Қатыгез жүрек асқазанды сақтайды. Геннадий Малкин Өз терің ұдайы күтуге мұқтаж. Геннадий Малкин Реніштерді жұтып, өзіңді-өзің қорытасың. Геннадий Малкин Тез арықтау үшін (әйелге) топ-толық болу керек. Геннадий Малкин Уақыт – жақсы дәрігер әрі әрдайым патологоанатом. Геннадий Малкин Хирург – қаруланған терапевт. Геннадий Малкин Дәрігерлер, ең жақсы дегенде, аурулар жайлы әлдене біледі, ал денсаулық жайлы мүлде ештеңе білмейді. Прентис Малфорд Тәттіні көп жеу зиян, аз болса – қынжылтады... Михаил Мамчич Ауру деген өз еркіндігінде қысылған өмір. Карл Маркс, Фридрих Энгельс Денсаулық деген бақыттың ауасы. Геннадий Матюшов Ауру – өлімнің өмірге соғыс жариялауы. Геннадий Матюшов Егер сау болсаң, өмір – сый, ауру болсаң, жаза. Геннадий Матюшов Дүниеде бұлшық еттің қола түсі мен Балғын теріден тамаша киім жоқ. Владимир Маяковский Дәрігердің қабылдауына жазылу аз, оған дейін әлі тірі болу керек. Константин Мелихан Хирург – емдеуші дәрігердің теріс диагнозы үшін жауапкершілікті өзіне алуына емделуші оған өте көп пара беретін адам. Генри Луис Менкен Медицина – адамзаттың ең үлкен адасуларының бірі. Мольер Асқазан жарасы сіздің жегеніңізден емес, сізді жейтіннен пайда болады. Мари Монтегью
Аурудың үрейін жұқтырған жан енді үрейдің ауруын жұқтырды деңіз. Мишель де Монтень Дәрі мен аурудың арасындағы қызу күрес әрдайым зиян шектіреді, себебі бұл айқас біздің организмімізде өтеді. Мишель де Монтень Денсаулықтың ең бағалы жемісі – рахаттанудың мүмкіндігі. Мишель де Монтень Денсаулық деген қазына әрі сол үшін шын мәнінде уақытты, күшті, еңбекті және кез келген игілікті ғана аямай, өмірдің өзінің бір бөлігін құрбандыққа шалуға болатын жалғыз қазына, себебі онсыз өмір шыдас берместей әрі қорлық болар еді. Денсаулықсыз қуаныш, даналық, білім және ізгілік өшеді әрі құриды. Мишель де Монтень Егер сіздің дәрігеріңіз қалағаныңызша ұйықтатпаса, шарап ішкізбесе, еттің әлдебір түрін жегізбесе – өзіңізге тура қарама-қарсы пікір айтатын басқа дәрігер табыңыз. Мишель де Монтень Күшейе келе тән сырқаттары айқын бола бастайды. Жан сырқаттары, күш ала келе күңгірттене береді әрі түсініксіз болады. Мишель де Монтень Адамдар ол үйден тыс жандар есалаң емес деген әсер тудыру үшін бірнеше есалаңды ерекше үйге қамап қояды. Шарль Монтескье Денсаулықтың өзі рахат немесе оттың жылу тудыратыны сияқты, сөзсіз рахат тудырады. Томас Мор Дәрігерім маған алты ай өмір берді. Ал мен есеп бойынша төлемегенімде тағы алты ай қосып берді. Уолтер Мэтхо Тән үшін ең дұрыс ем – жүйкені тыныштандыру. Наполеон Білімнің әдеткі түрі – санасыз білім. Сана – білім жайлы білім. Фридрих Ницше Өмір деген қуаныштың көзі; бірақ уайымның әкесі – бұзылған асқазаны сөйлеп тұрған жан үшін бастаулардың бәрі уланған. Фридрих Ницше Орташалық – денсаулықтың белгісі. Кемелдің бәрі патологияның саласына жатады. Фридрих Ницше Тегін емдеу – қымбат ғанибет. Евгений Норкин Тегін емдеу үшін де ...денсаулықпен есеп айырысамыз.
Евгений Норкин Секс – арықтаудың тамаша әдісі. Джули Ньюмар Ауруға әу бастан қарсылас; ауру ұзақ кешеуілдеуден тамыр жайғанда дәрі жайлы ойлау кеш. Овидий Ауруды емдеу әрдайым дәрігердің қолында емес. Кейде ауру медицинадан күштірек. Овидий Ауру жан ұнамсыз ештеңені көтере алмайды. Овидий Ұдайы аурумен бірге болып, оған адал қызмет еткен жан тезірек өледі. Овидий Менің әйелім екі ай диетологқа барып, 300 доллар тастап келді. Роберт Орбен Кәріні емдеу – суды елекке құю. Орыс нақылы Табиғатқа ілессең, үнемі сау боласың. Уильям Пенн Дәрігер – жан үшін жұбаныш. Петроний Ең мықты деген организм табиғаттың сыйларын тым көп пайдаланса, бұзылады немесе тым болмағанда қаусайды және шаршайды. Дмитрий Иванович Писарев Сәл-пәл артығырақ өмір сүру үшін мен өзімді аштықпен зорықтырғым келмейді. Айрин Питер Гимнастика – медицинаның дауалы бөлімі. Платон Дәрігерлердің қалағанынша өтірік айтуына болады, себебі біздің сауығуымыз олардың жомарт әрі алдамшы уәделеріне байланысты. Платон Сәйкестілік үшін, сұлулық пен денсаулық үшін ғылым мен өнер саласындағы біліммен ғана емес, өмір бойы дене жаттығулары мен гимнастикамен шұғылдану керек. Платон Тән күші мен жарқын жүзділіктің дамуы көбіне көңілді де қағылез ойындарға байланысты. Платон Аурудың саны жоқ. Плиний
Медицинадан пайдалы өнер жоқ. Плиний Жалқау бола тұра, денсаулығын қамтамасыз еткісі келетін жан, үнсіздігімен дауысын жетілдіргісі келетін адам сияқты ақымақтық жасайды. Плутарх Медицина бізді ұзағырақ әрі азаптырақ өлуге мәжбүрлейді. Плутарх Жақсы дәрігер сізді аурудан құтқармаса да, жаман дәрігерден құтқарады. Жан Поль Ауру – өзінше ерте келген кәрілік. Александр Поуп Адамның денсаулығы жүрегінде де, бүйрегінде де, тамырларда да, жапырақтарда да немесе арқасында емес. Әрине, сөз жоқ, осының бәрі де адамда өгіздегідей сау болса жақсы. Бірақ адам денсаулығының басты негізі оны басқа адамға әлдебір жақсылықты айтуға тоқтаусыз итермелеп тұрғандықта: тіпті бұл құдды бір маған жақсы болса, бәріне де жақсы болу керек деген заң сияқты. Михаил Пришвин Сауығу сезімі – ең тәтті сезімдердің бірі. Александр Пушкин Әйелдерді бекерге жеңіл деп есептейді. Бұған бізді үй таразысының стрелкасы иландырады. «Пшекруй» Детективтік романдардың әсері: хирургтер саусақтарының ізін қалдырмау үшін операцияны қолғап киіп жасайды. «Пшекруй» Егер сатымен жоғары көтерілу төмен түсуден қиын болмаса, бұл жастық. Егер түсу көтерілуден оңай болмаса, бұл кәрілік. «Пшекруй» Жалған ауруларға ем қонбайды, есесіне шын аурулардың жалған ем алуы мүмкін. «Пшекруй» Мен, әрине, толыстым! Туғаннан кейін менің салмағым бар болғаны 3 кг болатын. «Пшекруй» Шынымен арықтау үшін үш нәрседен: таңғы, түскі және кешкі астан бас тартса жеткілікті. Фрэнк Ллойд Райт Егер аурудың өте қатты өмір сүргісі келсе, дәрігерлер дәрменсіз. Фаина Раневская Склерозды емдеуге болмайды, бірақ ол жайлы ұмытуға болады. Фаина Раневская
Бәрін де дұрыс елеп, ескеру үшін қандай денсаулық керек десеңші! Анатолий Рас Диагностиканың табысқа жеткені сонша, іс жүзінде сау адам қалған жоқ. Бертран Рассел Өлген емделуші жайлы белгілі мағынада ол дәрігерді алдап кетті деп айтуға болады. Радомир Рацкович Денсаулық байлықтан қымбат. Джон Рей Ауру сияқты денсаулық та жұқпалы. Ромен Роллан Сау болғысы келгеннің бірінші міндеті – өз айналасындағы ауаны тазарту. Ромен Роллан Сау дегендер – ауру екенін әлі білмейтін адамдар. Жюль Ромен Жақсы диета деген болмайды. Надин де Ротшильд Егер әйелдің салмағы 140 фунт болса, оны қатты сүйсіндіретін нәрсе – салмағы 150 фунт әйелді көру. Хелен Роуленд Біз ауруларымыздың көп бөлігін өз қолымызбен жасаймыз; егер қарапайым, біркелкі әрі оңаша өмір салтын сақтар болсақ, олардың бәрінен дерлік құтылған болар едік. Жан-Жак Руссо Емделіп шығуға деген құмарлық – аурулардың ішіндегі ең қатыгезі. Жан Жак Руссо Ұстамдылық пен еңбек – міне, адамның нағыз екі дәрігері: еңбек оның тәбетін қоздырады, ал ұстамдылық оның қиянат жасауына кедергі келтіреді. Жан-Жак Руссо Дәрігерге ауруды көрсетпей, жазылу мүмкін бе? Шота Руставели Диета – салмақтың өсуінің алдында болатын ашығу кезеңі. Ядвига Рутковская Денсаулық жоқта өмір ерлікке айналады. Юрий Рыбников Қаусаған жан тәнді де қартайтады. Ашот Сагратян Реніштерді аулаушының өмірі қысқа. Ашот Сагратян
Егер табиғат шынымен тепе-теңдікке ұмтылса, адамның жер бетінде пайда болуының еш мүмкіндігі болмас еді. Сардоникус Бұрын сиқыршылықты медицинамен шатастырушы еді; қазір медицинаны сиқыршылықпен шатастырады. Томас Сас Шұғашылардың шұғаны сабалап шаңнан тазартатыны сияқты, гимнастика ағзаны тазартады. Джонатан Свифт Ауруға аяныш сезімін басынан кешіп, дәрігер жақсы емдейді, ал осы аянышты сезген ауру тезірек сауығады. Эдуард Севрус Организм үшін психикалық зорлық, ұстамсыздық, қауіп сезімі мен мақсатсыздық – қиратқыш күштер. Ганс Селье Айқын көрінетін сырқаттардың қаупі азырақ; ең қорқыныштылары денсаулықтың пердесін жамылғандары. Сенека Ауыр науқастардың уақытша сауығуы денсаулықты алмастырады. Сенека Біз қысқа өмір алмаймыз, бірақ оны сондай ететін өзіміз. Сенека Дамылдауды елемеуге болмайды: ауыр науқастарға уақытша жақсару денсаулықты алмастырады. Сенека Есалаңдықтың әлдебір үлесінсіз данышпан әлі болған емес. Сенека Кейбір дәрілер аурулардың өзінен қауіпті. Сенека Сабырлы өмір мүмкін болғанынша ұзақ өмір сүру игілік деп есептейтіндер үшін емес. Сенека Сауығуға дәріні жиі ауыстырудан асқан кедергі жоқ. Сенека Сауығудың бір шарты – сауығуды тілеу. Сенека Сен ауырғандығыңнан емес, өмір сүретіндігіңнен өлесің. Сенека Сырқаттардың ең жаманы – өз сырқаттарыңа іңкәр болу.
Сенека Біздің заманымызда дәрілер кейде сырқаттардан қауіптірек. Жильбер Сесброн Егер арықтағың келсе, бәрін же, бірақ ештеңені жұтпа. Гарри Сиком Артық салмағы жоқ ең көп адам зиратта. Биверли Силлз Мақтау – ең жақсы диета. Сидней Смит Ауру – қалыпсыз жағдайға қалыпты реакция. Андрей Соколов Бар денеге арналған гимнастиканың көмегімен мен оны байсалдырақ еткім келеді. Сократ Бас жайлы ойламай көзді немесе тұтас организм жайлы ойламай басты емдеуге кірісуге болмайтыны сияқты, жанды емдемей, тәнді емдеуге болмайды. Сократ Егер адам өз денсаулығын өзі қадағалар болса, оның денсаулығына пайдалы нәрсені өзінен жақсы білетін дәрігерді табу қиын. Сократ Нағыз дәрігер өзіне ғылым мәліметтері мен адам организмінің құрылысы жайлы қаншалықты аз білетінін түсінеді. Ал фельдшер бәрін білемін деп ойлайды. Сергей Спасокукоцкий Біздің өмірімізді надандық қысқартады. Герберт Спенсер Табиғат өзінің ең ұлы туындыларының бірі адам тәніне жеткілікті көңіл аудармайтын- дарды асқан сабырлылықпен жояды да, дүниені бұл мәселеде ессіздігі азырақ адамдардың ұрпақтарымен толтырады. Герберт Спенсер Тек күшті, сау тәнде ғана рух тепе-теңдігін сақтайды, ал мінез өзінің бар қуатымен дамиды. Герберт Спенсер Американдықтардың үштен бірінің арықтағысы, үштен бірінің толысқысы келеді, ал үштен бірі әлі салмағын өлшеген жоқ. Джон Стейнбек Дәрілерден қымбат денсаулық қана болуы мүмкін. Виктор Сумбатов Өзін сау сезінетін жан сау. “Таксист” фильмінен цитата
Ақы алмайтын дәрігер оған лайық емес. Талмуд («Гемара») Ауруларға қарағанда дәрілер баяуырақ әрекет етеді. Тацит Денсаулықты сақтап қалудың жалғыз әдісі – қаламағаныңды жеп, сүймейтініңді ішу және ұнамайтын жұмысты істеу. Марк Твен Ол әйел диетаға отырып, көп ұзамай ұзағырақ өмір сүре бастағанын байқады. Владимир Терентьев Деніміздің сау кезінде біздің бәріміз ауруларға жақсы кеңесті оңай береміз. Публий Теренций Кәрілік – өзінен-өзі-ақ ауру. Теренций Ауруға өзін аурудан қалай емдеу жайлы емес, қайткенде өзінің қазіргі жағдайында ең дұрыс өмір сүруге тырысу керек екенін ойлау керек. Лев Толстой Рухани сау болу үшін міндетті түрде денеңе сілкініс қажет. Лев Толстой Өз денсаулығызды таң мен көктемге қалай қуанатыныңызға қарай бағалаңыз. Генри Торо Дүниеде не болып жатқанын құдай біледі! Бұрын ешқашан өлмеген адамдар өле бастады. Юлиан Тувим Қазіргі әйелдер жасын емес, салмағын жасырады. Ратмир Тумановский Денсаулық – өмірдегі бірінші міндет. Оскар Уайльд Бір немесе екі емделушіні өлтірмейінше, дәрігер шын мәнінде жақсы дәрігер болмайды. Үнділік нақыл Жас кезінде адам ақша табу үшін денсаулығын шығындайды, ал қартайғанда денсаулықты сатып алу үшін ақша шығындайды, бірақ бұл әзір ешкімнің қолынан келген емес. Үнді нақылы Өмірді ұзартудың барлық құпиясы оны қысқартпауда. Эрнст Фейхтерслебен Адамнан адамның айырмашылығы есалаңдықтың түрінде ғана. Генри Филдинг
Әрбір дәрігердің өзінің сүйікті ауруы бар. Генри Филдинг Мен диетада 14 күн отырып, бар болғаны екі аптамды жоғалттым. Тоти Филдс Әйелдер үш жағдайда ғана диета сақтайд: егер күйеуі тастап кетсе, егер оған еркек ұнаса, егер бүгін дүйсенбі болса. Екатерина Филимонова Сау болу деген еркін болу. Вильгельм Фишер Ең жақсы медициналық мамандық – дерматология. Емделушілер сізді түн ортасында оятпайды, ешқашан өз ауруынан өлмейді әрі ешқашан жазылмайды. Мартин Фишер Қалыпты адам ішінара қауіпсіздігі бар дүниені қанағат тұтады, ал невротик болса, сөзсіз қауіпсіздікті іздейді. Виктор Франкл Барлық дәрінің ішіндегі артығы – демалыс пен ұстамдылық. Бенджамин Франклин Дәрігер неғұрлым жақсы болса, ол солғұрлым көбірек пайдасыз дәріні біледі. Бенджамин Франклин Ең жақсы дәрігер – дәрілердің көбінің пайдасыз екенін білетін жан. Бенджамин Франклин Біз өзіміз үшін өмір тым қиын деп ойлаймыз; оның әкелетіні тым көп ауыру, өкініштердің тізбегі, орындалмас міндеттер. Біз жұбантатын тәсілдерсіз амалдай алмаймыз. Зигмунд Фрейд Денсаулық пен невроздың арасындағы айырма күндіз ғана бар, бірақ түс көруге қатысы жоқ. Басқаша айтқанда, сау адам да невротик, бірақ, тегі, түс көру онда пайда болуы мүмкін жалғыз белгі сияқты. Зигмунд Фрейд Елестер бізді ауырудан құтқаратынымен тартады да, оның орнына рахаттануды әкеледі. Шындықтың бөлігімен қайшылыққа келіп, олар быт-шыт болғанда біз оларды сол үшін өкінішсіз қабылдауымыз керек. Зигмунд Фрейд Сау адамның невротиктен айырмашылығы, невроздың әлеуметтік пайдалы түріне ие болуында. Зигмунд Фрейд Қалыпты даму сияқты, кез келген невроздың мәні, – еркіндік пен тәуелсіздік үшін күрес. Көптеген қалыпты жандар үшін ол толықтай тізе бүгумен аяқталады: өз тұлғасын құрбандыққа шалып, олар жақсы икемделгенге айналды да, қалыпты деп есептеледі. Эрих Фромм
Шынымен арықтау үшін үш нәрседен – таңертеңгі, түскі және кешкі астардан бас тарту жеткілікті. Ллойд Райт Фрэнк Есалаңдық – бұл әрдайым быт-шыт болып сынған мағына. Поль-Мишель Фуко Ауру келмейінше денсаулықты бағаламайды. Томас Фуллер Кейбір дәрігерлер жиырма жыл қатарынан бір қате жасап, оны клиникалық тәжірибе деп атайды. Ноуа Фэбрикант Кедейліктің бір артықшылығы: дәрігер сізді тезірек емдеп шығарады. Фрэнк Хаббард Аурулардың үш түрі бар: біреулері тек өздерін аурумыз деп елестетеді, енді біреулері ауру болғанымен, ептеп құтылады, үшіншілерінің өлгені дұрыс болар еді. Олдос Хаксли Адамның жағдайының жаман болуы «неврастения» (жүйкенің бұзылуы) деп аталады. Аренадағы бұқа да неврастеник, жайылымда ол – сау жігіт. Эрнест Хемингуэй Залым құйған дәріні төгіп таста! У берсе дана, ішіп ал! Омар Һәйам Өзгелердің көз алдында ауру әрдайым күлкілі. Стефан Цвейг Асқазанды шектен тыс толтыру денсаулыққа зиянды. Авл Корнелий Цельс Ауруды не тудыратыны емес, оны не жоятыны маңызды. Авл Корнелий Цельс Аурулар шешендікпен емес, дәрілермен емделеді. Авл Корнелий Цельс Жазылу, аурулардың алдын алу – суық суда, ол денені бекітеді және рухтың сергектігін сақтайды. Авл Корнелий Цельс Медицина салаларындағы ең көзге түсетіні – хирургияның әрекеті. Авл Корнелий Цельс Тез, қауіпсіз және сүйкімді (дәрігер емдеуі керек). Авл Корнелий Цельс Тыныштық – ең жақсы дәрі. Авл Корнелий Цельс
Аурудың дем алысы барда үміт те бар делінеді. Цицерон Ауруға ем қолданудан бұрын ақ ниетті дәрігер оның ауруын ғана емес, сау кезіндегі әдеттері мен дене қасиеттерін білуі керек. Цицерон Әсемдік пен сұлулық денсаулықтан ажыратыла алмайды. Цицерон Егер ауыру азапты болса, ұзақ емес, ал ұзақ болса, азапты емес. Цицерон Ең жоғарғы игілікке тән мен ес-ақылдың толық саулығының негізінде жетуге болады. Цицерон Дене аурулары – ант ұрған өміріміздің бізден алатын салығы; біреулерге көбірек, біреулерге азырақ салынғанымен, бәрі де төлейді. Филип Честерфилд Адамның қалыпты жағдайы – есерсоқтау болу. Антон Павлович Чехов Адам өз аурулары жайлы сөйлегенді жақсы көреді, ал, сөйткенмен, бұл оның өміріндегі ең қызықсыз нәрсе. Антон Павлович Чехов Бір ауыру әрдайым екіншісін азайтады. Тісі ауыратын мысықтың құйрығын бассаңыз, оның жағдайы жеңілдейді. Антон Павлович Чехов Дәрігерліктен басқа бірде-бір мамандық кейде соншама моральдық күйзеліс әкелмейді. Антон Павлович Чехов Денсаулық деген ғажап емес пе? Антон Павлович Чехов Егер мен дәрігер болсам, маған аурулар мен аурухана керек... Антон Павлович Чехов Пайғамбарларды, ақындарды, идея үшін азап шегушілерді жай адамдардан ерекшелендіретіннің бәрі адамның хайуандық, яғни тәндік денсаулығына қарсы. Егер сау әрі қалыпты болғың келсе – табынға бар. Антон Чехов Адам немен қиналып, неден өлетінін білмеуі керек. Бұл жерде кез келген анықтау – күпірлік, өйткені жалғыз ауыз сөзбен өлімде болуы керек ең аз құпия жойылады. Өмір де солай. Эмиль Чоран Дәрігер маған екі апталық өмір береді. Тамызда берсе, дұрыс болар еді. Ронни Шейкс Әрбір есалаңдықтың өз логикасы бар.
Уильям Шекспир Денсаулық алтыннан да қымбат. Уильям Шекспир Бәрінің бастауы – денсаулық. Михаил Александрович Шолохов Біздің аман-саулығымыз үшін ең маңызды нәрсе денсаулық, содан кейінгісі күтіміміздің құралдары, яғни қам-қарекеттен еркін тіршілігіміз. Артур Шопенгауэр
Қорытынды сөз Қадірлі әріптестер! Назарларыңызға ұсынылған жинақты оқи отырып 2011 жылдың 14 ақпанында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолымен ашылған Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының өткен тарихы мен қайтадан жаңадан салынып, күні бүгінге дейінгі қала халқына көрсетіп келе жатқан қызметінен хабардар болдыңыздар деп есептеймін. Ең бастысы бұл жинақта аурухананың алғашқы ашылу кезінен бастап қызмет атқарып келе жатқан ақ халатты дәрігерлер мен өз істеріне мығым орта және кіші буын медициналық қызметкерлердің беймаза қызметтері жайлы қолымнан келгенше, өзімнің білуімше сыр шертуге тырыстым. Жалпы, өз басым бұл шығарманы, алғы сөзімде айтып кеткендей, күнделікті өмірде, жайшылықта көзге түсе бермейтін, елеусіз болып көрінетін дәрігерлер мен басқа медицина қызметкерлерінің атқарып жатқан жұмысын барынша оқырман қауымның жүрегінен шығатындай түсінікті етіп жазып шығамын деген ниеттпен қолға алған болатынмын. Сонымен қатар, расында да ауруханамыздың ғасырмен қоса жаңарып, заман талабына сай болып қайта ашылып, аз уақыттың ішінде республика көлеміндегі ортаң қолды, бұрыннан жұмыс жасап келе жатқан іргелі ауруханалармен «терезесі тең»- жағдайға көтеріліп үлгеруі менің де кеудеме мақтаныш сезімін оятып, қолыма қалам алуға мәжбір етті деп айтсам артық болмас. Өздеріңізбен бірге қызмет атқара жүре осы аурухананың қандай да бір қол жеткізген тамаша жетістіктері болса, сол қуанышта барлықтарыңыздың да үлестеріңіз бар деп есептеймін. Әрине, бұл тамаша нәтижелерге қол жеткізуде, біліктілігі жоғары, талапкер басшының алатын орыны ерекше. Шыққан асуының биіктігіне масаттанбай, үнемі алдыға қарап, келешектің тынысын алдын ала сезіп отыратын Манат Тұрарұлындай басшымен бірге қызметтес болу кім кімнің де кеудесіне мақтаныш сезімін орнатары сөзсіз. Сол себепті де, біздің ұжымның осындай басшымыздың жол көрсетуімен алар биіктерінің әліде алда екенідігіне кәміл сенімдімін. Ылайым! Сол қуанышты күндеріміздің мол болып, күннен күнге ұжымыздың берекесі нығайып, халыққа көрсетіп келе жатқан қызметіміздің сапасы артып, абыройымыз асқақтай берсін деп тілейік, Құрметті әріптестер!
Мазмұны: І тарау. Алғысөз 1. ТАРИХҚА ҮҢІЛСЕК.............................................................................. 2. .Аурухананың бас дәрігерлері.......................................... 3. Жарылыс ............................................................................. 4. Трансплантация жолында төгілген тер ...................... ІІ тарау. Бөлімшелер тынысы ..................................................... 45 1. Шаруашылық басқару бөлімшесі. .............................................. 45 2. Бухгалтерия. ................................................................................. 3. Кадрлар бөлімшесі ...................................................................... 56 4. * Іс жүргізу...................................................................................... 56 5. Қабылдау бөлімшесі......................................................................................... 6. Күндізгі стационар........................................................................................... 7. Анестезиология, реанимация және интенсивті терапия (жан сақтау) бөлімшесі........................................................................................................... 8. Орталықтандырылған зарарсыздандыру бөлімшесі..................................... 9. Операциялық блок........................................................................................... 10.Гинекология бөлімшесі.................................................................................. 11.Токсикология бөімшесі................................................................................... 12.Травматология бөлімшесі............................................................................... 13.Нейроинсульт орталығы................................................................................. 14. Нейрохирургия бөлімшесі............................................................................. 15. Сәулелі диагностика бөлімшесі.................................................................... 16. Хирургия бөлімшесі....................................................................................... 17. Іріңді (инфекциялы) хирургия...................................................................... 18.Қан кабинеті.................................................................................................... 19. Урология бөлімшесі....................................................................................... 20.Неврология бөлімшесі.................................................................................... 21. Эндоскопия бөлімшесі................................................................................... 22.Терапия бөлімшесі.......................................................................................... 23. Шаруашылық есептегі (ақылы) қызмет көрсету бөлімшесі...................... 24.Физиоемдеу бөлімшесі................................................................................... 25.Клиникалық-диагностикалық зертхана........................................................ 26. Паталогиялық-анатомия бөлімшесі............................................................. 27. Ауруханаішілік дәріхана.............................................................................. 28. Емдәмхана.................................................................................................... 29.Кір жуу кешені............................................................................................
І І І тарау Кафедралар жөнінде мәлімет ............................... І V тарау. Арнау V тарау Әріптестер шығармашылығынан: Бейбіт Илашұлы Қапашев......................................................................... Мақпал Құрбанқызы Ибраева................................................................... Арайлым Абдиятқызы Шабанова............................................................ Айгүл Қосдәулетқызы Малаева............................................................... V І тарау.Өлеңдер V І І тарау. Денсаулық жөніндегі қанатты сөздер Қорытынды ...............................................................................
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316