201Бір жағынан коммунизм сынды дін, ар-ождан, әдеп-ғұрыптарды тас-талқан етіп, жарты Европаны, Қытайды жалмап қойған, бүкіл әлемге бүлік шашушы, жыртқыш, күпірлік жүйеге қарсы екінші жақтағы елдер, халықтар өз ара шара қолдануда. Мұнымен қоса сырттағы жасырын бүлікші ұйымдар елімізді тас-талқан еткілері келген тұста біз отыз жылдан бері аса әсерлі қызметті ықыласпен бастап, Ұстазымыз Саид Нұрсидің кітабы Рисалей-Нұрды жүз мыңдаған нұсқамен таратып, жүз мыңдаған оқырманның жақсы мінез, жақсы халін және сақшылардың қоғамның тыныштығын бұзған бір де бір Нұр шәкірттерін көрсете алмауын алға тартып, мынаны нақты айта аламыз, Рисалей-Нұр бұзғыншы ағымдарды тоқтатушы Құрани және Имани қорған.Ұяты бар сақшылар да нақ расталып тұрған бұл ақиқатқа куә болуда. Иман жолындағы қызметтің рухани, ақыреттік пайдаларына қарамағанның өзінде дүниелік, жақтан да халыққа пайдасын бір кездері ұстаз былай жеткізген еді. Уақыт мұның да қаншалықты дұрыс айтылғанын көрсетіп береді. Сол кезде былай деген еді. Қазір бұл елдің, халықтың екі дүниелік бақытына әсер етер екі ағым бар. Біреуі: Солтүстіктен шыққан сұмдық дінсіздік ағымының бұл елді рухани түрде жаулап алуына қарсы Құранның ақиқаттары Иманның нұрлары арқылы қарсы тұру. Өйткені, ол дінсіздік ағымы рухани түрде бүлдіру болғандықтан рухани түрде қарсы тұрар күш керек. Құрани ақиқаттардың сәулесі болған Рисалей-Нұр рухани қалыпқа келтіруші атом бомбасы ретінде мына ағымға қарсы тұра алады және солай болады да.Екіншісі: Мың жылдан бергі Исламның қаһарман әскеріне ту ұстаушы болған Түрік халқына қарсы Ислам Әлемінің жауласуын тоқтату. Түріктердің әлі де баяғыдай Исламның қаһарман әскері екендігіне сендіру. Осылайша төрт жүз миллилн шынайы бауырларына қайта қауыштырып бақытқа жетелер маңызды шаруа атқару. Бұл елге иман ақиқаттарын жеткізу арқылы Рисалей—Нұр бұл пайдалы шаруаны іс жүзінде атқарып отыр. Рисалей-Нұрдың бір шәкірті бұрынырақта қолындағы Нұр кітаптары мен сол жерден алып айтқан уағыздары арқылы шығыс шекарада Орыстардың сол маңда жүргізген үгіттерін тоқтатқан еді. Осылайша бір шәкірт елге, отанға, қоғамға қалың әскердей қызмет еткен еді. Рисалей-Нұрдың мақсаты
202тек қана ақыреттік және Аллаһ ризалығы үшін Иман жолында қызмет ету болғандықтан, дүниелік түрде жақсы нәтижелер берді. Қоғамдық өмірге тигізер бір пайдасы.2. Отыз-қырық жылдан бері жалғыз. Ауру, түрме сынды себептерге орай, аса қажет болмаса адамдармен кездесуге жағдайы келмейтіндіктен, сырттан келген достарын ренжітсе де кездеспей кері қайтаруы, ақшам уақытынан кейін ертесі күнгі сәскеге дейін жанындағы жәрдемшілерін де бөлмесіне кіргізбейтіндігі рас. Бұны сөз етудің қажеті де жоқ. Ұстазымыз Саид Нұрсидің баяғыдан бергі бір мінезі жалғыз отыруы, аса қажет болмаса адамдармен кездеспеуі, өмірлік әдетіне айналған. Тіпті көзі тірі жалғыз інісі жақын маңдағы бір қалада тұрып, отыз жылдан бері көрмесе де кездесу үшін қасына шақырмаған. Жанындағы жәрдемшілері де ақшамнан кейін аса қажеттілік тумаса ертесі күнгі сәскеге дейін бөлмесіне кіре алмайды. Ауыр науқас және адамдармен әңгімені көтере алмауы себепті көптеген достарын кері қайтаруда. Отыз жылдан бері Ұстазбен тікелей айналысып, достық қарым-қатынас орнатқан сақшылыққа қоғамдағы тыныштық жолында Рисалей-Нұр арқылы еңбегі сіңген Ұстаздың бүкіл болмысын сот тергеп-тексерген, сақшыларға белгісіз еш бір жағы жоқ. Жасырын дін дұшпандарының ол жайлы ойдан шығарылған алып-қашпа сөздері сақшылардың отыз жыл бойы әбден көз жеткізген сенімдерін бұза алмауы керек. Қоғамның тыныштығын сақтауға қызмет етушілер мұны білгендері жөн.3. Ұстаз науқас, жұмаға да шыға алмайды. Таза ауаға шығуға мұқтаж. Сондықтан өте сирек болса да отыз жыл бұрын он жылдай тұрған Барла ауылына барып, өзіне тиесілі бір бөлмеде бір шама тұрып қайтады. Жазда қала сыртында адам аз жүретін жерлерге екі-үш сағатқа шығып, дем алып қайтады.Қарттық пен ден саулығына байланысты жаяу жүре алмайды және халықтың құрмет көрсету үшін топырлап мазасын алмауы үшін машинамен барып келеді. Бұлардан басқа, ешқандай ауылға, орамдарға, тіпті отыз жылдық достары тұратын жерлерге де бармайды. Әңгіменің ақиқаты осы.Қызмет көрсетуші шәкірттеріТахири, Зүбейр[Сілтеме: Талай жерлерде жарияланған және тыныштық бұзды деу шындыққа жанаспайтындығын дәлелдеп, Анкара ішкі істер бас басқармасына ұсынылған бір ақиқат]
203Нұр шәкірттері қоғамның тыныштығын сақтаушылар.Қоғамның тыныштығын сақтаушылар екендігінің нақты дәлелі мынау: Алты аймақтағы алты сақшылық басқармасы алты жүз мың шәкіртті жиырма сегіз жыл бойы жазықсыз жазғырып келсе де еш қандай тәртіп бұзғандықтарын тіркемеген. Тіпті Афион Прокурорының тыныштықты бұзуда дегеніне байланысты Ұстаз, «Жиырма сегіз жыл ішінде орын алған бір келеңсіз оқиғаны көрсетіп бере аласыз ба? Көрсете алмасаңыз неге жала жабасыз? Бір жас шәкірттің басқа мәселе бойынша ұсақ-түйек кемшілігінен басқа алты жүз мың шәкірттің тәртіп бұзғаны жоқ. Ал бұл жағдай Нұр шәкірттерінің қоғамның тыныштығын сақтаушылар екендігін дәлелдеп отыр» деп Афион Прокурорының аузын жапқан.* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым!Осы жолы моторлы қайықпен Эгрідірден Барлаға бара жатқанда теңіздегі (көлдегі) сұмдық дауыл Қадір түніндегі ауыр жағдай (ауруы) сияқты ауыр жағдайды мейрімге айналдырғандығын айтайын. Алты жолдаспен бірге шәхид болу жеті ықтималдан алты ықтимал еді. Теңіз бізге кең қабір болуға дайындалды. Жаңбырдың Рисалей-Нұрға бір қатысы барын талай рет көргеніміздей қазір де көптен бері жаңбыр жаумаған жаңбырға аса мұқтаж кез еді. Рисалей-Нұрдың жасырын жауларының қауіпті жоспарларынан құтылуының себептеріндей қабыл болғыш садақаға ұқсайтын халіміз бар. Мейрімді Аллаһтан жеткен жаңбырдың анасы іспетті теңіз, сол мейрімді тезірек төккісі келгендей аласұрып, Нұр шәкірттері болған біздерді мейрім шапалақтарындай тамшылармен басымызды сабалап бет-жүзімізді сипап жатты. Бұл жағдай бізге сырт қарағанда қаһар төккендей болғанымен, шынтуайтында басымыздан сипау болып көрінді. Мен дауыл мен жаңбыр басталмай тұрып, мейрім қазынасының есігін ашар қиыншылықты алдын ала сезгендіктен Жәушан мен Шах-ы Нақшибендиді қайт-қайта оқып отырдым. Теңіз аласұрып жатқанда сол берекелі теңізді қабір ретінде қуана қабылдауға дайын едім. Мұндай жағдайда опат болғандар шәхид есебінде. Ал шәхид әулиемен тең болғандықтан алты жолдасыма да жаным ашымады. Арамыздағы бір балаға аздап жаным ашыды. Қайықтың моторы
204бұзылды. Жел қарсы жақтан тұрғандықтан желкеннің де пайдасы болмады. Үлкен-үлкен толқындар қайыққа ұрып, бізге шабуыл жасап жатқандай болғанымен ішіне кірмеді. Біз де сабыр сақтап, шүкір еттік. Аман-есен жағаға шығып дедік...Саид Нұрси* * * * *Ұстаз былай деді.Мен елу-алпыс жылдан бері нағыз күпірлікке қарсы Иман жолында қызмет еттім. Нағыз күпірліктің нәтижесі болған анархиядан елді құтқару үшін бар күшіммен иман қызметіндегі ықыластың нәтижесі болған қоғамдық тыныштықты сақтау арқылы, бір қылмыскердің кесірінен он бейкүнәні жазалауға жол бермеу үшін жан рахатымды, беделімді, намысымды, қажет болса өмірімді де аямай қаншама қысымдар мен мағнасыз әрекеттерге қарсы шыдап келдім. Иман жолындағы қызмет үшін отыз-қырық жылдан бері мен жайлы түймедейді түйедей етуші, бір кесе суда дауыл туғызушы шабуылдарға Иман жолындағы қызметтің нәтижесі болған қоғамның тыныштығы үшін сабыр еттім, шыдап бақтым. Солардың бір мысалы:Бес соттың құзырында ешкім менің киім киісіме тиіспеді. Үнемі солай жүрдім. Тіпті Стамбул сотында жүз жиырма сақшы жүрді, киіміме тиіспеді. Екі ай Стамбулда жаяу жүрдім, ешкім тиіспеді. Тиісуге де құқы жоқ. Өйткені мен жалғыз өмір сүрудемін. Мешітке, базарға, көпшілік орындарға барып жатқаным жоқ. Шықсам машинамен шығамын. Аса қажет болмаса адамдармен сөйлеспеймін... таза ауа жұту үшін тауға, адам жоқ жерлерге шығып кетемін. Бұл дүниені ғана ойлайтындардың менің халіме тиісуге құқы жоқ.Аса маңызды Имани мәселеге байланысты машинамен Стамбулға келгенде Стамбулдағы кейбір ресми қызметкерлер жиырма жақтан алғанда заңсыз түрде әрекет етіп, бір кесе судан дауыл туғызғандай, заң атынан заңсыз әрекет етуде. Миллиондаған шәкірті бар адамға биттің қабығына татымайтын мәселелерді сылтау етіп, ресми түсінік алу үшін адамдарды жіберуде. Түймедейді түйедей етушілерге қарсы Ұстаз «Иман жолындағы қызмет арқылы шынайы ықыласпен анархияны тоқтатып, қоғамның тыныштығын сақтау үшін сабыр
205мен шыдам керек. Мен де осы жолда жан рахатымды, беделімді пида етудемін. Аналарды да кештім» деді. Ұстаздың осы жолы Стамбулға баруына байланысты Стамбул прокуротурасы түсінік алу үшін екі қызметкерді Ұстазға жіберіпті. Ұстаз Оларға «Бұл мәселе бойынша мен бұдан бұрын да сотқа жауап бергенмін. Сот ақтау шешімін шығарды. Басқа айтарым жоқ» деп, Самсун сотына жолданған және Стамбул сотында оқыған жауаптарын қайталап айтып берді. Денсаулығына байланысты басын орап жүруге мәжбүр. Бұған байланысты бұрыннан алған медициналық анықтамасы да бар. Таза ауамен дем алып, орын ауыстырып отыруы да керек. Үнемі бір жерде отыра беру, денсаулығына жақпайды. Бұрын қажеттілік болмаған соң бұл анықтаманы көрсетпейтін, қажеті жоқ дейтін.Ұстазға қызмет етуші Нұр шәкірттеріТахири, Зүбейр, Сұнғыр, Хүснү, Байрам* * * * *ҰСТАЗДЫҢ ӨСИЕТНАМАСЫЖеке маған және Рисалей-Нұрдың рухани тұлғасына тиесілі қаражатты, өздерін Рисалей-Нұр қызметіне арнаған кісілердің ас-суына беру керек. Әсіресе нәпақасына жеткізе алмайтындарға берілсін.Бірнеше жылдан бері осы арнайы берілер қаражатты алып келе жатқан Нұр шәкірттері хас шәкірттерге белгілі. Қазір менің жанымдағы бауырымды өзіме мұрагер етіп отырмын. Менің міндеттерімді орындауға тырысуы керек. Өз ара көмекті толық сақтау керек.Иә, осы өсиетнаманы растаймынСаид Нұрси* * * * *
206ӨСИЕТНАМАНЫҢ ҚОСЫМШАСЫҰстаз өмірінің соңында адамдармен сөйлесуге тыйым салынуына орай мынаны түсініпті, бүгінгі таңда жеке тұлғаның адамдарға зиян беріп қалатын жағдайы болады. Рисалей-Нұр жолындағы шынайы ықылас үшін осы қажет. Өйткені қазір атақ-даңқтың арғы жағында рияшылдық жататындықтан аса жоғарғы ықылас арқылы менмендікті бір жола тәркі ету керек.Достарым алыстан рухыма фатиха оқысын. Рухани түрде зиярат етіп, дұға жасасын. Қабірімнің басына келмесін. Ұзақтан оқылған фатиха да рухыма жетеді. Рисалей-Нұрдағы аса жоғарғы ықылас арқылы менмендікті біржолата тәркі ету үшін рухани себеп сезудемін. Өздерін Рисалей-Нұр жолына арнап, жанымда жүргендер қабірімнің басында кезектесе отырып, қабіріме бостан-босқа зиярат етуге келгендерге осы мағаналарды түсіндірсін.Саид Нұрси* * * * *Мендерестің Конияда сөйлеген сөзіне байланысты түсіндірмеПремьер министр, сөздерінің мақсатты түрде тәпсірленіп жорамал (бұрмалу) жасалғандығын айтуда (жеке хабаршымыздан)Анкара: Премьер Министр Аднан Мендерестің Конияда сөйлеген сөздеріне байланысты «Зафер» газетінің сұрақтарына былай жауап берген еді.«Конияда Үкімет алаңында жиналған көпшілікке, құрметті Кониялық отандастарыма сөйлеген сөздерімнің зайырлылық жайлы бөлімін қаскөйлік пиғылдағы журналисттер қалай жорып, қалай бұрмалағанын көрдім. Өкінішті-ақ. Сөздерімнің бір бөлігі бауырларды бір біріне айдап салса, енді бірі оңшыл саясатшыларға қарсы майдан ашады екен. Енді бірі қасиетті нәрселерді қорғауға қарсы екен. Айналып келгенде Түрік төңкерісінің негіздеріне зиян береді дейді.Бұл жазбалардың назар аудартар жағы, Кониядағы сөздерім арқылы жеткізгім келген мақсаттардың, нәтижелердің жолын кесіп, аяқтан шалуы. Мәселені дұрыстап түсіндіру үшін, біріншіден Кониядағы сөздерімді Анадолу агенттігінде жариялаған қалпы қайталағым келеді. Сол күні былай дегенмін.
207Қазір сіздерге зайырлылықты қалай түсінетіндігіміз жайлы айтқым келеді. Зайырлылық бір жағынан дін мен саяасаттың бір-бірінен бөлек тұруы болса, екінші жақтан ар-ождан еркіндігі деген мағнаға келеді. Дін мен саясаттың бір-бірінен бөлек болуы жайлы күмән жоқ. Ар-ождан еркіндігіне келер болсақ, Түрік халықы мұсылман. Мұсылман қалпында қала бермек. Біріншіден өзіне де келешек ұрпаққа да дінді үйретуі, діннің негізгі қағидаларын үйренуі мәңгі мұсылман болып қалуының сөзсіз бір шарты. Алайда мектептерде дін сабағы болмағандықтан баласына өз дінін үйреткісі келетін отандасымыз мұндай мүмкіндіктен мақұрым қалуда. Мұсылман баланы өз дінін үйренуі сынды табиғи құқынан айырмау керек. мұндай мақұрым қалулары, мүмкіндіктің болмауы, ар-ождан еркіндігіне сай деуге келмейді. Сондықтан орта мектептерде дін сабағын оқыту орынды бір іс болады.Дінсіз қоғамның, ұлттың тұғырлы бола алатынына сене алмаймыз. Ең дамыған халықтардың өзі дін мен саяси істерді және дүниелік шаруаларды бір бірінен айырып, бөліп алған соң қаншалықты діндеріне берік қалғандығын көріп отырмыз.Бүгінгі жағдайда асыл халқымызды соқыр сенімге жабысып қалған дей алмаймыз. Халқымыз дініне берік болуымен қатар, жалпы алғанда дінге деген сезімдері кіршіксіз. Ислам діні халқымыздың жан дүниесінде ең жоғарғы орын алуда. Мұсылмандықты және оның негіздерін, парыздарын, қағидаларын өз деңгейінде үйрететін мұғалімдер дайындауға ерекше күш жұмсалатын болады. Келер жылы лицей дәрежесінде алғашқы түлектер шығаратын Кония Имам хатиб мектебінің жоғарғы дәрежеде діни сабақ беретін ордаға айналғаны, осыған ұқсас мекемелердің елімізде көптеп ашылғаны жөн болады». «Кониядағы сөздерімнің осы бөлімін құрметті Түрік халқының есіне салып, қайталаған соң мынаны да ашық айтайын. Сөздерім қандай да бір жағдайда өңін айналдыруға келместей анық. Тәпсір жасалып, жорамал айтылар болса, зерттеліп оқылар болса осы ашық айтылып тұрған сөздерден айнымаған жөн. Менің сөздерімді өзгертуге ешкімнің құқы жоқ. Сонымен қатар ешқашан ойыма кіріп-шықпаған мақсат-ниеттерді маған телуге де қақы жоқ». (Сілтеме ).*Премьер министрдің Кониядағы маңызды сөздері үшін Нұр шәкірттері мен бейкүнә мектеп оқушыларының атынан құттықтау сөз жазбақшы едім. Қазір жүрегіме бір ескерту келді. Рисалей-Нұрдың еркін таралуы керектігі жайлы қорғау сөздеріміздің және адвокаттарымыздың сарапшыларға берген жауабының арғы жағында осы сөздерді Рисалей-Нұрдың еркін таралуына себеп, айғақ ретінде
208Ұстазымыз Саид Нұрси былай дейді:«Спарта менің өз отаным. Олай болса, сол отаныма, сол жердің адамдарына қайырлы бір іс болғанын қалаймын».Аса маңызды бір қайыр мынау:Афион Рисалей-Нұр жинағын толықтай қайтарып беріп, Ислам Әлемі үшін тіпті адамзат үшін үлкен жақсылыққа себеп болды және сегіз жылдан бергі қателіктерін түзетіп, кешірім алды. Сол сияқты мына берекелі Спарта да Ислам Әлемінің назарында Мысырдағы Әл-Әзхар Университеті мен баяғы Шам Шәрифтей берекелі болып саналатындықтан, Рисалей-Нұрды иелеріне қайтарып беру арқылы қол жеткізер абырой жағынан Афионнан кері қалмайтын болады. Тіпті жиырма есе асып түсетін болады. Спартаның әділ соты, отан сүйгіш демократтары мен діндар халқы өз аймақтарын осындай абыройға бөлеу үшін және Афион қол жеткізген абыройдан жүз есе артық абыройға иә болу үшін, осы берекелі Спартаның өкілі саналар Рисалей-Нұрды иелеріне қайтарып беру жолында еңбек етсін. Мәселен, Спарталық депутат Тахсин Тола, Анкара мен Афионның Рисалей-Нұрды қайтарып беруі үшін жүз адамдай пайда әкеліп, мына аса үлкен хайырлы абыройдың жартысын Спарталықтарға әперіп те қойды.Ұстазға қызмет етушіНұр шәкірттері* * * * *көрсету арқылы Анадолудағы мұсылмандарды және барлық Нұр шәкірттерін оған рухани күш берер дұғашы жасау керек. Азанды қайтадан арабша шақыртуға рұхсат беруі оларға рухани күш болды ғой. Осы сөздер арқылы Рисалей-Нұрдың еркін таралуы да оған үлкен рхани күш болады. Оған құттықтау сөз жазудың орнына адвокатымыздың қорғау сөздеріне қосымша жасадық.*Жастар шырағының жинатылып алу сылтауларына қарсы шыққан адвокат Михридің қорғау сөздері сынды, Премьер министрдің Кониядағы бұл сөздері де сондай сылтауларды жоққа шығарушы бір ақиқат.*Бұл қорғау сөздері Әшрәф Әдип жарыққа шығарған шағын Өмір Тарихында бар.
209Ұстаз ілімнің абыройын сақтау үшін баяғыдан бері ең жоғарғы дәрежелі басшыларға да бас имеді. Халықтан да сыйлық алмайтын. Қазір ұстаз қанша әлсіз болса да, ғалымдарға зияны тие қоймайтын сыйлықтарды да қабылдамайды. Тіпті қасындағы көмекшілері бізден де қайтарымсыз еш нәрсе алып, жемейді. Жесе ауырып қалады. Бұл жағдай, ешқандай пайда көздемейтін Рисалей-Нұрдағы ықыластың сақталуы үшін осылай ауыртатын әдетке айналды. Ауру осы қағиданың бұзылуына жол бермеуде деп сенеміз. Тіпті Рисалей-Нұрдың кеңінен таралу қуанышы ілім жолындағылардың бірін-бірі құттықтап сұхбаттасуы кезінде және осы айтта да ең хас шәкірттерімен жүздесіп сұхбаттасуға да науқастанып қалу арқылы тыйым салынғандығын (рухани ескерту арқылы) айтты.Тіпті біз мынаған куә болдық: Айт кезінде қатты ауырып қалуына байланысты шәкірттеріне «Менің қабірім жасырын қалсын. Бір-екі шәкіртімнен басқа ешкім білмегені жөн. Бұл менің өсиетім болсын. Бұл дүиеде мені сұхбаттасудан тыйып отырған бұл ақиқат, өлгеннен кейін де осылай болуына мәжбүр етуде» деді.Біз де Ұстаздан, қабірді зиярат еткендер Фатиха оқиды, хайырлы іс жасайды. Сіздің өз қабіріңіздің зиярат етушілерге мүмкіндік бермеуіңіздің сыры не? деп сұрадық.Ұстаз былай жауап берді. Мынадай сұмдық заманда, баяғы перғауындардың дүниелік атақ-даңқын шығару үшін мүсіндері мен суреттеріне, мумияларына назар аудартулары сияқты, менмендіктен туындайтын көр соқырлық мүсіндер, суреттер, газеттер арқылы жеке бастарына назар аудартуда. Ақыреттік жағдайды емес дүниелік жағдайды ойлап зиярат етеді. Баяғыдай Аллаһ үшін зиярат етудің орнына қайтыс болған адамның дүиелік атақ-даңқына көп мән береді. Соны ойлап зиярат етеді. Мен де Рисалей-Нұрдағы жоғарғы дәрежелі ықыласқа зиян бермеу үшін, сол ықыластың сырына орай қабірімнің белгісіз болып қалуын өсиет етемін. Батыстағы, шығыстағы кім оқыса да фатихалары рухқа жетеді. Бұл дүниеде маған сұхбаттасуға тыйым салған ақиқат өлгенен кейін де сауап жағынан емес дүниелік жақтан тыйым салуға мәжбүр ететін болады деді. Қызмет етуші шәкірттері.
210[Ұстаздың Афион сот алқасына жолдаған жазбасының көшірмесі]Бүгін сізді құттықтап, рахмет айту үшін Афионға келдім. кітаптарымыз жоғалып кетпеуі үшін біраз уақыт жақсылап сақтағаныңыз үшін рахмет айтамыз. Енді Анкараға жіберетініңізге де рахмет. Он жыл бұрын біреулердің өз ара хат жазысып, кейде менің атымнан жазылғанымен менің қолым қойылмаған хаттарды әуелі сотта тексеріп, жауапқа тартар еш нәрсе болмаған соң мән берілмеген еді. Талай уақыт өтіп кеткен және жарияланбаған сондай-ақ рақымшылық заңына ілініп тұрған және менің хабарым да жоқ, Рисалей-Нұрға байланысты хаттарды қайта қарау, әділет орындарының қызметкерлері мен сарапшыларды қажетсіз жерде әуре етпеу және біздің ісіміздің кейінге қалдырылмауы үшін әлгі жеке хаттарымды мүбәрак кітаптарға араластырмауыңызды әділдігіңізден күтемін.Бұл сот, екі рет сол кітаптардың ақталуы мен иесіне қайтарылуы жайлы шешім шығарса да, кейбір себептерге байланысты қайтарылмай қалды. Сол кітаптардың барлығын, кейде жинап алынған бөлімдерін бес сот тергеп тексеріп, қайтарып бергендігін хабарлаймын. ИнашаАллаһ әділдігіңіз бен жақсы ниетіңіз бұл жолы да қайтарып беруге себепші болады.НауқасСаид Нұрси * * * * *
Құрметті Аднан Мендерес!Отыз бес жылдан бері саясатты тәрік еткен Ұстазымыз Бәдиүззаман Хазрет, қазір Құран және Исламият жолында, отан үшін бар күшін салып, шәкірттерімен бірге дәрістері арқылы Демократ Партияның билікте қала беруі жолында еңбек етіп жатқандығына біз Демократ Партияның мүшелері және Нұр шәкірттері толық сенімдеміз. Ұстаздан неге Демократ Партияның билікте қала беруі үшін еңбек ететінін сұрадық. Жауабы былай болды.«Егер Демократ Партия биліктен кетсе не Халық Партиясы не Ұлт Партиясы билікке келеді. Ал Халық Партиясы Иттихадшылардың қырын кеткен тобының қылымыстары мен Республиканың алғашқы басшысының Севр келіссөзі мен басқа да саяси құқықтарының нәтижесінде он бес жыл бойы жасағандарының басым бөлігін бұрынғы билікке артатындықтан мына асыл Түрік халқы ол партияны өз еркімен билікке әкелмейді. Өйткені Халық Партиясы билікке келер болса, осы партияның шапанын жамылған коммунист күштер елді билеп алады. Ал бір мұсыламн еш қашан коммунист бола алмайды, анархист болады. Мұсылман адамды басқалармен салыстыруға болмайды. Сондықтан, қоғамдық өміріміз бен отанымызға сұмдық қауіп төндіріп тұрған бұл партия билікке келмеуі үшін Құран, Отан және Исламият атынан Демократ Партияға қолдау білдіремін» деді.«Ұлтшылдар билікке келсе: Егер бұл Партия Исламиятты негізге алса (Сілтеме ) бәрінің де орнын толтырады. Діні мен тілі бір болса, *бір ұлт болғаны. Діні бір болса бір ұлт (миллет) саналады. Демократ Партияға қолдау жасайды, қарсылық білдіріп, билікке келуге тырыспайды. Егер бұл партия Нәсілшілдік, Түрікшілдік пікірді негізге алса, бұл елдегі халықтың онда үші ғана таза Түрік, басқалары әр түрлі халықтармен араласып кеткен. Ол кезде демократиялық төңкерістің алғашқы кезеңіндегідей, мына асыл Түрік Халқына қарсы ұлтшылдық, жікке бөліну белең алады. Онда таза Түріктерді шетелдіктердің мойындырығының астына кіруге мәжбүр етеді. Не Түріктенген басқа ұлттар ұлтшылдық сезіммен шет елдіктерге Исламият миллеті (Исламда батыстық түсініктегі ұлтшылдық жоқ.
212арқа сүйеп, таза Түріктерге үстемдік жасайды. Мұндай жағдай өте қауіпті болғандықтан Құран үшін және Отан үшін діндар және дінге құрмет көрсететін Демократ Партияның билікте қалуы үшін дәріс берудемін» деді.Құрметті Аднан Мендерес,Бар мақсаты Отан мен халықтың сәлеметі болған және сол жолда тер төгіп, сабақ беріп жүрген Ұстазымыз Бәдиүззаман сынды мүбәрак, аяулы жанның Демократ Партияға жасаған жақсылықтарын қызғанған Халық Партиясы мен Ұлт Партиясының адамдары, биліктегі партия жасап жатқандай көрініп, неше түрлі сылтаулармен Ұстазды қинап, оны Демократ Партиядан сырт айналдыру жолында бар күштерін салуда екендіктеріне толық сенімдіміз.Сіз сияқты «Діннің талаптарын орындаймыз, дін бұл елге ешқандай қауіп төндірмейді», деген Премьер министрден, Отан, Ұлт, Ислам атынан Партиямызға моралдық-материялдық көп көмегі тиген қадірменді Ұстазымыздың кітаптарына және өзіне толық еркіндік беріліп, бұдан кейін мазаламаудың жолын қарастыруды өтінеміз. Құрметпен Демократ Партияныңмүшелері және Нұр шәкірттері:Мұстафа, Нури, Нури, Хамза, Сүлейман,Хасан, Сейда, Режеб, Ибарһим, Ферик,Мүзаффар, Тахир, Садық, Мехмед.* * * * *
Демократтарға үлкен бір ақиақатты ескертуҚазір Құранға, Исламға және елімізге зиян беретін үш ағым бар.Біріншісі: Коммунист, дінсіздік ағымы. Бұл ағым, жүзден отыз-қырық адамға зиян беруі мүмкін.Екіншісі: Отарланған елдер мен Түріктердің байланысын үзу үшін баяғыдан бері жұмыс істеп, Түркияда дінсіздікті жаю, бүліншілік шығару үшін жүрген ұйым. Бұл да жүзден он-жиырма адамды бұзуы мүмкін.Үшіншісі: Батысшылдық және Христиандарға ұқсауға тырысу. Протестант ағымын Мұсылмандардың арасына енгізуге тырысқан және дінмен байланысы жоқ кейбір саяси топтар. Бұл ағым жүзден тіпті мыңнан бірді Құранға және Исламға қарсы қоя алады. Біз Құранның қызметшілері және Нұршылар алдыңғы екі ағымға қарсы үнемі Құранның ақиқаттарын сақтап қалуға тырыстық. Мүмкін болғанынша дүниеге және саясатқа назар аудармауға өз ұстанымыз мәжбүр етуде еді. Қазір назар аудару қажет болып тұр. Байқаймыз Демократтар, алдыңғы екі сұмдық ағымға қарсы бізге (Нұршыларға) көмекші болуы мүмкін. Сондай-ақ олардың діндар бөлігі өз ұстанымдары бойынша да алғашқы екі сұмдық ағымға қарсы. Дінмен байланысы аз, батысшыл, батыстықтарға толық ұқсағысы келетіндері, сондай ұстанымдағылары үшінші ағымға көмек көрсетуде. Ол ағым жүзден тіпті мыңнан бірді ғана Протестантқа не Христианға ұқсата алады. Өйткені, Ағылшындар екі жүз жыл бойы билік жүргізген екі жүз миллион мұсылманның екі жүзін де Протестант ете алмады, ете де алмайды. Тарихта еш қандай мұсылманның Христиан болғандығы не басқа дінге өткендігі естілмеген жағдай. Биліктегі партияда жүрген шағын бір топ дінге зиян беріп, саясат жолында үшінші ағымның сойылын соқса да, Демократ Партия өз ұстанымына сай алдыңғы екі үлкен ағымды тоқтатуға, жоюға мүдделі болғандықтан елге де Исламиятқа да көп пайдасы тиюі мүмкін. Осы жағынан алғанда біз Демократтарды билік басында сақтап қалуға Құран үшін мәжбүрміз деп білеміз. Олардан жақсылық күту емес, алғашқы екі сұмдық ағымға қарсы саясат ұстанғандықтан, араларындағы дінге зиян берер аз ғана топ жайлы денені құрбан еткенше саусақтың
214кесілуі сияқты азғантай зиян жалпылық зияннан құтылуға себеп болуда деп білеміз. Сондықтан діндарларды биліктегі партияға көмектесуге шақырудамыз. Дінге немқұрайлы қарайтындарына да «Тез арада Ислам ақиқаттарына жармасыңдар», деп ескертудеміз. Отанның, халықтың бақытты өміріне Құрандағы ақиқаттарға арқа сүйеу және Ислам Әлемін қосымша күш ретінде пайдалану және Ислам бауырластығы арқылы төрт жүз миллион бауыр табу және Америка сынды діннің пайдасына жұмыс істейтін күшті елді өзіне шын дос ету және Иман, Исламият арқылы қол жеткізуге болады. Тағы бір айтарымыз: Осы елдің өте маңызды өнімі, елімізге және бүгінгі таңда Ислам Әлеміне пайдасы тиіп, қызмет етіп отырған Рисалей-Нұрды жинап алудан құтқарып, жарыққа шығаруға әрекет етсін. Елдегі діндарларды өздеріне жақтас етіп, жетістікке жетсін.Саид Нұрси* * * * *Ғибрат аларлық және таң қаларлық және шүкір етерлік жағдай.Елу жылдан бері менімен қастасып жүрген жасырын жаулардың ұйымы жиырма тоғыз жыл бойы неше түрлі айла-шарғы қолданып, сотты, үкіметті маған қарсы қоюда.Жүз отыз кітабымды, мыңдаған хаттарымды тергеп-тексерту үшін әділет орындарының назарын маған аудартуда. Ол соттардың бесеуі толық ақтау шешімін шығарып, кітаптардың ешқайсысында кінә артар еш нәрсе жоқ деген қарар берді. Жасырын жаулар, өткен Малатия оқиғасын желеу етіп, үкімет пен Әділет орындарының назарын тағы да бізге аудартқысы келгенімен жиырма үш сот «Кінәсі жоқ» депті. (Сілтеме )*Дінізліде Рисалей-Нұрдың барлық кітабы кері қайтарылды. Стамбул мен Анкара да қолдарындағы барлық Рисалелерді қайтарып берді. Тарсус Мерсин де қолдарындағы барлық рисалелерді қайтарды. Анкара барлық рисалелерді төрт ай тексеріп, қайтарып беру және ақтау шешімін шығарды. Бұл ақтау жайлы шешімді Касатциялық сот төрт рет күшінде қалдырды. Ең көп әуре болған Афион төрт жылдан кейін екі рет ақтау және иесіне қайтарып беру жайлы шешім шығарды. Мұның бәрі де Әділет орындарының істі әділ қарағандығын көрсетуде.
215Мен сияқты әһли дүниемен байланысы аз, Рисалей-Нұр сынды ақиқатты еш нәрсеге айырбастамайтын адамның жүз отыз кітабына осынша қарсылас еш қандай кінә таға алмады. Ескішехирде ғана орамал мәселесіне шүйлікті. Онда да қажетті жауаптар берілген соң соттың еркіне қалдырды. Ал Нұр шәкірттері сияқты тақуалықты жақтайтындардың біреуінен ғана он хатынан он күнде жауапқа тартар он мәселе таба алады. Осынша қаптаған соттың біреуі бір нәрсе таба аламуы екі нәрсеге байланысты.Бірінші: Қорғаушы Аллаһтың жарылқауы, мейірімі Нұр шәкірттері мен Құранға қызмет етушілерге төгілуде. Біздің ісімізді қараған барлық сотты осындай әділ әрекет еткізіп, әділетсіздікке апартпады. Бізге қарсы пайдаланар мыңдаған себеп-сылтаулар бола тұра Қасиетті Құранға қызмет етушілерге көмектесті. Біз де оларға шын жүректен алғыс айтамыз.Баяғы заманның соттарының алдында Патша мен пақыр қатар отырып соттасқан ғой. Хазрет Омар (р.а.) заманында қарапайым Христианмен, Хазірет Әли (р.а.) қарапайым Яхудимен соттасуы соттың әділдіктен басқа еш нәрсеге мойын бұрмайтындығын көрсетті. Біздің ісімізді қараған соттар да осы әділеттің ұлы сырына бөленді. (біздің ісіміз бойынша) Сондықтан сегіз жылдан бері осынша азаптар, қамаулар, қысымдар көрсем де, осы ұлы сырға байланысты әділет орындарындағы бір адамға ренжіп, қарғыс айту былай тұрсын, керісінше ішкі жан дүнием борыштарлық сезініп, алғыс айтып, құттықтағандай халім болатын.Саид Нұрси* * * * *
Әзиз, Сыддық, Адал, Жанқияр бауырларым!Біріншіден: Иман жолындағы нұрлы еңбектерің үшін шын жүректен құтты болсын демекпін.Екіншіден: Анкарада діндар Демократтардың конгресінде маған дін істері басқармасында қызмет етуімді және ұсынысты Медресетүззехраның Нұр шәкірттерін араға салу арқылы қабыл еткізуге тырысыпты. Сол жиналыста осы ұсынысты жасаған депуттарға және діндар жолдастарына рахмет айтып, саулық тілеймін және табысты болулары үшін дұға етемін. Алайда мен мүлдем әлсіз халде, науқас, қарт, қабір аузында тұрғандықтан, мұндай қасиетті шаруаны атқарар шамам жоқ. Сондықтан менің орныма Рисалей-Нұрдың рухани келбеті және Нұр шәкірттерінің хас, ықыласты және Ислам жолындағы нағыз жанқиярлығының рухани келбеті, осы қасиетті істі қазірге дейін де бей ресми түрде атқарып келді. Иншаллаһ ресми түрде де атқара алады. Соларға тапсырамыз...Дұғаларыңа мұқтаж бауырларыңСаид Нұрси* * * * *[Иманның маған бұл дүниенің өзінде бір жағынан алғанда Жұмақтағыдай өмір сыйлағандығы жайлы]Мен тоғыз жасымнан бері мейрімді анамды көрмегендіктен әңгімелерін тыңдай алмадым. Ондай құрметті махаббаттан мақұрым қалдым. Үш қарындасымды да он бес жасымнан кейін көре алмадым. Аллаһ рахмет етсін анаммен бірге о дүниеге кеткендіктен әлемдегі аса тәтті, ләззаты мол бауырлық мейрімге толы сұхбаттардан, мейрім мен құрметтен мақұрым қалдым. Үш бауырымның екеуін елу
217жылдан бері көрмедім. (Аллаһ рахмет етсін) Аса құрметті, діндар, ғалым екі бауырымның сұхбаттарынан, мейрім-махаббаттарынан, мейрімдерінен алар қуаныштан мақұрым қалдым. Ал Рисалей-Нұр Иманда Жәннаттың дәнегі барын көрсетті. Сондай-ақ бүгін қасымдағы төрт жанқияр көмекшіммен және рухани балаларыммен саяхатқа шыққанда Иманда жұмақтың дәнегі жатқандығы рухыма нақты ескертілді.Өмір бойы жалғыз өмір сүріп, балаларым болмағандықтан, балалардың мейрімдерінен, қуаныш-шаттықтарынан мақұрым қалсам да бұл олқылықты сезбеуші едім. Хақ Тағала бүгін төрт жарама қарсы ләззатты мол мағына сыйлады. Үш жақты ем жасады.Біріншісі: Рисалей-Нұрда баяндалған хадис шәріптің сырына орай, жасы ұлғайған әйелдердің Рисалей-Нұрдан жақсы пайда көрулері және рухани ләззат алулары марқұм анамның жеке мейрімінің орнына жалпылық сипаттағы мыңдаған аналардың мейрімін мейрімді Аллаһ маған сыйлады. Марқұм үш қарындасымының бауырлық мейрімдері мен қуаныштарының орнына, жүз мыңдаған жас ханымдарды маған Рисалей-Нұр арқылы қарындас етіп, Нұрларға көңіл бөлулері арқылы, өз қарындастарымнан көре алмаған пайдалардың орнына мыңдаған рухани пайда сыйлады, рухани шаттық сыйлады. Бұл екінші бөлімнің ақиқат екендігіне көптеген белгі-нышандар дәлелдер бар, бауырларым біледі. Марқұм бауырларым қайтыс болған соң дүниелік, материалдық көмектерінен мейрім махаббаттарынан мақұрым қалдым. Алайда Мерімді Аллаһ екі-үш бауырдың орнына, шынайы сүйіспеншілік, жәрдем ететін, тек дүниелік жақтан емес Рисалей-Нұр арқылы ақыреттік жемістер сыйлап көмек көрсететін бауырлар сыйлады. Дүниеде балаларым болмағандықтан балаға деген мейрімнен мақұрым қалдым. Бірақ, бір-екі балаға мейрім танытудың орнына жүз мыңдаған баланың келешекте Рисалей-Нұрдан нәр алатынын ескерсек әлгі үш жеке жағдайды жүз мыңға жеткізеді. Мұның көптеген нышандары бар. Менің жанымдағы көмекшілер біледі. Болвадин мен Әмірдағындағы балалар мені өз ата-аналарынан артық жақсы көріп, жолда құрмет көрсетеді. Жеке (Үй-ішілік) сүйіспеншілік пен мейрімді, ләззат пен қуанышты, құрметті жалпылық сипатта мыңдаған мейрім құрметке айналдырғандығының көпетен мысалдары бар.
218Кейбір мүбәрак жанды нәрселерде алдын ала сезу қабілеті болатынындай, бейкүнә балаларда да алдын ала сезу арқылы Рисалей-Нұр оларды дүниелік те ақыреттік те тұрғыдан әкелік тәрбие беріп, қорғайтындығын рухтары сезуде. Сондықтан Нұрдың қызметшісіне ата-аналарынан артық құрмет көрсетуде. Тіпті мен еш қашан көрмеген, танымайтын үш жасар қыз, жалаң аяқ тікендерді баса-маса, жүгірген бойы қасыма келді. Болвадинде достарым көп болғандықтан машинамен жылдам өте шықсақ та құтыла алмаймыз. Мені көріп, естімесе де барлық жерде ата-аналарына жасаған құрметтерін көрсетуі арқылы, Иманда Жұмақтың дәнегі бар екендігін нәпсім де сезімдерім де анық көрді.Саид Нұрси* * * * *Ұстазымызды зияратқа келіп, кездесе алмай кететіндер мен біз кіргізбей жіберетін кісілерді ренжітпеу үшін Ұстаздың көпшілікке беймәлім, таң ғажайып рухани жағдайын айтуға мәжбүр болдық. Тіпті бүгін біздің мұқиятсыздық жасауымыздың кесірінен, аса мұқтаж болып отырған көмегімізден бас тарта жаздады.Қазір біз айтып отырған мәселе есіне түсті. Бізді де кешірді. Ақиқат мынау: Біз де толық түсіндік. Ұстаз өмірінің басым бөлігін жалғыз өткізді. Өмір бойы қайтарымсыз сыйлық алмады. Қайтарымсыз сыйлық алса ауырып қалатын. Қазір де құрмет көрсету достық пиғылмен кездесіп сөйлесу де ауыр тиеді. Талай рет көз жеткіздік, құшақтасып құттықтау, қолын сүю, ол кісінің рухына сабап әсер етеді. Өзіне зер сала қарау да мазасын алады. Тіпті қызметінде жүрген біз де аса қажет болмаса қарай алмаймыз. Мұның сыры мен хикметін де түсіндік.Рисалей-Нұрдың негізгі ұстанымы шынайы ықылас болғандықтан, қазіргідей кездесіп, сұхбаттасу, әсіре құрмет көрсету, мына менмендік жайлаған заманда нәпсіге алдану, рияшылдық, екі жүзділіктің нашаны болғандықтан оған жаман әсер етеді. Өйткені өзі былай дейді: «Менімен ақырет үшін Рисалей-Нұр үшін кездескісі келсе, Рисалей-Нұр маған мұқтаждық қалдырмаған. Миллиондаған нұсқаның әр
219қайсысы он Саидтан артық пайда беруде. Егер дүниеге байланысты шаруа болса, дүниені тәркі еткендігімнен уақытты босқа өткізуге болады. Бұл да менің жаныма батады. Егер Рисалей-Нұр қызметіне, жарыққа шығаруға байланысты болса, маған қызмет етуші нағыз жанқияр шәкіртерім, рухани балаларым, бауырларым менің орныма кездессе жетеді... Менің қажеттім жоқ. Алыстан, ұзақ жерлерден келгендермен қатар, басқа бауырларым да ренжімесін». Өйткені он жылдан бері күн сайын таңертең оқитын және басқаларды уәкіл етіп, оқытатын вирдтерінің сауабын бағыштаған кезде «Я Рабби! Мені көру үшін келіп, кездесе алмай кеткендердің амал дәптерлеріне де жазсын», деп рухтарына сыйға тартады. Бауырымызға Ұстаздың осындай жағдайын айтып жеткіздік.Ұстазға қызмет етушіНұр шәкірттері* * * * *[«Илери» (ілгері) газетінің 13 сәуір 1957 жылғы нұсқасынан алынды]Ұстаз Бәдиүззаманның берекелі қолымен тағы бір мешітің іргетасы қаланды. Ұстаз Бәдиүззаман Саид Нұрси №3 оқу-жаттығу дивизиясының мешітіне алғашқы кірпішті қалады. (Спартадағы арнайы тілшіміз жеткізуде) Өткен жылы Спартада құрылған үшінші оқу-жаттығу дивизиясы үшін салынатын мешіттің ірге тасы тамаша ұйымдастырылған іс-шара шеңберінде қаланды. Бұл шараға Спартада тұратын, Рисалей-Нұр жинағының авторы Ұстаз Бәдиүззаман Саид Нұрси Хазрет те шақырылған болатын. Үлкен құрмет көрсетіліп, қарсы алынған Ұстаз іс-шаралардың соңында берекелі қолдарымен алғашқы кірпішті қалап, дұға жасады.* * * * *
220Хүсейн Авни мен Тахсин Толаға мән жайды түсіндіруБіз Нұр шәкірттері Ұстазымызға көмектесіп, сол кісінің ұстанымдарын үлгі тұтқандықтан саясатқа араласпаймыз. Алайда демократтар Нұрлардың басылуына тоқтау салу сынды зұлымдықтар жасамағындықтан, Демократты сыйлағандықтан сайлауға көңіл бөлдік. Алдыңғы сайлаудағы сияқты бұл жолы да Демократтарға Нұршылардың едәуір көмегі тиді. Ұстазға және Нұрларға ең көп пайдасы тиген бұрынғы Әділет министрі Хүсейн Авни мен Сениркенттік депутат Тахсин Тола өтуі керек еді бәрінен бұрын. Сайланбай қалуы бізге қатты әсер етті дедік Ұстазға. Ол кісі бізге былай деді.«Уайымдамаңдар Мен де сендерге қосылайын, оларды құттықтауымыз керек. Өйткені: Екі жылдың ішінде үкіметке, отанға, халыққа, дінге, қоғамға елу жылдық қызмет атқарды. Мұның нақты дәлелі, Ұстаз Жастар шырағының еркін таралуын іштей қалап жүргенде оларға өтініш жасамаса да, жинап алынған екі жүздей Жастар шырағын бізге қайтарып беруге бұйрық беруі арқылы екі жүз мың адам шырақтан пайдаланып оған дұға етті. Тахсин Толаның ерен еңбегінің арқасында Сөздер жинағы Анкрада бастырылуы арқылы қоғамның тыныштығына, Демократқа, елге, отанға жүз жылдық депутаттық қызмет еткендей пайдасы тиді. Осынша рухани, шынайы, ақыреттік, мәңгілік пайда оларға жетеді. Бір-екі жылдық қызмет пен депутаттық мәртебе алу үшін, әлгі мәңгілік, алмастай құнды еңбектерін сынып қалатын шыныға айырбастап алмаулары керек. Сондықтан мен оларға құтты болсын айтамын. Сендер де құттықтаңдар, дұға етіңдер. Тіпті мен Тахсин Толаның тағы да депутат боулын, қаладым, Нұрларға қызмет етсін деп. Алайда оның бұрынғы қызметтері жеткілікті. Есікті ашты. Енді мұқтаждық қалмады».Нұр шәкірттері: Мехмед Қая, Хусрев, Тахири, Сұңғыр, Зүбейр, Жейлан, Байрам(Сілтеме) Ұстаз былай деді: Дүниелік тұрғыдан депутат бола алмай айына біршама ақша жоғалтты. Қазір оның еңбегінің арқасында Сөздер жинағы басылып шықты және миллиондаған адамның ішінен менің ғана үлесім үшін төлем қажет болса (Елу мың лирадан да артық пайда тапты) ақшам болса бәрін соған берер едім. Осы ақиқатқа назар аудару керек. Тағы да депутат болғанда бұл ақиқат назарға алынбай қалар еді. Сондықтан кейбір залым, дінсіздердің кесірінен сайланбай қалғанына өкінбесін.
Өсиетнаманың қосымшасыЭшреф Эдиб шығарған Өмір тарихы кітабының отызыншы бетіндегі Саидтың бойындағы ерекшеліктердің алты үлгісінің жетіншісі, өмірінде қайтарымсыз сыйлық қабылдамаған. Қанағат пен үнемділікке сүйене отырып, қанша пақыр болса да алпыс-жетпіс жыл бұрын шәкірттеріне өзі нан пұл беріп отырған таң қаларлық жағдайдың бір үлгісі, сыры енді түсінікті болуына орай өсиетнамамның соңына мыналарды да жазудың уақыты келді. Барға қанағат етіп, аса пақыр халде болсам да шүкір етемін, тыйым салынбаған қол мәшіңкемен жазылып шығып жатқан Рисалей-Нұрдан түсіп жатқан қаражат қазір рухани Медресетүз-Зехраның төрт-бес аймақтағы өмірін Рисалей-Нұрға арнаған нәпақа табуға қолы тимейтін Рисалей-Нұрдың жанқияр шәкірттерінің нан пұлына ғажайып берекенің арқасында жетіп жатыр. Нұр кітаптарынан түскен бұл берекелі қаражатты мен өлген соң да ықыласты бауырларыма өсиет етемін. Алпыс-жетпіс жыл бұрынғы қағидамды қазіргі ұстанымдарыммен бірге қаз-қалпында жалғастырсын. Иншаллаһ Рисалей-Нұр еркін басылатын болса, бұл дәстүр одан әрі жандана түсетін болады. Ванда бес шәкірттің нан пұлын Бұрынғы Саид өз мойнына алған еді. Таң қаларлығы шәкірттердің саны жиырма-отыз, тіпті алпысқа дейін шығып кетсе де аз ақша бәріне жетіп, бәрінің нан пұлын өзі көтеретін. Қанағат пен үнемшілдіктің берекесі арқасында өзінің бес-алты маузерін сатса да өз қағидасын бұзбады. Ол кезде атақты Тахир Паша сынды көптеген көмекшілері бола тұра өз ұстанымын өзгертпеді. Алпыс-жетпіс жылдық өмірлік ұстанымының ғайби ишарасы, алпыс-жетпіс жылдан кейін сол қанағатшылдықтың жемісі Аллаһтың жарылқауымен сыйға тартылды. Қаншама соттар тыйым салулар, тартып алулар және ескі әріптермен жазуға тыйым салынып жатса да қанша жылдан бері төрт-бес аймақтағы рухани Медресетүз-Зехраның жанқияр шәкірттерінің нан пұлын Рисалей-Нұр өзі сыйлауда.Негізгі ол кітаптардың басым бөлігі Ислам Әлеміне, Европаға сыйлық ретінде ақысыз таратылып, қолда бар қаражат Нұр кітаптарын көбейтуге жұмсалып жатса да Ол кітаптардың өзін де ықыласты
222шәкірттерді де жеткілікті дәржеде қамтамасыз етуі, баяғы ғайби ишараның жарқын жемісі, хикметі екендігіне нақты сенгендіктен өсиетнамамның соңғы жағына жазып отырмын.Бұл өсиетнама менен кейін таратылар тағайындаулардың (нан пұл салынған конверт) ішіне де салынатын болсын. Кейбір арсыз жандар «Мына Саид күніне бес-он тиынмен күн көріп, ешкімнен ақша алмаса да қазіргі мирасы жүздеген лира болып тұр, қайдан тапты»демеулері үшін осы ақиқатты айта кету керек болып тұр.Қазір рухани балаларым, жанқияр көмекшілерім Зүбейр, Жейлан, Сұңғыр, Байрам, Хүснү, Абдуллаһ, Мұстафа және Нұрдың Хас, ықыласты батырлары Хүсрев, Назиф, Тахири, Мұстафа Гүл қатарлы кісілердің бақылауында осы қағидаларымның сақтаулын өсиет етемін.Саид Нұрси* * * * *[Кейбір газеттерде жарияланған өтірік мәліметтерді жоққа шығару]Кейбір оппозициялық газеттер Рисалей-Нұр шәкірттері «Тариқат құрыпты» деген жалалы мақалалар жариялағанын көрдік. Бұл жағдай Рисалей-Нұрдың ісі қаралған онға жуық қылмыстық соттың қарарлары бойынша нақты анықталған. Сондай-ақ кезінде жинап алынған, кейіннен еш қандай шартсыз иелеріне қайтарылған Рисалей-Нұр кітаптары мен хаттар арасында тариқатқа байланысты ишара да жоқ. Керсінше Ұстазымыз Саид Нұрси хаттары мен соттағы қорғау сөздерінде «Заман тариқат заманы емес, Иманды құтқару заманы. Тариқатсыз жұмаққа кіргендер көп, бірақ имансыз жұмаққа кірген ешкім жоқ», деп ашық айтады. Осындай анық нәрселер мен соттар мен прокурорлардың отыз жылдан бері тариқатқа қатысты ешқандай дәлел таба алмағандығына қарамастан, дінді жойғысы келетін және қазіргі Ислами жаңғыруды көре алмайтын, дінге немқұрайлы тіпті, қарсы шығушы бір топ, Ислам ақиқаттарына тариқат деп айдар тағып, өз ойларының пайдасына ел ішінде орын дайындаудың соңында
223жүр. Бұрын қаншама рет қайталанғандай, жасырын жаулардың айла-шарғылары, жоспарлары мен мына оқиға да отанымыз бен халқымыздың пайдасына шешілетін болады. Айдын мен Назиллинің соттары да алдыңғы әділ соттарға еріп, Нұр шәкірттеріне ақтау шешімін шығаратын болады. Рисалей-Нұрдың Отанымыздың барлық аймақтарында тіпті, Ислам Әлемі мен Европаның көптеген жерлерінде жақсы қабылдануы Түріктерді Ислам Әлемімен қайта біріктіретін болады. Бұл дүниедегі жемісі болған Нұр шәкірттерінің ойында жоқ нәтижелер беруі, Үкіметтің Исламға, дінге, ар-ождан бостандығына назар аударып, бұрынғы үкіметтің бүлдіргендерін түзетуге кірісуі, қасиетті нәрселерге тиісушілерді сабақ боларлықтай етіп жазалау туралы заң шығаруға тырысуы сынды жақсы, еңсе көтертер әрекеттер болып жатқанда, әлгіндей негізсіз мәселенің туындауы Үкімет пен Исламға қарсы топтардың әрекеті екендігіне еш күмәнданбаймыз. Өтірік әңгімелердің бірнеше дәлелдері мынау: Ұстазымыз Саид Нұрсиға «Шах сияқты, Патша сияқты өмір сүруде, келіп жатқан көмектерді пайдалануда», деп ашықтан-ашық арсыз-ұятсыз жала жабуда. Саид Нұрси әкесінің інісі берген көжені де (қайтарымсыз) ішпей, өмір бойы ешкімнің міндетсінер еш нәрсесін пайдаланбаған, бес мың лиралық сыйлыққа бес тиындық та мән бермеген, қабыл алмай кері қайтарған, қаншама зұлымдық көріп, қаншама нәрседен мақұрым қалса да қанағатшылдық, тоқкөздік қағидаларын бұзбаған, осылайша Исламның, (Мұсылман адамның) дінінің абыройын сақтап отырған адам.Ұстазымыздың жұрттан сыйлық алмау қағидасы сексен жылдық өмірі мен отыз жылдық қаншама сотта айғақтар мен дәлелденген нәрсе. Достың да дұшпанның да көз алдында. Жұрттың бәрі білетін осы ақиқатқа қарамай қазір тағы да осындай кінә арту, қаншалықты сұмдық қаскөйлік екендігін өздерінің ары білсін... Анкара үкіметінің әділдігі арқасында Ұстазымыз Саид Нұрсидың Рисалей-Нұр кітаптары бастырылуда. Кітаптардың өз үлесіне тиген ақшасын Ұстаз өз өмірін Нұрларға арнап, күн көріс үшін жұмыс істей алмай отырған шәкірттеріне нан пұл ретінде беруде. Өзі де қазір жұрттың бәрі білетін аса үнемшілдікпен қанағатпен өмір сүруде. Өмір бойы әдеттен тыс үнемшілдікпен өмір сүргендігіне сексен жылдық өмірін куәға тартамыз.
224Халықты Демократ Партияға қарсы қоюды жоспарлап, сол жолды ұстанушы әр түрлі газеттердің тағы бір өтірігі мынау. Назилліде мүбәрак екі адамның өз ара Қасиетті Рамазан жайлы әңгімелеріне «Ислами мемлекет құруда» деп саяси өң беру, алдамшы саяси саудагерлердің баланы да сендіре алмас жалалы өтірігі. Осылай өтірік айту арқылы қандай мақсат көздегендіктері ешкімге де жасырын емес...Ешқашан Назипліге бармаған, ол жерде ешкімді танымайтын, қырық жылдан бері деп саясат пен байланысын үзген, тек қана Құран мен Иман ақиқаттары арқылы иманды құтқару ісіне өмірін арнаған, одан басқа дүниелік істермен еш шаруасы жоқ, сексен жеті жастағы, улануларының нәтижесінде туындаған аурулардың кесірінен үнемі төсек тартып, «Қабір аузындамын» деп тыныштыққа мұқтаж болып үнсіз жатқан Саид Нұрси сынды Ислами кітаптардың авторына осындай саяси жалалар жабу арқылы әңгіме қозғау, қай жағынан алсаң да арсыздық. Сұмдық озбырлық. Суайттық, ең төменгі дәрежеге құлдырау.Қандай да бір дін ғалымына бір сылтау тауып, Пайғамбар деу, Исламға қарсы шығу, Құранға қайшы әрекет. Ұстазымыз Саид Нұрси сүннетке қарсы келмеу үшін өлім жазасына да өмір бойы дайын болған. Сүннетті жаңғыртып, иманды сақтап қалу жолында жүз отыз кітап жазған. Қанды қол дін дұшпандарына қарсы өмірін қатерге тігіп арпалысты, соңында табысқа жетті, жеңіп шықты. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.)-ның сүннетіне мойынсұну керектігі жайлы бір кітабының отыз жылдан бері мыңдаған нұсқасы жарық көрді. Әлемдердің мақтанышы Пайғамбарымыздың (с.а.у.) соңғы және Хақ Пайғамбар екендігі жайлы аса ауқымды Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбардың мұғжизалары атты бір кітабы қолымызда. Ақиқат осылай бола тұра Саид Нұрсиге жала жабушылардың хақтан, ақиқаттан, ар-ождан мен нысаптан қаншалықты алшақ жатқандықтарын салыстыра бер. Мұндай жала жабу шайтанның да ойына келе қоймас. Бұл оқиғаның бір себебі де мынау болу ықтималы жоғары; Рисалей-Нұр от басылық өмірге көп пайда тигізіп, ханымдар намысты, абыройлы өмір сүруде. Рисалей-Нұр ханымдар мен балалар арасында сұранысқа ие болды. Мұның жақсы үлгі бола бастағанын ханымдар жариялаған бірнеше мақаладан байқаған дін дұшпандары,
225ойдан шығарылған неше түрлі сылтаулар арқылы большевиктердің сойылын соғып, шабуылға шықты. Бірақ еш қашан жеңіске жете алмайды. Олардың мақсаттарына керісінше, Рисалей-Нұр ерлер мен әйелдер арасында қатты таралуда, тарала бермек.Ұстаз ауырып жатқандықтансол кісіге қызмет етуші (шәкірттері)Тахири, Зүбейр, Жейлан,Байрам, Сұнғыр, Рүштү* * * * *Ең маңызды сотта соңғы сөзім ретінде Ұлы Сотқа (махшардағы сот) шағым деген атпен жазылып «Өмір тарихыма» енгізіліп бірнеше рет жарық көрген және сот кезінде Анкарадағы органдар мен касациялық сотқа және сол соттың төрағасына жолданған шағымның себебі, сол оқиғаның таң қаларлық бір үлгі мысалы осы жолы айнымай басыма келгендіктен, сол Ұлы Сотқа жазылған шағымға қосымша ретінде мұны да айтқым келді. Екі күн бұрын, көне Анадолының ғылыми медресесі болған Конияға баруға үш себеп шықты.Біріншісі: Ақиқатшыл екі бауырым өздері кедей болса да көп қаражат жұмсап Измир сотына барыпты. Қайтарда маған соқты. Менің ойым олар жолға шығынданбасын деп, жеке машинаммен Конияға дейін ала бару болатын.Екіншісі: Он бес жыл менен сабақ алған, жиырма жылға жуық мүфтүлік (жергіліті) қызмет атқаратын, қырық жылда бір рет қана көрген, барлық бауырларым мен туыстарымның ішінде тірі қалған жалғыз інімді көріп, бала-шағасын зиярат ету, көріп қайту болатын.Үшіншісі: Бұрынғы Саид да Бүгінгі Саидтың да ұстаздарының бірі, Имам Раббани, Имам Газали сынды аса құнды бір ұстазым Мәулана Жалаледдинді зиярат ету үшін барған едім. Оның мүридтері, Мевлеуилер барлық жақта Рисалей-Нұрға көңіл бөлуде. Сондай-ақ
226«Өмір тарихы» атты кітапта адамдармен сөйлеспейді деген жазуға келер болсақ «Зияратшы қабылдамаймын, сыйлықтардан тыю үшін Аллаһ мені ауыртып қоятыны сияқты, зиярат ету де рухани сыйлық болып саналатындықтан, бұл жерде де дауысым шықпай қалды. Сөйлеспек түгілі інімнің үйіне де бара алмадым. Бұл да бір Иләһи жарылқау». Конияда кем дегенде екі-үш күн қалуым керек бола тұра, бір сағаттың ішінде, намаз оқыдық та қайттым. Бірақ сол жерде маған аса көңіл бөлініп, барлық газеттер жазды. Қырық жылда бір-ақ көрген інімнің үйіне де бара алмай кетсем де мыңдаған адаммен кездескендей мәселе көтерілуде.Алған бұйрықтарына қарай әрекет етіп жүрген сақшылардың жағдайы мүлдем жөнсіз еді. Алайда өзім қатты ауырып отырғандықтан оған еш қиналған жоқпын. Тіпті кешірдім, кештім. Аллаһ разы болсын дедім, алғыс айттым. Ауа алмастырып отыруға мәжбүр болғандықтан, жазда тауда, қыста бірнеше жерді жалға алып, көшіп жүруге мәжбүрмін. Бір жерде отыра алмаймын. Ауыруым артып кетеді. Ниетім ара-сыра Кония сынды жерлерге барып тұру. Тіпті жалдап қойған Әмірдағында екі, Ескішехирде бір орын болса да әлгі мағынасыз жағдай мені ол жерлерге барғызбай тұрғанын Конияға барған кезімде сездім. Мен ешкіммен кездеспеймін. Осындай әдеттеріме керіағар түрде қаншама заңсыз әрекетер жасалды маған. Осы оқиғаға байланысты айтқандарым, бұрынырақта жазылған «Ұлы сотқа шағым» атты жазбаға қосымша ретінде жариялануына болады.Саид Нұрси* * * * *
Президент пен Премьер министрге!Сексеннен асып, қабір аузына таяған науқас қарт, сіздерге екі ақиқатты жеткізгісі келеді. Біріншіден: Сіздердің Пакистанмен, Иракпен табысты одақтастық құру әрекеттеріңіз халықтың сіздерге деген сенімін оятқанын шын жүректен құттықтаймын! Мұндай ауызбіршілік иншалллаһ, төрт жүз миллион мұсылманның тыныштығы мен амандығын қамтамасыз етудің бастамасы болар деген сенім ұялатады. Сондай-ақ, намаздан кейінгі тасбихатта рухыма мына бір нәрсе сездіріле береді. Мұны да жазуға мәжбүр қалдым. Отыз-қырық жылдан бері дүниеден де, саясаттан да теріс айналып кетсем де көңілімді алаңдатып, қайта-қайта ескертіліп жатуының себебі: елу жылдан бері, иманды сақтап қалудың ең қысқа жолын тапқан Рисалей-Нұрды Құранның заманауи, рухани мұғжизасы ретінде Арабстан мен Пакистанда халық жақсы қабылдап, жақсы әсерге бөленуде. Естуімізше ол жақтағы Рисалей-Нұр шәкірттерінің саны бізге белгілі саннан әлдеқайда көп екен. Сондықтан, өмірімнің соңында қабір аузында тұрып, осы бір үлкен нәтижелерді көргеннен кейін айтуым да керек екенін сеземін. Екіншіден:Ұлтшылдық идеялар Әмауилер кезеңінде Исламға қатты қауіп төндірді. Демократиялық төңкерістің алғашқы жыларында да «Клубтар» деген айдар тағылып, тағы да зиян тигізді. Бірінші дүниежүзлік соғыста да ұлтшылдықтың кесірінен аяулы бауырларымыз арабтардың қаһарман түріктерге зияны тиді. Бүгінгі таңда да Ислам бауырластығына зияны тиюі мүмкін. Қоғамымыздың тыныштығын бұзғысы келетін дұшпандар мен жасырын дінсіздер, ұлтшылдықты өз мүдделеріне пайдаланып қатты зиян тигізетіндей нышандар байқалуда. Ұлтшылдықтың негізгі қағидасы басқалардың еңбегін қанаушылықпен күнкөру бола тұра, дүниежүзіндегі түрік халықтары түгелге жуық мұсылман болғандықтан олардың ұлтшылдықтары Исламмен біте қайнасып кеткен. Араб ұлтшылдығы да Исламның ішіне сіңіп кеткен. Солай болуы да керек. Бұлардың ұлты Ислам, сол жеткілікті. Ұлтшылдық – өте қауіпті нәрсе. Сіздердің Пакистанмен, Иракпен ауызбіршілік танытуларыңыз иншаллаһ, ұлтшылдықтың зиянын тойтарады. Төрт-бес миллион ұлтшылдың
228орынына төрт жүз миллион мұсылман бауырлары мен бейбіт өмірге мұқтаж сегіз жүз миллиондық христианның және басқа діндегілердің елімізге деген достық көзқарастарына ие болатынын рухым сезеді. Сіздерге осыны да айта кетейін. Үшіншіден: Алпыс бес жыл бұрын бір уәли (әкім) газеттен маған мынандай бір хабар оқып берген еді. Бір елдің отарланған елдерге жауапты министрі, қолындағы Құранды нұсқап тұрып, былай депті: «Мына кітап, мұсылмандардың қолында тұрғанда біз оларға толық үкім жүргізе алмаймыз. Не Құранның қадірін түсіруіміз керек, немесе мұсылмандарды бұл кітаптан сырт айналдыруымыз керек».Жасырын, бұзғыншы ұйымдар осы екі сұмдық пікірді ұстаным етіп, еңбекқор, отансүйгіш халқымызға зиян тигізуге тырысып келеді. Алпыс бес жыл бұрын мен де, осы зымиян ағымдарға қарсы Құраннан медет сұрадым. Ақиқатқа жетудің ең қысқа жолын іздедім және терең білім беретін «Ислам университетін» құруды ойладым. Алпыс бес жыл бойы осыларды іске асыруға тырысып келемін. Ақыреттік өмірімді құтқаруға және соның бір пайдасы ретінде дүниелік өмірде де диктатурадан және адасудың құрдымынан құтқарар және мұсылман халықтар арасындағы бауырластық сезіміне жан бітірер екі жол таптым.Біріншісі: Рисалей-Нұр иманды арттыру арқылы Имани бауырластыққа күш беретініне нақты дәлел: Рисалей-Нұрдың аса ауыр шарттар ішінде дәрменсіз жағдайда жазылуы. Әрі, бүгінгі таңда Ислам әлемінің көптеген елдеріне және Еуропа мен Америкаға да игі әсерін тигізуі. Төңкерісшілер мен дінсіз философияның бетін қайтарып, отыз бес жылдан бері де материалистік, табиғатшылдық, дінсіздік ұғымдарды жеңіп шығуы. Ешқандай соттың да, сарапшылардың да бұл ақиқатарды жоққа шығара алмауы. Иншаллаһ, бір күні сіз секілді Ислам бауырластығының кілтін тапқан жандар, осы бір Құрани мұғжизаның нышандарын Ислам әлеміне таныстыратын болады. Екіншісі: Алпыс бес жыл бұрын Әл-Азһар универсиетіне барғым келіп жүрді. Ислам әлемінің ғылым ордасы ғой, мен де сол берекелі жерден сабақ алсам деген ниетім болды. Алайда, нәсіп болмады. Мейірімді Аллаһ, жүрегіме мынандай бір ой салды. Әл-Азһар Африкадағы көпшілікке ортақ оқу орны. Азия, Африкадан қаншалықты үлкен болса, Азияда да соншалықты үлкен университет
229болуы керек. Өйткені, мұсылман елдері яғни Арабстан, Үндістан, Иран, Кавказ, Түркістан, Күрдстан қатарлы өлкелерді ұлтшылдық ұғымы жайлап, алауыздық тумауы керек. Нағыз Ислами қасиеттерге ие шынайы ұлтымыз – Ислам арқылы Құранның басты қағидаларының бірі болған сырының нұрына бөленуі керек. Сондай-ақ, философиялық пәндер мен діни ілімдер бір-бірімен тіл табысуы керек. Еуропалық мәдениет пен Ислам ақиқаттары келісімге келуі керек. Сонымен қатар, Анатолиядағы мектеп, медреседегілер бір-біріне жәрдем етіп, ауызбіршілікті сақтау үшін шығыс аймақтардың бірінде яғни Үндістаның да, Арабстанның да, Иран мен Кавказдың да, Түркстанның да дәл ортасында «Медресету зехра» деп аталатын Әл-Азһар университетінің методологиясы бойынша, ғылым мен дін қоса оқытылатын университеттің ашылуы үшін Рисалей-Нұрдағы ақиқаттардың халыққа жетуі жолында қалай еңбек еткен болсам, бұл жолда да елу бес жыл солай тер төктім. Мұның қадірін алғаш түсінген (Аллаһ алынан жарылқасын) Сұлтан Решад еді. Тек қана ғимараттың салынуы үшін жиырма мың алтын бөлгізді. Кейінірек мен тұтқыннан келген соң, Анкарадағы екі жүз депутаттың бір жүз алпыс үші қол қойып, ақшаның құны бар кезде, жүз елу мың лира бөлгізіп сол университеттің қайта қолға алынуына келісім берді. Олардың арасында Мұстафа Кемал да бар еді. Қазіргі ақшамен бес миллиондық қаражат бөлгізіп, сол кездің өзінде осындай университеттің салынуына аса мән берді. Тіпті, дінге немқұрайлы қарайтын, батысқа еліктегіш, әдет-ғұрыптан жұрдай бірнеше депутат та қол қойды. Солардың бірі былай деді: «Біз қазір ондай ескіліктің қалдығы бар оқулар мен діни білімдерден бұрын, батыстық стильге, мәдениетке мұқтажбыз». Мен оған былай жауап бердім: Пайғамбарлардың басым көпшілігі Азиядан, Шығыстан шығуы мен Хәкім, философтардың көпшілігі батыстан шығуы, Азияны алға сүйреп дамытатын пән мен философия емес, діни сезімдер екеніне мән бермей, батыстық үлгі деген атпен әдет-ғұрыптан бас тартып, дінсіздік негіздерге арқа сүйесеңіз де, төрт-бес халықтың ортасы саналар Шығыс аймақтарда елдің, отанның, халықтың бақыты үшін дінге, Ислам ақиқатарына қолдау көрсетуіңіз шарт. Сөзімді растайтын мыңдаған мысалдардың біреуін ғана айтайын.
230Ванда жүрген кезімде, бір күрт шәкіртіме: «Түріктер Ислам жолында көп қызмет еткен. Сен соларға қалай қарайсың?» дедім. «Мен мұсылман бір Түрікті пасық бауырымнан да артық көремін. Тіпті, әкеме қарағанда соларды көп уайымдаймын. Өйткені, олар Иман жолында тер төгуде» деді. Арада біраз уақыт өтті. (Аллаһ алдынан жарылқасын) Сол шәкіртім, мен тұтқында жүргенде Станбулдағы жаңа мектептерден сабақ алыпты. Елге оралған соң жолығып қалдық. Кейбір ұлтшыл мұғалімдердің әрекеттері оған кері әсер етіпті. Күрттік сезімі оянып, өзіндік бір ұстаным қалыптасыпты. «Мен қазір пасық, тіпті дінсіз бір Күртті тақуа бір Түріктен артық көремін!» деді. Әлгі шәкіртім, бірнеше реткі әңгімемнен кейін барып жөнге келді. Түріктердің Ислам халқының қаһарман әскері екенін түсінді.Ей, сұрақ қоюшы депутаттар! Шығыста бес миллионға жуық күрт бар. Жүз миллионға жуық Ирандықтар, Үнділер бар. Жетпіс миллион Араб, қырық миллион кавказдық бар. Бір-бірімен көршілес жатқан және бір-біріне мұқтаж осы бауырлас халықтарға менің сол шәкіртімнің медреседен алған діни сабағы пайдалы ма, әлде, елді бұзып, өз ұлтынан басқаны ойламайтын, Ислами бауырластықтың не екенін түсінбейтін, марқұм шәкіртімнің екінші жағдайы пайдалы ма? Бұған не дейсіздер?!Осы әңгімеден кейін әдет-ғұрыптарға қарсы, батысшыл пікірдегі депутаттар келісім беріп, қол қойды. Аттарын айтпай-ақ, қояйын. Аллаһ алдынан жарылқасын, қазір олардың бәрі де қайтыс болып кетті.Төртіншіден: Президент аса маңызды саяси мәселелердің арасынан Шығыс Университетін де аса маңызды мәселе ретінде, тіпті алпыс миллион лираны сол университеттке жұмсау үшін арнайы заң шығару арқылы үлкен еңбек етуі, медресенің мақтанышына айналуы және осы Ислами Медресе арқылы өзін де даңққа бөлеуі және бұл істі бұрынғы мұғалімдік сезімдері арқылы бастауы, шығыстағы барлық мұғалімдерді борыштар етті. Қазір таяу шығыстағы бейбітшіліктің ірге тасы және ең бірінші қорған-қамалы болған бұл университетті аса маңызды саяси мәселелердің арасында қайта қолға алуы, әлбетте мына отанға, елге, халыққа аса пайдалы нәтижелерге апаратын болады.
231Университеттегі сабақтар діни білімдерге негізделеді. Өйткені, сыртқы күштің шабуылы имансыздықты насихаттауда. Ондай руханиятқа қарсы шабуылдарға қарсы атом бомбасының өзі де руханияттан нәр алса ғана қарсы тұра алады.Елу бес жыл бойы осы мәселелерге бүкіл күшін жұмсап, мәселені егжей-тегжейлі зерттеген адамның ойын біліп, пікірін сұраудың орнына, осы мәселе бойынша Америкамен, Еуропамен ақылдасуға мәжбүр болып отырсыңдар, әрине менің де айтуға хақым бар. Елдің жағдайына алаңдаушы халқымның атынан сізден жауап күтемін!Саид Нұрси* * * * *
Әзиз, Сыддық, Жанқияр, шынайы ықыласты бауырларым және Құран жолындағы қызметтегі қайсар да табанды жолдастарым!Сендерге денсаулығыма байланысты бір жағдайды айтайын. Қиындық туғызғанымен, Аллаһтың мейріміне бөлетіп тұрған, тәнің қиналғанымен рухани демалыс және міндеттерімнің аяқталғандығының белгісі ретіндегі жағдайды айтып отырмын. Шағым емес, шүкір етемін. Алайда сендерден дұға тілеймін. Ол жағдай мынау.Мен сөйлей бастағанда рухани түрде тыйым салғандай бірден ысығым көтеріліп кетеді. Тіпті бұрын күніне бір-екі рет қана су ішетін болсам, қазір ас ішуді азайтқанның өзінде жиырма-отыз рет су ішуге мәжбүр болудамын. Екі күн бұрын тіпті күшейіп кетті. Мен уланған шығармын деп ойладым. Тіпті күдіктенгендігімді қасымдағы бауырларыма айттым. Осындай ауыр халіме сабыр мен шыдам тілеп дұға еттім. Мейрімді Аллаһтан тіледім. Бірден жүрегіме ескертілді, басыма келген қиыншылықтардың көбінде мейрім мен жарылқаудың көрністері тұратын. Мұнда да мейірім жатыр. Жын және адами шайтандар мен дінсіздердің саған у беріп, үніңді өшіруге тырысулары, міндетіңді атқарып, демалысқа шығуыңа, Иләһи мейірімге жол ашты. Өткен жылы Ишаратүл Иғжаз тәпсірі мен Арабша Мәснәуиден бір жыл бойы сабақ беруді бастаған едім. Жасырын жауларым, жын және адам шайтандар барлық айла-шарғыларымен менің үнімді өшіргісі келсе де Аллаһтың жарылқауымен Ишаратүл-Иғжаз бен Арабша Мәснауидің Түрікшесін шығару нәсіп болды. Сондай-ақ, Рисалей-Нұр негізінен өзін-өзі түсіндіріп дәріс беретіндіктен мұғалімдерге мұқтаждық қалдырмайды. Аллаһтың көмегі ретінде жеткен мына таң қаларлықтай ауру. Менің сабақ беруден босап, демалысқа шығуыма себеп болды. Рухыма да мына нәрселер сездірілді: Сенің орныңа сабақ айтатын (Түсіндіретін) мыңдаған, бәлкім жүз мыңдаған жас Саидтарың бар. Аллаһтың жарылқауы сол, Рисалей-Нұр басқа ғылымдар сияқты машақаты мол сабақ өтпейді. деген Гаус Гейланидің
233(қ.с.) керемет сөйлемі ең қиын замандағыдай мұнда да сол ақиқат көрінуде. Шынайы ықылас бұзылмау үшін қазіргідей жаулардың да досқа айналған заманында сұхбаттасу, әңгіме айту бұл дүниеде де ақыреттік қызметтердің дәмді және фәни жемістерін беруі мүмкін. Ол кезде шынайы ықалас еш нәрсеге құрал болмайды. Сондай-ақ Аллаһтың ісіне араласпау үшін тағдыр мына жағдайды маған зиян емес пайда ретінде берді. Өсиетнамамда балаларым ретінде қабыл көрген жастарды өкіл етемін. Солармен сөйлескендерді менімен сөйлескендей қабыл етемін.БауырларыңСаид НұрсиҰстазымыздың бұл жағдайы дінсіз дұшпандар Ұстазға осындай дәрі бергендігін көрсетеді. Қорытынды: Ұстаздың жұртпен жүздесіп, сұхбаттасуына тыйым салынғандығын біз де көріп отырмыз.Ұстазға қызмет етушіТахири, Зүбейр, Жейлан, Хүснү, Байрам* * * * *
Хабардар болсын деп, Ресми қызметкерлер мен достарға маңызды бір ақиқатты баяндаймыз.Ұстазымыз жастайынан, тіпті бала кезінен бері ілімнің беделін түсірмеу үшін жұрттан еш нәрсе (қайтарымсыз) алмауға қатты мән беретін. Зекет пен садақаны мүлдем алмағанымен қатар Екінші хатта айтылғандай сыйлық та алмайтын. Осы жағдайды қазір қартайған, күші қайтқан кезінде де сақтап қалу үшін мейрімді Аллаһ баяғы көңіл тоқ ұстанымдардың орнын аурумен алмастырды. Яғни қайтарымсыз бір қасық дәм татса бірден ауырып қалады. Жей алмайды. Ұстаз жас кезінде қазіргідей мұқтаж емес еді. Жалғыз өзі өмір сүрген кездері аз ғана шығын жеткілікті еді. Қазір көптеген шәкірттеріне нан пұл беріп, бірнеше аурумен қатар ауырып жүрген кезінде сол көңіл тоқтығы қағидаларының сақталуы үшін мейрімді Аллаһ оған қайтарымсыз сыйлық алдырмай, ауыртып отыр. Сыйлықтармен қатар құрмет те рухани сыйлық саналатындықтан жұрттың құрметінен, қол сүйіп, құттықтаулардан қашатын. Өмір тарихы кітабы мен Қарттар рисалесінде айтылғандай жас кезінде Сиирттің Тилло ауылында елден ерек, жалғыз өмір сүрді. Ағры Уәләятында Шейх Ахмед Хани Хазреттің мазарында жалғыз өмір сүрді. (инзива жасады) Орыстың қолында тұтқында жүргенде тоқсан офицер бұл кісіден сабақ алып, уағыздарын тыңдап жүрсе де сол жердегі Татарлардың бос қалған шағын мештінде жалғыз жатып жүрді. Стамбулда да Ислам Академиясының мүшесі болып қызмет істеп жүргенде де рахат өмір сүруіне мүмкіндік бола тұра, Юша төбесінде жалғыз өмір сүруді қалады. Ванға қайтқан соң да бұрынғы және жаңа шәкірттерінің ортасында рахат өмір сүрмей Эрек тауындағы бір үңгірді таңдады. Соңында отыз жылдық зұлымдықтардың түйіні ретінде түрмеге қамалғанда да жалғыз кісілік камерада он бес күн отыруы керек бола тұра жиырма ай, тіпті түрмедегі күндерінің бәрінде жалғыз отырса да ешкімге шағымданбады.Осы жәйттардың барлығы да Ұстаздың жаратылысында жалғыз өмір сүру сезімі басым екендігін көрсетеді. Ал қартайған шағында, көмекке, әңгімеге мұқтаж болып қалған кезінде сол жағдайдың бір шама жалғаса беруі үшін, ауру (ауырып қалу) беріліп отыр. Бес минут сөйлесе ыстығы көтеріліп, дауысы шықпай қалады. Ол кісі
235Шафи мәзхабын ұстанатындықтан, намазда Фатиханы өзі еститіндей дәрежеде оқуы керек. Алайда ауруына байланысты дауысы шықпай қалатындықтан намазды Ханафи мәзхабы бойынша өтеуде. Бұл науқасына байланысты екі беделді доктордың анықтамасы бар. Қалаған кісіге көрсетуге болады.Бүгінгі таңда Рисалей-Нұр жайыла түсініп, Ислам Әлемінде де жақсы қабылданып жатқанда, дұшпандар да досқа айналып жатқанда Рисалей-Нұрдың шынайы ықылсын (Аллаһ ризасынан басқа дүниелік, ақыреттік ешқандай дәрежеге, шенге құрал етпеу) сақтап қалу үшін адамдардан оқшаулануы, дауысы шықпай қалуы және құрметтеп қолын сүю оған шапалақ ұрғандай болуы Аллаһ оны осылай жұмсап, осылай қызмет еткізіп отырғандығына еш күмән жоқ. Тіпті осы ақиқаттардың көпшілікке тарауына себепкер болған адамға Ұстаз кешірім жасады, кешірді.(Сілтеме) Ұстазға, Рисалей-Нұр барша жұрқа танылып, жаулардың туы жығылып, достық нышан танытып жатқанда неге жұртпен кездеспей отырсыз? деген сұрақ қойдық.Жауабы былай болды: «Менімен кездескісі келетін адам не маған жау не дос. Дос болса жүз мыңдаған Рисалей-Нұр нұсқалары менің орныма сөйлеуде. Менің еш қажетім жоқ. Теріс пиғылды адам болса, отыз жыл бойы қаншама сот, сарапшылар тергеп тексерсе де Рисалей-Нұрдан да шәкірттерінен де еш қандай қылмыстың ізін таба алмады. Жиырма төрт сот «Рисалей-Нұрдан қылмыс таба алмадық» деді. Төрт соттың Рисалей-Нұрды ақтап шешім шығаруы және қайта қарауға келместей қарар алуы, барлық кітаптар мен хаттарды иелеріне қайтарып беруі теріс пиғылды адамдарға берілген толық жауап болып отыр. Менің жауап беруімнің қажеті жоқ. Егер жеке шаруасымен кездескісі келсе барлық Нұр шәкірттері бір жағынан алғанда мына бейшара Саидтың уәкілдері болып саналады. Стамбулда да Анкарада да адвокаттар бар, қалаған адам солармен сөйлессін».Ауыр науқас, аса қарт болғандықтанқажетті шаруларына қызмет етушілер* * * * *
Ұстазымыз былай деді: Бізбен қарсылас «Жумхуриет» газеті менің қорғау сөздерімді қатты бұрмалап жіберіпті. Тіпті, «Бір ауыр қылмыс жасаушының кесірінен он бейкүнә адам зардап шекпеуі үшін» деген сөйлемді, «Бір ауыр қылмыскердің кесірінен он бейкүнә адамды зұлымдықтан құтқару үшін» деп өзгертіп жіберіпті. Ол жауаптарым, бес-алты жыл бұрын Стамбулда №2 әкімшілік сотта айтылған еді. Аса маңызды мәселе бойынша ақтау шешімі шығарылған еді. Бір екі ай бұрын Стамбулға барған кезімде бір қаскөй прокурор бір кесе суда дауыл тұрғызардай Спартаның прокурорына тапсырма беріп, менен жауап алу үшін екі полиция қызметкерін жіберіпті. Оларға, бұл мәселе бойынша бес жыл бұрын жауап бергенмін дедім. Олар қабыл алды. Мәшіңкеге басып алыпты, әлгі немеге де жолдапты.Қазір де бізден шалғай жатқан бір жерде біреу әкімге сол қорғаусөздерді беріпті. Жалақор газет «Әкім оны сотқа беріпті» деген шу көтеріп, Рисалей-Нұрдың кейбір солқылдақтау шәкірттерін күдік-күмәндарға салып, үрейлендірмек екен. Бұл мақалаға қарсы Нұрдың көптеген адвокаттары қарсылық білдіріп, жоққа шығарсын. Ол мәселенің жалған екендігіне байланысты Стамбул медициналық комиссиясының төрт анықтамасы бар. Алайда қажет болмаған соң ешкімге көрсетпеген едік. Қажеті де болған жоқ...Саид НұрсиАнкарадағы екі сақшылық бөлімшесінің басшыларына көптен-көп сәлем. Мұндай нәрселерге мән бермесін.* * * * *
Әзиз, Сыддық бауырларым!Біріншіден: Ұстаз Барат түні құтты болсын деп, сәлем жолдауда.Екіншіден: Кеше Диярбәкірден келген хатта айтылғандай, Диярбәкір аймағын қоса алғанда шығыста қазір екі жүзге тарта Нұр дәрісханалары ашылыпты. Айта кетерлігі, Диярбәкірде төрт-бес жерде әйелдердің дәрісханасы бар екен. Иншаллаһ бұл үлкен жақсылықтың нышаны.Ұстаз он жыл бұрын ишара жасап, көп жақсылық тиетінін айтқан Нұр медреселері қазір ашылып жатыр. Іске асар сәті келді. Сол кезде былай деген еді. «Қазір діни сабақтар өтуге, дәрісханалар ашуға ресми түрде рұхсат берілуіне байланысты, Нұр дәрісханаларын ашу керек. Әркім өздігінен оқып пайдалана алар. Бірақ бәрі бірдей барлық мәселені түсіне алмайды. Имани ақиқаттарды түсіндіретіндіктен ғылым да мағрифатуллаһ та құзыр-құлшылық та бар. бұрынғы медреселердің бес-он жылда бергенін Нұр медреселері Иншаллаһ бес-он аптада бере алады және жиырма жылдан бері беріп те келеді».Ұстаз Барлада тоғыз жыл отырған және Рисалей-Нұрдың ең алғашқы дәрісханасы болып, алты аймақты қамтып жатқан Медресетүз-Зехраның дәнегі болған үйін «Нұр медресесі» ретінде Рисалей-Нұрға атады. (Вақыф ретінде сыйлады) Қазір Спарта мен соның айналасындағы ауылдарда Диярбәкірде және жалпы шығыста Нұр дәрісханалары ашылуда.Осылайша ол дәрісханаларда Нұрлар оқылып, Нұрлармен шұғылданушы шәкірттерді де ілім ізденуші деген дәрежеге көтеруде. Ілім ізденушінің қарапайым ісі, тіпті ұйқысы да құлшылық болып саналатындығын үлкен мүжтехидтер баяндауда.Үшіншіден: Нұрлардың Анадолыға және Ислам Әлеміне радио арқылы таралуы Барат түніне сәйкес келуі еліміз бен Ислам әлеміне және Рисалей-Нұрдың пайдасына шешілер үлкен жақсылықтың белгісі, нышаны. БауырларыңТахири, Зүбейр, Сұңғыр, Жейлан, Байрам.(Сілтеме) Бұл хат бір жағынан Ұстазды Барат түнімен телеграмма не хат арқылы құттықтаушы бауырымызға қайтарылған жауап ретінде.
Нұрдағы барлық достарым мен бауырларыма мына өсиетімді жеткізейін. Нұрға қызмет етуге шамам қалмады. Бәлкім менің қажетім де жоқ шығар. Бірнеше рет уланудың кесірі мен қарттық, науқастық тірі қалуыма да мұрша бермейтіндей. Өзім қанша күткен өлімге әзірге қолым жете қоймаса да өлген есебім ғой деп осы өсиетнаманы жазып отырмын. Рахман, Рахим Жаратушыға шексіз шүкір етемін. Бұдан алпыс-жетпіс жыл бұрын әдеттен тыс, ілім ізденуші оның ішінде Имани ілімдерді ізденуші шәкірттеріне Бұрынғы Саид өзі бала дейтіндей жас болса да жастық шағында да ешкімге қол жаймай-ақ қанша кедей болса да нан пұлды өзі беретін. Бес шәкіртіне өзі нан пұл беріп тұратын болып мойнына алған, олар кейде жиырма-отызға шығатын. Олар да білімді күн көріс көзіне айналдыруға мәжбүр болмады. Сол кездері үнемдеу мен қанағаттың арқасында қиналмағанындай, Аллаһқа шүкір, қазір Рисалей-Нұр да өзінің хас шәкірттерінің нан пұлын сатылған нұсқалардың ақшасынан шығарып беріп тұр. Шынайы ықылас бұзылмауы үшін Рисалей-Нұрдың хас шәкірттеріне, әсіресе күн көріске уақыт бөле алмай отырғандарға нан пұл бөлінуде. Сатылған кітаптардан түскен қаражаттың бесте бірі Рисалей-Нұрдың өзіне тиесілі, елу-алпыс шәкірттің нан пұлы осы қаражаттан шығуда. Менің (Бейшара Саидтың) еш қандай қақым (үлесім) жоқ. Рисалей-Нұрдың қасиеті мен шәкірттерінің рухани келбеті (болмысы) және асқан табандылықтары мына рухани түрдегі Нұр мерекесіне себеп болды.Қазір басқа шәкірттерімнен жоғары саналғандықтан емес, менің жанымда, маған қызмет етіп, менің барлық әрекеттерімді жақыннан көріп-біліп жүргендіктен төрт-бес адамды толық өкіл етіп отырмын. Мен өлсем немесе тірі болғаныммен есімді жоғалтып алсам Нұр қызметімді қалай атқарғандығымды біле отырып, олар да дәл солай жалғастырсын. Әзірге Тахири, Сұңғыр, Жейлан, Хүснү тағы бір-екі адамды толық өкілдерім ретінде тағайындаймын. Рисалей-Нұрдың сатылымынан түскен қаражат Рисалей-Нұрдың меншігі. Саид та бір қызметші. Тірі кезінде нан пұлын алуына болады. Осы күндері өлімнің шеті көрініп тұрғандай. Бес-алты аймақта отырған елу-
239алпыс шәкіртімнің екі-үш жылдық нан пұлын Нұрдың ақшасынан беріп тұруға ниет етіп тұрып, кейбіреуі әр түрлі кедергілерге байланысты шәкірттік қызметтен бас тартуы мүмкін ғой деп, бас тарттым. Өсиетімді жаздым.Саид Нұрси(Сілтеме) Ғаус Ағзам Шейх Гейлани (р.а.) Рисалей-Нұрға және авторына ишара етіп ғайби кереметі арқылы деп күнкөрістен қыйналмай, бақытты өмір сүретіндігінен хабар берген. Алайда біз Ұстаздың осы уақытқа дейінгі пақыр халі мен қанағатшылдығын бұл айтылғандарға үйлеспейді деп білетінбіз. Ғаус Ағзамның ғайби хабарлары Ұстазымыздың өмірінен енді байқалды. Бала кезінде, он жасында туған көкесінің үйінен көже ішпеді, борыштар болғысы келмеді. Өзі сабақ берген шәкірттерінің тамағын өзі беретін. Қазір де елу-алпыс шәкіртінің нан пұлын өзі беруі, жоғарыда айтылған ғайби хабардың анық көрніс тапқандығын көрсетеді.Тахири, Сұңғыр, Жейлан* * * * *
Әзиз, Сыддық бауырларым!Ажалдың қашан келері белгілі болмағандықтан және науқасым асқынып тұрғандықтан, кез келген уақыт келіп қалуы мүмкін ғой деп, алдыңғы өсиетнамаларыма қосымша, қолдау ретінде қатты ауырып жатқан кезде есіме салынды. Мен де айтып кетейін. Мен кеткен соң қолымда аманат болып тұрған Рисалей-Нұрға тиесілі қаражат және Мұғжизалы Құранымызды бастыру үшін Ескішехирде сақталып тұрған ақша сол сәйкестіктері көрсетіле отырып жазылған Құранның фото басылымына тиесілі. (*Он мың лира) Біздегі қаражат Рисалей-Нұрдікі. Аллаһқа сансыз шүкір етемін ол қаражат алпыс-жетпіс жыл бұрын өз ақшамның жоқтығына қарамай, сол кезеңінің әдеттеріне жат болса да шәкірттерімнің нан пұлын өзім беріп тұрғандығым үшін елу-алпыс жылдан соң рухани түрдегі, аса ауқымды Медресеттүз-Зехраның хас шәкірттеріне әсіресе нәпәқа табуға уақыт та бөле алмай бар уақытын Рисалей-Нұрға жұмсаушы шәкірттерге арнаған Иләһи жарылқау. Қолымыздағы ақша солардың нан пұлы, соларға берілетін болады. Неше жылдан бергі менің ісімді менің рухани балаларым саналар мирасқорларым дәл солай жалғастыруын өсиет етемін. Иншаллаһ Рисалей-Нұр жаппай тарала бастаса, ол жаражат қазір өзін Рисалей-Нұр қызметіне арнаған шәкірттерден әлде қайда көп жанқияр шәкірттерге де жететін болады. Рухани түрдегі Медресетүз-Зехралар мен Нұр медреселері көптеген жерде ашылатын болады. Осы ақиқатты осы рухани халді менің рухани балаларым, хас, жанқияр көмекшілерім, өзін толықтай Нұр қызметіне арнаған батырлар, жұрттың бәрі білетін бауырларым менің орныма жалғастыра берсін деп тілеймін. Рисалей-Нұр тұрғысынан алғанда менің енді қажетім қалмағандықтан о дүниеге аттану мен үшін бір қуаныш болар. Сендер қамықпаңдар. Мені құттықтап қоюларыңа болар, қиыншыдықтарды артқа тастап, рахметке мейрімге бет алып бара жатырмын.Ауыр науқасСаид НұрсиБіз Ұстаздың осы өсиетіне куәміз.Әмірдағынан Чалышқан, Мұстафа Ажет,Сафранболулық Хүснү, Ерменектік Зүбейр,Чоғұллық Байрам.
Әзиз, Қымбатты бауырымыз Тахсин Бей!Қадір түні құтты болсын дейміз және табыс тілейміз. Ұстаз сізге сәлем айтты және былай деді. «Тахсин жариялаған «Өмір тарихы» кітабы үлкен-үлкен жиырма жинаққа татитындай пайдалы болды, көпшіліктің көңілінен шықты. Қазіргі кейбір сындар үшін уайымдамасын. Жұрттың назарын аударғандықтан жақсы жарнама болды.Осы уақытқа дейінгі жиырма жыл ішінде жиырма жинақ жасырын таралып-ақ үлкен нәтижелерге себеп болды. «Өмір тарихы» жасырын таралып, сол нәтижеге қол жеткізетін болады Иншаллаһ».Екіншіден: Хақ Тағала сізді Рисалей-Нұрдың Анкарадағы бас қолбасшысы етіп тағайындаған екен. Құранның қырық жақты мұғжизасының бірі ұйқастық мұғжизасын баяндап берген Рисалей-Нұрдың бір кітабы Ишаратүл Иғажаз тәпсірін бастыру да сізге нәсіп болады. Құранның ұйқастық жағы да жеті жақты. Солардың бірі сәйкестік. Сәйкестіктің де бір түрі Аллаһ сөзінің көзге анық көрініп тұрған сәйкестігі. Иншаллаһ осы мұғжизалы Құранымызды бастырып, жарыққа шығару да сізге нәсіп болар. Ұстаз сізге он мың лира жіберген еді. Қазір де Құран аяттарының санына сай келетін алты мың алты жүз алпыс алты лира жіберіп отыр. Бұл ақша шәкірттердің екі жылдық нан пұлдарынан артылып қалған ақша. Басқа жаққа жұмсалмауы керек. Сізге Құранның бірнеше парасын қоса жолдап отырмыз және көптен көп сәлем.БауырларыңТахири, Зүбейр, Сұңғыр, Жейлан,* * * * *
Осы жолы Анкараға келуімнің маңызды бір себебі, Исламиятқа жақтас ішкі істер министрі Намық Гедикпен кездесу және Исламның хас батыры Аднан мырза мен Тевфик Илері сынды маңызды кісілерге бір ақиқатты айту.Демократтарға азанның оригинал халінде қайта шақырыла бастауындай күш беретін Рисалей-Нұрдың басылып шығуына мүмкіндік беру және қолдау танытуы, сондай-ақ, Ислам Әлемін тіпті кейбір Христиан мемлекеттерді қуанту үшін Аясофияны күл-қоқыстан тазартып, қайтадан құлшылық орнына айналдыруы керек. Отыз жылдан бері саясатты тәркі етсем де осы мәселе бойынша Намық Гедикке жолыққым келді, сол үшін келдім. Аднан Мырза , Намық Гедик, Тевфик Илері сынды кісілерге деген құрметім сол, басқа жақтарға бармадым.Құранның негізгі заңдарына сүйене отырып, Анадолуның түкпір-түпкірінде және Шығыс Аймақтарда қоғамның тыныштығын сақтап тұрған Рисалей-Нұрдың бес жүз мың нұсқасы коммунистік ағымды тұншықтырып отыруымен қатар,қоғамдық тыныштықты сақтап тұрғандығының бір дәлелі мынау: Он жылдан астам уақыт бұрын Афионның Прокуроры «Алты жүз мың жанқияр шәкірті бар. Бес жүз мың нұсқа Рисалей-Нұр кітаптарын жарыққа шығарыпты. Қоғамдық тыныштықты бұзуы мүмкін», деді. Оған қарсы Саид былай деген екен. Алты жүз мың жанқияр шәкіртім бар. Он бес жылдан бері маған осынша зұлымдық жасалуда. Бір де бір сақшы немесе сот бір де бір тәртіп бұзу оқиғасын көрсетіп бере алмады. Оған қоса былай дедім. Ей, Прокурор! Егер Рисалей-Нұр қоғамның тыныштығы жолында мың прокурор, мың полиция бөлімшесінің бастығы құрлы қызмет етпеген болса Аллаһ маған қаһарын төксін. Сіз де маған қандай жаза қолданғыңыз келсе солай жасаңыз. Ол бұл сөздеріме қарсы ешқандай шара таппады. Бір-екі жылдан кейін Нұрдың бір жас шәкірті өзі бастырған шағын рисалеге зиян тиеді деп өзіне-өзі қол жұмсағысы келді. Ұстаз оны тоқтатты, тағы бір шағын оқиға орын алды, ол да бітіммен шешілді.
243Ал Ұстаздың он жанқияр шәкірті (біреуі сәлем беріп, шапалақ жепті, екіншісі қолын сүйіп, ұрыс естіпті) қоғамның тыныштығын бұзбау үшін біреуі де үнін шығармаған. Өйткені Саидтың менің жүз жаным болса да қоғамның тыныштығы жолында пида етемін дегенін естіген. Сондықтан қағидасына сай бес қылмыскердің кесірінен тоқасан бейкүнә жанға зиян тимеу үшін, бір қылмыскердің кесірінен он бейкүнә балаға, ата-анасына қиянат жасамау үшін, Рисалей-Нұр қызметімен қоса қоғамның тыныштығын сақтайтын, әр түрлі жамандықтардан тыйатын сақшы қойылуда әр қайсысының жүрегіне. Құранның осы негізгі қағидасы жолында мың рухым болса да пида ететініме өмір тарихым куә, дәлелдеп берді, Өмір тарихым жұрттың көз алдында. Соттар да мұны мойындап отыр. Тіпті жұртпен кездесуді қойып, жеке отыруы сырт көзге рияшылдық, менмендік, тәкіпбарлық болып, көрінбеуі үшін мейрімді Аллаһтың жарылқауымен дауысы шықпай қалып отыр. Достарымен кездесуге мәжбүр болмайды, олар да ренжімейді.Саид Нұрси* * * * *
[Ұстаздың Прокурорларға деген таң ғажайып рухани халін баяндаудың уақыты келді]Маған былай деді:«Отыз-қырық жылдық қысым жасалды. Хуқуқуллаһ (иләхи құқық) мағнасындағы қоғамдық құқық жолында қызмет етуші прокурорлар түрмеде болсын, айдауда болсын қанша қысым жасаса да оларға ашулану, ренжу сезімі болған жоқ менде. Кейін байқадым: Олардың сыртқы қаталдықтарына себеп болар кемшіліктерді олардың бойынан байқамадым. Алайда біраз уақыт өткен соң тағдыр менің басқа кемшіліктеріме орай, мейрім шапалақтарын сол прокурорлардың қолымен ұрып жатқандығын көрдім. Тағдыр әділ әрекет еткендіктен, ол мейрім шапалақтарын рухыммен де жүрегіммен де қабыл көрдім. Сыртқы себептерге орай жасалған прокурорлардың қысымын кешірдім.Қазір Аллаһқа шүкір, сол прокурорлардың кейбіреуі, өз міндеттері болған қоғамдық құқықты сақтаулары Хуқуқуллаһ болып саналатындықтан маған қарсы жасалған қысым емес, керісінше нағыз әділдік ретінде Исламиятқа, тіпті адамзатқа пайдалы болған Рисалей-Нұрдың Иман жолындағы қызметі жағынан алғанда қысым емес, тағдырдың мейрім шапалақтары болып саналады. Сырт қарағандағы азаптар ақиқатында көмек болғандықтан, мен де осы ұлы сырға байланысты барлық әлгіндей прокурорларға достық сезім мен дұға ететін болдым.Сырт қарағанда маған қысым жасалып жатқандай болып көрінген жағдайлар, Иман жолындағы қызметке жарнама болды. Мен қазір сол қоғамдық құқықтың Хуқуқуллаһ болып саналатынын білетіндердің бәріне сәлем жолдап, дұға етемін. Барлығының да маған жасаған қысымдарын кештім».Саид НұрсиҰстаздың осы ақиқатты жазған хатын қаз қалпында сіздерге жеткізіп отырмынШәкірті Сұңғыр* * * * *
Бәдиүззаман Саид Нұрсидің газеттерге жазған бір хаты.(Бізге қатысты мәселелерді жазған газеттерге жазған бұл хатымды жария етсе, осы күні маған жауып отырған жалаларын кешірем. Қатты ауырып тұрғандықтан қысқа қайырған бұл хатымды сол газеттер жария етсін. Сонда біз үшін уайымдап жүрген бауырлар уайымнан құтылатын болады)Біріншіден: Осы күндері болып жатқан мәселелерге алаңдамаңдар. Мейрімді Аллаһтың көмегі келіп тұрған үлкен жақсылық. Науқас болғандықтан біреумен кездесіп, сөйлесуге шамам жоқ. Рисалей-Нұрдың ел ішінде де шет елдерге де кеңінен таралуы мен жақсы қабылдануына орай қазір дұшпандар да дос болып кетті. Жұрттың бәрі кездесіп, сұхбаттасықысы келуіне байланысты Аллаһтың көмегімен дауысым шықпай қалды. Рисалей-Нұр тұрғанда менің қажетім болмағандықтан кездесіп, сөйлесе алмаймын.Мені алты уәләяттың шақыртуына байланысты жолға шығып бара жатқан Рисалей-Нұрдың және біздің ұстанымымызды түсінетін төрт ресми қызметкер Әмірдағында дем алып, әзірге Әмірдағында ғана тұруымды үкіметтің өтінетінін жеткізді. Онысыз да біреумен кездесіп, әңгімелесуге шамам болмағандықтан, маған жасалған мына достық ұсыныс пен мына жағдай бір көмек болып отыр. Мені шақырып отырған көптеген аймақтардағы шынайы бауырларым ренжімесін. Сондай-ақ кейбір аймақтарға барып, басқа жақтарға бара алмай қалған жағдайыма жүз мыңдаған нағыз жанқияр шәкірттерім ренжімесін.Екіншіден: Менің бұл саяхаттарымның саясатпен еш қандай байланысы жоқ екендігінің бір дәлелі, қырық жылдан бері саясатты тастағандықтан, тек қана Құранның заманға сай бір тәпсірі болған Рисалей-Нұр абсолюттік күпірліктің белін үзіп, анархия мен бұзғыншы ағымдарға тосқауыл болуымен қатар, Құранның Рисалей-Нұрға берген сабақтарының бір негізі сыры арқылы «Қоғамның тыныштығын бұзу, бес қылмыскердің кесірінен тоқсан бейкүнә жанға зұлымдық жасау болады», деген ақыреттік
246қызметіміз отанға, халыққа, қоғамға аса пайдалы болғандықтан мені аңдыған немесе қиындық тудырған сақшылар мен қарауылдарды кештім. Олар қоғамның күрескер сақшылары деп, бауырым ретінде қабылдадым.Тіпті мені Анкарадан қайтарып жіберуі де Аллаһтың көмегі болуына байланысты Аллаһқа шүкір еттім. Еш өкінішсіз Анкарадан қайттым.Үшіншіден: Жан-жақта Рисалей-Нұр кең таралып, оқылуына және қызығушылардың артуына байланысты менімен кездескісі, сұхбаттасқысы келетіндер шақырғысы келеді. Мұндай жағдайда жиырма аймаққа баруыма тура келеді. Тек қана Рисалей-Нұр басылып шыққан жерлерге Анкараға, Стамбулға, Конияға бара алдым.Мені Әмірдағында тоқтатқан достарға айтарым: Маған байланысты бұл жағдай, бұл амалдар Аллаһтың мейріміне бөленуге бір себеп болды. Қиналмаймын. Тек мен жиырма жыл тұрған Спарта Уәлиятында екі жылға жалдаған бір үйім және сол жерде кейбір заттарым бар. Ол жердің ауасы денсаулығыма да біраз ыңғайлы. Үкіметтің рұқсатымен бір ай Әмірдағында бір ай сол жалға алған Спартадағы үйімде тұрғым келеді.Бәдиүззаман Саид Нұрси* * * * *
[Ұстаз Бәдиүззаманның қайтыс болардан бұрын барлық Нұр шәкірттеріне берген соңғы дәрісі]Әзиз бауырларым!Біздің міндетіміз болымды әрекет ету. Болымсыз әрекет жасамаймыз. Аллаһ ризасы үшін Иман жолында қызмет ету, Аллаһтың ісіне араласпау. Біз қоғамның тыныштығын сақтау жолында жақсы нәтиже беретін иманға қызмет ету барысында неше түрлі қиыншылықтарға қарсы сабыр сақтап, шүкір етуге міндеттіміз. Өзімнен мысал келтірейін, мен бұрыннан бері өктемдікке, басынуға қарсы бас имеген адаммын. Өмірімде басынуға шыдай алмаған қаншама оқиға орын алды. Мәселен: Ресейде бас қолбасшының алдында орнымнан тұрмадым. Әскери трибунал өтіп жатқанда, өлім жазасына кеспек болған сотта генералдардың (пашалардың) сұрақтарына бес тиындық та мән бермедім. Төрт басшыға қарсы ұстанымдарым да өктемдікке қарсы бас имегендігімді көрсетеді. Бірақ соңғы отыз жылдан бері болымды әрекет ету, болымсыз әрекетке бармау және Аллаһтың ісіне араласпау деген ақиқаттар үшін маған қарсы жасалған амалдарға сабырлық танытып, ризашылық (тағдырға) білдірдім.Жержис Алейхиссалам сынды және Бәдір мен Ухуд соғыстарында көп жапа шеккен кісілер сияқты сабыр сақтап, ризашылық (тағдырға) таныттым.Мәселен: Сотта мен оның сексен бір қатесін дәлелдеп берген прокурордың жалған-жалаларымен бізге қарсы шығарған шешімі үшін де қарғыс айтпадым. Өйткені негізгі мәселе қазіргі замандағы рухани жихад. Рухани бүліншілікке қарсы тосқауыл қою. Сол арқылы еліміздің ішкі тыныштығына бар күшімізбен көмек беру.Иә, біздің жолымызда (әрекетімізде) күш бар. Бірақ бұл күш қоғамның тыныштығын сақтау үшін қажет қағидасы бойынша, бір қылмыскердің кесірінен оның бауыры, туыстары, бала-шағасы жауапқа тартылмайды. Сондықтан өмір бойы бар күшімді салып қоғамның тыныштығын сақтау жолында әрекет еттім. Бұл күш іште емес, сыртқы шабуылдарға
248қарсы қолданылуы керек. Айтылған аяттың қағидаларына сай ішкі, қоғамдық тыныштықты сақтауға көмектесуге міндеттіміз. Сондықтан Ислам Әлемінде қоғамдық тыныштықты бұзар ішкі соғыстар (азамат соғысы) мыңнан бір болған. Ол да өз ара ижтихаттың айырмашылықтарынан бастау алған. Рухани жихадтың ең үлкен шарты, Аллаһтың ісіне араласпау. «Біздің міндетіміз қызмет ету, нәтиже Аллаһтан. Біз өз міндетімізді орындауға мәжбүрміз және міндеттіміз».Мен де Жалаледдин Хорезмишах сынды «Менің міндетім иманға қызмет ету, табысқа жеткізу не жеткізбеу Аллаһтың шаруасы» деп, ықыласпен әрекет етуді Құраннан үйрендім. Сыртқы шабуылдарға қарсы күш жұмсауға болады. Өйткені жаудың мал-жаны олжа болады. Ішкі жағдай олай емес. Іште болымды түрде әрекет етіп, рухани бұзғыншылыққа қарсы рухани түрде, ықылас сырына сай әрекет ету керек. Сырттағы жихад басқа, ішкі жихад басқа. Қазір Аллаһ маған миллиондаған шәкірт беріп отыр. Біз бар күшімізбен ел ішінде, қоғамдық тыныштықты сақату үшін болымды әрекет етуіміз керек. бүгінгі таңда ішкі және сыртқы рухани жихадтың айырмашылығы өте көп.Тағы бір мәселе бар. Бұл да аса маңызды Құранның үкімдерімен есептегенде, қазіргі рухани құлдыраулардың салдарынан аса қажетті заттар (тұрмыстық) төрт емес жиырма болып тұр. Әдетке айналдырудың, көрсе қызарлықтың, ермеліктің кесірінен аса қажет емес нәрселер өте-мөте қажет заттардың қатарына еніп отыр. Ақыретке сене тұра, «қажет болып тұр» деп, осыған зәрумін деген оймен дүниелік пайда мен ішіп-жеу үшін дүниелік істерді ақыреттен артық көруде.Қырық жыл бұрын бір бас қолбасшы мені дүниеге бет бұрғызу үшін кейбір қолбасшыларды, тіпті молдаларды менің қасыма жіберді. Олар «Біз қазір мәжбүрміз. қағидасына орай Европаның кейбір қағидаларын, мәдениетін бізге қажет нәрселерін алуға, солардікін қайталауға мәжбүрміз», деді. Мен де оларға былай дедім. «Сендер алданған екенсіңдер. Таңдау еркі бола тұра «зәрумін» деуіне мүлдем болмайды. Харам нәрсені халал ете алмайды. Бұрыс пиғылынан туындамаса, яғни зәру нәрсесі харам болмаса зяны жоқ. Мәселен, бір адам өз еркімен харам жолмен
249мас болса, мастықпен қылмыс жасаса, айыпты болады. Үзір болып саналмайды жазаға тартылады. Өйткені өзінің бұрыс пиғылы осыған зәрумін деген қарар берді. Алайда бір есі дұрыс емес бала сондай халде біреуді ұрса, үзірлі болады. Жазаға тартылмайды. Өйткені өз еркімен (саналы түрде) жасалмаған». Әлгі қолбасшы мен молдаларға былай дедім: Нан жеу, өмір сүру сынды нәрселердің сыртында қандай зәрулік бар. Бұрыс пиғыл мен харам нәрселерге ынтығу мен харам істерден туындайтын әрекеттер харамды халал етуге себеп бола алмайды. Синема, театр, би сынды нәрселерді әдет қылған болса, абсолюттік зәрулік болмағандықтан және бұрыс пиғылдан туындағандықтан, харамды халал етуге себеп бола алмайды. Адами заңдар да бұл ерекшеліктерді назарға алып, еріктен тыс абсалюттік зәрулік пен бұрыс пиғылдан туындайтын шешімдердің ара жігін ажыратып қойған. Иләһи заңдар бойынша бұл нәрселер аса мықты негіздерге сүйене отырып, ара жігі ажыратылған. Мұнымен қатар заман осыған мәжбүр етіп отыр деп, кейбір молдалар бидғаттарды қолдап кеткені үшін оларға тарпа бас салмаңдар. Білмей жатып «зәру болып тұрмыз» деп әрекет етуші бейшараларға соққы бермеңдер. Сондай нәрселерге байланысты күштеріңді ішкі мәселелерге жұмсамаңдар. Бейшара соған кіріптар болып қалған, бізге қарсы шығушы молдалар болса да тиіспеңдер. Бұрын жалғыз өзім маған қарсы жасалған қаншама шабуылдарға шыдас бердім. Иман жолындағы қызметіме титтей де зиян келтірмей, табысқа жеттім. Қазір миллиондаған Нұр шәкірттері болса да болымды әрекет етіп олардың осынша басынуларына, зұлымдықтарына шыдап келемін.Біз дүниеге көңіл бөлмейміз. Көңіл бөле қалсақ оларға көмектесудеміз. Қоғамның тыныштығын сақтау жолында болымды түрде көмектесеміз. Міне осындай ақиқаттарға байланысты, бізге зұлымдық жасаса да жақсы қарсы алуымыз керек.Рисалей-Нұрдың басылуы Демократтар дінге жақтас деген сенім ұялатты. Бүгінгі таңда Рисалей-Нұрға тиісу Отан мен халықтың игілігіне мүлдем керіағар.Көпшілікке арналмаған бір Рисале бар еді. Сол рисаленің жарыққа шығуына тиым салдым. «Мен өлгеннен кейін жарялансын», деген едім. Кейінірек сот орындары алып оқыды, сараптама жасап, ақтау шешімін шығарды. Касациялық сот та сол шешімді күшінде
250қалдырды. Мен де қоғамымыздың тыныштығын сақтау үшін және жүзден тоқсан бес бейкүнә жардарға зиян тимеу үшін жарыққа шығаруға рұхасат бердім. «Саид, ақылдаса отырып жарыққа шығаруына болады», дедім.Үшінші мәселе: Қазір абсалюттік күпірлік рухани тозақты жар салып жайғысы келеді, әлемдегі бір де бір кәпір оған жоламауы керек. Құранның «Әлемдерге жеткен мейрім» екендігінің бір сыры мынау: Мұсылмандарға мейрім болуымен қатар, ақыретке Аллаһқа Иман келтіру ықтималдығы жағынан барлық дінсіздерге бүкіл әлемге адамзатқа мейрім екендігіне бір белгі, бір ишара мынау, әлгі рухани тозақтан бұл дүниенің өзінде оларды бір шама сақтап тұр. Қазір пән мен философияның адасқан тобы, яғни Құранмен үйлеспейтін адасқан бөлігі, абсалюттік күпірлікті коммунистер бейнесінде жая бастады. Коммунистік перденің артында анархияға апаратын мұнафықтар мен бұзғыншылардың қолымен жая бастағандықтан қазір дінсіз өмір сүру мүмкін емес, болмайды. «Дінсіз бір халық өмір сүре алмайды» деген үкім осыған ишара. Абсалюттік күпірлік орын алса, өмір сүру расында мүмкін емес. Сондықтан Хәкім Құран осы ғасырда рухани мұғжизасы ретінде Рисалей-Нұр шәкірттеріне абсалюттік күпірлік пен анархияға тосқауыл қой деп, осы дәрістерді беріп, отыр. Қойды да. Қытай мен жарты Европаны, Балқан түбегін жаулап алған бұл ағымға қарсы бізді сақтап тұрған Қасиетті Құранның осы дәрістері. Әлгіндей шабуылдарға қарсы қорған болып, ондай қауіптерге қарсы тұрар шара тауып беріп тұр.Демек бір Мұсылманның басқа дінге кіруі, немесе Христиан, Яхуди әсіресе большевик сияқты болуы мүмкін емес. Өйткені бір Христиан Мұсылман болса Иса Алейхиссаламды бұрынғыдан да жақсы көреді. Бір Мұсауи мұсылман болса, Мұса Алейхиссаламды бұрынғыдан да жақсы көреді. Ал бір мұсылман Мұхаммед Алейхиссалату Әссаламмен байланысын үзсе, дінінен шықса, енді ол ешқандай дінге кірмейді, анрахист болады, рухында кемелдікке себеп болар еш нәрсе қалмайды. Ар-ожданы әбден бұзылып, қоғамдық өмірге у шашар азғынға айналады.Аллаһқа шүкір Қасиетті Құранның ғайби ишаралары арқылы қаһарман Түрік халқы мен Араб халықтарының ішінен Түрік және Араб тілдерінде осы ғасырды құтқарар Құрани мұғжизаның Рисалей-Нұр деп аталатын сабақтары жарыққа шыға бастады. Он алты жыл
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255