Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore кітап Ғасыр 24.11.15 жыл БСМП

кітап Ғасыр 24.11.15 жыл БСМП

Published by Макпал Аусадыкова, 2022-06-24 06:37:22

Description: кітап Ғасыр 24.11.15 жыл БСМП

Search

Read the Text Version

Профессор З.В. Файнштейн Қазақстан мен Орта азия урологтарының 1969 жылы алгашқы бірінші конференциясын үимдастырды. Хирургияның саласы ретінде урологиянын дамуына бөгет болган басты себеп – уролог дәрігерлер мамандығының жоктығы болды. 1964 жылы жаңадан күрылған Алматы дәрігерлер жетілдіру институты ашылды. Институтын кұрамында урология кафедрасы ашылды, онын менгерушісі болып доцент И.И Ахундов тағайындалды. Осы кезде урология дамуы айырыкша болды ( онко-урология, фтизиоурология, урогогинекология). Жоғарыдағы айтылған дәрігерлер өмір жолдарын №1 клиникалык аураханада бастады( казіргі танда Жедел шүгыл жәрдем көрсету ауруханасы деп аты ауыстырылған ) бастады. Казіргі Қазақстан Республикасындагы Урология ғылымының дамуы осы кісілердін енбегінін накты нәтижесі. 1960 жылы №2 калалык клиникалык аурухана ашылды. Урология кафедрасы дәрігерлермен бірге №2 калалык клиникалык аурухана ауыстырылды. 2011жылы Казак ултык медицина уневерситине студентердің калауымен көп кабылдана басталды, Урология Ғылыми Орталықтың барлык студенттерді кабылдауға жағдайы келмеді , сол себепті кафедраның базасын ұлғайту керек болды. 2011жылдан бастап проф А.Т. Токсанбаевтың басшылығымен урология бөлімшесі кафедраның базасына айналды. Соңғы 4- жылдын ішінде кафедраның кызметкелері мен дәрігерлердің арасында тығыз байланыс болып жақсы

жұмыс аткарылып келеді. Казіргі танда жана иновационнды техникалар кенінен колдануда. Казір дәрігерлердін теориалық білімі кафедра кызметкерлерінінң аркасында дамып келеді. Дәрігерлер ғылыми - тәжірибелік жұмыска араласа бастады. Қазіргі кезде қызмет атқарып жүрген кафедра ассистенттері: м.ғ.д. Хамзин Аділжан Ақжігітұлы, м.ғ.к. Танекеев Руслан Өтенұлы, Азамат Ғалиұлы Асубаев, Аділбек Сабыржанүлы Ташенов, Юрий Васильевич Лавров. Осы азаматтармен бірнге тығыз байланыста 0ызмет істеп жүрген дәрігерлер: Гани Қондыбайұлы Әміров, Бағлан Жамалбекұлы Есенқұлов, Тахир Искарұлы Хуров. Кафедра қызметкерлері үнемі ауыр науқастарды қарап, емдеу кезінде үлкен еңбектерін сіңіре жүріп, болашақ дәрігерлерді тәрбиелеп, оқыту, дәрігерлердің білімін байытуда үлкен еңбек сіңіруде. Белгіленген кесте юойынша семинарлық сабақтар мен мастер класстар өткізіп отырады. Атқарған еңбектері ақталып, жылдан жылға уроологиялық сала көрсеткішьтері жоғарылап, дәрігер мамандардың санаттылығы арту үстінде.

Акушерия және гинекологиядан интернатура және резидентура өту кафедрасы Кафедра меңгерушісі – орталық директоры (АГжәнеПҒО), медицина ғылымдарының докторы, профессор Кудайбергенов Талгат Капайұлы. Қазіргі кезеңде кафедрада 58 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде 6 профессор, 9 медицина ғылымдарының докторы және 10 медицина ғылымдарының кандидаты бар. Кафедра құрамы: Мамедалиева Нагима Мусралиевна м.ғ.д., кафедра профессоры, Миреева Алла Эвельевна м.ғ.д., кафедра профессоры, Иманбаева Жайсан Абильсейтовна м.ғ.к., доцент, кафедраның оқу ісінің меңгерушісі, Джардемалиева Н.Жм.ғ.к.,кафедрадоценті, Нургалиева Лида Иманкулқызы - м.ғ.к., кафедраның ассистенті, Нурсейтова Лязат Асылбекқызы - м.ғ.к., кафедраның ассистенті, Сейталиева Айгуль Ермуханқызы - м.ғ.к., кафедраның ассистенті, Мухаметова Эльмира Ерікқызы, кафедраның ассистенті, Юлдашева Раушан Жанатбековна кафедраның ассистенті, Оспанова Сәуле Турсунгалиқызы кафедраның ассистенті, Еркенова Сандугаш Еркінқызы - кафедраның ассистенті Дәрігер-интерннің жұмыс күні ұзақтығы мамандыңы бойынша дәрігер ординатордың жұмыс күні ұзақтыңына сәйкес келеді. Дәрігер-интерннің емдік-профилактикалық жұмысының көлемі дәрігер- ординатордың жұмысынң 50 пайызын құрайды. Оқытушымнен жұмысқа кіреді: - клиникалық талқылаулар (аптасына 1 реттен кем емес), кеңес берулер, клиникалық аралаулар (аптасына 1 реттен кем емес), - ғылыми-тәжірибелік, патологоанатомиялық конференциялар жүргізу - семинарлар өткізу (аптасына 1 реттен кем емес), - тақырыптарды талқылау (аптасына 2 реттен кем емес) - тәжірибелік дағдыларды игеру - интерндердің курацияланған науқастарының ауру тарихына жүргізілген эксперттік бағалаулар жүргізуін, медициналық құжаттарды толтыруын күнделікті қадағалау. - бақылау тапсырмаларын қабылдау және тексеру - клинико-диагностикалық бөлімдердегі жұмыстар

Интерндердің білімін бақылау келесі түрде жүргізіледі: - ағымдағы (сынақтар) - жарты жылдық аттестация - қорытынды аттестация Ағымдағы аттестация таңдалған мамандық бойынша негізгі бөлімдер мен аралық циклдар бойынша сынақ түрінде жүргізіледі, олардың қорытындылары жарты жылдық және жылдық аттестацияға жолдама береді. Жарты жылдық аттестация бірінші семестрден кейін негізгі мамандық және аралық пәндер бойынша сонымен қатар тәжірибелік дағдыларды және теариялық білімді бағалайды. Жылдық аттестация 2 кезарада өтеді: - 1 кезара мамандығы бойынша тестілеу; - 2 кезара тәжірибелік дағдылар орталығында құрылымдық клиникалық емтиханның өтуі. Мемлекеттік емтиханды сәтті тапсырған интерндер, маман квалификациясы берілген интернатураны бітіргені жайлы куәлік алады. Интернатура өткен уақыты еңбек кітапшасына енгізіледі. Интерндердің оқу бағдарламасынан басқа да, кафедра қызметкерлері оқу үрдісін жетілдендіру үшін аруа тарихтарына экстперттік баға беруді оқу бағдарламасының барлық тақырыптық бөлімдеріне байланысты жасауды құрастырды. Кафедра жұмыстарында оқу үрдісінің ұйымдастыруының қазіргі заманға сай шешімдер кеңінен қолданылады. Оқу және жұмыс бағдарламалары бар. Акушерия және гинекологиядан электронды оқулықтар, дәлелді медицина мен медициналық статистикадан электронды материал, видеофильмдер, монографиялар және журналдар қолда бар. Барлық оқу бағдарламасының түрлері, бақылаудың түрі, сабақ беру әдістері көрсетілген интерндер мен резиденттерге арналған силлабустар бар. ҚР ДСМ ОӘБ әдістемелік хатына сәйкес құрастырылған әдістемелік ұсыныстар орыс және қазақ тілдерінде семинарларға, клиникалық аралауларға және қарауларға, сондай-ақ интерндердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік ұсыныстар бар. Әдістемелік өңдеулер және нұсқаулар қазақ және орыс тілдерінде дайындалған. Кафедрада ағымдағы бақылауға арналған билеттер мен тесттер бар. Дәрігер интерндердің іс-әрекетттерінің әр түріне арналған тәжірибелік жұмысын бағалау үшін мынадай чек-парақтар бар: апталық, клиникалық жағдай, кезекшілік, ситуациялық есептерді шешу, сондай-ақ осы жылы сценарийлер мен ауызша емтиханға арналған чек-парақтар дайындалды.Кафедра қызметкерлері үнемі білімін жетілдіріп отырады: Жыл сайын кафедра қызметкерлері дәрігер-интерндерді жұмысқа орналастыру жұмысында «Вакансиялар жәрмеңкесін» жүргізуге қатысады, жыл сайынғы мониторинг жүргізеді. Кафедра қызметкерлері барлық жерлерде, университеттік, сондай-ақ республикалық деңгейлерде іс-шаралар жүргізеді.

С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде (ҚазҰМУ) Даңқ залында 2012 жылдың 04 мамырында жоғарғы оқу орындарының арасында заманауи денсаулық саласындағы өзекті сұрақтарға, сондай-ақ дәрігердің күнделікті жұмысындағы құқықтық аспектілерге негізделген \"Дәрігерді қорғау: құқықтық негіздері және жүзеге асыру мәселелері\" тақырыбында қалалық студенттік конференция өтті.Конференция денсаулық сақтау саласындағы болашақ мамандардың әрекетін жақсарту, мамандар арасында денсаулық сақтау және құқық саласындағы тәжірибелік өтілін өзара айырбастау мақсатында университеттің жоғарғы курс білім алушыларының қатысуымен өткізілді. Конференцияға педагогтар, жоғары профессионалды білім беру басшылары, ғылыми қызметкерлер, аспиранттар,докторанттар, ізденушілер, Алматы қаласының жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Конференция ұйымдастырушылары: интернатура деканаты, акушерия және гинекологиядан дипломнан кейінгі дайындық кафедрасы, Қазақстан тарихы кафедрасы, ҚазҰМУ әлеуметтану және саясаттану кафедрасы Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасымен бірге. Кафедра қызметкерлері және ҚазҰМУ Жоғары медицина мектебімен 28.09.2013 жылы Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығында \"Қоғамдағы тұлға аралық қатынас және өркендеу\" тақырыбына студенттік конференция ұйымдастырылды. Кафедра қызметкерлері дәрігер- интерндердің кураторлары болып табылады ҚМҮББУ травматология және ортопедия кафедрасы Қазақстан республикасында травматология және ортопедия қызметінің ұйымдасуы және дамуы кеңес одағы кезіндегі № 125-М 1958 жылғы бұйрығымен тікелей қатысты. Айтылмыш бұйрықтың шыға берісімен біздің республикамыздың облыстық және ірі қала емдік орталықтарында тұңғыш рет травматология және ортопедия бөлімшелері ашылды. Сол мезгілде медициналық институттарда травматолог ортопед мамандарды дайындайтын кафедралар ашылды және емдеу мекемелерінде дәрігер маман- травматолог ортопед штаттары енгізілді. 1963 жылы Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтында ашылған травматология және ортопедия кафедрасының алғашқы меңгерушісі болып, Ленинград және Свердлов травматолог-ортопед мектебінің түлегі медицина ғылымының докторы, профессор Эдельштейн Г.Л. тағайындалды.

Кафедраның бірінші меңгерушісі м.ғ.д., профессор Эдельштейн Г.Л (1900- 1972) 1970 жылдан бастап 1987 жыл аралығында кафедра меңгерушісі қызметін медицина ғылымының докторы, профессор Сегизбаев А.О атқарды. профессор Сегизбаев А.У. (1935-2003 ж) Ғылыми жұмыстары балалардың тоқпан жілігінің бұдыры сынығын емдеу және туа біткен ортан жілік басы шығуында байламдар жасауға арналған. Сол кездері Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор қызметінде атқарды. 1987 жылдан бастап осы кезге дейін кафедра меңгерушісі, Орталық Н.Н.Приоров атындағы травматология және ортопедия ғылыми зерттеу институтының және мәскеудің Н.И.Пирогов атындағы Ленин ордені мемлекттік медицина институтының түлегі, медицина ғылымының докторы, профессор Абдуразаков У.А..

Кандидаттық диссертациясы арнаулы Дюпюитрен контрактурасының ушыққан түрлерін ота жасауға арналған, ал докторлық диссертация – буын ішілік және буын маңайындағы сынықтың емдеуге арналған. Бүгінгі таңда кафедра мамандары: О.Ә Әбдіразақов – кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор, м.ғ.к., доцент, Комник В, м.ғ.к., доцент Тәжімұратов Н.К, м.ғ.д., доцент Әбдіразақов А.О, ассистент Шин А.А. Осы бүгінге дейін 4369 дәрігер білімін жетілдірді және 300ге жуық қайта даярлау циклдері (4-6 айлық.) және біліктілігін арттыру (1 айлық) циклдері өткізілді. Травматология кафедрасының клиникалық базы 2014 жылдың шілде айынан бастап Алматы қаласының жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы. Аурухана бас дәрігері м.ғ.к., Сейдуманов М.Т. Аурханада жарақат сынық бөлімшесі, жарақат пункты, клиникалық зерттеу лабораториясы, УДЗ, КТ және МРТ, УД денситометр орнатылған. Дәрігерлер біліктілігін арттыру үшін барлық жағдайлар жасалған. Ота жасау бөлімшесі заманауи құрылғылармен, саймандармен, ірі буындар протездерімен, артроскоптармен және ЭОП жабдықталған. Кафедра мамандары, бөлімше дәрігерлері және тыңдаушы дәрігерлер қатысуымен тірек қимыл жүйесіне заманауи оталар жасалады. Оқу процесінде травматологиялық және ортопедиялық науқастарды емдеуде заманауи анықтау, консервативтік және оперативтік емдеу әдістерін қолданып, оқу тиімділігін арттырамыз. Кафедра мамандары денсаулық сақтау мекемелеріне кеңес және іс тәжірибелік көмек көрсетуде. Осы бүгінге дейін кафедра мамандары 700 мыңға жуық кеңестер беріп, 30 мыңға жуық ота жасады. Санитариялық ұшақ бағытында кафедра мамандары 600 жуық медициналық көмек көрсетті. Республикада алғашқы болып клиникалық тәжірибеге артроскопия әдісін енгізіп, тізе, иық және тобық буындарына 5000 жуық ота жасалды. Остеопороз салдарынан болған сынықтарға заманауи құрылғыларды қолданып емдеуде. Ірі буындарды протездеу кеңінен қолдануда.

Гемофилияның ауыр түріне шалдыққан науқастардың тірек қимыл жүйесіне нәтижелі ота жасауда. Аяқ ауырулар дәл анықтау және емдеу, заманауи ұстатқыш құралдар Софт Каст и Скотч Каст кеңінен қолдануда. Ғылыми зерттеу нәтижелері бойынша 30 жуық пред.патент алынды, 200 жуық мақала, 5оқулық құралдары, 10 әдістемелік нұсқаулар жазылды, 30 кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалды. Кафедра мамандары тірек қимыл жүйесі аруларын және жарақаттарын анықтау және емдеуде заманауи әдістерді қолданып, емдеу тиімділігін арттырып, клиникалық тәжірибеде кеңініен қолдануға ұсынылуда. РЕЗИДЕНТУРА ЖӘНЕ ИНТЕРНАТУРАДАҒЫ ТЕРАПИЯ №3КАФЕДРАСЫ С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті Бұл кафедра №2 госпитальды терапия кафедрасы атауымен 1980 жылдың қазан айында С.М. Киров атындағы зауыттың Медика-санитарлық бөлімінің базасында құрылған (аурухана + емхана). Кафедраның меңгерушісі болып м.ғ.д., профессор Даулетбакова М.И. тағайындалды. 1984 жылы Республикалық клиникалық аурухана (РКА) ашылады, №2 госпитальді терапия кафедрасы осы базаға ауысады. 1984-1991 жылдары №2 госпитальді терапия кафедрасы оқу үрдісімен қатар, РКА 4 клиникалық бөлімінің клиникалық жұмысына жауапты болады. 1991 ж. РКА жабылып, базасы жеке меншікке өтеді.Осыған байланысты №2 госпитальді терапия кафедрасыжедел медициналық көмек ауруханасының (ЖМКА) базасына ауыстырылады, қосымша базалар болып: №1 клиникалық аурухана (пульмонология және гастроэнтерология бөлімдері) № 7 клиникалық аурухана (гематология бөлімі) анықталды.

Барлық базалық ауруханалар төсек қорымен, салаларымен және техникалық жабдықталуымен ЖОО базалық медициналық мекемелерінің талаптарына сай. Кафедраның клиникалық базалары 1991 жылдан өзгерген жоқ.2000 жылы проф. Даулетбакова М.И. ҚазҰМУ ректорының жоғарғы медициналық білім бойынша реформасының кеңесшісі болып тағайындалады, ал №2 госпитальді терапия кафедрасыжедел және шұғыл медициналық көмек көрсету кафедрасының құрамына кіреді (меңгерушісі – проф. Турланов К.М.). 2007 жылы кафедра жедел және шұғыл медициналық көмек кафедрасының құрамынан шығып, №3 ішкі аурулар кафедрасына айналады, 2007-2008 оқу жылдары кафедра меңгерушісі м.ғ.д. Косанова А.К. болды. 2008 жылдан 2013 жылдың 1 қыркүйегіне дейін кафедра меңгерушісі болып ҚР ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, Қазақ Білім Академиясының корреспондент-мүшесі м.ғ.д., профессор Даулетбакова М.И. қызмет атқарды. 2012 жылдан бастап кафедра резидентура және интернатурадағы терапия №3 кафедрасы болып құрылды. Қазіргі уақытта кафедра меңгерушісі – м.ғ.д., профессор Искаков Б.С. Резидентура және интернаурадағы терапия № 3 кафедрасының кадрлық құрамы Кафедрада 10 штаттық қызметкер, 4 медицина ғылымының докторы: ■ кафедра меңгерушісі қызметін атқарушы, медицина ғылымының докторы, профессор - Искаков Б.С. ■ ҚР ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, Қазақ Білім Академиясының корреспондент-мүшесі м.ғ.д., ҚазҰМУ Құрметті профессоры – М.И. Даулетбакова ■ медицина ғылымының докторы, профессор – Р.И. Семёнова ■ медицина ғылымының докторы, профессор – А.К. Косанова Штат құрамында – 4 доцент бар: ■ мед.ғыл. канд., доцент Альмухамбетова Р.К. ■ мед.ғыл. канд., доцент Жангелова Ш.Б. ■ мед.ғыл. канд., доцент Сабырбаева Г.А. ■ мед.ғыл. канд., ассистент Габбасова Э. Кафедрада 2 ассистент, соның ішінде 1-уі медицина ғылымының кандидаты дәрежесі бар: ■ мед.ғыл. канд., ассистент Сайланова Д.К. ■ жоғары дәрежелі дәрігер-терапевт Токсанбаева Г.Т. Оқытушылардың құрамының 75% ғылыми атағы және лауазымы бар. Барлық оқытушыларда базалық білімі бар, ғылыми-педагогикалық стажы 10 жыл және одан аса 87 % құрайды.

Сонымен, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы Жоғарғы медицина мектебінің талаптарына сай. Семёнова Раиса Ивановна - медицина ғылымының докторы, резидентура және интернатурадағы терапия №3 кафедрасының профессоры, жоғары категориялы дәрігер-терапевт. Қазақ мемлекеттік медицина институтын 1964 ж бітірген соң Алматы қаласында учаскелік-терапевт болып жұмыс істеді. 1967 - 1970 жылдары аймақтық патология ҚазҒЗИ аспирантурада оқып, «Алматы қаласындағы Бронх демікпесінің ағымының аймақтық ерекшеліктері» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. 1970 жылдан Қазақ мемлекеттік медицина институтында жұмыс істеді, бастапқыда факультеттік терапия кафедрасында ассистент қызметінде, сонан соң пульмонология курсында меңгеруші болды. Бұл курс алғашқы рет ҚазҰМУ 1979 жылы Р.И. Семёнованың профессор К.М.Маскеевпен бірге қатысуымен құралды. 1979 жылдан бастап доцент, сонан соң фтизиопульмонология кафедрасының профессоры болды. 1990 жылы Ленинградта: «Қолайсыз экологиялық жағдаймен ірі қаладағы өкпенің бейспецификалық ауруларының таралуы және созылмалы обструктивті бронхиттің ағымы» тақырыбы бойынша докторлық диссертациясын қорғады. 1994 жылдан 2004 жыл аралығында № 2 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі болды. Профессор Р.И.Семенованың және кафедра қызметкерлерінің ғылыми жұмысы респираторлық медицинаны зерттеу айналысында болды. Ол кісі 250-ден аса ғылыми мақалалардың, соның ішінде 7 өнертапқыштықтың, ПОҚ біліктілігін жоғарлатуы бойынша 4 типтік бағдарламаның, әдістемелік нұсқаулармен құралдардың авторы. Негізгі ғылыми зерттеулері бронх демікпесі, өкпенің обструктивті аурулары, пневмониялармен науқастардың мониторинг, диагностика, емдеу, реабилитациясы мәселелеріне арналған. Оқушыларымен бірге геронтологиялық аспекттер, гомеостаздың биохимиялық маркерлері, емнің медикаментозды емес әдістерін құрастыруда. Профессор Р.И.Семенова2 докторлық және 8 кандидаттықдиссертацияға жетекшілік етті. Алматы қаласында профессор Р.И.Семенованың басшылығыменалғаш рет ӨСОА және өкпенің интерстициальдік ауруларымен науқастарға үйде демеушілік көрсету ұйымдастырылған. Соңғы 5 жылда ол Алматы қаласында ӨСОА күресу күніне орай дәрігерлерге семинарлар өткізеді (ДДҰ). Профессор Р.И.Семенова тыныс ағзаларының ауруларының ауруханалық және амбулаторлы-емханалық кезеңдегі диагностикасы және емі бойынша дәрігерлерге арналған стандарттарды (хаттамаларды) құрастырған. Ол кісінің тікелей қатысуымен республикада Халықаралық және республикалық Конгресстер, съездер, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар өткізіледі. Ол 1996 жылы Алматы қаласында өткен Орталық Азия пульмонологтарының 2-ші Халықаралық Конгрессінің Президенті болған. 15 жыл бойы (1993 -2008 жж.), өзі алғашқы рет құрған оқытушылардың және дәрігерлердің біліктілігін жоғарлату факультетінің деканы болған. Мұнда ол, Қазақстан пульмонологтарын дайындау және біліктілігін жоғарлату циклін өткізеді . Профессор Семенова Р.И. 12 жыл бойы ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің бас штаттан тыс пульмонологы болған, қазіргі уақытта Алматы қаласының бас пульмонологы.

Токсанбаева Гульжан Тынышбековна – резидентура және интернатурадағы терапия №3 кафедрасының ассистенті, жоғары категориялы дәрігер- терапевт. Қазақ мемлекеттік медицина университетін 1996жылы үздік аяқтады. 1996- 1998жылдары ҚазММУ госпитальді терапия кафедрасында «Ішкі аурулар» мамандығы бойынша клиникалық ординатурада оқыды. 1998жылдан қазіргі уақытқа дейін №3 ішкі аурулар кафедрасының ассистенті қызметін атқарады. «Қант диабетінің 2 типімен науқастардағы ЖИА ерекшеліктері» тақырыбы бойынша ғылыми жұмыс жүргізуде.. 15ғылыми мақаласы жарық көрген, соның ішінде 3 әдістемелік нұсқауы бар. Неврология кафедрасы \"Неврология\" курсы мен кафедра тарихы. 1998 жылы профессор м.ғ.д Кудеярова Галия Махметовна курс меңгерушісі болып тағайындалған, \"Психиатрия, наркология және неврология\" кафедрасын құрды. 2000 жылы кафедра меңгерушісі ретінді м.ғ.д Нурмагамбетова Сая Адильбековна бекітілді. 2001 жылы КМУ \"Психиатрия, наркология және неврология\" кафедрасынын орынбасары орнына, қазіргі уақытта кафедраның оқу үрдісін тиянақты бақылайтын м.ғ.к. Асимова Тамара Аубакриевна бекітілді. 2013 жылдан бастап жалпы және медициналық психология, педагогика және коммуникативті дағдылар курсын басқарады және осы жылы профессор атағы берілді. 2001жылдан бастап 2013 жыл аралығында кафедраны м.ғ.к. профессор, Алматы қ. неврология Ассоциациясының президенті, Қазақстан медицинасының дамуына үлес қосқан Мусабаева Флора Акановна меңгерді. 2013 жылы \"Психиатрия, наркология, жалпы және медициналық психиология, педагогика мен коммуникативті дағдылар неврология курсымен\" кафедерсының меңгерушісі орнына м.ғ.д., профессор Алтынбекова Гульнар Ивановнаны, ал 2013ж желтоқсанда \"Неврология\" курсының меңгерушісі міндетіне м.ғ.к Кудайбергенова Айгуль Сериковна бекітілді. 2013 жылы желтоқсанда ҚРМУ \"Неврология\" курс ұжымы өздерінің жұмыстарын Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы аймағында бастады. Біздің курс базасында медициналық колледж студенттері, бакалавр, интернтер оқыту, сонымен қатар дәрігерлерді дипломнан кейін дайындау (қайта дайындалу, квалификацияны жоғарылату, мастер-класс) жұмыстары жүргізіледі. Курс міндеті, мақсаты және жұмыстың бағыты Оқытудың негізгі мақсаты кәсіби эрудицияны қамтамасыз ету, дәрігерлерді дифференциальды диагноз және дифференцирленген терапияны жүргізу, сонымен қатар студенттерді неврологиялық зерттеулерді және жиі немесе

нерв жүйесінің шұғыл зақымдануын диагностикалау дағдыларын үйретумен қамтамасыз ету. Оқытудың негізгі міндеті дисциплинаның актуальды сұрақтармен танысу, неврологиялық диагнозды (топикалық және клиникалық) қою принциптерін меңгеру. Әсіресе шұғыл жағдайлар, яғни милық кома, инсульттің жедел кезеңі, эпилептикалық статус, Гийена–Барре синдромы, миастеникалық криз және тағы басқа кезде дифференциальды диагноызды жүргізу мен емдеу кестесін білу маңызды. БСНП базасындағы нейроинсульт және неврология бөлімдерінде тәжірибелік сабақтарды жүргізу, ургентті, ауыр неврологиялық науқастарды клиникалық тұрғыда талқылау, теориялық материалдарды бекіту және кәсіби дағдыларды үйренуге үлкен мүмкіндік береді. Ғылыми жүмыстардың негізгі бағыты жедел және созылмалы ми қанайналымының бұзылысы, инсультан кейінгі науқастарды реабилитациялау, тырысу жағдайлары, коматозды науқастарды ЭЭГ-мониторингтау, нерв-бұлшықет аппаратының аурулары және неврогенді ауырсыну синдромдар. «Неврология» курсының ұжымы “Неврология” курсының меңгерушісі. Кудайбергенова Айгуль Сериковна, медициналық ғылым кандидаты, Қазақстан Республикасының невролог ассоциациясының, Қазақстан невролог Лигасының, невролог Әлемдік федерациясының және Қазақстан Республикасының Ұлттық медициналық ассоциация мүшесі. Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Германия, Франция, Чехия, Австрия, Венгрия, Турция елдерінде өткізілген халықаралық конгресс және конференция қатысушысы 45 ғылыми жұмыстары халықаралық және отандық журналдарда жарияланған; Stroke, Clinical Neurophysiology journal, The Lancet Neurology

journal, Journal of the Neurological Sciences, «Человек и Лекарство», «Здоровье», «Вестник КазНМУ». 1 оқу-әдістемелік нұсқауы бар. Қызығу аумағы: Цереброваскулярлы патология: ТИА. ОНМК. Реабилитация. Дәлелдемелі медицина. Біздің елде сонымен қатар көрші Республикалар-Қыргызстан және Тәжікстан елдеріндегі актуальды тақырыптарға мастер класстар мен семинарлар өткізеді. 1) Неврологиялағы шұғыл жағдайлар. 2)Жедел ми қанайналымының бұзылысы бар науқастарды жүргізу стандарттары. 3) \"цереброваскулярлы патология\" УЗДГ диагностикасы. 4)«Вертебрология. Медикаментозды блокадалар», «Остеопороз диагностикасы және емі» ревматолог, травматолог, нейрохирургпен бірге. 5) «Нейрогенді қуық. Диагностиканың неврологиялық және уродинамикалық критериилері» урологтармен бірге. 6) «Бас айналудың дифференциальды диагнозы», отолорингологпен бірге. 7) «Бас ауыру. Диагностика критерийлері. Қауіптің сигналдары\" Профессором РАМН м.ғ.д. Румянцева С.А. бірге \"Жедел ми қанайналымының бұзылысы\" бойынша біздің Республиканың қалаларында семинар жүргізді. Кайруллаев Кайрат Кенесбаевич - “Неврология” курсының ассистенті. 2008-2010ж. - КазНМУ им.С.Д.Асфендиярова. Мамандық бойынша магистратура: Денсаулық қорғау және фармация менеджменті. Қызығу аймағы: Тырысу жағдайы, комалық жағдайының ЭЭГ мониторингі, емдеу стандарты және денсаулық сақтау ұйымының сұрақтары. Қазақстан журналдарында 8 ғылыми жұмыстары: «Қазақстан Нейрохирургиясы және Неврологиясы » және «КазҰМУ хабаршысы».

Пушкарев Константин Андреевич - “Неврология” курсының ассистенті. Дүниежүзілік балалар неврологиясының мүшесі, Жаңа Зеландия және Австралия неврологтар ассосиациясының мүшесі, дүниежүзілік инсульттік ұйымының мүшесі,Қазақстан Республикасындағы InternationalPediatricStrokeStudy программасының өкілі. Қызығушылығы: Балалар инсульті. Реабилитация. Халықаралық журналдарда 29 ғылыми мақалалары жарияланған: Stroke, ClinicalNeurophysiologyjournal, TheLancetNeurologyjournal, JournaloftheNeurologicalSciences, сонымен қатар Қазақстандық журналдарда: «Қазақстанның Нейрохирургиясы және Неврологиясы» және « АГИУВ хабаршысы». Қазақстан республикасының патенті: Жаңа туылған сәбилердің цереброваскулярлы бұзылыстары дамуын болжау әдісі . Оңтүстік Кореяда нейроинсульт бөлімшесінде қызыметкерлерді басқару және инсульттің клинико неврологиялық симптоматикасы программасы бойынша квалификациясын жоғарылату курсын өтті. Халықаралық конгресс пен конференциясының қатысушысы: Россия, Кыргыстан, Австралия, Қытай, оңтүстік Корея, Жапония, Бразилия, Австрия, Франция, Турция. • Қазақстан Республикасында балалар инсульті мәселесі бойынша шеберлік дәрістер мен семинарлар өткізді. • Балалар неврологиясындағы реабилитация. • балалар геморрагиялық инсультінің реабилитациясы мен емі және диагностикасы. БСНП-ның күн тәртібі Біздің ұжым аурухана өміріне белсенді қатысады:консультация өткізеді, науқастарды ЭЭГ- зерттеу, консилиумға қатысады, , КИЛИ, ауру тарихын рецензирлеу өткізеді. 2014 жылдың қазанынан бастап, инсульт алған науқастар және олардың туысқандары үшін күн тәртібі бойынша дәрістер

өтетін, НСО базасында инсульт мектебінде жұмысын бастады. Пушкарев К.А. интерн студенттер үшін практикалық сабақты өткізеді. (суретте, жоғарғы сол жақтағы ). ПИТ ауыратын науқасты Неврология курсының меңгерушісі Кудайбергенова А.С. мен және ИНСО меңгерушісі Баратов Р.Т. мен бірге тексеру. (суретте оң жақта жоғарыда). ОРит та емдік жұмыс бойынша бас дәрігердің орынбасары к.м.н Кулембаев А.Б мен бірлесіп қарау. (суретте, сол жақ төменде). ЭЭГ- зерттеуді ассистент Кайруллаев К.К. мен өткізу(суретте төменгі оң жақтағы). «Неврология» курсы күшімен БСНП базасында болған уақытта, келесі іс шаралар өткізілді. 2014 жылғы конференциялар , семинарлар, шеберлік дәрістер . • Халықаралық шеберлік дәріс нейрореанимация негізі» 2014 жылдың 22-25 мамырында . Медицина ғылымдарының докторы, Анестезиология кафедрасы және РМАПО шұғыл медициналық, ҚР-дың әлеуметтік дамуының денсаулық сақтау министрлігі Ломоносов М.В атындағы ММУ медицина факультетінің негізін қалаушы профессоры Царенко Сергей Васильевичтің қатысуымен. Дәрігер неврологтар, реанимотологтар, терапевтер қатысты. 2.Халықаралық шеберлік дәріс: « жедел шұғыл медицигналық көмек. Современные методы интенсивной терапии пациентов нейрореаниматологиялық профиль науқастарының интенсивті

терапиясының заманауи әдістері» 15- 19 қыркүйек 2014 ж. Санкт Петербург мемлекеттік Университетінің медициналық факультетінің реаниматология және анестезиология кафедрасының доцентінің қатысуымен И.И Джанилидзе атындағы шұғыл көмек СПБНИИ-дің бас дәрігердің орынбасары к.м.н. Афончиков Б.С -ның қатысуымен. Дәрігер неврологтар, реанимотологтар, терапевтер қатысты. 3. 2014ж 29 қазан. - «Бүкіләлемдік инсультпен айқасу» арналған ашық есік күні және конференциялар. Бұл күні Алматыдағы Жедел Шұғыл Көмек Көрсету ауруханасында ҚР ең мықты медициналық университеттердің невторпатологтары Казахстан – Ресей Медициналық Университеті, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлтық медициналық Университеті, үзбей білім беру Қазақтан Медициналық Университеті , сонымен қатар әрине ЖШККА дәрігерлері. Инсульт шакырушы қауіпті факторларды анықтау үшін 150 ден артық адам тіркелді.

Ішкі аурулар департаменті Ішкі аурулар департаменті 1996 жылы құрылған және Қазақстан-Ресей медициналық университетінің ірі кафедраларының бірі болып табылады. Құрылған күнінен бастап кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Жанғабылов А.К. Оқыту емдеу және жалпы медицина факультеттерінде қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Кафедраның негізгі клиникалық базалары – ҚЖШККА (Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы), Кардиология және Ішкі аурулар ҒЗИ және көпсалалы стационары бар №1 Қалалық клиникалық аурухана болып табылады. Департаментте 4-5-6 курс студенттері білім алады, Департамент ПОҚ өзінің тәжірибесінде оқытудың дәстүрлі әдісімен қатар, оқу және шығармашылық жобалар, топтық презентациялар, ойын технологиялары, компьютерлік және ақпараттық технологиялар тәрізді инновациялық технологияларды да қолданады. Шынайы жағдайлардан алына отырып, клиникалық талдаулар, күрделі диагностикалық жағдайлар мысалында оқыту түріндегі КЕЙС технология (Кейс-Әдіс) енгізілуде. Бұл студенттердің оқу қызметін белсендіруге мүмкіндігін тигізеді, шығармашылық үдерісінің еркіндігі атмосферасын қалыптастырады. Департаментте сондай-ақ терапия және кардиология мамандықтары бойынша, интернатурадан, резидентурадан дайындықтар өтеді. Қазіргі таңда департаментте м.ғ.д., профессор Жанғабылов А.К., м.ғ.д., профессор Садырова Ж.А., м.ғ.к., доцент Есназарова Г.С., тәжірибелі оқытушы ассистенттер Жакибаева Ғ.Р., Шамшидинова М.А., Агибаева А.А., Әзім С.Ю., Есова Н.К., Букенова Ж.Т., Кулиева Г.К. жұмыс істейді.

Департамент қызметі уақытында жүздеген студенттер оның түлектері болды, оның ішінде атақты дәрігерлер, ғалымдар, денсаулық сақтау ұйымдастырушылары да бар. Департаментте студенттердің ғылыми үйірмесі жұмыс жасайды. СҒЗЖ-н айналысатын студенттер Республикалық студенттік конференцияларға қатысып, жүлделі орындар иемденген. Департамент қызметкерлері, атап айтқанда м.ғ.д., проф. Жанғабылов А.К. жыл сайын Республикалық, Еуропа, Дүниежүзілік медициналық конгресстерге, симпозиумдарға қатысады және шет ел импакттық медициналық журналдарында көптеген мақалалары жарық көрді. Департаменттің клиникалық мүдделерінің шеңберіне терапиялық, кардиологиялық, пульмонологиялық, эндокринологиялық аурулардың кең ждиапазоны кіреді. Алайда қазіргі таңда департаменттің клиникалық мүдделері көбіне гастроэнтерология саласына ауысты. Қазіргі таңда департаменттің «Клинические (диетические, лечебные, профилактические) параметры применения цельного и сублимационного кобыльего молока, кумыса при хронических заболеваниях органов пищеварения» тақырыбы бойынша ҒЗЖ жүргізілуде. Біз емдік терапия құрамында сүттің 4 түрі қолданамыз – сублимациялық кепкен бие сүті, тұтас (жаңа сауылған) бие сүті, сублимациялық кептірілген қымыз, жаңа сауылған бие сүтінен дайындалған табиғи қымыз. Сублимациялық кептірудің маңызы, бұл сүт қатырылғанда және арнайы жағдайларда мұз сұйық фазаны жанай өтіп буланады да, және дайын өнім дайын түрінде алынады. Бұл ретте бастапқы өнімнің құрылымы бұзылмайды. Бұл өнімдерді біз науқастарға дифференциалды, нозологиялық диагнозына байланысты келесі аурулар кезінде тағайындаймыз:

 Бауырдың алкоголдік ауруының әр түрлері  Бауырдың алкоголдік емес майлы дистрофиясы.  HBV, HCV, HDV вирусты гепатиттері, этиотропты терапияға қосымша ретінде  Вирусты, алкоголдік, дәрілік, екіншілік билиарлы цирроздар.  Холестатикалық гепатиттер (ішкі және бауырдан тыс холестаздар).  А, В, С типті созылмалы гастриттер.  Билиар трактының гипокинетикалық, гиперкинетикалық дисфункциялары.  Ұйқы безінің экскреторлы жеткіліксіздігінің синдромы.  Баактерияның көп өсу синдромы.  Асқазан және 12 елі ішек ойық жара ауруы. 2005 жылы кафедра ХҒТО (МНТЦ) линиясы бойынша «Қазақстандағы ас қорыту органдары аурулары кезіндегі Helicobacterpylori эпидемиологиясы және емдеу мәселелері» деп аталатын, ірі халықаралық грант ұтып алды. Бұл тақырып бойынша ҒЗЖ-ң қорытындылары баспаларда, Еуропа гастроэнтерологтарының апталарында кеңінен талқыланды және Америка, Еуропа медициналық басылымдарында жарық көрді. Департамент 15 жыл бойына 2 жылда 1 рет «Гастроэнтерология» атты Халықаралық конгресс ұйымдастырады. Сондай-ақ ТЕХАС медицина орталығымен (ССМА, АҚШ) профессор Девид Грахам, және CaCari университетімен (Сардиния Италия) тығыз жұмыс жасайды. ҚЖШККА-ң базасында департамент қызметкерлер ұдайы емдеу-кеңес беру жұмыстарын жүргізеді және стационар дәргерлерімен тығыз байланыста. Терапиялық науқастардың емінде ғылыми жетістіктерді тәжірибеге енгізу бойынша жаңа әдістемелерді қолдану жұмысы ұдайы жүріп отырады. Ішкі медицинаның өзекті мәселелері бойынша әр түрлі деңгейде дәрігерлік, ғылыми-тәжірибелік конференцияларды ұйымдастыруға қатысады. Департамент қызметкерлері ҚЖШККА-ң барлық бөлімшелерінде терапия бейіні бойынша кеңес беру жұмыстарын жүргізеді.

Арнау Алматы қаласындағы жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының ірге тасын қалап, ұйымдастырып, бүгінде ортаң қолды мекемеге айналдырып отырған, денсаулық сақтау саласының үздігі, медицина ғылымдарының кандидаты Сейдуманов Манат Тұрарұлына арналады Тербелтіп тәуелсіздік арай таңы Бүгінде Қазақ елі, бек нұрланды. Еңбегін сіңіруде дәрігер қауым Ем беріп, сауықтырып адамдарды. Әр істің биігі мен асқары бар Терлесең талай істер атқарылар. Медицина саласын көркейтуде Кәсіби мамандар мен жас ғалымдар. Көз тіккен биігіне жас кезінен Еңсеріп талай істі, төске өрлеген Байқағыш, көзі шалғыш, әр нәрсені Қырандар көрінеді ел көгінен. Жасынан білім қуып, көп үйренген Адамның өмірі де һәм гүлденген. Ойларын толықтырып, алға басқан Жетеді биіктерге, Күн көрінген. Жетеді армандарға, алыс жақын Азаматтар ұстаған іс тұтқасын. Емгерлікті таңдап ап, кәсіп еткен Адамдардың пейілін кім ұқпасын.

Науқастанып қалмайық, керегі жоқ Науқастанған қу жанның әлегі көп. Сол себепті ауырмайтын жол іздейік Сонда ғана болмақшы көңілің тоқ. Алдын ала сырқатты іздеп тауып Сақтық қылған жандарға келмес қауіп. Сол үшінде денсаулық саласының Көркейгенін қалайды дүйім халық Игі істердің қасынан табылатын Жақсылықпен жаманды айыратын. Азаматтар бар екен арамызда Әрқашанда шығарар елдің атын. Айтар болсаң жігіттің елдігін айт Елден өзге қажымас өрлігін айт. Мақсат еткен биікке жетемін деп Көппен бірге қайнаған ерлігін айт. Жаңа ғасыр келді де алға тартты Жаңарды жұрт, жетелеп жас ұрпақты. Ел басының жолдауы қуат беріп, Дүйім қазақ тықыршып, толқып жатты. Бір жаңалық күткендей қала бүгін Томсырайды жасырмай мүшкіл күйін. Отыз жылда болмаған жаңалық боп Аурухана салынды бізде бүгін.

Орайы кеп тұрған соң айту парыз Айта алмасақ жер басып не қыламыз. Жақсының ісін айтқан артық емес Артымызда қалатын болып аңыз. Ел басы, ойын айтты дәрігерге Денсаулығын тіледі қалың елге. Қиып беріп лентасын ғимараттың Шаттықтың нұрын төкті көңілдерге. Көшбасшысы, көсемі, еліміздің Қиып беріп лентасын үйіміздің. Талап етті, кәсіби деңгейдегі Көмекті көрсетуге бәріміздің. Жабдықталған аспаппен жаңа не бір Аурухана бастады жаңа өмір. Тұрарүлы Манат сынды ер азамат Көрсетті бар мінезін болат-темір. Президент өзі келіп ашып жатқан Аурухана көп емес, шынын айтсам. Қабылдаған науқасты ертеңінде Аурухана кемде кем, тіпті о бастан.

Осылай бастау алып жаңа дәуір Бейне күй тартылғандай үні тәуір. Басталды тіршілігі жедел жәрдем Арқалаған арқасына жүгі ауыр. Күн менен түн ауысып, дөңгеленіп Кете барды дүние сан өзгеріп. Жетелейді науқасты, ажал «жүр»-деп Ал дәрігерлер, күресті емін беріп. Аурухана ұжымы жиған бәрін Қажет болса оталау оған дайын Бір емес тоғыз жерде ота жасар Хирургтаболмайды еш уайым. Сан түрлі аспаптарды қару етер Диагнозын науқастың анық етер. Тез арада көмекті көрсетумен Тілеуін дертті жанның қабыл етер. Гинеколог мамандар қолы шебер Қолдарнынан келеді небір өнер. Аналардың нығайтып денсаулығын Ота жасап қайтадан өмір берер. Кейде тіпті жүреді тәуліктетіп Үй көрмей туысынан алыс кетіп. Шақыртар қажет болса кеңесшіні Науқасты тез арада тәуір етіп.

Басқада мамандар көп аты дардай Жұмыстарын өткерген ешбір талмай. Еш ұжым мақтана алмас қыздарымен Мадина, Галинамен Шолпандардай. Көптің ісін атқарған тыңғылықты Біздерде жігіттер бар мықты, мықты. Солардың бірегейі Нұрлан, Бейбіт Амандай ақылшының сөзін ұқты. Кәсіби біліктілік тұғырына Аурухана ұжым боп ұмтылуда. Керек кезде білімді жетілдіріп Көрсетеміз қызмет халқымызға. ******* Қадағалап ертемен барлық істі Жұмысына бас дәрігер ал кірісті. Бөлімше басшыларымен ақылдасып Мән жайдың болар істің ол ұғысты. Жаңа істі бастау қиын қашанда Енжарлықпен іс бітпейді ондайда. Уақытпенен есептеспей қимылдап Ғимартта болу керек ақ таңда. Қадағалап көзбен көріп, тексеріп Жетіспеген жерлер болса ескеріп. Ақылдасты ұжымымен, бас қосып Ерте тұрып, өз үйіне кеш келіп.

Ондай кезде білім керек бәріне Жету үшін бір мақсаттың түбіне. Жалғыз жету мақсаттарға, ертегі Жолдастарға сену керек әрине. Қиын кезде табылатын қасыңнан Әріптестер болды сонау басынан. Өз ісінің шеберлері, қолы алтын Әрбір істі арнасынан асырған. Соның бірі Владимірдің Рүстемі Айтқызбастан білген ойды іштегі. Әр бөлменің керегі мен жарағын Қағазына тізіп алып діттеді. Мамандармен ақылдасты, кеңесті Жетпей тұрса, қол тигізіп жөндесті. Болмай жатса, ұғындырып, жайменен Керек болса тең құрбыдай теңесті. Рүстем маман, аты шыққан хирург Не отаңды жасап шығар шын жүйрік. Жас кезінен осы ұжымның мүшесі Білімі де түпсіз терең тұңғиық. Жақсылармен жүрсең көпті білерсің Көлгірсімей шын көңілден күлерсің. Жақсылардың сөзін естіп, марқайсаң Даңғойлардың ісін көріп жүдерсің. Бас дәрігермен тізе қосып, әрдайым

Талай талай термен жуған маңдайын. Мұндай кезде төске өрлеген ісімен Рашид жайлы бірер сөзді қозғайын. Жансақтаудың аты солай, айбарлы Ондай жерге жай маманды алмайды. Жанталасқан, қағылысқан, қозғалыс Ажал сұмдық, әзиз жанды арбайды. Ондай жерде жай адамдар болмайды Оңай емес әр тәуліктің салмағы. Арпалысқан арғы, бергі дүние Сызат қылып шимақтайды маңдайды. Мына бала, мына бала шөлдеді Кеберсіді, ерні кепті, «Су» - деді. Бір ақ тамшы, суға ілінген өмірдің Не боларын ешкім бірақ білмеді. Көзін жұмып, ұйықтап барад Кейуана Іштен құран оқып жатыр жайғана. Менің ішім мұздап барад, сеземін Мәңгі ұйқыға кеткендей боп айнала. Дәл осындай кезде қажет, көмектің Шұғыл түрде атқарылуы керек тым. Рашид сынды азаматтар сол кезде Қимылымен басты өртін өзектің. Бөлімшесі жансақтаудың күрделі Жабдық керек, алуан түрлі түрлері.

Тізімделген аппарат пен аспаптар Жеткізілді Еуропа елдерінен, іргелі. Елімізге тыңнан жаңа жол салған Инновация жолыменен қамданған Жедел жәрдем ауруханасы гүлденді Жігіттерді жиып алып майталман. ***** Тізбектеумен өтіп жатты шолақ түн Қажетті нақ аты жөнін жарақтың. Алдын ала пысықталған тізімдер Жатты алдында Тұрарұлы Манаттың. Әрбір іске, терең бойлап мән берер Манат басшы ондай кезде өзгерер. Тиімділік бола ма деп бұл істен Маман ойын сан қайтара тексерер. Тұжырымдап, әрбір сөзін екшелеп Тәпіштеді, піскен ойды, кестелеп. Ал сонан соң, шешімімен көпшілік Жоспар құрды келер күнге текшелеп. Дайындалып талай хаттар мәнерлі Жолын тауып жоғары жаққа жөнелді. Көп ойласып, ол жақтағы жайсаңдар Берді рұқсатын. Қуанышқа жұрт кенелді.

Адамдарға көптеп созған қол үшін Алғыс айту үлкен парыз біз үшін. Смағұлұлы Ақметжан қала әкімі Әуел бастан ақылшысы бұл істің. Жаңа ғасыр бастау алды байлықпен Өмір қашан, көрікті денсаулықпен. Қажет деді қалаға үлкен емхана Қамтылған жаңа құрал жабдықпен. Шешім шықты мәнерлі ізгілікпен Салынды аурухана көптен күткен. Жүз мектеп, жүз аурухана аясында Шешілді бұл ұсыныс тектілікпен. Келбеті жақсы адамның ісіменен Дегенді жас кезіңде түсінер ме ең? Кейінгілер үлгі алып келе жатыр Дүрімбетов Ермекұлы Еркіндерден Басқарған кір келтірмей жақсы атын Қаладағы Денсаулық басқармасын. Тапсырды сеніммен, жас Манатқа Жап жаңа, шұғыл жәрдем ауруханасын. Тұлпардың тамырда ағар тектілігі Байқай бермес оны әркім осы күні Түбінде бір тектілік болғаннан соң Байқалар екі көздің өткірлігі. Әкесі бұл Манаттың Тұрар еді

Тәңірден бес баланы сұрап еді. Қосағы Рақимамен қол ұстасып Қызығын бұл дәуреннің құрап еді. Байлықтың ең үлкені білімде деп Балаларын жеткізді бәрін демеп. Төртеуі Мәскеуде оқып тоқып Араласты еңбекке еліне кеп. Таң қалдырған басқаны келбетімен Ерте оқып, шымыр боп, тез жетілген. Бес ұлан бірдей шықты биік шыңға Жұртқа таныс Сейдуман әулетінен. Құт қонған бұл әулетке, О бастан-ақ Тәңірім, берген бақты шытпай қабақ. Бір ұлы қалаулы боп, төрде отырса Бір ұлы құшты кітап, ойын санап. Білімді мыңды жыққан қай кезде де, Жігітте өнер болмас бұдан өзге. Саралап терең оймен жазбаларды Сидырған аядай-ақ Ақыл сөзге. Білдіріп тектіліктің тереңдігін Ұрпағы биіктерге шықты бүгін. Бір ұлы медколледжі басқаруда Мамандарын даярлап бар өңірдің. Өрендер бұл ордадан дәріс алып Өңірге тарап жатыр жолдама алып.

Алақанға сіңіріп жылылықты Ем қылуда не дерттің ебін тауып. Сырын ашып ағзаның ішкі тылсым Таныстырып, жүйелеп, дүркін-дүркін Шығаруда дайындап мамандарды Алғысына бөленіп дүйім жұрттың. Қазақтың тұлғаға бай өңірлері Тұлғалар бізге осылай өмір берді Көркейткен жерімізді еңбегімен Елімнің қыздары мен келіндері. Сіңірген кәсібіне көптен терін Солардың бірегейі Гүлнар келін. Балаларды қараған көңіл бөліп, Науқастанса жүгірген, айтып емін. Адам үшін ең қымбат бала деген Бала бауыр етің ғой күлімдеген. Бала десе дәрігерлер, науқастанып Алақанға сап жүрегін тілімдеген. Міне, Гүлнар осы маман иегері Жұмысы ауыр болса да жүдемеді. Қызметін дәрігер боп бастады да Ғылымға да мүше болып үлгереді. Басшы болып ұжымын көркейтуде Ойластырып әр істі ыңғайымен

Қыз ұлдарды әкелді дүниеге Тату тәтті силасып туғанымен. Балалар оқып жатыр, шет елдерде Білімін жетілдіріп, озып өрге. Атадан бастау алған сап тектілік Жетелеп алып келер туған жерге. Туған жер, туған өлке, туған ауыл Асыр сап, көбелекті қуған ауыл. Кешегі шыбық мінген жеткіншекті Ат мінгізіп, азамат қылған ауыл. Жамбылдай абыз туған, Өлкем менің! Тоңғанда жамылатын көрпем менің. Мен сенсіз, біле білсең туған жерім Өспеймін, жетілмеймін, көркеймеймін. Ал енді, Әке қалай еңбек еткен Жастайынан дәрігер боп терлеп өткен. Ұлдарын тәриелеп ұлы істерге Құлашын биіктерге сермеп өткен. Басталған еңбек жолы емханадан Талайдың ақ батасын арқалаған. Көрініп қызметі биіктерден «Денсаулық үздігі» -деп атақ алған. Тұрар аға көтеріп елдің жүгін Жұртың үшін қызмет қыла білдің.

Облыс көлемінде басшы болып, Денсаулық саласында алда жүрдің. Болсада не тауқімет арқаладың Қайтпадың, еңкеймедің, тоқтамадың. «Әкесі халық жауы» -деп жатса да Құламадың, сынбадың, шайқалмадың. Жаратқан жарылқайды сүйген құлын Еңбек жасап, ерледің, сүйіндірдің. Қосағыңмен қосылып, ер жеткіздің Алланың сізге берген ұл мен қызын. Тарих деген төреші, сараптаған Өткен күн мен кеткенді салмақтаған. Тұрар аға! Қалды есінде дүйім жұрттың Азамат боп, дәрігер боп, ел мақтаған. ****** Басқарып көптің ісін көзге түсіп Сейдуман елден ерек болған пысық Колхоздың қиыстырып шаруаларын Басшылықта жас жігіт алған пісіп. Ұжымшар құрып білек күшіменен Ұйтқы боп көпшілікке ісіменен Жасынан араласқан қызметке Айтуға тура ойын іркілмеген.

Болған соң елден ерек, әрі терең Қызметі өрледі одан да әрмен. Гиждуван қаласына жіберілді Өзбекстан жеріне, тапсырмамен. Атқарып жүрсе дағы адал ісін Саясаты сол кездің бұзды шырқын. Айдалып кете барды итжеккенге Айналып пендесіне құғын-сүргін. Артында азаматтың елі қалды Еңіреген сәбидің көзі қалды. Қиналып кетсе дағы сыр бермеген Үш баламен Халбүбі жары қалды. Сорлаған талай жақсы заман еді Зарлаған үн басыпты тәмам елді. Аналар қабырғасын қайыстырып Артында арыстардың қалған еді. Сұрқылтай саясаттың күні туып Ел ішін бүліндірді өңкей ынжық. Серкелерін ел –жұрттың, бұзақы деп Өзгенің ұлығына қылды құлдық. Сонымен қайсар аға, кетті айдалып Мойынсұнып тағдырға, бек қамданып. Ресейдің ормандарын орағытып

Комидан бірақ шықты, шыр айналып. +++ Фашистер сілкіндіріп бар аймақты Кеңестер Одағына соғыс ашты. Басқыншылар тоқтамай, танкіменен Жердің жүзін жапырып таптап жатты. Отан деген ұғымның тереңдігін Нағыз ерлер білмесе, біледі кім? Хат жолдады Сейдуман өтініш қып Майданға өз еркімен жіберуін. Өтініш орындалды, уақыт салып Майданға Ұлан аттанды қару алып. Атқыштар дивизиясы қатарында Сапқа тұрды, еңсесін жиып алып. Отты күндер, от жылдар, лапылдаған Кетті кіріп жалынға батыр адам. Жауған оқтан айнала соқыр болды Сұлап жатты, дастандар айтылмаған. Пулеметтен оқ борап, қарсы жақтан Жауынгерлер көбейді құлап жатқан. Атып тұрып, жүгіріп, қайта құлап Жете алмай межеге қарғыс атқан Жара болып шаншылып етке талай Жарылады бомбылар, тоқтай алмай. Арасынан жол тауып жүгереді

Жауынгері Кеңестің оққа қарай. Кенжебайдан ұл туған, көзі мерген Көздеп жатыр қаруын өзі сеңген. Ажал оғын жаудырған пулеметтің Өшірді үнін ақыры детектеген. Толып кетті айнала дауысқа «Ура!» Төңкерілді дүние, аз тұрды да. Қашып жатқан фашистер, есі кетіп Жіберіп ап есесін намысты ұлға. Бір сөзім бар, менің де аздап тыңда Көрсетпесін соғысты, баламызға. Қарыздармыз бәріміз, қарыздармыз Дәл осындай ержүрек бабамызға. Осы жолы бағалап ердің ісін Берген екен медальді «Ерлігі үшін» Ұмтылмайтын адам боп еңгізілді Кітабына Комидың елеп ісін. Майдан шебі алыстап, шекарадан Латвияға жетіпті, тоқтамаған. Әскерлері Кеңестің алға жылжып Рухыменен халықтың қуаттанған. Осындай бір күндері кетпес естен Ұрыс өтті далада кескілескен Жау жағы да қамданып алған екен

Көп қарсылық етіпті қайтпай беттен. Сол соғыста ержүрек жауынгерді Жаралады жау оғы, білінбеді. Құлап бара жатса да, қиналған жоқ Қиналған жоқ, Жауынгер күлімдеді. Кеудесімен тосып ап жаудың оғын Алға ұмтылып, созды да екі қолын. Тізесімен басылып, жерге отырды Дөңгеленді дүние. Жұмды көзін. Жығылмаған соғыста, берілмеген Қоштасарда жанымен күлімдеген. Сприндули тауының етегенінен Орын алды бұл батыр «Елім» - деген. Жазылды ердің данқы әр кітапқа Мәңгілік естелік боп адамзатқа. Лыэпн қалашығы манындағы Бауырластар қабіріне қойған тасқа. Жеңістің жетпіс жылдық қарсаңында Еске алды боздақтарды ел тағы да. Ресейден келген орден табысталды Батырдың жолын қуған ұрпағына. Ұласқан, себелескен, сеңгір тарих Қайтадан қайталанды ғасыр салып. Немере іс бастады, батырға тән Еңбекқор адамдарды қасына алып.

Болсада тыныш заман, елге жайлы Қауіпті жоқ деп ешкім айта алмайды. Граната жарылды, бейқам жастар Соғыстағы секілді естен таңды. Танып естен, Жас ұлан үрейленді Денесін жарықшақ кеп түйреледі. Қыз бала, қаламыздың қызғалдағы Құлап түсті. Үзілді. Күлмейді енді. Құтқаруға асығып, жәрдем көлік Құйғытады көшемен, белгі беріп. Жүгіреді дәрігерлер, жанталасып Жараланған балаға жанын беріп. Суық хабар жеткен соң, емханаға Тез арада жасалды шұғыл шара. Бұйрығымен басшының, топ құрылып Бастап кетті көмекті әр балаға. Кәсіби мамандармен ақылдасып Кеңес ашты науқастың жайын айтып Не керекті алдыртып ту алыстан Дөңгелетті шаруаны арындатып. Қажет болса сөйлесіп Ресейменде Шұғыл топтың шаруасы келді жөнге. Тоғыз жерде жасалып күрделі ота Сезілмеді мұқтаждық ештемеге.

Сұм ажалдан құтқарып төніп келген Үміттерін маздатып, сөніп келген. Ата аналар қуанды, алғыс айтып Қуаныштан көз жасқа ерік берген Ер жігіт тартады екен өз затына Күн түскенде көрінер ел басына Әкімі Алматының мырза Есімов Жолдады алғыс Тұрардың Манатына Өткеннен белгі іздеп жыр шумағы Санамды әрлі берлі шиырлады. Бейбіт күнгі жарылыс қаладағы Тарих болып, олдағы артта қалды *** Игілікті істерді үйлестіріп Уақытта келеді жүрдек жүріп. Өзгереді барлығы жаңарады Жаңалықты өзімен ілестіріп. Медицина саласы гүлденуде Жаңа әдіске, ғылымға жол беруде. Талай науқас дертінен айығуда Ауыстыртып ағзасын елімізде. Қаншама жан әліде қиналуда Сәйкес донор таба алмай өз бағына. Жылай жылай құрғаған жанарлардан Жас орынына жылымшы қан ағуда.

Кеңіп кеткен жүректің қолқалары Қан қайтарып өкпеге күш салады. Көмегі жоқ мұндайда басқа емнің Донор керек. Донорды кім табады? Жауабын бұл сұрақтың табу қиын Ақылдасты мамандар қылып жиын. Қамданған аспаптармен заманауи Аурухана атқарар мұның жүгін. Осылай жедел жәрдем емханасы Бастап кетті жаңадан іс саласын Оқытып мамандарды шет елдерден Бас дәрігер жасады бар шарасын. Көп кешікпей ақталып төккен тері Бұл істің де жоспары икемделді . Сызғанов атындағы орталықтан Шақыртылып мамандар, дәріс берді. Енді міне, қанша адам құтқарылды Ажалдың тырнағынан жұт тәрізді. Үрей менен қорқыныш арта қалып Сау адамдар толтырды ортамызды. Жақсыны сақтар қашан ел есіне Жазып атын сақтаған көрмесіне. Белгісі боп еңбектің «Алтын» медаль Жарқырайды Манаттың кеудесінде.

Солай, солай дәстүрі бабалардың Тәлімі бұл Тұрардай ағалардың. Мүмкін өзі ұстазым деп жүретін Батасы ма Біртановтай даналардың. Әкесінің сап берген сара жолын Асқақтатқан, пір тұтқан, бала болдың. Дәріс оқып Ганновер қаласында Иемденіп «Кох» медалін, дара келдің. Әрбір адам іс қылар өз жолымен Құрметтің де салмағы еңбегімен. Тағы да бір марапат жеңіп алдың «Қазақстан данқы» атты орденімен. Тайталаста ұжымың дес бермеген Жаңалық жоқ бұл ұжым ескермеген. Абыройын тасыттың сан тарапқа Сүрінтпей-ақ өткіздің өткелдерден. Топ құрылып, кәсіби түгенделіп Аккредитация өткізді түгел келіп. Аурухана бір сатыға көтерілді Төрт жылдық сертификатты иемденіп. Басшының айтары бар болашаққа Талай шаруа алдыда, текке жатпа. Қажымас қайраты бар басшы барда Біздің ұжым ешқашан кетпейді артқа.

Өлеңдер Түсін мені барыңмен, денеңменен Түсін деп, өмір бойы айтып келем. Білесің ғой, арамызда адам барын, Дәл өзіңдей сұп-сұлу «Өлең»- деген. (Автор)

Сырт көз (немесе жансақтау бөлімшесіне ауыр халде түсіп, емделіп шыққан науқастың ойын жыр жолдары арқылы жеткізу) Кеткенде жанға дерттің тісі батып, Безілдеп маза таппай шарқ ұрасың. Дөмбекшіп төсегіңде ұйқың қашып, Қадірін денсаулықтың ұғынасың. Қай жақтан келсе дағы дертің мейлі, Емін таппай жағдайың шешілмейді. Ентігесің екі өкпеңді қолыңа алып, Ішің бүріп, денең дел-сал селкілдейді. Тұзақтауға пәлені дертпен келген, Жүгінесің кеңесуге дәрігермен. Ол дағы жанаямай қарап жатыр, Тексеріп бар мүшеңді әбігермен. Ауырған жер жаныңды үйіреді, Алдыңда не боларын кім біледі?... Қорқыныштан жүрегің аласұрып, Тамырда қан қысылып жүгіреді. Аударып кезек-кезек оң солыма, Хирург қолымды ұстап ойлануда. Саусақтарын батырып сипады ішті, Қасиеті тұрғандай бармағында. Соқырішек болды ақыры, ішті бүрген, Бір күн емес айналдырған неше күннен.

Іріңі ағып, жарылыпты, мезгілі өтіп. Сондықтан жайым менің мүшкіл екен. Не нәрсе шығады ғой білмегеннен, Пайда не, кейін айтып жүдегеннен. Туғаннан біз осылай жайбасармыз, Аурудың алдын алып үйренбеген. Ал енді болған іске амал бар ма? Жалбарынып қараймын ағаларға. Тазартуға ірің басқан жас денемді, Бұлардан артық адам таба аламба? Адамды табылар сөз табалауға, Құр сөзбен жанды жеңіл жаралауға. Іштегі ірің жайылса, денемді улап, Әлсіреген денем қайта оңала ма? Үрейлі ойлар жанымды осқылауда, Қысылған жан жақынын шақырмай ма. Енді қайтім? – деп сұрайым хирургтан, Көмек қылар басқадай жақын қайда? Сол сәтте ақ жейделі парасатты, Қасыма бір дәрігер келе қапты. «Бауырым есіңді жи. Көмек болад. Емдейміз» - деді жабысқан кесәпатты. Сенбеуші ем барлығына періштенің, Қайратыма тек жалғыз сенуші едім. Күтіп тұрған демеушім келгендей боп,

Шыдамай көз жасыма ерік бердім. Шыдамды едім, қажырлы, көрікті едім Дәл мұндай дертті бұрын көріппе едім? Үйде қалған қос ұлым, қозымды ойлап, Көзге үйірілген тамшыға ерік бердім. Әлгі жігіт сөз айтып жылы-жылы, Ерітеді шым –шымдап ішкі мұзды. Жатқыздыртып жан сақтау бөліміне, Алдымда не тұрғанын ұғындырды. Жан сақтау бөлімі деп тауып айтқан, Көп екен мұнда адамдар талып жатқан. Аппаратпен дем алып, барды ұмытып Қимыл жоқ, жаны кеткен қол аяқтан. Бұл майдан. Өмір мен Өлім айқасуда. Күш сынасып, бес қаруын байқасуда. Кейбірі қош айтысып жарық күнмен, Қайсы бірі қайтты көптің ортасына. Аспаптар көп кереуетті қаумалаған, Әр аспап өз мүшесін таңдап алған. Аяжандар тамырға құйып жатыр, Дәрінің не бір түрін таңбаланған. Алыстамай қасымнан әлгі жігіт, Денемді жатыр менің жуындырып. Қай дәріні, қалай жасау керектігін, Айтып жатыр қыздарға ұғындырып.

Сонан соң екі қолдың тамырына, Қосқызды дәріленген қос құмыра. «Дайындаймыз осылай оталауға. Басқа жол жоқ»-деді ол сауығуға. Мұрынымнан салды дағы бір түтікті, Асқазанды түгелдей жуғыздыртты. Ортайтып толып тұрған құрсағымда, Жеңілдеп, алдан үміт білгіздіртті. Шаршаған денем бір кез дамыл тауып, Кетіппін ұйықтап сәл-пәл үнсіз қалып. Көзімді аштым бір кезде іштей шошып, Қалғандай аз болсада ұйқым қанып. Дәрігерім ұзамапты жанымда екен, Тыңдайтын аспабы да қолында екен. «Жағдайын жақсарды, жөнделді» -деп Ішімді сипап жатыр кеуіп кеткен. Болған соң ойға алған ісі тамам, Айтты сөз бірер ауыз, қарап маған. «Операция жасауға болад» -деді, Тазартуға іріңді жайлап алаған. Үмітінен адамдар қол үзбеген, Тығырықтан шығатын жол іздеген. Оталау болғаннан соң қауіптірек, Жасайтын болды оны наркозбенен.

Түсіндіріп қажетін бұл отаның, Пайдалы болатынын ұйықтағанның Дәрігерім, бойыма қайрат берді Ақылменен жеткізіп істің мәнін. Арбаға салып қыздар тездетеді, Жылдамдатып жүрісін тербетеді. Операция бөлмесін бағытқа ұстап, Лифтіге сап жоғары өрлетеді. Енгізді бөлмеге әкеп жарығы көп, Столға жатқызуда барлығы боп. Бұл жерде нелер аспап тұрса дағы, Ауасы кең, тап таза, тарлығы жоқ. Дәрігерім басымда тұр маска киген, Сөз айтып жатыр маған жылы үнімен. Қасымнан бір қадамда ұзап кетпей, Алысып жатыр менің тағдырыммен. Әр адымы діттелген, қимылдары Аққұба қыз қасында зырылдайды. Аппараттың түнерген қос тесігін, Сала құлаш шлангпен тығындайды. Әлгі қыз ширақ басып жүгіреді, Қасыма әкеп қойды қыл темірді. Дем беретін аппарат қосылды да Бетіме маска келіп төңкерілді. Дәрігерім аямай-ақ жылы сөзін,

Тынысымды аңдиды қадап көзін. Өкпеме кіріп жатқан таза ауамен Сарайым ашылғандай сезінемін. Тамырды кетті бойлап бір дәрілер, Арты оның не боларын кім тәлімдер. Ашытты да азырақ, ғайып болды, Бойға сіңген дәруге кім «Әрі»- дер. Денеме бір ыстық от басып кірді, Кірпігім айқасты да, көз жұмылды. «Басталды наркоз»- деген таныс дауыс, Құлағымда ұзаққа тұнып тұрды. Ада болып бәрінен жеп-жеңілмін, Көтеріліп аспанға қалқып жүрмін. Қасымда жоқ ешкімде, жалғыз өзім, Сыбызғысын тәңірдің тартып тұрмын. Әлден соң тоқтап тыныс діріл қақтым, Ербең қағып аяқ-қолым құрақ аттым. Тұншығып ауа жетпей, құлап түссем, Кеткенім деп құрдымға ойлап жаттым. Әп сәтте бар ғұмырым тізбектеліп, Көз алдымда жөнелді түнекке еніп. Жан алғыш Әзірейіл сақ сақ күліп, Жетелейді қолымнан үш бүктеліп. Оңай боп па жан беру тірі адамға? Қарманып, қам іздедім, шырғалаңға.

Оқыдым дұғаларды жаттап жүрген, Жыладым, жалбарынып бір Аллама. Болмады құлап барам шыңырауға, Дем бітті. Оған басқа амал барма. Әзірейіл қамданып, жан алмақ боп, Сықылдап, жар салуда бар ғаламға. Болды енді. Қош өмірім жастық шағым. Жаратқанға қарсы болып не қыламын. Жиырма бес жарқылдаған шағым еді. Қыршынымды қисаң сен. Қиылайын. Қош өмірім. Қош енді. Жастық шағым. Қидым саған жанымды Әзірейіл. Қайратым жоқ бойымда берілейін. Бір жұтым таза ауаға зар боп өліп, Қара жерге гүл боп қайта егілейін. Ағады өмір осылай сынап сынды, Білгенмін мәңгі менде тұрмасымды. Бағаламай келіппін бір сағатты, Бағаламай жүріппін қымбат күнді. Көзге ілмей жүріппін құрдасымды, Көзге ілмей келіппін қымбатымды. Жаратқан! Өмір берші бес ақ күндік, Сұрап тұрған жоқпын ғой бір ғасырды. Қоштасуға жап-жарық дүниемен, Әуре боп жатырмын дірілдеумен.

Ауа деген соншалық қымбат екен, Жайшылықта бағасы білінбеген. Болды осымен. Денемде босаңсыды Еңіреген көз алдымда анам тұрды. Сүйгенім екі қолмен жерді құшып, Есі кетіп, қос ұлым, балам тұрды. Дәл осы кез ауыздан кірген бір зат, Кеңірдекке қадалды терең бойлап. Сол мезетте сарайым ашылды да, Тап таза ауа өкпемді алды жайлап. Уа, Дүние! Бармысың, тірі ме едім? Демімді алдым. Яғни, тірілгенім. Тірі қылсаң жетеді, Жаратқаным! Денсаулықтан басқа жоқ түгім менің. Көтеріліп кеудем бір басылады, Есін жиған жүрегім тарсылдады. Шөліркеген миымды ауа жетпей, Суғаруға қып-қызыл қан асығады. Түтікпенен жеткен нәр дем береді, Майдандағы арпалыс өзгереді. Періштенің қылышы турап түскен, Әзірейілдің басы төмен дөңгеледі. Жеңімпаздың ес көріп әрбір сөзін, Жайлап кетті денемді балбыр сезім. Әрі қарай наркозда жайлы жүріп,

Жұмылып кетті ұйықтап екі көзім. Сезбеппін уақыттың жылжығанын, Дәрігерлердің дертіме не қылғанын. Әйтеуір, демім терең, бойым сергек, Су сұрап қайта-қайта жұтынамын. Манағы арпалыс жоқ, тынысым кең, Қайта оралдым дүниеге үміт үзген. Жанымда жүр аяжан, ару қыздар, Жұбаттады көңілді жылы жүзбен. Ішімніңде басылып қампиғаны, Ішектерім шұрылдап нан сұрайды. Ақ дәкемен жабылған ота орыны, Ашығаны болмаса шаншымайды. Әне ағам наркоз берген кіріп келіп, Жай сұрайды тәпіштеп жанын беріп. Басып тұрып тамырды саусағымен, Беріп жатыр кеңесін дәрігерлік. Жанталас бөлімінде әбігер көп, Арпалыс. Өмір.Өлім. Дегбір жоқ. Мен егер қайта тусам жан Анамнан, Кетер едім басқа емес дәрігер боп. Денім сау туыстардың қасындамын, Өмірдің шешіп келем бар жұмбағын. Дәрігер болып шығуын бір ұлымның, Арман қылып, болашаққа асығамын.


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook