Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Әмірдағы Лахикасы-1

Әмірдағы Лахикасы-1

Published by risalekz, 2021-02-16 07:32:30

Description: Emirdağı Lahikası-1

Keywords: Risale-i Nur

Search

Read the Text Version

251ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іалаң болмаңдар. сырына орай, бұл оқиға зұлымдық етушілердің моралдық-материалдық тозаққа түсуіне ал Нұршылардың дүниелік те ақыреттік те жұмақтық өмірлеріне жол ашады, ИншаАллаһ.Үшіншіден: Осы хатқа байланысты кеше қасыма келген ресми қызметкерге былай деген едім: Бұрынғы Саидтың өмір тарихындағы үш керемет оқиға, қазір түсінікті болды. Келешекте ортаға шығар Рисалей-Нұрдың кереметі екен. Айта кетейін: отыз бірінші март оқиғасында Әрекет армиясының қол басшысы Махмуд Шевкет Паша маған қатты шүйлікті. Әскери трибуналда мені соттап жатқанда, көз алдымда он бес адам дарға асулы тұрды. Әскери Трибуналдың төрағасы Хүршид Паша менен: Сен де шариғат қаладың ба? Шариғат қалағандар міне былай дарға асылады, деді. Мен де оған: Шариғаттың бір мәселесі үшін мың жаным болса да пида етемін, дедім. Мені соттау үшін себеп көп еді. (Хабар жеткізушілердің жаласы да) Бір ауыздан ақтау қарарын берді.Сондай-ақ бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, Стамбулда Ағылшынның бас қолбасшысшысының қолына менің Ағылшындарға қарасы жазған «Хутуват-ы Ситте» кітапшам және дінбасыларына қатты айтқан сөздерім жетіпті. Менің көзімді құртуға жүз пайыздық мүмкіндігі бола тұра райынан қайтып, тиісе алмады. Сондай-ақ Анкарада Президент басшылық еткен жиында көптеген депутаттардың алдында Мұстафа Кемал маған дауыс көтеріп, «Сені мұнда шақыртуымыздың себебі, сенің жоғарғы дәрежедегі пікірлеріңнен пайдалану еді. Сен келіп намазға байланысты нәрселер жаздың, арамызға іріткі салдың», деді. Мен оның ашулануына қарсы, «Намаз оқымаған адам қиянат етуші болғаны, қиянатшыл адамның сөзін тыңдауға болмайды» дедім. Оңдырмай сағын сындырдым. Айналамызда тұрған депутат достарым абдырап қалды. Мені жазалайтын шығар деп ойласа керек. Маған жасағандарына өкініш білдіріп, райынан қайтуы, жойқын бір күш пен бір ақиқатты сезіп, кері шегінгендей. Келесі күні қабылдау бөлмесінде оңашада «Хужумат-ы Ситтенің» «Бірінші айласындағы» мәселен Аясофия Мештінде игі жайсаңдар ... деп басталатын жерден бастап, «Екінші айлаға» дейін бір сағат бойы толық оқып шықтым. Бүкіл принциптері мен сезімдерін

252ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іжаныштасам да маған тиіспейді, тіпті жағынып қалуға тырысты. Осы үш қатыгез, әдеттен тыс қолбасшылардың таң қаларлық жағдайлары, Бұрынғы Саидтан қаймыққандай болулары, келешектегі Рисалей-Нұрдың қаһарман шәкірттерінің рухани келбетінің ерекше күші мен Рисалей-Нұрдың жарқын кереметі екендігінде күмән жоқ.Төртіншіден: Бауырымыз Якуб Жамалдың Денізлі шәкірттерінің атынан Рамазан айы мен Қадір түніне байланысты құттықтауына қарсы мың бәрекелді дейміз. Сондай-ақ нәпсімен күресуіне Веффакакаллаһ дейміз. Ағылшын мемлекетінің астанысында хатшылар күрсісінен «Енді Ағылшын елі Исламды қабылдауы керек» деп айқай салынғандығын және адамзатқа нағыз керек нәрселердің барлығы тұрған Құран аяттары жеке жеке оқылып, тәпсірленіп, баяндалғандығын достары газеттен оқығандығын жеткізуде. Бауырымыздың бұл хабарына Әлхамдулиллаһ дейміз. Ол елдің дүниесін де салтанатын да бақытын да тек сол арқылы құтқарып қалуға болады.Мүбәрактардың хас батыры, Нұрдың үлкен Абдуррахманы, асқақ рухты кіші Әлидің «Лемааттағы» жетістіктеріне мың бәрекелді дейміз. Сондай-ақ бейкүнә баласы Нұр Мехмедтің қари болуына мың Машаллаһ Веффакалаһ дейміз. Алайда «Лемалар» жинағында, «Сиражин Нұрға», «Сикке-и Ғайбиге» және «Тылсымдарға» енгізілген бөлімдер қайталанбауын өздеріңе тапсырамыз. Барлығына мың сәлем...* * * * *Менің жеке басым жайлы былай десін. Біздің анық көз жеткізгеніміз, бұл адам аты-жеті айдан бері қатты ауырып жүрсе де, өзіне назар аудартпау үшін, мән бергізбеу үшін, аса құрметтейтін докторларға бармады, дәрі де алмады. Дүниеге назар аудармау үшін және Иман жолындағы қызметінде ықыласты жоғалтып алмау үшін он жылдан бері (сотта дәлелденгеніндей) Дүние жүзілік соғысқа да назар аудармаған. Саясатқа не дүниелік істерге тартып кетпеуі үшін жиырма бес жылдан бері бір де бір газет оқымаған, тыңдамаған барлық бауырлары мен шәкірттерін де араласпауға шақырады. Қанша қартайып тұрса да бос күмәндарға негізделіп ол кісіге жасалып жатқан қысымдарға төтеп беріп, күн көріске байланысты не жан тыныштығына байланысты үкімет орындарына шағымданбады. Аса

253ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іқажет болмаса ешкімді қабылдамайды. Ешкімнен көмек алмайды және былай дейді: Мен бұл халыққа бұл елге ең үлкен қызмет деп білетін Иманды арттыру жолында, Қасиетті Құранның қазіргі замандағы рухани мұғжизасы болған иман ақиқаттарын дертіме дәрі екенін біліп, қағазға түсірдім. Екі жыл бойы үш сот пен Анкарадағы сарапшылар сараптама жүргізген соң, халыққа, елге еш қандай зияны жоқ екендігіне байланысты бір ауыздан қарар беріп, ақтау шешімін шығарған соң, Иман жолындағы бұл қызметті жалғастыра беру үшін, жолдастарының ол кітаптарды көбейтіп бастыруына рұқсат беріпті. Бұл мемлекет пен халықтың және үкіметтің де осы кітаптарға аса мұқтаж екендігін осы кісіден естідік.Кейбір үкімет мүшелерінен осы кітаптарға ие болса деп күтуші едім. Өйткені мен өлуге жақынмын. Оның үстіне екі қолым байлаулы, ие бола алмаймын. ИншаАллаһ, Ахмед Хамди сынды діндар, қолында мүмкіндігі бар жандар менің орныма ие болады деген үмітпен, көңілімді жұбатамын. Бұл елдің және барлық мұсылмандардың алдында атқарар қасиетті борыштарыңыздың ұлы сотта сіздерге шапағатшы болуы үшін дұға етеміз. Екі кісіге арнайы сәлем жолдаймыз.* * * * *Әзиз, адал бауырларымБіріншіден: Қадір түні ойыма келген терең ақиқаттың өте қысқаша баяны.Адамзат екінші дүние жүзілік соғыстың зардабы мен орасан зұлымдығын бастан кешірді. Бір залымның кесірінен жүздеген жазықсыз жан зиян шекті. Соғыстан жеңілгендер үмітсіздікке түсіп, жеңгендер үстемдігінен айырылып қалмаумен әлек. Қираған қалаларды қал пына келтіру өзінше бір мәселе. Сондай-ақ, дүниелік өмірдің расында баянсыз, ал мәдениет қиялының жалған әрі алдамшы екеніне әбден көздері жетіп, көңілі қалды. Адам баласының жоғары деңгейдегі қабілеті, оның ішкі дүниесі, армандары тас-талқан болды. Бейқамдық пен адасудың берік қорғаны саналып келген меңіреу табиғатшылдық ұғымы Құранның алмас қылышымен парша-парша болды. Сондай-ақ, адамды ғапыл қалдыратын, сан адастыратын құйтырқы саясаттың бет пердесі ашылды.Міне, соңғы кезде Солтүстікте, Батыста, Америкада байқалған–

254ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іындай, адамзаттың нағыз арманы болған бақи өмірді бар күшімен іздейтін күн туады. Оған мына дүниелік өмірдің осындай жағымсыз да өткінші екені баршаға көрінуі зор ықпал етеді. Ал, бұл тұрғыда Кәламуллаh, яғни бір мың үш жүз алпыс жылдан бері әр ғасырда үш жүз елу миллионнан астам шәкірті бар және миллиондаған қарилардың жадында сақталып келе жатқан, басқа ешбір кітапта кездеспейтін ерекшеліктерге ие, адамзатқа бақи өмір мен мәңгі бақыттан дәйекті де ақылға қонымды түрде хабар беретін, оның рухани жарасына нағыз ем, дертіне шипа болар Қасиетті Құран қайта-қайта, қуатты да қатаң ескерте отырып, мыңдаған аяттарымен, бірде ашық, бірде құпия түрде әрі бұлтартпас айғақтарымен, бұл өмірден кейін мәңгі өмір басталатынын және мол бақытқа бөленудің шындық екенін сүйіншілеп, хабар береді. Әлбетте, адамзат ақылынан мүлдем адаспаса, заттық немесе рухани қиямет қайым болмаса, Швеция, Норвегия, Финляндия және Англияның Құранды қабылдауға ұмтылған атақты ойшылдары, сондай-ақ Американың хақ дін іздеген белсенді ұйымдары, сондай-ақ Жер шарының ірі құрлықтары мен елдері Қасиетті Құранды шарқ ұра іздейтін болады. Мәнісін түсініп, ақиқатына көзі жеткен соң жан-тәнімен қабылдайды. Себебі, бұл тұрғыда оған тең келер ешбір кітап жоқ, болмайды да. Ешбір кітап ең ұлы мұғжизаның яғни Қасиетті Құранның орнын баса алмайды.Екіншіден: «Рисалей-Нұр» осы ұлы мұғжизаның қолындағы алмас қылыштың қызметін атқарып, қасарысқан дін дұшпандарын тізе бүктіруде. «Рисалей-Нұр» Құраннан нәр ала отырып, жүрек, рух, тағы басқа сезімдерді нұрға бөлеп, Құран ақиқаттарын әртарапқа жаюда. Құраннан басқа ұстазы, бұлағы болмаған «Рисалей-Нұр» делдалдық міндетін толық атқарып келеді. «Рисалей-Нұрға» қарсы үгіт жүргізушілердің еңбегі зая кетті. Құдайдан безген қырсықтардың жауырынын жерге тигізіп, дінсіздіктің алынбас қорғанындай болған «табиғат жаратты» деген ұғымды «Табиғат рисалесі» кітапшасы тас-талқан етті. Мәңгүрттік ұйығына батқалы жүргендерге «Аса-й Мұса» кітабындағы Миуаның Алтыншы мәселесі және Бірінші, Екінші, Үшінші, Сегізінші айғақтары құтқарушы болып, иман шарттарын ғылыми тұрғыдан дәлелдеп шықты.Әлбетте бізге де қажет, халыққа өте қажет, болып тұрған қазір рұхсат та беріліп жатқан діни сабақтар өткізу үшін жеке дәрісханалар ашуға рұхсат берілуіне орай, Нұр шәкірттері мүмкін

255ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іболғанынша барлық жерде шағын Нұр дәрісханаларын ашуы керек. Жұрт өздігінен оқып та біраз пайдасын көрер, бірақ бәрі бірдей барлық мәселелерді толық түсіне алмайды. Иман ақиқаттарын түсіндіретіндіктен, бұлар бір жағынан ілім, екінші жақтан оқу-зерделеу, һәм құлшылық. (Сілтеме ) Бұрынғы Медреселерде бес-он *жылда қол жеткізетін нәтижелерге Рисалей-Нұр медреселері бес-он аптада қол жеткіздіреді, жиырма жылдан бері солай жасап келеді. Үкіметке де халыққа да отанға да дүниелік, саяси өмірге де ақырет үшін де аса пайдалы Құрани нұрлардың делдалы болған Рисалей-Нұрға тиісу былай тұрсын, толықтай қолдап, жарыққа шығаруға тырысулары аса қажет. Сонда бұрынғы сұмдық күнәларына өтеу, алдағы сұмдық бәлелер мен анархиядан қорғайтын болады.Үшіншіден: Осы Қасиетті Рамазанда Құранды рахаттана, құлшына оқуға аса мұқтаж едім. Алайда, ауыр дерттің, моралдық-материалдық қиыншылықтардың, әлсіздіктің, әрі түрлі шаруалардың әсерімен орындай алмағаныма өкіне бастадым. Хусревтің тамаша жазған мұғжизалы паралары мен Хафыз Әли мен Тахирге көп сауап жаздырған жарқын да кереметтерге толы «Хизбул-Әкбар-и Құраниені» бірінен соң бірін оқи бастағанда бірденен рахатқа бөленіп, құлшыныс пайда болды. Шаршағанымды ұмытып кеттім. Еш қандай уәсуәсаға жол қалмады, Құранның тамаша сабақтарын тыңдап отырғанда, ИншаАллаһ мүмкін болса мұғжизалы Құранымызды «Хизбүл Әкбар-ы Құрание» сияқты етіп, фото көшірме арқылы бастыруды жан-тәніммен қаладым.Саид Нұрси* * * * *Бізден алып қойған кітаптарды Нұрлардың жеңістерінің рухани табыстарының арқасында, сендерге қайтарып беруі аса үлкен қайырлы іс. Нұрлардың толық еркін таралуына себеп болғандықтан Нұрдың жеңісіне жол ашуда Алил Әли Осман мен шіліңгір Әли сынды Нұрдың аса еңбекқор (шәкірттері) Біреу біліп тұрса, үйренуге мұқтаж болмаса да құлшылыққа мұқтаж немесе Аллаһты тани түсуге мұқтаж және өзін Аллаһтың алдында тұрғандай сезінуден ләззат алар. Сондықтан барлық жанға да қажет сабақ.

256ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ібауырларымыздың құттықтауларын (қабыл алып), шын жүректен айттарың, Қадір түндерің және сауабы мол, Нұр жолындағы тамаша қызметтерің құтты болсын демекпіз. Аман-есен болып, табысқа жетулері үшін дұға етеміз. Олар бір жағынан алғанда Нұр жамағатын мәңгілік борыштар етті. Аллаһ Разы болсын. Әмин! Әли Османның хатында аты аталған бауырымыз бен қарындастарымызға жеке-жеке сәлем жолдап дұға етудеміз және олардан да дұға күтеміз. Мүбәрак бауырымыз Казымның рухына Аллаһтан рахмет тілейміз, қабірі нұрға толсын, әмин!Әли Османның қаламының бір кереметі, бізге жіберген он бес рисалені, сол күні, Кония Нұр медресесінен келген екі шәкірт, дәл осы рисалелер бізге қажет деген соң, соларға берілді. Әли Османға ауқымы кең аймақтардан сауап жазғызатын болды.Бауырларымызға мың сәлем жолдап, дұға етеміз.* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым!Нұрдың жас батырларының бірі мұғалім Мұстафа Сұңғыр, Эфланидегі, Сафранболудағы, Кастамонудағы, Инеболудағы, Дадай мен Арачтағы бауырларымыздың атынан айт құтты болсын деп айтуға келді біздің жанымызға. Біз де оны кішкентай Саид ретінде, сендерге және барлық бауырларымызға моралдық-материалдық мейрамдарыңмен құттықтауға жібердік. Ал Әмірдағының Сүлейман Рүштүсі болған еңбекқор Мехмедті «Сиражун-Нұрды» алсын және сыртқа кеткен кітаптардың жайын білгін деп Стамбулға жібердік.Нұрға қарсы шығушылар, жан-жақты жеңіліс тапқан соң, сырт қарағанда бізге онша жақсы көрінбегенімен, ақиқатында Нұрларға пайдалы болатын жоспар жүргізуде. Нұршыларды таратып, маңызды адамдарды жан-жаққа бөліп жіберетін жағдай туғызуда. Ал олардың тарауы ауызбіршіліктерін бұзған жоқ. Олар барған жерлеріне қажет еді. Мәселен: Мұхарремді Табасқа, Мұстафа Османды Қарабүкке, Рефетті Стамбулға дегендей... бауырларымыздың таралуына себептер туғызуда. Бұл бауырымыз оларға сездірмей, өз қалауларымен кетіп жатқандай болуда. Ақиқатында бөліп жіберу ниетімен жасалса да байқатпай осындай орта қалыптасуда. Тағы бір жоспарлары, түрмеге

257ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іқамалуымыз керек болса да, ойбай қамалмасын дейді. Себебі: Денізлі түрмесінің Нұр медресесіне айналып, ол жақтан да басқа түрмелерге кеткендер барған жерлерін нұрландыра бастауы, жасырын жауларды әбден састырды. Сондықтан біздің түрмеден шығуымызды олар да жақтады. Сондай-ақ әділет орындары Рисалей-Нұрдың ақиқатына біршама мойынсұнып, келешекте туындар қатты қарсылықтардан тартынып, өзім білемдік заңдардың бізге тигізер зиянды жақтарына назар аудармады. Кейбір қырсық дінсіздер Нұрдағы ақиқаттардан жеңіліп, қарсыласуды доғарды. Жасырын жаулар; Ойбай түрмеден шықсын, әйтпесе түрмелер Нұр медреселеріне айналар деп, үш тобы да бір ауыздан ақталып шығыуымызды жақтады. Бұл да Иләһи жарылқаудың Рисалей-Нұрға берген бір кереметі. Осы ғасырдың үш үлкен қолбасшысын қорқытқандай болып отыр. Отыз бірінші март оқиғасында әрекет Армиясының Бас қолбасшысының, бірінші дүниежүзілік соғыста Стамбулға басып кірген шет елдік қолбасшының, Анкарадағы басшылық мәжілісте ең қорқынышты басшының арынын басқаны сияқты үш соттың да нақты дәлелдерімізге қарсы мың сылтау табатын мүмкіндіктері бола тұра, шыншыл, бейбітшіл бола қалып, бір ауыздан ақтау қарарын берулері әлбетте Құранның бір рухани мұғжизасы болған Рисалей-Нұрдың кереметі, деген рухани ескертуді сезіп, жазып отырмын. Бірақ ешқандай түзетусіз, тексерусіз, алғашқы жазылған қалпы жіберіп отырмын сендерге.* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым!Біріншіден: «Сиражун-Нұрдың» біреуі дайын, екіншісінің бір бөлігін алдық. Қателері өте аз. Қателері көрсетілген тізімді қоса жіберіп отырмыз.Екіншіден: Спарта рухани түрде Медресетүз Зехраға айналып отыр. Сол берекелі дәрісханадағы (қаладағы) билік осы уақытқа дейін барынша түсіністікпен қарауда. Полиция бастығының өзі бас болып, Рисалей-Нұрға ризашылықпен қарауда. Біз ол жердегі билікке достық назармен қараймыз. Не жасаса да ренжімеңдер, ренжімейміз. Осы уақытқа дейін бізге көп қысым жасамауының

258ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іарқасында аса маңызды, хайырлы істер жасалды. Қазір жан-жақтың бәрінде емін еркін жарыққа шығару, (Сырран Тәнаууарат) сырына қайшы келетіндіктен, біршама ықтият болған жөн.Үшіншіден: Дадайлық беделді мұғалімдердің бірі және қымбатты Нұр шәкірті Хафыз Хасанның және екі Нұршы баласының, дәрігер Хаққы мен Хүснүнің, Арачтың, Тахирдың және Дадайдағы Фуад сынды қымбатты бауырларымыздың айтпен құттықтауларына жауап ретінде шын жүректен өткен айттары және Нұр қызметіндегі табанды еңбектерінің жемісі құтты болсын демекпіз. Хаттарын «Қосымшаға» енгізу үшін қоса жіберіп отырмыз.Төртіншіден: Нұрдың хас батыры Рефет бауырымыз,өзіне сай, Абдүлахад атты молданы, Рисалей-Нұрға шын берілген бір бауырын тауып алыпты Стамбулдан. Хақ Тағала екеуін де үнемі табыстарға кенелтсін, әмин!Бесіншіден: Бір кездері бұрын-соңды көрмеген жағдай болады. Ата-аналарын қатты сағынған балалар сияқты, екі жастан он жасқа дейінгі балалар пәуескемен қырға шыққан кезімде ұзақтан жүгіріп келіп қолыма жармасқанда бұның сыры не деп түсіне алмап едім. Бірденен ескерту жасалды. Бұл бейкүнә балалар алдын ала сезуі қбілеттері арқылы ілгеріде Рисалей-Нұр арқылы бақытқа қол жеткізетіндіктерін, рухани қауіп қатерден құтылатындықатарын, бәлкім солардың кейбіреуі шәкірт болатындықтарын және бұл жердің моралдық-материалдық беделді адамдарымен тіл табыса алмайтындығымнан, жер аударылғандарға еркіндік берілуіне байланысты бұл жерден кетіп қалмауым үшін, немқұрайлы үлкендердің атынан «Біз Нұр жамағатындамыз, бізді тастап кетпе» деп жатқандығын сездім.

ҺУӘНЫҢ СЫРЫАса қадірлі де адал бауырларым![Бауырларым, (Одан басқа Тәңір жоқ) және (Айт: Ол – Аллаh) сөйлемдерінде кездесетін сөзіне және оның тек заттық жағына ғана пікір жүргізіп, ойша жасаған саяхатымда кенет ауада өте нәзік, тым күрделі ұғым тәухидтің ұшқынын яғни Аллаhтың бір екендігін мегзейтін ишаралар көрдім. Ауадағы құбылысқа иманды көзбен қаралса, түсінуі тым оңай әрі сөзсіз жеңіл екенін ал, күпір мен имансыз көзқараста тым мүшкіл әрі тығырыққа тірелетін мыңдаған тұйықтар бар екенін көрдім. Сол бір терең де күрделі сырды қысқа бір ишарамен баяндап берейін]Мәселен, алдымыздағы құтыда гүл өсіп тұр делік. Егер, құтыдағы гүлдерді Аллаhтан басқа біреу яғни табиғат жаратты не болмаса се-бептердің салдарынан пайда болды десе, онда мына құтының ішінде шағын мөлшерде жүздеген, тіпті дүниеде гүлдің қанша түрі болса сонша мағынауи яғни, көзге көрінбейтін мәшинелер, зауыттар, өнеркәсіптер болуы керек. Не болмаса, манағы бір уыс топырақтың құрамындағы әрбір атомның бейне бір Жаратушы тәрізді ұшан-теңіз ілімі мен шексіз құдіреті болып, құтыдағы сан-алуан гүлдерді түрлі-түрлі ерекшеліктерге сай, сан-алуан етіп, тірі бөлшектерімен бірге жаратып жатқан керемет біреу болғаны ғой.Дәл сол сияқты, Аллаh Тағаланың әмірі мен билік алаңы болып табылатын ауаның, желдің әрбір бөлшегінде, тіпті бір ғана тыныста яғни бір ауыз сөзіндегі ауада, шағын мөлшерде, әлемдегі барлық телефондар, телеграфтар, радио, теледидар сияқты толып жатқан байланыс жүйелерінің орталығы орналасып, манағы қыруар жұмыстардың бәрін бірге, бір сәтте атқаратындай құдіретті болуы тиіс немесе мына сөзіндегі ауаның, құрамындағы әрбір молекуласы, тіпті әрбір атомы әлемдегі бүкіл телефон

260ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іпайдаланушылардың, сансыз телеграфшылардың, радио арқылы сөйлеп жатқандардың, қысқасы бүкіл әуе толқынын пайдалану шылардың қасиеттері мен қабілеттерін біліп, өзі де сол қасиеттерге ие керемет болуы қажет. Сонымен қатар, олардың барлық тілдерін біліп, дереу басқа молекулаларға үйретіп, жеткізіп отыратын шебер болуы тиіс. Өйткені, бұл құбылыс ап-анық көрініп, аталған қабілет ауаның барлық бөлшектерінде кездесетіні мәлім.Міне, кәпірлер мен материалистердің және табиғатқа табынушылардың яғни, табиғаты сондай деп ойлайтындардың көзқарасы қаншалықты қи сын сыз, мүшкіл әрі тығырыққа толы жөнсіздік екені анықталды. Ал, егер ол гүлді Сани-ы Зүлжәлал (Айбары зор шебер ұста) жаратты десек, онда ауаның барлық бөлшектері Оның тіл алғыш әскері тәрізді. Бір бөлшектің белгілі бір міндет атқарғанындай ауа қабаты да қыруар, алып істерді Халиқының (Жаратушы) құдіретімен, Оның күш-қуатымен, Оған арқа сүйеу арқылы әп-сәтте атқарады. Жылдам атқаратыны сондай, найзағай сияқты тез, деп айтқандай жеңіл, ауа толқынындай оңай. Былайша айтқанда, ауа қабаты Аллаhтың құдірет қаламының көптеген таңғажайып жүйелі де көркем жазбаларына арналған бір парағы тәрізді. Оның бөлшектері болса, сол қаламның ұштары, ал бөлшектердің атқарар міндеттері болса, тағдыр қаламының нүктелері тәрізді. Үлкен құбылыстар бір ғана бөлшектің қозғалысындай жеңіл атқарылады.Міне, менің және сөздеріне саяхат жасап, ауа қабатын тамашалап, зерттеген сәтімде, осы күрделі де терең ақиқатты өте анық әрі \"айнеляқин\" түрде яғни көзбен көргендей аңғардым. Соны мен қатар, сөзінде және ауасында керемет жарқын аят, бір айғақ, Уахи диеттің (Уахдет - барлығын бір Аллаһтың жаратуы) сәулесі бар екенін ұқтым. Сонымен қатар мағынасында да, ишарасында да өте нұрлы Әхадиеттің (Әрнәрсені жеке-жеке толық жаратуы) көрінісі мен қуаты, күшті тәухид айғағы бар екенін және есімдігінің тура және жанама ишарасы \"кімді мегзейді?\" деп ойлағанымда, бұл ишарада яғни, әлгі айғақтың ішінде айқын түрде сілтеме-жауап болғандығын, сондықтан Қасиетті Құран, hәм зікір салушылар тәухид мақамында осы киелі сөзді көп қайталайтынын ғылыми түрде біліп, көңілге түйдім.

261ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІИә, мәселен көлемі бір нүктедей ақ қағазға, екі-үш нүкте қойылса шатасып кететіні, бір адам бірнеше жұмысты бір сәтте атқаруға тырысса сасқалақтап қалатыны, жануарға көп жүк артылса астында езіліп қалатыны, тіл мен құлақ бір мезгілде сан-алуан сөздерді қатар айтып әрі тыңдаса сөзсіз жүйесі бұзылып, шатыстыратыны белгілі. Алайда, сөзін өзіме кілт әрі құбыланама жасап, пікірмен жасаған саяхатымда ауа құрамына мыңдаған сан-қилы нүктелер, әріптер, сөздер жазылып жүктелсе де немесе жүктеле қалған жағдайда шатаспай, іркілмей, қалыпты жүйесін бұзбағанын, сондай-ақ бір емес, көптеген, түрлі-түрлі істерді атқарса да шатаспайтынын анық көрдім. Әлгі ұсақ бөлшектерге өте ауыр жүк артылса да ешқандай әлсіздік байқалмай, кешікпей, еш қиналмастан жүйелі түрде таситынын байқадым. Мағынасы сан-алуан, түр-сипаты әртүрлі сөздер сан-алуан үлгіде, түрлі мақамда әлгі кішкене \"құлақтар\" мен \"тілдерге\" кіріп-шығып жатса да бір-бірімен араласпай, өзгергеріске ұшырамай манағы кішкене құлақтарға кіріп, әлгі өте ұсақ тілдерден жүйелі түрде шығып жан-жаққа жайылып жатқанына куә болдым. Сондай-ақ әрбір ұсақ бөлшек мына ғажап істерді атқарып қана қоймай, сонымен қатар, еркін әрі жағымды да тартымды хал тілімен және жоғарыда аталған ақиқаттың қолдауымен, әрі өзіндік тілдерімен және деп зыр жүгіретіндерін білдім. Тіпті, боранды дауылдарда, сондай-ақ найзағай, күн күркіреу сияқты ауаның жүйесін күрт бұзатын жағдайларда да өзінің реттілігін бұзбайтынын, міндет-тапсырмасын толық орындайтынын, алжаспайтынын, бір іс басқа бір іске кедергі болмайтынын \"айнеляқин\" көрдім. Демек, атейістік ұғым бойынша бұл істердің атқарылуы үшін әрбір атомның, әрбір бөлшек ауаның шексіз санасы, мұхит ілімі әрі ерлігі мен асқан күш-қуаты, құдіреті, сондай-ақ бүкіл атомдарға әкімшілік ететін үстемдігі болуы тиіс. Бұл дегенің әлемдегі атомдар санынша жөнсіздік пен ақымақтық емес пе? Мұндай сорақы пікір шайтанның ойына да келмес. Олай болса, мына ауа, түрде Зат-ы Зүлжәлалдың ұланғайыр ілімімен, даналығымен жұмыс атқарып жатыр. Ол \"хаққаляқин\",\"айнеляқин\", \"ғылмеляқин\" түрде анық. Ауа қабаты құдірет пен тағдыр қаламының сан құбылатын парағы. Сондай-ақ, бір \"Ләух-і махфуздың\" мына құбылмалы әлемде, дамылсыз атқарылатын Иләhи істерге бір \"Ләух-і махф уә испат\" дейтін бірде өшіріп, бірде

262ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іжазатын тақтасы тәрізді. Міне, ауаның тек дыбыс тасымалдауындағы аталған Уахданиет сәулесін яғни, барлығын бір Аллаh істейтінін жоғарыда баяндалған таңғажайыптар арқылы куә болдық. Әрі дінсіз көзқарастың көптеген жөнсіз де қисынсыз жақтарын байқадық. Және ауа қабаты бұдан да басқа маңызды да күрделі істер атқаратынын ескере кеткен жөн. Ол, электр тоғын, тартылыс пен тебу күшін, жарық секілді заттарды тасымалдау кезінде еш шатаспай, ұқыпты түрде, тіпті бір жағынан дыбыс тасымалдаса бір жағынан әлгі істерді бір мезетте атқарып жатады. Сондай-ақ барлық өсімдіктер мен жануарлардың тыныс алуы мен ұрық шашып тозаңдануы сияқты тіршілікке аса қажетті заттарды да тасымалдауға жүйелі түрде себеп болып отырады. Бір таңғаларлығы, осының бәрін бір мезетте, жүйелі атқарып жатса да еш әлсіреу, кешігу, баяулау байқалмайды.Міне, бұл аталған құбылыстар, ауа қабаты Аллаhтың әмірі мен ерік алаңы екенін анық та шүбәсіз дәлелдейді. Жәй кездейсоқтық пен соқыр қуат, меңіреу табиғат пен саңырау себептердің және дәрменсіз де жансыз әрі надан материяның мына ауаның парағына жазу жазуы, әлгіндей күрделі іске араласуы әсте мүмкін еместігін \"айнеляқин\" түрде көрсететініне шүбәсіз иландым. Әрбір атом, әрбір ұсақ бөлшек өздеріне тән хал тілдерімен және дейтінін естідім. Мына сөзі бейне бір кілт секілді материалдық тұрғыда ауадағы осы ғажайып сырды ашып көрсеткеніндей орасан зор ауа қабаты да бір сөзіне айналып, мысал әлемі мен мағына әлеміне жол ашылды.Қалғаны әзірге жаздырылмады. Баршаңызға сәлем!БауырларыңСаид Нұрси* * * * *

Бауырларым! Қам жемеңдер, Нұрлардың жарияға жар салмай-ақ жеңістерге жетелеп жатқанына қанағат етіңдер. Күні бүгінге дейін бірде бір туындының осыншалықты ауыр шарттарға қарамастан мұншама әсер етуі болған емес. Сондай-ақ, оған толық еркіндік берілмеуінің себебі мен сыры Нұрлардың ерекше күшінен дінсіздердің қорқуы. Бәлкім, қоғамдық толқуға себеп болуы мүмкін деп, оның құндылығын мойындай тұра, ресми түрде таралуынан тартынатынын дін істері төрағасы, елбасшысымен кездескенде хабардар болған көрінеді. Баяғыдай шабуыл жасап жатқан жоқ, қайта келісімге келуді қалауда. Бірақ, Нұрларды қолдаушы жағдайлар иншаллаһ әлгі бос уайымдарды ресми түрдегі жариялауға айналдырады. Көптеген менменшілдер, өз еңбектерінің құнын түсіріп алмау үшін Нұрлардың жарық көруін жақтамай қызғаныш танытуда. Уайымдамаңдар Нұрлар жеңіске жетеді.* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым!Медресетүз Зехраның жиырма сабағы мен сыйлықтарын алдым. Олардың ақысына, Ислам Академиясында (Дарүл Хикмет) ғылыми жұмыстарымен айналысқан кезде тағайындалып, қолыма берілген және сол кездері басып шығарған кітаптардың шығынынан артылып қалған ақшаны хажыға бару үшін сақтап жүретінмін. Жиырма-отыз жылға жуық керек-жарағыма, азық-түлікке жеткен тоқсан банкнот мен үшін мың банкнотқа татиды. Медресетүз Зехраның қасиетті сабақтарынан пайдалану үшін, Нұрларды жарыққа шығару жолында аса маңызды рөл атқарған Хафыз Әлидің (Р.Х.) еңбекқор мұрагері Хафыз Мұстафа (Р.Х.) арқылы сендерге жолдап отырмын. Бұл жаңа дәрістердің бағасы мен үшін «Сиражун-Нұр» және «Сикке-и Ғайби» сияқты жеті жарым лира болсын. Өйткені мен көп кісіге сыйға беруге мәжбүрмін. Сонымен қатар әр бір дәріс пен нұсқаны Медресетүз Зехраны қалыптастырушылардан мың сыйлық алғандай етіп қабылдаймын.Екіншіден: Рисалей-Нұр қажылар арқылы Ислам әлеміне жайылуда. Өзі осы маған лайық деген жанның қолына тиюде. Біздің Шамға жіберген «Аса-и Мұса», «Зүлфиқар» қолжазбаларын ғылыми

264ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ітоп он бес күн сараптаған. «Біз мұны журналдарға бөліп-бөліп жариялайық, мұның барлығын бірден басуға көп қаржы керек» деп өз бағаларын беріпті.Сондай-ақ мұны бірден арабшаға аудару үшін біраз уақыт кетеді, мүмкіндік болмай тұр. Сондықтан ол жердегі байырғы шәкіртім мен жаңадан жіберген шәкірт, кітпаты өз қолдарына алып алуға тырысқан, ақша табу үшін бастырмаған. Ол бауырым қалаған кісілерге өздері оқытқызады. Ал менің бастыруыма рұхсат жоқ. Уақыт келген жоқ. Арабшаға аудару үшін де Мысыр ғұламалары ат салысатын жоғарғы деңгейдегі ғылыми топ керек. Жарайды, қалай болғанда да, асығыстық жасалды.Үшіншіден: Шет елге жолдау үшін Стамбулға жіберген кітаптардың әзірге кетпей тұруының себебі, хажылыққа бара жатқандардың онша көп болмауы және Хажылыққа кетіп бара жатқан кісі бізге «Шекарада қатты тексеруде, бір сылтау тауып кері қайтаруда. (кітаптарды) Бұларды почта арқылы Мекке Мүкерремедегі Мехмед Әли Малики, Вазие Махалле-и Шамие адресіне жіберілсе дұрыс болады», деп хат жазыпты. Бір сылтау тауып шекарада алып қалар деп, өзімен бірге алмапты. Өте дұрыс болған екен. Өйткені қазір бұл кітаптарды менің не Нұр шәкірттерінің атынан жіберсек, қазір белең ала бастаған Ислам бірлігі саясаты Рисалей-Нұр арқылы өз күштерін нығайтуға тырысар еді, бізді де Ислам әлеміндегі саяси әрекеттерге назар аударуға мәжбүр етер еді. Ал Рисалей-Нұр Ықылас сырын негізге алады. Иман және Құран ақиқаттарынан басқа еш нәрсеге құрал болмайды, соңынан ермейді...Сондай-ақ оқырман іздемейді, оқырман өз мұқтаждығын сезіп, жарасына ем болуы үшін Рисалей-Нұрды іздеуі керек ... Ал кітап жібермекші болған мүбәрак орталықтар әзірге Нұрларға деген шынайы мұқтаждығын емес, Ислам әлеміндегі діни мәселелерді ойлауға мәжбүр... Нұрдың ұстанымына орай, менмендік, өзін көрсетіп қалу, даңққұмарлық мүлдем қабылданбайды. Бүгінгідей менмендік жайлаған заманда жұртқа өзіңді пұлдау, көзге түсу, осындай кітаптар арқылы қасиетті жерлерде Нұр шәкірттерінің аты шығуы бір шама көрініп қалуға тырысу болып кеткендіктен Илаһи тағдыр Нұр шәкірттерінің ықыласы сақталып қалуы үшін әзірге рұхсат бермеді.

265ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІТөртіншіден: Шын берілген, нағыз қаһарман, бейкүнә бауырымен бірге аз уақыттың ішінде аса құнды іс бітірген Сүлейман Рүштүнің Хақ Тағала екі дүниеде материалдық та рухани да саудасына табыс нәсіп етсін, әмин.Бесіншіден: «Хуәның сыры» өте терең, аса жинақы түрде өзегі ғана түсіндіріліпті. Бірақ кез келген адам одан да жарқын Иман Нұрын сезе алады, деп сендерге жіберіп отырмын. Бұл жазбаның соңында «Әр бір атом, өз тілімен зікір салып » деп өз жолын жалғастырады сөйлеміне «Хал-жағдай тілімен және жоғарыда айтылған ақиқаттың куәлік етуімен және айтуымен», деген сөздер қоса жазылсын. «Хуәнің Сыры» мен «Жиырма тоғызыншы мектубтың» Бесінші бөлімі болған аятына байланысты бір қиялмен самғау сондай-ақ сол «Жиырма тоғызыншы мектубтың Бірінші бөлімінде (Нәғбуду) есігі арқылы жамағат сырын көрсетіп берген қиялмен самғау да «Сикке-и Ғайбидің» аяқ жағына немесе өздерің жөн көрген жерге енгізілсін. Егер «Инаят», «Сикке-и Ғайбиге» енбеген болса оның да мазмұнын енгізуді өздеріңе тапсырдым.* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым!Естуімше Шәмси және аттарын айтпағанды жөн санамаған авторлар «Зүлфикардан» және басқа да Рисалелерден кейбір бөлімдерді өз аттарынан жарияланғанына разымын, кешіріммен қараймын тіпті қуанам. Олар да Нұр шәкірттері, Нұрларды осылай жарыққа шығаруда. Жиырма жылдан бері атақты оқымыстылар да басқа да авторлар өз еңбектерінде Нұрдан көп нәрселерді алды әлі де алуда. Мұндай достар ғана емес, ресми қызметтері бар авторлар мен Нұрдың жайыла түсуін жақтырмайтын, өз шығармаларына сұраныс артсын деп Нұрдың жарыққа шығуына кедергі болғандарды да кештім. Өйткені олардың кедергілері, басқа жақтан пайдасы тиуде, тарала түсуіне себеп болуда. Мен қазіргі жағдайларға назар аудармағандықтан біле алмаймын. Еріксіз түрде естуімше шығармалар жазып, Нұрдан ұрлап жүрген ресми қызметтегі кісілер

266ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ І«Рисалей-Нұрды оқуыңызға болады бірақ басқаларға бермеңіз», дейді екен. Нұрлар олардың кітаптарын ығыстырып тастайтындай көреді. Ал Нұрлар ол шығармалардағы ақиқаттарға қолдау танытып күш береді, сұранысын арттырады. ИншаАллаһ, уақыты келгенде олар ресми түрде бастыруға мәжбүр болады. Измирдің соты айтқандай «Рисалей-Нұрды жасыра алмайсың, басқа кітаптарға да ұқсамайды. Біреу ұрлап та ала алмайды. Қай жерде тұрса да мен Нұрдан келдім деп тұрады».Рисалей-Нұрдың ең маңызды бөлімдері сегіз жылдан бері Стмабулға жөнелтілуде және авторлар қызыға оқуда. Негізінде оған шәкірт болу шартын қабылдаса, Рисалей-Нұр кез келген адамның өз мүлкі сияқты болады. Спартадан қажылыққа бара жатқан және менің орныма да рухани түрде қажылық атқарғысы келген мүбәрак бауырларымызды хас шәкірттер қатарында барлық рухани табыстарымызға ортақ етуге қарар бердік. Хақ Тағала Медресетүз Зехраның осы жолы маған жіберген «Аса-и Мұсаның» ақшасынан қалған алпыс банкнотты қоса жіберемін.Нұр сауда орнына құтты болсын айтамын. ИншаАллаһ жақын арадағы хабарымыз Нұр сауда орнының иесі арқылы болады. Барлықтарыңа жеке-жеке сәлем.* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым!Біріншіден:«Шырақтың» жүз данасын жарыққа шығарушылардан елу банкнотқа (сатып) алдым. Өзімдегі «Аса-и Мұсадан» сатқандарымды соларға бердім. Маған соңғы рет жіберген «Аса-и Мұсадан» қалған алпыс банкнот қарызымның орнына сендерге жібердім. Жиырма-отыз данасы Медресетүз Зехрада, қалғандарын да Денізлі, Милас, Бурдур, Анталия, Айдын, Измир қатарлы жерлерге өздерің қалаған мөлшерде жіберерсіңдер. Бұлардың ең маңызды құны, (бағасы) алған адам кем дегенде он адамға оқыту. Өйткені жарыққа шыққан нұсқалар аз.Екіншіден: Соттағы қорғау сөздерің маған ұнады, тамаша. Оныншы айдың жиырма екісіне қалдыруы да қайырлы. Онсыз да олардың қолындағы бөлімдер ресми адамдардың үлесі саналады, оқысын. Оқысын кабинеттерінде тұруы қызметтерінің талабы,

267ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іақиқаттардың өзегімен шұғылдансын... Рухани сабақ алуда, алаңдамаңдар. Нұрлардың жеңісті таралымдары барған сайын артуда, көптеген ресми қызметкерлерді қамтып отыр. Ресми қызметкерлер қызығушылық танытуда, іздеп жүр, тапқан кездерінде шапалақ жесе де құрмет танытуда.Үшіншіден: Кіші Спартаның хас батырларының бірі кішкентай Ибраһим мен Салихтың хаттары мені қатты қуантты, мың Бәрекелді. Ол екі бауырымыз сол маңайдағы қымбатты бауырларымызды зиярат етіп, сау-сәлемет екендіктерін жазумен қатар Қаратеңіз жағалауындағы Орду, Синоп, Герзе, Аянжық, Зоңғылдық қатарлы елді мекендер Нұрлар арқылы Нұрланып, Стамбулда, Үскүдар жақта Нұршы уағызшы молдалар Нұр жолында еңбек етуде екен. Герзелік бір саудагер, Нұрларға аса құштар және Нұр жолында еңбек етуге қарарлы бір бауырымыздың хатын алдық. Ибраһим мен Салихқа және әлгі кісіге сәлемімізбен қоса құттықтауымызды жолдаймыз, табысты болулары үшін дұға етеміз.Төртіншіден: Ала мешіттің Имамы еңбекқор бауырымыз Ибраһим Этхемнің өзіне сай, нағыз Нұршы болған уағызшы Әли Шентүрік пен уағызшы Осман Нуридің нағыз жанқиярлығы және Нұр қызметіндегі ерен еңбектері, хаттарында өздері қалағандай хас шәкірттердің қатарына қабыл болды. Хақ Тағала оларды табысқа кенелтсін. Әмин! Әли Шентүріктің хатында аты аталған, аймақтың мүфтүсі Әли Рызаға сәлем айтыңдар және Әли Рыза атты көптеген қымбатты бауырларымыздың арасында Нұр шеңберіне кіргендігін және көп адамға жақсы үлгі бола алатындығын жеткізіңдер. Баршаға мың сәлем.* * * * *Мұғжизалы Құранымыздың Рахман Сүресіндегі тамаша сәйкестіктер көрініп тұрған параны Стамбулдағы баспагер Әзизге көрсету үшін жолдаған едік. Оған да қатты ұнапты. «Қалаған кездеріңде мұны да Хизб-і Құрание және Хизб-і Нұрие сияқты етіп фото басылыммен басып беремін», деп уәде беріпті. «Үндістанға бір миллион Құран жіберуге сөз берген едім, мына мұғжизалы Құранды соларға қоса жіберсе жақсы болады», депті. Хақ Тағала Нұршылардың еңбегін табысты етсін.

268ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ І«Сикке-и Ғайбидің» ақысы ретінде, елу «Шырақты» бастырушыларынан ақшасын беріп алдым, сендерге жіберіп отырмын. Сондай-ақ осы мүбәрак жинақтың ақысы ретінде әзірге қолданылмай тұрған және басқаларға да бергім келмейтін екі кастрюль, онбес жыл киген мақталы шапан, өте мүбәрак кітапқа тұрарлық бір шәйнек, жиырма төрт жыл қолданған ұстара, талайдан бері маған қызмет еткен бір төсек қап дайын. Қылыш Әлидің әкесі мен Ахмед Расихтың шамамен бағалауынша, кастрюль тоғыз лира, шәйнек те тоғыз лира, ұстара, мақталы шапан, төсек қап, екі сүлгі, бір іш киім, бір мақта көйлек барлығы жүз жиырма бес лира шамасында. Сол жердегі кісілер осындай баға берді. Мен одан аз баға бердім, қымбат айтып тұр деп ойлаймын. Баршаға сәлем.* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым!Біріншіден: Құрбан айттың алдындағы он түн құтты болсын, дей отырып сендерге Нұрдың екі кереметін айтайық. Ол былай: Осы күндері нұрлардың жан жақты таралуы, әсіресе мәшіңкемен таралуы жасырын жауларды әбден састырды. Жай бір оқиға болғанымен, сұмдық бір жоспар бойынша, көптеген күдік-күмәндарға, жала жабуларға себеп болар бір оқиғаға бір есуастау адамды пайдаланды. Осындай Нұрдың ең маңызды шаруаларын атқарушы адамның үйінің дәл алдында әлгі адамның бетіне төрт жарықшақ тиіпті. Дәрігер «Өлетіні анық» деді. Бұл жаралы адамның артынан қуғындау шығаратын ресми және ресми емес көптеген адамдар бола тұра, жүзден тоқсан тоғызы маңызды рол атқарушы Нұр шәкіртінен көріп, осыны сылтауратып, үйін тінтіп, Рисалелер мен хаттарды алып қойып, менің және Нұршылардың қатысы бар деп бейкүнә шәкіртке неше түрлі жала жауып, қаралуға сылтаулар табылып тұрса да сырымен тағы да Иләһи көмек келіп құтқарып қалды. Ол адамға жақын жерден бетіне төрт жарықшақ тисе де аман қалды. Еш қандай куә табылмады. Еш қандай ілік те жоқ. Жарақат алған адам кім істегенін сотқа да әкесіне де бауырына да қанша бастырмалатса да айтпай қойды, яғни айтқызылмады. Егер

269ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ібір нәрсе айтқанда түймедейді түйедей ететін мұнафықтар неше түрлі жала жабатын еді. Хақ тағаланың жарылқауымен Нұрлар да Нұршылар да қорғалып ол оқиғадан, ол жарылыстан зиян шеккен жоқ. Бұл Нұрдың кереметі екендігіне толық сенімдіміз. Сондай-ақ ол адам Нұрлардың кейбір бөлімдерін оқығандықтан, соның кереметімен аман қалды. Нұрлардан алған ақиқат дәрістерінің әсерінен мынадай жағдайда, болмысынан қырсық болса да Нұрларға зиян келмеуі үшін үнсіз қалдырылды. Сотқа да туыстарына да айтқызылмады. Алайда бір рет маған келіп, тура жолда жүретіндігіне уәде бергеніне қарамай, дұрыс әрекет етпегендіктен таяқ жеді. Тіпті жала жабылып кетуі мүмкін шәкірт те ықыласы мен табандылығында бір шама немқұрайлықтары болғандықтан мейрім шапалағын жегендігін түсіндік.* * * * *ХУӘНІҢ СЫРЫ РИСАЛЕСІНІҢ СОҢҒЫЖАҒЫНА ЕНГІЗІЛСІНКөргенім мынау болды: Мисал Әлемі, сансыз фотолар, әр бір фото әлемдегі оқиғалардың барлығын сол сәтте еш қайсысын қалдырмай, шатастырмай түсіріп алуда. Жер шарынан мыңдаған есе үлкен, ауқымды ақыретке тән синема.Уақытша нәрселердің фәни, құнсыз жағдайларын, өткінші өмірлерінің жемістерін мәңгілік тамашалау орындарында, жұмақтағы мәңгі бақытқа қол жеткізгендерге мына дүниедегі естеліктерін, сурет халінде көрсету үшін (қойылған) үлкен фото аппарат деп білдім. Сондай-ақ Леух-ы Махфуз бен Мисал Әлемінің екі дәлелі және үлгісі және екі нүктесі, адамның басындағы есте сақтау және қиялдау қабілеттері тарыдай ғана бола тұра, өте жүйелі түрде алып кітапханадағы мәліметтерді шатастырмай жазып алуы, осы екі қабілеттің (ерекше күштің) алып үлгілері Мисал Әлемі мен Ләух-ы махфузды көрсетіп береді. Ауа мен судың атомдары, әсіресе сүйық ұрықтардың суы мен ауаның атомдары топырақтың атомдарынан әлдеқайда жоғары дәрежеде хикмет пен қалау арқылы тағдыр мен Құдірет қаламымен жазылып жатқандығын, кездейсоқтық пен соқыр

270ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ікүштің меңіреу табиғаттың және жансыз, мақсатсыз себептердің араласуы мүмкін емес екендігі, шексіз Хикмет иесі Аллаһтың тағдыр атты қаламымен жазылған бет екендігі илмеляқин түрде нақты білінді. Жалғасы әзірге жаздырылмады.БауырдарыңСаид Нұрси* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым және Құранға қызмет ету жолында еңбекқор, табанды жолдастарым.Біріншіден: Биылғы Үлкен хажылықтың алдындағы қасиетті он түн құтты болсын, шын жүректен құттықтаймыз.Екіншіден: Елде де Сыртта да Нұрлардың жеңістері жалғасуда. Алайда адасушы, азғын жасырын жаулар түкке тұрғысыз нәрселер арқылы Нұр шәкірттерін уайымға салып, түймедейді түйедей етіп мазаларын алуда. Жақында көптеген кітаптарым мен үш жылдан бергі жан-жаққа жазған хаттарым сақтаулы тұрған бір шәкіртімнің үйіне жақын маңда, түн ішінде бір оқиға орын алды. Сол оқиғаны сылтауратып, әлгі шәкірттің үйін тінту ықтималы жүзде тоқсан бола тұра Хақ Тағаланың қамқорлығы, ондайдан сақтап, құтқарып қалды. Егер ақ көңіл екі бауырымызға таңертең қатты ескерту жасап ол жердегі кітаптар мен хаттарды алып кетпегенде Нұрдың айналасында да үлкен мәселе туындар еді. Ол оқиғаның бір жағында саясаттың иісі бар. Аллаһтың қамқорлығы бізді қорғап қалды. Дәл осы кезде кітаптар шығып жатыр, таралып жатыр. Біз үнсіз ғана сақ отыруға мәжбүр кезде мынадай шулы оқиға түймедейді түйедей қылатын жаулар бізді әбігерге салар еді. Илаһи қамқорлық ол жоспарларын тойтарып, бізді сақтап қалды. Бірақ осы келеңсіз оқиға рухыма ауыр соққы берді. Нұр жолындағы кызметімізге айтарлықтай зиян бере ме деген ой, өмірі сезбеген қиналыстарға душар етіп, рухани жаралар салды. Еркімнен тыс мұндай сезімдер мені жаншып бара жатыр еді. Мейірімді Аллаһ кемел мейірімін төгіп, рухымдағы жараларға дәрі жаққандай етіп, екінші күні жан қияр Нұри Бенлиді, Кастамонуның хас батыры Садық Бейді, Инеболудағы қаһармандардың бірі

271ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІИсмайлды дәрі ретінде жіберді. Он бес жыл бұрын шәхид болды деп естіген және Үбей сынды шәхид болған шәкірттерімнің қатарында дұға етіп жүрген, «Ишрат-үл Иғжаз» бен «Оныншы сөзді» бастырған Молла Хамза тірі, Иракта екендігін және Нұрларды сұрайтындығын... ел жаққа кеткен шәкіртім Әмин хат жазып сүйіншілеуде. Бұл менің жарамды толық жазып жіберді. Хақ Тағалаға шексіз шүкір етемін. Барлық бауырларымызға мың сәлем.* * * * *Әзиз, адал бауырларым!Алдыменен сіздерге басымнан өткен таң қаларлық та мұңды өмірімді және ешбір дұшпанымның, ешбір шайтанның бірде-бір адамды иландыра алмайтын жалаларын және Нұрға қарсы қолданар ешқандай қаруларының қалмағанын баяндайтын уақыт жетті.Өмірбаянымды оқығандарға мәлім, осыдан елу бес жыл бұрын, жиырма екі жасымда Битлис қаласының әкімі марқұм Омар Пашаның ғылымға деген құштарлығы мен өтінішін қия алмай, оның үйінде екі жыл тұрдым. Оның алты қызы болатын. Үшеуі бойжетіп қалған, үшеуі жас. Екі жыл бір үйде тұрсам да үлкен қыздарын бір-бірінен ажыратып тани алмайтын едім. Өйткені мән беріп қарамайтынмын. Бір күні бір ғалым досым қонаққа келді. Екі күн ішінде қыздарды бір бірінен ажыратып, танитын болды. Жұрт менің халіме қайран қалып «Неге қарамайсың?» дейтін. «Ғылымның абыройын сақтау мақсаты мойнымды бұрғызбайды» дейтінмін.Тағы бір оқиғаны айтайын. Қырық жыл бұрын Стамбулда бір мейрам күнінде көпірден Қағытханаға дейін қайық жалдадық. Қасымда депутаттар марқұм Молла Сейіт Таhа мен қажы Ілияс бар еді. Шығанақтың екі жағында серуендеп жүрген әлем-жәлем киінген Грек, Армян және Стамбулдық қыздардың жанынан өтуге тура келді. Менің еш нәрседен хабарым жоқ. Ал Молла Таhа мен қажы Ілияс мені сынау үшін кезек-кезек бақылап отырыпты. Жағаға шыққаннан кейін: «Сенің халіңе қайран қалдық, еш назар салмадың» деді. «Түкке тұрғысыз, өткіншi, харам ләззаттардың соңы өкініш пен қасірет болғандықтан, керегі жоқ» дедім.Сондай-ақ, бүкіл өмірім бойынша сыйлық алудан, біреуге кіріптар болудан, халықтың садақасы мен сый-сыяпаттарын алудан қашатынымды менімен жолдас болғандар жақсы біледі. Нұрлардың

272ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іиман мен Құран қызметінің абыройын, амандығын сақтау үшін дүниенің қоғамдық және саяси бүкіл зауықтарын, қызықтарын тәрк еттім. Қасқөйлердің дарға асу секілді бүкіл қорқытуларына бес тиындық мән бермегендігім, азапқа толы жиырма жылдық түрмедегі өмірім мен сот орындарында анық көрінді. Міне, жетпіс бес жылдан бері жалғасып келе жатқан өмірлік қағидам осылай бола тұра шайтандардың ақылына кіріп шықпайтын бір жала жауып, ресми орында отырған біреу Рисалей-Нұрдың қадірін түсіру ниетімен «Түнде табақ-табақ бал қатқан бәліштер әкелініп, жезөкшелер мен намыстан жұрдай болғандар жанына жиналады!» депті. Алайда, менің есігім, түнде сыртынан да ішінен де құлыптаулы. Әлгі бейбақтың әмірімен таң атқанға дейін бір күзетші есігімді күзетеді.Сондай-ақ, бұл маңдағы көршілер мен достарым, менің құптан намазынан кейін таң атқанша ешкімді қабылдамайтынымды біледі. Міне, осындай жалаға бір ақымақ адам есек болып кетсе, сосын шайтанға айналса да бұған сенбейтінін манағы адам түсініп, әлгіндей арам ойларынан бас тартты. Бұл жерден басқа бір жерге кетіп, қарасы батты. Әлгі кісі ресми тұрғыда маған емес, Нұршыларға күйе жағу үшін жоспар құрып, шәкірттерге күйе жақпақшы болды. Алайда, Алла Тағаланың қорғауы мен көмегі оның жоспарларын іске асырмады. Бұны айту арқылы өзімнің нәпсімді ақтап тұрған жоқпын. Қайта қасиетті иман қызметі нәпсіме бүкіл қызықтардан бас тартқызды. Иман қызметіндегі рухани қызықтар оған жетеді, дегім келеді. Нұршылардың ұқыптылық, қырағылық көрсетуге мұқтаж екендіктерін айтып тұрмын.Екіншіден: мәшинке білетін тәжірибелі, жазғышты сендерге жіберіп отырмын. Өзім ақырын жазғандықтан, бұдан кейін қысқаша жазамын, айыпқа бұйырмаңдар.Үшіншіден: Эфлани жақтағы уағызшы Мехмедке, Тевфикке сәлем жолдаймын, көрген түсі өте тамаша (Мүбәрак)Төртіншіден: Осы қазір Кастамону қаласының Хүсреві саналар Мехмет Фейзіден құттықтаулар мен Нұрдың жеңімпаздығын сүйіншілеген хат алдым. Сол қадірменді бауырымыз, бастаған Хилмиді, Әминді, бес ағайындыларды және Зехралар, Лүтфиелер, Улвиелер секілді Нұршы қарындастарымызды айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сондай-ақ, Хулусидің, Фейзінің хаттарын қоса жіберіп отырмыз.

273ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІӘзиз, Сыддық бауырларым!Нұрдың аса маңызды және өте хайырлы бір шәкірті, көпшіліктің атынан маған мынадай сұрақ қойды «Нұрдың кейбір маңызды да ықыласты шәкірттері ақыр заманда келетін Әли-Бейттен шығатын ұлы Ұстаз сен деп ойлайды. Сен қанша тартынсаң да олар бұл ойларынан қайтар емес. Сен де олардың бұл ойын қабылдамай тіреніп тұрсың. Олардың қолдарында бір ақиқат бар, нақты дәлел бар. Сен де бір ақиқатқа, хикметке сүйеніп, олармен келіспей отырсың. Бұл жерде бір қарама-қайшылық бар. Осыны шешіп беруіңізді қалаймыз». Мен де бұл кісі көтерген көптеген мәселереге жауап ретінде былай деймін. Ол хас Нұршылардың қолдарында бір ақиқат бар. Алайда екі жақты түсіндірме, жору қажет болады.Біріншісі:Көптеген хаттарымда ишара еткенімдей Пайғамбарымыздың ақыр заманда келетін уәкілінің қасиетті жамағатының рухани тұлғасының үш міндеті бар. Егер тез арада қиямет болып кетпесе және адамзат баласы мүлдем жолдан шығып кетпесе, сол міндеттерді әлгі жамағат пен Сейттер жамағаты атқаратындығын Мейрімді Аллаһтан күтеміз. Үш үлкен міндеттің біріншісі: Пән мен философияның шабуылдары адамзатқа материалистік, табиғатшылдық пікірді әбден сіңіріп тастағандықтан бәрінен бұрын философиялық және материалистік пікірлерді тоқтататын иманды құтқару керек. Мұсылмандарды адасушылықтан құтқару, дүниесін де барлық нәрсесін қиып ұзақ уақыт аса ыждағаттылықпен тер төгуді талап ететіндіктен, Хазреті Мәһдидің жеке басы бұл міндеттерді атқаруға уақыты да жағдайы да мүмкіндік бермейді. Өйткені Хазреті Мұхаммедтің (с.а.у.) халифасы болу жағын алғанда әлгі істермен шұғылдануға уақыт қалмайды. Ол шаруаларды одан бұрын бір топ атқарып қойса керек. Ол кісі (мәһди) әлгі топтың ұзақ уақыт ыждағатты түрде жазған туындыларын дайын программа ретінде пайдаланады, сол арқылы бірінші міндетті де толық орындаған болады. Бұл міндеттің арқа сүйер күші, рухани әскерлері ықылас пен өз ісіне шын берілу, нағыз ауызбіршілікке қол жеткізген бір топ шәкірттер болмақ. Өздері аз болғанымен рухани жақтан қалың әскердей күшті және аса қымбат.

274ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІЕкінші міндет: Мұхаммедтің (с.а.у.) халифасы болу атағы арқылы Исламның белгілерін қайта тірілтуі Ислам Әлемінің бірлігіне сүйеніп, адамзатты моралдық – материалдық қауіптерден және Аллаһтың жазасынан (қаһарынан) құтқару. Бұл міндеттің арқа сүйер қызметшілері миллиондаған саны бар әскер болмақ.Үшінші міндеті: Әр кезеңдердегі төңкерістердің нәтижесінде Құранның үкімдері ескерілмей, Мұхаммед (с.а.у.) жеткізген шариғаттың заңдары белгілі бір дәрежеде орындалмай қалуына орай, о кісі (мәһди) бүкіл мұсылмандардың рухани көмегімен және Ислам бірлігінің жәрдемімен және барлық ғұламалар мен әулиелердің әсіресе Әли Бейттен тараған әр ғасыр сайын миллиондаған жан қияр қайратты Сейттердің қолдауымен сол бір ұлы міндетті орындауға тырысады.Жағдай осындай болғандықтан, Нұр шәкірттері ең бірінші міндеті, ең жоғарғы мәселе болған Иманды құтқарып қалу және тахкики иманмен көпшілікке сабақ беру, қарапайым көпшіліктің иманын тахкики дәрежеге көтеру, рухани түрде хидаятқа жетелеу, иршад етушілік мағынаны Рисалей-Нұрдан көріп тұрғандықтан, екінші, үшінші міндеттер бұнымен салыстырғанда екінші үшінші дәрежеде деп Рисалей-Нұрдың рухани келбетін мәһди ретінде қабылдаулары бір жағынан алғанда жөн болар. Сол Рухани тұлғаның бір уәкілі, Рисалей-Нұр шәкірттерінің бір-біріне арқа сүйеуінен туындаған Рухани тұлғаның уәкілі ретіндегі бейшара тәржүманынына кейде сол есімді де беруде. Мұндай орын алмастыру қате, бірақ олар бұған жауапкер емес. Өйткені аса жақсы ойлау бұрыннан бері келе жатқан нәрсе, оны жоққа шығаруға болмайды. Мен де бұл бауырларымның шамадан тыс жақсы ойларын дұғаның бір түрі және Нұр шәкірттерінің кәміл сенімдерінің бір тамшысы ретінде көргендіктен араласпадым. Тіпті бұрынғы әулиелердің біразы, ғайб жайлы кереметтерінде Рисалей-Нұрды ақырзамандағы хидаятқа бастаушының нақ өзі деп көргендіктен (кәшиф еткен) ақиқат та жорамал да түсінікті болады. Демек екі жерде орын алмасу бар, жору керек.Біріншісі: Кейінгі екі міндет шынтуайтында ақиқат жағынан алғанда бірінші міндеттің дәрежесіне жетпейді. Бірақ Мұхаммедтің (с.а.у.) халифасы болу, Ислам бірлігінің әскерімен жер бетінде Исламның Салтанат құруы, жұрттың назарында, әсіресе қарапайым

275ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іхалық үшін, әсіресе саясаткерлер үшін, бүгінгі күннің ой-пікірінше бірінші дәрежеден мың есе ауқымды болып көрінеді. Бұл атты бір адамға берген кезде, осы екі міндет ойға келеді. Саяси мағынасы көрінеді, тіпті мақтангершілік мағынасы еске түсуі мүмкін. Атақ-даңқ дәреже қалау ортаға шығады. Бұрындары да қазір де аңқау, дәреже құмар кісілер мәһди боламын (шығармын) дегенді айтады. Расында да әр ғасыр сайын хидаятқа жетелеуші, біршама Мәһдилік қызмет атқарған жаңғыртушылар болған. Алайда олар үш міндеттің біреуін біршама атқарғандықтан, ақыр замандағы үлкен Мәһди деген атты алмаған.Денізлі сотында сарапшылар, кейбір шәкірттердің осындай сенімдеріне байланысты мен туралы былай деді: «Егер ол өзінің Мәһди екендігін айтар болса, барлық шәкірттері қабыл алады». Мен де оларға, «Мен өзімді Сейітпін демеймін. Қазіргі күні кімнің нәсілі кім екендігі білінбейді. Ал ақыр замандағы ол ұлы адам Әли Бәйттен болады. Алайда мен рухани ұрпағы болып саналамын, өйткені одан ақиқат сабақтарын алдым. Мұхаммед Алейһиссалату Уассаламға нағыз Нұр шәкірттері бір мағынада ұрпақ болып саналатындықтан, Мен де Әли Бейттен бірі болып саналамын. Бірақ қазіргі заман рухани тұлғаның заманы. Нұрдың ұстанымына орай ешқандай менмендік танытуға, жеке бедел мен дәрежеге ұмтылуға атақ-даңқ жинауға болмайды. Ол ықыластың сырын бұзады. Мені өзімді ұмытпайтын, өз дәрежемнен жоғары мақамдарға көз тікпейтін еткен Аллаһқа шекесіз шүкір етемін. Нұрдағы ықыласты бұзбау үшін, ақыреттік мақамдар (дәрежелер) берілсе де назар аудармауға мәжбүрмін деп білемін» дедім. Сарапшылар үнсіз қалды.* * * * *

Әзиз, Сыддық бауырларым!Әуелі барлық Нұршыларды, сондай-ақ Ұлы қажылықта жүрген нұр шәкірттерін, және ондағы нұрға дос жандарды мейрамдарымен құттықтаймын. Ұзақ жылдар отаршылдық күн кешіп, бостандық аңсаған Үндістандағы, Араб әлеміндегі мұсылман елдерінің ірі бастылары Ислам республикасы атанып, Үндістанда жүз миллиондық Ислам республикасы, Явада халқы елу миллионнан астам Ислам республикасы, Арабстанда төрт-бес үкімет, Одақтас республикалар сияқты «Араб бірлігі» мен Ислам бірлігінің ынтымақтастығы құрылды. Ислам Әлеміндегі ұлы мейрамдардың бастамасы болған бұл жағдайлар қуанышымызға қуаныш қосып, сүйінші хабар жеткізуде.Екіншіден:Стамбулдан Рефет мырза мен Мұстафа Оруждың жазғандарына қарағанда, бұрын Ислам әскерінің Қорғаныс министрлігі мен Қарулы күштер үйі болып тұрып, кейін Университетке айналған ғимараттың маңдайшасына деген.Құран аяты көркем түрде жазылған болатын. Соңғы заманда оны мәрмәр таспен жауып тастағандықтан, ол нұрлы әріптер көрінбей қалған-ды. Қазір қайтадан ашылуы Құрани жазбаға (ескіше жазу үлгісі) рұқсат берілетініне және «Рисалей-Нұрдың» алдына қойған мақсаты орындалатынына сондай-ақ, келешекте университеттер Нұр медресесі болатынына ишара деп білеміз. Сол сияқты Денізлі нұршыларынан Ахметтің хатында мәшhүр ғалым, он тоғызыншы ғасырдың зиялы тұлғаларының бірі, қоғамдық философияның бетке тұтар белсендісі Бисмарк туралы жазылған. Бисмарк өзінің еңбегінде былай деген екен: «Құранды жан жақты зерттедім. Әр сөзінде хикмет, терең мән бар. Бұған тең келетін, адамзатқа жол көрсететін өзге кітап жоқ, әрі болмайды да».Ардақты Пайғамбарымыз жайлы да былай дейді:«О, Мұхаммед! Сенімен ғасырлас бола алмағаным өкінішті-ақ. Адамзат сен сияқты ерекше, дана, құдіретті бір-ақ рет көрді, бұдан кейін көре алмайды. Сондықтан сенің құзырыңа аса құрметпен бас иемін»Бисмарк

277ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ідеп қолтаңбасын қойған екен. Ол жерде көп өзгеріске ұшыраған және үкімі тоқтаған семауи кітаптардың кемшілік жақтарын көп айтып кеткендіктен ол сөйлемдердің жазылмағаны жөн. Он тоғызыншы ғасырдың ең ақылды, ұлы философы, саясаткері әрі қоғам қайраткерінің осындай болуы сондай-ақ Ислам әлемінің бостандыққа аз да болса қолы жетуі және шет елдердің Құранның ақиқатын іздестіруі, батыс пен солтүстік батыста Құранға деген қызығушылықтың пайда болуы ізгі нышан. Һәм Американың дарынды, танымал философы Мистер Карлайл де Бисмарк сияқты былай дейді: «Басқа кітаптар қай жағынан болсын Құранға жете алмайды. Міне, сөз деп соны айтады. Оны тыңдаған жөн» деп толық шешімге келуі, (Сілтеме ) сонымен қатар Нұр *шығармаларының әр тарапқа кеңінен таралуы үлкен жақсылықтың бастамасы. Бұл, шет елдерде әлі көптеген Бисмарктар мен Мистер Карлайлдер шығатындығының белгісі. Бұл хабарды Нұршыларға мерекелік сыйлық ретінде Бисмарктың жазбасымен қоса жіберіп отырмыз.Инеболулық қаһармандардың бірі шаштараз Әли Османның бейкүнә баласы жазған тамаша хатқа қарап, бірденен мына нәрсе ойыма келді. Нұрдың үш аса маңызды орталығында үш шаштараз бір біріне өте ұқсас жағдайда Нұрға балаларымен бірге көп қызмет етуі мені қатты қуантты. Шаштараз Бурхан, шаштараз Хафыз, шаштараз Әли Осман, қай-қайсысы да Нұрдың хас батырлары. Аллаһ оларды бала-шағаларымен қоса екі дүниеде бақытқа бөлесін.* * * * *Әзиз, Сыддық баурыларым!Медресетүз Зехраның үш шәкірті бір айға қамалып, әділетсіз, мағынасыз түрде қатал соттың қаһарына ұшырағанымен, толық сеніммен және сүйіншілей отырып айтарымыз, ол шәкірттер мен көмекшілері ол адамның (соттың) болмашы жазасы мен мағынасыз ызасына қарсы, руханилердің, періштелердің болашақ ұрпақтың миллиондаған құтықтауларын алуда. Мәңгілік қапастың миллиондаған жылдық жазасынан құтылуға себеп болғандықтан, Рисалей-Нұр жинағының бір кітабы Арабша Ишаратүл Иғжаз тәпсірі отыз жыл бұрын, оның бұл ақиқатшыл қарарына ишара еткен.

278ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Імұндай шыбынның қанатындай да маңызы жоқ жазалар мен азаптауларға мән бергізбей тіпті мақтанышпен қуануға жол ашар. Бір ғасыр бұрын әлемнің ең ақылды ойшыл философы, салтанатты билеушісі саналған, өзі Христиан бола тұра, бұрынғы діндердің барлығын жоққа шығарарлықтай батылдық танытқан аса даңқты Принц Бисмарктың Қасиетті Құранның алдында өз еркімен мойындай отырып сәжде еткендігін жазып, қырсықтық пен менмендікті, дінсіздікті қойып, Құранға бойсұнғандығын бүкіл әлемге жар салғандығын газеттер жариялап жатқанда, барлық көктен түскен діндерді жоққа шығарушы Солтүстік шығыстағы аяусыз билік (ел) өз қармағындағы мұсылмандарды хажыға жіберіп, Ислам Әлемінің назарында дінсіздік пен дұшпандықты, қырсығуды қойған сыңай танытып, Құранды жоққа шығармай, ұлылығына бас иіп бағынатындай көрініп, мұндағылардан да артық Құранның маңыздылығын түсінемін, сендер менен қалып қойдыңдар, хажылыққа менен де аз адам жіберуде дегендеріне қарсы, мұндағылар да Машаллаһ толық рұқсат беріп, саяси үгіттер жасалып жатқан кезде, Медресетүз Зехраның Нұр шәкірттері Қасиетті Құранның ұлы ақиқаттары мен мұғжизаларын «Зүлфикар», «Аса-и Мұса» сынды тамаша Рисалелер арқылы жарыққа шығарып, ен қырсық дінсіздерді де мойындауға мәжбүр етіп отырғанда, азғындардың, адасушылардың шабуылы, хақ жолындағы адамдарды ғана емес, бәлкім руханилер мен періштелерді жылататын шығар, жер мен көкті ашуландыруы мүмкін.Екі жыл бойы тексеруден өткен соң ескі әріптермен басылған «Аса-и Мұсаның» мың данасы және Нұрдың барлық рисалелері толықтай бір ауыздан ақталып өзімізге қайтарылып жатқанда, өзімізге қайтарылған кейбір рисалелердің ескі әріптермен көбейтілуі қылмыс саналып жазаға тартылуы, әділет орындарына тікелей байланысты және әділеттің абыройын түсіруде.Екіншіден: Қазір менің жеке хатшым жоқ. Басқалар менің сөзімді түсінбейді. Өзім науқаспын, өте ақырын және әзер жазамын. Ал кешеден бері жиырмаға жуық хат келді. Іштерінде көптеген бауырларымыздың аты бар. Біз олардың барлығын айттарымен құтықтаймыз және жаңадан шәкірт болғысы келгендерді де шын жүректен қабыл аламыз. Оларға жол сілтеуші бауырларымызға Аллаһ разы болсын және жүректерінде қандай қалау-мұраттары болса Аллаһ соған жеткізсін дейміз.

279ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІҮшіншіден: Нұрдың байланыс орталығы Сабридың(р.х.) «Қосымшаға» енетін тамаша хатын, Әли, Осман мен Шіліңгір Әлидің Нұрларды жарыққа шығару жолындағы еңбектерін, Ибраһим Этхемнің Балыкеріс маңындағы өте жемісті еңбектерін, сол кісінің бағыттауымен көптеген кісілердің Нұр жамағатына кіруін, Ахмед Фуадтың да Эфлани аймағында Хасан Фейзи сынды әрекет етуін, аса көңіл бөлуін, Кониялық Сабридің көптеген мектеп оқушыларының Нұр жамағатына кіруіне ат салысуын, Тәпсірші хажы Вехби Эфенді бастаған Кониялық ғұламалардың Нұрларға бет бұруы мен қолдау танытуларын, мұғалім Абдуррахман Ихсанның өз жағдайын жеткізген хатындағы Нұрларға шынайы көңіл бөлуін, Тавшалының уағызшысы Османның хатында айтылғандай өте маңызды екі-үш кісінің кәміл сезімдермен Нұрға шәкірт болуын, Әли Осман мен Халил Ибрахим жеткізгендей Эгрідір маңындағы ауылдардан ықыласты Нұршылардың шығуын, Анкара Университетінде Нұрларға көп қызмет етіп жүрген өзі Кастамонудағы мектеп оқушыларының арасынан алғаш Нұр жамағатына кірген және Анкарадағы Абдуррахманның ұлы Вахдетке қамқор болып жүрген Арачтық Абдуллаһ өз хатында нағыз иманды, діндар адам ретінде сүйінші хабарлар бере отырып жазуы, оқушылардың көп екендігіне байланысты қолдарындағы кітаптардың жетпей қалуына байланысты Кониялық досы Мехмедпен бірге жастар арасында Нұрларды жарыққа шығаруын және Айдын жақта ИншаАллах Ахмед Фейзи сияқты Нұрларға көңіл бөлуші Әли Акдағтың шын жүректен жазған хаты, дұғалары, ұсыныстары, Нұрдың әсерін сезінуі бізді және Нұр жамағатын қатты қуантты және осы айтқа жасалған ең үлкен рухани сыйлық ретінде қабыл алып отырмыз. Хақ Тағала олардың барлығына разы болсын. Арнайы және жеке жеке хат жаза алмағаныма ренжімесін.Хусревтің Касациялық сотқа жазған хатын еш өзгеріссіз қабыл алдым. Сондықтан сіздегі көшірмесін Касациялық сотқа жіберулеріңе болады. Сендерде көшірмесі бар екен ғой, бұл хатты жібермей-ақ «Қосымшаға енгізейік». Жаңа келген хатқа байланысты, «Жастар шырағының» бағасын сендер менен жақсы білесіңдер. Бір, бір жарым банккноттан төмен болмасын. Хусревтің «Төртінші Сөзді» жаза бастауына мың бәрекелді дейміз. Аллаһ жемісті етсін, әмин!

280ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІСафранболуның қаһарманы шаштараз Хыфызы Хүснү, Йылмаз атты екі Нұршы баласымен бірге және Инеболуның хас батырларының бірі Әли Османның да екі Нұршы баласымен бірге бізді айтпен құтықтауларына жауап ретінде сәлем жолдап, табыс тілейміз дұға етеміз...* * * * *Әзиз, Сыддық бауырым Рефет Бей!Біріншіден: Бізге қатысты кейбір шағын оқиғаларға байланысты бір ақиқатты айту үшін рухыма бір ескерту жасалды. Ол былай.Рисалей-Нұрдың еш нәрсеге құрал болмағандығын және Аллаһтың ризашылығынан басқа еш қандай мақсатқа арқау болмағандығын және бәрінен бұрынғы мақсаты Иман ақиақаттары жайлы сабақ беріп, әлсіздер мен күдік-күмәнға бой алдырғандарды құтқарып қалу екендігін сіз сияқты Нұрдың хас шәкірттері біледі.Екіншіден: Рисалей Нұрдың қаптаған дұшпандарына қарсы ең үлкен күші ықыласта және дүниелік нәрселерді мақсат етпеуінде жатыр. Сонымен қатар бір жаққа жақтасып, бұра тарту сезіміне негізделген ағымдарға, әсіресе саясатқа қатысты ағымдарға араласпайды. Өйткені, бір жаққа жақтасу, ықыласты бұзып ақиқаттың өңін өзгертеді. Тіпті, мүбәрак бір ғұламаның жақтастық сезімінің жетегіне еріп, салиқалы, абыройлы бір ғұламаны өзінің пікіріне қарсы болғандығы үшін кәпір санап кемсітуі менің отыз жылдан бері саясатты тәрк етуіме себеп болды. Ал өзінің пікірін қолдаған атақты, жауыз бір мүнафықты мақтап-мадақтады. Мен де бұдан қатты шошыдым. Демек, жақтастық сезіміне саясат араласса, осындай таң қаларлық қателіктерге себеп болады екен деп дедім. Сол кезден бастап саясатты тәрк еттім. Сол халімнің нәтижесін өздерің де білесіңдер. Жиырма бес жылдан бері бір де бір газет оқып, немесе тыңдаған емеспін. Қызыққан да емеспін. Сондай-ақ он жыл бойы дүние жүзілік соғысқа назар аудармадым. Мән бермедім, қызықпадым. Жиырма екі жылдық азапқа толы қапастағы өмірімде жақтастыққа, саясатқа жоламау үшін және Нұрдағы ықыласқа зиян келмеу үшін өзімді

281ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іқорғау сөздерімнің тысында, жан рахаты үшін үкіметке өтініш айтпағанымды білесіңдер. Сондай-ақ түрмеде сендерге жазғанымдай, мені дарға аспақшы болғандар, қинап, азапқа салғандар Рисалей-Нұр арқылы имандарын құтқарып жатса, сендер куә болыңдар, мен оларды кештім. Жақтасушылық сезімі арқылы ықыласқа зиян келмеуі үшін осы екі-үш жылда сыртта және іште туындаған аласапыран ағымдарға жақындамадық. Бауырларыма да ескертіп қойдым. Садақа мен жәрдем алмайтынымды білесіңдер. Киімдерімді, қажетті заттарымды сатып, кітаптарымды жазған бауырларымнан әлгі түскен ақшамен сатып аламын. Мақсатым, Рисалей-Нұрдың ықыласына дүниелік пайда араласпасын, зиян келмесін және өзге де бауырлар үлгі-өнеге алып, ешқандай нәрсеге құрал етпесін деймін. Нұрдың шынайы шәкірттеріне Нұр жетеді. Олар да қанағат етсін. Басқалай абыройға немесе дүниелік-рухани пайдаларға көз тікпесін. Сондай-ақ, Нұрларға қарсы өшпенділік туындамауы үшін айтыс-тартыс, ұрыс-керіс жасамасын, діни мәселеде тараптарлық көрсетіп, жүйке қоздырар сөздер айтпасын. Тіпті, Аллаһ Тағала күні бұрын сездірді ме, Мұстафа Оруч бауырымыз Рисалей-Нұрдың ұстанымдарына қайшы түрде біреумен айтысқан уақытта, жүрегім мазасызданып, оған қатты ашуландым. Тіпті, оны Нұрдағы қолы жеткен өте маңызды дәрежесіне қарамай жазалағым келді. Іштей қатты қынжылдым. Ол мен үшін Абдуррахман секілді еді. Неліктен бұлай қатты ашуландым?!Кейінірек, өткен айтта өзі келді. Аллаһқа шүкір, өте маңызды бір дәріс тыңдап, өзінің қателігін түсінді. Мен ашуланған уақыттағы қателігін мойындады. Иншаллаһ сол ашуым қателігінің өтеуі болды.Төрт-бес айдан бері, бір кісі маған газет жіберіп тұрады екен. Бірақ, бұны маған бергізбей келе жатқанын енді ғана естіп отырмын. Бұл жердегі достарым менің газет түгіл Нұрдан басқа бірде бір кітап, журнал қабылдамайтын әдетімді білгендіктен және жаңа әліпбиді танымағандықтан маған айтуға, көрсетуге батылдары бармапты. Ал енді мына кісі бір журналистің, дос, жерлес бір кісінің хатын көрсетіп, көптен бері сенің атыңа газет жіберіп тұратын еді. Саған айтуға батылымыз бармады деді. Мен жауап ретінде былай дедім:Ол кісіге менен көп сәлем айтыңыздар. Баяғы өзі білетін бұрыңғы Саид өзгерген деңдер. Дүниемен де байланысын үзген. Науқас

282ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іболғандықтан өз бауырыма да хат жаза алмаймын. Сондықтан маған ренжімесін. Ол жердегі барлық достарыма, әсіресе Әмин қари мен Фахраддин қариға сәлем айтыңыздар. Айттарымен тағы да құттықтаймыз...* * * * *Рисалей-Нұрдың адвокаты және Айдын аймағының Хасан Фейзисі сол өңірдің Хусреві, Ахмед Фейзи бауырымыз үш жылдан бері «Сикке-и Тасдиқ-ы Ғайбидің» Рисалей-Нұрға жасаған жүздеген ишаралары мен дәлелдерін нақты дәлеледер ретінде хадистерден және Аяттардан мағына шығарып, жифр есебімен Рисалей-Нұрдың рухани келбетін нақты дәлелдеп келеді. Рисалей-Нұрдың рухани келбетінің бір уәкілі болған Нұр шәкірттерінің рухани тұлғасына ишара етуші хадистердегі ишаралар Нұрдың тәржүманын көрсетуде деп біледі. Ақиқатында тәржүман, бір жағынан алғанда сол рухани тұлғаның бір уәкілі ғана. Әйтпесе ол қасиетті ишараларға лайық болуға менің құқым да шамам да жоқ. Жарайды, қалай болса да, мен көп зерттей алмадым. Ол сияқты аса алғыр бауырымыздың үш жарым жыл зерттеп зерделеген (тақырыптарын) уақыт болып денсаулық мүмкіндік берсе тексеріп-түзетіп шыққан соң өздеріңе жіберемін. Я «Тылсымдар» жинағына не «Лемалар» жинағына қосымша ретінде Рисалей-Нұрдың ақиқат екендігі жайлы айғақ ретінде енгізерсіңдер. Нұрдың адвокаты Ахмед Фейзи бауырымыздың тәбәрік ретінде жолдаған інжірлерінің орнына менің атымнан «Сикке-Ғайбие» жинағын беріңдер, әйтпесе інжірлері маған жақпайды. Өйткені соңғы кезде ақысы берілмеген сыйлықтар маған жақпай, ауыртып жатқандығы көптеген тәжірибелер арқылы дәлелденіп отыр.Сондай-ақ ол бауырымыздың мүбәрак екі әйелі мен ардақты анасының және Саид, Нури атты баларының маған жазған хаттарына жауап ретінде оларға да баларына да дұға етудемін. Осындай қаһарман бір Нұршының ақиқатшыл, құрметке лайық, діндар әйленінің Нұрларға қызмет етсін деп жіберіп отырған бейкүнә балаларын шын көңілден Нұрдың бейкүнәлар(балалар) тобына қабылдаймыз. Мехмед Әминге, Әли Акдағқа, Ахмед Фейзиге және барлық бауырларымызға сәлем айтып, дұға етеміз.

283ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІӘзиз, Сыддық бауырым!Қажетсіз заттарым мен киімдерімді сатып, өте берекелі жүз лираны және Дарүл Хикметтен алған айлығымнан қалған (хажыға бару үшін жинаған) және жиырам екі жылдық рызығымнан қалған он лираны да бетінде сурет болғандықтан, сол он лираны да «Лемалар» жинағының ақысы ретінде қоса жіберіп отырмын.* * * * *Әзиз, Сыддық бауырым!Аллаһқа шексіз шүкір. Қасиетті Харемейн Шерефейнде Рисалей Нұрға қатысты жақсы нышан көрінді. Денизлі қаласының қаһарманы қари Мұстафа Үндістанға жіберілуі тиіс «Зүлфикар», «Аса-й Мұса» және «Сиражиннұр» кітаптарын Стамбұлдан алған екен. Жолда кейбір қажыларға оқытып, нұрлы Мәдина қаласында Кәшмирлік ғұлама, түрікшені де жақсы білетін бір адамның қолына тапсырған екен. Ол кісі кітапты көп мақтап, Үндістан ғұламаларының орталығына жіберетініне уәде береді. Нұрлы Мәдина қаласынадағы кітаптардың және басқа жерлерге жіберілген кітаптардың да аман-есен жетіп, таралып жатқанын айтады. Денізлілік Мұстафа қаримен сапарлас болып, жолда Нұрларды бірге оқып барған Афиондық екі жас қажы және басқа да қажылар осы қуанышты хабарды маған жеткізді. Шет елдерде Рисалей-Нұрға деген қызығушылықтың туындап жатқанын сүйіншіледі.Әл-Әзхар Университетіне жіберілетін үш жинақтан «Зүлфикар» осында қалып қойды. Жібере алмадық, екеуі кетті. Мұның сыры мынада: «Зүлфикар» аса ауқымды ғылыми сабақ, дәріс. Ислам Әлмінің медресесі болған Әл-Әзхарға сабақ ретінде жолдау жөнсіз болуымен қатар, ол жақта белең алған Холера дерті кезінде «Зүлфикарға» өзіне лайық назар аударылмай қалар еді.* * * * *

284ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІӘзиз, Сыддық бауырым!Біріншіден: Нұрдың маңызды кітапшаларын қасиетті Мекке шәһарына апарып, үнділік Ахмед Али Шимшириге тапсырып, одан үнді тіліне аударатындығы және Үнді еліне жіберетіндігі жайлы уәде алған Хафиз Мұстафаға мың Бәрекаллаһ, Машаллаһ және Әсәдәкаллаһ дейміз. Медресетүз Зехра, Мекке-и Мүкерремедегі әлгі үлкен кісімен хабарлассын.Адресі мынау: «Мекке-и Мүкерреме, Баб-үс Салам Ахмед Әли Шимшириге» деп хат жазуыңа болады.Екіншіден: осы жолғы оқиғада, түймедейді түйедей еткендерін аңғардық. Бір белгісі мынау: Ішкі істер министрінің әмірімен Афион қаласының әкімі, полиция бастығымен бірге менің үйіме түн ортасында басып кірмекші болған екен. Прокуратура рұқсат бермегендіктен таң атқанға дейін күтіпті. Содан кейін бізге өлердей өш екі адамды тағайындапты, олар есіктің құлпын бұзып, күтпеген жерден баса-көктеп кірді. Дәл сол күні (Сілтеме ) күймемен шыққан *кезімде бұл маңайда өмірі кездеспеген бес ұшақ өте төмен ұшып, күймемнің төңірегінде айналшықтап жүрді. Екінші күні басқа бір жаққа, көзге түсе бермейтін жырадағы бір бұлаққа күймемен бара жатқанымда, бес ұшақтың төменде бір нәрсе іздегендей айналшықтап ұшып жүргенін көрдік. Бізді іздеп жүргенін түсіне қойдық. Тағы да дәл алдыңғы күндегідей бес ұшақ ауылдың үстінде ұшып жүрді. Үйге кірген кезімізде олар да кетті. Осының өзі түймедейді түйедей етудің белгісі екенін көрсетеді. Бұл жерде осыншалықты мағынасыз күдіктенулер арқылы маған жапа шектіріп жатыр. Медресет-үз Зехраның ержүрек қаһармандарына, және бұл жермен салыстырғанда, осы үш жылда оннан бір дәрежеде азап берген Спарта қаласының әкімшілігіне және сот орнына алғысымды айтып, қарыздар екенімді және олардың маған шектірген зәбір-жапаларын кешіретінімді жеткізерсіз.Үшіншіден: Осы жолғы пәлекеттерде де әр қашан байқалатындай тағдырдың әділдігі мен Иләһи көмектің нұрына Осы жердегі Нұр шәкірттерінің атынан куәлік етеміз. Оқиға айтқанындай болды.Иә Иә Иә Иә Иә ИәТігінші Исмаи Мұстафа Қызметшісі Хайри ХалилМұстафа Нұри

285ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ізер салдым. Қарасам, басқа уәләяттарға қарағанда Нұрдан алыс қалған және Нұрдың шеңберінен де қашық емес Күтахаяның әділет басқармасы мен билігін Денізлі және Кастамону сияқты Нұрмен тығыз байланыстырмақ... Иә, ой-пікірі мен қызметі қаншалықты бізге қарсы болса да жүрегі мен рухы Рисалей-Нұрдан иманы арқылы пайдалану үшін және Нұршыларға да сауап жаздыру хикметіне орай сол уәләятқа жіберілді. Иләһи тағдыр да маған мейрім шапалағы ретінде, ішкі істер министрі Эрзурумдық жерлесім, болғандықтан, Афионның Уәлиі (Анталиялық) осы уақытқа дейін маған тиіспеген соң, еркіндік алдым, қазір де мынадай ар-ұяты бар Уәли табылды Әмірдағынан кетпеймін, деп қуандым, мұқият болмауымның жазасы ретінде екі адамның қолымен Тағдыр маған шапалақ ұрды. Әділдік жасады.Афионның Уәлиі, ішкі істер басқарма басшысы, осындағы алқа мүшелерімен бірге біздің мәселемізге байланысты Анкараға «Ұйым құру, тариқат құру сияқты мәселелері жоқ. Бірақ Саид Нұрсидің сөзін тыңдап, өзін пида ете алатын екі жүз мың Нұршы бауыры бар» деген жазу жазып, үкіметті таға да күдік – күмәндарға салыпты. Алайда олардың бұл жазулары Нұрға және Нұршыларға бір пайдасы тиюі, менің жеке басыма бір зиян тигізу ықтималы бар. Пайданың бір жағы мынау: Осындай ауыр шарттардың ішінде темірдей берік ақиқат бар. (Сол үшін) екі жүз мың Түрік рухын пида етіп, ақиқат іздеуде. Иманы әлсіздердің Иманы күшейеді. Саясаткерлер мен Иманын жоғалтып алғандар оларға тиісуге бата алмайды. Маған тиер зиянға келер болсақ (Аллаһ «Қорғаушы» ғой) менің абыройымды түсіріп бауырларымды менен сырт айналдыру үшін, шайтанның да ойына келмейтін жалалар жауып, кінә тағып менің беделімді түсіруге тырысулары мүмкін.Сарапшылардың бірі және Дін істері басқармасының кеңесшісі Юсуф Зия мен сол жердегі діни қызметкерлер, Рисалей-Нұрдың толық жинағынан бір нұсқа сұрады. Атомдарға (зәрелерге) байланысты «Отызыншы сөз», «Отыз екінші сөздің бірінші бөлімінің» бас жағындағы атомдарға байланысты бөлімді «Һуәнің Сыры» мен «Табиғат Рисалесінің» атомдарға байланысты бөлімдерін өтініштеріне орай, құрметпен беріп жіберген Чалышқаннан жауап беріп жіберіпті. -тің мағнасын

286ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ітүсінгілері келетін сияқты. Осы тақырыптардың көмегімен бүгінгі таңда белең алып отырған материалистік бұзғыншылықтарға тойтарыс бергілері келеді.Саид Нұрси* * * * *ЗАҢ БОЙЫНША МЕНЕН ТҮСІНІКТЕМЕ-ЖАУАП АЛУЫ КЕРЕК ЕДІ, ОЛАЙ ЕТПЕДІ. МЕН ДЕ ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ РУХАНИ БОЛМЫСЫНА ЖӘНЕ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНЕ ТҮСІНІКТЕМЕ – МӘЛІМЕТ БЕРЕМІНҚырық жыл бойы бұл елге ешқандай зияны тимеген, көп пайдасы тиген, отыз бірінші март оқиғасында көтеріліске шыққан сегіз полкты бір насихат сөзбен сабасына түсірген, және (сол жерде) көптеген офицерлерді құтқарып қалған, Ұлт – азаттық әрекеттер кезінде «Хутуват-ы Ситте» рисалесін жазу арқылы ғұламалар мен Шейхул Исламды, Стамбулды басып алған жаудың сөзін сөйлеуден құтқарып қалған. Бірінші Дүние жүзілік соғыста марқұм Әнуар Пашадан мақтау – марапаттаулар алып, елге көп қызмет еткен, үш қаһарлы қолбасшы оған қанша шүйліксе де тиісуге бата алмаған, жасырын жаулардың жала жабуымен, заң бойынша жауапқа тартқанымен, үш сот қанша тексерсе де өздері жеңіліс тапқан, соттауға бата алмаған, жазған Рисалелерін ғалымдар жоғары бағалаған, сол рисалелердің атынан сөйлеп тұрған адамды бір сағат тыңдауға қызметіңіз тұрғысынан міндеттісіз.Ал бастадым. Қолымызда хақ бар. Хақымызды күшпен не басқалай жолмен алуға Аллаһ мәжбүр етпесін, әмин!Жиырма жылдық тәжірибе арқылы түсінікті болғаны, Аллаһ Тағала өзінің қамқорлығымен бізді сұмдық зұлымдықтардан құтқарып келгеніндей қазіргі мағынасыз, заңсыз, қатігез, үрейлі зұлымдықтардан да құтқаратынына толық сенімді болуымыз керек. Егер, қиындықтар шегіп, азап тартып жатсақ, онда әлгі азаптан мың есе артық Аллаһ Тағаланың мейірімділігіне бөленіп, сый-сыяпатына қауышатын боламыз және көптеген мұсылмандардың имандарын сақтап қалу жолында қызмет еткен болып есептелуімізді Аллаһ Тағаланың мейірімділігінен күтеміз. Бұл оқиғаның он тұрғыдан заңсыз болғанын баяндаймын.

287ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІБіріншіден; Үш сот пен үш сараптаушы топ және Анкараның жеті тексеру органы, әділет орындары екі жыл бойы Рисалей-Нұрды зерттеп, бір ауыздан Рисалей-Нұр кітаптарын ақтап, оң қорытынды берген-ді. Сондай-ақ, Саидты қасындағы жетпіс бес шәкіртімен бірге босатып, бір күн болсын жазаға тартпаған-ды. Мәселе солай бола тұра, бұл кітаптар зиянды әдебиет секілді тағы да қылмыстық іс қозғап, тексеру жүргізу, заң бұзушылық екенін аз да болса ұяты бар жан түсінер.Екіншіден; Ақталып шыққан соң үш жарым жыл Әмірдағында жалғыз өзі, ешкімді танымайтын, есігін сыртынан да, ішінен де іліп, жауып отыратын және зәру болса ғана жүзден бір адамды қабылдайтын, жиырма жылдан бергі әдетін тастап, соңғы кезде жазуды да қойған адамның бөлмесіне дүния саясаты үшін құлпын сындырып ішке кірген тексерушілер арапша дұғалар мен иманға қатысты жазбалардан басқа еш нәрсе таба алмай шарасыз қалды. Осындай азаптарға салып, мазалау, қаншалықты заңға қайшы әрекет екенін кішкене ұяты бар жан түсінер.Үшіншіден; Өзінің сотта айтқанындай: Жетпіс куәгер растаған жеті жыл бойы екінші дүние жүзілік соғыстан бейхабар, не болып жатыр деп сұрамаған (қазір он жыл болды дәл солай, еш өзгерген жоқ) жиырма бес жылдан бері бірде бір газет оқымаған, тыңдамаған және отыз жылдан бері деп саясаттан барынша аулақ және жиырма екі жыл азапты ғұмыр кешсе де саясаткерлердің назарын аудармау үшін өкіметке шағымданбаған адамды үлкен саясаткер секілді, бүлік шығарғалы жатқандай баса көктеп кіріп науқас халінде мазасын алу заңға сәйкес келе ме? Ар-ожданы бар жандар бұл жағдайға тіпті, жылар еді.Төртіншісі; Ескішехир сотында алты ай жатып әбден тексеріліп, тағылған айып мынау: Бір жерге жиналу, топтасу, тариқатшылық.Осы күдікті сылтаумен бір лауазымды тұлғамен арадағы келіспеушілігін алға тартып кейбір қызметкерлерді айдап салып, айыптауға қанша тырысса да, ол тұрғыда яғни саяси ұйым құру, тариқат құру тұрғысынан ақталып шыққан-ды. Тек, Рисалей-Нұрдың ішіндегі «Тәсәттүр Рисалесін» сылтау қылып, мұны да заң жүзінде емес, айыптаушының жеке көзқарасына қарай, ұсталған жүз шәкірттен бес-он адамды алты ай жазаға тартты.

288ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІТергеу кезінде төрт жарым ай қолдарында болған және жиырма жылдық хаттарымды, бес сандық кітаптарымды алды және сол хаттарым мен кітаптарым Анкара мен Денізлі соттарында егжей-тегжейлі сарапталғанның өзінде әлгі сот орындары бір ауыздан ешқандай саяси ұйым және тариқатқа қатысты мәселе таба алмай ақтап, (Сілтеме ) кітаптар мен хаттарды иелеріне тапсырған-ды. *Саид пен достарын босатқан-ды. Жағдай осылай бола тұра бізді саяси ұйым деп айыптап, мені бүлікшіл адам ретінде кінәлау және прокурорларды маған қарсы тариқатшы деп айдап салу неткен заңсыздық екенін адамгершіліктен айырылмағандар түсінер. Бесіншіден; Менің және Рисалей-Нұрдың өмірлік жолының негізі және отыз жылдан бергі берік қағидамыз «мейірім» болғандықтан бейкүнә бір адамға зияны тимеу үшін өзіме зұлымдық жасаған залымдарды жазаламақ түгіл қарғауға да батылым бармайды. Иә, маған зұлымдық жасаған өте кекшіл, қаныпезер кейбір пасық, бәлкім дінсіз залымдарға қатты ашуланған кезімде қарсыласу былай тұрсын қарғыс дұғасын оқуыма әлгі мейірімділік сезімі кедергі болады. Себебі, әлгі залым қырсықтың не әкесі не шешесі қарт байғұстарға немесе балаларына зиян тиіп кетуі мүмкін. Сол үшін ондай залым жауыздарға да тиіспеймін. Кейде кешіре саламын. Міне, осы мейірім дейтін үлкен ақиқат үшін билікке, елдің тыныштығына зиянды әрекеттен аулақпын. Өзімнің жолдастарыма да мұны ескертіп отырамын. Содан болар, үш облыстың ұяты бар сақшылары мойындап: «Бұл Нұр шәкірттері рухани тәртіп сақшылары секілді елдің тыныштығын сақтауға пайдасы тиіп, бізге көмектеседі!» деген-ді. Бұл сөзді жиырма жылдан бері мыңдаған куәгерлер, растауда. Мыңнан астам шәкірттері бола тұра саяси оқиғаға қатысты ешбірі тіркеуге алынбаған. Мәселе солай бола тұра, байғұс Нұрдың өзегі және мақсаты шынайы Иман мен Құрани ақиқаттар. Сондықтан тариқат мәселесі бойынша үш сот та ақтау шешімін шығарды. Сондай-ақ жиырма жылдың ішінде бір де бір адам маған тариқат сабақтарын үйретті деген жоқ. Оның үстіне мың жылдан бері аталарымыздың басым көпшілігі ұстанған жол жауапқа тартуға себеп бола алмайды. Жасырын мүнафықтардың Ислам ақиқаттарына \"тариқат\" деген ат беріп, халқымыздың дініне шабуыл жасауына қарсы шығушыларды тарихатшылар деп айыптауға болмайды. Ұйым дегендері ақыреттік бауырластық. Саяси ұйым еместігі жайлы үш сот та үкім шығарып отыр.

289ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іадамды бүлікшіл әрі ынсапсыз және астыртын ұйымның құрушысы ретінде бөлмесіне тінту жасау, қиянат қылып, айыптауға негіз болар ешнәрсе табылмаса да үлкен қылмыскер тәрізді ең құнды заттарын, ғажайып Құранын, басқа да арабша жазуларын қауіпті деректер секілді жинап алып кету, апырм-ай, қай заңның қай тармағында бар? Биязы мінез-құлқы мен жағымды ахлақ құндылықтарымен елдің тыныштығына қызмет еткен мыңдаған діндар жандарды күдікті деп тұтқындап, билік пен елдің тыныштығына қарсы әрекет етуіне мәжбүрлеу отанға опасыздық емес пе?Алтыншыдан; Мұнан отыз жыл бұрын Аллаһтың рахымымен бұл дүниялық уақытша атақ пен даңқ және мақтангершілік пен атаққұмарлықтың үлкен зиян, еш пайдасыз әрі мағынасыз екенін Құранның фәйзімен түсінген бір адам, содан бері бар күшімен өзінің жүгенсіз нәпсісімен күресіп, кішіпейілділік етіп, менмендіктен қашып, екіжүзділік, рия қылмау үшін қолынан келгенінше тырысып баққанын, оған қызмет еткендер мен достары анық біледі, куә бола алады. Өзі туралы мақтаудан, жұрттың қошамет-құрметінен тыс қалуды қалап, мүмкін болғанша аулақ тұратынына жиырма жылдан бергі өмірі дәлел. Өзін қатты құрметтегендерді тіпті, ренжітіп, оны әсте қабылдамайтынын хаттарында ашық жазған. Әрі өзінде көп қасиет жоқ екендігін жеткізіп, бүкіл қасиетті Құранның тәпсірі Рисалей-Нұрға және айналып келгенде Нұр шәкірттерінің мағынауи тұлғасына аударып өзін жәй, қарапайым қызметші деп білгені мәлім. Міне, бұл жағдайлар оның жағымпаз еместігін, ондайды мүлдем қаламайтынын, қабылдамайтынын дәлелдейді. Сөйте тұра, өзінің рұқсатынсыз, қалауынсыз кейбір достары оны сырттай қатты құрметтеп дәріптеп, мақтаса, жоғары баға берсе сол үшін айыптауға бола ма? Соған бола ауру, қарт, жалғыз әрі кіріптар адамның бөлмесіне үлкен қылмыскерді ұстағандай баса көктеп кіріп, құлыпын сындырып тексеру жүргізуі және ол жерде кітап пен арабша жазуы бар тақтайшадан басқа ешнәрсе таба алмай құр шықты. Міне осындай заңсыз әрекетке рұқсат беретін дүнияда бір заң немесе саясат бар ма екен?Жетіншіден; Осы күні елде ушығып тұрған көптеген ішкі, сыртқы партиялық ағымдар бола тұра, оны оңтайлы пайдалану мүмкіндігі бола тұра яғни бірнеше жолдастың орнына көптеген саяси қайраткерлерді өзіне тартып, жақтас табуға ыңғайлы жағдай туып

290ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ітұрғанда, мүлдем саясатқа араласпау үшін және ықыласын бұзбау үшін, өкіметтің назарын аудармау үшін және дүнияға араласпау үшін бүкіл дос, шәкірттеріне: «Абайлаңдар! Ешбір ағыммен байланыспаңдар, саясатқа араласпаңдар! Елдің тыныштығын сақтаңдар!» деген, сол үшін де екі саяси ағым оған тиісіп, мазасын алған-ды. Әлгі екі партияның біреуі күдіктеніп, ал екіншісі: «бізді қолдап, көмектеспедің!» деп азаптаса да, мұндай дүнияқұмарлардың дүниясына әсте араласпай өзінің ақыретін ойлап, соның қамымен жүрген және туған еліндегі Нұрс ауылында тұратын бауырына жиырма екі жылда бір хат жазбаған және сол елдегі дос-жарандарына жиырма жылда жиырма хат жазбаған жазықсыз жанға ақырет ісіне кедергі боларлық іс-шаралар жасауға қандай құқықтық заң рұқсат береді екен?!Отанға, халыққа, һәм адамның мінез-құлқына түбегейлі зиян келтіретін дінсіздер жазған кітаптар емін-еркін басылып, жайылып және коммунизм ұғымын дәріптейтін баспалар қызу жұмыс істеп, оларға тиіспей жатқанда үш сот жауапқа тартуға негіз боларлық ешнәрсе таба алмаған, халқымызға, отанымызға қоғам өміріне, ахлақ пен тыныштықты сақтауда жиырма жылдан бері өз үлесін қосып келген және осы халықтың нағыз сүйеніші болып табылатын Ислам әлемінің ынтымағы мен достығының қайта жандануына мол ықпал еткен және діни басқарманың ғалымдары сынау үшін ішкі саясаттың тапсырмасымен үш ай тексеріп ешқандай сын айтпай керісінше жоғары баға беріп «Құнды еңбек!» деп діни басқарманың кітапханасына қойылған «Зулфиқар», «Аса-и Мұса» атты кітаптарды зиянды жазба секілді бәрін жинап сотқа беру дұрыс па? Мұны заң, ар-ождан, ынсап жөн көре ме?Сегізіншісі; Жиырма екі жылдық азапты да себепсіз айдаудан соң толық бостандығына қауышса да мыңдаған тума-туысқандары бар өзінің туған еліне бармай жалғыздықты, бөгде елде қалуды таңдаған, сондағы мақсаты дүнияға, қоғам өміріне, саясатқа араласпау. Және сауабы мол мешітке барып намазды жамағатпен оқудың өзін тәрк етіп, намазды бөлмесінде жалғыз оқып жүрген, яғни жұрттың қошаметіне бөленуді ұнатпайтын және жиырма жылдық өмірбаяны дәлелдегендей тақуа, діндар бір түрікті, немқұрайлы көптеген күрдтен жоғары бағалайтын мұны мыңдаған беделді түрік растайды тіпті сотта Хафыз Али сынды иманы мықты бір түрік

291ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ібауырын жүз күрдке айырбастамайтынын дәлелдеген және жеке басына құрмет пен сый-кәде қабылдамау үшін мүмкін болғанынша жұртпен араласпайтын, мешітке сол үшін бармай жүрген және қырық жылдан бері жазған еңбектерімен Ислам әлемінің ынтымағына, мұсылмандардың достығына бар күшімен атсалысқан және Түрік халқы Қасиетті Құранның бетке тұтар, абыройы әрі Құранның мақтауына бөленген деп жақсы көрген, өмірін солардың арасында өткізген, және бір облыстың әкімі ресми түрде қиянат жасап одан жолдастарын бездіру үшін: «Ол күрд, сендер түріксіңдер. Оның мәзхабы Шәфи, сендер Ханафисіңдер!» деп жұртты үркітіп оған жолатпауға тырысу қандай заңға сыяды? Тоғызыншысы; Өте маңызды (Сілтеме ) әрі қуатты... бірақ *саясатпен қатысы болғандықтан үндемегенді жөн көрдім.Оныншысы; Бұл да ешқандай заңға сыймайтын, ешкімге ешбір пайдасы жоқ, мағынасыз күдік, түймедейді түйедей етіп көрсетуден пайда болған және заңға қайшы айыптау. Саяси тақырып болғандықтан, біздің саясатпен байланысымыз жоқ деп жауапсыз қалдырдық. Осылайша, он тұрғыдан заңсыздыққа қарсы, жауабымыз: болмақ.Саид Нұрси* * * * *Әзиз, Сыддық бауырым!Аллаһқа сансыз шүкір етеміз, мына соңғы шабуыл да қанша күдік-күмәндарды жиып-тергенімен жүз есе бәсеңдеп қалды. Кеше, сотта төрт сағат бойы түсінік алды. Бұрын сендерге жолдаған жауаптарымды кеңірек түсіндіріп айтып бердім. Спартаның Әділет орындарына Аллаһ разы болсын. Олардың біздің пайдамызға мұнда жіберген рапорттарының көп пайдасы тиді. Әйтпегенде Афиондағы күдік пен мұндағы кейбір ресми қызметтегі жасырын Мұсылман үкіметтерде Христиан мен Яхудидің болуы, Христиан және Мұсауи үкіметтерде де мұсылмандардың болуы билік пен қоғамның тыныштығына қарсы іс жүзінде әрекет етпеген опозицияға заң бойынша тиісуге болмайтындығын көрсетеді.Мүмкін деген нәрсе жауапқа тартуға негіз бола алмайды. Әйтпесе кез келген адам, адам өлтіріп қоюы мүмкін. Онда осындай мүмкін деген оймен жұрттың бәрін сотқа беру керек болады.

292ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іжаулардың ықпалымен қиын жағдайға душар болар едік. Бізден алып қойған Құранымызды Дін істері басқармасына жіберіпті. Біз де Стамулға жолдаған Құранның екі парасымен қоса бір хат жазып, Дін істері басқармасына жолдадық. «Мұны фото басылым арқылы бастырғымыз келеді. Дін істері басқармасының үлес қосып жәрдем беруін үміт етеміз», дедік.Осы жолғы сотта маған қойған көптеген мағнасыз сұрақтар арысында «Немен күн көресің», деген сұрақ та болды. «Үнемділіктің берекетімен, бір кездері Спартада Рамазан бойынша бір нан, бір келі, қатық (иогурт) бір келі күрішпен күнелткен адам, күн көріс үшін дүниеге бет бұрмайды, сыйлық қабылдауға да мәжбүр болмайды», дедім.* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым!Біріншіден: Сендердің табандылықтарың, жемісті еңбектерің құтты болсын. Жиырма тоғызыншы сөздегі әріптердің кереметін сақтап қалу үшін майлы қағазға жазу жолында кедергі туындамауын шын жүректен тілейміз.Екіншіден: Төрт сағат бойы түсініктеме алғандарына қатты қиналдым. Он сағаттан кейін, екі миллион лиралық зиян берген білім министрлігіне қарама-қарсы тұрған үйдің өртенуі «Рисалей-Нұр бәлелердің бетін қайтаруға бір себеп» дегенді растап береді. Нұрларға шабуыл жасалған кезде, бәлелер де жол тауып келді.Үшіншіден: Рисалей-Нұрдың кереметі ретінде өртке қатысты жазылған бір жазбаны сендерге жіберу үшін бір аптадан бері күтіп отырмыз. Қатты күдіктеніп отырғандықтан почта арқылы жібермедік. Сендердің де соттағы мәселелеріңе қатты алаңдап отырмыз. Бурхан бауырымыздың басына аздап, қиын жағдай келді деп едіңдер. Не болды? (Не жағдай?) Алаңдап отырмыз. Аллаһ (тезірек) бетін аулақ қылсын. Рефет Бей мен Абдуллаһ Чавуштың хаттарына қатты қуанып қалдық. Оларға арнайы сәлем жолдаймыз. Барлығыңа сәлем. БауырларыңСаид Нұрси* * * * *

ПРЕЗИДЕНТКЕ ЖАЗЫЛҒАН АРЫЗДЫҢҚОСЫМШАСЫ. ЖАЗУҒА МӘЖБҮР БОЛДЫММаған тиісуші қаскөйлердің ең негізгі себебі, Мұстафа Кемалға дос болулары және соны жақтаймыз деп маған қысым жасауда. Менің де ол қаскөйлерге айтарым. Өліп кеткен және дүниемен де үкіметпен де байланысы үзілген бір адам жайлы отыз жыл бұрын бір Хадис Шәріптің хабарына орай Құранға тиісетін бір адам шығады деген едім. Кейінірек Мұстафа Кемалдың сол адам екендігін уақыт көрсетті.Мен де бес жүз жылдан бері хақ жолында батырлықпен күрескен қаһарман бір әскердің атақ-даңқын, жеңістерін ақылға сыйымсыз түрде М. Кемалға теліп бермегенім үшін қаскөй достары, жиырма жылдан бері неше түрлі сылтаулармен маған азап беруде.Шынтуайтында (сотта дәлелдегенімдей) атақ-даңқ, жақсы нәрселер, рухани-заттық олжалар әскерге, жамағатқа беріледі, үлестіріледі. Кемшіліктер, қателіктер басшыға беріледі деген қағида бойынша қаһарман әскердің және сол әскерлердің арасында жүрген сардарлардың жеңістері даңқы Мұстафа Кемалға берілмейді. Қателіктер, кемшіліктер соған тиесілі дедің деп, сен оны жақсы көрмейсің деп кінәлағандарға, қаһарман әскерді жақтырмайтын, даңқын аяқ асты еткісі келетін ұлт сатқындары ретінде қараймын. Бұл ақиқатты сотта дәлелдегенімдей, оның қырсық достарына да дәлелдеп беруге дайынмын. Мен де бұл мүбәрак елдің қаһарман әскерінің миллиондаған сарбазын, сардарын сүйемін, қолымнан келгенінше құрметтеп, қасиеттерін бағалауға тырысамын. Маған тиісіп жүрген қаскөйлер бір адамға деген махаббаттарының жолына миллиондаған адамға қиянат жасауда, тіпті жек көруде.Осындай жағдайлардан белгілі болғандай, маған тиісушілердің шымбайына бататыны, Мұстафа Кемалға қарсы шығуым, онымен дос болмауым. Басқа себептер сылтау ғана. Сондықтан бұл қаскөйлерге мынаны айтуға мәжбүрмін. Ол мені құрметтеген болып, шығыс уәләяттарға бас уағызшылық қызмет беру үшін Анкараға шақырды. Бардым. Мына үш нәрсе мені онымен дос болудан бас тартқызды. Жиырма жыл жалғыз азап шектім, дүниелік істерге араласпадым.Біріншісі: Бір Хадис Шәріпте ақыр заманда Ислам қағидаларына зиян беретін біреу шығады деген хабарды өз ісімен көрсетіп берген адам осы болды. Мен отыз алты жыл бұрын сол хадисті тәпсірлеген

294ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іедім. Оның мағынасы осы адамнан дәлме-дәл көрінді. (Соттағы қорғау сөздерінің үшінші негізінде толық түсіндірілген).Екіншісі: Бір нәрсенің қалыпты жағдайда тұруы, қалпына келуі, өмір сүруі, оған тиесілі барлық шарт жағдайлардың толық болуымен жалғасады. Ол нәрсенің бүлінуі, өлуі бір ғана шарттың бұзылуы арқылы болатындығы нақты дәлелденген қағида. Жұрттың аузында «Бүлдіру, жөндеуден оңтай» деген мақалға айналған сөз бар. Осы қағидаға сүйене отырып, орын алған қателіктер мен бүлінушілікті, сол қолбасшының қателігінен, ал жеңістер мен жетістіктер әскерден деп білу керек бола тұра, керсінше көпшіліктің қайырлы істерін бастағы бір кісіге ал сол бір адамның жамандықтарын жұртқа жабу әділетсіздіктің ең сорақысы.Үшіншісі: Көпшіліктің қайырлы істері мен әскердің жеңістерін басшыға беріп, басшының қателіктерін көпшілікке жабу – мыңдаған қайырлы істерді бір санау ал бір қателікті мыңға айналдыру болмақ. Өйткені (мәселен) бір полк әскер бір жауыз дұшпанды өлтірсе, әр бір әскер ғази атанады. Ал бір ғана мың басыға берілсе мың бірге айналады, бір ғана адам ғази болады. Сол мың басының қателігінен біреуді өлтіріп қойса, өлтірген адамға емес бүкіл полкқа кінә артылса, бір қылмыс мың қылмысқа айналып мың адамды жазған тартады. Дәл осындай жағдай болып тұр. Орын алған сұмдық келеңсіздіктер соларды істеп қайтыс болып кеткен адамға берілмесе, бес жүз жылдан бері, тіпті мың жылдан бері ғази екендігін, әділет пен хақтың жолында екендігін қылыштарымен, қандарымен дәлелдеп келе жатқан әскер болса сонша есе көбейтіп жібереді. Ол әскердің жарқын өткен шағына күйе жағылады, осы ғасырдағы әскердің өткен ғасырдағы әскердің алдында беделін түсіреді, кінәлі етеді.Қол жеткізілген даңқтар, жеңістер бір адамға берілсе, мың есе азайып, қанша әскер болса сонша ғазилік даңқ, хайырлы іс, бір есебінде болып қалады, өшеді. Кемшіліктердің өтеуін өтей алмайтын жағдайға келеді. Осы себептерге байланысты мен оның достығын қабыл алмай, оның орнына бір кездері өзім бір сапта тұрған, қызмет еткен әскердің достығын қабыл алдым. Мыңдаған есе маңызды даңқын Рисалей-Нұр арқылы сақтап қалуға тырыстым.ӘмірдағынанСаид Нұрси

295ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІЖиырма жылдың ішінде қаншама уәләяттың сақшылары менің киім киісіме араласпады (тиіспеді). Жиырма бес жыл бұрын Анкараның Уәлиі (әкімі) Невзад Бей күштеп өзгеркісі келді. Қолынан келмеді, өз өзіне қол жұмсап таяғын жеді. Афион әкімшілігінің жоғарғы дәрежелі қызметкері менің киімдерімді күштеп өзгерту туралы бұйрық беруіне қарсы, Әмірдағының әділет орындарындағы қарапайым қызметкер «Заңнан тыс еш нәрсе жасай алмаймыз» деп, әділ екендігін көрсетіпті. Жергілікті әкім маған зұлымдық жасағысы келмеген әлгі ар-ұяты бар кісіні басқа жаққа ауыстырып жіберуге тырысты. Мешітке, жұмаға барудан тартындырып тұрған көпшіліктен тартынып тұратын рухани дертіммен қоса бірнеше материалдық ауруыма байланысты бір аптаға анықтама қағаз алып, тергеуге бармай қоя тұрайын деген медециналық заңға сәйкес жасаған әрекетіме қарсы Афионнан екі доктор жіберіп, әлгі анықтаманың күшін бұзғызып, (докторды) сотқа берерліктей дәрежеде заңсыздықтарға душар болдық.* * * * *[Әділет органдарының рухани болмысына және ішкі істер министрлігіне білдіру үшін жазылған және Әмірдағындағы тергеуде айтқандарымның қосымшасы]Жиырма бес жылдан бері еш қандай газет оқыған да тыңдаған да емес едім, кеше маған көмектесіп жүрген кісі газеттен азғантай үзінді оқыды. Сол жерден Анкарадағы Білім министрлігіне қарасты ғимараттың (екі милион лиралық зиян шеккен) және Анкарадағы автостанцияның, дәл сол уақытта Измирде аса маңызды бір фабриканың, Аданада үлкен бір ғимараттың өртенгіндігін естіген кезімде қатты әсерленіп, мына пақыр халыққа жаным ашып кетті. Дәл сол кезде өмірімде, қандай да бір сотта науқас жағдайда қарттық бір жақтан мұнша азап шекпеген едім. Төрт жарым сағат бойы тергелдім. Мұндағы әділет органдарындағы кісілердің аз да болса адамгершілігі болмағанда, ауыр сөздер айтып, мына суықта, науқас жағдайда түрмеге түсуге оқталған едім. Тіпті, маған көмектесіп жүрген бір жігіт, біреуге бір жұдырық жұмсап менің қасыма келуін де ойластырып қойып кедік. Осындағы әділет органындағылардың адамгершілігі мен Иләһи көмек маған сабыр берді, шыдап бақтым.

296ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІМұндай таң қаларлық жағдай мен негізсіз күдіктің себебін білгім келеді. «Жастар шырағының» ресми түрде басылуы мен жарыққа шығуы көптеген мектептерді нұрландырды. Анкара мен Стамбул Университетіндегі жалынды жастардың Рисалей-Нұрдың негіздері еліміздің халқымыздың бақытына себеп болатындығын түсінуі, көптеген мұғалімдердің ұлтқа жанашырлық отан сүйгіштік және ғылымның қасиетін түсіну сезімдерімен Рисалей-Нұрға жіті көңіл бөлулері, Білім басқармасының назарын аудартыпты. Нұрларды жақтырмай, тиіскілері де келіпті. Тіпті осындағы Жастарды өзіне тартып жатыр. Баспадан шыққан «Жастар шырағы» арқылы мектеп оқушыларының назарын дінге аударуда, деп шағым жасапты. Осыған байланысты маған және көптеген аймақтарда Нұр шәкірттеріне тиісе бастады. Ал мен медресе көргендіктен молдалардан көмек сұрудың орнына білім беру саласы мен мектептерден үміт күтемін, соларға сенім артқым келеді. Өйткені Нұрдың шеңберіндегілер көбіне осы саладағылар, молдалар аз. Олар тартынғанымен мектеп оқушылары асқан құлшыныспен Нұрларға қамқор болуда, жүргім, Иншаллаһ, білім беру саласындағылар Нұр шәкірттеріне қамқор болады дейтін. Солардан көмек күтіп отырғанда мына жаңа шабуылдар туындады. «Жастар шырағының» соңғы жағындағы «Нұр шәкірттері үкіметтің рұхсат беруіне орай мүмкін болса Нұр дәрісханаларын ашқаны жөн» деген сөз, жасырын жауларымыздың білім беру саласын бізге қарсы қоюына себеп болды.Ол жаулар осы уақытқа дейін қаншама рет әділет органдары арқылы бізді тас-талқан еткісі келгенімен, қолдарынан келмеді, еш нәрсе жасай алмады. Одан кейін бір беткей, менменшіл, ресми қызметтегі дін адамдарын бізге қарсы қоюға тырысты, одан да еш нәрсе шығара алмады. Енді бізге көмегі тиеді деп үміттеніп отырған білім беру садасындағыларды бізге қарсы айдап салу арқылы, үкіметтің кейбір қызметкерлеріне бізді ұйым құру, тариқат құру сынды сылтаулармен кінәлі еткізбекші. Біз ол тақырыптар бойынша үш рет сотта ақтау шешімін алып, ақталғанбыз. Осылайша Нұр шәкірттерін және мені Рисалей-Нұрды талқылаудан мақұрым қалдырғысы келіп жатқанда, дәл менің төрт жарым сағат бойы тергеліп жатқан кезімде білім саласының ғимаратынан себепсіз түрде өрт шығуы, сөндіруге мұрша бермей толықтай жанып кетуі, кездейсоқтыққа ұқсамайды, қаһардың белгісі. Сол тергеудегі сөздерімнің соңында, дәл сол уақытта, елден жырақ, жалғыз жүрген кезімде мені кітаптарымды талқылаудан

297ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Імақұрым етпеңдер. Әйтпесе маған да, мына елге де обал болады. (Сілтеме ) Жер тағы сілкінер, ашуға мінер дедім. Үш минуттан кейін *үш секундқа созылған жер сілкінісі орын алды. Білім саласының ғимараты өртенді.Сотта төрт рет дәлелденгендей, жер сілкінісі Рисалей-Нұрға және шәкірттеріне шабуыл жасалған уақытқа дәл келуі... кездейсоқтық емес. Демек бұл елдің, халықтың, қоғамның ірге тасы Рисалей-Нұрдағы ақиқаттар. Құран ақиқаттарының шынайы тәпсірі болған Рисалей-Нұрға назар аударту үшін, шапалақтар ұрып, қарсы шығушыларға соққы беруде.Садақаның бәлелердің бетін қайтаратыны сияқты Рисалей-Нұр бұл елге келе жатқан бәлелердің бетін қайтаратындығы көптеген оқиғалар арқылы дәлелденіп отыр. Осы жолы да Рисалей-Нұрға шабуыл жасалған кезде бәленің өрт болып келуі, Рисалей-Нұрдың бәлелердің бетін қайтаратындығын дәлелдей түсуде.* * * * *Әзиз, Сыддық Бауырларым!Эгрідірде «Аса-и Мұсаны» жинап алған және сотқа берген адамның өзі екі жылға сотталып, таяқ жеді. Хусревке ашуланып бір ай жаза берген сот, қызметтен кетуге мәжбүр болды, әйелі де ол жерден кетіп қалып, олда таяқ жеді. Сендерге жазып отырған шағын хатта айтылған жазалы соққылардың бәрі де біздің біреудің қамқорлығында, қорғауында екендігімізді, бізге тиіскендер ақыретте оңбай таяқ жейтіндігі былай тұрсын біразы бұл дүниенің өзінде таяқ жейтіндігін көрсетеді.Осы жолы да бізге тиіскен кезде қыс қаһарына мінді. Қатты суықтар күннің де (ауа-райының) ашуланғандығын білдірді. Шабуылдар тоқтаған кезде қақап тұрған күн наурыздың күніндей жадырап сала берді. Бұл жайма шуақтық рухани түрде сүйінші сұрағандай жұбаныш сыйлауда. Осы жолғы шағын хатта жазылғандай, еш бір шайтанның ешкімді сендіре алмастай масқара жалалар арқылы жұрттың бізге деген сүйіспеншілігін азайтуға тырысқан ресми полицияның, сол кезде ақ таяқ жеуі, бізге тиісушілердің жала жабудан басқа шаралары қалмағандығын көрсетеді. Біз де өте абай болуға және мұндай сөздерге мән бермеуге мәжбүрміз.Обал болды міне


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook