“Рисалей-Нұр” жинағынанӘМІРДАҒЫЛАХИКАСЫІАвторыБәдиүззаманСаид НұрсиЖиырма жетінші мектубтан
ӘОЖ 28КБЖ 86.38Н 87ӘОЖ 28КБЖ 86.38ISBN 978-601-7028-75-6© ТОО Нур Фейз, 2021Нұрси С.Әмірдағы лахикасыҒылыми-көпшілік басылым.ауд. Жандос ҚиянбековАлматы, «Нур Фейз» ЖШС. 2021 ж.
АЛҒЫ СӨЗБұл хаттар топтамасы яғни Жиырма жетінші Мектуб, Рисалей-Нұр алғаш қағазға түсе бастағаннан бері жалғасып келеді. Жалпы Рисалей-Нұр алғаш рет Барлада жазыла бастаған. Кейінірек оны Спарта мен соның айналасындағы аса қымбатты шәкірттері оқу және жазу арқылы көп пайдасын көріп, ішкі дүниелері нұрланған. Өздерінің алған әсерін, ыстық ықыластарын, ұстазға деген алғыс-құрметтерін рахмет айту ретінде құрметті ұстаздарына хат арқылы білдірген. Сондай-ақ, кейбір мүшкіл мәселелері мен толғандырған сұрақтарына жауап беруін өтінген. Осылайша ұстаздың өзі жазған, шәкірттері жазған хаттар «Барла», «Қастамону», «Әмірдағы» қосымша хаттар топтамасы ретінде жарыққа шыққан. Барла хаттары: Бұл кітап Рисалей-Нұрдың Барлада қол жазбамен көбейтіліп, айналаға тарай бастаған кезеңнен Ескішехир абақтысына қамалған кезге дейінгі Рисалей-Нұрдың ақиқат құмар шәкірттерінің Нұрлар алғаш жазыла бастағанда бірінші рет оқып, алған әсерін, пәк сезімдерін, рухани қалби табыстарын, бөленген фәйз-нұрларын баяндаған ой-толғауларын сондай-ақ құрметті Ұстаздың да жазған кейбір хаттарын қамтиды. Қастамону хаттары: Ескішехир абақтысынан шыққаннан кейін Нұрдың авторы Қастамону қаласына жер аударылады. Ол жерде Денизлі абақтысына қамалғанға дейін тұруға мәжбүр болады. Осы кезеңдерде Нұрдың авторы Спартадағы шәкірттерімен үнемі хабарласып Рисалей-Нұрдың ескі жазумен яғни Құран әріпімен жазылып көбейтілуіне, және оның әртарапқа жайылып, сырларының ашылуына және Құран әріпін танымайтын жастардың пайдасы үшін Рисалей-Нұр жинағынан кейбір тақырыптардың қол машинкасымен көбейтілуіне аса мән береді. Рисалей-Нұрдың мәнісі, оның қадір-қасиеті және мойнына жүктелген имани міндеті, Иләһи рахымға бөленуі, сондай-ақ, шәкірттерінің қызмет ету әдісі, дінсіздердің шабуылына қарсы табандылық танытып, төтеп беруі және мұсылмандардың өзара қарым-қатынаста сақтауы керек ережелер секілді өздеріне және басқаларға қатысты көптеген мәселелерді қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда Қастамону хаттары, әсіресе жазылған кездері аса маңызды болып, сол кезеңде жарыққа шыққан
6ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іқұнды еңбек әрі қоғамдық мәселелерді, ауқымы кең, имани, ақиқат назармен талдап-талқылап, жалпыға ортақ мәселелерді қамтуы жағынан аса құнды шығарма. Әмірдағы хаттары, бірінші бөлімі; – 1944 жылдың 15 маусымында Денизли түрмесінен босап шыққаннан кейін іс министрлікте қаралып, соның шешімімен Әмірдағы қаласында тұруға мәжбүр етілген Рисалей-Нұрдың авторы Саид Нұрси, 1947 жылдың соңына дейін яғни өміріндегі үшінші ұзақ қамалу болып саналатын Афион түрмесіне қамалғанға шейін Әмірдағында өмір сүреді. Осы кезеңде Спарта, Кастамону, Стамбул, Анкара қалаларындағы және жоғары оқу орындарында оқитын шәкірттеріне сондай-ақ, Анадолуда Нұрлар тарай бастаған аймақтардағы шәкірттеріне қызметке қатысты жазылған кейбір хаттары және сұрақтарға жауаптары енгізілген. Екінші бөлімі: 1948-1949 жылдары Афион абақтысында жиырма ай отырып, кейін қайтадан Әмірдағына оралып, сол жерде біршама тұрғаннан кейін 1951 жылы Ескішехир қаласында екі ай ұстап, ол жерде жүргенде «Генчлик рехбери» (Жастар шырағы) кітабы сотқа берілгендіктен екі мәрте Стамбулға келіп, үш ай сонда тұрады. Бұл 1952-1953 жылдар болатын. Содан кейін де Әмірдағында тұрғанда шәкірттеріне жазған хаттары және сотта айтқан сөздері, айыптамаға қарсы ақталу жауаптары секілді әртүрлі тақырыпты қамтиды. 1953 жылдан кейін өмірінің бір кезеңі өткен Спарта қаласында ара-тұра жазған хаттары да жоқ емес. Ескішехир, Денизли және Афион абақтыларында жатқан шәкірттеріне жазған аса қымбат хаттарға келер болсақ, ол да қадірменді ұстаздың өзі мақұлдап «Шұғалар» атты кітапта қаз-қалпында жарияланған болатын. Шәкірттердің бұл кітапқа енген хаттарының мазмұны Нұрдан алған иман нұрлары, ықыластары, адалдықтары, имани батырлықтары, соларды ұстаздарына айтып, алғыстарын білдірген. Бұл олардың заманауи тәпсір Рисалей-Нұрдың ақиқат екенін және өздері Ұстаз Саид Нұрсидың мақсатына жан-тәнімен берілген куәгерлер екендіктерін көрсетеді. Рисалей-Нұрдың жазылуы, таралуымен қатар, мына қолыңыздағы хаттардың жарыққа шығуы, жалғасын тауып, шәкірттер арасында тарауы, ұстаз Саид Нұрсидың өзі қолдап, түзетіп реттегендігі көп мән бергені өзі жазған көптеген хаттардан байқалады. Олай болса бұл
7ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іхаттар топтамасы маңызды әрі құнды еңбек. Рас, Рисалей-Нұрдың жазылуы, жарыққа шығуы және жан-жаққа таралуымен қатар Нұр қызметінің, Құран дәрісінің тәлім-тәрбие беруі, жүзеге асуы кезінде, Нұр жолының қандай болуы керектігі түсіндірілуі және ұзақ уақытқа созылатын қызмет барысында кездесетін түрлі жағдайларда, аяқтан шалып тиіскен кезде шәкірттер қаймықпай табан тіресу, қайсарлық, танытып ықыласын сақтау тұрғысында оларға жол көрсетіп жөн сілтеу әлбетте керек-ақ, шарт десе болады, ол анық мәселе.Міне, Ұстаз Саид Нұрсидың осындай еш шүбәсіз мәселелер мен ақиқаттарға дөп басып назар аударып, жетекшілік етуі, шәкірттерін ескертіп отыруы сөзсіз киелі қызметтің маңыздылығының талабы десек артық айтқан болмаймыз. Сондай-ақ, осы хаттардың кейбіреуі қажеттілікке орай жазылған және жаздырылған ескерту болғандықтан және сол қажеттіліктер әрқашан қайталанып отыратындықтан әрдайым оқып, үйрену деген хикметтері бар, жол көрсетер ереже заңдар баяндалады. Мұны жүздеген оқиғалар мен мәселелер растап, солай екенін көрсеткен-ді. Нұрлардың алғашқы шәкірті Хулуси мырза, Хазреті Ұстазға жазған хатында былай дейді: «Дүнияны ұмытқыңыз келсе ешбір себеп болмаса да, осы берекелі Рисалей-Нұрмен байланыс құрған кісілердің өтінішін орындап, түсінбегендерін түсіндіріп, сұрағандарына жауап беріп отырсаңыз да жеткілікті... Сізді Құдай үшін жақсы көргендерге, сізден (бір мәселені) түсіндіріп беруді сұрағандарға жазған қымбат жазбаларыңызды баяндап ғылыми мәжіліске сыйға тартқан сан-алуан тақырыптар, тіпті «Сөздер» кітабына енбеген мәселелер бар; демек қажеттілік те қызмет те бітпегенге ұқсайды» деген екен. Бұл, Нұр қызметінде ескертулер, нұсқаулар, жөн сілтемелер керек болатынын білдіреді. Бұдан кейін де туындайтын мәселелерге жауап беретін осы хаттар манағы кісінің тауып айтқан сөзін растап, бекіте түсуде.Бұл кітаптарда байқалғанындай, Нұрдың авторы ғазиз Ұстазымыз Рисалей-Нұрды тарату, оқу әрі жазу секілді Рисалей-Нұрмен тікелей шұғылдану аса маңызды екенін айтып, оған аса мән береді және шәкірттерін соған ынталандырады. Мұның қажеттілігі мен хикметі болса, шүбәсіз анық мәселе, түсіндіру артық болар. Олай дейтініміз, Қазіргі таңда пән-пәлсәпа, материалистік пікір, материалистік дүние
8ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ітаным тым өршіп, сананы билеп алған. Жас ұрпақ сол ілім мен пәнді оқуда. Табиғатшылдық, матералистік сана дінге, руханиятқа қарсы ой-пікірлерін газет-журнал арқылы таратуда. Құдайсыздық, атеиістік ағым дін атаулыға дұшпан, руханияттан жұрдай, Иман ақиқаттарына өш пікірлерін жаю үшін, Ислами ұғымнан алыстатып, күллі адамзатқа қауіп төндіретін және жастарды, келешек ұрпақты имансыз ететін бар күштерін салып кітап, журнал, газет сынды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қарқынмен жұмыс істеп жатқан заманда әлбетте Рисалей-Нұрға, оны оқуға, айналамызға таратуға аса мұқтажбыз, зәруміз. Өйткені Рисалей-Нұр Қасиетті Құранның рухани мұғжизасы және осы заманғы дінсіздікке қарсы мағынауи атом бомбасы секілді имансыздық ағымын тоқтататын, рухани азғындыққа төтеп беріп, жүректерді тазартатын, руханиятты жөндейтін, әркімді жеке-жеке қолға алып, тахқиқи иманның күш-қуатына ие болғызатын ерекше тәпсір. Ол бұл міндетті тағы да сол қасиетті Құранның илһамымен, иршадымен, дәрісімен, нұрымен атқаруда. «Табиғат жаратты, әрнәрсенің бастауы материя» дейтіндер, ішінен шыға алмай батып кеткен мәселелер де Имани көзбен қараудың арқасында тәухид нұрын көрсетеді. Иманның ақиқаттарына материя әлемінен мысал келтіріп, дәлелдеп көрсетеді. Мектеп пен жоғары оқу орындарында оқытылып жатқан ілім мен пәндердің өзі иман ақиқаттарының дәлелі екенін анық көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда Рисалей-Нұр мына заманда имандылар мен мұсылмандар үшін бәрінен бұрын қол жеткізуі қажет рухани алмас қылыш. Заманның талабына сай, түсінігіне сәйкес, қажеттікті қанағаттандыратын, толыққанды дәріс беретін, тікелей илһаммен, нұр-фейіз арқылы аяттардан алынған Құрани сабақ, іші Аллаһты таныстырар аса ауқымды айғақтарға толы. Қазіргі таңда халықтың түсінуіне ең ыңғайлы, санаға сіңімді, көңілге қонымды, хикметке толы Құранның заманауи дәрісі болған Нұр рисалелері әсіресе елімізге пайдасы мол, қосқан үлесі зор. Ғасырлар бойы Құранның туын желбіреткен, әлемге діндарлығымен танымал біздің халық, тағы да әлемге үлгі-өнеге болып, ахлақ пен адамгершілік тұрғысынан жетекші ретінде адамзаттың соңғы кездері бастан кешірген сұмдық аласапыранынан құтылудың жолын көрсететін болады. Адам баласын терең шұңқырларға сүйрейтін қауіпті анархиядан, азғындықтан құтылудың жалғыз шарасы
9ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ітек Иләһи, аспани діннің мәңгі өшпес ақиқаттары, дін Исламның негіздері болмақ. Рисалей-Нұр Ислам мен Құран ақиқаттарын дәйекті де нақты түрде көрсетіп, адамзаттың назарына ұсынуда, жан-жақты түсіндіріп беруде. Нұр рисалесінің авторы бір хатында былай дейді: «Мен өз өмірімді Мұсылмандардың өзара жақ-жақ болып, айтысып-тартысуына себеп болатын ұсақ-түйек мәселелеріне емес, бүкіл адамзаттың ең өзекті мәселесі яғни иманның шарттарын түсіндіретін, адамзат бақытының кілті, Исламның тұғыры, бауырластықтың қайнары болған Құранның имани ақиқаттарын табуға және мұқтаж жандар да тауып алсын деген жолға арнадым». Автор осылайша Ислам дініне қызметтің және діни мәселелердің ауқымы кең, маңызы зор екенін білдіре отырып, қандай да бір діни қызметті қолдау, ынталандыру керектігін, сондай-ақ Құранның ұлы даңғыл жолы болған Рисалей-Нұр шеңберінің бүкіл имандылар мен мұсылмандарды қанатының астына алып, қамтитынын айтқан. Тағы бір хатында: «Тіпті мұсылмандармен ғана емес діндар христиандармен де дос болып, жауласқанды қоюға тырысып жүрмін. Дүние жүзілік соғыс пен коммунизмның салдары анархия және солардан туындар қауіптер хал тілімен адамзатқа «Дүние фәни, баянсыз, қоштасуға толы. Уа, адамдар! Жауласқанды доғарыңдар! Құраннан сабақ алып бірігіңдер! Әйтпесе сендерді жермен жексен етемін» деп тұр! Міне, бұл сөз, мына заманның шарттары, талаптары ауыр екенін, оларға қарсы қалай қызмет ету керектігін Құранның нұрымен көрсетіп беріп отырған, хикмет толы иршад, тәрбие беріп, Иләһи таупыққа сай әрекет етіп отырған Рисалей-Нұрдың маңыздылығы мен қажеттілігі орасан зор екенін анық көрсетіп беруде. Сонымен, бұл хаттар топтамасы осындай тақырыптарды қамтиды. Сан құбылып, дөңгеленген дүниенің ауқымды да күлли мәселелерін шешетін, талап-шарттарына сәйкес Құрани қызметтің қалай атқарылатынын, соның негіздерін үйретеді. Бәдүззаман Саид Нұрсидыңқызметінде болған:Тахири, Зүбейр, Хүснү Байрам,Мұстафа Сүңғыр, Байрам
Әмірдағындағы бауырларыма!Менен күмәнданғандарға айтыңдар: Біз қызмет етіп отырған мына адамның жиырма жылдық өмірінің бүкіл іші-сыртын паш ететін хаттары мен кітаптарын үкімет орындары қоймай жүріп тауып алды. Спарта, Денізлі және Анкара соттары тоғыз ай тексергеннен кейін, бес сандық кітаптар мен қағаздардан бір шәкіртіне бір тәуліктік жаза беретіндей де кінә таба алмады. Анкара комиссиясы мен Денізлі соты бір ауыздан рисалелерді ақтады.Қария болғасын құрметтеп, көмектесіп жүрген ұстазымыз, сотта жиырма жылдан бері ешқандай газет немесе саяси бір еңбек оқымағанын, сұрамағанын я болмаса әңгіме етпегенін бүкіл дос-жарандарын куәлікке тартып, дәлелдеген еді. Үкіметтің екі басшысы мен бір әкімі, бір депутаттан басқа лауазымды шенеунікті таны-майды, білмейді, білгісі де келмейді. Сондай-ақ, дүниежүзілік соғыс жайлы үш жылдан бері сұрамаған, назар аудармаған, радио тыңдамаған. Жарық көрген жүз отыз еңбегін жиырма жыл бойы жүз мың адам зейін қоя оқыса да үкіметке, әкімшілікке, қоғамға, отанға, халыққа тигізер ешқандай зиянды нәрсе таба алмады. Бес облыстың қырағы полициясы мен тексерушілері және сот істерімен шұғылданған үш облыс пен үкіметтің төрт бірдей прокуратурасы оған айып тағатындай шынашақтай қылмыс таба алмағасын босатуға мәжбүр болды. Егер бұл адамның дүниеге және саясатқа бүйрегі бұрып тұрса, тым құрығанда оның ұшқындары мен белгілерінің көрінбеуі мүмкін бе? Алайда, сот істері кезінде ешнәрсе таба алмаған қырсық прокурор, болмаған нәрсені болуы мүмкін ретінде қарастырып, таққан айыптауларында «істеуі мүмкін» деген, «істеді» демеген. Істеуі мүмкін мен істелген істің арасы қайда жатыр? Тіпті, Саид оған сотта былай депті: «Кез келген адам кісі өлтіруі мүмкін ғой. Сіздің мына айыптауыңыз бойынша осы отырғандардың барлығын және сізді де сотқа беру керек...»
11ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІСонымен, дүниелік істерге осыншама бейқамдық көрсеткен мына адам нағыз диуананың өзі, я болмаса халқы мен отанының бақытына ықыласпен еңбек ету үшін еш нәрсеге мойын бұрып, мән бермейтін адам болуы керек. Олай болса, мұндай адамға қысым көрсету отан мен халыққа, қоғамға сатқындық болып есептеледі. Ол туралы әртүрлі күмәндарға бой алдыру–есуастық болып саналады.* * * * *МАҢЫЗДЫ БІР СҰРАҚҚА АҚИҚАТ ТОЛЫ ЖАУАПБірнеше жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкер менен мынаны сұрады: «Мұстафа Кемал, сізге үш жүз лира айлық төлейтін болып, Күрдистанға және Шығыс уәлаяттарға сол кездегі Шейх Сүнусидың орнына уәкіл-уағызшы етіп тағайындағысы келгенде неге бас тарттыңыз? Егер, сөзін қабыл алып, сол орынға отырғаныңызда, көтерілістің салдарынан дарға асылған жүз мың адамды бәлкім құтқарып қалар ма едіңіз?» Мен оларға жауап ретінде былай дедім: Олардың жиырма, әрі кетсе отыз жылдық дүниялық өмірін сақтап қала алмағаным. Дегенмен, жүз мыңдаған отандастарымның әрқайсысын миллиондаған жылдық ақыреттік өмірге қол жеткізетін Рисалей-Нұр жарыққа шығып, олардың жоғалтқан нәрсесінен мың есе артық пайдаға кенелтіп, зор қызмет атқарды. Егер, ол ұсынысты қабылдағанымда еш нәрсеге құрал болмайтын, ешкімге тәуелсіз, нағыз ықыласқа негізделген Рисалей-Нұр жарыққа шықпас еді. Тіпті мен, абақтыда отырған қымбатты достарыма былай деген едім: Егер Анкараға жіберілген Рисалей-Нұрдың ащы шындығы мен, ауыр сөздері үшін мені дарға асуға үкім шығарған кісілер, Рисалей-Нұрды оқып, иманға келсе және өздерін мәңгі жоқ болудан құтқарып жатса сендер куә болыңдар мен оларды шын көңілден кештім. Ақталып шыққан соң Денізлі қаласында мені аңдып, мазамды алып жүргендерге және бастықтарға және полиция бастығы мен қызметкерлеріне айтқан сөзім: Рисалей-Нұрдың ешкім жоққа шығара алмайтын бір кәрәматы болса керек; жиырма жыл бойы маған зұлымдық жасалып, жүздеген рисалелерімді, хаттарымды, сондай-
12ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іақ мыңдаған шәкірттерімді ізіне түсіп қанша аңдыса да бірде-бір жат ағыммен, саяси ұйыммен, не ішкі не сыртқы ұйымдармен байланысы бар екенін дәлелдейтін бірде-бір құжат, бірде-бір оқиға тіркелмеді. Тоғыз ай бойы сұрастырып, бұған өздерінің де көздері жеткен. Мұндай ғажап жағдай туындатуға ешбір зеректік пен сақтықтың шамасы келмесі анық. Тіпті, бір адамның бірнеше жылғы құпия сырлары жарияланса әлбетте оны ұятқа қалдыратын, тіпті жауапқа тартқызатын жиырма шақты дәлел табылып, үстінен іс қозғалар еді. Иә, бұл ақиқат. Олай болса мұны таңғажайып және еш жеңілмейтін зейін, жоғары ақыл жасап жатыр деу керек, не болмаса бұл Аллаһтың сақтауында ғана болатын жәйт, Құдайдың өзі сақтайды, дейсің.Ендеше, мұндай жоғары ақылмен тартысу үлкен қате, олай ету халыққа да, отанға да зиянды. Немесе, Құдайдың өзі сақтайтын Раббани жәрдемге бөленгендермен қарсыласу перғауын секілділерде ғана болатын тәкаппарлық.Егер: Сені өз еркіңе қоя беріп, еш аңдымай, қадағаламасақ дәріс беріп, құпия әрекеттеріңмен қоғамның шырқын бұзуың мүмкін дер болсаң.Менің оған жауабым: Менің дәрістерімнің барлығы, түгелдей үкіметтің, әділет басқармасының қолында. Олар бір күндік болсын жазаға тартатын кінә таба алмады. Рисалей-Нұрдың қырық-елу мың кітабі, дәрістері халықтың қолында мұқият әрі қызыға оқылуда. Бірде-бір зияны жоқ керісінше пайдалы болғаны бұрыңғы сотта және жаңа сотта дәлелденіп, осы соңғы сот бірауыздан ақтап шешім шығарған-ды. Ал, бұрынғы сот болса, бір мәшһүр кісінің құрметіне бола жүз отыз рисаленің ішінен бес сөзге, әрі кетсе он сөзге тиісіп, онда да ақылға емес, сезімге беріліп жүз жиырма бауырымның он бесін ғана алты ай жазаға тартты. Бұл нені көрсетеді? Бұл менен және Рисалей-Нұрдан босқа күдіктеніп, тиісудің негізсіз әрі үлкен зұлымдық екенін көрсетеді. Менің енді беретін жаңа дәрісім де ашылмаған жасырын сырым да қалмады. Бұдан былай аңдып, қадағалаудың қажеті жоқ.Мен осы кезде еркіндікке қатты мұқтажбын. Жиырма жылдан бері бекерге әрі жөнсіз, түк пайдасыз аңдығандарың жетер. Сабырымды тауыстыңдар! Қарттық меңдеп әлім тайғандықтан осы кезге дейін жасамаған қарғыс дұғасын оқуым мүмкін. «Жәбірленген жанның зары сонау ғарышқа жетеді» деген сөз бар.
13ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІСодан соң, әлгі жоғары мансапты залым бейбақтар маған былай деді: Сен, жиырма жылдан бері бір рет болсын басыңа шапкамызды (шляпа) кимедің. Тіпті бұрыңғы соттың да, қазіргі соттың да алдында сәлдеңді шешпедің. Негізінде, біз секілді киінуді он жеті миллион адам қабылдады ғой». Мен де оларға былай дедім: «Қателесіп тұрсыңдар! Он жеті миллион емес, жеті миллион да емес, тіпті өз ризасымен, шын жүректен қабылдағандардың саны жеті мың болар. Ондай еуропашыл маскүнемдердің киім үлгісін шариғаттың жеңілдігі мен заңның қыспағы арқылы қабылдағанша тақуалық жолды ұстанып жеті миллиард халықтың киінгеніндей киінуді артық санадым. Мен секілді жиырма бес жылдан бері қоғам өміріне араласпай, тәрк еткен адамға: «Қырсығып тұр! Бізбен ерегісіп жүр!» деп айту жөнсіз болар. Жарайды, мұнымды қырсығу десеңдер деңдер. Бірақ Мұстафа Кемалдың өзі тойтара алмады. Екі сот пен үш аймақтың үкіметі (билігі) оның бетін қайтара алмады. Олардың қасында сендер кімсіңдер?! Сендердің бұл әрекеттеріңнің бәрі бекер және халыққа, һәм үкіметке зиян. Тіпті, менікі саяси қарсылық саналғанның өзінде, өздерің білесіңдер, жиырма жыл бұрын дүниямен қош айтысқан, жиырма жылдан бері рухани тұрғыдан өліп қалған бір адам, қайта тіріліп келіп, өзіне түк пайдасы жоқ, қайта зияны тиетін саяси өмірге араласып, сендермен әуре болып несі бар! Сендердің одан қорқуларың ақымақтық. Ал ақымақтарға мән беріп сөйлесудің өзі ақымақтық саналатындықтан сендер сияқтылармен сөйлеспеймін!» дедім. Әрине, бұл сөзім оларды ашуландырды әрі үндерін өшірді. Соңғы сөзім:* * * * *
14ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІӘзиз, Адал Бауырларым!Осы үзіндіні сендер де Рисалей-Нұрдың Аллаһ қабыл көрген кітап екендігін нақтылай түсетін жазбалар мен хаттар жинағының бас жағына қойыңдар. Жинақ болмаса «Бірінші Шұғаның» бас жағына енгізіңдер. Мені уайымдамаңдар. Сауаптарды арттыра түсер қиыншылықтар бір жағынан алсақ жағымды нәрсе. Олар Нұрлардың тарай түсуіне жол ашады. Бәріңе жеке-жеке сәлем жолдаймын. Рисалей-Нұрдың Аллаһ қабыл көрген кітап екендігін нақтылай түсетін және ғайби ишаралар арқылы хабар беріп тұрған сегіз бөлімнің біріншісі. Бәрі де осы мәселені бір ауыздан қолдап, нақтылай түсуде. Бір мәселе жайлы әңгіме қозғайтындықтан бір-біріне қуат беруде. Ол сегіздің үшеуі Имам Алидің үш ғайби керемет арқылы Рисалей-Нұрдан хабар бергендігі жайлы. Бұл сегіз жазбаға да Анкарадағы арнайы мамандар сараптама жасап, қарсы пікір білдірмеген, тек қана «бұларды жазбай-ақ қою керек еді. Керемет көрсетуші өз кереметтерін жазбайды ғой» депті. Мен де оларға былай жауап бердім.Бұлар менің емес Рисалей-Нұрдың кереметтері. Ал Рисалей-Нұр Құранға тиесілі, соның тәпсірі, дедім. Олар үнсіз қалды, демек қанағаттанарлық жауап алғаны. Расында да мұндай жарылқаулар жайлы жазылмағаны жақсы еді. Бірақ мұнша шабуылдар мен сансыз азулы дұшпандарға қарсы санымыз аз, өзіміз әлсіз жағдайдағы бізге рухани күш, ғайби көмек келіп тұрғандығы жайлы жеткізу, қайсарлық, табандылық таныту үшін қажет болды, яғни жазуға мәжбүр болдым. Менмендігімді қоздырар, рухани соққы алсам да оған мән бермеймін. Осы жолда яғни мұсылмандарды адасушылықтан құтқарып қалу жолында (қажет болса) бұ дүниелік қана емес, ақыретімді де пида етуді бақыт санаймын. Мыңдаған достарым мен бауырларымның жұмаққа кіруі жолында тозаққа түсуге де бармын.* * * * *
АНКАРАДАҒЫ САРАПШЫЛАР БЕРГЕН ЕСЕП-БАЯНДАМАНЫҢ КӨШІРМЕСІНЕНКітап толы бес сандық, көз алдымызда ашылып оқылды. (Сілтеме ) *Олар Саид Нұрси жазған, басылған және қолмен көшірілген Рисалей-Нұр кітаптарының әр түрлі бөлімдері. Сондай-ақ Рисалей-Нұрға қосымша ретінде жазылған Саид Нұрси мен кейбір шәкірттерінің өз ара хаттары. Олардың кейбіреуі қарапайым хаттар мен плакаттар. Өз өкілетіміздің аясында сараптама жасадық. Мағыналық тұрғыдан түсінікті болуы үшін бұл рисалелер мен хаттарды екі топқа бөліп қарау керек.Рисалелер: Бір аяттың тәпсірі немесе бір хадистің түсіндірмесі ретінде жазылғандармен қатар, дін, иман, Аллаһ, Пайғамбар, Құран, ақыретке сенім жайлы кеңірек түсіндіру үшін, мысалдар келтіре отырып жазылған ғылыми көзқарастар, қарттар мен жастарға арналған мінез-құлыққа қатысты үгіт-насихаттар, өмірлік тәжірибеден алынған аса ғибратты оқиғалар, саудагерлерге өте пайдалы хикаялар тоқсан пайыздан астамы осындай рисалелерден тұрады. Бұлардың бәрін де автор шын көңілден, ықыласпен және ғылыми, діни өлшемдер шеңберінде жазғандығы көрініп тұр. Бұл еңбектерде дінді пайдаланып ұйым құру, қоғамның тыныштығын бұзу сынды болымсыз әрекеттердің белгісі де жоқ. Шәкірттердің өз ара немесе Саид Нұрсимен жазысқан хаттарда да ондай нәрсе жоқ.1. Саид Нұрси, Стамбулда жүрген кезіндегі атақ-даңқын, терең ұйқыдағы түс, уақытша алдану екендігін айтады. Стамбулда бір-екі жыл саяси өмірге араласуын дүниенің өлімі ретінде суреттейді. Осыған орай өз өмірін «Бұрынғы Саид және Бүгінгі Саид кезеңдері ретінде бағалайды. Бұл екі Саид бір біріне ұқсамайтын мүлдем басқа адамдар ретінде бағалайды».Біреуінде тоғыз, екіншісінде жиырма шақты Рисале енгізілген жинақтың соңғы жағында, Спартада Рисалей-Нұр шәкірттеріне арнап жазған хатында саясатпен айналысатындай дәрежеде төмен түсудің қате екендігін айтады.Сараптаманың сыни бөліміне, сот алдында нақты жауаптар берілгендіктен және олар қорғау сөздерімде жазылғандықтан бұл жерге енгізілмеді. Ол сын сөздер үш-төрт рисаледегі он шақты мәселеге ғана қатысты. Олар саяси мазмұнда емес ғылыми тақырыптар. Оның үстіне ол сындардың негізсіз, жаңсақ екендігі сотта дәлелденген еді.
16ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ І2. Саид Нұрсидың ең маңызды кітабы «Худжет-ул Балиға» атты кітаптың мінәжат бөлімінде. «Бұл дүние жалған. Ең маңызды шаруа, мәңгі өмірде, ақыретте сорлап қалмаудың қамын жасау. Адамның Иманы берік болмаса, нағыз ұтылу сол болмақ. Ең қымбат ұтыс ақыреттік ұтыс. Оның сыртындағы мәселелерге араласу зиян. Саясатпен әуре болған адам аса маңызды шаруасын ақсатып алады. Саяси арпалыстарға түскен адам жүрегіндегі тыныштықты жоғалтып алады» - дейді.3. Жиырма алтыншы лемада «Қартайған мына дүниеде, менің ең негізгі міндетім Құранның сырларын паш ету. (45 бет) Бұл елге, Ислами жанашырлық сезіммен алаңдаймын. Әйтпесе менің үй-жай, бала-шағам жоқ.» - дейді. (59-бет)4. «Жиырма бірінші лемада» бауырларына айтқан насихаттарының бірінші қағидасы «Амал-әрекеттерің Аллаһ ризалығы үшін жасалсын, материалдық мүдде ойламаңдар», жалғастыра келе «Мен сопы емеспін» «Біздің жолымыз тариқат емес» (8-бет) Атақ-даңққа бөлену үшін көпшіліктің көзіне түсу-рухани кесел. «Егер ұстанған жолымыз біреуді пір тұту(сопылық) болғанда шектеулі мәртебелер, рухани дәрежелер болар еді. Ол орындарға көптеген адамдар ынтық болар еді. Ал біздің ұстанымымыз бауырластық. Бауырлар бір-біріне әке бола алмайды, тәрбиеші пір бола алмайды...»* * * * *ДЕНІЗЛІ СОТЫНЫҢ ОРТАҚ ҚАРАРЫНЫҢ КӨШІРМЕСІНЕН.Куәгерлер өз сөздерінде, күдіктілерге тағылған айыпты істерді олардың жасағандығы жайлы мәліметтердің жоқ екендігін айтқан. Атап айтқанда Анкара қылмыстық істер сотында Әмин Бүкенің төрағалығымен жүргізілген істе сарапшылар Анкара дін істер басқармасының ақылдастар алқасы мүшесі профессор Юсуф Зия Иөрүкхан, Анкара тіл-тарих фаультетінің шығыстану институтының директоры Нежати Луғал, Түрік Тарих зерттеу орталығының, Түрік-Ислам кітаптарын сараптау комиссиясының мүшесі Юсуф Айқұттың сараптама есебінде, Саид Нұрсидың жеке-жеке қолға алынып тексерілген рисалелері мен кітаптарында діни
17ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іқұндылықтарды пайдалана отырып халықты елдің шырқын бұзуға итермелеу, ұйымдар құруға шақыру сияқты сөздер жоқ екендігі айтылады...Саид Нұрсиге ергендіктен қамауға алғандарға келер болсақ, олар Саид Нұрсидің ғылыми еңбектеріне қызығып, діни мәселелерді, Құрандағы ақиқаттарды жақыннан тану үшін ерген. Жақсы ниетпен, тек қана дін, иман мәселелерін түсіну үшін Саид Нұрсидің кітаптарын оқуда. Өз ара жазысқан хаттарында үкіметке қарсы шығу мақсаттары жоқ. Саяси ұйым, тариқат құру әрекеттері де ниеттері де жоқ. Денізлі сарапшылары жазған анықтама – есеп беру қағаздарының арасында, Саид Нұрсидың шығармаларының ішінен және оған ергендердің арасынан үкіметке қарсы мақсаттарды байқадық деген сөздер болғанымен, негізгі құжаттар мен куәгерлердің түсініктемелерінде айыпкерлерге тағылған қылмыстық айыптаулардың расталмағандығы айтылған. Анкара қылмыстық істер сотының сарапшылары береген анықтама – есептерінде де мұндай айыптаулар тіркелмеген. Негізінде, күдіктілердің басым көпшілігі оқу-жазу білмейді. Қалғандары ғибадат құлшылықтарынан басқа нәрселер-мен айналыспайды. Осы жағдайларды негізге алар болсақ, бұлардың мемлекеттің шырқын бұзатын шамалары да ниеттері де жоқ екендігі анық көрініп тұр. Прокурордың бұларға таққан айыптауларда қылмыстық әрекеттердің орын алмағандығын ескере отырып, соттың өз еркіне берілген мүмкіндіктерін пайдалана отырып, күдікті ретінде қамауға алынған істері үшін ақтау қарарын алады. Қамауға алу үшін басқа себептер болмаса бір ауыздан бостандыққа шығарылсын деген үкім береді. 15.06.1944 Алқа мүшесі Алқа мүшесі ТөрағаАли Рыза Рахметуллаһи Алейх[Денізлі қылмыстық істер сотының ақтау туралы ортақ қарарына қол қоюда]* * * * * *
ӨЗІМ ЖАЙЛЫ АЙТҚАНДАРЫМ[Бұл айтқандарымды Анкараның ресми орындарына жеткізуді сендердің еріктеріңе қалдырамын]Соттың өзі даугер болса «Кімнен кімге шағым айтарымды өзім де білмей қалдым» дегенді мен сияқты бейшараға айтқызатын болар. Қазіргі жағдайым түрмеден де жаман. Бір күні, жалғыз кісілік камераның бір айынан бетер қинауда. Ұлғайған жасыма, денсаулығымның нашарлығына, елден жырақ жүруіме, күшімнің қайтуына қарамастан, қыстың қақаған суығында қатаң бақылауға алынып, оқшауландырылдым. Бір бала мен науқас бір адамнан басқа ешкіммен кездесіп жатқаным жоқ. Мен онсыз да жиырма жылдан бері оқшауландырудың азабын тартып келемін. Бұдан артық қысым жасау Аллаһтың қаһарына ұшырата ма деп қорқамын. Сот отырысында айтқанымдай төрт рет жойқын жер сілкінісінің бізге жасалған зұлымдық әрекеттерге дөп келуі сынды көптеген оқиғалар бар...Тіпті, менің құқымды қорғап, маған араша түсер деп үміттенген Афион әділет басқармасы, Денізлі Сотындағы Рисалей-Нұр жайлы арыздарыма мән бермеді, үмітімді ақтамады. Бұл жағдай әділет басқармасының өртеніп кетуіне себеп болды ма деп ойлаймын.Маған адамгершілікпен, ар-ожданмен қараған мына ауданның билігінің де полициясының да сотының да ең маңызды міндеті мені қорғау. Өйткені, жиырма жылдық бүкіл еңбектерімді, хаттарымды үш сот пен үкімет орындары тоғыз ай тексергеннен кейін ақтап, босатуға шешім қабылдады. Бірақ, шетелдіктердің мүддесін көздеп, отанымыз бен халқымызға зиянкестік ойлаған астыртын бір ұйым, осы шешімді бұзғысы келіп, түймедейді түйедей етіп бірсыпыра қызметкерлерді маған айдап салып жатыр. Мақсат, менің сабырымды таусып, «жетер енді» дегізу. Оларды кернеген ашу-ызаның бір себебі де менің үндемеуім, дүниеге араласпауым. Бейне бір «Неге араласпайсың, аралассаң ғой мақсатымыз орындалып қалар еді» дейтіндей... Үкіметтің бірсыпыра шенеуніктерін маған қарсы айдап салудағы қолданған бір-екі айласын айтайын.
19ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІОлар: «Саидтың ықпалы күшті. Еңбектері әсерлі әрі көп тараған. Онымен сөйлескен адам, оған дос болып кетеді. Олай болса, оны барлық нәрседен оқшауландыру керек. Көңіл бөлмей, жұртты одан жирендіру және достарын одан шошыту арқылы ықпалын жою керек» деп үкіметті азғырды. Мені осылай қинауда. Мен де былай деймін:Ей, отанын, халқын сүйген бауырлар! Әлгі мүнафықтар айтқандай ықпалдың күшті екені рас. Бірақ, ол менікі емес, Рисалей-Нұрдыкі. Ол жойылмайтын рухани күшке ие, қайта оған тиіскен сайын күшейе түседі. Ол күш отан мен халыққа қарсы ешқашан қолданылған емес, қолданылмайды, қолданылмайтын нәрсе. Екі сот, жиырма жылдық еңбектерімді араға он жыл салып бар күшімен тексерген күннің өзінде айыптауға себеп болар бірде бір қылмыс таба алмауы айтып отырғанымызға бұлтартпас дәлел болады.Иә, еңбектер түгелдей әсерлі. Бірақ, отанымыз бен халқымыздың рухани пайдасына жарап, жүз мың адамға таһхиқи иман дәрісін беруде. Олардың мәңгілік бақыт пен мәңгі өмірге қол жеткізуіне себепші болуда. Денізлі түрмесіне ауыр қылмыс жасап түскен жүздеген адам тек «Миуа Рисалесін» оқып, түсіну арқылы өте тәртіпті, діндар жандарға айналды. Тіпті, екі-үш адамды өлтірген қатыгездер әлгі кітаптан сабақ алғаннан кейін биттің өзін өлтіре алмайтын жанашыр жан болып шықты. Түрменің адам тәрбиелейтін медресеге айналғанын түрме бастығының өзі мойындады. Бұл, айтып отырғандарымызға бұлтартпас дәлел, айғақ бола алады.Иә, мені барлық нәрседен шеттетіп, оқшаулау ауыр азап және қатыгездікпен жасалған зұлымдық. Халқымызға қарсы опасыздық, сатқындық жасаумен пара-пар іс. Өйткені, отыз-қырық жыл бойы халықпен етене өмір сүріп келе жатырмын. Бұдан ешқандай зиян көрмегеніне, қайта халықтың қатты мұқтаж болған рухани халіне дем беруге, жұбанышқа және иманын қуаттандырғанына мызғымас бір дәлел, мені жамандаған осыншама үгіт-насихаттарға қарамастан барлық жақта Рисалей Нұрға таңқаларлық түрде көңіл бөліп қарсы алулары... ашық айтайын, лайық болмасам да жүз есе артық құрмет көрсетіліп жатыр.Жергілікті әкімшілік менің ас-суыма, жатар орныма қарайлас пақшы болып өтініш айтқан екен. Жоғарғы жақ қабылдапты. Мен бұлардың адамгершілігіне рахмет айта отырып, ең көп мұқтаж
20ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іболған нәрсем және өмірімдегі қағидам бостандық, еркіндік екендігін айтамын. Негізсіз шүбәлардың кесірінен рухани еркіндігім қатты шектелді. Нақақтан нақақ зорлық-зомбылық көрсетулері өмірден бездірердей етті. Тіпті, түрме, зындан түгіл қабірдің өзі бұдан артық қой, дейтін халге келдім. Алайда, иман қызметінде қаншалықты ауыртпалық болса, соншалықты сауапқа себеп болуы маған сабырлық пен шыдамдылық берді. Сонымен, адамгершілігі мол мына жандар маған зұлымдық қаламайтыны рас болса, онда ең алдымен менің рухани бостандығымды шектемесін! Мен нансыз өмір сүрсем де, бұғауда өмір сүре алмайтын адаммын. Иә, он тоғыз жыл бойы тек қана екі жүз банкноттық қаражатпен ерекше үнемділік пен асқан тоқмейілдіктің арқасында бостандығы мен ар-намысын сақтап, ешкімге кіріптар болмау үшін сый-сыяапатты, зекет пен садақаларды алмаған адам, әлбетте, күнкөрістен бұрын бостандыққа мұқтаж. Иә, қатты қысым көріп жатырмын. Бір-екеуін айтып өтейін.Біріншісі: Рисалей-Нұрды сотта ғылыми тұрғыдан қорғап шыққан және Анкарадағы жеті жоғары орынға, президентке ақталу сөзіммен қоса жіберілген, Анкара ғалымдарының қолдауымен ақталып шығуымызға себеп болған және түрмедегі достарымнан қалған қолжазба естелік ретінде бірнеше нұсқасы жазылған «Миуа Рисалесі» мен бірге «Уәжнамамды» ұстап жүргенімді Денізлі полициясы көрсе де тиіспеген еді. Ал, Афион полиция бекетінде бір түн бойы олардың көз алдарында тұрды. Мен бұл кітаптарды алып қоймасын деп күн сайын уайымдап, тыққыштап жүрдім. Бәлкім, мені тінтитін шығар деп уайымдасам да, бөтен жерде, бейтаныс адамдарға мыналарды тығып қой деп айта алмай қатты қиналдым.Екіншісі: «Қарттар рисалесі» атты кітаптан Денізлі соты еш нәрсе таба алмаса, Ескішехир соты бір сөзіне ғана тиіссе де оларға бір әріп қана тиісті жауабын берген болатын. Осы кітапты Стамбулдан келген біреу, осы жердегі бір адамнан алып Стамбулға апарған екен. Қалай болғанын қайдам, кітап маған қарсы болып жүрген бір дінсіздің қолына тиіпті. Түймедейді түйедей етіп, уәлаяттың полициясын дүрліктіріп: «Кіммен кездеседі, кімдер барып жүр оған?» деп менің мазамды алды. Міне, осындай көптеген ащы жағдайлар бар... Бірақ ең қисынсызы, мені сөйлетпеу үшін маған қызмет жасап жүрген бір бала мен ауру жаннан басқаның бәрін қорқытып қойғандығы. Мен бұған былай деймін:
21ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ І«Он адам менен қашқанымен мыңдаған, тіпті жүз мыңдаған мұсылман қаншама кедергілерге қарамастан Рисалей-Нұрдан сабақ алып жатыр. Сондай-ақ, елімізде және шетелдегі мұсылман мемлекеттерде Рисалей-Нұр өте анық ақиқаттары мен құнды рухани пайдалары үшін үлкен сұраныспен жарық көріп жатыр. Рисалей-Нұрдың әрбір данасы менің орныма менен де артық сөйлеуде. Мен үндемегеніммен, олардың үні өшпейді. Өшірілмейді де! Сонымен, жиырма жылдан бері саясатпен айналыспағандығыма соттың өзі көз жеткізіп отыр. Сондықтан, бұған керағар ешқандай белгі болмаса менімен кездескендерден күмәнданудың мағынасы жоқ. (Сілтеме )** * * * *Аса таңғаларлық, ғажайып бір оқиға. Бір күні аулаға шықтым. Қарасам жауған қардың үстінде Рисалей-Нұрдағы сәйкестіктерге ишара ететін қызыл сары бояулар тамшы-тамшы күйінде шашылып жатыр. Қатты таң қалдым. Айналаға түгел қарап шықтым менің ауламнан басқа жерде жоқ. Толғаныстан жүрегім былай деді. «Рисалей-Нұр бүкіл елге, тіпті Құран жолында бүкіл әлемге алаңдайтындықтан басына келген бәлелерге орай бұлттар қан жылап жатыр». Бір-екі адамды шақырып көрсетіп едім, олар да таң қалды. Менің дегбірсізденіп жүргенімді көрген үй иесінің інісі Мехмед Әфенді қар көп жауып жолды жауып қалғанын уайымдап жүр екен деп ойлапты да, мен жоғары шығып кеткен кезде қарды екі жаққа күреп тастапты. Аса маңызды аспани оқиғаның қызыл-сары ишаралары көрінбей қалыпты. Күремегенің жақсы еді дедім. Дәл сол күні Рисалей-Нұрға қарсы жасалған үш оқиға орын алды.Бірінші: Афион Әділет басқармасы мен осы жердегі бөлімше, кітабымызды қайтару жөніндегі арызымызға «Касациялық соттан рұхсат келмейінше қайтара алмаймыз» деп, бетімді қайтарды.Екіншісі: Сол күні Афионнан мені аңдуға бір арнайы полиция жіберілгендігін білдім.Үшіншісі: Сол күні Стамбулда бір мұнафық «Қарттар рисалесін» сылтауратып бізге қарсы арандатушылық жасап менің үстімнен арыз жазыпты.Осындай оқиғаларға байланысты, кітаптарға қызығушылық танытқандардың беті қайтып қалды. Мен де дедім, оқпанасын паналадым.
[Өзім жайлы айтқандарым атты бөлімге қосымша ретінде]ӘДІЛЕТ ОРЫНДАРЫНА ЖӘНЕРИСАЛЕЙ-НҰРМЕН ШҰҒЫЛДАНЫП ЖҮРГЕН СУДЬЯЛАРҒА АЙТАР ДАТЫМ БАРМырзалар! Сіздер неге ешқандай себепсіз Рисалей-Нұрмен әуре болып жүрсіздер. Сіздерге нақты айтарым: Менің де Рисалей-Нұрдың да сіздермен сөз таластырмақ түгілі, сіздер жайлы ойлауға да уақытымыз жоқ, ол біздің шаруамыз емес. Өйткені, Рисалей-Нұр және оның хас шәкірттері елу жылдан кейін келетін болашақ ұрпаққа қызмет ету және соларды үлкен қатерден, елді аса қауіпті жағдайлардан құтқару жолында еңбек етуде. Қазір бізбен әуре болып жүргендер ол кезде қабірде топыраққа айналып кетер. Баяғы демократтардың қоғамдық тәрбиеге, дінге, ұлттық құндылықтарға салғырт қарауы, жиырма-отыз жыл өткен соң, қазіргідей дінге немқұрайлылыққа, нашар мінез-құлықтың белең алуына, ар-намыстың әлсіреуіне әкеліп соқтырды. Осылай кете берсе, елу жылдан кейін, бұрынғы діндар, намысшыл, батыр халықтың ұрпақтары діни тұрғыдан, ар-намыс мәселесінде қандай жағдайға келерін түсініп отырған шығарсыздар. Мың жылдан бері Құранға жан-тәнімен қызмет етіп келе жатқан бұл батыр халықтың елу жылдан кейін келетін ұрпақтары, өз тарихының жарқын беттерін былғап, құрдымға жібермей тұрғанда қолдарына Рисалей-Нұрдағы Құран ақиқаттарын беріп, масқара болудан құтқару, халқымыздың да, отанымыздың да ең негізгі шаруасы деп білгендіктен, қазіргі адамдарға қарағанда сол кездегі ұрпақтарды ойлаудамыз:Мырзалар! Шынтуайтында Рисалей-Нұр тек қана ақыретке назар аударуда. Мақсаты Аллаһтың Ризашылығы және Иманды құтқару. Шәкірттерінің ойы әуелі өздерін, содан кейін басқаларды мәңгілік қапастан құтқаруға тырысу. Дүниелік жағдайға қатысты, екінші кезектегі маңызды мәселе де бұл елді анархиялық қауіптен құтқару, және болашақ ұрпақты адасушылықтан аман алып қалу. Өйткені, мұсылман адам басқаларға ұқсамайды. Діннен безіп,
23ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Імұсылманшылықтан шыққан бір мұсылман, адасушылықтың қою қараңғылығына сүңгиді. Анархист болып, бетімен кетеді. Әзірге жас кезінде Ислами тәрбие алған адамдар қоғамның жартысын құрап тұр. Жартысы дінге немқұрайлы қарауда, ал елу жылдан кейін мұндайлар тоқсан пайыздан асып кетеді. Нәпсінің соңына ерген мұндай тобырды анархиядан құтқаруды ойлап, сол пәлекеттің алдын алу шарасы, мені жиырма жыл бұрын саясаттан сырт айналдырып, өз замандастарыммен әуре болуыма тыйым салды... Рисалей-Нұрдың да, шәкірттерінің де қазіргі кездегілермен шаруасы жоқ.Жағдайдың ақиқаты осы. Олай болса, Әділет орындары менен және шәкірттерімнен күмәнданудың орнына, қорғаулары керек. Өйткені, бұл елдің нағыз жаулары Әділет орындарын алдап соғуда. Рисалей-Нұрға айдап салып, әділетсіздік жасатуда...Бұның шағын екі мысалын айтайын:Мәселен, түрмедегі достарым арқылы аман-саулық білдіріп, сондай-ақ арабша Рисалемнің бағасы болған он теңгелік ақшаны осындағы бір адамға жіберген едім. Ол кітаптар Спартада баспаға ақша төлеген адамға берілсін деген хатқа бола прокуратура мен үкімет орындары мені әуре-сарсаңға салып, жеткізуші адамды тергеп қинады. Шыбынның қанаты құрлы маңызы жоқ алты айда бір рет жазылған қарапайым хатқа бола осынша шу шығару соттың абыройына кір келтіретін нәрсе.Екінші мысал: Мен секілді ғәріп, қарт, әлсіз және ақталған адамнан көпшілікті, тіпті өз қызметшілерін үгіт-насихат арқылы үркітіп, өзін бейшара бір жағдайға түсіру осы уәлаят әкімшілігінің адамгершілігіне жараспайды. Шіркейдің қанаты құрлы бір нәрсеге таудай көңіл бөліп, маған қарсы үгіт жүргізу, «кіммен кездеседі, қасына кімдер барып жүр?» деп барша жұртты дүрліктіріп, әбігерге салу... үкіметтің даналығы мен басшылығын осындай ұждансыздыққа апармауы керек. Жарайды, осы екі мысал секілді адамды қайран қалдырар көптеген жағдайлар аз емес...Мырзалар! Адасушылық пен азғындық, надандықтан туындап жатса, оны тоқтату оңай. Ғылым мен білім адасудың құралына айналып отырса, оны тоқтату қиынға соғады. Бүгінгі таңда ғылым мен білім адасудың құралына айналып отырғандықтан, оған тойтарыс беріп, болашақ ұрпақтың басына келер бәледен құтқару
24ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іүшін Рисалей-Нұр секілді жан-жақты, кемел туынды керек. Рисалей-Нұрдың осындай құнды туынды екендігінің дәлелі жиырма жылдан бері менімен тайталасып келе жатқан философтардың ешқайсысы Рисалей-Нұрға қарсы шыға алмады, шыға алмайды да. Әділет орындары мен үкіметтік сарапшылар тоғыз айдан бері жүз кітаптан тұратын рисалелерді тексергенімен, бізді жауапқа тартар еш нәрсе таба алған жоқ. Құрандағы ишаралар мен Хазіреті Әлидің және Ғаус ағзам Гейланидің ғайби хабарлары Рисалей-Нұрдың маңыздылығын көрсетіп тұр...Әділет орындарының міндеті әділетсіздікке жол бермеу... Олай болса, өте маңызды нәрселерге мән бермей, елеусіз жағдайға баса мән беру, әділеттіліктің ақиқатына жараспайтынын ескертемін. Рисалей-Нұрдың жүз кітапшасы жиырма жылда жүз мың адамның бақытына қызмет жасағаны белгілі. Он жылдан бері екі сот пен үкімет және бірнеше уәлаяттың полициясы мен Денізлі соты тоғыз ай бойы бүкіл қағаздарымызды тексеріп шығып, ұлтымыз бен халқымызға зиян келер, жауапқа тартар еш нәрсе көрсете алмады. Бұл елде Рисалей-Нұрдың аса ауқымды және өте маңызды хақы бар. Осы ауқымды және өте маңызды құқықты назарға алмай, жай қағаздар секілді тәркілеп, ұлтымызға және иманын қуаттандыруға мұқтаж жандардың рухани қажеттілігіне жасалған аса үлкен қиянатты назарға алмай, қарапайым бір адамның елеусіз құқын назарға алу прокуротураның болмысына, әділеттің ақиқатына еш жараспайтынын ескертеміз. Доктор Дузидің және тағы басқа дінсіздердің еңбектеріне тиіспей, Рисалей-Нұрға тиісу Құдайдың қаһарына ұшырата ма, деп қорқамыз. Аллаһ Тағала, сізге ынсап пен мейірімділік, бізге де сабыр мен шыдамдылық берсін. Әумин…Заңсыз, түрде оқшауландырылғанСаид Нұрси* * * * *
әміріне орай бауырларыммен ақылдасуға мәжбүр болып тұрмын.Әзиз, сыддық бауырларым!Дәл қазір маған қайтсең де осылай етесің деген бұйрық берілуде. Менің күн көрісім үшін күніне екі жарым банкнот ақша бөлініп, мен үшін жаңа бір үй жиһаздарымен бірге салынсын деген бұйрық түсіпті. Менің елу-алпыс жылдан бергі ұстанымдарым мұндайды қабылдауға көнбейді. Ислам академиясында қызмет етіп жүрген кезімде бір-екі жыл айлық алуға келіскенім рас. Бірақ ол ақшаны да кітап бастыруға жұмсадым, ал кітаптарды тегін тарату арқылы халықтың ақшасын өзіне қайтарып бердім. Егер қазір сендерге және Рисалей-Нұрға зиян тимеу үшін алуға мәжбүр болсам да кейінірек халыққа қайтарып беру үшін сақтап қоямын. Аса қажетті нәрселерге ғана жұмсауым мүмкін. Естуімше, егер қабыл алмасам маған бұл ақшаны бөлгізгісі келіп жүргендер ренжіп қалмай ма? Ал мені жақтамайтындар «Бұл адам басқа жақтан қамтамасыз етілуде, демей ме? Ол байғұстар үнемділікте ерекше берекет барын білмейді». Маған екі күнге бес құрыштық (тиын) нанның жеткілікті екендігінен бейхабар. Сондықтан ақылға сыйымсыз күдіктерге де бой алдырады. Егер қабыл алсам, жетпіс жылдық қағидам аяқ асты болмай ма? Осындай замандардың болатындығынан хабар беріп, ашкөздік пен жалақының кесірінен бидғат жасайтын, ықыласын жоғалтып алатын ғалымдарды сын тоқпағының астына алған имам Али РадиАллаһу Анһта маған қатты ренжуі мүмкін.Рисалей-Нұрдың кіршіксіз ықыласы да мені ықылассыз деп кінәлауы мүмкін. Ол жағын да ойлау керек. Мен расында да не істерімді білмей қалдым. Егер қабыл етпесем маған бұдан да өткен қысымдар жасалатындығын естіп жатырмын. Тіпті Рисалей-Нұрдың еркін таралуына кедергі болатын сыңайлы. Қазір жасалып жатқан қысымдар мені сол бөлінер қаражатты алуға мәжбүр ету үшін екен. Мұндай жағдайда қағидасына сай, аса қажет мөлшерде ғана алынуы зиян бермес ИншаАллаһ. Бірақ мен қабыл көрмедім. Сендердің қалауларыңа қалдырамын.
26ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІӘзиз Бауырларым! Мені уайымдамаңдар. Мен кез келген қиыншылықтан мейрімнің нышандарын, көмектің сәулелерін көретіндіктен еш қиналмаймын.Сендердің қайрат-жігерлерің, көмектерің кез келген қиындықты жеңілдетіп жібереді, қуаныш сыйлайды. Бұл жерде бауырым Абдулмәжид сияқты туыс болып кеткен еңбекқор бауырым Мұстафа Ажет, кішкентай Хүсүрев, кішкентай Абуррахман сияқты болған Жейлан атты еңбекқор бір бала Рисалей-Нұрға қызмет етуде.* * * * *Әзиз, адал бауырларым!«Миуа» рисалесінің періштелерге қатысты тағы бір бөлімін сендерге жіберіп отырмын. Сот төрағасының кітаптарымды қайтарып беремін дегеніне орай, Денізліге екі сенімхат жолдадым. Бұл жерде мені қамап ұстап, қысым жасап отырғанына қиналмаңдар Раббани көмек жалғасып жатыр.Ғибрат аларлық бір жағдай.Бұл жерде Рисалей-Нұр еркін оқылып, жазылып жатқан кезде қыстың жайма шуақ болып тұрғанын (әдеттен тыс) көп адамнан естідім. Маған тиісіп, немесе Рисалей-Нұрдың жазылуына тыйым салынған кезде қыс қаһарына мінді. Ал зілзалалар Афионға шағым айтып жазылған арыз бен Рисалей-Нұрға жасалған кедергілерге байланысты екендігіне сенбеушілерді сендіру үшін болып жатса керек. Рисалей-Нұрға жасалған шабуылдармен дәлме-дәл келіп, әлі де аздап сілкіп қоюда, ескертіп жатыр, дейді жұрт.Сондай-ақ Рисалей-Нұрға тиіскен кезде жұртты үрей басатынын көрудеміз. Демек Рисалей-Нұр, бұл елді бәлелерден қорғап қалуға тікелей себепкер болып тұр. Олай болса бұл елге, отанға жаны ашитындар, жақсы көрушілер Рисалей-Нұрға еркіндік берсін, оқысын, оқытсын. Тамаққа бөлінген ақшалардан шығындарға беру үшін, бір реттік шара ретінде сегіз күндік ақшаны қабыл еттім, бұдан кейінгісін алмаймын дедім.Әзиз, адал, жігерлі бауырларым!Марқұм Шәйттің берзахта қуана-қуана оқып жүрген Нұр-Рисалелері бұл дүниеде өзінің орнына еңбек еткізуге, маған да еңбек еткізу үшін жазылғандай дәл уақытында жетті. Жүсіп медресесінің
27ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іүш тәтті жемісін және қасиетті Құранның мыңдаған Фәрдәуси жемістер берер үш хизбімен қоса алып келді.Екі батыр, өздері жазған екі «миуаға» ұқсатып, дәл сол стильде Он бірінші мәселені де жазып, бар болса Хизб-и Нуриеден, бес-алты дана Хизб-и Құранмен қоса жіберсе жақсы болады. Хусревтің жазғандары Он бірінші мәселенің соңына енгізілсін. Осы жолы сендерге Аятул Күрсинің жолдастары, қолдаушылары ретіндегі үш аяттың мұғжизаларына қатысты бір рисале жібердім. Толық аяқтауға нұсқау-аян болмады, аяқталмай қалды. Өте асығыс жазылды. Өте маңызды сырлар байқалды, бірақ дүниеге назар аудартпау үшін толық және ашық жаздырмадым. Егер ұнап жатса, Он бірінші мәселенің түсіндірмесінің қосымшасы ретінде жазып қойыңдар. Сондай-ақ «Құран ғажайыптары» рисалесінің қосымшасы ретінде «Әл-фәлақ» рисалесі мен осы жазбаны да енгізіңдер.Бауырларым! Еш уайымдамаңдар жасырын бір күш біздің мойнымызға аса маңызды шаруаны жүктеп, өзі қорғап, қолдап тұрғандығына сенімім мол. Қаншама рет сырына бөленудеміз. Бұл еңбектердің ауыртпалығы аз, ақысы өте қымбат.* * * * *Әзиз, адал бауырларым!Сендердің жұмақтың жемісіндей болған мүбәрак сыйлықтарыңды және Денізлі жақтан жеткен сүйінші хабарларыңды алдым. Дәл қазіргі уақытта көптеген шаруалар мені көп сөйлете алмайды, қысқа қайыруға мәжбүрмін. Өйткені сыйлықтарды жеткізген адам, тез қайтады екен, асығыс жазып отырмын.Біріншіден: Соңғы бөлімнің бас жағындағы мың үш жүз қырық төрт қате. Егер оқылмайтын екі хамза мен мәдде саналмаса қате болмайды, өте мағыналы болады. Дұрысы мың үш жүз қырық жеті, соңғы жағына дұрысы жазылыпты. Басқа жақтары өте маңызды, сондай-ақ дүниеге назар аударатындықтан және тағы сол жердегі тағұтқа байланысты болғандықтан әзірге жаздырылмады.
28ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІЕкіншіден: Мазмұнда Аят-ы-Хасбие болған Төртінші Шұғаның мазмұны «Қарттар рисалесінің» Он төртінші үмітінің орнына жазылсын. Өте орынды болады, шынайы үміт береді.Үшінші: Жиырма сегізінші леманың жиырма сегізінші нүктесінің мазмұнына емес, Он бесінші Сөздің соңына жазылсын. Өйткені екеуі де бір ақиқатты жеткізіп тұр.Төртіншіден: Марқұм Хафыз Алидің «Лемаларын» тексеріп, түзетіп шықтым. ИншаАллаһ жақында беріп жіберемін. Осы күндері мүбәрәк батырларымыз сыртта немесе түрмеде жазған «Миуаларды» тексеріп-түзетіп отырғанда сол рисалелердің қаншалықты құнды екендігін байқадым. Жан даусыммен «Қапаста тартқан барлық қиыншылықтарымыз жүз есе артып кетсе де ол рисалелер жүз есе артық іс атқарады. Ең қырсық адамды да Иманға келтіріп, көпшілікке өзін қызығушылықпен оқыттыруда.Ей менің жанымды қинап отырған бейшаралар! Маған не істесеңдер соны істеңдер, көк тиындық та мән бермеймін. Басымызға қандай іс келсе де маңызды емес. Бәрі де Аллаһтың жарылқауы, бізге төгілген мейрім» деп жұбаныш табудамын.Барлық Рисалей-Нұр шәкірттеріне сәлем айтып, дұға етеміз.Саид Нұрси* * * * *БҰЛ ӨТІНІШ ҮШ ЖЕРГЕ ЖІБЕРІЛГЕН ЕДІ. СОЛ ЖЕРДЕГІ БАУЫРЛАРЫМА НҰСҚАУЛЫҚ РЕТІНДЕ ЖІБЕРІЛДІЖиырма жылдан бері сабыр етіп, үндемеген бейшараның шағымын тыңдауыңызды қалаймын!Бостандықтың бүкіл түрін берген Республикалық үкіметтің тұсында барлық еркіндігіме тиым салынумен қатар, дұшпандарым мені емін-еркін жаныштап жатыр. Ар-ождан бостандығы мен еркін ойлау бостандығын берген үкімет мені қорғап, күмәншіл, қаскөй дұшпандарымның үнін өшірсін немесе дұшпандарым секілді маған да емін-еркін жазуға рұқсат беріп, қорғануыма тиым салмасын! Өйткені, хабар алысып тұруыма тиым салу үшін пошталарға жасырын түрде әмір берілген екен. Нан суымды әкеп беріп тұрған бір
29ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ібаладан басқа мені ешкіммен кездестірмеуге әмір берілген. Осындай кезде, баяғыдан бері қолайлы сәтті аңдып жүрген дұшпандарым ретін тауып, дәл касациялық соттың бізді ақтаған шешімінен кейін сот комиссиясы мақұлдаған кітаптарымды алайын деп тұрғанда, бір-екі еңбегімді маған өш комиссия мүшесіне беріп, мені даттаушы баяндама дайындаттырғандарын естідім. Бұдан артық шыдауға төзімім жетпеді. Үкіметтің бүкіл мүшелеріне, тіпті әлемге былай деп жар салам:Қасиетті Құранның ақиқаттары мен мұғжизаларының тылсым сырлары арқылы менің де, Рисалей-Нұрдың да жоспарлары, ұстанымы, мақсаты белгілі болып отыр. Біздің мақсатымыз иман ақиқаттарын жеткізу арқылы аяулы халқымызды анархиядан және мәңгілік тозақтан құтқару.Міне, үш комиссияның сараптамасынан және үш соттың тексерісінен өткен Рисалей-Нұрдың осы екі қасиетті міндетінен басқа дүниеге, әкімшілікке, қоғамға қасақана зиян берер жағы жоқ екеніне жиырма жылдық өмірім мен жүз отыз Рисале бұлтартпас айғақ болады.Иә, сотта да айтқанымдай мені танып, қатынасып тұратын бүкіл дос-жарандарымды куәлікке тарта отырып, былай деймін: жиырма жылдан бері ешқандай өтініш айтпаған және он жылдан бері үкімет мүшелерін танымайтын, төрт жылдан бері дүние жүзілік соғыстың барысынан ешқандай хабар сұрамаған мына бейшара Саидтың саясатқа араласып, әкімшілікпен жағаласып, қоғамдағы тұрақтылықты бұзуға ниеті болуы әсте мүмкін бе!? Егер зәредей пиғылы болса, «Алдымда кімдер тұр, дүниeде не болып жатыр, маған кім көмектесе алады?» деп сұрастырар, ізденер, араласар еді ғой. Айла-шарғылармен алпауыттардың ісіне араласар еді. Ең елеусіз оқиға мынау:«Барлық нәрседен оқшауландырылған жағдайдан құтылу үшін, тым құрыса түрмеге кіруіме бір сылтау табыңдар. Түрмеге кіріп, мына азаптан құтылайын» деп кейбір достарыма жасырын хат жолдаған едім. Өмірімнің жемісі мен көркі Рисалей-Нұрдың Денізлі сотында қаралып жатқан кітаптарына жақын болайын, соларды қайтарып алуға әрекет етейін дедім. Өкінішке орай, маған өш әлгі комиссияның ішінде бір ғана адам мені жақтапты. Ол да менің хатымды көріп, қамалуыма үкім беруге мәжбүр болыпты.
30ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІМені түрмеге қамағысы келген дұшпандарымның сылтауларының бірі, әлгі сотта ақталып шыққан, «тариқатшылдық». Алайда, Рисалей-Нұрда үнемі айтатыным: «Қазіргі заман тариқат ұстанатын уақыт емес. Иманды құтқаратын заман. Тариқатсыз жұмаққа кіргендер көп, имансыз жұмаққа барған ешкім жоқ» деп, бар күшімізбен иман жолында еңбек еттік. Мен ұстазбын, шейх емеспін. Жер бетінде баспанам да жоқ қой... зікірханам қайдан болсын? Осы жиырма жылдың ішінде «Маған тариқат сабағын берді» деп айта алатын бір адам таппайсыз. Сот та полиция да таба алмады. Тек тариқаттың ақиқатын ғылыми түрде баяндайтын баяғыда жазылған «Телвихат Рисалесі» бар. Ол – үлкен ғылыми, және ақиқат сабағы. Тариқат сабағы емес. Ар-ождан еркіндігін мақсат еткен үкіметіміз, халқымыздың миллардтаған ата-бабаларының рухтары бас иген бір ақиқатқа, және осы жолда әлемге атой салған, шынайы иманды, философияның алдында бұлтартпай дәлелдеп шыққан бір туындыны да, оның қызметшілерін де қорғауға міндетті. Әйтпесе, әлгі бейшара қызметшінің қол-аяғын байлап, мыңдаған дұшпандардың алдына тастау Республикалық қағидаларға қайшы. Республикалық үкімет менің айтқандарыма құлақ асар деп жаздым. деймін.* * * * *МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТІ МЕН МӘЖІЛІС ТӨРАҒАЛЫҒЫНА КІШІГІРІМ,БІРАҚ АСА МАҢЫЗДЫ БІР СӨЗІМ БАРОтыз жылдан бері саяси өмірден ұзақ тұрсам да осы жолы отанымыз бен халқымыздың тыныштығына қатысты бір мәселені айтқым келіп отыр.Анархияны жақтаушылардың маған және Әмірдағы ауданына сонымен қатар отанымызға қарсы қастандық ұйымдастырып жатқанына көптеген белгілер арқылы көзіміз жетіп отыр. Түймедейді түйедей етіп, шыбынның қанатындай маңызы жоқ оқиғаны таудай етіп көрсетуде. Осылайша, тыныштыққа мұқтаж мына елде мені желеу етіп, анархияны көздеп, шет елдіктердің нұсқауымен бізге,
31ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іяғни бейшара отандастарымызды мәңгілік тозақтан, ақыретке деген күмәндардан құтқаруға тырысқан Нұр шәкірттеріне заңсыз түрде тиісуде. Аса өшпенділікпен отқа май құйғандай, мені желеу етіп, отанымызға, ынтымағымызға қастандық жасалды.Үш сот, жиырма жылдық хаттарымды кітаптарымды мұқият тексергеннен кейін бізге және кітаптарыма ақтау шешімін шығарды. Алайда, үш жылдан бері жазуды қойдым, аптасына бір ғана хат жаза аламын. Әр қайсысы кезектесіп, маған көмектесіп жүрген үш-төрт тігінші шәкірттен басқа ешкімді аса бір қажеттілік тумайынша қабылдап жатқаным жоқ. Басыма бостандық берілсе де туған жеріме қайтпадым. Сонда да мені ашуландырып, шу шығаруға итермелеу үшін әдейі кемсітіп, қорлау арқылы заңсыз және өшпенділікпен тексеру жасау деген сылтаумен өмірімде көрмеген нәрсе жасады. Үйімнің құлпын бұзып кірді. Құран кітабымды және Арабша нақыл сөздер жазылған тақтайшамды зиянды парақтар секілді алып кетті. Мұнымен қоймай, прокуратураның маңызды бір қызметкері бұл жердегі қызметкерлерге. «Саидтты екі жандарм сүйреп шығарып, басына шляпаны күштеп кигізіп, алып келулерің керек еді. Оған жолағандарды түгел тұтқындаңдар» деп бұйрық берген екен. Мұны маңызды бір жиналыста, менің берген жауабымды оқып жатқан кезде айтқан екен. Мені кемсітіп, қорлау арқылы ашуыма тиіп, тыныштықты бұзғысы келгендігіне енді ешқандай күмән қалмады.Бүкіл қадір-қасиетім мен абыройымды еліміздің, бұқара халықтың тыныштығы жолына, оларды бәлелерден құтқару жолына пида ету үшін маған рухани күш сыйлаған Аллаһ Тағалаға шексіз шүкір етемін. Сондықтан олардың мені кемсітіп, қорлауларына төзімділік танытуға шешім қабылдадым. Халқымыздың тыныштығын әсіресе бейкүнә сәбилер мен қадірменді қариялардың, бейшара науқас жандар мен пақырлардың дүниелік тыныштығы мен ақыреттік бақытына мыңдаған өмірім мен абыройымды пида етуге дайынмын.Шыбынның қанатын таудай етудің бір белгісі мынау: Мен секілді қаріп, науқас, қарт, әлсіз, жалғыз басты жан үшін Афион әкімі мен полиция бастығы он күннің ішінде бес рет ал, Афион прокуроры екі рет осы жерге келді. Сондай-ақ екі күн бойы бес ұшақ төбемнен бақылап жүрді. Сонымен қатар, жүріс-тұрысымды бақылау үшін бес полиция жансызы мені аңдып жүргендерге көмекке жіберілді. Маған
32ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іқатысты хаттарды тәркілеу үшін пошта бөлімшелеріне ресми түрде әмір беріліпті. Мұның бәрі шейх Саид немесе Менемен оқиғасынан он есе күшті оқиға ретінде үрей туғызғанын көрсетеді. Осынша үрей, түймедейді түйедей етіп жеткізгендіктен болып отыр. Мені баяғыдай деп ойлап, кемсітіп қорласақ ашуланады деп болжады. Алданып қалды. Біз бар күшімізбен бейбастақтыққа қарсы Зұлқарнайын қорғаны секілді Құрани қорған соғуға тырысып жатырмыз. Бізге тиіскендер анархияға, коммунисттерге жағдай жасаған болып есептеледі.Иә, егер баяғы кезімдегідей ілімнің абыройын түсірмеу үшін бірде-бір кемсітушілікті қабылдамаған болсам және негізгі міндетім мұсылмандарды ақырет пен өлімнің мәңгі тозағынан құтқару міндеті болмағанда және маған тиіскендер секілді тек дүниелік пайда көздеп, саясатқа араласқанымда онда әлгі бейбастақтықты көздеп әрекет еткендер, он Менемен, он шейх Саид оқиғасы секілді оқиғаларға себеп болар еді.Сондай-ақ үш сот пен бірнеше Уәләяттың полициясы жиырма жыл бойы киім үлгіме заң тұрғысынан тиіспеді. Менің оқшау тіршілігіме орай, киген киіміме ешқандай ескерту болмаса да, ел жұрттың ортасында басыма шляпаны заңсыз, күштеп кигізуге тырысу, қырық жылдан бері мені білетін әсіресе шынайы иман дәрісіне бауырмалдықпен көңіл бөліп жүрген жүз мыңдаған адамды қатты толқытып, жер бетін ашу-ыза кернеп, еріксіз еңіреп жылауына себеп болар еді. Жұрттың маған деген көңілін аяқ асты ету ниетімен жүйкеме тиетін заңсыз әрекеттердің шет елдіктердің арнайы нұсқауымен болып жатқанына көптеген белгілер арқылы көзіміз жетіп отыр. Құдайға шүкір, мен секілді бір аяғы қабірде, дүниеден безген, құрмет пен халықтың назарынан қашқан, атақ-даңқ, мақтаншақтық тәрізді жасандылыққа ешқандай бейімі жоқ жанға істеген заңсыз қорлықтарының ешқандай құны қалмады. Бәрін Аллаһ Тағалаға тапсырдым. Менен орынсыз күмәнданып, жапа шектіргендердің жуық арада ажал тырнағына ілігіп, мәңгі азап шегетіндіктерін ойлап, шынымен жаным ашып отыр. О Раббым, Рисалей-Нұр арқылы олардың иманын құтқара көр. Құранның сырлары арқылы рахатқа айналдыр. Мен де оларды кештім.Саид Нұрси
МАҒАН КӨМЕКТЕСІП ЖҮРГЕН КІШКЕНТАЙ НҰР ШӘКІРТІНІҢ КӨПШІЛІКТІҢ АТЫНАН ҚОЙҒАН СҰРАҒЫНА ЖАУАПСұрақ: Ұстазым, жаңбыр дұғасы мен намазы нәтиже бермеді, пайдасы тимеді. Екі-үш рет бұлт келгенімен жаумай кетті.Неге бұлай болды?Жауап: Құрғақшылық арнайы дұғалар мен намаздың уақыты. Негізгі себебі де хикметі де емес. Мәселен, күн немесе ай тұтылғанда Күсүф және Хусуф намаздары оқылады.Күн батқан кезде ақшам намазы оқылады. Сол сияқты, жаңбыр жаумай, құрғақшылық болған кез де жаңбыр намазы мен дұғасының уақыты. Құлшылық пен дұғаның себебі мен нәтижесі Аллаһтың әмірі және ризашылығы. Пайдасы ақыретте. Егер намаздан, құлшылықтардан дүниелік мақсаттар күтілсе, сол үшін жасалса, ондай намаз, намаз болмайды. Мысалыға Ақшам намазы күннің батуы немесе Хусуф намазы айдың ашылуы үшін оқылмайды. Сол сияқты әлгіндей құлшылықтардың жаңбыр жауғызу үшін жасалғаны дұрыс емес. Жаңбыр жауғызу Аллаһтың шаруасы. Біз өз міндетімізді орындадық, Аллаһтың ісіне араласа алмаймыз. Жаңбыр намазының нәтижесі сырт көзге жаңбырдың жаууы болып көрінуі мүмкін. Бірақ, ең негізгі, ең пайдалы нәтижесі, ең тәтті жемісі мынау: Дәл сондай кезде адам өзіне рызық беріп тұрған әкесі, үй іші, дүкені емес, оны рызықтандырушы алып бұлттарды желіндей иітіп, жер бетін бақшадай жайнатып, бұны рызықпен қамтамасыз етіп тұрған біреу барын түсінеді.Тіпті кішкентай баланың өзі (қарыны ашқан кезде анасынан тамақ сұрауды әдетке айналдырса да) әлгіндей жаңыр дұғасының кезінде ой-пікірі тар болғанымен өте үлкен мағынаны түсініп, мына әлемді бір үй сияқты басқарып тұрған біреу, менің де, басқа балалардың да анамның да рызығын жеткізіп тұр деп түсінеді. Егер ол бермесе басқалардан пайда жоқ. Олай болса соған жалбарынуымыз керек деп, нағыз иманды балаға айналады. Осы мәселеге орай алты тұжырым айтылады.
34ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІБірінші тұжырым: Нығыметтер мен Иләһи мейрімнің өтеуі – шүкір. Біз өз дәрежесінде шүкір ете алмадық. Мейрімнің өтеуі болған шүкір ете алмауымызбен қатар зұлымдығымыз бен бағынбауымыз арқылы Аллаһтың қаһарын (жазалауын) шақырудамыз. Адам баласы жер бетіндегі зұлымдығымен, бұзып-бүлдіруімен, күпірлігімен, бойсұнбауымен өзін-өзі таяққа лайық етті, оңбай таяқ жеді. Біздің де аздап үлесіміз бар.Екінші тұжырым: Хадисте «Тіпті теңіздің түбіндегі балықтар да күнәһарлар мен залымдардың кесірінен жаңбыр азайып, біздің де нәпақамыз азаюда» деп шағым айтатындығы айтылады. Қазіргі уақытта сұмдық күнәлар мен зұлымдықтардың жасалатындығы сонша мейірім тілеуге де бет қалмады. Бейкүнә жануарлар да азап шегетін болады.Үшінші тұжырым: «Кейбір бәлелер келген кезде залымдарды ғана таңдап жатпайды, бейкүнәлар мен зұлымдыққа ұшырағандар да жапа шегуде, сондай бәлелерден қашыңдар» деген мағынада аят бар. Өйткені баршаға ортақ келген бәледен бейкүнә жандар таң қаларлық жағдайда отқа күймей аман қалса, діннің хикметі бұзылады. Өйткені дін-емтихан, тәжірибе. Олай болмаған жағдайда Әбу Жәһил сынды оңбағандар, Әбу Бәкір Сыддық Радиаллаһу Анх сияқты иман етер еді. Сондықтан баршаға ортақ бәлелерден бейкүнәлар да зардап шегеді.Төртінші тұжырым: Қазіргі мал табу, рызық табу жолында алдау, айлакерлік әрекеттер мен пара беру сынды көптеген харам нәрселер араласып кетті. Егіншілер өз өнімдеріне толық иелік ете алмай қалды. Он адамның екі-үшеуі мейрімге лайық болғанымен, егіншілердің өнімін пайдаланып жүргендердің бес-алтауы не зұлымдық жасайды (харам істерге барады) не шүкір етпейді. мейрімге лайық болмай қалады.Бесінші тұжырым:Рисалей-Нұр (Анадолыға) келер бәлелердің бетін қайтарар аса маңызды себеп. Садақаның бәлелердің бетін қайтаратыны сияқты, Рисалей-Нұрдың таралуы, оқылуы жалпылық сипаттағы садақа сияқты аспаннан, жерден келетін бәлелерді қайтарып тұрғандығына көптеген оқиғалар дәлел болуда. Тіпті Құрани ишаралар арқылы нақтылана түсуде. Жазылуына, таралуына кедергілер қойылған кезде төрт рет жер
35ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ісілкініп, кедергілер алынған кезде тоқтауы және көп оқылуына орай, Анадолының екінші дүние жүзілік соғыстан аман қалғандығына «Уәл асыр» сүресі ишара етуде. Мына екі айлық құрғақшылыққа келер болсақ, Касациялық сот Рисалей-Нұрды ақтап шығады. Емін-еркін таралуына, оқылуына рұқсат береді деп отырғанда, керісінше тыйым салынып, соттағы рисалелерді иелеріне қайтармай, бізді де сөйлетпей тастауы, бәлелерге тосқауыл болар жалпылық сипаттағы рухани садақа таралмай қалуының, күнәларымыздың нәтижесі ретінде құрғақшылық басталды.Алтыншы тұжырым: Құрғақшылық, арнайы келер бәле, амалдардың жазасы ретінде берілер азап. Оған қарсы, қатты өкінішпен, жылап-еңреу жалбарыну керек және шынайы тәубе етіп, сүннетке сай түрде, бидғат араластырмай, шариғат шеңберінде құлшылық, дұға етіп Аллаһтың дәргейіне бас ұру керек.Баршаға ортақ келген бәлелер, көпшіліктің қателеріне орай келетіндіктен, адамдардың басым бөлігі қатты өкініш білдіріп, тәубә, истиғфар еткенде ғана мұндай бәлелерден құтылуға болады.Біз Рисалей-Нұр шәкірттері дүниеге көп мән бермейтіндіктен және дүниеге тек Рисалей-Нұр үшін мән беретіндіктен құрғақшылыққа да солай қараймыз. Денізліде сотқа берілген бірнеше рисаленің иелеріне қайтарылуымен қатар осында да бірнеше кісі рисалелерді жаза бастаған күні аздап жаңбыр жауды. Бірақ Рисалей-Нұрға толық еркіндік берілмегендіктен жаңбыр молынан жаумады. Инша Аллаһ жақында менің рисалелерім де өзіме қайтарылып, жалпыға еркін тарай бастаған кезде жаңбыр да молынан жауатын болады.* * * * *Әзиз сыддық бауырларым!«Хизб-ул Құран-ул Муаззамның» ерекше құндылығы, пайдалары, оқылған кезде ешқандай уәсуәсәнің келмеуі, Құрандағы сауабы мол аяттардың бір жерге жинақталғандығы, Рисалей-Нұрдың негіздері мен ақиқаттарының жинақталуы, Құранды толық оқып шығуға мүмкіндік таба алмайтындар мен қари еместерге өте ыңғайлы Құраннан алынған тамаша жинақ. Құрандағы сәйкестік ерекшеліктерді көрсете отырып басылар нұсқасының шағын үлгісі, соның жаршысы. Материалдық жақтан да мағнауи
36ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іжақтан да мұғжизалар мен қасиеттерге толы. Мына қасиетті айлар да мол береке мен нұрларға сауаптарға себеп болады. Оның басылып шығуы жолында еңбек еткендерге көп пайдасы тиеді. Рисалей-Нұрдың екі жарқын тірегі, нәр алушы бұлағы болғанаяты мен аяттары, қалай екенін қайдам қателесіп, Әл-и Имран сүресінен алынған аяттар арасына жазылмай қалыпты. Ол екі аятты да жазып қойыңдар.Жақында, он екінші бетті оқып отырғанда аяты бірден көзіме түсті. Алдыңғы бетке қарап едім, көрдім. Кейінгі бетке қарап едім, Рисалей-Нұрға ишара ететін төрт аят бар екен. Олар «Бірінші Шұғада» кеңінен түсіндірілген. Мына қатты айтылған аят бүгінгідей сұмдық зұлматты, қатты бүлінген ғасырға тікелей қарап тұр-ау деген ой келді жүрегіме. Зер сала қарасам, солай екен. Бір мағынасы да былай екен жифр және әбжад есептері бойынша бүліншіліктің төрт деңгейінің уақытына дәл келіп тұр. Кеңінен түсіндірсек былай болады. Шәдделер саналады, ал егер оқылмайтын хамзалар мен дағы оқылмайтын саналмаса, мың үш жүз алпыс екі болып осы жылға дәл келеді. Егер дағы шәдде бір нун бір негізгі ләм саналса мың үш жүз қырық екі болып, Бірінші дүние жүзілік соғыстың нәтижесінде орын алған бүлінушіліктен хабар береді. Егер шәдде екі нун болып саналса, оқылмайтын хамзалар мен да саналса мың үш жүз жетпіс алты болып, зұлматты бүліншіліктің азғындаған кезеңіне және көптеген аяттарда «Нұр»-ға қарама қайшы айтылатын сөзінің жифри саны мың үш жүз жетпіс екіге төрт жылдық айырмашылықпен сәйкес келетіндігін жеткізуде. Егер оқылмай қалғандар саналар болса және -дағы шәдде негізгі ләм болса, мың үш жүз алты болып күпірлік пен бүліншіліктің сұмдық дауылдары соққан кезеңге дәл келетінін
37ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ікөрдім. Екі төрт жүз, үш екі үш жүз , екі шәдделі үш жүз, бір бір жүз, келесі бір бір ол да жүз, екі ол да жүз, барлығы бір мың үш жүз. Бір , бір елу, шәдделі сегіз екі (мәдде) екі хамза төрт, барлығы бір мың үш жүз алпыс екі болады. Келесі үшеуі де саналып, салыстырылсын.Сондай-ақ он екінші, он үшінші беттерге мұқият қарағанымда көргенім мынау болады. Рисалей-Нұр шәкірттері мен оларға қарсы топтарға дәл келетіндігі сонша тек ишара мағына-нышан ғана емес, осы ғасырға қарап тұрған негізгі мағынасы, арнайы назар аударуда, жалпы күлли мағынасының бір бөлімі екенін түсіндім, шексіз шүкір еттім. Мына Нұр қызметі жолында, осы уақытқа дейін басымызға келген бәлелер жүз есе артып кетсе де маңызы жоқ, біз ұтудамыз. Ол бәлелер түкке алғысыз уақытша әйнектерімізді сындырғанымен мәңгілік алмастарды ұтудамыз деп, сабырлы түрде шүкір етуіміз керек деп білемін. Сегізінші рет берген уларынан аман қалғаным жайлы хабарды айтып сүйінші сұраймын. Ғаус Ағзамның үміт беруі расталуда. Барлық бауырларыма жеке-жеке сәлем айтамын, дұға етемін, мына қасиетті үш айда сендерден де дұға күтемін.Нұр шеңберіндегі көптеген бейкүнә бауырларым мен жайған қолдары бос қайтпайтын қарттардың дұғасын алуды бүкіл жан дүниесімен қалаушыБауырларың Саид Нұрси* * * * *Ғазиз Бауырларым!Реғайып түнінен алты сағат бұрын сендерге екі шағын хат жаздым. Екі айдан бергі намаздар мен дұғалар қабыл болмай, құрғақшылық жалғасып келе жатыр еді. Халық күн көрісін уайымдай бастаған кезде, Хизбун Нурие қағаздар мен қоса қайтарылғаннан кейін дәл Реғайб түні бұрын соңды мен көрмеген, тіпті естімеген, басқалар да естімеген жаңбыр жауды. Пайғамбарымыздың мұғжизасы екенінде шүбәм жоқ. Үш сағатта жүз рет, тіпті одан да көп күн күркіреп,
38ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ікүннің күркіреуіне жауапты періштенің қалай тәсбих тартқанына куә болдық. Мейрімнің жауғаны сонша ең қырсық адамға да Реғайб түннің қасиеті мен Пайғамбарымыздың шәһәдет әлеміне келуі, бүкіл әлем, барлық ғасырлар үшін маңызды екендігін және оның Рахметуллил аламин екендігін дәлелдеді. Сол түнді бүкіл әлемнің қошеметпен қарсы алғандығын көрсетті. Бұл аймақпен қатар Спарта да дұғаларымызға ортақ еді, мына жаңбырдан ол жақ та өз үлесін алды ма екен деп отырмын. Осы уақытқа дейінгі көптеген оқиғалар Рисалей-Нұрдың жарылқауларға себеп болатындығын дәлелдеген еді. Мына жарылқау-мейірім де біз білмесек те Рисалей-Нұрдың аса маңызды іс атқарып жатқандығының белгісі, тіпті еркін таратылатынына ишара болар. Осы аймаққа «Лемалардың» қатты әсер етуі, көшіріп жазушылардың санының артуы, қабыл болғыш дұғаға айналғанға ұқсайды.* * * * *Әзиз, Сыдық, табанды бауырларым және мұрагерлерім!Қазір маған жасалып жатқан қысымдардың үш себебі бар.Біріншісі: Министрлер кеңесінің қарарымен, ас-суым үшін күніне екі жарым банкнот, басқа да шығындар үшін қосымша ақша және өзім қалағандай етіп үй салдырып беруге бұйрық шыққан еді. Мен оларды қабылдамадым. Денізліден осы жерге дейінгі жол шығындарымды ғана қабыл алдым. Олар бұған ашуланып, қатаң бақылауға алды.Екінші себеп: Денізлі жақтың халқы Рисалей-Нұр үшін менің жеке басыма қатты құрмет көрсетті. Бұл жақта да сондай жағдай жалғасуда. Қаскөйлерді уайымға салуда.Үшіншісі: Дүниеден өткен ана белгілі адамның кегін қайтару ниетіндегі Афион Уәлиінің(әкім) қаскөйлік пиғылдағы сылтаулары. Тағдыр, олардың бұл зұлымдықтарын біз үшін мейрімге, пайдаға айналдырып жіберді. Уайымдамаңдар. Бір пайдасы да мынау: Олар Рисалей-Нұрдың емес, менің ғана аузымды жабуда. Менің орныма Рисалей-Нұр жүздеген тілмен, ал шәкірттері мыңдаған тілмен жар салуда. Бұл нұр қараңғы кеуделерге жарық сыйлауда, сабақ беруде. Жоғары лауазымдағылар да Рисалей-Нұрдың қорғау сөзі саналар
39ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ І«Миуа» рисалесін сараптау ниетімен оқып, енді соның әсерімен басқа да рисалелерді (әсіресе «Худжетуллаһ-и Белиға» жинағын) зейін қоя оқуда. Бұл олардың қырсық мінездерінің беті қайтқандығының белгісі. Олардың менің жеке басыммен әуре болып, Рисалей-Нұрдың бір шама еркін қалуы бізге пайда. Сонымен қатар, бауырларыммен кездестірмеуінің де пайдасы тиіп тұр. Тіпті бір рет жолға жүз лира жұмсап, сонша жерден келген бір бауырымның менімен кездесе алмай кері қайтуының да пайдасы тиді. Егер есік ашық тұрғанда, жан-жақтан зиярат етушілер келуде деп, қаскөйлерді әбігерге салар еді. Ықыласымызға да зиян тиуі мүмкін еді. Сондықтан қатаң бақылауда, оқшау отыруымның өзі біз үшін үлкен пайда, жарылқау.Мына қасиетті айларда бір сауап жүз есе артады. Еркек, әйел, бала қарт бауырларымыздан дұғалары арқылы көмек беруін өтінеміз. иншаАллаһ енді сендерді ешқандай дауыл шайқай алмайды. Болаттай берік жігерлерің мұқалмайды. ИншаАллаһ.* * * * *Құрметті бауырларым![Моралдық та материалдық та, бірнеше тұрғыда қойылған сұраққа мәжбүрлі түрде берілген жауап]Сұрақ: Неге ішкі, сыртқы ағымдарға, әсіресе, саяси ұйымдарға назар аудармайсың? Рисалей-Нұр шәкірттерін де мүмкіндігінше ондай ағымдарға жолатпайсың? Негізінде сен сол ағымдармен шұғылдансаң мыңдаған адам Рисалей-Нұрды танып, нұрлы ақиқаттар жайыла түсер еді. Сонымен қатар, себепсізден себепсіз, мынадай қиыншылықтар шекпес едің.Жауап: Оларға көңіл бөлмеуімнің, аулақ тұруымыздың ең басты себебі, өз ұстанымымыздағы ықылас, бізді олардан аулақ ұстауда. Өйткені, мынадай ғапылдық жайлаған заманда, әсіресе, бір жақты қолдау пікірі бар біреуге бұра тартуға жақын адам, кез келген нәрсені өз мақсатына пайдаланып кетеді. Тіпті, дінін де, ақыреттік амалдарды да өзінің дүниелік ұстанымдарына құрал етеді. Ал Иман ақиқаттары
40ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Імен сол жолдағы қасиетті де нұрлы қызмет, еш нәрсеге құрал бола алмайды. Аллаһ ризашылығынан басқа мақсаты жоқ. Бүгінгідей бас-басына бөлініп алып, қырық пышақ болып жүрген кезеңде, шынайы ықылас сырын сақтап қалу, дінді бұ дүниелік істерге пайдаланбау өте қиын. Ең дұрысы, ондай ағымдардың күшіне емес, Аллаһтың көмегі мен жарылқауына арқа сүйеу.Олардан аулақ тұруымыздың бір себебі де Рисалей-Нұрдың төрт негізінің бірі «мейірімділік таныту», зиян беруден аулақ болу. Өйткені: яғни «Біреудің қателігі үшін екінші біреу немесе оның туысқаны жазаға тартылмайды» деген Илаһи қағидаға қарсы бүгінгі таңда сыры бойынша сұмдық зұлымдықтар жасалуда. Бір жаққа жақтас болу сезімі арқылы, бір қылмыскердің қателігі үшін оның туысқанымен ғана емес, жақтастарымен де жауласуда. Қолынан келсе, зұлымдық жасар еді. Қолында күші болса, бір адамның қателігі үшін бір ауылға бомба тастауға бар. Негізінде жүз қылмыскер үшін бір бейкүнә адамның құқын таптауға, оған зұлымдық жасауға болмайды. Қазіргі жағдайда бірнеше қылмыскер үшін жүз бейкүнә жанға зиян берілуде. Мәселен: Бір адамның қателігіне байланысты бейшара, қартайған ата-анасын, бейкүнә бала-шағасын зар еңірету, бұлар бізге қарсы деп жауласу, мейірімділіктің негіздеріне керағар нәрсе. Мұсылмандардың арасындағы осындай жақ-жақ болып бөлінушіліктің кесірінен бейкүнә жандар зұлымдыққа ұшырап, зардап шегуде. Әсіресе, төңкерістерге себеп болатын нәрселер, зұлымдықты қоздырып жібереді...Жиһадта кәпірлердің бала-шағасы олжа болуы мүмкін. Мұсылмандар оларды өзінің мал-жанына қоса алады. Бірақ, Ислам шеңберінде өмір сүрген дінсіздің бала-шағасы ешбір тұрғыда олжа болмайды. Құқығы тапталмауы тиіс. Өйткені, әлгі бейкүнә жандар Ислам діні тұрғысынан дінсіз әкесіне емес, Ислам дініне, жамағатына қарасты саналады. Бірақ, кәпірдің бала-шағасы, бейкүнә болғандықтан тозақы емес. Бірақ құқық, бойынша өмірде әке-шешесінің қол астында болғандықтан жиһад кезінде әлгі бейкүнә жандар тұтқынға алынуы мүмкін.
41ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІБарлық бауырларыма жеке-жеке сәлем! Пайдасы мен сауабы көп Миғраж түні құтты болсын! Марқұм қажы Ибраһимге жамағайын туысы Рефет бейдің қайтыс болуына орай менің атымнан көңіл айтып, былай деңіздер: «Ол марқұм Рисалей-Нұр шәкірттерінің қатарында. Ол да сол шәкірттерге жасалып жатқан дұға-тілектерге ортақ, арнайы да дұға етеміз».Саид Нұрси* * * * *Әзиз, Сыдық БауырларымСұрақ: «Сәйкестік пен мына керемет қалай нақтылана түседі» деп сұраған бауырларымызға.Жауап: Егер бір нәрседе сәйкестік байқалса, біреудің арнайы түрде солай жасап тұрғандығының белгісі, кездейсоқ емес. Ал бірнеше жақтан сәйкес келіп тұрса белгі-ишаралар күшейе түседі. Ал жүз ықтималдың ішінен екі нәрсе бір-біріне дөп келіп тұрса сәйкестіктердің белгісі дәлелге айналады. Біреу мақсатты түрде арнайы жасап, солай болуын қалап тұрғандықтан сәйкеседі, кездейсоқ болуы мүмкін емес.Мына миғраж мәселесінде де солай болды. Тоқсан тоғыз күннің ішінде тек Реғайб және миғраж түндерінде жаңбыр жаууы сол екі түн мен күндіздеріне ғана сәйкес келуі, одан бұрын не кейін жаумауы, жаңбырға аса мұқтаж күндерге дөп келуі, «миғраж рисалесінің» осы аймақта кеңінен оқылып, көптеп таратылуы кезеңіне де сәйкес келуі, екі қасиетті түннің де көптеген өз-ара сәйкестігі болуы, мезгілінен тыс күн күркіреуі, олардың жер бетіндегі айтуға ауыз бармас моралдық-материалдық айқай шуларға ашулануы, жылап сықтағандарға дем беруі, мұсылмандардың жабырқау көңілдеріне жұбаныш іздеп, адасушылықтан туындайтын күндік-күмәндар мен дәрменсіздіктерге қарсы рухани күштерін арттыруға талпыныстар жасауларымен дөп келуі, мына қасиетті түндер секілді Ислами нышандарды сыйламайтындарға ескерту, бүкіл әлем осы қасиетті түндерге құрмет көрсетуде, сендер неге сыйламайсыңдар дегендей ислами нышандарға аспан әлемі де құрмет көрсетуінің сәйкес келуін,
42ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Ітиттей ғана ұяты бар адам бұл шаруаларды біреудің мақсатты түрде жасап жатқанын, мұсылмандарға арнайы мейрім төгіліп жатқанын түсінеді, біледі. Ешқандай кездейсоқтық араласуы мүмкін емес.Демек миғраж Мұхаммедттің (с.а.у.) мұғжизасы және үлкен кереметі. Миғраж баспалдағы арқылы көкке көтерілген Мұхаммед (с.а.у.) аспан әлеміне өзінің қаншалықты маңызды тұлға екендігін көрсетті. Осы жылғы миғраж түні де осы аймақтағы елге Оны бүкіл әлем құрметтейтінін, қадірін дәлелдеп беріп, керемет көрсетті.* * * * *Әзиз, сыдық бауырларым!Ғаус Ағзам мен Хазреті Алидің еңбектеріндегі ишараларда Рисалей-Нұрдың жазылуы алпыс төртте (хижри 1364) аяқталады деп көрсетілген. Демек одан кейін қосымша түсіндірулер ғана жазылады. Осыған байланысты жүрегіме екі нәрсе ескертілді.Біріншісі: Жаратылыс тұрғысынан және заманның ағымына сай Рисалей-Нұр шәкірті болуға ең әуелі бейкүнә жас өспірімдер лайық. Өйткені, бір жас өспірім, бала кезінде қуатты иман дәрісін ала алмаса, ер жеткен соң көңіліне Ислам мен иман шарттарының қонуы қиынға түседі. Мұсылман емес кісінің Ислам дінін қабылдауы сияқты бөтенсіп, ауыр соғады. Оның үстіне бала кезінде әке-шешесін діндар көрмесе, олар да мұны тек дүниелік пән-философиямен тәрбиелесе, әбден жатырқайды. Ондай бала ата-анасын құрметтеудің орнына, қабақ шытып олардан тез құтылуға асығады. Ақыретте оларға шапағатшы емес, керісінше «неге маған Ислами тәрбие беріп, иманымды сақтап қалуға әрекет етпедіңдер» деп шағым айтатын болады.Осы ақиқаттарға орай ең бақытты бала деп. Рисалей-Нұрдың тәрбиесі арқылы ата-анасына құрметпен қайрымдылық жасап, олар дүниеден өткенен кейін де ізгі амалдар арқылы олардың амал дәптеріне сауап жаздырған, ақыретте де шапағатшы болған баланы айтады.Рисалей-Нұр шәкірттерінің екінші тобы,жаратылысынан Рисалей-Нұрға мұқтаж, аз да болса дүниеден беті қайтқан, тіпті дүниеге ренжіген әйелдер тобы. Жасы ұлғайған әйел
43ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іболса, Рисалей-Нұр оған нағыз рухани азық болады. Өйткені Рисалей-Нұрдың төрт негізінің, тұғырының біреуі мейрім. Ол да Аллаһтың Рахим есіміне бөленгендіктен солай болып отыр. Әйелдердің де ең негізгі ерекшелігі және болмысына сай әрекеттерінің ұйытқысы мейірім.Үшінші топ: Науқас жандар мен қарттар. Олардың ішкі-жан дүниелерінен байқалмауы мүмкін, бірақ жағдайлары дәріге, нанға мұқтаж болғандай Рисалей-Нұрға да дәл солай мұқтаж екендіктерін көрсетеді. Өйткені Рисалей-Нұр мәңгі өмірдің бар екенін күндей жарқын етіп көрсетуде. Дүниелік өмірдің де фәни екендігін, мәнісін толық таныстырып береді. Олардың дүниелік өмірі де аурудан немесе қарттықтан таяқ жеуде, ал дүниеге алданудың (ғапылдық) немесе адасудың кесірінен өлім адамды жалмап қоятын нәрсе деп ойлайтын науқастар мен қарттар Рисалей-Нұрға аса мұқтаж. Ал олар Рисалей-Нұрдан алған жұбаныш-нұрларының арқасында өздерінің науқас немесе қарттық жағдайларын жастық шақ пен денсаулықтан артық көреді.Жүрекке ескертілген екінші нәрсе. Қазір хиджри алпыс төртке (1364) кірдік. Ғайби ишаралардың уақыты келумен бірге Рисалей-Нұрдың жазылуып бітуі керек. Егер Руми жылсанаққа сәйкес келетін болса, әлі екі жылымыз бар. Бірақ көптеген жерде кейінге қалдырылған, жазылмай қалған рисалелер бар. Мысалыға «Отызыншы Мектуб(Хат)», «Отыз екінші мектуб» және «Отыз екінші Лема» сынды аса маңызды тақырыптар жазылған жоқ. Жүрегіме бір ескерту ұялады. Бұрынға Саидтың ең маңызды туындысы және Рисалей-Нұрдың бет ашары, арабша жазылып бастырылған «Ишаратул Иғжаз тәпсірі» «Отызыншы мектуб» болып есептеледі деген. Солай болды да. Бұрынғы Саидтың ең соңғы жазғаны, өздігінен ұйқаса отырып төгіліп түскен «Лемаат» рисалесінің «Отыз екінші Лема» болуы ақиқаттардың арасынан қолмен ұстағандай анық түрде ағып шығып, бүгінгі Саидтың жүрегінен араб тілінде төгілген «Қатре», «Хаббе», «Шәмме», «Зәрре», «Хубаб», «Зүһре», «Шуле» атты туындылар мен қосымшаларынан тұратын үлкен жинақтың «Отыз үшінші Лема» болатындығы ескертілді. «Миуа» рисалесі «Он бірінші Шұға» болды. «Денізлі қорғау сөздері», «Он екінші Шұға» ал түрмеде және кейінірек жазылған «Шағын хаттар жинағының» «Он
44ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Іүшінші Шұға» болуы керектігі ескертілді. Менің де бауырларыма айтарым, әлі де бірнеше мәртебелердің есіктері ашық. Бізге тамаша қосымшалар жаздырылуы мүмкін.Әзиз бауырларыма жеке жеке сәлем жолдаймын. Қастамону мен сол аймақтағы бауырларымды да (Сол кездегідей) әр дайым біргемін деп білемін. Уайымдамасын Рисалей-Нұр тоқырап қалған жоқ, сырт көзге байқатпай-ақ үлкен істер атқаруда. Бізге жасалып жатқан қысымдар мен басымыздағы қиыншылықтардың нәтижесінде Рисалей-Нұрдың сабақтарына көбірек назар аудартып, кең көлемде оқуылуда. Сондықтан аса қайратты әкелі-балалы екі бауырымыз, әкесі қаттырақ қиналды-ау деп уайымдамасын. Менің де біздің де назарымызда олар бұрынғысынша өз дәрежелерінде. Сөз басында балалар өз болмыстарымен Рисалей-Нұрға шынайы шәкірт болуда деген едік. Бір мысалы да мынау; Қатты сырқаттанып отырғандықтан мына хатты өзім жаза алмағандықтан мен айтып отырдым, Жейлан жаңа әріптермен жазды. Екіншісі оған хат жазушы бейкүнә кішкентай Әли, енді бірі жақында маған зерделі, кәміл жандарша хат жазған Нұр медіресесінің кішкентай шәкірті кішкентай Мехмед. Мен оларға бәрекелді, сендер бақытты балаларсыңдар деймін. Ата-аналарыңа да құтты болсын айтамын.* * * * *Әзиз, Сыддық бауырларым[Бір сұраққа мәжбүр берілген жауаптың соңы]Жаз айлары күн көрістің қамын көбірек ойлататын кез болғандықтан, қасиетті үш айдағы сауабы мол құлшылыққа немқұрайлы қаратпасын. Әлемдегі аласапыран жағдайлар қарумен емес, дипломатияның күшімен шешілуі тиіс. Мұндай жағдайда, аса ұстамдылық және қасиетті қызмет жолында табандылық болмаса, Рисалей-Нұр қызметіне зиян тигізер жалқаулық пен тоқырау басталады.Құрметті бауырларым, естеріңде болсын, Рисалей-Нұр мен шәкірттерінің айналысып жүрген мәселелері, жер бетіндегі бүкіл
45ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ Імәселелерден де үлкен. Сондықтан, бұл дүниелік, тартымды болып көрінер мәселелерге қызығушылық таныту арқылы мәңгілікке ұласар ақыреттік міндеттеріңе зиян келтіріп алмаңдар. Миуа рисалесінің Төртінші мәселесін қайта-қайта оқыңдар, рухани күштерің сарқылмасын. Әһл-и дүниенің (бұл дүниені ғана ойлаушылар) ең маңызды деген мәселелері, уақытша өмірдегі зұлымдық шашар «өмір-күрес» қағидасы. Қатыгез, мейірімсіз, діни құндылықтарды дүниенің жолында құрбан ететін мұндай ұстанымдары үшін Аллаһ олардың сол қылмыстарының ішіне бұл дүниенің өзінде рухани тозақ орнатуда.Рисалей-Нұр мен шәкірттерінің айналысып жүрген шаруасы, мәңгілік өмірді өзінің артына жасырып тұрған өлімнің әһли дүние үшін қорқынышты жендет, иманды жандар үшін мәңгілік бақыттың есігі екендігін екі жердегі екі төрт болатындай анық дәлелдеу. Және мұны осы уақытқа дейін дәлелдеп келеді. Қорыта айтқанда, Әһли далалет (адасқандар) фәни өмір үшін күресуде. Күрес жолындағы олардың ең үлкен мәселелері (уақытша болғандықтан) біздің ең кішкентай мәселемізге (мәңгілік мәселе болғандықтан) тең келмейді. Олар ақымақтық жасап, біздің ұлы мәселелерімізге мән бермеуде, олай болса, қасиетті борышымызға зияны тиер олардың болмашы мәселелеріне біз неге қызығушылық танытуымыз керек... аяты және Ислами бір қағида саналар қағидасы, яғни, «басқалардың адасуы, сіздердің тура жолда жүрулеріңізге кедергі келтірмейді. Сендер орынсыз жерде олардың адасуларымен әуре болмаңдар»... қағидасының мағынасы, «Өз ризашылығымен зиянға ұрынған адамға жақтасуға, жанашырлық танытуға болмайды». Мына Аят та, қағида да өз ризашылығымен зиянға ұрынған адамға жанашырлық танытуға болмайтынын айтып тұрғанда, біз де бүкіл күшіміз бен уақытымызды өз міндетімізді атқаруға жұмсауымыз керек. Одан басқа мәселелерге мән бермей, уақытымызды босқа өткізбеуіміз керек.Өйткені, қолымызда нұр бар, сойыл жоқ. Біз күш көрсетпейміз, бізге күш көрсеткендерге нұр көрсетеміз.
46ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІБұл ескертудің жазылуына себеп болған жағдайлардың бірі мынау еді.Бірде Рисалей-Нұр шәкіртінің біреуін сынап көрдім. Қазіргі саяси жағдайларға деген көзқарасы қалай екен деп, бұғаздар жайлы әңгімесіне орай екі нәрсе сұрадым. Берген жауаптарынан бұл мәселелерге деген қызығушылығы байқалып тұрды. Жүрегім, обал-ай деді. Бұл жағдайдың қасиетті міндеттерімізге зияны тиетіндігін айтып, қатаң ескерту жасадым Біздің қағидамыз екенін айттым. Егер адамдарға жаның ашыса, жоғарыдағы қағида оның аяуға лайық, немесе лайық емес екенін көрсетеді. Жұмақ өзінде адамдардың болғанын қалайды. Тозақ та адам қалайды.(Бесінші Шұға жеткізген хабарлар көрініс беруде)Саид Нұрси * * * * *
НЕГІЗІ БУРДУРЛЫҚ БОЛҒАНЫМЕН ҚАЗІР ДЕНІЗЛІ ДЕ ТҰРАТЫН САУДАГЕР ҚАРИ МҰСТАФАҒА АРНАЛАДЫ.Әзиз, Сыддық Бауырым, Құран жолындағы қызметте табысты жолдасым!Сен мыңдаған қуанышты хабар жеткіздің. Мені де мәңгілік борыштар еттің. Адал достарыңмен бірге Рисалей-Нұрдың еркіндік алуына ат салысуың аса маңызды іс болды. Бізді және Рисалей-Нұр шәкірттерін ғана емес, бүкіл елді, тіпті бүкіл Ислам жұртын рухани борыштар еттіңіз. Иманды жандарға көмекке келер Рисалей-Нұрға еркіндік жолын аштыңыз. Мен, бір жылдан бері сені және сенімен бірге Рисалей-Нұрдың еркіндігі үшін еңбек етіп жүргендерді, марқұм Хафыз Али мен Хусрев сынды Рисалей-Нұрдың хас батырларымен бірге рухани жетістіктеріме, дұғаларыма қосып келе жатыр едім, солай жалғаса береді... Осы жерге жеткенге дейін жолда өткен әр бір минут, әр бір күн Рисалей-Нұрға қызмет еткеніңдей мені борыштар етті. Әділ сот атанған мәлім тұлға мен бізге қолдау көрсеткен қызметкерлердің, әділет жолында адал қызмет еткендіктерін өмірімнің соңына дейін ұмытпаймын. Алты-жеті айдан бері оларды да рухани табыстарыма ортақ етудемін.Маған табыс еткен Рисалей-Нұрдың бір бөлігін бауырларыма беремін, толық жазсын, соларға сыйлаймын. Өйткені олар Рисалей-Нұрдың бұдан былайғы қызметіне толық үлескер болады. Бұл мәселеде мен Денізлі қаласын өз ауылыммен бауыр санаймын. Бұл жердегі Иманды жандардың өлісін де, тірісін де, мен және Рисалей-Нұр шәкірттері рухани табыстарымызға үлескер етуге қарар бердік. Денізлі Түрмесі де бір емтихан тапсырып шыққан медресеміз болсын. Біздің ісімізді қараған, әсіресе әділ әрекет еткен сот қызмет-керлерінің бәріне көптен көп сәлем жолдап дұға етеміз.* * * * *
48ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІӘзиз, Сыддық бауырларым!Мына қызметіміздің нәтижесі болған Рисалей-Нұрдың еркіндік алуына бізбен бірге тек Анадолы халқы мен Ислам әлемі ғана емес бүкіл әлем қуанып қол соғуда екендігіне еш күмән-күдік қалмады. Жер де көк те қуануда, оған дәлел, үш-төрт айдан бері қатты қуаңшылық болып тұрды, ал Денізлі сотының кітаптарды қайтарып беруі Миғраж түніне сәйкес келді, сол түні Реғайб түніндегідей нөсерлетіп тұрып жаңбыр жауды. Рисалей-Нұрдың мейрім (Рахмет) екендігін дәлелдеді. Күннің күркіріне жауапты періштелердің қол соғулары Әмірдағыны мейрімге бөледі. Денізлідегі өкілдерге кітаптар тапсырылған күні Миғраж түні мен Реғайб түніндегідей жаңбырдың жаууы, жұманың түніне сәйкес келуі, ал Рисалей-Нұрға тыйым салынған кезде төрт рет жер сілкінуі жер шарының да қарсылығын тудыруының белгісі. Төрт айлық қуаңшылықтан кейін үш жұма түні (Реғайб түні, Миғраж түні және Шағбан айының алғашқы жұмасы) нөсер жаңбырлардың жаууы, Рисалей-Нұрға еркіндік берілу кезеңдерімен тұспа-тұс келуі аспан әлемінің құттықтаулары, сүйіншілеуі, Рисалей-Нұрдың рухани мейрім, рухани жаңбыр екендігіне бір ишара болса керек. Ең әдемі ишара-белгісі мынау кеше бір торғай терезені ұрды. Ұшырып жіберу үшін қолымызды ербеңдетіп едік ұшпай қойды. Жайланға терезені аш ішке кірсін не дегісі келіп тұр екен деуге мәжбүр болдым. Ішке кіріп таң атқанша отырды. Таңертең біз бөлмеден шығып кеттік, жатын бөлмеге кірдім. Бүгін таңертең келіп, есікті аштым да жарты минуттан кейін қайта келдім. Қарасам, бөлмеде «Құддус, құддус» деп зікір салатын бір құс отыр. «Бұл қонақ неге келді екен» - деп күлдім. Бір сағат бойы маған қарады да отырды, үркпеді де ұшпады да. Мен де кітап оқып отыра бердім. Нан беріп едім жемеді.Есікті ашық қалдырып, жарты минутқа шығып кетіп едім, қонақ кетіп қалыпты. Маған көмектесіп жүрген бала келіп, «Мен бүгін бір түс көрдім, «Хафыз Алидың бауыры біздің қасымызға келіпті» деді. Онда Хафыз Али не Хусрев сынды бір бауырымыз осында келді екен дедім. Екі сағаттан кейін әлгі бала келіп, Хафыз Мұстафа келді, деді. Рисалей-Нұрдың еркіндік алғаны жайлы сүйінші хабар мен сотта қалған бір топ кітаптарымды алып келді. Торғай мен Құддыс құсының және сенің келуіңдегі мағыналар түсінікті болды».
49ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІКездейсоқтықтың болмайтындығы дәлелденді. Торғай мен құддус құсының ғажайып жағдайда ішке кіруі. Маған таңырқай қарауы, содан кейін бірденен жоқ болып кетуі, бейкүнә баланың түсі, дәлме-дәл келуі, Рисалей-Нұрдың Хафыз Али сынды бір кісінің қолымен мұнда жетуіне сәйкес келуі, кездейсоқ болуы мүмкін емес. Мұның Рухани жағдайда сүйінші сұрау екендігіне шүбә жоқ.Бұл жағдай, кішкентай ғана мәселе емес. Бүкіл әлеммен, жануарлар, әлемімен байланысып жатыр. Мен Рисалей-Нұрдың бір шәкірті ретінде өз үлесіме тиген пайдалар мен нәтижелерді мыңдаған сом алтын пайда тапқандай көремін. Жүз мыңдаған Рисалей-Нұр шәкірттері мен иманын кемелдендіруге мұқтаж мұсылмандардың пайдасын өзің салыстыра бер.Діннің, Шариғаттың, Құранның жүзден астам тылсым-сырларын ашып түсіндіріп берген және ең қырсық дінсіздің аузын жауып, үнін өшірген, миғраж бен дененің қайта тірілуі ақылға сыйымсыз деп санаушы философтар мен дінсіздерге әлгі ақиқаттарды күндей жарқын түрде дәлелдеп беріп, олардың біразын иманға келтірген Рисалей-Нұр, әлбетте Жер шарымен де аспан әлемімен де байланысып тұр. Олар да бұл үшін алаңдаулы. Рисалей-Нұр осы ғасыр мен келешекті қамтып тұрған Құрани ақиқат және иманды жанның қолына берілген алмас қылыш.* * * * *Әзиз бауырым!Рисалей-Нұрдың адвокаты Зияға біздің атымыздан алғыс айтып, құтықтап қойыңдар. Көптен бері рухыма Зия атты біреудің Рисалей-Нұрға үлкен еңбек сіңіретіндігі жайлы сезімдер келе беретін. Мына жағдай сол Зияның осы екендігін көрсетті. Бізді мәңгілік борыштар етті. Алқа билер мүшесі және соттың хатшысы Хасна ханым мен тергеуші сот сынды ар-ұяты бар жандарға алғыс білдіреміз. Оларды еш ұмытпаймын. Әсіресе Мүфтү Осман мен Хасан Фейзі бастаған аса қымбатты достарға сәлеміміз бен оларға борыштар екенімізді жеткізіңдер. Әділ сот атанған әлгі адамға Рисалей-Нұр кітаптарын сыйға тарту үшін көшіртіп жатқандығымды айтыңыздар. Рисалей-Нұрдың құрметті адвокаты Зияға Рисалей-Нұрдың маңызды бөлімдерін жаздырып беруге ниеттімін.Баспадан шыққан «Аятүл Кубра Рисалесінің» бес жүз нұсқасы бастырушыларға қайтарыла ма? Соған алаңдаулымын.
50ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ ІТағы бір нәрсе, Стамбулда жиналып алынған Рисалей-Нұр кітаптарының бәрі де менікі. Ішінде жиырма рисале жинақталған кітап мен үшін аса қымбат.Сондай-ақ Денізліден кетіп бара жатқанда «Мұғжизат-ы Ахмедие Рисалесін» сол жердегілерге аманат етіп қалдырған едім. Ол да маған аса қажет. Қожа Мұса Әфенді білетін болар. * * * * *Рисалей-Нұрдың солқылдақтау немесе жаңа шәкірттерін бос күмәндардан құтқару үшін мынаны айта кеткім келеді. Жасырын жаулардың алдауына түскен кейбір аңқау дін қызметкерлері мен бидғаттарды жақтаушы қаскөйлер, Рисалей-Нұрдағы мызғымас ақиқаттарға қарсы тұру үшін, менің кемшілігі мол (өзім де мойындаймын) қателіктерге бой алдырғыш жеке басымның кемшіліктерін жайып салу арқылы менің беделімді түсіріп, Рисалей-Нұрға бөгет болғысы келеді. Жиырма жылдан бері мұндай әрекеттердің жиырмасына куә болдық. Тіпті екі рет қамауға алынуымызға себеп болғандықтан, достарыма және Рисалей-Нұр шәкірттеріне айтып қояйын, маған өз нәпсімді ұнатқызбай қойғаны үшін Аллаһқа шүкір етемін. Өз кемшіліктерімді де білдіріп отыр. Өзімді көрсетіп қалу, мақтангершілік жасау былай тұрсын, Рисалей-Нұрдың мүбәрак шәкірттерінің бойындағы шынайылық пен ықыластың құрметіне өзіме кешірім тілеймін, солардың рухани шапағаттарының арқасында күнәларымның кешірілуін тілеуден ұялып жатқаным жоқ. Маған қарсы шығушылар, жасырын айыптарымды білмейді. Тек сырттайғы кейбір қателіктерімді алға тартады. Рисалей-Нұрды менің меншігім ретінде білгендіктен, Рисалей-Нұрдың нұрына тосқауыл болу ниетімен «Саид жұмаға бармайды, сақал қоймайды» деген сындар айтуда.Жауабы: Мен көптеген кемшіліктерім барын мойындай отырып айтайын, бұл екі мәселеде аса маңызды үзірлерім бар.Біріншісі: Мен Шафи мәзһабын ұстанамын. Шафи мәзһабына сай, жұма намазында имамға кем дегенде қырық адам ұйып, фәтиха сүресін оқулары керек. Басқа да шарттары бар. Сондықтан бұл жерде маған жұма намазы парыз емес. Мен көпшіліктің мәзһабына ұйып, кейде сүннет ретінде жұма намазына барамын.
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297