351ОТЫЗЫНШЫ ЛЕМАРубубиятына қатысты мағыналар бар, олар әлемдегі болып жатқан мына фағалиятты (қызу қозғалыс), әрдайымғы халлақиятты (жарату) керек етеді, болуын талап етеді. Һәм, мысалға бір шебер ұста еш күйтабақсыз фонограф (дыбыс апараты) жасаса, ол аспап ойлағанындай дыбыс шығарса әлгі шебер қаншалықты қуанып, рахаттана мәз болады десеңші! Өзіне өзі «Маша Аллаһ» деп мақтанар еді. Қолынан жарату келмейтін, жасанды болмашы ғана бір өнер иесінің жанын осынша жадыратып мақтаныш пен ризашылық сезімін оятып жатса, әлбетте мына жаратылыстың иесі Сани-ы Хаким, әлемді толығымен жаппай сан-алуан дыбыстармен шулатып, неше түрлі дыбыстармен тәсбих еткізсе, және әлемді зікір ететін Иләһи әуенге бөлеп, керемет завод, тамаша фабрика сияқты қылса әрі әрбір түрді, әрбір әлемді өзінше бір өнермен, өзгеше мұғжизамен безендіріп тіріжандарының бастарын дыбыс шығаратын қондырғы тәріздес, неше түрлі дауыс беретін аппарат тіпті бір ғана кіп-кішкене бастың ішіне орналастырса әсіресе адамның басына дыбыс шығаратын қондырғы, фотоаспап, сымсыз телграф жасап қана қоймай олардан жиырма есе ғажап аппарат орналастырса және ол қалағанындай жұмыс істеп нәтиже берсе, сол кезде пайда болатын құдси «ифтихар», мұқаддес «мәмнуният» тәрізді мағыналары мен Рубубияттың осы тектес киелі шуунаты; міндетті түрде мына әрдайым болып жатқан фағалиятты, бір тынбайтын қызу жұмысты керек қылады, осылай болуын қажет етеді. Һәм, мәселен, үкімі әртарапқа жүретін әділ патша әділдікті көрсету үшін жәбірленушілердің ақысын залымдардан алып берсе, және бұқара халықты өктемшілдердің қанауынан құтқарса, сөйтіп әркімнің ақысын берсе рахаттанып мақтанады, өзіне-өзі риза болып масаттанады емес пе?! Бұл патшалық пен әділеттің негізгі заңы. Енді, Хаким-і Хаким (патшалардың патшасы), Адил-і Адил (Әділдердің әділі) Аллаһ күллі жаратқандарына әсіресе, тіріжандарына «хұқуқ-ул хаят» деп аталатын өмірге қажетті шарттарды жасаса, және тіршіліктерін сақтап қалу үшін оларға қажетті сезім мүшелерін беру арқылы және әлсіздерді күштілердің өктемдігінен рахымды түрде қорғаса, және барлық тіршілік иелері үшін бұл дүниеде кім неге лайық болса соны беру түрі толығымен, ал ақы жегендерді жазалау түрі болса біршама орындалғанда әсіресе, ертең ақыретте «Хашир» дейтін ұлы сотта нағыз әділдік орнаған кезде пайда болатын, ол мағынаны жеткізетін сөз табылмайтын «шуунат-ы Раббания», «мағани-ы Құдсия» деп аталатын нәрселер ғаламдағы осы фағалият-ы даимиды яғни бір тынбайтын қызу қозғалысты қажет етуде. Міне, осы үш мысалдағыдай, Аллаһтың көркем есімдерінің барлығы, жеке-жеке осы аталған фағалият көрсетіп яғни қызу іс жасап әлгіндей Иләһи шуунатқа ұйытқы болатындықтан халлақият-ы даими болуын яғни әрдайым жаратыла беруін керек қылады, талап етеді.
352ЛЕМАЛАРӘрі қандай да бір қабілет немесе бейімділік ашылып нәтиже бергенде бір шаттық, бір ләззат болатыны рас. Және әрбір міндетті өз міндетін атқарып, толық аяқтаған кезде сол міндеттен босағанда керемет рахаттанып, риза болатына да хақ. Және бір түйір тұқымнан көптеген жеміс алу, бір теңгеден жүз теңге пайда табу адамға қуаныш сыйлап, көңілін көтеретін жәйт. Әлбетте, бүкіл жаратқандарындағы шексіз қабілетті аштырған және барлық пенделеріне аса маңызды міндет жүктеп, оларға атқартқызып сосын белгілі бір дәрежеге жеткендей болғанда демалысқа шығаратын яғни элементтерді шикізат мәртебесіне, шикізаттарды өсімдіктер дәрежесіне, өсімдіктерді ризық арқылы хайуандардың тіршілік дәрежесіне, хайуандарды адами саналы жоғары мәртебесіне көтеруде. Міне, әрбір тірі жанның сыртқы бір болмысы мерзімі жетіп, аяқталған кезде (Жиырма Төртінші Мектубта түсіндірілгеніндей) ол өзінің рухын, мән-мағынасын, суретін осы секілді көптеген болмыстарын өзінен кейінге қалдыртып, оларға қалдырған орнына белгілі бір міндет, маңызды қызмет атқартатын аталмыш әрдайымғы фағалияттан, халлақияттан туындайтын киелі мағыналардың және Иләһи рубубияттың қаншалықты маңызды, орасан зор құбылыс екені түсінікті болар. Маңызды сұраққа нақты жауап: Тура жолдан тайған кейбір топтың пікірінше, «Ғаламды әрдайым қозғалысқа ендіріп сан құбылтып, өзгертіп отырған Құдіреттің өзі де өзгермелі, ауыспалы болуы керек» дейді. жАуАБы: Жоқ, әсте олай емес! Жердегі айналардың құбылуы аспандағы Күннің құбылуын емес, керісінше сәулесінің жаңарып жатқанын көрсетеді. Әрі оның үстіне, әзәли уа әбәди, сәрмәди және қай жағынан болсын абсолюттік кемел иесі, ешкімге-ешнәрсеге мұқтаж емес, материядан ада, мекенге тәуелсіз, шарттарға бағынбайтын, мүмкіндік әлемінен тысқары, пәк, тым жоғары, бәрінен биік Зат-ы Ақдестің өзгеріске ұшырауы, сипаттарының ауысуы әсте мүмкін емес, олай ойлаудың өзі қисынсыз. Әлемнің құбылуы Оның құбылатынына емес, керісінше әсте құбылмайтынына, еш уақыт ауысып, өзгермейтініне дәлел, бұл соны көрсетеді. Өйткені, бірнеше затты жүйелі түрде әрдайым тоқтаусыз өзгертіп, қозғалтып отырғанның орын ауыстырмай, өзгермей, қозғалмай тұруын керек етеді. Мәселен, сен жіпке байланған көптеген шарларды шыр айналдырып, әрдайымғы жүйелі бір қозғалысқа ендірген кезіңде сенің өз орныңда тұрып өзгерместен, қозғала бермей бір орында тұруың қажет. Әйтпесе жүйе-тәртіпті бұзасың.Өздеріңе мәлім; бір затты жүйелі түрде қозғалысқа ендірушінің қозғалмауы, жалғасулы түрде,әрдайым құбылтушының өзі құбылмауы тиіс. Сонда ғана ол іс жүйелі түрде жалғасын табады. Екіншіден: Жалпы құбылу, өзгеру дегендер жаратылғандарға тән, және кемелдену үшін жаңарудан пайда болатын әрі мұқтаждықтан, заттық денелерге тән, мүмкін нәрселерге қатысты нәрсе. Ал, Зат-ы Ақдес Аллаһ
353ОТЫЗЫНШЫ ЛЕМАболса, бастауы жоқ, һәм барлық тұрғыдан мұтлақ (толық, абсолюттік) кемелдік иесі, мутлақ бай, ешнәрсеге мұқтаж емес, һәм материядан ада, болмысы шарт, Уажиб-ул Ужуд болғандықтан әлбетте өзгеріп, құбылуы әсте мүмкін емес, ойлаудың өзі әбестік. БЕСіНші шуАҚ. Екі мәслеледен тұрады.Біріншісі: Аллаһтың «Қаюм» есімінің сәуле шуағын жан-жақты көру үшін, қиял сезімін пайдаланып, оны күллі ғаламды көрсететін біреуі қашықтағы нәрселерді, ал біреуі ұсақ нәрселерді көре алатын екі дүрбі жасап, әуелі ең ұзаққа қараймыз. Қаюм есімінің шағылысымен Жер шарынан мың есе үлкен миллиондаған денелер, жұлдыздар ешқандай тірексіз ауадан әлдеқайда нәзік «эсир» деген заттың ішінде кейбірі тұрақты, кейбірі белгілі бір міндет атқару үшін қозғалып жылжуда. Енді, әлгі қиялдың ұсақ нәрселерге арналған дүрбісімен қарағанымызда, Қаюмияттың сырымен барлық тіршілік иелерінің денесінде орналасқан зәррелер жұлдыздар секілді өте жүйелі түрде әрекет етіп, белгілі бір қызмет атқарады. Әсіресе тіршілік иелерінің қандарындағы қызыл-ақ түйіршіктер жылжымалы жұлдыздар тәрізді шыр айнала екі түрлі жүйелі қозғалысымен әрекет етуде. Барлығын қорытындылайтын қорытынды.* Күллі ғаламдағы жаратылысты осындай бар қылып, болмысын жалғастырып тұрған Аллаһтың Қаюм есімінің осы бір ұлы шуағы арқылы қарасаң, Оның Хаий есімінің ұлы шуағын көресің. Ол есім бүкіл тіршілік иелерін өзінің шағылыс сәулесімен ғаламды нұрландырған, күллі тіріжандарды шағылысымен құлпыртуда. Енді, қарашы! Сол Хаий есімінің артынан Фәрд есімінің ұлы шуағы не істеп жатқанын. Ол бүкіл ғаламды түрлерімен, барлық бөлшектерімен Уахдетке ұжымдастырып яғни бір тұтас қылып, әрнәрсенің маңдайына Уахдеттің мөрін басуда. Әрбір заттың бетіне Әхадияттың таңбасын қоюда. Осылайша шексіз тілдерімен таңба басып, сәуле-шуағын шашуда. Енді, осы «Фәрд» есімінің артынан Хәкем есімінің ұлы шуағына қара! Ол, жұлдыздардан бастап зәрелерге дейін әлгі қиялдың екі дүрбісімен көрінген жаратылыстың әрқайсысы мейлі ол ұсақ болсын мейлі ол күлли болсын, ең үлкен шеңберден бастап сонау тар шеңберге дейін әрқайсысын өзіне лайық, өте ыңғайлы да пайдалы жүйеге салып, реттеп, нәтиже беретіндей барлық жаратылысты әсем безендірген, жалт-жұлт етеді.Енді, сол Хәкем есімінің ұлы шуағының артынан әлемге «Адл» есімінің алып сәулесімен қара! Екінші Нүктеде баяндалғанындай, ол есім күллі ғаламды бүкіл болмысымен қызу жұмыс істетіп таңғажайып өлшеммен, таразыға тартқандай дәлдікпен басқарып отыр. Кереметтігі сонша, егер аспан денелерінің біреуі бір секундқа тепе-теңдігін жоғалтса яғни «Адл» есімінің аясынан шықса жұлдыздар арасында астан-кестеңін шығаратындай жүйесіздік орнап тас-талқан болар еді. * Отызыншы Леманың алты рисалесінің негізі және тақырыбы әрі Исм-і Ағзамның сыры сақтаулы алты киелі есімдердің өте қысқа-нұсқа қорытындысы.
354ЛЕМАЛАРМіне, күллі жаратылысты бір шеңбер деп алсақ, сол үлкен шеңберден яғни мынтықа-и Кубрадан яғни Құс жолы яки галактика бастап сонау қанның ішіндегі ақ түйіршік, қызыл түйіршіктердің қозғалыс-әрекеттеріне дейін әрбір шеңберді, әрбір болмысты өте дәлдікпен таразыға тартқандай өлшемді түрде белгілі бір түрде бәрін жаппай жұлдыздар тобымен қоса зәррелер тобын бүкіл болмыс атаулыны «күн фәя күн!» әмірімен мүлтіксіз мойынсұндырғанын көрсетіп тұр. Енді, «Адл» есімінің ұлы сәулесімен (бірінші нүктеде баяндалған болатын) «Құддус» есімінің нұр-сәулесіне қара! Ол, ғаламдағы барлық болмысты тап-таза қылып, пәк, сафи түрде, әп-әдемі, мөп-мөлдір етіп көрсетеді. Осылайша күллі ғалам, болмыс атаулы Жәмил-і Мұтлақтың шексіз жәмалына, Оның теңдесіз, көркем есім-сипаттарына лайық боларлық айналар бейнесіне ендірген. Сонымен, қорытындылар болсақ, Исм-і Ағзамның осы аталған алты есімі және алты нұры әлемді, оның ішіндегі болмысты сан-алуан бейнеде, түрлі-түсті ою-өрнектермен, жалт-жұлт еткен перделермен орап әшекейлеп тастаған.БЕСіНші шуАҚ. Екінші мәселе. Ғаламға нұрын шашып тұрған Қаюмияттың сәулесі Уахидият пен Жәлал тұрғысынан болғаны секілді ғаламның орталығы, ұйытқысы, саналы жемісі болып табылатын адамның бойында да Қаюмияттың сәулесі Әхадият пен Жәмал тұрғысынан өзін көрсетеді. Яғни қалайша ғалам Қаюмияттың сырымен тұр, дәл сол секілді Қаюм есімінің толыққанды айнасы болған адамның себебімен белгілі бір мағынада ғалам орнында тұр, яғни ғаламдағы көптеген хикметтер, пайда мен түрлі мақсаттар адамзатпен байланысты болғандықтан бейне бір адамның бойындағы Қаюмияттың сәулесі ғаламның бірден бір тірегі боп саналады. Иә, Зат-ы Хаий Қаюм мына ғаламнан адамды таңдаған және ғаламды сол үшін жаратқан деуге болар. Өйткені, адам мазмұнды да күрделі жаратылысымен Аллаһтың бүкіл көркем есімдерінің мәнісін аңғарады, түсініп сезіне алады. Әсіресе, ризықтың ләззаты арқылы көптеген көркем есім-сипаттарды аңғарып көңіліне тоқи алады. Алайда, періштелер оларды солай сезіне алмайды. Міне, адамның осындай маңызды мазмұндылығы үшін, Зат-ы Хаий Қаюм Аллаһ, адам баласына өзінің бүкіл есімдерін сездіріп, жарылқау-сыйының барлық түрін білдіру үшін тәбет пен қуаты күшті асқазан беріп, ол асқазанның алдына дастархан жайып түрлі ырыс-нығметтермен жомарт түрде толтырып қойған. Сосын, осы кәдуілгі ас қорытатын асқазан секілді етіп, тіршілікті де азық сұрайтын бір асқазан іспеттес жаратқан. Ол тіршілік дейтін яғни хаят асқазанына арнап сезімдер жаратқан да олар, оның қолы секілді өте қашықтан өзіне арналған нығмет толы дастарханнан кең түрде пайдалана алады. Сөйтіп ризашылығын жан-жақты білдіреді. Енді, осы хаят яғни тіршілік асқазанынан басқа адамгершілік дейтін асқазан тағы жаратқан. Ол асқазан әлдеқайда кең дастархан, молырақ ризық-нығмет сұрайды.
355ОТЫЗЫНШЫ ЛЕМААқыл, пікір және қиял сезімдері әлгі асқазанның қолдары іспеттес. Сол арқылы, аспан мен жер көлеміндей кең түрде рахым дастарханынан пайдаланып риза болады, шүкір етеді. Енді, адамгершілік дейтін асқазаннан басқа ұшы-қиыры жоқ тағы нығмет толы дастархан жаю үшін дін Исламды, Иман ақидаларын (шарттары) көп ризық несібе сұрайтын рухани асқазан ретінде жаратып, оның ризық дастарханының жиегін материалдық әлемнен де асып кететіндей кеңейтіп, Иләһи көркем есімдерді қамтитын қылған. Осы асқазан арқылы Аллаһтың Рахман (аса мейрімді) және Хаким (өте хикмет иесі, толық дана) есімдерін өте тамаша түрде ризықтың ләззаты арқылы сезінеді. «Әлхамдулиллаһи ала Рахманиятиһи уа ала Хакиятиһи» дейді, тағысын тағы... Сөйтіп осы бір рухани ұлы асқазанмен сансыз Иләһи нығметтерден пайдалану мүмкіндігі бар. Әсіресе, ол асқазанның Иләһи махаббаттан алатын сезімі бөлек, ол өзінше бір тақырып. Міне, Зат-ы Хаий-ы Қаюм, адамзатты күллі ғаламның орталығы, ұйытқысы жасап оның алдына ғаламдай кең нығмет толы дастархан жайған әрі ғаламды адамға қызметші қылған және ғалам адамзаттың септігімен Қаюмияттың сырына бөленіп бір мағынада сол үшін тұр. Олай деуіміздің хикмет, сыры мынада; Адам баласының мойнына аса маңызды үш міндет жүктелген. Біріншісі; Ғаламға арнайы жайылған бүкіл нығметтің түрлерін адамзат арқылы жинап ретке келтіру, оны тәсбих тастары сықылды өз игілігіне қарай жүйеге салу және нығмет тізілген жіптің ұштарын ұстап рахым қазынасының барлық түрлеріне бөленген үлгінама болып көріну. Екінші міндеті: Зат-ы Хаий-ы Қаюмның сөзін адамзат өзінің күрделі санасымен түсініп жауап беруі және Оның өнеріне тамсана да таңғала өзіндік жоғары баға беруі, сүйсініп онысын бар дауысымен дүнияға жар салуы керек. Саналы түрде риза болып шүкір етудің небір түрін жасап шексіз нығметтерге, түрлі жарылқау сыйлықтарға мадақ айтып, дәріптеп қарыздар болуы керек. Үшінші міндеті: Хаятымен яғни тіршілік ету арқылы үш тұрғыдан Зат-ы Хаий-ы Қаюмға, Оның киелі істеріне, шексіз сипаттарына айналық қызметін атқару яғни жария қылып айналаға сәулесін шашу. Біріншіден; Адам өзінің мүлдем әлсіздігі арқылы Жаратқан Иесінің мұтлақ құдіретін, оның дәрежесін өзінің әлсіздігімен салыстырып, құдіретінің мәртебелерін таразылау. Сондай-ақ, пақыр-мұқтаждығымен рахымын, оның дәрежесін ұғуға тырысу және дәрменсіздігімен оның жойқын күш-қуатын бағалау, тағысын тағы... Өзінің нұқсан сипаттарымен Жаратқанның кемел сипаттарын салыстыратындай айналық ету. Қараңғы түнде жарықтың анағұрлым жарқырап, қою қараңғы электр шамын анық-қанық көрсетіп айна болатыны тәрізді адам да осылай өзінің кем сипаттары арқылы Аллаһтың кемелдігіне айна қызметін атқарады.Екіншіден; Адам өзінің шағын қалау-еркімен, азғантай ілімімен, кішкене қауқарымен, сырттай солай көрінетін қожайын-иелігімен және үйін салғанындай мына ғаламның сәулетші ұстасын, Оның иелігін, шебер өнерін, керемет қалау-еркін, құдірет пен ілімін, ғалам қанша үлкен болса ой-өрісі
356ЛЕМАЛАРжеткенше сонша деп топшылап ұғатын болады, айна боп шағылыстырады. Үшінші тұрғыдағы айналық қызметтің екі тұсы бар. Бірінші тұсы: Иләһи есімдердің сан-алуан ою-өрнектерін өзі арқылы көрсету. Бейне бір адам өзінің мазмұндылығымен ғаламның шағын үлгісі, кішірейтілген нұсқасы болып барлық есімдердің ою-өрнектерін көрсетеді. Екінші тұсы: Иләһи шуунатқа айналық қызметін атқару. Яғни, өзінің тіршілігі арқылы Зат-ы Хаий-ы Қаюмның тірі екеніне ишара етіп қана қоймай, сонымен қатар өзінің бойындағы тірі кезіндегі дамыған есту, көру қабілет-сезімдер арқылы Зат-ы Хаий-ы Қаюмның «самиғ» (есту), «басар» (көру) секілді сипаттарына айна болып шағылыстырады. Һәм, адам өмірінде кездесетін, әлі толық ашыла қоймаған және сезім, қасиеттер түрінде байқалып, кейде қозып кейде басылатын, саны көп хаяти сезімдер, мағыналар арқылы Зат-ы Хаий-ы Қаюмның киелі шуунатына айна болып шағылыстырады. Мәселен, атап айтар болсақ сүю, мақтану, риза болу, қуану, көңілдің көтеріліп жадырауы секілді мағыналармен Зат-ы Ақдестің құдсиятына (киелілігі), мұтлақ (абсолюттік) бай екеніне лайық, сәйкес болу шартымен сондай шуунатына айна қызметін атқарады. Сондай-ақ, адам қалайша Аллаһтың есім-сипаттарының мазмұны, саналы айнасы, тағысын тағы көп жақтармен Зат-ы Хаий-ы Қаюмға айна болып таныстырады, дәл сол сияқты адам мына ғаламның ақиқаттарына өлшем бірлігі, мазмұны, таразы болып табылады. Мысалы, әлемде Ләух-ы Махфуздың бар екеніне нақты дәлел әрі бір үлгісі адам баласының есте сақтау қабілеті боп табылады. Және мысал әлемінің бар екеніне дәлел, үлгі-мысал адамның қиял сезімі және әлемде рухани болмыстардың бар екеніне нақты дәлел және оның үлгісі адам бойындағы сезімдер, қасиеттер, ерекшеліктер тағысын тағы... Адам шап-шағын түрде, өзіндік ықшам мөлшерде әлемдегі имани ақиқаттарды шухуд яғни, көзге көрінер дәрежеде анық көрсете алады. Міне, осы аталған уазифа-міндеттер секілді адамның көптеген маңызды қызметтері бар. Адам – Жәмал-ы Бақиға яғни мәңгі бақи сұлу Аллаһтың айнасы, Сәрмәди кемелдікке дәлдал, мол мейірімге мұқтаж әрі шүкір етуші. Және аталған жәмал (сұлулық), кемал (кемелдік), рахмет (рахым) мәңгі бақи, әсте аяқталмайтыны рас. Олай болса, әлбетте ол Бақи Жәмалға құштар айна, ол Сәрмәди кемелдікке ғашық делдал, ол мәңгі бітпес мол мейірімне мұқтаж әрі шүкір етуші адамзат мәңгі болуы үшін мәңгілік әлеміне аттанатын болады, сол бақиларға серік болуы үшін бақилыққа кетеді, кетуі керек. Неге десең, мәңгі жәмал өзіне құштар бірақ пәни біреуге, уақытша достыққа разы болмайды. Өйткені, Жәмал өзін жақсы көретіндіктен басқаның да жақсы көргенін қалайды. Ал, аяқталу мен уақытша бірге болу болса ондай махаббатты дұшпандыққа айналдырып жібереді. Егер, адам мәңгі бақи болмайтын болса бойындағы мәңгі жәмалға деген шексіз сүйіспеншілік сезімі өшіп, орнына дұшпандық сезімі оянар еді.
357ОТЫЗЫНШЫ ЛЕМАОныншы Сөздің сілтемесінде айтылғанындай, бірде дүние жүзілік ару, өзіне ғашық болған жігіттің ұсынысын қабылдамай қойыпты, сөйтсе әлгі жігіттің ғашықтық сезімі бірден дұшпандыққа айналып былай депті: «Түһ, түрі неткен ұсқынсыз еді!». Осылайша, өзін жұбату үшін сұлулығын жоққа шығарыпты. Иә, адам білмейтін нәрсесіне жаны қас келетіні секілді, қолы жетпеген нәрсеге немесе игере алмаған биігінің айыбын іздейді яғни дұшпандық еткісі келеді. Бүкіл әлемнің куәлік етуімен Махбуб-ы Хақиқи уа Жамил-і Мұтлақ Аллаһ өзінің көркем есімдерін паш ету арқылы өзін адамдарға жақсы көргізіп, әрі жақсы көруін қалайтынын білеміз. Әлбетте, әрі оған сөз жоқ міндетті түрде солай өзінің сүйіктісін, сүюшісін яғни адамзаттың жүрегіне табиғи дұшпандық сезімін оятып өзіне қатты ызаландырып ренжітпейді. Және жаратылысы өте сүйкімді және өзіне құштар етіп жаратқан ерекше мақұлығы адамды табиғаты мүлдем қайшы құпия дұшпандықты адамның жанына бермесе керек. Өйткені, адам баласы қатты жақсы көрген, әрі жоғары бағалап, ынтық түрде ұнатып сүйген Жәмал-ы Мұтлақ Аллаһтан мәңгі айырылудан пайда болатын рухани жазылмас жараны тек оған дұшпандық арқылы, өшпенділікпен, оны жоққа шығарып, өшігу арқылы ғана емдей алады. Міне, кәпірлердің Аллаһқа дұшпан болуының сыры осында жатыр. Олай болса, міндетті түрде ол Жәмал-ы Әзәли өзіне құштар айнасы болған адам баласымен мәңгілік сапарда бірге болуы үшін сөзсіз, қалай болса да мәңгілік әлемінде мәңгі өмір сыйлап, бақилыққа бөлейді.Иә, адамзаттың табиғаты бір Жәмал-ы Бақиға құштар әрі өзі де сүйкімді болып жаратылғаны рас. Әрі бақи Жәмал уақытша ынтызар құштарға разы болмайтыны хақ. Сонымен қатар, адам өзі білмеген яки қолы жетпеген не болмаса ие бола алмай айырылып қалған мақсатынан өкініш пен қайғыдан құтылу үшін сол мақсатының кемшілік пен айыбын тапқан кезде немесе іштей өшігіп дұшпандық қылған кезде ғана көңілі көншіп тынышталады. Әрі, мына ғалам адамзат үшін жаратылған, ал адам болса мағрифат (Жаратқанын тану), Жаратушы Иесіне сүйіспеншілік танытуға жаратылған екен. Әрі, мына ғаламның Иесінің есім-сипаттары мәңгі және ол есімдердің сәулелері де мәңгі бақи болмақ. Олай болса, әлбетте, оған шәк жоқ адамзат мәңгілік әлеміне сапар шегіп, бақи өмірге қауышпақ. Ал сол адам баласының қадір-қасиетін, атқарар уәзипасын яғни міндетін, қайтсе кемелденетінін білдіретін ұлы жетекші, кәміл адам атағына лайық араб Мұхаммед (с.а.у) екені және ол жоғарыда аталған адами құныдылықтарды, кемелдік пен уәзипаны кемел түрде бірінші өзі болып жеке өмірінде сосын дінінде көрсеткені белгілі. Сол арқылы бізге ғалам адамзат үшін жаратылғанын және әлемнің мақсаты, әрі ең таңдаулысы адам екенін білдірді. Олай болса, біздің білетініміз; адамзаттың ең таңдаулысы, ұлы мақсаты, ең қадірлі де ардақтысы және Ахәд уа Самадтың яғни жалғыз әрі ешнәрсеге мұқтаж емес Құдреттің өте жарқын айнасы сөзсіз, міндетті түрде Ахмед-і Мұхаммед (с.а.у.) болып табылады.
* * *Отыз бірінші ЛемаШұғалар жинағына енгендіктен мұнда жазылмады.* * *Отыз екінші ЛемаБұл «Лемеат» рисалесі болатын, Сөздер жинағына енгендіктен мұнда жазылмады.* * *Отыз үшінші Лема«Месневи Нұрие» атты жинаққа енгендіктен мұнда жазылмады.* * *
МіНӘжАтиә, иләһий! иә, Рабби! Иманның көзіменен және Құранның тәлімі мен нұры арқылы сондай-ақ, Расул-ы Әкрем ғаләйссилату уәссаламның үйретуіменен әрі Сенің Хаким есіміңнің көрсетуімен көзім жеткені: Көктердегі ғажайып тәртіп пен керемет жүйелілік арқылы Сенің болмысыңа ишара етіп, дәлел болмайтын ешбір әрекет, ешбір қозғалыс жоқ. Және өзінің өлшемді жаратылысымен, тәртіпті жағдайымен және нұрлана күлім қағуымен, сондай-ақ, бүкіл жұлдыздар өзара ұқсастық жағымен – Күн өз алдына бір дәлел – әрі Сенің улухиетің мен уахданиетіңнің ұлықтығына ишара етіп, куәлік қылмайтын ешбір жұлдыз жоқ. Он екі ғаламшардың әрқайсысы жеке-жеке хикметті қозғалысымен, тәртібіңе бағыныштылығымен, жүйелі міндет атқаруымен, сондай-ақ, жылдам қозғалып жатқан өзге аспани денелер жаппай Сенің сөзсіз бар екеніңе куәлік етеді әрі улухиет салтанатыңды мегзеп ишара қылады.Рас, аспан әлемі өзінде орналасқан денелер арқылы әрқайсысы жеке-жеке Аллаһтың құдіретіне куәлік ететіні секілді барлығы ұйымдасқан түрде де ап-анық - О, жер мен көкті жаратқан жаратушы Жаббар! – Сенің сөзсіз бар екеніңе көрнекі түрде куәлік етеді. О, зәррелерді керемет өзара бірге жаратып, басқарып отырған және жұлдыздарды шоғырларымен бірге шыр айналдырып, әміріне мойынсұндырған Аллаһ! Олар Сенің жалғыз екеніңе, бір екеніңе қуатты түрде куәлік етеді. Ол куәлігін көкте қанша жұлдыз болса, сонша нұрлы жарқын дәлелдер ретінде бекітіп растауда. Һәм, мына мөлдір де ашық әрі тап-таза, тамаша аспанға қарайық! Бейне бір ғаламат үлкен әрі өте шапшаң денелерімен бірге сақадай сай, тіл алғыш қалың әскер секілді әрі электр лампаларымен көмкерілген алып шәһар сияқты көз тартар әсемдігімен Сенің рубубиетіңнің ұлықтығына және барлығын жаратқан шексіз құдіретіңнің зор екеніне ап-ашық дәлел болып табылады. Сондай-ақ, шексіз көк аспанды қамтып жатқан әкімдігіңнің ұлықтығын, әрбір тірі жанды қамқорлығына алған рахымыңның кеңдігін дәлелдейді. Сондай-ақ, аспан тұрғындарының барлық істері мен жағдайларын көріп-біліп отырған, құдрет қолында ұстап тұрған әрі реттеп басқарып отырған іліміңнің шексіз екенін және хикметіңнің бүкіл оқиғаларды қамтып, назардан тыс қалдырмайтынын дәлелдеп, куәлік етеді. Ол куәлік пен дәлелдің анықтығы сонша, бейне бір жұлдыздар аспанның денеге айналған куәлік сөздері іспеттес, нұрлы айғақтар боп табылады.
360ЛЕМАЛАРҺәм, аспанның кең алаңында немесе теңіздей айдын көлінде жүзіп жүрген жұлдыздар құдды тәртіпті жауынгерлер, керемет кемелер, таңғажайып ұшақтар немесе ғажап шам-шырақтар іспеттес, Сенің улухиетіңнің салтанатын, оның асқан әдемілігін, патшалардың патшасы екеніңді көрсетуде. Әлгі әскердің біреуі яғни, бір ғана аспан денесі Күнді алайық. Оның құжынаған ғаламшарлар арасында ғажайып орналасуы және жер шарының да өзіндік атқарар қызметі бізге мынаны мегзейді: Күн және оның жолдастары жұлдыздардың кейбірі ақырет әлемімен тығыз байланысты әрі босқа жымың қағып тұрған жоқ. Олар бақи әлемде Күннің қызметін атқарады. О, уажиб-ул ужуд! О, Уахид-і Әхад! Мына керемет жұлдыздар, анау ғажап Күндер, Айлар, жаппай Сенің иелігіңде, Сенің аспаныңда, Сенің әміріңмен, құдірет-қүшіңмен, Сенің қалауыңмен, әмірлеріңе бағынып, заңдарыңа толық мойынсұнуда, әрқайсысы белгілі бір міндет атқаруда. Аспан денелері бірі қалмай жаппай өздерін жаратқан, шыр айналдырып басқарып тұрған бір ғана Халиқты, жалғыз Жаратушыны тәсбих, тәкбир қылады, ұлықтайды. Хал тілдерімен «Субханаллаһ, Аллаһу Әкбар»дейді. Мен дағы олардың осындай жаппай жасаған тәсбихтеріне қосылып сені ұлықтап, пәктеймін. О, өте жарқын көрінетіндіктен жасырын қалған Аллаһ! О, тым шексіз ұлық болғандықтан құпия болған Қадир-і Зүлжалал! О, Қадир-і Мұтлақ! Даналыққа толы Қасиетті Құранның дәрісімен және Расулуллаһ ғаләйссалату уәссаламның тағылымымен түсінгенім: Қалайша аспандар, жұлдыздар Сенің бар әрі жалғыз екеніңе куәлік етеді, сол секілді көк аспан бұлттар арқылы, күннің күркүреуі арқылы және жел-дауылдарымен де, жауын-шашындарымен де Сенің міндетті түрде бар әрі жалғыз екеніңе куәлік етеді. Иә, анау жаны жоқ, бейсана бұлттың тіршіліктің көзі саналатын жаңбырды әкеліп оны мұқтаж жан-жануарларға медет қылып себелеуі, тек Сенің рахымыңмен, хикметің арқылы ғана жүзеге аспақ. Оған шым-шытырық кездейсоқтықтың араласуы әсте мүмкін емес. Сондай-ақ, қуатты электр тоғы бар және оның жарықтандыру қабілетіне ишара етілген әрі оны тиімді пайдалануға Құранда белгі берілген, қызықтырып ынталандырылған жай отын алайық. Ол Сенің аспандағы құдіретіңді анық көрсетеді. Һәм, жаңбырдың келе жатқанын сүйіншілеп хабар беретін, алып аспанға тіл біткендей сөйлететін және тәсбихтерінің дыбысымен көктерді шулатып, жаңғыртатын найзағайды алайық. Ол да өзінің жарқылымен, күркіреген дауысымен хал тілімен Сені пәктеп,
361МІНӘЖАТрубубиетіңе куәлік етеді.Һәм, тірі жандардың өміріне қажетті ризықтарды таситын және қолдануға оңай, әрі жан-жануарлардың тыныстап демалуына себеп болатын әрі жанды махлұқтарды рахаттандыратын, осы секілді көптеген маңызды міндеттер атқаратын желді алайық, ауа қабатына назар аударайық! Олар бір хикметке байланысты «ләух-ы махв уа исбат» сияқты, яғни «жазып-сызып, сосын өшіріп тастайтын тақтаға» ұқсайды. Осы құбылыс Сенің құдіретіңнің шексіз екеніне ишара әрі Сенің сөзсіз бар екеніңе шәһадат етіп қана қоймай, Сенің шексіз қамқорлығыңды көрсетеді. Аспаннан жауатын жауын-шашын да яғни бұлттардан сауылып тірі жандарға арнайы келетін Иләһи мейірімділіктің мөп-мөлдір әрі керемет өлшемді тамшылары да өзіне тән тілдерімен Сенің рахымыңның кең, мейірімің мол екеніне куәлік етеді. О, Мутасаррыф-ы Фағал! О, Фәйяз-ы Мутағал! Сенің сөзсіз бар екеніңе бұлт, күн күркірі, найзағай, жел, жаңбыр, әрқайсысы жеке-жеке куәлік ететіні секілді барлығы қосылып тұтас бірдей құрамы жағынан әртүрлі, орналасу жағынан бір-бірінен алшақ болса да, өзара үйлесімді, біркелкі түрде, араласа-құраласа отырып бір-бірінің міндетіне жәрдем беруі жағымен Сенің уахдетіңе, бір екеніңе өте қнақты ишара етеді. Һәм, алып аспан кеңістігін бейне бір ғажап махшар алаңына ұқсатып, кейде бір күнде бірнеше рет құбылтып, бірде түнертіп, бірде жадыратып отырған рубубиетіңнің ұлықтығына шек жоқ. Олар соның куәлігі. Сондай-ақ, әлгі жазу-сызу тақтасы тәріздес алып кеңістіктегі бұлттарды сығып жер жүзі бау-бақшасын жаңбырмен суарады. Осылайша, құдіретінің ұлықтығын, оның барлық нәрсеге күші жететінін көрсетеді. Сондай-ақ, жер бетінде тіршілік ететін күллі жаратылысқа ауа қабатын қызметші қылып, басқарып отырған мол рахымың мен үстемдігіңнің шексіз кең әрі кәміл екенін дәлелдейді. Һәм ауа қабаты хикметке толы шексіз міндет атқаруы, және бұлт пен жаңбырдың терең ілім талап ететін аса пайдалы істерге қолданылуы, әрине әрнәрсені қамтитын Иләһи ілім мен әрнәрсеге әсер ететін кәміл хикметті көрсетеді. Әйпесе мұндай көреген хикметке толы іс мүлдем жүзеге аспас еді. уа, Фағал-ун Лимә Юрийд! Ауа қабатында болып жатқан қызу жұмыстарыңмен бізге әрдайым хашир мен қияметтің болатынын, бұлар соның үлгісі екенін көрсете отырып, бір сағатта жазды қысқа, қысты жазға ауыстырып, жаңа бір әлем жаратып, ескісін ғайыпқа жіберу секілді істер атқарып жатқан құдіретің, әлбетте, дүниені ақыретке ауыстыратынын және ақыретте мәңгі жалғасатын істер болатыны мегзейді.
362ЛЕМАЛАРО, Қадир-і Зүлжәлал! Көктегі ауа қабаты, бұлт, жаңбыр, күн күркірі мен найзағай секілді жаратылыс, Сенің иелігіңде, Сенің әміріңмен, Сенің ғана құдірет-күшіңе бағынышты түрде қызмет етіп, өз міндетін толық атқаруда. Құрамы бір-бірінен алыс, табиғаты мүлдем ұқсамайтын әлгі жаратылыс, өздерін өте жылдам, бұлтартпай әміріне бағындырған, тез әрі жылдам бұйрықтарын орындатқызған Әміршісін, Әкімін, Раббысын пәктеп, оның шексіз рахымын мадақтап паш етеді.О, жер мен көктің иесі Халиқ-ы Зүлжалал! Сенің хикмет толы Құраныңның тағылымымен және Расул-ы Әкрем ғаләйһиссалату уәссаламның дәрісі арқылы мынаған көзім жетіп, иман еттім: Аспан, жұлдыздарымен бірге, кеңістік ішіндегілермен қоса Сенің сөзсіз болмысыңа, бір екеніңе, уахдетіңе куәлік еткені секілді, «арз» яғни жер шары бүкіл мақұлықтарымен, хал-жағдайымен Сенің бар екеніңе, біреу екеніңе өздерінде қанша болмыс болса, сонша куәлік етіп, қыруар ишаралармен мегзеп тұрады. Иә, жер жүзінде болып жатқан құбылыстарға, ағаштар мен хайуандардың жыл сайын бейне бір киім ауыстырғандай құлпыруына назар аударалық! Ол құбылыстардың жалқы немесе жалпы түрде өте жүйелі жүзеге асуы Сенің міндетті түрде бар әрі бір екеніңе куәлік етеді. Куәлік етпейтін бірде-бір жаратылыс пен құбылыс жоқ.Һәм, әрнәрсеге әлсіздігі мен мұқтаждығына орай, өзіне мейірімді қамқорлық жасалуы және өміріне қажетті заттардың хикметпен берілуі тұрғысынан Сенің бар екеніңе, біреу екеніңе куәлік етеді. Куәлік етпейтін бірде біреуі жоқ.Һәм, әрбір көктемде көз алдымызда жаратылып жатқан өсімдік болсын, хайуан болсын барлығының ешбірі қалмай керемет өнерлі жаратылуы, нәзіктігі, әсемдігі, ерекшелігі, реттілігі, өлшемді жасалуы, бәрі-бәрі Сені таныстырады, Сен туралы хабар береді. Жер бетінде тіршілік ететін өсімдік пен хайуанатты, құдіретіңнің керемет өнерін, өнеріңнің таңғажайып мұғжизаларын әрі шамасы шектеулі, құрамы ұқсас, тіпті, бірдей деуге боатын жұмыртқа мен кішкене жұмыртқаларды, ұрықтар мен дән-дәнектерді, тұқымдарды алайық. Олардың ішінен еш қатесіз, керемет толық әрі сұлу әрі бір-бірінен өзгеше түрде тіршілік иелерінің шығып, көркем жаратылуы Сани-ы Хаким Аллаһтың міндетті түрде бар әрі жалғыз, бір екенін көрсетеді. Әрі Оның хикметі мен құдіреті шексіз екеніне нақты куәлік ететіні сонша, жарықтың Күнге куәлігінен әлдеқайда мықты әрі жарқын.
363МІНӘЖАТҺәм, су, нұр, от, топырақ секілді элементтер, өздері бейсана бола тұра саналы әрі керемет хикметпен міндет атқарады. Олар, құрамы қарапайым, әртарапқа жайылғыш, тәртіп дегенді білмейтін, бейсана басын қайда бұрса, сонда ағып жүре беретін бола тұра өте керемет нәтиже беруі, өнер туындысына айналып, сан-алуан пайда мен жеміс салуы, бізге рахымды ғайып қазынасынан азық-түлік, мол өнім әкеліп беруі бекер емес, ойланарлық жай. Олардың ішінде Сенің жалғыз әрі сөзсіз бар екеніңе куәлік етпейтіні жоқ. О, Фатыр-ы Қадир! О, Фәттах-ы Ғаллам! О, Фағал-ы Халлақ!Қалайша жер шары өзін мекендеуші барлық тұрғындарымен Жаратушысының уажиб-ул Уджуд, ешбір шартқа тәуелсіз бар екеніне куәлік етеді, дәл сол секілді – О, Уахид-ы Әхад! О, Ханнан-ы Мәннан! О, Уәһһаб-ы Рәззақ! Сенің әхадиетіңе, уахдетіңе, яғни, бірлігіңе бетіндегі таңбасымен, тұрғындарының жүздеріндегі мөрлерімен және өзара ұқсас, біркелкі әрі бір-бірімен матасып жатуы, біріне-бірі жәрдем етуі, сондай-ақ, оларға үкім етіп тұрған рубубиет есімдерінің, Иләһи істердің біреу болуы жағымен ап-анық түрде Сенің уахдетіңе, әхадиетіңе куәлік, тіпті, бір емес қанша жаратылыс болса, соншасы куәлік етеді. Һәм, қалайша жер шары әскери бөлімше яки көрме, яки тағылым орны болуы жағымен, сондай-ақ, өсімдік пен хайуанаттың төрт жүз мың түрлі түрінен құралған әскердің сан-алуан құрал-жабдықтары рет-ретімен берілуі Сенің рубубиетіңнің айбындылығын, құдіретіңнің барлық нәрсеге жететін орасан зор екенін дәлелдейді. Сол секілді сансыз тірі жандардың сан-алуан рызықтары дәл уақытында құп-құрғақ қара топырақтан мейірімді түрде молынан берілуі және сол сансыз жаратылыстың әрқайсысы зыр жүгіріп Раббани әмір-заңдарына мүлтіксіз мойынсұнуы - рахымыңның барлық жерді қамтитындай кең екенін, әкімшілігіңнің күллі нәрсені бағындыратынын аңғартады. Һәм, жерде әрдайым өзгеріп отыратын жаратылыстың топ-тобымен белгілі бір мақсатқа айдалып, жүйелі түрде басқарылуы, өлуі-тірілуі және хайуандар мен өсімдіктердің құбылуы, олардың өмір сүру шарттарының толық қамтамасыз етілуі, міндетті түрде барлығын білетін іліммен, әрнәрсеге үкімі жүретін шексіз хикметпен болатын іс. Бұл әрине Сенің іліміңнің терең, хикметіңнің ауқымды екенін көрсетеді. Һәм, дүниеде қысқа мерзім ішінде мойнына сансыз міндеттер жүктелген, мәңгі өмір сүретіндей қабілет пен рухани құрал-саймандармен жабдықталған және жер жүзіндегі жаратылысқа үстемдік ететін адам баласына мына беретін тәлімі көп дүниеде, мына
364ЛЕМАЛАРуақытша әскери бөлімше-дүниеде, мына бір сәттік көрмеде мұнша мән берілуі, мұнша шығын, осынша қыруар рубубиеттің шағылыс-әсері, мұнша Субхани үндеу, осыншама Иләһи ихсан-сый-сыяпат, әлбетте, әрі оған дау жоқ, мына қып-қысқа, мұңлы өмір үшін емес, мына қайғы аралас тіршілік пен бәлесі көп, фәни дүние үшін емес, тек сол үшін арналмаса керек. Иә, ол өзге мәңгі өмір үшін арналған, бақи сағадат әлемі үшін берілген. Бұлар мәңгі әлемде болатын ақыреттік сый-сыяпаттармен байланысты, тіпті, солардың белгі-нышандары. О, Халиқ-ы күлли шей! Жердегі күллі мақұлық Сенің иелігіңде, Сенің жеріңде, Сенің күш-қуатыңмен, Сенің құдірет-қалауыңмен, Сенің ілімің және хикметіңмен басқарылып, мойынсұнуда. Сенің жер жүзінде қызу жұмыс жасап жатқан рубубиетіңнің ауқымы өте кең, көлемі болса шексіз және оның басқаруы мен іс-шаралары, тәрбиесі кемшіліксіз әрі өте мұқият һәм әртараптағы істері өзара ұқсас, сондай-ақ, бір түрде атқарылуда. Демек, бөлінуі мүмкін емес рубубиетіңдегі тұтастық, бірі-бірінен ажырамайтын күлли түрде басқарып, әрнәрсені өз орны-орнымен реттеп басқаруда. Һәм, жер шары бүкіл тұрғындарымен бейне бір тіл біткендей, тіпті, одан да анық сансыз тілдерімен Жаратушы Халиқын тақдис (ұлықтау), тәсбих (пәктеу) етуде. Және мол нығметке бөлену жағымен хал тілдерімен Рәззақ-ы Зүлжалалдарын мақтап-мадақтап, шүкір етуде.О, тым жарқын көрінетіндіктен жасырын қалған және тым ұлықтығынан көрінбей тұрған Заты-Ақдес! Жер жүзінде Сені күлли тақдис, тәсбих еткендермен бірге мен де Сені кемшілік атаулыдан, әлсіздіктен, ширктен ада екеніңді айтып, бүкіл мадақ, мақтау сөздерімен саған шүкір етіп, мадақ айтамын.О, Рабб-ул Бәррі уәл Бахр! Құранның дәрісімен, Расул-ы Әкремнің ғаләйһиссалату уәссаламның тағылымымен түсінгенім: Қалайша аспандар мен кеңістік және жер шары Сенің бір және сөзсіз бар екеніңе куәлік етеді, дәл солай теңіздер, өзен-көлдер, бұлақтар мен сарқырамалар Сенің уажиб-ул ужуд уә уахдетіңе, яғни, міндетті түрде бар әрі бір екеніңе анық түрде куәлік етеді. Иә, дүниенің ғажайып су қоймасы, бу қазаны іспеттес теңіздердің ішінде өзінің табиғатымен, реттілігімен, пайдалылығымен, керемет жағдайымен Жаратушысын таныстырмайтын ешбіреуі, ешбір жаратылыс, тіпті, ешбір тамшы су жоқ. Қарапайым су мен қара топырақта өмір сүріп жатқан, ризықтары тамаша түрде беріліп тіршілік ететін ғажайып мақұлықтарды, жаратылысы таңқалдыратын керемет теңіз хайуандарын, әсіресе, біреуінің өзі бір миллион жұмыртқа шашып теңізге көрік беретін балықтарды алайық. Олар жаратылыстарымен, белгілі
365МІНӘЖАТбір міндет атқаруы жағымен, керемет басқарылуы және асыралуы, тәрбиеленуі тұрғысынан жаратқан Иесіне ишара етеді, Ризық беруші қамқоршысының бар екеніне куәлік етеді. Һәм, теңізге қарайық. Оның ішінде керемет жаратылысымен, тартымды табиғатымен, пайдалы қасиетімен сені танымайтын, таныстырмайтын ешбір жауһар, жақұт, асыл тас жоқ. Иә, олар жеке-жеке куәлік ететіні секілді барлығы қосылып жұмыла өзара ұқсас әрі аралас-құралас болуы арқылы және жаратылыс таңбаларының бір болуы мен жеңіл әрі жылдам жаратылуы тұрғысынан, сондай-ақ, санының көптігі жағымен Сенің жалғыз екеніңе куәлік етеді. Сонымен қатар жерді топырағымен бірге, үстін жайлап жатқан мұхит пен теңіздерді тепе-теңдікте ұстап, кеңістікке іліп қою әрі суларын төкпей-шашпай Күнді айналдыра кездіру және көршілес топырақты шайып кетуіне жол бермеу һәм топырақ пен судан сан-алуан тіршілік иелерін, асыл тастарды жарату әрі олардың азық-түлігі мен өзге де қажеттіліктерін жаппай әрі толығымен беріп, қамтамасыз ету және жер бетіне үйіліп қалатындай сансыз өлексе жаназаларға кірлетуіне жол берілмеуі Сенің сөзсіз бар екеніңе, Уажибул-Уджуд екеніңе жаратылыстың санынша ишара етіп, куәлік қылады. Осылайша, рубубиетіңнің салтанаты ұлық екеніне және барлығын қамтып жатқан құдіретіңнің шексіз екеніне ап-анық дәлел болғаны секілді аспанның арғы жағында орналасқан алып жұлдыздардан бастап, сонау теңіз түбіндегі керемет қорекпен қамтамасыз етіліп жатқан тым ұсақ балықтарға шейін құшағына алып жатқан рахымыңның да, басқарып тұрған әкімшілігіңнің де ауқымы кең екеніне дәлел болып табылады. Олардың ретті әрі пайдалы, хикметті де өлшемді, жүйелі болуы Сенің іліміңнің әрнәрсені толық қамтитынын, хикметіңнің барлығын басқаратынын мегзейді. Және Сенің мына мейманхана секілді дүниеде жолаушылар үшін осыншама рақымды іс-шаралар жасауың және оны кеме секілді жүздіріп адамзаттың саяхаттауына, қажетіне падалануына ыңғайлы болуы бізге мынаны білдіреді: Жолаушыларға арнап жол бойына орналасқан бір түндік керуен сарайға, яғни, уақытша қонақ үйіне мұнша теңіз байлықтарын кәде қылып сыйға тартқан Құдірет, әлбетте, мәңгілік әлемінде мәңгі рақым сый-қазыналарын мол түрде жаратып тарту еткен болса керек. Мына әлемдегі көргендеріміз олардың фәни, кішкентай, уақытша үлгі-нұсқалары, көмескі көріністері болмақ. Міне, теңіздердің осылай өте ғажайып түрде жер бетіне айнала керемет орналасуы, ал теңіз
366ЛЕМАЛАРмақұлықтарының да өте жүйелі түрде басқарылып, толық қамтамасыз етілуі тек қана Сенің құдіретіңмен, Сенің ерік-қалауыңмен атқарылуда, олар Сенің иелігіңде, Сенің әміріңе мойынсұнып, хал тілдерімен Жаратушы Иесін ұлықтап «Аллаһу Әкбар» деп пәктеп, мадақтауда. О, тауларды жер шары кемесіне қазына толы қазық етіп қаққан Қадир-і Зүлжәлал! Расул-ы Әкремнің (ғаләйһиссалату уәссалам) тағлымынан және Құран-ы Хакимнің дәрісінен түсінгенім: Қалайша теңіздер ғажайыптығымен Сені танып таныстыруда, сол секілді таулар да зілзәланың әсерінен жердің тынышталуына, ішіндегі дүмпулердің басылуына, сондай-ақ, теңіздердің шайып кетуіне кедергі болуы, сонымен қатар ауаның зиянды заттардан тазаруына және су қоймаларының бірігуіне, тірі жандарға қажетті заттардың жиналуына ұйытқы болуы жағымен, яғни, осындай аса маңызды қызметтерімен, зор хикметтерімен Сені танып отыр әрі таныстыруда.Иә, тау жыныстарының түрлерін немесе түрлі ауруларға шипа боларлық шикі заттардың түрлерін және тірі жандарға, әсіресе, адамдарға аса қажетті әрі түрлері сан-алуан жер асты қазыналардың жыныстарын, сондай-ақ, таулар мен далаларды гүл-шешектерімен безендіріп, жемістерімен құлпыртып тұрған өсімдіктердің түрлерін алайық. Олардың ешбіреуі кездейсоқ, өздігінен пайда болуы мүмкін емес. Себебі керемет хикметпен, өте жүйелі әрі әдемі де әсем, аса пайдалы түрде жаратылуда. Әсіресе, элементтерге, оның ішінен тұзқышқылына, лимон қышқылына, сульфат пен ашудас секілді сырттай ұқсас болғанымен дәмдері мүлдем басқа заттарға назар аударалық. Әсіресе, өсімдіктердің қарапайым топырақтан неше түрлі болып өсіп-өнуі, сан-алуан гүл ашып, жеміс беруі таңғажайып. Міне, осы құбылыстар, бізге өте қадир (құдретті), өте хаким (шексіз дана), өте рахим (аса мейірімді) және өте кәрим (аса жомарт) бір Аллаһтың шүбәсіз бар екенін анық білдіретіні секілді барлығы қосылып өздерінің біркелкі басқарылуы һәм бір әдіспен жүйеленуі әрі қайнар бұлағы, мекен-жайы, табиғаты мен өнер тұрғысынан бірдей болуы, біріңғай және арзан әрі оңай әрі мол және тез жаратылуы жағымен, Шебер Аллаһтың уахдетіне, әхадиетіне куәлік етеді. Таулардың ішіндегі, сыртындағы элементтер дүнияның әр тарапында кездеседі, әрбір түр бір уақытта, бір әдіспен, еш қатесіз өте кәміл түрде жылдам жаратылады, әрі бір-біріне кедергі болмай, басқаларымен бірге аралас-құралас бола тұра әсте араласпай жасалады. Бұл құбылыс Сенің рубубиетіңнің айбындылығына және бәріне үстем құдіретіңнің шексіз, әрі асқақ екендігіне дәлел болып табылады.
367МІНӘЖАТСондай-ақ, жер жүзіндегі күллі тірі жандардың шексіз қажеттіліктерін, тіпті, неше түрлі ауруларын, тіпті, сан-қилы рахат-зауықтарын, түрлі тәбеттерін өтейтіндей дәрежеде таулардың іші-сыртын қазына байлықтармен, өсімдік-ағаштармен толтырып құлпырту және мұқтаждардың игілігіне мойынсұндыру; бұл да Сенің рахымыңның шексіз кеңдігін, үстемдігіңнің орасан зор екенін білдіреді. Сондай-ақ, топырақ қабаты қараңғы әрі аралас, түк көрінбейтін болса да астындағы жаратылыстың бәрін біліп, көріп, араластырмай, мұқияттылықпен, қажеттігіне орай барлығын орны-орнына қойып, дайын тұруы, Сенің әрнәрсені білетін іліміңнің терең екенін, барлығын реттейтін хикметіңнің бүкіл затты қамтитын күлли екенін және дәрі-дәрмектердің әзірленуі, шикізаттардың орналасуы, міне осы аталған іс-шаралар рубубиетіңнің рахымды және жомарт әрі керемет іс атқаратынын және жарылқауыңның нәзік әрі әсемдігіне ап-анық түрде ишара қылады, дәлелдеп көрсетеді. Һәм, мына дүние қонақүйінде жолаушылап келген қонақтарға арнап алып тауларды қажетті заттармен толтыру және келешекте қажет болады деп пайдалы нәрселермен мұнтаздай етіп оны сақтау қоймасы жасау және оларды өмірге қажетті қазыналардың көзі етуі, міне, бұл да керемет кәрім, тым қонақжай, өте хаким және аса Мейірімді әрі құдіреті күшті, тәртібі қатаң бір Аллаһтың бар екеніне ишара, дәлел болып табылады. Олай болса, міндетті түрде әлгі өзі өте жақсы көрген қонақтарына арнап мәңгі әлемде мәңгі бітпес сый-сыяпаты, мәңгі таусылмас қазына байлықтары болмақ. Бұл жердегі таулардың орнына ол жақта жұлдыздар сол қызметті атқаратын болады. О, Қадир-ы күллі шей! Таулар мен ішіндегі мақұлықтар жаппай сенің иелігіңде, олар сенің күш-құдіретіңмен және ілім-хикметіңмен басқарылуда әрі орны-орнына қойылған. Олар өздерін осылай белгілі бір міндет жүктеп, бағындырып отырған Жаратушысын тақдис қылып (дәріптеп), тәсбих етеді (ұлықтайды). О, Халиқ-ы Рахман, уа Рабб-ы Рахим! Расул-ы Әкремнің ғаләйһиссалату уассаламның тәлімімен және Құран-ы Хакимнің дәрісімен түсінгенім: Қалайша аспан, кеңістік пен жер шары, тау, теңіз және ішіндегілер, күллі мақұлықтар барлығы Сені танып отыр әрі таныстырып жатыр, сол сияқты жердегі барлық ағаштар, өсімдіктер және олардың жапырақтары мен гүл-шешектері, жемістері де Сені анық түрде таныстырады әрі өздері де сені таниды. Енді барлық ағаштар мен өсімдіктердің сүйкімді де тартымды зікір ететін жапырақтарына және тамаша әдемілігімен Шебер Аллаһтың көркем есімдерін сипаттап, таныстыратын гүл-шешектеріне қарайық!
368ЛЕМАЛАРЖәне нәзік жаратылысымен, мейірім шуағымен күлім қағатын жемістеріне назар аударалық! Олардың кездейсоқ болуы әсте мүмкін емес. Олар керемет Иләһи өнермен арнайы реттеліп безендірілген. Ол реттіліктің ішінде өлшем бар. Өлшемнің ішінде әсемдік бар. Әсемдіктің ішінде нақыштар, ою-өрнектер бар. Нақыштармен қоса тамаша сан-алуан хош иістер шығады. Ал хош иістердің ішінен жемістердің түрлі-түрлі дәмдері байқалады. Міне, осы аталған нәрселер шексіз рахим және кәрим бір Аллаһтың сөзсіз бар екенін анық көрсетеді. Сонымен қатар, осылардың барлығын қосқанда бүкіл жер жүзінде өзара бірлік пен бір тұтастық, өзара ұқсастық және жаратуында сәйкестік, басқарылуында біркелкілік, өзара тығыз байланыс және оларды басқарып реттеп отырған күш пен Раббани есімдердің үйлесімділігі, бір-біріне сәйкестігі және тек бір түрінің саны жүз мыңнан асып, сапырылысып жатса да шатастырылмай ретпен жаппай жүйелі басқарылуы, міне, бұлар бізге Уажиб-үл Уджуд, болуы шарт, міндетті түрде бар бір Аллаһтың анық біреу және бәрін бір өзі жасап отырғанын көрсетеді. Һәм, олар жаппай Сенің уажиб-үл Уджуд екеніңе уә уахдетіңе, яғни, міндетті түрде бар әрі жалғыз екеніңе куәлік ететіні секілді, жер жүзін мекендеген төрт жүз мың түрден құралған тіршілік иелері дейтін әскердің сансыз тұлғалары сан-алуан түрде қоректеніп, асыралуы, жүйелі түрде басқарылуы, яғни, еш шатастырылмай керемет үйлесімді де тәртіппен ұйымдастырылуы, міне, бұл да Сенің рубубиетіңнің уахданиеттегі ұлықтығына, айбындылығына және көктемді бір түйір гүлдей жарата алатын құдіретіңнің шексіздігіне, оның барлық нәрсені жасай алатынына дәлел болып табылады. Сондай-ақ, жер шарының әр тарапында өзінің сансыз тірі мақұлықтарына, шексіз азықтардың сан-алуан түрлерін әзірлеп берген рахымыңның орасан кеңдігіне және сондай сансыз істер мен кәміл жарылқау жұмыстары, жүйелі басқару мен асырап, толық қамтамасыз ету іс-шаралары өте тәртіпті түрде жүзеге асуы және барлық нәрсе, тіпті, зәррелер әлгі Иләһи әмір мен іс-шараларға толық мойынсұнуы, аса бағынышты болуы Сенің әкімшілігіңнің кінәратсыз, ауқымды екеніне нақты дәлел болып табылады. Сонымен қатар сол ағаштар мен өсімдіктердің әрбір жапырағы, гүл-шешегі мен жемістері, тамырлары мен тал-бұтақтары секілді әрбір бөлшегінің әрнәрсесін, әрбір ісін алдын-ала біліп, көре отырып, соған қарай олардың пайдалары мен хикметтеріне және соңында болатын тиімді нәтижелеріне сәйкес жаратылуы Сенің іліміңнің барлық нәрсені қамтитынына және хикметің барлық затқа әсер ететініне анық түрде айғақ болады әрі сансыз тұрғыдан меңзеп
369МІНӘЖАТишара қылады. Осылайша, Сенің орасан зор шеберлігіңнің көркемдігін және шексіз әсем нығметтеріңнің кәмілдігін сансыз тілдермен мақтап дәріптейді.Сондай-ақ, мына уақытша мейманханада, бір түндік керуенсарайда қысқа мерзімде және азғантай өмірде ағаштар мен өсімдіктердің қолымен мұнша қымбат ризық, құнды нығмет пен қыруар шығын, сый-кәденің берілуі тегін емес. Мұндай сый-сыяпат бізге мына мағынаны білдіреді, тіпті, анық көрсетеді: Бұл жерде өзінің меймандарына осыншама сый-сыяпат дайындаған құдіреті күшті, жомарт Жаратушы Рахим Аллаһтың осы күллі шығындары мен тартулары өзін жақсы көргізу, таныстыру, риза қылдыру үшін бола тұра, өз ісіне, ұлы мақсатына қарама-қайшы әрекет қылып, яғни, бүкіл мақұлықтар тарапынан: “Бізге дәмін татқызды, бірақ тойғызбай бізді жоқ қылды” демеуі әрі дегізбеуі үшін және де Улухият, Құдайылық сипатының мерейін, ұлық беделін түсірмеу үшін әрі шексіз мейірімін жоққа шығармауы, әрі шығартпауы үшін әрі өзіне құштар да қарыздар бүкіл достарын бәрінен құр қалдыру арқылы ашуландырып дұшпанына айналдырмау үшін, әлбетте, әрі қалай болғанда да мәңгі әлемде, мәңгі мекенде, мәңгі тұрақтайтын құлдарына, мәңгі мейірім қазынасынан, мәңгі жәннаттарында мәңгі әрі жәннатқа лайық бір түрде саялы да мәуелі ағаштар мен гүлді жеміс-жидектер даярлап қойғаны анық. Бұл жердегі көргендеріміз бар болғаны сол жаққа назар аудартып ынталандырып қызықтыратын, тұтынушыларға көрсету үшін ғана қойылған үлгі-нұсқалар ғана. Сондай-ақ, ағаштар мен өсімдіктердің барлығы жапырақ, гүл және жемістері арқылы, бейне бір жазылған сөз секілді бір мағына білдіріп, Сені пәктеп, мадақтап зікір еткендері секілді, ол сөздердің әрқайсысы жеке-жеке Сені пәктеп мадақтайды. Әсіресе, жеміс жидектерге назар салайық! Олардың ішкі құрылысы таңғажайып әрі сан алуан, әсем де шебер жасалуы және дәнек, тұқымдардың керемет мұғжизалы жаратылуы, сосын оларды тағам салатын ыдыстарға толтырып яғни, жеміс-жидектерді ағаштарарқылы немесе өсімдіктердің қолына беріп өзінің сыйлы қонақтары жан-жануарларға ұсынуы, бұл олардың хал тілімен жасаған тәсбихтері, дәріптеулері боп саналады. Тәсбих етіп, дәріптейтіні соншалықты анық, ол кәдімгі тілмен ауызша айтылатын зікірден де ап-анық. Бұлардың барлығы Сенің иелігіңде, Сенің күш-қуатыңмен, Сенің құдіретіңмен, Сенің қалауыңмен әрі жарылқауыңмен, Сенің рахымың және хикметіңмен іске асуда, олар Сенің әрбір әміріңе толық мойынсұнатын қызметшілерің екеніне дау жоқ.
370ЛЕМАЛАРУа, өте айқындығынан жасырын қалған әрі шексіз ұлықтығынан қалқаланып көрінбей қалған Хаким, Шексіз Дана, Шебер, Мейірімді Жаратушы! Бүкіл ағаштар мен өсімдіктер және олардың сансыз жапырақтары мен гүлдері, жемістері өздерінің тілдерімен Саған қанша тәсбих айтса, мен де Сені сонша кемшілік атаулыдан, әлсіздіктен, серігі болудан пәктеп, Саған шексіз мадақ, соңсыз шүкір айтамын. уа, бүкіл нәрсені бір-бірінен ажыратып, әрқайсысын жеке-жеке ерекше жаратушы Құдірет! Уа, бәрін хикметпен басқарушы Рабб! Уа, Мейірімді Тәрбиеші! Расулуллаһтың (с.а.у) тағылымымен және Құран Кәрімнің үйретуімен мынаны түсіндім әрі кәміл иман еттім: Қалайша өсімдіктер мен ағаштар Сені танып, Сенің киелі сипаттарың мен әсем есімдеріңді дәріптеп басқаларға білдіреді, дәл сол секілді, жанды мақұлықтардың ішіндегі рух иесі адамзат пен хайуанат та болмыстарындағы сағат секілді өте керемет, дәлме-дәл жұмыс жасап жатқан яғни жасатқызылып жатқан ішкі-сыртқы ағзаларымен де; бойларында орналасқан өте нәзік әрі дәл өлшеммен жасалған әрі маңызды пайдаларына орай орналастырылған құрал-жабдықтары мен сезім-түйсіктері арқылы да, сондай-ақ, бойында өте күрделі жұмыс атқаратын, асқан шеберлікпен әрі аса хикметпен, өте мұқият әрі үйлесімді орналастырылған дене мүшелерімен де Сенің сөзсіз бар екеніңе әрі сипаттарыңның хақ екеніне жұмыла куәлік етеді. Өйткені, мұншама көрегендікпен жасалған күрделі де нәзік өнерге, саналы да мақсатты түрде атқарылған іске, хикмет толы басқару жұмысына, керемет үйлесімге әлбетте, соқыр күш пен меңіреу табиғаттың, сергелдең кездейсоқтықтың араласуы әсте мүмкін емес, олардың ісі дегенге ешбір ақыл иесі сенбейді. Ал, өзінен-өзі солай құрастырылып пайда болды деу мың есе ақылға сыйымсыз, жөнсіздік болар. Өйткені, егер солай болған болса, онда оның әрбір бөлшегі сол дененің барлық нәрсесін, болмыс-пішінін, қалай жасалуы керектігін, тіпті, ол дененің қоршаған ортамен болатын бүкіл байланысын білетін, көретін, жасай алатын, құдды бір иләһ (тәңір) сияқты жан-жақты басқаратын терең ілімді, шексіз құдіретті болуы керек. Сонда ғана болмыс атаулының жаратылуы соларға тапсырылады немесе “өздігінен болып жатыр” делінеді. Сондай-ақ, бүкіл болмыс, денелерде жалпы алғанда байқалатын өзара ұқсас басқару, бірегей тәрбиелеу, біртектілік әрі бір түрде болу және жүздеріндегі көз, құлақ, ауыз секілді ағзалар тұрғысынан ұқсас болуы, сондай ақ, жеке-жеке алғанда жаратылыс таңбалары бәрінде бірдей болуы, олардың азықтануы мен жаратылуында сәйкестіктің болуы әрі бір-бірінің ішіне ретпен орналасуы, бұлардың бәрі Сенің
371МІНӘЖАТбіреу екеніңе нақты түрде куәлік етеді, куәлік етпейтін бірде бірі жоқ. Және олардың әрқайсының бойында Сенің күллі әлемді қамтып жатқан бүкіл есімдеріңнің сәулелері көрінуі, уахидиет ішіндегі әхадиетіңе ишара етеді, ишара етпейтін ешбірі жоқ. Сондай-ақ, адаммен бірге хайуандардың бүкіл жер бетіне жайылған жүз мың түрін алар болсақ, олардың сақадай сай, тәртіпті бір әскер тәрізді толық жабдықталуы, тәлім-тәрбие алуы, белгілі бір міндет жүктеліп, оны олардың адал атқаруы, заңға мүлтіксіз мойынсұнуы және Рубубиеттің бұйрықтарын ең кішкентайынан бастап сонау ең үлкеніне шейін бұлжытпай орындауы - Сенің Рубубиетіңнің, яғни, билік пен басқару ісіңнің ұлықтығына куәлік етеді әрі олардың саны көп шексіз бола тұра барлығы бірге тым керемет әрі еш нұқсансыз әрі өте жылдам жаралуы әрі аса шебер жасала тұра, өте оңай жаратылуы Сенің құдіретіңнің орасан зор екенін дәлелдеп қана қоймай, шығыстан батысқа дейін жайылып жатқан, микробтан сонау мүйізтұмсыққа дейін, ең кішкене жәндіктен ең үлкен құсқа дейінгі болмыс атаулының жаппай рызықтарын дер кезінде жеткізетін мейіріміңнің шексіз ауқымды екеніне және әрқайсысы тәртіпті жауынгер сияқты жаратылыс міндеттерін адал атқаруы; жер жүзінің әр көктемде әскерге шақырылып, күзде әскери міндеттен босатылып, орнына басқа, жаңадан келетін қарулы жауынгерлерге әскери бөлімше сияқты болуы – Сенің рубубиетіңнің, билігіңнің шексіз кеңдігін нақты дәлелдейді. Сондай-ақ, хайуандардың әрқайсысы әлемнің шағын үлгі-нұсқасы және бір кішігірім мысалы тәрізді болғандықтан, олардың өте терең ілім, мұқияттылық, даналықты керек ететін түрде болуы және сапырылысқан бөлшектері бір-бірімен араласпай әрі бүкіл жануарлардың сан алуан түрлері өзара шатастырылмай, қатесіз, жаңылыссыз, нұқсансыз керемет құрастырылуы – Сенің іліміңнің әрнәрсені қамтитындығына және хикметіңнің барлық нәрсені толықтай қамтитынына олардың саны қанша болса, сонша рет ишара қылады. Сол секілді, олардың әрқайсысы өнердің дара ғажайып үлгісі әрі хикметтің таңғажайып мысалы болып өнерлі де әсем жаратылуы - Өзің сонша қалап жария қылғың келген Раббани өнеріңнің кәміл көркемдігі мен шексіз дәрежедегі сұлулығыңа ишара етеді және әрқайсысы әсіресе, күллі сәби мен нәрестелердің керемет еркелеп, мәпеленіп азықпен қамтамасыз етілуі әрі тәбеттері мен өтініш-тілектерінің орындалып, толық қанағаттандырылуы - Сенің қамқорлығыңның сондай шырын әсемдігіне сансыз ишара етеді.
372ЛЕМАЛАРО, Мейірімді де Рахымды! О, уәдесіне берік, өте Сенімді! О, қиямет күнінің Әміршісі, дін күнінің иесі! Сенің Расулуллаһ ғалейһиссәлату Уәссәламыңның тағылымы және хикмет толы Құраныңның үйретуімен түсінгенім: Әлемнің қорытындысы, нәтижесі тіршілік. Ал, тіршіліктің қорытындысы рух. Және рухтың қорытындысы, рух иелерінің ең таңдаулысы сана мен саналылар. Және саналылардың ең жоғары кәмілі Адамзат. Күллі әлем, болмыс атаулы тіршілікке байланысты болып, сол тіршілік үшін қызмет етіп, сол үшін зыр жүгіреді. Тіршілік иелері рух иелеріне бағынышты болып, дүниеге солар үшін жіберіледі. Жан-жануарлар адамдарға бағынышты болып соларға тәуелді түрде игілігіне қызмет етеді. Әрі адамзат жалпы өзінің табиғаты жағынан Жаратушысын шынайы жақсы көреді және Жаратушысы да оларды жақсы көреді әрі өзін оларға әрбір ісімен, жақсы көргізеді. Және адам баласының қабілеттілігі, оның рухани зор мүмкіндіктері бұл дүниеден басқа мәңгі әлеммен, соңсыз тіршілікпен тығыз байланысты. Адам, мәңгі болуды, бақилықты аңсайды, оның жүрегі мен санасы мәңгілікке құштар, оны тілімен де дұға етіп Раббысынан, Жаратқан Иесінен жалбарына сұрайды. Ендеше, әлбетте және қалай болғанда да, өзі өте жақсы көріп сүйген, сүйікті де сүйкімді болған адам баласын Жаратушы Иесі қайта тірілместей етіп, мәңгіге жоқ қылып жібермейді. Оны әу баста мәңгі бақи махаббатпен жаратқан бола тұра мәңгі бақи дұшпанына айналдырып, қатты ренжітуі әсте мүмкін емес. Ақиқатында, адам баласы басқа мәңгі бір әлемде бақытты өмір сүріп, осы дүниеде қызмет қылып, бақи дүниеде мәңгі бақытқа қауышу үшін жіберілген. Сондай-ақ, адам бойында шағылысатын Иләһи есімдердің мына өткінші де қысқа өмірдегі көріністеріне үңіле қарасаң о дүниеде әлгі есім-сипаттарға айна болған адамдардың мәңгі нұрға бөленетіндігін байқауға болады. Иә, мәңгінің досы мәңгі болмақ. Бақидың саналы айнасы бақи болуы тиіс. Хайуандардың рухтары мәңгі бақи боп қалатыны және Сүлеймен Пайғамбардың (ғ.с) көкегі мен құмырысқасы, Салих Пайғамбардың (ғ.с) түйесі, Асхаб-ы Кәһфтің иті секілді кейбір жеке тұлғалар рухымен қоса денесі де мәңгі болып бақи әлемге көшетіні және әрбір түрдің кейде пайдалануы үшін бір ортақ денелері болатындығы нақты риуаяттардан түсінікті болуымен қатар, солай болуын Иләһи хикмет, ақиқат, рахым, рубубиет талап етеді.О, Құдіреті шексіз Қайюм! Бүкіл тіршілік иелері, рух иелері, саналы жандар Сенің мүлкіңде, жалғыз Сенің ғана күш-қуат және
373МІНӘЖАТқұдіретіңмен, тек Сенің ғана игеріп, басшылық етуіңмен және Сенің шексіз мейірім және даналығың арқылы рубубиятыңның әмірлеріне мойынұсынып, жаратылысына сай жүктелген міндетті атқаруда. Олардың кейбірі, адамның күш-қуаттылығына орай немесе үстемдігіне байланысты бағынған жоқ, керісінше жаратылысынан адам баласы өте әлсіз, шарасыз болғандықтан Иләһи рахым тарапынан бағындырылған.Сондай-ақ, олардың кейбірі хал тілдерімен, кейбірі кәдімгі тілдерімен барлығы жаппай Жаратушысын, Раббысын кем сипаттардан, қателесуден, өзіне серік ұстаудан пәктеп, берген нығметтеріне ризашылығын білдіріп мадақ айтып, әрқайсысы өздеріне тән құлшылықтарын жасап дәріптеуде. О, өте жарқын көрінетіндіктен білінбей құпия қалған! О, шексіз ұлықтығы себепті перделенген Киелі Жаратушы! Бүкіл рух иелерінің Сені пәктеп жасаған тәсбихтеріне қосылып, мен дағы Сені пәктеп, ниет ете деймін. О, әлемдердің Раббысы! О, әуелгілер мен ақырғылардың Қожайыны! О, көктер мен жерлердің иесі! Расулуллаһтың (с.а.у) тағлымы мен Құран Хакимнің үйретуі арқылы мен мынаны түсіндім әрі иман еттім: Көктер, аспан кеңістігі, жер, құрылық пен теңіз, ағаш, өсімдік, хайуан, әрқайсысы жеке-жеке, әрбір бөлшегі, әрбір зәрресі арқылы Сені біліп, танып, әрі Сенің бар және бір екеніңе куәлік етіп айғақ болатыны, ишара ететіні секілді, әлемнің қорытындысы болып табылатын тіршілік иелері және тіршілік иелерінің де қорытындысы болып табылатын адамзат және адамзаттың да қорытындысы болып табылатын пайғамбарлар мен әулиелер, асфиялар, өздерінің асыл қасиеттерімен яғни таза жүректерімен, дұрыс ақылдарымен, және өздерінің көріп, куә болғандарына және ашқан жаңалықтарына, көкейге қонған аяндарына сүйене отырып, барлығы бір ауыздан нақты түрде, жүздеген тәуәтүр қуатында Сенің міндетті түрдегі болмысыңа, сөзсіз бір екендігіңе, жалғыздығыңа куәлік етіп, хабар беруде. Олар өздерінің мұғжизалары мен кереметтеріне және бұлтартпас айғақтарына негіздей отырып берген хабарларын үсті-үстіне дәлелдей түсуде. Иә, Сенің сөзсіз болмысың мен киелі сипаттарыңа және уахдетің мен әхадиетіңе, яғни, жалғыз әрі дара екеніңе, сондай-ақ, көркем есімдеріңе куәлік етпейтін, айғақ болмайтын, ишара қылмайтын бірде-бір илхам яғни жүректе ғайып пердесі жағынан ескертуші біреуді көрсетпейтін бірде-бір сезім жоқ. Барлығы жаппай Сені еске түсіріп,
374ЛЕМАЛАРСенен хабар беріп тұрады және аян беруші біреуге қаратпайтын да бірде-бір аян жоқ. Және киелі сипаттарың мен көркем есімдеріңді тауып, ашып бермейтін ешбір нақты сенім-наным да жоқ және пайғамбарлар мен әулиелерде болатын, Аллаһтың нұрларын көзбен көргендей қанағаттанбайтын ешбір нұрлы жүрек те жоқ және асфиялар мен сыддықтарда, яғни, Аллаһтың адал құлдарында күллі нәрсені жаратушы Аллаһтың болмысын ғылыми түрде растамайтын, Оның белгісі мен бірлігін дәлелдемейтін бірде бір нұрлы ақыл жоқ. Яғни таза жүректер мен нұрланған ақылдар Жаратушының бар әрі бір екеніне, Оның қандай екеніне ишара қылып, тіпті, дәлелдеп тұрады. Әсіресе, бүкіл пайғамбарлар мен әулиелердің, асфиялар мен сыддықтардың имамы, жетекшісі, қорытындысы болып табылатын Мұхаммедтің (саллаллаһу аләйһи уәссалам) әкелген хабарын қуаттап, дәлелдейтін мұғжизалары, сондай-ақ, шынайылығын растайтын терең ақиқаттары әрі бүкіл киелі де аспани кітаптардың негізі, қорытындысы болып табылатын Баяны ғажап Қасиетті Құранның тәухид аяттары мен иман мәселелері түгелдей Сенің міндетті түрде бар екеніңді көрсетіп, киелі сипаттарыңа, жалғыздығыңа әрі көркем есім мен сипаттарыңа куәлік етіп, анық дәлел болады. Сондай-ақ, қалайша жоғарыда аталғандай бүкіл жүз мыңдаған турашыл хабаршылар өздерінің мұғжизалары мен кереметтеріне және дәлелдеріне сүйене отырып Сенің бар және бір екеніңе куәлік етеді, сол сияқты барлық нәрсені қамтып жатқан Ғарш-ы ағзамның күллі істерін басқарып тұрған, сонау көңілдің түкпіріндегі жасырын әрі жылт еткен көмескі ойлар мен талап-дұғаларды білетін, еститін, игеретін, жүзеге асыратын рубубиетіңнің ұлық дәрежесін, сондай-ақ, көзіміздің алдындағы түрлі-түрлі, сансыз нәрселерді бірден жарататын, ешбір іс басқа бір іске, бір жұмыс басқа бір жұмысқа кедергі болмастан ең үлкен нәрсені ең кішкене шыбын құрлы да көрмей оңай жарататын құдіретіңнің шексіздігін жұмыла растап, бір ауыздан жар салып хабар беруде, дәлелдеп көрсетуде. Сондай-ақ, мына әлемді рух иелеріне, оның ішінде адам баласына керемет ыңғайлап, ішінде не керектің бәрі бар зәулім сарай секілді жаратып және жұмақ пен мәңгі бақытты жын мен адамзатқа дайындап қойған және өте кішкене бір жәндіктің тыныс-тіршілігін де назардан тыс қалдырмайтын әрі тым бейшара, жаралы да аянышты бір жүректі қуантып риза қылуға дайын рахымыңның кеңдігін, сондай-ақ, атомдардан сонау ғаламшарларға дейінгі жаратылыстардың бүкілін
375МІНӘЖАТәміріне бағындырушы, мойынсұндырушы, оларға белгілі бір міндет жүктеп іс атқартушы әкімдігіңнің шексіз жойқындығын хабарлап, мұны мүғжизалары мен айғақтары арқылы дәлелдеген. Сонымен қатар, әлемді элементтер қанша болса, сонша баптардан тұратын сансыз кітапшаларды қамтитын алып бір кітап тәрізді жаратқан және Ләух-ул Махфуздың дәптерлері болып табылатын Имам-ы Мубин мен Китаб-ы Мубинге бүкіл жаратылыстың барлық уақиғаларын тізіп жазып қойған және бүкіл дән, тұқымдарға ағаш атаулының мазмұны мен бағдарламасын, сондай-ақ, саналы жандардың миына, жадына олардың өмірбаяндарын мұқияттап, еш шатыстырмай жазып қойған іліміңнің әрнәрсені қамтитындығына, сондай-ақ, әрбір жаратылысты көптеген хикмет-пайдалармен жаратқан, тіпті, әрбір ағаштан жемістерінің санындай нәтижелер алатын және әрбір пендесінен ағзалары, тіпті, бөлшектері мен жасушаларының санына сәйкес пайдалар көздейтін, атап айтқанда адамның тіліне көптеген міндеттер жүктеуімен бірге, оны тағамдардың дәмдері қанша болса, сонша зауық, ләззат алатындай көп нүктелермен, кішкене таразылармен жабдықтаған киелі де мол хикметіңнің әрнәрсені өз қарамағына алғандығына, сондай-ақ, осы дүниеде үлгілері көрініп жатқан жәмал мен жәлал, яғни, ұлы да сұлу есімдеріңнің көріністері одан да жарқын бір түрде мәңгі әлемде жалғасын табатындығына және бұл дүниеде оларды көріп ынтық болғандардың мәңгі әлемде олармен бірге болатынына бір ауыздан, бәрі бірге жұмыла куәгерлік етіп дәлелдейді, ишара етеді. Сондай-ақ, әу баста жүздеген нақты мұғжизалары мен нақты аяттарына сүйеніп Расулуллаһ (с.а.у) және хикмет толы Құран, одан кейін бүкіл нұрлы рухтар иесі болып табылатын Пайғамбарлар, таза жүректердің иесі, құтыбтар мен әулиелер, ақыл сезімі нұрланған асфиялар, барлық киелі парақтар мен кітаптарда Өзің көп кайталаған уәделерің мен ескертулеріңе сүйене отырып және Сенің мейірімің мен құдіретің, хикметің мен қамқорлығың, жәмал мен жәлал секілді киелі сипаттарыңды, үстем абыройың мен ұлықтығыңды және толық рубубиетіңді негіз қылып, көріп білгендеріне және ғылыми дәлелдерге негізделген сенімдеріне сүйене отырып жын мен адамзатқа мәңгілік бақыт тосып тұрғанын сүйіншілейді, ал адасқан дінсіздер үшін тозақ бар екенін әйгілеп жар салады, иман етіп куәгерлік етеді.
376ЛЕМАЛАРО, Құдіреті шексіз әрі Дана! О, Аса Мейірімді де Рахымды! О, уәдесіне берік әрі асқан жомарт! О, ұлылық пен шексіздік және Айбат иесі Қаһһар-ы Зүлжәлал! Мұншама адал достарыңды және мұншама уәделеріңді әрі мұншама киелі сипаттарың мен маңызды істеріңді бекерге шығарып, рубубиетіңнің бұлжымас талабы және Өзің сүйген және олар да Сені мойындап, бағыну арқылы өздерін Саған сүйсіндірген әлгі сансыз ізгі құлдарыңның сансыз дұға тілектерін қабыл етпей, дініңнен безген, тәкәппарлана бас көтеріп уәдеңді жоққа шығару арқылы Сенің шексіз ұлық мәртебеңе тіл тигізген әрі қаһарлы айбатыңа шек келтіріп және Иләһи абыройыңа кір келтірмекші болған әрі рубубиетіңе, толық тәрбиегерлігіңе, мол Мейіріміңе күйе жаққысы келген, қаһарға ұшыраған адасқан тобыр мен кәпірлерді растаудан, яғни, олардың қайта тірілуді жоққа шығарған ойларын дұрыс қылып, растаудан қуаттаудан жүз мың дәреже адасың әрі шексіз дәрежеде пәксің, өте жоғары биіксің! Ондай шексіз зұлымдықтан, жағымсыз істен, тұрпайылықтан пәк деп білемін. Сенің шексіз әділетіңді, көркемдігіңді, мол мейіріміңді паш етіп денемдегі бүкіл ұсақ бөлшектердің санынша сол ниетімді қайталағым келеді. Сенің әлгі адал да турашыл елшілерің мен ақиқатшыл жаршыларың сенімді де қанық түрде Сенің ахиретте мейірімге толы қазыналарың бар екеніне және бұл дүниеде тек белгі-нышан берген, мәңгі әлемде толығымен көрінетұғұн көркем есімдеріңнің ғажайып жарқын көріністері о дүнияда жалғасын табатынан куәлік етеді, ишара қылып сүйіншілейді. Және бүкіл ақиқаттардың бұлағы, жарқыраған Күн көзі болып табылатын Сенің «Хақ» есіміңнің ең үлкен шуағы, осы хашир, яғни, қайта тірілу екеніне өздері иман келтіріп, сосын Сенің құлдарыңа дәріс беруде.О, пайғамбарлар мен сыддықтардың Раббысы! Олардың барлығы Сенің мүлкіңде, Сенің әмірің мен құдіретің арқылы, Сенің қалауың мен игеруің арқылы, Сенің ілімің мен хикметің арқылы Саған мойынсұнған жандар. Олар өте маңызды да жауапты міндет жүктелген қызметшілерің. Олар Сені дәріптеу, ұлықтау, мадақтау, бірлеу арқылы жер шарын бейне бір зікірханаға, әлемді алып мешітке айналдырып жіберген. О, Раббым! О, көктер мен жерлердің Қожайыны! О, жаратқан ием! О, бүкіл нәрселерді жоқтан бар еткен жаратушы! Көктерді жұлдыздарыменен, жерді ішіндегілеріменен және бүкіл жаратылысты барлық жағдайыменен әміріне толық мойынсұндырған құдіретің
377МІНӘЖАТмен қалауыңның құрметіне және хикметің мен рубубиетің әрі мол мейіріміңнің ақына, нәпсімді тізгінде, мойынсұндыра гөр! Асқақ арман, биік мақсатқа жеткізе гөр! Құранға және Иманға қызмет ету үшін адамдардың көңілін Рисалей-Нұрға бұра гөр! Маған және достарыма кәміл иман, ақыры қайыр, жақсылық бере гөр! Хазіреті Мұса ғалейһиссәламға теңізді, Хазіреті Ибраһим ғалейһиссәламға отты, Хазіреті Дәуіт ғалейһиссәламға тау мен темірді, Хазіреті Сүлеймен ғалейһиссәламға жын мен адамды және Хазіреті Мұхаммедке (ғалейһиссәлату уәссәлам) Күн мен Айды бағындырғаныңдай Рисалей-Нұрға жүректерді баурап, ақылдарға оны мойындата гөр! Мені және Рисалей-Нұр шәкірттерін нәпсі мен шәйтанның кесірінен, қабір азабынан, жәһәннам отынан сақта! Баршамызды Жәннәт-ул Фирдәуста шат-шадыман, бақытты қыла гөр! Амин! Амин! Амин!Құран Кәрімнен және Ардақты Пайғамбарымыздың мінәжаты Жәушән-ул Кәбирден алған осы дәрісімді пікірмен жасаған құлшылық деп есептеп, Мейірімді Раббымның алдына ұсыну барысында қателескен болсам, қатемнің кешірілуі үшін Құранды және Жәушән-ул Кәбирді шапағатшы қылып Аллаһтың мол мейірімінен ғафу етуін жалбарына сұраймын.* * *
МАЗМұНыБірінші Лема________________________________________________ 3 бетЕкінші Лема________________________________________________ 6 бетҮшінші Лема_______________________________________________ 13 бетТөртінші Лема_____________________________________________ 18 бетБесінші Лема _____________________________________________ 26 бетАлтыншы Лема_____________________________________________ 26 бетЖетінші Лема______________________________________________ 27 бетСегізінші Лема_____________________________________________ 37 бетТоғызыншы Лема___________________________________________ 37 бетОныншы Лема_____________________________________________ 37 бетОн бірінші Лема____________________________________________ 46 бетОн екінші Лемa_____________________________________________ 59 бетОн үшінші Лема____________________________________________ 67 бетОн төртінші Лема___________________________________________ 88 бетОн бесінші Лема___________________________________________ 102 бетОн алтыншы Лема_________________________________________ 103 бетОн жетінші Лема___________________________________________113 бетОн сегізінші Лема__________________________________________ 139 бетОн тоғызыншы Лема_______________________________________ 140 бетЖиырмасыншы Лема_______________________________________ 150 бетЖиырма бірінші Лема______________________________________ 161 бетЖиырма екінші Лема_______________________________________ 170 бетЖиырма үшінші Лема______________________________________ 178 бетЖиырма төртінші Лема_____________________________________ 197 бетЖиырма бесінші Лема______________________________________ 207 бетЖиырма алтыншы Лема____________________________________ 223 бетЖиырма жетінші Лема______________________________________ 265 бетЖиырма сегізінші Лема_____________________________________ 266 бетЖиырма тоғызыншы Лема (арапша)__________________________ 283 бетОтызыншы Лема___________________________________________ 303 бетОтыз бірінші Лема_________________________________________ 358 бетОтыз екінші Лема__________________________________________ 358 бетОтыз үшінші Лема_________________________________________ 358 бет Мінәжат__________________________________________________ 359 бет
Бұл кітап жайында ұсыныс-пікірлеріңіз болса, мына мекен-жайға хабарласуларыңызға болады.ТОО Нур Фейз,050009, Алматы қаласы, Түркебаев көшесі, №84-үй. тел.: 8 (727) 374 71 10E-mail: [email protected]
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379