Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Әмірдағы Лахикасы-1

Әмірдағы Лахикасы-1

Published by risalekz, 2021-02-16 07:32:30

Description: Emirdağı Lahikası-1

Keywords: Risale-i Nur

Search

Read the Text Version

201ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІАса күшті екі ақиқат, әлгі екінші нәпсі әммара мен шайтанның үнін қоса өшірді.Біріншісі: Рисалей-Нұрдың қасиетті имани борышы мен өлгеннен кейін одан әрі ықыласты түрде атқарыла береді. Ешқандай жақтан дүниелік істерге араласуда, менмендік жасауда деп айыпталмайды.Бақталастыққа себеп болар менің жеке басым болмағандықтан, ол міндеттер (Рисалей-Нұрдың міндеттері) кемел түрде, ықыласты түрде атқарыла береді. Мен тірі жүрсем, біршама көмегім тиер, алайда, түкке тұрғысыз жеке басыма кінә тағуы мүмкін. Рисалей-Нұрға тиісуі мүмкін, тартынуы мүмкін, тартындыруы мүмкін. Сондай-ақ бір жағынан алғанда қарауылдық қызмет атқарушы біреу жатып қалса, сол нұрлы шеңбердегі барлық ат салысушылар ояу болады. Бір кезекшінің орнына мыңдаған күзетші келетін болады. Ажал келе қалса, әлбетте қош келдің деу керек.Сондай-ақ көптеген Нұр шәкірттері Нұр қызметі жолында малын да, жанын да пида қылуда, сен ей нәпсі! Мұндай жанқиярлықта неге ең соңында қалғың келеді. Мынаны жақсылап біліп ал; Нұр арқылы көптеген бейшаралардың мәңгілік өмірін құтқару жолында фәни, қиындықтарға толы қарттық өміріңді керек болса қуана-қуана қиып, соған разы болу – ләззаты мол, мәртебе.Екіншісі: Мәселен бір әлсіз, арық адам бір батпан жүкті көтере алмай жатқанда, оның үстіне он батпан жүк артылса, ал достары оны өте күшті деп біліп, оның әлсіздігін байқамай, көмектесудің орнына, одан көмек сұраса, әлгі бейшара адам да олардың көңілін қалдырғысы келмей немесе өзін соншалықты төмен көрсеткісі келмей, өзін мықты, күшті етіп көрсетіп қалғысы келуі қаншалықты аянышты, қиын жағдай болса. Ей соқыр сезімге батқан әммаре нәпсі! Мына түкке тұрғысыз жеке басым мен бір дәнек құрлы маңызы жоқ қабілетімнен жүз есе артық және тікелей Раббани жарылқау ретінде мына қараңғы да дертке толы ғасырда Құранның қасиетті дәріханасынан шығып, Иләһи жарылқау арқылы қолымызға берілген Рисалей-Нұрдағы ақиқаттарға әлгі адам қалай қайнар бұлақ, әрекет бастауы бола алады. Тек қана мұқтаж, бейшара күйде, Құранның есігінің алдында сұрақ қоюшы және мұқтаждарға жеткізуге себепші ғана бола тұра, Нұрдың шынайы ықыласты, сенімді, садық, саф, жанқияр шәкірттері менің жеке басыма жүз есе артығымен құрмет

202ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ікөрсетулері мен жақсы ойларының бетін қайтармау, сезімдерін таптамау және Нұрларға деген сезімдеріне тиіспеу және Ұстазымыз деп жүрген бейшара жанның бейшаралығын көрсетпеу үшін және аса ауыр жағдай саналар өзін көрсетіп қалуға, жасанды әрекеттер жасауға мәжбүр қалмауы үшін және жиырма жылдық жалғыздықтан туындаған тартыншықтыққа байланысты тіпті достарыммен кездесуден де тартынамын, (Нұр қызметіне байланысты болмаса) жан-тәніммен солай етуге мәжбүрмін. Жасанды әрекеттерге бару, өз құныңды асыра бағалауға тырысу, өзің жайлы жақсы ойлаушыларға жақсы болып көрініп қалу үшін өзіңді жоғарғы дәрежелі адам ретінде көрсету ықыластың сырына қайшы келеді. Өзіңді салмақты адамдай етіп көрсету арқылы менмендіктің зияны мол өткінші ләззатын іздеу, ей нәпсі! Өзің дәмін татқың келген ләззаттарды түкке алғысыз етіп тастайды.Ей нәпсі! Ей, ләззат алуға құштар, бейбақ соқыр сезім! Мыңдаған дүниелік ләззат алсаң да, мынадай жағдайда оның дәмі қашып, азапқа айналады.Бұрынғы достардың жүзден тоқсаны мені берзах әлеміне шақыруда. Қазіргі шақтағы он достан мен қашуға мәжбүрмін. Қартайған, жалғыз қалған мына өмірден берзахтағы рухани өмір әлбетте артық... деп мына екі ақиқат арқылы екінші нәпсі әммаремнің аузына құм құйылды. Шексіз шүкір етемін. Жүрек пен рухтан келіп жатқан шаттыққа риза болды. Шайтанның да ауызы жабылды. Тіпті тұла-бойымдағы материалдық дерт те жеңілдеп қалды.Қорытынды: Мен өлсем, Нұр қызметі бұрынғыдан да ықыласты түрде, талас-тартыссыз, кінәратсыз дами түспек.Бұған қоса, дүниелік көзбен де көрініп тұрған Нұрлардың көпшіліктің жүрегінен орын алуынан туындаған ләззат бар. Екінші жақта қазіргі таңда іздегім де келмейтін уақытша рахаттанудан, жиіркенішті жасандылықтан, жалған бедел жинаудың әуресінен, жасандылықтың зияндарынан құтылу бар. Ей нәпсі! Осы жылы бір рет аса құмартып отырған баяғы қызықтарды, өмір сүрген аймақтарды, біте қайнасқан достарды, айырылып қалғаныңа өкінетін туыстарды көру үшін рух, жүрек, қиялмен бірге, денеммен де өткен шақты аралап шықтың. Өзің де көрдің ғой, сүйікті аймақтардан жүзден бір-екі досты ғана таба алдың. Өзгелері берзах әлеміне көшіп кеткен. Өмір атты парақтары өзгеріп, мұңды көріністер қалыпты. Ол сүйікті

203ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ідостардың еш қайсысы қалмаған жерлерге барғың да келмейді. Сондықтан мына өмір, мына дүние бізді, «сыртқа шығыңдар» деп қумай тұрғанда абыройлы түрде Аллаһқа аманат деп, уақытша қызықтарды тастағанымыз жөн.Барлық бауырларға мың сәлем жолдап, дұға етуші, науқас болса да шын қуанышты бауырларыңСаид Нұрси* * * * *Нұр медресесінің мүбәрак ұстазы Хажы Хафыз Мехмедтің қайтыс болуына байланысты сендерге және барлық Нұр шәкірттеріне, әсіресе Нұр медресесінің шәкірттеріне және марқұмның туыстарына арнайы көңіл айтамыз. Өзіміз бұл дүниеден өткенше, барлық Нұрлардың атынан оған Аллаһ рахмет етсін, Хафыз Әли мен Хасан Фейзидің ортасында барлық рухани табыстарымызға ортақ етуге қарар бердік. Бұл аса құнды және Нұр қызметінде табысқа жеткен мүбәрак кісінің тамаша міндеттерін орындап, жүз рухани ұрпақ, қайрымды ізбасарлар дайындап дем алысқа шығып, мейрімге бөленер әлемге аттанар шақта үлкен ұстаздарды табыстарыма ортақ еткен кезде, Хафыз Әли, Хафыз Мехмед, Мехмед Зүхтү, Савлық Ахмед пен Хасан Фейзилердің арасынан еріксіз түрде хажы Хафыз Мехмедті қайтыс боларынан он күн бұрын көрдім. Қайтыс болғандардың арасында бұл да жүр ғой дедім... Араласпадым... Тірілердің де үлкен ұстаздардың да арасында жүргеніне таң қалушы едім.Хаттарыңды алған соң енді түсініп жатырмын. Қасиетті жолдағы ықыласты еңбегінің бір кереметі ретінде қайтыс болатындығын сездіруде екен. Хафыз Әли мен Хасан Фейзидің ортасында орным бар дегенді хабар беруде екен. Хақ Тағала Оның амал дәптеріне Сава Нұр медресесінде оқылған және жазылған рисалелердің әрпі қанша болса сонша рахмет жаудырып, қабірін нұрға бөлесін... Әмин. Хайырлы ізбасар ұлы Хафыз Ахмед пен немересі Ахмед Зекиді оның істерін қаз қалпында жалғастыру жолында табысқа кенелтсін, әмин! Бәріне де мықты сабыр берсін... әмин!* * * * *

204ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІӘзиз, Сыддық бауырларым және Нұр шәкірттерінің жас балуандары!Аса-и Мұсаның соңғы жағында (кейбір нұсқаларда) мүбәрактардың қайраттысы үлкен рухты кіші Әли атты бауырымыздың сұрағына берген жауабым бар. Соны оқыңдар. Кейбір қарсы шығушылар Рисалей-Нұрдың қадірін түсіру мақсатында оған былай деген екен. «Жұрттың бәрі де Аллаһты біледі. Қарапайым бір адам да әулие сияқты Аллаһқа иман етеді». Осылай деу арқылы Нұрдағы аса маңызды, жоғарғы деңгейлі, аса құнды және өте қажет болып тұрған егжей-тегжейлі түсіндірмелерді артық нәрсе ретінде көрсеткілері келеді.Қазір де Стамбулда (сұмдық бір пікір) анархиялық пікірді қолдаушы, абсалюттік күпірге бой алдырған кейбір мұнафықтар, жұрттың нан мен суға мұқтаж болғандай мұқтаж болып отырған Рисалей-Нұрдағы имани ақиқаттарды қажетсіз етіп көрсеткісі келіп, «Кез келген халық, жұрттың бәрі Аллаһты біледі. Ол үшін тағы да қайталап, жаңа сабақтар алудың қажеті шамалы» деп қарсыласқылары келеді.Ал Аллаһты білу – бүкіл жаратылыс атулыны қамтып тұрған Аллаһтың Рубубиетіне, атомдардан бастап жұлдыздарға дейінгі жалқы және жалпы барлық нәрсе Оның басқаруында, құдіреті мен қалауына бағынатындығына толық иман етіп, Оның мүлкінде ешқандай серігі жоқ екендігіне және деген қасиетті сөзге, ақиқаттарға иман етіп, жүрекпен бекіту арқылы болмақ. Әйтпесе «Бір Аллаһ бар» деп қойып, оның бүкіл мүлкін себептерге, табиғатқа еншілеп, үлестіріп беру, серік қосу болып саналар себептерден сұрау, солардан тілеу, барлық нәрсені қамтып тұрған ілімі мен қалау еркін және қатаң әмірлерін мойындамау, сыфаттары мен жіберген елшілерін, пайғамбарларын танымау қай жағынан алсаң да Аллаһты тану иман ету болып саналмайды. Ол тек абсалюттік күпірліктегі рухани тозақтың бұ дүниелік азабынан өзін бір шама жұбата тұру үшін айтылатын сөздер ғана.Иә, жоққа шығармау басқа, Иман келтіру мүлдем басқа нәрсе. Әлемдегі ешқандай саналы жан, әлемдегі барлық нәрселердің

205ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ісанындай куәгерлер бар Жаратушы Хақты жоққа шығара алмайды. Жоққа шығарса бүкіл әлем оған өтірік айтасың дейтін болғандықтан үнін шығармайды, мән бермейді. Алайда Оған иман келтіру – Ұлы Құран айтып тұрғандай Жаратушыны Сыфаттарымен, есімдерімен қоса, бүкіл әлемнің куәлік етіп тұрғандығына сүйене отырып, жүрекпен қабылдау, елшілері арқылы жіберген әмірлерді мойындау, тыйымдар мен бұйрықтарға қарсы болған кезде жүрекпен тәубә ету арқылы болады. Ал үлкен күнәларды емін-еркін жасап, тәубә-истиғфар етпеу, мән бермеу әлгіндей иманның жоқ екендігінің дәлелі. Жарайды... Балаларым, маңызды бір оқиға бұл ауқымды мәселені сендерге қысқа ғана баяндауға себеп болды. Қазір сендерге Рисалей-Нұрдың аса құнды шәкірттері ретінде қараймын. Мұстафа Оруч өте бақытты екен, өз ұстанымына, рухына, салмақтылығына сай, аз уақыттың ішінде сендерге серік болды. Бір өзі ғана еді, енді он Мұстафаға айналды.Саид Нұрси* * * * *Қымбатты бауырым.Алдымен өзіңнің бір шығармадай ауқымды, байыппен жазған хатыңды қызыға оқыдым. Бірінші кезекте саған мынаны айтқым келіп отыр. Рисалей-Нұрдың ұстазы және өзінің Жәлжәлутие атты кітабында ишаралар арқылы Рисалей-Нұрға көп мән берген және иман ақиқаттары жолындағы менің ұстазым Хазіреті Али (р.а.). Сондай-ақ аятының нақты хабары бойынша, Әһли Бейтке сүйіспеншілік, Рисалей-Нұрдың және біздің ұстанымымыздың негізі. Уахабилік пікір ешбір тұрғыда Рисалей-Нұрдың шынайы шәкірттеріне тән нәрсе емес. Алайда мына заманда дінсіздер мен Құдайдан безгендер алауыздықты пайдаланып, Исламның нышандарын өзгертіп, Құран мен иманға қарсы сұмдық әрекеттер жасап жатыр. Әлбетте осындай жау тұрғанда ұсақ-түйекке бола алауыздық тудыратын айтыс-тартыстардан аулақ болған жөн.Сондай-ақ өлген адамдарды жамандаудың еш қажеті жоқ. Олар о дүниедегі сыбағаларын алатын жерге аттанып кеткен. Олардың кемшіліктерін айтудың зияннан басқа пайдасы жоқ. Әһли Бәйтке

206ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ідеген сүйіспеншілік ондайға жол бермеуі тиіс. Қажеті жоқ нәрсе. Әһли Сүннет уәл жамағат, сахабалар дәуіріндегі өзара араздықтарды қозғауға тыйым салған. Өйткені Жәмал оқиғасында Ашара-и мүбашшарадан (Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба) Зүбейр (р.а.) мен Талха(р.а.) және Айша Сыддықалар араласқандықтан, әһли сүннет уәл жамағат ол соғысты «Иджтихадтың нәтижесі деп білген. Хазреті Алидікі(р.а.) дұрыс, қарсы жақтыкі бұрыс, бірақ иджтихадтың нәтижесінде болғандықтан кешірім бар» деген. Сондай-ақ, Уахабилік пікір мен шектен шыққан Рафизилік мазхабы Ислам дініне зиян келтірмесін деп, Сыффин соғысындағы бүлікшілер туралы сөз қозғауды зиянды деп білуде.Хаджаж Залым, Язид пен Вәлид секілділерге келер болсақ, Келам ілімінің ғұлама ғалымы Сағадеддин Тафтазани «Язидқа лағынет айтуға болады» деген. Бірақ лағынет айту уәжіп демеген. Солай еткен жақсы және сауап жазылады демеген. Өйткені Құранды да Пайғамбарды да, бүкіл сахабалардың киелі сұхбаттарын да жоққа шығарғандар көп. Қазір жер бетінде тірі жүргендері де аз емес. Бір адам бірде-бір малғұнды еске алмаса, лағынет айтпаса, шариғат тұрғысынан ешқандай зияны жоқ. Өйткені жамандау мен лағынет айту, мадақтау мен сүйіспеншілік таныту сияқты нәрсе емес. Олар жақсы амалдардың қатарына кірмейді. Егер зияны тисе, тіпті жаман. Қазіргі кезде жасырын мүнафықтар, бәрінен бұрын Ислам діні мен Құран ақиқаттарын қорғауға жауапты кейбір молдаларды Уахабилік сезімдерді қоздыру арқылы тұзаққа түсіруде. Осылайша хақ жолындағыларға «Алеви» деген кінә тағып, бір-біріне айдап салып отыр. Осындай әдістермен Ислам дініне ауыр соққы бергісі келетіндер қаптап жүр. Өз хатыңда сен де бір шамасын жазыпсың. Маған және Рисалей-Нұрға қарсы ең әсерлі құрал ретінде молдаларды қолданғанын өзің де білесің. Қазір Харамейн, Шерифейнде билік құрып тұрған Уахабилердің және атақты ғұламалар Ибн Тәймие мен Ибн-ул Каймил Жезвидің еңбектері көптен бері Стамбулдағы молдалардың қолында жүр. Оның ішінде әулиелерге қарсы және бидғаттарға біршама атүсті қарайтын ұстанымдарын өздеріне перде еткісі келетін, бидғаттарға белшесінен батқан кейбір молдалар сенің Әһли Бейтке деген сүйіспеншілігіңнен туындаған және әзірге паш етудің қажеті жоқ иджтихатыңды желеу етіп, саған және Нұр шәкірттеріне соққы беруі мүмкін. Сонымен шариғат жаманда, кәпір сана деп әмір бермейді. Алайда, шариғатта

207ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іжамандау мен біреуді кәпір санаудың арнайы үкімі бар. Егер нақақтан-нақақ жамандап, біреуді кәпір деп айыптаса үлкен зияны бар. Егер айтқаны дұрыс болса онда ешқандай жақсылық та сауап та жоқ. Өйткені жамандау мен кәпір санауға лайық адамдар өте көп. Бірақ шариғатта неге жамандамадың, неге кәпір санамадың деген үкім жоқ.Сондықтан хақ жолындағылар, Әһли Сүннеттің жоғарыдағы ақиқаттарға сүйенген қасиетті қағидаларын өздеріне үлгі етіп, төрт имам мен Әһл-и Бейт және он екі имам кезеңінен басталған мұсылмандар арасындағы көне тарихта қалған фитне-бүліктер жайлы айтысып-тартысуды жөн көрмеген. Пайдасы жоқ, керісінше зиянды деп білген.Сондай-ақ, сол соғыста екі жақта да аса қадірлі сахабалар болған. Ал сол араздықты қозғаудың нәтижесінде әлгі сахабаларға, тіпті Талха(р.а.) Зүбейр (р.а.) секілді Ашаре-и мубашшереге қарсы көңілге сіздердікі дұрыс емес, қате деген ой келеді. Қателік болса да тәуба ету ықтималы жоғары. Баяғы дәуірге оралып, шариғаттың бұйрығы болмаса да сол жағдайларды құр босқа қазбалау, дәл қазіргі кезде Исламға аяусыз соққы беріп жатқан және мыңдаған лағынет айтуға, жиіркенуге лайық адамдарға назар аудармау секілді жағдайға түсу, байыпты бір мұсылманның қасиетті борышына сай келмейтін мінез. Тіпті, сенің Сабримен аздап айтысып қалғаныңның өзі Рисалей-Нұрға және иман ақиқаттарының жайылуына елеулі зиян келтіргенін жасыра алмаймын. Оны сол кездің өзінде, осы жерде отырып сездім және жаныма қатты батты, қиналып қалдым. Сосын сен сияқты зерделі бір ғалымның және Рисалей-Нұрдың сол аймақта өркен жаюына себеп болар Сабридың сол жерге баруларың және екеуіңнен Нұр қызметін күтіп отырғанда, керсінше Нұрға үш тұрғыдан зиян келгенін сездім және көрдім. Апыр-ай, бұл қалай болды деп отырғанда, үш күннен кейін Сабридың сенімен орынсыз жерде, құр босқа айтысып-тартысқанын естідім. Сен де ашуланған екенсің. «Қап», дедім. «О жаратқан Ием! Эрзурумнан маған көмекке келген осы екі кісінің араздығын татулыққа айналдыр!» деп жалбарындым. Рисалей-Нұрдың Ықылас сыры жайлы бөлімінде айтылғандай, қазір иманды жандар мұсылман түгілі христиандардың діндар дінбасыларымен ынтымақтасып, араздық туғызар мәселелерге мән бермеуі керек. Өйткені күпірлік шабуыл жасап жатыр. Сен діндар, ғылыми тәжірибең бар адамсың хәм Нұрлармен шұғылданып

208ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іжүрген адам болғандықтан сенен өтінерім, Сабримен арадағы болған оқиғаны ұмытуға тырыс. Сен оны кешір, өйткені ол өз ойынан шығарып айтпаған. Баяғыдан бері молдалардан естіген нәрселерін орынсыз жерде дау-дамайға айналдырған.Үлкен жақсылықтар мен қайырымдылықтардың көптеген күнәларға кәффарат – өтеу болатынын өзің де білесің. Жерлесіміз Сабри шынымен де Нұрға және Нұр арқылы қызмет еткені соншалық мың қателігін жуып шаяр. Сіз көрегенділік танытып әлгіндей Нұр қызметтерінің құрметі үшін Нұр қызметінде жүрген бір жолдас, дос жерлес ретінде қарағаныңыз жөн. Сахабалардың кейбіреулері сол соғыста салыстырмалы әділетті және шариғаттың рұқсатын назарға алып, хазіреті Алидің (р.а.) аса тақуалықпен, қанағатшылықпен ешкімге тәуелді болмай ұстанған нағыз әділет пен шариғат жолын тәрк етіп, қарсы жаққа осы иджтихат негізінде қосылған. Тіпті имам Алидің (р.а.) бауыры Укайл және нағыз ғұлама атағына ие болған Абдуллаһ Ибн Аббас та бір ауық қарсы жақта болғандықтан, Әһли Сүннет уәл жамағат, шариғаттың деген негізгі қағидасына орай деп сол фитне жайлы әңгіме қозғауды жөн көрмеген. Өйткені келіспеуге тұрарлық бірнеше кісі болғанымен, бір жаққа жақтасу сезімі билеп, үлкен сахабаларға, тіпті қарсыластардың арасындағы Әһли Бәйттің кейбір тұлғаларына Талха (р.а.) және Зүбейр (р.а.) секілді Ашара-и мүбашшарадан болған жандарға қарсы шығып, дұшпандық сезім оянып кетер деп, Әһли сүннет бұл есікті жауып тастауды қолдайды. Тіпті Әһли Сүннеттің және Кәләм ілімінің үлкен имамы, атақты Саадеддин Тафтазани, Язид пен Уәлидке лағынет айтуға рұхсат беретінімен, Сеид Шәриф Жүржани секілді Әһли Сүннет уәл жамағаттың ғұламалары былай деген: «Былай алып қарағанда, Язид пен Уәлид қатыгез, залым, күнәһар. Бірақ жантәсілім етерде имансыз кеткендіктері беймәлім болғандықан және бұлтартпас дәлелдер болмағандықтан, Иманды болулары және тәубе ету мүмкіншіліктері болғандықтан, оларға арнайы лағнет айтуға болмайды. Бәлки секілді жалпылама бір атпен лағнет айтуға болар. Әйтпесе оның ешқандай пайдасы жоқ, қайта зиян» деп, Саадеддин Тафтазаниға қарсы келген.

209ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІСенің ғылыми түрдегі нақты өлшемдермен жазған хатыңа егжей-тегжейлі жауап жаза алмауымның себебі, меңдеп бара жатқан сырқатым мен маңызды істерімнің көп болуы. Сондықтан, жауабым асығыс және қысқа жазылды. Саид Нұрси* * * * *Әзиз Сыддық бауырларым!Біріншіден: Фирдаус Жәннатының жемісі және Медресетүз Зехраның еңбекқор шәкірттерінің амалдары мен жақсылықтары жазылар дәптері болған «Зүлфикар» мен қасындағы кітаптарды, жұма ақшамы торғайдың сүйінші сұрауынан екі сағат өткен соң қуанышты жағдайда алдық. Сендерге сол жердегі (кітаптардағы) әріптердің саныша деп, жан-тәнімізбен құттықтай отырып, осы аймаққа да құтты болсын айтамыз.«Зүлфикар» жазылғаннан кейін, алғашқы жемістері көріне бастады. Дінді қолдаушы топтар күшейді, қарсы шығушы топтардың шабуылдары тоқтады. Кейбіреулері райларынан қайтып, бұрынғы қателіктерін түзетуге тырысуда. Дәл қазір басылып, таралуы ИнашаАллаһ мемлекетке Ислами тұрғыдан үлкен пайдасы тиіп, зұлымдықтардың бетін қайтаратындығының бір белгісі.Солтүстіктен жеткен атисттік ағымды тек Рисалей-Нұр тоқтата алады. Саясат пен дипломатия бұл міндетті атқара алмайды. Сондықтан отансүйгіш, ұлт жанды саясаткерлер Рисалей-Нұрға жармасуға мәжбүр. Сол «Зүлфикардың» жарық көруіне ат салысқандардың рухани келбетінің, тіпті әр қайсысының қияметтегі жақсылықтар жазылған дәптеріне (сол кітаптың) жеті жүз беті мен бірге жақсылықтар жазылған бір бет болып көрніс табуын Мейрімді Аллаһтан тілейміз. Бұл имани ақиқаттар жоғарғы дәрежелі құлшылық және жақсы амал, сол арқылы көптеген адамдардың иманын құтқару мыңдаған жақсы амал жасағанмен бірдей. Олай болса оның жарық көруіне ат салысқандардың әр қайсысы оны оқып, тыңдап, нақты сенуі арқылы, өзі жасаған жақсы амал дәптері сынды ақыреттік

210ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іқұжаты десе де болады. Жеті жүз беттік «Зүлфикар» олардың жеке және рухнаи дәптерлеріне бір бет болып жазылуы Аллаһтың шексіз мейріміне жарасар іс.Екіншіден: Расында да Нұрлар өзі жүрген жердің бәрінде жеңіске жетуде. Алайда қырсық, бірбеткей бұзғыншылар, қолдарынан келгенінше оның жарыққа шығуына, тарала түсуіне кедергі келтіру үшін әр түрлі айла-шарғылар арқылы саясаткерлерді үрейлендіруге тырысуда. Инша-Аллаһ еш нәрсе істей алмас. Бірақ әрқашан да абай болған жақсы. (Сырран тәнаууарат) әдісі жалғасуда. Осындай бірнеше жинақ шыққанға дейін абайболу керек. Тіпті осы жолы -ның сыры жайлы жазылған рисалемді он үш жылдан бері көрген жоқ едім. Оны бұл жаққа жіберу абай болудың шартына жатпайды және оны жұрттың бәрі түсіне алмайды. Түсіндіру, тәпсірлеу керек. «Қосымшадағы» бір хатымда екі ақиқаттың бірге ескертілгені жайлы жазған едім..Біріншісі: Салыстырмалы түрде шағын бір шеңберде Нұр көрсетілген еді. Ондағы мағынаны кеңінен алып, «Бір Нұрға бөленеміз» деп сүйінші сұраған едім. Тіпті Демократиялық төңкерістің алдында да сол кездегі шәкірттеріме мұны қаншама рет сүйіншілеген едім. Кең шеңбердегі саяси аренада (Нұрға бөленеміз) деп ойлаушы едім. Сөйтсем, бұл ел аса мұқтаж болған имани, Ислами және Ислами қоғамдық өмірде Рисалей-Нұрды көресіңдер деп ескертілген екен ғой. Алдын ала сезу қабілеті арқылы мен де қайта-қайта хабар беруші едім. Бұл хақ пен ақиқатқа толы мәселенің сыртқы бейнесін өзгеше жеткізген екенмін.Екіншісі: Ислами нышандар мен Ислами басқаруға соққы бергендер, он екі, он үш, он төрт, он алты жыл ішінде жойқын соққылар алатындығы ескертілді.Бірінші мәселеге керсінше, кең шеңберде болып жатқан оқи–ғаларды, үлкен жамағаттарға берілген соққыларды, шағын шеңберде жеке адамдарға берілер соққы ретінде мағына берген едім. Үлкен және кіші екі шеңберде де орын алды, он екі жылдан кейін ең сұмдығы дүниеден кетті. Үлкен шеңберде де жан түршіктірер ұйымдар он екі, он үш, он төрт, он алты жылдан кейін соққылар алды, ала беретін болады деген ескерту жасалды. Мен өз жорамалым арқылы кең шеңбердегі оқиғаларды шағын шеңберде болатындығын ойлағаным сияқты Нұр мәселесінде де шағын шеңбердегі Имани, Нұрға қатысты

211ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іоқиғаларды үлкен саяси шеңберде болады деп жорамалдаған едім. Сондықтан-ның сырын әркім бірден түсінбейді. Сондай-ақ жеке есімдер мұндай ғылыми мәселелерде айтылмауы керек. Сондықтан ол рисаленің он үш жыл бойы қолыма тимеуі жөн болған. Егер біреу қатты қызығушылық танытатын болса сырының бас жағында «Әзірге екіншіден» деп басталған бөлімді және сол тақырыпқа байланысты «Қосымшада» айтылған жерді оқысын, әйтпесе еш оқымай-ақ қойсын. Екінші дүние жүзілік соғыс пен әлгі сұм адам дүниеден кеткеннен кейін оның жолын ұстанушылардың әлсіреуі, кейбіреулерінің керісінше дінге жақтасып, еңбек етулері және Әһл-і иманның абсолюттік диктатурадан бір шама құтылуы сәл айырмашылық болмаса, бұл шағын рисаленің жеткізген хабарлары дұрыс шығуы, бұл сүренің мұғжизалы нұрынан туындап отыр. Тек менің сезімдерім араласқан жорамалдарым ақиқатты бүркеп қалыпты.* * * * *Әзиз, Қадірменді бауырларым!Мың үш жүз жылдан бері Ислам Әлемін жылатып, Хақ жолындағыларға «Обал-ай» дегізіп отырған Ислам Әлемінің ең ауыр жарасын тырнау, мұны ойлау маған ақыл алмастай азап береді. Әсіресе жиырма бес жылдан бері шынайы ықыласпен иман жолындағы қызмет, маған саясаттың барлық түрінен бас тартқызды, жиырма бес жылдан бері бір де бір газетке назар аудартпады. Жиырма жылдық азапқа толы қапаста, саяси өмірге назар аудармау үшін өзімді сотта қорғағаннан басқа үкіметке арыз айтпаған, Иман жолындағы міндеттеріне зиян келмеуі үшін, ықыласы әлсіремеуі үшін және саясатқа араласып кетпеуі үшін он жылдан бері дүние жүзілік соғысқа назар аудармаған, аудартпаған рухани жағдайды бойыма сіңіруге мәжбүрмін. Ал қазір де сұмдық қорқынышты айдаһарлар Иман ақиқаттары тұғысынан иманды жандарға көз алдымызда шабуыл жасауда. Көбісін тістелеп жатқанда, Құран әһл-и иманды құтқарып қалуға бұйрық беріп тұрғанда қазіргі заманды қоя тұрып, өткен шаққа оралып, Әһли Бәйттің басына келген сұмдық зұлымдықтарға назар аудару рухымды одан әрі жаныштап тастайды және рухани күшімді әлсіретіп, рухыма азап үстіне азап тартқызады.

212ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІЗалым саясаттың аясыз бір қағидасы «Жалпының (игілігі) үшін жалқы пида етіледі» деп қаншама зұлымдық жасалды. Жамандардың ішіндегі тәуірі (басқасынан жақсы) көпшіліктің игілігі үшін деген үкімдермен әрекет жасалды. Тіпті соңғы ғасырда, осы қатыгез қағида бойынша үкім шығарып, бір адамның қателігі үшін бір ауылдың тас-талқанын шығаруда. Өз саясаттарына зиян келтіруі мүмкін деген бес-алты адам үшін мыңдаған адамды зар қақсатады.Баяғы кездері саясаттың осындай қатыгез қағидалары мұсылмандар арасына да кіргендіктен, мұндай сұмдық қағидаларға қарсы, сахабалар мен Әһл-и Сүннет уәл жамағаттың имамдары ол есіктерді жауып тастап, деп, ол есіктерді ашпауда. Әһл-и Бейтке зұлымдық жасағандар қазір ақыретте ауыр жазалар тартуда. Біз оларға тиісу арқылы жазаларына қосымша болуымыздың қажеті жоқ. Ал зұлымдыққа ұшыраған Әһл-и Бейіт уақытша тартқан азаптар мен қиыншылықтар арқылы жоғарғы дәрежедегі жарылқауларға бөленгені сонша, оған біздің ақылымыз жетпейді. Қазір оларға жан ашығаннан гөрі, олардың шексіз мейрімге бөленулеріне орай мың құтты болсын айту керек. Бірнеше жылдық қиыншылықтардың орнына, олардан неше миллион есе артық мәңгілік, ақыреттік бақытқа қол жеткізді. Бұл дүниенің өзінде дүниелік түкке тұрғысыз уақытша салтанат пен биліктің, аласапыран саясаттың орнына әр қайсысы бір бір рухани Сұлтан, ақиқат әлемінде Шах, рухани Падишах мәртебесіне қол жеткізді. Уәлилерге емес әулиелер мен құтыптарға басшы болды. Пайдалары бірге мың емес, миллиондап саналады.Осы сырға орай: Бүгінгі Саидтың өзіндік ұстазы Имам Раббани, Ғаус Ағзам және Имам Ғазали, Зейнелабидин (р.а.) Әсіресе «Жәушан-ул Кәбир» мінәжатын мына екі имамнан сабақ етіп алдым. Хазреті Хүсейн мен Имам Әли Керемаллаһу Ужхадан алған сабағым мынау отыз жылдан бері, солар мен рухани байланысып, бұрынғы ақиқаттарды және қазіргі Рисалей-Нұр арқылы жеткен ұстанымды алдым. Залымдардың қатігездіктерін ашып қарамақ түгілі, ойлаудың өзі біздің ұстанымымызға сәйкес келмейді. Өйткені олар өз жазаларын, ал зұлымдыққа ұшырағандар өз сыйлықтарын біздің ақылымыз жете алмастай дәрежеде алып қойған. Ол мәселелермен шұғылдану, қазіргі кездегі дінге жасалып жатқан шабуылдармен күресу үшін жасалар Құрани міндеттерімізге зиян

213ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ібереді. Келам ілімі мен діни негіздерді зерттеуші ғұламалардың және Әһл-и Сүннет уәл жамағаттың зерттеушілерінің Ислами ақидаларға қатысты зерттеулері, аят, хадистерді салыстыра отырып қабылдаған діни негіздерге байланысты шешімдері Рисалей-Нұрдың ұстанымдарын сақтауды талап етеді, қуаттайды. Тіпті еш жеріне, бидғаттарды қолдаушылар да тиісе алмауда. Шынайы ықылас толық сақталғандықтан, әр түрлі мұсылмандар келіп кіруде.Шейттік ағымды берік ұстанушы да, Вахабилікте асыра сілтеуші де, ең материалист философ та пән ғылымдарына әбден беріліп кеткені де, өз ұстанымдарынан айнымайтын менменшіл молдалар да бәрі бірге Нұр шеңберіне кіре бастапты, кейбіреулері бауыр адамдардай араласып кетіпті. Тіпті кейбір миссионерлер мен Исауилік (а.с.) дінінің нағыз діндарлары да осы шеңберге кіретіндігінің нышандары бар. Бір-біріне тиісуді қойып, тіл табысып, бірін-бірі қолдау керектігін сезіп, айтыс-тартысқа жол ашар мәселелерді қозғауды қойды. Демек Имам Әли отыз-қырық ишара арқылы анық хабар береген Рисалей-Нұр, қазіргі заманың сұмдық жараларына нағыз ем екендігі белгілі. Сондықтан осы шеңбер бізді толық қанағаттандырады, сыртқа шығудың қажеті жоқ. Имам Әлидің (керремуллаһу уәжһә) жеке басына, өмір тарихына және нағыз әділдікті ұстанған саясатына тиісу, соқтығу бір басқа. Сыртқы болмысынан, дүниелік өмірінен, қоғамдағы саяси әрекеттерінен мыңдаған есе жоғары тұратын рухани тұлғасына, кемел іліміне әулиелік дәрежесіне, мұрагерлігіне зиян келмейді, келмеген, тиісе де алмайды. Ол кімнің қолынан келеді? Сондықтан екі жағын біріктіріп, тиісуге тырысқандардың шабуылы сұмдық болып көрінуде. Мұсылмандар арасында мұндай нәрсе қалай орын алуы мүмкін? деген нәрсе таң қалдыруда. Ал Йезид пен Уәлид сынды оңбағандардан басқалардың басым көпшілігі Имам Әлидің(р.а.) кемелдігіне, кереметтеріне және мұрагерлігіне тиіспеген. Қоғамдық өмірдегі басқаруына қарсы шығып, қателік жасаған. Сырттан келген қалың жаудың шабуылы кезінде, ішкі шағын жауласуларды доғару өте қажет. Олай етпеген жағдайда сырттан келген қалың жауға көмектескен болып саналады. Сондықтан мұсылмандар арасында бұрынан бері жақ-жақ болып айтысып жүргендер, өз ара жауласуды ұмыту Исламиеттің талабы.* * * * *

214ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІӘзиз, Сыддық, Аллаһ бақ берген бауырым Сүлейман Рүштү!Сені және қаһарман бауырың Бурханды және сенің мүбәрак, бейкүнә екі балаңды, үй-ішіңді, Рисалей-Нұрдың атынан, барлық шәкірттердің атынан шын көңлімізбен құттықтаймыз. Мұндай қасиетті істердегі табыстарыңа Спарта мен осы аймақ келешекте ризашылықтарын білдіретін болады. Сендерге көптеген хайырлы дұға ететін болады. ИншаАллаһ «Зүлфикар» сынды көптеген кітаптарда табысқа қол жеткізетін боласыңдар. Мынадай ауыр жағдайда осынша табысқа қол жеткізу «Зүлфикардың» да сендердің шын ниеттеріңнің де кереметі. Сенің аса берекелі түсің, Аллаһтың Әмірімен Құранды Хазрет Пайғамбарымызға Алейхиссалату Уссаламға беру, Хареті Жәбрейлдің міндетінің бір көрнісі. Бұл мынаған ишара: Бұл қызметіміз. Аллаһтың да Пайғамбарымыздың (с.а.у.) да ризашылығына бөленуде. Сенің түсіңді Құранның мұғжизалығын Мұхаммедтің (с.а.у.) мұғжизалары арқылы Мұхаммедтің үмметіне жеткізу мағынасында жоруға болады.Мәселен шағын бір әйнекті күнге қаратып ұстаған адамның қолындағы әйнектен күннің бейнесі, жарығымен қоса көрінеді. Ұстап тұрған адаммен де байланысып тұрады. Сол сияқты жеке түстерде көру де (сахабалар осындай түстер көрген) қабыл болудың, риза болудың белгісі. Хазреті Пайғамбарымыздың (с.а.у.) жанында көрген адамың да Нұр мен Рисалей-Нұр шәкірттерінің рухани келбеті.* * * * *Біздің міндетіміз, ықыласпен, табандылықпен бір-біріне арқа сүйеп, мүмкін болғанша абай болып (сырран тәнәууарат) Хазрет Әлидің айтқандарын іс жүзінде растау, соған қарай әрекет ету. Қарсы шығушылармен айтысып-тартысудың, және олардың шабуылдарынан үрейленудің қажеті жоқ. Табысқа жеткізу, Нұрлардың жайыла түсуі, сұранысқа ие болуы Аллаһтың ісі. Біз өз міндетімізді атқарып Аллаһтың ісіне араласпауымыз керек деп өзім де, сендердің орындарыңа да байыз таптым.* * * * *Бес Ахмедтің біреуі, Сафранболуда Хасан Фейзінің орнын басқан нағыз мұрагері Сафранболулық Ахмед Фуад шын көңілінен, жан қиярлығын көрсеткен хатында, Хасан Фейзі, Хафыз Әли сияқты

215ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іқалған өмірін маған беріп, менің орныма, менен бұрын бәрзах әлеміне кетуге дұға етуде. Ал дәл қазір Нұрлар үшін оның өмір сүргені пайдалырақ. Маған қарағанда жас, еңбекқор бір бауырым, басқа да бауырларым сияқты Нұр жолындағы шаруаларымды жалғастыруда деп көңілім жай тауып, ажалымды күтемін. Хақ Тағала сол сияқты көптеген жан қияр бауырларды Нұрға қауыштырсын.* * * * *Байырғы сенімді дос, аса қайратты, табанды, Нұр медресесінің хас барыларының бірі ағаш ұстасы Ахмедтің, медресенің ұстазы хажы Хафыздың керемет өліміне байланысты тамаша, әрі мұңды хатында айтылған Нұр медресесіндегі шәкірттердің марқұм ұстаздарына діндарларша көрсеткен қызметтері мен оларға қиындық тудырмау, суға шылқытпау үшін жаңбырдың тоқтап қалуы, шаруа аяқталған соң қайта жалғасуы, ол марқұмның рухына мол мейрімінің жауып жатқанына ишара... Хақ Тағала сол мейірім тамшыларының санынша оған және оларға рахмет жаудырсын... Әмин.* * * * *Қостамонуда мүбәрак баласымен және марқұм әйелімен бірге Рисалей-Нұрға шынайы түрде, беріле отырып сегіз жыл еңбек сіңірген және өз қаламы арқылы Рисалей-Нұрға қызмет етіп, көптеген кісілерді Нұр шеңберіне кіргізген және түрмеде өзі сияқты хас батырлардың бірі болған Садық бейге және маған да көмегі тиіп, Нұр шәкірттерің ауызбіршілігі жолында маңызды еңбек сіңірген және Фейзі, Әмин, Ихсан, Ахмедтер сынды хас бауырларымызбен бірге Нұрға қызмет еткен, «Кіші Шейх» атанған Хилми Бей өз хатында ол да Нұршы болған әйелінің қайтыс болғандығын жеткізуде. Ол марқұм жайлы шүкір ететін бір нәрсе, бір-екі айдан бергі дұғаларымда Зехралар деген кезімде Хажарларды қоса айтатынмын. Солардың арасында әлгі марқұм әйелге де қоса ниет ететінмін. Қайтыс болғандығынан хабарым жоқ болатын. Хақ Тағала оған мың-мың рахмет жаудырсын және туысқандарына сабыр берсін, әмин!* * * * *

216ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІОсы күндері тексеру-түзету барысында, Рисалей-Нұрдың шеңберінде жүрген және сол жолда еңбек етіп жүрген және Кониялық молдалардан басқа молдаларға қатты ашуландым. Өйткені Арабша оқымаған Нұр шәкірттері, арабша білмегендіктен қате жіберіп қояды. Маған да қиындық туатындықтан, бұрынғы шәкірттерімнің арасындағы молдаларға және бауырыма, сондай-ақ қазіргі Анкара мен Стамбулдағы ресми қызмет атқарушы молдаларға айғай салып былай дедім: Ей ұятсыздар! Мойындарыңның борышы, медресеңіздің төл өнімі, сондай-ақ сізге парыз айн саналар мына иман жолындағы істе маған неге көмектеспейсіңдер. Мүмкін сендердің немқұрайлылықтарың көп адамның тартыншақтауына себеп болар. «Имам Әлидің (р.а.) ақырзаманның молдаларына ұрған шапалағынан үлестеріңізді алып та жатқан шығарсыздар», деп көңілім қарсылық білдіріп жатқанда, бірденен, жүректері таза молдаларды қорғау үшін үш мағына ескертілді:Біріншісі: Екі үлкен ресми орталықта, екі ғылыми топ, айтуға келмес себептерді сылтау етіп, молдаларды Рисалей-Нұрдан сырт айналдыру үшін, неше түрлі шараларды қолдануда. Мемлекеттік қызмет арқылы күн көрістің қамымен байғұс молдаларды өздеріне қаратуда, Нұрлардан алыстауда. Байғұс молдалар Нұрлардың қадірін білмей жатқан жоқ. Күн көрістің қамы үшін немесе ана ғұламалар кеңесіндегі молдаларға сенеді және өздері оқыған діни білімдері имандарын құтқаруға жетеді ғой деген оймен немқұрайлылық танытып, рұхсатты негізге алар пәтуамен амал етуде.Екінші мағына: Осынша сұмдық шабуылдар мен қысымдарға ұшыраған Рисалей-Нұр шәкірттерінің үрейленіп, Менемен немесе Шейх Саид оқиғалары сияқты жағдай туғызулары мүмкін деп, екі рет көздерін жоюға жасырын әрекеттер жасалғандықтан және баяғыдан бергі жауларым ресми заңдар арқылы да билік, саясат арқылы да үкімет мүшелерін айдап салып, екі рет қаматып, айыптап, ресми және ресми емес азғыру әдістерін пайдаланып, жұртты бізден және Нұрлардан шошыту арқылы кейбір сезімтал, әлсіз молдаларды қорқытып, кедергі болуда. Сондықтан көпшілік емес, жүрек жұтқан, табанды молдалар ғана Нұр шеңберіне кіріп, кірмегендерге де біршама кешірім жасатуда.Үшінші мағына: Әзірге айтылмады. Кейбір молдалар «Бойы мұнарадай биік бір адам, маңдайында оқылатын бір жазу болады», «Қолы бірденен сумен тесіліп кетеді» деген астарлы мағыналарды

217ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ірасында солай деп ойлау арқылы Рисалей-Нұрдағы ғайби хабарларды өзінің түсінігіне сәйкестендіре алмауда... Сондықтан оған жақындамайды. Хақ Тағалаға сансыз шүкір етеміз бүгінгі таңда қарапайым мұсылмандар аса мұқтаж, арқа сүйер ақиқаттарды Рисалей-Нұрдан табуда. Еш нәрсеге қол шоқпар болмайтын, ешқандай күдік-күмәнға жол бермейтін, еш қандай жау сылтау-себептерді пайдаланып жоққа шығара алмайтын, және хақ пен ақиқат үшін сол жолда еңбек ететіндер шығады. Дүниелік мақсат көзделмейді. Сондықтан алыстағы мұсылмандар бұл ақиқаттарға және оның адал таратушыларына толық сеніп, өз имандарын азғындар мен дінсіздердің дінге қарсы шығушы философтардың жоққа шығуларынан аман алып қалады. Сол мұсылмандар, хал тілдерімен «Бұл ақиқаттарға осыншама қарсы шығушы дұшпандар жоққа шығара алмайды, ендеше бұл шәкірттердің Хақтан басқа ниеттері, мақсаттары жоқ». Ендеше бұл хақтың, ақиқаттың нақ өзі деп, мың дәлел ретінде санап, иманын күшейтеді, құтқарып қалады. «Исламиятта бір қателік бар ма?», деп күдік-күмәнға бой алдырмайды.Еңбегі зор болғанымен, қолы қысқа Абдуррахман Салахаддин, «Аса-й Мұса» мен «Зүлфиқардың» кейбір бөлімін Әл-Әзхар университетіне екі рет жібергісі келгенімен, кейбір себептерге байланысты сол бір аса қажет және маңызды жерге жетпей қалыпты. қағидасына орай, мен ол екі нұсқаны тексеріп-түзетпеген соң солай болған шығар. Ол жақтағы барлық нәрсені жіті тексеруші ғұламаларға, жақсылап тексеруден өткізген соң және «Зүлфиқарды» толықтырып, «Аса-и Мұсамен» бірге жіберілуі жөн болатын шығар деп ескертілді жүрегіме. Мүмкін ғұламалардың сынына ұшырар кателіктер кеткен шығар ішінде. Сондықтан ол екі нұсқаны Салахаддин маған жібересін, мен қарап шығайын. ИншаАллаһ содан кейін, толық «Зүлфиқарды», «Аса-и Мұса» мен «Тылсым жинағын» қоса мәнді бір баяндамамен қоса жолдайтын боламыз.Ұстаздарымның бірі Мәулана Жалаледдин Румидің (қ.с.) жолын ұстаушы екендігі белгілі Хажы Абдуллатифтің хатынан түсінікті болғандай, ол біле отыра және толық қолдай отыра Нұрларға қызмет ететін болады. Онсыз да мен Меулевилерден Нұрдың хас батырлары

218ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ішықса деп күтуші едім. ИншаАллаһ, солардың бірі осы болады. Оған көптен-көп сәлем жолдаймын. Арнайы хат жазуға шамам жоқ, оған ренжімесін. Сол жақтағы Сабри мен балаларына, Нұр шәкірттеріне және Вехби Хазрет бастаған молдаларға сәлем жолдап, дұғаларын күтеміз.* * * * *Өзім өлгеннен кейін қолдарыңа тиер рухани малымды және құқымды тірі кезімде сырын негізге алып отырып, сендерді мұрагер етуіме байланысты бір Нұр шәкірті сұрақ қойды. «Мұның хикмет-сыры не?» Сізді әлі де ұзақ уақыт бойы арамыздан көргіміз келеді. ИншаАллаһ солай жүре беретін шығармыз. Мен де былай дедім. Егер мен өлгенен кейін мына нағыз ақиқатшыл мұрагерлерімнің қолына тиер болса, дүниелік мал сияқты бөлініп, дәрежелеріне қарай әр қайсысы бір шама затқа ие болып қалады. Барлығына ие бола алмайды. Ал өлмей тұрып мұрагерлерге берілсе, ақыреттік мал ретінде әр қайсысы барлық малға, Нұрлы шамшыраққа дәрежесіне қарай ие болып қалады. Әр қайсысы бір бір кіші Саидқа айналады. Бір қарауыл емес мың қарауыл шығады. Саидтың мыңнан бір мұрасына ие бір Нұршы болып қалмайды. Нағыз жас Саидтың өзіне айналады. Мәселен ол заттар, Нұрлы дүние, бір қазна болса мыңдаған Нұршыға бөліп берген кезде жиырма алтыннан, жүз алтыннан тиуі мүмкін. Ал өлмей тұрып оларға тапсырған кезде, үлкен бір сырға байланысты, әр қайсысының қабілетіне орай, хас шәкірттерге бір миллион тиуі мүмкін. Бұл сырдың бір сыры бар, оны қазір айта алмаймын.Әлгі шәкірт тағы да былай деді: «Әр бір Хас шәкіртің сіз сияқты өмірін, өмірдің бар қызығын пида қыла ала ма? Осынша дүниеге бірден ие болып қалатындай». Мен де былай дедім: ИншаАллаһ бір-біріне арқа сүйеудің үлкен сырының арқасында (үш бір, қатар тұрғанда жүз он бірдің күшіне ие болатынындай) хас шәкірттер арасындағы шынайы ауызбіршіліктің күші, мен сияқты бишараның бойындағы сіз ойлаған аса күшті жанқиярлықтан кейін қалмайды ИншаАллаһ.* * * * *

219ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІСава Нұр медресесінің хас батырларының бірі Мехмед Чавуш, маған арнап жазған «Зүлфиқарды» полиция бастығының қолынан көріп, «Менікі, беріңіз» депті. Анау да «Маған қатты ұнады, бір-екі апта оқиын» депті. Ол да «Қала тұрсын», депті. Қаласаңдар, әлгі полиция бастығына және кітапты алған комисарға, Саид сізге сәлем айтты, Оның қол жазбасы нашар болған соң Сол кісіге арнап жазып едік деңдер.Мен Спартаның топырағын да тасын да бүкіл халқын мүбәрак санағандықтан, ол жердегі билікке әсіресе сақшыларға шынайы достық назармен қараймын. Тағы бір ерекшелік, көптеген тәжірибе–лер көрсеткендей және үш уәләяттың сақшылары мойындағанындай және үш уәлияттың соттары бір ауыздан ақтау қарарын алғаны және үш ғылыми кеңестің және сарапшылардың қолдау көрсетуі, мақтауы мынаны көрсетеді; Рисалей-Нұрды жарыққа шығарушылар мен сақшылардың міндеті болған қоғамның тыныштығын сақтау, жүйені қадағалау, сақшылық және тәртіпсіздікке қарсы әрекетте, комисарлардан артық әрекет етуде және бас бұзар, бұзақыларды тыюда, тыныштықты сақтауда рухани жақтан әсер етіп, рухани сақшылық қызмет атқарады. Сондықтан сақшылар күдікпен емес аса ризашылықпен, ішкі істер басқарма басшысының қарағанындай қарауы керек. Өйткені ол «Зүлфиқар» жайлы, «Өте тамаша, маған қатты ұнады, оқи беремін», депті. Жарайды не болса да ... Сендер қалай шешсеңдер өздерің білерсіңдер.Басқарма басшысына, Бауырың Саид Нұрси «Егер сол «Зүлфиқар» ұнаған болса ол кітап менікі еді, сыйлығым болсын, сол сияқты аса маңызды кітап «Аса-и Мұсаны» да сыйға тартайын» деген сәлемімді жеткізіңдер.Денізлі мен Тавастан келген тамаша хаттарыңа арнайы жауап жазуға уақыттың да шамамның да жоқтығынан арнайы жауап хат жазбағаным үшін ренжімеңдер. Чақыр Юсуфтың хаты оның шынайылығын және нағыз Хасан Фейзінің мұрагері болғандығын көрсетуде.* * * * *

220ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІСпартаның Хулусиі, Нұрдың хас батырларының бірі, бауырымыз Рефет Бейдің тоғыз жасындағы бейкүнә баласының, Рисалей-Нұрдан «Бірінші Сөзді» (осынша) тамаша жазып шығуы, ол мүбәрак Хүснүнің де Сафранболуның он бір жасар Хүснүсі сияқты балалар арасынан шыққан хас батырға айналатындығын көрсетуде. Хақ Тағала оны Нұрларға қызмет еткізсін және табысты етсін... әмин. Ол жазған нұсқаны тексеріп шыққан соң сендерге жолдаймын ИншаАллаһ.* * * * *БҰРЫНҒЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ, ҚАЗІР ПАРТИЯНЫҢБАС ХАТШЫСЫ ХИЛМИ БЕЙБІРІНШІДЕН: Жиырма жылдың ішінде бір ғана арызды ішкі істер министрі болып жүрген кезінде саған жазған болатынмын. Алайда, жиырма жылдық қағидамды бұзбадым. Сенімен бұрынғы ішкі істер министірі, қазіргі бас хатшы ретінде сөйлесемін. Жиырма жыл бойы үкіметке бір ауыз сөз айтпаған, бір-ақ рет үкіметтің жоғарғы шенді бір адамымен сөйлескен адам, он сағат сөйлесе де аз. Сондықтан сіз менімен бір-екі сағат сөйлесуге уақыт бөліңіз.ЕКІНШІДЕН:Қазір бір партияның бас хатшысы болғандықтан сізге бір ақиқатты баяндауға өзімді мәжбүрмін деп санамаймын. Ақиқатты айтайын: Өзің бас хатшы болып отырған Халық Партиясының халық алдында атқарар өте маңызды міндеті бар: Мың жылдан бері Ислам Әлемін өзінің ер жүректігімен қуантқан және Ислам бірлігін сақтап, адамзаттың күпірліктен, дінсіздіктен құтылуына себепші болған түрік халқы мен түріктенген халықтардың діни бауырластығы болатын. Егер қазір, бұрынғы кездегідей Құранға, иман ақиқаттарына қорған болып, ер жүректік көрсетпесеңдер және Құран мен иман ақиқаттарын жаюды тікелей қолға алмасаңдар, не болатынын сендерге айтып қояйын және солай болатынын бұлтартпас айғақтармен дәлелдеп беремін.Мұндай жағдай Ислам әлемінің сүйіспеншілігі мен бауырластығының орнына жиіркенішін, ер жүрек бауыры әрі қолбасшысы болған түрік халқына өшпенділігін туғызады. Сондай-ақ Ислам Әлемінің қорғаны, даңқты әскері болған түрік халқының быт-шыт болып ыдырауына солтүстік-шығыстан шығып, кәрін төгіп келе жатқан қызыл аждаһаның жаулап алуына себеп боласыңдар.

221ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІСырттағы екі қорқынышты ағымға қарсы қаһарман халқымыз Құранның күшімен шыдас береді. Абсолюттік күпірлікті, диктаторлықты, бейбастықты және намысты жандардың мал-мүлкін бейбастардың талан-таражға салуын әдетке айналдырған өте сұмдық күшпен келе жатқан өрт - ағымды тоқтатар күш, тек қана Ислам ақиқаттарымен біте қайнасқан, біріккен және тарихтағы барлық атақ-даңқына Ислам дінінің арқасында қол жеткізген халқымыздың діни қуаты мен имани тұтастығы.Халқымыздың отан сүйгіштері, ұлт жандылары бәрінен бұрын, біртұтас халқымыздың жанына айналып, біте қайнасып кеткен Құран ақиқаттарын, мәдени тәрбиенің орнына қойып, дәстүрлі түрде әрекет ету арқылы ғана әлгі қорқынышты ағымды тоқтата алады, ИншаАллаһ.Екінші ағым: Егер сендер отансүйгішсымақ, ұлтжандысымақ адамдар секілді, күні бүгінге дейін толассыз жүріп жатқан және мәдениет деген атпен, қасиетті құндылықтарды аяқасты еткен жүйені сақтап қалуға тырысып, үш-төрт адамның төңкеріс жасадық деп істеп жатқан әрекеттерін негіз етіп алып, бар жақсылықтар мен төңкерістің оңды істерін солар жасады деп, ал бар кемшілікті халыққа жапсаңдар, онда үш-төрт адамның үш-төрт жаманшылығы, үш-төрт миллион жаманшылық болып шығады. Ержүрек, діндар, Ислам әскері болған түрік халқының, тарих қойнауындағы миллиардтаған даңқты әскерлеріне, миллиондаған шахиттеріне, жалпы халыққа қарсы жасалған әрекет және оларды рухани азапқа салар мазақ болып есептеледі. Сонымен қатар әлгі төңкерісшіл үш-төрт адамның үлестері өте аз бола тұра, халық пен әскердің күш-қайратынан туған мол жақсылық сол үш-төрт адамға телінсе, үш-төрт миллиондық жақсылықтар үш-төрт қана жақсылыққа айналып, азайып қалады. Жоққа тән болып өте ауыр кемшіліктерді жуып-шая алмастай азайып қалады.ҮШІНШІДЕН: Әлбетте сендерге қарсы, көптеген іштей және сырттай қарсыластар бар. Егер осы қарсыластарың иман ақиқаттары жолында қарсыласар болса, сендерді бірден жеңіп кетер еді. Өйткені халқымыздың тоқсан пайызы мың жылдан бері Ислам дінінің қағидаларына жан-тәнімен берілген. Жаратылыстарына үйлеспейтін әмірге сырттай бас игенімен іштей (жүрекпен) бағынбайды.

222ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІСондай-ақ мұсылман адам басқа халықтар сияқты емес. Егер дінін тастаса, анархист болып, ешқандай заңға бағынбай кетеді. Шексіз диктаторлық пен жемқорлықтан басқа ешқандай тәрбие, ешқандай шара көмектеспей қалады. Бұл ақиқаттың көптеген айғақтары, көптеген мысалдары бар. Сіздің алғырлығыңызға сенім артып, қысқа қайырамын.Бұл ғасырдың Құранға аса мұқтаж екендігін сезінуде Швеция, Норвегия, Финляндиядан қалып қоймағаныңыз жөн. Тіпті, Сіз соларға және солар сияқты елдерге жетекші болуға міндеттісіз. Сіз төңкерістің әсерінен болған кемшіліктерді (әсіресе діни дәстүрлерге қатысты кемшіліктерді) жөндеуге тырыссаңыз, келешекте үлкен абыройға бөленіп, ақыретте көптеген кемшіліктеріңізді жуып-шайып, отаныңыз бен халқыңызға пайдалы қызмет еткен ұлтжанды, отан сүйгіш деген атқа лайық боласыз.ТӨРТІНШІДЕН: Ажалға араша жоқ, қабірдің аузы да жабылмайды. Сіз де барша жан секілді қабірге бет алып бара жатырсыз. Өлім – дінсіздер үшін мәңгілікке дарға асылу. Жүз мыңдаған ұйымдар, дүниеге табынушылық пен саясатшылар оны өзгерте алмайды. Сондай-ақ Құран, әлгі мәңгіге дарға асылуды, иманды жандар үшін міндеттен босатылу жолдамасына айналдыратынын жарқыраған күндей дәлелдеп берген Рисалей-Нұр қолыңызда. Жиырма жылдан бері бірде бір философ, дінсіз оған қарсы келе алмай отыр. Қайта оған мән берген философтарды иманға келтірді. Он екі жыл бойы төрт үлкен сотыңыз бен философтар мен ғұламалардан құралған комиссияңыз Рисалей-Нұрды мақтап, мойындап, баға берген болатын. Иман жайлы келтірген айғақ-дәлелдеріне қарсы келе алмаған. Сондай-ақ бұл рисалелер халқымыз бен отанымызға ешқандай зияны жоқ. Қайта анталаған теріс ағымдарға қарсы Зұлқарнайын қорғанындай Құрани қорған болғанына түрік халқының ішінен, әсіресе жасөспірім жеткіншектердің ішінен жүз мыңдаған куәгер тауып бер аламын. Әлбетте менің сізге ұсынып отырған пікіріме мән беру, маңызы зор міндетіңіз болып саналады. Сіз дүниелік мақсаттарға байланысты көптеген дипломаттарды үнемі тыңдап жүрсіз, бір ауық ақыреттік мәселелер жайлы сөз қозғаған қабір аузына таяп қалған, отандастарының халіне жаны ашып жылаған бір бейшараны да тыңдауыңыз керек.

223ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІШағын қосымшаХилми мырза! Бағың, Тәлейің бар екен. Түрмеде де осында да маған қатыгездік жасадың. Ашуланып, қарғыс айтқым келген кезде, Хилми бей деген бір бауырыма, Нұрдың хас бір шәкіртіне үнемі хайырлы дұға ететіндігім есіме түседі, саған қарғыс айтар кезімде сол Хилми бей деген ат саған шапағатшы болып, мені райымнан қайтарды. Мен де ондай ниеттен бас тарттым. Сенің маған азап беруші қызметкерлеріңнің әрекеттеріне шыдап қарғыс айтудан бас тарттым. Бұған қатты таң қалушы едім. Маған осынша азап шектіріп жатсаң да саған ашуланбаушы едім. Демек соңында сенімен дос болатындығымыз алдын ала сездірілген екен жүрегіме.Бұл арыз, жиырма жылдан бері ешқандай арыз бермесем де алғаш рет, ашуға мінген кезімде мені қыспаққа алған ішкі істер министірі Хилмиге арналып жазылған еді. Бұл жөніндегі мәлімет Афионның полиция бастығына жетіпті. Бостан босқа мені төрт-бес рет қинады. Сенің жазуың мұндай емес, саған кім жазып берді деп, мені полиция бөлімшесіне шақырып жауап алды. Мен де оларға, «Сендейлерге өтініш айтып, арыздануға болмайды, жиырма жылдық үнсіздігім дұрыс екен», дедім.

Ей, Әмірдағы билігі мен полициясы! Осы әңгімені бір жыл бұрын жазған едім. Бірақ бермей сақтап жүрдім. Қазір бес тұрғыдан заңсыз түрде, жеке баспанамда бір көмекшіге де рұхсат бермей, әр ісіме килігіп, дүниеде болмаған қысым жасап отыр. Мұны, заң атынан заңсыздық жасағандар ынсапқа келер деген оймен айтып отырмын.ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНЕ АЙТЫЛҒАНДАРДАН ҮЗІНДІТарихта және жер бетінде болмаған зұлымдыққа ұшырадым. Он тұрғыдан заңға қайшы келетін қатыгездік пен қысымға душар болдым. Қасақана у берулерден ауру болған, әлсіз, жетпіс бір жастағы қарт, жалғыз өзі, кісі аярлық жағдайда, елден жырақ өмір кешіп, шапаны мен аяқ киімін сатып, азық қылған пақыр және жиырма бес жыл бойы ешкіммен жүздесіп, әңгімелеспеген, мыңның ішінен бір-екі адал жанмен жүздесіп сөйлесетін, басқалар жат санайтын және жиырма жылдық өмірі мен еңбектерін үш сот пен Анкарадағы комиссия жіті тексергеннен кейін бір ауыздан ақталған, еңбектері отанымыз бен халқымызға пайдалы деп танылған бір бейкүнә және бірінші дүние жүзілік соғысқа қатысып ел қорғаған ұлан, қазір халқы мен елін анархиядан, шетелдіктердің арандатуынан құтқару үшін өз тәпсірлерімен бар күшін сала әрекет еткен отан сүйгіш, сондай-ақ жетпіс куәгердің сотта куәлік еткеніндей, жиырма бес жыл бойы бірде бір газет оқымаған, оқуға қызықпаған және жеті жыл бойы екінші дүние жүзілік соғыс жайлы сұрамаған, мән бермеген және өз еңбектерінде саясатпен байланысын түбегейлі үзгенін нақты айғақтармен дәлелдеген және дүниелік істеріңізге араласпағанын сот орындарының өзі ресми түрде мойындаған еш зиянсыз адам, ақыретіне, ықыласына нұқсан келмеуі үшін халықтың қошеметінен, бауырларының марапатынан барынша бойын аулақ ұстаған бейшара Саидқа ішкі істер министрі болған өзің бастап, Афион әкімі мен Әмірдағы полициясын басыма бәле қылып, күн сайын оқшаулау камерасының бір айлық азабын тартқызудасың. Жалғыз өзімді оқшау ұстау қандай заңның талабы. Қандай заң мұндай қатыгездікке жол беруі мүмкін деп, бұқараның құқын қорғаушы әділет басқармасы арқылы ішкі істер министріне айтып отырмын.Барлық мәдени, адами және өмір сүру құқынан қатыгездікпен мақұрым қалдырылған.Саид Нұрси

225ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІЖақында Ұстаздың жанына екі полковник (екеуі де жандармерия басшылары) бір депутат (партияның бақылаушысы) келді. Ұзаққа соғылған әңгімеден кейін үшеуі де бас иіп, Ұстазбен дос болуға қарар берді. Біреуі қазірдің өзінде Рисалей-Нұрға шәкірт болыпты. Ол депутат (орталық комитеттің бақылаушысы) Бұрынғы Саидпен дос екен. Ол кеткен соң белгілі болғанындай, сол кісінің араласуымен бұрынғы ішкі істер министрі, қазір партияның бас хатшысы Хилми Бей, Ұстазды жеке зиярат етіп, достық көңілмен сұхбаттаспақшы екен. Сондықтан ұстаз да сізге жолданған мына көшірмені оның қолына тапсырып, сол тақырыпта әңгімелесу үшін жазылған екен. Ол келмей тұрып, хабардар ету үшін сендерге жолдауға ұстаз рұхсат берді. Сондай-ақ Рефет Бейдің мүбәрак баласы Хүскүнің шағын рисалесінің соңына дұғасын жазды, оны да қосымша ретінде жолдап отырмыз.Хақ Тағалаға шексіз шүкір етеміз, өзі Нұршы, жақсы дос, діндар бір әкім, қазір осында әкім болып тағайындалыпты. Бұрынырақта өздеріңе жолданған «ішкі істер министрімен әңгіме» атты жазбаны да жолдап отырмыз. Ұстаз оны да өзіне оқып беретін болады.* * * * *Қаһарман Назиф пен Якуб Жамалдың (айтуынша) солтүстік-батыстағы үш елдің Құранды мойындауы «Зүлфикардың» жарыққа шығуына дәл келуі, өткен жылы «Зүлфикар» жарыққа шығар болса іште де сыртта да көптеген кісілердің ақиқаттарды тануына жол ашады дегенімізді дәлелдеп беруі жақсы жағдай деп, біз де сол екі бауырымызға қосылудамыз. Мына аласапыран, бұзғыншылық жайлаған ғасырда Немістердің жасырын түрде, ана үш елдің ашық түрде, адамзаттың Құранға аса мұқтаж екендіктерін сезінуі және іс жүзінде мойындауы аса маңызды Құрани оқиға. Үш мемлекет емес он атақты адамның, он философтың (бір ауыздан) алыстағы мемлекеттердің Құранның хақ екендігін мойындауы, бізге және Ислам Әлеміне сүйіншілі хабар, ал қарапайым мұсылмандарға рухани күш береді.* * * * *

226ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІРисалей-Нұрдың «Жиырма тоғызыншы Мектубында» «Хужумат-ы Ситте мен қосымшасы» және «Ишарат-ы Себа, Телвихат-ы Тисға» сынды рисалелерде Құрани рәміздер мен Нұрлы сәйкестіктердің аралас тұруының сыры, соттар мен сарапшылардың ауыздарын жабуға және бізді жауапқа тартқызбауға себеп болу. Сол рәміздер мен терең сырлар өз тілдерімен аналарға «Ұялсаңдаршы, Құранның осынша сырларын ашушыларға тиіспеңдер», деп тұрғандай. Қазір бұл аралас жағдай, ретсіз болып тұр. Өйткені ол рәміздер мен сәйкестіктерге жиырмадан бірі ғана мұқтаж және оны түсіне алады. Ал басқа рисалелерге жиырмадан он тоғызы мұқтаж және түсіне алады.Осындай Нұр шәкірттері «мұғжизалы Құранымызға Денізлілік бауырларымыз үш жыл қарап шықты. Солар рұхсат берсе, біз де үш ай қарап шығамыз. Бұл жерден Стамбулға жөнелтіп, фото көшірме арқылы, «Хизб-і Нүрие», «Хизб-і Құрание» сияқты бастыруға әркет етеміз», дейді.* * * * *Стамбулдағы Американдық шериф арқылы Америкадағы мұсылмандарға «Зүлфикар» мен «Аса-и Мұсаны» беріп жібергісі келген досымызға, бауырымызға айтыңдар, Шерифтің басы саяси мәселелерге толы, ал Рисалей-Нұрдың саясатқа еш қатысы жоқ. Саяси мәселелерге толы бас оңайшылықпен (мұны) түсінбейді. Оның үстіне Рисалей-Нұр тұтынушы іздемейді, керісінше олар Рисалей-Нұрды іздеуі, талпынуы керек. Америка бұл жақтағы ең елеусіз оқиғаның өзін жіті бақылап отырғанда, мұндағы ең үлкен мәселе болып отырған Рисалей-Нұрға көңіл бөледі. Бұдан кейін барлық мәселе бойынша (алынар) қарар Рисалей-Нұрдың рухани келбетін қалыптастырып отырған хас шәкірттер мен сендерсіңдер. Мен де бір дауысқа иемін. Барлық бауырдарымызға мың сәлем және сәлеметте болуларыңа дұға етуші әрі сендерден де дұға күтуші бауырларың...* * * * *

227ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІХақ Тағалаға шексіз шүкір етеміз, медресетүз Зехраның қалыптастырушылары шынайы ауызбіршілікпен және мызғымас ынтымақтың кереметінің арқасында қиыншылықтар мен кедергілерді жеңе отырып, Нұрдың алмас «Зүлфикарларын» және мұғжизалы айғақтарын мұқтаж жандарға жеткізу жолында табыстарға жетуде. Бұл нәтижелермен салыстырғанда тартқан қиыншылықтары мың есе артып кетсе де маңызы жоқ. Рефет бауырымыздың хатындағы Мүнәууара, Назмие, Саим атты үш баланың үш айда, әліппеден бастап, Қасиетті Құранды хатым қылуда табысқа жетулерімен қатар Құран сабақтарына қоса Нұрдағы ақиқаттарды және Иман ақиқаттарын бейкүнә көңілмен сүйіп тыңдағандары үшін өздерімен қоса ұстаздарына, ата-анасына құтты болсын демекпіз. Мүнәууара мен Назмие, Абдүлбаки мен Мехмед Жалалдың Нұр қызметіндегі аяқсыз қалған жұмыстарын ИншаАллаһ толықтыратын болады. Қаһарман Бурханның хатында жазылған, бізді және Рисалей-Нұрды борыштар етуші науқасқа Хақ Тағала шипа берсін Зекай бауырымыздың қайтыс болған анасын рахмет етсін... әмин.Нұрдың іргетасын қалыптастырушылардың бірі және молдаларды абыройсыз қалудан қорғап қалған және Нұрдың байланыс орталыңы болған Сабри өз хатында марқұм Хафыз Әли мен Хасан Фейзидің орнын басып, солар атқарған қызметті жалғастырушы Ахмед Фуадтың, қартайып, атқарар ісі біткелі тұрған бейшара ұстазының орнына өмірін пила етіп, тезірек берзахқа аттанғысы келетіні сияқты, Сабри бауырымыз да (солардың) төртіншісі болып, мен мақұл көрсем, өз нәпсісі мен жүрегін көндіріп қойғандығын жазуда. Мен де баяғыдан бері табанды және Нұрлар үшін өмір сүргені аса пайдалы бауырыма мың бәрекелді деймін. Маған сыйлаған өмірін қабыл алдым, оған да Ахмед Фуадқа да қалаған екі өмірімді екі бауырыма, сол екі Жаңа Саидқа аманат етіп, менің орныма Иман жолында, Нұр жолында қызмет етсін деймін.Оның хатында айтылған Барла Нұр медресесінің бас хатшысы Шамдық Хафыз Тауфықтың сабақтарында Сыддық Сүлейменнің баласы Жүсіп, марқұм Мұстафа Чавуштың, Ахмедтің ұлдары Құран сабағын алып, ескіше жазуды, Нұрларды үйренуі, Хулуси мен Хафыз Хаққының Нұрларды құлшына жазуы Барлаға деген үмітімді арттырып, көңілімді тереңнен жадыратып тастады. Хақ Тағала табысқа кенелтсін... әмин. Тауфиққа да таупық берсін, әмин!

228ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІСабридің хатының ішіндегі мен Барлада жүргенде маған көп қызмет еткен, есіме жиі оралатын Сыддық Сүлейманның жиені Хүсейіннің хаты мені қатты қуантты. Оған деген алаңдаушылығымды тоқтатты. Машаллаһ, нағыз Сыддық Сүлейман сияқты баяғы байланысын үзбеген екен.Сабридің хатына қоса Эгрідірдің Жире ауылындағы Рисалей-Нұр шәкірттері Шүкрү, Сүлейман, Осман Чавуштың Нұрларға шын жүректен жанашыр екендіктерін көрсеткен хаттарына да Бәрекелді, Хақ Тағала табысқа кенелтсін демекпіз.Кастамонуның Хусреві мен Рүштүсі болған Мехмед Фейзи мен Әмин жолдаған менің Костамонуда қалып қойған кейбір рисалелерімді алдым. Сендерге жолдаған «Аса-и Мұсаның» сөздігін ауырып тұрса да тамаша әрі ғылыми түрде жазып шыққан және сол сөздікшенің бас жағына әдемі бір пікірін жазған, маған да арнайы хат жазушы, Рисалей-Нұрдың бас хатшысы (жазу ісінің озығы) Мехмед Фейзи ол жердегі қиын жағдайлар мен кедергілерге қарамастан Нұрларға шынайы берілгендігі аса көңіл бөлуі, Иманға талмай қызмет етуі, Ол кіші Хусрев екендігімен қатар Хасан Фейзидің нағыз өзі екен. Мен сол жақта жүргенде аса беделді әрі менменшіл, сопылық жолды ұстанатын, бұрын ресми қызмет атқарған бір кісі көп нәрседен хабардар, дүниелік істерге де көп араласпайтын әрі саясатты да саудаға айналдыра алатын бір молда бар еді. Маған тиіспеді, мен де оларға тиіспедім... Оларды Нұр тобына кіргізуге әрекет етпедім... Қазір Мехмед Фейзи Кастамонуны олардың ықпалынан құтқарып, Денізлідегідей табысты бола алмай отыр. Хилми, Садық, Ахмед Құрайши сынды Нұрдың хас батырлары ауылдық жерлерде болғандықтан Фейзи біршама жалғыздық танытып отыр. Иншаллаһ уақыты келгенде табысқа да қол жеткізер.Кастамонуның Зехралары, Хажарлары, Лүтфиелері, Улвиелері, Нежмиелері (әйелдер арасында) Нұр қызметінде Фейзилерге әріптес болуда.Фейзидің хатында Рисалей-Нұр шәкірттерінің ат салысуымен ресми түрде Құран мектебі ашылып, ең бірінші болып Нұрдың (Нұршылардың) балалары, әсіресе Әминнің балалары бірінші болып мектепке барып, ең бірінші болып Құранды аяқтап, біраз жерін жаттай бастағаны (айтылады). Оларды және ата-аналарын, сол жақтағы шәкірттерді құтықтаймыз... Бейкүнә балаларға мың

229ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІБәрекелді, демекпіз. Нұрға байланысты шаруалармен екі рет осында келіп кеткен қымбатты қарындасымыз Зехраның Медресетүз Зехраның қағаз шығындары үшін екі жүз лира беруі ханымдардың арасында да Хүсревтер, Фейзилер, Ахмедтер бар екендігін көрсетеді.Кастамонудан, Хафыз Ихсан жолдаған, Нұрдың Хас батырлары Хилми бей мен Әминнің бірге жазған хатын алдым. Мен бұрыннан бері білетін қымбатты, табанды, қайсар екі бауырыма және Ихсанға, сол жақтағы Нұр шәкірттеріне сағынышпен, шын жүректен сәлем жолдаймын. Сондай-ақ, түрмеде бізбен бірге отырып, бізге көп қызмет еткен Ихсан қайда, соған алаңдаймын.Сафранболу өңірі, Мұстафалар мен Ахмед Фуад (р.х.), Хыфызы (р.х.), Рахми сынды (бауырлардың) ерекше көңіл бөлулерінің арқасында Кастамонудағы біздің сегіз жылдық еңбегіміз нәтижесіз қалмағандығын, Саффранболуның да жарқын бір Нұр медресесіне айналатындығын дәлелдеп отыр. Мұстафа Османның осы жолғы хатында екі сағаттық жердегі фабрикалар қаласы Қарабүктегі жүздеген жұмысшы жастарға Нұрлардың жақсы әсер етіп жатқанын жазуы аса жағымды хабарды сүйіншілеуде деп білеміз.Нұрдың жас батырлары Мұстафа Сұңғыр мен Рахмидің тамаша хатында айтылғандай, өз ауылдарында Ахмед Фуадтың табандылықпен дәріс өткізгендігі, Эфлани округінің де Барла округі сияқты Нұр медресесіне айналғандығы, сол өңірдің халқы Нұрларды зейін қоя тыңдайтындығы, екі жас мұғалімнің де ескі жазуды пайдаланып Нұрларға кірісуі, балалардың Құрани әріптерді үйрене бастағандығы және Рисалей-Нұрды жазуға кіріскендігі, аса ауқымды, хайырлы амал. Хақ Тағала ол балаларды табысқа кенелтіп, ұстаздары мен ата-аналарына разы болсын. Олар дұғада, балалар тобына кіріп тұр. Ахмед Фуад, Мұстафа, Рахми бастаған Эфлани өңіріндегілерді құтықтаймыз.Нұрдың жас батырлары Мұстафа Сұңғырдың аз уақыттың ішінде ескі әріптермен тамаша етіп, «Миуаның» он бірінші мәселесі мен Соңғы бөлімін, Рахмидің «Жастар шырағын» жазып шығып, Кастамонудан келген кітаптарыммен қоса бізге салып жіберуі мені расында да інілерім (біреуі ағасының екіншісі інісінің ұлдары) Аблуррахман мен Фуад қайта тіріліп келгендей қуантуда.* * * * *

230ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІБалыкесирге сырттан көшіп келген, молда Этхем деген кісі, өзі Жалаледдин Румидің тариқатын ұстанады. Жиырма жылға жуық ауылда молдалық етіп, балаларға Құран үйретуде. Қазір Балыкесир, Қырық ағаш өңірінде Рисалей-Нұрға қызмет етуде. Ауқымды хат жазып, қорқақ молдаларды Рисалей-Нұрға шақырып, жігер беріп, Балыкесир Қырық ағаш өңірі Нұр шәкірттерінің атынан «Сандықлы Ала мешіт ауылының имамы Ибраһим Эдхем» деп қол қойылған хатта аса маңызды әрі тамаша сөйлемдер бар, қорқақ молдаларға ұрылған шапалақтар бар. Ол кісіні шын жүректен құттықтаймыз. Хақ Тағала табысқа жеткізсін. Оған және хатында аты аталған көптеген жаңа Нұршыларға сәлем жолдаймын. Оның ауқымды хатын түзетіп, кейбір жерлерін алып тастауға денсаулығым мұрша бермеді. Мені асыра мақтап жіберген жерлерін алып тастау немесе түзету керек. «Қосымшаға енгізу үшін көшірмесін сендерге жолдап отырмын. Хасан Фейзи мен Ахмед Фуад мұғалімдерді Нұрларға тартқаны сияқты, ИншаАллаһ бұл аса еңбекқор бауырымыз да молдаларды Нұрларға бет бұрғызатын болады. Мен Денізлі қонақ үйінде жатқанда маған нан әкеліп, от жағып қызмет еткен және Тахир Чавуштан маған хат беріп жіберген наубай Мұстафаға сәлем жолдаймын. Барлығыңызға мың сәлем, сау-сәлемет болуларың үшін дұға етеміз.* * * * *

Құрметті де әзиз бауырларым![Материалдық та моральдық та мәні бар бір сұраққа байланысты ойға оралған жауап]Нұр шәкірттернің сен туралы өте жақсы ойлары мен саған деген толық сенімдерін, олардың Нұрларға деген құштарлықтарын арттыра түсуге себеп болар рухани дәрежелер мен кемелдіктерді неге қабылдағың келмейді? Деген сұрақ қойылуда.Жауап: Құдайға шексіз шүкір етемін, Рисалей-Нұрдың мызғымас, берік тіреулері және жарқын да бұлтартпас өз айғақтары бар. Жұрттың менің жеке басымда бар деп ойлайтын қабілеттер мен қасиеттерге Рисалей-Нұр мұқтаж емес. Рисалей-Нұр өзге туындылар секілді автордың қабілеттеріне қарай бағаланып, автордан күш алмайды. Бұл Рисалелер жиырма жылдан бері өзінің бұлтартпас айғақтарына сүйене отырып, менің моральдық та материалдық та дұшпандарымды жеңілуге мәжбүр етіп отыр. Егер менің жеке басыма арқа сүйеп тұрғанда, дінсіз найсаптар Нұрларға ауыр соққы беруі мүмкін еді. Алайда әлгі ақымақтар әр түрлі айла-шарғылар қолданып, маған күйе жағып, халықтың алдында беделімді түсіруге тырысқанымен, Нұрлардың өркен жаюына, оның құндылықтарына ешқандай зиян келтіре алмай отыр. Нұрларды енді ғана таныған кейбір әлсіз жандардың көңілін алаңдатқанымен, бас тартқыза алмай отыр.Осындай ақиқаттарға байланысты және бүгінгі таңда менменшілдік белең алып тұрғандықтан, адамдардың маған деген шектен тыс жақсы ойларын қабылдай алмаймын. Сондай-ақ, мен бауырларым ойлағандай, өз нәпсім жайлы жақсы ойламаймын. Бауырларымның мына бейшара жанға берген ақыреттік дәрежесі шынында да діни дәреже болса Мектубат кітабынан екінші Мектубтың соңындағы қағида бойынша, Менікі сияқты болып көрінген, рухани сыйлық ретіндегі кемелдіктерді, Құдай сақтасын! Өзіміздікі деп білсем, онда менде ондай дәреженің жоқ екендігін көрсетеді. Ал өзімді ондай дәрежедегі кісі емеспін деп білсем, онда бауырларымның маған берген дәрежелерін қабылдамауым керек. Өзін белгілі бір дәрежеге жеттім деп сезінген адамның менменшілдігі оянуы мүмкін. Тағы бір айта кетер нәрсе, дүниелік тұрғыдан алып

232ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іқарағанда, иман ақиқаттарын жаю міндетін арқалаған адамның рухани дәрежесі жоғары болса, жақсы әсер етуі мүмкін деуге болар. Бірақ мұның да екі түрлі болымсыз жағы бар.Біріншісі: Егер ол адам әулие болса, біле тұра дәрежесін көтеру - әулиеліктің шарты саналар ықылас пен қарапайымдылыққа үйлеспейді. Пайғамбарлықтың ізбасар, мұрагерлері болған Сахабалар сияқты түсіндіріп бере алмайды. Олармен салыстыруға келмейді.Екіншісі: Көптеген тұрғыдан іске алғысыз болып қалатын кемшіліктері бар біреу әлгіндей мәртбеге ие болса, Нұрларға және ақиқаттардың өркен жаюына зияны тиеді. Бірақ, шүкіршілік етер бір жағдай бар. Саясатпен айналысушы дұшпандарым жоғарыда айтылған ақиқаттарды білмегендіктен, мені баяғы намысқой Ескі Саид деп ойлап, Нұрларға емес, үнемі маған тиісіп, мені кемсітумен әуре. Кейбір қырсық, менменшіл молдаларды маған айдап салуда. Нұрларды осындай әдістермен сөндіруге тырысуда. Алайда Нұрлардың одан сайын жарқырай түсуіне себеп болуда. Рисалей-Нұр менің кемшілігі мол жеке басымнан емес, Құран атты күннен нұр алуда.Саид Нұрси* * * * *Алажа мешіт ауылының Имамы Ибраһим Этхемнің ықыласты хатымен бірге, Нұрдың назар аударуға тұрарлық бейкүнә (балалар) шәкірттері, сол мүбәрак ұстаздарының сабақтарынан өз үлестерін алып, Нұр шеңберіне кірген алты бала, өздері ойлана келе, мұғалімдеріне де айтып, алты жазбаны (шағын хат) өз қолдарымен жазып, мына қарт, науқас Саидқа өз өмірлерінің бір бөлшегін сыйлауы, аса таң қаларлық та мақтауға тұрарлық та Нұрлы жағдай. Мен де әлгі бейкүнә балалардың мүбәрак сыйлықтарын қабыл алып, қайтадан сол жас Саидтарға сыйладым, менің орынма еңбек етулері үшін бағыштадым. Хақ Тағала оларды табысқа кенелтсін. Сол кішкентай Саидтардың сөздерінен байқалғандай, Ибраһим тоғыз жасында, Мұстафа он бір жасында, Халил Ибраһим, он екі жасында, Әмин Йылдыз он төрт жасында, Мехмед он бір жасында, Абдуллаһ он екі жасында. Нұр медресесінің хас батырларының бірі және сол медресенің мүбәрак ұстазы, марқұм Хажы Хафыздың ұлы

233ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іәрі мұрагері Хафыз Мехмед, сол медреседегі барлық шәкірттердің атынан жазған хатындағы «Нұрлар мен шұғылдану – өлімнен басқа барлық бәлелер мен ауруларға ем болуымен қатар, қорқынышты өлімнің де, жұмақтың есігі екендігін көрсетіп, Иманды жанға құлшыныс береді» деген сөздері ақиқат екендігіне көптеген оқиғалар куә. Бейкүнә баласының да қарилықты бастауы... ИншаАллаһ табысқа жетер, атасы мен әкесінің мүбәрак қарилық дәстүрлерін жалғастыратын болады.Нұр медресесінің алмас қаламды қаһармандарының бірі Мұстафа Йылмаздың қысқа да болса мағынасы ауқымды, аса маңызды хатында, Нұр медресесінің батырларына тапсырылған «Сикке-и Ғайбиенің» майлы қағазға жазылуын, үш-төрт худ худтің рухани түрде қолдап, қолпаштауы ИншаАллаһ «Сикке-и Ғайбиенің» Нұр медресесінен жарқырап шығып, көпшілікке жақсы әсер ететіндігін көрсетуде.Қаһарман Тахири жолдаған мінәжат дұрыс (жазылған) Алайда бас жағындағы бөлімнің ғана аудармасы бар. Қазір толық аударма жасауға шамам жоқ... қаз қалпында жазылсын. Бұл шағын мінәжат... Рисалей-Нұрдың жазылуы барысында нәпсінің менмендігі мен сезімдер араласпай, Нұрдағы ықылас пен кіршіксіздіктің сақталғандығын көрсетуде. Бірінші дүние жүзілік соғыста үнемі шәхид болып кетуге дайын жүргендіктен «Ишаратүл Ижаз» тәпсірі шынайы ықыласпен жазылғанындай, мына мінәжаттағы өлімді естен шығармаудың әсері қатты байқалып тұруы Нұрлардың саф, кіршіксіз ықыласпен жазылуына жол ашты. Иншаллаһ, нәпсіге тән сезімдер араласқан жоқ. Нұрлардың бірінші медресесі болған және рухым үнемі алаңдап отыратын Барланың жас шәкірттерінен Ахмед пен Мехмед келді жаныма. Денізліден келген Ахмед пен Мехмед сияқтанып. Бір кездері тығыз байланыста болып, сегіз жыл маған кіршіксіз қызмет еткен Мұхажыр Хафыз Ахмед пен Мұстафа Чавуштың орнына, марқұм Мұстафа Чавуштың ұлы Ахмед әкесінің орнына, шаштараз Мехмед қайын атасы марқұм мұхажыр Хафыз Ахмедтің орнына және Барладағы Нұр шәкірттерінің атынан келді. Мен расында Барлаға және сол кезеңдерге қайта оралғандай қуандым. Машаллаһ Барла бірінші Нұр медресесі болғандығын сезіне бастапты. Кәдімгідей оянып, көңіл бөліп жатқандықтары көрініп тұр. Тіпті бұрын оныншы сөзді бастырған Хажы Бәкір,

234ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іменің сол жерде тұрған бөлмемді, үйдің бар шығынын көтеріп алып, сатылмайтындай етіпті. Нұр шәкірттері үшін қонақ үй ретінде қорғалсын деп Барлаға хабар жіберіпті. Нұрдың байланыс орталығы болған бауырымыз Молда Сабридің, баяғыдан бері өзі сияқты Нұршы әйелінің және ұлы Нұреддіннің (Яшар) шағын хатын алдым. Хақ Тағала оларға денсаулық, бақыт сыйласын... әмин.Таң қаларлық бір жағдай, айналаның бәрі жаңбырға мұқтаж болып отырғанда, мына Әмірдағына арнайы жауғандай нөсер жауын мен үлкендігі фындықтай, егінге өте пайдалы бұршақ жауды. Қасымдағы екі Нұршы бауырым «Мұғжизалы Құранның келуі, Афионда «Зүлфикардың» бір нұсқасын алып қоюына байланысты қудалау басталды деп отырғанда, сақшылық басқарма басшысының құптай отырып оқуы, үшіншісі де Исмаил атты үш қызметкердің дәл сол кезде Нұрға шәкірт және жарыққа шығарушы болуы мына жаңбырдың жаууына себеп болды», дейді. Өйткені осы уақытқа дейінгі тәжірибеге сүйенсек, Рисалей-Нұрға еркіндік берілген кезде бәлелердің беті қайтып, тиіскен кезде бәле келуі мұны дәлелдеп отыр. Түсінікті болғанындай мына көктемгі аласапырандар екеуі сыртқы, екеуі ішкі төрт ағым, әр қайсысы бір мақсатпен Нұршылардың құлшыныстарына, еңбектеріне кедергі болу және дүниеге бет бұрғызу, саясатқа араластырғысы келу әрекеттеріне байланысты құрғақшылық басталды. Иншаллаһ жақында беті қайтады.* * * * *Әзиз Сыддық бауырларым!Адамзат тарихында еш қашан орын алмаған, Лут қауымының басына жауған тастардан да сұмдық тастар, миллиондаған мұсылмандар мен бейкүнә жандарды сұмдық амалдары арқылы аспани діндер мен Иляһи заңдардың сыртына, дінсіздік жолға итермелеген елдің басына жауар тастардың бастамасы ретінде жауғанын, бір Нұр шәкірті ресми газеттен оқып, әдетімде жоқ болса да маған хабар берді. Оған былай дедім: Жиырма бес жылдан бері газеттегі оқиғаларға еш қызыққан жоқпын. Алайда мына тастар Рисалей-Нұрдың дінсіздерді рухани түрде төмпештер соққыларының уәкілі саналатындықтан және бес-алты жыл бұрын-ақ сол хабарды жеткізіп тұрғандықтан, бұл хабарды толық оқып шық, анықта,

235ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ідедім. Ол да анықтап келді. Биыл көктемде Ресейдің Владивосток (жақтағы) орманына, жер бетінде бұрын-соңды ешкім көрмеген үлкен тастар аспаннан түсіпті. Ең үлкенінің ұзындығы жиырма бес метр, диаметрі он метр екен. Түскен кезінде айналасындағы ағаштарды жайпап, отыз шақты шұңқыр пайда болыпты. Зерттелген тастарда темір, болат және басқа да аралас метал элементтері бар екен. Ресми газеттер нақты жеткізіп отырған бұл хабар, бір мың үш жүз алпыс жыл бұрын Піл сүресіндегі мұғжизалық сөйлемі мен бір мың үш жүз елу тоғызыншы жылы, дүниені діннен артық көруші және дінсіздікті негізге алушы, мәдениет деген желеумен адамзатты жолдан шығарғандардың басына, әбәбил құстары сияқты аспани құстар бастарына бомба тастайды, сәмәуи тастар жаууының бастамасы болады дегенді жеткізуде.Сондай-ақ бір мың үш жүз алпысты дәл көрсетіп, адасушылықтың, жазасы ретінде Лұт қауымының басына келген сәмәуи (аспани) тастарды еске түсіретін сәмәуи тастар сол жылдан кейін жауатынын жеткізіп қорқытып қоюда. Рисалей-Нұрдың Піл сүресіне байланысты түсіндірмелерінде қосымша ретінде мына бір сөйлем бар. «Бұл соққылардан хабардар адам баласы, шірікті қойып, шүкір етпесе, Құранға бет бұрмаса, періштелердің аспаннан олардың басына тас жаудыратындығын бұл сүреде мағыналық жақтан ишара етіп, қатаң ескертуде». Бұл сөйлемнің тікелей осы тастарға ишара ететіндігінің екі белгісі бар.Біріншісі: Осы уақытқа дейінгі аспаннан жауған тастардың көлемі бір-екі қарыстан аспайтын еді. Мынадай жиырма бес метр бойы, он метр ені бар таудай тастар әрине, аспанның дінсіздерге деген ашуының белгісі. Піл сүресі осыны айтып, тәпсірі де осыған ишара етіп тұрғандығы ақиқат. Бұл хабар осы оқиғаға лайық. Өйткені басқа мысал жоқ.Екіншісі: Бүкіл әлемге, адамзат баласына қауіп төндіріп тұрған дінсіздіктің ордасына түсуі. Ал дінсіздер мұны түсінгендіктен, болмашы нәрселерді жарыса жар салғандармен, мына сұмдық оқиғаны қолдарынан келгенше елеусіз қалдыруға тырысқан.* * * * *

236ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІӘзиз, сыддық бауырларым: Тахири, Сабри, Салахаддин, Мехмед, Мұстафа!Біріншіден: Қазір басталған қасиетті үш айдың құрметіне және Нұр шәкірттерінің шынайылығы мен ықыластарының құрметіне өзімнің ұрыс естіп, шапалақ жеген жағдайымды түзетуге тырысамыз. Көңілдерің түспесін. Бүгін түнде бұрын-соңды ұшырамаған жан күйзелтер жазғырулар рухани түрде ескертіліп былай делінді: Дүниеге, қызық іздеуге мән бермеу арқылы Нұрлардағы ықылас пен көңіл тоқтығын сақтап қалуға міндетті едің және бүгінгі таңда сырына байланысты дүниені діннен артық көру, біле тұра алмасты шыныға айырбастап жіберетін дертке Нұр арқылы қарсы тұруға міндетті едің. Жүз тәжірибе арқылы жұрттың сыйлығы мен жақсылығы, жәрдемі саған жақпайтынын, ауыртатынын түсінген едің. Өзің аса сенім артқан және Рисалей-Нұрға емес жан тыныштығына бұрғызуға себеп болғандығыңды көрініп жатқан нәтижелерінен біліп отырсың... Деп жалғасып... талай нәрсе айтылды... ескерту жасалды. Тіпті қазір бір рухани шапалақтан қорқып отырмын. Бұл оқиғаның бір ғана шарасы, мына машинаны алған сендер «Бұл, Саид бауырымыз, бұны қабылдамады, рухани ауыр соққы-зиян келерін сезді» деп жар салыңдар.Екіншісі: Машина Кониялық Сабриге жөнелтілсін, сонда тұрсын. Ол разы болмаса Медресетүз-Зехраны қалыптастырушыларға жіберілсін. Сабри алаңдамасын, Оның әр ай сайынғы Нұрға сіңірген еңбегі бір машинаның құнынан қымбат. Сондықтан тартынбасын. (ренжімесін)Екіншіден: Жақсылап түсініп алыңдар, мұндай жазғыруға ұрынуымның себебі, дем алып қайтуды ойлап, машинамен қыдыруға шыққан кезімде машинаның жүргізушісі, «Жеңіл машиналар шығыпты, мың лира шамасында сатылуда екен деді. Мен де, ойыма келген соң сондай бір машина аманат ретінде қолға тисе, жан-жақтағы Нұршы бауырларымызды зиярат етсем», дедім. Бұл менің шын

237ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іқарарым емес еді. Тілек қана еді. Осындағы екі бауырымыз сол тілекті нақты қарар деп ойлап, мың лира емес, төрт мың лираға жеткенінше аянбай еңбек етіпті. Осында келген кезінде (оларды) жеті сағат қуана қарсы алып, әлгі тілегім қабыл болған дұға екен ғой деп ойлағанмын. Бүгін түнде бірденен рухани қарсылық көрдім, жазғырылдым. Сол тілегімнің қате екендігін түсіндім. Бұрын еш қашан көрмеген мұндай рухани жазғырудың үш себебі бар. Басқа уақытта түсіндіріледі. Бұл машинаны алған бес бауырымыз жақсылап түсініп алсын. Бесеуі бір машинаны садақа, сыйлық жасадық деп ойламасын. Олардың ізгі ниеттері Рисалей-Нұр шеңберіндегі қызметке әр қайсысы бір бір машинаның құнындай сыйлық жасағандай рухани түрде қабыл болғандығы жайлы ишара және сенім бар.Бауырлар, сендердің кіршіксіз қызметтерің осылай қабыл болып жатса, несіне өкінесіңдер. Мені де мына рухани жазғырудан құтқарыңдар. Менің өмірлік қағидаларыма және Рисалей-Нұрдың ықылас сырына тиуі мүмкін зиянның тезірек алдын алыңдар. Ал машина мұнда қалмасын. Ең көп үлес қосқан адамға жөнелтілсін. Маңызды үш себепті түсіндірген кезде, осынша сабырсыздануымның ақиқатын түсініңдер. Онсыз да мына қасиетті үш айда және үш ай аса маңызды жинақтар шыққанға дейін, дүниенің бүкіл салтанаты берілсе де көңіл бөлмеуге мәжбүрмін. Егер машинаның ақшасы толық шықпай қалса, мен барлық нәрсемді сатып, қайткен күнде толықтырып беруге қарар бердім. Барлығыңа сәлем. Мені кешіріңдер, мен де сендерді кештім.* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым!Алаңдамаңдар... Раббани қамқорлық жалғасуда. Мына кезекті шабуылдары ИншаАллаһ нәтижесіз қалады, һәм Нұрдың тарала түсуіне көмектесетін болады. Әзірге абыржымаңдар, бізге жасалып жатқан заңсыз әрекеттерді заң аясында тоқтату үшін бір бауырымыз Анкараға барсын. Партияның бұрынғы инспекторы Хилми Уранға, Афион Уәләятының инспекторы, депутат Жалалға, Дін істері басқармасындағы Ахмед Хамидиге және сараптамадағы Юсуф Зияға жолықсын, бізге қарсы жасалып жатқан заңсыз, өзім білемдік әрекеттерді тоқтатуға тырыссын.

238ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІБізден алып қойған «Зүлфихар», «Аса-и Мұса» және көбейту-көшіру машинасы жайлы сотқа және полицияға «Бұлардың көшіру машинасы мен шығарылған нұсқалары шет елге жіберілу үшін жасалады, деңдер. Солтүстіктегі үш мемлекет Құранды қабыл көріп, мектептерінде сабақ бере бастаған екен, Үндістан да мұндағы үкіметтен екі миллион лиралық Құран Кәрім сұрапты, «Зүлфикар» мен «Аса-и Мұсаны» екі жыл бойы үш сотыңыз бен ғалым-философтарыңыз сараптамадан өткізіп, бір ауыздан ақтау шешімін шығарды, кітаптарды мақтап, жақсы екендігін айтты, ал бұл кітаптар Құранның екі өткір қылышы және екі жарқын айғағы екендігі белгілі, ең қырсық (философты) берілуге мәжбүр етіп отыр, бұл екі кітаптың, сұмдық бұзғыншы анархияны жетілдіруші, солтүстіктен шыққан дінсіздік ағымға толық қарсы тұра алатын шамасы бар екендігіне мыңдаған зерттеушілер мен ғалымдар куәлік етуде, қазіргі үкімет те Құран мектептерін ашып, діни сабақтар беруге бұйрық беріп отыр. Олай болса бізге қарсы жасалып жатқан мына жағдай, бұрын соңды болмаған өзім білемдік зұлымдық. Біз дүниелік саясатқа араласқымыз келмейді. Әйтпесе, біліп қойыңдар біз өз құқымызды толық қорғай аламыз. Бізді мәжбүрлемеңдер...Бәріңе де мың сәлем... Мен үшін түптеп қойған «Аса-и Мұсаны» ыңғайлы бір уақытта жіберерсіңдер. Хусрев өз міндетін толық орындаған соң келген мына материялдық зиянның түк маңызы жоқ. «Зүлфикарлар» жарқырап тарап жатыр. «Аса-и Мұса» аздап кедергілерге ұшырағанымен ИншаАллаһ рухани жақтан көп пайдасы тиетін болады. Тек, Нұршылар табандылықтары мен ауыз біршіліктерін сақтап, абыржымауы керек, құлшыныстары бәсеңдемесін.Бауырларың Саид Нұрси* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым!Спартаның Нұр дәрісханасына айналып отырғаны рас, осы уақытқа дейін ол жердегі билік пен сақшылар түсіністікпен тіпті достық назармен қарады Нұршыларға. Көп ренжіген жоқ. Спартаның берекелі екендігіне байланысты мына мәселеде олардың араласуына ренжімеуіміз керек. Бір жағынан алғанда оларды құттықтап қоюуымыз керек. Қызметтеріне сай Нұрларды оқып, зерттеп табысқа

239ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іжетуде. Онсыз да олар бұған құқылы. Бірінші солар оқысын. Иманы мықты бір сақшы мен әділет органының қызметкері, елге, халыққа он адамдай пайдалы болуы мүмкін. Сондықтан рухани пайдалармен салыстырғанда заттай шығынның маңызы жоқ. Ыңғайы келсе полиция басшысы мен прокурорға менен сәлем айтып, былай деңдер. «Мен оларды қарғау былай тұрсын, дұға етудемін. Я Рабб оларға кәміл иман бер және соңын қайырлы ет, Нұрлардан пайдалануды нәсіп ет».* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым!Шынтуайтында жан-жақтағы бауырларымды көріп, бір жағынан алғанда Нұр қызметіне көмегі болған және бес бауырымның еш міндетсінбей маған алып берген машинаның қырық мың лиралық пайдасын қабыл алмауым сырт қарағанда бекер болғандай көрінеді. Алайда, нәтижесінде шәкірттердің қолында мынадай айғақ пайда болды; Ілім мен дін дүние үшін қажетті деп, зиян беруші, қарсыласушы молдалар мен саясаткерлердің Рисалей-Нұрдағы жоғарғы ақиқаттардың дүниелік пайда үшін еш төмендемейтіндігіне және құрал болмайтындығына нақты дәлел болған бұл оқиға, олардың аузын жабатын керемет айғақтарынан да күшті дәлел болды. Тіпті қатты күмәнданып, Нұрлардан қашатын және Нұрдың дүниелік еш нәрсеге құрал болмайтындығына сенбейтіндердің бір тобы, қазір Нұрдағы ақиқаттардың барлық нәрседен жоғары тұрғандығына толық сенуге, мойынсұнуға мәжбүр. Демек Иләһи жарылқау манағы зиянды да біз үшін аса маңызды мейрімге айналдырды.(Сілтеме) Машина сатылғаннан кейін де сол ақшадан үш мың лира Әмірдағына жіберілді. Рисалей-Нұр қызметіндегі шығындарға жұмсалсын деп мен де почта арқылы иелеріне қайтардым. Бұл оқиғаны (көрген) бізге дос қызметкерлер, қарсы шығушыларға, үш мың, бес мың лираға мән бермеген адам, бүгінгі таңдағы ең сенімді адам ғой, оны еш нәрсе қызықтырмайды, дегенін бүгін естідім.* * * * *

240ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІӘзиз, Сыддық бауырларым!Біріншіден: Өткен мейрімді де берекелі, кереметке толы және жаңбырлы Миғраж-ы Шәрифіңізді бүкіл жан тәнімізбен құттықтап, әлі де қаншамасына қауышу бақытына ие болуларын да Аллаһтың мейрімінен тілейміз. Биыл да дәл былтырғыдай Миғраж түнінен бір күн бұрын түнде бұрын-соңды болмаған жаңбырдың жаууы және Миғраж түні де күндізінде де жалғасуы, бүкіл әлемнің бұл мүбәрак түнді қол соға қарсы алып жатқандығының нышаны еді және «Зүлфикар» мен «Аса-и Мұсаның» жеңістерінің (әсіресе ресми органдарда) белгісі екендігіне сеніміміз кәміл. Осы берекелі түннің ортасына дейін, жұмыс істеуге де шама берместей қадалған шаншудың бірденен тарап кетуі, мына мүбәрак түнде менің денсаулығым үшін дұға етуші бауырларымның дұғалары қабыл болғандығының белгісі. Ал түн ортасына дейін шаншуы, бір сағаты он сағаттық сауап жаздырғандығы жайлы рухани түрде сүйіншілі хабар алдым. Аллаһқа шүкір еттім. Мейрімділердің ең мейрімдісіне шексіз шүкір, дедім.Екіншіден: Нұрдың бір сардары, бауырымыз Рефет Бейдің Анкара саяхатында аз уақыттың ішінде Нұрлар үшін үлкен іс бітіргендігіне күмән жоқ. Оның жемістері жақында байқалатын болады. Әсіресе Дін істері басқармасындағылар «Зүлфикар» мен «Аса-и Мұса» жинақтарын жақсы қабылдаулары, сынау былай тұрсын қолдау көрсетіп, қорған болуға уәде етулері аса маңызды оқиға ... және «Зүлфикар» мен «Аса-и Мұсаға» тамаша бір жарнама.* * * * *Ардақты ұстаз, Хазрет!Құрлысшы баурымыз Исмаил Әфенді, Хилми Беймен үнемі жеке сөйлесіп жүретіндіктен, бұл тақырыпта түсіндірілер мәселелерді сол кісіге тапсырып, біз тікелей Дін істері басқарамасына кеттік. Ол жерде бізді Спартадан бері танитын мұғалім (сабақ беруші) Хасан Хүснү Бей бар еді. Ол Дін істері басқармасында ақылдастар алқасының мүшесі. Ол кісімен біраз уақыт жеке сөйлесіп, мәселені түсіндірдім. Содан кейін алқа мүшелерінің кабинетіне барып Анкарадағы сарапшылар атынан қолы қойылған, сабақ беруші Юсуф Зияға жолықтым. Қарасам, «Зүлфикар» мен «Аса-и Мұса»

241ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іжинақтарына байланысты біз туралы жазылған құжаттар алдында тұр екен. Қасына отырғызды, жақсылап түсіндірдім. Сіздердің анықтамаларыңыз бен Денізлі сотының қарары және Касациялық соттың сол үкімді қолдауы тұрғанда, кітаптарға тиісу және бізге жасалып жатқан қысым қайдан шығап жатыр? дедім. Республикалық жүйе бойынша заң бәрінен де жоғары емес пе? Заңның үкімі жүреді. Біз заң бойынша ақталып шықтық. Одан кейін тиіспеулері керек еді ғой. Бұны тоқтату сіздің дұрыс қарар беруіңіз арқылы болғалы тұр. Немесе біз құқымызды қорғауды жалғастыра береміз. «Бұл, жергілікті әділет органдарындағы қызметкерлер мен сақшылардың сіздер жайлы толық мәліметтері болмауынан бастау алып тұр. Қазір құжаттар алдымда жатыр, қате түсінген жерлеріне жеке жеке жауап жазамын», деді және кітаптардың жақсы екендігін айтты. Мен де Ұстаздың сәлемін айттым. Ол да сәлем айтып, дұға күтетіндігін білдірді.Содан кейін, Дін істері басқарма төрағасына бардым. Ол кісімен де біраз әңгімелесіп, мән-жайды түсіндірдім. Жауап ретінде «Мен Ол Хазретті Ислам Академиясынан бері танимын, құрметтеймін. Құрметімді және сәлемімді жеткіз. Біз де, қажетті жауапты береміз, ИншаАллаһ жақсы болады» деді. Дін істері басқармасындағы қызметкерлердің бәрі де кітаптарды жақсы бағалауда. Мұндай заңсыз істердің діни кітаптарды дұрыс түсінгісі келмей, өз ойларынша мағына берушілерден шығып жатқандығын түсіндім. Ертесі күні Мехмед Эфенді баурымыз, Эрзурумнан депутат болған Вехби пашаға жолығыпты. Ол кісі де «Мен ішкі істер министрімен жолығып, бұл мәселені егжей-тегжейлі сөйлесемін, Ұстаз Хазретке құрметім мен сәлемімді жеткізіңіз» депті. Содан кейін, партия мүшелерімен кездесуді Исмаил Әфендіге тапсырып, Анкарадан шықтық.Кемшілігі мол шәкіртіңіз Рефет* * * * *

242ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІОсынау таңғажайып, (Сілтеме ) гүл жайнаған көктемді тамашалау *үшін арбамен бір-екі сағат қыдырыстап жүремін. Бүкіл гүлді өсімдіктердің әдеттен тыс өркен жайып, гүлдегенін өмірімде бірінші рет көрдім. Олардың күлімсірей тәсбих етіп, Аллаһтың шеберлігін өздеріне тән тілмен мадақтап тұрғанын шынайы түрде сезіндім. Дүниелік тірлікке құштар сезімім мен бейқам, шыдамсыз нәпсім, осынау бей-жай күйді пайдаланып қалғысы келді. Дүниеден жиреніп, науқас халдегі қиын тірліктен әбден мезі болып, берзахқа кетуге және сол жаққа кеткен жүзден тоқсан тоғыз достарын көруге құштар болып, сондай қарар қабылдаған көңілім, пәниден бақи ләззат іздеген нәпсіме қарсылық танытты. Бүкіл сезімдеріме бойлай енген иман нұры мыналарды жайып салды. Қара топырақ, осынша әсемдіктер мен мейірімділікке, тіршілік пен нақыштарға бөленіп, шексіз мейірімділікке сахна болып тұр. Мұндағы бірде бір нәрсе бос қалмайды. Бүкіл осы көзге көрінер әшекейлер мен сұлулықтардың, мейірім мен өмірдің, рухани болмыстардың өз міндеттерін үздіксіз орындаушы кейбір түрлері топырақтың астында және арғы жағында жатыр. Әлбетте қамқор анамыздай болған осынау топырақтың астына кіру, оның құшағына тығылып, әлгі шынайы да тұрақты рухани гүл-шешектерді тамашалау әлдеқайда жақсы және соларға құштар болуға әбден лайық деп, әлгі көрсоқыр сезімім мен дүниепараст нәпсімнің үнін өшірді. Дүниепараст нәпсіме дегізді.Саид Нұрси* * * * *Биылғы, бұрын соңды болмаған мейрімге толы жаңбыр мен әскеріміздің кейбір бөліктерінің шапка киюді қоюы және ресми түрде Құран мектептерінің ашылуы, «Зүлфикар» мен «Аса-и Мұсаның» Иман құтқару жолында әсерлі түрде жайыла түсуі, осында мейрімге толы нәтижелерге апарғандығының бір белгісі. Барлық бауырларымызға мың сәлем және дұға етудеміз.

243ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІАзиз, Бейкүнә балаларым!Құранды үйрену үшін дәріс алғалы жүр екенсіңдер. Сендер білетін жаңа әріптермен Құран үйренуде нұқсандықтар болатындықтан қолдан келгенінше жаңа әріппен үйренбеген дұрыс.Құранды оқудың пайдасы тек жақсы бір қари не болмаса, сол арқылы мәртебеге ие болу не табыс табу емес. Оны оқитын кезде әрбір әрпі ең аз он сауап, кейде жүз, тіпті мыңға дейін Жәннат миуаларын, ақыреттегі жемістерін ойлап, әрі о дүниеде рахатқа бөленуді, бақытты болуды ниет етіп оқу керек. Рас, мектептерде пәндердi фәни дүниелік күн көріс не болмаса мәртебеге ие болу үшін оқудың қысқа өмірде бір ғана пайдасы болса, Құранды, оның киелі сөздерін, нұрлы да иман жайындағы қағидаларын үйренудің мәңгi өмiрде мыңдаған пайдасы бар. Әлгі пәндер шыны болса, мыналардың алмастай құны бар. Сондай-ақ, ата-аналарыңа қайырымды, пайдалы ұл-қыз боласыңдар. Сендер бейкүнә жандарсыңдар, әзірге күнәларың жоқ. Сондықтан, сондай адал ниетпен оқысаңдар, сендер де Рисалей-Нұрдың бейкүнә шәкірттерінің қатарына қосылып, барлық шәкірттердің дұғаларына ортақ боласыңдар. Сөйтіп, нұрлы да мүбарак шәкірт атанасыңдар.Сендерді және ұстаздарыңды, ата-аналарыңды, отырған аймақтарыңды, бәрекелді деп шын жүректен құттықтаймын.* * * * *Әзиз, Сыддық Бауырларым!Біріншіден: Барат түндеріңді жан-тәнімізбен құттықтаймыз.Екіншіден: Нұрдың хас сардары және жарыққа шығушысы Рефет Бейдің Нұр қызметі үшін Стамбулға аттануы өте жақсы және дұрыс болған. Ол жерге сол сияқты бір Нұршы керек еді. Хақ Тағала табысқа жеткізсін ... әмин.Үшіншіден: Мен, екеуін Әл-Әзхар Университетінің ғұламаларына, екеуін Нұрлы қала Мәдинаның Рауза-и Мүтаххара маңындағы ғалымдарға, екеуін Шам Шерифтегі ғұламалар кеңесіне жолдау үшін «Зүлфикар» мен «Аса-и Мұсадан» үш-үштен дайындап қойдым. Алғы сөз ретінде бұрынырақта Әл-Әзхар Университетінің ғұламаларына арналға, кейінірек өздеріңе де жіберілген хат енгізілді. Мүмкін болғанша тезірек жолдауға тырысамыз, ИншаАллаһ!

244ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІТөртіншіден: Мен, екі себепке байланысты сендердің рухани қызметтеріңе және дұғаларыңа және өзім мұнда қол жеткізе алмай отырған рухани табыстарыңа мұқтажбын.Бірінші себеп: Мен өмір бойы, қазіргідей қайратсыздық пен барған сайын арта түскен әлсіздікті сезген жоқ едім. Үнемі оқып отыратын вирдтерімді толық оқып шығудың өзі қиын. Ал негізінде осы күндері және қасиетті түндерде жүз есе артық қайрат қылуға мұқтажбын. Сендердің рухани серіктестіктеріңде өз үлесім болғандықтан көмек беріп, дұғаларыңа әмин деп, мың есе артығымен жүгіруім қажет болып тұрса да мынадай әлсіз жағдайда рухани серіктестікке көмегім өте аз болуы мүмкін. Мұның шарасы Нұр жолында маған түсер міндет сендерге жүктелуімен қатар, серіктестіктегі міндеттерімді де сендердің рухани демеулеріңе сүйеніп, шамамнан және қабілетімнен әлде қайда көп жұмыс істеуді және сендердің жақсы ойларыңа сай атқаруды нәсіп етуді мейрімді Аллаһтан сұраймын.Екінші себебі: Сендер де сырт көз де Рисалей-Нұрдағы ақиқаттардан және шәкірттердің рухани келбетінен туындап жатқан жағдайлар мен нәтижелерді мына бейшара бауырларыңнан шығып жатыр деп ойлайтындықтан, әлгіндей үлкен нәтижелер үшін жойқын күш пен төзімділік керек. Жеке өзімнің азғантай еңбегім, мынадай науқас жағдайда (не болады) сондықтан мені рухани көмекке мұқтаж етуде. Мен де сендердің рухани көмектерің келсін деп, сынды барлық бірінші жақ көпше түрдегі сөздерді қолданған кезде сендерді ниет етемін. Барлықтарыңмен бірге жұмыс істеп отырғандаймын. Әмин деген кезімде де барлық дұғаларыңызға әмин деуді ниет етемін. Иншаллаһ, мейрімділердің ең мейрімдісі, рахметіне бөлеп, аса кемшін, азғантай еңбегімді, сендердің қарқынды еңбектеріңе әмин дегендей етіп қабыл алар.Бесіншіден: Ана оқиғаға байланысты жағдайларыңның қалай болғандығын алаңдаймын. Аллаһқа шүкір, хатыңызды Қаһарман Тахиридің мәшиңке, қағаз алу үшін Стамбулға кеткендігі байқалады. Демек ол оқиға өршімейді Нұрлардың жарыққа шығуына кедергі болмайды ИншаАллаһ басқа жақтардағыдай ол жерде де жеңісті таралымдары бола бермек.* * * * *

245ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІРавза-и Мутаххара маңындағы мүбәрак ғұламалар кеңесіне «Аса-и Мұса» мен «Зүлфикар» рисалелері ұсынылды. Осындай қасиетті жерлерде шапағатқа себеп болып, хайырлы дұғаларға бөлеу үшін, автордың орнына сол берекелі орындар мен кісілерді зиярат ету үшін жіберілген екен. Бұл хатты Шамға, Мысырға, Үндістанға бара жатқан кісілер арқылы Равза-и Мутаххараның орнына Әл-Әзхар университетіндегі және Шам мен Үндістандағы Ислам жамағатына жаздық. Екі-екіден Мысырдағы Әл-Әзхар мен Шам ғұламаларына және Үндістаннан екі миллион лиралық Құран сұратқан жамағатқа жолдадық.* * * * *Әзиз, Сыддық Бауырларым!«Аса-и Мұса», «Зүлфикар», «Мұғжизат-ы Ахмедие», «Мұғжизат-ы Құрание» жинақтарын ыңғайы келген кезде Равза-и Мұтаххара жақтағы ғұламаларға жіберіп, былай деп жаздыңдар: Нұр рисалелерінің Медресетүз Зехрасы (Сілтеме ) Равза-и Мутаххара *маңындағы ғұламалардың мейріміне аса мұқтаж рухани перзенті және шәкірті. Аяусыз жаудың шабуылдарына душар болған бір шәкірт. Үнемі Ислам Әлемін Нұрға бөлеп отырған сіздердің үлкен медреселеріңіздің шағын бір бөлімшесі. Сондықтан қадірменді ұстаздардың бейшара перзентіне рухани түрде көмек беруін олардың қамқор болмыстарынан күтеміз. Ұлы ұстаздарға ұсынылған екі кітапқа келсек, бір шәкірттің сабағын қалай түсінгендігін әкесіне, ұстазына жазып көрсетуі сияқты нәрсе. Сол екі сабағымызға мейрімді ғұламалар түсіністікпен қарауын өтінеміз, деп хат жазыңдар. Сәлемімді, құрметімді ұсынып қолдарынан сүйетінімді жеткізіңдер. «Бұл рисалелердің авторы Саид Нұрси жиырма жылдан бері еш қайда шықпайды. Жалғыз отырғандықтан ел-жұртпен кездесе алмайды. Аса қажет болған жағдайда ғана, аз уақыт қана тілдеседі. Қолында еш қандай кітап жоқ. Жазған жүз отыз рисаленің қайнар бұлағы Медресетүз-Зехраның материалдық түрде құрылуына көптеген нәрселер кедергі болып тұрғандықтан (ол медресе) әзірге Құран шәкірттерінен ғана тұрады.

246ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ітек қана Құран», дейді. Біз де бұған куәміз. Туған жерден жырақта, науқас, қиын жағдайда. Кейде тез жазылған рисалелерінде қателіктер болуы мүмкін, сіздердей ғұламалар түсіністікпен қарасын деген өтініш айтты бізге. Біз сол өтінішін сіздерге, жеткізіп, құрметпен қолдарыңыздан сүйуші.Нұр шәкірттеріТахири, Хайри, Мұстафа,Садық, Осман, Хусрев, Тахир* * * * *Әзиз, Сыддық Бауырларым!Солтүстіктегі Швеция, Норвегия, Финлияндия Құранды өз мектепттерінде ең үлкен құтқарушы кітап ретінде қабыл алып, енді Исламдағы парыздардың бірі болған Рамазандағы оразаны тұту үшін «Солтүстіктің ұзақ күндерінде (қалай ұстау керек) жеңілдік жолы бар ма? Ұстамауға бола ма?» Деген сұрақтарды Әл-Әзхар Университетіне қойыпты. Демек Европадағы шағын мемлекеттер ғана емес, саяси мағына шығып кетпесін деп өзін көрсетпей тұрған бұрындары әлемдік аренада жоғарғы деңгейге көтерілген, алайда қатты таяқ жеп, дүниенің алдамшы екендігін көріп, шынайы жұбанышты тек қана Құраннан тапқан (ел) әлгі шағын мемлекеттермен рухани түрде бірге деуге болады.Иә, дүниенің не екендігі түсінікті болаған соң, адамзаттың қиялынан туған жараны мәңгілік өмір мен Құраннан басқа еш нәрсе емдей алмайды.* * * * *Әзиз, Сыддық, Қаһарман Сабри!Хақ Тағала Галиб Бей сынды аса жан кешті батырларды Ислам әскерінде жетілдіре берсін. Бұл кісі батыста, шығыстағы Хулуси Бей сынды қызмет етуде. Тариқат ұстанымына орай, мұсылмандарды адасушылақтан қайтаруға тырысуда. Бұл кісі бұрыннан да, Рисалей-Нұрды білмей тұрып та Нұрдың ұстанымдары бойынша әрекет етіпті. Нұрлармен байланысы артқан сайын, бұрынғыдан да көп қызмет етуі мүмкін. Бірақ Нұрдың ұстанымы, ақиқат пен сүннетке берік

247ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іболу, парыздарға мән беру, үлкен күнәлардан аулақ болу, тариқатқа екінші, үшінші дәрежеде қарайды. Галиб бауырымыз, Алевиелердің арасында Қадири, Шезали, Рүфаи тарихаттарының бір негізін (алып) Сүннет шеңберінде Хулефа-и Рашидинге, Ашере-и Мүбашшереге тиіспеу шарты бойынша, Әли Бейтке сүйіспеншілік шеңберінде тариқат сабағын беруді ойлайды. Ақиқат үшін, Иманды құтқарып, бидғаттардан сақтау жолында аса маңызды үш-төрт пайдасы бар.Біріншісі: Алевилерді теріс ағымдарға бой алдыртпау және асыра сілтеуші Рафизилік және саяси Бекташилік ұстанымдардан сақтау жолында маңызды пайдасы бар.Екіншісі: Әһли Бейтті жақсы көру жолын ұстанатын Алевилер қаншама асыра сілтесе де, Рафизи болып кетсе де азғындық жолға түсіп, абсолюттік күпірлікке бармайды. Өйткені Әһли Бейтке деген махаббат рухына орныққан сайын, Пайғамбар мен Әһли Бейтке деген дұшпандыққа негізделетін абсолюттік күпірлікке бармайды. Әлгіндей махаббаттың арқасында Исламиятқа мықтап байлануда. Мұндай адамдарды тариқат арқылы сүнниттік шеңберге тарту үлкен пайда. Мынадай заманда мұсылмандардың бірлігіне көп зиян келтіруші саяси ағымдар Алевилердің болмысындағы жанқиярлықты пайдаланып, өз мүдделеріне пайдаланып кетпеуі үшін Нұр шеңберіне тарту аса орынды. Нұр шәкірттерінің ұстазы Имам Әли Радиаллаһу Анх қой, әрі Нұрдың ұстанымы Әһли Бейтке деген сүйіспеншілікке (махаббатқа) негізделген. Әлбетте нағыз Алевилер бұл ортаға қуана-қуана кірулері керек.Мына заман, Иманды құтқарып қалу заманы. Мынадай бидғаттар жайлаған заманда жүрекпен сейр-і сүлүк (транстық жағдай) жасап тариқат жолында жүру аса қиын болғандықтан, Нұр жамағаты ақиқат ұстанымы арқылы тариқаттардың пайдалы нәтижелеріне қол жеткізеді, деп ол бауырымызға Рамазан айы құтты болсын деңдер және менің сәлемімді жеткізіңдер. Ол да бізге дұға етсін.* * * * *Сафранболудағы ықыласты бауырларымыздың бірі Хыфызының шағын Нұр медресесіне айналған үйіндегі кішкентай, еңбекқор балаларды жеті жасар Йылмаз бен он үш жастағы Хүснүнің және солар сияқты Нұрларға еңбек сіңіруші құрметті аналарының берекелі

248ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іқаламынан туған құттықтауларын, барлық Сафранболу және Эфлани Нұр медереселерінің атынан осы Рамазанның Фердауси тәбәрігі ретінде қабыл еттік. Йылмаздың көрген түсі қаз қалпында расталды.Эфланидің расында да жас батыры Мұстафа Сұңғырдың тамаша және ықыласты хатының бір бөлімі «Қосымшаға» енгізілсін. Расында да Мұстафа Османның, Мұстафа Оруч және Мұстафа Сұңгыр сынды аттас және Нұр қызметі жолында шын берілген екі жолдас табуы, шынайы ықыласы мен табысқа жеткендігінің кереметі іспетті. Әсіресе Сафранболуның Хасан Фейзісі болған Ахмед Фуадтың басқа хаттарында аты аталғандарға жеке жеке сәлем жолдап, дұға етеміз. Олардың ерен еңбектерін құттықтаймыз. Барлық бауырларымызға мың сәлем.* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым!Біріншіден: Сираж-ун-Нұрдың қатесіз, кәміл түрде шығуы Медресетүз Зехранның аса маңызды бір жаңа дәрісі болғандықтан Нұрдың кең шеңберінде қызыға оқылатын болады, ИншаАллаһ.Екіншіден: Кастамонуның Хусреві Мехмед Фейзинің табанды түрде асқан құлшыныспен Нұрларға еңбек етуі және еңбек еткізіп оқытылуын көрсетіп отырған Нихад пен Абдуррахман Ихсанның хаттары көрсетіп отырғандай, ол жақтан келгендер дәл сол хабарды жеткізуде. Нағыз шәкірт екендігін көрсетуде. Аллаһ табысқа жеткізсін ... әмин! Нұрдың хас батыры Мұстафа Османның Қарабүкте жасырын еңбек етуі мен Нұрға сіңірген еңбегін сол маңдағы және Эфланидегі шәкірттердің қайратын (бағалай отырып) Қадір түні берекелі болсын деп құттықтаймыз.(Сілтеме) Сиражун Нұрды тексеріп отырғанда, Рамазанда оқитын вирдтеріме уақыт тапшылығынан қатты әсер алдым. Бірденен, оқып отырған мына тақырыптар бір жағынан алғанда құлшылық болып есептелуімен қатар, Аллаһты тану, Зікір ету, жүректі тыныштандырып, Имани махаббат болып саналатындықтан, сенің бітпей қалған вирдтеріңнің орнын толтырады деген ескерту жасалды. Мен де Әлхамдулиллаһ дедім.* * * * *

249ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІЕгер ыңғайы келсе, Стамбулға жөнелтілген кітаптар осында соға кетсе жөн болады. Мен үшін де жиырма-отыз нұсқа Стамбулда түптелсе және маған жіберсеңдер жақсы болады. Әзірге олардың ақшасы жоқ қолымда, жібере алмаймын. Көп кісілерге сыйлық ретінде беруге мәжбүрмін.Науқасым ауырлай түссе де Нұрға қызмет етіп жүрген бір-екі адал дәрігерге ауруымды шағымданбадым. Берген дәрілерін де ішпей, ауруым меңдеп бара жатса да олармен кеңеспедім. Қатты қиналып жатқанымда қасыма келген кездерінде де ауруға қатысты тіс жарып ешнәрсе айтпадым. Бұл олардың көңілдерінде күдік оятқандықтан сырға толы бір ақиқатты паш етуге мәжбүр болдым. Бәлкім сендерге де пайдасы болар деп жазып отырмын.Оларға былай дедім: Жасырын дұшпандарым мен нәпсім шайтанның айтақтауымен осал тұсымды түртпектеуде. Сол арқылы мені тұқыртып, Нұрларға ықыласпен қызмет етуіме зиян келтірмекші. Ең әлсіз, ең осал тұс науқастық. Ауруға көңіл бөлген сайын денедегі сезімдер күшейе түседі. «Мәжбүрсің, мұқтажсың» деп рух пен жүректі басып тастайды. Дәрігерді үстемдік жүргізуші әкім етеді. Айтқандарын орындап, берген дәрілерін ішуге мәжбүр етеді. Бұл, жанқиярлықпен жүргізіліп жатқан ықыласты қызметке зиян береді. Жасырын дұшпандарым сол әлсіз жақтарымнан пайдаланып кетуге тырысуда. Үрей мен ашкөздікті және атақ-даңқ қуалау сезімдерін пайдаланғысы келеді. Өйткені, адамның ең осал тұсы болған қорқу сезімі арқылы еш нәрсе өндіре алмады. Өлім жазаларына мән бермегенімізді аңғарды.Содан кейін адамның тағы бір осал тұсы болған күнкөріс жағынан да көп тиісті. Ақырында, әлгі осал тұстан да еш нәрсе өндіре алмады. Сосын олар мынаған көз жеткізді: өздері діндерін пида еткен дүниелік мал-мүліктің біз үшін ешқандай қадір-қасиеті жоқ екендігін көптеген оқиғалар арқылы анық сезді. Тіпті, соңғы он жылда жүз рет «ол, немен күн көріп жатыр?» деп жергілікті әкімшіліктен сұраған екен.Сондай-ақ, адам баласының ең осал тұстарының бірі атақ-даңқ тұрғысынан да ұстамақшы болды. Неше түрлі қорлық пен кемсітулер арқылы жүйкеме тиер азаптар көрсетті. Бірақ, көздегендеріне жете алмады. Өздері табынған дүниенің атақ-даңқын екіжүзділік, зиянды мақтаншақтық деп, қабылдайтынымызға көздері жетті. Олардың

250ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іерекше мән берген дүниелік атақ-даңқ пен дүниеқорлыққа бес тиындық көңіл аудармаудамыз... Бәлкім оларды осы тұрғыдан диуана деп көреміз.Содан кейін біздің қызметімізге қатысты осал жеріміз болып есептелетін, бірақ ақиқатында әркімнің жақсы көретін және қол жеткізуге құштар болған рухани дәрежеге ие болу, әулиелік мәртебеге көтерілу еді. Аллаһтың әлгі нығметіне иемін деп сезіну адамдарға пайдадан басқа келтірер ешқандай зияны жоқ. Алайда, өз пайдасын ғана ойлау сезімі үстемдік етіп тұрған мына заманда, әлбетте, ықылас пен ешнәрсеге құрал болмауды басты негіз еткен иман қызметі, жеке бастың рухани мәртебесін іздемеуді талап етеді. Шынайы ықыласты бұзбау үшін, оларды қалап, соларды ойламауы керек. Осындай ақиқаттардан кейін жұрттың бәрі іздеп жүрген керемет көрсету мен рухани кемелділікті Нұр қызметінің тысынан іздемегенімді осал жерімнен ұстағысы келгендер түсінді. Бұл жағынан да көздегендеріне жете алмады. Бүкіл бауырларыма жеке-жеке сәлем айтамын. Қадір түнін шапағатшы ете отырып, Аллаһтың мейірімділігінен алдағы Қадір түні әрбір нұршының өмірінде сексен үш жылдық сауапты өмірге айналуын сұраймын!Бауырыңыз Саид Нұрси* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым!Біріншіден: Рамазан айының соңғы он түні, әсіресе тақ түндері Қадір түні болуы ықтималы жоғары екендігін Хадис Шәриф жеткізуде. Сондықтан Нұршылар сол ұлы Нұрдан пайдаланып қалуға тырысуы керек.Екіншіден: Хусрев пен Тахири сияқты өз міндеттерін толық орындаған және мың Хусрев, без жүз Тахири тәрбиелеп шығарған екі бауырымызды және солар сияқты бір Нұршыны азаматтық істер сотына беру... ИншаАллаһ, көп көмек, және мол табыспен нәтиделенді,


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook