Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Әмірдағы Лахикасы-1

Әмірдағы Лахикасы-1

Published by risalekz, 2021-02-16 07:32:30

Description: Emirdağı Lahikası-1

Keywords: Risale-i Nur

Search

Read the Text Version

51ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІЕкіншіден: Жиырма жылдан бері әділетсіз түрде, жұртпен араласуыма тыйым салады. (Соңғы төрт айда мені ешкіммен кездестірмеңдер деген жасырын бұйрық түсіпті).Сондай-ақ жиырма бес жыл бойы оқшау өмір сүргендіктен көпшіліктің ортасында өзімді жайсыз сезінемін, мәзһабымның ерекшеліктеріне байланысты кез келген адамға ұйып намаз оқи алмаймын, оның үстіне фатиханы оқып үлгере алмаймын. Мен фатиханың ортасына келмей-ақ, имам рукухқа барып қояды. Менің мәзһабым бойынша фатиха оқу парыз.Сақал мәселесіне келер болсақ. Сақал сүннет. Молдаларға ғана қатысты нәрсе емес. Елде тосқан пайызы сақалсыз адамдардың арасында, жастайымнан сақалсыз өстім. Жиырма жылдан бері маған ресми түрде қысым жасалуда. Кейбір достарымның сақалдарын қырып тастауы, менің сақал қоймауымда бір хикмет, илаһи көмектің жатқанын дәлелдеп берді.Егер сақал бола тұра қырып тастар болсам, Рисалей-Нұрға зиян тиер еді. Өйткені мен ондайға төзе алмай өлер едім. Кейбір ғалымдар «Сақал қыруға болмайды», депті. Олардың айтпағы сақал қойғаннан кейін алып тастауға болмайды, деген. Ал ешқашан сақал қоймаған адам, бір сүннетті орындамаған болып саналады.Мынандай заманда сұмдық ауыр күнәлардан аулақ болу үшін, Рисалей-Нұрдың арқасында жиырма жыл бойы жалғыз өзім қамалғандай ауыр күндер өткіздік. ИншаАллаһ осы күндер бір сүнетті орындамағандығымның өтеуі болар.Мынаны да ашық айта кетейін, «Рисалей-Нұр, Құранға тиесілі. Менің оны иемденуге құқым жоқ. Мендегі кемшіліктердің Рисалей-Нұрға қатысы болмауы керек. Мен ол Нұрдың кемшілігі мол бір қызметшісі, алмас-гауһарлар дүкенінің делдалы ғанамын. Менің аласапыран жағдайдағы халімнің, оған еш қатысы болмауы керек. Рисалей-Нұрдың бізге берер сабағы да, шынайы ықылас, менмендікті қою, үнемі өз кемшіліктерін естен шығармау, мақтангершіліке бой алдырмау. Иманды жандарға өз болмысымызды емес Рисалей-Нұрдың рухани келбетін көрсете білуіміз керек. біз өз бойымыздағы кемшілікті көрсетіп берген адамға (әрине ақиқаттан аттамай) борыштармыз, Аллаһ разы болсын дейміз. Мойнымызда тұрған қарақұрты шақпай тұрып лақтырып тастасақ қалай қуанамыз.

52ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІСол сияқты, кемшіліктерімізді мойындап рахмет айтамыз. (Бірақ қаскөйлік оймен немесе қырсықтықпен жасамауы керек. Бидғаттар мен адасушылыққа қолдау жасалмауы да шарт).* * * * *Әзиз бауырларым!Хазрет Әли Радиаллаһу Анһтың сөйлемі арқылы «Аятул Кубра» рисалесі шыққан кезде оның шәкірттерінің басына бір бәле үйіріліп, сол рисаленің ақталуы арқылы бостандыққа шығатындығын айтуы, оның бір кереметі. Сондай-ақ «Аятул Кубра Рисалесінің» баспадан шыққан жүздеген нұсқасы кеңінен тарауы осы аймаққа үш рет нөсерлетіп жаңбыр жаууына себеп болды. Мен дүниелік істерді білмеймін, әйтсе де баяғыдан бері жағамызға жармасып келе жатқан, әр қашан құртып жіберудің сәтін күтуші, барған сайын жақтастары көбейе түсудегі найсаптардың тұзағы мен қапастарынан «Аятул Кубра» мен басқа да Рисалелердің ақталуы бұрын да талай рет байқалған Рисалей-Нұрдың бәлелерден қорғауға себеп болатынындай (Садақа ретінде) бұл жолы да мына бәледен құтылуға бір себеп болады дей аламыз.Имам Әли Радиаллаһу Анһтыңсөйлеміндегі бір мақсат «Аятул Кубра Рисалесі» екендігі белгілі. Сондай-ақ «Денізлі Миуасының» он бір мәселесі он бір айғақтан тұратын «Худжетүл балиға» рисалесі де Аса-и Мұсаның он бір мұғжизасына дәлме-дәл келіп, әлгі сөйлемде «Аятул Кубра рисалесі» сынды Имам Әли (р.а.)тың назарында екендігі жүрегіме ескертілді. Демек «Миуа Рисалесі» де «Аса-и Мұса» сияқты көптеген Перғауындардың аузына құм құйып, жеңіп шығатын болады. «Аятул Кубра» рисалесін басып шығарған қаһарман, мүбәрак бауырымыз аса ауқымды, өте маңызды іс атқарды. Марқұм Хафыз Әлидің (р.а.) Нұр қызметі осылайша әлі де жалғасуда.* * * * *

53ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІӘзиз, Сыддық бауырларымБаспадан шыққан «Аятүл Кубра» рисалесі байқатпай көп қызмет етіпті. Бас жағындағы ескертудің соңына (бос қалған жерге) қосымша ретінде алты жол жазып жібердік. Жөн санасаңдар жаздырарсыңдар, түзетулеріңе де болады. Осы жолы «Аятүл Кубра» рисалесін, қаскөйлерді көз алдыма әкеле отырып, мұқият оқып шықтым. Рисалей-Нұрдың ауыр соққыларына қарсы, олар түкке тұрғысыз сылтаулар мен шыбынның қанатындай ғана кемшіліктерді алға тартуда: Ауыр соққыларға назар аудармай біздің босап шығуымыз бен Рисалей-Нұрдың ақталуын мойындауға мәжбүр болуларының себебі, «Аятул Кубра» бастаған Рисалей-Нұрдағы «Миуа», «Худжеттүл Балиға» сынды рисалелердегі ерекше және мызғымас ақиқаттар олардың бойындағы қырсықтықтың тас-талқанын шығаруы екендігіне еш күмәнім жоқ. Рисалей-Нұрдың еркін таралуын, біздің де ақталуымызды мойындаудан басқа шара таппады. Өздерін халықтың қарғысынан, жиркенуінен құтқару үшін әлгі жасырын ұйым, әлі де болса біздің кемшіліктерімізді іздеуде және үкіметті алдап, бізге айдап салуға тырысуда. Сондықтан біз бұрынғысынша өте мұқият болуымыз керек (Сілтеме )*Барлық бауырларымызға алда келе жатқан қасиетті Рамазан айы, өткен Барат түні құтты болсын деп, шын жүректен тілек білдіреміз. Хақ Тағала Рамазан айындағы Қадір Түні олар үшін де біз үшін де мың айдан да хайырлы болсын, мың айлық сауап жаздырсын, үммет-і Мұхаммедті бақытқа бөлесін, Әмин!Барлығыңа да жеке-жеке сәлем жолдаушы бауырыңыз.Саид Нұрси* * * * *Аятул Кубра Рисалесінің бас жағындағы ескерту соңындағы, «назар аудартуда» деген сөйлемнің түсіндірмесі:Иә, Имам Әли (р.а.)тың Аятул Кубра жайлы берген ғайби хабарын Денізлідегі жағдай дәлме-дәл көрсетіп берді. Өйткені рисаленің жасырын басылуы, қамалуымызға бір себеп болды. Ал ондағы аса құнды ақиқаттардың тосқауылдарды бұзып өтіп жеңіске жетуі, ақталып шығуымыздың аса маңызды бір себебі болады. Имам Әли (р.а.) ғайби кереметін соқырларға да көрсетіп берді. деп бізге арнаған дұғасының қабыл болғандығын дәлелдеп берді.

54ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІӘзиз, Сыддық, табанды, қайсар, жанқияр бауырларым!Өздерің де білесіңдер Анкарадағы сарапшылар Рисалей-Нұрға тиесілі кереметтер мен ғайби хабарларды жоққа шығара алмапты. Бірақ сот кереметтерде менің үлесім бар деген жаңсақ пікірмен, наразылық танытып, «Мұндай нәрселер кітапқа түспеуі керек, кереметтерді айтуға болмайды» деп, жеңіл сын айтыпты. Соған байланысты.Құрметті бауырларым! Соттағы мүдафатымда (қорғау сөз) «Олар маған тиесілі емес, мұндай кереметтерге иелік етуге менің құқым жоқ. Бұлар Құранның рухани мұғжизаларының тамшылары мен сәулелері, Құранның бір тәпсірі болған Рисалей-Нұрда кереметтер ретінде көрініп, шәкірттерінің рухани күштерін арттыра түсу үшін берілген Аллаһтың жарылқаулары. Аллаһтың жарылқауларын айту шүкірді арттырады. Оларды айту дұрыс нәрсе, деген едім. Қазір маңызды бір себепке байланысты жауапты бір шама түсіндіре кетейін.«Бұларды неге сонша көп айтып кеттің, бірнеше айдан бері осы тақырып көп қозғалды. Хаттардың көбі неге осы кереметтер жайлы» деген сұраққа. Жауап: Бүгінгі таңда мыңдаған бұзғыншыларға қарсы жүз мың түзетуші және менің жаныма жүздеген көшіруші-көмекші қажет болса да... Менен тартынып, қашу емес, халық пен әкімшіліктің қолдауы мен көмегі өте қажет. Иман қызметі бақи өмірге қатысты болғандықтан, бұны өткінші өмірдің күйбең тіршілігі мен пайдаларынан артық көру иманды жандарға уәжіп болады. Өзімді мысалға алып, былай дегім келеді:Мені барлық нәрседен оқшаулап, көмекшілеріммен жүздесуге тиым салған қарсыластарымыз бүкіл күштерімен достарымның рухани күш-қуатын сарқуға тырысуда. Менен және Рисалей-Нұрдан суытуға әрекет етуде. Мен секілді қарт, ауру, әлсіз, кәріп жалғыз басты жанға мыңдаған адамның атқарар міндетін артуда. Оқшаулау мен қысымдардың кесірінен, ауру адамдай, жұртпен кездесіп, жүздесуден тартынуға мәжбүр болдым. Халықты қатты үркіткені соншалық, ең жақын деген достардың өзі сәлем беруге қорыққан, тіпті кейбіреулері намазын тастауға дейін барған болатын. Осынша үрейлендіру арқылы рухани күш-қуатты сарқуға әрекет еткен еді. Бүкіл осы кедергілерге қарсы Рисалей-Нұр шәкірттерінің рухани күш-

55ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іқуаттарын толықтыруға себеп боларлық Аллаһтың жарылқауларын еріксіз, баяндадым. Осылайша, Рисалей-Нұрға рухани тұрғыда мән беру және Рисалей-Нұрдың жеке-дара, басқаларға мұқтаж болмай-ақ қалың қолдың күшіндей қуатты екенін көрсету мақсатымен осындай нәрселер маған жаздырылып отыр. Әйтпесе, Құдай сақтасын! Өзімізді жарнамалау жұртқа жақсы көрінуге тырысу, мақтану Рисалей Нұрдың маңызды қағидасы болған ықылас сырын бұзу болып табылады. Иншаллаһ, Рисалей-Нұр өзін-өзі ақтап, өз қадірін көрсеткендей, бізді де қорғап, кемшіліктерімізді жоюға себеп болады.Қымбатты бауырларым, Рисалей-Нұр жазылмай тұрып, қырық жыл бұрын алдын-ала сездірді. Бұның ғажайып түрде өз бойымда ауылымызда, және ауданымызда көрініс тапқанына рухани ескертудің арқасында енді толық көзім жетіп отыр. Шефик пен бауырым Абдүлмәжидке осы сырды ашқым келді. Қазір Аллаһ Тағала сіздер арқылы көптеген Абдүлмәжидтер мен Абдуррахмандарды жеткізгендіктен сендерге айтайын.Он жасымда мақтаншақтық, тіпті жұртқа жақсы көріну секілді бір сезімім бар еді. Өзімді үлкен іс бітірген батырдай сезінетінмін. Өз өзіме: «Сенің бес тиындық құның жоқ. Мына мақтаншақтығыңа, әсіресе, асыра сілтеген батылдығыңа жол болсын?» дейтін едім. Мұның сырын білмегендіктен таң қалып жүрдім. Бір-екі ай болды, әлгі таңқалыстың жауабы берілді. Рисалей-Нұр, өзін алдын ала сездірген екен. Сен, қарапайым отынның жаңқасы секілді дәнек кезіңде, тамаша жемістерді алдын ала сезіп, өз меншігіңдей мақтанатын едің. Біздің «Нұрс» ауылымыз, шәкірттерім, жерлестерім, асқан батылдық пен өжеттік көрсетіп мақтануды қатты ұнататын. Қамал бұзар батырлық көрсетуге тырысады. Мен, өзіме де оларға да қатты таңқалатынмын. Шынайы бір ескертудің арқасында енді біліп отырмын: әлгі бейкүнә Нұрстық жерлестерім (Нұрс ауылы) Рисалей-Нұрдың арқасында үлкен абыройға ие болады. Әлгі уәлаяттың, ауданның атын естімеген адамдар Нұрс ауылының маңызын түсінеді екен. Осыны алдын-ала, сезіп, Аллаһ берген нығметтерге деген шүкіршілікті жай мақтаншақтық ретінде көрсетіп жүреді екен.Сондай-ақ біздің Хизан ауданына қарасты Испартадан «Шейх Абдурахман Тағидың» еңбегінің нәтижесі ретінде «Сейда» деген атпен көптеген шәкірттер, молдалар, ғалымдар шықты. Бүкіл

56ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІКүрдістан оларды мақтан тұтатын жағдайға жетті. Олардың арасында ғылыми жарыстарда топ жарған ғалымдар, тариқат өкілдері бар еді. Сол молдалар жер бетіне бақыт орнататындай сезімде болатынмын. Тоғыз-он жастарымда, баяғы атақты әулиелер, ғұламалар, құтыптар жайлы әңгіме айтыла қалса құлақ түре тыңдайтынмын. Жүрегіме сол шәкірттер, ғұламалар, ғылымда, үлкен жаңалықтар ашып, діни мәселелерде қыруар іс атқаратындай сезілетін. Бір шәкірттің алғырлығы байқала қалса аса мән берілетін. Ғылыми жарыстарда біреу жеңіске жетсе мақтанышқа айналатын. Сондай сезім менде де барына таң қалатынмын. Тіпті тариқат шейхтарының және солардың айналасындағы кісілердің арасында да өзара жарыстар болатын. Мұндай жағдай ауыл арасынан бастап, аудан, аймақта да бар еді. Басқа аймақтарда мұндай жағдай байқалмайтын. Ол достарым мен ұстаздарым ретіндегі молдалар, әулиелер, шейхтер болашақтағы нәрсені рухтары алдын ала сезгенімен, ақылмен түсінбеген мәселе бар. Сол молдалардың, сол шәкірттердің, сол ұстаздардың ішінен жарқын нұр шығатынын (өз уақыты келгенде) мұсылмандарға көмекке жететін, сол илаһи нығыметтің аса ауыр шарттардың ішінде жүріп, сансыз қаскөй, дұшпандар мен мың жылдан бері күш жинап келе жатқан хақ жолдан тайған қырсық, күмәншіл, бұзғыншылардың қаншама айла-шарғыларына қарсы тұрып, екі қатал соттың егжей-тегжейлі тергеу-тексерулерінен жеңіп шыққан Рисалей-Нұрдың жасырын түрде нұр шашуын жалғастыра беруі, қаскөйлерді бізге еркіндік беруіне мәжбүр етуі, Имам Әли (р.а.) мен Ғаус Ағзам (к.с.)-тың алдын ала сезіп, хабар беруіне лайық дәрежеде екендігін көрсетеді. Мен де аулымыз бен ауданымыз да аймақ-уәләятымыз да осының бәрін рухани жағдайда алдын ала сезіп, мақтан тұтқан екенбіз. (Сілтеме )*Cендерді, бұрыннан бергі шәкіртім және ескі достарым, бауырым Абдүлмәжид пен Абдуррахман деп білгендіктен бұл сырды сендерге айттым. Сезімталдығыммен және тұла бойымның ылғалдан әсерленуінен Аллаһтың мейірімі болған жаңбырды жиырма төрт Иә, Рисалей-Нұрдың аудармашысы қарапайым от басынан шығып, қарапайым пақыр бола тұра, өмір тарихында айтылғандай ерекше тоқ пейілділікке ие еді. Сыйлық-садақа қабыл етпеуі және ғылымның абыройын түсірмеу үшін, ешкімге бас имеуі және өз күшінен мың есе ауыр істерге кірісіп кетуі жоғарыда айтылған сырларға байланысты болса керек.

57ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ісағат бұрын сезетінімдей, мен де ауылым да ауданым, да қырық төрт жыл бұрын Рисалей-Нұрдағы мейірімділік жаңбырын алдын ала сездік» дер едім. Бүкіл бауырларыма және жерлестеріме сәлем айтып, дұға етемін. Сіздердің, де дұға етулеріңізді өтінемін!Саид Нұрси* * * * *АЛДЫН АЛА СЕЗУ МӘСЕЛЕСІНЕ ҚОСЫМШАӘзиз, Сыддық бауырларым!Рисалей-Нұрдың жазылатындығы алдын ала сездірілуі және оның жалпылық сипат алуымен қатар Рисалей-Нұрдың хас шәкірттерінің мойындауы немесе ісімен көрсетуі олардың Рисалей-Нұрға қызмет етуі тағдырдың ісі екендігіне байланысты жазылып отыр.Алдын ала сезу қабілеті азды-көпті барлық адамда бар. Тіпті жануарларда да бар. Садық түстердің басым көпшілігі, осы алдын ала сезудің бір түрі. Кейбір кісілердің мұндай сезімдері керемет дәрежесіне дейін көтеріледі. Менің денемнің де ерекшелігі жиырма төрт сағат бұрын жаңбырдың жауатындығын сезіп тұрады. Бұл бір жағынан алдын ала сезу қабілеті болса, екінші жақтан олай санамауға да болады.Мен Рисалей-Нұрға көп қызмет еткен бауырларымның өміріне зер сала қарағанымда мынаны байқадым. Дәл менің өмір жолымдағыдай, нәтижеде Рисалей-Нұрға айдап әкелгендей болып тұр.Хусрев, Фейзи, Хафыз Әли, Нафиз сынды бауырларымыздың өткен өмірі осы нұрға қызмет етуге арнайы бағытталғандай екендігін өздері де сезеді. Мен де көптеген бауырларымының өмірі дәл менікі сияқты, осындай нұрлы жемістер беру үшін бағытталғандығын білемін. Мұны сезбегендер зер сала қараса олар да сезеді. Мен өмірімнің ерекше кезеңдерін бұрындары Ғаус Ағзамның бүгінге дейін жалғасып келе жатқан кереметі деп білетін едім. Енді олардың Рисалей-Нұрдың кереметтері екендігі белгілі болды. Мысалы, Демократиялық төңкерістен бұрын Стамбұлға келе жатқанымда жолда (аса маңызды) келам іліміне байланысты бір-екі кітап қолыма тиді. Зерделей оқып шықтым. Стамбұлға келгеннен кейін, бір себеп болмаса да ғұламалар мен мектеп мұғалімдерін білім

58ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ісайысына шақырдым. «Кім не қаласа, қалаған сұрағын қойсын» деген хабарландыру іліп қойдым. Таң қаларлық бір жәйт, сұралған сұрақтардың бәрі де жолда оқыған кітаптарымның ішінен есімде қалған мәселелерден келді.Философтардың қойған сұрақтары да есімде қалған тақырыптардан болатын. Менің мұндай табыстарға қол жеткізуім, ашықтан ашық өзімді көрсетуім, болашақта Рисалей-Нұрды Стамбұл ғұламаларының дұрыс қабылдауы мен маңыздылығына байланысты болғандығы енді түсінікті болды.Екіншісі: Мен қанша мұқтаж болсам да, пақыр болсам да өмір тарихымда жазылып, көрсетілгендей бала кезімнен бері ешкімнен сыйлық қабылдамайтынмын, мұқтаждығымды көрсетпейтінмін.Өлмес аспен отыра беретін сопы немесе атақ-даңқы шыққан ата-тегім болмаса да бойымда сондай қасиет болатын. Мені жақсы білетіндер де өзім де таң қалатынмын. Рисалей-Нұрдың күрескерлік жолы мал-мүлікке қызығу арқылы жеңілістерге ұрынбауы, немесе сынға ұшырамауы үшін осындай рухани жағдай сыйлағандығы соңғы екі-үш жылда белгілі болып отыр. Әйтпегенде қаскөйлер осы тұстан ұрымтал жер тауып, соқы берер еді. Сонымен, Бұрынғы Саид саясатта біраз жерге барғанымен, Бүгінгі Саид өзіне жақтастар табуға қанша мұқтаж болғанымен, бүкіл адамзатты әуреге салған бес-алты жылдан бергі аласапырандар, саясат дауылдары мені шайқай алмады, қызығушылықтың кесірінен жеңілістерге де ұрындырмады, бес жылдан бері не болып жатқаны да қызықтырмады.Мені танитындар да өзім де бұл жағдайға таң қалдым. Тіпті өзіме өзім, «Бүкіл әлемді алаңдатып қойған мына оқиғаларға мән бермеген мен ақымақпын ба? Әлде өзге жұрт ақымақ па? деп таң қалушы едім».Рисалей-Нұрдағы ықыластың ақиқаты, Аллаһтың ризашылығынан басқа еш нәрсеге құрал болмайтындығын, бағынышты болмайтындығын, Құраннан басқа еш нәрсеге арқа сүйемейтіндігін дәлелдеу үшін осындай рухани жағдай берілгендігі, рухани ескерту арқылы да, алдында айтылған алдын ала сезу арқылы да, Рисалей-Нұрдың еркіндік алуы арқылы да белгілі болып отыр.Саид Нұрси* * * * *

59ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІӘзиз, Сыддық бауырларым!«Миуаның» төртінші мәселесіндегі бір ақиқаттың көріністерін Бұрынғы Саид айналаға зер сала қарағанда сезген және маған көмектесіп жүрген хатшы, Рамазан айының басында шығыста бір оқиғадан алған әсерін сезімдерге беріле отырып жеткізген еді. Сондай-ақ мына қасиетті Рамазанда қымбат уақыттарын радио басында отырып, бос нәрселерге жоғалтпау үшін жүрегіме «кең шеңбердегі аласапыран жағдайлардың зияндарын қысқаша баянда» деген ескеру келді. Мен де Рисалей-Нұр шәкірттерінің қызығушылығын басу үшін қысқа ғана, кейбір ишаралар бере отырып, баяндап өттім. Алайда мәселе өте терең, уақытым да аз, жағдайым да болмай тұрғандықтан түсінулерің қиындау болуы мүмкін, сендердің алғырлықтарыңа сенім артамын.Миуаның Төртінші Мәселесінде «Дүниелік саясатқа араласпауымның себебі: Ондай кең шеңберде біз атқарар істер аз, бірақ қызығушылық сезімдерін оятып, өзіне тартып, әуре етеді. Ақиқаттар мен үлкен шаруаларды ұмыттырып жібереді немесе жеткілікті дәрежеде орындалмай қалады. Сондай-ақ бір жаққа жақтасуға итермелейді. Залымдардың зұлымдықтарын қабыл көріп, зұлымдықтарына ортақ болады» деген мағынадағы ақиқаттар айтылған еді.Қазір мен де былай демекпін. Қызық көруден немесе әлемдік, кең шеңбердегі оқиғаларға елітіп, мәз болып жүрген бейшаралар! Мойнымыздағы парыздар мен міндеттерге зиян беріп, әлемдік оқиғалар мен қақтығыстарға елеңдетіп тұрған адам бойындағы қызығушылық, пенделік сезім ғой. Бұл да рухани қажеттілік, болмысқа тән нәрсе, дейтін болсаңдар менің де айтарым. Біліп қойыңдар, адам бойындағы көптеген мұғжизалы істерге қызығушылық танытпай, зер салмай тұрып, екі басты, үш аяқты біреуді көрсе таң қалып тамашалау сияқты мына ғасырдағы адамзаттың уақытша, фәни, бүлдіргіш іс-әрекеттерін және жер бетіндегі адамзаттан басқа да қаншама жаратылыстардың арасында болып жатқан таң қаларлық оқиғаларды байқауға болады. Әр көктем сайын тек қана араларға немесе жүзімізге қарасақ, адамзат арасындағы оқиғалардан жүз есе артық қанағаттандырар, рухани қызықты оқиғаларды көресің. Адам баласы бұл дүниеде мәңгі қалатын болса, ол оқиғалар да мәңгі жалғасып, жұртқа үнемі пайдасы тиіп тұрса және сол оқиғалараға

60ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ісебепші болғандар сол істі өздері атқарып, бір нәрселер жарата алатын болса, осынша шынайы ләззаттарды ысырып қойып, адамдардың бәлелер мен зияндарға дүниелік оқиғаларға аса мән беріп, соларға байланып қалуына, болар. Ал олар ескен желдей өте шығар нәрселер ғой. Себеп болушылардың әсері өте аз... Олардағы пайда мен зиянды саған шығыстан, батыстан жеткізіп тұрған жоқ. Саған сенен де жақын және жүрегің соның бақылауында ал денеңді сол жаратып, басқарып тұрған Аллаһтың хикметтерін көзге ілмей, әлемнің арғы басындағы оқиғалардан пайда немесе зиян күту қаншалықты ақмақтық екендігін суреттеу мүмкін емес!Мұндай қызығушылықтар иман мен ақиқат мәселесі үшін де үлкен зиян. Өйткені адамға нағыз міндеттері мен ақиқатты ұмыттырып, дүниеге батырып жіберетін мұндай ауқымды шеңберлер саясаттан туындайды. Әсіресе мынадай әлемдік арпалыстар жүректі тұншықтырады. Әр бір оқиғадан, әр бір жағдайдан Иләһи тағдыр мен Раббани құдіреттің нышандарын көріп, зұлымдықтардан жүрекке зиян келтірмей, иманын өшірмей, ақылын табиғат пен кездейсоқтық ойлардан аман алып қалуы үшін күндей жарқын иман керек.Ақиқат пен Мағрифетуллаһтан айырылып қалғысы келмейтін жандар, ойды бұзар ауқымды шеңберлерді ұмытуға тырысуда. Өйткені жүректі босқа алаңдатқысы келмейді, аса маңызды істерге жұмсалар қызығушылық, ынта, ләззат алу сынды сезімдерді босқа шаршатқысы келмейді. Осы сырларға байланысты, діни қағидаларға қалтқысыз қызмет еткен, күндей нұрлы иманға ие болған сахабалар мен соларға ұқсауға тырысқан салиф салихиндердің тысындағы саясаткерлер, шынайы тақуа діндар бола алмайды. Шынайы тақуа, діндар жандар саясаткер болмайды. Яғни негізгі мақсаттары саясат болғандар дінді екінші орынға қояды. Шынайы діндар жан, бүкіл әлемнің ең үлкен мақсаты адамдардың құлшылық етуі деп, саясатқа жан-тәнімен мән бермейді, екінші-үшінші орынға қойып, саясатты дінге, ақиқатқа қызмет еткізуге тырысуына болады (мүмкін болса). Өйтпеген жағдайда алмастай қымбат мәңгілік құндылықтарды, арзан қол шыныға айырбастаған болады.Қорытынды:Мастық, шынайы міндеттерді орындау жолындағы қиыншылықтар мен қажетті нәрселерді ұмыттырып жіберу арқылы азғантай және уақытша ләззат береді ғой, сол сияқты

61ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ібүгінгідей фәни, уақытша арпалыстарға, оқиғаларға қызығушылық таныту, елітіп, мас болумен тең. Негізгі міндеттерді атқару жолындағы қажеттіліктер мен сол міндеттерді атқармаудан туындайтын уайымдарды ұмыттырып жіберетіндіктен аз да болса ләззат береді немесе аса қауіпті үмітсіздікке түсіріп аятындағы Аллаһтың бұйрығына қарсы келеді, таяққа лайық болады немесе деген Аллаһтың қаһарлы соққыларына лайық болады. Залымдардың зұлымдықтарына рухани түрде ортақ болып, бұл дүниеде де ақыретте де жазасын тартады. Жүрегімде аса қатты алаңдаушылық та, жұбаныш та бар. мына алапат соғыстың нәтижесінде, мәдениетің сүйеніші, орталығы болған Европа бірінші дүние жүзілік соғыстан шеккен зияндарынан әлдеқайда көп зиян шегіп, тажалға тән жабайылық туғыза ма деп алаңдаймын. Бұл уайымды қайтаратын нәрсе, Ислам әлемінің оянуы және жаңа әлемнің шынайы Христиан дінінің қағидаларына сай әрекет етіп, Ислам әлемімен одақтасуы және інжілдің Құранға еруі. Келешектегі екі сұмдық ағымға қарсы аспани көмектің арқасында жеңіске жететін болады, Инша Аллаһ.Барлық бауырларымызға жеке-жеке сәлем жолдаймын. Алда келе жатқан не өтіп кеткен. Қадір түні құтты болсын.* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым!Денізлінің Хусревіне айналған Хасан Фейзидің ұзақ етіп, егжей-тегжейлі жазған хатын өзің арқылы алдым. Түсінгенім мынау болды: Бір дәннің өркен жайып, өсіп шығуы үшін топыраққа көмілуі керек. сол сияқты марқұм Шәхид Хафыз Али сол бақшаның топырағына көмілді. Отыз қырық Хафыз Али өніп шықты, әлі де өне бермек деп сенемін. Сен менің атымнан оған және Рисалей-Нұрға қызмет етушілерге былай деп жаз. «Бір-екі жылдың ішінде Денізлідегі батырлар, Рисалей-Нұр қызметінде жиырма жылдық іс атқарды. Біз, Рисалей-Нұр шәкірттері олардың бұл жақсылықтарын мәңгі ұмытпаймыз. Денізлі біз үшін екінші Спартаға айналды және түрмесін де Медресе-и Юсуфие деп білеміз.»

62ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІФейзинің хатында аты аталған, әсіресе әділ сотпен бірге әділет жолында еңбек еткендер (Ч.Х.М.) және адвокат Зия сынды кісілер, тек бізді ғана емес бүкіл Анадолыны, Ислам Әлемін рухани түрде борыштар етті. Олар Рисалей-Нұрға біз сияқты иелік ете алады. Қажет болса, өзіме қайтарылаған бірнеше кітапты оқи тұрулары үшін соларға жіберемін. Қажет болса сол жерде қалған кітаптар босқа жатып қалмайтын болса сонда қала берсін. Оның қолындағы үлкен жинақ, босқа жатпайтын болса, мүмкін болса, түрмеде де оқылуы шартын қабыл көрсе қолында бола берсін. Қажет десе басқа кітаптарды сол жаққа да өзіне де жіберейін.Денізлі сынды аз уақыттың ішінде Рисалей-Нұрға ие болып, қаһарман шәкірттерді, бізге шынайы бауырларды тауып берген жердің түрмесінде қалған өмірімді өткізсем де болады. Бізге көп көмегі тиген және түрмеде бізбен араласып тұрған немесе маған жәрдемші болған Бейлербейлік Сүлейменге, Таваслы Мехмед Чавушқа және басқа да достарымыздың бәріне сәлем жолдаймын, әр қашан да рухани табыстарымызға ортақ етіп, дұғамызға қосып отырамыз. Фейзинің хатында аты аталған кісілерге жеке-жеке сәлем жолдаймыз және барлықтарыңа шын жүректен Рамазан айы мен Қадір түні құтты болсын демекпіз.Миластық Халил Ибраһим, расында Рисалей-Нұрдың болаттай берік шәкірті. О ауыл оны мақтан тұтуы керек. Оның да Хасан Фейзинің де мен туралы шамадан тыс жақсы ойларының нәтижесінде жазған екі өлеңін Рисалей-Нұрға арнаған, менің елеусіз ғана болмысымды тақырып еткен деп қабылдаймын. Әйтпесе менің ондай жоғарғы дәрежелерге ие болуға қандай хақым бар. Оған да Рисалей-Нұрдың адвокаты Ахмед Фейзиге және оның достарына, бұрыннан бергі қаһарман бауырларымыздың бірі Шефикке көптеген сәлем жолдап, дұға етеміз.Бауырым! Аятул Кубра Рамазанда жазылды, баспадан да Рамазанда шықты ғой деймін. Спартаға да Рамазанда келді. Рамазанда еркін оқылуына рұқсат алынды, мешіттерде оқыла бастады. Бір сағат тәфәккүрдің (ой толғау) бір жылдық құлшылық еткенмен бірдей болатынын түсіндіретін Хизб-и Нурие Аятул Кубрадан шыққаны сияқты біздің тәсбихатта отыз үш рет айтатын Аятул Кубраның берекетімен, нұрымен он минутта тәухидтің нұрын беретін екі бет рисале Рамазанның Нұры арқылы жүрекке жетті. Мен

63ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іде он минутта Аятуд Кубраны түгел оқып шыққандай болдым және әр бір мәртебеде, кіріспесінде айтылғандай жер шарының барлық тілдері менің тіліме айналып деп жатқандай сездім. Теңіздер, таулар, барлық элементтер, адамзаттың барлық сыныптары өз болмыстарымен менің тіліме айналып деп жатыр деп, мен де деген сайын, не жер шарының тілімен, не аспан әлемінің тілімен, не желдің тілімен, не элементтердің тілімен айтып жатқандай болдым... ИншаАллаһ кейін сендерге жіберемін... бауырларыңСаид Нұрси* * * * *АЛЛАҺТЫҢ ЖАРЫЛҚАУЫН АЙТҚАН ХАТТЫҢ ҚОСЫМШАСЫ[Құрандағы ишаралар жайлы айтқан кезде, бас жағына жазылған болатын]Рисалей-Нұрдың қабыл болғандығына дәлел болар ғайби ишаралар мен ол жайлы хабар беретін сегіз бөлімнің біріншісі. Мына рисаледе бір мәселеге байланысты жиырма тоғыз ишара бар. Басқа да жазбаларды қоса алғанда мыңға жақын ишаралар, белгілер, сілтемелер бір ғана мәселенің айналасына топтасқанда нақтылығы айқын болады. Бір мәселені айтқан кезде бір-біріне күш береді, демеу болады. Ол сегіздің үшеуі Имам Әли (р.а.)ның үш ғайби кереметі арқылы Рисалей-Нұрдан хабар бергендігі.Бұл сегіз бөлімді Анкарадағы сарапшылар тексерген, қарсы шықпапты. «Керемет көрсетуші өз кереметтерін жазбайды ғой», депті. Мен де оларға жауап ретінде былай деймін. Бұлар менікі емес, Рисалей-Нұрдың кереметі. Расында да мұндай жарылқаулардың жазылмағыны жөн еді. Алайда мына сансыз және күшті жаулардың алдында аз, әлсіз, пақыр біздерге рухани күш беретін ғайби көмек, қайсарлық, табандылық берер күшті айтуға мәжбүр болдым. Менің жеке басыма мақтангершілік жасағандай етіп, зиян берсе де маңызды

64ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іемес. Бұл қызметке, яғни Иманды жандарды адасудан құтқарып қалу үшін, қажет болса дүниелік өмірім былай тұрсын ақыреттік өмірімді пида ету–бақыт деп білемін. Мыңдаған достарым, бауырларым Жұмаққа кіруі үшін, Тозаққа түсуді де қабыл етемін.* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым!Дәл қазір өзімнің бір жағдайымды айтуым керек болып тұр. Өйткені басқа себептердің сендерді уайымға салғанын қаламаймын. Ол жағдай мынау:Жиырма жылдық қысымның нәтижесі ретінде менің бойыма бір ауру әбден орнығып алды. Бұл аурудың нышандары менде бұрын да бар еді. Яғни көпшіліктен тартыну, араласпау, оқшаулану бар еді. Адамдармен араласа кетуді жақтырмайтынмын... Қазір тіпті бір бауырыммен, бір шәкіртіммен кездесуді рухым қаламайды.(Рисалей-Нұрға қатысты шаруа болмаса)Тіпті достық көңілмен қарағанда да ыңғайсызданамын. Бұл жағдайға адамдардың маған жасаған зұлымдықтары себеп болуымен қатар, Аллаһтың жарылқауы, тағдырдың әділеттілігі, иман жолындағы қызметте ықыласты сақтау да маңызды бір себеп болды. Сондай-ақ адами зұлымдықтардың әсерін жойып жіберуде. Мына дертті жақсы көріп кетуіме жол ашты. Сабыр мен шыдамдылық беруде.Адамдар босқа үрейленудің кесірінен маған ешкімді жолатпай, жүйкемді жұқартуда. Ал Аллаһтың жарылқауы Иман жолындағы қызметте ықыластың қашуына жол бергізбеуде. Мақтангершіліктен сақтауда. Мен туралы халықтың шамадан тыс жақсы ойлауының қарсысында өзімді соларға жақсы көрсетуге тырысудан сақтауда. Менің жеке басыма жасалған құрмет, танытылған сүйспеншіліктің әсерінен өзімді жоғарғы дәрежеде екенмін деп ойлаудан, сол арқылы Құраннан нәр алушы Рисалей-Нұрдың алмастай асыл құндылықтары менен шығуда деп маған телуден сақтап қалу хикметтері жатыр. Осы сырларға байланысты Аллаһ маған осындай дертті берген екен. Мен де Аллаһқа шүкір етемін. Сендер де уайымдамаңдар, қайта қуаныңдар. Дегенмен, шынайы қиыншылықтарға шыдас беруім үшін дұғаларыңа мұқтажбын.

65ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІӘзиз бауырларым! Бізге қайтарылған кітаптардың (жылтырақ мұқабалы, үлкен жинақтар) біразын қарап шықтым.Нұр, гүл фабрикаларының алмас қаламдарымен жалтыратып жазылған рисалелер. Сол кітаптардың ішінде он бес-жиырма рисале жинақталған. Жалтылдаған алмас қылыштай жауға төтеп беруде, жоғарғы жақтарда, соттарда өздерін қорғап шықты. (Ешқандай себеп туындамаса да қамалардан бес ай бұрын Рисалей-Нұрды үлкен жинақтарға жиыстыра бастадық). Мұнда бір Аллаһтың жарылқау сыры жатқандығына күмән қалмады. Философтардың жеңілу сырын түсіндік. Өйткені жеке-жеке рисалелерге қарағанда жинақта үлкен күш бар. бұл күш әсіресе сотта анық көрінеді.Бауырларым! Сендерге көптен бері айтқым келгенімен ұмытып жүрген бір нәрсе бар. Кереметтерге толы «Жиырма тоғызыншы Сөз» негізінде ол сөздің бірінші бөлімі ғана. Ол сөздің екінші бөлімі, маңыздылығына орай, бір жағынан алғанда оған да Имам Әли(р.а.) «Аятул Кубра» деген ат берген «Арабша жиырма тоғызыншы лема». Тәсбихаттағы «Аллаһу Әкбар» сынды мәртебелердің нұрлары баяндалады. «Хизбун Нуриенің» де бір негізі сол. Барлық бауырларыма жеке-жеке сәлем жолдап, дұға етемін. Қай түн екендігі жасырын болған Қадір түндерің құтты болсын.БауырларыңСаид Нұрси* * * * *Әзиз, адал бауырым!Сіздің де Рамазаныңыз құтты болсын дейміз. Түстеріңіз өте жақсы екен. Бұл, иншаллаһ, Аллаһ Тағала сізді үлкен нығметтеріне бөлейтініне ишара. Менің ойымша, бүгінгі таңдағы ең үлкен нығмет және міндет иманды құтқару және өзгелердің имандарын қуаттандыруға еңбек ету. Тек, менмендік пен тәкаппарлыққа жетелейтін нәрселерден ұзақ тұру қажет. Мына заманда ақиқат жолындағыларға менменшілдікті тастау және кішіпейілдік көрсету қажет. Бұл ғасырдағы ең үлкен қатер менмендіктен және мақтаншақтықтан туындайтындықтан, ақиқат пен хақ жолындағылар, өзінің кемшіліктері мен нәпсісін ұдайы сынап-мінеп отыруы керек. Сіз секілді, ауыр шарттар ішінде иманы мен құлшылығын қаһармандықпен сақтап қалу үлкен мәртебе. Сенің

66ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ікөрген түсіңнің бір мағынасы да осы тұрғыдан сені қуанту болып табылады. Рисалей-Нұрдың тариқатқа қатысты «Телвихат-ы Тисға» атты жинағын тауып алып оқыңыз. Сіз секілді қайсар, иманды да ақиқатшыл жандар Рисалей-Нұр шеңберіне кіріңіздер. Өйткені, мына ғасырда Рисалей-Нұр, барлық шабуылдарға қарсы төтеп берді. Ресми түрде емін-еркін оқылуын ең қырсық дұшпандарының өзіне де мойындатты. Тіпті, жоғарғы жақтағылар мен соттар екі жылдан бергі тексеріс нәтижесінде Рисалей-Нұрды мойындап, барлық кітаптарды иелеріне қайтарып беруге шешім қабылдады. Рисалей-Нұрдың жолы өзге тариқаттар, жамағаттар секілді жеңіліп қалмай, қайта табысқа жетіп, көптеген қырсықтарды иманға келтірді. Көптеген оқиғалар көрсеткендей, Құранның осы ғасырдағы керемет рухани мұғжизасы екенін дәлелдеді. Ал, осы шеңбердің тысында жүріп елге жеке-дара қызмет жасау, бидғаларға көз жұма қарау немесе әлсіздіктен үндемеу арқылы күн өткізу, я болмаса дінбұзарлыққа қарсы болмай, әртүрлі жорамалдар жасап, дін жолында қызмет еткен болып жүре беруге болатынын күнделікті оқиғалар көрсетіп отыр.Сізде үлкен қажыр-қайрат пен күшті иман бар. Шын ықылас пен кішіпейілдік және табандылық таныта отырып Рисалей-Нұрға шәкірт бол! Мыңдаған, бәлкім жүз мыңдаған шәкірттермен бірге ақыретке қатысты рухани ортақ байлыққа үлескер бол. Осылайша, жасаған игі істерің, жақсылықтарың жеке-даралықтан шығып, жалпыға ортақ, ақыретте ұтымды саудаға айналсын.Саид Нұрси* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым!Екі жылдық тексерістен кейін соттың маған қайтарған кітаптарының арасынан бүгін бейкүнә балалар мен қарттар жамағатының маған естелік ретінде жіберген бөлімдер жинақталған үлкен жалтырақ мұқабалы кітапты көрдім. Бұл жинақтың басындағы баяғыда Қастамонуға жазған бір хатымды сендерге де жіберуді ойладым. Мүмкін оның көшірмесі бұрынырақта сендерге жолданған да болар.Көңіліме, Философтар мен қырсық-бірбеткей адамдарды жеңіп шығуға қолымдағы мына бейкүнә балалар мен жазу білмейтін ақ көңіл жандардың ықыластары төгілген кітап көп себеп болған шығар

67ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ідеген ой келді. Олардың қырсық мінездерінің орнын басып, ынсапқа келтірген екен. Бейкүнә балар мен жазу білмейтін жандардың жан-жақтан жеткен жазбаларын үш үлкен жинаққа түптеген едік. Жинақтың басында мына хаттың жазылғанын көрдім, сендерге де жолдап отырмын.Осылармен бірге, Рисалей-Нұрдың қабыл болғандығына дәлел болар сегіз бөліктен тұратын бір жинақ пен Ғаус Ағзам мен Хазіреті Әлидің кереметтері мен Құрандағы ишаралардан басқа, үш-төрт қосымша хаттарды және жинақтың кіріспесіне жазылуға лайық мына хатты қоса жіберіп отырмын. Барлық бауырларымызға, әсіресе бейкүнәлар мен жазу білмейтіндерге арнайы сәлем жолдап, дұға етудеміз. Олардың да дұға етуін қалаймыз. Оларға мың МашаАллаһ, Бәрекелді демекпіз. Олардың жазғандарын кім көрсе де мақтауларын еститін болады. Рисалей-Нұрдың кішкентай бейкүнә шәкірттерінен елу-алпысының жазған нұсқалары бізге де жіберіліпті. Біз де ол жазбаларды үш кітап етіп түптедік. Сол бейкүнә шәкірттердің кейбіреуінің атын жазып қойдық. Мысалға, Омар он бір жаста, Хафыз Нәби он төрт жаста. Мұстафа, он төрт жаста. Мұстафа он үш жаста. Ахмет Зәки, он үш жаста. Али, он екі жаста. Хафыз Ахмед, он екі жаста. Осы бейкүнә балалардың Рисалей-Нұрдан алған сабақтары мен өздері жазған Рисалелердің бір бөлігін бізге жіберіпті. Біз де олардың аттарын бір тізімге жианап жаздық. Мынадай заманда бұлардың ықыласпен іске кірісуі, Рисалей-Нұрда рухани ләззат, тартымды нұр бар екендігін көрсетеді. Мектеп жасындағы балаларды оқуға ынталандыратын, балалардың өздері ойлап тапқан ойындары мен қызықтарынан да артық ләззат, шаттық сыйлауда Рисалей-Нұр. Сол үшін балалар осындай әрекеттер жасауда. Бұл жағдай, Рисалей-Нұрдың тамыр жайып жатқанын көрсетуде. Инша Аллаһ бұл тамырды енді ешкім қопара алмайды. Келешек ұрпаққа да жалғасады. Осы бей күнә балалар секілді, Рисалей-Нұрдың тартымды шеңберіне кіріп жатқан оқу-жазу білмейтін қарттар да қырық-елу жастан асқанда Рисалей-Нұрдың құрметіне жазу үйренуде. Сол кісілер жазған қырық-елу рисалені түптеп, бір кітап етіп қойдық. Оқу-жазу білмейтін, кейбіреуі малшы, кейбіреуі аусарлау адамдардың қазіргідей қиын жағдайларға қарамастан Рисалей-Нұр жолында

68ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іеңбек етулері, бүгінгі таңда халықтың Рисалей-Нұрға наннан да артық мұқтаж екендігін көрсетеді. Егінші, малшы көшпенді демей, бәрі де өздерінің маңызды шаруаларынан бұрын Рисалей-Нұр жолында еңбек етуде. Бұл жағдай Рисалей-Нұрдың хақ екендігін көрсетуде. Мына жинақта аз, алдыңғы алты кітапты тексеруде көп қиындықтар туды. Уақыт аз болатын. Бірден ойыма мына нәрселер келіп, рухани түрде былай деді. Сен бұған қиналма, бұл балалар мен қарттардың жазулары тез оқылмайтындықтан, асығыс оқушыларды асықпай оқуға мәжбүр етеді. Сол арқылы Рисалей-Нұрдың азық-астай ақиқаттарынан ақыл да жүрек те рух та нәпсі мен сезімдер де өз үлестерін ала алады. Әйтпесе, тек ақыл ғана азғантай үлес алып, басқалары азықсыз қалуы мүмкін. Рисалей-Нұр басқа ілімдер мен кітаптар секілді оқылмауы керек. Өйткені ондағы тахқиқи иман ілімдері, басқа ғылымдарға ұқсамайды. Ақылдан басқа да сезімдерге күш береді, нұр береді.Қорыта айтқанда, бейкүнә балалар мен қарттардың нашар да болса жазуларында екі пайда бар.Біріншісі: Асықпай, байыппен оқуға мәжбүр етеді.Екіншісі: Бейкүнә түрде ықыласпен, шын жүректен, тәтті тілдерінен шыққан дәрістерден, Рисалей-Нұрдағы терең де астарлы мәселелерді тыңдау, сабақ алу мүмкіндігі жатыр.БауырларыңСаид Нұрси* * * * *Әлхамдулиллаһ, осы жыл Спартадағы шәкірттеріңізді дүниелік істер бейқамдыққа салмады. Нұр қызметі жолындағы қажырлылығы-мыз шынайы түрде жалғасып келеді. Әрқайсысымыздың жүректеріміздегі Нұрға деген ықылас жүзімізден байқалады. Бейне бір шәкірттеріңіздің жүректері қуанышқа толып-тасып жатқандай. Сүйікті ұстаз, бүкіл шәкірттеріңіз бір ауыздан былай деуде: Лайық болмасақ та Нұр қызметіне жүгіртіп жатыр. Біртуар бір ұстазға шәкірт, хатшы, сұхбатшы әрі күрескер, әрі насихатшы, әрі Жаратушы Хаққа құл болу секілді жағдайлардың барлығын бізге берген Аллаһ

69ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІТағалаға қаншалықты шүкір етсек те аз. Осылай шүкір етудің өзі, Жаратушымыздың мейірімімен жүрегімізге жеткен сый-сыяпаты екенін еске алғанда шәкірттеріңіздің жүрегін қуаныш пен шаттық кернейді.Бейкүнә Нұрстықтардың ұстазымыздың кішкентай кезінде шүкіршілікпен өткізген өмірлері біздің жүріс-тұрысымыздан байқалады. Шексіз шүкір мен соңсыз мадақ Аллаһ Тағалаға болсын, бізді надандықтың қараңғылығынан, күпірлік пен бұзақылықтың батпағынан мейірімділігімен, жомарттығымен шығарып, жанарларды қаритын ең жарық Нұрға шәкірт атандырды. Егер сүйікті ұстазымыз, «Иктиран» деп аталатын екі нығметтің қоса келетінін бізге бұрынақ айтпағанда, қарыздар болғанымызды жүректеріміздің тілі болған жазғандарымыздан оқитын еді.Сүйікті ұстаз, біз өзімізді Рисалей-Нұрға лайық санамаймыз. Осыған қарамастан, мұқтаждық күшейген сайын, Халиқ-ы Рахимның мейірім төгіп тұрғандығына куә болып отырмыз. Ұстаздың жүрегі-жарқыраған айна, шағылыстырушы. Ұстаздың тілі – көркем, шешен, жол көрсетуші. Ұстаздың жүріс-тұрысы ең әдемі үлгі-өнеге, мысал. Адамзаттың мұқтаждықтары жазылып, көрсетілуде. Міне, жеті жылдан бері отқа оранған адамзаттың халі, бүгін одан сайын ауыр жағдайға килігіп отыр. Әрбір саналы жан, апырм-ай ертең не болады екен деп, құлақтарын радиоға тосуда, қатты алаңдауда. Шығыста жапондар жеңілгеннен кейін, әлемнің тыныштыққа қауышатынын күтіп отырғанда, солтүстікте Тажалдың әрекетіне ұқсас жағдай байқалды. Бұл жағдай барша жанды үрейлендіруде. Жарқын болашақтың түнекке кеткенін ойлап, тағы да радио тыңдауға жүгіруде. Құдайға шүкір, Рисалей-Нұр өзінің асқақ үндеулерімен рухтарымызды сабасына түсіруде. Шынайы дәрістерімен көңілдерімізді көншітуде. Міне, бүгінгі күні пайда болған осы қорқынышты ағымды, христиан әлемі мұсылмандармен ынтымақтасу арқылы ғана яғни Інжіл, Құранмен ынтымақтасып, Құранға мойынсұнудың нәтижесінде ғана қол жеткізетін аспани күш-қуат арқылы жеңе алатынына ишарат етіп отыр. Хазіреті Исаның (а.с.) оралатын уақытының келгенін ишари мағыналармен ескертуде. Естуімше, бүгінгі күні Америка, әлемнің төрт бұрышына жіберген төрт топтың біреуіне қазіргі адам баласынының бақытын

70ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іқамтамасыз ететін таза дінді іздеуді жүктеген екен. Ал, өзінің мүжеддид екенін сот арқылы шар тарапқа паш етіп отырған Рисалей-Нұрдың осындай азап шегіп, қиыншылықтарға душар болып отырған адамзатқа ең үлкен бақыт болатынына сеніміміз өте мол.Сүйікті ұстаз қасымызда, ең асқақ ақиқаттарға ие және Құранның ең жоғары, мүбәрак тәпсірі болған Рисалей Нұр қолымызда тұрғанға қуанышымыз шексіз, оны шектеу мүмкін емес. Міне, осы ақиқаттардың бәрі де іс-әрекетке көшсе, барлық жерде өзін құмарта, қызықтыра оқытады. Бұған анық айғақтар өте көп. Әсіресе, қайта тірілуді, хаширді жоққа шығару пікірін жеңген «Оныншы Сөздің» баспадан шығуы, жасырын басылғанымен, емін-еркін оқылып жатқан және иманды қуаттандыру жолында ғажайып кереметтерге ие болып отрыған «Аят-үл Кубра» жинағы, Құдайды жоққа шығару пікірін жермен жексен еткен «Хүджетүл Балиға» мен «Миуа рисалесі» секілді жинақтар ортада. Иншаллаһ, Рисалей-Нұр Құранның айналасын торламақшы болған имансыздықтың қорғанын түбінен қопарады. Имансыздықтың зұлмат жалынын сөндіріп, бүкіл әлемге тіршілік нәрін сыйлаған кәусәрін имани сусын етіп ішкізеді.кемшілігі мол шәкіртіңізХусрев* * * * *Сіздің маған деген шамадан тыс құрметіңізді Рисалей-Нұрдың рухани болмысына жасалуда деп қабылдаймын. Әйтпесе өзімді ондай дәрежеде көруге хақым жоқ.Һәм, Рисалей-Нұрдың ұстанымы тариқат емес, ақиқат. Сахабалар ұстанған жолдың бір көрінісі. Қазіргі заман тариқаттың заманы емес иманды сақтап қалуға тырысатын заман. Рисалей-Нұр осы жолдағы қызметті Аллаһқа шүкір, ең қиын күндерде атқарды, әлі де атқаруда. Рисалей-Нұрдың жолы, «Хазіреті Әли мен Хасан, Хүсейннің (р.а.) және Ғаус Ағзамның (қ.с.) (солардың ғайби хабарына орай)» шәкірттерінің осы заманғы бір жолы(көрінісі). Өйткені Хазіреті Әли үш ғайби кереметі арқылы Рисалей-Нұрдан хабар беруде. Ғаус Ағзам (қ.с.)-да Рисалей-Нұр жайлы хабар беріп, аудармашысына (авторына)

71ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іқолдау көрсеткен. Көпшілікке көрсете бермейтін, Хазіреті Әли мен Ғаус Ағзамның кереметтері жайлы төрт рисалені Инша Аллаһ бір күні сізге жіберемін. Соттағы сарапшылар оларға қарсы сын айта алмады. Тек «мұны жазбай-ақ қою керек еді», депті. Мен өз жауабымды айтқанда олар еш нәрсе айта алмады. Онсыз да мен Вейсел Қарани (Ойсыл Қара) сияқты ақиқат дәрістерін тікелей «Ғаус Ағзамнан(к.с.), Зейнел Абидиннен(р.а.) және Хасан, Хүсейн (р.а.) арқылы Имам Әлиден(р.а.) алғанмын». Сондықтан, біз қызмет етіп жүрген жол солардың жолы, (Солармен байланысып жатқан шеңбер).Аллаһқа шексіз шүкір етемін, дұғаңыздың септігімен он бес күннен бері ыстығымды қатты көтеріп тұрған улы дерттің беті қайтқалы екі күн болды. Науқас адамның бір сағат құлшылығы бір күндік құлшылықтың сауабын берер хикметке орай, ИншаАллаһ жасай алмаған көп жақсылықтардың орнын толтырып, көптеген кемшіліктерімнің өтеуіне айналар. Алайда, әлсіздігім мен ауруым әлі жалғасуда.Аса мағыналы, жағымды бір сәйкестік болды. Кеше бейкүнәлардың жинағы қолыма тиді. Жинақтың басына, сол бейкүнә жандардың сардарындай болған және Нұр медресесінің батырларының бірі ағаш ұстасы Ахмедтің көркем жазуымен өрнектей жазған «Қысқа сөздер» енгізілген екен. «Машаллаһ Ахмед ұста, бейкүнәлардың сардары болған екен» дедім. Сол күні оның бір хаты қолыма тиді. Оқысам, біздің Ахмед ұстаға жазған хатымызды кешке жақын достарына оқу барысында екі шегіртке парақтың ұшына қонып алып, хат біткенге дейін тыңдаған екен. Бірнеше күн бұрын біз ол хатты жазып отырғанда екі көгершін хаттың орынды екендігін айтып тұрғандай болып еді. Сүйінші сұраған торғай мен құддыс құстарының әрекеті, ағаш ұстасының екі шегірткесі біз де Рисалей-Нұрды танимыз дегенді өз халдерімен жеткізіп тұрғандығы тамаша сәйкестік.Осы мәселеге орай, сол жинақта ғазиз ерлердің бірі Кішкентай Әлидің немере інісі бейкүнә Хафыз Ахмедті кішкентай бір Абдуррахман дерсің. Ол жазған «Сегізінші Шұғаның Сегізінші Рәмізінен» бір бет бұрынғы бір жазба көзіме түсті. Бір-екі айдан бері сендерге жазған хаттарымда Рисалей-Нұрдың қабыл болған кітап екендігі, жеке басымның үлесі де өнері де жоқ екендігі, тек қана Аллаһтың жарылқауы екендігін жазудамын, мына жазба да солармен

72ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ісабақтас, сендерге салып жіберемін. Орынды деп білген жерлеріңе қосыңдар. Ол жерде «Жәлжәлутиенің» Рисалей-Нұрға берген бағасы айтылады. Жеке басымда нұр да өнер де жоқ екендігіне байланысты жазылған, ол жерде былай деген екен.«Аллаһ қабыл көрген осындай тәпсірдің, менің қаламым арқылы жазылуына лайықпын деп санамаймын. Бірақ, елеусіз ғана бір дәннен алып ағаш жарату Құдіреттің қолында және Ұлылығының бір дәлелі. Ант іше отырып айтарым: Рисалей-Нұрды мақтаудағы мақсатым, Құран ақиқаттары мен Иманның шарттарын түсіндіру, дәлелдеу және соларды жар салу ғана. Нәпсімнің кемшіліктері мен айыптарын көрсетіп, рияшылдыққа бой алдыртпағаны үшін Раббыма жүз мың шүкір етемін. Қабыр аузында тұрған адамның фәни дүниеге қызығып, рияшылдық жасауы ақымақтық және өте зиянды нәрсе».Барлық бауырларымызға жеке-жеке сәлем жолдап, дұға етеміз, сендерден де дұға күтеміз.* * * * *Әзиз, Сыддық, Мүбәрак бауырларым!Сендерге шын жүректен Қасиетті Рамазан айы, Қадір Түні және айттарың құтты болсын демекпіз. Мейрімді Аллаһ сендерді жарылқап, абыройларыңды көтерсін, әмин!Осы Рамазанда берілген удың нәтижесінде қатты қиналсам да Аллаһқа шүкір маған сабыр берді, шыдамдылық сыйлады. Бұл қиналыстың сауаптары, қиналыстан туындайтын қателіктердің жолын бөгеді. Дұғаларыңның берекетімен бұл жолы да берілген удың зардаптарынан толық құтылдым. Алайда қатты әлсіретіп кетті, анда-санда әлі де мазалайды.Хизб-ун Нурие Рисалей-Нұрдың және Аятул Кубраның өзегі іспетті екендігін сендерге жазған едім. Сол сияқты он минуттың ішінде Хизб-ун Нуриенің өзегі саналар Рамазан айында жазылған Аятул Кубра рисалесінің өзегі, вужуб, вужуд және тәухидтің отыз үш мәртебесін түсіндіріп, отыз үш тілде жеткізіп, рухты да қиялды да жүректі де жарқыратып жіберді. Қасиетті Рамазанның берекетіне бөленген бұл рисаленің әр бір мәртебесі жеткізер деген кезімде сол тілдердің әр қайсысы менің тіліме айналғандай ұлы

73ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ітәухидті сездім. Аятул Кубра иманның нұрларын рухтарға сіңдіре алады. Бұған шексіз-шүбәсіз сендім. Имам Әлидің (р.а.) оған неге аса мән бергендігінің сырын түсіндім. Рисалей-Нұрдың хас батыры, Хусревтің Спартадағы барлық шәкірттердің сезімдері дем берген осы жолғы хатын алдым. Лайық болмасам да маған көп мән беріпті. Бірақ Спарта аймағындағы шәкірттердің ықыластарын көрсетіп тұрғандықтан хаттардың ішіндегі қосымша жинаққа енгізуге лайық көрдім. Қастамонудағы шәкірттерім мен Спартадағыларды байланыстырып тұрған қымбатты шәкіртім Мұстафа Осман аз уақыттың ішінде көп іс тындырыпты. Алдыңғы сапқа өтуге әбден лайық. Демек оның ықыласы жоғары екен, аз уақытта көп іс тындырды. Аллаһ сол аймақтан өзі сияқты шәкірттерді көбейтсін, саламат болсын, әмин.Барлық бауырларыма, жерлестеріме сәлем жолдап, құтты болсын деймін, дұға етудемін.Саид Нұрси* * * * *[Рисалей-Нұрда көп айтылғандықтан және сендердің алғырлықтарыңа сенім арта отырып, аса маңызды екі мәселені қысқаша ғана айтып өтпекпін]Біріншісі: Рисалей-Нұрдың хас, ақиқатшыл шәкірті, Қасиетті Құранды жазып шыққан хаткер, осы жолғы хатында маған деген құрметі жоғары болуына орай, бір сұрақ қойыпты. Рисалей-Нұрдың рухани тұлғасы атқарар аса маңызды, киелі шаруаны және пайғамбарлардың ізбасарлығы сынды аса киелі шаруаны атқарушы деп менің түкке тұрғысыз жеке басымды ойлапты. Соның бір нышанын байқағандықтан Ұстазын солай көргісі келіпті.Алдымен айтарым, мәңгілік ақиқаттар өткінші тұлғаларға негізделмейді. Негізделсе, ақиқатқа зұлымдық жасалған болып есептеледі. Барлық жағынан кемелденіп, жалғаса беретін бір міндет, шіруге, күйреуге дайын тұлғаларға жүктелмейді. Жүктелсе міндетке зарар берген болып есептеледі.Екіншіден: Рисалей-Нұр оны жеткізушінің пікірімен немесе оның рухани мұқтаждық тілі арқылы Құраннан шығуда, алайда ол, жеткізушінің қабілетіне қаратылған фейз емес. Жеткізушінің

74ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ітыңдаушылары мен Құран дәрісінде достары болған ықыласты, табанды да сенімді тұлғалардың әлгіндегі фейзді іштей қалаулары, қабылдаулары, мойындап іске асырулары. Осындай көптеген тұрғыдан алғанда жеткізушінің қабілетінен бұрын солар Нұрлардың жазылуына себеп болуда. Сондықтан, Рисалей-Нұрдың және шәкірттерінің рухани тұлғасының ақиқатын солар қалыптастыруда. Жеткізушінің де өз үлесі бар. Егер ықылассыздық жасап бұзып алмаса, бастаушы деген абыройға ие бола алады.Үшіншіден: Бұл заман жамағат заманы. Жеке тұлғалардың даналығы қаншалықты керемет болғанымен, жамағаттың рухани тұлғасынан туындаған даналыққа тең келе алмайды. Сондықтан, әлгі мүбәрак бауырымыздың жазғанындай, Ислам әлемін нұрландыратын және қасиеті күшті дананың нұры болған иман қызметі, дұшпандары көп және оны қорлап төмендеткісі келетін қырсық қарсыластары мол бейшара, әлсіз бір жанның мойнына жүктелмейді. Жүктелген күннің өзінде де, әлгі кемшілігі мол жанды дұшпандары күйзеліске ұшыратар болса, ол жүк жерге түсіп шашылып қалар еді.Төртіншіден: Баяғыда көптеген кісілер, ұстазын немесе мүршидін, мұғалімін немесе басшысын өз дәрежесінен артық жақсы ойлаулары олардың берген сабағы мен нұсқауларын пайдалануға себепші болуы тұрғысынан ғана әлгіндей жақсы көрулерді белгілі бір дәрежеде қабылдаған еді. Бұл әдетке қайшы нәрсе деп, қатты сын айтылмаған. Алайда, қазір Рисалей Нұр шәкірттеріне лайық ұстазға сай асқақ мәртебе мен парасаттылықты, кемшілігі мол бейшара тұлғамда көргендіктен тек ынта-ықыластарын арттыру мақсатымен, мұндай шектен тыс жақсы көрулерін қабылдауға болады. Бірақ, Рисалей-Нұрдың рухани тұлғасының туындысы ретінде қолымда ұстап отырмын деп сезіну керек. Алайда, дінсіздер мен саясатшылар, бастаған ғапылдардың, тіпті ашық ауыз діндарлардың жеке тұлғаға көп мән берулері дұрыс емес. Олар жеке тұлғаны төмендету арқылы ақиқаттарға соққы бермекші. Бұл Нұрларға, мен секілді бір бейшараны негіз деп біліп, бар күштерімен мені күйретіп, әлгі нұрларды сөндіруге және ақкөңіл аңғал жандарды сендіруге әрекет етуде. Екінші мәселедегі бір оқиға осы ақиқатты көрсетіп отыр.Екінші мәселе: Айттың екінші күні дем алу үшін қырға шыққан кезімде маңызды бір қызметкердің бес тұрғыдан заңсыз

75ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іәрекеттеріне ұшырадым. Аллаһ Тағаланың мейірімі мен жомарттығы мойныма жүктеген Рисалей-Нұр қызметін, және шәкірттердің рухыма, жүрегіме артылған ар-намыстарын сақтау үшін ерекше төзім мен сабырлылық сыйлады. Әйтпесе, құрған тұзақтары арқылы мені ашуландырып, Рисалей-Нұрдың, әсіресе Аят-үл Кубраның табысты болуына қарсы шара жасамақшы болғандары анық. Сақ болыңдар, ешқашан мұңаймаңдар, уайымдамаңдар, саспаңдар, маған жандарың ашып күйзелмеңдер.Шүбәсіз Аллаһ Тағаланың мейірімділігі бізді сақтау арқылы аятының сырына бөлесін. Олардың құрған тұзақтары бәрібір босқа кетті. Алайда, осы уәлаятта жоғарғы жақтан тікелей қолдау алып мені түртпектегендер бар. Егер мүмкін болып жатса, бұл жердің ауа-райына үйрене алмағандығымды айтып, Денізлі соты мен Анкараның касациялық соты арқылы басқа бір қолайлы жерге көшіруін сұраймын. Мұны өзім істей алмайтындықтан, маған қарайласып жүрген Денизлілік достарым әрекет етсе жөн болар еді. Тым болмағанда бір сылтау тауып, сол жердің абақтысына, алса деймін. Саид Нұрси* * * * *Әзиз, Сыддық, мүбәрак, еңбекқор, ықыласты, қымбатты бауырым Хусрев!Айттың екінші күні қолыма тиген хатың жайлы көгершін хабар берген еді, көрсетіліп жатқан қысымдардың ауыртпалығын жеңілдетіп, бауырларымызға жақпа майдай, ішкізілген дәрідей әсер етті. Мынадай бір мағынаны еске түсірді «Гүл және Нұр» фабрикасының қаһармандарының саған деген аса жоғары құрметі өзіңе сатқындық жасаған бір-екі арсыздың әрекетіне ғана емес, миллиондаған жаудың да қаскөйліктеріне қарсы төтеп бере алады. Өзіме қарасам, кеуіп қалған, шіруге айналған, шаруасы біткен құрманың дәніне ұқсап тұрсам да, Рисалей-Нұр бақшасында әлгі дәннен өсіп шыққан алып мәуелі ағаш ретінде қарайтындығыңды байқадым. Сенің маған деген жақсы көзқарасың әлгі ағашқа байланысты болса керек, ал дән сол ағаштың өсіп шығуына себеп болғандықтан құрметке бөленіп тұр екен.

76ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІОл хаттың бірінші беті өте тамаша, мен де қосыламын. Екінші бетінің бірнеше жеріне қалам жүгірттім, біраз жұмсарттым. «Хазреті Хасан (р.а.)-тың алты айлық халифалық кезеңімен қоса алғанда, Рисалей-Нұрдың «Жәушәнул Кебир» және «Жәлжәлутиеден» алған қуаты мен фейзі арқылы халифалық міндеттің ең маңыздысы болған Иман ақиқаттарын түсіндіру мәселесі бойынша Хазреті Хасанның (р.а.) қысқа ғана болған халифалық кезеңін ұзартып жіберген бесінші халифа деп қарауға да болады. Өйткені бүгінгі таңда шынайы әділдік арқылы адамдарды бақытқа жетелеуші ерекшелікке ие Рисалей-Нұр және оның рухани келбеті, Хазреті Хасан (р.а.)-тың көмекшісі және оның ісін жалғастырушы, рухани ұрпағы іспетті, деп сенің хатыңа түзетулер жасадым. Осындай бір-екі жерде сенің орныңа қалам жүгірттім. Дәл сол күні, соттан қайтарылған хаттарыммен бірге кейбір рисалелердің алғашқы нұсқалары болды. Оларды тексеру барысында жасыл сиямен біраз сызғыштап, мән бере қарағандықтары байқалып-ақ тұрды. Солардың арасынан мына саған жазған бөлімді байқадым. Фесубхан Аллаһ дедім. Ол хатқа мен арқылы жауап бер деп тұрғандай. Бұл бөлім «Қосымшаларға» енгізілген болуы керек. Алынған бөлім мынау еді.«Менің кемшілігі мол жеке басыма жоғары дәрежелер беріп, әсерлеп жібермеңдер керісінше маған жүктелген міндет пен атқарар іске мән беріңдер. Перделер ашылса, менің бойымдағы кемшіліктер, менен аулақ қашуға себеп болуы мүмкін. Сендердей бауырларымды шошытып алмау үшін, өкініп қалмауларың үшін, менің жеке басыма деген шектен тыс құрмет жасамаңдар, өз ойларыңдағы маған берген жоғарғы дәрежелерге байланып қалмаңдар мен сендерге бауыр ғанамын. Жол көрсетуші мүршид те емеспін, ұстаз да емеспін. Бірге сабақ алушы адаммын. Мендегі кемшіліктер, сендердің маған мейріммен қарап дұға етулеріңе мұқтаж екендігімді білдіреді. Менен медет күту емес, маған жәрдем еткендерің жөн.Хақ Тағаланың жарылқауымен аса киелі, аса маңызды, өте құнды және барлық иманды жанға пайдасы тиер істі бөлісіп, бірге атқарудамыз. Жұмыла кірісудің нәтижесінде туатын рухани болмыстың аса жоғарғы құндылығы, жол көрсетуі, ұстаздық етуі жеткілікті.

77ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІБүгінгі таңда иманға қызмет ету бәрінен де маңызды болып тұр. Сан емес сапа маңызды. Өткінші саяси мәселелерге қарағанда еш қашан маңыздылығын жоғалтпайтын иманға қызмет ету салыстыруға келместей құнды. Рисалей-Нұрдың тәлімі арқылы қол жеткізер фәйз-дәрежелерге көтерудің орнына табанды түрде көмектесіп, шынайы ықыласты сақтағандарың жөн. Солай өрлеуіміз керек». Расында да сол жолда талай биікке көтерілген екенсіңдер. (Үзінді бітті)* * * * *Әзиз, адал, төзімді, ықыласты бауырларым!Менімен моральдық та, материялдық та тұрғыдан араласып жүргендер өте маңызды сұрақ қойды: «Неге ешкімнің істемегенін істеп, өзіңе көмек бергісі келген маңызды күштерге мойын бұрмайсың? Қанағатшылдық көрсетесің? Рисалей-Нұрдың таралуына, жайылуына құштарлықпен ұмтылған Рисалей-Нұрдың хас шәкірттері бірауыздан ұсынған жоғары дәрежені қабылдағыңыз келмейді? Қатты тартынудың себебі не?»Жауап: Мына заманда иманды жандар әлемде ешбір нәрсеге тәуелді, құрал, баспалдақ болмайтын бір ақиқатқа мұқтаж, оны ешқандай өшпенділіктер мен мақсаттар кірлете алмайды. Ешқандай шүбә мен философия жеңе алмайтын имани ақиқаттарды жеткізуі керек. Бүкіл иманды жандар мың жылдан бері жиналып қалған дінсіздердің шабуылынан имандарын сақтап қалуы керек. Міне, осы тұрғыдан Рисалей-Нұр, ішкі және сыртқы көмекшілер мен маңызды күштерге назар аудармайды, оларды іздеп тәуелді болмайды. Осылайша, бұқараның, иманды жандардың назарында дүниелік өмірдің кейбір мақсаттарына шығар баспалдақ болып көрінбесін дейді. Бақи өмірден басқа ешнәрсеге құрал болмағандықтан, ерекше күші мен асқан ақиқаты, күдік күмәндардың бетін тойтарып тұр.Сұрақ: Алайда, бүкіл ақиқатшыл жандар қалаған және шынайы бауырларымыздың игі оймен сізге берген рухани, нұрлы мақамдар мен ақыреттік мәртебелер ықыласыңызға нұқсан келтірмейтініне бұлтартпастай айғақтар мен дәйектер бола тұра, кішіпейілдік көрсетпек түгіл ол бауырларыңның ренжігеніне қарамай сол дәрежелер мен мәртебелерден неге қашасыз?

78ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІЖауап: Жанқияр ер азамат, өзінің достарын құтқару үшін жанын пида етеді. Сол сияқты Рисалей-Нұрдан алған мейірімділік сабақтарының арқасында иманды жанның бақи өмірін қауіпті дұшпандардан сақтап қалу үшін қажет болса (қажет болып та тұр) лайық болмаған әлгі дәрежелер тұрмақ, тіпті шынайы бақи өмірдің дәрежелерін де пида етуге дайынмын. Иә, әр қашан әсіресе мынадай заманда оның ішінде дінсіздіктен туындап белең алған, жалпылық сипатқа ие болған ғапылдық кезеңде, саясат пен философия өршіп, менменшілдік пен өзімшілдік жайлаған ғасырда, жоғары мәртебелер барлық нәрсені өзіне тәуелді әрі баспалдақ етуде. Тіпті, дүниелік мәртебелер үшін дінін сатады. Рухани мәртебелер болса, көбіне құрал болады. Жұрттың көзіне түсу және әлгі мәртебелерге сай екенін көрсету үшін кейбір қасиетті қызметтер мен ақиқаттарды баспалдақ, құрал ретінде пайдаланып жатыр деген күдік туғызып, айтқан ақиқаттарына да күмән келетіндіктен мәртебелердің пайдасы болмайды. Мәртебенің жеке тұлғаға пайдасы біреу болса, жалпыға берер зияны мың болады.Сонымен, шынайы ықылас мені, атақ-даңққа, материялдық және рухани мәртебелерге себеп болар барлық нәрседен тыйып отыр. Нұр қызметіне, зияны тиуі мүмкін. Бірақ, санның сапаға қарағанда құны болмағандықтан, шынайы қызметші ретінде он адамға иман ақиқаттарын шын ықыласпен түсіндіру-үлкен әулиенің мыңдаған адамға сабақ беруінен әлдеқайда маңызды деп білемін. Өйткені, он адам әлгі ақиқатты барлық нәрседен артық санағандықтан тұқым секілді болған жүректері бір-бір ағаш бола алады. Бірақ мыңдаған адам дүниеден және философиядан туындаған күмәндар мен шүбәлар арқылы әлгі әулиенің айтқандарына, «ерекше мәртебесінен және жаратылысынан шығып отыр» деген назармен қарап, кез келген сәтте одан беті қайтып қалуы мүмкін. Сондықтан, қызмет етуді қол жеткізген мәртебелерден артық санаймын.Дұшпандарымның айдап салғанына еріп, айт күні маған бес тұрғыдан заңсыз, сатқындық жасаған әлгі адамның басына бір бәле келмесе екен деп уайымдадым. Өйткені, бұл мәселе ұлғайып кеткендіктен, қарапайым халық маған мәртебе беріп, таңғажайып бір керемет көргендей болып жүрмесін деп, «Иә, Жаратушы Ием, мына

79ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іпендеңді тәрбиеле немесе жазасын бер. Бірақ, мынадай таңқаларлық түрде болмасыншы!» деп дұға еттім. Осыған қатысты бір нәрсені айта кетейін: Бұл жолы соттан маған қайтарылған шәкірттерімнің хаттарының арасында үстінде көптеген қолтаңбалар бар бір хатты көрдім. Лахикаға енген шығар бәлкім. Рисалей-Нұр шәкірттерінің күнкөріс тұрғысындағы берекетке және кейбіреулерінің тартқан сазайларына қатысты оқиғалар еді. Мұнда да Кастамонудағы сазайын тартқандар секілділер бар. Мұнда да бес адам сазайын тартты. (Сілтеме )*Рисалей-Нұрды көшіріп, көбейтушілердің бірі «достар, өз қателіктерінің таяғын жейді де тиісіп, тыныштық бермейтін қаскөйлер неге таяқ жемейді? Деген сұрақ қойды».Жауабы: Мемлекеттік қызметте болмаса да, өз бетінше қастық қылғандар жеке өзі таяқ жейді. Мұндай оқиғалар көп. Табанды түрде жанашырлық танытып, болысып жүргендердің тұрмыстық жағдайының жақсаруы, берекетті өмірі, көңілінің жайлануы, жарылқауларға бөленуі сынды оқиғалар да көп кездеседі. Ал мемлекеттік қызметкердің заң атынан заңсыздық жасап қиянат қылуы, сол елге, бейшара халыққа зияны тиіп, ортақ бәлелерге себеп болуы мүмкін. Жер сілкінісі, құрғақшылық, жұқпалы ауру, дауыл тұру сынды үлкен апаттар шақырады. Сырт көзге оның жеке басы зиян шекпегендей болып көрінеді. Сондай-ақ ол дінсіздіктің сойылын соғып, имани шаруаларға қарсы әрекет етер болса, қағидасына орай, күпірлікке бой алдырған ондай залымдардың жазасы (өте ауыр болғандықтан) ақыретке қалады. Көбіне жеңіл қиянаттардың бұл дүниеде жазасы берілетіні сияқты, тез жазалана салмайды.Саид Нұрси* * * * *Иә, біз өз көзімізбен көрдік. Ешқандай күмәніміз қалмады. Жергілікті шәкірттер атынан Жейлан, Ибраһим.

АНКАРАДАҒЫ САҚШЫЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНА![Жиырма жылдан бері заңсыз қамалып, оқшауландырылған, себепсіз күдіктердің кесірінен теңдессіз қысымдар жасалып жатса да үнсіз отырған бір бейшарамен ресми түрде әңгімелескің келсе айтайын]Біріншіден: Екі жыл бойы екі сот жиырма жылдық өмірімдегі барлық жазбаларым мен хаттарымды сараптап шығып, билікке және қоғамға қарсы келер еш нәрсе жоқ екендігіне және табылмағандығына, көпшілікке көрсетпей жүрген жеке хаттарыма, кітаптарыма ақтау шешімін шығарып, өзіме қайтарып бергендігі бұлтартпас дәлел, мызғымас айғақ. Жиырма жыл бұрынғы өмірім, осы елдің, халықтың игілігі жолында өткендігіне дәлел, бірінші дүниежүзілік соғыста еріктілер полкының командирі ретінде бас қолбасшыдан мақтаулар, марапаттар алғандығым және ұлт азаттық қозғалыс кезінде атқарған істерімді Анкара үкіметі жоғары бағалап, Ұлттық мәжіліске шақыртып, қол шапалақтаулармен қарсы алуы. Демек жиырма жылдан бергі маған жасалып жатқан қысымдар, берілген азаптардың бәрі де заңсыз, өзім білемдік әрекеттер. Соңғы жиырма жылда қырық айтты жалғыз өткіздім. Жетер енді! Қабір аузында тұрғанда, дүниеге бет бұрғызбаңдар...Сақшылық мекеменің басқарма басшысы ретінде мен атқарып жатқан істерге қолдау жасауыңыз керек. Өйткені соттарда дәлелденгендей, Рисалей-Нұр дәрістері дүниелік жақтан алғанда да қоғамдағы тыныштықтың негіздерін сақтау, бүлікшілкке, төңкерістерге жол бермеу болғандықтан рухани сақшылардың қызметін атқаруда екендігін үш аймақтың сақшылары түсініп отыр. Соңғы кезде қызметкерлердің жұрттың менімен кездесуіне тыйым салып, оларды үрейлендіріп жүргендігін байқадым. Бұл әрекеттер, мен лайық болмасам да жұрттың маған деген құрметтерін азайту үшін екен. Ондай құрметті өзім де мүлдем құп көрмейтіндігімді сізге айта кетейін, ол туралы хас шәкірттеріме арнайы жазғанмын. Біздің ұстанымымыз жұрттың назарын өзімізге аудартып құрметке бөлеуді мүлдем құптамайды (ықыласқа зиян береді) өзім де құптамаймын, мақұл көрмеймін. Бұл тақырып бойынша талай хас шәкірттерімнің

81ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ібетін қайтарып, көңілдерін де жыққан шығармын. Қасиетті Құранның ақиқаттарын жаңа қырынан тәпсірлеп берген Рисалей-Нұрдың құндылығын көрсетіп берген бұрынғы әулиелердің ғайби хабарларын құптап жазған едім. Ал өзімнің қарпайым қызметші екендігімді дәлелдеп бергенмін.Ал айталық жұрттың маған деген сый-құрметтерін құптаған күннің өзінде қоғамдағы тыныштықты сақтауға және сіз секілді сақшылық қызметтегілерге көмегі тиеді. Өлімді өлтіру мүмкін емес. Ол өмірден де маңызды бір мәселе. Жүзден тоқсан адам мына өмірдің бақыты үшін әрекет етуде. Біз Рисалей-Нұр шәкірттері, кез келген адамның басына келер өлімнің шабуылына қарсы арпалысудамыз. Аллаһқа шексіз шүкір етеміз, осы уақытқа дейін жүз мыңдаған адамды мәңгілікке жалмар өлімнің тырнағынан құтқарып, ажалдың қызметтен босау құжаты екендігін Рисалей-Нұр арқылы дәлелдеп бердік, бұған жүз мың куәміз бар.Бұл ақиқаттарға сіз секілді отан сүйгіш, ұлтжанды азаматтар қолдау көрсетудің орнына айыптаулар тағып, қысым көрсету, ар-ожданнан, отан сүйгіштіктен қаншалықты алшақ жатқандығын сіздің ар-ожданыңызға тапсырамын.(Заңсыз түрде оқшауланып, жалғыз өзі қамауда отырған)Саид Нұрси* * * * *

АФИОН САҚШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНАМен сіздің адамгершілігіңізге, ар-ожданыңызға сенгендіктен көпшілікке айта бермейтін мәселелерді сізге айтып отырмын. Қызмет тұрғысынан да сіз бізбен тығыз байланыстасыз. Рисалей-Нұрдың жүз мың шәкіртінен ешкімнің жиырма жылдан бері келеңсіз істерге араласпағандығын ешбір сақшылық қызметкерінің мұндай оқиғаны тіркеп көрсете алмауы дәлелдеп отыр. Бір баладан Анкарадағы басқарма басшысының осында келгендігін естідім. Менің жағдайымды сұрап қалар деген оймен хат жаздым. Ден саулығым көтермейтіндіктен әңгімеден гөрі хат тапсыруды жөн санадым.Тез қайтып кеткендігін естідім. Сол хатты сізге жіберіп отырмын. Жөн санасаңыз, мағлұмат ретінде сол кісіге жолдарсыз. Мен дүниелік істерді білмеймін. Жұртпен де кездесіп жатқаным жоқ. Сізден басқа ақылдаса қоятын кісі де жоқ мұнда. Жеке басыма қатысты шарулар маңызды емес. Рисалей-Нұрға қатысты мәселелер ел үшін, халық үшін аса маңызды. Сізге нақты дәлелдерді пайдалана отырып, баса айтар бір нәрсе, көп ұзамай бұл ел, бұл халық, осы мемлекеттегі үкімет, Ислам Әлемінің және бүкіл әлемнің алдында Рисалей-Нұрға аса мұқтаж болады. Өзін, абыройын сақтап қалу мүмкіндігі тарихтағы атақ-абыройы сол ақиқаттардың көрніс табуы арқылы болады.Саид Нұрси* * * * *Әзиз, Сыддық Бауырларым!Әли ауылындағы Рисалей-Нұр шәкірттерінің бірі Әли Әфәнді, мұнафықтар жайлы айтылған аят туралы сұрақ қойды. Кеңірек түсіндіруге уақыт болмағандықтан, бір-екі ауыз айта кетейін. «Мұнафықтың жаназа намазы оқылмайды» деген мағынадағы аят, сол кезеңдегі Илаһи хабарларға сай белгілі болған анық мұнафықтар жайлы. Әйтпесе күдік-күмәндарға сүйеніп, мынау мұнафық деп, намазын оқымай қоюға болмайды. деген болса құбыламыз бір болғаны. Анық түрде күпірлік жасамаса, немесе тәубә

83ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іеткен болса жаназа намазын оқуға болады. Әли ауылында Алевилер көп, олардың кейбіреуі Рафизи болып кетті дегеннің өзінде, олардың ең төмені мұнафықтың қатарына жатпаса керек.Өйткені мұнафықта тұрақты сенім жоқ, жүрек те ар-ождан да жоқ. Пайғамбарымызға (с.а.у.) қарсы шығады. (Қазіргі кейбір дін дұшпандары секілді.) Алевилер мен Шиғалардың (шейидтер) асыра сілтеушілері Пайғамбарымызға қарсы келмек түгілі, Әһли Бейтке деген махаббаттары арқылы асыра сілтеуде. Мұнафықтар жеткіліксіз деңгейде қалса, бұлар асыра сілтейді.Шариғаттың шеңберінен шығып кетсе, мұнафық емес бидғатшы болады, пасық болады, дін дұшпанына айналмайды. Хазіреті Әли (р.а.) жиырма жыл құрмет көрсетіп, Шейхул Исламдық қызмет арқылы биліктерін қабыл көрген, Әбу Бәкір, Омар, Оспан (р.а.)-ға тиіспесе, Хазіреті Әлидің үш халифаға құрмет еткеніндей олар да үш халифаға құрмет етсе, парыз намаздарын оқыса болды.«Желжелутиенің» куәлік етуі бойынша, Рисалей-Нұр шәкірттерінің Пайғамбарымыздан (с.а.у.) кейінгі ұстазы Хазреті Әли. Хазіреті Әлиді жақсы көретіндіктерін алға тартатын Шиғалар, Алевилер Рисалей-Нұрдың дәрістерін Сүнниттерден де артық тыңдамаса, Әһли Бейтті жақсы көреміз дегендері қиыс кеткендік болады. Бірнеше жыл бұрын, сол Алевилердің аулында үш Әлидің қайратының арқасында балалардың Рисалей-Нұрды қарқынды түрде жазғандықтарын естігенмін. Сол кезде сол ауылды да дұғама қосқан едім. Инша Аллаһ сол ауылға имам ретінде шақырылып отырған Әли баурымыздың және Хафыз Әлидің (р.х.) мирасқоры Кішкентай Әлидің қайратының арқасында сол дұғаларымыз босқа кетпес. Сол ауылдағы Сүнниттер мен Алевилер ауыз біршілікке келеді.* * * * *Өткендегі оқиғаны ойлап уайымдамаңдар. Ол оқиға сонымен бітті. Жоспарлары іске аспай қалды. Оны істеген адам да өзін жұрттың жек көріп кетуінен қорқып, ант-су ішіп мойындамай отыр. Мен оның сол адам екендігін білген жоқпын. Шаруам да болмас еді. Жай жүрген біреу еді. Қолын созып, басымдағы сәлдені алды. Анкарадағы сақшылықтың басқарма басшысының осын да келгендігін естіген соң осындай әрекет жасауға батылы барды. Сондай жоғарғы

84ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ішенділер келген еді осында. Мені жақтырмайтын Румелілік уәли, мені олармен кездестірмеді. Мен де өздеріңе жіберген хаттың бір нұсқасын Афион сақшылық мекемесінің мүдірі арқылы Анкараға жөнелтуі үшін ораулы қалпында Афион сақшылық мекемесіне жібердім. Мен еш уайымдап тұрған жоқпын. Онысыз да оның бір маңызды жағы қалмады. Сендер де уайымдамаңдар. Мұнда да олардың зұлымдықтарын тағдырдың маған деген мейріміне айналдырып жібергендігін көрдім. Аллаһқа шүкір еттім.Айттан кейін маған жібермекші болған аманаттарды күтіп отырғанда, кеше хаттарыңды алдым. «Бір хабар болмаса он күннен кейін тапсырамыз» деген сөйлемді оқыдым. Демек, алаңдап қалған соң жібермеген екенсіңдер ғой.Алаңдайтын еш нәрсе жоқ. Алайда, мұнда жоғары шенді бастықтар келіп жатқанда, аманаттардың да дәл сол кезде келмегені еріксіз түрде жасалған сақтық шарасы болған екен.* * * * *Салахаддиннің ұзақ жазылған хатын алдым. Он хатқа татарлықтай қуантты мені. Адалдығы, табандылығы, мына аласапран жағдайлар әсер еткендігі, үнемі Абдурахманнан айнымайтын болмысы және осы аймақтағы бауырларымыздың қалтқысыз еңбеккештігі сол хатынан түсінікті болып тұрды. Маша Аллаһ дедім. Әкелі балалы екеуі Спарта қаһармандары сынды табанды. Алайда, қазір Рисалей-Нұрдың баспаханадан басылып шығуы, шынайы ықылас пен мықты ауызбіршілікті, өз ара кемшіліктерге мән бермеуді талап ететіндіктен, Кастамону Уәләятындағы бауырларымыз, ықылас пен ауызбірішілікте Спарталықтардан үлгі алып, соларға ұқсауға мәжбүр. Инша Аллаһ, олар да мына киелі қызметтің жолында жеке сезімдерін араластырмайтын болады.Расында Рисалей-Нұр өзіндегі жарқын ақиқаттар арқылы еркіндік алды, қаскөйлердің арыны басылып, жеңіліс тапты, бірақ бұрынғыдан да мұқият, абай болуымыз керек. Өйткені мұнафық жаулар қарап жатпай, сылтаулар іздеуде, билікті айдап салуға тырысуда. Салахаддин өзіне қатысты жеке бір мәселені сұрауда. Дүниелік істерге араласқысы келеді. Ол хас шәкірттердің біреуі, Рисалей-Нұр қызметіне зиян келетін болса араласпасын. Өмірлік жарын да басқа

85ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іхас шәкірттер сияқты Рисалей-Нұр қызметіне ат салыстыратын болса дүниелік шаруаларға араласып кете беруіне болар. Өйткені Хас шәкірттердің өмірі Рисалей-Нұрмен біте қайнасып жатыр. Оның Рухани келбетін қалыптастырушы шәкірттер мақұл көрсе оның да жөні болып қалар. Ата-анасы да мақұл көрсе Инша Аллаһ зиянға ұшырамас.* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым!Уайымдамаңдар, алаңдайтын еш нәрсе жоқ. Айттың алдында Анкарадағы сақшы мекемесінің басқарма басшысы және жоғарғы шенді қызметкерлер осында келердің алдында, олардың арасында менің мәселеме байланысты жасырын әңгімелер болуына орай, осындағы бір шенді қызметкер аналарға арқа сүйегендіктен маған тиісті. Артынан қатты өкініп қалды. Жоғарғы шенділер кеткеннен кейін, алаңдайтын еш нәрсе болған жоқ. Маған қатысты мәселе бауырларымызға да әсер етіп жатса керек, аздап Фейзиге де тиісіпті. Мені алаңдататын нәрсе оны тергеп-тексеруге қандай сылтау тапты екен? Не іздепті? Ар жағында не жатыр? Екі жыл бойы сараптама жасаған үш сот барлық кітаптарымызды, хаттарымызды, қайтарып берді. Біздің дүниелік істерге, саясатқа араласпайтындығымызға көздері жетті.Енді не іздеуде? Дәу де болса бұл істер жеке бастық көре алмаушылығына немесе қаскөйлік ниеттен не жасырын дін дұшпандарының арандатушылығынан осындай заң атынан жасалған заңсыз әрекеттер болуда. Мұндай жағдайларға қарсы, табандылық пен ауызбіршілікті, бір-бірімізге демеу болуды арттырып, еш саспауымыз керек.* * * * *Әзиз Сыддық Бауырым!Мешітте көп сөйлесе алмадық. Маңызды әңгімелер айтайын, есіңнен шығарма.Біріншіден: Жүз жылда атқарылар шаруаны он жылда атқарған Бедредегі Сабри бауырымыздың шынайы достары Хаққыға, Хулисиге () Мехмедке және Барладағы Шамдық, Сүлейман, Бахри сынды бауырларымызға менің атымнан көптен көп сәлем.

86ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІЕкіншіден: Кішкентай Әлидің ағасы мүбәрак Мұстафаның Абдурахманнан мұра етіп алған шаруаларды, қаһарман інісімен және баласымен бірге толық атқаруда. Оның міндеттері, қызметі жалғасуда, алаңдамасын. Хафыз Мұстафа мен марқұм Хафыз Әли кезеңінен бері ортақтаса еккен нұрлы тұқымдардың тамаша жемістері бар.Сондай-ақ Хафыз Әли(р.х.) қайтыс болғаннан кейін маған көрсеткен көмектері әр қашан соны еске салады. Марқұм Лүтфүнің ізін жалғастырушылар Абдуллаһ Чавуш, қаһарман Тахири арқылы Атабей, менің Нұрыс аулыма айналғандай. Ислам көйлі Абдуллаһ, Хафыз Әли (р.х.) заманында Рисалей-Нұрға көп қызмет етті. Солардың бәріне де сәлем айтамын. Мүбәрак Тахиридің Шағын Нұр медресесіне айналған от басындағыларға дұға етудемін. Жаңа бір Хафыз Әлиге (р.х.) айналған және Миластық Халил Ибраһимнің табандылығын еске түсіретін Ислам көйлік Халил Ибраһимге және сол жердегі соған ұқсаған бауырларыма сәлем айтамын. Әсіресе қаһарман Рүштүнің, ер жүрек інісі Бурхан Спартада бізді борыштар еткендігін, азғантай әрекетімен Рисалей-Нұр үшін көп шаруа тындырғандығын айтыңдар. Онсыз да оған айтқан едім. Ұмытып кетпе, арнайы Зекаиге жолық, оған Зекаи деген атпен соның бейнесінде Аллаһ Абруррахманды қайта бергенін, Аллаһқа шүкір еткендігімді айт, саған ауызша айтқандарымды өзің білесің сен менің сөздерімді жеткізер хатым есебіндесің.* * * * *Әзиз, Сыддық Бауырым!Сендердің Рисалей-Нұрдың таралуына шектеу қойылмау және баспа арқылы басыла бастауы жайлы мына көтеріңкі көңіл-күймен жазған тамаша хаттарың мені де қатты қуантты. Қаһарман Тахиридің осы шаруалармен айналысу үшін осында келуі, маған дүниеге бет бұрғызды. Жан дүнием, «Бауырларым осыншалықты қалап жатса, мұның да бір шарасын табармыз», деді. Өте маңызды екі себепке байланысты Аллаһ бізді қорғап, толық еркіндік бермей, ескі әріптермен де басылуына рұхсат бермей тұрғандығы түнде жүрегіме білдірілді.

87ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІБірінші себеп: Әр бір қызығушы адам, Имам Әлидің (р.а.) ишара еткеніндей жасырын түрде өз қолымен немесе біреуге жаздырту арқылы, аса маңызды құлшылық жасайды және ақыретте шәһидттердің қанымен тең саналатын сияны пайдалана отырып, имани Нұрларды таратушыға айналады. Баспадан шықса, кез келген адам оңай тауып алатындықтан, аса мән беріп еңбек етпейді, таралуына өз үлесін қосу сынды сауапты шаруадан құр қалады.Екінші себеп: Рисалей-Нұрдың аса маңызды бір міндеті, Ислам Әлемінің басым көпшілігінің жазуы болған араб әріптерінің негізіндегі жазуымызды сақтап қалу. Баспадан шығар болса қазіргі жұрттың көпшілігі жаңа жазуды ғана білетіндіктен, рисалелердің де көпшілігін жаңа әріптермен басуға тура келеді. Бұл да Рисалей-Нұрдың жаңа әріптерге пәтуә бергені болып саналады және шәкірттердің де сол жазуға көңіл бөліп кетуіне себеп болады. Сондықтан қаншама лайық болса да, осы уақытқа дейін Рисалей-Нұрға еркіндік берілмеген еді. Аллаһқа шүкір, ондағы ақиқаттардың арқасында қазір еркіндік алды. Тіпті ескі әріптермен бастыруға рұхсат жоқ кезде «Аятул Кубра» басылып шығып, үлкен керемет көрсеткен еді. Қазір жұртқа өте-мөте қажет, аса маңызды «Миуа» мен «Худжетүл Балиғаны» екеуін бір том етіп жаңа әріптермен бастыру үшін Тахириді Стамбулға жібердім. Тек «Миуаның» Оныншы, Он бірінші мәселелерін қайта редакциялауға (тексеруге) уақыт болмағандықтан тексерусіз жібердім. Егер басылатын болса сол екі тақырыпты тексеріп жібереміз. Сонымен қатар ол екі рисале іште болсын сыртта болсын, ашық түрде не жасырын түрде Стамбулда не басқа жерде, ескі жазумен басылып шығуы керек.Сондай-ақ сәйкестіктері көрініп тұрған «Хизбун-Нурие» мен Хизбул Құран сынды Мұғжизат-ы Құрание қосымшалармен бірге және Мұғжизат-ы Ахмедие де қосымшалармен бірге екеуі бір кітапқа біріктіріліп ескі әріптермен Стамбулда немесе басқа жерде мүмкіндіктерге орай бастыру керек. Құран Кәрімнің сәйкестіктері сақтала отырып басылуына кіріспе болады. Алайда бұл маңызды да киелі шаруаны асықпай, ақылдаса отырып атқару керек.Барлық бауырларыма жеке-жеке сәлем жолдап, сау-сәлемет болулары үшін дұға етеміз. Аллаһқа шүкір байырғы шәкірттер катиб Осман мен Халил Ибраһим талмай, шаршамай, сол қалыптарымен табандылық көрсете отырып еңбек етуде, көп адамға жақсы үлгі-өнеге болуда.

88ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІЖИЫРМА ЖЕТІНШІ ХАТТЫҢҚОСЫМШАСЫНЫҢ ЖАЛҒАСЫӘзиз, Сыддық Бауырларым!Осы жолы марқұм Шәхид Хафыз Әлидің маңызды бір мирасқоры және Денізлідегі шәкірттердің жоғарғы дәрежелі уәкілі, Денізлі қаласының Рисалей-Нұрға бет бұруына мұрындық болған бауырымыз Хасан Фейзидің әдеби түрде шешен тілмен Рисалей-Нұр жайлы жазған ауқымды хатын алдым. (Сілтеме )*Рисалей-Нұрды маған (соттың) қайтып беруіне орай, бауырым Хафыз Мұстафаның еңбектері жайлы жазған хатымда Рисалей-Нұрдың маңыздылығы жайлы қысқаша баяндаған және алдын ала сезу жайлы хаттарымда айтылған маңызды шаруларға мына ауқымды хат толық түсіндірме болып тұр. Денізлі қаласының Рисалей-Нұрды қолдайтындығының айқын дәлелі, куәсі екендігін байқадым. Сондай-ақ бұл кісінің мектепке еңбегі сіңген абыройлы мұғалім болуы Рисалей-Нұр жайлы жарқын дәлелдері оның маңыздылығын арттыра түсетіндігін көрдім. Бір айтарым, менің жеке басыма қатысты жерлерін аттап кеткені дұрыс болады.Бірнеше жерді көпшілікке көрсете бермеу керек деп астын сызып қойдым және Жиырма жетінші хаттың қосымшасы ретінде сендерге жолдап отырмын. Бұл хатымды сол хаттың бас жағына қоюларыңа болады. Хасан Фейзи мырза оның кейбір сөйлемдерін аттап өткеніме ренжімесін. Өйткені ол сөйлемдерді барлық шәкірттерге оқытудың қажеті жоқ, жекелеген кісілерде қала беруіне болады.Ол кісі Иман және Құран ақиқаттарын бір рухани тұлға деп біледі де Рисалей-Нұрдың рухани келбетіне сол рухтың қонғандығын және сол бейнеде көріп тамаша сөзін соған арнайды. Мен оның әсірелеп жіберген тұстарына сын көзбен қараған кезімде Құран айқиқаттары рухани түрде «Сыртқы бейнеге, сырт киімдерге қарама. Маған қара, ол мен жайлы айтып жатыр» деді. Дұрыс айтуда. Мен де көп араласпадым. Дегенмен, Рисалей-Нұрдың аудармашысы жайлы ашық айтылған немесе ишара етілген шамадан тыс мақтауларды Бұл хаттың толық нұсқасы, Баяндамалар атты кітапта жарық көрген

89ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ібіраз жұмсарту керек. Басқалардың, әсіресе сынға алушылардың назарында жеке басыма айтылған мақтауларды мақұл көруім біздің ұстанымымызға үйлеспейді. Сондықтан жұмсартуларыма ренжімесін.* * * * *Ол-Нұрдың қызметшісі. (Бәдиүззаман) Егер, дүние жинағысы келгенде берілген садақа-сыйлық, зекеттерді алған болса миллионерге айналып кетер еді. Бірақ, ол Хазіреті Омар (р.а.) айтқандай, «Дүние жинар болсам, адамзаттың асылы Хабибуллаһ Мұхаммедтің (с.а.у.) достарына, кәміл жандарға ілесе алмай жолда қаламын» дейді. «Барлық нәрсені, бүкіл әлемді Сен үшін жараттым, ей Хабибім!» деген Жаратушыға, «Мен де Сен үшін солардың бәрінен бас тарттым» деп, жауап берген Хазіреті Расулаллаһқа еріп, Соны үлгі тұтып, дүниені де, дүниеге деген сүйіспеншілікті де тәрк еткен, тіпті тәрк еткендігін де ұмытқан жан. Бүкіл ойын, күш-жігерін өмірге нұр шашып тұрған Құранға қызмет ету жолына сарп етті. Сондықтан, тартқан азабының бәрі мейірімге, еңбегі хикметке айналды. Жасаған барлық істері хикімет болып отыр. Аллаһ Жалалы арқылы Жамалын да көрсетіп тұр. Әлем тамаша бір гүлзар тапқандай.Ниязи Мысыри айтқандайЖарылқау мен жазаны бір нәрсе деп білмеген азап шегер.Ол азаптан құтылып, сұлтанға айналған жан бізді түсінер,деп айта алған бұл тәржүман барлық нәрсенің жақсы жағын көре алған. Тамшыдан теңізді, жоқ жерден адамды көріп, Нұрды әлемге Сұлтан еткен.Оған Күрд деулері және Хазреті Имам Әлидің(р.а.) өлең жолдарында айтылған сөзі «Күрд» дегенге ишара еткенімен шынтуайтында оның күрт екендігіне дәлел болмайды және оның Сеиіт Шериф екендігін жоққа шығартқызбайды. Бұл теңеу оның Күрдістанда туып өскендігін және сондай лақап атпен аты шыққан ол кісінің Рисалей-Нұрға аудармашы болғандығын бүкіл әлемге жар салу үшін ғана. Әйтпесе, Күрд екендігін дәлелдеу үшін емес. Күрдше білуі, соларша киінуі, солай танылуы өзін көрсеткісі келмеуінен, тегін жасыру мақсатында жасалмаған деп білемін. Ислам әлемі мен адамзатқа және Харамейн – Шерифейінге ғасырлар бойы қызмет

90ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іеткен мына қаһарман Түрік халқын жақсы көруі өмірінің маңызды бір бөлімін Түріктер отырған осы аймақта өткізуінде аса хикметті мағыналар болса керек.Кербалада үзілген дем үшінҚош айтысқан түні жылаған көз үшінСаған ғашық жолда жүргендер үшінРисалей-Нұрға, Ұстазға және Исламға жеңіс сыйла Я Рабби!.. Әмин!Уа, Рисалей-Нұр сені сөндіргісі келген бейбақтардың болашағы сөнсін. Абыройдан жұрдай болып, бордай тозсын. Сен сөнбейтін нұрсың.Ескерту: Өлең қазақшаға аударылмады.Уа, Ұстаз Хазрет!Мен бұл жолдарды Рислей-Нұрдың қолынан, қаламынан, тілінен байғұс жүрегіме жеткен ұшқын арқылы жаздым. Қабыл алуыңызды медет беруіңізді Шабыттың сарқылмауын күтемін. Құрметпен қолдарыңыздан сүйіп, дұға етуіңізді өтінемін.Дұғаңызға мұқтаж шәкіртіңізХАСАН ФЕЙЗИ(Рахметуллаһи Алейх)* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым!Жүрегіме, сендерге төрт мәселені айтуым керек екендігі ескертілді!Бірінішісі: Халімен де тілімен де басқа да жағдайлар арқылы сұралатын бір сұраққа жауап:«Рисалей-Нұрда кереметтер бар болса, Иман ақиқаттарын бойға сіңіруде тариқаттан артық болса, хас шәкірттерінің кейбіреуі әулие дәрежесінде болса, онда неге олар да әулиелер сияқты рухани ләззаттарға бөленіп, материалдық түрде кәшиф-кереметтері көрінбейді. Неге ол шәкірттер сондай нәрселерге ұмтылмайды. Мұның сыры неде? дейді.»

91ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІЖауап:Бірінші себебі ықыластың сыры. Өйткені, бұл дүниедегі уақытша ләззаттар, кереметтер нәпсісін толық жеңе алмаған адамдар үшін мақсатқа айналып, ақыреттік амалдардың себебі ретінде қалыптасса ықылас қашады. Ал ақыреттік амалдардан дүниелік мақсат, ләззат іздеуге болмайды. Ықыластың сыры бұзылады.Екіншіден: Кереметтер, кәшфияттар тариқатқа кірген қарапайым, ерме-еліктеме иманы бар, иманы толық орнықпаған (тахкики иман дәрежесіне көтерілмеген) адамның иманын күшейту, күдік-күмәндардан арылту үшін қажет. Ал Рисалей-Нұрдағы имани ақиқаттарға байланысты айғақтар ешқандай күдік-күмәнға орын қалдырмайды. Толық қанағаттандыру үшін де кереметтер мен кәшфияттарға мұқтаж етпейді. Рисалей-Нұр арқылы қол жеткізілген шынайы иман кәшфият, кереметтерден, ләззаттардан жоғары болғандықтан Рисалей-Нұрдың хас шәкірттері ондай кереметтерді іздемейді.Үшіншіден: Рисалей-Нұрдың негіздерінің бірі өз кемшіліктерін білу, сондықтан тек қана Аллаһ ризалығы үшін ешкіммен бәсекелеспей қызмет ету. Ал керемет көрсетіп, кәшфтерден ләззат алатын тариқатшылар арасындағы қайшылықтар, бәсекелестік, мынадай менменшілдік жайлаған заманда ғапыл жандар жаман ойлап, әлгі мүбәрак, асыл жандарды мақтаншақ, менменшіл деп кінәлайды. Сондықтан, Рисалей-Нұр шәкірттері керемет көрсетіп, кәшфтер жасауға ұмтылмауы, соның соңына түспеуі қажет.Олардың ұстанымы жеке басқа аса мән бермеу. Рухани серіктестік пен бауырлар арасындағы өз ара жанқиярлық, Рисалей-Нұр арқылы қол жеткізілетін ғылыми кереметтер мен ақиқатқа қызмет ету жолындағы сәттіліктер, күнкөрістегі берекет сынды Илаһи жарылқаулар бәріне де жеткілікті. Одан басқа жеке кереметтер мен кемелдіктер іздемейді.Төртіншіден: Бұл дүниедегі жүз бақша фәни болғандықтан, ақыреттегі мәңгілік бір ағашқа тең келмейді. Дайын тұрған ләззатқа құмар адами сезімдер, дайын тұрған өткінші бір жемісті ақыреттегі мәңгілік бақшадан артық көретіндіктен, әммаре нәпсі осындай адами болмыстан пайдаланып кетпес үшін Рисалей-Нұр шәкірттері рухани ләззаттарды бұл дүниеде іздемейді. Баяғыда осы жағынан Рисалей-Нұр шәкірттеріне ұқсайтын бір кісі әйелімен бірге өте жоғарғы

92ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ідәрежелерге көтерілсе де, күн көрістің ауырлауына орай, әйелі «Аса мұқтажбыз ғой» депті. Бірденен алтыннан бір кірпіш пайда болыпты. Сонда күйеуі «Бұл жұмақтағы сарайымыздың бір кірпіші» депті. Әлгі Салихалы әйел, «Шынтуайтында қазір аса мұқтажбыз, ал ақыретте мынадай көп кірпішіміз болады, өткінші жерде босқа кетпесін, ақыреттегі сарайымыздың бір тасы кем болып қалмасын, дұға ет қайта орнына барсын, бізге қажеті жоқ» - дейді. Кірпіштің бірден орнына барғандығын кәшф арқылы көрген екен, дейді.Міне осы екі қаһарман, ақиқатқа жеткен жан Рисалей-Нұр шәкірттерінің дүниелік кереметтердің ләззаттары соңында жүгірмейтіндіктерінің тамаша мысалы.Екінші мәселе: Сәйкестік, егер әр түрлі жағдайда, әр жерде бірін бірі күшейтіп тұрар болса анық солай екендігін нақтылай түседі. Түрмеден шыққаннан кейін жазылған кейбір хаттарымыз, һәм ақиқат һәм аса маңызды һәм бүгінгі таңда халықтың соған мұқтаж екендігіне бір дәлел ретінде жазылған кезде (әдеттен тыс) торғайдың, құддұс құсының және көгершіндердің таң қаларлық жағдайда бөлмеме кіруі ерекше сәйкестік. Құддыс құсы жайлы хатты алған кезде Миластағы қадірлі бауырымыз Халил Ибраһим құлыптаулы тұрған бөлмесін ашқан кезде бөлмеде құддұс құсының жүруі, хатқа да құсқа да сәйкес болуы, Нұр медресесіндегі бауырларым сол хатты оқыған кезде екі шегірткенің хатқа қонуы, ана құстарға ұқсас кішкентай екі құс (шегірткелер) сәйкестікті дәлелдей түсті. Инеболудағы сенімді бауырларымыз куә болыпты. Сол хатты оқыған түні бір құс терезені қанаттарымен сабалап бауырларымызды бір қорқытыпты, бұл оның, бұл хат мен үшін де маңызды, мен де алаңдаулымын, бұлардың бізге қатысы жоқ деп ойламаңдар дегенді айтып тұрғаны ғой. Осы мәселеге басқа құстардың да алаңдайтындығын нақтылай түседі. Бір мәселенің айналасындағы осынша сәйкестік (Сілтеме )*Хаттарда айтылған ақиқаттар аса маңызды болуына орай, адамзаттың осы ғасырдағы жағдайын алғанда, әлем атты кітаптағы оқиғалар мен сол мәселелердің өзара біте қайнасып жатқандығын ойлаған ойлау қабілеті жоғары, жүрегі аса сезімтал біреу адамзат Бұл хатты Ұстаздан жаңа алған едік. Мен, яғни Хусрев, оқып отыр едім, бауырым Тахири жазып отырды. Гүл қаһарман құсы терезеге қонып, менің басымды көрген соң ұшып кетті.Хусрев, Тахири

93ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ібаласы сансыз ұшақтармен, ұшқыштарымен аспандағы құстар әлемін қорқытып, құстар әлемін әбігерге салғандығы сонша, адамдардың зұлымдық әрекеттеріне құстар да алаңдап, адамдардың жан алғыш ұшақтарына қарсы кімдер әрекет етіп, адамзатты зұлымдықтан, бүлдіруден арашалап, адамзаттың бақыты үшін кімдердің шыр-пыр болып жүргендігін білдіріп, Рисалей-Нұрдағы мәселелерге алаңдауда десе орынсыз бол ма? Олай болуы мүмкін емес пе? Мағнасыз қияли нәрсе деуге бол ма?Үшінші мәселе: Үш жыл бұрын Рамазан айында жазылған және биылғы Рамазанда еркін таралымға шыққан «Аятул Кубраның» өзегі саналар «Хизб-і Нұриені» оқыдым. Бір сағаттан асып кететін. Сол өзектен сүзіліп шығып, он, он бес минутта оқылар нәрсені байқадым осы Рамазанда. Оны оқып шыққан кезде «Аятүл Кубраны» толық оқып шыққандай иманым артыпсырына бөлер екі үш беттік арабша бөлімді оқудамын. Сендерге жазып жіберуге уақыт таба алмай отырмын. Сол бөлімді мен сияқты түсінгендер өздеріндегі кітаптардың «Аятул Кубраның» немесе «Хизбун-Нұриенің соңғы жағына жазып, тәсбихаттан және дұғадан кейінгі отыз үш рет оқылар -тың орнына тек қана (таң намазының тәсбихатында, мағнасын ойлай отырып) оқуына болады».Төртіншісін Екі бөліп қарастырамыз.Біріншісі: Спарталық бауырларымыз, әсіресе Нұр қаһарманы Хусрев, қыстың күнгі материалдық қажеттіліктерімді уайымдайды екен, көмектескісі келеді. Мен де оларға рахметімді айта отырып былай дегім келеді. Олардың Рисалей-Нұрға қызмет етуі әр бір шәкірттің мәңгілік бақыты үшін пайдалы болуымен қатар, менің нағыз қысым саналар өлгеннен кейінгі жағдайыма ең үлкен көмек болады. Мына уақытша қыстағы көмектен мыңдаған есе артық болады.Егер қолымнан келсе, оларды материалдық жақтан қамтамасыз етуге жан-тәніммен, құлшына кірісер едім. Мені уайымдамаңдар. Үнемшілдік пен қанағат, менің екі үлкен байлығым, олар түгемейді, таусылмайды.

94ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІЕкіншісі: Бір кездері «Шағын Спарта» атанып кеткен, өткен мәселемізге байланысты, басқа жақтарға қарағанда қамалудың қиыншылықтарын көбірек тартқан Инеболу және сол аймақтағы бауырларымның шын көңілдерімен жазған тамаша хаттары мені қатты қуантты. Алайда, Рисалей-Нұрдың қаһармандарының бірі, әкелі-балалы кісілердің ұсатанымдары екі түрлі болғандықтан бірін-бірі толық түсіне алмай қала ма деп алаңдаймын. Әкенікі қанша жерден дұрыс болмаса да, бала оның ризашылығын алуға мәжбүр. Бала қанша жерден тентек болса да әке оған деген мейірімін аямайды, аямауы да керек. Мұндай өнегелі отбасынан шыққан, Рисалей-Нұр шәкірті, әкелі-балалы болу былай тұрсын, бір-біріне жақындығы жоқ жаулар болса да Рисалей-Нұрдың құрметі үшін, Рисалей-Нұр шәкірттері арасындағы бірін бірі сынамау, кемшіліктерін кешіру қағидаларына орай бұл екі бауырымыз түкке тұрғысыз, дүниелік және сезімге берілуден туындаған нәрселерді айтыс-тартыстарға өзек етпесін. Әке мен бала арасындағы құрмет пен мейіріммен қатар, Нұр шәкірті болудың талабы, кемшілік іздему, кешірімшіл болу. Өзім жақсы көретін екі бауырым (Мен үшін де) бірін бірі сынамауы қажет.Барлық бауырларыма жеке, жеке сәлем жолдап, дұға етеміз.* * * * *Әзиз, Сыддық баурларым![Рухани түрде сұралып жатқан екі жақты сұрақтың жауабы]Біріншісі: Сенің жеке басыңды қатты құрметтейтін, сені аса жоғарғы дәрежелерге көтеретін және Рисалей-Нұр үшін қатты алаңдайтын, сен де оларды жақсы көретін кісілермен Рисалей-Нұрға қатысты мәселелердің сыртында неге араласқың келмейді. Оларға қарағанда сені жоғарғы дәрежелерге көтеріп, соншалықты құрмет көрсете бермейтін кісілермен көбірек сөйлесесің. Соларға көбірек ілтипат көрсетуіңнің сыры не?Жауап: «Отыз үшінші сөздің», «Екінші мектубында» айтылғандай, бүгінгі таңда адамдар сыйлықтарын өте қымбатқа сатады мұқтаж жандарға. Мысалы: Мен сияқты бір бейшараны, салих адам немесе әулие деп ойлайды содан кейін барып нан береді,

95ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іақысына мақбұл (Қабыл болар) дұға сұрайды. Ондай бағаға оның жақсылығын алғым келмейді. Сондықтан олардың сый-кәделерін алмайтындай себеттер көрсетемін. Олар (Рисалей-Нұрдың хас шәкірттерінен басқалары) менің дәрежем өте жоғары деп ойлайды да сол үшін маған құрмет көрсетіп, қызмет жасайды. Соның арқасында дүниелік тұрғыдан нұрлы нәтижелерге қол жеткізуді қалайды. Бізге қызмет жасап, көңіл бөлгені үшін рухани жарылқаулар қалайды.Мұндайлардың осындай қызметтерінің өтеуі ретінде қалаған нәреселерін бере алар шамам болмаған соң, ыңғайсыз жағдайға қаламын. Олар да менде еш нәрсенің жоғын түсінген кезде көңілдері түсіп қалады. Қызметтерін де дұрыс атқара алмай қалулары мүмкін. Ақыреттік амалдар жолында аш көздік пен қанағатсыздық көрсетуге болатын шығар, бірақ біздің ұстанымымыз бен қызметімізде (кейбір жағдайларға байланысты) тауы шағылып, бет қайтар болса шүкір етудің орнына көңілі жабырқап, шағымданып кетуіне, тіпті қызметті тастап кетуіне себеп болуы мүмкін.Сондықтан біздің ұстанымымызға сай қанағат, үнемі шүкір мен табандылыққа жеткізеді. Ықыласты бұзып алмай, қызмет жолындағы аш көздік пен қанағатсыздық жасасақ та нәтижелері мен жемістеріне қанағат етуге тиіспіз. Мысалы: Рисалей-Нұр қызметі арқылы Спарта мен айналасындағы мыңдаған мұсылмандардың Иманын күшейтуге себеп болған нәтиже, біздің қызметіміз үшін жеткілікті. Он құтыптың дәрежесіндегі біреу келіп, мың адамды әулие дәрежесіне көтерсе де мына нәтижені төмендете алмайды. Нұрдың хас шәкірттері мұндай дәрежеге қанағат етеді.Әлгі жоғары дәрежелі құтыптың мүридтерінің жүрегіне қанағат сыйлайтын ұстаздарының жоғарғы дәрежесі мен мәселелерге берген үкімі болса, Рисалей-Нұрдағы айғақтар өз шәкірттеріне әлгі құтыптың мүридтеріне берген қанағаттан әлде қайда көп қанағат береді. Олардың бойындағы жағдай, сенімділік басқаларға әсер етіп, пайдасын тигізеді. Ана мүридтердің қанағаттары өздеріне ғана тиесілі болып қалады.Тіпті логика ілімінде «Қазие-и макбуле» деп аталатын қағида бар. Яғни жоғары дәрежелі кісілердің дәлелсіз айтқан сөздерін мақұл көру. Логика бойынша нақты, мүлтіксіз дегенді білдірмейді. Көпшіліктің ойын қанағаттандырады. Логика ілімі бойынша нақты дәлелдер,

96ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іжақсы ойлар мен атақты кісілердің пікірлеріне қарамайды. Мызғымас дәлелдерге қарайды. Рисалей-Нұрдағы барлық айғақтар, осындай нақты дәлелдер болып саналады. Әулиелер амал, құлшылық арқылы, сүлүкте, риязетте ақиқаттарға көз жеткізіп, перделердің артында тұрып, имани ақиқаттарға куә болса, Рисалей-Нұр ғылым арқылы ақиқатқа жол ашқан. Сүлүк етіп, вирд оқудың орнына, логикалық дәлелдер мен ғылыми айғақтар арқылы ақиқаттардың ақиқатына жол ашқан. Тасаувуф ілімі мен тариқаттың орнына, тікелей келам ілімінің ішінен және Ақида ілімі мен Діни қағидалардың ішінен ұлы әулиеліктің жолын тапқан. Осы ғасырдың ақиқат, тариқат ағымдарын жығып кетіп отырған философия арқылы адасушылықты Рисалей-Нұрдың жеңіп отырғандығы көз алдымызда.Салыстыруға келмесе де айталық. Құранның аса күшті, логикаға сай ақиқаттары, басқа діндерді табиғатшыл философияның шабуылдарынан құтқарып оларға сүйеу болды. Ерме-еліктеме, ақылға сыйымсыз қағидалары да сақталып қалды.Сол сияқты, бүгінгі таңда, Құранның бір мұғжизасы және нұры болған Рисалей-Нұр да материалистік философиядан туындайтын ғылыми түрдегі адасушылықтан құтқарып, барлық иманды жандарға арқа сүйер тіреніш, алыс жақынның бәріне алынбастай қорғанға айналды. Осыншама сұмдық адасушылықтың ортасында, қарапайым мұсылмандардың имандарын күдік-күмәндардан, Исламиятын ақиқатқа үйлеспес азғырудан сақтап тұр.Айналаның бәрінде, тіпті Үнді мен Қытайдағы Иманды жандар, қазіргі заманның сұмдық адастыруларынан жасып, ойпырай Исламияттың ақиқатқа үйлеспейтін жағы бар ма? Неге тоқырап қалды деп күдік-күмәндарға бой алдыра бастаған кезде, бір рисале (кітап) шығыпты, иманның барлық ақиқаттарын бұлтартпас айғақттармен дәлелдеп береді. Философияның аузын жауып, бұзғыншылардың үнін өшіруде дегенді естиді. Бірденен, күдік-күмандардан арылып, иманы артады.СҰРАҚТЫҢ ЕКІНШІ ЖАҒЫ. Сен бір хатыңда ақындарша сезімдерге беріліп (яғни хаттар жазылып, не оқылып жатқанда құстардың сенің немесе шәкірттердің қасына келгендігін) хат жаздың және соны шын көрдің. Ал ол құстар әлемдегі жағдайды, Рисалей-Нұрдың әлемдік оқиғаларға тигізер пайдасын біле алмайды ғой?

97ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІЖауап: Аллаһтың Әмірі мен Рұхсаты шеңберінде және Раббани құдіретке орай, барлық хайуанаттың періште бақташысы, қараушысы болатынындай, құстардың да бір бақташысы бар. Олар (құстар) білмесе де Аллаһтың Әмірі арқылы бақташысы олардағы сезімдерді қозғап, бағыттап тұрады. Ол бағыттаулар құстардың бойындағы сезімдер арқылы жасалады. Құстарда сондай сезімдер (Инстинк) бар. Мысалы: Дүниеге келгеніне бір-ақ күн болған жас ара, бір күндік жерге ұшып барып, жаратылысына тән инстинк бойынша, Раббани бағыттау арқылы ұясын адаспай табады. Жер шарының Рисалей-Нұр шәкірттерінің басына келген зұлымдықтарға қарсы болуы сияқты, атмосфералық қабат та құрғақшылық, күннің суытуы арқылы Рисалей-Нұрға жасалып жатқан қысымдарды сынға алды. Еркіндік алған кезде бұлттар жаңбыр болып жауу арқылы қол шапалақтады. Құстар да алаңдаулы.Иә, кейбір адамдардың қолдан жасалған құстармен (ұшақ) құс жұмыртқалары сияқты бомбалар тастап бір ауылды жоқ қылып, мың адамды жойып жіберетін қылмыстарына және тозақи заққұмның дәнін себетін қолдан жасалған құстардың бүлдіргіш тобына, жер шары мен адамзатқа диктаторлық зұлымдықтарына қарсы тұрып, өте әсерлі түрде, адамзаттың болашағын нұрға бөлер Рисалей-Нұрды мына құстар (кәдімгі құс) рухани түрде құттықтап, қол соғуда. Бұл тамаша бір ілтипат, мұнда аса маңызды ақиқаттар жатыр.* * * * *Бауырларым!Миуа Рисалесінің нағыз бағасын түсінетін, өзін «Миуашы» атап кеткен Рисалей-Нұрдың желі басылық қызметін атқарушы бауырымның осы жолғы хаты мені қатты қуантты. Өйткені Хулуси, Хаккы сияқты жиырма жылдан бергі өз ара сүйіспеншілік, достық, бауырластық бүгінге дейін жалғасумен қатар, олардың Рисалей-Нұрға деген алаңдаушылығы, табандылықтары араларындағы шынайы қарым қатынастар сияқты әлі де жалғасуда. Барған сайын шайқалмастай болып, нығая түсуде. Рисалей-Нұрға осындай шынайы ықыласқа ие, басқаларға үлгі боларлық шәкірттер бергені үшін Аллаһқа шүкір етемін. Олар да ақиқат жолында ықыласты болып Нұр қызметінде сабырлылық танытып, шүкір етуде.

98ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІМанағы айтқан «Миуаның» айналасындағы аттарын атамасам да белгілі үнемі алаңдап отыратын бауырларым, әсіресе Барладағы сенімді бауырларым мені ойша сол аймақтарға жетелеп кетеді, Барланы, сол маңдағы тауларды аралатады. Мен солармен және сол маңдағылармен үнемі байланыстамын, ұмытпадым. Оларға мың сәлем. Қаламы жүйрік Қозжалық Хасан Шүкірдің хаты мені қатты қуантты, сәлем айтыңдар. Бейкүнәларға (балаларға) жазу білмейтіндерге, қарындастарға, жазумен айналысып жатқандарға, барлық бауырларыма жеке-жеке сәлем жолдап, дұға етудеміз.БауырларыңСаид Нұрси* * * * *Соттан маған қайтарлығанымен, қолыма тимей тұрып, почтадан қайта жинатылып алынған хаттардың арасынан мүбәрактар тобының хас батыры Кішкентай Әлидің хатын көрдім. Әр екі жыл сайын Рисалей-Нұр жинағын толық жазып шығуға қарар беріп, солай жасаған да екен. Осы ерлігі арқылы, менің Рисалей-Нұрдың бірінші шәкірті болған үлкен Мұстафадан Абдурахманның бейнесін және көптеген Абдурахмандардың бейнесін көрсетін боламын деген көрегендігімді растады және сол Мұстафаның міндеттерін толық орындады. Хафыз Мұстафа да Хафыз Әлидің тірі кезінде нағыз көмекші, қайтыс болған соң да шын мұрагері екендігін түрмеде дәлелдеген еді. Демек мүбәрактардың тобынан, он сегіз жыл бұрын күткен Нұр қызметін жақсылап атқарған екен, әлі де атқаруда. Сол кездерде еккен дәндері солардың орнына жеміс беруде. Барлық бауырларыма жеке-жеке сәлем айтып, дұға етудеміз.* * * * *Әзиз, Сыддық Бауырларым!Біріншіден: Сендерді өткен он мүбәрак түндеріңмен және қаситетті айттарыңмен шын жүректен құттықтаймыз. Хақ Тағала сендерді мейріміне бөлеп, жебеп, жарылқауы арқылы Рисалей-Нұрдың баспадан шығып, таралуы мен Қасиетті Құранның

99ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ісәйкестіктері көрсетіле отырып жазылған нұсқасының басылып шығуы жолында сәттілік нәсіп етсін, әмин!Екіншіден: Рисалей-Нұрдың өзегі саналар Аятул Кубра мен Хизб-і-Нұриенің де өзегі іспетті болған отыз үш кәлима-и тәухидті намаздан кейінгі тәсбихатта баяғыдан бері оқудамын, Рисалей-Нұрдағы ақиқаттардың басым көпшілігі намаздан кейінгі тәсбихатта ашыла түсетіндіктен қиялым өрістеп, сол отыз үш кәлима-и тәухидтің әр қайсысын әлемдегі жаратылыстардың әр бір сыныбының өз тілдерімен айтып жатуына мен де қосылып, айтып тұрғандай болдым. Аналардың хал тілдерінің жиынтығы менің тіліммен бірігіп кеткендей. Тамаша сезіммен оқудамын. Көшірмесін сендерге де жіберемін. сыры жатқан Хизбун-Нуриенің өзегінің-өзегінде де сол сырдың жатқанына күмәнім қалмады.Арабша білмейтіндер Аятул-Кубраның мәртебелерін жақсылап түсінсе, мына Арабша бөлім толық түсінікті болады. Арабша білмеген адам екеуін салыстыра отырып, зер сала қараса түсінеді. Мен мұны жиырма төрт сағатта бір, не таң намазының тәсбихатында немесе қатты шаршап, қиналған кезімде оқып тұрамын. Кеудем ашылып, тынысым кеңейіп, шаршағаным басылып қалады. Аятул-Кубра мен Хизбун-Нұрдың соңына жазылса жақсы болады. Аятул-Кубра мен Рисалей-Нұрдағы көптеген ақиқаттар, Рамазанда және намаздан кейінгі тәсбихатта жүрекке келіп еді. Мына «Хуласатул-Хуласаның» (өзегінің-өзегі) Рамазан айында намаздан кейінгі тәсбихатта жүрекке жетуі көп мағнаны білдірсе керек.Үшіншіден: Осы күндері жеткен хабарға қарағанда министрлер кеңесі менің тіркеу қағазымды Кастамонудан шығарып, Әмірдағына алуға қарар беріпті. Рисалей-Нұрға және шәкірттеріне тиісуге сылтау таба алмай отырғандығы түсінікті. Тек қана менің түкке тұрғысыз жеке басыммен әуре болуда... Бақылауға алуда.Мен де олардың Рисалей-Нұр шәкірттеріне тиіспей, маған ғана тиісулерін бар болмысыммен кеуде кере қарсы алатындығымды айтып қояйын. Басқа жердің бәрінде жұрт менің соңымнан еріп, мыналар оған тоқтау сала алмай жатқандай осындай шаралар қолдануда. Сендер еш уайымдамаңдар. Менің мұндай жағдайым, Рисалей-Нұр шәкірттерінің еркін әрекет ете түсуіне себеп болады. Аллаһтың жарылқауы мен мейрімі әхли дүниенің маған жасап

100ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іжатқан әділетсіздіктерін қайыры мол іске айналдырып жатыр деген сенімдемін. Онсыз да біздің ұстанымымыз бойынша, уақыт, мекен деген нәрселер өз ара сұхбатымызға кедергі бола алмайды. Шығыста, батыста, тіпті ақыретте, берзахта болсақ та біз біргеміз. Мәселен берзахтағы Хафыз Әли (р.х.) рухани түрде күнде қасымызда. Осы ақиқатқа сүйене отырып, сырт көзге бөлек болып көрінетін нәрселерге, тіпті өлімге де аса мән бермеу керек.Төртіншіден: Нұр медресесінің хас батыры ағаш ұстасы. Ахмедтің бұлбұлы, гүл фабрикасының қаламы жүйрік бағбанының бұлбұлына үндесуі жарасымды болыпты. Көктем сайын өсімдіктердің хайуанаттарға азық жеткізуіне барлық құстардың атынан бұлбұлдың қошемет көрсетуі, солардың сөзшісі іспетті ғой. Рисалей-Нұрға құстар да алаңдаулы екендігі белгілі, солардың басында бұлбұлдың тұрғаны жөн еді, міне ол да келді.Сафранболылық ықыласты бауырымыз Мұстафа Осман, осындағы бауырларыма бір-екі хат жолдадым дейді. Хаттарына жауап ала алмағанына алаңдап, уайымдайды екен. Уайымдамасын... сақтық үшін ықтият қылып, Спарта арқылы хабарласып тұрғандықтан, оған өз алдына жеке хат жазылмай қалғанын уайымдамасын. Кастамонулық бауырымыз да уайымдамасын. Тіркеу қағаздарымның мұнда алынуы Кастамонумен байланысымды азайтпайды. Керісінше бұрынғыдан да көбірек сол жақтағылармен байланысымды нығайта түседі. Мен көбіне ойша немесе рухани түрде өзімді Кастамонуның берекелі тауларында жүргендей немесе бауырларымның ортасында отырғандай сезінемін.* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым, нағыз мұрагерлерім!Айтпен құтықтаған көптеген хаттар алдым. Әр қайсысына жауап беруге уақытым да жағдаймы да жоқ. Әр бір хатты көптеген бауырларымыздың атынан бір бауырымыз жазған екен. Ол хаттарда құттықтаулардан басқа да маңызды мәселелер бар, мені қатты қуантып, борыштар етті.Айталық: Гүл және Нұр фабрикаларының атынан жазған Хусревтің хаты мені қуаныштың көз жасына буды. Хаусревтің жақсы бір қасиеті сол – осы уақытқа дейінгі маған келген хаттарының еш


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook