Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Хазрет Айша

Хазрет Айша

Published by Макпал Аусадыкова, 2021-07-28 08:03:26

Description: Хазрет Айша

Search

Read the Text Version

Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі Ибн Сәбә мен адамдары Айша анамызды аңдып, мінген күймесіне оқ жаудырды. мүминдердің анасын өлтірмекке әрекет жасады. Анамыз: – Алла! Алла! Алладан қорқыңдар! Ертеңгі есеп күнін ойлаңдар, – деді, бірақ оны естіген адам болмады. Хазірет Әлидің жүрегі аузына тығылды. Түйенің үстінде ашық нысанаға айналған анамызды құтқару үшін оның мінген түйесін шөктіру керек. Тез жетіп келіп, түйенің аяғын қылышпен ұрып, түйені құлатып, анамызды құтқарды. Оның мінген күймесіне сырттай оқтар қадалып жатты. Сол күні анамызды қорғау үшін жетпіс адам шейіт болды. Бір кезде Аммар ибн Ясир мен бауыры Мұхаммед ибни Әби Бәкір келіп, оны күймесінен шығарып алды. Осы кезде бауырының қолы анамыздың арқасына тиді. Дереу артына жалт қарап, өліммен бітпе-бет тұрған сәтінің өзінде: – Бұл кім? Тарт қолыңды. Өйткені, бүгінге дейін маған расулалланың қолынан басқа ешкімнің қолы тиген жоқ!474 – деді. Бауырының қолы еді. Алайда бауырына деген реніші әлі басылмапты. Сондықтан оны көріп: – Сен бе едің, көксоққан? – деді475. Хазірет Әли келіп: – Қалайсыз, шешей? – деп сұрады. Адамдарына бұйырып, анамызға сенімді жерден шатыр тіктірді. – Әлхәмдулилләһ, жақсымын, – деді Айша анамыз. Хазірет Әли: 474 Табари, Тарих 3\\55 475 Табари, Тарих 3\\55 301

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша – Алла сізге кешіріммен қарасын, – деп дұға ет- кенде ол да: – Саған да, – деп жауап қайтарды. Хазірет Әли үлкен қатерді мойнына алған еді. Өйткені, бұл барлық нәрсеге бас тігу деген сөз. Өйткені, ибн Сәбә мен жақтастарының нысанасындағы адамдардың басында сол тұрғаны күмәнсіз еді. Алайда, басқаша түрде бұл қателікті шешу де мүмкін емес болатын. Қылышпен шешілетін мәселе жоқ. Бұл жерде сөздің күштілігіне деген қажеттілік бар еді. Сөзді түсінетіндерге айту арқылы бұл қақтығысты тоқтатуды сынап көрді. Келіп, әуелі алғашқы күннен осы кезге дейін бірге күрескен хазірет Талха мен Зүбәйрге: – Талха! Зүбәйр! – деп дауыстады. Олар да текті адамдар еді. Халифа шақырғанда қарап тұра алмас. Екеуі де саптың арасынан суыры- лып алға шықты. Әуелі: – Талха, сен өз бала-шағаң үйде отырғанда расулалланың отбасын қасыңа ертіп соғысуға қалай дәтің барды? – деді. Ашынған достың сөзі еді бұл. Кейде достың сөзі ащы болады. Алайда, мұндай ақиқат сөзге не деуге болады! Сосын: – Сен, ей, Зүбәйр! Есіңде ме, бір күні менің расулаллаға келе жатқанымды көріп, жымиған едің. Сонда мені меңзеп расулалла саған: – Алиды жақсы көресің бе? – деп сұрағанда, сен: – Иә, – дедің. Сонда саған: 302

Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі – Қиянат жасап, бір күні сен Алиге қарсы соғысасың, – деп ескертті. Шынында да хазірет Зүбәйрдің есіне түсті. Халифа хазірет Әли қаруларды түсірту үшін сөзге жүгінгендей. Бұны естігенде хазірет Зүбәйрдің іші де әлем-жәлем болып: – Дұрыс айтасың. Шынында да ұмытқан жайтты есіме түсірдің, – деді. Сосын қылышын жерге тастап, соғыс алаңынан кетіп қалды. Хазірет Талха да солай жасады. Майданға келу оңай, алайда, одан кету оңай емес. Өйткені, тағдыр екеуіне де жазылған үкімін орындаған еді. Торуылдап жүргендер өкінішпен кері қайтқан хазірет Зүбәйрді сол жерде шейіт етті476. Хазірет Талхаға да оқ тиіп, ажал құштырды. Екеуінің кері қайтуы әлдекімдерге ұнамай қалғаны түсінікті болды. Айша анамыз бәрін көріп тұрды. Хазірет Талха да, Зүбәйр де енді жоқ. Бұл жерде бір ойынның бар екенін байқаған барлығы Айша анамыздың айнала- сына жиналып, енді не істеу керектігін ақылдасты. Көп өтпей халифа хазірет Әли Айша анамыздың бауыры Мұхаммедті қасына шақырды. Анамыз үшін сенімді бір жерді дайындаған еді, бауыры арқылы хабар жіберіп оны да шақырды. Анамызды ол да қатты құрметтейтін. Меккеге не Мәдинаға кері қайту туралы пікірін сұрады. Қауіпсіз әрі сенімді түрде бара алатынын, ешкімнің өзіне залал келтіре алмайтынын білдірді. 476 Табари, Тарих 3\\55 303

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Кейіннен тағы да Айша анамыздың жанына келген хазірет Әли жолға қажетті барлық жағдайды дайындап, анамызды Меккеге шығарып салды. Тіпті, бұл үшін Басраның қырық әйелін қосып, өзін жалғыз сезінбеуі үшін жол барысында анамызға серік болуды тапсырды. Үсті-үстіне ауыр жағдайлар орын алғанына қарамастан, екі жақ та турашылдықтан таймады. Бірақ жағдайлар әділетпен басқаруды қиындатты. Мыңдаған адам шейіт болған мұндай кезеңде өлшемді түрде әрекет ету мүмкін емес еді. Алайда, анамыз да, хазірет Әли де бұл ұйыққа түспеу керектігін іс жүзінде көрсетіп, басқа адамдарға үлгі бола білді. Сол күні қоштасатын сәт келгенде анамыз айналасындағыларға: – Балаларым! Өкінішке орай, біразымыз біразымызды қинадық, қайғылы оқиғалар орын алды, біраз шаршадық. Осы жасалғандарға бай- ланысты және бұдан кейін де басқалардың айтқан жалған сөздеріне еріп, ешкім ешкімге жаман көзбен қарамасын! Кешеден бүгінге дейін Әлимен арамда бір әйел мен қайнысы арасындағы мәселеден басқа мәселе болған жоқ. Кейбір қиындықтарды шексем де мен оның тек жақсылығын қалаймын477. Бұл Айша анамыздың ұлылығын көрсететін сөздер еді. Өйткені, хазірет Әлидің расулалла үшін орны айрықша екенін жақсы білетін. Бірнеше жыл бұрын жалаға ұшырағанында сол жалаға сеніп, өзін өсекке таңған Хассан ибн Сәбитке шаң қондырмаған 477 Табари, Тарих 3\\60-61 304

Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі анамыз осы жерде де сол әдебін көрсетті. Бұл оқиғаны одан да үлкейткісі келгендердің мысын басты. Бұларды естігенде хазірет Әли де әсерленді. Қанша дегенмен расулалланың пайғамбарлық мектебінен сабақ алған мұғаліммен сөйлесіп тұр еді. Ол да қиналды. Келісімді қамтамасыз ету үшін ең жақындарынан мыңдаған адамы шейіт болған еді. Жүрегіндегі жараға дауа болатын сөздерге: – Рас айтады, жақсы айтты, – деді. Жараны жазудың ең жақсы жолы еді бұл. Негізінде тағы сол жерден жараланбау үшін айналасындағыларды жұбату керек еді. Анамыздың сөзіне қарап, былай деді: – Рас, арамызда болар-болмас қана мәселе бар. Айша анамыз – дүние мен ақыретте Нәбидің ең сүйікті әйелі!478 Бір сенбі күні қайтадан сапар басталады. Бұл са- парда анамызды шығарып салуға барғандарды хазірет Әли де бастады. Балаларын да ертіп, біраз уақыт бірге жүруді ескертті. Анамыз Меккеге бағыт алды. Барып, қажылық маусымына дейін сол жерде болуды ойлады. Ондаған жылға бірден қартайғандай. Болған ащы оқиғалардан қатты қиналып, көпшіліктің талабына келіскеніне қатты өкінді: – Қап, өз тілімен тәсбих айтып, міндетін орындаған ағаш, әттең тас немесе бір кірпіш 478 Табари, Тарих 3\\61. Бірнеше жылдан кейін хазірет Әлидің сапындағы біреумен кездескенінде, сол күнге қатысты біраз сұрақтар қойып, алған жауаптарына жылайды. Қараңыз: Табари, Тарих 3\\47, 48 305

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша болғанымда ғой! Әттең, жиырма жыл бұрын өлгенімде ғой!479 Расулулланың құзырына баруға да тартына- тындай. Кешегіге дейін Алла расулының жанында жерленуді көздеген болса, енді: – Расулалладан кейін мен қандай жаман істерге араластым, – деп өзін пайғамбарымыздың басқа әйелдері секілді Жәннәтул Бақиға көмуді өсиет етті480. Намаздарында немесе Құран оқығанда әсіресе пайғамбарымыздың әйелдеріне бағытталған «Үйлеріңде отырыңдар!» (Ахзаб, 33\\31) деген аятқа келген кезде кідіріп, көзінен моншақтап жас төгілетін481. Бір күні жанына Уқба ибни Сахбан келді. «Құлдарымыздың бірі өзіне кесір жасайды. Бірі орта жолды ұстайды. Бірі Алланың рұқсатымен жақсылық жасауда алға шығады. Міне, үлкен жақсылық осы» (Фатыр, 35\\32) деген аяттың қандай мағынаға келетінін сұрап, одан бұның тәпсірін үйренгісі келетінін айтады: – Балам, бұлардың барлығы да жұмақтықтар. Жақсылықта алға шыққандар расулалла кезеңінде бірге өмір сүргендер, орта жолды ұстанғандар солардың артынан жүріп, осы антпен пайғамбармен 479 Анамыздың осы мәселеде және әртүрлі уақыт пен орындарда айтқан сөздерін жинақтап беруді жөн таптық. Қараңыз: Ибн Әби Шәйба, Мұсаннаф 7\\544 (37818), Ибн Сағд, Табақат 8\\73, 74 480 Бұхари, Жәнәиз 94 (1327), Иғтисам, 16 (6896), Хаким, Мүстадрак 4\\7 (6717) 481 Ибн Сағд, Табақат 8\\80, Әбу Нуайм, Хиллиятул әулия2\\49 306

Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі қауышқандар. Өзіне кесір тигізгендерге келетін болсақ, олар сендер мен мен сияқтылар!482 Келеңсіз оқиға орын алып, олар енді артта қалған еді. Барлық мүминдер секілді анамыз да мұңға батты. Алайда, бұл өткенді қайтара алмайды. Олар кешегі бастан өткендері мен үкімді байланыстырмайды. Сыйластықтарын бұрынғыдай жалғастырды. Хазірет Әли шеше алмаған мәселесінде Айша анамызға жүгінсе, бір мәселеде сенімсіздеу болғанда Айша анамыздың да хазірет Әлиге жүгінгеніне куә бола- мыз483. Сахабалар үшін білмегенін үйрену үлкен бақыт болатын. Қателіктерін түзетіп, дұрыс сөзге тоқтай білетін. Өзінің білетініне қайшы нәрсе айтқандарға ренжу немесе сонымен араздасу деген болмайтын. Олар өмірін ақиқатты ғана айшықтауға арнаған адам- дар секілді еді. Алайда, бүлікке жол ашылып, ел ішінде тыныштықты бұзуға бағытталған астарсыз, негізсіз сөздер де тарады. Солардың бірі хазірет Әлиге қатысты еді. Олар қайтыс болмай тұрып расулалланың Алиді халифа ретінде ұсынғанын айтқан еді. Мұны ести сала анамыз олардың меселін қайтарардай етіп: – Бұл өсиетті оған қай кезде айтыпты? Қайтыс боларында расулалланың басы менің кеудемде еді. Менен бір ыдыс сұрады, содан кейін жан тапсырды. Ол кезде қасында мен болдым, Алиге қай кезде өсиет етіпті? – деді484. 482 Хаким, Мүстадрак 2\\462 (3593), Хәйсәми, Мәжмәуз зәуәид 7\\96; Таба- рани, әл-Мұғжамул әбсад 6\\167 (6094), Таялиси, Мүснад 1\\209 (1489) 483 Тақырыпқа қатысты әртүрлі мысалдар еңбектің соңында «Айша анамыз және хазірет Әли» деген тақырыпта берілген. 484 Бұхари, Уасая, 1 (2590); Мүслим, Уасия 19 (1636) 307

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Хазірет Мұғауия (р.а.) Халифа хазірет Әли де шейіт етіліп, халифалық хазірет Мұғауияның қолына өтті. Қайғылы жағдайлар бірінен кейін бірі орын алып жатты. Бұл жағдайларға қатты қайғырса да Айша анамыздың қолынан ештеңе келмеді. Әсіресе, Жәмәл күнгі оқиғадан кейін тіпті аяқ-қолы маталғандай болды. Сондай оқиға қайталанбауы үшін үлкен сабақ ұқтырды. Сол үшін өзінен медет сұрап келгендерді жұбатуға тырысып, сақ болуға шақырды. Терең үнсіздікке батып, дүниеден баз кешіп, толығымен ақыретке бағытталып өмір сүргісі келгендей. Құлшылыққа беріліп, ғылымнан тыс мәселеге уақыт бөлгісі келмеді. Осы тұрғыдан келгенде, ол ілім сұрап келушілерді сәулелендіретін күнге айналғандай. Алайда, ащы хабарлар үзілмеді. Пайғамбарымыздың жақсы көрген немересі хазірет Хасан да шейіт етілді. Ең соңғы тілегі пайғамбарымыздың жанындағы бос жерге жерлен- сем дейтін. Бір күні бауыры хазірет Хусейнді ертіп, Айша анамызды меңзеп, былай деген: – Егер мен өлсем, оған барып, мені расулалланың қасындағы бос жерге көмуге рұқсат сұра. Рұқсат берсе, сол бос орынға мені көмерсің. Бірақ басқа адам- дар бұған көне қомас. Егер осындай қарсылық туып, бүлік шығатын болса, онда мені мұсылмандардың ма- заратына жерле! Ағасы Хасанның соңғы өсиетін орындау үшін сол күні хазірет Хусейн әрекетке кіріскенде, Мәдина әкімі Мәруан ибн Хакам қарсылық танытты. Бірақ бұл 308

Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі тілекті Айша анамыз қабылдады. Хазірет Хусейннің маңайына жиналғандар мен әкімнің арасында үлкен дау шыққалы тұр еді. Осы кезде араға Әбу Хұрайра секілді беделді кісілер араласып, хазірет Хасанның өсиетіндегі «бүлік шығармау» сөзімен оны Жәннәтул Бақиға жерлеуге шешім қабылдады. Расулалла бауы- рына басып өсірген хазірет Хасан анасы Фатиманың (р.а.) қасында жататын болды485. Бір күні Ирак жерінен Абдулла ибни Шәддад деген біреу анамызға келіп, сұрақтарына жауап алып, бата- сын алады. Анамыздың да одан сұрамағы бар бола- тын. Өйткені халифаны солар шейіт еткені есте. Одан: – Абдулла, сенен бір нәрсе сұрасам тек шындықты айтамын деп уәде бере аласың ба? Алла үшін айтшы, олар Әлиді не үшін шейіт етті? – Сізге неге шындықты айтпайын? – Олай болса айт! Абдулла ибн Шәддад сөз бастады. Халифаға қарсы шыққандарды басу үшін хазірет Әлидің сөзбен түсіндіргенін, бірақ жұрттың оны тыңдағамағанын айтты. Әсіресе төреші тағайындауды негізге алып, халифалық орынға қарсы қалай науқан жүргізгендерін айтты. Осыған қатысты ерлі-зайыптылардың дүрдараздығын шешу үшін екі тараптың отбасы- нан да бір-бірден төреші сайлануы керектігін айтқан аятты оқығанын, іле «Мұсылман үмбетінің мәселесі ерлі-зайыпты арасындағы мәселеден де маңызды емес пе?» дегенін айтты. Бұған қоса, Хұдайбия күні Сүхәйл ибни Амрмен жасаған келісімшартты 485 Ибн Абдулбәрр, Истиғаб1\\392; Суюти, Тарихул Хулафа1\\170; Ибнуләсир, әл-Камил, әл-Камил фит Тарих 3\\460 309

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша еске түсіргенін, алайда осылардың барлығына қарамастан көтерілісшілердің оны тыңдамағанын білдірді. Ортаны тынышталдыру үшін Абдулла ибн Аббастың жасаған әрекеттерін сөз етті. Бұл әрекеттер бірқатар адамдарға әсер еткенмен жалпы нәтижені өзгертпепті. Осылардың ешбіріне тоқтамай өзіне қарсылық танытқанын көрген хазірет Әлидің «Алла пен расулы шындықты айтады!» деп Құран мен сүннет шеңберінде нық тұрғанын айтты. Соңғы сөз анамызға да ұнап: – Бұдан басқа ештеңе айтпағанына сенімдісің бе? Басқа ештеңе деген жоқ па? – деп сұрады. – Құдайақы бар айтқаны осы ғана, – деп жауап берді Абдулла ибн Шәддад. Сонда Айша анамыз мынаны айтты: – Иә, жақсы-ақ айтыпты. Ақиқаты сол, Алла мен расулы шындықты айтады! Алла Әлиге мейірімімен қарасын! Әрине, Алла мен расулы шындықты айтады! Әсіресе оған ирактықтар қиянат жасап, оны ренжітетін сөздер айтты!486 Бұл кезең жұрттың топ-топқа бөлінген күндері еді. Әсіресе, Мысыр мен Ирак халқы хазірет Осман, Шам халқы хазірет Әлиге қарсы бірігіп, екі халифа туралы жағымсыз сөздер бұрқыратқан болатын. Ха- рижиттер екі халифаға да қарсы ту көтеріп, ауызда- рына келгенін оттады. Харажиттерді алғаш естігенде анамыз жабырқап: 486 Қараңыз: Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 1\\86, 87 (656); Хаким, Мүстадрак 2\\65 (2657); Бәйхақи, Сүнән 8\\180; Мақсиди, әл-Ахадисул мұхтара 2\\223 (605) 310

Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі – Бұларға пайғамбардың жолдастары үшін кешірім тілеу бұйырылды. Істеп жүргендерін қара, сахабалар туралы ауыздарына келгенді оттауда, – деді487. Әсіресе, хазірет Әлиді шейіт еткен және осы шиеленістің бел ортасында жүрген харижиттер- ге қатты ренжіді. Харура деген жерге жиналып біріккендіктен, оларды «Харурилер» деп атап, өздерінен басқа ешкімді мұсылман деп санамай- тын дөрекі түсініктерін айыптаудан тартынбай- тын. Бір күні бір әйел келіп, «Хайыз күндері намаз оқысам бола ма?» – деп сұрады. Осыған дейінгі істегендеріне қарасаң, бұл орынсыз сұрақ еді. Хайыз күндері әйелдердің намаз оқымайтыны онсыз да белгілі. Хайыз күндері де намаз оқуға берілген бұл адамдардың өздері секілді ойламаған хазірет Әли секілді қаншама ірі тұлғаларды шейіт етуі қақтығыс туындатқан еді. Міне осы санасыздықты көрсету мақсатында анамыз оған: – Әлде сен де харурисің бе? – деді488. Алдыңғы халифалар секілді хазірет Мұғауия да анамызды қатты құрметтеді. Қадірлеп, жағдайын сұрап сұратын. Қиын мәселелерге кезіксе, ақыл сұрайтын. Сәті түскенде сыйлықтар жіберетін. Қысқасы, көңілін аулап қолынан келгеннің бәрін жа- сайтын. 487 Мүслим, Тәфсир, 15 (3022) 488 Бұхари, Хайз 20 (315); Мүслим, Хайз 67 (335); Әбу Дәуіт, Таһара 105 (262), Тирмизи, Таһара 97 (130) 311

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Айша анамыз кімнен келсе де сыйлықты басқаларға таратып беріп, қолындағы барымен қарапайым өмір сүретін. Бұл бір ерекшелігі еді. Бір күні халифаның адамдары келіп, хазірет Мұғауияның сыйлық жібергенін айтты. Арасында киім, күміс, т.б. заттар бар екен. Бөлмесінен шығып, елшілерге қарап тұрып, жылап жіберді. Есіне ескі күндер түссе керек. Бәсең дауыспен әлдене деді. Қасында тұрғандар оның: – Расулалла бұлардың ешқайсысына қол тигізбейтін, – дегенін естіді. Сосын қасындағыларға қарап, бұл сыйлықтың барлығын мұқтаждарға та- ратуды тапсырды. Сол күні кешке дейін хазірет Мұғауияның жіберген сыйлығынан ештеңе қалмады. Халифа бір күні анамызға хат жіберіп, өзіне наси- хат айтуын сұрады. Жауап хатта ол былай деді: – Алланың сәлемі жаусын! Сөздің қысқасы, мен расулалланың «Жұрттың наразылығына қарамастан кімде-кім Алланың разылығын көздесе, Алла оны адамдардан келетін қиындықтардан қорғайды. Кімде-кім Алланың азабын назарға алмай, тек адамдарға ұнауды көздесе, бұл жағдайда Алла оған ашумен қарап, оны адамдармен жеке қалдырып, солардың қиындығына душар етеді!» дегенін естідім. Уәссәләму аләйк!489 Хазірет Айша өзіне осыншалықты құрмет көрсетіп, үнемі жақсылық жасайтын халифа хазірет Мұғауияның да қателескен тұстарын жасқанбай жеткізетін. Мысалы, Жәмәл оқиғасынан кейінгі топ- 489 Тирмизи, Зүхд 64 (2414); Исхақ ибн Рахуа, Мүснад 2\\600 (1175); Ибн Хиббан, Сахих 1\\510 (276) 312

Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі тасып бөлінулерде хазірет Әлиді жақтаған. Хазірет Мұғауияға жамандап, бірқатар оқиға нәтижесінде шейіт етілген Хужр ибн Адый мен жеті жолдасының өлтірілуіне қарсы шыққан. Абдуррахман ибн Харис арқылы хат жіберіп: – Егер сөзімізді қадірлесең әрі күшіміз жетсе, Хужрды өлтіруге жол бергіміз жоқ еді. Өйткені, біз үшін бұл ауыр сынақ, – деп, ниетінен бас тарту- ын талап еткен. Алайда, оның бұл әрекеттері Хужр мен жолдастарын құтқара алмады. Абдуррахман әлі жетпей тұрып олардың шейіт болғаны туралы хабар естиді. Халифаның алдына барғанда: – Әбу Суфиянның жұмсақтығы мен мейірімділігі қайда, сен қайда?! – деп, әкесімен арасындағы айырмашылықты білдірмек болады. Хабарды естігенде бәрі кеш еді. Кешігіп қалғанына қынжылған Айша анамыз Хужрды ақтап, ол туралы айналасындағыларға жақсы сөздерін айтады. Біраз уақыттан соң халифа хазірет Мұғауия да Меккеге келіп қажылық ғибадатын атқарады. Осы арада анамыздың көңілін сұрауға да келеді. Айша анамыз дереу Хужрды еске салып: – Мұғауия, Хужр мен жолдастарын өлтіргенде Алладан еш қорықпадың ба? Хужрға неге жаның ашымады? – дейді. Хазірет Мұғауия өкінген күйде: – Оларды мен өлтірген жоқпын, – деді. Алайда, бұл сөз анамызды жұбатқан жоқ. Өйткені, ол кезде халифа Мұғауия болатын әрі бұл қылмыс соның 313

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша қарамағындағы жерде жасалды. Бұл жауапкершілікті ол да сезінетін, сол ауырлықты сезінген түрде: – Жағдайды бұл жерде шеше алмаймыз, ақыретке қалдырсақ қайтеді? – деді. Бұл сөзінен оқиғаны хазірет Мұғауияның да үлкен сынақ ретінде қабылдағаны аңғарылды. Өмір бойы осы уайыммен өмір сүрді. Жылдар өтіп, ажал белгілері өзіне біліне бастағанда сол сезіммен Хужрды меңзеп: – Сенің сол күнің мен үшін ұзаққа созылды, – деген490. Анамыздың әрбір мәселені қалт жібермей қадағалап, ешбір оқиғаға енжарлық танытпайтынын көрсететін мысалдар тек осы ғана емес. Мәдинада Яхия ибни Саид ибн Ас Абдуррахман ибн Хакамның қызымен ажырасады. Ибн Хакам болса осы күту мерзімі (идда)491 бітпей жатып қызының иддасы аяқталған әйелдей жүріп-тұруына рұқсат берді. Мұны естіп ашуланған Айша анамыз сол күні халифа Мұғауияның Мәдинадағы әкімі болған Мәруан ибн Хакамға хабар жіберіп: – Алладан қорық, қызыңды тым еркінсітпе, – дейді. Анамыздың бұйрығына Мәруан жауап ретінде: 490 Әртүрлі риуаяттар жинақталып берілген. Бұл оқиғаның Айша анамыз бен хазірет Әли арасында болғандығы туралы айтылатын салқындықты іс жүзінде терістейтін мәнде екенін тағы да ескерте кетейік. Тақырыпқа қатысты кең мәлімет еңбектің соңында «Хазірет Әли және Айша анамыз» деген тақырыпта берілген. Қараңыз: Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 4\\92 (16878). Толық мәлімет үшін қараңыз: Табари, Тарих 3\\220, 232; Ибн Абдулбәрр, Истиғаб1\\332 491 Ажырасқан әйелдің құрсағында шарананың бар-жоғын анықтауға байланысты, екінші бір ер кісіге тұрмысқа шыққанға дейін күтетін 4 ай 10 күндік идда, яғни, күту мерзімі бар екені белгілі. 314

Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі – Сірә, Фатима бинти Қайстың492 басынан өткенінен хабарың жоқ секілді ғой, – дейді. Сонда хазірет Айша Мәруанға: – Фатиманың жағдайымен бұны салыстырма. Оны қазір айтудың еш реті жоқ. Ол күні Фатима бинти Қайс қиын жағдайда болғандықтан, расулалла оған иддасын басқа үйде толықтыруға рұқсат берген болатын493, – деп жауап берді. Анамыз пайғамбарымыздың заманында жүзеге асырылып келген кейбір үкімдердің ұмытылып бара жатқанын естеріне салып, істің ақ-қарасын ажыратып беретін. Бір күні Ақиқ деген жерде қайтыс болған сахаба Сағд ибн Әбу Уаққасты Мәдинаға алып келеді де, мәйітті пайғамбар мешітіне әкелу туралы өзара кеңесе бастайды. Мәселенің мән- жайына қаныққан Айша анамыз да солай болғанын жөн санады. Алайда, кейбір мұсылмандар бұған қарсылық таны- тып, мәйітті мешітке кіргізудің дұрыс болмайтынын айтады. Сонда хазірет Айша: – Апыр-ай, адамдар қалайша тез ұмытады десеңші?! Расулалла Сухайл ибни Бәйдаға оқылған жаназаны мешітте атқармап па еді? – дейді494. 492 Фатима бинти Қайс – алғашқы мұхажырлардың бірі. Күйеуі Әбу Хафс ибн Мұғира одан ажыраған соң Алла расулы күту мерзімін Абдуллаһ ибн Үммү Мәктумның үйінде өткізуді айтқан. Ибнул Әсир, Усудул ғаба 7\\224 493 Бұхари, Талақ 39 (5015, 5017), Мүслим, Талақ 52 (1481); Әбу Дәуіт, Талақ 40 (2292) 494 Мүслим, Жәнәиз 99 (973); Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\79 (24542, 24543); 6\\169 (25396) Бәйһақи, Сүнән 4\\51 (6825) 315

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Тағы бірде сахабалар пайғамбарымыздың қанша рет ұмра жасағанын сөз етіп, өзара даурығады. Іле Абдулла ибн Омардан: Расулалла қанша рет ұмра жасады? – деп сұрайды. Сонда Абдулла ибн Омар: – Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) төрт рет ұмра жасаған болса, олардың бірін Ережеп айында атқарды, – деген жауап берді. Бірақ олар жауапқа қанағаттанбайды. Хазірет Уруа Айша анамызға барып: – Уа, мүминдердің анасы! Әбу Абдуррахман расулалланың төрт рет ұмра жасағанын, олардың бірі Ережеп айында болған дейді, – дегенде, мынандай жауап естиді: – Әбу Абдуррахманға Алла рақым етсін! Алайда расулалла 4 рет ұмра қажылығын атқарғаныменен Ережеп айында ұмра жасаған жоқ!495 Бір күні екінті намазын оқып болған соң Абдул- ла ибни Зүбәйр қайтадан намазға тұрды. Бұл халифа хазірет Мұғауияға жат іс болып көрінді де Абдулла ибн Аббастан Ибн Зүбәйр оқыған екі рәкат намазының не екенін сұрады. Сонда Ибн Аббас «Бидғат! Оны жасаған адам бидғатшы!» деп жауап берді. Намазын бітірген соң хазірет Абдулла оларға: – Мен бидғат шығарған жоқпын! Мұндай намаздың оқылуы дұрыс екенін маған нағашы әпкем Айша айтты! – дейді. 495 Бұхари, Мәғази 41 (4007); Мүслим, Хажж 219 (1255) 316

Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі Сахабалар пайғамбарымыздан екінтіден кейін намаз оқуды көрмегендіктен, бұл мәселені анықтау үшін дереу анамызға хабар жіберді. Сонда Айша: – Абдулла дұрыс айтыпты! Маған бұл намаз жайлы кезінде Үммү Сәләмә хабар берген!496 – дейді. Олар енді Үммү Сәләма анамызға жүгініп: «Айша осындай хабар естігенін айтып жатыр» дегенде, Үммү Сәләма: – Айша дұрыс айтады! Бір күні расулалла үйге келіп, екінтіден кейін тағы намаз оқи бастады. Артына ұйып, мен де бірге оқыдым. Сәлем берген соң маған: – Саған не болды? – деді. – Уа, нәбиулла! Сіздің намаз оқығаныңызды көрген соң мен де оқығым келді, – дедім. Сонда маған: – Алыс елдерден келген біраз кісілер өз қауымдарына дін үйрету мәселесінде мені ұстап қалғандықтан, бесін намазының соңғы екі рәкат сүннетін оқи алмаған едім, бұл сол намаз ғой,497 – деді. Мәдинаға келген Сағд ибни Хишам Абдулла ибни Аббастан расулалланың Үтір намазын қалай оқығанын сұрайды. Ибни Аббас оған: 496 Намаздыгер намазының парызынан кейін екі рекат намаз оқу туралы сұрақ қойған жиені хазірет Уруаға Айша анамыздың «Бауырымның баласы! Менің қасымда расулалла намаздыгерден кейінгі екі сәждесін ешқашан тастаған емес» деп жауап бергені де айтылады. Қараңыз: Табарани, әл-Мұғжамул әбсад 4\\255 497 Бұхари, Сәху 8 (1176); Мәғази 65 (4112); Әбу Дәуіт, Салат 298 (1273). Кейбір риуаяттарда пайғамбарымыз айналысқан мәселенің екі Сағдақа қызметкерімен болғаны және сырттан келген осы заттарға байланысты аталмыш намаздарын оқи алмағаны айтылады. Қараңыз: Тирмизи, Салат 135 (184), Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\125 (24989) 317

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша – Жер бетінде расулалланың Үтір намазын қалай оқығанын ең жақсы білетін адамды айтайын ба? – дегенде ол тезірек білгісі келіп қуанып кетті: Сонда Ибн Аббас: – Ол – Айша. Барып үтір намазы жайлы жақсылап сұрап, кейін келіп жауабын маған да айт, – деді. Ибн Аббастың жол көрсетуімен Сағд ибн Хишам қасына Ибн Әфлахты ертіп, анамызға барады да: – Уа, мүминдердің анасы! Маған Алла елшісінің Үтір намазды қалай оқығанын айтып бересің бе? – дейді. Сонда: – Біз қас қарайған шақта расулалланың ми- суагы мен дәрет алатын суын дайындайтынбыз. Түннің біраз уақыты өткен соң тұрып, тісін мису- акпен тазалап, асықпай дәрет алатын. Сосын сегіз рәкат намаз оқитын. Сегізінші рәкаттан кейін біраз уақыт Алланы зікір етіп, дұға оқып отыратын. Сосын қайтадан тұрып, бір ракағат намаз оқып, сосын бізге естілетіндей етіп сәлем беретін. Артынша отырған жерінде екі рәкат тағы оқитын. Балам, оның түнде оқитын намаздарының саны он бір ракат болатын498. Алайда, біраз қартайған соң бұл жетіге дейін азайды. 7 ракат намаз оқып сәлем бергеннен кейін екі ракатты 498 Басқа риуаятарда бұл санның жалпы 13 болғанын байқаймыз. Айырмашылықтың себебі ретінде Алла расулы ауырған кездерде бұл намаздардың арасын бөліп оқығандағы, кей түндері ауруы асқынған кездерде рәкаттарда өзгерту жасауға болатынын, ұзақ оқитын осы намаздарында рәкаттарды санауда сахабалардың әр уақытта бірдей мұқияттылық танытпауы сияқты жайттар көрсетіледі. Бұл жағдайда пайғамбарымыздың түнде оқыған сегіз рәкаттық намазы – өзі үшін парыз болған Тәһәжжүд, ал одан кейін оқыған үш рекат намаз үтір намазы болатын. Одан кейін оқыған екі рекат намазы таң намазының сүннеті болатын. 318

Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі отырып оқуды үзбеді, сонымен түнгі намаздарының саны тоғыз болатын499. Арада біраз жыл өткен соң хазірет Мұғауия қартайып, өзінен кейінгі халифалық міндетті арқалайтын адамды тағайындағысы келді. Таққа өзінің ұлы Язидті лайық көргеніменен, әртүрлі қарсылықтар болатынын сезіп, сақтыққа көшті. Мәруанды Хижаз әкімі етіп тағайындағанда қарсы шыққандар болғаныменен, қолдау көрсеткендер де аз болмады. Бауыры Абдуррахман ибн Әби Бәкір мен Айша анамыз қарсы шыққан сахабалардың қатарында болатын. Бұл мәселеге Мәдина халқының да оң көзбен қарайтынын білдіріп хат жазғанда хазірет Абдуррах- ман қарсы шығып, хазірет Мұғауияның да, Мәдина әкімі Мәруанның да қате жасағанын ашық айтудан тартынбады. Ол: Мұхаммед үмбеті үшін сендер ешқандай қайырлы нәрсені жасайын деп отырған жоқсыңдар! Бұл істерің арқылы сендер дүниеден озған Гераклдің артынан ба- ласын патша еткені сияқты Византиялық патшалықты қиялдайсыңдар, – деп айтып салды. Оның бұл сөздеріне шамданған Мәруан хазірет Абдуррахманды тұтқындауға бұйрық берді. Алайда, ол сәтін тауып Айша анамыздың үйіне қашып кетті. 499 Нәсәи, Қиямул ләйл 2 (1601); Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\53 (24314). Анамыз айтып берген бұл оқиғаның Алла расулының соңғы жылдарында оқыған намаздарына қатысты екендігі байқалады. Өйткені, бұрынғы жылдарында намаздарын отырып оқымайтын, рекаттардың бәрінде ұзақ Құран оқитын. Қартайып ауруы асқына бастағаннан кейін расулалла кей намаздарын отырып оқи бастаған. Тіпті, бұл жерде де басқаша жасайды, отырып оқитындарын оқып, сәждеге баратын кезде қайтадан орнынан тұрып намазын жалғастыратын. 319

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Артынан Мәруан да ентігіп жетіп келіп, хазірет Абдуррахманның сөздерін Құраннан дәлел көрсету арқылы жоққа шығарғысы келді. Болған жағдайларды перденің артында тұрып тыңдаған Айша анамыздың сабыры сарқылып, қатқыл үнмен: – Мәруан, Мәруан! – деп дауыстайды. Мұндайды күтпеген сол жердегілер аңтарылып тұрып қалды. Маруан да Айша анамыздың не айтқысы келгеніне көңіл бөліп, үнсіз тыңдап тұрып қалады. Сонда Айша: – Бұл аяттың Абдуррахман туралы келгенін айтқан сен болсаң, оңбай қателескен екенсің. Уаллаһи, бұл аят ол туралы емес, басқа кісіге байланысты түскен. Біз туралы менің абыройымды жариялаған аят қана келді. Байқа, мына түріңмен сен Алланың нәбиінің лағынетінің бір бөлігін арқалап жүрсің бе деп қорқам500, – деген еді. Бұларды құлаққа ілмеген Мұғауия Язидті қайткенде де таққа отырғызу мақсатымен Мәдина халқына қысым жасай бастады. Кісі салып, наразы болған жұртты райынан қайтарып, өзін қолдауға шақырды. Осы мақсатпен анамызға барып, хазірет Хусейн мен жақтастарының үстінен шағым түсірді. Осы арқылы анамыздың жүрегіне жол тауып, қолдауын аламын деп үміттенді. Алайда, Айша анамыз біреудің әділетсіздігіне болыспайтын. Сондықтан да оған қарап: – Естуімше, сен өзіңе қарсы болғандарды «өлтірем» деп қорқытады екенсің, – деп реніш білдірді. Хазірет Мұғауия да әділеттіліктен алыстамағанын білдіріп: 500 Қараңыз: Бұхари, Тәфсирул Құран 318 (4550); әс-Сүнәнул кубра 6\\458 (11491), Хаким, Мүстадрак 4\\528 (8483). Сонымен қатар, қараңыз: Шәләби, Хаяту Айша 214, 215 320

Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі – Уа, мүминдердің анасы! – деп бастады сөзін. – Олар мен үшін де қадірлі адамдар. Алайда, өзім бастап, басқа жұрттар қостап Язидке қол бердік. Осыдан кейін мен енді мұны жоққа шығара алмаймын ғой, – дегеніне қарамастан насихатын жалғастырған анамыз: – Халыққа мейірім мен сүйіспеншілік көрсет. Осылай жасағаныңда ғана олар сенің қалағаныңды орындайтын болады, – деп қаталдық танытудың ақыры нәтижесіз болатынын білдірді. Хазірет Мұғауия сол күні: – Жарайды, онда солай жасаймын, – деп анамызға қарсы сөйлеуге қайраны болмай кері қайтты501. Айша анамыз бұларды айтқаныменен әлі де болса Язидке қол беру ісі толастамады. Онысымен қоймай бауыры Мұхаммед осы бүліктің құрбаны болғандығы жайлы хабар алды. Қанша қынжылғанмен өлген адам қайтып келмейді. Меккеге апарып жерлеген соң, балаларын қасына алып, солармен жұбаныш табуға тырысты. Намаздан кейін дұға жасап қайғылы оқиғаға себеп болғандарды Аллаға тапсырды502. Қайғыдан, жүрегі қан жылап тұрса да Айша анамыз әрдайым шектен шықпай теңдікті ұстай білді. Бір күні оған Абдуррахман ибни Шумасә қай тараптың жақтаушысы боласың дегенді білдіргісі келіп: – Кімдерденсің? – деп сұрайды. Сонда ол кісі: – Қала тұрғындарының бірімін, – дейді. 501 Осы әңгіме барысында бауыры Мұхаммедтің өлімін тілге тиек ет- кен анамыз бұл өлімге қатысы бар екенін айтудан тартынбайды. Қараңыз: Шәләби, Хаяту Айша 217 502 Табари, Тарих 5\\105 321

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша – Мына соңғы қақтығыстарыңнан кейін қожайындарың сендерге қалай қарайды? – дегенде: – Оған қарсы айтатын сөзіміз жоқ. Ол біреудің түйесі өлсе, орнына басқасын береді. Құлы жоққа құл тауып береді. Жоқ-жітікке көмектеседі. Бауырым Мұхаммедке жасағандары әрине өте ауыр тиді. Алайда, Алланың елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) айтқан мына дұғаны мен де қайталаймын. «Алла тағалам! Үмбетімнің ісін мойнына алып әрі олардың ісін қиындатқан адамды сен де қиындықтан көз аштырма! Сондай-ақ, үмбетімнің ісін мойнына алып, олардың ісін жеңілдеткен адамның ісін сен де оңайлат!» деп дұға етті503. Қажылық өтеу үшін Меккеге барған кезінде алғаш болып бауыры Мұхаммедтің қабірін зиярат жасайтын504. Қабірінің басында тұрып, оған Тәмим ибн Нуәйраның сағыныш толы өлеңін оқып, артынан: – Ант етем, оқиға орын алған жерде болғанымда сені бұл жерге емес, қайтыс болған жеріңе көмер едім. Өйткені, сол күні қасыңда болсам, бүгінгідей жыла- мас едім505, – дейді. Халифа ауысқанымен Айшаның әрекеттерінде ешқандай өзгеріс болмады. Хижаз әкімі Абдулла ибн 503 Мүслим, Имара 19 (1828), Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\62 (24382), 6\\93 (24666), 6\\257 (26242), 6\\258 (26255), Нәсәи, Сияр 180 (8873), Ибн Хиббан, Сахих 2\\313 504 Хазірет Әбу Бәкірдің Әсма бинти Умәйстен дүниеге келген баласы Мұхаммед Уәдә қажылығы үшін Меккеге қарай жолға шыққанында Зүл Хуләйфада туылған. Хазірет Османды шәйіт еткендердің ара- сында болып, халифаның «Әкең сені бұлай көрсе еш жақтырмас еді» деген ескертуінен кейін ол жерден кетеді. Жәмәл және Сыффин оқиғаларында хазірет Әлидің қасында болады. 505 Тирмизи, Жәнәиз 61 (1055), Хаким, Мүстадрак 3\\541 (6013), Хәйсәми, Мәжмәуз зәуәид 3\\60; Ибн Әби Шәйба, Мұсаннаф 3\\29 (11811) 322

Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі Зүбәйр Айша анамызға қаншама жағдай жасауға ты- рысып баққанына қарамастан, ол өз қағидаларынан таймай, өзіне әкелінген барлық сый-сияпатты садақа етіп таратып жіберетін. 323



Айша – ғылымның қайнар бұлағы Айша анамыздан білмеген нәрселерін үйренгісі келетіндердің қатарында тек халифалар ғана емес қарапайым адамдар да бар болатын. Өйткені, ол бар- шаны сусындататын ғылым қайнарындай еді. Тіпті, ол кісіге әртүрлі себептермен келе алмағандар басқа біреуден хат жіберу арқылы білетіндерін нақтылап, білмейтіндерін үйреніп, сұрақтарына тұшымды жауап тапқысы келетін. Хазірет Мұғауияның кезінде Басра және Куфа әкімі болған Зияд ибни Әби Суфиян бір күні Айшаға хат жазып, Абдулла ибн Аббастың бір сөзінің дұрыс-бұрыстығын сұрайды. Өйткені, Ибн Аббас қажылыққа бармай, Минаға құрбандық мал жіберген адамның жіберген құрбандықтары шалынғанға дейін ихрамда болатынын айтады. Хатты алып оқи сала Айша анамыз: – Бұл мәселе Ибн Аббастың айтқанындай емес. Расулалланың құрбандық малдарының жіптерін мен өз қолыммен дайындайтынмын және расу- лалла оларды өз қолымен байлайтын. Сосын әкем 325

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша арқылы оларды Минаға жіберді. Сол құрбандықтар шалынғанға дейін Алланың халал еткен еш нәрсесі расулаллаға харам болған жоқ,506 – деп жауап жазады. Айша анамыз шаш алдырып, шайтанға тас лақтыру ісін орындаған адамға хош иіс себінуде айып жоқ екенін білдірген507. Алайда, бұл мәлімет өздеріне келгенге дейін кейбір сахабалар хош иіс себінуді де харам деп қабылдайтын508. Анамыздан осы хабар жет- кеннен кейін Абдулла ибн Аббастан бастап барлығы қажылық міндеттерді сол бойынша жасай бастайды. Тағы бірде оған ихрамнан шығу уақыты туралы Ибн Аббастан басқаша бір хабар жеткен кезде, оның да дұрыс емес екенін Алла елшісінің сүннеті бойын- ша дәлелдеп береді. Өмірінің соңғы кездерінде көз ауруына шалдыққан Абдулла ибн Аббас емделу үшін дәрігерлер нұсқаған емделу тәсілін орындап-орындамау мәселесін дереу анамыздан сұрады. Өйткені, ем қабылдау кезінде әдеттегідей дәрет ала алмайтын еді. Намаз, ораза, зекет, қажылық сияқты ғибадаттар Ислам келмей тұрып та болған. Сипаттары мен орын- далуы жағынан айырмашылық болғанымен барлық пайғамбарлар үшін мән-мағынасы бір еді. Алайда 506 Мүслим, Хажж 39 (1190) 507 Қараңыз: Бұхари, Ғұсыл 12, 13 (264, 267), Мүслим, Хажж 47 (1192), Нәсәи, Ғұсыл 13 (417), Хажж 42 (2704) 508 Басқа бір риуаятта осы жағдай туралы айтқанда анамыз «Ихрамға кірген кезеңдерде де, тауаптан бұрын ихрамнан шыққан кездерде де расулаллаға мына қолдарыммен хош иіс септім» деп, осыны көрсету үшін қолдарын созғаны байқалады. Қараңыз: Бұхари, Ғұсыл. Бұл жағдайда анамыздың пікіріне қосылмайтындардың қатарында хазірет Омар сияқты маңызды тұлғалар да бар. Ханафи ғалымдары да осы көзқараста. 326

Айша - ғылымның қайнар бұлағы уақыт өте келе надандық дәуірі деп аталған кезеңге дейін әртүрлі өзгерістер енгізіліп, өзгеше сипат алып кеткен болатын. Мысалы, ораза кезінде түнде төсекке бас қойған одан таңертең ғұсылсыз оянған болса, сол күні ораза тұта алмайтын. Осы әдетте білетін хазірет Омар рамазан айында бұл мәселе өзіне ауыр келетіндігін айтып Алла расулына барғанда, Ислам діні ескіден қалған мұндай әдеттердің үкімін жойып, орнына жаңа үкімдер әкелгендігін айтты. Бұл жаңа үкімнен әлі хабарсыз болған Әбу Хұрайра (р.а.) «Таңертең жүніп болып оянған адамға ораза жоқ» деген хадис риуаят еткен. Одан бұл хадисті естіген Әбу Бәкір ибн Абдуррахман барып жағдайды Абдулла ибн Хариске айтады. Сахабалар естігендерінің Құран мен сүннетке қаншалықты сай екендігін тексеретін. Абдулла ибн Харис Әбу Хұрайраның хабарын айтқан кезде әкесі де таңырқайды. Бұл мәселенің анық- қанығына көз жеткізу үшін олар Айша анамызға барады. Бұл кезде Айшаның қасында Үммү Сәләмә анамыз да бар еді. Келе сала осы мәселе туралы сұрағанда: – Расулалланың кейде осылай (яғни, ғұсылсыз) оянатын кездері болатын. Бірақ, ораза ұстауды жалғастыратын, – дейді. Екеуі кейіннен Мәдина әкімі Мәруан ибн Хакамға барып бұл жайлы айтып береді. Мұны естіген хазірет Мәруан Абдуррахманға қарап: – Осы айтқандарыңды Әбу Хұрайраға жеткізу сенің міндетің, – дейді. Әбу Хұрайра жағдайды естігенде: 327

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша – Мұны расымен де солар айтты ма? – деп сұрайды. – «Иә, солар айтты» деген жауап естігенде: – Олар бізден жақсырақ біледі, – дейді де, сол күннен бастап аналарымыздан естігені бойынша әрекет жасайтын болды509. Тағы бірде табиғиндердің имамы хазірет Шурайх хазірет Айшаға барып: – Уа, мүминдердің анасы! Әбу Хұрайраның қорқынышты хадис риуаят еткенін естідім. Егер хадис шынымен де сол айтқандай болса құрыдық қой, – дейді. Хазірет Шурайхты тыңдаған анамыз таң қалып: – Құритын адам онсыз да құриды, сен неге олай абыржисың? Ол қандай хадис510, – деп сұрайды. Сонда хазірет Шурайх: – Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Кімде-кім Аллаға қауышуды қалайтын болса, Алла да онымен қауышуды ұнатады. Кімде-кім Алламен қауышуды ұнатпаса, Алла да оны ұнатпайды» деген. Біздің арамызда өлімді кім жек көрмейді дейсің? – дейді. Анамыз Шурайхтың мазасын қашырған мәселенің мәнісін енді түсініп, мүминдерді жұбатып былай деді: – Иә, шынымен-ақ, бұл расулалланың сөзі. Бірақ бұл сен түсінгендей емес. Алла Әбу Хұрайраға 509 Муатта, Сиям 4 (639); Бәйхақи, Сүнән 4\\214 (7785), Нәсәи, әс- Сүнәнул кубра. Осыған ұқсас оқиғаның Фадл ибн Аббас пен Әбу Хұрайра (р.а.) арасында болғаны да айтылады. Қараңыз: Бәйхақи, Сүнән 4\\214 (7785) 510 Нас – Құран мен сүннет. 328

Айша - ғылымның қайнар бұлағы рақым етсін, ол хадисті риуаят еткеніменен, мәнін түсіндірмепті. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Алла құлдарының біреуі үшін жақсылық қаласа, дүниеден өтер жылы оған бір періште жіберіп, ақырет жұртына оны қызықтырады да сүйінші береді. Осылайша, өлім періштесі келіп, «Ей, иманды рух! Қане, Алланың кешірімі мен ризалығына қарай шық!» деп оның басында тұрғанда, ол кісінің жаны тезірек Аллаға қауышқысы келеді. Бұл Алланың ол құлмен кездесуді қалауы дегенді білдіреді. Ал, Алла бір құлына жамандық қаласа, өлетін жылы оған шай- танды жіберіп, тура жолдан тайдырады. Уақыты бітіп, өлім періштесі басына келіп, оған: «Ей, рух! Қане, Алланың қаһарына қарай шық!» дейді, сол кезде құл дірілдеп, қашатын жер іздегендей жан- таласады. Міне, бұл жағдайдағы адам Алламен қауышуды еш қаламайды. Алла да онымен кездесуді қаламайды» деп түсіндірді. Өліммен бетпе-бет келіп, кеудеден жан шыға бастағанда терідегі түктер тікірейіп, саусақтардан жан кете бастағанда кім Ал- ламен қауышуды қаласа, Алла да онымен қауышуды қалайды, кімде-кім Алламен қауышуды ұнатпаса, Алла да онымен қауышуды ұнатпайды!511 Сахаба Әбу Саид әл-Худри (р.а.) ажал аузында жатқан кездері ажалының келетінін ойлап, соңғы дайындықтарын жасай бастады. Үстіндегі киімін ау- ыстырып, жаңа киім киіп жатып пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Өлім сол кезде үстінде 511 Мүслим, Зікір 17 (2685), Нәсәи, Жәнәиз 10 (1834), Ахмад ибн Хан- бал, Мүснад 2\\346 (8537). Екі түрлі риуаят біріктіріліп берілген. 329

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша болған киімімен жиналады»512 деген сөзін естігенін айтады. Оның ойынша, бұл киімдегі мақсат соңғы киім кебін болуы да мүмкін еді. Алайда, анамызбен қоса баршаның пікірі басқаша болатын. Әуелі: – Алла Әбу Саидке рақым етсін, – деді. Пайғамбарымыздың аталмыш сөзінен анамыз басқаша қорытынды шығарды. Өйткені, өзінің білгендері мен бұл мәліметті салыстырғанда, мәселені жалпылама түрде көруге болатын. Ақыретте дүниедегі киімдердің бір үкімі жоқ. Қайтадан тірілу де дүниеге алғаш келуге ұқсайды. Енді осы мәліметтерді өзгелермен бөлісуі керек. Ол үшін екі мәселені түсіндіру мақсатында былай жалғастырды: – Бұл арқылы расулалла адамның өлген кездегі ісін меңзеген. Себебі өзі бір хадисінде «Адамдар қиямет күні жалаң аяқ, киімсіз және аналарынан туғандай жалаңаш түрде жиналады» дегені бар513. Айша анамыздың ілімі өз заманына ғана емес кейінгі үмбетке де азық болып келеді. Әсіресе, ғылым талап етушілер үшін бұл үлкен құндылық болып та- былады. Омар ибн Абдулазиз Мәдина әкімі Мұхаммед ибн Амр ибн Хазмге жіберген хаттарының бірінде: – Айналаңдағы адамдардың сөздері мен әрекеттеріне қырандай қырағылық танытып пайғамбарымыздан қалған бір хадис немесе сүннет амалын арқалап жүрген бір адамды көрсең немесе Амраға қатысты айтқан сөзін естісең маған айт. 512 Әбу Дәуіт, Жәнәиз 18 (3114); Ибн Хиббан, Сахих, 16\\307 (7316) Хаким, Мүстадрак 1\\490 (1260) 513 Бәйхақи, Шуабул Иман 1\\318 (359). Сондай-ақ, қараңыз: Бұхари, Риқақ 45 (6162), Мүслим, Жәнна 56 (2859) 330

Айша - ғылымның қайнар бұлағы Өйткені, ғалымдардың дүниеден өтуі себепті, ілім де жоғалып кете ме деп қорқамын»514, – деген. Халифа көңіл бөліп, жүріс-тұрысынан үлгі алғысы келген хазірет Амра Айша анамыздың шәкірті әрі Мәдина әкімі Әбу Бәкір ибн Мұхаммедтің нағашы әпкесі болатын. Айша анамыз және ғылым Сахабалардың арасында білім-ғылым жағынан ең алдыңғы қатарда Айша анамыздың тұратындығы даусыз. Пайғамбарымыздың отбасындағы мәселелерімен бірге, айналасында болып жатқан оқиғалардың барлығына куә болып, көкейдегі сұрақтарын тартынбай сұрайтын. Кейде Алла елшісіне тікелей келіп сұрай алмаған кісілердің де мәселелерін анықтауға атсалысатын. Әрдайым Алла елшісінің сүннетінен айнымай өмір сүрді. Бөлмесі пайғамбар мешітіне жапсарлас салынғандықтан, Алла расулының мешітте айтқан уағыздарын тыңдауға мүмкіндігі мол болды. Кейде осылайша тыңдаған уағыздарының ішінде күңгірт қалып толғандырған мәселелер болса, міндетті түрде қайтадан сұрап алатын515. Айшаның бойында көп сұрақ сұрағыштық қасиет бар еді. Естігеніне дереу сене салмай, ақиқатына көз жеткізбей тынбайтын. Ол жайлы Ибн Әби Мүләйка: 514 Ибн Сағд, Табақат 8\\480, Ибн Абдулбәрр, Тәмһид, 17\\251Ибн Ха- жар, Тәһзибут тәһзиб, 12\\466 (2850) 515 Қараңыз: Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\75 (24507, 24511, 24514) 331

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша – Білмейтінін анықтамай қоймайтын516, – деген. Исламның келуімен ер кісілер алғаш рет әйелдерді өздерімен тең көре бастады. Пайғамбарымыз білмегенін келіп үйрену үшін әйелдерге де жағдай жасайтын. Міне, осы әйелдердің ішіндегі ең маңызды адам Айша анамыз екені күмәнсіз. Үнемі ол әйелдер арасындағы тақулық пен әдепке көңіл бөліп, үлгі көрсететін. Біраз уақыт өткеннен кейін осы әрекеттерінің нәтижесін көріп, Алла расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әсіресе ансар әйелдері туралы былай дейді: – Ансар әйелдері қандай жақсы! Олар әдепке берік бола тұра дінді үйренуде ұялмағанды жөн көреді517. Демек, анамыз ғылым жолында жеке дара жүруді көздемей айналасындағы басқа әйелдердің де дін ғылымынан сусындауын қалаған. Бұл үшін оларға жағдай жасап, еш нәрсе кедергі болмауы керек еді. Табиғин имамы Мұжахидтің айтқанындай, ғылымға шектен тыс ұялшақ адамдар қол жеткізе алмайды518. Міне, осы ерекшеліктері ол кісіні ғалымдықта сахабалар арасында жарық жұлдызға айналдырды. Әсіресе, Алла расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қайтыс болғаннан кейін ілім сұраған көпшілік соған келіп жүгінетін. Ол фиқһ, хадис, тәпсір, әдебиет, ақындық, медицина, шежіре, тарих сияқты сала- ларда білім берумен бірге, аталмыш мәселелерде 516 Тәфсири Бағауи, 1\\374, Айни, Умдатул қари2\\136. Сонымен қатар, қараңыз: Тахмаз, әс-Сәйидәту Айша 177 517 Бұхари, Илим 50 (129), Мүслим, Хайз 61 (332) 518 Қараңыз: Бұхари, Илим 50 (129) 332

Айша - ғылымның қайнар бұлағы өзіне жеткен қате деректерді түзеп, кемшілігі барла- рын толықтыратын. Сол үшін Хаким сияқты үлкен ғалымдар дін ілімінің төрттен бірі Айша анамыз арқылы жеткенін айтқан519. Дін ғылымындағы осын- дай елеулі еңбектері дүниеден озғанша жалғасын тапты. Осы артықшылығын тілге тиек еткен Әбу Мұса әл-Әшғари былай дейді: – Сахабалар ретінде өзіміз шеше алмайтын түйін кезіксе, бірден Айша анамызға жүгінетінбіз. Ол кісі жауабын айтып, бізге жол тауып беретін520. Бұл турасында Ата ибн Әби Рабах сынды ғалымдар: – Айша – фиқһта, білгірлікте, түсінік пен пікірде өзгелерден оқ бойы озық тұратын521, – дейді. Хишам ибн Уруа болса: – Мен медицина, фиқһ және өлең сияқты мәселелерде Айшадан асқан білгірді көрмедім522, – деген. Табиғин имамы хазірет Мәсруқ: – Алдыңғы қатарлы сахабалардың өзі мирасты бөлуге қатысты мәселелерді Айшадан сұрағандарын көрдім523, – деу арқылы оның бұл мәселедегі білімінің 519 Тахмаз, әс-Сәидәту Айша 174 520 Тирмизи, Мәнәқиб 63 (3883) 521 Хаким, Мүстадрак 4\\15 (6748), Зәһәби, Сияр 2\\185, 2\\200, Ибн Абдулбәрр, Истиғаб 4\\1883 522 Хаким, Мүстадрак 4\\12 (6733) 523 Хаким, Мүстадрак 4\\12 (6736), Дарими, Сүнән 2\\442 (2859), Хәйсәми, Мәжмәуз зәуәид 9\\242; Ибн Әби Шәйба, Мұсаннаф 6\\239 (31037), Табарани, әл-Мұғжамул кәбир 23\\181 333

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша тереңдігін әйгілеген. Үлкен имам Мұхаммед ибн Шихаб әз-Зүхри: – Айша дін ғылымының ең білгірі болатын, сондықтан да сахабалар білмегенін содан сұрайтын. Егер пайғамбарымыздың басқа әйелдерінің барлығының білімін қосып салыстыратын болса, Айшаның білімі бәрінен ауыр басатын еді,524 – деген. Абдуррахман ибн Ауфтың баласы Әбу Сәләмә да осы ойды қуаттап: – Расулалланың сүннетін, қай аят немесе қай үкімнің қай жерде түскенін Айша анамыздан артық білетін жан көрген жоқпын525, – деп пікір білдірген. Жиені әрі шәкірті хазірет Уруа анамыздың ғылымға тереңдігі туралы: – Мен Құранды, діннің барлық үкімін, халал мен харамды, фиқһты, өлеңді, медицинаны, арабтар туралы деректі, керек десеңіз, шежірені мүминдердің анасы Айшадан артық білетін адам көрмедім526, – дейді. Тағы бір жиені әрі шәкірті Қасым ибн Мұхаммед оның кәлам ғылымы мен тіл мәселесіндегі жетістіктерін баяндағанда былай дейді: – Одан бұрын да, кейін де әйелдер мен ер кісілер арасында дәл Айша анамыздай білімді жан кездестірмедім!527 524 Хаким, Мүстадрак 2\\12 (6734), Ибн Хажар, Исаба 4\\349, Зәһәби, Сияр 2\\199 525 Ибн Сағд, Табақат 2,375 526 Қараңыз: Хаким, Мүстадрак 4,12 (6733), Әбу Нуайм, Хиллиятул әулия 2\\49, Ибни Жәузи, Сыратус сафуа 2\\32 527 Исбахани, Әғани 20\\331 334

Айша - ғылымның қайнар бұлағы Хазірет Айша ғалымдығымен ғана емес жұртты өзге қасиеттерімен де мойындатқан. Мысалы, бір күні халифа Мұғауия халықтың арасындағы беделді кісінің бірі Зиядты шақырып: – Зияд, адамдардың ең білгірі кім? – деп сұрайды. Зияд: – Уа, мүминдердің басшысы, ол сенсің, – деп жауап береді. Бұл жауапқа қанағаттанбаған хазірет Мұғауия тағы да: – Алла разылығы үшін шыныңды айтшы, – дейді. Сонда хазірет Зияд: – Алла разылығы үшін болса айтайын, ол Айша, – деп жауап береді528. Білуге, үйренуге құмарлығы соншалықты, кейінгі кезеңдерде тек Айша анамыздың осы жағын сөз ететін небір еңбектер жарық көре бастайды529. Біреуде тың мәлімет барын естісе, соған қол жеткізбейінше тынбайтын. Бұдан бұрын да айтқанымыздай, пайғамбарымыздың Фатимаға сыр айтқанын байқаған сәтте сол сырды білмейінше жаны жай таппаған. Хазірет Айшаның осындай табандылығы болмағанда, бұл сырдың не екенін ешкім білмес еді. Кейбір кезде білгендерін растау үшін немесе өзі нақты білемін деп айта алмаған кей нәрсені анықтау үшін басқа сахабалардан сұрап мәселенің дұрыс- бұрыстығына басқалардың да пікірін білгісі келетін. Бір күні Абдулла ибн Амрдың қажылық міндетті 528 Хаким, Мүстадрак 4\\15 (6747) 529 Зәркәшидің әл-Ижабасы осы мағынада алғаш еске түсетін еңбек болып табылады. 335

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша атқаруға келгенін естиді де, дереу жиені Уруаны шақырып: – Абдулла ибн Амр қажылық үшін келгенін естідім. Ол кісі расулалладан көп нәрсе үйренген жан. Сен тезірек бар да мына-мына жайттардың жаубын сұра, – деп жұмсаған. Бір жағы нағашы әпкесі әрі ұстазы болған Айша анамыздың тапсырмасын алған Уруа дереу барып бұл мәселелерді Абдулладан сұрайды. Алған жауаптарының ішінде Алла расулының мына бір хадисі де бар еді: «Алла ғылымды адамзаттан тартып алмайды. Әуелі ғалымдарды алады да осы- лайша ғылым олармен бірге жойылады. Осыдан соң ел ішінде бірқатар надандар бой көтере бастайды. Олар білімсіз бола тұра жұртқа пәтуә айтатын болады. Осылай, өздері қателікке жол ашып, өзгелерді де қате жолға бастайды». Осыны келіп айтқанда Айша анамыз алғашында тіксініп қалды. Бұндай хадис бар- жоғына күмәнданып: – Расулалла осылай деп айтты деді ме? – деп қадала түсті. Бұл хабардың нақтылығына көз жеткізу үшін Уруаны тағы бір мәрте ибн Амрға жұмсады: – Сен оған тағы бар, ғылым туралы айтқан әлгі хадисті расулалланың өзінен естіген-естімегенін сұра, – дейді. Бұдағы мақсат Ибн Амр айтқан сөзінде қаншалықты тұрақты екенін тексеру және алдын- да айтқандары мен кейінгі айтқандарының арасын- да қаншалықты айырмашылық бар екенін білу еді. Жүгіре жөнелген Уруа тағы да сол жауапты айтып келгенде анамыз: 336

Айша - ғылымның қайнар бұлағы – Ибн Амрдыкі рас деп ойлаймын. Өйткені байқадым, сөзін артық-кем етпей айтты530, – деп разылық танытады. Ғылым есігінің тек сұрақ қою арқылы ашылаты- нын өте ерте кезден бастап біліп, өзін толғандырған барлық мәселені пайғамбарымыздан сұрап отырған. Біреуден естігендерін саралап, салыстырып өзі білетін басқа мәліметпен қайшы келетін болса, оны дереу Алла расулынан сұрайтын. Бірде қияметке қатысты: – Кімде-кім сұраққа тартылып, сұрақтар үсті- үстіне қойылса, оның ісі бітті деген сөз, – дегенін естігенде: – Уа, пайғамбарым! «Алла тағала «Ол күні есеп дәптері оң қолына берілген пенденің есебі оңай қаралады» (Иншиқақ, 84\\8) деген, бұл қалай болады?» – деп сұрайды. Сол кезде: – Айша, бұл «арз», – деген жауап естілді. «Әсіресе, сол күні кімнің есебі туралы сөйлесе баста- са, оның ісі бітті деген сөз!»531 Түсінбеген нәрсесін де сүйікті жарынан сұрайтын. Бір күні расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): – Жер беті басқа бір жер бетімен, аспандар басқа аспандармен ауыстырылып, жалғыз әрі Қаһһар Алла құзырында жиналған күнгі пенделердің жағдайы қиын532, – деген аятты оқығанын естиді. Физикалық 530 Бұхари, Иғтисам 7 (6877) 531 Бұхари, Илим 36 (103), Мүслим, Жаннат 79 (2876), Тирмизи, Сыфа- тул қияма 15 (2426), Әбу Дәуіт, Жәнәиз 3 (3093) 532 Ибраһим, 14\\4. Басқа бір риуаятта бұл аяттың «Қиямет күні жер беті толығымен Алланың құдіретті уысында, көктер де Оның қолымен бүктеледі» (Зүмәр, 39\\67) дегендігі айтылады. Бір айырмашылығы, 337

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша әлемнің осыншалықты астаң-кестеңі шығатын, аспан үйлесімі бұзылып, жер беті шаң-тозаңға айналатын кезде адамдардың жай-күйі қалай болады? – деп ойлады да: – Уа, расулалла, ондай жағдайда адамдар қайда болады? Егер осы сұрақ сол күні қойылмағанда жауабы ашылмас еді. Сондықтан да дәл осы жерде хазірет Айша өз міндетін атқарған болатын. Білімге соншалықты құштар анамызға: – Қыл көпірде (сыратта)!533 – деп жауап берілді. Келген аяттардағы мағынаның көмескі тұстарын еш тартынбастан ең үлкен тәпсірші есебіндегі Алла расулынан сұрап біліп, кейінгілерге жеткізді. Хазірет Айша осы қырымен бізді ойлап, бізге түсініксіз соғатын мәселелерді алғашқы күннен айқындауға күш салған секілді: «Раббыларының құзырына қайтып, есепке тартылатынын ойлап, жасаған жақсылықтарын жүректері дірілдеп тұрып жасайды» деген аят түскенде: – Уа, расулалла! Аятта ішімдік ішетін, ұрлық, зинақорлық жасайтындар Алладан қорқатындар деп тұр ма? – деп сұрайды. бұл риуаятта пайғамбарымыз «Сыратта!» дегеннің орнына «Тозақтың көпірінде» деп жауап берген. Қараңыз: Тирмизи, Тафси- рул Құран; Ахмад ибн Ханбал, Мүснад ; Хаким, Мүстадрак 533 Мүслим, Сыфатул мұнафиқин 29 (2791); Тирмизи, Тәфсирул Құран 15 (3132), Ибн Мажә, Зүхд 33 (4279); Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\35 (24115), Дарими, Риқақ 88 (2809) 338

Айша - ғылымның қайнар бұлағы – Олар намаз оқып, ораза тұтып, зекет бере тұра бұлардың қабыл болмайтынына алаңдап қорыққандар534, – дейді. Бір күні Алла расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): – Сөз бен істе туралықтан айнымаңдар, адамдардың арасын татуластырушы әрі жақсылықпен қуантушы болыңдар! Өйткені, ешкім іс-амалымен жұмаққа кіре алмайды, – деген. Мұны ести сала: – Уа, расулалла! Сіз де ме? – дегенде: – Иә, мен де. Егер Алла кешірімімен қарап, мейіріміне бөлемесе535, – деп жауап берді. Бір күні кешке пайғамбарымыздың үтір намазын оқымастан жатқалы жатқанын аңғарып: – Үтір намазын оқымай жатпақсыз ба? – деп сұрады. Сонда: Пайғамбарымыз оған: – Айша менің кірпігім ілінгенмен жүрегім ұйықтамайды536, – деп түсіндірді. Бірде түнде сүйікті жары Жаннатул-бақиды зиярат ету үшін сыртқа шыққысы келді. Мұны аңғарған анамыз қызғанған мінез байқатты. Расулал- ла ойын дереу сезді: – Не болды, әлде қызғандың ба? – Сізді қызғанбағанда кімді қызғанамын. – Әлде тағы да шайтаның түртті ме? – Уа, расулалла! Менің шайтаным бар ма? 534 Тирмизи, Тәфсирул Құран 23 (3175); Ибн Мажә, Зүхд 20 (4198); Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\159 (25302), Хаким, Мүстадрак 2\\427 (3486) 535 Бұхари, Риқақ 18 (6102); Мүслим, Сыфатул мұнафиқиин 78 (2818) 536 Бұхари, Тәйһәжжүд 16 (1096); Мүслим, Салатул Мүсафирин 125 (738) 339

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша – Иә. – Шайтан барлық адамда бола ма? – Иә. – Сізде де бола ма? – Иә, бірақ Раббым қарасып, шайтанымды өзіме бағындырып берген537. Міне, осындай қызығушылығы анамыздың ілімін молайта түсті. Тәпсір, хадис, фиқһ, кәлам, дін, шежіре, тарих сияқты бірнеше салада ұстаздық жасауына мүмкіндік берді. Бұнда өскен ұясы мен қалыптасқан өмір салтының айырықшалығын да ескерген жөн. Әбу Бәкірдің (р.а.) қызы болғандықтан, үнемі Құранның ақиқат нұрының аясында өмір сүрді. Әкесі мүшріктердің өзі бағалайтын жан еді. Үйінің бір бұрышын мешітке айналдырып, Құранын үнемі сол жерде оқитын538. Есін білгелі бұл үйде мұсылмандық туралы жиі сөз қозғалатын. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үйлеріне келген кезде үйдегі тыныс-тіршіліктің осылай жүріп жатқанына куә болатын539. Осындай от- басында өскен зерек қыздың Мекке кезеңінде түскен аяттар туралы мәліметтерге қанық болмауы әсте мүмкін емес. Пайғамбарымызбен отасқаннан кейін де әрдайым Құранға жақындай түсті. Жәбірейіл әминнің уаһи жеткізгеніне бірнеше рет куә болды. Ұшқыройлылығы, ғылымға құмарлығы, естіген-көргендерін нақтылауға 537 Сыфатул мұнафиқин, Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 538 Бұхари, Салат 86 (464), Кәфалә, Мәнәқиб 539 Бұхари, Мәнәқиб 45 (3694), Бүйүғ 58 (2031), Кәфалә 5 (2176), Әдәб 64 (5729) 340

Айша - ғылымның қайнар бұлағы әуестігі арқылы пайғамбар мектебінің ең үздік шәкірті атанған анамыз Құранды жақсы білетіндердің ара- сында шоқтығы биік тұрды. Аяттар түсіп жатқан кездерде жазып жинаған және Жәбірейіл әминнің нұсқауымен сүре мен аят- тарды орны орнына орналастырған бір мусхафы бар еді540. Бұл мусхафы кейінгі кезеңдердегі үмбет үшін қайнар көз болып, әр аймақтың мұсылмандары Құрандағы реттілікті соған қарап білетін541. Хақ тағала бір аятта: «Үйлеріңде отырып, сол жерде оқылған Алланың аяттары мен пайғамбардың өсиеттерін естеріңе алып, зікір етіңдер!» деп бұйырған еді. Бұл аяттың меңзегені пайғамбарымыздың әйелдері болатын. Сондықтан да бұл бұйрықты орындау аналарымызға міндеттілік жүктейтін. Осыдан бастап Айша анамыз өмірін Алла мен пайғамбардың мақсат-мұратын жүзеге асыруға арнады. «Бақара», «Ниса» сүрелері түскен кезіне куә болып542, түскен аяттарды ең алғаш Алла расулынан еститін де өзі еді. Жеті қат көк пен жер ананың арасында берік байланыс орнап, осы арқылы тіршілік біткен Құран нұрына бөлене бастады. Қасында үнемі болатын пайғамбарымыз болса, отырып-тұруы, ішіп-жеуімен көз алдында тұнып тұрған Құран еді. Қысқасы, анамыз Жәбірейіл әмин жеткізген Құранды Хақ елшісінен тікелей үйренген жан. Жұрт расулалланың мінез-құлқы туралы сұрағанда: 540 Қараңыз: Мүслим, Мәсәжид 207 (629), Әбу Дәуіт, Салат 5 (410), Тирми- зи, Тәфсиру Құран 3 (2982), Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\73 (24492) 541 Қараңыз: Бұхари, Фадаилул Құран 6 (4707) 542 Бұхари, Фадаилул Құран 6 (4707) 341

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша – Сендер Құран оқымайсыңдар ма? Бар мінезі тұнып тұрған Құран еді ғой, – дейді. Түнгі намазы туралы да сұрағанда: – Сендер «Муззәммил» сүресін оқымайсыңдар ма?543 – деп сауал қояды. «Муззәммил» сүресінде пайғамбарға түнде қалай намаз оқу керектігі айтылған. Расулалла өзіне бұйырылған намазды қалтқысыз атқарды. Тәпсір Құран түсіндірмелерін пайғамбарымыздың қасында жүріп үйренген, түсіне алмаған тұстарын тіке өзінен сұрап, Құрандағы жайттардың іс жүзіндегі көрінісіне қырағылық танытқандардың ең басында Айша анамыз тұрды. Алланың өзіне нәсіп еткен бұл жақсылықты қадірлеп пайғамбар ілімінің мұрагері болған еді. Міне, сол себепті ілімдегі тереңдік жағынан басқа аналарымыздан, өзге де ғалым са- хабалардан оқ бойы озық тұрды. Аяттардың түсу себептерін біліп қана қоймай, дінді тиісінше түсіне білді. Қысқасы, көріп-естігендерін жеткізумен ғана шектелмей, оларды шебер түсіндіретін тәпсіршіге де айналды. Құран аяттарын түсіндіруге байланысты жеткен риуаяттардың Абдулла ибн Аббас пен Айша анамыз арқылы келуі осының айқын мысалы. Әпкесі Әсманың баласы әрі шәкірті Уруа бір күні «Сафа мен Мәруа Алланың белгілері. Кімде- кім қажылық яки умра ниетімен Қағбаны зиярат етсе, сол жерлерді тауап етуіне болады» (Бақара, 2\\158) деген аятты «Сонда Сафа мен Мәруә арасын- 543 Мүслим, Салатул Мүсафирин 139 (746); Әбу Дәуіт, Салат 316 (1342); Ибни Хузайма, Сахих 2\\171 (1127); Ибн Хиббан, Сахих 6\\292 (2551), Бәйхақи, Сүнән 3\\29 (4588) 342

Айша - ғылымның қайнар бұлағы да жүрмеуге де болады» деп түсінуге бола ма деп сұрайды. Сонда Айша (р.а.) жиеніне қарап: – Айтып тұрғаның дұрыс емес. Егер сен айтқандай түсінетін болсақ, «екі жота арасын тауап етпеуде ешқандай айып жоқ» деп берілер еді. Алайда, бұл аят ансарларға қатысты түскен. Мүшрік кездерінде олар Мүшәлләл деген жерде құлшылық жасайтын. Мәнат деген пұттарына арнап «Ләббәйкті» айтатын. Сафа мен Мәруә арасында жүруді күнә деп қабылдайтын. Мұсылман болғаннан кейін келіп: – Уа, расулалла! Біз Сафа мен Мәруә арасын- да жүруді күнә деп қабылдаушы едік, бұл туралы не айтасыз? – дейді. Сонда Алла тағала осы аятты түсірді. Екі төбенің арасында қалай жүру керектігін расулалланың өзі көрсеткендіктен, қажылықта ешкімнің екі жота арасында жүрмеуі мүмкін емес544. Бұл түсіндірме әсбабун нузул (аяттардың қай жерде, қандай себеппен түскені) ғылымның маңызы зор екенін көрсетеді. Жоғарыдағы мысалдан әсбабун нузулды ең жақсы білетіндердің бірі Айша анамыз болғанын ұғынамыз. Құранды дұрыс түсінуде маңызды мәселенің бірі діннің негізгі қағидаларын жақсы білу дейтін болсақ, бұл мәселеде де хазірет Айша алда тұрды. Бір күні тағы да Уруа (р.а.) хазірет Айшаға «Пайғамбарлар өз қауымынан түңіліп, бізді өтірікші етті- ау деп ойлаған кезде оларға көмегіміз жетеді, қарсы шыққандар оңбай, қалаған пенделеріміз құтқарылады» (Юсуф, 12\\110) деген аятты оқып, 544 Бұхари, Хажж 78 (1561); Мүслим, Хажж 259 (1277), Тирмизи, Тәфсирул Құран 3 (2965); Нәсәи, Мәнәсикул Хажж 168 (2968) 343

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша – Бұл аяттағы өтірік айту пайғамбарларға ма, әлде олардың қауымына тән бе? – деп сұрайды. Анамыз: – Әрине қауымдары меңзелген, – деп жауап берді. – Пайғамбарлар өздерін өтірікшіге балағандар туралы ойлап, күмәнға салынатын болса, бұндағы айтылған ойдың мағынасы не? – Ант етемін, бұл мәселеде пайғамбарлар нақты пікірде болғандығына еш күмәнің болмасын, – деп жауап берді анамыз. Бірақ, бұл жерде қате түсінікке жол бермеу үшін хазірет Уруа анамыздың назарын ау- дарып: – Пайғамбарлар өтірікке шығарылатыны туралы ойлап жүрмесін деген мағына шықпайды ма? – деп қалды. Бұл кез-келген мұсылманды бей-жай қалдырмайтын еді. Өйткені, пайғамбарлар Алла тара- пынан бекем күш берілген мызғымас иман арқалаған жандар. Иман дәрежесімен өлшер болсақ, олар көз жетпес шыңда тұрады. Пайғамбарлар тұрмақ, қатардағы бір мүминнің өзі Алла туралы мұндай нәрсе ойлай алмайды. Өйткені, пайғамбарлар – таңдаулы тұлғалар. Олар Жаратушы иеден үміт үзу былай тұрсын, ол жайында жағымсыз ойға да бар- майды. Өздеріне көмек беремін деген уәдесін Алла міндетті түрде орындайтынын біледі545. Сондықтан да анамыз: – Алла сақтасын. Пайғамбарлар Жаратушы туралы ешқашан мұндай ойға бармайды, – деді шо- шынып. Осы кезде Уруа кейінгілер қате түсінбеуі үшін: 545 Қараңыз: Хажж 22\\47 344

Айша - ғылымның қайнар бұлағы – Онда бұл аят қандай мағына береді? – деп сұрады. Бұл жолы анамыз кейінгілердің баршасына түсіндіргендей былай деді: – Бұндай ойға барғандар иман келтіріп, пайғамбарлардың ізінен ергендер. Көрген тауқыметтері біте қоймай, иләхи жәрдем кешігіп, пайғамбарлар да қауымдарының тура жолға келуінен үміт үзгенде барып Алланың жәрдемі жеткеніне куә болған546. Анамыз бұл сөзімен пайғамбарлардағы исмет (Алланың сақтауы) қасиетіне назар аудартуда. Пайғамбарлардың жай адам еместігін мойын- дай отырып, оларға Алла көмектесіп отырады деп қарауда. Алайда, осыншама ескертулер жасалғанына әрі ғылымның да біршама тереңдегінен қарамастан бірқатар Құран мағыналарында Айша анамыз ескерт- кен осы мәселеде қателіктер әлі де орын алып келеді547. Ал анығында, сол сүренің 87-аятында «Алланың 546 Бұхари, Тәфсирул Құран 184 (4418). Басқа бір риуаятта анамыздың «Пайғамбар және онымен бірге иман келтіргендер «Алланың көмегі қашан?» деген кезде...» деген аятты оқығаны және артынан мынаны айтқаны көрсетіледі: – Ант етейін, Алла пайғамбарына уәде еткенде, ол уәденің әйтеуір бір жүзеге асатынын біледі. Алайда, пайғамбарлар тағдырдың қиындығына көп ұшырайды. Өздерімен бірге болғандардың өтірікке шығаруына алаңдайды! Міне, бұл аят осыны түсіндіруде. Қараңыз: Бұхари, Тәфсирул Құран 39 (4252); Нәсәи, әс-Сунәнул кубра 6\\369 (11256) 547 Бұл ащы жағдайды көргісі келгендер олардың біразын көзбен шо- лып, осы ескертулерінде анамыздың қаншалықты дұрыс айтқанын көре алады. Тақырыпқа қатысты мақала үшін қараңыз: Юнус Екин, «Бир айетин меали уә дүшүндүрдүклери» Йени Үмит, 30 бет (Еким, Касым, Аралык 1997) 345

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша рақымынан үміт үзбеңдер, өйткені кәпірлер ғана ол рақымнан күдер үзеді» деу арқылы қатардағы бір мүминнің де Алланың рақымынан үміт үзбейтіні ашық айтылған548. Тағы бір күні жиені анамыздан «Қолдарыңа қарасты жетім қыздармен үйленгенде, құқығын аяқасты етуден, әділдік жасай алмау- дан қорықсаңдар, олармен емес, өздеріңе адал, басқа әйелдермен екі, үш немесе төрт әйел алып үйленіңдер! Егер бұл жағдайда да араларында әділет сақтай алмауға алаңдасаңдар, бір әйелмен не қолдарыңа қарасты күңдермен шектеліңдер. Әділдіктен таймау үшін ең дұрысы осы» (Ниса, 4\\3) деген аяттың қандай мағына беретінін сұрайды. – Аятта айтылғандар қамқоршысының қарауындағы жетім қыздар. Олар бой жеткенде қамқоршысының өзі сұқтана қарап, мәһірсіз немесе өте аз мәһір беріп оны өзіне әйел еткісі келеді. Міне, аятта мәхірін толығымен бермейінше олардың бұл ісіне тыйым салынды. Бұндай ойдағы кісілер басқа әйелмен үйленуі керек. Бұдан кейін олар туралы жұрттың сұрағы көбейіп, расулаллаға жиі келгенінде «Әйелдер туралы сенен пәтуа сұрайды. Айт: олар туралы үкімді Алла сендерге түсіндірді: ақысын бермей некелеспек болған жетім әйелдерің мен кішкентай, әлсіз жетім балалардың ақысы туралы үкімдер сендерге осы кітапта баяндала- ды. Жетімдердің ақысын беруде толық әділдік сақтаңдар. Жасаған әр жақсылықтарыңды Алла 548 Қараңыз: Юсуф, 12\\87 346

Айша - ғылымның қайнар бұлағы міндетті түрде біледі» (Ниса, 4\\127) деген аят түсті. Бұның себебі, сол уақытта жетім қыз әдемі келіп әрі дүние-мүлкі болса, мәхірі мен тегіне қызыққандар барып некелесетін. Ал, дүниесі мен көркі келіспесе, оған ешкім қарамай басқа әйелдермен неке жасала- тын. Аятта жетім қыздарды ешкім менсінбеген кезде де, құмартып үйленген кезде де әділеттілікті сақтап, тиісті мәхірін беру керектігі бұйырылған549. Хазірет Айша Құран ілімдерін меңгеруде алдыңғы қатарлы сахабалардан да озды. Тағы да жетімдер мәселесінде Абдулла ибн Аббас бастаған кейбір кісілер «Қажеттілік тумаса, қамқоршысы жетімнің малына тимесін. Мұқтаждық туса, заңнан аспай, қажеті мен еңбегі мөлшерінде пайдалан- сын» (Ниса, 4\\6) деген аяттың үкімі «Арамдықпен жетімнің малын жегендер анығында қарнын толтырып от асайды. Ертең лапылдап жанған отқа лақтырылады» (Ниса, 4\\10) деген аятпен жойылғанын айтқанда, Айша анамыз қарсылық білдірді. Аятта жетімнің малын жеген адамның ақыретте ауыр азапқа душар болатыны айтылғанмен, қамқорлығына алғаны үшін жетімнің малынан кедей қамқоршысы пайдалана алатынын айтты. Яғни аяттар арасында ешқандай үкім жоюшылық жоқтығын дәлелдеді. Айтуынша, жазаға лайықтылар жетімнің малын орынсыз жегендер550. 549 Бұхари, Никах 1, 38 (4777, 4838), Шәрика 7 (2362), Уисая 21 (2612), Мүслим, Тәфсир 6 (3018) 550 Қараңыз: Бұхари, Бүйуғ 95 (2098), Уасая 23 (2614), Тәфсир 81 (4299), Мүслим, Тәфсир 10 (3019) 347

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Айшаның Құранды түсінудегі басты ерекшелігі, Алла расулына деген жақындығы бо- латын. «Намаздарға, әсіресе орта намаздарыңа бекем болыңдар және тұрып Аллаға шын жалбарыныңдар» (Бақара, 2\\284) деген аяттағы «орта намаз» сөзін кейбір сахабалар таң намазы, Зейд ибн Сабит, Үсама сияқты сахабалар бесін намазы деп жорамалдаса, Айша анамыз екінті намазы екендігін білдіріп, «Расулалладан мен осылай естідім» деген. Тіпті, өз қолындағы Мұсхафтың551 ішіндегі осы аяттың жанына «екінті намазы» деп жазып қойған552. Бұл пікір хазірет Әли, Абдулла ибн Масғуд және Сәмура ибн Жүндәб сияқты сахабалардың көзқарасын да білдірді553. Міне, бұл басқаларға қарағанда Айша анамыздың ерекшелігін білдірді. Ол аят мағыналарын көзі тірісінде Алла расулының (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзінен білу мүмкіндігін иеленді. «Сендер іштеріңдегіні жария етсеңдер де, жасырсаңдар да, Алла бәрібір сол үшін есепке тар- тады» (Бақара, 2\\238) деген аят түскен кезде мұны көтере алмайтын ауыр жауапкершілік деп санаған Абдулла ибн Омар, Абдулла ибн Аббас және хазірет Әли сияқты үлкен имамдар бұл аятты «Аллаһ 551 Мүсхаф: Құран деген мағынада 552 Мүслим, Мәсәжид 207 (629); Тирмизи, Тәфсир 3 (2982); Әбу Дәуіт, Салат 5 (410); Нәсәи, Салат 14 (472). Аталмыш қосымшаны Айша анамыздың аят ретінде Мүсхафына жазғаны туралы кей көзқарас шындыққа келмейді. Өйткені, анамыз мұны ол жерге аталмыш сөздің тәпсіріне қатысты расулаллаға тән бір жорамалды есіне түсіру үшін жазған. 553 Әбу Дәуіт, Салат 5 (409); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 5\\205 (21840); Тирмизи, Тәфсир 3 (2984, 2985) 348

Айша - ғылымның қайнар бұлағы ешкімге көтере алмайтын жүкті жүктемейді» деген аят мансұқ қылғанын (үкімін жойғанын) айтты. Ал, Айша анамыз бұл жерде де ешқандай үкімнің жойылмағанын алға тартты. Өзінен бұл аят туралы сұрағанда: – Мен мұны сұрап білгелі бері ешкім менен бұл туралы әлі сұрамапты, – деп, осы аятқа қатысты расулалланың мыналарды айтқанын жеткізді: – Бұл кісіге тап келген ауру, әртүрлі қиындық немесе жинап, кейіннен жоғалтудан қорыққан мал- мүлік секілді Алла душар еткен жағдайлар. Алтынның кірден тазартылғанындай пенде қиындықтар арқылы күнәларынан тазартылады554. Хадис Айша анамыз тұрған үй хадис ғылымының алғашқы мектебі деуге болады. Бұл мектептегі шәкірттердің арасында құл, қожайын, бала, әйел, жас-кәрі, тіпті арабтардан араб еместерге дейін бар еді. Бұл мектеп өкілдерінің арасындағы ерекше тұлға Айша анамыз болатын. Бөлмесі пайғамбар мешітіне жалғастыра салынғандықтан, үйінде жүрген кездердің өзінде мешіттегі жағдайлардың бәрінен ха- бардар болып отыратын. Алла расулының мешітте айтқан уағыздарын қалт жібермейтін. Әрбір жаңа үкімді үйреніп, уахидің келуімен орнап жатқан дін қағидаларынан ең алдымен сол хабардар болатын. Иә, хадис ғылымы деген кезде сахабалар арасын- да хазірет Әбу Хұрайра, Абдулла ибн Омар, Әнәс ибн Мәлик және Абдулла ибн Мәсғуд сияқты көп хадис жеткізген кісілерді де айтпай кетуге болмас. Олар мук- 554 Қараңыз: Тирмизи, Тәфсир 3 (2990, 2991, 2992) 349

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша сирун555 деп аталған. Алайда, муксирундардың арасын- да Айшаның алатын орны айрықша. Себебі ол бірқатар хадистерді естіген кезде, Алла расулының жанында жалғыз болған. Сондықтан хадис тізбегі бір-ақ кісіден тұрған. Әрине, бұл басқалардың пайғамбарымыздың кей сәттерін білуге мүмкіндік таппаған жерлерде қасында үнемі Айша болғанын көрсетеді. Басқаша айтқанда, бір муксирун басқалардың риуаятын жеткізе алса, ал анамыз барлық риуаяттарда дарала- нып тұрған. Сондықтан да, ол риуаят еткен хадистері «фәрд» немесе «мүнфәрид» (жеке бір кісіден жеткен) деп аталады. Әрине, бұл хазірет Айшаның сол кезге дейін оқып-үйреніп түсінбегендерін қайта сұраудың нәтижесінде қордаланған хадистер болатын. Әсіресе, Алла расулының отбасылық өмірі, жеке жағдайы, түнгі құлшылығы мен жалғыз қалған сәттеріне куә болып, басқаларға баяндауда Айша анамыз бір төбе еді. Тіпті, Айша анамыз болмағанда әсіресе, отбасы- нан бастап Алла расулының жеке өміріне қатысты бірқатар хадистер кейінгілерге жетпей, Ислам дүниесі үлкен қазынадан құр қалар еді деу артық емес. Егер әйелдігіне қарамай басқа муксирун сияқты Алла расулы қатысқан әртүрлі мәжілістерге қатыса алғанда, күмәнсіз Айшаның риуаят еткен хадистері көп болар еді556. 555 Муксирун: Әбу Хұрайра, Абдуллаһ ибн Омар, Әнәс ибн Мәлик, Абдуллаһ ибн Аббас, Жабир ибн Абдиллаһ және Әбу Саид әл-Хұдри сияқты пайғамбарымыздан көп хадис риуаят еткен сахабаларға берілген атау. 556 Басқа муксирунның көбірек хадис риуаят етуінің тағы бір себебі, олардың Айша анамыз қайтыс болғаннан кейін де өмір сүргендігінде. 350


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook