Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Әмірдағы Лахикасы-1

Әмірдағы Лахикасы-1

Published by risalekz, 2021-02-16 07:32:30

Description: Emirdağı Lahikası-1

Keywords: Risale-i Nur

Search

Read the Text Version

101ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іқайсысы маған ауыр тиген жоқ, ең қиын күндердің өзінде жұмсақ сөздермен айтылып, рухыма жағымды әсер ететін. Өз басым оған осы тұрғыдан да борыштармын. Екінші Хулуси атанған Сабридің бауырларының атынан құттықтауы мені қатты қуантты. Ол бауырларымыздың кісі қадірін түсінетіндігі, ізгі ойлары жоғарғы деңгейде, Хусрев пен Хасан Фейзінің қадірін жақсы түсінулері менің көңілімді жадыратып тастады. Хасан Фейзінің Денізлі шәкірттерінің атынан айтқан құттықтаулары оның бұл қызмет үшін жаны ашитындығын көрсетеді.Кастамонулық жанқияр бауырларымыздың атынан Кастамонуның Хусреві мен Рүштүсіне айналған Фейзі мен Әминнің құттықтау хаты мен Фейзінің аталмыш оқиғада алаңдайтын еш нәрсенің жоқтығын, керісінше ынталандыру қамшысы екендігін айтуы, біздің уайымымызды сейілтті.Нафиздің сол аймақтағы бауырларымыздың атынан жазған құттықтау хаты мен оның табандылығы, жанқиярлығы, мол үміті біздің тынысымызды кеңейтті. Оның жеке құттықтаулары болғандықтан алаңдап едім. Табандылығымен қатар батырлығы да айтарлықтай дәрежедегі Халил Ибраһимнің (р.х.) тікелей менің адресіме жіберген құттықтау хатын алдым. Оның өзін және Нұрдың қырағы адвокаттары бастаған топқа сәлем жолдап, айттарың құтты болсын демекпіз.Нұр медресесінің қаһармандарының бірі, Шүкрү Эфенің құстар мен торғайлардың алаңдаушылығын жеткізген хаты хас батырымыз ағаш ұстасының қолдауларын нақтылай түсті, бізді де қуантты. Атабейлік бауырларымыздан, Лүтфүнің мұрагері Әли Османның хатындағы сұраққа жауап беруге уақыт таба алмадық.Аты аталған бауырларымызды олардың артында тұрған бауырларымыз бен қоса моралдық, материалдық айттарымен шын жүректен құттықтаймыз. Рефет бауырымызға қош келдің дейміз.Бейкүнәлар тобы мен жазу білмейтін қарттарды, жанқияр қарындастарымызды және барлық бауырларымызды жеке-жеке айттарымен құттықтап, сау-сәлемет, бақытты болсын деп дұға ете отырып, сөзімді аяқтаймын.* * * * *

102ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІӘзиз, Сыддық Бауырларым!Мархұм Шәхид Хафыз Әлидің (р.х.) кітаптарымен бірге маған келген мүбәрактардың, Абдуррахмандардың хас батыры үлкен жүректі Кішкентай Әлидің «Сикке-и Тасдиқ-ы Ғайби» атты жинағы өте тамаша әрі орынды. Алайда «Қосымшаларда» әсіресе Әмірдағы бөлімінде, Рисалей-Нұрдың кереметтеріне байланысты, зіл-зала, жаңбыр, құстар жайлы біз мақұл көрген хаттар сол «Сиккенің» аяқ жағына алынса жақсырақ болады. Осы орайда мүбәрактар тобын тағы да айттарымен құттықтап Кішкентай Әлиге мың бәрекелді демекпіз. Сафранболының хас батыры Мұстафа Османның мұндағы шәкірттеріне жазған хатын оқыдым. Бұл кісі де Хасан Фейзи сынды өзінің табандылығы мен жақсы ойлары жайлы әдеби түрде жазған екен. Алайда Рисалей-Нұрдың рухани келбетін айтудың орнына менің жеке басымды шамадан тыс дәрежеге көтеріпті. Өзінің жарқын айнасынан Ұстазын аса жарқын бейнеде көріпті. Мен оның ондай жақсы ойларын рухани дұға ретінде қабыл алдым. Оны және сол аймақтағы бауырларымызды айттарымен құттықтаймыз.* * * * *Құрметті, Сүйікті, Мүбәрак бауырларым Рисалей-Нұр шәкірттеріне айтарым:Рисалей-Нұр нұрдан өрілген жіп, оған әлем және әлемдегі жаратылыстардың тәсбихаттары тізілген.Рисалей-Нұр есту, сөйлеу құралдарымен жабдықталған Құрани радио. Оның сымдары мен лампалары айна, батареялары сынды жолдары, сөздері, әріптері өте жүйелі түрде, аз сөзбен көптеген мағыналарды жеткізе отырып ұсынылғандығы сонша, ертең кез келген ғалым, пән зерттеушісі, әр түрлі мамандық иесі, әр түрлі ұстанымдағы адам, ғылыми деңгейіне, шама-шарқына қарай, ғайб әлемінен, көзге көрініп тұрған әлемнен, руханият әлемінен, әлемдегі әр түрлі оқиғалардан хабардар бола алады.Рисалей-Нұр мүминдерге Құраннан хидает сыйлықтарын, екі дүниенің бақытын, шапағат пен Рахмани Фейзді жеткізуші.Рисалей-Нұр әлемге, көктемнің фейзін жеткізуші абыл хаят, мейрім мен ақиқат, гүлстандағы гүлзар.

103ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІРисалей-Нұр – Аллаһтың жарылқауы, кәміл иман, Құран тәпсірі, беректтің көзі.Рисалей-Нұр – кәпірге күз, ақиқатты мойындамайтын адамға топан, адасушылыққа дұшпан.Рисалей-Нұр – Жасырын қазына, гауһар толы сандық, Нұрлардың бұлағы.Рисалей-Нұр – Құрани ақиқат, Иманның ең жоғарғы дәрежесіне көтерер баспалдақ.Рисалей-Нұр – Әулиелердің Құран мен Хадистен кейін бастарына қояр тәжі, кітаптардың сұлтаны, мағыналардың өзегі, Илаһи жарылқау, Сүбһани сыйлық, Рахмани Фейз.Рисалей-Нұр – ақиқаттар теңізі. Сырға толы қазына, білімнің кені, игіліктер теңізі.Рисалей-Нұр – науқастарға шипахана, зәм-зәм суындай, дені саулар үшін адал рызықты көрсетер бағыт. Хош иісі аңқыған миск анбер.Рисалей-Нұр Мұхаммедтің (с.а.у.) уәдесі.Хайдар (р.а.) (Әли) сүйіншілеген. Ғаус Ағзам (қ.с.) хабар берген. Имам Газали(қ.с.) оқуымыз керектігін айтқан. Имам Раббани (қ.с.) хабарын жеткізген қазына.Рисалей-Нұр – Құран атты мұғжизалы күннің жеті түсті сәулесі Рисалей-Нұрда толық көрінгендіктен ол һәм шариғат кітабы,һәм құлшылық кітабы, һәм зікір кітабы, һәм ой жүгірту(пікір) кітабы, ақиқаттар жинағы, һәм тасаввуф (сопылық) кітабы, һәм логика кітабы, һәм кәлам ілімінің жинағы, һәм діни білімдер жинағы, өнерге баулу кітабы, һәм көркем сөз жинағы, һәм Аллаһтың бір екендігін дәлелдеп берген кітап, қарсыластарының аузын жапқан кітап.Рисалей-Нұр – Құранның шексіз көктеріндегі рухани бір аспанның күндері, айлары, жұлдыздары. Мәселен сырт көзге себепкер болып көрінетін күннен, айдан, жарық жұлдыздардан сәуле алған әлем жап-жарық болып жайнап, жанданып жатса, Рисалей-Нұр да Баяндауы мұғжиза болған Құраннан алып шашқан, шуақтары арқылы әлемге өмір, адамға кемелдік, жүректерге имани шаттық ақылдарға сенім, ой-пікірге имани кеңістік, нәпсіге ризашылық пен бойсұнуды үйретті. Ол рухани аспанды кейде хикметтердің талабына орай бұлт басады. Әлгі алып бұлттардан мейрімге толы жаңбыр жауатындығы сонша өсіп-өнуге қабілетті тұқымдар, дәндер

104ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іөздерін қысып тұрған қабықтарын жарып шығады. Сол кезде бұлттар да көкжиекке ығысып, кезекшідей тұра қалуы Раббани емтиханның, Илаһи берекеттің көрінісі, Нұрлы мейрімі. Бұрынғы шағын ғана тұқым, дән жаңа бір өмір бастап, жайқала өскен мәуелі ағашқа айналады. сырына бөленеді.Жиырма жылдан бері жалғасып келе жатқан қыс, Инша Аллаһ біткен шығар... Әлемге Нұрға толы көктем келсін... Әлемнің бетінде нұр ойнап, күлімдесін...Рисалей-Нұр– Қасиетті Құранның басқаруында, қарамағында болғандықтан, оған тиіскісі келген қол сынып, тілдер байланып қалар. Баяндауы мұғжиза болған Құранның қасиетті сөздеріндегі ишара-ларынан бүгінгі күнгі Түрік тілінің соққылар жегендігіне зер салар болсақ «Рисалей-Нұр» Түрік тілі үшін де «Имам» болғандығына яғни таза Түрік тілінде жазылған Рисалей-Нұр тілдік тұрғыдан да ерекшеленіп, тілді тазартатындығына Құранда ишара етуде десем қателеспеспін деп ойлаймын.Әуелі Ұстазымызға одан соң барлық бауырларымызға шынайы құрметімізді білдіріп, айт құтты болсын деймін. Ұстаз жайлы еш нәрсе жаза алмадым. Өйткені Мұхаммед (с.а.у.)-ның мұрагері болу дәрежесінде тұрған кісі жайлы не айта аламын? Ол кісіге Хасан Фейзи бауырымыздың сөздерін қайталағаннан басқа еш нәрсе дей алмаймын.Милас және сол аймақтағы Нұр шәкірттерініңатынан, дұғаңызға мұқтажХалил Ибрахим (р.х.)[Халил Ибраһимнің Рисалей-Нұр жайлы жазған тамаша сөздерінің аяқ жағына жазылған еді. Екеуін де Әмірдағы хаттарының жинағына енгізіңдер. Бұл кісі Рисалей-Нұрдың көптен бергі сенімді, жан аямас шәкірті. Бұл хатты Рисалей-Нұрға арнап жазыпты] Саид Нұрси

105ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ І(Түп нұсқадағы өлеңдер қазақшаға аударылмады кешірім өтінемін)* * * * *Әзиз Сыддық Бауырларым!Жасырын мұнафықтар осы уақытқа дейін Рисалей-Нұрға заң арқылы, әділет органдары арқылы, қоғамның тыныштығын бақылаушы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін айдап салу арқылы шабуыл жасайтын еді. Біз болымсыз әрекеттерге бармай, мәжбүр қалған кезде қорғанушы едік. Енді олардың жоспарлары іске аспай қалды. Керсінше олардың шабуылдары Рисалей-Нұрдың шеңберін кеңейтіп жіберді. Осы жолы «Аса-и Мұсаны» жаңа әріптермен бастыру ниетіміз, біз қаламасақ та Рисалей-Нұрдың алға ұмтылғандығын көрсетіп тұрғандай. Бұл оқиғаның маңызды бір хикметі мынау болса керек. Рисалей-Нұр мына берекелі отанымыздың рухани құтқарушысы болғандықтан қазір екі сұмдық рухани бәленің бетін қайтару үшін баспа арқылы жарыққа шығатын, сабақ беретін кез келді немесе келе жатыр деп ойлаймын.Әлгі сұмдық бәленің біріншісі: Христиан дінін аяққа басып, анархияны әкелген, солтүстіктен шыққан алапат дінсіздік ағымының, елімізді рухани түрде жаулап алуына қарсы Рисалей-Нұр Зұлқарнайнның қорғаны іспетті, Құрани қорған болу міндетін атқаруы мүмкін және Ислам Әлемінің мына береке қонған еліміздің халқына таққан айыптары мен кінәраттарын тоқтату үшін, баспасөз арқылы жар салу керек деген ескерту келді жүрегіме.Мен әлемде не болып жатқанын білмеймін. Бірақ Европада басқыншыдай үстемдік жүргізуші және көктен түскен діндерге сүйенбейтін осынау қорқынышты ағымның шабуылына қарсы қорған болған Рисалей-Нұр ақиқаттары Ислам Әлемінің, Азиядағы елдердің бізге таққан айыптаулары мен кінәраттарының бетін қайтарып, бұрынғыдай сүйіспеншіліктері мен бауырластықтарын қайта жандандыруға себеп болған Құранның бір мұғжизасы. Еліміз бен халқымыздың отан сүйгіш саясаткерлері тез арада Рисалей-Нұрды бастырып, ресми түрде таратулары тиіс. Сонда ғана осы екі пәлекетке қарсы тұруға болады.

106ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІЖиырма жыл бойы бұл елге иман ақиқаттарын жаюшы Рисалей-Нұр болмағанда мынадай сұмдық ғасырда, аласапыран төңкерістер кезінде мына берекелі Отан Құраны мен иманын сұмдық шабуылдардан қорғай алар ма еді? Жарайды... көп созбай-ақ қояйық. Отанымызға, билікке зияны тиеді деген сылтаулармен енді Рисалей-Нұрға тиісуге болмайды. Енді ондай сылтауларға ешкімді сендіре алмайды. Алайда, айлаға көшіп, діннің атын жамылып, кейбір аңғал молдалар мен бидғаттарды жақтаушы менмендіктері тыйылмаған сопыларды алдап, Рисалей-Нұрға, Рисалей-Нұр шәкірттеріне айдап салуға әрекет етуге тырысуда мұнафықтар. (Екі жыл бұрын Стамбулда және Денізлі өңірінде жасағандарындай). Иншаллаһ ойлағандары бола қоймас.Рисалей-Нұр шәкірттері, аса абай болумен қатар, тиіскен кезде айтысып-тартыспасын, көп мән бере бермесін. Алданған ғалымдар, имандылар досқа айналсын. Біз сіздерге тиіспейміз. Сіз де бізге тиіспеңіздер. «Иманды жандар біздің бауырымыз» деп дереу баса қойсын.Екіншіден: Мүбәрактардың хас балуаны һәм Абдурахманның һәм Лүтфүнің һәм үлкен Хафыз Әлидің аттарына ие болып жүрген үлкен рухты Кішкентай Әли бауырымыз бір сұрақ қоюда. Ал ол сұрақтың жауабы Рисалей-Нұрдың жүз жерінде кездеседі. «Рисалей-Нұр иманның рүкүндері (негіздерін) жайлы неге сонша егжей-тегжейлі түсіндіреді? Бұрын молдалар бізге «Бір қарапайым (ілімі жоқ) мүминнің иманы, үлкен әулиенің иманымен бірдей» деп айтатын»Жауап: «Аятүл Күбрадан» бастап иманның мәртебелері жайлы айтылған жерлердің бәрінде, сондай-ақ Екінші мыңжылдықтың мүжеддиді Имам Раббанидің соңғы кезеңдерінде айтқанындай барлық тариқаттың соңғы нүктесі және ең үлкен мақсаты Иман ақиқаттарының ашылуы. Сондай-ақ Иманның бір ақиқатын толық түсіну мың кереметтен, кәшифтерден артық.Аятүл Кубраның ең соңындағы және «Қосымшадан» алынған хаттың бір бөліміде және толықтай алғанда да жауап бар. «Миуа Рисалесінің» Құрандағы қайталауларға қатысты Оныншы мәселесі, тәухид пен иманның негіздері жайлы және Құрандағы қайталулардың хикметі оның тәпсірі болған Рисалей-Нұрда да кездесуі де бір жауап.

107ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІШынайы иман мен ерме, еліктеме иман жайлы және ат үсті қарау мен зерделей білу жайлы және Иман арқылы күдік-күмәндар мен уәсуәсәларға қарсы табанды болуды жеткізетін Рисалей-Нұрдағы түсіндірмелер Үлкен Рухты Кішкентай Әлидің хатына толық жауап береді. Біздің қажетіміз жоқ.Екінші жағы: Иман тек қана біреуге еріп қабылдай салумен шектелмейді. Бір дәннің дәрежелері бар. Немесе қолымыздағы айнаға шағылысқан мысали күннен бастап, теңіз бетіне шағылысқан күннен, сонау күннің өзіне дейін қаншама мәртебелердің болуы секілді, Иманның да көптеген ақиқаттары бар. Мыңдаған Иләһи есімдермен және иманның басқа да негіздерінің әлемдегі ақиқаттар мен байланысып тұрған ақиқаттары бар.«Барлық ілімдер мен танып білудің және адами кемелдіктің ең биігі – Иман және шынайы (тахқиқи) иманнан туындайтын зерделей отырып, айғақтарға сүйене отырып Аллаһты тану», деген анықтаманы ақиқатты мойындаушы барша жұрт қабылдаған.Иә, ерме Иман күдік – күмәндардың ығына тез жығылады. Одан әлде қайда күшті, ауқымы кең шынайы иманның көптеген дәрежелері болады. Сол дәрежелердің ішіндегі илмеляқин дәрежесі көптеген айғақтарға сүйене отырып, мыңдаған күдік – күмәндардың бетін қайтарады. Ал ерме-еліктеме иман кейде бір күмәннің өзінен жеңіліп қалады.Сондай-ақ шынайы иманның бір дәрежесі де айнеляқин дәрежесі, оның да көптеген деңгейлері бар. Тіпті Аллаһтың есімдерінің саны қанша болса сонша дәрежелері көрніс беруі мүмкін. Бүкіл жаратылыс атулыны Құран сияқты етіп оқи алу дәрежесіне келе алады. Тағы бір дәрежесі Хаққаляқин деңгейі. Оның да көптеген деңгейлері бар. Мұндай иманы бар кісілерге күдік-күмандар әскер жиып келіп шабуыл жасаса де еш нәрсе істей алмайды. Кәлам ілімінің ғалымдары мыңдаған том кітаптарды ақыл мен логикаға сүйене отырып жазып, әлгі имани танымның дәлелдерге және ақылға сүйенетін жолын көрсеткен. Ақиқатқа жеткендер жүздеген кітаптар арқылы кәшфке, кереметтерден алған ләззаттарға сүйене отырып имани танымды басқа қырынан түсіндірген.Алайда, Құранның мұғжизалы даңғыл жолы көрсетіп берген Иман ақиқаттары мен Аллаһты тану ілімі, әлгі ғұламалар мен әулиелерден әлде қайда қуатты, әлде қайда жоғары. Рисалей-Нұр осы ауқымды,

108ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іжоғарғы деңгейдегі мағрифат даңғылын тәпсірлеп, мың жылдан бері Құранға қарсы келіп, Исламият пен адамгершіліктің тамырына балта шауып, құрдымға итермелеуші жойқын ағымдарға қарсы Құран мен Иман ақиқаттары арқылы төтеп беруде, сол ақиқаттарды қорғап қалуда. Әрине, осынша шабуылдарға қарсы Құранның нұрымен мұсылмандардың иманын сақтап қалу үшін, егжей-тегжейлі түсіндірулері қажет. «Бір адамның сен арқылы иманға келуі, сен үшін дала толы қызыл қойлардан да хайырлы» деген Хадис Шәріп бар. Кейде бір сағаттық тәфәккүр, бір жылдық құлшылықтан (Нәпіл) хайырлы болады. Тіпті Нақши тариқатындағылардың іштей зікірге аса мән беруі, осындай тәфәккүрге қол жеткізу үшін. Барлық бауырларыма жеке-жеке сәлем айтып, дұға етеміз.Бауырларың Саид Нұрси* * * * * *Әзиз, Сыддық Бауырларым!«Ықылас Рисалесі» мен хаттардың көшірмелерін жансыздардың алып кетуі сендерді уайымға салмасын. Онсыз да сол хаттарды «Ықылас Рисалесін» және Хазіреті Әлидің ғайби хабарларын соларға оқыту Рисалей-Нұрдың тарала түсуі үшін қажет еді. Осы оқиғалармен қатар Стамбулда большевизмге қарсы митиңгтердің болуы, Рисалей-Нұрға жасырын түрде шабуыл жасаушы екі топтың бір-біріне қарсы жағдай ұстануы, Рисалей-Нұрдың кеңінен тарала түсуіне бір орай болды. Бізге қарсы уақытша шабуылдар болып жатқанмен маңызы жоқ. Өйткені, большевизмнің мұсылмандар арасына анархия іспетті обсалюттік күпірлік пен табиғатшылдық пікірді сіңіріп жіберуіне қарсы, тек қана Рисалей-Нұр өзінің аса күшті ақиқаттары арқылы күресе алғандықтан, ұлтшылдар мен отан сүйгіштер, саясаткерлер, діндарлар, Рисалей-Нұрдың артынан еруге және оған дос болып, соны пана тұтуларына жол ашылуда деген көзқарастамыз.Саид Нұрси

109ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІАФИОН САҚШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНА!Сізді танымай тұрып-ақ, бірінші көрген кезімде ынсабы бар әділ жан екен деп сенгендіктен бәрінен бұрын, өзім қатты алаңдап отырған бір ақиқатты айтып берейін. Бұл ақиқатты тиісті мекемелерге жеткізу сіздің міндетіңіз деп білемін. Ол ақиқат мынау:Менің қазіргі жағдайым, тарихта болмаған жағдай. Толық оқшауландырылып, ешкіммен кездесе алмаймын. Мешіттегі жамағатпен кездесуге де тыйым салынған, оның үстіне, қарттық, ауру, жоқшылық жағдайда жүрегіме мынадай нәрсе келді: Мен мына елдің бір баласы екенмін, онда осы елдің, отанның бақыты үшін қызмет ету менің борышым. Материалдық жақтан қолымнан еш нәрсе келмейді. Құраннан алып, қағазға түсірген «Миуа Рисалесі» мен «Худжетүл Балиғаны» жаңа әріптермен басуы үшін бауырларыма рұқсат бердім. Ол екі рислені екі жылға жуық Анкарадағы тиісті мекемелер мен арнайы мамандар және Денізлі соты сараптама жасады. Жауапқа тартар еш нәрсе таба алмаған соң ресми түрде қайтарып берді. Жауап та жібердім, цензураға және редакторларға көрсеткеннен кейін ғана бассын дедім. Басылып шыққан соң заңға сәйкес он екі үкімметтік мекемеге жіберу керек. Содан кейін «Ықылас Рисалесі» мен «Үнемділік Рисалесін» ана екі рисаленің соңына біріктіріп, жаңа әріптермен бассын. Бұларды бастырудағы мақсатымды сізге баса айтып қояйын, мына мүбәрак халықты, елді моралдық, материалдық анархиядан құтқару, сақшыларға рухани көмек беру, анархияны қоздыратын сыртқы ағымдардың шабуылына қорған болу және Ислам әлемінің бізге қарсы сын айтып, кінә тағуын тоқтату және бұрынғы сүйіспеншіліктерін қайта оятуға тырысу. Өкінішке орай мен бұл дүниеге көңіл бөлмейтіндіктен, басшылармен кездеспейтіндіктен, дүниелік істерді білмейтіндіктен және заңсыз түрде тиісуге ұшырағандықтан, бұрыннан бері маған өштесіп жүрген адамдар осы оқиғаларды бір орай санап, сақшылар мен әділет органдарын айдап салуда.Айталық, Төрт рисалеммен қоса соңғы екі жылда жазған хаттарымның көшірмелерін жасырын сақшылар поезда алып қойғандығын естідім. Ол рисалелердің екеуі «Ықылас Рисалесі» ол бір жағынан алғанда көпшіліке арналмаған. Алайда, сот та Анкарадағы сарапшылар да тексеруден өткізіп, зияны жоқ болған соң

110ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іқайтарып берді ғой. Сондай-ақ цензураға және жақсы редакторларға көрсету үшін Стамбулға жіберілген «Үнемділік Рисалесі» бүгінгі таңда бәріне де қажет.Хазреті Әлидің кереметтері жайлы «Он сегізінші лема» байқалмай солармен бірге кетіп қалыпты. Ол рисалені бастырмақ түгіл, ең хас шәкірттерімнің өзіне оқуға ғана рұхсат беремін. Һәм оның бұл дүниемен қатысы жоқ. Сарапшылар да сот та тексерген соң өзімізге қайтып берді.Он жыл бұрын Ескішехир Түрмесінде аса ауыр күндерде, жұбанышқа мұқтаж уақытта рухани сүйінші ретінде жүрегіме келді, мен де қағазға түсірген едім. Ал менің соңғы екі жылда тіпті төрт-бес жылда жазған хаттарымның көшірмелерін ол рисалелермен бірге бастыруға емес, бір-екі досымның өздері ғана оқығысы келгендіктен бірге жіберілген еді. Бұл хаттарды жазуымның себебі менің кесірімнен түрмеде қиналып жатқандарға жұбаныш, өз ара сұхбат және мына елге, халыққа жиырма жылдан бері дүниелік те ақыреттік те пайдасы тиіп жатқан Рисалей-Нұр жайлы пікір алмасу үшін еді. Сізге және Анкарадағы мекемелерге жазған кейбір арыздарым ішінде кетіпті. Осындай мағынадағы рисалелер мен хаттарды тергеп-тексеруші қызметкерлер алып қойыпты. Мүмкін сіздің қолыңызға тиген де шығар, не енді жетеді ғой деген оймен осы ақиқатты баяндап отырмын.Мені қазір бес-алты жақтан қинап тұрған ауыртпалықтарым болса да күдік-күмәндардың кесірінен заңсыз түрдегі тиісулерге жол бермеу сіздің міндетіңіз, өз міндеттеріңізді шынайы түрде атқарады ғой деген үміттемін.* * * * *(Стамбулдағы оқиғаны көрген рисалей-нұр шәкірттерінің хатынан үзінді)Қымбатты бауырларым!кеше, Нұрдың рухани жеңісі бүкіл айбын–дылығымен, ауқымды түрде Стамбұлда көрініс берді. Күпірлікті бүкіл әлемге, әсіресе, Ислам әлеміне орнықтырғысы келген бір ұйым және олардың пікірін таратушы екі газеттің баспаханасы мен

111ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ікітапханасының күл-талқаны шыға қиратылды. Дінсіз қылдық, коммунист болды деп ойлаған жастар мен студенттердің ауыздары мен іс-әрекеттері арқылы айыптауларға ұшырады. Коммунизм жойылсын деп айқайлады. Бұл ұйым мыңдаған лира материалдық және миллиондаған лира да рухани зиян шекті.Ей, Нұршылар! Қазір материалдық мүмкіншіліктер болмай тұр деп қиналмаңдар! Нұрдың табысқа жетуі кең шеңберде жалғасын табуда. Жалпылық табысқа жетіп келе жатыр.* * * * *Әзиз, Сыддық Бауырларым!Сендерге Рисалей-Нұр шәкірттері мен Рисалей-Нұрға және «Аятүл-Кубраның» кереметіне және дінсіздердің бізге тиісу ниет-теріне қатысты аса мағыналы, таң қаларлық жағдайды жеткізейін. Бізге қарама-қарсы, бұрын әкімшілікке тиесілі, мемлекеттік мекеменің бірі, түннің ең салқын кезінде бұрын соңды болмаған қызыл жалынға оранып үш сағат бойы Тозаққа ұқсап жанды. Еш нәрсені алып қалуға мүмкіндік туғызбады. Дәл жанында, шағын екі дүкеннен кейін, Рисалей-Нұр шәкірттерінен ағайынды Чалышқандардың, бей күнә Жайланның айналымдағы заттарының басым бөлігі тұрған дүкені бар еді. Жалындары жайпаған өрт дүкенге жақын қалғанда бейшара Жайлан қасыма келіп. «Өртенетін болды, құрыдық-ау» деді. Екі күн бұрын дүкендерінде тұрған «Аятүл-Кубраның» баспадан шыққан бірнеше нұсқасын маған әкеліп бер деген едім. Әзірге әкелінген жоқ еді. Демек мына өртті тоқтату үшін сонда қалған екен ғой. Мен де Рисалей-Нұрды және «Аятул-Кубраны» шапағатшы етіп, «Я Рабби құтқара гөр» дедім. Үш сағат бойы лаулап жанған өрт әлгі үлкен ғимараттың түгін қалдырмады. Астынғы қабаттағы және жанындағы дүкендердің бәрі жанды. Рисалей-Нұр мен «Аятул-Кубраның» қорғауындағы дүкенге тиген де жоқ. Астыңғы қабаттағы шәкірттің дүкені ғана аман қалды. Жұрт терезелерін сындырып тастады. Егер ел араласпағанда, заттарын алып шықпағанда еш зиян келмес еді.

112ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІСпарта кілемшілер ғимаратының өртенуі кезінде, өз үйлерін Рисалей-Нұр дәрістерін өткізуге беріп жүрген ағайынды кісілердің екі үйі де өрттен аман қалуы Рисалей-Нұрдың кереметі. Қастамонуда да мына Әмірдағындағыдай қарама-қарсы ғимарат жанған кезде Рисалей-Нұр шәкірттерінің бірі Хафыз Ахмедтің үйі таң ғажайып түрде аман қалуы, қарындасының да үшінші қабаттағы өрттен асыл тастарымен, алтындарымен бірге таң қаларлық жағдайда аман қалуы Рисалей-Нұрдың берекеті. Мұнда да мына өртте Рисалей-Нұрдың еңбекқор шәкірттері ағайынды үш бауыр Чалышқандармен қоса төрт кісінің өрттен зиан шекпеуі, Рисалей-Нұрдың және Аятул-Кубраның кереметі екендігіне мен де олар да басқа бауырларымыз да толық сенімдеміз. Бұл жақта үнемі есіп тұратын жел, сәл үп еткенде дүкендердің басым көпшілігін өрт шарпар еді. Тіпті «Аятул-Кубра» тұрған дүкеннен он-онбес дүкен қашықта тұрғандар заттарын аулаққа алып қашты.Сандықлыда, Афионда, Күтахияда жаңа хаттарымды алып қою арқылы Рисалей-Нұрға және маған тиісудің белгілері байқалды. Ол екі жағдайда, Стамбулдағы оқиғалар арқылы таяқ жеді. Осы жолы маған тиісудің жазасы ретінде мына оқиға орын алды, таяқ жеді. Инша Аллаһ ол ниеттерінен бас тартқызды, қорқытып, үндерін өшірді.Бауырларым! Сендердің алғырлықтарың, жасап жатқан іс-шараларың, өз-ара ынтымақтастық жайлы насихат айтуыма қажеттік қалдырмай отыр. Алайда соңғы кезде байқағаным. Рисалей-Нұр шәкірттерінің ынтымақтарын бұзу үшін бір-біріне қарсы жаман ой салуда. Бірін бірі кінәлағандарын қалайды. Араларына жік түсіру үшін пәленше сен жайлы хабар жеткізуде, тыңшылық жасауда дейді. Анық көз жеткізсеңдер де қатты кетпеңдер. Жамандықтарға қарсы жақсылықпен жауап беріңдер. Аса мұқият болыңдар, сыр бермеңдер. Онсыз да бізде сыр жоқ. Алайда күдіктенушілер көп. Егер бір шәкірттің тыңшылық жасағандығы анықталса, түзетуге тырысыңдар... Қатты кетпеңдер. Сендердің, әсіресе Спарта медресесіндегі ынтымақтарың Рисалей-Нұрдың да шәкірттердің де осы аймақтың да жүзін ақ қалпында сақтап тұр.Жан-жақтағы Рисалей-Нұр жолында жасалып жатқан еңбектердің бір себебі өз ара ынтымақ пен ынталарың. Хақ Тағала сендердің осы Иман жолындағы қызметтеріңді жемісті етсін... Әмин! Әмин!

113ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІБарлық бауырларымызға жеке-жеке сәлем жолдап дұға етеміз, сендерден де дұға күтеміз...Саид НұрсиҰстазымыздың өрт жайлы жазғандарының ақиқат екендігін көзбен көрдікОсман, Мехмед, Хасан, Жайлан және көмектесіп жүрген Ибраһим.* * * * *Әзиз Бауырым!Сенің хаттарың жақсы екен. Алайда қазіргі журанлисттер мен жоғарыдағылар, ақиқаттарды толық бағалай алмауда. Оның үстіне Рисалей-Нұр жалынбайды, солар жалынып, солар іздесін. Бағасын түсініп, мұқтаждығын сезінгеннен кейін ғана көмектерін қабыл алады.Сондай-ақ қазір Рисалей-Нұр шәкірттеріне көп назар аударта бермеу керек деп ойлаймын. Жеті жыл бойы Дүние жүзілік соғысқа көңіл аудармаған, жиырма бес жылдан бері газет оқымаған, тыңдамаған бұл бауырларыңыздан мына мәселеде пікір сұрау орынсыз. Ой-пікір сендерде және Рисалей-Нұрдың хас шәкірттері мен зерделі көбейтушілерінде. Ақылдаса отырып, әсіресе Спартадағылармен ақылдасып, қалай жасаған жөн болса соны істерсіңдер. Сенің мына тамаша хатыңды «Қосымшаға» енгіздік. Рисалей-Нұрдың «Қосымшалар» бөлімінде Фейзі мен Әмин маңызды рөлдер атқарған екен. Жағдайлары қалай екен? Сол өздері жеткен деңгейге (Рухани) лайық істер атқара алуда ма? Уайымдары жоқ па? Сондай-ақ түрмеде нағыз мәрт жігітше жан қиярлық жасап, менің жағдайымды жасауға тырысқан және он жыл маған жәрдем беріп, мені борыштар еткен Ташкөпірлік Садық, Хилми мен Ихсанның жағдайлары қалай? Сол аймақтағы, әсіресе Инеболудағы бауырларымды ұмыта аламай жүрмін. Маған алаңдамаңдар. Рисалей-Нұр кей жерлерде сәйкестіктеріне байланысты жақсы әсер етіп, байқатпай-ақ таралып, жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Уайымдамасын, абай болумен қатар табандылық, қайсарлық қажет. Жазуды жалғастыра берсін. Барлығыңа мың сәлем жолдап, дұға етеміз.

114ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІӘзиз, Сыддық Бауырларым!Біріншіден сендердің Нұрға қызмет етулерің, «Аса-и Мұсаға» байланысты істермен шұғылдана бастағандарың құтты болсын. Спартаңыздың дін жағынан, Ислами әдеп жағынан кері емес, алға жылжуын шын жүректен құттықтаймыз.Екіншіден: Денізлінің Хусреві Хасан Фейзидің Рисалей-Нұр жайлы және Рисалей-Нұрдың негізі, өзегі, кені болған Құрани ақиқаттар мен Имандағы сыр мен Мұхаммеди Нұрды суреттеп жазған өлең жолдарында, шынайылық, аса мықты Имани сенім жатыр. Кез келген нәрсені оңай қабылдай салмайтын және дәлелсіз нәрсені мойындамайтын ғалым, оның үстіне мұғалім бола тұра Рисалей-Нұрдың ақиқат екендігін өз атынан және айналасындағы жолдастарының рухани келбетінің атынан ықыласпен суреттегендіктен, «Сикке-и Тасдиқ-ы Ғайбидің» соңына «Қосымшадан» алынған бөлімдердің аяқ жағына енгізілсін. Сонымен қатар «Қосымшаға» да енгізілсін және Халил Ибраһимнің Рисалей-Нұр жайлы көркем өлең жолдарын да «Сикке-и Тасдиқ-ы Ғайби» жинағының аяқ жағына енгізілуін жөн көрдім. Мұнда да солай жасадық. Өйткені осынша шынайы сенімдер «Сикке-и Тасдиқ-ы Ғайбидағы» ишаралар сынды Рисалей-Нұрдың ақиқат екендігінің бір белгісі, нышаны болуы мүмкін.Үшіншіден: Хасан Фейзидің хатында аты аталған сол жердегі барлық бауырларымызға көптен көп сәлем айтып, құтты болсын демекпіз. Түрмелері Нұр дәрісханасына айналғанындай, Инша Аллаһ Денізлі Уәләяты да өзіндік бір Медресетуз Зехраға айналатын болады. Көптеген кісілердің жүзін ақ етуші нұрды зұлымдықтардан құтқаруға тырысқан нұр шәкірттерінің әр қайсысына сыйланған рисалелерден артық рухани сыйы бар бізге. Сол нұрға борыштар жандардың естеліктері олардың құттықтаулары болып саналады. Жүз есе қайтқан әділ естеліктер.Төртіншіден: Алпыс төртінші жылы (Хижри 1364) Рисалей-Нұрдың жазылу кезеңі аяқталатыны жайлы ғайби ишараны екі жағдай растап отыр.Біріншісі: Аса маңызды нәрселер ойға келгенімен рисалені жазуға итермелемейді.

115ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІЕкіншісі: Рисалей-Нұрдың қорғалуы, таратылуы, иесіз қалмауы үшін өмір сұрар едім. Бірақ, Аллаһқа шүкір бейшара қарт бір Саидтың орнына көптеген жас Саидтер бұл шаруаларды атқарып жатыр. Әсіресе Хусревтер, Фейзилер, Ахмедтер, Мехмедтер ағамның ұлы Абдуррахман сынды көптеген Абдуррахмандар және басқалар... Хафыз Әлиді қабірінде шат-шадыман еткеніндей мені де қабірімде шат қылатын болады ИншаАллаһ.Барлық бауырларыма, бейкүнәларға, баларға, үммилерге, қарындастарға жеке-жеке сәлем айтып, дұға етеміз. Рисалей-Нұрдың берекетімен Чалышқандардың дүкені өрттен аман қалды. Сендерге құрмет білдіріп, қолдарыңнан сүйдім дейді.* * * * *Әзиз де адал бауырларым!Бірнеше айдан бері маған қарсы құрған жоспарлары белгілі болып қалды. Аллаһ Тағаланың қамқорлығы арқасында әлгіндей қауіп жиырма есе азайды. Әдеттегідей мешітке баратынмын. Шәкірттерім маған айтпастан, намаз оқып жүрген жерде мені тоңдырмау үшін күркешік жасап қойыпты. Мен де ол жерге бармауға қарар бергеніме төрт-бес күн болды. Әлгі полицияның бастамасымен күркешікті алып тастады. Маған да ресми түрде «Мешітке бармайсың!» деп ескертті. Бірақ, түймедейді түйедей етіп дабыра қылды. Еш маңызы жоқ, бұған қам жемеңдер. Менің ойымша, маған деген халықтың шектен тыс сүйіспеншілігін азайту үшін осындай себептермен тиісуде. Баяғы кезімдегідей, мұндайға төзбейді деп ойлайды. Алайда, Рисалей-Нұрдың таралуына кедергі болмаса болды, күніне мың рет қорлап, келемеждесе де Аллаһқа шүкіршілік етемін. Менің мән бермегенімдей, бұл жердегі шәкірттерім де еш қаймығып жатқан жоқ. Көптен бері күтіп жүрген бұл оқиға да Аллаһтың жәрдемімен жеңіл өте шықты.Бүкіл бауырларыма сәлем айтып, дұға етеміз.* * * * *

Әзиз, Сыддық бауырларым!Мұхаммед (с.а.у.) ның нұрын және сахабаларды суреттейтін төрт бет өте тамаша. Соңғы жағындағы Рисалей-Нұрды, айналып келгенде бізді суреттеген жерлерінде Хасан Фейзидің ізгі ойлары алға шығып, артық кетіп қалған. Дегенмен ол соңғы арнауында Рисалей-Нұрдың ақиқаттарын, рухани келбетін суреттеуді мұрат еткен. Сонда да болса кей жерлерін алмауды жөн санадым. Кейбір сөздерді өзім қосып, кейбіреуін өзгертіп жазсам да мені мақтаған жері менің болмысымнан мың есе артық кектендіктен қатты шошыдым. Бірақ шәкірттерді шабыттандырып, арқасын көтеретіндіктен сендердің еріктеріңе қалдырамын. Сендер қазіргі күдік-күмәншілдер мен біздің ұстанымымыздың талабы болған ықылас пен менмендіктен қашу жағына назар аударыңдар. Артық кеткен сөздерді алып тастаңдар. Қазіргідей зиянкестік жайлаған заманда ынталандыруға қамшы болатындықтан достарға жолдауларыңа болады.Сондай-ақ біздің қымбатты бауырымыз, марқұм Хафыз Әлидің (р.х.) мирасқоры және орынбасары ретінде Рисалей-Нұрға шын берілген адам. Менің кейбір сөздерді алып тастағаныма ренжімесін.Рисалей-Нұрдың хас шәкірттерінің бірі, аса құрметті, бұрынғы мұғалім Хасан Фейзи «Сикке-и тасдық-ы ғайбиден» алған шабыты арқылы Рисалей-Нұрдың өзегін екі рет түсіндіріп өткен Рисалей-Нұр жайлы және сол Нұрдың қайнар бұлағы, негізі болған Мұхаммедтің (с.а.у.) Нұры мен Құранның ақиқатын өте сенімді түрде, терең білімі, жарқын иманы арқылы иманның сырларын суреттей отырып жазған бұл арнауды.Кешірім өтінемін! Түп нұсқадағыӨлеңдерді аудара алмадым.Аудармашы* * * * *

Әзиз, сыддық бауырларым!Өте маңызды бір мәселені (бұдан бұрын сендерге қысқаша айтылған мәселе) тағы да айтуға күшті бір рухани ескерту алдым. Ол мынау:Жасырын жаулар, мүнафықтар, күні бүгінге дейін сотты, саясат пен әкімшілікті дінсіздік жолда пайдаланып, бізге жасаған шабуылдары босқа кетті. Рисалей-Нұрдың жайылуына пайдасы тиген ескі әдістерін қойып, енді шайтанның өзін таң қалдырар бір жоспар құрып жатқандықтарының белгілері көрінді. Әлгі жоспарларының ең маңыздысы хас, табанды бауырларымызды суыту, немқұрайдылыққа салу, мүмкін болса Рисалей-Нұрдан бас тартқызу. Бұл жолда өтірік пен әзәзілдік тәсілдер қолданып жатқандығы соншалық, бұған шыдас беру үшін Спарта мен төңірегіндегі «Гүл» және «Нұр» фабрикасының қаһарман шәкірттері секілді болаттай беріктік, темірдей төзімділік пен ұстамдылық, адалдық қажет. Кейбіреулері дос көрініп келіп қорқытуда, қолынан келіп жатса, түймедейді түйедей етіп күмән туғызуда. «Ойбай, тыныш жүріңдер! Саидке жоламаңдар! Өкімет бақылап жүр» деп әлсіздерді Рисалей-Нұрдан бас тартқызуға тырысып жатыр. Тіпті, кейбір жас шәкірттердің, сезімдерін қоздыру үшін, жас қыздарды соңдарынан салып қойған. Тіпті, Рисалей-Нұрдың хас шәкірттеріне де менің кемшіліктерімді көрсетіп: «Біз де мұсылманбыз, дін тек Саидтың ұстанымына тән нәрсе емес» деп, бізге жең ішінен жұдырық түйген дінсіздер мен анархияны қолдаушылардың сойылын соғып, ашық ауыз молдаларды да пайдаланып жатыр. олардың бұл жоспарлары іске аспай қалады Иншаллаһ.Мұндайларға «Біз Рисалей-Нұрдың шәкірттеріміз. Саид те біз секілді бір шәкірт. Рисалей-Нұрдың қайнар көзі, негізі Құран. Жиырма жылдық тексеріс пен бақылаудан өту арқылы өзінің құнын, жеңісін ең қырсық дұшпандарына да дәлелдеп берді. Оның жеткізушісі және қызметшісі Саид қандай жағдайда болмасын, тіпті Құдай сақтасын, Рисалей-Нұрға қарсы келіп жатса да, біздің Рисалей-Нұрға адалдығымыз бен табандылығымызға Иншаллаһ зәредей нұқсан келтірмейді» деп, есікті жауып тастаңдар.

118ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІМүмкін болғанынша Рисалей-Нұрмен шұғылдану, қолдан келгенінше жазумен айналысыңдар. Байбалам салып, азғырушыларға мән бермеңдер. Алайда бұрынғыдай мұқият болу керек.Барлық бауырларыма сәлем айтып, дұға етеміз.Саид Нұрси* * * * *Отанымыздың, халқымыздың үлкен күш-қуаты болып тұрған, Ислам әлемінің елімізге деген сүйіспеншілігін , құрметін, бауырластығын бұзып, оларды бізден суытып, жиіркендіріп жіберу үшін, саясатты дінсіздік жолға пайдаланып, астыртын ғана күпірлік пен құдайсыздықты орнықтырғысы келгендер билікті алдап, әділет орындарын осымен екінші рет жаңылдырып, «Рисалей-Нұр шәкірттері дінді саяси мақсаттарға пайдалануда, елдің тыныштығына қауіп төндірулері мүмкін» - дейді. Ал елімізге моральдық та материялдық та береке сыйлап, аянбай еңбек етуші, Ислам әлемін ойландырып жүрген ақиқаттарға толы және Құранның отыз үш аятында ишара етіліп, Хазіреті Али (р.а.) үш рет ғайби түрде, ал Ғаус Ағзамның нақты хабарлары арқылы белгілі болып отырған Рисалей-Нұрдың саясатпен ешқандай байланысы жоқ. Рисалей-Нұр абсолюттік күпірлікті талқандап, Құдайсыздықтың іргетасы болған анархияны және оның бет пердесі болған диктатураны түп-тамырымен қопарып, олардың теріс екендігін көрсетіп берді. Елдің ішкі тыныштығын, қауіпсізідігін, еркіндік пен әділдікті қамтамасыз етеді. Ендігі жерде елді басқаруға кедергі келтіруде деген сылтаулармен Рисалей-Нұрға тиісуге болмайды. Енді оған ешкімді сендіре алмайды. Бірақ мүнафықтар бұдан екі жыл бұрын Стамбулда және Денізлі төңірегінде Рисалей-Нұрға қарсы жасалған әрекеттер секілді, айла-тәсілдерін өзгертіп, дінді қалқан қылып, кейбір ақкөңіл молдаларды, бидғат шығарғыштарды, менменшіл сопыларды алдарқатып, құйтырқы әрекеттерге баруы мүмкін. Инша Аллаһ мақсаттарына жете алмас.* * * * *

119ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІБауырларым!Мені кемсітіп, беделімді түсіру арқылы жұрттың маған деген сый-құрметін әлсірету үшін жасырын әрекеттер жасалып жатқандығы енді анық байқалуда. Барлық достарымды қорқытып-үркітуге әрекет етіп жатыр. Алайда Сикке-и Тасдик-ы Ғайби кітабы олардың бүкіл азғыру жоспарларын жермен-жексен етті. Жалпы, дінсіздік мақсатпен маған жасалған кемсіту, қорлау әрекеттері мені біршама азапқа салады. Ескі Саидтан қалған кейбір сезімдеріме батады. Бірақ Рисалей-Нұрдың керемет табыстарға жетуі және шәкірттері ақиқатшыл жандар мен руханилердің және періштелердің назарында құрметтеліп, мейрімділікпен марапатталып жатқанда жеке басымның кемсітіліп, қорлануының масаның қанатындай да құны жоқ. Әлгі бақытсыз, опасыздардың діндар ғалымдардың діндар болғаны үшін ғана беделін түсіруге тырысуы дінге жасалған опасыздық. Сондықтан олар руханилер мен періштелердің және ақиқатшыл, иманды жандардың назарында малғұн болып саналады. Олар бетімен кеткен бұзғыншылардың мыңнан бірінің ғана мақтауына ие болулары мүмкін. Олар мені кемсіту арқылы Рисалей-Нұрдың беделін түсіреміз деп ойлайды. Рисалей-Нұрдың менен шығып жатқанын ойлап, менің беделім түссе Рисалей-Нұрдың үні өшетіндей көріп, ақымақтарша әрекет етуде. Менің жеке басыма тиісуде.Менің де оларға айтарым: Ей дінсіздіктің сойылын соғып, маған опасыздық жасап, кемсітуші бейшаралар! Анық бір хабарды жеткізіп қояйын. Жақында тәуба етпейтін болсаңдар, басқаша құтылудың шарасы жоқ. Ажал деген баскесердің қолымен өлім атты дар ағашына асылатын боласыңдар! Зымияндыққа толы рухың да жалғыз өзі тар қапасқа қамалып, иманды жандар мен руханилердің қарғысына ұшырайды! Егер тәуба етпесеңдер менің кегім еселеп алынатынын білгендіктен, сендерге ашумен емес аянышпен қараймын!Сен сияқты шыбынның қанатына да татымайтын біреулердің Рисалей-Нұрды бүркемелеуге әрекет етулері оның беделіне мысқалдай да зиян бере алмайды. Жүз мыңдаған адам сол арқылы имандарын құтқарғандықтан оны жан-тәнімен құрметтеуде, мақтан тұтуда. Ал жеке басымның ренішіне келер болсақ, бір-екі минуттық ашу шақырып, қапаланудың есесіне керемет жұбаныш

120ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ісезімі билейді. Сендердің кемсітіп қорлауларың мың есе артып кетсе де әлгі жұбаныш сезімін сөндіре алмайды. Өйткені Рисалей-Нұрдың бізге жеткізуі бойынша, дінсіздікті көксеп, бізге қастық қылғандар мәңгі азап пен тар қапаста сазайын тартатын болады. Ал Рисалей-Нұр арқылы имандарын құтқарған шәкірттер ажал арқылы өз міндеттерінен құтылып, мәңгі бақытқа жолдама алып, соңсыз құрмет пен мейірімділікке және сый-сыяпатқа бөленетіндігін философтардың үнін өшіретін мыңдаған айғақтар арқылы баяндаған болатынбыз.Жаңа Саид та Ескі Саид секілді құрмет пен атақ-даңқты қаламайды. Ондайға түбегейлі қарсы, мүлде қаламайды. Сондықтан жиырма жылдан бері оқшау өмірді таңдаған.Егер, әкімшіліктің мүддесін көздеп, Саидтың ықпалын әлсіретіп жалпы қауымның алдында беделін түсіру үшін әрекет етіп жатсаңдар, онда қатты қателесесіңдер... Екі жыл бойы үш сот, жиырма жылда жазылған жүз жиырма кітабынан, жүз жиырма мың Рисалей-Нұр шәкірттерінен бүлікке, төңкеріске себеп болар немесе жауапкершілікке тартар және отан мен халыққа қарсы келетіндей ешнәрсе таба алмады. Біз мұны өзіміздің ақталып шығуымызбен дәлелдедік. Олардың Рисалей-Нұр туындыларының барлығын қайтарып беруі де бұған айғақ болады. Сонымен, сендерге мынаны қатаң ескерткім келеді: дінсіздікті көксеп бізді қорлағандар, отанға да халыққа да тәртіп пен жүйеге де қарсы бейбастақтықты қолдауда. Шетелдік залым дұшпанның айтақтауымен мені қандай да бір шу шығарту үшін қинап жатырсыңдар. Осылайша сол ұйымның іске араласуын қамтамасыз етпексіңдер... Сондықтан, барлық қорлық пен зорлыққа бес тиындық та көңіл аудармаймын. Қоғамдағы тұрақтылықты сақтау үшін төзімділік пен сабырлық танытуға шешім қабылдадым. Әлбетте, дүние тұрақты емес ондағы оқиғалар да сапырылысып аумалы-төкмелі болып, ұдайы өзгеріп отырады. Бірнеше сағаттық қылмыстық істің бұ дүниелік те ақыреттік те мыңдаған тозақи азап берер кесірлері бар. Сол кезде, қазір бізге қарсы болғандар, жүз мың рет өкінетін боласыңдар. Бірақ одан пайда жоқ. Ресми мекемелерге және бізді бақылап, қадағалап жүрген қызметкерлерге айтқанымдай, сендер секілді бейбақтарға былай деймін: Біз Рисалей-Нұр арқылы еліміздің болашағын екі үлкен қауіптен сақтап қалуға еңбек етіп жатырмыз. Мұны іс жүзінде де тіпті, сотта да дәлелдегенбіз.

121ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІБірінші қауіп: Сырттан бар күшін салып, бұл елге кіргісі келіп жатқан анархияға қарсы елімізге қорған болу.Екіншісі: Үш жүз миллион мұсылманның бізге деген ренішін, бауырына деген сүйіспеншілікке айналдыру арқылы, елімізді арқа сүйер үлкен күшпен қамтамасыз ету.* * * * *АФИОН ҚАЛАСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯТӨРАҒАСЫНА АЙТАРЫМ:Төраға мырза! Маған қанша уақыттан бері, әлем естіп-көрмеген осыншалықты заңсыз, мағынасыз және негізсіз зорлық-зомбылық жасап жатса да бұған неге мән бермейсіз? Бір ғана мысал:Мешітке ілуде бір, жамағаттың сауабын алу үшін барсам да, бір-екі адамнан басқа ешкімді қасыма алмасам да, ресми түрде, «Мешітке үзілді-кесілді бармайсың!» деген сөзді ауру, қарт, айдауда жүрген жарлы адамға қандай заңға сүйеніп айтып отырсыз? Қандай негіз бар? Мені тоңдырмау мақсатымен мешіттің бостау бір жеріне бір-екі тақтай мен кілемнен құрастырылған екі кісілік күркешікке бола сонша маңызды мәселе тәрізді дау көтеріп, мені және халықты дүрліктіру қандай заңның аясында жасалып отыр? Қандай логика бойынша атқарылып отыр? Сендерден осының жауабын сұраймын.Мені осыншалықты кемсітіп, қорлағандардың ешқандай дәлелдері жоқ. Тек жұрттың сүйіспеншілігін желеу етіп, осы айдаудағы адамға неге құрмет көрсетесіңдер? деп отырсаңыздар. Мен де былай деймін:Менің өзіме халықтың құрметпен назар аударуын қаламайтындығымды, одан бас тартатындығымды бүкіл достарым біледі. Мен, өзім туралы басқалардың жақсы ой-пікірлерін қабылдамасам да, менің еркімнен тыс, өзгелердің ой-пікірі үшін мені қандай заң жауапқа тартуы мүмкін? Тіпті, халықтың маған деген осы таза көңілі ақиқат болса да, одан халқымыз бен отанымызға пайдасы болмаса, қауіп жоқ қой. Сондай-ақ, егер, бұның біршамасын қабыл еттім делік. Сонда, суық бір бөлмеде оқшау өмір кешкен қарт, ауру, жарлы біреудің аса қажетті шаруаларына көмектесіп жүрген бір-екі кісінің достық ниетін қабылдауының не сөкеттігі бар. Бұған қандай заң қой дейді? Мені бір-екі жұмысшы баладан басқа ешкіммен араластырмау шарасы қандай заңның аясында атқарылуда? Әлгі

122ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іжұмысшы балалардың да әр уақыт қолдары тие бермейтіндіктен өз ісімді өзім атқаруға шамам келмей жатыр. Бұл жағдайды әлбетте, осы мемлекеттің полициясы мен үкімет орындары назарға алуға міндетті. Сіздің назарыңызды аударар деп айтып отырмын.Әмірдағында бәрінен оқшау отырғанСаид Нұрси* * * * *Әзиз, Сыддық Бауырларым!Аллаһқа шексіз шүкір етемін, көптен бері күткен шынайы көмек, Кония ғұламаларынан келе бастады. Рисалей-Нұр медреседен шыққан, ғылым арқылы ақиқатқа жол ашты. Нағыз иелері мен жақтастары медреседен шыққан ғалымдар болғандықтан, бүкіл Анадолының бұрыннан бері көп жұмыстарын атқарып келе жатқан озық медресесі Коня қаласы болғандықтан, сол берекелі медресенің шәкірттері өз мүліктері болған Рисалей-Нұрға қамқорлық жасап, соған ұмтылып жатқандығын Сабридің хатынан түсіндім. Мына жерге, Коняға жақын маңға келгеніме жан-тәніммен қауанып, басыма келген барлық қиыншылықтарды қиналмай қарсы алып, шыдап келемін. Аса құнды тәпсір жазған құрметті ғұлама Вехби Әфенді бастаған Кониялық және сол аймақтағы Рисалей-Нұрдың құндылығын түсініп, көңіл бөле бастаған барлық ғұламаларды барлық табыстарым мен дұғаларыма ортақ еттім. Аттарын білетін кісілерді хас бауырларыммен бірге аттарын атап тұрып дұғама қосудамын. Рисалей-Нұр шәкірттерінің рухани серіктестігі болуына орай, менің азғантай табыстарымнан (Рухани) үлес алатындары секілді, барлық шәкірттердің барлық табыстарынан үлес алуға жол ашылғандығын, менің атымнан сәлем айтып, құрмет білдіретіндігімді жеткізіңдер. Спарта қаһармандары сияқты Кониялық ғұламалардың Рисалей-Нұрға қамқор болуларына байланысты бұл дүниеде Нұр қызметі үшін уайымым қалмады. Сол берекелі де қуатты қолдарға Рисалей-Нұрды аманат етіп, жаным жай тапқан қалпында қабірге кіре беруіме болар.Екіншіден: Расын айтқанда аз уақыттың ішінде Рисалей-Нұрға көп пайдасы тиген, он жылдан бері Рисалей-Нұрға еңбек сіңіріп келе жатқандай, хас шәкірттердің қатарына қосылған Мұстафа Осман, Әмірдағындағы бауырларына өртке байланысты арты жақсы

123ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іболсын деген ниетін білдіріп, адамзаттың өрті жайлы тамаша бір хат жазыпты. Оның хатының бір бөлімін «Қосымшаға» және «Сікке-и Ғайбиға» енгіздік. Кейінірек көшірмесін сендерге жібереміз. Оған және жанындағыларға, хабарласуға мұрындық болып отырған Қастамону мен Инеболудағы бауырларымызға менің атымнан сәлем жолдап, жазуы жақсы, уақыты бар шәкірттер Спарта мен сол өңірдегілер сияқты «Аса-и Мұса» жинағын көшіріп жазса өте жақсы болады. Мұндай Нұр қызметі Инша Аллаһ баспалардан әлде қайда көп іс атқаратын болады.Үшіншіден: Хафыз Әмин Рисалей-Нұрға көп еңбек сіңірді. Оның ауылы Күре, өткендегі оқиғадан бұрын Нури, Хаққы, Ихсан және марқұм мұғалім Осман сынды кіслердің еңбектерінің арқасында Нұр медресесіне айналып, Нұр жолында қарқынды еңбек етуде еді. ИншаАллаһ сол аса құнды істерді мүмкін болғанынша әлі де жалғастырар. Өткен қиыншылықтар кезінде ең әуелі солардың жабырқағаны рас, оның есесіне Рисалей-Нұрдың кең таралуына сол ауылдың, сол жанқияр бауырларымыздың үлесі зор. Хафыз Әмин өз хатында, «Мен соттан кітаптарымды ала алмадым. Сізге келмеп пе екен?» деп менен сұрады.Сіз оған сәлемімді айтып, мынаны жазып жіберіңіз. Сенікі маған келмегеніндей, саған Стамбулға жіберген кітаптарымның да еш қайсысы қолыма тимеді. Әсіресе Стамбулға жіберген «үлкен кітап» аталған ішінде жиырма рисаледен астам рисале енгізілген жинақты көп іздесем де таба алмадым. Рисалей-Нұр өзінен-өзі жайылып, мұқтаж жандарға өзін оқыттыруда. Хафыз Әминге де бізге де сауап жаздыруда. Хафыз Әминге айт, мен сияқты, кітаптардың басқа кісілердің қолында жүруіне қуануы керек. Күреде ер, әйел Рисалей-Нұрмен айналысушы қанша адам болса, бәріне сәлем айтамын. Бұрынғысынша, қазір де Күреге Нұр медресесі ретінде қараймын. Әсіресе, Ихсан, Абдуллаһ, Абдуррахманға сәлем айтамын, жағдайлары қалай? Инша Аллаһ бұрынғы қайнаған қызмет жалғасып жатқан болар. Нағыз Абдуррахман екендігін дәлелдей отырып, жұмыстарын жалғастыра беретін болады. Барлық бауырларымызға жеке-жеке сәлем айтып, дұға етудеміз.* * * * *

Әзиз, Сыддық бауырларым!Рисалей-Нұрдың орнына менімен әуре болып, мені қинап жатқандарына шексіз шүкір етемін. Уайымдамаңдарсырына орай мына жаңа оқиға да хайырлы болады, ИншаАллаһ.Оқиға мынау: Жайлан мен екі жолдасына (Маған көмектесіп жүретін) менің жаныма келулеріне тыйым салды. Кіліттерін алып, күзетшілерге берді. Сол күзетшілердің біреуі, суға бару, нан әкелу сияқты істерді атқаруда. Мен мұның себебін біле алмадым. Алайда бұл ауылда партиялық пікірталастар бар. Баланың бір ағасы (Сілтеме ) бір жақты қолдайды. Қарсыластары жасап жүрген болуы *ықтималы бар.Һәм жан-жаққа Рисалей-Нұр жайыла түсуде және сырттан келіп жатқан анархиялық пікірлердің араласуы себеп болды ғой деп ойлаймын. Сандықлыда алып қойған мектубатқа байланысты өз ара хабарласып тұр дегенді сылтауратып, осы қиындықтарды тудырып жатыр. Сендер еш алаңдамаңдар. Бұл да маңызды емес. Сендер маған бұрынғыша жаза беріңдер. Алайда, мен көп жаза алмаймын. Маған қиянаттар жасау арқылы, беделімді түсіріп, Рисалей-Нұрдың Нұр шаша беруіне тосқауыл болмақшы екен. Ақымақтықтан миллиондаған вольттық күші бар Рисалей-Нұр секілді ақиқат күнін үрлеп сөндіргісі келеді. (Менің сауаптарымды арттыра түсу үшін) Маған қиыншылықтар тудыруда. Ғибрат аларлық бір сәйкестікке қараңыз. Кеше әкелі балалы екеуін сақшылар тергеп, тексеріп жатқанда телефон арқылы бір хабар жетіп, барлық сақшыларды дүрліктірді. Түгел сол жаққа кетуге мәжбүр болды. Демек рухани түрде «Сендер шыбыннаң қанатындай да зияны жоқ адамдар мен әуре болғанды қойып, бүркіттей, тіпті айдаһарлар зиян берер нәрселерге көңіл бөліңдер» дегенді ескертуде.Мешітке баруға тыйым салынған кезде, тыйым салуға бұйрық берген әкім Афионда ота жасатуға мәжбүр болып, қалды. Бұл жағдайдың өзі оған «Өлім бар! Имансыз кетуден құтқаруға тырысып Марқұм Абдуллаһ Чалышқан. Демократ партияға қарсы шығып жүрді. Кейін соған мүше болды.

125ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іжүрген адамды қысым емес, қолдау керек, жақсылық жасау керек» дегенді хал тілімен айтып тұр. Барлық бауырларыма, қарындастарыма жеке-жеке сәлем айтып дұға етемін, олардан да дұға күтемін.бауырларың Саид Нұрси* * * * *Әзиз, Сыддық Бауырым және Мүбәрак мұрагерлерім, сенімді өкілдерім!Біріншіден: Сендерге еш күмәнсіз бір нәрсені жеткізейін. Бізге және Рисалей-Нұр қызметіне Раббани көмек пен Самадани таупиқ жалғасуда. Сырт көзге жаман болып көрінген нәрселердің артында жақсы нәтижелер жатады. Бір зиян шексен, жүз жақсылық, жарылқаулар берілуде. Сондықтан уақытша қиындықтар мен соққыларға көп мән бере бермеу керек.Екіншіден: Мүмкін болғанынша «Аса-и Мұса» жинағын жазудан босыңсымаңдар, тоқтатпаңдар. Бұл киелі шаруаның көптеген маңызды жақтары бар. Ол туралы Имам Әли (р.а.) деген. Сендерге екі Әлидің он төрт рисалесін тексеруден өткізіп, почта арқылы жібердім. Бұл жерде маған да шәкірттерге де құлшындыра жұмыс істетті. Кастамонуда көмекке келіп еді, сол екі қаһарман мұнда да көмекке келді.Үшіншіден: Шынтуайтында мен мұнда қатты қиналудамын. Алайда сендердің тоқтаусыз еңбек етіп жатқандарыңды ойлаған сайын, жұбаныш берер хаттарыңды көрген сайын қиналулар қуанышқа айналуда. Менің хаттарымды жазып беруші, (кісі) әзірге менің қасыма келе алмауда, алайда Рисалей-Нұрға қатысты үш-төрт шаруа бар мойнында. Соларды тамаша атқаруда. Есіктің алдына дейін келіп, мән-жайды түсініп алған соң, менің шаруаларымды да орындап жүр.Төртіншіден: Басқа жақтағы бауырларымыз «Аса-и Мұсаны» жазуды бастады ма? Бірінші тұрған бұл міндетті бұрын орындап қойғандар не бұрын да қолдарында дайын тұрғандар бір томға

126ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іжинақтап, имани істердегі екінші шаруа мұғжизатты қосымшалармен бірге жазуды қолға алсын. Қолдарынан келгенінше жақсылап, қатесіз жазуға тырыссын.Бесіншіден: Ғалымдардан кейін, мұғалімдердің Рисалелерге мұқтаждықтарын сезіне бастауы жақсылықтың белгісі.Біреуі мынау: Стамбулда дінге байланысты конференцияда оқылуы үшін «Аятүл Кубраны» сұраулары.Рефет бауырым! Сенің келгенің жақсы болды. Рисалей-Нұрды жазумен шұғылдануың мені қатты қуантуда. Хулуси мен Сабри сияқты сенің сұрақтарыңның да Рисалей-Нұрда аса маңызды нәтижелері мен жемістері бар. Рисалелерге енбей қалған сендегі ғылыми маңызы бар бөлімдерді орайы келген жерге немесе «Қосымшаларға» енгізерсің.Бауырларым! «Аса-и Мұса» жинағын жазу мәселесінде ескере кетер нәрсе ойыма түсті. Істі бөліп алып алу әдісіне орай, бес-алты адам әр қайсысы бір-бір бөлімді жазсын. Тез және оңай болады. Жалықтырмайды да, (көп қой деп) көзі де қорықпайды. Менің ойымша мына аса маңызды Нұр қызметінің қарқынды жылжымауы осындай себептерге байланысты. Жазу үлгісі жақсы кісілер осы әдісті пайдалансын.Бауырларым! Өте мұқият болыңдар... Ешқашан молдалармен айтысып-тартыспаңдар... мүмкін болғанынша жақсы қарым-қатынаста болыңдар... Менмендіктерін қоздырмаңдар... Бидғаттарды жақтаушы болса да сендер тиіспеңдер. Қарсы алдымызда сұмдық бұзғыншылық тұрғанда жаңа бастағандармен әуре болып, оларды дінсіздердің қатарына итермелемеу керек. Егер сендерге тиісу үшін жіберліген молдаларға кездесіп қалсаңдар, мүмкін болғанша айтыс-тартысқа жол ашар тақырыптарға кірмеңдер. Солар біледі деген сырт көрініске орай, олардың сендерге қарсы шығуы, мұнафықтар үшін дәлел болып көрінеді. Стамбулдағы қарт молданың шабуылдары қанша зиян тигізгенін білесіңдер. Қолдан келгенше Рисалей-Нұрға жақтас етуге тырысыңдар.Барлық бауырларыма жеке-жеке сәлем.* * * * *

127ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІАса Құрметті, сенімді, ер жүрек, Әмірдағылық бақытты бауырларым!Бастарыңнан өткен сұмдық апаттың хабарын жеткізген, аяулы хазреттің аса маңызды, аса құнды, астарлы түрде сүйіншілі хабар жеткізуші хатын алдық. Әр қайссыңызға, әсіресе сол өртте аса қауіпті жағдайды басынан өткізген бауырларымызға осы жердегі және осы аймақтағы бауырларымыздың атынан бәлелер сонымен кетсін демекпіз. Осы орайда, сұмдық абсолюттік күпірлік өртінің елімізге ауыз салып, қызыл жалындары шаңырағымызды шарпуға аз қалғанда, барлық мұсылмандардың атынан, әсіресе Нұршылар атынан сол материалдық өртте бала Жайланның жылап тұрып медет сұрағанындай, рухани түрде Жайлан болып, үлкен, мейрімді ұстазға «Медет! Біз жанып жатырмыз, құрыдық!» деп дұға сұраймын. Мына Әмірдағы өртінде, бүгінгі таңда ауқымы аса кеңейген... Қызыл Ресейден шапшыған қызыл жалын мен қызыл ұшқындар, әлем атты қаланың көшелерін бірінен кейін бірін өртеп, жалмап бара жатқан және кейбір жерлерде араздық пен алауыздықтың отын тұтатып, бауырына, «бауырыңды өлтір!» деп айқай салған ең соңында христиан әлемін жалынға орап, күлін көкке ұшырғаннан кейін Ислам әлеміне ұмтылып, үйіміздің шатырына ұшқындары шашыраған, ең үлкен және өте қауіпті бәле «коммунизм» деп аталатын алып өртке қарсы өрт сөндірушілік міндетті өз мойнына алған Рисалей-Нұрға және Рисалей-Нұрдың бүгінгі таңдағы ең мықты өрт сөндіруші, ең үлкен қорған екендігіне ал рухани келбетінің дұғалары қабыл болатындығына нақты ишара бар. Ал оған шабуыл жасаушылар мен шабуыл жасағысы келгендерге қараңғы түнде қызыл тілімен былай деп жатқандай:Ей, Әлемнің мақтанышы (Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өзі көрсетіп кеткен жолдан тайғандар! Дүниенің өткінші байлықтарына малданып, көңілі тасығандар! «Дүниемізге зияны тиер» деп қорқып, Құранның нұрынан қашқандар! Сендер, дүние қараң қалады деп ойлап, өздерің мәңгі және тәтті деп ойлаған өткінші және ащы ләззаттар бітіп қалатынын, жанға батар азаптарға айналатындығын ойлап, радио тыңдауға жүгірудің еш мағнасы жоқ болса да сендер солай етудесіңдер. Ол жүгірістің, ана өсек-аяңдарды таратудың не пайдасы бар? Уақытша көңіл көтерулер мен ләззаттарға үңілуден көздерің соқыр болды... Жетер артық! Бірақ ақиқатты көрсін,

128ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ісаңырау болған құлақтарың біраз ақиқатты естісін. Сонда ғана, бұрын соңды болмаған мына сұмдық кезеңде, әсіресе иманды жандар абырап, қаптаған жаудың ортасында қалған және күпірліктің жалаңдаған жалыны ораған осындай қысылтаяң кезде тек Рисалей-Нұрдың алынбас қамалы, мызғымас қорғанына, нұрлы шеңберіне кіріп имандарыңды құтқарасыңдар және мәңгіге жоқ болу деп ойлап жүрген өлімнің өзін, мәңгі өмірге айналдыра аласыңдар. Міне, әлгі нұрдың жеткізушісі және мүбәрак рухани тұлғасыныңжәне осыған ұқсас дұғаларының қабыл болуы және шапағаты мен құрметі арқасында менің сұмдық, бірақ тозақтың жанында түкке тұрғысыз жалынымнан оның шәкірттерінің қызметшілерінің кітаптары тұрған дүкендері қалай аман қалған болса, сендер де сол мүбәрак шәкірттер сынды берекелі шеңберге кірген кезде дүниелік те ақыреттік те оттардан аман қалып, әйел, бала-шағаларыңның қараушысы ретінде сол сүйікті жандарды да құт қарап қаласыңдар. Моралдық та материалдық та бақытқа қол жеткізесіңдер. Қарағанмен көре алмай, көрсеңдер де көргілерің келмей, тарс жұмып алған көздеріңді ашыңдар, үлкен қауіптің жақындап қалғанын жеткізуден және мазаңызды алып, жанталастырудан басқаға жарамайтын дүниелік оқиғаларды хабарлаушы радионың басына емес, аяқтарыңда қалған бар күшті салып Рисалей-Нұрға және оның нәтижесі болған сенімді де сәлеметті, бақыт шеңберіне жүгіріңдер. «Бізге де ей Нұршылар Құдайдың сендерге сыйлаған соңсыз ілтипаты алдында бастарыңды сәждеден көтермеңдер! Түннің суықтығына қарамаңдар! Сендерге өзінің мейірімділігін аямаған Раббы Рахимге түннің бір уағында тұрып шүкіршілік етіңіздер. Кейбіреулердің келешекті ойлап, күнделікті күнкөрісті уайымдап жүрген жағдайларына қарап, қорықпаңдар! Нұрдың қасиетті кереметі мен демеуіне назар аударыңыздар!Дүние өткінші, пәни. Мыңдаған жылдық өмірдің өзі, ақыреттік мәңгі өмірге жетпейді. Алайда, дүние өткінші болғанымен, бақи өмірдің бақи жемістерін беретін егін алқабы. Аласапыран дауылдардың күштілігі, сұстылығы сендерді тайсалтпасын, қорқытпасын. Осынау мүбәрак егін алқабына ең мүбәрак, нұрлы да шығымды берекетті Нұр дәнектерін егіңіздер! Өйткені, аталарымыздың «еккен орар» деген қасиетті сөзі бар.

129ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІЕй, Нұршылар! Сендердің ең негізгі міндеттерің дүниеге назар аудару емес. Назар аударды дегеннің өзінде, лап ете түсу ықтималы жоғары сұмдық өрттерден, қауіпті жағдайлардан еш қорықпаңдар, қаймықпаңдар. Еңбек етіңдер, еңбек етіңдер, Нұрдың шапағаты, Нұрдың дұғасы, Нұрдың көмегі сендерді құтқаратындығына қалтқысыз сеніңдер. Әмірдағындағы Нұршылардың сұмдық өрттен еш зиянсыз құтылулары осының айғағы. Қазірден-ақ бәріңізге сүйінші, сүйінші, демекпін.БауырларыңМұстафа Осман

Ө С И Е Т Н АМ АМӘзиз, Сыддық бауырларым және мұрагерлерім!Ажал жасырын болғандықтан, өсиетнама жазуым сүннет. Мен өзімнен кейін қалатын мұрамды, Рисалей-Нұрдың ішіндегі жеке кітаптарымды, жақсы мұқабамен қапталған жинақтарымды, басқа да заттарымның барлығын Гүл және Нұр фабрикаларының мүшелеріне Хусрев пен Тахири бастаған топтан он екі (Сілтеме ) бауырыма мұра *етіп қалдырамын.Оларға қалдырғаным, нақты әмір болған ажал келгеннен кейін, артымда қалған мұрам менің орныма сенімді қолдар арқылы Нұр жолындағы, Иман жолындағы қызметті жалғастырсын дегенім.Бауырларым! Бұл өсиетнама үшін шошып кетпеңдер. Мен бұл өсиетнаманы өз алаңдаушылығымнан, тоғыз рет у берілгендіктен, өте әлсіз болумен қатар, жасырын мұнафықтар әр түрлі айла-шарғылар арқылы қаншама қастандық жасап жүргендіктен жазып отырмын. Алаңдамаңдар, Аллаһ жәрдем етіп, қорғап келе жатыр.Бауырларың Саид Нұрси* * * * *Әзиз, Сыддық Бауырларым, Иман жолындағы қызмет үшін қарарлары анық бауырларым.Біріншіден: Нұрдың бірінші орындағы ісі баспалардан әлде қайда көп іс тындырады ИншаАллаһ. Қазірдің өзінде шәкірттеріне көптеген сауаптар жаздырып, мықты Иман беруде.Бұл іс алға жылжуда ма? Әлде қыстың ауыр шарттарына байланысты кенжелеп қалды ма?Екінші міндет: Екі мұғжизат рисалесі қосымшаларымен бірге алынып, соңына «Оныншы Сөз» қосымшаларымен бірге енгізілсін. Бірінші шаруасын бітіргендер, қолдарында болса бір томға енгізсін, жоқ болса тапсын не жазып алсын. Өйткені Ислам Әлеміндегі қазіргі Бауырым Абдүлмәжид, Зүбейр, Мұстафа Сұңғұр, Жайлан, Мехмед Қая, Хүснү Байрам, Рүштү, Абдуллаһ, Ахмед Айтимур, Атыф, Тиллолық Саид, Мұстафа, Мұстафа, Сейт Салих

131ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іоянулардың Ислами бірлікке ұмтылулардың нәтижесінде Рисалей-Нұр сияқты кітаптарды іздей бастайды. Үлкен шеңберлердегі көзқарастарға әлбетте үлкен кітаптар қажет болады.Екіншіден: Сендердің маған жасаған көмектерің өте зор және екі жақтан көрініс беруде.Біріншісі: Сендердің нұр қызметіндегі қалтқысыз еңбектерің менің басыма түскен қиыншылықтарды бәсеңдетіп, қуаныштарға айналдыруда.Екінші жағы: Нақты біліп қойыңдар, сендердің дұғаларың, аналардың азапты зұлымдықтарын мен үшін көмекке толы пайдалы істерге айналдыруға себеп болғандығына күмәнім қалмады.Айталық: Мемлекеттік қызметкерлер мен халықты менен шошытулары, мені үлкен қателіктерден, жасандылықтан, ықылассыздықтан, уақытымды босқа өткізуден құтқарып, адамдардың зұлымдықтарының ортасынан тағдырдың маған жасаған әділдігін, қамқорлығын көрсетті. Салыстырмалы түрде алғанда, басыма не келсе де артында бір мейрім жатады. Менімен әуре болып, он тиындық зиян берсе Рисалей-Нұрдың он мың теңгесін құтқаруда. Сондықтан сендер мен үшін алаңдамаңдар. Кейде тіпті қатты ашуландыратындай іс-әрекеттеріне қарғыс айтқым келіп кетеді. Алайда олардың жақында өлімнің тырнағына ілігіп, қабір атты қапаста азап шегетіндігін және мына қиянаттарының нәтижесінде маған және қызметімізге тиген пайдаларды ойлағанда қарғағым да келмей қалады.Үшіншіден: Апта сайын келетін хаттарың мен үшін шипа, жұбаныш, рухани түрде сендермен сұхбатқа себеп болатындықтан почтаны асыға күтемін. Бәріңе жеке-жеке сәлем жолдап, дұға етемін...Саид Нұрси* * * * *Әзиз, Сыддық Бауырларым жән ақиқат жолындағы достарым!Осы жолы сендердің бес-алты хаттарыңа жауап ретінде бір ғана асығыс жазылған хатыма ренжімеңдер.Біріншіден: Халил Ибрахим өз хатында менің жеке басымды шектен тыс көтермелегені үшін, біздің ұсатнымымыз бойынша қабылдамауым керек еді, алайда аса мағыналы екі сәйкестігі маған

132ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іда қабыл еткізді «Қосымшаға» да енді. Бірақ жеке басыма қатысты жерлерін кейде аттап кеттім, кейде «Рисалей-Нұр» сөзін қойдым. Хатындағы сұрақтарына жауап та болды.Бірінші сәйкестік: Жұрт алдында менің беделімді түсіру мақсатында бір мың басы (әскери шен-майор) маған қарсы бес түрлі заңсыз әрекет етіп, қиянат жасап жатқан кезде, тіпті дәл сол сағатта, ақиқатшылдардың алдында мынадай жүз мыңбасыдан артық көрінетін хатты жазыпты. Рисалей-Нұрға көп еңбек сіңірген ол бауырымыз жеке басымды жүз есе асыра мақтап, әлгіндей қиянаттардың құнын түкке алғысыз етіп тастады. Шәкірттердің арасынан төрт-бес маңызды кісі сол жерде айтылғандарды қолдап қол қойыпты. Мен де осы таң қаларлық сәйкестікке орай ұстанымдарыма қайшы болса да өзімді мақтап жазған хатты қабыл алып, қосымшаға енгіздім, алғаш жазылған нұсқасын сендерге жолдап отырмын.Екінші сәйкестік: Мен түнде «Аса-и Мұса Рисалесін» жазып жатқандар жайлы ойландым және жаңа хаттардан осыған байланысты нәрселерді іздедім. Мынадай ауыр қыстың күні, мұнафықтардың ауық-ауық маған тиісуі, оларға кедергі болу ықтималы бар. Көшіріп жазушыларға бір ынталандыру қамшысы керек. Мәселен, Хасан Фейзи мен Халил Ибрахимнің әдеби түрде жазған екі суреттеулері, көп адамды жазуға ынталандырды ғой деп, ынталандырудың шарасын іздедім. Сол күні таңертең менің өлімім жайлы әңгіме қозғаған, шәкірттерді қорқытқан және еңбекте, жазуда асығу керектігі жайлы хатты алдым. Ибраһим Халилдің шын берілгендігі, керемет дәрежесіне көтерілген екен дедім.Екіншіден: Фейзи мен Әминнің хаты, менің көптеген уайымдарымды басты. Бұл екі бауырымыздың шынайылығы, еңбектері, Рисалей-Нұрға ие болуы аса маңызды. Сонымен қатар түрмеде тоғыз айда, тоғыз жылға татырлық еңбек еткен Хилми мен Садық және Ихсанның сондай-ақ, Бесбауыр деген атпен Рисалей-Нұрға өз қаламымен қызмет еткен қарт Тахсиннің және Фейзи мен Әминнің хатында ишара етілген барлық сол маңдағы менімен байланысы бар бауырларымның Нұр қызметін әрі қарай жалғастыра берулері мені қуаныштың жасына буды. Алайда өз бауырым Абдүлмәжид мені қатты уайымдайды екен. Мен кездесе алмай отырған осы жердің мүфтісінен менің жағдайымды білгісі келеді екен. Бұдан кейін Фейзі мен Әмин үшінші Абдүлмәжид

133ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іболсын. Сафранболу қаһармандарынан алған маңызды хаттарды оған да жіберсін. Менің атымнан оған былай деп жазыңдар. Бұрынғы Саидтың бірінші шәкірті болғаны сияқты, бүгінгі Саидтың да Хулусимен қатар тұратын бірінші саптағы шәкірттерімсіңдер. Сондай-ақ, басыма келген қиыншылықтар мен жаман хабарларды естіген кезде марқұм әкем Мырза (р.х.) сияқты болсын. Марқұм шешем Нурия сияқты болмасын. Баяғыда мен туралы неше түрлі хабарлар жетеді екен ата-анама. «Балаларың өлді, оны атып кетті, түрмеге түсті» деген секілді. Әкем бұларды естігенде мәз болып, күледі екен. «МашаАллаһ балам тағы да маңызды бір іс атқарып, ерлік жасаған екен ғой, ол туралы әңгіме шығып жатыр» дейді екен. Оның мәз болғанына анам жылайды екен. Әкемнің әрекеті дұрыс екендігін уақыт өзі талай көрсетті.Үшіншіден: Лүтфүнің табанды да байсалды мұрагері Абдуллаһ Чавуш пен Ислам ауылынан марқұм Хафыз Әлидің шәкріт, мұрагерлерінің бірі Мұстафаның хаттарын Нұр фабрикасының барлық қаһармандарының атынан қабыл алдым. Аллаһқа шексіз шүкір етемін, ол ауылдарды да Сава мен Кулеөнү сияқты Нұр медресесіне айналдырыпты.* * * * *Әзиз, Сыддық Бауырларым!Ауырып тұрғандықтан, сендердің бірнеше хаттарыңа осы жолы бір хатпен ғана жауап қайтарудамын.Біріншіден: Рисалей-Нұрдың хас батыры Хусрев расында да менің орныма өліп, менің орныма ауырғысы келеді. Мен де, қазір жаңа жазылып жатқан кез емес, көбейтіп жазу кезеңі деймін. Сенің жазуың менің жазу үлгімнен қаншалықты жақсы әрі көбейту үшін пайдалы болса, өмірің де мына Нұр қызметі үшін менің мына азапты өмірімнен соншалықты пайдалы. Егер менің қолымнан келетін болса өз өмірімнен, денсаулығымнан саған қуана-қуана бөліп берер едім.Екіншіден: Марқұм шәхид Хафыз Әлидің нақ мұрагері Хасан Фейзидің, Денізлідегі және сол аймақтағы бауырларымыздың атынан жазған тамаша өлеңі мен төртінші дастаны мен сол жердегі бауырлардың Нұрға қарқынды түрде еңбек етуі, менің уаланудан тартқан ауыр науқасыма ем болды. Аллаһқа шексіз шүкір етемін. Денізліні Екінші Спартаға, үлкен бір Ислам ауылына айналдыруда.

134ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІӘділ сот Мүхаррам мен Фейзи, Хафыз Мұстафа бір-екі жылда жиырма жылға татитын қызмет атқарды. Нұр шәкірттерін мәңгілік борыштар етті. Аллаһ оларға және солармен бірге Нұрға қызмет етушілерге мәңгілік разы болсын, әмин!Үшіншіден: Барлалық ағаш ұстасы Мұстафа Чавуш пен Хафыз Мехмедтің нағыз мұрагері, Нұр медресесінің хас батыры ағаш ұстасы Ахмедтің Нұр медресесінің атынан жазған мұңды, көңіл айту хаты мені қуаныштан жылатты. Менің де айтарым. Әлгі берекелі медреседе үлкенді кішілі көптеген Саидтар бар екен, онда қарт, әлсіз, атқарар міндеті қалмаған бір Саид кеміп қалса маңызды емес. Мәңгілік өмірде біргеміз ғой, уақытша алыстап қалуымыз сендерді қайғыға салмасын.Төртіншіден: Рисалей-Нұрдың еркіндік алуына және нағыз әділет жолында әділ сот төрағасынан кейін ең көп еңбек сіңірген ең ықыласты шәкірттердің бірі өз бауырым әрі бірінші шәкіртім Молда Мехмед. Оның атын атап тұрып, дұға етемін және рухани табыстарыма да ортақ.Бесіншіден: Осы қазір Кониялық Сабри да (Халил Ибраһим мен Хасан Фейзи сияқты өсиетнамаға байланысты) қысқа болғанымен тамаша арнау өлеңін жазыпты. Ұстазын қатты көтермелеп жіберіпті, өзінің жақсы ойлары арқылы мына бейшара бауырының дәрежесін тым асқақтатып жіберіпті. Және сол жақтағы ғалымдардың Рисалей-Нұрға көп еңбек сіңіріп жатқандығын жазуда. Менің де айтарым: Оның Ұстаз деп атап, аса мән берген тұлғасы Рисалей-Нұрдың Рухани келбеті болуы мүмкін. Мен де солай деп қабыл еттім және «Қосымшаға» енгіздім. Сендерге де бір көшірмесін жібердім.Уайымдамаңдар денсаулығым барған сайын жақсарып келеді. Спарталық Мұстафа деген атпен жазылған қызық бір хат бар. Бұл қай Мұстафа? Мен анығына бара алмадым, оған да сәлем айтамын. Оның көрген қызық бір түсі жақсылықтың белгісі. Қазір жори алмаймын.Барлық бауырларымызға, қарындастарымызға жеке-жеке сәлем айтып, дұға етемін. Олардың да қабыл болғыш дұғаларын күтемін. Хасан Фейзидің тамаша өлеңіне кейбір сөздер қосып, «Қосымшаға енгіздік, сендерге де жібердік»Саид Нұрси* * * * * *

135ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІАса әзиз, өте сенімді, табанды бауырларым және Рисалей-Нұр жағынан алғанда да сенім артар, ықыласты мұрагерлерім!Аса мағыналы, сенім ұялатар сәйкестік пен шәкірттердің табандылықтарына дәлел боларлық Нұрдың бір кереметін баяндау жайлы бір нұсқау алдым. Ол былай: Мен өсиетнамамды жазып жатқан кезімде, жасырын мұнафықтар, менің сенімді көмекшілерімді сақшылардың маған жолатпай қоюын пайдаланып, мен танымайтын біреу арқылы бұрынғы тоғыз рет берілген удан әлде қайда күшті у ішкізді.Дәл сол кезде, Тунистік ғалым бауырларымыздың бірі, былтыр менімен кездесу үшін осында келгенімен жолыға алмай кеткен молда Хашмет, Ëзғаттан осында хат жазып, «Саид қайтыс болыпты, Рисалей-Нұрдың жүз отыз рисалесін сақтап қалуы керек. Келешекте бастыратын боламыз» депті.Дәл сол кезде Халил Ибраһимнің қайтыс болғандығым жайлы, жоқтау деуге боларлық мұңды хаты шәкірттерді көз жасына буды. Осыған жақын күндердегі, Хусревтің өз әдетінен тыс менің қайтыс болуым жайлы бір-екі хатында, екі-үш күндік өмір деген сөздер арқылы, ажалыма ишара етуі маған қатты әсер етті. Мен кететін шығармын дегенді ойладым. Осы кезеңдерде бұл өмірдегі міндеттерім жайлы көбірек ойлап, мен өлгеннен кейін шәкірттерім мынадай аласапыран заманда менің орныма бұл міндеттерді орындай ала ма? деп алаңдап отырғанда, бірденен Денізлі, Милас, Спарта, Инеболу үмітімнен жүз есе артық жағдайда бұл шаруларға ие болып жүгіруі, басқаларды да, мұғалімдерді де ғалымдарды да осы істерге бірге жүгіртуі мені қатты таң қалдырды.Сонымен: Осы бес жақты сәйкесетік Нұрдың көзге көрініп тұрған кереметі.Бауырларым! Уайымдамаңдар, «Жәушан» мен «Эврад-ы Бахаие» бұл жолы да мына күшті удың бетін қайтарды. Қауіп сейілгенімен әсері әлі де жалғасуда.Барлық бауырларыма жеке-жеке сәлем жолдап, сау-сәлемет болулары үшін дұғаларын күтемін. Инеболу мен сол аймақтағы

136ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ікөптеген әйелдер мен балалардың Рисалей-Нұрды жаза бастауын және көптеген бейкүнә жандардың балалардың Құран сабақтарын ала бастауын жан-тәнімен құтықтаймын.Дұғаға мұқтаж бауырларыңСаид Нұрси* * * * *Бауырларым!Сендер уайымдамаңдар да алаңдамаңдар да. Маған дұғамен көмектесіңдер. Өйткені бернеше күннен бері сол қолым ауырып жүр, түнімен қақсайды. Бөлмемде жалғыз жататындықтан, қарапайым істерді де әзер жасаймын. Меніңше бұрыннан бергі арқамдағы шаншуым ауыруды қоздырып тұрған сияқты. Менің организміміме жақпайтын бұл жақтың ауа-райы мен қысы, найсаптардың күдіктеніп қысым жасауы, рухани қысы маған қатты әсер етуде. Жартылай сал болып қалғандай қиналдым. Бірақ сендердің қабыл болғыш дұғаларың бұл жағдайды жеңілдетіп тастады. Иншаллаһ бұл жағдай да өтер, сауабы, пайдасы қалады.Бауырларым! Салахаддиннің жазуына қарағанда сол аймақта да «Аса-и Мұса» жинағы көп іс тындырып, өрісі кеңеюде екен. Демек сол маңда аса маңызды Нұр қызметі жасалуда. Аллаһқа жүз мың шүкір. Жазып жатқандарға да жүз Машаллаһ, Бәрекелді.* * * * *Әзиз, Сыдық бауырларым!Біріншіден: Аллаһқа шексіз шүкір, Спартаның нағыз Медресетүз-Зехраға, Әл Әзхар Университетіне айналатындығын және соған айнала бастағандығын, қаһарман шәкірттердің осынша ауыр жағдайлардың ортасында жүріп, талмай еңбек етулері дәлелдеп беруде. Дінге, Құранға, Рисалей-Нұрға құлшына ұмтылулары, тіпті Әли ауылында, Әлилердің қайрат қылуымен көптеген бала шәкірт болуда, келесі ауылдың барлық жастары түнде Құран үйренуде, мешіттер жамағатқа толуда, мұның жанында Нұр шәкірттерінің тартқан азаптары түк емес.

137ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІЕкіншіден: Халил Ибраһимнің өте шынайы түрде жазылған төртінші өлеңі менің Нұрға қызметші екендігім әсіре суреттелгені болмаса өте тамаша. Бірақ Рисалей-Нұрға емес менің жеке басыма арналғандықтан әзірге сендерге жібермеймін. Біраз түзетілгеннен кейін жіберемін. Оған және достарына сәлем жолдаймыз.Үшіншіден:Сендер маған жасалған қастандықтарға алаңдамаңдар. Тіпті бір жағынан алғанда қуаныңдар. Өйткені олар Рисалей-Нұрға немесе шәкірттеріне емес, менің шаруасы біткен жеке басыма тиісуде, мені азаптауда. Осы күндері бұл жақтың жоғарғы шенді мемлекеттік қызметкерлері еш тартынбастан «Саидты тірі қалдырмау керек» дейді екен. Міне осындай ойларға арқа сүйеген жасырын жауларым, көптеген көмекшілерімді жаныма жолатқызбай, у беріп тынды. Осындай мемлекеттік қызметкерлерге арқа сүйейді. Аллаһтың қамқорлығы мен жәрдемі мұндай қастандықтарды нәтижесіз қалдырды.* * * * *ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНЕ АЙТЫЛҒАНДАРДАН ҮЗІНДІТарихта және жер бетінде болмаған зұлымдыққа ұшырадым. Он тұрғыдан заңға қайшы келетін қатыгездік пен қысымға душар болдым. Қасақана у берулердің кесірінен ауру болған, әлсіз, жетпіс бір жастағы қарт, жалғыз өзі, кісі аярлық жағдайда, елден жырақ өмір кешіп, шапаны мен аяқ киімін сатып, азық қылған пақыр және жиырма бес жыл бойы ешкіммен жүздесіп, әңгімелеспеген, мыңның ішінен бір-екі адал жанмен жүздесіп сөйлесетін, басқалар жат санайтын және жиырма жылдық өмірі мен еңбектерін үш сот пен Анкарадағы комиссия жіті тексергеннен кейін бір ауыздан ақталған, еңбектері отанымыз бен халқымызға пайдалы деп танылған бір бейкүнә және бірінші дүние жүзілік соғысқа қатысып ел қорғаған ұлан, қазір халқы мен елін анархиядан, шетелдіктердің арандатуынан құтқару үшін өз тәпсірлерімен бар күшін сала әрекет еткен отан сүйгіш, сондай-ақ жетпіс куәгердің сотта куәлік еткеніндей, жиырма бес жыл бойы бірде бір газет оқымаған, оқуға қызықпаған және жеті жыл бойы екінші дүние жүзілік соғыс жайлы сұрамаған, мән бермеген және өз еңбектерінде саясатпен байланысын түбегейлі үзгенін нақты айғақтармен дәлелдеген және дүниелік істеріңізге араласпағанын

138ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ісот орындарының өзі ресми түрде мойындаған еш зиянсыз адам, ақыретіне, ықыласына нұқсан келмеуі үшін халықтың қошеметінен, бауырларының марапатынан барынша бойын аулақ ұстаған бейшара Саидқа ішкі істер министрі болған өзің бастап, Афион әкімі мен Әмірдағы полициясын басыма бәле қылып, күн сайын оқшаулау камерасының бір айлық азабын тартқызудасың. Жалғыз өзімді оқшау ұстау қандай заңның талабы. Қандай заң мұндай қатыгездікке жол беруі мүмкін деп, бұқараның құқын қорғаушы әділет басқармасы арқылы ішкі істер министіріне айтып отырмын.Барлық мәдени, адами және өмір сүруқұқынан қатыгездікпен мақұрым қалдырылғанСаид Нұрси* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым және елден жырақ жүрген менің шын достарым Осман, Мехмед, Хасан Әфенділер!Сендердің маған және Рисалей-Нұрға еш ұмытылмастай қызметтеріңе жылдам берілген сыйлық ретіндегі Хасан Фейзидің және басқа да шәкірттердің Чалышқан отбасына деген құрметтері және бүкіл елге сендердің даңқтарыңды жаюы мен барлық ақиқат-шылдарды сендерге дос етуіне орай Рисалей-Нұрды және шәкірт-терін қорғауға, саясаткерлер мен маған у берген дұшпандар ымыздың айлаларынан құтқару үшін менен де артық абай болуға, табандылық танытуға, менің орныма аса мұқият болуға міндеттісіңдер. Әйтпесе азғантай қателік, тек маған ғана емес мыңдаған бейкүнә шәкірттерге және қазір жарқырап тұрған атақтарыңа зиян береді. Менің жағдайым және маған жасалып жатқан қысымдар алты жақты заңсыз болғандықтан, маған заңсыз, ождансыз түрде азап берушілер келешекте өздерін жауапкершіліктен құтқарып қалу үшін сылтаулар, себептер іздеуде. Аса абай болуымыз керек.* * * * *

139ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІӘзиз, Сыддық бауырларым!Біріншіден: Бір-екі күн бұрын сұхбаттың бір бөлімі сендерге жіберіліпті. Сендерге де соны негізге ала отырып, қажет кезінде арыз жазуға не сол министрге не сотқа беруге не болмаса басқа да мекемелерге беріп, бауырларымыз да мұнафықтарға қарсы қорғануға пайдалансын деген оймен жіберілді. Демек осы уақытқа дейін маған әдейі қысым жасап жатқандардың басында сол тұр.Жарайды... Сендер ақылдаса отырып, не қажет болса солай жасарсыңдар. Алайда мұқият болыңдар, асып-саспаңдар, шулатпаңдар. Екіншіден: Бұрын кездеспеген, осы жердің қорқақ мұфтүсі арқылы Хулисидің Карстан жазған бір хатын бауырым Нихаттың хатымен бірге алдым. Ол бауырымыз үнемі өзінің табандылығы мен Нұрларымен арадағы мықты байланысын сақтап келеді. Аса мән беретін, мағынасы терең бір сәйкестікке қараңыз, нақты білмесем де Нихаттың сол жақта болу ықтималына орай, Сабриге қатысты әңгімемде, Нихат Карста болса Хулусимен кездесетін шығар деген едім. Осы ойымды сендерге жазып отырғанда, бүгінге дейін үнсіз қалған екеуі бірге маған хат жазып отырған екен.Үшіншіден: Рефет бауырымыздың Хулуси сияқты Рисалей-Нұрға шын берілгендігін көрсететін хаты, Хулусидің хатын алған уақытпен тұспа-тұс келіп, қатты қуантты. Ол екі хат та қосымшаға енгізілсін. Рефеттің бейкүнәларға (балаларға) Құран оқытуы, өзінің де қосымшаларды жазумен, оқумен айналысуы үшін дұға етулері маған дәрі болып, науқасым жеңілдеп қалды.Төртіншіден: Жазуы, марқұм Асымға ұқсаған Яқуб Жамал өліме тірі ме? Тірі болса Нұрлармен шұғылданып жүр ме екен? Тамаша жазуы қызмет етіп жатыр ма? Осылардан хабарымның жоқтығы көп ойландырып, мұңайтушы еді. Шексіз шүкір деймін, тірі екен, Нұрларға да табанды түрде қызмет етіп жүргендігі жайлы хатын алдым. Әлхамдулиллаһ дедім* * * * *

140ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІӘзиз, Сыддық бауырларым!Аса құнды имани ақиқат маған жүзден астам рет көрінді. Жазылу уақыты біткендігіне байланысты, қанша тырыссам да әлгі аса маңызды ақиқаттарды ұстап қала алмадым. Анық түсіндіріп, жеткізгім келгенімен, жасай алмадым. Енді сол ауқымды ақиқатты қысқа ғана ишаралар арқылы айтып өтейін. хадисі, аз сөзбен көп мағына жеткізуші және астарлы мағыналы (Мүтешеббих) хадис болып саналады.Аса ауқымды және терең мағынасы «Хуласатүл-Хуласаны» және «Жәушанүл Кәбирді» оқыған кезде көкірегіме қонды. Мен сол ғажайып, тамаша мағыналардан айрылып қалмау үшін «Хуласатул-Хуласаның» он жетінші мәртебесі болған «Құранның тілі арқылы куәлік ету» және он сегізінші мәртебесі болған «Әлемнің тілі арқылы куәлік ету» бөлімдерінің ішіне ишаралар, шифрлік белгілер арқылы белгілеп қойдым.осы қысқаша ишаралардың қысқаша аудармасын жасап, түсіндіріп өтейін. Мұны «Хуласатул-Хуласаға» түсіндірме ретінде енгізіңдер .«Хуласатул-Хуласаны» оқыған кезімде бүкіл әлем көз алдыма зікір алқасы (Шеңбер) сияқты болып көрінеді. Алайда жаратылыстардың әр бір түрінің тілдері өте ауқымды болғандықтан пікірлеу арқылы Аллаһтың есімдері мен сипатын илмеляқин түсініп, сенуі үшін ақыл көп жұмыс істейді, содан кейін барып толық куә болады. Адам бойындағы ақиқаттарға қараған кезде, ондағы өлшемдерде,

141ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ішағын ғана үлгі картада, аса дәлдік таразысында, менмендіктің ерекшеліктері арқылы көзбен көргендей сезініп, ар-ожданмен қабылдап, иман етіп, әлгі есім-сыфаттарды толық растайды. Өте оңай түрде, ұзақтарға ойша саяхат жасамай-ақ шынайы иманға қол жеткізеді және ның бір мағынасын түсінеді. Өйткені, Аллаһты бейнелеу ақылға сыйымсыз болғандықтан, сурет дегендегі мақсат-ішкі сезімдер мен мінез-құлық және сыфаттар болмақ.Мәселен тариқатшылар адам бойындағы рухани ерекшеліктер мен сыртқы әлемдегі ерекшеліктерді зерделеу арқылы Аллаһты танып білуге тырысқан. Оңай және қысқа, өте сенімді жолды ішкі жан дүниесі яғни жүрегі арқылы тауып, іштей зікір жасауға көшкен. Сол сияқты ақиқатшылдар да ойша танып білуден де жоғарғы дәрежеге яғни иман мен нақты көз жеткізуде екі жолмен әрекет еткен.Біріншісі: Жаратылыс кітабын сараптау арқылы «Аятүл-Кубра», «Хизбун-Нұрие», «Хуласатул-Хуласа» сынды кең шеңберге зер салған.Екіншісі: Ең қуатты хақкелякин дәрежесінде ожданға, сезімдерге, көз жеткізуге тиесілі адами ақиқаттың картасын, адамдағы менмендіктің болмысын зерделей келе, иманның еш күмәнсіз, күдіксіз дәрежесіне көтерілу – ақрабиет сырына және пайғамбарлықтың мұрагері болуға тиесілі. Адамның рухани болмысын зерделеу ақиқатының бір тармағы «Отызыншы Сөздің» «Мен және менмендік» бөлімінде, «»Отыз үшінші мектубтың», «Өмір терезесінде» және «Адам терезесінде», басқа да бөлімдерде біршама баяндалған.Бұл «Қосымшаға» да «Сикке-и Ғайбиге» де «Хуласаға» да енгізілсін.* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым!Жағдайымның нашарлығына байланысты, бірнеше хаттарыңа бір ғана нашар жазылған хатпен жауап бергеніме ренжімеңдер.Біріншіден: Жасырын жаулар үкіметтің маңызды қызметінде отырған бірнеше адамға өздерінің сөзін сөйлейткізіп, маған қысым жасау арқылы Менемен немесе Шейх Саид оқиғасы сияқты бір

142ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іоқиға шығартқызу үшін барлық айла шарғыларын жасады. Бұрынғы Саидтың жоқ екенін байқады. Бүгінгі Саид бәріне де шыдауда, енді қастандық жасауға, негізінен у беруге көшті Қорғаушы Аллаһ ол ойларын да іске асыртпай тастады. Енді ол мұнафықтар үкіметтің күшін халықты менен үркітуге, сырт айналдыруға пайдаланып, сұмдық арандатушылықтар жасауда. Бірақ сендер уайымдамаңдар. Аллаһтың жарылқау-қорғауы жалғасуда. Барған сайын Нұрлар жайыла түсуде.Екіншіден: Жақында Хасан Фейзінің, бір апта бұрын Халил Ибраһимнің менің жеке басыма арнап, әсіре мақтаған арнау-өлеңдері мен мұңды қоштасу жырларын аздап түзеткеннен кейін үш себепке орай қабыл көрдік.Біріншісі: Олар менің жеке басыма емес, Құранға, Иманға, Нұрларға қызметші болғандығымнан, сол қасиетті істерге арнап жазған.Екіншісі: Олардың және солармен бірге жүрген сол аймақтардағы бауырларымыздың мені әсіре сипаттауы бір жағынан алғанда шынайы дұғасы, жақсы ойы, жақсы арманы, қаблеттері мен сенімдерінің Нұрларға деген жанашырлықтарының көрініс табуы.Үшіншіден:Мен олардың назарында Рисалей-Нұр мен шәкірттерінің рухани келбетінің өкілі, үлгісі ретінде болғандығымнан, олардың ынталары мен жақсы ойларын, рухани жігерлерін құм ету дұрыс емес. Ол екеуіне де достарына, әсіресе Ахмед Фейзи мен Денізлі түрмесіндегі бауырларымызға және біз үшін әділдік жолында тер төгушілерге мың сәлем...Үшіншісі: Мен қиналған кезде сан мәрте дәріге айналған, жанымда сақтап жүрген қаһарман Хусревдің хаттары. Олардың әр қайсысынан бір бір тақырыпты алып «Қосымшаға» енгізуге уақыт табылмады. ИншаАллаһ бір отырғанда сараптама жасармын. Ахмед Назифтің Инеболудағы шәкірттердің атынан жазған хаты мен Халил Ибраһимнің жасқа булықтырар арнау-өлеңі жазылған хаты, менің сол маңдағы бауырларым жайлы уайымымды сейілтті. Аллаһ Разы болсын оларға.Төртіншіден: Шопан Иса ауылындағы Ахмедтің хатында аты аталған бұрыннан бергі және жаңа қосылған бауырларымыздың Рисалей-Нұр жолында тер төгулері, балаларының да Құран үшін

143ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІНұрлар үшін еңбек етулері бүгінгідей кезеңде Нұр қызметі үшін үлкен шаруа. Аллаһ сол жолда оларды табысқа бөлесін. Әмин!Бесіншіден: Мүнафық жауларымның материалдық-моралдық уларына қарсы «Жәушән» мен «Эврад-ы Күдсие-и Шаһ Нақшибенді» мені өлімнен бәлки жиырма рет құтқарған шығар, бірақ өкінішке орай, жүйке тамырларымда, сезімдерімде сол зұлымдықтардың қатты әсері, жанға батуы, жиіркеніші қалып қойғандықтан ең жақын досыммен ең сенімді бауырларыммен бірге бір сағаттан артық отыра алмаймын, рухым шыдамайды. Тіпті біреудің маған қарағанынан да қысыламын. Бойымда бұрыннан бері жүрген көпшіліктен қысылу дерті мына залымдардың аяусыз қысымдары мен аңдуларының кесірінен өршіп кетті. Өзім тірі болғаныммен қоғаммен араласу жағынан өлген болуым керек. Осындай сырларға байланысты бауырларым, қоштасу, көңіл айту, жоқтау жырларын жазып жатыр. Сондай-ақ бұл жердің ауасы менің жүйкеме ауыр тиюде. Мына қыстың бір күні, Денізлі түрмесінде өткізген бір қыстай жаныма батуда. Мәселен көз, бір қылды да көтере алмайды ғой. Сол сияқты қазіргі рухым мен мына жағдай, қылдай ғана ауырлыққа қиналғанымен, Рисалей-Нұрдың және шәкірттерінің сәлеметтілігі жолында, олардың орнына таудай тауқыметті де қиыншылықтарды да қауан-қуана көтереді ол рух, шыдайды, шүкір етеді деген хабарды жеткізейін сендерге. Шамалы азып, әлсізденіп, жағымсыз әсерлерім артып жатқанда, хас бауырларым мені мақтаумен жүгімді ауырлатқанша, дұғалары, мейрімдері, жанашырлықтары арқылы жүгімді жеңілдеткендері дұрыс. Аллаһтың жарылқау-көмегі сол, мендегі көпшіліктен қысылу дерті арқылы залымдардың қамап, оқшаулау азаптарын сездірмей тастады. Бір жағынан қуанышқа бөлеуде.* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым, мынадай сұмдық ғасырдағы жұбаныштарым және мұрагерлерім!Сендердің ерен еңбектерің Спарта мен сол аймақты Әл-Әзхар университетіне айнлдырғандығының дәлелі, осы жолы баспаханаларды да таң қалдырған өздерің жазған «Аса-и Мұса» жинағындағы жиырмадан астам тамаша сәйкестігі бар нұсқаларды

144ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Імына жартылай үмми (жазуы нашар болғанын айтып тұр) бауырларыңа жіберулерің. Мейрімді Аллаһ сендерге, жазғандарға, көмектескендерге әр әрпіне мың рахмет жаудырсын, мыңдаған жәннат жемістерін сыйласын, амал дәптерлеріңе жүздеген жақсылықтарды жазсын Әмин! Әмин! Әмин!Мен қарап шығып, жүрегіме мына қаһармандарға әлі де сыйлық берілмей ме? деген нәрсе келді.Бірден: Олар бұл жинақты көшіру арқылы философтардың аузын жауып, иманға келтіріп, аса күшті Имани дәріс беруші кітапты әуелі өздері оқуда, рухани қазына тапты, деген ескерту келді. Ол кітаптар көп адамның иманын құтқарады және көп адамды иманға келтіреді. Бір хадисте былай айтылады: «Сен арқылы бір адам иманға келсе, сен үшін дала толған қызыл қойлардан да қайырлы» Сондай-ақ бүкіл берекелі қаламдар, баяғы заманғы Исламның ұлы мүжахид батырларының қылыштарының қызметін атқаруда. Келешек оларға және Нұршыларға қол соғып ризашылық танытатын болады.Екіншіден: «Аса-и Мұса» жинағының бас жағына мына ишара, белгі сызықтар қойылған бөлім енгізілсе орынды болады. Қаласа бұл хаттың бас жағын да қосып жазуына болады.Хазіреті Имам Али (радиаллаһу анһ) өзінің «Джәлджәлутие» атты ғайыптан хабар беретін кітабында өте анық әрі қуатты түрде Рисалей-Нұрдан және оның маңызды бөлімдерінен дәл кезегімен, көзге шұқып көрсеткендей хабарлап кеткенін «Жиырма сегізінші Лема» мен «Сегізінші Шуақ» толық дәлелдеген болатын. Хазіреті Али (р.а) «Джәлджәлутие» кітабында Рисалей-Нұрдың ең соңғы рисалесін деген сөзбен хабар бергенді.Біз бір-екі жыл бұрын «Аят-үл Күбра» рисалесін ең соңғы, бұдан соң жазылмайды деп ойлағанбыз. Алайда тағы жазылып, енді бітті, яғни, алпыс төртте (милади 1948ж). Иә, Хазіреті Алидың осы сөзінің мағынасы тура болып шықты, яғни, ол қараңғылықты сейілтетін, Мұса пайғамбардың (а.с) асасы тәрізді жарық беретін, сиқырларды тоқтататын бір кітап шығады деген болатын. Һәм, осы тәпсірдің «Миуа» кітапшасы жазықсыз жандарды қызғыштай қорғайтын адвокат секілді өзін көрсетті. Басымызға түскен ауыр да қауіпті

145ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ізұлымдықтың бетін қайтарып бізге шарапаты тиді. Сонымен қатар, ішіндегі «Худжаттар» бөлімі де Нұрға қарсы, философияның түнегін қақ жарып Анкаралық сарапшыларды мойындауға, тіпті, жоғары бағалауға мәжбүр қылды. Және болашақта да қараңғы пәлекеттердің бетін қайтаратынына белгі-нышандар жоқ емес. Мұса (а.с.) пайғамбардың аса таяғы бір тасты ұрып қалғанда он екі жерден су атқылатқан әрі он бір мұғжизаға ұйытқы болған болса, дәл сол секілді қолыңыздағы осы соңғы кітапша да өзінің «Миуа» бөліміндегі нұрлы он бір мәселесімен және «Худжат-уллаһи Балиға» бөліміндегі бұлтартпас он бір айғағы Хазіреті Имам Али (радиаллаһу анһ) әлгі сөзі арқылы тұп-тура осы «Аса-и Мұса» (а.с) атты кітапты меңзегенін және оны жоғары бағалап хабар бергенін дәлелдейді. Үшіншіден: Нұрдың байланыс орталығы және «Жиырма Жетінші Мектубқа» аса маңызды жазбалары енген Сабридің осы жолғы арнау өлеңін «Қосымшаға» енгіздік және сендерге де жібердік. Нұрлардың жазылуына көп еңбек сіңірген еңбекқор Хафыз Мұстафаның жеті жасында «Алтыншы Шұғамен» қоса маған бір хат жазған мүбәрак, бейкүнә баласы, мұндағы балалар арасындағы Нұрға деген талпынысты оятатын болады. Оның аты Саид Нури болсын. Нұрс ауылдың аты, мағынасы үйлеспей қалады. (С ның қажеті жоқ И жазылсын) Осылайша Нұрмен байланысып тұрсын. Басқа да талай нәрсе жазар едім, жұмыстарым, міндеттерім көп болған соң қысқа қайыруға мәжбүр болдым.Саид Нұрси* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым!Біріншіден: Бірінші міндеттерін бітіргендер екінші міндет болған: «Мұғжизат» жинағын жазуға кірісіп кеткендігі жайлы сүйінші хабарларың, маған осы Иман қызметі жолында сендердей шын бауырларды сыйлаған мейрімділердің ең мейрімдісі Аллаһқа шексіз шүкір еткізді. Бірінші міндеттің Құран әліпбиін қолдаған бір кереметі, орталықта Құран әліпбиін үйрету курсының ашылуы болса. Екінші міндет те, одан да мұғжизалы бір керемет көрсетеді Инша Аллаһ.

146ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІЕкіншіден: Кониялық Сабридің менімен сендер арқылы хабарласуы өте орынды, сол дұрыс. Өйткені көбіне сендер оның қалаған нәрселерін менің атымнан атқаруларыңа болады. Мәселен: Сол жердегі ғалымдар тексеру-түзету жұмыстарына көмектесе алатындықтан, сол жерде тексеру-түзету жұмыстары жасалсын. Сендер мен тексеріп-түзеткен кітаптардың бірнешеуін соларға беріңдер. Тексеру-түзету мәселесі расында да өте маңызды. Кейде бір әріптің не бір нүктенің қате жазылуы аса мағыналы нәрсені жоқ қылады. Жазып отырған адам әуелі жақсылап салыстырып қарасын. Содан кейін тексеруші адамға не маған жіберсін. МашаАлаһ, осы жолы маған келген «Аса-и Мұса» кітаптарында біріншіден қателері аз, біршама тексерулер де жасалыпты.Жазғандарға да тексергендерге де Аллаһ мәңгі разы болсын, Әмин.Үшіншіден: Рисалей-Нұрмен жақсы байланысы бар, Иозғатта тұратын Тунистік молда Хашмет, әуелі менің қайтыс болғандығым жайлы, кейінрек тірі екендігім жайлы хабарды естіп, шын жүректен екі хат жазған екен. Оған менен сәлем айтыңдар.Төртіншіден: Рүштү талай рет арнайы сәлем жолдаған қаһарман бауыры Бурхан жазу білмесе де қажет кезінде Нұрларға көп қызмет еткендіктен оны да хас шәкірттердің қатарына қосып, күн сайын атын атап тұрып рухани табыстарымызға ортақ етудеміз. Аса мағналы бір сәйкестікке қараңыз; мен Хусрев пен Сабридан хат келмей қалғандығына алаңдаушылығымды жазып отырғанда, күтпеген жерден, барлық уайымдарымды жойып жіберген бірнеше хаты бірақ келді.Барлық бауырларыма сәлем...* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым және мәңгілік жолдағы ақиқатқа жеткен жолдастарым!Қастамонудағы беделді кісілерден, Нұр қаһармандарынан, Сафранболудағы жан аямас бауырлардан келген хаттар жеке-жеке жауап жазуға лайық және солай ету керек еді. Алайда халім мен уақытым бұған мүмкіндік бермегендіктен, сендер арқылы қысқа ғана жауап жазып отырғаныма ренжімесін.

147ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІБіріншіден: Хилмидің, Ихсанның, Әминнің, Ташкөпірлік Садықтың хаттары мені қатты қуантты. Расында да бұл бауырларымыз түрмедегі тоғыз айдың ішінде Нұрға тоғыз жылдық қызмет сіңіріп, Спарта қаһармандарымен иық теңестірер жағдайға жетті. Мен олардың жеке өзіме жасаған жағдайларын және түрмедегі жолдастарымыздың ауыз біршілігі үшін және Нұрлар үшін атқарған еңбектерін еш ұмытпаймын. Хақ Тағала Оларға да сендерге де мәңгі риза болсын. Мен ойша баяғы кезеңге, Кастамону мен Барладағы өздерің білетін жерлерді аралап кетіп қаламын. Сол жерлерде отырып көз жастарымды төгемін. Ол достарымды көз алдыма елестетемін.Қаһарман Садықтың тамаша сөздері мен тамаша жазуына ұқсаған қысқа ғана бір хатты, Сафранболулық шәкірттердің сәлемін жеткізіп, Мұстафа Осман мен Хыфызы (р.х.) жазуда. Ойпырай Садық сол жаққа барған ба? Әлде аналар сол жаққа барған ба? Әлде тағы бір Садық атты бауырымыз бар ма? деп ойланып қалдым.Барлалық сыддықтардың Нұрларды жазу жолындағы ерен еңбектері олардың бәрінен бұрын солай етер міндеттері. Өйткені Барла ең алғашқы Нұр медресесі деген даңқты атқа ие. Ал ол берекелі Медресені шәкіртсіз қалдыруға болмайды. ИншаАллаһ қайта жарқырайтын болады. Чалышқан әулетіне Бәрекелді. Хақ Тағала тәупиқ берсін. Әмин!Екіншіден: Сафранболуның садық шәкірттерінен Осман мен Ахмедтің екі хаты, олардың Нұрларға шын берілген жанашыр екендіктерін көрсетуде. Машаллаһ, Осман аз уақыттың ішінде Құран сабағын алып, Нұрларды да жазып жүр екен. Қазір де «Аса-и Мұсаны»жазып жүр екен. Жан аямас Мұстафа Осман мен Хыфызыға нағыз бауыр болар. Ахмед те жақсы араласады екен. Жазуы нашар болғандықтан хатында не айтқанын толық түсіне алмадым. Оларға, Кастамону мен Сафранболу аймағындағы бауырларымызға көптен көп сәлем жолдап дұға етеміз, олардың да дұғаларын күтеміз.Медресетүз-Зехрадағы, Спарта өңіріндегі барлық бауырларымызға жеке-жеке сәлем, сау-сәләмәт болыңдар деп дұға етеміз. Саид Нұрси* * * * *

148ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІӘзиз, Сыддық бауырларым!Біріншіден: Бір-екі аптадан бері Хусревтен хат ала алмағандығымнан, Конияға жіберген жинақтардан жауап келмегендіктен, ішкі істер министрі бастаған жауларымыз анархисттермен бірге маған қатты қысым жасағандықтан және осындағы мұнафықтар кейбір аңқау достарымыздан Ескішехирге, Конияға кітап жіберіп, Аса-и Мұса жинағын алғандығымды біліп алуына байланысты алаңдап отырғанда, бұрын соңды болмаған бір жарым метр қар жауып боран соғуы сынды Аллаһтың қаһары, төрт рет жер сілкінуі мен өткен жылғы құрғақшылықтың Рисалей-Нұр мен оның шәкірттеріне бір байланысы бар ма екен деп, мына пәлекеттер жалпы елге ортақ па әлде Афион мен Ескішехир уәләяттарына ғана тиесілі ме?, деп сұрадым. Осы екі аймаққа ғана тиесілі деді. Әлхамдулиллаһ, Рисалей-Нұрға және шәкірттеріне жаппай шабуыл жоқ екен ғой. Бәлкім маған және қолымдағы кітаптарға ғана... Мен көп сенім артақан Ескішехир, Денізлі сияқты Нұр медресесіне айналады деп ойлаушы едім. Денізліден он есе артта қалуының себебі, оларды да Афион мен Әмірдағы сияқты шошытып отыр. Қалай болғанда да сендер алаңдамаңдар. Инша Аллаһ мына ауа-райы, Стамбул мектептеріндегі оқиғалар сияқты жасырын масондар ниет етіп отырған жаңа шабуылдарының бетін қайтарады. Аллаһтың жарылқауы қорған болуда.Екіншіден: Осы жолы жеті-сегіз хат алдым. Хулуси саған жауап жазуға жағдайым да уақытым да мұрша бермегендіктен сен ренжіме. Мехмед Фейзи мен Әминнің хаттарын еш өзгеріссіз «Қосымшаға» енгіздік. Ол екеуі сегіз жыл бойы маған қызмет еткендіктен, мені шамадан тыс суреттеп (мақтап) жіберулерін рухани бір дұға, ынталандыруға себеп болар жақсы ойлар ғой, Нұрдың аудармашысы болуы жағынан алғанда Ұстаздарына шын беріліп сенім артуларының бір белгісі ретінде айтқандарын шектемедім, араласападым. Сондай-ақ Фейзидің марқұм анасының Рисалей-Нұрдан дәріс алып отырып қайтыс болуы, Нұрдың өз шәкірттеріне жан тәсілім етер сын сағаттарда көмекке келетіндігінің жарқын бір үлгісі ретінде «Қосымшаға» енуі өте орынды.Халил Ибрахимнің осы жолғы хатында адамның басына келген нәрселер мен тағдырға байланысты, қаншалықты?, неге олай? деген сұрақтарына берілген жауаптар бізге көп сауап жаздырады және

149ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іжұрттың назарын Нұрға бұрғызып, көпшілікке оқыту. Алайда тағдырға наразылық деген мағынаны еске салатындықтан, әзірге «Қосымшаға» енгізіп, көпшілікке жаю дұрыс болмайды. Хаттың соңындағы «Жәушан-ул Кәбирден» алынған сөйлемдер мен дұғалар өте тамаша.Үшіншіден: Хусревтің хатында, Атабейлік сал Әли мен Эгрідірлік Казымның Нұрларға құлшыныспен қызметтері, руханилерді де құттықтауға, мақтауға итермелейді. Әли ауылынан маған хат жазған он төрт жасты Мұстафа Йешілдің, әкесімен бірге Құранға, Нұрға қызмет етуі, үш Әлидің еңбектерінің арқасында сол ауылдың балаларының да Рисалей-Нұрмен шұғылдануы, мені ғана емес, барлық Нұр шәкірттерін оларды қолдауға шүкір етуге, итермелейді.Төртіншіден: Салаһаддин мен (Абдурахман) Фейзидің анасының қайтыс болуына орай жазған хатының аяғындағы Фейзиге көңіл айтуы мен қосымшасында менің өлімімді қабыл етпеуі және Ғаус Ағзамның «Аса-и Мұса» жинағын қорғап, жебеп тұрғандығын айтуы, маған қуаныштың көз жасын төккізді. Сафранболуның хас батырлары Мехмед Фейзи мен Әминнің өлең жолдары және үкіметтің орталығында жалпыға ашық араби әріптерімен жазып үйрену курсының ашылуы «Аса-и Мұса» жинағының рухани кереметінің бір белгісі екендігін сүйіншілеуі мені марқайтып тастады және қыс бойы тартқан тауқыметтерді жуып кетті. Денізлінің жан аямас еңбекқорларының бірі Тавастық молда Мехмедтің өзі қысқа болғанымен мағынасы терең хатында, ол да өліміме риза болмауда. Менің бағамды шамадан тыс асырып жіберіпті.Оған да түрмеде кездескен бауырларымызға да Хасан Фейзи мен Хафыз Мұстафаға және жолдастарына мың сәлем...Барлық бауырларға сәлем айтушы, дұғаларыныңдәрідей әсерін көрген бауырларыңСаид Нұрси* * * * *

150ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІӘзиз, Сыддық бауырларым!Біріншіден: Нұр медресесінің бұрынғы, бала шәкірті Ахмедтің мына тамаша, ықыласпен жазған хатын Саваның жас қаһармандарының атынан «Қосымшаға» енгіздік. Машаллаһ, Хафыз Мехмедтің өзіне ұқсаған текті немересі екендігін көрсетті.Екіншіден: Сафранболудан Нұрдың таңдаулы шәкірттерінің бірі Хыфызының екі бейкүнә баласы біреуі он, екіншісі сегіз жаста «Аса-и Мұса» жинағын жазып, бітіруге таяп қалдық деп маған хат жазуы, мені қатты қуантты.Үшіншіден: Осы қыста маған жасалған қысымдардың бір себебі, Селаниктіктердің диктаторларды еркін әскерлермен басып тастауына көмектеспесін (дегені сияқты) деп оқшаулап отыр. Рисалей-Нұр менен мың есе артық айтуда. Діннен безген кәпірлерге соққы беруде. Анархияның белін үзуде.


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook