Көз жасын жұлдыз қылып сорғалатқан. Қанға толы тамырларым ырсиып, Ширығады жарылардай тырсиып. Жүрек құрғыр, алқындырып өкпені, Бүйірінен теуіп жатыр қырсығып. Көңіл мен өмір Адамдарға не нәрсе көктен келген, Көктен тілеу күтпеген, көктемеген. Жібиді менің жаным, жаңбыр жауса Жылға қуып кетердей көктемменен. Тәңірдің талғажау қып несібесін, Қысқа күнде сан мәрте есілесің. Жас болып қалатындай ғұмыр бойы Басқаға ерік бермей көсілесің. Үстінен түспестей боп текеметтің, Жөн айтасың артқандай ақыл есің. Кергисің кеп келместей қайта айналып, Кешегі көрген құқай, тауқіметің. Ай беті айғыздалған теңбіл-теңбіл, Ауада қалықтап жүр тозаң не бір. Далада соққан желдің шері басқа, Тазаны талақ еткен неткен өмір. Елуге келдім Мен бүгін қол алыстым елуменен Бойымда көп дәндерім себілмеген. Жүрек шіркін тулайды кеудемдегі Құса болып жырлардан төгілмеген. Мен бүгін амандастым елуменен,
«Ел аға» боп есейдім елімменен. Ініге ақылшымын, қызға қорған, Шай ішемін сырласып келінменен. Мен бүгін белесімен елу жастың, Дос көңілмен айқара құшақтастым. Салмағы бұл елудің оңай емес, Астына жасырылған жұмбақ тастың. Ассам да қырқасынан талай белдің, Байқамай бұл белеске қалай келдім. Түгі жоқ жолаушымын қиял кезген, Қаным бар қозатын тек қара сөзден. Мен бүгін қосқа кірдім елу деген, Киізі ақ қарамен теңбілденген. Төріне шығады екен бұл мекеннің, «Елім»-деген ерлер тек еңіреген. Мен бүгін үйге кірдім елу деген, Қаным ыстық тамырда безілдеген. Жүрегім ақ, тазамын жаспын әлі, Қыздарға гүл ұсынам «Өзім» -деген. Шашымның ақ болғаны әңгіме емес, Сен менің жүрегіммен әңгімелес. Мен ұшін қымбат әлі біле білсең,, Ұйқымды шайдай ашар таңғы елес. Бармақтай бақ Бақ мөлшері бармақтай-ақ, әуел бастан өлшеулі Аса алмассың болмысыңнан, тіктесеңде еңсеңді. Қашсаңдағы құтылмайсың, уысынан тағдырдың Маңдайыңа біткен сорың болса егер бес елі. Бір үзім нан үйлі жанның тауқыметін шеше ме? Қара қазан қайнап жатса от салып сен көсеме. Өз қотырын өзі қасып жатқан тыныш ауылды
Асырадым, жарыттым деп жар салмашы көшеме. Дауыл соқса алай-дүлей тербеледі теректе, Тоқтай алмай ентігеді қаңбақ уақыт желөкпе. Егін орып күнің көрген, қолы қысқа ғаріпке Аз ғұмырдың басы артық сергелдеңі керекпе? Қайда барсаң қысыр есеп, апарардай жұмаққа Жауап іздеп бас қатырдық, шешімі айдай сұраққа. Бес ешкі мен бір сиырдың сүтің ішкен жарлыны Түсіре алмай әуре болдық құрған қылдай тұзаққа. Кедей байғұс бір тойынса елден ерек баймын дер Тойға барса қымсынбай-ақ ат орнына тай мінер. Тойымы жоқ қара құзғын қан іздейді жай таппай Сар шымшыққа бұта басы алтын тақтай көрінер. Бала кездегі бақ Аралап келем бағымды, Алуан гүл, көгал әдемі-ақ. Ұсынба алтын, лағылды Жетеді, маған бала бақ. Осында бәрі, жанымның Көктемі, жазы, қысы да. Аязға тоңған талыңмын, Жылытшы мені қысылма. Терек боп өсер шыбықтар, Бой алып жылда толассыз. Тағдырын дауыл құрықтар, Бұл баққа бізде қонақпыз. *** Туған жер еккен ұғымдар Санамды жайлап барады. Томарда, томар тұғырлар, Тоқтамай өзен ағады.
Арналап аққан өзеннің Тағдыры бөлек, өзгеше. Тамыр басқан денемнің Сырқаты көп емдесе. Таныс бақтар баяғы, Ештеме жоқ өзгерген. Айналып уақыт табағы, Құлыптастар көбейген. Жертөледе тұратын, Апалар жоқ жаулықты. Біздер көмек қылатын, Әжелер кетіп қалыпты. Сиреп қапты азайып, Әкемді көрген адамдар. Қалыпты бәрі қартайып, Сәл үлкен бізден ағалар. Көше бойы жүздескен, Тұрғындар мүлде жат бопты. Шалғында біздер күрескен, Жайылып жүр ақ тоқты. Ат ізін салмай алыстап, Жырақтап кеттік ауылдан. Тірлігінен түздің қалыс қап, Табылдық қала маңынан. Жапырақ жүрек Жел көтерген жапырақ, Жанымның тырнап жарасын. Ұшқан сайын, жақындап Бойымды билеп барасың. Тұншыққан жүрек сезімін
Жаңартып неге қоясың. Сыныптас қыздың қылығын, Есіме неге саласың? Есіме неге саласың? Елестерді ізі өшкен. Алыстап неге барасың? Өзің деп соққан жүректен. Әйел бақыты Алыс кеткен жылдарды Жақындаттым өзіңмен. Басып өттік жолдарды Қол ұстасып мезгілмен. Сен жоқ жерде бақыттың Жолауы маған неғайбыл. Байқатпай тілін уақыттың Бір сезім бізді қорғап жүр. Ғашық етіп адамды Байлап қою мүмкін бе? Билеп алдың санамды, Бір күн емес, мың күнге. Сүю үшін еркекке Ұзақ ғұмыр керек пе? Өзіңмен өткен әр күнім Ғасырмен тең емес пе. Сен мен үшін алыпсың Балалардың анасы. Сен мен үшін тәуіпсің Сырқатымның шарасы. Сен мен үшін сұлусың, Хор қызындай ертегі.
Бақта өскен гүлімсің Бүршік атқан ертеңгі. Егер әйел болмаса Еркекке өмір керек пе? Әйелсіз бәрі далбаса Еш мәні жоқ еркекке. Сүю керек сондықтан, Әйел затын аялап. Оның жанын сен ұқсаң Үйің болар сая-бақ. Бақыт құсы әр үйдің Өз бағында болады. Оны іздеп табудың, Жоқ соншама азабы. *** Ерте тұрсам ойлама Мазасыз деп жарыңды Асығып барам тойға да Қамшылап қу жанымды. Кешеуілдеп ылғида, Көп жерде жедім опықты. Домалап кеттім ылдиға Сатпаймын деп достықты. Жалғасады тәуліктер, Ай-жылдардың көрегі. Бітпей қойды тірліктер, Сен аман бол керегі. Сондықтан да, Жаным-ау! Еселеймін ісімді. Есейіп менде қалдым-ау.
Мұңымды кім түсінді. Әйелдерсіз кейде есіп, Кетеміз-ау көсіліп. Балам кейін сенде өстіп, Отырарсың шешіліп. Іздедім сені Аппақ таңда, ақ толқынның арасынан Сені іздедім, сезімімді айтуға аласұрған. Сұлу бейнең секілді хор қызының, Келбетіндей ақ бұлттан жаратылған. Сен екеуміз, сезімдерден Ақ отауды тігейік. Қол ұстасып, қырға шығып Мәңгі бірге жүрейік. Аспан асты таза ауада Құшақтасып түнейік, Махаббаттың айдыныда Мәңгі бірге жүзейік. Сен болмасаң жаным жүдеп күйіндім, Шаттана алмай тірлігімнен түңілдім. Нақ ғашықтар бірге болу керегін, Шын жүректен сонда барып ұғындым. Ғашықтар әні Жастық шақта саған төзім керек пе? Ұстатпайды ұшқыр көңіл желөкпе. Сезім билеп елбектейсің шарқ ұрып, Көбелектей басы айналған елеске. Жанарыңнан жалын атып отты үміт. Үздігесің, ынтығасың, ұмтылып. Ғашық дерттің қызуына шыдамай Кетпесе екен нәзік сезім үзіліп.
Ғашықтармен үндесуде самалда, Тыңда далам, тыңда әлем, аялда. Ғашықтардың әні осындай аяулы, Жас жүректер билік еткен ғаламда. Тұла бойды билегенде сағыныш, Тоқтап қалма, аялдама, алып ұш. Жүрегіңнің қалауы сол болса егер Құшақ жайда кәусарынан қанып іш. Бар болмысың, келешегің, күн-айың. Қауызында ілініп тұр бидайдың. Өліп-өшіп кімді сүйсе бұл жүрек Әміршің сол, болады сол құдайың. Жұмбақ дүние Тамылжыды, тыныштанып айнала. Дем ала алмай, әзер шыдап, айдала. Түрлі гүлден кестелеп ап көйлегін, Көк аспанға, құшақ жайды айқара. Табиғатта тамылжиды бір кезең, Аққу әнге, ынтық әнге шөлдеген. Шарқ ұрады су бетінде шағала, Толқындардан жыр қосағын іздеген. Қара жерге тірлік дәнін сепкелі Қара ағаш та биыл қайта көктеді. Махабаттың тақ куәсі, ай күліп, Тау-жігіттің құшағына беттеді. Еркектер психологиясы Ғашық болдық. Ынтық болдық. Жастық шақта ылғида. Бүркіт болдық.
Сұңқар болдық. Болдық тіпті қырғида. Сүйген болдық. Күйген болдық. Махаббаттан ес кетіп. Бәрін қойдық Көсем болдық Шықпай жатып тұғырға. Кеудемізді бізде талай ұрғанбыз, Бойымызды кернегенде ар намыс. Елдің шебін қорғау үшін дайынбыз Еркек болып сол үшінде туғанбыз. Түсін мені Келбетімді құнсызға сен балама Құпиямды қолдан келсе бағала. Ауыр айтсаң сұққыларсың тәнімді Тұз сеппеші қара қотыр жарама. Сыйла жаным, сыйла мені сүйіктім Тұншығамын түтінінен күйіктің. Саған деген сезімім пәк, кіршіксіз Түсін мені. Түсінсең мен, тұнықпын. Мен өмірлік дастаныма жолықтым. Сен бар кезде денем бүтін толықпын. Алыс кетсең аласұрдым, торықтым Сенсіз маған өмір жоғын енді ұқтым. Қатар жүріп қосағыңмен шыңға шық. Қасында бол сүйгеніңмен сырласып. Кілтін тауып жүрегінің , ойнап күл, Қосағыңа болсаң егер шын ғашық. Жетімдер үйіндегі бала Бәрімізде пендеміз, адамдармыз, Ананың ақ сүтінен нәр алғанбыз.
Мөлтілдеген көздерді қия салған, Қалайша қатігез боп жаралғанбыз? Қасыма жасқаншақ көз сәби келді, Жанары неткен ауыр, мұңды еді. Бар жүкті сәби көзге арта салған, Жаратқан дәл осылай сорлы ма еді. Мен қайтсем, қайтсем екен қара көздер, Жылытпайды жаныңды дана сөздер. Үй соғып, қанатыма алсам ба екен, Жылы, жылы сөз айтып дертіңді емдер. Жоқ, әлде тіл қатсам ба адамзатқа, Тас бауыр қара жүрек замандасқа. Мейірімін тас қылған, қандай індет Ой салып көрейін бе сол құрдасқа. Шын болса бар екені жаратқанның, Көздерін неге оймайды күнәhардың. Құдайы қайда олардың, сыйынатын Отына салмайды неге тозақтардың. Бар болса ата анасы бейбақтардың Неге іздеп келмейді екен қарақтарын. Қара көзді шаттыққа бөлейтіндей Жоқпа екен туыстары шырақтардың Білсең ғой жетім көздің сұрақтарын Көрсең ғой жетім қалған құндақтарын. Жүрегі тас болмаса неге үндемейді Қайранда, қайран менің қазақтарым! Қайыршы Қайыршы қол жаяды көрінгенге, Табыстың көзі ме бұл ерінгенге. Садақа беріп тұрып қалдым ойға, Өзгерген секілденіп өмір демде.
Адамдар өтіп жатыр бұрылмастан, Секілді көрмегендей сұрын қашқан. Көз салып қарамайды мүсәпірге, Тағдырын мүсіркемей қырын басқан. Қатыгез қайыры жоқ адамдар-ай, Мұндай жайт бастарыңа оралмағай. Қара бастың қамымен күн кешкенше О баста, пенде болып жаралмағай. Біреудің бұл дағы бір баласы ғой, Көзінің ағы менен қарасы ғой. Туғанда сүйіншілеп шаттанумен, Жасаған болар мүмкін атасы той. Мүмкін бұл тағдырының наласы ма Біреудің бір кездегі данасы ма. Саусағы суық сорған, қайыр тілеп Әлде бұл бәз біреудің ағасы ма. Бар шығар әпкелері, ағасы нән Бар шығар қарындасы бағы ашылған. Арттан ерген ағалап бауырлары Бар шығар ағайыны жаны ашыған. Сұм тағдыр адам жолын тарамдайды Бар шығар бәлкім мұның балалары Кейбіреу әке таппай жүрген кезде Бұл байғұс неге көше паналайды. Жоғалтты ма аяулы жар сезімдерін, Талақ етіп, ұмытып, шат күндерін. Ұмытты ма кездерін ғашық болып, Көрмесе тура алмастай күйге енгенін. Қайыршы, енді саған мен не деймін. Сардалам жоғалтты ғой боз інгенін.
Адасып жүр тайлағы әлде кімнің, Иесі кім таппадым. Мен білмедім. Салымсыз бақтан ада, тар маңдайы Зарлы әуен, мұңлы дауыс, жез таңдайы. Басқа тепсең барыңды, бір білгенім Қайта айналып басыңа бақ қонбайды. Өзен жағасында Ағады өзен ағады Жуып сумен жағаны. Қағаз қайық жылғада Суға батып барады. Ағады өзен ағады Әнге бөлеп даланы Суға түскен жапырақ Тулап-тулап алады Ағады өзен ағады Алаңдатып баланы. Суда жүзген ақ сәуле Құрбыны еске салады. Ағады өзен ағады Толтырып сай саланы Аспан көктің көз жасы Нөсер боп жерге тамады. Тулады тамшы дүние Шығып жердің үстіне. Жерге сіңіп жоқ болды Топыраққа түсті де. Пайдам бар ма? Бір пайдам жоқ ешкімге қайтсем енді Аспанға ұшып бу болып кетсем бе енді. Жүрсем бе екен қалықтап, мамыражай,
Керек қылмай, ойға алмай ештемені. Әлде, әлде бұлт болып сөгілсем бе, Нөсер болып, жыр болып төгілсем бе. Нәрестенің қиналған жан айқайын, Емдейтұғын дәру боп егілсем бе. Не болса да керегім болса екен, Көппен бірге өртеніп, тоңсам екен. Нан пісірмей кеудеме, өр боп кетпей Жоқ жітікке қолымды созсам екен. Қара орманның қабағын ашсам екен Айта алмаған сөздерін айтсам екен. Найзағай боп намысым бойымдағы Сонан кейін шоқ болып жатсам екен. Бір керегім боп қалар мүмкін, мүмкін Іздеп мені жар салар жұртым бір күн. Артымнан мүмкін менің ән айтылып, Күңіренер түз күрсінер неше дүркін. *** Керекпін мен керекпін. Өз қолымен мәуелеп, Отырғызған теректің Қоңыр күйін бір тыңдап Қайту үшін керекпін. Басу үшін күйігін, Өртеніп тұрған өзектің. Керекпін мен керекпін Сай бойында жайқалып Шыққан жасыл желектің. Майсасына бір аунап Қайту үшін керекпін. Жырын жырлап беруге Қайталанбас мезеттің.
Керекпін мен керекпін Нәрестесін дерт шалып, Күйін кешкен безгектің Жас ананың жарасын Жазу үшін керекпін. Болмаса егер осылай Жерде жатқан тезекпін. Өлең мені қайтесің...... Ей - өлең! Сені қайтейін Сен бе едің менің тұмарым. Елпеңде – елпең етемін, Мен сені қайтып ұғамын. Алыс кет менің жанымнан, Мен емес сенің пырағың. Тірлікке мынау қағынған Бас имей қалай тұрамын. Кет дегенге жек көрме Онсызда көп ойларым. Шарап ішкен кештерде Көгендеп мені байладың. Қайғырғанда қайысып Көзден парлап ыстық жас. Жұбандым сенмен табысып Досым болдың таптырмас. Тамыры терең денеңнің, Тынысын қалай айта алам. Пірі болуға қара өлеңнің Туу керек маған қайтадан.
Таудағы боран Сай-сала, ақ қар басқан адырлардан, Іздеп келем өзімді табылмаған. Жайшылықта сағынтып құса еткен, Тауларым алдымда тұр мен аңсаған. Ақ түтек бораны да бойға жылы, Әлденіп, денем бөлек ,бір жіпсіді. Мұз болып қатқан қырау қабағыма, Тамшы болып кеудемде тамылжиды. Алтайдың өр кеудесін ақ қар басып, Құшағын шыңдарым тұр айқара ашып. Тарбағатай алыстан сағым болып, Қол былғайды менімен амандасып. Басында ол таудың да аппақ боран, Айналдырып ақ бөркін жай жатпаған. Тарбағатай Алтаймен қол ұстасып, Бірге өскен аға, ініге ұқсап қалған. Мендағы бір тасымын бұл өлкенің, Сайларда жатып қалған ақ қар басып. Аңсаған шындарыма бір жетермін, Күш қайратым демеу боп, жанталасып. 01.03.2014 ж.
Жолда Жүрдек поез қуырып жер ашпысын, Зуылдайды сыптай боп тартып ішін. Ауылдарды аралап тоқтай алмай, Кетіп барады зырылдап, сарқып күшін. Адамдарды ұзатып көзбен ғана, Терезеден қараймын мен далаға. Олар мағантаныс боп көрінеді. Қалып қалған байқамай айдалада. Йә ,Олар! Менің нақ туыстарым Қол бұлғайды көргендей туысқанын. Әне, бала шанамен сырғанап жүр, Еске салып ағамның қылықтарын. Бір жерден анам менің елес берді, Аппақ болып желбіреп кимешегі. Тоқта, тоқта!Көк өгіз, жүрдек өгіз, Құшақтайын анамды, жүрмеші енді. Секілді анам, сол қалпы, жас кезіндей Көзін меннен алмады, еркесіндей. Қала берді, қол бұлғап, кете бардым Өмір шіркін осылай өтесің бе –Ей? Омбылап аппақ қарды, қара атпенен Әкем кетіп барады, қыратпенен. Айғайлауға шақ қалдым «әке, әке»-деп, Не десемде дауысым, жетпес білем. Жолаушымын. Сапарым ұзақ әлі. Еңкейіп күн алыста. Қызарады. Тоқтай алмай барамын. Тоқтай алмай. Алдандырып
түлкінің құмалағы. Мен қазақтың ұрпағы Мен тауыма, жеріме табынамын Менің киіз кітабым шағылдарым. Ең алғашқы жырымды тарту еткен Бір ұлымын Ойшілік, Қарғыбаның. Бір ұлымын қазақтың далада өскен Мінезімде кей кезде далама тең. Шын пейілмен дос болсаң серігіңмің Арам болсаң дауыл боп жайпап өтем. Мен өзенмін, ағамын сай – саламен Өрнектеймін ізімді қыл қаламмен. Тоқтау көрмей, жылжимын, дамыл таппай Тілдесуге кіршіксіз даламменен. Мен жаңбырмын.Төгемін жыр пейілді Кейінгілер салмақтар мөлшерімді. Артық айтсам, Сар далам! кешіре көр Есейсе де, тағатсыз тентегіңді. Мен ақынмын, көйлекті көктеп киген Жүлделерден құр қалып шеттеп жүрген. Жыл айланып келгенде жайлауыма Топырағын жерімнің бас сап сүйген. Мен даланың бір ақ тал жусанымын Шиырлатып, шыңдаған мың тамырын. Жүрегі шоқ болғанмен, пейілі кең Мен әйгілі Қазақтың ұрпағымын. Жыр дәптер (поэзияға деген махаббат) Көптен бері қалам алмай қолыма,
Өлең сені үркітіп мен алдымба? Ескі досым неге отырсың үндемей Меніменен дос болуды қойдың ба? Бір жыл болды жүздеспедім өзіңмен Бір жыл болды сөйлеспедім өзіммен. Топай тірлік күн мен түнді жылжытып Тілдесе алмай қойдым ішкі сезіммен. Жазып өтіп, қыста келді баяғы Бұл қысыңда кетуге енді таянды. Әр тұстардан қылаң беріп қарасы Көктем сұлу ұйқысынан оянды. Күннің көзі маужыратып әлемді, Қыздырады қалған тонып денемді. Бір жыл бопты ұйқылы, ояу күн кешіп Бір жыл бопты жазбағалы өлеңді. Жыр дәптерім, жалбыраған, шаң басқан Ноқталайды сансыз ойды айқасқан. Сол ойларды еске салар құрғырды Бастамауым керек еді. О бастан. Бір бөлмеде мен жалғызбын. Сен жалғыз. Ауамен тек жалғасады ортамыз. Сен күтесің. Бір келер деп білемін. Сырымызды. Кімге қалай айтамыз. Қол созым жер, қол созым жер. Тым алыс. Жоламадым тілесемде
Жұбаныш. Арамызда не боп қалды? Дәптерім. Қоштасу ма? Әлде, уақытша қызғаныш. Өзім туралы Мен өзіммен тағы отырмын сырласып, Ішкі ойларым, жыр жолдармен ұласып. Аңдып жатқан ақын жанның ойлары Шықты інінен шумақ болып ұйқасып. Бір денеде бас көтеріп сан пікір Қобалжыған жүрек оны айтып тұр. Мен жай ғана құраушымын тақпақты, Шын ақындар бұл жүрекпен қайтіп жүр. Сап көңілім, басыл енді тиылшы Дене біреу, ойлар қилы - қуғыншы. Дамыл көрмей адырайған тамырлар Жалғыз адам. Жалғыз бөлме. Түн іші. Ақ қағазға жыр шумақтар өрілген, Сап маржаны ішкі ойдың терілген. Оқыр болса соны біреу үлгі етіп Бекер болмас қара терің төгілген. ЖАҢА ЖЫЛ Қайтадан жыл ауысты, жер сілкініп Ескі жыл ғайып болды, бір күрсініп. Тарих шал дорбасына тығып алды, Белгісін өткен күннің өкіндіріп Талдарға мініп алып қылау тірлік, Түнімен ұйықтай алмай алды ісініп. Күн шықса жүзі жылып жерге түсті Қара жер қағып алды, аңдып тұрып.
Ауысты ақ пен қара боран болып, Аязы сар даланың санаңды ойып. Ақсақ елік секілді, Ай тасырқайды Денесін жылыта алмай қалған тоңып. Келді, келді қайтадан жаңа тәуіп, Шапанын ауыстырып жымын қағып. Қолында аса таяқ, сақалы аппақ Артынан із қалдырмай қармен жауып. Қоңырауы тірліктің күңгір,күңгір Тоқтамайды толассыз, қылып ығыр. Парағындай жыртылған күнтізбектің Ұстатпайды жылдардың жібі құрғыр.
Әріптестер шығармашылығы Бейбіт Илашұлы Қапашев. 1972 жылдың 3-ші наурызында Гурьев (қазіргі Атырау) облысы Индер ауданы Кулагино (қазіргі Есбол) кентінде дүниеге келген. 1990-1994 жылдары Абай атындағы Қазақтың Мемлекеттік Педагогика Университетінің қазақ филологиясы факультетін бітірген. Ұзақ жылдар әр сатыдағы мемлекеттік қызметтер атқарған. Бала күнінен поэзия және проза жазумен шұғылданып келеді. Бірнеше рет өлеңдер топтамасы «Арай» журналы мен «Жас алаш», «Алматы ақшамы» газеттерінде жарияланған. 2013 жылы Ө.А.Жолдасбеков атындағы Құқық және бизнес академиясының құқық факультетіне оқуға түсіп, 2015 жылы құқықтанушы мамандығымен бітірмекші. Аурухана ашылған алғашқы айлардан бастап қауіпсіздік және еңбекті қорғау инженері, аудармашы боп еңбек етеді. Алматы қаласы бойынша аудармашылар байқауының жеңімпазы. Сонымен қатар, Бейбіт Имашұлы алғаш аурухана ашылған жылдан бастап осы мекемеде лауазымды қызмет атқара отырып, көптеген атқарылып жатқан игі істерге де мұрындық болып келе жатқан іскер азамат. Таяуда ғана аурухананың төрт жыл толғандығына байланысты ұйымдастырылған концерттік бағдарламаны өз қарауында істейтін қыз жігіттердің көмегімен атқарып, келесі күнгі өткізілген спартакиаданың ашылу салтанатына өз ұжымының күшімен қызықты спорттық нөмерлер көрсетіп, барлық спорттық жарыстарға бір азаматтай белсене қатысуы да Бекеңнің қандай азамат екендігін көрсетіп тұрған жоқ па? Оның бергі жағында, сиясы әлі кеуіп үлгермеген, Бейбіт Илашұлының қолының шыққан, аурухананың ашылуына төрт жыл толу құрметіне арналып жазылған, осы мекеменің тыныс тіршілігінен толықтай сыр шертетін фото альбом дық нұсқадағы тарихи жинақтыңда жарық көруі бұл азаматтың келбетін одан әрі ашып, нұрландыра түскендей. Осы жинақта ұсынылып отырған шығармалар автордың кейінгі кездері қолынан шыққан шығармаларының бір топтамасы ғана. Келешекте Бекеңнің қолымен жазылған талай- талай шығармалардың жарық көретініне кәміл сенімдіміз. Өзгелерге қуаныш сыйлай отырып, сен өзіңді ұлықтайсың.
Дәрігер болу – бұл ерлік. Ол – кез-келгеннің қолынан келе бермейтін өзіңді құрбандыққа шалуды, жан-дүниеңнің және ой-санаңның тазалығын талап етеді. (А.П.Чехов) Ұлы жазушы А.П.Чеховтың осынау ұлағатын жадына түйіп қана қоймай, әкеге тартып, әке жолын қуыпөскен, адам жанына арашашы болар дәрігер мамандығынкиелі Әулиеата топырағы атанған Жамбыл облысы Сарысу ауданының ауылынан шыққан ауыл баласының таңдауы - бекер болмаса керекті.Олай болуы да «халық жауының» ұлы атана жүріп ғұмырлық жолындағы кездескен қаншама қиындықтар мен аяқтан шалған қиянаттарға мойымай, қайта өзіне тән төзімділігі мен еңбекқорлық қасиеттерін ту ете отырып, облыстық деңгейде денсаулық сақтау саласының үздігі танылған, осы саланың бірінші басшысы болған Тұрар Сейдуманұлының аталық рухынан, құрсағына Тәңірі салған бес перзентін жеткізе жүріп, халық денсаулығын сақтау саласына ұзақ жылғы жемісті еңбегін сіңіре білген Аманжолқызы Рахима ананың ақ сүтімен дарыған қадір-қасиет десек қателеспеген болсақ керек. Қалай болғанда да, құрсағынан өрбіген сол бес баланың төртеуін Мәскеудің белгілі жоғары оқу орындарында оқытып, өркениетті де тұщымды білім беруге ұмтылдыруы – осы Әке мен Ананың балаларының келешегіне деген көрегендік ұстанымдары демеске лажың жоқ. Мұның бастауы –өткен ғасыр басындағы әлем болмысына түбегейлі өзгеріс енгізген Ұлы Қазан төңкерісінен кейінгі отызыншы жылдарда Кеңес Одағының құрамындағы Қазақ АКСР-ы боп құрылған жас мемлекеттің Шымкент облысы Жамбыл ауданының Ильич ұжымшарын басқарған Кенжебайдың Сейдуманы болса керек. 1909 жылы осы өзі басқарған Ильич ұжымшары атанған Ақбұлым ауылында дүние есігін ашып, талабына сай білім алып, замана ағымымен ілесіп, қызметке белсене араласқан Сейдуман ақсақал Халбүбі Әбішқызымен шаңырақ көтеріп, үш баланың әкесі атанған өрелі отбасының иесі еді. 1934-1936 жылдары Коммунистік партия тапсырмасымен мемлекеттік қауіпсіздік (НКВД) органдарында қызмет ету үшін Қазақстаннан көршілес Өзбекстан жеріне қоныс аударуы да осы кемел жастағы Сейдуманның еңбекқорлығымен қатар талапшылдық, тапсырылған міндетті абыроймен атқаруға деген құлшынысынан туындаса керекті. Бұхара облысы Акмаль-Аба қаласында (қазіргі Гиждуван қаласы) НКВД органдарында басшылық қызметтер атқарып жүріп, сол кезеңнің сұрқылтай тірлігіне қарама-қайшы келген Сейдуман Кенжебайұлы 1937-1938 жылдары қуғын-сүргін (репрессия) құрбанына айналып шыға келіп, Ресейдің солтүстігіндегі саяси тұтқындар лагеріне айдалып, алайда «ақтың отын ақымақ өшірмейді» деген қағиданың болмысымен белсенді еңбегі мен адал қызметі үшін жабылған жаладан ақталып, 1942 жылдың 13 қарашасында Коми АКСР-ы Сыктывкар аудандық әскери комиссариаты арқылы соғысқа сұранып, Қызыл Әскер қатарында соғысқа аттанады. Шыбын жанынан Абырой-Арын биік қойған 364 атқыштар дивизиясы штабының жанында әскери борышын өтеуші қызыл әскер Сидмон Кенжебаевтың 1943 жылдың 22 шілдесінде Ленинград облысы Мгинск ауданы Карбусель деревнясы аумағындағы болған қиян кескі ұрыста неміс басқыншыларына аяусыз оқ
жаудырып, майдандас жолдастарына бас көтертпей жатқан жау пулеметінің үнін өшіріп, оннан аса неміс басқыншыларының көзін жойып, кеңестік жауынгерлер бөлімшелерінің жаудың траншеяларын басып алуына жол ашып, осындай өжеттігі мен қайсарлығы үшін «За боевые заслуги» медалімен марапатталған ерлік жолы басталған еді. Бұл жөнінде Волхов майданы 8-ші Армия 1216 атқыштар полкі 364 атқыштар дивизиясы туралы 23 шілде 1943 жылғы №0-15-Н санды бұйрығы тарих қойнауынан сыр шертеді. Осылайшакөзге түскен бірнеше ерліктері мен батырлығы үшін 1943 жылдың күзінде ВКП (б) мүшелігіне кандидаттыққа қабылданып, 1944 жылдың 30 шілдесінде Прибалтикадағы Латвияның Лыэпн маңындағы болған Псковск-Островский шабуыл операциясы барысында ерлікпен қаза тауып, дәл осы күні Лыэпн қалашығында №2 зираттың №1 қабіріне өзімен бірге қаза болған майдандас серігі Александр Петрович Процюкпен қатар жерленеді. Ал 1979 жылы Лыэпн қалашығындағы бауырластар зиратынан 474 кеңес солдаттарының мүрдесі Сприндули тауының солтүстік-шығыс етегіндегі бауырластар зиратына қайта жерленіп, осы зираттың ескерткіш тақтасына есімі жазылған Сейдуман Кенжебайұлы да осы топырақтан мәңгілікке қоныс тебеді. Ер есімі ешқашанда өшпек емес, ендеше, Сейдуман Кенжебаевтың есімі де 1993 жылы Коми Республикасының Естеліктер кітабына енді. Аталар мен бабалардың ерлік істері және халық алдындағы қызметі мен құрметі кейінгі ұрпағына мәңгілік мақтаныш! Осындай ұлағатты да көргенді әулет пен отбасынан түлеп ұшқан бала Манаттың мектепті аттестатына түскен бір ғана «төрттік» бағадан басқа үздіктер қатарында бітіруі –осынау өр атаның үлгісі және текті әкенің тәлімімен қатар қаршадай кезінен-ақ пионер дружинасына, мектеп комсомол комитетіне жетекшілік етуі арқылы басқару және ұйымдастырушылық тәжірибесін иеленуге мұрындық болды. Бала Манат ата менен әке тәлімін мақтаныш етті, алдындағы Ұлағат Биігі ретінде таныды... ...Қазақ даласында егемендікке ұмтылған жастардың «желтоқсанның ызғарына» тоңған 1986 жылы И.М.Сеченов атындағы Мәскеудің медициналық институтын «емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдап, 1987 жылы Жамбыл (қазіргі Тараз) қаласындағы Жедел медициналық көмек ауруханасының (ЖМКА) неврология бөлімшесінде дәрігер-ординатор болып еңбек жолын бастады. Өзін ұтымды ұйымдастырушы ретінде таныта білген Манат Тұрарұлы 1991 жылдан бастап Жамбыл қалалық ауруханасы неврология бөлімшесінің меңгерушісі, Алматы облыстық оңалту Орталығының бас дәрігері, ҚР Министрлер кабинеті жанындағы емдеу- сауықтыру құрылымының Орталық ауруханасының бөлімше меңгерушісі, Алматы облыстық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, одан соң Жамбыл облыстық денсаулық сақтау Басқармасының басшысы секілді басқару-жетекшілік орындарында абыроймен қызмет етті. Қалтқысыз қызмет етіп қана қоймай, өзінің талапшылдық қасиеттерін таныта білген іскер маманды Алматы облысы Әкімшілігі Басқарма бастығының орынбасары қызметіне де, кейіннен Солтүстік Қазақстан облысындағы медициналық қызметтер сапасын қадағалау Басқармасына басшылық лауазымға тағайындағанда да өз мамандығын сүйіп қана қоймай, мойнына артқан халық сенімінің үддесінен
шыға білер болмысын тап басқандығы ма дерсің?! Осы ретте Жан Жак Руссоның «Өзгелерге қуаныш сыйлай отырып, сен өзіңді ұлықтайсың»- деген қанатты сөзі еріксіз еске оралады. Қай кезде де жақсылық пен жаңашылдыққа ұмтылған Манат Тұрарұлы 2004 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша өндірістен қол үзбей жүріп тәмамдап, заманауи нарық талабына төтеп берер жаңа мамандықтың иесі атанды. Әуел бастан-ақ балаларының білімді де саналы боп өсуіне жағдай жасап, осы асыл қасиеттерді Әке тәрбиесі және Ана сүтімен бойына дарыта білген Ата-Ана парызына адалдықтың бірден-бір бейнесі осы емес пе! «Тәңірі де ұмтылғанға береді» дейтін халық даналығы бар. Осыны берік ұстанған М.Сейдуманов киелі Әулиеата топырағында қызмет етіп жүрген кезеңде танысып, табысқан жары Гүлнар Амангелдіқызыменен құрған отаулары әулет шаңырағына расында да құт болып дарып, бүгінде екі ұл мен бір қызды тәрбиелеген үлгілі отбасына айналды. Гүлнар жеңгеміз де Семей медицина институтын бітірген медицина саласының тек білгір дәрігер-маманы, яғни, медицина ғылымының кандидаты ғана емес, білікті ұйымдастырушылық қасиетімен танылған №1 Алматы қалалық балалар үйінің 2012 жылға дейінгі, ал 2012 жылдың ақпан айынан бастап №1 Балалар туберкулезіне қарсы шипажайыныңбасшысы ретінде де дүйім жұртқа мәлім. Отбасын құрған ширек ғасырлық уақыт ағымында атадан балаға мирас боп келе жатқан ғылым жолын қууды үлкен ұлы Әділ жалғастырып, алдымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды тәмамдап, халықаралық қатынастар бакалавры, 2010-2012 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-дің заңтану ғылымы (юриспруденция) бакалавры, сонымен бірге ҚХР астанасы Бейжіңнің Халықаралық бизнес және экономика Университетінің экономика магистрі, ал қазіргі таңда Бейжіңдегі Халықаралық бизнес және экономика Университетінің заңтану ғылымындағы PhD дәрежесіндегі докторанты атанды.Ортаншы қызы -Әлия Чехияның астанасы Прага Университетінің студенті. Қаймана қазақ баласы Алладан «Иә, Тәңірім, бала бер, бала берсең сана бер» деп бекерге сұрамаса керек, осындай өрелі ұрпақ тәрбиелеп, заманасына лайықты Азамат-Ұрпақ бере білген Манат Тұрарұлының қашан да үлгі-өнеге тұтар ұстаз- тәлімгерлері де жетерлік. Бұған дәлел – Оңтүстік өңірі медицинасаласының ақсақалы атанған марқұм Амантай аға Біртановтың, бұрнағы жылы сексеннің сеңгіріне шығып, Алматы медицина саласы дүркіретіп мерейлі тойын өткізген Тұрар Қойшығараұлы Кукеев ағаларын аузынан тастамай, өз ізбасарларына берер ұлағаты мол Ұстаздарын мақтаныш етіп отыратынын көзіміз көріп жүр. «Қадірлесең кәріңді жарылқармын бәріңді» деген ұлағатқа «шәкірт»Манаттың адалдығының қайтарымы да осы шығар?! Қалай болғанда да, денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру мәселесі бойынша 2006 жылдың мамыры мен маусымы арасында Канаданың Торонто медициналық Университетіндегі оқылған дәріс пен қорғалған Сертификат, 2013 жылы Германияның Ганновер қаласындағы Медициналық Академияда өткізілген «Евромедика» халықаралық конгресіндегі оқылған дәріс үшін берілген диплом мен «Кох» медалінің иегері, сондай ақ ұзын саны елуден астам денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру бойынша жазып, жариялаған еңбектері мен әдістемелік құралдардың авторы, «Қазақстан Республикасы денсаулық
ісінің үздігі» және «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының үздігіне» төсбелгілерімен, ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, ҚР Денсаулық сақтау Министрінің және Алматы қаласы Әкімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталған Манат Тұрарұлы Сейдумановтың заманауи ағымның іскер басшысы ретінде танылған тағы бір жұлдызды сәті – өзі басқарып отырған ШЖҚ «Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы» ұжымының 2011-2012 жылдардағы статистикалық әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштерінің қорытындысымен Алматы қаласы бойынша – 1-ші орын, ал Қазақстан Республикасы бойынша – 4-ші орын иеленіп, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина және Әзірбайжан мемлекеттері Ұлттық бизнес-рейтингілер Одағынан «Сала көшбасшысының» құрметті естелік белгілері мен осы жеңімпаз ұжымның басшысы ретіндегі «Қазақстан даңқы» естелік орденімен Қазақстан Тәуелсіздігінің мерекесі қарсаңындағы және 2014 Жаңа жыл қарсаңында А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия Ұлттык Орталығының «Алтын медалімен» марапатталуы еді. Мұндай жетістікке жету жолында Манат Тұрарұлының жанынан табыла біліп, тек кәсіби тұрғыда ғана емес, ұйымдастырушылық-іскерлік қатынастар мен халыққа қызмет ету сапасына жіті көңіл бөле білетін Бас дәрігердің бұрынғы орынбасарлары, медицина ғылымының докторы Рүстем Владимирұлы Қадырбаев, Рашид Бейсембекұлы Сүлейменов, Шолпан Бекенқызы Аманжоловалар және қазіргі таңдағы орынбасарлары, медицина ғылымының кандидаттары Анаргүл Бәкірқызы Кулембаева мен Оңласын Төлегенұлы Ибекенов, Галина Ивановна Митрякова, Нұрлан Қалжанұлы Нұрлыбек, Ғалымжан Нұржаубайұлы Абилов сынды қосшылары мен атағын тек Қазақстан емес, әлем тани бастаған травматолог-дәрігер Владимир Геральдович Семенов, алтын қолды нейрохирург, медицина ғылымының докторы Виктор Васильевич Крючков, Алматы қаласының бас токсикологы Гүлмира Мұратқызы Тойбаева, талантты реаниматолог-ұстаз, медицина ғылымының докторы Бекболат Қинаятұлы Сүлейменов, гинеколог-дәрігер Роза Әбілқасымқызы Алтаева, терапевт-дәрігер Мәдина Омарқызы Шермаханова, кардиолог-дәрігер Эльмира Оразбекқызы Затыбекова, сәулелі- диагностика саласының біліктісі Рысалды Қайыпжанқызы Джанабаева, жоғары санатты уролог-дәрігер Ғани Қандыбайұлы Амиров пен кәсіби фармацевт әрі кәсіподақ төрайымы Күлмариям Қапарқызы Туруспекова, невропатолог Равиль Тұрсынұлы Баратов, шипа қолды Асқарбек Мушқалұлы Якубов пен Асқар Қасымханұлы Алимжанов, Ғалымжан Кеңесұлы Баймағамбетов, Марина Анатольевна Головня секілді бөлімше меңгерушілерінің «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған» ынтымақтастықтары мен ұжымдағы барша еңбеккерлердің есепсіз еңбектерін атап өтпеу кешірілмес күнә болса керекті. Бұл салада осы Манат Тұрарұлының ұсыныс-тілегімен аталмыш аурухана қабырғасына оқу базаларын орналастырып, ертеңгі ақ халатты дәрігерлердің оқу үрдісін теориядан нақты тәжірибемен ұштастыруға ұмтылған С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың, ҚазҮМББУ-нің (бұрынғы АМДБЖИ-ның) және өзі қосымша 2014 жылдың қаңтар айынан бастап жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің қоғамдық денсаулық сақтау, әлеуметтік гигиена
және денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру курсының меңгерушісі боп табылатын Қазақстан-Ресей Медициналық Университеті кафедраларының профессорлары, доценттері, ассистенттері студенттерге тек білім беріп қана қоймай, аурухананың емдеу үрдістеріне, тыныс-тіршілігіне белсенді түрде қатынасып отыратындығын айрықша атап өткім келеді.Осы ретте өткен жылдың 17 қарашасында Алматы дизайн және сән колледжінде болған граната жарылысынан зардап шеккен 12 оқушы ұл-қыздарға алғашқы медициналық жәрдем көрсетіп қана қоймай, өлі мен тірінің арасында болған 5 ұл-қызға Алланың қалауымен екінші рет өмір сыйлаған сол бір сұрапыл да тынымсыз сәттерді қайтадан көз алдыңа келтірудің өзі – қиынның қиыны! Тек ауызға айтуға ғана оңай секілді көрінетін сол өмір мен өлім арбасқан кезеңдегі сағаттап жүргізілген аса күрделі оталар - сын сәттегі нағыз кәсіби маман мен құр ақ халат жамылып, дәрігер атанып жүрген қуыс кеуде жандардың ақ-қарасын айырып берер - сын таразысы болған еді.Көлдетіп көз жастарын төгіп, Тәңіріге жалбарынып перзенттеріне ғұмыр тілеген, сол Тәңірінің қолдауымен қолдарына шипа мен бойларына сауапты бата дарыған Ақ Халаттылардың төккен терлері, күндіз-түні еткен еңбектері еш кетпей, сол 12 ұлан еңселерін тіктеп, санаулы күндерде аурухана ауласынан үлкен өмірге қайта аттаған сәттерін көргендегі Әкелер мен Аналардың қуанышты жүздеріндегі толғаныстар мен төгілген адами алғыстарына күллі республика халқы көгілдір экрандагы барлык арналар арқылы куә болған еді!Сол кездері осындай білікті Ұйымдастырушы-Басшысы бар Абыройлы Ұжымда үзеңгі қағыстыра еңбек етіп жүргенім үшін менің кеудемді зор мақтаныш кернегенді. 2011 жылдың 14 ақпанында кемеңгер Елбасы Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың баталы тілегімен ашылған аурухана осындай аз ғана уақыт ішінде еңсесін тіктеп қана қоймай, әлемдік стандартқа сәйкестілік жөніндегі ISO 9001:2008 сертификатқа 2012 жылы ие болып, Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония және Үндістан сынды ғылымы мен технологиясы қарыштап дамыған алпауыт елдердегі алдыңғы қатарлы клиникалармен қоян-қолтық әріптестік меморандумдарын жасасып, соның арқасында Алматы халқына әлденеше мәрте «Ашық есік күндерін» ұйымдастырып, осы клиникалық білгір мамандарды ауруханаға әкеле білген ұжым мен оның білікті басшысының шығар шыңдары әлі алда. Бүгінде ШЖҚ «Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы» МКК Бас дәрігері Манат Тұрарұлы Сейдуманов – медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі, жоғары санатты дәрігер. «Дәрігер – қыранның көзіндей өткір, қыздың қолындай нәзік, жыланның ақылындай әбжіл және арыстанның жүрегі секілді батыл ерекше физиологиялық және рухани қасиеттерге ие болуы тиіс!» - деп айтқан әлем медицинасының Атасы – Ибн Синаның (Авиценна) ұлағаты арқылы Манат Тұрарұлы Сейдумановтың пендеуи келбетіне және осыған дейінгі денсаулық саласы мен өз ұжымына жасаған өлшеусіз еңбегіне титтей де болса әріптестік бағам жасай алсам – мақсаттың орындалғаны болмақ. Шыққан биігің мәңгі аласармасын, Құрметті Әріптесім, Ұстазым - Ағам!
Аңсау. Нағыз жайлы орын: қылышқа – қынабы, отқа – ошағы, ер жігітке - өз үйі. Расул Ғамзатов. Өзіңе қайтып келермін, Алыстап кетсем – айыбым. Қимасымдай боп келер күн, Оралам саған, Жайығым. Кермиық далам көсілдің, Келе алмай кетсем – айыбым. Сен үшін сыр боп шешілдім, Жыр болып жаудым, Жайығым. Кел ұлым, кел деп қарсы алғын, Сағыныш – жалғыз қайығым. Жеткенше саған шаршармын, Аңсармын жайсаң, Жайығым. Жыр жаздым кейде ақын боп, Көргеннің болмас бәрі мұң, Кеудемде жанған ақырғы от Төсіңде жанар, Нарыным. Сәт сайын сені аңсадым, Бойыңда тылсым сыр бардай. Сағындым сені қанша күн, Сағынып жеткен жырлардай. Өз ұлың тағы оралды, Тимесін саған сын көзі. Әр төбең тозбас таралғы, Дендерім – кеннің күмбезі. Атар ма таңым арайлап, Сағынышымды сезіндім. Жайығым, бүгін сені ойлап Сені ойлап барып көз ілдім. *** Ата жұртқа арнау. Ұлым! Сен жігіт болсаң кең тұлғалы, Алдыңда белгілі көп жол тұрмағы. Сан сынға шыдай біл, Тек төзе көрме
Жала сөз айтса біреу ел туралы. Бабалар аманаты. Заманымыздың аз болғандай наласы, Заманымыздың аз болғандай бабасы. Күллі аймаққа қалай ғана Бас болар Қаңғып келген қаңғыбастың баласы. Қай кезде де баққа зорлық мінгескен, Осылайша күндер көшкен, жыл көшкен. Біздің қазақ қуаныш деп қайғысын, Біздің қазақ қасіретпен күн кешкен. Бастың сорын күтіп күн-түн, ақырын, Ақымаққа берген барлық ақылын. Біз боламыз қазақ деген ғажап ел, Біз боламыз қазақ деген пақырың. Келер ұрпақ айта жатар қалғанын, Аруақтардың көтере алсақ аруағын. Мен өзімді, мен өзімді емес-ау Сақтасам деп жүрмін солар арманын. Жүрегімді жақсы жырлар қозғасын, Аруақтарға бас иемін өз басым. Махамбеттің қастерлеген қылышы Ақтабанның табанында тозбасын. Келер мүмкін менің де бір ажалым, Атырауым, айналайын базарым. Сенің көркің, сенің еркің жасайды Аман болса қазағың. Атырауым, қыраның ем бір ұшқан, Іздемеші үңгірлерден, қуыстан. Азаптардың барлығы да жанымда, Қазақтардың барлығы да туысқан. Ей, ағайын, мені жерден бөлмегін, Мүмкін менің аздау шығар көргенім. Сендер мені жоқ десеңдер – жоғалдым, Сендер мені бар десеңдер – жердемін. Сұлу тірлік берер болсын жарығын, Қиын болса қайтарармыз қарымын. Қыран болып шыға алмасақ бәріміз
Кептер болсақ... Асыраймын... тарымен... *** Махаббат жоқ, өмірде - бәрі жалған, Махаббат – іздегенге болған арман. Махаббат – от сияқты жалындаған, Мендегі от өшкен қазір, бұрын жанған. (Мұңлы жыры досымның, альбомына жазылған.) Есіне салар, тезіне салар әркімнің, Жетеді жерде арамдар менен адалдар. Жібегі менен Баянын туған халқымның – Жанында жүр ғой Бекежандар мен Қодарлар. Махаббат – нәзік, нәзікке әсте тимегін, Төлеген менен Қозылар бүгін ертегі. Шын ғашықтардың өксіген зарлы күйлерін – Домбыра – тарих шертеді. Мәңгі бір есте қалдыру үшін кешені, Жүректің мұңы ән болып кейде өрілген. Шын ғашықтардың жайылмай қалған төсегі – Жиылмай жатсын төріңнен. *** 5 – 41 (Маржанға) 5-41 - бар үмітім байланған, 5-41 - алынбайтын қамалдар. 5-41 - қиындыққа айналған, Шешілмейтін жұмбақ сынды, Не амал бар? Достаспайтын үміттермен достасам, Осылайша өтіп жатыр өмірім. Кездесе алмай қалай ғана қоштасам – Алынбайды Горныйдағы нөмірің?!. ... Жаным жүдеп, жүрек жылап барады, 5-41 – сағындырмас мені енді. Жүрегімде жылтылдайды жанарың – Жек көремін, 5-41 дегенді. *** Дөңбекшуменен түнді өткеремін, өткеніме де оралам, Сезімімді де, төзімімді де бейшара түндер тонаған. Еңсемді басқан қара түннің де сейілетін бір кезі бар – Қара әйнегімнен қараған.
«Ұғын, жаным» деп, кінәласаң да даттама, Түсінсең, жаным, тірліктің бәрі ақ, қара. Ұша бер, қалқам, кептер бол-дағы – Қонатын жері белгісіз... Тек мені жарым, даттама! Тек сонда ғана көрінеді өмір – жұмақ боп саған бір күнде, Бақыт дегенің – қасыңда құсың жүргенде. Қайғы дегенің – қасарып қалған қамалың, Жаныңды қысар іргеңде! Сезімнің бар ғой сайрандайтын да өз елі, Көңілім менің бәрін де соның сезеді. Мен жүрген жерді кезбей-ақ қойшы, Қиялым Сен жүрген жерді Қиялым менің кезеді - Жүрегім менің бәріне соның төзеді!!!
Мақпал Құрбанқызы Ибраева 1986 жылы 11-желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Бөген ауылында дүниеге келген. 2004 жылы осы аудандағы Темірлан елдімекенінде Ш.Уәлиханов атындағы кешенді мектеп-гимназиясын (қазіргі «Кәусар») бітірді. 2004-2008 жылдары Алматыдағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін аяқтады. 2008-2009 жылдары «Студент» жастар журналында журналист қызметін атқарған. 2010-2012 жылдары Шымкент қаласындағы Алматы Экономика және Статистика Академиясын бухгалтер мамандығы бойынша тәмамдады. Гиппократ Гиппократтың антын алдық қабылдап, Көңіліміз тыншыр емес, дамылдап. Қол созуға біз даярмыз міне, енді, Дәрігерміз жаныңыздан табылмақ. Қайырмасы: Жедел жәрдем көрсетеміз, жігерліміз, батылмыз, Көмек қолын ұсынуға кетіп бара жатырмыз. Тіршіліктің нәрін сыйлау – міндетіміз, себебі, Бар емес пе мақтан тұтқан хас дәрігер атымыз. Қай кезде де сенімділік сақтайтын, Сан мыңдаған үміттерді ақтайтын. Науқасына шипа іздеген халқымның, Жанашыры жақсылықты жақтайтын. *** Адам жаны Адам жанын арашалап алатын, Қиын сәтте тәуекелге баратын. Ақ халатты абзал жандар емес пе, Мейірім мен ықыласын салатын.
Қайырмасы: Біз сүйетін медицина кәсібі, Мамандықтың ішіндегі асылы. Жанға дауа, тәнге шипа ем берер, Жедел жәрдем келе жатыр асығып. Науқасқа бейжай қарап қалмайтындар. Үнемі шаршамайтын, талмайтындар Асыл жүрек дәрігерлер емес пе, Үзілген үміттерді жалғайтындар. *** Сен Сен – құрметті мамандықтың иесі, Науқас жанға бола қалар әбігер. Саған мәлім тән мен жанның жүйесі, Ақ халатты абзал жансың, дәрігер. Қайырмасы: Жедел жәрдем, жедел көмек бересің, Қиындықты бірге қоса жеңесің. Алғысқа да, құрметке де лайықсың, Халқың, әне, еңбегіңе сенетін. Қайта соқтыр, дәрігер, жүректерді, Шипа берер аялы алақаның. Орындайсың көп үміт-тілектерді Арайлап ата берсін ала таңың.
Арайлым Абдиятқызы Шабанова 1983 жылы 29 наурызда Алматы облысы Райымбекауданы Қайнар ауылындадүниегекелген. 1990 жылы Қайнар орта мектебіне оқуға барған. 15 жасынан бастап поэзиямен шұғылданған.Оған себеп ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың қара өлеңдерін оқу себеп болған. Орта мектептен кейін Республикалық Медицина Колледжінде шығармашылықпен байланысты жарыс,дебаттарға қатынасқан. 2010 жылдан қалалық жедел көмек көрсету ауруханасының клиникалық-диагностикалық зертханасына фельдшер-зертханашы болып еңбек етуде. Ақ халаттыларға Секем түсірмей ата салтына, Көмектесер жас пен қартына. Ақ халатты жандар жасасын, Берік болған Гиппократ антына. Мейірімге толы жанарлары, Емге лайық-ау бір қарағандары. Қайтсем көмектесем деп елге - Қиыннан табылған амалдары. Ұйқысыз өтсе әр түндері, Жан саулығын ойлап күн ілгері. Тынған жүректерге жылу беріп, Мазасыздықпен өткен күндері. Ақүміттерді жалғап таңдарға, Қол созған биік армандарға. Адамныңөміріне араша түсер, Басшы керек абзал жандарға.
Айгүл Қосдәулетқызы Малаева 16 ақпан 1964 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Сүмбе ауылында дүниеге келген. 1981 жылы Сүмбе ауылындағы Абай атындағы орта мектепті тәмамдаған. Медицина саласында 2008 жылдан бері абыройлы еңбек етіп келеді. Қазіргі таңда аурухананың анестезиология, реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінің кіші мейірбикесі. Әріптесім Әсемге. Пышаққа түсіп, жатырсың жаның қиналып, Қараймыз саған, бәріміз бірге жиналып. Маңдайыңнан сүйіп, тұрғаны-ай келіп жылағым – Тағдырдың ісі, қайтеміз жаным, шыдағын. Айығып әлі, жазылып жаным, кетерсің, Өміріңнің сәні – отбасыңа да жетерсің. Көзіңді ашып, мұңайып маған қарайсың Бермейсің жауап, сұрасам «Әсем, қалайсың?» *** Әлі есімде сол бір күн, Екі ай бойы жүгіріп. Терезе, еден тырмалап. Тілім-тілім қолымыз, Жан сақтау бөлімін аралап Күнде жуып тазалап. Өстіп шаршап жүргенде Аурухана ашылды. Он алтыншы ақпанда. Содан бері мінеки Төрт жыл да өтіп кетіпті. Осы жылдар ішінде Күшіне еніп БСНП – Шектеуі жоқ орасан Жетістікке жетіпті!
Аурухана қызметкерлерінің ұл-қыздары шығармашылығынан. «1 маусым – Балаларды қорғау күніне» арналған балалар шығармашылығынан байқау өткізілген. Сол байқау жеңімпаздарының шығармаларынан бір белгі. Рая Бектұрсынқызы Бармақова 1979 жылы 23 қаңтарда Алматы облысы Қарасай ауданы Береке ауылында дүниеге келген. 10 жасынан сурет салуменәуестенген. Орта мектептен кейін 1997 жылдан Республикалық медицина колледжінде оқып, тәмамадаған. Колледжде көптеген сурет көрмелеріне қатынасып, жаксы орындарды иеенген. Аурухананың клиникалық-диагностикалық зертхана бөлімшесіне 2012 жылы фелдшер- зертханашы болып орналасқан. КДЗ зертханашысы Рая Бармақованың салған суреттері.
Ұлы ойшылдардың денсаулыққа қатысты айтқан ой- пікірлері Біздің халқымыз тегінен не нәрсеге болсын философиялық көзқараспен қарап, тоқсан ауыз сөздің түйінін бірақ ауыз сөзбен түйіп отыратындығы барлығымызға белгілі. Халық арасында кең тараған «Денсаулық зор байлық» - деген сөздің өзі ғана біздің бұл пікіріміздің дәлелі болып тұрған жоқ па? Ал, біздің ойшылдардан басқа, мәдениеті мен экономикасы көш ілгерілеп кеткен Еуропа елдері данышпандарының денсаулыққа деген түйін сөздері қандай болып келеді екен? Міне, осы мақсатпен бірнеше жылдан бері жинап жүрген ұлы ойшылдардың денсаулыққа қатысты айтқан айтқан ой-пікірлерін сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмын. Бұл қанатты сөздердің көпшілігі Ахмет Бейсеннің құрастыруындағы «Ой маржандары» кітабінан теріліп алынды. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулыққа байланысты. Артур Шопенгауэр Денсаулықтың өмірдің басқа рахаттарынан артықтығы сонша, шын мәнінде дені сау қайыршы ауру корольден бақыттырақ. Артур Шопенгауэр Дәрігердің атағын соның қарауында болып өлген әйгілі адамдар шығарады. Джордж Бернард Шоу Медицинада оптимистік жалған айтудың қажеттілігі сонша, шын өтірік айтуға қабілетсіз дәрігердің мамандық таңдауы дұрыс болмаған. Джордж Бернард Шоу Сау тән – сау сананың жемісі. Джордж Бернард Шоу Біздің дәрігер кәміл қажет болған жағдайларда ғана операция жасайды. Егер оған ақша өте қажет болмаса, сізге саусағын да тигізбейді. Херб Шрайнер Медицина – өлімнің себептері негізінде аурудың белгілері жайлы қорытынды шығару өнері. Ионеско Эжен Диета – тәбетті жақсартатын тағы бір амал. Эван Эзар Дәрігердің медицинаға сенуі тіпті де қажет емес – ауру оған екеуі үшін де сенеді. Жорж Элгози Адам деген физиологияға бағынған ақыл. Ральф Эмерсон
Тәні мықты ыстыққа да, суыққа да шыдайды. Сол сияқты рухани сау жан ашуды да, қайғыны да, қуанышты да, басқа сезімдерді де көтеруге қабілетті. Эпиктет Дәрігерлерді не наным бойынша, не үнем тұрғысынан жек көреді. Мария Эбнер-Эшенбах Дәрігерлер мен ұстаздардан ғажайып талап етіледі, ал егер шынымен ғажайып болып жатса, ешкім таң қалмайды. Мария Эбнер-Эшенбах Біз не үшін өмір сүретінімізді білмейміз; ал дәрігерлер оның үстіне неден өлетінімізді білмейді. Хенрик Ягодзиньский Өлім деген ауруыңды әбден мезі еткенің. Хенрик Ягодзиньский Сәтсіз операция – өлікті сәтті союдың жартысы. Хенрик Ягодзиньский Өлім, сен енді өз ауруыңды әбден жалықтырдың. Хенрик Ягодзиньский Бірқалыпты әрі дер кезінде дене жаттығуларымен шұғылданатын адам ауруды жоюға бағытталған ешқандай емге мұқтаж емес. Авиценна (Әбу-әли ибн Сина) Гимнастикамен достасып, әрдайым көңілді бол, сонда жүз жасайсың, мүмкін, одан да көп жасарсың. Микстуралар, ұнтақ дәрілер – денсаулықтың жалған жолы. Табиғатпен – бау-бақша мен таза далада – емдел. Авиценна (Әбу-әли ибн Сина) Егер дене жаттығуларымен шұғылданса, сонымен бірге қалыпты тәртіптің басқа да барлық нұсқауларын, түрлі аурулар кезінде қабылданатын дәрілерді қолдануға ешқандай мұқтаждық жоқ. Авиценна (Әбу-әли ибн Сина) Егер жасыңыз елуден асып, жаңа ғана оянсаңыз әрі еш жеріңіз ауырмаса, бұл сіздің өліп қалғандығыңыз. Ағылшын нақылы Әрбір күнің жақсы болса, денсаулық деген сол. Франклин Адамс Дене жаттығулары мен ұстамдылықтың арқасында адамдардың көбі медицинасыз-ақ күн көре алады. Джозеф Аддисон Денсаулық пен көңілділік бірін-бірі ұрықтандырады. Джозеф Аддисон
Мен соншама дәм қойылған столдарды көргенімде соның әрқайсысының артында тосқауылдағыдай буынның сырқырауы, шемен, безгек және тағы басқа көптеген аурулардың жасырынғанын елестетемін. Джозеф Аддисон Күн сайын басқа жерің ауырса, денсаулық деген сол. Американдық нақыл Аз білсең – тез қартаясың. Борис Андреев Өмірдің барлық күштері тепе-теңдікті бұзудан басталады, тепе-теңдік – өлім! Леонид Андреев Біз тым жақсы білмейтін адамдар ғана қалыпты. Джо Ансис Ұлы адамдар есалаңдыққа жақын. Қатты тартылған шектен ғана біз ғажайып, үйлесімді дыбыстар шығара аламыз, бірақ сонымен бірге сағат сайын, минут сайын шектің үзіліп кету қаупі бар. Марк Антокольский Дарынды дәрігерлер адам анатомиясын дәл білуге ерекше маңыз береді. Аристотель Анықталмаған ауруды емдеу де мүмкін емес. Мұһаммед Ас-Самарканди Денсаулық әрдайым қалағаныңнан аз, бірақ көрінгенінен көп. Валерий Афонченко Ұстамдылық – табиғаттың одақтасы һәм денсаулықтың қорғаны. Сондықтан ішкеніңізде, жегеніңізде, қозғалғаныңызда және тіпті сүйгеніңізде ұстамдылықты сақтаңыз. Әбу-ль-Фарадж Денсаулықпен әзілдеспейді: онда әзіл сезімі жоқ. Сергей Балашов Адамда бірқалыпты бөлінген өмірлік күш ақымақты немесе дарынсызды тудырады; ол бірқалыпты бөлінбесе, данышпан деп аталатын әлдебір шектен шығушылықты тудырады. Оноре де Бальзак Коллекция жинауға құмартушылық – ақылдың бұзылуының бірінші сатысы. Оноре де Бальзак Ұстамсыздық – барлық өлімдердің патшайымы. Оноре де Бальзак Диета – әлсіз асқазанмен күшті жігерді тәрбиелеу. М. және Н.Баньковскийлер Ауру барда үрей ғана емес, үміт те болады. Сэмюэл Батлер
Арықтау үшін тағы да не жесем екен? Белгісіз автор Ауру – тәніңді Табиғатпен үйлесімде ұстауға қабілетсіздігің үшін жаза. Белгісіз автор Әрбір ауруханада емделушілердің екі түрі бар: біреулері шынымен ауырады, енді біреулері тамаққа шағымданады. Белгісіз автор Біздің ауруларымыз мыңдаған жылдар бұрынғыдағыдай, ал дәрігерлер оларға қымбатырақ атауларды іздеп тапты. Белгісіз автор Бір дәрігерлер ауруға жаман хабарды көзбе-көз айтады, енді біреулері есепті поштамен жіберуді жөн санайды. Белгісіз автор Бір рет оңай өлгеннен он рет қатты сырқаттанған артық. Белгісіз автор Дәрігердің қабылдау бөлмесіндегі құлақтандыру: «Емделушілердің аурудың белгілерімен алмаспауларын сұраймыз. Бұл диагнозды өте қиындатады». Белгісіз автор Дәрігер неғұрлым тәжірибелі болса, жазуы солғұрлым танымастай. Белгісіз автор Егер емдемесе, тұмау екі аптадан кейін ғана өтеді, ал егер емдесе – 14 күннен кейін-ақ өтеді. Белгісіз автор Егер сіз уақыт жақсы емші деп ойласаңыз, бұл сіздің ешқашан дәрігердің қабылдауында отырмағандығыңызды білдіреді. Белгісіз автор «Естідіңіз бе, мистер Смит өліпті». – Иә, бірақ оны қандай дәрігерлер емдеп еді!» Белгісіз автор Жақсы адамның тым көп болуы мүмкін емес. Белгісіз автор Жуанға сенуге болады – оның қорлануға жай ғана қабілеті жоқ. Белгісіз автор Кез келген ауруды емдеудің керегі жоқ, кейбіреуін түсінген жеткілікті. Белгісіз автор Кейбір ең жаңа дәрілердің жанама нәтижесі толық жұтау болады. Белгісіз автор Кейбіреу құдды бір ота мен өлім бірін-бірі жоққа шығаратындай, отаға жатпасам болды деп, өлуге дайын.
Белгісіз автор Кешіккен дәрігер өлімге көмектеседі. Белгісіз автор Көз жасынан көрінбейтін қайғы басқа органдарды жылауға мәжбүр етеді. Белгісіз автор Көптеген жан табуға болатын барлық ақшаны табуға талпынып, денсаулығын жоғалтты; ал содан кейін денсаулықты қайтаруға талпынып, барлық ақшасын жоғалтты. Белгісіз автор Күдікшіл: жаңа ауру туралы мақала оқып, өзінде оның бірде-бір белгісін таба алмауға қабілетті адам. Белгісіз автор Маман дәрігер – өз емделушілерін тек қабылдау күндері ауыруға үйретіп қойған медик. Белгісіз автор Медицина ғылымы өмірге жылдар қосады, бірақ жылдарға өмір қоспайды. Белгісіз автор Медицина сирек емдейді, жиі жеңілдетеді, әрдайым жұбатады. Белгісіз автор Өмірдің бірінші жартысында біз өз денсаулығымызбен, екінші жартысында – аурулармен күресеміз. Белгісіз автор Салауатты өмір салты денсаулықты жақсартады, бірақ өмірдің өзінің сапасын нашарлатады. Белгісіз автор Салмақты азайтудың ең жақсы әдісі – суқаныңыз сүймейтін тамақты қалағаныңызша жеу. Белгісіз автор Сау тәнде сау рух. Белгісіз автор Семізге сенуге болады, ол намыстануға мүлде қабілетсіз. Белгісіз автор Сылап-сипау (массаж) – арықтаудың жақсы әдісі, әсіресе сылап-сипаушы (массажист) үшін. Белгісіз автор Таңертең төсектен тұруға қабілетті кез келген жанның денсаулығы тым жақсы. Оған қабілеті жоқ кез келген басқа жаннан сұрап көріңіз. Белгісіз автор Толық әйелдер жоқ, тек кейбір әйелдердің өз салмағына бойлары сәйкес емес. Белгісіз автор
Төсек астындағы үйректен қолдағы шымшық артық. Белгісіз автор Хирург – ауруларды ішкі жақтан білетін дәрігер. Белгісіз автор Хирург – қолын алдын ала жуушы адам. Белгісіз автор Ауруханадағы емделу қымбатқа түседі, бірақ төсегіңізге тамақты басқа қай жерде әкеліп береді? Белгісіз американдық Денсаулықсыз бақыт та мүмкін емес. Виссарион Григорьевич Белинский Денсаулығың жаман болса, басқа әлдене жайлы ойла. Эдуард Бенсон Денсаулық – даналардың гонорары. Пьер Беранже Мыңдаған аурулар бар, бірақ денсаулық біреу ғана. Карл Людвиг Берне Егер дәрігермен әңгімеден соң аурудың жағдайы жеңілдемесе, ол дәрігер емес. Владимир Бехтерев Өзін Жаратқанның алдында күнаһар болған дәрігердің қолына түссін. Библия Сир. 38.15. Ешқашан көтере алатыныңнан артық тамақ ішпе. Генри Бирд Операцияға жатпас бұрын жер бетіндегі істеріңді тәртіпке келтір. Мүмкін, әлі тірі қаларсың. Амброз Бирс Егер дәрігер сіздің ауруыңыздың атын білсе, бұл әлі оның не екенін біледі деген сөз емес. Артур Блох Кедей, бірақ ауру болғаннан – ауру, бірақ бай болған артық. Никита Богословский Денінің сау болғанын қалайтын жан бір жағынан алғанда сауыға да бастайды. Джованни Боккаччо Сау болғысы келген жан енді ішінара жазылады. Джованни Боккаччо Бәрін жазатын амал жоқ. Пьер Бомарше
Мен хирургтен шот алдым. Бұл жігіттердің неге маскамен жұмыс істейтіндері енді маған түсінікті. Джеймс Борен Денсаулығыңыз қандай болса да, ол өміріңіздің соңына дейін жетеді. Л.Борисов Ақылдың сырқаттарына ем қонбайды. Пьер Буаст Медицина сенімсіздікпен әлсірейді, сеніммен нығаяды. Пьер Буаст Сана өз жойылуыңды тездетпей жоюға болмайтын сырқаттармен үйлесім табуға әмір етеді. Пьер Буаст Табыс көбіне данышпан мен есалаңдықтың арасындағы көзге көрінер жалғыз айырма болып табылады. Пьер Буаст Адамдар ұлы істердегі кез келген оқыстықты данышпан деп, кішкентай істердегіні – есалаң деп есептейді. Эдвард Бульвер-Литтон Дәрілердің әсері таңдамалы: оларға сенетіндер сауығады, сенбейтіндер ауыра береді. Кир Булычёв Ұйқысыз түндер күндерді қысқартады. Фрэнсис Бэкон Денсаулық – бақыттың ең маңызды элементі, ал сау болудың ең жақсы әдісі – еңбек ету. Джон Бэрроуз Сау адамға мыңдаған нәрсе керек, ауруға керегі бір-ақ нәрсе: денсаулық. Ирина Вильде Тәнге тамақ ішуде ұстамдылық қандай қажет болса, санаға жалғыздық сондай қажет, ал ол тым ұзаққа созылса, соншалықты қауіпті. Люк де Вовенарг Бүгін сен суық тигізіп алудан қорқасың, ал ертең саған кірпіш құлап түсті, олай болса, саған суық тиді ме, жоқ па, айырмасы қане? Владимир Николаевич Войнович Сауығудан үмітті болу – сауығудың жартысы. Франсуа Вольтер Тәнді не жеңілдетсе, сол жанды да жеңілдетеді. Франсуа Вольтер
Шеберлік пен адамгершіліктің таңғаларлық бірлігін көрсетіп, басқа адамдардың денсаулығын қалпына келтірумен шұғылданатын адамдар жер бетіндегі барлық ұлылардан жоғары тұрады. Франсуа Вольтер Маған ұнайтын нәрсенің бәрі не заңға қайшы, не өнегесіз, не семіруге жетелейді. Александр Вулкотт Кәдуелгі күнделікті қуаныштарда сангвиник, өмірдің маңызды оқиғаларында – меланхолик болу керек. Сіздің мүдделеріңізді терең қозғайтын әсерлерге қатысты – холерик және, ақыры, бір қабылданған шешімдерді орындауда флегматик болу керек. Вильгельм Вундт «Қалыпты тұлға» – өзара келіспейтін терминдердің қосындысы. «Тұлға» сөзі схемаға, қалыпқа, ортаға қарама-қарсы даралықты нақты баса көрсетеді. Пётр Ганнушкин Мен білетін жалғыз сұлулық, – денсаулық. Генрих Гейне Сау адамдардың бәрі өмірді сүйеді. Генрих Гейне Өздерін емдеуді жігерлі дәрігерлер қолға алса, қариялар уақытынан бұрын өледі. Генрих Гейне Жуанның асыл арманы: қомағайлана тамақтанып арықтау. Илья Герчиков Адам саналылықта ұзақ қала алмайды; ол кейде санасызға қашып баруы керек, себебі оның тірі тамырлары сонда. Иоганн Вольфганг Гёте Адам денсаулықтың өзінің ең үлкен байлығы екенін ескеріп, ауырғанда өзіне-өзі қалай көмектесу керегін білуі керек. Гиппократ Ауруларды дәрігер емдейді, бірақ табиғат жазады. Гиппократ Әдеттенбеген күшті әрі жас адамдарға қарағанда әлсіз әрі кәрі болса да күнделікті еңбектенуге мәжбүр жандар еңбекке шыдайды. Гиппократ Балалардың әлсіздігі мен аурушаңдығының себебі – әкелері мен аналарының маскүнемдігі. Гиппократ Біздің тамақтық заттарымыз емдік амал, ал емдік амалдарымыз тамақтық заттар болуы керек. Гиппократ Дәрігер пайда келтіре алмаса, зиян шектірмесін. Гиппократ
Дәрігер – философ: даналық пен медицинаның арасында көп айырмашылық жоқ қой. Гиппократ Дәрі емдемегенді темір емдейді; темір жазбағанды от жазады; от жазбағанды жазылмайды деп есептеу керек. Гиппократ Диеталық амалдардың әсері ұзақ мерзімді, ал дәрілердікі – тез өтеді. Гиппократ Емдеу кезінде мен адам өміріне байланысты жария етуге болмайтын нәрсе жайлы не көріп, не естісем де, оны құпия деп есептеп, ешкімге тіс жармаймын. Гиппократ Еңбек ету қабілетін, денсаулығын сақтап, толыққанды әрі қуанышты өмір сүргісі келетін әрбір жанның күнделікті тіршілігінде гимнастика, дене жаттығулары, жүру нық орын алуы керек. Гиппократ Жазылу – уақыттың ісі, бірақ кейде бұл сонымен бірге мүмкіндіктің ісі. Гиппократ Жастарға қарағанда кәрілердің аурулары азырақ, бірақ олар өмірлік. Гиппократ Зиян шектірме (ауруға). Гиппократ Қарсы қарсымен емделеді. Гиппократ Қуатты рух әлсіреген тәнді құтқарады. Гиппократ Медицина, – шын мәнінде, барлық өнер атаулының ішіндегі ең абзалы. Гиппократ Өмір қысқа, өнер мәңгілік, ыңғайлы жағдай жылдам өтеді, тәжірибе алдамшы, пайымдау қиын. Сондықтан іске қажеттің бәрін дәрігердің өзі ғана емес, ауру да, қоршаған жандар да қолданып, ал сыртқы жағдайлардың бәрі дәрігердің әрекетіне көмектесуі керек. Гиппократ Табиғаттың шегінен асып кетсе, тою да, аштық та, басқа ештеңе де жақсы емес. Гиппократ Төтенше ауру үшін – төтенше амалдар. Гиппократ Ырду-дырду мен қолы бостықтың соңынан күнәһарлық пен ауру ілесе жүреді, ал, керісінше, ақылдың әлденеге қарай бағытталуы ұдайы өмірді нығайтуға бағытталған сергектік сыйлайды. Гиппократ
Диагноз қойғаннан гөрі ауруды сауықтырып жіберу оңайырақ болатыны да болады. Тадеуш Гицгер Дене өмір бойы арқалап жүретін жүгің. Ол неғұрлым ауыр болса, саяхатың соғұрлым қысқа. Арнолд Глазгоу Ауру – өліммен келіссөз. Евгений Глушаков Тән саулығы үшін ең маңызды қасиет рухтың сергектігі болып табылдады. Рухтың құлдырауы өліммен тең. Уильям Годвин Біреулер диетаға сымбатты тұлғасын сақтау үшін, енді біреулер – сымбатты күйеуін сақтау үшін отырады. Жанна Голоногова Қыздың тұлғасын есте сақтау оңайдың оңайы. Жанна Голоногова Егер асқазаның, кеудең, аяғың сау болса, ешқандай патша қазынасы ештеңе қоса алмайды. Гораций Сау кезіңде жүгірмесең, ауырғаныңда жүгіруге тура келеді. Гораций Ақшаң бола тұра сен оны жұмсамас па едің? Денсаулық та сол алтын. Максим Горький Ауру жанның мұңаюы ауруының тым әрекетшіл одақтасы болмақ. Максим Горький Ешкімге бәрі бірден бола бермейді. Сангвиникше дүниені шапшаң қабылдау, сонымен қатар холерикше қорқынышсыз әрекет ету, меланхоликше адал азап шегу, оның үстіне флегматикше әрдайым әлдебір күшті ауыр күнге қалдыру адамның қолынан келмейді. Л.Гуревич Рухтың беріктігін сақтау үшін дененің беріктігін сақтау керек. Виктор Гюго Біздің ауруларымыз бізге аспанға шақыру есебінде жоғарыдан жіберілген. Аркадий Давидович Егер біз денсаулығымызға ауруға көңіл бөлгендей көңіл бөлсек, ешқашан ауырмас та едік. Аркадий Давидович Есі ауысқандар – бұл дүниені қалыпты еткісі келетіндер. Аркадий Давидович Жаны барлар ендігі есі ауысқандар.
Аркадий Давидович Тегін медицина өмірден қымбатқа түседі. Аркадий Давидович Үлкен жүрек көлемді инфарктке бейім. Аркадий Давидович Қызық: мен әрдайым дәрігердің есебін анықтай аламын да, ешқашан рецепті тани алмаймын. Финли Питер Данн Ақылыңыздың дұрыс істегенін қаласаңыз, денеңізді бақылауда ұстаңыз. Рене Декарт Рухтың денеге тәуелділігінің күштілігі сонша, егер адамдарды данарақ ететін әлдебір амал табуға болса, оны медицинадан іздеу керек. Рене Декарт Ғалым дәрігерден гөрі бақытты дәрігердің қолына түскен артық. Банавантюр Деперье Серуенге уақыт таппайтындар кейін ауруға уақыт табулары керек. Лорд Дерби Құдай біздің күнәларымызды кеше алғанымен, жүйке жүйесі ешқашан кешпейді. Уильям Джеймс Біз бір-біріміздің денсаулығымыз үшін ішеміз де, өз денсаулығымызды бұзамыз. Джером Клапка Джером Философия мен медицина адамды хайуандардың ішіндегі ең саналысы, балгерлік пен астрология – ең есалаң, ырымшылдық пен зұлымдық – ең бақытсыз етті. Диоген Кедей әрі ауру болғаннан, дені сау әрі бай болған артық. Дон-Аминадо (Шполянский) Егер табиғатта денсаулық болса, аурудың да болатыны. Эмиль Дюркгейм Барлық халықтық медицина – біздің әлі өлтірілмеген түйсіктеріміздің перзенті. Евгений Евтушенко Ауру саудың түрін қабылдайды. Михаил Жванецкий Емдеудің жайы осындай болғанда, аурулардың әлі күнге қалай тірі жүргеніне дәрігерлер таң қалады. Жалақылары осындай болғанда, дәрігерлердің әлі күнге қалай тірі жүргеніне аурулар таң қалады. Михаил Жванецкий
Дене жаттығуларымен шұғылданып, сонымен бірге қалыпты тәртіптің басқа да барлық нұсқамаларын орындаса, түрлі ауруға қарсы қолданылатын дәрілерге мұқтаждық болмайды. Ибн Сина Бізде ауырмас үшін аттыкіндей денсаулық керек. Лион Измайлов Медицина – өлімнің себептерінің негізінде аурудың белгілері жайлы қорытынды жасау өнері. Эжен Ионеско Ақыры салмағың дәл өзің қалағандай болғанда, оны басқаша жайғастырғың келеді. Янина Ипохорская Бір әйелдің басқа бір әйелге көз салуы кедендегі жүкті тексеруді еске салады. Янина Ипохорская Дәрігердің кеңесі әлі ешкімді де жазған жоқ, бірақ бұл емделуші үшін, қайткенмен де, әлдебір көңіл көтеру. Янина Ипохорская Салқын тиген мен махаббаттан дәрі жоқ. Олардың өздері өтіп кетеді. Янина Ипохорская Дәрігерлердің бақыты олардың табыстарының жұрттың бәрінің көз алдында, ал қателерінің жер астында жасырулы екендігінде. Исократ Егер жас әрі сымбатты әйел болып көрінгің келсе, кәрілер мен семіздерге жақын жүр. Джим Исон Ауру деген азап, бірақ, мүмкін, сүйеу де болар. Ең жақсысы, оның күшін алып, әлсіздіктерін қабылдамау болар еді. Ол қажетті сәтте күш беретін пана болсын. Ал егер ақысы азап пен безіп кету болса, төлейміз. Альбер Камю Жақсы қоғамның дәрігері өзінің әрбір емделушісіне ерекше ауруды ойлап табады. Элиас Канетти Денсаулық – екі аурудың арасындағы эпизод. Тед Капчук Денсаулық – оны пайдаланатын жан үшін де, өзгелер үшін де өте үлкен мәселе. Томас Карлейль Беймазалықпен күресе білмейтін іскер адамдар жас болып өледі. Алексис Каррель Сенің ең басты шаруаң – денсаулықты сақтау, Себебі жас емес, өзіңе-өзің ғана азап дайындайсың. Катон Егер бай болсаң, өз денсаулығыңның қамын же:
Ауру бай дүниеге ие болғанмен, өзіне ие емес. Катон Емделушісіне өтірік айтатын дәрігердің ауруды... жиі алдау қолынан келеді. Евгений Кащеев Нағыз дәрігерді дәрігер-плацебодан қалай ажыратуға болады? Евгений Кащеев Суық болып қал – өзіңді-өзің сақтаудың рецепті осы. Евгений Кащеев Күллі адамзат тегіне медицинадай міндетті түрде қажет ештеңе жоқ. Квинтилиан Әрбір адам әйтеуір бірдеңеге қатты бой алдырады. Редьярд Киплинг Диетаға алдымен отырады, содан кейін – жатады. Тамара Клейман Инфарктен қашып ауру ұстап алуға болады. Тамара Клейман Бұрын адамның жаны жайлы ғылым психология деп аталатын, ал қазір бұл оның жоқтығы жайлы ғылым. Василий Ключевский Біреулер ұдайы сау болудың қамын көп жегендіктен ғана ауру болса, басқа біреулер ауру болудан қорықпайтындықтан ғана сау. Василий Ключевский Гигиена қайткенде өз денсаулығыңның байлаулы иті болатыныңды үйретеді. Василий Ключевский Ғылым барлық кемістіктерді аурулармен түсіндіруге ұмтылады, ал моральшылар аурулардың бәрін кемістіктерден шығарады. Василий Ключевский Дәрігерлердің құдіретіне тек саулар ғана сенеді. Альфред Конар Денсаулыққа тең дос жоқ; ауруға тең дұшпан жоқ. Көнеүнділік нақыл Тән мен жан сырқаттарынан құтылудың екі жолы бар: не қарсы әрекет ет, не олар жайлы ойлама. Көнеүнділік нақыл Ең көп тараған аурулардың бірі – диагноз қою. Карл Краус Дені сау деген еш жері ауырмайтын емес, әр жолы әр жері ауыратын адам. Мишель Крестьен
Дәрігердің ең үлкен артықшылығы өз кеңестеріне құлақ асуға міндетті еместігінде. Агата Кристи Ауруды денсаулық, дәрігерді – ауру қызықтырады. Эмиль Кроткий Денсаулық деген мүмкіндіктердің мүмкіндігі. Виктор Кротов Медицинаның табыстары айқын: адамдар көптеген аурулардан енді өлмейді, тек азап шегеді. Борис Крутиер Уақыт мезгілсіз кеткендерден басқаның бәрін емдейді. Борис Крутиер Денсаулықты сатып ала алмайсың, онымен есептесуге ғана болады. Сергей Крытый Аурулардың ең көбі – біз бәрінен көп қорқатын аурулар. Лешек Кумор Егер дәрі ойлап тапса, ауруды да ойлап табады. Лешек Кумор Поэзия рухани ас есебінде – ең жақсы диета. Константин Кушнер Рухани тағам – қатаң диета. Константин Кушнер Медицинада басты дәрі – дәрігердің өзі. Антоний Кэмпиньский Наданды ешқандай дәрі емдей алмайды. Қытай нақылы Дүмше – сізді о дүниеге жіберетін жалған дәрігер, ал шын дәрігер өз өліміңізбен өлуіңізге мүмкіндік береді. Жан де Лабрюйер Жан саулығының нәзіктігі тән саулығыныкінен кем емес, ал өзін құштарлықтардан азатпын деп есептейтін жанның оларға денсаулығы мықты адамның ауруға берілуінің мүмкіндігіндей оңай. Франсуа де Ларошфуко Өз денсаулығын тым қатал тәртіппен қорғау – қандай мезі етерлік ауру! Франсуа де Ларошфуко Рухтың күші мен әлсіздігі – бұл жай ғана теріс анықтамалар: шындығында дене мүшелерінің жақсы немесе жаман ахуалы болады. Франсуа де Ларошфуко
Тәннің аурулары сияқты жанның аурулары да бізге қайтып оралады. Біздің сауығу деп қабылдайтынымыз әдетте ескі сырқаттың қысқа мерзімдік жеңілдеуі не жаңасының басы болып шығады. Франсуа де Ларошфуко Өлім себеп табады. Латын мақалы Денсаулық дәрігердің өнеріне қарағанда біздің әдеттеріміз бен тамақтануымызға әлдеқайда көп байланысты. Джон Леббок Ол көрнекті дәрігер; бірнеше ауруды ойлап тапқанымен қоймай, оларды кеңінен тарата да білді. Станислав Ежи Лец Семіздер аз өмір сүреді, бірақ ұзағырақ тамақ ішеді. Станислав Ежи Лец Гимнастика адамның жастық шағын ұзартады. Джон Локк Сау тәнде сау рух – міне, бұл дүниедегі бақытты қалыптың қысқа, бірақ толық анықтамасы. Джон Локк Өмір көрсеткендей, әйелдің сұлулығы Мен ажырамастай денсаулығы. Лопе де Вега Ауыр сырқатты басында жазу оңай, бірақ тану қиын. Оны күшейгенінде тану оңай, бірақ емдеу енді қиынырақ. Николо Макиавелли Ұстамдылық жақсы денсаулықтың анасы іспеттес. Валерий Максим Диета – азаттық үшін ерікті түрде жер аударылу. Геннадий Малкин Егер өз денсаулығыңызды бақыласаңыз, оның қайда кеткенін білуге болады. Геннадий Малкин Емделу – организм мен жалақының тайталасы. Геннадий Малкин Ең пәрменді амалдар – әлі қолданылмағандары. Геннадий Малкин Жақсы жылдар жаман жылдарды ұзартуға кетеді. Геннадий Малкин Инфарктке апаратын жол одан қашудан әлдеқайда сүйкімдірек. Геннадий Малкин
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316