Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore кітап Ғасыр 24.11.15 жыл БСМП

кітап Ғасыр 24.11.15 жыл БСМП

Published by Макпал Аусадыкова, 2022-06-24 06:37:22

Description: кітап Ғасыр 24.11.15 жыл БСМП

Search

Read the Text Version

Ғасырмен қоса жаңару Алматы қаласы

Ұсынылып отырған еңбекте Алматы қаласында ораналасқан 118 жылдық тарихы бар жедел медициналық шұғыл көмек көрсету ауруханасының алғашқы мекеме санатында ұйымдастырылып, қалыптасу кезеңінен бастап, бүгінгі таңдағы соңғы инновациялық медициналық құралдармен жабдықталған және кәсіби шеберлігі жоғары мамандармен қамтамасыз етілген 350 төсектік ортаң қолды мекемеге айналуына дейінгі кезеңдері сипатталған. Сонымен қатар, айтулы мекеменің аз уақыт аралығында жоғарғы сапалы медициналық қызмет көрсету дәрежесіне дейінгі өрлеу жолында қажырлы еңбегін сіңірген мекеме басшысынан бастап, басқа да еңбегімен ерекшелінген дәрігер мамандардың күнделікті қызмет бабынан тереңірек мағлұмат берілген. Жарыққа шығып отырған жинақ дәрігерлер мен ғылыми қызметкерлерге және денсаулық сақтау саласын ұйымдастырушы мамандарға арналады.

Алғы сөз Жалпы не нәрсенің жаратылу тегі, түп тамыры болатыны сияқты, қазіргі уақытта қаланың дәл кіндігінде орналасып, халыққа белсенді қызмет көрсетіп жатқан Алматы қалалық шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасының да өзіндік қалыптасу тарихы бар екендігі белгілі жай. Ал енді қандай да болмасын жағдайда тарихты қозғап, әріден жіп тізбектеудің өзінше бір себебі мен салдары болатындығы барлық оқырманға аян және заңды құбылыс. Дәл осы қолжазбаны бастап, кірісер уақытта қатты қиналып, неден бастарымды білмей бірнеше күнге дейін аласапыран күй кешіп жүргенім де бекерден-бекер емес еді. Өйткені бұл істің жауапкершілігі өте жоғары және дәрігер мамандардың адал атқарып жүрген қызметінен сыр шерту, олардың күнделікті атқарып жатқан істерін жазу арқылы оқырман көпшіліктің жүрегінен шығатындай көрініс қалдыру екі адамның бірінің қолынан келе бермейтін шаруа екені белгілі. Ұзын сөздің қысқасы, осы мекеменің жаңадан ашылу мерзімінен бастап қызмет істеп келе жатқандықтан, көп мамандармен қоян-қолтық еңбек етіп, олардың халыққа сіңіріп жүрген еңбегін күнделікті көріп жүргендіктен, осы аурухананың өткені мен бүгінін, көз алдымдағы тыныс-тіршілігін жіпке тізгендей етіп тізбектеуге кірісіп кеттім. Қолға алынған еңбек көпшіліктің жүрегіне қалай жол табатынын мен айтып та, болжап та бере алмаймын. Бір білетінім, осы мекеменің ашылуынан бастап дәл бүгінгі күнге дейінгі уақыт аралығында болған жайттар мен оқиғалардың барлығын еш қоспасыз, бүкпей жазуға тырысатындығым. Менің осы сөзімнің растығын бірге қызметтес болып жүрген жолдастарым құптайды деп ойлаймын.

ТАРИХҚА ҮҢІЛСЕК Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы Қазақстан Республикасындағы ең ірі аурухананың брі болып саналады. Ең алғаш аталмыш аурухана 15 төсектік болып 1896 жылы Жетісу уезіне қарасты Верный қаласында Қызыл Крест Қоғамының емханасы санатында ашылған болатын. Тарихи деректерге сүйенсек, Қазіргі Төлеби, Жібек жолы, Байтурсынов көшелерінің арасында орналасқан мүйісті алғашқы барақ түрінде салынған емханалар алып жатқан. Сол барақтарда қала халқына дәрігерлік көмек көрсетілініп келген. Сол себепті де осы мүйіс кала халқына «Қызыл Крест ауданы» - деген атпен белгілі болып, Верный қаласының картасында 1868 жылдан пайда бола бастағаны сол кездерге арналған тарихи еңбектерден белгілі. Қазіргі уақыттағы жаңадан салынған Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы орналасқан жерде, ертедегі Губернатор көшесінің (қазіргі Қазыбек би көшесі) бойынан бөренеден салынған еңселі ағаш үйден Қызыл Крест қоғамының Жетісу уезіне қарасты бөлімшесі ашылып, халыққа қызмет көрсете бастаған. Ол емханамен қатар орналасқан үйден кәрі адамдарды бағып қағуға арналған емхана ашылып, Қызыл Крест Қоғамының алғашқы емханаларының қатарын көбейткен. Жалпы Верный қаласында алғашқы шұғыл медициналық көмек көрсететін емханалардың қажет екендігі 1887 жылғы жер сілкінісінен кейін пайда болған және зіл заладан зардап шеккен адамдарға ақысыз шұғыл көмекті көрсету үшін «Штабс капитаны Зубарев» -тің үйі жалданып, сол кездегі дәрігерлер еш еңбек төлемінсіз, қала халқына қызмет көрсеткені бүгінгі күні архивтік материалдардан белгілі болып отыр. Қала көлеміндегі алғашқы ауруханалар пайда бола бастаған уақыттан бастап, қала басшылары алғашқы көмек көрсету ауруханасын жеке қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы санатында бөліп шығару мәселесін қолға ала бастаған көрінеді.

1894 жылғы Верный Қалалық думасының журналында басылған Жетісу уезі Верный қаласы губернаторының «20 мың рублді қалалық басқарма қарамағына беру» туралы шешімі осыған дәлел бола алады. Сонымен қатар, осы мақалада губернатордың бөлінген қаражатқа Верный қаласынан 15 төсектік аурухана ашу қажеттілігін атап көрсеткен. Бұл шешімнің пайда болуына бір жағынан қала тұрғындары санының күн санап артуы себеп болса, екінші жағынан Верный қаласы халқының үнемі болып тұратын жер сілкінісінен жиі зардап шегуі және сондай кездердегі әртүрлі жұқпалы індетердің белең алып кетуі де өз ықпалын тигізген болатын. Арада екі жыл өтпей жатып, жоспарланған аурухана іске қосылып, оның ең алғашқы бас дәрігері болып Санкт- Петербург әскери-медициналық академиясының түлегі И.И. Соболевский тағайындалды. И.И. Соболевский ақ патша билігінің оқу ағарту саласы жарлығымен үш жыл мерзімге Верный қаласына жіберіліп және де маманның қызметке бөлінген жеріне жету үшін 400 рубльдің бөлінгені тарихи құжаттарда сақталған. Иеронема Соболевскийдің қолынан ем қабылдаған науқастардың бірі, Шығыс Түркістанды ашып, картаға түсірген дарынды жас ғалым этнограф Шоқан Уалиханов болатын. Алғашқы уездік дәрігер лауазымында қызмет атқарып жүрген И.И. Соболевский өкпе құрты дертіне шалдыққан науқастың қандайлық дәрежеде жағдайының ауыр болатыны біле тұрса да, барын күш жігерін, білімін салып емдеуі жас ғалымның жанына жылулық сепкені сонша, өмірінің соңғы кездерінде; «Верный қаласындағы ауруханада ем қабылдап қана қоймай, шаршап жүргенде жаныңды да емдетіп қайтуға зор мүмкіндік туады» -деп күнделігіне жазған ыстық ықласқа толы естелігі күні бүгінге дейін сақталған. Алғашқы бас дәрігердің Қалалық Думаға жолдаған ұсынысы бойынша бар жоғы 15 төсектік аурухананың 5 төсегі ақылы негізге ауыстырылған. Алғашқы ақылы төсекте жатқан науқастар 25 тиынды жатқаны үшін төлесе, 15 тиынын алып жатқан ем түрлері үшін төлейтін болып бекітілген. Дәл сол кездердегі аурухананың тыныс тіршілігіне қатысты құжаттарды саралау барысында Алматы қаласының орталық мұрағатынан табылған 1896 жылдың 21 тамызындағы фельдшер-акушер Зельды Ошеровна Шелигранның Қызыл Крест Қоғамы ауруханасына фельдшер санатында

жұмысқа қабылдауы жөніндегі бас дәрігердің атына жазылған өтінімі табылған. И.И. Соболевский өз міндетін абыроймен атқарып зейнеткерлікке шыққанан соң, аурухана бас дәрігерлігі қызметін Томск университетінің түлегі, Ресейдің белгілі көпес, мецанатының ұлы Шахворостов басқарады. Ол жас кезінен, тіпті студенттік шағынан бастап, Верный қаласында оқтын- оқтын пайда болып отыратын эпидемияға қарсы күресте өзін болашақ талантты дәрігер ретінде көрсете біліп, қала халқының алғасына бөленген жан болатын. Осы алғашқы аурухананы салып, ұйымдастыру кезеңдерінде ат салысқан дәрігер мамандардың портреттері Қала Думасы шешімімен аурухананың қызыл бұрышына ілініп, осы жандардың есімдері қаланың медициналық жүйесінің қалыптасу тарихында мәңгілікке жазылып қалды. ХХ ғасырдың басындағы газет беттерінде жарияланған мақалалардың бірінде осы ауруханада емделіп шыққан бір науқастың «Аурухана палаталары жарық, ауасы кең, дезинфекция жасағанға ыңғайлы, жуынатын, душ қабылдайтын комнаталарының барлығы бір-бірінен бөлінген» - дей келе, «мұнда қызмет жасайтын қызметкерлердің бос уақыттары мүлдем болмайды. Әсіресе, мейірбикелердің еңбектері ерекше атап өтуге тұрарлық» - депатап көрсеткен. Дәріханаға жазылатын рецептер мен еңбекке жарамсыздық қағаздары, ауру тарихы кітапшасы кириллице әріптерімен жазылып, сол кездегі Ресейдің тәртібінде толтырылатын болған. Палаталарды жарықтандыру майға батырылған білте шамның, шырақтың орнына керосин шамдарына ауыстырылып, жуынатын бөлмелерден ағатын жуынды сулар арнайы қазылған ұраларға жинақталып отырып, ат арбаға салынған бөшкелермен қала сыртына шығарылып отырған. Алғашқы жедел көмек көрсету ауруханасының дәрігерлері мен мейірбикелері еңбек ақы көлемі өте төмен болсада, өз істеріне беріліп, Гиппократқа берген антына адал болуды мақсат еткен жандар болғаны, тарих қойнауында қатталып жатқан деректерден белгілі. Сонымен қатар, Орталық Республикалық Мұрағатта сақталынған «Семиречинского областного правления» (1868-1918жж.), «Канцелярии Степного генерал губернатора» (1868-1917жж.), «Верненской городской

управы» (1873-1919ж.), «Верненского уездного правления» (1867-1917жж. ) сияқты құнды құжаттарда жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының алғаш ашылу уақыты 1896 жылмен белгіленіп, тіркелінген. Сол жылдардағы Жетісу облыстық басқармасының статистикалық есеп беруінде 1902 жылы Верный қаласында екі аурухананың халыққа қызмет көрсететіні жөнінде дерек берілген. 1. Қалалық жедел көмек көрсету ауруханасы, 15 төсектік. 2. Ақыл-есінен ауытқыған науқастарға арналған 10 төсектік аурухана. Ал 1913 жылдың соңына қарай қалада 40 төсектік екі аурухана және ақыл-есінен ауытқыған науқастарға арналған 10 төсектік аурухана тіркелінген. Бұл ауруханаларда 10 дәрігер, бірнеше фельдшерлер және 3 тіс техник мамандары қызмет жасаған. 1923 жылы яғни, осыдан он жыл мерзім өткеннен соң бұл ауруханалардың құрамынан хирургиялық, терапиялық және перзентхана бөлімшелері ашылып, қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының төсек саны 40 дейін жетті. Бұл медициналық мекемедегі барлық қызметкерлердің саны 26 дейін өсіп, одан бөлек дәріхана және күндізгі науқастарды қабылдайтын емхана ашылып, қала халқына алғашық амбулаториялық көмекті көрсете бастаған. 1920 және 1930 жылдар аралығында аурухананың төсек саны ұлғайа түсіп, жаңадан бөлімшелер ашыла бастады. Мысалға, 1924 жылы қамсызданған адамдарға арналған бөлімше ашылса, 1927 жылы жұқпалы індеттер бөлімшесі, 1929 жылы балалар және инфекциялық хирургия бөлімшелері, 1930 инфекциялық аурулар бөлімшесі өз алдына дербес жайларға жайғастырылып, бөлініп шықты. Осы ашылған бөлімшелердің барлығы да қазіргі жаңадан бой көтерген ЖШКК ауруханасы орналасқан бұрынғы Губернатор (қазіргі Қазбек би көшесі), Байтұрсынов, Жібек жолы және Сейфуллин көшелерінің аралығындағы алаңқайда арнайы салынған үйлерден ашылып, қаланың тура ортасында болғандықтан қала халқының қатынауына ыңғайлы, науқасты бір бөлімшеден екінші бөлімшеге ауыстыру кезінде де арасы жақын болып, медициналық көмектің тиімділігін арттыруға негізделінген болатын. Алғашқы амбулаторияның ашылыуымен қатар, үйлерінде жатып қалған ауыр науқастарға көмек көрсету арнайы құрылған жәрдем тобының көмегімен іске асып отырған. Ол топтың құрамында білгір фельдшер мамандар мен көпжылдық стажы бар мейірбикелер болып, қажет болғанда үй жағдайында балаларды дүниеге әкелтіп, қажетті медициналық көмекті жасай беретін дәрежеде болған. Осыған дәлел ретіндегі сол уақыттағы газет беттеріндегі арнайы алғыс немесе қайғылы оқиғаларды тіркеп отыратын айдарлардағы көптеген қала халқы тұрғындарының жедел көмек көрсету тобы мүшелеріне арнаған жылы ілтипаттары дәлел. Ол кездегі жедел шұғыл көмек көрсету арнайы

құрал саймандармен жабдықталған ат арбамен іске асырылған. Алғашқы амбулатория құрамында осындай бригадалық принциптегі медициналық қызметтерді атқаруға арналған 7-8 ге дейін ат және 4-5 жабдықталған арбалар болған. Күнделікті шақытулар саны кей күндері 15-16-ға жетіп, қорытындысы арнайы кітаптарға тіркелініп отырған. Алғашқы емханалар санының артуымен, олардың халыққа қызмет көрсету сапасында да көптеген оң бағыттағы өзгерістер пайда бола бастады. Мысалы, жұқпалы індеттермен күрес кезіндегі вакциналық әдістің тиімділігі ескеріле отырып, қала халқының санына шақталған вакциналарға тапсырыс беріліп, үй-үйді аралай жүріп егу жұмыстары қатаң қолға алынған. Соның себебінен балалардың арасындағы көк жөтел, полимиелит, бума секілді індеттердің алдын алуға мүмкіндік туған. Сонымен қатар, әсіресе жас босанған әйелдер арасында жиі кездесетін қан кету жағдайларының алдын алу мақсатында донорлық қан жинақтау пункті ашылып, әр қан тобына байланысты белгілі мөлшердегі қан қорын даярлап отыру қолға алынған. Бұл бөлімше қазіргі уақыттағы қалалық қан құйу стансиясының міндетін атқарды. Бір қызығы, алғашқы қан құю пунктінің алғашқы ұйымдастырушысы талантты хирург, профессор Александр Николаевич Сызғанов. 1934 жылы қаланың орталық көшелерінің бірінде орналасқан ескі үйді жалдап, оның бір жағында донорлардан қан алып, олардан алынған қанды келесі адамға құюға дайындап жатса, екінші жағында өзінің әріптесі, хирург Виктор Васильевич Зикеевпен басынан жарақаттанған адамдарды емдеу тәсілдері жөнінде өткір пікір таластарын жүргізіп отырған. Осындай пікір таластар мен практикалық тұрғыдағы мол білімі арқасында 1936 жылы Виктор Васильевич Зикеев Хан Тәңірі шыңында қалып, өлім аузынан қалған алпинистерге биік таулы жағдайдағы алғашқы шұғыл медициналық көмек түрлерін жоғарғы дәрежеде көрсете білді. Алматы қалалалық жедел шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасы қаланың даму тарихымен тығыз байланыста болғандықтан, әр түрлі кезеңдерде әр қилы аттармен аталып келді: 1922-1924 жылдары – Жетісу облыстық денсаулық сақтау бөлімінің Алматы қалалық ауруханасы; 1924-1927 жылдары - Жетісу губерниясы денсаулық сақтау бөлімінің Алматы қалалық ауруханасы; 1927-1947 жылдары- Алматы денсаулық сақтау бөлімінің қалалық ауруханасы; 1947 - 1975 жылдары - Алматы денсаулық сақтау бөлімінің №1 Қалалық біріккен ауруханасы болып аталса, ал 1975 жылдың 22 желтоқсанынан бастап Алматы қалалық жедел медициналық көмек көрсету клиникалық ауруханасы деп аталды. Сол жылдарда стационарлық қызмет

көрсету үшін 1020 төсек, ал емхана бір аусымда 1200 адамға қызмет көрсете алатын дәрежеге жеткен болатын. 1992 жылдан бастап АҚЖШККА 700 төсектік стационарлық көмекті көрсете алды. 1991 жылдан бастап аурухана Алматы қалалық медициналық университетінің негізгі клиникалық базасы болып саналады. Бүгінгі таңда да аурухана ғимаратында орналасқан С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ және Қазақ Ресей медициналық университеті кафедра қызметкерлері болашақ дәрігер амандарға теориялық және практикалық тұрғыдағы дәріс беруін жалғастыруда. Жыл сайын осы «қара шаңырақтан» қаншама жас мамандар тәрбиеленіп шығып, дайын дәрігер санатында еліміздің түпкір түпкіріндегі халыққа қызмет көрсетуде. 1932 жылғы желтоқсан айында қалалық аурухана құрамынан клиникалық бөлімшелер ұйымдастырылып, іске қосылды. 1936 жылы аурухананың жеке хирургиялық корпусы ашылып, пайдалануға берілді. Сұрапыл соғыс жылдарында аурухана №3990 600 төсектік эвакогоспиталь болып қайта құрылды. Сол жылдары аурухананың алдына қойылған міндетіне байланысты қайтадан жайластыру жұмыстары жүргізіліп, бірқатар бөлімшелер күрделі жөндеуден өтіп, ауыр жарақат алған адамдарға көмек көрсетуге оңтайластырылған болатын. Мысалға негізгі терапевтикалық корпус әскенри госпиталь қызметін атқаратын болып қайта жарақтанса, құрт ауруы бөлімшесі тиф ауруларын емдеуге арналған бөлімше, ал балалар бөлімшесіне сыптық және тифоздық науқастарды қабылдайтын бөлімшеге айналдырылды. Балалар бөлімшесі сол кезден бастап жеке аурухана санатында қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасынан бөлініп шықты. Қалалық клиникалық ауруханасы 1941-1945 жылдардағы бүкіл 260000 қала халқына хирургиялық және шұғыл көмек көрсететін жалғыз аурухана болды. Аурухана ұжымы соғыс жылдарындағы жалпы ел басына түскен ауыртпашылықпен қатар, сол жылдардағы емдеу корпустары мен оперблоктардың ескіргендігі, дәрі-дәрмектердің тапшылығы және қажетті мамандардың жетіспеушілігі деген сияқты толып жатқан қиыншылықтарды бастан өткере отырып, алдына қойылған міндеттерді абыроймен орындап шығып, соғыстан жараланып келген сарбаздардың басым көпшілігін түпкілікті емдеп, олардың қайта майдан шебіне оралуына орасан зор үлестерін қоса білді. №3990 эвакогоспиталдің бас дәрігері 2 рангілік әскери дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор Василий Иванович Зюзин болды. Осы маманның және оның қасына жиналған бір топ талантты хирург мамандардың еңбегімен госпиталь құрамынан травматологиялық,

жалпыхирургиялық, жақсүйек-бет, нейрохирургиялық, отоларингологиялық,терапевтік бөлімшелер жаңадан жасақталынып ашылған болатын. Сол бір жалпы ел басына түскен ауыртпашылық кезеңдерде қайрат қажыры мен білімін аямай, науқастарды емдеуге бағыттап, жоқтан бар жасап, үй бетін көрмей қызмет жасаған адамдардың қатары көптеп саналады. Олар: А.С. Фрулин, А.Е. Фрунина, В.В. Зюзин, В.Г. Ермолаев, А.Е.Шлыков, Т.А.Корякин, В.В.Зикеев, доценттер И.Т. Калиничева, Е.А.Азарова, Н.М. Голвина, А. Рабинович және басқа көптеген басқа да медицина қызметкерлері болатын. Аталмыш госпитальда емделіп шыққан жауынгерлердің 70% қайтадан фронтқа жіберілгені жөнінде сол кездегі баспасөз беттерінде жарысып жазылған болатын. Осы бір ауыр да, есте қалардай жанкешті жылдары қалалық жедел шұғыл көмек көрсету госпиталында (эвакогоспиталь) атақты профессор Николай Петрович Петровта қызмет атқарған. Ғалым, әрі хирург көптеген ауыр оталарды жасай жүріп, өз саласына байланысты ғылыми кеңестер ұйымдастырып, әр ауыр науқасты емдеу тәсілін жан жақты талқыға салуда әдетке айналдыра білген жан. Ғалымның осы бағыттағы еңбектері нәтижесінде, клиникалық хирургия саласында көптеген жаңалықтар ашуға мүмкіндік туды. Соғыс жылдарындағы атақты И.В. Панфилов атындағы 38 гвардиялық дивизияның құрамында жасақталған медициналық-санитарлық батальон негізінен осы Алматы қалалық шұғыл көмек көрсету ауруханасы қызметкерлері мен осы клиникалық базада білім алып жатқан студенттер есебінен құрылғандығы белгілі. Солардың арасында аты бүкіл Ұрпаққа әйгілі, Алматы медициналық университетінің түлектері, Кеңестер Одағының Батырлары Мәншүк Маметова мен Владимир Иваниловта болды. Р.И. Самариннің деректері бойынша, 1941 жылы Қазақстан Республикасының халық денсаулығын сақтау комитеті шешімімен эвакогоспиталь басқармасы ашылып, 1942 жылдың басында Қазақстандағы жалпы төсек саны 34100 болатын 72 эвакогоспитальдар болды. Ал 1945 жылға қарай олардың саны 5-ге дейін кемітіліп, жалпы төсек саны 2700 дейін азайтылды. Ұлы Отан соғысының аяқталар тұсында, дәлірек айтқанда 1945 жылдың екінші жартысынан бастап, қажеттілігі азайған бөлімшелер қысқартылып, бұл салада қызмет атқарған мамандар қайтадан бейбіт өмір кезіндегі қызметтеріне жайлап көше бастады. Сондай бір босап қалған эвакогоспитальдің бөлімшелері есебінен 1945 жылы 40 төсектік қала және республика халқына онкологиялық қызмет көрсетуге арналған онкологиялық дисапнсер ашылды. Ал 1945 жылдың соңында қайтадан туберкулез бөлімшесі ашылып, пайдалануға берілді де,

қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының жалпы төсек саны 685 болып бекітілді. Соғыстан соңғы 1946 жылы Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы қарамағында 14 аурухана, 3 перзентхана және 6 балалар ауруханасы болды. 1948 жылы жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы Сталин ауданының №2 емханасымен қосылды да, бұл емхана тек 1977 жылы ғана жеке мекеме болып аурухана құрамынан бөлініп шықты. Содан кейінгі жылдары аурухана тек кеңейтіліп, өз қызметін жан жақты бағытта атқара бастады. 1950 жылы аурухана ішінен перзентхана, бет- жақсүиегі, урологиялық, көз бөлімшелері ашылса, дәл сол жылы емхана құрамынан жүрек ревматологиялық кабинеті ашылды. 1960 жылдан бастап ауруханаға қарасты емхана ішінен хирургиялық және травматологиялық науқастарға арналған емдік дене шынықтыру кабинеттері ашылды. 1962 жылы аурухана құрамынан неврологиялық науқастарды жатып емдеу мақсатында 60 төсектік неврологиялық бөлімшесі ашылып, ары қарай бұл бөлімшеге қаралып, жатып емделетін науқастардың санының артуымен байланысты бөлімше тағыда 20 төсекке кеңейтілді. Бұл тұста, қалалық денсаулық сақтау басқармасының жаңадан ашылған неврологиялық бөлімшенің тек қана қала халқына ғана емес, бүкіл республика халқына қызмет көрсетінін еске ұстағанын айта кетуіміз керек. 1967 жылы ауқымды аурухананың әр бөлімшесіндегі ауыр науқастарға көрсетілетін көмектің басқа науқастарға қарағанда жоғарғы дәрежеде болу керек екендігін ескере келе, қалалық денсаулық сақтау басқармасының шешімімен анестезиология және реаниматология бөлімшесі ашылды. Сол себепті де, бұл жыл республикалық анестезиология және реаниматология саласының өз алдына дербес сала болып, қала және республика халқына қызмет ете бастаған жылы болып тарихта қалды. 1970 жылдың басында қала халқының одан әрі артуына байланысты және де қала территориясының кеңеюуіне байланысты қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы құрамында болып келген бірқатар бөлімшелер жаңадан ашылған №12 қалалық емхана құрамына өткізілді. Сонымен қатар, қалалық жедел көмек көрсету ауруханасында қызмет жасап келе жатқан білікті мамандар мен мейірбикелерде жаңадан ашылған аурухана негізін қалыптастыру үшін, қалалық Денсаулық сақтау басқармасы арнайы бұйрығымен ауыстырылған болатын. Ары қарай, 1972 жылы аурухана құрамынан екінші неврологиялық бөлімше (жүйкетамырлық) ашылып, кейіннен Алматы медициналық университетінің неврологиялық аурулар кафедрасының оқу базасына айналдырылды. Бұл база осы уақытқа дейін сақталынып, өз қызметін ойдағыдай атқарып келе жатыр. Оған қосымша, бүгінгі таңда Қазақ Ресей

медициналық университеті неврология кафедрасының да негізгі базасы осы ауруханада орналасып, студенттердің білімін арттыруда өз үлесін қосуда. 1973 жылы аурухананың хирургиялық қызмет көрсету саласы 259 төсекrке артып, I, II, III, IV хирургиялық, торокальдық, сүйек-туберкулездік және анестезиология және реаниматоолгиялық бөлімшелерден тұратын үлкен бөлімге айналды. Бұл хирургиялық бөлім қызметкерлері Алматы қаласы тұрғындарының тең жартысынан астамына ондаған жылдар бойында қалтықсыз қызмет көрсетіп келді. Соның нәтижесінде, 1975 жылы аурухана жеке ірі медициналық бірлестікке айналып, стационарлық төсек саны 1020-ге дейін жетіп, ал аурухана құрамындағы емхана күніне 1200 дейін адамды қабылдай алатындай мүмкіндікке ие болды. Емхана құрамына 5 дәрігерлік және 4 фельдшерлік амбулаториялар кірген. Аурухана құрамындағы бөлімшелер негізінде Алматы медициналық университетінің бес бірдей кафедрасы қызмет атқарып, білім беру саласындағы еңбектерін ойдағыдай атқаруға қол жеткізген. Бұлардың қатарында: госпитальдық терапия, госпитальдық хирургия, жүйке аурулары, рентгенология және емдік денешынықтыру кафедралары болды. Аурухананың стационарлық көмегі 220 000 қала халқына көрсетіліп келсе, ал соның ішінде жүйке, жүйкетамырлары, гастроэнтерологиялық, эндокринологиялық аурулар кезіндегі дәрігерлік көмектің түрлері барлық қала, облыс және тіпті республика халқына көрсетілініп келген болатын. Демек, қалалық жедел шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасы өткен ғасырдағы еліміздегі ең ірі аурухана есебінде тарихқа еніп, осы ауруханада қызмет еткен дәрігерлер мен мамандар қаланың даму кезеңдеріне еңбегі сіңген қайраткерлер санатында бүгінгі ұрпақтың есінде мәңгілікке сақталынып қалды. 2011 жылдың 16 ақпанынан бастау алған Алматы қалалық жедел шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасының қайта құрылу дәуірі өз алдына жеке тарих болып, жылдан жылға жаңа жетістіктерге жетіп, қала халқының ғана емес, бүкіл республика жұртшылығына сапалы да, заманауи тұрғыда көмек көрсете алатын ортаң қолды мекемеге айналып отырғанына бүгінгі таңда куә болып келеміз. Аурухананың көпсалалығы қала тұрғындарына травматологиялық, гинекологиялық, хирургиялық, нейрохирургиялық, токсикологиялық, урологиялық және терапиялық көмек көрсету қажеттіліктеріне сәйкес анықталған. Ауруханада тұрақты жатып емделетін 350 төсекке арналған емдеу жүзеге асырылады. Зырлаған уақыт өлшемімен бағамдап қарағанда көп мерзім болмаса да, осынау көзге қораш көрінер төрт жылдың ішінде өлім аузында қалған қаншама өмір құтқарылып, қаншама пенде мынау фәни жалғанның есігін қайтадан ашты. Осынау аяусыз төгілген тер менен өлшеусіз

жасалған ерен еңбектің ең ұлық бағамы – халықтың риясыз шынайы алғысы. Бұл тұрғыда күллі медицинаның құдіретті Атасы – Гиппократтың «Медицина - шындығында да барлық өнерлердің ішіндегі мәртебелісі» деген ұлағатты сөзіне бас имеске болмас. Республикамыздың оңтүстік астанасы саналатын әсем Алматының нақ ортасынан орын теуіп, бүгінгі таңда 18 бөлімшенің басын құраған аурухананың өткеніне көз жүгіртер болсақ, алғаш ашылған кезеңде білікті медициналық кадрлардың жеткіліксіздігі секілді өзіне тән қиындықтары да болмай қалмады. Осыған қарамастан өз ісіне адал да ұқыпты болып, тек кәсіби тұрғыда ғана емес, сонымен қатар ұйымдастырушылық-іскерлік тұрғысында да өзіндік ұстанымын жемісті қызметінде пайдалана білген бас дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Манат Тұрарұлы Сейдумановтың біліктілігі арқасында 705 маманнан құралған үлкен ұжым аталмыш қиындықтардан да шыға білді. Мұның бірден-бір жолы – аурухана аумағынан қоныс тепкен үш медициналық жоғары оқу орынының 12 кафедрасынан күндізгі уақыттағы кәсіби мамандардың орнын басып, жоғары дәрігерлік медициналық көмек көрсетуі арқылы табылды.Осыған сәйкес бүгінгі таңда 761 маманнын ішінде 30 жоғары, 14 бірінші, 9 екінші санаттағы дәрігерлер қызмет етсе, 104 жоғары, 23 бірінші, 16 екінші санатты орта деңгейлі медициналық қызметкерлер, яғни мейірбикелер халық денсаулығы күзетінде қалтқысыз еңбек етуде.

Дәл осындай білікті мамандармен және заманауи озық техникамен жабдықталған Алматы қалаллық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының 2012 және 2014 жылдарғы «Сала өшбасшысы» атағын қатарынан екі рет жеңіп алуы жоғарыда айтылған сөзімізге айқын дәлел бола алады. Осы тұрғыда аурухананың әлемдік стандартқа сәйкестілік жөніндегі ISO 9001:2008 сертификатқа 2012 жылы ие болып, Израиль, Оңтүстік Корея, Қытай, Литва, Украина,Жапония және Үндістан сынды ғылымы мен технологиясы қарыштап дамыған алпауыт елдердегі алдыңғы қатарлы клиникалармен қоян-қолтық әріптестік меморандумдарын жасасып, соның аясында әлденеше мәрте «ашық есік күндерін» ұйымдастырып, осы шетелдік клиникалық білгір мамандардың Алматы қаласы мен облысы тұрғындарын аурухананың кәсіби мамандарымен бірлесе қабылдауларын жүргізуді бұлжымас әдетке айналдырып келе жатқанын айта кеткеніміз жөн сияқты. Сонымен қатар, бүгінгі таңда ауруханаға жатып емделушілертек қана Алматы қаласының белгіленген аумақтық бөліністегі аудандары бойынша ғана емес, портал бойынша республиканың өзге де өңірлерінен арнайы келіп, осы аурухана кәсіби мамандарының емін қабылдап, жан қинаған дерттерінен құлантаза айығып кетуде.Бұған ауруханамыздағы науқастардың диагностикасы мен жатып ем қабылдау уақыттарын қысқартуға мүмкіндік беретін, бүгінгі еуропалық және әлемдік стандарттарға жауап бере алатын, соңғы жылдардағы жетістіктер мен инновациялық технологиялар жемісі боп табылатын емдеу-диагностикалық жабдықтардың болуы кеңінен жол ашып отыр. Аурухана басшылығы заман талабына сай озық инновациялық медициналық технологияларды сатып алып, іске қосуды дұрыс жолға қоя біліп, науқастарға қатысты қолданылатын емдік-диагностикалық көмектің сапасын арттыруда. Мысалы 2014 жылдың ағымында ғана 2 373,1 мың теңгеге нейрохирургиялық құрал-жабдықтар қосымша сатылып алынса, 5 391 795 теңгеге (1 699 000теңгеге дефибриллятор, 496 995 теңгеге сандық спектофотометр, магнитті емдеуге арналған BTL – 4000 қондырғысы 1 649 500 теңгеге, компьютерлі томографияның (КТ) мониторы 1 546 300 тг) жабдықтар алынды. Медициналық құрал-жабдықтарды жөндеуге 17 миллион 607 260 теңге қаражат бөлінді. Әрине, медицина саласындағы толып жатқан мәселелерді тек қана инновациялық технологияларды сатып алумен ғана шешіп тастау жансақ пікір екенін жақсы түсінген аурухана бас дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Манат Тұрарұлы Сейдуманов өз ұжымындағы қызметкерлерінің дер кезінде білімін толықтырып, мамандардың заманауи құрал жабдықтармен толық қанды жұмыс жасай білуіне де көп көңіл бөлуде. Осыған мысал ретінде айта кетуіміз керек, өткен 2014 жылдың ағымында ғана 58 маманның кәсіби біліктіліктерін жетілдірулері жоспарланып, 036 бағдарлама аясында 58 маманның біліктіліктері жетілдіріліп, өзге табыс көздерінен 2 маман, сондай-ақ жоспардан тыс ҚРМУ есебінен тағы да 58 маман қайта даярланып, біліктіліктері шыңдалды. Шет

мемлекеттердің алдыңғы қатарлы клиникаларымен өзара әріптестік туралы меморандумы негізінде2013 жылдың өзінде ғана бас дәрігердің хирургия жөніндегі қазіргі орынбасары жоғары санатты хирург-дәрігер Оңласын Төлегенұлы Ибекенов және жас реаниматолог-маман Лаура Сарсенқызы Сыздықова Оңтүстік Корея мемлекетінде, ал травматология бөлімшесінің аға мейірбикесі Алуа Нұрғазымқызы Кошамбекова Литва мемлекетінде білімдерін жетілдіріп, шет ел ауруханаларындағы емдеу және диагностикалық әдістерді меңгеріп қайтты. Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының алғашқы іргетасын қаласқан, мекеменің алғашқы қадамын қалыптастырған мсамандардың қатарында Бас дәрігердің бұрынғы және қазіргі орынбасарлары (суретте – оңнан солға қарай) бас дәрігердің емдеу ісі бойынша алғашқы орынбасары Рашид Бейсенбекұлы Сүлейменов, бас дәрігердің хирургия бойынша алғашқы орынбасары Рүстем Владимирұлы Қадырбаев, Бас дәрігердің мейірбикелер ісі бойынша орынбасары Галина Ивановна Митрякова, Бас дәрігердің алғашқы әкімшілік-шаруашылық бөлімі бойынша орынбасары Шолпан Бекенқызы Аманжолова, Бас дәрігердің хирургия бойынша қазіргі орынбасары Оңласын Төлегенұлы Ибекенов және нейрохирургия бөлімшесінің бұрынғы меңгерушісі міндетін атқарушы Арман Алимжанов, анестезиология және реанмация бөлімшесінің бұрыңғы меңгерушісі Ақылбек Шындалиұлы Жайлыбаев, травматология бөлімшесі меңгерушісі Владимир Гералдиевич Семенов және т.б. іскер азаматтар мен азаматшалар болды. Сондай-ақ осы ауруханада анестезиология, реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінің меңгерушісі Бекболат Қинаятұлы Сүлейменов пен нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Виктор Васильевич Крючков секілді 2медицина ғылымдарының докторы, бас дәрігер Манат Тұрарұлы Сейдуманов бастаған 10медицина ғылымдарының кандидаттары және

2 медицина магистрі жемісті еңбек етіп келеді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздіктері Манат Тұрарұлы Сейдуманов, Анаркүл Бәкірқызы Кулембаева, Асқар Қасымханұлы Алимжанов, Күлмариям Қапарқызы Туруспекова, Мадина Омарқызы Шермаханова сынды ақ халатты абзал жандардың аталмыш ұжымда қызмет жасауы жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының мәртебесін тасытып, жылдан жылға артып келе жатқан толағай табыстарға кеңелтуде.

АУРУХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРЛЕРІ Верный қаласындағы Қызыл Крест Қоғамы аурухана ғимаратын салып, оны ауруханаға сай жабдықтап, ашылуында үлкен еңбек сіңірген Йероним Иванович Соболевский болатын. Ол Санкт Петербург қаласындағы әскери- медициналық университеті тәмамадаған білікті маман болуымен қатар, ерте кездегі қала халқының денсаулығын қорғап, нығайтуда үлкен еңбек сіңірген қайраткер санатында тарихта қалды. Йероним Иванович Соболевский аурухананың ашылған алғашқы күнінен бастап, зейнеткерлікке шыққанға дейін тапжылмай бір орнында қызмет жасап, көптеген науқастарды емдеп, шұғыл жағдайлардағы медициналық көмек түрлерін жасап келді. Аурухананың алғашқы бас дәрігері зейнеткерлікке шыққаннан соң бұл қызметті Томск медициналық университетінің түлегі Шахворостов Яков атқарды. Ол ақ патша заманындағы атақты көпестің ұлы бола тұрса да адамдары емдеу ісіне өте бірілген, талантты дәрігер екендігін студент кезінен бастап көрсеткен болатын. Сол уақытта жиі кездесетін жұқпалы індеттердің эпидемиясы кезінде жас студент, болашақ маман көптеген адамдарға көмек қолын созып, емдеп, аман алып қалғандығы жөніндегі деректерді Орталық Мұрағатта сақыталынып қалған құжаттардан кездестіруге болады. 1931-1953 жылдары аурухананың бас дәрігері қызметін Л.С.Каневская атқарды және де бұл өз ісіне берілген, нәзік жанды дәрігер маман осы қызметті келесі 20 жыл бойында үздіксіз атқарған болатын. Дәл осы Л.С.Каневская басшылық жасаған жылдары аурухана Ұлы Отан соғысы кезінде жаралаған жауынгерлерді емдейтін эвакогоспитальға айналдырылды. Сонымен қатар, осы жылдары аурухана құрамынан көптеген бөлімшелер қосымша ашылып, кеңейту жұмыстары қолға алынды. Жаңадан ашылған бөлімшелерде аты Бүкіл Кеңес кеңістігіне әйгілі атақты ғалымдар мен профессорлар еңбек жасады. - 1953-1955 жылдары аурухана бас дәрігері қызметін Евгений Иванович Смирнов; - 1955-1958 жылдары Галина Ильинична Галочкина; - 1958-1963 жылдары Иржанов Шамгун Иржанович; - 1963- 1977 жлдары Этлина Анна Юрьевна; - 1977-1980 жылдары Степаненко Надежда Романовна; - 1980-1991 жылдары Клименко Григорий Никонорович атқарды. Ал, 1992 жылдан жедел шұғыл қалалық аруханасының бас дәрігері болып Биртанов Амантай Биртанұлы тағайындалды.

Аманатай Биртанұлының осы қызметке тағайындалуымен Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы жаңа жетістіктерге жетіп, алғашқы медициналық жәрдем түрлерін көрсетудегі озық тәжірибелерімен ерекшеленді. Соның нәтижесінде аталмыщ аурухана қала бойынша ғана емес, республика бойындағы жоғарғы деңгейдегі жетістіктерге жетті. Амантай Биртанұлының басшылығымен әке жолын қуған талантты, жас маман Елжан Амантайұлы Биртанов токсикологиялық кеңесті ақпараттандыру орталығын құрып, республика көлеміндегі медицина саласына қатысты тың серпіліс жасады. 2006 жылдың мамыр айынан бастап, Алматы қалалық кардиологиялық орталығы бас дәрігері қызметін Тұрдалин Нұрлан Бозтыбайұлы атқарды. 2006 жылдың 31 желтоқсанынан бастап Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы жабылып, осы базада 2007 жылдың 1 қаңтарынан Алматы қалалық қардиологиялық орталығы ашылды. Қалалық кардиологиялық орталықты ашып, республика бойындағы жүрек ақауымен есепте тұратын адамдарға жоғарғы дәрежедегі медициналық көмек көрсету барысында Рашид Бейсембекұлы Сүлейменов, Гүлмира Мұратқызы Тойбаева, Снадуғаш Халықбергенқызы Сембаева, Бақыт Енгебайқызы Абирова, Омарова Айжан Қилымбекқызы, Завялова Татьяна Валентиновна, Фарида Жұмабекқызы Рыскелдиева, Садат Ғамзақызы Айдынова сынды бір топ медицина қызметкерлерінің сіңірген еңбектері ерекше болды. Бұл қызметкерлер кейінен жаңадан салынып, қайта іске қосылған Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының іргесін қалап, аяқтан тұрып кетуі кезеңінде де көп қажыр қайраттарын шығарған болатын. Бұл тұста кардиологиялық орталықтан ауысып келген токсикология бөлімшесінің меңгерушісінен бастап барлық қызметкерлерінің еңбегін айта кеткеніміз жөн. 2011 жылдың 16 ақпанында жаңадан салынып, қайтадан ірге тасы қаланған Алматы қалалық Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы ашылып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы бұйрығымен аурухана бас дәрігері болып Манат Тұрарұлы Сейдуманов тағайындалды. Дәл осы уақыттан бастап, 118 жылдық тарихы бар Алматы қаласындағы халықты емдеу мекемелерінің «Қара шаңырағы» саналатын аурухананың қайта өрлеу дәуірі, яғни ғасырмен қоса жаңару дәуірі басталып кеткен болатын. Халық игілігіне қызмет еткен азаматтың жанкешті еңбегінің арқасында, өзі басшылық жасап отырған мекеме толағай табыстарға кеңеліп, республика көлеміндегі алдыңғы қатарлы ұжымдардың санатына қосылды.

Аурухананың 4 жылдық тарихындағы қол жеткізген жетістіктері ішіндегі ең маңыздылары болып саналатын 2011-2012 жылдардағы статистикалық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің қорытындысымен Алматы қаласы бойынша – 1-ші орын, ал Қазақстан Республикасы бойынша – 4-ші орын иеленуі және де 2012 және 2014 жылдардағы Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина және Әзірбайжан мемлекеттері Ұлттық бизнес- рейтингілер Одағынан «Сала көшбасшысының» құрметті естелік белгілерімен аурухана ұжымының марапатталуы. Осы аталып өткен марапаттардың өзі аз уақыт ішіндегі аурухананың атақ абыройының қаншалықты дәрежеге дейін көтерілгендігін көрсетіп тұр емес пе. Аурухана ұжымының қол жеткізіп келе жатқан жетістіктері біз үшін үлкен қуаныш. Әрине бұл тұста, осындай әр қызметкердің мақтаныш сезімін оятатындай жетістіктерге қол жеткізу ең алдымен бас дәрігердің іскерлігі мен біліктілігі арқасында болса, екіншіден осы мекемеде қызмет атқарып келе жатқан барлық ұжым мүшелерінің қажырлы еңбегінің арқасы деп білеміз.

ҒАСЫРМЕН ҚОСА ЖАҢАРУ Көп ұзамай Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының жаңадан ашылып, қала халқына қызмет көрсете бастауына тұп-тура төрт жыл толады. Осыдан төрт жыл бұрын, 2011 жылдың 14 ақпанында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Алматы қалалық жедел және шұғыл көмек көрсету ауруханасында болып, заманауи емдеу құрылғыларымен жабдықталған палаталар мен операциялық блоктарды аралап, мекеменің доктор, профессор қауымымен жүздескен болатын. Қазіргі заман талабына сай техникамен жабдықталған аурухананы аралаған Елбасы дәрігерлерді жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтай келе: - Барлық медициналық мекемелерді соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалуда. Енді сіздер өз кезектеріңізде сапалы медициналық көмек көрсетіп, ал медициналық жоғары оқу орындары кәсіби білікті мамандарды дайындауы қажет. Осындай ғимараттардың көптеп салынуы - халық денсаулығын жақсартуға үлкен үлес қосады деген ойдамын, - деп атап өтті. Сондай-ақ әр адамның денсаулығы тек өзіне байланысты екендігіне Елбасы ерекше тоқталды. Салауатты өмір салтын ұстанатын жандардың ғана өмір жасының ұзақ болатынын да айтып өтті. Денсаулық сақтаудың бірегей ұлттық жүйесі аясында салынған бұл аурухана Алматы қаласының 400 мыңнан аса тұрғынына үзіліссіз қызмет етеді деп жоспарланған. Бес қабатты жаңа аурухана 115 жылдық тарихы бар, бұрынғы жедел жәрдем ауруханасының орнында тұрғызылған заман талабына сай жарақтанған медициналық мекеме. 5 қабаттан тұратын аурухана 1,763 га жер аумағында орналасқан.

Айта кету керек, бұл соңғы 30 жылда Алматыда ашылған алғашқы аурухана. Аурухананың ашылу салтанатына орай ұйымдастырылған конференцияда сөз алған осы мекеменің бас дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Манат Тұрарұлы: «Алматы қаласында 20 жылдан бері жедел көмек көрсететін көпсалалы аурухана салынбаған еді. Ертеңнен бастап науқастарды қабылдайтын жаңа ғимаратымызда заманауи техниканың соңғы үлгілері қойылады. Операция жасайтын залда бейнебақылау, жасалған ота туралы ақпаратты сақтауға арналған құрылғылар орнатылған. Ол студенттердің 200-300 метр қашықтықта отырып операцияның өту барысын бақылауына мүмкіндік береді. Үлкен конкурс арқылы қабылданатын мамандардың барлығы жаңа орнатылған құрал-жабдықтардың тілін біледі. Сондай-ақ шатырдың астында операциялық залдарға арнайы ауа дайындайтын шағын цех орналасқан. Залға ауа қысым арқылы тазаланып келеді. Оның қабырғалары зиянды жұқпаны азайтатын күміс жалатылған жабындымен қапталған», - деген болатын. Содан бері міне, тұп-тура төрт жыл уақыт зырылдап өте шығыпты. Бір қарағанда төрт жыл деген сондай ұзақ уақыт болмағанымен де, осы мекеменің қала және басқа да Алматы қаласы қонақтарына көрсеткен жедел жәрдем көмегінің көлеміне қарап, ондаған жылдық тарихы бар мекемелермен терезесі тең тұрған аурухана деп қарастыруға әбден болады. Бұған дәлел, соңғы жылдары кейбір көрсеткіштер бойынша аталмыш аурухана тек Алматы қаласы бойынша ғана емес, барлық республика ауруханалары арасында да алдыңғы қатардағы орындарды ұдайы иемденіп келе жатқаны. Ағымдағы жылдың өзінде жедел-шұғыл көмек көрсету ауруханасы мемелекеттің жүктеген жылдық тапсырысын тоғыз айдың ішінде орындап шықты. Осының нәтижесінде республика халқының денсаулығын сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі негізінде халыққа сапалы медициналық қызмет ету көрсеткіштерінің ең жоғарғы деңгейіне жетіп, ең алдыңғы орындардың бірін иеленуге қол жеткізді. Осыған сәйкес бюджет тарапынан түсетін қаржы көлемін ұлғайтып, медициналық көмек барысындағы шығындардың орнын дер кезінде толтыруға мүмкіндік алды. Қазіргі уақытта осы ауруханаға жатып емделу құқығына ие пациенттер тек қана Алматы қаласы бойынша ғана емес, портал бойынша республиканың басқа өңірлерінен де келіп, осы аурухана мамандарының емін қабылдап, құлантаза дерттерінен айығып кетуде. Сол себепті де, бүгінгі таңда Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасын денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесінің тиімділігі мен қажеттілігін дәлелдей отырып жаңа заманның талабын дер кезінде меңгеріп кеткен, аз уақыт аралығында кемелденіп, аурухана ұжымы

мен пациент арасындағы қарым-қатынастың жаңа үлгісін қалыптастыруға қол жеткізген белді мекеме деп ауыз толтырып айтуға толық негіз бар. Шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасында әр жылдың 14-16 ақпанында медицинаның өзекті мәселелеріне қатысты ғылыми-практикалық конференциялар өткізіп, кафедра дәрігерлерімен қызметкерлерінің ұйымдастыруымен әр түрлі тақырыптағы мастер кластар өткізіледі. Бұл конференциялар мен мастер кластар барысында тың тақырыптағы баяндамалар мен ғылыми жұмыс нәтижелері жария етіліп, қатысушы мамандарға соңынан сертификаттар тапсырылады. Сонымен қатар, дәл осы күндері барлық қала тұрғындары үшін аурухана есігі ашық болып, оларға тегін дәрігерлік кеңес беріліп, диагностикалық және емдік шаралардың көптеген түрлері көрсетіледі. Бұл күндері ауруханаға қаралушы адамдардың саны жылдан-жылға көбейе түсуде. Биылғы жылы да ақпан айының 14-16 жұлдызында, аурухана және кафедра мамандарының бірігуімен ұйымдастырылған «ашық есік» күндерін өткізу жоспарланып отыр. Бұл жөнінде мекеме басшысы М.Т. Сейдуманов 2013 жылдың 28 ақпанындағы «Вечерний Алматы» газетіне берген сұхбатында былай дейді: «С 14 до 16 февраля в больнице скорой неотложной помощи состоялся целый ряд мероприятий, приуроченных ко второй годовщине со дня нашего открытия. При этом 14 февраля – в день его открытия, БСНП посетил Президент страны и который считается датой нашего рождения, мы эти дни объявили днем открытых дверей». Демек, бұл күн жедел шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасы үшін үлкен маңызы мен тарихы бар күн болып есептеледі. 2011 жылдың дәл

осы күнінен бастау алған, М. Т. Сейдуманов мырза атап өткендей, Елбасымыздың қатысуымен ашылған мекеме жылдан-жылға, биіктен- биіктерге жетіп, толағай табыстарға кенелу үстінде. Бұл жетістіктердің барлығы жұдырықтай жұмылған ұжымның береке- бірлігінің, ұйымшылдығы мен кәсіби тұрғыдан алғандағы біліктіліктерімен тығыз байланысты екендігін мекеме басшысы ұдайы ескеріп отырады. Күнделікті ауыр науқастармен байланыстағы қарбалас сәттердің барлығында мекеме мамандарының ақыл-кеңесіне құлақ асып отыруды әдетке айналдырған. Сонымен қатар, әр ай сайын аурухана дәрігерлері мен С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазМҰУ және Қазақ-Ресей медициналық университетінің кафедра қызметкерлерімен бірлескен мақалаларды әр түрлі ғылыми журнал беттеріне жарыққа шығарып отырады. Айтулы күндер қарсаңында аурухана бөлімшелері арасында спорттың әр түрінен спартакиадалар ұйымдастырылып, жеңімпаз командаларға сый- сияпат көрсетіп отыру да мекеменің тұрақты дәстүрлерінің біріне айналған. Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы 2013 жылы TQCSI халықаралық менеджмент компаниясының сертифакатын алды. Аталмыш компания 1995 жылдан бастап құрылып, сол уақыттан бері дүниежүзі елдерінде 40-тан астам арнайы офистарын ұйымдастырып үлгерген. Компания қызметкерлерінің алдын ала жүргізген тексерістері мен науқасты емдеу барысындағы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету мекемесі қызметкерлерінің білгірлігі есепке алынып, нәтижесінде біздің мекеме осы дәрежеге лайық деп табылып, аталмыш ұйым сертификаты мекеме басшысының қолына табыс етілді. Сертификат табысталып жатқан сәтте тапсырушы мекеме қызметкерінің «дәл осындай сертификат тек медицина саласындағы қызметі ерекше болып бағаланған мекемелерге ғана берілетіндігін» - атап өтті және сертификат 2017 жылға дейін жарамды болып табылатынын, ары қарай да

компания өз қызметкерлерінің кезекті тексерісі негізінде мекеменің халыққа қызмет көрсету сапасын үнемі бақылап отыратындығын жеткізді. Мекеме басшысы, медицина ғылымдарының кандидаты, денсаулықты сақтауды ұйымдастыру ісінің үздігі М.Т. Сейдуманов мырза өз кезегінде: «Сертификат менеджмента качества – это результат работы всего нашего коллектива. Все сотрудники вкладывают душу в то, что делают, будь то заведующие отделениями или же медсестры, которые сутками не отходят от постели больных, выполняя самую тяжелую работу»,-деп бұл дәрежеге жетудегі әр мекеме қызметкерінің атқарған еңбегін атап өтті. Расында да аурухананың жаңадан жасақталынып ашылғанына енді ғана 4 жыл толып жатса да, денсаулық сақтау саласындағы бұл ұжымның алған биіктері өте зор. Күнделікті ауруханаға 250-ден астам адам қаралып, солардың барлығына дер кезінде көмек көрсетіліп, қажет болған жағдайда шұғыл түрдегі оталар жасалынуда. Ота жасауға керекті мамандардың барлығы алдын ала жасақталған, қажетті жағдайда тіпті 9 операциялық блокта бірдей, бір уақытта әртүрлі дәрежедегі оталарды атқаруға толық мүмкіндік қарастырылған. Оған дәлел, 2014 жыл қараша айының 17-де болған гранатадан соңғы жарылыстан зардап шеккен балаларға көмек көрсету барысында, жоспарлы оталау жүріп жатқан операциялық блоктардан басқа дәл сол уақытта бос тұрған 5 операциялық блок бір уақытта іске қосылып, тез арада қажетті мамандармен қамтамасыз етіліп, еш кедергісіз зардап шеккен балаларға жоғарғы медициналық дәрежедегі көмек түрлерін көрсете алды. Сол уақыттағы жарылыс зардабы әскери жағдай кезінде пайда болатын зардаптан еш кем болмаса, сол уақытта операцияға қатысқан хирургтар мен операциялық мейірбикелердің, кіші медицина қызметкерлерінің және анестезиолог мамандар мен анестезисткалардың қимыл қозғалысы да әскери мамандардың қимыл-қозғалысынан еш кем болмады. Бір мезетте 9 операциялық блокта бірдей ауыр операцияларды атқаруға жағдай туғызу, әр түрлі отаға қажет керек-жарақтың барлығымен еш қалтқысыз қамтамасыз ету тек жұмыла ұйымдасқан, береке-бірлігі мығым, басшысы мықты ұжымның ғана қолынан келетініне көзіміз анық жетті. Ауруханада кей күндері 25-28 дейін операциялар жасалынады. Ол операциялар әр түрлі салада болуы мүмкін. Мысалға, бір қарағанда ең жеңіл операция болып саналатын соқыр ішектің өзі кейде асқынып, адам өміріне қауіп туғызардай жағдайға жеткенде, ондай науқасқа ота жасау 7-8 сағатқа дейін созылып кетуі әбден мүмкін. Сондай уақыттарда бір орнында тапжылмай тұрып, тек қана адам өмірін арашалауды мақсат еткен хирургтар мен басқа да операциялық бригада мүшелерінің жұмысы елеуге тұрарлықтай емес пе?!

Бұл жерде, тек қана операция жасап тұрған хирургтар ғана емес, отаның дұрыс атқарылуына барынша жағдай туғызып, жағдайды үнемі бақылауда ұстап тұратын анестезиологтар мен анестезистер, кіші буынды медицина қызметкерлері мен операциялық мейірбикелердің де ерен еңбектерін атап өткен жөн. Осы адамдардың жұмыла кіріскен жігерлерінің, білімдерінің арқасында ғана қандай ауыр жағдайдағы ота болмасын дұрыс атқарылып, науқас адамның бетінің бері қарауына жағдай туады. Бұл берекесі жарасқан барлық медицина ұжымдарына тән құбылыс. Кей жағдайларда тіпті бір адамның өзіне бірнеше мәрте операция жасауға тура келеді. Менің өз тәжірибемде аса ауыр халде ауруханаға жеткізілген, жасы 44-ке келген бір жігітке 5 мәрте іш- құрлысына операция жасалынып, ащы ішегі бірнеше жерден тігіліп, ақыр соңында ішегінің жартысынан көбі алынып тасталынған соң барып қана беті бері қарап, бірнеше күннен соң аман-есен үйіне шығарылғанын кездестірдім. Сол жігіттің салмағы клиникаға түскенде 78 кг болса, ауруханадан шығар кездегі салмағы 43 кг дейін төмендеді. Содан шамасы екі ай өткеннен кейін кабинетімнің алдында амандасайын деп келіп тұрған баяғы науқасымды біраз уақытқа дейін танымай ұятқа қалғаным бар. Себебі, ол осы екі айдың арасында 18 кг салмақ қосқан және өз аяғымен келіп тұр еді. Өз басым оны соңғы операциядан алып шыққанда аман-есен қалады дегенге қаншама жылғы тәжірибем болса да онша сеніңкірей қоймап едім. Дәл осы кітапты бастап отырған күні де сол жігіт үйге қоңырау шалып, жаңа жыл мерекесімен құттықтап үлгерген болатын. Мұндай жағдайда атам қазақ «Су ішерлігі бар екен ғой» - деуші еді. Осы сөз тұп-тура осы жігітке арналып айтылғандай. Кейбіреулер «Ой, осы қазақтар үйінде жатып алып, әбден ауыруы асқынғанда барып бір-ақ ауруханаға келеді», - деп айтып жатады. Мен өз басым бұл пікірді көп қостай бермеймін. Себебі, науқастың асқынған түрімен келетін пациенттерде ұлттық ерекшелік, болмаса басқадай (діні, жынысы, жай-күйі жоқтық) ерекшелік деген болмауы тиіс. Әр науқастың ауырған дертіне қатысты көмек бекітілген стандартқа сәйкес тез арада, әрі шұғыл түрде көрсетілуі тиіс. Біздің ұжым мүшелерінің барлық іс-әрекеті мен қимыл-қозғалысы осыған бағытталған. Тез арада шұғыл көрсетілген көмектің арқасында ғана ауыр жағдайда жеткізілген науқастың аман-есен қалуына мүмкіндік болады. Жарақат алған адамға стационарға жеткізілуге дейінгі көмек көрсету уақытының созылуына байланысты пайда болатын ауыр жағдайлар, сол адамның аман-есен қалуына үлкен әсерін тигізеді, тіпті кейде өкінішті жағдайларға да әкеліп соқтырып жатады. Сондықтан да, стационарға дейінгі көмектің дер кезінде, уақыт жоғалтпай тұрып көрсетілуі адам өмірін арашалап қалудағы ең басты да, маңызды факторлардың бірі болып саналатыны белгілі. Кез келген адамның

немесе өндірістік мекемелердегі адамдардың қажет бола қалған жағдайда бір-біріне алғашқы көмекті көрсете алатындай жағдайға жетуі керек шығар. Мүмкін сонда ғана шет елдердегі сияқты жарақат алған адамдардың өмірін көбірек сақтап қалуға мүмкіндік туатын болар. Осы себепті де алғашқы медициналық көмектің қыр-сырымен толығырақ танысу үшін аурухана мамандары үнемі жақын және алыс шет елдеріне жіберіліп, білімдерін байытып отырады. Қалалық жедел шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасы әсіресе Ресей, Украина, Индия, Израиль және Оңтүстік Корея елдерінің алдыңғы қатарлы ауруханаларымен тығыз байланыста. Солардың ішінде әсіресе Оңтүстік Кореяның алты алдыңғы қатарлы ауруханасымен тығыз байланысты бірнеше жылдар бойында жалғастырып келеді. Біздің аурухана мамандары жыл сайын шетел ауруханаларында тәжірибелерін байытып, жаңа технологиялық озық әдістерді меңгеріп отырса, ол жақтан келген мамандар біздің ауруханаға келіп, науқастарды қарап, өздерінің ақысыз кеңестерін беруді әдетке айналдырған. Тура осындай, Оңтүстік Корея мамандарының қатысуымен болған «ашық есік» 2013 жылдың 13- ші және 14- ші қыркүйегінде іске асты. Нәтижесінде екі күннің ішінде 128 адам шетел дәрігерлерінің ақысыз кеңесін алып, 17 адамға оталау әдісімен ем қабылдау ұсынылды. Ал операцияны өз елімізде немесе шет елге барып жасатуын науқастардың өздері шешуге тиіс болатын. Кейінен белгілі болғаны сол науқастардың 11-нің таңдауы осы жедел шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасына түсіп, аман-есен

оталанғаны белгілі болса, қалған 4 науқастың әлі күнге дейін бір шешімге келе алмай жүргені анықталды. Демек, бұл дегеніміз жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасындағы мамандардың да біліктілігі мен білімділігінің шетел мамандарынан еш кем түспейтіндігін, яғни, біздің еліміздегі клиникалардың да халық алдындағы абыройы артып, мәртебесі көтеріле бастағандығына дәлел емес пе? Бір тәуліктің өзінде ауруханаға жедел жәрдем көмегімен келіп жатқан науқастардың саны жүзден асып солардың барлығына бірдей шұғыл жәрдем көрсетіліп жатады. Аурухана дәлізінен басталатын медицина қызметкерлерінің қарбаласқан қимылы сырттан келген адамның көзіне бейне бір соғыс немесе жарылыс кезіндегі адамдарды құтқарушыларды елестетуі әбден мүмкін. Шынында да, бұл жерде болып жатқан қимылды сырт көз санатында бақылар болсаңыз анау-мынау кинолардағы көріністен бір кем емес болып көрінері сөзсіз. Арнайы жұмыс киімін киген екі медицина қызметкері бір науқасты каталкіге салып диагностикалық тексеріс жасайтын рентген, УЗИ кабинеттеріне қарай асыға тартып бара жатса, екінші бір науқаспен айналысып жатқан травматолог жігіттер әлгі жігітті кезекті бір каталкіге жатқызған күйі гипс таңатын бөлмеге апарып, аяқ-қолына жақсылап гипс жағылған дәке тартуда. Тағы да бір каталкіде ес-түссіз жатқан науқасты қимылы ширақ реаниматолог жігіт пен қолында үлкен қара сумкасы бар қазақтың қара торы қызы аяқтарын жылдам басып реанимация бөлімшесіне қарай сүйретіп бара жатса, енді бір коляскіде отырған науқасты кіші мейірбикелер операцияға дайындау бөлмесіне апарып, денесін жуып, қырындырып, шомылдырып, шұғыл түрде жоспарланған операцияға дайындауда. Міне, бұл жедел шұғыл көмек көрету ауруханасындағы күні бойында бір тоқтамайтын қарбалас сәт. Және де бұл қарбаластық жыл бойында да бір тоқтаған емес. 350 төсектік аурухана жедел көмек алуға келген барлық науқастарға бірдей көмек көрсетіп, бейне бір тоқтамай жүретін сағаттың ішкі механизмдеріндей үйлескен осы бір қимылын төрт жыл бойында жалғастыру үстінде. Төрт жыл дегенің бір қарағанда көп уақыт болмағанымен бұл аурухананың қала және облыс халқына көрсетіп жатқан қызметіне қарап, осы уақыттың өзінің әр мекеменің қалыптасуы немесе аяқтан тік тұрып кетуі әр түрлі болатынына көзің жеткендей болады. Әйтпегенде, күні кеше ғана, дәлірек айтатын болсақ 2011 жылдың 14 ақпанында ғана Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың өзі ашып кеткен Алматы қалалық шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасының халыққа қызмет көрсете бастағанына бар болғаны таяуда төрт жыл ғана толмақшы. Дәл сол кезде кейінгі жылдардағы ең озық медициналық техникамен жабдықталған аурухананың болашағына байланысты Елбасы үлкен сенімін

білдіріп, барлық аурухана ұжымына осы сенімді абыроймен ақтауды табыстап кеткен болатын. Бұл артылған жүктің ауырлығын, қаншалықты дәрежеде әр қызметкерге міндет жүктейтінін жақсы сезінген ұжымның кіші медициналық қызметкерлерінен бастап, бөлімше меңгерушілері мен емдеу ісі жөніндегі орынбасарына дейін жұмыла қызмет атқарып, алғашқы жылдың өзінде-ақ толағай табыстарға жетіп, халықтың алғысына бөленді. Бұл жөнінде жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының бас дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Манат Тұрарұлы Сейдумановтың 2012 жылдың 18 ақпанында аурухананың ашылғанына бір жыл толуына байланысты берген сұхбатында былай делінген: «Примеча- тельно, что больница начала работать буквально на второй день после открытия. Наше медицинское учреждение – многопрофильное. Оказываем 25 видов специализированной помощи. В больнице работают отделения хирургии, травматологии, ортопедии, нейрохирургии, неврологии, урологии, гинекологии, терапии». Бас дәрігердің берген сұхбатында аталып өткендей барлық бөлімшелерде портал арқылы түсіп жатқан жоспарлы операциялар мен шұғыл жағдайда келіп түсетін науқастарға жасалынатын оталауға қатысты барлық жағдай жасалынған. Дәл осы тұста өзі сұралып тұрған тағы да бір мәселені айта кетпесек болмас. Жалпы қала бойынша науқастардың стационарда емделіп шығуына орта есеппен 11 тәулік кететін болса, ал Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында бұл көрсеткіш бар болғаны орта есеппен 7 тәулік болып анықталған. Бұл дегеніміз республика бойынша ең жоғары көрсеткіштің бірі болып саналады. Соның есебінен әр төсекте емделіп шығатын науқас санының артуына ғана ықпал етіп қоймай, ауруханада жатқан әр тәулікке жұмсалатын қаражат мөлшерінің үнемделуіне мүмкіндік беретіні айтпаса да түсінікті. Бұл қалыптасқан көрсеткіш, қазіргі уақыттың өзінде үнемі практикалық қарым-қатынаста болып отыратын Оңтүстік Корея немесе Ресейдің алдыңғы қатарлы аурухана көрсеткіштерінен бір кем емес көрсеткіш екендігі қуантады. Демек, үнемі дүние жүзіндегі озық тәжирибесімен ерекшеленген клиникалармен тығыз қарым-қатынаста болу өз нәтижесін бере бастады деген сөз. Бұл жетістіктің барлығы ең алдымен, осы аурухана бас дәрігері Манат Тұрарұлының іскерлігі мен көрегендігінің арқасында мүмкін болып жатқанын ұжымның әр мүшесі терең түсінеді және өзіне жүктелген жауапкершілікті адал орындауға тырысуда. Аз уақыт ішінде Алматы жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының қол жеткізіп отырған толағай табыстары расында да ұжым мүшелерінің бір

ғана бағытта, бір ғана мақсатта қызмет атқаруының арқасында ғана мүмкін болуда деп айтуға толық негіз бар. Тәулік бойында ауруханаға қаралып жататын науқастардың 92% жедел жәрдем көрсету көліктерімен жеткізіледі. Қалған 8% ғана өз еріктерімен келіп қаралып жатады. Осы контингенттердің басым бөлігі аурухананың қарауындағы аудандардан мүлде басқа, тіпті басқа елдердің азаматтары болып келеді. Ондай жағдай үшін арнайы ұйымдастырылып, барлық керек- жарақпен қамтамасыз етілген ақылы бөлімше күндіз-түні бірдей барлық сала бойынша көмек көрсетуге дайын. Алматы қалалық жедел шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасының ашылып, көпшілікке қызмет көрсете бастаған уақытынан бері ауруханада стационарлық ем қабылдаған науқастардың саны 2012 жылы 17 мың болса, 2013 жылы бұл көрсеткіш 18 мың адамға дейін артты. Ал 2014 жылғы мекеме тіркеуінен өтіп, стационарлық ем қабылдаған науқастар саны 18550-ге дейін жетіп, жылдан-жылға жаңадан құрылған мекемеге деген қала халқы сенімінің артып келе жатқанына дәлел болды.

ЖАРЫЛЫС 2014 жылдың қараша айының 17 жұлдызында Алматы қаласының Райымбек көшесінде орналасқан «Сән және Дизайн» колледжінде орын алған жарылыс бүкіл республика халқын дүр сілкіндірген өткен жылғы елеулі тоғыз оқиғаның бірі болып тарих қойнауына енді. Алайда сол күнгі болған жарылыстан соңғы Алматы жедел- шұғыл көмек көрсету ауруханасында орын алған қарбалас сәттер мен ұйқысыз түндер әлі күнге дейін көз алдымыздан кетпей, өткенің елесі болып жадымызда сақталып қалуда. Дәл сол күн бір қарағанда басқа күндерден айырмашылығы жоқ, әр дүйсенбіге тән тығыз режімде басталған болатын. Таңертен ерте, сағат жеті болмай тұрып аурухана басшысы Манат Тұрарұлы Сейдумановтың әдеттегі тексерісі болып өтті. Артынша аурухананың емдеу ісі мен хирургиялық аурулар жөніндегі орынбасарлары Анаргүл Бәкірқызы Күлембаева, Оңласын Төлегенұлы Ибекенов және анестезиология және реаниматология кафедрасы профессоры Венера Карыпбекқызы Исраиловалардың біріккен ауруларды қарауы болып, әр науқастың ауру тарихы мен алып жатқан емдері палатадан шықпай тұрып талқыланды. Түнгі кезекшілікте болған дәрігерлер әр науқас жөнінде тәптіштеп баяндап, олардың ағзаларындағы оң немесе теріс бағыттағы өзгерістерге тоқталды. Белгілі болған ерекшеліктердің барлығына аурухана және кафедра қызметкерелері тарапынан бағалау жасалынып, ары қарай емдеу әдістері мен жасалуға тиісті оталардың мерзімі анықталды. Міне, күнделікті аурухана тірлігі осындай қарбаластан басталады да, ары қарай күні бойында белгіленген жоспарлар аясында өрбіп кете береді. Бәрі өз ретімен келе жатқан аурухана тыныштығын сағат 9-дан кете қабылдау бөлімшесіндегі шыр еткен телефонның ащы дауысы бұзып жіберді. Телефонды жалма-жан көтерген қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі жоғарғы дәрежелі хирург Баймағамбетов Ғалымжан Кеңесұлы ар жақтан естілген дауыстың тез айтылып жатқаны себебінен: - «Сіз жөндеп асықпай түсіндіріңіз, не болғанын», - деп өтініш жасады. Істің мән-жайы жарылыс жөнінде екенін, оның зардабын шеккен адамдардың көп екенін және ол адамдардың тез арада біздің ауруханаға жеткізілетінін ұққан меңгеруші жалма-жан ішкі телефон арқылы аурухана бас дәрігері

Манат Тұрарұлына хабарласып, баяндап үлгерді де, өзі қабылдау бөлімінде кезекшілікте жүрген хирург, нейрохирург, травматолог, невропатолог, терапевт мамандардың барлығын жинап, болған жайдан хабардар етіп, оларды шұғыл көмекке дайын болуға шақырды. Сол арада аурухана басшысы болған жайға байланысты барлық орынбасарлары мен бөлімше басшыларын жинап алып, оларды мамандықтары мен жұмыс тәжірибесіне байланысты топ-топқа бөліп, әр топқа нақты тапсырмалар берді. Бірінші топ қабылдау бөліміне келіп түскен зардап шегушілерге алғашқы көмекті және оларды іріктеумен айналысатын болып, екінші топқа реанимация бөлімшесіне келіп түскен жағдайы ауыр науқастарға көмек көрсету және ота жасалатын науқастарды операцияға дайындау тапсырылды. Ал ота жасау кезіндегі іс-әрекеттердің үйлесімді атқарылуы үшінші топқа тапсырылды. Әр шұғыл құрылған топқа нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, мекеме басшысы барлық бөлімше меңгерушілеріне жағдайдың әскери кездегімен пара-пар екендігін түсіндіріп, осы сағаттан бастап аурухананың 24 сағаттық жұмыс режіміне көшетіндігін хабарлады. Сыртқы мекемелерден мамандарды жұмылдыру, балалардың ата- аналарымен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру және тағы басқа да ауқымы үлкен жұмыстарды аурухана басшысы тікелей өз қолына алды. Сонымен, бас аяғы 3-4 минут өтпей аяқталған лездемеден соң әр маман өзіне тапсырылған тапсырмаларды орындау мақсатында белгіленген жұмыс орнына бет алды. Бұл уақытта сағат тілі таңертеңгілік 915 көрсетіп тұрған. Осы мезетте даладан шыққан жедел жәрдем көрсету көліктерінің дауысы да естіліп, арада бес минут өтпей жатып зембілге салынған жас қызды жедел жәрдем қызметкерлері көліктен түсіріп жатты. Науқас жатқан зембілдің бір жағын жаңа ғана жетіп үлгерген екі реаниматолог мамандар ұстасып, науқасты тұп-тура реанимация бөлімшесіне қарай ала жөнелді. Ауруханаға жеткізілген алғашқы науқастан соң араға төрт-бес минут салып, бірнеше жедел көмек көрсету көліктері, бірінен соң бірі зардап шеккендерді қабылдау бөлімшесіне жеткізіп жатты. Ал ауруханаға жеткізілген балаларды есіктен кіре сала қабылдап жатқан білікті мамандардан құрылған бірінші топ оларды алған жарақаты мен жағдайларына қарап іріктеуге (сортировка) кірісіп кетті. Бұл топтың құрамында хирург Абилов Ғалымжан Нұржаубайұлы, жоғарғы санатты хируг Шакиров Марат Спанұлы, бірінші санатты хирург Аганесян Григорий Ашотұлы, бірінші санатты дәрігер травматолог Джульфаев Димшит Исрафилұлы, травматолог Арабов Мустафа Муратұлы, травматолог Бауржан Айбек, хирург Умирбеков Ардақ Рашидұлы, бірінші санатты хирург Писарев Дмитрий Борисұлы және нейроинсульт бөлімшесінің меңгерушісі Баратов Равил Тұрсынұлы, дәрігер нейрохирург Рахадилов Ерлан Маханұлы,

бірінші санатты хирург Желдибаев Ермек Мустафаұлы, дәрігер нейрохирург Караваев Виктор Сергеевич және қабылдау бөлімшесінің аға мейірбикесі Бодауова Нургул Усенқызы болған еді. Барлығы ауруханаға жарылыстан зардап шеккен 12 студент қабылданып, солардың арасындағы жарақаты ең ауыр болып табылған бес бала реанимация бөлімшесіне жіберілді. Аурухананың қабылдау бөлімінде құрылған бұл жедел топ барлық келіп түскен науқастардың жағдайы мен жарақат дәрежесін тез уақыт ішінде анықтай отырып, оларға көрсетілетін алғашқы көмектің уақытылы және бекітілген стандартқа сәйкес атқарылуын қамтамасыз етті. Жарақат алған науқастарға шұғыл түрдегі алғашқы көмектің дұрыс атқарылуын қамтамасыз еткен бірінші топқа жетекшілік жасаған қабылдау бөлімшесі меңгерушісі, жоғарғы санатты хирург Баймағамбетов Ғалымжан Кеңесұлы болатын. Бұл уақытта ауыр жарақат алған балалардың өмірі үшін болатын нағыз жанталас реанимация бөлімінде басталып кеткен болатын. Реанимация бөлімшесіне келіп түскен науқастарға жоғарғы дәрежедегі реанимациялық көмек көрсету тобын басқарған С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің анестезиология және реаниматология бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Венера Карыпбекқызы Исраилова болса, осы аурухана емдеу ісі жөніндегі бас дәрігердің орынбасары Анара Бакирқызы Кулембаева барлық жарақат алған науқастарға қажет дәрілік, кеңестік, диагностикалық шаралардың басты ұйымдастырушысы болды. Ал реанимация және анестезиология бөлімшесінде сол күні кезекшілікте болған, осы мекеменің білікті мамандарынан құралған дәрігерлер тобы келіп түсіп жатқан науқастарға бірнеше топқа бөлініп алып, дәл осындай жағдайларда атқарылатын реанимациялық көмектің алуан түрін атқаруға кірісіп кетті. Әр палатаға келіп түскен науқасқа жасалынып жатқан реанимациялық көмектің дұрыс атқарылуы осы бөлімше меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты дәрігер анестезиолог-реаниматолог Бекболат Қинаятұлы Сулейменовке жүктелді. Реанимация және интенсивті терапия бөлімшесіне келіп түскен ауыр науқастарға көмек көрсеткен топтың арасында бірінші санатты дәрігер реаниматолог Ринат Рахымжанұлы Қурбанов, жоғарғы санатты дәрігер

реаниматолог Бахтияр Өмірғалиұлы Бектурсынов, жоғарғы санатты дәрігер реаниматолог Бэлла Нұрманжанқызы Баженова, жоғарғы санатты дәрігер реаниматолог Марат Ажыханұлы Сатбеков, жоғарғы санатты дәрігер реаниматолог Ғабит Сабыржанұлы Ибраев, дәрігер реаниматолог Олег Евгеньевич Чипурнов және анестезиология және реаниматология бөлімшесінің бас мейірбикесі Бахыт Енгебайқызы Абирова, реанимация бөлімшесінің мейіриесі Торегельдиев Фархад, бөлімше анестезисткасы Завьялова Татьяна, анестезистка Ахметчеева Жадыра, анестезистка Мухаметжанова Айна палата мейірбикелері Дулатова Асима, Өленбаева Бибігүл, Юсупова Венера, Шокелева Жадыралар болды. Келіп түскен ауыр науқастырдың барлығына алғашқы минуттардағы реанимациялық көмектің барлығы жасалып біткен соң, әр науқастың алған жарақатының дәрежесін анықтауға байланысты диагностикалық, зертханалық, компьютерлік тексерістер жасалынып, солардың негізіндегі кафедра қызметкерлерімен бірлескен консилиумдар ұйымдастырылды. Бұл тұста, жарақат алған балалардың диагноздарының дұрыс қойылуындағы ерекше еңбектерін сіңірген бір топ кафедра меңгерушілері мен кафедра қызметкерлерін атап өткен жөн. Олар: С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің анестезиология және реаниматология кафедрасының меңгерушісі, профессор Венера Карыпбекқызы Исраилова, хирургия мамандығы бойынша интернатура және резидентура кафедрасының профессоры Нұржамал Асенқызы Жанталинова, урология кафедрасының профессоры Әшім Тоқсанбайұлы Тоқсанбаев, Қазақстан-Ресей университетінің сәулелі диагностика кафедрасының меңгерушісі, профессор Раушан Нұрғалиқызы Сүлейменова және неврология кафедрасының доценті Айгүл Серікқызы Құдайбергеновалар еді. Ары қарайғы уақытта осындай құрамдағы кәсіби дәрігерлік және профессорлық топтан тұратын жедел консилиум ұйғарымымен реанимация бөлімшесіндегі бес балаға бірдей алған жарақаттарына байланысты әр түрлі бағыттағы оталаудың қажет екендігі жөнінде шешім қабылданды. Жедел құрылған топтың шешімі негізінде атқарылуға тиісті оталау мен емдік шараларды іске асыруға әр түрлі сала мамандарын жұмылдыру қажеттілігі туындады.

Дәл осы тұста қала әкімі Ахметжан Смағұлұлы Есімовтің өзінің тікелей басшылығымен ұйымдастырылған жедел жұмыс тобының сіңірген еңбегін ерекше атап өтуіміз қажет. Ол топтың құрамына қалалық және республикалық дәрежедегі ауруханалар мен ғылыми зерттеу институттарынан ең кәсіби деңгейі жоғары мамандар енгізілді. Жедел топтың жұмысын үйлестіру және дер кезіндегі жедел шаралардың қалтқысыз орындалуын ұйымдастыру міндетін Алматы қалалық Денсаулық сақтау бөлімінің басшысы Жанат Кәкімсейітқызы Қасымжанова тікелей өз қолына алып, Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының ішінен өз штабын сол күнгі сағат 10-ға дейін құрып үлгерді. Жанат Кәкімсейітқызы, Манат Тұрарұлы және барлық осы жедел топ мүшелері жарақаттанған балалардың әр қайсының алған жарақаттарының дәрежесін тексеріп, көңіл-күйлерімен тыңғылықты танысып, олардың ағзаларындағы өзгерістерді зертханалық деректерге сүйене отырып егжей- тегжейлі сараптап, әр баланың алған дене жарақатының орналасқан жеріне байланысты барлық мамандарға нақты тапсырма жүктеді. Сонымен қатар, ота жасау бригадаларының құрамын анықтап, балалардың жарақат алған мезетінен басталған барлық сатыдағы медициналық көмектің, уақтылы және сапалы атқарылуын қатаң қадағалауға алды. Сонан кейін, Жанат Кәкімсейітқызының басшылығымен және барлық құтқару тобы мүшелерінің қатысуымен конференция өтіп, болған жағдайға байланысты пайда болған қажеттіліктердің орындалуы пысықталып, әр маманға нақты тапсырмалар берілді. Бұл топтың құрамында медицина ғылымдарының докторы, профессор Манас Ембергенұлы Рамазанов, Алматы қаласының штаттан тыс нейрохирургі, профессор Ермек Катайұлы Дүйсенбеков, Алматы қаласының штаттан тыс анестезиолог реаниматологы, №7 қалалық клиникалық ауруханасының анестезиология және реаниматология бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарыцның кандидаты, «Алтын адам» сыйлығының иегері Тілеуберді Кеңесбайұлы Қуандықов, А.Н. Сызганов атындағы ХҒЗО бас дәрігері, жоғарғы санатты хирург, медицна ғылымдарының кандидаты Тимур Шарханұлы Ешмұратов, Б.О.Жарбосынов атындағы урология институтының жоғарғы санатты уролог маманы, Алматы қаласының штаттан тыс уролог маманы Марат Абзалұлы Мақажанов, көз аурулары ҒЗИ маманы, Алматы қаласының штаттан тыс офтальмологы Найля Ахметқызы Алдашева, көз аурулары ҒЗИ маманы, медицина ғылымдарының кандидаты Лұқпан Нұрланұлы Оразбеков, көз аурулары ҒЗИ маманы, дәрігер офтальмолог Ильзат Азимжанұлы Ниязов, медицина ғылымдарының докторы, №5 қалалық клиникалық ауруханасының профессоры Болат Нұрмырзаұлы Садықов, Алматы қалалық дәрігерлердің

білімін жетілдіру инстутының отоларингология кафедрасының меңгерушісі, профессор Сауле Айдаратқызы Таукелева, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ отоларингология кафедрасының профессоры Дамеля Едігенқызы Жайсақова, №5 ҚКА жоғары санатты ЛОР маманы Анатолий Меркурьевич Булдаков, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бас сурдологы Нейля Мәлікқызы Тулепбекова, №5 КҚА жоғарғы санатты ЛОР маманы Мұрат Жақсыбайұлы Ауелбеков, жоғарғы санатты жақ бет хирургі, медицина ғылымдарының кандидаты Амангелді Жаксыбайұлы Сейіткұлов, психолог маманы Салима Айтқұрманқызы Шакиржанова, қалалық студенттер емханасының психолог маманы Шарбану Серғазықызы Нургазиевалар болды. Ал аурухана басшылығының арнайы ұйымдастырған кабинетте психолог мамандар алғашқы минуттардан бастап балалардың ата- аналарымен кездесу ұйымдастырып, болған жағдайға байланысты қажетті психологиялық көмектерін көрсете бастады. Осы аталған қаланың ең үздік мамандарымен қоса жарылыстан зардап шеккен балаларға қабылдау бөлімшесінен бастап, аурухананың 9 оперблогында бірдей шұғыл түрде жасалынып жатқан әр түрлі дәрежедегі, алуан түрлі оталарға қатысатын бригадалардың құрамын анықтап, ота жасау барысындағы керек аспаптармен, кәсіби құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, балаларға құйылатын қан және қан препараттарын дайындау жұмыстарымен айналысатын шұғыл жәрдем тобын осы аурухана басшысының хирургия ісі жөніндегі орынбасары Оңласын Төлегенұлы Ибекенов басқарды. Балалардың жағдайы, жасалынып жатқан оталардың бет алысы жөнінде әр жарты сағат сайын аурухана басшысы Манат Тұрарұлына есеп беріліп, ары қарайғы барлық топтардағы көрсетілген жедел-шұғыл көмек шараларының орындалу барысы арнайы белгіленген кесте бойынша қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанат Кәкімсейітқызына хабарланып отырды. Қала көлемінде кейінгі бірнеше ондаған жылдар бойында кездеспеген жарылыс себебінен болатын ауыр жарақатпен күрес шаралары шұғыл арада ұйымдастырылған кәсіби білімі аса жоғарғы мамандардың біліктілігі мен білгірлігінің арқасында бір арнаға түсіп, алғашқы минуттарда балалардың жақын жуықтары тарапынан қалыптасқан шу мен дабыр басылып, шамамен 3-4 сағаттан соң аурухана вестибюлінде толып отырған балалардың жақын- туыстары мен ата-аналарының жүзіндегі қорқыныш пен үрейдің де ізі кете бастады. Бұл тұста балалардың жақын-туыстарының жүрегіне жылы сөздерімен жол тауып, олардың көңілін жайландыра білген психолог мамандардың да еңбектері айтуға тұрарлықтай болды. Жалпы алғашқы күннен бастап

балалардың ата-аналарымен және туыстарымен 9 психолог маман жұмыс істеді. Сонымен қатар, аурухана басшысының мейірбикелер жөніндегі орынбасары Митрякова Галина Ивановна бастаған бір топ мейірбикелер тобы аурухана дәлізінде отырған балалардың ата- аналары мен жақын- туыстарынан өз алақандарының жылылығын аямай, жылы сөздерімен жұбатып, қажет еткен адамдарға ыстық шай ұйымдастырып, сусын беріп жатты. Алғашқы сәттерде ауыр психологиялық соққы алған балалардың әке- шешелері мен жақын-жуықтарының тынығып, дем алуына да арнайы жағдай жасалынып, төсек-орынмен жабдықталған палаталар бөлінді. Бұл жұмыстарды ұйымдастырушы топтың құрамында оперблоктың аға мейірбикесі Ғалия Жаксылыққызы Алмабаева, травматология бөлімшесінің аға мейірбикесі Алуа Нұрғазықызы Кошамбекова, нейрохирургия бөлімшесінің аға мейірбикесі Гаухар Мақсұтқызы Успанова, хирургия бөлімшесінің аға мейірбикесі Ғалия Аманқызы Түсіпбековалар болды. Осы аталған мейірбикелер және Митрякова Галина Ивановананың аса жоғарғы дәрежедегі ұйымдастыру қабілетінің арқасында балалардың туыстарының барлығы да алғашқы минуттардан бастап аурухана ұжымының оларға көрсеткен қызметтеріне дән ризашылықтарын білдірді. Біздің аурухана мейірбикелері психолог мамандармен қосыла отырып, жарылыстан кейінгі алғашқы сағаттарда зардап шеккен балалардың жақын- жуықтары мен әке-шешелерінің жанында болып, сол жандардың басына түскен тауқыметті нағыз ақ халатты абзал жандар санатында бірлесіп көтере білді. Ал енді алғашқы сәтте-ақ реанимация бөлімшесіне келіп түскен аса жарақатталған бес бала, алғашқы реанимациялық көмек көрсетіліп, диагноздары анықталған соң, еш кідірмей лифт арқылы операция блоктарына көтерілді. Сол күні барлық тоғыз оперблоктың екеуінде граната жарылысынан кейін жеңіл дене жарақатын алған балалардың жаралары залалсыздандырылып жатса, ал тағы 2 блокта жоспарлы түрде алынған хирургиялық және нейрохирургиялық оталар жүріп жатқан. Сол себепті де, қалған бес оперблок бір мезетте іске қосылып, отаға қажетті аспаптармен, құрал-жабдықтар алдын ала дайындалып, операциялық мейірбикелердің алдында сақадай сай күйінде дайын тұрды. Бұл операцияларға кәсіби деңгейі жоғары, тәжірибесі мол хирургтар мен анестезиологтар қатысты. Аурухананың техникалық жабдықталуы жағынан озық және білікті мамандармен қамтамасыз етілуінің толық болуы қандай қиын жағдайда болмасын хирург мамандардың еш алаңсыз өз жұмысын атқаруына кепілдік беретіні белгілі.

Осы бір жанталасқан алғашқы сегіз-тоғыз сағаттың ішінде мамандар жағынан немесе бір заттың болмай қалуы сияқты келеңсіздіктер туындаған жоқ. Барлық хирург мамандардан, анестезиологтардан, анестезисткалар мен оперсестралардан құралаған топтың барлығы алдыға қойған мақсаттарына жетіп, жоспарланған отаның барлығын бір ритмде, күнделікті көріп жүргеніміздей еш асығыссыз, алаңсыз аяқтап шықты. Бұл жерде операцияға тартылған қаланың және бүкіл республиканың кәсіби деңгейі жоғары хирург мамандары мен жоғарыда аталып кеткен анестезиолог пен анестезисткалардан басқа жас маман, хирург Өмірбеков Ардақ Рашидұлы басшылық ететін оперблок қызмеркерлерінің де бір адамдай жұмыла көрсеткен еңбектерінде атап өтуге тиістіміз. Олар: Шахун Мариям, Оханова Айгерим, Жанпесова Диля, Сопиева Гульбану, Гейдарова Лала, Айтолқын, Бадалова Фатима және де бір топ кіші медицина қызметкерлері. Тоғыз операциялық блоктің барлығында бірдей әр түрлі дәрежеде жарақат алған балалардың өмірін аман алып қалу мақсатында орындалып жатқан операциялардың басынан аяғына дейін бірге болып, білікті мамандармен қоса аяғынан тік тұрып қызмет еткен Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы хирургтарының еңбегі шын мәнінде де мақтауға тұрарлық, керек десеңіз тіпті кейінгі осы мамандықты игерейін деп ниет қылып жүрген жас мамандарға үлгі боларлықтай. Олардың қатарында нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, профессор Виктор Васильевич Крючков, бас дәрігердің хирургия ісі жөніндегі орынбасары, медицина ғылымдарының кандидаты Оңласын Төлегенұлы Ибекенов, хирург дәрігер Ғалымжан Нұржаубайұлы Абилов, травматология бөлімшесінің меңгерушісі, жоғарғы санатты травматолог Владимир Геральдович Семенов, хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, жоғарғы санатты хирург Асқарбек Мошқалиұлы Якубов, урология бөлімшесінің меңгерушісі, жоғарғы санатты хирург Ғани Қондыбайұлы Амиров, жоғарғы санатты хирург, өз ісінің білгір маманы Асқар Қасымханұлы Алимжанов, бірінші санатты дәрігер, нейрохирург Ерлан Маханұлы Рахадилов, бірінші санатты дәрігер хирург Ермек Мұстафаұлы Желдібаевтар бар. Осы ұжым қызметкерлері мен барлық қала көлеміндегі білікті дәрігер мамандардың бірлесе жасаған жанкешті жұмыстары алғашқы сағаттан соң-ақ өз нәтижесін беріп, жарақат алып ауруханаға түскен 12 баланың 7-і үшінші тәулікке жетпей ауруханадан шығарылып, «Алматы» шипажайына ары қарайғы реабилитациялық емдерін жалғастыруға жіберілді. Ал реанимация бөлімшесінде қалған бес баланың үшеуі жасалынған отадан соң аман-есен өздеріне толық келіп, жасанды дем алдыратын

аппараттан (ИВЛ) алынып, төртінші тәулікте профильді бөлімшелерге ауыстырылды. Балалардың бөлімшеге келіп түскен сәтінен бастап, Жанат Кәкімсейітқызы ұйымдастырған шұғыл көмек көрсету топ мүшелері бір дамыл көрмей үнемі науқастардың жанынан шықпай, олардың ағзаларындағы қандай да болмасын өзгерістердің ағымын бақылаумен болды. Отаға қатысқан әр маман өз науқасын күніне неше мәрте қарап, жасалынып жатқан ем-домның дұрыстығын қадағалап, ота орнындағы дәкелерді өз қолдарымен ауыстырып, қажетті болған басқа мамандардың кеңесін тағайындап отырды. Ал Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, медицина ғылымдарының докторы, профессор Манас Ембергенұлы Рамазанов және Алматы қаласының штаттан тыс анестезиолог реаниматологы, №7 қалалық клинакалық ауруханасының анестезиология және реаниматология бөлімшесінің меңгерушісі Тілеуберді Кеңесбайұлы Қуандыков, аурухана бас дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Манат Тұрарұлы Сейдуманов және бас дәрігердің емдік, хирургиялық ісі жөніндегі орынбасарлары күнделікті жұмыстарын таңертеңгі сағат жеті болмай жатып, осы балалардың палатасынан бастап жүрді. Осы жерде әр науқастың жағдайындағы динамикалық өзгерістер бақылауға алынып, қажет болған емдеу, тексеру шаралары тағайындалып отырды.

Қазақстан-Ресей медициналық университетінің ректоры, профессор Нұрлан Темірбекұлы Жайнақбаевтың тікелей көмегімен Санкт-Петербург қаласындағы Джанелидзе атындағы Жедел жәрдем ҒЗИ басшысының орынбасары Афончиков Вячеслав Сергеевичпен бірнеше мәрте онлайн режіміндегі телеконференция ұйымдастырылып, науқастардың еміне қатысты тағайындаулар пысықталып, кебір мәселелерге байланысты көзқарастар бір тектілікке келтірілді. Мұндай телеконференциялар өткізудің тағы да бір қажеттілігі жоғарыда айтылған клиниканың жарылыс болған кездегі науқастармен жұмыс істеу тәжірибесінің өте жоғары екендігімен де байланысты болды. Осындай бір еліміздің жас жеткіншектерінің басына түскен ауыр кезеңде білікті мамандардан құрылған шұғыл топтың үйлесімді де, дер кезіндегі жедел қимылдарының арқасында ауруханаға түскен барлық балалар ауыр жарақаттарынан бірте-бірте сауығып, дәл клиникаға түскеніне 7 тәулік болғанда реанимация бөлімшесінде емін жалғастырып жатқан ақырғы науқас жалпы бөлімшеге ауыстырылды. Ал арада бірнеше күндер салып, дәлірек айтсақ желтоқсан айының 29-шы жұлдызында аурухана бас дәрігері Манат Тұрарұлының бастауымен жарылыстан зардап шеккен балалардың денсаулық жағдайын тағы да бір тексеріп алу мақсатында, қолда бар барлық диагностикалық аппараттардың барлығын пайдалана отырып, өз мамандарымыздың күшімен кешенді медициналық тексеріс өткіздік. Еш бір баланың ағзасында көңіл аударарлықтай өзгерістердің болмағаны барлық аурухана ұжымын қуантты. Дәл сол күні ауруханаға аса ауыр жағдайда бірінші болып жеткізілген науқас, біздің ауруханадан құлантаза жазылып шығып, «Алматы» реабилитациялық емдеу орталығына жолдама алды. Соңғы науқастың жазылып, аман-есен шығуымен қатар, бүкіл республика халқын дүр сілкіндірген ауыр оқиға ақырын басып тарих атты қарт мекеменің табылдырығын аттап, түпсіз тұңғиыққа еніп бара жатты. Сол уақыт аралығында қаншама ұйқысыз түндер, мазасыз күндер өтті десеңізші зуылдап. Бәрі күні кеше ғана болғандай. Біз үшін, турасын айтқанда, біз секілді дәрігер қауымы үшін ең бастысы - сол кездегі

жарылыстан жапа шегіп, денелеріндегі жарақаттары жазылып шыққан балалардың енді ішкі жан-дүниесі зардап шекпесе екен ешқашан. Жоғарыды аты аталып, жедел құтқару тобының құрамында болған азаматтардың барлығына қолда бар мүмкіндікті пайдалана отырып, Алматы қалалық шұғыл жедел көмек көрсету ауруханасының басшылығы аса қиын кезде көрсеткен кәсіби қызметі үшін шын жүректен алғысын білдіреді. бас дәрігері, медицина P. S.Жарылыстың зардабын шеккен Сейдуманов та бар еді. балалардың ең соңғысы ауруханадан шығу қарсаңында Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанат Кәкімсейітқызы Қасымжанова конференция өткізіп, осы оқиға кезінде аса белсенділік көрсетіп, ерен еңбектерімен көзге түскен бір топ маман дәрігерлерге Алматы қаласы әкімінің алғыс хатын табыс етті. Олардың қатарында Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының ғылымдарының кандидаты Манат Тұрарұлы

Алғыс хат Құрметті Манат Тұрарұлы Сейдуманов Тәуелсіз мемелекетіміздің бейбіт күнінде Алматы қаласында туындаған төтенше жағдай кезінде зардап шеккен балаларымыздың денсаулығын қорғау кезінде медициналық көмектің дер кезінде көрсетіліп, өз ісіңізді адал, әрі жоғары кәсіби деңгейде атқарғаныңыз үшін алғыс білдіремін. Адамзатқа қашанда қажет маман иесі – Сізге қажырлы қайрат, жетістік және кәсіби еңбегіңіздің шыңдала беруін тілеймін! Ізгі тілекпен, Алматы қаласының әкімі А.С. Есімов Осы марапаттаудан кейін нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, профессор Виктор Васильевич Крючковқа, анестезиология және реаниматология бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, жоғарғы санатты анестезиолог реаниматолог Бекболат Қинаятұлы Сүлейменовке, травматология бөлімшесінің меңгерушісі, жоғарғы санатты травматолог дәрігер Владимир Геральдевич Семеновқа, урология бөлімшесінің меңгерушісі, жоғарғы санатты хирург Ғани Қондыбайұлы Амировқа, хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, жоғарғы санатты хирург Асқарбек Мошқалиұлы Якубовқа, бас дәрігердің хирургия ісі жөніндегі орынбасары, медицина ғылымдарының кандидаты Оңласын Төлегенұлы Ибекеновке, Алматы қаласының штаттан тыс анестезиолог реаниматологы, №7 қалалық клиникалық ауруханасының анестезиология және реаниматология бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, Тілеуберді Кеңесбайұлы Қуандыковқа және жарылыс болған алғашқы минуттан бастап, жарақат алған балаларға алғашқы көмек көрсете отырып, тез арада ауруханаға жеткізуге ат салысқан қалалық жедел жәрдем станциясының дәрігері Татьяна Владимировна Васманға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

ТРАНСПЛАНТАЦИЯ ЖОЛЫНДА ТӨГІЛГЕН ТЕР Бұл жолғы әңгіменің жүгі ауыр. Медицинадан хабары онша жоқ адамдар үшін бір адамның ішкі ағзаларының біреуін екінші адамға апарып салу оп оңай, ауызбен айтқанға жеңіл, күнделікті өмірде кездесіп жататын манипуляциялардың бірі ғана болып көрінуі мүмкін. Ал шын мәнінде, жыл бойында өзіне жабысқан дерттен мезі болып, әбден шаршап, трансплантацияға келіскен адамдардың саны қаншама десеңізші. Кейінгі деректерге сүйенетін болсақ, елімізде тек 3000-ға тарта адам бүйрек, 1000-нан аса адам бауыр трансплантациясына мұқтаж. Бұдан сырт, жылына 500-ге жуық адам жүрек алмастыру үшін кезекте тұрады екен. Бұлардың арасында бес жастағы баладан бастап, еңкейген кәріге дейін, біреудің жар дегенде жалғызы немесе біреудің нақ сүйген жары бар екенін ойлап кеткенде тіпті жүрегін езілердей болып кетеді. Оқта-текте жансақтау бөліміне бауыр жетіспеушілігінің ауыр түріне ұшырап, аузынан қан кетіп немесе күнделікті гемодиализ бөлімшесіне келіп жасанды бүйрек аппаратымен қанының құрамындағы зәрді алдыртып жататын өрімдей жастарды көріп, еш қайран қыла алмағаныңа да ішің ашиды. Дәрігер санатында біздің осындай науқастарды көргенде жүрегіміздің ауырып, қиналатынымыз да заңды да болар. Өйткені төніп келген ажалдан адам жанын арашалап қалу барлық дәрігер қауымының парызы емес пе, тіпті десеңіз міндеті деп те айтуға болады. Ал дәл мынандай ішкі ағзаларының біреуінің қызметі істен шығып, мүлдем өз қызметін атқара алмай қалған кезде, олардың өмірін тек дәрінің көмегімен қанша уақытқа дейін ұзартуға болады? Жылма, айма, күн бе? Міне, сол кезде барып адам сағаттың, тіпті секундтың қаншалықты қымбат, қаншалықты бағалы екенін бар жанымен, жүрегінің қағысымен түсінетін болар. Бірақ қыларға еш амал қалмаған. Барлық үміт тек донорда. Осыдан соң барып қана донор деген ұғымның бүгінгі таңда қаншалықты өзекті болып тұрғанын түсінгендей боласың. Біздің аурухана 2013 жылдың басынан бастап Алматы трансплантация жасайтын екі орталықтың бірі Сызғанов атындағы Ұлттық хирургиялық орталықпен әріптестік меморандумына қол қойып, сол кезден бастап аурухананың бас дәрігері Манат Тұрарұлы Сейдуманов бірнеше хирург және реаниматолог мамандарды сол орталыққа білімін жетілдіруге, тәжірибе алмасуға жіберіп, жуық арада өз ауруханамызда донорлар дайындауға кірісіп кетті. Жансақтау, клиникалық зертхана және гемодиализ бөлімшелерінің жұмысы күшейтіліп, донор дайындауға қажетті соңғы үлгідегі керек жарақтармен қамтамасыз етілді. Жансақтау бөлімшесінен арнайы палата

бөлініп, ол палата мамандармен, аппараттар және мониторлармен қамтамасыз етіліп, үзіліссіз жұмыс режімі ұйымдастырылды. Арада екі-үш ай өткенннен соң аурухана хирургтары мен реаниматолог мамандары қандай донордан болсын мультиағзаларды алып, консервациялап, қажетті бағытына жолдауға толығымен дайын болып шықты. Ал енді бұл донорлар қайдан келуі керек? Оларды қайдан табуға болады? Міне, мәселенің ең ауыр тұсы дәл осы кезден басталды. Жалпы донор деген ұғымға көпшілік адамдардың үрке қарауының себебі неде? Бәлкім, бұл біз секілді дәрігер мамандардың әлі де болса елімізде қанша адамның жүрек, бүйрек, бауыр, өкпе ауыстыруға кезекте тұрғанын халыққа айтып жеткізе алмай жатуымыздан болар. Мүмкін ақпараттық құралдардың ол туралы көпшілікке керекті дәрежеде түсінік бере алмай жатуынан да болуы мүмкін. Әйтеуір, осы донорлыққа келгенде, тығырықа тіреліп қала беретініміз рас. Негізінен біздің аурханаға түскен науқастарды екі жағдайда потенциалдық донор ретінде қарастырады. Мұның біріншісі басынан қатты соққы алған, көлік апатына ұшыраған жандар, екіншісі ми инсультын алған науқастар. Донорлық туралы осы айтылған себебтердің әсерінен науқас терең немесе үшінші (кома) терең ұйқы жағдайында түскен кезде ойластыра бастаймыз. Арнайы ми қызметін жазып, компьютерге түсіріп отыратын қондырғылардың (ЭЭГ) көмегімен әрине. Үшінші дәрежелі кома ол мидың өз қызметін тоқтатуы деген сөз. Жүрек, өкпе, бүйрек сияқты ағзалар ми өлгеннен соңда автономды режімде, дәрінің күшімен қызметін жалғастыра беруі мүмкін. Тіпті кейде бірнеше тәулікке дейін. Бірақта мидың қызметі тоқтаған жанның өмірін сақтап қалу немесе ондай науқасты қайта тірілтіп алу мүмкін емес. Дәл осындай кездерде ол жанның неше жыл бойында жекеленген бір ағзаны алмастыруды күтіп жатқан жандарға көмегінің тиіп қалуы әбден мүмкін. Бірақта, донорлық сол ажалға ұщыраған жанның тікелей жақын- туыстарының келісімімен ғана іске асырылады. Оның өзінде сол ажал құшқан жанның бүкіл ағзаларының физиологиялық тұрғыдағы жарамдылығы жан-жақты тексеріліп, барлық тестері жарамды болған жағдайда ғана белгілі бір ағзаны донорлыққа алуға рұқсат етіледі. Осы уақыт арасындағы практикалық бақылауымыз көрсеткендей, арнайы тестен өтіп донорлыққа тексерілген жандардың үштен екісінің ағзаларының жарамсыз болып шығатындығы. Оның себебтері де әр түрлі болып келеді.

Сонымен, біздің ауруханадағы алғашқы мультиағзаларды трансплантацияға дайындау 2013 жылдың 6 қараша күні жүзеге асты. Дәл осы күн Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының тарихында алғашқы мультиағзаларды дайындаған күн болып жазылып қалды. Бұл донорлық ағзаларды дайындау отасы барысында бір адамнан төрт мультиағза бірден алынды. Алғашқы донорлық ағзалар алынған әйел адамның диагнозы: Ми қан айналысының бұзылуы (геморрагический инсульт). Кома 3. Донордан алынған бауыр, екі бүйрек Сызғанов атындағы Ұлттық хирургиялық орталыққа, ал жүрек Астана қаласына жіберіліп, осы ағзаларды қажет етіп отырған науқастарға сәтті транплантацияланды. Бұл тұста әйел адамнан алынған жүректің Астана қаласындағы трансплантация орталығында ем қабылдап жатқан жас жігітке салынып, отадан соңғы үшінші тәуліктегі сол жігіттің қайта өмірге оралған шат жүзін теледидар арқылы бүкіл республика жұртшылығы тамашалағандығын айта кетуіміз керек. Яғни, дәл сол күні бір донор төрт адамды бірдей ажал құрсауынан құтқара алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл тек қала көлемінде ғана емес, бүкіл республика халқын елең еткізген елеулі оқиға болды және бүл күн біздің аурухана үшін аса айтулы дата болып тарихта қалды. Одан әрі қарайда, аурухана басшысы Манат Тұрарұлы басшылығымен құрылған іскер топ осы бағыттағы жұмыстарын жалғастыра түсіп, келер жылдың 2014 жылдың 29 мамырында инсульт дертіне шалдығып, команың ауыр түріне шалдыққан ер адамның екі бүйрегі мен жүрегін донорлыққа

алды. Осы жолғы донордың екі бүйрегі Сызғанов атындағы хирургиялық орталыққа жіберілсе, ал сәтті алынған жүрек, консервацияланып, тікұшақ арқылы дереу Астана қаласына жіберілді. Жоғарғы дәрежеде ұйымдастырылған жұмыстардың нәтижесінде осы ағзаларды сарғайып күтіп отырған екі адам тікелей төнген ажалдан аман қалды. Жалпы бұл мультиағзаларды трансплантациялауға қажет донорларды дайындап, сол ағзалардың еш бүлінуге ұшырамай, дін аман қалпында, басқа адамға салу оталарын іске асыруды ұйымдастырып, үйлестіріп отырған республикалық дәрежедегі аймақтық кординатор Алия Ахметжанқызы Үркенова, Сызғанов атындағы хирургиялық орталықтың білгір мамандары Арман Ермекұлы Туғанбаев және Мақсат Оңалбайұлы Досхановтардың еңбектері ерекше болды. Сонымен қатар, аурухана басшысы Манат Тұрарұлы Сейддумановтың басшылығымен бір кісідей ынтымақтастықта қызмет атқарған аурухана басшысының орынбасары Рүстем Владимирұлы Қадырбаев, жансақтау бөлімшесінің меңгерушісі Рұслан Ахметұлы Алиев, патологоанатомиялық бөлімше меңгерушісі Акжаркын Елибайқызы және аурухана оперблок қыздарының сол кездері жасаған еңбектері еш уақытта ұмытылмай, аурухана ұжымының есінде мәңгі сақталады. Себебі бұл білдей бір ұжымның тәй-тәй басқан сәби кезінен, есейіп ер жетіп елге қызмет көрсете бастау кезеңіне дейінгі тарихы. Ал қандай тарих болмасын еш уақытта ұмыт болмайтыны анық. Республикамыздың мультиағзаларды күтіп отырған жандардың өмірін аман сақтап қалудағы ерең еңбегі ескерліп аурухана бас дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Манат Тұрарұлы Сейдуманов 2014 Жаңа жыл қарсаңында А.Н.Сызғанов атындағы кардиохирургия ғылыми-зерттеу институтының «Алтын медалімен» марапатталды. Мұндай жетістікке жету жолында Манат Тұрарұлының жанынан табыла біліп, тек кәсіби тұрғыда ғана емес, ұйымдастырушылық-іскерлік қабілетімен көзге түсе білген сол кездері жансақтау бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарған Руслан Ахметұлы Алиев Денсаулық сақтау министрлігі ұйғаруымен «Денсаулық сақтау саласының үздігі» медалімен марапатталды. «Ер елімен көгерер» - деген халық даналылығының бір ұшы осыдан-ақ көрініп тұрған жоқ па? Кәсіби біліктіліктерінің арқасында талай адамның жанына араша бола білген азаматтарды елі ескеріп, марапаттап жатса Нұр үстіне Нұр емес пе. Ендеше, ауруханамыздың дәл осындай нұрлы да, шуақты күндері көп болсын деп тілейік, Ағайын!

БӨЛІМШЕЛЕР ТЫНЫСЫ Сөз арасында бір мысал келтіре кетуге тура келіп тұр. 2012 жылы біздің хирург мамандар 92 жастағы қарияның ішкі құрылысына ота жасап, аман-есен алып шықты. Әрине, бұл жерде жалғыз ғана хирургтардың еңбегін атап қана өту өрескел қателік, тіпті керек десеңіз жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы сияқты мекеменің тыныс-тіршілігінен мүлдем хабарсыздық болып табылатын еді. Сондықтан да, осы бір қарағанда елеусіз жайдың, жасы тоқсанның үстіне шыққан қария адамды отаға дайындап, оны сәтті өткізіп, қария адамның ішкі ағзасының бұзылысын тудырмай, анадан қайта туғандай етіп өмірге қайта алып келуде қаншама мамандардың тері төгілді десеңізші. Әсіресе, халықтың көзіне көп түспей, көзге көрінбес арпалыстың куәгері болып жүретін анестезиолог, реаниматологтар мен жалпы қай аруханада болмасын ең ауыр бөлімше болып саналатын реанимация бөлімшесінің қызметкерлері және қай науқастың болмасын диагнозын дұрыс қоюда күндіз-түні бірдей терін төгіп жүрген зертхана мен басқа да параклиникалық бөлімше қызметкерлері қаншама! Жалпы біздің ауруханада жасы ұлғайып, тоқсаннан асқан адамдарға жоғарғы медициналық көмек көрсету аса алаңдаушылық туғызбайтын жаңалыққа айналғаны қашан. Әрине, бұл тұста айтайын деп отырғаным, адамның жасы қаншада болса да, жедел шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасында сол адамға ота жасау мамандар тұрғысынан немесе техникалық жабдықталу тұрғысынан болсын ешқандай қорқыныш тудырмайтындығы. Шаруашылық басқару бөлімшесі. Аурухананың шаруашылық басқару бөлімі осы мекеме ашылмай тұрып өз жұмысын бастап кеткен болатын. Аурухана басшысы Манат Тұрарұлы Сейдуманов және шаруашылық бөлімінің алғашқы меңгерушісі болып тағайындалған Беркінбеков Е.К. 2010 жылдың 27 желтоқсанында Алматы қаласы сәулет басқармасы мен нысанды салған ШШС «НИК» бас құрылыс компаниясынан аурухана ғимаратын өткізіп алып, ары қарайғы бұл ғимараттың шаруашылық саласына қатысты міндеттерді өз мойындарына алды. Сол уақыттарда, аурухана ашылмай тұрып, нысанның шаруашылығына қатысты туындап жататын көптеген мәселелердің дұрыс шешімін тауып, ойға алғандай болып іске асуында маңдай терін төккен адамдардың еңбегін атап өткеніміз дұрыс болар. «Не шаруаны бастау қиын» - деп алғы сөзімізде айтып кеткендей, алғашқы кездерде бір қарағанда дайын болып тұрған ғимараттың әр

комнатасы мен әр палатасын санитарлық талапқа сай сәйкестендіру барысында шыққан мәселелердің аз уақыт ішінде шешімін табу кімге болсын оңайға соқпайтыны белгілі. Оның үстінде бірнеше корпустан тұратын зәулім ғимараттың әр бөлімшесін санитарлық стандартқа сай сәйкестендіру тек қана басшының айтуымен ғана істеле салатын шаруа емес еді. Міне осы тұста нағыз, командылық көзқарастың, бір бағытты бетке ұстаған бірнеше іскер азаматтардың қажыры мен қайраты қажет болды. Былайша айтқанда, ердің ерлігін білдіретін нағыз сын сағаттар еді, ол кездер. Осындай өз қиыншылығы мен ауыртпашылығы көп ұйымдастыру кезеңінде Манат Тұрарұлының жанынан табыла біліп, тек кәсіби тұғыда ғана емес, шаруашылықты ұйымдастырудағы іскерлік қабілеттерінде көрсете білген Бас дәрігердің бұрыңғы орынбасарлары: медицина ғылымдарының докторы, Рүстем Владимирұлы Қадырбаев, Рашид Бейсембекұлы Сүлейменов, Шолпан Бекенқызы Аманжолова, Галина Ивановна Митрякова, Нұрлан Қалжанұлы Нұрлыбек, травматолог дәрігер, өз ісінің шебері Владимир Геральдиевич Семенов, жоғарғы санатты провизор және ұжымның кәсіподақ төрайымы Мариям Қапарқызы Туруспекова, жоғарғы санатты токсиколог маман Гүлмира Мұратқызы Тойбаева, жоғарғы санатты терапевт маман Мәдина Омарқызы Шермаханова, жоғарғы санатты хирург Асқар Қасымханұлы Алимжанов, жоғарғы санатты хирург, алғашқы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Сәбит Бекмурзатұлы Рахов, қабылдау бөлімшесінің аға мейірбикесі Нұргүл Усенқызы Бодауова, реанимация бөлімшесінің аға меірбикесі Бақыт Енгебайқызы Абирова және басқа да бір топ болашақ аурухана қызметкерлерінің ұйымдасқан ынтымағы мен бірлігі арқасында 2011 жылдың 14 ақпанында жаңа инновациялық медициналық қондырғылармен жабдықталған Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы Алматы қаласы халқына қызмет етуге толығымен дайын болып тұрды. Сол кездері көпшілікпен бірге жүріп, дайындық жұмысына белсене ат салысқан қызметкердің бірі Шолпан Бекенқызы Аманжолованың күн демей, түн демей арнайы құрылысқа киетін комбинизонды киіп алып, шаруашылық саласындағы барлық ұйымдастыру жұмысына қалай ат салысқанын күні бүгінге дейін әріптестері жыр қылып айтып отырады.

Сол кездері Шолпан Бекенқызымен қатар жүріп жандары нәзік болса да, азаматтарға тән істер атқарған емдәмхана бөлімшесінің меңгерушісі Салтанат Мұсақызы Мусаева, емдәмхана мейірбикесі Назым Сейдікәрімқызы Шариповалардың сіңірген еңбектері кейінгі қызметкерлерге үлгі болатындай болды. Әсіресе, бұл қызметкерлердің әр науқастың дертіне байланысты Қазақ-Ресей медициналық университетінің профессоры, медицина ғылымдарының докторы Абай Кенжебайұлы Жанғабыловтың кеңесімен он бестен аса мәзірін дайындап, қолданысқа ұсынуы аурухана тұрмақ, бүкіл республика көлеміндегі көпсалалы клиникалар арасындағы жаңалық болып тіркелінді. Аурухана емдәмханасы мен кафедра қызметкерлері арасындағы бұл үндестік ары қарайда жалғасын тауып, арнайы технологиялық жолмен алынған құрғатылған қымыз өнімдері асқазан және бауыр дертіне шалдыққан науқастарды емдеу үшін қолданыла бастады. Нәтижесінде, құрғақ қымызбен емдеу әдісінің көптеген асқазан ішек, бауыр аурулары және тыныс жолдарының дерттері кезінде тиімді екендігі дәлелденіп, басқа да клиникаларда кеңінен қолданыс таба бастады. Шаруашылық бөліміне қарасты кірхананы (прачка) ұйымдастырып іске қосу оңайға да соқпады. Ол бөлімшеде орналасқан қуатты кір жуғыш қондырғылар мен кептіру жайларын санитарлық талапқа сай жайлыландыру, әр бөлімшеден келетін әр түрлі төсектік маталар мен киім кешектердің түпкілікті залалсыздандыруын қамтамасыз етіп, оларды бөлімшесіне байланысты тарату сияқты толып жатқан өндірістік шаралардың барлығын ұйымдастыруда осы кірханада ашылу кезінен бастап, қызмет атқарып келе жатқан Асемхан Жұмағұл Аденованың және басқа да осы бөлімше қызметкерлерінің сіңірген еңбегі бүгінгі күні мақтаныш қылып айтуға тұрарлықтай. Ал енді 2011 жылдың 14 ақпанындағы тарихта өшпестей болып із қалдырған Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының Ел президенті, кемеңгер көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей қатысуымен ашылуы және кейінгі 30 жылдың ішінде Алматы қаласында дәл осындай ірі де, көпсалалы, жаңа инновациялық үлгідегі диагностикалық, емдік қондырғылармен толық жарақталған аурухананың бірінші рет ашылып тұруы біздің, осы аурухана қызметкерлерінің барлығының көңіліне мақтаныш сезімін орнатты. Бұл күн, қазіргі таңда 118 жылдық тарихы бар аурухананың тарихына алтын әріппен жазылған күн болды. Осы мекеме қызметкерлерінің кеудесіне қуаныш сезімін, мақтаныш сезімін орнатар тағы да бір игілікті жаңалық, ол біздің аурухананың сол ел Президенті өз қолымен ашып кеткен күннің ертеңінде-ақ қаланың түпкір

түпкірінен ағылып келіп жатқан науқастарды еш бөгетсіз қабылдай бастағаны. Дәл осындай жоғарғы дәрежедегі мүмкіндік қала тұрмақ, республика көлемінде ашылып жатқан ауруханалардың көпшілігінде бола бермейтіні бәрімізге аян. Он сегіз төсектік болып ашылған жансақтау бөлімшесіне түскен алғашқы науқас сірке қышқылымен уланған орта жастағы әйел адам болды. Ертеңгілік сағат 1015 –те. Ауызы мен өңеші, асқазаны қуырылып және бүйрегіне зақым келіп, зәрі қанмен араласа бастаған науқасқа дереу токсиколог, терапевт, хирург, реаниматолог мамандардан құрылған консилиум ұйымдастырылды. Науқас жүрегін, тыныс алуын, қан айналысын көрсетіп, жазып отыратын мониторларға қосылып, осы улану кезіндегі клиникалық емдеу протоколына сәйкес диагностикалық шаралардың барлығы шапшаң атқарылып, қанның құрамындағы микроэлементтер мен қышқылдық-сілтілік негіздегі ауытқушылықтар деңгейі анықталған соң, сол негіздегі емдік шаралар тағайындалды. Ары қарай тағайындалған дәрі дәрмектердің барлығы арнайы инфузомат-дозаторлармен құйылып, гемодинамикалық параметрлердің өзгерісі арнайы карталарға мұқият тіркелініп отырды. Екінші күні науқастың жағдайы жақсарып, зертханалық қортындылары түзеліп, токсикология бөлімшесіне ауыстырылды. Ол кезде жансақтау бөлімшесінде жаңадан келіп түскен жеті науқас ем қабылдап жатты. Міне, бұл бір ғана жансақтау бөлімшесінің өз жұмысын қалай бастағанын баяндайтын көрініс. Дәл сол күні алғашқы отада жасалынды. Ота шап жарығына байланысты болып, науқас алдын ала қажетті тексерістен өтті. Науқастың жасы отыздың жуан ортасына келген, жігіт ағасы. Науқасты оталау сағат 1135 басталып, сағат 1205 -те аяқталды, яғни операция бар жоғы 30 минутта жасалынып бітті. Бұл осы ауруханада ең бірінші жасалынған ота болып қана қоймай, сонымен қатар, аурухана ашылған алғашқы айдағы ең жылдам жасалынған ота ретінде де тарихта қалды. Отаны жасаған хирургия бөлімшесінің алғашқы меңгерушісі, жоғарғы санатты хирург Сәбит Бекұзатұлы Рахов болса, сол науқасқа алғашқы наркозды берген анестезиолог Болат Мұхамеджанұлы Шалабаев, ал анестезистка Гүлмира Рамазанқызы Дімшебаева еді. Шаруашылық бөлімінің атқаратын міндеті алуан салалы. Бұл саланы басқарудың өзі жалғыз адамның күш қайраты жете бермейтін алып механизм сияқты. Дәл сол себепті де осы бөлімшенің әр саласына өмір тәжірибесінен өткен, көпшілікпен жұмыс істей алатын азаматтар жетекшілік етіп отыр. Жалпы шаруашылық бөлімінің барлық жұмысына жауапты Нұрлан Қалжанұлы Нұрлыбек. Мамандығы құрылысшы-инженер. Бұл маманның шаруашылық бөлімшесінде жұмыс істейтін әр жұмысшымен тіл табысып,

олардың атқаратын жұмыстарының қыр сырын әбден білетіндігі және керек уақытында әркімге қатаң талап қоя алатындай дәрежедегі турашылдығы осы уақыт дейінгі бөлімше қызметінің толассыз атқарылып келе жатуына кепілдік болуда. Шаруашылық бөлімшесі ғимараттың дұрыс жылуы, желдетілуі, сумен қамтамасыз етілуі және тоспа судың орталық тоспа су құбырына ағып кетуі, жайлардың бірқалыпты температурасының сақталуы, емге қолданылатын газдардың үздіксіз беріліп тұруы, лифтілердің жұмысын қадағалау, медициналық және технологиялық аспаптардың техникалық күтімі, автокөліктердің жұмысын қадағалау, қауіпсіздік мәселесі, науқастарға келген адамдардың аурухана ішіндегі қимыл-қозғалысы, оталау барысында және наркоз беру кезінде науқасқа қолданылатын барлық қондырғылар мен аппараттардың жарамдылығы сияқты аурухананың толық қанды жиырма төрт сағат бойында қызмет жасауына қажет жұмыстардың барлығын үйлестіріп, іске асырып отырады. Сан салалы шаруашылыққа қатысты жұмыстардың әр бөлігіне жауапты қызметкерлер тағайындалып, олардың істерін ұйымдастырып отыру оңай шаруа емес екендігі түсінікті. Міне, Нұрлан Қалжанұлы осындай ірі ғимараттың, алып шаруашылығын үйлестіріп, бір тізгінде ұстап отырған іскер азамат. Шаруашылық бөлімінің лауазымды мамандары Нұрлыбек Нұрлан Қалжанұлы, Жамантаев Аман, Қапашев Бейбіт аурухананың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ғимараттың жай-күйін баяндау мақсатында қауіпсіздік террористік әрекеттерге қарсы қорғаныс, әлеуметтік инфрақұрылым паспорттарын дайындап, іске енгізген. Осы шаруашылық саласының көптеген жауапты саласының бірі азаматтық қорғаныс саласы. Бұл салаға жауапты Аман Жамантаев. Аман ағамыз бұл қызметке 2011 жылдың сәуірінен бастап жауапты маман болып тағайындалып, келе сала шұғыл түрде, өз қызметіне жоғарғы жауапкершілікпен кірісіп кетті. Өз ісіне жауапты адамның жасаған жұмысы қай кезде болса да көзге түсіп, бесенеден белгілі болып тұратыны белгілі емес пе!. Аман ағаның келуімен осы ауруханада істейтін қызметкерлердің де біраз мазасы кеткені байқалып тұрды. Бұрындары азаматтық қорғаныс жөнінде жалпы ғана түсінікте болып жүре беруші едік, енді мына жігіт ағасы болса да, денесі сұңғақ, қимылы ширақ, ақ сары өңді, жұмыс жағдайына келгенде екі қалың қасының ортасы қосылып, бір түрлі бүркіт қабақтанып кететін ағамыз тіпті, кейде таңертең жұмысқа келіп үлгермей жатып, кейде керісінше жұмыстан қайтар уақытта бүкіл аурухананы жаңғыртып жіберетін, радиорубкасынан «Тревога! Тревога! Жер сілкінісі»-деп айқайлап әбден зықысымызды шығаратын болды (қалжың ғой).


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook