151ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫҒазиз, адал, мүбарак бауырларым және Құран қызметінде қайратты, жігерлі, қайсар достарым!Соңғы күндері менімен алты кісі әу баста ағаш ұстасы Ахмет, соңында мен мағынауи ескертуге байланысты әрқайсымыз бір-бір мәселеге куә болдық. Біріншісі: Қайрат жігері мол, Рисалей-Нұрдың және Нұр медресесінің тәлабасы Ахмет ұстаның жазған хатында, Әшрәф дейтін он жасар бейкүнә бала, туған ауылынан шығып, шаруасын тастап екі күндік жол жүріп еш жазу білмесе де он күннің ішінде Рисалей-Нұрды жаза бастауы бұл Рисалей-Нұрдың кәраматы әрі Нұр медресесінің таңғажайып гүл шешегі депті. Иә, біздің де ойымыз солай. Қалайша қыстың күні әдемі гүлдер ашылады. Бұл Құдайдың құдреті, сол секілді осы кездегі суық рухани қыста Сав ауылы яғни Сав ағашы мыңдаған әдемі гүл ашып, жәннат жемістерін беруі сондай-ақ, Спарта аймағы бау-бақша тәрізді мыңдаған «Мұхаммади гүл» (с.а.у) ашуы, әлбетте таңғажайып Илләһи рахымның мұғжизасы болып табылады. Әрі осы елге Аллаһтың қамқор-мейрімі түсіп тұрғанына белгі деп қабылдап, Хақ тағалаға сансыз шүкір еттік. Ахмет ұстаның хатында Дарывиран ауылының бұрыңғы заманның ықыласты озат шәкірттеріне ұқсайтын жанкешті тәлабалар шыққанын жазады. Біз бұған шын жүректен қуаныштымыз. Нұр медресесінің қыз-келіншектер шәкірттері болса олар да, жазып жатқан қаламдарға Құрани әурад-дұғаларымен мағынауи жәрдем етулері тамаша хабар. Осы аймақтағы ханымдарға да сабақ болды. Хақ тағала оларға және ол медресенің барлық тәлабаларына және ұстаздарына мәңгі бақи разы болсын. Ахмедтің көрген түсі өте мүбарак әрі керемет. Хазреті Исаның (а.с) зор дауысын естігені Құран жамағатына Исауилерден қуатты бір көмек келіп демеуі мүмкін, соған ишара шығар. Екінші адам, оның мәселесі: Рисалей-Нұр тәлабасы бір жас хафыз жігіт көп адамдардың дегеніндей былай деді: «Менің ұмытшақ дертім асқынып барады. Не істесем екен?». Мен оған былай деп
152ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБжауап бердім: «Мүкін болғанынша харамдарға яғни тыйым салынған нәрселерге қарама!». Өйткені мұндай бір риуаят бар: «Имам Шәфи айтыпты: Харамға қарау адамды ұмытшақ қылады!» Иә, Ислам әлемінде харамға қарау көбейген сайын нәпсі, әуестік қозып организм өзгеріске ұшырап бұрысқа пайдаланудың кесірінен ысырап пайда болады. Сөйтіп аптада бірнеше мәрте ғұсыл алуға мәжбүр болып нәтижесінде есте сақтау қабілеті әлсірейді. Рас, мына заманда ашық-шашық киінудің салдарынан әсіресе ауа-райы ыстық жерлерде әлгіндей харам назардан бұрысқа пайдалану, ысырап шылдық етек алуда. Соның салдарынан жалпы бір ұмытшақтық дерті бар. Мұны әркім біледі, шағым айтуда. Осы жалпыға ортақ дерттің жайылуы мына бір хадистің сұмдық хабарын растағандай яғни хадисте: «Ақырзаманда хафыз-қарилардың жадынан Құран суырып алынады!». Демек бұл дерт әлі асқынады. Сөйтіп кейбір кісілердің Құран жаттауына осындай харам назар кедергі болады. Хадистің айтқаны тура шығады.Үшінші адам және оның мәселесі:Бізбен тығыз байланыс құрған бір кісі көп мәрте былай деп шағымданады: «Менің адам болатын түрім жоқ. Күннен күнге бұзылып барамын. Рухани салих амалдарымнан нәтиже жоқ!». Оған жауап ретінде былай деп жаздық: «Бұл дүния еңбек етіп, қызмет ететін жер, ақы алатын орын емес. Ізгі, салих амалдардың әжір-ақысы, жемісі мен нұры берзахта, ақыретте болмақ. Ондай мәңгі жемістерді бұл дүнияда көргісі келіп дүнияда сұрау ақыретті дүнияға пайдалану деген сөз. Ондай салих амалдардың ықыласы кетіп, нұры өшіп қалады. Рас, ол жемістерді сұрауға болмайды, ниет ету дұрыс емес. Егер берілсе ынталандыру үшін берілгенін ойлап Құдайға шүкір ету қажет. Иә, бұл заман – бір-екі хатта баяндалғанындай – дүниялық өмірді уайымдатып, басты мәселе қылып, қоздырып жібергені сонша мүбарак әрі қарт әрі молда, салих кісінің өзі белгілі бір мағынада ақыреттегі рахатты бұл дүниеде іздейді. Оның ойында дүнияның қызығы бірінші орында тұр.
153ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫТөртіншісі: Бізбен араласып жүрген бір кісі көп адамдардың шағымданатыны секілді, бұдан бұрын тариқатта жүріп ережесін қатты ұстанып, дұға-әурад оқығанда құлшыныс зауық, ләззат, алғанын қазір одан айырылып қалғанын, пайда болып сөйтіп ұйқы басып, мазасы кететінін өкіне шағым айтты. Оған былай дедік: Ауа-райы бұзылған кезде адамның мазасы кетіп, қан қысымы бар кісілер өздерін жайсыз сезінеді. Сол секілді кейде мағынауи ауа-райы бұзылады. Әсіресе руханияттан ұзақ мына заманда және әуестікті, нәпсіні қоздыратын нәрселер кеңінен тараған елдерде әсіресе «шухур-ы сәласә» яғни қасиетті айлар рухани ауаны тазартып, Ислам әлемін оятып, назарды ақыретке аударып, сосын үш айлар өтіп кеткен соң тоқырау басталып және руханиятқа кері әсер ететін кәпірлердің әрекеті кезінде сондай-ақ, қыс айларында дүниялық тіршілік, нәпсінің әуестігі біршама тоқтап мұсылмандар мен имандылар ақырет қамын ойлап жүргенде көктем келіп дүния ауыр басып, нәпсі қозатын сәтте, әлгіндей ақыреттік қам, рухани құлшыныс саябырлап қалатыны рас. Сондықтан мұндай киелі әурад-дұға, зікір кезінде ынта-жігердің орнына адам есінеп, ұйқы басатыны рас. Дегенмен яғни машақаты мол, қиын, әрі қызық емес істер мазасыз кезде жасалса салих амал саналып әлдеқайда маңызды, орасан зор сауап. Ондай мазасыз уақытта қиналып жасалған амал мол сауапты әрі қабыл болатынын ойлап сабыр сақтап әрі риза түрде шүкір ету керек. Бесіншісі: Рисалей-Нұрдың бір тәлабасы Рисалей-Нұрға қызмет ете алмай жүргенінің бір себебі тұрмыс жағдайы қиындап күйбең тірлікті алға тартты. Біз оған былай дедік: Рисалей-Нұрға қызмет етпегенің үшін күн көріс саған қиындап кеткен ғой. Өйткені осы аймақтаға әрбір тәлаба және мен де мойындаймын: Рисалей-Нұрға қызмет еткен сайын өмір сүру оңай, жүрек тыныш, көңіл хош табыс табу жеңіл болады. Алтыншы: Мынау байғұс Саид. Әркім қалайтын, жанға жағымды әрі қуана қабылдайтын жеке басқа деген құрмет, сүйіспеншілік, сұхбат, бірақ Рисалей-Нұрмен қатысы жоқ болса, менің мазамды алып, жанымды қинайды. Мұның себебі Рисалей-Нұрдың жоғары қасиеті және шәкірттерінің мағынауи тұлғасының ерекше артықшылығы мен секілді байғұсқа жүктелсе көтере алмай астында езіліп, ыңғайсызданады деп түйдім.
154ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБОсы соңғы екі мәселені қысқа қайыруға қағаздың тапшылығы себеп болды. Нұр, Гүл және Лүтфүнің қаһарман ізбасарлары, Мүбарактар тобы және Нұр медресесі сондай-ақ, бейкүнәлар, үмми қарттардың әрқайсысына мыңдаған сәлем.Дұғаларыңа мұқтаж,сендерді көруге ынтықСаид Нұрси* * * * *Ғазиз, адал, мызғымас, қайтпас қайсар, табанды да жанкешті бауырларым!Мұндай ауыр соққыға ұшырағанда сендерді демеп, жұбатудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Өйткені сендердің мықты табандылықтарың және Рисалей-Нұрға қатысты жағымсыз әрбір оқиғаның артында бір Иләһи инает, рахым-қамқорлық болатынына зор сенімдерің жұбайым боп жетер. Тек бір мәселені уайымдап отырғаным. Тәркіленген Рисалей-Нұр кітаптары толық топтама ма яғни тұтас күллият па және кімдікі еді? Соны білгім келеді. Кімдікі болса да бауырымыз уайымдамасын. Кітаптар оның атынан анағұрлым жоғары шен иелеріне барып қызмет етеді, оған сауап жазылады. Оған бір күллият яғни Рисалей-Нұр топтамасын тауып беруге болар. Әрі қамалғандар бар ма? Және бір молда туралы айтып жатыр, ол кім екен.Екіншіден: Сабри мен Хафыз Али өзара ақылдасып хабарласудың ең тиімді жолы кейде Атабай арқылы дегеніне біз де қосыламыз. «Лүтфидің орынбасары Абдуллаһ Чавуш» деген адреске жіберіп тұрарсыңдар. Үшіншіден: Сабридың хатында баяндалған тәуәфукпен жазылған Құран мұғжизасы мен Рисалей-Нұр туралы шығарған мағына бізді керемет қуанышқа бөледі. Хасан Атыфтың бізге жазған тамаша әрі көз тартар Құран мұғжизасын негіз алып басқа рисалелердегі Құранның мұғжизалығы жайлы тақырыптарды оған қосымша ретінде жазып едік, құлпырып шыға келді. Атап айтсақ, Аят-үл Күбраның Құран жайлы он жетінші мәртебесі, сондай-ақ, Жиырмасыншы Сөз, «Фәтх» сүресінің соңындағы аяттың мұғжизалығы туралы Жетінші Лема, әрі Фихристенің «Румузат-ы Сәмания» туралы маңызды жазбалары, сондай-ақ, «Кенз-ул Арш» дұғасының екі тұжырымы әлгі қосымшаға енді. Дәл Мұғжизат-ы
155ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫАхмадие кітабының қосымшаларындай құлпырып кетті. Нұрлардың орталығы Сабри өзінің тамаша жазған Мұғжизат-ы Құранияны иншаллаһ оған қосып жазса одан әрі тамаша болар. Төртіншіден: Марқұм Лүтфүнің шынайы әрі өте ықыласты орынбасары Абдуллаһ Чавуштың хаты оның қаншалықты адал әрі ықыласты әрі Нұрға байланысы мықты екенін көрсетті. Әрқашан Исламкөйлү Абдуллаһ пен әлгі Абдуллаһ Чавушты дұғада еске алып, бізбен бірге Иншаллаһ. Расымен, солай болуға лайық екендерін іс-жүзінде көрсетуде. Олар сұраған Фихристенің қатесіз ең соңғы нұсқасы оларға жақында жіберілмек. Бірақ олар ойлағандай жіті тексеріліп, жөндеу көрген жоқ. Өйткені амалдарды бөлісу арқылы ол мүбарак бауырымның жазбасын қасиетті жәдігер ретінде көрдім, өзгертуге қимадым. Бесіншіден: Соңғы кезде менде бір дерт пайда болды. Оның себебі әлгі оқиға, Рисалей-Нұдың біршама тоқтап қалуына себеп бола ма екен және мені дүнияға қарататын болды деп және жиырма жылдан бері сөйлеспеген адамдармен сөйлесетін болдым-ау деп және Құранға қызмет ету үшін саясатқа араласпау керек еді енді араласпасам жарар еді деген уайымнан осы сырттай көрінбейтін негізінде өте қауіпті дертке шалдықтым. Өмір бойғы әдетімді толық сақтай алмайтындықтан бұрыңғыдай Рамазандағы ауруым секілді мен тағы сол бауырларымнан мағынауи көмектесуін өтініп сұрайын деп отырмын. Дегенмен уайымдамаңдар, төсек тартып жатқаным жоқ. Тек, жазылған нұсқа-кітапшаларды тексеріп көп отыра алмаймын. Алтыншыдан: Рисалей-Нұр бір тарапта тоқтап қалса басқа жақтарда жеңіске жетіп тоқтап қалғаны байқалмай кетеді. Тіпті осы оқиғаға байланысты бұл аймақта біршама сақтық жасап тоқтата тұруға ниет етсек те, Спартада тоқтағанымен керісінше осы өңірлерде кеңінен жайылып өзін жарқын түрде көрсетуде. Бізбен тығыз байланысты, бізді қадағалап отыруға міндетті әрі саясатпен араласатын ықпалды бір қызметкер қасыма келгенде оған былай дедім: «Соңғы он сегіз жылдан бері сендерге арызданып өтініш жазбадым және бірде-бір газет оқымадым. Осы соңғы сегіз ай ішінде бір рет болсын жер жаһанда не болып жатқанын сұрамадым. Үш жыл болды жанымда сөйлеп тұрған радионы тыңдамадым. Мақсатым киелі қызметімізге мағынауи зияны тимесін дегенім.
156ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБМұның себебі мынау: Иман қызметі, иман ақиқаттары әлемдегі ең үлкен мәселе, бәрінен де маңызды. Оны бір дүниялық мақсатқа пайдалануға, құрал қылуға болмайды. Дей тұрғанмен мына заманда әһл-і ғафлет, адасқандар және дінін дүнияға сататындар және бақи алмасты шыны әйнекке ауыстыра салатын ғапылдардың назарында әлгі иманға қызмет ықпалды күштерге тәуелді немесе соған құрал сияқты ойлап қалып және оның асқақ абыройын жұрттың назарында түсіріп алу қаупі бізге саясатқа араласуға үзілді-кесілді жол бермейді яғни Құран қызметіне кедергі болады. Сендер болса әй, саясаткерлер мен билік басындағылар! Күмәнға беріліп бізге тиісе бермеңдер! Қайта жолымызды ашып жеңілдік жасаңдар! Неге десеңдер, біздің қызметіміз қоғамда қауіпсіздіктің, құрметтің, ізеттің, мейірбандықтың орнығуына себеп болып елдің тыныштығын, тәртіп орнауын және қоғам өмірін анархиядан сақталуын қамтамасыз етеді. Біз сендердің негізгі міндеттеріңнің іргетасын қуаттап, бекітуге ат салысамыз.Жетіншіден: Хафыз Алидың хатынан байқалғаны, біздің кейбір кісілерге арнап жазған хатымыз бен қазіргі оқиғаға байланысты соңғы хатымыз бүгіннен есептегенде поштаға бір апта бұрын тапсырылған екен. Хафыз Али әлі қолына тимеседе жолда келе жатқан хатты оқығандай жауап жазуы оның адалдығының бір кәраматы болса керек. Әрі дәл сол күні оқиға болмай тұрып, Назифтың досы Көроғлы Ахмет, жоғары лауазымды бір саясаткердің маған келетінін түсінде көріп әлгі саяси қайраткер келерден үш сағат бұрын бізге ол туралы айтып, түсін жорып беруімізді сұраған-ды, жорымай-ақ белгілі болды. Барлық бауырларымызға жеке-жеке әсіресе қиыншылыққа ұшырағандарға дұға-и сәлем. * * * * *Ғазиз, адал мүбарак бауырларым және Құран мен Иман қызметінде табанды да қайсар, қажымайтын бауырларым және мына дүния қонақүйінде жанашыр, жанкешті де шынайы жолдастарым!Бұл жолы Нұр фабрикасының иесі және толыққанды көмекші және Хусревті жоқтатпайтын қаһарман Тахири жазған хаттарды оқыдық. Ол хаттар және Нұр медресесінің қаһарманы ағаш ұстасы Ахмедтің
157ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫкөрген екінші түсі мен үшінші түсінің соңында мәлім оқиғаның ақырында табандылық танытқан белсенді Хафыз Мехметтің балаларға хатым дұғасын оқытқаны жайлы хабар және Рисалей-Нұрды оқытқаны туралы қуанышты хабар, бәрі біздің үстімізден таудай ауыр мағынауи жүкті алып тастағандай жағымды әсер етті. Хақ тағала сендерді де оларды да мағынауи әрі заттық апаттардан сақтасын, әмин.Ағаш ұстасы Ахметтің екінші көрген түсіне келер болсақ, Ардақты Пайғамбармен (а.с.м) байланысты әрі қуанышты болғандықтан садық шынайы түс боп саналады. Әлгі Нұр медресесінің айналасындағы ер-әйел кісілердің ерен еңбегі, керемет бейнеге енуі бұл Пайғамбарымыздың (с.а.у) көркем сүннетін жандандыруға ұйытқы болатынына ишара деп түсінеміз. Соған байланысты сендердің хаттарыңды келерден екі күн бұрын көрген түсімді баяндап берейін. Ол былай болатын: Түсімде, қазіргі басшы немесе басшылар, мен танитын беделді екі дін ғалымына халифалық дәрежесін тапсырып жатыр және оны жүзеге асыруға тырысып және халифалықты әлгі ғалымдарға ма әлде басшыларға ма ұсынамыз деп ақылдасып жатыр деп түсіндім. Сосын кімге қарар бергендерін маған көрсету үшін маған қарай келе жатқанын көрдім. Сол сәтте оянып кеттім. Таңертең бауырларыма былай дедім:Құдай біледі, Спарта төңірегінде Рисалей-Нұрдың заттық тұрғыдан жеңілісінен кейін рухани жеңісі болса керек, оны ең жоғары билік басындағылар аса маңызды Ислами мәселе ретінде қарастыруда. Біз Спарталықтар ол сұм оқиғаның қаншалықты шиленісіп, ресми орындарға дейін жеткенін білмегендіктен әрі көптен бері қазіргі таңда не болып жатқанын, ресми жағдай қалай екенін түсінбей, мән бермеген болсақ та әлгі түстің садық түс екенін растайтын белгі-нышан мені бір ретке болсын қарауға итермеледі. Ол белгі-нышан не дейсіңдер ғой, Рисалей-Нұрдың озат бір тәлабасы Анкарадан келіп мен сұрамай жатып былай деді: «Басшы Құранның жаңа бір тәпсірін жазыңдар! - деп бұйырыпты. Енді соған кірісіп жатыр екен». Әрі былай депті: Ішкі істер министрі жиырма жыл бойы ұстанып келген әдетіне қайшы: «Дінсіз ұлт өзінің болмысын сақтай алмайды!» деп дінге жақ екенін және білім министрі де
158ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБИслам әдептерін құптап, осы кезге дейінгі заң-ережелерге қайшы көзқарасын білдіріпті. Бұл үлкен өзгеріс болатынын білдіреді. Сондықтан сегіз ай бойы тыңдамаған хабарларды әлгі түс үшін құлақ түріп тыңдадым. Оның себебін шынымен білгім келді. Кенет мұндай ескерту келді: Әһл-і далалет яғни адасқан кәпірлер саяси қайраткерлерді алдатып Рисалей-Нұрға қарсы ауқымы кең план құрып, күш-қуатының дәрежесін білмек болып тиісіп көрді. Қараса, қарсы алдарында мызғымайтын, тапжылмайтын, жеңілмейтін бір жойқын күш бар. Мұны жоғары ресми орындарда талқылап, баса назар аударып, енді белгілі мағынада бітімгершіліктің іс-шараларын қарастыруда. Осы кезге дейін ақиқатқа, хикметке қайшы болса да жетістік пен жақсылықтарды өлген басшыға беріп ал, кемшіліктер мен жамандықтарды халыққа, әскерге еншілеп келген болатын. Енді мұндай сұмдық қателіктен бас тартып бүкіл жамандықты өлген басшыға беріп өздерін әлгіндей сұмдық үлкен қателерден біршама арашалап алуға соның жолын қарастыруға тырысуда. Мұны әлгі түс пен бізге жеткен хабарлардан байқаймыз. Бірінші мен екінші Хулусилердің ортақтасып жазған хаттары, өздерінің яғни ықпалы зор екеуінің қаншалықты қайратты да адал, болаттай берік екенін көрсетеді. Тіпті әрбір оқиға мұны растайды десе болады.Саид Нұрси* * * * *Ғазиз, адал, табанды бауырларым, нағыз ізбасарларым!Соңғы күндері Рисалей-Нұрға қастандық жасағандар мен сендерге қиянат қылғандар үшін мені ашу қысып соның нәтижесінде қарғыс дұғасын оқуға ниеттендім. Кенет Спарта қаласын аяп, қарғысқа қия алмадым. Бірнеше рет ниет етсем дағы Спартадағы игі жақсылардың саясында қастандық жасағандар да құтылып кете берді. Қимаған соң қарғыстың орнына былай дедім: Уа, Раббым! Спарта қаласы Рисалей-Нұрдың «Зәхра» медресесі еді ғой. Сен сол жердегі жағымсыз қызметкерлерді де жөнге салып тәрбиеле, ақырын қайыр қыла гөр!» деп дұға еттім және етіп жүрмін. Екіншіден: Жақында Салахаддинның Ыстамбұлдан әкелген «Хаббе», «Қатре», «Шәмме», «Хубаб» дейтін арапша рисалелерге көз жүгірттім. Жаңа Саидтың көкірек көзімен тура көрген ақиқаттар
159ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫРисалей-Нұрдың өзегі, дәнектері секілді. Негізінде олар Шуле, Зүхре дейтін Рисалей-Нұрдың арапша кітапшалары ғой. Олар тұп-тура өз нәпсімнің дәрісі болғандықтан арапша әрі қысқа-нұсқа жазылып, басқаларды назарға алмаған болатынмын. Оны сол кезде әу баста Шәйх-үл Ислам және Дар-үл Хикмет мүшелері сондай-ақ, Стамбулдың ірі ғалым-ғұламалары ұнатып, жоғары баға берген болатын. Бұлар Жаңа Саидтың еңбектері болғандықтан Рисалей-Нұрдың бір бөлік кітаптары боп саналады, ал Ескі Саидтың болса арапша рисалелерден тек Ишарат-үл Иғжаз ғана. Оның Рисалей-Нұрдағы орны ерекше. Сонымен қатар екі Саидтың ортақтасып бір рамазан айында жазған және өздігінен еріксіз түрде ұйқасып өлеңге ұқсас боп шыққан және Ишарат-үл Иғжаз кітабында елу-алпыс беттік түрікше Лемағат атты рисале де Рисалей-Нұрға енсе жақсы болар еді. Өкінішке орай бір нұсқа алып қалмаппын, жұртқа ұнағандықтан баспадан шыққандары таусылып қалыпты. Сондай-ақ, Ескі Саидтың логика ілім саласында құнды еңбегі бірақ жарыққа шықпаған «Талиқат» кітабынан теріліп алынған таңғажайып бір жазбасындағы терең зерттеуші ғұламаларды тамсандырып, риза қылып назарын аударған баспадан шыққан «Қызыл Иғжаз» деп аталатын логика туралы рисалесін Рисалей-Нұрға ендіруді және оны шәкірттердің ішінде ғалым кісілерге көрсетуді жөн көрдім. Дегенмен мазмұны өте терең. Жақында одан үзінді ретінде Фәйзиге дәріс бердім. Мүмкін кейін Фәйзидің өзі басқаларға түсінікті болуы үшін алған дәрісін түрік тілінде жазар. * * * * *Ғазиз, адал бауырларым, тұрақты да шынайы ізбасарларым!Соңғы күндері көкейіме Рисалей-Нұр тәлабалары туралы аса маңызды, әрі уайымдататын мағынауи сауал келді. Кейін ойлап отырсам бұл сауалды Рисалей-Нұрдың көптеген тәлабалары хал тілдерімен сұрап жүр, сұрайтын болады. Кенет оның жауабы келді. Оны Фәйзиге айтып едім, «ең болмаса қысқаша қағазға түртіп қояйық!» деді.Уайымдауға тұрарлық бір сауал: Хадис-риуаяттарда, ақырзамандағы фитнә-бүлік кезінде аштық үлкен рөл ойнайтыны, сол арқылы адасқандар бейшара иманды жандарды тұрмыс
160ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБтауқыметімен тұсаулап байлап алатынын, осылайша оларға діни сезімдерді ұмыттырып я болмаса екінші, үшінші дәрежеге түсіруге тырысады дейді. Апырм-ай, барлық нәрседе тіпті алапат кезінде де имандыларға, бейкүнәларға Аллаһтың рахымы түсіп нұрын төгіп, тағдыр әділдік жасайтыны секілді бұл кезде нендей мейірім, рахым шуағы бар екен. Әһл-і иман оның ішінде Рисалей-Нұр тәлабалары осы қиыншылықта иман уә ақырет үшін не істеуі керек, нендей пайда-хикметтері бар, қалай қарсы тұрмақ?Жауабы: Бұл қиыншылықтың басты себебі, нығметті жоққа шығару, Құдайға шүкір етпеу, Аллаһтың нығметтерінің қадірін білмеу, болып табылады. Міне содан күпірлік, Жаратқанға бағынбау туындайды. Сондықтан әділ әрі хикмет иесі Аллаһ, өзі берген нығметтің әсіресе азық-түлік, оның ішінде тіршіліктің көзі, аса қымбат нығметтің яғни нанның нағыз ләззат дәмін, аса маңызды қадірін, нығмет жағынан баға жетпес құнды екенін білдіру мақсатында шынайы шүкірге шақыру хикметімен Рамазан сынды діни машықтануды, яғни ораза ұстамаған, шүкір етпейтін адамдарды осы бәлеге ұшыратып, хикметке толы әділдік жасады. Мұндай жағдайда имандылар, әһл-і ақиқат әсіресе Рисалей-Нұр тәлабаларының міндеті осы қиыншылықты, аштықты Рамазан айындағы діни машықтану, аштық секілді қабылдап Аллаһқа жалбарынуға, күнәсына өкінуге себеп қылып әрі жазғанға көнуге тырысып бағу керек. Және халықтың «зәруміз» деп тіленші, ұры, анархист болуына жол бермей, кедергі болу керек. Сондай-ақ, аш-жалаңаш, пақырларды аямайтын кейбір мес қарын байлар мен әл-ауқаты жақсы кісілер Рисалей-Нұрды тыңдап, болып жатқан мәжбүри аштық сезімімен қарны аш жандарға мейірімділік жасап, оларға зекетпен көмектесулері керек және нәпсісін небір дәмді тағамдармен әбден құтыртқан, бетімен кеткен және масқара әуесқой, қырсық әрі тоңмойын мас жастар да Рисалей-Нұрдың тәлім-тәрбиесі арқылы мұндай оқиғадан ғибрат алып батыр түрде пайдаланып азғындық пен күнәлардан қашып, нәпсінің зауықтарынан, құмарлықтан құтқаратындықтан Аллаһқа мойынсұнуға, ізгі амал жасауға талпынып осылайша жағымсыз оқиғаны жағымды етіп тиімді пайдаланулары керек. Әһл-і ғибадат пен салих амал етушілер де мұндай көпшіліктің аш қалып жатқан заманда және әбден былығып, қайсы харам қайсы халал айыра
161ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫалмайтын дәрежеге жеткен кезде және шүбәлі заттар көбейіп, аралас-құралас шақта баршаға ортақ ризықтың халал болуы үшін зәрулік мөлшеріне қанағат етіп, сөйтіп осы мәжбүри бәлеге шариғатқа сай машықтану ретінде қарау қажет. Құдайдың жазған тағдырына шағымданып емес ризашылықпен қарау керек.Барлық бауырларыма әсіресе қиыншылыққа ұшыраған жандарға көп-көп сәлем және сау-саламатта болуларына дұға етемін. Сабри бауырым! Сені уәкіл ретінде тағайындап сәлем жолдағандарға мен де сені уәкіл тағайындадым. Оларға жеке-жеке сәлем. Сенің осы жолғы хатыңның кеш келгені рас, бірақ бірнеше жақтан мені риза қылды. Хаттан Сабридың болаттай мықты табандылығын, дұрыс пікірін, тура көзқарасын байқадым. Хафыз Али екеуің Атабей арқылы хабарласып тұруды жөн көрген екенсіңдер. Атабейде Абдуллаһ Чавуштың немесе ыңғайлы біреудің адресін білдірсеңдер жақсы болар еді. Абдуллаһ Чавуштың сендер үшін сұраған Оныншы Шуақ атты Фихристенің екінші бөлімін жаздырып қойдық. Хизб-үл Әкбәр-и Нұриды Фәйзи бауырымыз жазып шықты. Жақында Құдай қаласа сендерге жібереміз.Саид Нұрси* * * * *Ғазиз, адал бауырларым!Бұл жолғы Сабри мен Хафыз Али жазған хаттар Рисалей-Нұрдың таңғажайып кәраматын, орасан зор қуатын көрсетуде. Нұр медресесінің озат әрі қайратты тәлабалары Хафыз Мехметтің зая болған кітаптарын өз мойындарына алып бірнеше күннің ішінде орнына басқасын жазып береміз деуі осы аймақтағы шәкірттерді шын жүректен қуанышқа бөледі. Хафыз Алиді тексеруге келгендер былай депті: «Дүкендерде қағаз жоқ, Рисалей-Нұр шәкірттері қағазды тауысты!» дегені және Мехмет Зүхдүнің кітаптары өзіне қайтарылып берілуі; міне бұл Рисалей-Нұр шәкірттерін құлшындыратын әрі мақтануға тұрарлық және батылдық беретін оқиға. Сабри өз хатында: «Екі-үш жыл болды Рисалей-Нұр жазылу тұрғысынан бәсеңсіп қалды, неліктен?» деп хикметін сұрапты. Оның жауабы ұзақ. Әрі рисале жазу еріктен тыс мәселе. Сондай-ақ, Рисалей-Нұр шәкірттерінің жазудан үлесі болуы үшін кейбір маңызды себептер
162ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБмен кедергілер пайда болды. Осы аймақтағы әу баста Әсия болып Улвия, Лүтфия сынды белсенді ханым шәкірттер, Нұр медресесіндегі құрбы-достарына сондай-ақ, сәлем жолдаған Сабридың жұбайына сонымен қатар бауырларына дұғай сәлем айтып, құрметтейтінін білдіріп жатыр. Барлық бауырларымызға жеке-жеке сәлем және дұға етеміз.* * * * *Ғазиз, адал бауырларым!Қаһарман Тахири мен Катип Османның жазған хаттары расында маған бір дәрі сияқты шипа болды. Жартылай тәнге қатысты жартылай рухани уайым дейтін ауруымды емдеп жазды. Хақ тағала оларға және сендерге мәңгі бақи риза болсын.Иә, сендердің табандылықтарың, қайсарлықтарың, ықыластырың дүниялық адамдардың жауырынын жерге тигізді, тигізіп жатыр. Әйтпесе бір ғана Тәсәттүр рисалесі үшін жүз жиырма адамды тұтқындап, қамауға алып еді, енді жүз отыз рисале үшін бір ғана адамды тұтқындауының себебі сендердің ықылас пен табандылықтарыңның арқасы. Тахиридың Хизб-үл Әкбәр мен Уирд-і Ағзамды бастыру үшін Ыстамбұлға сапары сәтті де берекелі болсын деп шын жүректен дұға етеміз. Ыстамбұлда Шәфиктен басқа Рисалей-Нұрмен тығыз байланысты кісілер көп, бірақ олардың адрестерін білмеймін. Дегенмен Шәфик арқылы Барлалық Хажы Бәкірді, әкімшілікте қызмет атқаратын Инәболулық Хафыз Әминді, Гүрәндық Мехмет Әфендіні тауып хабарласуына болады. Ыстамбұлдық мәшһүр уағызшы, достары арқылы мені естіп жолығуға келіп, сәті түспей кетіп қалыпты.Бір кісіге жазылған хаттың көшірмесі сендерге жіберілді, мүмкін ол жерде де осы кісі секілді ол ақиқатқа мұқтаж жандар бар шығар. Ия, Ыстамбұлға барған Рисалей-Нұр шәкірттері сенің қайратты да ықыласты екеніңді әрі әсерлі уағызың жайлы айтты. Олар сен секілді ықыласты да қайсар кісінің Рисалей-Нұр аясына кіргенін қалайды. Мен де олар сияқты сені шынымен Рисалей-Нұр шеңберінің ішінде көргім келеді. Білесің ғой, екі әліп бөлек тұрса қорытындысы екі болады. Егер бір сызықтың бойына иық тіресе біріксе он бір қорытынды береді. Сол сияқты сенде әсерлі насихат-
163ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫуағызыңмен жасап жатқан иман қызметің жалғыз өзіңмен болса қазіргі ұйымдасқан соққы-кедергілерге қарсы төтеп беруі екі талай, қиынға соғар. Егер Рисалей-Нұр қызмет шеңберіне кірсең әлгі екі әліп тәрізді он бір, тіпті жүз он бір қорытынды беріп, қуатты боласың және қарсы алдындағы бірлескен кәпірлерге қарсы төтеп беру жеңіл болмақ. Мына заман ақиқатты түсінгендер үшін жеке тұлғаның, менмендіктің заманы емес. Заман жамағат заманы. Жамағат болып, ұйымдасқаннан пайда болатын мағынауи тұлға үкім жүргізсе, сол әлдеқайда мықты болып соққыларға қарсы төтеп береді. Үлкен дарияны иелену үшін өзінің мұз паршасына ұқсас менмендігін, жеке тұлғалық мінезін әлгі дарияға әуізге тастап еріту керек. Әйтпесе әлгі мұз паршасы еріп зая болды. Әлгі дариядан да пайдалана алмайды. Мені таңқаладыратын және өкіндіретін мәселе, хақ жолдағылар мен ақиқатты түсінген жандар алуыздықтың кесірінен татуластық пен бірліктегі жойқын қуатты жоғалтып алған. Керісінше бүлікшілер мен адасқандар өз ұстанымдарына қайшы болса да бірліктегі зор қуатқа ие болу үшін ынтымақ құруда. Өздері он шақты бола тұра ақиқат жолындағы тоқсан кісіні тізе бүктіріп жеңіске жетуде.* * * * *Ғазиз, адал бауырларым!Дәл осы кезде Хусрев, Рүшдү, Рәфәт және Спарталық Хафыз Али әскерден қашан келеді екен деп ойладым. Әсіресе Хусревтің қаламы Рисалей-Нұрдың кеңінен тарауына қашан қызмет етеді екен деп білгім келді. Оларға менен сәлем айтыңдар. Осыдан он минут бұрын ержүрек батыр, бірақ жазу білмейтін екі кісі Рисалей-Нұрдың шеңберіне бірін-бір әкелді. Оларға былай дедім: «Бұл шеңбер өзінің беретін үлкен пайда-нәтижесіне ақы ретінде сендерден берік адалдық және қайтпас қайсарлық, табандылық сұрайды. Спартаның қаһарман батыр шәкірттері атқарған таңғажайып, жаһанға жар салуға тұрарлық нұр қызметінің себебі, олардың ғажайып адал және ерекше табанды болуы. Бұл табандылықтың ең бірінші шарты қуатты иман мен ыстық ықылас. Екінші шарты туа біткен батырлық, ержүректік. Сендер ержүрек, батырлықпен танымал кісі екенсіңдер және дүниялық болмашы нәрсеге жандарыңды қиюға дайынсыңдар. Олай болса әлбетте Рисалей-Нұрдың киелі қызметінде
164ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБжәне дүниеден қымбат ақыреттік мол пайдалары үшін ержүрек түрде жанкештілік, батырлық, табандылық танытып адал ниеттеріңді сақтап қаларсыңдар!» дедім. Олар да мақұлдап толық қабылдады. * * * * *Ғазиз, адал бауырларым және Құран қызметінде күшті достарым!Бұл жолы қаһарман Тахириді барлық бауырларымның атынан келгендей қабылдадым. Оның бойынан бір Лүтфи, бір Хафыз Али, бір Хусрев, бір Саид (бірақ жас Саид) көрдім. Хақ тағалаға шексіз шүкір еттім. Бұл жолы оның аяғының дүбірін естігендей ол келмей тұрып мені тергеуге келген комиссарға, тергеушілерге байланысты бір мәселені яғни шәкірттерім сұраған сұраққа байланысты бір мәселені баяндап берейін, бәлкім оның сендерге де пайдасы болар деп жіберіп отырмын. Әрдайым қызметінде жүрген Рисалей-Нұр шәкірттері тарапынан қойылған бір сұраққа жауап. Сұрақ: Осынша уақыттан бері сіздің қасыңызда қызметте жүрміз. Сіздің дүнияға, қоғамдық өмірге, саясатқа қатысты бір рет болсын қызығып, сұрағаныңызды көрмедік. Сіздің әрдайым иман, ақырет жайлы дәрісіңізден басқа нәрсемен шұғылданғаныңызды көрген емеспіз. Біздің түсінгеніміз; осы он сегіз жыл бойы өміріңіз осылай өткен секілді. Олай болса неліктен Спартада себепсіз, елді шулатып нахақтан нахақ сізді сотқа берді...жүзден аса жора-жолдасыңызды төрт ай тергеп, ақырында дүнияға, саясатқа қатысты бірде-бір дерек, я бір ілік таба алмай, тек өздерін және сот қызметкерлерін өмір бойы ұятқа қалдыратын бір сылтау тауып, ұстаған жүз кісінің тек бесеуіне әрі кетсе он адамға бес-алты ай жазаға тартты?...Сондай-ақ, осы аймақта алты жылдан астам полиция бөлімшесінің қадағалауында, дәл көз алдында тұрып жатырсыз, терезеден сіздің не істеп жатқаныңыздың бәрі көрініп тұрса дағы: осыдан екі-үш ай бұрын сізді жасырын яки ашық түрде аңдып, бірнеше мәрте тінту жүргізгені және достарыңызды сізден алыстату үшін тергеп, сізді аса қауіпті әрі күшті саясаткер ретінде қарағаны несі? Біз бұған таңқаламыз әрі қатты қынжыламыз. Осы соңғы екі-үш айдан бері ғана қасыңызға емін-еркін келе бастадық. Бұдан бұрын сескеніп, тығылып келуші едік. Бұл мәселені бізге түсіндіріп берсеңіз.
165ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫЖауабы: Бұған өзім де сендер секілді тіпті сендерден бетер таңым бар. Бұл сұрақтың түсініктеме жауабын Жиырма жетінші Лема деп аталатын, сотқа қарсы ақталып жазылған «Мүдафат рисалесінен» және он алтыншы Мектуб рисалесінен табасыңдар. Әзірге оның қысқа-нұсқа бір-екі негізін баяндап берейін: Біріншісі: Елдің қауіпсіздігіне жауапты және билік басында отырған қызметкерлер, тәртіп сақшылары, полиция қызметкерлері бізден, және біздің жолымыздан күдіктеніп тиісу, үрку былай тұрсын керісінше бізді қорғаштап құлшындыру, батылдық беруі керек, бұл олардың міндеті, қызметінің талабы. Өйткені олардың қоғамдағы міндетінің негізі, ірге тасы құрмет; ізет-мейірім; халал мен харамды ажырату; мойынсұну. Міне, осы нәрселер арқылы қоғамда қауіпсіздік орнап, ел тыныш өмір сүреді. Мұның солай екені іс жүзінде дәлденген. Рисалей-Нұрдың ең көп тараған Спарта, Қастамону қалалары десек, басқа аймақтардан қарағанда сол жердегі тәртіп сақшылары ынсаппен қараса оларға Рисалей-Нұрдың көп пайдасы тигенін көреді. Әрі тәлабаларының саны көп, әрі қуатты және ұстанымдары дұрыс бола тұра қауіпсіздікке титтей де зарары болмағанын сондай-ақ, тәлабасы болған мың адам он адамдай қоғамға зияны тимегенін жүрегі таза кісі мойындайды. Мұның хикмет-сыры мынада: Адамзат қоғамында және дін Исламда үш маңызды мәселе бар. Олар: Иман, Шариғат, Тұрмыс. Олардың ең маңыздысы иман ақиқаттары. Бұл Құрани уә иман ақиқаттарды басқа нәрселерге, ағымдарға, өзге күштерге құрал етуге яки пайдалануға болмайды. Мұндай алмаздай құнды Құран ақиқаттарын дінін дүнияға сататын немесе құрал ретінде пайдаланатын адамдардың назарында шыны, әйнек дәрежесіне түсірмеу керек. Өте киелі де маңызы зор иманды құтқару қызметін толыққанды адал атқару қажет. Сол үшін Рисалей-Нұрдың хас, адал тәлабалары саясатқа мүмкін болғанынша жоламай, ұзақтан қашады, жиіркене алыс тұрады. Тіпті сендердің мына бауырларың – өздерің де білесіңдер – он сегіз жыл бойы қатты мұқтаж болсам дағы саясатқа, қоғамға араласпау үшін үкіметке бірде-бір шағым, айтып, өтініш жасамадым. Сегіз-тоғыз айдан бері дүнияның дүрбелең оқиғалары туралы бір рет болсын сұрап қызықпадым, білгім де келмей, ол туралы әңгіме де айтпадым. Тіпті қазір соғыс бітті ме,
166ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБбітімгершілік болды ма, Ағылшындар мен Алмандардан басқа кімдер соғысып жатыр білмеймін, оны сендер жақсы білесіңдер. Әрі жұртты мылжың қылатын, есінен ауыстыратын үш жылдан бері бөлмемде есітіліп тұрған радионы да екі мәртеден басқа тыңдамағаныма және әсте сұрамағаныма менімен әрдайым бірге болатын сендер куәсіңдер. Енді осыншама дүниямен байланысы жоқ, саясатқа немқұрайлы адамның ұстанған жолына тиісіп, одан күдіктеніп, басқан ізін аңдып, мазасын алған адам қаншалықты ынсапсыз екенін ең ынсапсыз адам да түсінеді деп ойлаймын. Екіншісі: Уа, бауырларым! Сендер білесіңдер, біздің жолымызда менмендік, тәкәппарлық, атақ-даңқ иесі болып жоғары мәртебелі болудан у көргендей қашамыз, мүлдем аулақпыз. Оған апаратын жағдайлардан да мүмкіндігінше ұзақ тұрамыз. Әлбетте бұл жерде алты-жеті жылдан бері көзбен көріп куә болып, жиырма жыл бойы зерттеп көздерің жеткен болар, мен жеке басыма құрмет, мақам-мәртебе сұрамаймын ол, керек емес. Сендерді сол тұрғыда бірнеше рет ренжіткен де болармын. Менің шамамнан тыс дәреже беріп, жоғары көтермеңдер, деп сендерге ренжитінім рас. Тек Қасиетті Құранның бұл заманда мағынауи мұғжизасы болған Рисалей-Нұр үшін, мен де оның бір шәкірті болғаным үшін және оны мойындау, байланыс құру үшін ғана сыйластықты шүкір ете қабыл аламын. Міне, осыншалықты менміндіктен, тәкәппарлықтан, атақ құмарлықтан, айналып келгенде екі жүзділіктен сақтануды өзіне қағида ұстанған адамға қарсы үкімет басындағылардың, биліктегілердің, тәртіп сақшыларының күдіктенуі мүлдем мағынасыз, еш керегі жоқ екенін есалаңдар да түсінер.Саид Нұрси* * * * *Ғазиз, адал, қайсар бауырларым!Қиыншылыққа ұшырап, жапа шеккендердің жеңіске жетуі, олардың сотта ақталып шығуы тек сендер мен бізді ғана емес тіпті осы елдегі бүкіл имандыларды қуантатын жағдай. Өйткені Рисалей-Нұрдың ақталып, еркіндік алуына жол ашты. Осы кезге дейін кітаптарымызды тәркілейді деп алаңдап өте сақ болуға мәжбүр болатынбыз.
167ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫРас, соңғы он сегіз жылда әсіресе осы жерде алты жыл бойы оларға көрсетпеу үшін рисалелерді жасырып, көп қиналдым, әрдайым уайымдап азап шегетін едім. Хақ тағалаға Рисалей-Нұрдың әріптері қанша болса сонша мадақ пен хамд-мақтау болсын осы жолғы мағынауи жеңіс арқылы бізді тұмшалаған әлгі залым да қараңғы зұлымат бұлт сейілді. Аз ғана қиналыспен мол табыс, үлкен жетістікке жеттік. Және осы екі ай тоқырау кезеңі дәл қамауға алынған оқиғамыз секілді басқа салада, анағұрлым кең шеңберде Рисалей-Нұрдың жайылып тарауына себеп болды. Сендерді әсіресе қиыншылыққа ұшырағандарды, оның ішінде Хафыз Мехметті шын жүректен құттықтаймыз, ақыры қайыр болсын! Бір түйір «Тәсәттүр рисалесі» үшін жүз адамды жүз күнге қаматқан және соған ұқсас жүздеген рисалелер үшін бір түйір адамды бір күнге де қамата алмаған сотқа үстем келіп, жауырынын жерге тигізген сендердің таңғажайып адал ниеттерің, ыстық ықыластарың және мызғымас табандылықтарың, қаймақтай ұйыған ынтымақ, ауызбіршіліктерің екеніне біздің көзім әбден жетті, оған еш күмән жоқ. Хақ тағала сендерге мәңгі бақи разы болсын, әмин. * * * * *Ғазиз, адал бауырларым!Біріншіден: Сексен жылдан астам мағынауи өмірге қол жеткізетін мүбарак үш айларың, әсіресе бүгінгі Рәғайыб түндерің құтты болсын! Сендердің ақталып шығуларың, мағынауи тұрғыдан жеңіске жетулерің залымдарды әбден састырды. Енді олар тиісу тәсілін өзгертті. Дұшпан түрде жауыздық жасауды қойып дос бейнесіне еніп, хас шәкірттерді Рисалей-Нұр қызметінен алыстату, босаңсыту, тежеу үшін мемлекеттік қызмет секілді жұмыс тауып беруде немесе жоғары шенге көтерілуге оңтайлы қызметке алып яки басқа да жұмыспен шұғылдандыруға тырысуда. Бұл жақта соған ұқсас оқиғалар көп. Мұндай тиісу бір жағынан алғанда әлдеқайда зиянды.Екіншіден: Бұл жаққа лицей мектебіне әсері мол бір нұр келді. Ол не десеңдер, ол Отыз екінші Сөздің бірінші тарауы, Отызыншы Леманың «Адл» мен «Хакем» есімдері жайлы нүктелер, Табиғат рисалесінің соңына дейінгі жер, Аят-үл Күбраның: «Иә, бұл дүния
168ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБдейтін қонақүйге келген әрбір қонақ...» деп басталатын Бірінші тараудың басынан бастап – сонау илһам, уахи мәртебелерінен басқа – он сегізінші мәртебе дейтін әлемнің «худус» ақиқаты, сосын «имкан» мәселесіне дейін. Біз бұл жерлерін жаңа әріппен жазуға мағынауи ескертуге орай рұқсат бердік. Олар көшірме машинкасын пайдаланып өздері үшін жазып алды. Сендер де әлгі төрт тарауды бір том жасап жаңа әріппен жазып кәпірлерге зеңбіріктің оғындай атып, пайдалануларыңа болады. Мен биыл тым әлсіз, қарт қуатсыз жағдайда болғандықтан осы қасиетті үш айларда жігерлі жас бауырларымның маған рухани жәрдем етуін өтініп сұраймын. Әрқайсына жеке-жеке сәлем жолдап, екі дүнияда сау-саламатта болуларына дұға етемін. Саид Нұрси* * * * *(Бұл хат аса маңызды)Ғазиз, адал бауырларым!Соңғы кездері Қасиетті Құранның назарында иманнан кейін негізгі мәселе тақуалық пен салих амал екенін жиі ойлайтын болдым. Тақуалық деген, тыйым салынған нәрселерден, күнәлардан қашу, ал, салих амал болса Аллаһтың әмір еткен нәрселерді орындау, жақсылық жасау. Қашанда жамандықтан тыйылу пайдалы іс жасаудан абзал. Сол сияқты мына азғындық бұзғыншылық жайлап өзіне еріксіз тартатын әуесқой заманда әлгі тақуалық яғни зиянды нәрселерден тыйылу, үлкен күнәлардан қашу өзекті де маңызды мәселе болып тұр.Мына заманда бұзғыншылық, күшейіп кері тартпа ағымдар көбейгендіктен тақуалық осы бұзғыншылыққа қарсы бірде-бір тосқауыл. Парыздарды орындап, үлкен күнәлардан қашқандар құтылады. Қазіргідей жан-жақты үлкен күнәлар қаптаған заманда салих амалды ықыласпен орындау өте қиын, сирек кездеседі. Сондай-ақ, азғантай салих амал мына қиын кезеңде көп амал жасағанмен тең. Әрі тақуалықтың өзі де белгілі бір мағынада салих амал боп есептеледі. Себебі, харам нәрседен қашу уәжіп. Ал бір уәжіп көптеген сүннет тең артық. Тақуалық мына заманда яғни мыңдаған күнәларға ұшырасатын кезде бір ғана амалмен жүздеген
169ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫкүнәдан аман қалуға болады. Осылайша жүздеген уәжіп амал істеген боп есептеледі. Бұл өте маңызды мәселе. Бұл ниетпен болатын әрі тақуалық үшін, күнәдан қашу үшін жасалатын көрінбейтін ғибадат бұл сауабы мол салих амал. Рисалей-Нұр шәкірттерінің бұл заманда атқаруы тиіс басты міндеті бұзғыншылыққа, күнәларға қарсы тақуалықты ұстану. Қайда барсаң да қазіргі таңда қоғамның қай қабатында болсын жүздеген күнә кездесетіні рас. Әлбетте тақуалықпен, күнәдан қашу ниетімен жүз салих амал жасалған боп есептеледі.Өздеріңе мәлім, бір адамның бір күнде бұзып тастаған сарайын жиырма адам жиырма күн жүріп жасай алмайды. Бір адамның бұзғанын жиырма адам жөндеуі керек бола тұра, қазіргі таңда мыңдаған бұзушыларға қарсы бір ғана жөндеуші Рисалей-Нұр осыншама төтеп беріп, тиімді нәтиже беруі таңғажайып оқиға. Егер осы екі қарама-қарсы күш тең болып бір деңгейде болса Рисалей-Нұрдың жөндеу қызметі мұғжизаға ұқсас табысты болып, жеңістен жеңіске жетер еді. Атап айтсақ, қоғамның тыныс тіршілігіне тікелей қатысты және маңызды рол ойнайтын үлкенге құрмет, кішіге мәрхамат, ізет әбден азайған. Кей жерлерде мұң жұтқан бейшара қарттар мен ата-аналардың ауыр жағдайын естисің. Құдайға шүкір, Рисалей-Нұр осындай бұзғыншылыққа қарсы төтеп беріп, жөндеп түзетіп келеді. Зүлқарнайынның қорғаны қирап Яжуж пен Мәжужтің дүнияны жаулап, астан-кестеңін шығаратыны секілді Мұхаммеди шариғат (с.а.у) дейтін Құрани қорған тозып жарлары қирай бастағанда Яжуж пен Мәжужтен де бетер мінез-құлықты бұзатын қоғамда зұлымат, анархия, бейберекетсіздік, тудыратын діннен безушілік етек алып, айналаны жалмап барады. Рисалей-Нұрдың шәкірттері мұндай кездегі мағынауи күресі иншаллаһ, сахабалардың заманындай аз амалмен өте көп сауап жинаған боп, салих амалдарға ізгі іс-шараларға ұйытқы болар. Ғазиз, бауырларым! Міне, осындай заманда мұндай сұмдық оқиғаларға қарсы ықыластың күш-қуатына сеніп, сосын біздің ең жойқын қуат көзіміз ақыреттік амалдарды бөлісіп атқару, бір-бірімізге қаламдармен салих амал дәптеріне сауап жаздыру. Сонымен қатардерімен де әрбірінің тақуалық қорғанына күш-қуат
170ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБберіп, демеу болуымыз керек. Әсіресе сұмдық шабуылға ұшырап жатқан мына пақыр, әлсіз бауырларыңа осы қасиетті үш айларда, ерекше күндерде қол ұшын беру, сендер сенімді ықыласты қаһарман, жанкешті де қамқоршы кісілерге жарасар әрекет. Сендер маған рухани демеу көрсетулеріңді өтініп сұраймын. Мен де иман, адал болу шартымен Рисалей-Нұр тәлабаларын барлық дұға-тілектеріме, мағынауи табыстарыма қосып, жиырма төрт сағатта әлгі ақыреттік амалдарды бөлісу қағидасына сүйене отырып кейде жүз мәртеден көп Рисалей-Нұр тәлабалары деген кезде сендерді ниет етіп ортақ қылып отырамын. Саид Нұрси* * * * *Ғазиз, адал бауырларым!Кеше Әмин, осы аймаққа келген әскери бір қызметкерден естігенін айтты. Мен қаламасам да және Орыстардың соғысы не жағдайда екенін білмесем дағы, мәселе Ресейдің Кавказбен байланысы үзіліп, бөлінуі туралы еді. Мен оның сөзін бөліп, айтқызбай тастасам дағы көңілім алаңдап, уайымдай бастадым. Кейін намаздан соң, тәсбихат оқып отырғанымда Жер жаһанда соғысып, шайқасып жатқандардың біреуі дін Исламға, Құранға және Рисалей-Нұрға, және біздің ұстанған жолымызға тараптар боп жақтасатынға ұқсайды. Сол үшін ол туралы мағлұмат алу керек секілді көрінді. Қызығып, сұрамау үшін бір-екі хатта баяндалған себептерді еске алдым. Олар көңілді, ақылды қанағаттандыратыны рас, дегенмен қызығушылығы артып, әуестеніп тұрған нәпсіге әлі келмей жатты. Көкейге тәсбихат оқып жатқанда мұндай бір ескерту келді: Қызығып сұрамаудың маңызды бір себебі: Қызығып қараса бір жаққа жақтасу сезімі оянады. Ал жақтасу болса өзі жақтасқан жақтың кемшіліктерін көрмейді, сосын зұлымдығына риза болып, тіпті хош көреді. Алайда, күпірлікке ризашылық күпірлік болатыны секілді зұлымдыққа ризашылық та зұлымдық боп саналады.Иә, жер жүзінде қырғи қабақ соғыс, қанды майдан да жан-айқай көкке жететіндей зұлымдық, қирату болып жатырғаны рас. Қыруар бейкүнә жандар мен жәбір шеккендердің ақысы желініп, орасан зор зардап шегуде. Аяуды білмейтін қатігез батыс мәдениетінің
171ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫзұлымдыққа толы қағидасы бойынша «қоғам үшін жеке тұлғалар пида етіледі, елдің тыныштығы үшін жекетұлғалардың құқықтары ескерілмейді» деп, қазіргі таңда адам айтықсыз сұмдық зұлымдық жасалуда. Мұндай қасірет алғашқы қауымдық кезінде де болмаған шығар. Баяны мұғжиза Қасиетті Құранның нағыз әділ үкіміне келсек қоғам үшін деп бір адамның ақысын жеп, құқығын таптауға болмайды. «Хақтың аты хақ. Оның кішісі үлкені болмайды!» дейді. Оқиғаларға осылай аспани заңмен, баға беріп нағыз әділ қарайтын Рисалей-Нұр шәкірттеріндей Құран ақиқаттарымен шұғылданатындар мүмкін болғанынша керексіз, тек әуестене қызығып, тек нәтиже жағы мен пайдасы бар, бірақ нәтиже әлі болмай тұрып орынсыз қызығып қараудың керегі жоқ және залым түрде бұзып жатқандарды қоштағандай Ислам мен Құранға пайдалы болатын әлгіндей топтардың іс-әрекеттерін ойша бақылап отыру, шұғылдану дұрыс емес. Ол ақиқатқа үйлеспейтіндіктен нәпсі де ақыл мен жүрекке еріп қызықпайтын болды... Мен солай шештім. Екінші мәселе: Рисалей-Нұрдың Спартадағы нақты жеңісі діннен безгендерге қатты әсер етіп, оларды састырды. Бірақ, кейбір қырсық, бірбеткей және өліп қалған сұмырайдың жаман рухы тәрізді кейбір кәпір, дін дұшпандары жеңілгендерін мойындамай қарсы әрекет ниетімен Құран мен Пайғамбарға (с.а.у) жауыздық ретінде бірақ мұнысын жасырын, астыртын түрде, дәл рисаледегі шайтанмен айтыс туралы жердегі Ардақты Пайғамбарымыз бен Қасиетті Құранға қатысты сөздерді әлгі діннен безген кәпір өңін өзгертіп басқаша пайдалануда.Соған ұқсас яхуди, қырсық әрі дінсіз философ және Европаның діннен безген біреуі, бұрыннан бері Құран мен Пайғамбардың (с.а.у) халдерінен өздерінше сынауға сылтау болар мәселелерді тауып аты ислам бірақ өзі діннен безген кәпір, әлгі мәселені желеу етіп сұмдық қулық жасап оны аңқау мұсылмандарға және Рисалей-Нұрды білмейтіндерге тыңдатып, көрсету үшін сондай сұм айла пайдалануда және өзінің кәпір екенін жасыруға тырысуда... шайтандыққа келгенде шайтаннан асып түскен. Бұл маған сұмдық әсер етті, қатты қынжылдым. Бауырым Сабридың хатында дегеніндей, қырсық дінсіздердің Рисалей-Нұрдың қызметіне қарсы
172ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБқұрған тұзақтары шірік, түкке тұрмайтын өрмекші торы секілді қуатсыз және ол шайтани кедергілер жәй бопсала, еш құны жоқ. Олар Рисалей-Нұрдың алдында үзіліп, парам-парша болады дегеніндей; бұл дінсіз, қырсық, бірбет және өліп кеткен алаяқтың жаман рухы сияқты кәпірдің жазған, сырт көзге мұсылмандарға Түрік ұлтшылдығы тәрізді, ақиқатында Құран мен Пайғамбардың (с.а.у) рухани болмысына, ұлықтығына шәк келтіру, төмендету, қарапайым деңгейге түсіру ниетімен жазылған мұндай кітап шығарма, Құранның және Пайғамбарымыздың (с.а.у) мұғжизасының алдында өрмекшінің торы құрлы да бола алмайды, парам-парша болмақ. Дегенмен қатты өкініштісі мынау, Рисалей-Нұрды көрмегендерге үлкен зиян тигізгені секілді, Рисалей-Нұрды көргендер де қызығып: «Апырм-ай ішінде не бар екен? деп таза ойларын, пәк көңілдерін ластап алуда. Ең азы уәсуәсә, күмән туғызады. Рисалей-Нұрдың батыр шәкірттері мұндай нәрселерге абай болып, қызметін одан әрі арттыра түсулері керек. Жаман нәрсемен ойша шұғылдану да жаман болғандықтан қысқа қайырдым. Байқаңдар, оған мән беріп халықтың қызығушылығын оятып назар аудартып жүрмеңдер! Оны түкке тұрғысыз, діннен безгендердің сандырағы деп қараңдар! Бұл оңбағанның қаншалықты шектен шыққандығын мына мысалдан аңғаруға болады.Мысалы, өте алыста болып жатқан бір мәжілісте өз саласына әбден машыққан, білікті те зерек ғұламалардың оқып зерттеп отырған бір кітабына және оны түсіндіріп жатқан бір кісіге тым алыстан қарағысы келіп, бірақ көре алмаған бір ақымақ, әлгі ғалым-ғұламалар туралы мүлдем керағар пікір айтып оларды сынға алған есалаңға ұқсайды. Хақ тағала имандыларды және Рисалей-Нұр шәкірттерін мұндай есуастардың бәлесінен сақтасын! Әмин.Саид Нұрси* * * * *Ғазиз, адал бауырларым!Сендердің керемет табандылықтарың мен ыстық ықыластарыңның жеңіске жетіп әлгі бәленің бетін қайтарғаннан кейін әһл-і дүния яғни тек дүнияға сенетіндер шабуыл тәсілін өзгертті. Діннен безгендердің айласына салып бізге қарсы шабуылын астыртын ұйымдастырып
173ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫмадди-мағынауи түрде үдете түскенге ұқсайды. Шәкірттердің басты қуат көзі болған ынтымақ, ауыз-біршілік жымысқы әрі ақырын түрде шайтан сияқты, бұзуға тырысуда. Сендерге рисалелерді қайтарып берген болып әккі түрде сұм әрекеттер жасауда. Біз сендердің бір бөлімшелерің боп саналатын болсақ та бізді орталық, негіз деп ойлап бұрыңғыдан да бетер айла, қулықтарын пайдалануда. Нағыз сақтаушы Хафыз-ы Хақиқи Аллаһ қой. Құдай қаласа бізге еш зарар бере алмас. Дегенмен осы қасиетті үш айлардағы ерекше күндер мен түндерде ықыласты дұғаларыңмен бізге демеу беріп жәрдем етіңдер. Жауыздардың қолдарынан ештеңе келмейді. Бірақ, мүмкін болғанынша сақтық шараларын жасап, мұқият болыңдар. Хазреті Али (р.һ.) және Ғаус-ы Ағзам Шәйх Гәйлани (құддисе сыррух) сынды батырлардың рухани демеуі және деген сөздері бізге батырлық беріп, рухымызға күш, демеу беріп тұрады. Катиб Осман өз хатында қаһарман Рүшдүнің батыр бауыры Бұрхан, рисалелердің ақталып шығуына атсалысып, көп тер төккенін жазыпты. Онысызда ол батыр бауырымыздың бұған ұқсас қызметтері бұдан бұрында болған. Оған һәм Рисалей-Нұрдың есендегіне қызмет еткендерге, және септігі тигендерге тіпті соттың төрағасына, ынсапты сот ағза мүшелеріне дұға етеміз, көп-көп рахмет. Ыңғайы болып жатса соттың төрағасына менің атымнан жеке алғысымды білдіріңдер. * * * * *Ғазиз, адал бауырларым!Біріншіден: Сендердің өткен Миғраж түндеріңді және келе жатқан Бәрат түндеріңді құттықтап, дұға етулеріңді сұраймыз. Екіншіден: Жиырма бесінші Сөз деп аталатын Құран мұғжизасы жәйлі рисаленің соңғы жартысы асығыстықтың кесірінен өте қысқа қайырылғанына байланысты сендерге мұнан бұрын жазғанымдай
174ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБкейбір қосымшаларды соңына қосқан едік. Енді, өте маңызды үзінді жиырма жыл бұрын басылған Ләмағаттан табылды. Оны да Құран мұғжизалары рисаленің қосымшаларының арасына қойғанды жөн көрдік.Ләмағаттың Қаһарман Тахири әкелген нұсқасы өте қымбат көрінді. Егер тағы бір нұсқа сол аймақта болса сендер де сол бөлімді кітаптың соңына тіркеңдер. Негізінде Ләмағат таңғажайып рисале әрі. Ол қасиетті Рамазан айында жиырма күннің ішінде жылдам, еш қиындықсыз тез жазыла қойды. Кейін қарасақ «сәхл-і мүмтәниғ»секілді өлеңге ұқсас жолдары, әдемі ұйқасып-ақ тұр. Ішіндегі мына сөз ғажайып. Ол Ләмағатта былай кездеседі: «Құранның иғжазын Иғжазбен баянда!».«Бірде түсімде Арарат тауының етегінде тұр екенмін. Кенет тау қирап, тас-талқаны шықты. Таудай дәу тастар көкке ұшты. Жер жаһанды дүр сілкіндірді» деген жерден бастап: «назардың екі түрі бар. Біреуі: қараңғы, біреуі: жарық»...деген жерге дейін. Егер Ләмағат кітабы қолдарыңда жоқ болса ол үзіндіні сендерге жібереміз.Екіншіден: Сендерге керемет әрі тамаша әрі нәзік бір оқиға айтып берейін. Осы аймақта Рисалей-Нұрға ер кісілерден қарағанда жанкешті түрде қызығатын қарт әйелдер мен кәрі секілді бейкүнә қыз-келіншектер, бұрыңғы кездің сырмалы әрі жылтырақ қыз жасауына ұқсас қымбат заттармен Рисалей-Нұрдың кітаптарының сыртын қаптапты. Осылайша барлық кітаптар алтынмен апталған сияқты тамаша бейнеге енген. Рисалей-Нұрдың мағынауи әдемілігіне және Хусрев пен Тахири және Али мен Хасан Атыф, сондай-ақ Асым сынды бауырларымның әдемі сұлу жазуларына жарасымды сыртқы мұқабасына да әсем қап жасап одан әрі безендіріп жіберіпті. Хафыз Алидың хатында аттары аталған Үммүхан, Шәхидәдай бұл аймақта да Рисалей-Нұрға беріліп қызмет етіп жүрген көптеген қыздарымыз бар. Мысалы, Әсия, Сәния, Улвия, Лүтфия, Әлия секілді Нұрдың шәкірттері ол жақтағы қыз-келіншек бауырларына дұғай сәлем жолдауда. * * * * *
Ғазиз, адал мүбарак, берік бауырларым!Сендердің Бәрат түндеріңмен және келіп жеткен қасиетті Рамазандағы ерекше түндеріңмен құттықтаймыз. Құдайға мың да бір шүкір, Рисалей-Нұр өзімен өзі кеңінен тарап жан жақта жеңіспен абыройға бөленуде. Әһлі-далалеттің яғни адасқандардың айла-қулықтары кедергі бола алмай керісінше көптеген дінсіздер қаруын тастап берілуде. Хафыз Алидің дегеніндей, қатты қорқып зәрелері ұшуда. Қазір, дінсіздікті жақтағаннан емес қатты қорыққаннан тиісуде. Олардың қорқынышы иншаллаһ Рисалей-Нұрға пайдалы болмақ. Нұр фабрикасының иесі бұл жолғы хатында жазған ғажап әрі керемет дұғасы, оның керемет ықыласты әрі тым адал екенін көрсетеді. Ал, оның мен туралы асыра сілтеген мақтау сөздерін Рисалей-Нұр атынан қабыл алып дұғасына «әмин» дейміз. Сол нұр фабрикасының хаты Хасан Атыфтың хатымен бірге Бәрат түні кешқұрым қолыма тиді. Сол қасиетті түнімізге берекелі құттықтау ретінде деп қабылдадық. Ғазиз, бауырларым! Бұл мүбарак Рамазанда да өткен Рамазан сияқты мына әлжуаз, бейшара бауырларыңа өздеріңнің мағынауи және ақыреттік еңбектеріңнің зекет мөлшерін берулеріңді, яғни оның орнына біршама еңбек етулеріңді сондай-ақ, асыра жақсы ойларыңмен жүктеп қойған ауыр жүкке осылай жәрдем етулеріңді өтініп сұраймын. Тұрмыс тауқыметі есеңгіретіп көпшілік жұрт ақыреттік істерді кейінге шегеретіндіктен адасқан топ мұны оңтайлы сәт деп пайдаланып жұртты осал тұсынан ұстап алуда. Рисалей-Нұр шәкірттері қанағат, үнемділік ережелерін сақтап осы мағынауи дертке де төтеп берер иншаллаһ. Саид Нұрси* * * * *
Ғазиз, адал бауырларым!Сендердің Қасиетті Рамазан айларыңды құттықтаймыз. Аса мейірімді Хақ тағала осы мубарак Рамазанның құрметіне әлемдерге рахым боп жіберілген Расул-ы Әкрем алейһиссалатү уәссаламның үмметін жарылқап медет берсін! Әмин. Аллаһтың ашуы боп саналатын бәле-апаттардан, адасушылықтан сақтасын! Әмин. Және Рисалей-Нұр шәкірттерін жарылқап Құранның нұрларын жаюда сәттілік сыйласын! Әмин.«Хизб-үл Ағзам-ы Құрани» дұға кітабының келуін асыға күтудеміз.Екіншіден: Хафыз Алидың хатында қаһарман Сүлеймен Рүшдүнің келгенін айтып сүйіншілепті. Біз де оған «хош келдің!»деп және үш тұрғыдан оны және бейкүнә балаларын құттықтаймыз. Хасан Атыфтың Деміржі Мехмед деп ат қойған Бәдәуи бауырымызға жазған ұзын хатын осы аймақтағы бауырларымыз оқып оларға ықылас тұрғысынан қатты әсер етуде. Оның ықылас рисалесінің сырын, ережелерін ұстанып жүзеге асыруға тырысуы бізді кәдімгідей қуантып, шабыттандырады. Хақ тағала ондай ықыласты бауырларымыздың санын көбейтсін және Атыфтың хатында Нұр медресесінің озат әрі батыр шәкірттерінен бір-екі қарт кісінің Рисалей-Нұрмен тығыз байланыс құруы бізді қатты қуантқаны сонша көзге жас келді. Бұл жолы, алдында сендерге жіберілген жастарға ескерту жазбаға қосымша ретінде осы өңірдегі қауіпті жағдайда жүрген жастарға нұсқау деген тағы бір жазба жіберіп отырмыз. Мақсатымыз, Рисалей-Нұрдың жас шәкірттерінің ұстанған бағыт-бағдары, абыройы, жас-кезін көркем сүннет жолында өткізу қаншалықты қымбат екенін білдіру. Нағыз әрі қызықты жастық шақ осындай бақытты жастардың дәурені екенін тағы бір рет дәлелдеп, шынайы жас Түркілер кімдер екенін көрсетсін дегеніміз ғой.
177ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫБарлық бауырларымызға және қыз-келіншек шәкірттерге дұғай сәлем және осы мүбарак қасиетті Рамазан айында сондай-ақ, бірге мың қосатын киелі де қасиетті күн мен түндерде мүбарак дұғаларын өтініп сұраймыз. Бауырларың Саид Нұрси* * * * *
БІРНЕШЕ БАЙҒҰС ЖАСТАРҒА ЖАСАЛҒАН НҰСҚАУ, САБАҚ БОЛАР ДӘРІС НЕМЕСЕ БІР ЕСКЕРТУ(Мұның алдында сендерге жіберілген жастарға ескерту деген жазбаға қосымша)Бір күні жаныма нұрлы жүзді бірнеше жас келіп, өмірде кездесетін әсіресе жастық шақта әуестікті қоздыратын қауіп-қатерден сақтану үшін не істеу керектігін, нені ескеру қажеттігін сұрады. Мен де бұдан бұрын Рисалей-Нұрдан медет сұрағандарға айтқанымды қайталап былай дедім: Жастық шақ сөзсіз өтіп кетеді. Егер шариғатқа сай өмір сүрмесеңдер бұл жастық зая болып бұл дүнияда да қабірде де ақыретте де бастарыңа бәле болып, берген ләззатынан еселеп қайғы қасіретке ұшыратады. Ал, егер Ислам тәрбиесімен сол жастық дейтін нығметке шүкір ретінде абыройлы тұрмыс, салауатты өмір сүріп құлшылықпен өткізсеңдер мән-мағыналы, мәңгі жас болып қалуға себеп болады. Өмір де иман болмаса яки күнәлардың кесірінен иман әсер етпесе өмір сырттай қызық, өткінші, зауық-ләззат бергенімен сол ләззаттан өкініш пен қайғысы, уайым мен мұңы мыңдаған есе көп болады. Өйткені адамда ақыл-ой болғандықтан хайуан сияқты емес, осы шақпен бірге өткен мен болашақты алаңдап уайымдайды. Ол шақтардан да өкініш пен қайғы немесе қуаныш пен ләззат ала алады. Хайуан болса ақыл-есі болмағандықтан сол кездегі ләззатына бұрыңғы өкініш пен қайғы, келешек үрей мен қорқыныш әсер етпейді. Егер адам адасқан, ғапыл болса алып жатқан ләззатын өткеннің өкініштері, болашақтың уайымы әсер етіп, әлгі шағын ләззат мәнісін жоғалтады. Әсіресе ол ләззат харам болса мүлдем бұзылып улы балға айналады. Демек, өмірден ләззат алуға келгенде хайуаннан жүз есе төмендеп артта қалады. Негізінде адасқандар мен ғапылдардың өмірі тіпті болмысы бір күндік. Оларға өткен шақ, құрдымға кеткен жым-жылас. Оны алаңдап ойлаған кезде ол жақ қараңғы, зұлымат болып көрінеді. Болашақ та солай, имансыз көзіне не болары белгісіз, бәрі ақырында жоқ болып, қоштасумен тынатын белгілі дүние. Осылайша өмірі қараң. Егер, иман өмірден өз орнын тапса ол кезде өткен шақ та болашақ та иманның нұрымен нұрланып, бар болып есептеледі. Өткен мен болашақ қазіргідей болып рух пен
179ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫжүрекке иман тұрғысынан керемет ләззатты болып нұрға бөлейді. Бұл ақиқат Қарттар рисалесіндегі Жетінші Үмітте түсіндірілген-ді, соны оқыңыз.Сонымен өмір деген осы. Өмірдің қызықты да мәнді болуын қаласаңдар өмірді иманменен жандандырыңдар! Парыздарды орындау арқылы қызықты қылыңдар! Күнәлардан сақтанып, сол қызықты да мәнді өмірлеріңді сақтаңдар!Күн сайын және барлық жерде болып жатқан өлім ұлы дейтін ақиқаттың мәнісі неде, соны сендерге басқа жастарға айтқанымдай бір тәмсілмен түсіндіріп берейін. Мысалы: Осы жерде көз алдымызда бір дарағашы тұр дейік. Қасында бір ұтыс ойыны лотереяның, бірақ қымбат ұтысты, билет беретін бөлімшесі орналасқан. Бізді яғни осы жерде отырған он кісіні міндетті түрде қалай болғанда да еріксіз сол дарағашына шақырмақ. Шақыратын уақыты белгісіз болғандықтан кезкелген уақыт, я «Кел, өлім жазасына кесілдің, дарағашына шық!» я болмаса «Кел, миллиондаған алтын ұттың, ала ғой!» дейтінін күтіп отырғанда кенет есіктен екі түрлі топ адамдар келді.Біреуі, жартылай жалаңаш, көзді алдайтын әйелдер, қолында тіл үйірер дәмді тағамдар, тәтті халуалар, бірақ улы. Оны бізге ұсынып жегенімізді қалайды. Екіншісі, алдамайтын, алданбайтын байсалды жандар. Олар әйелдердің артын ала бере кіріп былай дейді: «Сендерге құпия тылсым әрі дәріс әкелдік. Мұны оқып әлгі тәттіні жемесеңдер анау дарағашынан құтыласыңдар, әрі мына тылсыммен аса қымбат, теңдесі жоқ ұтыс билетіне ие боласыңдар! Өздерің қараңдар! Әлгі тәттіні жегендер дарағашына асылып жатыр, әрі жолай сол халуаның уынан сұмдық асқазаны бүріп азап шегуде. Ал, манағы қымбат ұтысқа ие болғандар көрінбейтіні рас, сырт көзге олар да дарағашына асылғандай. Бірақ олар дарға асылмай керісінше ол жерден тікелей ұтыс беретін бөлімшеге бару үшін дарағашын баспалдақ қылып әрі қарай өтіп кеткендерін көрген миллондаған тіпті миллиардтаған куәгерлер бар. Олар бізге хабарлап жатыр. Иланбасаңдар, терезеден қараңдар. Лауазымды әрі осы қызметке жауапты кісілер зор дауыспен хабарлап былай дейді: «әлгі дарға асылғандарды көзбен көргендерің секілді анық түрде әлгі ұтысты тылсымды қабылдағандар алғанын, оған еш шәк, шүбә жоқ, бұған көзбен көргендей кәміл сеніңдер!».
180ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБМіне, осы тәмсілдегідей, улы болған ұқсас харам ләззаттар яғни тыйым салынған жастық шақтағы азғын нәпсінің ләззаттары мәңгі қазынаның кілті, бақи бақыттың билеті, құжаты болып табылатын иманнан айыратындықтан, дарағашына ұқсас өлімнің және түпсіз қараңғы зұлыматтың есігі іспеттес қабірдің азабына душар қылады. Әрі ажал жасырын, қашан келер белгісіз. Ол, жас-кәрі деп айырмай баскесер жендет секілді кезкелген уақыт келіп қалуы мүмкін. Егер, әлгі улы балға ұқсайтын харам ләззаттардан тыйылып, Құрани тылсым сыр болған иманға келіп және парыздарды орындаса әлгі таңғажайып тағдыр лотереясынан мәңгі бақыт ұтып, шексіз байлыққа ие болатынына жүз жиырма төрт мың әнбия және олардың қасында сансыз әулие, абыз, ақиқат иелері, зерттеуші ғалым-ғұламалар бірауыздан куәлік етіп хабар беруде, әрі белгі-нышандарында көрсетуде. Сонымен, жастық шақ өтеді де кетеді. Азғындық жолында өйткені болса һәм бұ дүнияда һәм о дүнияда қыруар қайғыға қасіретке ұшыратады. Ондай жастардың басым көпшілігі күш-қуатын бұрысқа пайдаланудың кесірінен, ысыраптың салдарынан уайымға салынып күдік ауруына шалдығып ауруханаларға немесе күші тасып тәртіп бұзып қапасханаға яки азғын ойын-сауыққа не болмаса рухани күйзелістің кесірінен сыраханаға, ішімдікке бойұратынын білгің келсе ауруханаларға, түрмелерге, мазарларға барып жағдай сұрас! Әлбетте, ауруханадағылар хал тілдерімен былай дейді: «Жастықтың буымен ысырап жасап және бұрысқа пайдаланудың кесірінен ауруға шалдығып енді міне, өкініп жатырмыз». Әрі түрмелерге барсаң жалпы жастықтың албырттығымен харам жолда жүрудің кесірінен опық жеп, бейбақ жастардың өкін ащы даусын естисің. Сондай-ақ, қабірдегі және ол жерге көмілетіндерге есігі әрдайым ашық берзах әлеміндегі азаптың басым көпшілігі жастықты дұрыс пайдаланбаудың кесірінен екенін білесің. Мұны «әһл-і кәшф уәл қубур» әулиелер көріп хабар беруде. Сондай-ақ, қоғамның басым көпшілігін құрайтын қарттар мен науқастардан жағдай сұрассаң, көпшілігі өкіне де мұңайып былай дейді: «Қап, әттеген-ай! Жастық шақты босқа өткіздік, тіпті зиянды түрде зая еттік. Сендер байқаңдаршы, біздің істегенімізді істемеңдер!».Өйткені, бес-он жылдық жас кездегі харам ләззат үшін дүнияда бірнеше жыл уайым-қайғы жеп және қабірде азап пен зиян шегіп ал ақыретте болса жәһаннам мен тозаққа түсетін адам өте аянышты
181ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫжағдайда. Дейтұрғанмен олар сырымен еш аяуға лайық емес. Өйткені зиянды өз ризасымен қабылдаған адамға мейірім жасауға болмайды, лайық емес.Хақ тағала бізді және сендерді мына заманның қауіпті фитнәсінен құтқарып, сақтап жүрсін, әмин. * * * * *Ғазиз, адал, бауырларым! Рисалей-Нұр шәкірттері! Бір қарт кісі тарапынан Рисалей-Нұр шәкірттерінің әлсіздеріне зияны тиген, адамның ойына келмейтін бір наразылық келген екен. Енді сондай наразылықтардың түп тамырына балта шабатын бір ақиқатты айтуға мәжбүр болып тұрмын. Мұны бұдан бұрын да біреуге айтқан едім. Таңғаларлық әрі өкінішті мәселе мынау: әһл-і ақиқат яғни ақиқатты түсінген жандар ынтымақтағы жойқын күш-қуатан айырылып соның салдарынан жеңіліске ұшырап жатқанда әһл-і нифақ пен далалат яғни бүлікшілер мен адасқандар өздерінің ұстанған жолдарына қайшы болса да ынтымақтағы жойқын күшке ие болу үшін бірлесіп одақтасуда. Жүздің оны бола тұра тоқсан әһл-і ақиқатты жеңіп кетеді және таңғаларлығы: бізге ең көп көмектеседі, құлшыныс береді деп жүрген және өздері де жәрдемге дін Ислам үшін, ұстанған жолы үшін, қызметі үшін міндетті бола тұра бізге жәрдем етпек түгіл керісінше бізді қате түсініп Рисалей-Нұрдың қызметіне кедергі туғызатындай дәрежеде халық арасындағы беделіне сүйеніп отырып наразылық білдірген ол, бір ақиқат туралы айтқанымызға қарсы шығыпты.Мен қай мәселе және қай аят туралы екенін білмей отырмын. Мүмкін біздің әркімге көрсетпеңдер деген Бірінші Шуа дейтін Құран ишарасы туралы бір мәселе болса керек. Мына байғұс бауырларың ол көне досқа сондай-ақ мұқиятты жандарға әрі сендерге айтарым:Қасиетті де мұғжизаға толы Құранның нұрымен Жаңа Саид, иман ақиқаттары жайлы қисынды әрі ақиқатқа негізделген көптеген айғақ-дәлелдерді жазып баяндауда. Ол, бұлтартпас айғақтар мұсылман ғалымдарын ғана емес тіпті өте қырсық Еуропа философтарын да тізе бүктіріп мойындауға мәжбүр етеді, етуде.
182ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБАл, Рисалей-Нұрдың қадір-қасиеті, маңыздылығы жайлы Хазіреті Али (р.һ) пен Ғаус-ы Ағзам (қ.с) тарапынан болған рәміздер мен ишараларға келер болсақ, ол Қасиетті Құранның бұл заманда мағынауи мұғжизасы Рисалей-Нұрға назар аудартуы ишари мағынасынан рәміздер, ималар деп аталады. Ол Қасиетті Құранға жарасады, солай болуы ғайып тілі мұғжиза әрі шешен Құран талап етеді. Рас, Ескішәһир абақтысы қиын қыстау кез болатын. Киелі бір демеуге қатты мұқтаж болған кезімізде мағынауи ескертуге байланысты: «Рисалей-Нұрдың қабыл болғанын бұрыңғы әулиелерді алға тартып куәлік келтіресің. Алайдадегендей бұл мәселе туралы сөз сөйлеуге ең лайық, ең бірінші Қасиетті Құран болып табылады. Енді Рисалей-Нұрды Құран қабылдай қояр ма, бұл туралы ол не дейді?» деді. Мұндай зор сұрақты күтпеген едім. Мен Қасиетті Құраннан медет сұрадым. Кенет, отыз үш аяттың сарих яғни тура мағынасының астарлы қабатының ишари мағынасынан және ол ишари мағынасының жалпылама бір мағынасы Рисалей-Нұрға қатысты екені және солай екеніне қуатты «қарине» бар екенін бір сағат бойы сезіп көзім әбден жетті. Оның кейбірін түсінікті етіп кейбірін қысқа-нұсқа жаздым. Оған еш шәк, шүбә, жоқ күмәнсіз. Мен, әһл-і иманның иманын Рисалей-Нұр арқылы сақтап қалсам деген ниетпен әлгі нақты ойымды жаздым және оны хас шәкірттеріме құпия ұстау шартымен бергенім рас. Ол жерде біз, молда-имамдар тиісетіндей: және «ол өзінің ойы ғана» дейтіндей аяттың сарих (тура) мағынасы осы дегеніміз жоқ әрі біз «аяттың ишари мағынасы толығымен осыны білдіреді» дегеніміз жоқ. Біз былай деген болатынбыз:Аяттың сарих мағынасының астарында бірнеше астарлы қабаттар бар. Бір қабаты ишари, рәмзи деп аталады. Ол да күлли яғни ауқымды әр ғасырды қамтиды, әрбір ғасырға қарайтын жақтары бар. Рисалей-Нұр қазіргі таңда сол ишари мағынаның қабаттарының жалпыға ортақ жақтарының біреуіне ие. Рисалей-Нұрға арнайы назар аударылғаны және оның маңызды міндет атқаратынына джифри, риязи есеппен (негізінде мұндай есептеп мағына шығару бұрыннан бері ғалымдар арасында бар) «қаринелер» тіпті дәлелдер баяндалған-ды. Бұл Құранның аятын
183ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫнемесе тура мағынасын кемсіту емес керісінше аяттың мұғжизасына, оның керемет шешендігіне қызмет боп саналады. Мұндай ғайби ишараларға наразылық жасауға болмайды. Әһл-і ақиқаттың сансыз Құрани ишаралары жайлы көптеген мағына шығарғандарын жоққа шығара алмайтын адам мұны да жоққа шығара алмауы тиіс, шығара алмайды деип ойлаймын.Ал, мен секілді қарапайым, маңызы жоқ біреудің қолынан мұншалықты маңызы зор бір кітаптың шыққанына таңғалып, ақылына сыйдыра алмай наразы болған адам, егер тарыдай дәннен зәулім қарағайдың шығуы Аллаһтың ұлықтығы мен құдретіне дәлел екенін ойласа әлбетте мен секілді әлсіз, мүлдем пақыр біреудің қолынан мұндай зәрулік кезінде осындай бір кітаптың шығуына таңырқамай Аллаһтың шексіз рахымына дәлел деп айтар еді. Мен сендерге және наразы болғандарға Рисалей-Нұрдың абыройын ортаға қойып айтарым: Бұл ишара-белгілер және әулиелердің «има» арқылы берген хабарлары мен рәміздері мені әрқашан шүкір етуге, Раббымды мадақтауға және күнәларыма истиғфар жасауға итеретін. Ешқашан бір сәтке болсын нәпсім мұны пайдаланып мақтангершілікке, тәкаппарлық менмендікке салынған емес. Мұны көз алдарыңда өткен жиырма жылдан астам өмірім дәлел. Иә, бұл ақиқат. Дегенмен адам болған соң қатесіз болмайды, ұмытқан жерлерім болған шығар, байқамай қалған кемшіліктерім де жоқ емес, мүмкін ойым араласып, рисалелерде қателіктер кеткен шығар. Бірақ, дегенмін осы күндері Қасиетті Құранның киелі әріптерінің орнына адамдар жасаған әріптерді қойып өзгертіп нұқсан түрде бір жағынан бұзып әрі кәпірлердің қисық түсініктеріне қарай бұрмалап аяттардың тура мағыналарын бұрмалап жатқанда оған мән бермей мына бейшара әрі жәбір көрген байғұсқа бауырларының иманын қуаттайын деп мұғжиза Құранның бірғана аятының бір ғана тұжырымын баяндағанына бола оның иман қызметіне кедергі болатындай дәрежеде наразылық білдіру, бұл әрине парасатты жандарға жараспайды. Тіпті мұны кішкене ынсабы бар адам да істемес.Менің жеке тұлғама қатысты да таңғаларлық жағы: Әлгі адам, менің тағылым жолындағы маңызды ұстазым Шәйх Фәһим тақсырдың (қ.с) шәкірті екен сондай-ақ, тығыз байланысым бар Имам-ы Раббанидың (қ.с) тәлабасы екен. Онда бәрінен бұрын менің кемшіліктеріме, бұрыңғы бейберекет өміріме, жастық шақтағы халдеріме қарамай бар күшімен көмектесудің орнына, өкінішке
184ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБорай оның тарапынан келген наразылық кейбір жаңадан бастаған әлжуаз бауырларымды күмәндандырып тастауы және адасқан топ дұшпандарыма дәлел болды. Мұны естігенде қатты өкіндік. Ол қарт кісі тез арада жұрттың бұрыс түсінуіне жол бермей қатесін жөндеп әрі дұғасымен және әсерлі насихатымен бізге жәрдем етуін күтеміз. Оған қоса мынаны да айта кетейін: Мына заманда, өте қуатты әрі ақиқатқа негізделген және миллиондаған шәкірттері мен уәкілдері бар жамағаттар ұстанымдар, рухани жолдар қазіргі сұмдық шабуылға қарсы тұра алмай сырттай жеңіліп жатқанда мен секілді жартылай үмми яғни жаза алмайтын, ешкімі жоқ, әрдайым басқан ізін аңдушылары көп, полиция бөлімшесінің алында тұрып жатқан және бірнеше жақтан жұртқа жамандап жағымсыз көрсетілген және халықты менен бездіруге барынша тырысып баққан біреудің мына кәпірлерге қарсы төтеп беріп жеңісті де табысты қызмет атқарып жатқан және адасқандарға артынан ерушілер миллионнан асатын бар ұстанымдардан артық тегеурінді соққы берген Рисалей-Нұрдың авторы мүмкін емес. Ол анық. Ол оның өнері болуы мүмкін емес. Ол да мақтана алмайды. Ол, тура Қасиетті Құранның бұл замандағы мағынауи мұғжизасы, Иләһи рақым тарапынан сыйланған құнды тәпсір, рухани кәде. Ол кісі мыңдаған достарымен бірге ұмтылып әлгі Құран кәдесіне қолын созды. Әйтеуір бірінші аудармашы міндеті оған нәсіп болыпты. Оның пікірі, ілімі және ойынан шықпағанына дәлел, Рисалей-Нұрдың кітапшаларының ішінде кейбірі алты сағатта, кейбірі бір сағатта, тіпті кейбірі он минутта жазылған рисалелер бар. Мен ант етейін, бұрыңғы Саид бүкіл қабілетімен он минутта жазылған рисалені он сағатта бар ынта жігерім мен жаза алмайды. Бір сағатта жазылған рисалені екі күн отырып қанша тырысса дағы жаза алмайды. Және алты сағаттық рисалені яғни Отызыншы Сөзді мен де менен де зерек діндар ойшыл даналар алты күн отырып жаза алмас... тағысын тағы. Демек, бізде түк жоқ, құр алақан болсақ та өте бай зергерлік дүкенінің делдалы, қызметшісі боп тағайындалғанбыз. Хақ тағала өзінің мол мейірімімен осы киелі Құран қызметінде ықылас, шынайылық сыйлап бізді және барлық Рисалей-Нұр шәкірттерін әрдайым табысты қылсын, сәттілік сыйласын, әмин.Саид Нұрси* * * * *
Лемағаттан үзіндіРухани әлемдегі жиналыстан(Қазіргі мәдениет пен шариғатты сондай-ақ ғылым мен техника саласында жетістік пен шариғат парасаттылығын өзара таразылау)Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін, бейбіт келісімге келген кезең. Жұма күні садық түс көрдім. Түсімде рухани әлемде үлкен бір мәжіліс болып сол жерде маған мынадай бірақ сұрақ қойылды:«Мына жеңілісте кейін Ислам әлемінің жағдайы не болмақ?Осы ғасырдың өкілі ретінде сөз бастадым, басқалар сөзіме құлақ түрді. Бұрыннан бері мұсылмандардың тәуелсіздігіне және Аллаһтың сөзі Құранның үкімдерін асқақтату үшін «фарз-ы кифайе» болған дін үшін соғыс жиһадты қасиетті дінімнің талабы деп, бүкіл мұсылмандармен бірлесе қол ұстасып, бір дене болып, жанын дін Ислам үшін пида етуге өзін міндетті санаған, Халифаттың ту ұстаушысы болған мына мұсылман елдің басына түскен мына нәубет пен пәлекеттер, Құдай қаласа Ислам әлемінің азаттығы мен бақытқа ұйытқы болады. Шеккен жапа, көрген азап, қиыншылықтар артта қалып, келешекте орны еселеп толмақ. Үш беріп, үш жүз алған әрине ұтылмас, зиян шекпес. Талаптанып күш қайратын жұмсағандар бүгін қиналғанымен ертең жеңіске жетпек. Өйткені бұл пәлекет пен қиыншылықтар өмірдің мәнісі болған өзара мейірімділікті, бауырластықты, ынтымақ пен сенімді арттырып, достығын нығайтып, жіберді жылдамдық артты. Азғын мәдениеттің бет пердесі ашылып бүгінгідей азғындар құлдиға кетуде. Жағдай өзгеріп, Ислам мәдениеті төрге шығады. Сонда мұсылмандар өз еріктерімен ең бірінші боп ұмтылады. Шариғат көрсеткен мәдениет пен қазіргі азғын батыс мәдениетін салыстырғың келсе, олардың мына негіздеріне көңіл бөл, назар аудар!Қазіргі мәдениеттің негіздері болымсыз бес нәрсенің үстіне құрылған және ол, олар үшін маңызды. Азғын мәдениетті алға тартып сүйреп бара жатқан сол негіздер. Олар:
186ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБМәселе ақиқатта емес, мәселе күште. Ал, күш қолданған кезде озбырлық, агрессия пайда болады, қиянат содан шығады.Алға қойған мақсаттары, адами жоғары құндылықтар емес, ұсақ-түйек жеке бастың пайдасы. Бас пайдасын көздеген жерде біреуге зиян тигізу, өшігу, жауласу пайда болады. Қылмыс содан шығады.Өмірдегі ұстанар заңдары: Өзара көмектің орнына күрес, талас-тартыс. Таластың нәтижесінде шабыс, текетірес, төбелес. Жоқшылық міне содан шығады. Халықтар арасын байланыстыратын нәрселер: нәсілшілдік, ұлтшылдық. Нәсілшілдік болса, басқаларды жұтып, күш жинайды. Ұлтшылдық да ұрыс-керіске, қақтығысқа итереді. Құлдырау, күйреу міне осыдан пайда болады. Бесіншісі; әрі ең ұнамдысы әуестік сезімдерді қоздыру, жеңіл, оңай жол іздеу, құмар қандыру. Міне, азғындық осыдан шығады. Мұндай әуестік пен құмарлық адам баласын азғындыққа салып, мінез-құлқын бұзады. Адамгершіліктен аластатады. Қазіргі мәдени-сымақ жандардың ішін сыртына айналдырып қарасаң басым көпшілігі маймыл не түлкі, я жылан я аю, я доңыз. Ішіндегі пиғылы көрініс берсе терісі мен жүнін қиялыңмен көресің. Олардың не істейтіні белгілі.Ал, негізінде дүниедегі өлшем мен таразы Шариғат болмақ керек. Шариғаттағы мол мейірім Құраннан бастау алған. Құрани мәдениеттің негіздері һәм мықты һәм болымды, һәм дәйекті. Бұл мәдениеттің бақытқа бастар жолы болымды бес негізге құрылған. Сүйенері күш емес, хақ пен ақиқат. Хақ болса әділет пен теңдік орнайды. Сау-саламатты өмір осыдан туады. Пәлекет, нәубет жоқ болады.Көздеген мақсаттары бас пайда емес, адами жоғары құндылық. Адами құндылықтан сүйіспеншілік, махаббат, жақын тарту, ынтымақ пайда болады. Осыдан барып бақыт пенен бақ қонып, жауласу жөніне кетеді.Өмірдегі ұстанымы: басым түсу, жою емес, өзара жәрдем. Бұл ұстаным бірлікке, бірін-бірі демеуге шақырады. Халықтың еңсесі көтеріліп, кеудесіне жан бітеді. Халыққа қызметі болса, әуестікті қоздыру, сезімдерді желіктіру емес, Құранның тура жолына бастау, соған шақыру. Бұл тура жол адамгершілікке лайық өркениетке, кемелдікке, береке-бірлікке,
187ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫрахат өмірге бастайды. Адамның жан дүниесін нұрландырып, рухани байлыққа кенейді. Ал, болымсыз ұлтшылдық болса, қоғамның шырқын бұзып, ауызбіршілікті жояды. Оның орнына діни, имани бауырластық, болса отанға деген сүйіспеншілік, әлеуметтік топтар арасындағы ынтымақ, бірлік болады. Мұндай байланыс орнаған кезде шынайы бауырластық, өзара құрмет пайда болады. Сөйтіп жаппай бақыт орнайды. Сырттан қауіп төнсе оған қарсы іштен қорғанысқа көшеді. Мұсылмандар қазіргі мәдениетті неге қабылдамағанын түсінген боларсың? Осы уақытқа дейін мұсылмандар қазіргі батыс мәдениетін өз еркімен қабылдаған жоқ. Әрі оларға жараспайды да. Бірақ оларды тұтқындап, мойнына бұғау салынды. Мәдениет адамзаттың дертіне дауа берудің орнына у берді. Халықтың жүзден сексенін машақатқа, қиыншылыққа салып, әуре қылуда. Тек жүзден он бөлігіне былыққа батыратын алдамшы бақыт сыйлады. Қалған он бөлігінің мазасын алып қиын жағдайға, әуре-сарсаңға салды. Сауда-саттықтан түскен пайда аз ғана залым топтың еншісіне тиді. Ал, негізінде нағыз бақыт деп баршаға ортақ болған бақытты айтады. Ең болмаса көпшілікке пайдасы тиіп, бақыт сыйлауы керек еді. Ал, адамзатқа мейірім болып түскен Құран, күллі адамзатқа немесе басым көпшілігінің игілігіне жарайтын мәдениетті ғана қабылдайды. Ал қазіргі мәдениет әуестікті қоздырып, нәпсі құмарлыққа негізделгендіктен хайуанға тән еркіндік орнап, әуестіктің үкімі жүріп тұр. Қызылкөздене, көзін сүзе құмарту өршіп тұр. Қажетсіз нәрселерді, аса қажет зәру нәрсе секілдендіріп, ол болмаса болмайтындай хәлге жеткізді. Бұл мазаны әбден алып тұр. Бұрыңғы кезде адамдар төрт нәрсеге мұқтаж еді. Қазіргі мәдениет жүз нәрсеге мұқтаж қылып, тақыр кедейге айналдырды. Адал еңбектің табысы шығындарды жаба алмай жатыр. Соның салдарынан адамдар көлденең табысқа үйір боп, харам жолға түсуде.Адамның мінез-құлқын, өзара қарым-қатынас негіздерін былай бұзды:Белгілі бір топтарды, жеке ұйымдарды байытып, тым асқақтатып жіберді. Халықты арсыз, жарлы-жақыбайға айналдырды. Мұның дәлелдері көп. Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі жабайылықтың, қатігез қылмыс, қиянаттың небір түрін мына былыққа батқан мәдениет
188ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБбір дегенде-ақ құстырды. Әлі де жүрегі айнып тұр. (Сілтеме ) Ислам *әлемі қазіргі мәдениеттен аулақ тұруында үлкен мән-мағына жатыр. Ондай мәдениетті қабылдауға шынымен-ақ қиналды, жолағысы келмеді. Ислам Шариғатында Иләһи нұр, ең жоғарғы қасиет, Аллаһтан басқа ешкімге тіленіп, қол жаймау, тәуелсіздік болатын. Сол қасиет пен ақиқат нұры, мына мәдениеттің өзегі боп табылатын Римдік ойлау жүйесінің Ислам әлеміне еніп мұсылмандарды билеп-төстеуіне жол бермеді. Мұсылманның бойындағы имани қасиет пен ақиқат өзіне жат философиямен араласып, бітіспейді. Олардан еш нәрсе алып, өзіне жұқтырмайды, іздерінен ермейді. Дін Исламдағы мейірім, иман арқылы болатын асқақ абырой тек қасиетті әрі мұғжиза Құраннан шығатын шариғи ақиқаттардан ғана табылады. Ол ақиқаттар бейне бір Мұса пайғамбардың (а.с.) қолындағы аса таяқ тәрізді. Мына көз бояушы, сиқыршы мәдениет болашақта шариғатқа жүгініп, жалына қол жаятын болады. Енді мынаған назар аударайық: Ежелгі Рим мен Гректің екі түрлі пікірі, даналығы бар еді. Екеуі бірге туған, егіз деуге болатын. Біреуі қиялға, екіншісі материяға негізделген яғни табынатын пұттары еді. Суға құйылған май секілденіп, бір біріне қосылып арласа алмады. Қаншама уақыт өтсе де, мәдениет қаншама тырысса да, Христиан діні қаншама ықпал етсе де босқа әуре болды. Екеуі бөлектеніп сол күйінде қалып қойды. Әлі күнге дейін екі рух секілді. Енді сол екі рух неміс және француз боп екі денеге айналғандай. Бейне рухтары ұлттарға ауысып көшіп жүрген тәрізді. Уа, менің мысалымды түсініп отырған бауырым! Уақыт әлгі екі пікірдің өзара араласып, біте қайнасуын қабыл көрмеді. Келісімге келе алмайды. Бірге туған бауырлар, даму жолында жолдас болса да төбелесін қоймады, келісімге келмеді. Ендеше тегі бөлек, өзегі өзге, шыққан жері басқа Құраннан шыққан шариғат қалай ғана мына мәдениеттің өзегімен яғни Римдік пікір-даналықпен бейбіт келісімге келіп, одақтасып кетеді?!.Ол ақылгөй даналық пен мына Ислам ақиқатының шыққан тегі әр түрлі, мүлдем бөтен. Тура жол Ислам, аспаннан түскен, ал ақылгөй философия жерден шыққан. Ақиқат пен Ислам жүрекке әсер етеді, Сілтеме*: Демек бұдан да жаман түрде тағы да құсатын болады. Иә, екі дүниежүзілік соғыс арқылы екі рет құсты. Аспан да, су да, жер де қанға боялып, жер беті әбден былғанды.
189ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫақылды да жұмыс істетеді. Ақылгөй даналық философия болса тек миды жұмыс істетеді. Жүректі мазалап, алаңдатып қояды. Ақиқат, тура жол болса рухты нұрландырып, бейімділік дәндеріне бүршік жарғызып қабілет жапырақтарын жайғызады. Қараңғы табиғат осылайша жарыққа бөленеді. Қабілеттер ашылып бірден кемелденеді. Денеге тәуелді нәпсі-сезімдерді тіл алғыш қызметшіге айналдырады. Жақсылыққа жаны құмар, еңбеккеш адамға періштедей абырой әперіп бақ-дәулет қонады.Ақылгөй, даналық, әуелі нәпсі мен денеге мән береді, табиғатқа батады. Нәпсі егін алқабына ұқсап қабілеттері ашылып қуатты күш алады. Рухты өзіне қызметші қылып, бейімділік дәндері қурап шіри бастайды. Адамдарды шайтани бейнеге ендіреді. Ал, ақиқат, тура жол болса екі дүниенің бақытына жетелейді. Екі дүниені нұрландырып, адамды жоғары дәрежеге көтереді. Жалғыз көзді Тажалға ұқсаған ақылгөй даналық тек дүниені және бір өмірді ғана көреді. Материяға табынып, құмартады дүниеге. Ақырында адамды жыртқыш хайуанға айналдырады. Иә, ақылгөй даналық меңіреу табиғатқа сыйынады, соқыр күшке бағынады.Ал, ақиқат, тура жол болса құпия әрі саналы түрде жасалған өнерді түсініп, хикметке толы құдіретті көреді. Ақылгөй даналық, жердің жүзін күпірлікпен көмкеріп ақиқатты көрсетпейді. Ал, ақиқат-Ислам шүкірдің нұрын шашады. Ақылгөй, даналық соқыр, мылқау, тас керең. Ал ақиқат-Ислам һәм көреді, һәм естиді. Ақылгөй даналықтың назарында жер бетіндегі нығметтер босқа жатыр, иесіз, бәрі олжа бекерге. Шүкір етудің орнына оны тона, бар ұрла дейді. Табиғаттан қопарып жыртқышқа тән сезімдерді оятады. Ал ақиқат-Ислам көзқарасы бойынша жер бетіне, бүкіл әлемге жайылып жатқан нығметтер, мейірімнің жемістері. Әрбір нығметтің артында жарылқаушы құдрет қолын көреді, шүкір етіп сүйеді.Мәдениеттің көптеген жақсы жақтары бар екенін жоққа шығармаймын. Бірақ ол не Христиандықтың не Еуропаның заты емес. Мына ғасырдың деп те айта алмаймын. Ол баршаға ортақ нәрсе, ой-сананың қосындысынан, Аллаһтан келген шариғаттан, табиғи қажеттіліктен, әсіресе, Әз. Мұхаммедтің (с.а.у) шариғатынан, Ислам құндылықтарынан алынған нәрсе дер едім, ешкім менікі деп иелене алмайды.
190ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБМысал әлеміндегі мәжілісте, сол мәжілістің төрағасы қайта сауал сұрады және былай деді: Адамның басына келетін пәлекеттер жасаған қиянатының жазасы және келешекте берілер сыйлықтарға себеп дейді. Олай болса, әй, мына ғасырдың адамы! Тағдырдан соққы жедіңдер, бұл сендерге шапалақ. Тағдырға мұндай пәтуа бергізетіндей не істеп қойдыңдар? Көпшіліктің қатесі, жалпыға ортақ бәлеге себеп болатыны рас...Мен былай дедім: Адамдардың қисық пікірі, Нәмруд сынды қырсықтық, Перғауын пиғыл тәкаппарлық ұлғая-ұлғая тау болды. Жаратылыстағы нәзік сырларға қайшы әрекет жасалды. Сосын жерді топан су басып, оба індеті келгендей мына соғыс-аласапыран басталды. Кәпірлерге аспаннан бәле келді, ол бір шапалақ. Демек бұл пәлекеттер бүкіл адамзатқа келген ортақ мәселе, қатысы бар баршаға. Тағы бір ортақ мәселе: материализмнен туындаған адасушылық, кәпірлік, хайуанға тән еркіндік, әуестік пен нәпсіқұмарлықтың қозуы.Бізге де сыбаға бұйыруының себебі, Исламның талап-шарттарын орындамадық. Жаратушы Иеміз, жиырма төрт сағаттың бір сағатын бес уақыт намазға арнауды бұйырды. Жалқаулыққа салынып оқымадық намазды, бейқамдықпен уақытты өткіздік бекерге. Жазасы былай болды: Бес жыл бойы жиырма төрт сағат жаттығу жасап, машақат шектік, белгілі бір мағынада зорлап намаз оқытты. Жылына бір ай ораза ұстауымызды бұйырды. Нәпсімізге жан ашып, оразасын тұтпадық. Соның өтеуі ретінде бес жыл бойы мәжбүрлеп оразасын тұтқызды. Өзі берген мүліктен қырықтан бір бөлігін немесе оннан бірін зекет бер деп сұрады. Сараңдық жасап, һәм зұлымдық харамға баттық белшеден. Ерікті түрде бермедік. Жиналып қалған зекетті бізден алды мәжбүрлеп. Осылайша харамнан да құтқарды. Бұлар бізге берілген жаза. (Сілтеме ) Жалпы жаза, жасалған қылмыстың *түріне қарай беріледі, ұқсас келеді жынысы. Ізгі амал екі түрлі болады. Біреуі болымды әрі ерікті. Екіншісі болымсыз, әрі еріксіз, мысалы – бәлекеттер мен қиыншылықтар. Басқа түскен пәлекеттер мен қиыншылықтар ізгі-салих амал болып саналады. Бұл әрине болымсыз түрі, деген мағынада хадис бар, сол көңілге жұбаныш. Мына күнәһар халық қанымен дәрет алды. Сілтеме: Османлының бірінші дүйежүзілік соғысқа қатысуын мегзеп отыр.
191ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫІс жүзінде тәубә етті. Тез берілер сыйлықты, бұл халықтың төрт миллионы әулиелік дәрежеге, шәйіт дәрежесіне, ғазилік дәрежеге шығу арқылы алды. Сөйтіп күнәлардан арылды. Мысал әлеміндегі ұлы мәжіліс бұл сөзімді құптады.Мен де бірден ояндым, мүмкін ояу жатқанмын. Меніңше өңі адамның түс сияқты, түс те өңнің бір түрі. Ол жердегі мына ғасырдың уәкілі, бұл жерде Саид Нұрси...* * * * *НАҒЫЗ ҚАЙҒЫ ИМАНСЫЗДЫҚТА, НАҒЫЗ БАҚЫТ ИМАНДЫЛЫҚТА. ҚИЯЛДЫҢ КИІМІН КИГЕН ҰЛЫ АҚИҚАТЕй, ақылды жолдасым! Сырат-ы мүстақимның (тура жол) қаншалықты нұрлы ал, Аллаһтың қаһарына ұшырған даллин жолының (адасқан жол) қаншалықты қараңғы түнек екенін көргің келсе, жүр менімен.Қиялға мініп екеуміз жоқтық дейтін қараңғы өлкеге барайық. Қалаға ұқсас болғаны мен алып мазар, өлікке толы әлемге сапар шегейік. Шексіз Құдрет әлгі тас-түнек өлкеден бізді алып шықты да мына денеге мінгізіп, осы әлемге жіберді. Түк те қызығы жоқ мына қалаға әкелді. Міне, жоқтан бар болдық, кең байтақ сахараға ұқсайтын шәһадат әлеміне кірдік. Көзімізді ашып, көмек-мейірім күткендей әуелі алдымызға қараймыз. Бірақ алдымыздан қаптаған бәлелер жауға ұқсап шабуыл жасады. Қорқып артқа шегіндік. Оң мен солымызға қарап, табиғаттағы тылсым күштер медет болар деп, жәрдем сұрадық. Бірақ олар тасжүрек, мейірімсіз екеніне көз жетті. Тістерін қайрап, ашулана қарайды. Біздің жалынып, жалбарынғанымызға құлақ аспайтыны түрі жоқ. Шарасыздықтан үмітсіздене жоғарыдан көмек күткендей аспандағы алып жұлдыздарға қараймыз. Бізге қауіп төндіріп, түрлері суық, сұсты көрінеді. Зеңбіректен атылған оқтай бүкіл аспан әлемінде зымырап жылдам жүргенімен, бір-біріне соқтығысып жатқан бірі жоқ. Беті аулақ, егер біреуі жолынан сәл ауытқыса болғаны аласапыран болып мына әлемнің жүрегі қорқыныштан жарылып кетер еді. Кездейсоқ болса егер... бұлардан да пайда жоқ екен. Үмітіміз үзіліп ол жақтан да теріс айналдық. Өкінішті жағдай. Мойнымыз салбырап, енді өзімізге үңіліп зерттей бастадық. Ішімізден жан айқай мыңдаған
192ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБқажеттіліктің дауысын естиміз. Мыңдаған нәрселерге мұқтаж екенбіз. Жұбаныш табамын дегенде зәремізді ұшырады. Одан да қайыр жоқ екен. Тағы пана іздеген болып, ар-ожданымызға жүгіндік. Зер сала қарап, бір шарасы табылар деп... Өкінішті! Демеу болар шамасы жоқ, керісінше біз көмек беруіміз керек. Өйткені оның мыңдаған қалау-тілектері, шексіз армандары, алып ұшқан сезімдері бүкіл әлемге жететіндей жайылып жатыр. Олардың қайсынан болса да үміт жоқ, ешқандай көмек бере алмайды. Ол арман-тілектер, бар мен жоқтың ортасындағы нәрселер. Бір жағы Әзәлге, бір жағы Әбедке созылып жатыр яғни бастауы мен соңы жоқ шексіз апан тәрізді ар-ождан дүниені жұтып қойса да тойдым демес. Осы қиын жағдайда қай жаққа бас сауғаласақ та бәледен құтыла алмадық. Өйткені, Аллаһтың қаһарына ұшырағандар мен адасқандардың жолы осындай болмақ. Кездейсоқтық деп қарайды қоршаған ортаға. Біз де сол назармен қараған едік. Сондықтан осы күйге түстік. Өйткені өзіміздің қайдан келіп, қайда баратынымызды және Жаратушы Иемізді, о дүниені ұмытып кеткен болатынбыз. Мұндай жағдай ішімізді тозақтан бетер күйдіріп, жанымызды қинайды. Әлгі алты жағымызға қол жайып, оларға жалынғаннан осылай болды. Бұл, қорқынышты қауіптен, шарасыздықтан, тұл-жетім үмітсіздіктен туындаған жан азабы болатын. Енді алты жақтың әрқайсысына төтеп берудің шарасын іздейік. Өз күшімізге сенетін болсақ, қолынан түк келмейтін әлсіз екенбіз. Сосын, қажеттіліктерімізді қамтамасыз етуге тырысамыз. Шарасызбыз, тоқтаусыз шығып жатқан жан дауыстарын естиміз. Сосын, біреуден көмек күткендей, құтқарушы іздеп қиналамыз, бірақ, естіп тұрған да, жауап беріп жатқан да ешкім жоқ. Барлығы бізге жау, барлық нәрсе бөтен, бізге солай көрінеді. Жүрек алқымға келгенмен жұбаныш берер ешкім жоқ. Ешқандай үміт жоқ, демеу де жоқ. Сосын, жоғары қарап аспан денелеріне қараған сайын олар бізге қорқынышты болып көрінеді. Сонымен қатар, зәремізді ұшырып, ақылдың өзегін өртеп, өкіндіріп, уайымға салады. Міне, ей, бауырым! Бұл адасқандардың жолы, мән-мағынасы осылай. Күпірліктегі қараңғылығы бәрі осы жолда кездеседі. Ал енді қайтадан басынан бастайық. Ендігі жүрер жолымыз «сырат-ы мүстақим яғни тура жол, имандылық болмақ.
193ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫДәлеліміз де, жетекші имамымызда Аллаһтың жәрдемі және Құран, Мәңгілік Сұлтан Аллаһтың мейірімі мен инаяты. Ол біздің бар болуымызды қалады. Құдірет бізді жаратты жарыққа шығарды. Әртүрлі жағдайларды реттеп тұрған Иләһи заңдардың үстіне ақырын ғана мінгізді. Бізді мұнда әкеліп, болмыс киімін кигізді. Иман деген шен берді. Оның белгі-нышаны намаз бен дұға. Бұл дүния әртүрлі жағдайлар мен кезеңдерге толы бір сапар әрі дұға жасап, құлшылық қылатын жер. Сапарымыз сәтті болуы үшін осылай бұйрық берілген. Қай жерге барсақ та, кімге қонақ болсақ та жылы шырай танытып жақсы қарсы алады. Біз қолда барымызды беріп, олардан қажетімізді аламыз, саудамыз сәтті болып оларда бізден дән риза, күтіп баптап, сыйлап беріп, шығарып салуда.Жүре келе дүниенің есігіне де таяндық. Дауыстар естіледі. Дүнияға, шәһадет әлеміне келдік. Шексіз мейірімді Аллаһтың мереке алаңына, адамзаттың у-шу әлеміне кірдік. Ешнәрсе білмейміз, бәрі таңсық, бейтаныс. Дәлеліміз, имамымыз Аллаһтың қалауы. Сенетіндер әрі жол сілтейтін уәкіліміз ерке, нәзік көзіміз. Көзімізді ашып әлемге қарадық. Алдыңғы келуіміз есіңде ме?Қамқоршы жоқ, жетімдей ғаріп күй кешіп едік. Жауларымыз көп еді. Қорғаушымыз бар екенін білмедік. Енді иманның нұры арқылы, жауға қарсы тұратынымызға сенімдіміз. Сенген қорғаушымыз жауларымызды жеңіп береді. Аллаһқа деген иманымыз рухымызға сәуле шашып, өмірімізді нұрландырады. Жүрегіміз тыныш, жаудан қорықпаймыз. Тіпті бізге қауіпте жау да жоқ.Мұның алдында ар-ожданымызды тыңдап көргенбіз. Зар еңіреп жылаған даусын естігенеді. Содан бәлеге қалдық. Арман, тілек, қабілет, сезім дегендер әрқашан мәңгілікті қалайды екен. Оның жолын таппаған едік. Біз жол таппаған соң олар зарлап жылаған-ды.Ал енді, Әлхамдуллиллаһ, жарылқаушы иемізді таптық. Қабілеттеріміз бен арман тілектеріміз жанданып, олар бізді мәңгілікке қарай ынталандырады. Оларға жол көрсетіп, қабілеттерімізді ашады. Демек, көмек келіп, өмір суы әкетті. Қабілеттер ашылып кемелдену үшін ынта жігер, дұға, құлшылық жасап алға ұмтылуда. Иман шарттарының екіншісі: Қайта тірілуге сену Ақыретке иман. Мәңгілік бақыттың асыл қазынасы – Иман, Дәлелі – Құран. Ождан – адами сыр.
194ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБЕнді басыңды көтеріп, мына әлемге қара, онымен сөйлес. Алдыңғы жолы өте қорқынышты болып көрінгенді. Ал қазір күлімдеп саған қарап тұр. Құлшылық пен қуаныштан туындаған әсем әуен асқақтап асқақтап шартарапқа жайылуда.Көрмейсің бе? Көзіміздің назары бал жинаған арадай әсемдіктерге қарай ұшуда. Әлем – бау-бақша. Айнала гүлге толы, әрбір гүл оған шырын ұсынуда. Дос көңілмен жұбаныш, махаббат сыйлауда. Ол да шырыннан шәһадат сол шәһадат. Балдың ішіндегі ең тамаша бал жасайды. Аспан денелерінен жұлдыздарға немесе күндерге қарасақ, Жаратушының хикметтерін көреміз. Ғибраттың негіздері мен мейірімділіктің көріністеріне қанат бітуде. Күн біздерге мынаны айтып тұрғандай: «Ей, бауырлар! Қорқып, өздеріңді қинамаңдар! Қош келдіңдер! Бұл жер сендерге арналған, мен сендерге жарық беремін. Мен де сендер сияқтымын, бірақ әмірге бағынамын, ешқашан қарсы келмеймін. Ахад, Самад жаратушы өз мейірімімен мені сендерге нұр шашатын қызметші етіп қойды. Менен жылу мен жарық, сендерден намаз бен дұға». Айға қараңдаршы! Жұлдыздардың әр қайсысы өзіне тән тілменен «Қош келдіңдер! Бізді танымайсыңдар ма?» деп жымыңдай, күлім қағады.Өзара көмекке, ынтымақпен біріккен назар аудар! Әлемдегі жүйелілікке зер салып, тыңдашы не дейді. Олардың әрқайсысы былай дейді: «Біз де қызметшіміз. Аллаһтың мейіріміне айна болып көрсетеміз. Еш өкінбеңдер, бізден қорықпаңдар!». Зілзәланың даусынан, табиғаттағы құбылыстан қорқып уайымдамаңдар! Ол дыбыстар зікір, тәсбих, дұғалардың дыбысы. Олардың тізгіні сендерді осы жаққа жіберген Аллаһтың қолында. Иман көзімен қараған жан, жүздеген мейірім аяттарын оқи алады. Олардың әр қайсысы жеке бір ән, жыр-өлең.Ей, көкірек көзі ояу мүмин! Енді көзіміз бір ауық дем алсын, олардың орнына құлағымызды иманның мүбәрак қолына тапсырып, жер бетіне жіберейік. Тамаша бір әуен тыңдасын. Алдыңғы жолы жаппай зар-еңіреу, жаназада жоқтау болып естілген дауыстар қазір, дұға мен намаздың, құлшылық пен тәсбихттің шығып жатқан дыбыстары екені белгілі болды.
195ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫТыңда, желдің гуілі, құстың сайрауы, жаңбырдың тысыры теңіздің шуылы, күннің күркіреуі, тастардың тықыры бәрі де осы мағынада. Желдің әуезді үні, көктің күркүрі, толқындардың әуені өздерінше бір зікір. Жаңбырдың сытыры, құстардың сайрауы Аллаһтың мейірімін ұлықтап, тәсбих болып табылады, ол, аз сөзбен көп мағынаны жеткізу боп табылады.Заттардағы дыбыстар бар болудың белгісі. Мен де бармын дегендей. Үнсіз тұрған жаратылыс «Бізді жансыз деп ойлама, ей, зар жақ адам» деп, дыбыстап тұрғандай.Құстарды сайратып, сөйлететін нығметтердің ләззаты, мол мейірімнің шуағы. Олар түрлі дыбыстар арқылы Аллаһтың мейірімін мадақтауда. Нығметтердің арқасында, шүкір арқылы көкке самғап ұшады. Олар былай дегендей ишара қылады: Ей, жаратылған бауырлар! Халіміз қандай тамаша. Қамқорлыққа алынып, мейірімге бөленіп жатырмыз, жағдайымыз тым жақсы, қуанышты күйдеміз. Осылайша, үшкір тұмсықтарын көтеріп әлемге шаттанады ән шырқап. Бүкіл әлем бейне бір ән салып тұрғандай ұлы музыка. Олардың Зікірі мен тәсбихы иман нұрымен естиді. Өйткені, хикметке толы жасалып жатқан істер кездей соқтықты мүлдем жоққа шығарады. Керемет жүйе, керемет тәртіп күдік пен уайымға солар нәрселер жоқ қылады аластап.Ей, жолдас! Енді мына мысалға әлемінен шығайық, қиялды қойып, ақыл аясына кірейік. Екі жолды таразылап, салмақтап көрелік.Алдыңғы қиын жолымыз Аллаһтың қаһарына ұшырағандар мен адасқандардың жолы. Ол адамды азаптап, бүкіл сезімдерге береді соққы. Сана оны сезеді, көрсетіп те береді. Санаға қарсы әрекет жасап жүр екенбіз. Одан құтылуға мұқтажбыз. Я ол сезімдерді сабасына түсіру керек немесе түк сезбеу керек. Әйтпесе, шыдай алар емеспіз. Зар-еңіреген дыбыстар құлақты жарып жіберердей тым ащы. Ал һидаят жолы, тура жол болса, ол дерттерге ем-шипа.Құр әуестік сезімдер бойды билеп алған-ды. Ал сезімдерге жұбаныш керек. Ол да уақытша ұмытуды талап етеді. Бір нәрселермен айналысып, көңіл көтеруді қалайды. Әуестік пен құмарлық адамды сиқырлап тастайды. Мақсаты қайғы мұңды сезбесін деп, ар-ожданды алдайды. Рухты ұйықтатады. Әйтпесе, ауыр қайғыдан жан дүние
196ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБөртеніп соларды ауыр азапқа. Ащы зарыға шыдау мүмкін емес. Ондай да демек, адам тура жолдан қаншалықты ұзақтаса соншалықты ауыр күй кешеді, жан азабын тартады, ар-ождан күйзеліп жан дауысы мен шыңғырады.Әрбір ләззатта қайғы менен азап бар. Демек, әуестік, қызыққұмарлық және қазіргі мәдениеттің ойын-күлкісі, сол адасушылықтан пайда болған қорқынышты үрей мен қайғыға өздерінше тапқан уақытша ем естен тандыратын у ғана.Ей, ғазиз бауырым! Әлгі екінші нұрлы жолда басқа бір сезім билеп, тәтті күй кештік. Сол арқылы өмір қызықты болып ләззат алдық, қайғы-мұң қуанышқа айналды. Сөйтіп екеуінің мәнісі екі түрлі екенін білдік. Иманның дәрежесіне қарай рух рахаттанып ләззат алады. Ал, дене рух арқылы рахаттанады. Ал рух болса ар-ождан арқылы ләззат алады.Ар-ожданға тез берілер бақыт пенен қуаныш бар. Жүрегіңе үңілсең рухани жұмақ, рахат бар. Тәфәккүр яғни пікірлеу, толғау болса биік, асуларға жетелейді. Ой-сана, болса құпия сырлардың кілті.Ендігі жерде, көкірек оянған сайын, ар-ождан әрекет еткен сайын, рух оны сезген сайын рухани ләззат арта түспек. Жалын, от – нұрға, айналарды қыс – жазға ауысады. Ар-ожданға пейіштің есігі ашылып, дүния жұмаққа ұқсайды. Рухымыз ішінде құстай самғайды. Рухты асқақтатып көкке көтерер самал жел болса намаз бенен дұға.Ей, ғазиз жолдас! Бірге дұға етейік. Енді Аллаһқа аманат.* * * * *
Ғазиз, адал бауырларым!Бұл жазба һәм лахиқаға һәм Құранның иғжазының соңына қосымша ретінде жазылуы тиіс. Бірнеше күннен кейін маңызды бір үзінді жібереміз. Мүбарак Рамазан айында Қадір түнінің саясында сексен үш жыл рухани өмірді иеленуге мүмкіндік туатындықтан және Рисалей-Нұр шәкірттерінің ыстық ықыласымен өзара ынтымақ және ақыреттік істерді бөлісу дейтін ережеге сай әрбір адал шәкірт, әлгі рухани мол табысқа ие болатынына күшті дәлел мынау: бұл шеңбердің ішінде қырық мың тіпті жүз мың ықыласты мүміндер бар. Олардың арасында Қадір түнінің ақиқатына бөленіп, оны қолға түсіретін бір-екеу емес немесе он-жиырма да емес, негізінде жүзден астам кісілердің қолы жетуі әбден мүмкін. Ықыластың сырымен және ақыреттік іс-амалдарды бөлісу ережесіне орай біз және сендер осы ақиқатқа байланысты бұл Қасиетті Рамазанда әрқайсымыз баршаның атынан және бауырларының ішінде отырғандай сезініп «нун-ы мүтәкәллим-і мағалғайыр» яғнидеген сөздерді айтқан кезде яғни «біз» дегенде барлық бауырларын ниет ету қажет. Әсіресе мына әлжуаз бауырларыңды ұмытпай, оның мойынында ауыр міндеті болғандықтан айрықша ниет етіп жәрдем етулерің керек. * * * * *Ғазиз, адал бауырларым!Һәм сендерді, һәм өзімізді һәм Рисалей-Нұр жамағатын әсіресе қаһарман Тахириды мына «Уирд-і Ағзам-ы Құраниды жарыққа шығуына байланысты құттықтаймыз. Рас, мұның бастырылуында екі үлкен мән жатыр.
198ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУББіреуі: Мұғжизаға толы Хәким Құранның және кәраматқа толы Рисалей-Нұрдың бастырылуына бұрын-соңды болмаған жол ашты. Екіншісі: Тахириге, Хафыз Алиға және достарына жазылған қыруар сауапты ойласақ, әлгі сырды нақты түрде дәлелдейді. Баспа тарихында болмаған жағдай. Дәл Тахиридың жазуы фотоаспаппен түсіріліп алынғандай кім көрсе: «мынау Тахиридың жазуы ғой, баспаға ұқсамайды!» дейді. Міне, қағаз да бітті уақыт та тар. Сондықтан қалған бауырларға жаппай сәлем. Бауырларың Саид Нұрси* * * * *Ғазиз, адал бауырларым!Осы қасиетті Рамазанда сыртқа алаңдамай, дүнияны ұмыту қажет еді. Өкінішке орай кейде дүнияға ара-тұра қарауға мәжбүрлейді жатады. Иншаллаһ, сол алаңдауымыз ниетімізге қарай, иман қызметі болғандықтан ол да бір мағынада ғибадат боп саналар. Иә, сендерге тиіскені секілді бізге де басқаша түрде тиіскендері байқалады. Бірақ Құдайға шүкір олардың тиісуі керісінше Рисалей-Нұрдың жеңіске жетіп, жаңа асуларға жетелеуде. Ыстамбұлдағы қарт кісінің наразылығы жайлы Назиф былай дейді: Ол кісінің наразылығы Рисалей-Нұрдың Ыстамбұлда кеңінен тарап, жеңіске жетуіне және Нұрдың жарқын түрде көрінуіне себеп болды. Сондай-ақ, бізге де басқа тұрғыдан тиісулері сондай нәтиже беруде. Дегенмен қазірде кейбір бейшара молдалар мен сопыларды Рисалей-Нұрға жолатпай алыстату үшін адамның ойына келмейтін бір нәрсе ойлап тауыпты. Былай дейді: «Саидтың қасында басқа кітаптар жоқ таба алмайсың. Демек басқа кітаптарды менсінбейді. Тіпті имам Газалиды да (р.һ) ұнатпайтын болғаны ғой, оның да кітаптарын алдырмайды!»Осындай сұмдық әрі мағынасыз сөздер айтып жұрттың миын ашытуда. Әрине мұндай құйтырқы сөздерді тарататын жасырын зындықтар, діннен безгендер. Бірақ құрал ретінде аңқау молдалар мен кейбір сопыларды пайдалануда.
199ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫБұған біздің жауабымыз: Астағфируллаһ, Құдай сақтасын! Рисалей-Нұр және оның шәкірттері Худжат-ул Ислам Имам Газалиды, сондай-ақ, мені Хазреті Алимен байланыстырып тұрған жалғыз ұстазды менсінбеу емес тіпті бар күшімізбен олардың ұстанған сара жолын кәпірлердің шабуылынан сақтап, құтқаруға тырысып жүрміз. Алайда, олардың кезеңінде иман шарттарына мұндай сұмдық қауіпті шабуыл жоқ болатын. Әрі сол кездегі ақиқатшыл ғалым-ғұламалардың, мұджтахидтердің өз заманына сай діни ілімдерін үйреніп, онымен қарулану біраз уақытты алады әрі мына заманның дұшпандарын бірден жеңе алмайтындықтан Рисалей-Нұр, мұғжизаға толы Қасиетті Құраннан тез қолға түсетін әрі тиімді әрі дін дұшпанын жер жастандыратын іліммен қаруландыратындықтан әлгі мүбарак, қасиеті ірі тұлғалардың кітаптарына жүгініп көмек сұрамайды. Сайып келгенде олардың барлығының бұлағы, қайнар көзі, ұстазы Құран Кәрімғой. Ал, Құран Рисалей-Нұрдың толыққанды, керемет ұстазы боп табылады. Сонымен қатар уақыт тар, санымыз да аз. Сондықтан ол нұрлы кітаптардан пайдалануға уақытымыз болмай жатыр. Әрі Рисалей-Нұр шәкірттерінен жүз есе көп адамдар сол кітаптарды оқып, ол қызметті жалғастырып жатыр. Біз ол істі соларға қалдырдық. Әйтпесе Құдай сақтасын, ол ұлы тұлға ұстаздардың құнды кітаптарын жан тәнімізбен жақсы көреміз. Бірақ әрбіріміздің бір басы, екі қолы, бір ғана тілі бар, қарсы алдымызда жауыз мыңдаған дін дұшпандары бар. Уақыттар. Ең соңғы жойқын заманауи қару Рисалей-Нұрдың дәйекті айғақтары деп білгендіктен амал жоқ соған екі қолымызбен жабысып, қанағат қылдық. Нәзік біртәуәфукОсы хатты әу баста деп бастаған едік, кейін бірнеше шаруа шығып әрі қарай жаза алмадық. Содан мүбарак Атыфтың мүбарак хаты келді. Қарасақ бас жағында дәл осы сөздерін көріп біздің хаттағы сөзге тәуәфук болу үшін бізді күттірген екен ғой дедік. Ол өзінің кәрамат қаламымен жазып бұдан бұрын осы аймаққа жіберген құнды Рисалей-Нұрды тағы да бізге көмек ретінде жіберуге ниет етуі маңызы зор нұрға қызмет әрі жанкештілік болып табылады,
200ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБдегенмен өзіне де қажет. Алдын ала осы аймақтағы Рисалей-Нұр шәкірттері атынан оған мыңдаған алғысымызды білдіріп, жасаған қызметін құттықтаймыз. Оның кәрамат қаламы тартымды тәуәфук сырларын жазуды қоя тұрып, тура Рисалей-Нұрдың өзін жазып көбейтуге атсалысуы бізді дән риза қылып шексіз қуанышқа бөледі. Хақ тағала оған ұқсас ықыласты ынталы шәкірттерді көбейте берсін, әмин.Сендердің хаттарыңда ертеректе Сыддық Сүлейменнің ыстық ықыласы, адалдығы, озат шәкірт болғаны туралы айтылады. Мен өле-өлгенше оның адал пейілін, ақ көңілдігін сондай-ақ, маған және Рисалей-Нұрға жасаған адал қызметін әсте ұмытқаным жоқ. * * * * *Ғазиз, адал, ықыласты, ақ пейілді бауырларым, Құран қызметінде шынайы да нағыз достарым!Жақында һәм Спартада һәм осы аймақта Рисалей-Нұрдың Ықылас рисалелері кеңінен тарағандықтан және бір-екі оқиғаға байланысты көкейге қатаң ескерту жасалды. Рия жайлы яғни біреуге жақсы көріну үшін жасанды әрекет туралы үш тұжырым баяндап берейін.Біріншісі: Парыз, уәжіб және Ислам дініне қатысты нәрселерге сондай-ақ көркем сүннетті орындап соған сай әрекетке және харамдардан қашу ісіне рия араласпайды. Мұны көрсетіп істеу рия саналмайды. Ал, адамның өзі иманы тым әлсіз әрі туа біткен рияшыл болса ол басқа мәселе. Тіпті дін Исламның белгі-нышандары болып табылатын ғибадатты көрсетіп істеу жасырын істеуден анағұрлым сауаптырақ екенін Худжат-үл Ислам имам Газали (р.һ) сынды ірі тұлғалар айтқан. Басқа нәпіл амалдардың жасырын істелуі абзалырақ бола тұра белгі-нышандарға қатысты әсіресе мұндай бидғаттар көбейген заманда көркем сүннеттің абыройын көтеретін іс әрі осындай үлкен күнәлардың арасында жүріп харамдардан қашып тақуалықты көрсету: бұл рия емес, керісінше жасырын жасалғанынан артық сауапты та ықыласты амал.Екінші тұжырым. Жалпы адамды рияға, жағымпаздыққа итеретін қандай себептер? Біріншіден: Иманның әлсіздігі. Аллаһты ойламаған адам себептерге шырмалып, халыққа жағымпаздық жасайды. Рисалей-
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296