Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Асай Мұса

Асай Мұса

Published by risalekz, 2020-01-29 14:34:06

Description: Asâ-yı Mûsa

Search

Read the Text Version

“Рисалей-Нұр” жинағынанАса-и МұсаБәдиүззаманСаид Нұрси

Аудармашылар алқасы:Захараддин Батайұлы, Жандос Қиянбек,Абай ХамзаӘОЖ 28КБЖ 86.38С 16ӘОЖ 28КБЖ 86.38ISBN 978-601-80491-0-1© ТОО Нур Фейз, 2015Сайд Нұрси (Бәдиүззаман).С16 Аса-и Мұса/Бәдиүззаман Сайд Нұрси; ауд. Захараддин Батайұлы



Қасиетті Құранның құнды тәпсірі, мағынасы өте терең, көлемі үлкен бұл кітаптың мағынасын аз да болса қазақшаға аударуға, басылып жарыққа шығуына, жан-жақты көмектесіп, демеу болған бауырларымызға ризашылығымызды білдіре отырып, Аллаһ тағала оларға екі жаһанда бақыт сыйласын, амал дәптерлеріне кітаптың әріптері қанша болса сонша сауап жазсын демекпіз. Әрине бұл бір адамның қолынан келер іс емес, әу баста Раббымыздың жарылқауы, һәм осы иман ақиқаттарына мұқтаж күллі мүминдердің дұға-тілектерінің қабыл болуы деп білеміз. Түп нұсқадан оқимын деушілер болса құба-құп, һәм амалдар ниеттерге байланысты демекші, Рахымы мол Аллаһ шағын еңбегімізді қабыл еткей! Ауд.Аудармашылар алқасы:Захараддин Батайұлы, Жандос Қиянбек,Абай Хамза.

Мына аласапыран заманда иманды жандар Рисалей-Нұрға және пән оқығандар мен мектеп мұғалімдері «Аса-и Мұса» кітабына аса мұқтаж. Сондай-ақ, қарилар мен имамдар «Зүлфиқар» кітабын оқулары қажет. Олай дейтінім, Қасиетті Құранның кереметтігін көрсететін Нұр рисалелері бәз біреулер шүбәмен қарап, наразылық жасаған кейбір аяттарды қолға алып, дәл сол жерде Құранның баға жетпес иғжазын, яғни, кереметтігін, шешендігін, іші толы таңғажайып терең мағыналар жатқанын дәлелдейді.Барлық Рисалей-Нұр шәкірттерінің атынанСАид НұРСи

Ғазиз, адал бауырларым! Рисалей-Нұр кітаптары қол мәшинасымен көбейтіліп халық арасында кеңінен тарап, әрі пәлсапа мен қазіргі заманның ілімін оқығандар топ-топ болып Рисалей-Нұрды қабылдап, қызыға оқып жатыр. Олай болса, міндетті түрде бір ақиқатты баяндауға тура келеді. Ақиқат мынау:Рисалей-Нұр философияның барлық түріне қарсы, жаппай соққы береді деуге болмайды. Ол, философияның дінсіз, зиянды, жағымсыз түріне ғана тиіседі. Жалпы, философияның адамзаттың қоғамдық өміріне, мінез-құлық пен өркениетіне, өнер мен білімнің дамуына қосқан үлесі жоқ емес. Ондай философия Құранмен тату, арасында еш араздық жоқ. Керісінше мұндай философия Құранға қарсы шығып, дауласпақ түгіл оның хикмет сырларын ашып оған қызмет етеді. Міне, философияның бұл түріне Рисалей-Нұр тиіскен емес.Ал, философияның жағымсыз түріне келер болсақ, ол адамзаттың адасуына, діннен безуіне, әр нәрсенің табиғатына батып кетуіне себеп. Сонымен қатар, азғындыққа итеріп, нәпсіқұмарлықты қоздырып, бейқамдыққа салып хақ жолдан адастырады, сондай-ақ, адамды сиқырлап тастайтын сөздерімен Құранның керемет ақиқаттарына қарсы шығып, дауласады. Міне, сондықтан Рисалей-Нұрдың кейбір жерлерінде, тәмсілдермен, һәм қуатты да салыстырмалы мысалдар арқылы пәлсапаның әлгі жолдан тайған жағымсыз түрін аямай төмпештеп, оңдырмай соққы береді. Бірақ тура жолдағы және халықтың игілігіне жарайтын философияға әсте тиіспейді. Сондықтан мектепте оқығандар, іліммен шұғылданушылар Рисалей-Нұрдың аясына еш қарсылықсыз кіріп жатыр, кіруі де керек. дегенмен, астыртын жұмыс істеп жатқан арандатушылар, екі жүзділер, мұнафықтар, ертеректе кейбір имамдарды алдап, оларды мағынасыз әрі жөнсіз түрде Рисалей-Нұр дейтін медресе шәкірттері мен имам-молдалардың қолдан тастамай оқитын кітабына қарсы айдап салғаны секілді, ілімнен пайда болатын менмендікті қоздырып, қазір де кейбір философтарды Нұр кітаптарынан суытып жіберуі, тіпті, қырқыстырып қоюы мүмкін. Сондықтан, осы хаттағы ақиқат «Аса-и Мұса», «Зүлфиқар» секілді кітаптардың бас жағына жазылғаны жөн. САид НұРСи

Хазіреті Имам Али (радиаллаһу анһ) өзінің «Джәлджәлутие» атты ғайыптан хабар беретін кітабында өте анық әрі қуатты түрде Рисалей-Нұрдан және оның маңызды бөлімдерінен дәл кезегімен, көзге шұқып көрсеткендей хабарлап кеткенін «Жиырма сегізінші Лема» мен «Сегізінші Шуақ» кітапшалары толық дәлелдеген болатын. Хазіреті Али (р.а) «Джәлджәлутие» кітабында Рисалей-Нұрдың ең соңғы рисалесін деген сөзбен хабар берген-ді. Біз бір-екі жыл бұрын «Аят-үл Күбра» рисалесін ең соңғы, бұдан соң жазылмайды деп ойлағанбыз. Алайда тағы жазылып енді тәмам болды, яғни, алпыс төртте (милади 1948ж). Иә, Хазіреті Алидың осы сөзінің мағынасы тура болып шықты, яғни, ол қараңғылықты сейілтетін, Мұса пайғамбардың (а.с) асасы тәрізді жарық беретін, сиқырларды тоқтататын бір кітап шығады деген болатын. Һәм, осы тәпсірдің «Мәйуа» кітапшасы жазықсыз жандарды қызғыштай қорғайтын адвокат секілді өзін көрсетті. Басымызға түскен ауыр да қауіпті зұлымдықтың бетін қайтарып бізге шарапаты тиді. Сонымен қатар, ішіндегі «Худжат-уллаһи Балиға» бөлімі де Нұрға қарсы, жағымсыз философия түнегін қақ жарып Анкаралық сараптаушыларды мойындауға, тіпті, жоғары бағалауға мәжбүр қылды. Және болашақта да қараңғы пәлекеттердің бетін қайтаратынына белгі-нышандар жоқ емес. Қалайша Мұса пайғамбардың аса таяғы бір тасты ұрып қалғанда он екі жерден су атқылатқан әрі он бір мұғжизаға ұйытқы болған, дәл сол секілді қолыңыздағы осы соңғы кітапша да өзінің «Мәйуа» бөліміндегі нұрлы он бір мәселесімен және «Худжат-уллаһи Балиға» бөліміндегі бұлтартпас он бір айғағымен кәпірлерге оңдырмай соққы берді. Міне, бұл оқиға Хазіреті Имам Али (радиаллаһу анһ) әлгі сөзі арқылы тұп-тура осы «Аса-и Мұса» (а.с) деп осы кітапты меңзегенін және оны жоғары бағалап хабар бергенін дәлелдейді. САид НұРСи

АСА-и МұСАНың БіРіНші БөліМі(Денизли қаласындағы абақтының жемісі яғни пайдасы)Бұл жазбаны Рисалей-Нұрдың діннен безгендер мен кәпірлерге қарсы өзін-өзі ақтап, қолы жеткен жеңісі деуге болады. Және осы жазықсыз қамалуымызға қарсы өзімізді қорғау сөзіміз де осы. Өйткені, басқа нәрселермен шұғылданбай, тек осы кітапқа бар күшімізді жұмсап жатырмыз.Жоғарыда айтылғанындай бұл кітап Денизли қаласындағы абақтының жемісі әрі одан бір естелік. Бұл кітапша екі жұманың ішінде жазылды.САид НұРСи

Мына аяттың хабарына және оның сырына сүйенер болсақ, Жүсіп пайғамбар (ғаләйһиссалам) абақтыға қамалғандардың пірі және абақтыны белгілі бір мағынада Жүсіптің медресесі деуге болады. Себебі, Рисалей-Нұрдың шәкірттері осымен екінші мәрте топ-топ болып сондай медресеге түсіп жатыр. Олай болса, міндетті түрде Рисалей-Нұрдың абақтымен қатысты және айқындап берген кейбір мәселелерінің қысқаша тұжырымын осы тәрбиелеу мақсатымен ашылған дәрісханада оқу әрі оқыту қажет. Сөйтіп, жақсылап тәрбиеленіп шығу керек. Енді сол тұжырымдардың бес-алтауын баяндап берейін. БіРіНші МәСЕлЕТөртінші Сөзде түсіндірілген болатын, Жаратқан Иеміз күн сайын бізге жиырма төрт сағат өмір байлығын сыйға тартып отыр. Мақсаты, сол байлықты тиімді пайдаланып екі өмірге қажетті нәрсеге жұмсасын, екі дүниенің қамын жасасын дейді. Біз, мына қып-қысқа дүниелік өмірге жиырма үш сағатын жұмсап, бес парыз намазға толық жететін бір сағатын баянды да ұзақ ақыреттік өмірге жұмсамасақ, ақылға теріс әрекет еткен болып, үлкен қателік жасаған боламыз. әрі сол қатенің жазасы ретінде жүрек мазасызданып, рух күйзеліске түседі. Ондай рухани мазасыздықтың кесірінен мінез-құлық бұзылып, үмітсіз, селқос өмір басталады. Нәтижесінде тәрбие алмақ былай тұрсын, терісіне кетеді. Ал, бұл қаншалықты зиян екені белгілі. Егер бір сағатты бес парыз намазға арнасақ, мына абақтыдағы шеккен қиын кезеңнің әрбір сағаты кейде бір күн ғибадат саналып, фәни бір сағаты мәңгі бақи сағаттармен пара-пар болады және әлгіндей мазасыздық пен үмітсіз күйден арылып рух жеңілдеп, көңіл көтеріледі. Сондай-ақ, қамалуға себеп болған кінәлардің кешірілуіне ұйытқы болып, һәм қамаудағы мақсат орындалып, яғни, толық тәрбиеленіп шығамыз. Міне, бұл өте тиімді емтихан

10АСА-И МҰСА һәм сабақ һәм өзі секілді тауқыметтес бауырларымен достасу, бірін-бірі жұбату, жанға жайлы сұхбат екенін біліп қояйық.Төртінші Сөзде айтылғанындай, мың лиралық сыйлықты ұту үшін мың адам ойнап жатқан құмар ойынына жиырма төрт лирасының бес-он лирасын беруді құптап ал, еш таусылмайтын, өте құнды қазына ұтқызатын бір билетке жиырма төрт лирасының біреуін бермеу ақылға сыя ма? Алайда дүниелік құмар ойынында әлгі мың лираны ұту мүмкіндігі мыңнан бір ықтимал, себебі мың үміткер тағы бар. Ал, ақыреттік «адамзат тағдыры» дейтін ойыннан ақыры қайырлы болған имандылар үшін ұту мүмкіндігі мыңнан тоғыз жүз тоқсан тоғыз ықтимал. Мұны, бізге жүз жиырма төрт мың әнбия және олардың хабарларын көзбен көріп, растаған сансыз әулие-асфиялар хабарлауда. Солай бола тұра, бірінші ойынға қатысып, екіншісінен қашу түк пайдасыз да қисынсыз әрекет екенін ақылға салсаңдар өздерің де түсінесіңдерБұл тұрғыдан алғанда абақтының бастықтары мен бақылаушылары, күзетшілері, тіпті, билік басындағылар, тәртіп сақшылары, қауіпсіздік органдары бей-жай қалмай, Рисалей-Нұрдың мұндай тәрбиелік мәні зор дәрістеріне дән риза болуы керек. Өйткені, мыңдаған діндәр һәм әрдайым тозақты есіне алатын адамдарды басқару, он шақты намазсыз, имансыз тек дүниелік түрмеден ғана қорқатын және харам мен халалды айырып жатпайтын, азғындыққа салынған адамдармен жұмыс істеуден әлдеқайда жеңіл екені өмірде көптеген тәржірибелермен расталған-ды. * * *

ЕКіНші МәСЕлЕНің тұЖыРыМыРисалей-Нұрдың «Жастар шырағы» атты кітабы тамаша түсіндіргеніндей, өлімнің анық әрі ақиқат екендігі соншалық бүгіннің түні немесе осы күздің ақыры қыс болатыны секілді сөзсіз. Мына абақты әрдайым жазасын өтеп, босап шығатындарға арналған уақытша қонақ үй секілді болса, солай да мына жер жүзі дағы асығыс келіп, асығыс кететіндерге қысқа мерзімдік жол бойындағы керуен-сарай іспеттес. әрбір қаланы тұрғындарымен бірге жүз мәрте қабірге апарып төгіп тастайтын өлім, міндетті түрде өмірден де көп сұрауы бар. Міне, осы өзекті де терең ақиқаттың шешімін Рисалей-Нұр тауып, жай-жапсарын баяндап берген. Қысқаша тұжырымы мынадай:өлім өміршең яғни ол өлмейді, әрі қабірдің ауызы жабылар емес. Олай болса, әлгі қорқынышты өлімнен құтылу, яғни манағы жалғыз өзін қамап тастайтын суық қабірден аман қалу әр адамның ең үлкен әрі өзекті де уақыт күттірмейтін мәселесі болмақ. Иә, ол мәселенің шешімі бар. Рисалей-Нұр Құранның нұрымен оның шарасын тауып, басқаларға анық та қанық түрде дәлелдеген болатын. Қысқаша өзегі былай болмақ:өлім дегеніміз мәңгіге жоқ болуға ұқсайды. Ол − адамның өзін һәм сүйіктілерін, тумаларын көзін жоятын дар ағашы секілді. Не болмаса ол − өзге бақи әлемге көшу – әрине егер иманды кетсе − мәңгі бақытқа бөленудің кіріспесі, құрметті демалысқа шығу, ауыр міндеттен босатылу болып табылады. Ал, қабір болса, ол − тастүнек жалғыз адамдық абақты, түбі жоқ терең құдық. Немесе мына зынданға ұқсас дүниеден бақи әрі жарық сая-баққа, қонаққа апаратын есік болып табылады. Бұл ақиқатты «Жастар шырағында» бір тәмсілмен дәлелдеген болатынбыз.Мәселен, мына абақтының алдына дарға асу үшін дар ағаштары құрылыпты делік. Дар ағаштар жарға сүйеніп орналасқан. Жардың арғы жағында өте үлкен, тіпті, бүкіл дүние қатысатын лоторея ойыны ұйымдастырылған. Бізді, яғни, осы жерде отырған бес жүз кісіні ешбірін қалдырмай әрі қашып құтылу мүмкін емес, жеке-жеке манағы алаңға шақырғалы тұр. Ол жақтан: «Кел, өлім жазасына кесілдің, дар ағашына шық!» не болмаса «тұтқынсың, жалғыз өзің мәңгі қамауға алынасың!» немесе «Сүйінші! Саған миллион алтын ұтатын билет шықты, бағың бар екен!» деген үкім-хабарлар келіп әркім алаңдап отыр. Біз, әлгі дар ағашына адамдардың бір-бірлеп барып кейбіреуінің асылып жатқанын, ал енді

12АСА-И МҰСА біреулері дар ағашын пайдаланып оның арғы жағындағы ұтысты алуға өтіп кеткендерін, солай болып жатқанын бізге сол жердің жауапты ірі тұлғалары мен қызметкерлері анық түрде хабарлап әрі мұны өзіміз де көзбен көргендей нақты біліп тұрғанда абақтыға екі топ кіріп келді. Біреуінің қолдарына музыка аспаптары, арақ-шарап және тәттілігі алдамшы халуа, бәліш. Оларын бізге жегізгісі келеді. Алайда олардың ұсынып отырғандары улы, зиянды. Адам шайтандары ішіне у қосқан. Ал, екінші топ пен жамағат болса қолдарында тәрбиелік маңызы зор жазбалар, халал тағамдар және тәтті сусындар. Оны сый ретінде ұсынып тұрып бір ауыздан, еш күмәнсіз нақты түрде былай дейді: «Егер әлгі бірінші топтың сендерді сынау үшін әкелген кәделерін алып жесеңдер, мына көз алдымыздағы дар ағашына басқалардың асылғаны секілді сендер де асыласыңдар, оны өздерің көріп отырсыңдар. Ал, егер осы елдің әміршісінің бұйрығымен біз әкелген кәде-сыйлықтарды анау харам нәрселердің орнына қабыл алып, тәрбиенаманың ішіндегі дұға, жазбаларды оқысаңдар дарға асылудан құтыласыңдар. Сонымен қатар, ұтыс алаңына өтіп Аллаһ жарылқап әрқайсыңа миллион алтын ұтқызатын билет бұйыратынына көзбен көргендей, айдан анық сеніңдер. Егер манағы харам, күмәнді де улы тәтті тағамдарды жесеңдер, дарға асылғанға шейін де ол удың шаншу азабын тартасыңдар. Мұны қолымыздағы бұйрықнамалар және біз бір ауыздан нақты хабарлап отырмыз!». Сонымен, осы тәмсілдегідей, өзіміз күнде көріп жүрген ажал дейтін дар ағашының арғы жағында «адамзаттың тағдыры» лотереясынан иман келтіріп, мойынсұнғандарға – әрине ақыры қайыр болу шартымен – мәңгі бітпес қазынаның билеті бұйыратынын, ал азғындыққа түсіп, харам жасап және имансыз, пасық болғандар болса – тәубесіне келмейтін болса – я мәңгіге жойылатынын (ақыретке сенбейтіндері) немесе мәңгі бақи сорлап, қараңғы қапасқа жалғыз өзі қамалатынын, (ақыретке сене тұра азғын жолда жүргендері) яғни, осындай аяусыз ауыр жаза шегетіндерін әрі ол міндетті түрде солай болатынын хабар берген әу баста көптеген мұғжиза көрсеткен жүз жиырма төрт мың пайғамбар мен олардың әкелген хабарларының нышандарын көзбен көріп, қолымен ұстағандай растаған жүз жиырма төрт миллионнан астам әулиелер, (қаддәсаллаһү әсрарүһүм) сондай-ақ, әлгі адамзаттың асылдары болып табылатын екі топтың хабарларын ақылға сыйымды түрде, бұлтартпас ғылыми дәлелдермен нақты дәлелдеп, құптаған миллиардтаған терең зерттеуші ғұламалар, муджтахиттер және ұстанған жолдарына берік, адал жандар бір ауыздан растап бекіткен. Расында олар адамзаттың бетке тұтар азаматтары, күн көсемдері, жарқыраған жұлдыздары боп табылады. Міне, осы аталған үш үлкен жамағаттың, яғни ақиқатшыл, алдамайтын, алданбайтын үш топтың айтқан хабарларын тыңдамай, олардың көрсеткен

13Екінші мәсЕлЕнің өзЕгімәңгі бақытқа бастайтын сара жолына түспегендердің жағдайы не болмақ?! Олар, қауіптілігі жүзде тоқсан тоғыз ықтимал қатерге басын тіккендер. Тіпті, мұны бір ғана адам хабарлаған болса да құлақ аспай сол жолды таңдау ақылдының ісі емес.Мысалы, алдымызда екі жол жатыр. Біреуі өте қысқа әрі тым жеңіл әрі жүзде жүз ықтимал жәннатқа апарады, мәңгі бақытқа бөлейді. Осындай сәтті де тиімді жолды тастап, аса қауіпті, тым ұзақ соқпаққа толы һәм жүзден тоқсан тоғыз ықтимал жәһаннам қапасына қамап, мәңгі бақи сорлататын екінші жолды таңдау ақымақтық. Адамдар дүниеде екі жол кездескенде біреуі қысқа болса да ол жайлы бір-ақ адамның әрі жалған болуы мүмкін бір ғана хабарына сеніп, оның қауіптілік ықтималы жүзден бір ғана және бір-ақ айға қамалуы мүмкін бола тұра сондай қысқа жолды тастап, еш пайдасы жоқ болса да, тек қана зиянсыздығына бола ұзақ жолды таңдайды. Ал, адам ақыреттік іске келгенде сақтанбаса, онда оны есінен адасқан дейміз. Онда ол алыстан қарасы көрініп, бас салуға келе жатқан өте қорқынышты айдаһарға назар аудармай, шыбын-шіркеймен шұғылданып кеткен ақымаққа ұқсайды. Ол ақылынан алжасқан, жүрегін қара басқан, рухы мен адамгершілігінен айырылған боп табылады.Жағдай осылай. Олай болса біз, қапастағылар мына абақты дейтін бәледен өшімізді толық алу үшін әлгі екінші мүбарак топтың әкелген сыйлық-кәдесін қабылдауымыз керек. Адам кейде бір минөттік өш алудың қызығына алданып немесе бір-екі сағат пасық ләззатқа бола бәлеге ұшырап, он бес жылға, бес яки екі-үш жылға бас бостандығынан айырылып түрмеде отырады. Өмірдің шырқын бұзып, дүниесін зынданға айналдырады. Ендеше біз, осы бәлеге ерегісіп, бір-екі сағаттық абақты мерзімін − бір-екі күндік ғибадатқа және екі-үш жылдық жазамызды әлгі мүбарак топтың сыйлықтары арқылы − жиырма-отыз жылдық бақи жарқын өмірге айналдырып, ал он-жиырма жыл жазасын өтеуді − миллиондаған тозақтық қапастан құтылуға себеп қылып, фәни дүниеміз қараң қалған болса да, оның орнына бақилық о дүниемізді гүл-гүл жайнатып мына басқа түскен бәледен өшімізді толық алуымыз керек. Абақтыны тәрбиеханаға айналдырып, өзімізді отанымызға, халқымызға пайдалы, сенімді ақтайтын азамат болуға тәрбиелеуіміз керек. Және абақты қызметкерлері мен басшылары ойлағанындай іште отырғандар қаныпезер, жауыз, есерсоқ, баукеспе, азғын, отанға, қоғамға зиянкес адамдар емес, керісінше, берекелі дәрісханада дәріс алып, тәрбие көріп жүрген шәкірттер екеніне көздері жетсін. Олар жүрген жерлерінде мақтана да шүкір етіп айтып жүрсін. 

ҮшіНші МәСЕлЕ«Жастар шырағы» кітабында баяндалған ғибратқа толы бір оқиғаның өзегі былай болатын: Бір күні Ескішехир қаласындағы түрменің терезесінен Республика Күнін тойлап жатқандарға қарап отыр едім. Қарсы алдымызда орта мектеп бар болатын, соның бой жеткен үлкен қыздары ауласында шулап, мәз-майрам, би билеп жатқанын көрдім. Кенет, маған мағынауи синемадан олардың елу жылдан кейінгі жағдайлары көрсетілді. Сонда, әлгі елу-алпыс шақты қыз шәкірттердің қырық-елуі қабірде топыраққа айналып азап шегіп жатқанын, ал он шақтысы жетпіс-сексен жасына келіп әбден қартайған әрі жас кезінде ар-намысын сақтамағандықтан кезінде жақсы көрінуге тырысқан кісілердің керісінше жиіркенішін туғызып жүргенін көзбен көрдім. Олардың мұндай аянышты халдеріне шыдай алмай жылап жібердім. Абақтыдағы достарым жылағанымды есітіп, қасыма келіп себебін сұрады. Мен оларға: «Бара тұрыңдаршы, жеке өзім қалғым келіп тұр!» дедім. Рас, көргенім ақиқат. Мұны қиял демегін. Мына жаз мезгілі күзге айналып, ақырында қыс болмай ма? Дәл сол секілді жастық кез жаз мезгілі секілді, ал қарттық болса күзге ұқсайды. Оның ақыры қабір мен берзах қысы болмақ. Өткен тарихтың елу жылғы оқиғаларын синема арқылы қазіргі кезде көрсетіліп жатқаны секілді осыдан елу жылдан кейінгі жағдайды көрсететін синема шықса, мына адасқандар мен азғындар өздерінің алпыс жылдан кейін нендей халге ұшырайтындарын бір көрсе ғой, қазір істеп жүрген істеріне жиіркеніп, қатты өкінер еді. Мен осы ақиқатқа ойша шомып отырғанымда отқа май құйғандай азғындық пен адасуды қоздыратын рухани тұлға, адам бейнесіндегі шайтан секілді біреу алдыма кесе көлденең тұра қалып былай деді: «Бізге тиіспе! Біз өмірдің түрлі қызықтарын, небір зауық, ләззаттарын татып, басқаларға да таттырғымыз келеді!» деді. Менің оған жауабым былай болды: Сен, ләззатқа бола өлімді ойламай адасып, азғын жолды таңдап отырсың. Олай болса мынаны жақсылап миыңа құйып ал! Адам адасқан кезде өткен шақ жаппай жоқ болып, құрдымға кеткен болып көрінеді. Сонда саған өткен шақ іші толы жаназа, қорқынышты қабірстан боп елестейді. Сен адамсың ғой. Ендеше адасушылық сенің анау басыңды, және кеудеңде егер бар болса немесе өліп қалмаған болса жүрегіңді ауыртады және көптеген қоштасу мен сансыз достардан мәңгіге айырылысу салдарынан уайым-қайғыға салып жаныңды жегідей жейді. Бұл сенің мына масайрап алып жатқан бір сәттік ләззатыңның күлін көкке ұшырғаны секілді, келешек болса, ол да имансыз

15Үшінші Мәселе назармен қарағанда қараңғы, тып-тыйпыл, өлі әрі қорқынышты өлке болып көрінеді. Келер ұрпақтың бейшара бастары «ажал» дейтін бас кесердің қылышымен шабылып, көздері жойылатындықтан әрдайым имансыз басың бәлеге қалып, уайымдайсың кеп. Себебі сенде ақыл бар. Міне, азғындықтан алған бір сәттік ләззатыңның шырқы бұзылды деген осы.Егер тәубәңа келіп, адасудан бас тартып, азғындықтан тыйылып нағыз иманға келіп, тура жолға түссең әлгі өткен шақ тып-тыйпыл жоқ қылатын, барлығын жұтып қоятын мазар емес, керісінше ол әлем бар, тым жарқын әрі келешекке айналып кеткенін, ол бір нұрлы әлем екенін, бақи рухтар болса болашақта мәңгі бақыт сарайларына кіру үшін кезекте тұрғанын көресің. Әрине бұл иманның нұрымен жүзеге асады. Ол кезде өткен шақтан уайым емес, қайта иманның қуатына қарай белгілі бір мағынада жәннаттың ләззатын бұ дүниеде де татуға болады. Ал, келешек болса, ол да қараңғы, қорқынышты әлем емес, иманның көзімен қарағанда мәңгі бақыт сарайларында шексіз Мейірімді, аса жомарт, әрбір көктемді ырыс толы дастархандай жарататын Рахман-ы Рахим-і Зүлжәлал уәл Икрамның қонақасы дайындалған әрі бізді күтіп тұр, біз де сол жаққа бара жатырмыз деген үміт пайда болып, мұны әркім иманының дәрежесіне қарай сезініп, бақи әлемнің ләззатынан зауық алады. демек, алаңсыз нағыз ләззат тек иманда және иман арқылы жүзеге аспақ. Иманның бұл дүниеде мол пайда көзі, қыруар жемістері бар екенінен тақырыбымызға орай жалғыз бір ғана пайдасы мен ләззатын бір тәмсіл арқылы баяндап берейін. Бұл «Жастар шырағы» кітабының сілтемесінде жазылған болатын. Мысалға, сенің қатты жақсы көретін жалғыз балаң науқастанып секаратта яғни жан тапсырғалы жатыр. Сен де қайғыдан қан жұтып уайымдап, мәңгіге көз жазып қалатыныңды уайымдап тұрғаныңда, кенет Хәзіреті Хызыр немесе Хәкім Лұқман секілді бір дәрігер келді де, емдеп әлгі жаныңдай жақсы көретін сүйкімді балаң көзін ашып, өлімнен құтылса қаншалықты қуанып, бір марқайып қаласың, солай емес пе?Міне, әлгі балаға ұқсас сенің жаныңдай жақсы көрген сүйіктілерің, кіндіктес бауырларың, миллиондаған игі жандар манағы өткен шақ мазарына - сенің ойыңша - шіріп, жоқ болғалы тұрғанда кенет кәміл Иман, Хәкім Лұқман секілді әлгі алып мазар секілді көрінген өткен шаққа қалб (адамның ішкі жан дүниесі) терезесінен нұрын шашады. Сөйтіп, қайтыс болғандардың бірі қалмай тіріліп: «Біз өлгеніміз жоқ. Сендермен тағы да кездесеміз, мәңгі бірге боламыз!» дегендей қиялыңда жанданатындықтан көңілге шаттық сыйлап, жүректі қуанышқа бөлейді. демек иман ақиқаты бейне бір дәнек секілді. Егер өсіп-өнсе әркімнің жеке-жеке жәннатына, саябағына айналады.

16АСА-И МҰСА Әлгі қырсық былай деді: «Ең құрығанда хайуан секілді өмірді қызықты, рахат өткізу үшін сен айтқан терең мәселелерді ойламай, күліп-ойнап жүре бермейміз бе?» Оған жауап былай болды:Хайуанға ұқсап сірә рахат өмір сүре алмассың. Неге десең, хайуанның өткен мен болашақ ұғымы жоқ. Өткенге өкініп я келешекті уайымдап мазаланбайды. Ләззатты толығымен алады да Жаратқан Иесіне шүкір етеді. Тіпті бауыздау үшін жатқызылған мал, ештеңе сезбейді. Тек пышақ тиген сәтте сезгендей болғанымен ол сезімді де Аллаһ жоқ қылып жібереді. Еш уайым-қайғы шекпейді. Демек Аллаһтың рахымы, мол мейірімі ғайыпты оларға жауып, білдірмей тастайды. Бұл әсіресе еті желінетін мал-жануарда айқын көрінеді. Ал, сен болсаң о, Адам! Ақылың болғандықтан өткен шақ пен болашақ өздерінің бар екенін сездіріп тұр. Әлгіндей хайуанға тән беймәлім емес. Демек мазаңды алады. Өткеннің өкініштері, қайғылы қоштасулар және болашақтың үрей мен уайымы сенің манағы шағын ләззатыңды тас-талқан етеді. Ләззат алуға келгенде хайуаннан бетер артта қаласың. Иә, бұл айтылып жатқан ақиқат. Олай болса я ақылыңды алып таста да хайуан бол! Мына бәледен құтыл! Не болмаса иманға кел, есіңді жи! Құранды тыңда! Сөйтіп, бұл дүниенің өзінде хайуаннан жүз есе артық саф ләззаттың дәмін татып, рахатқа бат!» деп оның үнін өшірдім. Тағы да әлгі қырсық былай деді: «тым болмаса шет елдік, мұсылман емес дінсіздерге ұқсап өмір сүрерміз». Оған жауап ретінде былай дедім: «Батыстың дінсіздері секілді бола алмайсыңдар. Өйткені, олар бір пайғамбарға сенбесе басқасын қабылдауы мүмкін. Ешбір пайғамбарға сенбесе Аллаһқа сенуі мүмкін. Егер одан да мақұрым болса кемелдікке ұйытқы болар кейбір қасиеттер сақталып қалуы әбден мүмкін. Ал, бір мұсылман, ең соңғы және мәртебесі жоғары, діні мен шақыруы жалпыға ортақ ақырзаман пайғамбары Мұхаммед ғаләйһиссалатү уәссаламды жоққа шығарып, оған сенбесе, оның сара жолынан тайса енді ол ешбір пайғамбарды тіпті жаратқан Аллаһты да жоққа шығарады. Себебі, ол бүкіл Пайғамбарды, Жаратқан Жаббарды, кемелдік атаулыны Сол Кісі арқылы таниды. Ол болмаса әлгі ізгі қасиеттерден жұрдай болады. Сондықтан да бұрыннан бері өзге дін өкілдері Ислам дінін қабылдап, мұсылман болуда. Бірақ ешбір мұсылман шынайы яһуди, таза христиан, я мәжәсу болған емес. Керісінше адами қасиеттен айрылып, отанына, халқына зиянкес болып, діннен безген атанады» деп дәлелдеп бердім. Құдайдан безген әлгі бірбет қырсықтың амалы таусылып, айтарға сөзі табылмай тайып тұрды, бәлкім Жәһаннамға жол тартты.

17Үшінші Мәселе Уа, мына Юсуф медресесінде жаныма жақын бауырларым! Бұл айтылған ақиқат. Мұны Рисалей-Нұр нақты айғақтармен жиырма жылдан астам уақыттан бері дәлелдеп келеді. Көптеген дінсіз қырсық жандарды сағын сындырып иман айтқызып, тәубасына келтірді. Олай болса біз, һәм дүниемізге, һәм болашағымызға, һәм ақыретімізге, һәм отанымызға, һәм халқымызға өте пайдалы әрі оңай, әрі саламатты болған иман мен истиқаметті (тура бағытты) ұстанып, бос уақытымызды мазаны алатын бос қиял-ойлармен өткізбей, Құраннан жаттаған сүрелерді оқып, яки мағынасын білетіндер болса сұрап және қаза болған парыз намаздарды өтеп, бір-бірімізді өнеге тұтып, жақсы мінез-құлықтарымыздан пайдаланып, мына абақтыны тамаша гүл-көшет өсіретін бау-бақшаға айналдыру секілді салих амалдар жасайық. Қылмыскерлерді бақылаушы түрме қызметкерлерін жәһаннамдағы зәбани азап періштелері секілді емес, керісінше Жүсіп Пайғамбардың медресесінде жұмыс істейтін, жәннатқа адам дайындайтын, олардың тәрбиешісі секілді міндет жүктелген қызметкер, әрбірі дұрыс бағыттағы ұстаз, Мейірімді жетекші, жанашыр қомқоршы болуына жағдай жасайық.

төРтіНші МәСЕлЕтағы сол «Жастар шырағы» атты кітапта баяндалған болатын;Бірде маған көмектесіп жүрген бауырларым мынандай сауал қойды: «Дүниенің астан-кестеңін шығарып жатқан және Исламның тағдырымен де қатысы бар мына аласапыран екінші дүние жүзілік соғыс басталғанына елу күн болды (қазір 1946жыл яғни жеті жылдан асты) бірде-бір алаңдап сұрамадыңыз. Алайда кейбір діндар һәм ғалым кісілер жамағатты, мешітті тастап радионың басында отыр. Апырым-ай, бұл оқиғадан әлдеқайда маңызды оқиға болып жатыр ма, әлде онымен шұғылдану адамға зиян ба?». Жауап ретінде былай дедім:Өмір дейтін байлық өте аз. Атқарылуы тиіс маңызды шаруалар өте көп. Бір-бірінің ішіне кіріп жатқан шеңберлер секілді әрбір адамды алаңдататын мәселелер бар. Шеңберлердің ең тар, кішкенесі қалб (жүрек) пен асқазан шеңбері. Сосын денесі, үй іші, отбасы, тұратын қаласы мен туған өлкесі, мемлекеті, жер шары, адамзат әлемі, сонау тіршілік иелері мен дүние дейтін шеңберлер, бірінің ішіне бірі орналасқан шеңберлер адамды ортаға алып ойландырады. Әрбір шеңберде әркімнің өзіндік атқарар міндеті, борышы болады. Дегенмен ең кіші шеңберде өте үлкен әрі маңызды және әрдайым бақылап отырылуы тиіс өзекті мәселе, уақыт күттірмейтін міндеті бар. Ал, ең үлкен шеңберде өте кішкентай әрі уақытша һәм ара-тұра мәселелер мен міндеттер болады. Олар салыстырмалы түрде аса маңызды емес. Алайда үлкен шеңбер қызықтырып өзіне тартып әкетеді де тар шеңбердегі аса қажетті де маңызды қызметті тастатып пайдасыз, бос, өзімен қатысы жоқ істермен шұғылдандырады. Сөйтіп өмір дейтін қымбат байлықты түкке тұрғысыз жерге жұмсатып зая еткізеді. Кейде осы соғыс жайын бақылаймын деп бір жағына жақтасып кетеді. Сосын олардың жасаған зұлымдықтарын хош көріп, жауыздығына ортақ болады. Сұрақтың бірінші бөліміне жауап: иә, біле білгенге мына дүние жүзілік соғыстан әлдеқайда маңызды оқиға, осы жер шарына үстемдік ету мәселесінен бетер үлкен мәселе әркімнің басында бар. әсіресе, мұсылманға үлкен мәселе, зор дау-дамай ашылып отыр. Бұл дау-дамайдың ауқымдылығы мен маңыздылығы соншалық, ол мәселені шешу үшін әрбір адамның жеке байлығы Германия, Англия елдерінің қорындай көп болса, әлгі дау-дамайды ұту үшін барлығын еш ойланбастан бере салар еді.Ол неғылған даулы мәселе дейсіз ғой. Мәселе мынау: Әрбір жанға иман келтіргені үшін мына жер шарындай алып бірақ мәңгі-бақи бау-бақша, зәулім бақыт сарайлары, кең дала, жазиралы жасыл желекке ие болу немесе айырылып қалу мәселесі туындап отыр. Мұндай мәселе бар екенін кім айтты десеңіз, адамзаттың бетке тұтар жүз мыңдаған күн көсемдері мен жөн сілтеуші мүршидтері айтқан. Олар неге сүйеніп айтты десеңіз, ғалам

19ТөрТінші Мәселеиесінің мыңдаған уәдесіне сүйеніп хабар берген, тіпті, кейбірі мұны көзбен көрген. Егер иман құжаты дұрыс болмаса сол даудан ұтылып, әлгі мал-мүліктен айырылып қалуы әбден мүмкін. Қазіргі таңда оба індеті секілді материализм деген бәленің кесірінен әлгі дауды шеше алмай көбісі ұтылып қалуда. тіпті, бір «әһл-і кәшф уә қубур» яғни көріп кел әулие, өлген қырық кісінің бірнешеуі ғана иманды кетіп әлгі дауды ұтқанын, қалғаны айырылып қалғанын көріпті. Апырм-ай, әлгі даулы мәселенің, яғни, олардың уысынан шығарып алған жұмақтың орнына оларға дүниенің салтанаты берілсе манағы өкініштің орны тола ма екен?Міне, осы дауды ұтқызатын қызметтерге және жүз адамның тоқсанына тиімді қылып шешетін биге мән бермей, әлгі атқарылуы тиіс міндеттерді тастап дүниеде мәңгі қалатындай бос нәрселермен шұғылдану ақылсыздық деп білетіндіктен біз, Рисалей-Нұр шәкірттері әрқайсымыздың ақылымыз тасып, данышпан болып кетсек те оны тек осы іске, жалғыз осы қызметке жұмсауымыз керек деп шештік, солай екеніне көзіміз әбден жетті. Уа, түрменің ауыртпалығын бірге тартып жүрген жаңа достарым! Сендер, менімен бірге түскен көне бауырларым секілді Рисалей-Нұрды әлі көрген жоқсыңдар. Мен оларды және олар секілді мыңдаған шәкірттерді куәгер ретінде пайдаланып мынаны айтып дәлелдеймін һәм дәлелдеген болатынмын: әлгі үлкен дау-дамайды жүзде тоқсан арызданушыға ұтымды етіп шешіп берген және жиырма жылдың ішінде жиырма мың адамға тиімді шешімі, құжаты, ақталу куәлігі боп табылатын кәміл иман сыйлаған және Қасиетті Құранның мағынауи мұғжизасы болып табылатын және бұл заманның үздік қорғаушысы Рисалей-Нұр тәпсірі. Мұны мен толық сеніммен айта аламын. Он сегіз жыл болды, менің дұшпандарым, дінге жау кәпірлер мен материалисттер маған қарсы небір сұмдық айла жасап үкіметтің кейбір беделді тұлғаларын алдатып айдап салып, көзімізді жою үшін дәл қазіргідей қанша рет түрмеге жауып, зынданға тастаса да Рисалей-Нұрдың болаттай берік қорғаны жүз отыз кітапшасының тек екі-үшеуіне ғана тиісе алды. Демек кімге адвокат керек болса Рисалей-Нұрдан мықтап ұстасын.Қорықпаңыздар! Рисалей-Нұрға тыйым сала алмайды. Мемлекет басында отырған азаматтардың қолдарында маңызды рисалелер – екі-үшеуінен басқасы – емін еркін кезіп жүр. Иншаллаһ, түрмелерді толыққанды түзету орны жасау үшін бақытты түрме бастықтары мен бақылаушылар осы нұр кітапшаларын абақтыда отырғандарға нан мен су секілді ұсынатын болады. Ол күн де алыс емес, көресіңдер әлі. 

БЕСіНші МәСЕлЕЖастар шырағында түсіндірілгеніндей, жастық шақ өтеді де кетеді. Оған еш күмән жоқ. Жаз күзге, күз қысқа немесе күндіз ақшамға айналып сосын түн болатыны секілді анық түрде жастық шақ та қарттыққа айналып, ақыры өліммен тынады. Егер, сол өткінші, фәни жастықты ар-намысты сақтай отырып мустақим жолда яғни, белгілі бір мақсатпен өткізсе сол арқылы мәңгі бақи жастыққа ие болатынын аспани кітаптар жаппай хабар беріп, жүрекке қуаныш сыйлауда.Ал егер азғындық жолда өткізсе, қалайша ашу қысып бір минутта адам өлтіру, миллиондаған минуттық абақтының азабын тартқызады, дәл сол сияқты жастықтың буымен алған харам ләззаттар мен орынсыз көңіл көтерулер ақыреттік жазаны, қабірдегі азапты және аяқталып қалғандағы өкініш пен қайғысын, сондай-ақ, күнәсін, берер уайымын, сондай-ақ дүниелік жауапкершілігін айтпағанның өзінде дәл сол алған ләззаттың ішінде өзінен әлдеқайда көп уайым мен қайғы болатынын ақылы бар әрбір жас мойындайды, ол тәжірибелермен расталған ақиқат.Мәселен, харамға құмарлық, оны сүю адамды күйдіріп азаптайды. Себебі онда қызғаныш оты бар. Һәм, аяқталып қоштасқанда өкініш беріп һәм, қарымтасына қанағаттанарлық жауап ала алмау секілді уайымы тағы бар. Міне, осы себептерден әлгі азғантай ләззат у қосылған балға айналады. Сондай-ақ, жастық шақты бұрыс пайдалану салдарынан ауруға шалдығып ауруханаға түседі, бойдағы күш-қайратты қайда жұмсарын білмегендіктен түрмеге қамалады, әрі адамның ішкі жан дүниесі мен рухы аш болғасын, өз міндетін атқармағандықтан маза қашып маскүнемдікке салынып, сырахана мен азғын жерлерге үйір болады. Бұған сенбесең ауруханаға, түрмеге, сырахана мен мазарға барып сұра! Әлбетте, басым көпшілігі жастықтың буына алданып жасаған бұрыс әрекеттері мен асыра сілтеу және харам қызықтардың жазасын тартып, шыңғырған дауыстарын естіп, өкіне жылап жатқанына куә боласың. Егер, тура жолды ұстап, алған бағытынан таймай шариғатқа сәйкес өмір сүрсе, жастық шақ Аллаһтың қымбат сыйы және ол жақсылық жасауға оңтайлы сәт, сауап жинауға таптырмайтын мүмкіндік болып ақыретте жарқын да мәңгі бақи жастыққа айналатыны әу баста Құранмен және басқа да аспани кітаптармен бекітілген. Олар бір ауыздан сүйіншілеп қуанышты хабар берген. Иә, бұл өтірік емес, ақиқат. Оның үстіне Аллаһтың халал еткен шеңбері кең, көңілді жайлауға толық қанағаттанарлық дәрежеде. Һәм, харам шеңбердегі бір сағаттық ләззат кейде осылай бір жыл, кейде он жылға қамауға алып сазайын тартқызатыны көрініп тұр. Әлбетте жастық шақты нығмет деп біліп, оған шүкір ретінде мұндай баға жетпес құнды сыйлықты ар-намысты сақтап, абыроймен, мустақим жолда дұрыс өткізу керек, тіпті, міндетті.

АлтыНшы МәСЕлЕ[Рисалей-Нұрдың көптеген жерінде баяндалып, бұлтартпас айғақтармен дәлелденген Аллаhқа иман шартының ауқымы кең, жан-жақты мыңдаған айғақтарының бір ғана айғағына қысқаша ишара.]Қастамону қаласының мектеп оқушылары: \"Бізге Жаратқан иемізді таныстырыңызшы. Мұғалімдер Аллаh туралы айтпайды\" деді. Мен оларға: \"Сендердің оқып жатқан пәндеріңнің әрқайсысы әрдайым өз тілімен Аллаh туралы айтып, Оны таныстырып жатыр ғой. Сендер мұғалімнің орнына соларды тыңдасаңдар жеткілікті хабар аласыңдар. Қане, олар не дейтінін тыңдап көрейік\" дедім.Мәселен, керемет бір дәріхананы елестетіңдер. Әрбір құтыға өте дәл өлшеммен жасалған, әрі тірі әрі ғажайып қоймалжың дәрі дәрмектер салынған. Сөз жоқ, бұл бізге өте кәсіби, білікті химик, дана дәрі жасаушыны көрсетеді емес пе! Сол сияқты Жер шары да үлкен дәріханаға ұқсайды. Онда тіршілік ететін төрт жүз мың түрлі өсімдік пен жануарлар бар. Олар бейне бір дәрі салынған құты тәріздес немесе тірі қоймалжың дәрі дәрмектер іспетті. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, әлгі дәріханадан Жер шары дәріханасы қаншалықты зор, үлкен болса, сендер оқитын дәрігерлік оқуы да Жер шарындай алып мөлшерде оның дәрі дәрмек жасаушысы – Хаким-і Зүлжәлалды (Айбынды, хикмет иесі), тіпті, соқырларға да көрсетеді.Не болмаса, таңғажайып бір фабриканы алайық. Ол фабрика маталардың мыңдаған түрін қарапайым бір ғана шикізаттан тоқиды. Бұл іс мына фабриканың қожайыны шебер әрі ілімді екенін шүбәсіз білдіреді. Сол сияқты біздің \"Жер шары\" дейтін жүз мыңдаған басы бар, әр басында жүз мыңдаған керемет фабрика орнатылған \"жылжымалы Раббани мәшине\", адамдар салған фабрикадан неғұрлым үлкен әрі керемет болса, сендердің оқып жатқан механика пәні де соғұрлым Жер шарының Шебер Иесі бар екенін білдіреді әрі таныстырады.тағы бір мысал. Өте керемет, әр тарапынан түрлі-түрлі азық-түлік келіп тұратын, іші сан-алуан затқа толы қойманы яки бір дүкенді алайық. Оның міндетті түрде бір иесі, өте бай қожайыны, бақылаушысы болады. Сол сияқты біздің Жер шарымыз, бір жылда жиырма төрт мың жылдық жолды жүйелі түрде жүріп өтеді. Жүз мыңдаған мұқтаж жандарды арқасына артып алып саяхаттайды. Саяхат барысында жолай жыл мезгілдеріне соғады. Көктемге барып сан-алуан тағамдарды толтырып алады да жинаған азығын қыс бойы жеп тауысқан бейшара жан-жануарларға жеткізеді. Ол – азық-түлік таситын бейне бір көлік, яки Рахмани азық қоймасы, яки Субхани кеме, яки түрлі-түрлі қажетті заттарды, сондай-ақ, консерві құтыларын таситын жүк мәшинасы немесе Раббани дүкен. Міне, мына Жер шары әлгі

22АСА-И МҰСА мысалдағы фабрикадан неғұрлым үлкен әрі керемет болса, сендер оқып жатқан немесе келешекте оқитын жеңіл өнеркәсіп ілімі, Жер шарының иесін, оны жаратып, басқарып тұрған Құдіретті Қожайынды соғұрлым бұлтартпас түрде білдіреді, таныстырады, сүйсіндіреді.тағы бір мысал. Төрт жүз мың ұлттан құралған, әр ұлттың қалаған тамағы басқа, қолданатын қаруы басқа, киетін киімі бөлек, тәлім-тәрбиесі, демалысқа шығу мерзімі сан-түрлі, саны да тым көп қалың әскерді өте шебер, епті бір ғана қолбасшысы жалғыз өзі басқарса, және әлгі сан-алуан ұлтқа өзіндік азық түліктерін, қару-жарақтарын, киім-кешектерін, құрал-саймандарын әсте ұмытпай, шатастырмай, дәл уақытында, дер кезінде үлгертіп беріп тұрса, әлгі ғажап әскер мен әскери бөлімше, өздерінің керемет қолбасшысын шүбәсіз анық түрде көрсетіп, іскерлігіне жұртты тәнті қылып, таңдандыра сүйсіндірмей ме? Дәл сол әскери бөлімше тәрізді жер жүзінде көктем сайын жаңадан қару-жарақпен жабдықталған, жаңа бір Субхани әскери бөлімше секілді өсімдіктер мен жануарлар әлемін алайық. Олар сан-алуан ұлттан құралған әскердей төрт жүз мың түрден тұрады. Олардың сыртқы пішіндері мен киімдері, азық-түлік, қару-жарақ, тәлім-тәрбие мен демалысқа шығу мерзімдері өзара ұқсамайтын сан-алуан болғанымен өте жүйелі де тәртіпті түрде, ешбірі ұмыт қалмай, шатастырылмай бір ғана Ұлы қолбасшы тарапынан беріліп жатыр. Міне, Жер Шарының \"Көктем\" атты әскери бөлімшесі жоғарыда аталған мысалдағы әскери бөлімшеден қаншалықты ауқымды да зор, керемет болса, сендердің келешекте оқитын әскери дайындық сабағы ұқыпты, ақылды балаларға Жер Шарының Хаким-і Раббысы (Үкімі әрқашан жүретін, бәрін тәрбиелеуші) және басқарушы Ұлы қолбасшысы керемет екенін соғұрлым таңғаларлық мақтауға тұрарлық екендігін білдіреді. Шүкір етуге, оны мадақтауға лайық екенін көрсетіп, сүйсіндіреді.Мәселен, ғажайып бір қалада жүрміз делік. Төбемізде миллиондаған электр шамдары бір орнында тұрмай жылжып отырады. Олардың жанар майлары да тоқ көздері де таусылар емес. Мұндай ғажап электр шамдар, өздерін басқарып, қадағалап отырған, жылжымалы қылып жасаған, электр станциясын салған, жанармаймен қамтамасыз етіп отырған таңғажайып шеберді көрсетіп, ондай аса керемет құдіретті ғалымға деген сүйіспеншілігімізді оятып, ризашылығымызды арттырады. Оның өнеріне тәнті болып, қошеметтеп, сүйсіне: \"Жарайсың!\" деп дауыстап айқайлағың келеді. Дәл сол сияқты мына \"Әлем\" атты қаламызда, \"Дүние\" дейтін сарайдың төбесіндегі шам тәріздес жалт-жұлт еткен жұлдыздарға бір қарайықшы! Олар, астрономия пәнінің мәліметі бойынша Жер шарынан мың есе үлкен, зеңбірек оғынан жетпіс есе жылдам қозғалып жатса да жүйесін әсте бұзбай, бір-біріне қақтығыспай, сөніп те қалмай, қуаты кемімей жанып тұр. Сендер келешекте оқитын астрономияның айтқанына сүйенетін болсақ, Жер шарынан миллион есе үлкен және миллион жылдан астам

23алтынші Мәселебұрын жаратылған Рахмани қонақ үйде әрі шам әрі ошақ қызметін атқарып тұрған Күннің бір тәулік бойы сөнбей жанып тұруы үшін, жер жүзінің теңізіндей жанармай, тауларындай көмір немесе мыңдаған Жер шарының көлеміндей отын керек екен. Мұны және осы сияқты алып жұлдыздарды шексіз құдіретімен жанармайсыз, көмірсіз жандырып, сөндірмей тұрған әрі әрқайсысын өте жылдам жүргізіп, бір-біріне соқтығыстырмайтын Иләһи құдірет пен билікті көзімізбен көріп жүрміз, сенбегендер басын көтеріп төбесіндегі аспан денелеріне бір қарасын! Әлем атты мына зәулім қаланың, дүние дейтін мына үлкен сарайдың электр шамдары және оны басқару істері қаншалықты зор әрі керемет, өте тамаша болса, сендер оқыған немесе келешекте оқитын физика пәні әлгі ұлық көрменің Сұлтанын, Мүнәууирін (Нұрландырушы), Мудеббирін (Басқарушы, ұйымдастырушы), Шеберін аспандағы нұр шашқан жұлдыздарды куә ретінде көрсетіп, таныстырады. Тәсбих еткізіп, қошеметпен сүйсіндіреді, Иесіне ынтық қылады.Мәселен, қолымызда бір кітап бар. Оның бір жолына ұсақ жазумен бір кітап жазылған. Әрбір сөзіне үшкір қаламмен Құранның бір сүресі жазылған. Кітап өте тамаша. Бірін-бірі қуаттайтын тақырыптары жазушысының асқан шебер, құдіретті екенін көрсетеді. Мұндай кітап, міндетті түрде, өзінің жазушысы, құрастырушысы өте өнерлі әрі ерекше қасиетті екенін анық білдіреді, таныстырады. \"Машаллаh, Бәрекелді\" дегізіп, жоғары бағалатады. Дәл сол сияқты мына \"әлем\" атты ұлы кітапқа үңілейік. Бір ғана парағын жер жүзі деп алсақ, соның бір ғана жолы болып табылатын көктемде үш жүз мың түрлі өсімдік пен жануарды, барлығын бірге, аралас-құралас болса да бір-бірімен шатыстырмай, қатесіз, жаңылыспай, ауыстырып жібермей, керемет әрі тиянақты түрде өсіріп өндіреді. Кейде \"ағаш\" дейтін бір сөзге бір өлеңнің, дән дейтін бір нүктеге бір кітаптың толық мазмұнын жазып қояды. Мұндай құдіретті бір қаламның көз алдымызда ғажайып жазу жазып жатқанына өзіміз де куәміз. Міне, осындай шексіз әдемі, әрбір сөзі хикметке толы мына \"әлем\", яки осы алып Құран, аталған мысалдан қаншалықты үлкен әрі керемет болса, сендердің оқыған философия пәні мен мектептерде үйретіліп жатқан оқу мен жазу ілімі өз тұрғысынан мына \"әлем\" кітабының жазушысын, хас шебер суретшісін өнерімен бірге жақсылап таныстырады, \"Аллаhу Әкбар\" сөзін еріксіз айтқызып өнеріне тамсандырады, \"Сүбханаллаh\" сөзімен мақсатын түсіндіреді, \"Әлхамдүлиллаh\" сөзімен өзін мадақтатып шүкір еткізеді. Міне, осындай түрлі ілім саласына қарай жүздеген пәндердің әрқайсысы өзінің ауқымды өлшемімен, өзіндік айнасымен, дүрбі тәрізді көздерімен, ғибратты назарымен мына әлемнің Хаким-і Зүлжәлалын (Айбынды хикмет иесі) есім-сипаттарымен бірге таныстырады. Осы бір заңғар да жарқын Уахданиет айғағы болып табылатын дәлелдерді бізге ұғындыру үшін, Құран-ы Мүғжиз-үл Баян бірнеше мәрте, әсіресе:

24АСА-И МҰСА деген аяттарымен әрдайым Жаратқан Иемізді таныстырып отырады\" деп, әлгі сауалдың жауабын аяқтадым. Оқушылар да дән риза болып, мақұлдап: \"Раббымызға шексіз шүкір. Толық қанағаттанарлық, нағыз ақиқат жауап алдық. Аллаh сізге разы болсын!\" деді. Мен оларға арнаған сөзімді былайша түйіндедім:Адам баласы сан-алуан жақтан қайғы жеп қамығатын, сан-алуан тұрғыдан ләззат алып шаттанатын таңғажайып тірі мәшине тәрізді. Өзі өте әлсіз бола тұра, заттық әрі рухани дұшпандары көп-ақ. Тым пақыр бола тұра, көзге көрінетін-көрінбейтін, белгілі-белгісіз сансыз қажеттіліктері бар. Әрі қоштасу мен аяқталудың соққыларын әрдайым жейтін бейшара мұңлық біреу. Міне, осындай күйдегі жан, иман келтіріп, құлшылық арқылы әлгіндей Падишах-ы Зүлжәлалға сенсе, оған мойынсұнып, айтқан бұйрықтарын орындаса және Оны барлық дұшпанынан сақтайтын панақор, арқа сүйер тіреніш әрі қажеттіліктерін қам-тамасыз ететін қамқоршы деп білсе, әркім өзінің қожайынының абыройымен, атақ-даңқымен масаттанатыны сияқты, ол да иманы арқылы әлгі Қадир, Рахим бір Аллаhты танып, оның қол астына кіріп, қамқорлығына бөленсе, құлшылық етіп қызмет етсе, сондай-ақ өзіне сұқтанып тұрған ажалын көзін жоятын баскесер емес, керісінше ол, міндеттен босатылу, демалысқа шығудың жарлығы екенін аңғарса, қаншалықты қуанарын, шүкір етіп шаттанарын, шексіз қарыздар болатынын, қаншалықты мақтанарын өздерің ойлап көріңдер!Әлгі мектеп оқушыларына айтқанымды абақтыда отырғандарға да қайталап былай дедім: \"Оны танып, мойынсұнған адам, зынданда жатса да бақытты. Ал, Оны ұмытқан адам, әсем зәулім сарайда тұрып жатса да сорлы, бейбақ.\"Баяғыда Раббысын жақсы таныған бір кісі, дарға асылар алдында бейбақ залымдарға былай деген екен: \"Негізінде көзі жойылғалы тұрған мен емес, сендерсіңдер. Бәріңнің мәңгіге жойылатындарыңа кәміл сенгендігімнен, қазірден-ақ сендерден өшімді толық алып тұрмын... лә иләҺә иллАллАҺ...!\" деп риза болып жан тапсырған екен.

ЖЕтіНші МәСЕлЕ[денизли қаласының түрмесіндегі жұма күнінің жемісі]Бірде Қастамону қаласында «Бізге Жаратқан иемізді таныстырыңызшы» деген мектеп оқушыларына, осының алдындағы «Алтыншы Мәселе» деп аталған пәндердің тілімен берілген дәрісті «Денизли» түрмесінде маған жақындай алатын кісілер оқыды. Имандары қуаттанып ақыретке деген қызығушылық пайда болып: «Енді бізге ақырет жайлы айтып беріңіз. Бұдан былай нәпсі мен заманауи шайтандарға алданып, мұндай қапасқа қамалудан аман жүрейік!» деді. Сөйтіп, Денизли түрмесіндегі Рисалей-Нұр шәкірттерінің, сондай-ақ, жоғарыдағы Алтыншы Мәселені оқығандардың өтініші бойынша ақыретке иман шартын қорытындылап баяндауға тура келді. Мен де Рисалей-Нұрдан алып қысқаша былай дедім:Мәселен, Алтыншы Мәселеде біз, Жаратушы Иемізді жерден, аспаннан сұраған болатынбыз. Олар пәндердің тілімен Айдай анық түрде Жаратқанды жақсылап таныстырған болатын. Ендеше біз де ақырет жайлы сол Раббымыздан, сосын Пайғамбарымыздан, Құранымыздан, содан соң басқа да пайғамбарлар мен киелі кітаптардан, одан кейін періштелерден, ғаламнан сұрайық. Ең алғаш ақырет жайлы Аллаһтан сұрайық. Ол, өзінің жіберген пайғамбарлары мен пәрмен-жарлықтары және бүкіл көркем есім-сипаттары арқылы былай дейді: «Иә, ақырет бар. Мен сендерді сол жаққа айдап апарамын!». «Оныншы Сөз» он екі жарқын да бұлтартпас ақиқаттарымен Аллаһтың кейбір есім-сипаттарының ақыретпен қатысты тұстарын түсіндіріп дәлелдеген болатын. Қазір сол түсініктемеге сүйеніп өте қысқа ишаралармен жауап береміз.

26АСА-И МҰСА Иә, дүниеде өзіне бағынып, мойынсұнғандарға сый-сияпат, ал бас көтеріп қарсы шыққандарға жаза бермейтін бір салтанат, билік болмайтыны анық. Олай болса, Иләһи толық рубубиет (билік), мүлтіксіз жаппай бағындыратын сәрмәди салтанат, әлбетте өзіне иман келтіріп бет бұрған, әрі байланысқан, мойынсұнып әміріне құлдық ұрғандарға мол сый-сияпаты, ал сондай абыройы үстем Иләһи салтанатқа күпірлік қылып, қырсығып, қарсы шыққандарға, тіпті, жоққа шығарғандарға жазасы сөзсіз болмақ. Әрине ол жазалау мен сыйға бөлеу оның шексіз рахымы мен жамалына, һәм оның иззат уа абыройына, жалалына лайық түрде болмақ деп бізге Аллаһтың «Рабб-үл Аламин» уа «Сұлтан-үд Дәийан» есімдері жауап беруде. Һәм, жер жүзінде жалпыға ортақ рахымшылық, барлығын қамтып жатқан қамқорлық пен молшылық, керем-жомарттық бар екені ап-анық байқалады, оны өзіміз де көзбен көріп жүрміз. Мәселен, әрбір көктемде ағаш атаулыны, жеміс жидектерді жәннаттың хор қыздарына ұқсатып безендіріп, қолдарына яғни бұтақтарына сан-алуан миуа-жемістерді іліп жіберіп, бізге иілгізіп: «Қане, алыңдар, жеңдер!» дегізетін сол рахым ғой. Улы жәндік арқылы бізге шипалы да тәтті бал жегізетін, қолы жоқ құрттың қолымен өте жұмсақ та нәзік жібек кигізетін, сондай-ақ, бар болғаны бір уыс кіп-кішкене дән-тұқымдардың ішіне мыңдаған батпан рызық-несібелерімізді сақтап қойып, құдды ол дәнектер сақтық қоймасы секілді біз үшін орналастырып отырған тағы сол рахым мен қамқорлық емес пе? Олай болса әлбетте мұншалықты еркелетіп, рызық-несібесін беріп отырған рахым мен мейірім осы сүйкімді де дән риза әрі қарыздар өзіне ғана табынатын мүмин мұсылмандарды мүлдем жоқ қылып жібермейді. Қайта оларды бұдан да жарқын рахымына бөлеу үшін дүниелік тұрмыстан, жүктелген міндеттен босатып құрметті демалысқа шығарады деп біздің сауалымызға Аллаһтың «Рахим» уа «Кәрим» есімдері жауап береді. «әл-джәннату хаққун» дейді. Барлық жаратылғандардан және жер жүзінен мол хикмет байқаймыз, сондай-ақ, адам ақылы жетпейтін керемет әділ де дәл өлшемдермен жұмыс атқарылуда. Мұны көзімізбен көріп те жүрміз. Атап айтар болсақ, адамның ағзаларында байқалатын мыңдаған керемет хикметтің біреуін ғана алайық. Ол, кіп-кішкене дәнектей есте сақтау қабілеті, яғни адамның жады. Онда адамның бүкіл өмірбаяны, көріп-білген, бастан кешірген оқиғалары толығымен дерлік жазылып, бейне бір кітапхана секілді, ертең махшар күні пенденің есеп-сотында алдына жайылып салынатын амал дәптерінің шағын құжаты ретінде әрқашан есіне түсіру мақсатымен әрбір адамға берілген. Міне, осы бір мидың бір бұрышына ғана орналастырған шексіз хикметке таңғалмасқа мүмкін бе? Сондай-ақ, бүкіл жаратылысқа өте дәл өлшемдермен ағзаларын орны-орнына қою, сонау микробтан бастап мүйізтұмсыққа дейін,

27жетінші Мәселешыбыннан сонау бүркітке, бір ғана гүл ашатын өсімдіктен бастап сонау миллиардтаған, триллиондаған шешек ашатын гүлдерге шейін, жаппай, бәрінде де ысырапсыз өлшеммен реттілік пен тәртіп, керемет жүйе бар. Осыларды өз орны-орнына тағайындаған, әрі өте сұлу етіп шебер жаратқан және әрбір тіршілік иесінің өмір сүруі үшін қажетті себеп-шарттарды таразылап, өлшеп берген, һәм жақсы амалдарға жақсы нәтижелер ал, жаман амалдарға жаман нәтижелер бергізген, және Адам ата заманынан бері тағы, залым қауымдарды апат-бәлемен жазалап өзінің бар екенін қуатты сездірген сәрмәди әділдік әлбетте, оған еш дау жоқ, ол толық әділдікті, толассыз хикметті ақыретсіз елестету мүмкін емес, міндетті түрде ондай әділет ақыретті талап етеді. Бұл дегеніміз, жарықсыз Күннің болмайтыны секілді анық мәселе. Ажалы жетіп өлген кезде ең залыммен жәбір көрген бейшараның бірдей болып, еш парықсыз мәңгі бақилық болып кете беруіне, яғни ондай зұлымдыққа, жөнсіздікке, бассыздыққа, хикметсіздікке әсте жол берілмейді деп Жаратқан Жаббардың «Хаким», «Хакем» және «Адл», уа «Адил» есімдері біздің сауалымызға толық жауап береді. Және де барлық тіршілік иелері өздерінің қолы жетпейтін, сондай-ақ, шама-шарқынан тыс жатқан бүкіл қажеттіліктерін, өмірге қажетті талап-тілектерін белгілі бір мағынада дұға болып табылатын табиғи қабілеттерімен әрі зәру де мұқтаж тілдерімен сұраған кездерінде, оларға өте мейірімді, бәрін естуші, аса қамқор құдірет тарапынан беріліп жатқандығынан, әрі өз ықтиярымен жасалатын адам дұғаларының, әсіресе, ерекше тұлғалар мен пайғамбарлардың дұға-тілектерінің оннан алты-жетісі әдеттен тыс таңғажайып түрде қабыл болғандығынан нақты түсінетініміз мынау болса керек: демек, әрбір дерті бардың қайғы-мұңын, әрбір мұқтаж жанның дұғасын еститін және тыңдайтын Сәмиғ-і Мужиб біреу перденің арғы жағында бар, ол бәрінен хабардар, бәрін көріп-біліп отыр. Ең ұсақ тіршілік иесінің ең кішкентай қажеттілігін біледі, жүрегінің түкпірінде жасырын жатқан қайғы-мұңын есітеді, қамқорлық жасайды. Нақты ісімен жауап қатып, пендесін риза қылады. Әлбетте, жаратылғандардың ең жоғары мәртебелісі болып табылатын адамзаттың аса маңызды тұлғасының ауқымы кең дұғасы жалпыға ортақ әрі күллі ғаламға, Аллаһтың барлық есім-сипаттарына қатысты мәңгілік ақыреттік дұғаларды қамтиды, сондай-ақ, адамзаттың ірі тұлғалары, күн көсемдері, көшбасшысы болып табылатын пайғамбарлар жаппай ізіне еріп, Оның дұғасын «Амин, амин» деп растап, діндар үмметінің әрбірі күн сайын аз дегенде бірнеше рет оған салауат айту арқылы ол кісінің дұғасын «Амин, амин» деп қостап, тіпті, жаратылыс атаулы оның дұғасына қосылып «О, Раббымыз! Қалауын бере гөр! Оның тілегі біздің де тілегіміз» деп қолдап-қоштап отыр. Осындай

28АСА-И МҰСА жауапсыз қалуы мүмкін емес шарттармен жасалған, ақыреттік бақи өмір мен мәңгі бақыт сұраған Мұхаммед ғалейһиссалату уассаламның бір ғана дұғасы – басқа себептерді есептемегеннің өзінде – жәннаттың жаратылуына жеткілікті себеп. Аллаһтың құдіретіне ақыретті жарату көктемді жарату секілді оп-оңай. Оған ол түк те емес! – деп Аллаһтың «Мүжиб» (Жауап беруші), «Сәмиғ» (Естуші), «Рахим» (Аса мейірімді) есімдері біздің сұрағымызға жауап беруде.Һәм, күндізгі жарық ап-анық түрде Күнді көрсететіні секілді жер жүзіне, атап айтқанда маусымдардың ауысуына назар аударар болсақ, жаппай өлу мен тірілу болып жатыр. Бұл құбылыстар перденің артында жасырын бір басқарушы бар екенін білдіреді. Ол, сан құбылта түрлендіре отырып басқарушы өте тәртіпті түрде жер шарын бір бау-бақша, тіпті, бір ағаш секілді жеңіл әрі жүйелі басқарады. Алып көктемді бір тал гүл тәрізді оңай әрі өлшемді де сұлу түрде жаратады. Жер жүзі парағына үш жүз мың хашир мен нәширдің, яғни, өліп қайта тірілудің үлгі мысалдарын жазып көрсетеді әрі ол параққа үш жүз мың кітапқа татитын өсімдіктер мен хайуанат түрлерін жайып салады. Олар барлығы бірге, аралас-құралас бола тұра араласпайтындай, шырмалып жатса да шатаспайтындай, өзара ұқсас бола тұра ауыспайтындай қатесіз, жаңылмайтындай керемет әрі тәртіпті, терең мағыналы болып табылады. Оларды осылай етіп жазып отырған құдіреті күшті бір қалам, осыншама алып істерді мол мейірім мен шексіз хикметпен жаратады. Сонымен қатар, алып ғаламды баспана секілді адамзатқа бағындырып, безендіріп, төсеніш қылып, оны, яғни, адам баласын жер жүзінің халифасы тағайындап, әрі оған аспан мен жер, тау мойнына алуға батылы жетпеген ұлы аманатты жүктеп, өзге тіршілік иелеріне көшбасшы мәртебесіне көтеріп, абыройын үстем қылған. Және Субхани үндеуіне, пәк сөзіне тыңдарман ету арқылы жоғары мақамға шығарып, аспани жарлық-пәрмендердің барлығында оған мәңгі бақыт пен бақи өмірге қол жеткізуге болатындығына жақсылап тұрып, нақты уәде еткен. Олай болса, шүбәсіз, міндетті түрде өзінің шексіз құдіреті толық жететін бақыт әлемін манағы абыройлы да жоғары мәртебелі адамдарға арнап сыйға тартатын болады, нұрлы әлемнің қақпасын айқара ашып махшарды, қиямет қайымды жаратады. Міне, мұны бізге «Мухий», «Мумит», «Хай», «Қайюм», «Қадир», «Алим» есімдері білдіреді және Жаратушыдан әу баста сұраған сауалымызға жауап ретінде ұсынады. Иә, әр көктем кезінде ағаш атаулыны, өсімдіктер мен олардың тамырларын айнытпай дәл сол қалпында тірілтіп, хайуандар мен өсімдіктер әлемін болса хаширдің үш жүз мың түрлі мысалы ретінде жарататын бір құдірет, Мұхаммед (с.а.у.) пен Мұса пайғамбарлардың (аләйһиссалатү уәссалам) әрқайсысының үмметтерінің өмір сүрген уақытының мың

29жетінші Мәсележылдығын ойша бетпе-бет қойып қарастырсақ, онда хашир мен нәширдің, яғни, өлгеннен соң қайта тірілудің мыңдаған үлгі-мысалын, сан мың дәлелін екі мың көктем (Сілтеме )1арқылы көрсететініне куә боламыз. Әрі мұндай құдіреттің хаширді жарата алатындығына шүбәлану мың есе көрсоқырлық және ақымақтық. Һәм, адамзаттың ең мәшһүр ірі тұлғалары жүз жиырма төрт мың пайғамбарлар бір ауыздан мәңгі бақыттың, ақыреттік бақи өмірдің бар әрі хақ екендігін Аллаһ тағаланың мыңдаған уәделеріне сүйене отырып жар салып, оны мұғжизаларымен растап, бекіткені секілді сансыз әулиелер де өздерінің кәшиф уа кәраметтерімен дәл сол ақиқаттың рас екенін қуаттаған. Әлбетте, ол ақиқат Айдай анық, оған шүбәланған адамның есі дұрыс емес.Иә, бір ғылым яки бір өнер саласында білікті бір-екі маманның сол ғылым мен өнерге қатысты үкіміне ол саламен қатысы жоқ мың адамның қарсы пікірінің тіпті олар өз саласының атақты ғалымы, білікті маманы болса да еш мәні жоқ, сөзі есепке алынбайды. Сондай-ақ, бір нәрсені жоққа шығарып, бар екеніне сенбеу мәселесі де сондай. Мысалға, Рамазан айында шек күні «Ай туды» немесе «сүт консервісіне ұқсас ананас жемісі өсетін бау-бақша дүниеде бар» деген дәлелдеуші екі адам, оған сенбей, жоққа шығарушы мың адамнан үстем келіп жеңіп шығады. Өйткені, дәлелдеуші тек қана бір түйір ананасты яки жерін көрсетсе жетіп жатыр. Ал, оны жоққа шығарып, сенбейтін адам бүкіл дүниені тарап- қарағаннан кейін ғана еш жерде жоқ екенін көрсетіп өзінікін растаған болады. Дәл сол секілді жәннат туралы, мәңгі бақыт әлемі жайлы хабар берген адам тек нышан-белгілерін, бір ғана жемісін, бір тек сәулесін көрсетсе болғаны айтқанын дәлелдеген болады. Ал, жәннатқа сенбеушілер, бақилықты жоққа шығарушылар болса бүкіл ғаламды, тіпті ежелден күпірлік болашаққа дейінгі уақыт аралығын көріп, көрсеткенде ғана өз пікірлерінің дұрыс екенін дәлелдеген болады. Бұл өте маңызды мәселе. Сондықтан жеке, емес ортақ бір жерге қатысты емес және имани ақиқаттар секілді бүкіл әлемге қатысты жалпыға ортақ мәселені жоққа шығару, оған сенбеу (негізінде қисынсыз, мүлдем мүмкін емес болмау шартымен) әсте дәлелденбейді деп зерттеуші ғұламалар бір ауыздан мойындап, оны бір заңдылық ретінде қабылдаған. Сонымен, осы анық ақиқатқа байланысты мыңдаған ақылгөй философтардың дінге қайшы пікірлері имани мәселелерге келгенде бір ғана пайғамбардың хабарына ешбір шәк күмән, тіпті, уәсуәсә туғызбауы керек-ті. Өкінішке орай кейбір бейбақтар жүз жиырма төрт мың дәлелдеуші және олар өз саласында маман, адал және олардың хабарын сансыз дәлелдеуші,Сілтеме .1 Өтіп кеткен әрбір көктем мерзім жетіп қиямет қайым болып, өліп қалған ал, одан кейінгі көктем болса оның хаширі яғни қайта тірілген түрі секілді.

30АСА-И МҰСА зерттеушілер жаппай бірігіп, бір ауыздан мақұлдап отырса да иман шарттары жайлы ақылы көзінде, жүрегі қара, руханияттан жұрдай, көзі соқыр бірнеше философтың жоққа шығарып сенбегеніне бола шүбәланады. Бұл неткен ақымақтық, есуастық екенін өзің ойлашы.Һәм, ап-анық түрде өз бойымызда, һәм айналамызда жалпыға ортақ рақым, барлығын қамтыған хикмет әрі әрдайымғы инает (жәрдем) бар екенін көзімізбен көріп жүрміз. Сондай-ақ, орасан зор рубубиеттің салтанатын (билік, басқарма), өте мұқият жоғары дәрежедегі әділдікті, абыройы үстем жалал (айбындылық) істерді немесе олардың іздерін, ұшқындарын байқап отырмыз. Иә, бір ағаштың жемістері яки гүл шешектері қанша болса сонша сол ағашты хикметпен жаратқан зор хикмет және әрбір адамды оның қанша дене мүшелері, сезім қабілеттері болса сонша жарылқап, нығметке бөлеген кең рақым және Нұх, Худ, Салих (аләйһиссалам) пайғамбарлардың қауымдарын, сондай-ақ Ад, Сәмуд және Перғауын сықылды қасарысқан халықты жермен жексен еткен, өте ұсақ тіріжанның ақысын жегізбей, қамқорлыққа алған абыройы үстем, жәрдемге әрқашан дайын әділдік бар екені рас. Сонымен қатар:аяты керемет қысқа да нұсқа түрде былай дейді: Қалайша екі казармаға орналасып, тұрып жатқан тәртіпті сарбаздар қолбасшының бір бұйрығымен қаруларын асынып, сап түзеп қызметке дайын тұра қалады. Дәл сол сияқты бұйрықты орындауға келгенде олардан асып түсетін алып аспан мен жер шары, Әзәли Сұлтан Аллаһтың мойынсұнғыш жауынгерлері іспеттес. Олар екі казарма тәрізді, қашан Исрафил періштенің сүрі үрленіп әлгі казармаларда өліп жатқандар махшарға шақырылса дереу, әп-сәтте дене дейтін киімдерін кие сала жүгіретін болады. Мұны әрбір көктем мезгілінде жер шары казармасында жатқандар яғни өсімдіктер мен жәндіктер найзағай ойнап, күн күркіреген кезде қайта тіріліп Рағд періштесінің сүрімен дәл қияметтегі жағдайды еске түсіреді. Әлбетте, оған сөз жоқ, күмәнсіз әрі Оныншы Сөзде дәлелденгеніндей осындай шексіз ұлық Рубубиеттің салтанаты, яғни, Аллаһтың билік пен толық үстемдігі, аталмыш мол рақымы, шексіз хикметі, керемет инаеті (жәрдем), үстем әділдігі ақырет әлемінің орнауын, хашир мен нәшир болуын, махшар алаңының ашылуын керек етеді. Егер ақырет болмайтын болса әлгі мол рақымшылық өте нашар мейірімсіздікке айналып, әлгі шексіз хикмет өте жағымсыз әбестікке, пайдасыз ысырапқа өзгеріп, әлгі шырын, тәтті инает (жәрдем) тым ащы қиянатқа айналып, әлгі дәлме-дәл өлшемді де тура

31жетінші Мәселеәділдік сұмдық зұлымдыққа ауысып және манағы ұлық та абыройы үстем Сәрмеди салтанат құлдырап, айбыны тайып тоз-тозы шығып, рубубиетіне шек келіп, нұқсандық түсер еді. Бұлай болуы әсте мүмкін емес, оған ешбір ақыл сенбейді, мүлдем болмайды, ақылға сыйымсыз, хикметке қайшы, тым қисынсыз, сандырақ. Себебі, адам баласын нәзік әрі ерке, аяулы қылып және оған ақыл, жүрек секілді қымбат сезімдер беріп әрі мәңгі бақытқа құштарлық, бақилыққа арман бере тұра оны мәңгіге жоқ қылу барып тұрған қатыгездік. Сондай-ақ, оның тек миының өзін сансыз хикметтермен жаратып, оны мол пайдаға жарайтын қыла тұра адамның өзін қайта тірілітпей аталмыш бүкіл сезім мүшелерін, мыңдаған пайдалы қабілеттерін түк пайдасыз, мағынасыз өліммен аяқтап нәтижесіз, хикметсіз, мүлдем ысырап ету мүлдем әбестік болар. Және мыңдаған уәдесін, берген сөзін орындамай – Астағфируллаһ – өзінің әлсіздігі мен надандығын көрсетуі әлгіндей ұлық салтанатқа, кәміл рубубиетіне жараспайтын керағар құбылыс. Мұны ақылы бар әркім түсінер. Енді өзің әлгіндей инает (жәрдем) пен әділдікті ойла!Міне, Жаратушымыздан сұраған ақыретке қатысты сауалымызға «Рахман», «Адил» уа «Кәрим» мен «Хаким» есімдері аталмыш ақиқатпен жауап береді. Олар шүбәсіз түрде Айдан анық ақыретті дәлелдейді. Сонымен қатар жан-жақты қамтып жатқан, құдіреті күшті хафизиет ісі (барлық нәрсені мұқият сақтау) қызу жүріп жатқанын көзімізбен көріп отырмыз. Барлық тірі жанның, әрбір оқиғаны көптеген бейне көріністерін, суреттерін, атқарған міндеттерінің дәптерін, Иләһи есімдерге хал тілімен қалай тәсбих қылғаны туралы амал парақтарын мысали таспаларда, дән-тұқымдардың ішінде және ләух-ы махфуздың үлгісі ретіндегі қува-и хафызаларында әсіресе адамзаттың миындағы көлемі зор бірақ, өзі кіп-кішкене қува-и хафызасында (ес, жады) және басқа да заттық, рухани шағылыстырушы айналарда жазып, жаздырады, мұқият тіркеп сақтап қояды. Сосын уақыты келгенде әлгі мағынауи жазуларды түгелдей заттық тұрғыдан көзімізге көрсетіп миллиондаған мысалдар мен дәлелдер боп табылатын қуатты түрде аятындағы өте ғажайып хашир ақиқатын әрбір көктем яғни құдіреттің бір тал гүлі тәріздес әрбір көктем, өзіндегі алып бір ғана гүл арқылы миллиардтаған тілдерде әлемге жар салады. әу баста адамзат, барлық зат, тіріжан уақытша, жоқ болып кету, құрып, із түссіз жоғалу үшін жаратылмаған. Олар бақилыққа ұмтылып, мәңгілікке бөлену үшін тазарып, аса маңызды да соңсыз міндет атқаруға қабілеттерін арттыру үшін жаратылғандарын өте қуатты түрде дәлелдейді. Иә, әрбір көктемде мынадай көрініске куә боламыз: Қиямет қайымға ұқсайтын күз мезгілі болғанда опат болған сансыз өсімдік атаулы, махшар

32АСА-И МҰСА күні секілді көктемде әрбір ағаш, әрбір тамыр, әрбір дән, барлық тұқым аятын өз тілімен оқып, оның бір мағынасын, бір ғана жағын өткен жылдарда атқарған міндеттерінің мысалдарын көрсетіп, тәпсірлеп манағы ұлық та жойқын хафизиет (бірде-біреуін қалдырмай сақтау) ақиқатына куәлік етеді. Олар (хуәл әууәлу, уәл-Ахиру, уәз-Захиру, уәл-Батину) аятындағы мағынасы терең, ұлы төрт ақиқат барлық жерде кездесетінін көрсетіп хафизиетті ауқымды түрде, хаширді көктем секілді оңай әрі анық екенін бізге дәріс беріп тұр. Рас, осы төрт есімнің сәуле-шуақтары ең ұсақ, шектеулі нәрседен бастап сонау ауқымды, шексіз алып нәрселерге дейін жайылып жатыр. Мәселен, айталық мына ағаштың қайнар бұлағы болып табылатын дәнегі Аллаһ тағаланың (әл-әууел) есіміне бөленген яғни Аллаһ әрнәрсенің әуелі екенін көрсетеді. Сондықтан бұл дән ағаштың керемет программасын, жаратылысына қажетті керек жарақтарын, тіршілік шарттарын, қысқасы толық қамтитын мазмұнды құтысы тәрізді. Ол, Хафизиеттің қаншалықты жойқын, ұлы ақиқат екенін дәлелдейді.(Уәл-Ахир) яғни Аллаһ әрнәрсенің ақыры деген есімді шағылыстыратын оның жемісі болса, дәнектері арқылы ол ағаштың атқарған табиғи міндеттерінің мазмұнын, жасаған амалдарының тізімін және бұдан кейінгі екінші тіршілігінің ереже-заңдарын қамтып тұрған бір құты. Ол да хафизиетке толық түрде куәлік етеді. (Уәз-Захир) яғни Аллаһ әрнәрсенің сырты деген есіміне бөленген манағы ағаштың заттық денесі, оның бейне пішіні болса, ғажайып үйлесімді де шебер, өте керемет әдемі киімге оранған. Үсті сан-алуан нақыш, ою-өрнекпен безендірілген, бейне бір жетпіс түрлі хури қыздардың көйлегін киіп алғандай. Ол да һәм хафизиетті сонымен қатар шексіз құдіретті, мол хикметті және әсем мейірім шапағатты көзге ұрып тұрып көрсетеді. (Уәл-Батин) яғни Аллаһ әрнәрсенің іші деген есіміне айналық ететін ол ағаштың ішіне орналасқан механизмін, мұғжиза яғни таңғажайып өндірісін, керемет химиялық зертханасын және ешбір бұтақ пен жемісін, жапырағына дейін қорексіз қалдырмайтын өлшемді ризық толы қазанын алайық. Ол да хафизиетті ғана көрсетіп қоймай сонымен қатар асқан құдіретті, орасан әділдікті, мол мейірімді, шексіз хикметті Айдан анық көрсетеді.

33жетінші МәселеДәл сол секілді жер шары да жыл мезгілдері жағымен бір ағаш тәрізді. Ол, ағаш Аллаһтың (әл-әууәл) есімінің құдіретімен күз мезгілінде сақтау үшін аманат қылып тапсырылған барлық тұқымдар мен дәнектерден шыққан өсімдіктермен жасыл-желекке оранып көктем дейтін құлпырған көйлек киген кезде жер жүзі миллиардтаған тал-бұтағы бар, жемісті, гүл-шешек атқан зәулім ағашқа ұқсап кетеді. Бүкіл дән-тұқымдар болса ол ағаштың табиғатына қатысты Иләһи заңдылықтың яғни әмірлердің жинағы, тағдырдың ережелерінің тізімі және өткен жаз мезгілінің атқарған міндеттері жазулы шағын амал дәптері, жасаған қызметтерінің кітапшасы. Міне, бұл құбылыс ап-анық түрде бір Хафиз-і Зүлжалал-і уәл Икрамның бар екенін, бұл құбылыстар оның шексіз құдіретімен, өте әділдігімен, мол хикметімен, кең рахымымен болып жатқанын көрсетеді.Енді, осы жыл маусымдары жағымен ағаш тәріздес жер шарының ахиры яғни соңы болса, екінші күзде әлгі ағаштың атқарған барлық міндеттерін және Иләһи есім-сипаттарға айна болып жасаған фытри тәсбихтерін және келесі көктем хаширінде қайта тірілетіндердің амал парақтарын кіп-кішкене құтылардың ішіне қойып Хафиз-і Зүлжалалдың хикмет қолына тапсырады. Сөйтіп, «Һуәл-Ахиру» (Аллаһ әрнәрсенің ақыры) есімін сансыз тілде әлемге жар салады. Ал, ол ағаштың захиры яғни сырты болса, хаширдің үш жүз мың мысалдары мен белгі-нышандарын көрсететін үш жүз мың түрлі гүлдер ашып шексіз рахманиет (мол мейірім), раззақиет (толық қамтамасыз ету), рахимиет (рақымшылық) және кәримиет (шексіз жомарттық) дейтін дастархандарды тіршілік иелерінің алдына жаю арқылы Аллаһ тағаланың (Һуәз-Захиру) есімін қанша жемістері, гүл-шешектері, тағамдары болса сонша тілмен зікір етіп, мақтап-мадақтап ақиқатын Айдан анық түрде көрсетеді. Енді осы зәулім де ұлы ағаштың ішкі жағы болса, есептеуге келмейтін сансыз керемет механизмдерді, тап-тұйнақтай завод-фабрикаларды өте мұқият әрі жүйелі түрде жұмыс істетіп тұрған кәсіпорынды, қайнап жатқан бір қазанды еске түсіреді. Жәй қазан емес, бір граммнан мың батпан тағамдарды пісіретін, сансыз мұң-мұқтаждарға үлгертетін қазан. Оның өте дәл өлшеммен, мұқият есеппен жұмыс істейтіні сондай азғантай кездейсоқ болуы әсте мүмкін емес. Жаббардың есімін жер шары өзінің ішкі жағымен, күрделі құрылысымен жүз мың тілмен тәсбих қылады, демек кейбір періштелерге ұқсап жүз мың тілмен жария қылады һәм дәлелдейді. Һәм, жер шары жыл мезгілдері жағымен бір ағашқа ұқсағаны секілді және манағы Иләһи төрт есімнің саясында хафизиетті көрсетіп әрі сол

34АСА-И МҰСА арқылы хаширға ұйытқы болғанындай, дәл сол сияқты дәуір мен дүние тірілігі тұрғысынан алып қарағанда тағы да жемістері ақыреттік базарға жөнелтіліп жатқан керемет ағашқа ұқсайды. Манағы төрт есімге бөленіп ауқымды айнаға айналып жалт-жұлт шағылыстырады, һәм ақыретке апарар даңғыл жол ашады. Оның қаншалықты кең екенін әрі оны суреттеуге ақылымыз жетпейді. Біз тек былай деумен шектелеміз;Мысалға, апталық сағатты алайық. Оның секөнтті, минөнтті, сағатты, күнді санайтын тілдері өзара ұқсас әрі бірін-бірі дәлелдеп, толықтырып тұрады. Секөнт тілінің қозғалысын көрген адам басқа тілдерінің жүріп тұрғанына сенуге мәжбүр болады. Дәл сол сияқты, аспан мен жердің Жаратушысы Халиқ-ы Зүлжалалдың алып ұлы сағаты тәріздес мына дүниенің секөнттарын санайтын тәуліктер, минөттарын санайтын жылдар, сағаттарын көрсететін ғасырлар және күндерді санайтын дәуірлер өзара бір-біріне ұқсайды, бірін-бірі дәлелдейді. Қалайша бүгінгі түннің атар таңы, осы қыс мезгілінің көктемі болатынына анық сенімдіміз, сол сияқты фәни дүниенің де қараңғы қысының мәңгі бақи көктем мен жазы, әрқашанғы таңы болатынына сансыз белгі-нышандармен хабар береді деп Аллаһтың Хафиз есімі мен есімдері біздің Жаратушымыздан сұраған хашир мәселесіне жоғарыда аталған ақиқатпен жауап беруде.Көзімізбен көріп, ақылымызбен мынаны түсінеміз: Адам баласы мына ғалам ағашының ең соңғы, өте мазмұнды жемісі және Мұхаммедтің (аләйһиссалату уәссалам) ақиқаты жағымен ғаламның негізі дәнегі, және ғалам бейне бір алып Құран десек адамзат оның аят-ул Күбрасы, немесе исм-і Ағзамды қамтитын аят-ул Күрсисі, ғалам сарай десек ол оның сыйлы қонағы, әрі сол сарайдың басқа тұрғындарын басқаруға құзырлы тынымсыз таппайтын қызметкері және \"ғалам\" шаһарындағы жер шары аудандағы бау-бақшасында, егін алқабында кіріс-шығысына жауапты, өнімін қадағалаушы сондай-ақ, жүздеген пән мен мыңдаған өнер үйретілген, жүрген жері айқай-шу, аса жауапты бақылаушы қызметші, \"ғалам\" елінің жер шары өңірінде Әзәл мен Әбәд Патшасының жіті бақылауындағы тексеруші дейтін жоғары мәртебелі халифа, аз-көп бүкіл амалынан сұраққа тартылатын билеуші және аспан мен жер, таудың өзі тартынған ұлы аманатты мойнына алған, алдында екі ғажайып жол жатқан, біреуімен жүрсе тіршілік иелерінің ең сорлысы, ал екіншісімен кетсе ең бақыттысы және мағынасы терең құлшылық жасауға міндетті абд-ы күлли, яғни жан-жақты құл, һәм ғалам Иесінің исм-і Ағзамына яғни ең ұлы есіміне бөленген және Оның бүкіл есімдерін қамтитын мазмұнды айна, Субханның сөзі мен үндеуін ұғатын ерекше тұлға және тірі жандардың ең мұқтажы, өзі өте пақыр әрі әлсіз бола тұра шексіз арман, тілектері бар, сонымен бірге сансыз дұшпандары

35жетінші Мәселемен тиісіп, аяқтан шалатын жаулары көп бейшара тіріжан, өте қабілетті, өмірдің ләззатын ала алмайтын мұңлық, алса да онысы өкінішке айналатын, мәңілікке құштар әрі аса мұқтаж әрі оған лайық, бақилықты, соңсыз бақытты жан-жақты шексіз дұғалармен сұрайтын, жалынып жалбарынған, тіпті оған бүкіл дүние қызығы берілсе оның әлгі мәңгілікке деген арманына жетпейтін және өзіне жақсылық жасап жарылқағанды табынатындай қатты жақсы көрген, сүйкімді де сүйікті өте таңғажайып Сәмедани Құдіреттің мұғжизасы, керемет жаратылыс болып табылатын, Және кейбір сезімдері ғаламды қамтитын, өзінің мәңгілік үшін жаратылғанына бүкіл сезім-мүшелері куәлік ететін... міне осындай жиырмаға жуық күлли ақиқаттармен Аллаһ тағаланың «Хақ» есіміне айна және ең ұсақ тіршілік иесінің ең қарапайым қажеттілігін көріп-білетін, не сұрайтынын естіп, іс жүзінде жауап беріп отырған Хафиз-ы Зүлжалалдың «Хафиз» (сақтаушы) есімімен әрдайым істеген амалдары әлгі есімнің абыройлы жазушылары періштелер тарапынан жазылып отырған және бәрінен де бұрын сол есімнің назарын өзіне аударған мына адам зат әлбетте, міндетті түрде сөзсіз осы аталған жиырма ақиқаттың талабына сай адамзат үшін хашир мен нәшир, яғни қайта тіріліп бір, қиямет қайым болмақ. Сондай-ақ, Хақ есімінің талабы бойынша атқарған қызметінің сый-ақысын, жіберген кемшіліктерінің жазасын тартатын болады. Және Хафиз есімінің күшімен тіркеуге алынған үлкен-кіші әрбір амалынан есеп беріп, сұраққа тартылмақ. Сөйтіп о дүниеде мәңгі бақыт саябағы ашылып, сонымен қатар соңсыз сорлататын зынданның қақпалары ашылмақ. Мына дүниеде көптеген жаратылысқа әлгі жетекшілік еткен, олардың істеріне араласып кейде шырқын бұзған жетекші әлбетте топырақтың астына кіріп алып істеген істеріне жауап берместен, қайта тірілмей тығылып жатып алмас. Олай болмаса Иләһи құдрет шыбынның дыбысын естіп оның тіршілігіне қажетті жағдайды жасап, ақысын жемей іс жүзінде дәлелдей тұра найзағайдай күркіреген бақилыққа қатысты шексіз адами құқықты таптау, және жоғарыда аталған жиырма ақиқаттарға сүйеніп жасалған және аспан мен жерді шулатқан дұға-тілектерді естімеу және манағы шексіз құқұқтарды аяқ асты ету, сондай-ақ шыбынның қанатындай ысырапқа жол бермейтін хикмет, оған дәлел шыбынның қанатындағы реттілік пен өлшем, сөйтіп әлгіндей ақиқаттарға негізделген адами қабілеттерді, олардың таусылмайтын арман-тілектерін, және осы қабілет пен өтініш-тілектерді растайтын әлемнің ақиқаттарын түгелдей ысырап қылып бекерге шығару; бұл сондай әділетсіздік, жөнсіздік, ақылға сыймайтын зұлымдық. Оған Аллаһтың «ХАҚ», «ХАФиЗ», «ХАКиМ», «ЖәМил», «РАХиМ»

36АСА-И МҰСА есімдеріне куәлік ететін барлық жаратылыс қарсылық танытады. Бұл дегенің жүз мәрте мүмкін емес, мың есе бекершілік. Сонымен біздің Жаратушымыздан хаширге қатысты сұраған сауалымызға өзінің «Хақ», «Хафиз», «Хаким», «Жамил», «Рахим» есімдері жауап беріп былай дейді: Біздің хақ әрі ақиқат болғанымыз секілді және бізге куәлік ететін жаратылыстың нақты болғанындай хашир де хақ, өлген соң тірілу сөзсіз болмақ!»Міне, жоғарыда келтірілген мысалдарға және һәм деп басталған мәселелерге байланысты Аллаһ тағаланың әлемге қарайтын жүз тіпті мың есімдерінің әлемге қарайтын есімдерінің әрқайсысы болмысты өзіне айна қылып шағылысады. Шағылысқан сәулелер арқылы сол есімдердің иесін анық түрде көрсетіп, дәлелдейді. Сол секілді хаширді, ақыретті де көрсетіп һәм нақты дәлелдейді. Һәм, қалайша Жаратушымыздан сұраған сұрағымызға, Раббымыз өзінің бүкіл үндеу сөздерімен, түсірген кітаптарымен, өзінің есім сипаттарымен анық та қанық жауап берді, солайша періштелер арқылы, олардың тілімен де басқа тұрғыдан былай дейді:«Адам (ғалейһиссалам) заманынан бері сендер бізбен кездесіп һәм руханилермен, һәм көріскендері жайлы нақты хабарлар бар. Һәм біздің бар екенімізге және рухани болмыстардың анық екеніне, олардың құлшылықтарының хақ екеніне белгілер мен дәлелдер де жеткілікті. Сондай-ақ, біз ақырет әлемдерінде, кейбір жерлерінде кезіп, аралағанымызды өзара үйлесімді түрде сендердің көшбасшыларыңмен пайдалары мен жүздескен кезде айттық әрдайым айтып та жүрміз. Олай болса міндетті түрде біз кезген бақи әрі әсем әлгі әлемдер және олардың арғы жағындағы гүл-гүл жайнаған саябақтар мен зәулім сарайлар, шүбә жоқ аса қадірлі қонақтарын мәңгі тұрақтату үшін күтіп отыр. Мұны сендерге анық түрде баяндап тұрмыз!».Һәм, Раббымыз бізге ұлы мәртебелі мұғалім, керемет ұстаз, алданбайтын, әсте алдамайтын турашыл жетекші ретінде араб Мұхаммедті аләйһиссалату уәссаламды тағайындағаны рас. Оны ең соңғы елші етіп жіберген. Олай болса бұл мәселені ғылыми тұрғыда ғана емес көзбен көргендей, қолмен ұстағандай анық түрде ең бірінші сол ұстаздан, манағы Жаратушыдан сұраған сұрақты сұрап иманымызды қуаттауымыз керек. Себебі, ол Кісі Аллаһ тарапынан растау боп табылатын мыңдаған мұғжизалар көрсетіп Құранның хақ кәламуллаһ (Аллаһтың сөзі) екенін дәлелдеді. Сол сияқты Құран да таңғажайып қырықтан астам қыр-сырларымен Оның бір мұғжизасы болып Оның турашыл әрі Расулуллаһ екенін дәлелдеді. Екеуі бірін-бірі қуаттайды. Біреуі; шәһадат әлемінің, яғни, мына көзге көрінетін

37жетінші Мәселеәлемнің жаршысы, болып онысын өзі өмірі мен дәлелдеді, һәм өзінен бұрынғы әнбиялар, һәм өзінен кейінгі әулиелер растады. Екіншісі; ғайып әлемінің, яғни, мына көзге көрінбейтін әлемнің жаршысы ретінде мыңдаған аяттарымен дәлелдеген – мұнысын көктен түскен өзге кітаптар мен жаратылыс заңдары растап бекітіп отыр – хашир ақиқаты Айдан анық, күндізгідей жарық мәселе. иә, хашир секілді өте ғажайып, орасан зор және ақыл таразысы тарта алмайтын үлкен мәселе тек осындай таңғажайып екі ұстаздың дәріс беріп, жетекшілік етуімен ғана шешіліп, түсінікті болады.Бұрыңғы заман пайғамбарлары өз үмметтеріне Құран секілді егжей-тегжейлі түсіндірмеуінің себебі, ол заманғы адамдар бәдәуи, бала секілді енді аяқ басып келе жатқан дамымаған дәуір болатын. Бастауыш мектептің сабағында ашып түсіндіру аз болмақ.Сонымен, Аллаһ тағаланың көптеген есімдері ақыретті талап етіп сұрайтыны расталды. Әлбетте ол есімдерді қуаттайтын барлық дәлелдер бір тұрғыдан алғанда ақыреттің болатынына да дәлел боп табылады. Һәм, періштелер мен рухтардың болмысы мен құлшылықтарына куәлік ететін айғақтар, айналып келгенде ақыреттің болмысына да дәлел болып саналады. Һәм, Мұхаммед аләйһиссалату уәссаламның өмір бойғы көтерген мәселесі, алға қойған мақсат-мүддесі Уахданиеттен (Аллаһтың бір екені) кейін ақырет болатын. Олай болса, әлбетте, Оның пайғамбар екенін, адал нәби екенін дәлел дейтін ретіндегі барлық мұғжизалары мен айғақ-дәлелдері белгілі бір мағынада айналып келгенде ақыреттің жүзеге асатынына, сөзсіз болатынына куәлік етеді. Һәм, Қасиетті Құранның төрттен бір бөлігі хашир мен ақырет жайлы екені белгілі. Құран мыңдаған аятымен оны дәлелдеп, одан хабар береді. Олай болса, әлбетте, Құранның рас екенін дәлелдейтін айғақтар мен дәлелдер айналып келгенде ақыреттің бар екенін, оның сөзсіз орнайтынын, қиямет-қайым болатынын дәлелдеп, куәлік етеді. Міне, қара! Иманның бұл шарты қаншалықты қуатты да анық, шүбәсіз екенін біл!

СЕГіЗіНші МәСЕлЕНің ҚОРытыНдыСыЖетіншіде хашірді көптеген мақамдардан сұрап, дәлелдемек болғанбыз, алайда Жаратушымыз өз есімдерімен берген жауап өте қанағаттанарлық әрі қуатты болғандықтан басқа сұрақтарға қажет қалмады, біз де қысқа қайырдық. Енді, қазір осы мәселеде ақыретке иман келтірудің о дүниелік һәм бұ дүниелік бақыт пен пайдаларын, нәтижелерін қысқаша тұжырымдап баяндамақпыз. Ақыреттік бақыт жайлы Қасиетті Құран толық түсіндіргендіктен қайталап жату артық болар. Оны Құранға сілтеме жасасақ дейміз. Ал дүниелік бақытқа қатысты пайдаларын баяндауды Рисалей-Нұрға сілтейміз. Әзірге қысқаша ғана ақыретке иманның адамның жеке өміріне, оның қоғамдық өміріне қатысты жүздеген нәтижелерінен үш-төртеуін баяндамақпыз. БіРіНшіСі: Адам басқа жаратылыс секілді емес үй-ішіне алаңдайды, әрі бүкіл дүниемен де тығыз байланыста. Тума-туыстарымен қарым-қатынаста болатыны секілді адамзатпен де тығыз байланыста. Және дүниеде уақытша болса да ұзақ өмір сүргісі келетіні секілді мәңгі өмірде бақи болуды армандайды. Және асқазанын тағаммен қамтамасыз етуге міндетті болғаны секілді дүниедей кең, тіпті, еш бітпейтін мәңгі дастархан мен рухани азық сұрайтын ақыл, қалб, рух, адамгершілік дейтін асқазанды қамтамасыз етуге әу бастан мәжбүр, сол үшін зыр жүгіреді. Оның толассыз арман-тілектерін тек мәңгі бақыттан басқа ешнәрсе қанағаттандырмайды. Оныншы Сөзде айтылғанындай, кішкентай кезімде өзімнің қиял сезімімнен былай деп сұрағаным бар: «Саған бір миллион жыл рахат өмір мен дүниенің билік-салтанаты берілсе, бірақ соңында мүлдем жоқ болып, із-түзсіз жоғалып кетесің. Жоқ әлде мәңгі бақи, бірақ қарапайым әрі машақаты көп өмір сүргің келе ме?» дедім. Жауап ретінде «Еһ! Жәһаннам болса да бақи болғанға не жетсін!» деді. Міне, адам болмысының бір қызметшісі саналатын қиял сезімін дүниелік өмірдің ләззаттары қанағаттандырмайды екен, олай болса міндетті түрде табиғаты күрделі, сезімге бай адам жаратылысы мәңгілікпен әу бастан-ақ байланысты, өзара кіндіктес. Адамзаттың осындай шексіз арман-тілектері бола тұра қолда бары азғана қалау-ерік, ол тым пақыр, қолынан түк келмейтін бейшара. Енді оған ақыретке иман қаншалықты қуатты әрі жеткілікті мол қазына, ол - бақыттың кілті, ләззаттың бұлағы, медет пен қуаныш көзі және дүниенің бітпейтін уайым-қайғысына төтеп берер демеу, таптырмайтын жұбаныш екені айтпаса да түсінікті шығар. Ондай үлкен пайданы иелену үшін дүниелік өмірін пида етсе дағы түк те емес.

39Сегізінші мәСеленің қорытындыСыАқыретке иманның екінші жемісі және жеке өміріне қатысты бір пайдасы: Үшінші мәселеде түсіндірілген және Жастар шырағындағы бір сілтемеде жазылған маңызы зор нәтиже; Иә, әр адамның әрқашанғы уайымы көптеген достары мен тумаларын жұтып қойған қорқынышты да суық, барса келмес мазар яғни ерте ме, кеш пе бәріміз баратын қабірстан, абайламасаң жоқ қылып жіберетін құрдым. Бір ғана досы үшін жанын беруге әзір бейшара адам, мыңдаған, тіпті, миллиондаған, миллиардтаған достарынан мәңгіге қоштасып, мүлдем жоқ болатынын уайымдағанда тозақтан бетер қайғы мұң кешеді. Сол сәтте, жарқ етіп ақыретке иман келіп көзін ашады. Тұмшалаған пердені ысырып тастап «Қара!» дейді. Ол да иманмен қарағанда жәннаттың рахаты секілді рухани ләззаттың дәмін татады, яғни, әлгі достары мәңгі жоқ болудан, шіріп жоюлудан аман қалып көңілді де нұрлы әлемде мұны күтіп отырғандарын көріп мәз болады. Рисалей-Нұрда мұндай нәтижесі дәйекті түрде түсіндірілгендіктен қысқа қайырдық. Жеке өмірге қатысты үшінші бір пайдасы: Адамның басқа тіршілік иелерінен мәртебелі, мерейі үстем болуының бір себебі, оның жоғары қасиеттілігі мен күрделі қабілеттілігі және ауқымы кең құлшылық ете алатынында әрі кең болмыс мәртебелеріне ие болуында. Алайда, мұндай адам һәм жоқ һәм өлі һәм қараңғы өткен шақ пен болашақтың ортасындағы аз уақыт пен, яғни осы шақпен шектеліп, соның өлшемімен әлгіндей қасиеттерге, яғни, жанашырлық, сүйіспеншілік, бауырластық, адамгершілік секілді қасиеттерге ие болады. Мысалға, бұрын-соңды көрмеген, айырылған соң да көрмейтін әкесін, бауырын, жұбайын, халқын, отанын жақсы көреді, қызмет етеді. Бірақ, тым адал әрі ықыласты болуы сирек. Міне, бәрі өткінші деген ұғыммен кемелдігі мен қасиеті сарқылыпды азайып кетеді. Енді тіршілік иелерінің ең жоғарғысы емес, керісінше, түсініксіз халге түсіп, ақылы болғандықтан ең мұңлық, бейшара тірі жан болады. Дәл осы кезде оған ақыретке иман көмекке келсе. Қабірдей тар осы шақты өткен мен болашақты қамтитындай кең заманға айналдырып жібереді. Дүниедей, тіпті, әзәлден әбәдке созылып жататын яғни мәңгі бірге боламыз деген ой пайда болады. Әкесін мәңгі бақыт әлемінде, будда бұрында рухтар әлемінде де әке болатын деп сыйлайды, бауырына мәңгі жалғаса беретін бауыр деп қарайды, жұбайына болса, жәннатта да өте сұлу өмірлік жар деп қарап жақсы көреді, құрметтейді, жанашыр болып жәрдем етеді. Әлгіндей ұзақ та мәңгі өмір үшін адал қызмет етіп, дүниелік уақытша кикілжіңге кек сақтап, араздық қылмайды. Ықыласы артып кемелдігі, ізгі қасиеттері әлгіндей кең өлшеммен – дәрежесіне қарай – толыға түседі. Дүниелік тұрмыс жағынан боз торғайдан төмен манағы пенде, енді, бүкіл жандылардан жоғарылап, ғаламның таңдаулысы, бақтияр

40АСА-И МҰСА қонағы, әлемнің Иесінің сүйіктісі және мақбұл құлы атанады. Бұл нәтиже де Рисалей-Нұрда айғақтармен түсіндірілгендіктен қанағат етіп қысқа қайырғанды жөн көрдік. Адамзаттың қоғамдық өміріне қатысты төртінші пайдасы:Рисалей-Нұрдың Тоғызыншы Шуағында баяндалған нәтиже, бұл соның қорытындысы:Адамзаттың төрттен бір бөлігін құрайтын жас-өспірімдер ақыретке иман келтірсе адамға лайықты өмір сүреді әрі адами қасиеттерін сақтап қалады. Әйтпесе, уайыммен үрей билеп өздерін ұйықтату, немесе ұмыту үшін ойыншықтармен ойнап еркелікке салынып бетімен кетеді. Себеп, әрдайым айналасында өзі секілді балалардың өлгенін естігенде нәзік ой-өрісі зақым далып шегеді, түрлі арманға толы жұдырықтай жүректері сыздап, дәрменсіз рухтары ондай соққыға шыдай алмай өмір сүру қиындап азапқа айналып, ақыл мазалап өмірінің шырқы бұзылады. Ал ақыретке иманы болса әлгі көрмеуі үшін ойыншықтармен жасырынған уайымның орнына қуаныш пен үміт сыйлап, еңсесін көтеріп былай дейді: «Менің бауырым яки достым өлгені рас. Бірақ ол Жәннаттың құсы болып бізден әлдеқайда рахат өмір сүруде, әртарапты аралап кезіп жүр». Немесе, «Анам қайтыс болды, алайда Аллаһтың рахымына бөленді. Мені Жәннатта тағы да құшағына қысып аймалап өбеді. түбінде аяулы анашыма қайта қауышамын!». Осылайша, адам секілді өмір сүреді.Һәм, адамзаттың төрттен бірін құрайтын қарттарды алайық. Олар өмірі жақында өшетінін, топыраққа кіретінін, үйреншікті дүниенің есігі жабылатынын жақсы біледі. Бұған жұбанышты тек ақыретке иманнан табады. Әйтпесе, әлгі құрметке лайық аталар мен аяулы аналардың жаны күйзеліп, жүректері аласұрып қатты қиналар еді. Дүние үмітсіз зындан, өмір адам төзгісіз азап болар еді. Бірақ ақыретке иман оларды былай деп жұбатады:«Уайымдамаңдар! Сіздерді мәңгі жастық шақ, жарқын өмір күтіп тұр. Жоғалтқан балаларың немесе тумаларыңмен қуана қайта қауышатын боласыңдар. Жасаған жақсылықтарың босқа кеткен жоқ, ақысын еселеп аласыңдар!». Міне, ақыретке иман көңілдерін жайлап, жұбататыны сонша әрбір қарт жүз есе қартайып кетседағы үмітсіздікке түсіп қамықпайды. Адамзаттың үштен бірін құрайтын жастарға келейік. Бойларын әуестік билеп, сезімге берілгіш әрі батыл, бірақ, ақылын әрқашан тыңдай бермейтін олар ақыретке имандарын жоғалтып алса, яғни, тозақ бар екенін ескермесе, қоғам өміріне қауіп төнеді, ар-намыс тапталып, әлсіздерге қиын болады. Кейде бір сәттік ләззатқа бола бақытты отбасының шаңырағы шайқалып, осы секілді түрмеде төрт-бес жыл азап шегеді. Жануарға ұқсап, жауыздық жасайды.

41Сегізінші мәСеленің қорытындыСыЕгер оған ақыретке иман көмекке үлгерсе, тез есін жинап былай тоқтамға келер еді: «тәртіп сақшылары көрмеуі мүмкін, олардан жасырына алармын-ау, бірақ, жәһаннам дейтін зынданы бар Падишах-ы Зүлжалалдың періштелері көріп отыр ғой, жаман амалдарымды жазып қоюда. өз бетімше жүргізбейді, атқарар міндетім бар жолаушымын. Мен де бір күн қартайып күш-қуаттан айырыламын ғой» деп жауыздық жасағалы тұрған кісілерге деген бірден аяныш сезімі оянып, оларды құрметтей бастайды. Бұл мағына да Рисалей-Нұрда дәлелдермен баяндалғандықтан соған сілтеп қысқа қайырдық. Һәм, адамзаттың маңызды бір бөлігі ауру жандар мен жәбір көргендер және біз секілді бәлеге ұшырағандар мен пақырлар, ауыр жазаға кесілгендер. Егер оларға ақыретке иман медет бермесе, жағдай қиын. Ауру әрдайым өлімді еске түсіріп бір мазаласа, енді өшін ала алмаған, намысын таптаған залымның тоңмойын тәкаппарлығы бір жағынан және пәлекеттен зардап шеккен мал-мүлкі, бала-шағасы уайымға салып үмітін үзеді және бір-екі минуттық яки бір-екі сағаттық зауықтың кесірінен бес-он жыл мұндай абақты азабын тарту жанын жегідей жейді. Ал ақыретке иман болса терең тыныстап рахаттанып қалар еді. Қиыншылықтар мен үмітсіздік, уайым мен кек оты иманның дәрежесіне қарай сөніп кейде мүлдем жоқ болып кетеді.Тіпті, мен былай дер едім, егер менің және кейбір бауырларымның мына нақақтан нақақ қамалып қиналған кезде, ауыр пәлекет кезінде ақыретке иман жәрдем етпегенде бұл жердегі бір күн шыдатпайтын азап өлім секілді әсер етіп, бізді өмірден қош айтысуға итерер ме еді. Бірақ Құдайға шүкір, өзімнің қайғыммен қоса, жанымдай жақсы көрген бауырларымның қайғысын тартсам да және көзімнің қарасындай қымбат мыңдаған Рисалей-Нұр кітапшаларымды бермей, оларды тәркілеп қинағандарынан қатты өкінсем де және бұрын аз өктемдікке шыдай алмайтын мінезім болса да, сізге ант етейін ақыретке иманның нұры, оның сыйлайтын қуаты маған сабыр, төзімділік, жұбаныш пен табандылық берді. Тіпті, ұлы күресте, тиімді сынақ дәрісінде жоғары баға, мол сауап алу үшін күшті ынта-жігер берді десе болады. Кітаптың басында айтқан болатынмын, мен өзімді Жүсіп пайғамбардың (А.С.) медресесі деп атауға лайық, тамаша да қайырлы медреседе жүргендей сезінемін. Анда-санда сыр беретін ауру мен қарттықтан пайда болатын талғампаздығым болмаса, рахат түрде шынайы ықыласпен дәрістеріме алаңсыз кірісер едім. Жарайды, орайы келіп тақырыптан тыс нәрселер жазылды, айыпқа бұйырмаңдар. Һәм, әр адамның кішкене дүниесі, тіпті, шағын жұмағы - өз үйі, от басы. Егер ақыретке иман ол үйден орын таппаса, отбасының мүшелері әрбірі өзара мейірім мен сүйіспеншілігі қаншалықты болса, соншалықты уайым мен қайғы шегіп азапқа түсер еді. әлгі жұмақ өмір тозақи тұрмысқа айналады не болмаса өткінші көңіл

42АСА-И МҰСА көтеруге, ойын-сауыққа үйір болып азғындыққа салынып, ақылды ұйықтатуға тырысады. Аңшыны көріп, я қаша алмай, я ұша алмай, қатты сасқанынан көрінбеуі үшін басын құмға сұққан түйеқұс секілді бейшаралар бейқамдыққа беріледі. өзінше, солай істесе, өлім мен аяқталу, қоштасу оларды сырт айналып өтетіндей, ақымақтық қылып, сезімді уақытша сөндірмек болады. Мысалға, ана өзінің, қатты жақсы көретін, тіпті, ол үшін жанын беруге дайын баласын әрдайымғы қауіп-қатер ішінде көргенде мазасы кетеді. Немесе әкесін яки бауырларын уайымдайтын, оларды қоршаған бәлелерден құтқара алмайтын балаларды алайық. Олар әрдайым уайымдап, қорқақ болып өседі. Осылайша тұрлауы жоқ мына өмірде әлгі отбасының бағы тайып, берекеті кетеді. Оның үстіне қысқа өмірлік, уақытша туысқандық байланыс шынайы да адал, толық ықыласты болмайды. Өзара сыйластық пен махаббатқа зақым келіп аралары суый бастайды. Мінез-құлық нашарлап, тіпті, келеңсіз жағдай болуы әбден мүмкін.Ал, отбасы мүшелері ақыретке иман келтірген болса шаңырақтары нұрға бөленіп өзара қарым-қатынас, туыстық пен махаббат қысқа ғұмырдың өлшемімен емес, мәңгі бақыт, ақыретте де ол қатынас жалғаса беретіндіктен, соған қарай өлшенеді. Адал құрмет, шынайы махаббат, мейірімге толы қамқорлық, бір-бірінің ағаттықтарына қарамау, кемшіліктерін кешіру секілді жақсы қасиеттер қалыптасып, ол шаңырақта нағыз бақыт орнайды. Бұл мағына Рисалей-Нұрда баяндалғандықтан қысқа қайырдық. Һәм, әрбір қала өз тұрғындарына белгілі бір мағынада үлкен үй, баспана болып табылады. Егер ақыретке иман ол үлкен үйдің мүшелеріне әсер етпесе, яғни, иманнан нәсібі жоқ болса, жақсы мінездің негіздері болып табылатын ықылас, адалдық, адамгершілік, қамқорлық, жанашырлық, жанкештілік, Аллаһ ризашылығы, обал-сауап жоғалып оның орнын ашу-кек, бас пайдасын көздеу, екі жүзділік, алдау-арбау, өзімшілдік, рия, жасандылық, парақорлық секілді келеңсіз жайттар етек алады. Сырттай тыныштық, бейбіт өмір кешіп жатқандай көрінгенімен шынтуайтында анайылық, шектен шығу, анархия үкім сүреді. Қала өмірінің шырқы бұзылады. Балалары ерке, жастары мас, күштілері залым келіп, қарттары болса зар еңіреп, мұңлы күй кешеді.Осылай салыстыра берсек, мемлекеттің өзі бір үй, отан да бір халықтың отбасы деуге болады. Егер осы кең қанатты отау үйге ақыретке иман ықпал ететін болса, бірден өзара сыйластық, шынайы жанашырлық, мейірім, еш ақысыз махаббат, бір-біріне көмектесу, адал қызмет, татулық, риясыз құрмет, адамгершілік, менмендіксіз үлкендік, яғни, кішіпейілділік секілді игі қасиеттер жандана бастайды.Құран дәрісімен балаларға былай дейді: «Еркелікті қой, жәннат бар ғой!».

43Сегізінші мәСеленің қорытындыСыЖастарға: «Мастыққа салынба! Жәһаннам бар, байқа!» деп есін жиғызады.Залымдарға: «Жан төзгісіз азап бар, ауыр жазаға тартылысың!» деп әділдікке бас игізеді.Қарттарға: «Уысыңнан шығып кеткен бақ-дәулетті уайымдама! Алдарыңда одан да артық һәм мәңгі ақыреттік бақ, бақи жастық шақ бар. Соны иемденудің қамын ойла!» деп уайымын қуанышқа айналдырады.Қарап отырсаң ақыретке иман әрбір буынға жағымды әсерін тигізіп, қараңғылықты сейілтіп болымды із қалдырады екен. Ендеше қоғам өмірін дінсіз жөнге саламын, бір қалыпқа келтіремін деп даурығатын қайраткерлер мен психологтардың құлақтарына алтын сырға!Міне, ақыретке иманның мыңдаған пайдаларынан бес-алтауына ғана ишара етіп, сілтеме жасадық. Басқа тұстарын салыстырса, екі дүниенің, екі өмірдің бақыт көзі тек иман екені түсінікті болар. Рисалей-Нұрда атап айтсақ, Жиырма сегізінші Сөзде және басқа рисалелерімде хашірдің денемен болатыны, яғни, денеміз қайта жаратылатыны жайлы және ол жайлы туындаған шаң-тозаң секілді күдіктерді сыпырып тастайтын қуатты жауаптарыма сілтеп, қазір қысқа ишарамен шектелеміз. Былайша:Мына тән, яғни, дене Иләһи көркем есімдерді жарқын көрсететін, шағылыстыратын көлемі кең, күрделі айна болып табылады. Раббани жарылқау мен нығметтердің небір түрі сол тән арқылы сезіледі. Адамзаттың мұқтаждық сезініп Жаратқанға дұға етуі, шүкір етуі тағы сол денеге байланысты. Мағынауият пен руханият әлемінің сан-алуан дәнектері тағы да сол тәнге егілген. Осы секілді жүздеген терең ақиқаттар тәнмен қатысты болып, денемен атқарылатындықтан Халиқ-ы Хаким жер жүзінде денелердің санын көбейту және оларды әлгіндей ақиқаттарға бөлеу үшін қызу түрде, тым жылдам, топ-тобымен, үйіп-төгіп болмысқа денелерді кигізіп, мына көрме дейтін дүниеге жіберіп жатыр. Мерзімі біткен соң демалысқа шығарып орнына басқасын жібереді. Осылайша, ғалам зауытында бір тынбастан жұмыс істетуде. Дене дейтін өнімді тоқып шығарып, жер шарын ақыретке, жәннатқа көшет дайындайтын мекен, бау-бақша кейпіне ендірген. Тіпті, адамның кәдуілгі асқазанын қанағаттандыру үшін, оның хал тілімен жасаған дұға-тілегін аса мән бере тыңдап, қабыл алып, толық қамтамасыз етуде. Сансыз, сан-алуан дәмді де тәтті тағамдарды, баға жетпес құнды нығметтерді керемет өнерімен денеге бола дайындауы текке емес. Бұл бізге ақырет әлемінде жәннаттың ең көп әрі сан-алуан ләззаттары мен қызықтары денемен қатысты екенін, сондай-ақ, мәңгі бақыттың өте

44АСА-И МҰСА маңызды және әркімнің қалауы және үйреніп қалған ырыс-нығметі дене арқылы болатынын анық білдіреді, тіпті, көрсетеді деуге болады.Иә, мына қарапайым асқазанның хал тілімен тіршілігі үшін жасаған дұғасын қабыл алып, шексіз таңғажайып материалдық тағамдармен оны риза қылған және әрдайым әдейілеп іс жүзінде жауап беретін Қадир-ы Рахим, Алим-ы Кәрим, ғаламның маңызы зор нәтижесі, жер шарының халифасы, Жаратқанның сүйіктісі, әрі сүюшісі болып табылатын адамзаттың аса мұқтаж әрі әрқашан аңсайтын арманы, үйреніп қалғаны әрі табиғаты талап ететін тән ләззаттарын бақи әлемде берілуін сұраған сансыз дұға-тілектерінің қабыл болмауы, яғни, денемен қайта тірілту арқылы жауап бермеуі әсте мүмкін бе, қандай да бір тұрғыдан оған сенуге бола ма? Бұл дегенің, шыбынның ызыңын естіп күннің күркірегенін естімеу секілді немесе жай қатардағы бір жауынгердің қажеттілігін аса мән беріп орындап, қалың әскерге мүлдем мән бермеу сықылды жүз есе қисынсыз әрі мүмкін емес пікір. Иә,аятының өте ашық, бұлтартпас хабарына сүйене отырып, жәннатта адам өзі әбден үйреніп қалған және дүниеде үлгісін көріп дәмін татқан тән ләззаттарын лайық түрде көріп, зауық алатын болады дейді. Көз, құлақ пен тіл секілді ағзалардың жасаған адал шүкірлері мен өзіндік құлшылықтарының сый-ақысын сол ағзаларға арнап дене түріндегі ләззаттармен берілетін болады. Қасиетті Құран тән ләззаттары жайлы анық баяндағаны сонша, басқаша жору, ашық мағынасын қабылдамау мүмкін емес. Міне, ақыретке иманның пайдалары мен нәтижелеріне қысқаша шолу жасадық. Қалайша адам ағзасында асқазанның болуы және оның мұқтаждығы тағамның бар екенін нақты дәлелдейді. Дәл сол секілді адамның ақиқаты, оның кемелдігі және табиғи мұқтаждығы, сондай-ақ, мәңгі бітпес арман-тілектері және жоғарыда аталған ақыретке иманның нәтижелері мен пайдаларын талап ететін ақиқаттары анық әрі нақты түрде ақыреттің, жәннаттың және тәнге қатысты бақи ләззаттардың болатынын дәлелдеп куәлік етеді. Сондай-ақ, ғаламның кемелдігі, керемет жаратылыс заңдары әрі адамзаттың аталған ақиқаттарымен тығыз байланысты терең ақиқаттары да ақырет әлемінің болатынына, оның рас екеніне, хашір, яғни, өлгеннен соң қайта тірілу хақ екеніне, жәннат пен жәһаннам жүзеге асатынына куәлік етеді, растап бекітеді. Мұны Рисалей-Нұр кітапшаларында әсіресе Оныншы Сөзде, Жиырма сегізінші Сөзде (екі бөлімі), Жиырма тоғызыншы Сөз және Тоғызыншы Шуақ, сондай-ақ, Мінәжат рисалесі бұлтартпас айғақтармен ешқандай шүбә қалмайтындай етіп дәлелдеген-ді. Тақырыбымызды соларға сілтеп бұл ұзақ мәселені қысқа қайыруды жөн көрдік.

45Сегізінші мәСеленің қорытындыСыҚұранның аяттары жәһаннам туралы керемет әрі ашық түсіндіргендіктен тағы ол туралы айтудың қажеті жоқ. Тек, бір-екі болмашы шүбәні жоқ қылатын екі-үш нүктені – егжей-тегжейлі түсіндірмені Рисалей-Нұрға сілтеп – өте қысқа қорытындысын баяндаймыз. БіРіНші НҮКтЕ: Жәһаннам ұғымы, оның бар екеніне сену, одан қорқу жоғарыда аталған иман жемістерінің беретін ләззаттарына еш кереғар емес. Себебі, Раббани рақым одан қорыққан кісіге: «Маған тәуба есігінен кір. Сонда сені үрей билемейді. Қайта жәннаттың ләззатын толық сезініп рахаттанатын боласың. Һәм, сенің және ақысы желінген көптеген жәбірленушілердің өші алынады» - дейді.Егер сен адасып қисық жолда және ол жолдан шыға алмай жүрсең, бәрібір, жәһаннамның болуы мәңгіге жоқ болудан әлдеқайда жақсырақ. Және кәпірлерге белгілі бір мағынада мәрхамат болып саналады. Өйткені, адам, тіпті, баласы бар хайуан да баласының, жақындарының, жақсы көргендерінің рахаттанғанынан, бақытты болуынан ләззат алып, көңілі шаттанады. Бұл тұрғыдан алғанда өзін бақытты сезінеді. Олай болса, уа діннен безген жан! Сен тура жолдан адасқандықтан я мәңгіге жоқ боласың, я болмаса жәһаннамға барасың. Өте жаман болып табылатын жоқ болу дегеніміз, сенің бүкіл сүйіктілерің және қуанышына ортақ болған барлық тума-туыстарың және ұрпағың жаппай сенімен бірге жоқ болып мәңгіге жойылып кету деген сөз. Бұл жәһаннамнан мың есе бетер сенің жаныңды жегідей жеп, рухыңды күйдіріп, адами қасиеттеріңді өртейді емес пе!? Иә, жәһаннам болмаса жәннат та болмас еді. Сенің имансыз көзқарасың бойынша барлығы жаппай жоқ болып, құрдымға кетеді. Бұған сену өте ауыр азап. Айталық сен жәһаннамға баратын болдың, әйтеуір, жоқ болып кетпей болмыста қалсаң, сенің жаныңа жақын адамдар, тума-туыстарың я жәннатта бақытты өмір сүруде я болмаса бар болып бір мағынада мейірімге бөленген. Демек, сенің қалай болғанда да жәһаннамның бар болуын қалауың керек-ті. Өйткені, жәһаннамға қарсы болу - мүлдем жоқ болуды қалау деген сөз. Былай айтқанда шексіз дос-жарандарыңның бақытын қаламау, оларға не болса, ол болсын дегенге саяды. Иә, жәһаннам дегеніміз, ол нағыз жақсылық болып табылатын болмыс әлеміндегі Хаким-і Зүлжалалдың хикмет пен әділдігін көрсететін тым қорқынышты, айбарлы, қаһарлы өлке. Ол, күнәһарлар мен кәпірлерге қапас қызметін атқаруымен қатар басқа да көптеген міндеттер атқарады. Оның болмысында біз біле бермейтін мол хикметтер мен бақи әлемге қатысты атқарар көптеген қызметтері бар. Және зәбани деп аталатын саны көп тіріжан мақұлықтарының айбарлы да сұсты тұрғын-жайы. ЕКіНші НҮКтЕ: Жәһаннамның болмысы, оның ауыр азабы Аллаһтың шексіз рахымына, хақ әділдігіне, ысырапсыз да дәл өлшемді хикметіне

46АСА-И МҰСА ешқандай керағарлығы жоқ. Қайта, рахым мен әділдік, хикмет оның болғанын қалайды. өйткені, қалайша мыңдаған жазықсыз жанның ақысын жеген бір залымды жазаға тарту, бейшара жүздеген малды жаралап, өлімші қылған бір жыртқыш хайуанды өлтіру һәм әділдік һәм әлгі жәбір көргендерге мол мейірім саналады. Ал, ондай залым, қанішерді кешіру, қоя беру орынсыз жасалған мейірім һәм жүздеген бейшараларға жасалған қастандық, мейірімсіздік болар еді.Дәл сол сияқты, жәһаннам абақтысына түскен нағыз кәпір, өзінің имансыздығымен Иләһи есімдерді жоққа шығару арқылы ол есімдердің ақысын жейді һәм ол есімдерге куәлік етуші болмыс атаулының шәһадаттарын бекерге шығаруымен олардың да құқығын таптаған болады. Һәм жаратылыстың әлгі есімдерді пәктеп, ұлықтап жасаған маңызды міндеттеріне сенбеуі арқылы өзін қоршаған ортаның да ақысын бермеген болады, һәм ғаламның жаратылыс мақсаты, бар болуының бірден-бір себебі және болмысын жалғастыруға негіз болып отырған Иләһи рубубиет өзін көрсеткен кезде жауап ретінде құлшылықпен мойынсұну, нұр-сәулелерін шағылыстыратын айна болу секілді өзекті мәселені де жоққа шығарып, сенбеу арқылы ақыларын жегендіктен ауыр қылмыс, үлкен жауыздық жасаған болып табылады. Мұндай күнә әсте кешірімге келмейді. Ол туралы аят та қаһарын шашып былай дейді: Ондай бейбақтарды жәһаннамға тастамау - орынсыз мейірімділік һәм ақысы желінген сансыз жәбірленуші, даугер бейшараларға қиянат, жауыздық болып табылады.Міне, әлгі даугерлер жәһаннамның болмысын талап еткендері секілді Аллаһтың жалалды абыройы, кәміл ұлықтығы да солай болуын қатаң талап етеді. Иә, халықтың құқығына қол сұққан бір есалаң, сол жердің абыройлы әкімінің намысына тиіп былай десе: «Маған түк істей алмайсың, қолыңнан келсе қамап көрші!». Әлбетте, ол қалада абақты болмаса да әлгі әдепсіз есерсоққа арнап қамау орнын салдырады да, қамап тастайды. Дәл сол секілді иманнан жұрдай кәпір күпірлігімен Аллаһтың жалалды абыройына шек келтіреді, оның асқан құдіретін жоққа шығарып шектен шығады, кәміл рубубиетіне жауыздық жасап әлек болады. Әлбетте, жәһаннамның көптеген міндеттері мен себептерін, болмыс хикметтерін санамағанның өзінде, манағыдай кәпірлер үшін жәһаннамды жарату, әлгі опасыздарды ішіне қамау Иләһи абырой мен жалалдың талабы ғой.Һәм, күпірліктің өзі де жәһаннамның бар екенін білдіреді. Қалайша иманның өзегі егер денеге айналып бір бейнеге енсе, берер ләззаттарымен өзіндік жәннатқа айналуы ғажап емес. Осы тұрғыдан алғанда жәннаттан хабар береді. Дәл сол сияқты күпірлік, әсіресе, нағыз имансыздық пен діннен безу, өте жағымсыз нәрсе, іші уайым-қайғыға, қараңғылық пен рухани

47Сегізінші мәСеленің қорытындыСыазапқа толы. Егер денеге айналса, әлгі діннен безген кәпір үшін өзіне тән тозақ болып шығуы әбден мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда, астарлы түрде нағыз үлкен тозақтан хабар береді. Бұл мәселе нақты дәлелдермен Рисалей-Нұрда баяндалған болатын. Мына тұқым себілетін дүние егістігіндегі кішігірім болымсыз нәрселер ақыретте өсіп-өнеді де сол улы дәнектер, сонау жемісі ащы заққум ағашына айналары шүбәсіз. «Мен оның өзегімін, жүрегіне мені еккен бейбақтарға әлгі заққум ағашының өзіндік үлгісі, менің жемісім болып табылады!» деп тұрғандай.Сонымен, кәпір болу сансыз құқықты таптау, ақы жеу екен, олай болса, әлбетте, ауыр қылмыс болып табылады. Жазасы да сорақы шексіз болмақ. Иә, адам өлтіру бір минуттық қылмыс болғанымен он-бес жыл қапас жазасын (сегіз миллион минут) тартқызады. Мұны адамзат құқығы, әділет органдары қабыл көріп, дұрыс деп мойындап, жөн санап отыр. Әлбетте, бір күпір мың адам өлтірумен пара-пар, ауыр қылмыс дейтін болсақ, бір минуттық нағыз кәпірлік әлгі әділет заңы бойынша сегіз миллиардқа жуық минут азап шегуі керек. Енді бір жыл кәпір болған адам екі триллион сегіз жүз сескен миллиардқа жақын азапталуға лайық болады екен. Осылайша аятының дегеніндей мәңгі бақи азап шегеді...Қасиетті Құранның жәннат пен жәһаннам туралы керемет баяндауы және Құранның тәпсірі әрі одан бастау алатын Рисалей-Нұрдың жәннат пен жәһаннамның бар екені жайлы нақты дәлелдері қосымша түсініктемеге қажеттілік қалдырмаған. осы секілді көптеген аяттардың және әу баста Ардақты Расул-ы Әкрем (с.а.у), сондай-ақ, бүкіл пайғамбарлар, ақиқатшылдар әрдайым дұғасында жиі-жиі деп айтуы және уахимен белгілі болған, көзбен көрінген, бар екені нақты жәһаннамнан «бізді сақтай гөр!» дегендеріне қарағанда адамзаттың ең басты мәселесі жәһаннамнан құтылу болып отыр. Ғаламның да өте маңызды, өзекті де үлкен, ұлық ақиқаты жәһаннам болғаны ғой, өйткені, көреген ірі тұлғалар, әулие-асфиялар оны көріп куә болған. Кейбіреулер оның нышан-белгілерін, ұшқындарын көріп, қорқынышты болғандықтан зәресі қалмай жылаған екен. «Бізді одан сақтай гөр!» деп жалбарынған. Иә, мына әлемде жамандық пен жақсылық, жарық пен қараңғылық, жылу мен суық, жағымды-жағымсыз, адасу мен тура жол бетпе-бет келіп, аралас-

48АСА-И МҰСА құралас болуының көптеген хикмет-сырлары бар. Өйткені, жамандық болмаса жақсылықтың қадірі болмайды. Уайым болмаса рахаттың не екенін білмес едік. Қараңғысыз жарықтың мәнісі болмайды. Суық болған соң жылудың дәрежелері бар. Ұсқынсыздық арқылы әсемдіктің бір ақиқаты бірнеше ақиқат болып, мыңдаған әсемдіктің түрлері пайда болады. Жәһаннам болмаса жәннаттың көптеген әсем де сұлу тұстары жасырын қалар еді. Шынымен де, барлық зат бір жағынан алғанда қарама-қайшылықпен білінеді, бір ғана ақиқаттан өсіп-өніп, көптеген аққиқаттар туындайды. Мына сапырылысқан жаратылыс фәни жерден бақи жерге зымырап ағып бара жатқаны рас, олай болса, әлбетте, жақсылық, ләззат, жарық, әсемдік пен иман секілді жағымды нәрселер жәннатқа қарай ағуда. Ал, жамандық, бәле, уайым, қараңғылық, ұсқынсыздық пен имансыздық секілді зиянды нәрселер жәһаннамға құйылуда. Осылайша, бір тынбастан шайқалып ағып жататын әлем оқиғалары өзен секілді ақырында екі әуізге барып құйылып, тынады. Өте керемет, ерекше сырлы Жиырма тоғызыншы Сөздің соңындағы ишаралы, астарлы мағынаға бай тұжырымдарда бұл тақырып біршама түсіндірілген болатын, сол үшін де қысқа қайырдық. Уа, менің Жүсіп (А.С.) медресесіндегі дәрістес бауырларым! Әлгі мәңгі бақи қамаудан құтылудың оңай жолы мына дүниелік қапастағы уақытты тиімді пайдаланып, күнә жасауға мүмкіндік бермейтін осы абақтыда бұрыңғы жасаған күнәларымызға тәуба етіп, парыздарды орындап, жаза өтеудің әрбір сағатын бір күндік ғибадатқа пара-пар етіп, анау тұрған мәңгі бақи түрмеден құтылуға себеп қылып, мұны нұрлы жәннатқа кіруге үлкен мүмкіндік деп білейік. Бұл мүмкіндікті пайдалана алмасақ дүниедеқиналған қиналған ба, ақыретте бұдан да бетер сорлап, азапқа түсеріміз анық. аяты біз туралы боп шықпасын. ОСы ЖЕРіНЕ КЕлГЕНдЕ ҚұРБАН Айт КЕлді.Қасиетті Құран: деп тәкбир сөздерімен адамзаттың бестен бір бөлігіне, яғни, үш жүз елу миллион мұсылманға «Аллаһу әкбар» деп айтқызуында терең сыр жатыр. Алып жер шары өзіне тән зор дауыспен әлгі деген киелі сөзді аспандағы өзі тектес серіктеріне естіртіп жатқандай жиырма мыңнан астам қажылардың Арафат тауында және Айт күні барлығы қосылып бір сәтте: «Аллаһу әкбар!» деуінде терең сыр жатыр. Бұдан мың үш жүз жыл бұрын ардақты Пайғамбарымыз өзінің әулеті, дос-жарандарымен бірге айтқан және бізге бұйырған «Аллаһу әкбар» сөзінің белгілі бір мағынада заманымызға жетіп

49Сегізінші мәСеленің қорытындыСыжаңғырған дауысы іспеттес. Ол Иләһи рубубиеттің: деген ұлық даңқына, оның ауқымы кең шағылыс-әсеріне ауқымды да күлли құлшылықпен жауап беру болып табылатынына қиялыммен, сезімдеріммен анық білдім. Содан кейін, осы киелі сөздің біздің мәселемізге қатысы бар ма екен деп ойландым. Кенет мынандай бір ой келді: Ең бірінші болып осы сөз сосын басқа да бақият-ы салихат деп аталатын қасиетті сөздер, мәселен; (Лә иләһә иллаллаһ) және (Әлхамдулиллаһ) және (Субханаллаһ) секілді шариғи сөздер жалпы немесе жалқы түрде мәселемізге қатысы бар, оның рас екеніне, жүзеге асатынына ишара етеді.Мысалға; сөзінің бір мағынасы, Аллаһ тағаланың құдіреті мен ілімі бәрінен үстем, оның ілім шеңберінен ешнәрсе тыс қала алмайды. Құдіретті басқаруынан ешкім қаша алмайды, әсте құтылу мүмкін емес. Сенің қатты қорыққан нәрсеңнен Ол әлдеқайда үлкен. демек, хашірді жарату, бізді жоқ болудан сақтап қалу, мәңгі бақытқа бөлеу оның құдіретіне түк те емес. Ол бәрінен алып. Таңғалған, ақылыңа сыймай қиналатындай қандай да бір нәрсе болсын, бәрібір Ол (Аллаһ) одан да үлкен. Иә, аятының ашық түрде жеткізгеніндей адамзаттың хашірі, яғни, өліп-тірілуі бір ғана жанның қайта жаратылуы секілді құдіретіне оп-оңай. Осыған орай болса керек, бір үлкен бәлеге ұшырағанда немесе ұлы мақсаттарды ойлағанда жұрт «Аллаһ ұлық, Құдайдың құдіреті» деп өзін жұбатады. Оны өзіне күш-қуат, сүйеніш қылады. Иә, тоғызыншы Сөзде осы киелі сөз өзінің екі серігімен үшеуі бүкіл ғибадаттардың мазмұны болып табылатын намаздың дәнегі, өзегі екені және намаз ішінде, соңында, тәсбихатында жиі кездесіп мағынасын қуаттайтыны, яғни, сөздері үш үлкен ақиқатқа ишара һәм жауап екені, сондай-ақ, таңғалыстан немесе ризашылықтан яки рахаттанудан туындайтын сұрақтарға қанағаттандырарлық жауап екені баяндалған болатын. Сонымен қатар он алтыншы Сөздің соңында түсіндірілгеніндей, қалайша, қатардағы бір жауынгер мереке секілді ерекше күні лауазымды қолбасылармен падишахтың алдына кіре алады, басқа уақыттарда өзінен жоғары тұрған қолбасы арқылы ғана таниды.

50АСА-И МҰСА Дәл сол секілді, әрбір адам шамасына қарай әулие секілді қажылықта Аллаһ тағаланы атымен, яғни, аспан мен жердің Раббысы атымен тани бастайды. Жүрегіне Иләһи кибрия дәрежелері, яғни, Аллаһтың ұлық мәртебелері ашылған сайын рухы көтеріліп, жаны тағатсыздана, көңілі жадырап, әрі бір толастамайтын сезім билеп, аң-таң болып сағыныш пен құштарлықтан пайда болатын сұрақтарға тағы да сол сөзін қайталағанда ғана бәріне жауап тауып, жаны жай табады. Һәм он үшінші Леманың соңында түсіндірілгеніндей, шайтанның өте сұм арбауына балта шауып, тамырын кескендей қанық жауап беретін де тағы осы сөзі болып табылады. Бұл біздің ақырет жайлы сұрақтарымызға да қуатты түрде қысқа да нұсқа жауап береді. Енді, сөзі, ол да ақыретті еске түсіріп, хашірдің болуын талап етеді.Ол бізге былай дейді: «Ақырет болмаса менің мағынам жойылады. Себебі, әзәлден әбәдке дейінгі, яғни, әуелден бері, бұдан да кейін заманның соңына дейін жалғасатын және кім айтса да, кімге арнап айтса да бүкіл мадақ пен шүкір Оған ғана тиесілі, Ол ғана лайық» деген мағынаны білдіремін. Ал, барлық нығметтердің бұлағы, нығметті нығмет қылатын және күллі сана иелерін жоқ болудың қайғысынан құтқаратын тек қана мәңгі бақыт, әбәди сағадат болмақ. Менің әлгі ауқымды, күлли мағынама тек бақи өмір, мәңгі бақыт қана жауап беріп, толық қанағаттандырады».Иә, шариғат бойынша әрбір мүмин намаздан кейін күнде ең азы жүзелу мәрте деп айтуы және мағынасы болса; әзәлден әбедке дейінгі яғни, шексіз мадақ пен шүкір мағынасын қамтуы тек қана мәңгі бақыттың және жәннаттың тез төленетін ақысы, сол сәттегі төлем, бағасы болып табылады. Бұл қасиетті сөз дүниелік, келте әрі фәни, уайым аралас нығметтермен ғана қатысты болып, сонымен шектелмесе керек, тек соған арналмақ емес. Оларға қатысты болған жағдайдың өзінде олар мәңгі нығметтерге себеп болуы жағымен айтылады, шүкір етеді.(Субханаллаһ) киелі сөзіне келер болсақ, Аллаһ тағаланы ширктен, кемшіліктен, нұқсандықтан, зұлымдық жасаудан, әлсіздіктен, Мейірімсіздіктен, мұқтаждықтан, алдаудан, қысқасы өзінің кемел, жамал, жалал сипаттарына үйлеспейтін қайшы бүкіл нұқсандық атаулыдан пәк, ада мағынасын білдіріп, осы тұрғыдан мәңгі бақытты, сондай-ақ, ұлы салтанатының жалал, жамал әрі кемелдігіне ұйытқы болатын ақырет әлемін, ол жақтағы жәннатты еске түсіріп мегзейді, ишара қылады. Олай болмаса


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook