51ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫатауы изафәден таусифқа ауысып, яғни сілтемеден сипаттауға көшіп (Рисалет-үн Нұрия) болып саны болған 962-ге керемет екі парықпен тәуафук қылуда. Сөйтіп, рәмізбен әрі сілтеме жасап көрсетіп тұр. Иләһий! Уа, Раббым! Сен Рисалей-Нұрды және Рисалей-Нұрдың авторы Ұстазымыз Саид Нұрсиды және Рисалей-Нұр тәлаба мен шәкірттерін, сондай-ақ қатысы бар жандарды өз қамқорлығыңа алып, сақтай гөр! Әмин. Оларға Құран мен Иман қызметінде сәттілік, табандылық, мәңгі достық бере гөр! Осы киелі қызметтерін табысты да жемісті қылып өзің жарылқа! Әмин. Қасиетті Құранның терең сырына, мағрифәтуллаһ, мухабетуллаһ, Пайғамбарға деген махаббат сырына және сырына бөле! Аллаһтың ризашылығына. Оның жамалын көру нығметіне бөлеп жарылқай гөр! О, бүкіл әлемдердің Раббысы!Әлсіз, пақыр, күшсіз, күнәһар тәлабаңыз әрі қызметшіңіз Инеболулық: Ахмет Назиф Челеби* * * * *Ғазиз және аса қымбатты, мейірімді де жанкешті Ұлық Ұстаз!Іші тола қазына, асыл тас гауһарлардан да қымбат, мына фәни дүния көзімен көріп, миымен өлшеу мүмкін емес, аса құнды хатыңызды берекелі рамазан айының жиырма үшінші жұлдызы ақшам, ифтардан, яғни ауызашардан он минут бұрын поштадан алдым. Аллаһ Тағала қабыл етсін, екі ифтар бірге нәсіп болды.
52ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБМұның алдыңғы жазған ұзақ хатымның бос, мағынасыз әрі сіздің уақытыңызды алғаныма сондай-ақ, өзімнің әрі мүбарак Зәкәрия бауырымыздың құнсыз, арзан сыйлықтарын сізге беремін деп рұқсатсыз алып орынсыз батырлық көрсеткеніме және оны ғазиз Ұстазым қабылдамай, ашуланатын болды, бізге де ұрысатын шығар деп қорқып, ақыры не болар екен деп күтіп жүргенімде пошташы екі хат әкелді. Ауызашар уақыты болатын. Аяқта тұрып конвертті ашқанымда сөзбен жеткізу мүмкін емес шырын әрі тартымды жазуыңыз бейне бір «Қорықпа!» дегендей көзіме ыстық көрінді. Қуанғаннан оқи алмадым. Дереу үйге қарай жүгіріп, ауыз ашып отырып оқыдым. Сүйікті де мейірімді ұстазым! Хазреті Мұхиддин-і Арабидың сүйінші хабары есіме түсті. Сіздің маған көрсеткен әкедей қамқорлық әлгі ұлы тұлғаның хабар берген әкелік мейірімділікке ұқсас, тіпті солай екеніне көзім жетті, иландым. Қадир-і Мұтлақ, сіз ұстазымыздан мәңгі бақи разы болсын және бізді де қызметіңізде, Құран қызметінде табандылық, тұрақтылық танытуды бұйырсын. Әрі Ұстазымыздың аса қымбат әрі киелі ишара-белгілеріне және баға жетпес дұғаларына бөленуді нәсіп қылсын. Әмин бихурмәт-ил сәйід-іл мүрсәлин.Қамқоршы ұстазым! Құран қызметінде және Рисалей-Нұрдың жайылуында зәрредей еңбегіміз сіздің назарыңызға ілігіп, жағымды әсер етіп жатса мына әлсіз, бейшара, пақыр қызметшіңіз, күшсіз, түсінігі аз, санасы толық емес, мәселелерді қамти алмайтын тәлабаңыз қаншалықты қуанып, көңілі асып-тасарын білсеңіз ғой. Оны жеткізе алар емеспін. Сіздің мағынауи әрі қымбат назарыңызға іліккеніме Құдайға шексіз шүкір. Біз секілді күнәһарлар отыз жыл қасірет шегіп он жылдық мінәжат-дұғаларымызға жауап ретінде Ұстазды нәсіп еткен және құлдарының қырсыққанына қарамай не сұраса молынан беретін, бәрін білетін, еститін және бүкіл әлемді құдрет қолында ұстап тұрған, әрнәрсенің иесі, қожайыны, басқарушы Жәнаб-ы Хақ, Фәийаз-ы Мұтлақ Аллаһқа, қанша мақтау, шүкір етсем аз.Қадірменді Ұстазым! Сіз дұға етіңіз, түкке тұрмайтын- қызметімізді, мына үш күндік фәни дүниеде жасаған титтей мадақ-мақтауымызды, шүкірімізді Аллаһ Тағала– Тәқаббал Аллаһ – қабыл
53ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫетсін. Мектубат кітабының екінші Мектубындағы ақиқатты ескере отырып, өмірлік қағидаңызды бұзбауға қанша тырыссам дағы тылсым күш мәжбүрлегендей яғни сый-кәдені ақысын бермей алмау керек деген әдетіңізге қарсы әрекет еттім, оның парқындамын. Ниетім таза, адалдығыма, сізге деген шынайы ықыласыма титтейде шәк жоқ. Қандай да бір риядан пәк, ешбір материялдық пайда көздемей, Құдай үшін, Құран мен Рисалей-Нұрға қызмет мақсатында жасалғанына сенімдімін. Сіз, біз секілді әлсіз, күнәһар, қырсық пенделердің тура жолға түсіп, тәубеге келуіне себеп болып, сондай-ақ, адасқандар мен бидғатшыларды хақ жолына шақыруға міндетті, имани ақиқаттарға қызметшісіз. Сізді бізге және елімізге Аллаһтың аманаты ретінде сыйлаған деп білеміз. Қадірлі қонағымыз, қалайша біз сияқты күнәһарларға рухани көмекке келіп, Раббымызды таныстыруға, жөнделіп, түзелуімізге күндіз-түні еңбек етіп жатқанда, біз осы ғазиз қонағымызға заттық тұрғыдан көмектесуге қуана-қуана, ықыласпен, тек Құдай үшін жүгіруге міндетті екенімізді білеміз. Әрі ол туралы Қасиетті Құран және Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у) былай дейді: яғни: \"Кәріп-мұқтаждарға жәрдем етіңдер!\"Ғафу етіңіз, қадірлі де сүйікті Ұстазым! Сый-кәде қабылдамайтыныңызды білемін. Бірақ, бауырларымның өтініш бойынша зекет, садақа секілді жәрдем ұсынуға дайын екенімізді жазуға мәжбүр болдым. Әрі заттық шығын, пәтер ақысы, отын, көмір секілді зәру қажетті заттарға жұмсалар деген ниетпен жазып отырмын. Негізінде, достарыма әрдайым ескертіп, айтатыным; ұстаздың өмірлік қағидасын ешқашан бұзбай, әрқашан сақтауымыз керек. Арамызға ешқандай да заттық пайда араласпауы тиіс. Өйткені дінді дүнияға құрал ретінде пайдаланып, заттық пайда мен күн көрістің көзі қылуға әсте болмайды. Тіпті Рисалей-Нұрды жаюға келгенде ұстазға ұқсап ешкімге міндетсінбей қызмет етуге тырысамын.Қадірменді де қамқоршы ұстазым! Қызметшіңіз, ұстазымыздың атына емес, қымбатты да кәріп бір қонағымыз атына Құдай үшін, заттай жәрдем еткіміз келеді. Әрі сізге мағынауи зиян келмеуі үшін құдреті шексіз, ұлық Аллаһқа жалынып, жалбарына отырып өз дәргәһында қабыл етсін деп дұға етеміз.
54ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБАса қадірлі ұстазым! Мейрам күндері сізді зиярат етіп, жағдайын біліп кетейік деген достармен бірге, барлығымыз келе жатқан қасиетті Рамазан айыңызды, Қадір түнін, және айтыңызды Рисалет-үн Нұрдың барлық тәлабалары мен шәкірттері атынан және Құранның қымбатты қызметшісі ретіндегі сіз, Ұстазымызды құттықтаймыз. Аллаһ Тағаладан бұдан да көп бауырлармен бірге әу баста сіз ұстазбен бірге әлі талай Рамазандарды өткізуді тілеп, өтіне сұраймыз. Мүбарак екі қолыңыздан сүйіп мақбұл дұғаларыңызды, тәрбиелік насихаттарыңызды күтеміз, қымбатты ұстаз!Әрдайым мақбұл дұғаларыңызға мұқтажкүнәһар қызметшіңіз әрі тәлабаңызАхмет Назиф* * * * *
(Рисалей-Нұр шәкірттерінен Хилми, Шайханашы Әмин және Тахсиндердің пікірі. Жиырма жетінші Мектубтың жазбаларына енуге лайық пікірі)Соңғы кездері тыңшылар Рисалелерге жіті қарап, аңдуды күшейткендіктен инаеттің де химаеті, яғни жәрдемнің де қамқорлығы күшейіп жарылқауды көбейтті. Біршама кішкене үлгі-мысалдарын айтар болсақ:Рисалей-Нұр шәкірттеріне арнап Аллаһтың сыйы ретінде тұрмыс жағынан азғана бірақ таңғажайып, тамаша өзара сәйкес оқиғалар болуда, бұл әрине Рисалей-Нұр қызметінің кәраматы екеніне шәк жоқ. Рас, Рисалей-Нұрдың толып жатқан кәраматтарының бұлағы тәвафук яғни сәйкестік осы оқиғаларда ұқсас түрде алты мәрте қайталануы, өзара сәйкес болуы кездейсоқтық дегенді түбірімен жойып жоқ қылады. Біз солай деп шештік. Былайша: Ұстазымызға бірнеше күннен бері бармағандықтан Әмин бауырым екеуміз Ұстазды зиярат қылайық дедік. Екінді намазын бірге оқыған соң бізге «Сендер ас жеп кетіңдер, несібелерің бүгін осы жерде» деді. Қайта-қайта: «Егер жемесеңдер маған тоғыз түрлі зиян келеді! Өйткені Аллаһ тағала қанша жесеңдер соншасын жібереді!» - деді. Жемесек ренжімеуін қанша өтінсек те: «Ризық-несібелеріңді жеп кетіңдер, ол маған келеді!» деп бұйырған соң, көңілін қалдырмайық деп дастарханға қойған сары май мен асқабақтан жасалған тәттіні нанмен қосып жей бастадық. Ғажап, біз дастарханнан тұрмай жатып күтпеген жерден, бір адам келді. Қолында дәл біз жеген мөлшерде нан, жаңғақтай сары май және екінші қолында дәл бізге ұсынған мөлшерде асқабақ тәттісі. Біз, кездейсоқ болуы әсте мүмкін емес осы оқиғаға аң-таң болып Рисалей-Нұр шәкірттерінің ризық-несібесінде Раббани берекет бар екеніне көзіміз әбден жетті. Ұстаз былай деді: «Ихсан яғни жарылқау он есе болып келеді. Ал икрам болса яғни сый-сыяпат дәлме-дәл, өлшеммен болады. Демек бұл несібеге қатты ұқсайды. Несібе өлшеніп келеді».Сосын дәл сол күні ақшам, садақа жағы да өзін көрсетті. Біздің көргеніміз; нан он есе, сары май ол да он есе, асқабақ тәттісі болса ұстаз көп ұнатпайтындықтан орнына тұздалған баклажан он есе
56ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБболып таңғажайып түрде Рисалей-Нұрдың екінші Шұғасын бір апта талқылағанның ақысы ретінде тарту етілді, мұны көзімізбен көрдік. Сөйтіп асқабақ тәттісінің дәмі және сары май болса ұннан жасалған халуаға айналды өзі тұздалған қалпында қалды. Рисалей-Нұр шәкірттері жақсы қызмет еткенде дереу сый-ақы алатыны секілді, кімде-кім қызметке зиян келтірсе опық жейтіні – Спарта қаласында болғанындай – осы аймақта да жиі кездеседі. Мұндай көп оқиғалардың тек бес-алтауын баяндамақпыз. Біріншісі: Бірде, мен, яғни Тахсин жақында ашылған дүкеннің жұмыстарымен жүгіріп жүріп маған тапсырылған Нұр қызметін жалқаулық қылып орындамадым. Дәл сол уақытта май шапалақ жедім. Қалай десеңіз, дүкенде отыр едім біреу келіп аманат ретінде жүз лираны айырбастап әкелуімді өтінді. Оған Құдай үшін көмектесейін деп ақша айырбастау пунктіне бардым. Ақшаны санап жатқанда арасынан жасанды ақша табылып, мені тексеріп, тергеуге алып кетті әрі үйімізді де тінтіп, тексеруге кірісті. Мені сотқа берді. Әйтеуір ақталып шықтым. Мұны май шапалақ деп түсініп Рисалей-Нұрдың кәраматы деп шештік. Құдайға шүкір шығынымыз болмады. Екіншісі: Ұстазымызға және Рисалей-Нұрға төрт-бес жыл кейде қызмет еткен және рисалелерді оқыттырған, шынайы жақтап, қоштап жүрген бір кісі, бір күні қолында дінге қатысты мақала жарияланған газеті бар жетіп келді. Ол, Рисалей-Нұрдың ұстанымына мүлдем қайшы ағымдағыларға жақтасқандай жағдайда еді. Ұстаз мазасыздана бастады. Бір-екі күннен кейін сұмдық шапалақ жеді, дегенмен майдай яғни тәрбиелік мәні бар опық жеді. Дәрігерлер егер хирургиялық жәрдем жасалмаса өліп кетуі әбден мүмкін екенін айтқан. Амал жоқ, операция жасатуға тура келді. Әйтеуір Аллаһтың мейірімі түсіп тез сауығып кетті. Үшіншісі: Бір мемлекеттік қызметкер Рисалей-Нұрды ықыласпен оқитын. Ұстазбен жүздесіп, дәріс алуға барынша тырысатын. Бір әскери қызметкер оны үркітсе керек жүздесуді, рисале оқуды тастап басқа қалаға кетіп бара жатқанда себепсіз аяғы сынып, бір ай бойы қиналды. Тағы да мейірімге бөленсе керек қазір қайтадан рисалелерді ықыласпен оқып жүр. Төртіншісі: Танымал бір кісі, Рисалей-Нұрды жоғары бағалап, қызыға оқып әрі көшіріп жазатұғын. Кенет күдік пайда болып
57ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫадалдығына шәк келді. Аяусыз шапалақ жеді, яғни сазайын тартты. Қатты жақсы көретін жұбайы қайтыс болып, екі баласы басқа жаққа көшіп кетті. Жағдайы тым аянышты. Бесіншісі: Төрт жыл бойы Ұстаздың базар істерін, яғни сауда қызметін атқарып келген кісі, бірде ойламаған жерден адалдығын тастап, ол істі атқармай қойды. Дереу аяусыз шапалақ жеді. Бір жыл болды әлі сол күйі. Алтыншысы: Бір молдамен қатысты оқиға, бірақ ренжитін шығар деп әзірге жазбадық. Өзі де қазір көрінбейді.Осы сынды оқиғалар көп-ақ. Бұлар Рисалей-Нұр қызметінде жіберген ағаттыққа байланысты болған шапалақ екеніне еш күмәніміз жоқ.Растаушы Рисалей-Нұр шәкірттеріХилми, Әмин, ТахсинИә, мен де мойындаймынСаид* * * * *Әрі Рисалей-Нұрдың жеңіл түрде жайылуының бір кәраматын айтар болсақ, ол осы хатты жазып жатқанда және тамақ үстінде болды. Оны көзімізбен көрдік. Былай: Маңызды жеті-сегіз Рисале мен Құранның ишаралары жазылған Шұғаны маңызды хатпен бірге бір дорбаға салып, басқа қалада тұратын қымбатты бір бауырымызға жіберген едік. Шопыр әлгі дорбаны түсіріп алыпты. Мына заманда ондай кітаптар мүнапықтар мен тыңшылардың қолына түссе қиын болары анық. Дегенмен олардың еш хабары жоқ, сенімді біреу арқылы бес күннен кейін бізге қайтып келді. Бұл оқиға бізді жарылқап, сақтап отырған керемет қамқорлық бар екенін дәлелдеп, көзіміз әбден жетті. Әрі, Рисалей-Нұрға Раббани қамқорлық жасалып тұратынына тағы бір керемет оқиға: Қараңғылақ тұмшалаған, әркімнің зәресін алып шошытып тастаған кез. Тыңшылар мен аңдушылар үрейленіп, әр жерді тінтіп жүріп Ұстаздың бөлмесін жан-жағынан қоршап тексерер кезде бір тышқан Ұстаздың шұлығын алып кетеді. Біз бәрін ақтарып қанша іздесек те таба алмадық. Әлгі тышқанның ұясын да көрдік. Бірақ ол жерге шұлықтың кіруі мүмкін емес. Екі күннен кейін әлгі тышқанның
58ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБшұлықты қайда жасырғаны белгілі болды. Біздің ықтияттап, сақтап жүрген және әртүрлі тақырыпта бірақ ұмытып кеткен, әркімге көрсетуге болмайтын хаттар мен қағаздар тұрған жерге апарып тастапты. Алайда ол жерді екі мәрте қарап, көре алмаған болатынбыз. Шұлықты дәл ол жерге апару үшін пештің мұржасына шығып, үстінен тастамаса мүмкін емес. Өте қу, әккі әрі тым зерек адамның ғана қолынан келер іс.Мұның кездейсоқ еместігіне көзіміз жеткен соң, Ұстазымыз былай деді: «Ол хаттарды алып басқа жерге қойыңдар!». Біз хаттарды ақтарып көрдік, негізінде саясатпен еш қатысы жоқ, дегенмен түймедейді түйедей қылатын күдікшіл тыңшыларға күшті сылтау болар еді. Біз ол хаттарды және басқа да сылтау болар нәрселерді ол жерден алып, басқа жерге жасырдық. Сөйтіп абыр-сабыр болып жатқанда тыңшылар хабар алып бізді дайындалып жатыр деп ойлапты. Олар тінтуге келмей тұрып келесі күні Әмин қолында дорба, бөлмеге кіріп келе жатыр еді, қарасақ дәл артынан полиция бөлім бастығы, жасырын түрде кіріп келе жатыр. Әминнің қолында кітап емес қатық құйылған ыдыс екенін көріп, басқа шаруамен жүргендей өзгеріп қоя берді. Қойшы әйтеуір... Сонымен Рисалей-Нұрдың жайылуына кедергі болғысы келген бүкіл дұшпан, тыңшыларға қарсы бір түйір тышқан қарсы шығып, олардың жоспарын астан-кестең қылды. Растаушылар:ХилмиТахсинӘминТәуфикСаид(Мехмет Фәйзи ол кезде әскери борышын өтіп жатқан-ды. Әйтпесе ең бірінші соның аты жазылар еді)* * * * *(Ахмет Назифтың хатынан үзінді)Рухани әрі заттық борышымыз болып табылатын қызметтен қашу тоңмойындық, немқұрайлық жаратылысымызда жоқ. Халиқ-ы Рахим, бізді адам қылып жаратқан соң адамгершіліктің талабының мыңнан бірін орындай алмай жүргенде мүлдем бәрін қалай тәрк етпекпіз. Кешірім өтінемін, қайсар, табанды да жанкешті, біз үшін жапа шегіп жүрген, өте сабырлы, кәріп, аса қадірлі, абыройлы ұстазымыздың біз секілді күнәһар пенделердің жүректерін нұрландырып жатқанда оған алғыс ретінде рухани тұрғыдан қайырымдылық жасай
59ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫалмағандықтан түкке тұрғысыз, заттық тұрғыдан қайырымдылық жасай алармыз деп өзімізді сәл де болса жұбатқан боламыз. Ғафу етіңіз Ұстазым! Құранның үндеуін естіп, бейжай жүре беретін мұсылман жоқ деп ойлаймын. Беті аулақ. Нұрларыңыздың шуағы көздің жауын алады. Жүрегімізді тап-таза түрде Аллаһқа, Ардақты Пайғамбарымызға (с.а.у) және оның ғазиз ізбасарларына баурап жатыр, баурап та алды. Бұл байланысты ешқандай бір материалист, діннен безген кәпір, адасқан үзе алмас. Тіпті дүние жүзіндегі барлық кәпірлер жиналса жүректегі осы киелі байланысты бұза алмас!Ардақты Ұстаз, өзіңіз қажетті деп ұйғарсаңыз ғана, әйтпесе ешқандай да өзіңізді қинап хатыма жауап жазуыңызға разы емеспін. Оған әсте ренжімеймін. Қадірменді Ұстазды киелі қызметіне кедергі болар қандай да бір іспен шұғылдандыру үлкен қате әрі құрметсіздік деп білемін. Ахмет Назиф Челеби* * * * *
Ғазиз, адал бауырларым!Он тоғызыншы Сөздің соңында баяндалған Құрандағы кейбір аяттардың қайталануының көптеген хикметтері Рисалей-Нұрда да кездеседі. Әсіресе екінші хикметі толығымен бар. Ол не хикмет десеңдер: Әркім қашанда Құранға мұқтаж. Бірақ әркімнің Құранды әрқашан толық оқу қолынан келмейді. Дегенмен бір сүрені оқи алады. Сол үшін аса маңызды Құрани мақсаттар көптеген ұзақ сүрелерге енгізіліп, осылайша әрбір сүре шағын Құран боп табылады. Демек, ешкімді мақұрым қалдырмау үшін хашр, яғни өлген соң қайта тірілу, тәухид, яғни Аллаһтың бір екендігі, Мұса пайғамбардың (а.с.) қиссасы секілді кейбір мәселе-мақсаттар қайталанып отырады. Дәл осы маңызды хикметке ұқсас кейде байқамай, еріксіз әрі риза болмасам да кейбір күрделі имани ақиқаттар, қуатты айғақтар рисалелерде бірнеше рет қайталанып, бірнеше мәрте жазылып кетіпті. Бұған өзім аң-таң болып: «қалай мұны байқамай қалғанмын, неге ұмытқызылды екен, қайта-қайта жаза беріппін» деуші едім. Кейін білдім. Бұл заманда әркім Рисалей-Нұрға мұқтаж. Бірақ барлық кітабын толық қолға түсіре алмайды. Түсірсе де толық оқи алмайды. Бірақ шағын Рисалей-Нұр боп саналатын мазмұнды бір рисаленің біреуін қолға түсіруіне болады, сөйтіп өзіне қажетті мәселені тауып әрдайым оқи алады. Әрқашан тамаққа мұқтаждық сезілетіні секілді ол да қайта-қайта талқылап рухани азығын алады. Екіншіден: Аят-үл Күбрадан шыққан «Уирд-үл Әкбәр» деп аталатын арапша шағын рисаленің соңына: «Бұл мінәжат рисалесінің басындағы аяттың тәпсірі» деген арапша мәтіндер жазылып бірге оқылса жақсы болады. Біз де өз нұсқамызға солай жаздық. Үшіншіден: Ғазиз бауырларым! Мына ой маған қайта-қайта келе беретін: «Неліктен Имам-ы Али (р.һ.) Рисалей-Нұрға, әсіресе Аят-үл Күбра рисалесіне көп мән берген?». Оның хикмет-сырын білсем деп
61ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫжүретінмін. Құдайға сансыз мәрте шүкір, жақында сыры ашылды. Оны толық болмаса да қысқа-нұсқа баяндап берейін. Былайша: Рисалей-Нұрдың ерекше бір қасиеті, иманның ең соңғы және өте күлли яғни жан-жақты сүйеніш тіректерін нақты әрі қуатты түрде баяндайды. Мұны Аят-үл Күбра рисалесінде анық байқауға болады. Мына сұмдық ғасырда күпірлік пен имандылық қақтығысып, қырғын шайқас ең соңғы шегіне жетіп, екі жақ бар мүмкіндіктерін пайдалануда. Мәселен, қырғын соғыс майданында екі әскер барлық күш-қуатын жұмсап шайқас әбден қызған кез. Дұшпан әскері өздерінің орасан зор қару-жарақтарын, ең соңғы үлгідегі құрал-жабдықтарын пайдаланып, рухани күш-қуатын қайрап, қуаттау үшін барлық мүмкіндікті пайдаланып мүміндердің әскерінің рухани күш-қуатын сарқып, үмітін үзуге, жауынгерлердің ынтымақ-күшін бұзуға тырысуда. Маңызы зор сүйеніш болар нәрселерді өздеріне қаратып, күш-қуаттарынан айыруда. Олар мұсылман әскерінің әрқайсысына бір топ боп ұйымдасқан түрде бір комитет құрып әскер жіберуде. Сөйтіп, рухани күш-қуатынан айырып, көздерін жоймақ болған сәтте Қызырға ұқсаған біреу келіп, мұсылман әскеріне былай дейді: «Үмітіңді үзбе! Сенің, бүкіл дүния бірігіп қарсы шықса тойтара алмайтын орасан зор демеушің, шықты сүйенішің, еш жеңілмейтін айбынды әскерің, сарқылмас қуат көздерің бар. Сенің қазірде жеңіліп қалуыңның бір себебі, бір топ жауға, яғни шахс-ы мағынауиге, рухани тұлғаға қарсы бір жауынгерді жалғыз өзін жібересің. Сен былай істе! Әрбір жауынгерің өзіне сүйеу болар жерлерден рухани түрде пайдаланып, сол алған орасан зор рухани күш-қуаттың арқасында әрбір жауынгер мағынауи тұлға ретінде әрқайсысы үлкен жамағат, жойқын ұйым болып алып күш-қуатқа ие болсын» деді әрі толық қанағаттанарлық пікір берді.Дәл сол сияқты, иманды мұсылман қауымына шабуылды үдетіп жатқан адасқан топ, кәпірлер, заман жамағат заманы болғандықтан ұйымдасқан түрде немесе комитет болудың саясында шахс-ы мағынауи құраған яғни рухани тұлға ретінде біріккен. Олар жаман бір рух тәрізді. Сөйтіп, олар мұсылмандардың ар-ожданын, қалб дейтін ұлы сезімдерін, жалпы бұқара халықтың шет-пейілін бұзып, мұсылманның әке-шешесінен көрме, ерме діни нанымын сақтап
62ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБтұрған Ислами әдет-ғұрыптарды және киелі ереже-ұстанымдарды тас-талқан етіп бұзуда. Сондай-ақ, Имани тұрмыс-тіршілікті жалғастыратын ата-баба дәстүрінен мирас қалған пәк сезімдерді бұзып, талқандауда. Мұндай сұмдық бәлеге қарсы әрбір мұсылман жеке басымен жалғыз өзі қарсы тұра алмай үмітсіз түрде құтылуға тырысып жатқанда Рисалей-Нұр, Қыдыр тәрізді көңілге медет беріп, қол ұшын созады. Ол, мұсылмандарға әлемді қамтып жатқан соңғы орасан зор күш-қуат жойқын армияның қайда екенін көрсетеді. (Сілтеме ) Одан тегеурінді демеу, заттық-рухани күш, зор медет алу *қызметін атқарады. Міне әмірді бұлжытпай орындайтын айбынды әскер Аят-үл Күбра рисалесі екенін Хазреті Али (р.һ) ғайып пердесін ашып көре білген және кейінгі ұрпаққа мән беріп көрсеткен.Тәмсілде баяндалған кейбір жақтарын өздерің топшылап алсаңдар әлгі сыр ашылып тұжырымын түсінерсіңдер. Саид Нұрси* * * * *Сілтеме*: Бүкіл әлемді қозғай алмайтын күш оны әсте тоқтата алмас.
Ғазиз, адал бауырларым!Сендердің Оныншы Шуақ деп жазған мазмұнның екінші бөлімі маған қатты ұнады әрі мұндай күшті үміт сыйлады: Рисалей-Нұр сендердің араларыңнан мен секілді әлжуаз, қарт әрі қуатсыз бейшара емес, оның орнына жас, қуатты көптеген Саидтар тапқанға ұқсайды, табады әлі. Сондықтан бұдан кейін Рисалей-Нұрды толықтыру, түсіндіру, егжей-тегжейлі баяндау сендерге қалған секілді. Оны қайдан білдіңіз десеңдер, биыл бірнеше мәрте көңілге қонған ақиқаттарды қағазға түсіруге қанша тырыссам дағы түк өнбеді. Иә, Рисалей-Нұр сендерге керемет қайнар көз, ілім бұлағы бола алады. Одан иман шарттарының қайсысы болсын, мысалы Құран Аллаһтың кәламы екені жайлы, оның мұғжизалық жақтары туралы рисалелерден жинақталса немесе Хашр, яғни өлген соң қайта тірілу хақында небір айғақ, дәлелдерге топтама жасалса, т.с.с. керемет түсіндірме, толыққанды дәріс болады. Менің ойымша иманның терең ақиқаттарын Рисалей-Нұр толық қамтып, жан-жақты баяндаған, басқа кітаптан іздеудің қажеті жоқ. Тек, кейде түсініктеме, ашықтауға тура келетін жерлері бар. Сондықтан менің міндетім аяқталғанға ұқсайды. Ал, сендердің қызметтерің жалғаса бермек. Құдай қаласа, сендер түсініктеме жасап, мағыналарын ашып, толықтырып, шартарапқа жайып, үйретерсіңдер. Мүмкін, Жиырма бесінші және Отыз екінші Мектубтарды жазып және Тоғызыншы Шуақтың тоғыз мәртебесін толықтырып, сондай-ақ, Рисалей-Нұрды реттеп, бір жүйеге келтіріп, тәпсірлеп, бекіту, осылайша қызметті жалғастыра беру керек болар. Рисалей-Нұрдың адал да ықыласты шәкірттерінің ұйымдасуынан олардың ықылас қуатынан пайда болған, ауызбіршілігінен сүзіліп шыққан шахс-ы мағынауи, яғни рухани келбет сендерге мәңгі жасайтын, арқа сүйер күшті демеуші, жол көрсетер жетекші боп табылады. Сендердің хаттарыңда бұл жақтан, барған хаттарды
64ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБмүбарактар тобы барлығын түптеп, бір рисале жасағаны жайлы және Хүсрев бауырымыз да шағын әрі жеке басқа қатысты кейбір сөйлемдерді, пайдасы жоқ кейбір жазбаларды алып тастауды хафыз Али мен Сабриға тапсырғаны туралы жазыпсыңдар. Иә, Рисалей-Нұр тұрғысынан кәрамат иесі, өте мұқият, әрі жөнін білетін, көзі қарақты Хүсревтің ойы дұрыс. Мәңгі жасайтын тәпсірдің ішінен уақытша әрі мағынасы шағын, жеке адамға қатысты сөздер алынып тасталғаны дұрыс. Осы соңғы жазған хаттарыңда кәраматке ұқсайтын үш тұжырым кездестірдік.Біріншісі: Осы аймақтың Хүсреві деуге болатын, ықыласы зор, Нұрға байланысы тығыз, күш-жігері мол Кіші Хусрев, яғни Мехмет Фәйзи дейтін Рисалет-үн Нұрдың еңбеккеш тәлабасы әскери борышын өтеп келіп, енді ғана яғни екінші рет қана көрісіп жатқанда, сендердің хаттарыңда Фәйзи дейтін есімді көрдік. Өзара былай дедік: Осы Рисалей-Нұр шәкірттері бір-бірінен қанша алыс болса да өзара жақын-ау, бірін-бір сезгендей хатқа жазып қойыпты. Екіншісі: Осы Кіші Хүсрев Фәйзи, соңғы сапары Ыстамбулда жүргенде Рисалей-Нұр тұрғысынан ойымнан шықпай қойды. Уайымдай бастадым. «Апырмай ауырып қалған жоқ па екен!» деп. Кенет ойым оны тастап Хафыз Алиға ауысты. Енді оны ойлап мазам кетті. Уайымдайтындай бір мәселе бар екенін түсіндім. Сөйтіп, Рисалей-Нұрдың озат шәкірті Хафыз Алиға назарым ауып оған шипа дұғасын оқып жүрдім. Бір күні әлі хат келмей тұрып Фәйзиден: «Сен науқастанып қалған жоқсың ба?» дедім. Ол: «Жоқ!» деді. «Олай болса Спартада Рисалей-Нұрдың маңызды да қайратты, ірі басты шәкірті ауырып қалған болса керек» дедім. Бірақ ойым ақиқаттың суретін таба алмағанын сендерден хат келгенде бірақ түсіндім. Жағдай белгілі болды. Үшіншісі: Осыдан жиырма күн бұрын, қасиетті күндер өтіп кеткен соң мынадай бір ой келді: белгілі бір міндеті бар қалам иелері күнде қаламын пайдаланбаса Рисалей-Нұр тәлабалары деген жалпы атпен күнделікті жиырма төрт сағатта жүз мәрте үлесін алып отырса жетер деп, арнайы есімімен аталатын хас шәкірттер арасынан кейбір кісілердің аттары уақытша алынып тасталған болатын. Бауырым Хаққы Әфенді солардың арасында болатын. Бірнеше күн осылай жалғаса берді. Кенет, еш себепсіз тағы да Хаққы бауырымыз Хулуси
65ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫшәкіртіме жолдас болды. Атымен, түр-сипатымен хас шәкірттер арасына енді. Хаққы бауырымыздың: «Мені дұғаға қосыңдар, ұмытып кетпеңдер!» деген сендер жазған хаттағы жазбаның дәл сол мезетте, сол дұғаға лайық болғанын көрсетті деп түйдік. Тіпті соңғы күндері осы тектес инает-жәрдемнің көп түрлері, ұшқын сәулелері бар. Әмин бауырымыз оларды «хауадис-ы иәумиә» деген айдармен жазба әзірлемек. Оны мүмкін сендерге жіберерміз. Рисалей-Нұрдың ол жақтағы жас тәлабалары мен болашақтағы қымбатты шәкірттері өздерін қазірдің өзінде тәлабалар арасында сезініп жүр. Ыстамбулда Мехмет Фәйзи бұрыңғы Саидтың кітапшаларын іздеп жүргенде дәл сол күні қаһарман Рүштү бір дүкеннен бүкіл кітап-рисалелерді жинап алып кеткенін біледі. Мұны білген кіші Хусрев өкініп басқа жақтан іздеп таба алмаған соң Ишарат-үл Иғжаз кітабын тауып алыпты да былай депті: «Менің ойымша менен озып кеткен Спарталы бауырларым болса керек...». Жарайды, ол Ишарат-үл Иғжаз нұсқасын Хафыз Али және Сабридың нұсқаларындағы тәуафук, яғни сәйкестік кәраматын жаздырғысы келеді. Оның ең оңай жолы, кішкене бір дәптер алып әр бетіне тәпсірдің беттеріне сәйкес «һәжа әріптерін», яғни (әлиф, тә және т.с.с.) түртіп жазып қойып, маған жіберсеңдер жақсы болар еді. Егер оңай жолын таба алмасаңдар әуре болмаңдар. Барлық бауырларыма жеке-жеке сәлем, әсіресе Рисалей-Нұрмен тығыз байланысып, шұғылданғандарға дұғай сәлем және олардың маған дұға етулерін сұраймын. Бауырларың Саид Нұрси* * * * *(Әмин мен Кіші Хусрев Фәйзидің жазбалары)Құранға қызмет тұрғысында бізден озып кеткен адал да ықыласты, қайсар әрі сенімді бауырларымның ішінде Хусрев пен Рүшдү сынды кісілер, Рисалей-Нұрға қызмет еткендердің еңбегі еш кетпей қабыл болғанына белгі-нышан ретінде Аллаһтың жарылқауы берекет жайлы бірнеше оқиға жазыпты. Біз де бауырларымыздың жазбаларына ұқсас жақында болған, өзіміз көрген оқиғаларды жазбақшымыз. Мысал ретінде бірнешеуін баяндап берейік.
66ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУББіреуі: Осы жақында Ұстазымызбен бірге қырға шықтық. Ұстаз бізге: «Шәй қойыңдар! Әрқайсымыз екі кеседен үш шекер салып, шәй ішейік!» деді. Бәріміз үш шекермен екі кесе шәй іштік. Тек Әмин бауырымыз өзіне бір шекер кем салыпты. Кешқұрым Рисалей-Нұрдың орталығы Ұстазымыздың бөлмесіне келдік. Әмин шекер ыдысына пайдаланылған шекерлерді қоймақ болады, бірақ ыдысқа сегіз шекерден артық сыймай қояды. Әмин бұған таң қалып: «Фәсубханаллаһ! Он жеті шекердің орнына ыдыс сегіз шекермен қалай толып қалды» дейді. Біз де естігенде таңғалдық. Міне, бұл оқиға анық түрде мынаған көзімізді жеткізді: Бұл Рисалей-Нұрға және оның қызметшілеріне жасалған Иләһи инаят, жәрдем, арнайы Раббани ілтипат. Екіншісі: Дәл сол күні мен, яғни Мехмет Фәйзи, бұдан бұрын өзім көшіріп жазып, ұстазға тапсырған «Худжумат-ы Ситте» атты рисалені маған қайтып берейін деп қанша іздесе қойған жерінен таба алмайды. Кенет сол уақытта әдеттен тыс, тосын түрде бір себепке орай көзілдірігін шешіп баспалдаққа қарай жүреді. Дәл сол уақытта Рисалей-Нұрдың жайылуына, жалпы қызметке зиян келтіру мақсатымен бір тыңшы баспалдақ жаққа, сырт көзге хал сұрасу үшін келгендей боп бара жатады. Ұстаздың қобалжып тұрғанын байқап қалады. Ұстаз оның назарын басқа жаққа, яғни үсті-басына, киіміне аударып: «Көрмейсің бе? Менің үзірім бар. Жағдай сұрауға басқа уақытта кел!» деп қайтарып жібереді. Осылайша Мехмет Фәйзи де, Худжумат-ы Ситте кітабы және басқа да шаруаларымыз тінтіп-тексеруден аман қалады. Иә, Худжумат-ы Ситте кітабы жасырынған жері анық белгілі болса да таңғажайып түрде табылмауы үлкен оқиғаның алдын алды. Ұстазда бұрын-соңды болмаған мұндай жағдай және әлгі рисаленің өз орнында табылмай қалуы әрине кездейсоқ еместі. Бір аптадан соң сол рисалені күтпеген жерден тауып алдық. Ұстаздың нұсқауымен мен оны Әмин бауырыма мұқият оқып бердім. Ұстаз түсіндіріп отырды. Осы кезге шейін мұндай керемет дәріс тыңдамаған едім. Демек, осы екі терең сырға байланысты әлгі рисале өзін көрсетпей тығылып қалса керек. Бұл оқиға бізге мынаны меңзейді: Рисалей-Нұрдың ықыласты да адал шәкірттері әрдайым Аллаһтың қамқорлығы мен сақтауында, оған еш, күмән жоқ.Үшіншісі: Ұстазымыздың бір окка, яғни жарты келі ірімшігі болатын. Өзіне ұнайтындықтан ол ірімшектен жиі-жиі бір күнде екі мәрте жеп тұратын. Әрі бізге де жегізетін. Әрі тамақ жемеген күндері
67ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫ– ұстаздың тамақ жемеген күндері көп болатын – әлгі ірімшіктен жеп тұрса дағы, сол азғантай ірімшік алты айға жетті, тіптен әлі күнге шейін шамалы бар екенін мен, яғни әрдайымғы қызметшісі Әмин және тәлабасы әрі қызметшісі Кіші Хусрев куәгер ретінде растаймыз. Бірақ осы береке оқиғасын айтып, жария қылғаннан кейін алдында көрінбей тұратын түбі көріне бастады, яғни азая бастады. Иә, бұл береке жайлы таңғаларлық оқиға. Сонымен қатар жарты келі сары май да жиі әрі молынан пайдаланғанның өзінде елу күнге дейін жетуі ішіне береке дарығанына нақты дәлел.Тағы соған ұқсас бір оқиға. Ораза айты, ұстаз риза болмаса да ол кісіге айтпай Тахсин екеуміз, яғни мен Әмин, бір келі шекер әкелген едік. Оны көп мәрте қатыққа, сүтке және асқабақ тәттісіне, басқа да нәрселерге қасықтап қосса да екі айдан аса – сол шекер әлі бар – таусылмауы әлбетте берекетінің белгісі. Әрі осы аймақтағы нұр шәкірттері жалпы мынаны сезіп жүр: Рисалей-Нұрға қызмет еткен кезде ризық-несібе молайып берекеттене түседі, әрі жеңіл табылады. Сондай-ақ, көңіліміз көтеріңкі, тынысымыз кеңейіп, жүрек тыныш. Бұл кәдімгідей сезіледі. Атап айтсақ, мұны мен, яғни Әмин, өзім толық мойындаймын. Мен Рисалей-Нұр аясына кірмей тұрғанда жыл бойы жұмыс істейтін едім. (Сілтеме ).Рисалей-Нұрдың аясына кіргелі жылда үш-төрт ай ғана *жұмыс істейтін болдым. Бірақ бұрыңғыдан тұрмысым әлдеқайда жақсы, көңілім жәй. Бұл Рисалей-Нұрдың қызметінің берекетімен болып жатқанына зәредей күмәнім жоқ. Ол туралы, Ұстазымыз өзі былай дейді: Мен Рисалей-Нұрды жөндеу жұмысымен айналысқан кезімде ашықтан ашық ризығым берекеттеніп, әрі тұрмысым жеңілдеп қоя беретін. Қызмет етпеген кезімде ол жағдай болмайтын. Бұған көптеген тәжірибелермен көзім жеткен-ді. Әрі ұстаз да біз де растап былай демекшіміз:Мен соңғы күндерде мынаны түсіндім: осы кезге шейін бұл ақиқатты басқа түрде көріп келіппіз. Мысалы: Абақтыда бір түйір Сілтеме*: Иә, Әмин бауырымыз ауылға келгенде тынбастан әр ай жұмыс істейтін. Қазір болса үш-төрт айдан артық жұмыс істегенін көрмейміз. Оның бір себебі, Рисалей-Нұрдың қызметінің берекеті екеніне еш шүбә жоқ, оны шын жүректен растаймын. Кіші Хусрев Мехмет Фәйзи
68ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБнан сегіз кейде он күнге дейін жететін. Бұл жерде де дәл солай. Мұны мен және достарым өзімнің аз жейтіндігімнен, тәбетім жоғалғандықтан деп ойлайтынбыз. Алайда, көптеген тәжірибелерден көзім жетіп, нақты түсінгенім: ол берекеттің жемісі. Бірнеше рет сегіз күнге жететін әлгіндей нанды дәл сондай тәбетпен егер қызмет етпеген болсам, берекеті болмай екі күнде, кейде бір жарым күнде жеп тауысып қоятынмын. Демек, бұл он алты-он жеті жылдан бері несібемнің мол болуы Рисалей-Нұрдың қызметінен пайда болған берекет еді. Мұндай көп қайталанған берекет оқиғасы Қасиетті Құранның мағынауи мұғжизасының бір шуағы екеніне еш шүбә жоқ. Ол, бізге мынаны меңзейді: «Уа, Құранның шәкірттері! Сендерге киелі қызмет атқаруға көбінесе кедергі болатын нәрсе тұрмыс тауқыметі. Ол Құранның фәйіз-берекетімен беріледі. Алаңдамай міндеттеріңді атқарыңдар!».Сондай-ақ, берекеге қатысты оқиғалар болып жатқанда Рисалей-Нұрдың бір кәраматы тағы көрінді. Рисалей-Нұр шәкіртінің мыңдаған лира тұратын қымбат үйінің көршісінде сұмдық өрт болып оған да қауіп төнгенде өте жақын бола тұра таңғажайып түрде Рисалей-Нұрдың берекетімен аман қалады. Әрі Рисалей-Нұрдың тәржімешісіне ақырет үшін байланыс құрып жүрген ханымы, әлгі сұмдық өрт болып жатқан үйінің үшінші қабатына шығып алмас, асыл бұйым, алтындарын алмақ болады үйге жүгіріп кіріп жоғары қабатқа шыққанда өрт лаулап айналасын қоршап алады. Енді алтын бұйымдарын түгіл өзін құтқару қиын болады. Дәл сол аса қауіпті сәтте Рисалей-Нұрдың тәржімешісі әлгі оттан шәкіртінің үйі аман қалсын деп дұға етіп жатқанда манағы байғұс ханымда есіне түсіп: «Апырм-ай, сол ақыреттік қарындасым оттың ішінде емес пе екен!» деп, Рисалей-Нұрды шапағатшы ретінде пайдаланып: «О, Раббым! Оған рақымшылық жасай гөр!» деп жалбарынып дұға етеді. Дәл сол мезетте әлгі ханым терезені сындырып екінші қабаттан аулаға қарай секіріп кетеді. Таңғажайып түрде еш жарақат алмай аман қалады. Мыс, темірдің өзін балқытып ерітіп жіберген мұндай сұмдық оттан –
69ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫтүк қалмай барлығы өртеніп кетсе дағы – барлық асыл бұйымдарын, алтын күмістерін еш зақым көрмеген аман түрде бір ұнның ішінен тауып алады. Рисалей-Нұрдың берекетімен жанын және әшекей бұйымдарын сақтап қалған екен. Сондай-ақ, осы айтылған оқиғалар кезінде болған Рисалей-Нұрдың кәраматқа ұқсас екі май шапалағыда дәл сол сәтте болғандықтан айта кеткен жөн болар. Жоғары дәрежелі қызметкер қара ниетті, екі жауыз шенеунік Рисалей-Нұрға тиісіп жүргенде біреуі басынан, екіншісі кеуде тұсынан оқ тиіп жараланып ауруханаға түседі. (Сілтеме ) Бұл оқиға Құран қызметін Аллаһтың *өзі сақтап, желеп-жебеп жүретінін көрсетеді. Және қызметке кедергі болатындарға былай дейді: «Жетер енді! Доғарыңдар! Таяқ жейсіңдер!»* * * * *(Отыз бірінші, отыз екінші аяттардың Рисалей-Нұрға ишара-белгілерінен мағына шығара білген Ахмет Назиф пен ұлы Салахаддин екеуі Рисалей-Нұрдың қымбат шәкірттері болғандықтан Салахаддиннің жазбасы Жиырма екінші Мектубтың хатарының арасына енуге әбден лайық)Мың үш жүз елу сегіз жылында Польшаның Гданск қаласынан шыққан соғыс ұшқыны Еуропаны отқа орап аласапыран оранғандықтан дүние жүзі халқы жаппай әскерге шақырылып үдеріп жатқан кез. Түркияда да біршама соған ұқсас жағдай болып 1359 жылы 27, 28, 29-ыншы жылы туылғандарды қолына қару беріп әскерге алды. Осыған орай Рисалей-Нұр тәлабалары Мехмет Фәйзи және мен жасымыз кіші болса да бір хикметке байланысты әскерге шақырылдық. (Сілтеме ) Уақытша алты-жеті ай Рисалей-Нұрдың **Сілтеме*: Әлгі қастандық жасағандардың біреуі тәубесіне келіп өлімнен аман қалды. Екіншісі бір жыл бойы азап шегіп ақырында өлді.Сілтеме**: Фәйзи мен Салахаддинның әскерге шақырылуы жайында Ұстаз күлімсіреп: «Олар сендерді алып кете алмайды. Шақырып жатқаны рас. Бірақ атқарар міндеттерің бар. Кейін, міндеттеріңді ауызша, тілмен болмаса да хал-жағдайларыңмен атқарарсыңдар!» деді. Шынымен де Салахаддин әскерге алынған кез берекелі Рамазан айы екен. Измиттің Таушан төбе дейтін жерінде ауа-райының
70ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБшаратарапқа таралуы тұрғысынан алғанда біздің басқа аймақта болуымыз қажет болғандықтан Ұстазымыз шын жүректен, бүкіл ой-пікірімен Аллаһ Тағаланың рахымынан қол жайып сұрап дұғасы қабыл болса керек Рисалей-Нұрдың бір кәраматы ретінде басқа аймақта әскери міндетімізді өтеп яғни Рисалей-Нұрға қызмет ету үшін жіберілдік. . Алты-жеті айдан кейін Фәйзи мен Салахаддин өздерінің нұрды жаю міндетін атқарған соң, жоғарыда аталған өздерімен жасты құрдастары аса қауіпті кезеңде майданда жүрсе дағы яғни, Алман әскері Румынияны жаулап, Болгарияны қоршап, ал Италия болса Грециямен соғысып жатқан қиян-кескін заманда олардың әскерден босатылуы әлгі ұстаз айтқан кәрамат екенінің бір айғағы. (Сілтеме )*қолайсыздығына қарамастан жамағатпен тарауық намазын оқытуы және әскери полктың Хадимкөй тарапына әрекет етуі дәл Рамазанның 27, 28, 29 күндеріне сәйкес келуі, сөйтіп Қадір түнін кемеде қарсы алып, оразасын сол жерде ашып, намазын сол бекетте оқуы, сондай-ақ, ауа райы суық, жауын-шашынды мүшкіл жағдайда дәрет алып, бір сандықтың есігінің үстінде мінәжат етуі, және сол түнді жүк вагондарының ішінде қиын жағдайда шүкір ете өткізуі әрине, бұл басқа жауынгерлердің діни сезімдерін оятып, оларға сабақ болды. Әрі Балабан ауылында мешітте айт намазының алдында әскерилер мен жай халыққа намаз жайлы төртінші Сөзді қаз-қалпында оқуы, Рисалей-Нұрдан уағыз айтуы, сондай-ақ, Фәйзи бауырым да дәл солай бір ауылда одан да әсерлі түрде мағынауи хал тілімен, сөзбен де сабақ беруі, міне бұл айтылғандар ұстаздың айтқан сөзін растаған боп есептеледі. Рамазанның 27, 28, 29 күндері ең қиын уақыт боп табылады. Және Түркияда 1359 жылы 27, 28, 29 жылы дүниеге келгендерді әскерге алуы әрине кездейсоқ оқиға емес, бұл тәуафук. Ол да ұстаздың кәраматына өзінше бір дәм қатады. СалахаддинСілтеме*: Рас, Ұстазым маған «Мұғжизат-ы Ахмедия» кітабын бауырым Хусрев секілді жаздырып жатқан-ды. Мен, яғни Фәйзи, аздап жалқауланып едім, дереу 28-жылғылармен әскерге шақырылдым. Ұстазым маған: «Сен тапсырылған кітапты көшіріп жаза бер, сені қазір бере алмаймын!». Мен жаза бастадым, әскерге шақыру бір аптаға кейінге қалды. Тағы бір себептен жазу бәсеңдеп еді, тағы әскерден шақыру келді. Тағы да ұстазым былай деді: «Сен жаза бер!». Бұл жолы ықыласпен жаза бастап едім, әдеттен тыс, екінші рет бұйрық кейінге шегерілді. Бір аптадан соң тағы бір себепке байланысты жазу тоқтап қалды. Ұстазым бұл жолы: «Енді сенің қазіргі міндетің Рисалей-Нұр тұрғысынан алғанда әскерлікте екен!». Дереу бұйрық келіп сазайымды тартып міндетімді атқаруға жөнелдім. Құдайға шексіз шүкір, ол жақта да Рисалей-Нұрға қызмет еттім, еткізді. Ұстаздың айтқанындай, алты-жеті айдан кейін әскери борышымды өтеп Ұстазыма қайта қауыштым. Иншаллаһ →
71ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫӘрі Салахаддин өз қатарынан әскерден бір ай кеш қайтуы, Инеболу қаласында жауынгерлердің арасында болмауы, жергілікті халықтың кейбіреуіне ұнамай, үстінен бірнеше рет арыз жазуы, сол үшін әскери бөлімше тарапынан полиция қызметкерлері арқылы әкесін бөлімшеге шақырып алып ұлының қайда жүргенін сұрағанда, бір күн бұрын келген телеграф-хатты көрсетіп, баласының Измит Теңіз флотына қабылданғанын және әдейі емес, бір ай сауда-саттық үшін жібергені белгілі болып, әкесі Ахмет Назиф өз еркіне қоя беріледі. Сондай-ақ, ол кезде шахта жұмысына жегілгендерді әскерге алмайтын. Олардың арасында күнде менімен жолығып тұратын хатшы достым мені жазуды ұмытып кетіп, кейін ондай адамдарды да әскерге шақыратын боп әрі оларға жағымсыз көзбен қарайтын болса да Салахаддин солардың бәрінен аман қалған. Әрі Салахаддин өз полкына он бес күн кеш келсе дағы ешқандай жазаға тартылмай, ешбір ескерту алмастан хатшы қызметін атқаруы, сонымен қатар Салахаддинның әскери қызметін өтеу кезінде әскерге шақырылмағандардың өзін үш күн кешіккені үшін сотқа беріліп жатқанда оның бір ай шақырылмай кеш қалса дағы ешқандай жазаға тартылмай босатылуы, әрі полк командирі және орынбасарлары қимай көз жастарымен шығарып салуы, міне бұл Рисалей-Нұрдың бір кәраматы екеніне біздің еш күмәніміз жоқ, көзіміз әбден жеткен ақиқат. Бірде, Тосиядан Қастамону қаласына келе жатып, өзіммен бірге Рисалей-Нұрдан Лемалар, Шұғалар кітабы болатын. Хашр, яғни өлген соң қайта тірілу туралы оқып отырған едім. Мінген жүк машинамыз төбеге өрлеп келе жатқан-ды. Күн ыстық, машинаның іші де қапырық болғандықтан мазам кетіп, маған мұндай бір ой келді: «Осы Рисалей-Нұр тәпсірі Қасиетті Құранның мұғжизасы екені рас. Басқа тұрғыда мұғжиза көрсете ме екен? Жалпы мұғжиза пайғамбарларға (а.с) ғана тән қасиет. Ардақты Пайғамбарымыздан кейін мұғжиза болмайтын шығар» деп ойланып отырғанымда жүк машинамыз салдыр-гүлдір етіп үш мәрте аунап түсті де жиырма бес метр төменге қарай құлдилап барады. Дереу кәлима шәһадат әлгі қателігім кешірілген болар. Мен, Рисалей-Нұрды сондай-ақ, Құран қызметінде бізден көш ілгері Хусрев, Рүштү, Сабри бауырларымды шапағатшы ретінде айтып әлгі қателігімнің кешірілуін ұстазымнан сұрадым. Бұл менің жалқаулығыма орай келген жаза екенін мойындаймын. Фәйзи
72ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБкелтіріп жатырмын. Біраздан соң саумын ба деп өзімді сипалап көрдім. Құдайға шүкір, ешбір жерім жарақат алмапты. Зәрем ұшып орнымнан тұрсам, шофердың басы, көзі быт-шыт, ойбайлап жатыр. Мен жақтағы жұқа әйнектің өзі сынбапты. Сол кезде бұл үлкен кәрамат екенін және мұғжиза еместігін, әрі мұндай тосын нәрселерді ойламау керектігін ескерту үшін кәраматқа ұқсас ғайби шапалақ екенін түсіндім.Рисалей-Нұр шәкірттеріненСалахаддин Челеби* * * * *Ғазиз бауырларым!Ақырзаман туралы хабар беретін хадистің соңындааятына қатысты екі минут ішінде және хадистің ишарасын жөндеп жатқан кезімде кенет қысқа-нұсқа ойға келген ғайби ишараның өте асығыс жазылған джифри тәуафукында еш зияны жоқ кішкене қате кеткен екен. Оған бұл кезге дейін мән бермеппін. Бұл жолы ықыласты да ақиқатшыл Мүбарактар тобының топтаған әрі жазған Лахика рисалесінің әлгі аятқа қатысты сөздердің жазуында әдейілеп жасалғандай бір қате көрдім. Сол ескертуге ұқсас әдейілеп жасалған қате, менің кемшілікке ұқсас қателігімді білдірді. Сөйтіп өте мұқият әрі тым мүбарак топқа өзімді қарыздар сезіндім, бойымды шаттық биледі. Былайша: сөзінің саны мың екі деп қате жазылған. әріпі саналмай қалған. Дұрысы мың он бір. Бұл Рисалет-үн Нұрдың мақам санына он үш парықпен сәйкес келумен қатар изафадан таусифке ауысқанда, яғни қатыстылық мағынасынан анықтауыш мағынасына көшкенде болады. Сонда бір және әріптері
73ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫқосылады да шәдде түсіп қалады. Бір \"нун\" кем болады. Бірақ, сөзіндегі тәнуин біршама уақыф, яғни тұрақтауға болатындықтан саналмаса дәлме-дәл бір ғана парықпен әрине мәдде саналмаса еш парықсыз түрде тәуафук болады. Әрі мағынасы жағымен екі аят екі ағымды меңзеген ишаралары, өзара байланыстары және сәйкестіктері өте күшті болғандықтан нұқсан тәуафук немесе әлсіз белгінің өзі бізге жеткілікті. Әрі мұндай мақам-сандарда, осындай үлкен нәтижелерде әлгіндей азғантай парықтың болуы ештеңе өзгертпейді. Менің ойымша, әлгі қателік бесінші аяттың ишарасында жіберілген қателік секілді маңызды кейбір ғайби ишараларды ашатын кілт іспеттес. Және осы ұлық аят отыз үшінші аят болатынына ишара деп білемін. Құдай қаласа, болашақта бір бауырымыз ол қазынаны да ашар, иншаллаһ. * * * * *Жақында Тәпсірдің және Оныншы Сөздің тәуафуктарына, яғни сәйкестік тұстарына қарадым. Ішімнен былай дедім: «Мұнша егжей-тегжей жазу ысырап, одан да маңызды мәселелер бар, уақытты босқа жоғалтпайын». Кенет көкейге мұндай бір ой келді: «Ондай тәуәфуктың астарында аса маңызды мәселе жатыр. Сондай-ақ, тәуафукта, яғни өзара сәйкестікте ерекше қамқорлық, Рахманның ілтипаты болып Рисалей-Нұрға байланысты екені көрінеді. Ондай ілтипатқа қанша шүкір, қанша ризашылық, қарыздар сезініп риза болса, асыра сілтенсе де ысырап саналмайды. Бұл қысқа ескертуді екі тұрғыдан алып түсіндіріп берейін. Біріншіден: Барлық нәрседе – мейлі ол ұсақ, кішкене нәрсе болсын – әдейілеп, қалап істелгені, соның нұр-сәулелері байқалады. Ақиқатында кездей соқтық деген нәрсе әсте жоқ. Иә, жаратылғандардың ішінде ең көп шашыраңқы саналатын және жиі кездейсоққа баланатын сөздердегі әріптердің орналасуы боп табылады. Әсіресе жазған кезде сырттай өзара байланысы жоқ, боп көрінеді. Егер адамның қалау-еркі араласпаған әріптердің жазылып орналасуында бір реттілік, жүйе байқалып жатса әлбетте оны ғайби ираде яғни, көзге көрінбейтін тылсым күш басқарып Иләһи қалаумен болып жатқанына күмән жоқ. Ешнәрсе Аллаһтың ілім аясынан, құдрет шеңберінен тыс қалмайтыны белгілі, сол секілді
74ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБоның қалау-еркінен тыс ешнәрсе болмайды. Өйткені, кіп-кішкене, шашыраңқы нәрселердің өзінде үйлесімділік, реттілік байқалады. Сол реттіліктен әлгі және бәрін жаппай қамтитын қалау-еріктен арнайы қамқорлық, Рисалей-Нұрға ерекше мән беру, жекеше назар аудару, ілтипат байқалады. Мен осы терең мәселені көзбен көргім келіп Ишарат-ул Иғжаз тәпсірінің тәуәфуктарына назар салып, мұқият қарап шықтым. Рас екеніне көзім жетті әрі сездім. Екіншіден: Мысалға, аса қадірлі, жоғары мәртебелі, тым мүбәрак бір ұлы тұлға өте пақыр, аса мұқтаж біреуге күтпеген жерден, ілтипат қылып жарылқап қағазға ораулы құтыда бір сыйлық тарту етсе, әлбетте әлгі байғұс бейшара манағы ұлы тұлғаға алған сыйлығынан мыңдаған есе артық алғыс білдіріп өзін шексіз қарыздар сезінеді. Және мыңдаған сыйлықтан да қымбат әлгі сыйлық арқылы білдірілген ілтипатқа әлгі бейшара қанша ризашылық білдірсе асыра сілтеген болып есептелмейді. Тіпті, әлгі мүбәрак кісінің сол сыйлығына дән риза болып сыйлық оралған қағазды тәбәрік деп шекерге ұқсатып жеп қойса, тіпті сыйлықтың ішінен шыққан жаңғақтардың қатты қабығын да тәбәрік ретінде нанға ұқсатып жеп, сыйлықтың құтысын қастерлеп сүйіп, төбесіне қойса еш ысырап саналмайды. Дәл сол секілді Рисалей-Нұрға «ираде-и амма», «инает-і хасса» ілтипаты, яғни Аллаһтың шексіз қалауы, оның ерекше қамқорлығы, теңдесіз ілтипаты тәуафук түрінде тарту етілген. Әлбетте тәуафук туралы, яғни өзара сәйкестік жайлы егжей-тегжейлі жазып түсіндіру, баяндау ризашылықтың белгі, нышаны, қарыздар болғанның дәлелі, аса қуаныштың көрінісі болып табылады. Ол айып саналмайды. Иә, ондай бір құдреттің ілтипаты боп саналатын заттық сый қырық тиындық болса оған қырық мың сомдық шүкіршілік етілсе ысырап саналмайды. Екінші мәселе: Мен өзімде және осы жақынымда жүрген Рисалей-Нұр тәлабаларында қасиетті үш айлар өткен соң бір шаршаңқы жағдай, ынтаның азайғанын байқадым. Неліктен екенін және оның нақты себебін білмеймін. Қазір, бұрын айтқанымдай ықтимал себебінің рас екенін, яғни сол үшін екенін анық білдім. Ол былай: Қалайша, ауа-райы бұзылса ағзаларымызға жағымсыз әсер етеді, сол сияқты мағынауи ауа-райы бұзылса әркімге әртүрлі жағымсыз әсер етіп, сілкіп-шайқап жібереді. Қасиетті үш айларда
75ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫжәне мухаррәм кездері Ислам әлемі руханиятқа ден қойып, күллі мүміндер ақыреттік табысты ойлап, соның саудасына ықыластана кірісіп бар ынта-жігерімен нұрлануы мағнауи ауаны тазартып, жағдайды жақсартып тамаша қылып жібереді. Сөйтіп сырттан келген соққыларға, дауылдарға төтеп беріп, кері қайтарып отырады. Дүйім жұрт соның арқасында, еңбегінің нәтижесін көріп, дәрежесіне қарай нұрланып пайдаға кенеледі. Бірақ, қасиетті үш айлар өткен соң, бейне бір әлгі ақыреттік базар жабылып, басқа жаққа көшіп кеткендей, оның орнына дүниялық базар ашылып, шатырлар құрыла бастайды. Халықтың назары біршама басқа жаққа ауғандай. Ауа-райын ластайтын жағымсыз нәрселер руханиятқа да кері әсерін тигізеді. Содан дәрежесіне қарай әркім жағымсыз әсер алады. Енді, сол зиянды ауаның кесірінен құтылудың жолы не десеңіздер, оқиғаларға Рисалей-Нұрдың көзімен қарау. Жағдай қанша қиын болса да киелі міндет, Құранға қызмет ету жағымен қарап, одан сайын ықылас, ынта таныту. Себебі, басқалардың кетіп, артқа шегінуі ынталы, да қайратты жандардың ықыласын, құлшынысын арттыруға себеп болады. Өйткені кетіп қалғандардың міндетін біршама өзім істеуге міндеттімін деп біледі, солай білуі керек. * * * * *
Ғазиз, өте адал, кең пейілді бауырларым!Мына сұмдық заманда Нұр мен Гүл бақшасы туралы, олар не істеп жатқаны жайлы айтып, маған хабар бермейсіңдер. Алайда бұл дүнияда мені қатты алаңдататын солар екенін білесіңдер. Жарайды...Бұл жолы ақиқаттардың жемісі боп саналатын, сондай-ақ, Рисалей-Нұр тәлабаларының құлшынуына себеп болатын «тәуафук» жайлы, оның кереметтерінен біреуін Фәйзи бауырымыздың өтініші бойынша сендерге жіберіп отырмыз. (Сілтеме )*Бірде рисалелерді тексеру жұмысым жоқ болатын. Ишарат-үл Иғжаздағы әрпінің тәуафукы туралы жазбамда қате жібергенім, жаңылғаным есіме түсті. Айыбымды жуып, тазартқым келді. Кенет, Лафзуллаһтың бірінші әріпі «Әлиф», Рисалей-Нұрдың мұқтасар мазмұны, нағыз дәнегі болып табылатын Ишарат-үл Иғжаз кітабында және басқа да рисалелерде таңғажайып жағдайда орналасқанын екенін ойладым. «Апырм-ай, Лафзуллаһтың, яғни арапша «Аллаһ» деген жазудың (ләм), және әріптері ше? Олар қандай жағдайда екен?» деп Ишарат-үл Иғжазды бастан аяқ парақтап, әрбір жолын, бас жақтарын, аяқ жақтарын қарап, санап шықтым. және әріптері «әлиф» әріпі секілді таңғажайып түрде орналасқанын көрдім. Мүмкін, иншаллаһ, тәуәфукта қателік жібергенімдегі айыбыма, Сілтеме*: Құранның әріптерін өзгертіп, оны бұрмалау, өзгеріске ұшырату, жұртты шатастыру, міне бұл діннен безген кәпірлердің сұмдық айла-жоспары. Оған қарсы жиһад етіп жүрген Саид, тәуәфук мәселесіне, яғни Құранның әріптерінің орналасуы кездейсоқ, бейпарық емес, олар өзара сәйкес әрі әдейілеп орналасқаны жайлы дәлелдер келтіріп қаншалық күш жұмсап, терең зерттеу жүргізсе де еш артықтығы жоқ, босқа деп ешкім айта алмас.
77ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫжаңылғаныма осы бір кішкене болса да кәффәрет-үз зүнуб, яғни айыбымның тазаруы болар. Бұдан бұрынғы хатымызда Ишарат-үл Иғжаз кітабының барлық әріптерін қолға алсақ өзгеше әрі маңызды таңғажайып жағдайды мегзейтін бір нышан, бір ишара, бір белгі көргенімізді сендерге жазған едік. Дегенмен ол терең сырды толық көру үшін көп уақыт керек болатындықтан, аса маңызды қызметтер онымен шұғылдануға әзірге мұрша берер емес. Ғазиз бауырларым! Мына қиын кезеңде, қыспақ күшейген тұста ақыл мен қалбты еркелететін, көңіл күйді көтеретін мұндай іліми жеміс-жидектермен шұғылдануды ысырап деп ойламаңдар. Ақ ниет, әдемі ой эликсир тәріздес. Ол шыныны алмасқа, топырақты алтынға айналдыратын химиялық затқа ұқсайды. Иншаллаһ, осындай ақниетпен бұл жемістер де нағыз қоректің бұлағына, қайнар көзіне жол ашар және қызметте жүріп тоқырап қалғандарға құт береке, күш-қайратқа себеп болар. Лафзуллаһтың соңғы әрпі сексен бес рет әлгі «лафза-и Жалалдың» бастапқы әріпі болады. сөзінің санына керемет түрде бір ғана парықпен тәуәфук қылады. Яғни сәйкес келеді, сөйтіп сәйкес келуі арқылы бізге дейді. әрпінің бір өзі сексен бес рет қайталанып жалпы алғанда тәуәфук қылады. Тек кейде бір бет қана сәйкес келмей қалады. әрпінің екеуі қырық екі мәрте қайталанып жалпы түрде тәуәфук қылады. әрпінің үшеуі болса жиырма бес мәрте кездеседі. Әрі жалпы алғанда бәрі тәуәфук қылады, яғни өзара сәйкес. Әліппеде орны екінші, ал Құранда және Бисмилләһ сөзінде бірінші орында тұратын әрпі тағы да сексен бес рет бір жерде кездеседі. дейді. екі түйірі қырық үш болып бір ғана айырмашылықпен әрпінің екеуіне тәуәфук, яғни сәйкес келеді. әрпінің үш түйірі жиырма жеті болып әрпінің үшеуіне екі парықпен тәуәфук қылады. әрпінің бес түйірі жиырма үш рет әрпінің үшеуіне екі парықпен сәйкес келеді. әрпінің алтысы он бес рет, әрпінің төртеуіне сәйкес келеді. алтысы жиырма алты немесе жиырма жеті мәрте болады. әрпінің бесеуі жиырма
78ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБбес рет болып алты санына бір яки екі парықпен тәуәфук қылады. Әлифтің алтауы сегіз мәрте және Әлифтің бесеуі сегіз мәрте бір-бірімен дәл тәуәфук етеді. Сонымен бес әрпі мен алты киелі есім болғандықтан кәрамат көрініс береді. Лафзуллаһтың ортаңғы әрпі жетпіс бес мәрте бірінші әріп болған Әлиф секілді. Шамамен барлығы дерлік тәуәфук пен сөзінің санына үш парықпен тәуәфук қылып, осылайша деп тұр. әрпінің екеуі алпыс бес мәрте болып жалпы алғанда тәуәфук қылып еш парықсыз, яки екі парықпен сөзінің санына тәуәфук қылып осылайша деп зікір етеді және әрпінің үшеуі жалпы алғанда өзара тәуәфук ету арқылы отыз үш мәрте болып отыз үш дейтін мүбарак санға сәйкес келумен қатар және әрпінің джифри санына үш парықпен тәуәфук етумен бірге керемет бір ғана парықпен сөзінің санына тәуәфук етіп осылайша дейді, үкім шығарады. әрпінің төртеуі он сегіз болып сөзінің саны болып табылатын он тоғызға жақын бір керемет парықпен тәуәфук тілімен деп тәухидті жар салады. Осы төрт саны екі санымен бірге тек екі парықпен тәуәфук тілімен деген сөзді оқиды.Сонымен сексен бес, жетпіс бес, алпыс бес болуы және бір саны сексен бес және екеуі оның жартысы, яғни қырыққа және үші оның жартысы (Сілтеме ) Сексен төртінші беттің екінші сілтемесінде *һәмзә соңында «т» әрпі болып саналады. Жиырмаға түсуі және өзара тәуәфукта болуы және «Лафза-и Жалалдың» және тәухид Сілтеме*: Сексен төртінші беттің екінші сілтемесінде һәмзә соңындағы “һә” (тә) әріпі болып саналады
79ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫкәлимасының сәулелерін білдіруімен қатар сандар жүйелі түрде байланыстылығы және керемет түрде сәйкестігі бізге мынаны білдіреді: бұлар кездейсоқ емес, керісінше қабыл болғанының белгісі, әрі сәттілік әрі әдейі жүйеге келтіріліп реттелген. БауырларыңСаид Нұрси* * * * *(Рисалей-Нұрға ишара қылған отыз үшінші аяттың истихражына яғни аяттан шығарылған мағына туралы Хафыз Алидың пікірі)Ғазиз хазреті Ұстазым!Кеше, ақшам намазын оқып жатқанымда екінші рәкатта Фатиха сүресінен кейінаятын оқып тұрғанымда, еш ойламасам дағы, ақылым мен көңілімде бір ой, ешбір себепсіз, кенет рухымның терезесінен осы ұлы аяттың Рисалей-Нұрға және авторына мағынауи байланысы бар екенін білдіретін ишара көрсетілді. Намаздан соң отырып ойландым. Шынымен қуатты мағынауи байланыс бар екен. Былайша: Әлемде Уахданият-ы Иләһиені, яғни Аллаһтың жалғыздығын жын мен адамзатқа жар салып оны нақты түрде дәлелдеп берген ең бірінші Қасиетті Құран екеніне дау жоқ. Сол секілді қазіргі таңда екінші, үшінші орында өте әділ де адал түрде, бұлтартпас айғақтармен уахданиятты анық-қанық әрі ашық түрде әлемге адамзат пен жындардың назарына ұсынып, дәлелдеп отырған Рисалей-Нұр болып табылады.Ол, адамзаттың барлық тобына һәм медресе, һәм мектеп, һәм
80ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБәскери тілімен һәм хәким, һәм әкім түрде ең қарапайым ауамнан бастап сонау зерек зиялы қауымға шейін сабақ беріп, ілім үйретуде әрі тәрбиелеуде. Оны көзбенен де көріп жүрміз. Сондықтан жоғарыда аталған аяттың бірғана тақырыбы немесе бірғана айнасы Рисалей-Нұр екеніне біздің шүбәміз жоқ, көзіміз әбден жеткен мәселе. Тәухидтің екінші кәлимәсынан кейін есімдері арқылы Хақ тағала (Джәллә Джәләлүһ) өзін сипаттап, сосын екінші дәрежеде сол есімдердің айнасы болып табылатын Рисалет-үн Нұрдың мағынауи келбетін меңзеп отыр. Бұлай ишара етуі Қасиетті Құранның ұлықтығына жарасар іс. Өйткені, бүкіл дүния қараң қалса дағы өзі пақыр, кедей бола тұра ілімнің абыройын сақтау үшін небір сұмдық пәлекеттерге щыдап, төзімділік танытқан Рисалей-Нұрдың авторы және жер мен көктегі хикметке толы құбылыстардың-сырын ашқан Рисалей-Нұр екені айдай анық, расталған оқиға. Осы өзара қуатты да тығыз мағынауи байланысты бекіте түсетін белгі-нышандар да жоқ емес.сөзінің джифри саны екі жүз он төрт. Бұл Рисалей-Нұрдың бір аты «Бәдиүззаманның» (шәдделі «з», ләм-і асли саналады) саны болған екі жүз он төртке дәлме-дәл сәйкестігі және автордың нағыз шын аты әрі әрдайымғы аты Молла Саид сөзінің саны болған екі жүз он беске бір саны ғана артық болып сәйкес келуі әлбетте осы киелі әрбір ғасырды қамтитыны секілді осы ғасырды да қамтып оның бірі Рисалей-Нұр екенін меңзейді. Сол секілді (оқылмайтын екінші «уау» және «һәмзә» саналмайды) сөзінің саны алты жүз бір болып Рисалей-Нұрдың бес жүз тоқсан тоғыз санына, сондай-ақ, Рисаил-ин-Нұр санына тек екі ғана айырмашылықпен екі атына сәйкес келуі белгі-нышан боп есептеледі. Сонымен қатар деген қасиетті тәухид сөзінің джифри әрі әбжәд саны мың үш жүз алпыс болып дәлме-дәл келеді. (Сілтеме ) Мына сұмдық қасарысу, *Сілтеме*: Оқылмайтын екі һәмзә санаққа кірмейді
81ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫдіннен безу, қырсық ғасырдың және шектен тыс күпірлік пен аласапыран, құдайсыздық кезеңінің осы жылына және ішінде болған осы заманға дөп келуі әлбетте нақты белгі, қуатты нышан деуге болады. Яғни, осы үлкен де ауқымы кең, жалпыға ортақ тәухид пен шәһәдаттың назар аударарлық маңызды бір кезеңі әрі сахнасы бәрінен бұрын осы шәһәдатқа мұқтаж осы ғасыр, осы кезең боп табылады. Әзірге сол шәһәдатты әсерлі түрде дәлелдеген Рисаил-ин-Нұр әлгі тұлғалардың бірі. Бірақ оған басты назар аударылғанына көптеген белгі-нышандар, ишаралар және сүйінші хабарлар бар.Рисалей-Нұр шәкірттерінен Хафыз Али (Р.һ)* * * * *Кенет көкейге келген бір мәселе: Ақырзаманда бір адамның қателері мен жасаған күнәлары жинақталса таудай үлкен болатыны жайлы риуаяттар бар. Мен бұрын: «Апырм-ай, бір адам мыңдаған адамның жасайтын күнәны қалай бір өзі жасап үлгереді! Ақырзаманда біз білмейтін қандай күнәлар болады екен? Күнәларының үлкендігі сонша ғаламның ашуын келтіріп, дүния қараң қалып, қирап қалуына сөйтіп қияметтің болуына себеп болады екен...» деп таңқалушы едім. Осы күндері оның бірнеше үлгісіне куә болдым.Атап айтсақ, оның көптеген түрінен біреуін радиома қарап көзім жетті. Бір адам радиоға шығып бір ауыз сөзі мен миллион күнәні бір мезетте жасайды екен. Яғни, миллион адамға тыңдатып оларды күнәға батырады.Иә, әуе толқыны бір тіл тәріздес жүз мыңдаған сөзді бір сәтте сөйлейді. Негізінде радио, адамзатқа үлкен сый, Аллаһтың нығметі. Әуе толқынының зәре-бөлшектерін жаппай шүкірге, Құдайды мақтап-мадақтауға жұмсау қажет бола тұра, адасудың кесірінен азғындар әлгі үлкен нығметті шүкір етуге емес керісінше бұрыс мақсатта пайдаланғандықтан сөзсіз опық жейді. Мына азғын
82ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБәрі қатыгез мәдениет техника саласындағы жаңалықтарды, яғни Аллаһтың адамзатқа тарту еткен сыйлықтарды орынды пайдаланып мойындағы шүкір борышын өтеудің орнына азғындыққа, бүлік шығаруға, лаңкестікке жұмсап күпірлік қылды. Соның жазасы ретінде қоғамдық өмірдің шырқын бұзылып бастарына бәле келіп, бақ-дәулеттен айырылды. Сөйтіп мына теріс мәдениет, өздерін ең мәдениетті санайтын адамдарды ең бәдәуи, жабайы деңгейден де төмен түсіріп масқара қылды. Жәһәннамға бармай жатып оның азабын тарттырып отыр. Иә, радио адамзатқа таптырмайтын шексіз нығмет болғандықтан шексіз шүкір етуі керек болатын. Шүкірге пайдалану дегеніміз, оны жер мен көктің Жаратушысы Аллаһтың әзәли сөзі Құранды өз тыңдармандарына бір сәтте жеткізетін аясы кең зор мүмкіндік, жүз мың тілі бар хафыз, аспани қари тәрізді. Оған әрқашан Құран оқыту керек болатын. Сонда әлгі нығметке шексіз шүкір еткен боп саналады әрі нығмет жалғасын табады.Саид Нұрси* * * * *Ғазиз, адал бауырларым!Сендердің, яғни Атабейден Нұр фабрикасының иесі және мүбарак жамағаттың имамының жазған хаттары бізді зор қуанышқа бөледі. Үш-төрт айдың ішінде үш-төрт ауылда үмми, яғни мүлдем жазу-сызу білмейтін елу адам қолына қалам алып Рисалей-Нұрды жаза бастауы әлбетте Али мен Мұстафалардың адал ниеттерінің кәраматы екеніне шәк, шүбә жоқ. Кәраматқа ұқсас бұл оқиға осы аймақта Рисалей-Нұр шәкірттеріне үлкен үміт беріп, ынта-жігерлерін оятты. Сендерге және әлгі үмми жазғыштарға жүз мың бәрекелді дедім. Нұр мен Гүл фабрикасының Рисалей-Нұрға қаншалықты қызмет етіп жатқандарын білгім келіп сұрап едім. Үміт еткенімнен де жоғары, мен ойлағаннан да артық екенін Хүсревтің хатынан түсіндім. Яғни, мыңдаған қалам Рисалей-Нұрға қызмет етіп жатқанын, әсіресе сендер айтқан үмми кісілердің бірнеше ауылда елу шақты қаламның көшіріп жазып жатқанын естіп таусылмайтын қазына тапқандай қатты қуандық. Аллаһ сендерге мәңгі бақи разы болсын, әмин. Сендерге Иман мен Құран қызметінде сәттілік тілеймін, әмин. Үлкен
83ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫХафыз Али Назиф бауырымызбен иық тіресіп, оған жетіп алуы тек ол тұрғыдан емес көп жақтан бір-біріне тең келетін тәуәфук тұстары бар. Барлық бауырларыма жеке-жеке сәлем жолдадым. * * * * *Ғазиз, адал бауырларым!Сендердің үміт еткенімнен де зор қажыр-қайраттарың мен ерен еңбектеріңді өмір бақи ұмытпай, дән ризамын, әрі шексіз алғысымды білдіремін. Осы соңғы жолдаған хаттарыңда мынадай бір сұрақ сұраған екенсіңдер: «Құранды жаттауға әрекет қылған абзал ма әлде Рисалей-Нұрды жазу абзал ма? Қазіргі таңда қайсысы маңызды, қайсысын бірінші орындасақ?». Әрине бұл сауалдың жауабы белгілі. Себебі, ғаламда және әрқашан ең жоғары мәртебе Қасиетті Құрандікі. Әрбір әрпіне он сауаптан бастап мыңдаған есе сауап жазылатын Құранды жаттау және оқу қандай да бір қызметтен жоғары, бәрінен үстем. Дегенмен, Рисалей-Нұр сол мәртебесі жоғары Құранның имани ақиқаттарын баяндап дәлелдейтін бірден-бір тәпсір болғандықтан әрі Рисалей-Нұр Құранды жаттауға, оқып үйренуге себеп, ұйытқы болатындықтан сондай-ақ, ақиқаттарын түсіндіріп тәпсірлеп беретіндіктен Құранды жаттаумен қатар оған да уақыт бөліп шұғылдану қажет. Нұр мен Гүл фабрикасы аясындағы және Мүбәрактар тобындағы әрі Лүтфү сынды жандарға, сондай-ақ, Хажы Хафыздар жамағатында Сыддық Сүлеймен, Хаққы дәрежесіндегі әрбір бауырларымызға, әсіресе елу шақты үммиден құралған Рисалей-Нұр шәкірттеріне жеке-жеке дұғай-сәлем айтып, олардан дұға күтеміз. Саид Нұрси* * * * * Сүйікті де қымбатты, қасиеті мол қадірменді Ұстазым!Мен, Рисалей-Нұрдың қызметшісімін әрі шексіз қарыздармын. Оның нұр-фәйзіне лайық болмасам да Раббым молынан жарылқап, көптеген нығметке бөлегенін ойласам көзіме жас келіп, оның шүкірін
84ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБқалай өтейтінімді білмей қиналамын. Кеше ғана жұртқа жағымсыз Назиф бүгін міне адам болып отансүйгіш, ақиқатшыл атанды.жылдар бойы арманым болған Нұр менен Гүл фабрикаларының және Мүбарактар тобының, сондай-ақ сол нұр фабрикасының өнімдері қызу жұмыс істеп жатқанын есту мына әлсіз, кемшін, надан пендеге неткен бақыт десеңізші! Мәртебесі жоғары, Құранда жәннатпен сүйіншіленген асыл жандар Асхаб-ы Гүзиннің (ридуанүллаһи алейһим аджмаин) қазірде мағынауи тұлғаларын шағын түрде көрсетіп, айна болып жүрген сыддықтар, мүджаһидтер, жанкешті қаһарман топтың екі уәкілі, ғазиз бауырларым Мүбарак Сабри мен Бүйүк Хафыз Алидың маған деген мейірім-сүйіспеншілігі, шынайы ықыласы сондай-ақ, оқиғалардың да өзара сәйкес келіп жатуы осы тасқыны күшті нұр дариясының нұр самал желінен пайда болған толқындарының көрінісі яғни ғайби кәрамат. Ол біз үшін аса маңызды тәуәфук. Бұл тәуафуктар бүкіл өмірі күнә жасаумен өткен мен секілді қарапайым пендеге яғни маған қатыстылығы әлгі қасиетті топтың екі уәкілі тарапынан қабылданып, расталуы, олардың ілтипат қылуы мен үшін ғанибет, зор қуаныш. Бұл да Рисалей-Нұрдың киелі бір кәраматы болса керек әрі Раббымның үлкен жарылқауы деп білемін. Оған шексіз қарыздармын. Аса қадірлі бауырларымның киелі қызметі теңіз болса біздікі бір тамшы. Сол азғантай қызметімізді ескеріп мен секілді надан, күнәһар, әлсіз, түкке тұрмайтын пендені әлгі үлкен де маңызы зор Расулуллаһтың асхабының мағынауи тұлғасының кішкене сәулесін көрсететін мүбарактар тобының екі тұлғасы тарапынан еленіп, олардың ілтипатына бөленіппін. Мені осындай дәрежеге Рисалей-Нұр арқылы жеткізген Қадир-ы Мұтлақ, Халиқ-ы Зүлджәлалға Рисалей-Нұрдың қанша әріпі болса сонша мадақ айтуға міндеттімін. Осы қызметтегі қадірлі бауырларымды жеке-жеке құрметтеп, өзімнің шексіз қарыздар екенімді әрі дән риза екенімді білдірмекпін. Тәлабаңыз әрі қызметшіңізАхмет Назиф* * * * *
МЕЙІРІМ СЕЗІМІНЕ БЕРІЛІП ИСЛАМ НЕГІЗДЕРІНЕ ЖАТ, ЯҒНИ БИДҒАТ ЖАСАП, АДАСЫП ЖҮРГЕНДЕРДІ КЕРІ ҚАЙТАРАТЫН БІР АҚИҚАТАдамдарға мейірім Раббани мейрімнің шағылыс-сәулесі, сондықтан әлбетте рахымның өзіндік дәрежесінен аспауы керек және әлемдерге рахым боп жіберілген Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у) мейірім шегінен шықпауы керек. Егер асып кетсе ол мейірім мейірім боп есептелмейді. Ол, адамды адастыратын, діннен бездіретін рухани кесел, қалби ауру боп табылады. Мысалы, кәпірлердің, мүнафықтардың, яғни екі жүзділердің тозақта күйіп-жануын, о дүниядағы ауыр азабын немесе дін үшін соғысты, яғни джихадты өзінің мейірімімен ұштастыра алмай қабылдамау, басқаша жору Құранның сондай-ақ, аспаннан түскен дәстүрлі діндердің басым көпшілігін жоққа шығару, аяттарға сенбеу болып табылады әрі үлкен зұлымдық әрі сұмдық мейірімсіздік. Өйткені, бейшара жануарларды қойша қырған жыртқыш хайуанды аяп, қорғаштау оған мейірімділік жасау әлгі бейшара жануарларды аямау, оларға қастандық, болып барып тұрған айуандық болар еді.Сол сияқты мыңдаған мұсылмандарды зар еңіреткен әрі мәңгі бақытынан айырып, о дүниясын тас-талқанын шығарған және жүздеген имандыларды соңында сорлататын үлкен күнәларға итерген кәпірлерді аяп, оларға жақтасу әрі жанашыр болып жазаға тартылудан құтылып кетуін тілеп, дұға ету әлбетте әлгі жәбірленуші имандыларды аямау деген сөз, оларға деген сұмдық зұлымдық, барып тұрған мейірімсіздік, адам айтқысыз жауыздық болып табылады. Рисалей-Нұрда нақты түрде дәлелденген ақиқат мынау: Күпірлік пен тура жолдан таю дегеніміз әлемді қорлау, дәрежесін төмендету, күллі жаратылысқа қиянат, үлкен зұлымдық боп табылады. Ол, Аллаһтың рахымын түсіртпей, керісінше ашуын шақырып пәлекеттердің келуіне себеп. Тіпті теңіз астындағы балықтар сондай күнәһар залымдардың үстінен Аллаһ Тағалаға шағымданып: «Бұлар әбден мазамызды алды!» дейді екен. Бұл жайлы сахих риуаяттар бар. Олай болса кәпірге жаны ашып олардың азап шегуін қаламайтын адам мейірімге лайық сансыз бейкүнә жандарды аямайды, сұмдық мейірімсіз, жауыз деген сөз. Мынаны ескерген жөн, азапқа лайық
86ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБжауыздарға бәле келген кезде мақсұм бейкүнә жандар да күйіп кетеді, оларды аямау мүмкін емес. Дегенмен жауыздардың кесірінен зарарға ұшыраған бейшараларға өзіндік мәрхамат, құпия мол мейірім жасалады.Дүние жүзілік соғыс кезінде дұшпан кәпірлердің Ислам әлеміне әсіресе бала-шағаға жасаған зұлымдықтарына қатты қайғыратынмын. Бойымда мейірім мен аяныш сезім мол болғандықтан ішім удай ашып, өкініштен өзегім өртеніп кететін. Сонда көкейіме мұндай бір ой келді: Ол жерде өлген бейкүнә жандар шәһид болып әулие дәрежесіне көтерілді, фәни өмірлері бақилыққа айналды, жоғалтқан мал-мүлкі садақа болып мәңгі байлыққа қолы жетті. Тіпті зұлымдыққа ұшыраған кәпір де болса ақыретте өздеріне лайық осы дүнияда шеккен азабына байланысты Иләһи рахым қазынасынан мол сый-сыяпат алатын болады. Егер ғайб пердесі ашылып әлгі байғұс-бейшаралар Аллаһтың рахымы түсіп не ұтқанын көрсе: «О, Раббым! Әлхамдулиллаһ!» деп шексіз қуанар еді. Мұны көзбен көргендей анық білдім. Сөйтіп шамадан тыс мейірімнен пайда болатын уайым-қайғыдан құтылдым. * * * * *Ғазиз, адал бауырларым!Бұл жолы сендерге екі нәрсе жіберіп отырмын. Біріншісі: Мұның бір бөлігін бұдан бұрын жіберген болатынмын. Қазір, мағынауи ескерту келіп, ол толықтырылды әрі өте маңызды екені білдірілді. Бұрынғы Саидтың саясатпен қатысты көне кітаптары оқығандарға пайдасы бар. Дегенмен біршама құпия, әркімге көрсетуге болмайды. Мұны қосымша ретінде тіркеп қоярсыңдар. Екіншісі: Мағынауи ескертуге байланысты, Рисалей-Нұрдың қызметіне зияны тиюі мүмкін, соңғы кезде шығып жатқан кейбір бөтен кітаптарды өзі білмей сатып алған бір бауырымызға ескерту, ретінде жазылған-ды. Ол жазбалардың парқына бармай Рисалей-Нұрдың басқа тәлабалары өз міндеттерін тоқырауға ұшыратпау үшін жасалған ескертпе. Бұл да қосымша ретінде тіркелуі тиіс.Сыртына «Хулуси-і Салис» деп қол қойылған маңызды әрі мені қуантқан әрі Кіші Лүтфүнің орынбасары деуге болатын бір кісінің Рисалей-Нұрға зор еңбегі әрі өзінің затындай иелік еткені жайлы
87ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫжазылған хатты алдым. Ол кісі кім? Мен оған дұғай-сәлем айтып, құттықтағым келеді. Гүл, Нұр фабрикаларына әу баста Мүбарактар тобындағы бауырларыма жеке-жеке сәлем. Бұл елді нұрландырып, Жұмақтың хош иісімен құлпыртқан әлгі фабрикаларға Хақ Тағаладан сәттілік тілеймін. Қызметтері табысты әрі жалғаса берсін, әмин. Біз осы жақта тұрып олардың жарқын нұрларымен, хош иістерімен бақи әлемнің жұпар иісін сезгендей болдық.Рисалей-Нұр тәлабаларының хас шәкірттерінен «сахиб», яғни иелері, «уарис», яғни орынбасарлары және хастардың ішінде де хастары болып саналатын «әркан» мен «әсастар» деп аталатын, мықты тіректер тәрізді бауырларыма соңғы күнде болған бір оқиғаға байланысты мына бір ақиқатты білдірсем деймін:Рисалей-Нұр Ислам ақиқаттарына қатысты мәселелерді түгел қамтып толық қанағаттандырады, басқа кітаптарға қажеттілік туғызбайды. Нақты әрі көптеген тәжірибелерден белгілі болғаны мынау: иманды сақтау және оны қуаттап, тахқиқи дәрежесіне көтерудің ең қысқа әрі оңай жолы Рисалей-Нұр арқылы жүзеге аспақ. Иә, он бес жылдың орнына он бес аптада Рисалей-Нұр сол дәрежеге шығарып шынайы иманға қол жеткізеді. Мына пақыр бауырларың, жиырма жыл бұрын терең зерттеп, талдаумен шұғылданып кейде бір күнде бір том кітапты түсініп талқылайтын еді. Қазір жиырма жылға жуық Құран және Құраннан шыққан Рисаил-і Нұр мені толық қанағаттандыруда. Бірде бір кітапқа мұқтаж болмадым, қолыма басқа кітап ұстамадым. Рисалей-Нұр сан-алуан тақырыптағы ақиқаттарды баяндайтын бола тұра жазылып жатқан кезде жиырма жыл бойы ешбір кітапқа жүгінбедім, қажеттілік сезбедім. Олай болса әлбетте сендер жиырма дәреже қажеттілік сезінбесеңдер керек. Сондай-ақ, мен сендерге қанағат етіп келдім әрі ете де беремін. Басқаларға қарап, өзгелермен шұғылданбай келемін. Олай болса сендер Рисалей-Нұрға қанағат етулерің керек, тіпті мына заманда міндеттісіңдер. Әрі, қазіргі таңда кейбір ғұламалар небір жаңа кітаптар шығаруда. Олардың ұстанған жолдары, әдістемелері әртүрлі және бидғаттарға ыңғайлы. Сондықтан Рисалей-Нұр дінсіздерге қарсы
88ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБиман ақиқаттарын қызғыштай қорғап, олармен күресіп, бидғаттарға қарсы Құранның әріптерін, Құранның хат-жазуын сақтау оның бір міндеті бола тұра хас тәлабалардың ішінен біреуі, Құранның әріптерін, оны жазып, іс жүзінде үйретіп жүрсе дағы бір сезім билеп, неге екені белгісіз, дінді перде қылып жамылып Құранның әріптерін үйренуге үлкен кедергі туғызып, оңдырмай соққы беріп жүрген кейбір молдалардың пайдаланып жүрген қаруларын, яғни кітаптарын сатып алыпты. Менің одан хабарым жоқ. Кенет мені тауда қатты ашу қысып әлгі хас тәлабаға ызаландым. Кейін ескерттім. Әлхамдулиллаһ, есін жиып, Иншаллаһ толық құтылды. Бауырларым! Ұстанған жолымыз басқаларға тиісіп, шабуыл жасау емес, керісінше қорғану әрі бұзып-қирату емес жөндеу әрі үкім шығару емес, үкімге мойынсұну, бағыну болып табылады. Бізге тиісетіндер көп. Ұстанған жолдарында әлбетте аса маңызды және біздіңде затымыз ұлы ақиқаттар бар. Ол ақиқаттардың жайылуына олар бізге мұқтаж болып жатқан жоқ. Мыңдаған кісілер сол кітаптарды оқып, таратып жүр. Біз егер оларға көмекке барсақ мойнымыздағы аса маңызды әрі жауапкершілігі мол міндет тоқырап, толық атқарылмай қалады. Сондай-ақ, сақталуы қажет әрі жеке топтарға қатысты кейбір негіздер, терең ақиқаттар зая болып жоғалып кетуі мүмкін.Мысалы, заман ағымын сылтау етіп бір кездері Вахабизмнің жайылуына және Меламиліктің басқа түрін жаю мақсатында шариғаттың кейбір рұқсат тұстарын пайдаланып кітаптар жазылған болатын. Рас, Рисалей-Нұрдың әркімге және жаппай емес, бірақ міндетті түрде Ислам ақиқаттарының шеңберінде жалғасын тауып келе жатқан «әсас-ы уәлает», «әсас-ы тақуа», «әсас-ы азимет», «әсасат-ы Сүннет-і Исламия» сынды, яғни әулиелік негіздері, тақуалықтың шарттары, Ислам қағидаларының негіздері сынды мәселелерді сақтау оның басты міндеті. Амал жоқтық, шарасыздық деген сылтаумен немесе жағдайға байланысты деп оларды тастауға болмайды. Жазылып, жарыққа шыққанына отыз төрт жыл болғанда «Мүназарат» атты кітап қолыма тиіп, қайта қарап шықтым. Бұрыңғы Саид сол заманғы төңкерістердің әсерленіп және сол кездегі қоғам мен
89ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫсыртқы күштердің ықпалында қалып жазған осы тектес еңбектерінде қателіктер бар екенін байқадым. Сол қате-кемшіліктерді ойлап бүкіл болмысыммен истиғфар-тәубе етіп, қатты өкіндім. Хақ Тағаланың рахымынан өтінерім: Иманды жандарды үмітсіздіктен құтқарайын деген ниетпен жіберген қателіктерімді ниетіме қарай мағфират қылсын, кешірсін. Бұрыңғы Саидтың мұндай еңбектерін қарап отырсаң екі негізге сүйеніп жазғаны байқалады. Ол негіздер бекер емес ақиқат. Дегенмен әулиелердің кәшфияты, яғни ашқан сырлары қалайша тәуил керек етеді және садық түстің өзі жоруды керек қылады, сол сияқты мұндай алдын-ала сезіп, хабар берген нәрселер де жорып-жорамалды жасау қажет етеді. Бұрыңғы Саид сол кездегі сезіп-білген екі ақиқатты ешқандай тәуил қылмай, еш жорымай тура баяндап қағазға түсіргені біршама қате әрі шамалы қайшылық байқалады. Ол негіздердің біріншісі: Мүміндерді үмітсіздіктен құтқару үшін: «Болашақта бір Нұр шығады!» деп сүйінші хабар берген болатын. Ол келешекті болжай алатын сезімімен Рисалей-Нұрдың, ең сұмдық аласапыран заманда көптеген имандылардың иманын қуаттап, сақтап қалатынын сезіп, сол ниетпен азаттық кезеңдердегі саяси ахуалға қарап ешқандай жорусыз, тәуилсіз, тікелей солай болады деп ойлаған. Оны саясат әлемінде, күш-қуатпен болатын, әрі сан жағынан басым болатын оқиға деп есептеген. Дұрыс сезген бірақ толық дұрыс деуге келмейді. Екінші негіз:Бұрыңғы Саид кейбір данышпан саясаткерлер секілді және ерекше дара әдебиетші тұлғалардың сезгеніндей ол да бір сұмдық озбырлық (диктатура) болатынын сезіп оған қарсы қам жасаған-ды. Ол, сезгенін жорытып, жорамал жасау керек бола тұра парқына бармай ресми, әлсіз және озбырлықтың бір көлеңкесін көріп соған қатты шүйліккен-ді. Алайда оны мазалаған біраз уақыт өткен соң болатын озбырлықтың көмескі ұшқыны еді. Оны озбырлықтың өзі деп ойлап қарсылық білдіріп білдір шабуыл жасағаны еңбектерінен байқалады. Мақсаты дұрыс, бірақ нысана қате.Міне, бұрынғы Саид ертеректе осындай сұмдық озбырлық, өктем диктатура орнайтынын сезген. Оны кейбір еңбектеріде сынға алғандығы байқалады. Ол сұмдық диктатураны тоқтатудың шарасы
90ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБ«мешрута-и мешруа», яғни шариғатқа сай кеңес, мәселені ақылдасып шешу, сол арқылы құтыламыз деп ойлаған. Шариғат аясында егеменді болып Құранның үкімдерімен санаса отырып әлгі сұмдық диктатура дейтін бәленің бетін қайтарамыз деп соған қарай тырысып бақты. Иә, «Мүназарат» атты кітапта мысқылдап қазғаға түсіріп отырған кейбір жазбалары бар. Оны кезінде ойы ұшқыр жаны нәзік шәкірттерімен қалжыңдаған боп жазған. Өйткені, шәкірттері тауда өзімен бірге болатын. Оларға дәрісті осылай үйрететін. Сондай-ақ, бұл «Мүназарат» рисалесінің өзегі, негізі боп саналатын соңғы жағындағы «Медресе-түз Зәхра» жайлы, оның мән-жайы туралы жазбаға келсек, ол келешекте жарыққа шығатын Рисалей-Нұрға орын дайындау, бір мағынада бесік жасау болып табылады. Бірақ автор өзі парқына бармай, еріксіз түрде болатын, яғни оны бір құдырет жасап жатқан, яғни жасатып жатқан болатын. Автор алдын-ала сезіп сол нұр ақиқаттарына материалдық әлемінен іздеп, сезенімдей болады деп күткен. Дегенмен дәл қазіргі таңда сол ақиқаттың заттық жағы да, яғни көзге көрінетін тұстары да жүзеге аса бастады. Сол кездегі патша Сұлтан Решат, он тоғыз мың алтын лираны Ван қаласында ірге тасы қаланған сол «Медресе-түз Зәхра» атты оқу орнына аударады. Бірақ бірінші дүние жүзілік соғыс басталып, кейінге қалады. Бес-алты жыл өткен соң Анкараға барып тағы сол мақсатын жүзеге асыруға тырысады. Екі жүз депутаттың жүз алпысы қол қойып әлгі медресеге деген қаражат жүз елу мың банкнотқа жетеді. Алайда, тым өкінішті-ақ, сол жылдары медреселер жабылып жатқан кезең еді. Мен олармен тіл табыса алмай тағы да мақсатым жүзеге аспай кейінге қалды. Бірақ, аса мейірімді Хақ Тағала, менің армандаған медресенің мағынауи түрін Спарта уәлаятында ашуды нәсіп етті, яғни Рисалей-Нұрды сыйлап, жүзеге асырды. Құдай қаласа болашақта Рисалей-Нұр шәкірттері менің арманым әлгі асқақ ақиқаттың заттық түрінің де жүзеге асыуына ат салысар. Бұрынғы Саид «Иттихад уә Тәракки» комитетіне мүлдем үзілді-кесілді қарсы бола тұра олардың өкіметіне, әсіресе армияға жақтасып, оларды жоғары бағалауы, олардың сапында көрінуі неліктен десең, оның мәнісі мынау: алдын-ала сезу арқылы майы алынбаған сүтке ұқсас әлгі әскери жамағаттың ішінде және сол ұлттық қозғалыстың арасында бір миллионға жуық, әулие дерлік шәһидтер болып, олар
91ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫалты-жеті жылдан кейін ортаға шығатынын сезген. Еріксіз түрде – ұстанған жолына қайшы болса дағы – олармен бірге төрт жыл арасында жүрді кейін өздеріңе. Мәлім дүние жүзілік соғыс болғанда әлгі берекелі сүттің майы алынды, құр айраны қалды. Жаңа Саид болса Бұрығы Саидтан мүлдем басқаша дінге қызметін қайта жаңғыртып рухани күресін жалғастыра берді.* * * * *Ақырзаманда көктен Хазіреті Иса (аллейхиссәлам) түсетіні және Тажалды өлтіретіні жайлы сахих хадистердің мән-мағынасын түсінбегендіктен кейбір ғалым-сымақтар әлгі риуаят пен хадистің сыртына қарап өздерінше ақылға қонымсыз түрде суреттеп мүмін-халыққа зиян келтірді. Діннен безгендер мұндай сырт көзге ақылға сыймайтын көрінетін хадистерді желеу етіп Ислам ақиқаттарына күмәнмен қарап тиісіп бақты. Рисалей-Нұр осы тектес мүтәшабих хадистердің хақиқи тәуилін яғни мән мағынасын Құранның фейзімен ашықтап көрсетіп берген. Әзірге үлгі ретінде бір ғана мысалын баяндап берелік: Хазіреті Иса алейһиссалам Тажалмен шайқасып оны өлтірер кезде шамамен он аршын секіріп соның өзінде қылышы оның тізесіне ғана жетеді екен. Демек Тажалдың дене бітімі Хазреті Иса пайғамбардан сонша есе үлкен деген мағынада риуаяттар бар. Сонымен Тажал Иса пайғамбардан он, тіпті жиырма есе биік болғаны ғой. Бұл риуаяттың сыртқы мағынасы дүнияның өлшемдерге емтихан сырына сәйкес келмейтіні секілді адамзат әлемінде әдет болған Аллаһтың заң-ережелеріне де үйлеспейді. Алайда осы хадис, риуаятты Құдай сақтасын, мухал, яғни мүмкін емес, аңыз деп санайтын кәпірлердің үнін өшіру үшін, сондай-ақ, молдасымақ, көргенін ақиқат деп қабылдайтын және сол хадистің кейбір ақиқат тұстарын көзбен көре тұра әлі күнге шейін енді келеді деп күтіп жүргендерді ескерту мақсатында аталған хадистің дәл осы заманға қатысты мағыналары ақиқат, нағыз шындық, дәлме-дәл сәйкес екендігін көрсетуге тура келіп тұр. Сонымен, Иса пайғамбардың дінін және сол діннің бұрыннан келе жатқан салт-дәстүрін сақтаймын деп ортаға шыққан үкіметпен сондай-ақ ресми түрде өзінің бас пайдасы үшін қараңғы дінсіздікті
92ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБұстанып, болшевизмге көмектесіп, дінсіздікті қуаттаған бір үкіметті алайық. Сасық әрі болмашы пайда үшін Ислам әлемінде және Азияда дінсіздіктің жайылуына тараптар және бүлікшіл, озбыр әлгі үкіметке соғыс ашқан алғашқы үкіметтің мағынауи тұлғасын адам бейнесінде суреттейтін болсақ, сосын дінсіздік ұғымды жақтайтындарды да бір адам бейнесінде суреттесек үш тұрғыдан әлгі хадистің мағыналары ашылып, тура екенін заман, қазіргі жағдай көрсетіп. Егер қазірде басым күшке ие үкімет, бұл соғыста жеңіске жетсе манағы хадистің ишари мағынасы сарих, яғни ашық түрде ортаға шығады. Егер толық жеңбесе де ишари мағынамен соған саяды. Біріншіден: Иса пайғамбардың дінін сақтап оны шынайы түрде ұстанамыз деген Исауилік руханилерді бір жамағат деп қарап, ал оларға қарсы дінсіздікті жайғысы келетін қарсыластарды бір жамағат деп, екеуін қатар қойып сомдап қараса біреуі мұнарадай ұзын бір адам, ал екіншісі кішкентай бір бала болып шығар еді. Екіншіден: Ресми түрде жариялап, бір Құдайға сеніп жер жүзінде дінсіздікті жоямын, Исламды, жалпы мұсылмандарды қорғаймын деген үкіметтің халық саны жүз миллион дейтін болсақ, оны өзіне қарсы төрт жүз миллионға жуық халқы бар екінші елмен салыстырсақ сондай-ақ, төрт жүз миллион халқы және одақтастары бар болшевиктерге тұтқиылдан соққы берген жаңағы үкіметтің мағынауи тұлғасын өздерімен соғысып жатқан дінсіздерді және оларға жақтастарды бір мағынауи тұлға ретінде қарап, ойша денеге айналдырсақ тағы да мұнарадай биік біреумен бойы аласа біреу көз алдымызға елестейді. Риуаятта былай делінген: «Тажал дүнияны жаулап алады!», яғни мұның мағынасы жалпы көпшілік оны жақтап, тараптар болады деген сөз. Рас, жағдай солай болды.Үшіншіден: Егер Жер шарының төрт материгінің ішінде (Сілтеме ) *ең кішкентайы Европаның және оның да төрттен бірі болмайтын бір ел, Азиядағы көптеген елдерді, сондай-ақ, Африка, Америка, Австралияны тізе бүктіріп үстем келген және Иса пайғамбардың атынан, оның уәкілі ретіндегі бір елмен одақ құрып, дінге сүйеніп осылайша өктемшіл диктатор, дінсіз ағымдарға қарсы аспаннан парашюттермен түсіп шайқасып елді өзіне қарсылас елдермен бірге қойып оларды адам бейнесінде суреттеп салыстырар болса, бұрынғы Сілтеме*: Австралия назарға алынбаған.
93ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫзаманда газеттерде суреттелгеніндей бір елдің қарулы күштерін, дәреже-деңгейін көрсету мақсатында олардың мағынауи болмысы жер шары картасында адам бейнесінде суреттелсе шәриф хадистің ғайби хабарының ақырзаманға қатысты бірнеше мағыналарының бір мағынасы дәлме-дәл, толық түрде көрінер еді.Тіпті, Иса пайғамбардың (а.с) аспаннан түсетініне ишара қылғандай Иса пайғамбардың атынан шыққан бір топ, осы кезге дейін соғыс тарихында болмаған таңғажайып түрде ұшақтармен, парашюттермен аспаннан шабуылдап, көктен бір бәле түскендей дұшпандарын састырып, төбеден соққы беруде. Бұл, Хазреті Иса пайғамбардың көктен түсетінінің заттық тұрғыдағы бір көрінісі деуге болар. Иә, киелі хадистің айтқанындай Иса пайғамбардың көктен түсетіні анық. Сонымен қатар ишари мағынасымен басқа да ақиқаттарды білдіргені секілді осы ақиқатты да мұғжиза түрде білдіріп отыр. Кіші Хусрев деуге лайық Фәйзи мен Әминнің сұрағына және олардың қалауына байланысты кейбір бейшаралардың имандарын шәк-шүбәдан құтқару мақсатымен бұл тақырыпқа қатысты бір-екі әрі кетсе үш-төрт жол жазу жазып қоя салармын деп бастап едім, еріксіз түрде ұзады. Неге екенінің, хикмет-сырын біле алмадық, мүмкін бір хикметі бар шығар деп сол күйінде қалды. Айыпқа бұйырмаңдар! Бұл жазбаны тексеріп, жөндеуге уақыт таба алмадық, шимай хәліндегідей жазылды.* * * * *Ғазиз бауырларым, адал достарым!Көп жасаңдар, бақытты болыңдар! Сендердің ықыласты қайрат-жігерлерің осы өңірді және басқа да өңірлерді ынталандырып, құлшыныстарын оятуда. Хақ тағалаға шексіз шүкір, күннен күнге Рисалей-Нұрдың футухаты яғни жеңісі артып келеді. Иман иелері рухани жараларын сезініп, Рисалей-Нұрдан дәрі-дәрмекті тауып пайдаланып жатыр.
94ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБХафыз Алидың хатында жазған екі аяттың ишарасына мұқият қарап шықтық. Біз де Нұр фабрикасының иесіне ұқсап қатты қуанып, көңіліміз бір көтеріліп қалды. Бірақ Рисалей-Нұрды ғайби ишарамен хабар берген отыз үш аят аятымен аяқталғандықтан осы соңғы жіберген екі аяттың өзіндік ишараларына жол ашылмады. Сондай-ақ, отыз үш аяттың қайсының қосымшасы болатыны әзірге белгісіз. Тек мынаны ғана түсіндік: сөзі Рисалей-Нұрдың жаюшылары мен көшіріп жазушыларын ишари мағынамен меңзейді екен. Сондай-ақ,сөзі де Рисалей-Нұрдың бөлімдерін, парақтарын, кітаптарын ишари мағынамен меңзеп тұр. Алайда, джифр есеп бойынша мың үш жүз алпыстан сәл аса ол жағдай жарқын көрінеді деп қысқа-нұсқа тұжырым жасадық. Гүл фабрикасы бізге керемет Мұхаммеди гүл (с.а.у) бақшасын тарту етеміз деп еді. Соны жан тәнімізбен асыға күтудеміз. Бұл заманда Құдайға шүкір, көркем сүннет саясында кәміл иманға қолы жеткен Рисалей-Нұр шәкірттері әулие-мүршидтердің назарын аударатындай дәрежеге жеткендіктен әр кезеңде болатын нағыз мүршид-ұстаздар, қазіргі таңда міндетті түрде Рисалей-Нұр шәкірттеріне қызығушылық көрсетіп біреуін тапса жиырма мүрид-пірәдар тапқандай мән берер еді. Сондай-ақ, әулиелік жол зауықты әрі қызық та тартымды бола тұра Рисалей-Нұр қызметіндегі мәшақат, қиыншылық, күрес пен ауыртпашылық әлдеқайда жағымды әрі тартымды болуының сырын баяндап берейін. Фәйзиге жазылған ол ақиқат сендерге де пайдасы болар деген ниетпен жіберіп отырмыз. Барлық бауырларыма жеке-жеке сәлем.Фәйзи бауырым! Сен, Спарта уәлиятындағы батырларға ұқсағың келсе дәл олар сияқты болуың керек. Абақтыда – Аллаһ рахымына бөлесін – атақты шәйх, үлкен бір пір әрі мүршид және адамды өзіне еріксіз тартып алатын Нақшибәнди әулие бір кісі Рисалей-Нұрдың елу шәкіртінің ішінде жүріп төрт ай бойы тынбастан қызықты да тартымды сұхбат жүргізсе дағы өзіне бір ғана шәкіртті тарта алды, ол да уақытша еді. Қалған шәкірттер әлгі әсері күшті пірге
95ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫсуыққанды, өз жолына қанағаттанарлық сыңай танытты. Оларға Рисалей-Нұрдың шоқтығы биік, маңызы зор иман қызметі жеткілікті болатын, олар соған қанағат етті. Әлгі шәкірттердің өткір көкірек көздері мына ақиқатты көріп, аңғарған: Рисалей-Нұр арқылы қызмет иманды сақтап қалады, ал тариқат, пір, әулиелік жол болса әулиелік дәрежеңді көтеріп, соған қол жеткізеді. Бір адамның иманын сақтап қалу қызметі он мүмінді, яғни иманы бар кісіні әулие дәрежесіне жеткізуден әлдеқайда маңыздырақ, сауапты іс. Өйткені иман адамды мәңгі бақытқа бөлейтіндіктен мүмін жер шарындай бақи сән-салтанатқа ие болады. Ал әулиелік болса мүміннің жәннатын, жұмақтағы мәртебесін көтереді. Бір адамды сұлтан-патша қылу он солдатты генерал қылудан қаншалықты маңызды қызмет болса бір адамның иманын сақтап қалу он адамды әулие қылудан әлдеқайда маңызды да сауапты қызмет. Міне, осы терең сырды сенің Спарталық бауырларыңның кейбірі ақылмен білмесе де барлығы дерлік көкірек көзімен көрсе керек, мендей бейшара, күнәһар адаммен дос болуды әулиелермен, егер болса мүджтаһид, асфиялармен дос болудан жоғары санауда. Осы ақиқатқа орай айтпағым, егер осы қалаға бір қутуб, яғни рухани мәртебесі тым жоғары айталық Ғаус-ы Ағзам Шәйх Гәйлани келсе, сөйтіп сені «он күнде әулие қыламын, жоғары мәртебеге шығарамын», десе, сен Рисалей-Нұрды тастап оның жанына кетіп қалсаң Спарталық батырларға жолдас бола алмайсың. * * * * *
96ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБҒазиз және адал бауырларым! Жанкешті де сенімді достарым!Біріншіден: Сендерге мына келе жатқан қасиетті үш айларың және оның ішіндегі қымбатты мүбарак түндерің құтты болсын демекпін. Хақ тағала әрбір түнін сендерге Рәғайыб, Қадір түніндей сауапты да берекелі қылсын, әмин.Екіншіден: Сендердің осы жолғы нұрлы кәделеріңе дән риза болдым. Аса мейірімді Аллаһ тағала әрбір әрпіне мың сауап жазсын және Асым бауырымыздың рухын рахымына бөлеп, жатқан жері жәйлі болсын. Үшіншіден:Қасиетті Құранның және Рисалей-Нұрдың қазыналарын ашатын кәрамат, алтын кілт тәріздес Хүсревтің қаламы расында Ардақты пайғамбарымыздың (с.а.у) мұғжизаларының құпия сырларын ашып, әсем тұстарын көзі бар әркімге жарқын түрде көрсетуде. Аллаһ Тағала ол қаламды осы қызметте жұмсап, сәтті әрі әрдайымғы қылсын, әмин. Мүбарактар тобының үлкен қаһарманы Үлкен Алидың қызметіне ұқсас Кіші Алидың Құран мұғжизалары жазбасы Ардақты пайғамбарымыздың (с.а.у) мұғжизасына сай дәрежеде бақи жақұттай қымбат әрі бақи. Әрхам-үр Рахимин жазған кісіге әрбір әрпіне он сауаптан жарылқап мейіріміне бөлесін, әмин.Мехмет Тахири, Кіші Лүтфүнің соңынан ерген ізбасары және Атабейдің қаһарманының осы өңірге жолдаған нұрлы да керемет сый-кәделері біз үшін өте қымбатты сый. Рахман-үр Рахим өзінің рахым қазынасынан оған және әкесіне әрбір әрпі үшін, әрбір сөзі үшін рахым жаудырсын, әмин. Айдынлық Хасан Улвидың ұшқыр
97ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫқаламы иншаллаһ марқұм Асымның аяқталмай қалған нұр міндетін толықтырмақ және ұшқыр қаламымен Асым мен Лүтфүнің рухтарын шаттыққа бөлемек. Оның кішкентай сыйлығы болашақта үлкен қызмет ететінінің белгі-нышаны ретінде жоғары бағаға ие. Аллаһ оған риза болсын, әмин. Рисалей-Нұрдың қызметінде үлкен рөл ойнайтын және рисалелерде сұрақ қою арқылы төрден орын алған және сол арқылы рухани түрде бірге жүретін бауырымыз Рәфәт бэйдің хатына, сондай-ақ, Гүл фабрикасының уәкілі «Мұхаммеди гүл» атты бау-бақша еккен Хүсрев бауырымыздың хатына жеке-жеке жауап хат жазғым келеді, бірақ әзірге уақыт тар, мүмкіншілік болмай тұр. * * * * *Ғазиз, адал бауырларым!Сендердің хаттарыңа қатты қуанғанымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Әсіресе Хусревтің аса қымбат екі хатында Хажы Хафыздың ауылында Рисалей-Нұрдың қарқынды түрде тарап жатқанын естіп қатты қуандым. Ол екі хатты бойтұмар секілді немесе айғақ ретінде сақтап, осы өңірдегі тәлабаларды құлшындыру үшін көрсетіп жатырмыз. Рисалей-Нұр Құранның мағынауи мұғжизасы болғанындай, Хусревтің де қаламы Рисалей-Нұрдың үлкен бір кәраматы екені осы жергілікті шәкірттер тарапынан күнде мойындалып көзге көрініп-ақ жатыр. Хүсревтің хатына ұзақ хатпен жауап жазғымыз келеді, бірақ оған мүмкіндік болмай тұр. Мүбарактардың батыр шәкірті Кіші Алидың жазған хаты маған үлкен үміт сыйлады. Оның ағасы және марқұм Абдрахманның нағыз орынбасары, мүбарак Мұстафа Хулусидың Хафыз Ахмед дейтін мүбарак баласы әкесі мен көкесіне ұқсап Рисалей-Нұрға қызмет етіп жатқанын естіп қатты қуандым. Бейне бір Абдрахман қайта тіріліп келгендей риза болдым. Арас Атабэйден шыққан және бұрыңғы Лүтфү, Зәкаи дейтін екі қымбатты шәкірттерді жоқтатпай, олардың орнын басып, солар сияқты Арастың қаһарманы Тахир мен Абдуллаһ Чавуш бауырларымыздың Рисалей-Нұрға аянбай қызмет етуі, менің Арас туралы уайымымды түбірімен жоқ қылды. Исмаил ұлы Хүсейіннің сырқаттанып қалғаны болмаған екен. Иншаллаһ ол дәл
98ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБЛүтфү сияқты көп қызмет етеді. Сендерден келген хаттарға біршама түзету жасалып лахикаға, яғни қосымша ретінде кітапқа енуде. Сендерге бұл жолы құпия сырындағы ғайби, астарлы мағынасындағы қысқа ақиқатқа қатысты көкейге кенеттен келген жазбаны, сосын оның қасына да «Тәсәттүр» рисалесіне сілтеме болатын жазбаны жіберіп отырмыз. Бұл қасиетті үш айлар сексен жылдан астам мағынауи өмір сыйлайды. Олай болса әлбетте сендердей мүджаһит батырлар оны тиімді пайдаланбақ. Хақ тағала әрбір түнін сендерге Миғраж, Барат және Қадір түні секілді қымбатты да сауапты қылсын, әмин.(Маңызды, бірақ біршама құпия)Ғазиз бауырларым!Құпия деген жазбамда джифр арқылы шығарған мағына дәл «Мүназарат» рисалесіндегі «келешекте бір нұр шығады, көреміз әлі» деген ғайби сүйінші хабарға ұқсайды. Ол жерде дұрыс әрі илһаммен келген ақиқатты пікірге салып қателесіппін. Ол қателігім мені көп ойландыратын. Мүназарат, Сунухат секілді рисалелердегі нұр жайлы сүйінші хабарына келсек, ол мәселені Рисалей-Нұр толық шешіп берді. Саяси кең шеңбердің орнына әлдеқайда маңызды нұр шеңбері арқылы ол қатемді түзеткені секілді әлгі дейтін жазбамда «он екі, он үш жылдан кейін Исламға қиянат жасағандардың бастарына қияметке дейін ұмытылмайтын сұмдық бәле келеді!» деген мағынада джифри есеппен берген хабарым негізінде кең шеңберде болатын, шатасып нұр шығатын тар шеңберде, белгілі бір өкіметте деп ойлаппын. Пікірім әлгі кең шеңберді қамти алмай ақиқаттың бейнесін өзгертіп жіберіпті. Алайда, сол хабар-белгінің көрсеткені уақытында әлгі режимнің құрушысы және көсемі өліп, сазайын тартты. Дәл сол жылы астыртын әрі дүниенің жартысын, адамзаттың басым көпшілігін бұғаулап, өктемдік жүргізіп келген сұмдық ағымның өзегі және түймесі шешіліп және мағыналық жағынан мыңдаған басының бір басы, сондай-ақ, ең қауіптісі, яғни әлгі қарасы құрыған адам, сазайын тартқан кезде дәл сол мезгілде жыл өтпей жатып ол қауіпті ағымның бүкіл бастары және жақтастары
99ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫаспани бәлелерге, түрі жаман пәлекеттерге ұшырай бастады. Олар сол азапты қияметке дейін тартады, тартыпта жатыр. Дәстүрлі діндерге және дін Исламға жасаған қиянаттарының жазасын кең шеңберде тартты, тартуда. Азғын мәдениеттің лас қоқыстарымен дүнияны ластағандары үшін жоғарыда көрсеткен жыл-тарихта әлгі мәдениеттің басындағылар аспани бәлеге ұшырап, таяқ жеді. Сөйтіп оларды жабайылықтың ең төменгі дәрежесіне бірақ түсірді.Сонымен, жазбасында ауқымы кең шеңберде болатын оқиғаны тар шеңберде деп, солай жорылған еді. Ал бір нұрдың шығатыны туралы сүйінші хабар тар және рухани бірақ мәртебесі жоғары шеңберде болатын, бірақ оны кең және материалдық бейнеде суреттелген. Хақ тағалаға жүз мың шүкір етемін, осы аталған екі қателігімді қуатты рухани ескерту арқылы жөндеп түзетті. сырына бөледі. * * * * *Ғазиз бауырларым!Абай болыңдар, осы жазбаны, яғни әркімге айтыла бермейтін сырды паш етпеңдер және ол рисалені де терең зерттеп, көп шұғылданбаңдар! Тек сенімді, зияны жоқ деген хас шәкірттерге көрсетерсіңдер!* * * * *Ғазиз, адал бауырларым! Бұл жолғы хаттарың келмей тұрып көкейге ескертпе жасалып сұрақ өз жауабын кәрамат түрде жазғызыпты. Демек, хатты жазғандардың шынайы ықыласы кәрамат дәрежесіне жеткен.Бауырларым, хаттарыңды оқып отырып ұшқыр пікірлеріңе, жоғары баға бергендеріңе риза болып ол жердегі мақтауға мыңнан біріне ие болсам шүкір етемін. Негізінде Рисалей-Нұрдың рухани тұлғасының және саны көп шәкірттерінің арасында біз білмейтін мәртебесі жоғары біреудің әсері байқалады, сол үкім жүргізіп тұрғандай. Бірақ
100ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБоны мен секілді дәрежесі мың есе төмен бейшарамен шатастырады. Ақым жоқ бола тұра маған асыра сілтеп берген мақам-мәртебелерің иншаллаһ сендерге зияны тие қоймас. Дегенмен, Рисалей-Нұрдың қарқынды бет алысына зиян келтіруі мүмкін. Сендер бір ақиқатты сезіп отырсыңдар және кіршіксіз адалдықтарың, ыстық ықыластарың дұрыс көретін шығар, алайда сыртқы көрініс алдауы мүмкін. Біздің міндеттіміз қызмет ету, ал нәтиже, табысты болу ол Аллаһтың ісі. * * * * *(Аса маңызды)Рисалей-Нұр тәлабаларынан кейбір бауырларым мені шамадан тыс артық бағалап, әсірелеп жіберген тұстарын жөндеп, түзету мақсатында көкейге келген ескі бір естелік. Бұдан қырық-елу жыл бұрын үлкен ағам Молла Абдуллаһ (рахмәтуллаһ алейһ) екеуміздің арамызда болған әңгімені баяндап берейін. Менің марқұм бауырым ірі тұлға, әрі әулие Хазіреті Зияәддиннің (құддус-ы сырруху) хас мүриді болатын. Тариқатта Муридін яғни шәкірт мүршид-ұстазын асыра сілтеп, қатты жақсы көру, шамадан тыс жағымды көру мақбұл, саналады яғни қабыл көретіндіктен бір күні сол марқұм бауырым маған былай деді: «Хазіреті Зияәддин бүкіл ілімді меңгерген. Ол ұлық қутуб сынды білмейтіні жоқ!» деп осылайша мені өздеріне тарту үшін пірінің таңғажайып қасиеттерін айта бастады. Мен ол бауырыма былай дедім: «Сен асыра сілтеп мақтадың. Екеуміз кездессек оны көп мәселеде жеңіп тастай аламын. Әрі, сен оны мен секілді шынайы жақсы көрмейсің. Неге десең, әлемдегі бүкіл ілімді меңгерген ұлық кұтуб түрінде қиялдап, сол қиялыңдағы Зияәддинді жақсы көріп отырсың, яғни сол жағына көңілің ауып, жақсы көресің. Егер ғайып пердесі ашылып, ақиқат ортаға шықса, оның кім екені көрінсе сендегі сүйінпеншілік пен құрмет я жоғалып зая болады я болмаса төрттен үші кетіп азайып кетер еді.Алайда мен ол мүбарак кісіні сен секілді қатты жақсы көремін, жоғары бағалаймын. Өйткені, ол көркем сүннет аясында, тура жолда жүріп имандыларға таза әрі әсерлі қызмет еткен аса қымбатты рухани жетекші. Сондықтан жеке тұлғалық мәртебесі қандай болса да атқарған қызметі үшін жанымды пида етуге дайынмын. Перде
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296