Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Лемалар

Лемалар

Published by risalekz, 2022-10-04 08:53:50

Description: LEMALAR

Keywords: Лемалар Lemalar

Search

Read the Text Version

201ЖИЫРМА ТӨРТІНШІ ЛЕМАҚалалық әйелдер, ауылдық жердегі шаруа әйелдерге қарап, тәсеттүрді тастауына болмайды. Өйткені, ауылдық жерде күн көріс, шаруашылық жұмыстары сияқты денемен атқарылатын істер адамды шаршатады, сонымен қатар қалалық әйелдерге қарағанда өзіне көп назар аударта бермейтін біршама тұрпайылау бейкүнә шаруа әйелдердің ептеп ашық болуы нәпсінің әуестігін айтарлықтай қоздырмауы мүмкін. Ауылдық жерде сандалып бос жүретін, азғындар аз болатындықтан қаладағы келеңсіз жайттар ауылдық жерде сирек кездеседі. Олай болса, олармен салыстыруға келмейді.иман жүзді, ақыреттік қыздарым болып саналатын әйелдер қауымымен сұхбатКейбір аймақтарда Нұр рисалелерін әйелдер қауымы шынайы түрде, ыстық ықыласпен қабылдағандарын естідім. Сондай-ақ, Нұрларға қатысты дәрістеріме олардың мен ойлағаннан әлдеқайда зор сенiм артқандарын білдім. Спарта қаласына және мағынауи Медресетуз-Зеһраға үшінші рет келгенімде, әлгі мүбарак ақыреттік қыздарымның, яғни әйелдер қауымының, менен бір дәріс күтетіндерін естідім. Олар мені мешітте уағыз түрінде дәріс береді деп ойлапты.Алайда, төрт-бес түрлі себеп әрі сырқатым оған мұрша бермей тұр. Мені сөйлеу, тіпті ойлану да шаршатады. Осындай бір жағдайда маған бүгін мынадай ой келді: “Он бес жыл бұрын жастардың сұрауы бойынша “Жастар шырағы” атты еңбек жаздым. Бұл өте пайдалы болды. Олай болса әйелдер қауымы мына заманда жастардан бетер сондай шыраққа мұқтаж”. Осыдан кейін мен мазасыз, әлсіз күйіме қарамай әлгi мүбарак қарындастарым мен рухани қыздарыма “үш тұжырымнан” тұратын кейбір қажетті мәселелерді қысқаша баяндамақпын. БіРіНші тұжыРыМ: Рисалей-Нұрдың негізгі мәселелерінің ең бастысы – мейiрiмдiлiк. Сондықтан, әйел қауымында, яғни мейірімділік қаһармандары арасында, Рисалей-Нұрға деген қызығушылық әлдеқайда басым. Құдайға шүкір, бұл фытри (жаратылысына тән) қызығушылық көп жерде байқалуда. Бұл мейірімділіктегі бүкпесіз жанкештілік, шынайы ыстық ықылас пен ақы талап етпейтін риясыз адалдықтан туатындықтан мына заманда оның маңызы өте зор. Иә, бір ана баласын қауіптен құтқару үшін ешбір ақы сұрамай-ақ жанын пида етуге бар. Бұл істі аналық жүрегінің шынайы ықыласымен атқаруы, баласы үшін құрбан болуы, әйел затында үлкен қаһармандық

202ЛЕМАЛАРбар екенінiң дәлелi. Осы қаһармандықты шыңдау арқылы бұл дүниелік және ақыреттік өмірін сақтай алады. Бірақ, кейбір жағымсыз ықпалдардың кесірінен әлгі күштi де құнды қасиет тоқырауға ұшырайды немесе бұрыс жолға қолданылады. Мұның жүздеген мысалдарынан біреуін айтар болсақ: Әлгiндей мейірбан ана “балам дүниелік өмірде қиыншылық көрмесін” деп қолынан келгенін аямайды. Өліп-өшіп тәрбиелейді. Балам әкім болсын деп барын салады. Қари дайындайтын медреседен шығарып алып, Еуропаға жібереді. Бірақ, баласының о дүниелік өміріне қауіп төнетінін ойламайды. Бұл дүниелік азаптан құтқаруға тырысады, бiрақ Жаһаннам азабына душар болатынын ескермейді. Фытри мейірімділiкке қайшы әрекет етіп, әлгі бейкүнә баласын ақыретте шапағатшы етудің орнына басына бәле етiп алады. Бала ертең ақыретте “неге менің иманымды арттырмай, мына пәлеге ұшырауыма себеп болдың?” – деп шағымданатын болады. Сондай-ақ, фәни дүниеде Ислам тәрбиесін санасына толық сiңiрмегендiктен, әлгiндей бала анасының шексiз мейріміне лайықты баға бере алмай, көптеген ағаттық жасайды.Егер шынайы мейірімділікті дұрыс пайдаланып, сол арқылы бейшара баласын мәңгілік азап болып табылатын Тозақтан, теріс жолда жүріп мәңгілік қамалудан құтқаруға тырысса, баланың жасаған жақсылықтарының бірқатары анасының да амал дәптеріне жазылып, анасы қайтыс болған соң да әрдайым рухына нұр құяды. Ақыретте анасының үстінен арыз айтып, шағымданушы емес, керісінше жан-тәнімен шапағатшы болып, о дүниедегі мәңгі өмірде оған мүбарак перзент болып қайта беріледі. Иә, адамның алғашқы ұстазы, ықпал етуші мұғалімі – оның анасы. Осыған орай әрдайым кездесетiн нақты бір мәселені баяндап берейін.Сексен жылдық өмірімде сексен мың кісіден сабақ алсам да, Құдай ақы, мен үшін әрдайым ең негізгі сабақ – анамның айтқан сөздері мен ескертулері, оның мағынауи дәрістері. Олар тасқа жазылған жазулар тәрізді, жадыма сіңіп қалған. Басқа дәріс-сабақтар сол іргетасқа қаланған деп білемін. Демек, марқұм анамның жас күнімде көкірегіме сіңірген, көңіліме тоқыған дәрістері мен ескертулері сексен жасыма дейінгі үйренген ұлы ақиқаттардың іргетасы.Мен таңдаған жолдағы төрт негіздің бірі және ең бастысы – мейiрiмдiлік. Сондай-ақ, Рисалей-Нұрдың да басты ақиқаты жанашырлық пен мейірімділік. Осы қасиеттерді анамның қамқор іс-әрекетінен, көңіл-күйінен, мағынауи дәрістерінен алғандығыма ешбір күмән жоқ.Иә, осындай шынайы ықыласты, нағыз жанкешті аналық мейірімді терiс пайдаланып, бейкүнә баланың алмас қоры сияқты ақыретін ескермей, пәк назарын, болмысын өткінші, фәни, шыны тәріздес дүниеге аудару әрине, әлгі мейірімділік атты биiк қасиетті бұрмалау болып шығады.Ананың мейірімділікке қатысты қаһармандығы керемет. Ешқандай пайда көздемей, ақысыз, жауап та күтпей, шын көңілімен жанын пида етуіне

203ЖИЫРМА ТӨРТІНШІ ЛЕМАтауықтың балапанын құтқару үшін арыстанға айбат шеге шабуылдап, жанын пида етуі мысал бола алады.Қазір Ислам тәрбиесінің және ақыреттік амалдардың ең құндысы, ең басты өзегі – ықылас. Мейірімділікке қатысты қаһармандықта шынайы ықылас та болады. Егер осы екі негіз сол мүбарак қауымда өркендесе, Ислам әлемінде орасан зор табыстың қайнар көзi болар еді.Ер адамдардағы қаһармандық ақысыз бола алмайды. Тіпті жүз есе ақы сұрайды. Ең болмағанда атақ-даңқын шығарғысы келеді. Бірақ, өкінішке орай, бейшара, мүбарак әйел қауымы залым еркектердің шерінен, олардың қанауынан құтылу үшін әлсіздік пен шарасыздықтан көзбояушылыққа, екі жүзділікке салынады.ЕкіНші тұжыРыМ. Биыл қоғамнан қол үзіп, жалғыз жүрсем дағы кейбір нұршы достарым мен қарындастарымның өтініштерін қимай дүниеге назар салдым. Әңгімелескен көп достарымның отбасы үстiнен шағым айтқандарын естіп, “әттеген-ай” дедім. “Адамның, оның ішінде мұсылманның қорғаны, сондай-ақ, Жәннаты әрі шағын дүниесі – оның отбасы еді. Бұл да бұзылайын дегенi ме?” деп, қынжыла отырып, себептерін іздестірдім. Мұсылмандардың әлеуметтік өміріне, сол арқылы Ислам дініне зиян келтiру үшін жастарды адастыру, олардың албырттығын пайдаланып, азғындыққа итермелеу мақсатымен бейшара әйелдердің түсінігі таяз бөлігін бұрыс жолға салу үшін бір-екі жасырын ұйымның екпінді түрде жұмыс жүргізіп жатқанын және Ислам әлеміне тиген мына екпінді соққы сол жақтан келіп жатқанын білдім.Менің сендерге, яғни, қарындастарыма, жастарға, мағынауи балаларыма айтарым: Әйел затының ақыреттегі бақыты сияқты бұл дүниедегі бақыты да, сондай-ақ, бойларындағы асыл адамгершілік қасиеттерді бұзбай сақтап қалудың бірден-бір жолы – Ислам қағидаларын қадiрлеп, діни тәрбие алу. Басқа жолы жоқ. Ресейдегі бейшара әйелдердің қандай күйге түскендерін білетін боларсыңдар. Рисалей-Нұрдың бір жерінде былай деген болатынмын: “Ақылы бар адам, жұбайына деген махаббатын оның бес-он жылдық фәни келбетіне арнамайды”. Әйел әсемдігiнiң сыры, ең ұзақ сақталатын сұлулығы оның мейiрiмдiлiгi. Әйелге тән биязылығы мен инабаттылығы. Әйел затының бойындағы осы қасиеттер күйеуінің оған деген махаббатының іргетасы болуы керек. Сонда ғана, бейшара әйелі қартайса да жұбайының оған деген махаббаты жалғаса бермек. Өйткені, оның жұбайы тек мына дүниедегi серігі емес, бақи өмірде де мәңгілiк сүйіктісi. Сондықтан, қартайған шақтарында да бір-біріне деген сүйіспеншіліктері, құрмет пен мейірімдері одан сайын арта бермек.Қазір хайуанға тән өткінші жұптасудан кейін мәңгілік көрмеске айырылуымен тынатын “мәдени тәрбие” деп айдар таққан отбасылық өмірдің тынысы тарылып, мүлдем шырқы бұзылуда.

204ЛЕМАЛАРРисалей-Нұрдың тағы бiр тұсында: “Бақытты күйеу деп – өзінің мәңгілік жұбын жоғалтып алмау үшін салиқалы жұбайынан өнеге алып, өзі де салих, діндар болған адамды айтады. Бақытты әйел – күйеуінің діндарлығын көріп, мәңгілік досынан ажырап қалмау үшін ол да діндар, салиқалы болып, тақуалық іс атқарады. Сөйтiп, фәни дүниеде бақытқа бөленумен бірге, ақыреттік бақытқа да қолы жетеді.Бақытсыз күйеу деп – азғындық жолға түскен жұбайын тыюдың орнына оның ізіне ерген кісіні айтады.Бақытсыз әйел – күйеуінің жағымсыз жақтарын көріп, соған ұқсап бағады. Осындай ерлі-зайыптыларға обал-ақ. Олар бірін-бiрi лаулаған отқа итермелейді. Мәдениет фантазияларын қууға ынталандырады” деп баяндалған.Рисалей-Нұр бұл тұрғыда “бүгiнде отбасының фәни дүние мен ақыретте бақытқа бөленуінің, сондай-ақ әйел бойындағы құнды қасиеттердің дамуының бірден-бір жолы шариғат шеңберіндегі Ислам әдет-ғұрпын сақтау болып табылады” дейдi.Отбасындағы маңызды түйін: Егер әйел күйеуінен жамандық немесе опасыздық көрсе, оған ерегісіп әйелдің отбасындағы міндеті болып табылатын адалдық пен сенімділікті бұзса, әскердегі тәртіптің бұзылуы сияқты отбасының да құты қашады. Ондайда әйел қолынан келгенше күйеуінің қатесін жөндеуге тырысуы қажет. Сонда ғана мәңгілік серігін құтқарып қалады. Әйтпесе, ол да ашылып-шашылу арқылы басқаларға жақсы көрінуге тырысса, азапты зардап шегеді. Өйткені, адалдықты аттаған адам фәни дүниенің өзінде-ақ жазасын тартады. Әрі оның нәзік жаратылы-сы бөгде жандардан қорқып, ыңғайсызданады. Бөгде жиырма ер адамның он сегізінен қысылады. Ер адам болса, бөтен жүз әйелдің тек біреуінен қысылып, қарағанынан ыңғайсызданады. Әйел бұл тұрғыда азап шеккенімен қоймай, опасыз ретінде айыпталып, әлсіз, нәзік болғандықтан ақысын да ала алмайды.Сонымен, әйелдердiң мейірімділігi мен қаһармандығы, ықыласы еркектерге ұқсамайтыны сияқты, еркектердің қаһармандығы оларға жетпейді. Сол сияқты әлгі бейкүнә әйелдер азғындық жағынан еркектерге жете алмайды. Олардың нәзік жаратылыстары бөгде адамдардан қатты қорқады. Жаулығына жасырынуға нәзiктiгi мәжбүр етеді. Өйткені, ер адам сегіз минөттық зауық пен ләззатқа бату үшін азғындыққа салынса, тек сегіз теңге шамасында бір нәрсе жоғалтады. Алайда әйел, сол сегіз минөттық азғын зауықтың жазасы ретінде тоғыз ай бойы ауыр жүк арқалайды, одан кейін де сол әкесіз баланы тәрбиелеу машақатын тартады. Демек, бұл тұрғыда еркектерге теңесе алмай, олардан жүз есе артық жаза тартады. өмірде көп кездесетін мұндай оқиғалардың бізге берер тәлімі:Мүбарак әйел қауымы жаратылысынан асыл мінез-құлықтың қайнар көзi. Ал, пасықтыққа, азғындыққа, дүниелік зауыққа келгенде қабілетсіз.

205ЖИЫРМА ТӨРТІНШІ ЛЕМАДемек, олар Ислам тәрбиесі төңірегінде бақытты шаңырақ құруға арналған мүбарак жаратылыс. Осы мүбарак, адал жандарды бұзушы ұйымдарды жер жұтсын! Аллаһ Тағала осы қарындастарымды, мағынауи қыздарымды әлгіндей есалаңдардың пәлесінен сақтасын! Амин...Айналайын, қыздарым! Сендерге айтарым, күн көру үшін опасыз, нашар мінезді, батысқа еліктеуші күйеудің билігіне кіріптар болмай-ақ, бойларыңдағы құнттылық пен қанағатты пайдаланып, өз күштерімен де күн көре алатын ауылдың бейкүнә әйелдері сияқты, сендер де шыдап бағыңдар, өз абыройларыңды сақтауға тырысыңдар. Егер лайық емес күйеуге тап болсаңдар, жазмышқа разы болып қанағат қылыңдар. Иншаллаһ ризашылық пен қанағат саясында ол да жөнделіп, түзу жолға түсер. Әйтпесе, ажырасу үшін сотқа барасыңдар. Ал, бұлай ету Исламның абыройына, халқымыздың намысына тиетін жат қылық.ҮшіНші тұжыРыМ. Қымбатты қарындастарым мен мағынауи қыздарым! Естеріңде болсын, Шариғатқа жат зауық пен ләззәтта, өзінен он есе үлкен уайым мен азап бар екені Рисалей-Нұрда жүздеген нақты дәлелдермен, оқиғалармен баяндалған. Егжей-тегжейлі білгісі келген жан Рисалей-Нұрды оқысын. Атап айтар болсақ, “Қысқа Сөздер” кітапшасындағы алтыншы, жетінші, сегізінші сөздi оқысын. “Жастар шырағы” кітабы менсiз-ақ бұл ақиқатты толық баяндап береді. Сондықтан, заңды да адал көңіл көтеру мен зауыққа қанағат етіп, сабыр сақтаңдар. Үйлеріңдегі бейкүнә бала-шағаңызбен жайдары сұхбат, жүздеген кинодан әлдеқайда қызық. Мынаны да әсте естен шығармаңдар: Фәни дүниедегi шынайы ләззат – Иман шеңберінде және Иманда. Салих, игі істердің әрқайсысында мағынауи ләззәт, рухани зауық бар.Ал Құдайдан безіп, адасу мен азғындықта бұл дүниенің өзінде тым ащы, ауыр қайғы бар екенін жүздеген бұлтартпас айғақтармен Рисалей-Нұр дәлелдейдi. Иман ішінде Жәннат ұрығы, ал азғындық пен адасуда Жаһаннам ұрығы сақтаулы. Бұған көптеген тәжірибелерім мен бастан кешкен оқиғалардың арқасында көзім жетті. Бұл ақиқат Рисалей-Нұрдың көп жерлерінде жазылған. Қасарысқан дұшпандар, сынаушылар, ресми тергеу, сот орындары бұл ақиқаттардан қате таба алмады.Енді, сендер сияқты мүбарак әрі бейкүнә мағынауи қыздарыма, сол рисалелер – әуелi “тәсәттүр рисалесі”, “жастар шырағы” мен “Қысқа сөздер” менің орныма дәріс берсін. Естуімше, сендер мешітте дәріс оқуымды өтінген екенсіңдер. Бірақ халімнiң нашарлығы мен науқастығым, сондай-ақ, басқа да көптеген себептер оған мұрсат бермейді.

206ЛЕМАЛАРМен де өздерiң үшін жазылған мына дәрісімді оқып, қабыл алған барлық қыз-келіншектерді рухани табыстарыма, дұға-тілектеріме ортақ етіп оларды «Нұр шәкірттері» деп санауға қарар бердім. Егер, сендер Рисалей-Нұр кітаптарын алып оқысаңдар немесе тыңдасаңдар, қағидамыз бойынша бауырларың боп саналатын күллі Нұр шәкірттерінің рухани табыстарына, олардың дұғаларына ортақ боласыңдар. Әлі де жазбақ ойым бар еді. Бірақ науқас әрі қарт болғандықтан сондай-ақ, рисалелерді оқу әрі оны тексеру жұмыстары күтіп тұрғандықтан әзірге осы жазбаға қанағат еттім.Дұғаларыңа мұқтаж бауырларың Саид Нұрси* * *

жиырма Бесінші ЛемаНауқастың жанына демеу, деніне шипа, көңіліне жұбаныш болсын деген ізгі ниетпен әрі тез сауығып кетуін тілей отырып жазылды.Ескерту және кешірім сұрауБұл емдік жазба басқа еңбектерімдей емес тым жылдам әрі түзетусіз жазылды. Бір мәрте ғана қарап шығуға мұрша болды. *Демек, түзетусіз шимай күйінде қалды. Көңілге келген көрікті ойларды әдемі сөздермен суреттемей қалай түссе солай қала бергенін жөн көрдім. Мұны оқыған кісілер, әсіресе науқас жандар асығыс жазылған кейбір оғаштау сөздеріме ренжімей, маған қайыр-дұға етсін.Бұл жазбада адамзаттың оннан бір бөлігін құрайтын ауру-сырқат жандарға шынайы демеу әрі ем боларлық «Жиырма бес шипа» қысқаша баяндалмақ.БіРіНші шипА. Уа, дертке шалдыққан жан! Уайымдама, сабыр ет! Сенің денең сырқаттанғанымен бұл бәлкім рухыңа шипа болар. Өйткені, өмір ол бір байлық, зымырап өтіп, қысқарып барады. Егер, жеміс бермесе босқа кетеді. Өмірің жеңіл әрі рахат өтсе, әрі оның үстіне немқұрайдылық қосылса, одан сайын бекерге, тез өте шығады. Ал, қиыншылық, ауру-сырқау сол өмірді мәністі де табысты, жемісті қылады. Өмірдің зымырап, тез өте шығуына жол бермей тоқтатып, жемісті қылады. Өмірдің қиыншылық арқылы ұзаратынын мегзейтін ел арасына кең тараған мынадай бір сөз бар: «Қиын күндер ұзаққа созылып, өтпей қояды, ал қуанышты сәттер тез өтіп жылт ете қалады».* Бұл жазбаның бар болғаны төрт жарым сағаттың ішінде жазылғанына Рүштү, Рефет, Хусрев, Саидтар куә.

208ЛЕМАЛАРЕкіНші шипА. Уа, сабырсыз науқас жан! Шыда! Тіпті шүкір ет! Бойыңдағы дерт өміріңнің әрбір минөтін бір сағаттық ғибадатқа айналдыруы мүмкін. Өйткені, ғибадаттың екі түрі бар. Бірі белгілі, бірі белгісіз. Белгілісі намаз секілді құлшылықтар. Ал, белгісізі болса, ауру-сырқау, уайым-қайғы арқылы адам өзінің әлсіз әрі дәрменсіз екенін сезініп Рахымды Жаратқанға ықыласпен жалбарынып, шын жүректен риясыз құлшылық етеді. Аллаһ Тағалаға реніш білдірмей, сабыр сақтаған жағдайда ауру-сырқаумен өткен өмір, мүмин үшін құлшылық болып саналатындығы жайлы хадистер бар. Тіпті, кейде сабыр сақтап шүкір еткен иман жүзді науқастың бір минөттік ауруы бір сағат ғибадат болып есептелетініне, мұның алдында айтылғандай бұлтартпас айғақта р бар. Сенің қысқа әрі пайдасыз өтіп кетуі мүмкін өміріңді ұзақ әрі пайдалы өмірге айналдырып жатқан ауруға шағымданба, қайта оған риза бол!ҮшіНші шипА. Уа, шыдамсыз, науқас жан! Адам бұл дүниеге рахатқа батып, ләззат алу үшін келмейді. Өйткені дүниеге келгендер ұзақ аялдамай кетіп қалады, жастар қартаяды, осылайша әр нәрсе аяқталып соңында қош айтысады. Адамзат тіршілік иелерінің ең кереметі, жоғары мәртебелісі, жаратылысы күрделі, сезімге бай, болмыстың сұлтаны бола тұра, өткен қызықтарды еске алса және келешектіуайымдаса, мұңлы да байғұс болып шыға келеді. Демек, адам баласы бұл дүниеге қызық өмір сүру үшін, рахат пен шаттық үшін келмейді. Ол, мәңгі бақытқа бөлену үшін еңбектенуге міндетті. Оның қолда бар мүмкіншілігі қысқа ғұмыры. Егер өмірінде ауырмай, үнемі дені сау болса дүние оған өте қызықты, әрі тәтті болып көрінеді. Ақыретті ұмытып, қабірді, өлімді ойлағысы келмейді. Өмір байлығын түкке тұрғысыз, бос нәрселермен өткізеді. Ал, ауру-сырқау болса, оның көкірек көзін шайдай ашады. Ауру оған: «Ажалдан қашып құтыла алмайсың. Сені Аллаһ бекерге жаратқан жоқ! Атқарар міндетің бар. тәкәппарланба! Сені жаратқанды ойла, тап! Қабірге кіретініңді ұмытпа!» дейді.Міне, ауру-сырқау бұл тұрғыда таптырмас насихатшы, жөнге салушы, тәрбиеші мүршид-ұстаз. Онда сен шағымданба! Қайта рахмет айт! Егер ауру шамадан тыс ауыр соқса, Раббыңнан сабыр сұра!төРтіНші шипА. Уа, шағым айта бастаған науқас! Сенің шағымдануға ешқандай қақың жоқ. Сенің міндетің шүкір ету, сабыр сақтау. Себебі, сен қолданып жүрген дене, ағзалар мен сезім мүшелер сенікі емес. Оларды өзің жасап немесе сатып алған жоқсың. Олар өзгенікі. Олардың Иесі өз мүлкіне қалауынша иелік етеді. Жиырма алтыншы Сөзде айтылғандай, өте бай, он саусағынан өнер тамған бір шебер, өзінің ғажайып өнерін әрі мол байлығын паш етіп көрсету үшін, өзі тіккен киімдерді кигізіп, маникен ретінде белгілі бір ақы төлеп бір пақырды бір мезгіл жалдап алады. Өнерін салып өзі тіккен әдемі көйлегін әлгі пақырға кигізеді. Киіп тұрғанда жұмысын істеп, ғажайып өнерінің сан-алуан қырын көрсету мақсатында әлгі көйлекті

209ЖИЫРМА БЕСІНШІ ЛЕМАкесіп, ауыстырады, ұзартады, қысқартады. Апырым-ай, әлгі жалданған пақыр: «Мені әуреге салдың! Отырып-тұру, иіліп-еңкею қашан бітеді? жалықтым! жарасып тұрған көйлекті кесіп-пішіп сәнімді бұздың!» деп шебер қожайынға наразы болуға ақысы бар ма? Мені аямайсың!» дей ала ма?Міне, сол сияқты Сани Зүлджәлал, яғни Шебер Аллаһ саған көз, құлақ, ақыл, жүрек сынды керемет сезімдерге толы «дене» атты әсем көйлекті кигізіп, өзінің көркем есімдерін көрсету үшін түрлі-түрлі күйлерге, сан-алуан жағдайларға душар қылады. Қарның ашқан кезде Оның «Раззақ» екенін білсең «Шәфи» есімін ауырғанда білесің. Өмірдегі қайғы-қасіреттер кейбір Иләһи есімдердің үстемдігін танытатындықтан, олардан хикмет сәулелерін, рахымдылық шуақтарын көріп, сол сәулелер мен шуақтардан көптеген әсемдікке куә боласың. Егер перде ашылса науқас адам, мазасызданып қорыққан ауру дейтін перденің арғы жағында әсемдіктер мен терең сырлар жатқанын көрер еді.БЕСіНші шипА. Уа, ауруға шалдыққан дос! Біле білсең, дерт деген Құдайдың жарылқауы, Рахманның сыйы. Оған өмірлік тәжірибем арқылы әбден көзім жеткен. Соңғы бес-он жылда, лайық болмасам да кейбір сырқатты жастар денсаулығы үшін дұға етуімді сұрап келетін болды. Олар басқа жастарға қарағанда ақыретін ойлайтын, қызу қандылықтан аулақ, байыпты яғни жастыққа мас емес. Немқұрайдылықтан, хайуани әуесқойлықтан біршама құтылғандай. Мен оларға мұндай шыдауға болатын дерттің Аллаһ Тағаланың жарылқауы, Аллаһтың ихсан сыйы екенін ескертетінмін. Оларға: «Дертіңнің зиянын көре алмай тұрмын. Жан ашитындай аянышты халде емессің. Қалайша дұға етейін? Сырқатты жағдай көкірек көзіңді ашқанға дейін сабыр сақта! Ауру өз міндетін атқарған соң, Рақымы мол Аллаһ, Иншаллаһ, шипа беріп, оңалып кетерсің... Денінің сау болуы сенің кейбір достарыңның басына пәле болып, бейқамдыққа салуда. Намазға жығылмай, қабірді ойламай, Аллаһты танымай жүр. Бұл дүниелік өмірдің бір сәттік алдамшы қызығын қуып, мәңгі өмірін шайқалтып, тіпті, тас-талқан етіп жүргені қаншама. Сен болсаң, түбінде барар жерің – қабіріңді, одан кейінгі ақыреттік сапарыңды сезіп, соған қарай ыңғайлы әрекет етіп жүрсің. Демек, бұл ауру сен үшін денсаулық, ал кейбір достарыңның денінің саулығы ауру» дейтінмін.АЛтыНшы шипА. Уа, шыдамсыз науқас бауырым! Ләззаты мол, шаттыққа толы өткен күндерді және қайғылы қиын сәттерді есіңе алшы! Әлбетте, «аһ» немесе «үһ» дейсің. Яғни я «әлхамдулиллаһ, Құдайға шүкір!» немесе «қап, әттеген-ай!» деп ойша, я тіліңмен айтар едің. Саған «Әлхамдулиллаһ» дегізген жағдай бастан кешкен уайым-қайғың ғой. Олар адамды рухани ләззатқа бөлеп, көңілді көтереді, әрі шүкір еткізеді. Өйткені, бейнет түбі зейнет. Қайғы-қасіреттің бітуі жанды рахатқа бөлейді. Соны ұғына білсең, көңілің шалқып, шүкіршілік қыласың. Ал, сені «әттеген-ай»

210ЛЕМАЛАРдегізіп өкіндірген жағдай бұрыңғы өткінші рахат, уақытша ләззат болар. Енді сол ада болған алдамшы қызығың көңіліңді құлазытып мұңға салып отыр. Бір күндік орынсыз рахат кейде жылдар бойы жаныңды мазалайды. Ал, бір күндік өткінші қиындық көпке дейін рухани ләззатқа бөлейді. Олай болса, басыңа түскен өткінші ауру-сырқаттың ақырын, тиімді нәтижесін ойлап, ақыреттік сауаптарды күт! «Бұл да өтеді дағы, тәйірі» де, шүкір ет! Шағымдана берме!* АЛтыНшы шипА.Уа, бұл дүниенің алдамшы қызығын ойлап, ауырып қалғанына жаны күйзелген достым! Бұл дүние мәңгі болса ғой және өлім алдымыздан шықпаса, қоштасудың ызғарын сезбесек сенің мына мұңды халіңе менің де жаным ашыр еді. Алайда, бір күні бізге: «Қане бұл дүниеден шығыңдар!» деген бұйрық келеді. Сонда жан айқайымызға ешкім құлақ аспайды. Ендеше, бұл дүниеден кетпес бұрын, осындай ауру-сырқаттармен көкірек көзімізді ашып қазірден бастап мына қу дүниеге құмартудан бас тартқанымыз жөн. Иә, ауру-сырқау бізге былай дейді: «Мықтысың ба? Болмысың тас пен темірден емес қой! Ол әрдайым ыдырауға дайын сан-алуан бөлшектерден құралған. Әлсіз екеніңді ұқ! жаратқан иеңді таны, өз міндетіңді атқар, бұл дүниеге не үшін келгеніңді біл!» Бұл дүниенің қызығы келте, ләззаты өткінші. Оның үстіне өмірің шариғатқа қайшы заңсыз өтсе, жазасын тартасың! Науқастанып, қызықтан құр қалдым! деп өкінбе! Қайта аурудың рухани ғибадат екенін, ақыретке қатысты сауапты жақтарын ойла, рухани ләззат алуға тырыс.жЕтіНші шипА. Уа, денсаулықтың рахатынан айрылған жан! Деннің саулығы ол, Аллаһтың нығметі. Оның ләззатын алуыңа сенің мына ауруың кедергі емес. Қайта ауруың сені одан сайын нығметке бөлеп жатыр. Өйткені, бір нәрсе үнемі қайталана берсе қадірі кетеді. Бұл туралы ақиқатшыл жандар бір ауыздан былай деген: яғни, «кез-келген нәрсенің қадірі оныңқарама-қарсы жағымен білінеді». Мысалы, қараңғы болмаса жарықтың қадірі, суықсыз жылудың қадірі болмайды яғни қызық емес. Аштықты көрмеген тоқтықтың қадірін, шөлдемеген судың қадірін білуші ме еді?!. Ауырмасаң денсаулықтың қадірін білмейсің. Аллаһ Тағала сан-алуан, шексіз нығметтерінің дәмін таттырып, қадірін білдіру үшін адамға өте көп сезімдер берген. Сол арқылы өзінің түрлі-түрлі жарылқау-сыйын білдіріп, әртүрлі нығметтерінің дәмін таттырғысы келеді. * Көңілге еріксіз түрде келгендіктен «Алтыншы шипа» екі мәрте жазылды. Еріксіз болған соң араласпадық, сол қалпында қалды. Мүмкін бір сыры болар.

211ЖИЫРМА БЕСІНШІ ЛЕМААдамды әрдайым шүкір етуге шақырады. Денге саулық пен тәбетті бергені секілді ауру-сырқатты да қоса жібереді. Мынаған жауап берші! «Егер ауырмағаныңда басыңның немесе асқазаныңның сау кезіндегі рахатын яғни оның Иләһи нығмет екенін ескеріп, шүкір етер ме едің?» Құдай біледі, шүкір етудің орнына Иләһи нығмет екенін тіпті ойламас едің? Денсаулықтың қадірін білмей, қапы қалып, оны бос, орынсыз істерге, ойын-күлкіге жұмсар ма едің.СЕГіЗіНші шипА. Уа, ақыретін уайымдаған науқас! Ауру, сабын тәрізді күнәнің кірлерін кетіріп, бойды тазартады. Аурудың күнәларға кәфарат яғни жазасын өтеу екені сахих хадистермен бекітілген. «жеміс ағашын сілкігенде пісіп тұрған жемістер қалай төгілетін болса иманды науқастың аурудан дірілдеп, қалтырауы да оны күнәлардан арылтады». Күнә деген о дүниелік мәңгі өмірде дауасыз кесел. Ол бұл дүниенің өзінде рухани дерт, мағынауи іріп-шіру болып саналады. Егер сабыр сақтап, шағымданбасаң өткінші дерт арқылы көптеген жазылмас рухани аурулардан айығасың. Егер күнәларыңды ойламай және Аллаһты танымай жүрген болсаң, онда сен денеңдегі өткінші аурудан миллион есе ауыр рухани науқассың. Шағымданғың келсе, міне осы рухани ауруыңды айтып шағымдан! Иә, сенің жүрегің, рухың, нәпсің әлемдегі бүкіл жаратылыс атаулымен тығыз байланысты. Өмірде жиі кездесетін аяқталу мен қоштасулар сол байланыстарды үзіп, жанды жаралайды. Оның үстіне ақыретке сенбегендіктен өлімді мәңгі жойылу деп ойлаған адам, өткінші тәннің ауруынан да ауыр рухани кеселге шалдыққан болып табылады. Сондықтан, әуелі сол қатерлі де қауіпті рухани ауруды емдейтін дәрі, шипа іздеу керек, яғни «иман дәрісін»алып сеніміңді күшейту қажет. Оны іздеп табудың бірден-бір жолы сырқат арқылы бейқамдық ұйқысынан оянып, дүниенің мастығынан айығып, Аллаһ алдында өзінің әлсіз де шарасыз екеніңді біліп, Қадир-і Зүлжәлалдың құдіретін, оның шексіз мейірімін, аса қамқорлығын сезіну.Иә, Аллаһты танымайтын пенденің басына барлық бәле үйір келеді. Ал, Аллаһты танитын кісінің ішкі әлемі мағынауи қуаныш пен шаттыққа толы болады. Мұны әркім иманының дәрежесіне қарай сезеді. Міне, осылайша иманмен байланысты болған рухани қуаныш әрі шипа, әрі ләззат болып кез-келген дене сырқатының қайғысын сейілтіп, тоңын жібітіп жібереді.тОҒыЗыНшы шипА. Уа, Жаратушысын тани бастаған науқас! Адамдар аурудың өлімге себепші болатындығынан қорқып, уайымдайды. Егер өлімге бейқам көзбен қарасаң әрине, ол қорқынышты-ақ. Сондықтан, әуелі мынаны біл әрі күмәнсіз сен! Ажал маңдайға жазылған, сондықтан ол өзгермейді. Хал үстінде жатқан науқасты бағып күткен дені сау кісілердің әлгі науқастан бұрын қайтыс болып, ал демі әне-міне үзілгелі жатқандар ауруынан айығып кеткен оқиғалар көп. Өлім сырт көзге көрінгендей қорқынышты емес. Өлім – имандылардың өмірдегі міндетінен босатылуы әрі «дүние» атты сынақ алаңынан көшу, басқаша айтқанда тәлім-тәрбие алатын мына дүниедегі

212ЛЕМАЛАРқұлдық міндетінен босау болып табылады. О дүниеге аттанып кеткен жүзден тоқсан тоғыз сүйікті жандарға, ағайын-туысқа қауышу, түпкі Отанына қарай мәңгі бақытқа бөленудің, ең жоғары мәртебеге шығудың бастауы, дүние зынданынан жәннат бақшасына шақырылу, атқарған қызметіне қарай Рахим Аллаһтың мейірімділік қазынасынан сый алуға кезекке тұру. Өлімнің мұндай ақиқатын өзге еңбектерімде Құран Кәрімнің нұрымен дәлелдеген болатынмын. Олай болса өлімге үрейленбей, қайта оны рақымға кенелу мен бақытқа бөленудің басы деп түсін. Аллаһ жолында жүрген кісінің өлімнен қорқуы, одан қорыққаннан емес, қайта «мұнан да көбірек сауап алайын, өмір міндетін жақсы атқарып қалайын» деген жақсы ойдан. Иә, имандылар үшін өлім мейірімділіктің қақпасы, ал Құдайдан безген имансыздар үшін қараңғы да ызғарлы зындан.ОНыНшы шипА. Уа, уайымшыл науқас! Сен аурудың мазалайтынын ойлап уайымдап отырсың. Бұлай істеуің ауруыңды үдете түседі. Ауруыңның жеңілдеуін қаласаң, уайымдамауға тырыс. Яғни, аурудың өткінші екенін, оның пайдасы мен сауабын ойла. Уайымдама, қорықпа! Сол кезде аурудың түп тамырына балта шапқан боласың.Иә, уайым ауруды күшейте түседі. Уайымның кесірінен дене сырқатына рухтың сырқаты қосылып біріне-бірі дем беріп жалғаса бермек. Егер, Аллаһқа тәслім болып, тағдырға көнсең, аурудың хикметін ойлап сабыр сақтасаң аурудың түп тамыры кесіліп, жеңілдеп қаласың, тіпті айыға бастайсың. Уайымдаған сайын ауруың үдеп ондаған есе ұлғайып, асқынып кетеді. Ал, уайымдамасаң аурудың оннан тоғызынан құтыласың. Демек, уайым ауруды қоздыратын бәле. Уайымдау – Аллаһтың хикметіне шәк келтіру, Оның рақымына күмәндану, Жаратқанды шағымдану болып табылады. Мұндай науқас дегеніне жете алмай керісінше кеселі күшейе түседі. Ал, шүкір ету болса нығметті арттырады. Шағымдану кесел мен қайғыны үдете түседі. Мұның жалғыз емі бар. Ол, ауру сырқаттың хикметін, мәнісін түсіну. Сөйтіп, сары уайымнан құтылып, «Әлхамдулиллаһи ала кулли хал!» яғни, қандай күйде болсам да Құдайға шүкір!» деп, сабасына түсу.ОН БіРіНші шипА. Уа, сабырсыз науқас достым! Дәл қазір ауруың мазаңды алып тұрғанымен, бүгінге дейін мазасыздықтардың аяқталуы біле білсең сені рахаттандырып тұр. Негізінде бүгіннен бастап, тіпті, осы сағаттан соң кеселіңнің ізі де қалмай сауығып кетерсің кім біледі. Сондықтан, бір күні құтылатын ауруға қиналып, қайғырма! Мазаңды алып тұрмаса босқа өкінудің қажеті не? Сен білместіктен уайымға салынып, сабырсыздық етіп отырсың. Себебі, бұған дейінгі сырқатың мазасыздығымен бірге уайымы да қоса кетті. Одан сауаптар мен аяқталудың ләззаты қалды. Олар саған табыс пен қуаныш сыйлауы керек қой. Ал, сен болсаң өткенді ойлап өкініп, сабырсыздық етесің. Бұлай ету жарамас. Ертеңгі күн болса ертең келеді. Жоқ күнді, жоқ кеселді, жоқ уайымды бүгіннен бастап уайымдап шыдамсыздық ету, яғни үш есе жоқты бар сияқты қарау бекершілік емей не?

213ЖИЫРМА БЕСІНШІ ЛЕМАДемек, бұдан бұрынғы науқас кездерің қуанышқа айналады. Ал, алдағы уақытта саған ауру жабыса ма, жабыспай ма, ол жағы беймәлім. Сондықтан орынсыз уайымдама. Хақ тағала берген сабыр қуатын бекерге шашпа! Оны осы қазіргі қайғыға қарсы пайдалан. «Уа, Сабур!» деп шыдап бақ.ОН ЕкіНші шипА. Уа, аурудың салдарынан ғибадатын өтей алмай, құлшылығын жасай алмай сонысына өкінген науқас!«тақуа кісі күнделікті құлшылығының сауабын науқастанып жасай алмаған кезде де алатын болады» деген хадис бар. Парыздарын мүмкіндігінше орындауға тырысқан науқас, сабыр сақтап, тәуекел етсе, сырқаттанып орындай алмаған сүннет амалдардың сауабын осы сырқат есебінен толтырады дейді. Сондай-ақ, ауру адам әлсіз, дәрменсіз болғандықтан өзінің халімен және тілімен дұға етіп жалбарынады. Хақ тағала адам баласын соншалықты әлсіз әрі дәрменсіз етіп жаратқандағы мақсаты өзіне әрдайым жалынып жалбарынсын, дұға етсін дейді. Құранда: Яғни: Дұға етпейтінболсаңдар еш қадірлерің жоқ» дейді. Бұл аяттың сыры, адамның жаратылғандағы хикметі де, қадір қасиеті Раббысына шынайы дұға ету, жалынып жалбарыну екенін көрсетеді. Жалбарынудың ең оңтайлы сәті ауырған кез. Сондықтан, ауырған адам шағымданудың орнына Аллаһқа шүкір етуі қажет. Сырқат ашып берген, «дұға бұлағын» денсаулыққа қол жеткізем деп, мүлде бітеп тастауға болмайды.ОН ҮшіНші шипА. Уа, ауырып қалғанына шағымданған бейшара жан! Ауруға шалдығу кейбіреулер үшін қазына табумен тең, ол оған баға жетпес Иләһи құнды сыйлық. Әрбір науқас кісі ауруна осылай қарағаны жөн. Оның үстіне ажалдың қашан келетіні белгісіз ғой. Аллаһ Тағала, адам баласын дүниеден мүлдем күдер үзуден сақтау үшін және мүлдем бейқамдыққа салынып, қанен-қаперсіз жүруден құтқару үшін қорқыныш пен үміт арасында жүруін бұйырады яғни, дүние мен ақыретті тепе-тең ұстаңдар дейді. Сол үшін ажалды жасырып қойған. Демек ажал кез-келген уақытта келуі мүмкін. Егер ол, адамға қапы қалып, алаңсыз кезінде келсе мәңгі өміріне қауіп. Ал, ауру болса адамды бейқамдықтан, қапы қалудан сақтайды. Ақыретті еске салып, өлім туралы ойландырады. Ақыреттің қамын жасатады. Кейде аурудың мол табысқа кенелтетіні сондай, жиырма жылда әрең жететін мәртебеге жиырма күнде қол жеткізеді. Иманды болсын, марқұм шәкірттерімнің ішінде екі жас жігіт бар еді. Бірі Иламалық Сабри, екіншісі Ислам ауылынан келген Уәзірзаде Мұстафа. Бұл екеуі жазу білмесе де шәкірттерімнің арасында ықыласпен иман қызметіне адал да үздік болатын. Сырын білмей таңданатын едім. Қайтыс болғандарында ғана түсіндім. Екеуінің де ауруы өте ауыр екен. Басқа ғапыл,

214ЛЕМАЛАРпарыздарды орындамайтын жастарға қарағанда олар сырқаттық себебінен екеуі де тақуа, тым адал еді. Екеуі де алғы шепте қызмет етіп ақыретке пайдалы істер атқарып кетті. Иншаллаһ, олардың екі жылға созылған ауру халдері, мәңгі өмірдің бақытына бөленуіне себеп болған шығар. Қазір ойлап отырсам, менің оларға сауығуы үшін жасаған дұғаларым дүниелік тұрғыдан қарғыс болғандай. Бір жағынан, ол дұға-тілегім ақыреттік халге пайдасы тиер деп ойлаймын.Міне, осы екі жігіт, меніңше, тақуалық арқылы ондаған жылда қол жететін табысқа тез ие болды. Егер екеуі кейбір жастар секілді денсаулық пен жастыққа сеніп, бейқамдыққа салынып орынсыз ойын-сауық қуғанда, ажалы жетіп күнә жасап жатқанда өлсе қабірлерін мұндай нұрға емес, бақа-шаян мен жыланға толтырар ма еді?! Аурудың осындай пайдасы бар екені рас. Олай болса одан шағымданбай, қайта тәуекел деп сабыр етіп, тіпті шүкір етіп, Аллаһтың мейіріміне арқа сүйеу қажет.ОН төРтіНші шипА. уа, көзін шел басқан науқас!Егер имандылардың көзін басқан шелдің арғы жағында керемет бір нұр, мағынауи бір көз жатқанын білсең ғой, Рахымды Раббыңа шексіз шүкір етер едің. Осы шипаны дәлелдейтін бір оқиға баяндап берейін.Сөзімді екі етпей адал қызмет еткен Барлалық Сүлейменнің әпкесінің көзін бірде ақшел басып, көруден қалды. Ақ көңіл, салиқалы әйел мені аса зор жоғары мәртебелі деп ойлап мешіттен шыға берісте: «көзім ашыла ма екен, маған дұға етіңізші!» деп өтінді. Мен де сол мүбәрак әйелдің адалдығын дұғама шапағатшы етіп: «Я, Құдайым! Оның адал ниеті үшін көзін аша көр!» деп жалбарынып, дұға еттім. Ертеңіне Бурдур қаласынан көз дәрігері келіп, әйелдің көзі тәуір болды. Алайда, қырық күннен кейін қайтадан зағип қалпына түсті. Қатты өкіндім... көп-көп дұға оқыдым. Иншаллаһ, сол оқыған дұғаларым оның ақыреті үшін қабыл болған шығар. Әйтпесе, менің сол бір дұғам оған жөнсіз, бәлкім қарғыс болар еді. Неге десеңіз байғұстың ажалы жетіп тұр екен. Қырық күннен соң қайтыс болды. Топырағы торқа болсын!Міне, әлгі марқұм әйел Барланың жабырқау бау-бақшаларын аянышты қарттық көзбен қырық күн ғана тамашалады. Есесіне, ол енді о дүниеде жаннаттың бау-бақшасын қырық мың күн тамашалайтын болады. Өйткені, оның иманы күшті, діні берік болатын. Иә, мүмин қабірге көзін шел басып енсе, нұрлы әлемді әлдеқайда жақсы тамашалайтын болады. Мысалы, бұл дүниеде біз көп нәрсені көре аламыз, ал зағип мүминдер көрмейді. Зағип кісі қабірге иманды кетсе, жаннат бауларын өзге әруақтан әлдеқайда анық тамашалай алады. Алысқа дүрбі салған кісі сияқты, олар да о дүниеге барған соң мәртебесіне қарай, жұмақтың бау-бақшаларын қызықтайтын болады. Міне, көздегі шелге шүкір және сабыр ету арқылы жаннатқа осылай қол жеткізеді. Әлгіндей шелді сылып тастап, жанарыңды шырадай жандыратын жалғыз дәрігер – Қасиетті Құран Кәрім ғана.ОН БЕСіНші шипА. Уа, жаны қиналған науқас адам! Ауруыңды уайымдап қиналма! Оның мән-мағынасын ойла, сабыр ет! Егер ауру

215ЖИЫРМА БЕСІНШІ ЛЕМАшынымен-ақ жаман болса, Аллаһ Тағала өзінің сүйікті құлдарына ауру, сырқат бермеген болар еді. Алайда, мынадай хадис бар:Яғни, «Қиыншылыққа, қайғыға ең көп душар болғандар өте жақсы, әрі кәміл кісілер». Мысалы, Хазіреті Әюб Ғалейһиссалам мен өзге пайғамбарларды және әулиелер мен діндар кісілерді еске алайық. Олар кеселге шынайы құлшылық пен Рахманның жарылқауы деп қараған, сабыр сақтап, шүкір еткен. Олар сырқатты азаптайтын нәрсе емес, Рахманның емдеу тәсілінің бірі деп білген.Уа, жаны қиналған науқас! Әлгі нұрлы көш соңына ілескің келсе, сабыр сақтап, шүкір ет! Әйтпесе, олар көшке қоспайды. Қараңғыда қарманып қапы қалғандардың құрған тұзағына түсесің. Иә, аурудың түрі көп. Кейбірі өліммен аяқталып, мағынауи шейіт тәрізді әулиелік дәрежесіне шығуға баспалдақ болады. Оған, толғаққа қатысты сырқат* пен асқазанның түйнеуі, сондай-ақ, суға бату, өртеніп өлу жатады. Міне, осы себептен қайтыс болғандар мағынауи шейіт саналады. Соңы өліммен аяқталса, әулиелік дәрежесіне көтеретін көптеген мүбәрак аурудың түрлері бар. Сондай-ақ, ауру сырқат адамды дүниеқұмарлықтан, көрсеқызарлық пен қомағайлықтан сақтайды. Дүниеқұмар кәпірлер үшін тым қайғылы да өкінішті болып саналатын өлім дейтін қоштасуды осы мағыналар жеңілдетіп, тіпті сүйсіндіреді.ОН АЛтыНшы шипА. Уа, жаны күйзеліп, арызданған науқас! Ауру сырқат тұрмыста маңызы зор сыйластық пен қайырымдылықты арттыра түседі. Өйткені, адам баласын тоңмойын ететін истиғнадан сақтайды, яғни, ешкіммен жұмысы болмай, өзімен-өзі болудан құтқарады. Бойыңды жайлаған ауру сені осындай орынсыз оқшауланудан сақтайды. Себебі:дегендей денсаулық пенбақуаттылық ешкімге мұқтаж емеспін деген ой қалыптастырып нәпсіні тәкаппарландырып, құрметтеуге лайық бауырларға деген сыйластықты, ыстық ықыласты сездірмейді. Ондай адам көмекке мұқтаж шарасыз, кем-кетіктер мен науқастарға жаны ашымайды. Ал, өзі ауырып қалғанда әлсіздік пен пақырлықты түсініп, туыс-бауырларына қолынан келгенше құрмет көрсетуге тырысады. Көңілін сұрай келген немесе көмектескен мүмин бауырларына дән риза болып, оларға деген сыйластық сезімі оянады. Адамдарға деген жан ашырлығы артады. Сондай-ақ, байғұстарға Ислами * Бұл аурудан қайтыс болғандардың шейіт саналатын кезеңі - босану мерзімінен бастап қырық күнге дейін.

216ЛЕМАЛАРмінезбен мейірлене қарауды үйренеді. Оларды өзімен салыстырып, жанашыр болады. Қолдан келгенше жәрдемдесіп, жәрдемдесе алмаған жағдайда дұға етіп, ең болмаса шариғатта сүннет болып саналатын науқастың жағдайын сұрап үйіне барады. Сауапты іс атқарады.ОН жЕтіНші шипА. Уа, науқастанып, қайырымдылық жасай алмағанына шағымданған науқас! Шүкір ет! Біле білсең бұл ауру саған қайырымдылық қазынасының есігін ашады. Ауру сен сияқты науқастарға және науқас жанды Аллаһ ризасы үшін бағушыларға сауап жаздырып қана қоймай, дұғаның қабыл болуының бірден-бір себебі.Иә, науқасты бағушылар егер иманды кісілер болса мол сауап алады. Науқастың халін сұрау, оны зиярат ету Пайғамбарымыздан қалған сүннет, әрі күнәнің кешірілуіне ықпалы зор. Алайда, сырқаттың мазасын алып көп отырмау керек. «Науқас жандардың дұғасын, батасын алыңдар. Өйткені, олардың дұғасы қабыл болады» деген хадис бар. Әсіресе, науқас өзіңнің туысқаның болса, оның ішінде ата-анаң болса, оларға жасалған қызмет маңызы зор ғибадат, мол сауап. Ал, науқастың көңілін көтеру, үміттендіріп демеу болу үлкен садақа. Әке-шешесі науқастанғанда олардың сезімтал көңілдерін аулап, қайыр дұғаларын, ақ баталарын алған бала нендей бақытты!Иә, ардақты ата-анасының мейірімін ескеріп, олар сырқаттанып қалғанда сый құрмет көрсетіп, перзенттік борышын өтеуге тырысқан мұндай жақсы балаларға тіпті көктегі періштелер де: «Бәрекелді, Машаллаһ» деп риза болады екен. Иә, ауырған кезде қиналысты сездірмейтін өте жағымды, тәтті ләззат бар. Ол – ауру адамның жанына жиналған жанашыр, мейірбан, қайырымды кісілердің жылы сөздері мен жасаған қамқорлықтары. Науқас жанның дұғасы қабыл болатыны жай бір мәселе емес өте маңызды. Менің арқамның шаншитыны бар. Отыз-қырық жылдан бері сол ауруыма Аллаһтан шипа тілеп, дұға етіп келем. Енді түсіндім, бұл кесел маған дұға етуім үшін берілген екен. Дұғаменен дұғаны (яғни дұға өзін өзі) жоймайтындықтан дұғалардың пайдасы ақыретте тиетінін түсіндім. Дұғаның өзі де ғибадаттың бір түрі ғой. Сондай-ақ, ауру меңдеп, өзінің әлсіздігін аңғарған пенде Жаратқан Иесіне шын жүректен жалбарынатын болады.*Иә, отыз жылдан бері шипа тілеп келем, бірақ қабыл болған жоқ деп дұғаны тәрк ету ойыма еш келген емес. Өйткені, ауруға шалдыққан кез дұға етудің уақыты болып табылады. Тәуір болу дұғаның нәтижесі деу қате. Шипа Аллаһ Тағаланың асқан мейірімділігімен беріледі. Сондай-ақ, дұға біз ойлағандай қабыл болмаса, оған ренжуге болмайды. Рахымды Иеміз әр нәрсені бізден әлдеқайда жақсы біледі. Біз үшін қайсысы пайдалы болса, соны береді. Кейде дүниелік шаруа үшін жасаған дұғаңды біздің пайдамызға * Рас, кейбір кесел Аллаһқа дұға еткізіп, жалбарынуға себеп болады. Ал, дұға етіп аурудан жазылуын тілеу, дұғаның өзін-өзі жойып жіберуі болып табылады. Әрине бұл қисынсыз.

217ЖИЫРМА БЕСІНШІ ЛЕМАақыреттік қылып қабыл алады. Жоғарыда ескерткеніміздей, ауырған кездегі әлсіздіктен, шарасыздықтан туындаған риясыз, пәк дұғалардың қабыл болу ықтималы жоғары. Демек, ауру осындай шынайы дұғаға себеп екен. Діндар науқас немесе науқасты бағушы мүминдер осындай дұға сәттерін пайдаланып қалғаны жөн.ОН СЕГіЗіНші шипА.Уа, шүкірді қойып арыз айта бастаған науқас! Арызды ақысы бар адам айтады. Сенің оған ақың жоқ. Қайта мойныңда шүкір ету борышың бар еді. Сен оны толық атқармадың. Аллаһ Тағаланың ақысын бермей тұрып, өз ақыңды даулағаның жараспас. Өзіңнен әлдеқайда денсаулығы мықтыларға қарап шағым айтуға сенің де және ешкімнің де ақысы жоқ. Қайта сен, өзіңнен денсаулығы нашар, ауыр науқастарға қарап шүкір етуге міндеттісің. Қолың сынып қалса, қолы жоқ шолақтарға қара! Бір көзің ағып кетсе екі көзі зағитерге қара! Аллаһқа шүкір ет! Нығмет тұрғысынан өзінен жоғарыларға қарап шағымдануға ешкімнің ақысы жоқ. Ал, қайғы-қасірет жағынан өзінен әлдеқайда қайғылы жандарға қарау әркімнің міндеті. Адам сонда ғана толық шүкір етеді. Бұл сыр басқа еңбектерімде мынадай бір тәмсілмен түсіндірілген болатын. Оның қысқаша мағынасы былай:«Бір мырза міскін пақырды биік бір мұнараның басына жетектеп алып шығады. Мұнараның әрбір баспалдағын басқан сайын бір сыйлық береді. Дәл ұшына барғанда оған тағы аса құнды үлкен сыйлық ұсынады. Әлгі кісі манағы қыруар сыйлықтарға рахмет айтып, әлгі мырзаға қарыздар болудың орнына, әрбір баспалдақ үшін алған сыйлықтарды місе тұтпай, немесе ұмытып, айналасына қарап, «шіркін!, анау мұнара өте биік екен! Мына мұнара да биік болғанда ғой! Неліктен сол сияқты биік емес?» дегендей шағым айтса, оның соншалық тоңмойын, қайырымсыз екені белгілі. Дәл сол сияқты адам баласы әу баста жоқ еді, бар болды. Тас болмай, ағаш та болмай, хайуан болып қалмай адам болды. Мұсылман сипатқа ие болып әрі ұзақ уақыт денсаулығы мықты болып, мол нығметке бөленді. Бірақ, кейбір себептермен денсаулық дейтін нығметке лайық бола алмаса, немесе өзінің жат қылықтарымен, жөнсіз әрекеттерімен денсаулығынан айырылып қалса, сабыр сақтамай: «Құдайға не жаздым!» деп Аллаһтың жазғанына наразылық білдіріп, шағымданса бұл, дене сырқатынан әлдеқайда ауыр рухани кесел. Бұл, сынған қолмен шайқасумен тең. Шағымның кесірінен ауру сырқатты үдетіп алады. дегендей ақылды жан Аллаһқа мойынсұнып, сабыр қылады. Сол кезде ауру өз міндетін атқарып, кете барады.ОН тОҒыЗыНшы шипА. Жәмил Зүлжәлалдың барлық есімдері Самедани атаумен «Әсма-үл Хүсна» яғни Құранның тілімен айтсақ Аллаһтың күллі есім-сипаттары әсем, тамаша, өте көркем. Болмыс атаулы жаппай

218ЛЕМАЛАРСамедани айна. Ал, сол айналардың ең нәзік, өте керемет және ауқымдысы тіршілік, өмір болып табылады. Әсемге шағылысып, оны көрсететін айна да әсем болмақ. Тамашаның тамашалығын көрсеткен тамаша болып, өзі де әдемілене түспек. Әсем тарапынан әлгі айнаға не түссе әсем болып құлпыратыны секілді тіршілікке яғни өмір айнамызға әлгі Әсемнен не келсе де түптің түбінде бәрі тамаша, бәрі әсем. Өйткені, ол айна тамаша Әсма-үл Хүснаның әсем сәулелерін көрсетеді. Егер өмір әрдайым сау-саламат, бір қалыпты, рахат күйде өтсе айналық қызметіне нұқсан келер еді. Адам өзінің бар екені білінбей, тіпті жоқ сияқты, жаны қиналады. Ондай өмір өзінің мәнісін жояды. Өмірдің қызығы кетіп мазасыздық басады. Ондай өмір ішті пыстырып, уақыт өткізу үшін адам, я азғындыққа салынады я ойын-сауыққа құмар келеді. Қамаудағы адам мерзімінің тезірек аяқталғанын аңсағаны секілді ондай адамдар құнды өмірінің де тез өте шыққанын қалайды. Ал, өзгерістер мен жаңалықтарға толы, толқынды да соқтықпалы өмірдің өзі құнды һәм маңызды әрі қызық. Өмір машақат пен қайғыға, бейнетке толы болса да оның аяқталуын қаламайды. «түһ, күн батпады ғой немесе неткен ұзақ түн» деп қиналып, дөңбекшімейді. Иә, өте бай, төрт құбыласы түгел, қамсыз, екі қолы алдына сыймаған мырзадан хал сұрасаң, әлбетте, «құрысын бәрі, уақыт өтпейді, кел, екеуміз уақыт өткізу үшін бір ермек табайық»деуі әбден мүмкін. Ал, адал еңбегімен бейнеттеніп күн кешкен шаруаның олай демесі анық. Ол: «Құдайға шүкір, істейтін жұмыс көп. уақыт зымырап, орнында тұрар емес. шіркін-ай, күн мұнша тез батпаса ғой. Рас, жұмыс ауыр, бірақ бұл да өтеді де кетеді. Барлық нәрсе осылай тез емес пе?»деп рухани тұрғыдан өмірдің қаншалықты құнды екенін өкіне айтады. Тез өткенін қаламайды. Демек, машақаттанып, еңбек ету арқылы өмір қызық болып тіршіліктің құндылығы артады. Демалыс көп, денсаулық мықты өмірдің мәні кетіп, тез өткенін қалайды. уа, науқас жан! Өзге еңбектерімде егжей-тегжейлі баяндағанымдай біле білсең жамандық пен қайғы-қасірет, тіпті күнәлардың қайнар көзі, бұлағы – болымсыздық. Болымсыздық дегеніміз – бірқалыптылық, демалыс, тыныштық, тоқырау. Ол жаман әрі қараңғы нәрсе. Бірқалыпты күйден жоқ болудың, қараңғылықтың лебі есіп, жанды күйзелтеді. Іс-қимыл, өзгеріс пен жаңалық, керісінше бар болу яғни, адам өзінің бар екенін толық сезінеді. Бар болу нағыз жақсылық әрі ол нұр.Бұл рас. Сенің мына ауруың қымбат өміріңді шыңдауға, қуаттандырып одан әрі дамытуға, сондай-ақ, денеңдегі басқа сезім мүшелерді әлгі науқас ағзаның айналасына шоғырландырып, көмектестіруге және Сани-ы Хакимнің түрлі-түрлі есімдерінің сәулелерін көрсетуге себеп. Сондай-ақ, осы сияқты көптеген маңызды міндеттер үшін әдейі жіберілген. Иншаллаһ, өз міндетін атқарған соң аурудың өзі-ақ кетеді. Кетерінде денсаулыққа: «кел, менің орнымда сен қал! Міндетіңді атқар. Бұл сенің орның» дейді.

219ЖИЫРМА БЕСІНШІ ЛЕМАжиыРМАСыНшы шипА. Уа, дертіне шипа іздеген, науқас! Аурудың екі түрі бар. Бірі хақиқи, бірі хақиқи емес яғни, уайымға салыну. Шәфи әрі Хаким Аллаһ Жер шары дәріханасында аурудың хақиқи түрінің барлық шипасын жаратқан. Енді ол шипалар ауру-сырқаудың болуын қажет етеді. Барлық аурудың шипасы бар. Жазылып кетемін деп дәрі-дәрмек ішіп, ем-дом қолдануға болады. Алайда, олардың әсері мен шипасын Аллаһ Тағаладан деп білу қажет. Дәрі-дәрмекті Аллаһ Тағала жаратты демек, шипаны да сол береді. Тәжірибелі әрі діндар дәрігердің айтқанын істеу маңызды бір ем саналады. Өйткені, көптеген аурулар ысыраптан, шамадан тыс ішіп-жеуден, қателіктерден, орынсыз ойын-сауықтан, салғырттықтан пайда болады. Діндар дәрігер жөнін айтып, насихат, жақсы кеңес береді. Жат қылықтардан, ысырап етуден тыйып, көңілге дем береді. Науқас бұл насихат пен демеуге сүйеніп оңалып, ауруы жеңілдеп көңілі рахаттанады.Ал, екінші хақиқи емес түрінен яғни уайым деген аурудан құтылудың шарасы мән бермеу, уайымдамау. Оны уайымдаған сайын асқына түседі. Көңіл бөлмесе жазылып кетеді. Мәселен, шабуылдаған араларға тиіскен сайын үймелеп, көбейіп шабуылын үдете түседі, ал тиіспесең жайына кетеді. Тағы бір мысал, қараңғыда ілулі бір жіпке мән беріп, назар аударған сайын үлкейіп, үрей туғызады.Тіпті, кейде адамның зәресі ұшып, тұра қашуы мүмкін. Егер мән бермесе оның жылан емес жәй ғана жіп екені белгілі болып өз халіне күлуі мүмкін. Егер уайым дейтін ауруға мән беріп, ұзаққа созылса, ол шындыққа айналып кәдімгі дерт болуы ғажап емес. Әсіресе мұндай ауру, жүйкесі жұқа кісілерде жиі кездеседі әрі аса қауіпті. Түймедейді түйедей етіп, төзімін тауысып жібереді. Оның үстіне науқас адам тоңмойын дәрігерге немесе ынсапсыз емшіге тап болса, я байлығынан айырылады, я ақылынан адасады я болмаса денсаулығын жоғалтады.жиыРМА БіРіНші шипА. Уа, науқас достым! Ауруың тән азабын тартқызып жатқан болар. Алайда, сол тән азабын ұмытқызып жіберетін өте жайлы жан рахаты, рухани ләззат бар екенін білемісің? Егер әке-шешең немесе ет жақын туыстарың аман болса, олардың өзің бала кезіңде сезінген ләззаты мол мейірімдеріне қайта қауышып, сәби күндердегі аяулы алақандардың қайта әлпештеуіне бөленіп жатқан шығарсың. Осы аурудың арқасында адал достардың байқалмай жүрген сүйіспеншілігіне, мейіріміне бөлендің емес пе? Мұндай жағдаймен салыстырсаң әрине, мына тән ауруың, шеккен азабың оның қасында түк те емес.Сондай-ақ, сен қызмет етіп, ілтипатына бөленгің келген жандар, енді өздері келіп, саған мейірімін төгіп, құрметтеп жатқандықтан құрметті кісілердің құрметтісі болдың. Оның үстіне жаныңдағылардың мейірімділік, қамқорлық сезімдерін оятып, жоқ жерден көптеген қызметшілер, мейірбан жандар мен шынайы достар таптың. Әрі сырқатыңның арқасында жұмыстан босатылып, міне, демалып жатырсың. Әлбетте, сенің тән ауруың осы рухани ләззаттардың қасында түк емес қой. Сондықтан, оған өкінбе, қайта шүкір ет!

220ЛЕМАЛАРжиыРМА ЕкіНші шипА. Уа, сал ауруына шалдыққан ғазиз достым! Әуелі сені қуантып қояйын, мүмин үшін сал ауруы мүбәрак саналады, яғни ерекше маңызы бар. Мұны әулие кісілерден көп естідім. Көңіліме түйген бір сырын айтып берейін. Әулиелер Аллаһ Тағалаға жақындау үшін және дүниенің рухани қауіп-қатерінен құтылу үшін, әрі мәңгі өміріне зақым келтірмей аман сақтап қалу мақсатымен екі ережені қатаң ұстанған. Біреуі; Рабыта-и Мәут, яғни дүниені пәни, өткінші деп біліп және өзі белгілі бір міндет жүктелген уақытша қонақ екенін шын жүректен мойындап, бақи өмірге дайындалу. Екіншісі; Қызбалық, ожар сезімдердің билеп кетуінен құтылу үшін, өзін азаптап, аш қалдырып әрдайым нәпсісімен күресуді әдет қылған.Уа, денесінің бір бөлігі жансыз қалған бауырым! Саған қысқа әрі оңай түрде бақыт кілті болып табылатын екі қайнар көз берілген екен. Сенің семіп, жаны кетіп қалған тәнің дүниенің баянсыз ал адамдар болса пәни қонақ екенін көрсетеді. Бұдан былай қу дүние сені алдап, бейқамдық көзіңді байлай алмайды. Жарты денесінен айырылған кісіні әрине, нәпсі алдай алмайды. Олай болса сен нәпсінің пәлесінен оңай құтылдың. Міне, мүмин адам иман, тәслім, тәуекел арқылы сал ауруын тиімді пайдаланып әулие кісілердің әрең жететін биік мәртебелеріне тез қол жеткізе алады. Осылай түсінсе әлгі ауыр дерт жеңілдеп, өте арзанға түседі.жиыРМА ҮшіНші шипА. Уа, кәріп болып жалғызсыраған науқас! Науқасың мен жалғыздығың төңірегіңдегілердің тас жүректерін жібітіп, саған деген аяныш сезімдерін оятты ғой. Апырым-ай, Қасиетті Құранның барлық сүрелерінің басында өзін Рахман әрі Рахим сипаттарымен таныстырған және мол мейірімінің сәл ғана лебімен бүкіл аналарды сәбиіне қамқор етіп тәрбиелеткізген, жетілдіріп өсірткен, сондай-ақ, мейірімінің шуағымен көктем сайын Жер жүзін сан-алуан нығметтермен толтырған, әрі мәңгі жәннат барлық тамаша жақтарымен оның аса қамқорлығының бір ғана сәулесі, жай бір шағылысы ғана болып табылатын Халиқ әрі Рахим Раббыңа иман арқылы арқа сүйеп, оны танып, ауру хәліңде жалбарынсаң, ғанибет қой шіркін! Яғни, сенің жалғыздығың, Оның мейірімі мол назарын өзіңе тікелей аударады. Демек, Ол бар және көріп отыр. Олай болса бәрі де жақсы болады. Ендеше, жалғызсырайтын сен емес, қайта, Аллаһқа иман етпей қасарысып немесе оған арқа сүйеу дегенді білмейтін ғапыл жүргендер. Қамықса солар қамықсын, солар уайымдасын!жиыРМА төРтіНші шипА. Уа, бейкүнә балалар мен бала секілді қарттарға қызмет етіп жүрген күтуші-тәрбиешілер! Сіздерге ақыретпен қатысты өте пайдалы сауда жасауға мүмкіндік туып тұр. Сол ақыреттік сауданы ынта-жігермен жасап қалыңдар! Сәбилердің ауруы олардың нәзік денелерін машықтандыру және болашақта өмірдің соқпақтарына төтеп беруге жаттықтыру әрі Раббани тәрбие секілді дүниелік өміріне қатысты көптеген

221ЖИЫРМА БЕСІНШІ ЛЕМАхикметтер бар. Сондай-ақ, оның рухани өмірін күнәлардан арылтатын, үлкен кісілерге кәффаре-түз зунуб яғни күнәдан арылу болып саналатын бұл қиыншылық, жас балалар үшін келешекте және ақыретте рухани дамуына себін тигізеді. Әрі сырқатының сауаптары ата-анасының сауап дәптеріне жазылатындығы, әсіресе аса мейірімділікпен өз денсаулығын баласы үшін пида еткен анасының амал дәптеріне еселеп жазылатындығы ақиқатшыл жандар тарапынан расталған. Ал, қарияларды бағудың әсіресе, олардың баталарын алу, көңілдерін көтерудің, адал қызмет етудің, бұ дүниеде әрі ақыретте бақытқа бөленуге бірден-бір себеп болатыны нақты хадистермен және өмірде болған оқиғалармен дәлелденген. Қарт әке-шешесіне мойынсұнып, айтқандарын істеген бақытты бала, өз баласынан да дәл сондай ізгі жауап көретінін, ал егер әке-шешесінің көңілін қалдырған болса ақырет азабынан басқа, дүниеде де көп бәлеге душар болып, сазайын тартатынын өмірде де көріп жүрміз. Иә, қарияларға, бейкүнә жандарға, сондай-ақ туысқандарға ғана емес иманды (өйткені имандылықта нағыз достық пен бауырластық сыры бар) кісілерге, егер олар науқас әрі мұқтаж болса, шын көңілден қызмет ету; дін Исламның талабы.жиыРМА БЕСіНші шипА. Уа, науқас жандар! Сіздер дертке дауа, жанға шипа, ләззаты мол әрі қасиетті, нағыз дәрі қаласаңыздар, имандарыңды қайрап, күшейтіңдер! Яғни, тәубе және истиғфар етіп, намаз оқып, құлшылық ету арқылы әлгі қасиетті дәрі – Иман дәрісін ішіңіздер.Иә, дүниеге деген махаббат пен қызығушылықтың кесірінен ақырет дайындығын кейінге қалдырып тіпті естен шығаратын рухани аурулар бар. Қоштасу мен айырылудың опығын жеп ауыр жарақаттанған мұндайларды имандылықпен әп-сәтте емдеп, жараларын тәуір қылып, нағыз шипа берудің жолдарын көптеген еңбектерімде дәлелдеген болатынмын. Көп сөйледі демеңіз, қысқа қайырайын. Имани дәрінің әсері парыздарды мүмкіндігінше толық орындаған кезде көрінеді. Мақсатсыз өмір, арзан күлкі, түрлі нәпсіқұмарлық әрекеттер иман дәрісінің әсерін әлсіретіп, тіпті жойып жібереді. Демек, ауру-сырқат пәни өмірге алданудан сақтайды. Орынсыз құмарлықтарға кедергі болады. Олай болса, ондай сәтті тиімді пайдаланып, сырқаттанған кезде шүкір етіп, сабыр сақтап сауап алуға тырысып, ғапылдық ұйқысынан оянып иманды қызғыштай қорғаңдар! Толық иманның қасиетті дәрілерінен, оның нұрларынан тәубе, истиғфар яғни Жаратқаннан кешірім сұрау арқылы және дұға мен жалбарыну арқылы пайдаларыңызға жаратыңыздар. Аллаһ Тағала сендерге шипа берсін. Ауру-сырқат, бәле-жалаларды «кәффаратуз-зунуб» яғни күнәлардан арылудың себебі деп қабыл алсын!Әмин. Әмин. Әмин...

222ЛЕМАЛАР* * *қысқа мағынасы «Бұл кітап әр дертке шипа» Бұл сөзде керемет сәйкестік бар. Былайша: Рефет бейдің жылдам көшіріп жазған нұсқасымен Хусревтің жазған нұсқасын салыстыра отырып еріксіз әрі ештеңе ойламай әр жолдың басында тұрған әлифтерді санап едік, дәл мына сөйлеміне дәлме дәл шықты . *Әрі осы кітаптың авторы Саид сөзіне бір ғана айырмашылықпен сәйкес келіп тұр. Тек Рисаленің атына қатысты жазудағы бір әлифті есептемедік. Өте қызық жағдай: Сүлеймен Руштінің жазбасында күтпеген жерден жүз он төрт әлиф жүз он төрт шипа, керемет шипа беретін жүз он төрт Құран сүресінің сонша сәйкес келуі таңғажайып үйлесім. Сонымен қатар сөзіндегі шәддәлі ләмді санасақ жүз он төрт әріпке дәлме дәл сәйкес шығып тұр . *** * *жиырма Бесінші Леманың қосымшасыОн жетінші Мектуб болып, бөлек жинаққа енгендіктен мұнда жазылмады.* * ** Кейіннен жазған ескертудің екі әлиф бұл есепке алынбағандықтан қоса есептелмеді.** Хазіреті Али мен Ғаус ағзамның кереметтерінде Саид сөзінің соңында қаратпа сөз мағынасында бір әлиф қосылып Саида деп оқылды. Мүмкін артық тұрған осы әлиф сол әлифпен байланысты болар. Рефет, Хусрев.

жиырма Алтыншы ЛемаҚарттар рисалесі(жиырма Алты Үміт және жалпыға ортақ жұбаныш сыйлайтын нұрлар)ЕСкЕРту: Әрбір «үміттің» бас жағында өзімнің рухани дертімді өте қасіретті етіп және сендерге ауыр тиетіндей етіп жазуымның бір себебі, Құран Хакимнен келген шипаның ерекше әсерін жеткізу үшін болатын. Қарияларға қатысты бұл Лемада әдемі сөз саптауға мән берілмеді. Мұның бірнеше себебі бар.Біріншіден:Бұрын бастан кешкен шытырман оқиғаларға қиялмен сапар шегіп барып жазылғандықтан, қағазға анық әрі ретті түрде түспеді.Екіншіден:Таң намазынан кейін қатты шаршауым және тезірек жазуға мәжбүр болғандықтан жүйесіздік орын алды.Үшіншіден: Жанымда хатшы үнемі болмай қалатындықтан мұны жазған кісінің Рисалей Нұр қызметіне қатысты тағы да төрт-бес міндеті болғандықтан жазуға уақыты жетпей жүйесіздік орын алды. төртіншіден: Жазып болған соң екеуміз де шаршап-шалдығып қалатындықтан, мағынаны қайта тексеріп жатуға мұрша болмаудан кеткен кемшіліктер де бар. Сондықтан, ақкөңіл қариялардан осы бір кемшіліктерімізге кешіріммен қарауын және Аллаһ Тағаладан әрдайым алақан жайып сұраған қолдары бос қайтпайтын қарттардан бізді де қайыр-дұғаларына қосуын сұраймыз...

224ЛЕМАЛАРБұл Лема жиырма Алты Үміттен тұрады.БіРіНші ҮМіт: Уа, бүгінде ата-әже атанған ардақты қариялар! Мен де сіздер секілді қартпын. Қарттық шағымда ауық-ауық көңіліме үміт берген мағыналарды және сол үміт пен жұбаныш нұрларына сіздерді де ортақ қылсам деген оймен бастан өткен кейбір жағдайларды баяндап берейін. Бұл нұрлар мен үміттер әлбетте менің нұқсан да шектеулі қабілетіме қарай көрінді. Иншаллаһ, сіздердің пәк әрі күшті қабілеттеріңіз көрген нұрымды одан әрі нұрландырып, үміттерімді әлдеқайда үкілендіре түседі деп ойлаймын.Сол үміт пен нұрдың қайнар бұлағы – иман. ЕкіНші ҮМіт: Күз мезгілі. Қарттықты алғаш мойындай бастаған кезім. Екінді уақытында биіктеу төбеге шығып, дүнияға назар салдым. Кенет өкінішті де мұңлы, тіпті көкейді көр қылатын күйге түстім. Мен, қартайған екенмін. Бүгінгі күн де қартайыпты, мына жыл да, мына дүния да қартайыпты. Дүниеден аттанар шақ, сүйген жандармен қош айтысар кезең жақындап қалыпты. Бұл жағдаят жаныма қатты батты. Сол кезде Аллаһтың рахымы мен мол мейрімі жарқын түрде көрінгені сондай, әлгі өкінішті мұң мен қоштасуға толы қайғы, үміт пен жұбаныштың нұрына айналып сала берді.уа, мен сияқты қариялар! Қасиетті Құранда жүз жерде өзін Әррахманиррахим сипатымен таныстырып, Жер жүзіндегі мейірімге мұқтаж жан-жануарларға әрдайым мейірім төгіп отырған, көктем сайын жоқты бар етіп, оны шексіз нығмет пен сыйлыққа толтырып, ризыққа мұқтаж біздерге үлгертіп отырған, сондай-ақ, бейшаралық пен әлсіздіктің дәрежесіне қарай мейірім шуағын арттырушы Халиқы-Рахимымыздың мейірімі қарттар үшін үлкен үміт, қуатты жарық нұр. Мұндай мейірімге бөленудің жолы Иман етіп, сол Рахманмен байланыс құру, діни парыздарды орындау, оған мойынсұну.ҮшіНші ҮМіт: Бірде түн ұйқысындай болған жастық кезеңнен ағарып атқан таң секілді қарттық шағымда ояндым. Өзіме-өзім зер салдым. Болмысым қабірге қарай зымырап барады. Нияз Мысридың:өмір атты сарайымнан бір тас құлап күн сайынжан хабарсыз жатыр бұдан, қирап бітті сарайымОсы шумақ өлеңнің дегеніндей, жанымның ұясы денемнің күнде бір кірпіші түсіп, қирап жатыр. Мені дүниемен байланыстырып тұрған үміт-армандарым өше бастаған. Шынайы дос, сүйікті жандарыммен қоштар сәт таяп қалғанын аңғардым. Осы бір мұң мен емі жоқ дертке шипа іздеп, таба алмадым. Қайтадан Нияз Мысри болып былай дедім:көңіл тәннің мәңгілігін қаласа, Аллаһ оған фәни дене қаптағанМендегі бұл дерттің емін, Хакім Лұқман таппаған...Яғни, көңіл шіркін жас. Алайда Хақ Тағаланың заңы дененің қартаюын талап етеді. Қарттық дейтін дертке шалдықтым, бұған Лұқпан хәкімнің өзі шарасыз.

225ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ЛЕМАСол уақытта бірден Иләһи мәрхамет пен мол мейірімнің жаршысы, делдалы, аудармашысы, абыройы асқақ ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) нұры, оның шапағаты, сондай-ақ, адамзатқа сыйлаған хидает сәулесі әлгі дауасыз құрдым боп көрінген дертіме әсері мол шипа болып ем болды. Көңiлiмдi тұмшалаған қараңғы уайымды жарқын да нұрлы үмітке айналдырды.уа, мен сияқты қарттықты сезе бастаған ардақты аталар мен әжелер! Рас, біз болсақ кетіп барамыз. Алданғанмен пайда жоқ. Көзімізді қанша жұмғанмен бізді бұл жерде көп тұрғызбайды. Айдау бар, айдалып барамыз. Алайда, ғапылдықтың нәтижесі яки азғындардың әсерінен көзімізге мәңгіге қоштасу, қараңғы боп көрінген берзах әлемі яғни қабірдегі әлем сүйікті жандардың бас қосқан мәжілісі. Әу баста ол жақта шапағатшымыз Хабибуллаһ Мұхаммед Ғалейһиссалату Уәссалам бар, одан қалды күллі игі жандар мен дос жарандар бәрі сол жақта. Қабір сол достармен қауышу әлемі.Иә, бір мың үш жүз елу жыл бойы жыл сайын үш жүз елу миллион жанның сұлтаны, рухтардың тәрбиешісі, ақылдардың жетекшісі, жүректердің сүйіктісi, сондай-ақ, күн сайын (Кім неге себеп болса соны істеген боп есептеледі. Ауд.) бойынша амал дәптерiне барлық үмметінің жасаған амалындай сауап жазылып жатқан және әлемдегі Иләһи биік мақсаттардың өзегі мен болмыс атаулының қадірін арттыратын бірден-бір себеп, сондай-ақ, ол дүниеге шыр етіп түскенде “Үмбетім, үмбетім” деп жылаған, ал қиямет қайым болып, махшар күні барлық адам: “Мені құтқар, мені”, – деп жан даусы шыққанда тағы да “Үмбетім, үмбетім” деп теңдесіз жанкештілік танытып, үмбетімді “құтқарам” деп жүгірген асыл жанның кеткен әлеміне бара жатырмыз. Бұл айтылғандар сахих риуаяттармен бекітілген. Ол жерде Пайғамбарымыз күн болса, айналасындағы асфиялар мен әулиелер жұлдыз бен ай. Осындай керемет, жарқын әлемге аттанып барамыз. Міне, сондай бір жанның шапағатына бөленіп, нұрынан пайдаланудың және берзах қараңғылығынан құтылудың шарасы көркем сүннетке мойынсұну.төРтіНші ҮМіт: Қарттыққа аяқ басқан кез болатын. Адамды бейқамдыққа салатын денсаулық та нашарлаған кез. Бір жағымнан қарттық, бір жағымнан ауру мазамды алып, ұйқымды қашырды. Бала-шаға, мал-мүлік секілді дүниемен байланыстыратын менде жоқ. Қарап отырсам, жастықтың мастығымен өтіп кеткен өмірімнен қалғаны ылғи күнәлар мен қателіктер екен. Нияз Мысри сияқты:“Ақыреттің саудасын жасамастан өтті өмірiм, кетті босқажолға түстім не шара, бір де бір із жоқ керуеннен.

226ЛЕМАЛАРЕңіреп, жылап шықтым жолға, жол да бөтен, тым-тырыс.жасаурап көзім, құлазып көңілім, ақылым аң-таң, не істеуден” деп зар еңіредiм.Ол кезде елден жырақта едім. Үмітсіз бір қайғы, өкінішті бір қамығу, көмекке зар болып, қасірет көрдім. Сол кезде Муғжизелі Құран көмекке келді. Алдыма үміт қақпасын ашып, күшті демеу, нұр сыйлағаны сондай, әлгі күйдегі үмітсіздік жүз есе ұлғайса да тас-талқан етіп, қою қараңғылықты сейілтер еді.уа, мен сияқты дүниямен байланысы үзіле бастаған, және арадағы жіптері шешіліп жатқан қадірлі қариялар!Мына дүниені тым керемет, тап-тұйнақтай шаһар, зәулім сарай тәрізді жаратқан Құдіреті күшті Ұста, сол шаһарда, осы сарайда тұрған қадірлі қонақтарымен, достарымен сөйлеспеуі, олармен жүздеспеуі әсте мүмкін емес. Демек, мына зәулім сарайды біле отырып салған, әрі өзінің ираде, еркімен реттеп, әшекейлеген, олай болса, әлбетте жасағанның білетіні, білгеннің де сөйлейтіні анық. Сондай-ақ, бiзге арнап мына сарайды, осы шаһарды әсем қонақжай мен керемет сауда орнын жасаған екен, әлбетте арамыздағы байланысты және бізден не қалайтынын білді-ретін бір дәптері, бір кітабы болуы тиіс. Енді сондай қасиетті дәптердің ең кереметі – ең болмағанда жүз миллион адам минөт сайын оқитын, әлемге нұр шашқан, әрбір әрпінде кемінде он сауап, он қайырым, кейде он мың, Қадір түні сырымен кейде әр әрпіне отыз мың сауап жазылатын, Жәннат жемiстерiн, берзахта нұрын беретін муғжизелі Құран Кәрім. Бұл тұрғыда әлемде оған тең келетін кітап жоқ. Бар деп ешкім де көрсете алмайды.Демек, қолымыздағы мына қасиетті Құран Жер мен Көктің Халиқ-ы Зүлджәләлінің мутлақ рубубиеті (толық билiгi) мен улухиетінің (ұлылығының) азаметі (асқақтығы) тұрғысынан яғни, тәрбие мен әкімшілігі жағынан, сондай-ақ мейірімділігінің кеңдігінен келген сөзі, келамы, бұйрығы және Рахымының қайнар көзі. Олай болса, Құран Кәрiмдi қолыңнан тастама. Оның ішінде күллі дертке шипа, қараңғылық атаулыға нұр, кез-келген торығуды тоқтатып, үміттендiретiн қасиет бар.Міне, осы мәңгі таусылмайтын қазынаның кілті – иман, тәслім және оны тыңдап мойынсұну және оқу.БЕСіНші ҮМіт: Қарттықтың алғашқы кезеңдерінде, жаным жалғыздықты қалап Стамбұлдың Бұғаз жағындағы Юша төбесіне шығып, дем алып отыр едім. Әлгі биік төбеден сонау қиырға, айналама көз жібердім. Қарттықтың салдарынан тым өкінішті де мұңды аяқталу мен қоштасу атты көрініске куә болдым. Өмір – бейне бір ағаш. Сол ағаштың қырық бесінші жылы, қырық бесінші бұтағы болып, сол биіктіктен, өмірімнің сонау бастапқы белестеріне дейін назар салдым. Төмендегi әрбір бұтағында әр жылда

227ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ЛЕМАсүйген жандарымның, сондай-ақ қарым-қатынаста болған адамдардың, жора-жолдастарымның қыруар жаназаларын көрдім. Сол қоштасулар мен айырылысулардан пайда болған тым аянышты рухани күйзелістен қош айтысқан әлгі достарды ойлап: “Қауышқан сәттерді еске алып жылаймын зорыққанша,Зар еңіреймін, қаусаған мына денеден жан шыққанша”, – деген Бағдаттық Фузулидің өкіне жазған жырларын қайталап, көңіліме демеу болар нұр, үміт іздедім. Сол кезде ақыретке иман нұры көмекке келді. Еш сөнбейтін нұр, бітпейтін үміт сыйлады.Уа, мен сияқты, ақ сақалды қариялар мен ақ жаулықты әжелер! Ақыреттің бар екені рас. Ол – мәңгі әрі бақи. Мына дүниеден әлдеқайда әсем. Оның үстіне бізді Жаратқан иеміз Хаким әрі Кәрім. Олай болса қарттыққа шағымданып, өкінбегін! Қайта қарттық дегеніміз – иманмен ғибадат жасап, жас ұлғайған соң міндетін атқарып, рақымдылық әлеміне тынығуға апаратын баспалдақ деп біліп, ризашылықпен қарсы алуымыз керек.Иә, хадистың айтуы бойынша, әрі адамзаттың алып тұлғалары жүз жиырма төрт мың пайғамбардың бiр ауыздан, анық хабары арқылы, әрі кейде көргендей, кейде хаққаляқын түрде бәрі бірлесе отырып, ақыреттің бар екенін, адамзаттың сол жерге жиналатынын, әлемнің Жаратушысы уәдесін сөзсіз орындайтындығын, яғни ақыретті жарататындығын хабарлауда. Сол сияқты, бұл хабарларды (кәшиф пен шуһуд) яғни, көзбен көргендей ғылмеляқын түрде мақұлдаған жүз жиырма төрт миллион әулие ақыреттің бар екенінiң дәлелі, сонымен қатар, мына әлемнің хаким Ұстасының барлық есімдері шашқан бұл дүниедегі шуақтары, бақи бір әлемді нақты түрде қажет ететіндіктен де ақыреттің бар екенін білуге болады.Сонымен бірге, жыл сайын көктемде жер бетінде қу бұтағы ғана қалған сансыз өлі ағаштардың жаназаларын “Күн фая күн”әмірімен тірілтіп, “Бағсу бағд-ал мәутке” бөлеген және хашир мен неширдің, яғни өліп қайта тірілудің жүз мыңдаған үлгісі ретінде өсімдіктер мен жануарлар әлемінің үш жүз мың түрін хашир-нешир еткен Әзели құдірет, сансыз бірақ ысырапсыз хикмет; сондай-ақ, рызыққа мұқтаж барлық жандарды аса мейірімділікпен, өте керемет түрде азықтандырған, әр көктемде қысқа мерзім ішінде сан-алуан құлпырған әсемдіктер мен сұлулықтар сыйлаған бақи, шексiз рақымдылық, әрдайым әзір жәрдем мен қамқорлық; сондай-ақ, мына әлем ағашының құнды миуасы және әлем жаратушысының ең сүйікті өнер туындысы, әлемдегі болмыспен тығыз байланыстағы адамның бойындағы қуатты да сарқылмас, мәңгілікке деген құмарлық, соңсыздық қалауы, аңсаған шексіз армандары, мына фәни әлемнен кейін бақи, мәңгі әлемнің, яғни ақырет пен бақыт әлемі бар екенін нақты түрде дәлелдейтіні сондай, дүниенің бар екені қаншалықты анық болса, ақыреттің бар екенін

228ЛЕМАЛАРде соншалықты қабылдауға, мойындауға тура келеді.*Иә, Құран Хакимнің бізге оқыған дәрісінің ең маңыздысы – Ақыретке иман дәрісі. Иман дәрісі сондай қуатты. Иманда осыншама үлкен үміт, күшті демеу бар. Демеу болғанда, қандай демеу десеңізші? Жүз мыңдаған қарттық бір адамның басына орнаса да төтеп беретін демеу. Біз қарттар “Әлхамдулиллаһ ғалал Иман” деп қартайғанымызға разы болуымыз керек.АЛтыНшы ҮМіт: Ауыр да азапты күндерді бастан кешкен айдаудағы кезімде адамдардан оқшауланып, Барла жайлауында, Шам тауының етегінде жалғыз қалып, мұңды күй кештім. Жалғыздықтан қамығып, көңілім бір нұр іздеді. Түн болатын. Әлгі биік төбеде биік бір қарағай ағашының үстінде үсті ашық ықтырмада едім. Қарттық келіп, құлағыма әлденеше рет еселенген жалғыздықты сыбырлағандай болды. Алтыншы хатта баяндалғандай, сол түн тым-тырыс, айнала жым-жырт. Тек ағаштардың сықыры, жапырақтардың сусылдаған аянышты үні қартайған әрі жалғыз қалған жаныма қатты батты. Қарттық менiң санама мынаны салды. Манағы күндіз қараңғы қабірге айналды, дүние қара кебініне оранды, сол сияқты сенің өміріңнің күндізі де қараңғы түнге, дүниенің күндізі де берзах түніне, өмірдің жазы да өлімнің қысы сияқты түніне айналады.Нәпсім шарасыз былай деді: Иә, отанымнан жырақта жүрмін. Бірақ, мына елу жылдық өмірімде аяулы жандардан көз жазып, қош айтысып қалдым, олардың соңынан жылап-еңіреп қалған жайым бар. Бұл жайым әлгі отанға деген сағыныштан әлдеқайда мұңлы да ауыр сағыныш. Оның үстіне мына түндегі, мына тау етегіндегі мұңды жалғыздықтан да бетер мұңдырақ һәм қайғылырақ жалғыздыққа беттеп барамын. Ол, әлгі қарттықтың ескерткені сияқты күллi дүниемен бiржола қош айтысар уақыттың жақындап қалғаны едi. Осы қыспаққа алған жалғыздық пен қатты күйзелістен шарқ ұрып бір үміт, бір нұр іздедім. Сол кезде, Аллаһқа деген иманым жәрдемге келді. Жәрдем еткені сондай, жанымды қинаған әлгі қабаттасқан үрейлі жағдайлар мың еселенсе де иманның берген жұбанышы мен демеуi басымырақ болар едi.* Иә, бар нәрсені дәлелдеу оңай, ал оның жоқ екенін дәлелдеу өте мүшкіл екендігін мына бір мысал арқылы баяндап берейін. Бір адам “жемістері сүт консервiсi сияқты таңғажайып бір бау-бақша жер жүзінде бар” десе, қасындағысы “ондай бау-бақша жоқ” десе, бар деген адам, тек әлгі бау-бақшаны тіпті кейбір жемістерін көрсетiп-ақ оп-оңай дәлелдеп береді. Ал, жоққа шығарған адам, оның жоқ екенін дәлелдеу үшін жер жиһанды көріп, әрі көрсету арқылы ғана айтқанын дәләлдей алады. Дәл сол сияқты Жаннат туралы хабар бергендер оның жүз мыңдаған нышан-белгілерін, жемістерін, іздерін көрсетсе жетіп жатыр. Тіпті, мұны есептемегеннің өзінде бар екені жайында турашыл екі куәгердің куәліктері жетіп жатыр. Ал, жоққа шығарушы болса ұшы-қиыры жоқ мына әлемді, шексіз заманмен бірге болып тарап-талдауы керек. Сонда ғана жоқ екенін дәлелдеуге шамасы келеді. Міне, ақсақалдар! Ақыретке иман қаншалықты қуатты екенін аңғарған шығарсыңдар

229ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ЛЕМАуа, ақ сақалды аталар мен ақ жаулықты әжелер! Біздiң Рахымы мол Жаратушымыз бар екені рас. Олай болса бізге жалғыздық әсте жолай алмайды. Ол – бар! Олай болса, бәрі түгел, бәрі бар. Ол – бар, олай болса періштелер де бар. Демек, әлемде бос жер жоқ. Заңғар таулар, ұзына бойы жоталар мен ен дала Аллаһтың құлдарына толы. Оның саясында, оның нұры арқылы саналы құлдарынан басқа ағаш пен тау-тас сияқты нәрселер жанға жақын серік болып, өзіне тән хал тілдерімен бізбенен әңгіме-дүкен құрып, көңілімізді жайландырады.Иә, Аллаһтың болмысы мен рахымдылығын бiлдiретiн дәлелдер мен куәлiктер әлемде болмыс атаулы қанша болса сонша және әлем атты кітаптың әріптері қанша болса сонша және жан-жануарлардың Илаһи мейірімділікті, рақымдылықты, жәрдемді көрсететін мүшелері, нәсіптері, нығметтері қанша болса сонша. Олар бізге Рахим, Кәрим, Әнис, Уәдуд Жаратқан Иеміздің, Ұстамыздың, Қамқоршымыздың құзырын көрсетуде. Ол құзырда мақбул, яғни Оның алдында қабыл болғыш шапағатшы әлсіздік пен дәрменсіздік болып табылады. Ал әлсіздік пен дәрменсіздіктің келер сәті қарттық шақ. Мұндай құзырда мақбұл шапағатшы болған қарттыққа ренжу емес, қуану керек.жЕтіНші ҮМіт: Бұрынғы Саидтің күлкілері кейінгі Жаңа Саидтің көз жасына айналып, қартая бастаған шағымда Анкарадағылар мені бұрыңғы Саид деп ойлап, Анкараға шақырды. Күздің соңына таман, менен де бетер қартайып, қаусап қалған Анкара қорғанының басына шықтым. Жылдың кәрілік мезгілінде менің қарттығым, қорғанның қарттығы, адамзаттың қарттығы, Османлы мемлекетінің қарттығы, халифаттың қарттығы, жер шарының қарттығы маған өте аянышты халде көрінді. Өткен өмірдің ой-шұқыры мен болашақ белестеріне зер салдым. Мені қаумалай қоршаған бұл қарттықтың қараңғылықтары ішінде Анкарадан да рухани қараңғылық сездім. Бір нұр, жұбаныш, үміт іздедім.* Оңыма, яғни өткен шағыма қарағанымда ата-бабаларымның ғана емес нәсілімнің де мазары бейнесінде көрінді. Жұбаныш іздеп отырғанда бұл қорқыныш ұялатты. Құтылудың жолын іздеп, сол жағымдағы болашаққа зер салдым. Бұл жағымнан да менің және болашақ ұрпақтың қараңғы қабір бейнесі көрінді. Сүйінермін деп үміттеніп едім, қайта үрейлендірді.Оңым мен солымнан шошынып, бүгінгі күнге қарадым. Шалажансар, дiрдек қаққан денем салынған табытты көрдім. Бұл жақтан да үмітім үзілген соң басымды көтеріп, өмір ағашымның ұшар басына көз салдым. Бір ғана жемісі бар, ол да менің мәйітім. Өмір ағашының түбiне, тамырларына қарадым. Денем топыраққа айналып, тамырдағы топырақпен бірге аяқ асты тапталуда. * Сол кездегі рухани жағдайым парсы тілінде мінәжат болып баяндалған-ды. Кейін Анкара қаласында «Хубаб» атты еңбегімде жарық көрген болатын

230ЛЕМАЛАРДертімді одан бетер асқындыра түсті. Шарасыздықтан артыма қарадым. Бұл фәни дүние тұрақтай алмай, қаңбақша домалап барады. Жарама дәрі емес у сепкендей болды. Бұл жақтан да қайыр көре алмағандықтан, алдыңғы жаққа көз салдым. Қабірімнің аузы арандай ашылып, мені күтуде. Арғы жағында шексіздік жолы мен сол жолға түскендер алыстан-ақ топ-тобымен көрініп, кетіп бара жатыр. Алты жағымнан қоршаған қорқыныштарға титімдей болса да қарсы тұрарлық қорғаныс қаруы мен сүйенер ештеңе қалмады. Дұшпандар мен зиянкестерге қарсы адам баласы қолынан келгенінше ғана күресе алады. Ал, мына жағдайға адамзаттың қабілет-күші жетпейдi. Алты жағымнан анталаған уайым-қайғыдан үмітсіздіктің қараңғы құрдымына құлағалы тұрғанда Құран-ы Муғжизул Баяннан күш алушы иман нұры көмекке жетті. Алты жағымды да жарықтандырып нұрға бөлегендігі сонша, уайым қараңғылығы жүз есе қоюлана түссе де, иман нұрының сәулесі жеткілікті еді. Барлық қасіретімді қуанышқа, қайғымды сүйінішке айналдырды.Иман, әлгі өткен шақтың қорқынышты мазар бейнесін қақ айырып, үйреншікті зиялылар мәжілісі мен сүйікті жандардың жиналысы екендігін айнәляқин (көзбен көргендей, анық) көрсетті.Һәм иман, үлкен қабыр түрінде көрінген болашақты, жайлы бақыт сарайларында беріліп жатқан Рахмани қонақасы, мәжіліс түрінде ғылмеляқин анық көрсетті.Һәм иман, ғапылдық назарда бүгінімді әкетіп бара жатқан табыттың тас-талқанын шығарып, Рахманның қонақ үйінде ақырет үшін саудаласып жүргендігімді көрсетті.Һәм иман, өмір ағашының басында жаназа сияқты көрінген бір ғана жемістің мәйіт емес, шексіз өмір үшін жаратылған рухымның тозған кебінінен шығып, аспанға, серуенге самғау үшін шыққандығын ғылмеляақин (ғылыммен бiлу) көрсетті.Һәм иман, сүйектерім мен бірге жаратылысымның бастауы болып табылатын топырақ аяқасты болып езілген елеусіз сүйектер емес, ол топырақ рахмет қақпасы, Жәннат қонақжайының бір пердесі екендігін иманның сыры арқылы көрсетті.Һәм иман, ғапыл назармен артымда жоғалып, құрып бара жатқан дүниенің күйін Құранның сыры арқылы былайша көрсетті: Әлгі сырт көзге қараңғы болып көрінген дүние өз міндетін атқарған, мағынасы білдірілген, алайда орнына нәтижелерін қалдырып бара жатқан Самәдани хаттың бір бөлшегi, әрі Субхани нақыш өрнектің парақтары екендігін көрсетті. Дүниенің шын мәнісін ғылмеляқин түрде көрсетті.Һәм иман, алдымда аузын арандай ашып, мені күтіп тұрған қабірдің ар жағындағы сапар, мәңгілік өмірмен дәнекер жолы екендігін Құран нұрымен көрсетті. Ол қабірдің үңірейген аузы емес, нұр әлемінің есігі, мәңгілік бақыт қақпасы екендігін ұғып, дертіме шипа таптым.

231ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ЛЕМАҺәм иман, қолынан түк келмейтін тек кәсіп қылатын жүз-і ықтиярды яғни аз ғана қалау-еріктің орнына әлгі қыруар дұшпандар мен түрлі қараңғылықтарға қарсы , шексіз құдіретке арқа сүйеу үшін және шексіз мейрімділікпен байланыс құру үшін әлгі жүз-і ықтиярдың қолына куәлік тапсырды. Тіпті, иман әлгі жүз-і ықтиярдың қолына бір куәлік болды, һәм манағы жүз-і ықтияри дейтін адамның қаруы, негізінде іске жарамсыз қысқа, әрі дәрменсіз. Алайда қалайша бір жауынгер, мардымсыз қуатын мемлекет атынан қолданған кезде өзінің қуатынан мың есе артық істер атқарады, сол сияқты иманның сырымен әлгі шағын жүз-і ықтияри Аллаһ Тағаланың атына, оның жолына қолданылған кезде, бес жүз жылдық кең Жәннатты да алып береді.Һәм иман, болашақ пен өткен шаққа дәнекер бола алмайтын әлгі таңдау-еріктің тізгінін дененің қолынан алып жүрек пен рухқа тапсырады. Ал, рух пен жүректің тіршілік тынысы дененікі сияқты осы шаққа ғана тәуелді болмағандықтан көп жылдар өткен шаққа, ұзақ жылдар болашаққа дейін кеңіп, ол жақты да қамтиды. Сондықтан әлгі жүз-і ықтияри яғни адамның таңдау еркі молайып кең ауқымға ие болады. Иманның қуатымен өткен кезеңнің ой-қырларына барып қайғыларын сейілтеді әрі иманның нұрымен болашақтың шыңдарына шығып, үрей мен қорқыныштың бетін қайтарады.Уа, мен сияқты қарттықтың ауыртпалығын тартқан қариялар! Әлхамдулиллаһ біздің иманымыз бар және имандылықта нұрлы, ләззаты мол қазыналардың бар екені де рас. Әрі қарттық иман қазына байлығымызды одан әрі байыта түседі екен. Олай болса, қартайғанымызға шағымдану былай тұрсын шексіз шүкір етіп, риза болуымыз керек.СЕГіЗіНші ҮМіт: Шашыма қарттықтың белгісі ақ шаш түсе бастаған кез болатын. Жастық деген бейқам ұйқыны одан сайын тереңдететін соғыстың аласапыран оқиғалары, әрі тұтқында болудың әсері және Стамбулға соңғы келген кезімдегі атақ-даңқым, тіпті Халифадан бастап шәйхул Исламның, Бас қолбасшының тіпті медресе шәкірттеріне дейінгі маған көрсеткен шамадан тыс сый-құрметтері әрі жастықтың мастығы әлгі жастық ұйқысын одан әрі тереңдеткені сондай, өзімді бұл дүниеде мәңгі жасайтын адамдай сезіндім. Рамазан айының бір күнінде Баязит мешітінің ықыласты қариларын тындауға бардым. Адамзаттың және барлық тіршілік атаулының өлім құшатындығы жайлы Қасиетті Құран: аяты арқылы жариялады. Ол менің көңіліме қонып, жастық шақтың буынан сергітті. Көпке дейін мең-зең болып, бағытынан айрылған кеменің күйін кештім. Айнаға қараған сайын шашымның ағы «байқа!» дейтіндей. Шынында да сенім артып, өрікпіген жастық шағым қоштасып, кетіп барады. Кеткім келмеген жарық дүнием сөнгелі тұр. Өте тығыз байланыста болған дүния уақытша екен.

232ЛЕМАЛАРҚұран Кәрімнің: аяты адамзат бір жан, қайта тірілу үшін өледі. Дүние да бір жан, мәңгілік бейне алмаққа ол да өледі. Жаратылыс атаулы бір жан, оның да өлетіні анық. Өз халіме назар аудардым. Шаттық бақшасындай болған жастықтың нұрлы өмірі өтіп, орнына қараңғы да үрейлі өлім жақындап келе жатқанын көрдім. Стамбулдағы қызметім мен сый-құрметтер, жанымда тұрған қабір аузына дейін ғана екен. Атаққұмарлар армандап жүрген атақ-даңқ, мансап пен дәреженің мән-мағынасы екіжүзділік, өзін сату, уақытша мастық екенін түсіндім. Осы уақытқа дейін мені алдап келген бұл нәрселерде ешқандай нұр, ешқандай пайда жоқ екенін көрдім. Құранның киелі дәрістерін тыңдау үшін Баязит мешітіне екінші рет барғанымда, киелі аятынан сүйінші хабар естідім. Өзге жерден жұбаныш іздеп, босқа әуре болыппын. Құранның шапағатымен дертіме шипа, қараңғылықтан нұр, үрей туғызған нәрселерден жұбаныш таптым. Хақ Тағалаға жүз мың шүкір еттім. Сырт көзге тас қараңғы, тұңғиық болып көрінгенімен, мүмин үшін өлімнің нұрлы, жарқын жүзді екенін Құран сәулесімен көре алдым. Бұл ақиқаттар басқа да еңбектерімде дәлелденген-ді. Сегізінші Сөз, Жиырмасыншы Мектуб секілді тәпсірлерде көрсетілгендей, өлім – дегеніміз жоқ болу емес, ол – мәңгілік өмірдің бастамасы, дүниелік өмірдің күйбең тірлігінен демалысқа шығу, жай ғана мекен ауыстыру, Берзах әлеміне көшкен жақындарымызбен қауышу. Осы секілді ақиқаттардан арқасында өлімнің шынайы бейнесін көрдім. Өлімнен қорқудың орнына қуанышпен қабылдадым, «Рабыта-и Мәуттің» құпиясын түсіндім.Сонан соң жұрттың бәрін ынтызар етіп, өзіне тартатын жастық шақтың жүзіне зер салдым. Егер жастық шақтың шын мәнісін білмегенімде, бірнеше жыл ойнап күліп, кейін өмір бойы жылаған болар едім. Осындай біреу:яғни «шіркін, жастық шағым оралып келсе ғой, қарттықтың қаншалықты қиын екені жайлы шағымданар едім» деген екен. Осы секілді жастық шақтың шын мәнісін түсіне алмаған қариялар қасірет шегуде. Ақылды мұсылман болса, жастық шақтың қуатын ғибадат пен игі істерге, діни міндеттерін атқаруға жұмсап, ол – Аллаhтың нығметі екенін түсінер еді. Адам жас кезінде түзу бағыт пен ар-намыс және тақуалықты ұстанбаса, қауіп-қатер көп. Албырттық о дүниедегі мәңгі бақыт пен ақыреттік өмірге зиян келтіреді. Тіпті, бұ дүниелік өмірін де астан-кестен қылады. Қысқа

233ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ЛЕМАжастық шақ пайдасыз, тіпті зиянды істерге жұмсалуда. Біз – қарттар, жастық шақтың албырттығы мен қауіп-қатерінен құтылғанымызға Аллаhқа шүкір етуіміз керек. Егер жастық шақты ғибадатқа, игі істерге сарп етсе, ол адам ақыретте мәңгі жас қалпында қалады.Бұдан соң адамдардың көбісі кеткісі келмейтін дүниеге зер салдым. Дүниенің үш түрлі жүзі бар екенін Құран нұрымен көрдім. Біріншісі, Аллаhтың есімдерінің айнасы. Екіншісі, Ақыреттің егіс алқабы.Үшіншісі, Ақыретке сенбейтін адасқандардың ойын-сауық отауы. Сондай-ақ, бұл дүниеде әр адамның өзіне тән жеке дүниесі бар. Адамдардың санындай бірімен-бірі сапырылысып жатқан дүние. Бірақ, әр адамның өзіндік дүниесі болады. Оның тірегі - әркімнің өз өмірі. Мына дене қай уақытта өлсе, сол уақытта жеке дүниесі де тас-талқан болып, қараң қалады. Бұдан былай ол үшін қиямет орнайды. Қапы қалған бейғам жандар өз дүниелерінің кез-келген уақытта қараң қалуы мүмкін екендігінен бейхабар болғандықтан, дүниесін жалпыға ортақ кең дүниемен шатастырып, өз өмірін мәңгі деп ойлап, құмарлана мәз болып жүр. Басқалардың дүниесі секілді тез қирап, әп сәтте бұзылатын менің де өзіндік дүнием бар. Апырым-ай осы өзіндік дүнием мен қып-қысқа өмірімнің маған не пайдасы бар? деген ойға баттым. Бұл дүние – мен үшін де, басқалар үшін де үлкен сауда орны әрі тұрғындары күн сайын азайып-көбейетін қонақ үй, келіп-кетушілерге арналған базар. Ақырет үшін көшет өсіретін бақша. Шебер Аллаһтың әр уақыт жаңалап отыратын хикмет толы дәптері. Әрбір көктем – Оның бір хаты, әрбір жаз – Оның өзін мадақтайтын өлеңі екендігін көрдім. Хикметтерге толы мына дүниені жаратушы Аллаһқа мың да бір шүкір еттім. Адамзат баласына дүниенің ақыретке қатысты және Аллаhтың есімдерімен байланысты әсем жағына, яғни шын мәнісіне деген сүйіспеншілік, махаббат сезімі берілген. Ал, сол сезімдерді дүниенің фәни, ұсқынсыз, зиянды жақтарына жұмсағандықтан яғни: «Бүкіл қателіктер дүнияға деген құмарлықтан шығады» дейтін хадис шәрифке нысана болғандарын аңғардым. Құрметті қариялар! Құранның нұрымен және қарттығымның ескертуімен маған осы ақиқатты көру нәсіп болды. Көптеген еңбектерімде мұны дәлелдедім, кәрілігіме риза болдым, жастық шақтың өтіп кеткеніне қуандым. Сіздер де өкініп, таусылмаңыздар, шүкір етіңіздер! Аталған ақиқаттар рас екенін білеміз, иманымыз да бар. Олай болса бейқамдар мен Құдайдан безгендер жыласын!

234ЛЕМАЛАРтОҒыЗыНшы ҮМіт: Бірінші Дүние жүзілік соғыста тұтқынға түсіп Ресейдің солтүстік шығысындағы Кострома деген жерде айдауда жүрген кезім. Сол жерде татарлардың шағын бір мешіті болатын, ол әйгілі Волга өзенінің жағасында-тұғын. Ондағы достарым, тұтқындағы әскери сардарлармен бірге тұрып жаттым. Бірақ, үнемі елегізіп жалғызсырауда болдым. Жалғыз болуды қаласам да, сыртқа ұлықсатсыз жібермейтін. Татар ауылы маған кепіл болып мешіттеріне орыналастырды. Мен сонда жалғыз жататынмын. Көктем таяп қалаған кез. Ондағы солтүстікке тән ұзақ түндердің көбін ұйқысыз өткізетінмін. Осынау қараңғы түндер мен түнек басқан өлкеде Волга өзенінің бір сарынды сарылы, жаңбырдың сары уайым секілді сытыры, желдің көңілсіз гуілі, мені ғапылдықтың ұйқысынан оятып жібергендей. Ол кезде, өзімді әлі қартпын деп, санамайтынмын. Алайда, сұм соғысты көрген кім болса да қартаяды ғой. Бейне, аятында айтылғандай балалардың шашы ағарғаны секілді, қырық жасымда өзімді сексендегідей сезінетінмін. Осынау ұзақ түндер мен түнек басқан бөтен жерде жүргенімде алыстағы елімнен де үмітім үзіліп сары уайым басты. Жалғыздық пен жарым көңіл сары уайымның ызғарында сарғайған жапырақтай қалтырадым. Міне, осындай ауыр халде жүргенімде Құран Хакимнің жылы желі есіп жаралы жүректі бір желпіп тастады. Тілім деген қасиетті дұғаны оқыса, жүрегім де мұңын шағып былай деді:Ал, рухым елде қалған ескі достарымды сағынып, бөтен жердің топырағында қалатынымды уайымдап Ниязи Мысриға ұқсап: Әттең дүния, кетіп барам, мәңгі қайтып келмескеҚайран достар, бір көре алмай айналдыңдар елеске! - деп, достарымды іздеді. Міне, дәл осындай шарасыз жағдайда шынында соншалық әлсіздігім мен бейшаралығым Иләһи рахымға бөленуге себеп болды. Бұл жағдайға қазір де таңқаламын. Өйткені, осыдан бірнеше күннен кейін, жаяу жүрсе бір жылда әрең жететін ұзақ жолды жалғыз өзім, бірауыз орысша білмесем де оңай жүріп өтіп, көздеген жеріме жеткен едім.

235ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ЛЕМАМіне, өте әлсіз, күйсіз жағдайда Иләһи жәрдемнің кереметімен қаптаған қатерден аман-есен құтылдым. Варшава арқылы Австрияның үстімен Стамбулға жеткен едім. Ал бұл дегенің ақиқатында ақылға сыймайтын керемет болатын. Алайда, сонау Волга өзенінің жағасындағы мешіттегі ұзақ түндегі ғаламат жағдай маған осындай шешім шығарып тәуекел етуге итермелеген еді. Яғни, ендігі өмірімді үңгірде жалғыз өткізермін деген ой болатын. Өйткені, басқа адамдардың қоғамдық өміріне енді арласуды жөнсіз санадым. Онсыз да қабірге жалғыз барамын ғой, сондықтан қазірден бастап жалғыздыққа бой үйретейін дедім. Өкінішке орай, Стамбулдағы шулы орта менің ол ойымды уақытша естен шығарып жіберді. Бейне, сол бір бөтен жердегі ұзаққа созылған қараңғы түндер менің өмірімнің көзіндегі нұрлы қарашығы секілді, ал, Стамбулдың жарқын күндізі болса, сол өмір жанарымды жауып перделеген ағына ұқсайды. Иә, алдындағыны көруге жарамайтын көздің ағы секілді. Сөйтіп, екі жылдан кейін ғана Ғаус Гейланидің «Фүтуһ-ул Ғайб» кітабын оқып, қайтадан көзім ашылды. Міне, ей қадірлі қариялар! Кәріліктегі әлсіздік пен шарасыздықты Иләһи жәрдемге, мол рахымға бөленуге бірден-бір себеп болатын қайырлы жағдай деп біліңдер! Мен өз басым бұл ақиқатқа көптеген тәжірибелермен көзім жеткені секілді жер жүзіндегі Иләһи рахымның көптеген мейірім шуағы да осы ақиқатты ап-ашық түрде көрсетуде. Мәселен, хайуанаттың ең әлсізі, мұқтажы олардың жас төлдері. Сондықтан, рахым мен қамқорлықтың ең жоғары дәрежесіне солар ие. Мысалы, ағаш басындағы ұяда қызылшақа балапандарына олардың анасы күні бойы тынымсыз ұшып жем тасумен болады, қанаттанып ұшқанда ғана «енді, ризығыңды өзің ізде!» дегендей енесі жем тасуын доғарады. Міне, осынау Иләһи рахымның тылсым сыры әлсіз балапандардың тіршілігінде қалай анық көрінсе, қарттық та дәл сондай әлсіз балапан секілді Иләһи рахымға лайық. Өмірімде бұлтартпас айғақтармен дәлелденген талай тәжірибелердің ішінде жас сәбилердің ризықтары рахым тарапынан аналарының омырауындағы дайын сүт болып берілетіні секілді, бейкүнә, иманды қарияларға да ризықтары дәл солай берекетпен келеді. Мәселен, бір отбасының берекеті сол үйдегі қариялар болса, үй ішін пәлелерден сақтап тұратын да сол үйдегі белі бүгілген қариялар екенін мына сахих хадистің бір бөлігінде:Яғни, «Белі бүкірейген қариялар болмаса бәле біткен үстеріңді селдей басар еді» деу арқылы осы ақиқатты дәлелдеп береді. Міне, қариялардың әлсіздігі мен мұқтаждығы Иләһи рахымшылықты өзіне шақырады.

236ЛЕМАЛАРСондықтан, Құран Хакимде: Аяты бес жақтан мұғжизалы түрде қартайған әкесі мен анасын балалары құрметтеп, бағып қағу керектігін нақтылап, қамқор болуға шақырады. Сондықтан, Ислам діні қарияларға құрмет көрсету мен қамқорлық жасауды әмір етеді. Адам баласының болмысы да қарияларға қамқорлық жасауды қалап тұрады. Иә, біз қариялар жастық шақтың өтіп кеткен заттық ләззаттарының орнына, енді рухани тұрғыда Иләһи жәрдем ретінде адамдардан құрмет көрудеміз. Міне, олай болса, біз қазіргі қарттығымызды жүз жастық шаққа да айырбастамас едік. Иә, мен өз басым сіздерге нақ шынымды айтсам, «Бұрыңғы Саидтың он жылдық жастығын қазіргі Саидтың бір жылдық қарттығына айырбастамас едім». Мен, қазіргі қариялығыма ризамын, сіздер де риза болыңыздар.ОНыНшы ҮМіт: Тұтқыннан босап Стамбулға келгеннен кейін мені тағы да екі жылдай ғапылдық басты. Саяси ағымдар ақылымды арбап, көңілімді алаң қылған күндердің бірінде Әюб Сұлтан мазары жақтағы төбеге шығып отырған едім. Осы жерден Стамбулдың айналасына көз салдым. Мен сонда өмірімнің аяқталып бара жатқанын байқадым. Қиял мен ой аралас бір қызық жағдайға түстім. Өзіме өзім: «Япырау, маған мұндай қиял-ой туғызған мынау қабір басындағы көктастардың жазулары ма, екен?» деп, ойға шомдым. Сол сәтте алысқа емес, дәл қабірстан жаққа қарағанымда көңіліме мынадай бір ой келді: «Мынау мазарда бәлкім жүз Стамбул халқы жатқан шығар, яғни Стамбул бұл күнге дейін өз тұрғындарын осы жерге жүз рет әкеп жерлеген болар. Бүкіл Стамбул халқын мұнда әкеліп, түгел жиып жатқан Хаким әрі Қадир Аллаһтың үкімінен сен де сырт қала алмассың, бір күні сен де келесің». Мен қабірдің басынан алыстап, жаңағы қиял-ойдың жетегінде Әюб Сұлтан мешітінің жанындағы бұрын да талай болған кішкене бөлмеге кірдім. Осы сәтте мен өзімнің уақытша қонақ екенімді үш жақты анық сездім. Мына кішкене бөлмеге қалай қонақ болсам, Стамбулға да солай қонақпын, олай болса мына дүниеге де қонақпын. Олай болса, қонақ өз жөнін жақсы білуі керек қой. Мына бөлмеден қазір шығатыным секілді, Стамбулдан да кетемін, онда мына дүниеден де бір күні кететінім анық...Міне, осы жағдайда өте аянышты әрі мұңлы көңіл-күй кешіп, жүрегіме де, жаныма да әлгі ой салмақ салды. Өйткені, мен бір-екі досыммен ғана қоштасқалы тұрғаным жоқ. Мен, жүздеген дос-жарандарыммен, жақсы

237ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ЛЕМАкөретін Стамбулмен де қош айтысқалы тұрмын. Тіпті, одан да ауыры жүз мың жақыным бар мынау кең дүниеден айырылытындығымды ойлағанда қабырғам қайысып, қабірстан жаққа қайта кеттім. Анда-санда ғибрат алу үшін синемаға баратынмын. Соның әсері ме, маған сол кезде Стамбул халқы жаппай өліп қалған, тек кезіп жүрген тірі өліктер секілді көрінді. Яғни бұрын өмір сүріп кеткен адамдардың бейнесін қазір тірі жүргендей фильмдерде көрсетеді емес пе? Дәл сол секілді, қабірдегі адамдар аяқта жүрген мүрделер бейнесінде көрінді. Қиялыма былай дедім: Демек, қабірде жатқандардың бір бөлігі фильмде тірі секілді жүреді, дәл сол сияқты болашақта анық түрде қабірге кіретін мына адамдарды да қазір қабірде жатыр деп біл! Яғни, олар да мүрде деген сөз, қазір жүріп жүргені болмаса... Осы кезде кенет Құран Хакимнің нұры мен Гаус Ағзам Шейх Гейланидің жөн көрсетуімен әлгі қайғылы жағдайдың бәрі қуанышқа айналып шыға келді. Мәселен, әлгі қайғылы жағдайға қарсы Құранның нұрымен маған мынандай ой салды: Солтүстік шығысдағы Костромада тұтқын болып жүрген кезіңде екі досың бар еді. Олардың бір күні Стамбулға қайтатынын білетінсің. Сонда бірі саған: «Досым, мұнда қаласың ба, әлде Стамбулға кетесің бе?» десе, титтей де ойланбай қанат болса Стамбулға ұша жөнелетіндей едің. Өйткені, мың жақыныңның тоғыз жүз тоқсан тоғызы сонда ғой. Мұнда, бір екеуі ғана бар, олар да кешікпей Стамбулға кеткелі жүр. Олай болса, сенің Стамбулға кетуің қайғы емес қуаныш қой. Иә, келгеніңе қазір қуаныштысың ғой? Сонау қиырдағы жау елінің қап-қараңғы ұзақ түндері мен суық күндерінен құтылғаныңа риза шығарсың. Өйткені, сен дүние жәннаты секілді Стамбулға келдің. Дәл осыған ұқсас сен туғаннан бері бірге болған ең жақын адамдарыңның жүзде тоқсан тоғызы қайтыс болып сені қорқытып тұрған осы қабірстанда жатыр. Қазір бұл дүниеде қалған бір екі досың да кешікпей сол қабірстанға сөзсіз ататанады. Олай болса, өлім деген айырылысу емес, қайта ең жақын адамдармен қауышу. Алайда, осы қабірстанға кеткендердің бір бөлігі мынау ескі ұясын тастап, сонау рухани әлемдегі жұлдыздар мен берзах дүниесінің қабаттарына көшіп кетті. Осы ақиқатты Құран Хаким өте анық түрде дәлелдегені соншалық, егер адамның жүрегі таза, ақылы азбаған болса, және ғапылдық батпағына батып кеткен болмаса, осының бәрін өз көзімен көргендей сенуге тиіс. Өйткені, мынау дүниені өзінің шексіз мейірім, қамқорлығымен нығметке толтырып, ең елеусіз тұқым дәнектерді де аман сақтап, көктеп-көгертетін Сани, Кәрім, Рахим болған Аллаһ осынау сансыз жаратылыс ішінде өзіне ең сүйікті де, сүйкімді етіп жаратқан адамзатты бұл өтпелі дүниеден кейін ескерусіз, елеусіз қалдырады деп ойлау, әсте ақылға сыймайды. Сондай сүйіспеншілікпен жаратқан ғажайып пендесін мүлдем, із-түссіз жоқ етпейтіні анық ақиқат. Өйткені, диқан топыраққа тұқымды сеуіп, келесі көктемде бітік егін жинап алатыны секілді, Халиқ-ы Рахим, Аллаһ та осы адам дейтін сүйікті пендесін басқа таңғажайып әлемге апару

238ЛЕМАЛАРүшін топырақтың астында уақытша ұстайды.* Құраннан мұндай жақсы хабар алғаннан кейін әлгі қорқынышты боп көрінген қабірстан маған Стамбулдан да жылы көріне бастады. Мұндағы жалғыздығым маған дос-жарандармен бірге болған сұхбаттан да артық көрінді. Содан кейін, Бұғаз маңындағы Сарыиерден өзім тұрарлық бір бөлме таптым. Гаус Ағзамның (р.а.) «Фүтух-үл Ғайб» кітабы маған қалай ұстаздық етсе, дәл солай Имам Раббани де (р.а.) өзінің «Мектубат» кітабы арқылы маған жол көрсетіп ұстаз болды. Міне, осы кездері жасымның ұлғайғанына, мәдениет деген мәнсіздіктен алыстағаныма, қоғамдық өмірден оқшауланғаныма риза болдым. Аллаһқа шүкір еттім. Уа, маған ұқсап кәрілікке бой алдырып, соның әсерінен өлімді уайымдайтын қариялар! Құран Хакимнің үйреткен нұрлы дәрісі бойынша қарттық пен өлімді ризалықпен қабылдауға тиіспіз. Тіпті, анығырақ айтсақ оны жақсы көруіміз керек. Өйткені, иман сынды құнды байлығымыз болғандықтан қарттық та, ауру сырқат та, өлім де бәрі жанға жағымды. Ал шын жағымсыз нәрсе ол күнәлар, азығындық, адасу мен бидғаттар...ОН БіРіНші ҮМіт: Тұтқаннан келген соң Стамбулдағы Чамлыжа төбесінің бір мүйісінде орналасқан үйде, марқұм бауырым Абдурахманмен бірге тұратынбыз. Бұл тұрмыс дүнияуи жағынан мен секілді жандарға жайлы өмір саналатын. Өйткені, тұтқыннан аман сау елге оралдым, Ғылым Академиясында ғылыми қызметім жалғасып жатыр. Маған деген құрмет, қошемет шамадан тыс артық еді. Мекенім Стамбулдың ең әдемі жері саналатын Чамлыжада болатын. Төрт құбылам түгел болатын. Марқұм бауырым Абдуррахман дейтін өте зерек, жанкешті, әрі дос, әрі шәкірт әрі қызметші әрі хатшы, бір жағынан мағынауи балам қасымда еді. Иә, ол өзімді дүнияда ең бақытты сезінген кезім болатын. Сөйтіп жүргенде айнаға қарасам, шашым мен сақалымдағы ақ шаштарға көзім түсті. Дәл осы сәтте Костромада тұтқында жүргенде мешіттегі рухани жағдай тағы да қайталанды. Соның әсері ме екен, жүрекпен беріле жақсы көрген дүнияуи бақыт деп ойлағандарымды ой елегінен өткізіп, бақытқа жетелейді деген себептердің қайсысын алып талдасам да бәрі шірік, пайдасыз, алдамшы екен. Тап сол кездері, ең адал дос деп жүрген біреу, маған ойға келмейтін опасыздық жасады. Сөйтіп, дүнияуи өмірден әбден көңілім қалды. Өзі-өзіме былай дедім: «Япыр-ау, адам мұнщалықты алданады екен-ау! Байқасам, ақиқатында менің аянышты хәліме көп адамдар кәдімгідей қызыға қарайды. Сонда, осынша адамның бәрі шынымен есі ауысып кеткен бе? Болмаса, менің есім ауысқан шығар, мынау дүниеқұмар адамдарды есі ауысқан ғып көріп отырған...қойшы әйтеуір» Мен қарттықтың қатаң ескертулерінің ішінен ең алдымен әбден бойым үйреніп кеткен пәни дүниелердің пәни екенін ұқтым. Өзіме қарасам әлсіз біреу * Бұл ақиқатты екі жердегі екі төрт болатындай етіп Оныншы Сөз бен Жиырма Тоғызыншы Сөз дәлелдеген-ді.

239ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ЛЕМАекенмін. Сол кезде мәңгілікті аңсайтын алайда, пәнилікке беріліп кеткен рухым былай деді: «Иә, мен заттық тұрғыда пәнимін, онда мына пәнилерден маған не қайыр? Өзім әлсізбін, онда бұл әлсіздерден не пайда? Маған, дертіме дәрмен беретін Мәңгі Бақи, Сәрмәди, бір Қадир-ы Әзәли керек!». Сөйтіп, ең алдымен бұрыннан бері оқып келе жатқан іліміме жүгініп, ақылға жұбаныш, көңілге медеу боларлық бір сүйеніш іздедім. Ол уақытқа дейін пәлсапа ілімін Ислам ілімімен қатар үйреніп соңында әлгі пәлсапалық ілімнің жалған екенін түсінгем-ді. Алайда, осы пәлсапалық ілім рухымды кірлетіп, рухани дамуыма көп кедергі болған екен. Міне, осындай әуре-сарсаң халде жүргенімде Иләһи рахымның арқасында Құран Хакимнің хикметтері жәрдемге келді. Сөйтіп, әлгі пәлсапаның кірлерін тазартты. Былайша айтқанда, пәлсапа ілімдердің бәрі рухымды дүниеге байлап тастаған-ды. Қай жағыма қарасам да бір жарық нұр көзіме түспейтін. Сөйтіп жүргенде, Құран Хакимнен келген «Лә илләһа илләһу» сөзімен дәріс берген тәухид нұры жан-жағымды жарық нұрға толтырып, түнек қараңғылықтан шығарды. Жаным жай тауып, терең тыныс алдым. Бірақ, дәл осы кезде өз нәпсім мен шайтан бірігіп, әлгі пәлсапа ілімі мен ғапылдықты пайдаланып ақылымды адастыру үшін шабуыл жасай бастады. Бұл шабуылға қарсы «Құдайға шүкір» тойтарыс беріп жүректің жеңісімен жетістікке жеттім. Осындай пікір-сайыстар басқа рисалелерде жазылған-ды. Сондықтан, оның бәрін соларға сілтеп мыңдаған дәлелдерден тек біреуін ғана алға тартуды жөн санадым. Өйткені, жастық шағында жатжұрттық мәдениет пен заманауи ғылым деген атпен рухтары кірлеген, жүректері жүдеген, нәпсілері өршіп кеткен сондай бір топ қарияларға пайдасы тиіп, олардың рухын тазартуға себі тисін деген ниетте жаздым. Тәухид туралы қате түсінік берген, шайтан мен нәпсінің кеселінен құтылсын дедім. Мәселен, Пәлсапа ілімінің уәкілі ретінде өз нәпсім былай дейді: Мынау дүниедегі заттың бәрі өз табиғатымен осы жаратылысқа өзіндік әсері, қатысы бар. Әрбір нәрсе бір себепке байланысты. Жемісті ағаштан, тұқымды топырақтан сұрауымыз керек. Олай болса, болмашы нәрсенің өзін Аллаһтан тілеп, Аллаһқа жалбарынудың қажеті не? Міне, осы кезде Құран нұрымен көрінген Тәухид сыры былай ашылды. Жүрегім әлгі пәлсапашыл нәпсіме былай деді: Болмашы ұсақ нәрсенің өзі үлкен нәрселер секілді мынау дүниенің Жаратушысы Аллаһтың құдіретімен жаратылады, оның таусылмас қазынасынан келеді. Басқаша болатын жол жоқ. Ал себептер жәй бір перде ғана. Өйткені, ең маңызсыз, өте қарапайым көрінген жәндіктердің өзі шебер жаратылғаны сонша, өнер жағымен, шеберлік түрімен қарасақ, алып жаратылыстан да күрделі. Кішкене шыбын, өзінен үлкен тауықтан шебер жаратылысы жағынан артық болмаса кем емес. Олай болса үлкен кіші деп бөліп қарау мағынасыз. Не бәрін бірдей себептердің қолына тапсыру керек, я болмаса бәрін жалғыз Жаратушы Аллаһқа тапсыру керек. Біріншісі тығырыққа тірелетін мәнсіз болса, екіншісі уәжіп, шарт яғни міндетті түрде

240ЛЕМАЛАРсолай. Өйткені, барлық нәрсені Қадир-ы Әзелиеге тиесілі десек, бүкіл нәрсе керемет тәртіппен, ғажап хикметпен жаратылып жатқанына куә боламыз. Демек, Аллаһтың шексіз ілімі бар, сол іліммен әрбір заттың нақты мөлшері белгіленіп және де сансыз нәрселер мүлде жоқтан үздіксіз әрі өте жылдам жаратылуда... Ол Қадир-ы Алим әмірімен шақпақ шаққандай не затболса да, үлкен-кіші бәрін бірдей жаратып жатқанын сансыз дәлелдерімен көзімізге анық көрсетуде. Ол туралы Жиырмасыншы Мектуб пен Жиырма үшінші Леманың соңында дәлелденгеніндей, Аллаһ шексіз бір құдірет иесі. Өйткені, таңғаларлық жағдайда жаратылып жатқан жылдамдық пен оңайлық тек қана сондай бір шексіз ілім мен құдірет Иесінің ғана қолынан келері сөзсіз. Мысалы, көзге көрінбейтін сиямен жазылған бір кітапқа осы жазуларды көрсететін өзіндік дәрі жағыла қалса, әлгі үлкен кітап бүкіл жазуларын көзге көрсетіп өзін оқыттыра бастайды. Дәл сол секілді, әлгі Қадир-ы Әзелидің шексіз ілімінде әрбір заттың бейне пішіні түп-түгел жазылып дайындалуда. Ол Қадир-ы Мұтлақ әмірімен, шексіз құдірет, теңдессіз қалауымен әлгі жазуларға жағылған дәрі секілді әсер етіп, өте жылдам әрі оп-оңай бүкіл нәрселерге бейне пішін беріп, көзге көрсетіп қозғалтып, өз өнерінің ғажайып әсемдігімен қоса құдіретінің бір көрінісі болған асқан күш-қуатын да паш етеді. Сөйтіп, шексіз жаратылыстағы ғажайып жазуларын оқытады.Егер, бүкіл нәрсені Қадир-ы Әзели, Алим-ы Күлли Шей жаратты демейтін болса, онда ең кішкентай деген шыбынның денесін жасау үшін дүниедегі түрлі заттың бәрінен өлшеп алатындай бір ғажайып таразы қажет болар еді. Және де әлгі кіп-кішкентай шыбынның денесінде қызмет етіп жатқан сансыз зәрре бөлшектер оның денесінің хикметті құрылысын түгел білетін білімдері болуы керек. Өйткені, ақыл иелері бірауыздан мойындаған мұндай бір қағида бар, табиғи себептер ештеңені жоқтан бар ете алмайды. Олай болса, жаратушы деп отырған табиғат бір нәрсені жарату үшін барлық нәрсені бір жерге жинауға тиіс болады. Өйтіп жинайтын болса, қандай жанды болмасын бәрі де өте көп түрлі бөлшектер мен үлгілерден құралғаны белгілі. Былайша айтқанда, дүниедегі әрбір нәрсенің негізі бір дәнек секілді жинақталған. Олай болған жағдайда, жалғыз дәнекті жарату үшін ағаштың бойындағы бүкіл құрамын, бір жәндіктің денесін құрастыру үшін бүкіл жер бетіндегі элементерді жинап, елеп алатын елек, өлшеп алатын ерекше бір таразы қажет болады. Ал, табиғи себептер санасыз, жансыз. Аталған заттарды құрастыратын жоспар, іске асыратын жоба, тәртіппен қозғалатын тізім түзеп, қалыпқа келтіретін, үлгі модель жасайтын ілімі жоқ. Осының бәрін іске асыратын, зәрре бөлшектерді

241ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ЛЕМАзыр жүгіртіп жұмсайтын, олар ешқайда шашырап кетпейтін, сәл де болса реттіліктен айырылмайтын жүйе болуы керек... содан кейін жасалатын жандылардың көптігіне қарай әрбірі өз түр-түсімен ажыратылып, оларға сай пішін, бейне, бір-біріне ұқсамайтындай ерекшеліктермен жасалуы тиіс... Міне, осы азғана шарттың өзін соқыр табиғат солайша іске асыра алады деп ойлаудың өзі қандай ақымақтық, санаға сыймайды. Көкірегі ояу жан мұны жақсы түсінеді. Осынау ақиқатты түсіндіретін:аятының айтуы бойынша, бүкіл дүнияуи себептер түгел жиналып келсе де, *жалғыз шыбынның бүтін денесі тұрмақ, оның жалғыз ағзасын да жаратуға шамасы жетпейді. Егер, оның дене мүшесін жинаса да, оны бір сәтке бір бүтін жанды, қозғалысты етіп ұстап тұруға ешқандай күші жетпес еді. Егер, бір сәтке солай ұстап тұрса, да әр сәт сайын өзгеріп, тазаланып тұратын зәрре бөлшектердің ғажайып тәртібін сақтап тұра алмас еді. Олай, болса себептердің жаратылған нәрселерге ортақ болуға ешбір қауқары жоқ. Онда, ол нәрселердің нағыз иесі мүлде басқа Біреу. Иә, олардың нағыз иесі бар. аятының айтуы бойынша, Ол, Жаратушы бүкіл жер жүзіндегі жандылардың денесін жалғыз шыбынды жаратқандай оңай жарата алады. Бір көктемді бір түйір гүлді жаратқандай оп-оңай жаратады. Өйткені, ондай Жаратушы бөлшек заттарды жинастыруға мұқтаж емес. Оның әмірі болғандықтан көктем сайын сансызжаратылыстардың заттық денелерін ғана емес, сансыз сипатымен, есепсіз түр-түсімен жоқтан бар ететін...шексіз ілімінде әрбір нәрсенің түр-түсі мен модель-үлгісі түгел дайын тұратын... және бүкіл зәрре бөлшектер оның ілім мен құдірет шеңберінде әрекет ететін... әр нәрсені шақпақ шаққандай тез, әрі оп-оңай жарататын Біреу. Және әрбір жаратылған нәрсе титтей де қателіксіз, өз әрекетін жалғастыра береді. Ғарыштағы сансыз ғаламшарлар бір әскери қол секілді қалай тәртіппен қозғалса, сансыз зәрре бөлшектер де дәл солай ерекше бір тәртіп, реттілікпен әрекет етеді. Өйткені, оның бәрі де Әзәли Құдіретке сүйеніп, Әзели ілімнің заң ережелері бойынша қызмет етеді. Сондықтан, ондағы әсердің, көріністің бәрі сол құдіреттің күшімен ғана іске * Яғни, Аллаһтан өзге табынғандарыңның бәрі түгел жиналса жалғыз шыбынды жаратуға шамалары келмейді.

242ЛЕМАЛАРасады. Әйтпесе, себептерде ештеңе де жоқ, құдіретке ие емес, оған маңыз беру ақымақтық. Құдіретке сүйенген кішкентай шыбын, өзін құдіреттімін деген Намрудті жер жастандырды. Ұсақ құмырсқалар Перғауынның зәулім сарайын тас-талқан қылды. Зәрре бөлшектей кішкене самырсын тұқымы таудай ағашты басына көтеріп тұрады...Осы ақиқатты көптеген рисалелерде дәлелдегенбіз. Мәселен, бір әскер өз патшасының бұйрығымен өзінен жүз мың есе артық күші бар бір шахты тұтқынға алуға күші жетеді. Олай болса, әрбір зат Әзели Құдіреттің қолдауымен жүз мың есе артық күш-қуатпен табиғи себептердің қауқары жетпейтін ғажайып өнерлерді жасауға күші жетеді. Әрбір нәрсенің өте керемет әрі ғажап шебер, өнермен әрі тез жаратылуы шексіз ілім иесі болған Қадир-ы Әзелидің ісі екенін көрсетеді. Әйтпесе, жүз мың қайшылыққа толы себептердің ішінде мүмкіндік шеңберінен шығып, мүмкін емес жағдайға енеді. Ешнәрсе жасалмайды, жасалуы да мүмкін емес. Міне, осындай ғажайып нәзік те, теңдессіз терең әрі ап-анық дәлелдердің алдында шайтан мен адасушыларға еліктегіш нәпсім бір сөз айтуға да шамасы келмей үнсіз қалып, бәрін мойындады. «Лиллахил хамд» деп, шүкір етіп, сол сәтте бәрін толық қабылдады. Және былай деді: Иә, маған да дәл сондай құдіретті Халиқ әрі Рабб қажет еді, ойымдағы ең елеусіз тілегімді де біліп тұратын... ең жасырын рухани қажетімді де орындағанындай маған мәңгілік бақытты сыйға тарту үшін мынау уақытша дүниенің орнына бақи ақырет дүниесін орната алатын...кішкентай шыбынды қалай жаратса көктерді де солай жарата алатын... Аспанда Күнді қалай жүздірсе, менің көзімнің қарашығында зәрре бөлшектерді де дәл солай жүздіре алатын... сондай Құдіретке мұқтаж едім. Шыбынды жарата алмайтын біреу менің көңілімдегіні таба алмайды, рухани қажетімді де өтей алмас... көктерді жарата алмаған біреу мәңгілік бақыт дүниесін де жаратуға шамасы жетпес... Олай болса, менің нағыз Раббым көңілімдегіні тауып қуанышқа бөлейді. Көк жүзін торлаған бұлттарды әп-сәтте жиып, ашық аспанға айналдырғанындай бүкіл дүниені де ақырет дүниесіне әп-сәтте өзгертіп, Жәннатты жаратып, маған есігін ашып, «Қәне, кір!» дейді. Міне, ей менің нәпсім секілді өмірінің белгілі бір кезеңін қараңғы пәлсапа мен исламға жат ілімге жұмсап, жолдан тая бастаған қариялар! Құранның ғажайып тіліндегі «Лә иләһа илла һу» қасиетті үкімінің қаншалықты қуатты екенін, қаншалықты ақиқатқа толы екенін, ешқашан тозбас, азбас иманның бір тұтқасы екенін білсеңіз болды, айнала қоршаған рухани қараңғылықтан құтылып, жүректегі мағынауи жараларыңызға шипа болар. Осынау ұзақтау жалғасқан сөздер менің қариялық кездегі үміттерімнің ішіне енуі еріксіз болды, бәлкім жалықтыруы да мүмкін. Басым мен сақалымдағы ақ қылдардың да әсері, және бір адал досымның сатқындығы, сырттай қарағанда жанға жайлы көрінген Стамбулдағы у-шуға толы қоғамдық өмірдің рахаты жиіркендіріп жіберді. Мені нәпсілік рахаттың орнына рухани

243ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ЛЕМАрахатты іздеуге итерді. Адасқандардың жанына бататын қарттық деген суық өмірден жанға жайлы жарық өмір іздедім. «Құдайға шүкір» ақиқаттан жұрдай, алдамшы, берекесіз дүнияуи рахаттың орнына әрдайым жанға жайлы рахат сыйлайтын имани өмір таптым. Ол, «Лә иләһа илла һу» дейтін, тәухид нұры. Оның жүрекке сыйлайтын иман жарығы әлгі жат та суық көрінген қарттық өмірімнің жарқын әрі қызықтарға толы екенін көрсетті. Уа, қадірлі қариялар! Бәріңізде де иман бар, әрі оны үнемі жарқыратып тұратын намаз бен нияз бар, олай болса қарттықты мәңгілік жастық шақ секілді көруге болады. Өйткені сол арқылы мәңгілік жастық шаққа қол жеткізуге болады. Нағыз суық та қараңғы, қайғыға батыратын қарттық адасушылардың қарттығы. Бәлкім олардың жастық шақтары осы болар. Солар жыласын, солар еңіресін. Ал, иман жүзді қымбатты қариялар! Сіздер «Әлхамду лиллаһ ала күлли һал» деп, қуанышпен шүкір етуге тиіссіздер...ОН ЕкіНші ҮМіт: Бір кездері Спарта уалаятының Барла деген жеріне жер аударылып еш жанашыр жақыным да жоқ, ешжақтан хабар алуға мүмкіндігім де жоқ, бір жағынан ауру, қарттық бір жағымнан қысып, күйзеліске түскен едім. Хақ Тағала өзінің мейірім қазынасынан Құран Хакимнің әрбір нүкте, әріптерінің тылсым сырлары арқылы маған нұрлы жұбаныш шуағын жолдады. Осы арқылы әлгі қат-қабат қайғымды ұмытуға тырыстым. Иә, туып өскен жерімді, елімді, туыс- туғандарымды ұмытуға болар еді. Алайда, біреуін ұмыту маған қиынға соқты. Ол әрі жан бауырым әрі шәкіртім әрі жанқияр жолдасым болған, бауырым Абдуррахман еді. Екеуіміз айырылғалы алты жеті жылдың жүзі болыпты. Ол менің қайда екенімді білмейтін, мен де оған қалай хабар беріп, қалай хабарласарымды біле алмай ішқұса жағдайда едім. Сол кездерде маған сондай бір жанкешті дос қажет болатын. Бір күні біреу маған хат әкеп берді. Ашып қарасам, дәл Абдуррахманның қолымен жазылған хат екен, кейін сол хаттың үш ашық керемет көрсеткен жерін Жиырма жетінші Мектубқа енгіздік. Сол кезде ол хат мені қалай мұңайтып жылатса, қазір де есіме түссе көзімнен жас сорғалайды. Марқұм бауырым ол хатында, мына жалған дүниенің қызығынан баз кешкендігін айта келіп, ендігі жалғыз мақсаты мені тауып алып, кішкене кезінде мен оны қалай бағып қақсам, менің қарттық шағымда мені де солай бағып-қағып қызмет көрсетсем ғой, шіркін! - деген жан жүрегімен жазған хаты еді. Және де, бұл дүниедегі менің шынайы міндетім болған Құран қызметіме қол ұшын беріп, жаныңда хатшың болып отырсам арманым, жоқ депті. Сол хатында, былай деп жазған еді:«Егер бара алмасам, амалын тауып маған жиырма, отыз Нұр рисалелерін жібер. Мен оның әрқайсысынан жиырма отыз нұсқа жазып, басқаларға да жаздырам» депті. Осы хат маған мына дүниеге деген үміт отын жақты. Міне, осындай ақылды да, жанқияр жолдас бола білетін, адал шәкірт саналатын туған бауырымның бар екендігі менің жалғыздығымды да, қариялығымды да,

244ЛЕМАЛАРайдауда екенімді де мүлдем ұмыттырды. Осы хат келерден бұрын ақыретке қатысты Оныншы Сөздің бір нұсқасы оның қолына жеткен екен. Бейне, осынау рисале алты жеті жылдан бері менен айырылған қайғы қасіретіне, рухани жараларына шипа болған секілді. Өйткені, ол иманы күшейіп өлетінін сезіп ажалын күтіп жүргендей маған осы хатты жазған екен ғой. Бір-екі ай өткен кезде, Абдуррахманның көмегімен бақытты өмір сүреміз деп жүргенде, оның дүниеден өткені жайлы қайғылы хабарды естіп, жан дүниемнің шайқалғаны соншалық, бес жыл өтіп кетсе де сол қайғылы әсер сол қалпында сақталып қалғандай. Бұл қайғы қартайған шағымда, айдауда, жалғыз, ғаріп халде жүруімнің қайғысынан он есе ауыр еді. Анамның өлімімен ортайып қалған дүнием де онымен бірге толық өлгендей еді. Сөйтіп, енді мына дүниеде жападан жалғыз қалғандай дүнием бос, қаңырап қалғандай. Өйткені, ол тірі болғанда қазір маған сүйеу, менен кейін бұл міндетті жанкештілікпен жалғастыратын ізбасар, жан жолдасым болар еді. Рисалей-Нұрдың ең сенімді жанашыры әрі қызғыштай қорғаушысы болар еді. Иә, адами тұрғыдан осындай жақыннан айырылу мен секілді адамдарды күйдіріп-жандыратын жағдай. Сабыр сақтап қанша тырысып бақсам да, ішім алай-дүлей қайғы құйынымен аласапыран күйде болатын. Егер Құранның жанымды жайландырар нұры болмағанда бордай үгіліп кетер ме едім. Сол шақтарда Барланың сай-салалы тауларын жалғыз кезіп жүретін едім. Сондай кезде, Абдуррахман сынды адал шәкірттеріммен бірге өткізген күндерім көз алдымнан өтіп жаралы жаныма жаймашуақ жұбаныш әкеліп жатса, бір жағымнан жалғыздық пен айдаудың қасіреті жүрегімді жаралай түсетін еді. Осындай жарымжан күйде жүргенде қасиетті аятының жарығыкөкірегімді нұрландырды. Маған «Я, Бақи әнтел Бақи!» дегізіп, сол арқылы шынайы жұбанышты жүрегіме ұялатты. Мен осынау аяттың сырымен, сондай бір қайғылы халде өзімді үш үлкен мәйіттің басында тұрғандай сезіндім.Бірі, елу бес жасыма дейін елу бес рет өлгендеймін және өзімді сол көмілген Саидтердің қабірінің басындағы құлпытас секілді көрдім. Екіншісі, өзімді Адам Атадан бергі опат болып көмілген, барлық адамдардың өткен шақ дейтін қабірінің үстіне қойылған құлпытас ретіндегі осы ғасырда ары-бері жыбырлап жүрген құмырсқадай көрдім. Үшіншісі, адамдар секілді жыл сайын келіп-кетіп жатқан дүниенің опат болатыны, мына алып дүниенің де аяттың айтқанындай өлетіні қиялымда анық көрінді.

245ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ЛЕМАМіне, Абдуррахманның өлімінен кейін пайда болған қайғыдан туған осынау терең мағынаны жарық қылатын, нұрландыратын, көкірегіме сөнбес сенім ұялататын мына Аят астарлы мағынасымен көмектесіп медет береді. Иә, осы аят маған мынаны ұқтырды: Хақ Тағала бар, олай болса бәрі бар, бәрі болады. Әрі Ол бақи, олай болса Ол бәріне жеткілікті. Оның жалғыз жәрдемінің өзі бүкіл дүниеге тең келеді. Оның нұрының бір шеті ғана әлгі үш үлкен мәйтке бірдей рухани өмір сыйлайды. Тіпті, олардың мәйіт емес екендігін, олар міндеттерін атқарған соң басқа дүниеге кеткен тірі жандар екенін көзге көрсетіп бере алады. Ол туралы Үшінші Лемада анық айтылғандықтан мұнда тек қана: аятын айта кетуді жөн санадым. Осы аяттың мәнін ашып берген екі рет айтылатын «Я, Бақи әнтел Бақи! Я, Бақи әнтел Бақи!» мені қайғы-мұңнан, ауыр жағдайдан құтқарды.Бірінші рет «Я, Бақи әнтел бақи!» дегенімде, Абдуррахман сынды жан дүниеммен жақсы көрген бауырымнан айырылғаннан пайда болған рухани ауыр жараларыма ота жасағандай етіп емдеп жіберді. Екінші рет, «Я, Бақи әнтел бақи!» дегенімде басқа да көптеген рухани жараларымның бәрін жазып, жанымды жадыратты. Яғни, былай деді: О, Аллаһ Сен өзің бақисың, кеткендер кете берсін, Сен жеткіліктісің! Сен Бақисың, жоғалған әрбір нәрсеге рахымыңның бір сәулесі жетіп жатыр. Сен барсың, сенің бар екеніңе иман еткен және осы иманмен Ислам шариғатына сәйкес әрекет еткен жанға барлық нәрсе бар. Жоғалу мен жойылу деген сырт көзге бір перде ғана. Негізінде, тек қана жаңару, тазару бар және әртүрлі қабаттарда қыдыру сияқты деп ойлаған кезде, әлгі қасіретті, қараңғылық толы, қайғы басқан дүние жап жарық, нұрлы, қуанышты, сүйікті жағдайға өзгеріп шыға келді. Осындай сәтте бүкіл болмысым мен бүтін жан дүнием өзгеше хал тілімен «Әлхамдуиллаһ» деді. Міне, осынау рахмет жарығының мыңнан бір бөлігінің өзі осындай: Мен әлгі қайғының тұманы басқан жағдайдан, мұңлы халден шығып, Барлаға қайттым. Қарасам, алдымда Күлеүндік Мұстафа деген бір жігіт ғылымхалға қатысты, дәрет алу мен намазды қалай оқу жөнінде біраз мәселелерді сұрау үшін келіп тұр екен.

246ЛЕМАЛАРОл кездері ешкімді де қабылдап сөйлеспейтін болсам да бұл жігіттің рухындағы ықылас пен Рисалей-Нұрға қызмет ету ынтасының шынайы *екенін сезгендіктен оны кері қайтармай, қабылдадым . **Уа, мен секілді қартайған шағында ет бауыры баласы, немесе жанына жақын туыстарынан айырылып қайғыдан еңсесі түсіп кеткен қариялар мен апа, әжелер! Менің жағдайымды егер жақсы ұққан болсаңдар, сендерден де ауыр халде жүргенімде қасиетті Аяттың құдіреті қайғы-қасіретімді сейілтіп, дертіме дәрмен болды. расында, Құран Хакимнің дәріханасында рух пен дененің бүкіл ауруына ем болатын шипалар бар! Егер иман келтіріп соның бәрін қабылдап, құлшылық жасап мойынсұнсаңыз, басыңызға түскен бүкіл қайғы-мұң мен кәріліктің кесапаттары түгел жеңілдеп, жаныңыз жай табады. Осы бөлімнің ұзақ жазылуының бір себебі, марқұм Абдуррахманға рахым дұғасы молырақ болсын деген ниет еді. Әрі, соншама ауыр қайғы-мұңға батқанымды тілім жеткенше жазуымның бір мақсаты, қайғы-мұңым қанша көп болса да Құран Хакимнің қасиетті шипалары сондай ауыр жарама дәрмен болғандығын сіздерге жеткізе айту еді. ОН ҮшіНші ҮМіт***: Бұл тақырыпта басымнан өткен оқиғаларды әңгіме етуге тура келгендіктен созылып кетуі мүмкін. Оған ренжімеулеріңізді алдын ала өтінемін. Дүние жүзілік соғыс кезінде орыстардың қолына тұтқынға түсіп, одан аман-есен оралған кезім. Стамбулдағы «Дар-ул Хикмет» дейтін * Міне, сол Мұстафаның інісі Кішкене Алидің бір өзі әдемі жазуымен жеті жүз Рисале жазып шықты. Сөйтіп, өз ісімен Абдуррахманды тірілітті және сондай талай Абдуррахман тәрбиелеп шығарды.** Расында, ол өзін қабылдатып қана қоймай, қошаметпен күтіп алуға лайық екенін көрсетті.Рисалей Нұрдың бірінші шәкірті Мұстафамыз күтіп алуға лайық екен деген ұстаздың сөзін қуаттайтын бір оқиға: Құрбан айттан бір күн бұрын Ұстазым серуенге шығатын болған. Мені ат алып келуге жұмсаған-ды. Ұстазға: «Сіз төменге түспей-ақ қойыңыз. Мен есікті сыртынан жауып өзім отын сарайынан шығып кетемін.» деп едім, «Жоқ, сен есіктен шық!» деп, төменге түсіп мен кеткен соң есікті ішінен іліп алған. Мен кетіп қалған соң ұстаз жоғарыға көтеріліп жатып қалыпты. Біраздан соң, Мұстафа, Хажы Осман екеуі келеді. Ол кездері ұстазым ешкімді қабылдамаушы еді. Әсіресе, екі адам қатар келсе қабылдамай кері қайтаратын. Сөйтсе, осы Мұстафа мен Хажы Осман екеуіне есік өзінен өзі ашылып кетіпті. Бейнебір есік оларға былай деп, тіл қатқандай: «Ұстазымыз сені қабылдамайды. Бірақ, мен саған ашықпын. Сөйтіп, құлыптаулы есік өздігінен ашылып кетіпті». Демек, Мұстафа туралы: «Мұстафаны күтіп алуға лайық жігіт», дегені рас екен, оған есік куә. Хусрев.«Иә, Хусревтің жазғанындай болғаны рас. Есік мүбәрак Мұстафаны менің орныма күтіп алды әрі қабылдады» Саид Нұрси*** Өте ғажап бір сәйкестік бойынша осы Он үшінші үмітте айтылған медресе оқиғасы дәл он үш жыл бұрын болған еді.

247ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ЛЕМАакадемияда дін істері бөлімінде екі-үш жыл қызметте болдым. Кейін, Құран Хакимнің нұрлы әсері мен Гаус Ағзамның нұсқауымен және қарттықтың ескертуімен Стамбулдың мәдени, шулы өмірі жалықтырып, алыстай бастадым. Өз отаныма деген сағыныш мені сол жаққа шақырды. Әйтеуір бұл дүниеде мәңгі қалмайтын болған соң, туған жеріме барып өлейін деген ой келді. Ең алдымен Вандағы Хорхор деп аталатын медресеге зиярат жасауға бардым. Барсам, Ванның басқа да үйлері секілді Орыс соғысы кезінде оны да Армяндар өртеп жіберген екен. Ванның әйгілі қамалы бүтін тастардан тау секілді салынған еді. Менің медресем дәл соның астыңғы жағында оған жалғаса салынған болатын. Жеті-сегіз жыл бұрын осы медреседе бірге болған достарым мен шәкірттерімнің бәрі түр-түсімен көз алдыма елестеді. Осынау адал достарымның жартысы сол соғыста шәйіт болған еді, қалғандары да осы қиыншылықтардың кесірінен рухани шейіт ретінде қайтыс болып кеткен. Мен көз жасымды тыя алмай сол медресенің дәл тұсындағы төбеге шығып отыра кеттім. Жеті, сегіз жыл бұрыңғы өткен шаққа қиялыммен барып, сол кездерді әбден араладым. Менің жанымда ешкім жоқ болғандықтан мені кері қайтаратын себеп те жоқ еді. Одан бері жеті-сегіз жыл емес, бір ғасыр өткен секілді менің медресем мен қорған ішіндегі үйлер түгел қирап, өртеніп тас-талқаны шығып қалған екен. Сондағы, дәурен өмір көз алдыма келгенде, мынау күл-талқан болған дүниеге екі жүз жылдан кейін қайта келіп отырғандай көңілімді қайғы бұлты торлап көзім жасқа толып, отырып қалдым. Осы айналамдағы үйлердің бәріндегі адамдар менің жақын достарым мен туыстарым еді ғой. Көбі соғыста шейіт болып бақиға аттанса, бір тобы қиыншылыққа байланысты жан-жаққа жер ауып кеткен екен. Және де, армяндар тұрған үйлерден басқа мұсылмандардың үйлері түгел өртенген, бүлінген. Бұл жағдай жаныма қатты батты. Қанша көзім болса сонша жас төксем де болатындай қатты қайғырдым. Жат елдегі тұтқыннан босап аман-есен туған-туысқанға, отаныма жеттім-ау дегенде туған елімнің қаңырап қалғанын көріп отырмын. Он екінші үміттегі Абдуррахманнан айырылған кезімдегідей мұнда да жүздеген шәкірттерімнің қабірі мен басқа туыстарымның қабірге айналған жұртын көрдім. Көптен бері бір араб шайырының өлеңі есімнен кетпейтін. Алайда, соның нақ мәнін біле алмай жүруші едім. Міне, дәл осы қасіретті жағдайда соның мағынасын түсінгендей болдым. Яғни, «Егер өмірде достардан айырылып қоштасу болмаса, онда өлім жанымызды алуға жол таба алмас еді». Иә, олай болса, адамды өлтіретін бірінші себеп, оның жақынынан айырылуы екен ғой. Иә, шынында солай екен, қандай қиын жағдай да мені дәл осылай жылатпаған еді. Егер Құраннан маған бір жәрдем келмегенде мынау қара бұлттай қайғы мені езіп, жанымды

248ЛЕМАЛАРшығарып жіберер ме еді... Осы кезде дүниеге алданып жүрген адамдарға барынша таңырқадым. Мына дүниеде адамдар қонақ бола тұра неге сонша өздерін алдап жүр? Ақиқатқа көзі жеткендер айтатын, «мына дүние өтпелі, алдамшы, жалған» дейтін сөздердің қаншалықты нақты екенін қазір өз көзіммен көріп отырмын. Өйткені, қарттықтың қасіретімен екі көзімнен жас сорғаласа, медресемнің де күйреп қалғанын көріп басқа сезімдерімнің кәдімгі көздері болса, тағы да сонша жас төгер едім ғой. Тіпті, осыншалық жаныммен жақсы көрген туған жерімнің жартысы күйреп қалғанын көре тұра шыдау мүмкін емес секілді. Бір риуаятта: Күнде таңертең бір періште: деп шақырады екен, яғни: «өлетіндеріңді біле тұра дүниеге келесіңдер, қирайтынын біле тұра үй тұрғызасыңдар!». Міне, осынау ақиқатты құлағыммен емес, көзіммен көргендей болдым. Иә, сол кездегі басымнан кешкен жағдай мені қалай жылатқан болса, одан бері он жыл өтіп кетсе де сол кез есіме түскенде дәл сондағыдай көзімнен жас сорғалап қоя береді. Иә, мыңдаған жыл салтанат құрған осынау ежелгі қамалдың қирап қалғандығы, және оның жанында тұрған үйлердің жеті, сегіз жылдың ішінде сегіз жүз жыл өтіп кеткендей тозып бүлінгені, және осы қамалдың сәні мен жаны секілді көрінетін медресенің күйреп қалғаны Ванның алып қорғаны бүкіл Османлы мемлекетінің барлық медреселерінің жермен-жексен болған рухани мүрдесіне қойылған құлпытас секілді көрінді. Сол сәтте, осыдан жеті сегіз жыл бұрын осы медреседе менімен бірге болған марқұм шәкірттерім де қабірде менімен бірге жылап жатқандай, қорғанның қирап шашылған тастары да солардың жылап-жылап қатып қалған көз жастары секілді көрінді. Осы кезде, туған жерімдегі осынау астаң-кестең болған кәріп жағдайға енді, төзімім жетпейтіндей, марқұм болған бауырларымның қасына қабірге кіргім келді. Я болмаса, таудың бір үңгіріне барып ажалымды күтсем бе, екен деген ойға қалдым. Өмірдің бұл ауыр жүгі оңай кете қоятын дерт емес. Өмірдің алты жағы деп айтылатын алды, арты, асты, үсті, оң, сол жақтарына қарағанымда бәрі де түнек басқан қараңғылықтан басқа ештеңе емес еді. Міне, дүниенің осындай ғапылдық жақтары маған бұл өмірді бос, қараң қалған қуыс, басыма төнген қара жартас секілді қорқынышты етіп көрсетті. Рухым да қаптаған пәлелерге қорғаныс боларлық бір пана іздеп, осынау өлім мен күйреуден пайда болған қайғы-мұңды сейілтерлік бір жұбаныш табу үшін жанталасып тұрған кезде, Құран Хакимнің:

249ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ЛЕМАаятының ақиқаты көрінді. Әлгі, қайғы мұң мен қасіретке толы қиялдан құтқарып, көзімді ашты. Байқасам, ағаштың бұтақтарында жаудыраған жемістер маған қарап былай дегендей: «Сен, тек қана, қирап қалған нәрселерге, қабірлерге көз тікпе! Бізге де назар сал!». Осынау аяттың ақиқаты былай деп кеңес берді: Ван өлкесіне қонақ болып келген адамдардың қолымен жазылып, қала бейнесіне енген бір хаттың «Орыстардың басып алуы» деп аталған қатерлі селдің келуімен өшіп қалғаны сені неге сонша қайғыға салды? Дүниенің нағыз иесі, Малик қожайыны әрі бүкіл нәрсені біліп тұрған Раббысы, Әзели Наққаш мәңгі суретші, аса шебер Аллаһтың құдретіне назарыңды салып көрші: Өткен заманда мына «Ван» парағына жазылған хаттың жалғасын, қазір де қайта жазып, жалғастыруда. Ал, ол жерлерді қазір қирап, бос қалғандай көріп жылау, оның нағыз иесі Малик-і Хақикиды танымаудан туындап отыр және қонақ болып, келіп-кететін адамдарды сол жердің нағыз иесі деп санап, шатасудан пайда болған жағдай. Алайда, сол шатасудан бір ақиқаттың есігі ашылды. Сол ақиқатты қабылдау үшін нәпсі де әзір болды. Иә, темірді отқа салып балқытқанда майысып ыңғайлы халге келетіні секілді, қайғы-қасіреттің де қайнап-қызуы нәпсіні жұмсартып, жөнге салды. Құран Хакимнің қасиетті аяты иманның ақиқатын нәпсіме көрсетіп оған қабыл еткізді. Иә, «Лилләһил хамд» осынау Аяттың ақиқаты иманның соншалықты қуатты нұрын рух пен жүрекке қатар бергені сондай, одан жүз есе қорқынышты пәле келсе де оған қарсы тұрарлық «Иман-ы Биллаһты» яғни Аллаһқа иманды сыйға тартты. Және мынаны ұқтырды: Сені Жаратқан және мынау туған жеріңнің Хақиқи Мәлігі Аллаһтың әміріне бүкіл нәрсе бағынады, бәрінің тізгіні тек Соның қолында, олай болса, тек Соған мойынсұнғаның жеткілікті. Жаратушымды осылай танығаннан кейін, айналамдағы дұшпан санағанның бәрі досқа айналды, жылатқызған жағдайлар қуанышқа бөледі. Алдыңғы көп рисалелерде анық дәлелдегеніміздей, әлгі сансыз арман мұраттардың жауабы ретіндегі «Ақыретке иман» ерекше нұрлы сенім бергендігі сондай, әлгі қысқа да уақытша, өтпелі болған жақын адамдарым, енді ажырамас дос-жаран, бақи дүниеде, мәңгілік бақыт мекенінде табысатынымды көңіліме ұялатты. Расында, рахымның бір ұшқынымен уақытша әрі шап-шағын қонақүйдей жержүзіне келіп кететін қонақтарын азғана уақыт қуанту үшін көктем атты дастарханында сансыз, түрлі тағамдарын бір қонақасы етіп берген Құдірет енді, мәңгілік мекен болатын шет шегі жоқ сегіз қабатты Жәннатында ақылға сыймайтын ғажайып нығметтерімен сүйікті қонақтарын қуантатын Рахман-ир Рахимнің рахымына сенім артқан ең бейшара адамның қаншалықты қалың қайғысы болса да соның бәріне төтеп беріп бақытқа кенелер еді. Міне, осынау Аяттың ақиқаты әкелген жарықтың қуаттылығы сондай, иман нұры ұялаған жүректі адасу түнегінен құтқарып, күндізгідей жақыраған айдынға шығарды. Сөйтіп, медресе мен осы қалада маған жақын болған дос-жарандарымның артында

250ЛЕМАЛАРқалып жылап еңіреген жан жарамды жазып көңілімді жадыратқаны сонша, әлгі кеткен дос-жарандарымның барған әлемі мәңгі жап-жарық, бақи бақытқа толы, қайта қауышатын мекен екендігін жүрегіме өшпестей етіп нұрмен бедерлеп бекітіп берді. Жылап, қайғыруды мүлдем тиды. Сол айырылып қалғандардың орнына келетіндер мен оларға ұқсайтын жақсы адамдарды әлі де табатынымды хабарлады. Иә, «Лилләһил хамд» дәл солай болды. Күйреп қалған Ван медресесінің орнына Спарта медресесін тұрғызып, айырылған дос-жарандарымының орнын олардан кем емес дос-жарандармен толтырды, оларды рухани тірілтті. Және маған мынаны ұқтырды, дүние қирап қалған бос мекен емес, күйреп қалды деп ойлаған ел-жұртым күйремепті. Хақиқ-ы Мәлик Аллаһтың хикметі бойынша өткен адамдардың орнын жаңа адамдар ауыстырып, олардың жазып кеткен рухани хаттарын жаңа үлгімен жаңарту екен. Мысалы, жеміс ағашының жемістерін үзіп алса, орнына жаңасы өсетіні секілді, адамзат баласының да айырылысуы, ғұмырының аяқталуы дәл сондай жаңару мен өзгеру. Иман көзімен қарасақ, дос-жараннан айырылу деген шынында, қайғы емес, бұдан да әсем мәңгі мекенде қайта қауышу үшін уақытша қоштасу екен. Алдыңғы жағдайдағы әлемдегі жаратылыстардың қорқынышты боп көрінген бейнелерін жарқыратып жіберді. Мен осы жағдайыма шүкір етіп, көңілімді қайта көтерген кезде көкейіме арабша мынандай бір сөздер оралды:Яғни, қиын жағдайлардың шатастыруымен адасқан кезде, айналадағы жаратылыстың жартысы дұшпан, жартысы қорқынышты мүрделер болып көрінсе, қалғаны қараусыз қалып жылап сықтаған жетімдер түрінде көрінеді. Ғапыл нәпсіме үрейлі көрінген осынау көріністер иман нұрымен анықталып, әлгі дұшпан дегендер жанашыр досқа айналды. Ал мүрделер болса, міндеттерін атқарған жаны жайсаң жандар екен. Жылаған жетімдер деп жүргеніміз, Жаратушысын үздіксіз еске алып зікір етушілер болып шықты. Міне, осындай иман нұрымен көңілімді жарқыратқан Халиқ-ы Зүлжәлалға шексіз мадақ айтамын. Және де, бұл дүниедегі жаратылған барлық жаратылыстың хал тілімен бірге «Әлхамдулиллаһи ала нур ил иман» деуге тиіспіз. Әлгі ғапылдықтан оянған сәтте менің жанымды қинаған қасіреттер түгел жоғалып, сол кездегі маған арналған нығметтердің ауқымы енді, иман нұрымен шексіз кеңейгені сонша, бүкіл дүниені өз ішіне сиғызып, Хорхор бақшасындағы қураған жемістердің орнына бұл дүние мен Ақырет дүниесіндегі гүл жайнаған ғажайып нығмет толы екі дастарханды алдыма жайып салды. Көз, құлақ, жүрек секілді оншақты ғана емес, жүзге жетерлік


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook