“Рисалей-Нұр” жинағынанӘМІРДАҒЫЛАХИКАСЫІІАвторыБәдиүззаманСаид НұрсиЖиырма жетінші мектубтан(Өмірінің соңғы кезеңдерінде Әмірдағы мен Спартада жазылған хаттар)
[Әмірдағы лахикасы І бөліммен мына Әмірдағы лахикасы ІІ бөлім арасында Нұрдың авторы Ұстаз Хазрет кейбір шәкірттерімен бірге Афион түрмесіне қамалып, сотқа тартылды. Афион түрмесінде жиырма ай жатқан кезінде жазған хаттары мен қорғау сөздері Шұғаларға және Өмір Тарихы кітабына енгізілген]
Әзиз Сыддық бауырларым!Айттарыңмен құттықтай отырып, әр қайссыңды дәрежелеріңе қарай бір бір Саид және мұргерім және менің орныма Нұрларға сақшы, қорған екендіктеріңді, рухани ескертуге байланысты қабылдағандығымды айтқан едім, қазір соны өздеріңе жеткізіп отырмын. Маған деген жақсы көзқарастарың мені шамамнан тыс көтеріп, Иман ілімі мен Құранға қызмет ету жолында маған ұстаздық дәреже бердіңдер. Мен де сендердің дәрежелеріңе қарай, баяғы ұстаздардың дәріс бере алар дәрежеге жеткен шәкірттеріне ижазат (диплом) беретіні сияқты ижазат беремін. Сендерді шын жүректен құттықтаймын. ИншаАллаһ осы уақытқа дейін шынайы ықыласпен ерекше түрде нұрдың жарыққа шығуы жолында тер төктіңдер. Әрі қарай да жалғастырып, әлсіз, құқы шектеулі Саидтың орнына еркін, күш жігері мол, еңбекқор мыңдаған Саидқа айналасыңдар.Саид Нұрси* * * * *АФИОН ТҮРМЕСІНЕН ШЫҚҚАННАН КЕЙІНГІ ӘМІРДАҒЫНДА ЖАЗЫЛҒАН ХАТТАРӘзиз, Сыддық бауырларым!Біреуің менің орныма Дін істері басқармасына барып, Ахмед Хамди Әфендіге менің сәлемім мен құрметімді жеткізіп былай деңдер. Сіз екі жыл бұрын Нұр жинағының толық нұсқасын сұраған едіңіз. Мен де дайындап қойған едім. Бірақ бірден қамап тастаған соң тексеріп шыға алмадым, жібере де алмадым. Қазір соларды тексеру-түзету үстіндемін. Алайда удың әсерінен қатты ауырып қалғандықтан тез бітіре алмаймын. ИншаАллаһ, бітірген соң өзіңізге тапсырамын. «Сыйлық алмайтын адам әрине сыйлық бере алмайды», деген қағида бойынша, Құранның аса құнды тәпсірі, мына мұсылман елдің ғұламалар кеңесінің төрағасы болған сізге Нұрлардың еркін таралымы жолында және бұрынырақта өзіңізге үлгі ретінде үш парасы жіберілген Құранның басылуы жолында атқарар еңбектеріңіздің өтемі болсын. Сізге нақты айтарым, ешқашан ғылыми ақиқаттар мен
5иман ақиқаттарына қарсы мұншалық қаскөйлік, қатыгез шабуылдар болған емес. Сіздің ғылыми орта және басқарма бәрінен бұрын осы ғылыми және діни міндетті атқару керек. Мен осы соңғы уланған кезімде де өлетіндігім есіме түссе, «Менің орныма Нұрларға Ахмед Хамди ие болады» деп, көкрегім кеңейіп, жұбаныш табатынмын. Бұрынырақта сізге соттағы қорғау сөздеріміздің кейбір бөлімдерін жіберген едік. Қазір сол ақиқаттардың толық нұсқасын жіберіп отырмын.Сіздің дәлелдеріңізге сүйеніп Нұрлардың еркіндік алуы жолында еңбек ететін кісілерге қайнар көз ретінде көрсету үшін жіберіп отымыз.* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым, Сафранболу, Эфлани өңірінің Нұр шәкірттері!Өздерің көшіріп сыйға тартқан рисалелер үшін мың бәрекелді, МашаАллаһ дейміз. Хақ Тағала сендерді екі дүниеде бақытқа бөлесін. Әмин. Нұрдың мүбәрак, жанқияр шәкірттерінің әр қайсысы бірнеше рисалені әдемілеп жазып маған сыйға тартулары, бірнеше тәтті тәбәріктерімен қоса келуі, қатты ауырып, қиналып жатқанда келгендіктен, бұрыннан бергі сыйлық қабылдамайтын қағидаларыма керісінше қуана қабыл алуыма үш аса мағыналы оқиға себеп болды.Біріншісі: Өз ақшама алған машинкадан (көшіру машинкасы) шыққан он бір жинақ пен алмас қаламды үш Нұр шәкірті жазып шыққан Рисалей-Нұрдың толық жинағын Дін істері басқармасының бес-алты рет өтініп сұрауына байланысты дайындап, бір шама шеттеп қалған мүфтилер мен молдаларға рухани сыйлық, ынталандыру ретінде жолдағым келіп, мұндай маңызды шаруаны орындау үшін Хусревті осында шақыртқан едім. Алайда жағдайым мүшкіл болған соң алаңдаулы едім. Бірденен кіші Хусрев саналар қаһарман Сұңғыр келе қалды. Мені алаңдаушылықтан, шығыннан құтқарды. Сондай-ақ бұл міндет, екі жыл бойы жаныма қайта-қайта келіп тұрып жасаған қызметімен бірдей шаруа болғандықтан, бұл да Нұрдың жарыққа шығуының жемістерінің бір кереметі екендігіне күмән қалмады.
6Екінші оқиға: Өзіміздегі нұсқаларды Дін істері басқармасына жіберген кезде, таразыға салса дәл келерліктей Рисалелер Сафранболу, Әфлани өңіріндегі Нұрдың жас батырларынан келді. Олар жіберген сыйлықтар өз тілдерімен «Уайымдамаңыз, біз кеткендердің орнын толтыруға келдік», деп тұрғандай еді. Мен де шын жүректен қабыл еттім. Жібергендерге де құтты болсын дедім. Тәбәрік ретіндегі сыйлықтары мені мазаламады.Үшінші оқиға: Сол сыйлықтар келерден он минут бұрын, торғайға ұқсаған бір құсты төсегімнің аяқ жағынан көріп қалдым. Құс кіріп кететіндей ескі-терезе жабық, тесік те жоқ. Қараймын менен қашатын емес. Аздап нан беріп едім жемеді. Жан дүнием «Үш-төрт жыл бұрын осы жерде құстардың сүйінші хабар жеткізгеніндей, бұл да сүйіншілеп тұр», деді. Дәл сол кезде расында да әлгі мүбәрак Нұрлы сыйлықтар келді. Үш жылдан бері хабар ала алмай отырған мүфті бауырым Абдүлмәжидтен жақсы бір хат алдым. Маған көмектесіп жүрген Халил келді «Мына құсқа қарашы, бұл да баяғы құстар сияқты сүйінші хабар жеткізуде» дедім. Содан соң шығып кетсін деп, терезені аштық, кетпеді. Жоғарыдан бес-алты айналып ұшты, қайта қонды. Сондан соң Сұңғыр келді «Сенде қара дедік» ол да көрді. Қалай келгендігі таң қаларлық жағдай болса жарты сағаттан кейін кетуі де таң қалдырды. Терезеден шыққан жоқ. Халил екеуміз әбден іздедік таба алмадық, жоқ... Мына рухани сыйлықтар мен Хусревтің орнына Сұңғырдың келуінің маңыздылығын көрсеткен тағы бір оқиға, Сұңғыр келерден екі күн бұрын, (демек ол жолға шыққан күні) Халил түсінде Сұңғыр мен Мұстафа Османның осында келгенін, шад-шадыман бір іс-шаралар болып жатқанын көріпті. Маған «Жорып беріңіз» деді. Мен де алаңдап қалдым. «Бұл түсіңді маған неге айттың? Бастарына бір іс түсті ме? деп таң атқанша уайымдап шықтым. Аз ғана өзгерістері болғанымен, Садық түс дәл келді».* * * * *
[Сұңғыр Анкарады жүрген кезінде Ұстазға жазған хатының көшірмесі]Аса құрметті, мүбәрак, сүйікті де мейрімді Ұстаз Хазрет!Қабыл болуға лайық, аса маңызды мүбәрәк хатыңызды Дін істері басқармасының төрағасы Ахмед Хамди Әфендіге тапсырдық. Мүбәрак жинақтар мен Нұрларды қуана қабылдап өзінің жеке кітапханасына қойды. «ИншаАллаһ бұларды өзімнің хас бауырларыма оқу үшін беремін және бөліп-бөліп бастыруға әрекет етеміз» деді.Аса құрметті Ұстазым! Мүбәрак хатыңыздағы бұйрықтарыңызды орындайтындығын айтты. «Алайда бұларды бірденен жарыққа шығаруға болмайды. Хас бауырларымызға оқытып, қызығушылықтарының артуына қарай, кейінірек бастырамыз. ИншаАллаһ алдағы күндерде жақсылап тұрып шығаруға тырысамыз» деді. Сұңғыр* * * * *Жиырма Тоғызыншы Хаттың екінші бөлімінің бірінші бетіндегі сұрақ-жауаптан кейін, мына бөлім жазылсын.«Бұл рисаленің жазылу себебі, мешіттерде Құранның орнына Құранның аудармаларын оқу сынды сұмдық қастандықтарға қарсы тұру. Көп түсіндіріліп, артық әңгімелер айтылыпты». Бірақ сезімдер араласа отырып, жауға шапқандай жазылған сөйлемдерде аса маңызды ғайби кілттерді сездіріп, соларды іздетумен қатар, қажеті жоқ түсіндірмелер мен ишаралар қоса кеткен. Жүрегіме, «Жиырма тоғызыншы мектубтың аса маңызды, аз сөзбен көп мағыналарды жеткізген бірінші бөлімі мына екінші бөлімнің барлық кемшіліктеріне артық жерлеріне кешіріммен қаратар» деген сезім ұялады.Менің де көңілім жадырап, шүкір еттім. Ол кемшіліктерді ұмыттым.* * * * *
Құрметті Ахмед Хамди Әфенді!Көңілімде жүрген бір ойды сізге айтып берейін. Бұрындары мен, сіздің және сізбен қызметтес молдалардың зәрулік жағдайларға орай, шариғат рұқсат берген мәселелерді бірінші орынға қойып, Шариғаттағы ұлы ақиқаттарды екінші кезекке қалдырулары жайлы пікірлерін құптамайтын едім. Мен оларға да саған да ренжіп, ашуланатын едім. «Ұлы ақиқаттар тұрғанда, неге рұқсатпен шектеледі» - деуші едім.Рисалей-Нұрды сендерге тікелей жібермеген едім. Үш-төрт жыл бұрын көңіліме сені сынға алған реніш те келді. Алайда бірден рухани ескерту алдым. «Сенің баяғы медреседен бергі достарың, Ахмед Хамди сынды кісілер, сұмдық бұзғыншылықтарға қарсы «Әһуанишшер» яғни жамандардың ішіндегі тәуірін таңдау қағидасына орай, кейбір ғылыми құндылықтарды аса қасиетті нәрселерді сақтап қалу жолына пида етіп, төніп тұрған қауіптерді төрттен бірге түсірді. Бұл олардың мәжбүрлі түрде рұхсаттармен ғана шектеліп қалу сынды кемшіліктерінің өтеуі болар» деген ескертулер келді көңіліме. Сол уақыттан бері мен сізге және сіз сияқты кісілерге баяғы медреселік бауырларым және сабақтас достарым ретінде қарай бастадым. Сондықтан менің уланудың кесірінен болған ауруым мені өлтіріп тынатын шығар деген оймен, Рисалей-Нұрға менің орныма ие болып, қорғап, сақтап жүре алады деген ниетпен үш жыл бұрын өзің қатты қалаған Рисалей-Нұр жинағын жіберіп отырмын. Қазір (онша жақсы жазылмаған, түгел де емес) осыдан он бес жыл бұрын үш кісі жазған жинақты қатты ауырып отырғаныма қарамай қайта қарап шықтым. Бұл үш кісінің қаламы мен үшін он кісіден де қымбат. Бұл жинақты сенен басқа ешкімге бермес едім. Сондықтан мұның рухани бағасы үш нәрсе.
9Біріншісі: Сіз (мүмкін болғанынша) Дін істері басқармасының бөлімшелеріне, ескі жазумен мүмкін болмаса жаңа әріптермен жиырма-отыз дана етіп, көбейтіп таратыңыз. Бірақ менің хас шәкірттерімнің біреуі басында тұрып, қадағалап, тексеріп тұруы керек. Өйткені сырттан келіп жатқан дінсіздік ағымына қарсы осындай кітаптарды жарыққа шығару Дін істері басқармасының міндеті.Екіншісі: Рисалей-Нұр медресенің мүлкі. Сіз де медреселердің негізі, басшылары, шәкірттерісіздер, олай болса бұл кітаптар да сіздерге тиесілі.Үшіншісі: Сәйкестікпен жазылған Құранымыз (мүмкін болса) фото техникамен басылып көбейтілсін. Құранның Сәйкестік мұғжизаларының сәулесі жарқырай түссін. Бас жағындағы түрікше түсіндірмелер Құранмен бірге бастырылмасын. Мүмкін шағын кітапша ретінде Түрікше не жақсылап аударып, Арабша бастырылсын.* * * * *Аса қымбатты, Нұрдың жан қияр қаһарманы Хусрев Әфенді!Дін істері басқармасы осымен бесінші рет Рисалей-Нұр жинағының толық нұсқасын сұратуда. Ұстаз ауыр науқас халінде тексеріп-түзетіп, (бітіруге таяп қалды) Дін істері басқармасының Төрағасынан (кітаптардың) рухани өтемі ретінде үш нәрсе сұрапты. Біріншісі: Сіз тамаша етіп жазып шыққан мұғжизалы Құранды фото баспа түрінде бастыру. Бұны қабыл етіпті, тек, «бас жағындағы Түрікше түсіндірме бөлек басылғаны дұрыс», - депті. Ұстаздың оған жазған хатын сізге қоса жіберіп отырмыз. Ұстазымыз, Рисалей-Нұр жинағының толық нұсқасын және машинадан шыққан кітаптарды ол кісіге жіберіп, Хусрев сынды бұл шаруны жақсы түсінетін бір бауырымыз өз қолымен тапсырса дегенді сізге қалдырып отыр. Сіз де ақылдаса отырып, осы мәселе бойынша ол жаққа баруға денсаулығыңыз жарай ма? Ойыңыз қалай, белгілі бір уақытта тезірек сол жаққа барсаңыз,
10адресіңізді білдіріңіз. Біз де толық жинақ пен кітаптарды Анкарада қолыңызға тапсырамыз. Тіпті, қаласаңыз сіздің атыңыздан мүфтүлер жарыққа шығаруы үшін Дін істері басқармасына тапсырамыз.Қызмет етушіХалил, Садық, Ибраһим* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым!Біріншіден: Медресетүз Зехраның шәкірттеріне әсіресе мүбәрактар алқасына және Спарта уәлиятына марқұм Хафыз Мұстафаның қайтыс болуына байланысты көңіл айтамыз. Хафыз Мұстафаның өз міндетін толық атқаруына жиырма жыл бойы екінші Хафыз Әли ретінде талмай, шаршамай Нұрларды жарыққа шығаруына шын жүректен құтты болсын айтамыз. Оған да Спарта Уәләятына да Медресетүз Зехраға да құтты болсын дейміз. Расында да бұл марқұм қаһарман бауырымыз, Хафыз Әли сияқты өз міндетін орындады. Нұр Әлеміне, Бәрзахқа Хафыз Әли, Хасан Фейзи сынды бауырларының жанына кетті. Хақ Тағала оның жақсылықтары жазылған дәптеріне Рисалей-Нұрда қанша әріп болса сонша жақсылақтар жазсын. Рухына мейрім төксін. Әмин!* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым!Сендерге, өзіме қатысты бірнеше мәселені айтуым керек екендігі жүрегіме ескертілді.Біріншіден: Кейбір хас бауырларымның маған қызмет еткен кездерінде немқұрайлылық танытуына, олардың маған деген жанашырылықтарындағы кемшіліктерін байқап, ашуланып, ескерту жасаған кездерімде жүрегіме мына нәрселер ескертіледі. «Бұл бейшаралар саған деген жақсы ойларына орай, Ұстазымыз қаласа кейбір руханилер, жындар да қызмет етеді, мүмкін қызмет етіп жақтан да болар. Бұл қызмет жолындағы жарылқаулар, көмектер оның жеке басының қиын жағдайда қалуына жол берілмейтіндігін көрсетуде. Біздің жанашырлығымызға мұқтаж емес» деп, кемшіліктерге бой алдыруда. Тіпті бүгін де, біреуі арба әкелуі керек
11еді. Немқұрайлылықтың кесірінен мен жаяу шықтым. Бір сағатта он сағаттық қиыншылық шектім. Мен бірнеше күн бұрын осындай немқұрайлылық танытқандарға айтқан сөзімді тағы қайталаймын, сендер де тыңдаңдар.Рисалей-Нұрды және Имани қызметті, дүниелік дәрежелер мен жеке басымның ақыреттік дәрежелері жолында пайдалануға ықыластың сыры қатаң тиым салады. Сол сияқты өз басымның тыныштығы мен дүниелік өмірімнің қиындықсыз, рахат өтуі үшін мына қасиетті шаруаны пайдаланудан қатты тартынамын. Өйткені, Ақыреттік сауаптардың мәңгілік жемістерін өткінші өмірде, болмашы ләззат үшін жеп қою, ықылас сырына қайшы келетіндіктен үзілді-кесілді айтып қояйын. Дүниені тәрік етуші сопылар мақұл көріп қол жеткізгісі келетін руханилер мен жындардан тұратын қызметшілер маған күн сайын, тіпті аш қалған кезімде, жаралы болған кезімде ең шипалы дәрілер әкеп берсе де шынайы ықыластың сырына орай, қабыл алмауға мәжбүрмін деп білемін. Тіпті берзахтағы (о дүниедегі) әулилердің кейбіреуі көзге көрініп, Иман жолындағы қыметімізге құрмет көрсету ретінде халуа, пахлава әкелсе де құрметпен олардың қолын сүйіп, қабыл алмауға ақыреттік, мәңгілік жемістерді дүниеде өткінші түрде жеп қоймауға нәпсім де жүрегім сияқты ризашылық танытуда. Алайда, арнайы түрде ниетімізбен қаламасақ та жарылқау ретінде, берекет бейнесінде берілген Рахмани сыйлықтар Имани қызметтің қабыл болғандығын көрсететіндіктен, нәпсіні арластырмай рухыммен қабылдаймын. Жарайды, бұл мәселе үшін осы да жетер.Екіншіден: Бірінші дүние жүзілік соғыста шәһид болған марқұм Молла Хабибпен бірге Пасинлер майданында орыстарға қарсы шабуылға шыққан едік. Олардың зеңбіректері бір-екі минуттық үзілістен кейін үш оқтан атып жатты. Үш оқ екі метрдей биіктен біздің үстімізден өтіп жатты. Арт жақтағы жыраның ішіндегі әскеріміз жау оларды көрмесе де кері қашты. Сынамақ болып, «Молла Хабиб, не айтасың, мен мына кәпірлердің оғынан жасырынбаймын» дедім. Ол да, «Мен де сенің артыңнан қалмаймын», деді. Зеңбіректің екінші оғы бізге жақын жерге түсті. Аллаһтың бізді сақтап тұрғанын түсініп, Молла Хабибке «Алға! Кәпірдің оқтары бізді өлтіре алмайды, шегініп, жігерсіздік танытпаймыз», дедім.
12Битлисті қорғау кезінде де алғы шепте де орыстың үш оғы өлтіруі мүмкін жерлеріме тиді. Біреуі екі аяғымның ортасынан шалбарымның ауын тесіп өтті. Осындай қауіпті кездерде де оқпанаға тығылуды ойламадым. Арт жақтан қолбасшы Таз Әли мен әкім Мемдух Бей бұларды естіп, «Оқпанаға тығылсын» дегендеріне «Бұл кәпірдің оғы бізді өлтіре алмайды», дедім. Сақтық шараларына мән бермедім. Сол жастық шағымды, жас өмірімді сақтап қалуға мән бермей, енді сексенге келген кезімде қауіпсіздіккке аса мән беріп, тіпті уайымдайтындай дәрежеде абай болуымда қарама-қайшылық бар. Әлбетте жастық шағымда өмірімді аямай, қартайып бір-екі жылдық өмірім қалғанда өмірге осынша мән беруімнің хикметі бар. Екі-күш қасиетті мақсат бар.Біріншісі: Жасырын, ресми емес және кейбір ресми, нысапсыз жауларымыздың сұрқиялықтарына негізделіп жасалып жатқан шабуылдар Нұр шәкірттеріне емес менің жеке басыма жасалуда, менімен әуре болуда. Мәселе менің жеке басымда деп білгендіктен, Нұр шәкірттері шабуылдардан бір шама аман қалуда. Олай болса қалжыраған қарт өмірім Бұрынғы Саидтың жас кезіндегі он өміріне татитын бауырларым үшін тірі тұра тұруға мән берудемін. Егер мен кетсем, өз жанымнан артық көретін бауырларыма қиындық туғызады. Ондай жағдайда бір емес жүз адам қиналатын болады.Екіншіден: Расын айтсақ хас бауырларымның әр қайсысы Саидтан да кемел түрде Нұрларға ие болуда. Алайда ықыластан кейінгі ең әсерлі күшіміз бір біріне сүйеу болу. Ұстанымдары әр түрлі болуына орай, (түрмеде орын алғандай) күшіміз әлсіреуде. Нұр қызметіне үлкен зиян тиуі ықтималы бар. Сондықтан қаусап, науқас халде болсам да Лемалар, Сөздер жинақтары шыққанға дейін, молдалардың қорқақтық, қызғаншақтық сезіммен жұртты Нұрлардан алыстату шабуылдары тоқтағанға дейін, бір-біріне арқа сүйеу (ауызбіршілік) кемеліне келгенге дейін өз өмірімді қорғай тұруға мәжбүрлік сезінудемін.Өйткені, ұзаққа созылған сынақтар, соттар, дұшпандарым, менің олар байқамаған кемшіліктерімді көрмей тұрғандықтан, Аллаһтың қамқорлығының арқасында мені жеңе алмағандықтан Рисалей-Нұрды да жеңе алмай отыр. Алайда қоғамдық өмірде көптеген тәжірибелер арқылы қадірлері білінбей тұрған менің мирасқорларым,
13жас Саидтардың кейбіреуіне жала жауып Нұрларға зиян келтіруі мүмкін деген уайыммен елеусіз өміріме мән беріп, сақтай тұруға тырысудамын. Тіпті бір револьверім бола тұра екіншісін, күштірегін алу керек деп отырмын. Жауларымның берген улары бауырларымның дұғаларының арқасында нәтиже бере алмады. ИншаАллаһ, басқа қастандықтар да нәтижесіз қалатын болады.Қорыта айтқанда: Анкарадан Нұрдың толық нұсқасын сұратқан күннің ертеңіне, айдың екі сағат бойы толық тұтылған түні, әлгі отыз алты кітап әзір кете қоймаған шығар деген оймен екі адам келіп, сол кітаптардың қайда екенін білу, Афионда ресми қызмет атқаратын бір-екі масонға айтып, тінту жүргізу, құлыптаулы тұрған бөлмемдегі ыдыс-аяқтарға у себу мақсатында шатырға шығып, екі бөлменің бір де бір терезесін сындырмай ашып кірген. Мен жатқан бөлме іштен де ілулі болғандықтан қастандық жасай алмаған. Аллаһтың қамқорлығы олардың қолдарына мүмкіндік бермеді. Тағы да талай нәрсе жазар едім. Нашар денсаулығым «Жетер осы» деді. Әрқашан абай болып, ықыласты, ауызбіршілікті сақтап, табандылық танытып өз міндетімізді атқарып, Аллаһтың ісіне араласпауымыз керек. «сырран-тәнәууарат» қағидасына сай әрекет ету керек, уайымға салынып, үмітсіздікке түспеу керек. Тағы қайталаймын. Нұр шәкірттері сынды аз қиындық шегіп, аса құнды қызметте рухани табысқа қол жеткізгендер тарихта болмаған. Ауыр шарттардың ішінде жүріп бір сағат күзетте тұру бір жылдық құлшылық еткендей болып саналатыны сияқты, ИншаАллаһ Нұршылардың Иман мен Құран жолындағы қызметтерінің бір сағаты жүздеген сағатқа татырлық хайырларға қол жеткізер.Барлық бауырлама және қарындастарыма екі дүниеде сау-сәлемет болсын деп дұға етуші және олардан да дұға күтетін бауырларың...Нағыз жанқияр Зүбейр, ең қажет кезде және көмекке аса мұқтаж кезде, көмекке келді. Әйтпегенде Спартадан сол сияқты біреуді сұрататын едім...* * * * *
14Әзиз, Сыддық бауырларым!Біріншіден: Миғраж түні құтты болсын, сол түні жасаған дұғаларыңды мейрімді Аллаһ қабыл етсін, дейміз. Осы аймақта Миғраж түнінен бір күн бұрын және бір күн кейін бұрын-соңды болмаған жаңбырдың жаууы, елімізге Аллаһтың мол мейрімі түсетініне ишара болса керек.Екіншіден: Вандағы бұрынғы шәкірттерімді ойлап, уайымдауда едім. Жақында Қастамонуның Сүлейман Рүштүсі Шайханашы Әмин Ванға барып, бұрынғы шәкірттерімнің қолдарына Нұрларды жеткізуге тырысыпты. Мен ол шәкірттерімнің тірі екендігін де біле алмай алаңдаушы едім. Олардың тірі екендігін және Нұрларға құштар екендігін хат арқылы хабар беруі мені қатты қуантты. Өткен күндердің естеліктері мұңлы болса да жанымды жадыратып тастады. Мен бұл жақтан олармен хабарласа алмаймын. Сондықтан Сафранболуның хас батырлары менің орныма хабарласып тұрса жақсы болады.Үшіншіден: Отыз жылдан бері саясатқа араласпай, қандай оқиғалар болып жатқанына да мән бермесем де мұғжизалы Құранымызды алып қойып, екі жарым жыл бойы бермегенімен қоймай, Афион соты жер әлемде жасалмаған азапқа салып, кітаптарымызды бастыруға рұқсат бермей мені қатты ренжітті. Мен де бес-он күнде екі-үш рет саяси әлемге назар салдым. Таң қаларлық жағдай көрдім. Қорғау сөздерімде айтқанымдай, толық диктатура мен абсолюттік парақорлық ұстаным бойынша әрекет еткен азғындатушы масондық ағым, коммунистердің пайдасына бізді осындай азаптармен жаныштауға тырысыпты. Енді сол ағымның бетін қайтаратын басқа бір ағым шыға бастапты. Тереңірек үңілуге ұстанымдарым рұхсат етпейтіндіктен, әрі қарай назар аудармадым.Науқас бауырларыңСаид Нұрси* * * * *
15Президент Желал БаярСізді құттықтап қояйық. Хақ Тағала сізді Исламиятқа, Отанға, Халыққа қызмет ету жолында табысты етсін.Нұр шәкірттерінің атынанСаид Нұрси* * * * *Президент Желал Баярға және Министрлер кеңесінеАнкараБіз, Нұр Шәкірттері жиырма жылдан бері теңдессіз азаптарға душар болдық. Аллаһ сізді бізге көмекке жібергенге дейін, сабыр еттік. Бұл азаптардың себебін он бес жылдан бері үш сот жүз отыз кітабымыз бен мың хатымыздан заңды түрде тексеріп, таба алмағандығына Касациялық сот пен Денізлі соты куә. Мен отыз жылдан бері саясатқа араласпадым. Бірнеше күн ішінде еркіндік аңсағандарды басқара отырып, елдің тағдырын қолға алған Президент пен Министрлер кеңесіне құтты болсын айта отырып, бір ақиқатты паш етемін. Бізге шабуыл жасап, сот арқылы азап берушілер «Мына Нұр шәкірттері дінді саясатқа пайдалануы мүмкін, пайдаланып та жатқан болар», дейді. Біз де ол залымдарға қарсы қорғау сөздерімізде мыңдаған дәлелдер келтіріп былай деген едік әлі де айтамыз.Біз дінді саяси жолда пайдаланбадық. Біздің, Аллаһтың ризашылығынан басқа еш нәрсеге, тіпті дүниенің салтанаты жолында да дінді пайдаланбайтын ұстанымымыз барын жаулар да біледі. Үш жылдан бері үш қап іс-қағаздарымызды қаскөйлік пиғылмен шүйліге тексергендерімен соттай алмай отыр. Өзімбілемдік шешімдеріне де сылтау таба алмай, касациялық сот ол шешімдерінің де күшін жойып тастады. Біз дінді саясатқа пайдаланбадық. Елге, Отанға зиян беріп, саясатты дінсіздіктің құралына айналдырағандарға қарсымыз. Саясатқа назар аударуға мәжбүр болсақ, міндетіміз саясатты дінге пайдалы, дос ету. Сол арқылы үш жүз миллион сырттағы бауырларымыз бен елдегі бауырларының бауырластығын орнатуға себеп болу.
16Қорыта айтқанда: Бізге жапа шеккізгендерге, саясатты есуасша дінсіздік жолында пайдаланғандарға қарсы, біз де саясатты дін жолында пайдаланып, дос ету арқылы елдің отанның бақыты үшін тер төктік.Бауырларым, мен мұның осылай болғанын жөн санадым. Сендер қалай ойлайсыңдар.Саид Нұрси* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым!Біріншіден: Секесен жылдан астам уақытты құлшылықпен өткізгендей етіп, мәңгі өмірге қол жеткіздіретін Қасиетті Рамазан айы құтты болсын дегенді жан-тәнімізбен айтамыз. Әр бір түні біз үшін Қадір түні сияқты табысты болуын тілейміз.Ортақтаса іс атқару сырына орай әр бір хас Нұршы, барлық Нұршылардың рухани табыстарына үлескер болып, рухани түрде мыңдаған тілмен құлшылық жасап, дұға етіп, тәубә етіп, шынайы бауырластық пен ықыласқа қол жеткізулеріңді мейрімді Аллаһтан тілеп, солай болуын үміт етеміз.Екіншіден: Рисалей-Нұрдың толық жеңісімен қатар, дінсіз масондар мен бүлікшіл коммунисттер, түймедейді түйедей етіп, неше түрлі сылтаулармен Нұрлардың еркін таралуына кедергі болуға тырысуда. Бұл жолы да себепсіз, мағнасыз сотты отыз бес күнге кейінге қалдыртты. Тіпті Құранымызды бермеу үшін адвокатымызбен әбден айтысыпты. Бірақ Аллаһтың жарылқауы олардың барлық жоспарларын аяқсыз қалдырды. Нұрлар Стамбул мен Анкараның зиялы жастарының қолында аса қызығушылықпен өзінен-өзі кеңінен тарап, шәкірттерге дәріс беруде. Бұл рухани жеңісінің бір нәтижесі мынау, Азанның қайтадан Арабша (Оригинал түрінде) оқылуы жолында әрекет етіп жатқан Премер Министрді қолдап, жүздеген қол жинап, рахмет айтуда зиялы жастар.
17Үшіншіден: Осындағы шәкірттер де Қасиетті Рамазан айымен құттықтай отырып, өздерінің бұрын коммунистерден қандай қорлық көргендіктерінің бір-екі мысалын жазып, қоса жіберіп отыр. Уақыты келгенде осы мәселе бойынша газеттерде мақала жариялаулары да мүмкін.Барлық бауырларыма және қарындастарыма сәлем айтып дұға етуші және науқастағына байланысты құлшылығын толық орындай алмай отырған және Нұршылардың рухани көмегіне және ол үшін дұға етулеріне және рухани табыстарына мұқтаж, науқас бауырларың.Саид Нұрси* * * * *Халық партиясы билікте тұрған кезде Ұстазымызға жасалған шектен шыққан зұлымдықтар мен азаптардың бірінші мысалы: Жер бетінде осы ғасырдағыдай, бұрын соңды болмаған бұзғыншы ағымның жоспарына сай, Ұстазымызға жиырма бес жыл бойы диктаторлық жағдайда жасалған зұлымдықтардың бір мысалы: Таза ауамен дем алып, қырға шығып қайту үшін, үсті жабық арбамен шыққан кезінде, осы жергілікті әкімшіліктің жоғарғы шенді қызметкері оның киім киісіне тиіскен. Бұл бес тұрғыдан заңсыз, бес жақты арсыздыққа қарсы айтарымыз, Патшаның аз ғана үстемдік етуіне шыдай алмаған және Демократиялық төңкеріс кезінде әскери трибуналдың төрағасы Хүршид Пашаға және алқа мүшелеріне қарсы, «Егер Демократия бір ғана топтың диктатуралығынан тұратын болса, бүкіл адамдар мен жындар куә болсын мен керітартпамын». Шариғаттың бір мәселесінің жолында мың жаным болса да пида етуге дайынмын деген. Және (Республикалық) мәжілісте Мұстафа Кемалға қарсы «Намаз оқымаған адам қиянатшыл, қиянатшыл адамның сөзін тыңдауға болмайды» деп, Ислами киімді ешқашан
18басқаға айырбастамаған және киіміне тиіскісі келген, кейінірек өз өзіне қол салып, таяқ жеген Невзат атты Анкараның әкіміне: «Бұл сәлде мына баспен бірге алынады» деп мойнын көрсетіп ишара еткен бір кісіге, еш нәрсе жасай алмағанда, Спарта, Ескішехир, Денізлі соттарында да сәлдесін шешкізе алмағанда, мыңдаған халық пен жиырма сақшы тұрған жерде де сәлдесін шешкізуге әрекет жасамағанда, жалғыз өмір сүріп отырған адамға, мына ақымақ қызметкерлердің мағынасыз түрде, қиянат жасау мақсатында әрекет жасауға тырысулары, анархиялық әрекет және халықты, елді қауіпті жағдайға итермелеу.Бұл мүлдем заңға қайшы нәрсе болуымен қатар... неше жылдан бері осынша жанқиярлықпен ауыр шарттарға қарамастан жүз отыз бөлімнен тұратын керемет жинағы арқылы елдің, отанның рухани жеңісін қамтамасыз етуші кісіге бұлай тиісу, халқымыздың жастардың азғындап, құрып бітуі үшін әрекет етіп жүрген жасырын жауларға көмектесу, соларға қолшоқпар болу. Афиондағы бір-екі бұзғыншы масоның араласуымен, қолдауымен, әрекет етуге тырысқан әлгі адамға қарсы, қандай да бір қиянатқа қарсы шыдап тұра алмайтын Ұстаздың сабыр етіп шыдауы, бұл елдің бұл халықтың өзінің кесірінен зиян шекпеуі үшін намысын, даңқын, нәпсісін, рухын, жан тыныштығын пида еткендігін көрсетеді.Кониялық Зүбейр* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым!Біріншіден: Сендер үшін де ел үшін де Ислам Әлемі үшін де аса маңызды мерекелердің бастамасы болған, елдегі Ислам нышандарының қайта жаңғыруының сүйіншісіне айналған, Азанның қайтадан Пайғамбарымыз (с.а.у.) бекіткен нұсқасының он мыңдаған мұнараларадан оқылуы құтты болсын. Сексен жылдан астам уақытты құлшылықпен өткізгендей сауапқа жеткізер Қасиетті Рамазандағы құлшылықтарың мен дұғаларыңа «Әмин» деп, Рамазанның әр түні Қадір Түнінің сауабын жаздырсын деп мейрімді Аллаһтан тілейміз.Бұл Рамазанда науқастығым мен әлсіздігімнен толық іс атқара алмағандығымнан сендерден рухани көмек сұраймын.
19Екіншіден: Өмірімнің соңын Спарта өңірінде өткізуді қалаймын. Нұрдың хас батыры айтқандай «Спартаның тасы да топырағы да мен үшін мүбәрәк. Тіпті жиырма бес жылдан бері мені азапқа салған бұрынғы үкіметке шын жүректен аушланған кезімде, Спартаның билігіне еш қашан ашулана алмадым. Сол берекелі жердегі биліктің құрметіне басқаларды да ұмытып кететінмін. Әсіресе сол жерлердегі бұрын бүлінген нәрселерді түзете бастаған нағыз отан сүйгіш демократ атанып отырған еркіндік сүйгіштердің Нұрлар мен Нұршыларды қолдағандары үшін борыштармын. Олардың табысты болулары үшін дұға етемін. Иншаллаһ сол еркіндік сүйгіштер (мына) абсолюттік диктатураны тоқтатып нағыз шариғатқа сай еркіндіктің орнауына мұрындық болады.Үшіншіден: Айттан кейін біраз уақыт осында қала тұрауымның бір себебі бар. Бір-екі айдан кейін Медресетүз-Зехраны қалыптастырып тұрғандар мен Стамбул, Анкара Университетіндегі жас Саидтардың шешімі бойынша менің қай жерде тұратыныма қарар берілсе сол жерді мақұл көремін. Менің шынайы мұрагерлерім сендерсіңдер, менің бұл дүниеде істейтін шаруаларымды мың есе артығымен орындап жатырсыңдар. Мына фәни өмірдегі соңғы мекенімді сендер белгілеңдер.Төртіншіден: Құттықтаулары мен аса көңіл бөлетіндіктерін жеткізіп отырған Ахмет Назифтің, Ахмед Фейзинің, Халил Ибраһим мен Хасан Атыфтың және Бұжақтағы, Эфланидегі, Стамбулдағы Нұршылардың хаттарына менің атымнан жауап беріңдер. Сендер менің өкілімсіңдер.* * * * *
Әзиз, Сыддық бауырларым!Біріншіден: Хадис Шәріптің сырына орай, Қасиетті Рамазанның екінші жартысында әсіресе соңғы он түні, әсіресе тақ түндері, әсіресе жиырма жетінші түні сексен жылдық құлшылық жасағандай сауап жаздыратын Қадір түнін бәрің де барлық Нұр шәкірттерімен бірге құлшылықпен өткізіп, мына кемшілігі мол бейшара бауырларыңды құлшылықтарыңа үлескер етіп, әрқайссыңның дұғаларына мыңдаған әминдердің айтылуымен Аллаһтың қабыл алуын Мейрімді Аллаһтан тілейміз.Екіншіден: Университеттегі жас Саидтардың расында да Медресетүз-Зехраның Стамбул мен Анкарадағы міндеттерін атқарып ортырғандығына және мына бейшара Саидқа мұқтаж еместіктеріне және Рисалей-Нұрдың барлық жақтан жеткілікті екендігінің белгісі ретінде, олардың депутаттарға жазған хаттары мен өздері көбейткен «Өмір тарихы» кітабының жетпіс данасының бас жағына енгізіп, жетпіс депутатқа жіберу үшін жазған баяндамаларын бізге көрсету үшін жіберіпті. Біз де сендердің хабарларың болсын деп қосымша ретінде өздеріңе жолдап отырмыз. Сендер жөн санасаңдар оны және бұрынырақ өздеріңе жолдаған Сұңғырдың оқу министрлігіне жасаған қорғау сөздері мен Мұстафа Османның Әділет Министрлігіне жазғандарымен қоса «Өмір тарихына» қосымша ретінде қолжазба түрінде немесе машинамен жазып, не Инеболудағы жаңа әріппен жазылған елу-алпыс нұсқаға қосуды сендерге қалдырамын.Үшіншіден: Медресетүз-Зехраны қалыптастырушылар менің жеке басымның да өкілдері болып саналады. Менің жеке басыма келген хаттарға да солар жауап берсін. Әсіресе Хусревтің хатында аты аталған кісілерге лайықты түрде жауап беріңдер. Ахмед Фейзидің сендерге жазған хатының жауабының бір бөлімін сендерге қоса жіберіп отырмыз. Барлық бауырларыма Қасиетті Рамазан айы мен барлық түндері, Қадір түні құтты болсын дей отырып, сәлем жолдаймыз, дұға етеміз, олардан да дұға күтеміз.* * * * *
[Хақ пен ақиқаттың жаршысы болған Себилүррешадқа Халық партиясының атынан жүз жақты заңсыз түрде жасалып жатқан әрекеттерді баяндаймыз]Ұстаз Бәдиүззаман Саид Нұрси аса күшті улардың кесірінен қатты ауырып, өмірден үміт үзгендіктен, өз ақшасына алған сегіз кітабын сақтап қалу үшін мүфті інісіне жолдаған еді. Әмірдағы почтасы, сақшылық қызмет атқарардай, жасырын мақсаттарды орындау үшін, сол кітаптарды жібермей қалып, жандарм бөлімшесіне, әкімге, әділет басқармасына барып айтыпты. Ал Афионға телефон арқылы хабар беріп, істі ұлғайтып жіберіпті. Кітаптардың барлығын әділет басқармасына бергізіпті. Ал кітаптарға келер болсақ; Бесеуі сотта жатқан қорғау сөздері мен солардың қосымшалары. Үшеуі қазіргі әділет министрі Халил Өзйөрүк үш рет ақтау шешімін шығарған кітаптар. Денізлі соты сол кітаптарды қайтарып берген еді. Афион сотының үкімдерін бұзып, кітаптарды ақтап шығарған еді.Бұрынғы әділет министрі коммунист Фуат Сирмен, бұрынғы министрлер кабинетіне хабар беріп, Құранның аса пайдалы және ақиқат тәпсірі болған «Зүлфикар» жинағындағы төрт жүз беттің ішінен екі аяттың отыз жыл бұрын жазылған тәпсіріне байланысты екі бетке бола, аса құнды тәпсірге тыйым салуға тырысты. Ал қазір, халыққа да елге де аса зиян келтіруші коммунисттер мен масондардың кітаптарына рұхсат беріліп жатса да, жүз мыңдаған адамның иманын құтқарушы, Құранның аса пайдалы, ақиқат тәпсірі екендігіне без жүз мың адам куә болып отырған тәпсірге, зиянды жазбалар ретінде қарау, Ұстаз ауырып жатқан кезінде нәзік жанына ауыр соққы беру жүз жақты заңсыз екендігін жеткіземіз.Екіншіден: Бұл мәселенің жымысқы, жасырын ақиқаты мынада, Ұстаз Демократ Партияға моралдық материалдық көмек беруі үшін өз шәкірттерін ынталандырған еді. Мұны Халық партиясының қырсық диктаторлары түсініп, мағынасыз сылтаулармен түймедейді түйедей етіп, осылай жасап отыр. Әйтпесе, осы кітаптар апта сайын почта арқылы таралып та алынып та жатыр. Стамбулдан да басқа жақтардан да кітаптар келуде, ешкім тиіспейтін. Бұл жағдай, өте жымысқы бір жоспар.
22Үшіншіден: «Зүлфикарда» тәпсірленген екі аяттан мың есе артық сындар баспасөзде бұрынғы үкіметке қарсы жариялануда. Ол аяттардың тәпсіріне титтей де кінә артуға келмейді. Демек бұл әрекеттер Халық Партиясының атынан жасалып жатқан өзім білемдік әрекеттер. Халық Партиясындағылардың «Билік Демократтарда болғанымен, үкім шығарып амал ету күші біздің қолымызда» деген өктемгершіліктерінің бір белгісі.Әмірдағы Нұр шәкірттерінің атынан Мехмед Ибраһим, Зия және басқалар...* * * * *Президентке, Министрлер кеңсесіне, Премьер Министрге, Әділет Министрлігіне, Дін істері басқармасына.АнкараНағыз әділдік пен еркіндік үшін еңбек етуші кісілерге бірнеше мәселені жеткізбекпін.Біріншісі: Денізлі соты мен Анкара қылмыстық істер соты, Рислей-Нұр кітаптарын сарапшылармен бірге тексере отырып, ақтауға және иесіне қайтаруға кедергі боларлық еш нәрсе жоқ деп, Саид пен бірге достарын да ақтап шығарды.Екі жыл бойы әркімнің қолында немесе соттарда жатқан Рисалей-Нұрдың толық нұсқасын Саидқа және достарына қайтару туралы қарарды касациялық сот қайта қарамастай етіп нақтылап берсе де Саидтың жеке басына қастық ойлаушы екі адам дәл сол кітаптарды және мұғжизалы Құранды заңсыз түрде алып қойды. Касациялық сот олардың да заңсыз үкімдерін бұзды. Қазір елді де халықты да бұрынғы партияның (биліктің) қасгөйлік диктатурасынан құтқарып жатқан кейбір отансүйгіш Демократтардың лидерлері бұл рисалелерді жақсы қабылдап, қамқорлық етіп отырса да үш жылдан бері мыңдаған лиралық зиян берді бұл пақырларға. Үш рет ақтап шығарған сотты үш жылға созып, (жеке бастың кегі бар бұл зұлымдықтардың артында) жиырма ай жалғыз кісілік камерада ұстады. Көмекшілерін де жолатпады. Босап шыққан соң да екі
23сақшыны есік алдына қойды. Сондай-ақ аса тақуа Нұр шәкірттерін тақуа болғандықтарына ерегісіп, дәл ақшам намазының уақытында сот өткізіп, намаздарын қаза еткізіп, зұлымдық жасады. Бір рет бұл Рисалей-Нұр кітаптарының барлығын Спарта жинап алып, тексеріп шыққан соң қайтарып берген болатын.Демократтардың кезеңінде азан қайтадан арабша (оригинал) оқылып, діни сабақтар қайта басталып, Ислам нышандары қайта оралып бұрынғы үкіметтің Құран қызметіне жасаған бұзғыншылықтары қайта қалпына келе бастады. Дінсіздердің, масондардың, коммунистердің кітаптары басылып шығуда. Ислам Әлеміндегі Мекке, Мәдина. Шам (Дамаск) өңірлерінің үлкен ғұламалары жақсы қабылдап, қолдау танытқан, Дін істері басқармасындағы ғалымдарға оқытылып жатқан Зүлфикар, Аса-и Мұса, Сиражин-Нұр сынды, философтардың аузын жапқан мүбәрәк кітаптарды жинап алу, олармен қоса үш жыл бойы мыңдаған лирадан да құнды, мұғжизалы, Аллаһтың Жәлал есімі алтынмен жазылған, Дін істері төрағасы жақсы қабылдап, бастыруға әрекет етіп жатқан Құранды алып қойған адамдар әрине әділет жолында, әділет басқармасының атынан, ақиқат атынан әрекет етіп жатқан жоқ. Коммунистер мен масондардың пайдасына, қасгөйлік пиғылмен әрекет етуде. Мен қазір удың әсерінен қатты ауырып жатқандықтан және өз құқымды қорғай алмайтындықтан Сұңғырды өзіме уәкіл еттім.Бұрынғы үкіметтің жиырма жыл бойы маған тартқызған азабы мен қасгөйлік әрекеттерін тоқтатуды әділетшіл жаңа үкіметтің министрлерінен күтемін. Бауырларымның арасынан Мұстафа Сұнгырды уәуіл етіп тағайындадым.Нұр шәкірттерінің атынанСаид Нұрси* * * * *[Аса маңызды бір ақиқат және Демократтар мен Университеттегі Нұршылар арасындағы әңгіме]Бүгінгі таңда халықтың талабы бойынша Ислам нышандарының қайта оралуына себеп болған Демократтардың өз орындарын сақтап қалуының және халықты риза етудің бір ғана шарасы Ислам
24бірлігін ұстану, соған арқа сүйеу. Бұрын Ағылшын, Француз, Америка саясаты өз мүдделерін көздеп, бұған қарсы болды. Қазір саяси мүдделері бұған қарсы емес тіпті, мұқтаж жағдайда. Өйткені, коммунистік, масондық дінсіздік, бұзғыншылық анархия туғызуда. Ал мұндай сұмдық бұзғыншылықтарға тек қана Құран ақиқаттарына арқа сүйеген Ислам бірлігі ғана қарсы тұра алады. Бұл қауіптен бүкіл адамзатты құтқаруға себепші болумен қатар, бұл елді шет елдік пәлелерден және халықты анархиядан құтқарар жалғыз жол осы. Осы ақиқаттарды негізге ала отырып, Демократтар бар күштерін осы ақиқаттарға салып, коммунистік, масондық ағымдарға қарсы тұруы қажет.Азанның арабша (оригинал) шақырылуына рұқсат беру арқылы ғана өз күштерінен жиырма есе артық күш жинады. Халықты өз жақтарына тартып, риза етті. Рухани түрде баяғы Иттихады-Мұхаммедиенің (с.а.у.) мүшелері болып саналатын жүз мыңдаған Нұршылар, баяғыда масондар мен Иттихадшылардың масондарды жақтаушы тобына қарсы тұрғанындай, қазір де Ислам бірлігінің мүшелері саналар Нұршылар үлкен бір топ болып отыр. Демократтарға сүйеу болуда. Алайда, Демократтарға қарсы бұрынғы партияның әсіре қолдаушылары мен масон, коммунист пиғылдағы тобы Демократтарға екі сұмдық соққы беруге дайындалуда.Баяғыда Демократтар екі рет билікке келгенімен, аз уақыттың ішінде төңкеріп тастап еді ғой. Олардың жақтастары болған Иттихады-Мұхаммеди (с.а.у.) тобының көбін дарға асты. «Еркіндік сүйгіштер» деп аталған Демократтарды өздерінен де өткен дінсіз етіп көрсетуге тырысты. Дәл сол кездегі саияқты, қазір олардың кейбіреуі діндар болып көрініп, Демократтарды дінге қарсы әрекет еткізуге немесе өздері сияқты бұзғыншы етіп көрсетуге тырысуда екендіктері анық байқалуда. Тіпті ғұламалар арасындағы ресми қызметкерлерді өз саптарына тартып, Демократтарға қарсы пайдалануға тырысуда. Оларға қарсы тұра алатын Демократтарды қолдаушы Нұршыларға қысым жасауда. Олардың ойы Нұршылар арқылы ғұламалар Демократтарды жақтап кетпесін болып тұр. Өйткені олардан басқа күшті ағым жоқ. Жағдай осындай. Жиырма бес жылдан бері ғұламалар мен тариқатшыларды жаныштап немесе өздеріне жағымпаздануға мәжбүр етіп отырған бұрынғы биліктің
25әсіре жақтаушылары мен масон, коммунист тобы, осы жағдайларды пайдаланып, Демократтарды төңкеріп тастамауы үшін, Демократтар Нұршылар мен ғұламаларды, халықты разы етуі керек. Американың және өз одақтастарының қолдауынан айырылып қалмауы үшін, Азан мәселесі сияқты Ислам нышандарын қайта жандандырып, қалпына келтіруге тырысулары өте-мөте қажет.Өкінішке орай, кейбір әсіре масондар мен коммунистер Демократтарға қарсы бола тұра, Демократтарды бұзғыншы, дінге қарсы етіп көрсету үшін Демократ болып көрінуде.Нұр шәкірттері мен Нұршыстудент жастар атынанСадық, Сұнғыр, Зия* * * * *
Әзиз, Сыддық, жанқияр бауырымыз Хажы Әли!Сіз жолдаған құнды және Ұстаз Хазретті қатты қуантқан хатыңызды алдық. Ұстаз былай дейді, «Бүгінгі таңда, Рисалей-Нұр (адамды) толық қанағаттандырады. Бір жыл Рисалей-Нұр оқу арқылы он жыл медреседе оқығандармен бірдей жетістікке жеткен мыңдаған ғылым іздеуші куәгер бар. Хажы Қылыш Әли бір жарым жылдан бері Рисалей-Нұрға иелік еткен екен, біразын оқыған да екен, ендеше біздің назарымызда жиырма жылдық Нұр шәкірттерімен тең. Мен күн сайын хас шәкірттерімнің арасында оның атын айтып тұрып, барлық рухани табыстарыма ортақ етіп, оның амал дәптеріне де жазылуын тілеймін. Олай болса ол да бар өмірін Рисалей-Нұрға арнауға міндетті. Демек осы уақытқа дейін Әл-Әзхар университетіне бара алмай жүруінің аса маңызды осы сыры болып тұр. Шамға, Халебке жақын жердегі Урфада Нұр медресесінің ашылуын үміт етудеміз. Қылыш Әлимен бірге, бұрынғы Саидтың аса қаблетті шәкірті Шамдағы Молла Абдулмәжидпен Нұр шәкірті Сейд Салихпен және оның қасына барған Нұр шәкірттерімен байланыс құрсын. Молла Абдулмәжидке, Хажы Әлиге және Шамдағы Рислей-Нұрға көңіл бөлушілерге сәлем жолдаймын. Және сол берекелі аймақтардан дұға етулерін де өтінемін».Иә, қаһарман Хажы Әли бауырымыз, Ұстаз Хазрет үнемі сіздің жанқиярлығыңызды айтып отырады. Біз де сізді қолдап, құттықтаймыз.Ұстазға қызмет етуші,кемшілігі молСұңғыр, Зүбейр, Зия* * * * *
27Әзиз бауырым!Біріншіден: Мың Машалаһ. Сөздер жинағында қате жоқ сияқты. Бірнеше сөз бар екен, қосымша ретінде жіберілді.Екіншіден: Егер жөн санасыңыз жолдап отырған мына елу лираны менің атымнан соттағы кітаптардың өтеуіне мен үшін алыңыз. Жөн санамасаңыз, тиесілі бөлімнің құнын алыңыз.Үшіншіден: «Өмір тарихы» кітабын депуттатарға әзірге тегін бермегеніміз жөн. Ақысын төлеп алғысы келгендерге берілсін. Алайда, он-жиырма нұсқасының Анкарала тұрғаны дұрыс.Саид Нұрси* * * * *Аса жоғары деңгейлі және ғажап Рисалей-Нұр жинағынан екі үлкен кітапты жойып жіберетіндігі жайлы сұмдық хабар естідік. Хақ пен ақиқатты жеткізіп, философтардың аузын жапқан бұл кітаптар, Рисалей-Нұрдағы басқа да кітаптармен бірге Денізлі және Анкара соттарында ақталып, соңғы шешім ретінде, иелеріне қайтарылған еді. Екі рет Касациялық сот ақтау шешімін шығарды. Мысыр, Шам, Халеб, Кереметтер қаласы Мекке мен Нұрлы қала Мәдина сынды Ислам орталықтарында мақтаулы түрде қабылданды. Жақсы қабылданғандығының құрметіне, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) қабірінің үстіне және Қара Тастың үстіне қойылған бұл кітаптарға қатысты мына сұмдық әрекет, Халық Партиясы жасаған басқа да сұмдық қылмыстар сияқты тарихта бұрын-соңды жасалмаған қылмыс.Біз, Нұр шәкірттері бұл қатыгез залымдардан өз қақымызды оңай-ақ алар едік. Бірақ, ғасырлар бойы Исламның ту ұстаушысы болған қаһарман Түрік халқының бала-шағасына, қарттарына қарсы Рисалей-Нұр сыйлаған мейрімділікпен әрекет еткізуі және Қасиетті Құранның бізді материалдық күрестен тыюы, қолымызда шоқпар емес Нұрдың болуы және өз ұстанымымызға орай бар күшімізбен қоғамның тыныштығын сақтау үшін әрекет етуіміз, мына залымдарға қарсы материалдық қарсылыққа жібермеді. Әйтпегенде,
28Құдай сақтасын, мәжбүр қылсақ, коммунистер мен масондардың пайдасына мұндай әрекеттерге барғандар қатты өкінетін болады. Біздің анық көз жеткізгеніміз, бүлікші, бұзғыншылардың атынан Рисалей-Нұрға тиіскен кезде баршаны қамтып кетер бәлелер келеді. Төрт рет қатты жер сілкінісінің олардың шабуылдарымен тұспа-тұс келуі және басқа да оқиғалардың дәл сол уақытта орын алуы бұл айтқандарымызды дәлелдеп отыр. Сондықтан ондай қарардың орындалуынан мұсылмандар шошып отыр. Аса құнды мүбәрак кітаптарды жою қылмысы жасалар болса, бұл елде, халық арасында рухани зіл-залалар, (Сілкіністер) дауылдар, топан судай селдер ағуы мүмкін деп алаңдаймыз. Өйткені Рисалей-Нұрға төрт рет шабуыл жасалғанда төрт рет қатты қатты жер сілікінісінің орын алуы, бұл ақиақатты соқырларға да көрсетіп отып. Тіпті мұны сотта да айттық. Тәпсіршілердің үш жүз елу мың тәпсіріне сүйене отырып, Құранның екі аятына екі беттік тәпсір жазуын сылтау етіп, жүз мыңдаған жанның иманын арттыруға себеп болған төрт жүз беттік Зүлфикар жинағын жинап алып, жойып жіберу, дүние жүзіндегі ешқандай заңға сыймайтындықтан, тек дінсіздікке жол ашу үшін жасалған қаскөйлік әрекеттің, хақтан, ақаиқаттан, әділеттен қаншалықты ұзақ жатқандығының айғағы екендігін, титтей де болса ұяты бар адам түсініп, ана ұятсыздардың арсыз беттеріне лағнет жаудыратын болады. Халық Партиясы басқарған, диктаторлық, керітартпа, қатігез заманда жасалған мына сұмдық әрекеттерге қаһарман Демократтар жол бермей, Афион сотында үш жылдан брі жасырын жатқан, ешқандай да қылмыстың нышаны жоқ кітаптарды, бастысы алтын жалатып жазылған және сәйкестік мұғжизасы көрсетіле отырып жазылған Құранымызды дереу қайтарып береді деген зор үмітпен, тиісті орындарға білдіріп отырмыз.Нұр шәкірттерінің атынанХусрев, Сұңғыр* * * * *
29Әзиз, Қаһарман Ағамыз!Біріншіден: Аса маңызды мәселе жайлы өтініш білдіреміз. Үлкен кітаптардың жойылуына еш қашан жол берілмейді. Қандай құн төлесек те құтқарып қаламыз. Бұл жойып жіберу қарары жаңа алынған ба әлде бұрыннан бар ма? Сіз бұл қарардың нақты екендігін білесіз бе? Осы жағын анықтап, бізге дереу хабар берсеңіз.Екіншіден: Бұл жайлы Анкарада жүрген Сұңғырға (айтарсыз) және Министірлікке жазылған хаттан хабардар болуыңыз үшін тапсырып отырмыз. Мың сәлем жолдай отырып, құрметпен қолыңыздан сүйеміз.Зия, Зүбейр* * * * *Әзиз де аса қымбатты, қаһарман бауырымыз Сұңғыр!Біріншіден: Мың сәлем жолдап, Хақ Тағала Нұр жолындағы қызметіңізді табысты етсін деп тілейміз.Екіншіден: Аса маңызды және көпшілікке айтыла бермейтін бір хабарды жеткізбекпіз. Алынған хабарларға қарағанда Спартаның әділет басқарамсында (бізден) жинап алынған жүз жетпіс дана «Аса-и Мұса» және «Зүлфикар» жинақтары жатыр. Ол кітаптар қазіргі Әділет министрі ақталуына және иелеріне қайтарылуына қол қойып, бұдан бұрын Денізліде де Ұстазға қайтарылған кітаптар еді. Бұларды жойып жіберуге қарар қабылданыпты. Жер мен көкті ашуландырып, жаратылыс атаулыға көз жасын төккізер бұл қарар Демократтарға қарсы Халық Партиясының шектен шыққан адамдары ұйымдастырған жоспар екендігіне күмән жоқ. Нұр шәкірттерінің Демократтарға қолдау көрсетіп отырғандығын, Демократтардың арқа сүйері болып отырғандығын әлгі шайтандар түсінді. Осындай жоспарлар арқылы Нұр шәкірттерін Демократтардан сырт айналдырып, жек көрінішті етіп, Үкіметті құлатуға әрекет етуде. Бұл жоспарының іске аспай қалуы үшін және кітаптарымызды құтқарып, Афиондағы кітаптарымызды толық қайтарып алуымыз үшін аса көп қайрат жұмсап, өте мөте мән берілуі керектігін сендерге тапсырды Ұстаз.Зия, Зүбейр
30Министрлікке!Отан мен халықтың тағдырына байланысты, аса маңызды, шайтанның да ойына келе қоймайтын, Демократтарға қарсы ойластырылып жатқан жоспарды сізге айтқымыз (жеткізгіміз) келеді.Елдегі дінсіздік пен диктатураға және сұмдық зұлымдықтарға қарсы жиырма жеті жылдан бері жасырын түрде кітаптар жазып, жанқиярлықпен күрес жүргізіп келе жатқан Бәдиүззаман Саид Нұрси қалыптастырған Нұр шәкірттері жамағатының Демократиялық Партияны қолдап келгендігін Халық Партиясының сұрқия қолдаушылары түсініп, бір кездері Нұр шәкірттері көп орналасқан аймақтарға тексерулер мен жансыздық әрекеттер жүргізуге күш салған еді.Анадолының барлық өңірлерінде таң ғажайып Имани күшпен, жанқиярлықпен елдің Иманы мен Исламға қызмет етіп, қатыгез биліктің түп-тамырымен қопарылуына арқау болған Нұр шәкірттерін Демократтардан жиіркендіру үшін, екі дүниесінің де құтқарушысына айналған және жүз мыңдаған мұсылманды және жоғарғы оқу орындарындағы жастарды нұрға бөлеп, білім берген, сондай-ақ Арабстанда, Мысырда жоғары дәрежеде бағаланып, берекелілігінің құрметіне Пайғамбарымыздың (с.а.у.) қабірінің үстіне және Меккедегі Қара тастың үсітіне қойылған Зүлфикар және Аса-и Мұса жинақтарын Спарта Әділет басқармасы жағып жіберу жайлы қарар алғандығын естідік. Аспан мен жерді ашуландырып, жаратылыс атулыға көз жасын төккізер үкім бұл. Алайда, бір жүз он тоғыз бөлімнен тұратын Рисалей-Нұр жинағының ішіндегі бұл екі кітапқа да Рислей-Нұр жинағымен бірге 1944 жылы Денізлі қылмыстық істер сотының бір ауыздан ақтау шешімі шыққан және Жоғарғы Касациялық сот та бұл шешімді қолдаған болатын. Қайта қаралмастай шешім шығарылған бұл кітаптар ардақты авторына және иелеріне қайтарылған еді. Соңғы Афион Сотында да үкіметтік Халықтық Партияның коммунист судиясының өзімбілемдікке салған қаскөйлік үкімін, қаһарман Демократтардың Әділ уәкілі, Касациялық соттың бұрынғы әділ төрағасы бұзған еді. Соңында рақымшылық заңына сәйкес, қатыгездікпен кіріскенімен жапқан жалаларын дәлелдей алмай, рақымшылық жасаған еді.
31Ақиқат осы. Қазір бұрынғы үкіметті қаралаған мыңдаған жазбалар еркін басылып жатқан кезде, төрт жүз беттен тұратын Хақ пен ақиқаттарға толы кітаптың екі бетіндегі бір аяттың тәпсірін сылтау етіп, жауапқа тарту арқылы кітапты жойып жіберу, тікелей бұрынғы залым партияның (үкіметтің) мына мақсатын орындаумен тең. Олардың мақсаты, жүз мыңдаған Нұр шәкірттерін Демократтарға қарсы қойып, Демократиялық партияның, үн-түнсіз, сырт көзге байқалмайтын, алайда діндарлықтарының арқасында Демократтардың арқа сүйері болып отырған қамалдарынан айыру және Демократиялық үкіметті орнынан тайдыру. Бұл сұмдық шайтани жоспарды іске асырмау үшін сізге хабар беріп, құрметімізді білдіреміз.УниверситеттегіНұр шәкірттерінің атынанЮсуф Зия Арун
[Хабардар болуыңыз үшін сізге жіберілді]«Бүйүк Доғуның» жиырма тоғызыншы санындағы «Лозанның шынайы келбеті» (Лозано келісім шарты) атты мақаладан. Ағылшын делегациясының төрағасы Лорд Гурзон, соңында ең негізгі сөзін айтты. Ол былай деді: «Түркия Исламмен байланысын үзіп, Исламның уәкілі ретіндегі рөлінен өздігінен бас тартса, бізбен шынайы түрде одақтасқан болады және Христиан әлемінің құрметіне, ризашылығына бөленеді. Біз де оған сұрағанын береміз».Лозанода Түркиялық делегацияның төрағасы, әзірге негізгі мақсаттарды түсіне алмаған Исмет Паша, Христиандардың басты мақсаты Түркияның бұрынғы рухы мен қасиеттерін түп-тамырымен қопарып тастау екенін кешірек түсінсе де, оларға мындай жасырын жауап беріп сенім ұялатады. «Баяғыдан бері бірігіп, әбден көнерген қолбайлаулардан... яғни дәстүрлі Исламнан құтылу жайлы қарардың жоққа шығара алмастай дәлелі». (Исметтің қарары).Сөзбе-сөз жеткізіп отырған бұл сөздер арқылы Түрік делегациясының төрағасы, яғни Исметтің, бұрыннан бері жиналып қалған және көптеген қолбайлаулардан құтылу мәселесінде Түрік халқының қарары (осы) дегенде не айтықсы келгендігін және қандай мақсатта Ислам жауларының алдында мұны жауап ретінде айтқандығын сұрау керек.Кездесудің бірінші кезеңінде Түрік делегациясының төрағасы жеке өзі қарар беруге өкілетті болмағандықтан, бастығына, яғни Мұстафа Кемалға есеп беру үшін елге қайтады. Бұл Хайдарпашадан мінген поезд бен Мұстафа Кемалдың Измерден қайтқан поезді Ескішехирде кездеседі. Екеуі бірге оңаша саяхат жасап Анкараға келеді... Ол жерде де жасырын жиналыстар... Алайда негізгі мәслелерде екеуі оңаша сөйлеседі.Мұстафа Кемал мен Исметтің оңаша жиналыстарынан шыққан қарар «Дінді жоқ қылу».Лозано келісім шартының екінші кезеңінде... Түркияның қарарлары папкаларда дайын тұрған еді. Яғни діннен бас тарту арқылы жасалады бәрі де. Жаңа жүйе (Кемализм мен Исмет құрған жаңа үкімет) бұдан кейін бұл халықты діннен алыстату принциптері бойынша әрекет етіп, дұшпан қолбасшылардан яғни Христиан қолбасшылардан бетер дінге соққы беруге құштар екендігіне, сыртта емес іште, ұлттың қалауы осы деген перде жамылып, әрекет ететіндіктеріне күмән жоқ еді.
33Негізгі ҚұжатЛозано Келісім шарты жасалғаннан кейін Ағылшын қоғамынан «Түріктердің тәуелсіздігін неге танисыңдар» деген қарсылықтарға, Лорд Гурсонның жауабы: «Шынтуайтында Түріктер енді ешқашан бұрынғы күштері мен бұрынғы байлықтарына қайта қауыша алмайды. Өйткені біз оларды рухани жақтан өлтірдік. Яғни Мұстафа Кемал мен Исметтің қарарлары Түріктерді Ислами тұрғыдан, діни тұрғыдан өлтіру қарары еді». Енді барлық нәрсе түсінікті болаған шығар?* * * * *Жасырын келісім шарттың сұрқиялығыТүріктерге діндері мен діннің уәкілі болудан бас тарту шартын қабыл еткізе отырып, жасанды тәуелсіздіктің астарында жатқан келісім шартқа ықпал еткен, бір сөзбен айтқанда Яхудилік. Бұл іске мұрындық болған адам, қазіргі Мысырдың бас Равині Хайм Наум. Хайм Наум, бұл сұмдық ойын әуелі Америкада Түріктерді жақтап бірнеше конференция өткізді. Империялист күштерге Түріктерді материялдық түрде тәуелсіз еткізіп, оның есесіне рухын тереңнен жаныштайтын іштен шыққан, өз адамдары болуы керек екендігі жайлы пікірді сіңіру арқылы бастады. Яғни масондықтың талабына сай, Құранның үкімдерін орындатпау, халықты дінсіз ету. Хайм Наум бұл сұмдық жоспарды Америкада дайындаған соң Англияға келіп, таза Яхуди Лорд Гурсонмен байланысқа шығып, мынадай ұсыныс жасайды.«Сіз Түріктердің териториялық тәуелсіздігін қабыл етіңіз. Мен оларды Исламнан және Исламның уәкілі болудан бас тартқызып, ол құндылықтарды аяқ асты еткізуге уәде беремін». Дәл сол Хайм Наум Түрік делегациясына кеңесші болудың да жолын тапқан. Яғни Мұстафа Кемал мен Исметті де өзіне дос еткен. Үшеуі бірігіп алған. Енді бұл істің жүйелі түрде іске асуына еш кедергі қалмады.Хайм Наум сол кездері Анкараға қол салып, бұл жоспарды іске асыратын орталықтағы адамға (Мұстафа Кемалға) сенім артып, сынап көреді де, бұл тақырыпта Хайм Наумнан да асып кететін Ислам дұшпанын тауып, мұратына жетеді. Ендігі кезекте Түріктерді іштен
34шалу жоспарын орындаудың барлық шарттары дайын еді. Міне бұл аса маңызды айғақтар, Рисалей-Нұрдың авторы қырық жыл бұрын хадис шәріптің хабарына сүйеніп айтқан сөздерін толық растаумен қатар, Мұхаммеди шариғатқа сатқындық (қиянат) жасайтын адамға күш беретіндер Яхудилер болатындығын, Яхуди Лорд Гурсон мен Хаим Наум дәл растап отыр.Жиырма бес жылдан бері Нұршылардың көзін құрту үшін, өзім білемдік заңдар арқылы жасалып жатқан зұлымдықтардың сырын толық көрсетіп беруде.* * * * *Аса әзиз де мүбәрак, сүйкті де мейрімді Ұстаз Хазрет!Мұғжизалы және Аллаһтың атын алтын жалатылған жазумен жазылған Құранды Дін істері басқармасының төрағасы, Афион сотынан алдыртып, кеше Стамбулдағы Құран зерттеу комиссиясына жөнелтіпті.Комиссия зерттеу жасап болған соң бастырылуы өте-мөте қажет екендігін жазып кері қайтарады екен. Сондай-ақ Ақшехирлік қаһарман Ахмед Алтын бауырымыздың әуелі бір нұсқасын сізге сүйікті Ұстазымызға жіберіп, біреуін Дін істері басқармасына жазған өтінішін Дін істері басқармасындағы комиссия тексеріп шығыпты. Осыған байланысты, сіздің Дін істері басқармасына сыйлаған екі жинағыңыздың біреуін сарапшыларға тексеру үшін береді екен. Дін істері басқармасында Нұрларды жақтайтын бауырларымыз бар. Сүйікті Ұстаз, Әбден қарайып, зұлмат басқан Анкара қазір қатты өзгеріпті, барған сайын өзгере түсуде. Шашылған улар мен уланған жастардың әсері қалмапты.Сұңғыр* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым!Біріншіден: Мың бәрекелді. Сөздер жинағының қатесіз, тамаша шығуы және жинап алынған кітаптардың аман қалуы, бір бөлігін қайта алғандарыңа мың Машаллаһ, Әлхамдулиллаһ дейміз.Екіншіден: Менің атыма келген хаттарға Медресетүз-Зехраны қалыптастырушылар менің атымнан лайық түрде жауап берулерін
35тапсырамын. Анкарада Осман Нұри бауырымыз сол жердің Хасан Фейзисіне айналып, Нұр жолында аса жемісті қызмет атқаруда. Мен үшін үйінің жанынан арнайы орын дайындап қоюы, ауырып жатқан кезімде ауыруымды жеңілдетуге көмектесуге тырысқан Хасан Фейзи сияқты, өзінің ауырып қалғандығына қуануы мені өзіне борыштар етті. Әзірге кітаптарымызды соттан алмағандықтан осында күтудемін.Құранымыз бен басқа да кітаптарымызды бастырар кезде сол жерде болғым келеді. Бірақ қазір мұнда аса маңызды істер тұрғандықтан бара алмаймын, ренжімесін. Егер ол сол жерде болмағанда менің баруым керек болар еді. Ол бар жерде менің қажетім жоқ. Аллаһ Разы болсын Нұр жолындағы қызметін жемісті етсін.Халебтен Ихуан-ы Мүслимин мүшесінің маған жазған құттықтауларына жауап ретінде оны және барлық Ихуан-ы Мүслиминді шын жүректен құттықтап, мың бәрекелді, дейміз. Ислам бірлігін Анадолуда Нұршылар, (Баяғы Иттихад-ы Мұхаммедидің ізбасарлары іспетті) ал Арабстанда Ихуан-ы Мүслиминмен бірге нағыз бауырлары болған Құран жолындағы Ислам жамағатының ішіндегі көптеген сап-қатарлардың ішіндегі екі серіктес сапты қалыптастыруы арқылы Рисалей-Нұрға көңіл бөліп, кейбір бөлімдерін Арабшаға аударып басу ниеттері бізді қатты қуантты, борыштар етті. Ихуан-ы Мүслиминнің атынан маған хат жазған адамға менің атыманан жауап беріңдер. Сол жақтағы Нұр шәкірттері мен Нұрларға қамқорлық жасап көңіл бөлсін.Үшіншіден: Атабейлік қайратты да табанды бауырымыз Абдуллаһ Чавуштың хатына толық қосыламын, (растаймын). Қырық жыл бұрын хадистерге берген мағналарым қазір көрініс беруде. Қарсы шығушы қырсықтар да мойындауға мәжбүр болуда.Абсолюттік диктатураның тозақи азабын бұл дүниенің өзінде тартуы, Сиражун-Нұрдың Бесінші Шұға арқылы берген хабарын заманның өзі көрсетті. (мойындады)Сондай-ақ Самсундық Ихсанның шынайы хатынан байқағанымыздай, сол жерге жеткен Рисалей-Нұр жинағының толық нұсқасын өзіне алып қалған Самсундық депутат сол өңірде Нұрлы бір оянуға себеп болғандығының дәлелі, осындай Ихсандар жетіліп шығуда. Ихсанмен бірге ол кісіні де дұғаларымызға қосамыз.
36Төртіншіден: Жиырма тоғызыншы сөздегі әліптер кереметі расында да таң қаларлықтай. Машина арқылы да осындай тамаша болуып шығуы, жазғанның да бір кереметі. Баршаға сәлем.Науқас әрі қуанышты бауырларыңСаид Нұрси* * * * *
Нұршыларға сүйінші!Біріншіден: Қырық жылдан бері соңына түсіп, Сұлтан Решад жиырма мың алтын бөлгізген, ал бұрынғы диктаторлық үкімет, бір жүз алпыс үш депутаттың қолдауымен жүз елу мың банкнот бөлігізіп, құрылысы басталуы керек болған Ислам Әлемінің, шығыстың, мына елдің ең маңызды шаруасына айналар Ван уәлиятында салынар Әл-Әзхар Университеті сияқты Ислам Университеті Медресетүз Зехраның салынуы қажет екенін жаңа үкіметтің төрағасы түсінген болса керек, мемлекеттік үлкен шаруалардың арасында сендерге сүйіншілеп отырған төмендегі хабар да бар. Іс жүзінде салынбаса да жақсы бір әрекет.Мәжілісте мемлекеттік үлкен шаруаларды айта келе Президент былай депті: «Ван өңірінде Шығыс Университетінің салынуы үшін Білім министірлігі дайындықтарға кірісті» деген Желал Баяр «Шығыс Уәләятымыз Ванда осындай білім ордасының салынуы үшін барлық қажеттті шаруалар атқарылып, алдымыздағы жылы іске кірісу керек» дегенді қоса айтты.Демек, «Өмір Тарихын» тапсырған студент жастар Рисаленің қадірін Президентке сездіріп кетсе керек.Екіншіден: Президенттің маңызды сөздері Рисалей-Нұр атқарған және әлі де атқаратын елге пайдалы қызметін түсіне бастағанының белгісі. Нұршылар тартқан барлық қиыншылықтар мен Нұрлардың жиналып алынуы осындай үлкен нәтижелерге себеп болып жатса, шағым емес шүкір ету керек.* * * * *Әзиз, Сыддық бауырлар Зия, Абдүлмухсин!Ұстаз былай дейді: «Эшреф Әдип, қырық жылдан бері иман жолындағы қызметте бірге жүрген жолдасым. «Себилүл Решадта» мақала жазып, қазір марқұм болып кеткен көптеген қымбатты бауырларымның уәкілі. Ислам жолында шынайы күрескер бауырым.
38Нұрлардың қамқоршысы. Мен өліп кетсем де Нұршылардың арасында Эшреф Әдибтің болуы маған жұбаныш сыйлайды. Алайда, Рисалей-Нұрдың және Нұршылардың саясатпен қатысы жоқ. Рисалей-Нұр Аллаһтың ризашылығынан басқа еш нәрсеге құрал болмағандықтан, Рисалей-Нұр шәкірттері қоғамдық және саяси ағымдарға араласқысы келмейді. «Себилулрешад», «Доғу» (журналдары) сынды күрескерлер, имани ақиқаттарды адасушылардың шабуылдарынан қорғауға тырысқандықтан, шын жүректен оларды қолдап, достық, бауырластық жағдайдамыз, бірақ саяси жақтан емес. Өйткені, имани дәрістер алуға келгендерге бейтарап қарау керек. Дәрісте достың да дұшпаның да еш айырмасы жоқ. Ал саяси жақтастық бұл мағынаға зиян береді. Ықылас қашады. Сондықтан Нұршылар теңдессіз қиыншылықтарға төтеп беріп, Нұрды еш нәрсеге құрал етпеді. Саясаттың сойылын қолдарына да ұстамады. Сонымен қатар Рисалей-Нұр абсолюттік күпірліктің белін үзгендіктен, сол абсолюттік күпірліктің астында жатқан анархия мен үстінде тұрған абсолюттік диктатураның да белін үзді. Сондықтан оның да саясатқа қатысы бар сияқты көрінеді. Ал, Нұрдың тәржүманы бір ғана имани мәселені дүниелік салтанатқа айырбастамайтындығын соттарда қаншама рет айтып, жиырма бес жылдық өмірлік ұстанымдары арқылы дәлелдеп берді».БауырларыңСадық, Ибраһим, Зүбейр* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым!Біріншіден: Сендердің еңбектерің мен табыстарыңды шын жүректен құттықтаймыз. Менің барлық қайғыларым мен дертімнің дауасы, Медресетүз-Зехраның жемістері.Екіншіден: Аса-и Мұсаның арабшаға жақсылап аударылуы үшін бір шағын хат жазған едім.Бүгін Анкараға бара жатқан Зүбейрден Сейт Салихке беріп жіберетін едім. Сондай-ақ Тарсуста тұратын бір офицердің Рисалей-Нұрдың кейбір кітаптарын сұрап, шынайы көңілден жазған хатын
39да Анкара арқылы сендерге жібергім келген. Анталияға қарасты Алмалының ықыласты Нұршыларының атынан әйелімен бірге Афионға дейін келіп, сол жерде Нұрлардың жайылуына себеп болған Ибраһим Әфенді келе қалды. Содан беріп жібердім.Баршаға сәлем* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым!Медресетүз-Зехраның қайраткерлеріне аса маңызды мәселені тапсырамын. Сейд Салих «Арабстанда Аса-и Мұсаға сұраныс барын, аса пайдалы болатынын сол жаққа барған сапарымда түсіндім. Арабшаға аудару керек болар», деді. Менің денсаулығым мүмкіндік бермейтіндіктен, менің орныма Медресетүз-Зехраның қайраткерлері (бұл кітапты) жақсылап арабшаға аударту үшін төрт жерге хабар жолдасын. Бір хатты Әл-Әзхарға Әмірдағының тумасы Қылыш Әли арқылы жолдаңдар. Сол жерде бірнеше әдебиетші аударма жасасын. Бір хатты да Анкараға жолдаңдар. Дін істері басқармасында Рисалей-Нұрды жақсы қабылдап, көңіл бөлген бір-екі ғалым арабшаға аударсын. Бір хатты, Қайсеріге қарасты Үргүптің мүфтүсі, бауырым Абдулмәжидке жазыңдар. Жиырма жыл бойы бар күшін Нұр қызметі жолында жұмсауы керек еді. Олай етпеді, енді соның өтеуіне бар күшін салып, арабшаға аударсын.Енді бірі, Спарта өңірінде Нұрдың айналасында жүрген ғалымдар Аса-и Мұса жинағын бөліп алып аударма жасасын.* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым!Біріншіден: Аса қуанышты хабар, Рисалей-Нұрдың толық еркіндік алуының бастамасы ретіндегі сүйіншілеріңе біз де қуандық. Спарта әділет басқармасының үш жыл бойы кітаптарды жинап, қойма ретінде пайдаланған жердің кіре пұлы (арендасы) үш жүз лира. Жаңа әріптермен басылып шыққан. «Өмір Тарихы» кітабының маған қалдырылған бес жүз данасының жүз елуін екі лирадан есептеп әлгі үш жүз лираның өтеуіне алып қалыңдар. Төрт жыл қамалып
40жатқан Аса-и Мұса мен Зұлфикар жинақтары мен үшін аса құнды болғандықтан елу лиралық кітапты маған жіберіңдер. Сендерге елу лира жолдап отырамын.Екіншіден: Назифке мың бәрекелді, мың Машаллаһ. Екінші Хусрев. Инеболу екінші Спарта екендігін дәлелдеді. «Өмір Тарихының» ең негізгі мәселесі Медресетүз-Зехра болғандықтан Назифтің бұл жазбасы, Медресетүз-Зехраның рөлін атқарар Шығыс Университеті деп аталатын Шығыстың Әл-Әзхарының салынуына Президенттің шындап кірісуіне мұрындық болды ғой деп ойлаймын.Үшіншіден: Динарға қарасты Барақлының Имамы Сүйлейманның аса маңызды хатына жауап ретінде жазыңдар: Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Түріктер жайлы мақтаулы сөздері рас. Бірнеше рет Түріктер жайлы маңызды сөздер айтқан. Хадис бар. Алайда қолымда хадис кітаптары болмағандықтан бұл хадисті сөзбе-сөз айта алмаймын. Бірақ мағнасы ақиқат, Түрік халқының Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мақтауына бөленгені рас. Оның бір мысалы Фатих Сұлтан жайлы хадис.Нұрдың алғашқы шәкірттерінің бірі Хулуси Бейдің Анкарада достарына Рисалей-Нұрдың шеңберіне кіруге ынталандыратын өте мағыналы да тамаша хат жазуы, жиырма бес жылдан бері Рисалей-Нұрға қажымай-талмай, қызмет етіп келе жатқандығының белгісі. Барлық бауырларымыз бен қарындастарымызға мың сәлем.* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым!Біріншіден: Аллаһқа сансыз шүкір, үш жылдан бері сотта жатқан «Аса-и Мұса мен Сикке-и Ғаиби» рисалесінің бес нұсқасын қуана-қуана алдық. Аллаһ сендерге мәңгі риза болсын. Әмин.Екіншіден: Соттан қайтқан Зүлфикарда түзетілген қателер, мына нұсқада түзетусіз тұр. «Құран мұғжизаларының» төртінші қосымшасының жүз оныншы бетінің сегізінші жолында «Һәм Ләм-нің» дегені қате. «Һәм Ләнің» болуы керек. өйткені Құранда ләм отыз мың, ал, лә он тоғыз мың. (рет қайталанды)
41Үшіншіден: Спарта Сүмербанк фабрикасынан бір кісі жаңа әріптермен жазған хатында маған бір сұрақ қойыпты. Менің орныма сендер оның, тағдыр рисалесін оқуы керек екендігін айтыңдар. Мен науқаспын және жеке, арнайы хат жаза алмаймын. Оның үстіне Зүбейр де Анкараға кетті. Жаңа әріптерді де білмеймін. Осы хабарды сендерге жолдап отырмын.Төртіншіден: Жүргізуші Абдуррахман арқылы өз қаражатым, елу лираны жібердім. Маған жолдаған кітаптар мен Сөздер жинағын қалған қарыздарыма жатқызыңдар. Өте асығыс болды. Баршаға көптен-көп сәлем.* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым!Біріншіден: Сендерді құттықтап қояйын. Хусревтің осы жолғы министрлерге жазған хаты, өте керемет тарихи құжат болып саналады. Бірақ бір-екі күн бұрын Сұнғырдан алған телеграммада, бір жүз сексен бес туындының қайтарылуына бұйрық беріліпті.Бұл сөйлемдегі санды түсіне алмадық. Телеграфқа барып, бастықтан сұрадық. Жазып алған қызметкер қате жазыпты. Мен өз құлағыммен естідім «Барлық туындылар кері қайтарылсын» деген, (деді). Ойпырмай, жүз отыз рисаледегі кейбір бөлімдерді жеке-жеке санап жүз сексен беске жеткізген бе? деп те ойладық. Түсіне алмадық. «Йени Шафақ» газеті жазғандай Медресетүз Зехраны, Шығыс Университеті деген атпен үлкен Ислам Университетін ашуға, Президент айтқандай «Барлық кедергілерді аттап өтіп, салуға тырысып жатырмыз» деген хабарды алдық. Иншаллаһ қырық жылдан бері соңына түсіп жүрген аса маңызды мақсатымыз еді. Отанның, елдің игілігі үшін салуға мәжбүр болады.Екіншіден: Үш жылдан бері біз сияқты қамалып жатып, өздерің жіберген Зүлфикар мен Аса-и Мұсадан бірнешеуін маңызды жерлерге жолдадым. Мәселен: Жезиредегі мешіт имамы Вастандық Абдуррахим менің бұрынғы шәкіртім. Мұнда да келген еді. Мен оған маңызды кітаптардың онын бердім. Алайда кейін есіме түсті, Зүлфикардың Құран ғажайыптары бөлімінде, төртінші қосымшаның
42екі жерінде (біріншісі сегізінші жолда, екіншісі он екінші жолда) «Лә»-ның орнына «Ләм» болып жазылып кеткен. Ал, Құранда «Ләм» отыз мың «Лә» онтоғыз мың. Бұл қате басқа нұсқаларда түзетілген. Бірақ сотта жатқан нұсқаларда түзетілмей қалыпты. Бұл жерде мен де ұмытып кетіппін. Сендер Жезиренің мүфтүсі арқылы, Имам Абдррахимге көшіріп жазған адамның бұл қатесін түзетіп жіберсін деп жазып жіберіңдер. Осылайша Медресетүз Зехраның қызметшілері Жезиремен байланыс құруын сендерге тапсырамын.Осы жолғы Хусревтің хатынан, Зүбейдің Назифке жөнелтуі керек болған хатын қателесіп, сол жаққа жолдап қойғанын түсіндім. Хусревтің де шамалы қателігі бар. Өйткені Жиырма төртінші Мектуб емес, Жиырма төртінші Сөздің оныншы асылына қатысты Назифке жазған шағын хатым бар еді. Көшірмесі де қалмапты мұнда. Оныншы Асылдың көшірмесін Назифке жіберіп, сол хаттың көшірмесін бізге жіберуі үшін айтқан едім. Қателесіп, Оныншы асылды сендерге жіберіпті. Бірақ өте тамаша, ауқымды жазбасы, бұл шағын қателігін жауып кетті, кешірім еткізді. Бұл мәселенің сыры мынада. Назиф үлкен бір хайырлы іс жасау үшін Нұршылардың аса маңызды вирдіне айналған Жәушанул Кәбирді машинамен көбейтіпті. Мұның сауабына байланысты, қосымшасындағы астарлы хадистердің сауабына қатысты бөлімді бірге көбейту үшін жазған екен маған. Мен де, отыз жылдан бері Жәушанды күнде оқып жүрсем де, ол қосымшаны үш-төрт реттен артық оқымаппын. Сондықтан (оны басу) жөн бола қоймас. Бізге қарсы шығушы азғындардың тиісуіне де жол бермеу керек. ИншаАллаһ ол Жәушанул Кәбир Нұршылардың қайратымен жарыққа шығады.Үшіншіден: Анкара мен Стамбул Университеттеріндегі Нұршылар Стамбулда екі мың дана «Шырақты» бастыруда. «Шырақтың» толық нұсқасы деп ойлаймын. Сол дұрыс. ИншаАллаһ жастардың шырағына айналар расында. Қылыш Хажы Әлидің Медресетүз Зехрамен байланыс құрып тұруы үшін хат жазыңдар. Аса-и Мұсаны әдебиетші ғалымдар, жақсылап аударсын. Сол аудармалар арқылы Ислам Әлемінің ұстаздары Нұрлармен байланыс құрсын.Төртінші: Хажыға кеткен ағаш ұстасы Ахмед сау-сәләмат оралды ма? соған алаңдаудамын. Сондай-ақ Зүлфикар мен Аса-и
43Мұсаның соңындағы Хусрев пен оның көмекшілеріне арналған дұғаны Мұстафа Гүл мен жолдастарын да қоса отырып Сөздер жинағының соңына жазыңдар. Баршаңызға сәлем.бауырларыңСаид Нұрси* * * * *«Бұл мұғалім Осман, Жейланның түрмедегі жолдасы. Одан дәріс алыпты. Екінші Жейлан бола алатындай қабілеті бар. Таң қаларлық бір оқиға, күн сайын Нұршылардың арасына қосып, аттарын атап тұрып дұға етіп жүрген екі сопының, өз пайдалары үшін, маған және Нұршыларға тиіскендігі жайлы хат алдым. Оларға ренжімедім, көбірек дұға ететін болдым. Баяғыда, бұрынғы партияның (үкіметтің) айдап салуымен, бізге тиіскен қарт шейх сияқты, оларды өзімнің мүбәрак бауырларым, достарым деп білдім, кешірдім. Бірақ екі ықылас рисалесін оқуын қалаймын. Бауырларым, мұндай адамдарға сендер де ренжімеңдер, айтысып-тартыспаңдар».Саид Нұрси* * * * *
[Ұлы сотқа (ақыреттегі) арыз және қорғау сөздің бір қосымшасы]Әзиз, Сыддық бауырларымОсы мағынада әділетшіл Демократтарға арыз жазуларыңа болады. Мен науқаспын, өздерің қалай жөн санасаңдар солай етіңдер. Бір күн бұрын адвокатымыздан алған хатта, «Кітаптарымызда қылмыстық мәселелер бары жоғын тексеруде» деген хабар айтылды. Осы уақытқа дейін жасап келгеніндей, тағы да ешқандай заңға сыймайтын, мыңдаған сөздің ішінен, бір рисаледегі бір сөзді сылтау етіп, кінә тағу, сол рисалені алып қойып, Нұрлардың жайлауына қасақана кедергі болмақ оймен... алған қарарларын Касациялық сот бұзып отырғанның өзінде, қылмыс ретінде көрсеткен тақырыптары бізге кінә артуға келмесе де, прокурордың айыптау қағаздарындағы сексен қате мен қаскөйлік ниетін дәлелдеп берсек те, сол қаскөйлік ниетпен төрт жүз беттік Зүлфикар рисалесінен, жүз мың тәпсірдің осы тақырыпта айтқандарына сүйене отырып жазылған, хиджап пен мұрагерлік мәселесі бойынша отыз-қырық жыл бұрын жазылған бірнеше сөйлемді сылтау етіп, сол үлкен кітапты бізден алып қоюға, қандай заң рұхсат береді жер бетінде? Сондай-ақ Афион сотындағы кітаптар (Құрандағы қайталуларға және періштелерге қатысты екі бөлімшеден басқалары) екі жыл бойы қолдарында тұрды. Денізлі мен Анкараның қылмыстық істер соты айыптауға тұрарлық еш нәрсе таба алмай ақтау шешімін шығарды. Дәл сол кітаптарды Спарта үкіметі жинап алып, кері қайтарды. Кейіннен Зүлфикар мен Аса-и Мұса ескі жазумен рұхсатсыз басылды деген сылтаумен төрт жылдан бері қолдарында жинаулы тұрды. Қылмыстық мәселе болмағандықтан жүз жетпіс дана кітап толық қайтарылды. Біздің ең үлкен кінәміз ретінде көрсетілген нәрсе бұрынғы партияның (үкіметтің) басшыларына ақиқат атынан қарсы шығуымыз. Қазір діни журналдар мен ресми газеттерде біз айтқан сөздердің, қарсылықтардың жүз есесі жазылуда. Рисалей-Нұрдың көпшілкке арналмаған бір бөлімінде
45қазіргі заман толық растап берген хадистің тәпсірінде сол басшының Лозано келісімшартында, ешқашан Христиан не Мусауи не басқа дінге кірмеген нағыз Мұсылман Түріктерді Протестант жасау үшін Равинмен одақтасып, келісім берген бұл адам, барлық Ислам ғұламалары «Рұхсат жоқ» деп көрсеткен (шляпаны) заң арқылы бейкүнә Мұсылмандарға зорлықпен кигізді. Адамзат тарихында мұндай мағынасыз түрде жұрттың бәрін мәжбүр ету еш қандай заңға сыймайтын, өзімбілемдік. «Айттым бітті» заңдар мен заң атынан мына Мұсылман халыққа күштеп (шляпа) кигізу, әлбетте ол адамның Лозано келісім шартында қабыл еткен сұмдық ойын дәлелдеп отыр. Хадис хабар берген Ислам дініне зиян беретін адам осы бастық болып отыр.Жағдай осындай, Афион соты заң жүзінде емес, өліп қалған адамға деген сүйіспеншілігі үшін, ескі әріптер мен де жарияланған қарарнаманың соңында бізді соттаудың ең негізгі себебі ретінде прокурордың қаскөйлік ниетіне орай, алқа билер «Саид пен жолдастары, Мұстафа Кемалға дін бұзар, Суфян деген, жүректердегі (оған деген) махаббатты жоюға тырысқан, сол үшін соттап жатырмыз» депті. Өліп қалған бір адамға қарсы мың есе артық әңгіме айтылса да жеке жағдай болып қалмай ма? Әділ соттың мұндай қарар беруінің артында басқа мағына, басқа шаруа жатыр. Қазір бұл адамдардың қолында Рисалей-Нұрдың төрт рет ақталу қарары бола тұра, Әділет министрі үш рет Рисалей-Нұрды ақтау және бұл кітаптарда қылмыстың нышаны да жоқ екендігіне, бізді соттап отырған Афион сотының қарарын бұзып тұрып үкім шығарса да, дәл қазір халық Демократтардан әділдік, мейрім және діни қызмет күтіп отырғанда, бұрынғы диктаторлардың жоспарын іске асырардай, Рисалей-Нұрға қарсы қаскөйлік әрекеттерге жол берілмеуі тиіс. Жол берілсе Демократ Үкіметке қарсы жасалар үлкен қиянат болмақ. Халыққа жұбаныш сыйлап тұрған үміттерін үзеді. Менің Анкарадағы бір уәкілім Мұстафа Сұңғыр, 17.11.1950 күнгі телеграммасында «Барлық Рисалелер бізге қайтарылатыны жайлы қарар алыныпты» деп сүйінші сұрады. Әділет министрі үш рет ақтау шешімін шығарып отырғанда, Сұңғырдың хатында айтылғандай, барлық рисалелерді қайтаруға бұйрық шығып тұрғанда, телефонмен тағы да айтармын деп отырғанда, он алты жылдан бері біздің үстімізден жала жауып,
46Ескішехир мен Денізлідегі барлық істі Афион соты мағынасыз түрде жинап алып, рақымшылық заңы шығуына орай, ақтау қарарлары шықса да бұл берекелі кітаптарды іс-қағаздарының арасында шірітіп, қоймаға тастап, үш жылдан бері бізді алдап отырған адамдарға Нұрларды тапсырып қоюға болмайды. Премьер министр мен Әділет министрінің осы мәселені назарға алуын қалаймыз.Саид Нұрси(Сілтеме) Таң қаларлық жағдай, әділетке де дінге де үйлеспейтін зұлымдықтардың бірі, үш жыл бұрын алып қойған Құранымызды қанша сұрасақ-та бермеуі. Екі мың сегіз жүз рет алтынмен жазылған Аллаһ сөзі көзге көрініп тұрған Құрани мұғжиза екендігін көрсететін мүбәрак Құранымызды бермеді. Қазір адвокатымыз «Дін істері басқармасына арыз жазыңыздар, қайтарып берсін» дейді. Мұндай жүздеген мысалдар бар. Тек қана қаскөйлік пиғылмен және шет елдіктердің итермелеуімен бізге қарсы жұмыстар жасалуда.Бізді де Ислам Әлемін де қуантып отырған Демократтар абай болсын. Нұрлар мен Нұршыларды мына азаптардан құтқарсын.Нұр шәкірттерінің атынанСаид Нұрси* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым!Менің Абдуррахманым және кіші Хусрев атанған Жейлан, өз міндетін екі-үш жерде толық орындап келді. Қазір олардан да үлкен шаруа атқаруға Анкараға Сұңғыр сияқты уәкілім ретінде жіберіп отырмын.Екіншіден: Кейбір кісілердің хаттарынан хабардар болсын деп, сендерге жолдап отырмын.
47Үшіншіден: Сөздер жинағы мен Инеболудан келген жаңа әріптермен жазылған «Өмір тарихы» кітабы үшін және ескі әріптермен жазылған Жәушаннан маған жіберілетін нұсқалар үшін сендерге қанша қарыз боламын, соны айтыңдар.Бауырларың Саид Нұрси* * * * *Әзиз, Сыддық бауырым Осман Нұри!Хақ Тағала, сенің ізгі ниетің мен ықыласыңа орай Анкарада ең мықты Саидтарды сенің айналаңа жинаған екен. Менің Анкарада болғанымды да қалайсыңдар. Мен де өз ақшама алған кітаптарды сол шағын Нұр медресеме жолдаймын. Сенің айналаңа солардың санындай Саидтар жиналсын. Осы уақытқа дейін жан қияр баладан артық қызмет еткен жас Саидтар, бес-он Абдуррахманым сияқты еңбек еткен Сұңғыр, Жейлан, Тиллолық Саид, Салиһ, Абдуллаһ, Ахмед, Зия сынды еңбекқор Саидтар сенің қасыңдағы менің уәкілдерім, һәм сенің шәкірттерің ретінде менің орныма сол шағын Нұр медресесіне қарап, дәрісхана кейпінде ұстауды тапсырамын. Бауырларың Саид Нұрси* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым!Біріншіден: Хусревтің атынан Президентке жіберілген телеграмманы Анкарадағы жас Хусревтер, Хусревтің қаламымен жазылған Құранды фото көшірме түрінде бастыру үшін берген болуы мүмкін деген ой келді. Сендер Спартаның почтасынан қандай мағынада жазылған телеграмма екендігін біліңдер. Хабарын айтарсыңдар, білгім келіп тұр.
48Екіншіден: Кониядағы Рифат Филиз бауырымыздың хатында айтылғандай, кейбір сопылардың бізді аздап сынға алуы маңызды емес. Еш уайымдамасын. Не болса да қарсылық білдірмеңдер. Мен қазір Иманды жандардың, әсіресе тариқатшылардың жеке басымды сынға алуын, насихаттың, илтипаттың бір түрі деп түсінемін. Оларға кешіріммен қараймын. Бүгінгі таңда бұзғыншылардың бізге жасап жатқан қиянаттарының жанында, иманды жандардың жеке басымды аздап сынға алуларын, ескерту деп білемін, абай болуға итермелейтіндіктен достық пиғыл ретінде қабылдаймын.Үшіншіден: Жақында жасырын мұнафықтардың азғыруымен, Афиондағы апталық газеттер мені еш қатысым жоқ нәрселерге байланысым бардай етіп көрсетіпті. Мұндағы Нұршылар да оны жоққа шығарды. Алаңдайтын нәрсе емес. Медресетүз Зехраны қалыптастырушылардың Ислам Әлемінің пайдасына жасап жатқан өте әсерлі де тамаша Нұр қызметін шын жүректен құттықтаймыз. Барлық бауырларымыз бен қарындастарымызға мың сәлем. Дұға етіп, олардан да дұға күтеміз.Бауырларың Саид Нұрси* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым!Біріншіден: Мүбәрактар ауылынан Әли мен Хажы Сүлейман, Динар жақтан Абдуррахман мен Химмет және олардан бұрынырақ келген Нұршы жерлестері келді. Аллаһқа мың шүкір, мүбәрактар ауылы (Куле өнү) бұрынғысынша Нұрларға қатты көңіл бөлуде. Солардың шынайы ықыластарының бір кереметі, өзіме тиесілі он кітапты қажет болған соң Анкараға жолдағанмын. Аса маңызды, ұзақ жердерден кітап сұратқан күні Куле өнү мүбәрактары өздеріне тиесілі кітаптардан мен жолдаған кітаптардың санындай кітаптарды Медресетүз-Зехраның сыйы ретінде маған алып келді. Бірінші Абдурахман атанған үлкен Мұстафа өз қолымен жазған Мектубат пен «Қосымша» бар арасында. Хақ Тағала сол кітаптардағы әріптердің әр қайсысына мың сауаптан жазсын, Әмин.
49Екіншіден: Түрмеде Хусревтің алаңсыз болуы үшін он бір ай ерекше қызмет етіп, сотта қорғау шараларына да жақсы ат салысқан Нұрдың жас қаһарманы Мұстафа, кеше маған келіп, «Мен Хусрев ағамды зиярат етуге барамын» деді. Мұндай зиярат екеуіңнің де хақың дедім. Алайда бүгін төрт шәкірт Спартаға кетті. Сондықтан қажеті қалмады. Сен де Рисалей-Нұрдың өкілі ретінде бір ауылда имамсың. Ол қызмет те менің жеке басыма қызмет еткеннен, Нұрлар үшін де маңызды болумен қатар, дәл қазір Хусревті зиярат еткеннен де артық болуы мүмкін. Егер ол ауылда Нұр қызметі болмағанда Мұстафадай ықыласты адам қажет болар еді. Олай болса әзірге зиярат етуді қоя тұр, дедім.Үшіншіден: Кониялық хажы Сабри бауырымыз келді. Садық, Хайри, Мұстафа және менің өз ара сұхбатымыз Хажы Сабриға маңызды бір сабақ болды. Медресетүз-Зехраны қалыптастырушылардың, әсіресе Хусревтің бұл елге, отанға, Ислам әлеміне иман жолында атқарған қызметі, бұзғыншыларға тосқауыл болуы өте үлкен игі іс, (бет аулақ) мың күнәсі болса да кешірілетін шығар. Олай болса Хусрев бастаған ол топтың қандай да бір әрекетіне мін тақпау, шынайы ықыласпен демеу болу, бауыр болу керек деген мағынада дәріс болды. Иншаллаһ, Хажы Сабри де Молда Сабри, Рүштү және басқалар сияқты жан-тәнімен көңіл бөліп, Хусревке бауыр болар. Ұстанымдарының әр түрлі болуы кедергі болмайды.Науқас бауырларыңСаид Нұрси* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым! Медресетүз-Зехраны қалыптастырушылар, Нұрды жарыққа шығарушылар!Біріншіден: Бір мәселені айта кетуді жөн көрдік. Нұрлар жайлы негізгі сөз иесі Медресетүз-Зехраны қалыптастырушылардың шешкені дұрыс. Мәселе мынау: Қазір маған қызмет етіп жүрген үш досымыздың бірнеше күн менен сабақ алғылары келуіне байланысты, баяғы шәкірттеріме берген құнды сабақтарды еске түсіргім келіп, баспадан шыққан Лемағаттан күн сайын бір бет дәріс бердім. Мен де олар да таң қала риза болушы едік. Мынадай ой келді. Басылып
50шыққан мына рисаленің, басылып шыққан басқа рисалелер сияқты (артық) нұсқаларының қалмау себебі, мұның аса құнды рисале екендігін сезген жаулар жарыққа шығуына кедергі болды, ал достар қадірін түсініп қолдарынан шығармай отыр. Байқағанымыздай, бұл Лемағат Рисалей-Нұрдың негізгі бөлігінің дәнегі, өзегі іспетті қанатты сөздер ешқандай әдебиетшінің, ойшылдық қолынан келместей өте оңай, алайда қайталанбас жағдайдағы қоғамдық ақиқаттардан тұратын шағын ұйқастың бір кітаптың мағынасын жеткізу мен еш қандай ұйқастың формасына сыймайтын қара сөзбен жазылған кітаптай оңай оқылуы, отыз жеті жыл бұрын Қасиетті Рамазанла, жиырма күнде, күніне бір-екі сағат шұғылданудың нәтижесінде мәснәуи жанрына жақын жазылуы және жиырма жерде ғайби ескерту жасап, жеткізген ғайби хабарлары отыз-қырық жылдан кейін дәл келгеніндей, қолымыздағы нұсқаға ишара қойдық. Бұл Лемағаттың Рисалей-Нұрды сүйіншілеуші мазмұны, көшеті егілген алқабы екендігіне күмәніміз қалмады.Үшіншіден: Бұл Лемағатта ишара еткен жерлерді Сөздердің соңына Отызыншы сөз деген атпен қосуды Нұрдың хас батыры Хусрев пен Медресетүз-Зехраны қалыптастырушылардың еркіне қалдырамыз. Барлық бауырларымыз бен қарындастарымызға сәлем жолдап дұға етеміз, олардан да дұға күтеміз.Бауырларың Саид Нұрси* * * * *(Сілтеме) Егер қабыл етсеңдер, қолымдағы Лемағатты кейінірек жіберемін.* * * * *Әзиз, Сыддық, табанды, ықыласты бауырларым мен қарындастарым!Айттарыңды және осы жылы емін-еркін хажылыққа кеткен хажылардың айттарын, елдегі диктатураның күйреуінің нәтижесінде бұл халықтың шариғи еркіндігінің басталуын және халқымыздың рухани мейрамын, Ислам Әлемінің ауызбіршілігі мен ояна бастауының рухани қуанышын және Рисалей-Нұрдың Құрани
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255