Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Лемалар

Лемалар

Published by risalekz, 2022-10-04 08:53:50

Description: LEMALAR

Keywords: Лемалар Lemalar

Search

Read the Text Version

251ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ЛЕМАадами сезім ағзаларының әрбіреуін шексіз бір ұзын қол секілді бәріне жетіп артылатындай етіп, әрбір пенденің өз дәрежесіне сай Рахманның теңдессіз дастарханының қай шетінен болса да емін-еркін дәм татып, ләззат алатын етіп көз алдыма көрсеткен сәтте, осындай ғажайып ақиқатқа куә болғаным үшін шын жүректен шүкір етіп былай деген едім: Яғни, «Мына дүние мен Ақырет әлемін нығмет пен рахметке толтырып, нағыз мұсылмандардың иман нұры мен ислам арқылы жарқыраған бүкіл сезімдерін осы екі ғажайып дастарханға қол жеткізу үшін жаратып, осындай иманды маған сыйға тартқан жаратушыма, денемдегі бүкіл зәррелермен Дүние мен Ақыретті толтыра алатындай шүкір етіп, хамд айтар едім, шіркін соған шамам жетсе!». Иман арқылы бұл дүниедегі ондай көлемді нәрселерді түсінуге болатын болса, оның жемісі ретінде берілетін ақырет дүниесіндегі ғажайыптарды осы күнгі ақылмен ойлау, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес...Уа, маған ұқсап жақынынан айырылып қайғы жұтқан қариялар! Сіздердің іштеріңіздегі ең қария адам менен жасы қанша үлкен болса да қариялық жағынан маған жете алмас деймін. Өйткені, туасылы болмысымдағы жанашырлықтан тек өз басымдағы ғана емес басқа мүмин бауырларымның да қайғы-қасіреті жаныма бататындықтан қазіргі халде жүз жасаған қариядан бетер қартайған адаммын. Сіз қаншалықты қасірет көрсеңіз де маған жете алмассыз. Өйткені, жалғыз ұлымды ғана уайымдайтындай өзімнен туған ұлым жоқ, сондықтан бойымдағы жанашырлық деген сезімім өзімнен басқа күллі мұсылман бауырларымның айырылып қалған балаларымен қатар, тіпті бейкүнә хайуандардың да қасіреті жаныма қоса батқандай үнемі қиналумен күн кешемін. Өз меншігімдегі бір баспанам да жоқ, тек соны ғана қорғаштап жүретіндей, сондықтан бүкіл елім, тіпті барлық ислам дүниесі де менің баспанам секілді сезіледі. Міне, осы себептен әлгі аталған мұсылмандардың қайғысы да қиыншылығы да менің өз басыма түскендей халде жүремін!..Міне, кәрілік пен айырылысудың ащы қайғысы езген маған жәрдемге келген иман нұры енді, үзілмес үміт, қайтпас қайрат, сөнбес жарық пен түгесілмес бір жұбаныш сыйлады. Олай болса, сіздерге де жолыққан барлық қайғы мен қасіретке тек иман нұры ғана төтеп береді. Нағыз қараңғылық, үмітсіз қарттық, қасіретті айырылысу адасушылар мен азғын топқа ғана тән. Ал сөнбес үміт пен түгесілмес жұбаныш берген иманның ләззатын, қуатын сезіну, қариялыққа лайық құлшылық Исламға сай ынта-жігермен болады. Әйтпесе, албырт жастар секілді қу дүниеге алданып қариялығын естен

252ЛЕМАЛАРшығарғандар оны сезе алмайды. Осынау хадистің мәнін ойлайық. Яғни, «Жастардың ең жақсысы азғындықтан сақтанып, ақыретті ойлап қарияға ұқсап жүргені, ал қарияның ең жаманы азғындыққа келгенде жастарға ұқсап жеңілтек болғандары» дейді. Уа, қария бауырларым мен қартайған әже, аналар! Мынадай бір хадис шәрифте: «Алпыс-жетпіске жеткен бір мұсылман қария алақанын жайып Аллаһтан тілек тілесе, иләһи рахмет оның қолын бос қайтарудан ұялады» дейді. Міне, қараңыздар Аллаһтың рахымы сендер үшін соншалықты құрмет көрсетіп тұрған жоқ па? Сендер де осы құрметтің құрметі үшін құлшылықпен жауап беріңдер! ОН төРтіНші ҮМіт: «төртінші шұғадағы» Нұрие-и Һасбие аятының мазмұнында былай дейді: Бір кездері діннен безгендер мені барлық нәрселерден оқшау қалдырғанда бес түрлі жалғыздыққа тап болған едім. Сонда, жаным қатты елегізіп Рисалей-Нұрдың жұбанышына мойын бұрудың орнына тұп тура өз жүрегіме үңіліп, рухыма жүгіндім. Одан байқағаным, мәңгілік өмірге деген құштарлық, болмысқа деген сүйіспеншілік, тіршілікке өмірге деген ғашықтық сезімім өте күшті-ақ еді. Болмысым болса тым әлсіз әрі пақыр. Алайда, әлгі мәңгі бар болу дегенді, жоқ болу, аяқталу деген жағымсыз нәрселер анталап жоқ қылғалы тұр. Осыны көргенде күйіп-жанған бір ақынның айтқаны есіме түсіп былай дедім: көңіл тәннің мәңгілігін қаласа, Аллаһ оған фәни дене қаптағанМендегі бұл дерттің емін, Хакім Лұқман таппаған...Еріксіз басымды идім. аяты дереу жәрдемгекеліп: «Мені анықтап оқы!» деді. Мен оны күніне бес жүз рет оқи бастадым. Содан бастап, тек илмелақин ғана емес, айнелақин түрінде ғаламат нұрлы өсиет, тоғыз түрлі мәртебеде маған жап-жарық болып көрінді. Бірінші мәртебелі нұрлы өсиет: Менің бойымдағы мәңгілікке деген сүйіспеншілік, ғашықтық менің мәңгілігіме емес, болмысымда теңдессіз кемелдік иесі болған Зат-ы Зүлжәлалдың көркем есімінің сәулесі болғандықтан сол Кәміл Жаратушының бар екендігіне, оның теңдессіз құдіретіне деген сүйіспеншілік екен. Алайда, ғапылдық қараңғылығынан адасып, айнаның мәңгілігіне ғашық болып алданыпты. аяты келді де, көкірек пердесін ашты.

253ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ЛЕМАСол сәтте ақиқатты көрдім және терең сезініп хаққаляқин түсіндім, мәңгіліктің ләззаты мен бақыты Бақи Зүлкәмалдың бақилығына және Оның менің Раббым, Иләһым екендігіне сеніп, иман келтіруімде. Оның нағыз айғақтары адамды таң-тамаша етерлік дәлелдермен Хасбие рисалесінде жазылған. Екінші мәртебелі нұрлы өсиет: Болмысымдағы әлсіздік пен пақырлыққа қоса қарттық, жер ауып жалғыздыққа ұшыраған жағдайлар, Әһли дүниенің қыспақтары мен аңдулары жан-жағымнан жабысты. Осы қысылтаяң сәтте: «Аяқ-қолы байланған, өзі ауру, өзі әлсіз, жалғыз адамға осынша жауыздардың жабылуы жөн бе? Маған қамқор болар біреу жоқ па?» деп, аятын оқыдым. Маған ол аят мынаны ұқтырды: иман куәлігімен нық сенген Қадир-ы Мутлақтың қаншалықты құдіретті Сұлтан екенін оның жер бетіндегі төрт жүз мың түрлі хайуанат пен өсімдік дүниесін өздерінің жарасымды ағза, сезім мүшелерімен жаратып және әрбіріне жетерлік әрі жағымды азық-түліктерімен тынымсыз қамтамасыз ететінін ойла! Және адамзаттан бастап бүкіл жандылардың қажеттіліктерін дер кезінде жеткізіп тұруы, сонымен қатар мәдени өмірде жасалып жатқан қант пен басқа түрлі тағамдар түрінен әлдеқайда ғажап жаратылған түрлі дәнектер мен жеміс-жидектердің өзі әдейі кішкентай қапшықтарға салынып, сақтап әрі өте дәмді етіп пісіріп қоятынын көр! Міне, осындай сансыз түрлі «қапшыққа» салынған дәмді дәнектер мен тәтті жеміс жидектердің жаратылуы бір ғана әмірімен * фабрикасында оп-оңай әрі жылдам, көп мөлшерде жасалады. Ол туралы Құран Хаким «жаратушы Халиқ әмір етсе болды бәрі сол сәтте дап-дайын болады» дейді. Міне, сен осындай иман куәлігі арқылы соншалықты мықты сүйеніш тапқан соң, шексіз, мықты әрі құдіретті қамқорлыққа бөленесің. Мен де осы аяттың арқасында мықты рухани күшке ие болғаным сондай, дәл қазір маған жабылған жауыздарға ғана емес, жержүзіндегі дұшпандарыма қарсы тұра алатындай сенімге жеттім және бүкіл рухыммен дедім. Үшінші мәртебелі нұрлы өсиет: Мен әлгі жер ауған жалғыздығым мен ауру-сырқау қасіретке толы дүниеден байланысымды үзіп, мәңгі әрі бақытқа толы әлемге кететініме иман арқылы көз жеткізген кезде, «әттеген-ай!» дейтін өкініштен құтылып, «пах, шіркін-ай!» дейтін жағдайға жеттім.

254ЛЕМАЛАРАлайда, осындай асқақ арман мен рухани жетістіктің іске асуы тек қана бүкіл жандылардың іс әрекеті мен жағдайын жан-жақты біліп, көріп тұрған әрі осынау адам деген әлсіз мақұлықты өзіне дос етіп басқа бүкіл жандылардан үстем болдырған Қадир-ы Мутлақтың шекіз құдіретімен және оның адамға ұсынған теңдессіз сыйы арқылы ғана болатынын ұғындым. Сөйтіп, сондай шексіз құдіреттің және сырттай қарағанда құнсыз адамның шын мәніндегі құндылығын, иманның жандануы мен жүректің сенімділігін білгім келді. Тағы да осы аятқа жүгініп едім, былай деді: дағы ға қара, сенімен бірге хал тілімен деп, кімдер айтатынын жақсылап тыңда!» деп, әмір берді. Сол сәтте мынаны байқадым: Сансыз құстар және құсқа ұқсаған титімдей шыбын-шіркейлерден бастап, қисапсыз хайуанат пен өсімдіктер дүниесі түп-түгел өз хал тілдерімен мағынасын зікір етіп тұрады екен. Және осыны әркімнің есіне салып тұрады яғни бүкіл тіршілік иелерін толығымен жан-жақты қамтамасыз етіп тұрған бір уәкілдері бар. Иә, бір- біріне өте ұқсас әрі заты да бірдей жұмыртқалар мен бір-бірінен аумайтын тамшылар және өте ұқсас дәнектерден құстардың жүз мың түрін, хайуанаттардың жүз мың түрлерін, өсімдіктер мен ағаштардың сансыз түрлерін ешқандай қатесіз, кемшіліксіз өте әдемі етіп, өлшемдерін сан-алуан мөлшерде біріне-бірі ұқсамайтындай ғажайып өнермен көктем сайын азғана уақытта, өте жылдам және оп-оңай соншама кең көлемде, соншама мол мөлшерде жаратуы, алып құдірет пен теңдессіз күш-қуаттың иесі Уахдеті мен Әхадиетін көрсетіп, шексіз Рубубиет билігін дәлелдеп, осындай Жаратушыға басқа, бөтен біреулердің араласуы, килігуі тіпті, мүмкін еместігін анық аңдатуда екенін нақ түсіндім. Осынау мағынаны дәл мендей түсінгісі келгендер болса, -дағы сөзіндегі «Әнә» яғни нәпсінің мәнісіне көңіл бөлсін. Маңызсыз, жұпыны көрінген денемнің (басқа мүминдердікі секілді) нендей нәрсе екенін, тіршілік деген не екенін, адамшылық деген не екенін, дін Исламның не екенін, шынайы иман деген не екенін, Мағрифатуллаһ деген не екенін, сүйспеншілік деген не, ол қалай туындайды?.. Осы сияқты көп сұрақтардың жауабын тауып сабақ алсын...төртінші, мәртебелі нұрлы өсиет: Бір кездері елден жырақ жүру, жалғыздық, ауру-сырқат меңдеп алған кез, әрі оның үстіне дене-ағзамды да сырттай мүжіген бір жағдай ғапылдық сәтіме тура келгенде, әлгі әбден үйреніскен болмысым мүлде құрып, жоғалады-ау, тіпті болмыс атаулы жаппай жоқ болады-ау деп қатты қайғырдым. Тағы да, осы Аят-ы Һасбиеге жүгіндім. Ол: «Менің мағынама иман дүрбісі арқылы үңіліп қара!» деп бұйырды. Мен де, дәл солай иман көзімен қараған сәтте, менің зәрредей болмысым басқа мүминдердің болмысы іспетті шексіз бір болмыстың

255ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ЛЕМАайнасы әрі шексіз ашылып кеңею арқылы сансыз болмысты иеленуге себеп болады, әрі өзінен әлдеқайда маңызды, мәңгі, алуан түрлі болмыстардың жемісін беретін хикмет толы сөз екендігін анық түрде түсіндім. Өйткені, имани сана-сезімі арқылы бұл болмысым Уажиб-үл Ужуд Аллаһтың әсем өнері әрі есімінің бір шағылысы екенін білдім. Сол сәтте әлгі қайғы қасіретке толы айырылысулардың қасіретінен құтылып, барлық жаратылысқа соның ішінде жанды нәрселерге қатысы бар Иләһи әсем есімдердің санындай бауырластықтағы әдемі байланыста екеніме көзім жеткенде, барлық сүйіктілерімнен уақытша айырылысуым мәңгі бақи қауышу боларын ұқтым. Міне, сөйтіп иман арқылы (әрбір мүминдей) бұл болмысым да шексіз болмыстарға қауышу нұрын табады. Өзі кетсе де артында қалғандар арқылы өзі қалғандай көңілі толады.Олай болса, өлім айырылысу емес, қайта қауышу, жаңа бір жерге орын ауыстыру сондай-ақ, оның жемістері де мәңгілік.Бесінші, мәртебелі нұрлы өсиет: Бір кездері өмір қиындап кетті де назарымды өзіне аударды. Қарасам өмірім зымырап өтіп барады. Ақыретке қарай тым жақындап, азаптар астында өмірім де өшіп аяқталуға жақын. Алайда, Аллаһтың Хай есімінің талабына сай өмір сүрудің мақсаттары мен маңызды пайдалары бұлай тез өшуге емес, қайта ұзақ жасауға тиіс еді ғой деп тынышсызданып, уайымдай бастадым. Сол кезде тағы да, маған ұстаз болған аятына қайта жүгіндім. Ол: «Саған өмір сыйлаған Хаий-ы Қайюм Аллаһтың көркем есімдерімен байланыстырып қара!» деген кеңес берді. Дәл айтқандай байқап көрдім. Сөйтсем, өмір сүрудің бір жағы маған қараса, Зат-ы Хай-ы Қаюмға қарайтын жүз жағы бар екен. Маған қатысты нәтижесі бір ғана болса, Халиқ-ы Аллаһқа қатыстылығы мыңға тең екен. Олай болса, Аллаһ риза болатындай бір сәт өмір сүру жетіп жатады екен, ондай өмірдің ұзақ болуы тіпті шарт емес екен. Бұл ақиқат төрт мәселе бойынша баяндалады. Өліп қалмағандар немесе тірі болғысы келетіндер өмір сүрудің маңызы мен мақсатын, оның ақиқаттағы құқықтарын осы төрт мәселенің ішінен іздеп тапсын да тірілсін!.. Қорытындылап айтсақ, өмірге Зат-ы Хаий-ы Қайюмның атымен қарағанда және иман да өмірге жан беріп, оның рухы болса, өмір мәңгіге айналып әрі бақи жемістер береді. Сөйтіп, мәртебесі биіктікке көтерілетіні сонша шексіздікке ие болады, сол кезде өмірдің ұзақ не қысқа болуының айырмашылығы қалмайды.Алтыншы мәртебелі нұрлы өсиет: Дүние қирап, әркім бір-бірімен қош айтысатынын еске салатын, менің де бір күні қош айтысатынымды ескертіп отыратын қарттық шағым болатын. Және соңғы кездері сезімталдығым

256ЛЕМАЛАРкүшейіп кетіп, бойымдағы сұлулық, құмарлық, әсемпаздық, кемелдікке құштарлық деген сезімдер артып тұрған кез болатын. Қарасам, әрдайымғы бұзып, қиратушы нәрсе, аяқталу және ажыратушы өлім мен ажал аяусыз түрде мына әсем дүнияны, мынау керемет жаратылысты быт-шытын шығарып, көркін бұзып жатқанынын көрдім. Қатты қапаланып өкініштен өзегім өртене жаздады. Бойымдағы сұлулыққа ғашықтық сезім әлгі жағдайға қарсылық танытып, қабылдағысы келмей бұлқан-талқан болды. Дәл сол кезде өзімді жұбату үшін тағы да сол Хасби аятқа жүгіндім. Былай деді: «Мені оқы, әрі мағынама мұқият үңіл!»Мен де Нұр сүресіндегі аятының назарында иманның дүрбісімен осы аяттың тым алыс қабаттарына және де имани санамен ең ұсақ сырларына үңілдім. Сонда көргенім, айналар, әйнектер, жылтырақ нәрселер тіпті, көпіршіктердің өзі Күннің сәулесін неше түрлі етіп көрсетсе, жеті реңк деп аталатын оның шұғыласын неше құбылтып өзіндік қабілеттерімен ғажайып сұлулығын көрсетеді. Дәл солай, Әзел уә Әбед Күні Жәмал-ы Зүлжәлалдың шексіз әсемдігі мен теңдессіз сұлу Әсма-и Хүснасының көркемдіктеріне айна болып, шұғыласының жарқырауы үшін осынау әдемі жанды мақұлықтар мен көркем жаратылыстар тынымсыз келіп-кетуде. Олар өздерінде көрініс берген әсемдіктер мен әдеміліктерді өздерінің меншіктері емес, қайта соны жария етіп көрсетуді қалаған ғаламат бір сұлулық Иесінің үнемі өзін танытуды алға қойған теңдессіз көркемдік Иесінің ишаралары мен белгілерінің шұғыласы екендігі көптеген дәлел, айғақтармен Рисалей-Нұрда жазылған. Ал, мұнда соншалық көп айғақтардың үшеуі қысқаша өте анық баяндалған. Осынау рисалелерді түсінген әрбір сезімтал адам, өздері таң-тамаша қалумен қатар басқалар да пайдалансын деп әдемі әсерін бөліскісі келеді. Екінші айғақта бес түрлі мәселе айтылады. Ақыл есі түзу кім болса да, «бәрекелді, машаллаһ!» деп, сонша міскін, құнсыз көрінген болмыстарын жоғарғы дәрежеге көтеріп, оның ғажайып Иләһи мұғжиза екенін түсінетін болады... ОН БЕСіНші ҮМіт: Мен, Әмірдағында тұрған кезімде ізімді аңдудан, жалғыздықтан қатты қиналғаным сондай түрмедегіден бетер күйзеліп, өмірден безіп кеткім келді. Жан-жүрегіммен Денизлі түрмесін аңсап, тіпті қабірді артық санаған кездерім болды. «Мынандай өмірден түрме я қабір артық қой» деген ойға келіп тығырыққа тірелген кезде Иләһи жәрдем келіп жетті. Қаламдары жазу мәшинесі секілді Зехра медресесінің шәкірттерінің қолына жаңа шыққан көшіріп басқыш мәшинесі түсіпті. Әп-сәтте, Рисалей-Нұрдың өте маңызды кітаптарының әрқайсысы бес жүз дана боп жарыққа шықты. Осындай жаңа жетістік менің қиын қыспақ өмірімді берекелендіргендей, көңілім жадырап, іштей: «Құдайға сансыз шүкір!» дедім. Содан көп ұзамай Рисалей-Нұрдың жасырын дұшпандары

257ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ЛЕМАәлгі игі ісімізге кедергі келтіру үшін өкіметті қарсы қоюға тырысты. Бұл жағдай жаныма қатты батты. Тағы да Раббани көмектің сәулесі көрінді. Нұр рисалелері нұрға мұқтаж мемлекеттік қызметкерлердің назарын өзіне аударып, енді олар әзірге рұқсат етілмеген рисалелерді мұқият оқи бастады. Сөйтіп, Рисалей-Нұр олардың жүрегін өзіне баурап алды да оны сынап-тиісудің орнына құптап мақұл көрді. Осылайша рисаленің оқылу аумағы тіпті кеңейе түсті. Заттық зияннан жүз есе рухани табыс-пайдаға кенелдік. Көрген қыспақтардың бәрі өзінен-өзі шешіле бастады. Бұдан кейін тағы да, екіжүзді, жасырын дұшпандар өкіметтің назарын енді, Нұр рисалесіне емес, менің жеке басыма аударуға кірісті. Бұрыңғы саяси өмірімді қайта қозғады. Өкіметтік тексеру, қауіпсіздік ұйымдарын маған қарсы қойды. Партиялардың, коммунистердің, анархистердің ұйымдасуымен мәселе ұлғая бастады. Бізді аңдып, қолдарына түскен рисалелерді жоюға кірісті. Нұр шәкірттерінің қызметін тоқтатуға барынша тырысып бақты. Және менің жеке басымды жұрт алдында төмендету үшін ресми қызметкерлер ойға келмейтін түрлі сұмпайы істер жоспарлай бастады. Алайда, оған ешкімді сендіре алмады. Содан, өшіккені сондай адамшылыққа келмейтін жағдайда өте суық бөлмеге мені екі күн бойы қамап, сұраққа алды. Ал, мен өз бөлмемде күніне қанша рет от жағып, пештің жанында отыратындықтан бұл жағдайдың маған қаншалықты азап екені белгілі. Осындай жағдайда отырғанымда Иләһи бір жәрдемнің белгісі ретінде көңіліме ақиқат нұры келді. Былайша: «Өзің Юсүф медресесі деп атаған Денизлі түрмесінде шеккен қиыншылықтардан мың есе артық рухани жетістіктер, және ондағы тұтқындардың Нұрлардан көрген пайдасы мен рисалелердің кең ауқымда таралуы саған реніштің орнына қуаныш сыйлап, түрмедегі бір сағатың он сағаттық құлшылық есебіне саналды, сөйтіп ондағы пәни уақыттар мәңгілікке айналды. Иншаллаһ, олай болса бұл үшінші Юсүф медресесіндегі көріп жатқан қиыншылықтарың да Нұр рисалелердің таралуы арқылы сенің мына тоңуың мен аштығыңды қуанышқа айналдырады. Ал саған зұлымдық жасап отырған адамдар білместіктен алданып мұндай іске барған болса, оларға ашуланудың керегі жоқ. Егер біліп, әдейі осындай зұлымдыққа дінсіздік үшін барған болса, олар көп кешікпей өлімнің азабын тартып, мәңгілік қабір қамауына алынып, бітпейтін азап шегетін болады. Ал, сен болсаң олардың осындай зұлымдығының арқасында сауап алып, пәни уақытыңды бақи уақытқа айналдырып, рухани ләззатқа кенеліп, хақ діндегі міндетіңді ықыласпен атқарған болып саналасың...» деп, рухыма аян болды. Мен де, мұндай сүйінші хабарға «Әлхамдулиллаһ!» дедім. Әлгі залымдарға адамшылығыммен жаным ашыды. «уа, Раббым! Олардың жүрегін тазарта гөр!» деп, дұға жасадым. Осы соңғы оқиға да солай болды. Ішкі істер қауіпсіздік комитетіне түсініктеме жазған кезімде мен оларға айттым: «Бұл он жақты заңсыздық, заң атын жамылып жасалған қылмыс. Нағыз қылмыскерлер заңды бұзушылар!»

258ЛЕМАЛАРСол залымдар мені айыптау үшін сылтау іздегендері сонша, жапқан жаласын кім естісе де күлкісі келеді. Ынсапты жандарды жылататын айыптаулар еді. Демек, Рисалей-Нұрға, оның шәкірттеріне тиісуге заң тұрғысынан мүмкін болмағандықтан, ақымақ сияқты әрекет етуде. Мысалы, бір ай бойы бізді аңдыған құпия қызметкерлер ақыры түк те таба алмағандықтан бір қағазға былай деп жазыпты: «Саидтің бір қызметшісі дүкеннен бір шиша арақ алып оған апарып берді». Ол жазғанына қол қойдыру үшін біреулерді іздеп ақыры таба алмаған соң, сырттан келген маскүнем біреуге: «Мынаған қол қой!» десе, ол: «Астағфируллаһ, мұндай сұмдық өтірікке кім сенеді?!» деп, бас тартқан соң әлгі қағазды жыртып тастауға мәжбүр болыпты.Екінші бір мысал: Аты-жөнін білмеймін бейтаныс бір адам маған өзінің мініс атын беріп, біраз тынығу үшін жаз күндері бір-екі сағат сонымен серуендеп қайтатынмын. Оның ақысы үшін ат иесіне елу лиралық кітап беруге уәде еткен болатынмын. Өйткені, біреуге қарыздар болып қалмау, әрі өз әдетімді сақтау үшін солай дегем-ді. Ал мұнда тұрған не бар? Ойпырай, осы үшін «Бұл ат кімдікі?» деп, бізден полициясы бар, әкімі бар бәрі жабылып елу рет сұраққа тартты. Осы мағынасыз сұрақтардан құтылу үшін, екі адам азаматтық жасап «ат менікі» деп, екіншісі «арба менікі» дегені үшін осы екеуін де менімен бірге қамап тастады. Міне, бұл баланың ойыны іспетті жағдайға бір күлдік, бір жыладық. Соңында мынаны түсіндік: Рисалей-Нұрға және шәкірттеріне тиіскендер қандай бір жағдайда масқара күлкіге ұшырап жатады...Ол мысалдардан бір оқиғаны баяндап берейін: Менің айыптау іс қағазыма қауіпсіздікті бұзушы деп, жазғандығынан менің хабарым жоқ бола тұра, мен прокурорға: «Сені кеше кешке ғайбаттадым» дедім. Өйткені, сол Қауіпсіздік Комитетінің төрағасының орнына менімен сөйлескен бір қызметкерге: «Егер бұл мемлекетке мың қауіпсіздік басшысы қызметіндей қызмет етпеген болсам, Аллаһ мені үш қайтара бәлеге ұшыратсын!» дедім.Сол күндері суықтан сақтануға, жан тыныштығына өте мұқтаж болсам да мені жалғыз қамап, тергеуге алып төзімімнің шегінен шығаруға таяғанда, осыны жасап отырғандарға ашу-ызам келді. Міне, дәл осы сәтте тағы да Иләһи жәрдем келіп, жүрегіме аян берді: «Адамдардың саған жасап жатқан бұл зұлымдықтарында Иләһи тағдырдың бір әділдігі бар. Бұл қамаудың ішінде саған арналған ризық бар. Сені бұл қамауға әкелген сол ризығың ғой. Олай болса, осы үшін шүкір етіп тағдырыңа риза болуың керек. Аллаһтың хикметі мен рахметінің де үлесі бар. Яғни, жазасын өтеп жатқандарды нұрландыру, оларды жұбату, осылайша сауап жинау. Бұған әрине, сабыр сақтап, шүкір ету керек. Нәпсіңнің де сен білмеген кемшіліктері бар. Олай болса, осындай жазаға лайық болған шығармын деп, мойындап тәуба еткен дұрыс. Жасырын дұшпандардың алдау, азғыруына түсіп, саған зұлымдық жасауға мәжбүр болған аңқау, күдікшіл қызметкерлердің де бір үлесі

259ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ЛЕМАбар. Ал, сол екіжүзділердің осы ісі үшін Нұрдың оларға жегізген рухани шапалақтары сенің өшіңді еселеп алып берді. Ал, ең соңғы үлес ресми қызметкерлерге тиесілі еді. Алайда, олар Рисалей-Нұрды сынау мақсатында оқып, ақыры оның нұрынан тәубаға келіп, иманға бет бұрғаны үшін шарты бойынша оларды кешіру, шын мәнінде бір биік мәртебеге жетумен тең ізгі қасиет деп білген жөн». Осындай ақиқатқа көзім жеткен сәтте, осы жағдайыма шүкір еткенім сондай, осы Юсүф медресесінде маған қастық істеп жатқандарға жақтасып, оларға имани тұрғыдан жәрдем беру үшін әлі де осы медреседе тұра беру мақсатында өзімді зиянсыз бір қылмыс жасағандай көрсеткенім жөн шығар деген ой келді. Әрі мен секілді жетпіс бес жастағы адамның жетпіс құрдасының көп болса бесеуі ғана тірі, Нұр қызметін оның орнына атқаратын жетпіс мың Нұр нұсқалары еркіндікте, иман қызметінде бір ғана тіл емес, мың тіл болып сөйлейтін бауырлары бар мен секілді бір адам үшін қабір бұл қамаудан жүз есе артық емес пе? Сондай-ақ бұл қамау сырттағы ешбір еркіндігі жоқ бостандықтан жүз есе рахат деуге болады. Өйткені, сырттағы еркіндікте жалғыз өзім жүздеген өктемшілдердің езгісінде жүргенше, мұнда жүздеген қамаудағы достармен бірге бір-екі қызметкердің бақылауында жүріп, көптеген дос тауып олардың жақсылығын көрген артық. Мұндағы Исламиет жанашырлығы мен адамшылықтың ізгілігі қарияға деген қомқорлық сезімін оятқандықтан тіпті, қамалғаныма риза болдым. Бұл жолы үшінші рет сотқа шақырылып келгенде, әлсіздік пен қарттықтың әсері болса керек түрегеп тұруға шамам келмей сондағы бір орындыққа отыра кеттім. Осы кезде сот төрағасы келіп: «түрегеп тұрмай неге отырсың?» деп, зекіді. Мендей қарт кісіге жасалған мұндай құрметсіздікке ашуым келді. Осы кезде жан-жағыма қарасам, көптеген мұсылмандар өте бір жанашырлық, бауырластық ниетпен маған қарап, бізді айнала қоршап топтанған екен, қуса да кетпей жатыр. Сол сәтте бірден екі ақиқат көңіліме келе қалды.Біріншісі: Менің және Рисалей-Нұрдың жасырын дұшпандары маған жала жабу арқылы қызметімізге бөгет жасау мақсатында, қауіпсіздік қызметінің аңғал қызметкерлерінің басын айналдырып бізге қарсы түрлі қастандық жасаумен болды. Бұған қарсы Иләһи жәрдем ретінде әлгі опасыз бірнеше адамның орнына бізге жақтас жүз адамды Нұрдың иман қызметіне қолдаушы етіп қойды. Тіпті, екінші күні соттың тергеу сауалдарына жауап беріп жатқан кезде сот залының терезесінен мың қаралы адам топталып, «оларға тиіспеңдер!» дегенді тұрыстары арқылы айтып тұр еді. Тәртіп сақшылары оларды тарата алған жоқ. Осыны көрген кезде көкейіме мына бір ой келді: Мына тұрған көпшілік осынау қатерге толы ғасырда көңілдеріне жұбаныш беретін, жүректеріне сөнбейтін бір нұр сыйлайтын қуатты иман мен мәңгілік бақыттың бір сүйіншісін тілеуде, соны жан-жүректерімен іздеуде.

260ЛЕМАЛАРІздегендері Рисалей-Нұрдан табылады деп естігендіктен иманға біршама қызмет еткенім үшін лайық болмасам да менің жеке басыма құрмет пен сый көрсетуде...Екінші ақиқат: Қауіпсіздікке қатер төндірушілер деген жала жауып, бізге опасыздық пен қастық жасаушы бірнеше залымның іс әрекетіне қарсы, көптеген ақиқатшыл адамдар мен жас ұрпақтың қолдау көрсеткені көңілге медет беретін жәйт. Иә, шын мәнінде коммунистік пердесін жамылған анархисттердің халқымыздың тыныштығын бұзу үшін жанталаса жасап жатқан қастандығына қарсы еліміздің әр тарапында Рисалей-Нұр шәкірттері шынайы иман қуатымен олардың іс-әрекетін тоқтату үшін қызмет жасауда. Өйткені, Нұр шәкірттерінің осындай жиырма жылғы қызметінде біздерге қарсы жүргізілген үш төрт сот пен он уәлаяттың қорғаныс қызметіндегілерінің тексеру барысында бірде-бір қылмыстық іс таппады. Тіпті, бір уәлаяттың өте ынсапты қауіпсіздік қызметкері былай деп қорытынды жасағаны бар: «Расында, Нұр шәкірттерін рухани қорғаныс қызметін атқарушылар деуге болады. Олар ішкі тыныштықты сақтап бізге жәрдем етуде. Нұр рисалелері адамның иманын кәміл етіп, түсінгендердің жүрегіне бір күзетші қояды. Елдің қауіпсіздігіне қызмет етуде». Расында, мұның нақты мысалы Денизлі түрмесі деуге болады. Онда нұр кітаптары мен қамаудағы тұтқындар үшін жазылған «Миуа» рисалесін оқып, үш-төрт айдың ішінде екі жүзден астам адам иманға келгені сонша, кәдімгі ізгі діндар жандай өзгерді. Төрт кісі өлтірген бір қанішер адам, қандаланы өлтіруге батылы бармайтындай жұмсап, мейірбан халге келгеніне сондағылардың бәрі куә болған еді. Олардың бәрі де осылайша отанына пайдалы адамдардың қатарына қосылды. Тіпті, бұл жағдайға ресми орындар, түрме қызметкерлерінің өзі таңқала разы болды. Тіпті, кейбір жастар: «Егер Нұршылар осы қамауда қалатын болса біз де қамалып, олардың сабақтары арқылы өзімізді түзеуге тырысайық» деген болатын. Міне, осындай адал қызметте жүрген Нұр шәкірттеріне қарсы біле тұра немесе білмей қауіпсіздікке қауіп төндіруші деген жаламен қарсы әрекет етуші өкіметтік қызметкерлер арасында бізді жою үшін анархист, бас бұзар, бүлікшілдердің жүргені анық еді. Біз оларға былай демекпіз: Өлімді өлтіріп жоқ ету мүмкін емес екені шындық, қабірдің аузын жауып тастатуға да ешкімнің шамасы жетпейді. Олай болса, пәни дүниенің қонақүйіне топ-тобымен келгендер, тағы да дәл солай топ-тобымен жер астына жол тартуда. Біз де кешікпей бір-бірімізбен қоштасып солай қарай жол тартамыз. Ал, сендер бұл дүниеде өздерің жасап жүрген зұлымдықтың жазасын тартатын боласыңдар. Ал, имандылар үшін ең берісі демалысқа шығу болып есептелетін өлім, сендер үшін мәңгілікке жоқ ететін дар ағашы. Сендердің бұл дүниеде татқан рахаттарың ақыреттің ащы азабына айналады...Өкінішке орай, біздің ішіміздегі жасырын екіжүзді дұшпандарымыз, өкіметтің алаңғасар қызметкерлерін алдап, осынау діндар халқымыздың

261ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ЛЕМАмиллиондаған шәһид қаһармандарының қаны мен қылышымен қорғалып келген Ислам ақиқаттарына «тариқат» деген ат беріп, алып Күннің тек бір шұғыласын сол Күннің дәл өзі секілді көрсетіп, Құран мен иман қызметіне жан-жүрегімен қызмет етуші Нұр шәкірттерін «тариқатшылар» яки «саяси жамағат» деген атпен қуғынға ұшыратуда. Біз ондайларға және соларға ергендерге Денизлі сотында айтқанымызды қайталап айтар едік:«жүз миллион бас пида болған қасиетті ақиқаттың жолына біздің басымыз да пида болсын. Дүниені түгел басымызға төндіріп, отқа салсаңдар да Құранның ақиқаты үшін пида болған бастар, діннен безген кәпірлердің алдына ешқашан иілмейді, қасиетті қызметтен ешуақыт бас тартпайды, иншаллаһ!»Міне, қарттығымның мұңға батырар қиын кезеңдерінде Құрани ақиқат жәрдемге келіп көңілімді нұрға бөлегені үшін қарттықтың ең қиын бір жылын жастық шақтың жалындаған он жылына айырбастамас едім. Әсіресе, қамауда отырып парыз намазын өтеген әрі тәубаға келген әрбір сағат он сағаттық құлшылыққа татиды. Ауру-сырқау мен қиындыққа тап болған кездегі әрбір күн, сауап жағынан он күн құлшылықпен тең келеді, деген сүйінші хабар – мен секілді қабір ауызында ажалын күткен адам үшін қаншалықты қуанышты екенін түсіндім. «Раббыма сансыз шүкір!» деп, қарттығыма сүйсіндім де, қамауда болғаныма разы болдым. Өйткені, өмір тоқтап тұрған жоқ, зулап ағып барады. Егер тек ләззат пен рахатқа батқан жағдайда кетіп жатса, онда ләззаттар азапқа айналып, күнә арқалап, ғапылдық пен адасумен пәни өмір өте шығар еді. Ал, егер қамауда, қиыншылықпен өтіп жатса, қиыншылықтар рухани ләззатқа айналып, тіпті құлшылықтың бір түрі болып есептелетіндіктен бір жағынан мәңгіліктің бастамасы болып, бақи өмірдің жемістеріне айналады. Өткен күнәлар мен қамауға алынуға себеп болған қателерден тазарып, күнәларды жууға себі тиеді. Бұл жағынан алып қарағанда тұтқындағылар парыздарын өтеп жүрген болса, сабыр сақтап шүкір етулері тиіс.ОН АЛтыНшы ҮМіт: Бір кездері қартайған шағымда Ескішеһир түрмесінде бір жыл отырып шықтым. Мені Кастамону жаққа жер аударды. Онда полиция бөлімшесінде екі-үш ай ұстады. Мен секілді адал достарынан алыстағанда жанын қоярға жер таппай сағыныштан сарғаятын адамдар мұндай жағдайдың қаншалықты ауыр екенін түсінетін болар. Міне, осындай жаным жүдеу халде отырғанда Иләһи жәрдем келді. Ондағы күзетшілер мен полиция қызметкерлері кәдімгі адал достарым секілді болып кетті. Ешқашан басыма қалпақ киюге мәжбүрлемеді. Менің қызметшілерім секілді мені қала маңына серуенге шығаруды әдетке айналдырған еді. Кейін сол бөлімшенің қарсы беткейіндегі Кастамонуның Нұр медресесіне баруға рұқсат алып, Нұр шәкірттерімен рисалелерді жазуға кірістім. Фейзи, Әмин, Хилми, Садык, Назиф, Салахаддин сынды нұр шәкірттері рисалелердің жазылып, басылып шығуы үшін жанкештілікпен жұмыс істеді. Олар өзімнің жастау кезімдегі

262ЛЕМАЛАРбұрынғы шәкірттерімнің ілімге деген алғырлығын көрсете білді. Содан, тағы да жасырын дұшпандар бір топ беделді имамдар мен пір-шейхтерді бізге қарсы айдап салды. Бұл оқиға біздің Денизлі түрмесінде бес-алты уәлаяттан жиналған Нұр шәкірттерінің сол Юсүф медресесіне жиналуымызға себеп болды. Осы Он алтыншы үміттің толық нұсқасы, Кастамону қаласында жазылған Лахикаға енгізілген және Денизилі түрмесіндегі бауырларыма жасырын жіберген шағын хаттар мен соттағы ақтау рисалесі. Олардың барлығы Кастамону Лахикасы деген кітапқа енгізілгендіктен бұл жерде қысқаша айтуды жөн санадық. Мен әркім оқып түсіне бермейтін және өте маңызды жазбаларды, әсіресе Сүфиян, Дажжалға қатысты және Нұрдың кереметтері жайлы жазылған рисалелерді көмір мен отынның астына жасырып қойған едім. Бәлкім мен қайтыс болған соң, жоғарыда отырғандар біраз естерін жиған соң жарыққа шыға жатар деп қойған едік. Тінтуші қызметкерлер жетіп келіп әлгі маңызды деген рисалелердің бәрін отынның астынан алып шықты. Мені де тергеу үшін денсаулығым нашар бола тұра Спарта түрмесіне алып келді. Мен бұл жағдайға қатты қайғырып, Нұршыларға келген зияннан қатты қиналып тұрған сәтте, тағы да Иләһи жәрдем келіп жетті. Әлгі жасырылған рисалелерді үкімет басындағылар мұқият оқуға мәжбүр болғандықтан құзырлы органдардың өзі бір мағынада дәрісханаға айналды. Сөйтіп, сынаудың орнына оны жоғары бағалап, ұната бастады. Тіпті, жасырын түрде басылған Аят-үл Күбра рисалесін ресми адамдар да, жай адамдар да оқып имандарын күшейтіп жатты. Осының бәрі, біздің қамауға түсуіміз ештеңе еместей жуып-шайып жіберді. Содан кейін бізді Денизлі түрмесіне қамады. Мені сыз жайлаған өте суық бір камераға апарды. Ауру мен кәрілік екі жақтап қинағаны, әсіресе, менің достарымның да қиындыққа түскені жаныма қатты батып, оның үстіне Рисалей-Нұрдың тоқтап қалғаны қайғы үстіне қайғы жамап, амал құрыған сәтте тағы да Раббани көмек келіп жетті. Керемет түрде, осынау алып абақтыны Нұр дәрісханасына айналдырып, Юсүф медресесі секілді қаһарман шәкірттердің алмастай қаламымен рисалелер жазыла бастады. Тіпті, осындай ауыр жағдайдың өзінде Нұрдың бір қаһарманы үш-төрт айдың ішінде «Миуа», «Мүдафат» рисалелерінің жиырмадан астамын жазып үлгерген еді. Түрмеде де сыртта да осындай жетістіктерге жеткен едік. Әлгі шеккен зиянымызды пайдаға, көрген қорлығымызды қуанышқа айналдырып жіберді. сырын тағы да көзімізге көрсетіп берді. Соңында, тағы да Сараптау комиссиясы мен үстірт қарайтын қызметкерлердің қатты шабуылына ұшырап оның үстіне Білім министрлігі бізге қарсы үлкен мақала жариялап, тіпті одан да қатаң хабарлар қаптап кеткен кезде Раббани жәрдем тағы келіп жетті. Анкара Білім министрлігінен қатаң ескерту күтіп жүргенде олар рисалелерді мінеп емес, қайта қоштайтындығы

263ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ЛЕМАтуралы хабарлаған рапорт жазып, бес сандық кітапшадан бес қана қателік тапқанын айтыпты. Алайда, сотта олардың қате дегендері ақиқат екендігін дәлелдедік те өздерінің сол бес бет рапортында бес-он қате кеткендігін көрсетіп бердік. Және де жеті лауазымды орынға жіберген «Миуа» және «Мүдафат» рисалелері мен Әділет министрлігіне жіберілген Нұрдың бүкіл рисалелерінен қатаң ескертулер күткен едік, алайда Бас уәкілдің бізге жіберген өте жұмсақ, қолдаған хаты мынаны дәлелдеп берді:Рисалей-Нұрдың ақиқаты Иләһи жәрдемнің арқасында оларды жеңіп, өзін оларға тәрбиелеуші ретінде оқытып, әлгі қызмет орындарын ауқымы кең дәрісханаға айналдырып жіберген екен. Күмәншіл де күдікшіл жандардың бетін бері қаратып, олардың иманын құтқарып, біз көріп жатқан қиыншылықтардан жүз есе артық рухани жеңіске жеткізіп, бізді үлкен қуанышқа кенелткен еді. Амалы құрыған жасырын дұшпандар маған у беріп қастық жасады, менің орныма Рисалей-Нұрдың ержүрек батыры Хафиз Али ауруханаға түсіп, одан әрі берзах әлеміне сапар шегіп бәрімізді қимастық қайғысына батырып кетті. Мен осындай қасірет келерден бұрын Кастамонуның тауында бар дауысыммен: «Уа, бауырларым! Атқа ет, арыстанға шөп бермеңдер!» деп қайта-қайта айқайлаған едім. Яғни, әрбір рисалені кез келген адамға бере бермеңдер, өзімізге тас атуы мүмкін. Жеті күндік жерден Хафиз Али (Рахметуллаһ Алейһ), өзінің рухани телефонымен естіп тұрғандай дәл сол уақытта маған былай деп хат жазыпты: «Иә, ұстазым! Рисалей-Нұрдың бір кәраматы ғой, атқа ет, арыстанға шөп бермейді. Қайта атқа шөп, арыстанға ет береді. Анау арыстандай имамға Ықылас рисалесін берді». Жеті күннен кейін хатын алып есептеп көріп едік, дәл сол мен тауда бар дауысыммен айғай салған кезде ол осы сөздерін жазған екен. Міне, Рисалей-Нұрдың мағынауи қаһарманы қайтыс болып, жасырын дұшпандардың бізді жан-жақты жазаға тарту үшін жанталасып жатқаны да және менің уланып емханаға жатуға мәжбүр қылатындай әрекеттерінен амалымыз таусылып тұрған сәтте, ойламаған жерден тағы да Иләһи жәрдем келіп жетті. Мүбәрак бауырларымыздың шынайы дұғаларының арқасында менің уланған денем тәуір бола бастады. Және шәйіт болған марқұм бауырымыз да қабірінде Рисалей-Нұрмен шұғылданып, сұрақ періштелеріне сол Рисалей-Нұрмен жауап беріпті. Оның орнына және оның құрған жүйесі бойынша Иманға Рисалей-Нұр арқылы Денизлі қаһарманы Хасан Фейзі мен оның достары қызу қызмет етіп, бізге дұшпандарымыз әзірлеп қойған зындандарды бірден Нұр дәрістерімен нұрландырып жібергені сонша біздің қамаудан шығуымызға тікелей себеп болды. Бұл, Асхаб-ы Кеһф әулиелерінің үңгірі секілді Нұр шәкірттерінің азап орындарын баяғы заманның үңгіріне айналдырып жіберді және рисалелердің жазылып, таралуына мүмкіндік берді. Бұл әрине Раббани жәрдемнің келіп жеткендігінің дәлелі.

264ЛЕМАЛАРЖәне де, көңіліме мына мәселе де келді, Имам Ағзам сынды мүжтеһид ғалымның қамауға алынуы, Ахмед Ибн Ханбел сынды мүжтеһид ғалым да Құранның бір ғана мәселесі үшін зынданда көп азап шеккен екен. Олар бұл жағдайға ешқандай шағымданбай, сабыр сақтап, дегенінен қайтпаған-ды. Талай имамдар, ғалымдар бізден әлдеқайда ауыр азап тартса да шүкір етіп, сабыр сақтаған. Әлбетте біздер Құранның қаншама көп ақиқаттарын анықтау жолында соншама сауап ала тұра, біршама азап шеккенімізге Құдайға көп шүкір етуге тиіспіз. Дегенмен, осы адам қолымен жасалып жатқан зұлымдықтың ішінен Раббани жәрдем көрінгені жайлы қысқаша айтып берейін: жиырма жасымда: «Бұрыңғы заманда дүниені тәрк еткен адамдар үңгірлерге кіріп оқшауланатыны секілді мен де өмірімнің ақырында бір таудың үңгіріне барып қоғамнан алыс тұрайын» деп, жиі-жиі ойлаушы едім. Бірінші дүние жүзілік соғыста қиыр солтүстікте тұтқында жүрген кезімде өзіме: «Осыдан аман-есен елге оралсам, қалған өмірімді үңгірде өткізермін. Мынау у-шу саяси өмірден мүлдем қол үземін, жетер енді...» дейтінмін. Алайда, Раббани жәрдем келіп, әділ тағдыр өмірімді өзгертіп, мақсатымды басқаша етіп өзгертті. Әлгі тілегімді одан әлдеқайда артық бір бейнеде қариялығыма қайырлы етіп иен үңгірлердің орнына қамау орындарын, жалғыз қалуым үшін жеке камераларды сыйлады. Ынсап иелері барып жататын үңгірлерден жоғары дәрежедегі Юсүф медреселерін беріп, уақытымызды ысырап етпеу үшін көпшілік жиналған орындарды берді. Сөйтіп, ақыреттік пайдасы бар иман мен Құран қызметін бізге сыйға тартты. Тіпті, өз басым достарым қамаудан ақталып шыққан соң бір қылмыстың сылтауымен сонда қала беруді жөн көрдім. Хусрев пен Фейзи секілді жалғыз басты достарым менімен бірге қалсын, сонсоң уақытымызды пайдасыз бос сұхбаттарға зая етпеу үшін және көпшіліктің көзіне түсуден сақтану мақсатында жеке қамауда қалуды артық көрдік. Алайда, Иләһи тағдыр бізді басқа бір жерге жіберуді шешіпті. аятының сыры бойынша, қарттығымды қайырлы етіп, иман қызметіне одан да артық еңбек ету үшін мына Үшінші Юсүф медресесінде болуды міндеттеп жазған екен. Иә, Иләһи жәрдем, қарттығыма мейірімі түсіп жастық шағымдағы әлгі мақсатым болған үңгірдің орнына жасырын да жауыз дұшпандары жоқ қамау орнындарының жеке камераларын нәсіп етуінің үш түрлі хикметі және Рисалей-Нұр қызметіне пайдалы үш түрлі маңыздылығы бар. Бірінші хикметі мен пайдасы: Бұл заманда Нұр шәкірттерінің бас қосып жиналуына ең қауіпсіз әрі қолайлы жер осы Юсүф медресесі. Сыртта, бір-бірімен кезігіп сұхбаттасудың шүбә тудыратын жағы басым және шығыны

да аз емес. Кейде менімен жолығып, сұхбаттасқысы келген бауырларымыз, жолға қырық-елу лирасын шығындап, кейбірі жолығуға да мүмкіндік таппай босқа қайтатын. Ал, мұнда жақын достарыммен бірге болу мен үшін қамаудың қиыншылығынан да артық. Сондықтан, қамау орны біз үшін нығмет, әрі Аллаһтың рахымы десек болады. Екінші хикметі мен пайдасы: Қазіргі кезде иман қызметі Нұрлар арқылы барлық жақта жария түрде, иманға мұқтаж болғандардың назарын өзіне аударумен іске асады. Біздің қамалуымыз жұрттың назарын Рисалей-Нұрға аударады. Тіпті, ең қырсықтар, аса мұқтаждар өздері іздеп тауып, иманын құтқаруда. Осылайша Нұр дәрістерінің алаңы кеңейе түсуде. Үшінші хикметі мен пайдасы: Қамауға кірген Нұр шәкірттері бір-бірінің хал ахуалынан, ықласынан, жанкештілігінен дәріс алып, үйреніп, Нұр қызметі үшін дүнияуи пайданы мүлдем ұмытатын болды. Иә, осы Юсуф медресесінде көп жағдайда қиыншылық пен қыспақтың он, тіпті жүз есесін көрсе де рухани пайда мен имани нәтижелер үшін Құранға адал қызмет етіп әрі оны айналаға жайып, кеңейтуді мақсат еткен жандарды өз көзімен көргендер тек ықыласын арттырып жеке басының пендешілік пайдасын ұмытатын болады. Бұл қамау орнындары қасіретті бола тұра бір жағынан тиімді де жағымды жағы жоқ емес. Мен бала күнімде, өз елімде көрген ескі медреселердің дәл өзін көргендей боламын. Өйткені, Шығыс уәлияттардағы ескі әдет бойынша медресе шәкірттерінің бір тобының азықтары сырттан келуші еді ал, кейбірінің ас-ауқаттары медресенің ішінде дайындалатын. Тағы да басқа жақтары осы қамау орнына қатты ұқсайды. Мен, осынау қызық жағдайға таң-тамаша болып қарап тұрамын да бейне бір жастық шағым бір сәтке оралғандай әсерге бөленіп, тәтті күй кешіп, қартайғаным естен шығып кететін...* * * жиырма Алтыншы Леманың қосымшасыЖиырма Бірінші Мектуб болып, Мектубат жинағынан орын алғандықтан, мұнда жазылмады. * * * жиырма жетінші ЛемаЕскішеһир қаласында болған сотта, айыптауларға қарсы айтылған сөздер. Бұл Ұстаздың өміртарихы кітабына енгізілді.* * *

жиырма Сегізінші Лема(Бұл Леманың кейбір тақырыптары басқа бөлімдерде жазылғандықтан мұнда жазылмады)ЕкіНші тұжыРыМОсы қасиетті Аяттың сыртқы мағынасы көптеген тәпсіршілердің түсініктері бойынша Құранның ғажайып иғжазын, әсем шешендігін көрсете алмайды. Бұл жағдай мені көптен бері толғандыратын еді. Құранның фейз-нұрымен келген терең де тамаша мағыналар «Үш қырынан» тәпсірленіп, қысқаша баяндалады. БіРіНшіСі: Хақ Тағала Ардақты Пайғамбарға тиесілі кейбір жағдайларды Сүйіктісінің мәртебесін көтеріп, абыройын арттыру мақсатында кейде өзіне телиді. Міне, мұнда да: «Пайғамбарым өзінің пайғамбарлық міндеті мен халықты құлшылыққа шақырған қызметі үшін сендерден ақы сұрап, өзін азықтандыруды қаламайды» мағынасында. «Мен сендерді құлшылық үшін жаратқанмын, әйтпесе сендер маған ризық беріп, мені асырау үшін емес» деген мағынадағы аят, Пайғамбарға қатысты ризықты айтып отыр. Әйтпесе белгілі нәрсені түсіндіру Құранның иғжазына, оның шешендігіне жараспайды.ЕкіНшіСі: Адам ризыққа қашан да мұқтаж. Сондықтан, ризық табу үшін еңбек етуді құлшылыққа кедергі деп ойлайды. Осылай ойлап сылтау айтпау үшін, Аятта былай дейді: «Сендер құлшылық үшін жаралғансыңдар! Өйткені жаратылу мақсатыңыздың өзі құлшылық жасауға негізделген. Ризық табу үшін еңбек ету де Аллаһ Тағаланың әмірі бойынша құлшылық түріне жатады. Мен жаратып, ризықтандырып отырған өзіңнің, отбасыңның, хайуандарыңның ризықтарын тауып беру үшін жаратылған жоқсыңдар. Өйткені, ризық беруші менмін, Мен Рәззақпын яғни, сендерге жақын-

267ЖИЫРМА СЕГІЗІНШІ ЛЕМАжуықтарыңның бәрінің ризығын Мен беріп отырмын. Сендер осыны сылтауратып, құлшылықтарыңды тәрк етпеңдер» дейді. Егер аятта бұл мағына болмаса Хақ Тағалаға ризық беру, Оны асырау мүмкін емес екендігі ап-анық, мәлім нәрсе болғандықтан анық нәрсені тағы да анықтау әрине артық болады. Сөйлеу және тіл өнеріндегі шешендіктің мынадай бір нақты қағидасы бар: Егер сөздің мағынасы мәлім, ап-анық болса айтылғалы тұрған ой ол емес, басқа бір астарлы мағынасы болғаны. Мысалға, сен біреуге: «Сен, Құранды жаттаған адамсың, қарисың!» десең, ондағы сөздің төркіні, мақсат-мұраты: «мен сенің қари екеніңді біліп отырмын, менің мұны білетіндігімді білмеген соң айтып отырмын» деген сөз. Міне, осы қағида бойынша: Аллаһқа ризық беріп, асыраудың керегі жоқ дегеннің мағынасы былай: Маған қатысты және ризық несібесін өзім беріп отырған жаратқандарымның ризығын беру үшін жаратылған жоқсыңдар! Сендердің басты міндеттерің құлшылық ету. Әмірімді орындап ризық табу үшін еңбек ету, ол да құлшылық саналады. ҮшіНші: Ықылас сүресінде: аятының ашық мағынасы мәлім әрі ап-анық болғандықтан әлбетте оның астарлы мағынасы бар. Яғни: «Анасы және баласы барлар Құдай болуы мүмкін емес мағынасында.Осылайша аят Иса (А.С) мен Узейрдің (А.С) және періштелер мен жұлдыздардың, және пұттардың Құдай екендігін жоққа шығару мақсатымен, Аллаһ туралы дейді, яғни «Ол, тумаған, туылмаған!» деу арқылы анық әрі мәлім нәрсе туралы үкім бергендей. Дәл сол сияқты, бұл мысалымызда да азықтануға, тамақтануға мұқтаж нәрселердің барлығы Құдай, табындырушы бола алмайды дейді. Аяттың «Рәззақ-ы Зүлжалал сендерден ризық сұрамайды, Оны асырау үшін жаратылған жоқсыңдар» дегені, ризыққа мұқтаж, тамақ ішетін болмыстар табынуға, құлшылық етуге лайық емес, дегенді білдіреді. САиД НұРСи* * *

268ЛЕМАЛАРРефеттің аятындағы сөзінің мағынасын білгісі келетіндігіне байланысты және абақтыда отырған басқалар секілді ол да таң намазынан кейін дереу жатып, ұйқыға бас қойса, бір ауырлық басып, ынтасы жоғалатындықтан, оның алмастай қымбат қаламы жалқаулыққа салынбауы үшін жазылған мәселе еді. Сонымен күндізгі ұйқы үш түрлі болады.Біріншісі; «Ғайлуле» деп аталады. Ол, таң атып күн шыққаннан кейінгі намаз оқуға болмайтын мәкрух уақыт аяқталғанға дейінгі аралық. Бұл арада ұйықтау ризық-несібенің азаюына, берекесіздікке себеп болатындықтан, сүннетке қайшы әрекет. Себебі, ризық табудың алғы шарттарын орындаудың ең оңтайлы сәті күн салқын мезгіл ғой. Ол уақыт өткен соң бір салғырттық басады. Сол күнгі еңбекке деген ынтаның төмендеуіне, ризықтың азаюына әкеп соқтыратындықтан берекесіздікке себеп болатыны әбден тәжірибеден өткен жағдай Екіншісі; «Фәйлулә» деп аталады. Екінтіден бастап ақшамға дейінгі уақыт. Бұл кезде ұйықтау да өмірдің қысқаруына яғни сол күнгі өмірі ұйқылы-ояу өтетіндіктен берекетсізденіп, рухани тұрғыдан да кеміп кетеді. Сол күнгі өмірдің материалдық-рухани нәтижесі намаздігерден кейін анықталатындықтан, нақ сол кезде ұйықтау, нәтижені көрмеу болып саналатындықтан бейне бір, сол күні өмір сүрмеген секілді болады. Үшіншісі: «Қайлюлә» деп аталады. Бұл ұйқы Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) көркем сүннеті. Сәске мен түс ауған аралықтағы уақыт. Бұл ұйқы түнді ояу өткізуге себеп болғандықтан, сүннет болуымен қатар арабия түбегінде «уақт-ыз зухур» дейтін күннің қайнаған ыстық, тал түс кезінде тынығу жергілікті қауымның әдеті болғандықтан әлгі сүннет амалды одан әрі нақтылай түседі.Бұндай ұйқы өмірдің ұзаруына және ризықтың молаюына ұйытқы болады. Себебі, жарты сағаттық «қайлюлә» ұйқы, екі сағат түнгі ұйқымен пара-пар екен. Демек, күн сайын өміріне бір жарым сағат қосылып отырады. Ризық табуға, еңбек етуге қосымша бір жарым сағат уақытты өлімнің бір туысы болған ұйқыдан құтқарып, жұмыс уақытына қосады. Саид Нұрси* * *

269ЖИЫРМА СЕГІЗІНШІ ЛЕМА«Бұл да Әдемі»Намаздың соңындағы тәсбихатта осы сөз оқылып жатқан кезде оның бір нәзік мағынасы ашылған-ды. Бәрін есіме сақтай алмасам да бір-екі мағынасын ишара түрінде айтайын. Түнгі әлем сол мезетте маған бейне бір үй сияқты көрінді. Құптан намазында әлгі үйге яғни әлемге кірдім. Адамның қиял-ойы жүйрік, ауқымы кең болғандықтан, дәл сол кезде алып әлем маған кішкене үй секілді болып көрінді. Тірі жан біткен кішірейгені сондай көрінбейтін дәрежеге жетті. Сол үйдің сәні, оны құлпыртып, безендіріп, шуағымен нұрландырып тұрған бір Кісінің рухани тұлғасы бар еді, ол да Мұхаммедтің (с.а.у.) дара тұлғасы. Адам, бір үйге кірген кезде сәлем беретіні секілді, менің де ішімде: «уа, Аллаһтың елшісі! Саған Аллаһтың нұры жаусын және сансыз сәлемі болсын!» деген сезімдер буырқанып жатты . *Саған бүкіл адамдар мен жындардың санындай сәлем беремін, яғни, саған қол беріп, адал қызметші екенімді растап, әкелген әмірлеріңе мойынұсынып тәсілім болғандығымды сәлем арқылы білдіріп, өз әлемімнің бір бөлшегі саналы мақұлықтар болған адамдар мен жындарды сөйлетіп әрқайсысының атынан жоғарыдағы мәнді мағыналармен қатар ұсынып отырмын. Ол өзі әкелген нұр-кәдесімен менің мына дүниемді нұрландырғаны секілді әркімнің ішкі дүниесін нұрландырып нығметке толтырып жатыр ғой деп, әлгі әкелген кәдесіне шүкір етіп, жауап ретінде «мыңдаған салауат болсын саған!» дедім. Яғни, сенің бұл жақсылығыңның ақысын біз өтей алмаймыз. Оны, тек, Жаратушымыздың рахым қазынасынан берілуін тілеп, аспан тұрғындарының санындай рахым жаусын деген мағынада шексіз алғысымызды білдіреміз. Осындай әдемі мағынаны сезіндім. Ол кісі (с.а.у.) құлшылығы жағымен, халықтан Хаққа, жаратылыстан Жаратқанға жақындау жағымен Рахым мағынасын білдіретін салауат сұрайды. Ал, рисалеті яғни, Елшілігі жағымен сәлем сұрайды. * Пайғамбарымызға түскен рахым, оның барлық замандағы үмметін толық қамтиды. Сондықтан шексіз салауат айту өте орынды. Апырмай, дүниедей кең және бейқамдық назарда үрейлі, бос, қаңырап тұрған бір үйге кіргенде адам қаншалықты қорқатыны белгілі. Сол кезде кенет үйді нұрландыратын сүйкімді, жағымды, дос Елші келіп, бұл үйдің өте жомарт қожайынын әлгі үйдің бүкіл бұйымдарымен бірге таныстырып түсіндірсе, қонаққа қаншалықты шаттық сыйлайды, десеңші! Онда салауаттың да соншалықты маңызды екенін ойлаңыз.

270ЛЕМАЛАРПайғамбарымыз (с.а.у.) адамдар мен жындардың санындай сәлемге лайық және әрқашан онымен бірге екенімізді әрдайым жаңғыртып қуаттап отырамыз. Сондай-ақ, аспан тұрғындары қанша болса, сонша салауатқа лайық. Өйткені, әкелген нұрымен әр нәрсенің кемелдігі көрінді, әр нәрсенің қадір-қасиеті, әрбір мақұлықтың Раббани міндеті анықталды. Сондықтан, әрбір нәрсе хал тілімен айтып жатқаны секілді, егер сөйлей алатын болса, деп айтар еді. Бұл анық. Сондықтан біз барлығының атынан деп, айтамыз.Саид Нұрси* * *Адал бауырым!Уахдет-үл Ужуд мәселесіне қатысты біршама түсініктеме беруімді өтініпсің. Ол жайлы Отыз Бірінші Мектубтың бір Лемасында Хазіреті Мухиддиннің пікіріне жауап ретінде өте терең әрі жан-жақты түсініктеме берілген болатын. Қазір ол туралы қысқаша былай деймін: Уахдәт-үл Ужуд мәселесін қазіргі заманның адамдарына айту өте зиянды. Қалайша тәшбихтер мен тәмсілдер яғни теңеулер мен мысалдамалар оқымысты жандардың арасында түсінікті де болымды ал, қарапайым халыққа келгенде бұрыс түсініп, болымсыз әсер қалдырады. Және ғалымнан наданға жеткенде қалай айтылса, солай қабылдайды . *Сол секілді, Уахдет-үл Ужуд мәселесі мәнісі зор, терең ақиқат. Оны бейқам жандар арасында, себептерге көп мән беретін кісілер ортасында талқыласа «табиғат» деп түсінеді. Демек үш орасан зор зиян келтіреді. БіРіНшіДЕН; Уахдет-үл Ужуд ұғымын ұстанатындар Хақ Тағала атынан, Құдай үшін, мына әлемді бейне бір жоққа шығаруға дейін барса, ал бұл ұғымды қарапайым халық, бейқам жандар естісе, әсіресе ойы * Мәселен теңеу ретінде «сәуір» және «худ» деп аталатын екі періштені, қарапайым халық кәдімгі өгіз бен балық деп түсінген.

271ЖИЫРМА СЕГІЗІНШІ ЛЕМАматериализммен уланған кісі болса, оған кері әсер етіп, мына әлем мен материя атынан Улухиетті яғни Аллаһты жоққа шығарады. ЕкіНшіДЕН; Уахдет-үл Ужуд ұғымы Аллаһтан өзгенің Рубубиетін, билігін үзілді-кесілді жоққа шығаратыны сондай, Аллаһтан басқаның бәрін жаппай жоққа шығарады. Яғни, жүгенсіз нәпсінің ғана емес, барлық нәрсенің жеке болмысын көрмеу. Мына заманда адамдардың ой-санасын табиғатшылдық ұғымы жаулап алғандықтан және менмендік, тәкаппарлық сезімі жүгенсіз нәпсіні әбден қоздырып жіберудің кесірінен және Жаратқанды, Ақыретті біршама ұмытқандықтан кейбір адамдардың әммара нәпсілері кішкене перғауынға айналған, өздерін Мағбуд (Құдай) деп қабылдайтын адамдарға Уахдет-ул Ужуд ұғымын үйрету әммарә нәпсіні (Құдай сақтасын!) құтыртып жіберетіні сондай жер көкке сыймай кетеді.ҮшіНшіДЕН;Өзгермейтін, құбылмайтын, бөлінбейтін, көлемі мен мекені жоқ, жаратылыстан жоғары, сана мен ұғымның сыртындағы Зат-ы Зүлжәлалдың болмысына, оның киелі де пәк сипаттарына үйлеспейтін суреттемелерге себеп болады және бұрыс ойлауға апарады. Иә, Уахдет-үл Ужуд ұғымы туралы айтатын адам, ой-пікірімен жерден Үркер жұлдызына самғап, жаратылысты ту сыртына тастап, назарын Арш-ы Ағлаға, яғни Ұлы Ғарышқа аударып, өзі Иләһи ғашықтыққа беріліп, ғаламды мадум яғни жоқ санап, иманның жойқын қуатымен барлық нәрсені тікелей Уахид-ы Әхадтан деп біледі. Ал, жаратылыстан аса алмай, себептерден шыға алмай өзі жерде тұрып қараған адам сөзсіз себептерге шырмалып табиғат батпағына батуы әбден мүмкін. Жәлаладдин Руми секілді жерден ғарышқа көтерілген тұлғалар: «Құлағыңды аш! кімнен не естісең де, соның бәрі фонографтар секілді, Аллаһтан деп біл!» десе жарасар еді. Ал, Жәлаладдиндей биік мәртебеге көтеріле алмағандар және жерден ғарышқа дейінгі аралықтағы болмысты айна тәрізді көре алмаған жандарға: «Құлағыңды түр! Барлық нәрседен кәламуллаһ естіп тұрсың яғни Аллаһтың сөзі естіледі!» десек, ол кісі рухани тұрғыда ғарыштан жерге құлап түскендей құлдырап, ойын ақиқатқа мүлдем керағар пікірлер құрсаулап алары сөзсіз. Саид Нұрси* * *

272ЛЕМАЛАРБір сауалдың жауабыМұстафа Сабри мен Мұса Бекуфтың пікірлерін таразылап отыруға уақытым болмай тұр. Менің айтарым: Біреуі асыра сілтеп жіберген, біреуі керісінше. Расында Мұстафа Сабридің ақталып айтқан сөздері Мұса Бекуфке қарағанда дұрысырақ. Алайда, Мұхиддин сынды Ислам ілімінің бетке ұстар мақтанышы, ірі тұлғаны төмендетуі дұрыс емес. Иә, Мухиддиннің өзі Һәди (тура жолды тапқан), бірақ әрбір кітабында мүһди (тура жолға түсіруші) бола алмаған. Ақиқат жолында біразға дейін бір қалыпқа түсе алмай өлшемді жоғалтып әһл-і сүннеттің ереже-заңдарына қарама-қайшы тұстары жоқ емес. Кейбір сөздері сырт қарағанда адасушылық көрінгенімен, өзі адасқандардан емес. Кейде ондай да болады, біреудің айтқан сөзі күпірлік болып көрінеді, бірақ өзі кәпір емес. Мұстафа Сабри осы жақтарын ескермеген. Ол әһл-і сүнниттің ережелерін қатаң ұстанамын деп кейбір тұста қателесіп отыр. Ал, Мұса Бекуф болса, жаңаша ойлауға құмар және заманауи көзқарасты қатты жақтайтындықтан ол да көп қателік жіберген. Исламның кейбір ақиқаттарын қате жорып бұрмалап отыр. Әбу-әл Мағри сықылды үммет қабылдамаған кісіні мухаққиқин яғни ілімі теңіздей терең ғалымдардан жоғары қойғандықтан және өз ойына сәйкес болғандықтан Мұхиддиннің сүнниттердің пікіріне керағар мәселелерін қызу қолдап асыра сілтеп жіберген.Яғни, Мухиддин былай деген: «Бізден емес және біздің мәртебемізге жетпеген кісілер кітаптарымызды оқымасын, зияны тиеді». Иә, мына заманда Мухиддиннің кітаптары, оның ішінде Уахдет-үл Ужуд туралы мәселелерді оқыту қауіпті, оқырманға зиян тигізеді. Саид Нұрси* * *

273ЖИЫРМА СЕГІЗІНШІ ЛЕМАБір мейрам күні түрменің терезесінен адамдардың мәз-майрам ойын-күлкілеріне қарап отырып, болашақты ойлау, істің ақырын болжау деген дүрбімен назар салып қарағанымда аянышты жағдайға куә болдым. Бұрыңғы заманның адамдары дәл осы кезде қабірде жатса дағы бұрыңғы тірі бейнелері синемада көрінетіні секілді, жақын болашақта қабірге кіретіндер, тірі бейнедегі жаназалар түрінде көрінді. Әлгі мәз-майрам боп күлгендерге қарап жыладым. Шошып та, аяп та кеттім. Ақылға салып, ақиқаттан: «Бұл не, бос қиял ма?!» деп сұрадым.Ақиқат айтты: Елу жылдан кейін мына күліп-ойнап мәз болып жүрген елудің бесеуі белі бүкірейген, жастары жетпістегі қарт болып, ал қырық бесі қабірде тоз-тоз болып шіріп жатады. Анау ыржаңдаған бет-әлпеттер, мәз-мейрам күлкілер ұсқынсыз түрге енеді. қағидасы бойынша, жақында болатын нәрселерді болғандай етіп көрудің ақиқатқа қайшылығы жоқ, ол да ақиқатқа жатады. Олай болса, сенің көріп тұрғаның бос қиял емес.Дүниенің бейқам, бос күлкілерінің ақыры осылай аянышты халмен аяқталып тынады. Әлбетте бейшара адамзаттың мәңгіге құштар, бақилыққа ғашық рухын шаттандыратын нәрселер, тек шариғатқа сай шеңбердегі шүкір, және өзін Аллаһтың алдында екенін сезініп, халал көңіл көтеру және сауаптылығымен мәңгілікке айналған қуаныштар болмақ. Сондықтан, мейрам күндері адамдар бейқамдыққа салынып, тыйым салынған харам шеңберлерге түсіп кетпеуі үшін, риуаяттар Зікіруллаһқа (Аллаһты ойлау, еске алу), шүкір етуге шақырып, мұсылмандарды құлшындырады. Сонда мейрам күнгі қуаныш пен шаттық нығметтерге шүкір етуге айналып, нығметтер одан әрі жалғаса бермек. Себебі, шүкір ету нығметті еселейді әрі ғапылдықтан сақтайды.Саид Нұрси* * *

274ЛЕМАЛАР«Бұл бөлімнің де баршаға пайдасы бар»Мағынасы: «Нәпсі әрдайым жамандыққа итереді» деген аяттың жәнеМағынасы: «Сенің ең қауіпті дұшпаның нәпсің» дейтін хадистің қысқа тұжырымы. Өзін жаман қылықтардан тазартпаған, нәпсісі жүгенсіз әрі өзін жақсы көретін адам өзгені жақсы көрмейді. Жақсы көрсе де шынайы емес, одан түсер пайда мен ләззатты ойлап сол үшін жақсы көреді. Қашан да жағымпазданып, жақсы көрінгісі келіп тұрады. Ағаттық жіберсе өзін-өзі ақтап адвокат тәрізді қорғаштап, барын салады. Асыра сілтеп, тіпті, өтірік айтып өзін мақтап, ақтап алады. Бейне бір ешқашан қателіспейтіндей қастерлеп жібереді. Содан да істеген ісіне қарай аятының ауыр жазасын тартады. Ақырында өркөкіректігі мен жақсы көрінбекші әдеті, керісінше оны жеккөрінішті етіп, жағымсыз атанады. Сондай-ақ, ақыреттік істері ықылассыз болып, екіжүзділік басталады. Істің соңын көрмейтін, неге апаратынын ойламайтын, дайын ләззатқа құмар сезім мен нәпсіқұмарлыққа жеңіліп, бір сағаттық ләззат үшін бір жыл абақтыда жатады. Бір минуттық кеудем-соқтық немесе кек алу салдарынан он жыл ауыр жаза шегеді. Құдды өзі оқып сабақ алып жүрген Құранның «Амме» парасын бір түйір кәмпитке айырбастап жіберген әуесқой бала сияқты рахатқа батып, нәпсісін қандыру үшін алмас құндылығындай игі істерін түкке тұрғысыз, шыны тәріздес ләззат пен менмендікке жұмсап, ұтатын жерде ұтылып шығынға ұшырайды.* * *САуАЛ: Қысқа мерзімде жасалған күпірлікке жаза ретінде жәһаннамда мәңгі азап шегу әділдік санала ма?жАуАБы: Бір жылда үш жүз алпыс бес күн бар десек, бір минуттық адам өлтіру қылмысына жеті миллион сегіз жүз сексен төрт минут абақтыға қамалу керек екені адами әділет заңы болса, бір минут күпірлік мың адам

275ЖИЫРМА СЕГІЗІНШІ ЛЕМАөлтірумен пара-пар. Енді жиырма жыл өмірін күпірлікте өткізген және кәпір болып өлген адам әлгі әділет заңы бойынша елу жеті триллион екі жүз бір миллиард екі жүз миллион жыл қапаста жатуына тура келеді. Олай болса деген Иләһи әділдік өте орынды екені түсінікті. Өзара бір-бірінен алыс екі есептің сәйкес болуының сыры мынада: Адам өлтіру қылмысы мен күпірлік екеуі де бұзу, қирату, біреудің ақысын жеу, жауыздық болғандықтан айналасына жағымсыз әсер етеді. Бір минуттық адам өлтіру қылмысы әділет заңы бойынша өлген кісінің ең азы он бес жылдық өмірін алғандықтан оның орнына қапаста жатады. Енді, бір минуттық күпірлік Аллаһ тағалының мың бір есімін жоққа шығару, оның көркем нақыш-істерін менсінбеу, әлемнің ақысын жеу, кемелдігін бекерге шығару сондай-ақ, Уахданиеттің сансыз дәлелдеріне сенбеу, куәліктерін қабылдамау болып табылатындықтан кәпірдің сазайын тартқызып мыңдаған жыл тозақтың түбіне лақтырып, де қамап тастайды. Саид Нұрсиөте маңызды бір сәйкестікРисалей-Нұр шәкірттерін айыптап, жазалануын талап ететін баб қылмыстық істер заңының бір жүз алпыс үшінші бабы. Бір қызығы, бұдан бұрын Рисалей-Нұрдың авторы медресе құрылысына үкіметтен қаражат сұрағанда «бір жүз елу мың лира берілсін» деген қаулыға екі жүз депутаттың жүз алпыс үші мақұлдап қол қойған екен. Бұл кездейсоқ емес. Демек, бір жүз алпыс үш саны мынаны мегзейді: «Үкіметтің бір жүз алпыс үш депутаты Саид Нұрсидің медресе ашу жоспарын жоғары бағалап қол қоюы, бір жүз алпыс үшінші бабтың, үкімін жоққа шығарады.Тағы бір керемет сәйкестік. Рисалей-Нұр жалпы бір жүз жиырма сегіз кітапшадан тұрғанымен бәрін жинақтағанда бір жүз он бес. Енді, Рисалей-Нұр шәкірттері мен авторының қамалған кезі 27/04/1935 жыл және соттың үкімі шыққан уақыт 19/08/1935 жыл. Арада бір жүз он бес күн өткен. Бұл да Рисалей Нұр кітаптарының санына сәйкес келіп тұр. Сонымен қатар жауапқа тартылып айыпты деп саналған бір жүз он бес кісінің санына сәйкес келеді. Бұл сәйкестіктер мынаны білдіреді: Рисалей Нұрдың авторы және шәкірттерінің бастарына түскен қиыншылық, бәле-жаланы Аллаһ аса қамқорлықпен реттеп отыр . ** Назар аударарлық жәйт. Рисалей-Нұр шәкірттерін ұстап, қамау кезеңі 1935 жылдың сәуір айының жиырма жетісі емес, сәл ертерек сәуірдің жиырма бесінде (25/04/1935) басталып және айыпты деп саналған бір жүз он жеті кісі деп көрсеткенмен екі кісінің аты-жөні екі рет қайталанып кеткен. Осылайша бір жүз он бес шәкірттің санына әлгі ұстаған күні мен үкім шығарылған күннің аралығындағы уақыт есептелсе бір жүз он бес саны шығады. Бұл да әуелгі сәйкестікке өзінше бір сән беріп, мағынасын тереңдете түседі.

276ЛЕМАЛАРБұл Леманың кіріспесінде Хaзіреті Али (р.а.) Рисалей-Нұрға ишара қылғанын айтқан болатынбыз. Сол қуанышты хабарды бір бауырымыз естіп құлшынғаннан шабыт келіп Рисалей-Нұр кітаптарын алмасқа, гауһарға, нұрға теңеп бірнеше хат жазыпты. Орайы келгесін осы жерге жазылуын жөн көрдік.Тақуалық шеңберіне кірген шәкірт қандай жағдайда болмасын Рисалей-Нұрдан, оның алмастай қымбат құндылығынан оңай қол үзіп, айырыла қоя ма? Мен Рисалей-Нұрдың дәрежесі төмен ең нашар шәікрті болсам да оның кереметін, артықшылығын, қасиетін, рухани ләззатын көп көрдім. Мен секілді оның тәтті жемісін жегендер аз шығар, сірә.Әрі қауқарсыз әрі Нұрларға қызмет ете алмасам да сіздің маған деген ыстық ықыласыңызға дән ризамын, шексіз қарыздармын. Сондықтан тек мен ғана емес, ешбір шәкіртіңіз осы берекелі алмастан, оның теңдесіз ләззатынан бас тарта қоймас деп ойлаймын. Кешірім сұрай отырып, егер рұқсат етсеңіз Рисалей-Нұр кітаптарын тінту кезінде болған екі кереметті айтып берейін. Абақтыға полиция қызметкерлері, әскери жандарма және түрме қызметшілері баса көктеп кіріп келіп, заттарымыздың астаң-кестеңін шығарып тіміскілеп жатқанда ешкімге байқатпай әпкемнің сегіз жасар баласы келді де Рисалей-Нұр кітапшаларын сөмкесіне салып, алып кетті. Олар мен отырған камераны тексеріп жатқан-ды. Сәби камераға кірді де тексеру жүріп жатқанын көріп, бұрышта өзінше бөлек тұрған Нұр кітапшаларын сөмкесіне салғанын сол жердегілер байқамай қалады. Ешкім балаға еш нәрсе деген жоқ. Жанкешті бала үйіне барып анасына былай депті: «Нағашымның әрдайым бізге оқып беретін Нұр кітаптарын алып қоя ма деп, олар басқа хат, кітаптарды ақтарып жатқанда байқатпай сөмкеме салып алдым. Бұларды бір жерге жақсылап тығып қойыңыз. Бұларды оқыған кезде тыңдағанды жақсы көрем, маған қатты ұнайды. Нағашым бізге оқып беруші еді ғой. Оқылған кезде мен басқаша бір күй кешемін» деп анасына ескертіп мектебіне қайтып оралады. Осылайша, «алмас», «гауһар», «нұр» қолға түспей аман қалады. Бұл керемет емей не?! Бұл Құрани мұғжиза емес деп кім айта алады?! Мұндай қасиет, мұндай ләззат басқа кітаптарда бар ма екен? Апыр-ай, осындай алмас, гауһар, нұр сөздерді кім айта алады. Мен ол үшін абақтыға бір мезгіл қамалуға ғана емес, әрқашан тіпті минут сайын қуана-қуана жанымды қиюға әзірмін. Менен кейін осы алмас, гауһар, нұр үшін балам Әмин де еш ойланбастан өмірін арнайтынына сенімдімін. Енді тағы осы алмас, гауһар мен нұрдың екінші кереметін баяндап берейін. Үш жастан сегіз жасқа дейінгі өзімнің және тума-туыстарымның балалары да осы жолда яғни алмас, гауһар, нұр үшін жанын пида ететіндерін дәлелдеген боламын. Бірде осы алмас, гауһар және нұрды оқып отырғанымда бәрі қасыма

277ЖИЫРМА СЕГІЗІНШІ ЛЕМАжинала қалды. Оларды иіскеп, сүйдім де әрқайсысына бір-бір шәй бердім. Сөйтіп «алмас», «гауһар», «нұрды» ары қарай оқи бердім. Бәрі жарыса: «Бұл не? Бұл не жазу?» деген сұрақтарына: «Бұл алмас, гауһар, нұр ғой» дедім. Оныншы Сөзді оқып жатқанымызға бірнеше сағат өтіп кеткенін байқамай қалыппыз. Балалар қызыға тыңдап, түсінбей қалған кезде дереу сұрайды.Мен, осы алмас, гауһар, нұрды олардың түсінетін тілімен айтып жатып жүздеріне қарасам құлпырып, гүл-гүл жайнап отыр екен Мен олардың жүздерінен жеке-жеке, нұрлы Саидты көргендей болдым. Олардың: «Нұр қайсы? Гауһар қайсы? Алмас қайсы?» деген сұрағына: «Нұр деп осы кітаптарды оқуды айтады. Қараңдаршы! Жүздерің құлпырып жайнап кеттіңдер ғой». Олар да бір-біріне қарап айтқанымды растап қояды. «Ал, алмас қайсысы?» дегенде: «Осы сөздерді жазуды айтады. Сол кезде яғни көшіріп жазсаңдар, сендердің жазуларың алмастай құнды болады» деп едім, бірауыздан мойындады. «Енді гауһар қайсысы?» деді. Мен оларға: «Осы кітаптан алған имандарың гауһар емей не?» деп едім барлығы бірге «кәлима-и шәһәдат» келтірді. Сұхбатымыз үш-төрт сағатқа созылғанын өзім де байқамай қалыппын. Міне, көрдіңдер ме, «алмас», «гауһар», «нұр» деген осы!» дедім. Бәрі бір ауыздан растап маған үңіле қарап: «Мұны кім жазған!» деді.шәкіртіңіз: шефик ЗЕкАиДыҢ тҮСіБүгін таңға жақын түсімде, Стамбулдағы Топхане жағалауына ұқсас мөп-мөлдір теңіз жағалауында тұр екенмін. Сәске уақыты болса керек Күн сәулесі теңіздің бетіне шағылысып жалт-жұлт етіп әдемі көрініс беріп тұр. Мен теңіз жаққа қарап тұр екенмін. Теңіздің оңтүстікке жақын орта шенінен бір жас жігіт жүзіп келді де арқасындағы бума сабанды жағаға шығарды. Ол жерде барлық бауырлар жиналып қалыпты (ақталып шыққан болса керек). Кенет батыс жақтан екі атты кісі теңіз жағалап, зымырап шауып келе жатыр екен. «ұстаз келе жатыр!» деген дауыс естілді. Құжынаған адамдар екіге айырылып арасынан әлгі күрең атты, қара торы екі кісі шауып өтіп, шығысқа қарай бет алып, ұзап бара жатты. Мен сол теңізге сүңгіп бара жатып оянып кеттім... Зекаи

278ЛЕМАЛАРРисалей-Нұрға қарсы бәсекелесе айтылған сөздерге жауапЕгер мақсатың мақтану, өзіңді көрсету болса, Рисалей-Нұрдың ең көмескі жұлдызын айналып жүрген серіктерінің бірісің!Байқа, Рисалей-Нұрды жұлдыз деп те ойлама, жер шары ғана емес Күннің өзі оны айналып жүр.Өте жақында көресің әлі-ақ, әлемге паш етер ол өзінің Нұрын.Ол ешқашан сөнбейді, тек жасырынуы мүмкін.Өйткені ол - Нұр, Ол - жарық сөнбейтұғын. Ол - ақиқаттың теңізі, һидает, тура жол көрсететін. Сен одан да дегенді айт. Ақиқаттан шағымдануға әсте болмайды бауырым! Сенікі бос әңгіме.Шариғатпен жүрген жанмын, Хақ тағалам біледі. Рисалей-Нұрға жолықтырды, һәм қызмет еттім мен оған.Жәй кітап емес ол, оған Хәзіреті Али Мұртаза және Ғаус Ағзам«Джәлджәлути» кітабында және басқа еңбектеріндеЖарыққа шықпай тұрып келетінін мегзепті.Рисалей-Нұр үзілмейтін ол шынжыр, мен мықтылап жабыстым.Ол һидает, ол нағыз ақиқат. Бізді жетектеп бір жерге апарды - Ол.Қарасам Жүсіп пайғамбар жүр. Қолымыздан ұстап бізді Хазіреті ұстаз.Халил ибраһим* * *

279ЖИЫРМА СЕГІЗІНШІ ЛЕМАжиырма Сегізінші Леманың жиырма Сегізінші тұжырымысынды аяттардың маңызды бір тұжырымы. Осы аяттарға дінсіздердің мін тағуына байланысты баяндалады. Аспандағы ғайби хабарларды тыңдап алып, бақсы-балгерлер мен медиумдарға ғайыптан хабар беріп жүрген жын мен шайтанның тыңшыларының әрқашанғы істейтін ұрлық кәсіптеріне уахиға шәк, күдік араласпауы үшін, Құран түсіп жатқан кезде бұрыңғысынан да бетер тосқауыл қойылып, жұлдыздармен атқыланған екен. Мұны аят айтып отыр. Осы аяттарға қатысты аса маңызды үш тармақты бір сұраққа қысқа бір жауап.Сұрақ: Осындай аяттарға қарасаң, шағын және жеке басқа қатысты ғайби бір оқиғаны білу үшін өте алыстағы аспан әлеміне ұры шайтандардың ұмтылуын, және сол кең әлемнің кез-келген жерінде әлгі шағын оқиға туралы айтылып жатқандай, қандай да бір шайтан тың тыңдаса болды шала-пұла болсын әлгі хабарды естіп әкелетіндей. Мұндай мәселе ақыл-ойға сыймайды әрі хикметке де жатпайды ғой.Сондай-ақ, аяттарды оқысаң аспанның үстінде орналасқан Жәннаттың жемістерін кейбір пайғамбарлар мен кейбір әулиелер бейне бір жақын жерден үзіп жеп жатқан сияқты мағына шығады. Яғни шексіз алыс нәрсе тым жақын тіпті дәл қасында секілді көрінеді. Бұл жағдай қазіргі заманның адамдарының ойына сыймайды.Елеусіз бір адамның болмашы бір хал-жағдайы сонау көк тұрғындары періштелердің арасында әңгімеге арқау болуы бір қарағанда түсініксіз, бұл хикметке толы шексіз әлемнің басқару ісіне үйлеспейді, Иләһи аса күрделі хикметке керағар құбылыс. Алайда, осы аталған үш мәселе де Ислам дінінің негіздері болып саналады?

280ЛЕМАЛАРжауабы: Біріншіден; Он Бесінші Сөз атты рисаледе жеті баспалдақ аталатын жеті нақты кіріспеменаяты айтып отырған, тың тыңдаушы ұры шайтандар жұлдыздармен атқыланып аспаннан қалай қуылғаны өте тамаша дәлелденген. Өте қырсық материалистердің өзін мойындатып, ауызына құм құйып, қабылдауға мәжбүр қылып еді. Екіншіден, мұндай ақылы таяз кісілерге мүмкін емес сияқты көрінген Исламның үш ақиқатын олардың деңгейіне жақындату үшін бір тәмсілмен ишара қыламыз.Мәселен, бір елдің Қорғаныс министрлігі елдің шығысында орналасқан, ал Әділет басқармасы батыс жақта, ал Оқу-ағарту министрлігі солтүстікте, Ғылым министрлігі оңтүстігіне және Үкімет үйі дәл орталыққа орналасқан дейік. Олар өзара сымсыз телефон, телеграф арқылы жүйелі түрде әрбір министрлік өзіне қатысты хал-жағдайды біліп отырады. Ол кезде бейне бір үкіметтің барлық органдары Әділет басқармасының ішінде орналасқандай көрінгенмен бір жағынан алғанда ол Қорғаныс министрлігі болуы яғни оның қызметін атқаруы да ғажап емес және Үкімет үйі бола тұра оқу-ағарту, білім беру басқармасы болып та саналады.Мысалы, бірнеше елдің және түрлі штаттары бар мемлекеттердің кейде отарлау саясатымен немесе алпауыт ел болғасын немесе сауда-саттық қатынасқа байланысты бір елде сан-алуан әкімшілік орталықтары орналасқан болуы мүмкін. Манағы отарланған елдің халқы мен ұлты бір бола тұра әрбір өкімет өз үстемдігін жүргізіп сол халықпен тығыз байланыс құрады. Өзара өте алыс орналасқан әлгі өкіметтердің қарым-қатынастары керемет ұштасып жатады. Әрбір үйде жаңағы өкіметтер бір-бірімен байланысып әрбір адаммен бірлесе жұмыс істеуі мүмкін. Өзара ұштасып жатқан тар шеңберде шағын мәселелер қаралуы ғажап емес. Бірақ шағын мәселенің әрқайсысы жалпыға ортақ орталық басқармада қаралып жатыр деп айта алмайсың. Дегенмен, ондай шағын мәселелер туралы айтылған кезде ол тікелей орталық басқарманың заңымен, рұқсатымен болатындықтан әлгі орталық басқармадан реттеліп жатқан сияқты көрінеді және сол орталықта қаралған мәселе секілді қабылданып солай түсінеді. Міне, осы екі мысал сияқты аспан дейтін кең байтақ елдің астанасы яғни орталығы тұрғысынан алғанда өте алыс болғанымен «арз» яғни жер шары мемлекетіндегі адамдардың жүректерімен байланысып жатқан рухани телефондар бар. Аспан әлемі тек материалдық, көзге көрінетін нәрселерден тұрмайды. Ол, рухтар әлемін, мәләкут әлемін қамтитын ұлан ғайыр әлем. Сондықтан белгілі бір мағынада біздің әлемді де қанатының астына алып

281ЖИЫРМА СЕГІЗІНШІ ЛЕМАтүгел қамтып жатыр. Сондай-ақ, мәңгілік мекені, бақи әлем Жәннат та өте алыс болғанымен оның ауқымды көлемі перде артынан нұрлы түрде әр тарапты қамтып ұлан ғайыр жайылып жатыр. Мәселен, Сани-ы Хаким Зүлжәлал өз хикметімен адамның бойына орналастырған сезім мүшелерін алайық. Олардың басқару нүктелері әр жерде болғанымен әрқайсысы денені жаппай жүйелі түрде басқарып толық қадағалап отырады. Дәл сол секілді мына алып адам секілді ғалам да бір-бірінің ішіне орналасқан шеңберлер тәрізді мыңдаған әлемдерді қамтып жатыр. Ол жерлерде болып жатқан жағдайлар мен оқиғалардың жалпыға ортақ немесе жеке екендігі және ерекшелігі, үлкендігі жағынан қаралады. Яғни кішкенелер кішкене және жақын жерлерде, жалпыға ортақ маңыздылары жоғары дәрежелерде қаралады. Алайда, кейде кішкене әрі жеке мәселе үлкен әлемді қамтуы мүмкін. Қай бұрыштан тыңдалса да ол мәселе жайлы естуге болады. Және кейде оған үлкен мән берілуі, баса назар аударылуы дұшпанның күштілігінен емес, мәселенің маңыздылығын, айбындылықты байқату үшін жасалады. Мәселен, Мұхаммед (с.а.у) Пайғамбарлығы немесе Құранның түсуі секілді аса маңызды оқиғалар бүкіл аспан көлемінде маңызды болғандықтан тікелей періштелердің өзі кең аспандағы жұлдыздарда күзетшідей тізіліп тұрып, хабар ұрлайтын, тың тыңдайтын шайтандарға алып жұлдыздарды оқша лақтырып, сұғанақтарды аластағанын көрсету арқылы және осы мағынаны түсіндіру арқылы Құранның түсуі қаншалықты ұлық мәселе екенін көрсетеді. Ешбір күдік, күмән қалмауы үшін Раббани ишара түрінде сол кезеңдерде жұлдыздардың жиі ағуы, шайтандарды көздеп отты жұлдыздардың көп лақтырылғанын білдіреді. Баяны мұғжиза болған Құран осы оқиғаны шебер жеткізген және аспан құбылыстарының сырын ашқан. Иә, бір ғана періштенің үрлегеніне төтеп бере алмай ұшып түсетін тыңшы шайтандарды осыншама аспани алып ишаралармен қарсы күрестіруі, Құран түскен кездегі айбындылық пен салтанатты көрсету үшін. Сондай-ақ, осындай Құрани баян және аспани оқиғаларға көп мән берілуі жын-шайтандардың аспан тұрғындарымен тайталасатындай құдреті күшті екенін білдіру үшін емес, қайта бұл Мұхаммедтің (с.а.у) жан жүрегінен бастап сонау аспан әлеміне дейін, жержүзінен бастап, сонау Арш-ы Ағзамға дейін жайылып жатқан қашықтықтың ешбір жерінде, ешбір тұрғыда бірде-бір шайтанның араласуына жол жоқ екенін білдіру үшін. Құрани уахи алып аспанда күллі періштелер арасында айтылуға тұрарлық үлкен ақиқат болғанында. Сондықтан, оған біршама жанасу үшін шайтандар сонау көкке көтерілуден басқа шара таба алмады. Бірақ түк бітіре алмай жұлдыздармен атқыланды. Бұл мынаны ишара қылады: Мұхаммедке (с.а.у) келген уахи және Мұхаммедтің (с.а.у) алдына келген Жәбрайыл сондай-ақ, Мұхаммедке (с.а.у) көрінген ғайби ақиқаттар еш күмәнсіз нақты әрі тура. Ешбір тұрғыдан күдік кіре алмайды деп Құран мұғжизалы түрде хабар беруде.

282ЛЕМАЛАРАл енді, Жәннат алыс әрі бақи әлем бола тұра өте жақыннан көрінуі және кейде жемісінен дәм татуына келер болсақ, бастағы екі тәмсілден түсінікті болғанындай, мына пәни әлем және мынау нақты дүние ғайып әлеміне және мәңгі әлемге перде болып тұр. Жәннаттың орталығы өте алыс болғанымен мысал әлемі арқылы әр тарапта көрінуі мүмкін. Сондай-ақ, өте күшті иман арқылы (Мысалды қате түсінбеңіздер) жәннаттың мына пәни әлемдегі бөлімшелері, мысалдары болуы мүмкін. Және жүрек байланысы арқылы мәртебесі биік рухтармен тікелей байланысы болуы мүмкін, ол жақтан сыйлықтар келіп жатса да ғажап емес. Енді, ауқымы кең жалпыға ортақ шеңбердің жеке басқа қатысты шағын оқиғалармен шұғылдануы болса, яғни бақсы-балгерлерге болашақ туралы хабар әкелу үшін жын шайтандар сонау көктерге көтеріліп тың тыңдап, шала-пұла жалған хабарлар әкеледі деген тәпсірдің мағынасы мынадай болса керек: Олар аспан әлемінің орталығына дейін барып әлгі кішкене хабарды әкеледі деп түсіну қате. Олар тек қана ауа қабатына шейін жайылып жатқан аспан әлеміндегі, бейне полиция бөлімшелері секілді кейбір бөлімшелерге жетуі мүмкін. Онда жермен байланыстар жасалады. Шайтандар шағын жеке мәселелер үшін әлгі кішкене бөлімшелерге құлақ қойып тың тыңдайды. Тіпті, адамның жүрегі де сондай бөлімшелердің бірі. Ол жерде де илһам періштесі мен өзіндік шайтаны алысып, күрес жүріп жатады. Имани ақиқаттар, Құрани шындықтар және Мұхаммедтің (с.а.у) пайғамбарлығы сырттай елеусіз көрінгенімен, маңызы зор мәселе болып кең шеңберде яғни Арш-ы Ағзамда, аспан әлемінде, ғаламның тағдыры жазылатын басылымдарда жарияланғандай аспан кеңістігінің барлық жерінде белгілі болады. Сонымен қатар, Мұхаммедтің (с.а.у) жүрегінен бастап сонау арш әлеміне дейін жайылып жатыр дегені, басқалардың қол сұғуы, араласуы ешбір тұрғыдан мүмкін емес екенін айғақтайды. Шайтанның аспанға шығып тың тыңдағаннан басқа шарасы қалмағандығы, Құранның түсуі және Мұхаммедтің (с.а.у) пайғамбарлығы қаншалықты жоғары ақиқат әрі нақты екендігін білдіреді. Оған ешбір тұрғыдан жалған хабарлар, ақиқатқа жат нәрселердің араласуы тіпті, оның маңына жақындау мүмкін еместігін бұл аяттар өте шешен, таңғажайып түрде жеткізген.Саид Нұрси * * *

жиырма тоғызыншы ЛемакіріспеҚасиетті Құранның: секілді аяттар тәфәккүр етуді, яғни пікір жүргізуді, толғануды бұйырып соған шақырады. Және хадисі білдіргендей кейде бір сағаттық тәфәккүр толғаныс бір жылғы ғибадаттай саналатындығы мені толғануға құлшындырғандықтан мен де соңғы он үш жылдан бері осы жолды ұстанып, ақыл мен жүрек қосылып тапқан жарқын нұрларды, терең ақиқаттарды өзім үшін сақтап қою мақсатында кейбір сөздермен үстін белгілеп кете бердім. Бұл сөздер ол нұрларды нақты көрсетпейді, тек жаңағы айтқан мағынаның болмысына ишара ғана. Тәфәккүрге кіріскен кезде әр түрлі ғибратты арабша сөздерді айтып отыратын едім.Осы кезге дейін қанша уақыт өтсе де және қанша қайталанса да мені жалықтырған емес. Зауық та, қажеттілік те азаймады, шөлім де басылар емес. Өйткені, бұл тәфәккүри сөздер Құран аяттарының нұр-сәулелері болғандақтан аяттардың қасиеті болып табылатын жалықтырмаудың бір ұшқыны осы тәфәккүри сөздердің айнасына да шағылысып, көрініс табады. Соңғы кездерде байқағаным, Рисалей-Нұр кітапшаларындағы өміршеңдік, берекелі бұлақ, жарқын нұр осы тәфәккүр тәсілінің сәуле шуақтары.Жаныма жағымды әсер еткендіктен, басқаларға да әсері болар деген ниетпен, өмірімнің соңғы кезеңінде бәрін бір жерге жинақтап қағазға түсіруге ниет еткем-ді. Иә, мұның көптеген маңызды бөлімдері Рисалей-Нұрда жазылған-ды. Дегенмен, топтамада өзгеше әсер, ерекше бір құндылық бар.

284ЛЕМАЛАРАдам өзінің қашан өлетінін білмейтіндіктен, мына абақтыдағы тар қапаста қамалып жатқан жағдайым өлімнен бетер қиындап кеткендіктен, ажалымды күтпей-ақ бауырларымның қайта-қайта өтініп сұраулары бойынша осы пікіри толғаныс көкейге қалай келген болса еш өзгертпей, сол қалпында «жеті баб» қылып жаздым.Бұл Леманың Алты бабы басқа жинақта жарыққа шыққандықтан бұл жерде жазылмады.Мұның отыз үш мәртебесі болса, соның жеті мәртебесі баяндалады. Ол мәртебелердің маңызды бөлігі Жиырмасыншы Мектубтың Екінші тарауында және Отыз Екінші Сөздің екінші тарауының соңында және Үшінші тараудың бас жағына жазылып түсіндірілген болатын. Осы мәртебелердің мән-мағынасын түсінгісі келгендер әлгі екі сөзді оқысын.

285ЖИЫРМА ТОҒЫЗЫНШЫ ЛЕМА

286ЛЕМАЛАР

287ЖИЫРМА ТОҒЫЗЫНШЫ ЛЕМА

288ЛЕМАЛАР

289ЖИЫРМА ТОҒЫЗЫНШЫ ЛЕМА

290ЛЕМАЛАР

291ЖИЫРМА ТОҒЫЗЫНШЫ ЛЕМА

292ЛЕМАЛАР

293ЖИЫРМА ТОҒЫЗЫНШЫ ЛЕМА

294ЛЕМАЛАР

295ЖИЫРМА ТОҒЫЗЫНШЫ ЛЕМА

296ЛЕМАЛАР

297ЖИЫРМА ТОҒЫЗЫНШЫ ЛЕМА

298ЛЕМАЛАР

299ЖИЫРМА ТОҒЫЗЫНШЫ ЛЕМА

300ЛЕМАЛАР


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook