Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Қастамону Лахикасы

Қастамону Лахикасы

Published by risalekz, 2020-11-12 15:00:49

Description: Kastamonu Lahikası

Keywords: лахика

Search

Read the Text Version

251ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫҚайтыс болған марқұм апай, осы кезге дейін Рисалей-Нұрдың хас шәкірттері арасында әрдайым, күн сайын жүзге жақын мәрте есімі аталып тұрып және таң сәріде бір мәрте рухани табыстарыма он жылдан бері ортақ болатын. Енді қайтыс болғаннан кейін жекеше жасалатын дұғаларға үлесі арта түспек. Ғазиз бауырым Хусрев! Сенімен ұзақ сөйлескім-ақ келеді. Бірақ дәл осы кезде уақытымның тарлығы сонша мені зияраттап келген төрт-бес достыма: «Менің уақытымды алмаңдаршы!» деп орынсыз ашу шақырдым. Жарайды, қойшы әйтеуір...Ол аймақтағы бауырларымды сағындым, шын жүректен сәлемімді жеткізіңіз. Сау-саламатта болсын деп оларға дұға етемін. Бұл жердегі бауырларың да саған көңіл айтуда және ол жақтағы бауырларына аса құрметпен сәлем жолдауда.* * * * *Ғазиз, адал бауырларым!«Хизб-і Нұри»-дың ішінде сыры, һәм ауқымы кең құлшылық болғандықтан дәл осы уақытта соны растайтын белгі-нышандарды көрдім. Бүгін, Рисалей-Нұрдың «Хизб-і Нұри»-сінен бір бөлігін және «Жәушан-үл Кәбир»-ден де бір бөлігін оқып отырғанымда көргенім: Ғаламның небір түрлерін, сан-алуан әлемдерді Аллаһтың әрбір көркем есімі жеке-жеке нұрландырғанын, зұламатты сейілтіп жарыққа бөлегенін – бұл туралы Жиырма тоғызыншы Мектубтың соңғы бөліміндегі аятының тәпсірінде қалби саяхатта көрінген болатын – дәл солай және өзгешелеу түрде Жәушан-үл Кәбир, Рисалей-Нұр және Хизб-і Нұри баяндаған еді. Ғаламды басынан соңына шейін нұрландырып, зұлымат қараңғылықтарын сейілтеді... ғапылдықты жойып, табиғатшылдық ұғымын күл-талқан етеді. Адасқандар мен ғапылдардың тығылып қалуына еш мүмкіндік бермей перде атаулыны жыртып парам-парша етеді. Ғаламды тұтасымен жүн түткендей ашып, тарақпен тарайды. Мен соған куә болдым. Адасқандардың тұншығып, батып кеткен ең соңғы және кең шеңбердегі перделерді түріп астынан тәухидтың нұрларын көрсетеді.

252ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБАтап айтсақ, осыдан екі күн бұрын рисаледен Исм-і Хакем туралы бір тұжырым оқыған Нақшибенді тариқатынан бір дәруіш, Күн системасы туралы Рисалей-Нұр қалай түсіндіретінін аңғара алмай: «Бұл да пән мен астрономия ғалымдары сияқты түсіндіреді екен!» деп ойлапты. Енді оған менің қасымда оқылып еді дұрыс түсініп: «Бұл мүлдем басқаша екен ғой!» деді. Демек, астрономияшылар сықылды пән оқығандардың қатты сенетін, сүйенетін ең соңғы және кең шеңберде және ғапылдыққа себеп болатын перделерді жыртып Әхадияттың Нұрын ашып көрсетіп береді. Ол жақта да дұшпандарын қуалап ізіне шам ала түседі. Тығылатын жерлерін бұзып, тас-талқанын шығарады. Кез-келген жерде құзыр тауып, нұрға шығарар жол көрсетеді. Егер, Күнге қашса ұстап алып былай дейді: «Ол бір ошақ яки шам! Отынын, жанар майын кім беріп отыр? ойлан, есіңді жи!» деп басынан шертіп жібереді.Сондай-ақ, ғаламды басынан соңына шейін айна түрінде, Жаратқанның көркем есімдеріне бөленіп шағылысып, тұрғанын көрсететіні сондай ғапылдыққа әсте жол бермейді. Ешнәрсе құзырға кедергі бола алмайды. Тариқатшылар мен ақиқатшылар секілді әрдайымғы құзыр табу үшін әлемді жоққа шығаруға немесе ұмытуға, ойламауға үйретпейді керісінше әлемдей кең ауқымды құзыр мәртебесіне көтереді...және кең әрі күлли және әрдайымғы, ғаламдай ауқымды құлшылық көк жиегін ашады. Мен соны көрдім. Бұл туралы тағы да айтуға болар еді, әзірге осы жетер.* * * * *Ғазиз, адал бауырларым!Бұл жолы Хафыз Алидың, Халил Ибрахимның және Лүтфүның ізбасары Абдуллаһтың маңызы зор үш хатын алдым. Ол, Хафыз Алидың Хизб-і Құрани мен Хизб-і Нұридегі жіберген қателіктерді айтып өкініш білдіріпті. Ол, бауырымыз мынаны нақты білгені жөн: Оның, Тахири мен Хафыз Мұстафаның және достарының қайрат жігерімен бастырылған әлгі екі хизб мына заманда мұндай ауыр шарттарда өте жарқын, нұрлы жеңіс болып табылады. Олардың амал дәптеріне жан-жақтан сауап жазылатын болады. Оқығандардың сауабына ортақ болады. Ішіндегі қателіктер біз күткеннен әлдеқайда аз. Құдайға шүкір еш қиналмастан оңай жөндеп түзеттік. Лайық оқырмандарға кетті.

253ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫХалил Ибраһимның Рисалей-Нұр туралы өте шырын әрі тамаша әрі өте орынды тәмсіл-теңеуі – оның – ыстық ықыласынан, қанағат шылдығынан туындағаны көрініп тұр. Сол тұрғыдан алғанда өте керемет, әдеби шешен жазылған. Рисалей-Нұрға қатысты бөлімдері Лахика кітапшасына енетін болады.Иә, ол Рисалей-Нұрдың маңызды да қайсар әрі әрдайымғы белсенді шәкірті екеніне шәк жоқ. Оған және жұбайына күн сайын жеке дұғамызда ескеріп, рухани табыстарымызға әсіресе Инже Мехмет бауырымыздың ортақ екенін айтып, сәлем жолдайтынымызды айтарсыңдар.Марқұм Лүтфүның ықыласты да нағыз орынбасары Абдуллаһтың хатында, Рисалей-Нұрмен тығыз байланыс құрған әу баста Тахири және әкесі және Али және Уәхби, Шүкрү, Мұстафа, Мехмет, Хүсейін, Мехмет, Хаққы және әсіресе бұрыннан бері Рисалей-Нұр қызметінде орны бөлек Үлкен Зүһдү сынды бауырларымыздың сәлем жолдауы маған қатты әсер етті, қуанып қалдым. Мен де сол бауырларыма сәлем әрі дұға етемін. Оның сұрақтарына келсек, осы уақытта ойым басқа нәрселермен шұғылданып отырғандықтан жауаптарын іздей алмаймын...........................Үшінші мәселе: Бір бауырымыз кемшілігін көрмеген кезде оған ескерту үшін жазылған нәзік мәселе. Бәлкім сендерге пайдасы болар деп жаздық. Бір кездері, үлкен әулиелердің жазбаларынан әммаре нәпсіден құтылған бола тұра бірнешеуінен нәпсімен қырғын шайқасқа түсіп күресетінін және өзім де әммаре нәпсісінен шағымданатынын көріп таңғалғаным бар. Біраз уақыт өткен соң өзім де әммаре нәпсінің басқа анағұрлым жойқын әрі мен одан да бетер айтқанға көнбейтін бір бет және жаман мінезді әрі қарай жалғастыра беретін сондай-ақ, әуестік, сезім, жүйке, табиғат секілді қоспалардан тұратын, әммаре нәпсінің ең соңғы тысғылатын ұясы және әммаре нәпсіден тазарғаннан кейін де оның бұрыңғы жағымсыз қылықтарын, жат мінезін жалғастыра беретін және өмірдің соңына дейін күресуге себеп болатын бір мағынауи әммаре нәпсіні көрдім.

254ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБСодан түйгенім, әлгі әулие мүбарак ірі тұлғалар, кәдімгі әммаре нәпсіден емес астарлы мағынадағы әммаре нәпсіден шағымданған екен. Кейін қарап отырсам, Имам-ы Раббанидың өзі кітабында осы астарлы әммаре нәпсі туралы жазады. Бұл екінші әммаре нәпсі соқыр әрі өзі бейсана болғандықтан ақыл мен қалбтың сөздерін түсінбейді, тыңдамайды. Тыңдамаған соң жөнделмейді, кемшілігін көрмейді. Тек, өмірде таяқ жеп, қиыншылықтардан әбден тауы қайту керек немесе толыққанды жанкештілік жасап барлық сезімдерін алға қойған мақсатына жұмсап, пида етуі керек, және Рисалей-Нұрдың хас шәкірттері секілді бүкіл болымсыз сезімдерін, менмендігін тастауы керек. Иә, мына сұмдық ғасырда нәпсінің қоздырудың кесірінен хақиқи (нағыз) нәпс-і әммара мен әлгі мәжази (астарлы) нәпс-і әммаре бірігіп, қосылып алып жамандыққа итеріп, күнә істерді қуана-қуана істетуде. Оған бүкіл әлем, ғалам ызаланып ашу шақыруда. Тіпті бірде өзім де, бір минуттың ішінде бес тиындық болмашы қиналысқа шыдамай алпыс лиралық сауаптан айырылып қала жаздадым. Әрі он минуттың ішінде орасан зор рухани күрес кезінде менің жағымда ірі зеңбіректің оғындай жауға қарсы оқтар атылып дұшпандарды қырғынға ұшыратып жатса дағы әлгі екі әммаре нәпсінің арбауына түсіп уақытша сезімге беріліп өзімшілдік, мақтангершілік, өзгеден ерекшелену секілді сезім билеп зұлымдыққа жақын, зұлымат сезімге еріп шынайы шүкір етудің орнына «неге мен жауап қайтармадым!» деп түрі жаман рия, жұртқа жақсы көріну, мақтангершілік бәсеке сезімі оянғанын көрдім. Құдайға сансыз шүкір, Рисалей-Нұр әсіресе Ықылас рисалелері әлгі екі нәпсіні құрықтап олардың барлық арбау, сұм айлаларын тойтарып, олардың салған жарақат жараларын емдеп ғана қоймай манағы бір минуттық және он минуттық хал-жағдайдан мені аман алып қалды. Мағынауи истағфар яғни іштей өкіну, Аллаһтан кешірім сұрау боп табылатын өз кемшілігім көрдім. Сол қатенің тез берілетін жазасы болып рухани күйзелістен, жан азабынан құтылдым.Барлық бауырларымызға жеке-жеке сәлем.* * * * *

255ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫҒазиз, адал бауырларым!Кенеттен, шұғыл түрде көкейге келген бір уайымымды баяндап берейін. Адасқандар Рисалей-Нұрдың алмас қылыштай ақиқаттарына төтеп бере алмағандықтан шәкірттерінің арасына іріткі салмақ яғни тұрмыс тауқыметі жағынан және көктемгі тіршілік, бейқамдықты пайдаланып, олардың арасындағы өзара айырмашылықты және сезімдерінің әртүрлі болуын пайдаланып, әйтеуір осал тұстарын тауып ауызбіршіліктерін бұзғысы келетінін сездім, соны аңғардым.Байқаңдар! Өте сақ болыңдар! Араларыңа сызат түспесін. Қатесіз адам болмайды. Тәубе етуі мүмкін ғой. Нәпсі мен шайтан бауырыңа қарсы айдап салып наразылыққа, орынды мінеуге итерген кезде былай деңдер: «Біз мұндай азғантай ақымызды дауламақ түгілі, тіпті жанымызды, абыройымыз бен дүниялық бақытымызды да Рисалей-Нұрдың өзегі боп табылатын бауырластыққа пида етуге дайынбыз, тіпті міндеттіміз. Оның бізге берген пайда мен нәтижесі үшін дүниялық және менмендікке қатысты әрнәрсені құрбан етуге әзірміз!» деп нәпсілеріңді тыйыңдар. Дау-дамай туғызатын бір мәселе болса кеңесіп, өзара ақылдасыңдар. Қатты қысып қатаң талапты қоюдың керегі жоқ. Әркім бірдей бола бермейді. Мына заманда бір-бірлеріңе кешіріммен қарау қажет. Барлық бауырларымызға жеке-жеке сәлем. * * * * *Ғазиз, адал бауырларым! Құдайға мың да бір шүкір, мына бейқамдық жайлаған көктем мезгілінде және тұрмыс тауқыметі қинаған заманда Рисалей-Нұр жеңістен-жеңіске жетіп азаттық күресін жалғастыруда.Ыстамбұлдан мұндай хабар келді: Ол жаққа жөнелтілген әу баста Хусревтің жазған Мұғжизат-ы Ахмедия кітабы болып, рисалелерді кім көріп, оқыған болса, барлығы дерлік атап айтсақ Діністері, пәтуа бөлімінің меңгерушісі Али Риза мырза, таңдана жоғары бағалап: «Бұлай түсіндіруді, керемет дәлелдеуді, ғажап баяндауды басқа ешбір кітапта кездестірмедім. Мұндай ауыр шарттарда осындай еңбек жазу ешкімге нәсіп болмаған шығар!» деп ыстық ықылас танытыпты. Сондай-ақ, Анкарада лауазымды кісілер, әскери ұжым қызығушылық танытып, қадірін түсініп Рисалей-Нұрды жазып әрі

256ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБоқытуда екен. Әу баста мыңбасы Мехмет Юмнү секілді жоғары әскери шен иелері: «Рисалей-Нұр иманыңды құтқарып қалатын кітап!» деп жоғары бағалап, толық сеніммен қабылдап оқып, пайдасын көріп жатыр екен. Тіпті бұл аймақта Рисалей-Нұрға қарсы небір құйтырқы айла-қулық, түрлі сұм жоспар жасап шәкірттерін аластатпақ боп әрекет қылса дағы әсіресе тұрмыс тауқыметін, күн көріс қамын көлденең тартса да Рисалей-Нұрдың жайылуына кедергі бола алмауда. Нұр кітаптары күнге-күнге кеңінен тарауда. Тіпті ең көп тиіскендердің өзі жасырын түрде пайдалануға тырысуда. Құдайға сансыз шүкір, Аллаһтың қамқорлығы мен жәрдемі жалғасуда. Бірақ, өте қауіпті план, тұтқиылдан соққы беруде, мұны қырсық мүнапық, екі жүзділер жасауда. Өте сақ әрі мұқият болып табандылық танытып, ауызбіршілікті сақтауымыз керек. Сонда олардың пландары жүзеге аспай қалады. План-жоспары мынау:«Рисалей-Нұр тәлабалары арасындағы ынтымақты жою».Он сегіз жылдан бері бізге құрған планы, хас шәкірттерді бізден алыстату, көңілін суыту. Дегенмен бұл ойлары іске аспай қалды. Енді өзара ауызбіршілікті бұзу, кейбір пайдакүнем бірақ ілім иесі, діндар кісілерді Рисалей-Нұрға қарсы айдап салып бақталастық ояту ойлары бар. Осылай нұрдың жайылуына кедергі болмақ.Әрі, Рамазан рисалесінің соңында әммаре нәпсі түрлі азапқа қаймықпай тек аштыққа шыдамай бетінен қайтқаны секілді, мына қазіргі мүнафық, екі жүзді кәпірлер өздерінің азғындыққа түскенінің жазасы ретінде бірақ жалпыға келген бейкүнәларға да қатысы бар мына аштық, қымбатшылық, тұрмыс тауқыметін оңтайлы пайдаланып Рисалей-Нұрдың пақыр, тұрмысы нашар шәкірттеріне тиісуі әбден мүмкін. Бірақ, осы кезге дейін Рисалей-Нұр шәкірттері жаппай дерлік Рисалей-Нұр қызметі қандай да бір қиыншылықтың, кезкелген бәленің ем-шарасы екеніне көздері жетті. Біз, нұрға күнде қанша қызмет етсек соншалықты тұрмыс жеңілдеп, жүрек тынышталып, мазасыздық азайып, көңіліміз жайланып қалатынын сезіп әрі көріпте жүрміз. Әлбетте осы соңғы сұмдық оқиғаларға қарсы тағы да Рисалей-Нұрға қызметпен төтеп беруіміз керек. Барлық бауырларымызға жеке-жеке дұға-и сәлем. * * * * *

257ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫҒазиз, адал мүбарак және Қасиетті Құранның мұғжизалық тұсын ғажап алтын қаламымен көрсеткен және амал дәптеріне өзі жазған Құранды оқығандардың сауаптарындай үздіксіз сауап жазылып жатқан қымбатты Хусрев! Маған жіберген екі берекелі нұсқаның біреуін сендерге Хилми бэй арқылы жібердім. Сен алдын ала сезгендей менің Спартадан кететінімді болжап екі нұсқасын да маған жіберген екенсің. Өте жақсы болды. Қазіргі таңда Спартаны «Медресет-үз Зәхрә-и Әкбар», «Медресе-и Нұрия-и Күбра» деп атауға болатындықтан бұл қасиетті жазба ол жерге әсіресе қасиетті үш айлардың алдында баруы қажет болатын. Иншаллаһ, ол жерде де біздегідей Құран параларын өзара бөлісіп хатым етіп оқырсыңдар. * * * * *Ғазиз, адал бауырларым! Бұл жолы, Хафыз Али жазған хатта үлкен сүйінші хабар сездік. Ол, мұғжиза Қасиетті Құран Кәрімді бастыруға себептер дайын екен, кедергілер жоқ екені. Мүбарак Хүсрев келді, олай болса бұл мәселеде ең бірінші сөз соныкы. Сондай-ақ, екі Али мен Тахири, Хафыз Мұстафа өзара қуатты ынтымақ құрып және осы кезге дейін барлық Рисалей-Нұр тәлабаларын қуанышқа бөлеген және имандыларды риза әрі қарыздар қылған қызметтері ерекше, орны бөлек көзге көрініп-ақ тұр. Және қаһарман Рүшдүнің мызғымас адалдығы тағы бар. Енді сол арқылы Хусревпен бірге мына маңызы зор, ауыр әрі қымбат Құран қызметін ынтымақтаса атқару керек. Абай болыңдар! Өзара айырмашылықтарыңды, осал тұстарыңды, тұрмыс тауқыметінің мәжбүрлігін адасқан топ пайдаланып бір-бірлеріңді мінеп-сынауы мүмкін, жол бермеңдер! Шариғатқа сай өзара кеңесіп отырыңдар. Түйген ойларың зорайып тек сол ғана дұрыс сияқты көрінуі мүмкін, одан сақ болыңдар! Ықылас рисалесіндегі ережелерді әрдайым естен шығармай ескеріп отырыңдар. Әйтпесе азғантай қайшылық осы кезде Рисалей-Нұрға күллі зиян тигізуі мүмкін. Сендерден несін жасырайын, оны қазір Фәйзи де Әмин де біледі, араларыңдағы түкке тұрмайтын мінеп-сынау мына жақтағы бізге дейін кері әсерін тигізгендей. Олай дейтінім, еш хабарым жоқ,

258ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБбейхабар болсам дағы ол туралы екі хат жаздым және жаным қатты алаңдап «Апырм-ай, дін дұшпандары тағы да тиісіп, шабуыл жасады ма екен?» деп қиналғаным рас. Әрі сол зиянды оқиғаның кесірінен, мүбарак Хусревтің келуімен жаңа бір серпін, қарқындылық пайда болып бізге «Хизб-і Нұрияның» соңына жазылуы тиіс мінәжат жазбасы он бес күн кеш қалды. Мен оны он бес күн бұрын келеді деп күткен едім. Кемшіліксіз адам болмайды, әрі бақталас адамдар әрқашан табылады. Дегенмен Рисалей-Нұрдың батыр шәкірттері кезкелген қиындыққа мойымай жеңіп келгені секілді иншаллаһ осы қиын-қыстау кезеңде де жеңіске жетеді деп ойлаймын. Өздерінің кіршіксіз таза ниеттері мен ыстық ықыластарын сақтап, қызметтерін тоқтатпайды деп білемін. Сендер материалдық тұрғыда сақтық шараларын менен жақсы білесіңдер. Алайда, Хусрев пен Рүшдү Рисалей-Нұр қызметінде үлкен рөл ойнайтыны рас әрі айналасында Рисалей-Нұрдың белсенді шәкірттері бар. Сонымен қатар Хафыз Али, Тахири, Хафыз Мұстафа, Кіші Али да Рисалей-Нұр қызметінде мол табысқа жетуі арқылы өздерінің мақбұл жандар екені белгілі болды. Олай болса ол екі топ бастағы екі көз секілді тату-тәтті, ауызбіршілікте болуы керек. Сонда ғана мына ауыр жүкті, қымбат қазынаны арқалап жүре аламыз. Барлық бауырларымызға жеке-жеке сәлем айтыңдар.* * * * *Сауа ауылының Нұр медресесінің қымбатты бір тәлабасы, ағаш ұстасы Ахметтің жазған тамаша, ықыласты өлеңіне дән риза болдық, ол топтамаға енді. Әсіресе Рисалей-Нұрдың орындығынан бейкүнә жандар түспегенін және «Ол нұрлы орындыққа отырғандар өрттен, дінсіздіктен аман болады!» деген сөздері қатты әсер етті. Бейне бір кәдімгі «Зәхра» медресесінің шынайы бір тәлабасы болашақтан осы шаққа саяхаттап бізді жұбату үшін келгендей болды әрі бейкүнә, жаны таза тәлабалар көбейіп жатқанын сүйіншілепті. Рисалей-Нұр алғаш жазылып жатқанда тұңғыш жазып көбейтуші Шамлы Хафыз Тәуфиқтың жұбайы, марқұм Зәхра, мен сол Барлада болғанымда Шамлы Хафыз Рисалей-Нұрды көшіріп жазуы үшін күйеуінің орнына отын арқалап отын таситын. Хафыз нұрларды жазсын деп оның жұмыстарын өзі атқаратын. Біз сол марқұмның

259ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫжасаған жақсылығы үшін оны Рисалей-Нұрдың қайтыс болған хас тәлабалары арасына сол кезден бастап қосып дұғамызға ортақ қылған едік бұдан кейінде, дұға етеміз.* * * * *Ғазиз, адал бауырларым!Бұл жолы мені қуанышқа бөлеген әрі шүкір еткізген және нақ осы кездері көңілімдегі уайымнан құтқарған және Спарта уәлаяты мағынауи түрде Зәхра медресесіне айналғанын көрсеткен және Спарталық шәкірттер табандылықта, адалдықта бәрінен алда екенін дәлелдеген Рисалей-Нұрдың белсенділері жазған төрт хатты алдық. Хатта аттары аталған хас бауырларымның Рисалей-Нұрға қызмет етуі, қаламмен жәрдем етуі, бізге достық шырай танытуы, жанкешті бауырдай болуы; міне бұл мына сұмдық заманда, мұндай қиын-қыстау кезеңде Раббани инает, Құдайдың жарылқауы деп түйдік. Нұр фабрикасындағы Алилер мен Тахирилердің сұратып жатқан мұғжизалы Құранымыз және Иғжаз-ы Құранның қосымшалары екеуі бірге Ыстамбұлда, Хафыз Әмин бауырымызда. Ол оны басқаларға оқытып әрі көшіріп жаздыруда. Қаласаңдар, менің кітабымды Хафыз Әминнен алыңдар да орнына сендердегі керемет қосымшасымен бірге жазылған кітаптарыңның біреуін беріңдер, жанында тұрсын.Құран Кәрімнің соңғы жазылған нұсқасын қажет болғанда және баспаға бастыру үшін келгендеріңде Ыстамбұлға жіберемін. Хусревтің ұзақ және әсерлі де құнды хаты сондай-ақ, қасында қаһарман Рүшдүнің қысқа хаты және мен үшін аса қымбатты бауырларымның қаламмен бізге жәрдемдері және Рисале-Нұрмен шұғылдануды бәрінен жоғары санауы, сондай-ақ, Хусревтің де келгелі тынбастан еңбек етуі: міне бұл оқиғалар Спартаның толық түрде Рисалей-Нұрды иеленіп бауырына басқанын және бір Саидтың орнына мың Саид шыққанын көрсетеді. Құдайға мың да бір шүкір, сансыз мадақ. Мұғжизаға толы Құранымыздың баспадан басылып, мұқабасы қапталуы отыз мың лира тұратын болса бұл

260ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБкиелі мәселені әзірге кейінге шегеруге тура келеді. Рәфәт мырзаның бізді таңғалдырған таңғажайып әрі ерекше хатының бас жағындағы жазбаны лахикаға ғибрат болар деген мақсатта жазып қойдық. Әсіресе, «Әнә мен Зәрре» туралы Отызыншы Сөзді әрбір мүмин жаттап алуға міндетті..» дегені сондай-ақ, сол рисалені оқығаннан кейін Барлада Абдрахим атын иеленген және «Я, Рахим! Я, Рахим!» зікірін естіртіп айтатын мүбарак мысыққа ұқсас басқа мүбарак бір мысық, азан оқылып жатқанда құштарлана адам сияқты тыңдауы, бізді де сендер сияқты таңғалдырып, қуантты. Бұл Мұхаммедтің (с.а.у) азаны жақында қайта қалпына келіп, оқылатынына ишара, сүйінші хабар деп қабылдадық. Хатшы Осман мен Мехмет Зүхдү сынды Құран қызметінде еңбегі сінген, аса қымбатты темір ұстасы Мехметтің де көрген түсі өте маңызды. Аллаһ қайырын берсін. Ол Спарта қаласына қатысты бір жақсылықтан хабар беретін маңызды сүйіншісі. Рәфәт бауырымыздың хаты төрт тұрғыдан мені риза қылды. Онысыз да бұрыннан бері менің ойымда Хусрев, Рәфәт, Рүшдү бәрі бір кісідей болатын. Аллаһқа шүкір, олардан күткен үмітім ақталып, адалдығын, табандылығын сақтап келеді. Сондай-ақ, Хусревтің, Хафыз Алидың хаттарында аты аталған қайсар бауырларыма және хатшы Осман мен Мехмет Зүхдүге және Спарталық Хафыз Алиге, Сауаның қаһарман батырларына жеке-жеке сәлем әрі дұға етеміз. Осы хатты жазып отырғанда Рисалей-Нұрдың орталығы саналатын Сабридың хатын Әмин алып келді. Ашып оқығанымызда, қуаңшылық туралы жазыпты. Онда, Мінәжат рисалесінің көптеп жазылған кезде берекет келіп жаңбыр жауғаны, Иләһи рахым пақыр-пұқараны аяп, медет беруі жайлы жазылыпты. Ол мен үшін маңызды бір мәселені шешті. Осы жақта да жаңбырға мұқтаждық өте күшті болатын. Жаңбыр жауатындай бірде-бір белгі-нышан көрінбейтін. Мұндай қуаңшылық кедей-кепшіктерге қиынға соғары анық. Мен, үш мәрте намаздан кейін бейкүнә кедейлерді, аш мал-жандарды және Рисалей-Нұрды шапатшы ретінде атап дұға қылдым. Кенет дәл сол күні түнде күтпеген жерден дұғаның толық қабыл болғанын көрдік. Мен таңғала әлгі азғантай дұға-тілегіміз мұндай күллі мәселеге қандай септігі бар екенін біле алмадым. Мен: «Сөзсіз, өте маңызды дұғаларға біздің дұғамыз қосылып мыңнан бір бөлігін құраған болар!» дедім. Енді түсінікті болды,

261ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫСпартадағы нұрлы жүзді жандардың нұрлы мағынауи дұғалары бізді де қамтып сол рахымнан үлескер қылды. Тіпті дұға кезінде артымнан біреулердің «әмин» деген сөздерін естігенімді жаңа ғана Фәйзиге айттым. Мұны оған сәл ертерек айтқанымда оның мен туралы асыра сілтеп мақтап жіберетін әдеті бойынша жақсы ойын реттей алмас едім. Өйткені ол ұстазына көп мән беріп, артық үлес береді. Сабри жазған хатта, Сыддық Сүлейман және Барлалық бауырларымыздың сәлемін жолдап, бұрыңғыдай тығыз байланыс құратынын жазыпты. Бұл, менің Барладағы өмірімді еске түсірді. Мен де оларға көп-көп сәлем айтамын. Мүбарак Хусревтің хатында хас бауырларымыз Рәфәт, Рүшдү, Катиб Осман, Осман Нұри, Атыф және Фәйзи жазған рисалелерді жәдігер ретінде бізге сыйға тартқанын жазады. Хақ Тағала оларға өздері қанша әріп жазған болса сонша әрбір әрпіне мың сауап жазсын, әмин. * * * * *Ғазиз, адал бауырларым!Сақтық әрқашан жақсы. Онысыз да Хазреті Имам-ы Али (радиаллаһ анһ) кәраматты түрде бізге сақ болуды бұйырады. Осы күндері шығыс аймақта жаңа бір оқиға болыпты. Ардақты пайғамбарымыздың қабірінде қызмет еткен шырақшы Шәйх Ахмед дейтін кісі «Пайғамбар өсиеті» атты кітапты мүрид-халифалары тарапынан жарыққа шығарып кеңінен тарап кетіпті. Бұл оқиға сол аймақта нұрға қызмет етіп жүрген қаһарман Салахаддиннің біршама сақтануына себеп болды. Саясат атаулыдан жоғары, саясаттың деңгейіне төмендемейтін Рисалей-Нұр қызметі ондай саяси қозғалыстармен қатысы жоқ екенін көрсету үшін бауырымыз сақтық ережелерін мықтап ұстануға, қызметін уақытша тоқтата тұруға мәжбүр болыпты. Бүгін, Анкараға бес айға бір қызмет үшін кетіп барып жатып бізге ат басын бұрып, келіп кетті. Оны бір тыңшы аңдып жүр екен артынан еріп ол да келді. Мен әлгі тыңшыға, Салахаддин кетіп қалған соң былай дедім:Рисалей-Нұр және одан толық дәріс алған біз шәкірттері дүниялық саясатқа пайдаланбақ түгілі Рисалей-Нұрды ғаламға құрал ретінде пайдалана алмаймыз, осы кезге шейін де құрал қылып пайдаланған емеспіз. Біз дүнияны ғана ойлайтындардың дүниясына араласпаймыз. Бізден күмәнданып қауіптену ақымақтық.

262ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУББіріншіден: Бізге саясатқа араласуға Құран рұқсат бермей тыйым салған. Өйткені алмастай құнды ақиқаттар дүнияқұмар адамдардың назарында әйнек дәрежесіне түсіп құнын жоғалтады. Екіншіден: Мейірім, ар-ождан, ақиқат бізді саясатқа жібермейді. Өйткені жазалануға лайық дінсіз мүнафық онның екеуі болса қалған жеті-сегізі бейкүнә, бейшара, бала-шаға, әлжуаз, қарттар. Ал, қиыншылық келсе сол сегіз бейкүнәлар бәлеге ұшырайды, анау екі мүнафық дінсізге ешнәрсе болмауы да мүмкін немесе аз шығынмен құтылып кетеді. Сол үшін саяси жолмен, билікке қарсы шығып, тыныштықты бұзып әрі нәтижесі белгісіз іске кірісу Рисалей-Нұрдағы мейірім, жанашырлық, хақ пен ақиқатқа қайшы, оған ол жол бермейді, шәкірттеріне, тыйым салады. Үшіншіден: Бұл елге, бұл халыққа, және елдің билік басындағыларға қандай жағдайда болсын Рисалей-Нұр аса қажетті, олар ауадай мұқтаж. Одан қорқудың немесе қарсы болудың орнына қолдау көрсетіп тіпті діннен безгендердің өзі діндар түрде, оның әділетті ереже-заңдарына жақтасып, қабылдауы керек. Әрине, мүлдем халыққа жау, отанын сатқан, дін Исламға қиянатшыл адам болса, ол басқа мәселе. Себебі, бұл халықтың, осы елдің қоғамдық өмірін, саясатын анархиядан сақтап қалуға және қауіп-қатерден аман алып өту үшін бес негізді орындау қажет тіпті шарт.Біріншісі: Мейірім. Екіншісі: Құрмет. Үшіншісі: Сенім. (қауіпсіздік) Төртіншісі: Харам мен халалды ажырата білу, харамнан қашу. Бесіншісі: Бетімен кетуден, лағып бос жүруден тыйылып, тәртіпке бағыну.Міне, Рисалей-Нұрдың қоғамға қатысты жағы осы. Ол осы бес негізді жүзеге асырып, елдің қауіпсіздігіне, тыныштығына кепілдік береді. Рисалей-Нұрға тиісіп кедергі болатындар біліп қойсын, олардың әрекеттері халықты анархияға итеріп елдің, қоғамның тыныштығын бұзу, отанға қастандық болып табылады. Осы сөздерімнің қорытындысын әлгі тыңшыға айттым. Сосын: «Сені жібергендерге мынаны айт!» - дедім: «Он сегіз жыл бойы бір рет болсын жан тыныштығы үшін өкіметке арызданбаған... жиырма бір айдан бері дүнияны астан-кестенін шығарып жатқан соғысты сұрап хабар алмаған... лауазымды, жоғары дәрежелі шенеулік таныстары қол ұшын берейік дегенде

263ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫолардан көмек сұрамаған... осындай бір кісіден қорқып, күдіктеніп, дүниямызға араласады деп уайымға салынып басқан ізін аңдып мазасын алуға болама? Не қажеті бар? Одан не пайда? Оған тиісу ақымақтық екенін ақымақтар да білетін болар!» Әлгі тыңшы орнынан тұрып кете бар-ды. Барлық бауырларыма, әсіресе негізгі белсенді шәкірттерге, баспамен айналысатындарға әсіресе «Хизб-і Нұрияны» жайып, таратушы Хафыз Али, қаһарман Тахири мен Хафыз Мұстафаға және жұбайына жеке-жеке сәлем. * * * * *Ғазиз, адал, мүбарак бауырларым!Құдайға сансыз шүкір етемін, мына сұмдық заманда сендердей ықыласты, ынталы, кішіпейіл, жанкешті бауырларды нәсіп етті. Осы жолы Хусрев, Хафыз Али, Хафыз Мұстафа, Кіші Али төртеуінің бір-біріне арнап жазған хаттарын оқыдым. Оқып отырып шын жүректен қуаныш, шексіз алғыс, ризашылық сезіндім. Бұл қымбатты бауырларымның қаншалықты қайратты да жігерлі, рухани жоғары мәртебелі екенін, Рисалей-Нұр қызметінде жанын пида етуге дайын екенін түсіндім. Әрі Рисалей-Нұр осындай қуатты да таза, жүректі ықыласты да қайсар жандарға тапсырылғандықтан енді Рисалей-Нұр жеңілмейтініне көзім әбден жетті. Мұндай мықты ауызбіршілік, ынтымақ оны әрдайым жасатып, жарқырата түспек.Иә, бауырларым! Сендер ықыластың мәнісін түсініп, ережелерін берік сақтап келесіңдер. Мұншама алауыздыққа итеретін себептер бола тұра ауызбіршілікті сақтап қалу үлкен ерлік, таңғажайып оқиға. Хафыз Алидың шынымен ерекше кішіпейілділігі, инабаттылығымен қоса ықыласы және бауырлар арасында өзін жасырып, көрінбеуі... ал Хусревтің расымен де сақтық шараларын менен де күшті білетін көрегендігі және Хафыз Али секілді жанның ыстық ықыласқа ие болуы, кішіпейілдігі айтарлықтай керемет қасиет. Ал, Хафыз Мұстафаның нұр қызметінде күш-жігері, сонымен қатар адалдығы мен жанқиярлық түрдегі берілгендігі, сондай-ақ, Абдрахман, Лүтфү, Хафыз Али мағынасына ие рухы үлкен кіші Алидың Рисалей-Нұр қызметін бәрінен жоғары қойып өмірінің басты мақсаты деп білуі және іріткі болар оқиғаларға мойымай төтеп беруі: міне, сендердің хаттарыңнан мен осыны түсіндім.

264ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБДәл осылай, айнымай мәселемен байланысты қаһарман Тахири да солай екеніне еш шәк, шүбә жоқ. Осы аталған алты негізгі шәкірт, бұл соңғы уақытша шабуылдан өзара шынайы ауызбіршіліктерін сақтап, бір-біріне демеу болып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруы алты жүз тіпті алты мың рухани қуатқа ие...деп Аллаһ тағалаға Рисалей-Нұр атынан сансыз шүкір еттік әрі сендерді құттықтаймыз. Спарталық хас, ықыласты бауырларымыз жазған соңғы хатта Мехмет Зүһдү, Хафыз Али туралы айтылмағандықтан уайымдай бастадым. Жағдайлары қалай, ешнәрсе мазалап жүрген жоқ па екен?Сандықлы тарапында, құштарлана, ықыласпен қызу қызмет етіп жүрген Хасан Атыф бауырымыздың жазған хатынан түсінгенім: Ол жерде қызметті тоқтату мақсатында жасырын түрде кейбір молда-имамдар кейбір тариқатқа кірген адамдарды пайдалынып кедергі болуда екен. Дегенмен біздің ұстаным-жолымыз болымды әрекет ету. Олармен айтысып-тартыспақ түгіл басқа жолдағыларды ойлауға да ұстанымымыз рұқсат бермейді. Сондай-ақ, біз Рисалей-Нұрға тұтынушы іздеуге міндетті емеспіз, тұтынушылар өздері келіп, жалынсын.Ол бауырымыз шынымен өте ықыласты әрі тым садық, адал. Қаламы қалай болса жүрегі де, рухы да солай керемет. Дегенмен бауырымыз бәрін бірден әрі керемет, болуын қалайды. Сол үшін де мазасы кетіп біраз қиналады. Мүмкін болғанынша һәм сақ болсын, һәм жаңадан бастаған имам-молдалармен айтыс-тартыстан аулақ болсын. Иншаллаһ, Хақ тағала оған сәттілік берер. Ол аймақта өзі сияқты ықыласты, қызметке негіз болар шәкірттер табар, бәлкім тауып та алған шығар. Біз әу баста оны және оның айналасына жиналған Рисалей-Нұр шәкірттерін құттықтаймыз. Олардың атқарған аз қызметтері біз үшін көп. Мен бұл жақта болып, олармен не хабарласа, не ақылдаса алмағандықтан сендер менің орныма ол бауырларымызға сәлемімді айтып әрі мағынауи табыс сауаптарыма хас шәкірттермен бірге Атыфтың адал жолдастары деген атпен ортақ екенін және күнде таңертең қасымызда бірге болатынын білдіріңдер. * * * * *

265ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫҒазиз, адал, көкірегі ояу, шынайы да ынтымағы жарасқан, мүбарак бауырларым!Мен де сендерді құттықтаймын. Себебі сендер жын мен адам шайтандарының айла әдістерін іске асырмай тастадыңдар. Хақ тағала сендерді осы Нұр қызметінде әрдайым сәтті, табысты қылсын, әмин. Аллаһ тағала сендерге мәңгі бақи риза болсын, әмин. Бір кездері Барлада бүкіл тариқаттың толық шежіресін реттеп, қағазға түсіруге Хафыз Али мен Хусрев біраз еңбек етті. Мен сол кезде-ақ, осы екі кісінің болашақта Рисалей-Нұрға көп қызмет ететінін, олар екі көз секілді екі жақтан қарағанмен бірдей көреді деп зор сеніммен үміт еткенмін. Құдайға сансыз шүкір, сол үмітім сол кезден бастап ақталып келеді, ақталуда, толық ақталмақ. Бауырларым! Сендер өзара болған азғантай кемшіліктерді үлкейтіп, зорайтпаңдар. Тек мен емес, бәлкім ақиқатты түсінгендер, Спарта және сол аймақтағы Рисалей-Нұр шәкірттерінің ғажайып адал, қайсар әрі бауырмал, ықыласты әрі батыр екенін жаппай есті, растайды. Өйткені олар, мына сұмдық заманда бүлік шығарып, араға іріткі салатындар көп бола тұра ауызбіршілік пен ынтымақ-бірліктерін сақтағандарыңды, ықыласты қызметтеріңді естіп жатыр. Мұншама дауыл-соқпақта Рисалей-Нұрды тоқырауға ұшыратпай, нұрын сөндірмей керісінше одан әрі лаулатып, жандандырып жібердіңдер. Бізді де нұрландырып ынта-жігерімізді ояттыңдар. Әсіресе көктем кезінде жалпылама бейқамдық, тұрмыс тауқыметі жайлаған қиын-қыстау кезеңде осындай керемет ынта-ықылас, қайрат-жігермен Рисалей-Нұрға қызмет ету, шынында Аллаһтың бір жарылқауы. Сендерді шын жүректен құттықтаймын. Қаламдарын біздің атымыздан пайдаланып, рисале жазуға ниет еткен алты ұйымшыл бауырымызды жаны бір, денесі алтау және алты жаңа жас Саид орнына қабыл еттім және жиырма бір бауырымызды жиырма бір Абдрахман, Абдулмәжит деп қабылдадым. Хақ тағала олардың қаламының қара сиясын – сахих хадисте айтылғандай – әрбір тамшысын жүз тамшы шәһид қанындай махшар күні, үлкен таразыда қымбатты қылып, амал дәптеріне солай жазылуын нәсіп етсін, әмин. Нақыштап жазатын, жазды керемет Мехмет пен Асымның ізбасары Бабажанның тірі әрі Рисалей-Нұр қызметінде жүргенін естіп қатты қуандым.* * * * *

266ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБҒазиз, адал бауырларым!Марқұм Мехмет Зүһдүнің қайтыс болғаны шынымен-ақ Рисалей-Нұр тұрғысынан алғанда үлкен шығын, күллі зиян. Бірақ, Құдайға сансыз шүкір, ол кісі аз уақыттың ішінде Рисалей-Нұрға көп қызмет етті. Ол қырық-елу жылда атқарылатын нұр міндетін сегіз-он жылда тәмамдады. Ол әрі арамызда нұр шеңберімізде. Ол, адал қызметінің саясында мағынауи түрде бар, өмір сүруде. Жақсылық жасау жағымен өлген жоқ, әрдайым амал дәптеріне мол сауап жазылуда.Тіпті мен ертеректе атын атап тұрып бернеше рет Рисалей-Нұр тәлабасы деген кезде оны жүз мәрте сондай-ақ, оны Рисалей-Нұрға сыйлаған марқұм әкесін мағынауи табыс-сауаптарыма ортақ қылғанмын. Сондай-ақ, қазірде атын атап тұрып кейде елу есеге жуық үлесін алуда. Демек, оның рухани табысы артып молаюда. Хақ тағала оның тума-туыстарына жәмил сабыр, өзін кәміл мағфирамен жарылқасын, әмин.Ол өзінің берекелі қаламын бізге атаған-ды. Мен де оны һәм Абдрахман, һәм Абдүлмәжид орнына қабылдаған едім. Ол маған, бейне бір қайтыс болмағандай, қаламы әрдайым жазып жатқандай көрінеді. Екі жүзге жуық бейкүнә сәбилерге үйінде Құран үйретіп, Рисалей-Нұрды дәріс берген ол мүбарак жан дәл Абдрахман секілді аз уақытта ұзақ жылдар жасалатын қызмет етіп, аяқтап кетті. Бауырымыз Катиб Османның ол кісі туралы жазған тамаша естелігі лахиқаға енді. Расымен де ол кісі сол жазылған естелікке лайық. Иншаллаһ, Спартада оған ұқсас қызмет ететіндер талайы шығады, сөйтіп осы өкініштің орнын толтырар. Менің атымнан оның анасына, бала-шағасына көңіл айтарсыңдар. Рисалей-Нұрдың аса маңызды шәкірті Хулуси мырзаның маңызды бір хатын оқыдым. Расында, ол бауырымыз алғы шепте, озат шәкірт. Мен оны әрдайым қолында қалам, Рисалей-Нұрмен шұғылданып отырады деп білемін. Әрі менің үндеу-сөздеріме ең бірінші тыңдаушым. Оның сұрақтарына жауап ретінде жазылған Мектубат рисалелері және оның жазған шынайы хаттары, өзінің орнына көптеген жандарды Рисалей-Нұр шеңберіне тартты әлі де тартуда. Өзінің дегеніндей ол бізден алыста емес. Күнде бірнеше мәрте біргеміз. Әрдайым хабарласып тұрамыз. Сендермен сөйлескен кезде Хулусиді де ойлап отырамын. Сабри ол арқылы менімен хабарласып

267ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫтұратыны секілді менің орныма да онымен сөйлесіп тұрсын. Барлық бауырларыма жеке-жеке сәлем. * * * * *Ғазиз, адал бауырларым!Сендер жіберген өте мүбарак әрі пайдасы зор нұрлы сый-кәделеріңді және алмас қаламнан шыққан жәдігер-естеліктеріңді алдық. Хақ тағала оны жазған қалам иелеріне әрбір әрпіне он рахым-сауаптан жазсын, әмин. Осы нұрлы Қарттар рисалесінің белгілі бір мағынада кәраматы бар, былай: Аманат есіктің дәл аузына келгенде сегіз жылдан бері қасыма тек екі мәрте келген осы аймақтың қарт өкіл имамы, жергілікті әкімшіліктің бастығымен бірге күтпеген жерден келе қалды. Әмин де аманатты есіктің аузына әкелген-ді. Әрі дәл сол күні қарттар рисалесі аманат боп келгенде осы қалада Рисалей-Нұрдың үмми қарттардың басшысы ретіндегі екі ақсақал, екі аймақтан бірақ екеуінің қолында біршама қатық тәбәрік ретінде алып келді. Әрі дәл сол күні Спарта қаһарман шәкірттерінің уәкілі және бізге бар болғаны үш рет келген Хилми мырза бір күндік қашық жерден келіп, күтпеген жерден әлгі аманаттар қолымызда тұрғанда бейне бір сол кәде-сыйлықтарды көруге келгендей келіп қалды.Тағы да дәл сол мезетте нұрдың бір-екі кәраматына бөленген Хайри дейтін шәкірт және Рисалей-Нұрдың тағы бір белсенді шәкірті және Дадай ауылынан келген Фуадтың барлығы бірге келуі және қолымыздағы аманаттың үшеуін Ыстамбұлға оқыту үшін Фуадтың алып кетуі; әлбетте бұл оқиғалар кездейсоқ емес және өзара ұйымдасқан емес керісінше бұл қарттар рисалесіне тән қошамет болып табылады. Әрі осы аймаққа болымды әсері болатынына ишара. Бауырларым! Негізгі алты құрылтайшылардың ішінен екі Али мен Тахири және Хафыз Мұстафа осы соңғы екі-үш жылда әсіресе осы аймақта маған көп көмектесті әрі жемісті еңбек етті. Бұл олардың ыстық ықыластарынан және күш-қайраттарынан және ерен еңбектерінен деп білемін. Оларға біз осы уәлаяттағы Нұр шәкірттері атынан өмір бақи қарыздармыз. Олар Рисалей-Нұрдың осы аймаққа кеңінен тарап, орнығуына себеп болды. Хақ тағала олардан, сендерден мәңгі бақи разы болсын, әмин.

268ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБМен бұл тұрғыда үмми болғандықтан, қаламдарымен көмектескен Нұр медресесінің ұстазы Хажы Хафыз бен баласы және екі бауыры Мұстафа мен Салих және екі ағайынды Ахмед пен Сүлеймен және ағайынды бес кісі барлығына ризамын. Олар жаппай тәлаба болып, бізге жәрдем етуі және Бабажан да Асымның рухын қуантып сол секілді қызмет етуі және Зекаи да Лүтфүнің рухын шат-шадыман қылып, бұрыңғы Зекаи секілді өз міндетіне қайта оралуы және ұста Ахмет пен Катиб Осман, Мехмет Зүхдү мен Нұри және темір ұстасы Мехмет секілді бұрыңғы киелі қызметтерімен Спарта қаласын нұрландырған кісілерге ұқсап Қастамону қаласын нұрландыруға ат салысуы, сондай-ақ, жаңа танысқан екі Мұстафа тағы да бір Мұстафа және Әюб бауырларымыз қаламдарымен бұрыңғы достық жаңартқандай менің үммилігіме яғни жазуым нашар болғандықтан сол тұрғыдан жәрдемдесуі; әлбетте еш күмәнсіздеген сүйінші хабарды растайды. * * * * *Ғазиз, адал, мүджахид бауырларым Хасан Атыф және оның адал достары!Біріншіден: Осы қасиетті, берекелі үш айларың құтты болсын! Сендер жазған рисалелерді сондай-ақ, Рисалей-Нұрдан ажырамаудың және табандылықтың белгісі ретіндегі жазбаларыңды алдық. Діндеріңді дүниядан жоғары қоятындарыңның белгісі ретіндегі дүнияның суретін салып оның үстін сызып тастағандарыңа және иманға қызметті әрдайым жалғастыра беретіндеріңді растап қол қойғандарыңа дән риза болып, қабыл көрдік. Хақ тағала сендерге рахым қазынасынан жазуларыңның әрпіне тең амал дәптерлеріңе сауап жазсын, әмин. Ғазиз бауырларым! Осы жолы жазбаларыңда Ықылас рисалесін көргендіктен сендерді ондай рисалелердің дәрісіне сілтеме жасап, тағы ол туралы дәріс берудің қажеті жоқ деп шештім. Тек мұны ескере кетейін:

269ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫБіз ұстанған жол, ықылас сырына негізделген иман ақиқаттары болып табылатындықтан дүнияға және қоғамдық өмірге мүмкін болғанынша араласпау және бәсеке, жақ-жақ болып бөлінуге, айтыс-тартысқа апаратын жағдайлардан аулақ тұру; міне біз ұстанған жол осыны талап етеді. Өкінішке орай, қазіргі таңда сұмдық айдаһардың шабуылына ұшыраған бейшара ілім иелері мен діндарлар, шыбын шаққанға ұқсайтын болмашы жеке бастың кемшіліктеріне қарап, бірін-бірі сынап-мінеп әлгі сұм жылан мен діннен безген мүнафықтардың қирату істеріне жәрдем етіп, өздерін олардың қолымен өлтіруіне көмектесуде. Өте ықыласты бауырымыз Хасан Атыфтың хатында, бір қарт ғалым әрі уағызшы бір кісі Рисалей-Нұрға зиян келтіріп, кедергі болып жатқанын жазады. Ол адам, мыңдаған кемшіліктері бар бейшараның яғни менің маңызды екі үзір-кемшілігіме байланысты бір сүннет амалды (сақал қою) орындамағаным үшін соны желеу етіп жеке басымды төмендетіп, сол арқылы Рисалей-Нұрға тиіскісі келеді дейді. Біріншіден: Ол да сендер де білгендерің жөн, мен Рисалей-Нұрдың бір қызметшісімін, ол дүкен болса мен сол дүкенде тек делдал, сатушысымын. Ол болса яғни Рсалей-Нұр арш-ы Ағзамнан түскен Құран Кәріммен байланысты, оның ақиқи тәпсірі. Менің жеке басымның кемшіліктері оған қатысы жоқ, зияны тимейді. Менің жыртық, жамау делдалдық киімім бақи құнды алмаздардың құнын түсірмейді. Екіншіден: Әлгі уағызшы әрі ғалым кісіге менің атымнан сәлем айтыңдар. Мен жеке басыма қатысты сынап айтқан сөздерін ризашылықпен қабылдаймын. Сендер де ол кісіні немесе ол сияқты кісілерді айтыс-тартысқа апармаңдар. Тіпті тиіссе де қарғыс айтумен жауап қайтармаңдар. Не де болса жүрегінде иманы бар кісі сол тұрғыдан бауырымыз болып табылады. Бізге қастандық жасаса да ұстанған жолымызға байланысты жауап қайтара алмаймыз. Неге десеңдер, одан да зиянкес қауіпті дұшпандар, сұм жыландар бар. Әрі біздің қолымыздағы нұр ғой, шоқпар емес. Ал нұр ешкімді ренжітпейді, жарығымен жұмсақ түрде сипап өтеді. Әсіресе ілім иелері болса оларда ілімнен пайда болатын менмендік болады, менмендігін қоздырмаңдар. Мүмкін болғанынша деген ережені ұстаныңдар. («Таспен ұрғанды аспен ұр!» дегенге саяды. Ауд).

270ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБҺәм, Хасан Ауни деген кісі ертеректе Рисалей-Нұр шеңберіне кірген, жазып көмектескені рас, олай болса ол шеңбердің ішінде болып саналады. Оның көзқарасында кейбір қате пікірлер болса да кешіріңдер. Біз ондай діндар, тариқатшы мұсылмандармен емес, мына сұмдық заманда иманды, адасқан топтан болса да олармен шұғылданбауымыз керек. Тіпті Аллаһқа сенетін, ақыретті мойындайтын христиандармен де даулы мәселелерді талқылап айтысып-тартыспауды мына сұмдық заман әрі ұстанған жолымыз әрі киелі қызметіміз қатаң түрде талап етеді. Рисалей-Нұрдың Ислам әлеміне кеңінен тарап жайылуы үшін қоғамдық-саяси тұрғыдан кедергі болмауы қажет. Сол үшін Рисалей-Нұр шәкірттері бітімгершілік бейбіт жағдайда болуға міндетті.Абай болыңдар! Имам-молдалардың жұма мен жамағаттарына тиіспеңдер! Өздерің қатыспасаңдар да қатысып жүргендерді сынап, мін тағушы болмаңдар! Рас, Имам-ы Раббани: «Бидғат жасалатын жерге бармаңдар!» деген. Бірақ мақсаты сауабы болмайды деген ғой, әйтпесе намаз бұзылады деген емес. Өйткені сәләф-і салихиннің кейбіреуі Язид пен Уәлид сықылды адамдардың артында тұрып намаз оқыған. Егер мешітке барып-келген кезде үлкен күнәлармен ұшырасатын болса халуетханасында оқығаны абзал. Үшіншіден: Хасан Атыф өз хатында, ержүрек батыр әрі қайсар азаматтар туралы жазыпты. Біз, ол батыр әрі қайсар жаңа бауырларымызды шын жүректен қабылдаймыз. Бірақ Рисалей-Нұрдың шеңберіне кіргендер жеке басына қатысты батырлық қасиетін құнды қылу үшін мызғымас табандылық, қайсарлық қажет және бауырларының ауызбіршілігіне жұмсап, соған қызмет етіп, орынды пайдалануы керек. Сөйтіп әлгі шыны әйнекке ұқсас жеке басының батырлығын ақиқатқұмарлық, адал достық, жанқиярлық дейтін алмазға айналдыруы керек. Иә, ұстанған жолымызда ыстық ықыластан кейін ең үлкен мәселе табандылық, қайсарлық болып табылады. Табандылықтың арқасында бүгінге шейін ондай қайсар жандар бір өзі жүзге татитындай Нұрға адал қызмет етіп, табысқа жеткен. Жәй бір адам жасы жиырма-отызда бола тұра табандылықтың саясында алпыс-жетпіс жасындағы әулиелерден асып түскен.Һәм, адамның жеке басында керемет батырлық қасиет болуы мүмкін, бірақ ынтымағы жарасқан бір жамағатқа кірген кезінде

271ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫжамағаттың шырқын бұзып, ыдырап кетуден сақтау үшін өзінің батырлық қасиетін көрсетпеуі керек. деген хадистің сыры бойынша әрекет ету тиіс. Әрі мына аумалы-төкпелі заманда зияны өте көп әрі имамдарды, саясаткерлерді Рисалей-Нұрға қарсы шығуына, тиісуіне себеп болатын шапка туралы, азан жайлы мәселелерді қозғамай және тажал, сүфиян туралы Рисалей-Нұр шәкірттері бөтен кісілерге орынсыз әңгіме қозғап, айтысудың қажеті жоқ. Сақтық ережелерін сақтап, суыққанды болу шарт. Тіпті сендердің азғана сақтанбай жасаған әрекеттерің осы жерге дейін кері әсерін тигізді. Рисалей-Нұр бір ғана шеңберден тұрмайды. Оның іші-ара араласып жатқан шеңберлері көп. Оның, «әркан», «сахиб», «хас», «нашир», «тәлаба», «тараптар» деп аталатын буын-қабаттары бар. Әркан қабатына лайық емес адамды, Рисалей-Нұрға қайшы ағымдарға жақтаспау шартымен шеңбердің сыртына шығарып тастауға болмайды. Хасқа тән қасиеті болмаса қарсы ұстанымға кірмесе болды тәлаба болып қала береді. Біреу бидғат амал жасайды бірақ оны жүрекпен қабылдамайтын болса дос болып жүре берсін. Сондықтан азғантай кемшілікке бола өзімізге жау қылмау үшін сыртқа итермеңдер! Дегенмен оларды Рисалей-Нұрдың «әркандар» мен «сахибтер» арасындағы сырларға, нәзік күрделі мәселелерге, іс-шараларға араластырмаған жөн. * * * * *Ғазиз, адал бауырларым!Соңғы екі күнде екі шағын оқиға орын алып төрт-бес мәселені еске түсірді. Біріншісі: Салахаддин Анкарадан былай деп жазады: «Тариқатқа қарсы шара қолдануға кірісіпті. Сондай-ақ, Анкарада әрі шығыс өңірде сол мәселеге қатысты адамдарды ұстап, қамауға алып жатқан көрінеді. Рисалей-Нұр шәкірттері әр жерде Раббани қамқорлықта болып аман қалуда. Олардың қуатты ықыластары мен ынтымақтары және сақтық ережелері әлгі Иләһи қамқорлықты жалғастыруда. Екіншісі: Осы күндері әркім мазасы кетіп шағымдануда. Бейне бір мағынауи ауа-райы бұзылғандықтан материалдық және жалпыға ортақ мазасыздық ауруы тарағандай. Тіпті маған да бір күн әсер етті.

272ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУББіздің әрбір дертіміздің дәрмені Рисалей-Нұр болғандықтан сонымен шұғылданатындарда әлгі мазасыздық жоқ немесе азғантай. Үшіншісі: Марқұм Мехмет Зүхдүнің қазасы Рисалей-Нұрдың қызметі жағынан бізді қатты өкіндірді. Шұғыл түрде былтыр Хафыз Мехметтің тәркіленген барлық рисалелерінің орнына он күннің ішінде ауылындағы Рисалей-Нұр шәкірттері өзара бөлісіп көшіріп жазып берген азаматтық әрекеттері есіме түсті. Сонда, арыстандардың мекеніне ұқсас Спарта және оның аймақтары Мехмет Зүхдүнің қызметін әрі қарай еселенген түрде жалғастыратынын, оның орнын бос қалдырмайтынын түсіндім. Төртіншісі: Лахикаға енген Спарталы бауырларымыздың хаттарының кейбіреуінде ұстаздарына деген әсіре сипаттау, асыра сілтеген мақтау сөздер көрдім. Өзіме қараймын маған, ол сипаттардан зекеті де бұйырмайды. Іштей: «Апырм-ай, ақиқатты түсінген мына бауырларымды қанша ескертсем дағы асыра сілтеп мені асыра мақтап сипаттауын қоймауының сыры неде, не пайдасы бар?» деп ойландым. Көкейге мұндай ой келді: «Олар және Спарта аудан-аймақтары өздерінің жақсы ой-тұжырымдарының ең жоғары дәрежесіндегі берекетін, қуаттылығын көргендіктен, Бешказалық Осман-ы Халиди және Топал Шүкрү секілді әулиелерге ұқсап олар да мәселеге сол тұрғыдан қарайды. Олай болса асыра сілтеу жоқ. Олар бір ақиқатты көрген. Дегенмен, қалайша әулиенің «кәшфі» тәуил керек етеді, түс болса жоруды қажет етеді, жеке тұлғаға қатысты үкімдерді жалпыға ортақ қылғанда бір жағынан қате боп көрінеді, дәл сол секілді Рисалей-Нұрдың мағынауи тұлғасының яғни рухани келбетінің олардың өздеріне және аймақтарына тигізетін мол пайданы, көріп әлгі рухани келбетінің бір уәкілі ұстаздарынан яғни менен деп біліп әлгі өздерінің аймақтарына қатысты оқиғаны жалпылай ортақ оқиға ретінде қарап, оны бәріне қатысты қылып, асыра сілтеп мақтанарлық жағдайда көреді. Бесіншісі: Мұндай бір ой келді: Рисалей-Нұрдың кітапшалары көп-ақ. Әркім мұқтаж дегенмен барлығын толық қолға түсіре алмайды ғой. Кенет, бұл мәселенің жауабы ретінде «Худжәтуллаһ-ил Балиға» жинағы еске түсті. Иә, Рисалей-Нұрдан жинақталып көп кітапшалар шығатын болады. Олар шағын болғанымен қуаты зор әрқайсысы Рисалей-Нұр боп есептеледі. Сонда әр, бір мұқтаждың

273ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫқолы жетеді. Осыған орай Жиырма Бесінші Сөздің қосымшаларын ойладым. Осы кезде менің қолымда төрт-бес нұсқа бар, бәрінің қосымшасы жоқ. Мүбарактар тобының осы жолы жіберген нұсқаның қосымша бөлімінде «Румузат-ы Семания» мазмұнынан толық алынбаған. «Наср» сүресі мен «Кәусар» сүресіндегі он үш әлиф саусақпен меңзегендей ишаралар және «Фатиха» сүресінде он үш қолмен ишара қылғандай белгілер және ишарасы секілді маңызды бөлімдер жоқ.Күні кеше аятына байланысты Жиырма тоғызыншы Мектубтың соңындағы қиялмен саяхат және қалбпен сапар рисалесін оқыдым. Бірінші Шуақта бұл аят Рисалей-Нұрға ишара қылатыны есіме түсті. Іштей былай дедім: Осы екі нұрлы тұжырым және деген айғақ, тұжырымдарымен, сілтемелерімен бірге Құран мұғжизасы кітабының соңына енсе дұрыс болар. Сендер де құптасаңдар солай болсын. Құранның мұғжизасы туралы маңызды жазбалар тапсаңдар қосуларыңа болады. Алтыншысы: Сексен жылдан да көп мағынауи әрі мәңгі бақи өмірге қол жеткізетін қасиеті бар шухур-у селаселеріңді яғни қасиетті үш айларыңды және Рәғайыб түндеріңді шын жүректен құттықтаймын. Екі-үш күн бұрын Жиырма екінші Сөз тексеріліп жатқанда тыңдап отырып, ішінде һәм күлли зікір, һәм күлли пікір, һәм көптеген тәһлил (лә иләһә иллаллаһ), һәм қуатты иман сабағы, һәм ғапылдық жоқ құзыр, һәм киелі хикмет, һәм асқақ тәфәккүри ғибадат секілді нұрлар бар екенін көрдім. Кейбір шәкірттердің рисалелерді ғибадат ниетімен жазатын немесе оқитын, немесе тыңдайтын хикмет-сырын түсіндім. «Бәрекелді! Дұрыс екен!» деп растадым. Осы хаттағы бес-алты мәселені жазып отырғанымда Нұр фабрикасының иесі Хафыз Алидың хатын сосын ықыласы зор, ерен еңбегімен ерекше, терең ойлайтын Хасан Атыфтың хатын алдым. Хафыз Алидың хатын оқып, Рисалей-Нұр шәкірттері ықыластың сырын толық меңгерген, менмендіктен құтылған, өздерін нәпсәни ләззаттан тыйғандарын яғни ықыластың ең жоғары сатысына жеткендерін дәлелдегендей болды.

274ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБМәселен, Хафыз Али былай дейді: «Хусрев бауырымыз өзінің қаламымен жазылған «Құран мұғжизасы» атты рисалені фотокөшірме жасап бастырылуына қарсы болуы, сөйтіп темір әріптерге рұқсат шыққанға дейін күтуге дайын екенін білдіруі, оның зор ықыласты әрі нәпсінің ләззаттарынан мүлдем тыйылғанын анық көрсетеді. Өйткені фотокөшірме арқылы бастырылып көбейтілсе, оны өзі қолмен жазбағандықтан, Құранның мыңдаған нұсқасын өзі қолымен жазғандай Ислам әлемінің мағынауи назарына ілігіп ақыреттік сауап тұрғысынан орасан зор әрі бейкүнә, түк зияны жоқ жоғары мәртебеге ие болар еді. Ол, сол зор пайдадан бастартты. Ықыласын сақтау үшін ләззатты тастап, темір әріптерге риза болыпты. Ал, айтқан себеп-сылтауы яғни өзінің жіберген қателері көбейтілген кезде дәл солай көшеді дегені болса, темір әріппен үш мәрте баспаға кіретіндіктен ондай қателер бәрібір болуы мүмкін. Сонымен, Хафыз Алидің ықыласпен айтқан сөздері және Хусрев туралы оның керемет ықыласты екенін жоғары бағалай білуі; Хусрев те шексіз, мәңгі-бақилық үлесінен бастартып менің бұрыннан бері қайталап келген дағуамды растады, яғни Рисалей-Нұрдың ақиқи шәкірттері иман қызметін бәрінен жоғары қояды, оларға «құрбият» мақамы яғни ең жоғары рухани мәртебе берілсе де ықылас үшін бас тартып. Қызметші болуды таңдады. Менің дағуамды іс жүзінде растағанына риза болып, мұндай бауырларымызды шын жүректен құттықтаймын. Хасан Атыф Бауырымыздың хатынан түсінгеніміз: ол шынымен аянбай қызмет етуде. Рисалей-Нұрдың муджахидтері, асыл азаматтары деп өзі айтқанындай, олардың қаламмен жасаған сый-кәделеріне дән риза болып былай дейміз: Хақ тағала мәңгі бақи разы болсын. Сосын керемет тауып айтылған сөздердің арасынан бидғатшыларға ашу-ызасын байқадым. Заман, мекен және Рисалей-Нұрдың әркімге жағымды жолы бидғатшылармен іс-жүзінде шұғылданбақ түгіл ойша, пікірмен болсын шұғылдануға рұқсат бермейді. Сақтық әрдайым қажет. Ол ықыласты баурымыз Құдай қаласа, өзі сияқты көптеген ықыласты шәкірттерді жетілдіріп шығарар. Біз өз дұғамызға Атыфпен бірге ол жердегі барлық достарды ортақ қылып қосып қойдық. Мен олармен жеке түрде хабарласып жолыққым келеді. Бірақ Спарта ол міндетті әлдеқайда керемет атқарып жатыр.

275ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫМен ол міндетті соларға тапсырдым. Хафыз Алидың хатының соңғы жағында Нұр медресесінің қаһарманы, Хусрев секілді қызмет ететін Ахмед және оның бауыры Сүлеймен туралы мақтау сөздері бізді шын жүректен қуантты. Онысыз да Нұр медресесінің шәкірттерін менің бұрыннан бергі арманым «Медресет-үз Зәхра» тәлабалары түрінде көретінмін. Былай дейтінмін: «Олар осы шәкірттер сияқты немесе бұлар олардың ізбасарлары». * * * * *

Ғазиз, адал бауырларым!Сендерді мираж түндеріңмен құттықтаймын. «Миражға шыққан Ардақты Жанның (с.а.у) көркем сүннетін сізбен бізге толық ұстануды нәсіп етсін!» деп Аллаһтың рахымынан жалбарына сұраймыз. Сендерге соңғы бір-екі күннің ішінде назарымды аударған бір-екі шағын мәселені баяндап берейін. Біріншісі: Рисалей-Нұр шәкірттерінің бір бөлігінің бойдақ қалуының көптеген себептерінің бір себебін көрсететін бір оқиға: Бүгін, жастықтың таяғын жеп, қазірде бойдақ жүрген және өзін жұбату үшін Рисалей-Нұрмен шұғылданып жатқан және білім сапасы жоғары мектепте сабақ алып жүрген, өзі аса қымбатты кісінің қызы болып табылатын бір ханымға қысқа-нұсқа бір ақиқатты айттым. Мүмкін сендер жақта кейбіреулерге пайдасы тиер деп жазып жіберіп отырмын. Оған айттым: Сен жастықтың албырттығынан соқпақ жеген екенсің. Енді қайтып, табиғи міндет ұрпақ жаю мәселесіне араласпа! Өйткені, ол міндет атқарылғанда ақысы ретінде еркекке уақытша ләззат беріп, бастапқы кезде жеткілікті боп қанағаттандыруы мүмкін, бірақ байғұс әйел заты ол табиғи міндетті атқарған соң бір жылға жуық жүк көтеруге, сосын бір-екі жыл сәбидің михнат-машақатын шегіп алып, асырап әрі тәрбиесіне жауапты болады, сондай-ақ, ашық-шашық киінер болса күйеуінің назарында адалдығына шәк келіп әрі күйеуінің де көзі сыртта болса, оған адал жар бола алмай, мейірімін төге алмай, осылайша көңілін мазасыздық, жайлап жан азабы шегеді. Сөйтіп некеден алатын уақытша ләззат пен рахаттың мәнісі жойылады. Ол ләззат мына қиюы қашқан заманда әлгі жауапты міндетті атқарудың жүзден біріне татымайды. Әсіресе, шариғатқа сай «күфув» деп аталатын құндылық, қасиет, дін тұрғысынан бір-біріне тең, өзара лайық болмағандықтан ауыр азап тағы бар. Оның үстіне Ислам тәрбиесін алмаған, тек аты мұсылман жандар имандылықтағы құрметті, ізетті білмегендіктен өмірдегі отбасылық бақыттан мүлдем

277ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫмақұрым. Бұл жәһаннам азабына ұқсас қиын жағдай. Әке мен шеше ұрпақ жаю міндетін атқарып машақат шегеді және ерен еңбек етіп қызмет етеді, енді оның сый-ақысы ретінде баласы оларға дүнияда шексіз құрмет етіп, айтқанын екі етпей орындап, адал түрде сыйлауы, мойынсұнуы және қайтыс болған кездерінде игі амал жасап, дұға етіп, артынан Құран оқып амал дәптерлеріне сауап жаздыруы керек. Егер он бес жасқа жетпей қайтыс болса оларға қияметте шапағатшы болады. Жәннатта құшағына сүйкімді бала болып қайта енеді. Бірақ қазіргі таңда, Ислам тәрбиесін емес керісінше батыс мәдениетінің тәрбиесін алғандықтан мүмкін жиырмадан тіпті қырықтан бірі ғана – ол да белгісіз – ата-анасын сыйлап, олардың орасан зор еңбегін адал қызметін, мол мейірімін ескеріп жоғарыда аталған перзенттік міндетті толық атқарады. Қалғандары әке-шешесін сыйламай уайымға салып ренжітеді, әрдайым көңілін қалдырады. Сөйтіп нағыз жанашыр, адал дос ата-анасының жанын қинап азапқа салады. Ал, ақыретте болса дау шығарып: «Неліктен маған имани тәрбие бермедіңдер?» деп шапағатшы болудың орнына арызданып жағасына жабысады. Екіншісі мәселе: Күні кеше бес мәрте керемет тәуәфук болып мынаған көзіміз әбден жетті: Ең ұсақ, болмашы іс-әрекеттеріміздің өзі Иләһи қамқорлыққа алынып жіті бақылауда.Біріншісі: Мен есіктің аузына келгенімде күтпеген жерден Рисалей-Нұр шәкірттерінің төртеуі, төртеуінің де аты Ахмед, менімен қатысты бір жұмыс атқару үшін есік аузында барлығы бірге келіп тұр екен. Олардың екеуі ауылдық жерден, екеуі де осы аймақтың аудандарынан келгенді. Һәм, тағы да соған ұқсас оқиға, Рисалей-Нұрдың белсенді шәкірті Көроғлу Ахмедке біршама иоғурт (қатық), тәбәрік әрі сыбаға ретінде берген едік. Қатықты қолына алғаны сол еді, Рисалей-Нұрдың бейкүнә тәлабасы Хилмидың баласы Ахмед, қолында әлігі Ахмедке берілген шамада иоғурт, есікті ашып келіп тұр. Рисалей-Нұр шәкірттерінің алтауы яғни алты Ахмедтің бір күнде осылай тәуәфук етуі яғни сәйкес әрекет етуі кездейсоқтыққа ұқсамайды. Бұл, оларға бір назардың түсіп тұрғанын білдіреді. Екіншісі: Мухажир яғни сырттан көшіп келген бірақ пақыр бір әйел менен тәбәрік бір зат сұрады. Бес мүнуттан кейін аты дәл сондай бір әйел бір көйлекті маған қабылдату үшін маңызды бір жол тауып

278ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБжолдапты. Тәуәфуктың құрметіне қабылдадым. Әрі дәл сол күні кейбір лайық кісілерге асқатық майдан жартысын беріп жатқанымда ыдысқа көп құйылып, өзіме өте аз қалған болатын. Олар әлгі майды әлі алып кетпей жатып-ақ – менің ниетіме сай – маған тиесілі шамада алыс бір ауылдан, кітаптарымды оқығанына ақы ретінде дәл сондай мөлшерде келді. Оны да тәуәфуктың құрметіне деп қабыл алдым. Үшіншісі: Дәл сол күні атпен саяхатқа шыққанымда артымнан бір атты кісі шауып келіп, түсе салысымен аяғыма, үзеңкіге жабысты. Мен оны тани алмай: «Маған мұнша достық көрсететіндей сен кімсің?» дедім. Ол: «Мен Козжалық тілмар, шешенмін!» деді. Алайда Қастамону уалаятының мұндай бір ауыл бар екенін білмейді екенмін. Сосын өз мекеніме оралдым. Кейін Спарталы екі әскери кісі келді. Олардың біреуі: «Мен Козжалық тілмардан сізге бір хат әкелдім» деді. Бұл таңғажайып тәуәфук мынаны меңзейді: Олар Рисалей-Нұрға адал қызмет етіп жүр. Осыған орай Сабри, әлгі Козжалық шешен жігітке менің атымнан көп-көп сәлем айтсын. Оны хас тәлабалар арасына қосып мағынауи табыстарға ортақ қыламыз. Арнайы түрде хат жазу әдетіміз болмағандықтан жеке өзіне хат жазбағанымызға ренжімесін. Тәтті тәуәфуктың жемісін дәл сол күні әлдеқайда тәтті түрде куә болдым, былайша: Екі әскери адам жүздері жайнап достық шыраймен: Сен Спарталықсың, біздің жерлесімізсің!» деді. Мен де: «Әрине, Спарталық болуға разымын. Спартаның тас-топырағы да мен үшін мүбарак, қасиетті саналады. Ол менің отаным. Ол – әрбірі жүзге татитын жүздеген, мыңдаған шынайы бауырларымның туып-өскен жері».Иә, осы жаққа келген Спарталық әскерилер, қайсы болсын, басым көпшілігі мені жерлес деп біледі. Кіммен сөйлессең: «Сен Спарталықсың ба?» дейді. Мен де: «Иә, қуана-қуана келісемін. Мен Спарталықпын!»-деп жауап беремін. Спартада менің шынайы бауырларым, жақын-достарым көп. Сондықтан Спартаны өзімнің туған ауылым Нурс ауылынан да көп жақтардан жоғары санаймын. Үлкен Спартаның кенже баласы тәрізді туған жерімнің бір ауданын үлкен Спартаның бір ауылына айырбастамаймын. Спарта мен үшін қымбат. Көптеген ықыласты да ержүрек батыр бауырлар сыйлаған

279ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫСпартаның тасы да топырағы да мен үшін, тіпті Анадолу үшін мүбарак, берекелі болды. Құдай қаласа Анадолыға, Ислам әлеміне егілген нұр тұқымдары бір күні Аллаһтың рахымымен бүршік ашады. Сөйтіп әрі азық әрі жарық әрі ем-шипа болып, рухани тоқырауға, азғындыққа, зұлымдыққа жол бермей, қараңғылықты сейілтеді.Төртіншісі: Жоғарыда аталған үш тәуәфукты жазғаннан кейін, Үлкен Хафыз Алидың өте тамаша хатын әрі Екінші Хулуси Абдуллаһ Чавуштың терең мағыналы хатын және Хулуси мырза мен Катиб Османның жазған баға жетпес қымбатты хаттарын алдым. Хафыз Али өзінің хатында, Коня ғалымдары Рисалей-нұрды жаза бастағанын және жоғары бағалап жатқандарын, сондай-ақ, тәпсір жазушы Хожа Уәһбидің (р.һ) Ықылас рисалесін мойындап әрі Рисалей-Нұрға таңғалып, тамсанғанын жазады. Соған байланысты Хафыз Али былай дейді: «Рисалей-Нұрдың бір кәраматы өгізге ет, арыстанға шөп бермейді. Ол, өгізге шөп арыстанға ет береді». Иә, арыстандай ғалым хожаның қолына ең бірінші Ықылас рисалесі тиіпті. Міне, Хафыз Алидың осы хатын алардан алты яки жеті күн бұрын Қарадағдан түсіп келе жатып мен де кенет былай дегенім есімде: «Атқа ет, арыстанға шөп берме! Арыстанға ет, атқа шөп сал!». Осы сөз маған ұнағандықтан бес-алты рет қайталай бердім. Бұл сөзді Хафыз Али да менен бұрын жазған екен. Маған да сөйлеткізген немесе мен одан бұрын айтқанмын, оған жаздырылған. Осы таңғажайып тәуәфуктың бір айырмашылығы ол өгізге деген, мен болсам атқа дегенмін. * * * * *Ғазиз, адал бауырларым және иман қызметінде қайратты, қайсар, ықыласты, қажырлы да жанкешті достарым әрі берзах сапарында, ақыреттік жолда нұрлы жолдастарым!Сендердің әрбір тамшысы шәһидтің жүз грам қанымен пара-пар аса қымбат түсі қара нұр таматын берекелі қаламдарың жазған осы жолғы қасиетті сыйлықтарың үшін дән риза болып аса мейірімді, шексіз қамқор Аллаһ, әрбір әрпіне мың рахым жаудырсын, демекпін әмин. Мына ғапылдық жайлаған заманда, мазаны алатын нәрселер көбейіп, жалығу көп кезде, әрі дүниялық шаруалар қайнап жатқан

280ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБуақытта сендердің осылай жанкештілікпен күш-жігер танытып, аянбай еңбек етулерің расында арнайы түрдегі инает, яғни Аллаһтың жәрдемі, нұрдың кәраматы. Хақ тағала сендерге мәңгі бақи риза болсын, әмин.Алмастай қаламдарымен бізге жәрдем еткен жиырма бір Абдрахман мен Абдүлмәжиттердің мұндай жылдам жазып Нұр нұсқаларын тез арада бізге жеткізгеніне қатты қуандық және мұны жарықтық марқұм Мехмет Зүһдүнің берзахта да қаламы бізге көмектесіп, біздің атымыздан қолданып жатқанын көрсететін оқиға, деп түйдік. Өйткені көзі тірісінде жазған кітаптары күні бүгінге дейін бізге келіп жатыр. Бұл бізді қатты толғандырып шүкір еткізді. Бұрын медреседе оқып жүргенімде сенімді тұлғаларда олар да ірі имамдардан естіген мұндай бір сөз бар еді: «Ықыласты әрі ақиқатқа құштар, ақ ниетті ілім жолында жүрген тәлаба, оқып жүріп қайтыс болса берзахта яғни қабірде дәл солай тағылым алып, мағынауи медреседе жүргендей о дүнияда керемет бір жағдайда тәтті күй кешеді екен». Бұл әңгіме шәкірттер арасында жиі айтылатын. Енді, мына заманда ілім тәлабасы дегендердің ең ықыластылары Рисалей-Нұр тәлабалары болғандықтан әлбетте марқұм Мехмет Зүһдү, Асым және Лүтфү сынды бауырларымның әлі күнге дейін қызметі жалғасып жатыр. Олардың амал дәптеріне сауап жазылуы үшін мағынауи қаламдары иншаллаһ, жазу үстінде. Құдайға мың да бір шүкір, сендердің керемет қайрат жігерлерің мен қажырлы еңбектерің баспаға қажет қалдырмай нұсқалар көбеюде. Осы жолғы жіберген рисалелер өте тамаша, толық әрі аса қажетті болатын. Бірақ, мен қате жіберіппін. «Он бірінші Лема» мен «Тәлуихат-ы Тисғаны»жазбасам да жаздым деп ойлаппын. «Минһаж-ы Сүннет» бізде бар. Он бір тұжырымнан тұратын Он бірінші Лема, Миркат-ы Сүннет және Тәлуихат-ы Тисғамен және оған қосымша ретінде төрт қадамнан тұратын, Тағдыр рисалесінің соңы болғанымен Он жетінші Сөздің соңына жалғау болған жазба да Тәлуихатқа қосымша ретінде жазылса жақсы болар. аятының Нұр сәулесі туралы қиялмен, қалбпен жасалған саяхат екі-беттік Жиырма Тоғызыншы Мектубтың соңғы бөліміндегі жазбаның ішіне енсе тамаша болар еді.

281ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫҚазір сендерге, қиналған кезімдегі Аллаһтың арнайы жәрдемі болғанын баяндап берейін, мүмкін көп дұға етулеріңе себеп болар. Осыдан төрт сағат бұрын жалғыз өзім Қарадағының ну орманының ішінде едім. Мінген атым өте қыңыр екен, мініп жатқанымда кенет тізгін үзіліп кеткеніне үркіп, қатты тебініп мені омақата құлатып кетті. Мен, сол қолым мен сол аяғым сынған шығар дедім. Өйткені қимылдамай қалды, сынғанға ұқсайтын. Енді не істеу керек, ат біреудікі болатын. Орман ішіне кіріп жоқ болды. Көмекке шақыратын айналада ешкім де жоқ. Құдайға шүкір аяқ-қолым сынғаннан аман екен. Бірақ еті қатты ауырып қалса керек қолшатырыма сүйеніп жүре алдым. Әлгі қыңыр ат орманның ішіне сүңгіп, басы ауған жаққа менің салбыр жүрісіммен бірдей жәй жүріп он бес минуттық жерге бір сағатта жеттік. Ат су ішіп тұрғанда Нұрия атты бір әйел келіп, қолындағы бір үзім нанмен атты ұстап берді. Мен, Аллаһқа сансыз шүкір етіп, атқа әзер дегенде мініп, тұрақты жеріме келдім. Келген соң алай-түлей дауылдатып жаңбыр жауып, жиналған су ауладан сел болып ақты. Егер құдық кездеспей, Нұрия да атты көрмегенде әлгі айдалада жалғыз өзім жауынның астында қалар едім. Ат та басқаныкы, егер жоғалып кетсе ұят болатын еді, абырой болып Аллаһ сақтады. Осы бір шағын қиыншылық тоғыз тұрғыдан нығмет екенін көзбен көрдік. Әрі мұндай қамқорлық пен жәрдем сендердің дұға-тілектеріңнің нәтижесі екеніне шәк жоқ. Осы тоғыз жағымен шүкір етерлік оқиға, бізге кешегі алған нұр сыйлығымыздың өте пайдалы болғанын меңзейді. Өйткені, мұндай бір сөз бар емес пе: «Бір істің қиын, машақатты болуы оның қабыл болғанының белгісі!». Барлық бауырларымызға жеке-жеке сәлем, дұға етеміз әрі дұға етулерін сұраймыз.* * * * *Ғазиз, адал, мүбарак бауырларым!Осы берекелі күндерде және қасиетті түндерде сендердің берекелі дұғаларыңа аса мұқтаж екенімді білдіру үшін, мұның алдында жазылған хатта, қыңыр аттың кесірінен болған қиыншылықтың расында оннан тоғызы нығметке айналғанын, оннан бірі болса

282ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБескіден бері арқамның шаншуы дейтін ауруды қоздырып, ревматизма дертіне айналып кетіп, төсек тартып жатып қалғанымды, дегенмен уайымдамаңдар, орнымнан тұрып жүре аламын. Бүгін сендер жіберген рисалелерді тексеріп жөндеп жатқанымда анық түрде мынаған көзім жетті: әлгі қыншылықтың қалған оннан бір бөлігі он есе нығмет болып шықты. Оннан көп пайдаларының бір пайдасын айтар болсам: Негізінде мен рисалелерді тексеріп, жөндеу барысында жалықпаймын сосын әр жөндеген кезде тағы да дәріс алып, пайдама жарату бұрыннан келе жатқан әдетім еді. Кейде одан үлкен рахат табамын. Осы кездері тауларда, бау-бақшаларда Аллаһтың керемет сұлу өнерін көріп рахаттану ойы әлгі рисалелерді жөндеп, тексерудегі ләззатымды ұмыттырып жіберген-ді. Осы соңғы қиыншылықтағы әрдайым өзін сездіріп тұрған дертім, зауқым мен ықыласымды арттырып Хазреті Әйюб алейһиссаламның Лемасын, дерт пен дауа кітабының әрбір бөлімін жаңа көріп отырғандай оқып, әрі жөндеу жүргізуіме себеп болды. Сол қиыншылық ауру осы ләззатты, рахымға толы нұр қызметін атқару үшін берілген екен оған. Менің ешқандай күмәнім қалмады. Қозғалғанымда, намаз бен дәрет аларда қиналатыным рас, бірақ ауырған кезде құлшылықтың сауабы артатыны белгілі, бірақ нұрларды тексеріп жөндеу қызметіндегі зауық, ләззат әлгі мазасыз күйлерді ұмыттырып жібереді.Екіншіден: Сендер жазған нұсқаларда кейде бір қате бірнеше мәрте қаз-қалпында қайталанып отырады. Демек, мағынаны толық түсінбеген. Мысалы, Иқтисад (үнемділік) рисалесінің соңғы жағында Хусрев жазған сілтеменің бесінші жолында: «Ғұламалар болса масраптарынан қолындағы нәрселерінің қадірін білмегендіктен... деген сөз қате. Ал негізінде дұрысы: «Ғұламалар пысық, көзі ашық болғандықтан қолындағы нәрселерінің қадірін білгендіктен..». Сондай-ақ, осы жолдың артындағы «арқасында» сөзі қате, дұрысы «арасында» деп жазылуы тиіс.* * * * *

283ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫҒазиз, адал, мүбарак, жанкешті бауырларым!Кеше сендер жазған маңызы зор алты хат алдым. Әрбір хатқа ұзақ жауап жазғым-ақ келеді, әрі ақыңыз бар, дегенмен мына әріптерді жазып жатқан Фәйзи куә, алты күнде алты сағат ұйықтамадым. Тек бүгін ғана бір жарым сағат ұйықтай алдым. Сондықтан сендердің маңызды хаттарыңа қысқаша бірнеше сөйлеммен жауап қайтармақшымын. Біріншіден: Рисалей-Нұрдың орталығы және Хулуси, Хаққы, Сүлеймендердің атынан уәкіл Сабри бауырым! Өшр деген шариғат бойынша зекет боп саналады. Зекет болса лайық кісілерге беріледі. Екіншіден: Гүл фабрикасының гүлістандарын сөйлетіп және марқұм бәдәуи бұлбұлдарына тіл біткізген Хусрев бауырым! Рисалей-Нұр Спартаның аспани, табиғи апаттардан аман қалуына себеп болғанын дәлелдейтін көптеген оқиғалар бар. Сондай-ақ, осы соңғы зілзәлә оқиғасы және рисалеге қарсы шыққан молданың басына бұршақ жауып шапалақ жеуі тағы да соның айғағы. Мұғжизат-ы Құрания лахикасы туралы қарарды сендердің дұрыс шешім шығаратын пікірлеріңе тапсырамыз. Әрі сендер өздеріңнің жазғандарыңды бізге жіберіңдер. Біз осы жақта толықтырып, сендерге кейін хабарын айтамыз. Үшіншіден: Нұр фабрикасының иесі Хафыз Али бауырым! Сенің Рисалей-Нұрға деген таңғажайып ықыласың, қарым-қатынасың, зор сенімің иншаллаһ, нұрлардың сол аймақта кеңінен тарауына себеп болып нұрландырады деп сенеміз. Сенің үлкен зілзәләнің дыбысын естімей, одан бейхабар болуың әлгі шапалақ жеген имам секілді Рисалей-Нұрдың кәраматы деп білеміз. Демек, Нұр шәкірттеріне зиян тимек түгілі тіпті қамқорлы түрде зілзәләнің болғанын да хас шәкірттерге сездірмейді, әсте қорқытпайды. Төртіншіден: Бізді және Қастамону шәкірттерін қияметке дейін риза қылатын және ерекше жазуымен Рисалей-Нұрдың барлығын дерлік осы аймаққа әкелген және бала-шағасымен, әке-шешесімен, жұбайымен қызмет етіп жатқан Тахири бауырым! Хақ тағала үйіңдегі жұбайыңа әрі маған шипа берсін. Ауруымның бір бөлігі сендерге кетіп жатқанға ұқсайды. Әке-шешеңізге менің атымнан былай деңіз: «Тахиридай қаһарман шәкірт тәрбиелеп, оны Рисалей-

284ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБНұрға тарту етіп, сол арқылы амал дәптерлеріне әрдайым сауап-жақсылық жазылып жатырған ондай мүбарак кісілер, иншаллаһ басқа қонған бақ-дәулетті әрі қарай жалғастыра бермек. Дүнияның әйнек сынықтарын алмастан жоғары бағаламайтын болар. Олардың есімдері жеке жасалатын дұға-тізімге енген. Бесіншіден: Мүджахидтердің ұстазы, ер-азаматтардың нағыз жетекшісі әрі үгіт-насихатшысы және Рисалей-Нұрдың таза да ықыласты шәкірті болып табылатын Хасан Атыф бауырым! Сенің жазған ұзақ әрі әсерлі әрі маңызы зор хатыңдағы әдеби, нәзік сезімталдығын және өзіңе тән маржан сөздерің қатты ұнады. Бауырым, саған және нұрға мақтан құмарлар мен діннен безгендердің және бидғатшылардың тиіскені жайлы өкіне жазған сөздерің, мені де өкіндірді. Рисалей-Нұрдың ұстанған жолы өз міндетін атқарып Аллаһтың ісіне араласпайды. Біздің міндетіміз тәблиғ яғни ақиқаттарды жеткізу. Ал қабылдату Аллаһтың ісі. Һәм, мәселе санда емес сапада. Сен сол аймақта бір түйір Атыфты тапсаң жүз адамды тапқан боп есептелесің. Уайымдама! Мүмкін болғанша сырттан келген тиісулерге мән берме! Бірақ сақ бол! Мына тоқырау кезеңінде, бейғамдық жайлаған заманда, тұрмыс тауқыметі жағадан алған уақытта азғана қызмет, кішкене уақыт бөлудің өзі маңызы зор қызмет. Алтыншыдан: Көне дос, һәм бауыр әрі Рисалей-Нұрдың сонау бір кездері ықыласты тәлабасы әрі Спартада жүргенімде адал қызмет еткен ақкөңіл жолдасым және ұзаққа талпынатын бірақ қолы қысқа ғазиз бауырым Мехмет Жәлал! Мен сені ұмытқаным жоқ. Рисалей-Нұрға көп уақыт қаламымен қызмет еткендердің арасында сенің есімің аталып үлескер едің. Сені өзінің күшті қабілетін, қайрат-жігерін Рисалей-Нұр жолында жұмсаса ғой деуші едім. Демек тұрмыс тауқыметі сені де біршама тұсаулап тастағанға ұқсайды. Әу баста мүбарак әкеңе, үй-ішіңе сәлем айт! Әсіресе Мехмет Сәйрани Хайятқа көп-көп сәлеммен бірге егер ол, менің кезімдегідей әрі Хусрев сияқты қызмет етіп жүрген Мехмет Сәйрани болса оның мың сәлеміне сәлем жолдап, сонымен қатар ол Сәйрани сол кезде Рисалей-Нұрдың шеңберіне кіріп өзі туралы жазылып әрі ұмытылмағаны секілді менің есімде де бар, өшірілген жоқ. Ол, Хусревтің ізінен еріп қызмет етер деп қанша уақыттан бері

285ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫкүтіп жүрдім. Демек, оны да тұрмыс тауқыметі байлап алған секілді. Жетіншіден: Рисалей-Нұрдың маңызды рүкүн, негізгі тірек, хас шәкірттерінен Халил Ибраһимнің он төрт жасар мағынауи баласы, иншаллаһ, Рисалей-Нұр шеңберіндегі бейкүнә шәкірттердің арасынан биік орын алады деп ойлаймын. Оның жасы кіші болғанымен рухы үлкен сияқты. Хатын оқысам баланың сөзіне ұқсамайды, ілімі терең ғалым-ғұлама дейсің. Оған қатты риза болып: «Машаллаһ, бәрекелді!» дедік. Сегізіншіден: Бұдан бұрын хабарлағанымдай, ауруым туралы ақпарат біраз нұқсан қалған-ды. Соны қазір дұғаларыңызды алу үшін және өткен Рамазандағыдай рухани демеулеріңізді алу үшін сол ауру жайлы кейбір кісілерге айтқанымды және нұқсан қалған жерін жазып отырмын. Былай: Хал-жағдайымды сұрап келгендерге айтарым: Көз тигеннен және жағымсыз рухтар тарапынан болған бұл бәле Аллаһтың рахымымен он дәрежеден бірге азайды. Тоғызы нығметке айналды. Қалған біреуі де тоғыз пайда берді: Бірінші пайдасы. Ауырған кезде бір сағат ғибадат тоғыз сағат құлшылыққа пара-пар болады. Екінші пайдасы: Хасталар рисалесінің (Дерт пен Дауа) он бес данасын рахаттана отырып жөндеп шықтым және рисалелерді науқас және мұқтаж жандарға тез жетуіне осы ауруым себеп болды. Үшінші пайдасы: Бұрыңғы Саидты жаңа Саидқа айналдырған ескі ауруым сықылды, қазір де Рисалей-Нұрдың кеңінен тарауы бүгінгі Саидты біршама дүниямен байланыстырып жатыр еді, енді ауырған соң одан бастартқызды, зияннан құтқарды. Төртінші пайдасы: Мына қасиетті айларда қатты ықыластанып, әрі мұқтаждық сезініп ақыреттік амал жасауға құлшынған едім. Өкінішке орай қазіргі жағдай және кейбір себептерге байланысты сәті түспеген еді. Осы ауру дәл сол қасиетті айларға дөп келіп, ауру-сырқаттың саясында күшті ықылас оянып, мол сауап жинатып орасан зор пайдасы тиді. Мені күндіз тауға шығудан тыйып, бау-бақшаларды аралауға жол бермеді әрі түнде ұйқыдан, ғапылдықтан сақтап шынайы жалбарынып, мінәжат қылуға, түнде ұйықтамай таң атыруға себеп болды.

286ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУББесіншісі пайдасы: Өткен рамазандағы ауру секілді бұл ауру да жанкешті бауырларымның мейірім сезімін оятып, менің атымнан ақыреттік амалдарының бір бөлігін яғни зекетін бергізді. Менің нұқсан, жеткіліксіз еңбегімді он, тіпті жүз, мың есеге арттырып берекетке себеп болды.Алтыншы пайдасы: Науқас жандарға арналған, ішіне жиырма бес имани дәрілер салынған рисаленің емін өзімде сынап, рас екенін мойындап жүйкеге қатысты ашушаңдық, талғампаздықтан пайда болатын фәни нәрселерді, түкке тұрмайтын істерді, бос, уайымды және түк пайдасы жоқ, зиянды алаңдаудан біршама тыйып, құтқарды.Барлық бауырларыма және әйел заты шәкірттеріме жеке-жеке сәлем жолдап, сау-саламатта болуларына дұға етіп, олардың да дұға етуін өтінетін бауырларың: Саид Нұрси* * * * *Ғазиз, адал бауырларым!Сендерге аурудың тоғыз пайдасынан жазылмай қалған үшеуін баяндап берейін. Ол аурудың бір пайдасы жоғарыда айтылған арапша жазба. Жетінші пайдасы: Рисалей-Нұрдың қымбатты бір шәкіртінің мән берілуі тиіс бір қатесін жөндеуге себеп болды. Әзірге ол маңызды пайданы баяндау ыңғайсыз болар. Сегізінші пайдасы: Өте күрделі де нәзік. Түсіндіру қиын. Тек қысқа бір ишара түрінде былай дейміз: Қалайша, Хусрев өзі жазған Құран Кәрімнің фото-көшірмесін жасауға қарсы шығып, қабылдамау арқылы мыңдаған көзтартар Құран Кәрімдер оның қолымен көшірілгендей Ислам әлеміне тарау арқылы жоғары мәртебе, ерекше абырой «құтбият» дәрежесін қабылдамай Рисалей-Нұр шеңберіндегі ықыластың сырын бұзбай, нәпсінің рахатынан бастартты. Дәл сол секілді бұл ауру, рухыма үлкен түбегейлі өзгеріс әкелді. Ол: Рисалей-Нұрдың жарқын жеңісін Аллаһқа шүкір ете тамашалау, сауапқа толы, діни күрескер ретінде әрі белгілі бір мағынада командир қызметінде болудан пайда болатын ақыреттік рахат, асқақ абырой және дүнияда ақыреттік жемісін берген имани қызметтің жеке басыма қатысты ләззаты мен рахатын әлгі шынайы ықыласқа қайшы болатындығы оны тастау, оны бауырларыма беру, олардың абыройына, қызықтарына

287ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫқанағат ету: міне осыған әммаре нәпсім де көніп, дүнияның мұндай ақыретпен қатысты жағымды жағына да қарамай, бас тартып, ажал мен өлімді риза түрде күтуді толыққанды қабылдады. Тоғызыншшы пайдасы: Көптен бері жеке өзімнің дұғам және ешбір қағазға жазылмаған және ұстанған жолымыздың төрт негізінің бірі әрі ең үлкені шүкірдің ауқымды да жоғары мәртебесін қамтитын және менде жиі болатын тән сырқаты мен жан сырқатын емдеп мазасыздығын басатын, белгілі бір мағынада ем-шипасы болып табылатын сондай-ақ, «Исм-і ағзам» және «бисмиллаһ» пен тоғыз ұлы аятты ішіне алған және он тоғыз рет шүкір мен хамдты ауқымды, ағзами түрде білдіретін әрі тахмидаттың санына сәйкес жаратылыстың хал тілдерімен жасаған Иләһи мақтауды ниет етіп, сол бір шексіз мадақтарды жаппай өз мадақтауына қосып, қамтып алатын ұлық әрі ауқымы кең мадақнама, шүкірнама және Сәкинадағы алты есімнің ең ұлық жаңа дәрісін әзірлеуге себеп болды. Барлық бауырларыма жеке-жеке сәлем, оларға дұға етеміз және аман-есен ақталып шыққандарын құттықтаймыз. * * * * *(Ғибрат боларлық әрі таңғаларлық бір оқиға)Рисалей-Нұр қызметінде сөзі өтетін, үлкен орны бар бір шәкірт былай деп жазады: «Адапазары қаласында зілзәлә болған күні дәл зілзәләдан бірнеше сағат бұрын жалпыға арналған, жұртқа жария түрде бір үлкен театр ұйымдастырылған еді. Әртіс, әнші-биші қыздардың төртеуін іріктеп, оларды жалаңаштандырып, ашықтан ашық базарда, көшеде кездіріп, сосын сол тартымды көрініске қызығып, құмартқан мыңнан астам көрермендерді театр ғимаратына жинаған болатын. Дәл ойын-сауық кеші басталғанда кенеттен жерді ыза кернесе керек қатты ашуланып әлгі ұятсыз, беті қалың нақұрыстарды масқара қылып, жермен жексен етті. Театр ғимараты күл талқан болды. «Мен дүнияның мұндай оқиғаларынан екі жыл болды мүлдем бейхабармын, әсте қызықпайтын едім. Бірақ, бүгін Хусрев пен қаһарман Челеби зілзәлә жайлы хабар әкелді. Һәм Хусрев пен жолдасының ойынша, Спартаның зор дыбысты зілзәләсі, қарсы

288ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБалдында Рисалей-Нұр секілді күшті қалқанды көріп халыққа еш зиян келтірмеген...Рисалей-Нұрға дұшпан бір имамның бақшасындағы егінді қиратып, күлін көкке шығарған. Бірақ тек соған ғана зияны тиюі, басқаларға тимеуі бізге мынаны меңзейді: елдің көптеген аймақтарына жайылған, бірақ Адапазарына кірмеген Рисалей-Нұрдың маңызды мәселесі «тәсәттүрді» яғни әйел кісілердің шариғатқа сай орамал тартып орану жүрулеріне қарсы ашық түрде опасыздық жасалғандықтан Рисалей-Нұр оларға жәрдемге жүгірген жоқ...деп тек осы оқиғаға ғана назар салып қарадым.* * * * *Ғазиз, адал бауырларым!Рисалей-Нұрды дүниялық істерге құрал қылуға, оны баспалдақ ретінде пайдалануға болмайды. Себебі, ол аса қымбат тәфәккүри ғибадат. Сондықтан дүниелік мақсаттарды сол арқылы арнайы түрде іздеп ниет етуге болмайды. Әйтпесе ықылас бұзылады, әрі мұндай маңызы зор ғибадаттың өңі өзгеріп кетеді. Яғни төбелескен кезде соққы тимеуі үшін басын Құранмен жапқан балалар сияқты, Рисалей-Нұрды мұндай бірбет қырсық дұшпандарға қарсы қорған ретінде пайдалануға болмайды. Рас, Рисалей-Нұрға тиіскендер оңбайды, опық жейтінін дәлелдейтін жүздеген оқиғалар бар. Бірақ, Рисалей-Нұрды ондай мәселелерге пайдалануға болмайды. Әдейілеп ниет етсе бәлелер келмейді. Өйткені ықыластың, құлшылықтың мән-мағынасына қайшы әрекет. Біз, бізге қиянат жасаған залымдарды бізді сақтап, қамқорлық жасап отырған және Рисалей-Нұрға қызмет еткізіп жатқан Раббымызға тапсырамыз. Иә, дүнияға қатысты таңғажайып нәтижелер кейбір қасиетті дұғаларды оқығаннан кейін болатыны секілді Рисалей-Нұрда да ондай оқиғалар көптеп кездеседі. Дегенмен оларды ниет етіп сұрауға болмайды, өздігінен беріледі. Басты мақсаты ол болмауы керек, бір пайдасы болуы мүмкін. Егер әдейілеп, басты мақсат сол болса ықылас бұзылып, оның ғибадат жағы қалмайды. Дереу, мына оқиғаны басып, тынышталдырыңдар. Әйтпесе екі жүзді мүнафықтар пайдаланып кетуі мүмкін. Бұл оқиғаға олардың қатысы бар сияқты. Иә, Рисалей-Нұрдың мұншама сұмдық дінсіздер мен қырсықтарға қарсы жеңілмей керісінше оларға үстем келіп, төтеп беруінің сыры

289ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫмынада: нағыз ықылас, ешнәрсеге құрал болмауы және тікелей мәңгі бақытты мақсатты біліп, иманға қызметтен басқа мақсат көздемеу және кейбір тариқатшылардың аса мән беретін кәшф-кәраматқа қызықпауы сондай-ақ, ең ұлы даңғыл, «уәлаят-ы Күбра», яғни ақиқатқа бастар сара жол, әулиеліктің шыңырау шыңына шыққан Сахабалар сияқты «уәрасат-ы Нубууат» сырымен яғни пайғамбарлар ізімен жүріп тек ғана иман нұрларын жаю, имандылардың имандарын сақтап қалу; Рас, мына сұмдық заманда Рисалей-Нұрдың беретін нақты екі нәтижесі бәрінен артық, аса қымбатты. Ол екі нәрсе үшін басқа нәрселердің, жоғары мәртебелердің аса мәні жоқ. Бірінші нәтижесі яғни пайдасы: Адал түрде әрі қанағат етіп Рисалей-Нұр шеңберіне кірген адам иманын сақтап, өлерде иманмен кетеді. Мұны дәлелдейтін бұлтартпас айғақтар бар. Екінші нәтижесі: Рисалей-Нұрдың шеңберінде еріксіз түрде әрі хабарымыз болмай пайда болып, жүзеге асқан ақыретпен қатысты мағынауи серіктестіктің саясында әрбір шынайы да адал шәкірт мыңдаған тілмен, шын жүректер мен дұға етіп, истиғфар етіп, құлшылық еткен болып есептеледі. Кейбір періштелер секілді қырық мың тілмен тәсбих, зікір салған боп саналады. Қасиетті Рамазандағы Қадір түнінің ақиқаты сияқты киелі, ұлық ақиқаттарды жүз мың қолмен іздеу нәсіп болады. Міне, осындай нәтиже, зор пайда үшін ғой, Рисалей-Нұрдың шәкірттері нұр қызметін әулиелік мәртебеден жоғары қояды. Олар кәшф уә кәрамат іздемейді, ақыретте жейтін жемістерді дүнияда жеуге тырыспайды Аллаһтың ісі болған сәттілік, табысты болу, халықтың қабылдауы, кеңінен тарау, үстем болу, ақысы болып табылатын абырой мен мерей, зауықтар мен инает, яғни қамқорлық секілді өзінің міндеті боп саналмайтын, алаңынан тыс нәрселерге араласпайды, соған қарай әрекет етіп шатаспайды, санаспайды. Таза, шынайы ықыласпен әрекет етеді, «Міндетіміз қызмет ету, сол бізге жетеді!» дейді. Екіншіден; Сексен жылдан артық аса қымбатты және толық Рамазанды ішіне алған, құпия Қадір түнінің ақиқатына жету үшін, Рисалей-Нұр шәкірттерінің ақыреттік мағынауи серіктестіктің талабына сай әрқайсысы «мүтәкәллим-і мағалғайыр» түрде яғни

290ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБкөпшіліктің атынан сөйлеп, дегендей сөздермен «біз» деп Рисалей-Нұрдың адал шәкірттерін ниет етуі керек. Сөйтіп әрбір шәкірт баршаның атынан мінәжат қылып, қам жасайды. Және мына бейшара, әрекеті баяу және өз шамасынан тыс көп қызмет күтілетін бауырларыңа өздеріңнің жақсы ойларыңды бекерге шығармау үшін өткен Рамазандағыдай жәрдем етіп, демеуші болуларыңды өтінемін. * * * * *(Кенеттен ойға келген бір мәселе)Әрнәрседе, әрбір қиыншылықта әсіресе адамдар тарапынан болған зұлымдықта, «Тағдыр» рисалесінде баяндалғанындай екі себеп бар. Біріншісі: Көп адамдар ойлайтын сыртқы себебі. Екіншісі: Аллаһтың жазуы, тағдыр.Адамдар сыртқы себебіне қарап кейде жаңылады, зұлымдық жасайды. Бірақ, тағдыр, мәселенің басқа жағына қарап әділдік қылады. Сонымен, осы кешелі-бүгін қатты уайымдайтындай Рисалей-Нұр шеңберіне қатысты үш мәселе, тағдырдың әділдігі жағымен сарапталып әлгі үш мәселе мағынауи сұраққа жауап ретінде көкейге келді. Бірінші сұрақ: Неліктен жанкешті, аса мейірбан ана, мына заманда баласының байлығынан үлес ала алмайтын жағдайға түсті. Бұған тағдыр қалай рұқсат берді? Көкейге келген жауап былай еді: Ақ жаулықты аналар жат елдің ықпалымен бойындағы мейірімді бұрыс пайдалануда, яғни балам шен иесі қызметкер, жоғары мәртебелі болсын деп, бар күшін жұмсап балаларын дүнияға, мектепке, оқу орындарына тапсырады. Тіпті ата-анасы діндар бола тұра Құрани ілім алып жатқан жерінен шығарып алып дүнияға береді. Міне, бұл мейірімді бұрысқа пайдалану деген сөз. Мұның жазасы ретінде тағдыр осы күйге яғни баласының байлығынан мақұрым қалуға пәтуа берді. Екінші сұрақ: Рисалей-Нұрмен байланысып жүрген кейбір кісілерге жаным ашыды. «Неге әкесінен мирас байлықтан үштен екісін алуға ақысы бола тұра бір мағынада құр қалып тең бөлісуіне тағдыр рұқсат берді?»

291ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫКөкейге келген жауап:Мына ғасырда теріс бағыттағы ағымдардың ықпалымен әке-шешеге деген құрмет, ата-ананың мейіріміне жауап ретінде не айтса көну, міндетті түрде бағыну қажет бола тұра, көпшілік әлгіндей ата-анаға құрметті, мойынсұнуды білмейді. Сол үшін үштен екісін алу ақысынан айырылып зұлымдыққа ұшырады. Тағдыр балалардың осы қателігіне орай рұқсат берді. Ал, қыз балалар болса басқа жақтан кемшіліктері көп болғанымен, бірақ табиғаты әлсіз болуына байланысты өзіне қамқор, мейірбан жандарға аса мұқтаж болғандықтан бойындағы құрмет сезімдерін әке-шешесіне арнап, оларды қатты сыйлайтындықтан адамдардың залым қолымен аға-інілерінің біршама ақысын уақытша болса да өзіне берілуіне тағдырдан пәтуа алады. Үшінші Сұрақ: Кейбір діндар кісілердің дүнияға жақын әйелдерінің кесірінен мазасы қашып, қиналуының себебі неліктен? Бұл аймақта осыған ұқсас оқиғалар көп-ақ.Келген жауап былай еді: Діндар кісілер діни құндылықтардың қатаң талаптарын толық сақтамай «әйел еркіндігі» деген ұғым жайлаған мына заманда, сондай емін еркін жүріп-тұратын әйелмен неке қиып, соның кесірінен дүнияға белшеден батуы үлкен қателік болғандықтан дәл-сол әйелдердің қолымен жазалануына тағдыр рұқсат берді...Қалған бөлімін жазуға бір мүбарак әйел парқына бармай кедергі болғандықтан кейінге қалды. * * * * *Ғазиз, адал бауырларым!Біріншіден: Бұл мүбарак қасиетті Рамазан айындағы дұғалар, ықыласпен болу шартымен иншаллаһ қабыл болған шығар. Алайда өкінішке орай Рисалей-Нұр шәкірттерінің назарын дүнияға аудару үшін және қалб тыныштығын бұзу үшін жасалып жатқан кейбір кедергілер жоқ емес. Соның кесірінен әлгі ықылас, толық құзыр, көңіл хоштығы біршама зақымданғанға ұқсайды, бірақ уайымдамаңдар! Бәрін бір Аллаһқа тапсырып ондай тиісу, кедергілерге мән бермеңдер! Атыф бауырымызға жазыңдар: «алаңдап, уайымдамасын!» Ол да бір Құдайдың жазуы. Иншаллаһ Сауалық Хафыз Мехметтің оқиғасы сияқты ол оқиға да Рисалей-Нұрдың пайдасына шешіледі

292ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБдеп ойлаймын. (Сілтеме ) Мен, Атыфтың жарқын қызметі тоқырап, *артқа кетіп қала ма деп және марқұм Мехмет Зүһдү Бәдәуидің атқарған жоғары, зор қызметі тұрақтап, жасырынып қала ма екен деп мұңайған сәтімде, қолыма бір хатты ұстатты. Ол мені уайым-қайғыдан құтқарды. Рисалей-Нұр қызметінде бір есік жабылса одан әлдеқайда маңызды есіктер ашылады» деген қағида өзін тағы да айқын көрсетті. Сабри бауырымыздай Рисалей-Нұрдың ықпалды да белсенді шәкіртінің үлкен ағасы, сондай-ақ Рисалей-Нұрдың қаһарман батыр шәкірті Тахиридың жездесі және Рисалей-Нұрдың озат және бір кездері нұр шәкірттерінің жетекшісі болған және қазіргі кезде де Рисалей-Нұр туралы жақсы көзқараста болып, көңілі суымаған Үлкен Хафыз Зүһдүнің адал, шынайы ниетпен, ыстық ықыласпен жазған хаттары екен.Оқысам, кешегі әрі бүгінгі қайратты бауырымыз Үлкен Зүһдү, өкіметтің қатаң заңдарына қарамастан Рисалей-Нұрдың маңызды міндеттерінің бірі жастарға Құран оқуды үйрету міндетін атқарып жүр екен. Демек бұл Үлкен Зүһдү марқұм Зүһдү Бәдәуидің орнына Сілтеме*: Атыфқа қарсы шығып, тиісіп жүрген тариқатшы имам және қырсық уағызшы және имам, сондай-ақ, сопылар мен ілімі терең кісілер, қарсыласу кезінде ең соңғы тығылар жері биліктің режимі. Олар режим атынан тиісіп, жоғары жаққа болысып, оларға жағымпазданып. Осылайша Атыфтың қорғаштап жүрген Пайғамбарымыздың көркем сүннет ұстанымына шүйлігіп, жауласуда. Бұл оқиға мынаны көрсетеді: Рисалей-Нұрға қарсы шығып тиісетіндер біліп-білмей діннен безгендерге көмектеседі. Оған дәлел осы жолы әділет органында менен былай деп сұрады:«Күрд Атыф режимге қарсы әрекет жасаған ғой шамасы, оның қарсыластары режимге сүйеніп, соның атынан тиісіп жатыр?».Мен былай деп жауап бердім: «Режимге қарсы шығу біздің міндетіміз емес әрі оған қарсы тұратын күшіміз де жоқ. Оны ойлап та жүргеніміз жоқ әрі Рисалей-Нұр оған рұқсат бермейді. Бірақ біз қабылдамаймыз, талаптарын орындамаймыз, қаламаймыз да. Қарсы шығу басқа, қабылдамау бір басқа, ал орындамау мүлдем басқа нәрсе. Хазіреті Омардың (р.һ) билік кезеңінде шариғаттың әділ заңдарына қарсы шықпайтын, онымен шаруасы жоқ яхудилер мен христиандар өмір сүрген. Халифа оларға тиіспеген. Демек қабылдамау, мойындамау билік тұрғысынан қылмыс боп есептелмейді. Сондықтан ондай қарсыластар, жоққа шығарушылар ең қуатты падишахтардың кезінде де қол астындағы елде өмір сүре берген. Міне, осы тұрғыдан алғанда Рисалей-Нұр шәкірттерінен біреуі режимге мүлдем қарсы болып, режимнің құрушысына лағынет айтса да билікке іс жүзінде араласпағандықтан жеке көзқарасы үшін айыпқа тартылмайды, заң бойынша қудаланбайды. Ар-ождан мен сөз еркіндігі солай болуын талап етеді.

293ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫкелген екен дедім. Сондай-ақ, Атыфтың қызметі біршама тоқырауына орай Аллаһ мына зерек әрі қайрат-жігері мол, сөзге шешен Үлкен Хафыз Зүһдүні беріп аянбай еңбек еткізуде. Құдайға шүкір! Бүгіннен бастап Рисалей-Нұрдың хас шәкірттері арасындағы нұрлы мағынауи серіктестіктен үлескер болатынын және аты аталып тұрып дұға етілетінін сәлеміммен бірге жеткізіңдер. * * * * *Рисалей-Нұрдың үзілмей жалғаса беретін көптеген кәраматынан бірі: Мұғжизат-ы Ахмедие рисалесінің және кәраматқа толы Жиырма Тоғызыншы Сөз бен Ишарат-үл Иғжаз кітабының мұғжизаға ұқсас кәраматынан біреуін айтар болсақ:Қасиетті Рамазанның басталған кезі. Дәрігердің айтуы бойынша дене қызуым кенеттен қырыққа көтерілген-ді. Демек маған у берілген. Мұны айғақтайтын дәлелдер де баршылық. Дәл сол кезде билік басындағылар Атыф бауырымыздың түймедей мәселесін түйедей қылып шулап жатқан болатын. Мәселені үлкейтіп жергілікті құзырлы органдар мен тәртіп сақшылары уәлаяттарға телеграмма таратып үкіметті Рисалей-Нұрға қарсы айдап салып жатқан уақыт. Міне, сол кезде осыдан екі сағат бұрын Мұғжизат-ы Ахмедие рисалесі Ыстамбұлдан шығып шұғыл жәрдемге келгендей. Жиырма тоғызыншы Сөз және кәраматқа толы Ишарат-үл Иғжаз кітаптары столдың үстінде тұрған-ды. «Бұл баға жетпес құнды кітаптар тәркіленетін болды, саны елуден аса рисалелер намазсыз адамдардың қолына тиетін болды-ау» деп уайымдап әрі менің де қатты аурудан дауысым шықпай қалған еді. Дәл сол кезде Рисалей-Нұрдың әлгі кәрамат үш рисалесі таңғажайып түрде Аллаһтың қамқорлығына бөленуге, амандыққа қауышуға себеп болды. Әрі менің уланудан пайда болған ауруыма у қайтарғыш дәрі болды. Мұны көргенде біз де аң-таң боп таңғалдық әлі де таңымыз бар. Бейне бір ешқандай ауру болмағандай, тың, өзімді қуатты сезінудемін. Сондай-ақ, қарсыластар қатаң ескерту алғандай қатты опық жеп дұшпан емес дос болып шыға келді. Әділет органының лауазымды қызметкерлері мен тергеу органының қызметкерлері дым қалдырмай тексеру үшін келіп

294ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ МЕКТУБтұрып елу, шақты тіпті одан да көп кітаптардың ешқайсына тиіспей, тек сол рисалелердің біршама кәраматтары туралы тыңдап шығып кетті. Осылайша рисалелер мағынауи қамқорлыққа алынғанына куә болдық. Оларға тек Мүдафат, он алтыншы Мектуб және Рамазан рисалесін талдап оқысын деп өзіміз бердік. Үшінші рет бұрынғыдан да бетер түгелдей тексеріп, жіті тінту үшін ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, тергеуші қызметкерлермен бірге келерден екі-үш сағат бұрын кәраматты үш рисалелер жетекшілік қылғандай басқа да барлық рисалелер жаппай тергеушілерге ұсталып қалмауы үшін ортадан жоғалып, көрінбей қалды. Олар келген соң екі сағат түгелдей тексеріп тек Анкарадан келген, және бізді Рамазанмен құттықтау қағазды ғана тауып алды. Оны зерттеп талқылаған соң әкеп береміз деп уәде беріп алып кетті. Бұл кәрамат жағдайлардың себебі сол сәтте жоғарыда тұрған Мұғжизалы Құран Кәрім мен иғжазға толы Хизб-і Құранның нұсқалары және Хизб-і Нұрияның рисалелері, яғни солардың кәраматы болса керек. Хақ тағалаға олардың қанша әрпі болса сонша және Рамазан айының қанша секөнті болса сонша мадақ пен мақтау болсын, Ауру сырқаудан пайда болған мазасыздық, Атыфтың бастан кешірген оқиғасы, жүректің сыздауы әрі оларға жанашу және ол оқиғаның Спарта қаласына дейін әсер етеді-ау деген уайым, сондай-ақ осы қасиетті айда Рисалей-Нұрдың пердесіне орануы яғни жасырынып қалуы және үшінші мәрте әлгі екі рет тінтіп тексерген күні кешке дейін бізге келіп-кеткендерді жаппай аңдып тексеруі және Әминнің үйін еш нәрсе табылмаса да тінтіп тексеруі: міне осылардың бәрі мені уайымдатып, мұңайып отырғанымда аса мейірімді, ерекше қамқор Аллаһтың рахымы түсіп, осы күнге дейін жалғасып келген Иләһи инает яғни Құдайдың жәрдемі қамқорлығына алып тағдырға ризашылық, тәуекел, ықыластан пайда болған жұбаныш көңілімдегі әлгі мазасыздықтардың бәрін жойып, тосқауылдар ашылып керемет жеңілдеп қалдым. Көңілім жәй тауып, терең тыныстап: «Уа, Жаратқан Ием! Сен не істесең бәрі жақсы болады!» деп Құдайдың жазғанына көніп бір рахаттанып қалдық. Сендер де сондай болыңдар, тоқырауға жол бермеңдер! Барлық бауырларымызға жеке-жеке сәлем және дұға етудеміз. Ауруым әлі

295ҚАСТАМОНУ ЛАХИҚАСЫкете қойған жоқ, бірақ көтере алмайтындай ауыр емес. Бұл шабуыл Рисалей-Нұрдың жарқын жайылып жатқанына қарсы кедергі жасау үшін болатын.Бауырларың Саид Нұрси* * * * *

Бұл кітап жайында ұсыныс-пікірлеріңіз болса, мына мекен-жайға хабарласуларыңызға болады.«Нур Фейз» ЖШС.050009, Алматы қаласы, Түркебаев көшесі, №84-үй. Тел.: 8 (727) 374 71 10E-mail: [email protected]


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook