Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Лемалар

Лемалар

Published by risalekz, 2022-10-04 08:53:50

Description: LEMALAR

Keywords: Лемалар Lemalar

Search

Read the Text Version

51ОН БІРІНШІ ЛЕМА(с.а.у.) былай бұйырған: \"Раббым мағанәдепті өте тамаша түрде сыйлады, әдепті қылды.\"Иә, Пайғамбарымыздың өмір тарихына үңіліп қараған және сүннет-і сәниесін білетін адам Аллаh Тағаланың өз Хабибына әдептіліктің түрлерін үйіп-төгіп бергендігін түсінеді. Оның сүннетін тәрк еткен адам, әдептілікті де тәрк етеді.деп айтылғандай зиянға ұшырап әдепсіз халге түседі.СұРАҚ: Барлық нәрсені білетін, көретін, еш нәрсені одан жасыруға мүмкін емес Ғаллам-ул Ғуюб (Жасырынның бәрі оған аян Аллаh) алдында әдептілік қалай сақталады? Әдептің бір мағынасы жасыру, бүркеу, жиіркендіретін жағдайларды көрсетпеу емес пе? Ғалламул Ғуюбқа яғни ғайыптың бәрін анық білуші Аллаhқа ондай нәрселерді көрсетпеу, білдірмеу мүмкін емес қой.жАуАп: Әуелі, Сани-ы Зүлджалал аса маңызды түрде өнерін жақсылап көрсеткісі келеді, жағымсыз нәрселерді көзден таса ұстап, нығметтеріне әсемдік сыйлап назар аудартады. Сол секілді өз жаратқандарын, басқа да саналы жандарға әсем, тамаша жағымен көрсеткісі келеді. Жағымсыз түрде, нашар күйде көріну бір жағынан Аллаhтың Жамил (Әсем), Мүзейін (Әсемдеуші), Латиф (Нәзік), Хаким (Дана) есімдеріне қарсы болу, бас көтеру болып әдептілікке жатпайды.Міне, Сүннетке сай әдептілік дегеніміз, Сани-ы Зүлджалалдың есімдеріне айна болып, ережелерді сақтап, нағыз әдептілік қағидаларын ұстану.Екіншіден. Мысалы бір дәрігер дәрігерлік міндетін атқару барысында адамның ең ұятты жеріне қарайды және шарасыз жағдайда көрсетіледі. Оны әдепсіздік деуге болмайды. Бұл медицинаның талабы. Алайда, әлгі дәрігер ер адам сипатымен немесе мешітте уағыз айтушы молда сипатымен әлгі намахремге қарай алмайды. Оған әдептілік рұқсат бермейді. Бұл ұятсыздық.Сол сияқты, Сани-ы Зүлжалалдың көптеген есім-сипаттары бар. Әрбір есімнің өзінше көрінісі бар. Мысалы: \"Ғаффар\" есімі күнәлардың болуын, ал \"Сәттар\" есімі кемшіліктерді керек қылса, \"Жәмил\" есімі де жағымсыз күйлерді көргісі келмейді. Аллаhтың кемел де әсем \"Латиф, Кәрим, Хаким, Рахим\" есімдері жаратылыс атаулының тамаша бейнеде, мүмкіншіліктің ең жоғары сатысында болуын талап етеді. Әлгі әсем де кемел есімдер өз әсемдіктерін періштелердің, руханилардың, жындар мен адамдардың назарында болмыс атаулының әсем күйлері мен жақсы әдептері арқылы көрсеткісі келеді.

52ЛЕМАЛАРМіне, сүннеттегі әдептілік ережелері осындай тамаша әдептіліктің ишараты, ережелері, үлгілері.СЕГіЗіНші тұжыРыМ.аятының алдындағы аяты, Ардақты Пайғамбарымыз Алейhиссалату Уәссаламның үмметіне деген аса мейірімі мен қамқорлығын баяндай келіп аятымен былай дейді: \"Уа, адамдар! Уа, мұсылмандар! Осыншама аса қамқорлық жасап, сендерді тура жолға салған, сендердің игіліктерің үшін бүкіл қайрат-күшін сарп еткен және өзі жеткізген үкімдері мен сүннеттері арқылы рухани жараларыңды емдеп жазған, өте мейірімді бір кісінің ап-анық мейірімін жоққа шығарғандай әрі көзге де көрініп тұрған жанашырлығынан күмәнданғандай Оның сүннетінен, жеткізген үкім заңдарынан бас тарту неткен ұятсыздық, неткен ақылсыздық, ақымақтық екенін біліңдер!Уа, мейірімді Расул! Уа, жанашыр Нәби! Егер сенің мына аса мейіріміңді, керемет жанашырлығыңды танымай ақымақтық жасап, сенен сырт айналып тыңдамай жатса, уайымдама! Аспан мен жер және оның арасындағылар қол астындағы әскері болып табылатын шексіз кең ғарышқа үстемдік етіп тұрған Зат-ы Зүлжәлал саған жетеді. Ол, нағыз тілалғыш жандарды сенің айналаңа жинатқызады, оларға сені тыңдатқызады, оларға сенің үкімдеріңді қабылдатады.Рас, Мұхаммед алейһиссалату уассалам әкелген шариғат пен сүннеттің бір мәселесінің өзінде көптеген хикметтер бар. Мен пақыр бұған бүкіл кемшіліктерім мен әлсіздігімді мойындай отырып, бәстесуге және дәлелдеп беруге дайынмын.Һәм, осы кезге дейін жазылған жетпіс-сексен Рисалей-Нұр кітаптары, сүннет пен шариғаттың мәселелері қаншалықты хикметке толы ақиқат екеніне бұлтартпас айғақ есебінде. Егер күш-қуат болып жатса, бұл тұрғыда баяндауға жетпіс емес, тіпті, жетпіс мың кітап жазылса да оның хикметтерін, пайдаларын жазып тауыса алмас. Жеке басым да бұған куә. Мыңдаған тәжірибелерім мен көңілім мынаған көз жеткізді. Сүннеттің қағидасы, Шариғат мәселелері мен дәстүрлері рухани кеселге, ақыл мен жүректің жараларына, әсіресе қоғамға төнген қасіретке өте пайдалы дәрі. Олардың орнын басқа пәлсапа мен хикмет мәселелері ауыстыра алмайтынын өз көзіммен көргендігімді басқа жандарға тәпсір-кітаптарымда жазған болатынмын. Бұл айтқаныма күмәнданатындар болса, Рисалей-Нұр кітапшаларын ден қойып оқысын, көңіл бөліп қарасын.

53ОН БІРІНШІ ЛЕМАМіне, осындай бір жанның сүннетін орындауға қолдан келгенше тырысу қаншалықты сауапты және мәңгі өмірде бақытқа, бұ дүниелік өмірде де пайдаға кенелтетінін ақылға салып көріңіз.тОҒыЗыНшы тұжыРыМ. Сүннеттің барлық түрін түгелдей орындау, оны іске асыру, ерекше тұлғалардың жоғары мәртебелілеріне ғана нәсіп болар. Ал, оларды іс жүзінде болмаса да шын ниетпен қолдау, қажетсіну, мойындау, жүрекпен берілу әркімнің қолынан келеді. Парыз бен уәжіп болған түрін онсыз да орындауға міндетті. Құлшылыққа қатысты мүстахаб болған сүннетті тәрк ету күнә болмағанымен мол сауаптан құр қалу қаупі бар. Ал, оларды өзгерту үлкен қате. Тұрмыстағы әдет-ғұрыпқа қатысты сүннеттерді орындаған сайын ол әдеттер ғибадат болып саналады. Орындамаса жаза жоқ. Бірақ Хабибуллаhтың тұрмыстық әсем әдетінің нұрынан пайдалану мүмкіндігі азаяды.Құлшылыққа қатысты үкімдерге жаңадан қосымша жасау бидғат. Ал бидғат болса, аятының сырына қайшыкелетіндіктен қабылданбайды. Дегенмен, тариқаттағы вирдтер, (дұғалар) зікірлер, өзіндік мешреб (жолдар) болса, негіздері Кітап пен Сүннеттен алыну шартымен, бөлек-бөлек түрде, басқа-басқа бейнеде болғанымен бекітілген ережелер мен сүннеттің негізіне қайшы келмесе \"бидғат\" саналмайды. Алайда кейбір ғалымдар бұлардың кейбірін \"бидғат\" деп есептегенмен, \"бидға-й хасене\" яғни \"болымды бидғат\" деп теріс көрмеген.Имам Раббани Мужеддид-і Әлф-і Сани (р.а.) былай дейді: Рухани самғау кезімде Ардақты Пайғамбарымыз Алейhиссалату Уәссаламның аузынан шыққан сөздердің Сүннет шуағымен жалт-жұлт ететінін көретінмін. Ал одан шықпаған қанатты сөздер мен керемет дұғаларда әлгіндей нұр көрінбейтін. Бұлардың ең тамаша, ең нұрлы дегені әуелгінің ең көмескісіне тең келмейтін.Демек, сүннеттің шуағы элексир тәрізді. Сондай-ақ, Сүннет нұр іздегендерге толық жетеді. Басқа жақтан нұр іздеудің қажеті жоқ. Міне, ақиқат пен шариғаттың осындай бір қаhарманының бұл үкімі, Сүннет екі дүниелік бақыттың арқауы және кемелдіктің көзі екенін көрсетеді.

54ЛЕМАЛАРОНыНшы тұжыРыМ.Бұл аятта таңғажайып иғжаз бар, яғни көп мағына аз сөзбен жеткізілген. Рас, осы үш сөйлемнің ішіне көптеген мағына сыйғызылған. Аят былай дейді: \"Аллаh Тағалаға имандарың болса, әлбетте, Аллаhты жақсы көресіңдер. Ал Аллаhты жақсы көретіндерің рас болса, Аллаhтың қалауын, ұнатқан нәрсесін істейсіңдер. Ал оның ұнатқан нәрсесі, оның жақсы көрген Қалаулысына ұқсау. Ал оған ұқсау демек, оған мойынсұну. Оған мойынсұнған кезде, Аллаh та сендерді жақсы көреді. Аллаhтың сендерді жақсы көруі үшін сендер де Аллаhты жақсы көрулерің керек. Міне, бұл сөйлемдердің барлығы осы аяттың қысқаша ғана мағынасы. Демек, Адам баласына өте маңызды да биік мақсат – Аллаh Тағаланың сүйіспеншілігіне бөлену. Яғни, өзін оған жақсы көргізу. Бұл аят, сол биік мақсатқа жетудің жолы ардақты Пайғамбарымыз Хабибуллаhқа мойынсұну, оның сүннетімен жүру екенін айтады. Қазір \"Үш мәселе\" анықталып дәлелденсе, ілгеріде аталған ақиқат анықталады.Бірінші нүкте. Адам баласы бүкіл әлемді Жаратушы Аллаhқа шексіз сүйіспеншілікте болу үшін жаратылған. Өйткені оның бойында Жамалға (Әсемдікке) деген ынтызарлық, кемелдікке деген құштарлық және ихсанға, яғни жарылқануға, сыйлануға деген құмарлық бар. Енді, Жамал, Кәмал және Ихсанның дәрежесіне қарай әлгі сүйіспеншілік те арта бермек. Ол ғашықтықтың шыңына дейін барады. Әрі мына кішкене адам баласының шағын жүрегіне аса үлкен ғашықтық сезімі берілген. Иә, жүректің тарыдай ғана сандықшасы тәрізді Қууа-и Хафыза (есте сақтау қабілеті) бейне бір кітапхана секілді мындаған кітапты қамтуы, адамның жүрегі бүкіл Әлемді қамти алатынын және соншалықты ынтызарлықпен сүйе алатындығын көрсетеді.Иә, адамзаттың Ихсан, Жамал және Кәмалға шексіз ынтызарлықпен сүйе алатыны рас. Бұл әлемді жаратқан Аллаhтың жарату істерінен анық байқалатын шексіз де пәк жамалы бар. Әрі болмыс атаулыда көрініп тұрған шексіз кемелдігі бар. Бүкіл тіршілік иелеріне беріліп жатқан неше түрлі ихсандар мен нығметке бөлеулер арқылы анық көрініп тұрған шексіз ихсан, жарылқауы бар. Олай болса, әлбетте, саналы жандардың ең күрделісі, аса мұқтажы әрі өте зерек, тым құштар болып табылатын адамзаттан Аллаhу Тағаланың шексіз сүйіспеншілік талап етуі өте орынды.Рас, әрбір адам Халиқ-ы Зүлжелалға шексіз сүйіспеншілік етуге бейім. Әрі Аллаh та бәрінен бұрын өзінің Жамал, Кәмал мен Ихсанына сүйіспеншілік білдіруге өте лайық. Тіпті, мүминнің өз өміріне, мәнгі жасауға, болмысына, дүниесіне, өзіне, қоршаған ортаға деген сан алуан сүйіспеншілігі оларға

55ОН БІРІНШІ ЛЕМАалаңдауы сол Иләhи сүйіспеншіліктің ұшқындары. Тіпті, адам бойындағы әртүрлі күшті сезімдер сол сүйіспеншілікке бейімділігін көрсететін, бірақ өзгеріске ұшыраған, басқа түрге енген тамшылары. Адам өз бақытына қуанып қана қоймай, айналасындағы сүйіктілерінің бақытынан да ләззат алып қуанатындығы мәлім. Өзін бәледен құтқарғанды жақсы көрумен қатар, сүйген жандарын құтқарғанды да жақсы көреді. Міне, осы рухани сезімге сүйене отырып, егер Адам бүкіл адамзатқа Аллаhтың Ихсан (сыйлық) беретіндігін, оларды жарылқайтынын ойлап, \"Менің Жаратушы Ием, тас қараңғы жоқтан құтқарып бар қылды да, мына дүниеде жарық өмір сыйлады. Ажалым жеткен кезде де мәңгі жоқ болудан құтқарып, бақи әлемде мәңгі, тамаша әлем сыйлайтын болады. Сол әлемнің түрлі ләззаттары мен әсемдіктерінен пайдалануым үшін ішкі, сыртқы сезімдер береді. Сонымен қатар менің өте жақсы көрген, өзара тығыз байланыста болған туған-туыстарымды, сүйікті жандарымды да сан-алуан ихсандармен жарылқайды. Ал бұл жақсылық маған да жасалған болып есептеледі. Өйткені мен олардың бақыты мен қуанышына ортақпын. \"Адам сыйлағанның құлы\" дегендей, әркім өзіне ілтипат қылғанды, сыйлағанды жақсы көретіні рас. Олай болса, бүкіл әлемдей жүрегім болса, әлбетте, маған жасалған мұнша шексіз де соңсыз жарылқауға қарыздар болып, махаббат қылып, мәңгі сүйіп өтер едім. Мен мұны іс жүзінде орындай алмасам да, ниетіммен, иманыммен, бейімділігіммен, соны қабылдау арқылы, оны жоғары бағалап, құштар болу түрінде жасаймын\".Енді, Жамал мен Кемелдікке деген сүйіспеншіліктің қалай болатынын осы аталған ихсанға деген сүйіспеншілікпен салыстыр. Ал, кәпір имансыздығы арқылы бұларға қас дұшпан. Тіпті, бүкіл әлемге, болмыс атаулыға зұлымдық, зорлық жасағысы келіп, өшпендік қылады.Екінші нүкте. Аллаhқа сүйіспеншілік Пайғамбарымыздың сүннетіне мойынсұнуды талап етеді. Өйткені, Аллаhты жақсы көру - Оны риза қылу. Ал, Оны риза қылатын істерді керемет толық түрде Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.а.у.) толық орындаған. Олай болса Ардақты Пайғамбарымыздың істеген амалдарын орындап оған ұқсап бағу керек. Оған ұқсаудың екі жағы бар. Біріншіден; Аллаh Тағаланы жақсы көріп, оның әмірлеріне мойынсұнып, Ол риза болатын амал істеу. Бұл – Пайғамбарымызға мойынсұнуды қажет етеді. Өйткені бұл тұрғыда ең керемет имам, үлгі боларлық ұстаз – Мұхаммед Мұстафа (с.а.у.) Екіншіден; Аллаһтың адамдарды шексіз жарылқауына ең басты себепші Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.а.у.) екені рас. Олай болса, Пайғамбарымызды Аллаh ризасы үшін жақсы көруге міндеттіміз әрі ол

56ЛЕМАЛАРоған лайық. Адам баласы өзі жақсы көрген кісіге, егер ұқсау мүмкін болса ұқсағысы келеді. Міне, Хабибуллаh Мұхаммедті жақсы көргендер оның сүннетіне мойынсұна отырып, оған ұқсап бағуы қажет.Үшінші нүкте. Аллаh Тағаланың шексіз мейірімі болғаны секілді өзіндік шексіз махаббаты да бар. Әлемдегі жаратылыстың әсем жаратылуы, әдемі безендірілуі арқылы Ол өзін шексіз сүйсіндіреді, жақсы көргізеді. Жаратқандарын, әсіресе, әлгіндей сүйсіндірген ісіне махаббатпен жауап берген саналы пенделерін әлдеқайда жақсы көреді. Ал, жұмақтағы бүкіл ләззаттар мен жарылқаулар, әсемдіктер мен нығметтер Оның рақымдылығының бір ғана сәулесі, жәй бір ұшқыны болып табылады. Осындай Аллаhтың махаббатын, ілтипат-назарын өзіне аударуға тырысу қаншалықты ғанибет, аса маңызды, өте биік мақсат екендігі түсінікті. Құранның анық хабарлауы бойынша оған тек Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) сүннетіне ұю, айтқанын істеу арқылы ғана қол жеткізіп, бөленуге болады. Олай болса, Мұхаммедтің (с.а.у.) сүннеті адамзат үшін ең ұлы мақсат, маңызы зор міндет екендігі түсінікті. ОН БіРіНші тұжыРыМ. Үш мәселеден тұрады.Бірінші мәселе. Ардақты Пайғамбарымыз Алейhиссалату Уассаламның сүннеті үш түрлі бұлақтан бастау алады. Олар: Айтқан сөздері, істеген амалдары, хал-ахуалы. Бұл үшеуі де үш түрге бөлінеді: Парыздар, нәпілдер, жақсы әдеттер. Парыз бен уәжіп түріне мойынсұну мұсылманға міндетті түрде шарт, орындамағандар жазаға тартылып, азап шегеді. Мүминдер мойынсұнуға міндетті. Ал, нәпіл түрі болса қызықтыру, сүйсіндіру дәрежесінде болғанымен иман еткендер орындауға міндетті. Бірақ істемесе азап немесе жаза жоқ. Істесе, мойынсұнса мол сауап жазылады. Ал, оны өзгертсе, алмастырса бидғат, далалет (адасу) болып, үлкен қателік саналады. Ал, жақсы әрекеттері мен керемет игі амалдары болса, хикмет тұрғысынан болсын, пайда жағынан болсын жеке өмірге, не қоғамдық өмірде пайдасы зор, орындалса нұр үстіне нұр. Өйткені жәй бір әрекетінің өзінде өмірге пайдалы көптеген хикмет-даналықтар бар. Сонымен қатар, оған сәйкес әрекет еткенде күнделікті жәй әдеттер мен тұрмыс-тіршілік құлшылыққа айналады.Иә, достары да, тіпті, дұшпандары да Ардақты пайғамбарымыздың көркем мінезі ең жоғарғы сатыда екендігін бір ауыздан құптаған. Оның адамзат әлемінде ең мәшhүр, ерекше тұлға екені рас. Ең кәміл жан, нағыз тәрбиеші екенін мыңдаған мұғжизалары, сондай-ақ, өзі құрған Ислам әлемі және аудармашысы болған Қасиетті Құран ақиқаттары бәрі-бәрі бірлесе растауда. Оның ізіне ерудің нәтижесінде миллиондаған кәміл, әулие адамдар кемелдіктің шыңына шығып екі дүниеде мол бақытқа қол жеткізуі, әлбетте, Оның сүннеті, іс-әрекеті үлгі тұтарлық тамаша өнеге екенін, адастырмайтын берік жолбасшы екенін, ереже боларлық мықты заңдар

57ОН БІРІНШІ ЛЕМАекенін көрсетеді. Олай болса, осы аталған сүннетті орындау жолында көп амал жасап жүрген жандар бақытты.Сүннетті орындамай жүргендер, егер жалқаулық басып, ерініп жүрсе, көп зиян шегіп жүр, ал менсінбей жүрсе, үлкен қылмыс жасап жүр, ал өтірікке шығарғандай мінеп-сынап жүрсе, қатты адасуда.Екінші мәселе. Аллаh Тағала Құран Кәрімде деп бұйырады. Сахих риуаятта Хазіреті Айша (р.а.) сынды әсем сахабия, Ардақты Пайғамбарымыз жайлы, оның көркем мінезі туралы былай дейді: \"Хулуқу-hул Құран\". Яғни \"Құранда баяндалған биязы да әсем ахлақ, мінез-құлықтың үлгісі Мұхаммед Алейhиссалату Уассалам еді. Ол әсемдіктердің тамаша үлгісі, әсем жаратылған жан еді\".Міне, осындай бір кісінің әрекеттері, айтқан сөздері, хал-жағдайының әр қайсысы адамзатқа үлгі бола тұра иман келтіріп, оның үмметімін деп жүрген бейқам жандар егер сүннетке мән бермей жүрсе немесе өзгерткісі келсе қаншалықты бейбақ екенін ақымақтар да түсінер. Үшінші мәселе. Ардақты Пайғамбарымыз Алейhиссалату Уассаламның жаратылысы артық-кемі жоқ, ең керемет түрде жаратылған. Сондықтан, оның іс-әрекеті, жүріс-тұрысы барлық өлшемдерге сай, тура бағытта. Әрбір әрекеті тура бағытта және ифрат пен тефриттен аулақ, яғни бір нәрседе кем не артық кетуден аулақ болғанын өмір тарихы анық көрсетуде.Иә, Ардақты Пайғамбарымыз Алейhиссалату Уәссалам әміріне толық мойынсұнғандықтан бүкіл іс-әрекеті мен сөзі, хал-жағдайы тура бағытта болғаны ап-анық көзге ұрып тұр. Мысалға, ақылдың бұзылуы мен сөніп қара басуы, яғни ифрат пен тефриттің кесірінен болатын топастық пен айлакерліктен аулақ, пәк болып, орта жол, тура бағыт ұстанып, ақылын даналықпен пайдаланған. Ал, ашу-ыза сезімінің ифрат пен тефритінен пайда болатын қорқақтық пен көзсіз батырлықтан аулақ болып, ашу сезімінің орта жолы, тура бағыты аса ержүрек, асқан батыр болған. Ал, ләззат пен ойын-сауық, құмарлық сезімінің бұзылған түріндегі «ифрат» пен «тефриттен», яғни селқостық, еш нәрсеге қызықпаушылық пен көрсеқызарлықтан ада пәк, ары таза намысты болған. Сондай-ақ, бүкіл іс-әрекеттерінде, хал-ахуалында шариғат үкімдеріне сай тура жолды ұстап, «ифрат» пен «тефриттен», яғни зұлымдық пен қараңғылықтан, ысырап пен бекерге мал шашпақтан аулақ болған. Тіпті, сөйлегенде, ішіп-жегенде үнемділік ережелерін қатаң сақтап, ысырап жасамаған. Бұл ақиқатты егжей-тегжейлі түсіндіретін мыңдаған кітаптар жазылған.

58ЛЕМАЛАР дегендей мұны теңіздің бір ғана тамшысы деп біліп, осыған қанағат етіп, тақырыбымызды қысқа қайырамыз.* * *

Он Екінші Лема(Рефет Бейдің кішкене екі сауалына байланысты Құранның екі тылсым сыры баяндалмақ) Адал бауырым Рефет Бей! Сенің қолайсыз уақытта қойған сауалдарың мені қысылтаяң жағдайға түсірді. Бұл жолғы сауалың шыны керек шағын. Алайда, Құранның тылсым сырларына қатысы болғандықтан және Жер шары туралы сауалың география мен астрономияның жердің жеті қабаты мен көктердің жеті қат екеніне сенбей сын айтатындықтан маған маңызды көрінді. Сол үшін сауалдың кішкентайлығына қарамай, қасиетті екі Аятқа қатысты «Екі тұжырымды» ғылыми және жалпы түрде баяндамақпын. Сен де өз сауалыңның жауабын аларсың.БіРіНші тұжыРыМ: Мұнда да «Екі Тұжырым» бар. Бірінші тұжырым: Бұл аяттардың айтуы бойынша ризық тек қана Қадир-ы Зүлжәлалдың қолында, Оның рахым қазынасынан келеді. Әрбір жанның ризығына жарылқаушы Иесі жауапты болғандықтан еш қайсысы, ешқашан аштықтан өлмейді. Алайда, сырт қарағанда аштан өлген секілді көрінетін жағдай көп. Бұл ақиқаттың сыры мынада: Жаратушы уәдесіне берік. Ризық жетпеуден өлгендер жоқ. Өйткені, Хаким-ы Зүлжәлал тірі жандардың денесіне жіберген ризықтың бір бөлігін, іш-май, қор ретінде сақтап қояды. Тіпті, дененің әрбір жасушасындағы ризықтар сол жасушада толық жұмсалмай сақталып тұра береді. Сырттан ризық келмей қалған кезде сол қордан алып пайдаланатын болады. Демек, аштан өлді дегендер, бойындағы қоймада сақтаулы тұрған ризығы бітпей өлсе, ол аштықтан, ризық болмағаннан емес. Ол, үйреншікті де қалыпты жағдайдан шыққан кезде пайда болатын

60ЛЕМАЛАРауру-сырқаудан өлген боп есептеледі. Жалпы тірі жанның денесінде қорда сақталған ризық мөлшері оның әрі қарай өмір сүруі үшін қырық күнге дейін жетеді. Тіпті кейбір жағдайларда сондай ризықтың екі қырық яғни сексен күнге жеткен кездері болған. Тіпті, Лондон түрмесінде бір адамның жетпіс күн бойы түк жемей аман-есен өмір сүргені туралы осыдан он үш жыл бұрын газеттер жазған еді. Сонымен, шынайы ризық қырық күннен сексен күнге дейін жететіні рас. Жаратушының «Рәззақ» есімі жер бетінде кең көлемде тараған. Тіпті, ойға келмейтін жағдайда емшектерден, ағаштардан рызықтың төгіліп жатқандығын көреміз. Егер залым адам араласпаса, шынайы ризық үлгеріп, аштықтан ешкім ешқашан өлмес еді. Олай болса, аштықтан өлді деп жүргендер қырық күннен бұрын өлген болса, олар аштықтан өлмеген. Ол, арабша \"Тәрк-үл адат минал мухликат\" демекші әбден бой алдырған, үйреншікті әдетті бірден тастағаннан пайда болатын аурудан өледі деген сөз. Олай болса, аштан өліп жатқан жоқ. Иә, ризықты адамның ерік қалауына, күш жігеріне қарап өлшеуге болмайды. Мысалы, енесінің жатырында жатқан төл, нәресте ерік-күші мүлдем жоқ бола тұра ауызын да қимылдатпай-ақ ризық беріліп жатады емес пе!? Ал дүниеге жаңа келген кезде оның тек аузын ашып емшекті емуімен соншама тәтті, құнарлы ризық аузына құйыла бастайды. Содан соң, ерік-қалауы пайда болған кезде әлгі оңай да мол ризық азаяды, емшек суалады да ризық басқа жақтан келе бастайды. Алайда, төлдің өз қуаты ризықтың соңынан түсуге әлі де толық жетпейтіндіктен Раззақ Кәрим атынан ата-енесі оған ризық табуға көмектеседі. Ал, өз қуаты өзіне жеткен кезде ризық енді оған өзі келмейтін болады. Ризық ол кезде оны шақырып: «Мені ізде, келіп тауып ал!» дейтін болады. Олай болса, ризық әркімнің өз қуат күшіне тәуелді емес. Тіпті, көптеген Рисалелерде күш-қуаты кем жануарлардың ризық жағынан артықшылығы болатыны жазылған. Екінші тұжырым: Мүмкіннің дәрежелері бар. Ақыли мүмкін яғни ақылмен ойлап қарасаң болуы мүмкін нәрсе, сосын дәстүрлі үйреншікті мүмкін және қарапайым мүмкін деп бірнеше топқа бөлінеді. Егер бір оқиға ақыли жағынан мүмкін болмаса ол қабылданбайды, ал дәстүрлі жағдайға сай келмесе онда мұғжиза болғаны. Егер дәстүрлі жағдайға да, одан басқаға да сай келмесе куәгердің нақты дәлелі арқылы ғана қабылдауға болады.Міне, осыған байланысты қырық күн бойы нәр татпай қойған Сеид Ахмед Бәдәуидің осындай таңғаларлық жағдайы дәстүрлі мүмкіндік шеңберінде деуге келеді. Әрі, керемет әрі таңғажайып жағдай. Бірақ, әрқашан ондай болмаған. Тек, керемет жағдайда кейде болған оқиға. Мұнда мынандай бір ықтимал болуы мүмкін. Оның халі ішіп-жеуге қажеттілік сездірмеген соң тамақ жемеу оған әдет болып кеткен. Осы Сеид Ахмед Бәдәуи секілді

61ОН ЕКІНШІ ЛЕМАкөптеген әулиелер осындай халді бастан кешіргені айтылады. Бірінші мәселеде дәлелдегеніміздей, адам бойында қырық күнге жетерлік ризық қоры сақталатындықтан сонша уақыт тамақ ішпей жүру мүмкін. Ол туралы абзал жандар риуаят еткендіктен өтірік деп қарсы шығуға болмайды.Екінші сауалға байланысты тағы да екі маңызды мәселе баяндалатын болады. Өйткені, базбіреулер география мен астрономияның келте заңдарымен, жәй кішкентай өлшемдерімен Кұранның көгіне көтеріле алмағандықтан және аяттың жұлдыздарындағы жеті қабат мағынасын ұға алмағандықтан аяттарды сынап, тіпті жоққа шығарып ақымақтық жасайды. Олардың қарсы шыққан мәселесі мынау: Аспан секілді жердің де жеті қабат екені туралы мәселе. Бұл мәселе қазіргі заманның философтарына ақиқатсыз болып көрінеді. Олардың аспан мен жерге қатысты мағлұматтарына, пән ғылымдарындағы өлшемге сәйкес келмейді. Сол себепті, Құранның ақиқаттарының кейбіреуіне қарсы шығуда. Соған байланысты қысқаша бірнеше ишара жазбақпыз. Біріншіден, аяттың жалпы мағынасы бір бөлек және сол мағынаның түрлері бөлек және мақсаты бір бөлек. Енді сол шексіз мағынаның біреуі тура келмесе де, әлгі жалпы мағынаны теріске шығаруға болмайды. Сонымен, көктердің жеті қат және жердің жеті қабаты жайлы жалпы мағынаның көптеген түрлерінің жетеуі көзге анық көрініп отыр. Екіншіден, аяттың ашық мағынасында «жеті қабат жер» демеген. деген. Аяттың ашық мағынасы былай дейді: «Жерді де сонау жеті қат көктер секілді жаратқан. Және оны жаратқандарына мекен қылған». Міне, жеті қабат етіп жараттым демейді. Салыстырып ұқсату болса оның да жаратылыс екендігі және мекенжай екендігі тұрғысында айтылған.Екіншісі: Жер шары шексіз алып көктермен салыстырғанда, өте кішкентай. Алайда, ол сансыз жаратылыстың топтасқан орталығы, тоғысқан түйіні, белгілі мағынада жүрегі. Сондықтан, шағын жүректің өзінен үлкен денеге тең келетіні секілді Жер шары да алып көктердің жүрегі, оның бір орталығы болуға әбден лайық. Жер шары ежелден жеті климаттық белдеуге* бөлінген. Әрі Еуропа, Африка, Мұхит аймағы, екі Азия, екі Америка атауы бойынша жеті құрылыққа бөлінген. Және де мұхиттармен қоса санағанда шығыс, батыс, түстік, терістік және осы тұрғыдан алғанда әрі жаңа дүние бойынша тағы да жеті сыныпқа бөлінеді. Және жер шары ішкі кіндігінен беткі қабат қыртысына дейін де жеті қатпардан тұрады. Сондай-ақ, жануарлардың тіршілік көзі болған жетпіс түрлі элементтерді * «Себға» яғни арабша жеті саны жеті рет қайталанып отыр. Бұл бір кездейсоқтық емес, керемет сәйкестік.

62ЛЕМАЛАРқұрайтын тағы да жеті қабат деп аталатын жеті түрлі заттар және төрт негіз деп аталатын: Су, ауа, топырақ, от деген негіздерді қосқанда «мәуалиа-и селаса» дейтін тау жыныстары , жануарлар мен өсімдіктер, бұлар да жетеу болады. Жер шарына ұқсас басқа да жеті планетаның болуы, тіршілік иелеріне мекен болуына ишара ретінде Құран аяттарынан жерді де жеті қабат деп түсінуге болады. Және де, жеті қабат әлем яғни жын мен ифрит және неше түрлі саналы тіршілік иелерінің мекені болғаны Әһл-и кәшф уа шухид өкілдерінің, яғни әулиелердің куәлігімен нақтыланған. Міне, Жер шарының жеті қабат екендігі жеті жақты түсіндірілді. Сегізінші соңғы мағына басқа тұрғыдан маңызды. Бұл жетіге кірмейді. Үшіншіден: Хаким-ы Мұтлақ Аллаһ еш қандай да ысырап, артық ештеңе де жаратпаған. Және жаратылыс саналылар үшін жаратылған, солар арқылы мәнісі бар, жетіледі, кемелденеді, саналылар арқылы әбестіктен аман қалады. Сондықтан Қадир-ы Зүлжәлал ауаны да, топырақты да, суды да неше түрлі тіршілік иелерімен толтырған. Ауа мен су жан-жануарлардың өсіп өнуіне бөгет болмайтыны секілді, тығыз әрі қатты тас пен топырақ та электр, рентген секілді нәзік заттардың таралуына еш бөгеттігі жоқ. Әлбетте, Хаким-ы Зүлжәлал жер шарының сонау кіндігіндегі отты қабаттан бастап жердің беткі қыртысы, одан оны қоршап тұрған ауа қабаттарына дейінгі бір-бірімен тығыз байланыстағы жеті қабатты, кең мекенді бос қалдырмайды. Әрине, бәрін де өзіне сай тіршілік иелерімен толтырып оларға қолайлы етіп қойған. Сондай жаратылыс иелерінің бір түрі періштелер мен руханилер әлемі. Олардың тіршілік ортасының тығыздығы балыққа салыстырсақ судай, құсқа ауа қандай болса оларға да сондай. Ал жердің дәл ортасындағы отты өлкедегі тіршілік иелеріне ол от бізге Күннің ыстығындай ғана әсер етеді. Өйткені, бұл тіршілік иелері нұрдан жаралғандықтан от олар үшін бір жарық нұр секілді ғана әсер етеді. төртіншіден: Он Сегізінші Мектубта жер шарының қабаттары және оның ғажап жаратылысы жайлы Әһл-и кешф әулиелердің ақылға сыймайтындай етіп суреттеген мысалдары баяндалған-ды. Қысқаша мағынасы мынадай: Жер шары материалдық әлемде бір дән секілді. Ал, мисал әлемінен, берзах әлемімен салыстырғанда көктермен иық тіресетіндей алып ағаш секілді. Әһл-и кешф әулиелердің жер шарының дәу жындарға (ифриттерге) қатысты қабатын мың жылдық алып бейнеде көруі, материалдық әлемдегі дән түріндегі жер шары емес. Мисал әлеміндегі бұтақтары мен қабаттарының көрінісі. Олай болса жер шарының сырттай қарағанда аса маңызды емес қабатының өзі басқа әлемдерде алып болып көрінуі әбден мүмкін. Әлбетте, жеті қат көктерге пара-пар келетін, жердің жеті қабат түрде суреттелуі өте орынды. Жоғарыда айтылған мағыналарды білдіру үшін Құранның керемет қысқа-нұсқа түрде баяндауы, мына кіп-кішкене жерді көктердің жеті қабатымен тепе- тең келердей етіп суреттеуі өте тамаша.

63ОН ЕКІНШІ ЛЕМАЕкінші маңызды мәселе:Осы қасиетті Аят секілді бірнеше аяттар аспанды жеті қат етіп суреттеуде. Ишарат-ул Иғжаз атты жазылған тәпсірде Бірінші дүние жүзілік соғыстың алғашқы жылы майданда жазылған бұл мәселені қысқаша жазуға мәжбүр болғандықтан мұнда соның бір мазмұнын жаза кетудің жөні келіп тұр: Көне ілім бойынша аспан тоғыз қабаттан тұрады. Шариғат тілінде де Арш пен Күрсіні қоса есептеп ыңғайсыздау бейнеде аспан әлемін суреттеген. Ол ескі ілімнің баяндауы адамзатқа ұзақ жылдар бойына өз көзқарасымен ықпал еткен. Тіпті, көптеген тәпсіршілер аяттың ашық мағынасының өзін олардың пікіріне ыңғайлап үйлестіруге мәжбүр болған. Осылайша Құран Хакимнің мұғжизалы мағыналары бүркемеленіп көрінбей қалды. Жәдитші деп аталған жаңа пәлсапашылар ескі пәлсапаның аспан әлемі туралы асыра сілтеген пікірлерін негізсіз санап, алдыңғылар асыра сілтесе кейінгілер керісінше етіп аспан қабаттарының бар екенін жоққа шығарды. Сөйтіп, ақиқаттан алыстап кетті. Ал, Құран Хакимнің тылсымды хикметі болса ондай асыра сілтеу мен жоққа шығарудан аулақ, ол ақиқат бойынша былай дейді: Сани-ы Зүлжәлал жеті қабат көкті мінсіз жаратқан. Жұлдыздар теңіздегі балықтар секілді шексіз көк мұхитында жүзіп жүреді әрі Жаратушысын дәріптеп мадақтайды. Пайғамбарымыз хадисінде дейді, яғни «Аспан әлемі толқыны тынық алып мұхит іспеттес» дейді. Құранның осы ақиқатын жеті қағидамен жеті жағынан өте қысқаша баяндауды жөн көрдік.Бірінші қағида: Хикмет ілімі бойынша, мына шегі жоқ әлем кеңістігі мүлде боп-бос қуыс емес «эсир» деп аталатын затқа толы. Екінші қағида: Ғылым мен ақылға, тіпті, көзге де белгілісі, аспан денелерінің өзара тартылыс, керу тебу секілді заңдылықтармен байланысып тұрғандығы және жарық сәуле мен электр өрісі секілді қуат көздерін таратып, тасымалдап, сол шексіз кеңістікті толтырып тұрған бір зат бар.Үшінші қағида: Эсир деп аталған зат өз қалпын сақтай отырып, басқа затқа ауысып, түрленетіні тәжірибе бойынша анықталған жағдай. Мәселен, бір судың өзі бу, су, мұз секілді газ, сұйық, қатты зат түрінде үш күйде бола алады. Олай болса эсирдің өзі жеті түрлі жағдайда болатынын ешбір ақыл, ілім жоққа шығара алмайды.

64ЛЕМАЛАРтөртінші қағида: Жұлдыздардың орналасуына көз салсақ жоғарыдағы әлемдердің қабаттары әртүрлі. Мәселен, Құсжолы деп аталатын көк белдеуінде тұманды бұлт секілді көрінетін жұлдыздар қабаты бір орыннан жылжымайтын жұлдыздардың қабатына ұқсамайды. Әлгі тұрақты жұлдыздар бейне бір жазды күнгі әбден піскен жемістерге ұқсайды. Ал тұманды бұлт секілді құсжолындағы сансыз жұлдыздар болса жаңадан ғана толыса бастағанға ұқсайды. Тұрақты жұлдыздардың қабаты да Күн жүйесінің қабатынан бөлек екендігі анық көрініп тұр. Сол сияқты көктегі жеті құрылым және жеті қабат та бір-бірінен бөлек екенін ақылмен түсініп, сезіммен сезуге болады.Бесінші қағида: Тәжірибелерден әбден мәлім болған мынандай жағдай бар: Бір зат өзгеріп, түрленсе және одан басқа зат жасалса, міндетті түрде түрлі қабаттар, пішін, формалар пайда болады. Мысалы, алмас деген затты өзгеріске ұшыратқан кезде одан күл ұнтағы да, көмір де және алмастың басқа түрлері де жаңадан пайда болады. Тағы бір мысал, от жанған кезде де жалын, түтін, шоқ секілді түрлерге бөлініп кетеді. Мысалы, оттегі мен сутегі қосылған кезде әлгі жай заттардан су, мұз, бу секілді заттар пайда болады. Бұдан шығатын қорытынды, бір зат күрделі өзгеріске ұшыраған кезде әртүрлі қабаттар шығады. Олай болса, Құдіретті Жаратушы эсир затынөзгеріске ұшыратқандықтан жеке-жеке қабат түрінде сырына сәйкес аспан әлемінің жеті қабатын сол эсирден жаратқан. Алтыншы қағида: Бұл айтылған айғақтардың бәрі көктердің болмысы мен көптігіне дәлел болады. Сонымен, аспан әлемінің көптігі анықталды. Бұл дау туғызбайтын шындық. Пайғамбарымыз (с.а.у.) баяны мұғжиза болған Кұран тілімен аспан жеті қабат деді, әлбетте жетеу. жетінші қағида: Жеті, жетпіс, жеті жүз секілді сандар арабшада кейде көп дегенді білдіреді. Олай болса жеті қабат көк дегені, сансыз қабаттарды қамтуы да мүмкін. Қорытынды: Қадир-ы Зүлжәлал эсир деген заттан жеті қат көкті жаратып, оны жайып өте дәл әрі керемет өлшеммен ретке келтірген. Ішіне жұлдыздарды шашып, егіп тастаған. Баяны мұғжиза болған Кұран бүкіл адамзат пен жын қауымына мәңгілік сөз сөйлеген кітап. Ондағы әр сөзде тылсым сырлар бар. Әрине, Құран аяттары адамзаттың әр қауымына өз түсінік деңгейінде әртүрі мағыналарды ашық және ишарамен жеткізеді. Сондықтан, Құранның баяндауы ең қарапайым түсініктен ең күрделі түсінікке дейінгі аралықты қамтыған соншалықты кең мағыналы, әркімнің қажеттігін қанағаттандара алады. Әрбір аяттың әрбір қауымға қарайтын өзіндік қыры бар. Олар сол аятты сол қырынан таниды.

65ОН ЕКІНШІ ЛЕМАОсыған байланысты, аяттағы «жеті қат көк» дегені жалпы мағынадан жеті түрлі деңгейдегі адамзат, жеті түрлі мағынаны түсінеді.Мәселен, аятын ойы саяздау қауыматмосфералық қабаттар деп түсінеді. Ал, астрономиямен сауаттанған қауым болса, өз ғаламшарлары орналасқан жұлдыздар ордасы бойынша пайымдайды. Тағы бір топ жер шарымызға ұқсас тіршілік иелері өмір сүретін басқа да жеті ғаламшар мағынасында қабылдайды. Және тағы бір тобы күн жүйесіндегі жеті ғаламшармен қоса сондай жеті жұлдыз жүйесі бар деп түсінеді. Басқа біреуі эсирдің өзгеруінен жеті қабатқа бөлінгенін жорамалдайды. Ал өте кең түсініктегі бір қауым, көз алдымыздағы көрініп тұрған жұлдыздар әлемін көктің бергі бір қабаты ғана деп пайымдайды да тағы да сондай алты қабат болу керек деп түсінеді. Ең жоғарғы түсініктегі жетінші топ болса, аспан әлемін мынау әлеммен ғана шектегісі келмейді. Сонау ақырет әлемі мен ғайып әлемдерінің, мисал және дүнияуи әлемдердің бәрінің бір-біріне шатыр, күмбез болған ғажайып жеті әлемнің бар екендігін түсінеді. Иә, бұл аяттың жоғарыда аталған жеті қат мағыналары секілді әлі де жекелеген тылсым мағыналары жетіп артылады. Осылайша, әркім өз ой өрісіне қарай үлесін алады және сол көктерге тән дастарханнан ризығын табады. Міне, бұл аяттың осындай мол қырлары мен тылсым сырлары бар. Олай болса, қазіргі ақылсыз пәлсапашылар мен олардың адасқан астрономияларының аяттың мағынасын сынауы, ақымақ баланың аспандағы жұлдызды таспен ұрып түсіргісі келгені секілді жағдай. Өйткені, аяттың жалпы мағынасынан өзіндік жеке мағына нақтылы болған жағдайда, бүкіл мағыналары да нақты екендігі дәлелденіп отырады. Тіпті әзірге білінбесе де көпшіліктің айтып жүрген бір мағынаны, олардың пікірімен санаса отырып оның жалпы мағынада рас екенін қабылдауға тура келеді. Ал, бұл аяттан ақиқатқа сай көптеген дәлелдер көрдік. Енді, мына ынсапсыз, теріс түсініктегі география мен ессіз астрономияға қара! Олар аяттың жалпы әрі жеке мағыналарына көздерін жұмып, ақиқатты көрмей, ессіз, бассыз, мастықпен қияли ойларды аяттың мағынасы деп ойлап, аятқа тас лақтырды. Ақырында өз бастарын өздері жарды да имандарынан айырылды.Сөзімізді түйіндер болсақ, жеті қырағат, жеті қыр, жеті мұғжиза, жеті ақиқат, жеті негізді қамтитын Құран көгінің биігіне шайтани пікірлер шығуға шамасы жетпегендіктен оның терең мағыналарын түсіне алмай жалған, жалаң хабарлар таратуда. Сондықтан, осы аяттың айтқанындай олардың бастарына аққан жұлдыздардан отты жаңбыр жауып өртейтін болады.

66ЛЕМАЛАРИә, жын пікірлі пәлсапа Құран көгіне шыға алмайтыны анық. Аяттың жарық жұлдыздарына тек қана ақиқат хикметінің миғражы арқылы, Иман мен Исламның ұшқыр қанаттары арқылы ғана шығуға болады.* * *

Он Үшінші Лема -ның сыры жайында.(шайтаннан қалай сақтану керектігі туралы баяндайды. Он үш ишарадан тұрады. кейбір ишаралар басқа жерлерде, мәселен жиырма алтыншы Сөзде түсіндірілгендіктен қысқаша жазылды).БіРіНші ишАРА. СұРАҚ: Шайтандар ешнәрсе жарата алмайтыны, әлемдегі құбылыстарға әсте иелік ете алмайтыны анық, сондай-ақ Аллаһ Тағала тура жолдағыларды аса мейірімімен жарылқап, жәрдем етіп қолдап тұрады, әрі хақ пен ақиқаттың тартымды да әсем сұлулықтары тура жолдағыларды құлшындырып, демеп тұратыны белгілі, әрі адасушылықтың келеңсіз де зиянды нәтижелері адасқандарды жиіркендіретіні де рас. Олай болса, неліктен тура жолдағы Әһл-і Хақты адасқандар көп мәрте жеңіп басым түсіп жатады? Тура жолдағылар әрдайым шайтанның бәлесінен бір Аллаһқа сиынуының хикмет–сыры неде?жАуАБы: Хикмет сыры мынада: Адасу мен жаманшылықтың басым көпшілігі бұзып-қирату, жоққа шығару, қабылдамау, болдырмау болып табылады. Ал хидает, тура жол, жақсылықтың негізі болса, қабылдау, орындау, бір нәрсені іске асыру, жөндеу болып табылады. Әркімге мәлім; жиырма адамның жиырма күн бойы тер төгіп салған ғимаратын бір адам бір күнде бұзып тастайды.Иә, шынымен, барлық сезім мүшелер аман-сау, алғы шарттардың толық болуымен жалғасын табатын адам өмірі, Жаратушы Иеміздің құдрет қолында болғанымен бір залымның қастандық пиғылымен маңызды мүшесіне зақым берген кезде, тіршілікпен салыстырғанда жоқ саналатын өлімге душар болады. Сондықтан «әттахриб-үл әсхәл» яғни бұзу өте оңай деген. Міне, осы сырға байланысты, адасқан кәпірлер азғантай күшпен тура жолдағы күштілерді кейде жеңіп кетіп жатады. Алайда тура жолдағылардың

68ЛЕМАЛАРбекем қорғаныс тәсілдері бар. Оны жақсылап пайдаланса әлгіндей қауіпті дұшпандар жолай алмайды, әсте зиян бере алмайды. Егер уақытша зиян берсе дағы аяты білдіргеніндей мәңгі сауап пен мол бақытқа бөленуге себеп болатындықтан ол зиянның орны еселеп қайтарылады. Әлгі қорғаныс тәсілдері мен мықты бекініс – Ардақты Мұхаммедтің (с.а.у.) шариғаты және көркем сүннеттері. ЕкіНші ишАРА. Жамандыққа тұнып тұрған шайтанның жаратылысы және оның иманды жандарды азғыруы әрі солардың кесірінен көпшіліктің күпірлік жасап жәһаннамға түсуі былай қарағанда келеңсіз де жаман боп көрінеді. Апырым-ай, мұндай жаман нәрсеге Жәмил-і Аләл Ытлақ және Рахим-ы Мұтлақ, Рахман-ы бил-Хақтың мейірімі мен қамқорлығы қалай жол береді, мұндай жағымсыз оқиғаларға неге рұқсат береді?Бұл, көпшіліктің көкейінде жүрген мәселе, әрі бұл туралы көп сұралады.жАуАп: Шайтанның жаралуында азғантай жамандық болғанымен көптеген жалпыға ортақ болымды мақсаттар мен адамзаттың кемелденуі секілді игі істер көзделген. Рас, бір дәннің сонау зәулім ағаш болғанша қаншама мәртебесі болса, адамзаттың да қабілет жағынан мәртебесі сан-алуан. Тіпті жер мен көктей ұзыннан ұзақ созылып жатқан дәрежелері бар. Мұндай зор қабілеттің ашылып жетілуі үшін әлбетте бір әрекет, бір қозғалыс керек етеді. Ондай қозғалыстан болатын даму жұмысы күреспен болары анық. Ол күрес болса, шайтандар мен зиянкес нәрселердің болмысымен іске асады. Әйтпесе, періштелер тәрізді адамдардың да мәртебесі бір қалыпты болып адамзат әлемінде мыңдаған түрлі адамдар болмас еді. Кішкене бір жаманшылықты болдырмау үшін мыңдаған жақсылықтан бас тарту, хикмет пен әділдікке керағар іс. Иә, шайтанның кесірінен көп адам адасып жатқаны рас. Алайда маңыздылық пен құндылық жалпы санда емес сапада, санға көп мән беріле бермейді, кейде мүлдем берілмейді. Мәселен, қолында бір мың он түйір дәні болған адам, дәндерді жерге егіп олар химиялық өзгеріске ұшырау салдарынан оның он түйірі ағашқа айналып қалған мың данасы шіріп кетті. Әлгі он дәннің иесіне түсіретін пайдасы шіріп кеткен мың дәннің орнын басары анық. Сол сияқты нәпсі мен шайтанға қарсы күрес арқылы адамзат әлемін жұлдыздар сияқты нұрландырып тұрған он кәміл адам шықса, солардың саясында адам баласының абыройы артып, мерейі үстем болып жатса әлбетте зиянды жәндіктер сықылды дәрежесі төмен пенделердің кәпір болу арқылы адамзаттың абыройына дақ түсіретін зиянын жуып-шайып кететіндіктен Иләһи рахымшылық, хикмет, әділет шайтанның болуына рұқсат беріп, тиісуіне жол ашып қойған. Уа, иманды жандар! Мұндай қауіпті дұшпандарыңа қарсы қорған, Құранға сәйкес тақуалық; пана болар нәрсе, Расулуллаһтың (с.а.у) көркем

69ОН ҮШІНШІ ЛЕМАсүннеті; ал қару болса истиазе яғни шайтаннан Аллаһқа сиыну және истиғфар яғни Аллаһтан кешірім сұрау, Иләһи қамқорлыққа сиыну.ҮшіНші ишАРА. Сұрақ: Құран Кәрімнің кәпірлердің үстінен қатты шағымдануы әрі аса мән беруі, зәрені ұшыратындай қорқытуы Құранның әділ де орынды сөйлейтін шешендігіне, тиімді тәсіліне, турашылдығына сырттай қарағанда үйлеспейтін тәрізді. Бейне бір әлсіз, бейшара бір адамға қалың әскер жібергендей және Оның болмашы іс-әрекетіне бола мыңдаған ауыр қылмыс жасағандай қаһарын шашуда. Пақыр әрі қолынан ештеңе келмейтін біреуді тым жауыз шірк яғни басқа бір құдрет секілді бағалап оның үстінен қатты шағым айтылуда. Мұның сыры, хикметі неде? жАуАБы: Мұның сыры мен хикметі мынада; Шайтандар мен оған ергендер адасу жолында жүргендіктен азғана әрекетпен көптеген бұзықтықтар жасай алады, азғана қозғалыспен көп шығынға ұшыратып, көпшіліктің құқығын таптайды. Мәселен, патшаның үлкен сауда кемесінде бір адам, азғана әрекетімен тіпті өзіне жүктелген шағын міндетін атқармауы арқылы сол кемемен қатысты қызметкерлердің еңбек, амалдарының нәтижесін болымсыз етіп, жемісін зая қылып, жұмыстың тоқтап қалуына себеп болатындықтан кеменің абыройлы иесі әлгі сотқардың үстінен кемемен қатысты барлық жұмысшылардың атынан үлкен шағым жасап зәресін алатындай қорқытады және оның жасаған кішкене әрекетін емес, ол әрекеттің салдарынан болған орасан зор нәтижені назарға алады, әрі өзі үшін емес сол жердегі қызметкерлердің ақысы үшін өте ауыр жазаға тартады. Сол сияқты мәңгіліктің Иесі, Патшалардың патшасы Аллаһ, жер шары кемесінде тура жолдағылармен бірге болатын адасқандар мен шайтан әскері, сырттай қарағанда азғантай қателік, бағынбау арқылы көптеген мақұлықтардың ақысын жегендіктен және жаратылыстың маңызды міндеттерінің жемістерінің зая болуына себеп болатындықтан олардың үстінен үлкен шағым айтылуы, қатаң ескерту жасалуы, әрі бұзықтықтарының алдын алу үшін көп нұсқау жасалуы шешендік әрі асқан даналық, әрі өте орынды да жөнді. Жағдайдың талабына қарай тауып сөйлеу, бұл әрине шешендіктің дәл өзі, оның анықтамасы болып табылады. Бос сөз, артық ауыз әңгімеден аулақ. Өздеріңе мәлім, азғантай әрекетпен астан–кестенін шығаратын қауіпті дұшпандардан өте мықты да берік қорғанға сақтанбағандар қатты соққы жеп, зардап шегіп өкініп қалары сөзсіз.Міне, ей иманды жандар! Ондай берік те ғажайып қорған, Құран болып табылады. Ішіне кір де аман бол!төРтіНші ишАРА. Жоқ болу өте жаман нәрсе, ал бар болу өте жақсы нәрсе. Мұны зерттеуші ғалымдар мен әулиелер бір ауыздан растаған. Иә, жақсылық, кемелдік, әсемдік атаулы нәрселер бір әрекеттің нәтижесінде яғни бір болған нәрсеге сүйенетіні, соған тікелей байланысты екені белгілі. Сырттай қарағанда жоқтан, себепсіз көрінгенімен негізінде

70ЛЕМАЛАРбір себеппен, жасалған істің нәтижесінде болады. Ал, адасу, жаманшылық, бәле мен күнә тәрізді жағымсыз нәрселердің негізі, қайнар бұлағы жоқ болу мен еш нәрсе істемеу, қабылдамау болып табылады. Ондағы жамандық пен жағымсыздық жоқ болудан, жетіспеушіліктен пайда болады. Негізінде бір қарағанға бір себеппен, бір іс жасалған соң нәтижесі секілді көрінгенмен астарында жоқ болу, қабылдамау, бір нәрсені орындамау жатыр. Өмірде көрініп жүргеніндей бір ғимарат секілді бір нәрсе болуы үшін барлық шарттардың орындалуы қажет. Ал оның бұзылуы, жоқ болуы немесе болмай қалуы үшін бір шартының орындалмауы жетіп жатыр. Әрі болмыс сөзсіз бар, қозғаушы күш, басты маңызға ие бір себеп керек етеді. Ал жоқ нәрсе жоқ нәрсеге сүйеніп жоқ бола береді. Жоқ нәрсе жоққа негіз бола алады. Міне, осы қағидаға сүйене отырып, жын мен адам шайтандары әлемде жойқын бұзақылық, сан-алуан күпірлік, адастыру, жамандық, түрлі сұмдық жасап жатқанымен тырнақтай болсын жарату ісіне араласа алмайды, Аллаһтың әміріне әсте ортақ бола алмайды. Істеген істері бір күш-құдретпен атқарылмайды. Көп шаруаны күшпен, қозғалыспен емес, керісінше қозғалыссыз, әрекетсіз, орындамау арқылы жүзеге асырады. Жақсылықты істетпей жамандық жасайды, яғни нәтижесінде жаманшылық болады. Себебі қауіпті жағдай, жаманшылық бұзу түріне жататындықтан қоздырушы себептің нағыз құдірет, жасаушы күш болуы шарт емес. Оған салыстырмалы түрдегі бір іс немесе бір шарттың орындалмай қалуы жетіп жатады. Міне, осы сыр мәжусилерде, яғни отқа табынатындарға түсініксіз болғандықтан олар, әлемде «ездан» деп аталатын жақсылықтың құдайы және «әхриман» дейтін жамандықтың құдайы бар деп сенеді. Алайда олардың «әхриман» деп жүрген қиялындағы жамандықтың құдайы азғана ерікпен, қолынан жарату келмейтін осылайша жаманшылыққа себеп болатын кәдуілгі мәлім шайтан.Міне, ей иманды жандар! Шайтанның мұндай қауіпті лаңкестігіне қарсы сенімді қаруыңыз, бұзылып қалса жөндеу құралыңыз истиғфар және «әғузубилләһи минаш шайтанир раджийм» деп Жаратушы Иемізге сиыну. Жау алмайтын қорған болса сүннет-і Сәние яғни Пайғамбарымыздың көркем іс-амалдары. БЕСіНші ишАРА. Аллаһ Тағала түсірген аспани кітаптарында адамзатқа Жұмақ секілді зор сыйлық, әрі Жәһаннам секілді ауыр жаза бар екенін қайта-қайта ескертіп отыр, сонымен қатар көптеген тәрбиелік уағыздар, нұсқаулар, ескертпелер мен сақтандыратын немесе құлшындыратын сөздер айтып иманды жандардың тура жолға түсуіне, дұрыс жүруіне осыншама себептер, мүмкіндіктер жасалған бола тұра шайтани топтың құр сөзіне, еш пайдасы жоқ, ақысыз да жағымсыз түкке тұрғысыз арбауларына алдануы бір кездері мені қатты ойландыратын.

71ОН ҮШІНШІ ЛЕМАІштен, апырым-ай, жүрегінде иманы бола тұра Құдайдың сонша қатаң ескертулеріне құлақ аспауы қалай? Олардың иманы қайда? Құранда: дегеніндей шайтанныңөте әлсіз азғыруына еріп Аллаһқа қарсы шығады. Тіпті, менің кейбір таныстарым менен жүздеген ақиқат дәрісінен сабақ ала тұра және өзара қарым-қатынасымыз да жақсы, маған деген құрметі де күшті бола тұра қасиетсіз бір адамның түкке тұрғысыз, рияшыл ілтипатына алданып, соған жақ болды да маған қарсы боп шыға келді. «Фәсубханаллаһ» дедім. Мұндай да адам болады екен-ау! Неткен қасиетсіз жан еді! – деп, әлгі бейшараны ғайбат қылып күнәға баттым. Содан кейін жоғарыда аталған ишаралардағы ақиқаттар көкейіме ашылды да көптеген қараңғы түсініксіз жайттар анықталды. Сол нұр арқылы Құдайға шүкір, көп мәселені түсіндім, яғни Құран Кәрімнің қайта-қайта ескертуі өте орынды екенін, сондай-ақ, иманды жандардың шайтанның болмашы азғыруына еріп кетуі имансыздықтан немесе иманның әлсіздігінен емес екенін, әрі үлкен күнәларды істегендер кәпір болып кетпейтінін, және Мүғтазила мәзһабы мен кейбір Харижия мәзһабының: «Үлкен күнә істегендер кәпір болады немесе иман мен күпірдің ортасында қалады» деген үкімдері қате екенін, сондай-ақ, әлгі менің бейшара таныстарымның да жүздеген ақиқат дәрісін бір алаяқтың ілтипатына айырбастап жібергені мен ойлағандай азғындық, оңбағандық емес екенін түсіндім. Құдайға шүкір ондай қателіктен құтылдым. Өйткені жоғарыда айтылғанындай шайтан, азғантай салыстырмалы түрдегі амалмен адам баласын қауіпті жағдайға душар етеді. Оның үстіне адамдағы нәпсі әрдайым шайтанды тыңдауға даяр тұрады. Бойдағы ашу-ыза мен құмарлық сезімдері де шайтанның арбау-айлаларын қабылдаушы әрі тасылмалдаушы қызметін атқарады. Міне, сол үшін Аллаһ Тағала өзінің «Ғафур», «Рахим» секілді екі есімін имандыларға айқара ашып ұсынып отырады. Құран Кәрімде Пайғамбарларға жасалған орасан зор сыйлық «мағфират» яғни кешірім екенін баяндап, оларды истиғфарға, яғни кешірім сұрауға шақырады. Қасиетті сөзін әр сүренің басындақайталап және әрбір қайырлы іс жасарда айтылуы керектігін әмір ете отырып әлемді қамтып жатқан мол мейірімін, аса қамқорлығын пана, сақтайтын қанат секілді екенін баяндайды әмірімен: сөзін «қорған қылыңдар!» дейді.

72ЛЕМАЛАРАЛтыНшы ишАРА. Шайтанның тағы бір өте қауіпті тұзағы жайлы. Кейбір сезімтал әрі аңғал кісілерге кәпірлікті қиялдауын кәпірлікті мойындап қойғандай көрсетіп шатастырады. Сондай-ақ, адасушылыққа жай ой жүгіртуді адасушылықты қолдау секілді көрсетеді. Және Қасиетті тұлғалар мен киелі заттар туралы жаман ойлар салады. Әрі зати ықтимал мен ақыли ықтималды шатастырады яғни жалпы, негізінде болуы мүмкін нәрсені болайын деп тұрған нәрсе секілді көрсетеді. Осылайша имандағы нық сенімге іштей қарама-қайшылықтар туғызады. Сол кезде әлгі бейшара сезімтал адам өзінің күпірлік жасап, адасып жүр екенмін деп иманының ұшып кеткенін ойлап үмітсіздікке түседі. Ондай үмітсіздік шайтанның тұзағына адамды оңай түсіреді. Шайтан үмітсіздікті әрі әлгі осал тұсты және пенденің шатыстыруын сәтті пайдаланады. Оның я есін шығарады, я «ақыры болар іс болды» дегізіп одан әрі күнәға батырады.Шайтанның бұлай алдатуы қаншалықты негізсіз екені кейбір рисалелерде баяндалған-ды. Қазір қысқаша тоқталып өтейік. Мәселен айнаға суреті шағылысып тұрған жылан шақпайды, оттың да суреті күйдірмейді, нәжіс нәрселердің шағылысып саған көрінуі сенің үстіңді былғамайды. Сол сияқты қиял мен пікір айнасына күпірлік пен ширктің, адасушылықтың, жаман сөздердің ойға келуі сенімді, ақиданы бұзбайды, иманға зақым бермейді, әдепсіздік саналмайды. Себебі мынадай берік қағида бар; жаман сөзді қиялдау оны айтқан боп есептелмейді, сол секілді күпірлікті қиялдау да күпірлік саналмайды, адасушылықты ойлау адасу емес. Енді имандағы күдік мәселесіне келер болсақ, жоғарыда айтылған зати ықтималдар иманға қайшылығы жоқ, ақиданы бұзбайды. Дін негіздері жайлы баяндайтын ілімде мынадай бұлтартпас қағида бар;Мәселен, Барла дейтін көл шалқып жатқанына сенімдіміз. Ал, затында яғни негізінде ол дәл осы сәтте жерге сіңіп жоқ болып кетуі мүмкін. Оған ешкім мүмкін емес деп айта алмайды. Бірақ бұл жоғарыда аталған зати ықтимал болып, бір негізге сүйенбегендіктен ақыли ықтимал санатына жатпайтындықтан күдік туғызбайды. Тағы да соған ұқсас бір қағида; яғни белгілі бір себептен туындамаған зати ықтимал, шүбәландыратындай ақыли ықтимал саналмайды әрі маңыздылығы жоқ. Міне, осындай күдік ауруына шалдыққан бейшара адамдар әлгіндей зати ықтимал салдарынан иман негіздеріне деген сенімін жоғалтып алдым деп ойлайды. Мәселен, Ардақты Пайғамбарымыз туралы, оны адам ретінде қарағанда зати көптеген ықтимал ойлар келеді. Бірақ иманның түбіріне,

73ОН ҮШІНШІ ЛЕМАоның хақ пайғамбар екеніне түк зияны жоқ. Алайда кім зияны тиді деп ойласа зиянға ұшырайды. Әрі кейде шайтан қалбтің (жүрек) үстіне орналасқан «шайтан лүммесі» дейтін жерден Жаратқан Иеміз туралы жаман сөздер айтады. Сонда пенде ойлайды; мұндай жаман сөздерді айтатындай жүрегім бұзылған екен деп, зәресі ұшады. Алайда оның бұлай қорқып, үрейленуі ол сөздің жүректен шықпағанына, яғни әлгі шайтан лүммесінен, немесе шайтан тарапынан сыбырлап жатқанына дәлел.Сондай-ақ, адами сезімдердің ішінен анықтай алмаған бір екі сезім бар. Олар ерік қалауымызды тыңдамайды. Тіпті жауапкершілік жүктелмейтін сезімдер. Кейде адамды сол сезімдер билеген кезде ақиқатқа құлақ аспай, қисық жолға түсіп алады. Сол кезде дереу шайтан әлгі адамды былай деп азғырады: «Сенің ақиқатқа, имандылыққа қабілетің жоқ, әне, көрдің бе, еріксіз қисық жолға түстің. Демек сенің тағдырың солай жазылған сорлысың». Мұны естіген бейшара үмітсіздікке салынып, құрдымға кетеді. Енді ондай арбау, алдауға түскен мүминді сақтайтын не? Зерттеуші асфиялардың айтқан ережелеріне сай белгіленген иман шарттары және Құранның анық үкімдері. Ал, соңғы арбауына қарсы тойтарыс күшіміз, истиязә яғни қуылған шайтаннан Аллаһқа сиыну, сосын аса мән бермеу. Өйткені мән берген сайын назар аудартып, ұлғая ұлғая асқынып кетеді. Мүминнің мұндай дертіне бірден бір шипа, ем болар шара Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сара жолы, көркем сүннеті. жЕтіНші ишАРА. СұРАҚ: Мұғтазилә дейтін ағымның имамдары-ның түсінігі бойынша жамандықтың жаратылуы жаман нәрсе. Сондықтан олар күпірлік, адасу секілді жамандықты жарату ісін Аллаһқа бермейді яғни оны Аллаһ жаратпайды деп өздерінше Жаратқан Иемізді осылай пәктеген болады. «Адам істеген ісінің жаратушысы» деп адасушылыққа салынады. Әрі олардың ойынша «Үлкен күнәні істеген мүмин иманынан айырылады. Себебі Аллаһ Тағалаға сеніп, тозақты мойындағаннан кейін үлкен күнә істеу мүмкін емес дейді. Өйткені дүниелік кішкене бір түрмеге қамалудан қорқу адамды заңға қайшы әрекеттен тыйып, қылмыс жасауға жол бермей жатса мәңгі Жәһәннәм азабы мен Құдайдың қаһарына ұшырау ойы назарына ілікпейтіндей дәрежеде үлкен күнәларды істесе, әлбетте оның иманы жоқ екенін көрсетеді».жАуАБы:Біріншіден, Тағдыр туралы жазылған Рисаледе баяндалғанындай, жамандықтың жаратылуы жаман емес, оны іске асыру жаман. Себебі жарату ісі одан туындайтын барлық салдар - нәтижені қамтиды. Бір жамандық көптеген жақсы нәтижелер туғызуы мүмкін. Сондықтан ондай жамандықты жарату нәтижесі жағынан алғанда жақсы болып, жақсылық саналады. Мәселен, оттың жүздеген пайдалы жақсы нәтижелері бар. Алайда баз біреулер оспадарсыз әрекетімен оттан зиян

74ЛЕМАЛАРшегіп, жаман қылып алса: «Оттың жаратылысы жаман» дей алмайды. Сол сияқты шайтанның жаратылысы да адамзаттың дамып, кемелденуіне септігі тиетіні секілді көптеген хикметке толы нәтиже береді. Сонымен қатар бұрыс пайдалану, қисық әрекеттің кесірінен пенде шайтанға жеңіліп қалып жатса: «шайтанның жаратылуы жаман» деп айта алмайды. Себебі ол өзі-өзіне зұлымдық жасады, жаман болды.Иә, «кәсіп» деген әркімнің бір іске жеке кірісуі. Сондықтан әркімнің өзіне қарайтын жағы, істеген ісінің нәтижесі жаман болуы мүмкін. Ал, жоқты бар қылу, жарату болса жалпыға ортақ, күллі нәтижелерді қамтитындықтан ол тұрғыдан алғанда жаман нәрсенің жаратылуы жаман емес, тіпті жақсы саналады. Мұғтазилә нанымындағылар осы сырды түсінбегендіктен, жаманды жарату жаман, жағымсыз нәрсені жарату жағымсыз деп білгендіктен Хақ Тағаланы пәктеу үшін жамандықты жаратуды оған бермейді. Тура жолдан адасып яғни жақсылықпен жамандық Аллаһтан деген иманның бір шартын өздерінше жориды. ЕкіНші тАРМАҒы: «Үлкен күнәні істеген адам қалай мүмин болып қала береді?» деген сұраққа жауап болса, о баста күнә істеген адамды кәпірге санау қате екені нақты түрде түсіндірілгендіктен меніңше қайталаудың қажеті жоқ. Жалпы адамның нәпсісі аз да болса дайын тұрған ләззатқа құмар келеді. Ол тіпті азғантай болса да біраздан соң берілетін мол ләззаттан артық көреді. Сол секілді кейін болатын ауыр азаптан гөрі дәл қазіргі болатын кішкене азаптан қатты қорқады. Оның үстіне адамды сезім билесе ақылдың айтқанын тыңдамай кетеді. Әуестікке беріліп түкке тұрмайтын дайын кішкене ләззатқа бола кейін болатын үлкен сый-сияпаттан құр қалуға бар. Алдында күтіп тұрған үлкен күйзеліске қарағанда қазір болатын күйзелістен қатты әсер алады. Себебі, әуестік пен сезім келешекті ойламайды, тіпті сенбейді. Оның үстіне нәпсі қозса иманның тұрағы жүрек пен ақыл өшіп қалады. Олай болса, үлкен күнәні істеуді имансыздыққа жатқыза алмаймыз. Ол бір сезім мен әуестік билеген кезде ақыл мен жүректің жеңіліп қалуынан болатын жағдай. Һәм, жоғарыда айтылғанындай, жамандық жасау, әуестікке салыну бүлдіру болғандықтан істеу өте оңай. Сондықтан адам мен жын шайтандары қисық жолға пенделерді тез салады. Таңғаларлық жәйт, хадистің білдіргеніндей мәңгі әлемнің шыбынның қанатындай кішкене нұры мәңгі болғандықтан бір адамның дүниеде өмір бойы алған ләззаты мен байлығынан артық бола тұра, кейбір байғұстар шыбынның қанатына да тұрмайтын дүнияуи ләззатқа алданып, о дүниясын бұ дүнияға айырбастап, шайтанның азғыруына ереді.

75ОН ҮШІНШІ ЛЕМАОсыған байланысты, Қасиетті Құран мүминдерді қайта-қайта ескертіп, жиі-жиі қорқытып, бірде қызықтырып, бірде құлшындырып жақсы амал істеуге шақырып, жамандықтан тыйып отырады. Бірде, Қасиетті Құранның осы қайта-қайта қатаң ескертулері маған мынадай бір ой салды: «Мұнша қайталана беретін ескертулер мен нұсқаулар, иманды жандарды тұрақсыз, қасиетсіз көрсетпей ме?» деген ой туғызады. Адамның абыройын түсіргендей. Өйткені, бір қызметшіге бастығы бір жұмыс тапсырып, оны бір рет айтуы жеткілікті бола тұра оны он рет қайталаса. «Маған сенбей тұрсыз ба? Опасыз жан емеспін ғой» деп шынымен ашуланады. Алайда, Қасиетті Құран қайта-қайта адал мүминдерге қатаң ескерту жасауда.Бұл ой мені мазалап жүргенде екі-үш адал достарым бар болатын. Оларды адам шайтанының арбауына түсіп қалмауы үшін көп ескертіп, жиі сақтандырып отыратынмын. Олар ешқашан «бізді бекерге жазғырасыз» демейтін. Бірақ өзім іштей «Бұларға сенбейтіндей қайта-қайта ескерту жасап, опасыз адамдай жазғырғаным болмас» дейтінмін. Содан жоғарыда аталған ақиқаттың сыры ашылды да Қасиетті Құранның қайта-қайта ескертуі өте орынды, ешқандай да артық емес екенін, қайта хикметке толы әрі шешендік екенін білдім. Әлгі адал достарымның неге ашуланбайтынын түсіндім. Ол ақиқаттың қорытындысы былай: Шайтандар әлемді бүлдіру, адамзатты бұзу үшін әрекет ететіндіктен кішкене амалмен үлкен жамандық жасайды. Сондықтан тура жолда жүргендер өте сақ болып, жіті мұқият болуға және көптеген ескертулерге, демеуге мұқтаж болғандықтан, Аллаһ Тағала жөн сілтеп тура жолға салатын сөздерін қайталай отырып имандыларға өзінің мың бір есімін көмекке ұсынады, өз қамқорлығына алады. Бұл, адамның абыройын түсіру емес, керісінше қамқорлық. Адамның қадірін түсіріп жатқан жоқ, қайта шайтанның бәлесінің жаман екенін көрсетуде. Міне, Уа, хақ жолдағылар мен һидает нәсіп болғандар! Адам шайтаны мен жын шайтандарының аталған әзәзілдерінен сақтанудың жолы әһл-і сүннет уәл жамағаттың жолын ұстану, Қасиетті Құранды паналау, Пайғамбарымыздың сүннетін басшылыққа алу. Сонда дін аман боласыңдар! СЕГіЗіНші ишАРА: СұРАҚ: Жоғарыда, адасып, кәпір болу оңай, өйткені, ол бұзу, ақы жеу болғандықтан көпшілік сол жолды таңдайтынын айтып дәлелдедіңіз. Ал, басқа рисалелеріңізде кәпірлік пен адасушылықтың мүшкіл, қиын екенін, ол жолмен ешкім жүрмеу керектігін, тіпті мүмкін емес, ақылға сыйымсыз екенін баяндап өттіңіз. Ал, иман мен һидает жолы рахат, тым жеңіл болғандықтан жұрттың бәрі сол жолға түсу керек деп дәлелдедіңіз. Бұл қалай?жАуАп: Кәпірлік, адасушылық екі түрлі болады. Бірі; «амали уә фәри» деп аталады, яғни адам өзіне жүктелген міндетті атқармай, қамсыз-

76ЛЕМАЛАРхәрекетсіз болып, иманның үкімдерімен жұмысы болмай, оған сенбейді. Мұндай кәпірлік оңай, ақиқатты мойындамау, тастап кету, тәрк ету, қоя беру, қабылдамау. Міне, рисаледе осы түрі оңай делінген-ді.ЕкіНшіСі; Қамсыз-хәрекетсіз емес, бұл иманның негізіне қатысты, Ислами пікірге байланысты нанымға қарсы үкім айту. Бұл күпірлік тек иман шарттарын қабылдамау ғана емес, оған қарсы пікір айтып, теріске шығару. Бұл, бұрысты қабылдау, дұрыстың бұрысын дәлелдеу боп табылады. Иманның үкімдеріне тек сенбеу ғана емес, керісінше олай еместігін дәлелдеу. Иманды тек қабылдамау болса оңай болар еді, жоқ мұндай кәпірлік қарсы шығып, оның бұрыс екенін дәлелдеуге тырысады.Ал, бір нәрсенің жоқ екенін дәлелдеу қағидасыбойынша оңай шаруа емес. Міне, Рисалей-Нұрда мүмкін емес дейтіндей қиын әрі мүшкіл екені айтылған күпірлік пен адасушылық түрі осы. Бұл жолға титімдей ақылы бар адам түспеуі керек болатын. Рисаледе нақты дәлелденгеніндей, ол жол өте ауыр, уайым-қайғысы көп, қою қараңғы, сондықтан ақылды адам оған жоламауы керек.Егер былай десе: Мұнша қиын да қасіретті боа тұра неге көп адамдар сол жолға түсіп кетіп барады?жАуАБы: Ішіне түсіп кеткен, енді шыға алмай жүр. Әрі адам бойындағы хайуани және өсімдікке тән сезімдер бар. Олар істің соңын ойламайды. Сол сезімдер қозып, күшейіп алғанда адам қисық жолдан шыққысы келмейді. Сөйтіп дайын тұрған кішкентай ләззатқа мәз болып жүре береді. СұРАҚ: Күпірлікте сондай қайғы-қасірет, үрей мен қорқыныш бар екені рас, кәпір өмірдің қызығын көрмек түгіл, уайым мен қорқыныштан зәресі ұшып жүрегі жарылып кетуі керек еді. Өйткені, адам болған соң көп нәрсеге алаңдайды, қызығады, өмірге ғашық. Бірақ өзі кәпір болғандықтан өлім мен аяқталуды мәңгі жоқ болу, құрдымға кету, енді қайтып көріспеу және жақын-жуықтарының опат болуын мәңгі бақи қоштасу деп көреді. Көз алдында мұндай оқиғалар күнде болып жатқанын көрген адам қалай шыдайды, қалай өмір сүріп, қуана алмақ? жАуАБы: Шайтанның шатастырып арбауына түседі дағы өзін-өзі алдап, өмір сүре береді. Жалған ләззатқа мәз болады. Айтады ғой: Түйе құсқа: «Қанаттарың бар екен ұш!» деген екен. Сөйтсе ол, қанаттарын қысып алып: «Мен түйемін ғой!» деп ұшпапты. Бірақ аңшының тұзағына түскенде, аңшыдан жасырынбақ боп басын құмға сұғып жіберіпті. Дәу денесі сыртта, аңшы ұстап алыпты. Сосын оған: «Сен түйемін деймісің, онда жүк тасы!» десе, қанатын жайып жібіріп: «Мен құспын ғой!» деп, жүк тасудан да құтылып кетіпті-міс. Бірақ өзін қорғап, тіршілік ете алмаған соң аңшыларға азық болыпты бейшара. Дәл сол сияқты, кәпір Құранның ақырет жайлы

77ОН ҮШІНШІ ЛЕМАхабарын естіп мүлдем жоққа шығарудан бас тартып, күмәнді күпірлікке түскен.Оған: «Сен өлімді, жалпы аяқталуды мүлдем құрып, жоқ болу деп білесің. Олай болса өлім дарағашы секілді сенің көз алдыңда қасқайып тұр ғой. Қалай өмір сүріп, рахаттанбақсың?» десе, ол Құранның жалпыға ортақ, кең нұрынан пайдаланып, былай дейді: «Өлім деген мәңгіге құрып кету емес, о дүния бар дейді ғой». Немесе «ажал мені көрмей қалсын, қабір таба алмасын, аяқталу деген нәрсе мені айналып өтсін» дегендей түйе құсқа ұқсап басын ғапылдық құмына сұға салады. Сонымен, кәпір өзінің күмәнді күпір көзқарасымен өлімді құрдымға кету, мәңгіге жоғалу деп көрген кезінде Құран мен аспани кітаптардың сөзі оған ахырет жайлы үміт бергендей болып, соған жармасып, күпірліктің қорқынышты уайым-қайғысынан бір сәтке құтылғандай болады. Сол кезде оған: «Мәңгі әлем бар екені рас, бірақ ол жақта рахат өмір сүру үшін дүнияда әрекет-қам жасап машақаттану керек қой». Сонда, ол: «Ондай мәңгі өмір жоқ шығар, босқа әуре болып қайтемін?» деп сылтауратады. Осылайша Құранның о дүния жайлы хабарына сүйеніп мәңгі жоқ болу дейтін қайғыдан құтылып кетеді. Енді хақ діннің шарттарын орындауға келгенде оның да машақатынан құтылу үшін күдік пен күмәнға қашады. Сол үшін кәпір мына дүнияда мүминнен артық рахат өмір сүріп жүргендей көрінеді. Шайтанның мұндай арбауы түк пайдасыз әрі уақытша.Міне, бұл тұрғыдан алғанда Хаким Құранның кәпірлерге де рахымы бар. Өйткені, олар мынау алдамшы дүниенің Жәһаннамдық жүзін көрмей рахат өмірін сүруде. Әйтпегенде, ақыреттегі Жәһаннамды еске салатын мына дүниеде ауыр азап шегіп, өзіне-өзі қол жұмсар еді.Міне, ей имандылар! Сендерді мәңгілік құрдымнан және дүнияуи әрі ақырет Жәһаннамынан құтқаратын Құрани қорғанға келіп кіріңдер! Әрдайым оңға бастайтын Сүннеттің шеңберінен шықпаңдар! Сонда, дүниенің әуресінен және ақыреттің азабынан аман боласыңдар! тОҒыЗыНшы ишАРА. Сауал: Адамзатқа үлгі-өнеге Мұхаммед Мұстафа Алейһиссалату уассалам бастаған пайғамбарлар керуені, тура жолдағы әһл-и һидает соншама Иләһи қамқорлық пен Сүбхани демеуге ие бола тұра, шайтанның артынан ерген адасушылардан неге жеңіледі? Және, жарқыраған күндей Пайғамбарлықтың нұры, және өзінің әсерлі ақиқатымен дүниені дүр сілкіндірген Құран Кәрімнің сәулесі әртарапқа нұрын шашып жатқанда жанында жүрген мәдинелік мұнапықтардың тура жолды таба алмай адасуы неліктен?жАуАп: Бұл екі тармақты маңызды сұрақтың жауабын беру үшін терең негіздерді ескерген жөн. Бұл дүние Халиқ-ы Зүлжәлалдың Жәмали әрі Жәлали екі есімінің негізінде жаратылғандықтан және олар өзінің

78ЛЕМАЛАРүкімдерін түрлі бейнеде көрсеткісі келгендіктен, Аллаһ Тағала өзара қарама-қайшы нәрсені бір-біріне араластыру арқылы алға жылжу, даму, өзгеру, өрістеу секілді үдеріс жасап, бірін-бірі теуіп, итеретін жағдайда жаратқан. Осылайша, оларға хикмет толы пайдасы көп белгілі бір мағынада қарсыласу қабілетін берген. Сөйтіп теріс нәрселер тоғысып, өзгеріс, құбылыс пайда болады да нәтижеде даму, кемелдену жүзеге асады. Әлемде осы заңдылық болатыны секілді, мынау әлем ағашының ең маңызды жемісі болып саналатын адамзат әлемінде де сол заңдылық қатаң сақталады. Соның аясында ғажайып қарама қайшылықтар пайда болып, қимыл-әрекеттер арқылы кемелдену, даму іске асады. Олай болса өркениет пен дамудың бірден бір жолы – шайтанға қарсы күресіп ауыр сынаққа түсу. Міне, осындай тылсым сырдың нәтижесінде әнбиялар да талай рет кәпірлерден опық жеп, жеңіліске ұшыраған. Сол үшін мүлде әлсіз әлгі кәпірлер тобы сонша күш қуатты Әһл-и Хақ жолындағы әнбия-әулияларды уақытша жеңіп, оларға қарсы төтеп беріп отырған. Ал, мұның хикмет сыры мынада: Адасушылық пен күпірлікте болмау, жоқтық және бір істі орындамау, міндетін атқармау дейтін ылғи болымсыз істер болғандықтан, ол жолда жүру оңай, әрекет пен іс-қимыл керек емес. Әрі ол бұзу, қирату болғандықтан өте жеңіл әрі оңай. Сол үшін азғантай әрекет жетіп жатыр. Әрі, ол ақы жеу, шектен шығу болғандықтан азғана амалмен көп зиянын тигізеді. Жұртты қорқыту арқылы табысқа жетеді. Перғауын секілді мақам, мәртебе иеленеді. Және де, істің соңын ойламайтын дайын ләззатқа құштар адам бойындағы хайуани яки өсімдікке тән сезімдердің қанағаттануы, рахаттануы және бостандығы тағы бар. Сөйтіп, ақыл мен жүрек сынды адами сезімдердің нағыз міндеттерінен бас тартқызады, яғни істің соңын неге апаратынын ойлатпайды. Ал, тура жолдағылардың әу баста пайғамбарлардың, одан да жоғарғысы Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ұстанған киелі жолы жоқтық емес, «вужуд» яғни бар болу, дәлелсіз, бекер емес, нақты дәлел болып табылады. Әрі бұзу емес, жөндеу, тоқтау емес, әрекет-қозғалыс, біреудің ақысын жеу емес, әділет, өз шамасын білу және істің соңын ойлау, босқа беталды жүру емес, құлшылық, бағыну. Әрі, нәпсінің перғауындық пиғылын, бейбас жүріс-тұрысын тоқтату. Міне, осы секілді маңызды мәселелерге негізделгендіктен, қасиетті Мәдина қаласының сол кездегі мұнапықтары бейқам жүріп Күндей жарқырап шыққан Нұр Исламға жарғанатқа ұқсап көздерін жұмып, көре алмай мақұрым қалды. Сондай керемет тартымды ақиқатқа қарсы шайтани кері тебу күшінің ықпалында қалып, адасушылықтан, қисық жолдан, кері кетуден бас тарта алмады. Егер былай десе: Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) әлемнің Иесінің Хабибуллаһы яғни Сүйіктісі екені рас. Өзі де сөзі де ақиқат. Қоластындағы әскерінің бір бөлігі періштелер. Бір жұтым сумен бүкіл әскерінің шөлін

79ОН ҮШІНШІ ЛЕМАқандырған, төрт уыс бидай және бір лақтың етімен мың әскерінің қарынын тойдырған кезі болды. Кәпірлердің әскеріне бір уыс топырақ шашып бәрінің көзіне бір-бір уыс топырақ құйылғандай бәрі қашуға мәжбүр болған, тағы сондай мың мұғжиза көрсеткен Раббани қолбасшы Мұхаммед Пайғамбар, неліктен Ұхуд шайқасының соңында, Хунейн соғысының алғашында кәпірлерден жеңіліп қалды? жАуАп: Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) бүкіл адамзатқа жолбасшы әрі имам ретінде жіберілген. Адамдар одан кәдімгі қарапайым тұрмыста және күнделікті жеке өмірінде өнеге алып, Жаратқан Иесіне қалай мойынсұнудың жолын біліп, дұрыс амал жасауды үйренетін. Егер, Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірі түгел ғажайыпқа толы, мұғжиза болса, онда ол адамзатқа үлгі-өнеге, толыққанды Имам, Ұлы Жолбасшысы бола алмас еді.Міне, сондықтан ол қырсықтардың бетін қайтару үшін ғана кей кездері мұғжиза көрсететін. Ал басқа уақыттарда Иләһи заң мен ережелерге басқалардан артық бағынып қағидаларды мықты ұстанатын. Сондықтан да, Раббани хикмет және Сүбхани қалау - шартымен әдеттегі өмірдің өзінде өзгелерден артық мойынсұнатын-ды. Жауға аттанарда үстіне сауыт киетін, жараланып қалатын, зорлық-зомбылық та көретін. Сөйтіп, бүкіл болмысымен Иләһи заңдар мен жаратылыс шарттары бойынша өмір сүрді. ОНыНшы ишАРА: Ібілістің тағы бір қулық-сұмдығы; өзіне ергендерге өзінің бар екеніне күмәндандырып, жоқ екеніне сендіру. Әсіресе, осы кезде материалистік көзқараспен санасы уланғандар бұл белгілі жағдайға күдікпен қарайтындықтан, шайтанның осы қулығы жәйлі азғана айтып өтейік. Адамдар арасында шайтанның ісін істейтін кәдімгі жаман рухтардың болатыны секілді, жындар арасында көрінбейтін жаман рухтардың да болатыны анық жағдай. Егер бұлар адамдағы заттық денеге көшсе әлгі жаман адамдардан аумай қалар еді. Тіпті, бұл жағдайды бұрыс жолдағы бір ағымның уәкілдері былай суреттепті: «Адам пішінді жаман рух өлген соң шайтанға айналады». Иә, күрделі де сапасы жоғары нәрсе бұзылса, сапасыз нәрседен де бетер жаман болатыны мәлім. Мысалы, сүт пен айран ашып, бұзылып кетсе де ішіп, пайдалануға жарай береді, ал май бұзылса жеу тұрмақ у болып кетер еді. Сол сияқты, жаратылыстың ең үстемі болған адам бұзылса ең төменгі хайуаннан да жаман болары сөзсіз. Өйткені, ондай адам шіріген заттың иісінен рахаттанатын құрт-құмысқалар мен уын жайғаны үшін жаны жай табатын жыландар секілді, адасу батпағындағы жамандықтар мен зұлымдық зұлыматындағы сұмдықтардан рахат алатын нағыз шайтанның өзі болып шығады. Иә, адам шайтанының болмысы шайтанның бар екеніне нақты дәлел.

80ЛЕМАЛАРЕкіНшіДЕН: Жиырма тоғызыншы Сөзде жүздеген дәлел арқылы руханилер мен періштелердің болмысы туралы айтқанбыз. Ол дәлелдер шайтанның да болмысына дәлел болады, сондықтан бұндағы айтпақ мәселені сол Сөзге қалдырдық. ҮшіНшіДЕН: Дүниедегі жақсы істерге өкіл болатын періштелердің бар екені қандай анық болса, жаман істердің өкілі жаман рухтардың да, шайтандардың да Иләһи хикмет пен ақиқат талабы бойынша нақты бар екендігі анық. Бәлкім, жаман істерді бүркемелейтін саналы перделердің болуы анағұрлым қажет. Өйткені, Жиырма екінші Сөздің басында айтқанымыздай, әркім әрбір нәрсенің әсем де тамаша ақиқатын көре алмайды, сөйтіп сыртқы жағымсыз жағына қарап, Халиқ-ы Зүлжәлалдың істеріне наразы болуы, Оның рахымына шәк келтіруі және хикметін сынға алып, орынсыз шағымдануы мүмкін. Міне, сол үшін сыртқы себептерді перде етіп, әлгі арыз шағымдар солай бағытталып Халиқ-ы Кәрімді бүкіл нұқсандықтан пәктеуді мақсат еткен. Мәселен, жан алушы Хазіреті Әзірейл періштеге жаман ой тудырмау үшін жан алу ісіне ауру-сырқауды және басқа себептерді перде етіп қойған. Және жөнсіз түрде айтылған шағымдар Хақ Тағалаға бармасын деп жан алуға Хазіреті Әзірейлдің өзін перде етіп қойған. Олай болса, жамандықтардан пайда болатын көптеген наразылықтар мен мінеулер Халиқ-ы Зүлжәлалға бағытталмауы үшін Раббани хикмет шайтанның бар болуын қажет етеді. төРтіНшіСі: Адам кішкене әлем секілді, ал әлем де бір алып адамға ұқсайды. Олай болса мына кішкене адам, әлгі алып адамның мазмұны деуге негіз бар. Кішкене адамда болған үлгілердің асылы әлгі «үлкен адамда» яғни әлемде де бар. Мысалы, адамда еске сақтау қабілетінің бар екені, алып әлемде Лаух-ы Махфуздың яғни тағдырдың жазу тақтасы бар екенін көрсетеді. Олай болса, адамның жүрегінің бір түкпірінде орналасқан, үнемі сыбырлап тұратын шайтанның «лүммесі» деп аталатын, адамға күдік салатын, ықтиярына қарсы, қалауына қайшы әрекет еткізетін сезім бар екенін әркім анық сезеді. Міне, олай болса әлемде үлкен шайтанның бар екеніне бұл да бір дәлел. Шайтанның «лүммесі» мен күдік сезімі бірі құлақ, бірі тіл болса, оны үрлеп сөйлетіп тұрған сыртта бір жаман біреудің яки шайтанның бар екені анық. ОН БіРііНші ишАРА: Кәпірлердің жаман қылықтарына бүкіл әлем, жаратылыс ашуланып, айналадағының бәрі оған наразы екенін Құран Хаким мұғжизалы түрде білдірген. Мысалы, Нұх қауымына қарсы топан су, Сәмуд пен Ад қауымына қарсы қара дауыл, Перғауын қауымына қарсы теңіз толқыны, Қарунға қарсы топырақ қалай қарсы болса, кәпірлер үшін ақырет әлемінде сөзі бойынша Жәһаннам отының гүрілдеген үні қатты

81ОН ҮШІНШІ ЛЕМАшығып, басқа да жаратылыс адасушыларға өз қарсылығын, ашу-ызасын солай білдіреді дейді. Сауал: Қалайша пенделердің түкке тұрмайтын іс-әрекеттері мен күнәлары бүкіл әлемнің ашуын келтіруі мүмкін?жауап: Алдыңғы рисалелер мен ишараларда қайталап айтқанымыздай, күпірлік пен адасушылық, өте үлкен зұлымдық, ол бүкіл әлемге қарсы жасалған жауыздық. Өйткені, жаратылыстың ең үлкен нәтижесі Иләһи Рубубиетке яғни Аллаһқа иман келтіріп, оған мойынұсыну, құлшылық ету. Алайда, адасқандар мен кәпірлер, өзінің күпірлік ниетімен жаратылыстың мақсаты мен себебін яғни құлшылықты жоққа шығарғандығы үшін бүкіл жаратылыстың ақысын жеген болады, әрі бүкіл жараталыстың айналарында жарқырап көрінетін Иләһи Көркем Есімдердің әсем көріністерін жоққа шығарады. Сөйтіп болмыс атаулының қадір-қасиетін түсіріп, намысын қорлаған болады яғни ауыр қылмыс, үлкен күнә жасайды. Және әрбір жаратылыстың жаратылуындағы ұлы мақсатын білмей әрі олар Раббани қызметші дәрежесінде мерейі үстем, құрметті екенін елемей, оларды мағынасыз, босқа тіршілік етіп, сосын мәңгіге жоқ болып кететін мақсатсыз мақұлық деп қадірін түсіріп қорлайды.Міне, адасқан кәпірлер қырсығып, дүниенің жаратылуындағы Раббани хикмет пен бүкіл әлемдегі Сүбхани мақсатты жоққа шығарғаны үшін, айналадағы жаратылыс түгел ашуланады, болмыс біткен наразылық танытады.Уа, болмысы кішкентай бола тұра зұлымдығы зор, салмағы жеңіл, күнәсі ауыр бейшара адам! Жаратылыстың ашуынан, болмыс біткеннің наразылығынан құтылғың келсе, оның жалғыз жолы; Құран Хакимнің қасиетті алаңына кіріп, оны оқу және оны өзіне мықты қорғаныс қылу! Және Құранның нағыз аудармашысы Ардақты Пайғамбарымыз Алейһиссалату Уассаламның көркем сүннетін ұстану! Одан мықтап ұста, толық мойынсұн!ОН ЕкіНші ишАРА: төрт сауал және оның жауаптары.Бірінші сауал: Шектеулі аз өмірде шектеулі күнә үшін шексіз, мәңгіге жалағасатын Жәһаннам азабы әділет пе?жАуАп: Алдыңғы ишаралар, әсіресе өткен Он бірінші ишара нақты дәлелденгендей, кәпірлер мен адасқандардың жасаған қылмысы сұмдық ауыр, баршаға жауыздық болғандықтан оның жазасы да сондай шексіз, мәңгіге жалғасуға тиісті. Екінші сауал: Шариғатта былай дейді: «Жәһаннам жасалған күнә, қылмыстың жазасы. Ал, Жәннат Аллаһтың сыйлығы». Мұны қалай түсінеміз?жАуАп: Алдыңғы ишараларда айқындалғандай, адам өзінің болмашы қалау-еркі мен өзіндік кәсібімен бүлдіру мен жамандыққа ұйытқы болатыны секілді, оның нәпсісі мен әуестік сезімі әрдайым жамандыққа, өзіне

82ЛЕМАЛАРзиян нәрселерге құмар болатындықтан азғантай әрекетінің нәтижесінде туындаған жаман істердің, күнәлардың жазасын өзі тартады. Өйткені, оны нәпсісі қалады, ал өзі соған себеп болды. Жалпы жамандық жоқтан пайда бола беретіндіктен құл оны жасаған боп есептеледі. Хақ Тағала да оны жаратады. Әлбетте, ол ауыр қылмыстың жауапкершілігі мойнына жүктеліп шексіз азаппен жазасын тартуға міндетті. Ал, жақсылық болса, ол бар нәрсе, әрі құдірет күшпен болады. Оны адамның кішкене ерік-қалауы жарата алмайды. Адам оның нақты иесі емес. Және нәпсі де оны қаламайды. Керісінше Иләһи рахым ол жақсылықтың болуын қалап, Раббани құдірет жаратты. Адам болса, оған тек иманымен, ниетімен, тілегімен ғана ие болады және ол жақсылыққа ие болғаннан кейін ол, оған алдыңғы берілген болмыс пен иман нығметтері секілді Иләһи соңсыз жақсылықтардың шүкірі болып саналады. Аллаһтың уәде еткен Жәннаты болса, Рахманның жарылқауымен беріледі. Сырттай қарағанда сый-ақы секілді көрінгенмен ақиқатында Аллаһтың шексіз мейрімінің сыйы. Демек, жамандыққа себеп нәпсі, сондықтан жазалануға да лайық сол. Ал, жақсылықтың себебі де, оны талап ететін де, жарататын да Хақ Тағала. Адам тек оған иманымен ие болады. демек, «Жасаған жақсылығымның ақысын сұраймын» дей алмайды, тек «Мол мейіріміңмен жарылқағайсың!» дей алады. Үшінші сауал: Жоғарыда түсіндіргеніндей, жамандық әр тарапқа тарап көп нәрсені бүлдіретіндіктен бір күнәға мың есе күнә жазылуы керек. Және жақсы, сауапты істі Аллаһ жаратады әрі пенденің тек ниет-тілегі ғана, пенде ешнәрсе жарата алмайды. Сондықтан оған сауап жазылмауы керек еді немесе бір дәреже ғана жазылуға тиіс еді. Неліктен күнәні бір, жақсылықты он не одан да көп есе жазады? жАуАп: Хақ Тағала өзінің шексіз жомарттығы мен кемел рахымын осылайша көрсетуде. төртінші сауал: Адасқандардың табысқа жетіп, істері сәтті болуы, олардың күш-қуатқа ие болып имандыларды жеңіп кетуі, олардың бір ақиқатқа сүйенетінін көрсеткендей. Олай болса, адасқандардың жолында ақиқаттың болғаны, не болмаса имандыларда бір шикілік болғаны десек дұрыс па?жАуАп: Жоқ, әсте олай емес! Адасқандарда ақиқаттың болуы және тура жолдағыларда шикіліктің болуы әсте мүмкін емес. Бірақ, таяз ойлайтын, шайтанның уәсуасасына шырмалған бір топ адамдар солай ойлайды. Олардың ойынша, имандылар хақ жолында болса мұншама жеңіліске душар болмауы керек еді. Өйткені, ақиқат қуатты.сөзі бойынша күш-қуат тек ақиқатта.

83ОН ҮШІНШІ ЛЕМАСауал: Егер имандыларға қарсы шыққан адасқандардың нақты күш-қуаты мен мықты сүйенері болмаса мұнша жетістіктер мен жеңістерге қалайша қол жеткізеді?жАуАп: Имандылардың жеңілісі олардың күш-қуатсыздығынан немесе қасиетсіздігінен емес, сондай-ақ, адасқандардың да жеңісі олардың күш-қуатты әрі сүйенерінің мықтылығынан емес екені өткен ишараларда дәлелденгендіктен, бұл сауалдың жалпы жауабы берілген болатын. Мұнда тек шайтандардың кейбір қулық-сұмдықтары мен арнайы әдістеріне тоқталамыз. Дәл өзімнің көзіммен көргенім, өмірде он жаман адам тоқсан игі жанды тықсырып басым түсіп жатады. Бұған таңғалатынмын. Соңында көзім жеткені: Ол жеңіс, күш-қуаттан келмейді екен, ол қайта бұзып қиратудан, имандылар арасында алауыздықты қоздырып, сезімдерді ұтымды пайдаланудан, олардың әлсіз тұстарын тауып іштеріне от тастаудан және әр адамның табиғатында болатын жаман сезімдерді қоздырып ашу-ыза, өшпендікті өршітуден, ең ақыры рия, екі жүзділік, ар ұждансыз, ұятсыздықпен жасалатын сұрқиялықтар арқылы іске асатынын білдім. Міне, осындай шайтани қулықпен олар имандылардан басым түсіп уақытша жеңіске жетеді. Алайда, аяты мен ұстанымы бойынша, ол шайтанилердің уақытша жеңістері оларға еш пайдасы жоқ, керісінше өздеріне күллі зиян. Ол табыс өздеріне жәһаннамды, ал иман иелеріне жәннатты ұтуына себеп болады. Міне, қисық жолда жүрген әлсіздер қолдарынан түк келмейтін әлсіз бола тұра керемет күшті көрінуі үшін және қоғамдағы елеусіздер жұртқа көрініп атақ-даңқын шығару үшін ғой, мақтаншақ, даңққұмар, екі жүзді адамдар мүмкіндікті пайдаланып аз бір әрекетпен күш көрсетіп, қорқытып, жұртқа зиян беріп, осылайша беделін көтеру үшін тура жолдағыларға қарсы әрекет қылады. Сөйтіп жұрттың назарын аударады. Мұны олар іскерлігімен, күш-қуатпен емес, істетпеу, қарсылық ету, тоқтату арқылы жасайды, яғни бүлдіреді. Тіпті, осындай атаққұмар есалаң біреу атын шығару үшін жайнамазын былғапты. Мақсаты жұртқа көріну, елге атағым шықсын дегені ғой. Тіпті, ол туралы лағынет айтылып жатса әлгі атаққұмарлық сезімі оны да өзіне хош, ұнамды көрсетіпті.Уа, мәңгілік үшін жаратылып, пәни дүниеге құмартып, соған байланып қалған бейшара адам! аятының сырына бір үңілші!

84ЛЕМАЛАРБылай дейді: «Адасқан кәпірлер өлген кезде адамдармен тығыз қатынастағы көктер мен жер шары олардың өлгеніне еш жыламайды, қайта оған қуанады». Аятты былай түсінуге де болады: «Имандылардың өліміне олар жылайды, олардан айырылғысы келмей жабырқап қайғырады» дейді. Өйткені, имандылармен бүкіл әлем бауырлас, оларға дән риза. Өйткені, олар иман арқылы Жаратушыны білгендіктен оларға құрмет көрсетіп, сүйіспеншілікпен қарайды. Адасқандар секілді оларға іштей қастық қылмайды. Уа, адам, ойлан! Сен бәрібір өлесің! Егер сен нәпсің мен шайтанға еретін болсаң, онда көршілерің тіпті жақын тумаларың сенің кесіріңнен құтылуға асығады. Ал егер, «ағузу биллаһи минашайтан-ир раджим» деп, Құран мен Хабибуллаһты тыңдасаң, онда бүкіл әлем сенің дәрежеңе қарай қимастықпен жылайтын болады, сенен айырылғысы келмей мұңая шығарып салады. Бейне бір аза тұтқандай қабір есігін ашып алдыңдағы мәңгілік әлемінде сенің дәрежеңе сай бақұлдасып, алдыңда жарқын болашақ күтіп тұрғанынан хабар береді.ОН ҮшіНші ишАРА: Үш тұжырымнан тұрады.Бірінші тұжырым: Шайтанның сұмдық бір қулығы мынау: Иман ақиқаттарын, Ислам негіздерін ақылы таяз, ой өрісі кем адамдарға мүмкін емес етіп көрсетіп, былай дейді: «Бір ғана Құдірет, барлық құрылымдар мен бүкіл әлемді бір өзі өз билгінде ұстап тұр, дейді. Мұндай мүмкін емес, ақылға қонымсыз нәрсеге қалай сенесің? көңілге қалай қонады?»дейді. Адамның осал тұсынан осындай күпір ой туғызады.жАуАп: Шайтанның бұл сұмдық қулығының аузына құм құятын нәрсе бар, ол «Аллаһу әкбар» сөзі. Иә, оның жалғыз жауабы осы «Аллаһу әкбар»сөзі. «Аллаһу әкбар» сөзінің Исламда кеңінен тарап, қайталана беруі осы сұмдық күдікті жою үшін әдейі жасалған. Өйткені, адамның әлсіз ахуалы, шектеулі ақылы осынша шексіз үлкен ақиқатты тек «Аллаһу әкбар» сөзінің нұрымен көріп көңілі көншиді. Осы «Аллаһу әкбардің» күш-қуатымен ақиқаттарды бойына сіңіріп және осы «Аллаһу әкбар» шеңберінде бәрін өз орнына орнықтырып, өзінің күмәнданған жүрегіне былай дейді: Мынау әлемнің ғажайып алыптығы, өзара үйлесімді екені анық көрінуде. Енді оның сондай тамаша үйлесімді болуын түсінудің екі жолы бар:Бірінші жол: Болуы мүмкін. Алайда мәселе өте күрделі де үлкен, бірақ мұндай ғажайып жаратылыс, мұндай керемет өнер, осындай ғажайып жолмен іске асуға тиісті. Яғни ол жол мынау: бүкіл жаратылыс, тіпті ең ұсақ зәрре бөлшектердің өзі бар екеніне куәлік ететін Ұлы Жаратушы Зат-ы Әхад әрі Самад яғни Аллаһтың қалауымен болған, Оның шексіз Рубубиет билік-ирадесімен жаралған. Екінші жол: Қай жағынан болсын мүмкін емес ширк пен күпір жолы. Ол туралы Жиырмасыншы Мектуб пен Жиырма екінші Сөз сынды

85ОН ҮШІНШІ ЛЕМАрисалелерде барынша анықталған-ды. Егер мұндай екінші жолды мүмкін десек, әрбір жаратылыс тіпті, ең кішкентай зәрре-бөлшектің бәрінде шексіз ілім, асқан құдірет, орасан зор күш болуға тиіс. Сөйтіп, оның бәрі бірігіп мынау ғажайып үйлесім мен теңдессіз өнерді, таңданарлық тәртіп, реттілікті жасаған болуы керек. Мұндай көзқарас әрине ақылға қонымсыз.Сонымен, егер бәріне құдірет-күші жететін шексіз Рубубиет, Иләһи билік болмаса, әрбірі өз бетінші шексіз құдіретті болуы керек болады. Ап-айқын сара жолды тастап, ондай сандырақ жолға түсуді тіпті шайтанның өзі де қаламас еді. Екінші тұжырым: Шайтанның тағы бір сұмдық қулығы мынау: Адамға өз кемшілігін мойындатпау. Сөйтіп пенденің Аллаһтан кешірім тілеу, тәубаға келу жолын жауып тастайды. Әрі адамның өзімшіл нәпсісін желіктіріп, өзін-өзі ақтай алатын, сөйтіп пәктеп дәріптей алатын жағдайға жеткізеді. Иә, шайтанға ерген адам өз кемшілігін көре алмайды, көрсе де сан-саққа жорып сылтау іздейді. сыры бойынша, өзіне риза болатын пенде өз кемшілігін көре алмайды. Ал, кемшілігін көре алмаған соң мойындамайды, кешірім сұрамайды, Аллаһқа сиынбайды. Ақырында шайтанға масқара болады. Алайда, Хазіреті Юсүф (а.с). сынды атақты пайғамбардың өзі:(Мен өзіме сенбеймін тек мейірімді бір Аллаһқа ғана сенемін) деген болса, кім өзі-өзіне сенімді бола алады? Өзін кінәлаған адам кемшілігін көре алады. Кемшілігін біліп мойындаған адам кешірім сұрайды. Кешірім сұраған адам Аллаһқа жалбарына бастайды. Ал, Жаратушысына жалбарынған пенде шайтанның бәлесінен аман қалады. Жалпы, адам өзінің қателігін, кемшілігін көрмеуі, оның жасаған қателігіне де үлкен қателік, зор кемшілік. Кемшілігін мойындамау үлкен кемшілік. Ал, пенде кемшілігін көрсе, енді ол кемшілік кемшілік саналмайды. Ал оны мойындаса кешірімге лайық болады. Үшінші тұжырым: Адамның қоғамдық өмірін бұзып, іріткі салатын Шайтанның бір сұмдығы мынандай: Иманды кісінің жалғыз бір айыбына бола оның барлық жақсылығын жауып көрсетпей тастайды. Шайтанның мұндай арбауына ерген ынсапсыз пенделер мүмин бауырына өшігіп, жек көреді. Негізінде, Хақ Тағала махшар күні амалдарды тартатын өзінің «мизан» таразысында пенделердің жақсылығы жамандығынан ауыр ма,

86ЛЕМАЛАРжеңіл ме, әуелі соны таразылап әділетпен қарайды. Шындығында, күнә жасаудың себебі көп әрі істеу оңай болғандықтан, бір ғана жақсылығы үшін көптеген күнәларын кешіруі мүмкін. Демек бұл дүнияда сол Иләһи нағыз әділдікті басшылыққа алып, өзара солай мәміле жасау қажет. Егер бір адамның жақсылықтары оның жамандықтарынан я сан жағынан, я сапа жағынан асып жатса, онда ол адам құрметке, сүйіспеншілікке лайық болғаны. Демек, адамның бір жақсылығы үшін оның көптеген кемшіліктеріне кешіріммен қарауға болады. Бірақ пенде, бойындағы зұлымдық сезімге беріліп шайтанның азғырғанына еріп, жүз жақсылық жасаған жақсы адамның жалғыз бір ғана айыбы үшін оның бүкіл кісілігін жоққа шығарады. Мүмин бауырына өштеседі, күнәға батады. Мысалы, шыбынның кішкене қанаты көз алдын көлегейлесе тауды да көрсетпей тастайды ғой. Дәл солай, пендені өшпенділік сезім билеген кезде бір адамның шыбын қанатындай ғана бір айыбын көлденең тартып таудай үлкен жақсылықтарын ұмытып мұсылман бауырына дұшпан болады. Ондайлар қоғам өмірінің шырқын бұзып, ел арасына іріткі салып, араздық отын жағады.Шайтанның осыған ұқсас тағы бір сұмдығын айтайын, сол арқылы адамның ізгі ой-пікірін, жақсы пиғылын бұзады. Ол мынау: Иман ақиқаттарына шәк келтіріп, тура пікірлерді, дұрыс ойды шатастырады. Иман ақиқатының жүздеген дәлелдері бола тұра болмашы күдікпен бәрін бүлдіргісі келеді. Алайда, «Бір дәлелдеуші жүз жоққа шығарушыдан үстем» дейтін қағида бар. Яғни, бір дәлелдеушінің үкімі жүз сенбеуші, жоққа шығарушының куәлігін бекерге шығарады. Бұл ақиқатты түсіну үшін мына мысалға назар аудар!Көз алдымызға жүздеген есігі бар үлкен сарай елестетейік. Егер бір есігі ашылса болды сарайға кіруге мүмкіндік туады, басқа есіктері де ашылады. Егер барлық есіктер ашық болып бір ғана есігі жабық болса, сарайға кіре алмау ойға да келмейді.Міне, сол сияқты, иман ақиқаттарын бір сарайға теңер болсақ, имани әрбір дәлел оны ашатын кілт секілді. Оның жалғыз бір есігі ашылмай қалса, ондай имани ақиқаттардан бас тартуға, жоққа шығаруға болмайды. Шайтан болса, бір себептерге байланысты, я ғапылдықтың, я надандықтың кесірінен жабылып қалған бір есікті көрсетіп, басқа барлық дәлелдерді назардан тыс қалдыруға тырысады. «Мына сарайға кіру мүмкін емес, мүмкін ол сарай емес шығар, бәлкім ішінде ештеңе жоқ болар» деп күмәнға салады.Міне, ей шайтанның шырмауына түскен бейшара адам! Рухани өміріңді, жеке тұрмыс-тіршілігіңді және қоғамдық өмірді сау-саламатта болсын десең және ақыл-ойың, ар ұжданың таза болсын десең амалдарыңды, ой-пікіріңді Құранның таразысына салып, Ардақты Пайғамбарымыздың көркем сүннетімен өлшеуді үйрен! Сөйтіп, Құран мен Сүннетті әр қадамыңда үлгі тұт!

87ОН ҮШІНШІ ЛЕМАӘрдайымдеп, Жаратушы Хаққа жалбарын!Міне, осы айтылған он үш ишара он үш кілт деп біл! Баяны мұғжиза болған Құранның ең соңғы сүресі және аятының түсініктемесі болған дейтін сүренің мықты қорғанының болаттай берік есігін әлгі он үш кілтпен ашып, ішіне кір! Сау-сәлеметке қауыш!* * *

Он төртінші Лема(Екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде екі сұраққа жауап беріледі)Ғазиз, адал бауырым Рефет Бей!Сәуір мен Худ туралы яғни Өгіз бен Балыққа қатысты сұрағыңның жауабы бұрынғы рисалелерде жазылған-ды. Ол сауалдарға Жиырма төртінші Сөздің Үшінші тарауында «Он екі асыл» деген атпен он екі маңызды қағидалар арқылы жауап берілген болатын. Ол қағидалар сахих хадистердің астарлы мағыналарын негізге ала отырып, керемет Құрани өлшемдермен хадиске байланысты күдікті ойларды жояды. Өкініштісі сол, дәл қазір ғылыми мәселелерді жазуға кедергі жағдайлар бар. Сондықтан, сауалыңа толық жауап бере алмаймын. Егер көңілге аян болып жатса, онда жазуға мәжбүр боламын. Кейде қойылған сұраққа аян сәйкес келіп қалғанда тамаша жауап беріледі. Осы себептен, барлық сұрақтарға тиісінше жауап бере алмаймын. Енді, бұл жолғы сауалыңа қысқаша жауап берейін. Бұл жолғы сауалың былай болатын: Молдалар: «жер өгіз бен балықтың үстінде тұр» дейді. Алайда, жер шары кеңістіктегі бір ғаламшар емес пе? Астрономия ғылымы ондай өгіз бен балықты жоққа шығарады» жАуАп: Ибн Аббас секілді сенімді адамдардан жеткен сахих хадисте: Ардақты Пайғамбарымыздан (с.а.у.) «жер ненің үстінде тұр?» деп сұрағанда: деп жауап берген. Және бір риуаяттабір рет: деген. Тағы бірде, яғни, бірде өгіз, бірде балық үстінде, депті. Кейбір, хадис ғалымдары Исрайлиаттан қалған мәліметке, яғни ескі діндерден алынған, бұрыннан бері келе жатқан аңыз, қиссаларға қарай бұл хадисті үйлестіруге тырысқан. Әсіресе, Бәни Исрайлдің ғалымдарының ішінен бір топ мұсылман болғандар өздерінің қасиетті

89ОН ТӨРТІНШІ ЛЕМАкітабынан «өгіз бен балық» жөніндегі хикаяларды хадиспен теңестіріп хадистің мағынасын мүлдем өзгертіп жіберген. Ал, қазір осы сауалыңа «Үш негіз» және «Үш жақты» жауап береміз. БіРіНші НЕГіЗ: Бәни Исрайл ғалымдарының бір тобы мұсылман болған соң, олардың кейбір мағлұматтары да өздерімен бірге мұсылман болып, дін Исламның заты боп саналды. Алайда, ол ескі мағлұматтарда қателер аз емес еді. Ал ондай қате пікірлер, әрине олардың өзіне тиесілі, Ислам дініне қатысы жоқ.ЕкіНші НЕГіЗ: Тәмсілдер мен бейнелі теңеулер оқымысты, сауатты қауымнан оқымаған халықтың аузына іліккенде яғни ілімнен шығып надандықтың қолына түскен кезде уақыт өте келе шындығында солай деп қабылданды. Мысалы, бала кезімде айдың тұтылғанын көріп анамнан: «Айға не болды?» деп сұрадым. Анам: «Айды айдаһар жұтып қойды» деді. Мен: «Бірақ, Ай әлі де көрініп тұр ғой?» дедім. Анам сонда: «Балам! Көктегі жыландар әйнек секілді мөлдір болатындықтан ішіндегі нәрселер көріне береді» деп жауап берді. Осы бала кездегі оқиға көпке дейін есімнен кетпейтін. Және, осыншама қисынсыз пікір менің анам сынды зерек адамның аузынан қалай шығады деп, таңғала ойға қалатынмын. Сөйтіп, өсе келе фәләкият (астрономия) пәнін оқып үйренген соң, анам секілді көптеген адамдардың айтып жүрген сөзінің бір ақиқатқа қатысы бар екеніне көзім жетті. Өйткені, Күннің айналу шеңберіне сәйкес келетін «тұтылу нүктесі» деп аталатын үлкен шеңбер мен Айдың айналу шеңберімен екеуі бір бірімен беттескен кезде осы екі шеңбер екі доға секілді пішінге келеді. Ал осы екі доғаны астроном ғалымдар пішінінің ұқсастығына бола, «екі жылан» деген атауды білдіретін «Тинниейн» деп, тапқырлықпен атаған. Міне, осы екі доғаның тоғысу кезіндегі пішініне қарап, «бас» деген мағынаны білдіретін «Рәс» деген атау мен «құйрық» мағынасына келетін «Зенеб» деген атау берген. Ай Рәске, Күн Зенебке келген кезде, астрономия есебі бойынша, «Жердің ортаға түсуі» деген құбылыс болады. Яғни, Жер, Күн мен айдың дәл ортасындағы жазықтыққа дөп келеді. Міне, осы кезде Ай Жердің көлеңкесінде қалады. Жап-жарық болып тұрып қап-қара болып кетеді. Міне, әлгі аңыз бойынша «Ай айдаһардың аузына кірген боп есептеледі». Осындай ғылыми ақиқат көпшіліктің аузына іліккен кезде, Айды жұтатын аспанда кәдімгі бір айдаһар бар секілді ой туғызады. Міне, Өгіз бен балық атты үлкен екі періште дәл осындай себептен, сахих хадис бойынша келген нақтылы мағынасынан ауытқып кәдімгі өгіз бен балық болып шыға келген. ҮшіНші НЕГіЗ: Құранның өзіндік ғажайып бір тәсілі бар. Өте терең мәселелерді тәмсіл, теңеу арқылы көпшілікке дәріс береді. Сол секілді хадистердің де өзіндік тәмсіл тәсілі, астарлы мағыналары бар. Өте терең

90ЛЕМАЛАРмәнді нәрселерді үйреншікті таныс теңеулер арқылы жеткізеді. Мысалы, бір-екі Рисаледе баяндалғандай, бірде Пайғамбарымыз (с.а.у) сахабалармен отырған кезде бір тереңнен естілгендей «дүңк» еткен бір дыбыс естіледі. Сол кезде Пайғамбарымыз (с.а.у): «Жетпіс жыл бойы домалаған тастың ақырында жәһаннамның түбіне түскен кездегі дыбысы» деген екен. Біраздан соң біреу келіп, жетпіс жастағы мәшһүр мұнапықтың өлгенін хабарлайды. Сөйтіп, Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у) өте шебер де, шешен тәмсіл-теңеуінің сыры ашылған екен. Енді, Рефет Бейдің сауалына келейік. Оның «Үш жағы» баяндалады.БіРіНшіСі: Хамале-и Арш уә Сәмауат деп аталатын ғарыш пен көктерді таситын періштелердің біреуі «Нәсір», екіншісінің аты «Сәуір» деп аталады. Осындай төрт періштені Хақ Тағала өзінің Рубубиетіне бақылаушы ретінде тағайындаған. Сол сияқты, Көктердің кішкентай інісі және ғаламшарлардың серігі болған Жерге де екі періштені бақылаушы және көтеруші етіп тағайындаған. Осы екі періштенің біреуінің есімі «Сәуір» (өгіз) де, екіншісінің аты «Хұд» (балық). Бұлай аталуының мәні мынада болса керек: Жер екі түрлі заттан тұрады. Біреуі – су, біреуі – топырақ. Су бөлігін жандандырып тұрғандар балықтар болса, топырақ бөлігін жандандыратын және адам баласының тіршілік көзі егіншілік. Ал егін егу өгіз арқылы жүзеге аспақ, солардың мойнында екені белгілі. Жер шарына жауапты екі періште әрі жетекші, әрі бақылаушы болғандықтан, әрине балық пен өгіз тектестерге бір байланысты жақтары болуы керек. Тіпті, әлгі екі періште мысал әлемі мен мәләкут әлемінде өгіз бен балық бейнесінде көрінуі әбден мүмкін . *Міне, осы ұқсастыққа орай және сондай көрініске байланысты таңғажайып әрі керемет шешен түрде сөйлейтін Пайғамбарымыз (с.а.у.) яғни «жер өгіз бен балықтың үстінде» деуарқылы, жердің әлгі маңызды мағынаға ие екі періштесін арнайы атап, сонша терең де кең мағынаны бір ғана қысқа сөйлеммен әдемі жеткізген.* Иә, жер шары ғарыш кеңістігіндегі Раббани бір кеме секілді, ал жер жүзі адамзат үшін ақырет егіндігі тәрізді. Сондықтан осынау алып кемеге Иләһи бұйрық бойынша капитан қызметін атқарушы періштені Хұт яғни балық, ал егіншілікке қараушы періштені Сәуір яғни өгіз деп атауы керемет жарасып-ақ тұр.

91ОН ТӨРТІНШІ ЛЕМАЕкіНшіДЕН: Мәселен, «Мемлекет және оның билік-салтанатыненің үстінде тұр?» десе, жауап ретінде делінеді яғни, «әскердің қылышының жүзі мен әділ қызметкерлердің қаламының ұшына сүйеніп тұр». Сол сияқты жер жүзі жан-жануарлардың мекені, ал олардың жетекшісі адамдар. Ал адамзаттың өзен-судың айналасын мекендейтін бөлігінің тіршілік көзі балық, әрі күн көріс көзі де балық шаруашылығы. Ал өзен-судан қашықта орналасқан халықтың тұрмыс көзі егіншілік, яғни, жер жырту үшін өгіз басты маңызға ие. Қалайша мемлекет әскер мен қаламның арқасында тұр десе еш сөкеттігі жоқ, сол сияқты жер шары өгіз бен балықтың арқасында тұр десе, ақиқатқа еш қайшылығы жоқ, тіпті тауып айтылған жауап. негізінде өгізбен тынымсыз жер жыртып егін егілмесе және ауланатын балық сансыз уылдырық шашып көбеймесе, жер бетіндегі тіршілік тоқтап қалар еді. Халиқ-ы Хаким Аллаһ жер шарын жойып жіберер ме еді. Мінеки, Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) керемет мұғжизалы да хикметті түрде деген. Адамдардың тұрмыс тіршілігі хайуандардың тіршілігімен тікелей байланысты деген терең ақиқатты екі сөзбен шебер жеткізе білген. ҮшіНшіДЕН: Бұрыңғы астрономия бойынша Күн қозғалады. Күннің қозғалыс шеңберінің әрбір отыз дәрежесін бір шоқжұлдызбен бөлген. Сол жұлдыздар шоғырын бір-бірімен қосатын шартты сызықтар сызылып, бір-бірімен байланыстырып қараса, кейбірі арыстан пішінді, кейбірі таразы суретіне, кейбірі өгіз бейнесіне, кейбірі балық кескініне өте ұқсайды. Осы сәйкестікке қарай, әлгі жұлдыз шоғырларына есімдер берілген. Ал, қазіргі астрономия бойынша Күн айналып жүрген жоқ. Әлгі шоқжұлдыздар бос, қызметсіз қалған. Күн емес жер айналып жүр. Ал, бос қалған шоқжұлдыздар мен бұрыштарды жердің жылдық шеңберіне бөлген. Енді олар жердің жылдық шеңберінен орын алған. Осылайша, жер шары әр айда әлгі жұлдыздар шоғырының біріне сәйкес келіп отырады. Бейне, жердің жылдық шеңбері бір айна тәрізді болып, көктегі жұлдыз шоғырлары сол жерден көрініп тұрғандай. Міне, бұл жағынан алып қарайтын болсақ, Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір сөзінде деген, яғни өгіздің үстінде.

92ЛЕМАЛАРЕнді, бір сөзінде деп айтқан яғни балықтың үстінде дегені әрине ақиқатқа өте сәйкес сөз. Иә, сөз саптауы мұғжиза болған Аллаһ Елшісі көп ғасыр өткен соң ғана түсінікті болатын өте терең ақиқатты шебер түрдебір рет деп, қысқа қайырған. Өйткені, жер шары ол уақытта яғни сұрақ қойылған кезде Өгіз шоқ жұлдызының тұсында еді. Ал, бір айдан кейін сұрағанда деген. Өйткені, ол кезде жер шары Балық шоқ жұлдызының тұсында еді. Міне, болашақта түсінікті болатын терең ақиқатты қысқа-нұсқа жеткізіп, жер шарының айналу әрекетін оның кеңістіктегі саяхатын жұлдыз шоғыры арқылы меңзепдеген. Кейбір көне кітаптарда өгіз мен балыққа қатысты ғажайып әрі ақылға сиымсыз хикаяларға келер болсақ, олар я Исраиляттан немесе тәмсіл, мысалдамалар, я болмаса кейбір хадис ғалымдарының өзінше жорамалы болса керек. Кейін осыларды кейбір пікірі таяз кісілер хадис деп ойлап, Пайғамбарымызға (с.а.у.) теліп қателескен.ЕкіНші САуАЛ: Аба өкілдері жайлы.Бауырым, «Әл-і Аба» өкілдері жайлы* жауап берілмей қалған сауалыңа келейік. Қазір оның өте көп хикметтерінен біреуі ғана баяндалмақ. Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің киген мүбәрак абасын яғни жүн шапанын Хазіреті Али (р.а.), және Хазіреті Фатима (р.а.), және Хазіреті Хасан мен Хүсейіндердің үстіне жауып:аятымен дұға жасауының ерекше сырлары мен хикметтері бар. Сырларына тоқталмаймыз. * Аба өкілдері – Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өзімен бірге қызы Фатима анамыз, Хазіреті Али және немерелері Хасан мен Хүсейін бесеуіне берілген атау. Кейде «Хамсе-и Ал-Аба» деп те аталады. Пайғамбарымыз өзі киіп жүрген шапанын аты аталған асыл жандардың үстіне жауып дұға еткендіктен осылай аталып кеткен.

93ОН ТӨРТІНШІ ЛЕМАПайғамбарлыққа қатысты бір хикметі мынау: Пайғамбарымыз (с.а.у.) ғайыпты яғни болашақты көретін назарымен отыз қырық жылдан кейін сахабалар мен табиғиндердің арасында қан төгілетін бір бүліктің болатынын көрген. Ішіндегі ең ерекше тұлғалар, шапаны астындағы үш тұлға болатынын да білген. Осыған байланысты Хазіреті Алиді (р.а.) бүкіл үмметтің алдында адал екенін және оған жабылған жалалардан пәк екенін білдіру үшін және Хазіреті Хүсейінді (р.а.) жұбату үшін, сондай-ақ Хазіреті Хасанды құттықтап, әрі өзара ауызбірлікті сақтау мақсатында үлкен бүлікті басып үмметіне мол пайда, үлкен жақсылық әкелгенін жеткізу үшін және Хазіреті Фатимадан (р.һ) тарайтын ұрпақтың адал да таза екенін, осылайша өте жоғарғы дәреже Әһл-и Бәйт атына лайықты болатындығын жария ету үшін осы төрт асыл тұлғаға өзімен бірге «Хамсе-и Ал-і Аба» деген атауға ие қылған осы шапанды яғни абаны жамылғы еткен еді.Иә, расында Хазіреті Али (р.а.) халифа болуға әбден лайық еді. Алайда, бүлік кезінде төгілген қан қымбатты жандардың қаны болғандықтан үмметтің назарында оны ақтау, пайғамбарлық міндеті жағынан маңызды болатын. Сол үшін Пайғамбарымыз (с.а.у.) барынша Оны ақтауға тырысты. Оны сынап мінеуші Харижилер мен Әмауилердің асыра сілтеуші тобын тыныштыққа, сабыр сақтауға шақырды. Иә, расында Харижилер мен Әмауилердің Хазіреті Алиды (р.а.) айыптауы, оны адасты деуі, және Хазіреті Хүсейнге (р.а.) қатысты жантүршігерлік оқиға, сондай-ақ, ол туралы Шийттердің асыра сілтеулері мен бидғалары, алдыңғы халифаларды мойындамаулары мұсылмандарға зиянын тигізді. Міне, бұл шапан мен дұға арқылы Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) Хазіреті Али (р.а.) мен Хазіреті Хүсейнді (р.а.) орынсыз айыптаудан, кінәлаудан және үмметті олар туралы жаман ойдан сақтап қана қоймай, сонымен қатар үмметтің ауызбірлігі үшін жасайтын жақсылығын пайғамбарлық тұрғыдан қарап, Хазіреті Хасанды (р.а.) құттықтап отыр. Сонымен қатар Хазіреті Фатиманың (р.а.) ұрпағының ең адал, таза ұрпақ екенін әрі Ислам әлемінде олар Әһл-и Бәйт деп аталып, тарихта алар орны ерекше екенін, сонымен қатар Хазіреті Фатиманың (р.а.)да деп айтқан Хазіреті Мариям анамыз сынды ұрпағымен аты шығып, өте қадірлі болатынын білдірген.* * *

94ЛЕМАЛАРЕкінші бөлім (Орайы келген соң осы жерге жазылды.)\"Биссмилләh-ир Рахман-ир Рахимның\" мыңдаған сырларынан алты сыры баяндалмақ.ЕСкЕРту: \"Биссмилләhты\" Рақымдылық мағынада түсініп, оның жарқын нұры дәрменсіз ақылыма алыстан көрінді. Көргенімді өзіме белгі ретінде түртіп қойғым келді. Сөйтіп, жиырма-отыз тұжырыммен әлгі нұрдың айналасын қоршап, ұстап тұруға тырыстым. Өкінішке орай ойымды толық іске асыра алмадым. Жиырма-отыз емес, қолыма бес-алтауы ғана ілікті.\"уа, адам\" деген кезімде өз нәпсімді мегзеп отырамын. Себебі, бұл дәріс өзіме арналған. Бірақ, жаныма жақын, көзі ашық, көкірегі ояу жандарға, бәлкім, пайдасы тиер деген ниет пен хатқа түсіріп \"Он Төртінші Леманың екінші бөлімі\" деп атап, зерек бауырларыма ұсынуды жөн көрдім. Төрелігін бауырларым бере жатар. Бұл дәріс ақылдан гөрі көңілге қонады, дәлелден гөрі сезімге байланысты.Бұл бөлімде бірнеше сыр баяндалмақ.БіРіНші СыР: Бірде \"Биссмилләh-ир Рахман-ир Рахимның\" жар қын сәулесін былайша көрдім: Бүкіл әлемде, жер жүзінде және адам бойында бірі-бірімен тығыз байланысты, біреуі екіншісінің үлгісі деуге болатын Рубубиет таңбаларының үшеуіне куә болдым. *БіРіНшіСі: Бүкіл әлемді жаппай алып қарағанда, әрбір болмыс өз ара біріне бірі жәрдемдесіп, демеп, арқа сүйейтінін көреміз. Міне, бұл улухиеттің* таңбасы, \"Биссмилләhпен\" қатысты құбылыс.*Рубубиет – толық билік, жан-жақты басқару. Ауд.**улухиет – Жаратушыға тән кемел сипаттарға ие болу. Ауд

95ОН ТӨРТІНШІ ЛЕМАЕкіНшіСі: Жер бетіндегі өсімдіктер мен жануарлар дүниесін үйлесімді етіп, тәрбиелеп, басқарып отырған Рубубиеттегі, яғни, басқарма істерінде көрінетін ұқсастық, үйлесімділік, реттілік, қамқорлық пен мейірімділік. Міне, бұл Рахманиеттің ұлы таңбасы. \"Биссмилләh-ир Рахманмен\" қатысты құбылыс.ҮшіНшіСі: Адамзат бойында өзара қамқорлық, мейірбандық, жанашыр лық секілді Аллаhтың шексіз мейірімінің нұр-сәулелері көрінеді. Міне, бұл – Рахимиеттің ұлы таңбасы. Ол – Биссмилләh-ир Рахман-ир Рахимдегі \"Әррахиммен\" байланысты құбылыс.Демек, әлемді бір параққа теңейтін болсақ, \"Биссмилләh-ир Рахман-ир Рахим\" сол парақтағы Әхадиеттің* үш таңбасынан құралған нұрлы жолдың қасиетті атауы. Және ол мықты да берік арқан, жарқын да нұрлы бір даңғыл жол. Демек, \"Биссмилләh-ир Рахман-ир Рахимның\" ұшы жоғарыдан келіп, әлемнің жемісі әрі оның кішірейтілген үлгісі - адамға тіреліп, онымен ұштасып жатыр. Ол, Адами ғарышқа бастайтын, төбесін көкке көтеретін, жоғары мәртебеге шығаратын ақиқат.ЕкіНші СыР: Қасиетті Құран сансыз жаратылыстағы уахидиеттің** терең сырларын ойлаған ақылдар тұңғиыққа батып кетпесін деп, әрдайым әлгі Уахидиет сырын баяндарда Әхадиеттің нұр-сәулелерін назарға ұсынып отырады.Мәселен, Күн сәулесі шексіз заттарды қамти алады. Жарығы мол Күннің өзін, оның болмысын ұғынып, толық қамту үшін өте кең қиял, ауқымды назар қажет. Сондықтан, алып Күнді ұмыттырмау үшін әрбір жылтырақ нәрсе Күнді шағылыстырып көрсетіп тұрады. Олар өзінің шамасына қарай Күннің суретін ғана шағылыстырмай, сонымен бірге оның жарық, жылу, реңгі секілді сипаттарын да бірге көрсетеді. Жылтырақ біткеннің барлығы Күнді бүкіл сипаттарымен бірге шамасына қарай көрсетеді. Сонымен қатар, Күннің жарық, жылу және жарығындағы жеті түсі секілді сипаттары да әрқайсысы алдындағы бүкіл заттарды толығымен қамтиды.Дәл сол сияқты, (мысалдың айыбы жоқ) Аллаh Тағаланың Әхадиет пен Самәдиет*** сипаттарының әрбір нәрседе, әсіресе, тірі жанда, оның ішінде адамның айна тәріздес жаратылысында барлық есімдерімен бірге нұр-сәулесі болатыны секілді, Уахдет пен Уахидиет жақтарымен де болмыс атаулымен байланысты әрбір есімі болмысты түгел қамтып жатады. Міне, осылайша ақыл, Уахидиет сырын аңғарып, көңіл болса, Зат-ы Ақдесті ұмытпай, Уахидиеттегі Әхадиеттің *Әхадиет – әрбір нәрсені бір өзі жаратуы. Ауд.**уахидиет – барлық нәрсені бір өзі жаратуы. Ауд.***Самәдиет – еш нәрсеге мұқтаж емес, бәрі оған мұқтаж. Ауд.

96ЛЕМАЛАРтаңбасын әрдайым ұғынып, еске алып отырады. Сол таңбаның маңызды үш өзегін \"Биссмилләh-ир Рахман-ир Рахим\" сөзі толық қамтып, айқын көрсетеді.ҮшіНші СыР: Мына он сегіз мың ғаламды жайнатып тұрған – сөзсіз рақым, яғни, Аллаhтың мейірімі. Әрі мына қараңғы әлемді құлпыртып тұрған да күмәнсіз сол рақым. Аса мұқтаж шексіз мақұлықтарды жаратып, жетілдіріп отырған да шүбәсіз сол рақым. Ағаштың бүкіл болмысы жемісіне бағытталатыны сияқты бүкіл әлемді адамның игілігіне жаратып, оған бас игізіп, жан-жақты көмекке жіберіп отырған нақ сол рақымшылық. Сондай-ақ мына шексіз кеңістікті және алып әлемді нұрға бөлеп, әшекейлеп, жайнатып тұрған да рақым екендігі көзге көрінердей анық ақиқат. Әрі мына фәни, өмірі қысқа адам баласын мәңгілікке шақырып, Әзели де Әбәди, яғни бастауы мен соңы жоқ бір Аллаhқа тыңдаушы әрі дос қылған, әлбетте, рақымның нақ өзі.Уа, адам! Рақым осындай мықты әрі тартымды, сүйкімді әрі медет беретін жағымды ақиқат екені рас. Олай болса \"Биссмилләh-ир Рахман-ир Рахим\" деп, сол ақиқаттан мықтап ұста! Сөйтіп үрей мен қорқыныштан, мұң-мұқтаждық пен уайым-қайғыдан құтыл! Әлгі Әзәл мен Әбәд Сұлтанының тағына жанас әрі сол рақымның мейірімімен, шапағатымен, шуағымен ол Сұлтанды өзіңе дос қыл! Онымен тілдес!Рас, әлемдегі сан-алуан жаратылысты хикметті түрде адам баласының қажеттіліктерін толық қамтамасыз ететіндей айналасына шоғырландырып әрі жүйелі түрде қол ұшын бергізіп, бас игізу; міндетті түрде екі жағдайдың бірі. Енді, осы екі жағдайды сарапқа салайық. Әлемдегі әрбір зат, әрбір түр өздігінен адамзатты танып, бас иіп көмектесіп тұрады деген пікір. Әрине, бұл пікір ақылға сыймайды. Ол кезде тым әлсіз, өте дәрменсіз адам баласы құдіреті күшті Сұлтан секілді бәрін өзіне бағындыратын аса құдіретті Қадир болуы керек. Не болмаса, мына әлем пердесінің артында бір Қадир-ы Мұтлақ өзінің ілімімен шексіз қамқорлық жасап отыр. Демек, әлемдегі түрлі мақұлықтар, қоршаған орта, табиғат адамзатты танымайды. Адамзатты танитын, білетін, қамқорлық жасап отырған біреу оны танып, бәрін біліп, көріп отыр. Бұл – соның айғағы.Уа, адам! Ақылға кел! Болмыс атаулының барлық түрін саған мойын-сұн дырып, көмектестіріп, мұң-мұқтаждықтарыңа \"Ләббәйк\" дегізіп, зыр жүгірткен Зат-ы Зүлжәлал (Айбарлы, айбынды) сені білмеуі, танымауы, көр меуі әсте мүмкін бе? Жо-жоқ, Ол сені жақсы біледі әрі білетінін мейірімділік жасау арқылы білдіріп отыр. Олай болса, сен де Оны танып, біл! Оны құрметтеп, айтқанын істеу арқылы танитыныңды көрсет! Һәм мынаны біліп қой! Сен сықылды мүлдем әлсіз, тым пақыр, өте дәрменсіз әрі фәни мақұлыққа алып әлемді қызметші, көмекші етуі, әлбетте, Оның хикмет пен қамқорлығын, ілім мен құдіретін қамтитын рақымы, соның дәлелі. Әлбетте, мұндай рақым, сенен ауқымды әрі шынайы шүкір және кіршіксіз де адал құрмет, ізгі ізет талап етеді. Ал шынайы шүкір мен адал

97ОН ТӨРТІНШІ ЛЕМАқұрметтің белгісі \"Биссмиллә-hир Рахман-ир Рахим\". Соны әрдайым айтып жүр. Оны Рахманның алдында өзіңді мейірімге бөлейтұғын шапағатшы жаса!Иә, әлемде рақымның бар әрі рас екендігі Айдан анық деуге болады. Өйткені, мысалы тоқыма-кестенің дәл ортасында орналасқан, оймақтай боп көздің жауын алатын бір ою-өрнектің әр тарапынан келетін жіптердің оралу реттілігіне байланысты екені белгілі. Сол сияқты мынау әлем ат ты ұшы-қиырсыз кеңістікте мыңдаған Иләhи есімдердің шуағынан иірілген нұрлы жіптер тәріздес бөлшектер, қажетті заттар, әлемнің жүзіне ра қы мның таңбасын басып, соның ішінде Рахимиеттің мөрін және ме йі рімділіктің белгісін тоқып жатыр, яғни мұқтаждарға жәрдем мен қам қорлық жасалып жатқаны сондай, ол таңба Күннен бетер жарқырап, ақыл иелеріне өзін паш етуде.Рас, Күн мен Айды және ұсақ бөлшектер мен жер асты қазба-байлық-тарды, өсімдіктер мен жануарларды бейне бір тоқыма-кестенің жіптері тә різді әлгі мыңдаған есімдердің шуақтарымен ретке келтіріп, тірі жан-дарға қызмет еткізіп отырған және өсімдік болсын, хайуан болсын, олардың аналықтарындағы жанкешті мейірбандық арқылы өзінің шексіз мейірімділігін паш еткен, сондай-ақ жан-жануарларды адамзаттың игілігіне, тұрмыс-тіршілігіне қызметші етіп, сол арқылы Өзінің Рубубиетінің аса ғажайып, әдемі де ұлы нақышын – адамның маңыздылығын – көрсеткен және Өзінің жарқын рақымын сездірген Рахман-ы Зүлжәлал (Айбарлы да айбынды Аллаh) өзінің шексіз байлығы мен мейріміне аса мұқтаж тіршілік иелері, оның ішінде, адам баласы бөленсін деп өзінің рақымын қабыл болғыш шапағатшы қылған.Уа, адам! Адам болсаң \"Биссмилләh-ир Рахман-ир Рахим\" де! Әлгі шарапаты мол шапағатшыны ізде, тап! Иә, жер жүзіндегі төрт жүз мың түрлі өсімдіктер мен жануарлардың ешбірін ұмытпай, жаңылыспай, дер кезінде, мінсіз жүйемен тәртіпті де хикметті түрде, қамқорлықпен жетілдіріп, басқарып отырған, сондай-ақ Жер жаhанның түкпір-түкпіріне Әхадиеттің таңбасын басып тастаған әлбетте, шүбәсіз әлгі рақым. Рақым-ның бар екендігі мына жер жүзіндегі жаратылыстың болмысынан да анық. Тіпті, жер бетінде қанша болмыс болса, рақымның бар екенін растайтын дәлелдер де сонша.Рас, жер жүзінде рақымның таңбасы, Әхадиеттің мөрі толып жатыр. Тіпті адамның мағынауи болмысында да рақымның таңбасы бар. Ол таңба, жоғарыда аталған жер жүзіндегі мейірімділік таңбасынан және бүкіл әлемдегі рақымның ірі таңбасынан асып түспесе кем емес. Ол бейне бір мың бір есімнің шағылысын бір нүктеге түйістіріп тұрғандай жарқын әрі маңызды ақиқат.

98ЛЕМАЛАРУа, адам! Саған мына болмысты берген әрі оған осындай рақым таңбасы мен Әхадиет мөрін басқан Аллаh, сені сандалтып бос қоя беруі, саған мән бермеуі, сенің жүріс-тұрысыңды бақыламауы, саған мойынсұнған бүкіл әлемді мағынасыз, әбес, босқа жаратуы, әрі әлемді жеміс бермейтін шірік ағашқа айналдыруы әсте мүмкін бе? hәм титтей де болсын шүбә жуытпайтын, нұқсандықтан ада, өзінің анық рақымын және жарқырап кө-рін ген айқын хикметін жоққа шығартуы мүмкін бе? Жо-жоқ, әсте мүмкін емес.Ей адам! Біліп қой! Әлгі рақымға бөленудің бір жолы бар, оны миғраж десе де болады. Ол – \"Биссмилләh-ир Рахман-ир Рахим\" сөзі. Осы бір миғраждың қаншалықты маңызды екенін білгің келсе, Қасиетті Құран-ның жүз он төрт сүресінің бас жақтарына қара! Имам Шәфи (Р.А.) секілді Ислам ғұламалары былай деген екен: \"Биссмилләhты\" жеке бір аят деп қарайтын болсақ, Құран Кәрімде жүз он төрт мәрте аян болған\". Міне, бұл сөз \"Биссмилләhтің\" қаншалықты қасиетті екенін көрсетеді.төРтіНші СыР: Мына ұлан-ғайыр, шексіз әлемдегі Уахидиеттің шағылысы тек деген сөзбен әркімге көріне бермейді.Ой сан-саққа жүгіріп, пікір бытырап кетеді. Тұтас түрдегі Уахдеттен Зат-ы Әхадиетті (Әр нәрсені өзі жаратқан жалғыз, дара) ұғынып, деу үшін Жер шарындай алып жүрекқажет. Сондықтан ұсақ нәрселер жалқы түрде Әхадиеттің таң басын анық-қанық көрсеткеніндей әрбір түр де жалпы түрде топтасып Әхадиеттің таңбасын көрсетуі және Зат-ы Әхадты (Әр нәрсені өзі жаратқан жалғыз) ұғындыруы қажет. Сондықтан, әрбір Рахманиет таңбасы ішінен бір Әхадиет таңбасы көрсетілуі тиіс. Сонда әркім кез-келген уақытта еш қиналмастан деп тура Зат-ы Ақдеске үн қатып оғанжүзін бұра алады. Міне, Құран Хаким мұны ескеріп, осындай терең сырды түсіндіру үшін бүкіл әлем, ғарыш туралы айтып келіп, мысалға, көктер мен жердің қалай жаратылғанын баяндап жатқанда, бірден өте тар алаңнан әңгіме қозғайды. Мақсат – Әхадиеттің таңбасын көрсету.Мәселен, аятта Көктер мен Жер туралы баяндап келіп, кенет күрделі адам жаратылысы, оның дауысы, оған берілген нығмет пен хикметтің молшылығы туралы айтады. Осылайша пікір бытырамай, жүрек тұншықпай, рух өзінің Мағбудын, яғни, кімге табынып жатқанын бірден таба қояды.

99ОН ТӨРТІНШІ ЛЕМА Мәселен, аяты, жоғарыда аталған ақиқатты мұғжизалы түрде көрсетеді.Рас, сансыз мақұлықтардағы шексіз Уахдет таңбаларының бірінің ішіне бірі орналасқан шеңберлер тәрізді ең үлкенінен бастап, ең кішісіне дейін түрлері мен мәртебелері бар. Алайда, әлгі уахдет* қанша дегенмен көпшілік ішінде болғандықтан, нағыз үндеуді, яғни, «тек саған ғана құлшылық етеміз» деген мағынаны толық білдіре алмайды. Сондықтан, Уахдеттің артында Әхадиет таңбасы болуы шарт. Сонда көпшілік, яғни, жаратылғандар ойға келмейді. Зат-ы Ақдеске қарай жүрек тура жол табады. Һәм назарларды Әхадиеттің таңбаларына аудару, жүректі бір Аллаh қа бағыттау үшін әлгі Әхадиет таңбасының үстіне өте тартымды бір нақыш әрі өте жарқын бір нұр, шырындай тәттілік, өте сүйкімді бір жамал, өте күшті ақиқат болып табылатын рақым таңбасы қойылған. Міне, саналы мақұлықтардың назарын өзіне тартып әкететін және Әхадиетке жеткізетін сол рақымның қуаттылығы. Зат-ы Әхадиетті ұғындыратын да сол. Осылайша деген аяттағы нағыз үндеутолық мағынасына ие болады. Міне, \"Биссмилләh-ир Рахман-ир Рахим\" Фатиханың мазмұны, Құранның ықшамдалған қысқа да нұсқа жиынтығы болғандықтан, осы айтылған терең сырдың мәні-мағынасы болып отыр. Бұл мағынаны түсініп, мәнісін білгендер рақымның кең алаңына шығып, жоғары мәртебелерінде еркін самғайды. Әрі осы шапағатшыны сөйлеткендерге рақымның сырлары ашылып, Рахимиеттің нұрлары мен мейіріміне куә болады.БЕСіНші СыР: Бір сахих хадисте былай делінген: немесе осыған ұқсас.Бұл хадисті кейбір тариқатшылар иман негіздеріне қайшы келетіндей оғаштау түрде тәпсірлепті. Тіпті, олардың ішінде кейбірі адамның мағынауи бейнесіне Рахманның суреті деп қарапты. Мұндай Әһл-і ғашық көбіне истиғрақ әрі илтибас халде болатындықтан, яғни, ақиқатты ауыстырып алып, яки, тереңге шомып кетіп шатастырып алатындықтан ақиқатқа керағар түсініктері үшін, бәлкім, кешірілетін шығар. Бірақ, ақылмен парқына барып, олардың иман негіздеріне қайшы түсініктерін саналы түрде қабылдағандардың үзірі болмайды. Ондай көзқарасты қабылдаса жауап *уахдет – барлығын, жаппай бір Аллаhтың жаратуы. Ауд.

100ЛЕМАЛАРбереді. Иә, бүкіл әлемді бейне бір зәулім сарай, бір үй тәрізді жүйелі тәртіппен басқарып отырған және жұлдыздарды ұсақ бөлшектер тәрізді хикметпен әрі оп-оңай шыр айналдырып, зыр жүгірткен, ең ұсақ бөлшектерді тілал ғыш қызметшілер тәрізді құрдай жорғалатып, жұмсап отырған Зат-ы Ақдестің серігі, теңдесі, қарсыласы, ұқсасы жоқ әрі болмайды да. Сол сияқты аятының сырына сүйене отырып, оның суреті, ұқсасы мен үлгісінің болуы әсте мүмкін емес. Дегенмен: аятының сырына және теңеуіне сүйеніп, Оның істеріне, сипаттарына, көр кем есімдеріне қарауға болады. Демек, істеріне назар аудару мақ сатымен теңеу, яғни, мысалдама келтіруге болады.Енді, әлгі сахих хадистің көптеген мақсаттарынан біреуін алайық. Оның мағынасы – Адам, Рахман есімін толық көрсететін бейнеде деген. Иә, әлгінде баяндалғандай, әлемде мың бір есімнің шұғылаларынан Аллаhтың Рахман есімі көрінеді. Жер жүзінде де Рубубиеттің шексіз көріністерінен Рахман есімі байқалады. Сол сияқты адамның күрделі болмысы да шағын мөлшерде жер мен әлем секілді әлгі Рахман есімінің толық көрінісін көрсетеді деген мағынада айтылса керек. Және Зат-ы Рахман-ир Рахимның дәлелдері мен айналары болып табылатын тіршілік иелері, оның ішінде адам баласы Зат-ы Уажиб-үл Ужудты растайтын дәлелдерге толық ие әрі Оны анық-қанық көрсете алады. Мәселен, Күнді шағылыстырып, оның үлгісін көрсетіп тұрған айнаға, оның жылтырақ әрі дәлелінің анықтығын мегзеп: \"Мына айна күн секілді, күнге қатты ұқсайды екен\" дейді ғой, сол сияқты \"Адамның болмысында Рахманның суреті бар\" дегені, оның дәлелдігінің анықтығына, тығыз байланыстылығына ишара ретінде айтылған әрі айтылады да.Сондай-ақ \"әhл-и уахдет-үл-ужудтың*\" жөні түзу тобы осы сырға сүйене отырып, әлгі дәлелдердің анық әрі мықтылығын, тығыз байланыстың кемелдігін мегзей отырып \"Лә мәуджүдә иллә hу\", яғни, \"одан басқа болмыс жоқ!\" деген.


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook