Реанимация жігіттері Бір мекеме ішінде құжынаған, Болады не мінезді, қилы адам. Жігіттері жансақтау бөлімінің, Арпалыста үнемі шымырланған. Дем беріп талайларға дер кезінде, Өз ісінің пірі боп мығымданған. Марат аға жасынан анық жүрді, Мамандығын барынша танып білді. Жөн сілтеп керек кезде үйретеді, Білімімен қашанда жанып бізді. Көсемдердей бұрынғы найза ұстаған, Қалтасына кітабын салып жүрді. Ақылбек жасы кіші ақылға бай, Алыстан орағытқан, жақындамай. Қадірлеп үлкендерді, кішіге аға, Басқарған коллективті тақылдамай. Жинақтаған тәжірибең өмірден мол, Әрқашан көпшілікке жақын болғай. Дәрі ішіп, уланғанға дәру болар Біздерде оттектелген камера бар. Білгір маман шетінен онда істейтін, Емдеп сені болғанша дамылдамар. Есін жиіп тірілгенде науқастары, Балаша айран ішкен бір қуанар. Жастары, қос перісі бөлімшенің Дастан және Фархат бар інілерім. Тыныстатып кей кезде ағаларын, Көріп жүрміз зырылдап жүгіргенін, Марат бар, Ринатпенен Бақытжан бар Жанат бар, Жалединмен Бахтиярлар. Солардың арасында ең бастысы
Ғабит бар серілікті көп қиялдар. Реанимация бөлімінің жігіттері, Шетінен қайталанбас нақ тұлғалар., . Ғабит Сабыржанұлына Өз ісін меңгеріп ап елден ерең, Айрықша мінезі бар өзгелерден. Бойында Қазақ деген намысы бар, Ортамызда жүр жігіт Ғабит деген. Құдай берген өнерді келістіріп, Қызды көрсе тұрады қол қусырып. Бір басында ой жатыр түпсіз терең, Ақылы да мол біткен он кісілік. Қай қазақ домбыра алса «Әу» демейді, Деседе бәрі бірдей жөн білмейді. Ғабекең салса әнге құйқылжытып, Қайсы бір әншің оған тең келмейді. Шырқатып, әуендетіп төске өрлейді, Домбырамен шабытын көркемдейді. Серілердің салтымен Сарыарқаның Мәңгілік әнді сүйіп өтсем дейді. Кетсем дейді көзге ілмей еш пендені, Жүрсем дейді аралап көк белдердіі. Алайда үйде отырған қарындасым, Ғабаңның бұл ойына дес бермейді. Көзілдірікті шешіп Ғабаң ойланады, Қолына қалам алып ән жазады. Жүргенмен дәрігер болып, кісі емдеп, Күніне жүз ойланып, толғанады. Бүркітше қанат қағып қомданады Барлайды көзіменен сай саланы. Өзі әнші, өзі сазгер, сөзге шебер
Ғабит дос кімнен енді тайсалады. . Бақыт Енгебайқызына Берекесін, бірлігін шашпай елдің Қылығыңнан қыз болған аспай келдің. Керек кезде от болып жанып түстің Туын бермей ешкімге бас бәйгенің. Қуанып көпшілікпен күле білдің Басқарып ұжымыңды жүре білдің. Нарынқолдың еркесі, тау маралы Бойыңа не бір сырды түйе білдің. Ал енді бүгін сенің туған күнің Туған күнің, әкең той қылған күнің. Тұлымың әлі күнге қаз қалпында Өзегін өртер әлі жүз ақынның. Тілейміз бар бақытты басыңызға Тілейміз сұлу жігіт қасыңызға. Тілейміз сылдыр шашпау, алтын тарақ Төгілген қос бұрымды шашыңызға. Дәрігерлік парыз Күн сәулесі құяды жанға нұрын, Жылы сөзге тапшымын, аңсап жүрмін. Кәдімгідей абыржып, алаңдаймын, Түтіні шықпай қалса көрші ауылдың. Ем табылмай қиналса, жанда жара Қиналамын жүк артып ми-санама. Құрығанда бір сағат ғұмырыңды, Ұзартуға бір себеп таба алам ба? Таба аламба? Бір дауа бұл дертіңе Бола алам ба? Сайма сай міндетіме. Ойлар, ойлар қопарып, қыртыстарды
Құр сүлдерім жүр менің жер бетінде. Сенші маған, сен үшін аянбаспын Керек емес ұлтыңда, басқа затың. Алып қалсам ажалдан бақыттымын, Басқалай деп өзімді айта алмаспын. Айдай Керім Бар болса хор сұлуы сен шығарсың, Өзіңдей болмайды ару тең туатын. Шырқаттым сезімімді әуендетіп, Керім-ай деп атадым әннің атын. Айдай Керім, Қызыл ерін. Қасымда болшы менің, Қыпша белім. Ай қабақ қиғаш қаспен мәнерленген, Ақ жүзің ақша бетпен дөңгеленген. Қаз мойын, биік кеуде, сылқым жүріс, Қылығың еркелеген, өзгермеген. Айдай Керім, Қызыл ерін. Қасымда болшы менің, Қыпша белім. Басқа емес сенсің менің ақ моншағым, Атыңды айтқан сайын қайталадым. Сен маған сыйға тартқан махаббатың, Мәңгілік болды менің айтар әнім. Айдай Керім, Қызыл ерін. Қасымда болшы менің, Қыпша белім. Мейірбике қыз
Ауырған денем сыздап қиналады, Бойыма небір дерттер жиналады. Сондайда іздеп келем, аласұрып, Ақ жейделі жүгірген қыз баланы. Аяжан қыз, Аялдаңыз. Азырақ бізге дағы қарайлаңыз. Аяжан қыз, Аялаңыз. Жазылар саған арнап талай аңыз. Ақ жейдең үстіндегі ақ ұлпадай, Мінезің жарасады жұрт ұққандай. Келгенде сені іздеп жадыраймыз, Көптен бері көрмеген туысқандай. Қайырмасы : Ауырып, қозғанда ескі жараларым, Аяжан қыз сен жақты жағаладым. Алақанмен бір сипап кетсең болды Дәру болар жасаған шараларың. Қайырмасы: Келіп тұрмын тағы да емделуге, Күтемін шақырар деп ем беруге. Болмаса жалт етіп шығып кетші, Көз салып менің зәру көздеріме. Қайырмасы Жыл басы Наурыз Келді Наурыз мереке жылдың басы Жаңарыпты өзгеріп, жер тұлғасы. Ақ көбейіп, мал төлдеп, құстар келіп Кеңеліпті шаттыққа ел ортасы.
Көктем сұлу келіп тұр ортамызға Наурыз болып айналған аты аңызға. Көркіменен таңдантып төңіректі Әсем ән мен күй төгіп қолқамызға. Төңірек көктем келсе сілкінеді Тау іші астан кестен дүркірейді. Күлкісі арулардың әнге айналып Жұбайлар құшақтасып би билейді . Ендеше, Наурыз біздің қызығымыз Наурызды ұлы той деп ұғыныңыз. Әнекей, тауға тартты қол ұстасып Бәйшешек тереміз деп ұл-қызымыз. Алматы көктемі Жігіттер Алматыға көктем келді Рахаттанып көрмеп ек көптен бері. Аурулар жүр көшеде сылаң қағып Жерге тимей жылтыңдап өкшелері. Па, шіркін! Қала қалай түрленеді Айнала қызыл жасыл түрге енеді. Жігіт қызға хат жазды жиілетіп, Тойды күтіп қуанды жеңгелері.
Төңірек астан кестен дөңгеленді Қызғалдақ бәйшешекке жол береді. Қызылы, аппағы бар алуан түстен Менің де, жан дүнием өзгереді. Білмедім осы көктем не береді Бұл сәтті күтіп денем ентеледі. Бір ару көзін қысты жымиған боп, Қалмаймын бұл арудан өлсемде енді. Жігіттер Алматыға көктем келді Рахаттанып көрмеп ек көптен бері. Аурулар жүр көшеде сылаң қағып Жерге тимей жылтыңдап өкшелері. Келді көктем тағыда Көктем келді, далаға. Көктем келді. Тал теректер тұр міне, көктегелі. Дүрсілімен тербелтіп от денені. Менің дағы жүрегім жыр төгеді. Көктем келді, аймаққа, көктем келді. Көрмеп едім серпіліп көптен бері. Бұлаң қағып, жымиып ақты жылға Ақ бұлақтар суарып кепкен белді. Көктем келді, мен күткен, көктем келді. Жасандырып, түрлентіп, көктөбемді. Қос қарлығаш, ақ тамақ, ұя басар, Айналып жүр үйімді. Кетпейді енді. *** Тырналар келді қайтып мекеніне, Сымбат беріп көрікті көк беліме. Кернетеді даланы сазды үнімен Қанатын іліп бұлттың етегіне.
Бозторғай тамылжымай тұр аспанда, Әнімен сәлем жолдап сырлас жанға. Бұзаубас, тыңдай қапты кірпік қақпай, Құйрығын малып қойып ақбастауға. Інінен жылт-жылт қарап саршұнақ жүр, Ұзап кетпей сынарын қасына ап жүр. Көк шөптің майдасынан қырқып алып, Жан жағын жылтыр көзбен бақылап тұр. Бал ара есі шыққан басын тығып, Тербелтті тобылғының шатыр гүлін, Шекпенін ескі жылғы шешіп жатыр Мекен еткен сұр жылан тастың түбін, Жүгіреді құмырсқа еңбек еткен, Тасиды небір дәнді жерге сепкен. Кейбіреуін ұстап ап менің ұлым, Адастырды дәнінен дөңгелеткен. Қызыл қоңыз, секпілі көп, өзі жуас Көктемменен байқасам олда сырлас. Қағып қалып қанатын ұшып кетті, Мәпелеп ұстасаңда қолда тұрмас. Ақ ұлпадай көрініп, желмен ұшқан Көбелек көлбеңдейді жақын тұстан. Көп гүлдер ғайып болып кететіндей, Қанаты дір-дір етті қорқыныштан. Көктем келді. Біз жаққа. Көктем келді. Жасыл желек жамылтып көк белдерді. Қызғалдақтар қыдырып қырдан асты, Керек қылмай жылғаны, өткелдерді
Арулар мерекесі Армысыңдар, даламның қырмыздары Арулары әр үйдің құндыздары. Құтты болсын мереке, мейрамдарың! Көңілдердің көктемі, жасыл бағы. Арман әр кез алысқа шақырады Жасыл баққа жігіттер асығады. Бүр ата алмай тербелген гүл сағағы, Бойына не сиқырды жасырады? Қай жүрекке от салмаған бұл қыздар Отты көздер талай жырды туғызар. Түсі алуан, сиқыры мол гүлдердің Құпиясын жүрекпен тек ұғыңдар. Беу қыздар, арман қыздар, дана қыздар! Дастандар, бітпейтұғын дара аңыздар. Мың ақын жырға қосса таусылмайтын, Мәңгілік өшпейтұғын алаусыңдар. Кеттік қырға Көктем келді. Кеттік қырға. Онда гүлдер көктеді. Аралап бір қайтайықшы. Гүлге оранған көк белді. Жалаң аяқ жүгірейік. Қол ұстасып, қыр асып. Шаршап қалсаң отырайық. Еске алайық өткенді. Есіңде ме салған әнің. Сол әніңді сағындым. Тыңдайыншы айта берші, Қайта, қайта Лағылым! Бетімізді жуайықшы.
Таудың мөлдір суымен. Кетер мүмкін сызаттары, Салып қойған тағдырдың. Ойыңда ма, бәйшешектің алуан түрін жұлып ап. Ұсындымда жыр қып айттым, Сезімімді менің ақ. Ал сен болсаң, үнсіз тұрып. Үнсіз тұрып аз ғана. Отырайық деп айтқансың. Ал көзіңде; Ақ моншақ. Есіңде ме, самал соқты. Екеумізді аялап. Ортақ самал, екеумізге Әлі күнге керек-ақ. Ал содан соң... жалаң аяқ, Жалаң аяқ жүгірдік. Көк майсамен, көп гүлдерді Қолымызға жиып ап. Дәл сол кезде. Төбемізден. Қаздар ұшты қаңқылдап. Ақ қанатты балапанын, Жандарына ертіп ап. Мен сол кезде арман еттім, Сәбиімді құшуды. Ал сен болсаң. Үндемедің. Сөз айтуға қысылдың. Көп отырдық. Көк майсада. Көк аспанға көз тігіп. Арман етіп, айта бердік Келешекті ой қылып. Енді сенің қасыңдамын. Біз көргендей ай тұнық.
Көктем келді. Кеттік қырға. Қайтайық бір сілкініп. Өлең туралы Түсін мені барыңмен, денеңменен Түсін деп өмір бойы айтып келем. Білсең ғой, арамызда адам барын, Дәл өзіңдей сұп-сұлу «Өлең»- деген. Қыл қалам, не құдірет бердің маған, Жүдегенде жұбатып, болдың панам. Айыра алмай кеттік қой ақ қараны Төрелігін айтшы өзің, көндім саған. Алда белдер, артта сүрлеу, соқпақтар. Ішім жалын, жалынын кім тоқтатар. Көгенделген қозыдайын маңырап Тықыршиды жетімек жыр, тақпақтар. *** Ақтарамын сырымды, Параққа тізіп аямай. Айтамын саған мұңымды, Өзіңнен жақын таба алмай Сыр бөлісіп, жаныммен, Мазасыздық күй кештің. Араласып қаныммен, Келбетіме гүл ектің. Қош айтысып мәңгіге, Түңіліп те көрдім мен. Тұрсаңда тілеп әңгіме, Ту сыртымды беріп ем. Сонда да меннен қалмаған, Сырласым әрі, мұңдасым. Дос қылып мені таңдаған,
Жасасқан бірге құрдасым. Жалғыздық болып басымда, Қасымнан достар кеткенде. Сен ғана болдың қасымда Көпірден тайғақ өткенде. Алып та қаштың бір кезде, Бас бермес тұлпар секілді. Жығыпта кеттің кей жерде, Ауыртып, жаншып етімді. Өзіңсің қуат беретін, Шаршағанда денеме. Көрсемде тірлік бейнетін, Өкпелей алмайым өлеңге. Мен емеспін ақының Атақ, мәнсәп іздеген. Өлең менің жақыным, Сырластығын үзбеген. Мезгіл Мезгіл-мезгіл асау ат, Шылбырыңа жармастым. Езіпте кеттің тапалап, Сонда да сеннен қалмаспын Өтіп жатқан жылдарым, Жүрдек поезд секілді. Жиырма бес, отыз тұрмадың Қырықты міндім кекілді. Асау да емес, бас бұзар Алыпта сені қашпайды. Қыз қырқындар, сұлулар Айқара құшақ ашпайды.
Қиылып қарар көздерді, Жер жұтып мына қойған ба? Қылықты, назды сөздерді Тауысып әбден болған ба? Мендегі жалын өшкен жоқ, Қыздырар әлі кеудемді. Жай ғана қарап өткен боп, Аймалап өтем кеудеңді. Қырықтың күйі өзгеше, Тыңдасаңшы ғашығым Тезірек кел ендеше, Кездесуге асылым. Сезім Ақыл есті ұрлатып ап тірлікке Сенделемін кездестірмей бір нүкте. Не десеңде жолым осы, қайтейін Сәуегейсіп, ақыл айтып, килікпе. Мен өзіңе беріп қойғам барлығын Құр денемді сүйретемін, жауырмын. Жүрегімді бергем саған бір кезде Содан бері түк сезбеймін ауырмын. Жүрексізбін, өмір сүрем талдамай Қызықпаймын еш нәрсеге оп-оңай. Менің жайым белгілі ғой бұрыннан Қос жүректі алып жүрсің сен қалай. *** Артып тағдыр мойныма қыл қақпанын
Жол іздеп ойдан қырдан тызақтадым. Қайда барсам жадымнан шықпайтындай, Сен мені қандай жіппен тұзақтадың. Сағыныш көздің жасын селдетеді Қыз бейнең ерінімді шөлдетеді. Арамызда байланған шырма шату Құдай-ау жібіңді үзсең нең кетеді. Тер басып апай топай түніменен Арпалысып шығамын өзімменен. Әй, осы сезім құрғыр алдамаса Бір белгі қалар сенде түбі меннен. Тағдырым келіп тұрма мені азғырғың, Онсызда адастырып, сан жазғырдың. Жанжарыммен жүрейін қол ұстасып, Қос гүліндей жайқалып бір тамырдың Сағыныш Туған жер сені сағындым, Бесікке салып тербеткен. Туған ел сені сағындым, Келмей кетсем шөлдеткен. Достарымды сағындым, Балғын кезде ойнаған. Жыры болып жанымның, Жанымнан бір қалмаған.
Тау тасымды сағындым, Қозы бағып секірген. Алыстап кетті ауылым, Кетпейтін сеннен секілді ем. Белесіңді сағындым, Иісі шыққан ерменнің. Өзіңсің менің тағдырым, Тағдырын қайтем өзгенің. Қарындасты сағындым, Ағалап алдан шығатын. Жүрмісің аман бауырым, Сырымды менің ұғатын. Әкемді мен сағындым, Шашымнан сипап иіскейтін. Анамды мен сағындым, Менсіз шайын ішпейтін. Тең құрбымды сағындым, Қырға шығар гүл теріп. Сағынып жүрмін ауылдың, Қарттарын кеткен еңкейіп. Түн Қара түнде адастым, мен оңбаған Көңілімде сағым қалмай сорланам. Мың сан күннің жұтып алып сәулесін Түн ішінде тыныш таппай зорланам.
Қара түнек көз көрмейді, көңілде Түк сезбесем неге келдім өмірге. Қоздатамын бақыр ойды баянсыз Бақыр ойлар, айтшы менің теңім бе? Анам мені тапқан кезде қуанған Қорасына тал егер деп иланған. Иіледі түн жамылған қайыңдар Көтере алмай сыз денесін уланған. Қызығы жоқ қара түннің аңдасам Мен несіне түнекпенен арбасам. Мызғып кетсем болды емес пе азғана, Ал таң ата ақ сәулеммен айқасам. Көбелек ұшты Көлбең-көлбең көбелек Қанатында ғұмырың. Бала едім бұрын елгезек, Көп нәрсені ұғындым. Сай қуалап жүргенде, Кетіпті өтіп балалық. Сәлем бере үлкенге, Талайға бізде кеп қалдық. Қырыққа келген жігітті, Ойлаушы едім қартпа деп. Тез екенін кім біліпті, Тойладым қырық жасқа кеп. Әкем толмай елуге,
Қоштасқанда жалғанмен. Балғын ем құштар өмірге, Серт бере алмай қалған ем. Құрдастарым менің де, Елуге келді марқайды. Әкесі барлар өңдіде, Әкесі жоқтар қартайды. Тойға барсаң сөз беріп, Үлкен деп тілек сұрайды. Ақыл айтсаң жөн көріп, Көзіңе қарап тұрады. Қусырып қолын күйеулер, Сәлем береді алыстан. Қыдырып келіп жиендер, Нағашым деп жабысқан. Ұлдарда жатыр үйленіп, Немере бір күн сүйгізер. Көбелек ұшты түрленіп, Боларын алда кім білер. Көшедегі кәрі емен Алыптардың көшесін Айқастырған еменім. Басқалардан жекесің Үндемейсің, тербелдің Мұқан тұрып жаныңда Оқыған болар өлеңін.
Сүйеніп Шамшы талыңа, Шығарған болар әуенін. Ей кәрі емен, кәрі емен Кез қылдым сені неге мен. Шумағы жырдың төгілді Тыртығы көп денеңнен. Ей кәрі емен, кәрі емен Итерме мені кеудемнен. Мұқана тартқан сиыңды Көрсетші маған өлеңмен. Шәмшіге берген күйіңді Шертші денем серпілсін. Шығаршы дана үніңді, Қалаға мынау естілсін. Ей кәрі емен, кәрі емен Не дейін саған, не дейін. Мен өткенде жаныңнан Тіл қатып ештеме демедің. Ей кәрі емен, кәрі емен Сонда да саған келемін. Тағы бір жолы келгенде Бар боп қалар берерің. Жеке бастың қағидасы Бәзбіреулер айтар мүмкін әрқалай Өмір сүру мүмкін емес ойламай. Қоғам деген үлкен отау, шаңырақ
Кету қиын шаңырақтан оп- оңай . Сен жығылсаң біреу мәз боп күледі, Қолқаны ұрып қаны бұзық жүрегі. Кей адамдар демеу болып жаныңа, Шын досың боп алыстамай жүреді. Не десеңде заңы осылай тірліктің, Басқа түспей бірақ оны кім ұқсын. Безөкпе боп кеткен бала жасынан, Өлгендердің атын қалай тірілтсін. Қасыма кел, қиын болса әрдайым Қол ұшымды ұсынуға мен дайын. Жарты жолды мен осылай өткіздім, Енді тіпті бұл ойымнан таймаймын. Қара күз Жаңбыр тамып үздіксіз, толастамай Топырақты су қылды май жаққандай, Жарасады жұптасып, қол ұстасып Жерде тұман, көкте бұлт отасқандай Найзағай ойнамайды, күн күркіреп Дамыл таппай ақ жауын тұр сіркіреп. Күз келгенің белгісі, сыртта шешем, Отын-суын түгендеп, жүр күңкілдеп. Шегіріткеде, шыбында үнсіз налып, Жаңылды тірлігінен суық қарып. Селт етуге мұрша жоқ, дене мұздап Айналаны жай отыр көзбен бағып.
Арбасады ит біткен ырылдасып, Қу сүйекке таласып, жұлқыласып. Қынсылайды күшіктер ұясында, Иісімен сорпаның мауқын басып. Кейпі кетіп сарғайған изеннің де Жазды аңсап, бұл дағы күйзелді ме. Суыр жоқ жасыл шөпте жайылатын, Үйде отырып мызғитын кез келді ме. Киіз үйден көк түтін үзбей ұшты, Үрлегендей жиып-ап барлық күшті. Қызарған темір пешті паналайды Бала-шаға алып ап бір бұрышты. Тортөбелдің байлаған жанына тең Қиқу салғыш қойшының үні бәсең. Сылдырмақпен қойларын үркітеді, Арпылдатып көп итті, артына ерген. Көрінбей ақша бұлттың ар жағынан, Күн патша көрпесімен нық жамылған. Құрғата алмай көз жасын, сүртіп әлек Тұман басқан жапырақ шық тағылған. Бұрынғыдай қонақ жоқ қымыз ішер, Күбі солып, ортайған күнде пісер. Ат ағаш дымқыл тартып, жайы кеткен Жылқы тұрмақ түрінен адам үркер.
Етек жақте мөңіреп табын сиыр, Мазалайды адамды қылып ығыр. Шетке шығып қашқанын ойға қарай Семіз атты бақташы, қайырып жүр. Жапырағы бүрісіп көк теректің Етегін жаспен жуды көк көйлектің. Қара күз бәрі дұрыс, дегенменде Сұлуды неге бұлай өкпелеттің. Ертіске кеттім Отырғызшы қайығыңа, Ағайын! Аралайын Қара Ертістің тоғайын. Жас кезімді, мас кезімді өткізген Қайыңдарға көрініп бір қалайын. Қайыңдарға ойда жүрген барайын, Гүл ұсынып, шашына үкі тағайын. Жас кезімде өкпелетсем кешір деп, Аз болса да қастарында болайын. Түскім кеп тұр қара суға, жылғаға Тигізейін табанымды құмдарға. Шарап құйып қайтайыншы жағалай, Құмда аунаған өңшең сұлу қыздарға. Кеткім кеп тұр тау мен тасты аралап Жұрт білмейтін үңгірлерді паналап. Мінгім кеп тұр Сұржекейді жаратып, Төрт аяғын, таймастай қып тағалап. Жұтқым кеп тұр ауаны, өзгермеген Кір қоқсықты шығарып қу кеудемнен, Жағалап Қара Ертісті дем алайық Қара өленім! Жүр кеттік. Қалма меннен.
Қазағым менің бөлек ұлт Айқайын естір жанымның, Қара таппай шарқ ұрдым. Аптығын басып қанымның, Ақылыма ақыры бағындым. Ауаның ыстық шаңынан, Төңірек жатыр қақалып. Бақсы көп бүгін қағынған, Қолына жүрген тас алып. Жақсылар отыр төбеде, Салмайда көзін төменге. Қол тигізбей би болып, Көрсетті жұртқа өнеге. Күйің жетім не болад Тастап кеткен нәресте. Тілің сенің не болад Түскен қызыл егеске. Семсер қылып сілтеген Махамбеттей наркеспе. Тау басында күңгірт бұлт Сейілмей қойды бұлдырлап. Ел жұртын игі ұмыт қып Ру қуғыш болды ыдырап. Құрбан болды Сәкендер, Азаттықтың ақ жолында. Аңсаған атам, әкемдер Көк туым қазір қолымда. Билікке жақын қандастар, Жарылқап жатыр сөзбенен. Ауылда жүрген құрдастар
Томсарып мүлдем өзгерген. Соғады желі арқаның Күйін шертіп даламның. Ортама қарап ортайып, Ойланып үнсіз қаламын. Түз қабағы жабырқап Мұнартты көз жанары. Мұңдасы бұлт жарылқап Кемсеңдеп жылап алады. Үстінде аттың ойнаған Айқайын аңсап ұлының. Қарасаң көзі тоймаған, Тұлымын аңсап қызының. Жылады анам, шер төкті Қайттім енді құрыдым. Бір келер дедім жұбатып, Қаңғып кеткен ұл қызың. Дала мен қазақ мәңгілік Айырылмас бір денелік. Даланы жүрген ән қылып Қазағым менің бөлек ұлт. Қасымда бол Боларма едім мен бұдан ерекшелеу, Сені маған тәңірім бермесе егер. Боларма едім мен бұдан өзгешелеу, Аппақ құсым жаныма келмесе егер. Кібіртіктеп қалғанда, шыр айналып Жетеледің сен мені, қолымды алып. Өзің барда жанымда, мен батырмын Сен болмасаң адасып, болдым ғаріп.
Жолай алмай жүргенде көзіме ұшқын, Ұмыт қылып барлығын өзіңе ұштым. Мүмкін мен білмей кетер өмір бойы Сездірдің сен құдіретін сағыныштың. Жанымда бол мәңгілік алыстама, Бірге ұшайық жақынға, алысқа да. Шаттықпен аралайық алма бақты, Қатар жүр меніменен, қалыс қалма. Еңбек түбі зейнет Отырғанмен қол қусырып саясында теректің Ешкім шешіп бермес саған төрт амалын керектің. Сары ауыз балапаны кіп-кішкентайшымшықтың, Қанаттанса амал қылар қабын шұқып дөнбектің. Астыңдағы атын шаршап, жетпей тұрсаң межеңе Ағайының көмек қылып атын саған берген бе? Көрші үйдің түңілігін түріп бермей мен барып, Менің жүгім онсызда ауыр, мініп тұрған желкеме. Қайтара алмай насыбайдың өтіп кеткен ызасын Жаутаң қағып достарыңа берсе екен деп тұрасың. Бермей қойса бір үзімде, көз алартыпшақшиып Сонда барып достың құнын «насыбайлық» ұғарсың. Ту сыртыңнан сөз қып жатса ауыр тиер адамға, Тірлігімді тастайынба, өкпелейім деп жаманға. Нашар болсам жолмашы, тырнамашы жарамды Сен айтпай-ақ симай кетем кейде мынау ғаламға. Үйіңдегі күйбең тірлік, қылып жатқан амалың, Маңдай термен нәпақа тап жетуінше шамаңның. Саған біреу алдыңа айдап, ешкі салып бермейді, Қажырланып еңбек етпей, тілінгенше табаның.
Қолмен еккен ағашыңның жемісі де ерекше Маған осы айтшы жаным, артық нәрсе керек пе? Бала-шағам аман болып, қоңды болса ел-жұртым, Қанағатпын мен осыған, осы бір сәт мезетке. Табан тіреп тоқтамайды шыр айналған дүние, Мәз боласың тірлігіңе, жиған шайлық күйіңе Жараспасаң жарыңменен бала сүйіп, бал ішіп Көрінерсің бөтен болып, өзің тұрған үйіңе. Артық ауыз сөздің кейде керегі де шамалы, Аллаң өзі беріп тұрып, керек болса алады. Еңбек етсең жан аямай, залал қылмай ешкімге Көксегенің көп күттірмей, айтқызбай-ақ болады. *** Үйіп қойса алдыңа әкеп бар керекті, Бас тартып тастар ма едің қу тірлікті. Тер төгіп таппаған соң нан-шайыңды, Бағасын бар мен жоқтың кім біліпті. Мәселе, салмақ артпай туысқанға, Тере біл өз дәніңді қолмен еккен. Үлкен олжа ол біткең маңдайыңа, Өз тасыңды өзгесіз дөңгелетсең. Ар мен тірлік Пақыр пенде. Пері көңіл. Ар бүтінбе? Айтқан сөз есіңде ме, арғы түнде. Өткен түн келер күннің босағасы, Босағаңды кірлетпе, жаман неме. Бауырым саған айтам. Күлме. Күлме. Ақыл-ес, жын-шайтанмен ар-ожданың Алмасып қарайды көз терезеңнен.
Бас көтереді жұлқынып кезек, кезек Құтылып кете алмай өз денеңнен. Құрдасым. Есіңді жи. Тойындың ба? Бақыр тығып болдың ба, қойныңа. Сені әкелген өмірге әке-шеше Разы болып жүрме екен, құлынына. Елдің жүгін арқалар Бір ұлына. Қан ағады денемен, бойды аралап Кейде суып, кей кезде қайнап алад. Пасықтың миын улап, өз құлқыны Қара қан басқа теуіп сайран салад. Ел аға! Елге үлгі бола алдың ба? Жүрсің бе жақсы сөйлеп топ алдында. Сөзбен айтып, орындап игі істерді Қысылғанда көпшілік жоғалдың ба? Өзгерттің бе, барлығын, Доғардың ба? Тынысың тарылғанда, басқа ауыр Тырсиып, тарбиады тамыр-тамыр. Бойыңа жиып алған пасықтықтан Жарылар көтере алмай қара бауыр Кей кезде Тесік өкпе, жамалмай жан да жара Тепкілейді кеудені күңгірт нала. Бұта басын сындырмай ентігеді, Қара ағашқа шығып ап, қайран аға. Таудан құлап сел ақса астан-кестен Тасыңды да кеміріп, тесіп өткен.
Мың күн бойы шылқы май сорсаңдағы, Бір күн көрген құқайын кетпес естен. Шалыс басып, сүріңсен құм шағылда Су тамызбас саған ешкім таңдайыңа. Тайып кетсең етекке домалайсың Құлақ аспайды ешкімде айқайыңа. Таусылмасын армандар Ой түбімде жатыр менің таусылмайтын мың арман Жетелеген жыр шумақтар сол арманнан құралған. Армандарым ақ сезімім, асқақ мінез, ғашығым Ғашығымсыз бір сағатта, бір минутта тұра алман. Елпең, елпең еткенмен, айта көрме ойсыз деп Тұла бойым толған жара, толып жатыр сансыз дерт. Басқалардың дертін көрсем аласұрдым жай таппай Шипа қылып жанын емдеп, жібергенше жөн сілтеп. Керек маған жарасымы өзім тіккен қосымның Жіпке тізіп қаракетін қарақостың отырмын. Бір уығы кем боп қалса, тұла бойым ырсиып Мазам кетіп, ұйқы қашып, түні бойы шошындым. Басы артық құрал сұрап көргенім жоқ ешкімнен Өскенім жоқ бас көтермей, төпелеген тепкіден. Мәз боламын баладайын кейде өзімде байқамай Бір ауыз сөз, жылы лебіз ести қалсам естіден. Келер күнді өрнектеймін, елеуішпен елеймін Жұртыма бір менің дағы болар деп бір керегім. Армандарым тастап кетпей жүрсе болды жанымда Ал қалғанын елмен бірге, бірдеме қып көрермін.
Мақсат және уақыт Даңғылдарды жуып өткен нөсермен, Қол шатырлар ағылады көшемнен. Арасынан көп шатырдың жол тауып Қайтсем, қалай мақсатыма жетем мен. Қалт-құлт еткен күндерім қағаз қайық Секең қағып, тулаған, далбаң қағып. Толқын ұрып қалам ба қажетсіз боп Арнасынан айдынның шығып қалып. Жүріп келем жолдармен тайғақ небір Сан адастым. Куә оған айғақты өмір. Електеумен өткенді мен де есейдім Есеймеші, жұп-жұмсақ жайдақ көңіл. Қайтесің жауап іздеп сұрақтарға, Бәрі өткінші нөсерде тұрақ барма? Өлшеулі тыныс, демің, тіршілігің, Дұрыс жүр жолыңменен. Құлап қалма. Алыптар текеметті пішіпқойған, Қайтесің жауап іздеп сұрақтарға. Алда не тұр,белеспе, бұйраттарма? Тамшы қоса алам ба әсем бұлақтарға. Жоқ әлде жылға жұтып, өшем бе екен, Жырларым желге ұшып, сыр ақтарған. Алда не тұр, белес пе, мұраттар ма? Жоқ әлде түпсіз терең қыраттар ма. Әйтеуір не болса да мен дайынмын Қолымды создым алыс бұйраттарға.
Бұлақ басында Жылжып аққан жылғалармен, сүңгіп аққан бұлақтар. Тірлік беріп құм, шағылға, бетпақтарды тыңайтқан. Кең даланы түрлендіріп, кестесі алуан көйлекпен, Тұнжыраған нәзік гүлдің жасын сүртіп жұбатқан. Терлеп жатыр жас қайыңдар кереметке бас изеп Кәрі терек томсырайды, тілдесе алмай жақын кеп. Ақ көбік боп атылады, моншақ тамшы жағаға Ұмыт болған сезімдерді оята алмай сүфілеп. Ана тұста жықпыл жартас суға құлап мызғиды, Қына басқан кеудесімен, салқын суға сүңгиді. Жап-жалаңаш денесімен, түк сезбеген адамдай, Күн сәулесін жұтып алып, от сезімге құм құйды. Бір мүйісте іңкәр көңіл, ынтық жанмен табысты Май шабақтар асыр салып, алақай деп шабысты. Сәукеле етіп киіп алып, ақ көбікті жас толқын, Бетін тосты күн жігітке, тастап қойып бәр істі. Жайлау түні Асылды да адастырған бақұл түн, Тіл қатпайды бедірейіп батыл тым. Жон арқасын айға тосып қақтайды Ерік беріп шабытына ақынның. Көңіл жүйрік, көк дөнендей көсілді. Ойлар, ойлар. Ойдан арқан есілді. Ту түбімде жатқан жырлар тебісті Қаңтарылып тұрған жүйрік секілді. Ақауы жоқ ақ сезімдер, сыңғырлап Ойнап кетті, жұлдыздармен тығылмақ.
Көзге ыстық, елестер боп малтыды Аппақ бұлттар айлы аспанға шығып ап. Көз керекпе мұндай кезде денеге Көңіл бағы толып кетті гүлдерге. Артық сөздің керек жоқ тағы да, Сөйлей көрме, ақылғөйім.Үндеме. Ақшыл түспен әспеттенсе айнұры, Есеңгіреп қалың тоғай қалғиды. Бар керегін арқасына артып ап Күйеу жігіт қалыңдықты аңдиды. Көлге келіп, ешкімі де жоқ маңға Хор сұлуы шомылды ел жатқанда. Жұлдыздарды айна қылып сыланады Іліп қойып шашбауын көк аспанға. Дүние талып жатты сұлулықтан Есі шығып мәңгіріп атқанша таң. Атылды апанынан арлан жырлар Кезіктіріп ақынын аңдып жатқан. Сабақтас қыз Қайда жүрсің қара көз сабақтас қыз Артық құрбы өзіңнен таба алмаспыз. Өтсе дағы зымырап талай жылдар, Біз өзіңмен біргеміз тағдырласпыз. Сыныптас қыз, Сыныптас қыз. Ұядан бірге ұшқан Қарлығашпыз. Сыныптас қыз, Сыныптас қыз. Мінің жоқ, қара торы
Талдырмашсыз. Бір өзің жиып алып бар қылықты, Ынтызар етуші едің топ жігітті. Ұядан ұшқан кезде қанат қағып, Басқамен кетеріңді кім біліпті. Қайырмасы Ер жігіт өткеніне қаймықпас көп. Өлең жаздым өзіңе сабақтас деп, Қағазға хат түсіріп шерді бастым Әдейі іздеп барсам мені ұқпас деп. Сыныптас қыз, Сыныптас қыз. Ұядан бірге ұшқан Қарлығашпыз. Сыныптас қыз, Сыныптас қыз. Мінің жоқ, қара торы Талдырмашсыз. Ауылым менің Тарбағатай тауының етегінде, Қасиетті су бопты ерте күнде. Сол судан ұрттағандар батыр болып Жүріпті найза ұстап ел шетінде. Аққайнарым, ақөзен, Ақсуатым, Білгенге қасиетті ақбұлақсың. Өзіңде талай-талай қызық көріп, Көңілдің көк дөненін шапқылаттым. Байлығы шаш етектен Ақсуаттың, Қарғыба, Базар болып толқып ақтың. Екпін мен Қоскөл болып екі арасы, Төскейін Тарбағатай жарқыраттың.
Атағың қай кезде де төске өрледі, Сүрінбей басып өттің өткелдерді. Ұланың батыр болып ел қорғады, Ақының айтысқанға дес бермеді. Ақсуатым арнаңнан бұрылмадың, Тасып ақтың, бұқпадың, тығылмадың. Дариямсың мөлдірі таусылмайтын, Айдынысың ақерке сұлулардың. Ақсақалым, абызым, асқан данам Ұлдары ерке болса қақпайлаған. Керек кезде тас болып түйілетін, Әділ сөзден ешқашан жасқанбаған. Қайда жүрсем есімде дархан елім, Кетпеген көз алдымнан Туған жерім. Сені ойласам балаң боп егілемін, Сен дегенде жыр болып төгелемін. Аққайнарым, ақөзен, Ақсуатым, Білгенге қасиетті Ақбұлақсың. Өзіңде талай талай қызық көріп, Көңілдің көк дөненін шапқылаттым. Ананы еске алу Күтіп әбден алаңдап, Шаршап кеткен шығарсың. Аман жүр ұлың, караңдап, Сырымды менің ұғар кім? Ана көрсем баласын Алдына алған құшақтап. Есіме сені аламын, Өсірген мені құндақтап. Қызығын қуып сайлардың,
Шаршап келсем, болдырып. Алдыма тосар қаймағын, Дастарханын толтырып. Қалаға кетсек мұңайып Жаулығын жаспен жуатын. Келерде қатты қуанып, Үй алдында тұратын. Бейнең сенің есімнен, Кетпек емес мәңгілік. Кейде шықпай түсімнен, Күндіз жүрем мәңгіріп. Төрт бөліп түнгі ұйқыңды, Жеткіздің қыз, ұлыңды. Бала шағаң үйлі боп, Немере сүйдің тұлымды. Еңбекке баулып біздерді, Көп нәрсені үйреттің. Бақытты қылып күндерді, Шуағы болдың жүректің. Бар балаң қазір бақытты, Шаңырақ тіккен өріне. Жылжытып алға уақытты, Шөберелер жүр төрінде. Кіріп жүр менің түсіме. Бақытты жүзің жайдарлы. Немерең барын білдің бе? Дәл өзіңдей Ажарлы. Құшаққа алып қысамын, Құлынымды ерекше. Мен де саған ұқсадым,
Жылуың қапты өзекте. Апам қайда дегенде, Айға кеткен деп айтам. Сағынышпен сол кезде Басыңа Ана, кеп қайтам. Келіп тұрмын, Жан Ана! Айтарың барма біздерге. Қар басқан, аппақ айнала, Ақ ұлпа қонды кеудеме. Сеніме есіме салады, Жауып тұрған жылы қар. Қара жерге тамады, Беттен аққан тамшылар. Елге барғанда Көктемнің құшып шуағын, Тауларға жиі шығамын. Ысырып түннің тұмарын, Таң болып атты бұла күн. Төңірек асқан сұлудай, Нұрына таңның бөленді. Көрінбес көзге ұғымдай, Өрбіттім қара өлеңді. Бәйшешекте бүрленіп, Үрпісінде тулайды. Шыға алмай сыртқа именіп, Қалындықтай қиналды. Шық жамылған жапырақ, Бусанып сәл терледі. Шегіртке жалғыз ақымақ, Ештеңені көрмеді.
Бәйшешек жерде дірілдеп, Күнге қолын созады. Келіп көктем күлімдеп, Кетті қыстың азабы. *** Құлпырады шоқ гүлдер Көркін ашып даланың. Жылғадағы шат үндер Күлкісіндей баланың. Арулардың көркіндей Құлпырып тұр айнала. Жылы леп есті іркілмей, Бетімді сипап жай ғана. Нәзіктікте, сезімде Өзіңнен, далам табылған. Жүрегім менің өзіңде, Ой-санам саған бағынған. Келдім міне тағы да, Жеріме, Жасыл көліме. Оралдым бала бағыма, Аңсаған туған еліме. Тарбағатай таулары Тарбағатай! Белдерім, биіктерім. Сен неткен сұлу едің, сүйікті едің. Өзіңдей жұмақ барын жер бетінде, Қасыңда жүрген кезде ұғып па едім. Тазтауым, Тастықия, Қаракемір Құпиясын жасырған бізден не бір. Жайлауым, тайға мініп шапқылаған Іздерім бала күнгі жатқан өңір. Үлкентау, Кішкенетау - қос егізім, Бұзау бағып етекте, қозы еміздім.
Бар суы жиылыпты қосөзен боп, Қарғыба, Базары боп осы өңірдің . Атауы мына өзеннің Құдағиөлген, Табиғат көркем етіп жасау берген. Ентігіп, аласұрған, дамыл таппай Қашанда көбік атқан асау өзен. Қосетбастау бұл дағы судың аты, Бір қарасаң тып-тыныш түр сипаты. Жылжып аққан тау суы, көзге жуас Көктемде арна бұзып, жұлқынады. Жаным менің өзіңде жайлауларым. Жазы екен ғой көңілдің қойнауларың. Қауқиған жартастарың жалқы ойларым Алып қашқан ақбұлақ армандарым. Жырғалы, Айнабастау, Көккемерім Өздеріңді сағындым. Көп келмедім. Ойшілігім, Ұланірге, Көкжайдағым, Жиылып қалған болар өкпелерің. Тазтауым көне көзім, қариямсың. Ақ қармен өрнектеген тақиясын. Бойыңа жинап алып тізбектейсің Жерімнің тарихы мен құпиясын. Тарбағатай,сайларым, көкбелдерім Тектексу, балдыр басқан өткелдерім. Туған жер, туған елім, мәңгі мекен Сендерсіз ешқашанда көктемеймін. Жер мен Ел Қарғыба, Базар, Қосқөлдер Бастауын алған Тазтаудан. Міндетін адал өткерер
Көгертіп елді майталман. Жұрты да бөлек ақжарқын Қадыр жырлап, айтқандай. Думаны көп біз жақтың Күнде той боп жатқандай. Қыз өсірген мәпелеп Ақылына көркі сай. Әкелер ұлын жетелеп Тәрбиелер қор қылмай Парасат пен ізгілік Белгі беріп бойынан. Қаздар ұшты тізіліп, Біздер туған ауылдан. Жайлау Жадымда менің жайлауым Ауасы нәрлі балдайын. Ақ боз үйлер кең сарай Дастарханы дап-дайын. Ақ бәйбіше сапырды Сар қымызды сабырмен. Жұтсаң шөлің басылды Бойға сіңіп тамырмен. Көз тастасаң далаға, Көк кілем дерсің айнала. Жата кетсең аймалар, Алуан гүлдер таңдана. Бұлақтың суы кәусәрлі, Ішсең шөлің тарқайды. Алыс кетсең сағынып, Аңсайды жаның, аңсайды.
Тауға барғанда Көңіл шіркін мұңданса тауға тартты. Тауға тарттым сағынсам балғын шақты. Ұмыт болып барлығы жайланамын, Аралаймын армансыз торғын бақты. Шамалап туар күннің несібесін, Сығалап көк жиектен таң атады. Қарт таулар сұлулықтан есі шығып Көз ұшымда теңселіп, мұнартады. Тауға барсам түлейді жаным ерен. Таулар менің сыңарым, бірге денем. Маған аян сырларын тауларымның, Жыр қып ойып, таңбалап, қайтып берем. Дала келбеті Қарт шыңдардың батасы Жаңғырық болып жетеді. Қосылып оған тау тасы Күмбірлеп далам кетеді. Ақ жаңбыры аспанның Апамның көз жасындай. Ақ бұлттың шөгіп жатқаны Бабамның ақ шашындай. Қоңыр желдің жүрісі, Шабысындай тұлпардың. Тамшылардың дыбысы Сусылындай сұңқардың. Бұлтта ойнаған шұғыла Жебесіндей садақтың Таудан аққан бұғылар Саласындай тарақтың.
Тастықия, Бәйгітас Тауларым, Атамекенім! Ақшоқым менің, Шағылтас, Сендерсіз мен қайтемін? Қара борбай балаңның, Табаны тозып жүрістен. Тарлығын біліп ғаламның, Өзіңе келді, Күміс бел. Жөңкілген бұлттар аспанда, Бабамды салар есіме. Жасқанба, самал, жасқанба Самалда жатыр несібе. Жасқанба самал, жасқанба. Көгал мен гүл майыссын. Тербеліп төңірек жатқанда, Кернесін күй тау ішін. Бура бұлттар өзімнің, Алатауым секілді. Қарашығы көзімнің Ел - Отаным секілді. Көлде жүзген көк үйрек Болашағым секілді. Буындарым бойдағы Адырларым секілді. Шұрқыраған ауылым Тамырларым секілді. Туған елдің картасы Алақаным секілді Әкенің ақ батасы Жан айқайым секілді. Қазақтың қара баласы Күн мен айым секілді.
Қолымдағы қаламым, Найзағайым секілді. Далам неткен келбетті Ғажап та әрі, көрікті. Елжіреп жатыр жер беті Самалға беріп ерікті. *** Күн сығалайды келіндей Шымылдық бұлтқа кіріп ап. Ақбұлақ қарайды көз ілмей Ойнағандай тығылмақ. Көре қалса күн нұрын Жігіт боп бұлақ күледі. Күн сұлу шешіп бұрымын Жігітке басын иеді. Жарасқаны-ай жастардың Тамырды бойлап әуені. Аймалап, өбіп тастарды, Мәз қылып кетті әлемді. Көғал қуған шегіртке, Сығалайды шалғыннан. Шыр-шыр етіп әр іске Мазасы кетіп қағынған. *** Сағағына гүл қонып, Қараған тұр құлпыра. Қабағына нұр толып, Ақ тамшыға ұмтыла. Қолтығына тығылған, Ақ көйлекті көбелек. Бар бақытты ұғынып Әзер отыр, не керек.
Айға артып қолтығын Аспан ұйықтап бара ма? Ақша бұлттың толқуын Байқамауға бола ма? Бұлт жасырды бедерін, Хас сұлудай мүсінді. Кезіктірмей өз теңін Жел болып түн күрсінді. Тентек ұлдай аңдыған. Жымыңдайды жұлдыздар. Естілді әуен шалқыған Шырқап салған ұл қыздар. Балалыққа саяхат Мен мынау Көктөбеге барған сайын, Балалықтың аңсаймын жорға тайын. Сәйгүлікке мініп ап, бәйгі алатын Күнге күйген бауырым, сені аңсаймын. Күн көзі көтеріліп шыққан кезде, Барып қайтам ойменен бала кезге. Киіз үйдің сыртында өңкей ұлдар, Ояна алмай маужырап тұрған кезге. Ести қалсам дыбысын қоңыраудың, Шапшаңдатып соғады тамырларым. Қоңыраулы қарақ қыз, еске түсіп, Достарымды бірге өскен сағынамын. *** Бір белгі қалдырмақ боп түзімізге Тасқа ойып жазушы едік атымызды. Қаратпай қыспен жазға, күзімізге Сол белгі айшықтайды затымызды. Елітіп, еске салып, тең құрбыны
Көк терек қол бұлғады баяғыдай. Әупілдек әнге басты.... Әй бүлдірді. Ғайып болды, Қара қыз. Қарағым ай. Кең дала Таңғы самал өбіп өтсе келеді екен өзгергің, Жел соқпаса көрінеді ортайғандай шөлмегім. Жалпақ дала тербеледі төсін тосып самалға Құлақ түріп әуеніне жыңғылы мен шеңгелдің. Ала қашқан жалқы ойлардан ақылкейде азады Құр шабыстан діңкен құрып тақымың да тозады. Аз ғұмырда әурелікпен жүрген кезде шапқылап Ажал келіп, таусылады бұл жалғанның азабы. Пысықтар көп, алақайлап, шықпай егін мақтайтын Нысаналап атқан тасы жерде тегін жатпайтын. Беті күлер жұртқа қарап, ойлаған боп көп қамын Сырт айналып жалбарынан көкесіне сақтайтын. Жасатқанмен құмғандарын әшекейлеп алтыннан Қарекеті қылып жатқан аспайды қара басынан. Шынжырланған төбеттей боп үріп қояды ерініп Майлы жілік тастап кеткен ұры өткенде қасынан. Қайрат күшің демеседе асу қиын межеңнен Жолы ауыр әділеттің, жету қиын ежелден. Атын озып келседағы аламаннан топ жарып, Құр алақан қала береді тасқа түйнек бермеген. Жолға шықсаң бекем болғың өз күшіңді байқада Не боларын сәуегейлер алдын ала айта ма? Не болсада адам боп қал, түңілмегің өмірден Шабан өгіз былқ етпейді сойылдасаң қаншама.
Қайран далам, қиналдың ба, өртенді ме өзегің? Өзге елдікі боп жатқанда кенішің мен тезегің Аспанда ауа, жерде суың, топырағың күл басып Бас көтермей жатырсың ба, дерті артып денеңнің. Баба арманы Қыс ортасы, күн суық. Аш еді талай адамдар Голощекин деген сұм шығып. Малсыз қалды қоралар. Күйретіп талай отбасын Қазаққа болды жан алар. Айырып елдің ортасын, Қаптады қара молалар. Жез түймелі ішіктен, Сар сақалдар қылтиып. Кезеніп білте мылтықпен. Көрсетті елге сұм қылық. Ұланірге, Тұяқ, Жырғалы Ата-жұрттан ел безді. Болмаған соң басқа амалы, Қалың ел көшіп жөнелді. *** Зарлатып ана жүрегін, айырып жатты егізді Аямады жауыздар, тартып ап атпен, өгізді Сәбиін тастап жас ана, аштықтан кетті бел асып Шырылдап қалған жетімге әкесі тулақ емізді. Қарамай бала шағаға ортаға алды бар малды Бір түйір дәнге зар болып, отағасы сандалды. Солардың көбі еріксіз қамбадан алған амалдап Бір уыс бидай себеп боп итжеккенге айдалды. Амалы қалмай көпшілік көшуге бел байлады
Түнделетіп жүріп, таң ата тау асуды ойлады Тете өсіп тебіскен аға мен бауыр қоштасты Сақтау үшін ұрпағын қоштаспасқа болмады. Тізіліп көшкен қалың жұрт іздеді Жерұйығын, Таба алмай таусылды, табан тірер тұғырын. Елге деген сағыныш есінен шықпай бір сәтке Көзіне келген ыстық жас, тұқыртты екі иығын. *** Не өтпеді басыңнан, Қазағым - Бабам қайратты? Қандай заман болса да желбіреткен байрақты. Сен аңсаған күн туды. Тәуелсіз елің, жеріңде Бабадан бата тілеген, ұрпағың бүгін ардақты. Жылы қар Бүгін тағы түнімен ақ қар жауды. Ағытылып кеткендей қаптың аузы. Аспан бізге ұлпа етіп сырын төкті, Аппақ болған сезімдер тоқтамады. Бұлт тұрғандай бойына ерік беріп, Қара жерде ақ шоқтар жатыр сөніп. Қонып жатыр денеме жерге түспей Шумақтарын жоғалтқан ақын келіп. Мөлдір ауа, ақ бұлттың жетегінде Қалып қалған пәктікке жетемін бе. Әлде, әлде қарайлап көк аспанға Ғұмыр бойы ынтығып өтемін бе. Ақ пен қара алысып, отауласып Жердің бетін жабады жанталасып. Аппақ қардан тігілген ақ көйлекті Амал жоқтан келемін әзер басып.
Адамға біткен мінез Әлде кімнің бойындағы мендеп тұрған жараның Сыздағаны менің дағы жанымды иттей талайды. Дауа болар емін тапсам, жолын тапсам дертінің Дәл мен үшін одан асқан, артық бақыт болмайды. Біле білсең осы маған керегі жоқ түктің де Байлықтың да басы артық, елден ерек күштің де. Ата-анамның жаққан отын ептеп үрлеп өшірмей Жүрсем болды аман-есен жұмыр жердің бетінде. Келсең құрбым, көмек сұрап, шешіп берем тонымды, Мен сен үшін шоқ теремін күйдірсемде қолымды. Туысымдай жаным күйед қайыршыға қол жайған Бақыр-тірлік, зар боп жүрген бір тамаққа тойымды. Екі аяққа салмақ салып басып келем жер бетін Көріп келем өз көзіммен бар мен жоқтың келбетін. Ағайыным қосын артып көшіп келсе алыстан Панала деп өз үйімді, сияпат қып бермекпін. *** Кім қаламас молшылықты, не керектің болғанын Төккен терім жиған дәнім, тілмен орақ ормадым. Пысық жандар май шайқайды қолыменен басқаның, Пысқан сүттің бетіндегі жиып алып қаймағын. Құрдасымды кездестірсем сөйлеймін мен көсіле Қайта оралып балалыққа, мәз боламын шешіле. Қуаласпақ ойнап кеткім келетіндей желпінем, Қос бұрымды сыныптас қыз түсіп кетсе есіме. Артық пұлды пенде шіркін аңсап тұрар қашанда Таусылмастай көрінеді жылдап тапқан ақшаңда. Айтқан сөзің естілмейтін мүсәпір боп қаласың Соқыр тиын болмай қалса кей кез ішкі қалтаңда.
Қанағат керек Серпілші бір көңілім, серпілші енді Жып жылмағай тірліктен ұйқым келді. Өлшеп берген уақыт тоқтау көрмей, Ала бұлты жанымның жөңкіледі. Дариға- ау! Жаным менің не тілейді? Жай жүрсем кінәламас ешкім мені. Отырсам болды емес пе үйде тыныш, Қайтесің мазамды алып серпілгенді. Жиып алып достарды қалжыңдасып, Жүрмеймін бе мәз болып талтаң басып. Өте берсін күндерім, жылға айналып, Не қыламын уақытпен тайталасып. Өтсін бәрі көктемім, өтсін мейлі, Қысың келіп, аязың өпсін мені. Селт етуге бір мезет сылтау таппай, Қара жерден ақ бұлтқа көшкім келді. Көшкім келді жоқ болып, өшкім келді, Кейде осылай күй кешем ес білгелі. Бал шараптан тартып ап мас болсамда, Қанмен кірген бұл әдет ескірмеді. Алаөкпелік адамды қалжыратар, Сусын барма қанымды салқындатар. Не себептен отырмын түк бітірмей, Ұрпағым артымдағы айтып жатар. Пендеміз Жұмыр бас ақ пен қара майданы боп Санамды сансыз ойлар жайлайды кеп. Тепкілеумен қу тірлік айналдырды Періштеңді пендеге шайтаны көп. Мекен етті жер бетін көп пенделер
Бұлт басса күннің көзі күңгірттенер. Желек басын жалмайтын тез арада, Құрды сайран бар жерде шегірткелер. Болашақтан үмітті күтудеміз, Жанталасып жеудеміз, ішудеміз. Шонжарың бар, қуың бар, кедейің бар Былыққан бір асқабақ ішіндеміз. Не тоймайды білгенге көз тоймайды, Тойымсыздық ескі жау қартаймайды. Қарындағы майды қанша сорсадағы, Тышқанның жүрегі бір шайқалмайды. Қанатына жабысып торғайлардың, Кетсем бе екен еліне арайлардың. Бар кінәдан тазарып қайтсам ба екен, Ортасын ел жүрген сарайлардың. Қабырғаң керегең боп өз үйіңнің, Ойлайсың жайлылығын жай күйіңнің. Бықсиды іште жатқан қоламталар, Белгісі боп жасаған тірлігіңнің. Көзіңнен сығалайды жын шайтандар, Айқасып, арпалысып періштеңмен, Денеңде жүріп жатыр не сойқандар, Білмедім не боларын. Не істейім мен. Білемін бір нәрсені айдан анық, Әйтеуір бармасымды бейішке мен. Мәңгі мекен Сүтін еміп қиялдың жас шағымда, Алданып мен келіппін қас қағымға. Өтеді екен барлығы нөсер болып, Айнала алмай, ақыры ақ жауынға.
Барлығы да кезекпен алмасады, Жердің бетін тегістеп су қашады. Бір-ақ уыс топырақ Анаң болып, Сағынғанда жүректі сыздатады. Ағады өзен, ағады таудан құлап, Ерегесіп мың мәрте алған тулап. Ақ көбігін шығарып, тағдыр оны, Жотасынан тоқтаусыз тұр қамшылап. Менің дағы денемнен су қашады, Қара қан, қызыл қанға алмасады. Ажырасып, қосылып, араласып, Тірлігім, пенделігім жалғасады. Бар үмітім байланған құйған нұрға, Басқалай деп барлығы, иландырма. Жер бетінде қызығың, той думаның, Аспандағы айды айтып қызғандырма. Жердің жүзі құралған төмпешіктен, Болам менде төмпешік көп кешікпен. Бабалармен жүздесіп, шерін тыңдап Сығалармын сыр болып көр тесіктен. Мен осында қаламын, мекенім бұл, Қу жанымды тірлікке етермін құл. Анам жатыр бұл жерде, әкем жатыр. Парызымды әйтеуір өтермін бір. Басқа заман Бір кездері қарлығаш ұя салған, Тоқал тамдар үгіліп құлап қалған. Орнында олардың зәулім үйлер, Биік таспен қоршалып, мұнарланған. Іргесінен ескен жел дамылдатар,
Киіз үйлер жоқ қазір барып жатар. Терезесі бәр үйдің темірленген, Шиқылынан жел соқса ұйқың қашар. Бұл үйлерде болмайды жас сәбилер, Дорба асып кірмейді мұнда әпенділер. Қысы жазы тым тырыс, мола тектес Үйі осы ұрпағының көшпенділер. Аулада құмай тазы көрінбейді, Итаяққа ірімшік, айран төгілмейді. Алабай торда тұрған арп- арп етіп, Босап кетсе кісі жеуден ерінбейді. Бұл заман осы не боп бара жатыр, Аса таяқ үйде жоқ, қорада тұр. Ағасының көк иті ауласында, Інісінің баласын талап жатыр. Жаралы бозторғай Қожайын көршісіне төрін бермей, Сыртын берді туысқа, өңін көрмей. Ағайын кері айналып, қайтып кетті, Сырмақтың бір шетінен орын тимей. Атамекен, ел жұрты арман болып, Қара көздер қамығып қалды-ау солып. Заманның тепкісімен кеткен ұшып, Бозторғай қайта алмады қан-қан болып. Өлмеші, су тамызсам ішер ме едің? Сен өлсең менің онда үш өлгенім. Бере алмай пана соғып, қандасыма Не керек даурыққаным, күшенгенім. Күн нұры төксін саған шапағатын, Жазылар сенің мүмкін ақ қанатың.
Біздерді кешір құсым, кешіре алсаң Басыңа түк бермеген жастанатын. Түнгі сұлу Көп жұлдыз көлшікке кеп шомылады, Аһ, ұрғызып, күрсінтіп жақын маңды. Су беті діріл қақты шыдай алмай, Қобалжытып, толқытып, ақын жанды. Қаратау жаңғырық боп күрсінеді, Қол жетпейтін арман көп қайтсін енді. Жас шалғынды құшақтап құлай кеттім, Көк сұлуы адамды менсінбейді. Таң ата алмай тұрғанда, ай толғатып, Көңіл құрғыр толқиды аспанға атып. Есті алады сыңғырлап қурай үні, Келе жатқан сұлудай шашпаулатып. Бақаның да үні өшкен бақылдаған, Демі естіледі, ентіккен жақын маңнан. Ай көйлегін жартылай шешіп тастап, Шомылуға сол тұсқа жақындаған. Самал есті тербелтіп шөптің басын, Білген едім бұл сәттің көп тұрмасын. Қас қағымда жоқ болды, қыз құрбылар, Көлшік қалды түсінбей, қағып қасын. Тұтқыны қып ұстардай мақпал түннің, Тағдырыма соншалық мен не қылдым? Қара түн шақырса да қолын бұлғап, Еніп кетпей қойнына неге отырмын? Жұлдыздар жымын қағып шартараптан, Санамды шайдай ашты ұйықтап жатқан. Тұңғиық, түпсіз ғарыш, жетім қыз ба?
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316