Осындайда барып: «Үлкені бардың иесі бар, иесі бардың киесі бар» - деген сөздің астарын ұғынғандай болады екенсің. Бұл бөлімше өзі сыртынан қарап тұрсаң айрандай ұйып отырған бір жанұя секілді. Бір байқағаным, біз жақтан яғни реаниматологтар жағынан кейде бір азды-көпті олқылықтар бола қалса, олар араның ұясындай болып, бәрі біздің жігіттерге жабылып, жеп қоярдай болады. Ал кейде олар жақтан бір жағдайлар бола қалса, бейне бір партизандар секілді иықтарын көтеріп, түк түсінбей тұрған сыңай таныта қалады. Қалжың ғой. Айналдырып келгенде біз және хирургтар, аспандағы кемпірқосақ секілдіміз. Бірімізсіз біріміз өмір сүре алмаймыз. Бөлімше құрамында Рүстем Владимирұлы Қадырбаев, Сапарбек Азешұлы Азешов секілді ағаларының тәрбиесін көріп, күнделікті атқаралып жататын ауыр оталарға қатысып, білімдерін байытып жүрген Ермек Мұстафаұлы Желдібаев, Ардақ Рашитұлы Өмірбеков, Олжас Жұматайұлы Шүленбаев сияқты жас хирург мамандар бар. Олар әрқашанда аурухана көлемінде болсын, жалпы қала көлемінде болсын өткізілетін конференциялар мен семинарларға жиі қатысып, өздерінің практикалық жұмыстары барысындағы еңбектерін баяндама түрінде оқып, ғылыми- практикалық журнал беттеріне мақалалар жариялап отырады. Сонымен қатар, бөлімше аға мейірбикесі, жиырма жылдан астам медицина саласында абыроймен қызмет атқарып келе жатқан, жоғарғы санатты мейірбике Түсіпбекова Ғалия Аманқызы жол көрсетіп отырған бір топ мейірбикелер мен кіші медицина қызметкерлері науқастардың дұрыс ем алып, қажетті емдік шаралардың дұрыс орындалуын үнемі қадағалап қана қоймай, аурухана көлемінде өткізілетін спартакиадалар мен мәдени шараларға бөлімше мүшелерінің бір кісідей қатысуына ат салысады. Нәтижесінде бөлімше жылда өткізілетін аурухана бойындағы жарыстардан үнемі алдыңғы орындардың бірін иемденуді дәстүрге айландырып үлгерді. Хирургия бөлімшесі 2014 жылы мемлекеттік тапсырыспен бекітілген арнайы медициналық көмек көлемін 106% дейін орындап, ал бөлімше бойындағы өлім-жітім көрсеткіші 3,6 деңгейінде болып аурухана бойынша алдыңғы көрсеткіштердің біріне қол жеткізді. Сонымен қатар, бөлімшеге қарасты ауыр науқастарды емдеу, хирургиялық тақырыптардағы семинарлар мен конференциялар өткізуде және ауыр науқастарға ота жасау кезінде көрсететін С.Ж.Асфендияров
атындағы ҚазҰМУ-нің хирургия мамандығы бойынша интернатура және резидентура кафедрасының профессоры Нұржамал Асенқызы Жанталинованың еңбегі өте зор. Нұржамал Асенқызы ұдайы таңертеңгілік жұмысын реанимация бөлімшесінде жатқан науқастардан бастап, оларды толық тексеріп, реанимация дәрігерлерімен бірігіп алынған сараптамаларға интерпретация жасап, қандайда бір осы бағыттағы ауытқушылықтар бола қалғанда, оны жөндеп қалпына келтірмей тыныштық көрмейтін, нағыз өз ісінің шебері. Қашан болсын жұмысқа деген ынтасын бір жоғалтпайтын, шаршауды білмейтін қазақтың жұдырықтай қыздарын көргенде қалай масаттанбайсың. Бұл адамның бойындағы күш-қуаттың жартысының біз сияқты еркектердің бойынан табылмай жататыны кейде қиналтса, кейде ұялтады адамды. Жалпы қайтпайтын қайсар мінез туралы бір нәрсе ойыма түсе кетті. Осыдан шамасы бір жыл бұрын. Операцияға бара қалдық. Қандай операция екені ойымда жоқ. Наркозды беріп тастап, хирургтардың операция бастауын күтіп тұрмыз. Хирургтар кешігуде. Мен тықыршып, дауыс шығара бастадым. Бір уақытта хирургта келді-ау, әйтеуір. Ол өзіне ассистент болады деп бір бойы сырықтай болып сорайған, көзінде үлкен көзілдірігі бар студентті ерте келіпті. Хирургтар жуынып бітіп, операция басталып кетті. Науқас қалың ұйқыға кеткен. Әлгі студенттен «нешінші курста оқисың»-деп сұрап қоямын. Білгенім үшінші курс студенті екен. Операция созыла бастады. Әлден уақытта әлгі бас хирург біресе әлгі балаға, біресе опермедбикеге дауысын шығарып бір нәрселердің дұрыс болмай тұрғандығын айтып, жекіп жатты. Сөйтіп тұрған кезде әлгі студентіміз көз алдымызда сылқ етіп сырғып құлап түсті. Мен жалма-жан оны демеп, тұрғызып алып, былай апарып бетін шайғызып: «Деміңді ал, жүрегің шыдамаса енді операцияға кірмегенің дұрыс болар», - деп ақылымды айтып, қайтарып жібердім. Операцияға басқа хирург келіп көмектесіп, аман-есен аяқтадық. Таяу күндердің бірінде сәті түсе қалып, бір наркозды бермекші болып оперблокқа кірсем, әлгі балам тұр тағы да. Бойы ұп-ұзын, қабағы тас түйін, көзінде баяғы көзілдірік. Мені онша жақтырмай тұр шамасы. Ал мен ішімнен ойлап тұрмын «Әй, мынау тағы да сылқ ете түсіп пәле бола ма екен», -деп. Әйтеуір қойшы, хирург келіп, операция басталып кетті. Әлгі балам, сізге өтірік маған шын, мүлдем басқа адам секілді. Жылдам- жылдам қимылдап, хирургтың айтқанына үлгеріп, қанаған тамырларды әп-сәтте байлап, қимылдап-ақ жатыр. Артынан операция біткен соң хирург оған теріні өзінің тігуін тапсырып, өзі алыстан бақылап тұрды. Бәрін де дұрыс жасап, әлгі бала операциядан шығып кетті. Мен аң-таңмын. Өзім көптен бері операцияларға қатыса алмай кеткен болатынмын. Сұрастырсам, жаңағы бала ана жолғыдан кейін қорқып
операцияға жоламай қойғанның орнына, керісінше екі күннің бірінде келіп, операцияларға қатысуын жалғастыра берген екен. Енді міне, мынандай адам танымастай дәрежеге жетіп алыпты. Бұл тұста айтайын деп отырғаным, жас кезінен бастап осындай мінезді, жалықпай үйренгіш, өзін-өзі аямай, жан-жағына бұрылмай алдыға қойған мақсатына тура жүре білетін жастардан ғана Нұржамал Әсенқызы немесе Рүстем Владимирұлы секілді мықты хирургтар шығуы мүмкін деген өзімнің бір ойым ғой. Дұрыс түсініңіздер. Рүстем Владимирұлымен осы аурухана ашылғанға дейін қызметтес болып көрмесемде ол жігітпен алғаш жүздескен сәттен ақ менің ол кісі жөнңндегі алғашқы пікірім кейінгі уақытқа дейін еш өзгерместен қала бергенінен кейде өзімде таң қалып отыратын болдым. Себебі, аз ғұмыр кешпесекте кейбір адамдар жөніндегі ойлаған ой пікірің аяқ асты өзгеріп, тіпті аз уақыт аралығында мүлдем басқа бағытқа ойысып кететінін жиі байқап жүресің. Кейде жаның құлазып, кәдуілгідей өз сөзіне, өз ісіне мығым адамдардың сиреп бара жатқанына қарның ашып, «неге болып барамыз өзі?» -деген сияқты ойлардың да жиі – жиі мазалап жүретіні де өтірік емес. Ал, енді Рүстем Владимирұлының бізде бас дәрігердің орынбасары санатында қызмет атқарған үш жарым жылдан артық уақыт арасында бірде бер рет біреуге қатты ұрсып немесе жекіп, болмаса біреудің ар намысына тиетін артық сөздер айтып жатқанын көрмеппін. Қай күні қарасаңда, таңертеңгілік сағат жетіден жиырма кете бере Рүстем Владимирұлы жұбайы Елена Викторовна екеуі, көліктерінен түсіп жатады. Күнделікті осылай. Әр сағат, минутқа дейін есептеулі. Кешігу жоқ. Тұп-тура сағат жеті жарымда, жансақтау бөлімшесіндегі науқастарды қарауды бастап кетеді. Науқастарды қарау уақыты да ары кетсе он бес минуттан аспайды. Осы уақыт арасында барлық жатқан науқастардың жай-күйімен танысып, мәдениетті түрде ғана кезекшілікте болған дәрігерлерге ескертулер жасап, қай науқасты қалай емдеу жөнінде ақыл кеңесін беріп үлгереді. Ал сағат тура сегізді қаққан шегедей болып отырған күйі, түнгі кезекшілікте болған барлық дәрігерлерден қажетті мәліметті жинастырып үлгеріп, ары қарайғы толып жатқан жұмыстарын сол арында, дәлме дәл өлшенген уақыт аясында жалғастыра береді. Бұл азаматтың таңертеңгілік жансақтау бөліміне кіріп келген уақытымен сағат тілін жөндеп алуға әбден болады. Соған біздің де бойымыз үйреншікті болып алған, уақыт болған кезде өзімізден өзіміз науқастардың жанына барып, есебімізді беруге кірісе
бастаймыз. Осы ритмге үйреніп алғанымыз сонша, тіпті демалыс күндері де алаңдап Рүстем Владимирұлын іздеп тұратын болып қалдық. Міне, осыдан соң, осындай азаматтармен жұмыс істеп жүргеніңді қалай мақтан етпей тұра аласың. Жалпы, Рүстем Владимирұлы 1984 жылы Алматы Мемлекеттік университетін бітіргеннен соң, хирургия мамандығы бойынша Жедел шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасында интернатура өтіп, 1984-1987 жылдары осы ЖШМКА экстренный хирург болып қызмет жасады. 1987- 1989 жылдары Кеңестік Әскер қатарында өз борышын ақтап келгеннен соң, 1989-1990 жылдары хирургиялық бөлімінде хирург дәрігер ординатор болды. 1990-1998 жылдары торакальной хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, ал 1998-2006 жылдары экстренный хирургия бөлімшесінің меңгерушісі және аурухана боцынша хирургиялық қызметке жауапты маман болып істеген. 2006-2011 жылдары С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ хиругиялық аурулар №2 кафедрасының оқытушысы қызметін атқараған. 2011 жылы Жедел шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасы ашылғаннан бері осы аурухана бас дәрігерінің хирургиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді. Білгір маман 1997 жылы «Гепатобиллярлы бұзылыс кезіндегі лимфодренирлеуші оталар» тақырыбында медицина ғылымдарына кандидаттық диссертациясын қорғады. Арада 8 жыл салып, үздіксіз ізденіс пен қажырлылық арқасында «Гепатобиллярлы бұзылыс кезіндегі эфференті емдердің хирургиялық негіздері» тақырыбында медицина ғылымдарының докторы диссертациясын Ресей елінің Ұлы Новгород қаласында үздік қорғап шықты. Дәл сол тарихта «тоқырау» жылдары деген атпен қалған
тоқсаныншы жылдары өзге елде тұрмақ өз елімізде қандай да болмасын ғылыми жұмысты қолға алу үлкен жүректілікті қажет ететін шаруа болып есептелсе, ал докторлық диссертацияны Ресей сияқы білімге деген талабы жоғары мемелекетке барып қорғау тек қана жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында ғана емес, бүкіл Алматы қаласы үшін үлкен жаңалық болып енді. Ғалымның қазіргі уақытта 100 астам ғылыми тақырыбтағы мақалалары, 4 монографиясы, 2 патенттелген ғылыми жаңалығы және авторлық куәләгі бар. Сонымен қатар, барлық абдоминальдық және торакальдық оталар мен қазіргі уақыттағы эндоскопиялық әдіспен атқарылатын оталардың барлық түрлерні жоғарғы сапалық дәрежеде атқара алатын жоғарғы санатты хирург маман. Рүстем Владимирұлы - «Гипократ» орденінің кавалері (2013 жыл), «Алтын дәрігер» белгісінің иегері, ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын» - демекші біздің ұжым дәрігерлері мен мамандары дәл осындай азаматтармен иық тіресіп қызмет жасап жүргендерін мақтан етеді. Мақтан етіп қана қоймай, өсіп келе жатқан жас хирург мамандар осындай ағаларынан үйреніп, үлгі алып, хирургия саласының қыр сырын меңгеруде. Үйлестігі жарасқан немесе алдыңғы толқын ағаларын ұстаз тұтқан ұжымның берекесі келешектеде еш ортаймауы тиіс. Ылайым! Солай болғай. Ұжымының бетке ұстар, хирург мамандарының бірі Тимашева Елена Викторовна. Бұл маманның хирургия бөлімшесінде қызмет жасай бастаған кезінен бастап, бөлімшенің сапалық және сандық шамадағы статистикалық көрсеткіштері оңбағытта өзгеріп, 2012-2013 жылдар қала тұрмақ, республика көлеміндегі ең алдыңғы орындардың бірін иемденген болатын. Әрине, бұл тұста барлық жетістіктің барлығы бір ғана адамның арқасында, немесе сол адамның қолымен ғана жасала салды деген ойдан аулақпыз. Бұл нәтиже ең алдымен көпшіліктің, хирургия ұжымының бірлескен жылдар бойындағы еңбектерінің жемісі. Содан соң ғана барып, жекелеген мамандардың еңбегі ескерілуі тиіс екендігі бәрімізге белгілі. Міне, Елена Викторовна нағыз өз жұмысына берілген, майталман жандардың бірі. Елена викторовна 1989 жылы Алматы мемелекеттік
медициналық университетін хирургия мамандғы бойынша бітіргеннен кейін, 1989-1990 жылдар аралығында Алматы қалалық жедел шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасында хирургия мамандығы бойынша интернатура өтіп, 1990-2006 жылдары экстеренный хиругия бөлімшесінде хирург бола жүріп, 10 жыл бойында осы ауруханада жауапты хирург болып қызмет атқарды. Ал 207-2011 жылдары «Арктур» ШШС хирургия бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2011 жылдың ақпан айынан бастап, яғни, осы аурухана қайта құрылып, қайта халыққа қызмет көрсете бастаған уақытынан бері қарай хирургия бөлімшесінде Аға ординатор қызметін абыроймен атқарып келеді. 2006 жылдан бастап жоғарғы санатты дәрігер-хирург. 20-дан астам ғылыми мақалалары және 1 монографиясы бар. Сонымен қатар, барлық абдоминальдық және торакальдық оталар мен қазіргі уақыттағы эндоскопиялық әдіспен атқарылатын оталардың барлық түрлерні жоғарғы сапалық дәрежеде атқара алатын жоғарғы санатты хирург маман. Хирургия бөлімшесінің өзі бір қарағанда хирургия деген атпен жалпылама аталып кете бергенімен, оның ар жағында алуан түрлі салаға бөлініп жатады. Мысалға, шұғыл (экстренныі) немесе жоспарлы (плановая) деп аталатын салалары бар. Бұл қалай дегенде, оның жауабы біреу-ақ. Шұғыл хирургтар ылғида аяқ асты түскен науқастарға көмек көрсететін болса, ал жоспарлы дегеніміз, аты айтып тұрғандай науқастарды бірнеше күн дайындап барып отаға алатын сала. Ал енді мұнда істейтін адамдарда сол мамандықтарына сәйкес, бірі тез қимылдап жасап тастағыш болып келсе, енді біреулері асықпай не нәрсеге сын көзбен қарап, «әй анау болып шықпасын? Әй, осы біздің науқасқа ұқсамайды, терапевтердікі сиқты» -деп көп ойланғыш болып келеді. Айтайын деп отырғаным, осы айтылған саланың шұғыл жағында көп жүретін, бір нәрсенің ұшын көріп қалса аяғына дейін жетпей қоймайтын, ерекше еңбекқор, уақытпен санаспай отаны жасай беретін жас маман, хирург, қазіргі уақытта хирургия ісі бойынша бас дәрігердің орынбасары қызметін атқарып жүрген Оңласын Төлегенұлы Ибекенов жайында. Бұл азаматтың да өзі жас болса да бұрыңғы Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына да, қазіргі жаңа ауруханаға да ерекше еңбегі сіңіп келе жатыр. Шет мемлекеттердің алдыңғы қатарлы клиникаларымен өзара әріптестік туралы меморандумы негізінде 20 жылдық кәсіби еңбек өтілі бар Бас дәрігердің хирургия бойынша орынбасары медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты хирург-дәрігер Оңласын Төлегенұлы Ибекенов 2012 жылы Австрияның Зальцбург қаласында, ал 2013 жылдың қыркүйек-
қараша айларында Оңтүстік Корея мемлекеті Инчон қаласындағы Гиль госпиталінде кәсіби білімін жетілдіріп қайтты. Оңласын Төлегенұлының тағы бір қасиеті шаршау дегенді ешқашанда білмейді. Сіздер ойлап қалмаңыздар, бастығы болған соң былай жұмсақтап жатыр деп. Ол өзі шынында да солай. Біздің жігіттер, анестезиологтар, жұмысқа келе сала бір-бірімізден «Кім экстренный хирург?» -деп сұрауды әдетке айналдырғанбыз. Себебі, алда жалда Оңласын Төлегенұлы бола қалса біттім дей бер. Қалай екенін білмейсің тұра сол күні біреу емес екі ОКН (острая кишечная непроходимость) немесе бір перитонит және міндетті түрде бір ОКН (тағы да) болатыны уже стандартқа айналып кеткен. Таң қаласың. Ол кісі келгенге дейін тып тыныш болып тұрған хирургия, екі –үш сағаттан кейін реанимациясымен қосылып астан кестені шығып жатады. Бұл әрине, хирургтар үшін де, біз үшінде жақсы. Науқастардың өмірі үшін жанталаспен жүріп таңның қалай атқанын білмей де қаламыз. Сол себепті де, «Оңласын Төлегенұлы кезекшілікте жүр» - дегенде ішімізді тартып, «боран қашан соғып кетер екен» - дейтін қайықшылардың күйін кешеміз. Кейде сол күткен оталарымыз аппақ болып таң атқанда басталады. Әйтеуір, болады. Болмай қоймайды. Бір жағы қалжың, бір жағы шындық. Шындығын айтсақ, Оңласын Төлегенұлы жастығына қарамай өз ісіне шынберілген, «Алтын қолды» - азамат. Алматының мемелекеттік медициналық университетін 1994 жылы тәмамдап, 2007-2010 жылдары А.Н. Сызғанов атындағы хиругиялық ғылыми зертеу орталығында « бауыр хирургиясы» бойынша аспирантура бітірген. 1994-2007 жылдары Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының қабылдау бөлімінде хирург болып, 2008-2011 жылдары Орталық қалалық аурухананың қабылдау бөлімінде хирург маман, 2010-2011 жылдары С.Д. Асфендияров атындағы
ҚазҰМУ-нің №2 кафедрасының ассистенті, 2011-2013 жылдары АҚ ЖШМККА қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі, 2014 жылдан бастап опер блок меңгерушісі қызметтерін атқарып келді. 2013 жылдың күзінен бастап, Жедел шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасы бас дәрігерінің Хирургия ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда. Сонымен қатар, Оңласын Төлегенұлы 2010 жылы «Өт жолдарының тұтылуы кезінде қолданылатын тиімді хирургиялық әдістер» тақырыбында медицина ғылымдарына кандидаттық диссертациясын ойдағыдай қорғап шықты. Ғалымның 40-тан астам ғылыми мақалалары алыс және жақын шет ел баспаларында жарық көрген. Көптегенхалықаралық ғылыми практикалық конференцияларда баяндама жасап, өз еңбектеріне ғылыми тұрғыда шолу жасап жүрген білімді, келешегі зор азамат. Оңласын Төлегенұлы барлық абдоминальдық және торакальдық оталар мен қазіргі уақыттағы эндоскопиялық әдіспен атқарылатын оталардың барлық түрлерні жоғарғы сапалық дәрежеде атқара алатын жоғарғы санатты хирург маман. Хирургия бөлімшесінің күнделікті жұмысының өзі қандай адамды болсын біресе отқа біресе суға түсіретіндей сан қилы да, ауыр екенін жақсы түсінеміз. Іріңді хирургиялық жұқпалар бөлімшесі. Хирургия бөлімшесінің құрамына кіретін іріңді хирургиялық жұқпалар бөлімшесі 15 төсек- орынмен жабдықталған. Бұл бөлімшенің меңгерушісі жоғарғы санатты дәрігер, хирург маман Асқар Қасымханұлы Алимжанов. Тәжірибесі өте мол, өз ісіне өте тыңғылықты, науқастардың жай-күйін жасағанша тыныштық көрмейтін нағыз маман. Денсаулық сақтау ісінің үздігі Асқар Қасымханұлы Алимжановтың(суретте) шипалы қолдарынан сауығып шыққан үлкен-кішінің айтар алғыстары шексіз. Жалпы бұл бөлімшедегі мейірбикелер саны 6, кіші мейірбикелер саны 7. Әр жыл сайын орта есеппен бөлімше емделетін науқастар саны орта есеппен 500, ал әр сайын орта есеппен 45-50 науқас емделіп шығады. Асқар Қасымқанұлына Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы берген бірнеше алғыс хаттар бар. Арнайы ғылыми- практикалық журналдар бетінде биылғы жылдың өзінде 4 мақаласы жарық көрген. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ бесінші курс
студенттеріне «Нашақорлықтың зияны» тақырыбында дәріс оқыды. Мына суретте көрсетілген марапаттаулар Асқар ҚасымханұлыАлимжанов жеткен жетістіктердің тек бір ғана бөлшегі ғана деп айтсақ артық болмас. Тумасында көп сөзге жоқ Асқар Қасымханұлы сонау 1985 жылдан бастап сол кездегі Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында хирург маман боп қызмет атқарып, бір мекемеде тапжылмай осы уақытқа дейін зайыбы Марина Анатольевна екеуі қол ұстасып халыққа қалтықсыз қызмет көрсетіп келе жатыр. Бұл азаматқа қандай марапаттау болсын, қандай орден болсын лайық деп білеміз. Оның үстіне Асқар Қасымханұлы жаңа аурухананың алғашқы ірге тасын қалаушы мамандардың бірі және бірегейі болып тарихқа енген азамат. Ендеше осындай азаматтарымыздың денсаулықтары мықты болып, еңбектері абыройлы бола берсңн демекпіз. Неврология бөлімшесі. Қазіргі уақыттағы ғылымның қарыштап дамуы қай саланың болмасын технологиялық тұрғыдан байытылып, жаңа жетістіктерге жетуіне жол ашты. Әсіресе бұл жетістіктер медицина саласында ерекше қарқынмен дамып, қандай да болмасын дерттің ағзада өріс ала басталауын алғашқы кезеңдерінде анықтауға мүмкіндік туғызды. Сол себепті де, жаңадан жасақталып, қайта жаңарудан өткен Жедел шұғыл көмек көрстеу ауруханасының соңғы уақыттағы заманауи қондырғалармен жабдықталуы бір қарағанда заңды құбылыс болып көрінеді. Алайда, осы аурухананың жабдықталуына қатысты мәселелерге келгенде, не жаңалықтың тез арада сіңісті болып кетпейтіні секілді, көптеген қиыншылықтардың да кездескені шындық.
Дәл осы тұста, аурухананың алғаш халыққа қызмет көрсете бастаған кезінде өткізілген кезекті конференцияда сөз алған аурухана бас дәрігері Манат Тұрарұлының: «Қолда бар мүмкіндікті пайдаланып, аурухананың диагностикалық құрал-жабдықтармен жабдықталуына қатысты туындап отырған мәселелерге түсінікпен қарап, қажетті қаражаттың көзін таба білген Алматы қаласының әкімі Ахметжан Смағұлұлы Есімовке ерекше ықыласпен алғысымызды білдіреміз», -деп айтқан ыстық ілтипатқа толы сөзі оралады есімізге. Шынында да, басқа бөлімшелерді айтпағанда дәл неврология бөлімшесінің өзінде диагностикалық шараларды жеделдетуге арналған заманауи тұрғыдағы медициналық аспаптардың осы уақытқа дейін қала жұртшылығына қалтықсыз қызмет көрсетіп келе жатуы осы айтылған сөздің дәлелі емес пе? Бұл құрал-жабдықтардың қатарына ең алдымен жаңа, европалық үлгідегі компьютерлік томографиялау қондырғысы мен мидың электроэнцефалографиялық қызметін бақылауға арналаған аспаптарды жатқызуға болады. Осы аспаптардың көмегімен ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген науқастардың аз уақыт арасында ми қан айналысына қатысты ауытқушылықтары мен басқа ағзаларындағы өзгерістер егжей-тегжейлі тексерістен өткізіліп, компьютерлік негізде ақпараттық базаға сақталынып, қай мезгілде болмасын кезекшілікте болатын мамандардың науқас диагнозын тез арада және нақты анықтауына мүмкіндік туды. Бұл айтылған мүмкіндіктердің қаладағы екі аурухананың бірінде бола бермейтіні де шындық. Осындай дәрежедегі инновациялық техникамен жабдықталудың автотехникалық немесе басқа да шұғыл апат кездерінде бірнеше адамның ауруханаға қатар түсіп қалған кездерінде маңызы аса зор. Бұған мысал ретінде өткен жылдың аяғында орын алған жарылыстан зардап шеккен балалардың диагнозын анықтаудағы осы инновациялық құрал-жабдықтардың қаншалықты көмегі болғандығын атап өтсек артық болмас. Алғаш ауруханаға келіп түскен, балалардың барлығына аурухана және Қазақстан-Ресей медициналық университеті мамандарының көмегімен электроэнцефалографиялық (ЭЭГ) зерттеулер жүргізіліп, мидың қызметі видеобейнелеуге
жазылды. Ары қарай белгілі болған нәтижелер кәсіби мамандармен талқыланып, мидың физиологиялық немесе патологиялық ауытшылық деңгейлері анықталды. Одан кейінгі тәуліктерде тіркелінген ауытқушылықтардың динамикалық өзгерістері ЭЭГ қондырғыларының көмегімен ары қарай бақыланып, қажет болған жағдайдағы барлық шараларды дер кезінде іске асыруға мүмкіндік туды. Ал бас сүйек, ми және басқа дене мүшелерін компьютерлік томография әдісімен сәулелендіру арқылы бас сүйегі астындағы ұйып қалған қанның мөлшері немесе шамасын ғана анықтау мүмкін болып қоймай, бас сүйегінің зақымдану дәрежесі (сынғаны немесе бүтіндігі), миға өткен жарықшақтың мөлшері мен тоқтаған жері (локализациясы), мидың қан айналысы қаншалықты дәрежеде қарқындылығы, ликвор айналыс динамикасы және басқа да қазіргі медицина ғылымына қатысты көптеген ақпараттарды тез және сапалы дәрежеде алуға қол жеткіздік. Дәл осы, техникалық жетістіктердің көмегімен барлық балаларғы жасалынған оталар нақты бағыт алып, оларды тез арада жасау мүмкіндігі туды. Мысалға, сол уақыттағы реанимация бөлімшесіне келіп түскен бір баланың басына тиген граната жарықшағы мидың беткі қабатына ғана өтіп қоймай, жарықшақтың бір бөлігі тіпті мидың ең тереңінде жатқан сүйелге ұқсас (мозолистое тело) денеге дейін өтіп кеткені белгілі болды. Осыған байланысты шетел ғалымдарымен біріктіріліп өткізілген конференциялардың шешімі бойынша ол жарықшақ, ағзаға еш зиян келтірмейтін болғандықтан, сол тұрған жерінде қалдырылды. Қалған балалардың денесіндегі (өкпесіне, бүйрегіне, қалың еттері мен ішіне) жарықшақтардың да орналасқан тұсы (локализациясы) осы компьютерлік томография аппаратының көмегімен анықталып, сол негізде оталау әдістері тағайындалды. Бір сөзбен айтқанда, тілге тиек етіп отырған неврология бөлімшесінің жоғарғы дәрежеде науқастарға қызмет жасауына қажетті барлық мүмкіндіктер жасалынған. Бұл жерде «бөлімше қызметінің дұрыс атқарылуы тек қана заманауи диагностикалық аспаптардың болуымен ғана байланысты», - деп ойлайтын болсақ, үлкен қателік жіберген болар едік. Себебі, қандай заманауи аспап болмасын, оның тілін білетін маман болмай немесе дәрігерлердің сол аспаптың шығарып берген қорытындысын талдауға өресі жетпей жатататын болса, мұндай жетістіктің бағасы да «бес тиын» емес пе? Сол себепті де, бұл бөлімше қызметінің дұрыс жолға қойылып, жылдан-жылға жақсы табыстарға қол жеткізіп келе жатқаны ең алдымен осы бөлімшеде қызмет атқарып келе жатқан мамандардың білімділігі мен
олардың өз ісіне деген жоғарғы жауапкершілігі арқасында екендігін де ұмытпайық. Осы орайда, ең алдымен неврология бөлімшесінің меңгерушісі Ернар Қызырұлы Айбасовты, дәрігер невропатолог Асқар Мұратқанұлы Мамыраймовты, дәрігер невропатолог Ақмарал Талғатқызы Садықандарды айта кетуіміз керек. Ернар Қызырұлы жоғарғы санатты дәрігер, осы салада 20 жылдан артық қызмет атқарып келе жатқан маман. Жалпы осыншама уақыт бір салада тапжылмай қызмет атқарудың өзі қазіргі заманның дәрігерлері үшін өзінше бір жетістік деп айтуға болады. Кейінгі жастар көп нәрсені тереңнен толғап, алдын ала ойлап (пайдасы бар ма, жоқ па дегендей) ұнамаған мамандық болса, одан кетіп, басқа салаға ауысқыш болып келеді емес пе. Сонымен қатар, Ернар Қызырұлы жаңалыққа жаны құмар, науқастарға беріліп, тапсырылған шаруаны шын көңілден орындайтын жан. Осыған дәлел ретінде болған бір көріністі баяндай кетейін. Былтырғы жылдың күзі. Реанимацияда науқастар көп. Оның ішінде неврология бөлімшесіне қарасты науқастардың өзі төрт-бесеу. Таңертең ерте жұмысқа келсем, жағдайы өте ауыр болып, аппаратпен дем алып жатқан бір неврологиялық науқастың халі тіптен нашарлап, жүрегі тоқтап жатыр екен. Келе сала кезекші реанматологтармен бірге бәріміз жабылып, әлгі науқасты құтқарып қалуға жанымызды салдық. Болмады. Қысқасы науқастардың диагноздарын толықтай жазып, есеп беру мақсатымен күнделікті өткізілетін конференцияға кеттік. Конференциядан кейін Ернар Қызырұлы екеумізді бас дәрігер кабинетіне шақыртты. Не түрлі ойлардың құшағына еніп, бас дәрігердің кабинетінің есігін қақтық. Кіруге жүрексініп тұрмыз. Ар жақтың «Кіріңдер» деген дауыс шықты. Дауыстың зіліне қарап бізді ешқандай жақсылықтың күтіп тұрмағаны белгілі болды. Шегінер жол жоқ. Кірдік. Кіре сала бастық бізді бүре бастады. Артылған кінә көп. Неге диагноз толық емес? Неге тексерістер қорытындысын қысқа жаздыңдар? Тағыда басқа жұмыс жағдайына байланысты сұрақтар. Екеуміз осылай тұра беретін бе едік, егерде Ернардың басы айналып, жақын тұрған орындықтың біріне отыра кетпегенде. Сол кезде барып бастықтың: «Барыңдар»- деген дауысы естілді. Манағыдай емес, сәл жұмсарған секілді. Сонан соң, Ернар екеуміз бірімізді-
біріміз сүйретіп бастықтың кабинетінен сүйретіліп шығып, кіре берістегі диванға жеттік – ау, әйтеуір. Сөйтіп, қысқасы Ернардың арқасында бастықтың қаһарынан бір аман қалғанымыз бар. Артынан оны реанимацияға апарып, система қойып, жағдайын жөндеп, қалыпқа келтіріп алдық. Айтылған сынды шын жүрекпен қабылдау да екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Міне, бұл көріністің өзі адамның өз жұмысына қалай беріліп, қалай жаны ашитындығын көрсетіп тұрған жоқ па. Біраз тақырыптан ауытқып кеткендей болдық. Сонымен, неврология бөлімшесі 30 төсектік. Қазіргі таңда Алматы қаласының Алмалы ауданының халқына ғана емес, Денсаулық сақтау министрлігінің жатқызып емдеу бюросы принципі негізінде қаланың және басқа да республика халқына алғашқы көмекті жоғарғы дәрежеде көрсетіп келе жатқан ұжым. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша әр төсектің айналымы орта есеппен 8,3 тең болды. Бұл орташа қалалық көресеткіштен (10,8-11,0) анағұрлым жақсы болып саналады. 2014 жылы бөлімшеге келіп түсіп, емделіп шыққан науқастар саны 1333 болды. Ал 2013 жылы бөлімшеге келіп жатып, емделіп шыққан науқастар саны 1199 болып тіркелген. Демек, жылдан- жылға осы бөлімшедегі дәрігерлердің еміне жүгінген науқастардың саны артып, олардың осы бөлімше қызметкерлеріне деген халықтың сенімі еселеніп келеді. Бөлімшенің көпшілік алдындағы, науқас адамдар алдындағы беделінің уақыт жылжыған сайын артып келе жатуында осы бөлімше құрамында қызмет атқаратын мейірбикелер мен кіші медицина қызметкерлерінің де еңбегі зор. Олардың қатарында: бөлімшенің аға мейірбикесі, осы салада 12 жыл қызмет атқаратын, жоғарғы санатты маман Гүлшат Сансызбайқызы Ракишева, бірінші санатты мейірбике, 8 жылдық еңбек өтілдігі бар Анаргүл Жәнібекқызы Алишева, жоғарғы санатты, 10 жыл еңбек өтілдігі бар мейірбике Айгүл Қыдырбекқызы Қыдырбекова, жоғарғы санатты, 18 жыл еңбек өтілдігі бар мейірбике Клара Жексенбекқызы Тайлақова, жоғарғы санатты, 18 жыл еңбек өтілдігі бар мейірбике Зоя Жұмаділқызы Игісінова, 20 жыл еңбек өтілдігі бар, бірінші санатты мейірбике Гүлбахрам Садықова, 7 жыл еңбек өтілдігі бар мейірбике Кадия Қалибекқызы Балташева, 14 жыл еңбек өтілдігі бар бірінші санатты мейірбике Динара Иманқұлова, 4 жыл еңбек өтілдігі бар Ернат Қонақов және де осы бөлімше шаруашылық басшысы Айжан Әбдібайқызы Өтеалиева, тамақ таратушы Сәния Қойыпбердіқызы Күзембаевалар бар.
Міне, дәл осы құрамдағы дәрігерлер мен мейірбикелер және кіші медицина қызметкерлерінің жұмылып жұдырық болған еңбектері арқасында бөлімше көрсеткіштері жоғарылап, жылдан- жылға абыройға бөлену үстінде. Оның үстіне, бұл бөлімше қызметкерлері ҚРМУ-нің неврология кафедрасы қызметкерлерімен бірлесіп, ғалым мамандармен кеңесе отырып, көптеген қызметтер атқаруда. Бөлімше және кафедра қызметкерлерінің бірлесіп жазған бірнеше мақалалары газет, журнал беттерінде, ғылыми басылымдарға арналған жинақтарда жарық көруде. Гинекология бөлімшесі.Адам баласы үшін аса қадірлі аналардың денсаулығын сақтап, одан әрі нығайту барысында елімізде аз шаралар жасалынып жатқан жоқ. Солай бола тұрса да, аналар үшін жасалатын жақсылықтар мен игі істердің ешқашан артықшылық етпейтіні белгілі. Аурухана ашылған уақыттан бері қызмет көрсетіп келе жатқан гинекология бөлімшесі қызметін осы игілікті шаралардың қатарына еш ойланбастан жатқызуға болады. Гинекология бөлімшесі алғашқы сәттен бастап, 30 төсектік болып ашылып, қаланың Алмалы, Жетісу, Медеу аудандары аналарына дәрігерлік қызмет көрсетуде. Былтырғы жылғы тапсырыс берілген жоғарғы медициналық арнайы көмектің (ВСМП) осы бөлімше қызметкерлерінің күшімен 320% орындалуы, көп нәрсенің қыры мен сырын аңғартып тұрғандай. Шынында да, бөлімшенің салыстырмалы түрде көрсетілген негізгі көрсеткіштерінің барлығы осы сөздің, жайдан-жай айтылмағанына дәлел болуда. Ол мына төменгі кестеде көрініп те тұр. Гинекология бөлімшесінің салыстырмалы тұрғыдағы негізгі көрсеткіштері 2011ж. 2012ж. 2013ж. 2014ж. Төсек саны 40 40 40 40 2550 2370 2679 Түскен науқас 1240 саны Шыққан 1243 2556 2388 2368 науқас саны Өлім-жітім - 0,03 - - көрсеткіші Орташа 7.6 6,4 5,8 5,8 науқастың жату мерзімі Оталар саны 1204 1513 1804 1843 48,3 59,6 76,0 61,4 Хирургиялық белсенділік
Отадан кейінгі - - - - өлім Кестеден көрініп тұрғандай, төсек саны жыл сайын өзгермегенмен, түскен науқас санының 2011 жылы 1240 болса, ал 2012 жылы 2550-ге дейін, одан соңғы 2013 және 2014 жылдары 2370-дан 2679-ке дейін артқандығын көреміз. Осыған сәйкес бөлімшеден шыққан науқастар санының да 1243-тен 2014 жылы 2368 –ге дейін артқандығын байқаймыз. Ал, науқастардың орташа жату мерзімі барлық бөлімшелер арасындағы ең алдыңғы көрсеткіштік шаманы, яғни 5,8 көрсетті. Басқаша айтқанда, жыл бойында гинекология бөлімшесінде ем қабылдаған науқастар орташа шамамен алғанда 5,8 күннен ғана жатып шыққан. 3000 2550 2679 2500 2370 2000 1500 1240 1000 500 0 2012 2013 2014 2011 Гинекология бөлімшесіне келіп түскен науқастар санының жылдық өсім динамикасы Хирургиялық саладағы бөлімшелер үшін аса маңызды болып саналатын жасалған оталардың саны да жылдан-жылға артып, көбейіп отырғанын келесі суреттен көре аламыз. Нәтижесінде, бөлімшенің хирургиялық белсенділігі алғаш ашылған жылғы 48,3 шамадан, 2014 жылы 61,4 дейін артқандығы байқалды.
2000 1800 1843 1600 1513 1804 1400 1200 1204 1000 800 600 400 200 0 2011 2012 2013 2014 Хирургиялық оталар санының динамикалық өзгерістері Жоғарғы дәрежедегі медициналық көмек көрсету бағытындағы оталар негізінен лапороскопиялық абдоминалдық гистероэктомия, гистерорезектоскопия және лапороскопиялық консервативтік миоэктомиялар есесінен орындалып отырды. Былтырғы жылдың соңында бөлімшенің тапсырысына берілген оталар саны толығымен орындалған соң, ақырғы тоқсанда тағы да қалалық Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан қосымша тапсырыстар беріліп, нәтижесінде бөлімшенің науқастарға жоғарғы дәрежедегі медициналық көмек көрсету белсенділігі 320% деңгейінде орындалды. Әрине, жоғарыда аталған оталарды жасап, науқастарды емдеп шығаруда ең бастысы жоғарғы техникалық жабдықталудың қажет екендігі белгілі. Гинекология саласына қатысты оталарды жасайтын блок қазіргі заман талабына сай бейнеқондырғылар мен аспаптардың барлық түрімен жабдықталған және де жасалып жатқан отаны арнайы технологияның көмегімен таспаға түсіре отырып, бір мезетте оперблоктан шамамен 250-300 метр қашықтықтағы аудиторияда көрсету мүмкіндігі жасалынған. Осы жетістікті дұрыс пайдалана білген бөлімше дәрігерлері бірнеше мәрте кафедра қызметкерлерімен бірлесе отырып, инновациялық технологиялар көмегімен жасалатын оталардың жасалу әдісіне қатысты мастер кластар мен конференциялар өткізуге қол жеткізді. Осындай жиындарға қатысушыларға соңынан арнайы сертификаттар тапсырылып, ақпараттық парақтар тартылды. Бөлімше бойынша атқарылып жататын оңды істердің басы қасында үнемі болып отыратын кафедра қызметкерлерінің сіңірген еңбектері ауыз толтырып айтуға тұрарлықтай. Бұл мамандардың қатарында С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ №2 акушерство және гинекология кафедрасының профессоры, медицина
ғылымдарының докторы Лира Ғаббасқызы Калиева, доцент Любовь Шектібайқызы Дүйсембаева, кафедра ассистенті, медицина ғылымдарының кандидаты Райхан Смаханқызы Скакова және кафедра ассистенті Сандуғаш Еркінқызы Еркінова бар. Райхан Смаханқызы Скакова аурухана алғаш ашылған уақыттан бастап, осы бөлімшенің меңгерушісі қызметін 2014 жылдың басына дейін абыроймен атқарып, 2012 жылы Денсаулық сақтау минстрлігінің мақтау граматосымен марапатталды. Бөлімше меңгерушісі қызметін 2014 жылдың басынан бастап, жоғарғы санатты гинеколог маман, 25 жылдан астам еңбек өтілдігі бар Роза Абылқасымқызы Алтаева атқаруда. Осы аталған қызметкерлерден басқа да бөлімше құрамында Диляра Смағұлқызы Дамулина, Динара Рафикқызы Бектемирова, Шолпан Темірханқызы Алимбекова секілді өз ісінің шебері, білгір мамандар бар. Бөлімше аға мейірбикесі - жоғарғы санатты мейірбике, 20 жылдан астам еңбек өтілдігі бар Айман Алиакбарқызы Абдымолдаева, жоғарғы санатты мейірбике Кенжегүл Тортаева, бірінші санатты мейірбике Назгүл Жамбылқызы Серкебаева, жоғарғы санатты мейірбике, 20 жылдан астам еңбек өтілдігі бар Махаббат Маткарімқызы Юсупова, бөлімше шаруашылық басшысы Света Сактағанова және кіші мейірбикелер: Сапарбаева Загира, Өтекеш Гулмария, Қыдырова Оразгүлдер. Дәл осындай мамандардан тұратын ұжымның қала халқы аналарына көрсетіп жатқан еңбегі ұшан теңіз. Біздің тілге тиек етіп баяндап жатқан деректеріміз сол мол еңбектің бір бөлшегі ғана. Осы бөлімше қызметкерлерінің қала халқына көрсетіп жатқан еңбегі жемісті болып, аналардың денсаулығы нығая берсін деп тілейік! Қан құю бөлімшесі. Бөлімше басқа бөлімшелер секілді аурухана ашылған уақыттан бері қызмет көрсетіп келеді. Осы бөлімше қызметі көмегімен ауыр халде түскен науқастарға қан және оның препараттарын дер кезінде құйып, геморрагиялық шоктан шығарып, ажалдан арашалап алып қалуға мүмкіндік туды. Бұл бөлімше арқылы жылына қанша науқасқа жаңа мұздатылған плазма (СЗП), эритроциттік массалар құйылады. Мысалға 2013 жылы 740 эритроцитты массалар құйылса, 2014 жылы да атқарылған гемотрансфузия саны сол шамада (738) болды. Жаңадан мұздатылған плазма көлемі (СЗП) 2013
жылы 1217 болса, 2014 жылы 1441- ге жетті. Барлық құйылған гемотрансфузиялар саны 2013 жылы 1957 болса, 2014 жылы 2179-ға дейін артқан. Ал бұл бөлімшенің атқарып жатқан қызметтерінің тағы да бір көрсеткіші ол науқас қанының қай топқа жататынын анықтау. Осы мақсатта жүргізілген зерттеулер нәтижесі 2012 жылғы қан анықтау үшін жасалған сынамалардың 5841 болғанын, 2013жылы жасалынған қан тобы анықтаулар 6130, ал 2014 жылы сандық дәреженің одан да артып 6543-ке дейін жеткенін көрсетті. Донорлардың саны 2012 жылы 901 болса, 2013 жылы 897 болған. Бөлімше меңгерушісі Головня Марина Анатольевна, бірінші санатты дәрігер, 1999 жылы Алматы мемлекеттік медициналық университетін тәмамдап, дәрігерлік қызметін осы қалада бастаған маман. Дәрігер санатында жасаған еңбегі көзге түсіп «Медицина саласына қосқан еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Қазіргі уақытта қан құю кабинетінің жұмысына басшылық жасаумен қатар, хирургиялық жұқпалар бөлімшесінде қосымша қызмет атқарады. Білікті маман ретінде бірнеше мәрте аудан, қала Денсаулық сақтау басқармасының мақтауына ие болған. Бұл бөлімшеде қызмет атқаратын мейірбикелер: Лиманская Татьяна Юрьевна жалпы еңбек өтілі 11 жыл, бірінші санатты мейірбике, Лебедкина Галина Петровна жоғарғы санатты мейірбике, жалпы еңбек өтілі 32 жыл, Шутова Илона Евгеньевна жоғарғы санатты мейірбике, жалпы еңбек өтілі 28 жыл, Жанар Махмұтқызы Баймұқанова жоғарғы санатты мейірбике, жалпы еңбек өтілі 20 жыл. Бөлімше қызметкерлері хирург немесе реаниматолог мамандармен қатар мазасыз күндер мен түндерді артқа тастап келе жатқан, нәзік жандардан құралған, алып жүректі ұжым. Бұл бөлімше қыздарына келешекте де осылай толағай табыстарға кенеле берсін демекпіз.
Терапия. Кәдімгі жағдайдағы, еш жері ауырып көрмеген адам аяқ асты жүрегі айнып, бас ауыра қалса басқаға емес, тұп-тура терапевт маманға барып қаралатын әдеті емес пе. Тіпті өзімізде сүйтеміз. Қанша жерден дәрігер болсаңда, алда жалда сырқаттана қалсақ керек болар деп, үйге жақын емханадағы стажы көп бір терапевпен контакт жасап, жоғалтып алмай, үнемі хабарласып отырамыз. Осы жөнінде бір әңгіме. Өз басымнан өткен оқиғалар ғой. Былтырғы жылдың күзі мен үшін ауыр болды. Қазақтың кәрі шалдары тегінде «жылқы жылың ілгері» деп отырушы еді. Сол сөздің де жаны бар ма, қалай? Әйтеуір, бір бітпейтін қарбалас болды да кетті. Үйде емес, әрине. жұмыста. Ауыр науқастар. Аяғы ауыр әйелдер. Бөлімшенің әр палатасы қашан келсеңде аузы мұрынан шығып жатады. Тіпті басқа бөлімшеге ауыстыратын да ешкімді таба алмайсың, кәдімгідей басың қатады. Бәрінің де жағдайы мәз емес. Оның үстіне күнде таңертен ерте басталатын, айқай шу. Бөлімшеде көбіне жастар істегендіктен, міндетті түрде түндегі кезекшілікте бір келеңсіздіктің болып қалатыны әдетке айналып кеткендей. Ал мұндай келеңсіздіктер, бастықтың алдына алып баратын тұп тұра сара жол іспетті. Күнде таңертен тұрғаның жерге қарап. Кінәлі кейіп. Кірерге тесік таппайсың. Осы уақытқа дейін жұмыста жүріп ауырып көрмеппін. Әлгі айтып өткен аласапырандардан кейін кәдімгідей басым айналып, кейбір адамдардың айтқанын дұрыс естімейтіндей халге жете бастадым. Тіпті кейде бастықтың алдында тұрған кезде, көзім қарауытып, қарауытып кететінді де шығарды. Сонымен, ұзын сөздің қысқасы аздап дем алмасам болмайтын болып, арызымды жазып, бастықтың алдына бардым. Ол кісі әрине, мен туралы онша жақсы ойлап тұрған жоқ. Сенбейді де. - Сен өзі онша адам емес екенсің – деп жатыр. Біздің жасымыздағы жігіттерге ауыр сөз, әрине. Ауырып жүргенім рас болған соң, ақталып жатырмын: - Манат Тұрарович! Өмірі бюллетень алып көрмегем, бірінші рет- деп. Бір сенімнен кетсең қиын ғой. Бастықтан жауап жоқ, үндемей ғана қолын қойып берді.
Сонымен жұмыстан шыққан бетте, бала шағамды апарып қаратып жүретін, үйге жақын №10 емханаға қарай тарттым. Емхананың тіркелетін жеріне келіп, терапевтке жазылдым. Қиналған кезде терапевті іздейміз дегеннен шығады ғой бәрі. Терапевт үшінші қабатта, ақашасын төлеген соң барып бірақ қабылдайды екен. Әлден уақытта кезегім жетіп, кіріп бардым. Кіре сала іздеп келген адамыңа көз салатын әдетімізбен терапевтке қарадым. Өңі таныс. Жүзі жылы. Сол кезде барып, институтта бірге оқыған бір кездегі талдырмаш қана бидай өңді әдемі қыз ойыма сарт ете қалғаны. Сасқалақтап, қалай амандасарымды білмей, қолымды беріп жатырмын. Ол қолымды алайын деген ниет таныта қоймады. Онысы түсінікті де. Емханада отырған білдей бір терапевт келген адамның бәріне қолын беріп амандасып, құшақтаса берсе не болғаны, бұл емхана ғой театр емес. Оны үстіне қыз бала. Сонымен мен, нақты танып тұрғанымды білдірмекші болып: - Мен Сулейменовпін ғой, институтта бірге оқып едік қой деп жатырмын. Атын айтайын десем ұмытып қалыппын, аузыма түспейді. Енді, институт бітіргенімізге бірталай уақыт болып кетті емес пе. Сол кезде барып әлгі курстас қызымның есі кіріп: - Ой, кешір Бекболат екенсің ғой танымай қалдым. Өзгеріп, толып кетіпсің ғой – деп отырған орнынан жылдам тұрып, екеуміздің құшақтаса кетпесіміз барма. Біразға дейін мәре сәре болып, аптығымыз басылған соң, курстасым жылдам менің қан қысымымды өлшеп, ЭКГ –ға түсіріп, «қан қысымың жоғары екен неге емделмейсің» - деп кәдімгі бір қарындасымдай ұрсып алды. Содан соң, өзі басқа ешкімге сенбей жапсарлас бөлмедегі кушеткіге мені жатқызып қойып, аспалы дәрілердің астына алды-ау, әйтеуір. Өзімнің бір қарындасымның қарауына келгендей болып, жүрегім елжіреп, бір масаттанып қалдым. Олай дейтін себебім, бір жағынан Гүлмира екеуміз бір ауданда тұрдық, марқұм әке шешелеріміз де бір бірімен жақсы араласқан болатын. Тіпті екеумізді сыртымыздан бір кездері атастырмақшы да ойлары да болған екен. Кейіннен білдім. Енді міне, отыз жылға жуық уақыт өткенде сол қарындасымның қолына қиналып келіп, ем қабылдап жатырмын.
«Таумен мен тау кездеспейді, адам мен адам кезігеді деген сөз рас екен ғой» - деп ойлап қоямын. Сонымен, Гулмираның емін үш күн алып, ары қарай шыдай алмай, тезірек жұмысқа шығып кеткенім бар. «Терапия медицинаның анасы» - деген сөздің құдіреттілігіне қалай сенбейсің осыдан соң. Ал енді біздің аурухана терапия бөлімшесі 30 төсекке арналған, осы салаға қатысты барлық науқас түрлерін қабылдап, емдейтін бөлімше. Жылына бұл бөлімшеге 1500-ден астам науқас келіп түсіп, аман–есен емделіп шығуда. Науқастардың орташа емделу мерзімі орта есеппен 6,7 тәулік шамасында. Егерде, бөлімшеге келіп ем қабылдайтын науқастардың дені созылмалы тұрғыдағы дертке шалдығып келетінін есепке алсақ, ондай науқастарды осыншама уақыт аралығында емдеп шығару оңай шаруа емес екені түсінікті болар деп ойлаймын. Бөлімшенің екі палатасы арнайы ауыр науқастар үшін қажетті аспаптармен, аппараттармен жарақталған. Барлық палатадағы төсектер жаңа үлгідегі, функциональдық мүмкіндіктері жоғары, еуропа елдерінен арнайы әкелінген. Терапия бөлімшесінің қызметі 2013 жылдың тамыз айынан бастап, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келе жатқан Анаркул Бәкірқызы Кулембаеваның келуімен жаңа серпін алып, тың жетістіктерге жете бастады. Бөлімшенің төсек айналымы, науқастардың төсекте жату уақыты сияқты көрсеткіштері қаланың басқа аурухана көрсеткіштерімен салыстырғанда анағұрлым жақсарып, ал өлім-жітім көрсеткішінің екі есеге дейін төмендеуі байқалды. Бұл тұста, бөлімшеге келген әр науқасқа қатысты, диагностикалық және емдеу шараларының дер кезінде және толықтай атқарылуы аса маңызды екендігі түсінікті. Сонымен қатар, аурухананың реанимация бөлімінде жатқан науқастарды күнделікті бақылап, тексеріп, оларды емдеу шараларына байланысты беріліп жатқан дәрілердің әсерін қадағалаудағы Анаркул Бәкірқызының еңбегі өте жоғары екендігін айта кетуіміз керек. Осы бір талдырмаш, қимылы ширақ, қыз баланың күнделікті атқарып жүрген қызметінің ауқымын көріп, кәдімгідейриза боласың. Ақ таңнан басталатын мазасыз аурухана тірлігімен біте қайнасып, әр қызметкердің жұмысын бақылап, қадағалауда тұрған науқастардың хал-жағдайында көзден таса қылмау екі адамның бірінің қолынан келе бермейтін шаруа. Оның үстіне қыз баланың. Ол кісінің аяғының тықырының өзі басқа адамдардан бөлек, адамның жұмысқа деген құлшынысын арттырып жіберетін сияқты. Өйткені, Анаркул Бәкірқызы араласуынсыз емдеу ісіне қатысты еш шаруа шешілмейді.
Анаркул Бәкірқызы Кулембаева 1993 жылы Алматы Медициналық Мемлекеттік университетінің емдеу ісі факультетін тәмамдаған соң, Алматы қалалық жәдел медициналық ауруханасында терапевт маман санатында интернатура өтті. Осы іргелі, «қара шаңырақта» 1998 жылға дейін дәрігер- терапевт қызметін атқарып, 1998 жылдан бастап кардиолог мамандығын алды. 2001 жылы қалалық жедел медициналық ауруханасының қабылдау бөлімі меңгерушісі қызметін атқарды. Ал 2004 жылдан 2007 жылға дейінгі аралықта 2 кардиологиялық бөлім меңгерушісі болса, ал 2007 жылы жаңадан құрылған кардиологиялық орталықтың бөлімше меңгерушісі қызметін абыроймен атқарды. Бөлімше меңгерушісі қызметін атқара жүріп Анаркул Бәкірқызы Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс кардиологы лауазымын да қоса атқарып, қала халқының денсаулығын сақтауда еселі еңбегімен көзге түсе білді. Ал 2013 жылдың тамыз айынан басталған Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі жаңа қызметі біздің көз алдымызда өтіп жатыр. Осы аурухананың бүгінгі таңдағы қол жеткізіп жатқан жетістіктеріндегі Анаркул Бәкірқызының қосқан үлесінің де ерекше екендігі бәрімізге аян. Сонымен қатар, Анаркул Бәкірқызы 2004 жылы кардиология саласы бойынша медицина ғылымдарына кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шығып,бүгінгі таңда 30-дан астам еңбегі алыс және жақын шет елдеріндегі баспаларда жарық көрген жас ғалым. Бұған қоса, 1 әдістемелік құрал, 1 жеке авторлық куәліктің иегері. «Жақсы адамның жақсылығын айт, нұры тассын»,- деген халық даналығын негізге ала отырып, Анаркул Бәкірқызының сонау 1998 жылдан бастап,алғашында қалалық сайлау комиссиясының белді мүшесі болып, артынша №63 сайлау участігінің төрағасы санатындағы қызметін де жалғастырып келе жатқанында айта кеткеніміз жөн. Анаркул Бәкірқызы Кулембаева Денсаулық сақтау ісінің үздігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және Алматы Әкімінің алғыс хаттарының иегері. Міне дәл осындай жандармен қатар қызмет атқарып жүрген бөлімше дәрігерлері кафедра
қызметкерлерімен де тізе қоса отырып, науқастардың тезірек емделіп кетуіне барлық жағдайды жасауда. Бұл тұста бөлімше дәрігерлерінің емдеу ісі барысындағы жаңа әдістерді де жиі қолданып, ғылыми тұрғыда негізделген салыстырулар өткізіп, нәтижелі қортындыларға қол жеткізіп келе жатқанын да айта кетуіміз қажет. Мысалға бөлімше меңгерушісі Мадина Омарқызы реаниматолог мамандармен бірігіп кейінгі жылдары тыныс жолдарының созылмалы түріне (ХОБЛ) шалдығып келген науқастарды ұзақ уақыт жасанды аппараттармен дем алуға көшіріп, қан құрамындағы гипоксиялық, гипоксемиялық ауытқушылтар қалпына келген соң ғана барып, аппараттан алып, өздігімен дем алдыруға ауыстыру емдеу тәсілін қолға алған. Осы бағытта жүргізілген тәжірибе қорытындысы да жаман емес. Аталған әдіс көмегімен талай-талай науқастар аман қалып, бөлімше қызметкерлеріне алғыстарын жаудыруда. Атаулы бөлімшеге ғылыми және практикалық тұрғыдан көмек көрсетіп, ақыл кеңесін аймай келе жатқан жандардың бірі С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ пульмонология кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Семенова Райса Ивановна. Пульмонология саласының білгір маманы кеңесіне тек қана біздің ауруханада ем қабылдап жатқан науқастар ғана емес, еліміздің түпкір түпкірінен келіп жатқан басқа науқастардың да зәру екендігі профессордың кабинетінің алдындағы тізілген кезектен-ақ байқалады. Сонымен қатар, Райса Ивановна реанимация бөлімшесінде жатқан науқастарды да уақытымен қарап, олардың ем домын қадағалауды да естен шығармайтын, беймаза жан. Таяуда ҚазҰМУ кафедрасы ассистенті Гүлжан Тынышбекқызы Тоқсанбаеваның ұйымдастыруымен «Жүрек дертіне шалдыққан науқастарды тромболитикалық препараттармен емдеу әдістері» деген тақырыптағы дәрісін тыңдадым. Өте тартымды және өзекті болды. Осы дәрістен соң науқастарды емдеу ісіне қатысты бұрыңғы көзқарасым да бірталай өзгерді. Кафедра және бөлімше қызметкерлерінің жұмыс нәтижелері көрсетілген мақалалардың саны жылдан жылға артып, республикаға белгілі медициналық басылымдар бетінде жарық көруде. Қорыта келгенде, аурухананың бас бөлімшелерінің бірі болып саналатын терапия бөлімшесінің негізгі көрсеткіштері де көңіл қуантарлықтай.
Осы жетістіктердің басы-қасында жүрген адамдардың ішінде ең алдымен, бөлімше меңгерушісі, жоғарғы санатты дәрігер, көп жылдық еңбек стажы бар Мадина Омарқызы Шермаханованы, ҚРМУ кафедрасы ассистенті, медицина ғылымдарының кандидаты Фарида Ерәшімқызы Рүстемованы, ҚазҰМУ кафедрасы ассистенті Гүлжан Тынышбекқызы Тоқсанбаеваны, бөлімшенің аға мейірбикесі, жоғарғы санатты мейірбике Рима Молдахметқызы Жигитенованы, жоғарғы санатты мейірбике Айда Мұратқызы Қадышеваны, жоғарғы санатты мейірбике Асем Адимбекқызы Молдахметованы, жоғарғы санатты мейірбике Роза Мұқанқызы Акишеваны, екінші санатты мейірбике Шахидам Абшекимқызы Баратованы, бөлімше мейірбикесі Ғалия Серікқызы Хасенғалиеваны, бөлімше мейірбикесі Айда Шахунқызын, бөлімше мейірбикесі Салтанат Сұраншықызы Есенбаеваны, бөлімшенің шаруашылық ісіне жауапты қызметкері Бибігүл Төлегенқызы Толұмбекованы, кіші медицина қызметкері Рано Құдіретжанқызы Рахимованы, кіші медицина қызметкері Жамбылгүл Усербаеваларды атап өтсек еш артығы болмас. Осы қызметкерлер ісінің адалдығы мен кәсіби деңгейлерінің жоғарлығы арқасында бөлімше көрсеткіші жақсарып, жылдан жылға жаңа биіктерден көрінуде. Ендеше, осы әзиз жандардың, адал жүректерінен шыққан жылудың шапағатына қала жұртшылығы одан әрі де шомыла берсін деп тілейік, әріптестер. Зертхана бөлімшесі. Ауруханаға күнделікті және үздіксіз келіп түсіп жатқан науқастардың барлығының жедел арада диагнозын анықтап, олардың ағазасындағы ауытқушылықтардың дәрежесін белгілеуде клиникалық зертхананың көрсетер қызметі өте жоғары. Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының клиникалық зертханасын қайта жарақтау кезінде ескерілген бір ерекшелік, анестезиология және реаниматология бөлімшесіне қарасты экпресс-зертхананың ұйымдастырылуы. Бұл зертхана көмегімен реанимация бөлімшесіне ауыр халде келіп түскен аурулардың барлығына тез арада гематологиялық, жалпы клиникалық,
биохимиялық, коагулограммалық, серологиялық, токсикологиялық және қанның құрамындағы сілтілі негіздерді анықтауға қол жеткізілді. Экспресс зертхананың күндіз-түні бір режімде, бір қалыпта жұмыс істеп тұруы үшін қажетті жағдайдың барлығы жасалынған және қандай да біп сараптама қорытындысын шығаруға арналған реактивтердің барлығы үздіксіз қамтамасыз етілген. Бөлімшенің осындай дәрежедегі шапшаңдығы арқасында реанимация бөліміне күн-түн демей ауыр халде жеткізілетін науқастардың дер кезінде жасалынған клиникалық диагностикалық сараптамалардың көмегімен олардың диагноздары уақытылы анықталып, ары қарайғы жүргізілетін емнің бекітілген стандарттық жүйеде іске асырылуына мүмкіндік туды. Экпресс клиникалық зертханада атқарылатын зерттеулер, ары кеткенде 15-20 минуттің ішінде орындалып, науқастардың ағзаларындағы динамикалық өзгерістерді интенсивті бақылауға қол жеткіздік. Клиникалық диагностикалық зертхана бөлімшесі қызметкерлерінің осындай жоғарғы дәрежедегі қызметтерінің арқасында біздің клиникада атқарылып жатқан игі бастамалардың барлығы іске асып, аурухананың қазіргі нарық заманыдағы бәсекелестікке тез бейімделіп, аз уақыт арасында қала халқына сапалы медициналық қызмет көрсетуші белді мекемелердің біріне айналуына өз үлесін қоса білді. Клиникалық-диагностикалық зертхана құрамында 10 дәрігер лаборант, 1 аға фельдшер лаборант, 9 фельдшер лаборант және 3 кіші медициналық қызметкерлер қызмет атқарады. Бөлімше меңгерушісі И.К.Утарбаева талайдан бері осы салада қызмет істеп келе жатқан білігір маман. Бөлімшенің басқа қызметкерлері де өзіне бөлінген тапсырысытарды дер кезінде орындап, мекеменің ашылу сәтінен бастап осы уақытқа дейін келеңсіздікке жол бермей келе жатқан майталман мамандар. Олар: зертхана токсиколог дәрігері М.У.Тұңғышбаев, зертхана токсиколог маманы Л.Б.Сүлейменова, экспресс зертхана маманы А.О. Алимханова, эксперсстік зертхана дәрігері Ф.Т. Қайранбаева, биохимиялық зертхана маманы С.К. Сыбанкулова, эксперсстік зертхана дәрігер Г.С.Кулмышев, токсиколог маман К.Н. Рысмендиев, ИФА анализдері маманы Қошжанова, Сапарова – фельдшер лаборант Р.Қойайдарова, фельдшер лаборант Р. Бармақова, фельдшер лаборант Г. Таженова. Аталмыш бөлімшесінің қалтықсыз қызметтерінің көмегімен өткен жылдың өзінде біздің ауруханада ішкі органдардың трансплантациясына қатысты 2 бірдей ота жасылынып, донорлық органдарды аса қажетсініп отырған төрт адамның бірдей ішкі органдары ауыстырылып, қазіргі уақытта аман-есен өмір сүріп жатыр.
Бұл бөлімшенің қызметі жарылыс кезіндегі балалардың денсаулығын қадағалап, оларды шұғыл түрдегі оталарға дайындау кезінде де ерекше болды. Сағат сайынғы бақылауды қажет ететін жалпы клиникалық, биохимиялық сараптамалар мен қатар, аппаратта жатқан жеткіншектердің қан құрамындағы аса қажетті О2, СО2, К+, Na+ сияқты элементтердің концентрациясын анықтау барысында атқарған қалтқысыз қызметтері, сол кездегі білікті мамандар мен білігір профессорлардан құрылған топтың бала ағзасындағы қандай да бір ауытқушылықтарды дер кезінде анықтап, оны қалпына келтірудегі шаралардың дер кезінде іске асыруына жағдай жасады. Осы тұста айта кетуге тура келеді сол балалардың бірінің басына тиген граната жарықшағы оның миының тереңгі қабатына дейін өтіп және мидың сол жақ бөлігінде субдуральдық гематома пайда болғандықтан, нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, профессор В.В. Крючковтың басқаруымен жасалған отадан соң, баланы ұзақ уақыттық жасанды жолмен дем алдыруға шешім қабылдадық. Артынан Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы Джанелидзе атындағы Жедел жәрдем ҒЗИ басшысының орынбасары Афончиков Вячеслав Сергеевичпен өткізілегн онлайн режіміндегі телеконференцияда да, біздің осы тактикамыздың дұрыстығы белгіленіп, науқасты ұзақ уақыттық жасанды жолмен аппаратпен дем алдыру (ИВЛ) қажет екендігі келісілді. Компьютерлік томография көмегімен анықталатын ми ісігінің қайтуы мен науқастың қан құрамындағы жоғарыда айтылған О2, СО2, К+, Na+ элементтерінің бір қалыпқа келуі ғана баланы аппараттан алып, өз күшімен дем алдыруға негіз бола алды. Міне, осындай кездегі экпресс клиникалық зертхана қызметінің аса қажеттілігі көзге көрініп-ақ тұрды. Осы бөлімше қызметкерлерінің толассыз қызметінің көмегімен, барлық сараптамасы қалыпқа келген соң ғана, жетінші тәулік дегенде баламызды аман-есен аппарттан шығарып, есіне келтіріп, ары қарайғы емін жалғастыру үшін нейрохирургия бөлімшесіне ауыстырып жібердік. Бұл бөлімшенің күнделікті атқарып жататын қызметтерінен бір көрініс қана. Ал, жыл бойында осы бөлімше қызметкерлерінің арқасында қанша науқастың аман-есен есін жинатып, жағдайын жөндеп, үйлеріне шығарып жатырмыз. Төменгі кестеге зер салып қарайтын болсаңыз, өздеріңіз көріп отырғандай, зертханалық сараптамалардың барлығы алғашқы аурухана ашылған жалдағыдан қарағанда анағұрлым артып, дәліре кайтатын болсақ 2011 жылғы жалпы гематологиялық зерттеулер саны 67800 – ден 2014 жылы 224868 –дейін артқандығын байқаймыз.
Зертханалық сараптамалардың салыстырмалы кестесі Жасалған зерттеулер 2011ж. 2012ж. 2013ж. 2014ж. 224868 гематологиялық 67800 104567 127800 1385830 Жалпыклиникалық 321549 643312 733459 1501439 Биохимиялық 340812 407100 574071 107479 Коагулограмма 18200 33817 47814 9227 Токсикологиялық 5073 8078 10667 17738 микрореакция 9233 16345 17058 1466 Тропанин 48 234 539 7631 КЩС 154 489 1198 20089931 Барлығы: 744669 1213942 1512606 Ал осы салыстыру жылдарының алғашқы жылындағы жалпы зертханалық зерттеулер санының бар жоғы 744669 болып, ал былтырғы жылдың аяғындағы жалпы зерттеулер саның 20089931 дейін жеткендігін көріп отырмыз. Бұл көрсеткіштік шамалардың қатынасы 26,9 тең болып, яғни зертханалық зерттеулер саның осы уақыт аралығында осынша 26,9 есеге дейін артқандығын көрсетті. Оның ішінде КШС зерттеулерін алатын болсақ, тіпті 49,5 есеге дейін артып кеткендігін байқаймыз. Демек, бір қарағанда аз болып көрінеті төрт жылдың ішінде бір ғана бөлімшенің бір ғана көрсеткішінің өзі бұл мекеменің қалай қарыштап қадам басып бара жатқанына дәлел емес пе. Сәулелі диагностика бөлімшесі. Бұл бөлімшеге қарасты қондырғалардың көмегімен ауруханаға келіп түскен науқастардың барлығының диагнозы анықталып, дер кезіндегі стандартық негіздегі емдерді қабылдауға жағдай жасалынады. Бөлімше құрамында 16 жолақты SOMATOM Emation компьютерлық томографы бар. Осы аппараттың көмегімен науқастардың басын, кеуде қуысы және іш ағзалары тексеріледі. Ал енді рентгендік AXIOM ICINOS R200 аппаратының көмегімен рентгеноскопиялық және рентгенологиялық зерттеулер жасалынады. Бұдан басқа да бөлімшелердегі рентгенологиялық аппараттардың көмегімен төсек тартып немесе ауыр халде жатқан науқастарға әр түрлі тексерістер жасалынады. Олар: ирригоскопия, өңешті және асқазанды контрастық заттың көмегі арқылы тексеру, РХПГ, фистулография, метросальпингография, урографиялық тексерістер. Сонымен бірге, бөлімше құрамында MULTIX
PRO P атты түсірілген ағзаны сандық жүйеге келтіріп, сараптайтын аппараттар бар. Осы айтылған аппараттармен қатар, жаңа үлгідегі ультрадыбысты диагностикалық MyLab 50 және ACUSON Х300 маркілі аппараттары жұмыс істейді. Тағыда бір қазіргі уақыттағы науқастардың дұрыс диагнозын анықтауда, жүрек қан айналу жүйесінің қызметін бағалауда ерекше көмегі бар аспаптардың бірі ЭХО кардиографиялық қондырғы. Аталған құрал- жабдықтардың барлығы аты көрсетіп тұрғандай, еуропа елдеріндегі медициналық диагностикалық құрал өндіруші, қазіргі тілмен айтқанда озық компаниялардың тауарлары. Бөлімшеге қарасты керек-жарақ диагностикалық құралдардың барлығын аурухана ашылмай жатып, бірнеше ай бұрын тізімін жасап, алыс- жақын шетел компанияларымен келісімге келіп, қалалық Денсаулық сақтау басқармасы арқылы келісілген жабдықтардың дер кезінде келуін қамтамасыз еткен осы аурухананың негізін қалаушылардың бірі, жоғарғы санатты дәрігер, медицина ғылымдарының докторы Рүстем Владимирұлы Қадырбаев, жоғарғы санатты дәрігер, травматология бөлімшесінің меңгерушісі Владимир Геральдевич Семенов, реанимация бөлімшесінің алғашқы меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Рашит Бейсембекұлы Сүлейменов, бас дәрігердің мейірбикелер жөніндегі орынбасары, ұйымдастыру саласының үздігі Митрякова Галина Ивановналардың ерең еңбегін ескеріп, атап өткеніміз өте орынды. Осы азаматтардың арқасында жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев келіп, өз қолымен ашып кеткеннен соңғы ертеңгі күннен бастап қала халқына көп салалы медициналық көмек көрсетуді бастап кеткен болатын. Дәл осындай ашылу мерзіміне сақадай сай болып, сол күннен бастап бірден жұмыс істеуге қабілетті мекемелердің саны қала тұрмақ, республика көлемінде саусақпен санарлық. Бұл айтылған ауыз толтырып айтатын жетістіктер жаңа үлгідегі диагностикалық аспаптармен толығымен жарақталған, сын сағатта бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара алатын білгір мамандармен қамтамсыз етілген мекеменің ғана қолынан келетін жетістік екені белгілі. Бұл тұста әрине, бір ойлы азаматтарды өз қасына шоғырландырып, «Қаладағы ең үздік диагностикалық аспаптармен жабдықталған аурухана ашу» - идеясын мақсат тұтып, дегеніне жетіп отырған Манат Тұрарұлы
Сейдумановтың қажырлылығы мен қайраттылығын айтпай кетпеске болмас. Осы тұста халқымыздың «Төртеу түгел болса төбедегі келеді, алтау ала болса ауыздағы кетеді» - деген нақыл сөзі ойыңа түседі екен еріксіз. Бүгінгі таңда сәулелі диагностика бөлімшесін басқарып отырған білікті маман, жоғары санатты дәрігер - Рысалды Қайыпжанқызы Жанабаева, ал осы бөлімшенің ғылыми кеңесшісі медицина ғылымдарының докторы, профессор - Раушан Нұрғалиқызы Сүлейменова. Бұл жандардан басқа сәулелі диагностика бөлімшесінде қызмет атқарып келе жатқан дәрігерлер: екінші санатты маман дәрігер Гүлжан Молдабекқызы Аденова, жоғарғы санатты дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Нұргүл Райысқызы Раисова, дәрігер маман Гүлбаршын Валиқызы Махметова, дәрігер маман Гүлсім Мекенқызы Байназарова, маман дәрігер Юн Галина Викторовна бөлімшенің мейірбикелері: 25 жыл еңбек өтілдігі бар, жоғарғы санатты мейірбике Альмира Диасқызы Жұмаділова, мейірбике Ажар Сарсенғалиева, жоғарғы санатты мейірбике, 25 жыл еңбек өтілдігі бар Сара Оспанова, 17 жыл еңбек өтілдігі бар Эльмира Құлжақызы. Сонымен қатар, компьютерлі томография кабинетінде: сәулелі диагностика бөлімшесінің дәрігері және лаборанттар Василенко Елена Валерьевна, Алма Қайыпжанқызы Гелинова және Назымбек Жангазиев қызмет істейді. Рентген кабинетінде қызмет істейтін бір топ қызметкерлер: дәрігерлер – Гебель Дмитрий Борисович, Айна Ғабитқызы Сейтжанова. Ал рентген лаборант болып қызмет істейтіндер: Әлия Бекенқызы Ахметжанова, Батар Саматжан Салимжанұлы, Мұрат Берікбекұлы Балташев, Зина Бейсеналиқызы Әлімкенова, Асан Нұралиев, Айжан Нұрперзентовалар болса, ал бөлімшенің шаруашылық жөніндегі қызметкері Қабылқат Нәбиқызы Сулейменова және кіші медицина қызметкері Жанар Мыңжанова бар. Өткен жылдың ішінде рентген қызметкерлері 23000-ден артық рентген сәулесін түсіріп, оның 12500- ден артығының үлкейтілген түрдегі болғандығы, ал операция үстінде жасалынған рентген сәулелі диагностикалық түсірілімдер санының
7690 асқаны белгілі болды. Реанимация бөлімшесінде жатып емделген науқастардың орталық тамырларына катетер қойылуын қадағалау мақсатында 650 артық рентген түсірілім жасалынып, бірде-бір рет катетермен байланысты асқынулар тіркелінбеді. Барлық атқарылған міндетті еселеп орындап келе жатқан бөлімше мүшелеріне қарапайым халықтың айтар алғысы көп. Күн сайын қабылдау бөлімшесі дәлізіне арнайы қойылған «алғыс және шағымдар» жәшікігне келіп, түсіп жатқан алғыстар легі осының дәлелдейді. Эндоскопия бөлімшесі аурухана және қала халқына тәулік бойында қызмет көрсетеді. Жыл сайын бұл бөлімшенің көмегімен 5000-нан аса емдеу және диагностикалық бағыттардағы зерттеулер жасалынады. Бөлімше қызметкерлерінің қазіргі уақыттағы жоғарғы мамандырылуды қажет ететін барлық манипуляциялар мен зерттеулерді жасауға толық мүмкіндіктері бар. Бұл диагностикалық және емдік шаралар «Pentax EPK» фирмасының жоғарғы технологиялық аппараттарының көмегімен атқарылуда. Диагностикалық мақсатта жасалынатын видеоэндоскопиялық зерттеулер (асқазан ішек жолдарының ауруы, өңештің қанауы және т.б. шұғыл көмекті қажет ететін жағдайларда) әдісі ағзаның қай мүшесі зерттеуге алынатынына байланысты сан салалы болып келеді. Мысалға: асқазанның немесе он екі елі ішекте орналасқан жараның қанауы кезінде қолданылатын аспаптар, өңештің қанауы кезінде қолданылатын аспаптарға мүлде ұқсамайды. Соған ұқсас асқазан-ішек жолдарының жарасын анықтау және оны қажет болғанда арнайы қысқыштармен қысып, қанауын тоқтату әдісі (клипирование) кейінгі кезде кеңірек қолданылуда. Қан шығармай іштен атқарылатын видеоэндоскопиялық әдістің, хирургиялық әдіске қарағанда анағұрлым науқас үшін қауіпсіз, ал аурухана үшін қаражатты соншалықты көп қажет етпейтін әдіс екені дәлелденуде. Мысалға ота кезінде шығатын басқа да шығындарды есептемегенде, жай ғана науқасқа наркоз беруге кететін шығынның өзі жаңағы «клипирование» кезінде шығатын шығыннан артық болып кететіндігі іс жүзінде дәлелденіп, бөлімше мүшелерінің кафедра қызметкерлерімен қосылып жазған мақалаларына арқау болды. Сонымен қатар, бөлімше қызметкерлері жылына 350-ден астам өт жолдары қабынған және бүйректерінде тасы бар адамдарға зерттеу жасаса, ал өткен жылдың қорытындысы бойынша 562 науқасқа жоғарғы тыныс жолдарының ауруларына қатысты диагностикалық және емдік әдістер қолданылды. Бұл тұста, әсіресе реанимация бөлімшесінде ем қабылдап жатқан науқастарға жасалынатын емдік және диагностикалық видеоэндоскопиялық шаралардың үлесі өте жоғары. Бір ғана мысал, неше тәулік бойында қимылсыз аппаратпен жатқан науқастың жоғарғы және төменгі тыныс жолдарын екі тәулікте бір арнайы
жуғыш заттармен жуып тұрмағанда олардың бронхылары мен трахеяларының шырышты қабаттары кілегейленіп, ісініп, гипоксиялық асқынулардың пайда болуына әкеліп соқтырар еді. Осы сияқты асқынулар ең алдымен өкпенің екі жақты қабынуына әкеліп соқтырып, артынан науқастың жағдайы сепсиске дейін жететін болса, ешқандай емнің де қажеті шамалы болып қалар еді. Сәулелі диагностика бөлімшесі қызметкерлерінің уақытымен жасап отырған емдік және санациялық бағыттағы шараларының арқасында, біздің клиника ашылғаннан бері өкпе ауруына шалдыққан адамның сепсистік жағдайға дейін төмендеуі байқалған жоқ. Статистика солай дейді. Онымен ойнаудың қажеті жоқ екенін өздеріңізде білесіздер. Диагностикалық мақсатта атқарылатын әдістер: - Видеоэзофагогастродуоденоскопия (бағытты биопсия алумен әдісімен) - Видеоколоноскопия - Видеобронхоскопия (трансбронхиалды биопсия алу әдісімен қоса) - Ректороманоскопия - Эндоскопиялық ретроградиялық холангиопанкреатография Бөлімше аясында атқарылатын емдік мақсаттағы шаралар: - Он екі елі ішектен, өңештен, асқазаннан, кеңірдектен, тоқ ішектен бөгде заттарды алып шығу - Өңештің кеңіген тамырларын байлау (лигирование) - Кеңірдек тармақтарын эндоскопиялық жолмен тазарту (санациялау) - Бронхоальвеоларлық лаваж. Сонымен қатар, бөлімше қызметкерлерімен мынандай оталар атқарылады: - Өңештің, асқазанның қанауын эндоскопиялық әдістерді қолдана отырып тоқтату (ол әдістердің қатарына: жара тұсына қан тоқтатын дәрі егу, электрокоагуляциялық әдіс және клип салу әдісі - Өңештің, асқазанның және он екі елі ішектің тарылуы және гастроанастомоз оталарынан кейінгі жағдайларда қолданылатын эндоскопиялық буждау (кеңейту) - Асқазандағы, өңештегі және он екі елі ішектегі, аш ішектегі және кеңірдек ішіндегі өскіндерді (полип) эндоскопиялық әдіспен алып тастау - Холедохолитиазе кезіндегі конкременттерді эндоскопиялық әдістің көмегімен алып тастау.
Бұл айтылған әдістердің көпшілігі жоғарыда айтып кеткендей, көп шығынды қажет етпейтін, ағзаға аса қауіпі жоқ, амбулаториялық жағдайда жасала беретін диагностикалық әдістер. Кейінгі жылдары бұл эндоскопиялық әдіспен атқарылатын емдік және диагностикалық, сонымен қатар, эндоскопиялық әдіспен атқарылатын оталардың да саны артып келе жатар. Бұл заңды құбылыс. Қазіргі нарық заманында қай жерде жаңа аспап, жақсы мамандар бар сол жерге барып емделуге әркімнің де құқылы. Назарларға ұсынылып отырған бөлімшенің халыққа қызмет барысын талқылай келе, бұл бөлімшенің болашағының жарқын болатынына шүбә келтірмейсің. Жаңаның жақсылық жағын халыққа көрсетіп, дәрігерлік қызметтерін адал атқарып келе жатқан бөлімше мүшелерінің ішінен: аурухана ашылған кезден осы бөлімшенің ұйымдастыру жұмыстарына көп ат салысқан маман, алғашқы бөлімше меңгерушісі, гастроэнтерология және эндоскопия кафедрасының доценті, Қазақстан Республикасы эндоскопистерінің президенті, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғарғы санатты дәрігер Меньшикова Ирина Львовна, қазіргі уақыттағы эндоскопия бөлімшесінің меңгерушісі, екінші санатты дәрігер Тимур Бахадүрұлы Рысбек, эндоскопист, екінші санатты дәрігер Лаура Керімбекқызы Ердалиева, дәрігер эндоскопист Мушинский Дмитрии Алексеевич, дәрігер эндоскопист Ермек Серікұлы Дүйсебаев, эндоскопия бөлімшесінің аға мейірбикесі, жоғарғы санатты мейірбике Аида Бекдуалиқызы Сарсеноваларды атап айтуға болады. Осы ұжым бүгінгі күні де алдыға қойған мақсаттарына сәйкес қызмет атқарып, аурухана аясында өтетін барлық іс –шараларға белсенді араласып, үлкен ұжымның арқалаған жүгін жеңілдетуге өз үлестерін аямай қосып келе жатқан жандар. Бөлімшенің келешекте де талай-талай міндеттерді ойдағыдай орындап, абыройларының асқақтай беретініне кәміл сенімдіміз. Физиотерапия бөлімшесі.Ауруханада жатып емделіп шыққан науқастардың ары қарайғы дене мүшелерінің қалыптасып, барлық бұлшық ет топтарының бір қалыпты жұмыс істеуін қаматамсыз етуде физиотерапия бөлімшесінің маңызы өте зор екенін бәрімізде білеміз. Алайда көпшілік қауымның арасында, қазіргі уақытта мұндай дене қимылын қалпына келтіріп, барлық жүйелердің жұмысын қалыптастыратын орындар тек жеке меншік
құқығындағы фитнес-сауықтыру орталықтарында ғана болады деген жаңсақ пікірдің қалыптасып кетуі. Мәселе шын мәнінде бұлай емес, керісінше ауруханадан шыққанымен, әлі де болса өзіне-өзі толық келе алмай, немесе инсульт, инфаркт сияқты дертке ұшырап ұзақ уақыт бойында реабилитациялық ем алуды қажет ететін науқастар үшін, әр қазіргі уақыттағы үлкен көп салалы клиникаларда физиотерапиялық бөлімшелердің болуы қалыпты жағдайға айналуда. Кейінгі отыз жыл ішінде Алматы қаласы бойынша дәл осы жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы сияқты клиниканың қолданысқа берілмеуі көптеген ауруханалардағы физиотерапия бөлімшелерінің жарақтануына да теріс ықпалын тигізген болар мүмкін. Аурхананың еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей қатысуымен ашылуының да сыры осында болар мүмкін. Оның үстіне аталмыш аурухананың ашылған күннен бастап халыққа қызмет көрсетуінің өзі бұл мекеменің өз мойнына алған міндетіне соңғы техникалық үлгімен жабдықталуы және қажетті мамандармен қамтамасыз етілуі жағынан толығымен дайын екенін көрсетті. Физиотерапия бөлімшесі таза физиотерапиялық емдерді жүргізу, емдеу қозғалыс қимылдарын жасату және денені уқалау сияқты қызметтерді көрсетеді. Физиотерапиялық кабинетте негізінен электр тогымен емдеу іске асырылады. Олардың қатарына: дәрімен жасалатын электрофорез, жоғарғы ультрадыбыс арқылы, магнит арқылы емдеу кабинеттері бар. Магнитпен емдеу ВТL-4000 аппараты арқылы іске асады. Бұл ем-шаралар ағзаны жайландыру арқылы жараның, сынықтың тез жазылып кетуіне көмектесіп қана қоймайды сонымен қатар, қабынуды басып, ауырып тұрған мүшенің қақсауын төмендетіп, жазылмай жүрген жаралардың тезірек тартылып кетуіне оң әсерін тигізеді.
Сонымен қатар, емдік дене шынықтыру кабинетінде жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының құрамынан инсульт орталығын ашыу қарсанында сатылып алынған көптеген аппараттар мен тренажерлер бар. Бұлардың қатарында; пневматикалық әдіспен көтеріліп түсірілетін жүгіру жолағы, вертикализатор. Бұл вертикализатор инсультке шалдыққан науқастарды реабилитациялау саласындағы инновациялық тұрғыдағы жаңа технологиялық прогресс болып табылады. Осы веритикализатордың көмегімен реанимацияда ем қабылдап жатқан инсультке шалдыққан науқастарды ерте бастан емдеу арқылы олардың басқа науқастарға қарағанда тезірек қимыл қозғалысқа келіп, неврологиялық статустарындағы оң бағытты өзгерістердің анағұрлым жылдам екендігі байқалды. Бұл жөнінде осы физиотерапия және реанимация бөлімшелері мамандары бірлесе отырып, науқастарды екі топқа бөліп, әр топтағы клиникалық оң бағыттағы өзгерістердің пайда болу мерзімін салыстыру негізінде, вертикализатор аппаратының инсульт науқасынан кейінгі неврологиялық ауытқушылықтарды қалпына келтіруде аса пайдалы екендігін дәлелдеп шықты. Зертеу нәтижелері республикалық ғылыми-медициналық журналдарда жарияланды. Сонымен қатар, «Pio» атты жай жүрістің имитаторы, манупед, иықтың бұлшық еттерін қалыпқа келтіретін «Артромог F» аппараты және Монтесори әдісі бойынша ұсақ моторикалардың бұзылуын қалыптастыруға арналған Стендтер, гантелдер, қолдың, аяқтың бұлщық еттеріне массаж жасайтын аппараттар бар. Бұл бөлімшеде осы айтылған қызметтерден басқа инсульт дертіне шалдыққан науқастар мен эндопротез отасынан кейінгі, аяғы сынған науқастарды жетелеп жүргізуге арналған арнайы қондырғылар бар. Бөлімшеде ем қабылдап жатқан әр науқас, арнайы бекітілген кесте бойынша физиотерапия бөлімшесіне келіп, тренажерлік қондырғылардың көмегімен реабилитациялық емдерін жалғастыруға мүмкіндік алған. Осы мақсатта емделетін науқастардың саны жылдан жылға арта түсуде. Физиотерапия бөлімшесінде емделетін науқастар саны тек қана осы ауруханада емделетін науқастардың санымен ғана емес, сонымен қатар, өз қалауы бойынша аурудың алдын алу мақсатында келген адамдармен де толықтырылуда.
Массаж жасау кабинетінде жасалатын массаждың түрі сан қилы. Аяқ, қолдың саусақтарынан бастап, үлкен буындармен бұлшық еттерді қоса қамтитын массаждың көп жатып, қатып қалған буындар мен семіп қалған бұлшық еттерді қалпына келтірудегі маңызы өте зор. Қазіргі таңдағы бөлімшенің қол жеткізген жетістіктері ең алдымен бұл бөлімшенің инновациялық жаңа технологиямен толық қамтамасыз болуымен тығыз байланысты болса, екінші жағынан осы бөлімшеде қызмет атқаратын мамандардың кәсіби дәрежедегі біліктілігінің арқасында. Сол себепті де, физиотерапия бөлімшесінде қызмет атқаратын мамандардың аты-жөнін атап, әркімнің атқаратын қызметінен аздап болса мағлұмат беріп кеткенді жөн көрдік. Бөлімше меңгерушісі Чжэн Виктор Сянович, дәрігер физиотерапевт, медициналық реабилитолог және дәрігер реабилитолог. Жалпы еңбек өтілі 6 жыл. Бөлімше аға мейірбикесі Айрян Милана Спартковна, жоғарғы санатты мейірбике. Жалпы еңбек өтілі 22 жыл. Бөлімше мейірбикесі Сатарова Надежда Лукинична, жоғарғы санатты мейірбике. Жалпы еңбек өтілі 36 жыл. Массажист Волков Егений Валерьевич, жалпы еңбек өтілі 12 жыл. Кіші медицина қызметкерлері Досжанова Валентина Васильевна, Садықова Разгүл. Осы аядай болған бөлімше мүшелері ауыз толтырып айтарлықтай істерді атқарып, ел алғысына бөленіп келеді. Келешекте де бұл ұжым алған бетінен таймай, қай уақытта болсын ең алдымен осы бөлімшенің көмегіне мұқтаж болып келген жандардың көңілінен шығып, адал қызметін ары қарайда абыроймен атқара береді деген сенімдеміз. Дәріхана Аурухананың барлық бөлімшелеріндегі науқастардың алып жатқан дәрі дәрмектері мен барлық жасалынып жатқан оталарға, басқа да күнделікті атқарылып жататын диагностикалық манипуляцияларға қажетті керек- жарақтың барлығымен қамтамасыз етіп отыратын ең негізгі де, маңызды бөлімше осы дәрі-дәрмек дайындау бөлімшесі.
Шын мәнінде, бұл бөлімшеде барлық оталау мен емдеу ісіне қатысты дәрі-дәрмектер дайындалып немесе құрал саймандар залалсыздандырылып қана қоймайды. Сонымен қатар, бұл бөлімше әр бөлімшенің айлық, күндік дәрі дәрмектік шығынын дәл есептеп, алдын ала дәрілік қордың да үнемі, үздіксіз және сапалы түрде жеткізіліп тұруын қамтамасыз ететін бөлімше. Бөлімше аурухана ашылған сәттен бастап қызмет атқарып келе жатса да, науқастардың ауыр немесе көптеп түсуіне қарамастан осы уақытқа дейін өз жұмыстарын жоғарғы дәрежеде атқарып келе жатқан ортаң қолды ұжым. Бұл тұста, осы бөлімшенің меңгерушісі, жоғарғы санатты провизордәрігер, осы салада отыз алты жылдан бері қызмет жасап келе жатқан, тәжірибелі маман Мариям Қапарқызы Тұрыспекованың еңбегі аса зор. . Қай кезде болсын, қандай жағдайда болмасын, өзінің бірнеше жылдық тәжірибесі мен білімін арқау еткен маман өзі басқарып отырған ұжымның тыныс тіршілігі мен міндетін бес саусақтай меңгерген жан. Сол себепті де болар, Мариям Қапарқызы бірнеше мәрте аудан және қала Денсаулық сақтау басқармасының алғыс хаттарымен марапатталған. Бүгінгі күні берекесі артып отырған бұл мекеменің құрамында басқа да өз ісін жақсы меңгерген, көп жылдық тәжірибесі бар мамандар жетерлік. Олар: провизор – аналитик Романова Тамара Михайловна; провизор -Маруа Калиханқызы Юсупжанова: фармацевт – Зәуре
Джумабекқызы Аманғожаева және кіші медицина қызметкерлері Гүльнара Түрғанмолдақызы Нусипова, Гүлмарал Ақансеріқызы Идрисова, Гүлмира Рақымбайқызы Джамалова, Ғалия Жұмаққызы Абдекеевалар. Мариям Қапарқызы дәріхана бөлімшесіне басшылық жасаумен қатар, аурухананың 689 қызметкерінің басын қосып отырған кәсіподақ комитетінің төрайымы. Бұл қызметін осы аурухана ашылған алғашқы сәттен бастап атқарып келеді. Жалпы, біздің ауруханада бірде бір мерекелік күндер атаусыз өтіп көрген жоқ. Әрдайым, осы мерекелік шаралардың ұйтқысы болып, ортасында жүретін Мариям Қапарқызы, әр шараның соңынан, ерекше белсенділік танытқан ұжым мүшелеріне кәсіподақ ұйымы атынан алғыс хаттар тапсырып отырады. Ал медицина қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында еңбектерімен ерекше көзге түскен қызметкерлерді кәсіподақ комитеті мүшелерінің шешімімен марапаттауды да дәстүрге айналдырған. Осыған байланысты, таяуда Мариям Қапарқызы ұйымдастырған, «жаңа жылды қарсы алу» мерекесі қарсаңындағы отырыста, әр бөлімшенің өзі дайындап көрсеткен қызықты көріністері мен концерттік бағдарламалары әлі күнге дейін жадымызда жатталып қалып, жанымызға шаттық төгуде. Бұл шаршауды білмейтін, кәсіподақ ұйымы төрайымының біз білетін бір қыры ғана. Күндізгі стационар. Ауруханаға келіп, қаралып жататын науқастардың кей біреуінің қойылған диагноздары стационарлық емді қажет етпендейтіндіктен, оларды 2014 жылдың 1 ақпанынан бастап қабылдау бөлімшесінен бас дәрігердің арнайы бұйрығымен бөлініп шыққан, күндізгі ем қабылдау бөлімшесіне жатқызып, емдеу тәжірибесі қолға алына басталғалы да бір жылға таяу уақыт болып қалды. Бұл емдеу әдісінің қолайлы тұстары көп. Біріншіден амбулоториялық принциппен емделіп жатқан науқастардың негізгі бөлігі дертіне қатысты емдік шаралардың барлығын күндіз қабылдап алғаннан соң, кешке қарай өз үйлеріне қайтып немесе жасап жүрген жұмыстарынан қол үзіп қалмау мүмкіндігіне ие болса, екіншіден күндізгі ем қабылдау стационарлық еммен салыстырғанда анағұрлым арзанға түсетіндігі. Соған қарамастан, алатын емдері мен процедураларының, диагностикалық шаралардың көлемі, жатып ем қабылдап жатқан науқастарға
көрсетіліп жатқан медициналық шаралардан еш кем еместігі де бұл бөлімшеде емделуге ниет қылған пациенттердің әуел бастан аз болмауына себеп болды. Жалпы, күндізгі ем қабылдау бөлімшесі ашылғаннан бері емделіп шыққан адамдардың саны 872-ден асқан. Олардың басым көпшілігінің дерттері тыныс жолдары, қанайналу, зәр шығару және жүйке жүйелеріне қатысты болған. Аталмыш бөлімшенің ашылуына еңбек сіңіріп, осы уақытта дейін бөлімше меңгерушісі қызметін атқарып келе жатқан жас маман, 2 дәрежелі терапевт Надин Ильясқызы Төлеуқызы. Емделіп шыққан науқастар меңгерушінің аялы алақаны мен жылы ілтипатына дән риза. Көпшіліктің атынан келіп түсіп жататын алғысқа толы хаттар легі осыайтылған сөзіміздің дәлелі. Күндізгі стационар бөлімшесінің аға мейірбикесі, 30 жыл стажы бар, жоғарғы санатты мейірбике Гүлбағда Нұркасымова Жұмадилова және жоғарғы санатты Бибігүл Ганиқызы Ахметбаева, 28 жыл еңбек өтілдігі бар мейірбике Замзагүл Арғынқызы Ахмебаевалардың, кіші медицина қызметкерлері Бибігүл Ганиқызы Сарыбаева, Мәрзия Таңатарқызы Жұманиязовалардың осы бөлімше ашылған уақыттан бері сіңіріп келе жатқан еңбектері айтуға тұрарлықтай. Паталого-анатомиялық бөлімше.Ауруханада күнделікті жасалынып жататын оталар кезінде алынатын биологиялық материалдардың гистологиялық қорытындысын шығарып, қойылған диагноздардың сәйкестігін сараптап, ауыр халде ауруханаға түсіп өмірмен қоштасқан жандардың өлім себептерін анықтау сияқты толып жатқан міндеттерін қалтықсыз атқарып келе жатқан бұл бөлімше өз жұмысын сол аурухана ашылған күні, яғни 2014 жылдың 14 ақпанында бастап кеткен болатын. Сол кезден бастау алған бөлімше жұмысы жыл сайын жаңа қарқын алып, жаңа жетістіктерге жету үстінде. Былтырғы 2014 жылдың қорытындысы бойынша бөлімшеге жыл бойында келіп түскен материалдардың барлығына дерлік 100% зертханалық сараптама жасалынып, дәрігерлер мамандардың қойған диагноздарының 98% жағдайда еш қатесіз, тура қойылғандығы және мәйіттік сараптама
қорытындысының 96% жағдайда клиникалық диагнозбен патолого- анатомиялық диагноздың сәйкес болғандығы тіркелінді. 2012 жылы бұл көрсеткіш 88,6%% деңгейінде, ал 2013 жылы 93,2% деңгейде болды. Яғни, паталого-анатомиялық бөлімше қызметкерлерінің ай сайынғы дәрігер мамандармен өткізіп тұратын паталого-анатомиялық конференциялары өз жемісін беруде. Аталмыш конференциялар мен қойылған диагноздардың зерханалық сараптама қорытындысына сәйкес келуін анықтауға арналған семинарларды ұйымдастыруда осы бөлімше меңгерушісі Ақжарқын Егібайқызы Нартаеваның еңбегі ерекше. Ақжарқын Егібайқызы жоғарғы санатты дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты. Маманның 30-ға тарта ғылыми мақалалары алыс және жақын шет ел баспаларында жарық көрген. Бір авторлық куәлік иегері. Сонымен қатар, Ақжарқын Егібайқызы жылда шет ел мамандарының қатысуымен өткізіліп отыратын «ашық есік» шарасының және жылына бір рет жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы қызметкерлерінің материалдарымен ғана қамтылған «Вестник КазНМУ» журналын баспаға дайындап, жарыққа шығарудағы негізгі ұйымдастырушысы. Бөлімше құрамында алғаш ашылған уақыттан бері қызмет жасап келе жатқан лаборонт мамандар Рустемов Ардақ, Жалкеева Гүлназ, Изямова Малика бар. Осы қызметкерлердің еңбегімен бөлімше көрсеткіші жылдан жылға жоғарылап, дәрігер мамандардың күнделікті атқарып жатқан қызметтерінің сапасы артуда. Статистикалық бөлім. Әр мекеменіңжыл бойында жасаған қызметін сараптап, жіпке тізіп, қорытындылап отыратын ең әлеуетті бөлімшелердің бірі болып саналатын статистика бөлімшесінде қызмет атқаратын адамдардың жұмысы жыл бойында көп көзге түсе қоймағанымен, кейінгі кездерде өріс алған нарқытық қатынас кезінде қайта жанданып, бой көтере бастағандай сыңайы бар. Солсебепті де, біз бұл бөлімшені сыпайы ғана «әлеуетті»- деп отырмыз ғой. Олай демей көр. Цифрларының барлығы сапырлысып, көрсеткіштерің
көлбеңдеп жатса, апта сайынғы бас дәрігердің статистикалық сараптамасында екі аяғын көктен келмей ме? Әрине, мүның барлығы қызметтес болып жүрген соң айтыла беретін әзіліміз ғой. Шындығына келгенде, аурухананың барлық көрсеткіштерін талдап, реттеп отырудан басқа да, әр науқастың ауру тарихына сараптама жасап, олардың беліленген стандарт аясында толтырылып, тағайындалған диагностикалық, емдік шаралардың белгіленген протокол бойынша жүргізілуін қадағалауды іске асыру үлкен де, ауқымды жұмыс. Бұл тұста, аурухана бас дәрігерінің ұйымдастыру және әдістеу ісі жөніндегі орынбасары, аурухананың эксперт дәрігері Ғалымжан Нұржаубайұлы Абиловтың еңбегін ерекше атап өтуіміз керек. Бұл азаматтың тікелей ат салысуымен, жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы жаңадан ашылғаннан кейінгі уақыттан бері алғаш рет жүргізілген аккредитациядан сәтті өтіп, тағы да төрт жыл мерзімге дейін жарамды сертифатты иемденді. Сол уақыттарда статистика бөлімінің қызметкерлері ақ таңнан келіп, әр бөлімше мамандарымен түбегейлі жұмыс атқарып, әр дертке байланысты стандарттарды ойластырып шығаруда үлкен еңбек сіңірген болатын. Міне, әр емдеу мекемесі үшін аса құнды болып саналатын сертификат алу мәселесіндегі сіңірген еңбегінің өзі Ғалымжан Нұржаубайұлының тапсырылған істі тыңғылықты орындап, алдыға қойған мақсаттарына қол жіткізу барысында қайратын да білімінде аямайтын еңбекқор азамат екендігін көрсетіп берді. Оған қоса, Ғалымжан Нұржаубайұлы ауруханада хирург дәрігер санатында үнемі кезекшіліктер алып, аурухана
бойынша жауапты маман бола жүре, сан қилы ауыр оталарды жасауда да өз шеберлігін көрсетіп жүр. Ондай жас мамандардың шеберлігін, өз жұмысына деген ниетін көрген кезде барып: «Өзі жақсының тегі жақсы»,- деген сөздер ойыңа оралады. Ғалымжан Нұржаубайұлы2006 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ- н тәмамдап, 2006-2007 жылдары хирург санатында интернатура өтті. 2008 жылдан 2012 жылға дейін №7 қалалық клиникалық ауруханасында хирург болып қызмет атқарды. Ал 2013 жылдан бастап Алматы қалалық Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы бас дәрігерінің ұйымдастыру және әдістеу ісі жөніндегі орынбасары қызметін абыроймен атқаруда. Кейінгі 2013-2014 жылдардағы аурухананың қол жеткізіп жатқан оң бағыттағы жетістіктері мен әр жыл көрсеткіштерін басқа қала аурухана көрсеткіштерімен салыстырмалы тұрғыда сараптауда осы бөлімше қызметкерлерінің еңбегі ерекше. Бұл тұста статистика бөлімше меңгерушісі Тахир Исхарұлы Хуров, медстатистер Бақытгүл Әтірханқызы Умбеталова, Лаура Маратқызы Бижоловалардың, архивариус Алма Асанкуловалардың қажырлы еңбегін атап өткеніміз жөн. Эпидемиолог. 2012 жылдың 12 ақпанынан бастап ауруханада эпидемиолог дәрігер лауазымында қызмет атқарып келе жатқан жас маман Нәзгүл Назарқызы Мусаева әр бөлімше мен оперблоктың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын ұдайы бақылап, осы жайларға арналған санитарлық талаптардың сақталуын қатаң қадағалап, аурухана ішінен пайда болатын инфекциялардың алдын алуға бағатталған шараларды ұйымдастыра білді. Бұл тұста жас маманға барлық білгені мен көргенін аямай ұғындырып, барлық аға мейірбикелермен әр апта сайын санитарлық эпидемиологиялық талаптардың орындалуына қатысты семинарлар мен сабақтар өткізіп, осы бағытта медициналық колледж мамандарымен тізе қоса отырып көптеген шараларды атқарып жүрген, аурухана басшысының мейірбикелер ісі жөніндегі орынбасары, 40 жылдан астам еңбек стажы бар, жоғарғы санатты маман Галина Ивановна Митрякованың жанкешті еңбегін, осы аурухана үшін осы уақытқа дейін төгіп келе жатқан терін көзімізбен көріп келеміз. Осы аталған мамандармен тізе қосып, қызметтес болып, атқарған ісіне қатысты тек алғыс сөздер естіп, тиянақты тұрғыда медицина саласында 24 жыл бойында жұқпалы дерттерді бақылау мейірбикесі міндетін атқарып келе жатқан Фарида Жұмабекқызы Рыскелдиеваның да аурухана ашылған
уақыттан бері атқарып келе жатқан қызметін жоғары бағалап, ауыр да, жауапты қызметінде табыстан табысқа жете берсін демекшіміз. Тағам дайындау бөлімшесі.Біздің ауруханада ұзын саны 500-ден астам қызмет түрі атқарылады. Дәлірегіне келетін болсақ, науқастарға арнайы дайындалатын диеталық ас мәзірі түрлерінің өзі 15-тен асады. Диеталық ас мәзірі асқазан-ішек жолдарына операция жасатқан науқастардан бастап, инсульт ауруына ұшырып, жұтыну қабілеті төмендеген ауруларға дейін арнайы дайындалады. Ол тағамдардың сапалық деңгейі мамандардың сараптауынан өткізілген соң ғана науқастарға ұсынылады. Осы уақыт аралығында аурухананың тағам дайындау ісіне қатысты бірде-бір арыз шағымның болмауы да осы тағам дайындау бөлімшесі қызметкерлерінің кәсіби білгірлігін айшықтайтын көрсеткіш. Бөлімшенің дәл осындай көрсеткіштерге жетуінде көп еңбек сіңірген, арухананың ашылу кезінен бастап тамақ дайындау бөлімшесінде қызмет жасап келе жатқан бір топ қызметкерлердің орайы келгенде аты-жөнін айта кеткеніміз дұрыс болар. Олар: өз ісінің білгір маманы, бөлімше меңгерушісі Салтанат Қажықызы Мұсаева, осы салада 21 жыл қызмет атқарған, ем-дәм мейірбикесі Назым Сейдікәрімқызы Шарипова және қойма меңгерушісі Жазира Молдақасымқызы Оралова және басқа да маман қызметкерлер. Реанимациялық жағдайдағы, аппаратпен дем алып, ұзақ уақыт бойында өздігінен қозғала алмай жатқан ауруларға қажетті тағам мөлшері диетикалық қызметкер мен анестезиология және реаниматология кафедрасы қызметкерлерінің акылдасуымен анықталып, белгіленген сағат бойында арнайы түтікше көмегімен беріліп отырылуы жолға қойылған. Бұл тұста «Ас адамның арқауы» деген түбірлі сөздің мәні айрықша екендігін байқау қиын емес. Мысалға, ұзақ уақыт бойында, тіпті айлап жатқан адамға сылдыр су мен аспалы дәрі- дәрмекті беріп қана жайланып отырсақ, әлгі адамның бірнеше күннен кейін-ақ жағдайының төмендеп кететіні белгілі. Себебі - ол адам аш. Ал аш адамға қаншалықты күшті дәрі
тұрмақ, зәм-зәм суын берсең де, жағдайы жөнделе қоймайтыны бесенеден белгілі шаруа. Міне, осы тұрғыдан алғанда диеталық ас мәзірінің қаншалықты маңыздылығы мен қаншалықты қажеттілігі туындайды. Біздің мекемеде бұл қызмет түрі де дұрыс жолға қойылған және осы тамақ жасауға жауапты ұжым мүшелері барлық науқастарды дәмді тағамдарымен үнемі қуантып келеді.
Кафедралар жөнінде мәлімет Кіріспе сөз Дәрігер мамандығын таңдап алып, университет қабырғасында білім алып жатқан жастар үшін тек қана теориялық тұрғыдан білімін байыту мен шектеліп қоймай, науқастардың әр түрін емдеу тәсілдері мен ота жасау әдістерін практикалық жағдайда көздерімен көріп, өз қолдарымен жасаудың маңызы аса зор екендігі белгілі. Жедел шұғыл ауруханасы ашылғаннан бері, аурухана басшылығы бұрынғы қалыптсқан дәстүрді жалғастырып, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-і және Қазақ-Ресей Медициналық Университеті кафедраларымен өз жұмысын жалғастыруда. Осы бағытта атқарлатын семинарлық сабақтар, мастер класстар мен ғылыми–практикалық конференциялардың ұйымдастыруда Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының бас дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Манат Тұрарұлы Сейдумановтың ерекше еңбегі бар екендігін айта кетуіміз керек. Барлық кафедра меңгерушілері денсаулық және оқу ісі салаларына еңбегі сіңіп жүрген, біздің елден басқа да алыс жақын шет елдерге аты шығып үлгерген, танымал ғалымдар. Аурухана дәрігерлері мен кафедра қызметкерлерінің бірлесіп атқарған жұмыстары оң нәтижелер беріп,
науқастарды емдеу және ота жасауға қатысты инновациялық әдістер меңгерілуде. Анестезиология және реаниматология кафедрасы. Кафедра туралы. Анестезиология және реаниматология кафедрасы МЗ КазССР при АГМИ С.Д.Асфендияров атындағы бұйрығы бойынша1974 ж қыркүйегінде құрылған. Анестезиология және реаниматология кафедрасының негізін қалаған м.ғ.д.профессор Тоғайбаев А.А. Алғашқы кезде кафедра 2 негізгі базада орналасты,ҰОС ардагерлеріне арналған госпитальдағы анестезиология және реаниматология және и БСМП.Алғашқы кезде кафедра штаты үш қызметкерден тұрды: профессор Тоғайбаев А.А., асс. Ушакова Г.Г. және асс. Султанбаева Б.К. Профессор А.А.Тоғайбаевтың ғылыми басқаруымен - 1 докторлық және 21 кандидаттық диссертация қорғалды, екі жүзден аса ғылыми статиялар жарияланды. Академик А.А Тоғайбаев оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіріп,ингаляциялық емес анестезияның заманауи әдістерін енгізді. 1997 ж кафедра қайта құрылып Жалпы хирургия кафедрасының құрамына анестезиология және реаниматология курсы ретінде енгізілді. 1997 ж мен 2006 ж аралығында анестезиология и реаниматология курсының меңгерушісі қызметін м.ғ.к. доцент Г.С. Бердалина атқарды.Г.С.Бердалина кафедраны басқару кезінде бірнеше монографиялар мен «Урологиялық науқастардың гемостаздық жүйесіне наркоздың әсері» тақырыбы бойынша 6 ғылыми-зерттеу жұмысын жариялады . 2006-2011 ж аралығында анестезиология және реаниматология курсының меңгрушісі болып м.ғ.к.доцент Т.С. Жолдыбеков қызмет атқарды. Т.С.Жолдыбеков 2011 ж интернатураның силабусы мен оқу жұмыс жоспарының және оқу тақырыбы жоспарларының авторы ,«Жалпы медицина»бағыты бойынша дәрігерлер дайындаған.Сонымен қатар 2007- 2011 ж аралығында ҚР Анестезиология және реаниматология федерациясының Алматы филиалындағы председателі болып қызмет атқарады. 2011 ж анестезиология және реаниматология кафедрасы м.ғ.д.профессор В.К.Исраилованың басқаруымен қайта құрылды.Кафедрада 11негізгі мұғалім. (1 профессор, 4 доцент, 6 асистент және 4 совместителя). 2013 ж маусымында В.К.Исраилованың ғылыми басқаруымен 2 магистерлік жұмыс қорғалды.
В.К.Исраилова медицина ғылымдарына кандитаттык және докторлық диссертацияларын Мәскеу қаласындағы Н.А. Бакулев атындағы Ресей Медицина ҒылымАкадемиясының Жүрек қантамырлары ғылыми орталығында қорғаған. Ғалымның анестезиология және реаниматология саласына арналаған 100 астам мақалалары алыс және жақын шет ел баспаларында жарық көрген. Қазіргі кезде кафедра 10 клиникалық базада орналасқан .Негізгі: клиникалық база Алматы қалалық Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы болып табылады. Кафедра қызметкерлерімен нейрореанмация, сепсис, жаңа технологияларды практикаға енгзіу мәселелері бойынша көп салалы ғылыми жұмыстар атқарылуда.
2013 – 2014 ж анестезиология және реаниматология кафедрасының құрамы: д.м.н., профессор Исраилова Венера Карыпбековна, м.ғ.к., доцент Бердалина Гульнара Садырбекқызы, доцент Жолдыбеков Тимур Садуақасұлы, кафедра ассистенті, м.ғ.к, Утегенова Жанна Амираліқызы, кафедра ассистенті Юлдашев Абдрашит Абдрашитұлы, кафедра ассистенті, м.ғ.к. Курманаева Баян Мухамедқызы, кафедра ассистенті,м.ғ.к. Мухамадиев Бауржан Тұрсұнұлы, кафедра ассистенті, м.ғ.д. Cулейменов Бекболат Кинаятұлы, кафедра ассистенті Зрячев Владимир Михайлович, кафедра ассистенті Жаркенбекова Динара Саметқызы, кафедра ассистенті Батырова Айгуль Нурланқызы, кафедра ассистенті Абдымолдаева Жанат Алиакбарқызы, м.ғ.к., кафедра ассистенті Тилеген Гульжан Устемірқызы, м.ғ.д., кафедра ассистенті Кожахметов Алинур Нурбатырұлы, кафедра ассистенті Абильмажинова Балзира Рамазанқызы..
Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы:Кафедрада ЖММ 6-7 курстарына: интерн- хирург, интерн-акушер-гинеколог, интерн-терапевтерге, резиденттерге,медбикелердің 3 курс студенттеріне анестезиология, реаниматология және интенсивті терапия пәні оқытылады. 1. Гинекологиядағы анестезия, реанимация және интенсивті терапия 45 сағат. 2. Акушерствадағы анестезия және интенсивті терапия 180 сағат. 3. Балалар гинекологиясындағы анестезия, реанимация және интенсивті терапия 90 сағат. 4. Жоспарлы хирургиядағы анестезия, реанимация және интенсивті терапия 45 сағат. 5. Жедел хирургиядағы анестезия, реанимация және интенсивті терапия 45 сағат. 6. Балалар хирургиясындағы анестезия, реанимация және интенсивті терапия 45 сағат 7. Хирургиялық инфекциялар мен амбулаторлық хирургиядағы анестезия, реанимация жәнеқарқынды терапия 45 сағат. 8. Онкология және маммологиядағы анестезия, реанимация жәнеқарқынды терапия 45 сағат 9. Травматологияжәне ортопедиядағыанестезия, реанимация жәнеқарқынды терапия 45 сағат 10.Торакальді хирургиядағыанестезия, реанимация және қарқынды терапия 45 сағат 11.Бет жақ хирургиясы, лор және офтальмологиядағы анестезия, реанимация және қарқынды терапия 45 сағат 12.Анестезиологияжәне қарқынды терапия бөлімшесіндегі науқастарға күтім 45 сағат 13.Ішкі аурулардағы реанимация және қарқынды терапия 180 сағат Лекциялар (факультативтер): клиникалық жағдайларға негізделген кіші топтағы жұмыстар, тренингтер – ауқымды, проблемалық лекциялар. Сабақ уақытындағы өзіндік жұмыстар: Арнайыланған бөлмелердегі жұмыс (рентген-кабинет, компьютерлік томография, ЭКГ, УЗДжәне функциональді диагностика бөлімшесіндегі басқа да кабинеттер). Науқасты клиникалық талқылауға, профессорменнемесе доцентпен, кафедра меңгерушісімен таңертенгілік шолуға дайындау; Медициналыққұжаттама жүргізу; Ғылыми-зерттеу жұмыстары, кафедраның СҒҚ қатысу, ғылыми конференцияларға қатысу
Диспансеризация және профилактикалық тексерістерге қатысу; Ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысына, симпозуимдарға, съездерге және т.б. қатысу; Дәрігер үшін міндетті санитарлы-ағарту жұмыстарын жүргізу. Дәрігер интерннің аудиториядан тыс жұмыстары: Арнайы медициналық әдебиеттерді үйрену; Электрондық ақпараттық ресурстармен жұмыс, соның ішінде Ғаламтордың медициналық порталдарымен, дербес компьютермен жұмыс жасау дағыдаларын жетілдіру. Оқыту түрлері: 1. Мұғалімнің жетекшілігімен жұмыс; 2. Оқу уақытындағы интерннің дәрігерлік өзіндік жұмысы; 3. Дәрігер-интерннің аудиториядан тыс жұмыстары. Мұғалімнің жетекшілігімен интерннің тәжірибелік қызметі: Клиникалық шолуларға, консилиумдарға, клиникалық және патологанатомиялық конференцияларға қатысу; Анестезия және реанимация бөлімшесінде, операциялық блокта, қабылдау бөлімінде жұмыс, (алдын ала қарастырылған диагностикалық бағдараламаларды орындау және медициналық құжаттамаларды жүргізу) Кафедраның негізгі ғылыми бағыттары: 1.Грамм теріс интраабдоминальді сепсистерді LPS – адсорбербентті қолдана отырып, интенсивті терапиядағы экстракорпоральды әдісті енгізу және қолдану. 2. Нейрохирургиядағы ми ісігі бар науқастарды операциядан кейін жүргізу ерекшеліктері. 3. «Стимуплекс» аппаратын қолдана отырып, травматология мен өткізгіштік анестезиядағы әртүрлі әдістерді қолдану. - Инициативті тақырып: Грамм теріс интраабдоминальді сепсистерді LPS – адсорбербентті қолдана отырып, интенсивті терапиядағы экстракорпоральды әдісті енгізу және қолдану. Бағдарламадан тыс. - Инициативті тақырып: Нейрохирургиядағы ми ісігі бар науқастарды операциядан кейін жүргізу ерекшеліктері. Бағдарламадан тыс. - Инициативті тақырып: «Стимуплекс» аппаратын қолдана отырып, травматология мен өткізгіштік анестезиядағы әртүрлі әдістерді қолдану. Бағдарламадан тыс. - Инициативті тақырып: Грамм теріс интраабдоминальді сепсистерді LPS – адсорбербентті қолдана отырып, интенсивті терапиядағы экстракорпоральды әдісті енгізу және қолдану. Бағдарламадан тыс. - Инициативті тақырып: Нейрохирургиядағы ми ісігі бар науқастарды операциядан кейін жүргізу ерекшеліктері. Бағдарламадан тыс. - Инициативті тақырып: «Стимуплекс» аппаратын қолдана отырып, травматология мен өткізгіштік анестезиядағы әртүрлі әдістерді қолдану.
Урология кафедрасы Урологиялык жәрдем республикада 1940 жылдан бастап дами бастады. Сол жылы Казакстан мемлекеттік медицина институтында госпиталды хирургия кафедрасының (меңгеруші профессор В. В. Зикеев ) жанында алгашкы рет 6- урологиялык орын жайгастырылды, 1952 жылы мұнда 12- орын болды, 1955жылы алматы каласынын №1-ші қалалык ауруханасында өз алдында дербес урологиялык бөлім ашалып, бұл бөлім алдында доцентік курстын(профессор З В Файнштей )1956жылдан урология кафедрасының (менг. – профессор З.В Файнштейн) базасы болды. Ғылыми жұмыстарды жылжыту үшін Алматыда 1956-жылы 17-мамырда урологиялык ғылыми коғамы ұймдастырылды. Ғылыми коғамнын мүшелері болып профессор З,В, Файнштейн, доцент Е.М. Берман доцент Р.А. Сатбаева , доцент Б.В. Грунд, мғк Г.И. Раушенбах, дәрігерлер И.И. Ахундов А.А. Ибраев. Коғамнын төрагасы болып профессор З.В. Файнштейн сайланды. Оның басшылығымен ғылымдарының 9- кандидаты жене 1- докторы даярланды. Профессор З.В. Файнштейнин несеп жүиесінін жарақатырын, туберкузімен ісіктерін зертеуге коп үлес косты. Проф З.В. Файнштейн үзак уақыт 1969 жылға дейін Казакстанның бас урологы және Қазакстан Урология Қоғамының төрагасы болды.
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316