Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Хазрет Айша

Хазрет Айша

Published by Макпал Аусадыкова, 2021-07-28 08:03:26

Description: Хазрет Айша

Search

Read the Text Version

Айша - ғылымның қайнар бұлағы Осыған қарамастан анамыз риуаят еткен хадис саны 2210557. Бұлардың 286-сы Бұхари, Мүслим сияқты ең сенімді хадис кітаптарында орын алса, бұл хадистердің 174-інің тахрижинде558 екі имам да бір пікірде. Тек Бұхариде кездесетін риуаят саны 54 болса, тек Мүслимнің алған хадис саны 58. Сол себепті Бұхариде жалпы 228, Мүслимде 232 риуаяты бар. Бұдан тыс риуаяттары әртүрлі хадис кітаптарында кездеседі. Ахмад ибн Ханбал алты томдық хадис кітабының соңғы томының 253 бетін тек Айша ана- мыздан жеткен 2404 хадиске арнаған. Бұл тұста Айша анамыздың басқа муксируннан айырмашылығын көрсету мақсатында жеке туындылардың да жазылғанын ескертіп өткен жөн559. Айша анамыздың тәпсір ғылымында танытқан ерен еңбегі мен қажыр қайратын хадис ғылымынан да байқаймыз. Бір күні Алла расулының (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): – Қиямет күні адамдар жалаңаш күйде жинала- ды, – дегенін естіп: – Бұл жағдайда ер кісілер мен әйелдер бір-біріне қарамай ма? – деп сұрады. Пайғамбарымыз: 557 Кейбір риуаяттардың кішкентай айырмашылықпен қайталануын жеке бір хадис деп қабылдамау немесе кез-келген бір себеп- пен санақта негізге алынған қағидалардың айырмашылығынан туындаған сан айырмашылығы бар, бұл жерде біз жалпы қабылданған санды таңдадық. Әйтпесе, тек Ахмад ибн Ханбалдың «Мүснадында» анамызға қатысты 2403 хадис кездеседі. 558 Тахриж – (жету жолын анықтау) 559 Анамыздың осы жағын назарға ұсынатын алғашқы еңбекті Әбу Мансұр Абдулмухсин ибни Мұхаммед ибни Әли әл-Бағдади жазса кейіннен осы тақырыпта Әбу Абдуллаһ Бәдруддин әл-Зәркәши «әл- Ижаба» деген еңбек жазған. 351

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша – Қиямет күні – ешкімнің ешкімге қарауға шамасы болмайтындай ауыр күн!560 – деп түсіндірді. Тағы бірде: – Қиямет күні әркім өз сүйіктісін есіне ала ма? – деп сұрады. – Үш жерде есіне түсіре алмайды: ісі жеңілдеп я ауырлағанға дейін Мизанда, кітабы оң яки сол жағынан берілетін сәтке дейін және тозақ мойнын созып өзіне түсетіндерді шақырған кезінде, – дейді Алла расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)561. Бір мәселе туралы дұрыс шешім қабылдау үшін негізгі себепті білу керек екендігі мәлім. Осы тұрғыдан әр істің себебіне үңілуде хазірет Айша басқа саха- балардан ілгері тұрды. Ол тек естігендерімен шек- телмей, қалай да сол үкімнің түсуіне себеп болған жайтты анықтап, сол оқиғаға өзі куәгер болып, не болмаса сол оқиғаны көрген кісілерден сұрап алатын. Мысалы, Алла расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жұма күні ғұсыл алуға кеңес беретін. Одан бұл хабар- ды жеткізген басқа сахабалар хадисті қалай айтыл- са, дәл солай берсе562, Айша анамыздың риуаятын- да хадиспен бірге, оның астарында жатқан себепті 560 Мүслим, Жәннәт 56 (2859). Басқа бір риуаятта Алла расулы бұл сұраққа «Баршаның ісі басынан асады, ешкім ешкімді көрмейді» деп жауап берген. Қараңыз: Бұхари, Риқақ 45 (6162); Нәсәи, Жәнәиз 118 (2083, 2084); Тирмизи, Тәфсир 72 (3332) 561 Әбу Дәуіт, Сүннә 28 (4755); Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\110 (24837); Хаким, Мүстадрак 4\\622 (8722); Хәйсәми, Мәжмәуз зәуәид 10\\358 562 Абдуллаһ ибн Омар «Расулалланың «Кімде-кім жұмаға барса, ғұсыл дәретін алсын» дегенін естідім» десе, (Бұхари, Жұма 2 (837); Тирми- зи, Жұма 355 (492); Нәсәи, Жұма 7 (1376)) басқа бір риуаятшы Әбу Саид әл-Хұдри «Расулалла «Жұма күні ғұсыл алу ихтилам болған барлық адамға уәжіп» деген» дейді. Қараңыз: Бұхари, Жұма 3 (840); Мүслим, Жұма 5 (846), Нәсәи, Жұма 6 (1377) 352

Айша - ғылымның қайнар бұлағы түсіндіретін мәліметтер де кездеседі. Жұма күні ғұсыл құйынудағы мақсат – жұмыс істеп қара терге түскен кісілердің рухани тазару мақсатында мешітке жиналғанында, тәндік кірден тазаланып, мерекелік көңіл-күйменен келуі, тіпті хош иіс себінуі. Анамыз былай риуаят етеді: Жұма күні адамдар мешітке шалғай жерлер- ден келгендіктен денелерін тер басып, киімдері шаңданатын. Расулалланың қасында отырған кезімде сондай шаруа кісілердің бірі келді. Сонда Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): Күндердің сұлтаны мына жұма күнінің құрметі үшін тазалансаңдаршы, – деді563. Айша анамыздың осы тақырыпқа қатысты риуаят еткен тағы бір хадисінде: «Әттең, ғұсыл алып, тазаланып келсеңдер ғой!» делінгенді айтылған564. Өйткені, кейбір кісілер жұмыстан шыққан кір күйлерінде намазға келетін. Бір құрбан айт Алла расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): – Сендер шалған құрбандықтарыңның етін үш күннен артық жемеңдер, – деген. Абдулла ибн Омар және Әбу Саид әл-Хұдри сияқты сахабалар осы хадисті нақты үкім ретінде қабылдаса565, анамыз бұл мәселені құрбандықтың етінен кедей-пақырларды құр қалдырып, үш күннен артық сақтамау деп түсінді. Өйткені, ол кезде Мәдина тұрғындары құрбандықтың 563 Бұхари, Жұма 13 (860); Мүслим, Жұма 1 (847); Ибн Хиббан, Сахих 4\\38 (1237) 564 Бұхари, Жұма 14 (861); Бүйуғ 15 (1965); Әбу Дәуіт, Тахара 130 (352) 565 Мүслим, Әдахи; Хаким, Мүстадрак 4\\258 (7568); Ибн Мажә, Әтғимә. Қараңыз: Бұхари, Әтғимә 26 (5107), 36 (5122) 353

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша етін тұздап, ұзақ уақыт сақтайтын. Егер нақты тыйым болғанда, бұл әрекеттің де тоқтатылуы талап етілер еді. – Шынымен-ақ, алғашқыда құрбандықтың етіне тыйым салынды ма? – деп осы үкімнің себебін сұраған ибн Рабиаға: – Жоқ! Ол кезде құрбандық шалатындардың саны аз болғандықтан құрбан шала алмағандарға осы еттен тигенді жөн санайтын. Алайда, біз құрбан айттан он күн өткеннен кейін де қой етінен жегеніміз бар566 – деген. Кутубу Ситтәның басым көпшілігі Алла расулының қойдың жауырынын жақсы көргенін риуаят етсе567, хазірет Айша бұл хадис тек жақсы көргендігін ғана білдірмейтіндігін алға тартып: – Қойдың жауырын еті расулалланың ең жақсы көретін мүшесі емес. Ол кездерде ет аз болатын. Сонда ең тез пісіп, расулалланың алдына қойылатын ет қойдың жауырыны болатын!568 Алла расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жыл сайын зекет жинауға жауапкер кісіні жіберетін. Осы жағдайға қатысты риуаяттарда бұл қызметкердің еш себепсіз Хайбардан жиналған жемістерді бақылап, өзі болжам жасағаны айтылады. Ал, Айша анамыз- дан келген бір хадисте бұл болжамның себебі анық түсіндіріледі: 566 Тирмизи, Әдахи 14 (1511), Ибн Мажә, Әтғимә 30 (3313). Сондай-ақ, қараңыз: Бұхари, Әтғимә, 26 (5107, 36 (5122) 567 Қараңыз: Мүслим, Иман 194; Әбу Дәуіт, Әтимә, 21 (3780); Дарими, Мұқаддима 7 (44) 568 Тирмизи, Әтғимә 34 (1838) 354

Айша - ғылымның қайнар бұлағы – Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) зекет жинаушыға жиналған жемістерді жұртқа таратпай тұрып, содан алынатын зекетті анықтау үшін өз білгенімен мөлшерлеуін бұйырған569. Басқа риуаятшылармен салыстырғанда Айша анамыздың бұл ерекшелігінің негізінде оқиғаларға бірнеше рет куәгер болуы және өзіне беймәлім немесе әуелгі білетініне кереғар хадиске кезіксе, соны дереу айтушыдан анықтайтын қасиеті жатыр. Бұл мәселеде анамыз өте мұқиятты еді әрі үнемі ізденіс үстінде жүретін. Бір күні екі кісі келіп: – Бақытсыздық мына үш нәрседе: әйел, мініс жа- нуары және үй деген сияқты хадис риуаят етілгенін айта отырып: «Бұл мәселе туралы не дейсіз?» деп сұрады. Айша анамыздың жүзінен ашуланғаны сезілді. Бір орында байыз таппай, ерсілі-қарсылы жүрді де кенет: – Әбул Қасымға (пайғамбарымыз) Құранды түсірушіге ант етемін, бұл мәселе Әбу Хұрайраның айтқанындай емес. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) осы сөзін айтып жатқан кезде Әбу Хұрайра кіріп келген еді. Сол мезет пайғамбарымыз «Жахилия дәуірінде жұрт «Бақытсыздық мына үш нәрседе: әйел, көлік және үй» деп есептейтін» деп хадисін аяқтаған болатын. Әбу Хұрайра хадистің аяғын естіп, басын естімеген ғой, – деді. 569 Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\163 (25344); Әбу Дәуіт, Бүйу 36 (3413); Бәйхақи, Сүнән 4\\123 (7231); Ибн Хузәймә, Сахих 4\\41 (2315); Хәйсәми, Мәжмәуз зәуәид 3\\76; Абдурраззақ Мұсаннаф 4\\123 (7203) 355

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Осының ізін ала «Жер бетіне немесе өз бастарыңа қандай да бір қиындық түскен болса, біз жаратпай тұрып ол кітапта жазулы болатын» (Хадид, 57\\22) деген аятты оқыды570. Осыны айту арқылы Алла тағаланың қалауы бар жерде мұндай қате түсінікке жол жоқ екенін түсіндірді әрі пенденің таңдауға ерікті екеніне назар аудартты. Жахилия дәуірінде отбасы құрылымы бұзылып, әрқилы үйлену түрі көрініс берді. Солардың ішінде көп тарағаны әрі ақысын беріп уақытша жұптасу түрі мута некесі еді. Мутаның харамдығына қатысты Ислам үкімі хижреттің жетінші жылы Хайбар жеңісімен тұспа-тұс түсті. Сол кезде Алла расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) есектің еті мен уақытша үйленуге үзілді-кесілді тыйым салды. Бұл тыйымды әлі де естімегендер мута некесін құптайтын. Соны тілге тиек еткенде, ашуланған Айша анамыз: – Олар мен менің арамда Алланың кітабы бар, – деді де: – «Мүміндер өз әйелдері мен қол астындағы күңдерінен басқаларға қарамайды, ар-ұятын сақтайды!»571 – деген аятты оқыды. 570 Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\129 (25026), 6\\150 (25209), Хаким, Мүстадрак 2\\521 (3788), Бәйхақи, Сүнән 8\\140, ибни Құтайба, Тәуилу Мухтәлифул хадис 1\\105, Таялиси, Мүснад 1\\215 (1537). Бұл оқиғаны Айша анамыздың көзқарасымен айтқан риуаяттарда былай делінген: «Егер бақытсыздық бар болса, ол үй, әйел және мініс жануарда болар еді» деген мағынада жорамалдаған. Қараңыз: Ибн Мажә, Никах, 55 (1994) Муатта, Истизан 8 (1749), Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 1\\174 (1502), 1\\180 (1554), 5\\335 (22887), Бәйхақи, Сүнән 8\\140 (16300) 571 Қараңыз: Мүминун 23\\5, 6, Хаким, Мүстадрак 2\\334 (3193), 2\\427 (3484); Бәйхақи, Сүнән 7\\206 (13952) 356

Айша - ғылымның қайнар бұлағы Тағы бір күні хазірет Әбу Хұрайраның «Зинақорлықпен дүниеге келген бала үш кесірдің бірі» деп хадис риуаят еткенін естиді де дереу: – Бұл хадис бұлай емес, «Мұнафықтардың бірі Алла расулына қысым жасай бастады. Сонда: – Мынаның жамандық жасауынан мені кім қорғай алады? – деп өтінді. Оған: – Уа, расулалла! Ол адамның қолында зинадан туған бала бар, – дейді. Сонда расулалла: – Ол да үш жамандық болса, соның бірі ғой, – деді. Осыны айтқаннан кейін анамыз оларға «Ешкім өзгенің күнәсі үшін айыпталмайды» (Әнғам, 6\\164) деген аятты оқыды. Яғни ата-анасының қателігі үшін баланың жауапты болмайтынын ұқтырды572. Тағы бірде Әбу Хұрайраның (р.а.) «Алла жолында бір қарыс жүру мен үшін зинадан туған баланы азат етуден артық»573 деген хадис риуаят еткенін естиді де: – Алла өзі кешірсін, Әбу Хұрайра ол хадисті естігенде әрі жаттағанда да қателескен екен. Бұл «Бірақ ол асудан асуға тырысып берген нығметтерге шүкіршілік етпеді. Биік асу деген не? Ол құлды, тұтқынды азат ету» деген аяттар түскеннен кейін айтылды. Осы аят түскенде кей кісілер: – Уа, расулалла! Қолымызда азат ететіндей құлдарымыз жоқ. Кейбіріміздің күңіміз ғана бар. Егер азат ету міндетті болса, біз оларға көшеден бала 572 Қараңыз: Табарани, әл-Мұғжамул Әбсад 4\\269, Бәйхақи, Сүнән 10\\58 (19776), Азимабади, Әунул мабғуд, 10\\360 573 Қараңыз: Әбу Дәуіт, Ытқ 12 (3963), Хаким, Мүстадрак 2\\233 (2853) 357

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша табуға рұқсат етіп, кейін сол балаларды азат етейік, – деді. Міне, осындай ақылға сыймайтын ұсынысқа ардақты елші (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): – Алла жолында бір қарыс жүру мен үшін зи- надан туған баланы азат етуден артық, – деп жауап қатқан болатын574. Абдулла ибн Амр ибн Астың әйелдер ғұсыл алғанда, бұрымын тарқатуы тиіс деген пәтуасын естігенде де жағасын ұстап: – Ибн Амрдың ғұсыл алған әйелдер бұрымын тарқатсын дегені несі?! Одан да шаштарын тықырлап алып тастасын демей ме?! Біз расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) екеуміз бір жерде ғұсыл алатын- быз, мен бұрымымды тарқатпай басыма тек үш рет су құятынмын, – дейді575. Тағы бір күні Абдулла ибн Омардың сүйсе, дәрет бұзылады дегенін естиді. Өзі нақты білмейтін мәселеде үкім бергеніне қынжылады. Жұрт білсін деп өз басынан өткен бір оқиғаны әңгімелейді: – Расулалла әйелдерінің кейбірін сүйетін, бірақ артынан дәрет алмастан намазға шығатын576. Тағы бірде Әбу Хұрайраның (р.а.) «Намазды ит, есек және әйел бұзады» деген хадис риуаят еткенін 574 Әбу Дәуіт, Ытқ, 12 (3963); Хаким, Мүстадрак 2\\234, Бәйхақи, Сүнән 10\\58, Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\463 (27665) 575 Мүслим, Хайз 59 (331), Ибн Мажә, Тахара 108 (604), Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\43 (24206) 576 Хадис риуаятшысы анамызға «Ол әйелі сіз бе едіңіз?» деп сұрағанда, күлімсіреуімен мақұлдағанын білдірген. Қараңыз: Әбу Дәуіт, Та- хара 69 (178, 179), Тирмизи, Тахара 63 (86), Ибн Мажә, Тахара 69 (502), Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\210 (25807) 358

Айша - ғылымның қайнар бұлағы естіп, «Бізді есек пен итке теңей бастадыңдар ма?» деп кейиді. Уаллаһи, мен құбыла тұсындағы төсекте жатқанымда, расулалланың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) намаз оқығанын талай рет көрдім. Кейде бір іс қажет болғанда, ренжітіп алмайын деп аяқтарының арасынан өтіп кететінмін577. Фиқһ Құран мен сүннетті түсіну өз алдына, одан ғибрат алып, амалға асыру тіптен бөлек. Айша анамыз Құран мен сүннетті негіз ете отырып, жаңа тұжырымдар жасап алдына келген әртүрлі мәселелерді шеше алатын. Хадис риуаяты секілді пәтуа беру мәселесінде де сахабалар әртүрлі категорияларға бөлінген. Арасын- да анамыз да бар, шамамен отыз шақты сахаба мукси- рун деп қабылданған578. Анамыздың муксирундардың арасында да артықшылыққа ие болғаны белгілі. Өйткені, олардан Абдулла ибн Омар мен Абдулла ибн Аббас сияқты ғалым кісілердің өзі анда-санда 577 Бұхари, Сутрәти Мусалли 15 (492), Мүслим, Салат 268- 272 (512). Осы жағдайды қозғаған тағы бір риуаятта анамыз «Мен расулалланың алдында аяғымды құбыла бетке қарата ұйықтайтынмын. Сәждеге баратын кезде қолымен түртетін. Мен аяғымды жинап, түрегелгенінде аяғымды қайта созатынмын» де- ген. Қараңыз: Мүслим, Салат 268-272 (512) 578 Муксирун деп аталғандар хазірет Омар, Әли, Абдуллаһ ибн Мәсғуд, Айша анамыз, Зәйд ибн Сабит, Абдуллаһ ибн Омар және Абдуллаһ ибн Аббас сияқты сахабалар болатын. Пәтуа мәселесінде мутауассыйт деп саналғандар арасында хазірет Әбу Бәкір, Әнәс ибн Мәлик, Үммү Сәләмә анамыз, Әбу Саид әл-Хұдри, Әбу Хұрайра, хазірет Осман және Абдуллаһ ибн Зүбәйр сияқты кісілер болса, сахабалардың қалғандары муқиллун деп аталған. Қараңыз: Ибн Қайим, Илам 1\\12, 13 359

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша анамызға барып, мәселенің мәнісін сұрағанды жөн санайтын579. Байқағанымыздай, фиқһты білу үкім берудің негізгі себептерінің бірі деуге болады. Мұны ғылыми тілде «иллет» деп атайды. Бұл дегеніміз, үкім бер- генде Алла тағаланың негізгі мақсатын назарға алу дегенді білдіреді. Құранда немесе хадисте кез-келген бір мәселені анық түсіндірмеген кезде бұл тек өз білігіне қарай салыстыра отырып үкім беру ісінде анамыздың басқа сахабалардан ілгері тұратыны айқын. Жоғарыда айтып өткеніміздей, ол кісі көптеген мәселені Алла расулынан сұрап, қанағаттанарлықтай жауап алған, болмаса сол кісінің іс-әрекетін көзбен көрген. Құрбандық етінің үш күннен көп сақталуы580, жұма намазына барарда ғұсыл алу581, намаз оқуда мәкрүһ уақыттардың белгіленуі582, намазды науқастың отырып оқуы583 және ихрамдағы кісінің жабық аяқ киім киюі584 сияқты мәселелерде Алла ра- сулынан көргеніне сүйеніп, қате түсінікке жол бермей дереу түзетіп, түсіндіріп отырған. Күйеуі қайтыс болған жүкті әйелдің босанған сәттен бастап тұрмыс құра алатынын айтқан анамыз баласының туылуы 579 Тирмизи, Мәнақиб 63 (3883), Нәсәи, Зинәт 90 (5306), Хаким, Мүстадрак 4\\12 (6736), Ибн Сағд, Табақат 2\\375 580 Қараңыз: Мүслим, Әдахи 24, 28 (1969, 1970, 1971), Ибн Мажә, Әдахи 16 (3159), Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\102 (24751) 581 Бұхари, Жұма 13 (860), Мүслим, Жұма 6 (847), Ибн Хиббан, Сахих 4\\38 (1237) 582 Мүслим, Салат 295 (833), Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\255 (26227), Нәсәи, Мәуәқид 36 (573) 583 Бұхари, Таксиру Салат 20 (1068), Мүслим, Салат 111 (731, 732), Әбу Дәуіт, Салат 179 (953), Тирмизи, Салат 275 (374) 584 Әбу Дәуіт,Мәнәсик, 32 (1831), Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\35 (24113), Бәйхақи, Сүнән 5\\52 (8858, 8859) 360

Айша - ғылымның қайнар бұлағы арқылы ол әйелдің күту мерзімінің (идда) біткенін білдірген. Себебі пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) күйеуі өлгеннен кейін босанған Сүбәя әл- Әсләмияның күту мерзімі толмай тұрмысқа шығуына рұқсат берген585. Ақшам намазының парызы неліктен үш рәкат екенін түсіндіру үшін «Өйткені, ол – күндіздің үтірі»586 деген анамыз, таң намазының неліктен екі рәкат болғандығын да оның қырағатының ұзақтығына қарап санның емес, сапасының негізге алынғанын білдіреді587. Қажылық парыздарының материалдық жағына аса мән беріп, қадалып қалмау керектігін ескерткен Айша анамыз Қағбаны тауап ету, Сафа мен Мәруа арасында жүру және шайтанға тас лақтыру сияқты әрекеттердің Алланы зікір ету үшін себептер ретінде түсіндірген588. Бұған қоса, ол Абтахта айтылған Мухассаб жазығына соғудың қажылыққа тән міндет еместігін айтқан. Ол жазық жүруге ең ыңғайлы жол болғандықтан, сол жермен жүретіндіктерін айтады589. Қағбаға қатар орналасқан жарты ай бейнесіндегі Хатимның Қағбаның ішіне тән болып саналуы туралы «Оны Қағбаға неге кіргізбеді?» деп сұраған. Пайғамбарымыз оған былай деп жауап берген: 585 Мүслим, Талақ 36 (1480), Тирмизи, Никах 37 (1195), Әбу Дәуіт, Талақ 39 (2284), Нәсәи, Никах 21 (3244) 586 Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\241 (26084), Ибн Хиббан, Сахих 6\\447 (2738) 587 Қараңыз: Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\241 (26084) 588 Қараңыз: Әбу Дәуіт, Мәнәсик 51 (1888), Тирмизи, Саум 64 (902), Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\64 (24396), Дарими, Мәнәсик 36 (1853) 589 Қараңыз: Бұхари, Хажж 146 (1676), Мүслим, Хажж 339 (1311) 361

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Ол кезде халықтың тұрмыс жағдайы төмен бо- латын. Сондықтан сол іргетасты қосып қалауға мүмкіндіктері болмады. Ал, Қағбаның есігі неге биік? – Себебі қалағандарын кіргізіп, қаламаған кісілерге кіруге мүмкіндік бермеу үшін590. – Уа, расулалла! Сіз Қағбаны Ибраһимнің салған іргетасының үстіне жаңадан салу туралы ойламайсыз ба? – Егер қауымың күпірліктен енді ғана құтылмағанда, әрине, оны жасар едім!591 Хазірет Айша секілді ақылды жан әрине бұл айтылғаннан көп нәрсе аңғарды. Уақыты келмей тұрып қабылдау қиынға соғатын мәселені жұртқа тықпалаудың дұрыс еместігін көрсетіп, кейбір мәселені болашақта жүзеге асыру керектігін аманат еткен еді. Фиқһ мәселелері турасында ең көп хадис риуаят еткендердің арасында да Айша анамыздың шоқтығы 590 Мүслим, Хажж 405 (1333), Бұхари, Илим 48 (126) 591 Мүслим, Хажж, Бұхари, Илим. Айша анамыздан бұларды естіген жиені Абдуллаһ ибн Зүбәйр «Айшадан естуімше, пайғамбарымыз: «Егер адамдар күпірліктен енді ғана шықпағанда және мұны жа- сайтын мүмкіндігім болғанда Хыжрдан бес зыраны Қағбаға қосып, адамдардың кіруі үшін одан бір есік, шығулары үшін басқа бір есік ашар едім» деген. Қазір менің бұл істі жасайтын мүмкіндігім бар, ешкімнен қорықпаймын да» деп пайғамбарымыздың осы қалауын жүзеге асырған. Алайда, оның бұл әрекеті Хажжаж бен Абдулмәлик ибн Мәруәнды осы іске итермелеп Абдулла ибн Зүбәйр шәйіт болған қайғылы оқиғадан кейін Қағба қайтадан бұрынғы қалпына келтірілген. Абдуллаһ ибн Зүбәйрдің бұл әрекетінің негізінде Айша анамыз риуаят еткен пайғамбар сөзінің жатқанын естігенде өкінішін білдірген Хажжаждың «Егер мұны оны қиратпастан бұрын естігенімде Ибн Зүбәйрдің жасағанына тимейтін едім» дегені де ай- тылады. Қараңыз: Мүслим, Хажж 405 (1333), Бұхари, Илим 48 (126) 362

Айша - ғылымның қайнар бұлағы биік. Сол себепті Айша анамыздың риуаят еткен хадистері фиқһшылар арасында жоғары орынға ие. Мысалы, ол Алла расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) кезеңінде мешітке емін-еркін келіп, жамағатқа қосылып намазға қатысқан әйелдер туралы үкімнің кейінгі жылдары өзгергені туралы пікірді ұстанды. Өйткені, шарттар өзгерді, пайғамбарымыздың кезеңіндегі тазалық жойылды. Сондықтан да ол күнгі адал ниет пен қауіпсіздік қазір жоқ. Олай болса, үкім де осыған қарай қайтадан қолға алынып, заман тала- бына сай жаңа үкімдер шығарылуы керек592. Тәпсір мен хадис ғылымы секілді Айша анамыздың фиқһ саласындағы білімі де тікелей Құран мен сүннетке негізделеді. Екі қайнар-көзден алынған мәліметтерді зерттеп, зерделеп және өзінен сұралған кез-келген мәселеде әуелі Құран мен сүннетке жүгініп, қияс жасауға болатын ұқсас үкімнің бар-жоқтығына қарап, сүйенетін негіз таба алмаған жағдай да ғана өз пікіріне сүйенетін. Араб жұртынан басқа елдер өз мейрам күндерінде сойған малдарының етін жеп-жемеу туралы сұрағанда Алладан басқаның атымен сойылған малдың еті желінбейтіні туралы Құраннан ескертіп, аталмыш етті мүминдердің жемейтінін түсіндірген593. Ажырасқан әйелдердің басқа ер кісімен үйленбей тұрып үш мерзім күтуі керектігі жайла баяндаған аяттан анамыз басқа сахабалардан өзгеше түрде үш күту мерзімі емес, үш тазалық мерзімі екенін түсініп, 592 Бұхари, Сыфату Салат 79 (831), Мүслим, Салат 144 (445), Әбу Дәуіт, Салат 54 (569) Қараңыз: № 117 сілтеме 593 Қараңыз: Бақара 2\\173, Куртуби, әл-Жами 2\\224, Ибн Кәсир, Тәфсирул Құран 1\\206 363

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша айналасындағыларға осы ыңғайда пәтуа берген594. Тіпті, осы шешіміне сүйсінген Әбу Бәкір ибн Аб- дуррахман: «Басқа ғалымдардың бұлай айтқанын көрмедім» деген595. Бір күні ажырасу мәселесінде әйеліне ерік берген адам туралы сахабалар арасында сөз болады. Біразы бұл жерде талақтың жүзеге асқанын айтса, хазірет Айша талақ болмағандығын алға тартып, оған дәлел ретінде: – Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бізге таңдау құқығын берді. Біз ажыраспауға шешім қабылдадық. Бірақ ол кісі мұны ешқашан бір талақ деп есептеген емес596. Бір күні қасына Утба ибн Әби Ләхәбтің құлы келіп: – Уа, мүминдердің анасы! Мен Утба ибн Әби Ләхәбтің құлы болатынмын. Ол дүниеден өтті, мен енді оның мұрагерлерінің құлы болып қалдым. Ал, олар мені Абдулла ибн Әби Амр әл-Махзумиге сатты. Абдулла ибн Әби Амр мені азат етіп еді, Утбаның мұрагерлері менің құқығымның өздеріне тән екенін айтып жатыр. Айтыңызшы, мен енді кімнің құлымын? – дегенде, анамыз басынан өткен бір оқиғаны баян- дап: – Бәрирә маған келгенде азат етілуін белгілі бір уақытқа белгілеген күң екен. Бір күні маған келіп, «Уа, мүминдердің анасы! Мені сатып алып, басыма азаттық беріңізші?» деді. Мен «Мақұл» дедім. Кейін 594 Қараңыз: Бақара 2\\228, Мәлик, Муатта Талақ 1196, 1197 595 Мәлик, Муатта, Талақ 1198 596 Бұхари, Талақ 4 (4962, 4963), Мүслим, Талақ 24 (1477), Тирмизи, Талақ 4 (1179), Нәсәи, Никах 1 (3202, 3203) 364

Айша - ғылымның қайнар бұлағы ол «Қожайындарым сенің еркің бізде деп сатылуыма көнбей жатыр» деді. Бұны Алла расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) естіді де: – Бәрираны сатып алып, басына бостандық бер! Қожайындары қаласа жүз шарт қойсын, бірақ құлдың құқығы азат етушіге тән!597 – дегенін жеткізді. Анамыздың осындай артықшылары сөз болған жерде имам Зүхри: – Әр мәселедегі күдік пен күмәнді жойып, сүннетті сара жол етіп қалыптастыруда үнемі Айша анамыздың еңбек сіңіргенін көреміз598 – дейтін. Тағы бірде оған Сад ибн Хишам келіп: – Мен сізден өмір бойы бойдақ болып жүру жайлы сұрайын деп едім. Бұл мәселеде не айтасыз? – дегенде, анамыз еш кідірместен: – Оның жөн емес. Алланың «Біз саған дейін де елшілер жібердік және оларға әйелдер мен бала- шаға бердік!» (Рад, 13\\38) дегенін білмеуші ме едің? Ендеше, мұндай ойдан аулақ бол! – деп жауап берді599. Бірде әйелдердің бірі600 басқа бір сахабамен арала- рында болған сауда-саттықтың үкімін сұрап: 597 Бұхари, Ытқ 23 (2424), Мүслим, Ытқ 5 (1504), Әбу Дәуіт, Ытқ 2 (3929), Нәсәи, Бүйуғ 86 (4656) 598 Бәйхақи, Сүнән 5\\234 (9971) 599 Тирмизи, Никах 2 (1082), Нәсәи, Никах 4 (3216), Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\97 (24702) 600 Бұл әйел сахабаның Әбу Ысхақтың әйелі Үммү Махабба немесе Әбу Сәфәрдің әйелі Әли бинти Әйфа екендігі туралы айтылады. Үммү Әйфа Айша анамыздың қасына Үммү Махаббамен келгенін және аталмыш әңгіменің осы кезде жүргенін айтады, шамамен келіспеушіліктің шыққан жері де осы. Бір топ әйелмен бірге өз әйелінің де Айша анамыздың жанына барып, араларынан бірінің осы сұрақты қойғанын айтқан Әбу Ысхақтың сөзі де осыны рас- тайды. Анамызға бұл сұрақты қойған әйелдің Зәйд ибн Әркамның 365

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша – Уа, мүминдердің анасы! Мен сегіз жүз дирха- мын кейін төлеу шартымен Зәйд ибн Әркамға бір күң саттым. Кейін оны алты жүз дирхам ақшаға қайтадан сатып алдым. Мұның үкімі қалай болады? – дегенде, мұндай сауданы ұнатпаған анамыз: – Сен де, Зәйд ибн Әркам да оңған сауда жасамапсыңдар, – деді де мұндай әрекеттің соңы жақсылыққа апармайтындығын ескертті. Мұны естіп мұңайып қалған әйел: – Егер мен өз ақшамды алып, қалғанын Зәйд ибн Әркамға қайтарып берсем қалай болады? – деп тағы да шешімін сұрағанда, анамыз бұған рұқсат екенін білдіріп мына аятты оқыды: «Кімге Раббысынан нұсқау келіп, ол пайыздан бас тартса, бұрын жасаған жақсы істері жойыл- майды. Ол туралы үкім Аллаға тән»601. Бірде үйлену мәселесінде қыздың пікірін алып-ал- мау туралы сұрайды. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): – Әрине, қыздың пікірі алынуы керек, – дейді. – Қыз ұялып ештеңе дей алмаса ше? – Бұл жағдайда қыздың үндемеуі оның келіскенін білдіреді602. әйелі екенін білдіретін риуаятты да осы тұрғыда қарастыруға бола- ды. Қараңыз: Бәйхақи, Сүнән 5\\330, 331 (10579, 10580), Абдурраззақ Мұсаннаф 8\\185 601 Бақара, 2\\228, 275, Қараңыз: Дарақутни, Сүнән 3\\52 (211), Бәйхақи, Сүнән 5\\330, 331 (10579, 10580), Абдурраззақ Мұсаннаф 8\\185 (14812, 14813) 602 Бұхари, Никах 42 (4883, 4884), Икрах 3 (6547), Мүслим, Никах 65 (1420), Нәсәи, Никах 34 (3266) 366

Айша - ғылымның қайнар бұлағы Алла расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әрдайым көршілермен жақсы қарым-қатынаста болу керектігін ескертетін. Осы жөнінде бір кісі: – Менің екі көршім бар, сыйлық жасасам ең әуелі қайсысына берейін? – деп сұрайды. Сонда пайғамбар: – Есігі өзіңе жақынырағына бірінші бер, – дейді603. Хазірет Айша ғылым дегенде ішкен асын жерге қоятын. Бір мәселенің нәтижесі өзіне қарсы шешілетінін білсе де сұраудан тартынбай ақиқатты анықтағысы келетін. Ила оқиғасына жиырма тоғыз күн өткен соң пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) шаңырағына келеді. Хазірет Айша жарын тура бір айдан кейін келер деп шамалап жүрген еді. Пайғамбарымыздан: – Тура бір ай келмеймін деп кетіп едіңіз. Мен әр күнді санап жүрмін, бүгін жиырма тоғызыншы күн? – дейді. Дәл осы күні қандай да оқыс әрекет екеуінің ара- сына қайтадан жік түсіруі мүмкіндік еді. Бұл жерде анамызға сақ қарап, сыпайылық таныту керек болып тұрды. Алайда, мұндай жағдайда да ақиқат үшін еш нәрседен тайсалмайтын анамыздың ғылымға деген сүйіспеншілігі бәрінен жоғары тұрды әрі осы құштарлығы нәтижесіз қалған жоқ. Өйткені, Алла расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) болашақта фиқһ саласында көптеген мәселенің шешімі үшін негіз болатын мына жауапты берді: 603 Бұхари, Шүфа 3 (2140), Хибә 15 (2455), Әдәб 32 (5674), Әбу Дәуіт, Әдеб 132 (5155), Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\175 (25462), 6\\239 (26068) 367

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша – Бір ай көбіне жиырма тоғыз күннен тұрады!604 Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жалпы бір айдың қанша күн екенін айтқаныменен, әрбір айдың бір-біріне тең екені жайлы жақ ашпаған еді. Әр ай жиырма тоғыз күннен тұрады деп түсінген бір сахабаның бұл қателігі анамыздың құлағына жет- кенде ол: – Алла Әбу Абдуррахманды кешірсін, расулалла «Бір ай көбіне жиырма тоғыз күннен тұрады» деген, – дейді605. Әр қадамын Алланың бұйрықтарын орындаумен басатын анамыз жеке өмірінде де істің жеңілін емес қиынын таңдайтын. Мысалы, ол намаз оқығанда Мусхафқа қарау, нәпіл намазын оқығанда ұзақ дұға жасау қысқартып оқуға рұқсат болғанына қарамастан сапар барысында намаздарды төрт рәкаттан оқу, қайтыс болған адамды сол жерге жерлеу, тауапта әйелдер мен ер кісілердің араласпауы, сондай-ақ, бүлік кезінде әйелдердің мешітке келмеуі сынды мәселелерді жеке өмірінде жүзеге асырған606. Бұлардың барлығы фиқһ ғылымын еркін меңгергендігін көрсетеді. Бұны айналасындағы са- хабалар жоғары бағалайтын. Әбу Сәләмә ибн Аб- дуррахманнан607 табиғиннің үлкен имамы хазірет Атаға дейін бірқатар ғалымдар әрдайым оның осы 604 Бұхари, Саум 11 (1811), Бәйхақи, Сүнән 7\\38 (13047). Қамари айлар көбінесе 29 күн, 30 күн сирек кездеседі. Алла расулының осы сөзді айтқан айы шынында да 29 күн болатын. 605 Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 2\\56 (5182), 6\\51 (24292) 606 Қараңыз: Санани, Мұсаннаф 2\\420, 451, 570, 3\\517, 5616 5\\25, 67, Нәдәуи, Сирату Сәйидәти Айша 275 607 Қараңыз: Ибн Сағд, Табақат 2\\375 368

Айша - ғылымның қайнар бұлағы қырын бағалап, фиқһты терең түсінуде Айша ана- мыздан асатын адам көрмегендерін айтады608. Әбу Омар ибн Абдилбар сияқты кісілер хазірет Айшаны өз ғасырының теңдессіз тұлғасы деп сипаттаса609, Қасым ибн Мұхаммед сияқты кісілер анамыздың әсіресе хазірет Әбу Бәкір, Омар мен Османның халифалық жылдарында жеке дара пәтуа айтушы болғанын тілге тиек етеді610. Өйткені, ол кездері Бас- радан Шамға, Куфадан Мысырға дейін әр қиырдан Мәдинаға ағылған жандар діни сұрақтарын анамызға қоятын. Келе алмағандар хатқа салып, сыйлықтарын қосып сұрақтарын жіберетін. Ал, ол болса қасындағы шәкірті Айша бинти Талхаға жауап жаздырып, сыйлықтарымен бірге оларды иелеріне жіберетін611. Кәлам Аллаға қалтқысыз сенген мүминнің сенім негіздерін белгілейтін өлшем Құран мен сүннет екені күмәнсіз, ал осы екі негізгі қайнар-көзді ең жақсы білетін жан Айша анамыз болатын. Бар білгендерін осы екі қайнар-көздің өлшеміне салып қарайтын. Бұлай жасауды оған Алла расулы үйреткен еді. Әсіресе Құранға қайшы келетін мәселелерге өте мұқият қарады. Миғраждан кейін Абдулла ибн Аббас секілді сахабалар расулалланың Жаратушы- ны көргені туралы пікірді түрлі мәжілістерде күн тәртібіне әкелді. Сүйенетін басты дәлелдері: «Ол 608 Ибн Хажар, Исаба 8\\18 609 Зәркәши, әл-Ижабә 9 610 Ибн Сағд, Табақат 2\\375 611 Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6,93 (24667), 95 (24685), 173 (25446), 258 (26255), Бұхари, әл-Әдәбул Муфрад 1\\382 (1118) 369

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Оны ап-ашық бір көкжиекте көрді» (Тәкуир, 81\\23), «Оның басқа бір түсуін Сидратул мүнтәханың жа- нында көрді» (Нәжм, 53\\13, 14) және «Уаллаһи, көрді әрі Раббының аяттарынан ең үлкенін көрді» (Нәжм, 53\\18) деген аяттар еді. Үмбеттің ғалымы атағына ие болған Абдулла ибн Аббас: – Достықты хазірет Ибрахимге тән етіп оны «Халилулла» дәрежесіне жеткізген, хазірет Мұсаны кәламымен артық етіп, «кәлимулла» атағына ие еткен Алла Мұхаммедті де көру нығметіне бөлеген, – деп612, аталмыш риуаяттың екі рет жүзеге асқанын айтқан613. Алайда, барлық сахабалар олай деп түсінген жоқ. Айша анамыз, хазірет Әбу Зәрр, Абдулла ибн Мәсғуд және Үбәй ибн Қағб сындылар бұл аяттар расулалланың Алла тағаланы емес, Жәбірейілді көргенін білдіріп тұрғанын айтты. Мұны естіген Аб- дулла ибн Аббас (р.а.)614 дереу анамызға барып сауа- лын қойды. Миғраж оқиғасын меңзеп: – Шешей, Мұхаммед Раббысын көрді ме? Хазірет Айша алғашқыда: – Мына сөздеріңе денем тітіркеніп, қаным тарты- лып кеткендей болдым, – деді де, таратып түсіндірді: бірінші кімде-кім саған «Мұхаммед Раббысын көрді» десе қателеседі. Өйткені, Алла тағала Құранда «Көздер Оған жете алмайды. Ал, Алланың ілімі барлық көздерді қамтиды. Көз көрмейтін барлық 612 Тәфсири ибн Кәсир уә тәфсири Табари (Нәжм 13-15-аяттар) 613 Табарани, әл-Мұғжамул кәбир 12\\90 (12565) 614 Кейбір риуаяттарда бұл сұрақты қойған адамның анамыздың шәкірті Масруқ екендігі де айтылады, бұл аталмыш сұрақтың әр түрлі кездерде күн тәртібіне келгенін көрсетеді. Қараңыз: Зәркәши, әл-Ижәбә 967-968 370

Айша - ғылымның қайнар бұлағы нәрсеге жете алатын және барлық нәрседен хабар- дар болған Латиф және Хабир өзі» деген (Әнғам, 6\\103) және бір аятта «Алла бір адамға тек уаһи жолымен немесе бір перденің артынан сөйлейді» (Шура, 42\\51) демейді ме? Екінші кімде-кім «Мұхаммед ертең не бола- тынын біледі» десе өтірік айтады. Өйткені, Алла «Ешкім ертең неге қол жеткізетінін біле алмайды» (Лұқман, 31\\34) деген. Үшінші, «Мұхаммед уаһидан келген кейбір мәліметтерді жасырды» десе, біліп қой, ол да өтірік айтады. Алла оған «Расул! Өзіңе түскенді уағызда!» (Маида, 5\\67) деп бұйырған615. Бірде бір иудейдің мәйітіне қатысты айтқан хадиске Айша анамыз өзгеше көзқарас білдірген. Марқұмды жақындары жоқтағаны үшін өлген адамның азап көрмейтінін айтқан. Бұл пікіріне хазірет Айшаның сүйенген дәлелі жоқ емес-ті. Құранда да ешкімнің күнәсіне басқаның айыпталмайтыны білдірілген616. Өлген иудей соңғы пайғамбар қасында тұрса да оған иман келтірмегендіктен, ақыреттегі жағдайын Құран мен сүннеттің өлшемдеріне салып қараған кезде ба- ратын жері белгілі еді. Сондықтан өлгеннен кейін 615 Риуаятқа қатысты қараңыз: Бұхари, Бәдул Халқ 7 (3062), Табара- ни, әл-Мұғжәмул кәбир 12\\90 (12565), Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\241 (26082), Тирмизи, Тәфсирул Құран (3068, 3278, 3279, 3281). Айша анамыздың осы айтқанын назарға ұсына отырып, біраз адам- дар оның риуаятты толықтай теріске шығарғанын айтса да мына өмір шарттарында мұндай риуаяттың болу мүмкін еместігін айтады, ақыреттегі риуаят мәселесінде пайғамбарымыздың айқын сөздеріне сүйенетін ғалымдардан ерекшеленбейді. 616 Қараңыз: Әнғам 6\\164, Исра 17\\15, Фатыр 35\\18, Зүмәр 39\\7, Нәжм 53\\38 371

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша азап көретіні сөзсіз еді, дегенмен бұл жерде айтылған хадис тек сол кісіге қатысты шындық болатын. Ардақты пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) адамдар арасында мейірім-шапағаты мол болған кісі болатын. Өз баласы Ибрахимнен617 бастап кейбір са- хабалар дүниеден озғанда қимай жылағаны мәлім618. Егер қайтқан кісінің артынан жылау марқұмға азап келтірсе, бұндай іске жол берілмес еді. Бұл жерде назар аударатыны анамыздың тілге жүйріктігі. Бұл хадиске тіл мәселесі тұрғысынан қарағанда, пайғамбарымыз айтқан иудей сөзі барлық иудейді қамтитын сөз еместігі аңғарылады. Осыған ұқсас жағдайлар бірнеше жерде кездеседі. Мысалы, адамдарды алдап сауда жасаған бір саудагерді көргенде Алла расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сол саудагерді меңзеп, «Саудагер – азғын»619 деген. Әуелгі оқиғаны білмей бұл сөзді риуаят ететін болса, бұл жерде де қате түсінік орын алады. Міне, анамыздың назар аудартқысы келгені де осы. Ешкім жақындарының жоқтау айтып жылағаны үшін қабірде азап көрмейді. Пайғамбарымыз Бәдір майданында қанға бөгіп сұлап жатқан Мекке мүшріктеріне қарата «Раббыларыңның сендерге берген уәдесін енді көрдіңдер ме?» – деген аятты оқиды. Бұл туралы айтқанда Абдулла ибн Омар: «Күмәнсіз, қазір олар менің айтқандарымды естіп жатыр», – деген хадисін 617 Қараңыз: Мүслим, Фадаил 62 (2315), Әбу Дәуіт, Жәнәиз 28 (3126), Ибн Мажә, Жәнәиз 53 (1589) 618 Қараңыз: Ибн Сағд, Табақат 3\\46 619 Абдурраззақ Мұсаннаф 7\\299, 11\\458, Бәйхақи, Шуабул иман 4\\329, 330 (5292, 5293) 372

Айша - ғылымның қайнар бұлағы жеткізеді. Мұны естігенде Айша анамыз таңырқайды. Өйткені, «Сен қабірдегілерге хабарлаушы емессің» (Фатыр 35\\22) және «Сен кереңге даусыңды естірте алмайсың, соқырды да тура жолға сала алмайсың!» (Нәмл, 27\\80; Рум, 30\\52) деген аяттарға бұл хадистің қайшы келетінін ойлады. Өзі Бәдірге қатыспады. Аб- дулла ибн Омар да ол майданға қатыспағаны белгілі. Сондықтан, ол да бұл хадисті басқа біреуден естіген болуы керек. Ал, анамыз бұл хадисті: «Қазір олар менің айтқандарымның қаншалықты дұрыс екенін өте жақсы біліп жатыр», – деп естіген еді620. Иә, Алла қаласа, барлық іс жүзеге асады. Тіпті қабірдегілерге де естірте алатыны анық. Өйткені са- хабалар: – Уа, расулалла, денелері саси бастаған бұл өліктерге сөйлеп тұрсың, олар естиді ма? – деп сұрағанда: – Олар менің айтқандарымды сендерден де жақсы естиді621, – деген жауап естіген. Бұл сірә Айша анамыздың кейін келетін ұрпақ бұл хадисті қате ұқпасын деп жасаған сақтық шарасы болар. Тіл, әдебиет, шешендік Хазірет Айша тілге шешен болған. Сөзіне жұртты ұйыта білген. Әр нәрсені дәл бейнелеп, аса сыпайы сөйлейтін. Мәселен, алғашқы уаһидің келуін баяндағанда «Оның көрген барлық түсі рау- 620 Зәркәши, әл-Ижәбә 34 621 Бұхари, Мәғази 8 (3760), Жәнәиз 87 (1304), Мүслим, Жәнәиз 26 (932) 373

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша андап атқан таңдай өте анық болатын»622 деп, көп қиындықтардан кейін жеткен сүйінші хабарды су- реттегенде «Сөйтіп уаһидің таяп қалғандығының белгілері байқалып, уаһи түсе бастады. Уахидың ауырлығынан қара терге түсіп, қыс мезгілінің суықтығына қарамастан маңдайынан маржан- дай тер моншақтады» деп уаһидің түсу барысын- да Алла расулының шеккен қиындығын шебер тілмен суреттейді. Бұған қоса, өзі мұнафықтардың жаласына ұшырып, әртүрлі өсек-аяңдарды естіп қиналғандығын: «Сол күні көзімің жасы суалғанша жыладым. Тіпті кірпіктерім айқасып, ұйқыға бас қоя алмадым»623 деген секілді басынан өткен жағдайларды баяндағанда жарасымды теңеу сөздерге жүгінгенін көреміз. Әкесі Әбу Бәкірден шежіре мен тарих, шешендік және көркем өнер сынды әдебиет саласындағы ғылымдарды үйренді624. Ол кезде хазірет Әбу Бәкір (р.а.) айтулы шешендердің өзі санасатын ділмар еді625. Тіпті, шежіре мен өлең мәселесі қозғалған жерде елді аузына қаратып отыратын Хассан ибн Сабит секілді үлкен ақын сахабаға Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Әбу Бәкірге бар, өйткені ол әртүрлі қауымдардың шежіресін сенен жақсы біледі», – деп оған бағыт сілтеген. Әбу Бәкірден шежіре ілімімен 622 Бұхари, Бәдул Уахи 1 (3), Тәфсирул Құран (96) 1 (4672), Табир 1 (6982), Мүслим, Иман 252 (160) 623 Бұхари, Шәхадат 15 (2661), Мәғази 34 (4141) 624 Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\67 (24425), Хаким, Мүстадрак 4\\12 (6733) 625 Қараңыз: Мүслим, Фадаилус Сахаба 157 (2490), Бәйхақи, Сүнән 1\\238, Хаким, Мүстадрак 4\\12 (6733, 6737), Табарани, әл-Муғжәмул кәбир 4\\38 (3582) 374

Айша - ғылымның қайнар бұлағы көркем сөзді терең меңгерген әртүрлі басқосуларда Ислам дұшпандарының үнін өшіретіндей сөздер айтқан. Оның осыншалықты терең мазмұны бар өлеңдер айтқанына куә болған құрайыштар іркіліп: «Бұл өлеңдер тек Ибн Әбу Кухафа айтатын өлеңдермен мәндес екен немесе бұлар дәл Ибн Әбу Кухафаның өлеңдері626, – деп таңданыстарын жасыра алмай Әбу Бәкірдің осы салада өте шебер екендігін білдірген. Бүгінге дейін оны зерттегендер Айша анамыздың тіл тұрғысынан өз дәуірінде өте таза сөйлеген жан екенін дәлелдеген627. Өз дәуірінде осы қырымен де ерекшеленген. Пайғамбарлар мырзасы секілді болашаққа да сөзі жететін жаннан парасатты тәлім алуы, Әбу Бәкірдей сөзге жүйрік әкенің қолында өсуі шешендікте таптырмас мүмкіндік болатын. Осы мүмкіндіктерді ұтымды пайдалана білген анамыз шешендік жағынан да басқа әйелдердің арасын- да дараланып тұрды. Сол кезде болсын, болашақ кезеңдерде болсын оның басқа аналарымыздан ерекше қырлары қарастырылғанда «Әйелдерінің ара- сында тіл жағынан ең шешені Айша болатын» деген сөздер осының айғағы628. Бұл жайында табиғин әрі анамыздың шәкірті Мұса ибн Талха: 626 Ибн Абдулбәрр, Истиғаб1\\342 627 Зәркәши, әл-Ижәбә 57, Бути, Айша Үммүл муминин 79 628 Зәркәши, әл-Ижәбә 35, 36 375

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша – Шешендікте Айшадан асқан ешкімді көрмедім629, – десе, тағы бір табиғин имамы Ахнаф ибн Қайс былай дейді: – Мен Әбу Бәкір, Омар ибн Хаттаб, Осман ибн Аффан, Әли ибн Әбу Тәліптің және басқа да халифалардың құтбасын тыңдадым, алайда олардың ешқайсысынан дәл Айшаның аузынан естігендей шешен сөз естімедім!630 Табииндердің ұлы имамы Әбу Мүләйканың да таңданғаны бар. Анамыздың өлеңіне деген таңданысын әкесі хазірет Әбу Бәкірге қатыстырып былай деген: – Өлеңге жүйріктігіңе тәнті еттің, қанша деген- мен Сыддық Әкбардың қызы емеспісің?!631 Анамыздың жағдайын сұрап барған хазірет Мұғауия кететін уақыт болып рұқсат сұрағанда, қасындағы хазірет Зәкуанға сүйеніп: – Уаллаһи, мен (расулалланы қоспағанда) Айша- дан асатын сөзге шешен адам көрмедім!632 – деген. Хазірет Мұғауияның анамыз туралы айтқаны әрине бір бұл емес. Бір күні кездесіп қалған Сәлим ибн Әбихтен «Адамдардың ең шешені кім?» деп сұрағанда, «Егер қадалып сұрасаң Айша!» деген жауап алады. Сонда оған қарап Айша анамызды меңзеп, былай дейді: 629 Тирмизи, Мәнәқиб 62 (3884), Хаким, Мүстадрак 4\\12 (6735), Хәйсәми, Мәжмәуз зәуәид 9\\243, Табарани, әл-Мұғжамул кәбир 23\\182 (292) 630 Хаким, Мүстадрак 4\\12 (6732), Зәркәши, әл-Ижәбә 57 631 Хаким, Мүстадрак, 4\\12 (6737) 632 Зәһәби, Сияр 2\\183 376

Айша - ғылымның қайнар бұлағы – Жапқан есігін ашқысы келсе, міндетті түрде оны ашады және ашқан есігін жапқысы келсе, оны да міндетті түрде жасайтын633. Өйткені, ол сол кезде айналасында Айша анамыз- дан асқан сөзге шешен адамның жоқ екенін білетін. Сондай-ақ, хазірет Мұғауия: – Уаллаһи, мен Айшадан асқан шешен адам тыңдаған емеспін634, – деу арқылы мұны баршаға жа- риялауды өзіне міндет деп санайды. Жахилия дәуірінің ақындарынан Ләбидке тән мың өлеңді бір сәтте оқығанын естігенде, ұлы имам Шағби анамыздың қабілетіне таңданып айналасындағыларға: – Сендер пайғамбарлық әдепті басқа қалай ойлап едіңдер? – дейтін635. Әкесі хазірет Әбу Бәкір (р.а.) мен Айша анамыздың әдебиетке жүйріктігінің астарында Құран мәдениетін білуі, Алла расулының құтбаларын тыңдаудағы мұқияттылығы, пайғамбардың сөзін жаттап, түсінуге құштарлығы, мұсылман ақындардың шеберлігіне куәгерлігі және сырттан келіп жинақтарын ұсынған ақын-жазушылардың өнерін көруі сияқты әрекеттер жатыр. Сөйлеген кезде сөзді таңдап қолдануға аса мән беретін, айналасындағыларға Құран таңдаған сөздерді қолдануды ұсынатын. Өзіне келген Язид ибн Бабнус пен жолдасы перденің артынан оған: 633 Ибн Әсакир, Тариху Димашқ 19\\196, Ләләкаи, Иттиқаду Әхлис Сүннә 8\\1436, Ибнул Жәузи, Сыфатус сафуа 2\\36, Исфәхани, әл- Әғани 20\\331 634 Зәһәби, Сияр, 2\\183 635 Зәһәби, Сияр 2\\197 377

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша – Уа, мүминдердің анасы, – деп, хайыз жағдайы жалғасқан кезде жұбайларымен арақатынасты сұрайды. Мақсаттарын білдірген кезде қолданған сөздері арасында Құранның таңдамаған сөздері де кездескендіктен бұған жатырқай қараған анамыз оларға: – Алланың таңдаған сөздерін қолданыңдар, – деп ескерту жасаған636. Негізінде ол Құраннан бас тартқандарға ескерту жасап, Алла сөзінен басқа іспен шұғылдануды жөн санамайды және орынсыз сөздерге куә болған кезде адамдарды оянуға шақыратын. Бір күні жанына Ибн Әби Саиб келеді. Оны көргенде: –Үш нәрсе бар, бұл мәселеде сен маған бағынасың немесе мен бұл мәселеде сенімен соңына дейін күресемін, – дейді. Мұны естіген ибн Әби Саиб: – Уа, мүминдердің анасы! Олардың не екенін айтсаң мен саған әрине бағынамын, – дейді. – Дұға еткен кезде Алланың алдында тұрғандай байсалды бол, өйткені мен расулалланың да, сахабалардың да солай жасағанына куә болдым. Күн сайын емес, тек жұма күні ғана жұртқа насихат айт! Одан көп айтқың келсе, екі, ол жетпесе үш рет болсын! Адамдарды Құраннан суытпа! Барған мәжілістеріңде ешкімнің сөзін бөлме. Егер мұндай жағдайға кезіксең, оларды өз жайына қалдыр. Егер саған көңіл бөліп, насихат айтуыңды сұраса, онда отырып сөйлесуден тартынба!637 Анамыз нақты әрі түсінікті етіп сөйлегенді ұнататын. Өйткені, расулалладан көргені сол. 636 Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\219 637 Зәркәши, Ижәбә 176 378

Айша - ғылымның қайнар бұлағы Көпшілікке қарата сөйлеуде мұның маңызы зор. Әсіресе, адамдардың ойы шашыраңқы және түрліше мәліметтерге ие кезде бәрінің назарын еріксіз өзіне аударып, естігендер түсінбей қалмауы үшін сөзін қайталап айту қажет болатын. Сөзін ұғынықсыз етіп тез сөйлейтіндерді ұнатпайтын. Расулалланың сөйлеу мәнерін назарға ұсынып, сөзді жүрекке жеткізе нақтылап айту керектігіне тоқталатын. Әбу Хұрайраның (р.а.) да асыға сөйлеп хадис риуаят еткенін көргенде: – Расулалла сөйлегенде арасында кідіретін. Әр сөзі нақтылап айтатын638, – деп қарсылық танытты. Намаз оқыған кезде сыртта біреудің хадис риуаят еткенін естіді. Расулалланың сөзін жеткізуде, бірақ өте тез сөйлегендіктен, сөздері ұғынықсыз еді. Анығында тағы бір жолы анамыз өзінен расулалланың сөйлеу мәнерін сұраған кісіге: Естіген жан әр сөзін талдап санайтындай ол баяу әрі нық сөйлейтін639, – деп жауап бергені бар. Есігінің алдында хадисті тез айтқан әлгі кісіге әрине көңілі толмады. Сөйтті де былай деді: – Әлдекім есігімнің аузына келіп, маған да естірте хадис риуаят етті де дереу ұшты-күйлі жоқ болды. Ол кезде тәсбих тартып отыр едім. Мен тәсбихымды бітіргенше ол хадисті айтып үлгерді. Егер артынан жете алсам, оған «Расулалла дәл сіз айтқандай етіп хадис айтпас еді» дер едім640. 638 Ибн Хажар, Фәтхул бари 6\\578 639 Бұхари, Мәнәқиб 20 (3374), Мүслим, Зүхд 71 (2493), Әбу Яғла, Мүснад 8\\136 640 Бұхари, Мәнәқиб 20 (3375), Әбу Дәуіт, Илим 7 (3655), Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\118 379

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Айтпағын теңеу сөздермен білдіретін. Мәселен, расулалланың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әсіресе рамазан айындағы ғибадатын сөз еткенде, ол кісіні әбігерлене етек-жеңін түріп, діттегеніне шапшаң адымдап кетіп бара жатқан адамға ұқсатқан641. Ал намазға деген мұқияттылығын сипаттағанда: Намазының көркемдігі мен ұзақтығын сен сұрама, мен айтпайын, – деген642. Жомарттығын тілге тиек еткенде, не кезіксе бәрін үйіріп алып кететін желге ұқсатқан643, Алланың бұйрығын қалтқысыз орындауын айтқанда, әйел са- хабаларды меңзеп: – Алла хижрет жасауда алғашқы қатарда тұрған әйелдерге рақым етсін! «Орамалды тамақты жаба- тындай етіп тақсын!» (Нұр, 34\\31) деген аят түскенде, дереу бастарын жапты644, – деп жарасымды мақтап өтеді. Хазірет Осман шейіт болып, көңіл айта барғанда, айналасын айыптаудан тартынбай жұртқа былай деді: – Әуелі оны кірден таза киім етіп, артынан шейіт қылдыңдар!645 Бұны айтқандағы мақсаты халифа тағайындалған хазірет Османның әр сөзі мен ісін сынап-мінеу арқылы 641 Бұхари, Салатут тәрауих 6 (1920) 642 Бұхари, Салатут тәрауих 1 (1909), Мүслим, Салатул мусафирин 125 (835) 643 Қараңыз: Бұхари, Бәдул Уахи 1 (6), Саум 7 (1803), Бәдул Халқ 6 (3048), Мүслим, Фадаил 50 (2308), Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\130 (25029) 644 Бұхари, Тәфсирул Құран 31 (4480-4481) 645 Осыған қатысты айтқан тағы бір сөзі «Сосын оған жақындап, дәл бір қошқарды құрбандыққа шалардай өлтірдіңдер» деп берілген. Қараңыз: Ибн Кәсир, әл-Бидая 7\\195 380

Айша - ғылымның қайнар бұлағы соңында өлтіруге дейін барған әлдекімдердің дөрекі қылықтары оны күнәларынан арылтып, бақиға Алла және расулына барарда кірден арылған аппақ киімдей таза кеткенін ұқтыру еді. Сол жағдайлар орын алғанда селт етпегендерге налыды: – Өкініштісі сол, бүгін кейбіреулердің жүрегі құстың жүрегіндей атқақтап, жел қайда айдаса, сол жаққа кетеді. Құрып кетсін, ол қорқақтар!646 Сөздері тек әдеби ғана емес, әлеуметтік өмірде кездескен бірқатар түйткілді мәселелердің жауабын да анық қамтыған. Солардың бірнешеуі төмендегідей: – Неке де құлшылық тәрізді, ендеше, сендер қыздарыңдыкімгенекелегендеріңемұқиятқараңдар!647 – Әй, Тәмимдіктер, етке сонша құмартпаңдар! Өйткені, ішімдік секілді етке де тәуелділік бар648. – Әйел ұстаған ұршық649 Алла жолында күрескен ер кісінің қолындағы найзадан да жақсы!650 Өлең және шешендік Ол кезде өлең арабтардың төл қазынасы секілді болатын, айтпағын өлеңмен білдіріп, мұны естерінде сақтайтын және бұл мәселеде әйелдер еркектерден қалыспайтын. Айша анамыз да осындай ғасырда, хазірет Әбу Бәкір сияқты бірнеше күн тоқтаусыз өлең оқи алатындай адамның отбасында дүниеге келді. Ол 646 Ибни Абдираббих, әл-Иқдул фәрид 1\\108 647 Саид ибни Мансур, Сүнән 1\\191, Ибнул Жәузи, Задул Мәғад 5\\189, Ибни Абдираббих, әл-Иқдул фәрид 6\\91 648 Ибни Әби Шәйба, Мұсаннаф 5\\141 649 Жүн немесе мақтадан жіп иіруде қолданылатын құрал. 650 Ибни Абдираббих, әл-Иқдул Фәрид 2\\272 381

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша кезеңде ең құнды нәрсе өлең болғандықтан, тарих- ты да өлеңдетіп жазатын, мәжілістерін де өлеңмен көркемдейтін. Айша анамыз да бұл жерде өзіндік орынды иеленді. Ол өлең екі түрлі деп қарады: жақсысы әрі жаманы. Бірақ өзі «Жаманын таста, жақсысын ал» деген ұстанымда болды651. Өйткені, бұны расулалла- дан (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) естіген652. Бір күні өзінен: – Расулалла өлең оқитын ба еді? – деп сұраған хазірет Шурайхаға: – Иә, – деп жауап берген. Нақты мысал ретінде Абдулла ибн Рауаханың бір өлеңін оқығанын айтты. Мұны айтқанда сол өлеңнен мысалдар беруді де ұмытпады653. Есте сақтау қабілеті күшті болатын, естігендерін ұмытпайтын, реті келгенде естеліктерін айтып беретін. Бәдірден кейінгі оқиғаларды өлеңмен жеткізген меккеліктерден естігендерін бірнеше жылдан кейін айтып, исламға деген өшпенділіктер жайлы мүминдерді де хабардар еткен654. Бірнеше жылдан кейін бұл дүниенің қараңғылығынан құтылып, өзін Мешіт Нәбәуиге аманат еткен қарт 651 Бұхари, әл-Әдәбул мүфрад 1\\299 (866) 652 Бұхари, әл-Әдәбул мүфрад 1\\299 (865), Дарақұтни, Сүнән 4\\156, Шафи, Мүснад 1\\366, Сәмәни, Әдәбул имла уәл истимла 1\\71 653 Бұхари, әл-Әдәбул мүфрад 1\\300 (867), Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\138 (25115, 6\\156 (25270), 6\\222 (25904) Тирмизи, Әдәб 70 (2848), Нәсәи, әс-Сүнәнул кубра 6\\248 (10835), Хәйсәми, Мәжмәуз зәуәид 8\\128, Тахауи, Шәрху мәғанил әсәр 4\\297. Аталмыш өлеңнің Тарафа ибн Абдқа қатыстырылғаны туралы айтылады. Қараңыз: Нәсәи, әс- Сүнәнул кубра 6\\247 (10833, 10834), Ибн Әби Шәйба, Мұсаннаф 5\\278 654 Қараңыз: Бұхари, Мәнәқибул ансар 45 (3921) 382

Айша - ғылымның қайнар бұлағы әйелдің ішкі сезімін жеткізіп655, тіпті бұлардың біразын расулаллаға да айтқан. Хижреттен кейін зиярат етіп барған хазірет Әбу Бәкір, Біләл және Фүхәйраның сағынышқа толы өлеңдерін естіп, бізге жеткізген де сол656. Бір күні расулалланың қасында жахилия дәуірінің ақыны Әбу Кәбир әл-Хүзәлидің өлеңінен екі жол оқып, артынан: – Егер Әбу Кәбир әл-Хүзәли көрсе, өлең арнауға міндетті түрде сізді лайық көрер еді, – деген. Өйткені, бұл өлеңінде Әбу Кәбир әл-Хүзәли ұлының батырлығын жырлаған. Мұны естігенде пайғамбарымыз орнынан тұрып, сүйікті жарының маңдайынан сүйіп, былай деген: – Алда жарылқағыр, Айша! Мені қалай қуантсаң, Алла да сені солай қуантсын!657 Хазірет Айша Хандак күні Сағд ибн Муаздың айтқан өлеңін жеткізді658, мүшріктердің мұсылмандарға тіл тигізгенде, Алла расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әуелі Абдулла ибн Рәуаха, одан кейін Қағыб ибн Мәлик және Хассан ибн Сабитке мұсылмандарды қорғап өлеңдетуді тапсырғаны бар. Сондағы олардың айтқан өлеңдерін 655 Бұхари, Салат, Мәнәқибул ансар 26 (3835) 656 Бұхари, Фәдаилул Мәдина 12 (1884), Мәнәқибул ансар 46 (3926), Мәрда 8, 22 (5654, 5677), Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\65 (24405), 6\\221 (25898), 6\\239 (26072), Ибн Хиббан, Сахих 12\\413 (5600) 657 Бәйхақи, Сүнән 7\\422 (15204), Әбу Нуайм, Хиллиятул әулия2\\46, Хатиб әл-Бағдади, Тарихи Бағдад 13\\253 658 Ибн Хиббан, Сахих 5\\498 (7028), Хәйсәми, Мәжмәуз зәуәид 6\\137, Ибн Әби Шәйба, Мұсаннаф 7\\373 (36796) 383

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша жеткізді659 және тойларында ансар әйелдерінің айтқан өлеңдерін де кейінгілермен бөліскен сол660. Әрине, анамыздың өлең мәселесінде айтқаны бір бұнымен шектелмейді. Ол өзінің өлең сөзге деген байлығын реті келгенде өзгелермен бөліскен, құндылықтарды дәріптегенде өлеңнің артықшылықтарын да тиімді пайдалана білген әйел еді661. Бәлкім, содан ба: – Балаларыңды өлеңмен азықтандырыңдар, тілі тәтті болсын, – деген. Яғни балаға өлең үйрету арқылы кішкентайынан шешендікке баулуды меңзеген662. Бір күні Әбу Хұрайраның «Ішке өлең толғанша, құсық толғаны артық»663 деген хадис риуаят еткенін естіп ашуланады. Дереу: – Алла Әбу Хұрайраны кешірсін, хадисті толық жаттамапты. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Іштеріңе мені мазақ еткен өлең ұялағаннан гөрі ол қарынға құсық пен қан толғаны артық»664 деген бола- тын, – дейді. 659 Мүслим, Фадаилус сахаба 156 (2489, 2490) 660 Бәйхақи, Сүнән 7\\289 (14466), Табарани, әл-Мұғжамус сағир 1\\214 (343), әл-Мұғжамул әбсад 3\\360 (3401) 661 Айша анамыздың оқыған өлеңдері туралы кеңірек мәлімет үшін қараңыз: Бәйхақи, Сүнән 7\\289 (14466), Табари, Тарих 3\\7, 47, 10\\3, Ибн Кәсир, әл-Бидая 7\\244, Табарани, әл-Мұғжәмус сағир 1\\214 (343), әл-Муғжамул әбсад 3\\360 (3401) 662 Ибн Абдираббих, әл-Иқдул Фәрид 663 Бұхари, Әдәб, Мүслим, Шиир, Әбу Дәуіт, Әдәб, Тирмизи, Әдәб, ибн Хиббан, Сахих 664 Хәйсәми, Мәжмәуз Зәуәид, Тахауи, Шәрху Мәғанил Әсар, Әбу Яғлә, Мүснад, ибн Әсәкир, Тариху Димашқ. Бұл сөзді өлеңге құмар риуа- ятшы Кәлби шығарған деп те айтылады. 384

Айша - ғылымның қайнар бұлағы Ақиқаты сол, барлық мәселе секілді өлеңнің де жақсы-жаман жағы бар. Мәселе оны игілікті етіп іске жарата білуде. Тілмен өзгелерді шағудың жөнсіз екенін анамыз «Адамдардың ең күнәлісі – арасын бөліп қарамастан бір қауым елді тұтас өлеңімен мазақ еткен жан»665 деп білдірген. Бұл Алла расулының да айтқанымен үндес. Себебі Абдулла ибн Омар пайғамбарымыздың «Өлең – сөздің асылы. Өлеңнің жақсысы сөздің жақсысы, өлеңнің жаманы сөздің жаманы666» дегенін риуаят еткен. Тілдің мәдениетті тасымалдаушы екенін жақсы білгендіктен, тіл қадірін білмейтіндерге қарсылық танытатын. Бір күні жағдайын білу үшін бауырлары Мұхаммедтің баласы Қасым мен Абдуррахманның немересі Абдулла ибни Әби Атиқ келеді. Әңгіме кезінде әсіресе Қасымның сөйлегені Айша анамызға ұнамайды. Өйткені, анасы Қасымға аяғы ауыр кезде азаттық алып еді. Сондықтан баланың жетілуінде кемшілік кеткен болатын. Сөйлегенін естіп, шыдамы таусылғанда Қасымға: – Саған не болған? Жолдасың секілді дұрыстап сөйлемейсің бе? Бұл саған қайдан жұққанын да білмейді емеспін. Екеуіңді де аналарың өсіріп, тәрбиеледі ғой, – деді. Әрине, бұған Қасым шамданып қалды. Мұны айтып тұрған туыс әпкесі әрі мүминдердің анасы болса да күрсініп жақтырмағанын білдірді. Осы кезде 665 Бұхари, әл-Әдәбул мүфрад1\\302 (874), Ибн Хиббан, Сахих 13\\102 (5785), Исхақ ибн Рахууәйх, Мүснад 3\\607 (1178) 666 Бұхари, әл-Әдәбул Мүфрад 299 (865), Дарақұтни, Сүнән 4\\156, Шафиғи, Мүснад 1\\366, Сәмәни, Әдәбул имла уәл истимла 1\\71 385

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша дастархан жайылып, тамақ дайын болды. Бірақ Қасым ренішпен тамаққа қарамай жүрмекке ыңғайланды. Айша анамыз неліктен кетпек болғанын сұрағанда: – Намаз оқу үшін, – деген жауабын естіді. Сонда анамыз: – Орныңа отыр! Мен расулалланың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Ас әзір тұрғанда және дәрет қысқанда намаз оқуға болмайды» дегенін естігенмін667, – деді. Әкесі әрі алғашқы халифа Әбу Бәкір (р.а.) қайтыс болғанда, қатты қайғырды. Оның үстіне әкесін әлдекімдердің жамандағанын естіп, одан сайын ренжіді. Әлгілер бұл жағдайға қуанып, бүлікті маз- дата түсті. Бір тұстан қателік кеткені анық. Ал оның алдын алмаған жағдайда мұндай қателіктер ертең тіптен ұлғаюы мүмкін. Сондықтан ең құрығанда істің турасын көрсетіп, елге алдын ала ескерту керек. Осы оймен қасына сөзін тыңдайтын бір топ кісіні шақырды. Мақсаты қайтыс болған халифа хазірет Әбу Бәкірдің жеке дара қасиеттерін, биік тұғырын еске салып, елеусіз қалмауын қадағалау еді. Басты адамдардың келгенін естіген соң бөлмесіндегі пердені түсіріп, биіктеу төсеніштің үстіне шығып, Раббысы- на мадақ айтты. Іле «Әкешім! Сен қандай ұлы әке едің!» деп сағынышқа толы сөздерін арнады. Сосын жиналғандарға қарап: – Уаллаһи, жаман ниетпен ешкім оған қол тигізе алмайды. Өйткені, ол парасатты, өресі биік жан болатын! Жаман атқа таңғысы келгендер 667 Мүслим, Мәсажид 67 (560) 386

Айша - ғылымның қайнар бұлағы діттегеніне жете алмайды. Сендер оған ор қазып әуре болсаңдар да, ол өзі ісін орындады және мұндай ауыртпалықтардан әлдеқашан құтылды. Сендер әлі бір орыннан қозғала алмай жатқанда, ол жүйрік аттай әлдеқашан межеге жетіп үлгерді. Қайткен күнде де ол құрайыштың жігіті болатын, жылағанды жұбатып, кедейлерге көмектесіп, азғындағандарды тізгіндейтін. Жұмыстарын жөнге келтірдіктен, құрайыштар оған бауыр басып қанған еді. Сөйтіп жүргенде Аллаға иман келтірді, исламға шын ықыласымен берілді. Мүшріктер жөргегінде тұншықтырмақ болған ислам- ды тірілтуге жанын салып, ауласын мешітке айнал- дырды. Оған Алланың рақымы мен берекесі жаусын, үнемі көңіліне мұң тұнып, көзінде жас тұратын. Құдайдан қатты қорқатыны соншалық, өңі боп-боз болып жүретін. Сондықтан Меккелік әйелдер мен балалар оның сыртқы кейпіне қарап келеке-мазақ ететін. Анығында, «Әсілі мазаққа ұшырағандар солардың өзі. Азғындауы асқынып, құтыра түссін деп Алла оларды еркіне қалдыруда» (Бақара, 2\\15). Құрайыштың еркектері осының өзін көп көріп, соны көздеп, садақ кезенді. Қылыштарымен тұра ұмтылып, омыртқасы сынғанша жабыла таяқтаудан тартынба- ды. Осылай жүргенде Алланың мұраты жүзеге асып, дін күшейіп, қуаттанды. Енді Ислам өз абыройымен биікке көтеріліп, қуаттанып, бойын тіктеді. Мұны көргендер топ-топ күйде жан-жақтан ағылып келе ба- стады. Күні жетіп, Алла пайғамбарын өз құзырына алды. Нәбиінің рухын алғаннан кейін шайтан үміттеніп, 387

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша тұзағын құрды. Адамдарды жолдан тайдыруға ты- рысты. Бұл Ислам бірлігін бұзатын қауіпті жағдай еді. Заман бұзылып, түсінік жағынан адамдар толқи бастады. Қиындықтар туындады. Бұл кезде пасық пиғылдылар қолды ысқылап, енді ойларын жүзеге асыратын уақыт жетті деп үміттенді. Алайда, арала- рында оған жол бермейтін Әбу Бәкір бар еді. Әбу Бәкір дереу іске кірісті. Көп өтпестен иман іргетасын қайта нықтап, исламның ұлылығын паш етіп, дін қайтадан бұрынғы күшіне ие болды. Өйткені, ол нәзіктікпен, жұмсақтықпен істерді реттей білді. Сөйтіп жүргенде ажал оны да тырнағына іліктірді. Енді оның орнын мейірімді әрі әділетті Хаттабұлы Омар басты. Омарды тапқан, ақ сүтін емізген алтын құрсақты ананы Алла жарылқасын. Омар да өз кезегінде кәпірлердің үнін өшіріп, бәрін өз билігіне қаратты. Ширкті жойды. Әлемде жаңа жерлер бағындырды. Бірақ асып-таспады, дүниеге беріліп кетпеді. Қолға түсірген олжаларды тиісінше таратып беріп, ол да алдындағы жолдасының ізін ала бақиға сапарын жалғады. Осының бәрін біле тұра, қане, маған не демексіңдер? Әкемнің қай күні сендерге ұнамай отыр? Әділдікпен басқарған кездері ме, әлде сендерге Омарды ұсынып, өзі ажал құшқан күні ме? – деді. Менің сендерге айтпағым осы, айтарымды айттым. Алладан өзім үшін де, сендер үшін де кешірім тілеймін. Сөзін аяқтап, ендігі кезек жиналғандардың ойын білуге келді. Бәріне қарап сұрады: 388

Айша - ғылымның қайнар бұлағы – Құдай ақы айтыңдаршы, сөздерімде қате бар ма? – Жоқ, ант етейік, бәрі де дұрыс!668 Бір күні әкесінің қабіріне жақындап, жүрек сыздатқан сөздермен: – Алла сенің жүзіңді жарқын етсін, әкешім! Артыңда қалдырған жақсы естеліктер, жасаған жақсылықтарың үшін саған үлкен рахмет! Сен өткінші дүниеге мән бермей, арғы дүниені артық көрдің. Расулалладан (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) кейін оқиғалардың ауыры сенің басыңнан өтті. Көрсеткен сабырың үшін қасиетті кітапта қайтарым уәде етілгені анық. Шеккен қиындықтарың үшін жақсылық көретінің күмәнсіз. Осы сабырыңа қайтарым ретінде Алланың уәдесі жүзеге асарына сенемін. Өзіңе кешірім тілеп, Алланы уәдесі тезірек орындалса екен деп тілеймін. Кейбіреулер дүниелік істі бәрінен артық көрген уақыттарда сен әрдайым діннің қамымен жүрдің. Өзіңе берілетін үкімге разы кейіппен Аллаға аманат етемін! Саған Алланың сәлемі мен берекесі жаусын!669 – дейді. Хазірет Османның шейіт етілгенін естігенде, «Шынымен де Осман өлді ме?» деп, рас екеніне көзі жеткенде былай деген: – Алла рақыммен қарап, оны кешірсін! Ол дүниенің ауыртпалықтарынан құтылды. Ал сендер- ге келсек, оған қарсы шыққандарға кеше үндемей 668 Ибн Абдираббих, әл-Иқдул Фәрид2\\206, Калкашәнди, Субхул Аша 1\\248, Нуәйри, Нихаятул Араб 7\\230 669 Ибн Әсәкир, Тариху Димашқ 30\\443, Зәркәши, әл-Ижәбә 58, Кайра- уани, Зәхрул әдаб 1\\39 389

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша бағынғандықтан, бүгін ақиқатқа бет бұрып, ис- ламды күшейту үшін көбірек күш салып, жүгіруге міндеттісіңдер. Анығында діндерің үшін үсті-үстіне нығмет жаудырған Алланың сонша жақсылығына сендер дүниеге ашкөздік таныттыңдар. Дінге көмек беруден қашып, дүниенің соңына түстіңдер. Мынаны жақсы біліп алыңдар, бір нәрсені тұрғызудан гөрі быт- шытын шығарып қиратқан оңай. Алайда, ұмытпаңдар, қол жеткіздім деп ойлаған бұл жақсылықтарың көп ұзамай көзден бұл-бұл ұшады670. Сол күні Имран ибн Хусайн және Әбул Әбсад әд- Дуәли жіберген Осман ибн Хунәйф келіп: – Шешей, осы жерге дейін келу себебіңіз не, расулалланың айтқан тапсырмасы ма, әлде өзіңіз бе? – деп сұрағанда «Османның шейіт етілгенін естіген соң өз ойыммен осы жерге келдім» деп, артынан былай деген: – Османды шейіт ету арқылы сендер үш тый- ымды белден басып, үш харамды бірден істедіңдер. Бұл аймақтың киелі екендігіне мән бермедіңдер, халифалық дәреженің беделін аяққа таптадыңдар. Оның үстіне мұны харам айларында жасадыңдар! Әрі Осман қалауларыңды орындаса да оны тығырыққа тіреп ақыры шейіт еттіңдер! Сендер міне осындай зұлымдық жасадыңдар. Біз Осман үшін сендерге ашуландық. Сендер Османға қылыш көтергенде, сен- дерге біз ашуланбауымыз керек пе?671 Әйелдігіне қарамастан көтеріңкі дауыспен екпіндете сөйлеп, жағдайды реттеуге тырыса- 670 Әбу Нуғайм, Имта 511, Ибн Тайфур, Бәләғатун ниса 5, Бути, Айша 81 671 Ибн Кәсир, әл-Бидая 7\\232, Жәхиз, Баян 2\\332 390

Айша - ғылымның қайнар бұлағы тын. Мәселен, Жәмәл күні келісімге келуде Айша анамыздың осындай әдіске жүгінген. Нағыз шешендік ретінде бағаланған сол сөзде ол: – Менің сендерде аналық қақым болғаны секілді, насихат айтуға да қақым бар, – деп бастап, Алланың өзі арқылы берген нығметтерден пайғамбарымыздың құзырындағы жағдайына, әкесінің ерекше қасиеттері мен халифалық міндетті мойнына алған күндерде тап болған қиындықтарға қарамастан ақиқатты ұлықтау мақсатында жасаған әрекеттеріне дейін бірқатар мәселелерді қозғап, өзінің де бітімге келу бағытында әрекет жасайтынын айтқан. Борыштарлығын сездіріп оларға былай деп дауыстады: – Білесіңдер, мені тек Раббысына қарсы шыққандар айыптайды. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) менің кеудеме басын қойып көз жұмды. Бұған қоса, мен жұмақтағы әйелдерінің бірі боламын. Раббым мені соған сақтап дайындады және әртүрлі қасиетсіздіктен сақтады. Сондай-ақ, мен арқылы араларыңа енбекке ұмтылған мұнафықтарды шын мүминдерден ажыратты. Менің себебіммен Алла сендерге таза топырақпен тәйәммүм жасау жеңілдігін берді. Әкемнің үшіншісі Алла болған екі кісінің бірі екенін де білесіңдер! Бұған қоса, ол төртінші болып ислам дінін қабылдаған. «Сыддық» атағын алғаш рет сол алған. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бақиға аттанарда әкеме разы болып кеткен. Өйткені әкем халифалықтың қуатын арттырды және оған күш берді. Алайда, кейіннен діндегі бірлікке сызат түсті, ал ол болса екі тарапты бір жерге біріктіріп, 391

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша нығайтты. Расында сол күні екіжүзділік орын алып, діннен шығу оқиғалары да кездесті. Тыңдағандарға терең әсер қалдырған осы құтбадан кейін Басра халқы екіге бөлініп, басым бөлігі Айшаға қарсы келуден бас тартты. Тіпті осыншалықты нақты әрі шешен сөзбен айтылған құтба естімегендеріне таңданып, ендігәрі өздерін басқарған Осман ибн Хунейфқа бағынбайтындықтарын білдірді672. Тарих Арабтар «әйәмун нас» деп атайтын өткен күндерге қатысты ғылымға да Айша анамыз жүйрік болған. Әкесі Әбу Бәкір (р.а.) әйәмун нас және арабтардың ескі күндеріне қанықтығы жағынан сана- улы әрі белді, беделді кісі болған. «Арабтардың шығу тегі және басынан кешкен оқиғаларын Айшадан артық білетін адамды көрмедім»673 деген жиені хазірет Уруаның осыған қатысты айтқан сөздерінің арасын- да кездесетін «Өлең және «әйәмун насқа» қатысты біліміне таң қалмаймын. Өйткені, ол адамдардың ең білгірі немесе ең білімділерінің бірі болған құрайыш ғалымы Әбу Бәкірдің қызы»674 деген сөздері осыны растайды. Тарих мәселесі сөз болғанда Айша анамыздың жағдайын пайғамбарлықтан бұрын және 672 Қараңыз: Ибн Әсәкир, Тариху Димашқ 30\\390, Мұттақи, Кәнзул уммал 12\\224, 225 (35638), Нәдәуи, Сирәтус сәйидәту Айша 178, 179 673 Хаким, Мүстадрак 4\\12 (6733), Әбу Нуайм, Хиллиятул әулия 2\\49- 50, Ибни Жәузи, Сыфатус сафуа 2\\32 674 Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\67 (24425), Хаким, Мүстадрак 4\\218 (7426), Хәйсәми, Мәжмәуз зәуәид 9\\242 392

Айша - ғылымның қайнар бұлағы пайғамбарлықтан кейін деп екі түрлі кезеңде қарастыру керек. Пайғамбарлықтан бұрынғы күндерге қатысты анамыздан бірқатар риуаяттар жеткен. Жахилия кезеңіндегі бірқатар оқиғадан бастап хазірет Ибра- химге дейінгі мерзімдегі ең дұрыс мәліметті сол жеткізді. Анамыздың: – Арабтардың тегі Мағад ибн Аднаннан та- райды675, – деген сөзінен-ақ осы мәселеге терең қарағанын аңғарамыз. Өйткені, Мағад ибн Аднан хазірет Ибраһимнің немересінің немересі және арабтардың түп атасы деп танылады. Сонымен қатар, Мағад жиырма буын жоғары пайғамбарымыздың да аталарының бірі болып келеді. Айша анамыз жахилия кезеңінде үйленуден адамдар арасындағы байланысқа, туыстық қатынастардан қауымның көзқарастарына және салт-дәстүрден әлеуметтік өмірге дейінгі түрлі айырмашылықтарды жіліктеп бізге жеткізген жалғыз жан деуге болады. Үйлену түрлері676, ажырасу677, тойларда ұйымдастырылған ойын және көңіл көтеру мәдениеті678, қай кезде ораза тұтып, қай кезде тұтпау679 немесе қажылыққа барғанда құрайыштардың қалай әрекет жасағаны680 және біреу өлгенде оған 675 Табарани, әл-Мұғжамул әбсад 8\\154 (8249), Хәйсәми, Мәжмәуз зәуәид 1\\458 (935), Ибн Хажар, Фәтхул бари 6\\529, Тахмаз, әс- Сәйидәту Айша 202 676 Бұхари, Никах 37 (4834), Әбу Дәуіт, Талақ 33 (2272) 677 Тирмизи, Талақ 16 (1192) 678 Хаким, Мүстадрак2\\201 (2753), Табарани, әл-Мұғжамус сағир 1\\214 (343) 679 Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\243 (26110) 680 Бұхари, Тафсирул Құран 2 (37) (4248), Мүслим, Хажж 151 (1219), Әбу Дәуіт, Мәнасик 58 (1910), Тирмизи, Хажж 53 (884), Нәсәи, Мәнәсикул Хажж 202 (3012) 393

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша қалай қарағаны681, жылдар бойы үзілмеген Буас соғыстарына қатысты хабарлар682 және ғибадат ретінде жасаған пұтқа табынушылыққа қатысты мәселелердің барлығы дерлік683 Айша анамыз арқылы кейінгі ұрпаққа жеткен. Біз пайғамбарлықтан кейінгі маңызды оқиғалар тізбегін, уаһидің қай кезде және қалай басталғаны, Құранның түсуі, тәртібі және сақталуы, алғашқы намаз, үкімдері, дұшпан және қауіп төнгенде оқылатын қауіп намазы, хижрет, мұнафықтардың қайда және қандай жоспармен Алла расулын және отбасын қаралауға тырысқаны, пайғамбарымыздың отбасылық өміріне қатысты жағдайлар, құлшылығы, түнде оқыған намаздары, көркем мінезі, соғыстары, жала жабу оқиғасына қатысты мәліметтер, Уәда қажылығы туралы деректер, пайғамбарымыздың соңғы күндері және ауырған кезі, қайтыс болуы және одан кейін болған жағдайлар сияқты тақырыптардың көбіне қатысты деректерді Айша анамыз жеткізген. Тарихқа қатысты анамыздан бізге жеткендер әрине бұлармен шектелмейді. Хазірет Әбу Бәкірден (р.а.) бастап халифалар кезеңіндегі басты оқиғалар, халифа сайлау, хазірет Фатима анамыз және пайғамбарымыздың басқа әйелдерінің мұрагерлікті талап етуі, хазірет Әлидің жеке жағдайы, қол беру, діннен шығу оқиғалары, Жәмәл және Сыффин сияқты ащы естеліктерді де бізге ардақты анамыз жеткізген. 681 Бұхари, Мәнәқиб 26 (3625) 682 Бұхари, Фадаилус сахаба 31, 56 (3566, 3633) 683 Бұхари, Хажж 79 (1561) 394

Айша - ғылымның қайнар бұлағы Бұлардың барлығы оның бұрынғы кезеңнің де, өзі өмір сүрген кезеңнің де оқиғаларына әбден қанық екенін және Айша анамыз туралы жиені хазірет Уруаның өте дұрыс айтқанын көрсетеді. Әлеуметтік ғылымдар Айша анамыздың білімі тәпсір, хадис, фиқһ, кәлам және тасаууф салаларымен шектелмеген. Бұған қоса, ол медицина ғылымынан әлеуметтануға, шежіре ілімінен тарихқа дейінгі бірқатар салаларға жүйрік болған. Ол орын алған оқиғаларға қарап соңы немен тынатынын болжап, оқиғалардың себептерін дөп басып анықтайтын. Мысалы, Мәдина қаласының тоқырау жылдарында пайғамбарымыздың ол жаққа көшіп баруы қаланың гүлденуіне жол ашқанын айтады. Ол кезде Мәдинада Әус пен Хазраж деген екі ру жүз жылдан бері соғыстан көз ашпай келе жатыр еді. Тіпті олар хижретке дейін де соғысқа әзірленіп жатты. Осы үшін бір топ кісілер жіберіп, Меккеліктерден көмек сұрады. Бұл соғыста Бәни Надир, Бәни Құрайза, Бәни Қайнұка сияқты иудей тайпаларының барлығы Әус немесе Хазраждың бірімен одақ құрып, олар да қатысатын еді. Бір айырмашылығы, бұлар алдыңғы шепте жүрмей, тек жоспар құруға көп араласатын. Бұған қоса, олар соғыс кезінде қару сатып өз сауда- сын қыздыратын. Ол кездегі Мәдина халқының саны да назар аударарлықтай. Хижреттен кейін Алла расулының жасатқан халық санағының нәтижесі бойынша, он мың шамасында халқы бар Мәдинаның үш мың бес 395

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша жүзін иудей тайпалары, төрт мыңын араб мүшріктері құраған. Мұның тек бір мың бес жүзі ғана мұсылман ансарлар еді. Анығырақ айтқанда, ол кезде Алла ра- сулын қолдаушылар он бес пайызды құрады. Алайда, пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өте аздығына қарамастан, басқа топтардың қолдауын алып, Мәдина мемлекетінің басшысы болған. Міне, Айша анамыз осы мәселе жайлы айта келе, пайғамбарымыздың басшы болуының себебін дағдарысқа түскен қалаға қадірлі адам боп келгендігімен байланыстырған. Себебі, Мәдинадағы иудейлер мен мүшріктер өздерін бітпейтін соғыстан құтқарып, бастарын біріктіретін тұлғаға мұқтаж еді. Екі жақ қанша бітімге келсе де, араларынан шыққан басшыға бағынбайтын. Өйткені, ғасырға созылған соғыстар нәтижесінде құдды олар сырттан келер қадірлі бір кісіге зәру күй кешкендей. Айша анамыз болып жатқан оқиғалардың астары- на осылай үңіле білетін парасат пайымы мол жан еді. Алла тағала адамдардың табиғатымен санаса отырып Құран аяттарын жиырма үш жыл бойы біртіндеп түсірді. Пенделерге ауыр тимеуі үшін Ислам үкімдері осылай аз-аздан міндеттелді. Сондықтан алғашқы аяттардың басым көпшілігі имани ақиқаттарды құрады. Меккеде көбіне имани мәселелер қозғалған болса, нақты парыз аяттары Мәдина кезеңінде түскен. 396

Айша - ғылымның қайнар бұлағы Бұл хикметті Айша анамыз да білетін әрі қараңғы қоғамды жарыққа бастауда осы бір хикметті әдістің қаншалықты маңызды екенін жиі тілге тиек ететін684. Абзал анамыз кіммен қалай сөйлесу керектігін және әртүрлі жағдайларда қандай шешім қабылдау керектігін Алла расулының өзінен үйреніп, мәселені ушықтырмай шешетін. Бірде бір кісі сәлем бере келді. Расулалла оның келе жатқанын алыстан байқап, «бұл нашар кісі» деді. Алайда кездескенде сыпайы қарсы алып, ұзақ әңгімелесті. Бұны көрген Айша таңғалып: – Уа, расулалла! Нашар кісі деп онымен ұзақ сөйлескеніңіз қалай? Сонда: – Айша, ең нашар адам ешкім жоламайтын яки жамандықтары себепті жұртты өзінен қашыртқан жан685, – деген жауап естіді. Пайғамбарымыз Исламды толығымен ұғынбады деген оймен бастапқыда шөлде тұратын бәдәуилерден келген сыйлықтарға күмәнмен қарайтын. Оны саха- балар да білетін. Әрине, бұл жағдайға Айша анамыз да қанық еді. Бір күні шөлден Үммү Сүмбүлә деген әйел кісі келді. Ала келген сүтті Алла елшісіне берді. Бірақ ол кезде пайғамбарымыз үйінде жоқ еді. Үммү Сүмбүлә расулалланың келуін күтіп тұрғанда анамыз оған: 684 Ішімдік пен зинақорлыққа тыйым салынған үкімдердің Мекке жыл- дарында түспеуінің даналығына ерекше көңіл аударғаны және сол себептен уағызда ең алдымен Құран мен сүннеттегі даналық негізге алынуы керектігі туралы мысалдар үшін қараңыз: Бұхари, Фадаилул Құран 6 (4707) 685 Бұхари, Әдәб 38 (5685), Мүслим, Бирр 73 (2591), Әбу Дәуіт, Әдәб 6 (4792), Тирмизи, Бирр 60 (1996) 397

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша – Ол кісі көшпенді арабтардың тағамын жемейді, – деді. Осы кезде үйге расулалла мен әкесі Әбу Бәкір келіп қалды. Көзі Үммү Сүмбүләға түсе сала пайғамбарымыз: – Бізге ұсынар нең бар, ей, Үммү Сүмбүлә? – дейді. Әйел: – Сізге сүт әкелдім, – деді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): – Ендеше, сүттен құй, – дейді. Сосын: – Әбу Бәкірге бер, ішсін, – деді. – Үммү Сүмбүләнің берген кесесінен хазірет Әбу Бәкір (р.а.) сүт іше бастады. Сосын: – Тағы да құй, – дейді. Үммү Сүмбүле сүт құйған кесесін енді Алла ра- сулына ұсынды. Ол алып сүтті іше бастағанда, Айша анамыз шыдай алмай: – Уа, расулалла! Көшпенді арабтар әкелген асқа аса құлық танытпаушы едіңіз ғой, – деді. Сонда пайғамбарымыз былай дейді: – Айша! Бұл әйел олардан емес. Біз қала адам- дары шөлдегі халықпен байланысымызды үзбеуіміз керек686. Қағбаға жанаса орналасқан жарты айға ұқсайтын Хатымның үйі Қағбаның іші болып саналып-санал- майтынын Алла расулынан сұрап, алған жауабының нәтижесінде Айша қоғамдық мәселелерді шешуде 686 Хаким, Мүстадрак 4\\142 (7168), Хәйсәми, Мәжмәуз зәуәид 4\\149, Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\133 (25054), Ибн Сағд, Табақат 8\\294, Ибн Абдулбәрр, Истиғаб4\\1942, Ибн Хажар, Исаба 8\\233 398

Айша - ғылымның қайнар бұлағы халықтың ой-пікірімен санасудың қаншалықты маңызды екенін ұғынған687. Әкесі хазірет Әбу Бәкірдің (р.а.) халифалыққа тағайындалу оқиғасында жасаған әрекеті де назар ау- дартады. Бұдан бұрын да айтылғандай, Алла расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өмірден озғаннан кейін жүкті мойнына кім алса да оның орнын баса алмайтынын ойлап уайымдап, халифалықтың әкесіне жүктелгенін қаламады. Сол себепті әкесін адамдардың халифалыққа лайық көргенін ұнатпады. Сірә, оның соңы неге апарып соғарын алдын ала болжай білсе керек. Елдің жалпы іс-әрекеттеріне қарап олардың алда не істейтінін сезетін және соған орай әрекет жасай- тын. Бір іске үкім берерде мәселені егжей-тегжейлі зерттеп, берген үкімнің себебін де түсіндіретін. Халифа хазірет Османның үйі қоршауға алынған қысылтаяу шақта өзінің Мәдинада болуы керектігін айтқандарға берген жауабы688 және Османның шейіт болғанын естігенде көрсеткен әрекеті оның қаншалықты парасатты екенін аңғартуда. Өйткені, ол әсіресе Осман халифалығының екінші жартысын- да туындаған, халифаны сынап-мінеудің соңы ақыры шейіт етіп тынуға апарғанын айтады және халифаның белгілі бір міндеттер тапсыру арқылы қарсыластарын басуға тырысқаны дұрыс деп есептеген. 687 Мүслим, Хажж 398 (1333) 688 Ибн Кәсир, әл-Бидая 7\\187 399

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Медицина Айша анамыздың көзі ашық болған тағы бір сала медицина болып табылады. Әрине, ол кездегі меди- цина ғылымы қазіргімен салыстыруға келмейді. Ол кезде жұрт көбіне табиғи өсімдіктер және жануарлар- дан алынған әртүрлі қоспаларды қолданып ем жасай- тын. Бұл ғылымның кейінгі ұрпаққа жеткізілуінде ұстаз-шәкірт қатынасы маңызды орын алған. Бұл салада білікті жандар өздерінің жинақтаған білімін кейінгі ұрпаққа қалдырып, кейінгілер оны өз тәжірибелерімен байытуға тырысатын. Алайда, анамыз медициналық білім алмаған. Ол өмір сүрген кезеңде бұл саланың ең бір білгірі «Арабтардың дәрігері» деп аталған Харис ибни Кәлдә689 болатын. Қоғамда кішкентай балаларды емдеумен ай- налысатын әйелдер де бар еді. Ол кездері соғыс бола қалған жағдайда еркектер майданда соғысса, әйелдер жараланғандарды емдеумен айналысқан боламыз. Айша анамыздың да осындай соғыстарда жүргенін 689 Харис ибн Кәлдә Алла расулынан бастап бірнеше сахабаны емде- ген. Мысалы, Уәда қажылығы кезінде ауырып қалған Сағд ибн Әби Уаққастың көңілін сұрауға келген пайғамбарымызға хазірет Сағд «Уа, расулалла! Мына аурудан айығуым қиын секілді» деген. Сонда пайғамбарымыз оған былай дейді: «Алла саған шипа береді және сен арқылы бір қауымды қуанышқа бөлеп, бір қауымды қайғыға салаты- нына сенемін». Хазірет Сағдқа осыны айтқан пайғамбарымыз сол күні қасында болған дәрігер Харис ибн Кәлдәға қарап «Қолыңдағы бар мүмкіндігіңмен Сағдты емде!» дейді. Пайғамбарымыздың нұсқауын алған хазірет Харис «Уаллаһи, осы жолы мен де оның жазылатынына сенемін» деп, расулалладан Мәдина құрмасын сұрайды. Құрманы сүтке араластырып науқасқа ішкізгенде, ол тез- ақ есін жиып, орнынан түрегеледі. Қараңыз: Бұхари, Уасая 2, Фараиз 6, Мүслим, Уасия 5, Сондай-ақ, қараңыз: Ибнул Әсир, Усудул ғаба 1\\633, 634, Ибн Сағд, Табақат 5\\507, Ибн Хажар, Исаба 1\\594, 595 400


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook