МАРҚҰМ САЛИХ ИЕШІЛДІҢ ІШКІ ІСТЕРМИНИСТРІ ХИЛМИ УРАН МЫРЗАҒА ЖАЗҒАН ХАТЫНЫҢ КӨШІРМЕСІ[Кітаптары қате түсіндіріліп, неше жылдан бері қамауға, бақылауға алынып отырған саф, ақжүрек бір адам, мұсылманшылдықтан басқа еш қандай мақсаты жоқ Бәдиүззаман «Молда Саид» атанып отырған бейкүнә жанды не тұрған жерінде не Анкараға ауыстыру арқылы тыныш қана өмірін жалғастырсын деген өтінішпен жазылып отырған бұл арыз-хатымды тікелей өзіңіз оқып, қайраты бар шағында жасалғанмен қазір ұмтылып бара жатқан ерен еңбегіне құрмет ретінде мына қарт адамның еркіндікте өлуіне мүмкіндік берсеңіз, зор құрмет етіп, борыштар болар едім]МОЛЛА САИД КІМ?Қазіргі уақытта Афионның Әмірдағы ауданында мәжбүрлі түрде отырған Молла Саид, туылғалы бері Түрік бауырларының арасында өмір сүрді. Түрік ментальитетімен тәрбиеленді. Дүние жүзілік соғыста қарлы Кавказ тауларында қаһарман әскеріміздің ортасында Еріктілер полкының командирі ретінде жаумен арпалысты. Тура жолды көрсету бағытында да бөлімшелерді аралап, жоғарғы дәрежелі ордендер де алды. Сарықамыш операциясында, Битлис жау қолында қалған кезде жараланып тұтқынға түсті. Бірнеше жыл Орыстың қолында қиналды. Қашып шығып, Стамбулға оралды. Біліміне сай Дарул-Хикмет-ул-Исламияда (Ислам академиясы) қызмет етті. Бүкіл Ұлттық қозғалыс кезінде халықты күрес жолына шақырды.Ұлттық мәжілістің алғашқы жылдарында Анкараға келіп, Хажы Байрамдағы қонақ үйде (Депутаттар тұрған үй) екі ойлы азаматтарға отанды қорғап қалудың маңыздылығын түсіндірді. Осынау нағыз отан сүйгіш адамның әуелі иман мен құлшылыққа, сенімге байланысты жазған, әлі жазып жүрген еңбектері дін мен діндарларды жек көретін кейбір адамдардың арыздануы себепті, ішкі істер министірлігінде отырған Шүкрү Қаяның ұстанымдары мен режиміне үйлесім таппаған соң, негізсіз жала, өтірік ақпараттардың кесірінен байғұс адам, жиырма жылдан астам уақыт бойы түрмелер мен жер аударулардың азабын тартып келеді. Екі жыл бұрын тағы да сол кітаптарына байланысты Кастамонуда айдауда жүрген жерінен қолдарына кісен салып, оған сәлем берген алпыс алты адаммен
152ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ібірге Денізлі қаласының түрмесіне қамады. Он бір ай қамаудан соң, зиянды деп танылған кітаптары әуелі Стамбул мүфтүлігінде арнайы топтың, кейінірек Анкара дін істері басқармасы мен тіл тарих Институтының мамандарынан тұратын арнайы топтың айлар бойы сараптамасынан өткенен кейін, бұл кітаптардың еш қайсысында мемлекеттің саясатына, қоғамның тыныштығына, зиян тигізетін еш нәрсе табылмағандықтан Молла Саид пен Нұр шәкірттері және бұл кітаптарды оқығандар еркіндікке шықты.Денізліде тұруына рұқсат берілсе де өкінішке орай бұл қария, аз уақыттың ішінде әуелі Афионға ол жерден де Әмірдағына жер аударылып, қандай да бір Түрік бауырымен кездесуіне тыйым салынды.Құрметті мырза! Республикалық еркіндіктен, Кониституциялық еркіндіктен мақұрым қалып отырған бұл қария, қай жағынан болса да қамқорлыққа лайық, күтімге мұқтаж. Жақын-туыстары болмағандықтан мұсылман үкіметтің қамқорлығына мұқтаж Ислам ойшылы.Атақты ақын, марқұм Акиф мырзаның айтандарына қарағанда, Мысырдың атақты ғұлама-ғалымы, батыстың бірнеше тілін білген, философиясын да жақсы меңгерген атақты ұстаз, Абдүлазиз Чавиштің жиырма жыл бұрын «Әл-Әхрам» газетінде Саид жайлы жазған «Фатин-үл Аср» атты мақаласын оқыған және өзімен кездескен ғалымдар бұл кісінің ғылыми қабілеті мен Аллаһ берген ерекшеліктерін еріксіз мойындайды.Құрметті Мырза! Күрд екен деген сөзге бола қаншама кемсітулерге нысана болған Молла Саид өз болмысында мақтауға тұрарлықтай Түрік, Исламға қызмет етуші. (Сілтеме ) *Бұдан еліміз зиян шекпейді, рухани пайдаға кенеледі. Мен өз намысым мен ар-ожданыма сүйене отырып Молла Саидтың расында да таза адам екендігіне куәлік етемін. Сондықтан сіз сияқты еліміздің (Халқымыздың) ішкі жағдайын бақылап-басқарып, тағдырына әсер етіп отырған тәжірибелі кісілерден адамгершілік атынан өтінерім: Иә, әр қайсысы жүз адамға татарлық мыңдаған Түрік жастары, баласы да қарты да Рисалей-Нұрға шәкірт болу арқылы , Түрік халқының Аббаси Халифатның күйреуінен кейін Ислам дініне көмекке ұмтылғаны сияқты, мынадай аласапыран ғасырда сол шәкірттер де Ислам дініне көмекке ұмтылуда. Бір Саид қана емес, Ақиқатшыл жанның бәрі де ізгі ниетпен Түріктерге дос болады.
153ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІҚате түсінуші журналистердің кесірінен еркіндік атты нығметтен, таза ауа жұтудан, қандай да бір Түрік бауырымен кездесуден мақұрым қалып отырған бұл кісіні үкіметтің әділдігі, лауазымыңыздың маңыздылығы атынан, және әділет пен жақсылық ұғымына сүйену арқылы бұл кісімен тым болмаса ізгі ниетпен бір рет кездесіп, оны не бар не жоқ ету жайлы қарарыңызды берсеңіз, әлбетте аса маңызды борышыңызды заң атынан өтеген боласыз. Өмір тарихыңызда мақтауға тұрарлық бір із қалдырып, әділетшіл екендігіңізді халыққа да, ақсақ жандай бұрыш-бұрышта қалып қойған тарихшыларға да жеткізген болар едіңіз мырза.Халқын, Елін жанынан да жақсы көретін, қанында да тәнінде де Күрдтің, Албанның, Бошнақтың қанының иісі де жоқ, бұрын Эрзуримнан депутат болып сайланған аяғы кесік Йешіл оғлу Мехмед Салих.* * * * *Құрметті дін бауырым!Қырық күн бойы төсекте жатып сені уайымдаудамын. Өз ойымша және естуімше көңіл-күйің жоқ сияқты. шамамен он шақты күн бұрын көшеден «тап-таза Афион сары майы бар» деген дауыты естіп, терезеден шақырып алдым да шамалы май алдым. Мақсатым сіз туралы хабар алу болатын. Афионнан Әмірдағы ауданына жер аударылғандығыңызды, елмен кездесуге тыйым салынғандығын естіп, қатты қиналдым.Құрметті дін бауырым! Бұл хатты жазып отырған, отыз бір жыл бұрын бірінші дүниежүзілік соғыста, Кавказдың қарлы тауларында Эрзурумдағы Есад Паша медресесінде және жиырма төрт жыл бұрын депутат ретінде досыңыз Ванның Губернаторы Хайдар Беймен бірге Ұлттық мәжіліс залында кездескен бұрынғы Эрзурум депутаты Йешіл оғлу Мехмед Салих.Мехмед Салих (р.х.)* * * * *
154ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІЙешіл Салихқа жазылған хатӘзиз досым Хасан Әфенді! Сен менің атымнан құрметті бауырым Салих Әфендіге былай жаз. Мен оның бұл адамгершілігін өле-өлгенше ұмытпаймын, оған қарыздармын және сәлем жолдап дұға етемін. Алайда мен қиыншылықтарға қарсы шыдауға қарар бергенмін. Мен жақсылықты ол басшылардан күтпеймін.Саид Нұрси* * * * *Маған жіберген «Аса-и Мұсалардың» ішінде біреуі мұқабасыз, сары қағазбен қапталған күйде келді. Хусревтің жазына ұқсайды. Алайда сыртында Мұстафа деген ат тұр. Ол кім? Қай Мұстафа? Сол кітапта «Ахмедтің қызы он үш жасар Хадиша» деген жазу бар. бұл қай Ахмед?Оған да қызына да мың Бәрекелді. Ол жаста мынадай үлкен кітапты, сәйкестігін сақтай отырып ұқыпты түрде жазып шығуы бейкүнә балалардан шыққан хас батыр деуге болады. Кім көрсе де МашаАллаһ дейді. Осындағы мектеп оқыған ханымдардың ынтасын арттырады. Нафиз бауырымның хаты өте маңызды. Расында да Америкада дінді саясаттың құралы емес, дін ретінде қатаң ұстануды қажет ететіндер көп. Инша Аллаһ «Аса-и Мұсаны алушылар сондай діндарлар болар». Кечелі Салахаддин Абдурахманның нағыз өзі, батырлықта әкесінен кері қалғысы келмейді. Анда-санда бізге де әдеттен тыс дүниеге назар сылғызып қояды. Егер ол Америкалық ғалым, Рисалей-Нұр жинағын толық сұраған болса, басылып шығатынына да уәде беріп жатса, ақылдаса отырып жақсы бір жинақ жібереміз.Назифтың бір хатымен бірге бір зейнеткердің уәсуәсаға (күдік-күмән) қатысты бір сұрағы бар. Егер ол адам тиянақты түрде Рисалей-Нұр оқыса мұндай сұрақтар қоюға мұқтаж болмайды. «Хикметүл Истиазе лемасын» және «Жиырма тоғызыншы сөздің» періштелер мен руханилердің бар екендігіне байланысты бөлімдерін оқысын. Оның мағнасыз және жүз жерде жауабы кездесетін күдік-күмәні, азғын материалисттердің қазіргі аласапыран жағдайды пайдаланып у шашуларының нәтижесі. Әлгі адам солардың ықпалында қалып,
155ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іосындай сұрақ қойып отыр. Оған сәлем жолдаймын. Рисалей-Нұр оның барлық сұрақтарына жауап бере алады. Шын ниетпен, ақиқаттарды мойындай отырып Рисалей-Нұрды оқысын, тыңдасын.Нұр медресесінің бұрынғы және қазіргі батырларының бірі, ағаш ұстасы Ахмедтің хаты, үш-төрт жақтан алғанда маған қатты әсер етіп, қуантты да борыштар да етті. Сол медресенің бас шәкірті атанған Ахмед, Шәхид Хафыз Әлидің міндеттерімен қоса, Сүлейман сынды бауырымен, кішкентай қызымен бірге үш нұсқа «Аса-и Мұсаны» жазулары және мүбәрак Хасан ағаның баласы екендігі мені бұл кім деген ойдан құтқарды, қатты қуантты. Аллаһ оған иман берсін, жұмыстарын табысты етсін, бақытқа бөлесін. Әмин! Әмин!Марқұм Хафыз Мехмедтің екі бауырының сол кісінің істерін жалғастыруы Мұстафаның жазуы, Хусрефтің әдемі жазуларына ұқсауы, екі Хафыз Мехмед қайта табылғандай қуантты мені.Қаһарман ағаш ұстасының еңбегінің нәтижесі ретінде Көкдерелік уағызшы екі ұлымен бірге Рисалей-Нұрға шәкірт болып, жаза бастауына орай, оларды да ағаш ұстасын да ауылдастарын да құттықтаймын. Ағаш ұстасының оларға айтып берген өлең жолдарын «Қосымшаға» енгіздік.Атабейлік сал Әли Оспанның ұзақ хаты және «Аса-и Мұса Рисалесі» мен Нұрларға қарқынды еңбек етуі, Рисалей-Нұрға көп еңбегі сіңген Шіліңгір Әли мен нағашысы Хасанның оған көмектесуі, жақсы ойлары мен үйлесім табулары бізді жадыратып тастады. Эгрідір ауылын бұрынғыдан да жақсы көріп кетуіме себеп болды. Мейрімділердің ең мейрімдісі болған Аллаһ оларға разы болсын.* * * * *КӨПШІЛІККЕ АРНАЛМАҒАН ДЕУГЕ БОЛАДЫМаған қарсы өткен қыста ұйымдастырған қастандықтары, Алла Тағаланың мейірімділігі мен сендердің дұғаларыңның және сабыр мен шыдамдылықтың арқасында іске аспай қалды. Құрған тұзақтарының кең көлемді болғанына президенттің жуық арада айтқан сөздері дәлел болады. Ол Афион қаласында: «Осы уәлаятта діни тұрпатты бір бүлік шығатынын ойлап жүр едік» деген еді.
156ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІДемек, жасырын ұйым мені тығырыққа тіреу арқылы бүлік шығарғысы келген екен. Шетелдіктердің мүддесін көздеп, мұсылмандар мен отандастар арасында шығарғысы келген бүлік заңға мүлдем қайшы, жүйкеме қатты батқан сатқындықтар мен қиыншылықтар арқылы азапқа салу, оларға мына дүниенің өзінде өте зиян. Ақыретте көретіні де тозақ. Ал бізге мына дүниеде көп сауап пен табыс, ақыретте иншаллаһ жұмақ пен кәусер бұлағына қол жеткіздіреді. Демек, осы жасырын жоспарды министрлер мен елбасшысы сезген болып тұр. Өйткені, осы жердегі бүкіл қызметкерлер, тіпті обылыс әкімі мен қала әкімі, полиция да менімен кездесуден қорқып, қашып жүрді. Мен таң қалған едім. Бірақ, қолымызда тек Нұр болғанын және саясат шоқпарының жоқ екенін зәрредей ақылы барлар аңғарды. Қайран қаларлығы мынау болды. Бәрінен бұрын мені қорғаштап, қорғап жүруге тиісті кейбір қызметкерлердің өзі бізге қарсы қолданылды.Нұршылар, қатты абай болып, байқап жүруіміз керек. Өйткені, қазір рухани аласапырандар кезеңі. Кейбір әзәзіл мүнафықтар барлық жерге тұмсықтарын тығып алды. Дінсіз адамдай диктаторлықты жақтай тұра, демократияны жақтаушылардың ішінде араздық туғызып, сырларын біліп алу үшін солардың араларына кіріп алады.Сондай-ақ, Салахаддиннің «Аса-й Мұса» атты кітапты американдыққа беруіне байланысты былай дейміз: «миссионерлер мен христиан дінбасылары, және Нұршылар өте-мөте абай болғандары абзал. Өйткені, солтүстіктен ескен ағым, Ислам мен Исауи дінінің шабуылына төтеп беруі үшін Ислам мен миссионерлердің ынтымағын ыдыратуға күш жұмсайды. Қарапайым халыққа жеңілдік жасап, зекетті шарт қылып, өсімқорлықты тыю арқылы буржуазияны халыққа қарайласуға шақыруы және оларға зұлымдық жасатпауы тұрғысынан мұсылмандарды алдайды. Сөйтіп, оларға бір жеңілдік беріп, кейбіреулерді өз жағына тартуы мүмкін». Жарайды, осы да жетер, бұл жолы сендердің көңілдерің үшін қағидамды бұзып, дүниелік оқиғаларға назар аудардым.Саид Нұрси* * * * *
157ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІӘзиз, Сыддық баурыларым!Аса маңызды хаттарыңа қысқа ғана бір хат жазуға мәжбүрмін.Біріншіден: Сұрақтары көптеген нұрлы ақиқаттардың ортаға шығуына себеп болған Рефеттің балаларға Құран мен Нұрдан сабақ беруі, өзінің Лемалармен шұғылданып, тексеру жұмыстарында маған және Хусревке көмектесуі, сондай-ақ «Аса-и Мұсаның» Стамбулда ақиқатшыл ғалымдардың қолына тиуіне ат салысуы мақтауға тұрарлық нәрсе. Ал жаңа бір сұрағына әзірге жауап берілмейді, уақыты келген жоқ.Қаһарман Бурханның дивизия командиріне берген жауабы тамаша: Иә, Нұршылардың саясатпен байланысы жоқ. Бүкіл өмірі Иман ақиқаттарымен байланысты. Жасырын ұйымдардың саясатты дінсіздік жолында пайдаланулары, диктаторлық жүйе арқылы осы уақытқа дейін Нұршыларды жаныштап-езіп келді. ИншаАллаһ бір себеп шығып, диктатураны тас-талқан етер. (Сілтеме ) Жазықсыз *зардап шеккен Нұршыларды құтқарып алар. Алайда, аса мұқият болу керек. Рисалей-Нұр дүниеде барлық ағымдардан жоғары және баршаға ортақ болғандықтан еш қайда бұлтрапайды, ешбір ағымға қосылмайды. Шабуылдаушы дінсіздерге қарсы хақ жолындағыларға көмекші, дос және рухани күш ретінде олардың арқа сүйер жерлері болады. Саясат үшін емес Нұрлардың жайыла түсуі үшін жасалады.Кейбір бауырларымыз өз атынан (саясатқа) кіре алады. Әсіресе мүбәрәк Спартаның қазірге дейін Нұр медресесі болуы, қарсыластардың оған тиіспеуі, іштей ешкімге жақтаспауынан, қарсы шығушылардың (сын айтушылардың) ақиқатқа қайтуына себеп болуы мүмкін. Өздерің де жақсы білесіңдер.Салахаддиннің хаты бірнеше жағынан мән беруге тұрарлық, Америкалық ғалымдар әлбетте «Аса-и Мұса» жинағына немқұрайлы қарамайды. Егер дінді, дін үшін жақсы көретіндердің қолына тисе кеңінен тарайды. Әйтпесе, кейбір менменшіл молдаларымыз сияқты қызғаншақтық танытса, кеңінен таныстырулары неғайбыл. Жарайды ... не болса да Аллаһқа тапсырдық.* * * * *Демократтар шығып, біршама талқандады
158ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІӘзиз, Сыддық бауырларым!Біріншіден: Тахиридің Стамбулға баруы ИншаАллаһ қайырлы болар. Хусревтің көп шаруасын да атқарып тастауы. Барлада жүрген кезімдегі, жазуда болсын, тексеру кезінде болсын керемет көмек, тамаша жарылқау, табыстылықтың бір көрінісі Хусревтің көмекшілерінде де байқалатындығына күмәнім жоқ.Екіншіден: Тахиридің Денізлі түрмесіндегі ықыласты қызметі, Нұрларға сіңірген еңбегі үшін осы жолғы хатын «Қосымшаға» енгіздік. Рисалей-Нұр шәкірті, анасы Зүбейде ханымнан бастап барлық тауыстарына, әйеліне сәлем айтып, Аллаһ оларға мәңгі риза болсын демекпін. Әмин!Үшіншіден: Арғы тегі Құрайыштан келетін Ахмед Құрайши құрметті әкесімен, немере інісі Ахмедпен бірге Нұрлардың хас шәкірттеріне айналып отыр. Сол өңірдің шәкірттерінің атынан Нұрлар жайлы жазған тамаша шумақтары «Қосымшаға» енді. Аллаһ еңбектерін жемісті етсін... әмин!Төртіншіден: Эгрідір ауылында аса қымбатты бауырларымыз бар, аттарын жазбай-ақ қояйын. Соларға және Мехмед Сабри сынды байланыс орталығына сене отырып, Сабридің жазуына қатты ұқсайтын, өте ұқыпты жазылған хатты еңбекқор, сабырлы бауырларымыздың бірі Шілінгір Әлиден алдым. Соның қалауы бойынша ол хатты «Қосымшаға» енгіздік. Оған және оны жұмсап отырғанға МашаАллаһ, Аллаһ табысты етсін, дейміз.* * * * *Әзиз, Сыддық, қайрымды, ескі де жаңа бауырым Йешіл СалихМенің өмірім жайлы сұраған сұрақтарыңа қысқа ғана, жинақы түрде ишара ететілетін болады. Белгілі уақыттан соң басқалар толық түсіндірмелі жауабын беретін болады. Тарихта аты қалатын замандас ғалымдардың қатарына атымды жаздыруға, болашақ ұрпаққа атымды қалдыруды қаламаймын, лайық та емеспін. Өз бойымдағы кемшіліктерді өзіме көрсетіп, өзімді өзім кіршіксіз санаудан сақтаған Аллаһқа шексіз шүкір етемін. Жұртқа өзін танымал ету, Даңқ құмарлық болғандықтан, менменсу рияға бой алдыру ықтималы бар. Мұндай нәрсе бізге өте зиян.
159ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІСондай-ақ мен өз дәуірімде материалдық және моральдық тұрғыдан жалғыз өмір сүруге, қоғамдық өмірден алыстауға мәжбүр болдым. Қоғамдық өмірмен біте қайнасып жатқандардың арасына еніп, тарихты ерттеп мініп, болашақтағыларға бой көрсетуге қақым жоқ. Тек айтатын бір нәрсе бар Рисалей-Нұр, бұл елге, бұл халыққа пайдалы екендігі соттың да сарапшы мамандардың қарары арқылы да анықталып отыр. Олай болса менің кемшілігі мол, шамасы аз, шарасыз жағдайдағы жеке басым емес, Құранның мүлкі және мағынасы болған Рисалей-Нұрдың атынан сіздің сұрақтарыңызға жауап ретінде ишара етемін, содан соң Рисалей-Нұр мен шәкірттері түсіндірмелі жауаптар беретін болады.Біріншіден: Отыз жыл бұрынғы өмір тарихымды марқұм Абдуррахман жазды, ол басылып шықты.Екіншіден: Рисалей-Нұрдың жазыла бастаған кезеңінің тарихы деуге боларлық жазбалар Ескішехир түрмесіндегі «Қорғау сөздер» ретінде жазылды. (Жиырма жетінші лема) Денізлі түрмесіндегі «Қорғау сөздер» (он бірінші, он екінші шұға) «Қарттар лемасы (рисалесі)», «Аят-ы Хасбие рисалесі», «Он алтыншы мектуб», «Хужумат-ы ситте», «Ишарат-ы Салесе», «Ишарат-ы Себа» сынды Нұрдың бөлімдері сұрақтарыңызға егжей-тегжейлі жауап беретін болады. Сот маған кері қайтарғанмен әзірге қолыма тие қоймаған рисалелер уақыты келгенде қолыңызға тиетін болады. Инша Аллаһ сізді ешқашан ұмытпаймын. Мынадай жағдайда осынша алаңдауыңыз мені қатты басып тұрған ауыр жүкті жеңілдетіп тастады. Аллаһ саған разы болсын. Әмин!* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым!Күдік-күмәншіл, сезімге берілгіш, дінсіздер мен әңгімелесіп жүрген бір бейшара адам, Пайғамбарымыздың атақты дұғасы «Жәушан-ул Кәбир» жайлы және оның ақыл жетпес сауабы мен жақсылықтары жайлы бір Хадисті көріп, күмәнданып қалыпты. «Бұны жеткізуші Рави Әһли Бейттің» Имамдарынан бір кісі. Алайда шектен тыс асыра сілтеу байқалады. Мәселен мынадай сөздер бар, «Бұл дұғаға Құранға берілген сауаптай сауап беріледі. Сондай-ақ аспан әлеміндегі үлкен періштелер бұл дұғаны етуші адамды
160ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ікөрген кезде күрсілерінен түсіп, оған аса кішіпейілділікпен құрмет көрсетеді». Бұл ақыл мен логикалық өлшемдерге сыймайды, деп Рисалей-Нұрдан көмек сұрады. Мен де Құраннан, Жәушаннан және Нұрлардан нақты және ақылға да хикметке де үйлесімді түрде жауап бердім. Сендерге соны қысқаша баяндап берейін.Біріншіден: Жиырма төртінші сөздің үшінші «бұтағында» он түрлі қағида бар. Мұндай күмәндарды тамырымен қопарып тастайды. Сол жерге қарап жауабыңды ал.Екіншіден: Күн сайын үмметінің сауаптары оған да жазылып жатқан, бүкіл үмметінің бақытты болуына көмек беруші, Исм-і Ағзамның шарапатына бөленген, бүкіл әлемнің өзегі, дәні, ең тамаша жемісі Мұхаммед Алейһссалату Уссәлам, ол дұғаның жоғарғы мәртебесін көрген, өзіне хабар жеткізуші Жабраил (а.с.)-нан естіген. Демек ол аса ерекше сауап Мұхаммед (с.а.у.)-ның ең жоғарғы дәрежелі әулиелік мәртебесінен келіп тұр. Баршаға ортақ емес, ол дұғаның астарында асқан құндылықтар жатыр. Исм-і Ағзамның Нұрына бөленген адамға еру арқылы сол сауапқа қол жеткізуге болады. Алайда аса маңызды шарттары бар, тек оқи салу жеткіліксіз. Олай болмаса өлшем бұзылады, парыздарға әсер етеді.Үшіншіден: Ол дұға Мұхаммед (с.а.у.)-ға қараған кезде ешқандай асыра сілтеушілігі болмайды, нағыз ақиқаттың өзі болады. Ол дұғадағы жүздеген көркем есімдерге қарау жағымен асыра сілтеу былай тұрсын, олардың шексіз нұрынан келетін және келіп жатқан шексіз фейз-нұрдың шексіздігін көрсету үшін Сенімді Хабаршы (с.а.у.) кейбіреулері жайлы хабар берген және ынталандыру үшін қалай болатынын және кімдердің қол жеткізетінін толық айтпаған. Уақыт өте келе ықтималдық жағы көмескіленіп, нақты солай және баршаға ортақ деген түсінік қалыптасқан.Төртіншіден: «Жиырмасыншы Лемада» бір адамға бес жүз жылдық кең аймақтағы жұмақ берілетіндігі жайлы сілтеме бар. Оған да назар аудар. Жұмақтан осынша кең жер берілуі адам түсіне алмастай ие болу емес, адамның өз үйіне иелік етуі сияқты жер бетіндегі нәрселерге де көптеген сезімдері арқылы иелік етіп, пайдалана алады. Жер паланетасы менің үйім, күн менің шамшырағым дей алады. Демек кейбір шектен тыс, ерекше, ақылға сыйымсыз сауаптар осындай ақиқаттарға негізделіп отыр.
161ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІСондай-ақ Исламияттағы әр сауаптың, әр бір жақсы амалдың өзегі біздің бір дұғамыз бен азғантай сауабымыздан таудай сауап алатын Мұхаммед (с.а.у.) жеке вирдтер мен дұғаларды, шариғат, пайғамбарлық тұрғысынан емес, бәлки Ахмеди әулиелік тұрғысынан, жалпылық сипат алмайтын дәрістерінде, өзіне берілген ең жоғарғы мәртебені баяндаған. Өзіне толық еруші хас мұрагерлерін, сол мәселелерге ынталандырады. дедім. Әлгі күдік-күмәндарға бой алдырған адам (Аллаһқа шүкір) күмәндардан құтылды. Толық қанағаттанды. Мүмкін сендердің кейбіреулеріңе пайдасы болар деп жолдап отырмын. Бәріңе де мың сәлем.* * * * *БҰЛ ӘҢГІМЕ БІРШАМА МАХРЕМ (КӨПШІЛІККЕ АРНАЛМАҒАН) ХАС БАУЫРЛАРЫМЫЗҒА АРНАЛАДЫ.Әзиз, Сыддық бауырларым!Ойыма көп оралатын нәрсе, басқалардан бұрын Рисалей-Нұрға аса мән беруі керек кісілер медреседен шыққандар болуы керек еді. Алайда ең бірінші тартынатындар солардың ішіндегі ресми қызмет істейтіндер болып тұр. Неге бұлай?Қазір бірден ойыма келген жауаптың бір бөлімін айтуым керек болып тұр.Біріншіден:Жасырын мұнафықтар жоғарғы жақтағы қызметкерлердің біразын алдап, ресми түрде едәуір қарсы үгіт жүргізілгендіктен, барлық ресми қызметкерлер үрке қарап, тартыншақтауға мәжбүр болуда. Олардың ішінде де менмендігі басылмаған, күдік-күмәншіл, бидғаттарды қабыл етуші молдалар, одан әрі тартыншақтап, өздері үшін үзір сылтаулар іздестіруде. Рисалей-Нұрдың «Ишарат-ы Себа» бөлімінің бидғатшыларға қатты соққы беруі, «Сегізінші және Он Сегізінші Лемада», Имам Али (р.а.) «Эржүзеде» қиыс тартар имамдарға берген қатты соққылары мен бидғаттарға бір шама ыңғайлы болған Уахабилікті жасырын түрде қабыл етушілерді Жиырма сегізінші мектубтағы Уахабилер жайлы тақырыптың соққылауы, Құранның аудармасын оқуға болатындығына пәтуә берушілерге Рисалей-Нұрдың ауыр соққылары, күн көріс қамы мен беделіне зиян келтірмеуді ойлайтын
162ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Імолдаларды және Стамбулдағы бұрын дос болған молдаларды қашырта бастады. Кейбіреулері сынауға шықты. Әли-Бәйт пен Имам Әлиді жақтырмайтын асыра сілтеуші Уахабилікті жақтап, Рисалей-Нұрдың Әли-Бейт пен Имам Әлидің рухани сыйы екендігін жоққа шығара бастады. Алайда біз Стамбулдық ғалымдарға ренжімейміз, тіпті біршама ризамыз, өйткені басқалармен салыстырғанда көп тиіспейді.Сондай-ақ марқұм Пәтуа Әмині Али Рыза, марқұм Ахмед Ширани, марқұм Шевқат Әфенді, марқұм Мехмед Ақиф сынды ынсапты, Рисалей-Нұрға қолдау танытып, жақсы қабылдаушы құрметті марқұмдардың құрметі үшін, біз Стамбулдық молдаларға доспыз. Оларға ренжімейміз. ИншаАллаһ «Жиырмасыншы ықылас лемасы» өзін оларға оқыттыратын болды. Ол ескі достарды да жаңа достарға айналдырады.Бауырларым! Жұрттың бәрі сіз сияқты табандылық таныта алмайды. Нұршылардың рухани күштерін әлсірету үшін кейбір молдалар себепкер, құрал болуда. Алданбаңдар қажымаңдар, олармен айтысып-тартыспаңдар, мүмкін болғанынша достық амалдар жасаңдар. Біз бауырмыз деңдер және мына нұсқаулықтағы ескертулерді ұмытпаңдар, сонда алданбассыңдар.Хусревтің қайратты еңбектерінің арқасында ортаға қосылған, Нұрдың жаңа шәкірттерінен маған хат жазған Хадиша мен Рабиға хас шәкірттердің қатарына қабылданды. Өзім қатты алаңдайтын Барлада Бахридің баласымен бірге және Әюб, Әли, Мехмед, Сүлеймендердің еңбегінің арқасында Нұр дәрістерінің оқылуы маған қуаныштың көз жасын төккізді. Мен бүкіл Барла халқына әсіресе Сүлеймен, Бахри, Мехмед, Мұстафаларға бұрынырақта Нұрларға қызмет еткен Шамдық Хафыз Тауфиқ, мүбәрак Хафыз Халид, Имам Хаққы Әфендіге, Мүхажир Хафыз Ахмедке және баласына, немересіне Шемиге, маған қызмет қылған Абдуллаһ Чавушқа, сол жердегі барлық көршілерге, ерлерге, әйелдерге мың сәлем жолдап дұға етемін, қасиетті айларда дұға етулерін қалаймын.Бахридің балаларымен бірге «Аса-и Мұсаны» жазып жүргендерін енді естідім. Мұхажир Хафыз Ахмед пен Барладағы бауырларымыздың атынан Казым мен Мехмедтің ықыласты хаттары «Қосымшаларға» енгізілуге лайық. Бахридің тамаша өлеңі шағын бір Нұр медресесінің атынан енгізіледі.
163ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІТаң қаларлық бір жарылқау: Үлкен Мұстафаның (р.х.) марқұм Абдурахман сынды шын ниетімен, қаламымен, қайрат-күшімен Нұрларға қызмет ететіндігі жүрегіме сездірілгеннен кейін Абдуррахманның өлімін ұмытуға тырыстым. Расында да кішкентай Әли сол ғайби сездіруді өз қаламы арқылы дәлелдеп берді. Бауырының қаламын өзі алды. Сары пышақты алмас қылышқа айналдырды. Демек сол кезде оны да Мұстафаның рухымен қоса сезген екенмін ғойМұхажир Хафыз Ахмедтің де маған және Нұрларға адал, Нұрдың бірінші шәкірті, жан қияр қызметшісі екендігін жүрегім сезді. Бірақ қалам арқылы қызметте табысты бола алмады. Сол ғайби сезімдерім жиі еске түсетін. Кейінірек, ұлы Казым, күйеу баласы Бахри, екінші күйеу баласы шаштараз Мехмед менің өзінен күткен үмітімді табандылықпен ақтап, адал қызмет ете бастады. Тіпті немерелері де бала шәкірттердің қатарына қосылды. Бәріңе сәлем.Саид Нұрси* * * * *Әзиз, Сыддық, Бақтияр, Жан қияр, еңбекқор, табанды бауырларым!Біріншіден: Сендерді қасиетті Режеб айымен, Реғайб түнімен тағы да құттықтап қояйын. Сафранболудағы бауырларымның құттықтауларына жауап ретінде қасиетті үш ай мен төрт түн құтты болсын, Нұрларға аса көңіл бөлулерің де құтты болсын демекпін. Сол жердегі шәкірттердің атынан жазылған құттықтау хаттағы менің кемшілігі мол жеке басыма берілген атақтар мен мақтауларды Халил Ибраһимнің хатынан алып тастағандай түзетулер жасағаннан кейін «Рисалей-Нұрға, Қосымшаларға» енгізілуін қаладым. Алайда жеке басымды ашықтан-ашық әңгіме ететіндіктен жараспай тұр, әзірге енгізілмеді.Бауырларым! Мынаны жақсы біліп алыңдар. Атақ-даңқ, менмендік, өзін жоғары санау деген нәрселерден аулақ қашамын, жеке басымды мақтағанды жақтырмаймын. Тек қана, Рисалей-
164ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІНұрға шынайы түрде көңіл бөліп, соған қанағаттануға себеп болу үшін, кейбір асыра сілтеген сөйлемдерді не ренжітпеу үшін, не жақсы ойларының бетін қайтармау үшін түзету арқылы қабыл көремін не үндемей-ақ қоямын. Бірақ екі ықылас рисалесі мен бізідің ұстанымымыз болған «достық», «ықылас», «бауырластық» негіздері мұндай мақтауларға рұқсат бермейді. Ондай нәрселер, бүгінгідей менмендік жайлаған ғасырда мақтан сүйгіштердің назарында Нұрлардың сафтығына, тазалығына зиян беруі мүмкін.Екіншіден: Хыфызының екі баласы жазған «Аса-и Мұса», «Шырақ», «Қысқа сөздер» бізді қатты қуантты. Жүз МашаАллаһ. Осындай мыңдаған Нұршы балалар, келешекті Нұрландыратын болады. Саид Нұрси
Әзиз, Сыддық бауырларым!Мына қасиетті үш айда Нұршылардың рухани серіктестігіне ИншаАллаһ мол кіріс кіретін болды. Әр бір Нұршы мыңдаған тілмен, жүздеген қаламмен еңбек еткендей пайдаға кенеледі. Осындай қасиетті де берекелі үш айда, бес түрлі құлшылық болып саналатын жазу арқылы «Зүлфикар-ы Мұғжизат» жинағына қызмет етушілер нағыз бақытты жандар. Бірақ жазудан бұрын, қатесіз жазу, мұқият болу аса маңызды. Бүгін де екі тамаша сәйкестікті байқадым. Бұдан түсінгенім мынау болды, дәл қазір қинала отырып «Аса-и Мұсаға» тексеру-түзету жасауымның ақы-сыйын Аллаһ осындай жағымды нәрселермен беріп қойған екен ғой.Біреуі мынау: Қаһарман Тахиридің тәбәрік ретінде әкелген тәтті лоқымдары таң қаларлықтай берекелі болды. Күніне екі-үшеуден жеп отырсам да бітетін емес. Таң қалдым. Бүгін әдеттегідей екеу алмақшы едім, қарасам екеу-ақ қалыпты. Үнемдеу мақсатында біреуін алдым. Бір сағат өтпей, Хыфызының екі баласы өздері жазған (көшірген) кітаптарды бір құтыға салып алып келді, астында нан, шекер, дәл Тахиридің лоқұмдарындай локум бар, саны да сол шамалас. Мен мұндай сәйкестікке риза болып қалдым. Кеше осы уақытта ыстығым көтеріліп, көп су ішуде едім. Қара өріктен жасалған компот ішкім келді. Бұрын ыстығымды осы қара өріктің компоты түсіретін, бұған әбден үйреніп алған едім. Әсияның хас достарының бірі Нұршы Шерифе Ханым арқылы бір құты қара өрік жетті қолыма. Мен мына тамаша сәйкестіктің құрметіне, сондай-ақ бейкүнә балалардан тәбәрік ретінде қабыл алдым. Барлықтарыңа мың сәлем.Саид Нұрси* * * * *Әзиз, Сыддық, табанды, жалықпас тартынбас бауыларым!Біріншіден: Жаздың күні күнкөрістің қамын жасау шаруалары артады, үш айда құлшылық ету (сауап жазу) мәселесі қосылса Нұрлардың жазылуы (көшірілуі) саябырсып қалуы мүмкін
166ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ідеушілерге айтарымыз: Керісінше, жазуға құлшыныс береді... беруі де керек. Өйткені Нұрға қызмет ету, күнкөріске берекет беріп, жүректі де тыныштандырады. Сондай-ақ құлшылықтың Тәфәккүр (ой-толғау) ету түріне жататындықтан, қасиетті айлардың сауаптарын арттыруға себеп болады.Екіншіден: Маған бір Нұр шәкірті: «Былтыр кітаптар бізге қайтарылмай тұрғанда, жекелеген кітаптар қайтарылған болатын. (жаңбыр да кей жерлерге аздап жауып еді). Сол кезде «Нұрлар (кітаптар) толық қайтарылып, оқылуы, жазылуы еркін болса, жаңбыр да молынан жауатын болады» деген едіңіз. Расында да көктемде «Аса-и Мұсаның» жан-жақта оқылып, жазылуы, «Зүлфикар-ы Мұғжизаттың» құлшыныспен жазылуы (көшірілуі) мына бұрын-соңды болмаған жаңбырдың мол жаууына себеп болғандығына күмән жоқ», деді.* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым!Біріншіден: Хусревпен екі дене бір рух болып кеткен ер жүрек бауырымен бірге Нұр қызметінде маңызды рөл атқарып жүрген Рүштүнің Нұрлар үшін қол мәшінкесін алуға әрекет етуі, Нұрлардың қарқынды түрде таралуының кіріспесі болмақ. ИншаАллаһ Нұрлар Нұршылардың соған лайық қолдарымен жазылып, баспадан да басылып шығады. Ай даладағы лайық емес қолдарға мұқтаж болмайды. Алайда бәрінен бұрын қатесіз, таза, машинкамен жазылса, мүмкін болса әуелі ескі әріптермен жазылса, содан кейін барып жаңа әріптермен жазылса жақсы болады. Сендердің жөнімен-жүйесімен жасай алатын таңдауларыңа сенемін.Екіншіден: Кониялық Сабридің Рефетке жазған хатын көрдім, содан белгілі болғаны бұл Сабри да ана Сабри сияқты өте ықыласты, нағыз еңбекқор бір Нұршы екен. Оған және оны ынталандырушы және молдаларды ұялудан қорғап қалған Кониялық ғалымдарға мың бәрекелді. Вехби бастаған сол жердегі Нұр шәкірттеріне көптен-көп сәлем айтып, мына қасиетті айларда дұға етуін қалаймын. Саид Нұрси
Әзиз, Сыдық бауырларым!Сегіз жыл бойы бала-шағасымен бірге маған қызмет қылған, балалары, немерелері әйелі, күйеу балалары бәрі де Нұрларға еңбек сіңірген, сабақтарын да Нұрлар арқылы түсіндіріп, уағыздарын да Нұрлардан айтып отырған, қайтыс боларынан он минут бұрын бұл дүниедегі ең маңызды өсиетін айтып, өзіндегі барлық Рисалелерді Шамдық Хафизға әрі қарай жазып (көшіріп) бітіруін өтінген, ал қайтыс боларынан екі күн бұрын маған хат жазып, менің дәл сол кезде Барлаға емес Саваға жерленуімді қалайтындығымды сендерге жазғандығымды өз бойындағы шын берілгендік сезімімен сезіп өз хатында «Сен Барланы екінші отаным дейтін едің ғой, сол жерге неге бармайсың? Басқа жаққа жерленгің келеді. Нұрдың ең алғашқы медресесі Барла ғой, сенің қабірің осында болуы керек, деп маған ескерту жасап», екі күннен кейін (Сендерге жазған хатым әлі бармай тұрып) оның хатын және Шамдық Хафыздың хатының екінші бетінен қайтыс болғандығы жайлы хабарын алған марқұм мұхажир Ахмедтің дүниеден өтуі Абдуррахманың қайтыс болуы сынды мені қатты шайқалтып, көз жасыма буды дегізді. Аллаһ рухын рахметті етсін әмин... әмин!Қабірі де үйі сияқты Құранның Нұрына толсын. Әмин ... Әмин. Мынадай шын берілгендіктің кереметі, Нұршылардың қабірге Иманмен кіретіндігін көрсетуде және өмірлерінің соңы жақсы аяқталатындығына күмәнім қалмады. Туысқандарына менің атымнан көңіл айтыңдар. Мен оны бүкіл дұғаларыма ортақ ететіндігімді жеткізіңдер.Екіншіден: Рефет бауырым «Стамбулда Нұрларға сұраныс бар, жұрт нанға мұқтаж болғандай Нұрларға мұқтаж» деп жазуда. Нұрларға аса көңіл бөлетін көп оқыған Нұршы бауырымыз Йешіл Шемседдин Нұрдағы ақиқаттарды айтып дәріс беретіндіктен оның уағыздарына мыңдаған адам келуде. «Бұдан біз Рисалей-Нұрдың халыққа күн сайын нан сияқты қажет екендігін түсінеміз», дейді Рефет.
168ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІСондай-ақ ол кейбір кітаптарды маңызды тұлғаларға беріпті. Мен тексеріп-түзетіп шыққан «Зүлфикар-ы Мұғжизат» кітабының бір нұсқасын сұрапты. Баршаңызға жеке-жеке сәлем жолдап дұға етеміз, сендерден де дұға күтемізСаид Нұрси* * * * *Хусревтің кітаптарды тексерудегі және сол жұмыстарды жұртқа бөліп-таратып берудегі және осының бәріне үлгерудегі еңбегін бағалап, табыс тілейміз, дұға етеміз. Осынша маңызды шарулармен қатар оның жарқын қол таңбасын (жазуын) көптеген нұсқалардан байқап-көріп отырмын. Өзі де жеке нұсқалар жазып шығуда екендігін хатынан түсініп отырмын.Қазір бірденен Сава Нұр медресесінің Хажы Хафызы, марқұм Хафыз Мехмед, бауырларымен, Мехмедттері, Ахмедттері, сондағы бейкүнә Нұршы балалар, қарттар, басқа да қаһарман шәкірттер есіме түсіп, солар жайлы ойладым. Өмірімнің соңына дейін сол жаққа жақын болуды, өлгеннен кейін солардың қабірстанына жерленуімді қаладым. Бірденен мына жағдай ескертілді, «Расында да Медресетүззехраның орталығы болған Спарта уәләятында тұру көптеген жақтан пайдалы, жөн болар, бірақ Нұрдың және Нұршылардың ұстнымына орай әр қашан біргесіңдер» уақыт пен мекен тосқауыл бола алмайды. Шығыста, батыста, солтүстікте, оңтүстікте, дүниеде, ақыретте, бәрзахта болсаңдар да рухани тұрғыдан біргесіңдер. Олардың рухани көмектері үнемі бір-біріне жетіп отырады, саған да келеді, деп мені жұбатты.Мен де қазір жан-жақтың бәрінде Нұрларға көптеген қуатты қолдар ие болуда, толық қорғап-қорғаштап, жарыққа шығаруға тырысуда, мен біраз дем алсам жалқаулық болып саналмайтын шығар, дедім.* * * * *
169ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІӘзиз Сыддық бауырым!Біріншіден: Өткен Барат түні және алда келе жатқан Қасиетті Рамазан айы құтты болсын. Осы жылғы Барат түні Нұршылар үшін берекелі, кереметтерге толы болғандығының нышандарын таң қала тамашаладық:Мен Барат түнінен аз уақыт бұрын «Аса-и Мұсаны» тексеріп отырғанда терезеге бір көгершін қонды, маған қарап отырды. «Маған сүйінші» хабар жеткіздің бе? дедім. Баяғыдан бергі достар секілді еш үрікпеді. «Аса-и Мұсаның» (Сілтеме ) үстіне шығып, үш сағат *отырды. Нан, күріш беріп едім жемеді. Кешке дейін осында болды. Кетіп қалып, қайтып келді. Барат түні таңға дейін қасымда болды. Мен жатқан кезде бас жағыма келді. Аллаһқа тапсырдым дегендей басымды сипап өтіп, шығып кетті. Екінші күні мен мұңайып отырғанда қайта келді, бір түн қалды. Демек бұл мүбәрак құс, «Аса-и Мұсаны» және Барат түнімізді құттықтағысы келді.* * * * *Әзиз, Сыддық бауырым!Қастамонуның Хусреві және Сүлеймен Рүштүсі саналар Мехмед Фейзи мен Әминнің, Ұстаздарының Кастамонудағы өмір тарихын ізгі ниетпен асыра мақтап, суреттеп жібергендігін байқасам да өзгеріссіз қабылдауымның себебі мынау: Осы күндері Афионның жоғарғы шенді қызметкері бір он басын жолдап маған бір қиянат жасатты. Сол арқылы жұрт алдында менің беделімді түсіріп, бұл уәлияттағылар Денізлі мен Спартадағылар сияқты Нұрларға қызмет етіп қамқор болуларына тосқауыл жасау. Нұрлар жарқырай түспесін дегені. Ал мен оған шыдап бақтым, алайда бұл өңірдегі жаңа шәкірттердің қатты әсер алуы мені алаңдатып отыр. Осыған алаңдап отырғанда Мехмед Фейзидің шын жүректен, құрмет білдіре отырып ғалымдарша жазған хаты ана найсап пен бастығының әрекеттеріне тойтарыс беріп, түкке алғысыз етіп тастады. Көңлімдегі алаңдаушылықты да сыпырып тастады. Әлгі екі бейбақтан мың есе жоғарғы дәрежеде тұрған екі Нұршының мақтауы, құрметтеуі, аналардың заңсыз жасаған қиянатшыл әрекеттерімен тұспа-тұс келуі, Фейзі мен Әминнің шын ниеттерінің кереметі екендігіне толық сенгендігімнен хаттарын қаз-қалпында алдым.Иә, біз өз көзімізбен көрдік Нұреддин, Мехмед, Исмаил
170ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІБауырларым!Қазір түсінікті болған жағдай мынау: Мені полиция бөлімшесіне шақырудағы мақсаттары түкке тұрғысыз сылтаулармен маған қиянат жасап, мені кінәлі адамдай етіп халықтың назарында менің беделімді түсіру. Шыдамым таусылды. Мүмкін болса мені ол жерге шақырмағандары жөн. Қылмыстық істер сотына жолығыңдар. Маған уәкіл болатын бір кісі табыңдар. Менің орныма бөлімшеге сол барсын. Жиырма бес жыл оқшау өмір сүрген адамға мынадай қиянатшыл, өктемшіл адамдармен кездесіп, әңгімелесу жан қинайтын азап. Мен сегіз жыл Қастомонуда тұрғанда қоярда қоймай шақырған соң Уәлиге бір рет, полиция бөлімшесіне екі рет бардым. Бұл жерде себепсізден-себепсіз он рет шақырды. Енді бара алмаймын. Доктордан бір анықтама алыңдар, әйтпесе бұл қалаға рухани да материялдық жақтан да зиян.Хусревтегі қорғау сөздерімде жазылған төрт рет жер сілкінуі мәселесіне қолдау көрсеткендей бүгін түнде төрте рет қатты жер сілкінуі маған және Нұрларға қастандық жасаушы биліктегілердің мені басынғандай маған қызмет етуші кісіге «Бар айт оған» деп жүрген әкім мен «Ауырып жатса да осында келсін» деп күзетші мен жандарымдарға әмір беруші Афионның жасырынып тұрған жоғарғы лауазымды адамына арқа сүйеуші полиция сержанты, Нұр шәкірттерінің ынталарын түсірген кезде және Нұрлардың мұнда жазылуына кедергі болып, маған тиіскен кездерінде бұл өлкеде бұрын болмаған қатты жер сілкінісі, «Рисалей-Нұр бәлелерді қайтаруға себепші, егер ол әрекетсіз қалса бәлелер бір жол тауып келеді» дегенді растап, көрсетіп тұрса керек.Аз уақыттың ішінде Нұрларға көп еңбек сіңірген Мұстафа Османның аса кішіпейілділікпен, аса ізеттілікпен жазған хаты, оның шын көңілімен Нұрларға берілген ықыласын көрсетіп, он бес жылдық хас шәкірттерімен иық теңестіріп тұрғандығын көрсетеді. Оның қаламынан шыққан «Аса-и Мұса» жинағы соның жарқын айғағы. Дәл осы сөздерді жазып отырғанда тағы да аздап жер сілкінді.* * * * *
171ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІӘМІРДАҒЫ ПОЛИЦИЯСЫМЕН ДИАЛОГАдамгершілік атынан талап еткен хақыма қарсы жасалған таң қаларлық әрекеттердің себебі не? деген сұрағым бар.Біріншісі: Бір жылдан бері сақтап келе жатқан арыз-талабымды бермедім. Қазір ішкі істер басқармасы арқылы Анкараға жөнелту үшін бір кісіге жібердік.Афион ішкі істер басқармасының бастығы ынсапты адам ғой деп, оған да бір көшірмесін жібердім. Ол мені жайыма қалдыратын шығар деп отырғанда, керісінше маған қысым жасап отырғандарға «Мына әдемі жазу оныкі емес, кім жазғанын анықтаңдар» деп хат жолдапты.Сонда аса маңызды ақиқатты жеткізуші арыз-хаттың мағынасына назар аудармай, түкке тұрғысыз жазу үлгісіне соншалықты мән беру, маған тыныштық бермеу, мың теңгеге назар аудармай бес тиынға баса назар аудару сияқты нәрсе болмай ма? Жүз отыз Рисале мыңдаған нұсқалары мен әр түрлі жазулармен таралып, үш сот оларды жіті тексеруден өткізді. Сол рисалелерді жазғандардың басым көпшілігі менімен бірге сотта болды. Олар ешқандай жауапкершілікке тартылмаса да «Оған мынаны кім жазып бергендігін анықтаңдар» деу қандай заңға, қандай ақылға сыяды. Ол бейшараны осындай сылтаумен полиция бөлімшесіне шақырып, уайымға салу, оны да маған айт деудің не керегі бар. Сендерге ескертіп қояйын, қаласам мың адам жазады менің орныма. Барлық жерде отан үшін, ел үшін жазуда.Екіншісі: Адамгершілік атына сізден қалайтыным, айтқа дейін менің бетімді дүниеге бұрғызбаңыз. Мен сендер туралы ойлап жүрген жоқпын. Сендер де мені ұмытыңдар. Мына мүбәрак айларда мен сияқты дүниеден сырт айналған, бейшара адамды ақыретке зиян келтіретін түкке тұрғысыз дүниелік істермен әуре болуға мәжбүр етпеңдер.* * * * *Мағыналы сыр сақтап тұрған мына жер сілкінісін ойладым. Көңілім былай деді: Егер басқа жақтарда да осындай қатты сілкінген болса, Нұр шәкірттеріне де қатты тиісулер болады-ау. «Менің хатыма ғана байланысты ма?» екен деп сұрастырып едім, Анкарада аздап байқалыпты, Афион мен Ескішехирде, Әмірдағында байқалған екен, ең күштісі осы ауылда сезіліпті. Бір таңқаларлығы төрт рет қатты
172ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ішайқалса да еш зиян келмепті. Мұның бір хикметі мынау болса керек. «Саидты үкіметке күштеп әкеліңдер» деген нақты бұйрық түсіпті. Күзетшілер мен бір онбасы келіпті. Есікті кіліттеп жауып алған едім. Олар «біз жұмыстан шығып кетсек те оның есігін бұзбаймыз» деп қайтып кетіпті. Демек мына жер сілкінісі сотта қорғану кезімдегідей Рисалей-Нұрға тікелей байланысты, осы оқиғаларға тиесілі нәрсе, төрт рет қатты шайқаса да зиян берген жоқ. Егер бұл жердегі Нұр медресесінің есігін сындырғанда, таяқ та аз болмас еді. Ескертумен ғана қалмас еді. Шынтуайтында бұл жалған тиісулер жеңіл болғанымен, маған қатты батқандығын жасыра алмаймын. Бірақ Нұрдың және Нұршылардың құрметі үшін шыдап бақтым. Ол бейбақ үкіметтік орын-тақта отырып алып, маған қырсығып, менің жәрдемшіме «Бар оған айт» деп зіркілдейді. Үкіметтің беделін өз мүддесіне пайдаланып, сүйтіп отыр. Бұрынға Саидтан мұраға қалған кейбір сезімдеріме қатты батты. Бірақ маңызды рөл ойнар салмақтылық, өлшеммен әрекет ету, сабыр сақтау, шыдамдылық таныту менің жаныма жай таптырды.Үшіншіден: Барлалық ағаш ұстасы, шынайы ықыласты Марқұм Мұстафа Чавуштың орнын басқан, Нұр медресесінің еңбекқор шәкірті ер жүрек ағаш ұстасы Ахмедтің мен үшін Саваның Давраз тауында ақыреттік орын, мазар дайындауды ойлап, оны хатқа жазуы мені қатты қуантты, көз жасымды төктім.* * * * *Әзиз Сыддық Бауырларым!Қасиетті Рамазаныңызды тағы да құттықтап қояйын. Екі қаһарман бауырлардың және «Мүжизат-ы Ахмедие» де жеті баланың сегізіншісі іспетті болған Сүлейман Рүштүнің мүбәрак қызының мәшинкемен «Зүлфикар-ы Мұғжизат»-қа еңбек сіңіруі, Хусрев пен Тахиридің тамаша жазуларын көбейтуге тырысуы шын жүректен құттықтауға тұрарлық жағдай. Осы уақытқа дейін Рисалей-Нұрға ерен еңбек сіңірулеріне, жемісті қызметтеріне Рисалей-Нұрдың атынан МашаАллаһ, Бәрекаллаһ, Вефакумуллаһ дейміз (Сілтеме )*Жақсы бір сәйкестікке қараңыз. Бір айдан бері бұл жерде жаңбыр жаумады. Жүрегіміз Нұршыларға жасалған шабуылдардан қан (Жалғасы келесі бетте)жылауда еді. Екі күн бұрын Хусревтің мәшинені сүйіншілеуі, бүгінгі Назифтің егжей-тегжейлі хаты мен мәшинемен көшірілген жазбалардың алғашқы
173ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІӘзиз, Сыддық Жан қияр бауырларым!Инеболу қаһармандарының құттықтау хаттарында екі сәйкестік пен екі құстың таң қаларлықтай зияраттары өте мағыналы. Менің бір хатымды жазып берген адамды үкіметтің іздеуі, аса назар аударуы, қыспаққа алуы кезеңінде, жеке басымнан мыңдаған есе артық түсіндіруші, әсер етуші, сабақ беруші Рисалей-Нұрдан «Зүлфикар-ы Мұғжизаттың» мыңдаған нұсқасы мыңдаған тілмен, мыңдаған хат арқылы көптеген қарсыластары болса да аңдуда жүрсе де қайтпай еңбек етуші Ахмед Назифтің қаламы арқылы еркін жазылуына құстар ғана емес, періштелер мен руханилердің кейбіреуі көзге көрініп, осынша табысқа құтты болсын айтса да аз болмайды. Біз де бұл кіші Спартаның хас батырларына мың бәрекелді, мың Машаллаһ, веффакакүмуллаһ дейміз. Шын жүректен құтты болсын айтамыз. Аса үлкен шаруалар кезінде мұқият болу, абай болу керек екендігін ескертеміз.* * * * *Инеболу жақта Нұрларға тамаша жазулары арқылы көп еңбек сіңірген бауырымыз Мехмед Зәкәрияның бір хатын алдым. Алаңдаушылығымызды тоқтатып, қуантып тастады. Қазір де Нұрдың бір міндеті саналатын балаларға Құран оқытып, Иман дәрістерін берумен айналысып жүргендігін жазуда. Оған бұл қызметтің бұрынғыша Нұрға қызмет ету сияқты аса маңызды екендігін жазыңдар. Сондай-ақ сен жазған көптеген рисалелер сенің орныңа Нұрлардың жайыла түсуіне қызмет ететін болады. Уайымдамасын ол өзінің бұрынғы дәрежесін сақтап тұр.* * * * *Осы күнгі денсаулығыма байланысты «Эврад-ы Бахаиені» жатқа емес кітапқа қарап оқыдым. Соңғы жағындағы Бахаие дұғасын (жатқа) білмегендіктен оқымаушы едім. Мұны да бір оқиын, дедім. Қарасам, бір беттегі алты жарым жолда он тоғыз рет «Нұр... Нұр... Нұр...» деген сөздер... «Шах Нақшибенд»те Ғаус Ағзам сынды нұсқалары қолыма тиген кезде, Ескішехирде Азан арабша оқыла бастауы, ана онбасыға маған қиянат жасауға бұйрық берген адамның таяқ жегендігін (маған көмектесіп жүргендер) жеткізген кезде жаңбырдың жаууы, көптен бері қан жылаған көкірегіміздің қуаныштан ашылып сала беруіне тұспа-тұс келуі ИншаАллаһ хайырдың белгісі.
174ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІРисалей-Нұрды және оның қасиетті қызметін көріп, мақтаулы лебіздер арқылы хабар беріп, ишара етуде. Мен де сол алты жолдың, басындағы және аяғандығы жолдарды отыз жылдық Бахаиие вирдіме енгізіп алдым. Сол періштелердің Нұрлардың жайыла-тарала түсуіне көмектесуі ниетімен енгіздім.* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым!Біріншіден: Сапртадағы таң қаларлық өрттен зардап шеккендердің қайғысына мен де ортақпын. Өйткені көп жақтарыммен мен де Спарталық болуыммен қатар, бұл берекелі қаланың тасы да топрағы да мен үшін аса қымбат. Нұрлардың Әл-Әзхар, Медресетүз-зехрасының орталығы іспетті. Зардап шегушілерге менің атымнан былай деңдер: Мұндай мусибеттен (басқа түскен іс) зардап шеккен әһл-и иманның зая болған малы садақа болып саналатындығы хадисте айтылған. Әсіресе бүгінгідей уақытта, фәни малдар, жүз садақа ретінде мәңгілік дүниеге айналады. Сондықтан сабыр сақтап, шүкір ету керек. ИншаАллаһ, бұл дүниенің өзінде ондай зая болған заттардың орнына Аллаһ басқасын сыйлайтын болады.Сонымен кетсін, бастарың аман болсын босқа уайымдамаңдар.Екіншіден: Мұндай оқиғалардың бір себебі: Адамның қателігі. Мына Рамазан айының құндылығына мән беру, Нұрларға ие болу басқа жаққа қарағанда Нұрлардың бұлағы медресесі болған Спартаның борышы, міндеті.Азғыншылыққа қарсы Ислам нышандарын сақтауға міндетті.* * * * *Мәселен бұл сөз сырт қарағанда Пайғамбарымызға(с.а.у.) қарап тұрса да астарлы түрде өмірге, тіршілік иелеріне қарап тұр деген сөйлемді түзету керек. Өйткені: Мұхаммед(с.а.у.)ның ақиқаты барлығын да қамтып тұр. Ол өмірдің өзегі(жаны) бүкіл әлемнің жаны(өзегі) Исм-і Ағзамның ең ауқымды айнасы (көрніс берген жері), барлық рух иелерінің нұры бүкіл әлемнің дәнегі, жаратылыстың мақсаты, ең кемел жемісі болғандықтан, ол сөздер тікелей соған арналған. Содан кейін барып, өмірге,
175ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іақылға, құлшылыққа сол кісі арқылы назар аудартады. Мәселен: Философияға қатысты «Уақыт өте келе қабық пайда болған, содан кейін топыраққа айналған, одан кейін өсімдіктер пайда болған, одан кейін хайуанаттар пайда болған» деген кейбір сөйлемдер, жаратылыс жайлы философияға тән нәрсе. Рисалей-Нұрдың Аллаһтың өнері, жаратуы жайлы түсіндірмелеріне үйлеспейді.Бауырым Абдүлмәжид! Жарайды, бұл азғантай кемшілігіңнен басқа, Хашир жайлы Нұрдағы бұлтартпас айғақтардан тамаша сабақ алып, Бұрынғы Саидтың озат шәкірті болғаныңдай ИншаАллаһ Рисалей-Нұрдың да кемел шәкірті, зерделі мұғалімі болатыныңа күшті бір айғақ болып тұр. Ыңғайлы бір уақытта кейбір сөздерді түзетіп, «Хашир мәселесіне түсіндірмелі қосымша» деген атпен «Қосымшаға» енгізу үшін сен сияқты Нұрдан толық сабақ алған шәкірттерге жіберетін боламын. Сен бала-шағаңмен, Фуадпен бірге әр дайым рухани түрде қасымдасың. Қазір сенің ресми түрде балаларға Қасиетті Құранды оқытуыңды жан-тәніммен құттықтаймын. Мың Бәрекелді. Айналаңдағы және елдегі барлық достарға, туыстарға сәлемімді жеткіз. Енді «Зүлфиқар-ы Муғжизат» пен «Аса-и Мұса» жинақтарының көбейту машинасымен екі жерде басылуына орай, сен бар күшіңді салып, жақсылап тексер, қаламыңды, іліміңді барынша мұқият пайдалан.БауырыңСаид Нұрси* * * * *Рефетке операция жасалды ма? Халі қалай? Соған алаңдаулымын. Оған көп дұға етілді. Савалық қаһарман Ахмедтің қызы Хадиша жазған «Аса-и Мұса» жинағын қаһарман Тахири, Стамбулда біреуге аманат етіп қалдырыпты. Ол нұсқа ханымдарды Нұршылыққа ынталандырғандықтан, босқа жатпасын. Босқа жатып, пайдаланылмай жатса маған жіберсін. Рамазан айы, Қадір түні, айт құтты болсын. Кастамонуда жүргенде күн сайынғы дұғаларыма, рухани табыстарыма ортақ етіп отыратын Нұрдың Хас шәкірттері Әсия, Ульвие, Лүтфие, Зехра, Шәрифә, Ажар, Нәжмия, Нимет, Әлияларды, әлі солай ортақ етіп отырмын.
176ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІМен сендерді ұмытпадым. Тіпті осы күндері бірденен Ульвие мен Лүтфие есіме түсті. Ертесі күні, екеуінің де хаттары мен сыйлықтарын алдым. Олардың шынайы ықыластарының бір белгісі болды. Бұрыннан бергі әдетім бойынша сыйлық қабылдамасам да, сендер жіберген шапан мен күртені бүгінгі Қадір түнінде киіп, Әсияны қосқанда барлық Қостамонудағы Нұр шәкірттерінің атынан қабыл алдым. Алайда қағидама қайшы келмеуі үшін, Әминнің қолындағы Рисалелерден Лүтфие мен Ульвие қалағандарын алсын немесе Мехмед Фейзи мен оның достары менің атымнан олардың қалаған рисалесін жазып берсін. Бұл қарындастарымның менің жаныма көп келіп тұратын бейкүнә балалары Нұр шәкірттерінің бейкүнәлар (балалар) тобына кірді және оларды үнемі еске алып отырамын.* * * * *Аллаһқа шексіз шүкір етемін, сендердің мына хаттарың Хусрев пен достары және көбейту-көшіру машиналары жайлы, сондай-ақ Назиф пен оның көмекшілері және олардың да көбейту-көшіру машиналары жайлы алаңдаушылығымның бетін қайтарды. Мың шүкір.Тіпті хаттарыңды алудан бір күн бұрын, арбамен қырға шықтым. Құранның мақтауын алған худ худ-ы Сүлейман құсы бірден шыға келді. Сүйінші сұрағысы келгендей он бес минуттай біресе оң жағымызға, біресе сол жағымызға қонып-ұшып, еріп отырды. Ертең мені қуантатын хабар алады екенмін деген сенім ұялады. Мені қыдыртып жүрген Нұреддинге де айттым. Ол да мен сияқты бұл құстың мұнда таң қаларлық әрекеттеріне таң қалуда еді. Біз оның сырын біліп қойған сәтте жоқ болып кетті. Ертесі күні Назифтің жұбаныш берер хатын және мәшинесінің жаңа өнімдерін алдым. Сондай-ақ Абдуррахман Салахаддиннің хатын алдым. Анкарада маған неге шапка(шляпа) кимейсің деп қысым көрсеткен уәли(әкім) Невзаттың өзіне-өзі қол жұмсау арқылы, өз жазасын өзі бергендігін, «Зүлфикардың» қызметіне еш қысым жасалмағандығын, ол қызметтің жалғасып жатқандығын, «Медресетүз Зехраның» қаһармандары еш алаңдамай «Зүлфикарды» жазып (көшіріп) жатқандығы жайлы хабар алдым. Тығыз байланысып тұрған Атабейлік батырлардың, Лүтфү мен марқұм үлкен Хафыз Әлидің бүкіл-мұрагерлерінің және Нұр қызметіндегі қайратты достарының және Тахири мен Абдуллаһ
177ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІЧавуштың құттықтау хаттарын алдым. Әли ауылының имамы Әлидің мына жаңа шабуылдарға қарсы мәрт және Нұр шәкірттеріне лайық түрде жауап беруі, Үкіметтің сұрақтарына мағыналы, ақиқаттарға толы жауап бергендігі жайлы хабар алдым. Худ худтың сүйінші сұрағаны рас екен дедім. «Аса-и Мұса» рисалесі табиғатшылдық батпағына батқандарды адасушылықтан құтқаруда. Бүгінгі таңда кез келген адамға, әсіресе күдік-күмәндарға бой алдырған адамдарға аса қажет. Сол сияқты «Зүлфикар» да Иманды жандарға, ілім жолындағыларға, әсіресе қариларға аса қажет. Құранды жатқа білетін қари, бұл кітапқа аса мұқтаж. Құранның қырық жақты мұғжиза екендігін жеткізетін бұл кітап әр бір қаридің қолында болуы керек. Осы уақытқа дейін көптеген топтарға, ұстанымдарға шабуыл жасалды. Рисалей-Нұр сияқты, аз ғана сындармен құтылып кеткендер болмаған. Қаншама киелі қызмет етіп, арпалысып жүрсе де, олардан жүз есе аз қиындықтарды басынан өткізу, нәтижесінде бір-екі қамау мен нәтижесі жарылқаулар мен алдын аша түсетін екі үш қиыншылыққа тап болды.Баршаңызға мың сәлем және табыс тілеп дұға етеміз.* * * * *Осы күндері, біздің «Зүлфикар» мен «Аса-и Мұсаны» көбейту-көшіру машиналарымен көбейтуге мәжбүр кезде, ниеттері бұзық баспаханалардың бастырудан бас тартқан уақытта, мына тамаша машинаға оңай қол жеткізуіміз, сол екі кітаптың мақбұл (қабыл болған) екендігіне ғайби ишара, Аллаһтың жарылқауы, ғажайып сыйлық, Нұрлардың кереметі екендігіне толық сенемін.Иә, қарапайым бір хатым үшін «Кім жазды» деп, мені сегіз рет ресми түрде қыспаққа алған шақта, сегіз жүз бетті мың бес жүз нұсқамен, бір миллион бетке айналдырып отырған ол машина, ғайыптан көмекке келген Нұршы, әрі мың қаламы бар катиб(Жазып беруші,хатшы) болған.Сондықтан кейбір беттері көмескі болып қалса да зияны жоқ. Әзірге бізге қанық шыққан беттері де жетеді. Көмескі болып шыққан беттер жеке түптелсін. Кейінірек қаламы жүйріктер (шәкірттер) әр қайсысы бір-екі нұсқаны түзетіп шықсын. Бір кездері, бір елге поезд келген кезде арабакештер «Біздің жұмысымыз тоқырауға ұшырады»
178ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ідеген екен. Ал поездың келуі арқылы ол елде жұмыстар көбейіп, арабакештерге сұраныс екі есе артқан екен. Сол сияқты Нұрларды жазушылар (көшірушілер) да қарап қалмайды, керісінше бұрынғыдан да көп жазу арқылы амал дәптерлеріне көбірек сауап-жақсылықтар жазылатын болады Иншаллаһ.* * * * *Саясатшылардың неше түрлі азаптарына қарсы деп, сабыр етіп, шыдауға қарар берген едім. Қазым Қарабәкірмен бұрыннан байланысым бар болатын. Сол байланыстарыма себеп болған мәрттігін әлі сақтап жүр ме екен? Егер бұрынғыдай болса, Нұрларға зияны тимей, пайдасы тию ықтималы бар болса, дос болса оған менен сәлем айтуларыңа болады. Алайда саясатшылар мәңгілік өмірлеріне (әсер етер) Рисалей-Нұрға мән бергілері келмей тұрғанда, мәңгілік өмірмен салыстырғанда бес тиындық құны жоқ фәни өмір үшін мен де оларға мән бермеймін, жан тыныштығым үшін шағым да өтініш те айтпаймын.* * * * *Марқұм үлкен Әлидің нағыз мұргері және марқұм Абдурахманның нақ өзі, орынбасары және мүбәрәктардың хас батыры, балуаны Кішкентай Әлидің екі үлкен де тамаша Нұр сыйлығын алдық. Бірақ «Зүлфикардың» соңында «Хизбун Нұриенің» бөлімі жазылмапты. Өзінің тамаша жазу үлгісімен сол бөлімді де жазып, маған жіберсін.* * * * *(Сілтеме) Елде жүргенде медресе шәкірттері бір кітапты бастаса не оқып бітірсе «бастау» не «бітіру» деп аталатын тәтті тағам әкелетін әдет бар еді. Бұл әдетті хатшы Оспанның жүзімі арқылы еске түсірдік. Ол жазған «Аса-и Мұса»-ны тексеріп болған кезде «бітіруі» ретінде мына жүзім келді. Әдемі әзіл, медреселік өмірдің тәтті естелігі болды. Нұрдың негізі мейрім болғандықтан, ханымдар ол жағынан озып тұр... Нұрларға шын көңілмен ұмтылуда. Мен «Бауырларым» деген кезде ханым-қарындастарымды да бауырларымның арасында деп білемін. Барлық хаттарым соларға да арналады.* * * * *
179ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІӘзиз, Сыддық бауырларым!Уайымдамаңдар сендердің дұғаларыңды алу үшін, сендерге өткенде айтқан қастандықтың нәтижесі ретінде қазір асқынып тұрған ауруым жайлы айтқан едім. Ешқандай уайымға салынбаңдар. Аллаһқа шексіз шүкір етемін, оқып жүрген дұғаларыма, кітаптарды тексеріп-түзетуге кедергі болып жатқан жоқ. ИншаАллаһ мұнда үлкен сауап, хайыр бар. Бір жағынан алғанда мен бұған қуаныштымын, сендер де алаңдамаңдар. Онсыз да менің міндеттерім аяқталуға жақын. Рисалей-Нұр, әсіресе жинақтары, әр қайсысы Саидтан күткен игіліктерден әлде қайда көп шаруа атқарады және атқаруда. Нұрдың Хас шәкірттерінің әр қайсысы Саидтың міндеттерін жақсы атқара алады. ИншаАллаһ келешекте толық атқаратын болады. Араларыңнан бір Саид кеткенімен, жүздеген рухани Саид саналар кітаптар, мыңдаған материалдық Саидтар ол міндетті шынайы ықыласпен атқаратын болады және атқаруда. Осындай ақиқаттарға байланысты менің жеке басыма келген жағдайларға көп мән бермеңдер. Тек көп-көп дұға етіңдер... қабыл болуы шүбәсіз дұғаларың әлсіздігім мен қарттығыма, аурудың қатты әсер етуіне қарсы көмек болады.Қаһарман Тахирдың Нұршы, бейкүнә, марқұм Хижретінің бұл дүниеден ақыретке көшуі расында мені мұңайтып кетті. Ондай Нұр шәкіртінің, бейкүнәлар (балалар) тобының маңызды бір еңбекқор мүшесінің кетіп қалуы маған Нұрлар үшін қатты әсер етті. ИншаАллаһ, оның орнына көптеген балалар келіп, орнын бос қалдырмайды. Мәселен, қазірдің өзінде Ұшақтан кішкентай Хайдар шықты ортаға. Арамыздан кетіп қалған жерлесімнің ісін жалғастырамын деп, бізді қуантып тастады. Хақ Тағала Хижреттің ата-анасына, туыстарына сабыр беріп, Хижретті оларға шапағатшы етсін... Ол марқұмды да марқұм қарындасым Ханыммен бірге жұмақта бақытқа бөлесін... әмин.Ұшақтық Хайдарды менің атымнан құттықтап қойыңдар және Нұр қызметінде табысты болуына дұға ететіндігімді және Нұрдың бейкүнәлар тобына қосылғандығын айтыңдар. Оның мұғалімі Иззетке де көптен-көп сәлем айтамын.* * * * *
180ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІНұр шәкірттері ешқашан саясатқа араласқан жоқ, еш қандай партияға кірген жоқ. Өйткені иман баршаға ортақ. Барлық топта да мұқтаждар мен ие болушылар бар. Бір жаққа жақтасуға болмайды. Тек қана күпірге, бұзғыншылыққа, адасушылыққа қарсы сап түзейді. Нұрдың ұстанымы бойынша, мүминдер арасындағы бауырластық істің өзегі, негізі.* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым!Сендерге баяғыдан бері айтуым керек бір мәселені ұмытып кеттіппін. Ол мынау: «Мұғжизат-ы Құрание» (Құран ғажайыптары) рисалесіндегі көптеген аяттар, не дінсіздер тарапынан сынға ұшыраған немесе пәншілдер (пәндерді зерттеуші) тарапынан қарсылық білдірілген немесе жын және адам шайтандарының күдік-күмән, уәсуәсә беруіне нысана болған аяттар. Міне «жиырма бесінші сөз» сондай аяттардың ақиқаттарын, сырларын баяндауда. Дінсіздер мен пәншілдер кемшілік деп ойлаған жерлер мұғжизалардың сәулесі, Құранның шешендігі кемел түрде көрніс берген бұлағы екендігін ғылыми қағидаларға сүйене отырып дәлелдеп берген. Миды ашытпау үшін олардың күдік-күмәндары айтылмай-ақ нақты жауаптары берілген сынды... Жиырмасыншы Сөздің бірінші бөлімінде (деңгейінде) үш-төрт аят жайлы күдік-күмәндары айтылған.Сонымен қатар, «Мұғжизат-ы Құрание» рисалесі де қысқаша түрде, асығыс жазылса да шешендік ілімі, араб тіл білімі бойынша да ғалымдарды таң қалдырарлықтай дәрежеде тереңнен алып, мызғымастай етіп баяндайды. Расын айтқанда кез келген байыптап оқыған адамның өзі барлық жерін түсіне алмайды. Пайдалана да алмайды. Алайда ол бақшада бәрінің де аса маңызды үлесі бар. өте асығыс және аласапыран жағдайдың ішінде жазылғандықтан сөз саптауында, сөйлемдерінде кемшіліктер болумен қатар ғылыми тұрғыдан аса маңызды ақиқаттар айтылады.* * * * *
181ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІРисалей-Нұр кітаптары қол машинасымен көбейтіліп халық арасында кеңінен тарап, пәлсапа мен қазіргі заманның ілімін оқығандар топ-топ болып Рисалей-Нұрды қабылдап, қызыға оқып жатыр. Олай болса, міндетті түрде бір ақиқатты баяндауға тура келеді. Ақиқат мынау:Рисалей-Нұр философияның барлық түріне қарсы, жаппай соққы береді деуге болмайды. Ол, философияның дінсіз, зиянды, жағымсыз түріне ғана тиіседі. Жалпы, философияның адамзаттың қоғамдық өміріне, мінез-құлық пен өркениетіне, өнер мен білімнің дамуына қосқан үлесі жоқ емес. Ондай философия Құранмен тату, арасында еш араздық жоқ. Керісінше мұндай философия Құранға қарсы шығып, дауласпақ түгіл оның хикмет сырларын ашып оған қызмет етеді. Міне, философияның бұл түріне Рисалей-Нұр тиіскен емес.Ал, философияның жағымсыз түріне келер болсақ, ол адамзаттың адасуына, діннен безуіне, әр нәрсенің табиғатына батып кетуіне себеп. Сонымен қатар, азғындыққа итеріп, нәпсіқұмарлықты қоздырып, бейқамдыққа салып хақ жолдан адастырады, сондай-ақ, адамды сиқырлап тастайтын сөздерімен Құранның керемет ақиқаттарына қарсы шығып, дауласады. Міне, сондықтан Рисалей-Нұрдың кейбір жерлерінде, тәмсілдермен, һәм қуатты да салыстырмалы мысалдар арқылы пәлсапаның әлгі жолдан тайған жағымсыз түрін аямай төмпештеп, оңдырмай соққы береді. Бірақ тура жолдағы және халықтың игілігіне жарайтын философияға әсте тиіспейді. Сондықтан мектепте оқығандар, іліммен шұғылданушылар Рисалей-Нұрдың аясына еш қарсылықсыз кіріп жатыр, кіруі де керек. Дегенмен, астыртын жұмыс істеп жатқан арандатушылар, екі жүзділер, мұнафықтар, ертеректе кейбір имамдарды алдап, оларды мағынасыз әрі жөнсіз түрде Рисалей-Нұр дейтін медресе шәкірттері мен имам-молдалардың қолдан тастамай оқитын кітабына қарсы айдап салғаны секілді, ілімнен пайда болатын менмендікті қоздырып, қазір де кейбір философтарды Нұр кітаптарынан суытып жіберуі, тіпті, қырқыстырып қоюы мүмкін. Сондықтан, осы хаттағы ақиқат «Аса-и Мұса», «Зүлфиқар» секілді кітаптардың бас жағына жазылғаны жөн. * * * * *
182ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІСафранболу Эфлани ауданына қарасты Мүлайым ауылында тұратын бір мұғалім бауырымыз, Нұрдың хас шәкірті, Нұрлардың жазылуына, басылуына жинаған ақшасының басым бөлігін бергісі келеді, қабыл алуын өтінуде. Мен бұл ықыласты бауырымыздың шын көңілден жасаған өтінішін кері қайтара алмай тұрмын. Менің жеке принциптерімде дүниелік мал болмағанадықтан, материялдық көмекті де жеке басым үшін қабыл алмайтындықтан, бұл істің қалай болатынын білмеймін. Екі Спартаның қаһармандарына, Хусрев пен Тахириге және достарына, Назифке және достарына тапсырамын бұл істі. Нұрдың тарала түсуі үшін, мұндай қайырлы, сауапты іске кедергі бола алмаймын. Сендер оның бергісі келген қаражатының барлығын, немесе бір бөлігін екіге бөліңдер, жартысы Үлкен Спартаның жартысы кіші Спартаның (көбейту-көшіру) машиналарына берілсін. Өзі қалағандай қайтарымсыз алынсын немесе басқа да көмектесіп жатқандар сияқты кейінірек кітап ретінде немесе басқалай да қалауынша қайтарып берерсіңдер. Осылайша ол бауырымызды риза етерсіңдер.* * * * *«Румузат-ы Семаниені» жазған кезімде бір жағынан асығыс жазылды, екінші жақтан менің бұрынғы есте сақтау қабілетіме сеніп, шамамен екі салыстырма жасадым. Осылайша бұрынғы ғалымдардың есептеріне негіздеп, Құран әріптерінің мұғжизалық сырларын жаздым. Содан кейін атақты «Қамусул-луғаттың» авторы Междуддин Фируз Абадидің «Әл-Микяс» атты атақты тәпсірінің Құранның әріптері мен сөздеріне байланысты айтқандарына қарадық. Тоқсан пайызы біздің есебімізбен сәйкес шықты. Оншақты жерде айырмашылық байқалды. Содан кейін нақты есеп жасадық. Біздікі дұрыс, оныкінде баспадан қате кеткенін анықтадық.Мұндай үлкен шаруларда аздаған айырмашылықтардан зиян келмейді деп, бұдан да нақтырақ болатындай етіп, Құранның барлық әріптері мен сөздерін есептеп шығып, ғажайып мұғжизаларын нақтылай түсуге уақыт таба алмадым. Залымдар мұрша бермеді. Мен де шамамен салыстырмалар жасауды және есімде қалғандары мен бұрынғы ғұламалардың есептеріне сүйенуді және «Кензул Арш Дұғасындағы» әдеттерімді қанағат тұттым.* * * * *
183ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІНазиф Челебидің Инеболудағы ықыласты бауырларымыздың атынан айтпен құттықтаған және «Зүлфиһардың» аса ыжағаттылықпен жазылып жатқандығын, «Мұғжизат-ы Құраниені» де бітіріп қосымшаларының біразын аяқтап қалғандығын, Абдуррахман Салахаддиннің Америкалық миссионерлерге «Аса-и Мұсаны» төрт-бес ай оқытқандығын және «Мұғжизат-ы Ахмедиені» сенімді жолдан біздің атымыздан Жамиул Әзхарға сыйлық ретінде жібергендігін, Нұрдың озат шәкірттерінің бірі Ахмед Құрайшидың олардың машина (көшіріп басу) шығындары үшін жүз банкнот бергендігі жайлы хабарларды жеткізген хатын алдым. Назиф баурымызға, аса ыждағатты, табанды, үнемі көңілдері Нұрға алаңдаулы Инеболулық Нұршыларға, Ахмед Құрайши мен оның достарына айт құтты болсын дейміз.Тоқтаусыз қызметтерін, аса табандылықтарын, «Зүлфикардың» басылып шығуы мен жемісті еңбектерін Салахаддиннің Әл Әзхар Университеті мен Медресетуз Зехраны байланыстыруға тырысуын жан-тәнімізбен құттықтаймыз. Хақ Тағала еңбектерін табысты етсін... әмин. Атқарған қызметтерін қабыл етсін... әмин.* * * * *Әл-Әзхар Университетінің ғалымдарына жіберілген екі нұсқа менің тексеруімнен өтпегендіктен, кейбір арабша сөздерде, харекелерде қателіктер бар. Әсіресе соңындағы арабша «Хуласат-үл Хуласаның» харакелерінде граматикалық жақтан, басқа нұсқаларда қателерді байқадым. Сондықтан Арабша мұғалімдердің тексеруінен өткен «Аса-и Мұса» (Сілтеме ) мен «Зүлфикардың» бір бір нұсқасын *Әл-Әзхар Университетіне жіберіңдер және оларға былай деп жазыңдар: Нұр Рисалелерінің Медресетүз-Зехрасы, Әл-Әзхардың мейріміне аса мұқтаж бір баласы, шәкірті. Аяу білмес жаулардың шабуылына ұшыраған шәкірті. Барлық медреселердің басы, Ислам әлеміне зия таратушы үлкен Әл-Әзхардың шағын ғана бөлімшесі. Сондықтан аса құрметті ұстаз, мейрімді әке, жанашыр жөн сілтеуші ретінде бейшара балалары мен шәкірттеріне нақты көмек беруін Қолымда толық тексеруден өтпеген «Зұлфикар» мен «Аса-и Мұсаның» бір бір нұсқасы бар. Соларды сендерге жіберуіме болады. Толық тексеруден өткізіп, өз нұсқаларыңды Мысырға жіберулеріңе болады.
184ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ікүтеміз. Үлкен ұстазына ұсынылған мына екі кітап, бір шәкірттің өз сабағын қаншалықты түсінгендігін білдіру үшін әкесіне не ұстазына жазып көрсетуі секілді нәрсе. Бұл екі дәрсімізге мейрімді ғұламалар кешіріммен қарасын деп жазыңдар хатты.* * * * *Өзім аса көңіл бөлетін, Рисалей-Нұрдың аса маңызды орталығына айналған, аз уақыттың ішінде Нұр жолында көп шаруа атқарған Денізлінің Хусреві мен сенімді серіктерінің, әсіресе әділ сот пен Мухарремнің, Хафыз Мұстафаның және басқаларының атынан айтпен құтықтаған, Хасан Фейзінің аса ауыр, өте қауіпті ауруы жайлы баяндаған хатын аса қымбатты бауырымыз Мұхарремнен алдым. Хасан Фейзі де шәхид Хафыз Әли (р.а.) сынды менің басымдағы бәлелердің басым бөлігін өзіне алып, аса жанкештілік жасағандығын толық түсіндім. Хафыз Әлидің менің орныма о дүниеге кеткені жайлы бірнеше белгі бар. Мына Хасан Фейзінің де мен ауырып жатқанда, дәл сол уақытта, дәл солай сыртқа шықпауы, мұндай сәйкестік, маған қатты жаны ашыған, мейрімділік танытқан бауырымның рухани түрде менің ауруымның бір бөлігін өзіне алғандығының белгісі. Бұл төрт жақты сәйкестіктің бір ғана айырмашылығы бар. Менікі уланудың нәтижесі болса, оныкі суықтан болды. Әлбетте «Науқастар Рисалесі» (Дерт пен Дауа) біздің орнымызға оны жұбатып, көңіл сұрап, ауырудың үлкен сауаптарын жеткізіп, қиналыстарын жеңілдетіп тастаған болар. Хақ Тағала тез арада шипа берсін, әмин!* * * * *Бір кездері Барлада мысал келтіре отырып жазған бір рисаледе: Екі адам Стамбулға баратын болады. Біреуінің жүзден тоқсан тоғыз досы Стамбулда. Сондықтан ол қуана-қуана баратын болады. Екіншісі керісінше... деп басталатын мысал бар. Сол сияқты қазір мен мына ауырудың ескертуі арқылы өткен шаққа оралдым. Сол кездері жүрген аймақтарды қиялыммен аралаудамын. Сол тамаша кезеңдердегі, әр аймақтағы жүз досымның бір екеуін ғана көре алдым. Басқалары о дүниеде... Тіпті өзім туған Нұрс ауылындағы бір ғана немере інім әрі
185ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ішәкіртім молла Дәуіт(р.х.)те баяғы достарымның да туыстарымның да о дүниеге (берзах әлеміне) аттанып кеткендігін көрдім. Жиырма жылдан бері екінші Отаным болып кеткен Барла мен Костамонуда үштен екі достарымды ғана көрдім, олар да кетуге дайындалуда.Бұл қиялымдағы ақиқаттарға сүйене отырып қарағанда, Нұрлардың жарығымен анық көріп отырған берзахқа (о дүниеге) кету маған ауыр келмек түгіл, құлшынысымды арттырды. Менің орныма іс атқарып, сауап жинайтын жүздеген Хулусилер, Тахирилер, Мұстафалар, Назифтер, Османдар, Абдурахмандар, Әлилер, Сабрилер, Фейзилер, Ахмедлер, Мехмедттер, Атыфтар, Мұстафалар, Садықтар, Османдар және басқалар... Нұрдың хас батырларының артында қалуы, маған өлімнің ауыр нәрсе емес екендігін білдірді. Күнә жасау жағынан өлімін, ал жақсылық жасау жағынан өмірім жалғасуда, деп Аллаһқа шексіз шүкір етемін.Біріншіден:Рисалей-Нұрдың хас батыры және Хафыз Әлидің орнын басқан марқұм Хасан Фейзидің өлімі, Денізлі үшін, Рисалей-Нұр жамағаты үшін, ел үшін, Ислам Әлемі үшін аса ауыр қаза. Алайда шынайы болмысы, ықыласты сөздері, сабақтары арқылы өзінің орнын басар көптеген Хасан Фейзилерді тәрбиелейтін орта дайындап кетті. Ағамның ұлы Абдуррахман сынды, бір-екі жылдың ішінде Рисалей-Нұрға он жылға татарлық саналы қызмет етті. Ол да Абдуррахман сияқты жақында бұл өмірден өтеміз ғой деп, он жылдық шаруаны бір-екі жылда атқарып кеткендей. Мен Хасан Фейзидің қайтыс болуына орай оның жеке басына құтты болсын айтамын. Денізліге, Нұр жамағатына сол аймаққа көңіл айтамын. Мұндай екі дүниені тең ұстар мүмин, аса зерделі ғалым, тамаша әдебиетші – мұғалім, өте әсерлі уағызшы – дәріс беруші адамнан айрылу үлкен қайғы. Хақ Тағала Денізлі сынды қаһармандар бесігінен Нұрларға еге болып тарата түсер Хасан Фейзимен рухтас көптеген батырларды шығаратын болады, ИншаАллаһ.Бір дән топыраққа көміліп жоқ болғанымен, көптеген сабақтар өсіп шығатыны секілді, Аллаһтың мейрімінен үміт етеміз, Хасан Фейзи де солай өсіп өнетін болады. Нұр жамағатынан көптеген Хасан Фейзилер жетіліп шығып, өз міндеттерін одан әрі жалғастыра беретін болады.
186ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІЕкіншіден: Бұл қаһарман баурымыздың жақсылықтары жазылатын дәптеріне тірі кезіндегідей әр қайссымыз рухани табыстарымызды сыйлай беруіміз керек. (барлығына ортақ түрде жасалатындай, жеке жағдайда да) Мен де оны Хафыз Әли, Хафыз Мехмед, Савалы Ахмед, Мехмед Зүхтілердің қатарына бесінші адам ретінде үлкен әулиелер шеңберінде рухани табыстарымды оған да бағыштауға қарар бердім. Ол кісінің ауыр жағдайларда Нұрдың жайыла түсуі үшін көп қызмет атқарған, ақиқаттарға толы жазбалары «Қосымшаларға» енді. Кейбір кітаптардың соңғы жағына енгізу орынды болар деп шешсеңдер сол хаттардың бірнешеуін енгізіңдер. «Аса-и Мұса» мен «Зүлфикарда» жазылғанындай. Оның өміршең жазбалары оның орнына Нұрға қызмет етсін.Сондай-ақ менің атымнан оның шағын Нұр медресесіне айналған үйіндегі туыстарына және Денізлі мен сол аймақтағы үлкен Нұр медресесіндегі жолдастарына, шәкірттеріне, Нұр шәкірттеріне көңіл айтыңдар және мынаны да білдіріңдер: Менің бүкіл өмірімде осынша әсер етіп, осынша жылатқан өлім болған емес.Сондай-ақ осының алдында сендерге жазған хатымдағы қатты ашуым, ойымдағы аласапыран жағдай енді түсінікті болғандай. Сол қаһарман бауырым қайтыс болған күннен басталыпты. Тіпті сол сезім еркімді билеп кетіпті.Мен өлетін шығармын деп қызмет етіп жүрген кісіге өсиетімді айттым. Демек екінші бір рухым сияқты болған Хасан Фейзи менің орныма өлген екен. Тіпті оның өлімі жайлы хатты әдеттен тыс бір жарым сағат бойы қолымда ұстап отырғаныммен аша алмадым. Жарайды... қалай болса да... Осынша ауыр жағдайда Аллаһтың жарылқауы көмекке жетті. Өзіме де оған да Нұршыларға да шын көңілден қуана-қуана көңіл айта отырып құтты болсын айттым. Мың бәрекелді, мың Рахметуллаһ дедім... (бұл дүниеден) еркіндік алуына қол шапалақтадым.Үшіншіден: Марқұм Хасан Фейзінің о дүниеге аттануын, міндеттерінің атқарылмай қалуын, мектеп оқушыларын Нұрларға шақыруын, мұғалімдік қызметін, өз мамандығы бойынша да жоғарғы дәрежелілігін, мектеп оқушыларына тамаша үлгі бола білгендігін мұңая ойлап отырғанда, сол сияқты мұғалім, екі баласымен бірге Нұршы болған, аты да Хасан, мына екі Хасан сияқты жанқияр мұғалім
187ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІАхмед Фуадтың Нұр жамағатына келуіне себеп болған Дадайлық Хафыз Хасаннан хат алдым. Үш жылдан бері одан хат алмап едім. Нұрлармен байланысы бары жоғын да білмеуші едім. «Бір мұғалім Хасан кетсе де орнына екінші мұғалім Хасан мен жанқияр мұғалім Ахмед келді.» Дәл сол кезде қажылықтан жаңа келген Болвадинлік Хасан келді. Нұр жамағатына кірді, рисалелерді алды, Нұрларды жая, оқи бастады.Үш-төрт сағаттан кейін Әмірдағының Хусреві, Фейзісі аса қайырлы доктор Хайри келді жаныма. «Осы жердегі аса қымбатты мектеп мұғалімі Абдурахман Нұрларға шәкірт болғысы келеді». (Бұл мұғалім Нұрларға бір Фейзидей қызмет етті.) Мақұл көрсеңіз «Аса-и Мұсаны» берейін деді. Бер дедім.Сондай-ақ марқұм Хасан Фейзи сияқты аз уақытта көп еңбек сіңірген бауырымыз Мұстафа Османның сол күні келген хатын көрдім. Қастамону лицейін бір жағынан алғанда даңққа бөлеген, қазір Университетті нұрландыруға тырысқан Мұстафа, Нұр машинасы (көбейту машинасы)-на байланысты Нұрларға зиян тимесін деп баспа сөз жайлы заңды еске түсіріп, ықтият болу керектігі жайлы айтуда (Сілтеме ) Шексіз шүкір етемін бір мұғалім демалысқа *шыққанымен, оның орнына екі Хасан, екі Мұстафа және үш мұғалім және бір еңбекқор мұғалім еңбек етуде. Денізлі қаһармандарының міндетін атқаруда. Мұндай жағдай мынаған ишара етуде, Хафыз Әли кеткен кезде орнына Денізлі келді, қайғыны ұмыттырды. Сол сияқты бір Хасан Фейзи кеткенімен орнына бір Университет келіп, қайғыны ұмытқызады ИншаАллаһ.Барлық бауырларыма сәлем.* * * * *Біріншіден: Қаһарман Назифтің расында Назиф (таза) рухы мен табандылығы, жолдастарымен бірге машинамен және басқалай да Нұрларға қызмет етуі, бұл елді расында да борыштар ететіндей жағдайда. Хақ Тағала еңбектерін табысты етсін... Әмин. Сілтеме*: Коммунистікті, дінсіздікті, анархияның негіздерін жар салушы кейбір газеттерге баспа сөз туралы заң еш араласпаса да, халықтың, елдің ірге тасын қалыптастыруға аса маңызды еңбек сіңіріп жатқан «Зүлфикар» мен «Аса-и Мұса» жинақтарының машинамен көбейтілуіне қалай тиіседі? Неге тиіседі? Расында таң қалудамын.
188ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІӘзіресе машинамен шығарған өнімдері көркем әрі анық, қатесіз шықандықтан (Сілтеме ) өте үлкен жетістік. Хақ Тағала Назифке *көптеген Салахаддиндер мен Ибрагимдерді беріпті.«Зүлфикардың» бас жағын, өз қолыммен бірнеше бөлім жазуымды өтініпті. Бізге жіберген төрт майлы қағазға өз қолыммен мынадай науқас жағдайда жаза алмаймын. Мен айтып отырайын үнемі менің сөздерімді жазып жүрген хатшы жазсын. Кейбір сөздерді мен жазамын. Назиф бауырымыздың Стамбул мен Инеболу Нұршыларының атынан айтпен және жаңа жылмен құттықтай отырып жіберген үш тәбәрігін (Сыйлығын) алдым. Оларды барлығының атынан әдетіме қайшы болса да қабыл алдым. Оларға Аллаһ разы болсын... Әмин. Солардың көңілі үшін өз қағидамды бұздым. Рухани және Фердауси Нұр Зұлфикары екінші Салахаддин саналар кішкентай Ибраһимнің және көбіне «Сөздерді» тамаша етіп жазған Назифтай табанды, жанашыр бауырымыз Мұстафа Оспаның барлық Сафранболулық Нұр шәкірттерінің атынан жіберген екі жинақты да алдық.Хақ Тағала Ибраһим, Мұстафа, Иззеттердің және олардың жолдастары мен жәрдемшілерінің амал дәптерлеріне «Зұлфикар» мен екі жинақтың әріптерінің санынша сауап жазсын, әр бір әрібіне жүз рахмет... Әмин.Расында да Мұстафа Осман, аса құнды, өте қайратты екі қанат тапты. Назифтің Салахаддині мен Ибраһимі сияқты мұғалім Ахмед Фуадты және университеттегі Мұстафа Оручты тапты. Сол қос қанатымен Нұр қызметінде көп іс тындыратын болады, ИншаАллаһ. Тіпті, Мұстафа Оруч пен мұғалім Ахмед Фуад сынды кісілердің дәл осы кезде белсенді түрде Нұр қызметіне араласулары, Денізлі Қаһарманы Хасан Фейзінің өлімінен кейінгі қайғылы жағдайды біршама жеңілдетіп тастады.Кішкентай Ибраһим Назифтің жанында екінші бір Салахаддинге айналып, бала-шағасымен, інісімен, әйелімен, бірге Нұрларды жазуға, машинкамен көбейтуге қарқынды түрде ат салысуы, хатында аттары аталған Салихтің гүл өсіруші Хусейннің, Осман, Зүхтү, Иззет, Омар тағы басқалардың сол аймақта табандылықпен Нұрға қызмет етулері Сілтеме*: Бұл жолғы жиырма төрт бетте екі-үш жерде ғана (, ) болып кетіпті. Бірнеше сөз жазылмай қалыпты, мағына түсінікті. Әзірге толық қараған жоқпын.
189ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ібізді қатты қуантты. Келешекте бұл аймаққа көп еңбек сіңіретін болады. Машаллаһ, Инеболуның шағын бір Спартаға, Нағыз Нұр медресесіне айналғандығын дәлелдеп берді.Екіншіден: Нұрс ауылым мен Нұрси лақабыма және Нұрларға байланысы бар Университеттің аса қайратты Нұршысы, Абдуррахман мен Салахаддиннің қабілеттеріне ие Мұстафа Орчқа бұрынырақта ескі әріптермен жазылған жинақтардан кейін, жаңа әріптермен жазылған сегіз-тоғыз кітапты өзінің қалауы бойынша, «Университет шәкірттері аса мұқтаж және құштар» деген сөзіне байланысты жіберіп отырмыз. Алайда бұл жас шәкірттің тәжірибесі аз және Нұрларға (кітаптарға) ие болуға, сақтауға шамасы келмейтіндіктен және лайықты адамдарға беру, босқа жатып қалмауын қадағалау үшін Нұр шәкірттері, әсіресе Стамбулдағылар кітаптардың оқылуы мен сақталуына көмектесулері керек.Үшіншіден: Денізлінің рухани батыры марқұм Хасан Фейзидің (р.х.) Спарта қаһарманы марқұм Хафыз Әлидің (р.х.) қасына кетіп қалуы расында да бізге қатты әсер етті. Алайда оның хас шәкірті Нұрдың ықыласты шәкірті Сыддық Мұхаррам айтқандай былай дейміз: Бір жағынан алғанда ол өлген жоқ, міндеттерін тез атқарып, дем алу үшін барзахқа кетті, демалысқа шықты. Хафыз Әлимен бірге рухани түрде, шапағаттары арқылы өздері қалдырып кеткен әсері мол Нұрлар жайлы кітаптарымен көмекке келуде, рухани түрде әлі де Нұрға еңбек етуде. Рухани Шәхид болып есептелгендіктен, миуаның Он бірінші мәселесінде айтылатын Арабша граматика оқып жүрген шәкірттің өзін медреседе жүргендей сезінгені сияқты Хафыз Әлидің Нұрдағы ақиқаттарды айтуы және қайтыс болған Нұршылар мен шұғылдануын Аллаһтың мейрімінен үміт етеміз. Хақ Тағала оның бұл дүниедегі шаруаларын жалғастыратын көптеген Хасан Фейзилерді жетілдіретін болады ИншаАллаһ. (Сілтеме )*Бұл марқұм бауырымыздың Нұрларға қатысты көптеген міндеттерін толық атқара алатын шәкіртті бауырларымыз ақылдаса отырып, таңдап шығарғанға дейін, ол міндеттерді істі бөліп алу әдісін қолдана отырып, әр бір шәкірт бір шаруаны атқаруды қолға алсын. Демірбаш Әли Осман бұл шаруа Спартада сенің мойныңда. Сол маңдағы шәкірттермен ақылдаса отырып, оның орнын бос қалдырмай, Нұрларға сол сияқты көңіл бөле алатын біреу, әзірге Денізлі Хусревінің міндетін атқарсын. Оған сыйлаған тақиямды нағыз иесі табылғанға дейін сақтап жүрсін.
190ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІАлайда ол мүбәрак бауырымыз мен сияқты кәдімгі дәрілерден тартынбауы қате болады. Мен одан әлдеқайда қиналып жатсам да «Нұршылардың дұғасы жетеді» деп, дәрі іздеген жоқпын және ауру жайлы біреудің пікірін сұрап, уайымға түспедім. Ол марқұм бауырымыз бұл жағынан алғанда маған ере алмады. Нұрлар жайлы жазған сөздерінде мына бейшара бауырының жолында өзін құрбан етуге сөз бергендіктен және Нұрдағы шаруаларын тез бітіргендіктен дем алуға аттанды. Мен оның туыстарына және Мухаррем сынды сапалы, шынайы шәкірттері мен Денізлі және сол аймақтағы Нұршыларға тағы да көңіл айтамын. Біз сияқты олар да ол марқұмды жақсылақтарына ортақ етіп, ол кісі өлмегендей жақсылықтары жазылар дәптеріне сауап жаздырсын. Бәріне де жеке-жеке сәлем жолдаймын. Марқұмға мыңдаған рахмет жаусын дейміз.Төртіншіден: Бір кездері мың қаламмен Нұрларды жазған Савалық батырлардың бірі, Нұрдың аса құнды шәкірті Мұстафа Йылдыздың худ худқа ұқсаған құсы «Худ Худ-ы Сүлеймани» сияқты Нұрдың шаруалары барысында ғажайып жағдайларды көрсетуі таң қаларлық нәрсе емес, ондай мысалдар көп. Құстардың Нұрлар үшін алаңдайтындығы көптеген мысалдар арқылы нақтыланып отыр.Түрмеде менің жеке басыма да Нұршылардың ауыз біршілігі үшін де, түрмедегілердің Нұршылармен тіл табысуы үшін де ұмтылмастай дәрежеде Хилмимен бірге қызмет еткен, өз ауылында түрмеден бұрын да кейін де батылдықпен еңбек еткен атына заты сай Садық мырзаның туыстарымен, анасымен бірге құттықтауларына және менің атымнан құрбан шалуларына орай, оларға мың Бәрекелді мың МашаАллаһ дейміз. Сондай-ақ Рисалей-Нұр шәкірті, бізге сәлем жолдаушы Салих ұлы Османға сәлем жолдап, Нұр шеңберіне (жамағатына) қабыл болды дейміз.* * * * *
191ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Імына екі Хадис Шәріптен шабыт алып, Рисалей-Нұрды жазудың дүниелік және ақыреттік көптеген пайдаларының, Рисалей-Нұрда баяндалған, сондай-ақ шәкірттердің тәжірибелері арқылы нақтыланған бірнешеуін айтып өтеміз.БЕС ТҮРЛІ ҚҰЛШЫЛЫҚ1. Ең маңызды күрес болып саналатын, адасқандарға қарсы рухани түрде күресу.2. Ақиқаттарды жеткізу барысында Ұстазына көмектесу.3. Мұсылмандарға Иман тұрғысында көмектесу.4. Жазу арқылы ілім үйрену.5. Кейде бір сағаты бір жылдық құлшылықтың орнын басар тәфәккүри (ой-толғау) құлшылық ету.ДҮНИЕЛІК ЖАҚТАН ДА БЕС ТҮРЛІ ПАЙДАСЫ БАР.1. Рызықта берект.2. Жүректің тыныштығы мен қуанышы.3. Күн көрістің оңайлауы.4. Шаруаларында табысқа жету.5. Шәкірттік деңгейге көтерілу арқылы барлық Рисалей-Нұр шәкірттеріне арналған дұғадан үлесін алу.ЖАЗУ АРҚЫЛЫ НҰРЛАРҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕНШЫН БЕРІЛГЕН ШӘКІРТІ БОЛУДЫҢАСА МАҢЫЗДЫ ЕКІ НӘТИЖЕСІ БАР.1. Иманмен қабірге кіретіндігіне Құран аяттары ишара етуде.2. Нұр жамағатындағы рухани серіктестік сырына орай барлық шәкірттердің рухани табыстарына, олардың барлық жақсылықтарына ортақ болу.Сонымен қатар шәкірттер табылмай тұрған қазіргідей заманда, періштелердің құрметіне бөленген (Сілтеме ) ілім ізденуші *Кейбір әһл-и кәшф кісілердің куәландыруы арқылы нақтыланған.
192ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ішәкірттердің қатарына қосылып, барзах әлемінде (тәлейі болса, қолы жетіп жатса) Хафыз Әли мен «Миуа» рисалесінде айтылатын атақты шәкірт сияқты, шәхид дәрежесіне көтерілу.* * * * *Машинамен (көбейту машинасы) көбейтілген жинақтардың бас жағына жазылуы тиіс бөлім мынау:Рисалей-Нұрдың барлық кітаптарын екі жыл бойы Анкара мен Денізлінің соттары, сарапшылары тексеріп шыққаннан кейін, бізді ақтап шығарды және барлық Рисалей-Нұр кітаптарын өзіме қайтарып беруге бір ауыздан қарар берулеріне орай, басылып шығуына ешқандай кедергі жоқ. Маған берілген Рисалей-Нұр кітаптарының біреуі, осы жинақтың ішінде бар.Спартадағы мектептер мен мешіттердегі діннің пайдасына жасалып жатқан шарулар «Зүлфикардың» рухани жеңістерінің нәтижесі деуге болады. Спарта Нұр медресесіне айналып, басқа аймақтарға сабақ беріп жатқанындай, Ислами нышандар мәселесінде де үлгі алуға тұрарлық жағдайға жетеді. ИншаАллаһ. (Сілтеме )** * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым!Біріншіден: Мына материалдық та, моралдық та тұрғыдан қатты қысып тұрған қыстың, рухани да материалдық та дерті қинап тұрған кезде дүниеден кетіп, өзім қатты алаңдап отырған Нұршы бауырларымнан ажырап қалу ықтималынан туындаған уайымдар қыспаққа алып тұрғанда, бірденен Сыддық Сүлейман, Нұрдың байланыс орталығы болған Сабри сол аймақтағы бауырларымның атынан, туысқандарымның атынан да Адүлмәжид пен Абдуррахман ретінде келіп тұр. Хақ Тағалаға шүкір етемін, олардың келуі мен үшін у қайтарғыш дәрідей әсер етті. Мен де мұндағы өз әдетімнен Саясатшыларға назар аудармай жүрсем де, бір сәйкестік нәтижесінде, кейбір мешіттерді бұзу үшін мәжілісте бір топ дінсіздер әрекет жасап жатқандығын естідім. Дәл сол уақытта маған у берілуі, Хасан Фейзидің ауырып, қайтыс болуы кездейсоқтыққа ұқсамайды. Бұл үш қастандықтың да өз ара байланысып жатқандығы байқалады. Екеуі әзірге нәтижесіз қалды. Біреуі бір батырды алып кетті.
193ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ітыс, не болса о болсын деп қасыма шақырдым. Екі-үш сағат бойы көкейімдегілердің бәрін сұрадым. Барладағы ескі достардың хал-жағдайларын білдім. Баяғы Барладағы күндерге рухани түрде, тәтті қиялмен саяхат жасадық. Көкірек сарайым кеңейіп, еңсем көтеріліп қалды. Олардың бір-екі күн осында қалуын қалар едім. Бірақ мынадай қиын кезең, бұл жердегі мені аңдып қалған жағдай мүмкіндік бермеді. Бұл екі бауырымызды барлығының атыңнан қабылдадым. Өз атымнан екі тірі хат ретінде сендерге қайтардым.Екіншіден: Екінші күні, өзім қатты алаңдайтын университет–тегі студент жастардан, солардың атынан жазылып, қазірдің өзінде тоғыз шынайы Нұршы жас Салахаддиндер мен Абдурахмандар ретінде Университетті нұрландыруға тырысып жатқандары жайлы хат алдым. Бұл жас Абдуррахмандар; Мұстафа Оруч, Кониялық Зия, Сабридің ұлы Фейзі, Бахаиддин, Абдуррахим және Костамонулық Омар, Әзиз, Шүкрү, Сабри сынды жас Нұршылардың Нұрларға ие болуы, марқұм Фуад он тұлға болып дүниеге қайта келіп, Нұрларға еңбек сіңіріп жатқандай қуантты, дертімді де жеңілдетіп тастады.Үшіншіден: «Зүлфикардың» машинамен басылып бітуіне жақындап қалуы Нұршылар үшін, бәлки бүкіл ел үшін бір бақыт. Бұл бақытты қолдан шығарып алмау үшін, қаншама сақтық шарасы болса, бәрін жасау керек.Егер «Аятүл Кубраға» жасалғандай тінту бола қалса, (беті аулақ, ИншаАллаһ бола қоймас) барлық нұсқалар қолды болып кетпесін. Шындығында қазір ондай баса көктеу болмайды, жасай алмайды. Келісімге келуге әрекет етуде. Алайда жасырын арандатуышы бүлікшілдер, келешекте өздеріне лағнет жаумасын деп, неше түрлі сылтау іздеуде, биліктің басындағыларды алдап, айдап салуда. Сондықтан Аллаһтың қорғап қалатынына толық сенім артып, сақ болу керек. ИншаАллаһ «Зүлфикар» өзін шабулдардан қорғап қалады және шабуылдаушылардың ту-талақайын шығарады не иманға келтіреді.* * * * *
194ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІӘзиз де адал бауырым! Мына өткінші дүниедегі қайратты да шынайы жолдасым.Біріншіден: Бүкіл достарым мен жерлестерімнен бұрын сіздің және Эрзурумдық бірнеше кісінің менің азап тартқан бейшара жағдайыма мейрімділікпен көңіл бөлгендеріңізге және ойша болса да көмекке ұмтылғандарыңызға шын жүректен ризамын және өмірімнің соңына дейін ұмытпаймын. Сіздерге мың МашаАллаһ, бәрекелді деймін.Екіншіден: Өткінші дүниенің маңызсыз оқиғаларына мән беру, ұстанған жолыма және Рисалей-Нұрдан алған дәрістеріме мүлдем кереғар және он жылдан бергі өмірлік ұстанымыма қайшы бола тұра, сенің көңілің үшін және уайымдап жазған хатың үшін өз жағдайыма және залымдардың зұлымдықтарына қатысты бірнеше жағдайды айтып өтейін.Біріншісі: Отыз жыл бұрын Ислам Академиясында қызметте жүргенде, Сол Академияның мүшесі, бір досымыз Сеид Садеддин Паша «Нақты хабар алдым, тамыры шет елде өздері осы жердегі бүлікші бір ұйым сенің жазғандарыңды оқыпты. Бұны жазған адам тірі жүргенде біз өз ісімізді (бүлікшілік пен дінсіздікті) бұл елге қабылдата алмаймыз. Мынаның көзін құрту керек», деп сені өлтіруге қарар алыпты. «Абай бол» деді. Мен де «Тәуекел» ажал бірақ рет келеді, оның уақыты өзгермейді дедім. Міне сол ұйым, отыз-қырық жылдан бері тамыр жайып, менімен арпалысуда бар айлаларын қолданып болды. Көзімді құрту үшін екі рет түрмеге қамап, он бір рет у берді. (Қазір он тоғызға шықты)Ең соңғы құрған тұзақтары, жоғарыда аты аталған ішкі істер министрін және Афион мен Әмірдағының бұрынғы әкімдерін айдап салу арқылы үкімет пен билікті маған қарсы пайдалану болды. Мен секілді әлсіз, қарт, пақыр, кәріп, көмекке мұқтаж бір бейшара жайлы әлгі үш қызметкердің болымсыз үгіттері баршаны үрейлендіргені соншалық, бір қызметкердің маған сәлем бергенін ести сала оны орнынан ауыстырып жіберді. Сондықтан маған тыңшыдан басқа ешкім жоламады. Кейбір көршілерімнің де қорыққанынан маған сәлем бермей жүргендерін байқайтынмын. Мені Аллаһ сақтады. Маған сабыр мен ұстамдылық берді. Осындай шектен шыққан азап пен қысымның өзі мені оларға кіріптар етпеді.
195ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІЕкіншісі: Мүмкін есіңе түсірерсің, Анкарада басшылардың жиналысында Мұстафа Кемалмен айтысып қалған кезде, оған қарсы былай дедім. «Намаз оқымайтын адам қиянатшыл жан, ал қиянатшыл адамның сөзі назарға алынбайды». Бетіне қатты айтып тастасам да маған қарсы қасгөйлік әрекет жасауға батылы бармап еді.Ал мұнда төменгі шенді бір офицер мен бір он басы қиянат жасап, қорлық көрсетті. Мақсаттары менің ашуыма тиіп, келеңсіз оқиға шығартқызу. Аллаһтың жарылқауы, сақтауы маған сабыр берді, шыдам берді.Үшіншісі: Екі сот екі жыл бойы, қолдарындағы бүкіл Рисалей-Нұр кітапшаларын тексерсе де заңға қайшы келетін еш нәрсе таба алмаған соң (Сілтеме ) бізді де Рисалей-Нұрды да ақтауға мәжбүр *болды. Осыдан кейін дінсіз – бүлікшіл ұйым кейбір мүнапық қызметкерлерді пайдаланып орталық үкіметте бір жоспар құрды. Заңға мүлдем қайшы әрекет етіп жер аудару деген желеумен барлық достарымнан, шәкірттерімнен оқшау және денсаулығыма, өміріме зияны мол жерге, жалғыз кісілік камераға қамағандай етіп, Әмірдағына жіберді. Бұл әрекетті екі мақсатпен істегендіктері енді белгілі болды. Біріншісі мынау: Баяғыдан бері менің қорлыққа шыдай алмайтындығымды біледі. Мен қатты ашуланған кезде, келеңсіз бір оқиға туа қалса, соны сылтауратып, көзімді құртуды жоспарлаған. Бұдан ешнәрсе шығара алмаған соң у беру арқылы көзімді жоюға тырысты.Бірақ, Аллаһтың көмегі және Нұр шәкірттерінің дұғалары у қайтарғыш дәріге айналып, ойлары іске аспай қалды... Бірден көңіліме мынадай бір ой келді. Бұл залымдарға ашуланба, керісінше оларды аяуың керек. Көп уақыт өтпей-ақ саған уақытша берген азабының Бір де бір заң ешбір тұрғыда, тіпті олардың өзімбілемдік заңдары да бізге де Рисалей-Нұрға да тиісе алмайды. Қазіргі кейбір заңдар тиіскен күннің өзінде Әділет басқармасы мен үш үлкен сот, келешекте өздеріне жауатын лағынет пен халықтың жиіркене қарауынан қорқып, Нұрларды және бізді соттауға батылдары бармай, бір ауыздан ақтап жіберуге және Рисалей-Нұр жинағын өзімізге қайтарып беруге шешім қабылдады. Күш-билігі таудай сот орындарының батылы бармай отырғанда, уақытша отырған қатыгез жеке тұлғалардың осындай зұлымдық әрекеттері әрине жер мен көкті ашуландырды... Енді, менің ашулануыма да қажеттілік жоқ.
196ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іорнына одан мың есе ауыр мәңгілік азап шегетін болады. Сенің кегің мың есе артығымен қайтарылады. Олардың кейбіреулері тірі жүргенімен кеудесінен жаны шыққанша рухани азап шегеді. Мен оларға деген ашудан арылып, жаным ашыды. «Аллаһ оларды тура жолға салсын» дедім...Сондай-ақ, осы азаптар мен қиындықтар, өте көп сауапқа қол жеткіздірумен қатар, оларда Рисалей-Нұр шәкірттерімен емес, менімен әуре болып, мені ғана қинауда. Бұл жағдай Нұршылар үшін үлкен пайда және шәкірттердің аман-есен жүрулеріне қызмет етіп жатқандықтан Аллаһ Тағалаға шүкір етемін. Өте ауыр жағдайда жүрсем де бойымды шаттық кернейді.Төртіншісі: Сенің хатыңдағы, менің өз жағдайымды ойлап, Шамға немесе Хиджазға кетіп қалу үшін үкіметтен рұқсат сұрау мәселесіне келсек....Біріншіден: Біз Меккеде болсақ та Иманға, Құранға қызмет ету үшін осында келу керек болар еді. Өйткені бұл жерлер соған өте мұқтаж. Мың жаным болып, мың бір бәлеге ұшырасам да, қандай қиындық шексем де осы елдің иманын құтқару үшін, осы елдің бақыты үшін осында қалуға Құраннан алған сабақтарыма орай қарар бердім. Екіншіден: Менің мұнда құрметтің орнына қорлық көріп отырғанымды айта келе, «Мысырда, Америкада болсаңыз құрметке бөленер едіңіз» дейсің.Құрметті бауырым! Біз өз ұстанымымызға орай, адамдардың құрмет, қошеметтерінен, бізге берген атақ-даңқ, сый-сыяпаттарынан қашудамыз. Әсіресе, анық түрдегі рияшылдық болып саналар атақ-даңқ, даңқты атыңның тарихта қалуы сынды мақтангершілік, жұрт алдындағы бедел, біздің ұстанымымыздағы ықыласқа қайшы келеді.Ондайды қалау былай тұрсын, бетін аулақ қылсын деп, қашудамыз. Құраннан нұр-фейіз алып, сол Құранның ақиқаттарын тәпсірлеп, тылсым-сырларын ашушы Рисалей-Нұрды таныстыру және кез-келген адамның сол ақиқаттарға мұқтаж екендігін сезінуін, сондай-ақ иман ақиқаттарының азғындардың дінсіздік әрекеттеріне төтеп беретінін, жеңіске де жетуде екенін көрсеткіміз келеді және мейірімді Аллаһтан соны тілейміз.Жеке басыма қатысты шағын бір мәселені түсіндіре кетейін. Режеб бей мен Қара Қазым сенімен дос, менің ойымша Ескі
197ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІСаидпен де байланысы бар екен. Онда олардан жақсылық күтудің орнына, өзінен бұрынғылар секілді маған босқа қысым көрсетіп, зұлымдық жасауына мүмкіндік бермесін. Шынымен бұл жердің табиғи да рухани да ауасына үйрене алмадым. Қиыншылықтар өте көп. Отырған жерімді іштен де сырттан да кілттеп отырмын. Мүлдем жалғызбын. Жақын көршісіз, тар бір бөлмеде, сырқат күйде өмірімді өткізіп жатырмын. Кейде бір күннің өзі, Денізлідегі бір ай абақтыдан бетер қинайды. Жиырма жыл бойы аяусыз зұлымдық жасап, бостандығыма, еркіндігіме шектеу қойғандары жетер! Жеке басымнан да Нұрлардан да еліміз бен халқымызға зиян келеді деп күмәнданумен ешкімді алдай алмайтындығы сот орындарының екі жыл тексерулерінен кейін және мұнапықтардың маған қарсы құрған тұзақтарының босқа кетуінен белгілі болды. Мен де жұрт секілді еркіндігіме ие болсам, осы ауданның ауа райы жұмсақтау басқа бір ауылына орын ауыстыру үшін рұхсат қағаз алсам жақсы болар еді. Өзіңе және сол жердегі Нұр достарына көптен көп сәлем және дұға етеміз.Саид Нұрси* * * * *Расында да марқұм Хасан Фейзи сияқты аз уақыттың ішінде көп еңбек сіңірген, Нұрларға аса көңіл бөлуші Мұстафа Османның қызметінің қабыл екендігіне дәлел ретінде Хасан Фейзінің және соның рухындағы табанды екі мұғалім Ахмед Фуад пен Мұстафа Сұңғыр және екі шәкірт Мұстафа Оруч пен Рахмиді табуы және Рисалей-Нұрға қуатты қолдармен еңбек етуі сол аймақ үшін үлкен бақыт.Кейбір сөйлемдерін түзете отырып. «Қосымшаға» енгізген Мұстафа Осман мен мұғалім Мұстафа Сұнгырдың ортақ хатынан мынаны байқауға болады. Ол жерде бір жеміс Хасан Фейзи сияқты жайқалып келеді. Көптеген бейшара бауырларымыздың иманын құтқаратын болады ИншаАллаһ. Әсіресе солар сияқты және Спартаның бейкүнә қаһарман балалары сияқты Рахим атты он төрт жасындағы оқушы баланың жан аямай, Нұр дәрістерін өмірілік мақсат етуі бізді және барлық Нұршыларды қатты қуантты. Сол аймақтағы жастардың бақыты жолындағы жақсы амал.
198ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІРисалей-Нұрдағы «Зүлфикар» және басқа да жинақтардың таралуы үшін көп көмегі тиген және Хафыз Әлидің тамаша етіп жазып, Нұр фабрикасында ерен еңбек атқарған досы, сенімді мұргері Хафыз Мұстафаға аманат етіп қалдырған Рисалей-Нұр кітаптарын оның қолына жеткізіп берген Ахмед Фуадты және сол аманатты қолына тапсырған Хафыз Мұстафаны және Сафранболу аймағын, сол жердегі баурыларымызды жан-тәнімізбен құттықтаймыз. ИншаАллаһ «Зүлфикарға» жұмасаған әр бір банкнотының орнына мың пайдаға кенеліп, мыңдаған хайырлы нәрселерге себеп болар. Оған және уағызшы бауырымз Ибраһимге, жанқияр мұғалім Мұстафа Сұнгырға, жас Салахаддин саналар Рахимге Мұстафа Осман, Хыфызы бастаған сол аймақтағы барлық бауырларымызға сәлем жолдаймыз.* * * * *Құрметті, мүбәрәк, Әзиз, мейрімді, Фазыл Ұстаз Хазретке:Біріншіден:Рисалей-Нұрдың Хас батыры шәхид марқұм Хафыз Әли Әфендіге бұл жолы рухани серік болған Хасан Фейзи ағамыздың қазасы бізге қатты әсер етті. Әуелі сізге Ұстаз Әфендім, барлық Нұр шәкірттеріне, Оның материялдық та рухани да туыстарына, Нұр медресесіне, Денізлі халқына көңіл айтып қайғыларына ортақ екендігімді білдіремін. Шағын рухани сыйлықтарымды Аллаһтың дәргейіне ұсына отырып, мейрімге бөлеуін сұраймын. мағынасына орай, бұл әлемнен рухтар әлеміне әкетерСүбхани аят ишара етіп тұрған ең тамаша баға, көптеген Хасан Фейзилердің өсіп-өнуін Аллаһтың мейрімінен тілеймін.Құрметті Ұстаз! Естуімше, бұдан жетпіс-сексен жыл бұрын Денізліде Хасан Фейзи атты үлкен бір әулие, бір күні шәкірттеріне «Бүгін Күрдистанда бір әулие дүниеге келді» деп, сіз туралы ишара еткен екен. Кейінірек әр түрлі себептер арқылы Денізліге келуіңіз сол
199ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ікісінің рухын шад қылу үшін екен ғой деп ойлайтынмын. Көп ұзамай дәл сондай аты бар, қайтыс болған Хасан Фейзи Әфендінің Рисалей-Нұрға құрметі, бірінші Хасан Фейзиге ұқсап ортаға шығуы және Нұрларға құштар болып, Нұрға бөленуі осы ойымды арттыра түсті. Қазір де былай ойлаймын: Бірінші Хасан Фейзидің өлімінен кейін Саид есейді, аттары бірдей екінші Хасан Фейзи өз міндетін атқарды. Нұрларға шомылып, өз орнына қалдырып кеткен көптеген Хасан Фейзилерге жұмысты тапсырып өмірмен қош айтысты. Ұстазымызға мына Хасан Фейзидің жоқтығын ұмтыттыратын көптеген Хасан Фейзилерді Рисалей-Нұрға сыйлай гөр деп мейрімділердің ең мейрімдісі Аллаһқа жалбарынамын. Ұстазымызға бақытты да ұзақ өмір сыйлауын Аллаһтың мейрімінен, Фазылынан, жарылқауынан, нығметінен, лүтфінен үміт ете отырып, соған куә болуымызды өтінемін.Күнәхар, әлсіз, кемшілігі мол шәкіртіңізХалил Ибрахим(Хасан Фейзиге Аллаһтан рахмет тілейміз)* * * * *БҮГІНГІДЕЙ ҚЫСЫЛТАЯҢ ШАҚТА НӘПСІМ САБЫРСЫЗДЫҚ ТАНЫТЫП МЕНІ ҚИНАП ТҰРҒАНДА, ОСЫ ӘҢГІМЕ ОНЫҢ АУЫЗЫНА ҚҰМ ҚҰЙЫП, ШҮКІР ЕТКІЗДІ. СІЗГЕ ДЕ ПАЙДАСЫ ТИЕР ДЕГЕН ОЙМЕН ЖАЗЫЛЫП ОТЫРҒАН БҰЛ СӨЗДЕР, БАС ЖАҒЫМДА ІЛУЛІ ТҰР1. Ей, нәпсім! Жетпіс үш жылдан бері талай қызық көрдің, ендігісіне сенің хақың қалған жоқ. 2. Сен уақытша, өткінші қызықтардың мәңгі жалғасуын қалайсың. Сондықтан, қызықтар бітіп қалған кезде көз жасыңды төгесің. Соқыр сезімнің кесірінен, сол қателіктерің үшін таяқ жейсің. Бір сағаттық күлкінің орнына он сағат жылайсың.3. Саған жасалып жатқан зұлымдықтар мен басыңа түскен қиыншылықтардың арғы жағында әділ тағдыр тұр. Өзің жасамаған бір іс үшін адамдар сені кінәлап, зұлымдық жасайды. Бірақ тағдыр сенің жасырын қалған қателіктерің үшін сол қиыншылықтардың қолымен сені тәрбиелеп, қателіктеріңнің өтеуін төлетуде.
200ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ І4. Ей, сабырсыз нәпсім! Жүздеген тәжірибелердің нәтижесінде анық көз жеткізгенім, сырт көзге қиыншылықтар болып көрініп тұрған нәрселердің ар жағында және нәтижелерінде Аллаһтың жарылқауы, тамаша нәтижелер бар.Өте анық ақиқаттарды жеткізуде.Осы ақиқатты үнемі есте сақта. Бүкіл әлемді айналдырып тұрған Аллаһтың заңдары сен үшін өзгертілмейді. 5. Осы қасиетті қағиданы үлгі тұт! Әуесқой, ақылсыз балалар секілді уақытша, түкке тұрғысыз қызықтардың соңынан жүгірме! Ойлап қарасаң, өткінші қызықтар, саған рухани өкініштер әкеліп, әттеген-ай дегізуде. Керісінше, қиыншылықтар рухани ләззат беріп, ақыреттік сауап қалдыруда. Егер ақылыңнан алжаспаған болсаң, уақытша ләззаттарды шүкір ету үшін ғана сұра. Онсыз да ләззаттар,шүкір ету үшін беріледі.Саид Нұрси* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым!Біріншіден: Нәпсіммен айтысқан бір жағдай, өзіме ғана қатысты болғанмен, біле жүрсін деп сендерге де жазу ойыма келді. Жағдай мынау: Өздерің білетін, бас жағымда ілулі тұрған тақтайшадағы жазу нәпсімнің үнін өшіргенімен, нәпсімнің қаруларын маған тақап тастаған соқыр сезімдерім, бүгін түнде басқа да сезімдерімді түрткілеп, улану мен науқастықтан туындаған сезімталдық пен шайтанның неше түрлі бәлелерді ойға оралтуы, жаратылысқа тән өмірге деген құштарлық арқылы екінші нәпсі әммаре саналар соқыр сезім, өліп кетуім мүмкін деген ойдан үн-жұрғасы түсіп, ашкөздене өршіп, жүрегім мен рухыма шабуыл жасады. «Неге рахат өмір сүруге тырыспайсың, оны қаламай жүрген өзің. Нұр шеңберінің ішінде-ақ, бейкүнә адамдай тамаша, рахаты мол өмір сүруді неге қаламайсың. Өлуді ойлап, соған риза болып отырсың», деді. Бірі емес, екеуі де солай деп тұр.
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297