Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Хазрет Айша

Хазрет Айша

Published by Макпал Аусадыкова, 2021-07-28 08:03:26

Description: Хазрет Айша

Search

Read the Text Version

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Ашығын айтқанда, оның үйінде екі жақты сүйіспеншілік орнаған еді. Айша анамыз Алла елшісін шын жүректен сүйіп, пайғамбарымыз да басқалардан гөрі оған ерекше мән беретін. Бұл жағдайды көрген кейбір сахабалар Айша ана- мызды «Алла елшісінің сүйіктісі» деп атайтын. Бір күні Аммар ибн Ясир Айша анамыз туралы айтылған жағымсыз сөзді естіп, ашуланады да, оны айтқан кісіге: – Расулалла жайлы бұлай айтуға қалай аузың барады? – деп оны қуып жібергені бар139. Сахабалар пайғамбарымызға сыйлық апарғысы келген кезде, ол кісінің Айша анамыздың үйінде болатын күнін таңдайтын. Өйткені, Алла елшісі Айша анамыздың жанында болған күндерде көбірек күлімсіреп жүретін140. Бір күні хазірет Омар (р.а.) қызы Хафсаны қасына шақырып, Айша анамыз жайында мынандай ескерту жасады: – Қызым, сұлулығымен расулалланың махабба- тына бөленген Айшаны қызғанамын деп бір қателікке ұрынып жүрме!141 Хазірет Омар (р.а.) қызына Айшаға тән ерекшеліктерді ескеруді айтып, күндестікке бармау- дан алдын ала сақтандырды. 139 Тирмизи, Мәнақиб 63 (3888); Хаким, Мүстадрак 3\\444 (5684); Әбу Дәуіт әт-Таялиси, Мүснәд 1\\90 (651) 140 Бұхари, Хиба 6, 7 (2435, 2441); Фадаилус сахаба 30 (3564); Мүслим, Фадаилус сахаба82 (2441); Тирмизи, Мәнақиб 63 (3879); Нәсәи, Иш- ратун ниса 3 (3950) 141 Мүслим, Талақ 30 (1479); Тирмизи, Тәфсирул Құран 387 (4629); Әбу Яғла, Мүснәд 1\\149 (164) 101

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Барлық адамдар білетін бұл мәселені Айша анамыздың білмеуі мүмкін емес еді. Бірақ ол өзіне деген сезімін байқау үшін кейде Алла елшісіне сұрақтар қойып, алған жауабынан кейін көңілі жай- ланатын142. Осы бір ғажап сүйіспеншілік кейінгі әрбір мүмин үшін үлгі боларлықтай. Өйткені, анамыздың осын- дай еркелігі жұбайлар арасында ыстық махаббатың қалыптасуында аса маңызды еді. Бір күні былай деді: Кейде сүйек мүжіп, біраз етін жеген соң Алла елшісіне бергенімде, менің аузымның тиген жерінен жегенін көрдім. Кейде бір нәрсе ішіп, ыдысымды ұсынатынмын. Ыдысты аузына апарарда менің аузым тиген жерден ішетінін байқайтынмын143. Ол шаңырақта барлық нәрсе өте қарапайым бола- тын. Пайғамбарлық секілді ауыр жүкті арқалағанына қарамастан елден өзін дараламай жұпыны ғана өмір сүрді. Айша анамыздың бөлмесінде болған түннің бірінде олардың қасына Сәудә анамыз келді. Сол күні бұл үйге хазірет Әбу Бәкір ет жіберіп, сол етті пісіріп, екеуі жеп отырған еді144. Ол кез- дерде шам болмағандықтан, бөлменің іші қараңғы тартып, ештеңе көрінбейтін. Міне, осыншалықты 142 Қараңыз: Әбу Нуайм, Хилиятул әулия 2\\44 143 Мүслим, Хайз 14 (300); Әбу Дәуіт, Тахара 103 (259); Нәсәи, Тахара 177 (280); Миях 9 (341); Ибн Мажә, Тахара 125 (643). Анамыз сол күні науқастанған. 144 Қараңыз: Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\217 (25867), Исхақ ибн Рауа- ха, Мүснәд 3\\966 (1682); Ибн Сағд, Табақат 1\\404; Сәуда анамыз бен хазірет Омардың рұқсат мәселесі туралы қараңыз: Бұхари, Никах 114 (4939); Мүслим, Сәләм 17 (2170) 102

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша қарапайымдылықта күн кешсе де, араларындағы сүйіспеншілікке сызат түскен емес. Осынау мүбәрак отбасының сорпаны жақсы пісіретін парсы көршілері бар еді. Бір күні жақсылап сорпа жасайды да пайғамбарымызды тамаққа шақырады. Алайда, ол кісі жалғыз барғаннан гөрі аш жүрген Айша анамызды да ерте барғысы келіп: – Айшаны да шақырасың ба? – деп сұрайды. Әлгі кісі: – Жоқ, – дейді. Көршінің Ислам дінінің ерекшеліктерін білмейтіні белгілі еді. Бәлкім, сопра- сы аз болған шығар немесе пайғамбарымыздың сол сәттегі жағдайын ұғына алмаған шығар. Расулалла оған: – Онда бармаймын, – дейді. Арада біраз уақыт өткенде әлгі кісі қайта келіп тамаққа шақырады. Алланың елшісі тағы да өз ұсынысын айтады. Жарын көрсетіп екінші рет сұрайды: – Айшаны да шақырасың ба? – Жоқ, – дейді көршісі. Пайғамбарымыз үйіне ба- рудан бас тартады. Әлгі кісі үшінші рет келіп, тағы да шақырады. Алла елшісі тағы да өз талабын қайталайды. Үш ретте де Айша анамызды ертіп барғысы келгеніне қарап, сірә, бір гәп бар шығар деп түйеді. Сол себепті пайғамбарымыздың сұрағына бұл жолы: – Иә, – деп жауап береді. 103

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Сөйтіп, адамзаттың ардақтысы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ол үйге Айша анамызбен бірге барады145. Бұл сүйіспеншілік басқа әйелдердің де назары- нан тыс қалмады. Тіпті кейде олар Айша анамызға қызғанышпен қарайтын. Бір күні отырып өзара келісіп, Фатима анамыз арқылы бұл жағдайды Алланың елшісіне жеткізбек болды. Фатима анамыз барып: – Уа, Алланың елшісі! Отбасың Әбу Бәкірдің қызы мәселесінде сенен әділдік талап етеді! – деді. Жағдайдан хабардар әкесі Фатимаға қарап: – Қызым, сен менің жақсы көргенімді жақсы көрмей тұра аласың ба? – деді. Бұлайша сұрақ беру арқылы берілген жауаптың астарында зілді үкімнің бар екені байқалатын. Пайғамбарымыздың даусындағы жұмсақтық пен берілген жауаптың астарындағы маңызды мағына қызының өкінішін тудырды. Сондықтан Фатима: – Әрине, жақсы көремін, – деп жауап берді. Нәби де қызынан осындай жауап алатынын жақсы білді. Алла елшісінің жақсы көргенін жақсы көрмеу жөн емесі анық. Өзінің айтқанына қатты өкінген Фатимаға Айша анамызды көрсетіп: – Ендеше, Айшаны да жақсы көр, – деді. Хазірет Фатима меселі қатқандай болып, жағдайды аналарымызға айтты. Бірақ, олар бұған қанағаттанбай, өтініш жасап, қызын әкесіне тағы бір рет жібергілері келді. Алайда, жауап нақты болатын. 145 Қараңыз: Мүслим Әшриба 139 (2037); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 3\\123 (12265) 104

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Пайғамбарымыз олардың бұл талабына оң жауап бермеді. Өйткені, Алланың елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Айшаны басқа аналарымызға қарағанда айрықша жақсы көретін146. Енді олар Үммү Сәләмә анамызды араға салды. Өйткені, оның Расулмен бұрыннан туыстығы бар еді147. Алайда, нәтиже өзгермеді. Оған да: – Үммү Сәләмә, Айшаны айтып мені қинамаңдар. Одан өзгеңнің қасында болғанымда маған уаһи келген емес, – деген жауап айтылды148. Демек, мәселе басқада: пайғамбар таңдауы Жаратушының қалауымен астарлас екен. Сол күні осындай ескерту естіген Үммү Сәләмә (р.а.) бірнеше жылдан кейін Айша анамыздың қайтыс болған хаба- рын естігенде қайғырып, былай деді: – Ант етейін, әкесінен кейін Алла елшісі үшін ең сүйікті жан өмірден озды149. Бәрі бұл махаббатты анық байқайтын. Кейде әйелдері өз араларында туындаған келіспеушіліктің тігісін жатқызып, Расулалланың қайтадан көңілін табу үшін Айша анамызды араға салатын. Бір күні Сафия анамыз оған: – Айша, жарыңның көңілін аулай аласың ба? Егер мұны жасасаң саған өз күнімді беремін, – деген ұсыныс жасады. 146 Бұхари, Хиба7 (2442) 147 Үммү Сәләмә анамыздың күйеуі Әбу Сәләма пайғамбарымыздың әпкесінің баласы еді, олар емшектес бауыр болатын. Қараңыз: Иб- нул Әсир, Усудул ғаба 1\\632 148 Бұхари, Хиба 7 (2442); Фадаилус сахаба 30 (3564); Нәсәи, Ишратун ниса 3 (3950); Тирмизи, Мәнәқиб 63 (3879) 149 Хаким, Мүстадрак 4\\15 (6746); Әбу Нуайм, Хилияту әулия 2\\44; Ибнул Әсир, Усудул ғаба 1\\1395 105

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Расулалламен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) артық тағы бір күнді бірге өткізуді кім қаламайды, дереу: – Жарайды, – деп келісіп, Сафия анамыздың зағфаран бояуымен боялған орамалын алып сулады. Мақсаты суланған орамалдан зағфаранның иісін шығару еді. Сосын барып жарының қасына барып отырды. Жарларына әділдікпен қарайтын Алла елшісі жанына мезгілсіз уақытта келгенін жөн көрмей үйіне қайтуды ұсынды: – Бүгін сенің күнің емес қой! Сонда да есіктен бас сұғып: – Уа, расулалла! Бұл Жасаған иенің қалаған пендесіне беретін жақсылығы, – деді. Алла елшісінің назарын аудара білді. Мәселені Сафияға (р.а.) қатыстырған Айша анамыз мәселені егжей-тегжейлі түсіндірді. Араларында болған әңгімені айтып, анамыздың өкпесін бөлісті. Бұл араны жарастыруға күш салу еді. Сондықтан, оның бұл сезімталдығына жары да қуанып, көңілінің жайланғаны жүзінен белгілі болды150. Аналарымыздың да, басқа сахабалардың да бұлай жасауының негізінде бұрын естіген хабарлары немесе осы бағыттағы Алла елшісінің әрекеті жатқан еді. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Айша анамызды сүйетінін баршасы білетін. Екеуі бірге шыққан бір сапарында Айша анамыздың түйесі жолдан адасып, көптен бөлініп Харра деген жерде 150 Қараңыз: Бұхари, Хиба 14; Шаһадат 30 (2542); Мүслим, Рада 47 (1463). Сондай-ақ қараңыз: Тахмаз, әс-Сәйидәту Айша 48 106

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша жоғалып кетті. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) уайымдап, артынан іздеп кетті. Осы кезде ең жақынын жоғалтып, жабырқаған түрде: – Уа, асурах! – деген болатын151. Бұл сөз арабтар- да әйеліне деген сүйіспеншілікті әрі оны жанұшыра іздегенін білдіретін. Тағы бір күні атақты сахаба Амр ибн Ас келіп, пайғамбарымызға: – Жұрттың ішінде ең көп кімді жақсы көресіз? – деп сұрады. Сірә, өзінің қаншалықты қадірлі екенін білгісі келсе керек. Іштей өзін айтар деп күтті. Алайда, Алла елшісі оған: – Айша, – деп жауап берді. Амр ибн Ас тағы да: Әлбетте, ол түсінікті. Ал, ер кісілерден кімді айрықша жақсы көресіз дегім келген еді. Сонда: – Айшаның әкесін, – деген жауапты естіді. Иә, Амр ибн Ас секілді дана адамның алғашқы орында өзіне орын жоқ екенін көрмеуі мүмкін емес еді. Ендеше, артық сұрақ қою қауіп тудыратын еді, өзінің ең соңғы орындарда қалу мүмкіндігін ойлаған хазірет Амр бұл ойынан қайтып, одан кейін бұл туралы жақ ашпаған152. Баршаның көз алдында болып жатқан бұл оқиғалар адамдардың санасына сіңіп, Алла елшісінің бұлайша берген жауаптары Айша анамыз екеуінің арасындағы сүйіспеншілікті одан сайын нығайта түсті. Өйткені, әйелдерінен бір ай бөлек болып, қайтып оралған кезінде алғаш рет Айша анамыздың жанына 151 Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\248 (26155)Қ. «Уа, арусах» сөзі әйелінен айрылған ер кісінің қайғырып айтатын және әйеліне деген махаббатын білдіретін сөз болып табылады. 152 Бұхари, Фадаилус сахаба 5 (3462); Мағази 60 (4100); Мүслим, Фада- илус сахаба 8 (2384); Тирмизи, Мәнәқиб 63 (3885) 107

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша барып153, таңдау жасату оқиғасында да бірінші соның пікірін алған154. Сонымен қатар, бұл жауапкершілігі зор таңдау болатын. Өйткені дүние мен ақырет ара- сында таңдау жасау керек болғанда анамыз Алла елшісі ұнататын нәрсені таңдайтын155. Кей кездері Айша анамыздың тізесіне басын қойып демалатын, ондайда анамыз аяғы ауырса да сыр бермейтін. Тіпті, бір жолы әкесі хазірет Әбу Бәкір (р.а.) келіп, пайғамбарымызды ренжіттің деп оны бүйірінен түрткен кезде денесіне қаншалықты батса да Алла елшісінің ұйқысы бұзылмас үшін бұған шыдаған156. Көз алдындағы бұл сүйіспеншіліктің әрине басқаларда да көрінісі болды. Өйткені, пайғамбарымыздың сүйгенін сүймеуге болмайтын еді. Расулға ең жақын болғандар жанындағыларды жақсы көріп, оларға ерекше көңіл бөлетін. Пайғамбарымыз бақиға аттанбай тұрып Фатима анамыздың өзіне айтылған сырды кейіннен тек Айша анамызға ғана айтуы157 оған деген осы сүйіспеншіліктің бір көрінісін ұқтырды. Бұлардың барлығы Айша анамыз сөз болған кезде сахабаларды байсалды әрекет жасауға шақыратын. Сонымен қатар, бұл Алла елшісінің соңғы сәтіне дейін жалғасты. Науқастанып қалған күні: 153 Бұхари, Никах 83 (4895); Мәзалим 26 (2336); Мүслим, Талақ 30 (1479) 154 Қараңыз: Ахзаб 33\\28, 29; Бұхари, Мәзалим 26 (2337); Талақ 19 (4984); Мүслим, Талақ 22 (1475) 155 Қараңыз: Ахзаб 33\\51; Бұхари, Тәфсирул Құран 279 (4511, 4510); Мүслим, Талақ 23 (1476); Әбу Дәуіт, Никах 39 (2136); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\76 (24520) 156 Бұхари, Тәйәммүм 7 (327); Мүслим, Хайз 28 (108); Нәсәи, Таһара 194 (310) 157 Бұхари, Мәнәқиб 22 (3426); Мүслим, Фадаилус сахаба 97 (2450); Тирмизи, Мәнәқиб 61 (3872) 108

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша – Мен бүгін қайдамын? Ертең кіммен бола- мын? – деп сұрап, ауырып жатқан кезінде Айша анамыздың жанында болғысы келетінін білдірген158. Өзі қалағандай Хаққа қауышатын күні де соның бөлмесінде болған. Бұл Айшаға деген жақындығы еді. Мұны Айша анамыз (р.а.) былай түсіндіруде: – Нәби кезек маған келген күні қайтыс болды. Басын кеудеме сүйеген қалпында жан тәсілім етті159. Осылардың барлығын назарға алған Әнас ибн Мәлик (р.а.) исламдағы алғашқы сүйіспеншіліктің Алла елшісінің Айша анамызға деген махаббаты екенін айтқан160. Табиғиндердің ұлы имамы Масруқ Айша анамыздан бір хадис риуаят етерде: – Мұны маған Алланың ең сүйікті құлының сүйіктісі, Сыддықтың (Әбу Бәкірдің) қызы Сыддықа (Айша анамыз) риуаят етті, – деуді өзіне міндет деп білетін161. Шынайы сүйіспеншілік Басқа әйелдеріне қарағанда пайғамбарымыздың Айшаны көбірек жақсы көруінің негізінде қандай себеп жатты? Әкесі хазірет Әбу Бәкірмен достығы ма? Әлде Айша анамыз ерекше сұлу ма еді? Әлде бұлардан басқа себеп бар ма? 158 Бұхари, Жәнәиз 94 (1323); Мүслим, Фадаилус сахаба 84 (2443) 159 Бұхари, Жәнәиз 94 (1323); Мүслим, Фадаилус сахаба 84 (2443) 160 Әбу Нуайм, Хилиятул әулия 2\\44 161 Бәйһақи, Сүнән, 2\\458; Ибн Сағд, Табақат 8\\66; Ибнул Әсир, Усудул ғаба 1\\1384; Әбу Нуайм, Хилиятул әулия, 2\\44; Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\241; Сондай-ақ қараңыз: Тахмаз, әс-Сәйидату Айша 48 109

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Хазірет Әбу Бәкір секілді сыддық мәртебесінің шыңына шыққан және айнымас серік болған адамның қызы болуының мұнда әрине ықпалы жоқ емес. Өйткені, ол Сыддық еді және Алла елшісіне ең жақын серік болды. Жұрттың ішінде ең тәуір көрген адамы да Әбу Бәкір болатын. Ал, Айша анамыз – соның қызы. Расул (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) осыны назарға алып, айналасындағыларға да оның хазірет Әбу Бәкірдің қызы екенін дәйім ескертетін162. Анамыздың сұлулығына да назар аударғаны күмәнсіз. Әсіресе, жала жабу оқиғасында анасы Үммү Румәнның оны жұбатып айтқаны осыны рас- тайды. Өйткені, шамамен бір айға созылған қайғылы күндерінде қызын жұбату үшін анасы Үммү Румән оған: – Сабыр ет, Алла өзі қарасады. Аллаға ант етемін, сен сияқты сұлу әрі жарының сүйіктісі болған әйелдің артынан міндетті түрде сөз ереді. Себебі саған Жа- ратушы тарапынан берілген артықшылыққа қызыға, қызғана қарайтындар жетерлік. Мұндай адамдар туралы өсек көп болады163, – деген. Хазірет Омар секілді парасатты жан нәбидің көңілінде айрықша орны бар Айша анамызды ренжітпеуі және онымен бәсекелеспеуі үшін қызы Хафса анамызға ескерту де жасаған164. Жалпылама риуаяттарға қараған кезімізде басқа әйелдеріне қарағанда Алла елшісінің Айша ана- 162 Мүслим, Фадаилус сахаба 83 (2442); Нәсәи, Ишратун ниса 3 (3944); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\88 (24619); Бәйһақи, Сүнән 7\\299 (14526); Нәсәи, әс-Сүнәнул кубра 5\\281 (8892) 163 Бұхари, Шаһадат 15 (2518); Мағази 32 (3910) 164 Қараңыз: Бұхари, Мәзалим 25 (2336) 110

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша мызды қаттырақ жақсы көруінің астарында мұндай нәрселер емес, оның басқа әйелдерінде кездесе берме- ген ерекшелігі жатқан еді. Өйткені, олардың арасында ілімінің тереңдігі жағынан алдыңғы орында тұрған анамыз сол болатын. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мықтап ұстанған жағдайда адамдардың тура жолда нық қалатынын тапсырған екі жағдайдың бірі болған әһли бәйт165 ошағының ең ерекше мұғәлимасы сол еді. Басқа адамдар пайғамбарымыздың сырттағы жағдайларын біле алатын болса, Айша анамыз сырттағы және өзгелерге беймәлім ішкі жағдайларын да білді. Көп өтпей бұл қабілеттері оны Құранның ең маңызды тәржіманы, хадис ғылымының ең негізгі мұғәлимасына айналдырып, діннің негізгі мәселелері бойынша оның тұғырын даралады. Дінге қатысты терең мәліметтерді содан үйренуіміз керек екенін де Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзі ұсынды166. Айша анамыздың риуаят еткен бір хадисінде жар таңдау мәселесі қозғалған: – Бір әйелмен үш нәрсе үшін некелеседі, дүние- мүлкі, сұлулығы және діні. Бірақ, сен діни жағын таңда, сонда жаның тыныш болады167. 165 Мүслим, Фадаилус сахаба 36 (2408); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 4\\366 (19285) 166 «Діндеріңнің жартысын (үштен бірін) мына Хумайрадан алыңдар» мағынасына келетін риуаят үшін қараңыз: Шәуқани, әл-Фәуәидул Мәжмуға 1\\399; Ибн Қайюм әл-Жәузи, әл-Мәнарул Мүниф 1\\60; Ажлуни, Кәшфул Хафа «Хузу» бабы... 167 Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\152 (25232). Басқа бір риуаятта «Әйелге төрт қасиеті үшін үйленеді, дүние-мүлкі, тегі, жағдайы, сұлулығы және діні. Сен діні толық болғанын таңда, сонда жан тыныштығын табарсың» делінеді. Қараңыз: Бұхари, Никах 16 (4802); Мүслим, Рада 53 (1466); Әбу Дәуіт, Никах 2 (2047) 111

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Үмбетіне айтқан жағдайларды толық түрде өз басынан өткізген Алланың елшісі отбасы секілді ең негізгі мәселеде басқалай әрекет жасауы мүмкін емес еді. Пайғамбарымыздың әйелдерінің арасында сұлулығымен ерекшеленген басқа да аналарымыздың болғаны ақиқат. Демек, мәселе тек сұлулықпен түсіндірілмейтіндей деңгейде терең мәселе бола- тын. Тіпті, бұл үстемдікті бізге Айша анамыздың өзі түсіндіреді, Бәни Мұсталық соғысынан кейін Жуәйрия анамызды көргенде, оның сұлулығы Айша анамыздың назарын аудартып, алаңдаған. Бұл туралы өзі былай дейді: – Жуәйрия өте әдемі әрі тартымды әйел болатын. Мен Алла елшісінің қасында болған кезде қасымызға келіп, азаттық пен хатшылық қызмет сұрады. Уаллаһи, оны көре сала ішіме уайым кіріп, оның Алла елшісінің алдына баратынынан қауіптендім168. Айша анамыздың Сафия анамызды алғаш көрген күні де осылай уайымдағанына куә боламыз. Хайбар жеңісінен кейін Мәдинаға келген және әуелі Хариса ибн Нұғманның үйінде тұрған Сафия анамыздың сұлулығы ансар әйелдерінің де назарын аударып, барлығы оны көруге барған. Барғандардың арасын- да Айша анамыз да бар. Біраз уақыттан кейін үйден шыққан кезде артынан Алла елшісі де шығады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір жағынан Сафия анамыз арқылы сол кезге дейін келелі мәселе болып келген қауымның көңілін аулау- 168 Қараңыз: Хаким, Мүстадрак 4\\28 (6781); Ибн Сағд, Табақат 8\\116, 117 112

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша ды көздесе, екінші жағынан әйелдерін де ренжітпеуге күш салғаны белгілі. Қасына жақындап, оған: – Сафия қалай екен? – деп сұрады. Өйткені, анамыздың бұл жағдайды жақтырмағанын байқаған. Сафия анамыздың келген жағы осы кезге дейін мұсылмандарға көп қиындық көрсеткені есте. Ал, енді осыншама жыл аралары жақсы болмаған және жамандыққа жаны құмар бір хайбарлықпен бірге иық тіресе өмір сүруге мәжбүр еді. Сондықтан да пайғамбарымызға: – Бір иудей көрдім, – деп жауап берді. Ертең кешегідей келеңсіз жағдайлар кезікпеуі үшін бүгін басқаша әрекет ету керек еді. Оның үстіне өзгелердің ойымен бөліспеуге де болмай- тын. Әрбір қоғамда ізгілікті жандардың болатыны секілді, мұндай қасиеттерден ада адамдардың бо- латыны да табиғи нәрсе еді. Солай болған күннің өзінде олар да хазірет Адамның балалары. Уақыт өте келе көзқарастар өзгеріп, араға дұшпандық кірсе де, ертең де осындай қиындықтардың туындамауы үшін бүгін іс жүзінде мұны терістеу керек еді. Өйткені, жақсылық жақсылыққа жол ашады, табанды түрде үздіксіз жасалған жақсылық ұзақ уақыт тамшы тамған тастың тесілетіні сияқты ең қатал жүректердің өзін жібітіп, оларға да жақсылық сүйдіреді. Бұған қоса, әрбір оқиға аналарымыздан бастап сахабаларға жол ашқан күш секілді болды. Бұл солай болады, Алла елшісі Айша анамызға мейірбан жүзбен қарап: 113

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша – Олай деме, Айша! Өйткені, ол мұсылман болды және мұсылмандығы да әдемі болды!169 – деді. Әрине, бұл жағдай тек хазірет Жуәйрия мен хазірет Сафия аналарымызға тән емес. Олардан басқа хазірет Хафса және хазірет Мария170 аналарымыз да (р.а.) осы ерекшеліктерімен алда тұратын. Алайда, осылардың барлығына қарамастан Алланың елшісі Айша анамызды ерекше жақсы көрді. Өйткені, бұл сүйіспеншіліктің негізінде діннің келер ұрпаққа жеткізілуінде анамыздың атқаратын қызметі бар еді. Анамыз барлық жағымен айрықша болатын, дәл бір пайғамбардың үйінде қызмет атқару үшін жаратылғандай еді. Жәбірейіл-Әминді екі рет көріп, Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) арқылы оның сәлеміне куә болған. Аналарымыздың арасында бұл жағдайларға куә болған өзге ешкім жоқ еді171. Уаһи 169 Ибн Сағд, Табақат 8\\126; Зәхәби, Сияр 2\\227 170 Мария анамыз Мысырдан келген күні-ақ Айша анамыздың наза- рын аударған. Бұйра шашы мен әдемілігін көргенде, расулалланы одан қызғана бастағанын өзі де айтады. Қараңыз: Ибн Сағд, Табақат 8\\212; Сондай-ақ, қараңыз: Хафса, Мәфсуату Үммүл Муминин Айша бинт Әбу Бәкір 258 171 Бұлар уахи періштесі Жәбірейілдің расулаллаға Айша анамыздың кейпінде келуі, расулалланың әйелдерінің ішінде тек сонымен ғана қыздай қосылуы, бір жамылғының астында жатқанда уахидің келуі, дүние мен ақыретте адамдар арасында ең көп соны жақсы көруі және оны баршаға жариялауы, өзі туралы ақтаушы аяттардың келуі, Жәбірейіл-Әминді екі рет көруі және Жәбірейілдің оған расулалла арқылы сәлем жолдауы, уахи періштесінің тек соның үйінде болған кезде келуі, Алла расулының соңғы демін де осы үйде беруі және нәтижеде анамыздың кеудесін жастанған күйде Хаққа қауышуы сияқты жағдайлар. Қараңыз: Бұхари, Фадаилус сахаба 30; Мүслим, Фадаилус сахаба 90 (2447); Тирмизи, Мәнәқиб 63 (3879); Нәсәи, Иш- ратун ниса 3 (3949, 3950); Хаким, Мүстадрак 4\\11 (6729, 6730); Ибн Әби Шәйба, Мұсаннаф 6\\389 (32278); Хәйсәми, Мажмауз зәуәид 9\\241; Захаби, Сияр 2\\191; Табарани, әл-Мұғжамул кәбир 23\\31 (77); Ибн Сағд, Табақат 8\\63, 64 114

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Алла елшісіне (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әрдайым соның үйінде болған кезде келіп, Жәбірейіл-Әминнің ізіне әрдайым куә болатын. Алла елшісінің жағдайы және Құранның растауымен уахиден басқа ештеңе айтпағанын да172 есепке алатын болсақ, нәбидің бұл сүйіспеншілігінің негізінде иләһи бағыттаудың болғанын айта аламыз. Өйткені, анамыздың Ислам үшін сол кезде жұмсаған күш-жігерінің де, одан кейінгі атқаратын қызметінің де осы жердегі рөлін теріске шығара алмаймыз. Өзіне Айшаның ерекше қадірлі екенін жарының былай деп білдіргені бар: – Еркектердің арасында кемелдікке жеткендер көп. Ал әйелдер арасында Имранның қызы Мәриям, Перғауынның әйелі Әсиядан басқа бұл мәртебеге жеткен тірі жан жоқ. Әйелдер арасында Айшаның ізгілігіне келсек, ол өзінше бір төбе173. Анамыздың үйдегі жағдайы Пайғамбарымыздың үйі барлық жағымен жан тыныштығы мен өзара махаббат орнаған жер бола- тын. Ол үйде шынайы, адал сыйластық үстем еді. Тек бүгін мен ертеңді ғана ойламай, мәңгілік әлемде жалғасатын сапар негізінде әрекет жасалды. Бұл үйде өзін Алла елшісінің дегенін екі етпе- уге арнаған анамызбен тату ғұмыр кешті. Жары 172 Қараңыз: Нәжм53\\3-4 173 Бұхари, Әхадисул әнбия 33 (3230); Фадаилус сахаба 30 (3558); Мүслим, Фадаилус сахаба 70 (2431), Тирмизи, Әтғима 31 (1834); Ибн Мажә, Әтғима 14 (3280) 115

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша пайғамбарымызға толықтай мойынсұнды. Сүйікті жарының тек талаптарын орындаумен шектелмей, оның ойын айтқызбай біліп, қалауын орындауға күш салды. Және бұл Алла елшісінен айрылғаннан кейін де жалғасын тауып, осы алған бетінен соңғы деміне дейін айнымады. Әр қадамын абайлап басып, әрекеттерін Алла елшісіне ұнатып-ұнатпайтынына қарай таңдайтын. Бірде ол Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) отырсын деп бір бөстек сатып алды. Әлі сурет туралы үкімді білмейтіндіктен бөстектің бетіндегі суреттер- ге назар аудармапты. Мұның бір хикметі сол, осы арқылы білмейтін тағы бір мәселе анықталып, тағы бір үкім нақтыланайын деп тұр еді. Бір кезде Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) келді. Келуін келгенмен ішке кірмей тұрып қалды. Сірә, әлденеден секем алған секілді. Мұны сезген анамыз алаңдап: – Уа, расулалла! Аллаға тәубе етіп, пайғамбарынан кешірім сұраймын, бір күнә жасап қойдым ба? – деп сұрады. Қорыққаннан дауысы дірілдеп, Алла мен елшісіне қарсы іс жасап қойдым ба деп қобалжып, жауап күтті. Сүйікті жары: – Мына бөстек қайдан келген? – деп сұрады. Мәселе енді түсінікті болды. Алла елшісін қуанту үшін дайындағын қайта ұнамапты. Ниеті пайғамбарымызды ренжіту емес-ті, бірақ, бұл жерде Айша анамыз білмейтін бір мәселенің бары айқындалды. Сондықтан: – Жастанып отырарсыз деп алған едім. 116

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Сонда Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) анамыз ешқашан ұмытпайтындай мына сөздерді айтты: – Бұл суреттерді салғандар ақырет күнінде азапқа ұшырайды және оларға «Қане, осы жасағандарыңа енді жан беріңдер» делінеді. Бұндай суреттері бар үйге періштелер кірмейді! Мәселе нақтыланған соң, анамыз дереу орнынан тұрып, суреті бар жастықты тысқа шығарып таста- ды174. Анамыз үй істерімен өзі айналысып, қол диірменімен маңдай терін төгіп, ұн тартатын175, тамағын да өзі пісіретін176. Жайма, төсектерін өзі салып, өзі жинайтын177 және Алла елшісінің дәрет алатын суын да өзі дайындайтын178. Алла елшісінің құрбандық түйелері үшін қажетті жіпті өзі иіріп179, пайғамбарымыздың киімдерін де жуатын180. Қажет кезінде сүйікті жарының шашын тарап181, кейде оған хош иістер себетін182. Пайғамбарымыздың тісін таза- 174 Мүслим, Либас 87 (2107); Нәсәи, Зинәт 111. Бұхари, Либас 95 (5616); Мүслим, Либас 96 (2107). Бұл оқиғаның Тәбүктен қайтқанда болғаны туралы айтылады. Қараңыз: Бұхари, Либас 91 (5610, 5611); Нәсәи, Зинәт 112 (5352). Мәлімет айырмашылықтарын назарға ала- тын болсақ оқиғаның әр түрлі кезеңдерде жүзеге асуы да мүмкін. 175 Бұхари, әл-Әдебул мүфрад 1\\55 (120) 176 Мүслим, Тәубе 56 (2770) 177 Тирмизи, Шәмаил 1\\270 (330) 178 Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\68 (24432) 179 Бұхари, Хажж 105 (1609, 1611); Мүслим, Хажж 359 (1321); Әбу Дәуіт, Мәнасик 17 (1757); Ибн Мажә, Мәнәсик 94 (3095) 180 Бұхари, Уду 64 (227); Әбу Дәуіт, Таһара 142 (388) 181 Бұхари, Иғтикаф 2 (1924); Мүслим, Хайз 6 (297); Әбу Дәуіт, Сиям 78 (2467) 182 Бұхари, Хаж 17 (1465); Мүслим, Хаж 31 (1189); Тирмизи, Саум 77 (917) 117

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша лайтын мисуагын жұмсартып, дайындап қойғанды ұнататын183 және мұқият тазалап сақтап қоятын184. Қонақтарды да өзі күтетін, қолындағы барын солардың алдына жайып, жарын ұятқа қалдырмайтын. Бір күні Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сахабалардың біразына: – Қане, жүріңдер, Айшаның үйіне барайық, – деп оларды үйіне ертіп келді. Анамызға: – Уа, Айша! Жейтін не бар, әкел! – деді. Үйде азғантай қалған хашиша деген өсімдікті қонақтарға ұсынды. Алайда, азғантай тамақ бәріне жетпейтіні анық еді. Алла елшісі тағы да: – Айша, не бар, бізге тағы әкел! – деді. Қонақтарын риза ету Алла елшісінің де көңілінен шығу деген сөз еді. Раббысының разылығы пайғамбарымыздың ризалығында еді. Ендеше, жары қалап тұрғанда, оны жасамау мүмкін бе? Жоқтан бар жасардай іске кіріскен Айша анамыз тапқанынша құрт, құрма және май араластырып бір тамақ дайын- дап, соны әкеліп алдыға тартты. Қонақтар анамыздың бұл тамағын жеп болған соң отағасы: – Айша, бізге ішетін нәрсе әкел! – деді. Анамыз дайындаған сүтін үлкен ыдыспен алып келді. Бұл сүт те аз болғандықтан, бәріне жетпеді. Мына жақта ері тағы әкелуін сұрады. Аз сүтті үлкен ыдыспен беру де оғаштау көрінген. Бірақ, 183 Мүслим, Салатул Мүсафирин 139 (746); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\53 (24314); Ибн Мажә, Иқаматус Салат 123 (1191); Нәсәи, Салат 67 (1315) Ибн Хузайма, Сахих 2\\141 (1078); Ибн Хиббан, Сахих 6\\195 (2441); Байһақи, Сүнән 3\\29 (4588); Нәсәи, әс-Сунәнул кубра 1\\173 (448) 184 Әбу Дәуіт, Тахара 28 (52); Байһақи, Сүнән 1\\39 (168) 118

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша расулалланың қалауын орындамасқа бола ма? Ол енді үлкен ыдысын кішірек ыдысқа ауыстырып, үйіндегі азғантай сүтті қонақтарына солай алып келді185. Анамыз жоқты бардай ете білетін. Әрі, өзі де сондай отбасында тәрбиеленіп, үйіне келген қонақтарға да осылай жасайтын. Сахабалар арасында Рабуатул Әсләми деп танылған Ибн Кағб бір күні келіп, жағдайы жоқтығынан үйлене алмай жүргенін айтты. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзі іске араласып, оны қызын берсін деп тұрмысы жақсы сахабаларға жіберді. Сахабалар бұны естігенде, қызын кім алаты- нын да анықтап жатпастан дереу айтылғанды істеді. Бұл хазірет Рабиға үшін күтпеген жаңалық еді. Енді үйлене алатынына қуанды. Алайда, не жұртты күтетін, не қызға мәһір беретін дымы жоқтығына қынжылды. Өйткені, бұл алатын жары үшін сенімділік ұялатумен бірге, некені жариялаудың салты еді. Сөйтіп, қайта Алла елшісіне барады. Уайымға салынғаны түрінен-ақ көрініп тұр. Оны түсінген пайғамбарымыз: – Рабиға, сен неге қайғырып жүрсің? – деді. – Уа, Алланың елшісі! Айтуыңызбен, жаны жайсаң жандарға бардым, олар еш сұрастырмастан қызын беріп, мені құрметтеді. Бірақ ары қарайғы рәсімге менің түк жағдайым келер емес. Хазірет Рабиғаны тыңдаған пайғамбарымыз әуелі туыстарынан Бүрәйдәтул Әсләмиді шақырып, хазірет Рабиғаға көмектесуін сұрады. Хазірет Бүрәйдә тап- 185 Әбу Дәуіт, Әдәб 103 (5040); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 5\\426 (3666); Табарани, әл-Мұғжамул кәбир 8\\328 (8227); Ибн Хиббан, Сахих 12\\358 (5550); Нәсәи, әс-Сунәнул кубра 4\\161 (6695) 119

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша сырмамен дереу сахабалар арасында Рабиға ибн Қағб үшін алтын жинап, той үшін бір бордақы қошқар тапты. Барлық мәселелері біртіндеп шешіле бастады. Осы арада Алланың елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзін ғылымға арнаған хазірет Рабиғаны шақырып, оған: – Айшаға бар, тамақ салған кәрзеңкені берсін, – деді. Хазірет Рабиға тура Айша анамыздың бөлмесіне барып, пайғамбарымыздың тапсырмасын жеткізді. Анамызда да бере қоятын онша еш нәрсе жоқ еді. Дегенмен сүйікті жарының талабын кері қайтармады. Іздеп жүріп қолына түскен нәрсесін кәрзеңкеге салып, хазірет Рабиғаға беріп тұрып былай деді: – Мына қалтада арпа бар, басқа жейтін ештеңе болмай тұр186. Барлық нәрсеге осындай жанқиярлықпен қарайтын Айша анамызға Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мүмкіндігінше үй істерінде көмек беретін. Өйткені, жары: – Сендердің ең қайырлыларың отбасына жақсы қарағандарың, ал мен араларыңда отбасына жақсы қарайтындардың ішіндегі ең қайырлысымын187, – деген. Сахабаларға осы мәселеде үлгі көрсеткен кезде: – Иман жағынан мүминдердің ең кемелі мінезі жағынан да ең жақсысы, сонымен қатар, отбасына жақсылық ойлайтыны, – дегені бар188. 186 Хаким, Мүстадрак 2\\188 (2718); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 4\\58 (23666); Хәйсәми, Мәжмауз зәуәид 4\\256 187 Тирмизи, Мәнәқиб 64 (3895); Ибн Мажә, Никах 50 (1977); Дарими, Никах 55 (2260) 188 Тирмизи, Рада 11 (1162); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 2\\472 (10110); Ибн Әби Шәйба, Мұсаннаф 5\\210 (25318) 120

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Сүйікті отағасы басқа істерін де кем орындамай- тын. Өйткені, ол өмірге біртұтас қарайтын. Осыны айту үшін анамыз былай дейді: – Үй ішіндегі істерге көмектесетін, бірақ азан естігенде дереу мешітке асығатын189. Анамыздың сөзінен байқалғандай, бұл үнемі, үздіксіз жасалған нәрсе емес. Өйткені, пайғамбарлық міндетін атқару жауапкершілігі өте ауыр міндет бо- латын. Барлық ауырлығына қарамастан осы жүкті арқалап жүргеннің өзінде отбасын ұмыт қалдырмай, олардың да көңілін аулағысы келетін. Өйткені, тепе- теңдікті жақсы сақтап, сахабаларына үлгі болды. Анамыз жарының осы қасиеті туралы айтқанда былай дейтін: – Расулалла бәріміз шүйіркелесіп сөйлесетінбіз. Намаз уақыты кіргенде, дереу намазға тұратын. Бұндайда ол кісі бізді, біз ол кісіні танымай қалатынбыз190. Өзіне пайғамбарлық секілді дүниенің ең маңызды міндеті жүктелгеніне қарамастан отбасына көңіл бөлуді ұмытпай, оларға да уақыт бөлетін. Реті кел- генде бәрімен әзілдесіп, ойын-сауық құрғандарға да көңіл аударатын. Тіпті, ондай жерлерге отбасын да ертіп апарып, қоғамда болып жатқан жағдайларды оларға да көрсететін. Отбасы мүшелерімен әзілдесіп, сәті келгенде араларында жарыс та өткізетін. Қысқаша 189 Бұхари, Жәмаа 15 (644); Әдәб 40 (5692); Тирмизи, Қияма 45 (2489); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\49 (24272). 190 Бұхари, Әдәб, Нафақат Азан, Ғазали, Ихия Улумуд дин. Әр түрлі риуаяттардағы мәліметтер біріктіріліп берілді. 121

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша айтқанда, жан-жақтылығымен нағыз отағасы екенін көрсеткен. Әзілдесу Үйдің басшысы ретінде пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қасындағылардың еркін отыруын қалап, кейде анамыздың айтқан сөзін мазмұнды жайттарға бұратын. Бір күні анамыз бір жағдайды әңгімелеп отырып «хурафа» деген сөзді айтып қалды. Сол-ақ екен сүйікті жары: – Хурафаның не екенін білесің бе? – деп сұрады. Іштей оны Айшаның білмейтінін сезіп, сөзін ары қарай жалғастырып: – Хурафа – Узра руының бір адамы болатын, жаһилия кезінде оны жындар тұтқынға алады. Ұзақ уақыт солардың арасында тұрады, бір күні оны адамдардың арасына жібереді. Ол жындар арасын- да көрген ғажайыптарын адамдарға айта бастайды, мұны естіген адамдар енді оны «Хурафаның сөзі» деп айта бастаған191. Дүниеден озатын шағы жақындаған кезде, Алла елшісінің басы қатты ауыра бастады. Алыс-жақын ағайындардың бәрімен қоштасқысы келетіндей. Тек тірілермен ғана емес, бұрын топырақ құшқан сахаба- ларымен де қоштасып, қабірлерін зиярат етіп, қиямет күні кездесетіндігіне үміт артып, кері қайтатын. 191 Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\157 (25283); Хәйсәми, Мәжмауз зәуәид 4\\315; Табарани, әл-Мұғжамул кәбир 6\\56, 155 (6069), Исхак ибни Рахуайх, Мүснәд 3\\801 (1436); Әбу Яғла, Мүснәд 7\\419 (4442) 122

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Осындай күндердің бірінде анамыздың да басы ауырып: – Басым, – деп ыңырсып жылай бастады. Мұны естіген пайғамбарымыз оған қарап: – Сен менің басымды айтсаңшы, – деді. Бұл «Менің ауруымның қасында сенікі не тәйірі» деген мағынаға келетін. Иә, бұл шындық еді. Алайда, Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) одан да арыға барып: – Менен бұрын өлсең не болар дейсің? Сені өзім жуып, кебіндеп, намазыңды өзім оқытамын, мазарыңа да өз қолымен қоямын, – деді. Мұндайды еш күтпеген анамыздың көзі шарасы- нан шығардай болды. Түсінуге тырысты, естігені әзіл ме, әлде ақиқат па? Жары әзілдеген еді. Олай болса әзілге әзілмен жауап беруге болатын еді, оған қарап: – Иә, мен өліп, мені жерлеп болған соң басқа әйелдеріңмен қалағаныңды істемекшісіз бе?192 – деді. Бұл сөз сүйікті жарының езуіне күлкі үйірді. Өйткені, анамыздың бұл наздануының астарында өзіне деген терең махаббат жатыр еді. Айша анамыз да пенде болғандықтан кейде қиналатын. Осындай күндердің бірінде бөлмесіне әкесі келді. Сол күні анамыз ашулы еді, дауысын сәл көтеріп сөйледі. Негізінде тұрмысқа шыққан күннен бастап әкесі болса да Әбу Бәкір қызына «ана» ретінде қарайтын. Бірақ, кім болса да Алла елшісін ренжітетіндей әрекет жасайтын болса, оған еш көне 192 Бұхари, Марда 16 (5342); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\228 (25950); Ибн Мажә, Жәнәиз 9 (1465); Дарими, Мұкаддима 80; Бәйһақи, Сүнән 3\\396 (5451) 123

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша алмас еді. Пайғамбарымыздың көңіліне келетін қылық жасағаны үшін қызып жеке алып шығып, ұрса бастады: – Сен қалай расулаллаға даусыңды көтеріп сөйлейсің? Бұлай айтатындай құқығы бар еді. Өйткені ол өз қызы емес пе?! Бұған қоса, ол пайғамбардың әйелі болатын. Бірақ, пайғамбарымызды ренжіткеніндей ауыр нәрсе болмап еді. Бір жағынан қызы өзіне де ана болып табылды. Әйтпесе, жағдай басқаша өрбитін еді. Қызына ұрсып тұрып Алла елшісінің өзін көргенін байқап, қатты қысылды. Бөтен отбасының ісіне араласудың орынсыз екенін білетін, бірақ басқа қателікті жою үшін осылай жасады. Тіпті, қызына деген ашуы әлі басылмады. Әбу Бәкірдің қызы қалайша Алла елшісін ренжітетіндей дауыспен сөйлейді. Ашулануын ашуланды, бірақ Расулалла бар жерде қолынан ештеңе келмейтін. Оның тұрысынан да осыны байқап, үнсіз кетіп қалды. Әкесінің кеткенін көрген пайғамбарымыз Айша анамыздың жанына келді. Анамыз өкінген кейіпте еді. Иә, әкесі дұрыс айтады, сүйікті жары барда дауыс көтерген жөн емес. Алайда, бір рет солай болып қалды. Өз ісіне өкінген кейіпте еріне қарады. Ендігі мәселе қателікті жуып-шаю. Ренішті ұмыттырып, қуантатын қадам жасау. Оны да Рас- лулла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жасап, кеткен хазірет Әбу Бәкірді көрсетіп: 124

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша – Көрдің бе, әкеңнің ашуынан сені қалай құтқарып қалдым?193 – деді. Сол күні хазірет Әбу Бәкір (р.а.) ол жерден ренжіп шыққанмен біраздан соң қызының үйіне қайта соқты. Бірақ, бұл жолы көңілді көрінсе тап келді. Расулалла мен Айша анамыз оны күлімдеп қарсы алды. Хазірет Әбу Бәкір де сөз түсінетін. Өзінен кейін жағдайдың қалай жылы шешілгенін шамалады, бірақ мұны өздерінен естігісі келді. Сол себептен күлімсіреп: – Әуелгі реніштеріңе мені ортақ еткендерің секілді қуаныштарыңды да менімен бөліссеңдерші!194 – деді. Кейде аналарымыздың арасында да реніштер кездесетін. Мұндай жағдайда да Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) араға кіріп, оларды әзілмен жарастыратын. Кейде әйелдер мәселесі сөзден асып, өзара шабуылға да ұласатын. Бір күні Айша анамыз сүт қосып, ұннан тамақ пісіріп, сүйікті жарының алдына қойды. Сол жерде болғандықтан, Сәуда анамызды да тамаққа шақырды. Алайда, ол тартынды. Сонда Айша анамыз: – Не келіп мына тамақтан жейсің немесе тамақты бетіңе аударамын, – деді. Жауап тағы да оң болма- ды. Бәлкім, бақталастар арасында кездесетін жағдай шығар. Демек, көңілсіздігін кетіріп Сәуданың көңілін 193 Әбу Дәуіт, Әдәб 92 (4999); Нәсәи, әс-Сунәнул кубра 5\\139 (8495); 5\\365 (9155) 194 Әбу Дәуіт, Әдәб 92 (4999); Нәсәи, әс-Сунәнул кубра 5\\139 (8495), 5\\365 (9155) 125

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша аулау керек. Сол-ақ екен Айша қолына алған тамақты Сәуда анамыздың бетіне шашып жіберді. Әйелдерінің арасында кейде болып тұратын реніштерді кетіруі үшін Расулалла мұны келісімге себеп етті. Тамақты қолына алып, Сәуда анамызға беріп тұрып: – Сен де оған солай жаса, – деді. Бұны естіп Сәуда да Айшаның (р.а.) бетіне тамақ шашты. Құдды бір кішкентай балалар секілді күлкілі жағдай орын алып, пайғамбарымыздың жүзінен күлімсірегені байқалды. Осы кезде сырттан хазірет Омардың гүрілдеген дауысы естілді: – Абдулла! Әй, Абдулла! – деп баласын шақырып жүр екен. Мешітке жақындаған Омар (р.а.) Расулға соқпай кетпейтін. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оның ішке кіретінін ойлап, дереу аналарымызға: – Қане, тұрып, беті-қолдарыңды жуыңдар, – деді. Әзіл де болса әр оқиға бір ақиқатты көрсететін. Демек, отбасы ішінде болған жағдайларды сырттан үшінші адамның білгені дұрыс емес. Оның үстіне, хазірет Омардың орны айрықша. Анамыз бұдан бір қорытынды шығарып, былай деді: – Омар келердегі Расулалланың әрекетін көрген сол күннен бастап мен Омардың айбатынан сескенетінмін195. Бұл үйде Алла елшісінің ашуланатын кездері де болып тұратын. Тіпті оған Айша анамыз себеп болушы 195 Әбу Яғла, Мүснәд 7\\449; Сондай-ақ, қараңыз: Тахмаз, әс-Сәидату Айша 42, 43 126

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша еді. Бір күні пайғамбарымыз үйге бір тұтқынды алып келіп, оны Айша анамыздың бөлмесіне қалдырып кетуге мәжбүр болды. Бұл кезде бөлмеде Айша анамыз бірнеше әйелмен сөйлесіп отырған еді. Сөзден сөз туып, біраз уақыт отырған олар тұтқынды ұмытып кетті. Осы мүмкіндікті пайдаланған тұтқын қашып кетті. Біраздан кейін Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) келсе, тұтқын жоқ! Қатты ашуланды. Басқа жағдайларда адамдарға азаттықтың жолын көрсету пайғамбарымыздың негізгі қасиеті болуы мүмкін. Алайда, мынадай жау жағадан алып тұрған кезде тұтқынға адам алудың маңызы зор еді. Аманат етіп қалдырған адамы қашып кеткен соң: – Айша, тұтқын қайда? – деп сұрады. Анамыздың айтатын ештеңесі жоқ абыржыған түрмен: – Әйелдермен отырып әңгімеге беріліп кетіппін, – деді күмілжіп. Тамаша мүмкіндіктен айрылған пайғамбарымыз: – Қап, сені ме? Әй, қолың сынғыр!196 – деді. Бұл реніш Айша анамыздың өкінуіне жеткілікті еді. Қандай шартта болса да аманатқа қарай білуі тиіс еді. Алайда, бір жолға болары болды. Расулалла дереу сыртқа шығып, тұтқынның қашып кеткенін хабарлады. Арада біршама уақыт өткенде тұтқын табылды. Біраздан кейін пайғамбарымыз үйіне қайта келді. Бұл кезде Айша анамыз екі қолын кері айналдырып, «қолың сыңғыр» дегенге қолына 196 Бұл жерде айтылған сөз «Қолдарыңның бірі немесе екеуін де Алла жұлып алсын» деген мағынаға да келеді. 127

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша бір нәрсе бола ма деп қорқып тұр екен. Оны көрген пайғамбарымыз: – Тыныштық па, не болды? Әлде дәрет алуың керек пе? – деді. Анамыз назданып: – Мені қарғадыңыз, қолымның қайсысы түсіп қалар екен деп қарап тұрмын, – деді. Бұл анасынан ескерту алған баланың қайтадан анасының құшағына енуіне ұқсайтын жағдай еді. Осылайша, ол Алла елшісінің теріс бата жасауынан қорыққанын білдірді әрі оны батаға айналдырғысы келді. Расулалла онсыз да сөйтті, қолын жайып: – Раббым! Мен де пендемін, кейде ашулана- мын. Осы кезге дейін кімге теріс бата айтқан болсам, мұны оларды рухани кірлерден арылтатын тазалыққа себепші ет!197 Отбасы болғандықтан анамыздың да ренжитін сәттері кездесетін. Бұл жағдайын пайғамбарымыз оның әрекеттерінен байқап, мәселені жақсы шешуге тырысатын. Бір күні жұбайына былай деді: – Мен сенің маған риза не ашулы екеніңді бірден білемін. Анамыз таңданып: – Мұны қайдан шығардыңыз, қалай білесіз? – деп сұрады. – Маған риза кездеріңде «Мұхаммедтің Раббы- сына ант етемін» деген сөзді айтасың, ашулы кезіңде «Ибраһимнің Раббына ант етемін» дейсің! 197 Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\52 (24251). Кейбір риуаяттарда Алла расулының аталмыш тұтқынды Айша анамыздың орнына Хафса анамызға (Хәйсәми, Мажмауз зәуәид 8\\266) немесе басқа бір адамға тапсырғаны да айтылады. Қараңыз: Бәйһақи, Сүнән; Ханбали, әл- Әхадисул Мухтара 5\\20 128

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша – Иә, оныңыз рас, – деп анамыз мойындады да «Уаллаһи, шындықты айтасыз. Алайда, енді уәде беремін, бұдан былай сіздің атыңыздан басқаны аузыма алмаймын!»198 деді. Бір күні он бір әйел отырып, күйеулері туралы ашық сырласты. Ойларын жасырмай айтуға уәде берді. Әрқайсысы өз күйеуінің ең іліп алар қасиетін айта бастады. Біреуі күйеуін ұнатпайтынын айтып, жамандықтарын тізсе, екінші бірі күйеуін жер көкке сиғызбай мақтады. Анамыз бәрін мұқият тыңдап, бір күліп, бір мұңайып отырды. Бір кезде кезек Үммү Зәрр деген әйелге келген кезде, ол таудағы бір малшының қызы екенін, Әбу Зәрдің өзін әйелдікке алғанын, небір жақсылықтар жасағанын, оның жанында жаны тыныштыққа бөленетінін айта бастады. Айтқандары тек күйеуіне ғана қатысты емес болатын, енесінің де жақсылықтарын тізіп, күйеуінің бұрынғы әйелінен туған баласы мен қызметшісінің де ізгіліктерін айтты. Алайда, бір күні күйеуімен ажырасыпты, қазір басқа біреумен некеде екен. Қазіргі күйеуі де өте жақсы, жомарт адам екен, алайда оның барлық жақсылықтары мен жомарттығының бәрін қосқанда Әбу Зәрдің бір жақсылығына тең келмепті. Қысқасы, Үммү Зәрр өзінен ажырап кетсе де, бұрынғы күйеуі Әбу Зәррді ұмыта алмайтын көрінеді. Бәрі күйеулері туралы ойларын айтады, алайда Үммү Зәррдің айтқандары анамыздың назарын ерекше аударып, оны кейіннен пайғамбарымызбен бөліседі. Сонда былай дегенін естиді: 198 Бұхари, Никах 107 (4930); Мүслим, Фадаилус сахаба; Мүснәд, Мүснәд 6\\61 (24363) 129

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша – Екеуміз де Үммү Зәрр мен Әбу Зәрр секілдіміз, айырмашылығы, ол әйелінен ажырасты, ал мен олай жасамаймын! Бұл сөзге көңілі кәдімгідей марқайып қалды. Іле өзі де: – Жолыңызға жаным құрбан! Алайда, сіз мен үшін Әбу Зәрдан да артықсыз!199 – деді. Көңіл көтеру Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) шектен аспау шартымен көңіл көтеруге де рұқсат беретін. Айша анамызбен бас қосқан күні салтанатсыз түрде кіргенін көргенде оған: – Айша, сән-салтанат қайда? Көңіл көтеру ансарларға да ұнаушы еді ғой 200, – деді. Мұны айтып қана қоймай, өзі де соған сай әрекет жасайтын. Пайғамбарымызбен болған осындай оқиға туралы айтқанда, анамыз былай деді: – Алла елшісінің мені шапанымен қалқалап отырғаны есімде, сол күні хабаштықтар келіп, мешітте думан жасады. Мен сол күні шаршағанша соларды тамашаладым201. 199 Бұхари, Никах 82 (4893); Мүслим, Фадаилус сахаба 92 (2448); Таба- рани, әл-Мұғжамул кәбир 23\\164, 166, 167 (265, 266, 267) 200 Бұхари, Никах 63 (4868). Басқа бір риуаятта аталмыш некенің ан- сардан біріне тән екені және анамыздың жанынан оны көргенде, пайғамбарымыздың осылай деп айтқаны туралы дерек бар. Қараңыз: Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\269 (26356); Табарани, әл-Мұғжамул әбсат 5\\351 (5527); Ибн Хиббан, Сахих, 3\\185 (5875); Хәйсәми, Мәуаридуз заман 1\\493 (2016) 201 Бұхари, Ядәйн 2 (907); Мүслим, Салатул иәдәйн 17 (892); Ибн Мажә, Никах 21 (1900) 130

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Бір мейрам күні қылыш-қалқандарын асынып бір топ кісі келді де, халықтың көңілін көтерді. Мерекеге ерекше сән кіріп, ел жиналып, оларды тамашалады. Қызықтау үшін Айша анамыз да сол жерге барды. Алайда, жұрттың артында болғандықтан, ештеңе көре алмады. Қасындағы сүйікті жарына көргісі келетінін білдірді. Сонда пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): – Шынымен де көргің келіп тұр ма? – деп сұрады. Айша анамыз: – Иә, – деді. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Айша анамызды арқасына мінгізіп: – Қане, көрейін сендерді, Бәни Әрфида, – деді. Алла елшісінің арқасында тұрып біраз уақыт ойынды тамашалаған соң: – Тамашалап болдың ба? – деп сұрады. Айша да шаршапты. – Иә, – деді. Сонда пайғамбарымыз: – Ендеше, үйге қайт!202 – деді. Ардақты пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ойын-сауықта шектен шығу байқалса, дереу іске араласып, заңды көңіл көтерудің шеңберін айқындап беретін. Бір күні аспапта ойнайтын әйел келді. Бұл кісінің шеберлігін тамашалағысы келген Айша анамызға қарап: – Айша! Бұл кісіні танисың ба? – деп сұрады. Ол: – Жоқ, – деп жауап берді. Сонда пайғамбарымыз: 202 Қараңыз: Бұхари, Ядәйн 2, 3,25; Жиһад 81; Мәнәқиб 15; Фәдаилул асхаб 46; Никах 82, 114; Мүслим, Ядәйн 18 (892); Нәсәи, Ядәйн 35 131

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша – Бұл пәлен қауымның әуен тартатын әйелі, – деді де: – Сен үшін тартып бергенін қалайсың ба? – деп тағы сұрады. – Иә, – деді анамыз. Қолына аспабын алған әйел ортаға шығып, өнерін көрсете бастады. Бірақ Расулалланың жүзінен жақтырмағаны байқалды. Айша анамыз бұрын да осындай жағдай болып, билеген екі қыздың әрекетін пайғамбарымыздың жақтырмағанын көрген. Біреу көңіл көтерудің шеңберінен шыққан кезде ескер- ту жасайтын. Бүгін де сондай жағдай орын алған еді, ән ырғағы мен әйелдің көрсеткен қимыл- қозғалысы мүминге жараспайтындай сипатта еді. Пайғамбарымыз анамызға қарап, ұнатпау себебін білдіретіндей түрде: – Мына әйелдің дауысына шайтан араласыпты, – деді203. Жарысу Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қасындағы адамдардың ниетін жақсы түсініп, солармен үйлесім сақтауға тырысатын. Осы қарапайымдылықты үмбетіне де насихаттап: – Араларыңдағы ең әлсіз адамдардың жүрісіне сай жүріңдер204, – дейтін. Бұған қоса, өзі тепе-теңдікті жақсы ұстанатын. Қай жерде қалай әрекет жасауды 203 Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 3\\449 (15758); Табарани, әл-Мұғжамул кәбир 7\\158 (6686) 204 Ажлуни, Кәшфул хафа 2\\503 132

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша жақсы білетін және сол ортаға сай бола білетін. Өте маңызды міндетті арқалап, аса жауапкершілікпен атқарса да, отбасында қарапайым отағасы бола білді. Қандай да бір мәселе туындай қалса, оп-оңай шешіп, істі жеңілдетуге тырысатын. Бір күні жеребе тағы да анамызға түсіп, әскермен бірге жаңа жорыққа шығатын болды. Бір жерге келген кезде Расулалла әскеріне: – Сендер жүре беріңдер, – деді. Өзі анамызбен артта қалды да, оған: – Қане, екеуміз жарысайық, – деді. Ол кездерде Айша анамыз өте арық еді әрі шапшаң қимылдайтын. Екеуі қатар тұрып жүгірген кезде ә де- геннен озып кетті. Арадан біраз жыл өтіп анамыз бәрі тағы бір сапарға шықты. Ал, пайғамбарымыз кезінде екеуінің жарысқанын ұмытпапты. Айналасындағыларға: – Сендер жүре беріңдер, – деді де, анамызға: – Қане, тағы жарысайық, – деді. Айша анамыз бұрынғы жарысты ұмытып кеткен екен, есіне түсірген бойда қуана келісті. Бірақ бұл жолы күйеуі озып кетті. Өйткені, арада өткен бұл уақыт ішінде анамыз біраз ет алып, салмақ қосқан болатын. Осы жағдайды көрген пайғамбарымыз жұбайына қарап, күлімсіреп: – Міне, бұл баяғы жарыстағы жеңілісімнің қайтарымы205, – деді. 205 Әбу Дәуіт, Жиһад 68 (2578); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\39 (24164); Табарани, әл-Мұғжамул кәбир 23\\47; Байһақи, Сүнән 10\\17, 18 133

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Лақап ат Анамыз пайғамбарымыздан лақап ат қоюды сұрап, басқа әйелдер секілді өзінің де лақап атпен шақырылғанын қалайтынын жеткізді. Ол кезде бұлай жасау сол қоғамдағы орнықты әдет болатын. Мұны құрметтеудің бір нышаны деп есептеп, лақап ат қою ел ішінде жарысқа айналғандай еді. Тіпті, кейбіреулер өз есімінен гөрі кейіннен қойылған лақап атымен та- нылатын. Жалпы бұл лақап аттар дүниеге келген баланың есімінің алдына «пәленшенің әкесі немесе анасы» деген мағынада Әбу пәленше, Үммү түгенше немесе ибн пәленше, бинт түгенше деп айтылатын. Мұндай лақапты арабтар «күния» дейді. Негізінде ол кезге дейін пайғамбарымыз Айшаны «Хумәйра»206, «Уайш»207, «Аиш»208, «бинт Сыддық»209, «Мууаффиқа»210 және «бинт Әбу Бәкр» деп атайтын. 206 Қараңыз: Нәсәи, әс-Сунәнул кубра 5\\307; Хаким, Мүстадрак 3\\129; Табарани, әл-Мұғжамул кәбир 22\\400. Кейбір ғалымдар Хумайра сөзі кездесетін әр баяндауды хадис деп қабылдамаған, олардың біразына ықтиятпен қарап, мәселеге қатысты тек Нәсәиде орын алған баяндауды дұрыс деп қабылдаған. Хумәйра хамра сөзінің же- кеше түрі және ал қызыл түс дегенді білдіреді. Қараңыз: Ибн Ман- зур, Лисанул Араб «ХМР» бабы 207 Қараңыз: Ибн Хажар, Исаба 8\\42; Али әл-Мұттақи, Кәнзул уммал 7\\266; Ибн Әсәкир, Тариху Димашқ 68\\181. Уайш Айша деген аттың жекеше түрі және Айшатай мағынасына келеді. 208 Қараңыз: Бұхари, Фадаилус сахаба 30 (3557); Әдәб 111 (5848); Мүслим, Фадаилус сахаба 91 (2447). Сөздердің соңындағы әріптерді айтпастан мақсатын білдіру, сонымен қатар «тәрхим» деген бір шешендік өнер. Бұл жерде пайғамбарымыз анамыздың атын толық айтудан гөрі соңғы әріптерін қысқартып айтатын. Сонымен қатар, бұлай айтуда жақындықты білдіру де жоқ емес. 209 Қараңыз: Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\159 (25302), 205 (25746) Ибн Мажә, Зүһд 20; Тирмизи, Тәфсирул Құран 23 210 Тирмизи, Жәнәиз 65; Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 1\\334. 134

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Бірақ, бұлардың ешқайсысы адамның құрметке лайық сипатын білдіретін лақап ат емес еді. Өйткені, бұлар оның жеке тұлғасына тән тұрақты сипаттар емес, сол сәттегі жағдайға қарай айтылған сөздер болатын. Өзгелер секілді анамыздың да осындай лақап атты күткені белгілі. Бір күні мұңайған кейіппен: – Уа, расулалла, құрбыларымның бәрінің лақап аты бар, – деді. Адамзаттың ардақтысы сөзін аяқтамаса да оның ойын түсіне қойды. Өйткені, бұл «Менде де сондай лақап ат болса» деген мағынаға келетін. Бұл сыпайы түрде жасалған орынды өтініш еді. Анығырақ айтқанда, бұл сөзімен Айша анамыздың пайғамбарымыздың ұрпағын жалғастыруды ар- мандап, дүниеге бала әкелген жағдайда соның атымен аталғанын қалап тұрғанын аңғару қиын емес еді. Ал, пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) болса сол кезге дейін басынан өткерген қайғылардан бір қорытынды шағарып, бұл жолдың өзі үшін жабық екенін түсінген. Өйткені, сол кезге дейін ұл балаларының үшеуі де шетінеп, бұл жағдай қыздарына да қатысты болып тұрғандай еді. Бәдір күні хазірет Руқайя көз жұмды. Үммү Гүлсім мен Зейнеп аналарымыздың да жағдайы қиын еді. Кейіннен Мария анамыздан дүниеге келген Ибраһим де алдыңғылардың кебін құшты. Осы жағдайлардың бәрінен бір қорытынды шыққандай. Жаратушы ие пайғамбарымыздың артында бір ұрпақтың қалғанын қаламағандай! Бұл жағдайды Айша анамызға да түсіндіру керек- ақ. Алайда, мұны айтқан кезде абай болған жөн. 135

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Нәтижеде анамызды ренжітпей әрі талабын жауапсыз қалдырмады. Оған әпкесі Әсманың ұлы Абдулла ибн Зубәйрді меңзеп: – Ендеше, сені бауырыңның баласы Абдулланың атымен атайық, – деді. Бұл «Сен үшін ол жол жабық» деген мағынаға келетін. Ақылды әрі және зейінді Айша анамыз да бұл сөзді дұрыс түсінді. Қайтып ондай талап жасамады. Енді ол әпкесі Әсманың ұлы Абдулла ибн Зубәйрдің атымен аталып, содан бастап әрдайым «Үммү Абдул- ла» деп аталатын болды211. Сезімталдық Адамгершілік қасиеттерді толықтыру үшін жіберілген хазірет Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) асқан сезімталдықтан өмір сүрді. Әрине, осы тәрбиеден нәсіп алғандардың басында анала- рымыз тұрды. Сөз бен іс-әрекеттері болсын барлық жақсы қасиетті Алла елшісінен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үйреніп, оны басқалармен де бөлісетін. Әр мүмкіндік туғанда жаңа үкім, көркем мінез үшін жаңа бір жол үйренетін. Үйлеріне келген әрбір адам, әкелінген әрбір сыйлық немесе сол күні болған әрбір оқиға Құран ахлақының кемел өкілі пайғамбарымыздан жаңа үкімдер үйренуге жол ашты. 211 Қараңыз: Әбу Дәуіт, Әдәб 78 (4970); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\260 (26285). «Үммү Абдуллаһ» деген атаудан баласы болған екен деген түсінік тумауы тиіс. Негізі жоқ негізінде анамыздың ешқандай баласы болмаған. Қараңыз: Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\156 (25222) 136

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Бір күні кешқұрым Айша анамыздың үйіне келді. Анамыз арпа ұнынан кішкентай бауырсақ пісірді. Алайда, сүйікті жары үйге кіре сала есікті жауып алды. Бұл демалғысы келгенін білдіретін. Ұйқысы келгенде торсықтың аузын байлап, кесенің бетін жа- батын, бар болса шырақты сөндіретін. Сол кеште де анамыз Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) шыққанға дейін күтпек болды. Алайда шығуы ұзаққа созылған соң денесі ауыр басып, өзі де ұйықтап қкетті. Бір кезде пайғамбарымыз біраз тоңып, анамыздың қасына келді де, оның тізесіне басын қойып ұйықтады. Бір кезде есіктен көршінің бір қойы кіріп, сол жерде тұрған бауырсақты алып шығып кетті. Ұйқысынан оянып, мұны көзі шалып қалған анамыз қатты алаңдады. Себебі, бұл арнайы әзірлеген бауырсағы еді. Отырған жерінен қойды үркітпек болып әрекеттенгеніменен қой қаша қоймады. Осы кезде күйеуі де оянып, Айша анамыз орнынан тұрып, қойдың артынан қуа жөнелді. Оны көрген пайғамбарымыз артынан: – Қуып жетсең, тек бауырсақты алып қайт, қойы үшін көршіңді тілдеме!212 – деді. Ол кездің адамдары «келер» деп аталатын малдың етін жейтін. Алайда, пайғамбарымыз бұл малдың етін ұнатпайтын. Негізінде үкімі халал болатын. Осы туралы сұралған сұраққа анық жауап та берілді213. 212 Бұхари, әл-Әдәбул мүфрад 1\\54 (120) 213 Қараңыз: Бұхари, Тәмәнни 15; Мүслим, Сайд 42. 137

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Бір күні үйіне осы малдың етінен әкелгенде, пайғамбарымыз жемеді. Бұл етті ұнатпайтынын білетін анамыз: – Мұны мұқтаждарға берейін ба? – деп сұрады. Өздері жемегенмен басқалар жемеу керек деген мәселе жоқ. Бұл етке тыйым да салынбаған. Соны- мен қатар, осы етке мұқтаж жандар да жоқ емес. Сіәр, мұның айыбы болмаса керек. Алайда, Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) басқаша ойлады. Сондықтан анамызға қарап: – Жоқ, берме. Өздерің жемеген нәрсені оларға да бермеңдер!214 – деді. Құлшылығы Анамыз барлық қырымен үлгі боларлықтай өмір сүрді, құлшылықта да өзгеден оқ бойы озық тұрды. Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тірі кезінде де, одан кейінгі кезеңде де осы қалпынан тан- бады. Өйткені, өзі пайғамбарымызды құлшылыққа берілген қалыпта көрді. Өмірінің ең маңызды кездерін Аллаға ең жақын, ілімі жағынан ең асқан білгір және иләһи махаббаты жағынан Алланың ең сүйікті құлының жанында өткізді. Түнде аяқтары ісіп кеткенше намаз оқып, бір ракағатында жүздеген бетті оқитын. Бір ерекшелігі, оның бұл намаздарының рукуғ пен сәжделері де ұзаққа созылатын. Осы туралы айтқанда анамыз: 214 Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\123 (24961); Байһақи, Сүнән 9\\325 (19208); Табарани, әл-Мұғжамул әбсат 5\\213 (5116) 138

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша – Көркемдігін сен сұрама, мен айтпайын, – деп Расулалланың қалай намаз оқығанын тамсана айта- тын215. Анамыз жүздеген мұғжизаның жүзеге асуына, Жәбірейіл әмин мен Алла елшісі кездескен жерде Құранның түсуіне де куә болған. Сол себепті бұл дүниелік өмірді саясында біраз демалған соң қайтадан жолға шығатын бір ағаштың көлеңкесі деп санап, бағытын әрдайым арғы дүниеге қарай жоспарлайтын. Оның көзқарасында дүниенің ешқандай құны жоқ еді. Пайғамбарымызбен сүрген тоғыз жылдық мерзімде оны мұқият бақылап, жасаған ғибадаттарын сол қалпында орындауға тырысты. Расулалла құптан намазын оқығаннан кейін бөлмесіне келіп, тістерін мисуактап болғасын демалатын. Түннің ортасында орнынан тұрып, тәхәжжүд намазын оқитын. Өйткені, нәби үшін бұл намаз тастауға болмайтын парыз есебінде еді. Тағы біраз уақыт өтіп, түннің үштен бірі өткен кезде анамызды да оятып, оның да намаз оқығанын қалайтын. Айша анамыз тұрып, өзі үшін парыз болмаса да Алла елшісі өтеген және үмбетінің де оқығанын қалаған тәхәжжүд намазын оқып, арты- нан үтір намазымен аяқтайтын216. Кейбір түндерде анамыз толығымен пайғамбарымызға қосылып таңға дейін намаз оқитын. Осындай бір түні Алла елшісінің бір ракатта «Бақара», «Әли Имран» және «Ниса» сүрелерін оқығанын айтып, ескертуші аяттарға келген кезде Аллаға жалба- 215 Бұхари, Тәхәжжүд 16; Мәнәқиб 21; Мүслим, Салатул мүсафирин 125 216 Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\55 (24320),6\\152 (25225), Ибн Хиббан, Сахих 6\\360 139

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша рынатынын, азабынан қорқып, өзіне медет тілейтінін, қуанышты хабарлары бар аяттарға келген кезде тағы да рақымдылық тілейтінін айтады217. Таң намазының уақыты кіргенде пайғамбарымыз екі ракат намаз оқып, біраз демалу үшін оң жақ қырымен жатып218, кейде азаншы келіп азан шақырғанға дейін Айша анамызбен әңгімелесетін219. Анамыз мешітте оқылған намазға өзінің бөлмесінен қосылатын. Бұл имамның артында, жамағатпен оқыған намазға саналатын. Қысқасы, соңғы елшінің түндері құлшылықпен нұрға бөленетін. Ардақты пайғамбарымыздың оразаларына да қосылып, бірге ауыз бекітетін. Рамазанның соңғы он күнінде пайғамбарымыз мешітте құлшылық жасаған кезде бөлмесінде ол да құлшылыққа кірісетін. Тіпті, кейде пайғамбарымыз үшін мешітте шатыр құрылатын. Ол кісі намаз оқытқаннан кейін осы шатырға Айша анамыз да кіріп, құлшылыққа берілетін220. Уәдәғ (қоштасу) қажылығына бірге барып, үмбетімен қоштасқан сәтіне де куә болған. Тіпті, осы кезде науқастанып, осы ауруы арқылы мұсылмандар ауырған кезде қажылық пен ұмра міндетін қалай атқару керектігі жөнінде жаңа үкімдерді үйренеді221. 217 Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\92 (24653), 6\\119 (24919), Байһақи, Сүнән 2\\310 (3503) Әбу Яғла, Мүснәд 8\\275 (4842) 218 Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\92 (24654) 219 Қараңыз: Әбу Дәуіт, Салат 293 (1262); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\35 (24118) 220 Бұхари, Иғтикаф 18 (1940); Мүслим Иғтикаф 6 (1172) 221 Қараңыз: Бұхари, Хажж 76 (1557); Мүслим, Хажж 111 (1211) 140

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Айша анамыз осындай ортада жетілді, ғибадаттың қалай жасалуы керектігін Алланың ең сүйікті құлының өзінен үйреніп, сол көрсеткендей етіп атқара бастады. Бастаған ғибадатын ешқашан тастамайтын. Өйткені, көргені солай. Өзінен пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) құлшылық өмірі туралы сұрағандарға жақсылап түсіндіріп, өзі де со- ларды орындайтын. Бір күні Абдулла ибн Қайсқа былай деп насихат айтты: – Түнде тұрып намаз оқуды ұмытпа! Өйткені, Расулалла түнгі намазын оқуды ешқашан тастамаған. Науқастанған немесе қатты шаршаған кездің өзінде отырып оқитын222. Бастаған ешбір ғибадатын жартылай қалдырмаған анамыз нәпіл болса да оқи алмаған намаздарын міндетті түрде қаза етіп оқитын. Алла елшісінің «Дұха» намазын оқығанын көргеннен соң бұл намаз- ды өзіне міндеттеп, ешқашан тастамады223. Бір күні ертелетіп жиені Қасым ибн Мұхаммед келді. Анамыз намаз оқып отырды. Алайда, тәхәжжүд намазының уақыты өтіп кетіп, таң намазының уақыты кірген еді. Мұның қандай құлшылық екенін білгісі келіп әпкесінен: – Бұл қандай намаз? – деп сұрады. Басқаның білгенін қаламағанын даусымен сездіріп: 222 Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\125 (24989) 223 Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\138 (25112); Нәсәи, әс-Сунәнул кубра 1\\181 (482); Мәлік, Муатта 1\\135 (358); Абдурраззақ, Мұсаннаф 4\\7 (4866) 141

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша – Ешқашан қалдырмай әдеттенген намазымды бүгін түнде оқи алмаған едім, соны қаза етіп оқып жатырмын224, – деді. Бір күні оған Абдулла ибн Әби Мұса мәселесін сұрай келді. Тағы да «Дұха» намазын оқып жатқан еді. Сол жердегілер еститіндей етіп «Мен күтейін» дегенін естігенде, хазірет Айшаның намаз оқуын білетін сол үйдің басқа тұрғындары: – Ой, онда саған обал болды225, – деген. Олардың нені меңзеп тұрғанын Абдулла ибн Әби Мұса түсінбеп еді. Негізінде мұның мағынасы анамыздың намазын күтуге ниеттенген адам ұзақ күтуге мәжбүр бола- тын. Өйткені, анамыз намазға тұрған кезде дүниені ұмытып, бар ықыласымен намазға беріліп кететін. Осылай бүкіл өмірін тақуалықпен өткізді. Түндерді таңдарға соғып намаз оқып, ораза тұтатын. Қанша білдірмеуге тырысса да оның намаздарындағы ықыласы, тазалығы сырт көзге бірден байқалып тұратын. Ішінде қорқыту мен ескертуі бар аятқа келген кезде тоқтап, кері қайтып, оны қайта-қайта оқып, сосын бар ықыласымен дұға тілейтін. Көбінесе қасындағылар намаз оқыған кездегі көз жасынан орамалының суланатынын байқайтын. Намаз оқып тұрып бір күні «Алла жақсылық жасап, тозақтың азабынан бізді сақтады»226 деген мағынадағы аятқа келген кезде өксікке булығады. Өйткені, аятта дүние машақаттарынан құтылған және 224 Дарақутни, Сүнән1\\246 225 Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\125 (24989) 226 Тур, 52\\27 142

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша арғы дүниеде де сондай тыныштыққа бөленгендердің жағдайы туралы айтылған болатын. Алайда, анамыз өзінің алдағы өмірі үшін алаңдап, осындай рақымдылыққа қол жеткізе ала ма, жоқ па сол үшін уайымдайтын. Аятты оқи сала тоқтап: – Раббым, маған да жақсылық жасап, тозақ аза- бынан құтқар227, – деп жалбарынды. Осы оқиғаға куә болған жиені әрі ең айрықша шәкірті хазірет Уруә сәлем беруге күте-күте шаршағанын, жылап отырып оқыған намазының әлі де ұзаққа созылатынын түсінген соң базардағы бір ісін бітіру үшін ол жерден кеткенін айтып, былай дейді: – Базардағы шаруамды бітіріп қайтып келгенімде, ол кісі әлі де намазын аяқтамапты228. Айша анамыз намаздарын жамағатпен оқуға айрықша мән беретін. Онсыз да Пайғамбар мешітіне жапсарлас салынған бөлмесінен имамға бағынып229, кейде қасына келген әйелдермен бірге жамағат құрап намаз оқитын230. Тіпті, кей кездері азат құл хазірет Закуанға имам болуды тапсырып, өзі соған жамағат болып ұйып ұзақ намаз оқитын231. 227 Ибн Әби Шәйбә, Мұсаннаф 2\\25 (6036) 228 Ибн Әби Шәйбә, Мұсаннаф 2\\25 (6037) осыған ұқсайтын оқиғаны Абдуллаһ ибн әби Мұса (р.а.) былай түсіндіреді: − Мүдрик немесе Ибн Мүдрик мені бір сұрақ сұрау үшін жіберген болатын. Қасына барғанымда, «Духа» намазын оқып отыр екен. Ішімнен «Намазы біткенше күте тұрайын» деп ойлап едім, айналам- нан «Мүмкін емес» деген дауыстарды естідім. Қараңыз: Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\125 (24989) 229 Тахмаз, әс-Сәйидәту Айшадан наклен Абдурраззақ, Мұсаннаф 2\\82 230 Тахмаз, әс-Сәйидәту Айшаден наклен Абдурраззақ, Мұсаннаф 2\\126, 141 231 Бұхари, Жамаға 26 (659) 143

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Оразаға деген ықыласы да айрықша еді. Уақытының барлығын дерлік оразамен өткізіп232, бастаған ғибадатын ештеңеге қарамастан бітіруді мақсат ететін. Бір арапа күні қасына бауыры Аб- дуррахман келді. Күн өте ыстық. Анамыздың аузы берік болатын. Әжесінің осындай аптап ыстыққа қарамастан ораза тұтқанын, қатты қиналғанын көріп: – Оразаңды ашсаңшы, – деп ұсыныс жасады. Расулалланың өмір салтын өнеге тұтатын Айша анамыз былай деді: – «Арапа күнінің оразасы өзінен бұрынғы жылдың күнәларының өтеуі» деген хадисті ести тұра бұл оразаны қалай бұзамын?233 Ішіп-жеуге болатын Мина күндерінде де ауыз бекітіп234, ауыз ашуға рұқсат берілген сапарларда да оразасын бұзбайтын235. Пайғамбарымызбен бірге бір рет қажылық жасады. Бұл Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) алғашқы әрі соңғы қажылығы еді. Нәби көз жұмғаннан кейін бірнеше рет Меккеге барды. Қажылық мәселесіне мұқият қарайтындықтан, бір күні Алла елшісіне барып: – Біз де сіздерден қалмай жорықтарға қатыссақ әрі жиһадтарыңызға ортақ болсақ, – деген. 232 Ибн Сағд, Табақат 8\\68 233 Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\128 (25014); Хәйсәми, Мәжмауз зәуәид 3\\189 234 Қараңыз: Бұхари, Саум 67 (1893) 235 Абдурраззақ, Мұсаннаф 2\\560-561 (4459-4461); Байһақи, Сүнән 4\\301 (8266) 144

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Шынайы жасалған ұсыныс болса да, міндет пен жауапкершілікте жаратылыстың заңдарына көз жұма қарауға болмайтын еді. Сондықтан: – Әйелдер үшін ең жақсы жиһад – қабыл болған қажылық236, – деген жауап естіді. Осыны естігеннен бастап жыл сайын қажылыққа баруға айрықша күш салып, айналасындағыларға былай дейтін: – Мен осыны естігеннен кейін қажылыққа бармай қалуым мүмкін бе?237 Алғашқы жылдар Қағбада адам онша көп болмағандықтан, ел қатарлы қажылармен бірге тауап етсе, кейінгі жылдары халықтың көбеюіне байла- нысты еркектермен араласпау үшін тауапты кеңірек жерден айналатын. Әрине, бұл оның жолын ұзартып, қиындығын арттыратын. Алайда ол ештеңеге де қарамастан адам аз болатын уақыттарды күтетін. Мәтафта адамның көп екенін көрсе, ол жерден алы- стап, алыстан да болса Сәуір тауының ортасына дейін барып тауап ететін. Пайғамбарымыздың жасағандарын жасау ол үшін ең маңызды іс болатын, сол себепті алғашқы жылда- ры Минада Нәмирә деген жерге тоқтап жүрсе, кейінгі жылдары адамның көбеюіне байланысты бұл әдетін де өзгертіп, шатырын Әрак деген аймаққа құратын 236 Бұхари, Хажж 4 (1448); Жиһад 1 (2632) Басқа бір риуаят бойынша пайғамбарымыз Айшаның «Әйелдерге де жиһад парыз ба?» деген сұрағына, «Иә, әйелдерге де жиһад бар, алайда бұл жиһадта соғысу жоқ. Ол – қажылық пен умра» деген. Қараңыз: Ибн Мажә, Мәнәсик; Байһақи, Сүнән 4\\350 (8540) 237 Бұхари, Муатта Хаж 13 (750) 145

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша болады. Кейде шатырын Сәуір тауы тұрған жерге тігетін238. Айша анамыздың умра ғибадатына да айрықша көңіл бөлгенін көреміз. Мухаррам айы келмей тұрып Жухфаға барып, ай туғанша сол жерде күтетін. Жаңа айдың туғанын көре сала тәкбір айтып, умра ғибадатына кірісіп, еш уақыт жоғалтпастан Меккеге баратын239. Әрдайым оразамен өткізген арапа күні ауыз ашатын уақыт кіргенде оразасын сумен ашатын240. Тақуалығы мен кішіпейілдігі Дінге берік өмір сүрді. Дін үкімдерінен басқа мәселеде ешкімнің ісіне араласпайтын, өзгеден кемшілік іздемейтін. Сол үшін де риуаят еткен мыңдаған хадистерінің арасында оның басқа біреудің кемшілігін сөз етуін кездестірмейміз. Керісінше біреуді немесе өзін кемсітетіндей сөздер айтқан адамдарға ескерту жасап, жасаған ісінің дұрыс емес екенін айтудан тартынбайтын. Жала оқиғасына бай- ланысты жазаланған Хассан ибн Сабит сол қылығына өзін қатты айыптап, сөккенде анамыз: – Бірақ, сен ондай адам емессің, – деп қарт сахаба- ны жұбатқан241. Ал хазірет Хасан бірнеше жыл бұрын өткен қайғылы оқиғада анамызды ренжітетіндей 238 Мәлік, Муатта Хаж 13 (750) 239 Мәлік, Муатта Хаж 13 (750) 240 Қараңыз: Мәлік, Муатта Хаж 43 (836); Ибн Әби Шәйба, Мұсаннаф 3\\196 (13396) 241 Бұхари, Мағази 32 (3915); Мүслим, Фадаилус сахаба 155 (2488) 146

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша сөздер айтқан еді. Бұдан анамыздың өзін жамандағандармен өштесіп, ұзақ жылға жалғасатын дауға айналдырмағанына, өзіне қарсы келгендерді кешіруде өзгелерге үлгі болғанын көреміз. Бір күні жиені хазірет Уруәнің Хассан ибн Сәбитты жамандағанын естігенде: – Кезінде Расулалланы қорғаған кісіні жаманда- ма 242, – деп ашуланған. Әлдекімдерді сыртынан жамағандарды естігенде, жамандаушыларға кешірім тілеп, «Марқұмдарды тек жақсы қасиетімен еске алыңдар!243 деген хадисті еске салатын. Дін талабын орындауға өте мұқият қарайтын. Бір күні жолда бара жатып алдыңғы жақтан қоңыраудың даусын естіп тоқтай қалды. Қоңырау дауысын жақамайтын. Сол үшін де дереу шапшаң басып, Алла мен елшісі ұнатпайтын осы дауыстан алыстап, естімеу үшін жүрісін тездетті244. Үйінде өзімен бірге тұратын жетімдер бар еді. Бір күні солардың бірі үйге бір нарды сияқты ойын әкелгенін естіді. Ашуланғанын білдіріп оларға: – Не бұл ойын үйде тұрмасын, не сендер бұл үйде тұрмаңдар!245 – деді. 242 Мүслим, Фадаилус сахаба 155 (2488) 243 Әбу Дәуіт әт-Таялиси, Мүснәд 1\\209 (1494); Табарани, әл-Мұғжамул әбсат 3\\154 (2770) 244 Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\152 245 Бұхари, әл-Әдәбул Мұфрад 1\\435 (1274); Байһақи, Сүнән 10\\216; Шуабул Иман 5\\239 (6505); Ибн Абдулбарр, Тәмһид 13\\178 147

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Көрген түстеріне алаңдаушылық танытатын. Кейде жаман түс көрсе, дереу садақа таратып, кейде сол үшін құл азат ететін246. Негізі сәл бір келеңсіз жағдай болса, дереу құл азат етуді өзіне әдетке айналдырған болатын. Араға әлдекімдер араласып, бір уәдесін орындамағаны үшін қырық құлды азат еткен, бірақ сонда да өзін кешірмей жасаған осы ісіне өмір бойы өкініп көзіне жас алған247. Қасында Тәмим тайпасынан бір күң болатын. Бір күні Расулалладан бұл тайпаның хазірет Исмаилдың тегінен шыққан естіді. Мұны ести сала жаңағы күңді азат етті248. Тағы бірде науқастанып қалып, Зәт тайпасынан бір кісіден жөн сұрады. Анамызға келген ол кісі жын- дарды меңзеп: – Жындар құшағында баласы бар бір күңнің сиқыр жасағанын, дәл қазір қолындағы баласы күңнің үстіне сиіп қойғанын айтуда соны тауып әкеліңдер, – деді. Әлгі күңді іздеп тауып әкелгенде одан: – Сен маған сиқыр жасадың ба? – деп сұрады. Барлығы өзіне тесіле қарап тұрғандықтан күң: – Иә, – деп, өзінің сиқыр жасағанын мойындады. – Не үшін? – Азаттық алғым келді. Айша анамыз оған өзі қайтыс болған күні ғана азаттық берілетінін айтқан 246 Қараңыз: Хәйсәми, Мәжмауз зәуәид 1\\484 (419); Құртуби, әл-Жами 1\\317; Ибн әби Шәйба, Мұсаннаф 6\\182 (30514); Ибн Абдулбәрр, Тәмһид 11\\118; Әбу Нуайм, Хилиятул әулия 2\\49 247 Бұхари, Мәнәқиб 2 (3314); Әдәб 62 (5725); Табарани, әл-Мұғжамул кәбир 20\\21 (24) 248 Бұхари, Итық 13 (2405) 148

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша екен. Күң сол мақсатына жету үшін дұғалатыпты. Анамыз ашуланып: – Ант етемін, сені ешқашан азат етпеймін, – деді. Сөйтті де, оны басқа біреуге сатып, орнына басқа күң сатып алып, соны азат етті249. Оның бұл мәселедегі жомарттығын барша жұрт білетін. Анамыздың азат еткен құлдарының саны алпыс жетіге жеткен250. Барлық адаммен бірдей сөйлесетін, ешбірін бөліп- жармайтын. Бір күні өзіне келіп, тамақ сұраған бір кісіге кесеге салып нан берді. Ол кеткеннен кейін ақыл-есі кемістеу бір кедей тағы келді. Анамыз оны қасына шақырып, қолындағы тамағынан беріп қарнын тойдырды. Кедей кеткеннен кейін қасындағылар неге бұлай жасағанын сұрады. Сонда: – Расулалланың «Әркімге жағдайына қарай сыпайылық танытыңдар» дегені бар. Бұның мәнісі сол251 – деп түсіндірді. Әрдайым қанағатты ұстанып, ешкімге масыл болғысы келмейтін. Қолындағысын үнемдеп, ысырапқа жол бермейтін. Қасындағыларды да солай тәрбиеледі. Жұпыны өмір сүргеніне еш өкінген емес, керісінше өз еркімен осыны қалап, көбіне ақыретті ойлайтын. Бұл таңдау тек жоқшылықтан туындаған жоқ, қолында бар кездерде де осы әдетінен танбады. Хазірет Омар өзіне бір кесе алтын жіберген кезде 249 Бұхари, әл-Әдәбул Мүфрад 1\\68 (162); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\40 (24172); Хаким, Мүстадрак 4\\244 (7516); Байһақи, Сүнән 8\\137; Дарақутни, Сүнән 4\\140 (53) 250 Санани, Субус сәләм 4\\139 251 Әбу Дәуіт, Әдәб 23 (4842) 149

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша көңілі босап, алтынды дереу қасындағыларға тара- тып жіберді. Тіпті, енді бұндай алтын келмесе екен деп тілеген252. Шәкіртінің бірі Айша бинт Талха былай дейді: – Айшамен жақын араластығымызға байланы- сты әркімдер хат жазып, кейде көмек ретінде тарту- таралғылар жіберетін. Мен: – Әпке! Мынау пәленшенің хаты, мынау сыйлығы, – деп заттарды бергенімде, маған: – Қызым, жауап ретінде оған былай деп хат жаз, сыйлық қоса жібер. Егер беретін ештеңең болмаса, мен саған беремін253, – деп өзі беретін. Өте жігерлі еді. Оны қасындағы адамдар да, болып жатқан оқиғалар да бет алған бағытынан өзгерте алмайтын. Әрдайым көздеген жоспарын орындап, өзіне тиіскен, жақындарына қысым жасағандарға әділ түрде сазайын беретін254. Өйткені, басқалардың жасаған жамандықтары мүминді қасиетсіз тірлікке итермелемеуі керектігін жақсы білетін. Сондықтан әрбір мүмин үшін жақсылықты қолдайтын255. Ешқашан кеудесін керіп, өркөкіректенбеген. Табиғиндердің үлкен имамы Мәсруқ Расулалла қайтыс болғанда, анамызға көңіл айта барғанын былай әңгімелеген: – Көңіл айта барғанымда, алдыма ас қойды. Көңілі босап: 252 Қараңыз: Хаким, Мүстадрак 4\\9 (6725); Зәһәби, Сиәр 2\\190 253 Бұхари, әл-Әдәбул муфрад 1\\382 (1118) 254 Қараңыз: Мүслим, 19 (1828), Ибн Хиббан, Сахих 2\\313 (553) 255 Қараңыз: Фұрқан, 25\\72 150


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook