Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Лемалар

Лемалар

Published by risalekz, 2022-10-04 08:53:50

Description: LEMALAR

Keywords: Лемалар Lemalar

Search

Read the Text Version

151ЖИЫРМАСЫНШЫ ЛЕМАБіРіНші СЕБЕп. Хақ жолындағылардың алауыздығы ақиқатшыл болмағандығынан емес. Сондай-ақ, дүниеқоңыздар мен бейқамдардың ауызбіршілігі де ақиқатшылдығынан емес. Дүниеқоңыздар мен саясатшылардың және оқымыстылар мен белгілі қызметі, өзіндік орны, міндеті бар топтардың, жамағаттардың, сондай-ақ әр түрлі ұйымдардың атқарар міндеттері нақты белгіленген. Әлгі міндеттері үшін алатын ақшалай, заттай, сондай-ақ, қошемет, атақ секілді* рухани ақылары айқындалған және бөлініп берілген. Алауыздық, айтыс-тартыс, бақталастық туғызар себептер жоқ. Сондықтан олар, қаншалықты бұрыс жолда жүрсе де бір-бірімен тіл табыса алады.Ал, діндарлар мен білімділердің сондай-ақ, тариқатшылардың атқарар қызметтері жалпыға ортақ. Бұл дүниедегі ақылары да нақты айқындалмаған. Әрқайсысының қоғамдағы орны, лауазымы белгіленбеген. Сондықтан бір орынға көп адам үміткер әрі заттық не рухани сый-ақыға көптеген үміткерлер ұмтылады. Бұл жағдайда олардың араларында алауыздық туып, достық қастыққа, ауызбіршілік араздыққа айналады.Мұндай қатерлі дерттің дауасы – ықылас. Яғни шындыққұмарлықты нәпсіқұмарлықтан жоғары ұстап, ақиқат әрдайым нәпсі мен менменшілдіктен үстем тұруы тиіс. сырына бөленіп қолда барға қанағат ету, халықтан ақшалай, заттай не рухани ақы алмай** * Халықтан сый-құрмет сұралмайды. Оны халықтың өзі береді. Берген күнде де оған масаттануға болмайды. Масаттанса ықылас қашып, рия араласады. Атаққұмарлық мақсатпен халықтың қошеметiне бөлену, атқарылған еңбектің ақысы да, сыйлығы да емес. Ол – керiсiнше ықылассыздықтың жазасы. Иә, қайырымды істің негiзi – ықылас. Атаққұмарлықпен жеткен сый-құрмет, қошемет ықыласқа зиян. Ол қабір ауызына дейін өткінші ләззатқа бөлеп содан соң, қабір азабы секілді жағымсыз бейнеге енедi. Сондықтан атақты болуды армандамай, қайта одан қорқып қашу керек. Атаққұмарлар мен даңқ соңында жүгіргендердің құлақтары шуласын!** Сахабалардың Құранда «исар» деп мадақталған мінезінен үлгі алу. Яғни, сыйлық пен садақа берілгенде өзінен басқаны артық көру. Және дін жолындағы қызметі үшін ақы сұрамай, оны іштей де талап етпей, тек Аллаһтың жарылқауы деп біліп, халықтан ешнәрсе алмай, дінге қызмет еткенін міндетсінбеу керек. Өйткенi ықыласты жоғалтпау үшін, дінге қызмет еткеннің ақысы ретінде бұл дүниеде еш нәрсе сұралмауы тиіс. Иә, олардың заттай-тұрмыстық қажеттілігін үммет бір тұрғыдан қамтамасыз етуi керек шығар, ақылары да болар, лайық болуы да мүмкін. Дегенмен, оны сұрауға болмайды, ол беріледі. Берілген жағдайда да қызметімнің ақысы деуге болмайды. Мүмкіндігінше қанағат етiп, өзгенi өзінен әлдеқайда лайық деп Аятынан сабақ алса, әлгi қауiп-қатерден құтылып, ықыласты болады.

152ЛЕМАЛАРсырына бөленіп халық арасында абыройлы болу, жақсы әсер қалдырып құрметке бөлену Аллаһ Тағаланың ісі, Оның жарылқауы. Ал, дін жаю мен діни насихат адамның өз міндеті. Жақсы әсер қалдыру, құрметке бөлену оның міндеті емес. Адам осыны түсіну арқылы ғана ықыласқа қол жеткізеді. Әйтпесе, ықыласы бұзылады.ЕкіНші СЕБЕп. Хақ жолынан тайған азғындардың ауызбіршілігі арсыздығынан, ал хақ жолда жүргендердің алауыздығы намысқойлығынан болып отыр. Яғни, бейқам дүниеқоңыздар, Хақ жолынан тайған азғындар хақ пен ақиқатқа сүйенбегендіктен әлсіз әрі намыссыз келеді. Қор болғандықтан күш-қуатқа мұқтаж. Сондықтан басқалардан жәрдем алуға, өзара бірігуге бейім тұрады. Тіпті, азғындық жолда болса да ауызбіршіліктері мығым. Өз әділетсіздіктерінде бір әділетқұмарлық, әлгі адасушылық ішінде ықылас бар сияқты әрекет етеді. Әлгі дінсіздікте атеистер сияқты қасарысады, әрі ондай арандатушылықта ынтымақ құрады. Табысқа жетеді. Өйткені жаман істерде де шынайы ықылас босқа кетпейді. Рас, ықыласты түрде кім не қаласа, Аллаh береді.* Ал, хақ жолындағылар мен діндарлар және білім мен тариқат жолындағылар, хақ пен ақиқатқа және әрқайсысы тек Раббысын ойлап, оның таупығына сүйенеді. Сөйтіп өз жолынан нәр алып рухани абыройға бөленеді. Әлсіздігін сезсе, көмекті адамнан емес, Аллаhтан сұрайды. Ұстанған жолының тысындағылардан көмек алуды қажетсінбейді. Ынтымаққа мұқтаждықты сезінбейді. Оның үстіне менмендік пен көкіректігі болса, өзін дұрыс, ал қарсыласын бұрыс деп ойлап, ауызбіршілік пен ынтымақтың орнына алауыздық пен бәсеке басталып, ықылас қашады. Негізгі міндеті атқарылмай, тоқырауға ұшырайды. Міне, осы қатерлі себептің салдарынан зиянды нәтижелерге ұшырамауға «тоғыз әмір» яғни тоғыз шарты бар.Біріншісі: Жағымды әрекет ету, яғни өз жолының сүйіспеншілігімен әрекет ету. Басқа жолдағылармен араз болу, оларды кемсіту, олардың ой-пікірін, ілімін сынап-мінеу сықылды жат қылықтардан аулақ болу.Екіншісі: Ислам шеңберінде қайсыбір мешреп, ұстанған жол болсын, араларында сүйіспеншілікке, бауырластыққа, ауызбіршілікке ұйытқы болатын көптеген байланыстар бар екенін ойлап, ынтымақта болу.Үшіншісі: Қандай да бір тура жолдағы адам, басқаның ұстанған жолына килікпеуі керек. Яғни: «менің жолым тура, хақ немесе әлдеқайда жақсы» деуге құқы бар. Бірақ, басқаның жолын бұрысқа шығаратындай немесе жағымсыз етіп көрсететіндей «менің жолым ғана хақ, дұрысы тек менікі ғана» деуге хақы жоқ.* Иә, ақиқат дәстүрі. Мағынасы терең де ауқымды. Бізді де қамтып, ішіне алуы мүмкін.

153ЖИЫРМАСЫНШЫ ЛЕМАтөртіншісі: Хақ жолындағылармен бірігу, асыл дініміздің өркен жайып абыройы үстем болуына, Аллаhу Тағаланың таупығына бөленуге бірден-бір себеп екенін естен шығармау...Бесіншісі: Азғындар мен адасқандар жәрдемдесудің арқасында жамағат бейнесінде, қуатты бір рухани тұлға түрінде шабуыл жасаған кезде, сол рухани тұлғаға қарсы, ең күшті деген жеке тұлғаның өзі жеңіліп қалатынын біліп, хақ жолындағылармен бірігіп бір рухани тұлға болып, азғындардың әлгі қауіпті рухани тұлғасына қарсы бірігіп, ақиқатты сақтап қалу.Алтыншысы: Шындықты жалғанның үстемдігінен құтқару үшін.жетіншісі: Нәпсісі мен менмендігін...Сегізіншісі: Бұрыс түсінген ар-намысын...тоғызыншысы: Болмашы бәсекелесуді қойып ықыласқа қол жеткізеді, міндетін толық атқарады.* ҮшіНші СЕБЕп. Хақ жолындағылардың алауыздығы қайратсыздығынан емес. Сондай-ақ, хақ жолынан тайған азғындардың ауызбіршілігі де аса қайраттылықтан емес. Хақ жолындағылардың алауыздығы қайрат-жігерлерін бұрыс пайдаланудан. Ал азғындардың ауызбіршілігі жігерсіздіктен туындайтын әлсіздігі мен бейшаралығынан. Хақ жолындағылардың жігерін сарқып, оны теріс пайдалануы, сөйтіп одан алауыздық пен бәсекеге баруы ақырет тұрғысынан жағымды қасиет саналатын сауап пен ақыреттік іске құштарлықтан. Яғни, «мына сауапты мен алайын, бұл адамдарға тура жолды мен көрсетейін, мені тыңдасын»деп, бауырының шынайы сүйіспеншілігі мен көмегіне мұқтаж бола тұра бәсекелестік рай танытады. «шәкірттерім неге оған барады? Неге оның шәкірттеріндей көп шәкіртім жоқ?» деп сол арада бойын менмендік билеп, мансапқорлық деген жаман қылық танытып ықыласы бұзылады. Екiжүздiлiк қаупі төнеді.Міне, бұл қателіктің және рухани ауыр індеттің емі мынау: «Шынайы ықылас қана Аллаh Тағаланың ризашылығына бөлейді. Зор табысқа жету, iзінен ерушілерді көбейту Аллаһты риза қылатын амалдар емес. Осыны түсіну керек. Өйткені, олар Аллаһтың ісі болғандықтан пенде одан сұралмайды, ондай табыс пен жетістіктер кейде өзі беріледі. Кейде бір ауыз сөз пендені тозақтан құтқарып, Иләһи ризашылыққа бөлеуі мүмкін. Олай болса соңынан ерушілердің аз-көптігіне көп мән берілмеуі тиіс. Өйткені * Тіпті сахих хадис бойынша, ақырзаманда христиандардың шынайы діндарлары Құран жолындағылармен бірігіп, ортақ жаулары дінсіздікке қарсы күреседі дейді. Сондықтан бүгінгі таңда діндарлар мен ақиқатшылар өз діндестері, әріптестері, бауырларымен шынайы бірігіп қана қоймай, тіпті христиандардың шынайы діндар дінбасыларымен де араздыққа себеп болатын мәселелерді уақытша тоқтатып, айтыс-тартыс қылмай, ортақ жау, анталаған дінсіздерге қарсы бірігуге мұқтаж.

154ЛЕМАЛАРкейде бір адамның тура жолға түсуі мың адамның тура жолға түсуінен артық болып, Аллаhтың ризашылығына бөленуге себеп болады. Һәм ықылас пен шынайылық дегеніміз, мұсылмандардың қайдан, кімнен болса да рухани пайда көруін мақұл көріп, соған жақ болу. Әйтпесе, «дәрісті менен ғана алсын, мен сауаб алайын» деген ой менмендік пен нәпсінің бір айласы.Уа, сауапқа тойымсыз, ақыреттік істерге қанағатсыз адам! Кейбір пайғамбарлар ізiнен ерушiлерi санаулы ғана болса да, пайғамбарлық міндетін толық атқарып мол ақысын алған. Демек, ізінен ергендерді көбейту өнер емес, өнер – Аллаhтың ризашылығына бөлену. Жұрт менi ғана тыңдасын деп ашкөздiкпен өз мiндетiңдi ұмытып, Құдайдың ісіне араласатындай сен өзіңді кіммін деп ойлайсың? Мойындату, халықты үйіріп алу Аллаhтың ісі. Сен өз міндетіңді атқар! Аллаhтың ісіне араласпа!Сондай-ақ, хақ пен ақиқатты тыңдаушылар және оны айтқан адамға сауап жаздыратындар тек адамдар ғана емес қой. Аллаhтың саналы мақұлықтары, руханилары мен періштелері әлемнің әр тарапын толтырып, безендiрiп тұр. Сен көп сауап алғың келсе, шынайы ықыласты бол! Тек, Аллаhтың ризашылығын ойла! Сонда сенің аузыңнан шыққан әрбір мүбарак сөзiң ықыласпен және адал ниетпен жанданып тіріледі де сансыз саналыны нұрландырады әрі саған сауап жаздырады. Мәселен, сен «Әлхәмдулилләh» десең, бұл сөзің Аллаhтың құдіретімен миллиондаған үлкенді-кішілі «Әлхамдулилләh» болып ауаға тарайды. Наққашы-Хаким Аллаһ әбестік пен ысырап жасамайтындықтан әлгі мүбарак сөздерді тыңдайтын құлақтарды жаратады. Егер ықылас пен адал ниеттен манағы сөздер жанданса, әрқайсысы ләззаты мол тәтті жеміс сияқты руханилардың құлақтарына құйылады. Ал егер, айтылған сөздерде шынайы ықылас болмай Аллаh ризашылығымен жанданбаса, тыңдалмай жетім қалады. Тек айтқан ауызға мүбарак сөздің сауабындай сауап жазылады. Дауысы онша әуезді болмағандықтан немесе тыңдаушылар аз деп тартыншақтайтын қарилардың құлақтары шуласын!төРтіНші СЕБЕп. Тура жолдағылардың өзара бәсекелесіп жік-жік болуы істің соңын ойламағандықтан немесе ақылының таяздығынан емес. Ал, адасқандардың ымырашыл ынтымақтастығы істің соңын ойлаудан немесе көрегендіктен емес. Тура жолдағылар яғни әһли-хидает, хақ пен ақиқаттың ықпалымен нәпсінің соқыр сезіміне берілмей, жүрек пен ақылдың келешектi уайымдауына құлақ асады. Сонымен қатар өз бағыттары мен ықыласты сақтай алмағандықтан әлгі жоғары мәртебеге ие бола алмай жік-жік болып бөлiнуде. Адасқандар яғни әһли-далалет болса, нәпсі мен әуестіктің әсерінен азғантай дайын олжа мен өткінші ләззат үшін және келешекте берілетін мол ләззатты тәрк ететін соқыр сезімнің ықпалымен бір-бірімен ынтымақтасып, мықты одақ құруда.

155ЖИЫРМАСЫНШЫ ЛЕМАИә, дүниелік дайын ләззат пен пайда үшін азғын, ниеті жаман нәпсіқұмарлар шын көңілмен бас қосып, ұйымдасуда. Ал, тура жолдағылар ақыретке тиісті және келешекте берілетін пайдаларға және кемелдiктерге жүрек пен ақылдың қасиетті қағидаларына сүйеніп көңіл бөлгендіктен, бұлтарыссыз тура бағыт, шынайы ықыласпен және нағыз жанкештілікпен ынтымақтасу қолдарынан келе тұра, менмендіктен құтыла алмай, ақырында асыра сілтеу немесе жеткіліксіз қалдыру себепті екпiндi қуат болып табылатын ауызбіршілікті жоғалтып, ықыластан айрылуда. Мұндай жағдайда ақыреттік істері де оңбайды. Аллаhтың ризашылығына да оңайлықпен бөлене алмайды. Осы қауіпті аурудың емі: «Әл хуббу филләһ» сырымен хақ жолда жүргендерге серік болып, оларды мақтан тұту, солардың соңынан еру және имамдықты соларға беру, Хақ жолындағы адамның өзінен әлдеқайда жоғары екендігін ойлап, менмендіктi қойып, ықыласқа қол жеткізу, аз ғана ықыласты іс көптеген ықылассыз істерден артық екендігін ескеріп, жауапкершілігі мол, қауіпті де ауыр басшылық ісін тастап, қызметші болуды артық санау. Сонда ғана әлгі аурудан құтылып, шынайы ықыласқа қолы жетеді, ақыреттік міндетін адал атқарады.БЕСіНші СЕБЕп. Әһл-и хидаеттің өзара араздығы, жік-жік болып бөлінуі олардың әлсіздігінен емес. Сондай-ақ, әһл-и ғафлет пен әһл-и далалеттің ынтымағы да мықты, қуатты болғандықтан емес. Әһл-и хидаеттің ұйымдаспау себебі қуатты иманның беретін күшті демеу және сол демеуден пайда болатын күш-қуат. Ал, әһл-и ғафлет пен әһл-и далалеттің ынтымағы, көңілге демеу таппай, дәрменсіз болғандығынан. Өйткені, демеуге мұқтаждығын сезінген әлсіздердің ынтымақтары берік болады. Ал, өз қажеттілігін толық сезіне алмаған қуаттылардың ынтымақтары әлсіз келеді. Мысалы, арыстандар түлкілер сияқты бірігуге мұқтаж болмағандықтан жеке-дара өмір сүреді. Жабайы ешкілер қасқырдан сақтану үшін үйір құрады. Демек, әлсіздердің ұйымы яғни өзара ұйымдасқан рухани тұлғасы қуатты келеді. Ал қуаттылардың ұйымы әлсіз болады.*Бұл сырға Құран Кәрім былайша астарлы ишара, аса нәзік ишара еткен. сөйлемінде әйелдер қауымының саны арта түссе де ер адамға тиісті (арабша ер адам айтты деген) етістігін қолдануы, * Еуропадағы ұйымдардың ең күшті, ең әсерлісі, белгілі бір мағынада ең мықтысы әйелдер құрған «Америка әйелдерінің еркіндігі мен құқығы» деп аталатын ұйым екен. Һәм, басқа ұлттарға қарағанда саны аз әрі әлсіз армян ұлты құрған ұйым мықты екен. Олардың жанкешті түрдегі ұйымшылдықтары осы айтқанымызға дәлел.

156ЛЕМАЛАРал, сөйлемінде ер кісілердің жамағатына деп, әйел адамға тән етістікті қолдануы; әлсіз әрі жұмсақ мінезді әйелдердің ұйымы күшейіп тіпті, жойқын күшке ие болатындықтан еркекке тәнетістікті пайдаланған яғни деген. Бұл сөз саптаудың ең озық үлгісі, таңғажайып шешендік. Ал, қуатты еркектердің, әсіресе, бәдәуи арабтардың жамағаты өз күшіне сенгендіктен әлсіз болып, оларда сақтық пен жұмсақтық пайда болатындықтан бір жағынан алғанда әйелге тән қасиетке ие болғандықтан Құран Кәрім деп әйел адамға қатысты етістікті қолданған.Рас, әһл-и хақ яғни хақ жолындағылар күш-қуат, өзіндік демеу болып табылатын Аллаһқа иман және тәуекел мен тәсiлiмге берiлiп, басқаға мұқтаждығын сезініп көмек сұрамайды. Сұраса да ықылассыз. Ал, дүниеқоңыз адасқан топ болса, шын демеудің не екенін білмегендіктен шарасыз қалып өзара жәрдем іздеп жанығады, жанкештілікпен ұйымдаса қалады. Міне, әһл-и хақ ынтымақтың нағыз қуатын ойламағандықтан және іздемегендіктен орынсыз алауыздыққа түсіп, зиян шегіп отыр. Ал, ақиқаттан алыс әһл-и далалет болса, әлсіздіктері арқылы өздерін мақсатқа жеткізетін себептердің өте маңыздысына, яғни ынтымаққа қолдары жеткен. Міне, әһл-и хидаеттің осы бір алауыздық дертінің емі – жік-жікке бөлінуге қатаң тыйым салатын аятындағы Аллаһтың ескертуі мен аятындағы қоғамдық өмірде үлкен маңызға ие Иләһи әмірді тыңдау; алауыздықтың Ислам үшін аса зиянды екенін ойлау, яғни әһл-и далалеттің әһл-и хаққа үстемдік етуіне көмектесу болып табылатынын түсініп, аса бір әлсіздік пен дәрменсіздікті өздеріне шапағатшы етіп әлгі әһл-и хақтың көшіне жанкешті әрі шынайы түрде еру; менмендігін ұмыту арқылы екіжүзділік пен жасанды іс-әрекеттен құтылып, ықыласқа қол жеткізу. АЛтыНшы СЕБЕп. Әһл-и һидаеттің бастарының қосылмауы қарақан басын ойлаудан да, опасыздықтарынан да, жігерсіздіктерінен де емес. Сондай-ақ бейқам кәпірлер мен адасқандардың дүниелiк істердегі ауызбіршілігі мәрттіктен де, көпшіліктiң қамын ойлаудан да, жігерлі

157ЖИЫРМАСЫНШЫ ЛЕМАболғандықтан да емес. Керiсiнше әһл-и хақ ақыреттiк пайдаларды көбірек ойлайды. Сол маңызды мәселелерге күш-жігері де, ынтасы да, мәрттігі де көбірек жұмсалады. Қолындағы байлығын, яғни уақытын көптеген мәселеге жұмсағандықтан әрiптестерімен ынтымақ құруға уақыты тапшы. Себебі атқарылар шаруа көп, алаңы да кең.Ғапыл, адасқандар тек бұл дүниелік өмірді ойлағандықтан, бүкіл күш-қуатын жан-тәнімен дүниелік мәселелерге жұмсауда. Өз шаруасына көмектескендерге жабыса кетеді. Олар есі ауысып бір тиындық шыны сынықтарын мың теңгеге сатып алған зергер яһуди секілді, негізінде бес тиынға тұрғысыз мәселелерге аса қымбат уақытын жұмсауда. Әлбетте, осынша баға беріп күш-жігерін, уақытын жұмсап, шын көңілден ықылас танытқандықтан әлгіндей шаруада табысқа жетіп, шын ықыластың арқасында теріс жолда болса да хақ жолындағыларды жеңіп отыр. Сол жеңістің нәтижесінде хақ жолындағылар қор болып, айтқанын істеп, жасанды әрекеттерімен көзбояушылыққа салынып, ықыласты жоғалтады. Әлгі алаяқ, екіжүзді дүниеқоңыздарға жалбақтауға мәжбүр болады.Уа, хақ жолындағы бауырлар мен әділдікті сүйіп, әділетті жақтаушы шариғатшылар мен тариқатшылар! Мына сұмдық алауыздық дертіне қарсы бір-біріңнің кемшілігіңді көрмеуге тырысып, айыбына көз жұмыңдар! аятының әдебімен әдептеніңдер! Сыртқы жаудың шабуылы кезінде, ішкі алауыздықты қойып, тура жолдағыларды қорлықтан құтқаруды ең бірінші және ең маңызды ақыреттік міндет деп біліңдер. Жүздеген аяттар мен хадистерде әмір етілген бауырмалдық, сүйіспеншілік және жәрдемдесуді бар ынтамен ұғып, діні бір бауырларыңмен ұйымдасып дүниеқорлардан бетер ынтымақта болыңдар! Яғни, алауыздыққа жол бермеңдер! «Алтын уақытымды мұндай түкке тұрғысыз нәрселерге жұмсап жоғалтқанша, зікір секілді қымбат істерге жұмсайын» деп, ауызбіршілікті әлсіретіп алмаңдар! Себебі, мына рухани, пікіри жиһад кезінде кішкентай мәселе деп ойлағаныңыз үлкен мәселе болуы мүмкін. Бір жауынгердің қиын шарттарда бір сағаттық күзеті кейде бір жылдық ғибадат болып есептеледі. Сол сияқты хақ жолындағылардың жеңіліске ұшыраған мына заманда, рухани жиһадтың кішкентай бір мәселесіне жұмсалған сенің қымбат бір күнің, әлгі жауынгердің бір сағаты секілді, мың есе көбейіп, бір күнің мың күнге пара-пар болуы ықтимал. Аллаһ үшін болғандықтан бұл мәселелерге үлкен-кіші, маңызды-маңызсыз деп қарауға болмайды. Аллаһ ризалығы үшін, ықыласпен жасалған кішкентай нәрсе таудай болады. Себептің мәнісіне емес нәтижесіне қарау керек. Түпкі мақсат пен нәтиже Аллаһтың ризашылығы және оның негізі ықылас болғандықтан ол мәселе кішкентай емес, керісінше үлкен.

158ЛЕМАЛАРжЕтіНші СЕБЕп. Хақ жолындағылардың алауыздығы мен бақталастығы қызғаныштан да, дүниеқұмарлықтан да емес. Сондай-ақ дүниеқоңыздар мен бейқамдардың ауызбіршілігі ақкөңілдігінен не жомарттығынан да емес. Хақ жолындағылар ақиқаттан пайда болатын ұлылықты, қайратты, сондай-ақ хақ жолда жүріп жасалатын сайыстың ережесін-сүннетін шын мағынасында толық сақтай алмағандықтан әрі маман еместердің бұл іске араласып бұрыс пайдалануы кесірінен, өзара бақталастырып алауыздыққа салынып, нәтижесінде өздеріне де Ислам әлеміне де зиянын тигізуде. Бейқамдар мен адасқандар болса, құмартқан пайдаларынан айырылып қалмау үшін және сол пайда үшін ауыз жаласқан бастықтарымен және жора-жолдастарымен тіпті олар оңбаған әрі сатқын болса да шынайы ауызбіршілік жасауда. Өздері опасыз, әрі қарақан басын көп ойлайтындықтан пайданың айналасына жиналған кіммен де болсын тіл табысуда. Осының нәтижесінде пайдасын да көреді.Уа, басы бәлеге душар болып, ауызбіршілігін жоғалтқан хақ жолындағылар! Мына аумалы-төкпелі заманда ықыласты жоғалтқандықтан және Аллаһ ризасын басты мақсат тұтпағандықтан тура жолдағылардың осындай жеңілісіне, қор болуына себеп болдыңдар.Діни, ақыреттік істерде бақталастық, көре алмаушылық, қызғаныш болмауы тиіс. Болуы да мүмкін емес. Өйткені, қызғаныш пен көре алмаушылық бір нәрсеге көп қолдың ұмтылуынан, бір шенге көп көздің тігілуінен, бір нанды көп ауыздың жегісі келуінен пайда болады. Міне бұлар бақталастыққа, қызғанышқа, қақтығысқа әкелетін себептер. Дүниеде бір нәрсеге көп адам талап қылады. Ал дүние болса қысқа, әрі өткінші. Адамның сансыз талап-тілегін қанағаттандыра алмайды. Сосын бақталастық пайда болады. Алайда, ақыретте бір адамға көлемі бес жүз жылдық* кең Жәннат сыйланып, жетпіс мың сарай мен қор қыздары берілетіндігін, Жәннаттықтар жағдайына риза болатындығын, ақыретте бақталастық тудыратын нәрсе жоқ екенін мегзейді.Олай болса, ақыретке қатысты салих, сауапты істе бақталастық болмайды, қызғаныш орынсыз. Қызғанған адам екіжүзді. Ол салих амалымен дүниелік * Назар аударарлық маңызды бір сұрақ. Хадисте бір адамға ортақ Жәннаттан бес жүз жылдық өзіндік Жәннат беріледі дейді. Осы ақиқат бұл дүниелік ақылға сыймайды?Жауап: Мысалға бұл дүниеде, әркімнің өзіндік өткінші дүниесі бар. Ол дүниенің тірегі - адамның өз өмірі. Ішкі-сыртқы сезімдермен әлгі өзіндік дүниені көреді, пайдаланады. Күн - шам, жұлдыздар - шырақтар дейді. Басқа мақұлықтардың болуы оның иелігіне кедергісі жоқ, қайта одан сайын безендіріп, құлпырта түседі. Дәл сол сияқты, бірақ одан мың есе артық әрбір мүминге Жәнатта берілетін мыңдаған сарайлар мен хор қыздары, бау-бақшалардан басқа, ортақ Жәннаттан әркімге ана басы мен мына басы бес жүз жылдық жеке Жәннат беріледі. Әркім дәрежесіне қарай дамыған сезімдері арқылы сол Жәннатқа лайық түрде пайдаланады. Басқалардың болуы оның иелігіне, пайдалануына нұқсан келтірмейді, қайта қуат береді.

159ЖИЫРМАСЫНШЫ ЛЕМАпайда іздеп жүр, я болмаса барып тұрған надан. Ол салих амал не үшін жасалатынын, әрі салих амалдың рухы, негізі ықылас екенін білмейді. Бақталас болу себепті Аллаһтың әулиелеріне (достарына) дұшпандық ойлап, Аллаһтың мол мейірімін кінәлауда.Осы ақиқатты нақтылай түсетін бір оқиға: Ескі достарымыздың ішінде біреуінің басқа біреуге дұшпандығы бар еді. Оның көзінше әлгі дұшпанының салих амалдары мақталып, тіпті өзі әулиедей марапатталып, жақсы сипаттары баяндалды. Әлгі адам мұны әсте қызғанбады. Сонда әлгі жерде біреу тұрып былай деді: «пәлі, сенің ол дұшпаның батыр әрі күшті екен!». Байқаймын, әлгі сөз ол адамның қызғаныш пен бақталастық сезімін оятып жіберді. Сонда біз оған былай дедік: «Әулиелік пен тақуалық; мәңгі өмірдің жақұтындай зор байлық, жоғары мәртебе. Сен мұнысын еш қызғанбадың. Дүниелік қара күш өгізде де болады, батырлық жыртқыш хайуанда да болады. Бұлар әулиелік пен тақуалықтың қасында қарапайым шыны тәрізді түкке тұрғысыз нәрселер».Сонда әлгі адам, былай деді: «Рас, ол екеуміз бұл дүниеде бір жерге, бір орынға көз тіккен болатынбыз. Ол жерге жету үшін күш-қуат пен батырлық керек болатын. Сол үшін қызғандым. Ал, Ақыреттік мәртебелер шексіз ғой. Ол бұл жерде менің дұшпаным болса да, ол жерде шынайы да сүйікті досым болуы мүмкін».Уа, әһл-и ақиқат пен әһл-и тариқат! Хаққа қызмет – үлкен де ауыр қазынаны көтеріп жүру және оны сақтау сияқты жауапкершілігі мол шаруа. Ол қазынаны тасушыларға қаншама күшті білектер көмекке келсе, сонша жеңілдей түсіп, қуантып тастайды. Шынайы сүйіспеншілікпен әлгі келгендердің өзінен артық тың қуаттарын, күшті әсерлерін мақтана қошаметтеп, құрмет көрсетудің орнына, бақталасып, мұндай көмекші достарға алакөзбен қарап, ықыласты жоюдың жөні бар ма? Міндеттеріңе кінә артылып әһл-и далалеттің назарында, сендерден және сендер ұстанған жолдан жүз есе төмен болып саналатын дінді пайдаланып дүние табу және ақиқат ілімін күн көру үшін пайдалану, ашкөздене бақталасу сияқты жаман ат тағылып айыпталасыңдар. Бұл індеттің жалғыз емі бар. Ол – нәпсісін айыптау, өзін кінәлау және әрдайым нәпсісіне емес әріптесіне жақтасу.Жеке өзіндік әрі кең Жәннатын құлпырта түседі.Рас, адам бұл дүниеде бір сағаттық бауда, бір күндік саяжайда, бір айлық елде, бір жылдық көрмеде саяхат еткенде аузымен, көзімен, құлағымен, зауқымен, тілімен және басқа да сезімдерімен қалай пайдаланса, дәл сол сияқты әлгі бір сағаттық бауды шектеулі пайдаланатын мына фәни дүниедегі тіл, мұрын тағы да басқа сезімдер, мәңгі дүниеде бір жылдық баудан дәл солай пайдаланады. Бұл дүниеде көз бен құлақ бір жылдық көрмеден қанша пайдаланса, ол жерде бес жүз жылдық көрмедегі саяхаттан сонша ұшан-теңіз, бастан-аяқ әсем дүниеге лайық түрде пайдаланады.Әр мүмин шамасына қарай, дүниеде жинаған сауаптарына, игіліктеріне сай және дамыған сезімдерімен зауық алып рахатқа батады, пайдасына жаратады.

160ЛЕМАЛАРҒұламалар арасында Ислами әдептілік пен ғылыми тартыста мынадай бір ақиқатқұмарлық пен ынсаптың ережесі бар екен: «Егер бір мәселенің талқылануы барысында сөзінің дұрыс шыққанын қалап, дұрыс болғанына қуанса және қарсыласының жаңылысқанына риза болса, ол адам ынсапсыз, hәм зиян шегеді.» Себебі, сөзі дұрыс шықса, білмеген нәрсесін үйрене алмайды, әрі тәкаппарлықтың кесірінен зиян шегуі мүмкін. Егер, қарсыласы жеңіп шықса, ешқандай зияны жоқ, қайта білмеген нәрсесін үйреніп, нәпсінің тәкәппарлануынан құтылады. Демек, ынсапты, шыншыл адам, ақиқат үшін нәпсісін ауыздықтай алады. Қарсыласының сөзі дұрыс шықса риза болып жақтайды, әрі шындықты үйренгені үшін қуанады.Міне, осы ережені әһл-и дін, әһл-и ақиқат, әһл-и тариқат, әһл-и ілім өздеріне үлгі тұтса ықыласқа ие болады. Ақыреттік міндеттерін адал атқарып, табысқа жетеді. Аллаhтың рахымымен қазіргі пәлекет рухани құлдыраудан құтылады.* * *

жиырма Бірінші Лема(ықылас жайында)Он жетінші Леманың, он жетінші тарауының жеті мәселесінің төртінші мәселесі еді, ықылас жайында болғандықтан жиырмасыншы леманың өте нұрлы екінші тұжырымы деп аталды. Нұрлылығына орай жиырма бірінші лема болып «Лемалар» жинағына енді.Бұл Лема кемінде он бес күнде бір рет оқылып тұруы тиіс.Уа, ақыреттік достарым мен Құран қызметіндегі жолдастарым! Білесіңдер және біліп алыңдар! Бұл дүниеде, әсіресе ақыреттік қызметтерде басты мәселе, үлкен күш, қабыл болғыш шапағатшы, арқа сүйер берік сүйеніш, ақиқатқа төте жол, қабыл болғыш рухани дұға, мақсатқа жеткізетін бірден-бір себеп, шынайы қасиет, адал құлшылық – ықылас болып табылады. Аталған қасиеттер, яғни жарқын нұр, мол қуат ықыласты болуда екендігі рас. Сондай-ақ, мына аласапыран заманда, қас дұшпандармен бетпе-бет тұрған қысылтаяң сәтте, бидғаттар көбейіп, азғындық артқан кезде, біз өте аз әрі дәрменсіз, пақыр болсақ та өте ауыр әрі ауқымды, жалпыға ортақ, қасиетті Иман мен Құран қызметі Аллаh жарылқап мойнымызға жүктеліп отыр. Әлбетте, бәрінен бұрын жан-тәнімізбен ықыласты болуға мәжбүрміз әрі міндеттіміз. Сондай-ақ, ықыластың сырын бойға сіңіруге өте мұқтажбыз. Әйтпесе, осы кезге дейінгі атқарған игі қызмет тоқырап, босқа кетіп, қатаң жауапқа тартыламыз. аятындағы Аллаһтың ызғар шашқан ескертуі бізге арналған болады. Мәңгі бақытымызды зақымдайтын мағынасыз, түкке тұрғысыз, зиянды әрі өкінішті, өзімшілдік пен екіжүзділік

162ЛЕМАЛАРсияқты жағымсыз сезімдерге беріліп, болмашы бір пайда үшін ықыластан жұрдай болудың кесірінен осы қызметтегі барлық бауырларымыздың ақысын жеген болып есептелеміз, һәм Құран қызметіне тосқауыл, hәм иманның киелі ақиқаттарын құрметтемеген болып табыламыз.Уа, бауырларым! Маңызы зор игі істің тосқауылдары көп болады. Шайтандар мұндай адамдарды көбірек азғырады. Мұндай кедергілер мен шайтандарға қарсы ықыластың қуатына сүйенген жөн. Ықыласты бұзатын нәрселерден жыланнан, шаяннан қашқандай қашыңдар. Хазіреті Жүсіп Ғаләйhиссәләмның дегеніндей жүгенсіз нәпсіге сенім жоқ. Менмендік пен нәпсі сендерді алдап соқпасын. Ықыласқа жету, оны сақтау және тосқауылдарды жою үшін мына қағидалар жетекшілерің болсын.БіРіНші ҚАҒиДА. Амалдарды Аллаhтың ризалығы үшін істеңдер. Егер Ол разы болса, жұрттың бәрі безіп кетсе де оқасы жоқ. Егер Ол қабыл алып, бүкіл халық наразылық білдірсе де ештеңе етпейді. Ол разы болып, қабыл алып, қалаған соң, хикметіне үйлесетін болса, сендер қаламасаңдар да халыққа мойындатады, оларды да риза қылады. Сондықтан, бұл қызметте тек қана Аллаhтың ризашылығына қауышуды басты мақсат деп білу керек.ЕкіНші ҚАҒиДА. Құранға қызмет етіп жүрген бауырларыңа мін тақпаңдар. Оларға менің адамгершілігім сенікінен жоғары дегендей, қызғаныш сезімін оятып, қытығына тимеңдер. Себебі, адамның бір қолы екінші қолымен бәсекелеспейді, бір көзі екінші көзін мінемейді, тіл құлаққа қарсы шықпайды, діл рухтың айыбын көрмейді ғой. Керісінше, бір-бірінің нұқсандықтарын толықтырып, жыртығын жамап, қажет кезінде көмектесіп отырады, жүгін жеңілдетеді. Әйтпесе ондай адам рухынан айырылып, өмір шырағы сөнеді, денесі ыдырап шашылып қалады. Сондай-ақ, бір фабриканың жабдықтары бір-бірімен бақталас болып, аяқтан шалып, тосқауыл болып, бір-біріне үстемдік етпейді. Бір-бірінің ағаттықтарын көріп, мінеп, еңбекке деген ынтасын жойып, тежемейді. Қайта бір-бірінің бағытын ортақ мақсатқа бағыттау үшін барынша жәрдем етеді. Нағыз бірлік, ынтымақпен негізгі мақсатқа қадам басады. Егер шөкімдей тосқауыл, үстемдік араласса ол фабриканың астан-кестеңі шығады. Нәтижесіз болып түкке аспай қалады. Фабриканың иесі де ондай фабриканы тас-талқан етіп бұзып тастайды.Уа, Рисалей-Нұр шәкірттері және Құран қызметшілері! Міне, сендер мен біз, сондай бір «кәміл адам» атына лайық рухани тұлғаның ағзаларымыз. Мәңгі өмірдегі мәңгі бақытқа дайындайтын фабриканың жабдықтарымыз. Мұхаммедтің (С.А.У.) үмметін бақыт жағалауы «Дар-үс Сәламға» шығаратын Раббани кеменің қызметшілеріміз. Әлбетте, төрт адамнан бір мың бір жүз он бір тұлғалық рухани күш тудыратын ықыластың сырын тауып, өзара бірлесуге, арқа сүйеуге мұқтаж әрі мәжбүрміз. Иә, үш жердегі

163ЖИЫРМА БІРІНШІ ЛЕМАбір бөлек-бөлек тұрса үш, ал сандық сырымен бірлессе бір жүз он бір болады. Төрт жердегі төрт он алты, ал достық сырымен, мақсат бірлігімен, атқарар міндеті тұрғысынан теңдесіп, бір сызыққа келіп, иық тірессе, төрт мың төрт жүз қырық төрт шамасындай күш-қуатқа ие болады. Сол сияқты шынайы ықыластың сырымен он алты жанкешті достың рухани күші төрт мың адамның күшінен асып кеткенін көптеген оқиғалар дәлелдейді. Бұл мәселенің сыры мынада: Нағыз, шынайы ынтымақта әрбір дос, басқа достарының да көздерімен көре алады, құлақтарымен де ести алады. Шынайы бірлескен он адамның әрқайсысы жиырма көзбен қарайды, он ақылмен ойлайды, жиырма құлақпен естиді, жиырма қолмен жұмыс істейді деуге болады. Осындай бір рухани күш пен құндылыққа ие болады.* ҮшіНші ҚАҒиДА. Барлық күш-қуат ықыласта және ақиқатта екендігін біліңдер. Иә, ақиқат пен ықыласта күш-қуат бар. Тіпті, әділетсіздердің өзі әділетсіз істеріне шын ықыласты болғандықтан бойларына күш-қуат бітеді. Ия, ақиқат пен ықыласта қуат бар екеніне мына қызметіміз дәлел. Осы қызметіміздегі кішкене ықыластың өзі айтқанымызды растап, өзіне-өзі дәлел болады. Өйткені, өз елімде және Стамбулда жиырма жылдан астам атқарған ғылыми және діни қызметіме қарағанда, бұл жерде сендермен бірге атқарылған жеті-сегіз жылдық қызмет жүз есе жемісті. Бір қызығы, өз елімде және Стамбулда менімен бірге еңбек еткендердің саны сендерден жүз, тіпті мың есе көп болса да, мен бұл жерде жалғыз, кіріптар, кәріп халде, ынсапсыздардың зомбылығын көріп, сегіз жыл бойы сендермен бірге атқарған қызметімді бұрынғы қызметімнен жүз есе жемісті қылған рухани күш, сендердің ықыластарың екеніне шүбә жоқ. Һәм мынаны да айта кетейін: Шынайы ықыластарың арқылы абырой мен даңққа құмар нәпсімді қолпаштаушы көзбояушылықтан құтылуыма аз да болса себеп болдыңдар. Құдай қаласа, толық ықыласқа қолдарың жетіп, менің де ықыласымды арттырарсыңдар... Хазіреті Али (Р.А.) өзінің мүғжиза тәрізді кереметімен және Хазіреті Ғаус-ы Ағзам (Қуддуси Сыррухи) өзінің ғайып жайындағы таңғажайып кереметімен сендердің осы ықыластарыңа байланысты ілтипат көрсетіп, сендерді қызғыштай қорғап, демеп жүр. Олар атқарған қызметтеріңе дән риза. Мұндай қошеметтің ықылас арқылы келетініне әсте күмән жоқ. Егер бұл ықыласты біле тұра бұзсаңдар, олардан шапалақ Сілтеме : 33Рас, ықыластың сырымен шынайы ынтымақ пен ұйымшылдық қыруар пайда көзі. Сонымен қатар, қорқынышқа тіпті ажалға қарсы берік қорған, арқа сүйер сүйеніш. Өйткені, өлім келсе бір ғана жанды алады. Шынайы бауырмалдықтың сырымен Аллаh ризалығы жолында, ақыретке қатысты істерде бауырлары қанша болса сонша жаны болғандықтан бірі өлсе, «басқа жандарым аман болсын... Өйткені олар, әрдайым маған сауап жаздырып, рухани өмірімді жалғастыратындықтан мен өлген жоқпын» деп, ажалын қуанышпен қарсы алады. «Сауап алу тұрғысында әлгі достарымның арқасында тірімін, тек күнә жасау тұрғысында өлімін» деп, қиналмай жатады.

164ЛЕМАЛАРжейсіңдер. (Оныншы лемадағы мейірімді шапалақтарды еске алыңдар.) Мұндай рухани қаhармандарды арқа сүйер әрі жетекші қылғыларың келсе сыры арқылы ықыластарыңды арттырыңдар. Абырой, мәртебе, қошеметке бөлену, тіпті олжалы, жанға жайлы нәрселерге келгенде бауырларыңды өздеріңнен жоғары ұстаңдар. Мысалы, бір мұқтаж мүминге өте тамаша, әсем иман ақиқаттарын үйрету; бейкүнә, зиянсыз, сауапты амал. Бір бауырыңның бұл істі атқару әдісін ұнатпасаң да өзіңе тәкаппарлық ой келмеуі үшін, сол бауырыңның атқарғанын мақұл көр. Ал, «сауабын мен алайын, мына тамаша мәселені мен айтайын»деген ойың негізінде бейкүнә, зиянсыз бірақ, араларыңдағы ықыласты зақымдауы мүмкін.төРтіНші ҚАҒиДА. Бауырларыңның ізгі қасиеттерін өзіңдікіндей көріп, кемелдіктерін өз бойыңда деп, олардың абыройымен шүкір етіп мақтану. Сопылар арасында «фена-фиш-шейх», «фена-фир-расул» дейтін түсінік бар. Мен сопы емеспін. Алайда, олардың бұл дәстүрі біз үшін «фена фил-ихуан» түрінде болады. Бауырлар арасында мұны «тефәни» деп атайды. Бір-біріне келгенде фәни болу, яғни қарақан басының қамын ойламай, өзінің нәпсіге тән сезімдерін ұмытып, бауырларының ізгі қасиеттерімен, олардың сезімдерімен ойша өмір сүру. Онсыз да жолымыздың негізі бауырмалдық болып табылады. Біздің қарым-қатынасымыз әке мен бала, пір мен мүрид арасындағы қарым-қатынас емес. Керісінше, шынайы бауырмалдылық. Көп болса араға ұстаздық кіреді. Ұстанған жолымыз «халилие», яғни шынайы достық болғандықтан біздің әдетіміз «хиллет». Хиллет дегеннің өзі ең жақын дос, жанкешті жолдас, қадірлі де ақкөңіл бауыр болуды талап етеді. Бұл хиллеттің іргетасы – шынайы ықылас. Шынайы ықыласты бұзған адам, сол хиллеттің көз жетпес биігінен шыңырауға құлайды. Орта жолда ұстап қалар ешнәрсе таба алмайды.Иә, алдымызда екі жол бар. Құранның Ұлы жолы болып табылатын мына жолымыздан шығып кеткендер, қас дұшпанымыз, дінсіздерге жәрдем еткен болуы мүмкін. Бірақ, мұны өзі де сезбейді. Иншаллаh Рисалей-Нұр арқылы Қасиетті Құранның киелі шеңберіне кіргендер әрдайым нұрға, ықыласқа, иманға қуат беріп, әлгіндей шыңыраулардан аман қалады.Уа, Құран қызметіндегі бауырларым! Ықыласты болудың және оны сақтап қалудың тиімді жолдары бар.Біріншісі. «Рабытай-мәут». Ықыласты зақымдап, екіжүзділікке және дүниеге тартатын тул-ы әмел яғни бітпейтін арман-қиялдар болса, ал екі-жүзділіктен жиіркендіріп, ықыласқа қол жеткізетін «Рабытай-мәут» болып табылады. Яғни, өлімді ойлап, дүниенің өткінші екендігін аңғарып, нәпсінің тұзағына түспеу. Әһл-и тариқат пен әхл-и ақиқат, Қасиетті Құранның

165ЖИЫРМА БІРІНШІ ЛЕМА аятынан сабақ алып, рухани даму кезінде рабытай-мәутті ұстанып отырған. Тул-ы әмәлдің қайнар көзі болып табылатын мәңгі жасау ойын әлгі рабыта арқылы бұзып отырған. Олар: «біз өліп қалдық, денемізді жуып, қабірге қойып жатыр» деп қиялдайды. Жүгенсіз нәпсі осындай қайталанған ойлардан әсер алып, бітпейтін армандарынан шамалы да болса бас тартады. Бұл рабытаның пайдасы көп. Ол жайында деген хадис бар. Яғни тәтті ләззаттарды бұзып ащы қылатын өлімді көп ойлаңдар!». Осылайша олар бұл рабытаны дәріс ретінде ұсынуда. Алайда, біздің жолымыз тариқат емес, ақиқат болғандықтан бұл рабытаны әһл-и тариқат сияқты қиялдап, елес құрып жатуға мәжбүр емеспіз. Сондай-ақ, ақиқатқа үйлеспейді. Негізінде болашақты осы шаққа әкелмей-ақ, оның орнына нәтижені ойлау арқылы ақиқат тұжырымында осы шақтан болашаққа назар салып, ойша баруға болады. Қиялдаудың қажеті жоқ. Әркім мына қысқа өмір ағашының басындағы жалғыз жемісі болып табылатын өзінің жаназасына көз салсын. Осылайша өз жаназасын көріп, шамалы ілгерілесе ғасырының өліміне, одан ары дүниенің өліміне де куә болады. Cөйтіп шынайы ықыласқа жол ашылады.Екіншісі. Шынайы иманның күшімен және Аллаhты тануға жол ашатын қоршаған ортаға зер салу мен имани толғаныстан туатын ойдың арқасында өзін Аллаһтың құзырындамын деп сезініп, Жаратушының барлық жерді қамтып, көріп тұрғандығын ойлап, Одан басқаның қошеметін күту, Оның алдында басқаларға жалбақтау, көмек сұрау әдепсіздік екенін ескеріп, екіжүзділіктен құтылып, ықыласқа қолы жетеді...Мұның көптеген дәрежелері мен мәртебелері бар. Әркім қабілетіне қарай неғұрлым көп түсінсе, соғұрлым пайда. Рисалей-Нұрда екіжүзділіктен сақтайтын, ықыласқа қол жеткізетін көптеген ақиқаттар баяндалғандықтан соларға сілтеме жасалып, әзірге қысқаша жазылды. ықыласты зақымдап екіжүзділікке итермелейтін көптеген себептердің екі-үшеуіне қысқаша тоқталып өтейік.Бірінші себеп. Материалдық пайда үшін туындайтын бәсеке уақыт өте ықыласты бұзады. Сондай-ақ, қызметтің нәтижесін де зақымдайды. Оның үстіне әлгі материалдық пайдадан да құр қалдырады.Иә, халқымыз ақиқат үшін, ақырет үшін қызмет еткендерге әрдайым құрмет көрсетіп, оларға жәрдем беріп отырған. Іс жүзінде де олардың ықыласты да адал еңбектеріне қолғабыс ретінде материалдық тұрғыдан көмектесіп, уақыты бос кетпесін деп садақа, сыйлық сияқты заттай жәрдем

166ЛЕМАЛАРетіп құрметтеген. Алайда бұл жәрдем мен пайда сұралмайды, беріледі. Һәм іштей тіленіп, жәрдем сұрағандай хал көрсетуге болмайды. Мүмкін, ол күтпеген жерден берілер. Әйтпесе, ықылас қашады. Һәм аятынан қатаң сөгіс алып, істеген жақсылықтарының біршамасы босқа күйіп кетеді. Міне, бұл материалдық пайданы тілеп, іштей күтсе нәпсіге алданады, өзімшілдікке салынады, әлгі пайданы басқаға беріп қоймау үшін нағыз бауырына, қызметтес жолдасына қарсы бақталастық сезімі оянады. Ықыласы зақымдалып қызметінің құты қашады. Әһл-и ақиқат алдында жағымсыз түрге енеді. Материалдық пайданы да көре алмайды. Қойшы әйтеуір... Бұл шұбаланған сөзді қысқартып, бауырларымның арасында ықыластың сыры мен шынайы ауызбіршілікті нығайта түсетін екі мысал айтып берейін.Бірінші мысал. Дүниеқұмарлар байлыққа кенеліп, қуаттану үшін тіпті кейбір саясатшылар мен әлеуметтік өмірде маңызға ие кісілер және ұйымдар, мал-мүлікті ортақтастыру дәстүрін өздеріне қағида етіп алған. Олар орынсыз, зиянды түрде қолдануларына қарамастан, зор күшке, мол пайдаға кенелуде. Алайда мал-мүлікті ортақтастырудың көптеген зияндары бар әрі ортақтасқанымен мәнісі өзгермейді. Әрқайсысы жалпы ортақ нәрсенің бір жағынан қарағанда иесі саналғанымен толық пайдалана алмайды. Ал, енді ортақтасу дәстүрі ақыреттік рухани істерде болса, еш зияны жоқ, тіпті мол табысқа жетуге бірден бір себеп. Өйткені барлық табыс ортақтардың әрқайсысының еншісі болып саналады.Мысалға төрт-бес адам ұйымдасып бірі жанармай, бірі пілте, бірі шам, бірі шыны, бірі сіріңке әкеліп шам жақса, әрқайсысы сол шамның иесі саналады. Егер әрқайсысының дуалында не қолында үлкен айна болса, әлгі шам әрқайсысының айнасына бөлмемен бірге толығымен түседі. Дәл сол сияқты ақыреттік істерде ықыласты түрде ұйымдасудан және бауырмалдықпен бір-біріне арқа сүйеуден және жұмыстарды бөлісіп атқарудан пайда болған бүкіл табыс, барлық нұр, әрқайсысының амал дәптеріне нұқсансыз түрде толық жазылатындығы ақиқатшылдар арасында анық және болған оқиға және Аллаhтың мейірімі мен талабы.Міне, уа бауырларым! Сендерді Құдай қаласа, материалдық пайда бәсекеге түсіре қоймас. Дегенмен ақыреттік пайда тұрғысында кейбір тариқатшылардың алданғандары сияқты, сендердің де алдануларың мүмкін. Алайда жеке, азғана сауап қайда? Әлгі мысалдағыдай ортақтасудан пайда болған сауап пен нұр қайда?Екінші мысал: Шеберлер шығарған өнімдерін молайту мақсатымен өнер саласында ұйымдасып, мол табысқа жетуде. Тіпті тігін инесін жасайтын он адам, әу баста өз беттерімен еңбек еткенде, еңбегінің бір күндік өнімі не бәрі үш-ақ ине болған екен. Содан, ұйымдасқан түрде он адам бірлік құрған.

167ЖИЫРМА БІРІНШІ ЛЕМАБірі темір әкеліп, бірі от жағып, бірі темір қыздырып, біреуі басын сүйірлеп деген сияқты... Әрқайсысы ине жасау өнерінде тек белгілі бір жұмыспен айналысып, атқарған жұмыстары қарапайым болғандықтан уақыт үнемделіп манағы кәсіпте машықтанып, істері оңға басқан екен. Содан ұйымдасып атқарылған істің өнімін кісі басына шаққанда, әрқайсысына бұрын үш инеден келетін болса, енді үш жүз инеден келгенін көріпті. Еңбекке ынталандыру үшін бұл оқиға шеберлер арасында жарнамаға айналған.Міне, ей достарым! Дүниелік істерде, мал-мүлікке келгенде бірлесу осындай нәтиже беріп мол табысқа жеткізеді екен. Апырым-ай... Олай болса, ақыреттік, нұрлы, біртұтас және Аллаhтың жарылқауымен әркімнің айнасына толық түсетін нұрға, сондай-ақ, баршаның сауабындай мол сауапқа ие болу, қаншалықты зор табыс екенін ақыл таразысына тартып байқаңдар. Мұндай мол табыстан бақталастық пен ықылассыздықтың кесірінен мақұрым қалуға болмайды.Ықыласқа кедергі болар екінші себеп. Мансапқорлықтан туындайтын атаққұмарлық арқылы және атақ-даңққа бөленіп көпшіліктің көзіне түсу, назарын өзіне аудару арқылы өркөкіректеніп масаттану. Бұлар – қауіпті рухани кесел. Сонымен қатар адамды «ширк-і хафи» деп аталатын екіжүзділікке, мақтаншақтыққа итермелейді, ықыласты зақымдайды.Уа, бауырларым! Қасиетті Құранның қызметіндегі ұстанған жолымыз ақиқат пен бауырмалдық. Бауырмалдық дегеніміз бауырлар арасында менмендігін пида етіп* олардың жанын өз жанынан артық көру. Сондықтан арамызда мұндай мансапқорлықтан шығатын бәсеке болмауы тиіс. Өйткені, ұстанған жолымызға мүлдем керағар. Бауырлардың абыройы жалпыға ортақ екені рас. Олай болса Рисалей-Нұр шәкірттері мұндай рухани үлкен абыройды мансапқорлық пен бәсекенің кесірінен жеке кішкентай атақ, абыройға айырбастамас деп үміттенемін.Иә, Рисалей-Нұр шәкірттерінің жүрегі, ақылы, рухы мұндай нашар, зиянды, жиіркенішті нәрселерге бара қоймас. Алайда, әркімде де жүгенсіз нәпсі бар. Кейде нәпсілік сезім бойды билеп, жүрек, ақыл, рухқа қайшы әрекет етіп өзінің дегенін біршама істетеді. Сендердің жүрек, рух, ақылдарыңды кінәлап отырғаным жоқ, қайта Рисалей-Нұрдан алған әсерлеріңе сенім артып отырмын. Алайда, кейде нәпсі, әуестік сезім, бос ой адамды алдайды. Сондықтан кейде қатаң ескерту аласыңдар. Бұл қатаңдық нәпсі мен әуестік, сезім мен уайымға қатысты... Абай болыңдар! Егер ұстанған жолымызда біреуді пір тұту болғанда белгілі бір мәртебе болар еді немесе шектеулі шендер болар еді. Ондай шенге көптеген қабілеттер талаптанып, қызғанғандай өзімшілдік сезім оянар еді. Бірақ, біздің ұстанған жолымыз бауырмалдық. Бауырлар бір-біріне әке * Бақытты жан кім десеңдер, ол – Құранның кәусарынан сүзілген мөлдір де үлкен әуізді иелену үшін, мұзкесек тәрізді өзінің тәкәппарлығы мен менмендігін әлгі мөлдір әуізге салып еріткен жан.

168ЛЕМАЛАРбола алмайды... тәрбиеші де бола алмайды. Бауырластықтың ауқымы кең. Бір-біріне қызғана көз алартудың реті жоқ. Көп болса бауыр бауырына көмекші, арқасүйер демеуші болады, қызметін толықтырады. Әке немесе тәрбиеші сияқты аса қамқоршы болу, бір-бірінен қызғана сауапқұмарлық сезім зиянды әрі қауіпті нәтижелер тудырады. Тариқатшылардың орасан зор жетістіктері мен табыстары бола тұра, жік-жікке бөлінуі және бәсекелесудің салдарынан тоз-тоз болуы бұған дәлел. Олардың орасан зор, киелі күштері мына бид'ат дауылдарына қарсы төтеп бере алмауда.Үшінші себеп. Қорқақтық пен даңғойлық. Бұл тосқауыл басқа да тосқауылдармен бірге «Худжумат-ы ситте» атты еңбегімде толық баяндалғандықтан соған сілтеме жасап, Мейрімі мол Әрхамүррахиминнен оның барлық әсем есімдерін шапағатшы етіп, былай деп жалбарыналық: Бізге шынайы ықыласты болуды нәсіп ет! Амин!* * *БіР тОп БАуыРЛАРыМА жАЗҒАН ЕРЕкшЕ БіР ХАтЖазудан жалыққан әрі құлшылық айлары болып саналатын қасиетті үш айлардағы оқылатын дұғаларды, бес жағынан құлшылық деп, сенім артып жүрген* Нұр рисалелерден артық көрген бауырларыма екі хадис шарифтің бір тұжырымын айтып берейін деп отырмын. БіРіНшіСі:Яғни, «Махшар күні ғалымдардың жазған сиясымен, шәйттердің аққан қаны тең бағаланады» дейді.Яғни, «Бидғаттар мен адасу жайылған қилы заманда көркем Сүннетті ұстанып Құран ақиқаттарына ұмтылып жанкешті қызмет еткендерге жүз шәйттің сауабы беріледі» делінген. * Осынау бағалы хатта Ұстаздың ишарат еткен бес түрлі құлшылығы жайлы анықтап сұрап алдық және оны төменде жазып отырмыз. 1. Адасушы дінсіздерге қарсы күрес. 2. Ұстазға ақиқат жазуларына жәрдемдесу. 3. Мұсылмандарға иман жағынан жәрдем ету. 4. Жазып отырып ілім үйрену. 5. Бір сағаты бір жылға татитын тәфәккүр, яғни толғану құлшылығын жасау.

169ЖИЫРМА БІРІНШІ ЛЕМАУа, жалқаулық басып жазудан жалыққан бауырларым! Уа, өзін кемелдендіруді көп ойлайтын достарым! Мына екі киелі хадистің мазмұнынан мынаны ұғуға болады: Осындай қилы заманда, Иман ақиқаттары мен көркем Сүннетке қызмет еткен мүбәрак нұрлы қаламдардан тамған сияның әр тамшысы шәйттердің жүз тамшы қанындай сендерге махшар күні пайдасы тиеді. Егер былай десеңдер: Хадисте ғалымдар деп жазылған ғой. Біз жай ғана көшіріп жазушы хатшылармыз ғой?жауап: Бір жыл бойы осынау рисалелерді шын ықласпен оқып түсінген, оны көшірген кісі болса да ақиқатында ғалым дәрежесінде бола алады. Ал, терең түсінбегеннің өзінде, Нұр рисале шәкіртерінің бір мағынауи тұлғасы ретінде де ғалым саналады. Ал, жазу жазып жатқан сіздердің қаламдарыңыз болса ол, әлгі мағынауи тұлғалардың саусақтары деген сөз. Өз пайымдауымша лайықты емес болсам да, сіздер мені бір ғалым деп сеніп бағалайтындықтан, менің қалам ұстап, жылдам жазу жаза алмайтындықтан да, сендердің қаламдарың менің қаламым болып есептеледі. Олай болса, хадистегі сауапты аласыңдар деген сенімдемін... Саид Нұрси* * *

жиырма Екінші ЛемаСпарта қаласының әділ әкімі мен тәртіп сақшыларына... ең жақын, сырлас бауырларыма арнап бұдан жиырма екі жыл бұрын Спартаның Барла ауылында жазылған әркімге бере бермейтін бұл кітапшамды жоғарыда аталған адамдармен тығыз байланысты болғандықтан арнайы ұсынып отырмын. Егер жөн көрсеңдер жаңа әріптермен де ескі әріптермен де бірнешеуін басып шығарсын. жиырма отыз жылдан бері менің сырымды білгісі кеп, аңдып жүргендер де оқысын. Ешқандай құпиямыз жоқ екенін білсін және ең жасырын сырымыз да осы рисале екенін түсінсін. Саид НұрсиҮш ишараОн жетінші Леманың Он жетінші Нотасының Үшінші мәселесі еді. Сауалдарының маңыздылығына, жауаптарының да тереңдігіне орай Отыз бірінші Мектубтың жиырма Екінші Лемасы боп Лемалар жинағына енді. Басқа Лемалар бұл Лемаға өз арасынан орын беруі тиіс. Ең жақын, сырлас бауырларыма арналған.Бұл мәселе «Үш ишарадан» тұрады. БіРіНші ишАРА: Жеке басыма және Рисалей-Нұрға қатысты бір сауал.Көпшілік тарапынан былай дейді: Сен, бұл дүниені ғана ойлайтын адамдардың дүниесіне араласпай жүрсең дағы олар сенің ақыреттік істеріңе

171ЖИЫРМА ЕКІНШІ ЛЕМАнеге араласа береді? Ал қандай да бір өкімет дүниеден безіп өзімен-өзі жүргендерге тиіспейді ғой?жауап: Жаңа Саидтің бұл сауалға берер жауабы үнсіздік. Өйткені «Менің жауабымды Иләһи тағдыр береді» дейді. Ал, Ескі Саид былай дейді: «Бұл сауалдың жауабын менен гөрі Спарта үкіметі мен халқы жақсырақ білсе керек. Өйткені, бұл сұрақтың мәнісіне олар менен әлдеқайда жақын. Сондықтан, мыңдаған адамы бар үкімет пен жүз мыңдаған адамнан тұратын халық менің орныма ойланып, жауап беруге тиіс. Мен босқа сөйлеп қайтейін. Өйткені, мен тоғыз жыл бойы осы өлкеде тұрып жатырмын. Уақыт өткен сайын дүниядан теріс айналып, безіп барам. Бәрі баршаға аян, нендей жағдайым болса да жасырын қалып көрген емес. Ең жасырын деген рисалелерімнің өзі үкіметтің қолында. Егер бұларды күдікке салатындай саяси әрекетім болған болса, тоғыз жыл бойы мені аңдып отыр ғой. Мен де бүкіл сырымды тартынбай жайып салып отырмын. Онда осы уақытқа дейін маған неге тиіспеді? Егер, халқымыздың және отанымыздың болашағына зиян келтіретін бір қауіпім болса, онда тоғыз жылдан бергі әкімінен бастап ауыл басшыларына дейін өздері жауапкер болып, айыпқа тартылады. Олар ондай жауапкершілікке тартылмауы үшін маған жала жапқандарға қарсы шығып мені қорғауға мәжбүр. Олай болса, бұл сауалдың жауабын олардың өздері берсін. Ал, осы өлкенің халқы мені қорғауға мәжбүр болуы мынаған байланысты: Осы тоғыз жыл бойы әрі бауыр, әрі дос, әрі сыйлас болған осы халықтың мәңгілік өмірі мен иман байлығына және екі өмірінің бақытына арналған жүздеген кітаптарымнан ешкімге де ешқандай зиян келмеді. Лилләхил хамд, Рисалей-Нұрдың саясында мына Спарта облысына баяғы Шарапатты Шамның және Ислам әлемінің әйгілі медресесі, Әл-Әзхардың құт-берекеті дарыды. Сондықтан, Рисалей-Нұрдың бұл аймаққа себеп болған имани қуаты мен құлшылыққа деген ыстық ықыласы, харамнан алыс тұрудағы табандылығы сынды діндарлықты әкелуі әлбетте, осы өлкедегі бүкіл адамдардың тіпті ынсапсыз дінсіздің де бізді жақтап, мені және Рисалей-Нұрды қорғауға мәжбүр ететін жағдай. Құдайға шүкір, мыңдаған шәкірттері бар әрі олар мендей әлсіз кісінің орнына тынымсыз қызмет етіп жатса, олардың осындай қорғау сөздері тұрғанда, мен секілді міндетін атқарған, түкке тұрмайтын жанның өзін ақтау сөздеріне қажеттілік бар ма?! Осындай мыңдаған ақтаушы-жақтаушылары бар адам өз дауын өзі шешпесе керек. ЕкіНші ишАРА: Сынап-мінеп айтылған сауалға жауап.Бұл дүниені ғана ойлайтындар былай дейді: Бізге неге ренжисің? Тым болмаса, бір рет өтініш айтып, көмек сұрамай үнсіз қалдың. Бізден қатты шағымданып: «Маған зұлымдық жасап жатсыңдар» дейсің. Алайда, біздің өз ұстанымымыз бар. Ол осы заманның талабы. Бірақ сен оларды қабылдамайсың? Заңды орындаған адам залым болмайды, ал қабылдамағаннан бүлік шығады. Қазіргідей бостандықтар ғасырында және жаңа басталған

172ЛЕМАЛАРРеспубликалық дәуірде адамдардың тең құқылығын сақтау, өктемдік жүргізу секілді әдеттерді жою, осы біздің қазіргі ұстанымымыз бола тұра, сен ұстаздық, діндарлық жақтарыңмен көпшіліктің назарын өзіңе аударып үкіметтің сыртында ықпал жасауға әрекет етіп жатқандығыңды өткен өмірің дәлелдеп береді. Мұндай жағдай буржуй, шонжарларға жарасады. Бірақ, біздің көпшілік қауымға енді ғана, жақсы әсер етіп жатқан социализм мен большевизм дәстүрлері қоғамдық қажетімізге жарайтындықтан сенің бұл жағдайың бізге жарамайды. Ұстанымымызға мүлде керағар. Сондықтан, саған жасаған қыспақтарымызға шағымдануға ешқандай хақың жоқ. жауап: Қоғамда жаңа бір жол ашқысы келгендердің шығарған заңдары жаратылыстағы негізгі заңдарға сәйкес болмаса жақсы бастамасы өркениетке ешқандай пайда бермей, керісінше барлық іс әрекеттері жамандық пен бүлдіру болып шығады. Сондықтан, адамның табиғатымен, Иләһи заңдармен санасуға мәжбүр. Әйтпесе адамның табиғатын өзгерту не болмаса адамзаттың жаратылысындағы басты мақсатын ауыстыруы қажет. Сонда ғана, жаппай теңдік орнайтынына сенуге болады. Иә, мен тұрмыс, тегім жағынан көпшілікпен біргемін. Және көзқарас бойынша «Тең құқылы» ұстанымын жақтаймын. Және халықты зорлықпен басқармақ болған өктемшілдерге Исламиаттың әділдігі бойынша қарсы күресіп келе жатқандарданмын. Сол үшін барлық күш жігеріммен әділет жағында болып, зұлымдық әрекеттерге, өктемшілдікке қарсымын. Алайда, адамзаттың жағдайы және адам баласының жаратылысындағы негізгі хикметтері жаппай тең құқылық деген заңдарға қарама-қайшы. Өйткені, Фатыр-ы Хаким, өзінің кемел құдіреті мен асқан хикметін көрсету үшін азғана нәрседен көп өнім жаратады, жалғыз параққа талай кітаптарды сиғызады және жалғыз іспен көптеген міндеттерді қоса атқартады. Дәл солай жалғыз адамзат арқылы да мыңдаған түрлердің міндетін атқартады. Міне, осындай терең тылсым сыр бойынша, Хақ Тағала адамзатты басқа хайуандардың мыңдаған түріне тең келетін, мыңдаған түрлі жеміс беретіндей ерекше хикметпен жаратқан. Басқа хайуанат секілді ой сезімдеріне шек қойылмағандықтан өз ықтиярымен көптеген дәрежелерге жете алатын дарын, қабілет арқылы бір өзі бір түрдің міндетін атқара алатын ерекшелігімен Жер жүзінің халифасы, жаратылыстың ерен жемісі, барлық жандылардың сұлтаны деген атаққа ие болған. Міне, адамзаттың осындай сан-алуан түрлі болуының басты қозғаушы күші, жақсылық жасауда жарысу, иман мен ізгілік тұрғысында ерекшелену болмақ. Ал, адамзаттың осындай ізгі қасиетін, ерекшелігін жою, адам баласының ақылын ауыстырып, көңілін көр етумен, рухын тұншықтыру арқылы ғана мүмкін болады. Әлгі, тең құқылы деген сөзді бетке ұстап, азаттық деген перденің астында, асқан зорлық-зомбылық жасап жатқан мына ғасырдың мізбақпайтын қатыгез бетіне тіке қарап айтылуға лайық бола тұра, басқа бір атақты кісіге айтылған сөзді осы тақырыпқа келтіре кетсем деймін:

173ЖИЫРМА ЕКІНШІ ЛЕМАБола ма, екен еркіндікті зұлымдықпен басуға, Жоқ қыл, онда, артық көрсең, ой сананы, басты да!Осы сөздің орнына мен мына ғасырдың бетіне тіке қарап тұрып былай дер едім:Бола ма, екен зұлымдықпен ақиқатты жоюғаЖүрегіңді жұлып таста, өлмес болсаң, тағы да! Немесе,Тең бола ма, зұлымдық пен адамшылық арасыҚажет болмас, онда адамға ар ұжданның шамасы. Иә, имандылық, ізгі қасиет, біреуге зорлық-зомбылық жасауға жол бермейтіні секілді қысым көрсетуші, өктемшіл болғызбайды. Біреуге зорлық жасау ешқандай да ізгі-қасиетке жатпайды. Әсіресе, ізгі-қасиеттің негізгі талабы, әлсіздік, пақырлық, кішпейілдік таныту; осы арқылы қоғамға араласуды талап етеді. «лиллахил хамд» осындай ұстаныммен өміріміз өтті. Мен өзімде ізгі-қасиет бар деп отырғаным жоқ. Бірақ, Иләһи нығметке шүкір ету ниетімен былай деймін: Хақ Тағала өзінің жомарттығымен иман ілімі мен Құран қызметінде болуды сый етіпті. Мұндай Иләһи сыйды «лиллахил хамд» шүкір айта отырып, бұл қасиетті осынау Ислам жұртының пайдасына, бақытына сарп етіп, ешқашан біреуге үстемдік қылуға, қысым жасауға пайдаланған емеспін. Сонымен қатар, адасқандардың арманы болған халық арасында беделді болу, қошемет көру секілді мінез де маңызды бір себепке байланысты мен үшін жиіркенішті нәрсе. Ондай қошамет көріп атақты болудан аулақпын. Өткен жиырма жылымды зая кетіргені үшін ондай нәрселерді өзіме зиянды деп санаймын. Бірақ, Нұр рисалелерін сол үшін ұнатып жатса ондай кісілерді де ренжіткім келмейді. Міне, ей бұл дүниені ғана ойлайтындар! Дүниелеріңе еш араласпадым, ереже-заңдарыңа, ұстанымдарыңа ешбір қатысым жоқ. Тоғыз жыл бойы айдаудағы бұл өмірімнің көрсеткеніндей әлі де дүниелеріңе араласуға ешбір ниетім жоқ. Сондықтан, маған сонша уақыттан бері бүлік жасауға дайындалып жүрген бір адам ретінде жабылған мұнша жала қандай заңға сай келеді? Дүниедегі ешбір үкімет мұндай заңсыздыққа және адамгершілікке жатпайтын әрекетке жол бермес еді. Маған жасалған мұнша негізсіз теріс әрекеттерге мен ғана емес, егер бұдан хабардар болса бүкіл адамзат ренжір еді. Барлық жаратылыс атаулы ашулануда.ҮшіНші ишАРА: Қисынсыз бір сұрақ.Бір топ билік басындағылар былай дейді: Сен осы елде өмір сүретіндіктен оның негізгі заңдарына мойынсұнуға тиіс бола тұра, неліктен бұл заңдарды қабылдамайсың? Былайша айтқанда, қазіргі үкіметтің заңынан бөлек өзіңе ерекше сипат беріп, сол арқылы көпшілікке еркінен тыс ықпал еткің келеді. Бұл тең құқылық ұстанымындағы еліміздің заңына қайшы. Сен

174ЛЕМАЛАРнеліктен ресми міндетің болмаса да құрмет пен қошаметке бөленесің? Сенде халық мені ғана тыңдасын деген бір жағдай байқалады.жауап: Заңды қолданушы ең әуелі өзі қолданған соң ғана басқаларға қолдана алады. Сендер өздерің қолданбаған бір заңды басқаларға қолданумен, жұрттан бұрын өздерің заңды бұзып, заңға қарсы шығып отырсыңдар. Өйткені, мынау тең құқықты деп аталатын заңды өздерің орындамай маған қолданып отырсыңдар. Мен сендерге бір мысал айтайын: Бір жәй қатардағы жауынгерді маршалдың дәрежесіне шығарып, халықтың маршалға көрсететін құрметі мен тілектестігін ортақтастырса немесе сондай құрметке ие болған маршал әлгі әскер секілді тұрпайыланып, жәй әскердің ең төменгі дәрежесіне түссе, сөйтіп ол маршалдың ізгі-қасиеті маңызды міндетінен ештеңе де қалмаса, немесе әскерді жеңіске жеткізген атақты қолбасшы ең ақымақ бір жауынгермен тең дәрежеде құрметтелетін болса, онда сендер осы жаппай тең құқылы деген заңдарың бойынша маған да былай дей аласыңдар: «Өзіңді ұстазбын деме! Құрметін қабылдама! Ізгі-қасиетіңді жоққа шығар! Өз қызметшіңе қызметші бол! Қайыршылармен бірге жүр!»Егер былай десеңдер: Мұндай құрмет пен сый ресми орында қызмет атқарушыларға арналып, атқарар міндетіне қарай құрмет көрсетіледі. Сен ондай міндет атқарушы адам емессің, олай болса халықтың да құрметіне бөленуге хақың жоқ!жауап: Егер адам тек қана денеден тұратын болса және адам бұл дүниеде мәңгі қалатын болса... және қабірдің аузы мүлде жабылып, өлімнің өзі жоқ болса... сөйтіп, міндет пен қызмет тек әскерилер мен басқарушы биліктерге ғана қалатын болса, онда айтқан сөздеріңде бір мән-мағына болар еді. Алайда, адам денеден ғана тұрмайды. Және сол денені асырау үшін жүрек, тіл, ақыл, ми секілді сезімдерді пісіріп жегізуге болмайды. Олардың да өз міндеті, өз қалауы бар. Және қабірдің аузы да мүлдем жабылар емес. Олай болса қабірден кейінгі жағдай әркімнің ең басты мәселесі қалпында қала бермек. Әлбетте, халықтың құрметіне лайық болған міндеттер тек қана дүнияуи тіршілікке қатысы бар саяси және әскери міндеттер ғана болмаса керек. Иә, жолаушыларға барар жеріне саяхат үшін құжат, отыратын орын реттеп беру маңызды міндет болғаны секілді, мәңгілік әлемге сапар шегіп кетіп жатқан жолаушыларға да әрі құжат, әрі сол ұзақ қараңғы жолға нұр берерлік бір ерекше маңызды міндет бар, ал басқа қандай міндеттер болса да дәл ондай маңызды емес. Ол міндет иман нұрын жеткізу қызметі деп, аталады. Ал, ондай бір қызметті жоққа шығару, қарсы болу, өлімді жоққа шығару деген сөз және күн сайын «өлім рас» деген ақиқатты мүрделердің мөрімен таңбалап куәләндіріп жатқан отыз мың куәгерді куәлігімен қоса жоққа шығару болып табылады. Ол әрине мүмкін емес. Сондықтан, рухани қажеттілікке негізделген рухани қызметтер де бар екенін ұмытпау керек. Міне, сол қызметтердің ең маңыздысы, мәңгілік сапардың төлқұжаты және

175ЖИЫРМА ЕКІНШІ ЛЕМАберзах қараңғылығында қолданатын жүректің шырағы, мәңгілік бақыттың кілті болған нұрлы иман мен имани дәрістер. Әлбетте, ол міндетті көріп, біліп тұрған мағрифат иелері қандай жағдайда да өзіне сыйланған Иләһи нығметті, имани қасиетті аяқ асты етіп, пасықтардың деңгейіне түспейді. Өзін адасқандардың былғаныш бидғатымен былғандырмайды. Міне, сендердің мені ұнатпай және теңсіздік, артықшылық деп, мені түсіне алмауларыңның осындай себептері бар.Осы айтылған ақиқаттармен қоса, мені азапқа салған, сендер секілді өзімшіл тәкаппар және тең құқықтық заңын бұзуда перғауындық дәрежеге шарықтап кеткен менменшілдерге айтар сөзім жоқ. Өйткені, сол тәкаппарларға қарсы кішпейілдік жасау, өзін-өзі қорлату болғандықтан оларға кішпейілдік жасалмауы керек. Бәлкім, олардың арасында ынсапты, әділ болғандарына былай дер едім: Мен, «лиллаһил хамд» шүкір етіп, өз қатем мен кемшіліктерімді білемін, әрі әлсіз екенімді мойындаймын. Мұсылмандардың алдында жоғарғы бір дәрежеде көріну емес, қайта шексіз кемшілігім мен түкке тұрмайтындығымды сезініп Аллаһтан истиғфар, кешірім тілеу арқылы көңілімді демеп, халықтан сый құрмет емес, дұға сұраймын. Әрі менің осындай ұстанымымды бүкіл достарым жақсы біледі. Тек, мынаны айтсам деймін: Қасиетті Құранға қызмет кезінде және имани ақиқаттардан сабақ беріп жатқан кезде сол ақиқат үшін, әрі Құранның құрметіне сол жоғарғы мәртебенің талабына сай іліми мерей мен абыройымды сақтап кәпірлерге бас имеу үшін абыройлы үстем жағдайда болатыным рас. Менің ойымша, тек бұл дүниені ғана ойлайтындардың шығарған заңы бұған тиісуге, араласуға хақысы жоқ. Маған жасалған тағы бір жайт: Мәлім болса керек, білім иелері қай елдікі болсын олардың білім деңгейіне қарай мәміле көреді. Қайда, кімде білім бар болса ілім саласындағылар достық назармен қарап, құрмет етілуі тиіс. Тіпті, дұшпан бір елдің профессоры сол елге келсе білім иелері оның білімі үшін оған келіп, жолығып құрмет көрсетеді. Солай бола тұра, Англияның ең жоғарғы ілім мәжілісі Ислам академиясына алты сұрақ жолдап, оның жауабын алты жүз сөйлеммен жауап беруін талап еткен кезде, мұны оқу-ағарту министрлігіміздің назарында айыпталып отырған бір білімдар кісі әлгі алты сауалға алты сөйлемге татитын алты ауыз сөзбен жауап берген еді. Сөйтіп, жат елдіктердің ең маңызды әрі негізгі ғалымдарымен іліми таласқа түсіп дін Исламның олардан артық екенін дәлелдеген-ді. Құраннан алған ілімінің күшімен еуропа пәлсапашыларына қарсы оларға рухани соққы беріп келді. Стамбулдағы бүкіл ғалымдарға еш сұрақ қоймай, әрбір сұраққа толық жауап беретіні жайлы жариялап өте нақты жауаптар бере білді. (Ескерту)Ескерту: Жаңа Саид былай дейді: Осы жерде бұрынғы Саидтың мақтанғандай айтқан бұл сөзіне қосылмаймын. Қазір сөзді соған бергендіктен қойдыра алмай отырмын. Менменшілдерге біршама менмендік көрсетіп қою керек, деп үндемей отырмын.

176ЛЕМАЛАРСол ғалым, бүкіл өмірін халқының бақытына арнаған, солардың рухани өмірін түзеу үшін жүздеген рисале кітаптарды түрікше жазған, отандасымыз, діндесіміз, өзі дос, өзі туыс бола тұра, осындай адамға ең қатты қысым көрсеткен тіпті, өшіге дұшпандық жасағандардың қатарында кейбір оқу ағартушы, мұғалімдер мен аз да болса ресми молда, имамдардың болуы таңғаларлық әрі қынжыларлық жағдай. Міне, бұл жағдайға не дейсің? Осы мәдениет пе? Білімдарлық па? Отансүйгіштік пе? Ұлтжандылық па? Жоқ! Жоқ! Ешқайсы да емес! Бәлкім бұл Иләһи тағдыр шығар, осындай ғалым басқалардан достық күткенде оның орнына дұшпандыққа тап болды. Құрмет көрсетуден рияға түспесін, ықыласынан айырылмасын деген Иләһи жазмыш...Қорытынды сөзөзіме тиісті таңғалатын жәйт және шүкір еткізетін жақтары бар қастандық.Мына өте өзімшіл Әһли дүнияның, (бұл дүниені ғана ойлайтындардың) менмендігіне қарап отырсам, олардың өте сезімтал екенін байқадым. Егер олар мұны біліп істесе, әулиелердің керәматы сияқты болар еді немесе өте парасатты данышпан деуге тұратын жағдай. Ол не жәйт дейсіз ғой? Менің нәпсім мен ақылым сезбейтіндей бұлыңғыр бірақ, біршама рияшылдыққа саятын кішкене ғана менмендік жағдайымды олар өз менмендігінің сезгіштігімен сезіп қоятын секілді. Олай дейтінім, менің өзім сезбей қалған менмендігіме олар дереу қызбаланып қарсылық білдіреді. Осы соңғы сегіз-тоғыз жыл ішінде сегіз-тоғыз рет болды, олардың маған жасаған қастандықтарын ойлап «бұл да тағдырдан ғой, неліктен былай болды, не жаздым?» деп, өз нәпсімнің үлесін іздеген кезімде, міндетті түрде я нәпсім парқына бармай менмендікке ыңғай танытқан я болмаса біле тұра солай болған. Ылғи, соған куә боламын. Сол кезде іштей «Иләһи тағдыр әлгі залымдардың зұлымдығы арқылы маған әділдік қылған екен ғой» деймін. Атап айтар болсам, осы жазда жолдастарым мені әдемі бір атқа мінгізді. Сөйтіп, серуенге шықтым. Өзім де байқамай қалыппын, мені бір сезім билеп, көңілім тасып кеткен болса керек, дереу айналамды аңдып жүрген әһли дүния қатты шүйлігіп барынша тиісті. Сөйтіп, менің әлгі сезімімді ғана емес, басқа да сезімдерімді басты.. Тағы да, соған ұқсас бір оқиға болды.Бұл жолы рамазан айынан кейін, бұрыңғы заманның алып тұлғалары мен жоғары мәртебелі имамдарының біз туралы ғайби керәмат көрсетіп, ілтипат қылғандарын айтып, бауырларымның тақуалығы, ықыласы артсын және келушілер жақсы ойда болсын деген ниетпен болса да, бірақ, нәпсім мақтанып

177ЖИЫРМА ЕКІНШІ ЛЕМАкеткенін байқамаппын, өзімше шүкір еткендей болсам да, рияшылдыққа қарай жақындап, менмендік сезімі билегенін кейін білдім. Дереу, мына әһли дүния әлгі өте сезімтал менмендігі, тіпті рияшылдықтың бүге-шігесіне дейін айырып беретін сезімдері арқылы сезіп, маған тағы тиісе кетті. Құдайға шүкір етемін, олардың зұлымдығы менің ықыласымды арттыра түсті.* * *

жиырма Үшінші Лема[табиғат жаратады дейтін күпірлік ұғымды жоққа шығарып, енді бас көтерместей етіп, оның негіздерін түгелдей күл талқан етеді.]ЕСкЕРтуБұл жазбада Құдайдан безген жаратылыстанушылардың ұстанған жолы, олардың пікірі қаншалықты ақылға сыйымсыз, табиғатқа жат, құр қиял екенін, ең кемінде тоқсан түрлі сандырағын әшкерелейтін тоғыз түйін баяндалады. Олардың мұндай қисынсыз ой-пiкiрлерi өзге кітаптарымда едәуір айтылғандықтан, мұнда қысқа ғана тоқталып, кейбір бөлiмдерiн аттап өттік. Дегенмен, мынадай бiр ой келедi: «Неліктен атақты пәлсапашылар, ақылгөй ойшылдар көрер көзге осындай тым оғаш, сену қиын пiкiрдi құптап, сол жолда кетiп барады?»Иә, олар өздері таңдаған жолдарының жөн-жосығын, мәнісін терең түсіне алмаса керек. Олардың пайымдаулары шын мәнісiнде – тақырыптың бас жағында баяндалғандай – жөнсіз әрі қисынсыз*, қиял тәрізді болмашы нәрселер ғана. Егер оған күмәнданушы болса, бұлтартпас айғақтармен жан-жақты анық етiп дәлелдеп беруге дайынмын. Бұл аят болымсыз түріндегі сұрақ сөйлемі арқылы «Аллаhтың бар екеніне шек келтіресіңдер ме? Оған әсте күман болмауы тиіс» дей отырып, Аллаһ тағаланың міндетті түрде бар әрі жалғыз екенін ап-анық көрсетiп тұр.* Бұл кiтапшаны жазуыма Құдайдан безген кәпірлердің өз ақылдары жетпеген нәрселерге «аңыз» деп, атеизмді табиғатпен ұштастырып Қасиетті Құранға дөрекi тіл тигізуі себеп болды. Мұндай сұмдыққа шыдай алмай қолыма ерiксiз қалам алдым. Сөйтіп, хақ жолынан тайған әлгi дiнсiздерге дәлелдi сөздермен ауыр соққы бердім. Әйтпесе, Рисалей-Нұрдың түсіндіру тәсілі қарапайым, сыпайы әрі жұмсақ.

179ЖИЫРМА ҮШІНШІ ЛЕМАБұл мәселеге кіріспес бұрын бір «Ескертпе» жасай кеткен жөн.1922 жылы мен Анкарада едiм. Ислам әскерi грек әскерімен соғысып, жеңіске жеткен кез. Осы жеңiстің кезеңінде күпірлік пікір сұр жыландай сумаңдап, көңiлi тасыған мүминдердің санасын улап, шатастыра бастағанын аңғардым. «Қап, мына аждаhа, иманның шарттарына зақым келтiрмесе игі еді!» деп қауiптендім. Содан, Аллаhтың сөзсіз бар әрі жалғыз екенін баяндайтын жоғарыдағы аятқа жүгiнiп, медет қылдым. Құраннан келген сол бұлтартпас айғақты араб тілінде жазып, ол «Жаңа күн» баспасынан бастырылып жарыққа шықты. Бiр өкiнiштiсi оған көпшiлiк мән берiп оқи қоймады, бәлкім арапша білетіндер аз болғандықтан ба, әйтеуір қысқа әрi нақты айғақтармен жазылған әлгi еңбегімнің әсері айтарлықтай болмады. Ал, әлгі дінсіздік ұғымы өртше лаулап, күшейе түсті. Сол себептi амал жоқ, оны түрік тілінде жазуға тура келді. Аталмыш, бұл мәселенің кейбір тұстары өзге еңбектерімде кездесетіндіктен, қазір қысқа қайырмақпын. Сол себептi бұрынғы жазған дәйекті еңбектерім бүгiнгi жазар айғақпен ұштасып жатады. Олай болса, бұл айғақ бұрынғы айғақтың шағын үлгісі десе болады. кіРіСпЕУа, адам! Халық арасында күпірліктің лебі сезілетін қауiптi сөздер тараған. Оны қауiптілігінен бейхабар имандылар да пайдаланады. Сол қауiптi сөздердің ең қатерлi үшеуін баяндап берейін. Бiрiншi қауiптi сөз: «Әужәдәт-hүл әсбаб», яғни, себептердің ықпалымен пайда болады.Екiншi қауiптi сөз: «тәшәккәлә би нәфсиhи», яғни, «өздігінен пайда болады». Үшiншi қауiптi сөз: «иктизат-hүл табиат», яғни, «табиғи құбылыс, табиғат қажет еткен соң солай болады». Иә, сонымен, әлемнiң бар екенi рас, оны ешкім жоққа шығара алмас. Әрбір болмыс, шебер әрі хикметті түрде, яғни, белгiлi бір мақсатпен, пайдаға асатындай жаратылғаны ап-анық көрініп тұр. Әрі, ежелден бері келе жатқан дүниедей көне емес, жаңадан жасалып, көз алдымызда пайда болуда. Олай болса, ей, дінсіз адам! Қалай болғанда да сен жаратылыс туралы: «Мына болмысты мысалға, мына хайуанды себептер жаратты, яғни, себептер жиналып жаратты не болмаса, өзінен-өзі пайда болды, яғни, табиғаттың әсерінен пайда болды не болмаса, Қадир Зүлжәләлдың құдіретімен жаратылды, яғни, Аллаh жаратты» деуге мәжбүрсің. Ақылға салар болсақ, осы төрт жолдан басқа түсіндіру мүмкін емес.

180ЛЕМАЛАРӘуелгі үш жолдың қисынсыз әрі мүмкін еместігі толық дәлелденсе, төртінші жол — Уахданиет ұғымы, яғни, Аллаhтың бар екенi, барлығын бір өзі жарататыны сөзсіз нақты түрде дәлелденген болады. Ал, енді «себептердің ықпалымен» деген бірінші қауiптi сөзге келейік. Мұның қисынға келмейтін, мүмкiн емес, жөнсiз жағы көп-ақ. Оның үшеуін ғана баяндаймыз. БіРіНші жөНСiЗ жАҒы. Дәріхананың сөресінде дәрі-дәрімек жасауға қажетті заттарға толы жүздеген құтылар тұр деп ойлайық. Бізге осы заттардан жасалған жаны бар, тірі қоймалжың дәрі, сондай-ақ, у қайтарғыш таңғажайып тірі дәрмек қажет. Жанды қоймалжың дәріні зерттеп едік, әлгi құтылардың бiрiнен нәзік таразыға тартып бір-екі мысқал алып, екiншi бiр құтыдан алты-жеті мысқалын қосып дегендей тағы сол сияқты... әртүрлі мөлшерде заттар дәл өлшенiп алыныпты. Егер біреуінен бір мысқал артық не кем алынса, манағы дәрі жандылығын жоғалтып, қасиетінен айырылар еді. Сондай-ақ, қоймалжың жанды дәрi қалай дайындалса, әлгі у қайтарғыш таңғажайып тірі дәрі де өзіндік нәзік таразымен дәл тартылып жасалған. Қоспа заттар белгiленген мөлшерден сәл артық, не кем болса, аталған дәрілер қасиеттілігін жоғалтады. Әлгі жүздеген құтының әрқайсысынан өте дәл таразыға тартылып өлшеммен алынып, дәрiнiң құрамы өте күрделі сан-алуан заттардан тұрады. Ал енді, осы құтылардан мөлшермен алынған заттар күтпеген кездейсоқтықтан немесе соққан дауылдан шайқалып кетіп құтылардан дәлме-дәл төгiлуi себептi бірігіп, араласуынан пайда болуы мүмкін бе? Бұлай ойлау барып тұрған ақымақтық, мүлдем қисынсыз, сандырақ қой! Есек екеш есек те екі рет есекке айналған соң, ақырында адам болып, мұны естісе, «жоқ, мүмкін емес» дер еді.Міне, осы мысалдағыдай, әрбір жанды дене, әлбетте, жаны бар қоймалжың дәрі секілді және әрбір өсімдік у қайтарғыш таңғажайып дәрі іспеттес. Олар сан-алуан бөлшектерден, түрлі-түрлі заттардан құралған. Егер, олар әлгi себептердің салдарынан кездейсоқ пайда болды десе, бұл дәл манағы дәріханадағы құтылардың кездейсоқ құлап кетуі салдарынан қоймалжың дәрiнiң пайда болуы сияқты сандырақ болар еді. Ол мүмкiн емес, тiптi де ақылға сыймайды. Иә, сонымен жан-жануарлар мына әлем атты алып дәріханада Әзәли Хаким Аллаһтың тағдыр мен қаза безбенiмен өлшеніп, шексіз хикметпен, шексiз іліммен және бәрiне пәрменi жүретiн құдіретпен пайда болады. «Дүниені, оның ішіндегілерді соқыр, мылқау, шамасын білмейтiн, селдей ақтарылған элементтер мен себептер жаратты» дейтін бейбақ, әлгі таңғажайып дәрi құтылардың «өзінен-өзі құлап түсiп, ондағы заттардың араласуы нәтижесiнде дәрі-дәрмек пайда болды» деген есуастан бетер ақымақ деген сөз. Иә, мұндай күпірлік ұғым, есі ауысқандар мен көзі қызарған мастарға тән сандырақ.

181ЖИЫРМА ҮШІНШІ ЛЕМАЕкіНші жөНСiЗ жАҒы. Егер жаратылыс Уахиды-Ахадтың емес, себептердің еншісіне қалса, онда әлемдегі барлық элементтер мен себептер бүкіл тірі жанның болмысына енiп, денесімен толық қатынаста болғаны ғой. Алайда, шыбын секілді ұсақ жәндіктердің болмысында өзара қарама-қарсы, бірінен-бірі алшақ жатқан сан-алуан себептердің жиналып, керемет тәртіппен, жүйелі түрде бас қосуы мүлдем қисынсыз. Оған ақылы кемдеу адамның өзi, «жалған, олай болуы мүмкін емес!» дер едi. Иә, шыбынның кiп-кiшкене болмысы, әлемнің көптеген элементтерімен, себептерімен тығыз байланысты, тіпті, оның қортындысы десе болады. Егер шыбынды Қадиры-Әзәли жаратпаған болса, онда шыбынның табиғатында әлгi материалдық себептердiң өздері әзiр тұруы қажет, тіпті, оның кiп-кiшкене бойына енуі керек. Керек болса, денесiнiң кішірейтілген үлгiсi болып табылатын көзіндегі әрбір жасушаға енуі тиiс. Өйткені, себеп материалдық нәрсе болғандықтан салдардың, яғни, нәтиженің жанында әрі ішінде болуы шарт. Сол кезде әлемнің iрi құбылыстары, элементтері бірігіп шыбынның қылдай жiңішке аяқтары да сыймайтын бiр жасушаның iшiне кәдiмгiдей кiрiп, ұста сияқты бiрлесе жұмыс iстеп жатыр деп түсiнуге тура келедi.Ал, мұндай ұғымнан нағыз скептиктердiң (философиядағы ағым) ақымақтары да ұялар еді. ҮшіНші жөНСiЗ жАҒы: нақты қағидасына сүйенер болсақ, «заттың өне бойында бiрегейлiк пен бiрлiк, жинақылық болса, әлбетте, ол бiреуден, бір қолдан шыққаны» дейді. Демек, бір зат керемет тәртіптi, өте дәл өлшемдермен пiшiлген әрi күрделі табиғатқа ие, тірі болса, онда ол бiрнеше қолдан шықпағаны белгілі. Егер бiрнеше қол араласса, ол зат тәртіптен шығып бұзылар едi. Демек, ол Қадир, Хаким (шексiз құдiрет иесi, әдiлеттi) бiр қолдан шыққан болуға тиіс. Меңiреу, әрi санасыз табиғи себептердiң меңiреулiгi мүмкіндіктер көбейген сайын арта түсетiнi белгiлi. Олай болса, бiрегей болмысты, шебер жасалған жаратылысты санасыз табиғи себепке еншiлеу, мыңдаған жөнсiз пікірді мақұлдағанмен бірдей.Жалпы, материалдық себептердiң әсері, сөзсіз тіке жанасу арқылы ғана жүзеге асады. Алайда, бүкіл себептер жан-жануарлардың сыртқы жағына ғана жанаса алатыны белгілі. Бiрақ себептердің әсері жете алмайтын тірі жандардың ішкі құрылысы, сыртқы жағынан әлдеқайда күрделі. Әрі материалдық себептердің әсері, тіпті, сыртқы жағына да толық тие алмайтын өте ұсақ жәндіктер бар. Олар ірі жануарлардан әлдеқайда күрделі, шебер жасалуда. Енді мұны көзбен көре тұра, бұларды әлгi меңіреу, бiрi-бiрiнен бөлек, өзара қарама-қайшы себептер жаратады деу, жүз есе көрсоқырлық пен мың есе меңіреулік болар.

182ЛЕМАЛАРАл енді, екінші қауiптi сөзге келер болсақ, «тәшәккәлә би нәфсиhи», яғни, өздігінен түрленедi деген пікір. Бұл сөздің де көптеген жөнсіз тұстары мен ақылға сыймайтын жөнсіз жақтары бар. Мысал ретінде, тек үшеуін баяндаймыз. БіРіНші жөНСiЗ жАҒы. Уа, қасарысқан дінсіз! Тәкәппарлықтан ақымақ болғаның сондай, сен жүздеген жөнсіз ойды бірден қабылдай саласың. Неге десең, сен барсың әрі қарапайым, өзгермейтiн емес, үнемі қозғалыста болатын керемет жүйелi мәшине немесе әрдайым жаңарып отыратын керемет сарай сияқты жанды болмыссың. Сенің болмысыңдағы бөлшектер тынбастан жұмыс істеп тұр. Біле білсең сенің болмысыңда, әсіресе, қоректену жағынан, нәсіл жалғастыру тұрғысынан қоршаған ортамен, тіпті, бүкіл дүниемен өзара тығыз байланыста болатын күрделі де сансыз зат алмасу жүріп жатыр. Бойыңдағы жасуша, ұсақ бөлшектер әлгі нәзiк те күрделі байланысты бұзбау үшiн және әлгі күрделі тығыз байланысты жалғастыру үшін дәлме-дәл, ретті түрде қозғалып, мұқият қимылдауда. Бейне бір бүкіл әлемді көріп, сенің өзара қарым-қатынасыңды бiлетіндей, соған қарай әрекет етуде. Сен сол ішкі және сыртқы сезім мүшелеріңмен, ағзаларыңмен сол бөлшектердiң ғажап қызметін пайдаланып қоршаған ортамен, алып дүниемен байланыс жасайсың. Егер сен, денеңдегi бөлшектер Әзәли Қадир Аллаһтың тіл алғыш қызметшілері, тәртіпті әскері немесе Әзәли тағдыр қаламының ұштары, (яғни, әрбір бөлшек қалам ұшы секілді) я болмаса құдiрет қаламының нүктелері дегенді қабылдамасаң, онда сенiң көзiңдегі жұмыс атқарып жатқан әрбiр бөлшектiң бүкіл әлемді көре алатын кәдімгі алып көзі болуы керек. Және де, әлгі бөлшектердің сенің келешегiң мен өткенiңді, шыққан тегің мен нәсіліңді, асылыңды, құралған бөлшектерінің қайдан, қалай келетінін, оларға не керектігін білетін дариядай ақылы, жүздеген ғұламалардың санасындай санасы болуы керек. Сен секілді бұл мәселеде түк ұқпайтын біреудің денесiндегi сансыз бөлшектің бір бөлшегiнде мыңдаған Платонның ілімі мен ақыл-санасы бар екенін қабылдау бір емес, мың есе ақымақтық болар.ЕкіНші жөНСіЗ жАҒы: Сенің денең бейне бір мың күмбезді сарай тәрізді. Күмбездің әрбір тасы ештеңеге тірелмей, жүйелі тәртіппен үйлесімді тұрғызылғаны сондай, кәдiмгi зәулім сарайдан мың есе ғажап. Өйткені, сенің сарайың әрдайым жаңарып, жаңадан жасалуда. Керемет рух, жүрек, ішкі сезімдерді санамағанның өзінде, тек денеңдегі әрбiр мүше, жеке-жеке күмбезді ғимарат, үй тәріздес құрылысқа ұқсайды. Құрамындағы бөлшектер күмбездің тастарындай дәл өлшеммен реттi түрде үйлесiп, асқан шеберлікпен жасалған. Ал, көз бен тіл өз алдына ғажайып аспап. Егер бұл бөлшектерді әлемнің ұстасы – Аллаhтың қол астындағы жауынгерлері деп санамаса, онда әрбір бөлшек ақыл, сана, құдірет иесі болуы керек. Яғни, денедегі барлық бөлшектер Аллаhқа тән Құдайылық сипаттарға ие, құдреттің қайнар көзі болуы керек. Осындай, бiр Аллаhтың ғана құдіреті жететін жаратылысты

183ЖИЫРМА ҮШІНШІ ЛЕМАәлгі шексіз бөлшектерге еншiлеп, солар жаратты деудің мүлдем қисынсыз екенін аз ғана ақылы бар адамның өзі түсінер деп ойлаймын. ҮшіНші жөНСіЗ жАҒы: Егер сенің болмысың Уахид-ы Ахад Аллаһтың қаламымен жазылған хат екенін қабылдамай, табиғат немесе себептер дейтін баспаның өнiмi деген пікірді қабылдар болсаң, онда денеңдегi ұсақ жасушадан бастап, сонау толып жатқан үлкенді-кішілі, құрамы күрделі қанша қоспалар болса, табиғаттың сонша өзіндік арнайы қалыптары болғаны ғой, солай ма?Мәселен, мына қолыңыздағы кітап қолжазба болса, онда іс оңай болар еді. Яғни, жазушы өз іліміне сүйеніп бір ғана қаламмен барлығын жазып шығар еді. Ал, егер ол, қолжазба болмай әрi оның жазатын қаламына тапсырылмаса, яғни, өзінен-өзі болды десе, ол кезде оның әрбiр әрiпiн басу үшiн баспаханада әр әріптің арнайы қалыбы болғаны сияқты әрбір әрпін жазатын арнайы темір қалам қажет болар едi. Мұндай жағдайда бір қаламның орнына қанша әріп болса сонша қалам болуы қажет. Тіпті, кейде бiр әріптiң үстіне үшкір қаламмен, майда жазумен бір бет өлең жазылса, онда бір әріп үшін мыңдаған қалам қажет болар еді. Егер ол жазулар бір-бірімен үйлесіп сенің денең сияқты керемет пішінде болса, ол кезде әрбір жеріне, әрбір бөлігіне манағыдай қалыптар қажет етеді. Әлгi шебер жасалған темір әріптерді, керемет қалыптарды, қаламдарды жасау үшін тағы бір қалам керек және әлгі қалыптар, қаламдар, темір әріптер жасау үшін олардың шамасындай тағы да сондай қаламдар, қалыптар, әріптер жасау қажет болады. Өйткенi, олар да жасалған, әрі өте шебер түрде. Тағысын тағы... Сабақтасып ұласа берер еді. Атеистік ұғымның іші толған осындай қисынсыздық екенін осыдан-ақ түсінуге болар. Ей, шатасып өзгені де шатастыратын қырсық! Адасушылықтан бас тартып, істеген ісіңе өкініп жылауың керек.ҮшіНші ҚАуіпті СөЗ: «Иктизат-һүл табиат», яғни табиғаты керек етедi, табиғат жаратады, деген пікір. Бұның жөнсіз жақтары жетеді. Үлгi ретінде үшеуін баяндалық. БіРіНші жөНСіЗ жАҒы: Әлем, оның ішінде жан-жануарлар, олардағы хикметтi де көреген iстер, өнер мен шеберлік Шәмси-Әзәлидiң тағдырымен, оның құдірет қаламымен жазылған дегенді жоққа шығарып, оларды меңіреу табиғат немесе басқа бір күш жаратты дейтін болса, ол кезде табиғат, барлық нәрсеге өзінің мәшинелерін, баспаханаларын толассыз түрде орналастыруы керек болады, не болмаса барлық нәрсеге әлемді жарата алатын әрі басқара алатын бір құдірет пен хикмет беруi тиіс. Мәселен, Күн сәулесі Жер бетіндегі кiп-кішкене шыны сынықтары мен тамшыларға шағылысып, әсер еткенде олар жалт-жұлт етіп нұрға бөленеді. Егер Күнмен шағылысқан кішкене жылтырақ сәулелерді нағыз Күнмен байланысы жоқ, өздігінен десек, онда иненің көзіндей шыны сынығының ішінде табиғи нағыз күннің қасиеттеріне толық ие, болмысы шағын кәдiмгi

184ЛЕМАЛАРКүннің бар екенін қабылдауға және біреу ғана емес шыны бөлшектерi қанша болса, сонша табиғи Күннің бар екенін мойындауға тура келеді... Дәл осы мысал сияқты, жаратылыс атаулы мен жан-жануарлардың жаратылуын тікелей Шәмси-Әзәлидің есімдерінің сәулесi деп қарамасақ, онда әрбір болмыста, әсіресе, әрбір жан-жануардың бойында шексіз құдірет, жойқын билік, терең ілім мен хикмет әрі орасан зор күш қуат, яғни, бір-бір тәңір бар деп мойындауға тура келедi. Мұндай ұғым, әлемдегі қисынсыз пікірдің ең қисынсызы болар. Олай болса, бүкіл әлемдi жаратқан Аллаhтың шеберлiгi мен өнерін меңiреу табиғатқа телитін адам, әлбетте, хайуаннан жүз есе төмен, өзінің мың есе санасыз екенiн дәлелдейдi. ЕкіНші жөНСіЗ жАҒы: Егер көз алдымыздағы тәртiптi де өлшемдi, сұлу да әсем, шебер әрі хикметке толы жаратылыс шексіз Қадир, Хакимнің өнері болмай, табиғаттың ісі, табиғи дейтін болсақ, онда табиғат әрбір уыс топыраққа Еуропадағы баспалар мен фабрикалардың саны қанша болса сонша, мәшинелер мен фабрикалар орнатқан болды ғой, солай ма?!. Өйткені, гүл егуге арналған бір құтыны алайық. Сол топырақтан пішіні әртүрлі, бір-бірінен мүлдем өзгеше, түрлі-түсті гүлдердiң өсiп-өніп шығатыны анық оны iс жүзiнде көрiп жүрмiз. Егер, бұл құбылыс Зүлжәләл уа Қадир бір Аллаһқа тән болмаса, онда құтыдағы топырақтың ішінде әрбір гүлге арналған арнайы табиғи мәшине, өзгеше өндіріс бар деп ұғынуға мәжбүрміз. Әйтпесе, ондай түрлі гүл өсіп шықпас еді. Себебі, гүлдің дәнегі деген кәдiмгi ұрық пен жұмыртқа сияқты сутегi, оттегi, көмірқышқыл және азоттың қамыр сияқты араласқан қоспасынан тұрады және гүлге қажетті ауа, су, жылу, жарық секілді элементтер беті ауған жаққа кете беретін бейсана нәрселер. Дегенмен әлгі шебер жасалған гүл ғажайып әсем, тым тәртiптi де шебер түрде сол қарапайым қара топырақтан шығады. Олай болса, әлгі құтыдағы топырақта шағын мөлшерде баспаханалар мен фабрикалар бар болғаны ма? Солай пайымдауға тура келеді. Сонда ғана топырақ осыншама «гүл» дейтін тірі мата мен мыңдаған түрлі-түсті тоқыма өнімдерін өндіре алады. Ал, мұндай жағдай әлі күнге байқалған жоқ, топырақтан да таң қалдырар тамаша өндіріс орны табылған емес. Осыған қарап-ақ табиғат жаратты деушілердің хақ дінге қарсы үғымы қаншалық қисынсыз екенін ақылға салып сараптай беріңіз. Табиғатты «жаратушы» деп, оған «табиғат ана» деп табынып жүрген адам бейнесіндегі ақымақтар, өздерін «ғылым адамымыз, ақылдымыз» деп санайтынын қайтерсің! Мүмкін, олар ақыл-ой мен ақиқат ғылымынан қаншалықты қол үзіп қалғандарын аңғармайтын да шығар. Мұндай адасушылық пікірін өздерінше білім саласы деуі кісі күлерлік нәрсе. Ондай масқара салаға түкіргеннен өзге еш амал жоқ.

185ЖИЫРМА ҮШІНШІ ЛЕМАЕгер былай десең: «Жаратылысты табиғатқа телісең қыруар қисынсыздықтар мен шыға алмайтын тығырықтар пайда болады дейсiң. Ал, бұларды Ахад әрі Сәмад бір Аллаһқа бергенде әлгi қиындықтар қалай жоғалып, ұғыну жеңіл болып кетеді?» жАуАБы: «Бірінші мысалда, Күн сәулесі еш қиындықсыз, кіп-кішкене тамшыдан бастап, сонау айдын көл, үлкен теңізге дейін шағылысып, өзінің сәулесін, әсерін өзіне ұқсас көптеген кішкене мысали күндер арқылы жеңіл көрсете қояды. Егер әлгі тамшының және сол сияқты жылтырақ бөлшектердің күнмен байланысы жоқ десе, онда әлгі кішкене күнді көрсетіп тұрған әрбір бөлшектің ішінде күн сыртқы пішінімен бірге орналасуы керек. Сол сияқты әрбір болмысты тікелей Заты-Ахад уа Сәмад бір Аллаһтың жаратқаны, оның құдіретімен болады деген кезде бүкіл болмысқа не керектiң бәрi өте оңай әрі жеңіл түрде қамтамасыз етіледі. Егер мұндай байланыс үзілсе болды әлгіндей қызметшiлiк тоқтап, болмыс атаулы өз бетімен жүр немесе табиғатқа қатысты дейтін болсақ, ондай жағдайда шешілмейтін шексіз байланыстар түйіндерге айналып, ақылға сыймайтын жөнсіздік, яғни, мүмкінсіздіктер алдымыздан шығады. Онда мына керемет хикметке көз жұмып, әлемнің кiшкене үлгісі тәрізді, таңғажайып мәшинеге ұқсас шыбынды сол шыбынның ішіндегі меңіреу табиғат жасады деп сенуге тура келеді. Ендеше бүкіл табиғаттың өзін шексіз әлемді жарататын құдірет пен хикмет иесi деп мақұлдауға тура келеді. Бұл дегеніміз бір емес, бәлкім сансыз есе қисынсыз, санасыз сандырақ болар еді. Олай болса, Заты Уажиб-үл Ужуд жаратқан және оның серігі мен теңі жоқ, болуы да мүмкін емес. Сол сияқты оның құдіретіне және болмысты жарату ісіне де өзгенің араласуы мүмкiн емес, мүлдем ақылға сыймайтын түсінік. Ал, екінші жөнсіздіктегі мүшкілдікке келер болсақ, көптеген еңбектерімде баяндағанымдай, егер болмыс атаулы Уахид Ахад бір Аллаһқа берілсе, барлық нәрсе бір нәрседей жеңіл әрі оңай болады. Егер іс себептерге, табиғатқа жүктелсе бір ғана нәрсе бүкiл болмысты жаратқандай аса зор қиындық туғызады. Мәселен, бір адам патшаның қызметшісі болып қол астына кiрсе, сол мансаптың арқасында әлгi адамның күш-қуаты жүз есе артып, бұған дейінгі атқарған қызметінен әлдеқайда көп істер тындыра алады. Өйткені, атқаратын ісі мен жұмысына қажетті заттарды, күш-қуатты өзі тасымайды, тасуға да мәжбүр емес. Әлгi байланыс арқылы керегінің бәрін патшаның қазынасынан алып және оны патшаның әскері тасиды. Демек, атқарған істері керемет, бейне бір патшаның өзi iстегендей тыянақты, іс-қимылы бір әскери жасақтың қимылындай керемет басталып, таңғажайып болып аяқталады.Мысалы, кішкентай құмырсқа, әлгіндей қызметкерлік арқылы Перғауынның зәулім сарайын тас-талқан етеді. Шыбын сондай байланыстың

186ЛЕМАЛАРарқасында патша Нәмрудты жер жастандырады. Сондай байланыспен кiп-кiшкене қарағайдың дәнегі, таудай қарағай ағашын арқалап, ішіне сақтап тұр емес пе?. * Иә, егер мұндай тығыз байланыс үзіліп, әлгіндей зор қызметінен босатылса, онда кішкене дәнек зәулім қарағай ағашына қажетті заттарды өзі арқалап тасуға мәжбүр болар еді, ол да мүмкін емес. Ол кезде, көп болса өзіне шақ сол азғантай күш-қуатының шамасындай ғана iс атқарады. Әрине, мұндай хикаяны қиялға жүйрік сайқымазақ естісе де, осындай жөнсіз қиялдан ол да қатты ұялатын шығар. Сонымен, болмыс атаулыны Уажиб-үл Ужудқа беру, яғни, бiр Аллаh жаратты деу шарт әрi сөзсіз жеңіл. Ал, табиғат жаратты деу мүшкіл, ақылға қонымсыз. ҮшіНші жөНСіЗ жАҒы: Бұл қисынсыз пікірді әшкерелейтін мұның алдындағы кітапта баяндалған екi мысалға тоқталайық.Бірінші мысал: Өркениеттің барлық озық жетістіктерімен безендірілген ен далада орналасқан зәулім сарайға жабайы бiреу келеді. Қараса, іші толған көздің жауын алатын тамаша өнер туындылары. Әлгі жабайы ақымақтық жасап «сырттан ешкім араласқан жоқ. Бұл сарайды ішіндегі заттарымен қоса сол заттың біреуі жасаған шығар» деп ойлайды. Бірақ ақылы таяз болса да, ішіндегі бір заттың мына зәулім сарайды жарата алмайтынын біледі. Содан сарайдың жұмыс жоспары мен ішіндегі заттардың тізімі және басқару заңдары жазылған дәптер тауып алады. Расында көзсіз, жансыз, күш-құдіреті жоқ ол дәптердiң қолынан жасау, безендіру келмейтiнi анық. Ол бар болғаны басқару заңдарының жиынтығы мен заттардың атауы жазылған бір зат қана. Әлгі жабайы сонда да өзiн зорлап «Басқалармен салыстырғанда осы дәптер сарайдағы нәрселермен тығыз байланысты болғандықтан, мына сарайды осы дәптер жасап, безендіріп, ішін дүние-мүлікпен толтырған екен» деп есуастардың сандырағын айтады. Міне, осы мысалдағы зәулім сарайдан да керемет, жүйелi де тәртiптi, таңғажайып, айналасы хикметке толы, мына «әлем» сарайын табиғат жаратты дегенге сенетін Құдайдан безген жабайы адам келеді. Бірақ, ол бұл әлемді мүмкiндiк шеңберiнен тысқары Зат-ы Уажиб-үл Ужудтың бар екеніне сенбегендіктен әлем Оның шебер жаратқан өнерi деп қарамай, * Иә, егер де тығыз байланыс болса, Аллаhтан әмір келедi де әлгі дән ғажап іс атқара бастайды. Егер ондай байланыс болмаса, бiр дән жаратылуы үшiн зәулiм бiр ағашқа қажет шарттар мен құдірет әрі сондай өнер қажет болар еді. Өйткені, тау етегінде өсiп тұрған Құдайдың құдіретi алып қарағайдың барлық болмысы, бүкiл керектi заттары және тағдырдың жазғаны сол дәннен шығатын ағашта да болуы керек қой. Өйткенi, ол ағаштың фабрикасы сол дәннің өзі болуға тиіс. Ал ақиқатында, дән ішіндегі тағдыр жазуы Аллаhтың құдіретiмен сыртқа шығып кәдiмгi қарағайға айналады.

187ЖИЫРМА ҮШІНШІ ЛЕМАИләhи тағдырдың жазып-өшіретін тақтасы және Иләhи құдіреттің жарату заңдарының ауысып өзгеретін дәптерi болып табылатын, бірақ «табиғат» деп аталып кеткен Иләhи ережелер мен заңдар жинағын, яғни, Раббани шеберліктің мазмұнын көреді. «Мына нәрселердің пайда болуы үшін бір себеп керек. Бiрақ, мен олармен тығыз байланыста болатындай мына дәптерден басқа нәрсе көре алмай тұрмын. Шынында көзсіз, санасыз, құдіреті жоқ мына дәптер, толық Рубубиеттің ісі болып табылатын әлемді жаратуы әсте мүмкін емес. Бірақ мен, Сани-ы Қадим Жаратушыны мойындамаймын ғой. Олай болса, ең дұрысы әлемді мына дәптер жаратты және жаратып жатыр деймін» деді. Оған жауап былай: «Ей, ақымақтықтың шегіне жеткен ақымақ! Табиғаттың ұйығына батқан басыңды көтер, көзіңді аш! Ең ұсақ бөлшектен бастап сонау жұлдыздарға дейін толып жатқан болмыс атаулы өзiне тән сан-алуан тілде Аллаhтың бар екеніне куәлiк ететіндігін тыңда! Әлем атты алып сарайды салған, оның жоспарын бір дәптерге жазған Наққаш-ы Әзәлидің табиғат атты құбылысына назарыңды сал! Сан қилы өзгеріс болып көзге түсіп тұрған істеріне қара! Сонан соң, осының бәрін тамаша түсіндіретін Құранын тыңда. Сонда, әлгіндей сандырақтан құтыласың». Екінші мысал: Мүлде жабайы бiреу жер қайысқан қалың бiр әскери бөлімшеге тап болады. Сөйтіп, әскердің бәрі бірдей жалпыға ортақ тәртіппен жаттығып жатқанын, үйлесімді іс-қимылын көреді. Бір жауынгердiң әрекетімен қалың әскер тұра қалады, жата кетеді, жүгіре жөнеледі. «Атыңдар!» деген бұйрығын алғанда оқ боратады. Ақылы таяз әлгі жабайы адам мына істер бір қолбасшының немесе мемлекеттің не болмаса бір патшаның заңымен басқарылып жатқанын түсiне алмай және ол түсінікті жоққа шығарғандықтан жауынгерлер бір-біріне өзара жіппен байланған екен деп ойлайды. Сөйтіп, «ол неткен ғажап жіп!» деп те таңқалады. Одан әрі Аясофия дейтін өте сәулетті де керемет бiр мешітке келеді. Жұма күнi болғандықтан мешітке мұсылмандар көп жиналыпты. Олар бір адамның дегеніне ұйып, иіліп, еңкейіп сәжде етедi. Аллаһ Тағаладан келген бүкiл заңдарды қамтитын иләһи шариғатты және шариғат иесінің әмірлерінен тұратын мағынауи ереже-заңдарды әлгі адам ұқпағандықтан. «Мына жамағат кәдiмгі жіппен байланып тұр, оларды шырмап, ойнатып тұрған жіп таңғажайып екен!» деп, тағы да қияли ой кешеді. Осылайша, ол хайуан достарының өзін де күлкіге қарық қылып, өзі де масқара болып шығып кетеді... Міне, дәл сол сияқты Сұлтаны-Әзәл және Әбәд Аллаһтың сансыз әскері тәрізді мына әлемге немесе Мәғбуды-Әзәлидің сәулетті мешіті сияқты мына дүниеге, әбден жабайыланып кеткен қырсық әрі Құдайдан безген, табиғат жаратады деген ұғымды жақтайтын бір кәпір келеді. Ол Сұлтаны-Әзәлидің хикметінен туындаған әлемнің мағынауи заңдарын материалдық нәрсе деп пайымдап, Рубубиет билігінің заңдар жинағы, яғни, жаратылыс заңдарын

188ЛЕМАЛАРматериалдық нәрсе деп сеніп, сосын оларға «табиғат» деп әлдеқандай айдар тағып Құдіреттің ісі болып табылатын құбылыстарды кездейсоқ табиғаттың көрінісі деп қарайды. Бұл жоғарыда келтірген мысалдағы жабайылықтан мың есе өткен жабайылық қой!Сонымен, жаратылыстанушылардың «табиғат» деп ойдан шығарғандары егер бар болса, онысы тек өнер болуы мүмкін, шебер емес. Яғни, асқан шебердің ғажап өнері ғана. Ол бір сурет қана, әлбетте, суретші емес. Үкімдердің жинағы болуы мүмкін, бірақ, Әкімі бола алмайды. Ол бір жаратылыс заңы, Заңгер бола алмайды. Бүркеніш пердесі болып табылатын жаратылыс, Жаратқан бола алмайды. Әсер алушы құбылыс, әсер етушi емес. Ол бір орындалушы заң, Құдірет те емес, Қадир де емес. Құралған нәрселер, бірақ, Құрастырушы емес... Сонымен, қорыта келгенде, әлемде болмыс бар екенi рас, оған күмән жоқ. Он алтыншы нотаның басында айтылғандай, болмыстың пайда болуының ақылға сияды-ау деген төрт жолдан басқа жолы жоқ. Міне, осы төрт жолдың әуелгі үшеуі қисынсыз, бекер, сандырақтау екені толық түрде дәлелденді. Енді төртінші жолға келер болсақ, бастапқы: аяты Зат-ы Уажиб-үл УжудтыңУлуhиетін және барлық нәрсе оның құдіретімен болатынын, жер мен көк оның билігінде, оның тікелей қол астында екендігін ап-анық әрі нақты көрсетіп тұр. Ей, себептерге шырмалып, табиғатқа табынған бейшара адам! Сен әуелі мынаны біліп қой! Әрбір болмыстың табиғаты бүкiл нәрселер сияқты кейіннен пайда болады, яғни, жаратылады. Өйткені, шебер түрде жаңадан жасалуда. Һәм әрбір болмыс жаңадан жаратылғаны секілді оның себептерi де асқан шеберлікпен, керемет өнермен жасалуда. Сондай-ақ, әр нәрсенің жаратылысы көптеген заттар мен құралдарды қажет етедi. Олай болса, ол табиғатты жасаған және сол себептерді жаратқан Қадир-ы Мутлақ, Жаратушы бар. Ал, мұндай Қадир-ы Мутлақ өзінің жарату ісіне, шексіз басқару билігіне әлсіз, қолынан түк келмейтін себептерді ортақ қылады деймісің. Жоқ! Ол нәтижені себептерімен бірге өзі ғана жаратады және есімдерінің кереметтігін және ғажап хикметін осылайша көрсете отырып оларға белгілі бір тәртіп береді. Таңғажайып жүйеге түсіреді де бір-біріне себеп қылып, нәтижені осы тәртіп пен жүйеге қатысты салдары етіп көрсетеді. Бұл екеуі де Аллаһ Тағаланың асқан құдіретінiң бүркенiш перделерi болып табылады. Осылайша киелi есiмдерiне нұқсан келтірмей, асқақтығын сақтап отырады.Апырым-ай, сағат шебері сағаттың бөлшектерін жасап алып, сағатты құрастыра салуы оңай ма, әлде таңғажайып бір мәшине ойлап тауып, онысын әлгі бөлшектердің арасына орналастырып, сосын сағат жасауды

189ЖИЫРМА ҮШІНШІ ЛЕМАсол мәшиненің жансыз қолдарына тапсыруы оңай ма? 0, тоба! Бұлай болуы мүлдем қисынсыз ғой? Осыған төрелік етіп көрші! Немесе жазушының сия, қалам, қағазды пайдаланып өзі жазғаны оңай ма, әлде қалам, сия, қағаздың арасына әлгi жазбадан әлдеқайда шебер жасалған өте күрделi әрi тек сол жазбаға ғана тән жады бар мәшине құрастырып, сосын ақыл-есi жоқ әлгi мәшинеге «қане, сен жаз!» деп, өзінің араласпағаны оңай ма? Бұл қолжазбадан жүз есе мүшкіл емес пе? Егер сен: «дұрыс қой, бір кітапты жазу үшін әлгіндей мәшине жасау әрине көп әуреге салады. Бірақ, мұндай мәшине болса, жазушының сол кітабын көбейтуге пайдасы тимей ме? Сол жағынан бәлкім жеңілдік болар?» дерсің. Оған былайша жауап береміз: Наққаш-ы Әзәли, яғни, әсем де шебер суретшi Аллаһ, өзінің асқан құдіретімен көркем есімдерінің көрінісін сан-алуан түрде көрсете отырып, үнемі жаңалау арқылы, болмыс атаулыға өзгеше түр, өзіндік бейне беруде. Тіпті, ешбір Самәдани хат немесе Раббани кітаптың дәлме-дәл көшірмесі жоқ. Жаңадан басқа мағына білдіру үшін, кейіннен жаратылғаны міндетті түрде өзге бейнеде болады. Егер соқыр болмасаң, адамның жүзіне зер сал! Адам ата заманынан бері, бәлкім қияметке дейін сол алақандай бет әлпетiнде, дене мүшелерімен қоса салыстырғанда, адамдар бір-біріне ұқсамайды. Міндетті түрде бір айырмашылығы болмақ. Демек әрбір бет, өзiндiк бір кітап. Оны тек көркемдеу үшін өзінше бір жазу құралдары, жаңа бір тәртіп, өзге бiр жазу керек. Қажетті заттарды әкелу, оларды орналыстыру және басылуына қажетті нәрселерді орнына қою үшін мүлдем басқа баспахана қажет. Егер, мүмкін емес болса да табиғатты баспахана деп санағанның өзiнде баспаға қажетті теру мен басу, яғни, дайын әріптерді қалыпқа құюын былай қойғанда, әлгі теру жұмысынан әлдеқайда мүшкіл болып табылатын жанды мақұлықтың болмысындағы қажетті заттарды әлемнің түкпір-түкпірінен өзіндік өлшеммен, өте дәл әрі белгілі бір жүйемен жасау және тасу, сондай-ақ, әлгi баспаға беру үшін бәрiбiр, қайтадан сол баспаның иесi Қадир-ы Мутлақтың құдіреті мен еркіне мұқтаждық туады емес пе? Демек, баспа болуы мүмкiн деген ой мүлдем болымсыз, мағынасыз әрi сандырақ. Егер, сағат пен баспа мысалдарын түсiнген болсаң, онда шебер Жаратушы Сани-ы Зүлжәләл, бүкіл мүліктің Иесі Қадир-ы Күллі Шей себептерді де өзі жаратқан, нәтижені де сол жаратуда. Хикметті түрде себептi салдармен ұштастыруда. Әлем құбылыстарының жүйесіне қатысты Аллаhтың әдет-заңдары Иләhи ұлы жаратылыс заңдарының бір ғана сәулесiне жәй ғана айна болып табылатын болмыс атаулының табиғатын өз еркімен қалағанындай белгiлеген. Әрі сол табиғаттың заттық жағын құдіретімен жаратқан, болмыс атаулыны өзiндiк табиғатына сай жаратқан... бір-бірімен араластыра байланыстырып қойған... Апырым-ай, тым орынды әрі нақты дәлелденген осы ақиқатты мақұлдау қиын болып па?! О, тоба, осылай болуы керек емес пе? Әйтпесе, қарапайым себептер мен табиғат деген нәрселерге

190ЛЕМАЛАРәр нәрсенің жаратылуына қажетті заттар мен құралдарды беріп, өте хикметті әрі күрделі iстердi атқарту мүлдем қисынсыз. Апырым-ай, бұл деген мүмкін еместің мүмкін емесі ғой. Мұны да сенің ынсап білмейтін ақылыңа саламын.Әлгі кәпір, яғни, табиғатқа табынушы былай дейді: «Сен маған ынсапқа кел деп отырсың. Осы кезге дейін жүрген жолым тым қисынсыз әрі зиянды, іске алғысыз жол екенін түсіндім. Жоғарыда аталған дәлелдерiңiздi естіген адамның егер аз ғана ақылы болса, табиғат немесе себептердiң жаратуы мүмкiн емес және олай деудің өзі сандырақ екенін түсiнедi деп ойлаймын. Ал, барлық нәрсені тікелей Уажиб-үл Ужудтың жаратқаны шындық әрi мiндеттi түрде солай. «Әлхамдүлиллаhи аләл иман» деп иман еттім. Көңілімде мынандай бір ғана күмән бар: Аллаһ Тағаланың Жаратушы екенін қабылдаймын, алайда кейбір кiшкене себептердің қарапайым нәрселердi жарату ісіне араласуы, азғантай мадаққа ие болуы Оның Рубубиетінің салтанатына зиян келтіре ме? Әкімдiгiне нұқсандық түсіре ме?» Мұның жауабы: Бұл мәселе менің кейбір шығармаларымда толық дәлелденген. Әкімдiктiң басты талабы басқаның араласуына мүлде жол бермеу. Тіпті, қарапайым әкім мен жәй қызметкердiң өзi басқарма ісiне баласының араласқанын қаламайды. Тіпті, тағыма таласады деп, кейбір патшалар өз дәуірінде өзінің бейкүнә ұлдарын өлтіріп отырған. Бұл оқиға «билікке басқаны араластырмау заңының» әкімдік ісінде қаншалықты маңызды екенін аңғартады. Шағын ауылдағы екі бірдей бастықтан бастап, сонау бір өкіметте екі патшаға дейін әкімдік iсiнде тәуелсiздiк, «басқаны араластырмау заңдылығын» қатаң талап етедi. Мұны адамзат тарихы қырғын қан төгістер арқылы дәлелдеп отыр. Апырым-ай, Аллаhтың толық басқарма мен әкiмдiгiнiң жәй ғана көлеңкесiндей әлсіз әрі көмекке мұқтаж адамдардың арасында жеке дара билеп-төстеу осыншама дәрежеде болса, өзiң ойлашы Толық Әкімдігi Рубубиет дәрежесінде, Толық басқармасы Улухиет дәрежесінде, Толық тәуелсiздiгi Әхадиет қуатында және ешнәрсеге мұқтаж емес, Қадириет қуатындағы Зат-ы Зүлжәлалдің ісінде, оның әкімдігінде басқаны араластырмау, серiкті қабыл етпеу, ешнәрсенi ортақ қылмау заңдылығы қаншалықты қажет әрі шарт екенін салыстыра алсаң, салыстырып көр! Жаратушы Аллаһтың өзіне әсте ешнәрсені, титтей де болсын серік қостырмауы қатаң талабы, сөзсіз шарты. Ал, күмәнiңнiң екінші жағына келсек, «Себептер, кейбір ұсақ нәрселердің кейбiр құлшылықтарын иеленсе, Мағбуд-ы Мутлақ болып табылатын Зат-ы Уажиб-үл Ужудқа жасалған ең ұсақ бөлшектен бастап жұлдыздарға дейінгі жаратылыстың құлшылықтары азайып қала ма?» дейсің. Оған жауап былай: Мына әлемнің Халиқ-ы Хакимы әлемді шексіз зәулiм ағаш тәріздес жасап, оның жемісі ретінде саналы пенделерді, ал олардың ішінде ең күрделі жемісі адамды жаратқан. Адамның да өзiне тән өте маңызды жемісі, тіпті, жаратылысының нәтижесі, мақсаты бар. Ол, оның шүкіршлігi мен құлшылығы.

191ЖИЫРМА ҮШІНШІ ЛЕМАМіне, осының бәрін жаратқан толық ерікті, ешнәрсеге тәуелсіз Әмірші Хаким-ы Мутлақ және өзін таныту үшін әлемді әсем түрде жаратқан Уахид-ы Әхад Аллаһ, бүкіл әлемнің жемісі адамзатты және адамның ең құнды жемісі – шүкірі мен ғибадатты басқаларға беріп қоюы мүмкін бе? Жаратылыстың нәтижесін, әлемнің зор жемiсiн хикмет пен даналығына мүлдем кереғар етіп, өзгеге беріп әбестік жасай ма? Олай істеуі әсте мүмкін емес.Жаратылыстың құлшылықтарын басқаларға беру – Аллаhтың зор хикметі мен толық Рубубиетін бекерге шығарумен тең. Оған өзi риза бола ма, ұлықсат бере ме? Әрі, өзін танытып, бірақ жаратқан құлдарының шүкіршілігі мен ризашылығын, сүйіспеншілік пен құлшылықтарын бөтен біреуге, себептерге беру арқылы өзін ұмытқызып әлемдегі ең ұлық мақсатын жоққа шығаруы мүмкін бе?!Уа, табиғатқа табынудан бас тартқан достым! Басқа айтарың бар ма? Ол айтады: «Әлхәмдүлиллаh, көңілімде күдік қалмады. Иләhи Уахдәниетті және Мағбүд-ү Билхақ жалғыз Аллаһ Тағала екендігін әрi Аллаһ Тағаладан басқалар ғибадат етуге лайық еместiгiн өте анық түрде, бұлтартпас айғақтармен дәлелдеп бердiңiз. Бұған да сенбей Жаратқанды жоққа шығару, Күн мен Айды жоққа шығару секілді ақиқатқа мүлдем қайшы ғой».СоңыТабиғатшылдық дейтін күпiрлiк ұғымды тастап иманға келген адам айтады: «Құдайға шүкір, күмәнiм қалмады. Алайда, көңілімді алаңдатқан бірнеше сұрағым бар». БіРіНші СұРАҚ. Жалқау кiсiлер және намазды тастап кеткендер айтады: «Құранның көптеген жерінде ғибадат етпейтiндердi жанға батыра қайта-қайта Жәhаннамның жан төзгісіз азабымен қорқытып, адамның зәресiн алады. Сонда біздің ғибадатымыз Аллаһ Тағалаға керек болғаны ма, не қажеті бар? Адамзатқа тура жол көрсетіп, жөнге салып отыратын әділетті Құранның бұлай сөйлеуі оған жараспайды. Елеусіз, кіп-кішкене қателiкке бола, осыншама қорқыту қаталдық емес пе?».жАуАБы: Рас, Аллаһ Тағала сенің ғибадатыңа да ешнәрсеге де мұқтаж емес. Бірақ, ғибадатқа сен мұқтажсың. Рухың сырқат, жаның жаралы. Ал, құлшылық – рухани жараны емдейтін шипа. Апырым-ай, науқас адам дәрігердің жаны ашып айтқан пайдалы кеңесіне және дәрі-дәрмек ішу жайында қайта-қайта айтқан ескертуіне ренжіп «сiзге мұны қайталай бергеннен пайда түсе ме?» десе, мұнысы әбестік қой. Ал, Құранның ғибадатты тастауға қатысты қорқынышты да қатаң ескерту жасап, ауыр жаза жайлы ескерткен хабарының мәнісі мынада:

192ЛЕМАЛАРМерейі үстем Патша қол астындағылардың құқын сақтау үшiн халқының ақысын жеп, намысына тиетiн жәй бір адамның жіберген аз ғана қателiгiне бола ауыр жазаға тартады емес пе? Сол сияқты ғибадатты, намазды тастаған адам, Сұлтан-ы Әзәл уа Әбәдтің билiгiндегі болмыс атаулының құқына үлкен жауыздық әрі қастандық жасаған болып есептеледi. Себебі, болмыс атаулының әсемдігі, Жаратушысын мадақтауы мен тәсбих етуінде жатыр. Ғибадатты тәрк еткен адам болмыс атаулының ғибадатын көрмейді, көре алмайды, тіпті, жоққа шығарады. Ал ғибадат жасап, тәсбих ету жоғары дәреже екені белгілі. Сондай-ақ, Самәдәни хат, әрбірі Раббани есімдердің айнасы болып табылатын жаратылысты төмендетiп түкке тұрғысыз, мағынасыз, меңіреу санап, мағынасы мен мақсатын жоққа шығарады. Сөйтiп, бүкіл жаратылысқа қастандық жасаған болады. Иә, әркім әлемді өз айнасымен көреді. Аллаһ Тағала адам баласын бүкіл әлемнің үлгісі, таразысы түрінде жаратқан. Әрбір адамға мына дүниеде өзіндiк әлем сыйлайды. Ол әлемнің күйі, пенденiң көңілiне қарай өзгеріп отырады. Мәселен, өте мұңлы жабырқау адам, төңірегін де солай көреді. Ал, өте көңілді, қуанышты адам, әлемді құлпырып жайнаған түрде көредi. Сол сияқты, ойшыл әрі терең мағыналы ғибадат жасап, тәсбихпен шұғылданатын адам, жаратылыстың мәнісiн, оның ақиқатын тереңірек аңғарады. Бейқам немесе Құдайдан безіп ғибадатты тастаған адам әлемнiң кемелдiгiне, шынайы әсемдігiне кереғар тұжырым жасап, үйлеспейтін әбес түрде түсініп, олардың құқына рухани қарсылық жасайды. Әрi адам өзі өзінің нағыз иесi болмағандықтан намаз оқымаса, нағыз Иесi болып табылатын Аллаһтың құлына, яғни, өз нәпсісіне зұлымдық жасаған болады. Ал, оның Иесi, құлының ақысын оның жүгенсіз нәпсісінен алу үшін қайта-қайта қорқытып, қатаң ескерту жасап тұрады. Сондай-ақ, жаратылысының нәтижесі әрі мақсаты болып табылатын ғибадатты тәрк еткен адам Иләhи хикметке әрі Раббани мақсатқа қарсы шыққан болып саналады. Сол үшін қатаң жазаға тартылады. Сонымен, ғибадатты тастаған адам өзінің нәпсісіне (жан) зұлымдық еткен болады, ал, нәпсі болса Аллаһ Тағаланың құлы әрі толық иелігінде, сонымен қатар бүкіл әлем кемелдiгiне шек келтіріп, олардың мағынауи ақысын жеп, құқына қол сұққан болады, демек залым болғаны. Иә, кәпiр, яғни, атеист бүкіл болмыс атаулыны қорлаушы залым. Ғибадатты тастау, әлемдегi әсем кемелдiктi, ондағы сұлулықты жоққа шығару деген сөз. Осы себептен, Иләhи хикметке қарсы келу болып табылады. Нәтижесінде қатаң ескертуге, қатты қорқытуға, ауыр жазаға да лайық болады. Міне, жоғарыда аталған өте орынды ақиқатты білдіру үшін Қасиетті Құран Кәрім керемет түрде әлгіндей қатаң ескерту арқылы түсіндірме тәсілін шебер пайдалана отырып, өз жөнімен, дәл тауып айтқан әрi сол жерге лайық сөзді шешендікпен өте тамаша қолданған. ЕкіНші СұРАҚ: Табиғатшылдықты қойып, иманға келген жан былай дейді: «Болмыс атаулы қай жағынан болсын, ісінде де, өзінде де, сипатында

193ЖИЫРМА ҮШІНШІ ЛЕМАда Аллаhтың құдіретіне тәуелді екені ұлы ақиқат. Ұлы болғандықтан ол таяз ақылымызға сыймайды. Әйтсе де, көз алдымыздағы мына телегей теңіз молшылық әрі уахдет тұрғысындағы оңайлық пен жеңілдік, Құранда баяндалғандай: Осы секілді аяттарының анық түрде көрсеткен өте оңай әрі асқан жеңіл түрде болуы әлгі ұлы ақиқаттың өте орынды да дұрыс екендігін дәлелдей түседі. Бұл жеңілдіктің сыры мен хикметі неде?» жАуАБы: Біріншіден, Жиырмасыншы Мектубтың оныншы кәлимәсы болып табылатын: аятының баянында бұл сыр өте анық әрі толық түрде баяндалған болатын. Әсіресе, соңғы жағында нақты дәлелденген-ді. Егер қайталайтын болсақ, болмыс атаулыны Сани-ы Уахид бір Аллаһ жаратты деген кезде барлығы бір түйір зат сияқты оңай әрі жеңіл пайда болады. Егер болмысты Уахид-ы Ахад жаратқан жоқ дейтін болсақ, бір түйір заттың жаратылуы бүкіл заттың жаратылуы сияқты мүшкіл болып, орасан зор қиындық туады. Ол кезде бір дәннің жаратылуы бір ағаш сияқты қиындық туғызады. Егер өзінің нағыз шебер ұстасына берілсе, бүкіл әлем бір ағаш сияқты, бір ағаш бір дән сияқты, ал Жұмақ бір гүл сияқты оңай әрі жеңіл жаратылады. Демек жеңілдік пайда болады. Сонда мына көз алдымыздағы молшылық пен арзаншылықтың және әрбір түрдің жеңiл көбеюiнiң, сондай-ақ, өте оңай әрі жылдам пайда болуының сыры ашылып түсінікті болады. Мұның хикметтерін білдіретін жүздеген дәлелдер басқа шығармаларымда толық баяндалған болатын. Қазір оған қысқаша тоқталып өтелік. Мысалға, жүз жауынгерді бір қолбасшыға тапсыру бір жауынгерді жүз қолбасшыға тапсырудан жүз есе жеңіл ғой. Сондай-ақ, әскердің немесе жер қайысқан қалың қолдың қажеттi жабдықтарын қамтамасыз ету бір орталықтан басқарылып, бір заңға бағынып, бір фабрикаға жүктеліп, бір патшаның басқаруымен болса, саны жағынан бір жауынгерді қамтамасыз ету сияқты жеңіл болады. Ал, бір жауынгерді қамтамасыз ету көптеген орталықтарға, сан-алуан фабрикаларға жүктеліп, бірнеше қолбасшыларға тапсырылса, бейне-бір саны жағынан бір топ әскерді қамтамасыз етуден де қиынға соғады. Өйткені, бір ғана жауынгерді қамтамасыз ету үшін де, бүкіл әскердi қамтамасыз ететiн көптеген фабрикалар керек. Һәм Уахдет сырымен бір ағашқа қажетті заттар бір тамырдан, бір орталықтан, бір заңмен беріліп отырғандықтан, мыңдаған жеміс беретін әлгі ағаш, бір жеміс сияқты оңай

194ЛЕМАЛАРөсіп-өнгенін көзімізбен көріп жүрміз. Егер жағдай Уахдеттен (бірліктен), Кесретке (көпшілікке, себептерге) өзгерсе, яғни, бір Аллаһтың әмірімен емес сансыз себептерге жүктеліп, әр жеміске қажетті заттар әр жерден өздігінен берілетін болса, әрбір жеміс бір ағаш сияқты қиындық туғызар еді. Өйткені, бір ағаштың тіршілігіне қажетті заттар бір дән үшін де керек екені мәлім. Міне, осы тектес жүздеген мысал бар. Мұндай жеңіл әрі оңай жаратылу ісіне Иләhи ілім, тағдыр және Раббани құдірет тұрғысынан қарасақ, әлгіндей терең де маңызды сыр біршама ашылып түсінікті болады. Қалай десең, мысалға сен барсың, болмыссың. Егер өзіңді Қадир-ы Әзәли жаратты десең, шексіз құдіретімен, әмірімен сіріңке шаққандай бір сәтте сені жоқтан бар етеді. Егер өзіңді Қадир-ы Әзәлиге тапсырмасаң, қандай да бір материалдық себептерге немесе табиғатқа телісең, ол кезде сен бүкіл әлемнің жинақы қорытындысы, жемісі мен кішкене мазмұны, тізімі болып табылатындықтан сені жарату үшін бойыңдағы заттарды бүкіл әлемнен жинап, оның бөлшектерін өте майда елекпен елеп, дәлмә-дәл өлшемдермен әлемнің түкпір-түкпірінен жинастыру қажет болады. Себебі, материалдық себеп тек қана реттеп жинастырады, басқа қолынан келмейді. Өзінде жоқ нәрсені қайдан тапсын? Себептердің жоқтан бар жасай алмайтыны күллі ілім иелерiне мәлім. Ондай жағдайда, бір ғана кішкене жәндіктің болмысын әлемнің түкпір-түкпірінен жинауға мәжбүр болар еді. Міне, Уахдет пен Тәухид көзқарасында яғни, Аллаh жалғыз дегенде мәселе өте жеңіл әрі оңай шешіледі, ал ширк пен адасушылықта жаратылысты түсіну мүлдем қиын әрі мүшкіл болады. Екіншіден, бұл мәселеге Иләһи ілім жағынан қарасақ та оңай. Өйткені, тағдыр дегеніміз ол iлiмнiң бір түрі. Ол барлық нәрсенің мағынауи, өзіндік қалып сияқты мөлшерiн алдын-ала белгілеп қояды. Тағдыр – әр нәрсенің белгіленген мөлшері, жоспары. Құдірет жаратар кезде өте жеңіл түрде сол тағдырда белгіленген мөлшерiнен аспай, соған қарай жаратады. Егер болмыс атаулы бәрiн қамтитын, шексiз әрі соңсыз ілім иесі Қадир-ы Зүлжәләлдың жаратқаны болмаса, жоғарыда айтылғандай мыңдаған қиындық емес, сансыз қисынсыздықтар пайда болар еді. Себебі, әлгі тағдырдың белгіленген мөлшері мен іліми өлшемі болмаса, бір жәндіктің болмысын жасау үшін мыңдаған кәдiмгi және материалдық қалып қолданылуы керек болады. Міне, Уахдетте керемет оңай шешім, ал дінсіз ұғымда, күпірлікте, ширкте, яғни, Аллаhқа ортақ қосу пікірі бойынша бәрі қиын әрі тым мүшкiл екенiн түсінген шығарсың. аяты қандай ғажап ақиқатты әрі ұлы шындықты баяндаған десеңші! Бұрын дұшпан қазiр дос, тура жолға түскен адамның үшінші сұрағы:Бұл заманның алдыңғы қатарлы философтары айтады: «Жоқтан ешнәрсе пайда болмайды, бар нәрсе жоқ болмайды, тек қосылу мен ыдырау бар. Осылайша, Әлем фабрикасы жұмыс істеп тұр», дейді.

195ЖИЫРМА ҮШІНШІ ЛЕМАжАуАБы: Құранның нұрынан мақұрым философия белсенділері «болмыс атаулы табиғи немесе себептердің салдарынан пайда болды» дейін десе, ол жолда кездесетін ақылға сыйымсыз қисынсыздықтарды көріп өзара екі топқа бөлінді. БіРіНші тОп. Бұлар – скептицизм жолын ұстанушылар. Олар, адамның басты қасиеті болған ақыл ойдан бас тартып, хайуаннан бетер төмендеп бүкіл әлемді, тіпті, өздерін де жоққа шығаруға мәжбүр болды. Өйткенi, кәпiрлiк көзқарас бойынша себептер немесе табиғат жаратты дегеннен гөрі жоққа шығару әлдеқайда оңай. Сондықтан әуелі өздерінің болмысын, сосын әлемді жоққа шығарып, «бәрі қиял, ешнәрсе жоқ» деп көрсоқырлыққа әбден салынды. ЕкіНші тОп. Бұлар – себептер немесе табиғат жаратты дейін десе, бір ғана шыбынның немесе дәннің жаратылуы үшін қыруар қиындықтар туады, әрі ол үшін ақылға сыймайтын алып құдірет керек. Сондықтан, амалсыздан «жарату» дегенді жоққа шығарып, «жоқтан бар болмайды» деді және жоқ болуды да қисынсыз санап, «бар нәрсе жоқ болмайды» деді. «Тек қана атом бөлшектердiң қозғалысы салдарынан әрі кездейсоқтықтың әсерінен ыдырау және қосылу, түрлену және жүйелi реттелу арқылы белгілі күйге енеді, дүние солай жасалады» деп қиялдады. Сөйтіп, көрсоқырлықтың қою қараңғылығында тұрып, өздерін өте ақылды санайды. Құдайдан безу, адамды қаншалықты аздырып, көрсоқыр әрі масқара қылатынын осыдан біл, ғибрат ал! Жыл сайын төрт жүз мың түрлі жаратылысты әп-сәтте жер жүзінде жаратып отырған, Жер мен Көкті алты күнде жаратқан және алты аптаның ішіндегі әрбір көктемде өте шебер әрі хикметті түрде жан-жануарлар дүниесін жаратып, дүниені құлпыртып тұрған Құдреті әзәли Аллаһ өзінің әзәли яғни мұхит ілімінде жоспары мен өлшемдері анықталған болмысты яғни болмысы іліми түрде болған болмысты көзге көрінбейтін сиямен жазылған көрінбейтін жазуды айқындап көрсететін дәрі тәрізді өте оңай әлгі сырт пішіні жоқ, болмысы тек іліми түрдегі болмысты денеге айналдыру Әзәли Құдретке оп-оңай бола тұра сенбеу, жоққа шығару манағы софестаи дейтін ақымақтардан бетер ақымақтық, қою надандық. Бұл сорлы, бейшаралар өздері мүлдем әлсіз, қолында түк жоқ, тек аз ғана еркi бар әрі перғауынға ұқсап кеткен нәпсілері еш нәрсені жоқ қыла алмағандықтан, әрі жоқтан еш нәрсе жарата алмағандықтан және сенім артқан себептері мен құдайдай сенген табиғатының өзi жаратуға шамасы келмегендіктен ақымақтыққа салынып: «Жоқтан бар болмайды, бар нәрсе жоқ болмайды» деп, өздерінің бұрыс, жаңсақ қағидаларын Қадир-ы Мутлаққа, яғни, құдiретi шексіз Аллаhқа да еншiлегiсi келедi.

196ЛЕМАЛАРИә, Қадир-ы Зүлжәләлдің екі түрлі жаратуы бар. Біреуі, «ихтира» және «ибда» деп аталады, яғни, жоқтан бар қылу, жарату, қажет нәрсемен қамтамасыз ету. Екіншісі, «инша» және «санат» деп аталады, яғни, хикмет толы әсемдігін және көптеген есімдерінің әсем сәулесiн көрсету үшін өте күрделi ғажап болмысты әлемдегі элементтерден, бөлшектерден құрастырады. Әміріне құлдық ұратын бүкіл бөлшектерді және заттарды, өзінің «Раззақиет», яғни, ризықтандырушы атымен қамтамасыз ететін заңымен әрнәрсенің керегін жөнелтіп, сол арада әрекет еткізеді. Иә, Қадир-ы Мутлақтың «ибда» мен «инша» дейтін екі түрлі жаратуы бар. Бар нәрсені жоқ қылу, жоқ нәрсені бар қылу оған тым оңай әрі өте жеңіл, тіпті, әрдайымғы, жалпыға ортақ заңдылығы. Көктемде тіршілік иелерінің үш жүз мың түрін, олардың пішінiн, сын-сипатын, тіпті, бойындағы бөлшектерін айтпағанның өзінде, олардың барлық күй-жағдайын, хал-ахуалын жоқтан бар қылған құдіретке қарсы «жоқтан бар жасай алмайды» деген адамның өзі жоқ болуы керек қой. Табиғат жаратты деген қисық пікірден бас тартып ақиқатқа көзі жеткен адам, енді былай дейді: «Әлемде қанша ұсақ бөлшектер болса, Жаратушыға сонша шүкір етемін әрі мадақтау мен марапат бір Аллаhқа тән. Иманым артып, көңілді торлаған күдік-күмәндардан құтылдым. Енді көңіл таза, жүрек тыныш».* * *

жиырма төртінші Лематәсәттүр жайлы*Он бесінші тұжырымның екінші және үшінші мәселесі болатын, маңыздылығына орай жиырма төртінші Лема болды.Жоғарыда аталған аят тәсәттүрді әмір етеді. Азғын мәдениет болса Қасиетті Құранның бұл үкіміне қарсы келіп тәсәттүрді жөн көрмей, оны әйел затын кемсіту, құқығын шектеу деп санайды . *Жауабы: Құраны-Хакимнің бұл үкімі әйел табиғатына сай, ал керағар пікірдің жаратылысқа қайшы екенін дәлелдейтін көптеген хикметтерінен тек төрт хикметі баяндалмақ.БіРіНші ХикМЕт: Тәсәттүр әйелдерге фытри яғни табиғи әрі оны жаратылысы талап етеді. Өйткені, әйел заты әлсіз әрі нәзік. Сондықтан өзін және жанындай жақсы көретін балаларын қорғаштайтын ер кісінің жәрдеміне мұқтаж. Ол өзін оған сүйсіндіруге, жиіркендірмеуге, ыңғайсыз жағдайға қалмауға тырысады. Сонымен қатар, он әйелдің алты-жетісінің жасы ұлғайған, не көріксіз. Мұнысын, әрине әркімге көрсеткісі келмейді, * Әйел затының бөтен кісілерге көрсетуіне тыйым салынған жерлерін жасырып тұратын, шариғатқа сәйкес киімі.* Соттың үкіміне қарсы, әрі олардың үнін өшірген ақталу қағазынан бір үзінді. «Менің әділет басқармасына айтарым: Мың үш жүз жылдан бері және әр ғасырда үш жүз миллион адамдардың қоғамдық өміріне оң ықпал етіп киелі де үлкен маңызға ие болып келген, қасиетті де нағыз ұстанатын өміршең ереже боп табылатын Иләһи заңды жан-жақты баяндаған әрі оны үш жүз елу мың тәпсір растап, бір ауыздан бекіткеніне сүйене отырып тәпсірлеген сондай-ақ мың үш жыл бойы бабаларымыз ұстанып келген діни нанымына сәйкес тәпсір жазған кісіні айыптайтын соттың бұрыс үкімін егер дүниеде әділдік қалған болса сөзсіз түрде сот шешімін жойып, үкімді бұздырады деп ойлаймын.

198ЛЕМАЛАРне болмаса қызғаныш сезімімен өзінен артық сұлудың қасында көріксіз боп қалмауы үшін, не болмаса намысын бөтен біреуге таптатпай сақтану үшін, немесе күйеуінің алдында қиянатшыл ретінде айыпталмауы үшін оның табиғаты тәсеттүрді яғни жабылып жүруді қатаң талап етеді. Тіпті, байқап қарасаң, жасы ұлғайған әйелдер өзін көбірек тұмшалап, орамал тартқыш келеді. Он әйелдің тек екі-үшеуі ғана әрі жас, әрі сұлу, әрі өзін көрсетуден тайсалмайды.Адам өзі сүймейтін, жақтырмайтын кісінің алдында мазасызданып, қолайсыз күйге түсетіні мәлім. Әлбетте, ашық-шашық киінген көрікті әйел, өзіне көз тіккен бөтен он кісінің екі-үшеуіне оң қараса, қалған жеті-сегізінен ыңғайсызданады. Сондай-ақ, ар-намысты, салиқалы көрікті әйел, нәзік әрі сезімтал болғандықтан іс жүзінде, әрине бөтен көздерден қысылып қымтырылады.Естуімше, әлем-жәлем киіну кең тараған Еуропа елдерінде көптеген әйелдер әлгіндей сұқтана қараудан ыңғайсызданып, “мына азғын немелер бізді көзбен атып, қайда барсақ та сығалап мазамызды алып болды” деп полиция қызметкерлеріне шағым айтады екен. Демек, мәдениеттің тәсәттүрге қарсы шығуы орынсыз әрі жаратылысқа керағар. Ал, Қасиетті Құранның тәсәттүрді әмір етуі өте орынды да жарасымды. Мейірімділіктің қайнар көзі әрі өмірлік серік болатын қадірменді әйел затын тәсеттүр арқылы азғындаудан, намысының тапталуынан, рухани қаналудан сақтайды. Әйелдің бойында бөтен ер кісілерге деген қорқыныш, үрей сезімі бар. Қорқу табиғи түрде тәсеттүрді қажет етеді. Өйткені, сегіз-он минуттык зауықты, ауыр азапқа айналдыратын, сегіз-тоғыз ай жүк көтеру, әкесіз баланың тәрбиесімен сегіз-тоғыз жыл бойы айналысу, әлгі сегіз-тоғыз минуттық заңсыз зауықтың жазасын тарту қаупі бар. Бұндай келеңсіз көріністер көп кездесетіндіктен әйелдің нәзік жаратылысы бөтен еркектерден зәресі қалмай қорқады. Табиғаты сақтануды бұйырады. Нәзік жаратылыстары оларға тәсеттүр пайдалануын, басқаларға бөтен ой туғызбауын, жауыздықтарына жол бермеуін қатаң түрде ескертіп отырады. Сақтанудың жолдарының бірі, бекініс қамалы тәсеттүр екенін көрсетеді.Естуімше, астанада, жаңа өкімет орталығында, базардың ішінде, тапа-тал түсте, жұрттың көзінше өте міскін бір аяқ киім тазалаушысы дүниеге танымал, жоғары мәртебелі бір адамның балтыры ашық жұбайына асылып “шапқыншылық” жасапты. Міне, бұл тәсеттүрге қарсы кісілердің қалың беттеріне бір шапалақ болса керек.ЕкіНші ХикМЕт: Әйел мен еркек арасындағы сүйіспеншілік, махаббат, терең әрі тығыз байланыс тек бұл дүниелік өмірдің қажеттілігінен туындамайды. Иә, әйелі күйеуіне тек дүниелік өмірде ғана серік емес. Ол оның о дүниедегі мәңгі өмірде де серігі болмақ. Олай болса әйел, мәңгілік серігі болатын күйеуінен тыс, басқаның назарын өзіне аудартпауға мiндеттi. Оны ренжітпеуі, қызғандырмауы тиіс.

199ЖИЫРМА ТӨРТІНШІ ЛЕМАДемек, иман саясында мүминдердің отбасылық жұптасуы, тек дүниелік өмірмен шектелмейді. Жануарға тән немесе сұлулығына шақталған өткінші махаббатқа негізделмейді, мәңгі әлемде де жалғасын тауып, арта түсетін берік те шынайы махаббатқа, адалдық пен сыйластыққа негізделеді. Сондай-ақ, тек жас кезінде, көрікті шағында ғана емес қартайып, өңі тая бастаған кезде де сол шынайы махаббат пен құрмет жалғаса бермек. Олай болса, оған жауап ретінде ол да өзінің көркін, махаббатын күйеуіне арнауы керек. Адамгершілік қасиет осыны талап етеді. Әйтпесе, ұтары аз, жоғалтары көп болады.Шариғат бойынша, ерлі-зайыптылар куфув, яғни бір-біріне сай болуы тиіс. Куфувта ең бастысы – діни тұрғыдағы теңдік.Бақытты еркек деп әйелінің діндарлығына қарап, ұқсап бағатын және мәңгі өмірде жұбайынан айырылып қалмау үшін өзі де діндар болған кісіні айтады.Бақытты әйел деп отағасының діндарлығына қарап, мәңгілік жұбайымнан айырылып қалмайын деп өзі де тақуа болған әйелді айтады.Сорлы, бейшара еркек деп салиқалы әйелінен мәңгілікке көз жазып қалуға себеп болатын азғындыққа салынған адамды айтады.Сорлы әйел деп тақуа күйеуіне ұқсауға тырыспай, ақырында сол мүбарак, кішіпейіл, мәңгілік досынан айырылатын әйелді айтады.Бір-бірінің пасық әрі азғын іс-әрекеттерін өнеге тұтқан екі сорлы ерлі-зайыптылардың өмiрi өкінішті әрі аянышты. Олар бір-бірінiң лаулаған отқа түсуiне жәрдем етеді.ҮшіНші ХикМЕт: Отбасының бақытты өмір сүруі үшін әйел мен еркек арасында шынайы сүйіспеншілік, адалдық, сенім мен құрмет болуы тиіс. Тәсәттүр пайдаланбау, ашық-шашық киіну сенімсіздік туғызады. Екі жақтың шынайы құрмет пен махаббатын кемітеді. Өйткені, ашық-шашық киінген он әйелдiң тек бiреуі ғана күйеуінен әлдеқайда сымбатты біреуді көрмегендіктен басқаға жақсы көрінуге тырыспайды. Ал, тоғызы күйеуінен әлдеқайда жақсысын көреді. Жиырма еркектің тек біреуі ғана әйелінен артық сұлу көрмейді. Мұндайда адал махаббат, екі жақты сыйластық жойылады. Мұнымен тынбай өте жағымсыз да жиіркенішті сезімнің оянуына себеп болуы мүмкін. Яғни адамда өзінің апасына, қарындасына, туысқан әйел затына яғни, махрем (үйленуге болмайтын) кісілерге табиғатында шәһуаттық сезім болмайды. Өйткені, махрем кісілердің бет-әлпеті туысқан екенін білдіріп оған мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жанашырлықты сездіретіндіктен нәпсіге тән, шәһауани құмарлықты жойып жібереді.Алайда, шариғат бойынша туысқандарға да көрсетуге болмайтын балтыр секілді мүшелерін ашу, азғын нәпсінің құмарын, тым ұсқынсыз, жиіркенішті сезімін оятуы мүмкін. Махремнің жүзі туысқан екенін білдіреді, басқаға ұқсамайды. Бірақ ашық балтыр махремдікі ме, басқанікі ме белгісіз. Туысқандықты (махремділікті) білдіретін өзгешелік белгісі болмағандықтан кейбір азғын бірақ өзара махрем жандардың бір-біріне жануарға тән әуестігін оятуы мүмкін. Ал, мұндай іс төбе шашты тік тұрғызатын сұмдықтың нақ өзі.

200ЛЕМАЛАРтөРтіНші ХикМЕт: Ұрпақ жаю әркімнің қалауы. Ұрпақ санын көбейтуге қарсы ешбір ұлт, ешқандай да ел жоқ. Бұл тұрғыда Ардақты Пайғамбарымыз Саллаллаһу Ғалейһи Уәссәламнің өзі - яғни “Үйленіңдер, көбейіңдер!Қиямет күні мен сендердің көп болғандарыңды мақтан тұтамын” – деген. Алайда, тәсәттүрді тастау яғни ашық-шашық киіну үйленуді көбейітпейді, керісінше мүлдем азайтып жібереді. Өйткені қазіргі жастардың ең бұзығы да үйленетін қызының ар-намысты, таза болғанын қалайды. Өзі сияқты модашыл, ашық-шашық болуын қаламайды. Сөйтіп бойдақ болып өтеді немесе жеңіл жүріске түсуі мүмкін. Ал, әйел заты олай емес. Өйтіп, күйеуіне талап, шарт қоя алмайды. Өйткені әйел заты үйдің ішкі істеріне қарайтын болғандықтан күйеуінің тапқан табысына, балаларына, мал-мүлкіне иелік ету, сақтау қызметін атқарады. Сондықтан оның басты міндеті, қасиеті, адалдық пен сенімділік. Ал, ашық-шашық киіну, адалдық пен сенімділікке шәк келтіреді. Ондай әйел, күйеуінің алдында сенімді жоғалтып, оның ар-ожданын азапқа салады. Тіпті, ер адамда жақсы қасиет болып саналатын батырлық пен жомарттық, әйел затында сенімділік пен адалдыққа зияны тиетіндіктен жаман мінез, жағымсыз қылық боп саналады. Бірақ, еркектің басты міндеті мал-мүлкін күзету, адал болу емес. Оның міндеті әйелін қорғау, жанашырлық ету, құрметтеу. Сондықтан ер адам шектеуге келмейді. Демек басқа әйелді де некелей алады. Біздің халықты Еуропалықтармен салыстыруға болмайды. Өйткені, ол жерде дуэль секілді қатаң жолмен ашық-шашық әйелдерін жезөкшеліктен тиып, аз да болса, намысты қолдан жібермеуге тырысады. Ар-намысты кісінің әйеліне жаман оймен сұқтана қараған адам өлімге бас тігіп, сосын барып қарайды. Оның үстіне ол жердің ауа-райы салқын. Сондықтан, Еуропа халқының табиғаты да ауа-райы сияқты салқын. Ал, Азия яғни мұсылман елдері оған қарағанда ыстық. Географиялық аймақ адам мінезіне әсері ететіні белгілі. Әлгі суық жердегі, суық қанды адамдарда хайуани әуестікті, нәпсіні қоздыратын әлгіндей ашық-шашықтық, әлем-жәлем киіну бәлкім қисық жолға түсіп, ысырап қылуына айтарлықтай әсер ете қоймас. Алайда қашанда нәпсіні қоздыратын ашық-шашықтық, сезімі ояу, тез әсер алғыш, ауа-райы ыстық елдің адамдарын, қисық жолға түсуге, ысырапшылдыққа, ұрпақтың әлсіреуіне, сондай-ақ, қуаттың кемуіне бірден-бір себеп болады. Бір айда немесе жиырма күнде бір рет фытри (табиғи) қажеттілік болатын болса, енді бірнеше күн өтпей-ақ ысырапқа мәжбүрмін деп ойлайды. Мұндайда айына он бес күн бойы хайыз сияқты кедергілердің салдарынан әйелінен алыстауға мәжбүр болған ер кісі, егер нәпсісін жеңе алмаса, теріс жолға түсуі әбден мүмкін.


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook