Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАРДЫҢ (с.а.у.) МҰҒЖИЗАЛАРЫ

МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАРДЫҢ (с.а.у.) МҰҒЖИЗАЛАРЫ

Published by risalekz, 2020-02-05 03:11:53

Description: 1930жылы Барлада жазылған
19-MEKTUB
(Mu’cizat-ı Ahmediye)

Keywords: Mucizat-? Ahmediye

Search

Read the Text Version

МҰХАММЕДПАЙҒАМБАРДЫҢ(с.а.у.)МҰҒЖИЗАЛАРЫРисалей-Нұр жинағынанБәдиуззаман Саид НұрсиАлматы, 2019

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің № 04-03-16/ЖТ-Қ-73 - 05.11.2012 жылғы “Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларына” сәйкес “Мұхаммед пайғамбардың мұғжизалары” атты кітабының мазмұны Қазақстан Республикасының Конституциясына және басқа да заңнамаларына қайшы келмейді.Бұл кітап Ислам ғұламасы Бәдиүззаман Саид Нұрсидың \"Мектубат\" кітабының «Он тоғызыншы Мектуб» деп аталатын бөлімі. Кітаптың түпнұсқасы Осман түркі тілінде жазылған.Мұғжиза дегеніміз Пайғамбарлардың Аллаһ елшісі екендігін дәлелдейтін таңғажайып оқиғалар. Бұл тәпсірде Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) үш жүзден астам мұғжизалары баяндалады. Аталған мұғжизалар арқылы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) Пайғамбар екендігі дәлелденсе, сонымен қатар Аллаһтың бар әрі бір екендігі нақты айғақтармен дәлелденген болады. Демек \"Аллаһтан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед Оның елшісі\" деген тәухид ұғымы жүрекке ұялады деген сөз. Ин ша Аллаһ, кітапша күмәні бар жанның күмәнін жойып, иманды адамның иманын арттырады.

Б 32 Бәдиуззаман Саид НұрсиМұхаммед пайғамбардың(с.а.у.) мұғжизаларыАлматы: “Нур Фейз“ ЖШС,235-бет. Рисалей-Нұр жинағынанISBN 978-601-06-2667-6ББК 86.38ББК 86.38Б 32Б “Нур Фейз“ ЖШС 2019ISBN 978-601-06-2667-60403000000 00(05)-03Аудармашылар алқасы:Алмасбек Шағырбаев, (Жауапты ред.)Захараддин Батайұлы,Жандос Қиянбек



5ОН ТОҒЫЗЫНШЫ МӘКТУББұл, жинақта ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) Хақ Пайғамбар екенін дәлелдейтін үш жүзден астам мұғжиза баяндалады. Сонымен қатар, өзі де сол мұғжизаның бір кереметі десе болады. Таңғажайып кереметі мынада: Біріншіден: Бұл рисале нақыл-риуаяттардың жинағы болып жүз парақтан астам бола тұра ешқандай кітапқа жүгінбестен, жатқа жазылып тауда, бақшада үш-төрт күннің ішінде, күнде екі-үш сағат шұғылданып, барлығы он екі сағатта тәмам болды.Екіншіден: Бұл жазба көлемі жағынан үлкен бола тұра көшіріліп жазылуы еш жалықтырмады. Оқығанда да қызық, әрі тартымды. Жалқау көшіріп көбейтушілер жалқау болса да оларға күш-қайрат, ынта-жігер бергені сонша, осыншама қысыл таяң уақытта тек осы аймақтың өзінде жетпіске жуық нұсқасы қолмен жазылып көбейтілді. Бұл әрине Ардақты Пайғамбарымыздың мұғжизасының бір кереметі екендігіне шүбә жоқ. Үшіншіден: Тәжірибесіз, тәуафуқтан бейхабар яғни *әріптердің өзара сәйкес келетін қасиетін білмейтін әрі біз де теуафуқ бар екенін білмей тұрғанда, жазуға жаңа бастаған бір көшірушінің және одан басқа сегіз көшірушінің бір-бірінен хабарсыз жазған нұсқаларында «Расулуллаһ» Теуафуқ – сәйкестік, үйлесімділік.

6(с.а.у) сөзі барлық жерінде ал, “Құран” сөзі бесінші бөлімінде бір-біріне сәйкес келгені сондай мысқалдай ынсабы бар адам мұны кездейсоқ дей алмас. Көрген жандардың бәрі мұнда бір құпия-сыр жатқандығын, бұл Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.а.у) мұғжизасының кереметі екендігін толық мойындады.Кітаптің бас жағындағы негіздер өте маңызды. Сондай-ақ, баяндалған хадистер түгелдей хадис имамдары тарапынан “Сахих” яғни рас екендігі құпталған және Пайғамбарлығын нақты түрде дәлелдейтін маңызды оқиғалар болып табылады. Бұл кітаптың құндылығын баяндау үшін ең азы осы кітапшаның көлеміндей тағы бір кітап жазуға тура келеді. Сондықтан қызығушылар бір рет болса да оқып шыққаны жөн.Саид НұрсиЕСКЕРТУ: Бұл еңбекте көптеген киелі хадистерді нақыл еттім. Қасымда ешқандай хадис кітабы болмағандықтан жазылған хадистердің сөзінде қателер болса түзетіп немесе “Хадис-ы билмағна” яғни хадистің мағынасы деп қараңдар. Өйткені, Хадистің мағынасын ғана жеткізуге рұқсат бар. Яғни, қысқаша мағынасын өз сөзімен жеткізуге болады. Олай болса сөздерінде қате шыға қалса, хадистің мағынасы деп түсініңдер.

7МҰХАММЕД ( с.а.у )ПАЙҒАМБАРДЫҢ МҰҒЖИЗАЛАРЫ[Мұхаммедтің (с.а.у) пайғамбарлығы жайлы жазылған Он тоғызыншы Сөз бен Отыз бірін-ші Сөзде, Оның (с.а.у) нәби екендігі өте қуатты, нақты дәлелдермен баяндалған-ды. Дәлелдеу жағын сол жазбаларға сілтеп, қазір тек қосымша ретін-де “Мағынасы терең Он тоғыз ишара” арқылы осы терең де ұлы ақиқаттың кейбір ұшқын, сәулелерін көрсетеміз]БІРІНШІ ТАҢДАМАЛЫ ИШАРА: Мына әлемнің Иесі, Басқарушысы Аллаһ Тағала әлбетте бәрін біліп істейді, әр нәрсені хикметпен жасайды, барлық нәрсенің қыр-сырын, мақсаты мен пайдаларын көздеп бүкіл әлемді

8жан-жақты толық басқарып отырады. Иә, жасаған біледі. Білген сөйлейді демекші, егер сөйлейтін болса, әлбетте саналы, сөзді түсінетін түйсігі бар жандармен сөйлеседі. Түйсігі барлармен сөйлесетін болса, әлбетте саналы жан-дар ішінде санасы жетік адамзатпен сөйлеседі. Адам-затпен сөйлесетіні рас болса, адамзаттың ішінде де сөз ұғатын кәміл жандармен сөйлеседі. Егер кәміл, мінез-құлқы көркем, тәрбиесі жоғары, халқына сөзі өтімді жан-дармен сөйлесетіні рас болса, әлбетте достары ғана емес, дұшпандарының өзі мойындаған және мінезі көркем, абыройы асқақ, тілі өткір, ойы ұшқыр, адамзаттың бестен бірін өзіне елтіп, жер шарының жартысын рухани үкіміне мойынсұндырған, және әкелген нұрымен мың үш жүз елу жылдан бері әлемді жарық қылып, және оған өзіне иман келтіргендер күніне бес рет уәдесіне беріктігін жаңалап, Оған Аллаһтан рахым, мол бақыт тілеп, дұға ететін, күллі адамзаттың мақтанышы Ардақты Мұхаммедпен (с.а.у) сөйлесер еді, сөйлесті. Пайғамбар жасар еді, жасады. Сол арқылы бүкіл адамзатқа тура жол көрсетер еді, көрсетті. ЕКІНШІ ТАҢДАМАЛЫ ИШАРА. Хазреті Мұхаммед (с.а.у.) ұлы пәрмен Қасиетті Құранды көрсетіп, өзінің Пайғамбар екенін жар салды. Ақиқатқа жаны құмар зерттеуші ғалымдардың айтуынша мыңдаған мұғжизалар көрсетіпті. Оның мұғжизалары жалпы алғанда пайғамбар екенін айтқаны секілді анық. Құранның көптеген аятта-рында айтылғанындай, өте қырсық, бірбет кәпірлердің өзі оның мұғжизаларын жоққа шығара алмай тек өздерін алдау немесе өзіне ергендерден айырылып қалмауы үшін (Құдай сақтасын!) Мұхаммед (с.а.у) сиқыршы, сиқыр көрсетеді деген.

9Иә, Мұхаммедтің (с.а.у) мұғжизалары жүздеген айғақтармен дәлелденген. Мұғжиза дегеніміз не?. Ол, бүкіл әлемді Жаратушы Аллаhтың өзі жіберген пайғамбарларын яғни «сенікі дұрыс» деп раста-уы, былайша айтқанда оның елші екенін растайтын мөр, таңба іспеттес. Мысалы, сен бір мәжілісте, патшаның алдында былай десең: «Патша мені пәлен қызметке тағайындады». Егер Патша: «Иә, рас!» десе, сөзің дәлелденген болады. Ал, егер сенің өтінішің бойынша Патша өзінің күнделікті әдетін өзгертіп, сен үшін әдеттегі жағдайдан тыс әмір берсе, онда сені ауызша бекіткеннен әлдеқайда бек растаған болады. Сол сияқты, Әз. Мұхаммед (с.а.у) өзінің пайғамбарлығын жария қылып: «Мен, мына әлемді жаратқан Аллаhтың елшісімін. Дәлелім болса мынау: Жаратқан Ием әдеттегі жағдайды менің өтінішіме орай өзгертеді. Міне, саусақтарыма қараңдар! Бес шүмекті бұлақ сияқты су ағып жатыр. Айға қараңдар! Бір саусағыммен мегзеп едім екіге бөлінді. Мына ағашқа қараңдар! Маған куәлік ету үшін жаныма келіп пайғамбарлығымды растап тұр. Мына азғана тағамға қараңдар! Екі-үш адам әзер тоятындай аз бола тұра, екі жүз-үш жүз адам жеп, тойып жатыр». Осы сияқты жүздеген мұғжизалар көрсетті.Хазреті Мұхаммедтің (с.а.у) Пайғамбарлық дәлелдері тек мұғжизаларымен шектелмейді. Мән беріп қараған адамға Оның барлық іс-әрекеттері, айтқан сөздері, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, көңіл күйі, түр-тұлғасы түгел, оның адал әрі хақ екенін дәлелдейді. Тіпті, Бәни Исраилдың атақты ғалымы Абдуллаһ ибн Сәлам сынды жандар, Пайғамбарымыздың (с.а.у) тек жүзін көріп: «Бұл айлакер-ге ұқсамайды. Алдауы мүмкін емес» деп, иманға келген.

10Негізінде ақиқатшыл ғалымдар Пайғамбарымыздың мұғжизалары мыңға жуық деп айтқанымен, бәлкім мыңдаған тіпті жүз мыңдаған болуы мүмкін. Әрі олардың әрқайсы жүз мың жолдармен келіп, көзқарасы мен пікірі әртүрлі жүз мыңдаған адамдар тарапынан расталып бізге жеткізілген. Тек Құран Кәрімнің өзінде қырық мұғжизасы нақты түрде баяндалып, мыңдаған айғақпен дәлелденген.Адамзат әлемінде пайғамбарларлық ұғымы бар екені рас. Жүз мыңдаған кісілер пайғамбарлық міндетін атқарып, өмірден өткен. Әлбетте Хазреті Мұхаммедтің (с.а.у) пайғамбарлығы барлығынан жоғары. Өйткені, Иса (ғ.с.) және Мұса (ғ.с.) сынды Пайғамбарларға пайғамбар дегізген нышан-белгі, сын-сипаттар және үмметіне жасаған мейірім, қамқорлығы Хазреті Мұхаммедке (с.а.у) жетпейді. Ол қасиеттер Пайғамбарымызда ең кәміл әрі толық түрде кездеседі. Олай болса, әлбетте, оның пайғамбарлығы мен қадір қасиеті басқа пайғамбарларға қарағанда әлдеқайда жоғары әрі нақтырақ.ҮШІНШІ ТАҢДАМАЛЫ ИШАРА. Хазреті Мұхаммедтің (с.а.у) мұғжизалары сан-алуан түрлі. Пайғамбарлығы жалпыға ортақ болғандықтан жаратылыс атаулының әр түрінен мұғжизалар көрсеткен. Мысалы, бір атақты патшаның елшісі әр түрлі сыйлықтар алып, сан-алуан ұлттың өкілі өмір сүріп жатқан бір қалаға барса, әрбір ұлт өз өкілдерін жіберіп, өз тілдерінде «Қош келдіңіз!» деп қошеметтеп қарсы алады. Сол сияқты Әзәл мен Әбәд Сұлтаны Хақ Тағаланың ең ұлық Пайғамбары Хазреті Мұхаммед (с.а.у) жер шарының тұрғындарына елші болып келіп, маңызы зор қуанышты

11хабар әкелді. Бүкіл жаратылыстың Иесі тарапынан әлемнің мән-мағынасын, құпия-сырын ашатын құнды да нұрлы ақиқаттар мен рухани кәде-сыйлықтар әкелді. Сол кезде тау-тас, су, ағаш, хайуанат, адамдардан бастап, со-нау Ай мен Күн, жұлдыздарға дейін әрқайсысы өз тілімен «Қош келдіңіз!» дегендей түрлі мұғжизаларға бөленді. Оның Пайғамбарлығын қолдап, қошаметтеп қарсы алды. Егер, бұл мұғжизаларды толықтай айта бастасақ, том-том кітап жазуға тура келеді. Зерек зерттеушілер мен ақиқатқа жаны құмар кісілер Расулуллаһтың пайғамбарлығының дәлелдері жайлы көптеген түсіндірме жасап, құнды еңбектер қалдырған. Біз тек қана қысқаша ишара түрінде нақты және көпшілік тарапынан қабылданған мұғжизаларға тоқталамыз.Хазреті Мұхамедтің (с.а.у) мұғжизалары екі түрге бөлінеді.Біріншісі: «Ирһасат» деп аталады. Ол пайғамбарлық келмей тұрғанда және дүниеге келер кезінде болған таңғажайып оқиғалар.Екіншісі: Пайғамбарлығымен қатысты дәлелдер. Бұл да екі түрге бөлінеді. Біріншісі: Пайғамбарымыз (с.а.у) қайтыс болғаннан кейін оның пайғамбарлығына дәлел боларлық таңғажайып оқиғалар. Екіншісі: Бақыт ғасырында, яғни, өзі өмір сүрген кезінде болған ғажайып оқиғалар. Бұл екінші бөлім де екіге бөлінеді. Бірі: Өз бойында, жан дүниесінде және сырт көрінісінде, мінез-құлқы мен кемелділігінде байқалған пайғамбарлық ны-шан-белгілер. Екіншісі: Әлемдегі құбылыстарда көрінген мұғжизалар. Бұл екінші түрін де екіге бөліп қарастырамыз.

12Біріншісі: Мағынауи және Құрани. Екіншісі: Заттық және әлемдік. Бұл екінші бөлімді де екі топқа бөліп тал-даймыз.Біріншісі:Пайғамбарлығын дәлелдеу және кәпірлердің сағын сындыру, қасарысуын тоқтату немесе иман етушілердің иманын қуаттау мақсатында көрсетілген мұғжизалар. Мысалы, Айдың екіге бөлінуі, саусағынан су ағуы, азғана тағамға көп адамның тоюы, хайуанат пен ағаш, тастардың сөйлеуі секілді, мұның да жиырмаға жуық түрі бар. Бұлардың әрбірі тәуәтүр дәрежесінде, яғни, еш *күмәнсіз анық түрде бірнеше рет қайталанған. Ал екінші түрі болса, келешекте болатын оқиғаларды хабарлауы.Жалпы Расулуллаһқа (с.а.у) Хақ Тағала білдіреді, ол да бізге хабар береді. Біз осы соңғы бөлімінен бастап рет-ретімен баяндайық(Сілтеме).**ТӨРТІНШІ ТАҢДАМАЛЫ ИШАРА: Ғайыпты білуші Аллаhтың білдіруімен Хазреті Мұхаммед (с.а.у) өткен замандарды және келешекті суреттеп берген. Ғайып жайлы хабар беретін хадистерді толық баяндап тауыса алмаспыз. Құранның мұғжизаларына байланы-сты жазылған Жиырма бесінші Сөзде ол туралы бірша-ма түсіндіріліп, дәлелденген болатын. Өткен заманға, бұрынғы пайғамбарларға қатысты және Иләhи ақиқаттар мен дүниенің мәнісі, о дүниедегі жағдайлар туралы ғайби хабарларды әлгі Жиырма бесінші Сөзге сілтеп, әзірге оған кіріспейміз. Қазір тек өзінен кейін сахабаларына, ұрпағына Тәуәтур* -жалған болуы мүмкін емес нақты хабар.Сілтеме. Өкінішке орай ниет еткендей жаза алмадым. Еріксіз түрде көңілге қалай келсе солай жазылды. Айтқанымдай толық тәртіппен жаза алмадым.

13және үмметінің басына келетін ғайби оқиғалардан бірне-ше мысал келтіріп, ишара етеміз. Бұл тақырыпты қолға алмастан бұрын кіріспе ретінде «Алты негіз» баяндалмақ. Бірінші негіз. Хазреті Мұхаммедтің (с.а.у) әрбір ісі, әрбір жүріс-тұрысы пайғамбарлығына куәлік етуі мүмкін, бірақ әрбір іс-қимылы таңғажайып болуы шарт емес. Өйткені, Аллаh Тағала Оны (с.а.у) адамзатқа тұрмыс пен тіршілік жағдайын үйретсін, дүниелік және ақыреттік бақытқа қол жеткізетін іс-амалдарды көрсетсін деп жібер-ген әрі оларға көшбасшы, имам болсын және қарапайым сияқты көрінген, бірақ негізінде әрбірі Иләhи құдіреттің мұғжизасы болып табылатын Раббани таңғажайып өнердің, табиғаттағы құбылыстардың сырын ашсын деп жіберген. Егер барлық іс-әрекеті таңғажайып, мүлдем ере-кше болса ол кезде толыққанды имам, жетекші бола алмас еді. Іс-әрекетімен, мінез-құлқымен тұрмыс пен тіршілік қамында үлгі бола алмас еді. Ол тек қасарысқан кәпірлерге өзінің Пайғамбарлығын дәлелдеу үшін және қажет болған жағдайда ғана ғажайып істер, мұғжизалар көрсеткен. Әрине мұғжизалары дүниедегі сынақ пен емтиханның талап-заңдарына сәйкес болатын. Бірақ ап-анық әрі әркімді еріксіз мойындауға мәжбүрлейтін дәрежеде бол-майтын. Өйткені, емтиханның ережесі, сынақтың шарты ақылға жол ашылуын, бірақ адамның ерік-қалауы өзінде болуын талап етеді. Егер ашықтан ашық болатын болса, ақыл еркінен айырылып Әбу Жәhил де Әбу Бәкір сияқты қабылдап емтиханның сыры ашылып, сынақ мәнісін жояр еді. Көмір мен алмас бір-бірінен ажырамай бір деңгейде қалар еді.

14Таңқаларлық жәйт: Расулуллаһ (с.а.у) түрлі адамдарды бір ғана мұғжизамен немесе бір ауыз сөзімен тәубәсіне келтірді. Тіпті, кейбіреулер Оның (с.а.у) жарқын жүзін бір көргенде-ақ иманға келді. Апырм-ай, әлгіндей сан түрлі адамдарды, ойшыл жандарды иманға келтірген мұғжизаларды, мыңдаған дәлелдерді естіп, біле тұра кей-бір сорлы бейбақтар әлі күнге дейін адасып жүр. Екінші негіз. Расулуллаһ (с.а.у) hәм адам бо-латын. Адам болғасын соған сәйкес әрекет ететін. Һәм Пайғамбар, Хақ Тағаланың елшісі болатын. Оның (с.а.у) Пайғамбарлығы уахиға яғни аянға негізделген. Уахи екі түрлі болады.Біріншісі: «Сарих Уахи». Расулуллаһ мұнда тек қана жеткізуші, аудармашы ғана. Оған Құран және кейбір құдси хадистер жатады.Екіншісі: «Зымни Уахи». Мұның да негізі мен өзегі уахи және илhамға сүйенеді. Дегенмен түсіндіріп баяндау Расулуллаһқа (с.а.у) тән. Уахи арқылы келген тұжырымдарды суреттеп, баяндау үшін Расулуллаһ (с.а.у) тағы да илhамға немесе уахиге сүйене отырып өзінің парасаттылығын пайдаланып шебер жеткізген. Өз сөзімен түсіндіру кезінде пайғамбарлық міндеті жағымен иләhи қуатпен әрі көпшіліктің ұғымына сай түсінікті болуы үшін қарапайым тілмен баяндаған.Міне, сондықтан әрбір хадистің бүкіл жағына нағыз уахи ретінде қарау шарт емес. Адам болғасын болуы мін-детті пікірі мен амалдарынан пайғамбарлықтың ұлы ны-шандарын іздеу әбестік. Кейбір хадистер жалпы мағынада уахи арқылы келген. Пайғамбарымыз оны өз парасатымен

15көпшілік қауымға түсінікті тілде жеткізе білген. Мұндай қысқа-нұсқа сөзбен айтылған немесе теңеумен жеткізілген түсініксіздеу тұстарын тәпсірлеу, тіпті, жору қажет бола-тын. Мысалға, бір күні Пайғамбарымыздың құзырында «Гүрс!» еткен зор дыбыс естіледі. Сонда Пайғамбарымыз: «Бұл жетпіс жылдан бері домалап, енді ғана Жаhаннамның түбіне түскен бір тастың дыбысы» деді. Бір сағаттан соң жетпіс жасында әйгілі бір мұнапықтың өлгені жайлы хабар келді. Жаhаннамға түсіпті. Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у) шешен түрде тәмсіл-теңеумен жеткізген оқиғаның сыры ашылып, осылайша жоруы түсінікті болды.Үшінші негіз. Жеткізілген хабарлар тәуәтүр *дәрежесінде болса, хабар нақты боп саналады. Тәуәтүр екі түрлі болады. Біріншісі; «Ашық тәуәтүр». Екіншісі; «Мағынауи тәуәтүр». Мағынауи тәуәтүрдің де екі түрі бо-лады.Біріншісі:«Сукути», яғни, үндемеу арқылы қабылдау. Мысалға, бір адам, жамағаттың көзінше бір оқиғаны айтса, жамағат оны жоққа шығармай үндемесе оны растаған боп есептеледі. Әсіресе, хабарлап отырған оқиғаға жамағаттың да қатысы болып әрі оның үстіне жамағат шыншыл, жалғанды жек көретін жандар болса, әлбетте, әлгі кісінің сөзіне үнсіз қалуы оның сөзін растай-тын күшті дәлел болып саналады. Екіншісі: Бір оқиғаны бірнеше адамның әр түрлі бейнеде жеткізу. Мысалы, «Бір келі тағам екі жүз адамды тойғызыпты». Бірақ бұл оқиғаны хабар берушілер түрлі-Тәуәтур* -жалған болуы мүмкін емес нақты хабар.

16түрлі сөзбен жеткізсе де, барлығы да оның шындығын растайды. Бұл оқиға мағынауи түрде расталған болып табылады. Түрлі-түрлі айтылуының зияны жоқ. Кейбір жағдайда бір ғана хабар, тәуәтүр дәрежесінде ақиқат бо-лып есептеледі.Міне, Расулуллаһтан (с.а.у) бізге жеткен мұғжизалар мен пайғамбарлық дәлелдердің көпшілігі тәуәтүр, яғни, са-рихи, мағынауи немесе сукути жолмен жеткен. Рас, кейбірі бір ғана рауи арқылы, яғни, бір ғана адам жеткізген бьолуы *мүмкін, алайда оны хадис имамдары қабылдағандықтан рас екендігі анық. Хадис имамдары мен ғалым-ғұламалар «Мухаққиқ», «Әл-Хафиз» деген сипатқа ие болып, ең аз дегенде жүз мың хадисті жадында сақтаған кісілер. Осын-дай мыңдаған мухаққиқ хадисшілер және тақуа, яғни, елу жыл бойы құптан намазының дәретімен таң намазын оқыған хадис ғалымдары, атап айтқанда Бұхари, Мус-лим секілді «Кутуб-ы Ситте-и Хадисиені» жазған хадис ілімінің ғұламалары мойындаған «уахид хадис», яғни, жеткізуші рауиі біреу болса да тәуәтүр дәрежесінде деп есептеледі. Хадис ілімінің мухаққиқ мамандары Расулуллаһтың (с.а.у) керемет түсіндіру тәсілін, Оның (с.а.у) сөз сап-тау өнерін терең зерттеп, әбден меңгергені сонша жүз хадистің ішінен «мәузу хадис» көрсе, «Бұл хадис емес, Пайғамбарымыздың сөзіне ұқсамайды» деп дереу танитын болған. Олар сөздің зергері секілді хадистің құрылымын, құрамын тез танып, басқаның сөздерімен шатастырмай-тын. Тек Ибн Джәузи секілді хадис мамандары сын айтуда артық кетіп, кейбір сахих хадистерді де «мәузу хадис» де-Рауи - риуаят етуші, хабарлаушы, хадис айтып жеткізуші

17ген. Бірақ «мәузу хадис» деген сөз мағынасы дұрыс емес дегенге келмейді. «Мұның сөздері Пайғамбарымыздікі (с.а.у.) емес» деген сөз.Сұрақ: Хадистердің ауыз екі тарауы, анаған анау айтты, ол анаған айтты деп жалғастыру әдісінің хикмет-пайдасы не?Жауап: Пайдасы өте көп. Ауыз екі жеткізілген-де сөздің сенімділігі артып, оны хадис мамандарының қостап, бекіткенін көрсетеді және бірінен бірі алып жалғастырғандардың қабылдайтынын білдіреді. Үзілмей жалғасын тауып келген хадис әрбір имам, әрбір ғұлама та-рапынан расталып, үкімінің дұрыс екеніне қол қойып мөр басқан болып есептеледі.Сұрақ: Неліктен мұғжизалар шариғаттың үкімдері секілді тәуәтур дәрежесінде, көптеген жолдармен тізбек түрінде жеткізілмеген?Жауап: Өйткені шариғаттың үкімдеріне халықтың көпшілігі әрдайым мұқтаж. Шариғи үкімдер «фарз ғайн» секілді әркімге қатысы бар. Ал әркім әрбір мұғжизаға мұқтаж емес. Бір рет естісе жетіп жатыр. Бұл «фарз ки-фая» секілді. Бірнеше адам білсе жетеді. Міне, сондықтан кейде бір мұғжизаның анық болғандығы шариғи үкімнен он есе нақтырақ бола тұра оның жеткізушісі бір-екі рауи ғана, ал үкімнің жеткізушілері он-жиырма болуы мүмкін.Төртінші негіз. Расулуллаһтың (с.а.у) келешек-тен хабар беретін мұғжизалары жәй, қарапайым оқиғалар емес. Олар, өмірде жиі қайталанатын ауқымы кең маңызы зор оқиғалар. Оны Пайғамбарымыз қысқа да нұсқа баяндаған. Алайда ол оқиғалардың бірнеше қыр-сырлары

18бар. Әр кезеңде бір қырын баяндаған. Кейін хадисті жеткі-зуші рауи әлгі сан-алуан қырларын қосып жібереді. Сөйтіп хадистың хабары болуы мүмкін емес секілді көрінеді. Мысалға, Хазреті Мәhди туралы әртүрлі риуаяттар бар. Негізінде, Жиырма төртінші Сөздің бір тарауын-да дәлелденгеніндей, Расулуллаһ (с.а.у) уахиға сүйене отырып әр ғасырда мұсылмандарға демеу болып, ру-хани қуат беретін, қамқоршы, hәм аласапыран заман-да үмітін жоғалтпауы үшін, сондай-ақ, Ислам әлемінің нұрлы тізбегі болып табылатын Әл-і Бейтіне, яғни, өзінің ұрпағының айналасына иманды кісілерді шоғырландыру мақсатында Мәhди туралы хабар берген. Ақырзаманда келетін Мәhдиге ұқсас әрбір ғасырда Әл-і Бейттен тараған белгілі бір мағынада Мәhди, тіпті Мәhдилер келген. Тіпті Әл-і Бейттен саналған Аббаси халифаларының арасынан ұлы Мәhдидің көптеген сипаттарына ие өзіндік Мәhди болған.Міне, ұлы Мәhдиден бұрын келген Мәhди тәрізді кісілердің яғни Мәhди сынды халифалардың, ақтаб-абыздардың сипаттары негізгі нағыз Мәһдидің сипатта-рымен шатасып кеткен, әрі содан риуаяттарда бір-біріне қарама-қайшылық байқалады. Бесінші негіз:Расулуллаһ (с.а.у) дегеніндей ғайыпты өздігінен білмейді. Аллаh Тағала оған білдірсе Ол да (с.а.у) адамдарға білдіретін. Хақ Тағала Хаким hәм Рахим болғандықтан хикмет пен рақымшылықтың талабы ке-лешекте болатын оқиғалардың басым көпшілігі құпия

19болуын керек етеді. Өйткені, мына дүниеде пендеге ұнамайтын жағымсыз нәрселер көп. Оларды алдын-ала білу пендеге ауыр тиеді. Міне, сондықтан ажалдың қашан келетіні белгісіз. Сондықтан болашақта басымызға келетін пәлекеттер көрсетпейтін бір пердемен жабылып беймәлім. Аллаhтың хикметі мен рақымы солай болуын талап етеді. Рақымы мол Аллаһ Пайғамбарымыздың (с.а.у) үмметіне деген аса мейірімділігін ескеріп, өзі қайтыс болғаннан кейін, әулеті, үмметі душар болатын қайғылы оқиғаларды оған жан-жақты білдірілмеген.(Сілтеме )* Дегенмен кейбір маңызды оқиғаларды Аллаһтың хикметі анық болмаса да білдірген, Ол (с.а.у) да хабар беріп кеткен. Сонымен қатар жағымды оқиғалардың кейбірін жасырын, кейбірін ашық түрде білдірген, оны да үмметіне жеткізген. Оны өте тақуа, жоғары мәртебелі әрі өте әділ, адал, сондай-ақ,деген хадисіне нысана болудан қорқатын, әріаятындағы қатаң ескертуді біліп, сескенетін, жазаға тартылу-дан қатты қорқатын Сахабалар кейінгі ұрпаққа нақыл еткен. Сілтеме: Ардақты Пайғамбарымыздың Айша анамызға де-ген ыстық сезімін ренжітпеу үшін «Жәмәл» оқиғасында Хазіреті Айшаның да болатынын анық білдірмеген. Оған дәлел, бір күні Пайғамбарымыз пәк ханымдарына: «Қап, сол қанды оқиғада қайсы бірің болатыныңды білсем ғой!» – деп айтқан екен. Кейін астар-лап қана білдірген болса керек, Хазреті Әлиге былай депті: «Айша екеуіңнің араңда бір нәрсе бола қалса яғни «оны кешір, жұмсақ мәміле жаса» деген екен».

20Міне, хадис ілімімен шұғылданушы кәміл жандар бізге олардың риуаяттарын қаз-қалпында жеткізген.Алтыншы негіз: Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссаламның ахуалы, сын-сипаттары «Сияр-ы Нәби», яғни, өмірбаяны жайлы кітаптарда жазылған. Алайда ол жердегі сипаттаулар мен хал-ахуалының басым көпшілігі адами жағына назар аудартады. Ал, Ол мүбәрәк Кісінің (с.а.у) рухани ахуалына, мағынауи жағына, тап-таза мөлдір жан дүниесіне, асқақ мінезіне, нұрлы рухына баса назар аударған жөн. Өмірбаяны мен сияр кітаптарында баяндалған сипаттары оның жоғарғы дәрежелі асқақ абыройын толық суреттеп, лайық бейнесін сызып бере алмайды. Өйткені, яғни, кімде-кім бір іске себеп болса ол оны атқарғанмен тең дегендей, Пайғамбарымыздың (с.а.у) амал дәптеріне әрқашан бүкіл үмметінің жасаған жаппай ғибадат-құлшылықтарының шамасындай сауап, ғибадат жазылуда. Аллаhтың шексіз мейіріміне шексіз бөленуде. Сонымен қатар, күн сай-ын сансыз үмметі сансыз салауат, дұға-тілектерін ар-науда. Және Әлемнің соңғы нәтижесі, ең кәміл жемісі, жаратқан Жаббардың пенделеріне аудармашы, тілмашы және сүйіктісі болған мүбәрәк Кісінің (с.а.у) толық бол-мысы мен кемел дәрежесін тек өмірбаянын ғана оқып, адами хал-ахуалына қарап лайық баға беру мүмкін емес. Мәселен, Бәдір соғысында, екі жағында екі періште яғни Хазреті Жәбірейіл мен Микаил оны қорғаштап, оққағар қызметін атқарған. Енді бірде дәл сол Кісі (с.а.у) базар-да бәдәуи бір арабпен ат саудалап, келісе алмай, куәгер іздеп, жалғыз Хузейфиені ғана табуы сырт көзге әлгіндей

21ұлықтығымен үйлеспейді. Сондықтан, осындай қате пікір қалыптаспау үшін әрқашан адами болмысы туралы естіген сәтте қарапайым сипаттарынан назарды жоғары ұстап, нағыз болмысына, яғни, Пайғамбарлық мәртебесіндегі нұрлы да рухани кемел болмысына назар аударған дұрыс. Әйтпесе, құрметі азайып, не болмаса күдік пайда болады. Бұл сырды түсіну үшін мұндай бір мысал берейік: Мәселен, бір құрма ағашының дәнегін алайық. Дән топыраққа егілгеннен кейін, өсіп-өніп үлкен ағашқа ай-налады. Уақыт өте бұтақтары тарам-тарам болып жеміс береді. Немесе тауыс құсының жұмыртқасын алайық. Жұмыртқаға жылу беріліп, одан тауыс құсының балапаны шықты делік. Енді оны құдірет сәндеп, әсем де кәміл бір та-уыс құсына айналды. Әрі барған сайын көркейіп, құлпыра түсті. Әлгі дәнектің немесе жұмыртқаның жерде қалған қабықтарының өзіне тән заттық сипаттары, хал-ахуалы, өзіндік ерекшеліктері бар. Дегенмен одан шыққан ағашқа немесе құсқа, ұқсамайды, оның қарапайым сипаттары-мен мүлдем үйлеспейді, арасында үлкен айырмашылық бар. Енді, әлгі дәнек пен жұмыртқаның сипаттары ағаш пен құстың сипаттарымен араласып айтылған кезде тыңдарманның назары дәнекке емес ағашқа, жұмыртқаға емес құсқа ауып солай қабылдап, мән берілуі тиіс. Сонда ғана сипаттама орынды болып ақылға қонбақ. Әйтпесе, «бір грамм дәнектен мың батпан құрма алдым» неме-се «мына жұмыртқа құстардың ең әдемісімен пара-пар» десе, ақылға симай, сену қиын болар.Міне, сол сияқты Расулуллаһтың (с.а.у) адами болмы-сы, өмірбаяны әлгі дәнекке немесе жұмыртқаға ұқсайды. Ал, атқарған қызметі, Пайғамбарлық ұлы міндеті,

22Оның жарқыраған нұрлы жан-дүниесі, рухани болмысы Жәннаттағы Туба ағашы, бақыт құсы тәрізді әрі әрдайым кемелденіп, құлпыра түсуде. Сол үшін базарда бір араб-пен дауласқан Кісіні (с.а.у) ойлаған кезде дереу, көкке көтеріліп пыраққа мініп, Жәбірейіл (а.с.) періштені арт-та қалдырып, Қаб-ы Қәусейінге, одан әрі самғап ұшқан нұрлы Кісіні (с.а.у) елестетіп, қиялды шарықтатып, назар-ды асқақтату қажет. Әйтпесе, құрметсіздік жасаған бола-ды яки менмен нәпсі сеніңкіремей күмәндануы мүмкін.БЕСІНШІ ТАҢДАМАЛЫ ИШАРА. Ғайып оқиғалар жайлы хадистерге бірнеше мысал келтірейік.Сахих риуаяттардың тәуәтур дәрежеде бізге жеткені бойынша, Расулуллаһ (с.а.у), мінбердің үстінде, бір топ сахабаларына былай деген екен:Яғни, «мынау менің ұлым Хасан, өзі сейіт (мырза). Аллаһ осы арқылы екі үлкен топты татуластырады». Иә, қырық жылдан кейін Исламның үлкен екі әскері бетпе-бет келіп, бір-біріне қару таянған кезде Хазреті Хасан (р.а.) Хазреті Муауиямен (радиаллаhу анhу) бітімгершілікке келіп, үлкен атасының ғайып туралы мұғжизасын раста-ды.Екіншісі: Сахих бір риуаятта Хазреті Алиға былай де-ген екен:Сондай-ақ, Жәмәл, Сыффин, Хауаридж оқиғалары әлі болмай тұрып, алдын ала хабар берген. Және Хазреті Али (р.а.) Хазреті Зүбейірмен құшақтасып бірін-бірі сүйген кезде: «Бұл саған соғыс ашады, бірақ оныкі дұрыс емес»

23деді. Һәм Әзуаж-ы Тахиратына яғни пәк жұбайларына былай деген: «Араларыңнан біреу үлкен бүлік шығарады және айналасындағылар қырғынға ұшырайды». Міне, осы сахих хадистер отыз жылдан кейін Хазреті Алидің (р.а.), Хазреті Айша, Зүбейір және Талхамен ара-сында болған «Жәмәл» оқиғасын меңзеп және Муауия-мен «Сыффинде», ал Хауариджге қарсы Харәурада және Нәhриуанда боғн шайқасқа ишара еді. Тарих әлгі ғайби хабарды іс жүзінде растады. Һәм Хазреті Алиға: «Мына адам, сенің сақалыңды басыңның қанымен жуатын кісі» – деп біреуді көрсетті. Хазреті Али ол адамды таниды екен, ол Әбдіррахман ибн Мүлжем ул-Хариджи еді. Һәм Харижидтердің ішінде Зүсседие деген бір кісіні суреттеп, оның ерекше белгі-нышандарын айтып, хабар берген. Кейін өлтірілген харижидтердің арасынан оның мүрдесі табылды. Хазреті Али мұны өзінікі хақ, дұрыс екеніне дәлел ретінде әрі Нәбидің мұғжизасы екенін жа-рия қылды.Үмму Сәләмәнің және басқа да рауилердің жеткізген сахих риуаяты бойынша, Расул-ы Әкрәм (с.а.у): «Хазреті Хусейн Таффта, яғни, Кербәлада өлтіріледі» деген екен. Елу жылдан кейін, жан түршігерлік қайғылы оқиға дәл сол жерде орын алып, әлгі ғайби хабар расталды.Һәм көп мәрте былай деген екен: яғни, «Менің Әл-і Бәйтім менен кейін көп қырғынға, қуғын-сүргінге ұшырайды». Және ол туралы біршама түсініктеме берген. Айтқанындай дәл солай болды.Осы жерде мынадай маңызды бір сұрақ туады: «Хазреті

24Али халифа болуға әбден лайық еді әрі Расулуллаһқа (с.а.у) жақын туысқан және таңқаларлық батырлығы мен білімі бола тұра неліктен бірінші халифа болып тағайындалмады және неліктен халифалығы кезінде ұрыс-керіс көп бол-ды?».Ж ауабы: Әл-і Бәйттен үлкен бір әулие былай деген екен: «Расулуллаһ (с.а.у) Хазреті Алидің (р.а.) халифа бо-луын барынша қалаған, бірақ Оған (с.а.у) ғайыптан хабар келіп Аллаhтың қалауы басқа екендігі білдіріліпті. Ол (с.а.у) өзінің қалауын тастап, Аллаhтың қалауына көніпті» - дейді. Мұның Иләһи хикметтерінен біреуі былай болса керек:Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у) дүниеден өткен соң са-хабалар ауызбіршілікке, өзара ынтымаққа мұқтаж болады. Егер биліктің басына Хазреті Али келсе, оның халифалығы кезінде орын алған оқиғалар көрсеткендей, Хазреті Алидің қорқу дегенді білмейтін теңдесіз ержүректігі, қатты тақуалығы, тым қанағатшылдығы, қарапайымдылығы көпшіліктің және кейбір қауымдардың қызғаныш сезімін оятып, ел ішінде бақталастық туып, мұсылман қауымы ыдырап бөлініп кетуіне себеп болуы әбден мүмкін еді. Сонымен қатар Хазреті Алидің халифалығының кейін-ге қалуының тағы бір хикметі мынау болса керек: Сан ұлт, түрлі қауым Исламды қабылдап, өзара араласып кетті және Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у) айтып кеткендей, үмметінен шыққан жетпіс үш топ, түрлі көзқарастағы қауымдар пайда болды.Міне, солардың арасында бүлік шығып, қанды оқиғалар, қырғи қабақ басталғалы тұрғанда Хазреті Али сынды керемет батыр, ержүрек әрі парасатты, кез-келген соққыға төтеп бере алатын, хашими руынан шыққан әрі

25Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.а.у) туысқаны және Әл-i Бәйт, яғни, Нәбидің әулетінен шыққан ерекше тұлға, қуатты да ардақты бір тұлға қажет еді. Иә, төтеп берді... Расулуллаһ (с.а.у) Хазіреті Алиға: «Мен Құранның түсуі үшін соғыстым, ал сен болсаң үмметім оны дұрыс түсінуі үшін соғысасың! » дегені анықталды. Сондай-ақ, егер Хазреті Али болмағанда дүниенің сән-салтанаты Әмәуилерді әбден адастырып жолдан тайдырып жіберуі мүмкін еді. Бірақ қарсы алдында Хазреті Али (р.а.) және Әл-і Бәйтті яғни Хашими ұрпақтары тұрғандықтан олармен санасуға тура келетін. Мұсылмандардың алдын-да абыройын сақтап қалуы үшін қаласа да, қаламаса да Әмәуи патшаларының басым көпшілігі өздері істемесе де дін Исламға қолдау көрсетіп, қол астындағылары мен жақтастары ынта-жігермен Ислам ақиқаттарын, Иман негіздерін, Құран үкімдерін орындауға, оны сақтауға әрі жайылуына қызмет етті. Жүз мыңдаған ақиқатшыл имамдар, кәміл хадисшілер, тақуа әулиелер мен асфиялар жетілдірді. Егер қарсы алдарында Әл-і Бәйттің өте тақуа әулиелері, діндар-абыздары, кәмілдері болмағанда, Абба-силер мен Әмәуилердің соңғы кезеңі сияқты әу бастан-ақ адасып, жолдан таюлары бек мүмкін еді.Сұрақ: «Неліктен Ислам халифаты Нәбидің Әл-і Бәйтінде, яғни, ұрпағында жалғаспады? Әйтсе де ең лайығы да дұрысы солар еді ғой?» Жауабы:Дүниенің сән-салтанаты алдамшы. Әл-і Бәйт болса Құранның үкімдері мен Исламның ақиқаттарын сақтауға міндетті тұқым. Халифа болып сал-танат құрғандар мен билік жүргізетіндер Нәби сияқты бейкүнә болуы керек немесе Хулефа-и Рашидин немесе

26Омар ибн Абдулазиз-і Әмәуи немесе Мәhди-и Аббаси сияқты жүрегі әрдайым «Аллаh» деп соғатын ғажайып тақуа болуы шарт. Өйткені, Мысырда Әл-і Бәйт атынан құрылған Фатимия халифаты, Африкада Муаhhидин үкіметі және Иранда Сафәуилер мемлекеті құрылғаны мәлім. Ақырында сәтсіздікке ұшырап дүниенің салатанаты Әл-і Бәйтке жақпайтынын көрсетті. Басты мақсаты билік болған соң Исламға қызмет қылып, дінді жаю бәсеңсіп, ұмыт қалып жатады. Ал, салтанаттан бас тартып биліктен қол үзген кезде, Исламға, Құранға өте берекелі де жарқын, керемет ықыласпен түрде қызмет еткен.Иә, тарихқа үңілсек, Хазреті Хасанның ұрпағынан тараған қутубтар әсіресе Ақтаб-ы Әрба, яғни, төрт имам, *атап айтқанда Ғаус-ы Ағзам Шәйх Абдулқадир Гәйлани және Хазреті Хусейіннің ұрпағынан тараған Имамдар, оның ішінде айрықша Зейн-ел Абидин мен Жағфар-ы Садық. Олардың әрқайсысы мағынауи Мәhди секілді өз заманының рухани тоқырауын, надандықтың қою қараңғылығын жойып, айналасына Иманның, Құранның ақиқаттарын, нұрларын жайғанын көреміз. Әрбірі ұлы аталарының ізбасары екендігін іс жүзінде дәлелдеп көрсете білді.Сұрақ: Қасиетті де киелі Ислам дінінің қырғынға ұшырап және мұсылмандардың басына түскен сонау нәубат, зорбалаң, қанды бүліктердің хикмет-сыры не? Оның жағымды, рақымшылық жақтарын көрсетсеңіз. Негізінде олар ауыр азапқа, қырғынға ұшырауға лайық емес еді ғой?Қутуб - заманындағы ең ұлық тәрбиеші, әулиеуллаһ.

27Жауап: Нөсерлеп жауатын көктемгі жаңбыр, аласұра соғатын жел мен дауыл, өсімдік атаулының дән-тұқымдарын шартарапқа жайып, қабілеттерін ашып, қозғалысқа ендіреді емес пе? Ақырында әрқайсысы өзіне тән гүл-шешек ашып, табиғатына сай өз міндеттерін атқарады. Сол сияқты сахабалардың және олардың көзін көрген Табиғиндердің басына келген фитнә-бүлік, олардың дән-тұқым секілді түрлі қабілеттерін ашып, ынта-жігерін оятты. Оларға: «Дін Исламға қауіп төнді, өрт болып жатыр, Аттан!» деп барлық Ислам жамағаттарының зәресін алып, дін Исламды қызғыштай қорғаштауға жұмылдырды. Әрқайсысы қабілетіне қарай Ислам бірлігінің толып жатқан, сан-қилы қызметтерінен бір қызметті мойнына алып, шынайы ықыласпен еңбек етті. Сөйтіп біреуі хадистердің, біреуі шариғаттың, енді біреуі иман ақиқаттарының бұзылмай сақталып қалуына, басқалары Құран Кәрімнің аман қалуына ат салысып тер төкті. Топ-топ болып дін қызметін өзара бөлісті. Исламның киелі міндеттерін жұмыла атқаруға қызу кірісті. Қабілеттері бүршік жарып, сан-алуан түсті гүлдер ашты. Сол дауылдың саясында Ислам діні әлемнің түпкір-түпкіріне тарап кеңінен жайылып, әртарапқа тұқым шашты. Кейін бүршік жарып жер жәһанның жар-тысын гүл бақшаға айналдырды. Бірақ, өкінішке орай сол гүл-шешектердің арасында дін бұзар топтар – тікендер де – шықпай қалған жоқ. Бейне бір құдірет, сол ғасырды өзінің айбынды құдретімен қатты шайқап, қажырлы да қайратты жандарды шабыттандырып қызметке жекті. Сол

28толқын-қызметтің саясында көптеген мүджтәхид имам*-дар, ғалым-ғұламалар, хадис мамандары, мүбәрак қари-хафыздар, асфия-әулиелер шықты. Олар Ислам әлемінің әр тарапына жайылып, қоныс тепті. Шығыстан Батысқа дейінгі кең байтақ жерді Исламның нұр-толқыны тербеп, Құранның асыл қазынасынан сусындап пайдалану үшін жырақта жатқан халықтардың көкірек көзін ашты. Енді тақырыбымызға оралайық.Расулуллаһтың (с.а.у) ғайыптан хабар беріп, айтқаны дәл келген оқиғалар мыңнан астам. Біз тек бірнешеуіне мысал келтіріп ишара қыламыз. Біріншісі:Бұхари, Мүслим сынды сенімділігімен әйгілі болған хадис имамдары әзірлеген алты кітап және басқа да имамдар, төменде баяндалатын хабарымызға бір ауыздан қосылады. Бұл хабарлардың көбісі мағынасы жағынан тәуәтүр және тағы бір бөлігі зерттеуші ғалымдар тарапынан шүбәсіз екені расталған. Сондықтан тәуәтүр сияқты сенімді десе болады. Сахих риуаят бойынша, бірде Пайғамбарымыз (с.а.у) достарына: «Сендер дұшпандарыңды жаппай жеңесіңдер! Меккені, Хайберді, Шамды, Иракты, Бейт-ул Мақдисті фәтх етесіңдер, яғни дұшпандардан азат етесіңдер және алпауыт мемлекеттерді яғни Иран, Рум патшаларының қазыналарын өзара бөлісетін боласыңдар!» деп хабар бер-ген. «Солай ойлаймын немесе мүмкін» демеген, көзбен көріп тұрғандай нақты түрде айтқан. Айтқанындай болды. Бірақ, ол сөзді айтқан кезінде, өздері бас сауғалап, пана Мүджтехид - қажет болғанда аят пен хадистен үкім шығаратын Ислам ғұламасы. Мысалы, Имам-ы Ағзам Әбу Ханафи, Имам-ы Шафи т.б.

29іздеп туған жерінен көшуге мәжбүр болатын. Дос жаран-дары, сахабалары аз және Мәдина аумағы, бүкіл жәһан оның жауы болатын.Һәм, сахих риуаят бойынша бірнеше мәрте: деп, Әбу Бәкір мен Омардың өзінен кейін орынба-сып халифа болатынын, әрі Пайғамбарымыздың (с.а.у) қалағанындай және Аллаh риза болатындай Исламға адал қызмет ететінін, Әбу Бәкірдің қысқа, Омардың ұзақ мерзім ел басқаратынын және өте көп жеңістерге жететінін хабарлаған. Һәм:деп, «Шығыстан Батысқа дейінгі ұлан-ғайыр жер менің үмметімнің меншігінде болады. Еш бір үммет, мұнша жерді иеленбеген». Хабары дәл келді. Сахих риуаятта айтылғандай, Бәдір соғысынан бұрын: деп, Аллаhқа серік қосушы Құрайыш тайпасының көсемдерінің өлексе боп қай жерде жер жастанатынын көрсетіп берген. Әрі: «Мен өз қолыммен Үбей ибн Халефті өлтіремін» деген, дәл солай болды.Һәм, сахих риуаятта айтылғандай, бір айлық қашықтықтағы Шам аумағында, «Мута» деген жердегі әйгілі соғыста шайқасып жүрген сахабаларын көріп тұрғандай:

30деп, болып жатқан оқиғаларды достарына айнытпай ай-тып отырған. Екі-үш аптадан кейін Яғла ибн Мүнеббих деген сахаба алғы шептен келеді. Ол шайқас туралы әлі аузын ашпастан Мүхбир-ы Садық, Расулуллаһ (с.а.у) соғыстың мән-жайын баяндап береді. Яғла ант етіп: «Сіздің айтқаныңыздай болды» деген екен. Һәм, сахих риуаятта:деп Хазреті Хасанның алты ай халифа болатынын және сенімді төрт шадияр (Хулефа-и Рашидин) халифа болатын кезеңдерін және олардан кейін халифалық жойылып, ди-настия яғни билік әулеттен әулетке өтіп, патшалық орнап, одан кейін толық әділет болмайтынын және үмметінің бүлінетінін хабарлаған. Хабар бергеніндей болды.Һәм, сахих риуаятта айтылғандай:

31деп, Хазреті Османның халифа болатынын және халифалық тақты босатуы талап етілетінін және Құран оқып отырғанда біреудің қолынан мерт болып шәһит ата-натынын хабар берген. Хабар бергеніндей болды.Һәм, сахих риуаятта айтылғандай, Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у) хиджама жасатқанда яғни қан алдырғанда, мүбәрак қанын Абдуллаh ибн Зүбейір тәбәрік деп шербет сияқты ішкен кезінде, оған:деп, оның керемет батырлық көрсетіп үмметті басқаратындығын және баз біреулерге нысана боп оққа ұшырайтынын, адамдардың көбісі соның салдарынан қайғылы қазаға ұшырайтынын хабар берген. Хабар бер-геніндей болды. Абдуллаh ибн-і Зүбейір Әмәуилер зама-нында Меккеде өзін халифа жариялап, батырлықпен соғыс жүргізді. Ақырында залым Хаджаж көп әскерімен ша-буыл жасап, қиян-кескі шайқастан кейін, атақты қаhарман шәһит болды.Һәм, сахих риуаят бойынша, Әмәуилер мемлекеті құрылатынын және патшаларының көбісі залым бо-латынын, арасынан Әзид пен Уәлидтің шығатынын, Хазреті Муауия үмметті басқаратынын және оған: деп жұмсақ әрі әділ болуын өсиет еткен. Сондай-ақ, Әмәуилерден кейін, деп, Аббасилер мемлекеті құрылып, ұзақ уақыт жалғасатындығын хабар берген. Хабары дұрыс шықты.

32Һәм, шүбәсіз, нақты хабар бойынша:деп, Шыңғысхан мен Хулагудың мұсылман елін ойран қылып қырғынға ұшыратынын, Аббаси араб мемелекетін тас-талқан ететінін хабар берген. Хабары дәл шықты.Һәм, сахих риуаятта айтылғандай, бірде Сағад ибн Әбу Уаққас қатты ауырып жатқанда оған:деп, болашақта ұлы қолбасшы болатынын, көп жеңістерге жететінін және көп ұлттар мен қауымдар одан пайда көретіндігін, яғни соның саясында Исламды қабылдайтындығын және көп кісілердің зиян шегетінін, яғни мемлекеттері соның қолымен қирайтындығын хабарлаған. Хабары айтылғандай дәл шықты. Хазреті Сағад, Ислам әскерін өте шебер басқара білді. Ол Иран елін талқандады. Көп қауымдардың Исламға кіріп, тура жолға түсуіне себеп болды.Һәм, сахих риуаятта айтылғанындай, иманға келген Хабеш (Эфиопия) патшасы Неджаши, хижраның жетінші жылында қайтыс болады. Сол күні оның өлгені жай-лы сахабаларға өзі хабарлаған. Тіпті, жаназа намазын да оқыпты. Бір аптадан кейін Неджашидің дәл сол күні дүниеден өткендігі жайлы хабар келеді. Һәм, сахих риуаятта айтылғанындай, таңдаулы доста-рымен бірге Ухуд әлде Хира тауының басына шыққанда тау сілкініп дірілдеп кетеді. Сонда Әз. Пайғамбар тауға: деп, Хазреті Омар мен Османның және Әлидің шеһит болатындығын хабарлаған. Дәл айтқанындай болды.

33Енді, әй бейбақ, ештеңе сезбейтін бейшара адам! Араб Мұхаммед (с.а.у) өте ақылды адам еді деп ақиқатты ашып, анық көрсеткен күн көсемге көзіңді жұмбағын! Оның таңғажайып мұғжизаларының он бес түрінің бір ғана түрі ғайби хабарларының он бес, бәлкім жүз бөлімінен бір бөлімін ғана естідің. Мағынасы тәуәтур дәрежесінде өте сенімді бөлімін ғана тыңдадың. Осы бөлімдегі ғайып жайлы хабарлардың жүзден бірін ғана ақыл көзімен көріп, парасатымен парқына барып, болашақты болжай алған адамға «Ұлы кемеңгер, дана, көреген жан» деп жатамыз. Енді осындай жүздеген ұлы данадан да жоғары қасиетті, дана да ерекше тұлғаның жаңылысып қате көруі әсте мүмкін бе? Жалған хабар беруге батылы бара ма? Осын-дай жүз есе ұлық әрі дана кісінің екі дүниенің бақыты жай-лы айтқан сөздерін тыңдамау, әлбетте жүз есе ақымақтық болар!АЛТЫНШЫ ТАҢДАМАЛЫ ИШАРА.Сахих риуаятта айтылғанындай, Хазреті Фатимаға (р.а.): деп, «Әл-і Бәйтімнің ішінен маған ең бірінші қайтыс боп қауышатын сен» деп айтқан. Алты айдан кейін Фатима анамыз (р.а.) қайтыс болып, ғайып хабар жүзеге асты.Һәм, Әбу Зәрге:деп, Мәдинадан жер аударылып, жалғыз өмір сүретінін, жалғыз өзі сахарада өлетіндігін хабар берген. Жиырма жылдан кейін хабар бергеніндей болды. Һәм, бірде Әнәс ибн Мәліктің анасы Үмм-у Харамның үйінде ұйқыдан оянды да, күлімсіреп былай деді:

34Умм-у Харам: «Дұға қылыңыз, мен де солармен бірге бо-лайын» деп өтініш жасады. Оған: «Бірге боласың!» – деді. Қырық жылдан кейін күйеуі Убаде ибн Самитке еріп Кипр қамалына шабуыл жасалып азат етілуіне қатысты. Сол жерде қайтыс болып, мазары зиярат орнына айналды. Дәл хабар бергеніндей болды.Һәм, сахих риуаятта айтылғандай: деген, яғни, «Сакиф қауымынан біреу өзін пайғамбармын деп жариялайды және біреуі қанішер залым болады». Осылайша өзін пайғамбармын деп жария қылған мәшһүр Мұхтарды және жүз мың адам өлтірген залым Хаджажды айтып хабарлап кеткен.Һәм, сахих риуаятта айтылғандай:деп Стамбулды мұсылмандар азат ететінін, Хазреті Сұлтан Мехмед Фатихтің жоғары мәртебеге ие болатынын хабар берген. Дәл хабар бергеніндей болды.Һәм, сахих риуаятта айтылғандай: деп Әбу Ханифа секілді Ираннан шығатын теңдессіз кәміл ғалымдар мен әулиелерге ишара қылып хабарлаған.

35Һәм, деп, Имам Шафиді меңзеп, дүниеге келетінін хабар берген екен.Һәм, сахих риуаятта айтылғандай:деп, үмметінің жетпіс үш топқа бөлінетінін, тура да кәміл жол Әhли сүннет уәл жамағат тобының жолы екенін хабар берген. Һәм деп, көптеген топтарға бөлінген және тағдырды жоққа шығаратын Қадәрия ағымын хабарлаған. Сонымен қатар көптеген тармақтарға бөлінетін Рафизилерді де айтқан.Һәм, сахих риуаятта айтылғандай, Имам Алиға (р.а.): «Хазреті Иса (а.с.) сияқты сен үшін екі топ адамдар құрдымға кетеді. Біреуі шектен тыс махаббат қылса, ал біреулері шектен тыс дұшпан болады. Христиандардың Хазреті Исаға деген махаббаты шектен шығып, Аллаh сақтасын - «Оны Аллаһтың баласы» десе, ал яhудилердің дұшпандығы шегінен шығып, пайғамбарлығын, кемелдігін жоққа шығарды емес пе! Сол сияқты сені қатты жақсы көргендер шариғаттың шегінен шығады. Мұндай махаббат оларды адастырады!». Сондай-ақ, деп керісінше бір топ кісілердің дұшпандықтары шек-тен шығатынын айтып кеткен. Олар Хариджилер мен Әмәуилердің асыра сілтеуші жақтаушылары. Оларды «Насибә» деп аталады.

36Егер былай десе: Әл-і Бәйтті жақсы көруді Құран бұйырады. Хазреті Пайғамбар Алейһиссалату Уәссалам да ол туралы көп айтқан. Ендеше олардың махаббаты үзір саналып, кешірім болмас па екен?. Өйткені махаббат қылғандар сезімге беріліп, біршама мас болады. Неге Ши-иттерге, әсіресе Рафизилерге әлгі махаббаттан пайда жоқ. Әлде, Нәби мегзеген шамадан тыс махаббатқа тұтылды ма?Жауабы: Жалпы махаббат қылу, яғни қатты жақсы көру екі түрлі болады.Бірі: Мағына-и харфи, яғни Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссалам үшін, Хақ Тағаланың атынан, Хазреті Али мен Хасанды, Хусейнді және Әл-і Бәйтті сүю. Мұндай махаб-бат Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссаламға деген махаб-батты арттырады. Аллаһқа деген сүйіспеншілікке себеп болады. Бұл махаббаттың жөні бөлек, асыра сілтенсе де зияны жоқ, шектен шықпайды, өзгелерді жамандауға, дұшпан болуға итермейді.Екіншісі: Мағына-и исми, яғни тікелей өзін сүю. Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед Алейhиссалату Уәссаламды ойламастан Хазреті Алидің жеке басының қаhармандығын, кемел қасиеттерін және Хазреті Хасан мен Хусейіннің жоғары дәрежесін, ерекшеліктерін жақсы көреді. Тіпті, Аллаhты білмесе де, Пайғамбарды таныма-са да оларды қатты жақсы көріп, ынтық болады. Мұндай сүйіспеншілік Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссаламның және Хақ Тағаланың махаббатына қатысы жоқ. Әрі егер шамадан тыс артық кетсе басқаларды жамандап, ренжітіп, дұшпандық қылады. Міне, Нәбидің (с.а.у) айтқанындай, Шииттер Хазреті Алиға деген шамадан тыс махаббат қыламыз деп, Хазреті

37Әбу Бәкір Сыддық пен Хазреті Омардан сырт айналып, аулақ тұратындықтан, зиянға ұшырады. Мұндай болым-сыз махаббат зиянды.Һәм, сахих риуаятта айтылғандай:«Сендерге Парсы және Рум қыздары қызмет қылған кезде араларыңнан бүлік шығып, ал ауыздық пайда бо-лады. Өзара қан төгісіп, соғыс басталады. Жамандарың бастарыңа шығып, игі жандар мен жақсыларыңа зобалаң күн туады!» деп хабар берген. Отыз жылдан кейін осы айтылғандай болды.Һәм, сахих риуаятта айтылғандай: деп яғни Алидің қолымен «Хайбер» қамалы алынатынын хабарлады. Расында, ертесіне Нәбидің мұғжизасы ретінде «Хайбер» қамалының қақпасын Хазреті Али жұлып алып, қалқан қылып пайдаланды да, жеңіске жеткен соң қақпаны лақтырып жіберді. Сегіз қуатты адам, әлгі есікті жерден көтере алмаған деседі. Басқа риуаятта қырық адам көтере алмапты.Һәм,деп Сыффин дейтін жерде Хазреті Али мен Муауияның соғысатынын хабар берген.Һәм, «Аммарды тағы адамдар, залым топ өлтіреді» – деді. Кейін Сыффин соғысында қаза тауып Хазреті Али, мұны Муауияның

38жақтастары залым екендігіне дәлел ретінде көрсетті. Бірақ, Муауия басқаша жорып, өзінше түсінді. Амр Ибн-ул-Ас болса: «Залым бәріміз емес, тек оны өлтіргендер ғана» -деді. Һәм, «Хазреті Омар сау тұрғанда іштеріңде бүлік шықпайды!», - деді. Дәл солай болды.Сәhл ибн Амр иманға келмей тұрған кезінде тұтқынға түсті. Хазреті Омар, Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссаламға: «Рұқсат етіңіз, мұның тістерін қағып алай-ын. Өйткені, ол орақтай аузымен Құрайыштың кәпірлерін бізге айдап салатын» - деді. Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссалам қарсы болып:деді. Шыныменен-ақ, Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссалам дүниеден көшіп, Сахабалар қайғыдан қан жұтып, дегбірсізденген қиын кезеңде, Хазреті Әбу Бәкір Сыддық қалайша Мәдинада керемет ұстамдылық таны-тып, халыққа басу айтып, маңызды да әсерлі насихаты-мен сахабаларды жұбатқан болса, дәл солай осы Сәhл де сол сәтте қасиетті Меккеде дәл Әбу Бәкір Сыддық сияқты сахабаларға басу айтып, жабырқау көңілдерін жұбатыпты-мыс. Өзінің мәлім шешендігімен Әбу Бәкір Сыддықтың насихатының мағынасында үндеу жасапты. Тіпті, екі құтпаның сөздері бір-біріне өте ұқсас екен.Һәм, Сүракаға:«Қолыңа Кисраның екі білезігін тағасың!» депті. Хазреті Омардың уақытында Кисра өлтірілді. Байлықтары мен

39ерекше безендірілген білезіктері мұсылмандарға олжа болды. Хазреті Омар білезіктерді Сүракаға тағып жатып: деп, Нәбидің (с.а.у) хабарын есіне алды.Һәм, «Парсының Кис-расы құлағаннан кейін, қайтып орнына келмейді!» деді, дәл солай болды.Һәм, Кисраның елшісіне: «Дәл қазір, Кисраның ұлы Ширвие Первиз, Кисраны өлтірді» деді. Әлгі елші сұрастырса, айтылған уақытта дәл солай болыпты. Сон-да ол Исламды қабылдады. Кейбір хадистерде, ол елшінің есімі «Фируз» екен. Һәм, сахих риуаятта айтылғандай, Хатиб ибн Белтаның жасырын түрде Құрайышқа жіберген хаты туралы хабар берді. Хазіреті Али мен Микдадты хатты алуға аттан-дырып тұрып: «Пәлен жерде бір адамда хат бар. Алып келіңдер!» Олар айтылған жерден дәл сол хатты алып кел-ді. Хатибты шақырып: «Неге былай істедің?» деді. Ол да үзірін айтты, үзірін қабылдады.Һәм, сахих риуаятта айтылғандай, Утбе ибн Әбу Ләhәб жайында деп Утбәнің жан түршігерлік өлімін хабарлады. Содан көп ұзамай Иемен тарапына бара жатқанда оны бір арыстан жеп қояды. Пайғамбар Алейhиссалату Уәссаламның теріс батасы қабыл болып, хабары шындыққа айналды.Һәм, сахих риуаятта айтылғандай, Меккені жеңіп алған уақытта Хазреті Биләл Хабеши Қағбаның үстіне шығып азан шақырды. Сол кезде Құрайыштың басшылары Әбу

40Суфиян, Аттаб ибн Әсид және Харис ибн Хишам үшеуі отыр еді. Аттаб: «Осы күнді көрмеген әкем Әсид бақытты екен-ау» деп еді, Харис: «Мұхаммед, мына қара қарғадан басқа азан шақыратын адам таппады ма екен?» деді. Осы-лайша Хазреті Биләл Хабешиді кекетіп мұқатып отыр-ды. Сонда Әбу Суфиян тұрып: «Мен бір нәрсе айтуға қорқамын. Ешкім айтпаса да мына Батhаның тастары оған хабарлап бәрін біліп қояды». Расында біршама уақыттан кейін Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссалам айтқан сөздерінің бір әрпін де қалдырмай қайталап берді. Сол уақытта Аттаб пен Харис шәһәдат келтіріп, мұсылман болды.Міне, Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссаламды та-нымайтын опасыз бейшара, дінсіз адам! Назарың сал! Құрайыштың қырсық екі көсемі бір ғана ғайыптан айтқан хабарын естіп, иманға келді. Сенің ар-ұжданың қайда? Осы ғайыптан айтқан хабарына ұқсас халық арасына кең тараған мыңдаған мұғжизаларын естіп отырып, сонда да толық сенгің келмейді! Жарайды тақырыбымыздан ауытқымай-ақ қояйық.Һәм, сахих риуаят бойынша, Хазреті Аббас мұсылман емес кезі, Бәдірдегі соғыста сахабалардың қолына тұтқынға түседі. Одан азаттығы үшін құн сұраған кезде: «Төлейтін ақшам жоқ!» деді. Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссалам оған: «Әйелің Үммү Фадл екеуің мұнша ақшаны пәлен жерге жасырып едіңдер!» деді. Хазреті Аббас таңқала мойындап: «Екеумізден басқа ешкім білмейтін құпия сыр еді» деп, сол жерде иман келтіріп толыққанды мұсылман болды.Һәм, сахих риуаятта айтылғандай, Яhуди Лебид деген зиянкес сиқыршы Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссалам

41қастандық қылып адам айтқысыз әсері қатты сиқыр жа-сайды. Тараққа Пайғамбарымыздың Алейһиссалату Уәссалам шаштарын орап, дуалап, сиқыр жасаған соң, бір құдыққа тастай салады. Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссалам, Хазреті Али мен сахабаларға: «Барыңдар! Пәлен жердегі құдықта осындай сиқырланған заттар бар. Тауып, алып келіңдер!» - деп бұйырады. Барып дәл сол айтылған нәрселерді алып келеді. Әрбір тал шашы тарқатылған сай-ын, Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссалам жеңілдеп, ауру-ынан айығып кетеді.Һәм, сахих риуаятта айтылғандай, Әбу Хүрәйре және Хүзәйфе сынды үлкен тұлғалар қатысып отырған бір жи-ында, Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссалам:деді, яғни, «осы отырғандардан біреуің діннен безіп, ақыры жаман болады». Әбу Хүрәйре айтады: Сол жи-ында болған адамдардан екеуміз ғана қалған кезде мен қатты қорықтым. Кейін әлгі адам, Иемаме соғысында Мүсейлименің жағына шығып кетті де, сатқын ретінде өлтірілді. Нәбидің (с.а.у) хабары ақиқатқа айналды. Һәм, сахих риуаятта айтылғандай, Умейір мен Сафу-ан мұсылман болмай тұрғанда, көп ақшаға жалданып, Хазреті Пайғамбарды (с.а.у) өлтіруге бел буады. Умейір, Пайғамбарымызды (с.а.у) өлтіруге әбден дайындалып Мәдинаға келеді. Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссалам Умейірді көреді де жанына шақырып алып: «Сафуан-мен өзара келіскендерің осы ма?» деп қолын Умейірдің кеудесіне қояды. Үмейір «иә» дейді де мұсылман бо-лады. Осы сияқты басқа да көптеген оқиғалардың бо-латынын Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссалам алдын

42ала хабарлаған. Бұлар хадис жайлы әйгілі алты кітапта дәлелдерімен бірге баяндалған. Бұл еңбекте баяндалған оқиғалардың басым көпшілігі, тәуәтур дәрежесінде сенімді де анық. Жалпы Бұхари мен Мүслимнің кітаптары Құраннан кейінгі ең сенімді кітап екені зерттеуші ғалымдар тарапынан қабылданған. Ал, өзге сахих-ы Тир-мизи, Несаий, Әбу Дәуіт, Мүснед Хакім, Мүcнед-і Ахмед ибн Ханбел және Дела-ил Бейhаки сынды кітаптарда аты жөндерімен баяндалған болатын. Ей, дінсіз ақымақ! «Мұхаммед Араби (с.а.у) ақылды адам еді» деп өте шықпа! Өйткені, осы ғайып оқиғалар жайында Мұхаммед (с.а.у) тура хабарлап, дәл айтқан бол-са, мұның екі ғана жолы бар, басқа жолы жоқ. Я, ол Кісінің (с.а.у) назары өткір, ақылы кәміл. Сондықтан өткен шақ пен болашақты және бүкіл дүниені түгел қамтып көреді, бәрін біледі. Дәлірек айтқанда әлемнің жан-жағын, шығысы пен батысын қамтитын көзі, өткен шақ пен болашақты білетін дария ақылы бар. Әрине мұндай қасиет жәй адам-да болмайды. Егер болса, әлемнің жаратушысы берген бір ғажайып сый, керемет қасиет. Бұл, өз алдына таңғажайып бір мұғжиза. Я, болмаса бұл мүбәрак Тұлға (с.а.у), сондай Ұлық Хәкімнің қызметкері, шәкірті, барлық нәрсе Оның назарында әрі қолында. Барлық әлем, барлық уақыт Оның әмірімен болады... Ұлы дәптер Ләух-ы Махфузда барлық нәрсе жазулы. Қалаған уақытында шәкіртіне білдіреді, көрсетеді. Демек, Мұхаммед Араби Алейhиссалату Уәссәләм өзінің ұлы ұстазы «Мәлики иәумәддиннен», яғни, дін күнінің Иесінен дәріс алады, дәріс береді...Һәм, сахих риуаятта айтылғандай, Хазреті Халидті, Дүумет-ул Дженделдің Үкейдір деген басшысымен соғысуға жіберіп жатқан кезде:

43дейді, яғни, оны жабайы өгіз аулап жүрген жерінен ұстап, қарсылықсыз тұтқындайсың! – деп ғайыптан хабар береді. Хазреті Халид дәл солай тұтқындап алып келген. Һәм, сахих риуаятта айтылғандай, Құрайыш тайпа-сы Хашими тайпасын мазақтап жазған әрі Қағбаның ду-алына асып қойған жазба туралы былай депті: «Жазған жазуларыңды құрттар жеп қойды. Тек Аллаhтың көркем есімдеріне тиіспеді!». Барып қараса, дәл солай болыпты.Һәм, сахих риуаятта айтылғандай, «Бейт-ул Мақдисті азат ету кезінде оба ауруы шығады...» деп алдын ала ха-бар берген. Хазреті Омардың заманында Бейт-ул Мақдис азат етілді. Оба ауруының күштілігі соншалық, үш күнде жетпіс мың адам өлген. Һәм, сахих риуаятта айтылғандай, ол кезде әлі іргесі қаланбаған Басра мен Бағдад қалаларының пайда бола-тынын, Бағдатқа дүниенің байлығы ағылып келетінін және Түріктер, сондай-ақ Хазар теңізінің жағалауындағы халықтар Арабтармен соғысатындығын және кейін олар топ-топ болып Ислам дінін қабылдап, арабтардың ішінде жүріп арабтарға үстемдік ететінін былай хабар берген:Һәм былай депті:яғни, Әмәуия мемлекетінің Әзид пен Уәлид сияқты бұзақы басшылары бүлік шығаратынын хабар берген. Һәм Иәмамә сынды кейбір жерлерде, діннен безу оқиғалары болатынын хабарлаған.

44Һәм, Хәндәктегі әйгілі соғыста:деген, яғни: «Енді бұдан кейін олар маған емес, керісінше мен оларға шабуыл жасаймын!» Дәл хабар бергеніндей болды.Һәм, сахих риуаятта айтылғандай, қайтыс болуынан бір-екі ай бұрын:деп, дүниеден өтетінін айтқан.Һәм, Зейід ибн Суахан жайында мынаны айтыпты: «өзінен бұрын бір мүшесі шеһид болады». Бір шама уақыттан кейін, Нихавенд соғысында бір қолынан айы-рылды. Демек ең алдымен қолы шәһид болып, белгілі бір мағынада жәннатқа кетті.Міне, осы айтылған ғайып оқиғалар, он бөлімнен тұратын түрлі мұғжизаларының бір ғана түрі. Ол түрінің де оннан бір бөлігін түгел айтпадық. Осы бөліммен қоса Құранның мұғжизалары жайлы жиырма бесінші Сөзде ауқымды түрде ғайыптан берген хабардың, төрт түрін қысқаша баяндағанбыз. Сонымен осы және Құран арқылы ғайыптан хабар берілген төрт ұлы ғайби хабардың түрлерін қосар болсақ, барлығы жиналып Мұхаммедтің (с.а.у) Пайғамбарлығы қаншалық хақ, сенімді, шүбәсіз, көркем әрі қуатты екеніне күшті дәлел болып көзіңмен көргендей сендіреді. Ар-ұжданнан жұрдай, ақылы бұзылмаған адам, әлбетте былай деп айтып, иман келтірер еді: Ол кісі, яғни, Мұхаммед Алейhиссалату Уәссәләм, Халиқ-ы Күлл-і

45Шей, Ғаллам-ул Ғуюб, яғни, барлық нәрсеге құдіреті жететін, ғайыпты толық білуші Аллаһтың елшісі әрі Одан хабар алып отырады. ЖЕТІНШІ ТАҢДАМАЛЫ ИШАРА.Енді Пайғамбарымыздың (с.а.у) мұғжизаларының тағамның берекеті жайындағы бөлімінен сенімді жолмен келген мағынасы тәуәтур бірнеше мысалдарына ишара қыламыз. Әуелі бір кіріспе баяндалғаны жөн.Қазір баяндалатын береке туралы мұғжизалардың мы-салдары, әрқайсысы әртүрлі жолдармен, тіпті кейбірі он алты жолмен, нақты дәлелдермен расталған. Көпшілігі жамағаттың көз алдында болған. Оларды бізге сол жамағаттың ішіндегі сенімді де шыншыл жандар жеткізген. Мысалы: «Бар болғаны төрт уыс Сағ деп аталатын тағамды жетпіс адам жеді әрі тойды» деп айтылады. Әлгі жетпіс адам бұл сөзді естіп, үндемеген, қарсы шықпаған. Демек растағаны. Алайда сонау шындық пен ақиқат ғасырында, Хаққа ғана табынатын зерек, мұқият, турашыл сахабалар, кішкене жалған нәрсе көрсе болды, дереу қарсы шығатын халық. Ал біз баяндағалы отырған оқиғаларды көпшілік риуаят еткен, өзгелері үндемей қостаған. Демек, әрбір оқиға мағынасында тәуәтур секілді сенімді. Һәм сахаба-лар, алғашында Құран аяттарының сақталуына күш салған болса, кейін Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләмнің өсиет сөздері мен іс-әрекеттерінің сақталуына, әсіресе үкімдер мен мұғжизаға қатысты оқиғаларды сақтауға бар күштерін жұмсап, дұрыстығына аса мән бергендігіне тарих пен өмір баяндары куә. Олар Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләмнің кішкене әрекетін, мінез-құлқын, хал-жағдайын назардан тыс қалдырмай жазып отырды. Мұқият жазып алғандарына хадис кітаптары куә. Сонау

46бақыт ғасырында мұғжизаларды және үкім шығарылатын хадистерді жазып, сақтауды катибтер, яғни хатшы-жа-зушылар өз мойнына алып жұмыла кіріскен. Ең әуелі Абадил-і Сәбға (жеті Абдуллаһ) жазбаша түрде сақтады. Әсіресе Құранның аудармашысы Абдуллаh ибн Аббас және Абдуллаh ибн Әмір ибн Ас, әсіресе отыз-қырық жыл-дан кейін, Табииндердің мыңдаған мухаққик ғалымдары хадистер мен мұғжизаларды жазып мұқият сақтап бақты. Олардан кейін тағы да баста төрт Мүджтәхид имам және мыңдаған мухаққиқ хадис катибтері, жазушылар баян етіп, жазбаша түрде сақтап отырды. Тіпті, хижрадан екі жүз жыл өткен соң Бұхари, Мүсілім бастаған ғұламалар сахих, яғни дұрыстығы көпшілік тарапынан қабылданған алты кітапқа ендіріп, сақтап қалу міндетін толық атқарды десе болады. Ибн Жәузи сынды мыңдаған қатал сыншы-лар, кейбір имансыздардың немесе ойсыз, ұмытшақ не-месе надандардың қосып жіберген жалған хадистерін тауып, ара-жігін ажыратып берді. Кейін әулиелер та-рапынан қабылданған және басқа әлемде Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләммен жетпіс мәрте кездесіп, сұхбаттасқан Желаләддин Суюти секілді ғұламалар мен мухаққиктер, алмаздай сахих хадистерді бөтен сөздерден, қыстырма ойлардан айырып берді. Міне, біз сөз етіп отырған хадистер, мұғжизалар, осындай қолдан-қолға нақты әрі сенімді түрде өтіп, сау-саламат күйінде бізге жеткен.Сондықтан, «Сонау заманнан бері қанша уақыт өтсе де бұл хадистерге еш нәрсе араласпай, таза жеткенін қайдан білеміз?» деген ой болмауы керек.

47Берекет жайлы сенімді мұғжизалардың бірінші мы-салы: Әуелі Бұхари мен Мүслим, дәлелімен сенімді алты кітап бір ауыздан мақұлдаған мына бір хабар: Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләмнің Хазреті Зейнеппен үйлену тойында Хазреті Әнәстің анасы Үмму Сүлейм, бір-екі уыс құрманы майға қуырып бір ыдысқа салды да Хазреті Әнәс арқылы Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләмға жібер-ді. Пайғамбарымыз (с.а.у) Әнәске: «Пәленше, пәленшені шақыр. Әрі кімге жолықсаң шақыр!» – деді. Әнәс те кімге жолықса, бәрін шақырды. Үш жүзге тарта сахаба келіп ау-ласына және берекелі худжрасына, яғни нұрлы бөлмесіне толып кетті. Сосын: деп айтты, Яғни: «Он, оннан алқа құрып отырыңдар!». Кейін мүбәрак қолдарын әлгі азғантай тағам үстіне қойып, дұға қылды да «жеңіздер!» деді. Әлгі үш жүз адамның барлығы жеп, тоқ болып тарқасты. Әнәске: «Жинастыр!» деді. Әнәс айтады: «Тағамның ыдысын қойған уақытымда тағам көп болды ма, әлде жинастырған уақытта ма, біле алмадым».Екінші мысал. Нәбидің (с.а.у) меймандарын күтуші Әбу Әюб-ил Әнсаридің үйіне Нәби (с.а.у) барған уақытта Әбу Әюб айтады: «Расул-ы Әкрәм Алейhис-салату Уәссәләм мен Әбу Бәкір Сыдыққа ғана же-терліктей екі кісілік тамақ әзірлеген едім». Маған: деді. Сосын отыз адам тағы келді, жеді. Тағы да: деді. Алпыс кісіні тағы шақырдым, келіп жеп кетті. Тағы да: деді. Жет-пісін тағы шақырдым, келіп, жеп кетіп жатты. Ыдыстарда

48әлі тамақ бар. Келгендердің барлығы осы мұғжизаға таң қалысып Ислам дінін қабылдап, хақ екенін мойында-ды. Содан әлгі екі кісілік тағамнан жүз сексен адам жеп тойған еді.Үшінші мысал. Хазреті Омар ибн-үл Хаттаб пен Әбу Хүрәйре және Сәләмә ибн-үл Әкуа және Әбу Әмрат-әл Әнсари сынды кісілерден келген хабарда: Бір соғыста әскер аш қалады. Олар Расулуллаһ Алейhис-салату Уәссәләмға жүгінеді. Пайғамбарымыз (с.а.у): «Дорбаларыңда қалған азықтарыңды түгелдей жинап әкеліңдер!» дейді. Әрқайсысы бір-екі уыс құрма әкеледі. Ең көп әкелгені төрт уыс екен. Бәрін бір тақыр кілемге қояды. Сәләмә айтады: «Барлығын қосқанда шамамен, жатқан бір ешкідей ғана еді». Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләм береке сұрап дұға қылады. Сосын: «Әркім ыды-сын әкелсін!» деп бұйырады. Жамағат ыдыстарын алып келеді. Бос ыдыс қалмай барлығы толтырылыпты. Тіп-ті артылып қалыпты. Сонда бір сахаба: «Әлгі берекетке қарап, байқағаным, егер дүние жүзінің халқы келіп жесе, оларға да жетер еді» деген екен.Төртінші мысал. Бұхари мен Мүслим бастаған сахих кітаптар былай дейді: Абдуррахман ибн Әбу Бәкір Сыддық айтады: Жүз отыз сахаба Расулуллаһ Алейhис-салату Уәссәләммен бірге сапарда едік. Төрт уыс шама-сындай ұннан қамыр иленді. Бір ешкі сойылып, тамақ пісірілді. Өкпе-бауыры мен бүйректерінен кәуәп жасалды. Ант етемін, сол кәуаптан жүз отыз сахабаның әрқайсысы бір кесек алып жеді. Кейін Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләм, пісірілген етті екі табаққа салып әкелді, бәріміз тойғанымызша жедік. Сонда да артылып қалды. Мен артылған тамақты түйеге арттым.

49Бесінші мысал. Сахих кітаптарда былай баян-далады: Хазреті Джабир-ул Әнсари ант ішіп айтады: Мәдина маңындағы әйгілі Хәндек соғысында, төрт уыс арпа ұнынан пісірілген нан және бір серкенің етінен мың адам жесек те бәз қалпында қалды. Хазреті Джабир ай-тады: «Сол күні тамақ менің үйімде пісірілген еді. Мың адам тамақтанып кеткен соң, қазанымыз әлі толып тұрды, қамырымыздан әлі де нан жасалып жатты. Өйткені әлгі қамыр мен қазанға Расулуллаһ (с.а.у) мүбәрәк аузының суын тамызып, береке үшін дұға еткен болатын».Мінеки, осы берекенің мұғжизасын, мың кісінің ара-сынан оларды да куәгер ретінде көрсетіп, Хазреті Джабир ант ішіп айтып отыр. Демек бұл оқиға, мың адам риуаят еткендей сенімді десе болады.Алтыншы мысал. Шүбәсіз сахих хабар бойынша Нәбидің қызметкері Хазреті Әнәстің немере ағасы әйгілі Әбу Талха айтады: Әнәстің қолтығына қыстырып әкелген азғантай арпа нанын Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләм жетпіс-сексен адамға тойғанынша жегізді. «Мына азғантай нанды тураңыздар!» деп бұйырды және береке тілеп дұға қылды. Отырған мекен тар болғандықтан, он-оннан оты-рып жеді, бәрі де тойды.Жетінші мысал. Шүбәсіз нақты хабар бойын-ша, Шифа-и Шәриф және Мүслим сынды сахих кітап-тар баяндайды: Хазреті Джабир-ул Әнсари айтады: Бір кісі, Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләмнан өзінің от-басы үшін азық сұрады. Оған Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләм, жарты қап арпа берді. Ұзақ уақыт әлгі адамның отбасы және қонақтары да сол арпадан жеді. Қараса, тау-сылатын түрі жоқ. Шамасын байқау үшін өлшеп көреді.

50Содан, берекеті де кетіп, азая бастайды. Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләмға келіп болған жайды айтқанда, жауап ретінде былай депті:Яғни: «Егер өлшемегендеріңде сендерге өмір бойы же-тер еді».Сегізінші мысал. Тирмизи, Несаий, Бейhаки және Шифа-и Шәриф сынды сахих кітаптар баяндай-ды: Хазреті Сәмуре Тәбни-Жүндуб айтады: Бір жақтан Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләмға бір кесек ет келген-ді. Таңертеңнен кешке дейін әлгі етті адамдар топ-тобымен келіп жеп жатты.Міне, кіріспеде баяндалған сырға байланысты, бұл бере-ке оқиғасы тек қана Сәмуренің айтқанымен шектелмейді, ол жеген жамағаттың уәкілі ретінде, солардың атынан айтты, демек олар да растап отыр. Тоғызыншы мысал. Шифа-и Шәриф кітабының иесі және әйгілі ибн Әбу Шейбе және Таберани сынды сенімді де тура мухаққиктердің риуаятында, Хазреті Әбу Хүрейре айтады: Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләм маған былай деп бұйырды: «Әһл-і Суффадан, яғни қасиетті мешіттің ауласын мекендеп тұрып жатқан жүзден астам мухажир пақыр-бұқараларды шақыр!». Мен оларды іздеп, түгелдей жинап алып келдім. Бәрімізге бір табақ тағам ұсынды. Біз, қалағанымызша жедік. Ол табақ қойылған уақытта қандай болса, сол қалпында қалды. Тек тағамда саусақтардың іздері ғана көрініп жатты. Міне, Хазреті Әбу Хүрейре, әлгі ауладағы барлық кәміл жандарды куәгер ретінде қойып, олардың атынан хабар беруде. Демек, Әһл-і Суффа жаппай риуаят еткендей анық әрі сенімді.


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook