Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша ауру сап тыйғандай болды. Мәдина қаласының ауасына үйренбеген мұхажирлер белгісіз ауруға шалдыға бастады. Хазірет Әбу Бәкір (р.а.) де ауруға шалдықты. Ыстығы көтеріліп, еш нәрсеге зауқы соқпады. Өзіне көмек қолын созатын әлдекімді күтіп жатқандай еді. Оба мұхажирлерді баудай түсіріп жатты. Тіпті, сахабалардың кейбірі намазды отырып оқуға мәжбүр болды. Мекке мүшріктерінің әр түрлі қысымына қарамай тік тұрып намаз оқыған намаз- дарын енді отырып оқығанын көрген расулалла са- хабаларына қарап, сонда да түрегеп тұрып оқудың артықшылығын білдірді: – Мынаны жақсы біліңдер, намазын отырып оқыған адамға түрегеп оқыған сауаптың жартысы ғана беріледі47. Бұны естігенде, сахабалар намазды барынша түрегеп оқуға күш салды. Бір күні Айша анамыз жарынан рұқсат сұрап, төсекте науқас тартып жатқан әкесінің қасына келді. Мәдина обасының құрығына іліккен Амир ибн Фу- хайра мен Біләл Хабаши да сол жерде екен. Меккеде көрмегені жоқ екеуін исламды қабылдағаннан кейін әкесі хазірет Әбу Бәкір (р.а.) мүшрік қожайындарынан сатып алып, азат еткені бар. Әлі хижаб жайлы аят түспегендіктен, жанын- да екі ер кісінің болғанына қарамастан Айша (р.а.) әкесіне еркін келіп-кететін. Әуелі әкесінің қасына барды. Бірақ түрін көрген кезде шошып кетті. Төсекте адам емес тірі әруақ жатқандай. Ыстығы көтеріліп, есі 47 Қараңыз: Тирмизи, Салат 247; Ибн Мажә, Салат 141; Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд , 2\\192, 203, 214; Ибн Кәсир, әл-Бидая 3\\224 51
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша кіресілі-шығасылы болып жатқан әкесіне жақындап келіп: – Әкешім, қатты қиналып жатырсыз-ау, – деді. Әкесі бірнеше ай бойы көрмеген қызына байып- пен көз тастап: – Балапаным, өлім адамға тым жақын, – деді. Мұны естіген Айша анамыздың көңіл-күйі алай-дүлей боп кетті. Иә, расында да, өлім баршаға соншалықты жақын, бірақ Әбу Бәкірге ауру келгенмен жүрегі дүрсілдеп, тіршілік белгісі байқатып жатты. Әрбір сәтте айналасына ғибрат беріп жүруді ұстаным еткен хазірет Әбу Бәкір Айша анамызға осылай деу арқылы баршаға сабақ бергісі келген болар. Айша анамыз Амир ибн Фуһайраға қарап: – Әкем не айтқанын білмей жатыр ғой деймін, – деп, жақын келіп оның да қалын сұрады. Хазірет Амирдың да есі кіресілі-шығасылы екен. Әр нәрсені айтып сандырақтап, біресе бау-бақшалар туралы айтса, енді бірде Меккені көре алмай кеткенім бе деп Айша анамызды одан бетер толқытты. «Бұл кісі де не айтып, не қойғанын білмеуде» деп ойлады. Әкесінен де, оның қасынан бір елі қалмайтын жан досы Амир ибн Фуһайрадан да жауап ала алмаған Айша анамыз қандай да бір жауап естіп қалармын деген үмітпен хазірет Біләлға көз салды. Алайда, оның жағдайы екеуінен де ауыр еді. Ауру жерге алып ұрған ол басын әрең дегенде қозғалтып, әлдене деуге әрекет жасап жатты. Мұқият құлақ салған анамыз оның: – Шіркін-ай, хош иісті шөптерінің иісін жұтып, Меккенің даласында бір түнеп шықсам, арман бар ма?! Тым құрыса, бір күн Мәжанна суынан қанып ішер шақ туар ма?! Шіркін, Шама мен Тафил таулары- 52
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша на қарап, өзегімді өртеген отты сағынышымды баса алар ма екем?! – деп сөйлеп жатқанын естіді. Біләлдің ауруына туған жерге деген сағыныштың дерті де қосылған екен. Үшеуінің де ауруы ортақ, қайғысы бір. Мекке табиғатын, ол жердің ауасы мен бұлақ суларын, өсімдіктерінің бұрқыраған иісі мен беттен сипай соққан самалын аңсап жатқан еді асыл жандар. Олардың бұл жағдайына куә болған Айша анамыз бұлардың отауынан мұңайып шықты. Көргендерінің барлығы көңілін әлем-тапырық етті. Болған жағдайды пайғамбарымызға барып айтты. Өйткені, қандай да бір мәселе туындаса, ол кісінің шешім табатынына сенетін. Келе сала: – Бәрі дәл бір естен айрылған адамдай не айтқанын өздері де білмейді, – деп көзіне келген жасын ірікті. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) да қатты қобалжыды, тіпті екі қасының арасындағы тамыры білеуленіп кетті. Біреуге қатты ашуланған кезде ғана байқалатын көрініс еді бұл. Кенет қолын көкке жайып: – Алла тағалам! Утба ибн Рабияны, Шәйба ибн Рабияны және Үмай ибн Халафты бір өзіңе тапсыр- дым. Олар бізді қалай өз жерімізден қуып, осы оба ауруы қаптаған жерге келуімізге мәжбүрлесе, сен де бәрінің жазасын бер! – деп назаланды. Сосын: – Раббым! Тым болмаса біздерге Меккені сүйдіргеніңдей одан да артық етіп Мәдинаны сүйдір! Бұл жерді ауру-сырқаудан ада қылып, береке кіргіз! Мына аурудың бетін Жухфаға қарай бұр!48 – деді. 48 Бұхари, Фадаилул Мәдина11, Фадаилус сахаба 75, Марда 8; Мүслим, Хаж 480; Муатта, Жамиғ 4 53
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Алланың ең сүйікті құлы қандай да бір нәрсе тілегенде Алла тағала оның бұл тілегін қабыл етпей қоя ма? Сол түні Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір түс көрді. Шашы жалбыраған өңі қара бір әйел Мәдинадан шығып, Жухфаға қарай кетіп бара жатты. Бұл түстен Мәдинада пайда болған аурудың бұдан кейін Жухфаға қарай кететінін аңғаруға бо- латын еді. Сол күннен бастап мұһажирлар аурудан айығы бастады. Енді Мәдина қаласы ансарлар мен мұһажирлар үшін өркениеттің бесігіне айналды. Дұғаның берекесімен Мәдина мекені өзінің жаңа тұрғындарының шынайы отанына айналды49. Үйлену Басқа да отбасы мүшелерімен бірге Мәдинаға көшкен Айша анамыз әкесінің үйіне орналасты. Бұл үй Бәни Харис ибн Хазраж аймағында50. Бұл кездерде Алланың елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Халид ибн Зәйд Әбу Әюуб әл-Әнсаридың үйінде қонақ болып тұрып жатты. Бұл кезде онсыз да жүдеу тартып жүрген Айша (р.а.) ұзақ жол мен Мәдинаның ауа-райы жақпай төсек тартып жатып қалды. Күн өткен сайын арықтап, шаштары да селдір тартып түсе бастады. Анасы Үммү Румән қызының тезірек сауығып кетуі үшін қолынан 49 Қараңыз: Бұхари, Фадаилул Мәдина 11; Фадаилус сахаба 75, Мар- да 8, 22; Мүслим, Хаж 480; Муатта, Жамиғ 4; Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\221 50 Бұхари, Фадаилус сахаба 73 (3681); Әбу Дәуіт Әдәб 63 (4937); Ах- мад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\210; Дарими, Сүнән 2\\212 (2261). 54
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша келгеннің бәрін жасады. Бұл кездерде жағдайы жақсарып, орнынан тұруға әл-қуат жинаған әкесі хазірет Әбу Бәкір көз алдында ауру меңдеп солып бара жатқан қызы үшін шипа тілейтін. Арада шамамен бір айдай уақыт өткеннен кейін Айша анамыз да тәуір бола бастады. Тіпті анасының күштеп тамақ жегізумен біраз салмақ та қосты51. Бұл кезде Пайғамбар мешітінің құрылысы да аяқталып, Мәдинада мешітті негізге ала жаңа мәдениет қалыптаса бастады. Меккеде Құранның дауысын аңсағандар Мәдина көгінде жаңғырған бес уақыт шақырылған азанның даусымен рухани қуат алып, қасиетті Құран кәрімді түсініп, соның аясында әрекет жасауға бар күшін салды. Осы арада Алла елшісіне (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Жәбірейіл періште келіп, Айша анамызды меңзеп: – Айшаны жаныңа ал, өйткені ол сенің адамың, – деген хабар әкелді. Көп өтпей хазірет Әбу Бәкір де келіп: – Уа, расулалла! Жарыңмен бір шатыр астын- да тұруыңа не кедергі? – деп, енді жалғыз өмір сүрудің ешқандай себебі қалмағанын меңзеді. Сонда пайғамбарымыз: – Садәқ, – деп жауап береді. «Садәқ» деген сол кездегі халықтың түсінігі бойынша келінге көрсетілетін материалдық жағдайды білдіретін. Са- хабалар бұдан әйелге лайықты жағдай жасамай тұрып үйленуге болмайтынын түсінді. Сол кезге дейін тап- 51 Қараңыз: Бұхари, Фадаилус сахаба73 (3681); Ибн Мажә, Никах 13 (1876); Әбу Дәуіт, Әдәб 63. 55
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша талып келген әйел құқығына аса мән беру керектігін тағы бір мәрте ұғынды. Алайда, хазірет Әбу Бәкір үшін мұның еш мәні жоқ болатын. Хазірет Мұхаммедтей (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жанды кіммен салыстырасың? Әкесі ретінде Айшаның мәхірі үшін қажетті бағаны айтты52. Сұралған нәрсені Алла елшісі дереу Айша анамызға жіберді. Осылай жасау арқылы, сол уақытқа дейін мәхір атаулыдан мақұрым болған әйел қауымының дәрежесін тағы бір көтерді. Осы негізбен қоғамда орныққан қателіктер жойылып, қайта тұрақты әрі жақсы әдеттер қалыптасып жатты53. Хазірет Әбу Бәкір (р.а.) пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үшін мешіттің жаны- нан бір үй салдырды. Айша анамызға арнап мешітке жапсарлас бір бөлме әзірленді. Бұл өте шағын бөлмеде тік тұрған адамның басы төбеге тиердей болып, жатқан адамның қасында сәжде жасайтын бос орын қалмайтын. Тар болғанына қарамастан нақ осы бөлмеден әлемге ақиқат нұры таралды. Бұл құрылыстың салынуы өзі жеті айдан бері қонақ болған Әбу Әюб әл-Әнсаридің үйінен пайғамбарымыздың кететінін де білдірді. 52 Ол күні хазірет Әбу Бәкірдің (р.а.) ұсынған мөлшері он екі жарым оқа болатын. Айша анамыздың мәхірі туралы да түрлі мәліметтер бар. Кейбірлері оның 50 дирһам тұратын бір үй екенін айтса (қараңыз: Ибн Мажә, Никах 17; Табарани, әл-Мұғжамул әбсат 1\\146; Ибн Жад, Ах- мад ибн Ханбал 1\\301; Мүслим, Никах 78 (1426); Хаким, Мүстадрак 4\\5; Ибн Сағд, Табақат 8\\59, 161), біразы оның төрт жүз дирһам (қараңыз: Ибн Һишам, Сира 6\\57) екенін айтады. Бұл қайшылық ақшалай ұсыну мен бір үй түріндегі екі баламадан тұруы мүмкін. 53 Қараңыз: Табарани, әл-Мұғжамул кәбир 23\\25 (60); Ибн Абдулбарр, Истиаб 4\\1937; Ибн Сағд, Табақат 8\\63 56
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Һижретке сегіз ай толды54. Шәууәл айы келді. Үйлену уақытына шәууәл айы таңдалуының да бір мәні бар еді. Өйткені сол кездері халық Шәууәл айында қиылған некенің арты жақсы болмайды, ерлі- зайыптылар ажырасып кетеді деп сенетін. Бұл өзі екі мейрам арасында қиылған неке болғандықтан бақытсыздық әкеледі деп білетін. Бұған дәлел ретінде бірнеше жыл бұрын пайда болып, көптеген адамның өліміне себеп болған оба ауруын алға тартатын. Обаға себеп Шәууәл айында қиылған некелердің нәтижесі деп қабылдайтын. Сондықтан бастарына тағы бір бәле келмеуі үшін осы айда неке қиюдан сақтанатын55. Міне, пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қоғамға ықпал еткен осындай қате түсінікті жойғысы келді. Сондықтан неке барша жұрттың көз алдында қиылды. Кейінгі жылдары Айша анамыз да әлгі қате түсінікке жол бермеу үшін некені Шәууәл айында қиюды ұсынатын. Былай дегені бар: – Расулалла екеуміз Шәууәл айында үйлендік. Айтыңызшы, ол кісінің менен өткен сүйікті жары болды ма?56 54 Кей риуаяттарда бұл некенің һижреттің екінші жылы және Бәдірден кейін қиылғаны да айтылады. Қараңыз: Тирмизи, Никах 9 (1093); Айни, Умдатул қари 1\\45 55 Ибн Сағд, Табақат 8\\60, 61. Сол үшін де Айша анамыз әлі де қалдықтары қалған бұл түсініктің толығымен қоғамнан жойылуы үшін жастардың Шәууәл айында үйленуін қолдап, өзінің бақытты екенін көрсетіп, ешкімнің алаңдамауы керектігін білдіреді. Қараңыз: Мүслим, Никах 73 (1423); Тирмизи, Никах 9 (1093); Ахмет ибн Хан- бал, Мүснәд 6\\206 (25757); Ибн Мажә, Никах 53 (1990) 56 Мүслим, Никах 73 (1423) 57
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Бір күні Үммү Румән57 жолға шығып, қызы Айшаны ертіп, ансар әйелдері жиналған жерге барды. Қай жаққа бара жатқандарын Айша анамыз білмеді. Асығыс адымдағандары соншалық ентігіп те кетті. Айшадай сұлу қалыңдықты көріп қызығып кеткен бір ансар әйелі: – Жақсылығы мен берекесі мол, бақытты болсын, – деді. Барлығы да неке қию рәсімі қалай өтеді екен деп қобалжулы болатын. Айша анамызды осылайша ақ некеге дайындап, Мәдинада ең бақытты жанұя құрылды58. Сәске уақыты. Айша анамыз қасында Әсма бинт Язид секілді құрбыларымен бірге пайғамбарлық мектебіне алғашқы қадамын басты. Сол кезге дейін үйге аз болса да бір қорқынышпен кіретін анамыз, бұл жолы бір жайлылық сезінді59. Жанына келген Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған бір кесе сүт ұсынды. Басқа ұсынатындай үйде ештеңе де жоқ болатын. Қарапайымдылықты ту еткен пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оны да қарапайым нәрсені таңдауға шақырып жатқанын аңғару қиын емес еді. Өйткені, бірнеше жыл бұрын Жәбірейіл періште оған да осындай сүт ұсынып, сүтті таңдаған кезінде қарапайымдылық пен табиғилықты 57 Жолдастарымен бірге кезде оны алып некеге дайындаған кісі ансар- дан Үммү Атия екені де айтылады. Қараңыз: Ибн Сағд, Табақат 8\\59 58 Қараңыз: Бұхари, Фадаилус сахаба 73 (3681); Мүслим, Никах 69 (1422); Әбу Дәуіт, Әдаб 63 (4933); Ибн Мажә, Никах 13 (1876); Дарими, Никах 56 (2261); Ибн Сағд, Табақат 8\\58; Табарани, әл- Мұғжамул кәбир 23\\25 59 Қараңыз: Әбу Нуайм, Хилиатул әулия 9\\227 58
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша таңдағанын білдірген60. Яғни, сүттің орны ерекше әрі білдіретін мағынасы терең еді. Анамыз алғашқыда ұялып, басын иіп, Алла елшісінің айдай жүзіне қарай алмады. Құрбылары оған: – Сүтті, қолын қайтарма, – деді. Сосын анамыз сүтті алып іше бастады. Пайғамбарымыз: – Құрбыларыңа да бер, – деді. Олар мұны естіген кезде: – Тәбетіміз жоқ, – деп бас тартты. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): – Аштық пен өтірік бір жерде бола алмайды, – деді. Мұны естіген Хазірет Әсма: – Уа, Алланың елшісі! Тәбеті бола тұра «Тәбетім жоқ» десе, өтірік айтқан бола ма? – деп сұрады. Әрқашан да ақиқаттың жаршысы болған пайғамбарымыз: – Иә, айтылған өтірік өтірік болып жазылса, кішкентай өтірік те өтірік болып жазылады61, – деді. Артық сән-салтанат пен ағыл-тегіл ысыраптан алыс, қарапайым түрде неке жасалды. Анамыздың ай- туынша, Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ол күні қой да, түйе де сойған жоқ. Хазраждің көсемі Сағд ибн Убада оларға тамақ әкелді (бұрын да анда- санда әкеліп жүретін), осы Алла елшісінің жайған да- старханы болды62. 60 Қараңыз: Мүслим, Иман, 259, Әбу Яғла, Мүснәд 6\\216 61 Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\438 (27511), 6\\458 (27632), 6\\459 (27639); Хәйсәми, Мажмауз Зәуаид 1\\142, 4\\50; Табарани, әл-Мужамул Кәбир 24\\155; ибн Әбуд-Дүния, Мәкаримил Ахлақ 1\\54 (149) 62 Қараңыз: Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\210; Тахмаз, әс-Сәйидату Аиша 30 59
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Бұдан былай Айша анамыз өз шаңырағында пайғамбарымыздың іс-қимылын жақыннан көру бақытына ие болды. Алла тағала пайғамбарына осылай өте зейінді жар нәсіп етті. Әсіресе отбасылық өмірге, әйелдерге қатысты діннің үкімдерін кейінгілерге жеткізуде осы алған жарының қосқан үлесі көп болды. Үйленгеннен кейін Осы кезден бастап Айша (р.а.) расулалланың әйелі әрі барша мүминдердің анасы болып саналды. Алла тағала аят түсіру арқылы пайғамбардың босағасын аттаған жанның бақытты екенін білдірді. Бірақ осы жақсылықтың қадірін біліп, абыроймен атқарса, екі есе сауап, ал лайықты түрде атқара алмаса, үлкен қатерге жол ашылатын, онда екі есе жаза болатынын ескертті63. Алайда, пайғамбарымыздың әйелдерінің барлығы да бұл артықшылықтың қадірін біліп, кіршіксіз адал күйде бақиға аттанды. Хазірет Әбу Бәкір де өзіне тән жауапкершілікті терең сезінді. Айшаның әкесі бола тұра қызына «ана» деп қарады. Іс-әрекетімен де анаға тән құрмет көрсетті. Бөлмесіне рұқсат сұрап кіріп, сөйлескен кезде де ізет білдіретін. Жала оқиғасында Мистах ибн Усасаның Айшаны өсектегені құлағына жеткенде, ренжіп, ендігәрі Мистахқа көмектеспеспін деп шешті. (Сол кезге дейін қарасып келген еді). Көп өтпей әр түрлі жағдайда мұқтаж жандарға көмектесудің жөн екенін, 63 Қараңыз: Ахзәб, 33\\30 60
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша адамдардың абайламай жасап қойған қателіктеріне көз жұмып, оларға кешіріммен қараудың Жаратушының кешіріміне бөлейтіні64 туралы аяттар түсті. Осыдан кейін ол ойын өзгертіп, кешірім тіледі: – Әрине, мені Алланың кешіргенін қалаймын. Сөйтті де хазірет Мистахқа көмек беруін қайтадан жалғастыра бастады. Өзіне «Ант етемін, көрсетіп келген жәрдемімді үзбей жалғастырамын» деп серт берді65. Тұрған үйі Әрине, Айша анамыз биік сарайда өмір сүрген жоқ. Тұрған жері тек қажетіне жарарлық шағын бөлме бо- латын. Пайғамбар мешітінің шығысында орналасқан бұл орынның есігі батыстан сол мешіт жаққа қарай ашылатын. Осы жағынан алып қарағанда мешіт анамыздың бөлмесінің ауласы сияқты еді. Рамазан айында расулалла мешітте ғибадат жасаған кездерінде анамыз бөлмесінен қолын созып пайғамбарымыздың шашын тарайтын66, кейде өзінен сұраған затын тез арада алып бере қоятын. Бөлмесінің қабырғасы лаймен сыланып, түрегеп тұрған адамның қолы жететіндей төбесі құрма бума- ларымен жабылды. Шатыры жаңбыр өткізбеу үшін 64 Қараңыз: Нұр, 24\\22 65 Бұхари, Шахадат 15 (2518), Әйман 17; Мүслим, Тәубе 56 (2770); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд ,6\\194, 197 66 Бұхари, Иғтикаф 4 (1926); Мүслим, Хайз 6 (297); Әбу Дәуіт, Сиям 78 (2467, 2469); Тирмизи, Саум 80 (804) 61
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша жүнмен қапталды. Саж және Арар деген ағаштан жасалған есігі әрдайым келушілерге ашық болды67. Бөлмесінің көлемі жайлы былай деген: – Расулалла мен ұйықтағанда намазға тұрар болса, сәждеге баратын кезде қолымен аяғымды түртетін, мен аяғымды жинап ала қоятынмын, сонда барып сәждесін толық жасайтын68. Басқа аналарымыздың бөлмесі де Айша анамыздыкінен аспады. Бір ерекшелігі, олардың есігі пайғамбар мешіті жаққа емес, сыртқа қарайтын. Олардың тұрған жерінің қарапайымдылығын сурет- теген хазірет Хасан былай дейді: – Хазірет Османның халифалығы кезінде Алла елшісінің әйелдерінің үйіне барғанымда, қолымды сәл созсам төбесіне тиетін69. Пайғамбар мешітін кеңейту мақсатында осы бөлмені бұзу мәселесі көтерілген кезде халифа Уәлид ибн Абдулмәликке қарсы шыққан табиғиндердің имамы Саид ибн Мүсәйяб былай дейді: – Мына бөлмелерді бұзбай-ақ қойсаң қайтеді? Жұрт барға қанағат етсе. Өйткені, ертеңгі ақ майы аузынан аққан ұрпақ Алланың сүйікті құлы әрі елшісінің қандай жағдайда өмір сүргенін көрсін70. 67 Қараңыз: Бұхари, әл-Әдәбул мүфрад 1\\272 (776); Самхуди, Хуласа- тул уафа 1\\458 68 Бұхари, Салат 21 (375); Мүслим, Салат 268 (512); Насаи, Таһарат 120 (166-168); Әбу Дәуіт, Салат 112 (712). Ол үйде қазір Алла ра- сулы, хазірет Әбу Бәкір мен Омардың денелері жерленген. Басқаша айтқанда, ол бөлме тек үш дене сиятындай ғана көлемді қамтыған. 69 Ибн Сағд, Табақат 1\\506; Тахмаз, әс-Сәйидәту Аиша 31 70 Ибн Сағд, Табақат 1\\500, 8\\167; Суюти, әл-Луррул мансур 7\\554. Сондай-ақ, қараңыз: Тахмаз, әс-Сайидату Аиша 32. 62
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Бұл бөлменің ішінде бір кереует, алаша, іші талшықпен толтырылған теріден жасалған бір жастық, ілулі тұрған тері, бір мосы, су құятын және құрма салатын бір шелек және су ішетін бір кесе бар болатын71. Қияметке дейін әлемді жарыққа бөлеген нұр қайнары болған үйде түнде қоятын шам да болмады. Ол туралы Айша анамыз былай дейді: – Пайғамбарымыздың кезінде үйімізде түнде шырақ жанбайтын72. Өйткені, ол кезде шырақ үшін қолданылатын майды тамаққа да қосатын. Басқаша айтқанда, жейтін нәрсені табу қиынға соққан кезде табылған майды тамаққа емес шыраққа пайдалану ақылға сыймайтын нәрсе еді. Анамыз бұл туралы: – Егер ол кезде май тапсақ, біз оны жер едік73, – дейді. Жалғыз қалған кей түндері Айша анамыздың үй ішін қолымен сипалап заттарды іздегені де осыны дәлелдейді74. Үй мүшелерінің жағдайы да үйдің жағдайымен пара-пар болатын. Өйткені, Айша анамыздың айтуын- ша, осы үйде тұрған Әли Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қайтыс болғанға дейін үш күн қатарынан нан жемеген75. Кейде ай бойы бір нан да 71 Бұхари, Либас 31 (5505), Саум 59 (1879), Риқақ 17 (6091); Мүслим, Либас 37, 38 (2082); Тирмизи, Либас 27 72 Таялиси, Мүснәд 207 (1472); Бұхари, Хиба 1 (2428); Ахмад ибн Хан- бал, Мүснәд 6\\71 (24465); Бәйһақи, Сүнән 6\\169 (11722); Исхақ ибн Рахуә, Мүснәд 2\\328 (851) 73 Харис ибн Әби Үсама, Мүснәдул Харис 2\\996; Табарани, әл- Мұғжамул әбсад 8\\360 (8872); Исхақ ибн Рахуа, Мүснәд 3\\1000 74 Қараңыз: Нәсаи, Ишаратун ниса7, 73 75 Қараңыз: Бұхари, Әтима 73 (5059); Мүслим, Зүһд 20 (2970); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\277 (26410); Ибн Мажә, Әтғима 48 (3343) 63
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша жемейтін, үйлерінде қазан асылмайтын76. Кейде үш айға дейін тек құрма, зәмзәммен ғана шектелетін77. Ал, жейтін нәрсе тапқан кездерінде дастарханға бірге отырып, бір табақтан жейтін. Кейде осы да- старханда басқа туыстарымен де астарын бөлісіп ішетін. Хижаб аяты келместен бұрынғы кезеңде осындай бір естелік айтқан Айша анамыз Алла елшісімен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір табақтан тамақ жегенін, үйіне келген хазірет Омарды да Алла елшісінің осы тамаққа шақырғанын айтады78. Оның үйі осы қалпынан еш өзгермеді, кейінгі кезеңдерде түскен олжалар да, өзіне жіберілген сыйлықтар да Расулдың бұл қарапайымдылығын өзгерте алмағаны ақиқат. Ақыретке көшерде де дүниеге келген кезіндегідей тап-таза және өте қарапайым қалпында болды. Пайғамбарымыз қайтыс болатын күнгі үйдің жағдайын анамыз былай жеткізеді: 76 Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\217 (25867); Таялиси, Мүснәд 207; Табарани, әл-Мұғжамул әбсат 8\\360 (8872) 77 Қараңыз: Бұхари, Риқақ 17 (6094); Хиба 1 (2428); Таялиси, Мүснәд 207 (1472); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\71 (24465); Бәйһақи, Сүнән 6\\169 (11722); Исхақ ибн Рахуа, Мүснәд 2\\328 (851). Бұл жағдайды бізге әңгімелеп берген Айша анамыздың өзі болатын. Бір күні жиеніне «Біз жаңа туған айға қарайтынбыз. Алғашқы айдан кейін екіншісі, одан кейін үшіншісі келетін, сонда да расулалланың ошағында от жанбайтын» деген еді. Сонда хазірет Уруа одан «Сон- да не жейтін едіңіздер?» деп сұрайды. Ол «Екі қара: құрма мен су (Зәмзәм)» деп жауап берген. Қараңыз: Бұхари, Риқақ 17 (6094); Хиба 1 (2428); Мүслим, Зүһд уә Риқақ 28 (2972) 78 Бұхари, әл-Әдәбул мүфрад 1\\362 (10539); Хәйсәми, Мәжмауз зәуаид 7\\93; Табарани, әл-Мұғжамус сағир 1\\149 (227); әл-Мұғжамул әбсат 3\\212 (2947); Нәсаи, әс-Сунәнул кубра 6\\435 (11419) 64
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша – Алланың елшісі қайтыс болған күні менің үйімде азғантай арпадан басқа ештеңе болған жоқ. Қанша екенін79 өлшегенім есімде, біраз уақыт өткен соң ол да таусылып еді. Алла елшісімен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бірге сүрген өмір салты қаншалықты ауыр болған болса, жесір қалған кейінгі жарты ғасырлық өмірі де бұдан өзгеше болған жоқ. Қолына түскенін жұртқа таратып беріп, көбінесе зәмзәм мен құрмаға қанағат ететін. Бұл туралы өзі былай дейді: – Мен ерім қайтыс болғаннан кейін де тойып тамақ жемедім80. Өйткені, ол пайғамбардан үйренген, көрген- білгенінен таймады. Бір күні расулалла оған: – Айша, жарты құрма беріп болса да өзіңді тозақтан сақтауға тырыс. Өйткені, ол ашты тойдырғаның секілді қиямет күні үлкен қажетіңді өтейді,81 – деп өсиет айтқан. Қасына қайыршы келсе, пайғамбарымыз секілді қолындағы барын ұстата салатын. Бір күні біреуге садақа берді де, артынша әлгінің не істейтінін байқау үшін қайта шақыртты. Сонда сырттай бақылап тұрған пайғамбарымыз Айша анамызға: – Жасаған жақсылығыңның соңын тексерме, сонда сенің де артыңнан ешкім аңдымайтын болады, – деп насихат айтты. Тағы бір күні расулалланың: 79 Бұхари, Хумс 3 (2930); Мүслим, Зүһд уә Риқақ 27 (2973); Тирмизи, Қиямет уә Рақаиқ 31 (2467) 80 Әбу Нуайм, Хилиятул әулия 2\\46; Тахмаз, әс-Сәйидәту Аиша 38 81 Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\79 (24545); Мүнзири, әт-Тәрғиб уәт- Тәрһиб 2\\6 (1278) 65
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша – Раббым! Мені міскін түрде өмір сүргіз, міскін қалпымда жанымды ал және қиямет күні міскіндермен бірге қыл, – деп дұға еткенін естиді. – Не себепті? – деп сұрағанда: – Өйткені, олар байлардан бұрын жұмаққа кіреді. Айша, жоқ-жітік пен мұқтаж адамдарды сен де жақсы көр, олардың жанынан табыл. Өйткені, Алла тағала да қиямет күні сені жақындығымен қуантады!82 Бір күні пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Айша намыздың қолынан күміс жүзіктерді көріп: – Бұлар не? – деп ұнатпаған кейіп танытады. Бұндай салмақты сауалға жауап бермеу мүмкін емес еді. – Оларды сіз үшін сәнденейін деп тақтым. – Ал бұлардың зекетін төлеп пе едің? Айша анамыз жауап қата алмай қалшиып тұрып қалды. Өйткені, бағасы аз мөлшердегі бұл жүзіктердің зекеті болмайтынын білетін. Сондай-ақ, одан: «Мөрсіз бес күміс ақшадан аз нәрсенің зекеті берілмейді»83 дегенді де естіген. Ал, саусағындағы бұл жүзіктердің құны одан төмен еді. Дереу бойын жиып: – Жоқ, – деп жауап берді. Жақындығын білдіріп, қасындағылардың да өзі секілді қарапайым өмір сүргенін қалаған пайғамбарымыз өмірлік жолдасына: – Тозақ ретінде бұл саған жеткілікті болар еді!84 – деген сөздері нәзік жүрегін тітіркендіріп, естен 82 Тирмизи, Зүһд 37 (2352); Бәйһақи, Сүнән 7\\12 (12931) 83 Бұхари, Зекет 31, 41 (1378, 1390); Мүслим, Зекет 6 (980) 84 Әбу Дәуіт, Зекет 3 (1565); Хаким, Мүстадрак 1\\547 (1437); Бәйһақи, Сүнән 4\\139 (7338) 66
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша тандыра жаздады. Айша анамыз сол күннен бастап аз да болса дүниелік нәрсені ертеңгі күніме керек боп қалар деп қолында ұстамай, қолындағы бар затты мұқтаждарға таратып беретін болды. Дүние мен ақыреттегі ең үлкен байлығы Алла елшісі бола- тын. Айша анамыз секілді ақылды әйелдің мұндай байлықтан айрылуы мүмкін емес еді. Өйткені, бір күні жан жары оған: – Егер маған ақыретте қауышуды қаласаң, дүниеде жолаушы секілді бол! Байлардан бойын- ды аулақ ұста, жарамсыз жағдайға жеткенге дейін киіміңді ауыстырма85,– деп өсиет еткен. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) орта жолды ұстанатын. Дүние мен ақырет арасындағы теңдікті ең жақсы түсініп қабылдаған да күмәнсіз өзі болатын. Оған келген хабарда Алла тағала қолдағы мүмкіндіктермен әрдайым ақыретті ойлау керектігін ескертіп, мұны жасаған кезде дүниеден де нәсіпсіз қалмауды ескертетін86. Алайда, адамның табиғатында тойымсыздық бар. Бар дүние қолында болса да тойымсыздық танытады. Алайда, бұл құмарлық мәңгілік әлемдегі нығметтерге қол жеткізу үшін ар- налуы тиіс. Сондай-ақ, аяттың айтқанын ескеріп дүниеге басы бүтін беріліп, ақыреттен ада қалуға болмайды. Расулалла өзі мұны өте жақсы ұстанатын. Сол себепті де үйіне келе сала аналарымызға осындай тақуалықтан таймауды ескертіп: 85 Қараңыз: Тирмизи, Либас 38 (1780); Хаким, Мүстадрак 4\\347 (7867). Алла расулының бұл жердегі мақсаты шүкіршілік етпеген және тек байлығын басқалардан үстемдік деп санаған адамдар болуы ықтимал. 86 Қараңыз: Қасас, 28\\77 67
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша «Адам баласының екі сай толы дүние-мүлкі болса, үшіншісін қалайды, оның көзін топырақтан басқа ештеңе тойдыра алмайды. Алайда, дүниедегі қажеттіліктер намазды дұрыс оқи білу және зекетті бере алу үшін керек-ақ. Күмәнсіз, тәубе еткендердің тәубесін Алла қабыл етеді», – дейтін87. Аналарымыз тұрмыс тапшылығын аса ауыр мәселе ретінде көрмеген. Пайғамбарымыз келгенде: – Үйде жейтін нәрсе бар ма? – деп сұрайтын. Жоқ болса: – Мен оразамын, – деп құлшылыққа ниет ететін88. Алланың ең сүйікті құлының басынан өткізіп жатқан бұл қиындықтарын білетін ансар көршілері кейде оларға тамақ беріп жіберетін89. Алайда, кедейлікпен күн кешу пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзі таңдаған өмірлік ұстанымы мен тұрмыс салты болатын. Яғни, толығымен өз еркімен таңдалған мәселе еді. Ал, сахабалардың тамақ жіберіп, сусын ұсынуы ізеттіліктен туындады. Нәби ақыретке тиісті нығметті бұл дүниеде тауысқысы келмейтін. Іші талшықпен толтырылған төсекте жататынын байқаған ансарлардың арасындағы бір әйел сахаба бұл жағдайды байқап, 87 Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\55, 5\\218 (24321, 21956). Сондай-ақ, қараңыз: Бұхари, Риқақ 10 (6072); Мүслим, Зекет 116 (1048); Тир- мизи, Зүһд 27 (2337) 88 Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\49 (24266); Ибн Хиббан, Сахих 8\\393 (3630); Нәсәи, әс-Сунәнул кубра 2\\115 (2635); Әбу Яғла, Мүснәд 8\\72 (4596) 89 Қараңыз: Бұхари, Хиба 1 (2428); Ибн Мажә, Зүһд 10 (4145); Мүснәд, Мүснәд 6\\244 (26119), 6\\238 (26046); Ибн Хиббан, Сахих 14\\287 (6372) 68
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Айша анамызға ішіне жүн салынған жаңа төсек сый- лады. Үйіне келген кезде ері осыны байқап: – Айша, мынау не? – деп сұрады. – Ансардан пәлен деген әйел үйге келген кезде төсегіңізді көрді де мынаны алып келді, – дейді анамыз. Пайғамбарымыз жұпыны өмір сүруді өз еркімен таңдағанын білдіріп: – Айша, бұны кері қайтар! Ант етейін, егер қаласам Алла тағала тауларды менің қолыма алтын мен күміске айналдырып берер еді90, – деді. Әйелдер үшін алтын мен жібек ұстау мүбах болса да Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзіне ең жақын адамдарына бәрібір ескерту жасап, отбасы мүшелерінің дүние нығметтерінен алшақтау тұруын талап ететін. Бір күні анамыздың қолынан екі алтын білезік немесе осыған ұқсас бір әшекей көріп: – Саған бұдан да жақсы нәрсе айтайын ба? Мұны шешіп, екі күміс білезік тақсаң, сосын оны зағфаранмен (хош иісті гүл) боясаң бұдан да әдемі болады, – деді91. Осы айтылғандарға мойынсұнып, өзі де басқаларға насихат ететін Айша анамыз (р.а.) баршаға қатысты жалпылама бір хабарды былай жеткізеді: – Расулалла бізге бес нәрсеге тыйым салды: жібек киім кию, алтын тағу, алтын-күміс ыдыстардан су ішу және сапар кезінде түйе мен аттың іші жүнді 90 Байһақи, Шуабул иман 2\\173 (1468); Табарани, әл-Мұғжамул әбсәт 6\\141; Қараңыз: Қандахлауи, Хаятус сахаба 2\\501; Тахмаз, әс- Сәйидату Айша 33 91 Нәсәи, Зина 39 (5143); Нәсәи, әс-Сунанул кубра 5\\436 (9444) 69
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша немесе жібектен жасалатын тоқым, қызыл ыдыстар- дан су ішу, қалың жібектен тоқылған киім кию. Бұларды естіген соң: – Уа, нәби! Жалатылған алтын да солай ма? – деп сұраған анамызға пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): – Жоқ, – деп жауап берді де артынан: – Сен сонда да күмісті қолдан, тіпті зағфаранмен боялғанын таңда92, – дейді. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мұндай ұсыныстарды жасаумен шектелмей, айналасындағы өзгерістерді де қырағылықпен бақылайтын. Өзі қарапайым адам өзіне жақын адамдардың да айрықша болып көрінгенін қаламайтыны белгілі еді. Олардың дүниеге құмартпауын қалады. Бір күні сахабаларын ертіп сол кездің ең үстем мемлекеті Византиямен түйісетін жер Тәбүкке аттанған еді. Осы сапарда жүрген кезінде Айша анамыз бетінде суреттері бар мата алады да, оны перде етіп үйдің бір бұрышына іледі. Тәбүктен аман-есен оралып, үйінен мына бір өзгерісті көрген пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) түсін өзгертіп: – Мынаның көзін құрт, өйткені, үйге келгенде көзім түссе, дүниені ойлаймын, – деген еді93. 92 Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\228б 310 (25953, 26681), Әбу Яғла, Мүснәд 8\\223 (4789) 93 Ибн Хиббан, Сахих 2\\447 (672). Сондай-ақ қараңыз: Мүснәд, Мүснәд 6\\229 (25963), Нәсәи, әс-Сунәнул кубра 5\\502 (9781); Әбу Яғла, Мүснәд 7\\369 (4403); Исхақ ибн Рахуа, Мүснәд 2\\363 (903); Нәсәи, Зинәт 111 (5352). Бұл ескертулерінің арасында «Қиямет күні ең ауыр азапқа душар болатындар өнер үшін Алланың жаратқандарына еліктегендер» деген ескертуі де бар. 70
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Хайбардан кейін Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әйелдері үшін бір жылға деп сексен уисқ94 құрма және жиырма уисқ арпа есептейді95. Алайда, аналарымыздың жомарттығы себепті бұл үйге келіп- кетушілердің көптігіне байланысты бұл жетпейтін еді. Пайғамбарымыздың қайтыс болған күні бұл үйде жарты кесе арпадан басқа ештеңе болмаған96. Оның өзін анамыз Алла елшісінің сауытын кепілдікке қойып, яһуди көршісінен алған97. Міне, дүниенің ең бақытты адамы осындай үйде, осындай тұрмыс-тіршілікте өмір сүрді. Нағыз бақыттың тек дүниелік нәрселердің жеткілікті болуы ғана емес екенін көрсететін осы қарапайым өмір, Алланың елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дүниеден озғаннан кейін де дәл осылай жалғасын тапты. Аумағы кішкентай болса да исламның болашағы үшін таудай қызметтер атқаруын тоқтатпаған бұл жер тап-таза бұлақ суының қайнары секілді болды. Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тірі кезіндегі күндер секілді бұл күндерде де Айша анамыз адамдардың ақылы мен жүрегін азықтандыруды бір сәт те ұмыт қалдырған жоқ. 94 Бір уисқ 60 сағ, яғни 62400 дирһамдық (165 литр) өлшем бірлігі. 95 Бұхари, Риқақ 16 (6086); Хумус 3 (2930); Мүслим, Зүһд 27 (2973); Ибн Мажә, Әтғима 49 (3345); Тирмизи, Қиямет 31 (2467) 96 Бұхари, Риқақ 16 (6086); Хумус 3 (2930); Мүслим, Зүһд 27 (2973); Ибн Мажә, Әтғима 49 (3345); Тирмизи, Қиямет 31 (2467) 97 Бұхари, Жиһад 88 (2759) Тирмизи, Буюғ 7 (1214); Нәсәи, Буюғ 83 (4651); Ибн Мажә, Рәһн 1 (2438); Ахмед ибн Ханбәл, Мүснәд 1\\236 (2109) 71
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Пайғамбар мектебінің теңдессіз мұғалімі ретінде болашақ ұрпаққа өте айқын да анық бағыт берді. Жалғасын тапқан қарапайымдылық Анамыздың күндізі де, түні де тең жағдайда өтетін. Түннің басым бөлігін намазбен өткізіп, күндіз көбіне ораза ұстайтын. Дін ұстануда өте тұрақты, бірқалыпты болатын. Алла елшісіның өсиетін өмірлік қағида еткен ол ешқашан тақуалықтан ажырамады. Табиғиндердің көпшілігі және анамыздың жақын шәкірттерінің бірі хазірет Қасым секілді білетіндер оның құрбан және ораза айттан басқа барлық күндерде ораза тұтқанын айтқан98. Әрбір күнін өткен қателіктеріне кешірім тілеп, тәубе етумен өткізіп, бүгінгі жеткен деңгейіне кеше қол жеткізе алмағанына өкінетін. Өйткені, пайғамбарымыздан әрдайым осыны көрді. Кешірім тілеу мен тәубе жасау сәттерінің мүмкіндіктерін қапы жібермей, әрдайым Алланың алдындағы дәрежесінің жоғарылауы үшін тынымсыз құлшылық жасау керектігіне шын жүректен иланды. Ғибадат деп бастаған әр ісін соңына дейін жеткізуді мойнымдағы парызым деп санады. Ешкім де, ешқандай күш те оны бұл шешімінен тайдыра алмайтын. Бұл қасиетіне кейбір кісілер тосырқай қарағанда: – Алланың елшісі кезінде бастаған нәпіл на- мазымды әкем мазарынан тұрып «Оқыма!» десе де 98 Ибн Жәузи, Сыфатус сахаба 2\\31 72
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша оқимын!99 – деп үзілді-кесілді нәпіл құлшылықтардан бас тартпайтынын жеткізген. Қолына түскен нәрсенің бәрін мұқтаждарға та- рататын. Бір күні анамыздың жанына хазірет Жабир (р.а.) келді. Кенет ол байқамай «Мына киіміңді ауыстырсаң» деп айтып қалды. Себебі, анамыздың сол күні киген киімі тозған, кей жерлері жамалған бо- латын. Сонда Айша анамыз хазірет Жабирге: – Бір күні расулалла маған «Егер менімен қауышуды қаласаң, тозығы әбден жеткенше киіміңді ауыстырма және бір айлық асыңнан артығын ойлап, сақтаушы болма!» деп ескерткені бар. Мен енді көзімді жұмғанша сол бұйрығын орындамайды деймісің?100 – дейді. Тіпті, ол мұнымен де шектелмей, кедей мен мұқтаждардың аянышты жағдайына куә болса, барын сатып, ақшасын соларға жіберетін. Мұны жасаған кезде өзі туралы еш ойламайтын, тек басқалардың қажетін өтеуді көздейтін. Бір күні қолындағы бар нәрсесін кедейлерге таратып берді. Өзіне берілген нәрселерді де сатып, түскен ақшаны да таратып жіберді. Кеш болып ауыз ашатын кезде өзінде арпа нанынан басқа оразасын ашатын ештеңе қалмағанын көрді. Анамыздың қарапайымдылығы басқа туыстары үшін де айрықша маңызды болатын. Мүмкіндігі жете тұра өз еркіменен жұпыны өмір салтын таңдады. Алла елшісімен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сүрген 99 Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\138 (25122) 100 Табарани, әл-Мұғжамул әбсат 7\\113 (7010); Сондай-ақ қараңыз: Тирмизи, Либас 38 (1780); Хаким, Мүстадрак 4\\347 (7867). 73
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша өмірінің қарапайымдылығын соңғы деміне дейін сақтады. Анамыз қалағанынша өмір сүре алар еді. Алайда, ол Алла елшісімен ақыретте бірге болуды таңдады. Әйелдердің өкілі Міне, өмірге осындай жақтан қарап, өте қарапайым өмір сүрген анамыз Алла елшісімен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өмірін жолын тоғыстырып, бірге ғұмыр кеше бастаған сәттен бастап өзіне айрықша бір міндет жүктегенін аңғарды. Оның иығындағы бұл ауыр жүк әртүрлі жағдайда көрініс табатын еді. Міне, осы көріністердің бірі әйел әлеміне қатысты болатын. Ол пайғамбарымыздың босағасын аттағаннан бастап барша әйелдердің өкілі болып, өзіне жеткізілген әрбір мәселені шешуде Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мен олардың арасында алтын көпір секілді қызмет атқарды. Оның бұл әрекеті әсіресе әйел сахабаларға оңтайлы болды. Сол күннен бастап әлсіздердің панасы, жетімдердің қамқоршысы, езілгендердің үні, дерттілердің дертін бөлісуші болып өзіне жеткізілген мәселені міндетті түрде шешуге тырысатын. Алла елшісінің айбыны- нан қаймыққандар Айша анамызға келіп, мазалап жүрген сауалдарын пайғамбарымызға жеткізуге ты- рысатын. Осы жағынан алып қараған кезде Айша анамыз пайғамбарымыздың уәзірі сияқты болды. Материалдық-рухани кез-келген бір мәселемен келген барша әйелдердің көңілін жықпай, міндетті түрде мәселелері бір шешім тауып, қуанышпен қайтатын. 74
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Жас болуы әрі айналасындағылардың да көбінесе өзімен қатарлас болуы, сол кездегі әйел адамға деген көзқарасты өзгертті. Өйткені, ол қоғамда әйелдер толығымен екінші орында тұратын. Бұл түсінікке әйел қауымы да дағдыланып кеткен еді. Ендігі жерде, анда-санда құрбылар жиналып ойын ойнауы, оларды үйіне әкеліп бір-бірмен етене араластыру, әйелдерге көбірек уақытын бөлу осы бір әйел адамдардың құқын жоғарылату, мәселелерін шешу бағытында жасалған әрекеттер еді. Кей кездері Алланың елшісі де оның мұндай әрекеттеріне куә болатын. Тіпті, өзі үйге келген кездерінде оны байқаған құрбылары ұялғаннан қашып жасырынуға тырысса, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оларды қайта шақырып мазаларын алмайтын101. Жасы кішілер де келсін деп Айша анамыз кейде ойыншық та әкеліп қоятын. Бір күні Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) екі қанатты атты көріп: – Айша, мынау не нәрсе? – деп сұрағанда, Айша анамыз еш саспастан: – Ол ат қой – деп жауап берді. Сонда пайғамбарымыз: – Аттың қанаты бола ма? – дегенде, жауабы дайын тұрған Айша анамыз: – Сүлейменнің аттарының да қанаты болды ғой! – деп жауап берді. Сырттай қарағанда жай ғана ойын болып көрінгеніменен бұл жағдай Айша анамыздың 101 Қараңыз: Бұхари, Әдәб 81 (5779); Мүслим, Фадаилус сахаба 81 (2440); Әбу Дәуіт, Әдәб 62 (4931); Ибн Мажә, Никах 50 (1982) 75
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Құран мәдениетіне қаншалықты мән беретінін байқатады. Оның бұл жауабына Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тек күлімсіреп қана қояды102. Әсіресе пайғамбарымыздың шаңырағына кел- геннен бастап Айша анамыз надандық дәуірдің әдеттерін қоғамнан алып тастауға бар күшін салды. Алла елшісіне (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) деген жақындығы, Құран мәдениетіне терең бойлағандығы, әйелдермен жақыннан араласып, оларға деген жанашырлық әрекеттері қоғамдағы әйелдердің жағдайының түзелуіне біршама септігін тигізді. Ол кездің көзқарасы бойынша әйел қашанда қор саналып, адам орнына саналмайтын. Исламды қабылдағандарына қарамастан кейбір адамдар да көнеге тән осы әдетін қоймай, қоғамда әйел адамдар- ды менсінбеушілік орын алды. Оларға тұтқыннан да жаман қарым-қатынас жасап, еркіндіктеріне ешкім бас қатырмайтын. Ал ендігі жерде олардың үнемі Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жанынан табыла- тын қоғамға ықпалды өкілдері болды. Тіпті, кей жағдайларда әйелдердің шағымына байланысты шығарылған шешім күйеулеріне қарсы бағытта болып қалатын. Өздеріне деген қоғамда қысым барына қарамастан мәселелерін ашық айтудан тартынбай- тын. Солардың бірі Айша анамызға мұңайып келіп: – Күйеуім менімен не ажыраспайды, не жаныма жақындамайды, – деді. 102 Қараңыз: Әбу Дәуіт, Әдеб 62 (4932); Бәйһақи, Сүнән 10\\219 (20771); Нәсәи, әс-Сунәнул кубра 5\\306 (8950) 76
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Мұны айтқан кезде тамағына өксік булығып, көзіне жас келді. Өксіп жылап тұрып жылдар бойы көріп келе жатқан осы қиындығын байыппен түсіндіріп берді. Әуелі онымен ажырасқанын, кейін күту мерзімі бітпей тұрып оған қайтып оралғанын, қазір күйеуі ажырасудан бас тартып, оны ойыншыққа айналдырғысы келгенін айтты. Бірақ, бұл оны әйел ретінде қабылдамай, қаласаң кел, қаласаң кет деп әйелді мазақ қылатын. Негізінде күйеуінің түпкі мақсаты келіншегін не әйел етіп қабылдамай, әрі басқа адамға да тұрмысқа шығуына рұқсат бермей, екі ортада әрі-сәрі күйге түсіру болатын. Оны мұқият тыңдаған анамыз мұны дереу Алла елшісіне (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) хабарлады. Мұны естіген кезде Алла елшісі де таңқалды. Бұл анық қиянат еді. Алайда, бұл мәселедегі үкімнің қандай болатыны туралы Жәбірейіл періште әлі Алла тарапынан ешбір хабар әкелмеген болатын. Сондықтан да қанша жаны ашып, мұндай құқық бұзушылыққа қарсы шыққысы келген пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) не де болса иләһи ха- барды күткенді жөн санады. Өйткені, зұлымдықтың мәңгі жалғаспайтынын, қараңғылықты сейілтіп бір жарықтың міндетті түрде келетініне сенімді еді. Бір күні Жәбірейіл келіп, отбасын ойыншыққа ай- налдырмауды ескертетін мынадай үкім жеткізеді: (Еркекке әйелін өз некесіне қайта алу мүмкіндігі берілген) талақ − екі рет. (Одан кейін жанұяны) игілікпен сақтау немесе көркем түрде (рия көңілде) ажырасу (керек)»103. 103 Қараңыз: Бақара 2\\229 77
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Осы бір аяттың келгенінен-ақ, бұл мәселе түсінікті болды, екінші рет ажырасатын болса әйел мен еркектің жолы біржолата айрылысатын. Бұл өте сақ қаралуы керек болған өте маңызды мәселе. Өйткені үш рет ажыраған әйел еріне басқа бір еркекпен үйленіп, егер ол адам да одан ажыраса ғана қайтып баруына рұқсат етілетін. Ал, еркек кісі үшін бұл өте ауыр сынақ деген сөз104. Қанша өкініп қайтарып алғысы келсе де бұл жол ол үшін енді жабық болмақ. Сол күннен бастап барлық адам аяттың көрсеткен шеңберімен жүріп, бұл мәселелерді ойынға айналдырмай өз бетінше әрекет жасауды тоқтатуы керек болды105. Өйткені, бұдан былай зұлымдыққа ұшырауға да, зұлымдыққа көз жұма қарауға да болмайтын еді. Тағы бірде оған Хаулә бинт Сағлаба келді. Оның да жағдайы қиын екен. Жылдар бойы азап көргені жүзінен байқалатын. Күйеуі шамасы келетіні бар, шамасы келмейтіні бар барлық нәрселерді талап етіп, оларды орындай алмағандықтан «Сен мен үшін анамның арқасы сияқтысың» дейді. Бұл надандық дәуірдегі адамдарға тән өте теріс әрекет болатын. Кімде-кім әйеліне «Сен маған анамның арқасы сияқтысың» десе, одан кейін онымен бірге жұбайлық өмір сүрмейтін. Ең сорақысы сол, ол адаммен ажыра- сып та кетпейтін. Қысқасы, хазірет Хаулә екі оттың ортасында қалғандай күй кешті. 104 Қараңыз: Бақара, 2\\230 105 Қараңыз: Әбу Дәуіт, Талақ 9 (2194); Ибн Мажә, Талақ 13 (2039); Хаким, Мүстадрак 2\\216 (2800) 78
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үйіне келгенде жасы егде тартқан Хаулә (р.а.) оған қарап: – Уа, Алланың елшісі! Жастық шағымды қор етті. Мен оған барлық нәрсемді бердім. Енді жасым ұлғайып, бала таба алмайтын жағдайға жеткен кезімде маған осылай жасап отыр, қазір қасыма да жақындамайды, – дейді. Әрине, бұл әрбір әйелдің басына келіп қалатын бір қиын жағдайлардың бірі болатын. Барлық жағдайын егжей-тегжейлі айтудан тартынған хазірет Хаулә дертіне дауа болатын жалғыз Жаратушыға қолын жайып: – Раббым! Бұл жағдайымды саған тапсырдым, – деп дұға етті. Пайғамбарымыздың жүрегіндегі аяныш сезімі тереңдей түсіп, оған деген жанашырлығы артты. Зәбір көрушінің наласы жерде қалған ба, хазірет Хаулә осылай дұға жасағаннан кейін рақымдылықтың есігі айқара ашылып, бұл мәселенің шешіміне жол бастай- тын айқын аяттар келе бастады. Жәбірейілдің әкелген хабары хазірет Хауләнің басынан өткендерін себеп ете отырып, бұл қоғамдағы дәл сол секілді қиындық көрген әйелдердің мәселелеріне шешім болған еді. Осыдан бастап надандық дәуіріне тән қателіктердің жойылғанын, бұлай жасаған адамның не істеуі керектігін және қателік жасауды тыймағандардың қандай жазаға тартылатынын білдіретін мынадай аяттар түсті: «Күйеуі туралы саған жүгінген және Аллаға шағымданған әйелдің сөздерін әрине Алла естіді. 79
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Араларыңда әйелдерге осындай қылық жасағандар білсін, әйелдері олардың аналары емес, олардың ана- лары тек өздерін дүниеге әкелгендер. Олар шынында да жалған және жаман сөз айтады. Сонымен қатар, кешірімі мен мейірімі мол Алла өткен жағдайларға тәубе еткендерді кешіреді. Әйелдеріне осылай жасап олардан айрылмақ болып, сосын сөздерінен тайғандар әйелдеріне жақындаудан бұрын бір құлды азат етуі керек. Міне, сендерге бұйырылған нәрсе осы. Алла істеген барлық нәрселеріңді біледі. Мұны жасай алмайтындар әйеліне жақындаудан бұрын екі ай үздіксіз ораза тұтуы керек. Оған да шамасы кел- мегендер алпыс кедейді тойдыруы керек. Бұл үкімдер Алланы және елшісін растап, солармен әрекет жасап, надандық дәуірінің әдеттерін жоюларың үшін қойылды. Міне, бұлар Алланың шектеулері. Кәпірлер үшін ауыр азап бар»106. Тағы бірде оған Сабит ибн Қайыстың107 әйелі хазірет Хабиба бинти Сәһл келеді. Күйеуінен ажырағысы келетінін айтып, Айша анамыздан көмек сұрады. Хазірет Хабиба мұнафықтардың басшысы Аб- дулла ибни Убәй ибн Сәлулдың қызы болатын. Күйеуі 106 Мүжадала 58\\1-4. Қараңыз: Әбу Дәуіт, Талақ 17 (2218); Тирмизи, Талақ 20 (1200); Тәфсиру сура (58) 1; Ибн Мажә, Талақ 25 (2062) 107 Сабит ибн Қайыс Алла расулының хатшысы болатын. Сөзге шешен, дауысы зор еді. Алла расулының құзырында дауыс көтеріп сөйлемеу керектігі туралы хабар келген соң көрінбей кетеді. Жағдайды байқаған пайғамбарымыз артынан кісі жібергенде, барғандар оның үйінде қайғырып отырғанын көреді. Сабит «Мен құрыдым» деп, дауысының зор екеніне өкінген еді. Жағдайды байқаған Алла ра- сулы «Сен тозақтық емес, жұмақтықсың» деп оған хабар жібереді. Кейіннен хазірет Сабит Ямәмада шәйіт болады. Қараңыз: Ибн Сағд, Табақат 1\\451, 452. 80
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша хазірет Ханзала Ухудта шейіт болғаннан кейін Сабит ибн Қайыспен тұрмыс құрған еді. Көркі мен бойы жағынан ерекше, жанұясы алақанға салып өсірген қыз болғандықтан, қаншама шешендігімен таныл- са да, түр-әлпеті мен көркі жағынан қызығарлықтай дәрежеде емес Сәбитті ұнатпаған хазірет Хабиба онымен ажырасқысы келген-ді. Алла елшісіне (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) келген кезде оған өзегін өртеген өкінішін айтып: – Уа, нәби! Мен күйеуім Сабит ибн Қайысты діні, мінезі жағынан айыптамаймын. Алайда, ислам- ды таңдағаннан кейін қайтадан күпірлікке салынудан қорқамын, күйеуіммен ажырасқым келеді, – деді. Хазірет Хабиба нық шешім қабылдаған еді. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) одан: – Күйеуіңнің бақшасын да қайтарасың ба? – деп сұрады. Ол сенімді түрде «Иә» деп жауап берді. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) күйеуі хазірет Сәбитті шақырып, бұл мәселе туралы оның да ниетін сұрады. Ол да шарасыз екенін білдірді. Түсініспеушілік ұлғайып, жараның беті жабылмас халге жеткендіктен, ары қарай бірге өмір сүру қиын еді. Алланың ең ұнатпайтын нәрсесі ажырасу болса да, басқа амал табылмады. Хазірет Сабиттің де ойы осыны алдын ала болжап, іштей дайын жүрген еді. Соңғы сөзді Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) : – Бақшаны ал да, әйеліңмен ажырас,108 – деп кесіп айтты. 108 Ибн Мажә, Талақ 22 (2056); Муатта, Талақ 11 (1174); Абдурраззақ, Мұсаннаф 6\\502 (11842); Нәсәи, Талақ 34 81
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Бұл оқиға да әйелдер мәселесіне жұрттың назарын аударған айтулы шешім болды. Әлеуметтік өмірде бары да, жоғы да білінбейтін әйелдер енді өздерінің таңдауларын жасап, пікір білдіріп, тіпті, күйеулерінен ажырасуды да талап ете алатын жағдайға жетті. Оның үстіне шағымданып келген алдыңғы қатардағы әйелдердің алғашқы қадамынан оң нәтиже де шыққан еді. Шағымданып келіп, шаттанып кетіп жатқан әйелдерді көрген соң, осындай себептермен келушілердің саны күнен-күнге арта түсті. Бір күні исламға алғаш болып кіргендердің бірі Осман ибн Мазунның әйелі Хаулә бинт Хаким109 абыржулы кейіпте пайғамбарымыздың алдына келді. Айша анамызбен үйленуіне себеп болғандықтан, хазірет Хауләні пайғамбарымыз жақсы танитын. Оның мынадай абыржулы түрін көрген Алла елшісі Айша анамызға қарап: – Айша, Хуайлә (Хауләны еркелеткені) қалай мұндай жағдайға жеткен? – деп сұрады. Мәселені білетін анамыз хазірет Хауләнің күйеуі Осман ибн Мазунды меңзеп былай деді: – Уа, Алланың елшісі! Хаулә үйленбеген әйел секілді жағдайға жетіпті. Өйткені, күйеуі күндіз ораза тұтып, түнді де тек ғибадатпен өткізетін көрінеді. Демек, Осман ибн Мазун құлшылыққа беріліп, отбасына немқұрайлылық көрсеткені. Отағасы ретінде отбасы мүшелерінің де онда қақысы бар еді ғой. Негізінде бұндай оқиғалардың барлығы дерлік 109 Хазірет Хаула кейде Хуайла деп те аталған. 82
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша ақиқат айқындалу үшін, Ислам дінін кемеліне келтіру үшін болып жатқан себептер еді. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ана- мыздан осыны ести сала Осман ибн Мазунға хабар жіберді. Осман ибн Мазун келгенде: – Осман, бізге тек қана діндарлық бұйырылған жоқ. Үлгі ретінде маған қарасаң да болады ғой? Әлде сен менің сүннетімнен теріс айналасың ба? – деді. Осман ибн Мазун өмір бойы қазіргісінен де көп құлшылық жасауға ниеттеніп, қолындағы бар мүмкіндіктерді ақырет үшін қолданамын деп ойлаған еді. Өзін дінге арнап жүрмін деп есептейтін ол пайғамбарымыздың мына сұрағына жауап беруге сасып қалды: – О, не дегеніңіз, қайта сүннетті сол қалпында орындауға тырысамын! Ненің сүннет екенін жақсырақ білетін Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оның бұл сөзіне мына- дай жауап қайтарды: – Араларыңдағы Алладан ең көп қорқатын және діннің шектеулеріне жоғары дәрежеде бағынатын менмін. Алайда, мен ұйықтаймын, тұрып намаз да оқимын, ораза да тұтамын, аузым ашық кездер де болады, әйелдермен некемді де қидырамын. Құдайдан қорық, ей, Осман! Өйткені, сенің мойыныңда отбасыңның ақысы бар. Қонағыңның сенде ақысы бар! Нәпсіңнің де сенде белгілі бір дәрежеде қақысы бар! Ендеше, сен біршама күні ораза тұтсаң, біршама 83
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша күн аузыңды аш, түннің белгілі уақыттарында намаз оқы, белгілі бөлігінде ұйықтап демал!110 Кейде бұған керісінше жағдайлар да орын алатын. Түнде еш ұйықтамастан таңды атыратын әйел са- хабалар да кездесетін. Олар туралы да пыш-пыш сөз жүретін. Хазірет Хаулә да солардың бірі еді. Айша анамыз оның жағдайын білген соң, Алланың елшісіне жеткізді. Түнді көз ілместен құлшылықпен өткізетінін естіген пайғамбарымыз қарсылық та- нытты. Өйткені, ғибадатты қиындатып өмір сүру мүмкін емес еді. Алла құзырында аз да болса үздіксіз жасалған ғибадаттардың сауабы мол әрі адам бала- сына өте оңтайлы еді. Сондықтан да Пайғамбарымыз әуелі: – Сонда ол түнде де ұйықтамай ма? – деп естігеніне сенбегендей тағы сұрады. Алайда, Алла елшісіне жеткен хабарлардың барлығы да рас бола- тын. – Сендер өз шамаларың келетіндей жауап- кершілікті мойындарыңа алыңдар. Мынаны біліңдер, сендер шаршап әлсірейсіңдер, ал Алла шаршамай- ды111. Бір күні Айша анамызға бір жас қыз келіп: – Әкем өз жағдайын жақсарту үшін мені мәжбүрлеп көкесінің баласына үйлендірмекші. Мен бірақ бұған қарсымын, – деді. 110 Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\226 (25935), 268 (26351); Ибн Хиб- бан, Сахих 1\\185; 2\\19, Табарани, әл-Мұғжамул кәбир 9\\38 (8319); Хәйсами, Мажмауз Зәуаид 4\\301; Абдурраззақ, Мұсаннаф 6\\167, 168, 7\\150 (10375, 12591) 111 Бұхари, Тәхәжжүд 18(1100), Саум 51 (1869); Мүслим, Салат 215 (782); Әбу Дәуіт, Салат 317 (1368); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\122 (24956) 84
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Бұл шешімі қиын мәселе еді. Өйткені, ол кездер- де қыз балалар кіммен тұрмыс құратынын таңдай алмайтын. Кімге тұрмысқа шығатынын әкесі айтып, айтқанына көндіретін. Алайда, бұл адам құқығына, азаттығына қылбұрау салу болғандықтан, уақыт өте келе өзгеретіні анық еді. Қыздың да мұң шағып келгендегі мақсаты да, осы бір жаман әдеттің өзгеруі еді. Қызды тыңдаған анамыз: – Алланың елшісі келгенше осы жерде күт, – деді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) келе сала Айша анамыз оған қыздың жағдайын баян- дады. Сол жерге қыздың әкесі де шақырылды. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әкесінен бұл мәселе туралы сұрады. Қыздың айтқаны рас екен. Пайғамбарымыз ол кісіге бұлай жасаудың дұрыс емес екенін түсіндіріп жатқан кезде, бүкіл үмбетіне насихат айтып жатқандай еді. Қыз әкесі өз ісінің қателігін түсінді. Бұл мәселе де оң нәтижесін берді. Алғаш рет қыздың ұсынысы қабылданып, сұрағаны болды. Пайғамбарымыз қызға бұдан былай шешімді өзі қабылдайтынын айтқанда ол: – Уа, расулалла! Мен әкемнің дегенін орындай- мын. Тек мынаны жұртқа білдіргім келді: исламда қызын күштеп үйлендіруге әке құқылы емес!112 Айша анамызға келіп сол арқылы мәселесін Алла елшісіне (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жеткізген 112 Ибн Мажә, Никах 12 (1874); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\136 (25087); Нәсәи, Никах 36 (3269); Нисаи, әс-Сунәнул кубра 3\\284 (5390); Бәйһақи, Сүнән 7\\118 (13454) 85
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша әйелдер тек бұл кісілерден тұрған жоқ. Күйеуі ұрып, үйінен қуылған және намысы тапталған қаншама әйелдер осы үйге келіп мәселелерін шешті113. Бұл жердегі әйел адамдардың құқығын қорғау көзді жұмып жасай беретін іс емес еді. Әркімнің іс- әрекеттерінің дінге сай болуы қадағаланатын. Кім де болса діннің шегінен шыққан әйелдерді кездестіргенде, оларға маңызды ескертулер жасаудан да тартынбаған. Айша анамыздың әрекетінде туралық пен әділдіктің негізге алынғаны ақиқат. Дәлірек айтқанда, өзі әйел болғандықтан нәзік жандылардың құқын қорғамады. Керек кезінде аямай сынайтын, қателіктерін түзету үшін ескерту де жасайтын. Арада бірнеше жыл өтті. Ислам жағрапиясы кеңейген сайын мүминдер арасында әр түрлі түсініктер қылаң бере бастады. Бұл жағдайдан әсерленгендер де болды. Әсіресе, дүниеқұмарлық байқалып, кейбір әйелдердің бұрынғы ұстанымы өзгерді. Анығырақ айтқанда, бұл адамдардың өзгергенін білдірді, елшісі арқылы адамзатқа білдірген хабарында Жаратушы ие жолмен кетіп бара жатып өзі өзгерген пендесін өзгертетінін білдіргені бар114. Міне, осыны байқаған анамыз реніш білдіріп былай деді: – Егер расулалла әйелдердің осы жағдайын көрсе, Бәни Исраил әйелдеріне келген тыйым секілді оларға да шектеу жасап, мешітке баруына тыйым салар еді115. Бұл айтқаны оның мәселе шешуде Алла елшісін қаншалықты жақын танитынын көрсетуде. Бұған 113 Қараңыз: Бұхари, Либас 23 (5825) 114 Әнфал 8\\53; Рағд, 13\\11 115 Бұхари, Сыратус Салат 79 (831); Мүслим, Салат 144 (445); Әбу Дәуіт, Салат 54 (569) 86
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша қоса, бұл заманның өзгеруімен үкімнің де өзгеретінін аңғартты. Өйткені, расулалла кезіндегі орта әйелдердің жамағатпен намазға келуіне қолайлы еді, сондықтан оларды намазды мешітте оқуға шақыратын. Алайда, қазіргі жағдай бұрынғыдан өзгеше, сондықтан үкім де осы айырмашылықты назарға ала отырып берілуі керек еді. Әуретті жабу анамыздың баса назар аударған мәселелерінің бірі. Бұған үстірт қарайтындарға қатаң сөгіп, дінге қатысты мәселеде босаңсуға болмайты- нын жиі ескертетін. Бір күні бауыры Абдурахман ибн Әбу Бәкірдің қызы Хафса бинт Абдурахман келді. Басындағы жұқа орамалды көргенде, оны алып екі қабаттап бүктеді де, қалай тарту керектігін көрсетіп: – Алла тағаланың «Нұр» сүресінде түсірген бұйрығынан хабарың жоқ па? – деді. Сөйтті де қасындағылардан қалың орамал сұрап, сіңлісінің басына тартып, бұдан былай орамалды қалай тартып жүру керектігін көрсетті116. Әурет жабуды толық орындау үшін шашты көрсетпей жабу керектігін айтқан анамыз117 пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тірі кезде өзінің қалай жамылып жүргенін оқиғаларды айту арқылы басқалармен бөлісетін. Айша анамыздың бар ғұмыры өзгелерге үлгі еді. Көмек сұрағандарға барынша көмектесетін. Бөтен біреу келген кезде дереу пердені түсіріп, мүминдердің 116 Муатта, Либас 4; Бәйһақи, Сүнән 2\\235; ибн Сағд, Табақат 8\\72 117 Абдурраззақ, Мұсаннаф 3\\133 87
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша анасы екеніне қарамастан олармен перденің артынан сөйлесетін118. Уақыт өте келе әйел кісілердің осылай өзгергенін көргенде, расулалланың тірі кезін сағынды. Сол кездегі әйелдердің дін бұйрықтарын орындаудағы ықыласын есіне түсіріп былай дейтін: – Алғашқы мұхажир әйелдер жақсылыққа кенелсін! Өздеріне Алла «Олар сыртқы киімдерін иықтарынан төмен қарай түсіріп, үстерін жапсын» деп бұйырғанда, дереу киімдеріне оранып, осы бұйрықты қалтқысыз орындады119. Жаңадан бағындырылған жерлерде кейбір әйелдердің бұрынғыға қарағанда босаңсығанын, үйінен тыс жерлерде тым еркінсіп кеткенін естіп, бұған қатты ренжіді. Бір күні өзіне хумустық әйелдер келген кезде ашуын білдіріп, былай деді: – Әлде сендер моншаға бара жатқан сол әйелдерсіңдер ме? Естеріңде болсын, мен расулалланың «Күйеуінің үйінен басқа жерде үстіндегі киімін шешкен әйел Алламен арасындағы пердені жыртты деген сөз» дегенін естідім120. Өзіне келген әйелдердің киім кию мәселесінде (сол кездегі өлшем бойынша) өзгере бастағанын көріп, оларға былай деді: 118 Қараңыз: Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\219 (25883); Исхақ ибн Ра- хуа, Мүснәд 3\\726 119 Бұхари, Тәфсир 31 (4480) Әбу Дәуіт, Либас 33 (4102); Бәйһақи, Сүнән 2\\234 (3075) 120 Мүснәд, Мүснәд 6\\41, 173, 198, 267 (24186, 25446, 25668, 26347); Тирмизи, Әдәб 43 (2803); Ибн Мажә, Әдәб 38 (3750); Дарими, Ис- тизан 23 (2651) 88
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша – «Нұр» сүресіне сенген әйел бұлай киіне алмай- ды! Егер мүмин болсаңдар, біліңдер, мына киімдерің иманды әйелдің киімі емес!121 Өзіне келгендерді іс-әрекетіне қарап-ақ не сұрайтынын сезіп, алдын ала жауабын айтатын. Бір әйел қына туралы сұрағанда былай деді: – Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қынаның түсін жақсы көрсе де, иісін ұнатпайтын122. Әйелдерге қатыстылары әрине тек бұнымен шектелмейді. Алдына келгендерді Алла мен пайғамбары ұнататын шариғат шеңберіне қарай бағыттап, отбасылық тыныштықты насихаттайтын. Өйткені, отбасы бақытына дүние мен ақыреттегі тыштықтың негізі ретінде қарады. Әйел мен еркек- ке өз міндеттерін лайықты түрде атқару керектігіне тоқталатын. Алла елшісінің адамды құрметтегені, жәрдемсүйгіштігі секілді Айша анамыз да өзіне келген әйелдерден осындай қасиет көргісі келетін. Жарымен сыйластығы арқылы өзі бақытты бастан кешкендіктен, дәл сондай сыйластықпен басқа әйелдердің де бақытты болғанын қалайтын. Бір күні келіп өзінен насихат сұраған әйелге былай деді: – Егер сен күйеуіңді қуанту үшін көзіңді одан да жақсысына ауыстыруға күшің жетсе, тартынба!123 121 Қараңыз: Құртуби, әл-Жами 14\\157 122 Әбу Дәуіт, Тәражжул 4 (4164); Ахмед ибн Ханбәл, Мүснәд 6\\117 (24905); 6\\138 (25122) Нәсәи, әс-Сунәнул кубра 5\\419 (9365); Байһақи, Сүнән 5\\61 (8905); 7\\311 (14608) 123 Ибн Сағд, әт-Табақатул кубра 8\\70-71, Зәхәби, Тарихул Ислам 1\\537; Сондай-ақ, қараңыз: Тахмаз, әс-Сәйидәту Айша 52. 89
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Негізінде отбасы бақыты бәрінен жоғары тұруы керек, бұл жерде әйелдің рөлі өте маңызды. Шындығында, әйел бұл бақыттың іргетасын қалайды. Сондықтан әйелдің күйеуіне деген жауапкершілігіне көбірек назар аудартатын. Өзіне келген әйелдердің осы сияқты сұрақтарына артығымен жауап беріп, басқа да насихаттар айтатын. Сол әйелдердің бірі: – Бетімді түктен тазартып, күйеуім үшін сәнденейін бе? – дегенде, анамыз: – Өзіңе ұнамсыз барлық нәрсені тазалап, күйеуің үшін сәнден! Бір нәрсе бұйырғанда, оған бағын, әлдене өтінгенде, қалауын орында. Үйіңе күйеуің ұнатпайтын адамды кіргізуші болма!124 – деді. Пайғамбарымызға деген сүйіспеншілігі Айша анамыз пайғамбарымызды өте жақсы көрді. Алланың ең сүйікті құлын қалайша жақсы көрмесін? Құран бізге пайғамбарды жақсы көру Жаратушыны жақсы көру екендігін айтпап па еді: «Елшім, былай де: «Уа, адамдар, егер Алланы сүйсеңдер, келіп, маған бағыныңдар, сонда Алла да сендерді сүйеді әрі күнәларыңды кешіреді. Алла тағала − Ғафур (өте кешірімді), Рахим (аса рақымды)» (Әли Имран, 3\\31) Анамыз да осы аятқа барынша мойынсұнатын. Алла елшісінің жанында болуға бөлген азғантай уақыттың өзін басқаға жұмсап жоғалтып алудан 124 Абдурраззақ, Мұсаннаф 3\\146 (5104) 90
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша сақтанып, осы уақытының барлығын да нәбимен бірге өткізуді қалайтын. Сол үшін де еріне бөтен көздің түскенін ұнатпай, оны басқалардан қызғанатын. Алайда, ері қарапайым отағасы ғана емес, барша адамзаттың пайғамбары еді. Мұны өзі жақсы түсінді. Расулдың жолына өмірін пида ету үшін қаншама адам кезегін күтіп тұрғандай болатын. Расулалла үшін құрбан болуға дайын қаншама өмір бар еді. Бұл жағдай қанша түсінікті дегенмен де Айша ана- мызды алаңдататын. Оның бұл алаңдаушылығы «(Мұхаммед!) (әйелдеріңнен) өзің қалаған әйелді қалдырып, ұнамды әйелді өзіңе бөлмелес қыл. Өзің шеттеткен әйелдеріңнен бірер әйелді (өзіңе қайтадан бөлмелес етуді) қаласаң, оның ешқандай күнәсі жоқ»125 деген аят келгенге дейін жалғасты. Осы аят келгеннен кейін Алла елшісіне қарап, назда- нып былай деді: – Байқаймын, Раббың әрдайым сенің көңіліңе қарай беретін сияқты!126 Айша анамыздың бұлай деуі сүйіспеншілік пен жақындықтан туған. Өмірін әрдайым оның жанында өткізгісі келді, алайда жағдай бұны көтермейтін. Жар болып келген өзге аналарымыз Алла расулын тағы бір күнге өзінен алыстатқан еді. Өйткені, пайғамбарымыз күндерді аналарымыздың арасында бөліп, әр күнді біреуінің қасында өткізетін. Бұл үйге алғаш келіп түскен кезде күндізгі уақытта Айша анамыз оның жа- 125 Қараңыз: Ахзаб 33\\51 126 Бұхари, Тәфсирул Құран 279 (4510); Никах 30 (4823); Мүслим, Рада 49 (1464); Нәсәи, Никах 1 (3199); Ибн Мажә, Никах 57 (2000) 91
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша нында болатын, себебі өзіне пайғамбарымыз тоғыз күнде бір келетін. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дүние мен ақырет арасындағы таңдауды көрсететін аят түскеннен кейін де дағдысын бұзбай, жоспардан тыс таңдау жасаған кезде міндетті түрде әйелдерінен рұқсат алуды ұмытпайтын. Айша анамыз әсіресе осы жағдайға баса назар аударып, ерік өзіне берілсе де Алла елшісінің өзгермеген әдетін былай түсіндіруде: – Біздің кезектегі күндеріміз туралы расулал- ла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Әй, пайғамбар! Әйелдеріңнен қалағаныңды кейінге қалдырып, қалағанын жаныңа ала аласың» деген аят түскеннен кейін де рұқсат сұрауын жалғастырды127. Кезек келген күндерде уақытының барлығын Расулмен бірге өткізгісі келетін Айша анамыз бұған кедергі болатын істерге де мұқият қарайтын. Бір түні оянған кезде қасында ері жоқтығын байқады. Шырақ жоқ, бөлме іші қараңғы еді. Басқа әйелдерінің біріне кетті ме деген ой қылаң берді. Сол-ақ екен, қолымен сипап пайғамбарымызды іздей бастады. Бір кезде анамыздың қолы Алла елшісінің аяғына тиді, сөйтсе пайғамбарымыз сәждеде екен. Көңілі орнына түсіп, терең тыныстады. Өйткені, Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сол бөлменің бір бұрышында дұға жасап отыр екен. Құлақ салған кезде былай дегенін естіді: – Уа, Алла тағалам, азабыңнан разылығыңа, жазаңнан кешіріміңе сиынамын. Басқа емес, сенен 127 Бұхари, Тәфсирул Құран 279 (4511); Мүслим, Талақ 23 (1476); Әбу Дәуіт, Никах 39 (2136); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\76 (24520) 92
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша қайта өзіңе сиынамын. Өзіңе қаншама мақтау айтсам да, әлсіз екенімді мойындаймын. Сенің мінсіз екеніңді білемін. Раббым! Сенен басқа Құдай жоқ және барлық нәрсе сенің қалауыңмен бар болады! Әлгіндегі ойы үшін өкініп былай дейді: – Уа, расулалла! Жолыңызға жаным құрбан, сіз туралы мен не ойладым, ал сіз болсаңыз, немен айна- лысып отырсыз128. Тағы бірде дәл осындай жағдай орын алды. Төсекке жатқанда Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сырт киімінің бір жағын төсегіне тигізіп, дәл бір тұрып кететіндей болып қисайып жатты. Алайда, өзі түнде ғибадатқа тұратын кезде де анала- рымыздан рұқсат алатын. Раббысымен бірге болатын кездерінің өзінде де кісі ақысына құрмет көрсетуді ұмытпайтын129. Бүгінгі мына әрекеті мүлде басқаша болып тұр. Бұл Айша анамыздың күмәнін күшейтті. Біраз уақыт өткеннен кейін жайлап төсегінен тұрғаны байқалды. Айша анамызды оятып алмау үшін аяғының ұшымен басып, ақырын ғана аяқ киімі мен сырт киімін киіп, сыртқа шығып кетті. Бірақ, Айша анамыз ояу жатқан еді. Неліктен шығып кетті екен деп, артынан ақырын бақылап көргісі келді. Дереу орнынан тұрды. Орамалмен жүзін жасырып, сырт киімін киіп, ерінің соңынан білдірмей еріп отырды. Пайғамбарымыз Мәдина мазаратына келді. Сол жерде қол жайып ұзақ уақыт дұға етті. Қолы талған кезде 128 Қараңыз: Мүслим, Салат 221 (484, 486, 512); Тирмизи, Дағуат 76 (3493); Әбу Дәуіт, Салат 152 (879); Ибн Мажә, Дуа 3 (3841); Нәсәи, Салат 72 (1131); Абдурраззақ, Мұсаннаф 2\\160 (2898). Оқиғаға тақырыпқа қатысты риуаяттарды біріктіру арқылы мағына берілген. 129 Қараңыз: Бәйһақи, Шуабул Иман 3\\383 (3837) 93
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша түсіріп, біраздан кейін көтеріп қайта дұға етті. Сөйтіп, біраз отырды да үйіне қайтты. Анамыз абдырап, өзін байқап қоймауы үшін жүгіре басып үйге тезірек жет- кенше асықты. Арттағы кісі жүрісін шапшаңдатқан сайын бұл да тездетіп жүріп келеді. Ақыры, ертерек үйге жетті де, ештеңе білмегенсіп, дереу төсегіне жата қалды. Бірақ, жүрегі тарсылдап, ентігіп тұр. Бір кезде Алла елшісі де келді. Таңырқаған кейіппен: – Саған не болды? – деп сұрады. – Еш нәрсе болған жоқ, – деп, қанша жасыруға тырысса да, қарсы алдында айтқызбай білетін Алла елшісі тұр еді. Жары: – Сен айтасың ба, әлде мұны маған Латиф һәм Хабир болған Раббым білдіргенін қалайсың ба? – деді. Айша анамыздың тіптен есі шықты. Өкінген кейіпте: – Уа, Алланың елшісі, жолыңа жаным құрбан! – деді. Оның бұл тұрысының өзі бәрінен хабар беріп тұрғандай еді, Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): – Әлде алдымда қараңдап көрінген сен бе едің? – деп сұрады. Айша анамыздың «Иә», – деп күмілжігеннен басқа амалы қалмады130. Бұлардың барлығы оның екі жиһан сәруарына деген жақындығын көрсетуде. Сүйіспеншілігінің тереңдігі соншалық, жарының үстіне шаң қондырғысы 130 Мүслим, Жәнаиз 102 (974); Нәсәи, Жәнаиз 103 (2037); Ишрәтун Ниса 4 (3963, 3964); Ибн Мажә, Жәнаиз 36 (1546); Иқаматус Салат 191 (389, 1389); Тирмизи, Саум 39 (739) 94
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша келмейтін. Оның көңіліне тиетін келетін жайттарға жол бермейтін. Бір күні келгендердің бірі өлім тілеген мағынада Расулға: – Саған сам болсын! – деді. Бұл сөзді анамыз да естіді. Алланың елшісіне өлім тілеуге кімнің батылы барады? Дереу ұшып түрегеліп мұны айтқан адамға қарап: – Айтқан өлімің де, қарғыс та өздеріңе көрінсін, – деді. Иә, бұл дін дұшпандарына қарсы қарғыс жасауға жақсы бір мүминдік болатын, алайда дәл қазір өзінің қадірін білмесе де барлық адам Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үшін теңдей мүмин болатын және қатаңдыққа қаталдықпен жауап қайтарылмауы керек еді. Сол себепті жарына қарап: – Айша, Алла тағала Рафиқ (мейірімді, жұмсақ) және әр түрлі істерде жұмсақтық жасағанды жақсы көреді131, – деді. Өзінен бір нәрсе сұрағандарға «жоқ» дей алмай- тын. Тіпті, одан Алла елшісін сұраса да сол әдетінен танбағаныменен, сүйіктісінің қасынан аз уақытқа болса да алыстағанына іштей қынжылатын. Жорыққа шығатын кезде Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) аналарымыздың арасында жеребе тастап, жеребе кімге түссе, жорыққа ертіп алып шығатын. Бірде жеребе тастағанда, Хафса анамыз бен Айша анамыз анықталды. Жолға шығып, біраз жол жүрді. Түн болып бір жерге тоқтаған кездерінде пайғамбарымыз 131 Бұхари, Әдәб 38 (5683); Истизан 22 (5901); Мүслим, Сәлам 10 (2165); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 2\\341 (13555); Тирмизи, Ис- тизан 12 (2701) 95
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Айша анамызбен бірге отырып әңгімелесе бастады. Хафса анамыз ол түні кезектің өзінде емес екенін және Алла елшісінің Айша анамыздың қасында бола- тынын түсінді. Біраз уақыттан кейін мүмкіндік туған кезде Айша анамызға жақындап барып, оған былай ұсыныс жасады: – Бүгін сен менің түйеме, мен сенің түйеңе ауысып мінсек, сосын Алла елшісінің не істейтінін көрсек, – деді. Мына бір ұсынысты Айша анамыз қуана қабылдады. Өйткені, Алла елшісінің өзінің түйесін таңдайтынын білетін. Осы арқылы мұны басқаларға да білдіруге мүмкіндік туатын еді. Қайтадан жолға шыққан кезде өздері шамалағандай Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Айша анамыздың түйесінің жанына келді. Ол түйенің үстінде Хафса анамыз бар еді. Басқаша айтқанда, пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) алдындағы қадірін тағы бір рет нығайтқан Айша анамыз онымен бірге жүру нәсібінен бұл жолы құр қалған еді. «Иә» деп келісім берерін беріп алғанменен, шыққан нәтижеге өздері ойлап тапқан әзілдері болса да көне алмайтыны анық еді. Алланың елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзінің түйесінің жанына келіп тұрып, өзін таңдағаныменен дәл қазір расулдың жанында емес болатын. Жан дүниесі өртеніп не істерін білмей, іштей қынжылған анамыз Раббысына былай деп жалбарынды: – Уа, әлемдердің әміршісі, маған бір шаян немесе жылан жібер, мені шағып алсын. Пайғамбар басқа 96
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша адамның жанында кетіп барады, ал мен ештеңе істей алар емеспін132. Айша үшін жан жары хазірет Жүсіптен де көркем еді. Хазірет Жүсіпті көрген әйелдер қолдарын байқамай пышақпен кесіп алғаны бар. Айша анамыздың айтуынша, ол әйелдер пайғамбарымызды (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көрсе, қолдарын кесу былай тұрсын, сол пышақтарын кеуделеріне қадап алар еді133. Осы бір айрандай ұйып отырған жанұяда бұл сүйіспеншілікке ақау түсіретін титтей нәрсе болған жоқ. Керісінше, уақыт өткен сайын бұл бір-біріне соншалықты бауыр басып, болып жатқан әрбір оқиға олардың сүйіспеншіліктерін одан сайын арт- тыра түсті. Айша анамыз да Алла елшісінің бұл махаббатын жамандыққа жорыған емес. Ері де жаңа шара қолдануды ойға алмады. Негізінде пайғамбарымыздың басқа аналарымызбен болған байланысы да осындай еді. Қалауларын айтпастан біліп, талап етілген барлық нәрсе сол қалпында атқарылатын. Сол үшін де бір күні анамыз: – Расулалла қолымен бір әйелді, не бір қызметшіні, не басқа біреуді ұрған емес134, – деп еске алған. Айша анамыздың бұл сүйіспеншілігі ері қайтыс болғаннан кейін де жалғасты. Жұпыны өмір кешуден танбаған анамыз жиі-жиі үйіне әлдене әкелгісі кел- 132 Бұхари, Никах 96 (4913); Мүслим, Фадаилус сахаба 88 (2445) 133 Оның бұл сезімдері туралы бір ақын өлең жазады. Қараңыз: Алуси, Рухул мағани 13\\77; Сәләфи, Мужамус Сәфәр 398; Гүлен, Калбин Зүмрүт тепелери 1\\221 134 Мүслим, Фазаил 79. Қараңыз: Әбу Дәуіт, Әдәб 4; Ибн Мажә, Никах 51 97
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша гендерге қарсылық танытып, дүние нығметтерінен барынша алыс тұрғысы келетінін ісімен көрсететін. Алайда, мүминдердің анасы болғандықтан, жұрт оған жақсылық жасауға тырысты. Ал, ол болса өзіне сыйлыққа берілген және қабылдауға мәжбүр болған заттардың барлығын басқа мұқтаж жандарға таратып, өзіне ештеңе қалдырмайтын. Өзіне сыйлықтар алғаш келген кездері оларды иесіне кері қайтарғысы келетін, алайда Алла елшісінен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) естіген бір сөзі оны бұл әрекеттен тоқтатты. Сол сөзге қарсы келмеу үшін өзіне берілген сыйлықты алуға мәжбүр болатын. Бір күні жанына Абдулла ибн Әмірдің елшісі келіп, сыйлық ретінде анамызға тағамдар мен киім әкелді. Айша анамыз қарсылық білдіріп: – Балам, мен ешкімнен ештеңе алмаймын, – деп, сыйлығын алмай кері қайтарды. Аңқылдап жеткен елшінің көңілі су сепкендей ба- сылды. Қандай да бір сыйлық әкелген болса, оларды анамызға ұсынып жатқан кезде бейне бір Алланың елшісіне беріп жатқандай күй кешіп, өздеріне бұлайша сыйлық беруді міндет деп білетін. Және де олардың да анасы болғандықтан, қандай да бір қажетіне жаратар деп ойлаған еді. Бірақ, Айша анамыздың да шешіміне құрметпен қарауы керек. Қожайынына не айтатынын ойлап, шарасыз түрде кері қайтты. Осы кезде анамыз ойланып, жасаған бұл ісінің Алла елшісіне қарсылыққа жатпай ма деп уайымдап, қасындағыларға: – Әлгі кісіні шақырыңдар! – деді. 98
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Ол кісі таңырқаған кейіпте Айша анамыздың алдына қайта келді. Айша анамыздың бағанағы ашуы басылыпты. – Алла елшісінің маған айтқаны есіме түсті. Бір күні маған «Айша, саған біреу бір нәрсе берсе, оны кері қайтарма, ал! Өйткені, ол Алланың саған берген ризығы»135 деген еді. Мұны естігенде елшінің жүзі жадырап, әкелген сый-сияпатын қабыл алғанына қуанып, еліне қайтты. Пайғамбарымыздың сүйіспеншілігі Әрине, Айша анамыздың сүйіспеншілігі жауапсыз емес болатын, барлық мәселеде үмбетіне үлгі Алла елшісі де Айша анамызды айрықша жақсы көретін. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) отба- сында да үлгілі өмір сүрді. Бірде: – Сендердің ең қайырлыларың отбасына жақсы қарағандарың. Ал, мен сендердің араларыңда осы мәселедегі ең алда тұрғандарыңмын136, – деген. Мұның негізінде өзара сүйіспеншілік жатыр және пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) анамызға деген сүйіспеншілігін ашық сездіріп, оны басқаларға да көрсететін. Иә, пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) хақ пен әділдікті ту еткен жан, алайда сүйіспеншілік секілді көбінесе адам еркі шек қоя алмайтын мәселелерде баршамен тең болу 135 Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\77 (24524); 6\\259 (26276) Хәйсәми, Мәжмауз зәуаид 3\\100, Бәйһақи, Сүнән 6\\184 (1823) 136 Тирмизи, Мәнақиб 64 (3895); Ибн Мажә, Никах 50 (1977); Дарими, Никах 55 (2260) 99
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша мүмкін емес еді. Негізінде бұл адам жаратылысының бір көрінісі болатын және Алла тағала түсірген Құранда мұны ашық көрсетті. Маңызды нәрсе құқық қағидалары тұрғысынан бөліп-жармау, аяттар мен пайғамбарымыздың хадистері негізге алынып, оларға қарсы әрекеттерге бармау еді. Сол үшін де Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) аналарымыздың ара- сында күнді бөлістіргеннен кейін Хақ тағалаға былай дұға еткен: – Уа, Жаратушы ием, бұл менің қолымнан келген әділдігім. Егер де араларындағы қандай да біріне әділдік жасай алмаған болсам, сен мені айыптама!137 Бұл жерде жары Айшаны меңзеген болатын. Өйткені, пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) аналарымыз арасындағы орны айрықша еді. Өте сезімтал пайғамбарымыз сезімі еркіне бағынбаған бұл мәселеде Раббысына жалбарынатын. Алайда, Алланың түсірген кітабы бұл мәселені де айқындап, ер адамдар үшін былай деуде: «Әй, иман келтіргендер! Қанша қаласаңдар да жұбайларың арасында толық әділдікті қамтамасыз ете алмайсыңдар. Ендеше, біреуіне бар назар аударып, екіншісін күйеусіз қалғандай жағдайда қалдырмаңдар! Егер араны түзетіп, істеріңді жақсартып, әділетсіздіктен сақтансаңдар, ұмытпаңдар, Алла Ғафур (тым кешірімді) һәм Рахим (аса мейірімді)»138. 137 Тирмизи, Никах 41 (1140); Әбу Дәуіт, Никах 39 (2134); Ибн Мажә, Ни- ках 47 (1971); Нәсәи, Ишратун ниса 2 (3943); Дарими, Никах 25 (2207) 138 Қараңыз: Ниса 4\\129 100
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406
- 407
- 408
- 409
- 410
- 411
- 412
- 413
- 414
- 415
- 416
- 417
- 418
- 419
- 420
- 421
- 422
- 423
- 424
- 425
- 426
- 427
- 428
- 429
- 430
- 431
- 432
- 433
- 434
- 435
- 436
- 437
- 438
- 439
- 440
- 441
- 442
- 443
- 444
- 445
- 446
- 447
- 448
- 449
- 450
- 451
- 452
- 453
- 454
- 455
- 456
- 457
- 458
- 459
- 460
- 461
- 462
- 463
- 464
- 1 - 50
- 51 - 100
- 101 - 150
- 151 - 200
- 201 - 250
- 251 - 300
- 301 - 350
- 351 - 400
- 401 - 450
- 451 - 464
Pages: