101ОН ТӨРТІНШІ ЛЕМААЛтыНшы СыР: Уа, шексіз әлсіздік пен соңсыз пақырлықтың ауыр күйін кешкен бейшара адам! Рақымның қаншалықты құнды дүние, нендей шарапаты мол шапағатшы екенін мынадан біл! Ол бізді Сұлтан-ы Зүлжәлалмен байланыстырып тұр. Ал, Ол Сұлтан болса, жұлдыздар мен атомдарды мұқият реттілікпен толық мойынсұндырып, өзіне қызмет еткізуде. Ол Зат-ы Зүлжәлал, ол Әзел мен Әбәд Сұлтаны Аллаh, ешкімге, ештеңеге мұқтаж емес, Оның өзіне тән шексіз байлығы бар. Ол сөзсіз әрі теңдессіз бай. Ол ешбір тұрғыдан әлемге, болмысқа әсте мұқтаж емес бір Ғани-ы Ал-әл Ытлақ (бәрі өзінің қолында, аса бай, ештеңеге мұқтаж емес). Бүкіл әлем Оның әміріне құлдық ұрып, Оның айбыны мен ұлылығына мойынсұнып, алдында бас иеді.Міне, ей адам! Сені рақым Мүстағни-ы Аләл Ытлақтың (Шексіз бай, бәрі оған мұқтаж), Сұлтан-ы Сәрмәди бір Аллаhтың құзырына шығарады әрі оған дос қылады, Оны тыңдаушы әрі Онымен сөйлесуші және сүйкімді бір құл мәртебесіне көтереді. Бірақ, қалайша сен Күннен тым алыссың, жете алмайсың. Оған әсте жақындай алмайсың. Сол сияқты біз де Зат-ы Ақдестен, яғни Әбәд пен Әзәли Шәмстен шексіз алыспыз, оған жақындай алмаймыз. Бірақ, оның рақымының шұғыла сәулелері Оны бізге жақындатады.Міне, Уа, адам! Әлгі рақымды тапқандар мәңгі бітпес Нұр қазынасына ие болып, мол мейірімге бөленуде. Ол қазынаны табудың жолы – рақымның жарқын үлгісі әрі өкілі және оның шешен аудармашысы әрі жаршысы және Құранда \"Рахмәтән-лил ғаламин\" деп аталған Расул-ы Әкрем, ардақты Пайғамбарымыз Ғаләйhис салату Уәссәләмның сүннеті, оған мойынсұну, ізінен еру. Ал, осы \"Рахмәтан-лил ғаламин\" аты на лайық, дене түріндегі Рақымға (с.а.у) жақын болудың жолы – Салауат айту. Иә, салауаттың мағынасы – Рақымшылық. Сол тірі дене кейпіндегі Рақымға дұға ету боп саналатын салауат болса, әлгі \"Рахмәтән-лил ғаламинге\" қол жеткізудің бірден-бір жолы. Олай болса, сен салауатты өзіңе манағы \"Рахмәтән-лил ғаламинге\" апаратын баспалдақ жаса! Ал, Оны (с.а.у) Рахманның рақымына бөленуге ұйытқы, себеп қыл! Бүкіл үммет жаппай \"Рахмәтән-лил ғаламин\" ардақты Пайғамбарымызға (Ғаләйhис салату Уәссәләм) арнап шексіз рақым мағынасын білдіретін салауат айтуы, рақымның қаншалықты қымбат қазына, Иләhи құнды сыйлық және ауқымы кең нұр екендігін анық түрде дәлелдейді.* “Әhл-и уахдет-үл ужуд” – Аллаhтан басқа еш нәрсе жоқ деген түсінікті қабылдайтын топ. Ауд.
102ЛЕМАЛАРСонымен, рақым қазынасының өте құнды асылы, дәнекері, делдалы Ардақты Мұхаммед Ғаләhиссалату Уәссәләм болса, ал оған апарар жол, ең алғашқы кілті – \"Биссмилләh-ир Рахман-ир Рахим\" болып табылады. Кілттің де ең оңайы – Салауат айту.* * *Он Бесінші ЛемаБұл Лема, Рисалей-Нұр жинағының Сөздер, Мектубат және Он төртінші Лемаға дейінгі бөлімдердің мазмұны. Әрбір кітаптың мазмұны өзінде яғни Сөздердің мазмұны Сөздер кітабының соңында жазылғаны секілді Мектубат, Лемалардың да мазмұны сол кітаптардың соңына тіркелгендіктен мұнда жазылмады.* * *
Он Алтыншы ЛемаҒазиз, адал бауырларым Хожа Сабри, Хафыз Али, Месуд, Мұстафалар, Хусрев, Рефет, Бәкір Бей, Рүштү, Лүтфилер, Хафиз Ахмед, Шейх Мұстафа (рахметуллаһи алейһим) және басқалар... Сендерді ойландырып жүрген және сұрақ қоюға себеп болған «Төрт Кішкене Мәселе» жайлы қысқаша баяндауды жөн көрдім. БіРіНшіСі: Бауырым Чапра-заде Абдуллаһ Әфенді сынды кейбір адамдар былай дейді: «Әулиелердің айтуы бойынша осы өткен Рамазан айында әһл-и сүннет уәл жамағат бір жеңіске жетіп, азаттығын алып, үлкен табысқа ие болуы керек еді. Олардың дегені орындалмады. Мұндай әһл-и кәшф әулиелер қалайша жаңсақ хабар береді»? Менің көкейіме келген жауаптың қысқаша мазмұны мынандай болды:киелі хадисте былай дейді: «кейде бір бәле келе жатқанда алдынан садақа шығып оны кері қайтарады». Бұл хадистің мәнісі мынаны көрсетеді: Жазмыштағы оқиғалар кейбір шарттарға байланысты орындалар кезде кейінге қалады. Демек, әулиелердің көрген жазуы мұтлақ емес яғни міндетті түрде болатын түрі емес, кейбір шарттарға тәуелді түрінен болғаны. Ол шарттар орындалмаған соң жүзеге аспай қалады. Алайда, ол оқиға тағдырдың өзіндік бір дәптерінде, яғни, ләух-ы махв уә испатта белгіленіп жазылған-ды. Әһл-и кәшф әулиелердің көпшілігі әзәли ләухаға жете бермейді, ол жерге шығатындар сирек. Осы сырға орай, өткен рамазан айында және құрбан айтта және басқа уақыттарда көрегендікпен берілген хабарлардың алғы шарттары орындалмай қалғандықтан жүзеге аспады. Бірақ бұл, хабар берушілердің өтірікші екенін көрсетпейді. Өйткені жазылғандығы рас, бірақ алғы шарттары орындалмағандықтан іске аспай қалды. Иә, қасиетті Рамазанда бидғаттардың жойылуы үшін Әһл-и сүннет уәл жамағаттың көпшілігі шын жүректен дұға етуі шарт әрі ол маңызды себебі болатын. Өкінішке орай Қасиетті Рамазан айында мешіттерге бидғаттар кіріп, дұғалардың қабыл болуына кедергісін тигізіп, күткен жеңіс бола қоймады. «Садақа келе жатқан бәленің бетін қайтарады» деген хадистің сыры бойынша мұнда да көпшіліктің шынайы дұға-тілектері жалпыға ортақ жеңістің бір шарты болатын, бірақ ондай шартты себеп болмағандықтан жеңіс пен азаттық берілмеді.
104ЛЕМАЛАРЕкіНші САуАЛ: Осы екі ай бойы дүрбелең саяси ахуалды пайдаланып, өзімнің де, достарымның да жағдайын жеңілдетуге қам жасаудың орнына әлгі саяси ахуалға ешқандай мән бермей, керісінше мені қыспаққа алғандарға қарсылық көрсетпедім. Бұған кейбіреулер аң-таң боп түсінбей қалды. Маған: «Саған қысым жасап отырған жоғарыдағы мұнапықтардың саяси әрекеттеріне қалай қарайсың? Біле тұра түк істемейсің бе?» деді. Менің оларға берген жауабым қысқаша былай болды: «Қазіргі кезеңде мұсылмандарға ең қауіп-қатер ғылым мен пәлсәпәдан келген адасушылықпен жүректердің қарайып, иманның әлсіреуі. Ал мұның тек бір ғана шарасы бар. Ол Нұрды көрсету арқылы жүректерін тазартып, иманын сақтап қалу. Егер саясат шоқпарымен іске кірісіп жеңіске жеткен күннің өзінде әлгі кәпірлер мұнапыққа айналады. Ал мұнапық кәпірден бетер. Демек, мұндай бір кезеңде шоқпар жүректі тазарта алмайды. Ол кезде күпірлік жүрекке еніп, орнығып алады да, екіжүзділікке айналады. Нұрды да, шоқпарды да қатар алып жүру әсіресе қазіргі таңда мен секілді әлсіз пенденің қолынан келетін іс емес. Сондықтан мен бар күшіммен Нұрға жабысуға, қандай жағдайда болсын саясат шоқпарын ұстамауға тырысып бақтым. Бірақ, кәдімгі ұрысқа кірісу қажет болса, ол дәл қазіргі біздің міндетіміз емес. Иә, кәпірлер мен діннен безгендердің шабуылын тойтару үшін шоқпардың қолданатын жері болар. Алайда, қолымыз екеу ғана. Тіпті жүз қолымыз болса да тек қана Нұрға ғана жетеді. Шоқпар ұстайтын қолымыз жоқ! ҮшіНші САуАЛ: Жақында Англия мен Италия секілді шет елдердің бұл өкіметке жуықта бір қырғиқабақ танытуына байланысты бұрыннан бері отанымыздағы үкіметтің шынайы тірегі әрі мағынауи жүрегі болған Ислами ынта-жігерді қоздыру арқылы мұсылманшылықтың біршама оянуына және бидғаттарды едәуір жоятындай жағдай туып тұрғанда неліктен соғысқа қарсы болдың, сөйтіп, бұл мәселенің бейбіт жағдайда шешілуін тілеп, дұға еттің? Дінге жаңалық ендірушілердің құрған үкіметін қолдадың? Бұл деген, бидғатшылардың жағына шығу емес пе?жАуАп: Біз қашан да бәледен аман, қауіп-қатерден құтылуды, кеңшілікте болуды, қуанышты таза жеңісті қалаймыз. Бірақ, кәпірлердің қылышы арқылы емес. Олардың қылышымен келген пайда бізге керек емес, олардың қылыштары өз бастарын шапсын. Онсыз да, өктемшіл жат елдіктер мұнапықтарды имандыларға айдап салып, діннен безгендердің санын едәуір көбейтті. Оның үстіне соғыс, біздің Құран қызметімізге үлкен зиян келтіреді. Менің ең таңдаулы достарымның көбінің жасы қырық бестен төмен болғандықтан қасиетті Құран қызметін тастап түгел әскерге кетуге мәжбүр болар еді. Егер менің ақшам болса, шын көңіліммен ондай таңдаулы достарымды әскерден алып қалу үшін әрқайсысына мың лира болса да берер едім. Осындай жағдайда жүздеген таңдаулы бауырларымның Нұрлы Құран қызметін тастап дүнияуи соғыстың қолшоқпары болып кетуінен жүз
105ОН АЛТЫНШЫ ЛЕМАмыңдаған лира ақша зая болып көп шығынға ұшырар едік. Тіпті, бауырымыз Зекаидың екі жыл әскери борышын өтеуі мың лиралық рухани пайдадан құр қалдырған болар. Қадир Аллаһ егер қаласа, әп сәтте аспандағы бұлттарды түгел тазартып, Күнді жарқырата қоятыны секілді, дінсіздіктің қара бұлтын да сейілтіп, күндей жарқыраған шариғат ақиқаттарын оп-оңай орната салады. Тек, біз мұның қымбатқа түспеуін Аллаһтың мейірімінен тілейік. Аллаһ Тағала жоғарыда отырғандардың басына ақыл, жүрегіне иман берсе болғаны, іс өзі-өзінен оңалып кетер еді.төРтіНші САуАЛ: Былай дейді: Сіздің қолыңыздағы шоқпар емес, нұр екен. Нұрға қарсы шығуға болмайды әрі, одан ешкімге зиян келмейді. Ендеше неліктен достарыңызға мұқият әрі сақ болуын тапсырудасыз? Неге нұрлы кітаптарыңыздың халыққа жаппай көрсетілуін қаламайсыз? Бұл сауалдың ең қысқа жауабы мынау: Жоғарыда отырғандардың көбісі мас, оқымайды. Оқыса да, түсінбейді. Басқа мағына шығарып тиіседі. Сондықтан, олар өз-өзіне келгенше көрсетпеген абзал. Және ар-ұжданы жоқ, ұяттан безген көптеген пенделер бар, олар Нұр рисалелеріне қарсы жау, не қырсық, күдікпен қарап оны өзіне қатерлі секілді көретіндіктен оқымақ түгілі, қолына ұстағысы да келмейді. Сол үшін бауырларымды үнемі сақтандырып отырамын. Ақиқатты түсінбейтіндердің қолына беріп дүниеқұмарлардың үрей-күдігін қоздырып жүрмесін деп әрдайым ескертіп отырамын .** Үлкен мәселеген ұйытқы болуы мүмкін бір оқиға. Кеше таңертен маған досымның күйеу баласы Мехмет келді. Қуанып тұрып, сүйінші сұрағандай: Сенің бір кітабың Спартада бастырылып көпшілік қызыға оқылып жатыр екен - деді. Мен оған: Оның бастырылуы тыйым салынбаған-ды. Ол былай болса керек, көшіріп жазушы бір адам кейбір нұсқаларды көбейтсе керек. Оған үкімет қарсы емес. Сосын Мехметке айттым: Бұл туралы анау екі мұнафық досыңа айтушы болма! Олар тиісу үшін осындай бірнәрсе іздеп жүр.Бауырларым! Бұл Мехмет бір досымның күйеу баласы екені рас. Сол тұрғыдан алғанда менің де туысқаным саналады. Дегенмен, шаштараз болғандықтан арсыз бір мұғалім мен мұнафық мүдірдің де досы. Бір жерде бауырымыздың байқамай әлгі хабар аузынан шығып кеткен. Бұл да естіп алып айтып отыр. Бірақ, ең бірінші маған келіп айтқаны жақсы болды. Мен ескерткен соң бір жамандықтан аман қалдық, жол бермедік. Осылайша, кітап бастыратын машинка арқылы Рисалей-Нұрдың мыңдаған нұсқалары бастырылып тарап кетті.
106ЛЕМАЛАРҚорытындыБүгін Рефет Бейден бір хат алдым. Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) киелі сақалы жөніндегі сауалдарына былай деп жауап берер едім: Сахих хадис бойынша, Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сақал талдарының саны шектеулі ғана. Отыз, қырық тіпті, көп болса елу алпыстан аспайтын тал болуға тиіс еді, көптеген жерде мыңдаған тал болуы мені бір кездері қатты ойландырған-ды. Кейін мынандай пікірге келдім, ол қасиетті сақал тек қана сақалдың талдары емес болу керек, мүбәрак шаштарын алдырған кезде ешбір нәрсені жерде қалдырмайтын ұқыпты сахабалар оны сақтаған болуға тиіс, олай болса олар мыңдап кездесуі әбден мүмкін. Және де, мынадай бір ой келді: Хазіреті Пайғамбардың сақалы деп көруге барғандарға сауап жазылатындай мешіттерде тұрған сақалдар шынымен солай ма екен? Оған мұндай жауап келді: Расында, ол сақалдарды көру деген бір себеп-сылтау. Асылы Ардақты Пайғамбарымызға (с.а.у.) салауат айту және Оған деген сүйіспеншілікті білдіру. Ол бір ұйытқы, себеп ғана. Себептің өзіне емес оның нәтижесіне мән берілуі тиіс. Сондықтан егер ол шаш, сақал Пайғамбарымыздікі болмаған күннің өзінде сол арқылы салауат пен құрмет көрсетіліп, үлкен қызмет атқарып тұрғандықтан оның тегін сонша қазбалай берудің қажеті жоқ. Тек, ол еместігіне нақты дәлел болмаса болғаны. Өйткені жұрттың солай қабылдауы, солай көруі белгілі бір мағынада дәлел боп саналады.Кейбір тақуа кісілер бұған тақуалық ниетпен немесе сақтық үшін тиіссе дағы жекеше, өзі тарапынан тиісер. Бидғат десе де, «жағымды бидғат» болып саналар. Өйткені, салауат айтуға себеп. Рефет бей хатында былай дейді: «Бауырларымыздың арасындағы бұл мәселе тартысқа себеп болуда!». Менің бауырларыма айтарым: «Мұны өзара араздыққа себеп болатындай дау-дамайға айналдырмаңдар! тек, пікір алысу түрінде ренжіспей сұхбаттасуды үйренген жөн!». Ғазиз, адал Сениркенттік бауырларым Ибраһим, Шүкірі, Хафиз Бәкір, Хафиз Хүсейн, Хафиз Режеп әфенділер! Сендер Хафиз Тәуфиқ арқылы жолдаған үш мәселеге дінсіздер көптен бері тиісуде. БіРіНшіСі:
107ОН АЛТЫНШЫ ЛЕМАаятының ашық мағынасына қарасақ: «Күннің ыстық бір батпақты бұлаққа батқанын көрдік», дейді.ЕкіНшіСі: Зұлқарнайын қорғаны қайда?ҮшіНшіСі: Ақырзаманда Хазіреті Исаның (а.с.) келуі және Дажжалды өлтіруі жөніндегі мәселе. Бұл сауалдардың жауабы ұзақ болғандықтан ең қысқа түрде былай дейміз: Кұран аяттары араб тілінің астарлы мағыналарымен жазылған және ашық мәнін анықтап көрсету үшін көптеген теңеулер мысалдар арқылы түскен. Міне, яғни, Зұлқарнайын күннің ыстық, батпақты бір бұлақ тәрізді көрінген батыстағы мұхиттың жиегіне немесе жанартаулы, тұманды таудың қырқасына батып кеткенін көрген. Яғни, сырт көзге батыстағы мұхиттың жиегінде жаз күндері аптап ыстықтан маңайдағы батпақты жер әбден қапырық болып, бу көтерілген уақытта өте үлкен бір бұлақ бейнесінде Зұлқарнайынға көрінген тұсқа күннің батқаны айтылады. Немесе, жанартаудың тас пен топырақ араласқан алапат атқылауынан бу мен жалыны қоса көтерілген бір таудың ұшар басында үңірейген отты көзге көктің көзіндей болған Күннің де батқанын байқаған. Иә, Құран Хакимнің ғажайып шешендікпен баяндаған бұл сөйлемі өте көп мәселені көтеріп күшті дәріс беруде. Ең әуелі, Зұлқарнайынның батыс жаққа сапар шеккені және аса аптап ыстық мезгіл екендігі, батпақ екені, күннің бататын сәтіне кезіккені және жанартау атқылаған уақытқа сәйкес келгендігін баяндау арқылы Африканы толық бағындыруы секілді өте ғибартты мәселелерге ишара жасауда. Өздеріңе мәлім, күннің қозғалысы сырттай солай болғанымен, ақиқатында жердің жасырын әрекетіне дәлел, соны аңғарамыз. Ол жерде мәселе күннің батқаны емес. Сол секілді бұлақ дегені тек ұқсату ғана, алыстан алып теңіздің өзі кішкене қауыздай ғана болып көрінеді. Аптап ыстықтан сағымдана көтерілген тұманды будың астында көрінген теңізді батпақ ішіндегі бір бұлаққа ұқсатуы, арабшада әрі бұлақ әрі күн әрі көз деген мағына беретін сөзі, астарлы мәнімен түсінсе, ғажап бір шешендікпен айтылғаны көрінеді.** Осы сөздегі сөзі шешендік мағына жөнінен мынаған ишара етеді: Аспан мен оның жүзі Күн іспетті көздерімен жержүзіндегі Аллаһтың Жәмалін Рахымын тамашалағаннан кейін, Жер де өзінің теңіз көздері арқылы жоғарыдағы Иләһи ғажайыптарды кезегімен қызықтап, осылайша ол екі көз бірі-бірінің ішіне жабылғанда, жер бетіндегі көздер де жабылады, деу арқылы керемет бір сөздермен ұқтырып әрі көздердің де демалатындығына ишара етуде.
108ЛЕМАЛАРБұл оқиға Зұлқарнайынның назарында алыстан солай көрінсе, Арш Ағзамнан келген аспани кітап Құранның Рахмани қонақүйі болған жержүзіне бір шырақ міндетін атқарған қызметкер Күнді батыстағы мұхит секілді бір Раббани бұлаққа батып көзден таса болды деуі, өзінің аса ұлықтығына жарасады әрі мұғжизалы шешендігіне сай, теңізді бір ыстық бұлақ әрі тұманды бір көз іспетті ғажап етіп көрсетеді. Тіпті, көктердегі басқа көздерге де дәл солай көрінетіні анық. ҚОРытыНДы: Батыстағы Атлант мұхиты батпақты бір бұлақ деп суреттелуі Зұлқарнайынның алыстан оны бір ыстық бұлақ секілді көруіне байланысты болған. Ал Құран Хакимнің назары әрбір нәрсеге өте жақын болғандықтан Зұлқарнайынның алданған көзімен қарамайды. Құран биік көкжүзінен қарайтын назарымен жер бетін бір шаршы алаң, үлкен бір сарай, кейде бір бесік, кейде бір парақ секілді көретіндіктен тұман басып буы бұрқыраған үлкен мұхитты батыстағы бір кішкене бұлақ деуі, Құранның ауқымдығын дәлелдеп тұр. ЕкіНші САуАЛыҢыЗ: Зұлқарнайынның қорғаны қай жерде? Яжүж - Мәжүж деген кімдер?жауап: Бұдан бұрын бұл мәселе жөнінде бір рисале жазғанмын. Сөйтіп, дінсіздердің аузына құм құйған едік. Қазір ол рисале жоқ, ол кездегі жазғандарым да есіме түсе қояр емес. Жиырма төртінші Сөздің Үшінші тармағында бұл мәселе біраз жазылғанды. Сондықтан, оның кейбір маңызды тұстарына ғана қысқаша тоқталып өтеміз.Зерттеуші ғалымдардың айтуынша, әрі Зұлқарнайын деп аталуына қарағанда Иемен патшаларынан «Зүл-иезен» секілді «зү» сөзімен басталған атау-есімдерге байланысты бұл Зұлқарнайын, Ескендір Руми емес яғни Македониялық Ескендір емес. Бұл Иемен патшаларының бірі. Ол Хазіреті Ибраһим заманында өмір сүрген, Хазіреті Хызырдан дәріс алған. Ал, Ескендір Руми болса, шамамен милади жыл санаудан үш жүз жыл бұрын болған, Аристотельден дәріс алған. Адамдар жазған тарих нақты түрде үш мың жылдық оқиғаларды ғана қамти алады. Мұндай қысқа тарихпен Хазіреті Ибраһимнің заманынан бұрыңғы дәуірді шолып, нақты хабар беру қиын. Қазіргі тарих я, ойдан шығарылған, я, болмаса болған оқиғаларды жоққа шығарып, я болмаса шала-шарпы қысқа қайырады. Бұл Иемендік Зұлқарнайын тәпсірлерде бұрыннан бері Ескендір атымен әйгілі болуының себебі; я, сол Зұлқарнайынның бір аты Ескендір болса керек, сөйтіп Ұлы Ескендір және Ескі Ескендір осы. Немесе Құранда айтылған шағын оқиғалар жалпыға ортақ әрдайым қайталанатын оқиғалардың ұшы болатындықтан.Зұлқарнайын атанған Үлкен Ескендірдің пайғамбарлыққа ұқсайтын бастамасымен залым және зұлымдыққа душар қауымдардың ортасына тосқауыл болатын, жауыздыққа жол бермейтін атақты Қытай қорғанындай қорғандар салынғаны сияқты, Ескендір Руми тәрізді жиһангер патшалар дүнияуи тұрғыдан, ал адамзаттың рухани патшалары болған кейбір пайғамбарлар мен құтыптар да рухани тәрбиелеу тұрғысынан сол Үлкен
109ОН АЛТЫНШЫ ЛЕМАЕскендірдің соңынан еріп, оны үлгі тұтып, зұлымдыққа ұшыраған халықтарды залымдардан құтқарудың шарасы ретінде таулардың арасын қорғандармен жалғаған. Тау басына қамалдар тұрғызған. Өздерінің *күш-қуатымен не болмаса ұйымдастырып үйрету арқылы бекіністер салған. Содан кейін қалалардың айналасын қамалмен қоршайтын болған. Зеңбіректер мен жүзетін қамалдар іспетті кемелер жасаған. Тіпті, жер бетіндегі ең атақты қорған Қытай қорғаны Құран тілімен айтсақ Яжүж пен Мәжүжден, тарих тілімен айтсақ Мәнжур, моңғол тайпаларының шабуылынан қорғану үшін салынған. Олар жер бетіндегі көптеген елдерге шабуыл жасаған жаугер тайпалар болғандықтан Гималайдың мұз басқан жоталарынан бастап, шығыс пен батысты түгел қамтып қаптап келген кезде, үнді мен қытайдың тыныш жатқан елін олардан қорғау үшін Гималай жоталарына жақын бір жердегі екі тау арасына ұзын қорған тұрғызылған. Сол биік қорған олардың ары өтуіне қалай бөгет болса, Қапқаз жоталарының Дербент аңғарына тағы да сондай шабуылшы татар қауымдарынан қорғану үшін Зұлқарнайынның үлгісі бойынша бұрынғы Иран патшалары тағы да сондай бір биік қорған салған. Міне, мұндай қорған бөгеттердің саны көп. Құран Хаким бүкіл адамзатқа сөйлеп тұрғандықтан сырт көзге белгілі бір жеке оқиғаны айта отырып, сол оқиғаны бәріне үлгі етіп жалпылай баяндайды. Сондықтан да Қорғандар мен Яжүж, Мәжүжтерге қатысты риуаяттар мен тәпсірлер әр түрлі болып келеді.Сондай-ақ Құран Хаким өзінің баяндау ерекшелігіне сай бір оқиғадан тағы бір ұзақ оқиғаға үнемі ауысып отырады. Ал, бұл ерекшелікті білмейтін адам, әлгі оқиғаларды бір уақытта болғандай қабылдауы мүмкін. Мысалы, әлгі қорғандардың құлауынан Қияметтің басталуын Құран Хакимнің хабарлауы уақыт жағынан шолақтығынан емес, мәселелердің бір-біріне жақындығынан, яғни бұл қорғандар қалай құласа, дүние де солай қирайды деген мағына айтылуда. Сонымен қатар, аса берік Иләһи қорғандар болып саналатын таулар дүниенің қирауымен бірге қалай күлпарша болса, бұл берік салынған қорғандар да сол кезде жер мен жексен болады. Иә, Зұлқарнайын қорғанының бір үлгісі болған Қытай қорғаны мыңдаған жылдан бері әлі тұр. Бұл да адамның қолымен жер жүзі парағына жазылған берік, мәнді көне тарихтан белгі.ҮшіНші САуАЛ: Хазіреті Иса алейһиссаламның Дажжалды өлтіретіні жөніндегі мәселеге байланысты Бірінші Мектубта және Бесінші Мектубта өте тиянақты, қанағаттанарлық жауап бар. * Жер жүзінде көне заманнан бері тау сияқты біз білмейтін көптеген қорған, қамалдар бар.
110ЛЕМАЛАРҒазиз, адал достарым, Хожа Сабри және Хафиз Али! «Муғаибат-ы Хамсе» (Бес ғайып) мәселесіне қатысты Лұқман сүресінің соңындағы аят жайлы маңызды сауалға тұщымды жауап беруімді сұрапсыздар. Өкінішке орай, дәл қазір оған жауап бере қоярлық жағдайда емеспін. Тек қана, сауалдың маңызды тұсына ғана қорытынды ретінде бір ишара жасауды жөн көрдім. Бұл сауалыңызға қарағанда «Мүғаибат-и хамсе» мәселесін сынайтын дінсіздер оның ішінде жауынның жауатыны мен құрсақтағы сәбидің жағдайы жайлы мәселеге қарсылық білдіргенге ұқсайды. Өйткені, олар былай дейтін көрінеді, жауынның қашан жауатынын метерология және құрсақтағы сәбидің ұл не қыз екенін рентген аппараты арқылы алдын ала білуге болатындықтан, демек бұл Мүғаибат-и хамсені ақылмен білуге болады. жАуАп: Жауынның жауатын уақыты қатаң бір заңдылыққа тәуелді емес, тікелей Иләһи қалауға байланысты әрі Рахым қазынасынан келеді. Оның солай болуының сыры мынау: Дүниедегі өте маңызды ақиқат пен аса қымбат нәрселер мыналар; нұр, болмыс және тіршілік, рахмет. Осы төрт нәрсе тікелей, еш делдалсыз Аллаһтың құдіреті мен қалауына тәуелді. Басқа жаратылыстарға сыртқы себептер құдіреттің істеріне перде болады. Тұрақты заңдар мен қалыпты ережелер Иләһи ираде-қалауға біршама перде болады. Бірақ нұр, болмыс, тіршілік және рахметке ол перделер қойылмаған. Өйткені, пердені қоюдың хикметі жоқ. Болмыстағы ең маңызды ақиқат рахмет пен тіршілік. Ал жаңбыр тіршілік көзі, өмірдің бұлағы рахметтің негізі, тіпті рахымшылықтың нақ өзі екен. Олай болса себептердің перде болуының қажеті жоқ. Қалыпты ереже мен заңдылықтар Аллаһтың қалау-еркін бүркемелеп жасырмауы тиіс. Сонда, әркім қай кезде де шүкір етіп, құлшылық жасап, жалбарынып, дұға етіп отыруға мәжбүр болады. Егер, бір ереже шартқа тәуелді болса, онда әлгі шартқа сеніп шүкір мен сұраудың мәнісі болмай қалар еді. Күннің шығуында қаншалықты пайдалар бар екені белгілі. Бірақ тұрақты бір заңдылыққа тәуелді болғандықтан күннің шығуы үшін дұға тілек жасалмайды, шыққаны үшін шүкір де етілмейді. Адамдар күннің тұрақты заң бойынша таңертең шығатынын білетіндіктен оны бір ғайып іс деп көрмейді. Ал, жаңбырдың жауатыны ешқандай шартқа, ережеге тәуелді болмағандықтан адамдар әруақытта жауынның жаууын Жаратушыдан сұрауға мәжбүр болады. Адамзат ғылыми түрде оның дәл қашан жауатынын біле алмайтындықтан жауған жаңбырды рахмет қазынасынан келген ерекше бір нығмет деп қарап, шынайы түрде шүкір етеді. Міне, сондықтан да бұл аталған аят жаңбырдың жаууын «бес ғайыпқа» енгізіп, көрсетіп берген. Ал, метерологиялық орындардың жаңбырдың жауатын уақытын мәлімдеуі тіпті де, ғайыпты білу емес, қайта рахым қазынасынан шығып жаууға бет алған жаңбырдың қайда, қай кезде жаууы мүмкін екенін алдыңғы бірнеше шартты белгілерін біліп, есептеп хабарлау ғана. Әзірге белгісіз, бірақ болып қойған немесе болуға жақын қалған
111ОН АЛТЫНШЫ ЛЕМАоқиғаны алдын ала сезуге болады. Бұл ғайыпты білу емес. Бұл бар немесе болу мүмкіндігі жақын қалған нәрсені сезу. Тіпті, менің өзім денемдегі ағза-сезімдер арқылы жиырма төрт сағаттан кейін жауатын жауынды сезіне бастаймын, демек, жаңбырдың белгілері, бастамалары бар. Бұл жаңбырдың алғы шарттары ылғалдылық түрінде келіп, артынан жаңбыр келе жатқанын білдіреді. Бұл жағдай бір ереже секілді, ғайыптан шығып, нақты іске көшетін жағдайдың көрінісі. Ал, әлі нақтылы әлемге жетпеген Иләһи рахым қазынасынан әлі шықпаған жаңбырдың қашан жауатынын білу, тек қана Жаратушының шексіз іліміне ғана мәлім ғайып жағдай. келесі мәселе: Рентген сәулесі арқылы жатырдағы сәбидің жынысынанықтау аятының ғайыби мазмұнына қайшы келмейді.Өйткені, аятта ол сәбидің тек қана ұл әлде қыз екендігі ғана емес, ол сәбидің өзіне ғана тән ерекше қасиеттері, болашақтағы жағдайларының негізін қамтитын тағдырының түйіндері, тіпті бет әлпетінің қандай болатыны мақсат етілген. Ол болса ғайыбты түгел білетін Жаратушының ғана ісі екені мәлім. Қаншама рентген аппараты жетілсе де, адамдардың бүкіл ғалымдары бірлессе де сәбидің болашағы түгілі, бетжүзін де анықтай алмайды. Басында атап айттық қой, дене мүше, өмір және рахмет бұл дүниедегі ең үлкен ақиқат әрі маңызды нәрсе деп. Сондықтан, осынау қымбат әрі күрделі өмір тіршілікті бүкіл болмысымен, рахмет қазынасынан шығуы жіті бақылауға алуының бір сыры мынау: Өмір тіршілік өзінің барлық болмысымен шүкір еттіруге, құлшылық жасаттыруға негізделгендіктен ираде қалауға бүркеніш болатын ереже қағида секілді сыртқы себептерге тәуелді емес. Жатырдағы сәбидің заттық және рухани болмысында Хақ Тағаланың екі нұр сәулесі бар. Бірі, өзінің Уахдетін, Әхадиетін және Самадиетін көрсетеді. Яғни, сәби дене мүшесі және басқа да жақтарымен өзге адамдарға ұқсас болып Халиқ және Сани Жаратушының уахдетіне куәлік етеді. Ол өзінің хал тілімен былай дейді: «Маған мұндай пішін мен дене мүшені берген кім болса, дене мүшелері маған ұқсаған барлық адамдарды да жаратқан жалғыз Сол! Басқа да тіршілік иелерінің жаратаушысы да Сол!»Міне, анасының жатырындағы сәбидің бұл айтқаны тіпті де ғайби емес, шартты белгілерге тәуелді болғаны үшін оны білуге әбден болады. Бұл жағдай ғайып әлемінен нақты әлемге әлдеқашан келіп қойған мезгіл болып саналады. Ол ғайыпты білу емес. Екіншісі, жатырдағы сәби өзіндік қабілет дарыны мен ешкімге ұқсамайтын жеке өзінің түр пішіні арқылы Сани Жаратушысының ерекше ираде қалау еркін барынша көрсетуде. Бірақ, бұл хабар ғайып әлемінен келуде. Әзели ілім Иесінен басқа ешкім мұны көре де, ести де алмайды. Ана жатырында мұның мың да бірі де көрінбейді де, анықталмайды да.
112ЛЕМАЛАРҚОРытыНДы. Жатырдағы сәби өзіндік қабілет тілімен және өзіндік түр тұрпатымен Жаратушының Уахданиетіне дәлел болады. Мұнда Иләһи ираде яғни Аллаһтың қалау еркі өзінде екенінің дәлелі бар. Егер Жаратушы Хақ қаласа, тағы да талай дәлелдерді жазуға болар еді, әзірше осымен тоқтатуды жөн санадым. Саид Нұрси* * *
Он жетінші Лема(Зүхреден келген «Он бес Нотадан» тұрады)кіРіСпЕ СөЗОн екі жыл бұрын Раббани жәрдемі мен Аллаһты тану тұрғысында ақылдың ой жүгіртуімен, көңілдің саяхатымен және рухымның ашылуы арқылы көрінген тәухидтің кейбір жарық-нұрларын арабша Ноталар түрінде «Зүхре», «Шуле», «Хубаб», «Шәмме», «Зәрре», «Катре» деген атпен өзім үшін белгілеп қойып едім. Терең ақиқаттың шетін ғана, жарық бір нұрдың ұшқынын ғана көрсету үшін өзімнің ой қиялыма шақтап жазғандықтан басқалар пайдалана алмады. Тіпті, ең жақын достарымның өзі арабша білмейтін еді. Солардың өтініштері бойынша Ноталар мен Лемалардың бір бөлігінің мазмұнын Түрікше жазуға мәжбүр болдым. Бұл Ноталар және араби рисалелер Жаңа Саидтің ақиқат ілімінен көрген алғашқы дәлелдері болғандықтан қалай көрінсе солай, еш өзгертусіз жазылды. Сондықтан, кейбір сөйлемдер басқа Сөздерде де, мұнда да жазылды. Кейбіреуі көп түсіндірілмей қысқаша жазылды. Мағынасын өзгертпеу үшін солай етілді. БіРіНші НОтА: Мен өзіме былай деген едім: Уа, ғапыл Саид! Мына пәни әлемнен кейін саған серік болмайтын, дүниенің қирауымен сенен айырылысып кететін нәрселерге беріле көңіл бөлу саған жараспайды. Әсіресе, сенің ғасырыңның аяқталуымен сені тастап кете беретін, әсіресе берзах сапарында бірге болмайтын, сені қабір ауызына дейін де жеткізуге жарамайтын, әсіресе бір неше жыл бірге болып сосын мәңгілік сенен ажырап күнәларды сенің мойыныңа артып кете беретін, әсіресе енді қолың жете бергенде сені тастап жүре беретін жалған дүниеге жүрекпен байлану ақылдының ісі емес. Егер ақылың болса, дүние ауысып берзах пен ақыретке өтіп жатқанда аяғыңның астында тапталып қала беретін, мәңгілік сапарда саған жолсерікке жарамайтын істердің бәрін таста, оларға тіпті мән берме, олардың жойылып кетіп жатқанына күйінбе! Сен өз болмысыңа жақсылап үңіл! Сенің ішкі нәзік сезімдеріңнің ішінде сондай бір тамаша сезімдер
114ЛЕМАЛАРбарын білсең ғой, олар мәңгіліктен өзге ештеңеге де қанағатанбайтын бір ғажап сезімдер. Жаратушыдан басқа ешнәрсеге көңілі толмайтын сондай ерекше сезім. Бүкіл дүниені меншік қып берсең де әлгі сезіміңді қанағаттандыра алмайды. Бұл сезім сенің барлық жан дүниеңнің сұлтаны. Мәңгілік Иесі Фатыр-ы Хакимнің әміріне ғана бағынатын осы бір сезіміңді тыңда, соның соңынан еріп, құрдымнан құтыл!ЕкіНші НОтА: Шындыққа толы бір түсімде адамдарға былай деп жатыр екем: «Уа, адам! Құранның бір ережесі былай; Хақ Тағаладан басқа жаратылғандардың ешбірін оған құлшылық етерліктей өзіңнен үстем санама! Және өзіңді де еш нәрседен тәкаппарланатындай биік ұстама! Өйткені, жаратылғандардың бәрі өзіне құлшылық етуден қаншалықты алыс, бәрі жаратылған болғандықтан да бәрі бірдей».ҮшіНші НОтА: Уа, ғапыл Саид! Байқа! Сезім алдап өтпелі дүниені мәңгі, тұрақты деп ойлама! Айналаңа қараған кезде біршама тұрақты көрінгендіктен алданып, өзіңнің фәни екеніңді ұмытып, сол көңіл күймен, мәңгі жасайтындай сезінгендіктен тек қияметтің болуынан қорқасың. Бейне бір қияметке дейін өмір сүре беретін секілді сол қияметтен ғана сескенесің . Есіңді жи! Сен де, айналаңдағының бәрі де өтпелі дүниеде лезде аяқталатын және әлгі сенің жаңсақ сезімдерің мына бір мысалға өте ұқсайды: Бір адам қолындағы айнасын бір үйге не бір қалаға не бір бақшаға қарай бағыттаса одан әлгі көріністерді көреді. Егер айнасы бір әсерден сынып, беті шытынап кетсе онда әлгі айнадағы көрініс де қирап жоқ болады. Ондай жағдайда айнадан бөлек тұрған әлгі үй мен қаланың сап-сау қалпында болғаны ол адамға түк те пайдасы жоқ. Өйткені, айнада көрінген қала да, үй де, бақша да айнаның көлеміне қарай болатын. Сол секілді сенің өмірің айна. Дүниеңнің тірегі және айнасы сенің өмірің мен тіршілігің кез келген сәтте қирап, үйің де, қалаң да, бақшаң да бұзылып, әр уақыт қияметің болуы мүмкін. Олай болса, сен бұл өмірің мен жалған дүниеңе көтере алмайтын ауыр жүктерді артпа!төРтіНші НОтА: Біліп қой! Маңызды да, қымбат нәрселерді дәл сол қалпында қайта жарату Фатыр-ы Хакимнің бір әдеті. Яғни, көптеген нәрселердің қайта жаңаруы, жыл мезгілдері қайталанып, ғасырлар ауысқанда әлгі қымбат, маңызды нәрселер сол қалпында қайтадан жаратылуда. Күннің, жылдың және ғасырдың қайта жаратылуында осынау заңдылық бір қалыпты қайталануда. Міне, осы тұрақты қайталануларға қарап былай деуге болады: Барлық ақиқаттың қорытындысына қарай бұл дүние ағашының ең қымбатты да маңызды жемісі адам. Және де барлық жаратылғандардың да ішіндегі маңыздысы адам. Бүкіл әлемнің ең қымбаттысы да адам. Әрбір адам жан-жануарлардың бір түріне тең келетіндей маңызды. Әлбетте қайта тірілген кезде адамдардың әрқайсысы жеке-жеке қаз қалпында өз денесімен, өз аты жөнімен, өз пішінінде қайта жаратылады.
115ОН ЖЕТІНШІ ЛЕМАБЕСіНші НОтА: Бұл нотада Еуропа пәні мен мәдениеті Ескі Саидтың санасында біршама қалыптасып қалғандықтан Жаңа Саидтың пікірлері мен көзқарасына, жүрек қалауына осы пәндер мен мәдениет кесел боп жабысты. Мәселені қиындатып жіберді. Сондықтан Жаңа Саид санасынан, ең алдымен батыстың бұрыс пәлсапасы мен жасанды мәдениетін лақтырып тастауды көздеген кезде ішкі дүниесінде Еуропаға жақ нәпсани сезімдердің үнін өшіру үшін Еуропаның рухани тұлғасымен бір жағынан қысқа, бір жағынан ұзаққа созылған айтысуға мәжбүр болды. Мұны дұрыс түсінген жөн. Еуропа дегенде екі түрлі еуропа бар. Бірі, Исауилік яғни христиандық дінінен ақиқат ілімін алған шынайы өнер мен әділетті қоғамы бар Еуропа. Екіншісі, жалған пәлсапа мен жасанды мәдениеттің кесірінен адамдары адасу мен алжасуға бет бұрғызған шірік Еуропа қоғамы.Көңілде осындай аласапыран орын алып жатқан кезде мәдениеттің жақсылықтары мен пәннің пайдаларын көріп отырған Еуропа емес, екінші Еуропаның рухани тұлғасына былай деген едім: Біліп қой ей, екінші Еуропа! Сен оң қолыңа адасқан пәлсапаны, сол қолыңа жасанды, жиіркенішті мәдениетті ұстап, бақыт осыларда деп адамдарды өзіңе шақырасың. Олай болса, сенің осы екі қолың қатар сынсын. Ал мынау лас екі сыйлығың басыңды жұтсын! Жұтады әлі.Ей, күпірлікке батып, онысын айналаға таратқан ұятсыз рух! Япыр-ау, рухы да, ұжданы да, көңілі де қайғы-мұң кешіп азапқа түскен адамның құр сұлбасы алдамшы бір қуаныш пен қызыққа малданып бақытты болуы мүмкін бе? Оны шат-шадыман бақытты деуге бола ма? Адам табиғаты бір істің оңға баспағанына бола қамығып мұңая қалады, ойындағысы орындалмай қалса үміті үзіледі. Оның тәтті қиялдары ащы уға айналады емес пе? Кең дүние тар қапасқа ұқсап кетпей ме! Адасушылық тұманы жүрегінің ең терең түкпірі мен рухын әбден жаулап алған, барлық қасірет тек осының кесірінен келіп жатқан бейшара адамға қандай бақыт туралы әңгіме айтарсың? Япыр-ау, денесі жасанды бір Жәннатта болғанымен, рухы мен жүрегі Жәһаннам азабын шеккен адамды жетісіп жүр, бақытты деп қалай айтасың? Міне, сен адамдарды осындай қиын жағдайға түсірдің. Жалған, жасанды Жәннат ішіне қамап қойып Жәһаннам азабына салудасың. Әй, адамның жүгенсіз нәпсісі! Мына әңгімеге құлақ сал да, адамдарды қайда қаңғытып бара жатқаныңды біл! Мысалы, біздің алдымызда екі жол бар дейік. Біреуімен келе жатырмыз. Байқасақ, басқан әр қадамымызда бір әлсіз бейшара адамға залымдар тап беріп, қолындағы мал-мүлкін тартып алады. Кейде жарақаттап жібереді. Оның осындай аянышты жағдайына тіпті аспан да күңіреніп жылайтын секілді. Қайда қарасаң да осыдан басқа ештеңе көзге шалынбайды. Әлгі жолдағы залымдардың ақырған дауысы мен бейшаралардың еңіреген үні
116ЛЕМАЛАРжоқтау тәрізді жолды түгел жаулап алған. Адам, адамшылығы жағымен басқаның қайғы-қасіретіне ортақ болатындықтан шексіз қайғының тұманы тұмшалауда. Алайда, адамның ар ұжданы мұндай сұмдыққа төзе алмайтындықтан ол жолдағылар екі нәрсенің бірін таңдауға мәжбүр болады. Не адамгершіліктен жұрдай болып, шексіз жабайылық жолын таңдап, тасжүрекке айналатыны сондай, өзі аман болса болды, басқаның басына келген апат оған түкте әсер етпеуі керек. Не көңілін көр, ақылын жоқ етуі керек. Ей, адасу жолында әбден бүлініп, исауилік дінінен алыс қалған Еуропа! Бір көзді Дажжалға ұқсаған жалғыз көзді зеректігіңмен адамзат рухын Жәһаннамдық жағдайға душар еттің! Бірақ, бұл емі жоқ сырқат, адамды ең жоғарғы дәрежеден, ең төменгі құрдымға түсіретінін соңында байқадың. Яғни, хайуанаттың ең сорлысы дәрежесіне түсіреді. Ал бұған тапқан емің болса, сезімдерді уақытша ұйықтатып, қызыққа батыратын ойыншықтар мен ақылды алжастыратын қияли ғажап ойын-сауықтар ғана. Бұдан түк те шықпайды, түбінде өз басыңды жұтасың. Міне, адамзатқа дайындаған бақыт дегеніңнің түрі осы. Екінші жол, Құран Хаким адамзатқа сыйға тартқан сара жол. Байқасаңыз ол жолда әр бекетте, әр бөлімшеде, әр қалада бір Әділ Сұлтанның тәртіпті әскерлері бақылап, күзетіп тұр. Белгілі уақыттарда олардың бір бөлігі сұлтанның әмірімен міндетінен босатылып жатады. Олардың қарулары мен қолданған заттары алынып, демалысқа шығуда. Босатылған әскерлер үйреніп қалған аты мен қаруын қайтарып беруден сырттай қарағанда біраз қайғыратын секілді, ақиқатында Әділ Патшаның құзырына оралатынын білетіндіктен іштей үлкен қуанышқа бөленуде. Кейде, әскерилерді босатушы қызметкерлер жаңадан келген бір әскермен де қарсыласып қалатын кезі бар. Әскер оларды танымайды. «Қаруыңды бер!» десе, әлгі әскер: «Мен патшаның сарбазымын, соның қызметіндемін ең соңында соған барамын. Егер маған Оның рұқсаты бойынша келіп тұрсаңыз құба-құп, бұйрығыңызды көрсетіңіз, болмаса жолымнан аулақ тұрыңыз! Мен жалғыз болсам да, сендер мың болсаңдар да сендермен қарсыласуға шамам жетеді. Өзім үшін емес, Сұлтаным үшін солай етемін. Өйткені, менің жаным өзімдікі емес, Сұлтанымдікі. Менің қолымдағының бәрі, өзім де сол Иемнің аманатымын. Сол үшін мен сендердің алдарыңда бас имеймін!» дейді.Міне, осы екінші жолда жүрген мыңдаған бақытты жандардың бұл бір ғана мысалы деуге болады. Қалғанын өзің салыстыр. Бүкіл осы екінші жолдағылар туылған кезде қуанышқа бөленеді, әскери міндетін атқарып жүргендері де өз ісі мен жүрісіне дән риза, қуанышты күйде жүр. Ал, ажал жетіп, қаза болу деген атпен міндетінен кетіп жатқандар да қуанышты әуенмен қайтып жатыр. Міне, Құран Хаким адамзатқа осындай бақыт
117ОН ЖЕТІНШІ ЛЕМАжолын сыйлаған. Бұл сыйлықты кім нақты қабыл алса, екі дүние бақытына қол жеткізе алады. Не өткені үшін қайғырмайды, не болашағын да уайымдамайтын сенімді жол. Ей, бұзылған Еуропа! Сенің шірік әрі түк те негізі жоқ ұстанымдарыңның бір бөлігі мынандай: «Ең үлкен періштеден бастап ең кішкентай шыбынға дейін әрбір тіршілік иесі өзіне-өзі қожайын, өзі үшін өмір сүреді, өз қызығы үшін жүгіреді. Оның өзіндік өмір сүру хақысы бар. Басты мақсатының өзі өмір сүру, тұқымын жалғастыру» дейсің. Және, Халиқ-ы Кәримнің дүние тіршілігіндегі ғажайып заңдылығы бойынша, өсімдіктердің хайуандарға, хайуандардың адамдарға қызмет көрсетіп, бір-біріне жәрдем етіп жатқан Рахымды қамқорлықтарын бір-бірімен жауласып жатқандай көресің де «Өмір күрес» деген жасанды заң шығарып алжасасың. Япырау, қамқорлықтың шуағы бойынша зәрре бөлшектердің бар ынтасымен бүкіл дене мүшелеріне азық тасып зымырап жүргенін қандай қарсы күрес деп ойлайсың? Бір-бірімен жауласу сондай бола ма?! Асылында, ол Рахман әрі Кәрим Жаратушының әмірімен бір-біріне көмек, өзара жәрдем. Және бір шірік ұстанымың мынау: «Әрбір тіршілік иесі өзіне-өзі қожайын», дейсің. Ал, ешқандай да жаратылыс өз-өзіне қожайын емес екеніне анық дәлел мынау: Себептер ішінде ең еріктісі, қалау ираде жағынан ең еріктісі адам. Алайда, ойлану, сөйлеу және ішіп-жеу секілді қарапайым оңай сыртқы іс-әрекеттерінен оның өз ықтиярына берілгені жүзден бірі ғана, оның өзі де күмәнді. Міне, сыртқы іс-әрекетінің біреуіне ғана ие болуы екіталай болған адам қалай, қайтіп өзіне-өзі қожайын болмақ?! Адамның өзі осындай өзін-өзі басқару мен нақты иелік етуге келгенде қолы соншалық қысқа болып жатса, басқа жандыларды «өз-өзіне қожайын» дегендер хайуаннан өткен ақымақ, түйсігі жоқ топастар. Иә, сені осындай қате жолға итерген, әуреге салған көркөзді ақылың. Сол көзсіз ақылыңмен әрбір нәрсенің Иесі болған Раббыңды, Жаратқан Иеңді ұмыттың. Иелікті меңіреу табиғатқа тапсырдың, әсерді себептерге бердің, нақты Иенің мүлкін жасанды пұттарға телідің. Мұндай көзқарас бойынша, әрбір тіршілік иесі мен адамдар қисапсыз жауларымен жалғыз өзі күресіп, таусылмайтын қажеттілік үшін жанталасуы керек болады. Ондай жағдайда, зәрредей ғана күш-қуатпен, мардымсыз ғана қалау еркімен, сағым секілді сезіммен, көбіктей көрініп қана өшетін тіршілікпен, бір сәтте ғана өтетін өмірмен ондай қаптаған жау мен таусылмайтын қажетін қайтіп өтейді? Алайда, ондай бейшара тіршілік иелерінің шама-шарқы осындай мыңдаған қажеттіліктердің тіпті, біреуін де өтеуге жарамайды. Қиыншылыққа тап келген кезде сансыз меңіреу себептерден өзге тірек етер түгі де жоқ. сырын растаушы болады.
118ЛЕМАЛАРСенің қараңғы санаң адамдардың күндізін түнекке айналдырды. Сол қиыншылықтар мен зұлымдықтарға, қараңғы түнекке бой үйрету үшін жасанды жарықтарды жарқылдатып қойдың. Ол жарықтарың оларды қуанышқа бөлемейді, қайта жылаған көз жастарын көрсететін бір жылтырақ қана болып тұр. Ал, әрбір тіршілік иесі болса сенің шәкірттеріңнің көзіне жауыздардың табанына жаншылған бейшаралар секілді көрінеді. Дүние барлық нәрселердің жылап-сықтау орыны. Дүниедегі дыбыстар, өлімнен, қиыншылықтан туындайтын жан айқай. Сенен сабақ алған шәкіртің перғауынға айналады. Ең қасиетсіз нәрсеге табынатын, пайда үшін көрінген нәрсені Құдай көретін сорлы перғауын. Өзі өте тәкаппар. Бірақ, бір ләззат үшін ауыр жүкті көтеруге көнген міскін бейнесінде. Болмашы бір пайда үшін шайтанның аяғын сүюге дайын тұрған сорлы біреу. Бірақ, көңілінде тірек болар ештеңесі жоқ бір қуыскеуде болғандықтан бойында күш қуаттан жұрдай бір жағымпаз міскін. Ол шәкірттің барлық арман мұраты, өзінің қу нәпсісін тойдыру үшін неше түрлі қулық-сұмдықтан тартынбайтын болып алған бір сұмырай. Өз пайдасынан өзге ештеңеге де алаң болмайды. Не болса да өз нәпсісінің жолына шалып жіберуге дайын тұрады. Ал, Құранның адал шәкірті болса ол құдайдың шынайы құлы. Алайда, жаратылыстардың ешқайсысына құлшылық қылмайтын абыройлы құл. Жәннат секілді ең қымбат пайда үшін де құлшылығын сатпайтын адал құл. Бірақ, Фатыр-ы Зүлжәлалдан басқа ештеңенің алдында еңкеймейтін мерейлі жан. Әрі пақыр болса да, Мәлик-і Иесі оған уәде еткен нәрселерге көңілі тоқ, кешірімшіл де қанағатшыл құл. Өзі әлсіз болса да, құдіреті шексіз Жаратаушысының күш-қуатына сүйенген сенімді жан. Мұндай пенде Құранның нағыз шәкірті болғандықтан мәңгі Жәннатты да басты мақсатым демегендіктен мынау алдамшы қу дүниеге әсте алданар ма?! Міне, осылайша екі шәкірттің қандай айырмашылығы бар екендігін салыстырып көр!Әрі бұрыс пәлсәпаның шәкірттері мен Құран Хакимнің шәкірттерінің адал құлшыныстары мен жанкештіліктерін де салыстырып байқа! Пәлсәпаның шәкірттері өз нәпсісі үшін бауырларынан қашып кете барады, бас пайдасы үшін әркез өзара дауға түседі. Құран шәкірттері болса жер жүзіндегі жандыны түгел өз бауыры секілді іш тартып оларға әр уақыт қайыр дұға жасайды. Және олардың бақыттылығына рахаттанады. Және рухында олармен бір жақындық сезініп тұрады. Ғарыш пен Күннің өзін, өзі секілді бір қызметші құл, жаратылған нәрсе деп біледі. Әрі, екі шәкірттің маңызды жақтарын және рухани құндылығын былай салыстырып көруге болады: Хаким Құран өз шәкірттерінің рухына кеңшілік пен биік дәреже бергені сондай, тоқсан тоғыз тәсбих тасының орнына Тоқсан тоғыз Иләһи көркем есімдердің шағылысын көрсетіп тұратын тоқсан тоғыз әлемдердің зәрре бөлшектерін бір-бір тал тәсбих тастары секілді қолдарына беріп қойған. «Дұғаларыңды осы бойынша оқы!» дейді. Міне, Құраннан
119ОН ЖЕТІНШІ ЛЕМАсабақ алған Шахы Гейлани, Руфаи, Шазели сынды шәкірттердің оқыған дұғасын тыңда! Қолдарында тізбектелген зәрре бөлшектері жаратылыстың саны қанша болса,солардың бәрін тәсбихтей санап, ұстап тұрып дұға оқуда. Хақ Тағаланы зікір етіп, жаратылыс тілдерімен дәріптеп тәсбих етуде. Міне, баяны мұғжиза болған Құран Кәрімнің мұғжизалы тәрбиесіне назар сал! Болмашы бір қиыншылыққа көңілі құлазып, көзге көрінбейтін бір микробтан жеңіліп қалатын мына кішкентай адам, Құранмен тәрбиеленген кезде сондай биікке көтеріліп, көңілі шалқып жадырап қалады. Алып дүниені қолына алып тәсбих тарса да еш ауырлығы жоқтай. Оло жәннаттың өзін дұға-тілегіне басты мақсат қылмайды. Өз нәпсісін Хақ Тағаланың жәй бір мақұлығынан жоғары қоймай инабатты келеді. Өркөкіректік пен кішіпейілдікті қатар ұстайды. Ал, пәлсәпа шәкірттерін бұған салыстырсаң қаншалықты төмен, тіпті салыстыруға келмейді. Оның қаншалықты құлдырап кеткенін көресің. Міне, пәлсәпә түнегіне батып, ақыл есі тұманданған Еуропаның қате ой тұжырымын, екі дүниені қатар көре алатын өткір көзімен, ғайып дүниені де қадағалайтын назарымен, адамзат үшін екі дүние бақытын екі қолымен ишара еткен Құран Хаким былай дейді:Уа, адам! Сенің нәпсің мен қолыңдағы дүние сенің мүлкің емес, тек саған аманат етілген Біреудің мүлкі. Ол аманаттың иесі бәрінен Құдіретті, бәрін көретін, білетін Рахим Кәрім! Ол сенің қолыңдағы мүлкіңді өзіңнен сатып алғысы келеді. Тек сен үшін сақтап қояды, шығын болмасын, дейді. Келешекте саған өте маңызды етіп, бағасын еселеп қайтаратын болады. Сен болсаң міндетіңді атқарушы бір әскерсің. Жаратушының атымен жұмыс істеп, әрекет қыл! Ол сенің қажетіңді үнемі өтеп тұрады, сенің шамаң жетпейтіндерден қорғайды. Ал, сенің бұл дүниедегі бар міндетің, өміріңнің мақсаты, нәтижесі сол Жаратушы Иенің көркем есімдеріне айна болу ғана. Өзіңе бір қиыншылық келсе былай де: яғни, «Мен өз иемнің қызметінде жүрген біреумін. Ей, пәлекет! Егер Оның рұқсатымен, ризалығымен келген болсаң, келе бер! Хош келдің! өйткені, әйтеуір уақыты келгенде Оның алдына баратынымыз рас, Оған құштармыз. Сондықтан, ол бір күндері бізді мына тіршілік әуресінен азат ететін болады. кәне, ей пәлекет! Ондай азат ету мен қайтару сенің қолыңда болса онда саған разымын. Егер менің қолымдағы аманаттарымды тәжірибе еткелі келген болсаң және менің саған тәсілім болуыма Оның ризалығы болмаса, шамам келгенше Мәлик иемнің аманатын саған тәсілім ете алмаймын!» дейді. Міне, осындай мыңнан бір үлгі етіп баяндаған, ақылға сүйенген пәлсәпә мен Құдайдың сөзі Құранның берген дәрістерінің дәрежелерін байқап көр!
120ЛЕМАЛАРИә, екі жақтың да ақиқат халі баяндалғандағыдай кетіп барады. Бірақ, тура жолдағылар мен адасу жолында жүрген адамдардың дәрежелері әртүрлі. Ғапылеттегілердің де дәрежелері әр түрлі. Әркім, әр дәрежеде болғандықтан бұл ақиқаттарды түгелдей сезіне алмайды. Өйткені, ғапылеттің өзі сезінуді жойып жібереді. Және бұл заманда ғапылеттің сезімді жойып жібергендігі сондай, мына дүниедегі қайғы қасіретті «мәдениетшілдер» тіпті, сезбейтін болып кеткен. Бірақ, ілімнің артуымен және күн сайын жер қойнына қайтып жатқан отыз мың өліктің ескертулері ғапылдықтың пердесін жыртуда. Жатжұрттардың тағуттары мен табиғатшыл пәндерінің кесірінен адасу жолына түсіп, соларға көпе көрнеу еліктеп еріп жүргендерге обал-ақ!Уа, отанмыздың жастары! Еуропалық кәпірлерге еліктеуді қойыңдар! Япыр-ау, Еуропаның сендерге жасаған зұлымдықтары аз болды ма? Олардың арамдықтарын көре тұра, олардың бұрыс қылықтары мен оңбағандықтарына қандай ақылмен еліктеп өзеурейсіңдер! Жо-жоқ, олай ету қате! Азғын түрде еліктегендер, оларға мойынсұнып қана қоймай, өздері парқына бармай олардың қатарына қосылып өзін де, бауырларын да құрдымға құлатады! Ояныңдар! Сендер олардың жаман мінез, азғын мәдениетін мойындаған сайын отаншыл екендерің бекер екенін көрсетесіңдер. Олар не айтса болды, бас-көз жоқ соны істей беру өз халқын менсінбеу, ұлттық намысын таптау боп саналады!АЛтыНшы НОтА: Кәпірлердің санының көптігінен және олардың ұйымдасқан түрде иман ақиқаттарын жоққа шығарғанынан күмәнға түсіп, сенімін бұзып алған, Уа, бейшара адам! Біліп қой! Қасиет пен құндылық санның көптігінде емес. Өйткені, адам егер адам болуға тырыспаса онда шайтан сияқты бір хайуанға айналар еді. Адам, кейбір батыстық мәдениетті өзіне үлгі етіп хайуани сезімге беріліп, хайуандық мәртебесін дамыта берсе құнсызданып хайуандықтың шегіне жетер еді. Өзің де көріп тұрған жоқсың ба, хайуандардың саны мен түрі көп, оған салыстырғанда адамның саны өте аз, сөйте тұра ол барша хайуаннан артық, олардың Сұлтаны дәрежесінде. Міне, жиіркенішті кәпірлер мен олардың жолында жүрген сұмырайлар Хақ Тағаланың хайуандарының бір түрі. Оларды Фатыр-ы Хаким дүниенің кем-кетігін жөндеу үшін жаратқан. Әрі мүмин құлдарына арнаған нығметтерінің дәрежесін анықтау үшін яғни солар арқылы салыстыруға болады. Ақырында оларды өз орындарына жәһаннамға тастайды. Міне, кәпірлер мен адасушылардың иман ақиқаттарын жоққа шығарып, қарсы шығуында ешқандай құндылық, күш-қуат жоқ. Өйткені, олардың салмағы жоқ, нанымы бос қуыс секілді, ешбір негізсіз. Мың кәпір бір адамға татымайды.
121ОН ЖЕТІНШІ ЛЕМАРамазан айы туарда Стамбулдың халқы жаппай Айды көрмесе, екі-ақ адам Айды көріп куәлік етсе әлгі жоққа шығарушы бұқара халықтың пікірі еш болып есепке алынбайды. Сол сияқты кәпірлер мен адасушылардың түпкі мақсаты жоққа шығару, сенбеу әрі надандық пен бекершілік, қайшылыққа толы. Олай болса олардың көптігінің мәнісі жоқ. Иман иелерінің хақ әрі анық түрде дәлелдеген үкімдері адасқандардың сансыз сандырақтарынан артық. Сондықтан, олардан әрдайым үстем тұрады. Мәселе мынада: Жоққа шығарушылардың айтқандары әртүрлі болып бір-бірімен ұйыспайтындықтан қуаты аз болады. Ал, дәлелдеушілердің пікірі бір болғандықтан ол өзара бірігіп үлкен күш-қуатқа ие болады. Өйткені, көктегі Рамазан айын көрмеген адам былай дейді: «Маған ай көрінбеді. Назарымда ештеңе жоқ» Басқалары да: «Бізге де көрінбейді» дейді. Және басқалары да осы сөзді қайталайды. Бәрі де «жоқ» деген сөзді айтады. Сөйтіп, өз көздеріне сеніп айтқандары бір-бірін қуаттай алмайды, өйткені көрулеріне кедергі әртүрлі. Ал, айды көргендігін дәлелдейтіндер былай дейді: «Маған Ай көрінді және Ай, әне, көкте көрініп тұр» дейді. Көргендер бәрі бірауыздан бір тұсты көрсетіп «Анық түрде көкте ай көрінді» дейді. Сөйтіп, бәрінің сөзі бір ақиқатты ашықтайды, бір жерге тоғысады. Ал, жоққа шығарушылар бірауыздан айтылған ақиқатқа қарсы келе алмайды. Себебі, жоққа шығару дәлелденбейді. бұл бір қағида. Бір нәрсені көзге көрсетуің, дүниеде оның бар екендігінің дәлелі бола алады. Егер оны жоқ десең онда бүкіл дүниені шарлап, көзге көрсетіп сосын ғана оның жоқ екендігін дәлелдей аласың. Міне, бұл қағидаға сүйене отырып кәпірлердің бір ақиқатты жоққа шығаруы, бір тесіктен өту, не бір шұңқырдан аттап өтуге ұқсайды десек, онда мың да, бір де айырмашылығы жоқ. Өйткені, өзара бірігіп көмектесе алмайды. Ал дәлелдеушілер болса, ақиқатқа сүйенетіндіктен пікірлері бір жерден шығады. Бір-біріне көмекке келеді. Бейне, үлкен тасты көтеруге ұқсайды. Қанша қол көтерісуге жұмылса соншама жеңіл болады. Бір-біріне қуат береді. жЕтіНші НОтА: Уа, мұсылмандарды дүнияға қызықтырып, өнер мен өркендеудің шетелдік үлгісіне күштеп итермелеуші отаншылсымақ! Байқа, бұл ұлттың кейбірінің дінмен байланысы үзіліп кетпесін! Егер кейбіреулер соқыр сезімге беріліп, ақымақтық жасап, зорлықпен діннен шығып кетсе қоғамдық өмірдің шырқын бұзады. Мұндай дінсіздер у жыланнан бетер зиянкес келеді. Өйткені, діннен безгендердің ар-ұжданы мүлдем бұзылатындықтан қоғамға тигізер зияны удан да жаман болады. Сондықтан, шариғатта: «Діннен безген мүртедтің өмір сүруге хақысы жоқ, ал кәпір
122ЛЕМАЛАРзымми болса, келісімге отырса, оның өмір сүруге хақысы бар» деген. Ал, Ханафи мәзхабы бойынша зымми* (Зымми – Ислам мемлекетінде тұруға рұқсаты бар, келісім шартқа отырған басқа діннің өкілі) кәпірдің куәлік сөзі де қабылданады. Алайда, пасықтың үкімі яғни күнәһардың куәгерлігі қабылданбайды. Өйткені, ол қиянатшыл, опасыз. Уа, ақылы алжасқан пасық пенде! Пасықтардың санының көптігіне алданба! «көпшіліктің ішіндемін» деп өзіңді алдама! Өйткені, ол пасық пенде ондай жерге өз еркімен келмеген, соған түсіп қалған, енді одан қайтып шыға алмай жүр. Осы пасықтардың ішінде жақсы болуды қаламайтын бір де бір жан жоқ, бәрі қалайды. Және бастығының діндар, адал болғанын қаламайтын адам жоқ. Тек, құдай сақтасын діннен безіп ар ожданы бұзылғандар болмаса. Уа, алжасқан бас пен бұзылған жүрек! Сен мұсылмандар жөнінде, олар дүнияны жақсы көрмейді немесе оны тіпті ойламайды сөйтіп, кедейліктің зарын тартуда... енді, олар дүниені мүлде ұмытып қалмау үшін оянуға, сергуге мұқтаж деп ойлайсың ба? Бұл ойың қате. Керісінше ашкөздік, құмарлық сезімдері күшейгеннен кедейлікке ұрынған. Өйткені, ашкөздік сезім мүминді бәрінен құр қалдыратын, аздырып тоздыратын нәрсе. деген үкімге сай келеді. Иә, адамды дүнияғашақыратын себептер жетеді. Әу баста нәпсі, одан қала берді қажеттілік, дүниенің сыртқы сұлулығы, ішкі-сыртқы сезімдер, шайтан, және сен секілді жаман достар, соншама көп. Алайда, бақи ақырет дүниесі мен мәңгі өмірге шақыратындар тым аз. Егер сенде осынау өз халқыңа деген аз да болса жанашырлығың қалған болса, сол мәңгі өмірін құтқарсын деп қол ұшын беріп жүрген азға барып қосыл, соларға көмек бергенің дұрыс. Егер сол азды тоқтатып, көптің жағына шығып кетсең онда шайтанның жолдасы болғаның. Мүмкін, былай ойлап жүрген боларсың: Мына халықтың кедейлікке ұшырауы құлшылыққа қатты кірісіп, дүниені мүлдем ұмытып, жалқаулыққа салынуынан. Жоқ, бұлай ойлауың мүлдем негізсіз. Япыр-ау, мынаған назар салсаңшы, Қытай мен Үнді еліндегі мәжусилер мен брахмандар, Африкадағы зәңгілер, Еуропаның боданы болған елдер, бізден де кедей халде ғой. Әрі мұсылмандардың қолында ең зәру азықтан өзге ештеңе де қалдырмауын көрмейсің бе? Я, Еупропаның кәпір сұмдары не азиялық мұнапықтар, қолда бар нәрсесін қулық сұмдықпен не ұрлап әкетуде не тартып алуда. Сенің мәжбүрлеп болса да иман иелерін мәдениетке шақырудағы мақсатың, елдің тыныштығын сақтау, тәртіп орнату және жеңіл басқару болса, онда мұны нақты біліп ал! Сен қатты қателестің әрі мүлде адасатын жаққа шақырып
123ОН ЖЕТІНШІ ЛЕМАжатырсың. Өйткені, сенімі шайқалған, мінезі бүлінген ондай жүз пасықпен бірге қоғамның тыныштығын түзеймін деу, мыңдаған дұрыс адамдарды басқарудан әлдеқайда қиын. Міне, бұл қағидаларға сүйенсек, иман иелері дүниеқоңыздық пен ашкөздікке мұқтаж емес. Өркендеу мен тыныштық бұлай іске аспайды. Ең абзалы, еңбек көздерін қалпына келтіру, өзара сенім туғызып, қауіпсіздікті қалыптастыру, сосын бір-біріне жәрдемге жүгіру секілді ұстанымдарға мұқтаж. Ал мұндай қажеттіліктер тек қана хақ діннің қағидалары мен хас мұсылманның шынайы тақуалығы арқылы ғана іске асады. СЕГіЗіНші НОтА: Уа, еңбек пен жұмыстағы рахат пен бақытты сезе алмай жүрген жалқау адам! Біліп қой! Хақ Тағала өзінің кемел жомарттығымен атқарған қызметтің ақысын сол қызметтің ішіне қойған. Амалдың ақысын сол амалдың өзіне орналастырған. Міне, бұл сырға байланысты болмыс атаулы тіпті бір жағынан алғанда жансыз жаратылыс та табиғат заңдары деп аталатын Иләһи заңдылық бойынша өз міндеттерін шынайы түрде, сүйсіне де өзіндік ләззат ала отырып Раббани әмірлерді іске асырады. Мәселен, бал арасынан бастап, шыбын, тауық, сонау, Ай, Күн секілді алып ғаламшарлар түгел өз міндеттерін кемел ләззатпен атқарады. Демек, бұл міндеттерінде ләззат бар. Ақылы болмағандықтан соңғы нәтижені ойламай-ақ өз міндеттерін толық, мінсіз атқаруда. Егер былай десең: Жарайды, жанды нәрселерде ләззат бар дейік, ал жансыздарда қандай ләззат болуы мүмкін?жауап: Иә, жансыздар міндетін өз пайдасы үшін атқармайды, өздерінде жарқырай көрінетін Иләһи есімдердің атынан, солардың әдемілігі, әсемдігі, реттілігі секілді кемел көріністерінің шағылысы үшін қызмет етеді. Осындай табиғи қызметі үшін бүкіл Нұрлы есімдердің бір үлгісі, айнасы секілді күйге бөленетіндіктен нұрланады, кемелденеді. Мысалы, бір тамшы су яки бір түйір әйнек негізінде сәулесіз болса да, Күнге бет бұрған сәтте әлгілер Күннің бір кішкентай тағы секілді болып, сәуле шашып құлпырып кетпей ме? Міне, дәл осы мысалдағыдай зәрре бөлшектер мен айналадағы жаратылыс Жамал әрі Камал Зат-ы Зүлжәлалдың көркем есімдеріне қызмет жасау арқылы әлгі өте қарапайым тамшы мен әйнек сынығының жарқырағаны іспетті әрнәрсе өте жоғарғы дәрежеге жетеді. Онсыз да өз міндеттерінде соншама нұрлы биікке көтеріліп жатса, ләззат алу мүмкін болса яғни басқалардың өмірінен үлес алып жатса, өте күшті ләззат ала отырып өз міндеттерін атқаруда деуге болады. Міндет атқарған кезде ләззаттың болатындығына ең анық дәлел, сен өз ағза-мүшең мен сезімдеріңнің қызметтеріне назар салып қара! Әрқайсысының өз болмысын және тіршілігін жалғастыру үшін жасаған қызметтерінде жеке-жеке өзіндік ләззаттары бар. Атқарған қызметі олардың рахаттануы болып саналады. Ал өз қызметін тоқтату ол ағзаға
124ЛЕМАЛАРазап береді. Міндет атқарудың ләззат екендігінің тағы бір ашық дәлелі ретінде қораздың яки балапан ерткен тауықтардың жанкешті іс әрекетінен байқаймыз. Тапқан жемдерін өздері аш болса да жемей балапандарын шақырады. Олай болса, міндет атқаруда жеп тоюдан да артық бір ләззат болғаны. Әлгі тауықтар осы ләззат үшін балапандарын қорғап иттің аузына түсуден тайынбайды, өзі аш жүрсе де балапандарына жем іздеумен болады. Демек, міндет атқарудың соншама ләззатты екендігі оның аштықтан да, өлім қасіретінен де артық екендігін көзге анық көрсетіп тұр. Ал, хайуандардың енелері, төлдері үлкейгенше осы қызметін ләззатпен атқарады да үлкейген соң ол қызметін доғарады яғни одан алатын ләззаты тоқтайды. Бірақ, адамдардың аналарында мұндай ләззатты міндет ұзақ жалғаса береді. Өйткені, адамдардың әлсіз жаратылысы баласына деген қамқорлықты ұзақ қажет ететіндей бір ерекшелігі бар. Ал, барлық хайуандардың бақташылық жасаушы аталықтары және әлгі тауықтар секілді аналықтарына анықтап қарасаң ешқашан өздері үшін міндет атқарып жүрген жоқ. Өйткені қызмет үшін, қажет болса, өмірлерін де пида етуге даяр. Олай болса, оларда сол міндетті атқарту үшін міндет етілген бір міндет бар. Сол міндеттің ішінде өзінің рахымымен ләззатты жаратып қойған Муним-і Кәрімнің, Фатыр-ы Зүлжалалдың атымен қызмет атқаруда. Дәл сол қызмет арқылы ақы берілетіндігінің бір дәлелі мынау: Өсімдіктер мен ағаштарға қарап тұрсаң, соншама бір ләззатпен Фатыр-ы Зүлжәлалдың бұйрықтарын орындап жатқанын көресің. Өйткені, өсімдіктердің айналасына тарататын хош иісі, қарағандардың көз жауын алатын әдемі түр-түсі, жемісі мен тұқымы үшін сабақтары қурап түскенше өсетіні, олардың да Иләһи бір хикметпен ләззат алатындығынан хабар береді. Өз болмысын сол ләззат жолына пида етіп ең соңында қурап, шіріп құлайды. Бұтақтарында сүт қапшықтарын көтеріп тұратын какос ағашы мен соншама дәмді жеміске толы інжір деген ағаштар өз хал тілдерімен Иләһи рахмет қазынасынан ең дәмді сүт пен тәтті шырынды сұрап алып адамдарға береді де, өздері батпақты суға қанағат етеді. Анар ағашы да сондай дәмді шырынын адамдарға беріп, өзі лай су ішкенін қанағат етеді. Тіпті, дәнектердің сабақ жайып өсуінің өзінен ерекше құштарлықты байқауға болады. Қап-қараңғы топырақ астына қамалған дәнек кеңістікке, жер бетіне шығуға соншама ұмтылады. Олай болса, мұнда бір міндеттілік, ерекше ләззат бар. Міне, «Сүннетуллаһ» деп аталған жаратылыстағы осы ғажайып көріністен мынаны ұғамыз: Іс әрекетсіз отырғандар, жалқаулық төсегінде жатқандар тынымсыз қызмет етіп, бір тыным таппағандардан әлдеқайда қиын өмір сүреді. Өйткені, іс әрекетсіз отырғандар өмірдің тез өтуін тілеп, үнемі шағым айтумен болады. Ал, тынымсыз еңбек еткендер үнемі шүкір мен Аллаһқа мадақ айтып рахат өмір сүруде. Өмірдің яғни уақыттың тез өтуін қаламайды!
125ОН ЖЕТІНШІ ЛЕМАортақ ереже. Міне, осы сырға орай «Рахат машақатта, ал машақат рахатта» дейді. Бұл ел аузында нақылға айналған мәлім қағида. Егер сол жансыз заттарға үңіле, назар аударып қарасақ, бейім бола тұра жүзеге аспай, қабілеті ашылмай қалғандар өте құлшына тырысып өзіне жазылған бағдарламаны Иләһи заңдарға сәйкес іске асыруға бар ынтасымен атқаруда. Бұл жағдай бізге мынаны мегзейді: Әлгіндей жаратылысына сай қызметте өзіндік ынта әрі ләззат бар болғаны. Егер ол жансыз заттың жалпыға ортақ тіршіліктен алар үлесі бар болса, ләззат-ынта өзінікі болар еді. Болмаса сол жансыздың уәкілі, оны бақылап отырғанға тиесілі болғаны. Тіпті, бұл сырға байланысты былай деуге негіз бар: Жұп-жұмсақ судың өзі мұз болып қатуға әмір алған кезде, оның әмірді соншалықты ынта-шабытпен орындағанын көресің, өзі құйылған темір ыдысты да айырып жібереді. Демек, су аузы жабық темір ыдыста тұрса да нөл градустан төмен жағдайда «кеңеюге ұмтыл!» деген Раббани әмірдің күшімен темір қақпақты атып жібереді. Өзі мұзға айналады да, темірді талқандап тастайды. Әрбір нәрсенің қозғалысын осыған қарап ойлансаң, сонау ғарыштағы сансыз ғаламшарлар мен көзге көрінбей шыр айналған зәрре бөлшектерге дейінгі бүкіл жаратылыстың іс қимылы Иләһи тағдыр заңы бойынша тынымсыз қозғалып жүріп тұрғанын ұғасың. Бәрі де, Иләһи құдіреттің күшімен, тек Соның ираде қалауы бойынша атқарылуда. Тіпті, әрбір зәрре, ұсақ бөлшек, әрбір жаратылыс, әрбір жанды бір әскерге ұқсайды. Әскерде түрлі бөлімде бір жауынгердің әрбірімен байланысы, атқарар қызметі болатыны секілді, әрбір зәрре, әрбір тіріжан да солай тығыз байланыста. Мысалы, адамның көзіндегі зәрре-бөлшектер оның көруіне қызмет етсе, сонымен қатар көз тамырларымен, ондағы жасушасымен, жүйке және күре тамырлармен өзіндік байланысы бар. Әрі соған қарай атқарар міндеті және сол міндетке келтірер пайдасы бар... Тағысын тағы... Бұған басқаларын да салыстыра беруге болады. Олай болса, әрбір нәрсе Қадир-ы Әзәлидің бар екендігіне екі тұрғыдан куәлік етедіБіріншісі: Өзі өте әлсіз бола тұра шамасынан мыңдаған есе ауыр міндеттер атқарады. Демек, әлсіздігі арқылы әлгі Құдіреті күшті Қадир Аллаһтың бар екенін дәлелдейді. Екіншісі: Әр жаратылыс, әлемнің күрделі тәртібі мен қатаң ережелеріне, сондай-ақ, тепе-теңдікті сақтап тұрған заңдарға сәйкес әрекет ету арқылы Алим әрі Қадир Аллаһтың бар екеніне куәлік етеді. Өйткені, зәрре бөлшек секілді жансыз нәрсе мен бал арасы тәрізді өте кішкентай жанды болмыс Кітаб-ы Мүбиннің ең маңызды заңы болған тәртіп пен реттілік жөнінде ештеңе де білмейді ғой. Жансыз зәрре мен кіп-кішкентай бал арасы қайда? Көктердің сансыз қабаттарын парақ секілді ашып жапқан Зат-ы Зүлжәлалдың
126ЛЕМАЛАРқұзырындағы Кітаб-ы Мүбиннің қаншама нәзік мәселелерін оқып білу қайда? Егер сен, ақымақтық жасап ол зәрре-бөлшекте ол кітаптың нәзік әріптерін көре алатын көз бар дейтін болсаң, онда ол зәрре-бөлшектің де куәлігін жоққа шығаруға тырысып бақ! Иә, Фатыр-ы Хаким болса, Кітаб-ы Мүбиннің ережелерін сонша тамаша түрде әрі шағын бейнеде, тұщымды ләззат пен арнайы қажеттілік бойынша жаратылыс ішіне салып қойған. Ал, әрбір жаратылыс аса бір ләззатпен, нақтылы бір қажеттілікпен әрекет етіп, әлгі Кітаб-ы Мүбинді білмей тұрып-ақ іске кірісе береді. Мысалы, маса дүниеге келісімен өз ұясынан ұшып шығады да бөгеліп тұрмай адамның бетіне қонып, инесін қадап, қалағанынша оның қанын сорады. Қашып, жалтаруға келгенде тым әккі әрі жылдам. Япыр-ау, ешқандай тәжірибесі жоқ бұл кіп-кішкене жәндікке мұндай сақтану өнерін кім үйреткен? Және қайдан, қашан үйренген? Міне, осыны көріп отырған мына мен, бейшара Саид, егер осы масаның әлгі өнерін үйренгім келсе соншама уақытта, қаншама дәрістер тыңдау арқылы әзер үйренер едім. Енді, өз істерін илхам бойынша яғни аянмен жасайтын бал арасы, өрмекші және ұясын шұлық секілді тоқи алатын құрқылтай құсы, осы масаға ұқсас екенін ойла! Тіпті, өсімдіктерді де осы хайуандармен салыстырып қара. Иә, Жәууад-і Мутлақ Жаратушы Аллаһ, әрбір жандының жан дүниесіне ләззат шабыты мен қоса қажеттілік деген «сиямен» жазылған дәптерге өзінің әмір-бұйрықтарының бағдарламасы мен іс-әрекет, міндеттерінің тізбе-мазмұнын жазып қойған. Міне, қарашы Хаким-ы Зүлжәлал қалай ғана, Кітаб-ы Мүбиннің бүкіл ережелерінің ішінен бал арасының міндеттері мен қызметтерін бір тізімге сиғызып, оның басындағы титімдей жады сандықшасына салып қойған! Ал ол жады сандықшасын ашатын кілттің өзіне міндет атқарушы ара үшін бір ләззат беріп қойған. Сонымен жады сандықшасын ашып, оқып, Иләһи әмірді ұғып, іс-әрекетке кіріседі. Сөйтіп, аятының сырын ашады. Міне, егер осы Сегізінші нотаның мағынасын анық түсінген болсаң, терең иманменаятының сырын,аятының ақиқатын, аятындағы қағидаларды және - ның бір мағынасын түсінесің.
127ОН ЖЕТІНШІ ЛЕМАтОҒыЗыНшы НОтА: Біліп қой! Пайғамбарлық – қоғамдағы жақсылық пен кемелдіктің мазмұны және негізі. Ал, Хақ дін күллі бақыттың мазмұны. Иман тазалық пен пәктіктің, әдеміліктің шыңы. Иә, мына әлемде жарқыраған жақсылық, салқар да заңғар фейз, анық ақиқат, жоғарғы кемелдік бар. Олай болса, хақ пен ақиқат пайғамбарлықтан бастау алады, нәбилердің қолында. Ал барлық жамандық атаулы мен адасулар оларға қарсы бетте, қарсы шыққандарда. Құлшылықтың мыңдаған әсем негіздерінен мынаған көз сал: Нәби алейһиссалам құлшылық арқылы Тәухид иелерінің жүректерін айт, жұма және жамағат намаздарында бір кісідей жұмылдырады. Олардың тілдерін де бір сөзге біріктіреді. Мынандай бір ғажап бейнеге енеді: Осынау адамзат, Әзели Мағбудтың ұлы сөзіне сансыз жүректер мен тілдерден шыққан үндері мен дұғалары, зікірлері арқылы жауап беруде. Осынау үндер мен дұғалар, зікірлер бір-бірімен астасып, бірін-бірі қоштап, ұлғайып Әзели Мағбудтың Улухиетіне бас иіп құлшылық қылады. Бұл бейне, жер шары өзі сол зікірлерді айтып жатқандай, әлгі дұғаларды тілеп тұрғандай және толық болмысымен намазға жығылып, жан-жағымен қосылып көк жүзінің алдында ұлы бір құрметпен әмірін орындап тұрғандай тамаша көрініс!Міне, осы бір тылсым жағдай арқылы, бүкіл жаратылыс арасында бір зәрре бөлшек секілді мына кішкентай адам, осындай ұлы құлшылық арқылы Көктер мен Жердің Халиқ Жаратушысының ең сүйікті құлы әрі жер бетінің халифасы және бүкіл жан-жануарлардың басқарушысы сондай-ақ, бүкіл жаратылыс ағашының соңғы нәтижесі, жемісі деген жоғарғы дәрежеге ие болды. Иә, егер жамағатпен оқыған намаздарда әсіресе айт намаздарында бір сәтте жүз миллион адамның АЛЛАҺу АкБАР деген дауысы ғайып әлемінде үндескеніндей мына дүниеде де бір-бірімен қосылып үндессе, жер шары жаңғырған дауыспен бір адам секілді ғажап бейнеге еніп, ғажайып үнімен АЛЛАҺу АкБАР дегендей, осынау Тәухид нанымындағылар бір сәтте АЛЛАҺу АкБАР деп, жер шарын осы құдретті сөзбен жаңғыртар еді. Расында, айт намаздарында Ислам әлемі зікір және тәсбихаты үндесіп АЛЛАҺу АкБАРын айтып, құбыласы болған Қағбаны жүрек қылып, онымен ниет етіп, Меккені аузы, Арафа тауын тіл етіп АЛЛАҺу АкБАРын қайталап, жер жүзіндегі бүкіл мүминдердің үні бірлесіп әр тарапта жаңғырады. Міне, бұлай қарасаң АЛЛАҺу АкБАР бір ауыз сөз, дегенмен шексіз көк аспанды да жаңғыртып берзах әлеміне дейін әуені толқындатып жаңғырығы сол жаққа жетеді. Иә, жерді осылайша өзіне сәжде етуші
128ЛЕМАЛАРқұлдарына мешіт, жан-жануарларына бесік, Өзін дәріптеуші, пәктеуші қылған Зат-ы Зүлжәлалға, бізге қалай құлшылық етуді үйреткен Мұхаммед Пайғамбарымызға Алейһиссалату уассаламға бізді үммет еткені үшін жердің зәрре бөлшектерінің санындай хамд және тәсбих айтамыз.ОНыНшы НОтА: Біліп қой Уа, ғапыл Саид! Жаратушы Хақтың мағрифат нұрына бөлену оны көру және куәгер айналарындағы нұрдың шағылыстарын тамашалағың келсе, сенің болмысың мен жүрегіңе және ақылыңа келген әрбір нұрды талқыға салып сараптама, күдікпен қарап, мінеп-сынама! Өзіңе жарығы түскен бір нұрды ұстаймын деп, әуреленбе! Одан да ғапылдық жағдайдан бойыңды аулақ салып, нұрлы жаққа бет түзе! Өйткені, мен өзім куә болдым: Мағрифатуллаһтың дәлелдері үш түрлі. Бір бөлігі: Су секілді, көзге көрінеді, сезіледі алайда, саусаққа ілікпейді. Бұл жағдайда бос қиялдан арылып, оның жалпы жағдайына бойлаған дұрыс. Күдік саусақтарымен түртуге келмейді. Өйтсең, ағып жоқ болады. Ол өмір суы саусақты мекендеп қамалғысы келмейді. Екінші бөлігі: Ауа секілді, сезіледі алайда оны көре алмайсың, ұстау да мүмкін емес. Оған бет жүзіңмен, рухыңмен бет бұрсаң болды, өзіңді оған бағытта! Мінеу қолымен ұстаймын деп әуре болма! Ұстай алмайсың. Оны рухпен сезінесің, шәк келтіріп қол созсаң болды, жылжып жоқ болады. Сенің қолыңда болуға риза емес. Үшінші бөлігі: Нұрға ұқсайды, көзге көрінгенімен, сезілмейді де, ұстауға да келмейді. Олай болса, жүрек көзіңмен, рухыңның назарымен өзіңді оған бағытта! Осылай күтсең бәлкім ол өзі келер. Өйткені, ол нұр болғандықтан қолмен ұсталмайды. Тек көңілмен ғана оған қауыша аласың. Егер кәдімгі өлшемдермен оны білемін десең болды, ол жоғалмаса да жасырынып қалады. Өйткені, ондай нұр заттық ортаға қамалып біреудің иелігіне көнбейді. ОН БіРіНші НОтА: Баяны мұғжиза болған Құранның түсіндіруінде көптеген жанашырлық, мейірім, қамқорлық байқалады. Халықтың басым көпшілігі қарапайым. Олардың сана-түйсіктері терең емес. Сол үшін, өте күрделі мәселелерді байқай бермейді. Сондықтан жаратылысты яғни аспан мен жерге жазылған аяттарды үлкен әріптермен қайталап көрсете береді. Ондай үлкен әріптерді оқу әлдеқайда оңай. Мысалы, көктер мен жердің жаратылысы және жаңбыр жауып, жердің жанданып тірілуі секілді ап-анық көзге көрініп тұрған аяттар арқылы дәріс береді. Сол үлкен әріптердің арасында жазылған кішкене аяттарды көру, назар аудару оңай болып, қиындық тудырмайды. Және Құранның жазылу үлгісінде теңдессіз бір табиғилық бар: Бейне бір Құран құдірет қаламымен әлемнің парақтарына жазылған аяттарды өзі оқып тұрған хафиз секілді. Тіпті, Құран Жаратылыс кітабының оқушысы, қағидаларын үйретуші әрі Әзели Наққаш Жаратушының тылсымдарын ашып, құбылыс-істерін жазып тұрғанға
129ОН ЖЕТІНШІ ЛЕМАұқсайды. Міне, бұл баяндалғандарға көз жеткізгің келсе, Құранның «Амма»сүресі мен аяттарын тыңда!ОН ЕкіНші НОтА: Уа, бұл ноталарды тыңдап отырған достарым! Сендерге мынаны ескере кетейін: Мен, әдеттен тыс, Раббыма деген жүрегімнің құпия сырларын, өтініш, дұға-тілектерімді параққа жазуымның себебі, өлім келіп тілім күрмелген кезде осы кітабым менің орныма мінажат қылып сөйлесін деген ниет. Иләһи! Ниетімді қабыл ет!. Иә, қысқа өмірде жасаған көп күнәларымның кешірілуі үшін мына тілмен жасаған тәубәларым жеткіліксіз. Біршама ұзақ ғұмыр кешетін әрі үнемі оқылатын бұл кітаптың тілі сол іске жарап қалар деген үміттемін. Бұдан он үш жыл бұрын рухымның алай-дүлей шайқалған шағында яғни Ескі Саидың күлкісі жаңа Саидтың жылауымен алмасқан кезде, жастықтың ғапылет ұйқысы қарттықтың таңы атуымен оянған шақта осы бір жалбарыну яғни мінажәт ойға арабша келген еді. Соның бір бөлігінің мағынасы мынандай:уа, Рабб-ы Рахимім! Уа, Халық-ы Кәрімім! Менің қартайған шағыма дейінгі өмірім түгел босқа кетті... Сол жастық шақтағы өмірімнен қолымда қалғаны қайғыға батыратын күнәлар, қорлыққа түсіретін уайым-қайғылар, адастырушы іс әрекеттер ғана. Міне, осындай қат-қабат ауырлықтармен қабірге де таяп қалыппын. Тіпті, бір сәт оң мен солға мойын бұруға мұрша да бермейтін бір жылдамдықпен бұрынғы туыстарымның бәрі бір-бірлеп барып қойған қабірдің үңірейген ауызын көріп тұрмын. Ол қабір есігі дегеніміз, мәңгілікке бағытталған әбед-үл әбад жолындағы алғашқы аялдама, бірінші қақпа екен. Ал, менің осынша бауыр басып байланып, өліп-өшіп жүрген бұл тар дүнием болса, нақ жаңа байқағанымдай түкке тұрмайтын жалған, уақытша алдамшы қу екен. Оның ішіндегі жаратылыс деп жүргеніміз де бірінен кейін бірі топ тобымен көшіп, жоғала беретін елес екен. Әсіресе, мен секілді өз нәпсісіне алданып жүргендерге бұл дүние дегенің нағыз қатігез алдамшы қу екен. Бір ләззатпен алдап мың қайғыны жұтқызып тынады. Бір тәтті жегізсе, жүз жұдырықтың астына алады. Уа, Рабб-ы Рахимім! Уа, Халық-ы Кәрімім! дегенніңмәнін түсініп мынаны көргендеймін: Аз уақыттан соң мен кебінімді киіп, табытқа жатып, достарыммен қоштасқан екенмін. Сөйтіп, қабіріме кірген сәтте, Сенің рахымды дергахыңда мүрдем мен рухымның хал тілімен бар дауыспен былай деппін: Әл-аман, Әл-аман! О, Ханнан! О, Мәннан! Мені күнәларымның кесапатынан құтқара гөр! Міне, қабіріме кіріп қойдым, кебініме оранған мүрдеммен келдім! Сенің Рахмет дергахыңда басымды иіп бар дауысыммен былай деймін: Әл-аман, Әл-аман! О, Ханнан! О,
130ЛЕМАЛАРМәннан! Мені күнәларымның ауыртпалығынан құтқара гөр! Міне, қабіріме кіріп қойдым, кебініме оранған мүрдеммен келдім! Мұнда әкелгендер мені көмді де өздері кетіп қалды. Енді, Сенің ғана ғафу кешіріміңе зәрумін. Және енді анық көріп тұрмын, Сенен өзге маған пана болар ешкім жоқ екен. Күнәдан қызарған бетім, салбыраған бас, тар қапаста қысылып бар дауысыммен былай деймін: Әл-аман, Әл-аман! О, Ханнан! О, Мәннан! Мені күнәларымның ауыртпалығынан құтқара гөр! Жатқан жерімді кеңейте гөр!О, Жаратушым! Сенің рахметің менің панам болсын. Әлемдердің сүйіктісі Хабибің шапағатшы болып, саған жетуіме жол көрсетсін. Сенен шағымданып жатқаным жоқ, керісінше нәпсімді саған шағымданамын. Уа, Рабб-ы Рахимім! Уа, Халық-ы Кәрімім! Сенің алдыңа Саид есімді бір құлың келіп тұр. Ол бас көтерді, қарсыласты, сөйте тұра тым әлсіз, ғапыл ұйқыда, жаһил қараңғы, әрі пасық, әрі сотқар, бүлікші... әрі өз қожайынан қашқан бір құл кейпінде қырық жыл өткен шақта істегендеріне өкініп алдыңа қайта оралып келіп тұр. Сенің Рахымыңнан үміткер, күнәлары мен қателері көп екенін мойындап келіп тұр. Тұла бойы әртүрлі дертке ұшыраған. Енді, саған жалбарынып өтінуде. Әрине, егер мол рахымыңмен қабыл алып, оны кешірсең, әрине ол тек саған ғана жарасады. Өйткені, сен Әрхам-ур Рахиминсің. Мейірімділерден де мейірімдісің. Егер өтінішімді қабылдамасаң, Сенен басқа панам жоқ! Өзіңнен өзге Құдай, Сенен басқа Рабб жоқ, қайда барам? Сенен басқа, хақ Мағбуд, табынатын Жаратушы жоқ қой, кімді барып паналайын!»ОН ҮшіНші НОтА: Адамдар жиі шатасатын жағдайларға қатысты бес мәселе.Хақ жолда қызмет етіп, соның дауын даулайтын кісілер өз міндетін ғана ойлауы тиіс. Алайда Хақ Тағаланың ісіне араласып, әрекетін соған қарай реттеп қателеседі. «Дүние мен Дін әдебі» атты рисаледе былай дейді: Бірде шайтан Иса алейһиссаламға былай наразылық білдіріпті: «Ажал да басқа нәрселердің барлығы да Аллаһтың әмірімен болады, о баста тағдырда жазулы деп сенесің. Сен мына биіктен секіріп көрші, міндетті түрде өлесің!». Сонда, Хазіреті Иса алейһиссалам былай депті:яғни, «Хақ тағала өз құлын сынап былай дейді: Сен солай істесең мен былай істеймін. кәне не істейтініңді көрейін?» дейді. Бірақ, құлдың
131ОН ЖЕТІНШІ ЛЕМАЖаратушы Иесін сынағандай: «Мен осылай істесем, сен бұлай істейсің бе?» деуге хақысы жоқ».Бұл әрине, Хақ Тағаланың Рубубиетіне қарсы әдепсіздік болады әрі құлшылыққа мүлдем керағар. Ақиқат осы, олай болса адам өз міндетін атқарып, Хақ Тағаланың ісіне араласпауы керек.Көпке белгілі, өз заманында Шыңғыс ханның әскеріне бірнеше рет төтеп берген Исламның қаһарман батыры Жәлеладдин Хорезмшах, майданға аттанғалы тұрғанда уәзірлері: «Сіз жеңіске жетесіз. Хақ Тағала сізге жеңіс бұйырады»-депті. Сонда ол: «Аллаһтың әмірімен маған жиһад парыз болды, жаумен соғысуға міндеттімін. Аллаһтың ісіне араласпаймын, жеңемін, жеңілемін, ол Оның қолында» депті. Міне, ол осы «тәсілім» сырын түсініп, жақсы меңгергендіктен таңғаларлық жағдайда көп мәрте жеңіске жеткен екен. Иә, адам баласы қалау-еркімен жасайтын іс-амалдарында Хақ Тағаланың қолындағы нәтижені ойламауы керек. Мысалы, біздің кейбір бауырларымыз көпшіліктің Рисалей-Нұрға ықыласы ауып, қызыға оқыса, ынталанып, құлшынып кетеді де, тыңдамай қойса ықыласы біршама бәсеңдеп, өшіп қалады. Алайда, ардақты жетекші, нағыз өнеге, ұлы ұстаз РасулуллаһАлейһиссалату уассалам деген Иләһи бұйрықты бұлжытпай орындап, адамдар тыңдамай, кері кетсе одан әрі ықыластана үгіт-насихат қылады екен. Өйткені, Ол (с.а.у) сыры бойынша мынаны түсінген еді: Адамдарға насихатты тыңдату, оларды тура жолға салу тек Жаратушы Хақтың қолында. Расулуллаһ Хақ Тағаланың ісіне араласпаушы еді.Олай болса, бауырларым! Сендерге қатысы жоқ міндеттерді ойлап, іс-әрекетеріңді соған ыңғайлап, Аллаһтың ісіне араласпаңдар Жаратушыны сынағандай болмаңдар!Екінші мәселе: Құлшылық міндеті Иләһи бұйрық болғандықтан Аллаһтың ризалығы үшін жасалады. Құлшылыққа итермелейтін себеп, Аллаһтың әмірі, ал нәтижесі Аллаһ Тағаланы риза қылу. Ал, оның пайда жемістері ақыретте көрінеді. Алайда, басты мақсат қылмай және әдейі тек сол үшін істемеу шартымен дүниелік пайдалар, өздігінен берілетін әрі сұрамай-ақ болатын нәтижелер құлшылыққа зияны жоқ. Қайта ол, әлсіздер мен жаңадан бастағандарды ынталандырып, құлшындырып жатса, онда тұрған ешнәрсе жоқ. Бірақ, дүниелік пайдаларды құлшылық пен дұғаның немесе зікірдің басты себебі яки мақсаты етсе әлгі құлшылықтың мәнісін
132ЛЕМАЛАРбұзып жібереді. Тіпті, әлгіндей қасиетті дұғаның үкімін жойып нәтижесіз қалдырады. Міне, бұл сырды білмегендер жүздеген қасиеті бар, Шахы Нахшибендінің қасиетті дұғаларын немесе мың қасиеті бар Жәушан-ул Кәбирді әлдебір пайданы көздеп оқып жатады. Олар ондай пайданы көре алмайды әрі көруге де хақылары жоқ. Өйткені, ондай пайдалар әлгі дұғаларды оқуға басты себеп болмауы тиіс. Ол дұғадан пайда күтіп одан сұрауға болмайды. Себебі, ондай пайдалар Аллаһтың қалауымен, оның мол мейрімімен әлгі дұғаның құрметіне талапсыз түрде беріледі. Пайданы көздеп, оны ниет қылса, ықыласқа біршама зияны тиеді. Тіпті, ол құлшылық саналмай, қасиетін жоғалтып жіберуі мүмкін. Дегенмен, осындай қасиетті дұғаны оқушы әлсіз адамдар, ынталандыру ретінде әлгіндей пайдаларды ойлап оқыса зияны жоқ, олар соған мұқтаж десе болады. Мұндай пайдаларын ойлап, дұғаны ықыласпен және тек Аллаһ ризалығы үшін, ақырет үшін оқитын болса, оқасы жоқ. Әрі қабыл болады. Міне, осы хикмет-сырды түсінбегендердің көпшілігі қасиетіне шәк келтіріп немесе жеткізуші кісілерден шүбәланып, тіпті, жоққа шығарып қасиетті дұғалар бар екеніне сенбейді.Үшінші мәселе:яғни, «Бақытты адам деп, шамасын біліп шектен шықпайтындарды айтады» Бір түйір әйнектен бастап, бір тамшы су, мөлдір қауыз, айдынды теңіз, аспандағы айға дейін жаппай Күннің сәулесін шағылыстырады. Әр қайсысы өз шамасынша Күннің жарығына айна болып, өз дәрежесінде оны көрсетеді. Бір тамшы су: «Менен Күннің бір сәулесі көрініп тұр» дейді. Бірақ, «Мен теңіз секілді үлкен айнамын» дей алмайды. Сол секілді, Иләһи көркем есімдердің шағылысында адамзат арасында әулиелік дәреженің түрлері бар. Иләһи көркем есімдердің әрбірі Күн секілді кішкене жүректен сонау ғарышқа дейінгі аралықта шағылыс сәулелері бар. Иә, жүрек те бір ғарыш іспетті. Бірақ, «Мен де ғарыш секілдімін» демейді. Міне, құлшылықтың негізгі, мән-мағынасы болып табылатын әлсіздік, пақырлық, мұқтаж екенін білу, сөйтіп Улухиеттің дәргаһына сәжде ету бола тұра еркелік пен маңғаз түрде жүретін пенделер зәрредей жүрегін ғарышпен тең дәрежеде ұстап шатасады. Тамшыдай ғана дәрежесін теңіздей алып әулиелікпен теңеп шатасады. Сосын, өзін сол биік мәртебеге жеттім деп, сол жағдайда өзін сақтап қалам деп, тыраштанып, босқа әуре сарсаңға түседі.түйін: киелі хадисте: -депті.
133ОН ЖЕТІНШІ ЛЕМАЯғни, құтылудың жалғыз жолы ықыласты болу. Ықыласты болу, оған қол жеткізу өте маңызды. Зәрредей ықыласты амал, ықылассыз батпан амалдардан артық. Ықыласқа қол жеткізу үшін амалды тек Аллаһтың әмірі деп орындап, нәтижесінде Оны риза қылуды ойлап Аллаһтың ісіне араласпау керек. Әрбір істе бір ықылас бар. Тіпті, махаббаттың да бір зәрресі ықыласпен болса, ықылассыз, тек ақы үшін болған махаббаттан әлдеқайда қымбат болады. Міне, бір адам осы ықыласты махаббатты былайша суреттепті. яғни,«Мен жақсы көріп сыйлағаным үшін бір сыйлық, бір ақы, бір марапат сұрамаймын. Өйткені, қарымтасына ақы сұралған сыйластық әлсіз келеді, оның өмірі шолақ болады». Асылында, нағыз таза махаббат адамның жаратылысында және аналардың жүрегінде бар. Міне, мұндай мөлдір махаббатқа тура мағынада аналардың шын мейірімі куә. Аналар осы шын мейірімін балаларына арнағанда осы үшін олардан ешқандай бір сый-сияпат дәметпейді де, керек болса бақилық бақытын да пида етуге әзір тұрады. Соның бір мысалы, тауық байғұс балапанын қорғау үшін өзін иттің аузына салуға дайын екенін шәкіртім Хусрев өз көзімен көрген еді. төртінші мәселе: Сыртқы себептердің салдарынан келген нығметтерді сол себептерден көруге болмайды. Егер ол себептердің ықтияр-еркі болмаса, мысалы хайуан яки ағаш болса, онда олар тура Хақ Тағаланың атынан береді. Олар өз хал тілдерімен «Бисмиллаһ» деп, саған беріп жатыр. Сен де, оны Аллаһтан деп «Бисмиллаһты» айтып ал! Егер себептің еркі-ықтияры болса ол «бисмиллаһ» деп айтсын, сосын одан алу керек, әйтпесе алма! Өйткені, аятының мағынасындағытағы бір ишараcы мынау: «Хақты еске салмайтын, Аллаһтың атымен берілмеген нығметтерді жемеңдер!» дейді. Олай болса, алған да берген де «Бисмиллаһ» деуге тиіс. Егер, беруші «Бисмиллаһ» демесе, сен де алуға мұқтаж болсаң «Бисмиллаһ» деп, сол берушінің артындағы Иләһи Рахымды сезіп, Аллаһ бергізіп тұр деп, шүкір етіп ал! Яғни, нығметтен оның арнайы берілетінін көріп, одан әрі нығмет беруші Хақ Тағаланы еске ал! Осылайша еске алудың өзі шүкір болып саналады, ал сыртқы себепкерге дұға жасауыңа болады. Өйткені, келген нығмет соның қолымен жеткізілді ғой. Сыртқы себептерге табынушыларды алдаған мына жағдай: Екі нәрсенің бірге келіп қабаттасуынан біріне-бірі себеп болатыны. Мұны арабша «иқтиран» деп, атайды. Яғни, бір-бірін тудырып, пайда болуына басты
134ЛЕМАЛАРсебеп сол деп ойлайды. Өйткені, бір себептің жоқтығы сол нығметтің болмауына басты себеп болатындықтан, ол нәрсенің бар болуы да сол себепке тікелей байланысты деп, шатасады. Сосын, шүкірін де сол себепке арнайды. Бұл әрине, өте қате түсінік. Өйткені, бір нығметтің болуы үшін оның көптеген алғы шарты бар. Алайда, ол нығметтің болмай қалуы үшін бір шарттың болмай қалуы жеткілікті. Мысалы, бақшаны суаратын арықты ашпай қойған адам одан келетін нығметтердің болмай қалуына басты себеп болады. Алайда, ол бақшадағы нығметтердің бар болуы, әлгі адамның қызметінен басқа жүздеген шарттардың орындалуына тікелей байланысты. Әрине, бәрінен бұрын Раббани құдіреттің қалауы, сосын тағысын тағы. Міне, осындай шатасудың қаншалықты қате екенін түсін! Сонымен себепке көп мән беріп, табынып кетушілердің қаншалықты қателесетіні аян болды.Иә, «иқтиран» бір басқа да, басты себеп бір басқа. Айталық, саған бір нығмет келе жатыр, оған бір адамның саған берсем деген ниеті себеп болды, оны арабша «муқарин» дейді, сол нығметтің бір шарты ғана, бірақ бастысы емес. Басты себеп Иләһи мейірім. Иә, ол адам бұл нығметті саған сыйлау ниетінде болмаса, ол саған келмес еді. Яғни, нығметтің болмай қалуына бірден-бір себеп болар еді. Бірақ, жоғарыда айтылған заң бойынша, ол адамның ниеті сол нығметтің басты себебі бола алмайды. Ол, нығметтің жүздеген шарттарының бірі ғана. Мысалы, Нұр шәкірттерінің ішінде Хақ Тағаланың нығметіне бөленген кейбір адамдар (Хусрев, Рефет) «иқтиранды» яғни сылтауды басты себеппен шатастырғаны бар. Сөйтіп, ұстазына айырықша ризашылық білдіріп, өздерін қарыздар сезінетін. Алайда, Жаратушы Хақ оларға Құрани дәріс нығметін беруімен бірге, Ұстаздарына сый ретінде түсіндіру нығметін де бірге берген, оларды бір-біріне себеп қылған. Олар айтады: «Егер ұстазымыз бұл жерге келмегенде біз Құран дәрісін ала алмас едік. Демек, Ұстаздың түсіндіруі біздің дәріс алуымызға негіз, басты себеп» дейді. Мен оларға: «Бауырларым! Жаратушы Хақтың маған да, сендерге де берген нығметі қабаттаса қатар келген. Екі нығметтің де негізі, басты себебі Аллаһтың Рахымы. Мен де бір кездері сендерге ұқсап сылтауды басты себеппен шатастыратынмын. Сөйтіп, бір кездері Нұр Рисаленің қаламы алмастай жүздеген шәкірттеріне өзімді қарыздар сезініп былай дейтінмін: «Осы шәкірттер болмағанда, мен секілді жазуы нашар адам дінге қалай қызмет етер еді?». Соңында мынаны түсіндім: Сендерге қалам арқылы қызмет ету, нығметі берілген, маған да осы қызметте табыс нәсіп еткен, яғни, бір-біріне себеп-сылтау қылғаны болмаса, ешқайсысы да негіз, басты себеп бола алмайды. Мен сендерге рахмет айтпаймын, құттықтаймын. Сендер маған қарыздар болудың орнына, дұға етіп, тілек тілеңдер. Бұл төртінші мәселеде ғапылдықтың қаншама дәрежелері болатыны айқындалды.
135ОН ЖЕТІНШІ ЛЕМАБесінші мәселе: Егер бір жамағаттың табысы түгел бір адамға берілсе бұл зұлымдық болар еді. Немесе, жамағатқа тиесілі қорды бір адам алып қойса, ол да зұлымдық болар еді. Дәл солай, жамағаттың бәріне ортақ нәтижені жалғыз басшысына яки ұстазына еншілеу жамағатқа да, оның ұстаз басшысына бір зұлымдық. Өйткені, ондай жағдай менмендікті қоздырып, мақтаншақтыққа итереді. Өзі қатардағы шаруа, есікші бола тұра Патша сезінеді. Аллаһқа серік қосуға жол ашуы ықтимал. Иә, бір қамалды бұзып жеңіске жеткен әскердің абыройлы жеңісін тек бір қолбасшы иемденуге хақысы жоқ. «иә, ұстазды немесе мүршидті, пірді қайнар бұлақ яғни негіз деп түсінбеу керек. Оларды негізгіні көрсетуші, шағылыстырушы деп білу керек». Мысалы, жарық, сәуле саған бір айна арқылы түсіп тұр. Сен ол жарықтың көзі Күнге қарыздар болудың орнына айнаға риза болуың әрине дұрыс емес, есалаңдық Иә, айнаны сақтау керек оны мүлдем жоққа шығаруға болмайды, өйткені ол жарықтың түсуіне себеп болуда. Міне, мүршид, пір мен ұстаздың жүрегі осы айна секілді. Олар Хақтан келген фейз-нұрға себеп болады. Оларға осындай құрал, себеп ретінде қарап, одан артық мән беріп нұр-фейздің бұлағы деу қате пікір. Тіпті, кейде қайнар көз саналып жүрген пір-ұстаздар бұлақ та емес, тіпті, нұрға бөленуші де емес болуы мүмкін. Бәлкім, мүрид яки шәкіртінің ыстық ықыласының арқасында басқа бір жақтан берілген нұрды өз ұстазы арқылы келді деп, жүруі бек мүмкін. Мысалы, кейбір адамдар гипноз арқылы бір айнаға тесіліп қараса оған мисал әлеміне терезе ашылып әлгі айнадан ғажайып көріністерге куә болады. Алайда, көріністер айнадан емес, сол айнаға қадалған көзінің ішіндегі қиялдан ашылған терезеден бір нәрселер көреді. Сол секілді толық піспеген, шала мүршидтің не бір пірдің кәміл мүриді, ынталы шәкірті пірінен әлдеқайда биікке самғап кемел болуы әбден мүмкін. Тіпті кейде, өз пірінің пірі, шейхінің шейхі болуы ғажап емес. ОН төРтіНші НОтА: Тәухидке қатысты төрт шағын рәміз.Бірінші рәміз: Уа, себептерге шырмалып қалған пенде! Япырай, ғажайып жауһар тастардан жасалып жатқан бір сарайды көрсең. Оның құрылысына жұмсалып жатқан тастардың бір бөлігі тек Қытайда ғана бар. Ал бір бөлігі Испанияда, бірі Иеменде ғана, тағы бірі сонау Сібірде. Ал құрылыс басталған кезде батыс, шығыс, оңтүстік, солтүстіктегі әлгі асыл тастардың оп-оңай жеткізіліп қаланып жатқанын көрсең, онда осы сарайды салғызушының бүкіл жер жүзіне билігі жүретін құдіреті күшті біреу екеніне еш шүбәң болмас еді. Міне, ойлап көрсек, әрбір хайуанның өзі Иләһи бір сарайға ұқсайды. Ал адам болса осы сарайлардың ішіндегі ең әсемі әрі ғажабы. Ал осы адам деп аталған ғажап сарайдың қажетті заттары, бір бөлігі ақырет әлемінен, бір бөлігі мисал әлемінен және Лаух-ы Махфуздан, тағы бір бөлігі ауа әлемінен, нұр әлемінен, эсир әлемінен келуде. Ал, адамның
136ЛЕМАЛАРарманы әбеди мәңгілікке шарықтаған, құлшылық амалдары көктер мен жердің арасын қамтиды. Байланысы мына қат-қабат дүние мен ақырет әлеміне дейін созылған, бір-біріне матасып байланған, ақылға сыймайтын ғажайып бір сарай.Уа, кісімсіген жан! Сенің жаратылысың міне, осындай. Олай болса, сені жаратқан Жаратушы Аллаһқа Дүние мен Ақырет әлемі екі бөлме іспетті, жер мен көк кітаптың парақтары секілді. Әзел мен әбедті Ол, кешегі күн мен түндей оп-оңай ауыстырады. Олай болса, адамның құлшылық жасап, табынатын Иесі де сол болуға тиіс. Жер мен көкке үкімі толық жүретін де, дүние мен ақыретті басқаратын да тек Сол ғана. Екінші рәміз: Кейбір ақымақтар Күнді таба алмай, айнада шағылысқан күнді көріп, сол айнаны өліп-өшіп жақсы көреді. Байғұс, айнадағы күн жоғалып кетпесін деп, айнаны қызғыштай қорғаштайды. Әлгі ақымақтың айнасы сынып, бірақ Күннің жоғалып кетпегенін көрген кезде енді ол бар ынтасын аспандағы Күнге бұрып, соған ынтық болады. Сөйтіп, айнадағы Күннің айнаға тәуелсіз екенін түсініп, қайта айнаны жарқыратып тұрған Күн екенін сонда барып аңғарады. Уа, адам! Сенің мән-маңызың мен болмысың айна тәрізді. Сенің бойыңдағы, жүрегіңдегі мәңгілікке деген шынайы махаббатың ол айна үшін емес. Ол сезім, айнаның қабілетіне қарай көрініп шағылыс беріп тұрған Бақи Зүлжәлал Аллаһқа арналуы тиіс сүйіспеншілік еді, ақымақтықтың кесірінен басқа жаққа ауып кеткен... Олай болса, «Уа, Бақи Әнтәл Бақи!» де! Яғни, Уа, Аллаһ! Сен барсың әрі Бақисың! Олай болса, жоқ болу, пәнилік бізге ештеңе де істей алмайды!Үшінші рәміз: Уа, Адам! Фатыр-ы Хаким, сені ғажайып бір күйде жаратқан. Кейде мына дүние тар болып, сыймай кетесің. Зынданда тұншығып жатқан адамдай аһылап, уһілеп, бұл дүниеден әлдеқайда кең дүние іздеп шарқ ұрасың. Бірақ, кейде бір зәрредей нәрсеге, бір ауыз сөзге, әдемі бір нәрсеге беріліп кетесің. Кең дүниеге сыймаған көңіл мен ойың зәрредей нәрсеге сыйып кетеді. Тым ғажап, кең көлемді сезімдерің әлгі ойдан шыға алмай шырмалып қалады. Әрі сенің болмысыңа сондай ғажап рухани байлық пен сырлы сезімдер берген. Соның кейбіреуі дүниені түгел жұтып қоятындай қомағай. Ал, кейбірі бір зәрреге тоқтап, қақалып қалады. Бастың бір батпан тасты көтеруге шамасы келсе де, көздің бір тал шашты көтеруге шамасы келмейтініндей, әлгі ғажап сезімдер өзіне шаштай ғана салмақ салатын кішкене ауыртпалықты, яғни адасу мен шатасудан туындайтын кішкентай бір жағдайға төтеп бере алмай, тас-талқан болады. Тіпті, кейбірі соған жаншылып өліп кетеді. Олай болса әр қадамыңа сақ бол, батып кетуден қорық. Бір үзім нан, бір ауыз сөз, бір ғана ишараға, бір сүюге беріліп, батып кетпе!
137ОН ЖЕТІНШІ ЛЕМАДүниені жұтатын ауқымды сезімдеріңді түкке тұрмайтын нәрсеге арнап жоқ етіп жіберме! Өйткені, өте үлкен нәрсені жұтып қоятын өте кішкентай бір нәрселер де бар. Мысалы, айнаның кішкентай сынығы аспан мен жұлдыздарды түгел жұтып қояды. Бұршақтың көлеміндей ғана ес, жадыңда сенің бүкіл жасаған іс әрекетің мен өмір өткелдерің түгел сақталып сыйып тұр ғой. Міне, осындай көптеген кішкентай нәрселер бар, олар үлкен нәрселердің өзін жұтып қоя алады. төртінші рәміз: Уа, дүниеге табынатын адам! Өте кең деп, ойлайтын мына дүние қабір секілді тап-тар екенін білсең ғой. Алайда, осы тар дүние қабырғалары айнадан жасалып бірінің ішіне бірі сиғызылып кете беретіндіктен көз жетер жерге дейін кең байтақ секілді көрінеді. Сөйтіп, қабір тәрізді тар дүниені шәһар іспетті кең ғып көресің. Өйткені, осынау дүниенің оң қабырғасы тәрізді өткен шағы мен сол қабырғасы тәрізді болашағы екеуі де жоқ бола тұра, бір-бірімен беттескен сәтте қып-қысқа, өте шығатын қазіргі мезеттің қанаттары ашылып кеңейіп сала береді. Ақиқат қиялға ерік беріп, елес дүниені бар секілді сезінесің. Бір жіпті шыр айналдырғанда дөңгеленіп кең шеңбер болып көзді алдайтыны секілді, тек сенің ғапылет пен қиялға берілген көңіліңде бұл дүние шексіз кең сияқты болып, сені алдайды. Бұл дүниенің қаншалықты тар екенін қандай бір бәле келіп, басыңа соққы боп тигенде білесің. Әлгі ұзақ деп жүрген дүниенің шеті дәл қасыңнан табылып, басын барып қабырғасына «дүңк» етіп соғылады. Сонда көзің шәйдай ашылып, ұйқыңнан оянасың. Сол кезде әлгі кең деп жүрген дүниең қабірден де тар, қыл көпірден де жіңішке екеніне көзің жетеді. Сенің уақытың мен өмірің найзағай жарқылынан да жылдам жалт етіп өте шығатынын, судан да тез сырғып ағып кеткенін білесің. Міне, дүние өмірі мен тірішілік дегеніміз осындай ғана. Олай болса, хайуани тіршілікті таста! Тек денемен өмір сүруды қой! Рухани әлемдерге ұмтыл! Сонда, кең деп ойлап жүрген пәни дүниеден әлдеқайда кең өмірге, нұрлы әлемге сапар шегесің. Міне, ондай әлемнің кілті Мағрифатуллаһ пен Уаһданиеттің сырларын ашатын «Лә илаһа иллаллаһ» қасиетті кәлимесін қайталап, жүректі сонымен сөйлету, рухты да сонымен нұрландыру болмақ. ОН БЕСіНші НОтА: Мұнда үш мәселе бар.Бірінші мәселе: Аллаһтың Хафиз есімінің шағылысына ишара еткенаяты жайлы. Құран Хакимнің бұл ақиқатына дәлел іздесең, мына «Дүние» кітабының парақтарына назар аудар! Сонда, Хафиз есімінің ауқымды шағылысы мен осы аяттың ұлы ақиқаттарының көптеген қырларын байқайсың. Сен
138ЛЕМАЛАРағаштың, гүлдің және өсімдіктің түрлі дәнектерінен бір уыс ал! Осынау түрлі-түрлі, бір-біріне ұқсамайтын әлгі гүлді өсімдіктер мен ағаштың кішкентай сандықшалары секілді болған дән-дәнектерді қараңғы түнде, қап-қараңғы топыраққа апарып шаш!. Содан кейін қайда бұрсаң солай аға беретін қарапайым сумен суар! Сосын жылдың қайта тірілетін хашір оқиғасы секілді көктем мезгілінде әлгі тұқым шашқан жеріңе келіп қара! Исрафил періштенің үніндей шатырлаған күн күркірі топырақ астында ұйқыда жатқан тұқым, дәнектерді қалай оятқанын көр! Ғажайып көрініс! Әлгі қап-қараңғы топырақ астында бейпарық, шым-шытырық шашылған дәнектердің Хафиз есімінің шағылысы саясында керемет тәртіппен, ретті де жүйелі, ешбір қатесіз, мүлтіксіз Фатыр-ы Хакимнің әмірімен жер бетінде жайқалып тұр. Міне, олардың осындай бір іс-әрекеттерінде керемет даналық, көрегендік, күшті қалау, терең ілім, кемелдік пен хикмет байқалады. Өйткені, соншама ұқсас дәнектер еш шатаспай бір-бірінен ажырайды. Мысалы, мына дәнек інжір ағашына айналыпты. Ол Фатыр-ы Хакимнің нығметтерін дәл төбеңе, бұтақтарын созып біздің алдымызға әкеліп тұр. Ал, мына бір-біріне ұқсаған екі дәнектің бірінен күнбағыс, бірінен кезбе гүл атты шешектер шығып біз үшін құлпырып көздің жауын алады. Ал, тағы бір топ дәндер, түрлі-түрлі жидектерге айналып, иісі мұрын жара жайқалып тұр. Бұтақтары тарам-тарам көз тартады. Әдемі иісі мен тәп-тәтті дәмі, көз жауын алған түр-түсімен біздің тәбетімізді ашып, назарымызды өзіне аудартып қызықтыруда. Сөйтіп, өздерін біз үшін пида етуге дайын. Өсімдіктің тіршілік дәрежесінен шығып, өзінен биік жанды жаратылыс дәрежесіне шыққысы келеді. Әлгіндей топыраққа шаша салған бір уыс қана қарапайым дәнектерден осындай түрлі-түрлі жеміс ағаштары мен сан алуан түрлі-түсті гүлдер толы үлкен бақша пайда болды. Бірі-біріне ұқсамайтын, ешбір кемшіліксіз ғажап көрініске куә боласың. Сөйтіп, аятының сырын паш етеді. Әрбір дәнек Аллаһтың «Хафиз» есімінің әсерімен және оның арнайы сыйымен осылайша еш кемшіліксіз өзінде сақталған сый-сияпаттарды ұсынуда. Мұндай ғажайып сақтаудың сыры, оны солай етіп жаратып тұрған Зат-ы Хафиздың қиямет қайымдағы хаширде үлкен сақтау, ұлы есептің болатынының дәлелі. Мынау өтпелі, өзгермелі, жалған, пәни дүниеде осыншама ғажап түрде кемшіліксіз хафизиеттің сақталу көрінісі нақты дәлел болып жатса, мәңгіге жалғасатын, өте маңызды ақырет әлемінде Жер шарының аса құрметтісі болған адам баласының барлық жағдайы, іс-әрекеттері, жақсы-жаман амалдары түгел сақталып, есепке тартылатын болады. Япырау, осындай ап-анық дәлелдер тұрғанда адам қалай өзін бостан санап, еш жауапсыз жүре беремін деп ойлайды! Олай болуы әсте
мүмкін емес! Алайда, адам мәңгілікке құштар, мәңгі бақытты болғысы келеді. Олай болса, әрбір адам азды-көпті, үлкенді-кішілі барлық іс-амалының есебін беретін болады. Соның нәтижесінде не сыйға бөленеді, не жазаға тартылады. Міне, киелі аяттың ақиқатын ашып, тәпсірлейтін және хафизиеттің ұлы шағылыстарын анықтайтын дәлелдер шексіз. Бірақ, бұл жолғы алға тартқан дәлелдеріміз алып теңіздің бір тамшысындай, таудың бір түйіршігіндей ғана. * * *Он Сегізінші ЛемаОсманлыша «Лемалар» кітабына және «Сикке-и тасдиқ-ы Ғайби»атты топтамаға енгізілген. * * *
Он тоғызыншы Лема Үнемділік рисалесі (Үнемділік пен қанағат және ысырап пен бекерге мал шашпақ жайлы)Бұл аят анық түрде үнемшіл болуды әмір етіп, ысырапқа тыйым сала отырып хикметке толы дәріс беруде.Бұл мәселеде «жЕті тұжыРыМ» бар.БіРіНші тұжыРыМ. Халиқ-ы Рахим адам баласына берген нығметтерінің ақысы ретінде шүкір етуді сұрайды. Ысырап болса шүкіршілікке қарама-қайшы, әрі нығметті менсінбеушілік әрі зиянды. Үнемділік болса, нығметті құрметтеу әрі өте пайдалы.Иә, үнемдеу дегеніміз мағынауи яки ойша шүкір ету әрі нығметтегі Аллаһтың рахымына деген құрмет әрі береке бұлағы және диета секілді денсаулыққа пайдасы зор амал. Әрі ол адамды рухани қайыршылықтан құтқарады, ар намысты сақтап қалады. Нығметтерден ләззат алуға және ләззатсыз көрінген нығметтердің ләззатын алуға бірден-бір себеп. Ысырап қылу осы хикметтерге қарама-қайшы болғандықтан жағымсыз әрі зардабы тиеді.ЕкіНші тұжыРыМ. Фатыр-ы Хаким адам денесін кемелдіктің ең жоғарғы сатысындағы сарай тәріздес немесе мұнтаздай сәулетті қала секілді жаратқан. Ауыздағы дәм тату сезімі қаланың кіре берісіндегі қарауыл, ал тамырлар мен жүйке тамырлары болса телефон, телеграф желілері секілді байланыс құралдары. Дәм тату сезімі дененің орталығымен яғни асқазанмен тығыз байланыста. Ол ауызға салынған зат жайлы ақпаратты әлгі жүйке тамыралары арқылы хабарлап отырады. Денеге қажетсіз болса “болмайды!” деп сыртқа шығарып тастайды. Кейде денеге пайдасыз болуымен қатар зиянды немесе ащы болса бірден сыртқа түкіріп жібереді. Ауыздағы дәм тату қабілетін қарауыл дедік. Асқазан болса денені басқару тұрғысынан әкім әрі қожайын болды. Сарайға немесе қалаға келген
141ОН ТОҒЫЗЫНШЫ ЛЕМАжәне қожайынға арналған сыйлықтың жүз теңгелік құны болса, қақпада тұрған қарауылға «шәй пұл» ретінде тек бес тиындық сыйлық қана берілуі тиіс, одан артық болса есіктегі қарауыл масаттанып, өз міндетін ұмытып кетеді. Кім көбірек сыйлық берсе соларды кіргізе бастайды. Ақырында сарайда бүлік шығады.Енді, осы қағидаға сүйене отырып екі түрлі тағамды алайық. Біреуі, қырық теңгелік ірімшік пен жұмыртқа. Екіншісі, бағасы төрт жүз теңгелік қымбат бал қосқан бәліш. Бұл екеуінің салмағы да жегеннен кейінгі денеге беретін нәрі (калориясы) де бірдей. Тіпті, кейде қырық теңгелік ірімшіктің күш-қуаты басымырақ болады. Тек, ауыздағы дәм тату сезімін рахаттандыру тұрғысынан жарты минуттық айырмашылық бар. Жарты минуттық ләззатқа бола бағаны қырық теңгеден төрт жүз теңгеге көтеру қаншалықты мағынасыз әрі зиянды, ысырап екенін ойла.Сарайға келген сыйлық қырық теңгелік бола тұра кіре берістегі қарауылға тоғыз есе артық «шәй пұл» беру, қарауылды дандайсытып, «қожайын менмін» дегізеді. Кім көбірек «шәй пұл» берсе соны ішке кіргізеді де бүлік шығып, өрт болады. «Ойбай, дәрігер шақырыңдар, өртеніп барамын!» деуге мәжбүр қылады.Иә, үнемділік пен қанағат Аллаһтың хикметіне үйлесімді әрекет. Дәм тату сезімін қарауыл ретінде ұстап, соған қарай «шәй пұл» берілуі керек. Ысырап ету, хикметке қайшы әрекет болғандықтан дереу опық жегізеді. Асқазанды былықтырып, адам нағыз тәбеттің не екенін ұмытады. Тамақты бей-берекет жей беруден пайда болатын жасанды да жалған тәбетпен ақыры ас қорытылмай асқазан ауруына ұшырайды.ҮшіНші тұжыРыМ. Екінші тұжырымда дәм тату сезімін қарауыл дедік. Иә, бейқам жандар мен рухани мешеу яки көп шүкір етпейтіндер үшін дәм тату қабілеті ауыздағы қарауыл секілді. Оның ләззаты үшін ысырап етіп бірден он есе қымбатқа ұрынбауы керек.Бірақ, толық шүкір етушілер мен ақиқатқа қолы жеткендердің дәм тату қабілеті «Алтыншы Сөздегі» теңеуде баяндалғанындай, Аллаһтың рахым асханасының бақылаушысы, тексерушісі қызметін атқарады. Әлгі дәм тату қабілетіне (тілге) тағамдардың санына қарай таразылар орналастырылған. Сол арқылы Иләһи нығметтердің түрлерін саралап тартып, тану міндетін атқарады. Мағынауи шүкір ретінде денеге, асқазанға хабар беріп отырады.Міне, осы тұрғыдан алғанда дәм тату қабілеті тек тәнмен, денемен байланысты емес, жүрек, рух және ақылмен де байланысы бар. Сондықтан ол, асқазаннан да жоғары мәртебелі саналады. Ысырап қылмау, тек шүкір ету міндетін орындау және түрлі Иләһи нығметтерді сезу, тану және адал болу, сосын қор болып қайыршылыққа себеп болмау ұрынбау шартымен ләззат алып, рахаттануға болады. Дәм тату қабілетін шүкіршілікке пайдалану мақсатымен тәтті тағамдарды жеуге рұқсат бар. Бұл ақиқатты
142ЛЕМАЛАРмына бір оқиғамен яғни Хазіреті Ғаустың кереметімен бекіте түссек.Хазіреті Ғаусы-Ағзам Шейх Гәйланидің (қ.с.) медресесінде мінезі шәлкестеу бір кемпірдің жалғыз баласы оқып жүр екен. Бір күні әлгі кейуана баласының жатақханасына барады. Қараса, ұлы бөлмесінде бір үзім қатқан қара нанды жеп отыр. Аналық мейіріммен баласына қатты жаны ашып, Хазіреті Ғаусқа шағымдануға барады. Барса, Хазіреті Ғаус Ағзам қақтап пісірген тауық жеп отыр. Кемпірді ашу қысып: «Ау, ұстаз! Менің балам аштықтан өлейін деп жүр, сен болсаң тауық етін жейсің» дейді. Сонда Хазіреті Ғаус тауыққа: «Қум, би-изниллаһ!» депті. Сонда тауықтың мүжілген сүйектері қайта жиналып, жан бітіп табақтан секіріп түскен екен деседі. Бұл оқиға Хазіреті Ғаус сынды аты әлемге әйгілі кісінің таңғажайып кереметтерінің бірі ретінде кең тараған. Мұны өте сенімді тұлғалар растап бізге дейін жеткізген. Содан Хазіреті Ғаус әлгі кейуанаға: «Сенің ұлың да осындай дәрежеге жетсе, ол да тауық етін жесін» деген екен.Хазіреті Ғаустың бұл сөзінің астары мынада: «Қашан сенің ұлыңның рухы денесіне, жүрегі нәпсісіне, ақылы асқазанына ие болса және ләззатты шүкір үшін қалайтын болса, ол да тәтті тағамдарды жей берсін!».төРтіНші тұжыРыМ. «Үнемдеген адам тұрмыс тауқыметінтартпайды» мағынасындағы деген қасиетті хадистіңсырына үңілсек, әр нәрсені үнемді пайдаланған адам өмірінде күн көрістің тауқыметі мен машақатын көп көрмейді. Иә, үнемділік берекенің көзі және тұрмысты жақсартудың тиімді жолы екенін дәлелдейтін көптеген уақиғалар бар. Өзімнің және жолдастарымның басынан өткен уақиғаларға сүйене отырып айтарым; үнемділіктің арқасында кейде он есе береке табатынмын. Тоғыз жыл бұрын (қазір отыз жылдан асып барады) менімен бірге Бурдур қаласына жер аударылған би-болыс, байлардың бірнешеуі: «Мұқтажсың ғой, қиналып қаларсың!» деп, маған зекеттерін бергісі келді. Әлгі ауқатты байларға: «Ақшамның аз екені рас, бірақ үнемдеуді жақсы көремін. Қанағат етуге үйренгенмін, сондықтан сіздерден де баймын» дедім. Қанша жалынғандарына қарамастан зекеттерін алмай қойдым.Бір қызығы, әлгі маған зекеттерін бергісі келген байлардың көбісі екі жыл өтпей-ақ, үнемдемеудің кесірінен қарызданып қалды. Аллаһқа шүкір, менің аз ақшам үнемділіктің берекетімен жеті жылға жетіп, мені жерге қаратпады, жұртқа да жалындырмады. Өмір бойы ұстанған қағидамды яғни «ешкімнен сұрамау» ережемді сақтап қалдым. Иә, қолда барын үнемдемеген адам, бейшаралыққа, рухани қайыршылыққа душар болуы әбден мүмкін. Бұл заманда ысырапқа себеп болатын ақша өте қымбатқа түседі. Ақысына кейде ар-намыс пара ретінде берілсе, тіпті кейде орнына діни қасиетті қағидалар құрбан боп жатады. Сосын әлгі лас ақша беріледі. Демек, рухани мың теңгелік зиян шегіп, бір
143ОН ТОҒЫЗЫНШЫ ЛЕМАтеңгелік (заттық) пайда көреді. Егер, үнемдеп тек аса қажетті нәрселер үшін ғана жұмсап, тек соған арнаса және деген аяттардың сырымен ойламаған жерден өмір сүруіне жететін ризық табылады. Себебі, аят уәде беруде. Иә, екі түрлі ризық бар.Біріншісі: Хақиқи (нағыз) ризық. Бұл, тіршілікке қажетті ризық. Аяттың үкімі бойынша мұндай ризыққа Аллаһ кепілдік береді. Адамдар араласпаса, ол әрқашан табылады. Ол үшін дінін де, намысын да, абыройын да түсіру керек емес.Екіншісі: Мәджази (астарлы) ризық. Бұл, аса қажетті болмаса да орынсыз пайдалану себепті аса қажетті нәрсе сияқты және әдет деген бәленің кесірінен міндетті түрде керек болып, белгілі шарт секілді, онысыз мүмкін еместей көрінетін ризық. Міне, бұл ризық Аллаһтың кепілдігінде емес. Сондықтан мұны табу, әсіресе мына заманда, тым қымбатқа түсіп отыр. Әуелі абырой кетеді, сосын қорлыққа көнесің. Кейде оңбаған адамдардың табанын жалағандай моральдық тұрғыдан төмендетіп, тіпті кейде мәңгі өмірдің шамшырағы қасиетті діннің ұлы қағидалары жайына қалып әлгі берекесіз, сасық нәрсені алып жатады. Әрі бүгінгідей жоқшылықтың қыспағына түскен заманда, аш әрі мұқтаж жандардың қайғы-қасіреті, ар-намысты жандардың адамгершілік сезімін қоздырған кезеңде, әлгіндей заңсыз, қисық жолмен тапқан табыстан татқан ләззат әлгіндей ар-намысты жандарда мән-мағынасын жойып, мазасын қашырады. Мұндай аласапыран заманда, күмәнді заттарды мәжбүр болғанда ғана және қажетті мөлшерде ғана пайдаланып қанағат ету керек. Өйткені сырымен арам нәрседен мәжбүр болғанда, жүрек жалғайтындай жеуге болады. Артығын алуға болмайды. Иә, қиналған адам арам еттен тойғанынша емес, өлмейтіндей шамада ғана жеуіне рұқсат бар. Һәм, жүздеген аш адам отырғанда рахаттана тойып көп жеу де мүмкін емес. Үнемділік, абырой мен кемелділіктің бұлағы. Мұны дәлелдейтін бір оқиғаны баяндап берейін; Жомарттығымен аты шыққан, мәшһүр Хатем-Таий (Атымтай Жомарт) бірде қонақасы берген екен. Қонақтарына сыйлық таратып, өзі болса сахараға серуенге шығады. Жолда тікенді отын арқалаған қартты көреді. Тікенекті отын арқасына батып келеді екен. Сонда Хатем-Таий әлгі қартқа: «Хатем-Таий ас беріп жатыр. Сыйлық та таратуда. Сен де барып, мына бес
144ЛЕМАЛАРтеңгелік отыныңның орнына бес жүз теңгелік сыйлық алсаңшы!» дегенде әлгі қанағатшыл қарт: «Мына тікенекті жүгімді өз абыройыммен көтеремін. Бірақ, Хатем-Таийға қарыздар болу жүгін көтере алмаспын» деген екен. Кейін Хатем-Таийдан: «Сіз өзіңізден асқан мәрт, жомарт, ғазиз кімді білесіз?» дегенде: «Сонау отын арқалап сахарада кездескен қарт менен де өткен ғазиз, жомарт, нағыз мәрттің өзі еді» деген екен.БЕСіНші тұжыРыМ. Аллаһ Тағала асқан жомарт болғандықтан, жарлыға да асқан бай сияқты, кедейге де патша сияқты нығметтің ләззатын татқызады.Иә, кедейдің қатып қалған қара наннан аштық пен үнемділік арқылы алған ләззаты, патшаның немесе бір байдың ысыраптан пайда болған жалығуы тәбетсіз жеген тіл үйірер тағамнан алған ләззатынан әлдеқайда күштірек.таңқаларлық жәйт: Кейбір ысырапшыл, қалтасы тесік адамдар мұндай үнемшіл кісілерді «сараң» деп айыптайды. Мүлдем олай емес. Біле білсең үнемшілдік абырой мен жомарттық саналады. Ал, сараңдық пен қорлық болса, ысырапшылдар мен бекерге мал шашушылардың сырт көзге жақсы көрсететін перденің ішкі жағы.Бұл ақиқаттың дәлелі ретінде бір оқиға баяндап берейін.Ол, осы шығарма жазылып жатқанда Спарта қаласындағы медресемде болған еді. Бір шәкіртім, өмір бойы ұстанып келген қағидама қарсы екі жарым келіден астам бал әкеліп алуымды қайта-қайта қыймай өтінді. Өмір бойы бұзбаған қағидамды қанша айтсам да көндіре алмадым. Амал нешік, жанымдағы үш досым жесін және Шағбан мен Рамазан айларында әлгі балдан үнемдеп отыз-қырық күн үш адам дәмін татсын әрі әкелген адамға да сауап жазылсын, өздері де тәттісіз қалмасын деп, «алыңдар!» дедім. Ал, өзімнің бұрыннан қалған бір келіден астам балым болатын. Әлгі бауырларымның негізінде ниеті түзу, әрі үнемділікті жоғары бағалайтын жандар еді, бірақ, қойшы әйтеуір... бірін-бірі сыйлау, бауырының көңілін аулау, өзінен жоғары санау секілді ізгі ниетпен үнемдеуді ұмытып кетсе керек үш күнде екі жарым келі балды жеп бітірді. Мен оларға күліп: «Сендер әлгі балмен отыз-қырық күн ауыздарының дәмін алсын деп едім. Сендер отыз күнді үш күнге бірақ түсірдіңдер. Ас болсын!» дедім. Ал, мен әлгі бір келі балымды үнемдеп, Шағбан мен Рамазан айында, Құдайға шүкір, манағы достарыма да ауызашарда бір қасықтан, яғни үлкен шай қасығымен беріп отырдым. Осылайша әлгі кішкене бал үлкен сауапқа ұйытқы болды. Менің бұл жағдайымды көргендер, бәлкім, сараңдық деп, ал достарымның сонша балды үш күнде жеп бітіруін мырзалық деп ойлауы мүмкін. Алайда, шындап келгенде сырт көзге сараңдық болып көрінген мұндай әрекеттің түбінде берекет, зор абырой, үлкен сауап жатқанын, ал әлгі «мырзалық» пен ысыраптың артында, егер жалғаса берсе тіленшілік, басқаның қолына
145ОН ТОҒЫЗЫНШЫ ЛЕМАашкөздене, бір нәрсе дәметкендей қарап қалу сияқты сараңдықтан да жаман бір жағдай болатынын көрдік.АЛтыНшы тұжыРыМ. Асылында үнемділік пен сараңдық мүлдем бөлек нәрсе, сырт көзге ұқсағанымен арасы жер мен көктей. Мысалы кішіпейілділік, жағымсыз мінез саналатын жалбақтау, өзін төмендетіп қор қылудан мағынасы мүлдем басқа. Сырттай ұқсағанымен біреуі жақсы, екіншісі жаман қасиет. Сондай-ақ, жаман қасиет болып саналатын тәкаппарлық пен байсалдылық та сырттай ұқсағанымен мағынасы мүлдем басқа. Сол сияқты, Ардақты Пайғамбарымыздың әсем мінез-құлқынан бастау алатын, тіпті әлемдегі Иләһи хикметке толы жүйенің өзегі болып саналатын үнемділіктің де өмір бақи жарымау, қызғаншақтық, қанағатсыздық және ашкөздік секілді жаман қасиеттердің жиынтығы болған сараңдықпен ешқандай қатысы жоқ. Тек сырт көзге ұқсас келеді. Бұл ақиқатты растайтын бір оқиға айтып берейін.Расулуллаһтың (с.а.у) сенімді халифасы Фаруқ Ағзам Хазіреті Омардың (р.а.) ең үлкен ұлы, әрі ғалым, әрі сахабалардың ішіндегі ерекше тұлға және атақты жеті Абдуллаһтың бірі, Хазіреті Абдуллаһ Ибн Омар дейтін кісі бір күні базарда, сауда-саттықтың негізі боп саналатын өзара сенім мен үнемділікті сақтау үшін қырық теңге үшін жанжал жасайды. Жер жүзінің абыройлы халифасы Хазіреті Омардың баласы қырық теңге үшін дауласқанын көрген бір сахаба түсіне алмай, мұнысы сараңдық емес пе екен деп, имамның соңынан ереді. Мақсаты, хал-жағдайды түсіну. Қараса, Хазіреті Абдуллаһ өз үйіне келген соң есік аузында тұрған бір пақырмен біраз сөйлесіп, сосын үйінің екінші есігінен шығып, ол жерде тұрған басқа бір пақырмен де біраз сөйлесіп, кетіп қалады. Мұны анадайдан бақылап тұрған әлгі сахаба білмек болып пақырлардан:– Имам сендердің қастарыңа келіп не айтты? – деп сұрайды.Сонда екеуі де:– Маған бір динар алтын берді, – деп жауап береді. Сахаба аң-таң болып: «Фәсубханаллаһ! Базарда қырық теңге үшін дауласады да, үйіне келіп, ешкімге білдірмей, шын көңілден кедейлерге екі жүз динар бере салады» деп, Хазіреті Абдуллаһ Ибн-і Омарды көруге асығады. Жолыққанда: – Уа, Имам! Менің түсінбеген бір нәрсем бар. Сіз, базарда сараңдық, ал үйіңізге келіп жомарттық жасадыңыз. Мұның сырын айтып берсеңіз - деп сұрайды.Сонда имам:– Базардағы жағдайым үнемділік, ол ақылдың кемелдігі, сондай-ақ сауда-саттықтың негізі әрі рухы болған сенім мен адалдықты сақтау үшін жасалған-ды. Ол сараңдық емес. Ал, үй жақтағы әрекет жүректің мейірімі мен рухтың кемелдігінен туындайтын жағдай. Бұл ысырап емес, анау да сарандық емес - деп жауап берген екен.Имам Ағзам Әбу Ханифаның бұл мәселеге ишара ететін мынадай бір қанатты сөзі бар:
146ЛЕМАЛАРЯғни: «Игі істерде және біреуді жарылқауда (бірақ лайық болу шартымен) ысырап болмайды. Сол секілді ысырапта да ешбір қайыр жоқ»жЕтіНші тұжыРыМ. Ысырапшылдық адамды ашкөз қылады. Ашкөздіктің үш салдары бар.Біріншісі: Қанағатсыздық. Қанағатсыздық адамның еңбекке деген ынтасын жояды. Шүкір етудің орнына шағым айтқызады әрі жалқау қылады. Заңды да адал аз пайданы тастатып* заңсыз көлденең табыс іздетеді.Екіншісі: Құр қалу, зиян шегу. Мақсатына жете алмау және жағымсыз атанып сәтсіздікке ұшырау, жеңілдік пен жәрдемнен мақұрым қалу. Тіпті ол туралы нақыл сөз бар: яғни «ашкөздік, зиянға ұшырау мен сәтсіздіктің бірден бір басты себебі». Ашкөздік пен қанағат жануарлар әлемінде де айқын көрініп, заңдылық ретінде жағымсыз әсерін тигізіп жатады. Атап айтар болсақ, ризыққа мұқтаж ағаштардың табиғи қанағатшыл жағдайы оларға қажетті қоректік заттарды өзіне жүгіртіп қоюы, ал, жануарлардың ашкөздене ризық табуға жүгірсе де жарымай, машақатқа түсуі, ашкөздіктің қаншалықты зиянды екенін, ал қанағаттың мол табыс пен береке көзі екенін көрсетеді.Әрі, әлсіз, дәрменсіз нәрестелер хал тілімен қанағат еткендіктен қоректігі мол сүт олардың аузына күтпеген жерден құйылып жатуы, ал жануарлардың ашкөздігіне орай жеткіліксіз әрі лас ризық бұйыруы айтқанымызды нақтылап дәлелдей түседі.Сондай-ақ, семіз балықтардың қанағатшыл жағдайы олардың керемет ризықтануына себеп болады. Ал, түлкі мен маймыл сықылды қу жануарлар ашкөздене ризық іздеп бір тынбай жорытса да тойғанынша азықтана алмай, арық әрі жүдеу келеді. Бұл мысалдар тағы да ашкөздіктің қаншалықты машақатқа салатынын, ал қанағат болса рахаттың көзі екендігін көрсетеді.Әрі, яхуди халқы ризық несібесін ашкөздене, өсімқорлықпен, қулықпен жаныға іздейтіндіктен қор болып, тілене әрі заңсыз, әрі тек қарын тойдыратындай шамада ризық табуы, ал керісінше қанағатшыл шөл-дала халқының берекелі, өздеріне жетерлік ризық табуы, абыройлы тұрмыс-тіршілігі, мәселемізді қуаттай түседі. Һәм көптеген ғалымдар мен *** Үнемді пайдаланбаудың салдарынан қоғамда тұтынушылар көбейіп, өндірушілер азаяды. Халық жаппай үкіметтің аузына қарап отыратын болады. Сөйтіп, әлеуметтік тұрмыстың тірегі болып табылатын өнеркәсіп, сауда, ауылшаруашылық тоқырай бастайды. Ондай ел дамымай құлдырап кетеді. Пақыр болып жоқшылық шегеді.** Иран елінің патшасы Нуширеван-Адилдің уәзірі, әділдігімен аты шыққан данышпан Бузур-у Жумхурдан (Бузургмихр) “Неліктен ғұламалар, бек-әмірлердің босағасында жүреді ал, бек-әмірлер ғұламалардың босағасында көрінбейді. Алайда ілім әмірліктен жоғары емес пе?” деп сұраған екен. Сонда Бузур-у Жумхур: “Бұл - ғұламалардың сауаттылығынан, әмірлердің сауатсыздығынан. Яғни, әмірлер ғұламалардың босағасында жүріп ілім үйренетіндей ілімнің қадірін білмейді ғой,
147ОН ТОҒЫЗЫНШЫ ЛЕМАақындар зеректіктің салдарынан ашкөздікке салынып пақыр күй кешуі ал, *ақылы таяз, әлсіз пенделердің табиғи қанағатшылдықтары оларды байлыққа кенелтуі... міне бұл да адал ризықтың күш-қуатпен емес, еріксіз түрде, әлсіздік пен пақырлыққа орай келетінін, тіпті адал ризық, күш қуат пен ерікке қарама қайшы екенін көрсетеді. Өйткені сәби баланың күш-қуаты, ерік-қалауы артқан сайын ризығы азайып, қашықтап қиындай түсетіні рас. хадисінің сырына сүйенcек:«Қанағат – жақсы тұрмыс пен рахат өмірдің құпия қазынасы. Ал, ашкөздік адамды зиянға ұшыратып, пақырлыққа бастайды».Үшіншісі: Ашкөздік ықыласты бұзады. Ақыреттік істерге зияны тиеді. Себебі, егер тақуа адам ашкөз болса, халықтан қошемет күтеді. Ал, халықтың қошеметін қалаған адамның ықыласы толық болмайды. Бұл өте маңызды әрі абай болатын жәйт. Сонымен, ысырап адамды қанағатсыз қылады. Ал қанағатсыздық еңбекке деген ынтаны жойып, жалқаулыққа салады. Сосын тұрмыс жағдайына риза болмай, әрдайым шағым айтатын болады. Һәм, қанағатсыздық ықыласты бұзып адамды екі жүзділікке итереді****. Һәм, абыройдан айырып тіленшілікке сүйрейді. Ал, үнемділік болса адамды қанағатшыл қылады. хадистің айтқанындай қанағат адамға абырой әпереді. Һәм, еңбекке ынталандырып, жұмысқа белсенділік, ынта-жігер береді. Қалай дейсіз ғой? Мысалы, қанағатшыл адам бір күн жұмыс істеді дейік. Сол тапқан азғана табысына қанағат етіп келесі күні тағы да жұмысқа шығады. Ал, ысырапшыл адам болса, қанағат етпегендіктен келесі күні жұмысқа шықпайды, шықса да ынтасы жоқ. Әрі, үнемділіктен пайда болатын қанағат, адамға шүкірдің есігін ашып, шағымның есігін жабады. Ондай адам тұрмысына әрдайым риза болып, Құдайға шүкір етеді. Сондай-ақ, қанағаттың арқасында жұртқа қолын жайып тіленбейді. Олардан сый-қошемет сұрамайды. Ықыласқа жол ашылып, екіжүзділіктен құтылады.олар сауатсыз. Ал, ғұламалар болса пысық, көзі ашық болғандықтан қолындағы нәрсенің қадірін жақсы біледі. Сол үшін де бек-әмірлердің босағасында жүреді” деген екен. Міне Бузур-у Жумхур, ғұламалардың пақырлықта, қорлықта болу себебін зеректіктен пайда болған ашкөздіктерін, жұмсақ әрі астарлы да нәзік шебер жеткізген. Хүсрев.*** Мұны растайтын тағы бір оқиға: Францияда әдебиет қайраткерлеріне жақсы тіленшілік ететіндіктерінен оларға «тіленші» деген куәлік беріледі екен. Сүлеймен Рүштү.**** Иә, қайсыбір ысырапшыл адаммен сөйлессең әрдайым шағым естисің. Байлығы тасып жатса да тілі шағым айтады. Ал, бір жарлы-жақыбай, бірақ қанағатшыл жаннан жағдайын сұрасаң: “Құдайға шүкір” дейді.
148ЛЕМАЛАРӘлеуметтік өмірде үнемді пайдаланбау мен ысыраптың көптеген зиянын көрдім. Мен осыдан тоғыз жыл бұрын мүбәрак бір қалаға барған едім. Қыс мезгілі болғандықтан ол қала халқының табыс көзін көре алмадым. Ол жердің марқұм мүфтиі әңгіме барысында әлденеше рет: «Халқымыздың тұрмысы ауыр, кедей-кепшіктер көп» деді. Оның сөзі маған қатты батты. Бес-алты жыл бойы әлгі қалаға жаным ашитын. Арада сегіз жыл өткен соң, әлгі қалаға жолым түсіп тағы бардым. Бау-бақшаларының жанынан өтіп бара жатқанымда әлгі марқұм мүфтидің сөзі есіме орала кетті. «Фәсубханаллаһ! Мынау бау-бақшадан шығатын өнім жергілікті халықты толық қамтамасыз етеді ғой!» деп таңқалдым. Ақиқатты түсінерде жетекшілік ететін зейінім бұл жолы да жаңылыспады. Мұншама табыс көзі бола тұра әлгі марқұм мүфтидің «халқымыз пақыр» деуінің себебі, үнемді пайдаланбау, бекерге мал шашпақ, ысыраптың кесірінен береке жоқтығынан екен.Иә, зекет беру, үнемді пайдалану тапқан табысты берекелі қылады. Ал, шашып-төгу, ысырап және зекет бермеу, берекесін кетіреді. Оған көптеген оқиғаларды мысал ретінде келтіруге болады.Ислам ғұламаларының Платоны әрі дәрігерлердің пірі, даналардың ұстазы, мәшһүр данышпан Әбу Али Ибн Сина медицина тұрғысынан ғана қарап аятын былай тәпсірлеген екен: Яғни: «Медицина ілімін екі сөзге түйдім. Тамаша сөз қысқа келеді. Және тамақ жегенде аз же! Жегеннен кейін төрт-бес сағатқа шейін тамақ ішпе! Шипа оның қорытылуында. Яғни, жақсылап қорыта алатын мөлшерде же. Жанға ауыр, асқазанға қиын келетін әрі адамды шаршататын нәрсе, қорытылмаған тамақ үстіне тамақ жеу.» таңқаларлық жағдай әрі ғибратты бір сәйкестік: Мына үнемділік рисалесін жазып көбейтуші бес жігіт, олардың үшеуі жаңадан келген бола тұра әрі бір-бірінен бөлек отырып, бөлек нұсқадан көшіріп әрі бір-бірінің жазулары да өзгеше, әрі әліптерді ескермей жазғанның өзінде әрбір *Төрт-бес сағат үзіліс бермей, үсті-үстіне тамақ ішу немесе рахат үшін әр түрлі нәрсені жей беру денсаулыққа өте зиянды.
149ОН ТОҒЫЗЫНШЫ ЛЕМАнұсқаның әліптері, соңындағы дұғасын санамағанда елу бір, ал дұғасымен қоса санағанда елу үш болып шықты. Бұл бір сәйкестік. Өйткені, осы «Үнемділік Рисалесінің» жазылу тарихы Римдік жылсанау бойынша елу бір, ал арабша жыл санаумен елу үш санына дәл келіп тұр. Сөз жоқ, бұл кездейсоқтық емес. Бұл үнемділіктегі берекеттің керемет дәрежесіне шыққанына ишара. Әрі осы жылды «үнемділік жылы» деп атауға лайық.Айтқандай екі жылдан кейін, екінші дүниежүзілік соғыс басталып, жер жаһанды ашаршылық, аласапыран, ысырапшылдық жайлады. Адамдар, жалпы барша жұрт үнемділікке мәжбүр болды. Осылайша, үнемділіктің кереметтігі расталды.* * *
жиырмасыншы Лема(ықылас жайында)Бұл, он жетінші Леманың, он жетінші тарауының жеті мәселесінің бес ишарасынан тұратын екінші мәселесінің бірінші тұжырымы болатын. Тақырыбының маңыздылығына орай жиырмасыншы Лема болды. аяты жәнехадисі дін Исламның негізгі мәселелерінің бірі ықылас екенін көрсетеді. Ықылас туралы шексіз тұжырымдардың бесеуі ғана қысқаша баяндалмақ.БіРіНші тұжыРыММағынасы терең, шешімі күрделі маңызды сұрақ: (Ескерту ) Дүниеқорлар мен бейқамдар, тіпті Хақ жолынан тайғандар мен іріткі салушылар да ауыз жаласып бірігіп жатқанда мына Хақ жолындағы діндарлар мен әһл-и ілім (Ислам ғұламалары) және әһл-и тариқат (тариқатшылар) бір-бірімен бақталастыққа түсіп, неге өзара алауыз? Керісінше, діндарлар ынтымақ құрып, ал екіжүзді алаяқтардың басы бірікпеуі керек еді ғой.жауап: Халық қамын ойлайтын, нағыз отансүйгіштерді қынжылтып, қан жылататын осы бір қайғылы жағдайдың көптеген себептері бар. Соның жетеуі баяндалмақ.Ескерту. Мына мүбарак Ыспарта қаласының шүкір еткізетін жағымды тарапы мұндағы тақуа жандар мен тариқатшылар және білімдiлер арасында, шынын айту керек, айтарлықтай шынайы сүйіспеншілік пен ауызбіршілік бола қоймағанымен басқа жерлермен салыстырғанда бақталастық пен алауыздық жоқтың қасы.
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379