадис: . Яғни, «ақырзаманда шынайы да мықты иман, жасы ұлғайған әйелдерде жақсы сақталады. Діндар, жасы үлкен әйелдерден дін тұрғысында өнеге алыңдар» деп бұйырады. Сондай-ақ, Рисалей-Нұрдың төрт негізінің бірі – мейірімділік. Ал, әйел заты мейірімнің бұлағы, тіпті олардың ең қорқағының өзi баласы үшін жанын пида ететін дәрежеде мейірімді.Бүгiнде осы ардақты аналар мен қыз-келіншектердің алдында үлкен мәселе тұр. Құпия әрi әркімге айтыла бермейтін бір ақиқатты Нұр шәкірттері ішінде бойдақ қалғысы келетін немесе соған мәжбүр болған қыздарға баяндауым қажет екендігі көңіліме ескертілді.Қыздарым, қарындастарым! Сіздерге айтарым, бұл заман бұрынғы заман сияқты емес. Ислам тәрбиесінің орнын басқан \"мәдени тәрбие\" жарты ғасырдан бері қоғамдық өмірімізді, тұрмысымызды өзгеріске ұшыратты. Бір еркек бір әйелді мәңгілік өмірлік серік әрі дүниелік өмірде өз бақытына себепші және өзін күнәлардан сақтау үшін алуы қажет бола тұра нәзік, бейшара қызға әрдайым үстемдік етіп, тек бұл дүниелік сұлулығын ғана сүйеді. Кейде оған берген рахатынан он есе қиыншылықтарға душар етіп, жанын қинайды. Егер шариғат бойынша \"күфув\" деп аталатын бір-біріне теңдік болмаса, шариғаттың үкімі ескерілмегендіктен өмірі азаппен өтеді. Оған қызғаныш араласса, азабы одан сайын ушығады. Адам баласын үйленуге итермелейтін үш себеп бар:Біріншісі: Аллаһтың хикметі, нәсілдің жалғасуы үшін әлгі фытри қызметiне ақы ретінде фытри қалау, ынта берген. Бірақ, ер адамға ол зауық он минут ләззәт береді. Егер адал некелесі болса бір сағатқа созылуы мүмкін. Ал, әйел болса, он минуттық зауық үшін тоғыз ай бойы белін қайыстырып бала көтерудің және он жыл бойы сол баланы асырау мен тәрбиелеудің машақатын шегеді.Демек, он минуттық фытри ынта, зауық ұзақ уақыт машақаттарға душар ететіндіктен маңызын жояды. Адам нәпсі мен сезімге беріліп, тек сол үшін үйленбеуі керек.
53Екіншісі: Әйел жаратылысынан нәзік болғандықтан күн көру үшiн бір демеушіге мұқтаж. Осы қажеттілікке бола, азғантай күн-көріс қаражаты үшін Ислам тәрбиесін алмаған, тентек, есалаң, өктемшілдің қолына түсіп, күйеуін разы қыламын деп дүниелік және ақыреттік өмірінің қайнар көзі болған құлшылық міндетін ұмытып, мінез-құлқын бұзғанша, ауыл әйелдерi сияқты өз күнін өзі көруі үшін еңбек етуі әлдеқайда тиімді.Реззақ-ы Хақиқидiң нәрестелерді сүтпен қамтамасыз еткені сияқты, Халиқ-ы Кәрім оларға да нәпәқа береді. Нәпәқаны уайымдап намазсыз, мінезі бұзық қожайын іздеу және оның көңілін табу үшін босқа жалбақтап өктемдігіне мойынсұну, әлбетте Нұр шәкіртіне жараспайды.Үшіншісі: Әйел жаратылысынан бала сүюді, әлдилеуді қалайды. Сондай-ақ, баласының оған қызмет етуі, ақыретте де шапағаты тиюі және өзі қайтыс болғанда соңынан жасаған жақсылықтары арқылы жәрдемдесуі, әлгі фытри тілекті қуаттап, үйленуге итермелейді. Алайда, қазіргі Ислам тәрбиесінің орнын басқан «мәдени тәрбиенің» кесiрiнен он баланың бір-екеуінің ғана анасының мол мейіріміне қарай шын жүрегімен қызмет етіп, қайырымдылығымен, діндарлығымен, дұғалары мен игі істері арқылы анасының амал дәптеріне сауап жаздыру, салих болса, ақыретте шапағатшы болу мүмкiндiгi бар. Сондықтан, фытри яғни табиғи ынта мен нәпсінің итермелеуімен әлгі бейшара нәзік жандар мәжбүр болмаған жағдайда мұндай ауыр тұрмысқа кірмегендері жөн.Міне, осы ишарат етілген ақиқаттарға сүйене отырып, басы бос күйінде қалғысы келетін Нұр шәкірттерінің ішіндегi қыз балаларға айтарым:Өзіне толық сәйкес, жарасымды әрі діндар, тәрбиелі күйеу таба алмаған жағдайда, ашық-шашық, әлем-жәлем киініп, өз абыройларын аяққа баспасын. Егер табылмаса, Нұрдың кейбір жанқияр шәкірттері сияқты тұрмыс құрмай басы бос күйінде қалып, өзіне лайық, әрі мәңгі серік болатын, Ислам тәрбиесін алған, ар-намысы таза біреу кездескенше күтсін.Мәңгі бақытын өткінші дүние қызығына пида етпесін. \"Мәдениеттің\" лас батпағына былғанбасын.(Сілтеме) Қыз-келіншектер «Тәсәттүр рисалесін» оқулары қажет.Саид Нұрси
54ТҮРМЕДЕН ДЕ ЖАҚСЫ БІР ЕСТЕЛІКТүрмелерде, әсіресе Афион түрмесінде, бұрынғы залым диктаторлардың алдарқатып анда-санда рахымшылық жайлы әңгіме тарататынына иланған қапастағы бейшар жандар менен, «Рақымшылық жасалар ма екен?» деп сұрайтын. «Мына залымдар алдап отыр», дейтінмін.Алайда Нұр шәкірттері түрмедегілерге үміт беру, жүзден тоқсанын намазға жығу хикмет-сырына орай үш рет түрмеге түсті. Мейрімді Аллаһтан үміт етіп түрмелер шын мағынасында рақымшылыққа себеп болатын шығар, деп сүйінші сұрайтынмын. Көп адамға да осына айттым. Аллаһққа шексіз шүкір етемін, қаһарман Демократтар сол үміт беруші хабарларымды растап, өзім білемдік пен бұра тартушылықтың кесірінен азап шеккен бейкүнә жандардың азаптан құтылуына себеп болды. Халықтың батыл-тайсалмас бір бөлігін өздеріне және қауіпсіздік күштеріне жақтас етті. Сол арқылы түрмедегі көптеген адамдар Нұрларға және Нұршыларға шынайы көңіл бөліп, толықтай түзеліп, елге, халыққа қауіп туғызбақ түгіл, қоғамның пайдалы бір мүшесіне, пайдалы тобына айналды.Саид Нұрси* * * * *
Сүйікті Ұстаз!«Рисалей-Нұрды жоюға болмайды», деген ақиқат айтылған жазбаны, Премьер Министрдің, Әділет Министрінің үй адресіне, басқа министрлердің ресми адрестеріне жолдадық. Өзіміз кездескен депутаттарға да бердік.Бәрі де бұл мәселені қолға алатындықтарын айтуда. Спартадан депутат болған Сениркенттік Тахсин Тола, қатты көңіл бөліп, «Үкімет қазір коммунисттермен күресті бастады. Бұл күрес тек сақшылармен жүзеге аспайды. Нұршылар жиырма жылдан бері күресіп келеді. Үкіметке көп көмегі тиюде. Елдегі әр түрлі ағымдардың ішіндегі ең қайырлысы, ең әсерлісі Нұршылар болып тұр», деді. Уағызшы депутат Омар Билен, депутат Хасан Фехми Ұстаоғлу және Фехми Чобаноғлу сынды қарттар сізге құрметпен сәлем жолдады. Екеуі де Рисалей-Нұрдың рухани келбетінің уәкілі ретінде Ұстазымызды осы ғасырдағы Нағыз Ағартушы, солардың арқасында осындай «күтпеген жеңістерге жетудеміз», деді. «Сіздей, сүйікті Ұстазымыздан көп көмек алғандықтарын айтқан бұл құрметті депутаттар, сіздің дұғаңыз бен Рисалей-Нұр қызметіне сенім артады. Келешекке зор үмітпен қарайтындықтарын және адамзат әлемінде Исламның барлық сән-салтанатымен жарқырай беруін мейрімді Аллаһтан күтеміз», деді. Кеше, сәрсенбі күні үш депутат Ұстазды зиярат ету жайлы әңгіме қозғапты.Абдуллаһ, Сұңғыр* * * * *ҰЛЫ СОТҚА АРЫЗ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ СӨЗДІҢ ҚОСЫМШАСЫНЫҢ ӨЗЕГІ[Осы жолы сіздерге, Касациялық сотқа жолдаған жазбаның көшірмесі. (Адвокат Касациялық сотқа жолдаған) Сұмдық қарарнамаға қарсы, (кітаптарды) жинап алу қарарнамасына байланысты, діндар депутаттарға айтыңыз]Бұлай жинап алудың қаншалықты заңға қайшы екенін және Демократ Үкіметті мойындамау және Әділет Министрінің берген бұйрығын орындамау оған мән бермеу екендігін көрсетуде. Әділет
56органында әділдікке жатпайтын, қаскөйлік билік жүргізіп тұр. Қолдарындағы кітаптарымыздың ішінен мыңдаған сөзден бір-екі сөзді сылтауратып, барлық кітаптарымызды бергісі келмей отыр. Осыншама Нұрлардың таралуына кедергі болуда. Қылмыс ретінде көрсеткен жерлеріне байланысты өз қорғау сөздерімізде олардың айыптау намаларындағы сексен бір қатені арнайы, схема түрінде көрсетіп, олардың қаскөйлік пиғылын дәлелдеп бергенбіз. Бүгінге дейін ешкім тыйым салмаған жүз мыңдаған тәпсірлерде жазылған хиджап пен мұрагерлік жайлы екі аяттың бірнеше жолдық тәпсіріне байланысты, әлемде ешбір заң жол бермейтін зұлымдық жасалып, төрт жүз беттік Зүлфикар жинағын жинап алып бермей қойды. Афионда екі жыл бойы қолдарында тұрған Рисалей-Нұрдың барлық кітаптары одан бұрын Денізлі, Анкара және Спарта соттары тарапынан ақтау үкімі шығарылып, иелеріне қайтарылған еді. Соңында Зүлфикар мен Аса-и Мұсаны рұхсатсыз жарыққа шығарды деген сылтаумен Спарта билігі жинап алып, төрт жыл ұстап, жүз жетпіс кітаптың барлығын қайтарды. Бізге таққан ең негізгі айыптары елу жыл бұрын жазылып, Рисалей-Нұрға енген және көпшіліктен жасырын ұсталған бір бөлімде, хадистің тәпсірінде айтылған күштеп шляпа кигізетін және Түріктер үшін Ислам дініне тыйым салуға Лозано келісім-шартында уәде берген, қаншама шабуылдар жасаса да Түріктерді Протестант дініне кіргізе алмаған (соны жасамақ болған) және барлық іс-әрекеттерімен Мұсылман халыққа көп зияны тигендігі дәлелденген және Хадис Шәріпте айтылған адамның осы екендігі анық көрініп тұраған Мұстафа Кемалға көпшілікке арналмаған бір жазбамызда «Дін бұзар, Суфиян» дегенімізді сылтау етіп, «Жүректердегі сүйіспеншілікті жоюға тырысуда» деп, қамауға алды.Афион сотының бұл әділетсіз үкімін Касациялық сот бұзды. Осыған байланысты сот процесі қайта жалғасар тұста, рақымшылық туралы заңның шығуына байланысты, енді барлық Рисалелерді жинап алып қоймаларда шірітуге тырысты. Сұңғырдың Әділет министрлігіне телегарамма жолдауына байланысты, барлық Рисалелердің иелеріне қайтарылуына бұйрық берілсе де еш қайсысын қайтармай, кінә артуға болатын бөлімдер іздей бастады, тіпті барлық бөлімдерден қылмыстық нышандар табуға әрекет етіп, Рисалей-Нұрға еркіндік бергізгілері келмеді. Үш жылдан бері бізді осылай әуреге салып келе жатқан адамдарға Рисалей-Нұр жайлы
57істі тапсырмасын. Премьер министр мен Әділет Министрі осыған назар аударсын деген мағынада әділетшіл Демократтарға арыз жазылуы елдің де халықтың да пайдасы үшін қажет. Аллаһ сөзінің мұғжизалығы көзге көрініп тұрған Құранымызды қайтарып алу үшін Дін істері басқармасына арыз жазуылуы тек қана қаскөйлік ниетпен және шет елдіктердің айтақтауымен бізге жасалып жатқан қиянаттар мен азаптаулардан құтқаруын, бізді де Ислам Әлемін де қуантып отырған әділетшіл Демократтардан өтінеміз.* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым!Біріншіден: Шын жүректен, өткен мәулет мерекесі құтты болсын демекпіз.Екіншіден:Сендердің Нұрларды басып шығарудағы табыстарыңа Ислам Әлемі қуана қол соғатын болады. Оның нышандары қазірден-ақ байқала бастады. Мәселен: Пакистанның білім министрі Нұрлар үшін келді маған. Рисалей-Нұрдың біраз бөлімдерін алды. «Тоқсан миллион Мұсылманға таратамын» деді. Алып кетті еліне. Мұнафықтар бізге қарсы осынша жұмыстар жасап жатса да Европада да Азияда да талай жерге Рисалей-Нұр таралуда. Берлинде немістер Зүлфикарды алған кезінде, қол соға қарсы алып, газеттерде жар салыпты. Бұрынғы Премьер Министр мен Әділет Министрі қатты қарсы тұрған, тыйым салған Аса-и Мұса мен Зүлфикарды Иманды жандар елде де тыйымдарға қарамай қызыға оқуда. Анкарада оқырмандар өте көп. Сондай-ақ екі-үш Уәлияттың түрме бастықтары «Біз түрмелерді Нұр медресесіне айналдырайық, біздегі сотталушылар да Денізлі мен Афиондағылар сияқты Нұрлар арқылы түзеліп шықсын» деген қарар алыптыҮшіншіден: Бурхан марқұм, Нұрдың үмми, (оқу-жазу білмейтін) көпшілік біле бермейтін хас батыры еді. Оның мына туысқанына, Спартаға, Медресетүз-Зехраның шәкірттеріне көңіл айтамын. Бес-алты күн бұрын хабар естіген едім. Бес-алты күннің ішінде оған мың рет дұға еткен шығармын. Өйткені алты күнде вирдімде төрт жүзге жуық деген кезімде оны да ниет етіп отырдым. Оқығандарымның барлығын Бурханға бағыштадым.
58Төртіншіден: Нұрлар, мектептерді нұрландыра бастады. Мектеп шәкірттері медресе шәкірттерінен артық Нұрларға қамқорлық жасап шәкірт болды. Иншаллаһ медреседегілер де ақырын-ақырын өз мүліктері болған Нұрларға ие болатын болады. Қазір де көптеген мүфтилер мен ғұламалардан Нұрларға деген қызығушылықты байқаудамыз және естіп жүрміз. Қазір ең маңыздысы тәкиедегілер, тариқатшылар. Бар күштерімен Рисалей-Нұрды жарыққа шығарып, ие болулары қажет. (Сілтеме )*Осы уақытқа дейін мен тек иман ақиқаттарын ойлап «Тариқат заманы емес, бидғаттар кедергі болуда», дедім. Алайда қазір Пайғамбарымыздың сүннеті шеңберіндегі он екі үлкен тариқаттың өзегі, тариқаттардың ең үлкен шеңбері болған Рисалей-Нұр шеңберіне кез келген тариқатшы өз тариқатының шеңберіне кіргендей Рисалей-Нұр шеңберіне кіруі керек екендігін уақыт көрсетуде. Сондай-ақ ең күнәхар тарихатшының өзі тез арада дінсіз болып кетпейді, жүрегі жеңіле қоймайды. Сондықтан олар нағыз табанды Нұршы бола алады. Мүмкін болғанынша бидғаттарға және тақуалықты әлсіретер үлкен күнәларға жолдамауы керек.Бесіншіден: Бүгінгі күнде ең үлкен қауіп болып тұрған бұзғыншылыққа, дінсіздік пен анархияға және материализімге қарсы бір ғана шара бар. Ол, Құранның ақиқаттарына жармасу. Әйтпесе алып Қытайды аз уақыттың ішінде коммунист етіп жіберген апат саяси, материалдық күшпен тоқтамайды. Оны тоқтатар күш тек қана Құрани ақиқаттар. Жастар шырағы Рисалесіндегі Қадір түні мәселесінің нәтижелері қазір Америкада да Европада да көріне бастады. Сондықтан қазіргі Үкіметіміздің негізгі шаруасы, Құран ақиқаттарына арқа сүйеу және қызмет ету. Сол арқылы қосалқы күш болар үш жүз елу миллиондық Ислам бауырластығы мен Ислам бірлігі шеңберіндегі бауырларына қауышады. Бұрын Христиан мемлекеттер мұндай Ислам бірлігін жақтамайтын. Бірақ қазір коммунистік пен анархия белең алғандықтан, Америка мен Европадағы елдер Құранды және Ислам бірлігін жақтауға мәжбүр.Бір мысал, Сейдишехирлік Хажы Абдуллаһтың ізінен ергендер Кастамонуда да Спартада да Ескішехирде де Рисалей-Нұрдың шеңберін өз тариқаттарындағы алқадай көруде. Солардың арасынан Нұрлармен танысқандары жылы қабылдап, қамқор болуда. Мың бәрекелді оларға...
59Алтыншыдан: Маған бір депутат Нұр шәкірті, келіп «Мен әділет министрлігіне бардым. Афионда Нұрларды жинап алуға қарар берілгендігін айттым» деді. Әділет министрі Өзйөрүк. «Мен Афион сотына Нұрлар түгел қайтарылсын деген бұйрық бердім. Тіпті мендегі Аса-и Мұсаны да авторына қайтарып беремін» депті. Халил Өзйөрүктің бұл сөздері Демократтар мен Нұрларға жақтас екендігін көрсетеді.Баршаға мың сәлем!Бауырларың Саид Нұрси* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым және Нұрдың жас батырлары!Біріншіден: Сендердің Анкара сынды жерде атқарып жатқан Нұр қызметтеріңді шын жүректен құттықтаймыз. Расында да ғалымдар мен студенттер арасында біз үміт еткенен де артық оянуларға мұрындық болдыңдар. Анкара сынды жерде он жылда атқарылар шаруаны бір жылда жасадыңдар. Аз уақыттың ішінде осынша имани шаруаны атқаруларыңа қанағат етіп, рухани күштерің болмашы оқиғаларға бола әлсіреп қалмасын. Тіпті бұдан да қарқынды еңбек етулеріңе себеп болсын. Іштен шыққан және сырттан келген саяси-әлеуметтік ағымдар менмендікпен және қаскөйлік ниетпен қақтығысып жатқан ондай жерде және осындай уақытта Құран мен Иманға қызмет етулерің және студент жастардың Нұрларды жақсы қабылдап қамқор болуы, барлық Нұршыларды қуантуымен қатар келешекте Ислам Әлемін де қауантатын болады ИншаАллаһ. Сендердің аз қызметтеріңнің сыйы мол. Әскерде жүргенде, кейде ауыр жағдайда бір сағат күзетте тұру, бір жыл құлшылық еткендей болып саналатыны сияқты, сендер және Стамбул Университетіндегі Нұршылар аз уақыттың ішінде көп шаруа тындырдыңдар. Еңбектеріңнің жемісі аз болса да қанағат етіңдер.
60Кейбір әлсіздердің майдан даласынан кері қашуы, ер жүрек жандардың батырлық сезімдерін қоздырып жіберетіні сияқты, Нұрдың жанқияр шәкірттері, үрейшіл жандардың шегіністеріне керісінше бұрынғыдан да өткен табандылық танытып, құлшынуларына, қайрат қылуларына себеп болуы керек. Сендер Рисалей-Нұрдағы аса маңызды ақиқаттан табиғи түрде сабақ алдыңдар. Тағы да сол ақиқатты назарға алыңдар. Ол мынау:Біздің міндетіміз Иман мен Құранға ықыласпен қызмет ету. Бізді жеңіске жеткізу, халыққа қабыл етукізу, қарсыластарды тойтару Аллаһтың ісі. Оған біз араласа алмаймыз. Жеңіліп қалсақ та рухани күшіміз қызметіміз азаймауы керек. Осыған толық сенуіміз керек. мысалы: Бір кездері, Ислам қаһармандарының бірі Жалаледдин Хорезмшахқа жұрт. «Сен Шыңғыс ханға қарсы соғыста жеңіске жетесің» деген екен. Ол да «Біздің міндетіміз жихад ету. Жеңіске жеткізу Аллаһтың ісі. Мен оған араласа алмаймын», деген екен. Сендердің осы уақытқа дейін, қажымай-талмай қызмет етулерің, сендердің де сол хас батырдың ізбасарлары екендіктеріңді дәлелдеп отыр. Мыңнан бір-екі адам ғана қабыл етсе қажымау керек. кейде бір-екі адам мыңға татиды.Екіншіден: Дәл қазір Анкарада назарлар дүниеге ауып тұр. Билікке келгендер әзірге өз ұстанымдарын толық қабыл етуге уақыт таба алмай отыр. Көптеген партиялар өзіне жақтас табуға немесе қылмыстарын жасыруға көп күш жұмсап жатыр. Исламиятқа, Құранға қарсы шетелдік ағымдар іштен өз адамдарын тауып, Құранның пайдасына тер төгушілерді үркітіп-қорқыту сынды әрекеттер жасап, шын мәнінде жанқияр бола алмағандарды немесе дүние мен дос жарандарына алаңдайтындарды шошытып отыр. Нұршылардың да рухани күштерін әлсіреткілері келеді.Саид Нұрси* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым!Бүгін мен сендерге хат жазбақшы едім. Қатты ауырып тұруыма байланысты, қайтсем екен, деп отырғанда Мұстафа Гүл мен Ибраһим Гүл келді. Дертіме дауа, көңліме жұбаныш, қатты қуануыма себепші
61болды. Сол екі мүбәрак бауырымды өз орныма уәкіл және хат ретінде сендерге жіберіп отырмын. Олар бір бір Саид ретінде, менің орныма сендерді зиярат етіп, құттықтаулар мен басқа да айтар сөздерімді жеткізсін.Саид Нұрси* * * * *[Ұстазымыздың құттықтау телеграммасына Президент Жалал Баярдың жауап телеграммасы]Бәдиүззаман Саид НұрсиӘмірдағыШын жүректен (айтқан) құттықтауларыңыздан қатты әсер алдым. Рахмет айтамын.Жалал Баяр* * * * *Әзиз, Сыддық және мүбәрак бауырларым!Біріншіден: Медресетүз-Зехрада жазылған және маған өте қажет болып тұрған Рисалелерді және қаһарман Тахиридің марқұм әйелі мен марқұм қызы жазған жинақтарды алдым. Екі апта бұрын марқұм Хафыз Әлидің орнын басқан Мұстафаның Мектубаты дәл қажет кезінде жетті. Нұрдың қайсар қолбасшысы Рефет Бейдің өз қолымен жазған жинақтары мен өте мағналы түсі айтылған хатын алып, қатты қуанып қалдым. Сол жазбалардың әр бір әріпі үшін Аллаһ Тағала әр қайсыңа мың сауап жазсын. Марқұм Хадишаның, марқұм Хижреттің, марқұм Айшаның рухтарына қабірлеріне мың рахмет (мейрім) жаудырсын, әмин.Екіншіден: Екінші Хусрев болып отырған Мұстафа Османның хатында Сабри атты бауырымыздың маған көмектесу үшін менің жаныма келгісі келетіндігі айтылыпты. Бұл да мені қатты қуантты. Ол жігіт келіп, бірнеше ай маған қызмет еткендей қабылдадым. Бірақ маған көмектесу үшін сырттан адам келуінің қажеті жоқ. Қажет болған күні хабар беремін. Расында да Эфлани өңірінде Спарта қаһармандары сияқты жас батырлар жетіле бастапты.
62Үшіншіден: Нұрдың тұрақты хатшысы катиб Оспанның Рисалей-Нұр бақшасынан жолдаған жүзімдері мен Медресетүз-Зехраның бір бөлімшесі болған Саваның мүбәрак тәберіктерін ұстанымдарыма қайшы болса да қабыл алдым. Кімге жегізсем де сауабы соларға.Төртіншіден: Нұрдың хас батыры Хусревтің мен Әмірдағында жүргенде жазған барлық хаттарының маңызды бөлімдерін, әсіресе менің хаттарымның өзегін жинақтап бір дәптерге жазған едім. Алайда мен түрмеде жатқанда біреу қызықтап алған екен, жоғалып кетті. Қазір менде бұрынғы хаттардан қырықшақтысы бар. ИншаАллаһ мен солардан (керекті жерлерін) белгілеп беремін, осында жаздыруға мүмкіндік болмаса, сендерге жіберемін. Бір дәптерге жинақтаңдар. Маңыздылығына орай көбейтілуі де мүмкін.Бесіншіден: Сөздер жинағының он бес данасын Анкараға жібердім. Өте пайдалы болыпты. Сол жердегі Нұршылар аса сақтықпен, батырларша еңбек етуде.Алтыншыдан: Сендерде жоқ, Хусрев сұратқан мектубатты тексеріп түзетіп шықтым. Біреуден беріп жіберермін. Осы жолы Жиырма төртінші Мектубтың аса құнды, өте терең ақиқаттарды қолға алатындығына көз жеткіздім. Баршаға мың сәлем.Бауырларың Саид Нұрси* * * * *Әзиз, Сыддық және мүбәрак бауырларым!Біріншіден: Инеболуның Хусреві Назиф Челеби бауырымыз «Хизб-і Нурие мен Салауатты жарыққа шығарған соң, тағы қайсысын шығарайын», деп сұрауда. Меніңше сендердің Науқастар мен Қарттарға арналған Лемаларды және баланың қайтыс болуына орай көңіл айту есебінде жазылған Он жетінші мектубты және қарттарға қызмет ету керектігі жайлы жиырма бірінші мектубты жарыққа шығарғандарың дұрыс. Алайда Медресетүз-Зехраны құрушылар қай сөйлем мен қай бөлімшені алып тастап, түзеткісі келсе еріктері. Басқа да қысқарақ рисалелерден қосуына болады. Бұл жайлы
63қаһарман Назифке жақын арада жауап жолдаймыз. Расында да ол бауырымыздың Жәушан-үл Кебирді, Хизб-і Нуриені Салауатпен қоса шығаруы Нұршылар үшін және Иманды жандар үшін үлкен қызмет болды. Хақ Тағала олардың әр бір әрібі үшін оған және көмекшілеріне мың сауаб жазсын, әмин.Екіншіден: Жаңа үкімет мүшелері шынайы күштің Құранда екенін ақырын-ақырын түсініп келе жатыр. Исламдағы бауырластық және Имандағы ақиқат арқылы бұзғыншы жауға қарсы тұра алады. Бір бұзғыншы жиырма түзетушіні әуреге салып, кейде жеңіп кетуі мүмкін. Алып Қытайды өзіне бағынышты етіп қойған дүлей күшті, мұндағы жиырма миллион мұсылманның бетін қайтаруы, жеңіліске ұшыратуы қара күш пен ішкі-сыртқы дайындықтар, одақтасу емес, ол күш Құран мен Имандағы ақиқаттар. Мұсылмандардың ең үлкен күші болған жүректеріндегі рухани күштерін әлсіретпей қорғап қалды, рухани жараларына ем болды. Жаңа үкіметтің оқу-ағарту министрі осы ақиқатты түсінсе керек, бұрынғыларға керісінше, Иман ақиқаттарын жарыққа шығаруға, діни сабақтарға мән беруде. Тіпті аса мән бере отырып, Шығыс Университетін ашуға жүз мың лира бөлінгенін газеттер жазуда.Анкара мен Стамбул Университетіндегілер (жастар) ана сұмдық бұзғыншылыққа қарсы тұрып, отан мен жастарды құтқарар ақиқаттардың Құран мен Иман ақиқаттары екендігін анық түсінгендіктен, Анкарадағы студенттер мың жеті жүз қол жинап, оқу министірлігінің мектептерге дін дәрісін енгізгендігіне қолдау білдіріпті. Сонымен қатар Стамбул Университетінде жаңа үкіметтің белді мүшесінің,- Анадолыда дінді жақтаушы дінді жоқтаушы күшті бір ағам бар. Солшылдарға тойтарыс бергеніміздей, оларды да бос қоймаймыз, дегеніне қарсы, студенттердің бір уәкілі, діни кітаптарды шығарушыларға қарсы бола тұра әлгі бастыққа:- Сіз айтып отырған ағым Рисалей-Нұр болса, сіз де Европа да оны жеңе алмайсыздар, деген екен. Осы мәселеге байланысты (қазіргі) ұстанымдарымызға қайшы болса да бұрынғы Саидтың тілін бір-екі минут пайдалана тұрып былай деймін: Күпірлік пен Иманның ортасы жоқ. Бұл елде Исламиятқа қарсы коммунистік күрес бар, ортасы жоқ. Оң мен сол, ортасы үшінші бір нәрсе болуы керек. Егер
64Ағылшын мен Француз айтса, айтуына болады. «Оң – Исламият, Сол – коммунистік, ортасы – Христиандық» деген болады. Бірақ бұл елде абсолюттік күпірлікке қарсы Иман мен Исламияттан басқа діннің, басқа ағымның болуы мүмкін емес.Бола қалса, дінді тастап коммунист болғаны. Өйткені шын мұсылман ешқашан яхуди не Христиан бола алмайды. Бола қалдым дегенде дінсіз болады, нағыз анархистке айналады. Оқу және Әділет Министрлері сияқты басқа да үкімет мүшелері бұл ақиқатты түсінетін болады Иншаллаһ. Оң – сол дегеннің орнына хақтан, ақиқаттан, Құран мен Иманнан қуат алып, бұл елді абсолюттік күпірліктен, анархиядан, олардың сұмдық бұзғыншылығынан құтқаруға тырысуын тілейміз. Мейрімді Аллаһқа да соны нәсіп ете гөр деп, жан-тәнімізбен жалбарынамыз.* * * * *Бір-екі апта бұрын Мысырдағы Әл-Әзхар Университетінің белді ұстазларының бірі Әли Рыза арнайы адам жіберген еді. Екі күн бұрын тегі Бұхаралық, Нұрлы Қала Мәдинаға көшіп барып, құлшылықпен ғана отырған және Мысырдағы белді ғалымдармен, әсіресе бұрынғы Шейхул Ислам, Ислам Академиясындағы досым Мұстафа Сабри Әфендімен тығыз байланысы бар, осы жаққа келетіндігі жайлы сол кісілермен ақылдасып, бір жағынан алғанда сол кісілердің атынан бір ғалым келді маған. Мен де 11 дана жеке кітабымды сол кісінің айтуынша қазір жиырма жеті мың шәкірт оқып жатқан Әл-Әзхар Университетне сол кісіден беріп жібердім. Мұстафа Сабри бастаған Әли Рыза, Мехмед Заид Кәусари сынды кісілерге, Нұр жинақтарына менің орныма ие болып, қамқорлық етіп, мұрагерім ретінде арабшаға аударуға тырыссын деген сәлем айттым. Хат та жаздық. Ол кісі алып кетті. Барлық бауырларымыз бен қарындастарымызға сәлем айтамыз, дұға күтеміз.Бауырларың Саид Нұрси* * * * *
65Біріншіден: Шексіз шүкір етеміз, Анкараның ортасында шағын ғана Нұр медресесі саналар жерде, жас Саидтар мен жан қияр Нұршылар күнде кешке, біреуі бір кітапты оқып, басқалары тыңдап сабақ алуда. Кейде лекциялар дайындаса беделді кісілер де келеді екен. Осы жолы Афиондық журналистің жала жапқанын кейбір депутаттар Премьер Министрге, ішкі істер Министріне және Нұр шәкірттеріне айтыпты. Аднан Мендерес пен ішкі істер министрі достық ниет танытып, «Еш уайымдамаңдар», деген хабар жіберіпті. Афиондық жураналист те «Мен Әмірдағына барамын, Ұстазға айтар екі тілегім бар, осыларды айтып кешірім сұраймын», депті. Бізді қаралап жазған сол газеттердің жүз алпыс данасын шәкірттерім (сатып алып) жойып жіберіпті.Тағы да біраз нәрсе жазар едім. Денсаулығыма байланысты жаза алмадым. Уақыттың тапшылығынан қысқа қайырдым. Баршаңызға сәлем айтамын.* * * * *Расында да Эфлани мен Сафранболу Сапарта қаһармандары сияқты Нұрларға тоқтаусыз еңбек етуде. Осы жолғы «Шырақтың» біразында мінәжат жоқ еді. Аз уақыттың ішінде Эфланиден ескі әріптермен жазылған жетпіс дана мінәжат жетті. Біз де сол мінәжаттарды «Шырақтың» аяқ жағына енгіздік. Иншаллаһ ол жақтан да көптеген Сұңғырлар шығуда, әлі де шығады.* * * * *Қорғау сөздің қосымшасыОсы мағынада әділетшіл Демократтарға арыз жазуларыңа болады. Мен науқаспын, өздерің қалай жөн санасаңдар солай етіңдер. Бір күн бұрын адвокатымыздан алған хатта, «Кітаптарымызда қылмыстық мәселелер бары жоғын тексеруде» деген хабар айтылды. Осы уақытқа дейін жасап келгеніндей, тағы да ешқандай заңға сыймайтын, мыңдаған сөздің ішінен, бір рисаледегі бір сөзді сылтау етіп, кінә тағу, сол рисалені алып қойып, Нұрлардың жайлауына қасақана кедергі болмақ оймен... алған қарарларын Касациялық сот бұзып отырғанның өзінде, қылмыс ретінде көрсеткен тақырыптары
66бізге кінә артуға келмесе де, прокурордың айыптау қағаздарындағы сексен қате мен қаскөйлік ниетін дәлелдеп берсек те, қаскөйлік ниетпен төрт жүз беттік Зүлфикар рисалесінен, жүз мың тәпсірдің осы тақырыпта айтқандарына сүйене отырып жазылған, хиджап пен мұрагерлік мәселесі бойынша отыз-қырық жыл бұрын жазылған бірнеше сөйлемді сылтау етіп, сол үлкен кітапты бізден алып қоюға, қандай заң рұхсат береді жер бетінде?Сондай-ақ Афион сотындағы кітаптар (Құрандағы қайталуларға және періштелерге қатысты екі бөлімшеден басқалары) екі жыл бойы қолдарында тұрды. Денізлі мен Анкараның қылмыстық істер соты айыптауға тұрарлық еш нәрсе таба алмай ақтау шешімін шығарды. Дәл сол кітаптарды Спарта үкіметі жинап алып, кері қайтарды. Кейіннен Зүлфикар мен Аса-и Мұса ескі жазумен рұхсатсыз басылды дегенді сылтау етіп төрт жылдан бері қолдарында жинаулы тұрды. Қылмыстық мәселе болмағандықтан жүз жетпіс дана кітап толық қайтарылды. Біздің ең үлкен кінәміз ретінде көрсетілген нәрсе, бұрынғы партияның (үкіметтің) басшыларына ақиқат атынан қарсы шығуымыз. Қазір діни журналдар мен ресми газеттерде біз айтқан сөздердің, қарсылықтардың жүз есесі жазылуда. Рисалей-Нұрдың көпшілікке арналмаған бір бөлімінде, қазіргі заман толық растап берген ақиқатты тәпсірлеу барысында «өліп қалған бір басшы», деген.Жағдай осындай, Афион соты заң жүзінде емес, өліп қалған адамға деген сүйіспеншілігі үшін, ескі әріптер мен де жарияланған қарарнаманың соңында бізді соттаудың ең негізгі себебі ретінде прокурордың қаскөйлік ниетіне орай, алқа билер «Саид пен жолдастары, Мұстафа Кемалға дін бұзар, Суфян деген, жүректердегі (оған деген) махаббатты жоюға тырысқан, сол үшін соттап жатырмыз» депті. Өліп қалған бір адамға қарсы мың есе артық әңгіме айтылса да жеке жағдай болып қалмай ма? Әділ соттың мұндай қарар беруінің артында басқа мағына, басқа шаруа жатыр.Қазір бұл адамдардың қолында Рисалей-Нұрдың төрт рет ақталу қарараы бола тұра, Әділет министрі үш рет Рисалей-Нұрды ақтау және бұл кітаптарда қылмыстың нышаны да жоқ екендігіне, бізді соттап отырған Афион сотының қарарын бұзып тұрып үкім шығарса да, дәл қазір халық Демократтардан әділдік, мейрім және діни қызмет
67күтіп отырғанда, бұрынғы диктаторлардың жоспарын іске асырардай Рисалей-Нұрға қарсы қаскөйлік әрекеттерге жол берілмеуі тиіс. Жол берілсе Демократ Үкіметке қарсы жасалар үлкен қиянат болмақ. Халыққа жұбаныш сыйлап тұрған үміттерін үзеді. Менің Анкарадағы бір уәкілім Мұстафа Сұңғыр, 17.11.1950 күнгі телеграммасында «Барлық Рисалелер бізге қайтарылатыны жайлы қарар алыныпты» деп сүйінші сұрады. Әділет министрі үш рет ақтау шешімін шығарып отырғанда, Сұңғырдың хатында айтылғандай, барлық рисалелерді қайтаруға бұйрық шығып тұрғанда, телефонмен тағы да айтармын деп отырғанда, он алты жылдан бері біздің үстімізден жала жауып, Ескішехир мен Денізлідегі барлық істі Афион соты мағынасыз түрде жинап алып, рақымшылық заңы шығуына орай, ақтау қарарлары шықса да бұл берекелі кітаптарды іс-қағаздарының арасында шірітіп, қоймаға тастап, үш жылдан бері бізді алдап отырған адамдарға Нұрларды тапсырып қоюға болмайды. Премьер министр мен Әділет министрінің осы мәселені назарға алуын қалаймыз.Саид Нұрси* * * * *Жоғары мәртебелі Папаның арнайы хатшылығы. Бас хатшылық палатасы№232247Ватикан22-ақпан 1957 жылҚұрметті мырза!«Зүлфикар» деп аталатын қол жазба кітабыңыз Папаның Стамбулдағы өкілдігі арқылы Қадірменді Папаға жеткізілді. Осындай құрметіңізден Папа қатты әсер алды және сізге жаратушыдан жарылқау тіледі. Маған да осыларды жеткізуді тапсырғандығын айтайын. Осы орайда құрметімді де білдіремінҚол қойғанВатикан бас хатшысы* * * * *
68Әзиз, Сыддық бауырларым!Біріншіден: Шын көңілден Қасиетті Режеб айы, жалпы қасиетті үш ай құтты болсын демекпіз. Хақ Тағаладан осы берекелі үш айды бізге де сізге де сексен жылдық құлшылықпен өткізгендей рухани өмірге қол жеткізуге себепші етсін әмин.Екіншіден: Отыз-қырық күннен бері нағыз иманды жандарға бір шама шабуылдар жасалуда. Осындай жағдайда Исламның нышандарын қалпына келтіруге тырысып жатқан үш діндар депутаттың жолын кес кестеуде. Иман қызметі жолындағы ең күшті қолдауды Нұршылардан көрді. Неше түрлі сылтаулармен олардың жолын кесіп, сағын сындырғылары келді. Неше түрлі айла-шарғылар жасалды. Тарсус пен Стамбулдағыдай Әмірдағында да неше түрлі айламен мені ашуландырып, бір оқиға туындатқылары келді. Алайда, Хақ Тағала мейріміне бөлеп, маған сабыр мен шыдам берді. Олардың жоспарларының күлі көкке ұшты. Тіпті Афионда және осында үш жоғарғы лауазымды шенеуніктің жұмыстан қуылу ықтималы бар. Үш депутат та мені қолдапты.Демек Аллаһтың жарылқауы бізді үнемі қорғап тұр, Әлхамдулиллаһ. Мұндай нәрселерге алаң болмаңдар. Бірақ әр қашан да абай болған жақсы.Үшіншіден: Рисалей-Нұрдың рухани адвокаты және хас батыры Ахмед Фейзи, Измирде Нұрдың көбейтілуіне және Измирдің оянуына еңбек сіңіріпті, көбейтілген нұсқаларды тексеруді қолға алыпты. Мехмед Яйла мен Абдурахман сияқты, көмектесіп жүрген басқа бауырлар Измирде Нұрларды көбейтуді жалғастыра беретіндігі жайлы хатты түрмеде Нұрдың жас батыры болған Байрам алып келді. Ахмед Фейзи сол арқылы біраз зейтін мен зейтін майын беріп жіберіпті. Мен Абдүлмәжид бауырымның сыйлықтарын қабылдамасам да Ахмед Фейзи бауырымды одан да жақын көретіндіктен сыйлықтарын қабыл алуға мәжбүр болдым. Бірақ өз қағидаларымды бұзбау үшін, сыйлықтардың қайтарымы ретінде менің атымнан бір Сөздер жинағын, бес дана Жәушанүл-Кәбир, Назифтің хатында көрсетілген маған тиесілі нұсқалардан үш дана және сендерге Стамбулдан келуі тиіс Хизб-і Нұриені беріңдер.Екі Нұршы Анкараға кетті. Премьер Министр де ішкі істер министрі де Оқу Министрі де бізді қолдайды. Сүйіншілі хабар жетті. Сондықтан мені уайымдамаңдар. Мен бұл қиыншылықтардан рухани қуаныш сеземін.
[Сейд Салихтың хатынан үзінді]Биыл он бес шәкірт Хижазға барады. Ол жақтағы шығындарды Хижаздағылар алмайтын болды. Шығын аз болады. Қайтарда Салих бір-екі досымен бірге, Иранды тағы басқа жерлерді аралағаннан кейін, Пакистанға, Ислам жастары Конференциясына делегат болып барады. Бұлардың жол шығынын үкімет төлеуі де мүмкін. Осы жағдайларға байланысты сізден әмір күтеміз...Әли Әкбар Шахты, Саид Рамазанды, Абдуррахим Запусты көріпті. Пакистанда көп құрмет көсетіліпті. Ұстаздың құрметіне қолдарынан сүйіпті. Сізден дұға күтеді.Сейд Салих* * * * *Біріншіден: Хал-жағдайыңызды сұрай отырып, құрметпен қолыңыздан сүйемін. Хақ Тағаладан сізге денсаулық тілеймін және өзім аса мұқтаж дұғаңызды күтемін.Екіншіден: Бұл жақта алаңдайтын еш нәрсе қалмады. Бесінші марттағы жағдайдың соңы он сегізінші сәуірде жақсы аяқталды. Полиция бөлімшесі Нұрдың бір бөлімшесіне айналды. Тарсустың прокуроры сол кезде-ақ тексеріп шығып, «Бұл кітаптарды қайтарып беріңдер», деген екен. Комиссар мырза маған, «Бар, Мерсиндегілерді де алып кел, барлығын бірге береміз», деп Мерсинге жіберді. Мерсин сақшылық басқармасы, «Біз сенің кітаптарыңды Анкараға жібердік, сол жақтан қайтып келсе береміз, келмесе бізде кітап жоқ» деді. Тарсусқа қайтып келіп, комиссарға айттым. Комиссар екі иығын көтерген қалпы «Молдеке біз әмір құлымыз ғой, ренжіме біз сенің кітаптарыңды бұйрықсыз бере алмаймыз», деді. Он сегізінші Сәуір күні «кітаптарың келді, алып кет» деді. Дереу бардым. «Зүлфикар», «Сикке-и Тасдиқ», «Тылсым», «Афион қорғау сөзлері», «Хүласа» осы бес кітаптың Анкараға барып қайтқанын сырттарындағы сары қағаздан түсіндім. Нәтиже: Кітаптарда «сатуға болмайды дейтіндей
70еш нәрсе жоқ» деген анықтамамен бірге қайтарып берді. Мен де комиссар мырзаға бір Тылсым жинағын, сақшылық қызметкері Эдхем мырзаға бір Хүласа және жаңа әріптермен жазылған «Өмір тарихы» жинағын сыйладым, риза болып қалды. Олар да Нұршы болды.Қадірменді Ұстазым «Сол жақтағы шаруа сенің мойныңда» деген едің. Мен де уәде берген едім. Спартадан шыққанда мартта келемін деген едім. Газиантеп пен Марашқа бара алмағандығым үшін рухым «Сен өз міндетіңді толық орындамадың» дейді.Қадірменді Ұстаз! Ескішехирге кетерден бір жыл бұрын алғаш кездескенімізге үш-төрт ай өткенде түсімде үйге келдің. Маған «Сені бір жаққа жұмсасам барасың ба», дедің. Мен де «барамын» дедім. «Сені үш айлық жерге жіберемін» дедің. Мен тұра жөнелдім. «Тоқта» деген бұйрық бердің. Мен де тоқтап қалдым. «Мен саған қазір бар деген бұйрық бердім ба?» дедің. Мен де оянып кеттім. Сол кезден бері ойланып жүретінмін. «Биыл бұйрық берер ме екен, үш айлық жол нәсіп болар ма екен» деп күндіз түні көз жасымды көл қылып жүрдім. Демек тағдыр қазірге жазған екен. Хазрет! Құрметпен қолыңыздан да аяқтарыңыздан да сүйемін.Кемшілігі мол құл Сүлейман Қая21.04.1951* * * * *Биыл Мысыр радиосының бейсенбі ақшамы Миғраж жайлы көп әңгіме қозғауына орай, бейсенбінің де жұманың да түнін құлшылықпен өткіздім.Екіншіден: Бізден жинап алған Ишаратүл Иғжаз жайлы Афион жандармериясының командирі, баяғыда жазылған мұндай ғылыми кітапты жинап алуға не қақыларың бар деп, ашу шақырыпты. Афион прокуротурасы қайтарып беру қарарын шығарыпты. Жұма күні, Миғраж күні Хайриді шақырып, қайтарып беріпті. Мұны да Тарсуста қайтарылғандай Нұрлардың жарыққа шағуына кедергі болмайтындығына Миғраж түнінің бір ишарасы деп қабыл еттік. Иншаллаһ Құранымызды да басқа рислелерімізді де Афионнан
71алатын боламыз. Стамбулда прокуротураға үстерінен арыз түскен Бұрынғы Саидтың белді шәкірті адвокат Мехмед Михри мен соттағы уәкілі, күйеу баласы Асым бастаған бірнеше кеңесшілеріміз, «Бұл мәселе бойынша елу адвокатпен сотқа кіремін, бірақ оның қажеті жоқ сотқа кірмей-ақ аламын» депті.Үшіншіден: «О дүниедегі Ұлы Сотқа арыз» деп аталатын, жиырма сегіз жыл бұрын мәжіліс депутаттарына арнап жазған және сол кезде басылып шыққан, намазға байланысты он негізден тұратын жазба мен төрт жыл бұрын Президентке жазған Мұстафа жайлы үш негізден тұратын жазба қазір Анкараға кейбір депутаттар мен иманды үкімет мүшелеріне көрсетілу үшін жіберілді. Сізді де құлақтандырып отырмыз.Төртіншіден: Динарға қарасты Барақлы ауылынан Мехмед Чавуш бауырмен, қастарында тағы бір адам бар бәрі бірге келді. Ниеті жақсы. Кейіннен маған хат жазып біраз нәрсе сұрады. Кейбір хаттарына артынша жауап жазамын. Рисалей-Нұр сұрақ қойғызбайды да. Менің орныма барлық сұрақтарына жауап беруде. Баланың қайтыс болуына байланысты көңіл айту ретінде жазылған Рисаледе -ға байланысты сұраққа кейбір бұрынғы тәпсірлер «Жұмақта жас бала да қарт та бәрі де отыз үш жаста болады» деген. Мұның ақиқаты мынау болса керек: Шариғаттағы парыздарын орындайтын жасқа жетпей, оны сүннет деп те істемей, кәмелеттік жасқа толмай қайтыс болған балалар Жәннатта сол жерге лайық және сүйкімді бала болып қала бермек. Бірақ жеті жасқа толған балаларды әке-шешесінің ынталандыруымен намаз секілді парыздарға үйретуі, он жасқа толғанда қатаң түрде намаз оқуын талап ету шариғатта бар. Демек «парыз болмаса да нәпіл түрінде жеті жасынан бастап үлкендер секілді намаз оқып, ораза ұстаған кәмелетке толмаған балалар, діндар үлкен адамдар сияқты мол сыйға бөлену үшін олар да отыз үш жаста болады». Кейбір тәпсірлер мұны ескермей барлық балалар деп жалпылай көрсеткен. Жалқылық сипаттағы нәрсеге жалпылық сипат берген.* * * * *
72Әзиз, Сыддық, Ойшыл бауырларым!Біріншіден: Жасырын жаулардың кейбір ресми қызметкерлерді алдап, Нұрдың көпшілікке арналмаған үлкен рисалелерінің арасынан «Жастар шырағына» шүйліктіріп, кінә тақтыруға тырысып, бір жарым жылдан бері маған тыныштық бергізбеуінің себебін «Жастар шырағындағы» «Хуәнің сыры» екендігін анық түсіндім. Өйткені «Хуәнің сыры» ашып берген Тәухид сыры абсолюттік күпірліктің белін үзгені анық. Тіпті кейбіреулерге ешқандай күдік-күмән қалдырмайды. Жасырын жаулар бұған қарсы ешқандай шара таба алмағандықтан таралымына ресми түрде тосқауыл болғылары келді. Бір күн бұрын осы «Хуәнің сырынан» Медресетүз-Зехраны құрушыларға берген сабағым көптеген негіздерден тұратын. Солардың үшеуін айтып берейін.Бірінші тұжырым: Ауаның аса маңызды бір қызметі аятының сыры бойынша тамаша, мағыналы, имани, ақиқаттарға толы сөздерді Құдрет қаламы көбейткен кезде Аллаһтың рұқсатымен ауадағы барлық періштелер мен руханилерге естірту және Арш Ағзамға қарай жөнелту үшін Аллаһтың Құдрет қаламынан туған өзге бір параққа айналу. Әлбетте адам баласы осынша ұлы нығыметердің алдында жалпылық сипаттағы шүкір ретінде радиоларды бірінші кезекте ең керемет сөз болған Аллаһтың сөзін, Қасиетті Құран мен ондағы ақиқаттарды және Иман мен көркем мінез жайлы, жалпы адамзаттың пайдасына жарар әңгімелерді жеткізер сөзшісіне айналдыруы керек. Сонда ғана ол нығметке шүкір еткен болады. Нығыметке шүкір етілмесе, адамзатқа зияны тиеді.Адам баласы ақиқатқа мұқтаж болуымен қатар, көңілдегі әуестіктерін басуға да мұқтаж. Бірақ мұндай әуестіктерге пайдалану бесте бірден аспауы керек. Әйтпесе ауаның хикмет сырына қайшы келеді. Сондай-ақ адамзаттың жалқаулыққа ұрынуына, өз міндеттерінің дұрыс атқарылмай қалуына себеп болып, адамзаттың қолындағы үлкен нығмет бола тұра, басына бәле болады. Адамзатқа аса қажетті еңбекке деген ынтаны жояды.Қазір көз алдымда тұрған аппарат пен радио. Құран тыңдау үшін әкелінген еді бөлмеме. Байқаймын оннан бір мөлшерде ғана жақсы сөздер айтылуда. Бұл да бір адамзаттың қатесі екендігін түсіндім.
73Адам баласы бұл қателігін түзететін шығар ИншаАллаһ. Жер бетінің Нұрлы мәжіліс алаңына, Имани сабақ өтер мектепке айналдыруға себеп болатын радио деген нығметке шүкір ретінде, адамзаттың мәңгілік өміріне пайдасы тиер жақсы сөздер, эфирдің бестен төрт бөлігін алатын болады.Екінші тұжырым: Рисалей-Нұрда «Бүкіл Әлемді жарата алмаған, бір зәррені (атом) жарата алмайды. бір атомды өзіне лайықты жерде жаратып, ұлы міндеттер атқаратып отырған Кім болса, бүкіл Әлемді жаратушы да Сол», делінген еді.Осы сөйлемдегі жалпылық сипаттағы айғақтардың бір айғағы мынау: Неше түрлі сөздердің қабы, қобдишасы болған мына радио аппараттағы азғантай ауа мынаны көрсетіп тұр. Қолымыздағы радио екі жүзге жуық радио арна арқылы бір сағаттық, тіпті бір жылдық ара қашықтықтан сол минутта (сол сәтте) бір сөзді, мәселен Құрандағы «Әлхамдулиллаһ» сөзін дәлме-дәл, тіпті айтушының диалектісін, сөйлеу мәнерін еш өзгеріссіз құлағымызға жеткізу үшін және Құрандағы қаншама сөздерді әр түрлі дауысы, диалектісі бар адамдардың өз даусымен, еш өзгеріссіз жеткізу үшін, аз ғана ауаның әр бір атомында шексіз күш, қалау ерік, жер бетіндегі Құран оқушы хафыздардың диалектілерін білетін ілім, олардың барлығын көретін көз, барлығын бір мезгілде еститін құлақ болмаса әлбетте мұндай құдіретті мұғжиза орын алмас еді. Демек мына азғантай ғана ауа бөлшектері бүкіл әлемді қамтып тұрған ғылым мен ерік-қалаудың, бәрін естіп, көруші Құдреттің, еш нәрсе ауыр келмейтін, ең үлкен нәрсе ең кішкентай нәрсе сияқты сол Құдіретке бағынатын абсолюттік Құдреттің қалауына, іліміне құдрет-мұғжизаларына бағынады. Олай болмаған жағдайда, ауа толқындарында (өздігінен) болады деп ойлайтын кездейсоқтық пен соқыр күш, меңіреу табиғат жаратты деу, әр бір атом атмосферадағы барлық нәрсені көріп, біледі, жаратады, сондай құдретке ие деумен бірдей. Бұл ақылға сыймас қисынсыз нәрсе. Адасып жүргендер (Әһл-і далалет) өздерінің қаншалықты ақылдан ұзақ әрекет етіп жүргендіктерін көрсін.Үшінші тұжырым: Мына радио аппараттан, рухани сөздерден тұратын гүлдерге құмыра болып тұрған құтыдағы аз ғана ауада болып жатқан құдірет мұғжизаларынан мынаны түсінеміз. Әр бір атом (зәрре) Хақ тағаланы есім сыфаттарымен қоса таныстыруда.
74Бүкіл әлемді зерттеуші ойшылдар, ғұламалар Аллаһтың бар және бір екендігіне ауқымды, нақты дәлелдер көрсету үшін бүкіл әлемді назарға алады. Содан кейін барып Мағрифатуллаһқа қол жеткізеді. Негізінде кез келген шағын әйнек күн шыққан кезде алып теңіздің күнге айна болғанындай айна болып, күнді көрсетеді. Сол сияқты мына азғантай ғана ауадағы әр бір атом жаңағы ақиқаттың шеңберінде әлем теңізіндегі тәуһидтің шағылыстарын өз бойынан кәміл түрде көрсетуде. Міне, Қасиетті Құранның рухани мұғжизаларының бір сәулесі болған Рисалей-Нұр осы ақиқатты егжей-тегжейлі түсіндіріп, дәлелдеп бергендіктен, көзі ашық бір Нұршы өзінің әр дайым Аллаһтың алдында екенін сезіну үшін және Мағрифатуллаһты естен шығармау үшін деуге мәжбүр болмайды. Ол Нұршы кейбір Әһл-і Хақиқат сияқты деуге де мәжбүр болмайды. Оған жарқын ақиқатының қасиетті терезесі жеткілікті. Бұл арабша сөйлемнің қысқаша түсіндірмесі мынау. Бұл әлемде кез келген нәрсенің өзіндік бір әлемі бар. Саналылардың санынша бір-бірінің ішіне кірігіп тұрған шексіз әлемдер бар. Әр қайсысының өз әлемінің тірегі өз өмірі. Мәселен әр кімнің қолында өз айнасы болып, соны үлкен бір сарайға қаратса, әр қайсысы өз айнасындағы сарайға ие болады. Сол сияқты әр кімнің өзіне тән әлемі бар. Кейбір әһл-і хақиқат осы өзіндік әлемін деу арқылы жоққа шығарады. Аллаһтан басқаның бәрін тәрік қылып, үнемі Аллаһтың құзырында болуға қол жеткізеді. Енді бір бөлік әһл-і хақиқат үнемі Аллаһтың құзырында тұрғанын сезу үшін деп өзіне тиесілі әлемді ұмытады, оны жалған дүние деген перденің арғы жағына тығып тастайды.Аллаһтың алдында екенін ойлап, бүкіл өмірін құлшылыққа айналдырғандай болады. Бүгінгі таңда Құранның рухани мұғжизасы арқылы ортаға шығып отырған сырына орай яғни атомдардан жұлдыздарға дейінгі барлық нәрседе тәухидке ашылған терезе бар. Бір Аллаһты сыфаттарымен қоса таныстыратын дәлелдері, ишаралары бар. «Һуә нүктесі» арқылы осы
75қасиетті, имани ақиқаттарға, адамның үнемі Аллаһтың құзырында екендігіне ишаралар жасалады. Рисалей-Нұр бұл ақиқатты егжей-тегжейлі түсіндіріп береді. Бұрынғы әһл-і хақиқат біршама, жалпақ түрде қысқаша баяндаған. Демек мына сұмдық кезең осы ақиқатқа көбірек мұқтаж. Сондықтан Қасиетті Құранның мұғжизалары арқылы осы ақиқат егжей-тегжейлі түсіндірілуде. Рисалей-Нұр да осы ақиқаттарды жарыққа шағаруда.Бауырларың Саид Нұрси* * * * *Діндар, халықты ойлайтын, отан сүйгіш депутаттарға мынаны айтайын:Құран мұғжизалары жинағы мен Зұлфикарды Кереметтер қаласы Меккедегі Қара тастың жанына құрметтеп қойғандығын хажылар көрген. Нұрлы Қала мәдинадағы Пайғамбарымыз (с.а.у.)-ның қабірінің үстіне де Аса-и Мұса мен бірнеше Рисаленің қойылғандығын да көрген. Сол кітаптар Ислам әлемімен бізді бауырластық тұрғыдан байланыстыруға себеп болып отырса да жинап алып, төрт жылдан бері зиянды қағаздар сияқты соттың қоймаларында шірітуге әрекет етуде. Төрт сот ақтау шешімін шығарды. Біз де қаншама рет қанша жерге арыз жазып еркін таралуын сұрадық.Премьер министрдің «Дінді насихаттау арқылы бұл елге осы уақытқа дейін зиян келмегенін» айтқанына қарамастан, діндарлардың еркіндігі жайлы заңды қабылдауды тездетудің орнына кешіктіріліп жатыр. Бұл жағдай, халықтың назарында «Діндар депутаттар өздерінің ең маңызды шаруаларын орындамай жатыр» деген ой туғызып, діндарларды алаңдатып отыр. Іштегі жасырын дінсіздер мен коммунисттердің сойылын соғушы сатқындар осы жағдайды пайдаланып кете ме деп біз де алаңдаймыз. Сондықтан мына ақиқатты айтуға мәжбүрмін. Ақиқат мынау:Демократ, діндар депутаттарға бір ақиқатты ескерту.Осы күндері науқастығыма байланысты қыстың қатты суықтарына шыдай алмадым. Талай тәжірибелер көрсеткендей, жалпылық сипаттағы қателіктердің нәтижесінде ауа-райы мен зіл-
76зала, дауыл түрінде Аллаһтың қаһарынан хабар беретіні сияқты ашуға мініп, әдеттен тыс мінез көрсетті. Мен бұдан рухани дауылдың нышандарын байқадым. Жүрегіме «Ойпырмай, тағы да Исламият пен Иман ақиқаттарына зиян берердей жалпылық сипаттағы қателік жасалды ма?» деген нәрсе келді. Дүниелік саясатты тәрік етсем де «Не болып жатыр? Газеттерде қандай хабар бар? – деп сұрадым. «Діни насихат жасаушы діндарлардың еркіндігі туралы заң кейінге қалдырылыпты». Бірақ солшылдар жайлы заң тез арада қабылданыпты», деді. Жүрегіме мына нәрселер жетті. Бұл ел мен Исламияттың игілігі үшін, бәрінен бұрын діндарлардың еркіндігі туралы заң тез арада қабылданып, дереу мектептерде жүзеге асырыла бастауы өте қажет. Өйткені осы заңды қабылдау арқылы Орыстың қол астындағы қырық миллион мұсылманды және төрт жүз миллиондық Ислам Әлемінің рухани күшін қосалқы күш ретінде елімізге демеу етеміз. Коммунисттердің рухани бүлікшілігін тотқатқан және Орыстың Америка мен Англияға қарсы шабуылдаудан бұрын мың жылдық кегі бар бізге қарсы шабуылдауы керек бола тұра соның бетін бұрған, тоқтатқан шүбәсіз Құран және иман ақиқаттары. Олай болса еліміз бәрінен бұрын Құран мен иман ақиқаттарына қол жеткізіп әлгі сұмдық шабуылдарға қарсы, дінсіздікке қарсы берік Зұлқарнайн қамалындай болған Құрани ақиқаттарды қорған етуі керек.Өйткені дінсіздік қазірге дейін Орысты, Қытай мен Европаның жартысын жаулап алса да бізге шабуыл жасаттырмай ұстап тұрған Иман және Құран ақиқаттары. Әйтпесе Орыстардың бүлікшіл рухани күштеріне қарсы әділет орындарының мыңнан бірге материалдық жаза беруі жеткіліксіз. Бұзақылар мен кедейлерге байдың малын талатып, еріккен жастарға намысты жандардың қыздары мен әйелдеріне шапқыншылық жасауға тыйым салмай отырған және аз уақыттың ішінде Европаның жартысын басып алған бір күшке қарсы тек қана рухани бомбалар керек. Онда да Құран мен Иманның ақиқаттары сынды атом бомба ғана ондай сұмдық солшыл ағымды тоқтата алады. Әділет орындары жүзден бір адамға материалдық жаза беруі арқылы мұндай жалпылық сипаттағы сұмдық ағымды тоқтату мүмкін емес.Сондықтан діндар депутаттар тез арада қабылдауы керек ақиқатты кешіктірген сайын, қаншама рет тәжірибемізден өткеніндей бұл жолы да ауа-райы қатты суытып қарсылық білдіруде. Екі алапат дүние
77жүзілік соғыстың нәтижесінде адамзат ұйқысынан оянды. Дінсіз бір халық өмір сүре алмайды. Орыс та дінсіз қала алмайды. Қайта айналып Христиан да бола алмайды. Болдым дегенде, күпірліктің белін үзіп, хақ пен ақиқатқа сүйенген, дәлел-айғақтар арқылы ақыл мен жүректі сендірген Құранмен бейбіт келісімге келеді не соған мойынсұнады. Ол кезде төрт жүз миллион мұсылманға қарсы қылыш көтере алмайды.Саид Нұрси* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым!Біріншіден: Шын жүректен Мәуліт құтты болсын демекпіз. Жемісті еңбектерің мен Нұрлардың халыққа жақсы әсер ете отырып тарап жатандығын сүйіншілейміз. Нұршыларға құтты болсын айтамыз.Екіншіден: Осы мүбәрак түнде жүрегіме қатаң ескерту жасалды. Ол мынау: Стамбулдағы студенттердің Бұрынғы Саид пен Бүгінгі Саидтың Өмір Тарихындағы кереметтерді жазуынан, мынадай екі пікір қалыптасыпты.Біріншісі: Достар арасында маған шамадан тыс әулиелік мақам беру сынды жақсы ойлар қалыптасыпты. Маған қарсы жандар мен философтар да маған шамадан тыс даналық деңгей беріп, кейбіреулері аса күшті сыйқыршы деген сияқты менің шамамнан мың есе артық нәрселерді маған теліп, ақиқатқа сыймайтын ойлар қалыптасыпты. Осындай ойларға байланысты көптеген жерлерде «Мұның ақиқаты қалай?» Деген сұрақтар арқылы, рухани және материалдық тұрғыдан түсіндіріп беруімді сұрапты. Бүгін түндегі қатаң ескертуге байланысты мен де бірнеше кіріспеден тұратын бір ақиқатты баяндауға мәжбүр болдым.Бірінші кіріспе: Қарағайдың бидайдың үлкендігіндей ғана дәні, алып ағашқа бастама, негіз болады. Аллаһтың Құдіреті сол ғажайып ағашты кішкентай дәнектен жаратуда. Ол дәннің миллионан бір ғана үлесі бола тұра, ол дән тағдырдың қаламы мен жазылған мазмұн болып тұр. Әйтпесе әлгі ағаштың бұтақтарын, жапырақтарын жасау үшін бір ауылдың үлкендігіндей фабрика қажет болар еді.Міне Аллаһтың құдретінің ұлылығы, бір зәрреден таудай нәрсе жаратады. Сол сияқты, менің қызметім, өмір тарихым бір дән ғана
78болып тұр. Мұны мен кішіпейілділік таныту үшін айтып тұрғаным жоқ. Аллаһтың жарылқауы бүгінгі күні аса маңызды Имани қызметке бастама болу үшін Құраннан жеткен мәуелі ағаш Рисалей-Нұрды сыйлады. Ант іше отырып айтайын, өмірімнің таң ғажайып сәттерін өз бойымдағы қабілеттерден, мен соған лайық едім демеймін. Өзім де таң қаламын. Әдеттен тыс даналық немесе әулиелік түгіл, қоғамдық өмірде өз басымды алып жүрер қабілетті де байқай алмайтынмын. Сыртқы мақтангершілік сынды жағдайлар болады. Ол да өз еркімнен тыс жұрттың жақсы ойларын жоққа шығармау үшін жасалатын. Бірақ ақиқатында жұрт ойлағандай емес, ондай нәрселердің қолымнан келмейтіндігін, шамамнан мың есе артық құрметтелуім ақиқатқа үйлеспейді деп білетінмін. Аллаһқа жүз мың шүкір етейін жетпіс-сексен жылдық өмірімнің соңына таман Аллаһтың жарылқауының арқасында осылардың хикметін аздап түсіндік. Бір шамасына ишара етейін. Көптеген мысалдардың бірнешеуін айта кетейін.Бірінші мысал: Діни ақиқаттар мен Ислами ілімдерге қол жеткізу үшін медреседе кем дегенле он бес жыл оқу керек. Ол кездері Саид бір-екі жыл грамматиканың алғашқы сабақтарын алып жүрді. Бұған ғажайып алғырлық пен рухани күш жұмсау былай тұрсын бойындағы қабілеттерді де жұмсай алмады. Сонан соң үш айдың ішінде таң ғажайып түрде қырық-елу кітапты оқып бітіріп, емтихан тапсырып, диплом алды. Бұл жағдай алпыс жылдан кейін, Имани ілімдерді үш-төрт айда меңгеруге жол ашатын Құранның тәпсірі шығатынын, сол бейшара Саид та соған қызмет ететіндігін көрсетті. Сондай-ақ бір заман келеді, он бес жыл емес бір жыл да имани ілім алатын медресе табылмай қалады, деген ғайби ишаралар мен мағыналарды еске түсіруде.Екінші мысал: Баяғы бала Саидтың үлкен ғалымдармен ғылыми айтыстары, сол ғалымдардың сұрақтарына жауап беруі, өзі еш қандай сұрақ қоймай олардың ең қиын сұрақтарына дұрыс жауап беруі, мендегі асқан даналық пен ғажайып қабілеттен емес екендігін мойындаймын, сенімім мол. Мен бейшара, жүрген жерін шулатып жүретін, тентек бала едім. Үлкен ғалымдар түгілі жас оқытушылармен тіпті жоғары сынып оқушыларымен жарысқа түсуге шамасы келмейтін баланың сұрақтарға дұрыс жауап беру қабілеті мен алғырлығынан емес екендігіне толық сенемін. Жетпіс
79жылдан бері де таң қалушы едім. Аллаһтың жарылқауымен қазір соның бір хикметін түсіндім. Дәнек түріндегі медрседе ілімінен ағаш өсіп шығатын болады, сол ағашқа қызмет етушілердің көптеген қарсыластары болады. Мынадай кезеңде медреседегілер қарсы шыққанда, дінсіздікті жақтаушы жасырын жаулар Нұрлардың да ғұламалардың да жолын кесу үшін оларды жақсы пайдаланып кетуші еді. Аллаһқа сансыз шүкір етеміз, Нұрлар ең бірінші шымбайларына батқан ресми ғұламалар қарсы шықпады.Үшінші мысал: Бұрынғы Саид бала кезінен, өзі де әкесі де кедей бола тұра, жұрттың садақасы мен сыйлықтарын алмауының, аса мұқтаж жағдайдың өзінде ақысын төлемей сыйлық алмауының, Күрдістандағы әдет бойынша шәкірттердің шәкіртақысы халықтан жиналған садақа, зекеттен беріліп тұрғанымен, Саидтың еш қашан шәкірт ақы алуға бармауының, зекет екенін білсе оны да алмауының сырын қазір толық түсініп отырмын. Өмірімнің соңында тек қана иманға, ақыретке қызмет етер киелі іске дүниелік нәрселерді араластырмау, өз пайдасына жаратпау үшін, әлгіндей зияны жоқ әдеттер мен түсініктерден тартыну, аулақ тұру сынды мінез болыпты. Кедейлікті, зәру болуды қабыл көріп жұртқа қол жаюдан қашатын бұл мінез Рисалей-Нұрдың негізгі күші болған шынайы ықыласты сақтау үшін берілген екен. Бұл жағдайдан да рухани ишаралар көріп тұрмын. Келешекте ғалымдардың жеңілісі күн көрістің қамы мен мұқтаждықтан болады.Төртінші мысал: Бүгінгі Саид қартайған шағында саясаттан да дүниеден де өзін аулақ ұстауға тырысса да, бұл дүниені ғана ойлайтындар ешқандай заңға сыймайтын, ар-ұятқа тіпті адамгершілікке қайшы келетін сұмдық зұлымдығын тоқтатпай жиырма сегіз жыл бойы езгіге салса да, масаның шаққанына шыдай алмайтын бейшара Саидтың басы балтамен тоқпақталып жатса да, ең зор қиянаттар жасалып жатса да, шексіз сабыр мен төзімнің сыйлануы, өте ашуланшақ болумен қатар, қорқақ болмаса да, «Ажал бір-ақ рет келеді, оның уақыты да өзгермейді» деген ақиқатқа сенуші Иманынан нәр алатын батырлығы бола тұра, ең қорқақ, ең бейшара халде сабыр етуі, тіпті сол азаптардан кейін рухында шаттықтың пайда болуының хикмет сыры мынау екен: Құрандағы Имани ақиқаттарды тәпсір етуші Рисалей-Нұрды еш нәрсеге, жеке басының
80пайдасына, рухани кемелдену жолында пайдалануға, ықыластың әлсіреуіне жол бермеу үшін, саясатшылар Саид «дінді саясатқа пайдалануда» демеуі үшін Иләһи тағдыр саясатшылардың залым қолымен Саидты азапқа салып, түрмеге тыққан екен. Саидқа мейрім шапалақтарын ұрып, Нұрдағы шынайы ықыласты сақтатып, Саидқа «Абай бол имани ақиқаттардың тәпсірі болған Рисалей-Нұрды жеке пайдаға, тіпті рухани кемелдену жолыңа және бәлелер мен жаман нәрселерден құтылуға пайдаланба, әйтпесе Нұрдың ең үлкен күші шынайы ықыласы әлсіреп кетеді», деген екен.Тағдырдың осылайша мейірім шапалақтарын ұрғанына толық сенімдімін. Тіпті ақыретімді ойлап, жеке құлшылықтарға көбірек мән беріп, сонымен айналыса бастаған кезде, Нұр қызметіне мән берілмей қалған кезде әһл-і дүние маған шабулыға шығып, азап беретіндігіне күмән қалмады. Бұл төртінші мысалдың толық түсіндірмесін, саясатшылардың Саид дінді саясатқа пайдалануда деп түрмеге тыққандығы, кейінірек Саидтың бұлардың сырын түсінгендігі, яғни тағдырдың мейрім шапалақтары екендігін түсініп, оларды кешіргендігі, өзіндегі төзімнің сырын түсінгендігі жайлы жазылған соңғы хаттарға қалдырамыз.Бесінші мысал: Мына бейшара Саид қанша мұқтаж болса да, осы іспен жетпіс жылдан бері айналысып жүрсе де, кейде бір күнде екі жүз бетті тексеріп, түзетіп шыққанымен, он жасар алғыр баланың он күнде жазғанындай да жаза алмайтындығына таң қалушы едім. Ал Саид мүлдем қабілетсіз де емес. Ағайын-туысы, бауырлары бәрі де тамаша жазады. Жазуға қанша мұқтаж болса да осылай жартылай үмми (жазуы нашар) болуының хикмет сыры мынау: Бір заман келеді, жеке қабілеттер мен дара күштер қауқарсыз болып қалатын сұмдық рухани шабуылдар кезінде жазуы жақсыларды жан-тәнімен іздеп тауып, қызметіне серік ету, әлгі дәнектің айналасында су, ауа нұр сияқты болып, сол рухани ағашқа қызмет ету үшін жеке қызметі мен бір қаламының орнына жалпылық сипаттағы күш пен мыңдаған қаламға қол жеткізу үшін және кесек мұз тәрізді менмендігін берекелі әуізге тастап еріту арқылы, шынайы ықыласқа қол жеткізіп, иман жолында осы әдіспен қызмет ету үшін екен.
81Әзиз, Сыддық бауырларым!Мүбәрак айттарыңды шын жүректен құттықтаймыз. ИншаАллаһ Ислам Әлемінің ұлы мерекесін де көретін боласыңдар. Біріккен Ислам мемлекеттерінің қасиетті ата заңының қайнар бұлағы болған Қасиетті Құран, келешекте толық үстем келіп, адамзатқа нағыз мереке-мейрам жасататындығына көптеген ишаралар бар.Екіншіден: Нұр-Рисалелері мен Нұр шәкірттерін Аллаһ қорғап тұрғандығына күмән қалмады. Заманның ерекшеліктеріне байланысты, кейбір өзім білемдік заңдарды пайдаланып, қанша уақыттан бері Нұр шәкірттеріне шабуылдар жасалса да жүзден біріне ғана зиян тигізе алды. Нұрдың алты жүз белсенді шәкіртін сотқа тартып, сұмдық жоспарлар құрғанымен алтауын ғана уақытша ұстай алды. Тіпті Нұрдың хас батырлары жазғандай, жиырма бес сот жүз мыңдаған кітап пен жүз мыңдаған шәкірттеріне кінә артар еш нәрсе таба алмай отыр.Осындай көптеген соттардың «Нұрларда кінәрат жоқ, таба алмай отырмыз» деуі бұның нақты дәлелі. Мен Стамбул және Афион соттарында, олардың олай-тартып, былай-тартып, қастық ете алар заңдарына қайшы әңгімелер айтсам да мені жауапқа тарта алмады. Нұрлар мына мәдениеттің зұлымдық шашар заңдарын тас-талқан етсе де кінә артар еш нәрсе таба алмауы, Нұрлардағы ақиқаттар, қарсыластарын жеңіп шығып, әділет органдарын тәубесіне келтіргендігін көрсетуде. Аллаһтың қамқорлығы Құранның рухани мұғжизасы болған Рисалей-Нұрды жаулардан қорғап тұр. Қарсы шығушылардың шабуылдары Нұрлардың жайыла түсуіне себеп болуда.* * * * *Ұстазымыз былай дейді.«Жиырма сегіз жылдан бері менімен әуре болған үкімет адамдарының бәрі де маған тиісумен болса да, сақшылар еш қандай қысым көрсеткен жоқ. Кейбіреуінің қорғаштап жүруінің сырын ашайын: Нұр шәкірттері мен Рисалелер рухани сақшылар ретінде қоғамның тыныштығын сақтауға тырысып, әр бір адамның жүрегіне имани тұрғыдан сақшы қойғандығы анықталып отыр. Сақшылар мұны рухани түрде сезіп, әр қашан бізге дос болды. Оның сыры
82мынада: Құранның негізгі қағидаларының біріне сәйкес, жүзден тоқсан бейкүнә адамға зиян келмеуі үшін он қылмыскердің кесірінен қоғамның тыныштығын бұзуға тырысатындарды тоқтатуда. Біреудің кінәсі үшін басқа біреу жауапқа тартылмайды. Осы сырға байланысты, қазір қоғамның тыныштығын бұзуға тырысқан сұмдық рухани күштер, Франция, Мысыр, Морокко, Иран сынды елдерден әлде қайда көп әрекет етсе де мына берекелі елде қоғамның тыныштығын бұза алмай отыруының ең негізгі себебі, алты жүз мың Нұр шәкірті сақшыларға рухани күш ретінде демеу болып рухани бұзғыншылыққа қарсы тұруда екендігін сақшылар рухани түрде сезгендіктен, жиырма сегіз жыл бойы ресми қызметкерлерге қарама-қайшы түрде Нұрларға ынсапты түрде, мейріммен қарауда».Тағы да былай дейді:«Бүгінгі таңда молдалардан тіпті сопылардан да артық сақшылар тақуалықты сақтап, үлкен күнәлардан аулақ тұрып, парыздарды орындауы керектігі қызметтерінің талабы. Бұл өте – мөте қажет. Сонда ғана қарсы жақтағы рухани бұзғыншыларға төтеп беріп, қоғамның тыныштығына байланысты борыштарын толық орындай алады».Ұстазға көмектесіп жүрген Нұр шәкірттері * * * * *
[Ұстаздың бұрынырақта жазған төмендегі хаты, «Өзіне бедел жинауда, дінді саясат үшін пайдалануда» деген айыптауларға нақты жауап ретінде қарарнамаға енгізіліп отыр]АЙТЫЛЫП ЖАТҚАНДАР ТЕК ҚАНА АҚИҚАТРисалей-Нұрда дәлелденгенiндей кейде зұлымдықтың ішінен әділдік көрініс табады. Яғни, адам бiр себеппен әдiлетсiздiкке, зұлымдыққа ұшырауы мүмкін, басына бiр пәле келедi, қамауға алынып, зынданда жатуы мүмкін. Бәлкім бұл әділетсіздік болар, мұндай үкiм зұлымдық болып көрінер. Бiрақ ол оқиға әдiлдiктiң көрінуіне себеп болады. Тағдыр жазалануға, лайық пенденi бір себеппен яғни залымның қолымен жазаға тартады, пәлеге душар етедi. Бұл Иләһи әдiлеттiң көрінісі.Қазiр ойлап отырсам, жиырма сегiз жыл бойы ауылдан-ауылға айдалып, түрмеден-түрмеге қамалып жүрген жайым бар. Маған зұлымдық жасаған залымдар маған қандай кінә тақпақ болды?Дiндi саясатқа пайдалану ма? Мұны дәлелдей алмады ғой. Өйткенi, шын мәнiнде ондай ниетім жоқ. Бiр сот қыр соңымнан қалмай айыптап, айлап, жылдап соттауға тырысады. Ол ештеңе шығара алмаған соң, екiншi бiр сот бұрынғы iстi қозғап, қайта тергейдi. Ұзақ уақыт қинап, түрлi-түрлi азапқа салады да ол да нәтижеге жете алмай iстi аяқсыз қалдырды.Ендi бiрде үшiншiсi келіп жағама жабысады. Осылайша азаптан азап, бәледен-бәле таусылар емес. Өмірімнің жиырма сегiз жылы осылай өттi. Ақыры таққан айыптарының негiзсiз екендiгiн өздерi де түсiндi-ау. Олар мұны әдейі істеді ме, жоқ, әлде босқа күдіктеніп, қауіптенді ме екен? Мейлі әдейi істесін, мейлі босқа қауіптенсін, менiң мұндай қылмысқа қатысым жоқ екені айдан анық. Арым таза, оған кәміл сенімдімін. Дiндi саясатқа пайдаланбайтынымды ары таза жанның бәрі бiледi. Тiптi, менi айыптаушылар да, жазаға тартқандар да, мұны жақсы біледі. Неге онда олар маған зұлымдық жасаудан тайынбады? Неге олар менi нақақтан нақақ, жазықсыз болсам да абақтыға қамады? Осындай зұлымдыққа үнемі душар болуымның себебі не? Бұлай болуы Иләһи әдiлетке қайшы келмей ме?
84Ширек ғасыр бойы бұл сұрақтың жауабын таба алмай сан ойландым. Міне, оның негізгі себебін енді түсіндім. Мен бұған қатты толғандым. Менiң кiнәм мынау екен: Құранға деген қызметiмдi заттық немесе рухани кемелденуiме баспалдақ қылуым мүмкін еді. Соны ендi түсiнiп, жаңа аңғардым. Аллаһқа шүкiр, жылдар бойы еріктен тыс, иманға деген қызметiмдi адал түрде яғни жеке басымның заттық немесе рухани кемелденуіне құрал қылуға, тозақтан құтылуыма, тiптi мәңгi бақытқа жетуге себеп қылуға, не болмаса қандай да бiр мақсатқа пайдалануыма бұлар өте күшті рухани кедергілер, тосқауылдар екен. Бұл iшкi сезiм Иләһи ескерту менi қайран қалдырды. Баршаға жағымды рухани мәртебеге яғни игі істер мен салих амалдар жасап, ақыреттік қуанышқа қол жеткiзуге кез келген адам құқылы емес пе?Мұның ешқандай зияны болмаса да менің көңілім алаңдап, жүрегім ондай жағдайды қаламайтын. Аллаһтың ризашылығынан басқа еш нәрсені ойламай, ілімге қызмет етуге, киелі мiндетті атқаруға еріксіз түрде айдап, маған тек қана иманға қызмет жолы көрсетiлдi. Өйткені, бұл заманда еш нәрсеге құрал болмайтын, тәуелсіз және барлық мақсаттан жоғары тұрған иман ақиқаттарын білмейтіндерге және білгісі келетіндерге әсерлі түрде түсіндіру керек және мына аласапыран заманда иманды сақтайтын және ең қырсық бір беткейлерді де толық қанағаттандыратын, яғни еш нәрсеге құрал болмайтын Құран дәрісін беру қажет болатын.Мұны құлшылық деп білген жөн. Сонда ғана дінсіздік пен қырсықтықтың адасушылықтың дауылы басылады. Баршаның көзі жетіп, толық қанағаттанады. Ал мұндай қанағаттандыру - қазіргідей қиын кезеңде діннің жеке бастың, ақыреттік немесе дүниелік моральдік-материялдық пайдасына құрал болмағанын барша жұрт біліп, көзі жеткенде ғана іске аспақ. Әйтпесе, ұйым болып біріккен дiнсiздiкке қарсы жеке бір тұлғаның рухани дәрежесі қанша жоғары болса да, өзi туралы шүбә, күдiктерден арыла алмайды. Иманға келгiсi келген қырсықтың нәпсiсi мен менмендiгi ол туралы: «өткір ойымен, керемет қасиетімен бiздi алдап түсiрдi» деп iштей күмәндануы мүмкін. Аллаһқа мың мәрте шүкiр етемін. Дiндi саясатқа пайдалану қаупiнен жиырма сегіз жыл бойы Иләһи тағдырдың жазуы еріксіз түрде қақпайлап сақтап отырды. Дiндi ешқандай бас пайдама
85қолданбау үшін, өзiнiң шексіз әдiлдiгiмен мені адамдардың залым қолымен тоқпақтап, сан рет ескерту жасады. «Байқа, иман ақиқаттарын бас пайдаңа жаратпа! Иманға мұқтаж жандар айтылып жатқандардың тек қана ақиқат екенін білсін. Нәпсiнiң уәсуәсасы, шайтанның үні өшсін!...» деді.Нұр рисалелері көңілге қонып, жүрекке ұялап, алып теңiздiң толқынындай шабыт беруінің сыры осында. Рисалей-Нұрдағы ақиқаттарды мыңдаған ғалымдар, жүз мыңдаған кiтаптарында өте көркем түрде жазған болса да дiнсiз, күпірлік пiкiрлердi тоқтата алмауда. Мұндай қиын-қыстау, аласапыран заманда, шектен шыққан күпiрлiкке қарсы күресте Рисалей-Нұр аз да болса жеңiске жетiп жатса, мұның сыры осында. Саидтың құдiретi де, бiлiктiлiгi де жоқ. Айтылып жатқан тек қана ақиқат, имани ақиқат. Ақиқаттың нұры иманға мұқтаж жандарға әсер етiп жатқаны рас, олай болса, бiр Саид емес мың Саид пида болсын. Сол үшін жиырма сегiз жыл тартқан азапты, душар болған қиындықты, шеккен жапаны, кештім. Маған зұлымдық жасағандарды, мені жер аударғандарды, зорлық-зомбылық көрсеткендерді, неше түрлi айып тағып кiнәлағысы келгендерді, маған зынданнан орын дайындағандарды кешірдім, кештiм.Әдiл тағдырға айтарым: Мен сенiң осындай мейірімді шапалағыңа лайық едiм. Әйтпесе, мен де өзгелер сияқты қауiпсiз бір жол тауып өзiмдi құтқаруды ойлағанымда және қалау-сезімдерімді тыңдағанымда иман қызметiндегі мұндай үлкен рухани жеңіске жете алмас едiм. Мен барлық нәрсемдi құрбан еттiм. Түрлi қиындыққа шыдадым, сан алуан азаптарға сабыр еттiм. Соның арқасында иман ақиқаты кең құлаш жайып, шар тарапқа жайылды. Нұр мектебiнiң жүз мыңдаған, тiптi миллиондаған шәкiрттерi жетiлдi. Ендiгі жерде иманға қызмет жолын солар жалғастыратын болады. Менiң мадди-мағнауи (моральдік-материалдық) барлық нәрседен бастартып, азға қанағат ұстанымымнан әсте ауытқымай, тек Аллаһ ризалығы үшiн қызмет ететін болады.Менімен бірге көптеген шәкірттерім неше түрлі қиыншылықтарға тап болды, жапа шекті, ауыр сынақтар өткізді. Олардың да мен сияқты жазықсыз жапа шектіргендердің бәрін де кешірулерін қалаймын. Өйткені олар Иләһи тағдырдың сырларына ақылдары жетпей, біздің
86мақсатымызға, Иман ақиқаттарының таралуына қызмет етті. Біздің міндетіміз оларға тек тура жол тілеу. Бірде бір шәкіртімнің жүрегінде бізге жапа шектіргендерге деген титтей де кектің болмауын, оның есесіне Рисалей-Нұрға шын беріліп, табанды түрде еңбек етуін қалаймын. Мен ауыр науқаспын жазуға да, сөйлеуге де шамам жоқ. Мүмкiн бұл менiң соңғы сөздерiм болар. Медресет-уз Зехраның Рисалей-Нұр шәкiрттерi бұл өсиетiмдi ұмытпасын.Саид Нұрси* * * * *[Бауырларым!Көңіліме ескертіле отырып жаздырылған көпшілікке айтыла бермейтін бұл ақиқатты, мүмкін болса Премьер Министрге және діндар депутаттарға жеткізіңдер]Кіріспе: Қырық жылға жуық уақыттан бері саясатты тастап кеткендіктен, уақытымның басым бөлігін жалғыз өткізгендіктен, қоғамдық, әлеуметтік саяси өмірге көңіл бөлмегендіктен аса қауіпті бір нәрсені байқамаппын. Бүгінгі таңда сол аса қауіпті нәрсенің мына мұсылман халыққа, елге, мұсылман үкіметке ауыр соққы беруге дайындық жасап жатқанын сездім. Маған қатаң түрде рухани ескерту жасалғандықтан мына мұсылман халық үшін және билігі мен бақыты жолында еңбек етіп жүрген саясаткерлер мен әлеуметтің қамын ойлап жүрген жандарға «үш тұжырымды» айтуға мәжбүр болдым.Бірінші тұжырым: Газеттерге мән беріп тыңдамасам да бір-екі жылдан бері «кертартпалық» деген жалалы сөзді жиі естуші едім. Бұрынғы Саидтың назарымен зер салдым. Нақты көргенім мынау болды: Саясатты дінсіздіктің құралына айналдырып, адам бойындағы ең қорқынышты, ең жабайы түсініктерді негізгі заңдылықтарға айналдырғысы келетін, жанашыр жанның маскасын тағып алған Исламның жасырын жаулары, қатігез инквизицияны жолда қалдырардай қатыгездікпен жала жабуда. Берік имандарының
87арқасында дініне жанашыр болып, дінсіздерге қарсы әрекет етіп, саясатты дін жолында пайдаланғысы келіп, мұсылмандардың рухани күшін, Ислами үкіметті күшейтуге тырысып, төрт жүз миллион шын бауырларын соңына ертіп, Еуропаның қайыршылығынан құтқаруға тырысқан жандарға «керітартпа» деген таңба басып, оларды елге зиянды адамдар ретінде көрсетулері, жер мен көктің арасын толтырарлықтай әділетсіздік. Көптеген мысалдарының бірі. Мұндай зұлымдықтарға тосқауыл ретінде екінші ақиқатты айта кетейін. Қайнар-бұлағы екі негізгі заңға сүйенген екі керітартпалық әрекет бар.Біреуі: Саяси – әлеуметтік. Бұл нағыз керітартпалық.Оның негізгі заңы көптеген жамандықтар мен зұлымдықтарға жол ашты.Екіншісі: Кері тартпалық деген айдар тағылған нағыз өрлеу мен әділдіктің іргетасы.Екінші тұжырым: Қазір өздерін мәдениеттің ең жоғарғы сатысындамыз деп жүргендердің кейбіреуі өзінің керітартпалық әрекетінің кесірінен адамзаттың жабайылық кезеңіне қайта оралуда. Адамзаттың бақытын да, тыныштығын да, әділеттілікті де тас-талқан етер сол жабайылық, қазір біздің бишара мемлекетімізге қайта келгендей немесе әкелінгелі жатыр. Партияшыл кейбір ағымдарға сол түсінік егіліп жатыр. Оның негізі мынада: Бір топтың бір мүшесінің қателігі үшін сол топтың, партияның, ағымның барлық мүшесін жазаға тарту. Бір қателікті мыңдаған қателікке айналдырып жібереді. Бірлік пен ауызбіршіліктің іргетасы саналатын бауыраластық, туысқандық, отандастық, сүйіспеншіліктің тас-талқаны шығуда. Мұндайда бір-біріне қарсылас күштер әлсіреп қалады. Осылай әлсіреп қалатындықтан халыққа, мемлекетке, отанға әділ қызмет ете алмай дінсіздерді өзіне жақтас ету үшін материалдық-моралдық пара беруге мәжбүр болады. Инквизицияшыл, жабайы заңдарға қарсы, нағыз әділет, нағыз ақиқат заңы – Қасиетті Құранда нақты айтылған аятының ақиқаты. Өзара сүйіспеншілікті де, бауырластық сезімді де біздің мұсылман халықтарына сіңдіріп, елді үлкен пәлекеттерден қорғап тұрған да осы қағида. Яғни, біреудің қателігі үшін басқа адам жауапқа тартылмайды, туған бауыры руласы, партияласы болса да сол қателікке ортақ болмайды.
88Әрі кетсе қылмысқа, ризашылық танытқандай рухани күнәһар болады. Ақыретте жазасын тартады. Заң аясында, ресми түрде жауапқа тартылмайды. Егер осы қағида тез арада негізгі заң ретінде қабылданбаса, адамзат екі дүниежүзілік соғыста көрген қырғынды тағы қайталап, қоғамдық өмір әсфәл-і сафилин (төмендердің ең төменгі жағдайы) саналар жабайылық жағдайға қайта оралады.Міне, Құранның негізгі қағидасына «керітартпалық» деп жүргендердікі нағыз жабайылық. Осындай, саясат ұстанып жүргендердің сенім артқан негізгі заңдары: «Көпшіліктің бақыты үшін жеке адамдар пида етіледі. Отан үшін жеке тұлғалардың құқы құрбан болады. Мемлекеттік саясаттың жолында аздап қылмыс жасала береді», деп бір қылмыскердің кесірінен бір ауылды жоқ қылып, мыңдаған бейкүнә жандардың құқын таптайды. Бір адамның жаралануы себепті, мыңдаған адамды қиын жағдайға душар ету немесе екі жүз адамның өліміне жиырма жыл бойы мән бермеу, Бірінші Дүние Жүзілік соғыста үш мың адамның саяси қылмыстарының кесірінен отыз миллион адамның опат болуы сынды мыңдаған мысал келтіруге болады. Осындай жабайы керітартпалықтың жан түршігерлік зұлымдықтарына қарсы шығып отырған Құран шәкірттерінің негізгі заңы, Құрандағы жүздеген басты қағидалардың бірі аяты болып отыр. Нағыз әділдікті, ауызбіршілікті, бауырластықты сақтап қалуға тырысып жүрген иманды жандарға «керітартпа» деген айдар тағып, жала жабу Малғұн Иезидтің зұлымдығын Омардың әділдігінен артық көрумен бірдей ең жабайы зұлымдық. Адамзатты әділеттіліктің ең жоғарғы сатысына көтерген Қасиетті Құранның жоғарыда айтылған басты қағидасынан жабайылықтың ең сорақы түрі саналар Инквизициялық заңды артық көрумен бірдей. Мұсылман Үкімет пен осы елдің бақыты жолында еңбек етіп жүрген саясаткерлер абай болулары керек. Әйтпесе, екі-үш мықты ағымның қатты соққысынан, елдің қамы үшін жұмсалар күштері мың есе азайып қалады. Ондай әлсіз жағдайда билік жүргізе алмайды. (тіпті, диктаторлық әдіспен де). Елдегі тыныштықты, қоғамдық қауіпсіздікті сақтап тұра алмайтындықтан, Француз революциясының тұқымын мына қасиетті Ислам өлкесіне себуге жол ашады.
89Осы алауыздықтың кесірінен әлсіз жағдайға душар болып, шетелдіктердің құйтұрқы саясаты мен көмектескен сыңай танытуларының кесірінен қаншама рухани құндылықтарымыз құрбан болуда. Төрт жүз миллион бауырының ауызбіршілігі мен миллиардтаған ата-бабамыздың өткен жолына мән берілмей жатыр. Есесіне елдегі тыныштық пен саясатқа зиян келмесін деп, сұмдық ысырап жасалуда. Алауыздықтан туындайтын дәрменсіздіктің кесірінен мол қаржы таратуға мәжбүр болуда. Халықтың кедейлігіне назар аударылып жатқан жоқ. Ендігі нақты мәселе, бүгінгі таңдағы ел саясаткерлерінің батыс пен шет елге беріп жатқан рухани құрбандықтарынан (парадан) он есе артық құрбандықты (параны) бүкіл үмметтің бақыты мен Ислами үкімет жолында, елдегі ауызбіршілік пен сенімділікті арттыру және болашақта Ислам әлемінің одақтасуы мен төрт жүз миллион мұсылманның бақыты жолында беруіміз аса қажет. Ал, мұндай аса қажет және өте пайдалы пара деп отырғанымыз - Ислам бірлігі, өзара көмек. Құранның сыйы және қасиетті де негізгі қағида болғасынды аяттар. Құранның негізгі заңдарына сай әрекет ету.Үшінші тұжырым кейінге қалдырылды.Саид НұрсиСілтеме: Бауырларым! Алдыңғы үш қатаң ескертудің біршама жұмсаруына үш нәрсе себеп болды. Біріншіден: Нұрдың хас батыры Хусрев айтқандай, жиырма бес соттың «Рисалей-Нұрда кінә артар еш нәрсе жоқ», деп мойындаулары.Екінші: Нұрдың қаһарман адвокатының, «Анкара үкіметі Саидқа қарсы болмағандықтан, қатты айтылған сөздер біршама жұмсартылғаны жөн», дегені.Үшіншісі: Нақты хабарларға қарағанда Афион сотының «Нұрдың алты жүз мың жанқияр шәкірті бар» дегеніне сүйеніп, Малатия оқиғасын сылтауратып, кем дегенде Нұрдың алты жүз белсенді шәкіртін сотқа беру жоспарлары бола тұра, әуелі он алты
90адамды, одан алты адамды ұстап, біреуін ғана бір жылға соттауы Нұрлараға қарсы жасалып жатқан қысымдар мен зұлымдықтардың жеңілдегендігінің белгісі. Сондықтан қатты айтылған сөздер біршама жұмсартылды.* * * * *[Ұстаз Хазреттің Әмірдағында Байланысшы Сабри мен Сыддық Сүлейманға Арабша «Ишаратүл Иғжаз» кітабынан өткізген сабағы]Ишаратүл-Иғжаздың бірінші томы. Барлығы жетпіс том болуы керек еді. Алайда Рисалей-Нұр Құранның рухани тәпсірі болғандықтан, «Бүгінгі таңда мен көбірек қажет боламын», деді. Басқа томдардың орнына сол жазылды. Ишаратүл Иғжаз-барлық Рисалей-Нұрдың мазмұны, тізімі және сол Нұр бақшасының көшеті егілген орын және Құран мұғжизаларының сырын ашар қайнар көз екендігі көрініп тұр. Өте терең және ерекше болғандықтан ғалымдар бүгінге дейін азғантай бөлімін ғана түсінген еді. Қай-қайсысы оқыса да мақтап, «теңдесі жоқ» деген еді. Бірінші дүние жүзілік соғыста алғы шепте, кейде ат үстінде, Құранның шешендігіндегі мұғжизалардың ең нәзік байланыстарын байқауы, соларға толық көңіл бөлуі, сұрапыл соғыстың қаупі оны алаңдатпауы, қақаған қыста алғы шепте жүріп мұғжизалардағы нәзік байланыстарды байқауы, Бұрынғы Саидтың расында да Құран қызметіндегі жанкештілігі Бүгінгі Саидтың отыз бес жыл бойы, мынадай уақытта газет оқымауы, он жыл бойы Екінші дүние жүзілік соғыс жайлы сұрамауы, өлім жазасына тарту үшін қамаған түрмелерде Құранның сырларын жазуды тоқтатпауы, бұл қауіптерге мән бермеуі, Бүгінгі Саидтың отыз жылдық жанкештілігі Бұрынғы Саидтың сол кездегі сұмдық жағдайларға мән бермей Ишаратүл Иғжазды жазған кезіндегі ғылыми және рухани жанкештілігіне, жете алмайтындығын байқаймыз.
91Екіншіден: Ишаратүл-Иғжаздың баспадан шыққан нұсқасында расында да керемет бар, кездейсоқтықтың болуы мүмкін емес. Сондықтан тағы бір рет қаз-қалпында бастырып, Арабстан, Пакистан сынды елдерге жөнелтуді жөн санадық. Алайда Бұрынғы Саидтың, Құранның шешендігіндегі мұғжизаларды баяндаған және өте нәзік шешендік байланыстарды түсіндірген, қысқа болғанымен көптеген мағыналарды қамтып тұрған сөйлемдерін Түрікшеге аудару қажет болды. Ишаратүл-Иғжаздағы ғажайып нәрселердің біреуі мынау: Әр бір аяттың басқа аяттармен байланысын, әр аяттағы сөйлемдердің бір-бірімен байланысын, жүйелілігін, сөйлем мүшелері мен әріптердің негізгі мағынамен байланысын көрсетіп, аяттардың, сөйлемдердің жүйесі мен жүйелілігінен, әр сөйлемдегі ұйқастан мұғжизаның нұрын көрсетуі.Сағаттағы секундтарды, минуттарды, сағаттарды көрсететін тілдер сияқты, ұйқастардағы сырлар мен ақиқаттарды дәлелдермен түсіндіріп береді, тіпті кейде бір әріптегі ұлы ақиқатты жеткізеді. Әр бір аяттың ақиқатын, мұғжиза екендігін нақты айғақтармен дәлелдеп береді. Қазіргі жүз отыз рисаленің өзегі дәнектері іспетті. Сөйлемдер мен сөйлем мүшелерінің, әріптердің сырлары мен астарлы түрде жеткізіп тұрған үкімдерін шешендік ілімінің (өнердің) қағидаларына, граматика ілімі мен логика ілімінің ережелеріне, діни жүйе мен басқа да ілімдердің заңдарына сай баяндайды. Тіпті рухани микроскоппен қарап, көзге көрінбейтін нәзік байланыстарды баяндап, нышан-белгілерін көрсетіп береді. Еш нәрсе Құранның назарынан тыс қалмайтындықтан, айтылған хақ мағыналар мен сырларға Құранның қасиетті сөздерінде астарлы, ишаралық дәлелдер бар. Хусрев, Сұңғыр, Хайри, Садық,Сабри, Сыддық Сүлейман* * * * *
Қысқаша аудармасыБұдан қырық жыл бұрын, бірінші дүние жүзілік соғыс басталардың алдында қолға алған Ишаратүл-Иғжаз тәпсірінің түсіндірмесінде былай дейді.Баяндауы мұғжиза болған Құран ақиқат ілімдерінің бұлағы және барлық ғасырлардағы адамзаттың барлығына арналған мәңгілік хұтба. Әлбетте бір адамның ақылы, оған лайық кәміл тәпсір жаза алмайды, ол мүмкін емес. Өйткені бір адамның өз ұстанымдарының әсері мен ой-пікірлерінен бейтарап бола алуы қиын. Адамның ішкі ұстанымдары әсер етсе ақиқаттарды толық түрде саф күйінде жеткізе алмайды. Адамның түсінігі (ақылы) өзіне тиесілі. Ол адам солай қабылдайды. Бірақ басқаға сен де осылай қабылда дей алмайды. Алайда ғұламалардың басым көпшілігі оның ойын мақұл көрсе, басқаларды да қамти алатындығын көрсетсе, ол кезде басқаларды да солай қабылдауға шақыруға болады. Бір адам өзі түсінген астарлы мағыналар бойынша үкім шығарып, иждихат қылған кезде, өзі амал етуіне болар, бірақ басқаларға айғақ ретінде көрсетуіне болмайды. Көпшілік сол үкімді қабылдаса онда болады. Мәселен, шариғи үкімдерді жүйелеп, практиакда қолдану үшін және ой-пікір бостандығынан бастау алатын рухани анархияны тоқтату үшін, нағыз ғұламалардан кеңес құрылса, ол кеңес көпшіліктің сенімінен шықса және ғұламалардың да басым көпшілігінің сенімін ақтап, үмметтің жоғын жоқтайтын, үмметтің уәкілдеріне айналса, солар жасаған иджтихат шариғи қағида бола алады. Сол кеңесті мақұлдап, мөр басуы көпшілікке арналған болады. Сол сияқты, Құраннан ашылған мағыналар мен тәпсірлердегі жеке-жеке игіліктердің жиынтығы, уақыттың тезінен өтіп ғылыми жаңалықтар арқылы нақтылана түскен Құрани ақиқаттарды анықтау үшін, зерттеуші ғалымдардың әр қайсысы бір ғылым саласының хас маманы болып, кеңінен ойлай алатын, өткір назарға ие ғұламалардан құрылған кеңес қажет.Қорытынды: Құранды тәпсірлеуші адамда аса даналық қасиет, көпшілік қабылдай алатын иджтихат жасау қабілеті, бір шама қасиетті күш болуы керек. бүгінгі таңда мұндай күш, рухани бірлігі бар топта ғана болады. Ол топ (жамағат) көптеген рухтардың ауызбіршілігінен, бір-біріне арқа сүйеуінен, ой-пікірлердің үйлесім
95табуынан, жүректердің бір-бірімен байланысынан ықылас пен шынайлықтан күш алатын топ болуы керек. (Ол қасиеттер) Ол топтың мағнауи рухына айналады. Иә, «бір топ біріккен кезде бір ерекшелік пайда болады, ол ерекшелік ол топтағы жеке тұлғаларда жоқ» қағидасы бойынша көптеген иджтихаттар солардан шығып, әулиелік нұрдың сәулесі бір жамағатта көрінеді. Бірақ ол жамағаттағы кісілердің еш қайсысынан ол ерекшелік байқалмайды. Демек қарапайым адамдардың ықыласпен бірігуі әулиелік ерекшелік тудырады. Осы ақиқатқа сүйеніп, осындай мақсат көздейтін бір топтың шығуын қалайтынмын, күтетін едім. Сол үміт жастайымнан арманым еді. Бірденен алдын ала сезу халі арқылы жүрегіме белгі берілді. Моралдық – материалдық екі үлкен зілзала жақындап келе жатты. (Сілтеме )*Өзім бейшара халде, кемшіліктерім көп, сөзімді дұрыс жеткізе алмайтын жағдайда болумен қатар, Құранның ұйқастарындағы мұғжизалардың ишараларын, жүрегіңе жеткен сырларды жазып ал, аяттардың имани ақиқаттарын жаз, деген қатаң ғайби ескертулер сездім. Алайда, соғыста, ауыр шарттардың ішінде жүргендіктен тәпсірлерге қарауға мүмкіндік болмады. Құраннан басқа пайдаланар кітап (қайнар) жоқ еді. Жазуға кірістім. Жазғандарым тәпсірлерге сай келсе жақсы, тамаша нығмет үлкен табыс болар еді... Әйтпесе жауапкершілік менің бейшара басыма жүктеледі. Сол кезеңде үлкен зіл-зала сияқты болған Бірінші дүние жүзілік соғыстың соңында, манағы айтқан топтың ұяларын тас талқан еткен үлкен рухани зіл-зала болып, ондай жоғарғы дәрежедегі ғылыми кеңестің өз міндеттерін атқару мүмкіндігі жойылды. Мен де өзімнің кемшін ой-пікірімді пайдаланып, жихад ету парызымды орындай жүріп, алғы шепте мүмкіндік бола қалса, жүрегіме жеткен ақиқаттарды жаза бердім. Тау-тастың арасында, шабуылға шыққан кездерімде, жоғалтып алушы едім. Алайда, осындай әр түрлі жағдайларға байланысты әр түрлі болып жазылған жазбаларды түзету керек болса да оларды өзгертуге Ұстаз Бірінші дүние жүзілік соғыстың алдында, бізге Арабша сабақ беріп тұрған кезінде қаншама рет «Жалпыға әсер етер үлкен зілзала келе жатыр, дайын болыңдар». Сол кезде жұрт мен сияқты жалғыз өмір сүретіндерге қызыға қарайтын болады, дейтін. Көп ұзамай оның осы айтқаныдары айна-қатесіз орын алды.Хорхордағы бұрынғы шәкірттерінің атынан уағызшылар медресесінің түлектері Мехмед Садық, Сабри, Мехмед Шефик, Мехмед Михри, Хамза...
96жүрегім разы болмады. Өйткені кез келген уақытта шәхид болып кетуге дайын жүргендіктен шын ықылсапен жазылған еді. Ондай ықыласты жағдай әр дайым бола бермейді. Мен бұл жазбаларымды Құранға тәпсір ретінде емес, тәпсірдің кейбір жақтарына қайнар-бұлақ ретінде кемеліне келген зерттеуші ғұламалардың назарына ұсынамын. Расында да менің құлшынысым (арманым) шамамнан тыс алаңдарға алып барды. Егер зерттеуші ғалымдар жақсы қабылдаса, менің құлшынысымды әрі қарай арттыра береді.Саид Нұрси
98** * * * *Аудармасының негізгі мағынасыАдамзатты жаратып, оған Құранды үйреткен Аллаһтың Рахман есімінің ұлы көріністеріне, мейрімі түсіп тұрған заттардың санынша шүкір етіп, Адамзаттың асылы Мұхаммед Алейһиссалату Уссаламды әлемдерге мейрім ретінде (шапағатшы) жібергендіктен, сол Ұлы Пайғамбардың Пайғамбарлығының жемістері қанша болса сонша оған және ұрпақтары мен сахабаларына салауат пен сәлем айтып шүкір етеміз. Оның ұлы мұғжизасы және бүкіл әлемдегі ақиқаттардың ишара, рәміздері жинақталған Ұлы Құран қаншама ғасыр өтсе де адамзатқа үздіксіз сабақ беріп келеді және қияметке дейін жалғаса бермек. Пайғамбарымызды да адамзатқа Ұлы ұстаз етіп тағайындаған. Енді мынаны түсініп алыңыз.Біріншіден: жазғалы отырған мына ишаралар мен белгілердегі мақсатымыз, Құранның ұйқастарындағы кейбір ишаралардың тәпсірі. Өйткені жеті түрлі мұғжизаның ең нәзік нүктесі бірақ мықты, сөзбен жеткізгенімен ақиқаттарға толы мұғжиза, Құрандағы ұйқастарда көрініс беруде. Өте жарқын мұғжиза да ұйқастардың ирімдерінен шығып жатыр.Екіншіден: Құранның негізгі мақсаты төрт ақиқаттан тұрады. Тәухид, (Аллаһтың бір екендігі) Нүбувет (Пайғамбарлық) Хашир (қайта тірілу) Әділет. Өйткені: Бүкіл әлем деп аталатын алаңда адамзат баласы ғажайып әрі үлкен бір топ ретінде басқа топтармен
99бірге ғасырдан ғасырға, өткен шақтың шатқалдары мен қалаларынан, көрме алаңдарынан шығып, дене мен өмір алаңынан өтіп, болашақтың биік тауларына, бауларына зер салатындықтан, жер бетінің халифасы болғандықтан және басқа да тіршілік иелерін басқаруы жағымен басқа тіршілік иелерінің адам баласымен байланысынан әсер алуына орай, бүкіл әлем де оған қарай бет бұрып адам баласымен тығыз байланыс құруда. Адам баласы бір ғана тайпа бола тұра, мыңдаған тайпалардың ісіне араласатындықтан бүкіл әлем оларға әлемдердің жаратылуының нәтижесі ретінде қарайды. Бейне бір Әлемдерді жаратушы үкімет, сол үкіметтің сақшылық қызметкері, пайда мен зиянды зерттеуші мамандары, сұраққа тартар органдары арқылы әлгі қонаққа мына сұрақтарды қойып жатқандай: «Ей, Адам баласы! Қайдан келе жатырсың? Қайда барасың? Не істейсің? Барлық нәрсеге араласып, кейде былықтырып жібересің. Сұлтаның кім? Сендерге кім не айтуда? Басшыларың кім? Көш басшыларың кім? Соған жауап беріңдер.Осы әңгімелер барысында Адамзат тобының арасынан Мұхаммедүл Хашими (с.а.у.) өзіне ұқсаған Ұлы Пайғамбарлар сияқты сұрақ қоюшыларға қарсы орнынан тұрып Құранның тілімен былай деді: Ей сұрақ қоюшы сот! Біз жаратылғандар тобы, мәңгілік Сұлтанның бұйрығымен жоқтан пайда болдық. Бар болу деген жарыққа шықтық. Әр бір топ бір-бір міндет арқаладық. Біз Адам баласы ұлы міндет арқаладық. Жер бетінің халифасы ретінде басқа да жаратылған бауырларымызға қарағанда жоғары дәрежелі қызмет алып, мына көрме алаңына жіберілдік. Кез келген уақытта жолға шығуға дайынбыз. Хашир арқылы өтетін мәңгілік бақытқа қол жеткізуге тырысудамыз. Біздің негізгі байлығымыз болған қабілеттеріміздің дәнектерін Иман мен Құран арқылы көктетіп, көгертуге баулудамыз. Бұл топтың қызметшісі де басшысы да менмін. Міне, моралдық та материалдық та ауа, мына қолымдағы бұйрықтың әр бір сөзін миллиардқа көбейтіп бүкіл әлемге естіртуде. Ол ұлы бұйрық – Әзал мен Әбәд Сұлтанының сөзі. Соның сөзі, соның бұйрығы екендігін үстіндегі ғажайып таңбасы мен мәңгілік мөріне қарап көр, бар, айт».Иә, жаратылыс атаулының барлығына қойлыған мына ең қиын, үш-төрт сұраққа дұрыс әрі кәміл жауап берген тек ұлы Құран ғана. Ең басында-ақ бұйрығы арқылы жар салуда.
100Басынан бастап осы жерге дейін бір ақиқатты түсіндің. Ол ақиқаттан түсінетініміз Құранның негізі төрт ақиқат. Яғни, Тәухид, Нүбувет, Хашир, Әділет. Осы төрт ақиқат Құрандағы төрт негіз болумен қатар бұл төрт мақсат көптеген сүрелерде кездеседі. Әр бір сүре шағын Құран іспетті. Әр бір сөйлемде де осы төрт мақсатқа ишаралар бар. Кейде тіпті бір сөздің өзінде осы төрт мақсатқа ишаралар кездеседі. Өйткені Құрандағы бөлімдер, аяттар, сөздер бір-біріне айна болып, біреуі екіншісінен көрініс табады. Құран аяттары мен сөйлемдері, сөздері бір-бірімен ұштасып, сол мақсаттардың нұрын бір-біріне жеткізіп тұрғандай. Айнаға түскен бір сөз, бір сөйлем кейде шағын бір Құранды көрсетеді. Құранға тиесілі бұл сыр, яғни жалқылық (ерекшелік) жалпылық сипатта бір мақсатты меңзейді. Құран жалқы болғанымен логика ілімінде көптеген мүшелерден тұратын жалпылық сипат алатын обект ретінде айтылады. Демек бір Құранның ішінде өзіндік мың Құран болғаны. Сондықтан жалпылық бейне алған. Солай болуы да керек. Өйткені шексіз түрде, көптеген топтарға сабақ беретіндіктен, бір сабақтың өзінде сол топтардың санынша сабақтар болуы керек.Сұрақ: Осы төрт ұлы мақсатты бізге Бисмиллаһ пен Әлхамдулиллаһ сөйлемдерінде көрсетіп бере аласыз ба?Жауап: Онда былай айтамыз, Бисмиллаһ (сөзі) Аллаһтың құлдарына сабақ ретінде түскен, әлбетте онда айту мағынасындағы сөзі Бисмиллаһтың ішінде бар. Граматика ілімі бойынша «анықтауыш» деп аталады. Бисмиллаһтағы «анықтауышы» Құрандағы барлық , (айт айт) сөздерінің негізгі, анасы, осы Бисмиллаһтағы . Олай болса сөзінде Пайғамбарлыққа ишара бар. Бисмиллаһта Аллахтың Улухиетіне де ишара бар. дағы -нің жаршысы, -дің Бисмиллаһтың соңында «анықтап» тұруы бір, жалғыз дегенді білдіретіндіктен Тәухидке ишара етеді. Яғни тек соның атымен баста медед ал.Рахман есімінде әділеттік жүйеге, мейрімнің нышандарына ишара бар. Өйткені неше түрлі жаратылыс жүйе арқылы жарасым тауып тұр. Мейрімге бөленіп тұр. Рахим есімі де Хаширге ишара етеді. Өйткені мағынасындағы кешіру, мейрім төгу, аяу бұл дүниеде толық
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255