201ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫНұр шәкірттері Рисалей-Нұрдан қуатты әрі шынайы иман дәрісін алғандықтан себептерге, құлшылық тұрғысынан мән бермейді. Құлшылық кезінде көрсетпелік жасап рия қылмайды.Екінші себеп: Хырсланмақ, қанағатсыздық.Өзінің мұқтаждығын халыққа көрсетіп елдің назарын аударады. Рисалей-Нұрдың шәкірттері үнемділік, қанағат, тәуекел, бұйырғанға риза болу секілді Рисалей-Нұрдан алған имани абырой, иншаллаһ оларды риядан, дүниялық пайда көздеп жағымпаздану сан сақтайды.Үшінші себеп: Атаққұмарлық, жоғары мәртебеге көтеріліп өз қатарынан биік тұру дейтін сезім және халық арасында танымал болу, көзге көрініп өзіне шамадан тыс мән бергізу және лайық болмаса да жоғарғы мақамда көрінгісі келіп рия жасайды. Рисалей-Нұр шәкірттері «әнәні» «нахнуға» ауыстырғандықтан яғни «мен» деудің орнына «біз» деп, менмендікті тастап Рисалей-Нұр шеңберіндегі мағынауи тұлғаның атынан әрекет қылады, «мен» демей «біз» деп сөйлейді. Сондай-ақ, тариқатшылардың «фәнә фиш-шәйх», «фәнә фир-русул» және жүгенсіз нәпсіні өлтіру секілді риядан сақтайтын тәсілдердің біреуі бұл заманда «фәнә фил-ихуан» яғни жеке басын ұмытып бауырларының мағынауи тұлғасын ойлап олардың арасында өзін ұмытып елемей, солар сияқты әрекет ететіндіктен иншаллаһ ақиқатқа жеткендер секілді риядан құтылып, жасанды әрекеттен аман болады. Үшінші тұжырым: Дін маманы уағыз-насихатын халыққа жағымды қылып қабылдату үшін және соның талабына сай ықыласпен іс-амал жасау мақтангершілік, жағымпаздық, рия боп саналмайды, саналмауы тиіс. Ал, менмендікке салынып оны жеке басына құрал ретінде пайдаланатын, туа біткен рияшыл болса ол басқа мәселе.Иә, бір имам имамдық қызметі кезінде тәсбих-зікірлерді жария түрде жұртқа естілетіндей дауыстап айтады. Бұл еш рияшылдық саналмайды. Бірақ қызметінің тысында тәсбихатты жария түрде дауыстап айтса рия араласу мүмкін болғандықтан іштей айтқаны абзал.Рисалей-Нұрдың шынайы шәкірттері дінді жаюға және көркем сүннетке сай құлшылық етуге және үлкен күнәлардан қашып тақуалық амалдарында Құранның атынан міндетті болатындықтан,
202ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБиншаллаһ риядан аман болады. Ал енді Рисалей-Нұр шеңберіне бөтен ой, басқа ниетпен кірген болса ол басқа. Тағы да бұл туралы жазайын дедім, бірақ денемді бір ауыр басты да қысқа қайырылды.* * * * *Кіші Хусрев Фәйзидің шығарған бір мағынасы(Отыз үшінші аяттан Хафыз Алидың жазбасының қосымшасы және толықтырмасы)Зүмер сүресіндедеген ұлы аяттың сарих яғни тура мағынасынан басқа ишари мағынасының жалпылама ауқымының бір мағынасы Рисалей-Нұр және аудармашысы туралы екеніне қуатты бір дәлел таптым. Өйткені сөйлемі джифри және әбжәд және риязи есеп бойынша 1329 немесе 1328 ге тура келеді. Демек жалпылама және ишарай түрде мегзеп және өзіне назар аударарлық бір тұлға көкірек көзі ашылып (Сілтеме ) соның нұрымен өзгеше *күй кешіп бұрыңғы мазасыз күйінен құтылып нұрлы жолға түскен біреу туралы және бірінші және екінші дүние жүзілік соғыстың басталғалы тұрған сол бір сұмдық тарих - кезеңін сондай-ақ, әлгі кісінің жағдайын, рәмізді түрде хабарлайды. сөзіндегі сөзі Рисалей-нұр есіміне және мағынасына һәм джифри һәм суреті жағынан һәм мағынасы дәл келетіні секілді сөйлемінің де джифри есебі көрсеткен кезеңде Рисалей-Нұрдың аудармашысы Ұстазымның – оған көзім әбден жетті – жағдайына дәлме-дәл сәйкес кеп тұр. Өйткені сол кезеңде бірінші дүние жүзілік соғыстың басталған жылы Ұстазым өзінің бұрыңғы әдетін сондай-ақ, философия ілімін, ақиқатқа құрал болатын ілімнің бәрін қойып Сілтеме*: Осы түсіндірмеге сәйкес бір тәуәфук. Ұстазымнан түсінгенім, жиырма бес жылдан бері әрдайымғы және аса маңызды дұғасы осы: мінәжаты екен.
203ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫкөкірек көзі ашылып Рисалей-Нұрдың фатихасы және алғашқы сатысы Ишарат-үл Иғзжаз тәпсірін жазуға кірісіп, бар ынтасымен, бүкіл күш-жігерімен Құранға қызмет ете бастаған кезеңіне тәуәфукы яғни сәйкес келуі бұл ишара болып мынаны меңзейді:Бұл ғасырда әлгі ауқымды ишари мағынада назар аударарлық бір кісі Рисалей-Нұрдың тәржімешісі болады және шәкірттерінің мағынауи тұлғасының уәкілі болып табылады.Иә, Қасиетті Құранның әр ғасырдың әрбір адамына үндейтін шексіз ілімі, жаппай қамтитын қалауы еркі бар. Ол барлық нәрсені қамтитыны рас сондай-ақ, Ислам ғұламалары бір ауыздан растағандай, аяттардың «сарих» мағынасынан басқа «ишари», «рәмзи», «зымни» бірнеше қабаттарға арналған мағыналары да бар. Сондай-ақ, сынды үндеулерде әрбір ғасыр мақсат болғаны секілді бұл ғасырдағы имандылар сонау сахабалар кезеңіндегі мүміндер секілді аяттың назарында.Әрі Ислам тұрғысынан алғанда бұл ғасыр өте маңызды әрі сұмдық екені рас. Құран мен Хадис өзінің ғайби хабарларымен мүмін-мұсылмандарды оның фитнә-бүлігінен сақтану үшін қатаң түрде ескертіп хабарлағаны да рас. Сондай-ақ, джифри, әбжәди, риязи есептеп тұжырым жасау бұрыннан келе жатқан әдет, сенімді де белгілі қағида әрі қуатты белгі-нышан болып есептеледі. Әрі Рисалей-Нұр және тәржімешісі және шәкірттері Иман мен Құран қызметінде жарқын әрі әсерлі міндет атқаруы жағынан зор маңызға ие болып тұр. Сондай-ақ, осы ұлы аят джифр есебі бойынша бұл ғасырды сосын екі үлкен соғысты қамтып тұр және ескі соғыстың басталар кезеңін және Рисалей-Нұрдың жарыққа шығатынын дөп басқаны секілді мағынасы жағымен де меңзеп көрсетіп тұр. Олай болса әлбетте жоғарыда айтылған ақиқаттарға, қуатты нышандар мен белгілерге сүйене отырып еш күмәнсіз сенімді түрде мұндай қорытынды шығаруға болады:Рисалей-Нұрдың мағынауи тұлғасы, тәржімешісі осы ұлы аяттың ишари мағынасының қабаттарының жалпыға ортақ аясының ішінде және назар аударылғандардың біреуі. Бұл аят соны ишара қылуда және рәмзи мағынасымен сол туралы хабар беруде. Ғайби хабар түрінен иғжазлы сәулесін шашып көрсетеді деуге болады, дейміз.
204ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБТалдау: Бір , екі жеті жүз. екі жүз. жүз, исм-і Джәлал яғни Аллаһ сөзінің саны алпыс жеті. Екі алпыс, тоқсан бір, сөзіндегі екі немесе үш Әлиф екі яки үш. сегіз. және «Рисалей-Нұр» сөздерінде екеуінде де сөзі кездеседі. «Рисаледе» сөзіндегі әрпіне тең келеді. Егер сөзіндегі тәнуин саналса сөзіндегі де шәдделі саналады, тағы да қосып есептеледі. сөзінен басқа сөзі тоқсан жеті болып Рисалей-Нұрда қалған екі әлиф те тоқсан жеті болып дәлме-дәл тәуәфук қылады. Түрікше айтылған кезде Рисалей-Нұр хәмзәмен оқылса да оқасы жоқ. Маидә сүресінің он төртінші аяты:және Ниса сүресінің соңында:аятындағы секілді Рисалей-Нұр, мағына және джифр есебі бойынша ишари мағыналардың біреуі екеніне қуатты «қарине» таптым. Екінші аят «Ниса» сүресіндегі аят. Ол жайлы Бірінші Шуа Құран ишарасы рисалесінде ұстазым ишараларын баяндаған болатын. Бірінші аят Маидә сүресінің он төртінші аяты һәм осы ишараны бекітеді һәм аятының ишарасын растап қуаттай түседі.Иә, бұл ғасырда ишари мағынасы дейтін қабаттардан толық түрде аяттың киелі тұжырымына сәйкес бір мағына Рисалей-Нұр екенін ынсаппен қараған жан мойындайды. Сонымен Рисалей-Нұр күлли мағынаның бір тұсына ие екеніне мағынауи байланыстар жетерлік әрі қуатты. Әрі бұл аяттың джифри саны 1366, егер мәдделер
205ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫсаналса және оқылмайтын һәмзәлер саналмаса 1362 болады. Сондай-ақ, Рисалей-Нұр Құран-ы Мубиннің нұрын және һидаетін жайып жатқан кітаб-ы мүбин екені рас және сырт көзге одан артық сол міндетті қиын кезеңде, ауыр шарттарда атқарып жатқандарды көрмей отырмыз. Әрі аяттар басқа сөздер сияқты бірғана мағынамен шектелмейді әрі астарлы және ишари түрде дәлелдеу арқылы қағида бойынша сөздің мағынасына бөленгені рас. Сондай-ақ, Нәжмәддин-і Күбра мен Мухиддин-і Араби (р.һ) сынды көптеген асфия әулиелер аяттың сыртқы мағынасынан басқа батини (ішкі астарлы), ишари мағыналар арқылы көптеген аяттарды тәпсірлегені белгілі. Тіпті олар тәпсірлерінде Мұса (а.с) мен Перғауыннан мақсат қалб пен нәпсі десе, үммет оған да үндемеген. Оны ірі ғұламалардың басым көпшілігі қабылдап растаған. Олай болса әлбетте аяттың астарлы түрде дәлелдеуі арқылы Рисалей-Нұрды қуатты қаринелермен меңзеп ишара қылуы нақты мәселе, оған шәк, шүбә жоқ. Талдау: 169, 157, тәнуинмен бірге 306, тәнуиндермен бірге 631, 103. Барлығын қосқанда 1366 болады. Егер мәдделер мен оқылмайтын һәмзалар саналмаса биылғы мухаррам тарихына яғни 1362 санына дәлме-дәл сәйкес келеді. Егер сөзіндегі тәнуинге келгенде тоқтайтын болса 1316 шығады. Бұл, Рисалей-Нұрдың басталу кезеңіне һәм тәнуин арқылы кемелдену шағына және Бірінші Шуада баяндалғанындай көптеген аяттардың аса мән беріп сілтеме жасаған дәл сол аты шулы кезеңге сәйкес келеді.* * * * *
206ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБ(БЕДЕЛДІ БІР МОЛДАНЫҢ ҰСТАЗ ТУРАЛЫ АСЫРА СІЛТЕП ЖАЗҒАН МАҚТАУ СӨЗДЕРІН РЕТТЕП ЖӨНДЕГЕНІ ЖӘЙЛІ ХАТ. МҮМКІН СЕНДЕРГЕ ДЕ ПАЙДАСЫ БОЛАР ДЕГЕН НИЕТПЕН ЖІБЕРІП ОТЫРМЫЗ)Ғазиз, адал, құрметті бауырым молда Хашмет!Сіздің мүжәддид туралы жазған хатыңызды таңқала отырып оқып шықтық, оны ұстазымызға айтып едік ұстаз былай деді: Рас, мына заманда һәм иман мен дін үшін, һәм қоғам мен шариғат үшін, һәм елдің құқығын қорғау үшін сондай-ақ, Исламның саяси ахуалын жөндеу үшін өте жоғары дәрежелі жеке-жеке мүжәддид керек. Алайда, ең маңыздысы иман ақиқаттары, соны сақтау, оны жаңғырту мәселесі ең киелі ең ұлы қызмет. Шариғат және қоғам өмірі, саяси ахуал оның қасында екінші, үшінші, төртінші дәрежедегі мәселелер. Хадистердің риуаяттарында дінді жаңғырту туралы аса мән берілуі иман ақиқаттарын жандандыру, жаңғырту тұрғысында болса керек. Бірақ көпшіліктің ойы бойынша, дүниелік өмірге құмар адамдардың назарында сырт көзге ауқымды әрі билік тұрғысынан ұнамды, жанға жағымды Исламның қоғамдық өмірі, діни мәселе саяси ахуал маңыздырақ боп көрінгендіктен, мәселеге сол жақтан қарап мән береді, мағына шығарады.Һәм осы үш міндетті түгелдей бір адамнан немесе бір жамағаттан күту мына заманда және толыққанды түрде бір-біріне кедергі болмастан атқарылуы өте қиын тіпті мүмкін емес деуге болады. Ол үш міндетті тек ақырзаманда Нәбидің (с.а.у) ұрпағынан тараған және оның нұрлы жамағатының уәкілі ретіндегі Хазреті Мәхдидің және жамағатының мағынауи тұлғасы ғана атқара алады. Бұл ғасырда Құдайға сансыз шүкір, иман ақиқаттарын сақтау тұрғысында дінді
207ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫжаңғырту міндетін Рисалей-Нұрдың ақиқатына сосын шәкірттерінің мағынауи тұлғасына атқару нәсіп болды. Жиырма жылдан бері сол киелі міндетті атқарып қарқынды да табысты түрде жайып келеді. Жойқын күшті сұмдық дінсіздерге, адасқандарға қарсы толыққанды төтеп беріп жүз мыңдаған әһл-і иманның имандарын құтқарып қалғанын қырық мың адам растап куәлік етеді. Ал, мен болсам әлсіз, бейшара, әлжуаз біреумін. Менің шамамнан мыңдаған есе ауыр мұндай жүкті жеке басыма жүктегендей баса назар аударылмағаны жөн!» деп сізге сәлем жолдады. Біз де сізге және сол аймақтағы Рисалей-Нұрмен байланысты кісілерге сәлем жолдаймыз. Рисалей-Нұр шәкірттеріӘмин, Фәйзи, Кәмил* * * * *Бауырларым!Құранның бір ғана аятының бір ғана ишарасы ғайыптан хабар беру жағымен мұғжизалы бір нұр-сәулені тәуәфук арқылы көрсеткенін мағынауи ескерту келген кезде көрдім.осы кәрім аяттың джифри саны – шәдде мен тәнуин саналмаса - 1351, сөзінің түбірі болғандықтан 1361 болып, осы кезеңде үлкен оқиғалардың ішінде сұмдық ғайбат туралы осы аят ишари мағынасымен хабар береді. Ірі оқиғалардың бірі саналатын осы сұмдық ғайбат дәл сол кезеңде, дәл сол жылы болды. Қалай десеңдер: Сонымен, он сегіз жыл бойы Пайғамбарымыздың (с.а.у.) көркем сүннет сақтап, жандандыру мақсатымен басына шапка кимеген, сол үшін де он сегіз жыл жалғыз өзін камераға қамалғандай қоғамнан оқшаулап аласып халықпен араластырылмай, жалғыз өзін бір бөлмеде ұстап, ғаріп өмір сүруге мәжбүр болған және жеке ғибадатханасында Мұхаммеди азан оқып «Аллаһу Акбар» дегені үшін сондай-ақ, «Лә иләһә иллаллаһ» ақиқатын түсіндіріп айдай анық көрсеткені
208ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБүшін жүз досымен бірге тұтқындалып қамауға алынған бір адамды, жүздеген белгі-нышандарға сүйеніп Аллаһтың жарылқауымен болғанына нақты әрі сенімді түрде Құранның ишараларынан біреуін баяндағаны үшін оны сыртынан жамандап ғайбаттау, ауыр сөздермен жария түрде балағаттау сондай-ақ, оның дәрістерімен имандарын сақтап қалған бейкүнә шәкірттерін үркітіп ол туралы шәк туғызу, әрі одан басқа мінеп-сынайтын ештеме қалмағандай тек сол байғұстың қате сияқты көрінген бір ісін, сегіз жылда сексен зерттеушінің байқамаған, тек атүсті әрі қырсық көзбен қарағандарға солай көрінген дін үшін жасаған іс-амалынан қате тапқандай ауыр сөздермен ғайбаттау әрине бұл ғасырда осы елде болатын үлкен оқиға. Қасиетті Құранның әдейілеп ишара-еткен Тіпті, ол оқиға болуы мүмкін. Менің ойымша, қалайша Құранның әрбір сүресі кейде әрбір аяты кейде әрбір сөзі барлығын қамтып, мұғжиза болатыны секілді бұл аяттың бір ғана ишарасы ғайыптан хабар беру түрінен мұғжизалы хабар деп білемін. Аяттың бұл ишарасы осы ғасырда Рисалей-Нұр шәкірттеріне қатысты ғайбат жайлы екенін білдіретін үш белгі-нышан бар.Біріншісі: Бірінші Шуа дейтін Құран ишаралары жайлы рисаледе Рисалей-Нұрға және оның авторына да ишара қылатын бесінші аятты алайық: Мұнда өте қуатты қаринелер арқылы деген киелі сөзі джифр және әбжәд есебімен және үш мағыналық тұрғыдан Саид Нұрсиге дәлме-дәл тәуәфук қылып тұр. Екінші белгі: аятының джифр есебі және риязи санақ бойынша 1361 шығуы дәл сол кезеңде осы оқиға болды. Үшінші белгі:..Еріксіз түрде бес тұрғыдан біреуді жамандауға тыйым салып, бұрыстығын көрсететін және мұғжизаға ұқсас түрде ғайбаттан алты жақтан тыятын деген аят кесе көлденең көз алдыма келе берді. «маған қара!» дегендей. Қарап едім, кенет тәсбихат кезінде мынаған куә болдым: «1351 бастап 1361 кезеңдерді көрсетті. Біздің
209ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫжағдайымызды ойладым, перде артынан 1351жылынан бастап 1361 дейінгі кезеңде Рисалей-Нұр бір жақтан медет, бір демеу бола ма деп Ыстамбұл тарапынан күткенде, перде артынан белгілі бір мағынада оған мін тағып тиіседі, бұл 1361 жылы кенеттен орын алған-ды. Талдау: екеуі 1000, барлығы 100, барлығы 100, үшінші барлығы 100, 30, төртінші 10, бес түйір әлиф, бір бірге болғанда 10. Соңғы тәнуинге тоқтағанда әлиф болатындықтан барлығы 1351 шығады. сөзінің түбірі «я-и мүшеддеде» болғандықтан 1361 болады. (Сілтеме )** * * * *Ғазиз, адал бауырларым!Сендерге «үш тұжырымды» баяндап беруге тура келді, қажеттілік болғаны ғой. Біріншісі: «Бір оқиғада һәм адамның һәм тағдырдың пайы болатындықтан адамдар сыртқы себепке қарап кейде бұрыс үкім шығарып зұлымдық жасайды. Тағдыр болса сол азап-оқиғаның жасырын себебін білгендіктен әділдік қылады!» деп Рисалей-Нұрда негізгі бір қағида ретінде баяндалған-ды. Әрі осы күнге дейін Рисалей-Нұрдың басына келген оқиғаларда инаеттің белгі-нышаны, рахымның сәуле-шуақтары болатындығы тәжірибелермен расталған. Осы екі тұрғыдан көңілде мұндай бір сауал пайда болды: «Апырм-ай Сілтеме*: Бұл аят бізге ғайбаттауға қатаң тыйым салғандықтан бізді ғайбаттағандарды ұмытуымыз керек, оны ғайбатқа себеп қылмауымыз керек, иншаллаһ енді қайталанбас.
210ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБНұрға қатысты осы соңғы Ыстамбұл оқиғасында әділдіктің сәулесі, рахымдылық жағы қалай болад екен?» Көкейге мұндай жауап келді: Бұл оқиға Рисалей-Нұрға ілім адамдарының, зерттеуші ғұламалардың мұқият назарын аудартып, зерттеп оқуға себеп болды. Әлбетте Рисалей-Нұрды зерттеген ғалым ынсапты болса мойындап жақтайды және Рисалей-Нұр ғұламалар арасында және Ыстамбұлда кеңінен тарап жайыла бастайды. Міне бұл рахымдылық жағы, инаеттің көрінісі. Ал енді, Аллаһтың тағдыры жағынан әділдік тұсына келер болсақ.Рисалей-Нұрдың ақиқатымен және шәкірттерінің мағынауи тұлғасымен ортаға шыққан аса құнды имани қызметтердің басым көпшілігін бейшара аудармашысына еншілеу, бұл әрине дұрыс емес. Сондай-ақ, дүнияға қатты сенетіндерге, саясаткерлерге және ауам халыққа өте маңызды, өзекті мәселе боп көрінетін, ал ақиқатында иман тұрғысынан алғанда оныншы орынды иеленетін Ислами саясатты және мұсылмандардың қоғамдық өміріне қатысты қызметті әлемдегі ең ұлық мәселе, киелі қызмет, маңызды міндет боп табылатын иман ақиқаттарына қызметтен де жоғары санау да қате пікір. Нұрдың аудармашысына достары асыра сілтеп тым жоғары баға бере бастады. Бұл әрине саясаткерлерге Рисалей-Нұр мемлекеттік төңкеріс жасайтын Ислам саясаты сияқты ой туғызатындықтан оған қарсы қоғамдық өмірде іс-шаралар қолданып оның таралуына кедергі туғызуы әбден мүмкін еді. Ал бұл деген өте қауіпті әрі үлкен зиян. Тағдыр осы қателікті жөндеу үшін және сол қауіп-қатерді жою және солай ойлайтындардың үміттерін реттеу үшін бізге ең көп көмегі тиеді-ау деген және құптап қолдайтындардан яғни ғұламалардан және сәйідтерден, машайықтардан, туысқандардан, жерлестерден біреуін қарсы шығарып әлгіндей асыра сілтеушілікті реттеп дұрыс жасады, әділ шешім.Бізге: «Сендерге әлемдегі ең үлкен мәселе иман қызметі жетеді!» деп бізді жарылқап осы оқиғаға кіріптар қылды. Сосын, Құдайға шүкір манағы наразылық жасаған кісінің үнін өшірді, отты сөндірді. Бірақ мүнапықтар өртті сөндірмеуге тырысып бағуда. Екінші тұжырым: Мына сұмдық ихтикардың кесірінен яғни бас пайдасы үшін халық тұтынатын заттың үстеме бағасын пайдаланудың салдарынан болатын аштық, қымбатшылық, зәрулік
211ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫхалықтың тұрмысына кері әсер етіп, күн көрісті қиындатып жұртты уайымдатып қойды. Бұл діни, киелі сезімдерді тоқырауға ұшыратуда. Кәпірлерге оңтайлы оларға тиімді болып тұр. Жұрт қу тамақтың қамын ойлап әуре. Жүрек енді ақиқаттарға емес күн көрістің қамына алаңдайды, тұрмысты қалай жақсартамыз деп басты міндет атқарылмай кейінге қалуда. Мұндай кезеңде Рисалей-Нұрдың шәкірттері рамазан ұзаққа созылғандай қабылдап әрі «кәффарет-уз зүнүб» яғни күнәдан тазару ретінде әрі шариғаттағы диета деп қабылдаса болады. Ашықтан ашық оразасын бұзған бейбақтарға бағытталған бұл бәле бейкүнәларға да әсерін тигізері анық. Дегенмен Рисалей-Нұр шәкірттері және бейкүнә жандар осы тоқырауды өздеріне пайдалы да қайырлы қылып диетаға айналдырып алады, барға қанағат және үнемділікті ұстанып, төтеп береді Иншаллаһ.Үшінші тұжырым: «Екі мәселе»Біріншісі: Фәйзи шығарған мағынаға байланысты тым зерек, Хожа Сабридің Фәйзиға жазған хаты керемет. Оны лахикаға ендірген соң, молдалар деп тиіспеуі үшін яғни «бұл мәселені талдап зерттеу керек!» демеу үшін ішіндегі кейбір сөздерді алып тастадық. Екінші мәселе: Ыстамбұл ғалымдарының ең атақтысы, терең зерттеуші ғұлама және көп жылдар Мүфти-үл Әнғам қызметін атқарған пәтуа бөлімінің меңгерушісі Али Рыза мырза, бірінші Шуа Ишарат-ы Құран, Аят-үл Күбра атты рисалелерді көріп, Рисалей-Нұрдың озат шәкірті Хафыз Әминге былай депті: «Бәдиүззаман қазіргі таңда дін Исламға зор қызмет етіп, сіңірген еңбегі зор кісі. Жазған рисалелері өте тамаша. Мұндай заманда өзі жапа шегіп жүріп, нәпсісін тыйып яғни дүниядан бастартып осындай құнды кітап жазу ешкімнің қолынан келмей тұр. Қандай болғанда да мақтап құттықтауға лайық. Рисалей-Нұр діннің мүджәддиді. Аллаһ тағала оның ісін оңғарып, сәттілік сыйласын! Әмин» депті. Сосын кейбіреулер оның сақал қоймағанына тиіскеніне байланысты Мәулана Жәлаладдин-і Румидың аталарынан Сұлтан-үл Ғұламаның бір қиссасын мысал келтіріп оны қорғаштап былай депті: «...осы іспеттес Бәдүззаманның да әлбетте бір иджтихады бар. Оған қарсы шығу дұрыс емес!». Сосын: «Менің айтқандарымды жаз!» деп, Хожа Мұстафаға былай депті:
212ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБ«Бәдиүззаманға, шексіз, құрмет дұғай сәлем. Сіз кітап жазуыңызды тоқтатпай тәмамдап шығуыңызға шын жүректен тілектеспін. Мен сіздің тілеуіңізді тілеп дұға етудемін. Кітаптарың аса құнды, жоғары бағаланарлық дүние. Кейбір ғалым сымақтардың сізге мін таққанына еш уайымдамаңыз. Себебі, «жемісі бар ағашқа тас лақтырылады» дейтін сөз бар. Күресті жалғастыра береңіз. Фәйяз Мұтлақ сізді тез арада мұратыңызға, арманыңызға жеткізсін. Сізді аманат қылып бір Аллаһқа тапсырдым, тәуекел!»Бұрыңғы пәтуа бөлімінің меңгерушісі: Али РызаМіне, осындай зерттеуші ғұлама әрі ілім, шариғат, Құран саласында бұл заманда сөзі өтімді ірі ғалым осылай депті. Рисалей-Нұр тәлабалары бұл мәселені – сақтық жасап – бөтен кісілерге аты жөнін айтып жария қылмағаны жөн әрі оны дұғаларына қосуы керек. Барша бауырларға сәлем.* * * * *Ғазиз, адал, тура жолдағы бауырларым!Өте салмақты түрде ескерту жасалып бір ақиқатты баяндау қажет болып отыр. Былайша: сырымен әулиелер ғайби нәрселерді Аллаһ білдірмесе білмейді. Ең жоғары мәртебелі әулиенің өзі қарсыласының шынайы хәлін білмегендіктен орынсыз дау-дамай туатынына «Ашере-і Мүбәшеренің» арасында болған шайқас куә. Демек, екі әулие, екі ақиқат иесі бірін-бір теріске шығарғанымен дәрежесінен айырылып, мақамынан түсіп қалмайды. Әрине егер мүлдем шариғатқа қайшы әрекет етіп, тым оғаш үкім шығармаса. Сондықтан аятындағы киелі ережеге сай, сондай-ақ, мүмін халықтың пірлеріне деген зор сенімін зақымдамай және олардың имандарына шәк келтірмей сақтап қалу және Рисалей-Нұрдың негізгі шәкірттері
213ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫөздеріне орынсыз тиіскен кезде орынды бірақ зиянды ашу-ызадан сақтау қажеттігіне байланысты, және діннен безген кәпірлер хақ иелерін айдап салып бір-бірімен қырқыстырып, біреуінің қаруымен екіншісін жер жапсандырып, сосын оның дәлелдерімен келесі топ мұсылманды құлатып ойран салып кетпеуі үшін, міне осындай құйтырқы сұм айлалардан сақтану үшін Рисалей-Нұр шәкірттері жоғарыда аталған төрт негізге сүйене отырып дұшпандарға кектесіп батыр түрде олардың, жауыздығына дәл солай жауап қайтаруға болмайды. Тек өздерін қорғау мақсатында наразылық тудырған жерлерін ашып түсіндіріп, жауаптандыру керек. Олай дейтінім, бұл заманда менмендік шарықтап тұр. Әркім бойымен бірдей мұзтасқа ұқсас менмендігін тастап ерітпейді. Өзін үзірлі санайды, содан бүлік шығады. Мұндай Хақ жолындағылар зардап шегеді, кәпірлер пайда көреді. Ыстамбұлда болған мәлім оқиға мынаны меңзейді: Болашақта өз ұстанымын қатты жақсы көретіндер және өзімшіл кейбір сопылар және нәпсісін тыя алмайтындар атақ құмарлық тосқауылынан өте алмаған кейбір рухани жетекшілер, хақ жолындағылар Рисалей-Нұрға, оның шәкірттеріне қарсы шығып өз ұстанымын жоғары көтеру үшін, әрі ізінен ергендердің алдында өзінің беделін сақтау ниетімен наразы болады. Тіпті сұмдық тиісуі де мүмкін. Мұндай оқиға бола қалса біз суық қандылығымызды сақтап, шайқалмай және жауласпай және ондай қарсы шыққан топтың басшысының, құрылтайшыларының кемшіліктерін дәлелдеп әшкерлемеу керек.Паш етіп жария қылынбайтын бір сырды ашуға тура келіп тұр. Ол былай: Рисалей-Нұрдың мағынауи келбеті және сол мағынауи келбетінің уәкілі хас шәкірттердің мағынауи тұлғасы «Фәрид» мақамына ие болғандықтан, айталық бір елден құтыб-асфия түгіл тіпті – жалпы айтқанда – Хижазда болатын ағзам құтыб келсе дағы оның қоластына кіруге, оған бағынуға да мәжбүр емес. Бір жерде әрқашан бола беретін екі имам секілді оны тыңдап үкіміне мойынсұнуға міндетті емес.Мен, бұрын Рисалей-Нұрдың мағынауи келбеті сол имамдардың біреуі деп ойлайтынмын. Қазір ойлап отырсам Ғаус-ы Ағзамда «құтбиет» және «ғаусиетпен» бірге «фәрдиет» те болғандықтан ақырзамандағы шәкірттері ұстанған Рисалей-Нұр сол «фәрдиет»
214ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБмақамының мазхары яғни бөленуші айнасы. Осы құпия ұсталуы керек болған үлкен сырға байланысты Қасиетті Мәккеде де – айталық – Рисалей-Нұрға қарсы наразылық Қутб-ы Ағзам тарапынан келсе де Рисалей-Нұр шәкірттері тапжылмастан әлгі мүбарак ұлы қутубтың наразылығын ілтипат ретінде қабылдап сәлем бергендей оның назарына ілігіп көзге түскені үшін оның түсінбей қалған жерлерін түсіндіріп, қолынан сүйген жөн.Иә, бауырларым! Мына заманда сұмдық ағымдар бар және тұрмысты, жер жаһанды дүр сілкіндірер ықпалы зор оқиғалар болуда. Соның арасында аман сау жүру үшін зор табандылық, суыққандылық, жанкештілік қажет. аятының сырына байланысты, ақыретті біліп, оған иманы бола тұра дүнияны ақыреттен жоғары қою әрі оған мәз болып риза болу және сынып қалатын шыныны бақи құнды алмасқа қуана-қуана ауыстыру, сосын істің соңын көрмейтін соқыр сезімге беріліп дайын тұрған азғантай улы ләззатқа бола кейін берілетін саф ләззаттан айырылып қалу; бұл заманның сұмдық дерті, жалпы кесел болып тұр. Сол кеселдің кесірінен шынайы мүміндердің өзі кейде кәпірлерге жақтасқан сыңай танытып үлкен қателік жасауда. Хақ тағала мүміндерді және Рисалей-Нұр шәкірттерін осы мусибат, бәледен жәледен сақтасын, әмин.Саид Нұрси* * * * *Ғазиз, адал бауырларым!Рисалей-Нұрдың жайылуына және жеңіске жетіуіне кедергі біреуі аспани, екіншісі жерге қатысты екі мусибаттың яғни бәлелердің бетін қайтаратын өзіндік Иләһи инает-жәрдемнің сәуле-шуағы көріне бастады. Жерге қатысты және адами мусибат: Ыстамбұлда болғаны секілді Спартада, сондай-ақ, Қастамонуның төңірегінде әһл-і далалет яғни адасқандар Рисалей-Нұрдың таралуына кедергі болу үшін және хас шәкірттерінің және ықыласпен қызмет етіп жүргендердің ынта-жігерін тежемек үшін небір айла-әрекеттер жасап жоспарлы түрде қастандық жасауда. Шынайы шәкірттерді тоқтата алмағандықтан оларға басқа жұмыс тауып беріп, қызметтеріне кедергі келтіруде.
215ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫАл, аспани мусибат яғни көктен келген бәле болса: Ихтикардың кесірінен яғни саудагерлер бас пайдасы үшін бағаның парқын пайдаланудың салдарынан өмір сүру, дүниенің қызығын көру сезімі діни сезімнен асып түсіп көпшілік қарын тойдыруды, тұрмыс тіршілікті уайымдайды. Тіпті басым көпшілігі пақыр саналатын Рисалей-Нұр тәлабалары осы бәленің кесірінен жұмыс істеуге өздерін мәжбүр сезініп нағыз әрі аса маңызды міндеті болған ақиқатты жаю қызметін амалсыздан тоқтатуға мәжбүр болуда. Сондай-ақ, адамдардың ой-пікірі иман ақиқаттарына ауып, шынайы беріле алмай осы себептердің салдарынан немқұрайлы болып бір тоқырау кезеңі басталғандай еді, бірақ Хақ тағаланың инает-рахымымен басқа алаңда Рисалей-Нұр кеңінен тарап жеңіске жетуде. Атап айтсақ, Ыстамбұл өңірінен ірі ғалымдар ортаға шықты. Мәселен, пәтуа бөлімнің меңгерушісі Али Рыиза, Ахмед-и Ширани, сондай-ақ, атақты уағыз айтушы Шәмси сынды кісілер Рисалей-Нұрға ықыластары ауып, шынайы түрде жоғары бағалап Нұрмен байланыс құра бастады. Һәм, ойламаған жерден, жаңа әріппен бастырылып әу баста Аят-үл Күбраның ең маңызды бөлімін, жеті бөліктен тұратын рисалені бір том етіп бастыру үшін және жастарды оятатын үш-төрт бөлік рисале өзінше жинақталып Хафыз Мұстафамен бірігіп бастыру үшін баспаға жібердік. Әрі үлкен бір кісі маңызды кітапшалардан кейбірін Анкарада лауазымды біреудің көмегімен баспада бастырмақ ниеті бар көрінеді, мен әзірге келісім бермедім. Сонымен, бір есік жабылса Аллаһтың инаеті одан басқа әлдеқайда жарқын есіктерді Рисалей-Нұр құрметіне ашып, жол көрсетеді. Рисалей-Нұрдың хаттары, әріптері, сөздері қанша болса сонша Әрхәмур-рахимин Аллаһқа мадақ пен шүкір. Осыған байланысты осы тоқырауды, яғни уақытша үзілісті уайымдамаңдар. Онысызда бұл кезге дейінгі атқарылған қызмет дән-тұқымдар секілді болашақта жеткілікті нәтиже беруі бек мүмкін. Айталық, еш қызмет етілмесе дағы осы еңбек жеткілікті. Нақты түрде анық болған мәселе мынау: Рисалей-Нұр ақиқаттарына нан мен су секілді мына заманда қажеттілік бар. Ал қажеттілік болса оның тоқырауына жол бермейді, қозғалысқа ендіреді, иншаллаһ! Хафыз Мұстафамен бәріңіздің атынан жүздестік. Бірақ уақыт тар,
216ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБкездесу сұқбат қысқа болды. Хақ тағала оны және Тахиридың кітап бастыру ісін сәтті қылып, табысқа жеткізсін! Хафыз Али хатында жазғанындай, Нұр медресесінің ұстазы Хажы Хафыз бен өзара ықыласты әрі бауырмал түрде кездесіп, ақылдасып тұруы бізді қатты қуантты.Саид Нұрси* * * * *Ғазиз, адал бауырларым!Нұр фабрикасының иесі, Бірінші Шуаның төртінші аяты туралы айтылған жердегі «Ислам ақиқатының жеті негізі керемет түрде дәлелденген» деген сөйлемге қатысты бір сұрақ сұрапты: Исламның негізі бесеу деп білеміз...әрі Рисалей-Нұрда Ислам шарты зекет туралы қай жерінде?Жауабы: Исламның негіздері басқа, Ислам ақиқатының негіздері басқа. Ислам ақиқатының негіздері дегенде иманның алты шартына (Сілтеме ) құлшылықтың негіздері қосылады, яғни Исламның бес *шарты ораза, намаз, хажылық, зекет, кәлимә-и шәһадат. Осыларды жинақтап бәрін біреу деп оған иманның алты шарты қосылады да жетеу болады. Бұл құлшылықтың негіздері. Оны, Рисалей-Нұр нақты түрде дәлелдеп деген аяттың нұрына бөленіп тамаша айна болғаны белгілі. Және Исламның бір шарты зекетті түсіндірген дегенде зекет туралы толық мағлұмат емес, жалпы зекеттің қоғам өміріндегі рөлі, қажеттілігі, маңыздылығы дәлелденген деген сөз.Иә, бұдан бұрын жазған рисалелерде сондай-ақ, Рисалей-Нұрдың бірнеше жерлерінде зекеттің қоғам өміріндегі маңызы нақты әрі ашық түрде дәлелденген болатын.Осыдан бұрын, Спартада Рисалей-Нұрдың дәрісі мен таралуы үшін өзінің зәулім сарайын тарту еткен баурымыз Шүкрү мырзаның жас екі баласы қайтыс болғаны маған қатты әсер етті. Өйткені, ол бейкүнә балалар қасыма келген сайын: «Атың кім?» деп сұраушы едім. Бейкүнә түрде мақтанышпен «Хайрун-ниса» деп жауап беріп, менің мейрімімді оятып күлдіретін. Хақ тағала ол мүбарак бейкүнәні дереу жәннатына алды. Мына дүния жәһаннамынан құтқарды. Марқұм Хаяти болса, ол да ауру-сырқаудың арқасында Хайрун-ниса Сілтеме*: «Бірге» деген сөз бұл жерде жазылмағандықтан күмәнданса керек.
217ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫсекілді күнәдан тазарып, бейкүнә кетті. Жәннатта бірге болар. Осы тұрғыдан алғанда мен ол екеуін құттықтағым келеді. Әке-шешесіне де бір жағынан көңіл айтып, бір жағынан құттықтағым келеді. Өйткені екеуі сырына бөленді. Мен, екеуін Рисалей-Нұрдың қайтыс болған шәкірттерінің арасына қосып дұғаларымызға ортақ қыламын. Рүшдү мырза менің атымнан Шүкрү мырзаға көңіл айтып, осы туралы он жетінші Мектубты оқып берсін.Рисалей-Нұрдың жолбасшысы Сабри өз хатында, Нис аралындағы бір бауырымыз және Оныншы Сөзді бастырып оны қауіп-қатерден сақтау үшін бірнеше ай үйінде ұстаған және әке-шешесімен бірге бізбен байланысқа түскен Уәли мырзаның ата-анасы қайтыс болғанын жазыпты. Хақ тағала оларды рахымына бөлесін. Мен оларды көпке дейін рухани табыстарыма ортақ қыламын.Ғазиз, адал бауырларым!Бұл заманда әсіресе осы күндерде Рисалей-Нұрдың шәкірттері мықты табандылық, ауызбіршілік, сақтық шараларына аса мұқтаж. Құдайға шүкір, Спарта және сол аймақтың қаһарман батырлары темірдей табандылық танытқандықтан басқа аймақтағыларға үлгі-өнеге болды. Уа, Хусрев! Әсері күшті, керемет хатыңды алдым. Өз міндетіңе қайта оралуың бізді керемет қуанышқа бөледі. Хош келдің, құтты келдің. Сен бір жарым жыл қаламың жұмыс істемегеніне қынжылма! Сенің керемет қаламыңмен жазған Мұғжизат-ы Ахмедие кітабының бір нұсқасы сенің орныңа шығыс аймақтарда қызу қызмет етіп жатыр. Соңғы жазған тағы бір кітабың Ыстамбұлда қызмет етіп иншаллаһ табысқа жетпек. Сен жазған мұғжизалы екі Құраның осы аймақта таралып әсіресе Қасиетті Рамазан айында саған жаздыратын сауаптарды, мақтауларды, құттықтауларды ойла! Құдай қаласа жақында баспаға кірсе және Ислам әлемі тарапынан саған жаңбырдай жауатын рахым дұғаларды ойла! Аллаһқа шүкір ет!Хафыз Алидың хатында, Исламкөйіндегі молда-имамдармен өзара сыйластыққа достыққа қарар бергендерін естіп дән риза болдық. Рас, Исламкөйі Рисалей-Нұрға тығыз байланыстығымен ерекшеленіп, алдыңғы қатардан орын алды. Сонымен қатар, мен сол аймақта болған кезімде басқа молдаларға қарағанда Исламкөйінің молдалары әлдеқайда ынсапты, Рисалей-Нұрға құрметтері зор екенін байқап осы
218ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБаймақтағы молдаларға немқұрайлы болғанда оларды үлгі ретінде айтатынмын. Иншаллаһ, олардан зиян келе қоймас. Мен Исламкөйін өзімнің Нұрс ауылына ұқсатамын, молдаларын да тумаларымдай көремін. Оларға сәлем айтыңдар.Иә, олардың ынсаптылығы және Рисалей-Нұрға оң көзбен қарауының арқасында Нұр фабрикасы сол ауылда кедергісіз тамырын терең жайды деп ойлаймын. Уа, Сабри бауырым! Алды жарық болсын! Хақ тағала анамызды мағфират қылсын, иманы жолдас болсын, әмин. Маған туысқандығыңды білдіретін басбармағындағы белгі-нышан және осы жеті-сегіз жыл бойы Абдүлмәжиттен де артық көмектесіп бір бауырдай адал достығың үшін әлбетте сенің марқұм анаң менің де анам болып саналады. Оны анамның қасына қосып рухани табыстарыма, дұғаларыма ортақ қыламын. Хақ тағала саған күшті сабыр сыйласын. Марқұм анаңды рахымына қарық қылсын, әмин.* * * * *Ғазиз, адал бауырларым!Мен, анық түрде және мыңға жуық нақты тәжірибелерге сүйене отырып көзім жеткені және көп уақыттан бері сезгенім:Рисалей-Нұрға қызмет еткен күні қызметтің дәрежесіне қарай жүрегім тынышталып, тәнім рахаттанып, ой-пікірім кеңіп, тұрмысым жеңілдеп, өресім кеңейіп, берекетке бөленемін. Ол жерде де бұл жерде де көп бауырларым дәл осындай халді бастан кешірген, кешіруде. Мұны көпшілік мойындап былай дейді: Біз де соны сезіп жүрміз! Тіпті сендерге жазғанымдай, былтыр азғантай азықпен күн көруімнің сыры осы береке екен ғой. Әрі Имам Шәфидің (р.һ) мұндай бір сөзі бар: «Ілім жолында жүрген жүрегі таза, ықыласты шәкірттің ризығына мен кепілмін». Өйткені ризықтарында молшылық береке болады. Бұл ақиқат екені рас, әрі ықыласты ілім тәлабасы атағына бұл заманда Рисалей-Нұр шәкірттері лайық екені дәлелденген. Олай болса әлбетте мына уақытша аштық, қымбатшылыққа қарсы Рисалей-Нұр қызметін тастап, күн көрісті сылтау етіп, тұрмыс қамына кірісудің орнына ең дұрысы Құдайға шүкір етіп, қанағат қылу және Рисалей-Нұр тәлабасы болуға барынша тырысып бағу.
219ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫРас, барлық жақта осы тұрмыс тауқыметі жұрттың қолын байлап, санасын билеуде. Кәпірлер мұны тиімді пайдалануда. Діндарлар болса өздерін үзірлі санап «Қайтеміз енді, амал жоқ!» дейді. Демек, Рисалей-Нұр шәкірттері осы аштық пен зәрулік дейтін бәлеге қарсы тағы да сол Рисалей-Нұрмен жауап берулері керек. Әрбір шәкірттің міндеті тек өзінің иманын сақтап қана қоймай басқалардың да имандарын сақтап қалуға міндетті. Ал ол, қызметті ықыласпен жалғастырса ғана жүзеге аспақ.Сендерге бұл туралы жазған едік, дұшпандармен қастасып ерегіспеңдер. Мүмкін болғанынша тақуа, ғалым кісілермен дос болуға тырысыңдар. Бірақ, байқаңдар, Рисалей-Нұрға зияны тиетіндей және шәкірттердің табандылық, діндарлық қасиеттерін бұзатындай жақын шеңберге кіргізбеңдер. Ондай адамдар таза ниетпен кірмесе кедергі болып тоқырауға себеп болады. Егер менмендігі күшті, өзімшіл адам болса Рисалей-Нұр шәкірттерінің табандылықтарын азайтып, назарларын Рисалей-Нұрдың тысына аударады. Қазірге таңда өте мұқият, табанды, қайсар әрі сақ болуымыз керек. Осы аймақта шынымен-ақ, үміт еткенімнен де жоғары Рисалей-Нұр шәкірті екі батыр жетіліпті. Әкесі мен баласы яғни Ахмет Назиф пен Салахаддин. Бұл екеуі Рисалей-Нұрдың тарауына екі жүз адамдай қызмет еткенін көріп отырмыз. Атап айтсақ, біреуі яғни баласы Қарс қаласында тұрып әрі Ванға, әрі Әрзурумға, һәм Қонияға, һәм осы аймаққа – сендерге бұдан бұрын жібергенім секілді – хабарласу арқылы әсерлі түрде қызмет етуде, Абдуррахманнан айнымайды. БауырларыңСаид Нұрси* * * * *Рисалей-Нұр тариқат емес, ақиқат. Ол, Құран аяттарынан шашырап шыққан нұр. Ол шығыстың ілімінен де батыстың пәнінен де алынған емес. Ол, қасиетті Құранның осы заманға сай мағынауи кереметі. Онда жеке бастың пайдасы көзделмеген. Рисалей-Нұрдың – ең болмаса – Сөздер, Мектубат кітабын толық оқығанда көптеген ақиқаттар ашылатындықтан мына қазіргі ойыңыздан, яғни Рисалей-Нұрды жазудан қол үзіп, қызметті доғарамын деуден дереу бастартасыз.
220ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБҚұрметті де қадірменді бауырым! Дереу жазуға кірісіңіз, қорықпаңыз. Құран қызметі иншаллаһ желеп-жебеп сақтайды. Сол аймақтағы Рисалей-Нұрды жазған бауырларыма айтарым, енді қайталанбай ақыры жақсылық болсын! (Сілтеме ) Сілтеме. Хафыз-ы *Хақиқи иншаллаһ аман сақтайды. Хазіреті Алидың (р.һ):деген әміріне мойынсұнуға тура келгендіктен, Рисалей-Нұрды жасырын оқып, жасырын жазып, жасырын жаю керек болатын. Бауырларымыз осы ережені сақтамаудың салдарынан жеңіл ескерту алып шапалақ жегенге ұқсайды, тағы да ақыры қайыр, жақсылық болсын демекпін. Әсте уайымдамаңдар! Еш нәрсе істей алмайды, қолдарынан түк келмейді, көре алмайды. Соған бола өкініп қызметтен бастартпаңыздар! Керісінше қарқынды түрде қызмет етіп мына емтихан дүниясы, сынақ алаңында табысқа жетеберейік. Рисалей-Нұрға әлі талай тиіседі, бірақ түк істей алмайды. Өйткені, Ғаус-ы Ағзам (қ.с) пен Хазіреті Али (р.һ) сынды тұлғалардың қамқорлығы, дұғалары құрметіне Хафыз-ы Хақиқи сақтайды. Рухани күйзеліс Құдай қаласа өтіп кетеді. Рисалей-Нұр сырына бөленген тәпсір. Одан медет күтіңдер. Рисалей-Нұр шәкірттері бір-бірінің ғибадаттарынан үлескер болғандықтан әрдайымғы оқылатын дұғалары боп саналатын мына ағзам аят сендерге де шипа болар. Сақтық ережесін сақтай отырып Рисалей-Нұрды жаза беріңдер!Барлық бауырларыма құрмет пен сәлем. Рисалей-Нұрға қызмет ете берулерің дұрыс деп ойлаймын, бауырларым! БауырларыңСалахаддин * * * * *Сілтеме*: Салахаддин бауырымыз, Спарта қаласына ұқсас осы аймақта да Рисалей-Нұрды тәркілеу үшін үйлерін тінтіп, мазасын алған кезде Құдай сақтап ешнәрсе таба алмай, бос қайтқан оқиғаны меңзеп отыр.
221ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫҒазиз бауырым!Бұл жолы хаттың орнына мына миуаны жіберіп отырмыз. ҚАРАТАУДЫҢ БІР ЖЕМІСІБір аяттың ишари мағынасының күлли қыр-сырларынан бірі селімідің егемендік алған кезеңінен бастап осы кезеңді қамтиды. Қарашаның отызыншы жұлдызы, жыл 1358, Қаратаудың басына шығып барамын. Маған, «Адамзаттың басына түскен нәубат әсіресе Мұсылмандардың мына бірінен соң бірі жалғасып келе жатқан пәлекеттері мен тауқыметі қашан басталып еді және қашанға дейін жалғаспақ?» деген сауал келді. Кенет әр мүшкіл мәселемді шешіп беретін қасиетті Құран, «Аср» сүресін алдыма жайып салды. Деді: «Қара!». Сүре әр ғасырға үндейтіні секілді бұл ғасырға анағұрлым көбірек үндейтін секілді. аятындағы (шәдде мен тәнуин саналады) джифри есеп бойынша 1324 санын көрсетіп егемендік жылдары басталғанда биліктің ауысуы және Балкан мен Италия соғыстары және бірінші дүние жүзілік соғыстағы сәтсіздіктер, сұмдық ауыр келісімшарттар, Ислам қағидаларының құлдырауы және осы елдегі қантөгістер мен бүліктер сондай-ақ, екінші дүние жүзілік соғыстың лаулаған оты дүниені шарпуы секілді аспани әрі жерге қатысты пәлекеттер және адамзаттың ең көп шығынға ұшырауы сондай-ақ, аятының осы ғасырға қарасты бір ақиқаты, бәрі заттық тұрғыдан бір кезеңді көрсетіп Құранның мұғжизалығының бір сәулесін көрсетіп тұрды. (соңындағы , саналады, шәдде де санаққа кіреді) сонда джифри саны 1358 немесе 1359 болып осы жылды және келесі жылды дәл басып көрсету арқылы ол пәлекеттерден әсіресе рухани зияндардан құтылудың бір ғана жолы иман және салих амал екенін сондай-ақ, керісінше астарлы мағынасымен ол пәлекеттің басты себебі күпірлік, дінсіздік, шүкірсіздік, яғни имансыздық, пасықтық, азғындық екенін көрсетеді.
222ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБ«Аср» сүресінің ұлықтығын, киелілігін және қысқа бола тұра терең мағналы әрі ауқымды ақиқаттардың қазынасы екенін растап Құдай тағалаға шүкір еттік. Иә, мына ғасырда ең үлкен зардап, қайғы қасіреті болып саналатын екінші дүние жүзілік соғыстан Ислам әлемінің аман қалуының шарасы, Құраннан шыққан нұр, салих (ізгі) амал болғанындай, пақырларға келген қиыншылық, аштық, қымбатшылықтыңда себебі оразаның тәтті аштығын сезбей, жалтару..ал байларға келген зиян мен қиыншылықтың себебі зекет берудің орнына «ихтикар» жасау яғни заттың баға айырмашылығын пайдалану болып табылады. Ал Анадолу елінде соғыс майданы болмауының себебі деген киелі сөздің ақиқатын таңғажайып түрде жүз мың кісінің жүрегіне шынайы дәріс беріп, терең ілім берген Рисалей-Нұр екенін көптеген мысалдар және мұны мыңдаған зерек, мұқият шәкірттері расайды. Атап айтсақ, ондай мысалдардың біреуі, Рисалей-Нұрға тиісіп, кедергі болғандар немесе қызметінен қашқандар шапалақ жеп сазайын тартады. Биыл да осы елдің түкпір-түкпірінде жалпы түрде Рисалей-Нұрдың таралуына кедергі болып тоқырауға ұшыратқан кезде соның жазасы ретінде қазіргі әлеуметтік салада қиыншылықтарға ұшырауы соның айғағы.(«Аср» сүресінің қаратау жемісі деген тұжырымға түсініктеме) сөзіндегі әрпі, сөздің соңында болғандықтан жалпы (тә) әріптерін джифри есебі бойынша (һә) деп оқуға болады, бірге саналады. Осы тұрғыда (1358) осы кезеңді көрсетеді. Оқылғанда әріп оқылмай қалатындықтан боп қала береді. Осы тұрғыдан шәдделер саналмаса және бірге болмаса 200 жылдан астам уақытқа дейін иман етіп, салих амал жасайтын бір үлкен топ, сұмдық зардапқа қарсы күресін жалғастыра беретінін меңзеп, «Фатиха» сүресінің соңында (1547-1577) көрсеткен уақытына, сондай-ақ,
223ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫбірінші сөйлем 1500 санымен ақырзаманда дін үшін күрескер бір топтың соңғы кезеңдерін, және екінші сөйлем 1506 санымен үстем келетін кезеңін, және үшінші сөйлем 1545 санымен азғантай ауытқумен һәм фатиха сүресінің, һәм аср сүресінің екі сөйлемінің ғайби ишараларына ишара қылып тәуәфук етеді. Демек, осы шәриф хадистің үш сөйлемінің әрбірі 1500 жылына және дін үшін күрестің қашанға дейін жалғасатынына қатысты ишараларына дәл мына: шәдде саналмаса 1561 санымен һәм, (шәдде саналады, бірақ «ләм» болады) 1560 санымен ортақ болып әлгі үлкен топ жамағаттың күресі қай кезеңге дейін жалғасатынын ишари мағынамен, джифри мағынамен көрсетіп тұр. Фатиха мен хадистің көрсеткен кезеңге әбжәд санауы бойынша жақындап бір санымен парқы болып тәуәфук етеді және мағына жағымен де дәлме-дәл сәйкес келіп жарқын түрде ғайби иғжаздың нұр-сәулесін көрсетеді. * * * * *Ғазиз, адал бауырларым!Бұрыңғы Саид жылдар бойы Зәхра медресесін ашуды армандап, барынша тырысып бақты. Хақ тағала аса мейірімімен Спарта қаласын сол Зәхра медресесіне айналдырды. Шағын ауыл кішкене Спартадейтін туған жерімдегі бірнеше тума-туысқандарымның орнына мүбарак Спарта ауданын сыйлап мыңдаған бауыр берді. Былай болуы мүмкін, мен туған сол кішкене Спартаның тегі, тұқымы осы үлкен Спартадан кеткен шығар. Менің нағыз отаным осы Спарта болуы әбден мүмкін. Тіпті Спарталық кімді көрсем басқаларға қарағанда маған, Рисалей-Нұрға етене жақын көрінеді. Тіпті осы жердегі сақшы, тәртіп қызметкерлері жаппай, тек ішінде біреуі ғана болмаса бізге өте жақын, Рисалей-Нұрмен тығыз байланыста. Оған мысал осы хатты әкеліп берген Спарталық Хилми мырза деуге болады. Оны Рисалей-Нұрдың хас шәкірттерінің арасына қосып, қабылдадық.
224ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБСпартада және Савда бізге жасалған қастандық біршама жалпылама. Рисалей-Нұрдың кеңінен тараған аймақтарда осы күндерде бүгінге дейін жоспарлы түрде Рисалей-Нұрдың азаттық күресіне қарсы кедергілер жасалуда. Аз да болса ынта-жігерге зияны тигені рас, тоқырау кезеңі де болды. Қазіргі аштық пен қымбатшылыққа сол себеп болды деп ойлаймын. Дегенмен Құдайға шүкір, Спарта және төңірегіндегі қаһармандар болаттай табандылық танытып, басқа аймақтағы шәкірттердің ынта-жігерін арттыруда. Кейбір аңғал, аңқаулардың кесірінен азғана зарар шеккендіктен сақтық, мұқияттылық әрқашан қажет. Барлада Рисалей-Нұрдың уақытша болса да тоқырауы салдарынан қуаңшылық басталғаны секілді және Рисалей-Нұрдың араласуымен Барланың айналасына ғана жаңбыр жаууы және Спартаның Рисалей-Нұрға ыстық ықыластарының саясында – Хусревтің дегеніндей – жаңбыр керемет түрде медетке келуі, міне осы іспеттес көптеген оқиғалар және осы аймақта Рисалей-Нұрмен қатысты жүздеген белгі-нышандар мынаны дәлелдейді: Осы елге нағыз рахымшылық болып табылатын Рисалей-Нұрға қарсы мына сұмдық заманда мұндай жаппай, ауқымды тиісу әрі кейбір жерде қызметінің тоқтап қалуы осы қымбатшылық пен тоқырауға, және осындай ихтикарға, берекетсіздікке, аштыққа себеп болуда оған біздің еш күмәніміз жоқ. Оған дәл осы кезде қасымда отырған Әмин мен Фәйзи секілді басқа да бауырларымның көзі әбден жетті.Саид Нұрси* * * * *(Рисалей-Нұр шәкірттері тарапынан сұралған сұрақтың жауабы)Сауал: Былтыр сізден былай деп сұраған едік: «елу күннен бері дүниялық оқиғаларға қызығып қарамадыңыз, сұрамадыңыз». Ол кезде де жауап берген едіңіз. Рас, ол жауап ақиқат әрі қанағаттанарлық. Дегенмен Рисалей-Нұрдың кеңінен тарауы үшін, қызмет үшін және Ислам әлемінің игілігі үшін біршама назарыңызды аударуыңыз қажет емес пе еді? Қазір он үш ай болды дәл сол баяғы қалпыңыз. Қызығып сұрамайсыз.
225ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫЖауабы: деген аяттың мағынасын мына қазіргі таңда бірі-бірімен қырқысып жатқандар толық көрсетіп тұрғандықтан оларға жақтаспақ түгілі немесе қызығып ол оқиғаларды алаңдап бақыламақ түгілі және олардың жалған, құйтырқы саяси үгіт-насихаттарын тыңдап, қан төгістеріне күйіп пісіп күйзелмек түгілі тіпті ондай зұлымдықтарды көрудің өзі жайыз емес яғни шариғатша рұқсат жоқ. Өйткені зұлымдыққа ризашылық зұлымдық боп табылады, жақтасса залым болады. Ал құптаса деген аятқа нысана болады. Иә, бұл соғыс хақ пен ақиқат үшін, дін мен әділет үшін болып жатқан жоқ. Керісінше, ерегіс, ұлттық мүдде, пайдакүнемдік, нәпсінің тәкәппарлығына негізделген әрі бұрың-соңды болмаған сұмдық аяусыз зұлымдық дәлелі: Мың бейкүнә бала-шаға, қарттар, ауру-сырқау жандар тұрып жатқан елді-мекенді бір-екі жау әскеріне бола бомбалап жермен жексен етеді, сондай-ақ, адамзат таптарының арасында ауқатты байлардың сұмдық өктемшілдері және социалистер мен болшевиктердің шектен шыққан озбыр диктаторлары анархисттермен одақтасып мыңдаған, миллиондаған бейкүнә жандардың қанын төгуде және күллі адамзатқа зардап шеккізуде. Олар мына бейбастықты, яғни соғысты тоқтатып, бейбіт келісімге мұрша бермей отыр. Міне, осындай әділет заңына қайшы, тіпті адамзатқа қастандық, ақиқат ережесіне мүлдем қайшы, хақ-құқық дегенді тыңдамайтын қырғын қан төгістен әлбетте Ислам әлемі, аулақ тұрмақ Қасиетті Құран үзілді кесілді қарсы. Олардың қол ұшын созып болмашы демеуіне өзін төмендетпейді. Қорлығына көнбейді. Өйткені олар сұмдық перғауын секілді өзімшіл, тым тәкәппар. Олар Құранға, Мұсылмандарға көмектеспек түгіл қайта өзіне мойынсұндырып, мүддесіне пайдалану жарату үшін ғана қол ұшын созады. Ондай залымдардың қылышына арқа сүйеуге Құран ақиқаты, Ислам құндылығы қарсы рұқсат бермейді, бас имейді. Және миллиондаған бейкүнә жандардың қанын ішіп жинаған күш-қуаттарына сүйенгенше әлемнің Жаратушысы бір Аллаһтың құдретіне, рахымына сүйену Құран шәкірттері мүміндерге парыз және уәжіп.
226ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБРас, діннен безгендер мен кәпірлер әлгі соғысып жатқандардың біреуіне сүйеніп діндар халықты жаншып қанын ішеді. Ондай кәпірлердің қыспағынан құтылу үшін оның қарсыласына жақтасып тараптар болу мүмкін бір шара болар. Бірақ бұл кезге дейін солай жақтасудың түк пайдасы болған жоқ, керісінше күллі зияны тиді. Һәм, діннен безгендер жүрген жеріне іріткі салып басын сұқпайтын жері жоқ. Сенің досыңмен достасып оны саған айдап салып дұшпан етеді. Оларға жақтасамын деп жинаған күнәларың, босқа мойныңа жүктеледі.Рисалей-Нұр шәкірттерінің міндеті имандылық болғандықтан тұрмыс-тіршілік мәселелері оларды көп алаңдатып, уайымдатпауы тиіс. Сондықтан менің он үш ай емес он үш жыл қарамауға ақым бар. (Сілтеме ) Сендер қызығып қарадыңдар, күнәдан басқа не таптыңдар? *Мен қарамадым не жоғалттым? Екінші сауал: «Ишарат-ы Құрания» рисалесінде «Фатиха» сүресінің соңында «Сырат-ы мұстақим» иелері яғни тура жолдағылар кімдер дегенді аяты жауап беріп суреттеген болатын. Сол топтың ішінде сондай-ақ, деген хадистің ақырзаманда болатын мүджахиттер ішінде әрі «Аср» сүресінің деп басталатын үш сөйлемінің ишари мағынасында әдейілеп көрсетілген топ Рисалей-Нұрдың хас шәкірттері екенінің себебі не, неге арнайы нұсқап тұрып көрсеткен?Жауабы: Мұның себебі, Рисалей-Нұр жүзге жуық діни тылсым-сырларды ашып Құрани ақиқаттарды баяндап берген. Сол тылсым сырлардың кейбірі ашылмағандықтан көп адамдар шәк келтіріп күмәннан құтыла алмай кейде иманын жоғалтып алған. Енді бүкіл дінсіздер ұйымдасса әлгі тылсым сырлар ашылғандықтан әсте жеңе алмайды. Жиырма сегізінші Мектуптағы «Инаят-ы Сәбға» дейтін бөлімде кейбірін меңзеген болатынбыз. Иншаллаһ уақыты келгенде ол тылсым сырлар бөлек бір рисаледе жинақталып жарыққа шығар.* * * * *Сілтеме*: Осылай еш өзгеріссіз жеті жыл жалғасты. Мүлдем қызықпады да еш сұрамады, білгісі де келмеді.
227ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫҒазиз, адал бауырларым!Қаһарман Тахири мен Хафыз Мұстафаның атқарған қызметі өте маңызды. Олардың сақтық шаралары өте орынды әрі дұрыс. Нұр фабрикасының кеңесінде алған қарарларыңды біз әрқашан қолдаймыз. Құранның ишараларын және оның ізінен ерген топты бірге жазғандарың тамаша болған. Тек Сәйід Шәфикке жіберілген хатқа өзіне қатысты жерлер енбеуі керек еді. Лахикадан алынған үзінділер де тамаша. Үлкен Алидың тәсіліне ұқсас кіші, екінші Алидың жазбасы керемет, бірақ қысқа қайырған. Әу баста жастарға қатысты үш-төрт дәрісті – Хафыз Мұстафаға тапсырған едік – қол машинкасымен, мүмкін болса көне жазумен, болмаса жаңа әріппен (Сілтеме ) әрине Нұр фабрикасының алқа *мүшелері мақұлдаса әрі жағдай көтерсе, жазылсын деп. Бізге де кейбір нұсқаларды жіберерсіңдер. Мүбарактар тобының бізге жіберген «Ишарат-үл Иғжаз» кітабының ақысы ретінде бір нұсқамды пошта арқылы жібердік. Жұма күніне сәйкес келіп тұрған осы айт мерекесі, өте маңызды. Ол, «әкбар хажылық» боп саналатындықтан хажылыққа биыл барғандар олжалы қайтты десе болады. Хақ тағала бізді де олардың қайырлы дұға-тілектеріне ортақ, үлескер қылсын, әмин. Тағы да мейрамдарыңмен және барлық Рисалей-Нұр шәкірттерінің мейрамдарын және Нұр мен Гүл фабрикасының мүшелерін және Нұр медресесінің шәкірттерін, ұстаздарын, Барладағы адал жандарды, бейкүнәларды, үмми қарт кісілерді, ер-әйел азаматтарды жаппай жеке-жеке айт мерекелерімен құттықтаймыз. Саид Нұрси* * * * *Сілтеме*: Рисалей-Нұрдың бір міндеті, Құранның әріптерін сақтап қалу болғандықтан жаңа әріпті зәрулік жағдайда пайдалануға, иншаллаһ рұқсат болар.
228ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБҒазиз, адал, қуатты да көкірегі ояу, көзі ашық бауырларым!Сендердің мүбарак он түндеріңді және Құрбан мейрамдарыңды құттықтаймыз. Нұр фабрикасының иесі Хафыз Алидың дененің қайта жаратылуы жайлы ойына келген мәселе маңызды және хатының соңындағы тәмсіл де тамаша, мағынасы терең. Оның ойынан Тоғызыншы Шуаның Хашр кіріспесінен кейінгі тоғыз айғақты сұрап тұрғанын байқадым. Бірақ өкінішке орай бір-екі жыл болды рисале жазу жұмысы тоқтаған-ды. Рисаил-ин Нұрдың тақырыптары іліммен, ой-пікірмен, ниетпен, әдейілеп ерік-қалаумен жазылған емес. Ол, жалпы «сүнухат», «зухурат», «ихтарат» арқылы яғни еріксіз түрде шабыт келіп, аянмен жазылады. Ол жайлы тоғыз айғақ толық қанағаттандыратындықтан әзірге жазу тоқтап тұр. Иә, иман шарттарынан «Иман-ы Биллаһ» пен «Иман-ы Бил иәумил-ахир» Ислам әлемінің екі негізгі тірегі, екі күні іспеттес. Оның біріншісін Рисалей-Нұр толық түрде айғақтармен жан-жақты түсіндірген. Екінші тірегі болса, Рисалей-Нұр кейбірін дара түрде Мысалға Оныншы Сөз, Жиырма тоғызыншы Сөз, Жиырма сегізінші Сөз, әсіресе денемен қатысты ләззаттарды дәлелдеген кезде, сондай-ақ, хашр кіріспесі сынды рисалелерде дененің қайта тірілетінін дәйекті түрде баяндағаны. Олар қырсықтардың аузына құм құйып үнін өшір еді. Дүниядағы жаратылыс Хашр мәселесін Аллаһқа иман мәселесі секілді ашық түрде көрсетпейтіндіктен, хашр яғни өлген соң қайта тірілу шартының басым көпшілігі иманның басқа шарттарының арасында қуатты түрде дәлелденген. Атап атсақ, Қасиетті Құранның хақ екенін дәлелдейтін барлық айғақ-дәлелдер айналып келгенде денемен тірілуді дәлелдеп, Құранның мыңдаған аяттарымен түсіндірілген.Апырм-ай, Қасиетті Құран өзінің аяттарымен таңғажайып мұғжиза түрде Жәннаттағы денеге қатысты ләззаттар туралы түсініктеме бергенен кейін одан артық қосымша түсініктемеге қажет қала ма? Жоқ әрине.
229ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫӘрі Расулуллаһ алейһиссалату уәссаламның хақ пайғамбар екенін дәлелдеген барлық мұғжизалар, айғақтар сайып келгенде денемен қайта тірілуді, жәннат пен жәһаннамның ләззат пен азабын таң --ғажайып шешен түрде түсіндіріп, суреттеп берген одан артық түсініктемеге қажеттілік бола ма? Жоқ әрине.Сондай-ақ, Хақ тағаланың сөзсіз бар екенін, оның рахымын, билік басқармасын, ілім мен құдретін, әділдігін, мұқият сақтаушы екенін, көркем де киелі сипаттарын дәлелдеген барлық айғақтар, бұлтартпас дәлелдер бір жағынан хашрді дәлелдеп ғана қоймай сонымен қатар Аллаһтың рубубиятының талабы Пайғамбарлар жіберу, Кітаптар түсіру сонымен қатар Мұхаммедтің (с.а.у) елшілігін керек етеді...Әрі Құран Аллаһтың сөзі, Оның кәламы екенін дәлелдей отырып дененің қайта тірілетінін егжей-тегжейлі түрде осы екі тұрғыдан түсіндіріп дәлелдейді. Сонымен, Рисалей-Нұрда «Иман-ы Биллаһ» пен «Иман-ы Бил ақырет» дейтін иманның екі ұлы тармағын таразыны тең ұстай отырып дәлелденген. Тек мынаны ескерген жөн, дененің қайта тірілуі кейде ашық, кейде астарлы, кейде жанамалап дәлелденеді. Себебі, мына шәһәдат әлемі, жаратқан Иесін өте анық, нақты түрде көрсеткенмен хашр туралы яғни қайта тірілу жайлы астарлы, перделі түрде хабар береді. Иншаллаһ, уақыты келгенде Рисалей-Нұрдың шәкірттерінен біреу немесе бірнешеуі әлгі тоғыз айғақты, жан-жақты түсіндірме жасар және хашр кіріспесінің бас жағындағы ұлы аяттың тоғыз пікір қазынасын Рисалей-Нұрдағы хашрмен қатысты айғақтармен бірге және көкейіне келген жарқын аянмен түсіндіріп Тоғызыншы Шуаны Оныншы Сөзден де жарқын, әлдеқайда қуатты түрде толықтырады деп ойлаймын.Саид Нұрси* * * * *Ғазиз, адал бауырларым! сырына орай, көптеген тәжірибенің нәтижесінде сырт көзге қанша сәтсіздіктерге ұшырағанымызбен негізінде әрқайсысы инаетке айналып қайырлы болды. Сәтсіздіктер жәй перде екенінің белгісі, тіпті дәлелі мынау: биыл бізге жан-жақтан тиісті. Соның кесірінен аз да болса тоқырау болып және баспалар кітаптарымызды бастырмай қойды – тіпті
230ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБжаңа әріппен бастыруға да келіспей отыр – бірақ бұл қайырлы іс, жақсылық деуге болады. Бірнеше жақтан инает, Иләһи қамқорлық екенін түсіндіре кетейін.Біріншіден: Биыл – перде артында – адамдар зұлымдыққа ұшырап бір таяқ жесе азық-түлік тұрғысынан сұмдық қиналып екінші рет таяқ жеп жатыр. Тағдыр өзінің шексіз хикметімен әділ түрде көптен бері бермей жиналып қалған зекетті, джизияларды алу үшін және шамадан тыс асқынып кеткен хырс (ашкөздік), қанағатсыздық, ихтикар яғни заттың бағасындағы айырмашылықты пайдалану секілді жағымсыз қылықтардан тыю үшін жаппай тәрбиелеп, жөнге салуда. Мұндай кезде әлбетте тек иман мен ақыретке ғана негізделген, назарын тек соған аударатын және мойынына маңызды міндеті жүктелгендіктен қоғам өміріне көп араласа бермейтін және шынайы ықыласты болу үшін басқа ешбір мақсатты көздемейтін, оған тіпті құрал болмайтын, дүниялық ағымдарға тәуелсіз Рисалей-Нұр атты жарқын әрі қуатты Құран қызметі, егер жасырын түрде емес ашықтан ашық ортаға шыққанда сөзсіз әлгі жоғарыда аталған екі мәселе яғни зұлымдық және екінші мәселе яғни тағдырдың жазған тұрмыс тауқыметі оны да шарпып өтер еді. Сөйтіп назарын қызметтен басқа жаққа аударып қарынның қамын ойлап кетер еді немесе ол қызметтің ықыласын кемітіп тұрмыс тауқыметі ауыр басар еді.Екіншіден: Жазылуына әзірге рұқсат жоқ.Үшіншіден: Жария етуге осы кезде рұқсат жоқ. Дегенмен, шәкірттердің қайрат-жігері, ынта-қабілеттері баспаға қажеттілік сездірмеді. Иншаллаһ, осы киелі қызметте әрі қарай жалғастырып қолдарындағы алмас қылышпен нұрды жая береді деп ойлаймын. Сондай-ақ, ұстанған жолымызға мүлдем қайшы болған жаңа әріппен бір-екі рисалені бастырып көрейік деп едік, баспаханалар бастартып ол үлкен сауаптан құр қалды. Олай болса сендер әлгі екі рисалені біздің атымыздан қаһарман бауырларымыздан жиырма-отыз кісі өз араларыңда бөлісіп жиырма-отыз нұсқаны көне әріппен жаздырарсыңдар. Жазған адамға шексіз сауап жаздыратын сол үлкен сауап, мол табысты өздерің алыңдар. Егер жаңа әріппен, қол машинкамен әлгі екі рисаленің жазылған нұсқалары болса бізге кейбіреуін жіберіңіздер.* * * * *
231ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫ(Ишарат-ы Құрания, үш кәраматы Алевия және Кәрамат-ы Ғаусия туралы «Сикке-і ғайби рисалесіне қосымша ескерту, немесе нұсқау)Әркімге көрсетіле бермейтін. Осы махрем рисалелердің – қалай болғаны белгісіз – дінге қарсы қырсық біреудің қолына бір нұсқасы түсіпті. Ол ат үсті қарап, қырсығып бір-екі жеріне орынсыз тиісіп наразылық білдірген. Сөйтіп үлкен оқиғаның орын алуына себеп болғандықтан, негізінде бұл жинақ рисалені тек Рисалей-Нұрдың хас шәкірттері тіпті таңдаулы, санаулы кісілер ғана оқуы керек еді және мен қайтыс болған соң ғана жарыққа шығуына рұқсат берген едім, дегенмен қазір жоғарыда аталған оқиғаға байланысты әркімге емес бәлкім ынсапты әрі Рисалей-Нұрға тығыз байланысы бар және тәлаба болғандардың, хас шәкірттердің бірнешеуі лайық болса көрсетуге болар деген оймен бір түсіндірме жазып отырмыз. Екінші тұжырым: Бұл рисале яғни Сикке-і Ғайбия басынан соңына дейін бір ғана мәселені түсінліреді. Мыңға жуық белгі-нышандармен Рисалей-Нұрдың қабыл болған кітап екенін ғайби түрде дәлелдейді. Мұндай бір ғана мәселе төңірегінде осыншама көп әрі жан-жақты мыңдаған белгі-нышандар көрсетіп дәлелдеуі илмәляқын емес тіпті айнәляқын, керек десеңіз хаққаляқын дәрежесінде мәселе анық деуге болады. Үшінші тұжырым: Бұл рисалені талқылап оқыған адам терең зерттеп әсіресе джифри есеп санымен шұғылданудың қажеті жоқ. Әрі кейбір жерлерін түсінбесе де оқасы жоқ. Әрі барлығын толық оқу да шарт емес. Әрі Ғаус-ы Ағзамның кәраматы туралы жазбаның соңында 224-бетте Шамлы Хафыз Тәуфиқ жазған ой-пікірінен бастап соңына дейін талдап-талқылаған соң және басындағы кіріспені де оқығаннан кейін жазбаны толық оқып шықсын. * * * * *Ғазиз, адал бауырларым!Бір-екі күннің ішінде Катип Османның, һәм мүбарактерден Ибраһимнің һәм, Нұр фабрикасының иесінің, һәм Хулус-і Сәнидің жазған хаттары барлығы бірге келді. Уайым басқан мұңлы көңілімді бір демдеп тастады. Катип Османның хатында аталған әсіресе сәлем жолдаған кісілердің оның ішінде де қаһарман Рүшдү, Зүһдү Бәдәуи
232ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБбауырларымызға арнайы түрде және жалпылама сәлем жолдап сау-саламатта болуларына тілектеспіз. Хүсревтің жақында бізге келетіні жайлы сүйінші хабар ол туралы уайымымызды жоқ қылды. Бәрекелді, Катип Осман да Хусрев секілді бізді алаңдатып жүрген мәселелерді жазыпты. Оның хатын бізге жеткізген Халыжы Ибраһимге былай депті: «Сыддық Сүлейман, Рүшдү мұнда келуі мүмкін!» Ол қаһарман бауырыма айтарым: «Мен олардан да артық көрісуге құштармын. Дегенмен олар, күнде хас шәкірттердің алғы сапында тұрып ойша қасымызда болып, рухани табыс-сауаптарымызға ортақ екенін білсін. Біздің ұстанымымыз бойынша жүздесу айтарлықтай маңызды емес. Әрі мына аласапыран заманда түрлі ахуал кезінде әрі жол шығыны көп болатындықтан келгені ыңғайсыз болар. Әрі күдікшіл дүнияқұмарлар бізді жіті қадағалап аңдып отыр. Тіпті осы айт күндері келушілерге есікті ашпай жауып отырмын. Хафыз Алидың хатында, Рүшдү бауырымыз жастарға қатысты төрт-бес жазба дәрісті бастырғысы келеді депті. Мен оны Хафыз Мұстафаға бастыру үшін берген болатынмын. Құдайға шүкір, сендердің көптеген қаламдарың баспаға қажеттілік қалдырар емес. Егер оңай әрі арзан болса көне немесе жаңа әріппен бастырарсыңдар. Хафыз Алидың хатында оның Рисалей-Нұрға адал берілгендігі, шынайы кішіпейілдігі, ыстық ықыласы, тығыз қарым-қатынасы оның бұрыннан байқап бері сыйлайтын ерекше қасиетін көрсетумен қатар, мендей бейшараны да шапағатшы қылған екен, мен де оның ыстық ықыласын шапағатшы қылып дұғасына «әмин» деймін. Ауылы мүбарак, жамағаты мүбарак, өзі де мүбарак Ибраһимнің мүбарак хатын оқыдым. Ішінде мені тәнті қылатын сөздер көп екен. Әсіресе түсінде менің басыма жауған жаңбырдан ішкені және ағайыны Османның келешекте Рисалей-Нұрға шәкірт болуы үшін өзі оқытуы қуанышты хабар. Хақ тағала сол ауылдан сондай мүбарактардың көптеп шығуын нәсіп етсін, әмин.* * * * *Ғазиз, адал бауырларым!Рисалей-Нұрдың ақиқат екеніне және маңыздылығына қатысты ғайби растау болып табылатын сіздер жазған «Мәджмуа-и Ишаратқа» лахиқадан өздерің таңдаған жазбаларды қосып екі есеге
233ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫкөбейттік. Егер сендер де өздеріңе сондай бір жинақ дайындаған болсаңдар біз қосқан бөлімді сендерге жіберуге әзірміз. Ол жинақта баяндалған маңыздылық Рисалей-Нұрда бар екенін мына заманның аласапыран оқиғалары растап, дәлелдеп жатыр емес па? Иә, бауырларым! Хазреті Иса ғалейһиссалам киелі Инжілде былай деген: «Мен сендерге жұбаныш сыйлайтын біреу келуі үшін кетіп барамын». Яғни Ахмед ғалейһиссалам келеді дегеніне қарағанда Қасиетті Құранның ең үлкен пайдасы, ерекше қасиеті және адамзатқа қымбат сыйы жұбаныш беретіндігі.Рас, әлемде болып жатқан сұмдық оқиғалар мен қирау, дағдарыстың арасында жүрген және мына ұшы-қиыры жоқ кеңістікте әрнәрсеге алаңдайтын адамзатқа нағыз жұбаныш сыйлап, демеу болатын, медет беретін тек ғана Құран Кәрім болмақ. Әрі сол жұбанышқа аса мұқтаж мына заманда жарқын түрде сол жұбанышты дәйекті түрде көрсетіп жатқан Рисалей-Нұр болып табылады. Олай дейтін себебім, зұлымат, күдік күмәннің қайнар бұлағы табиғат ұғымы болса, Рисалей-Нұр сол табиғат ұғымының мән-жәйін ашып, ақиқат нұрын көрсеткен. Он алтыншы Сөз сынды көптеген кітапшаларында иман ақиқаттарының жүздеген тылсым-сырларын ашып, түсіндіріп күпірліктен атейзмнен, небір күмән күдіктерден саналы түрде құтқарған. Міне, сол үшін де мына әрнәрседен тез жалығатын сұм заманда Рисалей-Нұр еш жалықтырмай өзін қайта-қайта оқытып, ақылы бар жандарды өзіне баурап алуда. Рәфәт мырзаның хатында дегеніндей, «Рисалей-Нұрдың ерекше бір қасиеті жалықтырмау. Жүз рет оқылса жүз бірінші мәрте тағы да қызыға оқисың!» дегені өте дұрыс.Рисалей-Нұрдың тәржімешісі өзінің басты міндетінің тысында кейде дүниялық болашаққа назар аударуы сырт көзге шым-шытырық, түсініксіздеу көрінуі мүмкін. Мысалы, бұдан отыз-қырық жыл бұрын былай деген-ді: «Бір нұр келеді. Нұрлы заман орнайды!». Бұл мағына кең шеңберде болатындай үлкен алаңда, саяси әлемде деп ойлаған. Әрі осыдан он төрт жыл бұрын, «Діннен безген алаяқтар аспани сұмдық таяқ жейді, көресіңдер әлі!» деп кең шеңберде болатын дүние жүзілік орасан зор аласапыранды бір елде, шағын алаңда, белгілі бір адамдар арасында деп суреттеген-ді. Алайда, болашақ әлгі ғайби хабарды біз ойлағаннан да жоғары деңгейде тәпсірлеп, жорып өз
234ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБорындарына қойды. Иә, бұрыңғы Саидтың «Бізді бір Нұрлы әлем күтіп тұр!» дегені Рисалей-Нұр шеңберінің мағынасын меңзеген. Бірақ оны кең шеңберде, саяси алаңда болады деп ойлаған. Сонымен қатар сыры білдірген рәміздерге сүйеніп он үш-он төрт жылдан кейін дінсіздікті, атейзмді дәріптеушілер сұмдық азап шегіп, сазайын тартады, әлі!» деп оны тар шеңберде болады деп ойлаған. Қазір уақыт сол екі ақиқатты толық жорып, тәпсірлеп берді.Рас, әу баста Спарта уәлаяты жалпы Рисалей-Нұрдың шеңбері бірінші ақиқатты толық жарқын түрде, керемет көрсетіп бергені секілді, екінші ақиқатты да мына азғын мәдениет дінсіздікті, материалистік (Сілтеме ) көзқарасты үгіттеп, діннен бездіргені *үшін және соны ұйымдастырғаны үшін бастарына келген аспани пәлекеттер кең шеңберде жүзеге асып әлгі « сырының мәнісі толық түрде ашылып дәлелденді. Рисалей-Нұр бұлтартпас дәлелдерге сүйене отырып айтқан үкімдері айнымай, еш жоруға қажет те қалмай ақиқатқа айналады да ал тек тәуәфуктың ишараларына, көкейге келген сунухатқа байланысты жазылған жерлері осындай дүнияға қатысты мәселелерге келгенде неліктен кейде тәуил қылуға жоруға, тура келеді? – деген сауап ойға келді. Көкейге мұндай бір жауап келді: «Ғайби, болашаққа қатысты дүниелік оқиғаларды және басымызға не келетінін білдірмей құпия ұстауда аса мейірімді Хақ тағаланың мол рахымы жатыр. Ғайыпты жасырудың маңызы зор хикметтері бар. Сол үшін ғайби нәрселерді хабарлауға тыйым салынып, тек қысқа-нұсқа, жабық түрде я илһаммен яки ескертумен бір нәрсені тілге тиек етіп сол арқылы мәселен, садық шынайы түсте, немесе «кәшфиятта» кейбір ақиқаттар ишари түрде меңзеп айтылады. Ол ақиқаттардың өзіндік пішін-суреттері жүзеге асқаннан кейін ақиқат көрініс табады. Бауырларым! Бұл жолғы Хилми мырза арқылы келген Рәфәт пен Рүшдүнің жазған хаттары бізге зор қуаныш сыйлады. Негізінде Хусрев, Рәфәт, Рүшдү Рисалей-Нұрмен бұрыннан бері байланысты болғандықтан біреуін еске алсам бірден үшеуі еске түседі. Құдайға Сілтеме*: Иә, материализм деген оба ауруы адамзатты осы аянышты сұмдық күйге түсірді, жер шарын дүр сілкіндірді.
235ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫшексіз шүкір мына соңғы дауылдың оларға да сендерге де зияны тимеді. Машаллаһ, Рәфәт осы күнге дейін бұрыңғыдай адалдығын, тығыз байланысын толыққанды сақтағаны көрініп тұр. Бір-екі жыл я өзі жайлы я Құран қызметіндегі хал-ахуалынан бірде-бір хабар ала алмаған соң уайымдап жүр едім. Осы жолғы хатында: «Басымыз қосылса болды Рисалей-Нұр кітаптарынан біреуін ашып оқимыз...пайдаланып ұстазымызбен жүздесіп қаламыз!» дегеніне дән риза болып Құдайға сансыз шүкір еттік. Адалдығымен ерекше Рүшдү хатында мені қызықтыратын мәселелер жайлы жазуы, яғни Нұр қызметінің тоқтамауы, қыспақ көрмеуі бізді шын жүректен қуантты. Керемет бір тәуәфук: Ахмет Назифтың осы жолғы қауырт жұмыстарынан уақыт тауып жазған Он тоғызыншы Мектубтағы (Мұғжизат-ы Ахмедия (с.а.у)) тәуәфукаты яғни сәйкестік саны 9833-ге жетіп жығылғанын көрдік. Сол хаттағы Мұғжизат-ы Ахмедияның (с.а.у) бір кәраматы болар деп шештік. * * * * *(Рисалей-Нұр шәкірті Әмин мен Фәйзидің ой-пікірлері)Рисалей-Нұрдың ауылдық жерлерге, жамағатқа береке келуіне себеп болғаны жайлы және оған зиян тигізгендерге бастарына бәле келуі сондай-ақ, жеке адамдарға ашық түрде береке, молшылық (оған қызмет еткендерге), оған қарсы шыққандар ғайби шапалақ жегендері жайлы бұл аймақта көптеген оқиғалар бар. Біз өзіміздің басымыздан өткен яғни қызмет еткен кезде ап-ашық берекелі тұрмысқа ие болып қамқорлық жасалатынын көзбен көрдік. Сондай-ақ, Рисалей-Нұрға немесе шәкірттеріне қарсы әрекет қылғандарға қатаң ескертулер жасалатынын көріп жүрміз.Атап айтсақ, Рисалей-Нұрдың белсенді бір шәкірті анық түрде былай дейді: Үш-төрт адам ұйымдасып, дүниялық байлық көздеп мүнафыққа ұқсап қастық жасауға жоспар құрады. Үш күннен соң әлгі адамдардың үйлері, дүкендері өртеніп әрқайсысы мыңдаған лира шығынға ұшырап шапалақ жеген екен. Сондай-ақ, өте қу әрі тыңшы біреу Рисалей-Нұр шәкірттеріне қарсы ор қазады, мақсаты түрмеге қамату. Тіпті бірде ашық түрде: «Мен оларды қаматуға қанша тырыссам да айыптауға тұрар бір сылтау таба алмай жүрмін!» деген
236ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБекен. Осылай дегеннен кейін екі күн өтпей істі болып Рисалей-Нұр шәкірттерінің орнына өзі екі жыл түрмеге жататын болады. Сондай-ақ, бейбақ әрі қырсық біреу, Рисалей-Нұрға және шәкірттерінің ең белсендісіне қарсы жауыздық жасайды екі күннен кейін шарапханаға барып сол жерде арақты ішіп-ішіп жарылып өледі. Осыған ұқсас көптеген уақиғалар бар. Демек, Рисалей-Нұр достарға шипа, дертке ем болғаны секілді дұшпандарға шапалақ, жәй түскендей соққы. * * * * *(Рисалей-Нұр шәкірттерінен Хафыз Тәуфик, Мехмет Фәйзи, Әмин, Хилми, Кәмилдердің жазбалары)Ғаус-ы Ағзам,деуі арқылы ұстазымыздың ерекше қамқорлыққа алынғанын, оған әрдайым демеу келіп тұратынын және «тәуафук» яғни сәйкестік Рисалей-Нұрдың кәраматының бұлағы екенін растайтын көптеген белгі-нышандар бар. Ол туралы соңғы екі-үш күннің ішінде үлкен-шағын бірақ толық көз жеткізіп қанағаттандыратын оқиғалардың өзара сәйкестігі кезінде көзбен көрген Раббани инаят-жәрдемнің үлгі ретінде бес-алтауын баяндап берейік. Бұл оқиғалар бір-екі күннің ішінде болған-ды. Біріншісі: Күні кеше ұстазымызға Рисалей-Нұрмен қатысты үш қызмет атқарылуы қажет болады. Жұмсайын десе ешкім жоқ. Біз алыста едік. Баспалдақтан төмен түсіп бір бала жұмсап бізге хабар бермек болып есікті ашқанда Рисалей-Нұрдың сол қызметін атқаратын үш шәкірт дәл сол сәтте есік аузында күтіп тұрады. Екіншісі: Рисалей-Нұрдың берекетімен үйі өрттен аман қалған Хафыз Ахмет бауырымыз, Рисалей-Нұрдың маңызды кітаптарын өзіне көшіріп жаздырып алып, кейін басқа ауылда тұратын бір-екі кісіге көшіріп жаздыру үшін бергенде олар жоғалтып алып ұялғаннан бізге екі жылдан бері хабарласпағандықтан біз де Хафыз Ахмет те уайымдап, бір жағынан ашуланып жүруші едік. Сол кітаптар бүгін табылып бізге келген уақытта дәл сол уақытта кеше ұстазымызға бес жылдан бері бірнеше күнде бір рет ұстазға көмек ретінде тамақ
237ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫпісіріп сол арқылы ұстаздың хал-жағдай біліп тұратын кісілер келді. Олар екі жылдан бері ол әдеттерін қойған болатын. Олар басқа жерге қоныс аударып көшіп кеткендіктен болар екі жыл болды әлгі әдеттері тоқтап қалған-ды. Енді кеше дәл сол сағатта бұрыңғы әдеті бойынша ол кісінің үйінен жағдай сұрағандай кішкене баласы тағам әкелді. Ұстазымыз: «Екі жыл бұрыңғы әдетті жалғастырудың қажеті жоқ, өздерің де қазір көрші емессіңдер ғой!» деді. Бүгін дәл сол уақытта әлгі Хафыз Алидың жазып кейін жоғалып кеткен кітаптары керемет түрде қайта көшіріліп жазылып бәрі бірге келді. Бұл сәйкестік Рисалей-Нұрға деген Аллаһтың инаетінің бір көрінісі екеніне біздің еш күмәніміз қалмады. Үшіншісі: Ұстазымыз дәл сол күні яғни бүгін Әмин бауырымызға, жалдап тұрып жатқан үйдің иесі бұдан бұрын әр апта ауылынан келетін. Үш-төрт айдан бері жалға төленетін ақшаны алуға келмей кеткендіктен: «Хабар жіберіңдер келіп жалға ақысын алып кетсін!» деген сәтте төрт айдан бері келмей кеткен үй иесі есікті қағып, келіп бес айлық пәтер ақысын алып кетті. Ұстазымыз, осы инаетке яғни Аллаһтың арнайы жәрдемі түсіп тұрғанына дән риза болғандықтан, алыс бір ауылдан келген және домалақ, әрі бұрың-соңды көрмеген және бұл аймақта жоқ шағын бір тоқаш нанды әлгі үй иесіне сыйлады. Дәл сол кезде жиырма минуттың ішінде бұл аймақта кездеспейтін дәл сондай наннан екі жыл бойы Рисалей-Нұрдың екі кітабын алып оқып талқылағаны үшін соның мағынауи ақысының мыңнан бір бөлігі ретінде бір жақтан келді. Сосын әлгі үй иесіне бір шама ашура көжесінен берді. Дәл сол ашура көжесінің он есесіндей және үш нан тағы да екі жыл кітап оқығанының мыңнан бір ақысы ретінде біреу әкелді. Мұны көзімізбен көрдік.Тағы бір қызығы, ұстазымыз жеті жылдан бері әлгі үй иесінің атын білмегендіктен бүгін: «Атың кім?» деп сұрады. Ол: «Хайрия» деді. Хайрия атына сәйкес тәуафук болар, екі сағаттан кейін Хайри дейтін Рисалей-Нұрдың бір шәкірті Ыстамбұлға жолға шығыпты, одан біздің хабарымыз жоқ. Сондай-ақ, сауда мәселесімен екі белсенді шәкірт те сапарға шығып кешігіп жатқан-ды. Қазіргі рухани, материалдық қиын заманда ұстаз оларды әрі сол аймақтағы маңызды бір шәкіртін уайымдап жүретін. Бүгін сол Хайри әлгі Хайриядан екі сағат кейін аман сау оралды. Ол үш шәкірті туралы уайымнан құтылғаннан кейін
238ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБтөрт айдан бері қолданып келген «тәфарик» дейтін ұстаздың өзіндік әтірі бүгін таусылып қалған еді. Хайридың қолында бір кішкене құты, «Сізге «тәфарик» әкелдім!» деді. Біз осы шағын керемет тәфарикпен қатысты тәуафукқа бәрекелді деп таңғалдық. Осы екі күннің ішінде болған осы тектес үлгі мысалдарға ұқсас Ұстазымыз «Мұғжизат-ы Ахмедия» кітабын тексеріп жөндеп жатқанда да сондай оқиғалар болған-ды. Екі күннің ішінде осыншама инаеттің ұшқындары көрініп жатса Рисалей-Нұр шеңберінде мұқият қараған адам, – өз әлемінде – қызметінің дәрежесіне қарай осыған ұқсас үлгі мысалдарды көре алады.Рисалей-Нұр шәкірттерінен куәгерлер:Хафыз Тәуфиқ, Хилми, Кәмил, Хайри, Мехмет Фәйзи, Әмин.Иә, біз көзімізбен көрдік, куәлік етеміз. Иә, мен де растаймын:Саид Нұрси* * * * *Ғазиз, адал бауырларым!Мына сұмдық суық қыста және өзінше тағы бір мағынауи сұмдық қыста әрі адамзаттың қоғам өміріндегі сұмдық, қан төгіс болып жатқан тағы өз алдына бір қыста қиналып жатқан бейшара-байғұстарға адамгершілік жағымен уайымдап қатты жаным ашыды. Көп жерлерде баяндағанымдай тағы сол олардың аса мейірімді, үкім беруші әрі жаратушысы, аса жомарт, рахымды Аллаһтың рақымы мен хикметі көңілге медет сыйлап жүрегімді тынышталдырды. Мағынауи түрде маған былай деді: «Сенің осылай қатты өкінуің Хаким уә Рахим Аллаһтың хикмет даналығына, рахым-мейіріміне белгілі бір мағынада мін тағу боп табылады. Аллаһтың рахымынан артық мейірім болмайды. Раббани хикметтен асқан хикмет бұл дүниеде жоқ. Қырсығып қарсы шыққандар сазайын тартып, жәбір көргендер мен зұлымдыққа ұшырағандар көрген қорлықтарынан он есе артық сый-ақы алатын болады, сен соны ойла! Сен, қолыңнан келмейтін оқиғаларға Оның мейрімімен, хикметімен, әділдігімен қара! Рубубиятын ойла! Сенің міндетің сол!». Мен де әлгі бос, дегенмен тым аянышты жан азабынан құтылдым. Отыз жыл бұрын ру-тайпаларды аралап жүргенімде менен былай деп сұрады: «Апырм-ай, мына заманның аласапыранынан тіпті ірі
239ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫтұлғалар, абыз-әулиелер де тағдырға, жазмышқа шағымдануда. Бұл, Сани-ы Зүлжалалдың яғни Аллаһтың таңғажайып бәдиғ, теңдесіз ісін менсінбеу, наразылық боп табылмай ма?»Жауабы: Жоқ, әсте олай емес! Негізінде олай шағымданудың мағынасы былай: «Менің қалауым, аңсаған арманым, қатты құмартқан хал-жағдай мына дүниеге яғни Аллаһтың әзәли, шексіз хикметімен жаратылған мына әлемге, әлемнің табиғатына сай келмейді ыңғайсыз және әзәли инаеттің өлшемімен жасалған тағдыр заңына үйлеспейді және әзәли қалаумен болып жатқан заманға сай емес және жалпыға ортақ тәртіпті реттеп отырған Иләһи хикметке қайшы. Сондықтан мына дүнияда яғни болып-болмауы екі талай әлемде, Фәйяз-ы Мұтлақтың құдретімен жаратылатын нәрселерді ақылымызбен өлшеп, әуестігімізге қарай ала алмаймыз. Берсе де ұстай алмаймыз. Түсіріп алсақ көтере алмаймыз».Иә, бір адамның әуестігі үшін алып көлемдегі маңызы зор құбылыстар тоқтатылмайды. Міне, отыз жыл бұрынғы жауапқа Рисалей-Нұр, зілзәлә туралы жазбасында мұндай бір қосымша ретінде түсініктеме жасаған болатын: Әр нәрсенің яки кәдімгі суық қысты немесе рухани қыстың және зілзәлә секілді оқиғалардың жүздеген қайырлы нәтижелері, тиімді мақсат мұраттары болады. Бірақ оның тиімсіз, зиянды бір ғана нәтижесі үшін оның жолын бөгеп, міндетін атқаруға жол бермеу одан түсетін мол пайда, қайырлы нәтижелерден құр қалу болып табылады. Сөйтіп нәтижесінде жүздеген жамандық орын алады. Бұлай істеу яғни бір жамандық болмау үшін жүздеген жақсылықтан құр қалу хикметке, ақиқатқа, Аллаһтың рубубиятына қайшы болып табылады. Дегенмен, мұндай жалпылама заңдардың қыспағында қалып қиналған жеке адамдарға өзіндік жәрдем, арнайы медет, жекеше жарылқау жасайтын Рахман-үр Рахим, әрбір байғұсты өзінше демеп, құтқаруы бек мүмкін. Дерттеріне дәрмен, шипа береді. Бірақ, пенденің әуестік сезіміне қарай емес нағыз пайдасына шешіп қамқорлық жасайды. Кейде дүнияда сұраған әйнек шынысын бермей, орнына ақыретте пайдалы алмаз береді. * * * * *
240ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБҰстазымыздың және Рисалей-Нұрдың терең ақиқаттарының ішінде ең тәтті жемісі «тәуәфук» яғни сәйкестік. Сондықтан бауырларымызға тағы да осы соңғы екі күнде болған шағын бір-екі тәуәфук туралы, сендерге бұдан бұрын жазған тәуәфукқа қосымша ретінде жазып отырмыз.Иә, қалайша сөзбен сөйлемдердегі, хаттардағы тәуәфук арнайылап, әдейілеп болғанын және жекеше қамқорлық болғанын көрсетеді. Ол кейде таңғажайып болып кәрамат дәрежесіне көтеріледі. Кейде нәзік түрде сән беріп тұрады. Дәл сол секілді Рисалей-Нұрға қатысты және ұстазымызға байланысты дәлме-дәл, арнайы әрі қамқор түрде тәуәфук (сәйкестік) сөз-сөйлемдегідей істерде де байқалады. Атап айтсақ, Сендерге алдында жазылғандай, Ұстаз төрт ай бойы келмеген үй иесі үшін Әмин бауырымызға былай деді: «Хабар бер!». Дәл сол кезде есік қағылып сәйкестік болғаны секілді, дәл сол сөзді екі мәрте кітаптан оқыған кезде «Әминге айтты..» деген жерге келген сәтте төмендегі есікті Әмин ашты. Негізінде келетін уақытынан бұрын келді. Екінші күні тағы да басқа біреуге сол жер оқылып жатқанда «Әминге..» деген сөзді оқыған сәтте жоғарғы есікті Әмин ашып тұр. Келетін әдетінен тыс келіп тұр еді. Осы екі тәуәфук, үй иесінің тәуәфукына тәуәфук еткені мынаны меңзейді:Ең болмашы шағын іс-әрекеттеріміздің өзі кездейсоқ емес, жоспарлы түрде жасалады. Жалпы өзара сәйкес жүйелі. Сондай-ақ, төрт ай бұрын бізге арнап біршама бидай жармасын әкелген Рисалей-Нұр шәкірті Фуадтың Ыстамбұлға кетіп отыз күн кешіккенін уайымдаған күні дәл сол уақытта өзінің әкелген жармасы таусылған сәтте дәл сол күні келуі, бұл да сәйкестік. Әрі дәл сол күні біршама сары май – біз және ұстазымыз да оның берекесін сезген болатынбыз – дәл таусылған сәтте дәл сол мөлшерде, дәл сол жерде, дәл сол көлемде, дәл сол уақытта келген еді. Соған ұқсас осы ауылда күлге көміп жасалатын тоқаш, ол ұстазға ұнайтындықтан таңертең-кешке соны жейтін әрі он бес күн жалғасып келіп дәл таусылған күні дәл сол тоқаштан оның тумасы әкелген еді. Осы тәуәфуктың құрметіне кері қайтармай қабылдады. Бірақ орнына бір тәбәрік берді. Осы тектес тамаша тәуәфуктың керемет Иләһи нұр-сәулелерінің ұшқындарын көзбенен көрдік әрі мынаны түсіндік: «біздің ісімізде кездейсоқтық атымен жоқ!»
241ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫКеремет тәуәфук Рисалей-Нұрдың сөздерінде, әріптерінде ғана емес онымен қатысты іс-әрекеттерде де керемет тәуәфуктар бар. Ол, Иләһи демеуге қатысы болғандықтан өте кішкентай болса да маңызы зор. Ол туралы осылай ұзақ әңгіме айтып, көп мән беру ысырап боп саналмайды. Өйткені оның мағынасы яғни Аллаһтың жәрдемі, рахымының ілтипаты болғандықтан өте маңызды. Ол туралы жазу мағынауи шүкір ету болып табылады.Рисалей-Нұр шәкірттерінің атынанӘмин, Фәйзи* * * * *Ғазиз, адал бауырларым!Нұр фабрикасының иесі мен қаһарман Тахири бізді қуанышқа бөлейтін сүйінші хабар беруде, сонымен қатар кейбір мәселелер туралы сұрап жатыр. Қызметте белсенді әрі негіз боп саналатын кісілердің тоқтамы, дұрыс деп шешкен ұйғарымдары менің ойымнан да дұрысырақ иншаллаһ.Ол, менің ойымды алғысы келеді екен, онда менің ойымша бұдан бұрын өздеріне жалындырған баспа иелері әзірге керек емес. Қолмен көшіретін машинкамен қанша бастырылса сол жеткілікті. Онысыз да Назиф қол машинкасымен біршама жұмыс істеп жатырғанға Бірақ дұрыс, қатесіз жазылуын мұқият қадағалаңдар! Көне жазумен жазатын қаламы алмастай бауырларым баспаға қажеттілік тудырар емес. Олар бізге қол ұшын беріп көмектессін. Сендердің сұраған екінші мәселе болса, Хафыз Мұстафаға айтқанымдай, жаңа әріппен екі рисале және қалған басым көпшілігі бөлек-бөлек және кейбірі бірге болсын. Жастарға арналған рисаленің бас жағына кітаптың аты ретінде «СИРАДЖ-ҮЛ ҒАФИЛИН»немесе «ГӘНЧЛИК РӘҺБӘРІ» деп жазарсыңдар. Ал тәухид жайлы рисалеге «ХУДЖАТУЛЛАҺИ БАЛИҒА» деп яки «МИСБАҺ-ҮЛ ИМАН» және кәрамат туралы топтаманың атауын «СИККЕ-І ТАСДИҚ-Ы ҒАЙБИ» немесе «ТАСДИҚ-УЛ ҒАЙБТЫҢ СОҢЫ»деп бас жағына жазарсыңдар. Арабша «УИРД-ҮЛ ӘКБАР-І НҰРИЯ» бастырылған болса, арабша білмейтін Рисалей-Нұр шәкірттеріне жеңілдік болу үшін Жетінші Шуа Аят-үл Күбра және Жиырмасыншы Мектубта
242ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБтүсіндіріліп, аударма жасалған беттердің нөмірлері «УИРД-ҮЛ ӘКБАРДЫҢ» жиектеріне санмен түсініктеме ретінде жазылса жақсы болар еді, яғни «бұл арабша мақам пәленше дейтін бетте түсіндірілген» деген сияқты ишара-белгі қойылса және қаламы алмастай бауырларым мұны өзара бөлісіп, әрқайсысы кейбір нұсқаларды осылай ишаралармен тіркеп жазса сондай-ақ, қол машинкасымен бастырылған немесе баспадан шыққан рисалелерден үлгі ретінде бір-екі нұсқасын бізге жіберсеңдер жақсы болар еді.* * * * *Ғазиз, адал бауырларым!Мына ызғарлы мадди-мағынауи қыс кезіндегі ашаршылық және молшылық ішінде жоқшылық, қымбатшылық, ауыр тұрмыс жарлы-жақыбайларға қиын боп тұр. Басым көпшілігі тұрмысы нашар Рисалей-Нұр шәкірттерінің осы қиын жағдайда тауы қайтып, ауызбіршіліктері азайып кете ме деп уайымдап қоямын. Сендер, бұл заманда бұрыңғыдан бетер мына қиын-қыстау кезеңде ынтымақтарыңды, ауызбіршіліктеріңді сақтауға, бір-біріңнің кемшіліктеріне қарамауға, бір-бірлеріңді мінеп-сынамауға Рисалей-Нұрдың киелі иман қызметі үшін міндеттісіңдер әрі мұқтажсыңдар. Абай болыңдар! Бір-бірлеріңе ренжімеңдер, мінеп сын тақпаңдар! Сәл босаңсып кетсеңдер болды бүлікшілер сол сәтті пайдаланып сендерге күллі зиян тигізуі мүмкін. Тұрмыс тауқыметіне қарсы үнемділік, қанағат ережелерін сақтап төтеп беруден басқа шара жоқ. Дүниялық пайда құмарлық көптеген ақиқатшыларды, тариқатшыларды да белгілі бір мағынада бақталастыққа итергені үшін уайымдайтыным рас. Рисалей-Нұр шәкірттеріне осы кезге дейін бұл мәселе зияны тимеген-ді. Иншаллаһ, бұдан кейін де тие қоймас. Дегенмен әркім бірдей емес. Кейбіреулер заңды, халал жолмен рахат өмір сүргісі келсе кедергі болмаған жөн. Шарасыз қалған шәкірт зекет алғанда тұрған ешнәрсе жоқ. Рисалей-Нұр қызметіне бүкіл уақытын арнаған белсенді жандарға, қызмет етіп жүрген кісілерге зекетпен жәрдем ету ол да Рисалей-Нұрға белгілі мағынада қызмет боп саналады. Әрі солай болуы керек. Бірақ, қырсланып, ашкөзденіп яки халімен сұрауға болмайды. Адасқандар қалайша қырсланып, ашкөздене дінін дүнияға сатып жүр, сол сияқты олар өздерімен
243ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫсалыстырып: «Рисалей-Нұрдың кейбір шәкірттері де дінін дүнияға құрал ғып пайдаланып жүр ғой!» деп сендерге жағымсыз қарап мін тағып тиісуі мүмкін.Сендер, кейде Ықылас, және Үнемділік рисалелерін және кейде «Худжумат-ы Ситте» рисалесін өзара бірге оқуларың керек. Сендердің бүгінге шейін керемет табандылық танытуларың, өжет қайсарлықтарың елдің мақтанышы әрі болашақ үшін де маңызы зор еңбек, үлкен ерлік. Абай болыңдар Осы соңғы дауыл ынта-ықыластарыңа зияны тиіп кетпесін. Арабша «Уирд-үл Әкбар-і Нұрия» туралы сүйінші хабарларың сондай-ақ, қаһарман Тахирилер мен Мүбарактардың мына оба ауруы сияқты рухани дерттерге қарсы дәрі-дәрмек дайындауы әрі сол салада тынбай жұмыс істеп қызу еңбек етуі бізді тіпті руханилерді, «Риджал-үл ғайып» тұлғаларды да қуантуда. Хулусидің «Уәл-асрдың» таңғажайып тұжырымы туралы жоғары баға беріп, растағанына және өзінің Коня қаласына ауысқанына нұр қызметі тұрғысынан қарап риза болдым. Иә, Рисалей-Нұр шәкірттерінің алғы саптағы белсенді шәкірті маңызы зор сол қалаға баруы қажет болатын.Бауырларым!Сотта өзімізді ақтап жазған жазбаларымызда «Спарталық сөз тасушылар» деген болсам, ол бізді абақтыға қаматқан Анкарадағы залымдарды айтқан болатынмын. Амал жоқтан солай деуге тура келді. Қазіргі таңда Спарта менің берекелі отаным әрі аса қымбатты бауырларымның туған жері болғандықтан «Спарталық сөз тасушы, тыңшылар» деген сөзді өшіріп, орнына «діннен безген залымдар» деп жаздым. Сендер де солай түзетіңдер. Сондай-ақ, қаһарман Тахиридың маған жазған «Мүдафат» рисалесінде, Қарттар Лемасында Анкара жайлы сегізінші Үміт деп жазылыпты, негізінде жетінші Үміт болатын, оны да түзетерсіңдер. Тахиридай баласы бар, үйінде Рисалей-Нұрдың алты шәкірті бар бауырымыз Хүснү мырзаға сәлеміне сәлем жолдап, шын жүректен құттықтаймын. * * * * *
244ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБҒазиз, бауырларым!Құранға қатысты кішкене тұжырым-нүктенің өзі маңызы зор болғандықтан, Құрани ишаралардың мына заман туралы хабар беретін кішкене шуақ-сәулесін бүгін «Аср» сүресінің таңғажайып терең сырына орай «Піл» сүресінің ишари мағынасының көптеген қабаттарынан тәуәфук ережесіне сүйене отырып бір тұжырымын баяндап беруіме тура болды. Ол былай: яғни «Піл»сүресі мәшһүр, тарихи шағын оқиғаны баяндай отырып күлли және әр ғасырда соған ұқсас оқиғаларды мегзеп, ишари мағыналарымен әр топқа өзіндік қырымен үндеу жасауы, бұл Қасиетті Құранға тән қасиет яғни әрбір ғасырдағы адамзатқа түскен киелі Кітапқа жарасар іс, солай болуы заңдылық. Сондықтан осы қасиетті сүре осы ғасырымызды да қамтып дәріс беруде. Қара ниет, пиғыл арамзаларды тоқпақтап сазайын беруде. Ишари мағынасының қабаттарында мына ғасырдың ең маңызды оқиғасы туралы хабар беріп қана қоймай сонымен қатар дүнияны қай жағынан болсын діннен жоғары қоюдың, яғни адасушылықтың жазасы ретінде джифр, әбжәд есебі бойынша «Үш сөйлемі» арқылы дәл оқиғаның уақытына сәйкес келіп ишара қылуда. Бірінші сөйлемі:Қасиетті Қағбаны қиратуға әрекет қылған Әбрәһә әскерінің төбесінен Әбәбил ұшақтары бомба жаудырғаны жайлы баяндайтын киелі сөзін алар болсақ, әріптерінің саны 1359 болып, дүнияны діннен жоғары бағалаған және адамзатты тура жолдан тайдырған мәдениетшілдердің басына аспани бомбалар мен тастардың жауған кезеңіне тәуәфук етіп яғни дәл келіп ишара қылады.Екінші сөйлем: деген киелі кәлам, яғни қасиетті сөз бұрыңғы заманда Қағбаның нұрын өшірмек болып небір айламен шабуыл жасағандардың өздері жоқ болып, қараңғыда қалып діттеген мақсаттарына жете алмай керісінше бастарына бәле келгендері секілді, осы ғасырда дәл солай алдап-арбап,
245ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫзұлымдық жасап дәстүрлі діндер дейтін Қағбаны, имандылардың қасиетті қыбласын өзгертуге діннен бездіріп бұзуға тырысқан өктемшіл, тәкаппар кәпірлердің сәтсіздікке ұшырап, бастарына бәле яғни аспаннан бомба жауып жазаланғандарын меңзеп дәл сол жылдарды деген сөзбен яғни 1360 джифри есеп бойынша тәуәфук етіп ишара қылуда. Үшіншісі:киелі кәламы, арқылы Расулуллаһ аләйһиссалату уәссаламға: «Сенің Раббың берекелі отаның және қыблаң болған Қасиетті Мәккені, Ұлы қағбаны таңғажайып түрде жаулардан сақтағанын, және дұшпандар жермен жексен боп бәлеге ұшырағандарын көрмедің бе?» деп сарих яғни ашық түрде білдіргені секілді бұл ғасырға да үндеу жасайтын сол киелі сөз өзінің ишари мағынасы арқылы былай дейді: «Сенің дінің Исламиятқа, Құранға, хақ пен ақиқат жолындағыларға өш өктемшілдерге, дүнияға ғана сенетіндер мен дүниялық пайда үшін бүкіл құндылықты аяққа таптайтын дүния құмарларға сенің Раббың не істегенін, қандай азаппен жазалағанын көрмедің бе? Қара, көр!» деп, бұл сөйлем ишари мағынасымен джифри есеппен дөп басып 1359 жылды меңзеп, тұр. Дәл сол сияқты аспаннан келетін бәлеге ұқсас төбеден жәй түсіргендей «Бұл, Дін Исламға қиянат жасаудың жазасы...» деп ишари мағынамен бізге соны білдіріп отыр. (Сілтеме ) Тек * сөзінің орнына Сілтеме*: Бұл жерде піл сөзінің алынып тасталуының себебі, бұрыңғы заманда сұмдық ірі «Махмуд» дейтін пілге сеніп жорыққа шығып, шабуыл жасаған болса, қазіргі заманда дүниялық байлыққа, жинаған қорына және сол байлыққа алынған қару жараққа сеніп, әскер жасақтап ұзын саны қырық миллион бір ел, әлгі піл сияқты теңіз флотына (қаруына) сеніп төрт жүз миллион халықты отарлап басып алды. Сондай-ақ, Европа мәдениетшілдері мәдениеттің құндылықтарымен, әсем пайдалы жақтарымен емес, керісінше мәдениеттің жамандықтарымен, азғындықтарымен, және дінсіздігімен үш жүз елу миллион мұсылман халқының дүние жүзінде сән-салтанатын ойрандап өктемшіл саясат жүргізіп отыр. Сөйтіп осы аспани бәленің келуіне себеп болды. Дүнияқұмар, қанышер залымдар жасаған зұлымдықтарының жазасы ретінде түрлі бәлелер келуіне жол ашты. Сондай-ақ, пақыр әрі бейкүнә, әрі зұлымдыққа ұшырағандардың фәни мал-мүлкін, және өмірін ақыреттік қылу үшін және маңызын арттырып құнды болу үшін және дүнияда жасаған күнәларының өтемі ретінде Иләһи тағдыр бұған рұқсат берді.
246ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБ сөзі келіп «піл» алынып тасталып орнына «дүния» қойылады.Талдау:: Екі сегіз жүз. Екі , төрт жүз. Екі , бір , бір , бір жүз. Тәнуин уақыф яғни тоқтайтын жер болмағандықтан болады, елу. Бір , бір , бір мәдде әлиф тоғыз, барлығы 1359. : сегіз жүз сексен. төрт жүз. Екі жиырма. Екі алпыс. Тәнуин уақыфтың тұсына келгендіктен саналмайды. Барлығы 1360.: Екі , бір сегіз жүз. Екі , екі екі жүз. Екі , бір жүз. Бір , бір жүз алпыс. Төрт , үш әлиф, бір , бір барлығы жиырма тоғыз. сөзінің орнына қойылған сөзіндегі екі , әлиф тоғыз, бір елу, бір он, бір әлиф бір. Барлығын қосқанда 1359 болады, егер оқылмай қалатын әлиф саналмаса 1358 болады. Һәм араби, һәм руми жыл санау бойынша осы аспани пәлекеттің небір түрлерінің болатын уақыттарына сәйкес келіп көзге шұқып тұрып көрсетеді. (Сілтеме ). 1*Барлық бауырларыма жеке-жеке сәлем әрі дұға етемін.БауырыларыңСаид Нұрси* * * * *Мен, бір жарым жылдан бері дүнияқұмарлардың осы бәле-қайғыда не істеп жатқандарын, қандай жағдайда екенін сондай-ақ, екінші дүние жүзілік соғыстың барыс белесін мүлдем білмеймін. Бірақ, екі жыл бұрынғы хал-ахуалына мына қасиетті сүренің ишари мағынасының бір бөлігі меңзеген пәлекеттер дәл солардың басына келуде, сүренің ишари бір мағынасын толық тәпсірлеуде.Сілтеме*: Иә, Құдайдың қаһары болған мына соғыс-пәлекеттен күнәһар пенделер ширк қосуды қойып шүкір етпесе, Құранды мойындамаса періштелердің қолымен де аспаннан бастарына тас жауатынын осы сүре хабарлап ишари мағынасымен қатаң ескертіп отыр.
247ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫҒазиз, адал, мүбарак бауырларым!Сабридың атауы бойынша Рисалей-Нұрдың зүлпұқары «Хизб-үл Әкбар-і Нұри» ақырында, біздің ойлағанымыздан да керемет жарқын әрі тамаша, өте мұқият тексеріліп, қателері аз түрде Аллаһтың инаетімен құрастырылып болыпты. Хафыз Али, Тахири, Хафыз Мұстафалар бұл міндетті адал атқарған екен. Олар осылайша Рисалей-Нұрдың қолына бір алмаз қылыш сыйлады. Бауырларым!Осы киелі сый-кәделерің бұл шәһарға келген уақытта, - біз одан әлі хабарымыз жоқ – біздің жақта бір шәкірт жаңа кітапқа бастаса, Күрдше «мәфтихане» деп, бір дастархан жайып, ырымын жасайтын. Дәл сол сияқты Рисалей-Нұрдың бес тәлабасы әр түрлі ауылдарда біз де олар да поштадан бейхабар, бейне бір осы берекелі кітаптың «мәфтиханесі» ретінде әрқайсысы түрлі-түрлі тағамнан әкеп шағын дастархан жайғандай, ешқандай себепсіз, мүлдем әдеттен тыс әлгі бес тәлабаның осы тұрғыда бірлесуі, тәуафук етуі таңқаларлық оқиға. Біз бесеуміз (Мен, Әмин, Фәйзи, Хилми, Тәуфиқ) бір ауыздан «мұның кездейсоқтық болуы мүмкін әсте емес!» деп қарар бердік. Демек, осы аймақтағы Нұр медресесінің «мәфтиханесі» ретінде Иләһи рақым тарапынан нұрдың бір кәраматы болса керек. Сондай-ақ, отыз күннен бері Инеболу қаласынан аптада екі рет келетін бір хас тәлаба еш келмей жүріп, кенет, еш себепсіз үш күн жаяу жүріп «Хизб-үл Әкбар» қолында кіріп келді. Келесі күні бейне бір сол үшін жіберілгендей баспадан шыққан «Хизб-үл Әкбардың» бір бөлігін алып кетті. Ғазиз бауырларым!Бұл «Хизб-үл Нұрия» мен үшін аса маңызды, оның мағынауи кәраматы бар. Соны баяндаудың уақыты келді деп ойлаймын. Жиырма үш жыл бұрыңғы Саид бүгінгі Саидқа ауысқалы жүргенде тәфәккүр (пікірлеу) жолын ұстанғандықтан сөзінің сырын түсінгісі келді. Әр жылы кейде екі жылда бір рет оның сыры я арабша, я түрікше бір рисале болып тек бет бейнесі өзгеріп отыратын. Арабша Қатре рисалесінен бастап сонау Аят-үл Күбра рисалесіне дейін ақиқат жалғасып тек түр-түсі өзгеріп келіп, ақырында «Хизб-үл Әкбар-і
248ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБНұрия» болып қалыпты бейнесіне енді. Жиырма үш жылдан бері қашан мазам қашса немесе ойым, қалбім шаршап, жалыққан болса осы хизбтің бір бөлігін толғаныспен оқысам әлгі мазасыздықтан арылып, жалығу, шаршау кетіп қалады. Тіпті үздіксіз деуге болады, түні бойы таңға дейін төрт-бес сағат еңбектен жалығып, шаршаған кезде әлгі хизбтың алтыдан бір бөлігін оқысам болды түк болмағандай өзімді тың сезінетінмін. Бұл бір емес мың мәрте болған шығар.Маңызы зор бір ақиқатты осы ақиқатқа байланысты айта кетейін. Бұл, мына заманда медресе оқығандарға, имам-молдаларға қатысы бар мәселе. Былайша: Ықылым заманнан бері басым аймақтарда медресе оқығандар «тәкиеде» жүрген тариқат түлектерінің алдында бас иіп тік тұратын. Олардан әулиеліктің жемістерін дәметіп, күтетін. Олардың дүкенінен иманның ләззаттарын, ақиқаттың нұрларын іздейтін. Тіпті медресенің ірі тұлға, ғалым-ғұламасы тәкиенің кішкене әулие-пірдің қолын сүйіп, соның артынан жүгіретін. Олар абыл-хаят, нұр бұлағын тәкиеде іздеп сол жақта ғана бар деп ойлайтын. Алайда, медреседе ақиқатқа, нұрға апаратынын әлдеқайда қысқа жол және имани ілімде әлдеқайда сап, мөлдір, анағұрлым таза абыл-хаят бұлағы бар екенін, сондай-ақ, амалдан, құлшылықтан, тариқаттан анағұрлым жоғары, әлдеқайда тәтті, әлдеқайда қуатты «тариқ-ы уәләят» яғни нұрлы жол ақиқат ілімінде екенін және иман ақиқаттарында, әһл-і сүннеттің кәлам ілімінде екенін Рисалей-Нұр Қасиетті Құранның мағынауи мұғжизасының арқасында ашып көрсетті, алдарыңызда.Рисалей-Нұрды бәрінен бұрын ынта-ықыласпен мақұлдап әрі мақтана қабылдап ішіне кіретін медресе оқыған ғалымдар болуы керек, тіпті шарт десе болады. Бірақ өкінішке орай әлі күнге дейін медреседен шыққан осы абыл-хаят, өмір суы тәріздес нұр бұлақты, осы бір аса қымбат таусылмайтын қазынаны көпшілік ғалымдар білмейді, іздемейді, аман-сақтап қалуға тырыспай отыр. Құдайға шүкір енді ғана сезіне бастаған секілді. Сөздер кітабы молда-имамдарды, мұғалімдерді өз нұрына тартып жатыр. «Хизб-и Нұрияның» алғашқы бетіндегі түрікше жазудағы: «арабша толық білетін» деген сөзден кейін мына сөз жазылсын: «немесе қолында Аят-үл Күбра және Мінәжат және Жиырмасыншы Мектуб рисалесі бар және оны оқығандар...».
249ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫСондай-ақ, төртінші беттің соңынан санағанда екінші жолының басындағы деген сөзде әрпі алдына шығып кеткен, деп жазылсын, құт сөзінің көпше түрі ғой. Сондай-ақ, жиырма екінші беттің төртінші жолындағы сөзінен кейін Хафыз Али, Тахири, Хафыз Мұстафа және Назиф дегенді қосу керек. сөзі деп жазылуы керек.* * * * *Ғазиз, адал бауырларым!Құдайға сансыз шүкір, Спарта уәлаяты менің бұрыннан бері армандап жүрген Медресет-үз Зәхраға, яғни бір мағынада Джами-үл Әзхарға айналды. Сендердің қаламдарың Рисалей-Нұрды баспада бастыруға қажет қалдырмай, аз уақыттың ішінде мұншама керемет тәуәфукты нұсқаларды көшіріп көбейтуі бүгін таңертең айтқан дағуа-сөзімді растады. Яғни түске жақын сендердің жіберген жәннат бауынан алынған жемістердей тәтті де керемет сыйлықтарың Әмин арқылы келіп, таңертеңгі сөзімді толығымен дәлелдеді. Ол не сөз, қандай дағуа дейсіңдер ғой. Мен былай деген болатынмын:Рисалей-Нұр қызмет етіп жаққан иман ақиқаттары бәрінен де маңызды әрі аса қажетті. Дегенмен жүрегі тас нәпсісі әбден құтырған дінсіздер, иман ақиқаттарына ауадай қажеттілік бар екеніне сенбейтіндіктен: «Діндарлар мен ілім иелеріне ең бірінші дүниелік байлық керек, олар мансапқұмар, табыс көзі үшін жүр!» деп айыптайды. Сөйтіп ынсапсыз түрде діндарларға шүйлігіп, тиіседі. Мұндай бейбақ діннен безгендерді нақты түрде үнін өшіретін, іс жүзінде де – материалдық тұрғыда да – олай еместігін дәлелдейтін жанкешті азаматтар керек. Олар мұқтаждығын сезінген, дүниялық ең маңызды шаруаның өзі, тіпті орасан зор шығын олардың иман ақиқаттарына деген зор ықыластарына кедергі бола алмайды. «Апырм-ай, ондай азаматтар бар ма екен!» деген ой келді. Иә, бар! Міне, Спарта уәлаяты мен халқы. Міне, Сандықлы дейтін аймақтан келіп, үш-төрт айдың ішінде Рисалей-Нұрдың мәнісін түсініп оны
250ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБбәрінен жоғары қойған, ел басына күн туғанда атқа қонар азаматтар, мүджахидтер деп дағуа қылғанмын. Екі сағаттан кейін ойламаған жерден Рахметуллаһ деуге лайық Әмин, екі сандық кітаппен әлгі сөзімді растап, соның дәлелі ретінде өзімен бірге алып келді.Хатшы Осман Бауырымыз жазған хат, білгім келген көптеген мәселелерді қамтып, жауаптандырып толық қанағаттандырды. Хақ тағала оған ұқсас мыңдаған шәкіртті нұр медресесіне нәсіп етсін, әмин.Атыф бауырымыздың да Сандықлыға сапар шегуі әрі сәтті болуы тек бізді ғана емес періштелерді де қуантты десе болады. «Ирфан» ауылы деп аталған оймақ, иншаллаһ нұр медресесіне айналар. Негізінде Атыфтың ыстық ықыласы сондай нәтиже беретінін сезгенмін. Гүл, Нұр, Мүбарак және Нұр медресесі, Мақсұм, Ихтиярлар атты топтарға мыңдаған сәлем, сау-саламатта болуларына дұға етеміз. Он үш жыл бұрын Барлада бес есеге артып берекеттеніп кәрамат деуге болатын тәтті кәделері және сол тәттілерді сыйлаған мүбарак Хажы Хафызды еске түсірген тағы да жаңадан әкелген тәттілері бес түрлі боп шықты. Олардың әрбір түйіріне Аллаһ тағала сендерге жәннатта мыңдаған тәтті жегізсін, әмин. * * * * *Ғазиз бауырым Хусрев! Аллаһ тағала марқұмға мағфират қылып мейіріміне бөлесін. Саған және балаларына зор сабыр сыйласын. Мен сенің қайғыңа ортақпын. Сенің жылап отырып жазған хатыңды оқып мен де жылап алдым. Иә, сен де мен сияқты дүниямен екі тұрғыдан байланысың үзіліп жатқанға ұқсайды. Солай болуы да керек шығар. Рисалей-Нұрдың сендей жанкешті шәкіртінің дүниямен байланысы болмауы тиіс...байланыспағаны жөн. Байланысы болса табанды, зор ықыласты, болуы қиын әрі кейбір себептердің кесірінен зақымданып жоғалып кетуі мүмкін, жанкештілік жасай алмайды. Әрине ол аймақтың қаһарман батырлары бұл айтқанымнан тыс. Олардың байланысты болғандарына зиян тиер емес. Дегенмен кейбіреулердің, мысалы Хусрев, Саид және Атыф сынды кісілердің дүниемен мүлдем байланысы болмауы тиіс.
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296