Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Лемалар

Лемалар

Published by risalekz, 2022-10-04 08:53:50

Description: LEMALAR

Keywords: Лемалар Lemalar

Search

Read the Text Version

301ЖИЫРМА ТОҒЫЗЫНШЫ ЛЕМА

302ЛЕМАЛАР* * *кешірім сұрауОсы арабша Лема, жаңа әріппен жазылған Лемалардың арасына енген кезде бет нөмірлері кітаптың нөмірлеріне сәйкес келуі керек болғандықтан арабша бет нөмірлерінің реттілігін сақтай алмадық. Бауырларым бұған кешіріммен қарауын өтінемін.* * *

Отызыншы ЛемаОтыз Бірінші Мектубтың Отызыншы Лемасы және Ескішеһир түрмесінің бір жемісі «Алты тұжырым»Денизлі қаласында орналасқан Юсүф медресесінің үлкен бір дәрісі «Миуа рисалесі» деп аталды. Ал, Афион қаласындағы Юсүф медресесінің маңызды бір дәрісі «Әл-хүджет-үл Зехра» деп аталды. Сол секілді Ескішеһир қаласындағы Юсүф медресесінің үлкен бір дәрісі, Аллаһтың ұлық есімін яғни Исм-и Ағзам жайлы «Алты есімнің» алты тұжырымын баяндайтын осы Отызыншы Лема болды. (Исм-и Ағзамдағы Хаий және Қайюм туралы жазылған тақырыптың мағынасы өте терең әрі кең көлемде болғандықтан әркім терең түсіне алмаса да өзіне қажетін табары сөзсіз)БіРіНші тұжыРыМАллаһтың «Құддус» есімінің бір тұжырымы. Осы Құддус жайлы тұжырым Отызыншы Сөздің қосымшасына қосымша болуға лайық.Қасиетті Шағбан айында, Ескішеһир түрмесінде отырғанымда осы аяттың бір тұжырымы және Исм-і Ағзамның алты нұрының бір нұры болған Құддус есімінің бір шұғыласы көрінді. Ол Аллаһтың сөзсіз бар екенін кемел түрде және Раббымыздың жалғыз екенін анық түрде көрсетті. Былайша: Осынау әлем және Жер шары үздіксіз жұмыс істейтін бір фабрика немесе қонақтары тынымсыз келіп-кетіп жатқан бір қонақүй секілді. Алайда, жер бетіндегі осындай фабрикалар мен қонақ үйлерден неше түрлі қоқыстар мен шірік иістер шығып, ластанып, күл-қоқыстары жан-жаққа таралып шашылап жатады. Егер, оған қатты назар аударып үнемі тазалап, сыпырып тұрмаса, онда адам тұра алмай тұншығып қалар еді. Бірақ, осынау әлем фабрикасы мен жер шары қонақүйінде ешқандай күл-қоқыс, лас кір, шірік иіс деген атымен болмайды, үздіксіз жуылып-шайылып, жарқырап тап-таза күйінде тұрады. Демек, мұны үнемі бақылап-қадағалап, реттеп тұрған бір Иесі бар.

304ЛЕМАЛАРОсынша алып әлем фабрикасы мен жер шарындай кең сарайды кішкентай бір бөлмені тазалап жуғандай тап-таза ұстауда. Осынша алып фабрика мен жер қаншалықты үлкен болса соншалықты тазалағанына мән берілуде. Егер бір адам бір ай бойы шомылып, жуынбаса немесе кішкентай бөлменің қоқыстарын шығарып, тазалық жасамаса әбден кірлеп, сасып кетер еді. Демек, осынау әлем сарайындағы тазалық, пәктік, кірсіздік, нұрлылық... мұқият түрде әрі ерекше бір хикметпен тазартып отырғасын ғана осылай таза бола алауда. Егер, сондай хикметпен тазалау, сыпыру, мұқият қадағалау болмаса бір жылда жер жүзіндегі бүкіл жанды хайуан біткенді кір басып, айнала түгелдей қоқысқа толып қалар еді. Ал, алыс аспан әлеміндегі болып жатқан қирау мен күйреуге ұшырайтын ғаламшарлар мен жұлдыздардың қалдықтары жерге төгілетін болса онда адамдар мен хайуандар тіпті, жердің өзі күл-талқан болып үйіндінің астында қалар еді. Иә, көктегі алып денелерден тау секілді үлкен тастар құласа жер бізге әлдеқашан мекен болудан қалар еді. Алайда, баяғыдан бері көктен метеорит тастардың адамдарға ғибрат үшін бірнешеуі түскені болмаса, ондай қайғылы қаза ешқашан болмаған. Әрі жер жүзіндегі жыл сайынғы жанды мақұлықтардың өлімі мен өзгерісінен болатын жүз мың түрлі хайуанаттардың өлімтігі мен екі жүз мың түрлі өсімдік дүниесінің шіріп қалдық шығаруы әрбір көктем, күз сайын жиналып кір-қоқысқа айналса, онда соншама ластық пен сасық иістен бүкіл тіршілік иелері жер бетінде рахат өмір сүру тұрмақ, бір сәтте тұншығып, жоқ болып кетуі мүмкін еді. Алайда, бір құс үсті-басын, қанатын қалай сілкіп тазаласа, бір хатшы жазу парағын қалай тап-таза ұстаса, дәл солай осынау алып құс іспетті жер шарының қанаттары да, дүние атты алып парақтың беттері де кіршіксіз жарқырап, әрлене әсемденіп құлпырып тұрғанын көрген кейбір пенделер, бұған таң-тамаша болады. Өйткені, олар ақыреттің шексіз әсемдігі мен теңдессіз кереметтігінен еш хабары жоқ және имани түсінігі де болмағандықтан осы дүниенің мұндай әдемілігіне, тазалығына ғашық болып, есі шығуда...Демек, бұл әлем сарайы мен дүние фабрикасы Аллаһтың Құддус есімінің алып шұғыласына бөленіп тұрғаны анық. Осынау тазалықты жақсы көретін Құдреттің әмірлерін тек қана теңіздердегі ет қоректілер ғана емес, аспандағы қарақұстардан бастап, жыртқыш хайуандар мен ең ұсақ шыбын-шіркейге дейін, одан қалса көзге көрінбейтін басқа да тазалыққа жауапты қызметшілер жаппай тыңдап, Иләһи әмірлерді бұлжытпай орындайды. Тіпті, осынау тазалау жөніндегі киелі әмірлерді денеміздегі ағылып жатқан қанның құрамындағы қызыл және ақ түйіршіктер де тыңдап өз міндеттерін тыянақты орындап жатыр. Тіпті, әр тыныс алғанда өкпедегі былғаныш ауаны әп-сәтте ауыстырып тазалап тұрған қызыл түйіршіктер де осы әмірдің орындаушылары. Және де, ол киелі әмірді көздің кірпіктері де, шыбынның қанаттары да тыңдап өз

305ОТЫЗЫНШЫ ЛЕМАміндетін адал атқаратыны іспетті, аспандағы бұлттар да тазалау бұйрығын орындайды. Жел болса, жер бетін басып қалған шаң-тозаң секілді қоқыстарды сыпырып сиырып өтсе, жаңбыр басып қалған кір ласты жуып айнадай жарқыратады. Соңында аспанға жиылып қалған ластықты да өте жылдам жиып алып алысқа көз көрмеске әкетіп, ауаны жарқыратып қояды. Және де, ол киелі әмірді алып жұлдыздардан бастап ең ұсақ элементтер бөлшектерге дейін тыңдап өз міндеттерін атқаратыны сондай долы дауыл соққанда оның ішіндегі зәррелер мұқият тазалыққа қызмет етеді. Бәрі бір жерге бейберекет жиналып қалмай, еш жерде кір лас қалдырмау үшін ең кіршіксіз, ең пәк, ең мөлдір, ең әсем... ең жағымды бейнелерді көрсету үшін бір хикмет тарапынан жіберіліп жатқаны байқалады. Міне, бұл жалғыз іс яғни тек тазалау деген ақиқаттың өзі, Исм-і Ағзамның Құддус есімі арқылы алып дүниенің кең шеңберінде көрінген бір шұғыласы ғана, Аллаһтың бар екеніне кемел түрде және Раббани Уахдетті ап-анық нұрмен Есма-и Хүснамен бірге Күндей жарқыратып, көздерге дүрбімен көргендей көрсетеді. Иә, Рисалей-Нұрдың көптеген беттерінде анық айғақтармен дәлелдегеніміздей Аллаһтың Хакем есімі мен Хаким есімінің бір шұғыласы болған тәртіп пен түзеу ісі; Адл мен Адил есімінің бір шұғыласы болған мөлшер мен өлшеу ісі; Жәмил есімі мен Кәрим есімінің бір шұғыласы болған әсемдеу мен сыйлау ісі; Раб есімі мен Рахым есімінің бір шұғласы болған тәрбие мен жақсылық жасау ісі... осынау әлем шеңберінде әрқайсысы бір ақиқат, бір іс құбылыс болып жаратушының бар екенін, Оның жалғыз екенін қалай анық көрсетсе, дәл солай жалғыз Құддус есімінің бір сәулесі тазалықтағы жалғыз Жаратушының болмысы мен біреу екенін көрсетеді. Және осынау тазалау, өлшеу, әсемдеу... секілді хикметті істердің өзі керемет алып тұрғыда Сани-ы Уахид, жалғыз Жаратушыны көрсеткені секілді, Есма-и Хүснаның көптеген есімдерінің тіпті, мың бір есімінің сондай әрбір шұғыласы мынау дүниенің алып шеңберінде көрініс беруде. Осы әрбір шұғыладан келген құбылыстың бәрі де анық түрде Уахид Әхад жалғыз Жаратушыға дәлел болуда. Иә, әрбір нәрсені киелі заңы мен теңдессіз тәртібіне бас идірген, әрбір нәрсені әсемдігімен күлімсіреткен жәрдем беруші; әрбір нәрсені сүйсіндіріп қуанышқа бөлеп рахмет етуші; әрбір жандыны ризық беріп рахатқа кенелдіруші; және де әрбір нәрсені бір- бірімен үйлестіріп тіршілік пен жандандырып дүниені қызықпен думанға айналдырған, жарқыратқан, осындай ап-анық ақиқаттар мен айдан анық іс құбылыстар бәрі, бәрі... жарық сәуле Күнді қалай айғақтаса, дәл солай бір ғана Зат-ы Хаким, Кәрим, Рахим, Рәззақ, Хаий және Мухий Аллаһты сөзсіз көрсетіп айғақтап тұрады. Егер, әрбір Уахданиет белгісі болған осынау жүздеген іс құбылыстардың біреуі ғана Уахид-і Әхадқа берілмейтін болса, онда жүздеген тұрғыдан

306ЛЕМАЛАРқиыншылықтар пайда болады. Мысалы, олардың ішінен хикмет, жәрдем, рахым, азық беру, жан беру секілді анық ақиқаттарды тіпті, осы аталған жалғыз тазалау ісін жаратушы Халиққа тән емес десе, онда әлгі адасушы дінсіздер тазалау ісіне байланысты көріністің бәрін ең кішкене зәрре бөлшек пен шыбыннан бастап, сонау алып жұлдыз, аспандағы бұлтқа дейін бүкіл жаратылыстың өзіне тән деуге тура келеді. Ондай жағдайда, аталған жаратылыстың бәрі алып дүниенің қалай безендіруін, өлшемін, реттеуін, тазалаудың тәсілін білетін білімі бар, ой санасы бар, өздері де соған сай іс әрекет жасайтын қабілеті бар дегенге сенуге тура келеді. Немесе, әрбір мақұлықта Әлем Иесінің қасиетті сипаттары түгел болуы керек... немесе бәрі бірлесіп тазалау жөнінде үлкен мәжіліс құрып ақылдасқан болуы керек, ол үшін әрқайсысы түгелдей осы мәжілістің мүшесі болуы керек... тағы да сондай қияли хикаялар жалғаса беруі керек болады. Бұны сандырақ деу аз, сандырақтан да өткен сөз жетпейтін ақымақтық десе жөн. Бұл бассыздықты бейнелеп айтсақ, Күннің жарығы түсіп жарқырап жатқан әрбір нәрседегі кішкентай ойша күндердің бейнесі бір алып Күнге тән, соның сәулелері екені мойындалмаса, онда жылтыраған бүкіл әйнек сынықтары мен су тамшыларында, тіпті қар түйіршіктерінде, тіпті ауаның бөлшектерінде жеке-жеке нағыз Күннің бар екенін мойындауға тура келеді. Сонда ғана әлгі жарықты түсіндіру мүмкін болады. Ал бұл ақылға сиымсыз екені белгілі.Міне, хикметтің өзі бір сәуле... рахым да бір сәуле... онда тәртіп... тәрбие... тазалық... өлшем... бәрі де бір бір сәуле десек, онда бәрі Әзели Шәмстің шұғыласы екені анық ақиқат. Міне, адасушылық пен күпірлік қаншалықты надандық батпағына батқанын осыдан анық көруіңе болады. Сондықтан, «ӘЛХАМДУЛИЛЛАҺ АЛА ДИН-ИЛ ИСЛАМ, УА КЕМАЛ-ИЛ ИМАН» де! Иә, әлем сарайын осыншалық тап-таза етіп ұстап тұрған осы ұлы да жалпыға ортақ тазалық әлбетте, Аллаһтың Құддус есімінің шұғыласы екені айдан анық. Иә, бүкіл жаратылыстың тасбихтері, дәріптеуі қалай Құддус есімін көрсетсе, дәл солай олардың осылай таза болуын Құддус есімі талап етеді.*Міне, тазалықтың терең мән-мағынасы болған соң, мынау хадис:тазалықты иманның нұры деп санаған. аяты да, тазалықты сақтау, таза болу Аллаһтың махаббатына сүйіспеншілігіне себеп болатынын айтқан ... Сілтеме: Жаман мінездер, бұрыс нанымдар, қате сенімдер, күнәлар, бидғаттар; олар рухани кір болып есептелетінін ескерген жөн.

307ОТЫЗЫНШЫ ЛЕМАОтызыншы Леманың екінші тұжырымыаятының бір тұжырымы және Исм-і Ағзам немесе Исм-і Ағзамның алты нұрының бір нұры «Адл» есімінің бір сәулесі бірінші тұжырым секілді ол да Ескішеһирдегі түрмеде отырғанымда алыстан көрінді. Оны түсінікті қылу үшін тағы да тәмсіл-мысалдама пайдаланамыз.Мына ғалам бейне бір ішінде әрдайым бірде қирап, бірде жөнделіп жатқан аумалы-төкпелі сарайы бар бір шаһар секілді. Ал шаһардың ішінде әрқашан соғысып, көшіп қонып жатқан бір мемлекет бар. Ал ол мемлекетте әруақыт өлім мен өмір арасында шыр көбелек айналған бір әлем бар. Бір ғажабы манағы сарайда немесе шаһарда, мемлекетте, әлемде таңғажайып тепе-теңдік, үйлесім, өлшем сақталып, мұқият есептеулі. Демек, бұл бізге, мына сансыз болмыста болып жатқан құбылыс пен кіріс-шығыс, әр сәтте бүкіл ғаламды бірден көретін, тексеріс назарынан сырт қалдырмайтын бір Құдреттің таразысымен өлшеніп, оның есебімен жүзеге асатынын дәлелдейді. Әйтпесе, бір түйірі мыңға жуық уылдырық шашатын балық түрлері бар. Өсімдік тұқымдас «апиын» деп аталатын бір гүл, жиырма мың тұқым шашады екен. Осындай селдей тасыған тіпті, құжынап басып қалуға дайын тұрған себептер мен әлгі керемет жүйені бұзуға әзір анталаған құбылыстардың тізгіні жоқ болса, немесе мақсатсыз содыр кездейсоқтық және өлшемді білмейтін соқыр қуат, қараңғы да меңіреу табиғат жасайды десе, манағы жаратылыстағы тепе-теңдік, әлемнің жүйесі астан-кестең болар еді. Бір жылдың ішінде тіпті бір күнде ойраны шығады, яғни теңіз әбден былығып иістеніп кетер еді, ауа зиянкес нәрселермен уланып мүлдем кірленер еді. Жер шары мал сойылатын құсханаға ұқсап, нәжіс пен шалшыққа толы ұйық секілденіп кетер еді. Дүние күл-қоқысқа айналар еді. Алайда, хайуанат денесіндегі жасушалардан және қандағы ақ-қызыл түйіршіктерден бастап сонау зәррелердің қозғалуынан, дене мүшелерінің үйлесімді орналасуынан бастап сонау теңіздердің кіріс-шығысына, жер асты суларының ағуы мен толуына шейін, сонау жануарлар мен өсімдіктердің тууы мен өлуіне, күз бен көктемдегі ескіру мен жаңаруға дейін, элементтердің, жұлдыздардың қозғалысы мен атқарар қызметтеріне шейін, сондай-ақ, өлім мен өмірдің, жарық пен қараңғының, жылу мен суықтың орын ауыстыруына, тоғысуына, алмасуына дейінгі құбылыстар өте керемет тәртіппен реттеліп,

308ЛЕМАЛАРнәзік таразымен тартқандай дәл өлшеммен жүзеге асуда. Одан ешкім, ешқашан ешбір жерінде нағыз ысырап, бос әбестік таба алмайды. Ғылым барлық нәрседе аса керемет тәртіп, өте тамаша өлшем, реттілік көріп, өздері де соны көрсетіп отыр. Тіпті, ғылым дегеніміз сол тәртіп пен өлшемнің бір көрінісі, біздің тілге аударатын тәржімеші ғой.Міне, кел! Күн мен сан-алуан он екі ғаламшардың өзара жүйесіне қара! Апырым-ай, бұл тәртіп пен жүйе Күннен бетер анық түрде Адл әрі Қадир бір Зат-ы Зүлжәлалды көрсетіп тұрған жоқ па? Әсіресе, сол ғаламшардың біреуі, біздің кемеміз Жер шарына қарайық. Бір жылда жиырма төрт мың жылдық қашықтықты айналып саяхат етеді. Адам айытқысыз жылдамдығымен жер жүзінде орналасқан, бетіне жинаулы жаратылысты шашпай-төкпей, айналаға лақтырып жібермей зымырайды. Егер жылдамдығы бір сәт артып не азайса тұрғындарын жан-жаққа ұшырып жіберер еді. Бір минут тіпті, бір секундқа жүйе бұзылса дүниеміз қирап, тіпті басқа ғаламшармен соқтығысып қиямет қайым болуы ғажап емес. Әсіресе, жер бетіндегі өсімдік пен хайуандардың төрт жүз мың түрінің өсіп-өнуі мен шіріп-қартаюы, қоректенуі мен тұрмыс тіршілігі кезіндегі өте рахымды реттілік пен тәртіп керемет-ақ! Жарық, Күнді қалай көрсетеді дәл сол секілді бұл құбылыс да бізге бір ғана Зат-ы Адл әрі Рахимды көрсетеді. Әлгі сансыз түрлердің, сансыз тұлғалардың бір тұлғасының өзі ағзасы, сезім мүшелері керемет дәлме-дәл өлшеммен өзара үйлесімді, келісімді онақты соншалық ол үйлесімділік пен реттілік ап-анық түрде бір Сани-ы Адл Хаким Аллаһты көрсетеді. Сондай-ақ, әрбір хайуанның денесіндегі жасушалардың, қан тамырларының, оның ішіндегі түйіршіктердің, ондағы зәррелердің өзара күрделі әрі дәл, таңғажайып үйлесімділігі бізге, әр нәрсенің тізгіні қолында, барлығының кілті тек өзінде, бір іс бір іске кедергі туғызбайтын, бүкіл нәрсені бір түйір нәрсе секілді оп-оңай басқаратын жалғыз Халиқ-ы Адл Хакимнің таразысымен, заңымен, тәртіпті әмірімен басқарылып, болып-бітетінін дәлелдейді. Ертең қиямет күні ұлы сот болып «Ұлы әділет» атты үлкен таразыға адам мен жындардың амалдарының тартылатынын ақылға сыйымсыз деп сенбейтіндер, мына аталған әрі өз көздерімен көріп жүрген керемет тәртіп пен күрделі жүйеге үңіліп қарай алса, әлбетте күпірліктен бас тартар еді.О, ысырапшыл, үнемдеуді білмейтін! О, залым, әділдікке мойынсұнбайтын адам! О, кір қожалақ бейбақ! Бүкіл әлем, болмыс атаулы қатаң сақтайтын үнемділік, тазалық, әділдік ережелерін бұзғандықтан оларға жаппай қарсы шығып, олардың ашу-ызасын келтіріп отырсың. Олар сенен жиіркеніп жақтырмайды. Кімге сеніп күллі жаратылысты зұлымдық жасаумен, ретсіз, өлшемсіз әрекетіңмен, ысырап қылуыңмен, тазалықты сақтамауыңмен ашуландырасың!?

309ОТЫЗЫНШЫ ЛЕМАИә, Хаким есімінің ұлы сәулесі болып табылатын ғаламдағы жаппай хикмет пен үнемділік, және ешбір жерде ысыраптың болмауы бізге ысырап қылмай үнемді пайдалануды бұйырады. Және Адл есімінің әсерінен пайда болған әлемдегі толық Илаһи әділдік, барлық заттың реттілігін жіті қадағалап отыр. Адамзатқа да әділ болуды бұйырады. Рахман сүресінде: деп, келетін аяттағы төрт мәрте, төрт түрлі таразыға ишара ететін төрт рет таразы мағынасындағы «мизан» сөзі әлемде өлшемнің қаншалықты маңызды екенін, өлшемді болудың бәрінен де жоғары тұратынын білдіреді. Рас, ешнәрседе ысырап болмайтыны секілді ешбір нәрседе нақты мағынада зұлымдық, артық не кем жоқ. Аллаһтың «Құддус» дейтін есімінің ұлы сәулесінен пайда болатын танзиф (тазарту), незафет (тазалық) ақиқаттары бүкіл әлемдегі жаратылысты тазартып, әдемі етіп отыр. Адам пенденің қолы жетпеген жерде тура мағынада ешбір кір, лас, жаман бір нәрсе көре алмайсың. Сонымен, Құранның ақиқаттарынан, Ислам дінінің негіздерінен боп саналатын «әділет, үнемділік, тазалық» қағидасы қоғам өмірінде қаншалықты сақталуы қажет ереже, заң екенін біл! Және Құранның үкімдері әлеммен тығыз байланысты, әлемнің заңдылығы ішіне терең бойлап, мықтап кеулеп орнаған екен. Ал, осы ақиқаттармен санаспау, оны бұзу әлемді бұзу, өңін өзгерту болып табылады, бірақ ол ешкімнің қолынан келмейді. Осы аталған үлкен үш зия (жарық) секілді рахмет (мейірім); инает (жәрдем); хафизиет (сақтау) тәрізді жүздеген ауқымды ақиқаттар Хаширді, Ақыретті керек етіп, қатты талап етеді. Солай бола тұра, бүкіл әлемде, жаратылыста үкімі жүріп тұрған рахмет, инает, адалет, хикмет, иқтисад (үнемділік), нәзафет (тазалық) сықылды қуаты күшті кең мұхит ақиқаттардың мейірімсіздікке, зұлымдыққа, әбестікке, ысырапқа, ластыққа, хикметсіздікке айналып кетуі мүмкін бе? Құдай сақтасын, олай болуы әсте мүмкін емес!Бір түйір шыбынның тіршілік етуі үшін, оның өмір сүру шарттарын рахымды түрде жасап, қауіптен сақтап, оны тірі қылып отырған Иләһи рахмет пен хикметтің апырым-ай, хаширді жаратпай яғни қайта тірілтпей, барлық саналы пенделерінің өмір ақысын жеп, сансыз болмыстың шексіз хұқығын аяқ асты етуі мүмкін бе?! Егер айтуға болатын болса, рахмет пен қамқорлыққа келгенде, және әділдік пен хикметке келгенде өте зор мән беріп, мұқияттылық танытатын Рубубиет, сондай-ақ, өзінің кемелдігін көрсету үшін, және өзін таныстырып жақсы көргізгісі келетін, сол үшін де әлемді неше түрлі ғажап санатпен, шебер түрдегі нығметтермен безендірген Улухиет, әлгіндей күллі

310ЛЕМАЛАРкемелдікті жойып жіберетін, барлық жаратылыстың құнын түсіріп тастайтын, жоққа шығаратын, қайта тірілтуді қаламайтын хаширсіздікке, яғни мәңгі бақытқа қарама-қайшы, ақыреттің болмауына рұқсат береді деп ойлайсың ба? Жо-жоқ! Жәмал-ы Мұтлақ мұндай сұмдық келеңсіздікке әсте жол бермейді. Иә, ақыретті жоққа шығармақ ойы бар адам әуелі бүкіл дүниені ішіндегі барлық ақиқаттарымен жаратылыс болмысымен қоса жоққа шығаруы тиіс. Әйтпесе, дүние бүкіл ақиқаттарымен жүз мың тілде оны бекерге шығарып ондай сорақы ісін әшкерелеп, өтірігін бетіне басады. Сондықтан да, Оныншы Сөз нақты дәлелдермен Ақыреттің болмысы да дүниенің болмысы секілді өте анық, еш шүбәсіз екенін дәлелдеген болатын.* * *исм-и Ағзамның алты нұрынан үшінші нұрына ишара қылатын ҮшіНші тұжыРыМ аятының бір тұжырымы және Исм-и Ағзам немесе Исм-и Ағзамның алты нұрының бір нұры болып табылатын «Хакем» есімінің бір сәулесі, қасиетті Рамазан айында көрінген болатын. Оған тек ишара қылатын үшінші Тұжырым асығыс жазылды. Бұл тақырып бес түйіннен тұрады. Шимай қағазға қалай жазылса солай көшірілді. Үшінші тұжырымның бірінші түйіні: Оныншы Сөзде ишара етілгеніндей, Хакем есімінің ұлық әсері, оның шағылыс-сәулесі мына ғаламды бір кітаптай реттеп, тәртіппен жаратқан. Иә, ғалам бейне бір әрбір парағында жүз кітап жазулы, әрбір жолы жүздеген парақты қамтитын, әрбір сөзі жүздеген жазу жолдарына татитын, әрбір әрпінің астарында жүздеген сөздер жататын, әрбір нүктесінің үстінде кітаптың қысқа мазмұны табылатын ғажайып бір кітап тәріздес. Бұл кітаптың парақтары, жолдары тіпті сонау нүктелеріне шейін жүздеген жақпен өзінің Жазушысын ап-анық көрсететіні сондай кітаптың болмысы көзге анық-қанық көрінуінен әлдеқайда анық түрде жазушысының болмысын, жалғыз екенін дәлелдейді. Өйткені, бір түйір әріп өзінің болмысын бір әріптей ғана көрсететін болса, өзін жазған жазушыны бір жол жазудай анық көрсетеді. Иә, әлгі алып кітаптың бір парағы жер жүзі ғой. Ол парақта қанша өсімдіктер мен хайуандар болса сонша кітаптар бар. Олар көктем сайын өзара аралас-құралас, бәрі бірге, бір уақытта, еш қатесіз, өте тамаша түрде жазылып жататыны көзге көрініп-ақ тұр. Әлгі парақтың бір жолы бір бау-бақша ғой. Ол бау-бақшада қанша гүл-шешектер, ағаштар мен өсімдіктер болса сонша керемет қасида, жыр-дастандар тәрізді бәрі бірге, қатесіз жазылған, оған өзіміз де куәміз. Манағы жазу жолының бір сөзі болса, гүлдеп жеміс бергелі

311ОТЫЗЫНШЫ ЛЕМАтұрған, жапырағы мол бір ағаш іспетті. Ол сөз дағы, өзінде қанша жапырақ, гүл мен жемістер болса сонша Хаким-і Зүлжалалды мақтап-мадақтайтын, мағынасы терең ой-тұжырымдар боп есептеледі. Бейне бір әлгі ағаш өзі секілді гүл ашқан жеміс ағаштары секілді ол да өзін жаратқан Наққашты Шебер Аллаһтың мадақтап, құлаққа естіліп тұрған тамаша жыр-дастан тәрізді.Әрі, құдды Хакем-і Әзәлидің өзі жер атты көрмесінде жайып тастаған таңғажайып, керемет жаратқандарына мыңдаған көзбен қарағысы келетіндей.Әрі, әрбір ағаш та әлгі Әзәли Сұлтанның берген тамаша сый-кәделерін, шеру киімдері, медаль, ордендері секілді қылып өздерінің мерекесі, салтанатты шеруі боп табылатын көктемде Әлгі Әзәли падишахтың назарына ұсыну үшін осылайша безеніп, әп-әдемі, тап-тұйнақтай киініп алғандай. Оларға хикметке толы болмыс берілгені сонша, әрбір гүлінде, әрбір жемісінде көптеген сырлар, дәлел-айғақтар бір-бірінің ішіне орналасқандай. Солар арқылы Шебер Суретші, Наққаш Иесінің болмысына, көркем есімдеріне куәлік етеді. Қалай десеңіз, мәселен, әрбір гүлдің, әрбір жемістің белгілі бір мөлшері бар. Ол мөлшер реттіліктің ішінде, ал реттілік болса әрдайым жаңарып отыратын реттеумен, өлшеумен жүзеге асады. Ал ол өлшем мен реттеу болса әдемі әрі өнермен жасалады. Ал ол әдемілік пен өнер болса мағыналы хош иістер мен хикметке толы тәтті дәмдермен көмкерілген. Міне, сондықтан әрбір гүл өзінің ағашында қанша гүл болса сонша Хакем-і Зүлжәлалға ишара қылып, одан хабар береді. Және бір сөз тәріздес мына ағаштың бір әріп секілді бір түйір жемісіндегі бір нүкте іспеттес дәнінде сол ағаштың толық мазмұны, барлық бағдарламасы сақтаулы, ол бір сиқырлы сандық, сырға толы қобдиша тәрізді. Тағысын тағы...Осылайша ғалам кітабының бүкіл жазу жолдары, парақтары Хакем және Хаким есімдерінің шуақтарымен тіпті, әрбір парағы ғана емес, тіпті әрбір жолы, әрбір сөзі, әрбір әрпі, әрбір нүктесі мұғжиза бейнесінде жаратылған. Бүкіл себептер жұмылса бір нүктесінің ұқсасын жасай алмасы хақ, әсте оған қарсыласа алмайды.Иә, осы ғалам атты ұлы Құранның әрбір тәкуәни аяты өзінің қанша нүктесі, қанша әрпі болса сонша мұғжизалар көрсететіндіктен әлбетте, есерсоқ кездейсоқтық, соқыр күш, өлшемді білмейтін, мақсатсыз, меңіреу табиғат ешбір тұрғыдан әлгі хикметке толы, көреген дәл өлшемді де күрделі тәртіпке әсте, араласа алмайды. Егер араласқан болса міндетті түрде бұрыстық, ақау табылар еді. Алайда, қандай да бір тәртіпсіздік, ретсіздік еш байқалмайды. Үшінші тұжырымның екінші түйіні. Бұл екі мәселеден тұрады.Бірінші Мәселе: Оныншы Сөзде баяндалғанындай, шексіз кәмал бір жамал (сұлулық) және шексіз жамал сұлу бір кәмал (кемелдік) әлбетте өзін көргісі әрі көрсеткісі келеді, яғни жасырын қалмай өзінінің кереметтігін паш еткісі келеді. Бұл пікір өте негізі мықты қағида. Міне, осы жалпыға ортақ негізгі қағидаға орай мына алып ғалам кітабының авторы, Наққаш-ы Әзәли

312ЛЕМАЛАРосы ғалам арқылы, ғаламның әрбір парағы арқылы, әрбір жолымен, тіпті әрбір әрпімен, әрбір нүктесімен өзін таныстырғысы, кемелдігін білдіргісі, жамалын көрсеткісі келеді, өзін жақсы көруді қалайды. Сол үшін де ең ұсақ бөлшектен бастап ең күлли нәрсеге дейін, әрбір болмыстың бірнеше тілімен өзінің кәмал жамалын, жамал кәмалын таныстырып отыр, әрі сүйсіндіріп жақсы көргізуде. уа, ғапыл жан! Осындай Хаким-і Хакем, Хаким-і Зүлжалал әрі Жамал әрбір жаратқан нәрселерімен өзін саған осылай шексіз айқын әрі жарқын түрде таныстыруды, сүйсіндіруді қалап тұрғанда сен оның таныстыруына жауап ретінде иман етіп танымасаң, және оның сүйсіндіруінің ақысы ретінде құлшылық етіп өзіңді Оған сүйсіндірмесең, бұл әрекетің қаншалықты тоңмойындық, мүлдем көрсоқыр надандық әрі саған күллі зиян екенін біл, есіңді жи! Екінші түйіннің екінші мәселесі: Мына ғаламның иесі Сани-ы Қадир уә Хакимнің иелігіне басқа біреудің араласуы, ортақ болуы мүмкін емес. Өйткені, барлық жерде шексіз керемет тәртіп болғандықтан ширкті яғни ортақ болуды қабылдамайды. Себебі, бір іске бірнеше қол араласса іс былығады. Бір елде екі патша, бір шәһарда екі әкім, бір ауылда екі басшы болса ол елдің, манағы шәһардың, әлгі ауылдың әр ісі оңбай, тоқырайтыны белгілі. Тіпті, қарапайым бір жауапты қызметкер өз ісіне басқаның араласуын қабылдамайды. Бұл бізге әкімшіліктің негізгі тұжырымы, қатаң талабы тәуелсіздік, даралық екенін көрсетеді. Демек, тәртіп Уахдетті (жалғыздық), әкімшілік жеке, даралықты талап етеді. Жалпы әкімшіліктің яғни Иләһи Рубубиеттің уақытша көрінісінің өзі көмекке мұқтаж, әлсіз адамзат әлемінде осылайша басқаның араласуын қабылдамай, оған титтей де жол бермей жатса, әлбетте Қадир-і Мұтлақтың Рубубиет дәрежесіндегі нағыз әділ, Иләһи әкімшілігі міндетті түрде, бар пәрменімен басқаның араласуын қабылдамауы қатаң талап, заңдылық. Егер бөтен біреу титтей де араласқан болса жүйе бұзылар еді.Бірақ, мына ғаламның жаратылысына назар салып қарасақ, бір дәнекті жарату үшін бір ағашты жарата алатын құдірет қажет. Бір ағашты жарату үшін әлемді жарата алатын құдірет-күш керек. Егер Аллаһтан басқа ғаламға әсер ететін бөтен құдірет болса, ол ең ұсақ дәнектің жаратылысында да үлесі болуы керек. Өйткені, ол ағаштың үлгі мысалы, мазмұны. Сонда алып әлемге сыймайтын екі Рубубиет билік бір дәнектің ішіне тіпті бір зәрренің ішіне орналасқан болды ғой. Бұл әрине сандырақтың сандырағы, қисық қиялдың сорақысы, мағынасыз бос даурықпа ғана, ақылға мүлдем кереғар пікір. Алып ғаламды барлық хал-ахуалымен өзінің әділ таразысымен, хикметке толы өлшемімен басқарып отырған Қадир-ы Мұтлақты әлсіз деп ойлау, тіпті, бір дәнектің ішінде басқа Құдай бар деп сену яғни ширк пен күпірлікке түсу қаншалықты ақылға сыйымсыз жалған пікір десеңші! Ал, Тәухид яғни бәрін бір Аллаһ жаратты деу күмәнсіз дәреже хақ, нағыз ақиқат, әрі өте дұрыс, әрі солай болуы керек, сөзсіз солай! Сондықтан, осындай ақиқат екенін біл,

313ОТЫЗЫНШЫ ЛЕМА«Әлхамдулиллаһи аләл Иман!» деп айт!Үшінші түйін: Сани-ы Қадир өзінің Хакем және Хаким есімдерімен мына әлемнің ішіне мыңдаған жүйелі әлемдерді орналастырған. Ол әлемдердің ішінде хикметтерге ең көп бөленуші адамзатты таңдап оны орталық, негіз етіп жаратқан. Ғаламдағы маңызды хикметтер мен пайдалар адамды айнала қоршап, онымен тығыз байланыста. Енді, адамзат әлеміне қарайық. Ол жерде ризық өте маңызға ие. Олай болса ризықты орта болып негізгі рөл ойнайды. Адамзат әлемінде көптеген хикметтер мен пайдалар сол ризықпен тікелей байланысты әрі сол арқылы көрініс табады.Мәселен, дәрігерлік пәнінен: «Мына әлем неге ұқсайды?» деп сұраса, былай дер еді: «Ішіне небір дәрі-дәрмек рет-ретімен жинастырылған, өте тыянақты жасалған, керемет алып дәріхана».Химия пәнінен: «Мына жер шары неге ұқсайды?» десе, «Өте тамаша, бір міні жоқ зертхана, зерттеу орталығы» деп жауап берер еді. техника ғылымынан сұралса, былай дер еді: «Ешбір ақауы жоқ өте керемет зауыт, фабрика».Егіншілік ілімі былай дер еді: «Өнімді молынан беретін, қандай да болсын дәндерді мезгілінде үлгертетін егіс алқабы, керемет бау-бақша».Сауда-саттық ілімі былай дер еді: «Таңғажайып көрме, өте жүйелі базар, өте шебер жасалған заттар сатылатын дүкен».Аспаздық, дұрыс тамақтану ілімі былай дер еді: «Өте тамаша, азық-түліктің небір түрі табылатын қойма».тамақ өнеркәсібі былай дер еді: «Жүз мыңдаған тәтті тағамдар бәрі бірге бірақ араласпай, өте жүйелі түрде пісірілетін Раббани асхана, Раббани қазан».Әскери ілім былай дер еді: «Жер шары әскери лагер. Көктем сайын құрамы жаңарған, сақадай сай сарбаздармен толықтырылады. Жер жүзі әскери шатырларға толып, ішінде төрт жүз түрлі ұлт өкілдері әлгі әскери бөлімшеде борышын өтеп жүрсе де әрқайсысының азығы бөлек, киімдері басқа, қару-жарақтары өзгеше, тағылымдары мен босатылу мерзімдері әртүрлі, сөйте тұра өте жүйелі түрде ешқайсысын ұмыт қалдырмай, шатастырмай бір ғана Ағзам қолбасшының әмірімен, күш-қуатымен, мейірімімен қамтамасыз етіліп, мол қазынасынан бүкіл қажеттіліктері қамтамасыз етіліп, толық керемет басқарылуда». Электр пәнінен сұраса, әлбетте былай дер еді: «Мына зәулім ғалам сарайдың төбесі өте ретті әрі өлшемді түрде сансыз электр шамдарымен безендірілген. Таңғажайып жүйелі, дәлме-дәл өлшемді екені сонша Күннен бастап сонау жер шарынан мың есе үлкен аспани шамдар, әрдайым жанып тұрса да тепе-теңдігін бұзбай, жарылып кетпейді, өрт шығармай, әрдайым жарқырап тұр. Жұмсалатын шығындары қыруар бола тұра, ол шығындары мен жанар майлары қайдан келіп жатыр? Қалай таусылып қалмайды? Жану жүйесі қатаң сақталуда. Кішкене шамның өзін мұқият бақылап отырмаса

314ЛЕМАЛАРсөніп қалады емес пе? Астрономия пәнінің мәліметі бойынша, көлемі жер шарынан миллион есе үлкен және миллион жыл бұрын жаратылған Күнді *еш көмірсіз, жанар майсыз жандырып тұрған Хаким-и Зүлжәлалдың шексіз хикметіне, асқан құдретіне қара! «Сүбханаллаһ» деп айт! Күн қанша заман жанып тұрған болса сонша минуттарының ашираты санынша яғни оннан бірі есебінше «Машаллаһ, Бәрекелді, Ләиләһә иллаллаһ» сөздерін қайтала! Демек, мына аспани шамдарда өзара таңғажайып тәртіп бар. Және оларды өте мұқият қадағалап отыр. Әлгі, алып әрі сансыз жымың қаққан, құжынаған нұрлы шамдар секілді жұлдыздардың бу қазаны, бұлағы қайда десең, бір риуаятта ыстық оты әсте азаймайтын Жәһаннам екен. Ол нұры жоқ ыстық жалын шашып тұрады екен. Ал, манағы электр шамдарының жарығын өндірушісі, орталық станциясы болса мәңгі бақи нұры өшпейтін Жәннат екен. Аллаһтың Хакем және Хаким есімдерінің шексіз нұр-сәулесімен әрдайым жарқырап тұрады. Тағысын тағы...Осы пәндер секілді жүздеген пәннің әрқайсысы мына ғалам керемет тәртіпті түрде шексіз хикметтерге, күллі пайдаларға негізделіп безендірілгеніне бұлтартпас куәлік етеді. Және осы ғажайып әрі мұхит хикметпен күллі әлемге берген тәртіп хикметтерді ең ұсақ жәндікке, кішкене бір дәнекке де шағын мөлшерде берген. Өздеріңе мәлім, әрі анық нәрсе, тәртіпті түрде белгілі бір мақсаттарды, хикметтерді және пайдаларды көздеу үшін ерік-қалау, құдірет керек, онсыз мүмкін емес. Ол еріксіз, қалаусыз, бейсана, меңіреу табиғат пен себептердің қолынан келмесі анық тіпті араласуы да мүмкін емес. Демек, мына ғаламдағы күллі жаратылыстағы керемет тәртіп пен шексіз хикметті талап етіп һәм көрсетіп тұрған Фаил-ы Мұхтарды, Сани-ы Хакимды танымау немесе жоққа шығару қаншалықты надандық, ақымақтық екені айтпай-ақ түсінікті. иә, әлемде ең таңғалатын нәрсе болса ол күпірлік, құдіретке сенбеу. Өйткені, әлемнің болмысындағы шексіз тәртіп пен хикметтер бір Жаратқанның бар әрі бір екенін көрсетіп, жаппай куәлік етіп жатқанда Оны көрмеу, сенбеу барып тұрған сорақылық, надандық екенін көрсоқыр, топас та түсінер. Тіпті, кәпірлердің ішінде әлемнің бар екенін жоққа шығарғандықтан ақымақ саналатын Софестаи ағымы кәпірлердің ең ақылдылары. Себебі, әлемнің бар екеніне сене тұра оның жаратушысы Халиқына, Аллаһқа сенбеу әсте мүмкін емес болғандықтан әлемді жоққа шығара бастады әрі өздерін де жоққа санап «ешнәрсе жоқ, бәрі қиял, елес» деп, ақылдан бас тартып, өздерін ақылды санайтын өзге кәпірлердің мүлдем ақылсыз пікірлерінен құтылып шамалы болса да ақылға келді. * Япырау, дүние сарайында жарық беріп тұрған шам тәріздес Күнді яки алып лампаны солай жарық қылып тұру үшін қанша отын кететінін есептеп көрейікші. Тек бір күнгі жарық, жылуы үшін астрономдар есебі бойынша жершарынан миллион есе көп көмір және теңіздің көлеміндей жанар-май керек екен. Енді, ойлап көр Күнді көмірсіз, газсыз осылай жарқыратып қойған Қадир-ы Зүлжәлалдың құдіретіне қанша рет «Сүбханаллаһ, Машаллаһ, Бәрекаллаһ» деуіміз керек!

315ОТЫЗЫНШЫ ЛЕМАтөртінші түйін. Оныншы Сөзде ишара етілгеніндей, айталық өте Хаким, Шебер һәм дана Ұста өзі салған сарайының әрбір тасына жүздеген хикметке толы ою-өрнек салып, ерекше мән беріп жасап, сосын ол ғимараттың төбесін жаппай өз еңбегін еш қылып манағы көз майын тауысқан шексіз өнер мен хикметтерін зая етуі әсте мүмкін бе, мұндай ақымақтықты сау ақыл қабылдай ма? Әрине, жоқ! Және, Хаким-ы Мутлақ өте дана, кәміл хикмет иесі тырнақтай дәнектен жүздеген батпан пайдалар мен мақсаттарды, хикметтерді мұқият көздей отырып, еш ысырап қылмайтынын Біреу бола тұра, үлкен зәулім ағаштың титтей ғана пайда, болмашы бір мақсат, бір түйір жеміс беруі үшін манағы зәулім ағашқа соншама қыруар шығын жұмсауы мүмкін бе? Сөйтіп, даналығына мүлдем керағар, бекерге ысырап жасауы ешбір тұрғыдан мүмкін бе? Дәл сол секілді мына ғалам сарайының әрбір затын жүздеген хикметпен жаратқан, және әрбіріне жүздеген міндет жүктеген тіпті әрбір ағашты жемісіне пара-пар хикметтермен безендірген және оған гүл-шешектері санына пара-пар міндет жүктеген Сани-ы Хаким шебер Аллаһ, қияметті болдырмауы, хашірді жаратпау арқылы қисапсыз хикметтер мен сансыз міндеттерді мағынасыз, әбес, босқа, түк пайдасыз, зая етуі мүмкін бе? Әрине мүмкін емес! Бұл деген, Қадир-ы Мутлақты өте әлсіз деп, есептеумен тең. Рахим-ы Мутлақтың мол рахымын тым жағымсыз деп, қабылдау, Адл-и Мутлақтың асқан әділдігін зұлымдық деп санау. Бейне бір ғаламда әркімге көрініп тұрған хикметті, рахымды, әділдікті жоққа шығару секілді бассыздық. Бұл, мүмкін емес, ақыл шығарға жол таба алмайтын тығырық, болымсыз пікір. Кәпірлер ойлансын, бұл деген ертең амалсыз өздері түсетін, елестеткеніндей тар қабір сықылды пікір, адасушылық. Неткен қараңғы, қорқынышты, жыландар мен улы шаяндар толы құдық екенін білсін! Ал, ақыретке сену, иман келтіру болса Жұмақ секілді тамаша, кең пейіштей нұрлы, жәннаттай жарқын жол екенін білсін, иманға келсін. Бесінші түйін. Бұл екі мәселе.Бірінші мәселе: Сани-ы Зүлжәлал, өзінің Хаким есімінің талабына сай әрнәрседе ең жеңіл түрін, ең қысқа жолын, өте оңай шешімін, аса пайдалы жағын таңдап керемет жаратады. Ал, бұл бізге бүкіл жаратылыста ысырап, әбестік, бос, пайдасыздық жоқ екенін көрсетеді. Ысырап деген Аллаһтың Хаким есіміне керағар құбылыс. Ал үнемділік болса оның талабы әрі негізгі заңдылығы болып табылады. Уа, үнемдеуді білмейтін, ысырапшыл адам! Күллі ғалам мойынсұнатын негіз, ереже-заң боп табылатын үнемділікті ескермегендіктен ақиқатқа қаншалықты теріс әрекет етіп отырғаныңды білемісің? аяты діңгегі мықты, ауқымы кең ережеден дәріс беріп отырғанын түсін!

316ЛЕМАЛАРЕкінші мәселе: Хакем және Хаким есімдері анық түрде Ардақты Мұхаммед аләйһиссалату Уәссаламның пайғамбарлығын дәлелдеп, Оның пайғамбар екенін талап етеді десек ақиқатты айтқан боламыз. Иә, мағыналы, қызық кітап өзін өзгеге үйретіп, дәріс беретін, бір мұғалімді керек етеді. Өте сұлу тамаша жамал өзін көретін, көрсететін айна сұрайды. Өте кәміл өнер өзін әлемге танытатын делдал, ұстаз талап етеді. Олай болса, әлбетте мына әрбір әрпінде жүздеген мағыналар мен хикметтер жатқан ғалам атты Ұлы Кітаптың оқырманы болып табылатын адамзаттың ішінен әлбетте, бір кәміл жетекші, ұлы ұстаз шығуы керек қой. Ондай ұстаз әлгі кітаптың киелі де терең хикметтерін үйретіп, дәріс береді, ғалам ғажайыптарға толы екенін үйретеді. Тіпті ғаламды жаратардағы Раббани мақсаттардың көрінуіне, тіпті жүзеге асуына да сол себеп болады. Бүкіл әлемдегі Аллаһ тарапынан жаратылып көрінуі тиіс шебер өнерді, көркем есім-сипаттарды таныстыратын, айна болып шағылыстыратын басты тұлға да сол болмақ. Әлемнің Жаратушысы, күллі болмыс арқылы өзін сүйсіндіргісі келеді, әрі оған өзінің жаратқандары болымды жауап бергенін қалайды. Сондықтан, саналы мақұлықтардың атынан біреу шығып әлгі шексіз Рубубиеттің талабына сай ауқымды түрде құлшылықпен қайтарым жасап, жер мен көкті дүрліктіретін зікірімен сана иелерінің назарын мына өнердің Иесіне аударуды мақсат қылған. Ол өзінің киелі дәрістерімен, құнды тағылымымен ақылды жандардың көңілін бірден өзіне аудартып, Қасиетті Құран арқылы Сани-ы Хакем Хакимнің киелі де биік мақсаттарын өте тартымды да жүйелі түрде жеткізген. Міне, Иләһи күллі хикметтер көрініс тапқанда, жамал мен жалал көрінген кезде оған лайық жауап беретін ірі Тұлғаның болуы, Күннің болмысы секілді мына ғаламға керек-ақ, тіпті шарт. Осылай істеген және осы міндетті адал да толық атқарған ап-анық Ардақты Мұхаммед аләйһиссалату уәссалам боп табылады. Олай болса Күннің жарықты, ал жарық күндізді талап еткеніндей анық түрде ғаламдағы хикметтер Мұхаммедтің (с.а.у) пайғамбарлығын талап етеді. Иә, қалайша Аллаһтың Хакем және Хаким есімдері шексіз ауқымды шағылысымен өте анық түрде Ахмедтің (с.а.у) пайғамбарлығын талап етеді, сол секілді көркем есімдерден Аллаһ, Рахман, Рахим, Уәдуд, Мүним, Кәрим, Жәмил, Раб секілді көптеген есімдердің әрбірі ғаламда көрінген ұлық шуақтарымен кең түрде және анық-қанық дәрежеде Ахмедтің (с.а.у) пайғамбарлығын талап етеді.Мәселен, Рахман есімінің шуағы рахымшылық, әлемге рахым болып жіберілген сол Кісі арқылы көрініс табады. Уәдуд есімінің шуағы «тахаббуб-ы Иләһи» яғни Аллаһтың өзін жақсы көргізуі және «тағаруф-ы Раббани» яғни Аллаһтың өзін таныстыруы әлгі Хабиб-ы Рабб-үл Аламин Әз Пайғамбар арқылы нәтижелі болмақ, тиесілі жауабын алмақ. Жәмил есімінің бір сәулесі болып саналатын күллі сұлулықтар, яғни Жәмал-ы Зати, Жәмал-ы

317ОТЫЗЫНШЫ ЛЕМАӘсма, Жәмал-ы Санат, Жәмал-ы маснуат әлгі жарқын Ахмедтің айнасында көрінеді, сол арқылы көрсетіледі. Рубубиеттің айбындығы мен Улухиеттің салтанатының сәулелері де сол Рубубиеттің салтанатының делдалы Зат-ы Ахмедиенің пайғамбарлығы арқылы білінеді, көрінеді, түсінікті болады, расталады. Тағысын тағы... осы мысалдар секілді Иләһи көркем есімдердің әрқайсысы Ахмедтің пайғамбарлығына (с.а.у.) жеке-жеке куәлік етіп, жарқын айғақ болып табылады.Сонымен, ғаламның бар екені рас, оны ешкім жоққа шығара алмайды. Олай болса, әлбетте, ғаламның түрлі бояулары, әшекейлері, жарық-нұрлары, тірліктері, байланыстары болып табылатын хикмет (даналық), инает (жәрдем), рахмет (мейірім), жәмал (сұлулық), низам (реттілік), мизан (өлшем), зинет (әсемдік) секілді айқын ақиқаттардың бар екені рас, оны жоққа шығару ешбір тұрғыдан мүмкін емес. Аталған сипаттардың, істердің бар екені анық, жоққа шығару мүмкін емес екен, олай болса міндетті түрде ол сипаттардың Мәусуфы (сипатталушы), әлгі істердің Фаиылы (жасаушысы), манағы жарық-нұрлардың күні Зат-ы Уажиб-үл Ужуд, Хаким, Кәрим, Рахим, Жәмил, Хакем, Адл Аллаһ ешбір тұрғыдан жоққа шығарылмайды, шығару мүмкін емес. Және сөзсіз түрде ол сипаттардың, әлгі істердің көрінуіне ұйтқы, тіпті кемелдігіне себеп, тіпті жүзеге асуына түрткі болған Рәхбер-і Әкбар, Муаллим-і Әкмәл, Дәллал-ы Ағзам деп аталған ғаламның тылсым сырын ашқан, Самадтың айнасы, Рахманның Хабибы Мұхаммедтің аләйһиссалату уәссәламның пайғамбарлығын ешбір тұрғыда жоққа шығару мүмкін емес. Ақиқат әлемінің және ғалам ақиқатының жарық-нұрлары тәріздес бұл Кісінің пайғамбарлығы да ғаламның жарқын нұры екені айдан анық. * * *

318ЛЕМАЛАРОтыЗыНшы ЛЕМАНыҢ төРтіНші тұжыРыМыАятының бір тұжырымы саналатын және Аллаһтың Уахид әрі Әхад есімдерін қамтитын Исм-и Ағзамның алты нұрынан бір нұры «ФӘРД» есімінің бір шұғыласы Шәууәл айында Ескішәһар түрмесінде маған көрінген еді. Ол алып шұғыланы айқындауды Рисалей-Нұрға тапсырып, мұнда Фәрд есіміне қатысты «Жеті ишара» арқылы Тәухид ақиқатын өте қысқаша әңгімелейтін боламыз. БіРіНші ишАРА: Фәрд исм-і ағзамы өте ауқымды шуағымен жаратылыстың бәріне және әрбір түріне, әрбір тұлғасына жеке-жеке Тәухид таңбасын, Уахданиет мөрін басқандығын Жиырма Екінші Сөз бен Отыз Үшінші Мектубта айқындап көрсеткен едік. Ал мұнда тек қана «Үш таңбаға» ғана тоқталамыз.БіРіНші тАҢБА: Фәрдиет есімінің шұғыласы ғаламға өзінің жалғыз екенін көрсететін сондай бір Уахдет таңбасын басқан ғаламды бөлшектеу мүмкін еместей қылып, күллі яғни біртұтас етіп қойған. Бүкіл жаратылысты басқара алмаған Біреу, оның ешбір бөлшегіне де иелік етуге жарамайды. Әлгі таңба «не?» десеңіздер, ғаламдағы жаратылыс өте жүйелі бір фабриканың тістері секілді бір-біріне жәрдем етеді, бір-бірінің міндетін толықтырады. Осылайша, бір-біріне жауап беріп, бірінің ішіне бірі еніп, бірі үшін бірі көмек беріп біртұтас дене құрайтыны бейне бір адамның тұлабойындағы ағзалар секілді бір-бірінен ажыратуға келмейді. Бір бөлшекті бағындыру үшін бүкіл бөлшектерді де түгел бағындырады. Әйтпесе, бір бөлшекке де ие бола алмайды. Міне, осы құбылыс яғни ғаламдағы жаратылыстың бір-біріне сүйенуі, бір-біріне жауап беріп, өзара тұтастығы, бірімен-бірі ұштасуы, бірігуі өте жарқын әрі өте үлкен бір Уахдеттің таңбасын паш етеді. Екінші таңба: Жер жүзінің бәрінде және көктемде Әхадиеттің мөрі мен Уахданиеттің таңбасы Фәрд есімі арқылы ерекеше түрде жарқырап көрінетіні сондай, Жер бетіндегі бүкіл жанды жаратылысты болмыс бітімімен, қимыл әрекетімен, хал-ахуалымен түгел көріп, біліп басқарып және жаратып тұрған біреу болмаса, жарату ісіне ешбір тұрғыдан ештеңе де араласа алмайтынын айдан анық дәлелдеп береді. Міне, ол таңба мынау: Жер жүзіндегі шикізаттардың, жансыз заттардың өте жүйелі түрде, олардың жасырын құпия таңбасын санамағанның өзінде, екі жүз мың түрлі

319ОТЫЗЫНШЫ ЛЕМАхайуанат пен екі жүз мың түрлі өсімдіктердің арқау жіптерімен біріктіріп тоқылған ғажайып нақышқа толы өрнек белгілерінен көруге болады: көктем мезгілінде әп-сәтте жер жүзінде бір- бірімен бірге бола тұра, түрлі-түрлі пішінде, әртүрлі қызметте, алуан-түрлі азықтары бар, бөлек-бөлек құрал жабдықтарымен жабдықталған соншама түрлі жандыларды бірімен-бірін шатастырмай, аңдаусыз қателеспей, соншама шексіз сапырылысқан жағдайда әрбірінікін айыра танып, жүйелі түрде, тәртіппен соншама дәл өлшеммен әрқайсысына қажет болған нәрсені дер кезінде, ойламаған тұстан беріп, қамдап жатқандығын көзімізбен көрудеміз. Олай болса, жер бетіндегі осы ғажап жағдай, ерекше дайындық, кемел қалау сондай бір Уахданиет таңбасы және сондай бір Әхадиет мөрі екенін білдіреді. Соншама шексіз жаратылысты бір сәтте жоқтан бар етіп, бәрін бірдей басқаруы оның бұл Рубубиет билік ісіне өзге ештеңе де, ешуақытта араласа алмайтынын айдан анық көрсетіп береді. Егер, бөтен біреудің оған сәл қатысы болса, соншама шексіз үйлесім мен кемел қалаумен болып тұрған тәртіп быт-шыт болып бұзылар еді. Алайда, осы Рубубиет заңдарының әсемдікпен іске асуына Иләһи әмір бойынша адамдардың өзіндік бір жасанды қызметі бар. ҮшіНші тАҢБА: Адамның бет-жүзінің өзі Әхадиеттің таңбасы деуге болады. Адам алейһиссаламнан қияметке дейін келіп-кететін әрбір адамды назары толық қамтып, жіті бақыламаған... әрбір адамның бет жүзіне басқадан ерекше қылатын белгі қоймаған... және сол кішкентай бет жүздің өзіне сансыз ерекшеліктер жаратпаған қандай бір себеп, жалғыз бір түйір адамның бет жүзіндегі Уахданиет мөрін қоюға құдреті жетпес еді. Иә, адамның жүзіне әлгі таңбаны қойған құдрет бүкіл адамды жеке-жеке өз назарында және шексіз ілімімен қадағаламаса, әрбір адамның жүзіндегі көз, құлақ, ауыз секілді ағзалар бір-біріне сонша ұқсас бола тұра, ерекше түрлі белгілер арқылы бір-біріне ұқсамауы да, өз-өзінен болуы мүмкін емес қой. Олай болса, бет жүздегі көз, құлақ секілді ағзалардың жалпы бір-біріне ұқсауы да адамзаттың Жаратушы Иесінің біреу екенін дәлелдейтін Тәухид таңбасы. Сонымен қатар, адамзаттың жеке құқын қорғау үшін басқалардан түрін өзгеше жаратып, олардың пішінін шатастырмауы әрі бір-бірінен ажырату мақсатында хикметті ерекше белгі қоюының өзі Уахид Аллаһтың ирадесі, ықтияры, қалау еркі өзінде екенін көрсетеді. Сонымен осы аталған ерешеліктер мен ұқсастықтар Әхад Аллаһтың күрделі таңбасы болып бізге мынаны меңзейді. Хайуанатты, бүкіл жаратылысты да жаратпаған бір себеп ондай таңбаны қоя алмас еді. Екінші ишара: Жаратылыстың әлемдері, түрлері, бөлшектері бір-бірінің ішіне араласып орналасқаны сондай, осындай тұтастыққа бүтіндей Ие бола алмайтын қандай бір себеп, оның ешбір бөлшегін басқаруға шамасы жетпесі анық. Фәрд есімінің уахдет шуағы бүкіл ғаламды бір Уахдеттің яғни бір тұтастың ішіне сыйғызған. Әрбір нәрсе, Уахдетті яғни Аллаһтың жалғыз екенін көрсетеді. Мысалы, мына дүниеміздің шырағы секілді болған Күннің

320ЛЕМАЛАРбіреу болуы, барлық жаратылыстың иесі бір екеніне ишара еткені секілді, тірі жандардың қызметшілері болған ауа бөлшектерінің де бәріне ортақ бір болуы...және жер бақшасын суарған бұлттың да ортақ бір болуы...осыған байланысты бүкіл жандылар мен өсімдіктің тіршілік көзі болған жаңбырдың да бәріне ортақ әрі бәріне жеткілікті бір болуы...және басқа үлкенді, кіші жандылар мен неше түрлі өсімдіктердің де жер бетіне еркін бірдей таралуы... яғни, бәрінің мекені ортақ бір болуы...соншама айдай анық, күндей жарық дәлел болып, осы бір мекендегі бүтін жаратылыс тек бір Жаратушының мүлкі екенін көрсетеді. Міне, осылай салыстыра отырып бүкіл ғаламның бір-бірінің ішіне енген түрлі жаратылыс ғаламды біртұтас, күллі қылуы мынаны меңзейді: Ғаламның жаратылуы әртүрлі себептермен болады, деген түсінкті мүлде жоққа шығарады. Бүкіл жаратылысқа үкімін жүргізе алмаған бір қандай бір себеп, билік жүргізіп басқару жағымен бір де бір нәрсеге үкім ете алмайды, тіпті жалғыз бір түйір зәрре-бөлшекті де бағындыруға шамасы жетпейді. Үшінші ишара: Фәрд есімінің алып шұғыласы ғаламды бір-бірінің ішіне жазылған шексіз Сәмадани хат іспетті етіп, әрбір хатта шексіз Уахданиеттің мөрін және шексіз Әхадиет таңбасын басып көрсеткені секілді, әрбір хаттағы жазудың санындай Әхадиет мөрлерін таныстырып, сол мөрдің саны қанша болса сонша рет оның хатшысын да таныстыруда. Иә, әлгі жазу деп отырған, әрбір гүл, әрбір жеміс, әрбір бұта, тіпті әрбір жануар, жәндік... бәрі бәрі жеке-жеке Әхадиеттің мөрі және әрбірі Сәмадиет таңбасы болып табылады. Ал олардың орналасқан мекені болса, бір парақ хат секілді болып, әрбірі сол мекендегі бір қолтаңба тәрізді. Олай болса бәрі бірігіп сол парақ хаттың, сол мекеннің жазушы Иесін көрсетеді. Мысалы, бір бақшада өсіп тұрған сары гүл сол бақшаның жаратушы шеберінің қолтаңбасы. Әлгі сары гүл деген таңбаның жаратушы иесі кім болса, онда жер жүзіндегі бүкіл сол тектес гүлдер сол Жаратушының сөздері екендігіне, әлгі бақша да Оның жазу парағы екеніне, ап-анық дәлел болады. Олай болса, әрбір нәрсе өзінің Жататушысына барлық нәрсені еншілеп, Оның бір екендігін білдіретін Тәухид белгісі болуда. төртінші ишара: Фәрд есімінің алып шұғыласы Күн іспетті ап-ашық көрінуімен бірге, міндетті түрде солай дейтіндей дәрежеде ақылға қонымды мәселе. Ал осы шұғыланың теріс жағы әрі қарсы мағынасы болған ширк яғни Жаратушыға тағы бір серіктерді теңеу ақылға сиымсыз әрі түсініксіз бос сөз. Ал оның сондай бос сөз, дәлелсіз сандырақ екенін Рисалей-Нұрдың көптеген кітаптарында жеріне жеткізе дәлелдеген болатын. Қазір ол дәлелдерді сол рисалелердің өзінен оқуға кеңес беріп, мұнда «Үш тұжырым» деп аталатын анық айғақтармен таныстыруды жөн көрдік: Бірінші: Оныншы және Жиырма тоғызыншы Сөздің соңында қысқаша, Жиырмасыншы Мектубтың аяғында анықтап тұрып дәлелдегеніміздей, Әхад әрі Фәрд Аллаһтың құдіреті үшін ең алып нәрсені жарату ең кішкентай нәрсені жаратумен бірдей өте оңай. Көктемді жарату бір гүлді жаратқандай оп-оңай.

321ОТЫЗЫНШЫ ЛЕМАӘрбір көктем сайын қайта жаратылу яғни хаширдің сансыз мысалына куә болудамыз. Үлкен ағашты кіп-кішкене жеміс секілді өте оңай жарата салуда. Егер осының бәрі сыртқы себептерге қалса, онда бір түйір кішкене жемістің жаратылуы бір ағаштың жаратылуындай қиын әрі көп шығын кетеді... ал бір гүлді жарату бір көктемді жаратумен бірдей күрделі қиын болар еді. Иә, бір әскери қолдың киім кешегін бір ғана фабрика дайындаса онда бір әскердің киімін дайындағандай оңай болатыны белгілі. Егер, әр әскердің керек-жарағын бөлек-бөлек фабрикада дайындаса және әскери басқару бірдің емес көпшіліктің қолына көшсе, онда әрбір әскер, бір әскери қолдың басқаруындай қиындап, ал керек-жарағын жасайтын соншама көп фабрика қажет болар еді. Дәл солай, егер барлық нәрсе Әхад әрі Фәрд болған Жаратушының құзырына берілсе, бүкіл түрлердің жаратылуы жалғыз бір тұлғаның жаратылғанындай оңай болады. Ал, егер жарату ісі сыртқы себептерге телінсе онда әрбір тұлға бір түрдің жаратылуы секілді қиындыққа тірелер еді. Иә, Уәхдет, Фәрдиет деген кезде әрбір нәрсе, Зат-ы Уахид Аллаһтың құдіретімен болады деген сөз. Оған сүйенеді, сонымен байланысты болады. Ондай байланыс әлгі затқа шексіз қуат пен орсан құдірет береді. Сол кезде кішкене зат осы байланыс арқылы өзінің күш-қуатынан мыңдаған есе артық іс атқарып, шаруа тындырады. Ал, егер өзінше қуатты саналған біреу Фәрд әрі Әхад Аллаһпен байланыспаса, өзінің жеке қуатына қарай кішкентай іс атқарып, нәтижесі де соғұрлым кішірейеді. Мысалы, өз бетінше жүрген, бірақ өте мықты бір адам бүкіл азық-түлігі мен керек-жарағын жалғыз өзі арқасына көтеріп жүруге міндетті болғандықтан, тек он-шақты жауына ғана қарсы тұрып он жауды жеңуі және уақытша ғана оған қарсы тұра алуы мүмкін. Өйткені, жеке өзінің қуаты сонша ғана, ал әскерге тіркеліп ұлы қолбасшының қарамағына кірген кісі азық-түлігі мен қару-жарағын жалғыз өзі тасымайтындықтан, әлгі байланыс пен арқасүйеу ол үшін таусылмайтын қуат көзіне айналады. Сөйтіп, бір әскер өзінің сенген күш қуатының арқасында жеңілген жаудың мың басын жалғыз өзі алдына салып айдауға күші жетеді. Демек, Уахдетте, Фәрдиетте шексіз күш бар болған соң, бір құмырысқа Перғауынды, бір шыбын Нәмруд патшаны, бір микроб бір зорлықшыл ханды қалай жеңсе, дәл солай, тырнақтай ағаштың дәнегі де заңғар биік шынар ағашын көкке көтеріп кетеді. Иә, қалай, бір қолбасшы бүкіл әскерін бір жауынгерге көмекке жібере алады, сөйтіп ол бір өзі жауға қарсы артындағы қалың қол әскердің қолдауымен жауға шабуға күш-қуат тауып, қолбасшысының атынан зор іс атқара алады. Сол сияқты, Әзели Сұлтан жалғыз Жаратушы Аллаһ өзі Фәрд өзі Әхад болғандықтан ештеңеге мұқтаждығы жоқ. Айталық, егер қандай да бір нәрсеге қажеттілік туа қалса, оған бүкіл нәрсені көмекке жіберді, және әр нәрсенің артында орасан зор жойқын күш пайда болады. Әрнәрсеге барлық нәрсе, егер қажетті болса, әлгі Фәрд қолбасшының күш қуатын өзінің бойында сезінеді. Ал, егер осындай Фәрдиет болмаса, күш қуаты болмаса онда әрбір

322ЛЕМАЛАРнәрсе бүкіл күш қуатынан айырылып, еш нәтижесі жоқ бос қуыс секілді күйге түседі. Әйтпесе, әрнәрсенің нәтижесі, жемісі де дәл өзі секілді мардымсыздығымен түкке тұрмайтын жоққа тән болар еді. Онда көз алдымыздағы өте қымбат нәрселердің ғажап тез, әрі арзанға дайын болуы мен соншама молшылықта таралуы жоқ болар еді. Мысалы, мына қырық лира тұратын қауынды, анарды қырық мың лира ақшаға таба алмас едік. Иә, дүниедегі нәрселердің оңай, арзан, мол жаратылуы тек қана Уахдеттен келеді, Фәрдиетке куәлік етеді. ЕкіНші тұжыРыМ: Жаратылыс екі жолмен жаратылады. Бірі «ибда» және «ихтира» деп аталатын жоқтан жарату. Екіншісі, «инша» және «тәркиб» деп аталады яғни бар болған нәрселерден яғни эсирден жинақталып пішін берілетін жаратылыс. Егер Фәрдиет шұғыласы мен Әхадиет сыры бойынша болса, өте оңай әрі теңдессіз тез жаратылуды түсіну де оңай. Ал егер Фәрдиетке берілмесе онда ақылға сыйымсыз, еш мүмкін емес жағдай пайда болады. Алайда, дүниедегі жаратылыстың бәрі еш кемшіліксіз әрі жылдам әрі оңай жаратылуы, Фәрдиеттің шұғыласын ап-анық көрсетуде әрі Зат-ы Фәрд Зүлжәлалдың өнері екенін дәлелдеп беруде. Иә, бүкіл нәрсені Фәрд әрі Уахид Аллаһқа берсе, бір шақпақ шаққандай шексіз алып құдіретімен жоқтан бар етіп, теңдессіз ілімімен әрбір нәрсені мағынауи дайын қалыптан шығарғандай ілезде дайындайды. Және де, сондай шексіз іліміндегі әрбір нәрсенің пішіні мен мөлшеріне қарай ішіндегі зәррелерге дейін өз орындарына барып, өзіндік міндетін мүлтіксіз атқарып жатады. Егер айналадан зәррелерді жию қажет болса да, олардың бәрі іліми заң мен құдіреттің күші бойынша бір әскери армияның тәртіпті жауынгерлері іспетті әлгі жаратылудағы дененің ішіне оп-оңай өз орындарын табады. Бәлкім, фотоқағаздың жуылуы кезіндегі біртіндеп бейненің пайда болатыны секілді Фәрди уә Уахид Аллаһтың әзели ілімінде тұрған нәрселердің денелері өте оңайлықпен бейне пішіндерін яғни өз-өз киімдерін киіп шыға келеді.Мағына әлемнен нақтылы дүниеге келіп әлгі жаратылыс көзімізге көрінетін түрге енеді. Егер жарату ісі Фәрд әрі Уахдетке берілмесе, онда тек бір шыбынның денесінің керек жарағын жер жүзінен іздеп тапқан соң, өте бір нәзік таразыға тарту арқылы өлшеу керек, және оның дене ағзаларының саны қанша болса сонша мағынауи қалыптар тағы қажет болады, және оның денесіне кірген зәррелер өз қызметін мүлтіксіз атқару үшін және өте нәзік сезімдерді де мағынауи әлемдерден өлшеп әкелуге тура келер еді...Міне, осылайша бір ғана шыбынның денесін жаратудың өзі бүкіл жаратылысты жаратқаннан да қиын жағдайға түседі, тіпті, мүмкін еместің мүмкін емесі деген осы болар еді. Өйткені, Халиқ-ы Фәрдтен өзге ешкім де, ештеңені жоқтан бар ете алмайтынын хақ діннің уәкілдері және бүкіл ғұламалар көптеген дәлелдермен айғақтап берген . Олай болса, жаратуды себептер мен табиғатқа беру деген сөз шашылып жатқан бөлшектерден

323ОТЫЗЫНШЫ ЛЕМАжинап, әрнәрсеге өзіндік пішін беріледі деген ұғыммен тең. Бұл әрине, ақылға мүлдем қонымсыз нәрсе...ҮшіНші тұжыРыМ: Егер бүкіл жаратылыс бір Зат-ы Фәрдге берілсе онда бір ғана затты жаратқандай оңай болатыны, ал егер себептер мен табиғатқа тән деп есептелсе онда, бір заттың жаратылуы бүкіл дүниені де жартатқаннан қиын болатынын дәлелдеген басқа Рисалелерде баяндалған бір екі мысалдаманы әңгімелей кетуді жөн санадық:Мысалдама: Бір сардарға мың әскерді тапсырып, оларды басқару міндеті жүктелсе, және де бір әскерді он сардарға қатар бағынышты етіп берсе... мұндай жағдайда не болар еді!? Онда ол жалғыз әскерді бағындыру, оған жұмыс істету бір армияны бағындырудан да қиындыққа түсетіні анық. Өйткені, ол жалғыз әскерге жан-жағынан әмір бергендер бір-біріне кедергі болады. Сөйтіп, демалдырмастан есін шығарып жіберер еді. Ал бір сардардың басқаруында болған қалың әскери қол, бір әскер секілді оңай түрде, барлық міндетті мінсіз атқарар еді. Егер сол нәтижеге жетуді, әлгі әскери қолдағы басшысыз, командирі жоқ беталды лағып жүрген жауынгерлердің өзіне тапсырса, онда діттеген нәтижеге жету үшін астаң-кестең, қым-қуыт әрең дегенде әрі толық емес түрде қол жеткізуге болар. ЕкіНші МыСАЛ: Аясофия сынды биік мұнарасы бар бір мешіттің мұнарасындағы тастарды орны-орнына қалап, тұрғызу жұмысы бір ұстаға тапсырылса ол бәрін бір әдіспен оңай атқарар еді. Егер ол тастардың солай орыналасуын тастардың өзіне жүктесе онда ол тастың әрбірі үкім тыңдаушы әрі бір-біріне үкім беруші әкім болуы қажет болар еді. Яғни, бәрі бір-бірімен ақылдасып жоғары шығып, ілініп тұруы керек болады. Мұндай жағдайда бір ұстаның оңай жасаған ғимратының жасалуы, жүз ұста да жасай алмастай қиындыққа тап болар еді. ҮшіНші МыСАЛ: Мәселен, жер шары Фәрд әрі Уахид бір Аллаһтың қызметшісі, әмірін бұлжытпай орындаушы әскері болғандықтан жалғыз өзі жалғыз Аллаһтың ғана әмірін тыңдай отырып, жыл мезгілдерінің ауысуына, таңның атып, күннің батуына, көк жүзіндегі ғажайып қозғалыстардың көрінісіне себеп бола алады, яғни ол үшін жер бір жауынгер секілді бір Аллаһтың әмірімен өзіне Иләһи міндет жүктелгеніне шаттанғаннан шыр айналып әлгі керемет аспани көріністер мен құбылыстарға ұйытқы болады. Бейнебір, әлгі жауынгер әлемдегі аспани құбылыстарды реттеп отырған қолбасшы сықылды үлкен іс атқарады. Егер Улухиетінің билік-басқармасы, Рубубиетінің салтанаты күллі әлемді қамтитын, үкімі жаратылыс атаулыға жаппай жүретін Зат-ы Фәрд Аллаһқа берілмесе, ол кезде әлгі ауқымды керемет нәтижелерді яғни аспани құбылыстар мен жер шарындағы жыл мезгілдерін жүзеге асыру үшін жерден мың есе үлкен миллиондаған жұлдыздар мен ғаламшарлар миллиондаған жылға созылатын жолды жиырма төрт сағатта жыл сайын жүріп отыруы керек болар еді. Сонда ғана, анау

324ЛЕМАЛАРаспандағы құбылыс-қозғалыстар пайда болады. Міне, жер шары секілді бір ғана қызметкердің өз өсі мен күнді айнала жүріп осы екі қозғалысы арқылы соншама ғажайып нәтижеге жетуі Уахдет үшін қаншалықты оңай іс екенін көрсетуі, бәрі бір Аллаһтың құдіретімен болады дегенге нақты мысал. Ал, осындай нәтижеге жету үшін мағынасыз миллиондаған жол жүру туралы айту деген, еш мүмкіндікке сиыспайтын адасушылардың ғана ауызынан шығатын сандырақ сөз екенін дәлелдей түсетін және ширк пен күпірлік ұғымның бұрыс тіпті мүлдем болымсыз екеніне де мысал.Себептер мен табиғатқа табынушылардың надандығын мына мысал арқылы көруге болады. Мәселен, бір ұста таңғажайып өндірістің немесе бір сағаттың не болмаса бір зәулім сарайдың яки керемет бір кітаптың керек-жарақтарын керемет өнерімен дайындап алып, енді оларды оп-оңай құрастыра салудың орнына олай жасамай, қайтадан қаншама қаражат шығындап, әлгі керекті жабдықтарды өз-өздігінен істейтін қылып, әрбір бөлшегін ғажайып мәшине тәрізді жасап, және өзгеге паш етуге құмар өз өнерін, кемелдігін көрсететін осындай шеберлігін әлгі бөлшектерге жеке-жеке бөліп береді, деп ойлау қаншалықты ақылға сыйымсыз, надандық десеңші! Дәл сол сияқты, себептер мен табиғаттарға жарату ісін меншіктеп беретіндер осылайша қараңғы надандыққа салынады. Өйткені, табиғаттар мен себептердің өзі өте шебер, керемет өнермен жаратылған, олардың өздері де басқа жаратылыс секілді шебер жасалған нәрселер ғой. Оларды осылай жаратқан Құдірет әлбетте нәтиже, салдарын да қоса жаратқандықтан бәрін бірге көрсетуде. Дәнекті кім жаратқан болса ағашты да сол жаратқан, бұтақтарындағы жемістерді де Сол жаратты. Олай болмаса, түрлі табиғаттар мен себептердің пайда болуы үшін тағы да өзі секілді табиғаттар мен себептер керек болады, сөйтіп шұбатылып, толассыз кете береді. Сосын шексіз, мағынасыз, тіпті мүмкін емес қияли байланыс бар деп ойлауға тура келеді. Олай ойлау, әрине надандықтың көкесі болар.БЕСіНші ишАРА. Көптеген кітаптарымызда нақты дәлелдермен баяндаған болатынбыз, Әкімдіктің негізгі шарты тәуелсіздік пен жеке даралық. Тіпті, әкімдіктің бір әлсіз көлеңкесі тәрізді болған дәрмені аз адамзаттың өзі әлгі әкімдігіне басқа біреудің араласуына барынша қарсы болып, тәуелсіз билігін қорғамақ болады. Соның бір мысалы талай патшалар өз билігі үшін туған баласын да, жақын бауырын да аяусыз өлтіргені тарихта аян. Олай болса, нағыз әкімдіктің негізі ешкімді араластырмайтын тәуелсіздігі мен жеке дара билігі екені анық нәрсе. Міне, осы негізгі талапқа байланысты, Мутлақ Рубубиет яғни абъсолюттік билік, Иләһи әкімдік қатаң түрде ширкті, ортақ болуды, басқаның іске араласуын мүлдем қабылдамайтындықтан Қасиетті Құран қайта-қайта, аса мән бере тәухид ұғымын алға тартады. Аллаһқа ортақ қосуды, ширкті қатаң түрде тойтарып әсте қабылдамайды. Иә, Рубубиеттегі Иләһи әкімдік тәухид пен уахдет ұғымын нақты талап етеді, және солай болуын керек

325ОТЫЗЫНШЫ ЛЕМАететін шарттар да баршылық. Сонымен қатар ғаламдағы толық кемелділік, аспандағы жұлыздардан бастап сонау өсімдіктер мен жануарлар әлемі, жанды-жансыз, жалпы-жалқы бәрінің бойынан байқалатын тамаша тәртіп, керемет жүйе, Аллаһтың Фәрд, Уахид екеніне ешбір тұрғыдан күмән қалдырмайтын әділ куәгер, бұлтартпас айғақ. Өйткені, басқалар араласқан болса мына керемет тәртіп пен дәлме-дәл өлшем сөзсіз бұзылып, жүйесіздік, ақау, кемшілік көрінер еді. аятының сырына қарағанда, сонау керемет ғаламдағы тәртіптің астан-кестені шығып әлем күл-талқан болар еді. Алайда, аятының дегеніндей, зәрре бөлшектен бастап сонау ғаламшарға дейінгі, жерден ғарышқа дейінгі аралықта ешқандай да кемшілік пен қателік көрінбейді. Олай болса, айдан анық түрде осынау жарасымды жаратылыс, сүйкімді мақұлықат, сәйкесімді табиғат түп-түгел Фәрд есімінің шұғыласын көрсетіп, Уахдетке яғни Оның жалғыздығына айғақ болуда. Әрі, Әхадиет шұғыласының сыры бойынша, жаратылыстағы ең кішкентай жәндіктің өзі бүкіл дүниенің шағын бір үлгісі, оның кішкене мазмұны бола алады. Міне, осы кішкене жәндікке ие болған Біреу ғана бүкіл жаратылысты да түгел басқаруында болдыра алады. Өйткені, кішкене дәнектің дәрежесі ағаштан кем емес екендігі, бір ағаштың да бүкіл жаратылыстан кем емес кішкене бір жаратылыс екендігі...өйтсе, әрбір кішкене жәндік те бүкіл жаратылыстың кішкентай бір үлгісі бола алтындығы, әлгі Әхадиет шұғыласының мәнін ашып көрсететіндіктен ширк пен ортақ қосуға ешбір орын қалдырмай дәлелдей түседі. Мына ғаламға сол Әхадиеттің сырымен қарағанда ол тек бөлінбейтін бір «күлл» ғана емес яғни тұтас зат қана емес, ол табиғаты жағынан да бөлінуі, бүлінуі мүмкін емес, бірнеше қолдың араласуын қабылдамайтын «күлли» нәрсе яғни шексіз, ауқымды нәрсе болғандықтан оның әрбір «джүзі» яғни әрбір бөлігі бір «джүзи», «фәрди» саналады. Және ол «күлл» де «күлли» ретінде болғандықтан ешбір тұрғыдан ширкке орын жоқ, басқаның ортақ болуы әсте мүмкін емес . Бұл Аллаһтың Фәрд есімінің ұлы шуағы болып *табылады. Ол бізге тәухидтің ақиқатын әлгі Әхадиет сыры арқылы анық дәлелдеп береді.Иә, ғаламның түрлі-түрлі жаратылысы бір-бірінің ішіне орналасқан жағдайда, өзара матасып жатыр. Сондай-ақ, әрқайсысының атқарар міндеті барлығына түгел ортақ болғандықтан, шексіз ғаламға Рубубиет пен жарату тұрғысынан қарағанда оның бөлінуі әсте мүмкін емес бір «күлл» боп * Бұл мәселе өте терең де күрделі болғандықтан терең түсінгісі келетіндер Рисалей-Нұр тәпсірін оқуы керек.

326ЛЕМАЛАРсаналады. Сол секілді, ғаламда қызу жұмыс істеп жатқан ұшы қиырсыз ауқымдылық әрі жалпыға ортақ құбылыс-істер де бірінің ішіне бірі кіріп жатқандықтан яғни мысалға, тірілту ісінің ішінде қабаттасып асырау мен ризық беру ісі көрінеді. Ал, ол азықтандыру, асырау, тірілту, жан беру ісінің ішінен қабаттаса сол тіріжанның болмысын, пішін-тұлғасын реттеу, жабдықтау істері жұмыс атқарып жатқанына тағы куә боламыз.Әрі сол асырау, реттеу, жабдықтау істері ішінен дәл сол уақытта суреттеу, белгілі бір пішін беру, тәрбие, жан-жақты қамтамасыз ету істері көзге түседі. Тағысын тағы... Осындай ауқымды ұшы қиырсыз, жалпыға ортақ істердің бір-бірінің ішіне кіруі, шырмала шиеленісуі құдды жарық сәулесіндегі жеті түс секілді аралас-құралас тіпті бірігіп кетуі жағымен және ол істердің әрқайсы табиғаты жағынан бірдей, өте ұқсас, уахдетті көрсететіндей көптеген жаратылысты қамтуы және Уахдани әрбірі құбылыс-іс болғандықтан міндетті түрде ол істердің иесі жалғыз Біреу ғана болады. Және әрқайсы бүкіл ғаламды қамтуы және өзі тектес істермен өзара жәрдемдесіп бірлесуі тұрғысынан алғанда ғаламды әсте бөлінбейтін бір «күлл» яғни бір тұтас жағдайға келтіргені секілді, әрбір тіріжан ғаламның мазмұны, дәнегі, үлгі-мысалы ретінде болғандықтан ғаламға Рубубиет жағымен қарағанда бөлінуі, ажырауы әсте мүмкін емес бір «күлли» нәрсе боп көрінеді.Демек, ғалам сондай «күлл» нәрсе, оның бір бөлігіне, ұсақ бір бөлшегіне Рабб яғни Құдай болу үшін ол «күллге» яғни тұтас барлығына жаппай Рабб болуы керек. Ғалам сондай «күлли» бір нәрсе ондағы әрбір «джүз» бір «фәрд» яғни бір тұлға болып бір фәрдіне Рубубиетін жүргізу үшін жаппай ол күллиге сөзі өтетін, бәрін өзіне бағындыратын болуы керек. Яғни, бір бөлшекке Ие болып басқарса, бәріне Ие болып басқарады яки бәрін басқарған Рабб әрбір бөлшекті де басқарады АЛтыНшы ишАРА. Раббани фәрдиетпен Иләһи уахдет кемелдік атаулының қайнар бұлағы, негізгі көзі* және ғаламның жаратылысындағы хикметтер мен мақсаттардың бұлағы болғаны секілді сана мен ақыл иелерінің оның ішінде адамзаттың арман-қалауларының орындалуының бірден-бір шарасы болып табылады. Егер фәрдиет болмаса адамзаттың барлық арман-тілектері өшіп, өліп қалар еді. Сонымен қатар, ғаламның жаратылысындағы нәтиже іске аспай, түкке жарамай қалар еді. Ол кезде мына көз алдымыздағы көптеген кемелдіктер * Тіпті Аллаһтың шексіз кемалы мен жамалының анықталып нақтылануы үшін ашық айғақ, бұлтартпас дәлел уахдет боп табылады. Себебі ғаламның Иесі Сани-ы Уахид-і Әхад білінсе күллі әлемдегі кемелдік, сұлулық сол Сани-ы Уахидтің киелі кемелдігі мен жамалының сәуле-шуақтары, ишара белгілері екені белгілі болады. Олай болмаған жағдайда ғаламдағы кемелдік пен сұлулық мақұлықтарға яғни жаратылған заттарға, бейсана кейбір себептерге еншіленіп солардыкі болып қалады. Ол кезде Иләһи кемелдіктің түгесілмес қазынасы адамның назарында түсініксіз, белгісіз болып қалады.

327ОТЫЗЫНШЫ ЛЕМАжоғалып құрып кетер еді. Мысалға, адамның жойқын, сарқылмайтын тіпті ғашық дәрежесінде мәңгілікке деген арманы бар. Адамды ол арманға жеткізу үшін, бүкіл әлемді Фәрдиеттің сырымен құдірет қолында ұстап, бір бөлменің есігін жауып екіншісін ашқандай оңай түрде бұ дүнияны жауып мәңгі ақырет әлемінің есігін ашатын Біреу ғана әлгі мәңгілікке деген тілекті орындай алады. Осы арман-тілек секілді бітпейтін, толассыз, әлемнің әр тарапына жайылып кеткен адами шексіз арман-тілектер Фәрдиеттің сырына, тәухидтің ақиқатына тікелей байланысты. Егер Фәрдиет болмаса, ол нәрселердің ешбірі жүзеге аспай қалады. Уахдет арқылы күллі ғаламға бірден үкімі жүріп тұрған Біреу яғни Зат-ы Фәрд болмаса арман-тілектер әсте орындалмайды. Орындалған күннің өзінде толық болмайды. Міне, сондықтан Қасиетті Құран тәухид пен Фәрдиетті көп рет қайталап, дүркін-дүркін, қайта-қайта, үстемелеп дәріс береді.Бүкіл әнбия, асфия, әулиелер рухани ләззат пен бақытын осы тәухид кәлимасы «Лә иләһә илла һу» сөзінен тапқан.жЕтіНші ишАРА: Міне, осынау шынайы тәухидті барлық дәрежесімен, жан-жақты мән-мағынасымен дәріс беріп, терең түсіндірген, әлемге паш еткен Мұхаммед ғалейһиссалату уассаламның пайғамбарлығы, әлбетте әлгі тәухидтің нақтылығындай нақты, солай болуы тиіс. Өйткені, ужуд ауқымының яғни болмыс әлемінің ұлы ақиқаты болған тәухид ұғымын толық түрде, жан-жақты Ол кісі дәріс беріп үйреткен. Олай болса, әлбетте тәухидті дәлелдейтін бүкіл айғақтар, айналып келгенде Оның пайғамбар екенін, мойнына жүктелген уәзипа хақ, шындық екенін, және көтерген мәселесі ақиқат екенін де нақты дәлелдей түседі. Иә, осындай мыңдаған терең ақиқаттарды мазмұндайтын және Фәрдиет пен Уахданиетті толық түрде ашып, егжей-тегжейлі дәріс беріп, үйреткен Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у) пайғамбарлығы, өте нақты түрде әлгі тәухид пен фердиеттің қатаң талабы, ажырамас бір бөлігі. Олар Оның пайғамбарлығын міндетті түрде керек етеді, сөзсіз болуын қажет етеді. Міне, сол уәзипаны толық орындаған Мұхаммед Мұстафа ғалейһиссалату уассаламның рухани тұлғасының қаншалықты дәрежесі жоғары, киелі әрі осы әлемнің Күн көсемі екеніне куәлік ететін көптеген дәлел-себептердің ішінен үлгі ретінде үшеуін ғана баяндаймыз.Біріншісі; Бүкіл үмметтің ғасырлар бойы жасаған жақсылықтарының бір бөлігі «Әс сәбәб-үл кәл Файл» сыры бойынша Мұхаммедтің ғалейһиссалату уассаламның амал дәптеріне жазылары хақ, сонымен қатар бүкіл мұсылмандардың күнделікті айтатын дұға-салауаттарының сөзсіз қабыл болатынын ойласақ, ол дұға-тілектерден пайда болған жоғарғы дәрежесі мен биік мәртебесінің қаншалықты асқақ екені белгілі. Осы тұрғыдан қарағанда Мұхаммед ғалейһиссалату уассаламның рухани тұлғасының тұғыры биік, ал, өзі болса жан-жағына сәулесін шашқан жарқыраған Күн екені айдан анық ақиқат.

328ЛЕМАЛАРЕкіншісі; Ислам әлемі зәулім ағаш болса, оның дәнегі, қайнар көзі, бұлағы, тіршілігі Мұхаммедтің ғалейһиссалату уассалам Өзі. Ол, бүкіл қабілет, бар болмысымен Ислам әлемінің рухани болмысын ұйымдастырды, оның аузынан шыққан киелі дана сөздері, тәсбихы, жасаған құлшылығы және Ол осы құлшылықты ә, дегенде толық мағынасымен сезіне тұрып орындайтын рухани кемелдігін, зор кемеңгерлігін ойлап көр! Аллаһтың сүйікті құлы деген атаққа ие болған Оның (с.а.у) құлшылығы, ғибадаты, әулиелігі яғни ұстанған жолы басқа әулиеліктерден қаншалықты жоғары екенін біл! Бір ғана тәсбих сөзінің құдіреттілігі, Сахабалардың ұғымына сай яки соған жақын түрде бір күні, бір мәрте намазда маған ашылған-ды. Содан ол, маған бір ай ғибадат қылғандай зор әсер етті. Сонда сахабалардың үстем мерейін, жоғары деңгейін біршама аңғарғандай болдым. Демек, Ислам енді келіп жаңа тарап жатқанда пайғамбарымыздың аузынан шыққан киелі сөздердің тигізер әсері, бөлейтін нұры мүлдем басқаша екен ғой, дедім. Сол кездері осы киелі сөздер жап-жаңа, уылжыған балғын өте әсем болғандықтан өзіндік күшті нәрі, аса тәтті шырыны, зор ләззаты бар екен-ау, дедім! Кейін уақыт өте ғапылдық пердесі бүркеп шырыны азайып, көрінбей қалады-ау! Ал, Мұхаммед ғалейһиссалату уассалам болса, ол сөздерді нағыз қайнар бұлағынан Зат-ы Ақдес, Аллаһтың өзінен «турфанда», жаңа тұнық, мөлдір күйінде өзінің жоғары қабілетімен қабылдап, бойына сіңіріп, жан-дүниесімен толық қабылдап, шомылған. Сондықтан, ол Кісінің бір ғана тәсбих сөзінен алған нұрын басқалар бір жыл ғибадат етіп барып ғана алуы мүмкін. Міне, осы тұрғыдан алғанда Мұхаммед ғалейһиссалату уассаламның шегі жоқ шыңына, көз жетпес кемелдік сатысына қалай өрлегенін өзің пайымдап көр!Үшіншісі; Бұл әлемнің Жаратушысы, әлемдегі бүкіл мақсаттардың ең маңызды ұйытқысы адамзат болғандықтан және Сүбхани үндеу-сөздерді ең көп ұғатын қағылез сөйлесуші адам баласы болғандықтан сол адамзаттың ең мәшһүрі, ең атақтысы және ісімен, атқарған қызметімен ең керемет, ірі тұлға Зат-ы Мұхаммедиді (с.а.у) күллі адамзаттың атынан тіпті бүкіл әлемнің атынан өзімен сөйлесуші қылған Зат-ы Фәрд-і Зүлжәлал, әлбетте Оны кемелдіктің ең жоғары сатысына шығарып шексіз нұрға бөлегені анық. Міне, осы үш тұжырым секілді айта берсе көптеген тұжырымдар бар. Олар бізге Мұхамммедтің (с.а.у) рухани тұлғасының ғаламның мағынауи Күні іспеттес екенін нақты түрде дәлелдейді, сонымен қатар ОЛ, мына ғалам дейтін алып Құранның Аят-үл Күбрасы және Фурқан-ы Ағзамның Исм-і Ағзамы және Фәрд есімінің үлкен сәулесін шағылыстыратын көлемді айнасы болып табылады. Ғаламда қанша ұсақ бөлшек, зәрре болса, және уақыттың қанша бөлшектері барынша бөлінетін болса, сол шыққан санды оның ең кішкене уақыт бірліктеріне көбейткенде қанша болатын болса сонша Ардақты пайғамбар асыл кісіге (с.а.у) салауат пен сәлем Иләһи

329ОТЫЗЫНШЫ ЛЕМАшексіз рахым қазынасынан жаусын деп Зат-ы Фәрд-і Әхад-ы Самадтан тілеп жалбарынамыз!* * *Отызыншы Леманың Бесінші тұжырымыОсы аяттың бірнеше тұжырымымен қоса, Исм-і Ағзамының екі сәулесінің бірі әрі алты нұрының бір нұры Хаий есімінің бір шұғыласы қасиетті Шәууәл айында Ескішеһир абақтысында өте алыстан ақыл-ойыма көрінген еді. Дәл сол кезде жазуға мұрша болмай қалды. Сөйтіп, дер кезінде сол қасиетті құсты ұстай алмай қалдық. Енді, тым болмаса, сол ақиқаттардың және сол алып нұрдың кейбір шұғыласын кейбір рәміздер арқылы баяндауды жөн санадық.БіРіНші РӘМіЗ: Хаий есімі мен Мухий есімінің бір шұғыласы болып табылатын «Хаят яғни өмір-тіршілік деген не? Оның мән-мағынасы және атқарар міндеті не?» сауалының мазмұнды қысқаша жауабы мынау:Әлемнің ең маңызды мақсаты... әрі үлкен нәтижесі... әрі ең жарқын нұры...әрі ең тәтті шырыны... және де ең керемет мазмұны... әрі өте тамаша жемісі... әрі ең жоғарғы кемелдігі... әрі ең көркем жәмалы...әрі ең ғажап әсемдігі... әрі уахдеттің сыры... әрі бәрін біріктіруші... әрі кемелдігінің бұлағы...әрі өнері мен жаратылыс жағынан ғажайып бір тіршілік иесі... әрі ең кішкене болмысты бүкіл әлем тәрізді қылатын мұғжиза сияқты... әрі бейнебір бүкіл әлемді кішкентай бір жанды мақұлықтың бойына сиып кетуіне себеп болғандай, алып әлемнің белгілі бір мағына мазмұнын әлгі тіріжанның бойында көрсете алатын сонымен қатар оны басқа жаратылыстармен жарасымды етіп байланыстырып осылайша оны кішкентай бір әлемге айналдыратын ғажайып құдіреттің мұғжизасы. Әрі ең үлкен бір «Күлли» секілді тіршілік арқылы

330ЛЕМАЛАРең «жүзиді» үлкейтетін... және бір «жүзиді» яғни бір тұлғаны бір «күлли» секілді бір әлем секілді қылатын және Рубубиет жағымен әлемді ортақтасуға қабылдамайтын, бір «күлл» яғни біртұтас «күлли» ретінде көрсетіп тұрған төтенше ғажайып Иләһи өнер. Және, ғаламдағы жаратылыс ішінде Зат-ы Хаий Қайюмның вүжуб-у вужуд болмысына және Уахдетіне әрі Әхадиетіне куәлік еткен айғақтардың ең жарқыны, ең нақтысы, ең кереметі әрі Иләһи өнердің ішіндегі ең құпиясы, ең ашығы, ең қымбаттысы, ең арзаны әрі өте пәк те өте мағыналы Раббани өнердің нақышты өрнегі болып саналады. Әрі басқа болмыстың бәрін өзіне қызметші қылған, өте нәзік, тамаша Рахманның Рахымының сәулесі. Әрі Иләһи істердің өте мазмұнды бір айнасы. Әрі, Рахман, Рәззақ, Рахим, Кәрим, Хаким секілді Есма-и Хүснаның шұғылаларын қамтыған және ризық, хикмет, жәрдем, рахым секілді көптеген ақиқаттарды өзіне тәуелді еткен және көру, есту, сезу іспетті барлық сезімдердің қайнар көзі болған ғажайып бір Раббани жаратылыс. Әрі «өмір-тіршілік» деген осынау жаратылыстағы өте тазаратқыш бір мәшине іспеттес ол өзі әр тарапты тазалайды, кірден арылтады, жетілдіреді, маңайын жарқыратып нұрландырады. Және топ-топ болып жүретін зәрре бөлшектерге бейнебір өмірдің ошағы, ұясы тәріздес денені әлгі зәррелерге арнап міндет атқаратын, нұрланатын, үйренетін бір қонақүй, бір мектеп, бір әскери бөлімше қылады. Бейнебір, Зат-ы Хаий мен Мухий осы өмір мәшинесі арқылы мынау қою қараңғы, өтпелі өшкін шағын дүниені жарықтандырады, мағыналы бақи қылып мәңгі әлемге дайындайды. Әрі өмірдің екі тарапы да яғни мүлк пен мелекут жағы да бірдей жарық, кіршіксіз, кемшіліксіз асқақ болады. Сол үшін де, еш пердесіз, себепсіз тікелей Раббани құдірет қолынан шыққандығын ашық көрсету үшін басқа нәрселер секілді сыртқы себептерді тіршіліктің жаратылуына перде етпеген ережеден тыс ерекше көрініс, өмір атты өзгеше құбылыс. Әрі тіршілік, оның ақиқаты иманның алты шартымен қатысты болып, оларды мағына жағымен ишари түрде дәлелдейді. Яғни, атап айтқанда Уажиб-ул Ужудтың міндетті түрде бар екенін, Оның мәңгі тірі екенін және ақырет әлемінде мәңгі өмірдің бар екенін әрі періштелердің бар екенін дәлелдейтін иманның басқа шарттарымен тығыз байланысты, олардың болуын талап ететін нұрлы ақиқат. Сондай-ақ, тіршіліктің өзі бүкіл әлемнен сүзілген өте сафи таза жаратылыстың мәйегі болғаны секілді, әлемдегі өте маңызды Иләһи мақсат, әлемнің жаратылысының өзекті нәтижесі болған шүкір ғибадатты, хамд мақтау мен махаббатты қортындылайтын терең сыры болуда. Міне, тіршіліктің осы аталған Жиырма тоғыз аса маңызды, өте қымбат қасиеттері мен тым асқақ жалпыға ортақ міндеттерін ойла! Сосын, Аллаһтың Мухий атының арғы жағынан Хаий есімінің қаншалықты ұлық екенін көр! Тіршіліктің осындай үлкен қасиеттері мен жемістері бар екенін ойлап, Хаий есімі Исми Ағзам екенін біл! Түсіне білгенге, өмір-тіршілік деген әлемнің

331ОТЫЗЫНШЫ ЛЕМАең үлкен нәтижесі, ұлы мақсаты, өте қымбат жемісі болғандықтан, әлбетте бұл тіршіліктің, осы өмірдің шексіз әлемге татитын ұлы мақсаты, үлкен нәтижесі болуы керек. Өйткені, ағаштың нәтижесі оның жемісі болатыны секілді, ал жемістің дәнегі арқылы соңында ағашқа айналтыны секілді, осы өмір-тіршіліктің де басты мақсаты, соңғы нәтижесі мәңгі-бақи өмір болып саналады. Осылай, мәңгі-бақи өмірдің болғаны үшін, бұл тіршіліктің бір жемісі де, тіршілікті жаратқан, осы өмірді сыйлаған, Заты-ы Хай-үл Мухийге шүкір, ғибадат, мадақ пен махаббат болып табылады. Осы шүкір, махаббат, мадақ пен ғибадаттың осы өмір-тіршіліктің жемісі болғаны секілді, әлемнің жаратылу мақсаты да сол. Олай болса, мына өмірдің мақсаты рахаттанып ішіп-жеу, көңіл көтеру мен бейқам ештеңе ойламай, әуестікке беріліп қызық көру дейтіндер, тоңмойын кәпір пиғылмен, осынау аса қымбат өмір-тіршілік дейтін нығметті, ой-сана дейтін сыйлықты, ақыл дейтін асыл кәдені арзан санап, ол сезімдерді қорлап сұмдық күпірлік етіп жүр. ЕкіНші РӘМіЗ: Хаий есімінің үлкен шуағы және Мухий есімінің ұлы шұғыла әсері болған, мына тіршіліктің бірінші рәмізде мазмұндалған бүкіл мәртебелері, сипат қасиеттері мен атқарар міндеттерін баяндау үшін, әлгі міндеттері қанша болса сонша, рисалелер жазу керек болатындықтан Рисалей-Нұрдың кітапшаларында ол сипаттар мен мәртебелердің және міндеттердің бір бөлігі түсіндірілгендіктен жан-жақты баяндауды Рисалей-Нұрға тапсырып, бұл жерде бірнешеуіне қысқаша ишара қыламыз.Енді, сол тіршіліктің Жиырма тоғыз қасиетінің жиырма үшінші қасиетін баяндағанда былай делінген болатын: Тіршіліктің екі жүзі де мөлдір, пәк, кірсіз. Сол үшін сыртқы себептер, ондағы Раббани құдіреттің қалай басқарып жатқанын бүркемелейтін перде қоймаған. Иә, тіршіліктің осы қасиеті туралы, оның осылай пердесіз жаратылуының сыры жайлы айтар болсақ: Әлемде әр нәрседе бір жақсылық, бір сұлулық бар екені рас. Және жамандық ұсқынсыз, жағымсыз жағы өте аз болмашы, ол тек салыстыру үшін ғана. Сол аз ғана жамандық арқылы әсемдік пен жақсылықтың неше түрі, көптеген мәртебелері, ақиқаттары көрініп белгілі болады. Осы тұрғыдан ол жамандық жақсылық боп, ол жағымсыз нәрсе жағымды боп саналады. Алайда, саналы пенделердің назарында әлгі жаман, жағымсыз, бәле боп көрінген әрі одан туындаған реніштер мен наразылық, ашу-ыза, Зат-ы Хай Қаюм Аллаһқа бағытталмауы керек. Өйткені, сырт қарағанда ақылға жағымсыз болып көрінген нәрселер Аллаһтың пәк, киелі құдіретімен пердесіз тікелей байланысты болуы, Құдіреттің асқақ абыройына, үстем мерейіне үйлеспейді. Сол үшін Иләһи құдіреттің пәк басқару ісіне сыртқы себептер перде, бүркемелеуші боп жаратылған. Сондықтан, ол себептер ештеңе де жарата алмайды. Олардың міндеті, орынсыз шағымдар мен наразылықтарға нысана болу, сөйтіп Құдіреттің пәктігін, киелігін, мерейін сақтау болып табылады.

332ЛЕМАЛАРЖиырма Екінші Сөздің Екінші мақамының кіріспесінде баяндалғандай, Хазіреті Әзрейілге (а.с.) рухтарды алу міндеті жүктелгенде Хақ Тағалаға мінәжат етіп, былай деген екен: «Сенің құлдарың маған ренжитін болады!» жауап ретінде былай делінген екен: «Сенің атқаратын міндетің мен опат болғандардың арасын пердемен жауып тастаймын, яғни сені тікелей көрсетпейтін ауру, бәле, апат секілді себептерді перде қыламын. Сонда опат болғандар, наразылық шағымдарын саған емес, әлгі перделерге бағыттайтын болады»Осы мінәжаттың сырына үңілер болсақ, өлім және опат болудың иманды жандар үшін керемет әсем тұстары бар, ал оны көре алмайтын, ондағы рахымшылықтың сәулесін білмейтін надан кісілер орынсыз ренжіп, наразылық танытады. Сондай, арыз-шағымдар Зат-ы Хай Қаюм Аллаһқа бағытталмау үшін Хазіреті Әзірейілдің (а.с.) міндеті де бір перде қызметін атқарғаны секілді, басқа да сыртқы себептер, сырт көзге перде ғана болуда.Иә, Аллаһтың үстем мерейі мен ұлықтығы себептердің ақылға перде болып, киелі құдіретін көрсетпей бүркемелеуін керек қылады. Бірақ, оның Уахдеті мен Жәлал сипаты себептердің еш әсер ете алмайтын жоқ болып жоғалуын талап етеді. Алайда, тіршіліктің сыртқы және ішкі, сонымен қатар мүлк пен мәләкут жағы таза пәк, еш кемшілігі жоқ, ақаусыз болғандықтан, шағым айтқызатын, наразылық туғызатын нәрселер онда жоқ. Сонымен қатар, Аллаһтың мерейі мен киелі құдіретіне қайшы келетін, жағымсыз тұсы, жамандық жағы болмағандықтан, тікелей пердесіз түрде Зат-ы Хай Қаюмның «тірілтуші», «жан беруші» есімінің қолына тікелей тапсырылған. Нұр да солай, дене де солай, жарату да солай. Сондықтан, жоқтан бар қылу, жарату, тікелей пердесіз Зат-ы Зүлжәлалдың құдіретіне тиесілі. Тіпті, жаңбырдың жаууы белгілі бір мағынада, тіршілік, рахымдылық болғандықтан, қашан жауатыны тұрақты заңға бағынбайтын белгісіз болған. Сонда, әрқашан қажет кезінде құлдар Иләһи дәргаһқа қол қусырып жалбарынады. Егер жауын күннің шығуы секілді бір заңға бағынышты болса, әлгі ауадай қажет нығметке әрқашан жалынып дұға етпес еді. ҮшіНші РӘМіЗ: Тіршіліктің жиырма тоғызыншы қасиеті баяндалған жерде былай делінген болатын: Ғаламның нәтижесі тіршілік болып табылады, сол секілді тіршіліктің нәтижесі болған шүкір мен ғибадат та ғаламның жаратылуына себеп және ұлы мақсат, негізгі нәтижесі болып саналады. Иә, мына ғаламның Сани-ы Хаий Қаюмы осыншама сан-алуан мол нығметтер беріп, өзін тіршілік иелеріне таныстырып, жақсы көргізген кезде, әлбетте ол тірі жандардан сол нығымет, ырыс несібелерге шүкір етуін және жақсы көргізуіне байланысты әлбетте, жақсы көрулерін және шебер жасалған өнеріне қарап, мадақтап мақтау айтуын және өзінің Раббани әміріне

333ОТЫЗЫНШЫ ЛЕМАмойынұсынып, құлшылық, ғибадат етулерін сұрауы өте орынды, солай болуы аса қажет. Міне, осы Рубубиет сыры бойынша, шүкір ету, ғибрат дегеніміз, жалпы шүкіршіліктің айналып келгенде бүкіл әлемнің аса маңызды ұлы мақсаты болып табылатындықтан, қасиетті Құран қайта-қайта, аса мән беріп өте шебер әрі шешен түрде пенделерді шүкір етуге, ғибадат қылуға шақырады. Ғибадат тек, Аллаһқа ғана арналады, шүкір тек соған лайықты, мадақ-мақтау тек Оған тиесілі деп, қайта-қайта назар аудартады. Демек, шүкір мен ғибадат тікелей, Малик-і Хақиқиге арналуы керектігін білдіру үшін тіршіліктің барлық түрін, бүкіл сипат-қасиеттерін Аллаһ еш пердесіз, өз құдірет қолында ұстап тұрғанын дәлелдеп былай дейді: осы аяттар өте анық түрде себептерді ысырып тастап, тікелей тіршілікті Хаий Қаюмның құдірет қолына тапсырады. Иә, пендені риза қылып, өзіне қарыздар ететін және махаббатын оятып, мадақ айтқызатын тіршілік болса, одан кейін ризық, шипа, денсаулық, жаңбыр секілді шүкір етікізетін себептер де тікелей Зат-ы Рәззақ-ы Шәфидің қолында екенін айтады. Себептер мен ортадағы нәрселер жәй бір перде екенін мына: сияқты Аяттар бойынша ап-анық баян етуде яғни «Ризық, шипа және жаңбыр тек қана Хаий Қайюмның құдіретіне тәуелді» дейді. Бұл нығметтер еш пердесіз Одан келгендігін білдіру үшін араб тілі емілесіне сәйкес деп, нақтылап ескерткен. Дауаға, дәруменге де сондай қасиет берген тек қана Шафи-ы Хақиқи Аллаһ дейді. төРтіНші РӘМіЗ: Тіршіліктің жиырма сегізінші қасиетін баяндағанда айтылған болатын. Тіршілік иманның алты шартымен қатысты болып, оларды дәлелдеп, рас екенін меңзейді. Иә, мына ғаламның ең маңызды нәтижесі, өзегі, жаратылысының хикметі өмір-тіршілік екені рас, олай болса, әлбетте, тіршілік дейтін мәртебесі

334ЛЕМАЛАРжоғары ақиқат мына пәни, қысқа, кемшілігі көп, уайым-қайғы аралас мынау дүниялық өмір-тіршілікпен шектелмеуі тиіс. Ол міндетті түрде, өзінің Жиырма тоғыз қасиетінде баяндалғанда нақты ашықталғандай, өте ұлық тіршілік дейтін ағаштың мақсаты, нәтижесі сол нұрлы зәулім «хаят» (тіршілік) ағашының өзіне лайық жемісі мәңгі өмір, ақыреттік тіршілік әрі тас-топырағымен бүтіндей тірі болатын бақи бақыт әлеміндегі нағыз өмір болмақ. Олай болмаса, сезімдерге өте бай, керемет жабдықталған тіршілік дейтін ағаш, саналы жандар үшін, әсіресе, адамдар үшін пайдасыз жеміс бермейтін құр босқа, түк пайдасы жоқ болар еді. Адамзат, рухани жағынан өте бай, өте қабілетті кәдімгі жануардан жиырма есе жоғары дәрежедегі жаратылған және әлемдегі ең таңдаулы тіршілік иелерінің ең мерейлісі болса, дүниелік тұрмыс тұрғысынан жануардан жиырма есе төмендегі ең бейбақ, өте әлсіз, бейшара бір мұңлық болар еді. Оған берілген өте қымбат нығмет ақыл-сана, өткен шақтың өкініш қайғысын, келешектің үрей қорқынышын жинап алып жүректі әрдайым уайымға салып бір ләззатқа тоғыз өкінішті араластырып тұратын, адамның басына бір пәле болар еді. Ал бұлай болу ақиқатқа жүз есе жат. Демек, осы дүниялық өмір тіршіліктің өзі ақыретке иман шартын нақтылап дәлелдейді. Және әрбір көктемде қайта тірілудің үш жүз мыңнан аса үлгі мысалдарын қайта-қайта көрсетуде. Енді, былай бір пікір жүргізіп көрелік: Сенің денеңе де, және бау бақшаңа да, не болмаса өмір сүріп жатқан отаныңа да өз өміріңе қажетті керек жарақтарыңды, сезім мүшелеріңді, хикмет пен инает, рахмет пен ыңғайлы етіп дайындап берген, дәл уақытында үлгіріп отырған, тіпті сенің асқазаның тамақ сұрап жасаған дұғасын ескеріп біліп, түрлі тағамдар жарату арқылы дұғасын қабыл алған, сөйтіп асқазанды қанағаттандырған Мутасарыф-ы Қадир Аллаһ өзің ойлашы, сені білмеуі, көрмеуі және адамзаттың ең үлкен мақсаты болған мәңгі өмірге қажетті себептерді жаратпауы мүмкін бе?! Және адамзаттың өте маңызды, өте өзекті әрі оған лайық, өзіне жарасымды және жалпыға ортақ мәңгілік жайлы дұғасын қабылдамауы яғни ақыреттік өмірді, Жәннатты жаратпауы мүмкін бе?! Және әлемдегі маңызы зор тұлға тіпті, жер жүзінің сұлтаны, жемісі, адамзаттың аспан мен жерді шулатқан баршаға қатысты жалбарына сұраған дұғасын естімей, бір асқазан құрлы мән бермеуі, риза қылмауы мүмкін бе?! Әсте мүмкін емес!Өзіміз ойлайықшы, тіршілік иесінің ең ұсағының дауысын естіп, шағымын тыңдап, еркелетіп, сұрағанын беріп жан-жақты қамтамасыз етіп, оған айналасындағыларды мұқият қызмет еткізіп және үлкен жаратылысты оған мойынұсындырып қойып, ал, аса маңызды, өте қымбат, тым өзекті, бақи керемет тіршілік иесінің зор дауыспен жасаған мәңгі өмір туралы дұғасын естімеуі мүмкін бе?! Оның мәңгілік дұғасын, өтінішін елемей босқа қалдыруы мүмкін бе?! Құдды қатардағы бір жауынгердің керек-жарағын мұқият

335ОТЫЗЫНШЫ ЛЕМАжабдықтап, сонан кейін тіл алғыш, тәртіпті үлкен армияға мүлдем қарамауы немесе зәрре бөлшектерді көріп, Күнді көрмеуі немесе шыбының ызыңын естіп, аспанның күркіреуін естімеуі мүмкін бе?! Әлбетте, мүмкін емес!Және де, өте рахымды, жақсы көретін аса мейірімді әрі өз өнерін жақсы көретін, өзін қатты жақсы көргізетін және өзін жақсы көргендерді аса жақсы көретін Зат-ы Қадир-ы Хаким өзін өте жақсы көрген, сүйікті, сүйкімді және өз Жаратушысын табиғи түрде бар болмысымен жақсы көретін, тіршілікті әрі сол тіршіліктің өзегі, жауһары болған, адам рухын мәңгіге өлтіріп жоқ қылуы, сөйтіп әлгі өзін жақсы көрген әрі сүйкімді тіршілікті, жанды, рухты өзіне ренжітуі, оны ашуландырып мол рахымын, махаббатын жоққа шығартуы, жоққа шығартқызуы мүмкін бе?! Осылай болуын ақыл қабылдай ма? Әрине, мүмкін емес!Иә, мына ғаламды құдіретімен сұлу, әсем етіп жаратқан Мутлақ, Жәмал және күллі жаратылысты қуантқан Мутлақ Рахым, шексіз мейірім ондай зұлымдықтан пәк, ада. Сонымен, дүнияда тіршіліктің бар екені рас. Әлбетте, адамдардың ішінде тіршіліктің не екенін, оның сырын түсінгендер және өмірін дұрыс пайдаланатындар мәңгі әлемде, о дүнияда бақи Жәннатта мәңгі өмірге бөленетін болады. Әмәнна, әрине солай!Әрі, жер жүзінде жалтырақ заттардың Күн сәулесіне шағылысуы және теңіз бетіндегі көпіршіктердің Ай жарығында бір сәт жылтырап сөніп қалуы, сосын артынан келген тіршіліктердің дәл солай Күн мен Айға айна қызметін атқаруы бізге ол сәуле жарықтардың төбедегі бір ғана Күннің шағылыс сәулесі екенін дәлелдеп Күннің болмысын сансыз тілдермен куәлік етеді. Және оны, әлгі жаратылғандар жарқын саусақтарымен көрсетіп ишара қылады. Дәл сол секілді, Зат-ы Хай-ы Қаюмның Мухий есімінің алып сәулесінің Күн мен жердің бетіндегі, судың астындағы тіршілік иелерінің Иләһи құдіретпен жалт-жұлт етіп, артынан келе жатқандарға орын беру үшін «Иа, Хаий!» деп, ғайып пердесінің артына тығылып қалуы, бізге мәңгі тірі Зат-ы Хаий Қаюмның сөзсіз бар әрі тірі екенін көрсетіп куәлік етеді. Сонымен, болмыс атаулыны реттеп отырған Иләһи ілімге куәлік ететін барлық дәлелдер, сондай-ақ, Әлемді басқарып отырған Құдіретті дәлелдейтін бүкіл айғақтар, сондай-ақ, ғаламда билік жүргізіп отырған Ирада мен Иләһи қалауды көрсететін барлық дәлелдер, сондай-ақ, Раббани кәлам мен Иләһи уахидің ұйытқысы болған Пайғамбарлықтың бар екенін дәлелдейтін белгілер, мұғжизалар тағысын-тағы жеті Иләһи сипатты көрсететін бүкіл дәлелдер, барлығы бірлесе Зат-ы Хаий Қаюмның тірі екенін дәлелдейді, куәлік етеді, ишара етіп мегзейді. Өйткені, бірнәрсе егер көретін болса, демек тірі; еститін болса ол да тіршіліктің белгісі. Дәл сол секілді, мына әлемде істеген істерімен бар екені анық дәлелденген Мутлақ Құдірет, Шәмил Ираде, Мухит Ілім секілді киелі сипаттар барлық дәлелдерімен Зат-ы Хаий Қаюмның тірі екеніне, болмысы

336ЛЕМАЛАРшарт міндетті түрде бар екеніне куәлік етеді. Оның бір ғана сәулесімен бүкіл әлемді жарық қылып тұрған бір шуағымен бүкіл ақырет әлемін ең ұсақ бөлшектеріне дейін тірі қылып тұрған мәңгі тіршілігіне куәлік етеді. Енді, осы өмір-тіршілік «періштелерге иман» шартына да қатысы бар, оны ишари түрде дәлелдейді. Өйткені, әлемде ең маңызды нәтиже тіршілік екені белгілі және ең көп тараған және маңыздылығына орай нұсқалары көбейтіліп жатқан, сондай-ақ, Жер шары атты қонақ үйін топ-топ келіп кетушілер сәндеп безендіріп тұрған тіршілік иелері екені де рас. Жер шары түрлі тіршілік иелерімен толтырылған және әрдайым сан-алуан тірі жандармен жаңарып отырады, осылайша әрдайым бірде толып, бірде босап тұрады, тіпті өте ұсақ шіріп кеткен сасық нәрселердің ішінде де көптеген тіршілік иелерін жаратып, құжынатып қояды. Сондай-ақ, тіршіліктің сүзілген ең таза сүзбесі, сана мен ақыл және өте нәзік те күрделі, тұрақты жәуһары болған рух дүнияда өте көп мөлшерде жаратылуда. Қысқасы, бейне бір Жер шары, тіршілікпен, ақылмен, санамен, рухтармен тіріліп, жан бітіп безендірілген ғажап бейне іспетті. Әлбетте, Жер шарынан әлдеқайда нәзік, анағұрлым нұрлы өте алып та үлкен, тым маңызды аспан денелерінің тіршіліксіз, жансыз, өмірі жоқ бейсана, бос болуы әсте мүмкін емес қой. Демек, алыстағы Көктерді, Күндерді, жұлдыздарды құлпыртып безендіріп тұратын, тірі қылып көркейтіп тұрған және шексіз көктердің жаратылу хикметін көрсететін және Сүбхани үндеуді тыңдап қорытынды шығаратын саналы жандар, тірі жандар, аспанға ыңғайлы тұрғындар міндетті түрде бар, олар «періштелер» деп аталады. Әрі, өмір-тіршіліктің мән-мағынасы «пайғамбарларға иман» шартымен де байланысты болып оны рәмізді түрде дәлелдейді. Қалай десеңіз, ғаламның тіршілік үшін жаратылғаны белгілі. Және тіршіліктің өзі Хаий Қаюм-у Әзели Аллаһтың үлкен бір сәулесі, керемет өнері болып табылады. Ал, Аллаһтың Сәрмәди хаяты яғни мәңгі тіршілігі Пайғамбарларды жіберу арқылы, кітаптардың түсірілуі аясында өзін көрсетеді. Иә, егер кітаптар, пайғамбарлар болмаса әлгі Иләһи тіршілік, мәңгі хаят бар екені білінбес еді. Қалайда, біреудің сөйлеуі оның тірі, жаны бар екенін көрсетеді. Сол секілді, мына ғайып әлемінің артында сөйлесетін, үндейтін, әмір беріп бұйыратын, тиым салатын Құдіреттің сөзін, үндеуін көрсететін Пайғамбарлар мен олардың қолдарындағы көктен түскен кітаптары болмақ. Әлбетте, әлемдегі тіршілік нақты түрде Хаий Әзели Аллаһтың сөзсіз бар екеніе куәлік еткені секілді, ол Әзели тіршіліктің сәуле нұрлары Пайғамбарлардың жіберілуімен, кітаптардың түсуімен қатысты болып, рәмізді түрде дәлелдейді. Әсіресе, Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығы және Құранның түсуі хаяттың рухы яғни тіршіліктің негізі болғандықтан әлгі тіршіліктің нақтылығы секілді ол да нақты мәселе деуге болады.

337ОТЫЗЫНШЫ ЛЕМАИә, тіршілік мына әлемнің сүзіліп алынған қорытындысы және сана сезім болса, ол да осы тіршіліктен сүзілген нәрсе, соның қортындысы, ақыл болса ол да сана мен сезімнен сүзілген сананың қорытындысы. Рух болса, тіршіліктің таза жәуһары, тұрақты, тәуелсіз заты болып саналады. Сол сияқты, Мұхаммедтің (с.а.у.) заттық рухани өмірі, оның тіршілігі де ғаламның тіршілігінен, рухынан сүзіліп алынған қорытынды сүзбе. Оның (с.а.у.) пайғамбарлығы болса, ол да әлемнің ақылынан, сезімінен, санасынан сүзіліп алынған мөлдір де саф тұнбасы, тіпті Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірі заттық және рухани тұрғыдан оған тұрмыс тіршілігі куә, әлемнің тіршілігінің тіршілігі. Және, Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығы әлемнің санасының санасы әрі нұры. Ал Құранның уахиы болса, бұған өміршең ақиқаттары куә, әлемнің тіршілігінің рухы және әлемнің санасының ақылы болып табылады. Иә, солай. Егер, әлемнен Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығы оның нұры шығып кетсе, әлем қирап қалады... егер Құран кетіп қалса, әлем есінен айырылады және Жер шары ақылынан адасады, тіпті ақыл санасы қалмаған қаңғыған басын бір планетаға соғып қиямет қайым болады. Енді, тіршілік «тағдырға иман» шартына қатысты болып рәмізді түрде растайды. Өйткені, хаят шәһадат әлемінің яғни мынау нақты дүниенің жарығы екені рас және ол әр тарапты жайлап алған. Әрі болмыс атаулының нәтижесі, түпкі мақсаты болып табылады. Және әлемді жаратқан Аллаһтың мазмұнды айнасы, Раббани фағалияттың (қызу іс, жарату жұмысы) керемет үлгісі, мазмұны егер теңеуде қате болмасын, бір мағынада бағдарламасы деуге болар. Әлбетте, ғайып әлемі яғни өткен мен болашақ жаратылыстың мағынауи өмірі болып саналатын реттілік, жүйе анық белгілі болуы (мағұлымият), көрініс табуы (мәшһүрият), тағаюн яғни алдын-ала орыналасуы және әмір заңдарға мойынұсынуға ыңғайлы дайын болуын яғни осы айтылған нәрселердің болуын өмірдің мәні, тіршіліктің сыры талап етеді, солай болуын керек етеді. Мәселен, бір ағашты алайық. Оның о бастағы дәні, тамыры, ұшындағы жемісі, жемісіндегі дәнегі бәрі-бәрі дәл ағаш секілді белгілі бір мағынада тіршілік етеді. Тіпті, олардың ағаштың тіршілік заңдарынан әлдеқайда күрделі тіршілік заңдары бар. Сондай-ақ, қалайша осы кездегі мына көктемнің алдында келіп кеткен күзден қалған тұқымдар мен тамырлар және осы көктем өтіп кеткеннен кейін келер көктемге қалдыратын дәнектер мен тамырлар осы көктем секілді тіршіліктің нұрына бөленетін өзіндік тіршілік заңдары бар. Дәл сол сияқты ғалам ағашының барлық тал бұтақтарының әрқайсысының өткені мен болашағы бар. Өткен мен болашақтағы хал-жағдайларына құралған өзіндік байланыса жалғасып келе жатқан өмірі бар. Әрбір түрдің, әрбір бөлшектің Иләһи ілімінде түрлері, жағдайлары мен сан-алуан болмыстары қалып,

338ЛЕМАЛАРболмыстары іліми тізбек құрайды. Кәдімгі дене зат секілді ол іліми болмыс та жалпыға ортақ тіршіліктің мағынауи бір сәулесіне бөленген ғой, жазулы тіршілік яғни заң жүзіндегі өмір сол керемет тірі тағдыр жазу тақтасынан алынған. Иә, ғайып әлемінің бір түрі болып саналатын, рухтар әлемі нағыз өмір, өмірдің заты, өмірдің жәуһары яғни тіршіліктің өзегі саналатын рухтарға толы болуы әлбетте, өткен мен болашақ деп аталатын ғайып әлемінің басқа түрі екінші бөлігінде тіршілікке ие болуы керек, солай болуын талап етеді. Және де, әрбір нәрсенің іліми болмысындағы толағай жүйе, керемет жағдайлары тірі жеміс беруі, бәрі бізге белгілі бір мағынада мағынауи тіршілік ететінін көрсетеді. Иә, Әзәли өмір Күнінің жарығы болған мына тіршіліктің көрінісі, өмір шағылысы, әлбетте нақты мына дүниемен, осы шақпен, заттық болмыспен шектелмесе керек. Керісінше, әрбір әлем өз қабылетіне, шамасына қарай әлгі сәуленің көрінісіне бөленген-ді. Және ғалам бүкіл әлемдерімен сол сәуленің саясында тірі әрі жарық болып тұр. Әйтпесе, адасқандардың көргені секілді, өткінші өмір сүріп, сырттай тірі көрініп, бірақ әрбір әлем үлкен әрі сұмдық жаназа мәйіт, қараңғы да меңіреу қаңырап қалған бос кәуек боп қалар еді. Міне, «тағдыр мен қазаға иман» шарты да кең көлемде өмір-тіршіліктің сырымен түсінікті болып нығайып беки түседі. Яғни, қалай мынау нақты дүния, жаратылыс, көз алдымыздағы болмыс өздеріндегі жүйе арқылы, нәтиже беру арқылы тірі екені, тіршілік ететіні байқалады дәл сол сияқты ғайып әлемі саналатын өткен мен келешек жаратылыстың да мағынауи тірі іліми болмыстары және рухы бар. Ол қаза мен қадер яғни тағдыр таспасы арқылы ол мағынауи тіршіліктің іздері тағдыр болып көрінеді, көрініс табады. БЕСіНші РӘМіЗ: Және де, өмір-тіршіліктің он алтыншы қасиетін баяндағанда айтылған болатын, өмір-тіршілік бір затқа, бір денеге енген кезде ол денені бір әлем қылып жібереді. «Жүз» болса оны «Күлл», ал «жүзи» болса, «күлли» қылып оны жами яғни бәрін қамтитын ауқымды арнасы кең қылып жібереді. Иә, тіршіліктің күрделі де мазмұнды екендігі сондай, бейне бір ғаламға әсер етіп, жатқан көптеген Әсма-и Хүснаны өзінің бойынан көрсете алатын өте жами яғни өте ауқымды. Енді, Әхадиеттің айнасы бір затқа өмір енген кезде оны кішкене бір әлемге айналдырады. Құдды ол зат, ғалам ағашының бір мағынада мазмұны саналатын дәні секілді боп кетеді. Қалай, бір дән өзінің ағашын жарата алатын Құдіреттің ғана өнері болмақ керек, басқаша болуы мүмкін емес қой. Сол сияқты, өте ұсақ бір тірі жанды жаратқан Құдірет әлбетте, бүкіл ғаламды жаратқан Халиқ. Міне, осы айтылған өмір-тіршілік (хаят) аталған мазмұндылығымен өте құпия Әхадиеттің сырын ашып, өз бойында көрсетеді. Яғни, қалайша аспандағы алып Күннің жарығымен, жеті түсімен, шағылыс сәулесімен өзіне қарсы орналасқан әрбір тамшы суда, әрбір әйнек бөлшекте нақты көрініс табады, шағылысып көрінеді дәл сол секілді,

339ОТЫЗЫНШЫ ЛЕМАәрбір тіріжанның бойынан ғаламды қамтып жатқан Иләһи есім сипаттардың сәуле шуақтары толығымен көрінеді. Осы тұрғыдан алғанда өмір-тіршілік (хаят) ғаламды Рубубиет жарату жағынан бөліп жаратуды қабылдамайтын «күлл»ге айналдырады, тіпті басқаның ортақтасуы мен бөлшектеуі әсте мүмкін емес бір «күлли» дәрежесіне шығарады. Иә, сені жаратқан Құдіреттің бүкіл адамзатты жаратқан Құдірет екеніне сенің бетіңдегі мөр, Иләһи таңба анық куәлік етіп тұр. Өйткені, бүкіл адамдардың табиғаты бір оны бөліп жаруға келмейді. Сондай-ақ, тіршілік арқылы ғаламның бөлшектері тұлғалары, ал ғалам болса бір тұтас түр болып саналады. Осылайша, Әхадиятың мөрін барлығы жұмылып көрсеткені секілді, әрбір бөлшекте де әлгі Әхадиеттің мөрін Самадиеттің таңбасын көрсетеді. Осылайша, ширк пен бөтен біреудің араласуына жол бермей, бірде-бір саңылау қалдырмайды. Және де, тіршіліктен Раббани өнердің таңғажайып керемет мұғжизаларын көруге болады. Олай болса, бүкіл әлемді жарата алмайтын бір Құдірет ең ұсақ тіріжанды да жарата алмайды. Иә, бейнебір жүгерінің дәніне толық бір Құранды сиғызып жазғандай, емен ағашының өте ұсақ тұқымында зәулім емен ағашының мазмұнын, тағдырын жазған Иләһи қалам, әлбетте жеті қат көктерді жұлдыздарымен бірге жазу секілді жазған-ды. Иә, бір бал арасының кіп-кішкене басында, «әлем» атты бау-бақшадағы гүлдерді танып ажырататын және көптеген жаратылысымен байланыстырып қойған және оған балдай тәтті рахымның сыйын тасытқан және дүнияға келе сала сол күні өмір сүру шарттарын білетіндей бейімділік, қабылет, ағзалар берген кім, әлбетте бүкіл әлемді жаратқан Халиқ та Сол. Сонымен, мір-тіршілік әлемдегі, Тәухидтың таңбасы екенін және өәрбір рух иесі де тіршілік арқылы Әхадиеттің мөрі екенін және тіршіліктің қандайы болмасын Самадиеттің белгісі екенін және тіршілік иесі қанша болса сонша мына әлем хаттары Зат-ы Хай-ы Қаюм және Уахид-і Әхад атынан өз тіршіліктері арқылы қолтаңбасын басуда әрі ол хаттарда Тәухид мөрлері, Әхадиет таңбалары, Самадиет белгілері бар екенін білдік. Сол сияқты тіршілік секілді әрбір жәндік, әрбір тіріжан мына ғалам кітабында әрқайсысы Уахданиеттің таңбасы болып табылады, сонымен қатар әрқайсысының бойында, жүзінде жеке-жеке Әхадиеттің мөрі басулы. Және, қалай өмір өзінің ұсақ жолдарымен, тіріжан санымен Зат-ы Хаий Қаюмның уахдетіне куәлік ететін мөр, таңбалар екенін көрдік. Сол секілді, тірілу, жан беру ісі де қанша болса сонша, Тәухидті көрсетіп растауда. Мәселен, тірілудің бір түрі жер шарының тірілуін алайық. Ол күндей жарқын Тәухидтің куәгер таңбасы. Өйткені, көктемде жер жүзінің тірілуіне, жандануына қарасақ, үш жүз мың түр мен әр түрдің сансыз нұсқасы барлығы бірге, аралас құралас, еш қателіксіз, ақаусыз, керемет жүйелі түрде тіріледі, жанданады. Иә, осы бір істі және осы тектес сансыз жүйелі құбылыс істерді жасайтын, әлбетте

340ЛЕМАЛАРбүкіл жаратылыстың иесі, жоқтан бар қылушы Халиқ-ы Аллаһ. Ол бүкіл тірі жанды тірілтуші Хаий Қаюм әрі Оның Рубубиетінде ортақтық болуы әсте мүмкін емес, Уәхиді Әхад болып табылады. Әзірге хаяттың яғни тіршіліктің қасиеттері туралы мұнша аз әрі қысқа жазылды. Басқа қасиеттері туралы баяндауды Рисалей-Нұрға және басқа уақытқа қалдырайық. ҚорытындыИсм-и Ағзам әркімге бір болмайды. Ол әркімге әртүрлі болып көрінеді. Мәселен, Хазіреті Али (р.а.) үшін «Фәрд», «Хаий», «Қаюм», «Хакем», «Адл», «Құддус» дейтін алты есім. Имам Ағзам Әбу Ханифаға «Хакем», «Адл» дейтін екі есім болса, Ғаус Ағзам шейх Гейланидің Исм-и Ағзамы «иа, Хай!» болған. Имам Раббанидің Исм-и ағзамы «Қаюм»,тағысын тағы. Көптеген ірі тұлғалар Аллаһтың түрлі есімдерін өздеріне Исм-и ағзам қылған. Осы бесінші тұжырым, Хаий есімі туралы болғандықтан бір жағынан тәбәрік, куәгер, дәлел, бұлтартпас айғақ ретінде әрі өзімізге дұға тілек әрі осы Рисаленің ақыры қайырлы болуы үшін Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.а.у.) «жәушан-ул кәбир» атты ұлы мінәжатында мағрифатуллаһ тұрғысында өте жоғары мәртебеде Раббысын сипаттаған тұсын, біз де қайталап «Амин!» мағынасында дәлме -дәл жазып отырмыз.Әрі дәл сол мінәжатты өзіміз де ілесіп Мұхаммед Алейһиссалату Уассаламмен бірге айтамыз: * * *

341ОТЫЗЫНШЫ ЛЕМАОтыЗыНшы ЛЕМАНыҢ АЛтыНшы тұжыРыМы Қаюм есімі жайлы.Хаий есімінің қорытындысы, «Нұр бұлағы» атты кітаптың соңында жазылған-ды. Бұл Қаюм есімі де Отызыншы Сөздің қосымшасы болғаны жөн болар. өтініш. Мұндай аса маңызды мәселелер және өте терең әрі ауқымды Қаюм есімінің көлемді шуағы жүйелі түрде жазылмады, бұл тақырып көкейге түрлі лемалар болып келгендіктен әрі шимай түрде, әрі асығыс әрі тексерместен жазылғандықтан әлбетте сөз тіркестерде, сөйлемде кемшіліктер мен жүйесіздіктер кездесер. Мәселелердің құндылығы мен үйлесімділігі үшін менің кемшіліктерімді кешірерсіздер деп ойлаймын. Ескерту. Исм-і Ағзамға қатысты мәселелер өте ауқымды, тым терең болғандықтан әсіресе, Қаюм есіміне қатысты тақырыптар, оның ішінде де Бірінші Шұғыла* материалистерге қатысты болғандықтан өте тереңнен қозғайды. Сондықтан, әлбетте әр адам әрбір мәселесін толыққанды түсіне алмас. Дегенмен, әркім әрбір мәселеден өз сыбағасын алады. «бір нәрсені толық қолға түсіре алмадым деп, бәрін тастап ешнәрсе алмау дұрыс емес» қағидасы бойынша «мына рухани бау-бақшаның бүкіл жемістерін теріп ала алмадым» деп мүлдем бас тарту саналыға жараспас. Адам қанша алса сонша өзіне пайда».Исм-і Ағзамға қатысты мәселелердің ақыл қамти алмайтындай ауқымы кең болатыны секілді, ақыл сезе алмайтындай нәзік, ұсақтары бар. Әсіресе, Хаий және Қаюм туралы оның ішінде де хаяттың яғни тіршіліктің иман шарттарына қатысты рәміздерін, әсіресе тіршіліктің тағдырға қатысты ишараларын және Қаюм есімінің бірінші шуағын әркім түсіне алмайды, ой-өрісі жете алмайды, бірақ құр қалмайды, әйтеуір иманын күшейтетіні анық. Расында, мәңгі бақытқа жетелейтін иманның күшеюі өте маңызды мәселе. Иманның бір дәреже болсын артуы түсінгенге үлкен байлық, таптырмас қазына. Имам-ы Раббани былай деген екен: бір ғана әрі кішкене Имани мәселенің ашылып түсінікті болуы мен үшін жүздеген зауық, кәраматтардан артық» * Бұл рисалені оқитын адам егер бұрын соңды ғылыммен шұғылданбаған болса, бірінші шұғыланы оқымай-ақ қойсын немесе соңына таман оқысын. Бірден екіншіден бастасын.

342ЛЕМАЛАРосы секілді Аллаһтың Қаюм екеніне ишара қылатын аяттардың бір нүктесі және Исм-і Ағзам немесе Исм-і Ағзамның екі сәулесі немесе Исм-і Ағзамның алты нұрының алтыншы нұры болған Қаюм есімінің үлкен бір шуағы Зилқаде айында ақылыма оралған-ды. Ескішәхар түрмесінің қолайсыздығынан сол үлкен нұрды толық баяндадым дей, алмаймын. Дегенмен, Хазіреті Алидың (р.һ) «Әрджузә» кітабында «Сәкине» деген жазбасында Исм-і Ағзам деп көрсеткен және «Джәлджәлутие» кітабында ұлық есімдермен бірге Исм-і Ағзам арасында аталған осы алты есімді ең ұлығы деп, аса мән бергендіктен сондай-ақ, сол көркем есімдерді атап жатқанда керемет ретінде бізді де жұбатқаны үшін осы «Қаюм» есіміне де жоғарыда аталған есімдер секілді ең болмаса қысқаша түрде «Бес Шуақ» деген айдармен сол үлкен нұрға ишара қыламыз.БіРіНші шуАҚ. Бұл ғаламды жаратқан Халиқ-ы Зүлжәлал Қаюм болып табылады яғни бизатиһи (өздігінен) Қайым, өзінен өзі тұр, әрдайымғы, Бақи біреу. Барлық зат Соның құдіретімен бар әрі бар болып тұр. Егер бір сәт сол Қаюмиятпен байланыс үзілсе әлем қирап жоқ болып кетеді. Әрі ол Зат-ы Зүлжәлал Қаюм болуымен қатар Құранда айтылғанындай яғни өзіне де, сипатына да, ісіне де шақ келетін, теңі болар ешнәрсе, ешкім жоқ, теңдессіз, әсте серігі жоқ біреу. Иә, мына ғаламды барлық жағымен, бүкіл болмысымен Рубубиетіне бағындырып отырған күллі әлемді бір үй, бір бөлме секілді жүйелі түрде басқарып, ұйымдастырып отырған Зат-ы Ақдестің теңі, серігі, ұқсасы болуы әсте, мүмкін емес. Ол сондай біреу, оған жұлдыздарды жарату зәррелерді жарату секілді оңай, оның құдіретіне ең үлкен нәрсе мен ең кішкентай нәрсе бірдей бағынады. Ешбір нәрсе бір-біріне кедергі болмайды, бір іс бір іске тосқауыл бола алмайды. Барлық нәрсе бір нәрсе секілді назарында дайын тұрады. Бүкіл дауысты бірден естиді, барлығының қажеттілігін бірден орындайды. Және бүкіл жаратылыс өздеріндегі реттілік пен тәртіп, өлшем арқылы мынаны көрсетеді: ешнәрсе, ешбір жағдай оның қалауынсыз, әмірінсіз болмайды. Өзі ешбір мекенге тәуелсіз бола тұра әр жерде, барлық мекенде өзінің құдіретімен, ілімімен табылады. Барлық нәрсе одан тым алыс бола тұра, Ол болса барлығына тым жақын. Міне, ол сондай Зат-ы Хаий-ы

343ОТЫЗЫНШЫ ЛЕМАҚаюм. Олай болса, әлбетте ешбір тұрғыдан теңі, теңдесі, ұқсасы, серігі, уәзірі, қарсыласы болмайды, болуы әсте мүмкін емес. Тек, мысалдар арқылы оның киелі істеріне, құбылыстарына қарауға болар. Рисалей-Нұрдағы барлық мысалдар, теңеулер мәселеге осы тұрғыдан қаратады. Міне, осындай теңдессіз, болмысы шарт, материядан жоғары, мекенге тәуелсіз, бөлінуі, ыдырауы ешбір тұрғыдан мүмкін емес, өзгеріп құбылудан ада, әлсіздік, мұқтаждығы жоқ Зат-ы Ақдестің ғаламдағы және жаратылыстағы қызу жұмыс істеп жатқан кейбір сәуле-шуақтарын дәл өзі яғни Зат-ы Ақдестің өзі деп ойлап, сосын кейбір жаратқандарына Улухият (құдайылық) сипатын беретін адасушылардың кейбірі Аллаһтың кейбір жаратқандарын табиғатқа теліп, соған еншілеп беруде. Ал, Рисалей-Нұрдың көптеген жерлерінде табиғаттың Иләһи өнер екені, оның өзінің шебер еместігі, және ол Раббани жазу екені, жазушы еместігі, ол бір нақыш, бірақ суретші еместігі, ол жазылған бір дәптер, жазған ол еместігі, оның бір заң, бірақ заң шығарушы құдірет еместігі және ол қабылдаушы, жасалушы бірақ, жасаушы еместігі, және ол бір жүйе, тәртіп бірақ, тәртіпке келтіруші еместігі және ол шариғат заңдар жинағы бірақ заң шығарушы еместігі нақты дәлелденген болатын. Мүмкін болмаса да былай ой жүгіртейік; өте ұсақ бір болмысты табиғатқа еншілеп: «Мұны жаратшы көрейік!» десе, Рисалей-Нұрда баяндалғанындай әлгі кішкене тіріжанның ағза мүшелері қанша болса сонша қалыптар тіпті құралдар керек болады. Сонда ғана табиғат жасаған болады.Әрі, материалист дейтін кейбір адасқан топ, зәррелердегі жүйелі құбылысты, ондағы Иләһи жаратуды, Құдайдың құдіретін, оның ұлы сәулесін сезгенімен, ол сәуленің қайдан келіп жатқанын біле алмай, және ол Самедани құдіреттің сәулесінен тараған жалпы күш-қуаттың қай жерден басқарылып тұрғанын түсінбегендіктен материя мен қуатты әзәли яғни мәңгі деп ойлап Аллаһтың істерін зәррелерге, олардың қозғалысына бере бастады. Фәсубханаллаһ! Адамдар мұнша жаһил, надан болар ма! Мекені жоқ, бірақ барлық жерден табылатын, әрнәрсені жаратарда бәрін көретін, білетін, қалағанынша басқаратын жоғары дәрежеде істеген істерін, өнерін меңіреу, соқыр мылқау, бейсана, ерік-қалауы жоқ, өлшемді білмейтін, өздерінше кездейсоқ сапырылысқан зәррелерге, олардың бейбас қозғалыс әрекетіне беру неткен сорақылық, надандық, миға сыймайтын пікір екенін зәредей ақылы бар адам түсінуі керек. Иә, бұл надандар мұтлақ (абсолюттік) уахдетті мойындамағандықтан саны белгісіз, шексіз «кесрет-і мутлақты» мойындайды яғни бір ғана Аллаһты қабылдамағандықтан шексіз тәңірлерді қабылдауға мәжбүр болған. Яғни бір тек, Зат-ы Ақдестің сипатын, оның шартты белгісі әзәлиятты яғни бастауы мен соңы жоқ мәңгілікті, халиқиятты яғни жоқтан бар қылуды теріс ақылдарына сыйғыза алмағандықтан әлгі сансыз меңіреу зәррелердің әзәли екендігін, тіпті құдайлығын қабылдауға ұстанған жолдары мәжбүрлеген еді.

344ЛЕМАЛАРМіне, надандықтың шыңына шыққан бейбақтарға қара! Иә, зәррелердегі құбылысқа келер болсақ, ол зәррелер тобын Уажиб-ул Ужудтың хаул мен құдіреті, жойқын әмірі жүйелі де тәртіпті әскер қалпына келтірген. Егер, бір сәтке ол Ағзам қолбасшының әмірі, оның жүйелі құрлысы күшін жойса әлгі сансыз, меңіреу, бейсана құжынаған топ сенделіп, ыдырап тіпті бейберекетсіздіктен астаң-кестеңі шығар еді. Һәм, адамдардың бір бөлігі болашағын көретін көріпкелдей одан да бетер адасып, надандыққа салынып Сани-ы Зүлжәлалдың өте керемет, нәзік, тілалғыш, мойынсұнғыш «эсир» дейтін ең ұсақ затын яғни өте нәзік, бағынышты қызметшісі, жазуға арналған парағы, әмірлерін жеткізуші құралы, басқару алаңы, жұп-жұқа пердесі, жазба сиясы, өнім берер егістігі болған «эсирді» рубубиеттінің сәулесін шағылыстырғаны үшін сол затты қайнар көз, бәрінің бұлағы деп, санаған. Мұндай адасудың аяғы шығуы мүмкін емес тығырыққа апарып тірейді. Өйткені, «эсир» материалистерді батпаққа батырған зәрре дейтін заттан да анағұрлым нәзік, ол бұрыңғы философтардың ішінен шыға алмаған «һәюлә*» мазмұнынан әлдеқайда қою, ерік қалаудан мүлдем мақұрым, бейсана, жансыз нәрсе. (Һәюлә* – әрнәрсенің өзегі, асылы) Осындай шексіз бөліне беретін, сансыз бөлшектен тұратын және тасымалдау, әсер алу міндетін атқарушы затты, тіпті ол заттың зәрреден де майда зәррелерін құдайдай көру яғни барлық жерде барлық нәрсені көретін, білетін, басқара алатын, шексіз құдіреттің ғана қолына келетін іс-құбылыстарды солар жасайды деп ойлау; әлемде қанша зәрре болса сонша есе қателік десе болады. Иә, жаратылыстағы жарату ісіне үңіліп қарайтын болсақ, әсіресе ол зат жанды яғни тіріжан болса оның иесі көптеген затты тіпті бүкіл әлемді көретін, білетін және сол тіріжанның қоршаған ортамен байланысын білетін, толық қамтамасыз ететін күш-құдірет иесі болуы керек. Бұл іске материяның, толық қамти алмайтын себептердің араласуы әсте, мүмкін емес. Иә, Қаюмиеттің сырымен қарағанда бір кішкене ғана жарату ісі тікелей бүкіл әлемді жаратқан құдіреттің ісі екенін көрсетіп тұрады. Мәселен, бал арасын алайық. Оның жаратылу жағдайы екі тұрғыдан әлемді жаратқан Аллаһтың ісі екенін көрсетіп тұрады. БіРіНшіСі; Әлгі араның барлық түрлерінің жер бетінде жаппай бір мезгілде, бір іспен айналысуы бізге ол шағын әрі жекелеген істің жер бетін түгелдей қамтып жатқан барлық тірліктің бір тармағы, бір ұшы екенін көрсетеді. Олай болса ол алып істің иесі, ол құбылысты жасаушы кім болса мына шағын істің де иесі сол болғаны. ЕкіНшіСі; Мына көз алдымыздағы араны жаратушы болу үшін, ол араның тұрмыс-тіршілігін, ағза-мүшелерін және әлеммен байланысын орнатып, жан-жақты қамтамасыз ететін, бәрін білетін күш-құдірет, қалау-ерік қажет болатындықтан, ол шағын ғана жаратылысты жаратушының ғаламға үкімі жүруі керек, сонда ғана ол жаратылысты мұнтаздай тамаша етіп жасай алады. Демек, ең ұсақ жаратылыс, жәй бір құбылыстың өзі екі тұрғыдан өзінің иесі Халиқ-ы Күлл-и Шей екенін көрсетеді.

345ОТЫЗЫНШЫ ЛЕМАӨте мұқияттылық керек ететін және таңғаларлық жәйт мынау болса керек; болмыстың өте биік дәрежесі «ужуб» яғни міндетті түрдегісі, яғни шарттысы, және болмыстың ең тұрақты дәрежесі «материядан бөлек», және болмыстың аяқталуды білмейтін түрі «мекенге тәуелсіз түрі», және болмыстың ең мықтысы, әсте өзгермейтін, жоқ болудан ада сипаты саналатын «уахдет» иесінің яғни Зат-ы Уажиб-ул Ужудтың нағыз өзіндік сипаты, зати шарты болып табылатын әзәлииятты (шексіздік), сәрмәдиятты (мәңгілік), болмыстың ең осалы, өте нәзік дәрежесі және өте құбылмалы, ауыспалы түрі, сондай-ақ, мекенге тәуелді әрі ең көп тараған сансыз маттериялдық зат саналатын «эсирге» еншілеу, зәррелерге беру, сөйтіп оларды әзәли яғни мәңгі зат деп ойлау, және кейбір Иләһи істердің олардан туындағанын қиялдау барып тұрған ақымақтық, ақиқатқа мүлдем керағар, ақылға қайшы, мүлдем қисық пікір екенін Рисалей-Нұрдың көптеген жерлерінде нақты айғақтармен көрсетілген болатын. ЕкіНші шуАҚ. «Екі мәселе»Бірінші мәселе. Қаюм есімінің ұлық сәулесіне ишара ететінсекілді аяттардың ишара еткен терең ақиқатының бір тармағы мынау: Әлемдегі аспан денелерінің өз орында тұруы, әрі болмысын солай жалғастыруы Қаюмиятке тығыз байланысты. Егер ол Қаюмияттың сәулесі бір сәтке жүзін бұрса кейбірі жер шарынан мың есе үлкен миллиондаған аспан денелері сонау ұшы қиыры жоқ кеңістікте бытырап, күл-талқаны шығып шашырап кетер еді. Өзара соқтығысып қирап жоқ боп кетуі де ғажап емес. Қалайша, мәселен көкте ұшақтардың орнында мыңдаған алып сарайларды керемет жүйемен шыр айналдырып, жылдам жүргізіп тұрған біреудің «қаюмият» құдіреті оның сол көктегі ұшып бара жатқан сарайлардың тұрақты қозғалысымен, жүйелілігімен және әрмен қарай жалғаса беруімен өлшенеді. Дәл сол секілді Зат-ы Қаюм-у Зүлжәлал эсир дейтін заттың ішіне сансыз аспан денелерін орналастырып оларды керемет жүйелі түрде, өлшеммен Қаюмият сырымен сол арада тұрғызуы, жалғастыра беруі, және кейбірі жер шарымыздан мың есе, тіпті баз біреулері миллион есе үлкен болса да миллиондаған алып денелерді ешқандай тірексіз, сүйеусіз, бос кеңістікте тұрғызып қана қоймай әрқайсысына белгілі бір міндет жүктеп оларды қалың әскер секілді өзінің бол дегенде болдыра қоятын «күн фая күн!» әміріне кеермет мойынсұндыруы, міне осы аталғандар Қаюм есімінің ұлы сәулесінің құдіреттілігіне өлшем болады. Сонымен қатар, әрбір заттың зәррелері де жұлдыздар секілді Қаюмият сырымен тұр және соның арқасында жоқ болып кетпей болмысын сақтап, болмысын жалғастыруда.

346ЛЕМАЛАРИя, бір тіріжанның бойындағы зәррелердің әрбір ағзаға тиесілі өзі секілді зәррелермен бірге ұжымдасып бытырап кетпеуі, селдей ағып жатқан элементтердің арасында өз болмысын сақтап шашылып кетпеуі, жүйелі орны-орнына орналасуы анық түрде олардың өздігінен емес, Қаюмияттың күшімен болатындықтан әрбір мүше (организм) тәртіпті батальон, ал әрбір түрге жататын жаратылыс тәртіпті орда (дивизия) тәрізді күллі жан-жануардың жер бетінде жүруі, ал жұлдыздардың кеңістікте тұруы, орын ауыстырып жылжып отыруы қалайша керемет құбылыс, дәл сол секілді зәррелер де өзіндік сансыз тілдерімен Қаюмияттың сырын паш етіп, әлемге жар салуда. Екінші Мәселе: Заттардың Қаюмият сырымен байланысты хикмет-пайдаларының бірнешеуіне ишара қылудың орайы келіп тұр.Иә, әрнәрсенің болуындағы хикметі, жаратылуындағы мақсаты, болмысындағы пайдасы, тіршілік етуіндегі нәтижесі үш топқа бөлінеді. Бірінші топ: Әрнәрсе өзіне, және адамзатқа сосын адамзаттың игілігіне қатыстылығы.Екінші топ: Бұл әлдеқайда маңыздырақ. Әрбір зат, бүкіл саналылар зерттейтін, талдап-талқылайтын және Фатыр-ы Зүлжәлалдың есім-сипаттарының сәулесін шағылыстыратын жеке-жеке аят, яки әрқайсысы бір хат, немесе бөлек-бөлек кітап немесе мақтап жазылған өлең тәріздес болып мағыналарын сансыз оқырмандарына жеткізетін нәрселер. Үшінші топ: Бұл Сани-ы Зүлжәлалға қатысты. Әрнәрсенің пайдасы мен нәтижесі өзіне қатыстылығы біреу болса Сани-ы Зүлжәлалға қатыстылығы жүз, яғни Сани-ы Зүлжәлал өзінің өнерінің ғажайып тұстарын өзі тамашалайды. Өзінің есімдерін өзі жаратқандары арқылы көреді. Осы аталған ең ұлық топта болу өте маңызды, ол мәртебеде бір секунд өмір сүру жеткілікті. Һәм, әрбір нәрсенің болуын керек ететін Қаюмияттың сыры екені үшінші «Шұғылада» баяндалмақ.Бірде әлемнің тылсымы жағымен, жаратылыстың сырымен болмыс атаулының хикмет пайдаларына назар аудардым. Іштей: «Апырым-ай, мына нәрселер неліктен бұлай өздерін көрсетіп, сосын дереу көзден таса болып жоғалып кетеді? Олардың табиғатына қарасам, өте жүйелі де керемет хикметке толы, өте әсем безендірілген түрде көрмеге жіберіледі. Алайда, бір-екі күнде, тіпті кейбірі бірнеше минөттің ішінде жоқ болып, пайдасыз бостан-босқа кете береді. Осылайша, әп-сәтте бізге көрінуінің мақсаты не?» деп, қатты қызықтым. Сол кезде Аллаһ жарылқап жаратылыстың әсіресе, тірі жандылардың дүния дәрісханасына келуінің маңызылығының зор хикметін таптым. Ол не десеңіздер: Барлық нәрсе әсіресе, тіршілік иелері мағынасы терең сөздер яки хаттар немесе Раббысын мақтайтын өлеңдер, Иләһи жарнамалар болып табылады. Барлық саналылар, оларды талдап-талқылап болған соң және

347ОТЫЗЫНШЫ ЛЕМАсансыз зерттеушілерге өз мағынасын жеткізген соң дыбысы мен әріптері секілді заттық бейнесі жоқ болып кете барады. Бір жылдай осы аталған хикмет мені қанағаттандырды. Бір жылдан соң, жаратылыстағы әсіресе, тіріжандылардағы өте ғажап осы құбылыс күрделі өнердің мұғжизалары көріне бастады. Сондағы түсінгенім: Осы өте нәзік, өте керемет хас шеберлік пен Иләһи өнер тек саналылардың назарына түсіп, оларға белгілі бір мағына білдіру үшін ғана емес, әрбір жаратылысты сансыз саналылар зерттейтіні рас. Дегенмен, олардың талдап-зерттеуі шектеулі, әрі барлығы жаппай ол тірі жанның бойындағы хас шеберлік пен күрделі өнерді терең түсіне бермейді. Демек, тірі жандардың өте маңызды нәтижесі, жаратылу мақсаты Зат-ы Қаюм-ы Әзәлидің өзінің назарына өзінің ғажап өнерін рахымды түрде берген кәде-сыйлықтарын, ихсан-жарылқауларын ұсыну болып табылады. Осы аталған мағна біраз уақыт мені қанағаттандырды. Сондағы түсінгенім: Әрбір жаратылыста әсіресе, тірі жандарда сансыз өнердің күрделі қыр-сырлары болуы Зат-ы Қаюм-ы Әзәлидің назарына ұсыну екен. Яғни, Зат-ы Қаюм-ы Әзәли өз өнерін өзі тамашалау яғни әлемнің хикметі деп, аталатын мақсатқа әлгі орасан шығын жұмсалуы өте орынды екенін білдім. Содан біраз уақыт өте келе Жаратылыстың бойындағы өнер, бейнелеріндегі күрделі нақыш ұзаққа созылмайды, жылдам жаңарып құбылып тұрады. Күрделі жаратылыс жүріп, көптеп жаратылып, қайта-қайта өзгеруде. Олай болса, бұл кұрделі тірлік пен осы бір жаратудың хикметі әлбетте, өздері сияқты маңызы зор болу керек қой, деген пікірде болдым. Енді, жоғарыда аталған екі хикмет жеткіліксіз бола бастады. Өте қызығушылық сезімме н одан бөлек хикметін іздей бастадым. Біраз, уақыт өткен соң Құдайға шүкір, Қасиетті Құранның нұр-фейізімен Қаюмиеттің сыры ашылып өте терең хикмет пен жоғары ұлық мақсат көрінді. Соның аясында, «Ғаламның сыры», «Жаратылыстың мәнісі» деп, аталатын Иләһи сыр түсінікті болды. Бұл сыр, Жиырма Төртінші Мектубта жан-жақты баяндалғандықтан қазір қысқаша екі-үш нүктесін Үшінші Шуақта жазамыз. Иә, Қаюмиеттің сәулесіне мына тұрғыдан қарап көрейік: Қаюмияттық сыры бүкіл жаратылысты жоқтан жаратып, әрқайсысын мына ұшы қиырсыз әлемді сырымен бар қылып, керемет түрде жалғастырып, жаппай осы Қаюмияттың терең сырына, Оның әсеріне бөлендіруде. Егер, осы байланыс үзілсе ешнәрсе өз бетімен болмысын жалғастыра алмайды. Шегі жоқ кеңістікте тоз-тоз болып жоғалып кетер еді. Әрі, күллі болмыс жаратылысы тұрғысынан және әрмен қарай болмысын жалғастыру тұрғысынан Қаюм-ы Зүлжәлалдың құдіретіне байланып, соның арқасында тұрған болса, сол сияқты олардың хал-жағдайлары, болмыс-ахуалдары және олардың тізбек секілді байланыстары (теңеуді дұрыс түсіну керек) бейнебір телефон, телеграф секілді байланыс

348ЛЕМАЛАРторабының орталығы секілді Қаюмияттың сырына дегендей барлығының ұштары байланысып жатыр. Егер, сол нұрлы байланыс болмаса яғни барлығы Қаюмияттан бастау алмаған болса, ақылға симайтын мухал яғни мүмкін емес ұғымдар, бітпейтін шұбатылып жатқан тізбектер туындайтын болады. Қалай десеңіз, мысалы мына нәрсені алайық, (еске сақтау, нұр, дене, ризық...) бұлар анаған, анау мынаған, мынау анау бір нәрсеге... сөйтіп кете береді, ақырында бір жерге барып тіреледі. Міне осындай, тізбектердің шегі әлбетте, Қаюмияттың сырын түсінгеннен кейін, әлгі ойша тізбектердің бір-біріне байланысы тізбектелуінің мағынасы жойылады. Әрнәрсе, тікелей Қаюмияттың сырымен болатынын, соның құдіретімен тұрғанын білеміз. ҮшіНші шуАҚ.секілді аяттардың меңзеп отырған Иләһи халлақият (шалт жарату) пен Раббани фәғалият (іс жасау) ішіндегі Қаюмияттың сырын біршама ашып, түсінікті болу үшін бір-екі кіріспе жасап ишара қыламыз. Біріншісі: Мына ғаламға қарағанымызда уақыт ағымымен әрдайым шайқалып, топ-топ болып бірінен соң бірі кетіп жатқан жаратылыстың кейбірі бір секунд аялдап дереу көзден таса болып жоғалғанын көреміз. Ал кейбірі бір минөт болып өте шығады. Бір бөлігі бір сағат мына шәһадат әлеміне келіп ғайып әлеміне кете барады. Кейбірі бір күн, кейбірі бір ай не бір жыл, кейбірі бір ғасыр ал кейбірі бірнеше ғасыр бойы мына нақтылы дүниеге келіп қонақтап, белгілі бір уәзипа атқарып кетіп жатады. Осыбір таңғаларлық жәйт, бас айналдыратын саяхат, жаратылыстың жылдам қозғалысы мен сапары өте керемет жүйе, дәлме-дәл өлшем, хикметке толы ағыс, бәрі басқарумен болып жатқанын көріп, оларды яғни әлгі топ-топ керуендей келіп кетушілерді басқарып тұрған көреген дана, шебер ұйымдастырушы Біреу бар. Оның Қаюмият құдіретіне бүкіл ақылдар бір ақыл болса, ол хикметке толы басқарудың қаншалықты керемет екенін ойлай алмас еді. Немесе, бір кемшілігін тауып айып таға алмас еді. Міне, осы Раббани халлақияттың яғни қызу түрде жарату ісінде сонау сүйкімді әрі сүйген жаратылыстың ешбірін әсіресе, тіріжандардың ешқайсысын көзін ашуға мұрша бермей ғайып әлеміне аттандырып жатады. Ешбіріне дем алдырмастан дүниедегі тіршілігінен босатады. Әрдайым, мына қонақүйдей әлемді толтырып қонақтар риза болмаса да қайта-қайта

349ОТЫЗЫНШЫ ЛЕМАтолтырып босатады. Қаза мен Қадер (тағдыр) қаламы Жер шарын жазу, өшіру тақтасы ретінде ُ сәулелерімен бір тынбастан жер шарында жазуларын жазып және жазуларын жаңартып сан құбылтады. Міне, осы Раббани фағалият пен Иләһи халлақияттың хикмет сыры, негізгі мықты талабы, бірден-бір себебі орасан зор шексіз бір хикмет болып табылады. Осы хикмет тағы үш тарауға бөлінеді. Бірінші тарауы: Фағаляттың (іс әрекет) қандай да бір түрі (мейлі ол кішкентай аз не көп болсын, жүзи не күлли болсын) ләззат береді. Тіпті, әрбір қызу істе бір мағынада ләззат бар. Тіпті, «фағалиятың» яғни қызу істің өзі нағыз ләззат болып табылатын бар болудың (болмыс) көрінісі және нағыз қиналыс болып табылатын жоқ болудың алыстан серпілуі, сілкінуі. Иә, қандай да бір қабілетті біреу фағалият жасап қабілетінің ашылуынан ләззат ала отырып әрекет қылады. Әрбір бейімділік қызу іс жасап көрініс табуы бір ләззаттан туындайды және нәтижесінде ләззат береді. Әрбір кемелдік иесі фәғалият жасап кемелдігінің көрінуін қызыға тамашалайды. Сонымен әрбір фәғалиятта осындай жағымды, ұнамды кемелдік ләззат бар екен, сонымен қатар фәғалияттың өзі бір мағынада кемелдік саналады екен және тіршілік иелерінің әлемінде әруақытта әсте бітпейтін әзәли хаяттан (тіршілік) туындаған шексіз махаббаттың ұшқыны, мол мейірімнің сәулесі көрінетіні рас. Бұл көріністер бізге мынаны білдіреді: Өзін осылай жақсы көргізетін, өте ұнамды, аса қамқор, жарылқаушы Біреудің қудсиятына лайық Ужуб-ы Ужудына сай және әлгі мәңгі өмірін аяқтайтын шексіз дәрежеде (атауға болатын болса) Лаһути ғашықтық, қудси махаббат, мухаддес ләззат секілді «Қудси шуунат» сол Ақдес хаятта (қудси киелі тіршілік) бар болған ғой. Сол шуунат осылайша, фәғалият, шексіз халлақият арқылы яғни қызу іс пен қызу жарату арқылы әлемді әрдайым жаңартып отыр, шайқалтып сан құбылтуда. Қаюмның сырына қатысты Иләһи фәғалият хикметінің екінші тармағы: Бұл Аллаһтың есімдеріне байланысты. Өздеріңе мәлім, әрбір Жәмал (сұлулық) иесі өзінің жәмалын көргісі әрі көрсеткісі келеді. Әрбір өнер иесі өзінің өнерін жария қылып жұрттың назарын өзіне аударғысы келеді әрі оны жақсы көреді. Тасада қалған керемет ақиқат жағымды мағынада белгілі болып көрінгі келеді, өзіне қарайтын қызығушылардың болуын қалайды. Енді, осы аталған мықты негіздер мен қағидаларды барлық нәрседен дәрежесіне қарай кездестіруге болады. Олай болса, міндетті түрде Жәмил-ы Мутлақ Зат-ы Қаюм-ы Зүлжәлалдың мың бір көркем есімінің әрбір есімінің әрбір мәртебесінде шексіз әсемдіктің түрлері мен тамаша терең ақиқаттар бар. Оған әлем куәлік етеді, сәуле ұшқындары дәлел болады, нақыш өрнектері ишара қылып меңзейді, сонымен осы есімдердің қудси жәмалдарын көрсететін айналар, тамаша нақыштарын білдіретін тақталар, керемет ақиқаттар жазылған парақтар мына жаратылыс, осы әлем екені рас.

350ЛЕМАЛАРӘлбетте, олай болса, әлгі мәңгі де көркем бақи есімдер өзінің сан құбылған сәуле шуақтарын, түрлі-түрлі нақыш ою-өрнектерін, кітап-жазбаларын Зат-ы Қаюм-ы Зүлжәлалдың назарына көрсету үшін және есеп-қисабы жоқ соңсыз рух иелері мен саналы жандардың талдап-талқылау назарына түскісі келеді және шектеулі бір заттан шексіз көріністерді, сондай-ақ, бір тұлғадан көптеген тұлғаларды, бір ақиқаттан көптеген ақиқаттарды шығарып, көрсету үшін осы көркем есімдер, Иләһи муқаддес ғашықтыққа сүйеніп және Қаюмияттың сыры бойынша ғаламда жаппай әрдайым сәуле-шуақтарымен жаңартып отырады, құбылтып, өзгертіп жатады. төРтіНші шуАҚ. Ғаламдағы таңғажайып қызу істің хикметінің үшінші тармағы мынау: Әрбір мейірімді жан басқаны риза қылғанына қуанып мәз болады, қамқор жандар өзгені қуантқанына риза болады, жүрегі сүйіспеншілікке ынтық жандар қуануға лайық кісілерді қуантқаннан ләззат алып мәз болады, ақкөңіл жандар өзгені бақытқа бөлегеннен рахаттанып шаттананады. Әрбір әділ кісі әділдікті орнатып залымдарды жазаға тартып ақысын бергеніне риза болып мақтанады, өнерлі кісі өнерін көрсетуден және өнері ойындағыдай болған кезде нәтижесіне шаттанып мәз болады.Міне, осы аталған ережелердің әрқайсысы жеке-жеке мықты қағида. Ол әлемде де адамзат әлемінде де кездеседі. Бұл қағидалардың Иләһи есімдерде болатынын үш мысал арқылы Отыз екінші Сөздің екінші тарауында баяндалған болатын. Қысқаша қорытындысын осы жерде қайталауға тура келіп тұр. Мәселен, өте мейірімді, бай әрі жомарт, дархан біреу өзінің бойындағы асыл қасиеттердің талабына сай алып бір саяхат кемесіне өте мұқтаж, пақыр кедейлерді мінгізіп керемет мол сый-сияпат, кең дастархан жайып ол пақыр-бұқараны риза қылып ашық теңізге шығарып жер дүнияны шарлатады. Өзі де оларға жоғарыдан қарап қуана тамашалап олардың ризашылығынан ләззат алып рахаттанады, олардың қуанғанын көріп мәз болады, олардың рахаттанғанынан күлімдеп, мақтана масаттанады. Енді, адам дейтін тек бір «тәузият мәмуры» яғни таратушы ғана бола тұра әлгіндей шағын ғана сый-сияпат бергеннен осыншама риза болып қуанып, көңілі тасып жатса, әлбетте бүкіл адамзат пен хайуанатты, сансыз періштелер мен жындарды сондай-ақ, руханилерді өзінің Рахмани кемесі жер шарына мінгізіп жер бетін сан-алуан ырыс-несібе, дәмді нығметтермен толтырып кең дастархандай сый-сияпат жасаған, және мұқтаж, риза, қарыздар, қуанышты пенделерін әлемнің төрт бұрышына саяхат еткізу арқылы және бұл дүнияда осыншама сыйлықтармен жарылқап оларды мәз-мәйрам етіп қана қоймай бақи о дүнияда жәннатта әрқайсысына арнап мәңгі бітпес дастархан жарататын Зат-ы Хаий-ы Қаюмға қатысты әлгі мақұлықтарының алғыс-ризашылығынан, қарыздар болып шүкір етуінен және қуанышынан пайда болатын, айтуға сөз жетпейтін әрі рұқсат етілмеген Иләһи «шуунатты» киелі мәмнуният (ризашылық), киелі ифтиқар (мақтану), киелі ләззат секілді атаулармен мегзеуге ғана болатын Аллаһтың


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook