Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Хазрет Айша

Хазрет Айша

Published by Макпал Аусадыкова, 2021-07-28 08:03:26

Description: Хазрет Айша

Search

Read the Text Version

Айша - ғылымның қайнар бұлағы назарға алатын болсақ, ондай зерек жанның мұндай жағдайлардан үлкен тәжірибе жинақтағанын шама- лау қиынға соқпайды. Айша анамыз ұшқыр ойлы, парасатты адам болған. Көрген-естігенін ұмытпайтын, қызығушылық танытқан нәрсесін сұрап білмей жаны тыныш тап- пайтын. Айналасында болып жатқан барлық нәрсені зерттеп сұрастырып, мағынасын түсіне алмағандарын білетіндерден сұрап, міндетті түрде істің ақиқатын біліп алатын. Пайғамбарымыздың шаңырағына көп сапалы мектеп ретінде қарайтын. Емдеу тәсілдерін де бір кісідей меңгерген. Хазірет Айшаның ғалымдығын сөз еткен жиені Уруа ем жасай алатын қабілетіне назар аудартып: – Одан асқан білімпаз адамды көрмедім690,– деген. Айшаның бұл қабілетін білетіндер келіп білмеген нәрселерін сұрап жататын. Ол кезде бұған тосырқай қарағандар да кездесті. Емдеу тәсілдерін қайдан үйренгенін сұрайтын. Бұлай сұрағандардың арасында ет жақындары да болды. Әпкесі Әсма анамыздың баласы Уруа ибн Зүбәйр (р.а.) да солардың бірі еді. Бір күні Айша анамызға келіп: – Өз басым сіздің ғылымдағы тереңдігіңізге, зор есте сақтау қабілетіңізге аса таңданбаймын. Себебі іштей «расулалланың жары, Әбу Бәкірдің қызы тегін бола ма» деп мұны қалыпты қабылдаймын. Өлең мен тарихқа жүйріктігіңізден де хабардармын. «Жұрттан білімі озған құрайыш ғалымы Әбу Бәкірдің қызы ғой» деп қоямын. Алайда, мына емдік тәсілдерді қалай 690 Зәһәби, Тәзкиратул хуффаз 1\\28, Ибнул Жәузи, Сыфатус сафуа 2\\32 401

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша меңгеріп алғаныңызды түсіне алар емеспін. Осыны түсіндіріңізші? – дейді. Сонда анамыз жиенінің арқасынан қағып: – Уруәшім691, соңғы күндеріне қарай расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көп ауырды. Сонда жан-жақтан емші арабтар келіп білген ем-домдарын жасап жатты. Сол кезде көріп үйреніп алғандарым ғой692, – деді. Өз сөзінен де байқалғанындай, Айша анамыз сол кезде жасауға болатын ем әдістерін білетін және қолданатын. Бұл тәжірибесін өзгелер де пайдаланғысы келетін. Алайда, Ислам діні қанат жайып келе жатқан уақыттар болғандықтан, анамыздың дінге қатысты біліміне көбірек қажеттілік туындап, бұл қыры аса еленбеген. Хазірет Уруа (р.а.) жұрттың діни білімге қызығушылығы және осы білім жоғалып кетеді деп алаңдағанына байланысты Айша анамызға діни сұрақтар жиі қойылғаны, ал медицина ғылымы туралы мұндай уайым болмағандықтан, бұл саладағы бірқатар мәліметтің Айша анамыздың қайтыс болуы- мен жоғалып кеткенін қынжыла жеткізген693. Шәкірттері Айша анамыз жан-жақты білімділігімен қоса сол білімін өзгелерге жеткізуде де үлкен қажыр-қайрат 691 Өзіне жақындығына байланысты Айша анамыз жиені хазірет Уруа ибн Зүбәйрді «Уруәшім» дейтін. 692 Ахмад ибн Ханбал, Мүснад, Хаким, Мүстадрак, Хәйсәми, Мәжмәуз Зәуәид. Бір риуаятта анамыз «Тіпті, кейде адамдардың өзара әңгімелерін біледі. Ауруды анықтау және емдеуден де хабары бола- тын» дейді. Қараңыз: Зәһәби, Сияр 693 Зәһәби, Сияр, Сондай-ақ, қараңыз: Тахмаз, әс-Сәйидәту Айша 402

Айша - ғылымның қайнар бұлағы танытқан. Құрсағынан туған тәрбиелейтін баласы болмады, дегенмен өзі барша мұсылмандардың анасы- на айналды. Осы жағымен қай жерде бір жетім немесе көмекке мұқтаж жан көрсе, дереу қамқорлығына алып, дұрыс тәрбие алуына күш салатын. Бір ерекшелігі, жетімдерге тек қарасып қана қоймай, оларды ғылым нәрімен де сусындататын694. Әлемнің қағбасы секілді ол кездерде Мәдина ғылым-білімнің орталығы еді, ал осы қаланың бас мұғалімі Айша анамыз болатын. Тек Мәдинада сабақ бермеді. Жыл сайын қажылық үшін Меккеге барғанда, Хира мен Сәуір тауы арасында өзіне шатыр құрғызып, ғылымға құштар жандар сонда келіп қуаттанып қайтатын695. Өмірден өткенше айналасын нұрландырған анамыз хадис ғылымынан бастап әртүрлі сала- ларда бірқатар шәкірт тәрбиеледі. Осы негізде бұл ғылымдарды кейінгі әрбір мүмин үшін үйренуге бо- латын жағдайға жеткізді. Тіке барып жолығып білім алғандардың көбісі сахаба, табиғин және атбағут табиғиннің зиялылары болатын. Діннің үкімдеріне бағыну шартымен азат 694 Ұлы имам Мәсруқ ибн Әжданы кішкентай кезінен қамқорлығына алып, оны табииннің үлкен имамы етіп тәрбиелеген. Анамыздан бір хадис риуаят еткісі келгенде сөздеріне «Маған Сыддықа бин- тус Сыддық, Хабибуллаһтың сүйіктісі және көктің арғы жағынан ақталған анамыз риуаят етті» деп бастайтын. Тағы бір шәкірті болған хазірет Амра әл-Ансари мәдиналық екеніне қарамастан ана- мызды «нағашы әпкем» деп атайтын. Қараңыз: Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\241 (26086), Бәйхақи, Сүнән 2\\458 (4193), Әбу Нуайм, Мүснаду Әби Ханифа 1\\54, Табарани, әл-Мұғжамул әбсад 5\\314 (5411), Кәбир 23\\181 (289), Таялиси, Мүснад 1\\197 (1382), Зәһәби, Сияр 4\\67, Исхақ ибн Рахуия, Мүснад 3\\813 (1452) 695 Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\40 (24170), Ибн Сағд, Табақат 5\\595, 8\\68 403

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша адамдардан құлдарға, жанындағылар мен алыстарға дейін есігі баршаға ашық болды. Діни мәселелерде барша қолдана алатын жолды ұстанып, өзіне сұрақ қойғандар түсіне алатын әдіске жүгінетін. Сұрақ сұраудан тартынғандарды көргенде оларды батылдан- дырып, іштейгі ойларын ұялмай сұрап үйренулерін жеңілдететін696. Өте-мөте сол кездің шарттарын ойлайтын болсақ, бұл анамыз қалыптастырған білім толқынының кең аймақтарға жетуі немесе өзінен кейін келетін жаңа ұрпақтарға мұра болып қалатын құндылыққа айна- луы деген мағынаны беретін. Білім беруде де, сахабалармен сөйлескенде де пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тәсіліне салатын. Асығыстықтан сақтанып, бір отырғанда бәрін алып кеткісі келіп тұратындарды сабырға шақырып, ол әрекеттің сүннетке қайшы екенін айтатын697. Реті келгенде өзі іс жүзінде көрсетіп үйрететін. Жақын туыстарының бірінің құлы болған Сәлимге дәрет алуды өзі көрсеткен698. Шәкірттеріне сабақ үйреткенде өте мұқият әрекет жасаған анамыздың бұл мәселеде екі түрлі әрекетін байқаймыз, білім алу үшін өзіне келгендердің ішінде туыстарымен пердесіз сөйлессе, басқалармен перденің артында тұрып сөйлесетін699. Шәкірттерінің басым 696 Ибн Мажә, Тахара 111 (610), Ахмад ибн Ханбал, Мүснад, 6\\97, 265 (24699, 26332) 697 Бұхари, Мәнәқиб 20 (3375), Мүслим, Фадаилус сахаба160 (2493) Тахмаз, әс-сәйидәту Айша 179 698 Нәсәи, Тахара, 83 (100) 699 Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\71 (24474) 404

Айша - ғылымның қайнар бұлағы көпшілігі туыс сипатында болатын. Бәлкім, бұл оның жеке таңдауы болған шығар және осы бағытта қабілеті бар деп тапқандарын қасына алып, оларды болашақтың мұғалімдері етуге бағыттайтын. Тіпті, тек осы ниетпен туыстарының баласын қамқорлығына алып, бар қажеттіліктерін қамтамасыз етуді өз мой- нына алатын. Мысалы, Абдуррахман ибн Қасымды қасындағы екі жетім баламен бірге қамқорлығына алып, зекеттерін де өзі беретіндей дәрежеде барлық мәселелерімен айналысқан700. Негізінде, бұл оның бастапқы жылдардан бергі мінезі болатын, қасына алып бір ансар қызын тәрбиелеп, кейін өзі тұрмысқа берген701. Бауыры Мұхаммед ибн Әбу Бәкірдің қыздарын да қасына алып тәрбиелеп, оларды да өзі тұрмысқа берген702. Бәлкім, бұлардың бәрінде ол сол ғасыр мен болашақ заман арасында мықты көпір орнатуды көздеп, исламның беделін ертеңгі күнге жеткізетін айрықша тұлғалардың жетілуіне жағдай дайындаған шығар. Анамыздың білім мектебі хазірет Омар және баласы Абдуллаһ ибн Омар, Әбу Хұрайра, Әбу Мұса әл-Әшғари, Абдуллаһ ибн Аббас және Абдуллаһ ибн Зүбәйрден бастап Амр ибн Ас, Зәйд ибн Халид әл- Жухәни, Рабиа ибн Амр әл-Жүрәши, Саиб ибн Язид, Харис ибн Абдуллаһ сияқты маңызды сахабалардың жиналатын орны болатын. 700 Мәлик, Зекет, 6 (589) 701 Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\269 (26356), Ибн Хиббан, Сахих 13\\185 (5875), Хәйсәми, Мәуаридуз заман 1\\494 (2016), Табарани, әл-Муғжамул әбсад 5\\352 (5527) 702 Мәлик, Зәкет 5 (586) 405

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Табиғиндер де осы білім бұлағынан сусын- дауда бір-бірімен жарысқандай, одан білім алған табииндердің саны 150 шамасында болғандығы ай- тылады. Олардың арасында Уруа ибн Зүбәйр, Қасым ибн Мұхаммед, Абдуллаһ ибн Язид, Алқама ибн Қайс, Мүжахид, Икрима, Шағби, Зирр ибн Хубәйш, Мәсруқ ибн Әжда, Убәйд ибн Умәйр, Саид ибн Мүсәййәб, Әсуәд ибн Язид, Таус ибн Қайсан, Мұхаммед ибн Сирин, Абдуррахман ибн Харис ибн Хишам, Ата ибн Әби Рабах, Сүлейман ибн Ясар, Әли ибн Хусейн, Яхия ибн Амр және ибн Әбу Муләйкә сияқты тұлғалар болды, олар тек өздері өмір сүрген кезеңді емес, соны- мен қатар өздерінен кейінгі кезеңдерді білімдерімен нұрландырған маңызды тұлғалар болып табылады. Анамыздың шәкірттерінің арасында Әбу Амр, Зәкуан, Нафи, Әбу Юнус, ибн Фәррух, Әбу Мудиллә, Әбу Лубабә Мәруан, Әбу Яхия және Әбу Юсуф сияқты кезінде құл болып, кейіннен азаттық алған және тер- минде «мәуәли» деп аталған адамдар да болған703. Оның білім мектебі тек ер кісілерге ғана ашық тұрмады. Білім алған әйелдердің арасында Үммү Гүлсім бинти Әбу Бәкір, Амра бинти Абдиррахман, Амра бинти Айша бинти Талха, Әсма бинти Абдир- рахман бинти Әби Бәкир, Муаз әл-Адауия, Айша бинти Талха, Жәсрә бинти Дәжажә, Хафса бинти Абдуррахман ибн Әби Бәкір, Сафия бинти Шәйба, Бәрира, Саиба, Мәржанә және Хасан Басридің анасы Хайра сияқты ұзын саны елу шақты кісілер болды. 703 Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\32 (24845), 258, Тирмизи, Дағуат 129 (3598), Ибн Сағд, Табақат 5\\296, Ибн Хажар, Тәһзибут Тәһзиб12\\462 406

Айша - ғылымның қайнар бұлағы Оған шәкірт болу ерекше мәртебе болатын. Анамызға жақындарға басқалар қызғанышпен қарайтын. Әсіресе, хазірет Уруа баршаның дерлік назарын аударатын704. Бауыры Мұхаммедтің балала- ры Абдулла мен Қасым, бауыры Абдуррахманның немересі Абдулла ибн Атиқ, әпкесі Әсма анамыздың балалары Абдулла ибн Зүбәйр және Қасым ибн Зүбәйр және оның немерелері Аббад ибн Хабиб пен Аббад ибн Хамза да оның жанында болып, басқалар оларға қызыға қарайтын. Ирактың имамы ретінде танылған Ибрахим ән-Нәхаидың кішкентай кезінен бастап осы мектепке еркін кіріп-шығуы замандастарының ара- сында сөз болып, ондай туыстығы жоқтар өкініш білдірген705. Кездесулерін пердесіз өткізген бұл адамдардың арасында әсіресе әпкесі Әсма анамыздың екі баласы Уруа ибн Зүбәйр және Абдулла ибн Зүбәйрдің орны айрықша. Оның тәрбиелеп жетілдірген адамдарының сапасын көрсетуі тұрғысынан бұл жерде хазірет Уруа және Қасым ибн Мұхаммед пен әйелдер арасынан Амра бинти Абдуррахман және Муаза әл-Адауия туралы қысқаша айтып өтуді жөн санадық. Уруа ибн Зүбәйр Уруа ибн Зүбәйрдің бұл мәселедегі артықшылығы белгілі әрі ол жас болатын. Хазірет Омардың халифалығының соңғы жылы яғни һижреттің 23- жылы дүниеге келген. Көзін ашқаннан осындай ғылым ұясында өсіп жетілді. Алдағы жылдарда тағдырдың 704 Ибн Хажар, Тәһзибут тәһзиб12\\463 705 Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\172 (25434) 407

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша өзіне ұсынған осы мүмкіндігін пайдалана отырып, өзі қосылған ғылым керуенінің көшбасшысына айнал- ды. Балалық шағынан бастап білімнің соңына түсті. Қағбаға жапсыра орналасқан Хижрда кездесетін үш жолдасымен бірге болашақтағы мақсаттарын әңгімелегенде, оның болашақта ғалымдық үшін ізденісте болғанын көреміз. Мусаб ибн Зүбәйр, Абдул- ла ибн Зүбәйр және Абдулла ибн Омар бәрі өздерінің тілегімен бөліскенде: – Аллам! Маған адамдар менен кейін де пайда- лана алатындай білім бер! – деп сұраған706. Бәлкім, осы дұғасынан болар хазірет Уруа жастығына қарамастан көп өтпей үлкендердің өзі құрметтейтін Мәдина ғалымдарының біріне айналды. Өйткені, ол Айша анамыздан айрылмай, басқалардан да көп білім алғысы келетін. Осы қасиетін назарға алған Қабыса ибн Зүәйб ол туралы былай деген: – Айшаның хадис ілімін ең жақсы білетініміз Уруа екені күмәнсіз, өйткені ол Айша анамыздың жанына еш қиындықсыз кіретін707. Хадис ғылымын жақсы білетіндерден Ибн Шихаб әз-Зүхри оны түпсіз мұхитқа теңеген708. Бірде былай дегені де бар: – Айша анамыздың өмірінің соңғы төрт-бес жы- лында өзімді «Егер сол кезде Алланың бұйрығы жетіп, 706 Әбу Нуайм, Хиллиятул әулия 1\\309, 2\\176, Ибн Асакир, Тариху Димашқ 40\\267. Тахмаз әс-Сәйидәту Айша 208 707 Ибн Хажар, Тәһзибут тәһзиб 7\\165, 12\\463, Бути, Айша Үммүл мүминин 138 708 Ибн Сағд, Табақат 5\\181 408

Айша - ғылымның қайнар бұлағы Айша анамыздан айрылсам, білім қазынасында мен білмеген ешқандай хадис қалмады» деп санар едім709. Баласы Мұхаммедпен бірге Уәлид ибн Абдилмәликке барғанда, асыл тұқымды аттар тұрған жерге соғады, сол жерде шыққан қақтығыста бір ат теуіп баласы Мұхаммед тіл тартпай кетеді. Осы кезде хазірет Уруаның аяғына да соққы тиіп, кейіннен дәрігерлер аяғын кеседі. Бастапқыда бұған келіспегенмен шіри бастағандықтан, халифа Уәлидтің ұсынысына келісуге мәжбүр болады. Сол күннің жағдайында наркозсыз әрі арамен кескен аяғының ауырғанына шыдамдылық танытуы таңғаларлық. Аяғын кесіп болғанда «Бұл сапарымызда бірқатар қиындықтарға кезіктік» деген мағынаға келетін аятты оқып, өзін ешкім ұстап тұрмаса да қарсылық білдірмей, бірақ есінен танып қалады. Есін жиғаннан кейін имам әуелі маңдайының терін сүртіп, сосын қасындағылардан кесілген аяғын алдырып, қолына алып қарап: – Сенімен осы уақытқа дейін жүргізген Аллаға ант етемін, бұл аяқпен күнәға да бармадым, харамға да қадам басқан емеспін!710 – деген. Бір кезде қасындағылар оның былай деп дұға еткенін естиді: – Уа Аллам! Қол-аяғымды қосқанда төрт мүшем бар еді. Сен олардың бірін алып, үшеуін маған қалдырдың. Әрине, сонда да бар мадақ Саған тән! Төрт балам бар еді. Олардың бірін алып, үшеуін маған 709 Ибн Хажар, Тәһзибут тәһзиб 7\\165 710 Ибн Әсәкир, Тариху Димашқ 61\\410 409

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша қалдырдың, күмәнсіз мадақ Саған тән. Негізінде нағыз мәңгілік болғандар Сенің алғандарың емес пе!711 Хазірет Уруа (р.а.) құлшылықта, жомарттық пен жақсылық жасауда да өзгелерден алда тұрған. Анамыздың құлшылығына қатысты деректерді кейінгілерге жеткізген хазірет Уруа түндерін Құран оқумен өткізіп, бір түнде Құранның төрттен бірін бітіретін әрі бұл түндерді намазбен өткізетін. Осын- дай жағдайда да күнделікті әдетінен жаңылмаған хазірет Уруа түндерін намаз оқумен нұрландыру және Құранның төрттен бірін оқу әдетін тек аяғы кесілген түні ғана орындай алмаған, алайда бұл күні жасай алмаған ғибадатын ертеңіне түнде қаза еткен. От- басына да әрдайым намаз оқуды ұсынып, «Сендерді дүниелік нәрсе қызықтырған жағдайда, дереу үйге барып, намаз оқу арқылы содан сақтаныңдар. Өйткені, Алла пайғамбарына «Олардың кейбіріне сынау үшін берген дүниелік әсемдіктерге көз тікпе! Раббыңның саған берген нығметі одан да қайырлы әрі мәңгі» (Таха, 20\\131) деген аятты оқиды. Өмірін әрдайым оразамен өткізген хазірет Уруа (р.а.) туралы баласы Хишам: – Әкем бар өмірін оразамен өткізді. Қайыс болған күні де аузы берік еді, – деген712. Айша анамыздың жомарттығы Уруаға да жұққан. Құрма пісетін маусымда құрманы жинап, керек еткен алсын деп жұртты бақшасына шақыратын. Келгендердің қолы бос қайтпайтын. Бақшасына кірген кездерде әрдайым «Машалла! Алла қандай 711 Әбу Нуайм, Хиллиятул әулия 2\\179 712 Ибн Сағд, Табақат 5\\180 410

Айша - ғылымның қайнар бұлағы әдемі етіп жаратқан! Алладан басқа шынайы құдірет иесі жоқ» деген аятты оқитын713. Уруа туралы айтылған мына сөздер де өте мәнді: – Біреудің жақсылық жасағанын көргеніңде біліп қой, ол кісінің басқа да ізгілікті істері болғаны. Сол сияқты біреудің жамандығын көрсең, біліп қой, ол басқа да жамандықтарға жол беретін жан. Өйткені, жақсылықтан жақсылық, жамандықтан жамандық туады! Хижреттің 94-жылы қайтыс болды. Сол жылы басқа да бірқатар ғалымдар дүниеден озғандықтан, сол жыл «Сәнәтул фуқаһа» (ғалымдар жылы) деп аталды714. Қасым ибн Мұхаммед Әкесі шейіт етілгендіктен Қасым ибн Мұхаммед әпкесінің жанында өсіп, анамыздың қасында өмір сүрді. Барлық білімін соның қасында жүріп жинаған. Кішкентайынан қасына алып тәрбиелеген Айша анамыз бала кезінде Қасымның шашын да өзі алатын, киіндіріп, мейрамдарға да өзі дайындайтын. Анамыздың оған қалдырған ең маңызды мұрасы әрине ғылым болатын. Әсіресе, хадис ғылымында замандастарының арасында ерекшеленген хазірет Қасымның Уруа, Амрамен бірге Айша анамыздың хадис ғылымын меңгерген үш адамның бірі болғаны туралы да айтылады715. 713 Кәһф 18\\39, Әбу Нуғайм, Хиллиятул әулия 2\\180 714 Ибн Сағд, Табақат 5\\181 715 Ибн Хажар, Тәһзибут тәһзиб8\\300 411

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Өзі өте қарапайым болатын. Өзін басқалардан жоғары санамайтын. Шөлден келген біреу оған бір күні: – Сен білгірсің бе, әлде Сәлим бе? – деп сұрағанда, Сәлімді әсіре мақтағысы да келмей, өзінің білім жағынан одан артық тұратынын айтқысы да келмей бар болғаны: – Бұл Сәлимнің деңгейі, – деп, табандап тұрып алған әлгі кісі кеткенше үнсіз отырған716. Хазірет Уруа секілді ол да қанағатшыл өмір сүрді. Дүниеге қызығушылық танытпады. Омар ибн Убәйдулла бір күні оған мың динар жіберді. Бірақ ешбірін қабылдамай, кері қайтарды. Жүз динарын өзіңе қалдырсаңшы дегендерге селт етпеді. Бір күні баласы Абдуррахман әкесі туралы жұрттың айтқанын естіп, оларға былай деді: – Ант етейін, сендер өзіне берілген сыйдан өмірі ештеңе алып көрмеген адамды жамандап тұрсындар717. Осы қасиетін халифа Омар ибн Абдулазиз де бағалап, өмір бойы оған құрметпен қараған. Өзінен кейінгі халифалыққа соны ұсынғысы келіп, мұны ашық та білдірген718. Омар ибн Абдулазиздың бұл тілегін хадис ғылымының үлкен имамы Зәхәби қолдағанмен, бұл іске Қасым ибн Мұхаммедтің лайықтығы айтылған719. Тағдыр мәселесінде түрлі жорамал жасаушылар- ды көргенде: 716 Ибн Хажар, Тәһзибут тәһзиб 8\\300 717 Ибн Сағд, Табақат 5\\189 718 Зәһәби, Тезкиратул хуффаз 1\\97 719 Зәһәби, Тезкиратул хуффаз 1\\97 412

Айша - ғылымның қайнар бұлағы – Алла ашық білдірмеген мәселе ғой, сендер де абайлаңдар, – деп ескерту жасаған720 Қасым ибн Мұхаммед сахабалардан бастап, өзіне дейінгілердің пікір қайшылықтарын кейінгілер үшін үлкен рақымдылық деп жорыған721. Жетпіс жасқа келгенде жанарынан айрылған Қасым ибн Мұхаммед қайтыс боларында баласын қасына шақырып: – Көйлегім, бешпентім әрі шапаным ретінде, намаз оқып келген осы киімімді кебін етіңдер, – деп өсиет айтқан. Баласының: – Әкешім, сен үшін екі қабат кебін жасасақ болмай ма? – деген сұрағына өзі үлгі еткен хазірет Әбу Бәкір (р.а.) секілді жауап берген: – Балам! Әбу Бәкір де үш пар киіммен дүниеден өтті. Ұмытпа, киім бізден гөрі тірілерге керек!722 Амра бинти Абдуррахман Амра бинти Абдуррахман – Бәни Нәжжардан шыққан, ансарлардан атақты Әсәд ибн Зүрараның бауыры Саб ибн Зүрараның немересі. Ол пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) анасы жағынан туыс болып келетін. Әкесі Абдуррахман қайтыс болған соң бауыр- ларымен бірге хазірет Амраны да қамқорлығына алған Айша анамыз тағы бір отбасын ғылыммен су- сындатты. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дәуірінен жинақтағанын осы бауырларға беруді өзіне міндет деп білген. 720 Ибн Сағд, Табақат 5\\188 721 Ибн Сағд, Табақат 5\\188 722 Ибн Сағд, Табақат 3\\204 413

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Басқа бауырлары секілді хазірет Амра да анамыздың еңбегін ақтап, дәуірінің ең білгірі ретінде тарихқа енді. «Амра – Айша анамыздың хадис ғылымын білетін ең мықты адамдардың бірі»723 деген Ибн Мәдини ол туралы тағы да: – Амра бинти Абдуррахман Айша анамыздың біліміне қол жеткіземін деп кемелдікке қол жеткізді, – дейді. Ибн Хиббан: – Ол Айша анамыздың хадис ғылымы мәселесінде адамдардың ең білгірі, – деп мойындайды724. Суфиян Сәуридің «Айша анамыздың хадис ғылымын білетін ең білгір жан» деп бағалаған Амра бинти Абдуррахманды өз замандастары да жақсы көретін. Өйткені, Айша анамыздың оны жақсы көретінін көрген еді. Анамызға көңіл бөлгендер оған да көңіл аударып, сыйлықтарымен осы сүйіспеншіліктерін көрсетуге тырысатын. Алайда, анамыздан көргеніндей өзіне келген сыйлықтарды ол да кедей-кепшіктерге таратып, сыйлық бергендердің қолын бос қайтармайтын725. Айша анамыздан кейін ижтихад қателерін түзету ісі өзіне міндеттелгендей еді. Қате деп тапқан үкімдерді түзетіп, істің дұрысын көрсетуге тырыса- тын726. Бір күні ірі имам Зухримен кездескен Қасым ибн Мұхаммед: 723 Ибн Хажар, Тәһзибут тәһзиб 12\\466 724 Ибн Хиббан, Сиқат 5\\288 (4881) 725 Бұхари, әл-Әдәбул муфрад 1\\382 (1118) 726 Мәлик, Муатта худуд 11 (1531) 414

Айша - ғылымның қайнар бұлағы – Ғылым үйренуге сенің құштар екеніңді көріп тұрмын. Саған нағыз ғалымды көрсетейін бе? – деп сұраған. Ол: – Иә, – дегенде: – Сен тіке Амра бинти Абдуррахманға бар. Себебі ол Айша анамыздың жанында өсті, – дейді. Қасым ибн Мұхаммедтің осы ақылымен Амра бинти Абдуррахманға барып, одан ілім үйренген Имам Зухри кейіннен: – Оның терең мұхит екенін көрдім!727 – деген. Шынында да хазірет Амраның күйеуі де хадис пен фиқһтан бастап ғылымның соңына түскен, Айша анамыздың ізін басқан санаулы тұлғалардың бірі болатын. Ол дәуірде, әрине, ғылым ізденушілер көп болатын, дегенмен ол қатардағы ізденушіні жолда қалдырғаны анық. Өйткені, көзін ашқаннан Айша анамызды көрді. Рафи ибн Хадиж, Убәйд ибн Рифаға, Мәруан ибн Хакам, Хабиба бинти Сәһл, Хамнә бинти Жахш, Үммү Хишам бинти Хариса және Үммү Сәләмә анамыз сияқты танымал өзге кісілерден де хадис риуаят еткен. Одан да іліп сұрап барушылар көп болып, бұл мектептен өте көп шәкірт түлеп ұшты. Білімінен сусындағандардың арасында Хариса ибн Әбир Рижал, Рузайк ибн Хаким, Сағд ибн Саид, Сүлеймен ибн Ясар, Абдуллаһ ибн Әбу Бәкір ибн Мұхаммед ибн Амр, Абдираббиһ ибн Саид, Уруа ибн Зүбәйр, Амр ибн Динар, Мәлик ибн Әбир Рижал, Мұхаммед ибни Әби Бәкір ибн Мұхаммед ибн Амр, Мұхаммед ибн 727 Зәһәби, Тезкиратул хуффаз 1\\112, Алам 4\\508, 5\\347 415

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Абдиррахман, Мұхаммед ибни Мүслим ибн Шихаб әз-Зүхри, Яхия ибн Саид, Яхия ибн Абдиллах, Әбу Бәкір ибн Мұхаммед, Раита әл-Музәнниә және Фатима бинти Мүнзир бар болатын. Һижреттің 98-жылы өмірден озды728. Қазасы сол кездегі ғылыми орта үшін орны толмас қайғы әкелген. Кейінгілер содан қалған ілімді жинақтауға күш салған. Көзі тірісінде айрықша құрмет көрсеткен және көкейдегі сұрақтарын жиі сұрап отыратын әмәуилердің атақты халифасы Омар ибн Абдулазиз де қатты жоқтағандардың бірі. Ауыр қайғымен: – Арамызда Айша анамыздың хадис ілімін білетін өзге ешкім қалмады, – деп, оның мұрасын жинақтауға тапсырма берген729. Муаза әл-Адауия Үмму Сахба деп те аталған Муаза әл-Адауия баласы Сахбамен бірге Қабил жақта бір соғыста шейіт болған табиғин Сыйлә ибн Әшиәмнің әйелі бола- тын. Айша анамыздың ғылымы мен көркем мінезін алған хазірет Муазә баласы мен күйеуінің шейіт болғанын өзіне естіртуге келген әйелдерге: – Егер мені құттықтау үшін келсеңдер, жарады! Ал, басқа себеппен келсеңдер келмегендерің жақсы, – дейтіндей мықты әйел болған. Өмірін ғибадатпен өткізген ол әсіресе күйеуі Әбу Сахба шейіт болғаннан кейін басын жастыққа 728 103 немесе 106 жылы шамамен 77 жаста қайтыс болғаны айтылады. 729 Ибн Сағд, Табақат 2\\381, Ибн Хажар, Тәһзибут тәһзиб 12\\466. Кеңірек мәлімет алу үшін қараңыз: Ибн Хажар, Тәһзибут тәһзиб12\\466, Миз- зи, Тәхзибул кәмал 35\\241, Ибн Сағд, Табақат 8\\480, Зәһәби, Сияр 4\\507, 508 416

Айша - ғылымның қайнар бұлағы қоймады. Осы қасиетімен ол сол кездің ең танымал тақуаларының бірі болып танылған. Имандылығымен танылған хазірет Муаза айналасына жиналғандарға бір күні былай дейді: – Аллаға ант етемін, менің дүниеге құмартушылығым бұл жерден ләззат алып, бақытты өмір сүру үшін емес. Мен бұл дүниедегі себептерді қолданып Раббыма жақын болсам деп тілеймін. Сонда ғана балам мен Әбу Сахбамен Алла мені жұмақта кездестіреді деп үміттенемін!730 Түнде таң атқанға дейін намаз оқып, көзіне ұйқы тығылып, денесі ауыр басқанда қайтадан сергу үшін біраз жүріп, өз-өзіне: – Ей, нәпсі! Міне, алдыңда ұйқы тұр. Егер оған мойынсұнып, ұйқыға кетсең, біліп қой. Қабірде онсыз да ұзақ ұйықтайсың. Айырмашылығы сол, бұл ұйқың сені ертең не өкінішке, не қуанышқа бөлейді731. Іші қатты ауырған күндердің бірінде Басра халқы оған сол жерде шығарылатын боза секілді бір сусынды ұсынып, қасына бір кесеге құйып қояды. Ауруының асқына түскеніне қарамастан ол бұған қол тигізуді де ойламай, былай деген: – Уа, Аллам! Өзің де куәсің, Айша анамыз маған расулалланың құрма шарабына тыйым салғанын риуаят етті. Уа, Алла, мені ауыр қиындықтан құтқара гөр! 730 Ибнул Жәузи, Сыфатус сафуа 4\\23 731 Ибнул Жәузи, Сыфатус сафуа 4\\22 417

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Ол осылай айтқан кезде алдындағы кесе аудары- лып, ішіндегі шарап жерге төгілді. Бұл Алланың оны тағы бір қиындықтан құтқаруы еді732. Ақырғы демі шығарда жанындағылар оның жылағанын, сосын артынан күлімсірегеніне куә болады. Мұның себебін білу үшін: – Әуелі жылап, артынша неге күлдің? – деп сұрағанда, ол: – Мен ораза, намаз, зікірден айрылатынымды ойлап жыладым. Күлген себебім, қасында бір топ адаммен үйдің ауласынан Әбу Сахба көрінді. Өмірімде олардай сұлу кісілерді көрмедім күлімсіреген себебім осы. Ендігі өмірім бір намаз уақытына жетпес деп ой- лаймын, – деді. Шынында да хазірет Муаза әл-Адауия һижреттің 83 жылы келесі намаз уақыты кірместен қайтыс болған733. 732 Ибн Хажар, Тәһзибут тәһзиб12\\464 733 Ибнул Жәузи, Сыфатус сафуа 4\\24 418

Айша анамыздың некелескендегі жасы Анамыздың тұрмысқа шыққандағы жасы ислам- нан ілік іздейтіндердің жиі қозғайтын тақырыбы. Олар Айшаның пайғамбарымызбен жастай тұрмыс құрғанын алға тартып, исламды қаралағысы келеді. Иә, Айшаның Хадиша анамыз қайтыс болғаннан кейін және һижреттен екі немесе үш жыл бұрын 6 не 7 жасында атастырылғаны, һижреттен кейін 9 не 10 жасында тұрмыс құрғаны туралы риуаяттар бар және бұл риуаяттар бойынша Алла расулы қайтыс болғанда жасы он сегізге келген734. Алайда, анамыздың жасы туралы риуаяттар тек мұнымен шектелмейді және бұлардың барлығын бірге қарағанда, оның 17, 18 немесе 19 жастарында Алла расулымен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тұрмыс құрғаны байқалады. Бұл тақырыпты жиі қозғап жүргендер ол заманғы әдет-салттарға назар аудармай әрі исламға үстірт қарауда. 734 Бұхари, Мәнақибул ансар 20, 44, Мүслим, Никах 71, Фадаилус са- хаба 74, Әбу Дәуіт, Әдәб 55, Ибн Мажә, Никах 13, Нәсәи, Никах 78, Дарими, Никах 56. 419

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Тарихта осы мәселе көтерілгелі бері ислам әлемінен оған жауап та түрліше кейіп танытып келеді: кейбірлер сол риуаяттарға жүгінсе735, енді бір бөлігі тұрмысқа шыққан кезде Айша анамыздың кәдімгідей бойжетіп қалғанын айтады736. Пікір қарама- қайшылығы риуаятшылардың әртүрлі көзқараста болғанын білдіреді. Алдымен мына мәселені анықтап алу керек: әркім өзі өмір сүрген кезеңінің адамы және әр қоғамның салт-дәстүрі уақыт өте өзгеріп отырады. Ендеше, әр дәуірді өз мәдениетін негізге ала отырып сара- лау керек. Олай болмаған жағдайда өткен тарихтағы оқиғаларды дұрыс түсіне алмай қалуымыз мүмкін. Қоғам ортақ әрекеттер нәтижесінде туындаған салт- дәстүрлер бойынша бағыт алады және біз бұны ескер- месек, ол қоғамды түсіну қиынға соғады. Осы пікір шеңберінде тақырыбымызға оралатын болсақ, Алла расулының өмір сүрген кезеңінде қыз балалар ерте ұзатылған737 және жас айырмашылығына онша мән берілмегенін көреміз738. Тіпті, бұл тек қыз 735 Азимли, Мехмет, «Хазірет Айшенин евлилик яшы тартышмаларын- да савунмажы тарихчилиғин чыкмазы», Ислами зерттеулері, 16\\1, 2003, 28-c. 736 Доғрул, Омар Рыза, Асры Саадет, Ескишехир Кітапханасы, Стам- бул, 1974, 2\\141 Нәдәуи, Сәйд Сүлейман, хазірет Айша (Мүтержим Ахмет Караташ), Тимаш йайынлары, Стамбул, 2004, 21 c Саваш, Рыза, «Хазірет Айшенин евленме йашы иле илгили фарклы бир йа- клашым», Д.Е.Ү. Илахият Фак.Дерг. , Измир, 1995, 139-144-c. Юже, Абдулхаким, Ефендимизин бир гүнү, Ышык йайынлары, Стамбул, 2007, 82-83 c 737 Абдулмуттәлиб ерте жаста Хала бинти Үхәйбпен үйленген, Әмина мен Абдуллаһты да осы жастарда үйлендірген. Тіпті осы екі үйлену бір жиында жүзеге асқандықтан пайғамбарымыз бен көкесі хазірет Хамза арасындағы жас айырмашылығының бірдей екені байқалады. 738 Пайғамбарымызға сонымен қатар құдалық жағынан жақындықты 420

Айша анамыздың некелескендегі жасы балаларға ғана қатысты емес. Ұл балаларға да қатысты жағдай739. Әрине, мұның әртүрлі себептері бар. Ең басты себебі, қыз балаларға және әсіресе олардың ата- анасына қоғамның қалыптастырған қысымы. Құран ол кездің тағылығын суреттегенде, қызы туылған әке түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмай қалатын деп ғибрат етеді740. Ол қоғамда қыз балалы болу айтарлықтай ұят саналды. Ал сол ұятқа шыдап жүре алмағандар қыз балаларын өлтіруге мәжбүр болған, бейнелеп айтсақ, бір дақтан құтылам деп маңдайына өмірі өшпейтін басқа күйе жағылған. Надандық дәуірінде атқа міне алмайтын, майдан- да соғысып, қылыш ұстай алмайтын бала-шаға мен әйелдің қадірі болмады. Қыз баланың мұрадан үлес алуына және жеке мүлік иеленуіне рұқсат берілмейтін. Кейбіреулер «қыз балаға күйеуінің үйінде өскен жөн» деген түсінікпен қыздарын тым ерте ұзататын. Ауа райының ыстық болуы да адамның ерте жетілуіне әсер ететін. Сол үшін климаты ыстық аймақтарда адамдар ерте үйленетін741. Бұл өзі тек қыз балаларға ғана қатысты емес. Тек Бәдір мен Ухуд сияқты соғыстарда Алла раслуы- көздеп, хазірет Омар арадағы жас айырмашылығына қарамастан хазірет Әлидің қызы Үммү Гүлсіммен үйленген және бұл некеге ол кездің қоғамы еш таңданбаған. 739 Мысалы, Амр ибн Ас пен баласы хазірет Абдулланың арасында тек он бір немесе он екі жас қана айырмашылық бар. Демек, ол тоғыз немесе он жастарында үйленген. Қараңыз: Ибнул Әсир, Усудул Ғаба, 3\\240 740 «Олардың біріне қыз баласының дүниеге келгені хабарланса, ашу- дан түтігіп кететін». Қараңыз: Нахл, 16\\58 741 Негізінде осындай жағдай қазір де бар. Өте ыстық кейбір аймақта балалар физикалық тұрғыдан ерте жетілетін. Сонымен қатар, бұл аймақтарда тұратын адамдардың орта жасы солтүстік және суық аймақтарда тұратын адамдармен салыстырғанда аз болып, адамдар ерте дүниеден озатын. 421

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша мен бірге соғысқа қатысқан 8 бен 13 жастағы бала- лар да болған. Олар ерте жетіліп, майданда соғысуға батылдық таныта алатындай деңгейде еді. Бұлардың барлығы сол кездің салты бойын- ша ерте жаста үйлендірудің қалыпты дағды болып саналғанын көрсетеді. Сондықтан да Алла расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өз қыздары Зейнеп, Руқая және Үммү Гүлсімді де бізше ерте деуге бола- тын жаста үйлендірген742. Ал, хазірет Фатима болса һижреттен бір жылдан кейін, яғни он төрт жасында хазірет Әлимен атастырылып, һижреттің екінші жылы сапар айында он бес жасында некелері қиылған743. Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, Айша анамыз тоғыз жасында үйленген десек те, бұл жерде таңғалатын еш нәрсе жоқ. Болмаса дін дұшпандары бұл тақырыпты сол кездері-ақ бәле іздеу үшін қозғар еді. Бұны Әбу Жәхіл де, Әбу Ләхәб, Уқба ибн Әби Муайт сияқты қатігездер мен дін дұшпандары да, Абдулла ибн Үбей ибн Сәлул және Абдулла ибн Сәбә секілді мұнафықтар да еш сөз етпеген. Олар 742 Пайғамбарымыз отыз жасында дүниеге келген Зейнеп анамыз бен отыз жасында дүниеге келген Руқа анамыз және одан кейін дүниеге келген Үммү Гүлсім анамыздың қазіргі шарттарға қарағанда өте ерте деуге болатындай жаста үйленгені байқалады. Өйткені, әсіресе Руқая және Үммү Гүлсім анамыздың «Тәббәт» сүресі түскеннен кейін Әбу Ләхәб пен әйелі Үммү Жәмил бастаған меккеліктердің қысымымен үйлену келісімі бұзылады. Бұл пайғамбарлықтың бесінші жылын көрсетеді. Бұл кезде Руқая анамыз 15, ал Үммү Гүлсім болса 12 жастарда болған. Бір айырмашылығы, Үммү Гүлсім анамыздың үйленуі тек сөз жүзіндегі келісім еді және ол әлі отбасылық өмір басталмай тұрып аяқталған. Қараңыз: Ибн Хажар, Исаба 8\\288-289, 7\\648, Ибн Абдилбәр, Истиғаб 4\\507-508, Ибнул Әсир, Усудул ғаба 6\\399 743 Ибнул Әсир, Усудул ғаба 6\\223-224 422

Айша анамыздың некелескендегі жасы о бастан кемшілік іздеп әуреленген, егер бұл мін болғанда, онда жерден жеті қоян тапқандай қуанып, баршаға әшкере етер еді. Жала жабу оқиғасы сияқты болмаған жерден жала шығарғандардың мұндай мүмкіндікті қалт жібермеуі мүмкін емес. Осының өзі Айша анамыздың ерте тұрмыс құруында ешқандай оғаштық жоқтығына дәлел. Бір қызығы, бұл тақырып осы күнге дейін ислам әлемінде көп қозғалмаған, оның өзіндік себертері де болған744. Балиғатқа әлі толмаған балаларды үйлендірмеуді Құранның өзі ескерткендіктен745 сол Құранның ең үлкен тәпсіршісі пайғамбарымыздың осы ескертуді елемей қоюы мүмкін емес746. Әсіресе, бұл үйленудің (Айшамен - ауд.) Алланың әмірі арқылы жүргенін ескеретін болсақ, мәселе тіптен түсінікті болады. Егер пайғамбарымыз бұрыс қадам жасаған болса, Алла тағала оған міндетті түрде ескертер еді. Туралықтан таймау жолында ең кішкентай кемшіліктің өзіне иләһи ескерту түсіп отырғанын ескерсек, мұндай маңызды мәселенің айтылмай кетуі мүмкін емес. 744 Аталмыш оқиғаның қазірге дейін осы өлшемде күн тәртібіне келмеуінің басты себептері болуы мүмкін. Оларды былай қорытуға болады: 1. Оқиғаны айтылған түрінде қабылдап, оны көп зерттемеу. 2. Әр қоғамды өз салт-дәстүрі шеңберінде қарау. Әркім өз дәуірінің адамы. Бүгін оғаш болып көрінген нәрсенің кеше әспеттелгені де шындық, 3. Мұндай әрекеттер ол кездерде кең тараған. Қыз бала- лар да, ер балалар да қазіргі көзқараспен өте ерте деуге болатын жаста үйлендірілген. Бұл ол кезде қалыпты дағды болып саналған. 4. Географиялық, физиологиялық шарттар бойынша балалардағы жетілу кезеңі ерте басталған. 745 Ниса, 4\\6 746 Айша анамызбен некесі Алла расулына түсінде аян етілген. Қараңыз: Бұхари, Фадаилус сахаба 73 (3682) 423

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Ал шындығында жағдай қалай еді? Бар риуаяттардың ешбірін жоққа шығармай, оған өзге де дәлелдерді қосып қарастырғанда, қандай нәтижені көреміз? Анығырақ айтқанда, Айша анамыз қай кезде дүниеге келген және пайғамбарымызбен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қанша жасында үйленген? Жасты анықтау мәселесінде жоғарыдағы мәліметтер ғана ма, әлде басқа риуаяттар да бар ма? Бір-біріне қайшы көрінетін бұл мәліметтерді салыстырып, ортақ көзқарасқа келуге бола ма? Біріншіден, Айша пайғамбарлықтың алғашқы жылдарында және әпкесі Әсмамен бірге мұсыл- мандықты қабылдаған. Мәселенің назар аударарлық тұсы, ол хазірет Осман, Зүбәйр ибн Аууам, Абдур- рахман ибн Ауф, Сағд ибн Әби Уаққас, Талха ибни Убайдуллаһ, Әбу Убайда ибн Жаррах және Әрқам ибн Әбил Әрқам сияқты «сабиқун әл-әууәлун» деп аталған ең алғашқылардан кейін Абдулла ибн Масғуд, Жағфар ибн Әбу Тәліп, Абдулла ибн Жахш, Әбу Хузайфа, Сухайб ибн Синан, Аммар ибн Ясир және Хаббаб ибн Әрат секілді сахабалардан да бұрын Ислам дінін қабылдаған747. Демек, ол кезде Айша анамыз кішкентай да болса ес білетін. Осы себепті шамамен 5, 6 немесе 7 жастарда болуы керек. Атал- мыш деректерде осы мәселе туралы қозғалғанда, мұсылмандықты кішкене жаста қабылдағаны осыны растайды748. Тағы бір маңызды жайт әпкесі Әсмаға қатысты. Сіңілісі Айшамен бірге мұсылмандықты 747 Ибн Хишам, Сира 1\\271 748 Ибн Хишам, Сира 1\\271 424

Айша анамыздың некелескендегі жасы қабылдаған кезде жасы 15-те еді749. Өйткені, Әсма 595 жылы дүниеге келген750. Бұдан (595+15=610) пайғамбарлықтың алғашқы (610 ж.) жылы мұсылмандықты қабылдағанын анықтаймыз. Демек, Айша 610 жылы кішкентай жаста мұсылмандықты қабылдаған. Егер 9 жасында үйленген десек, онда дүниеге келмеген болады. Өйткені, бұл есеп бойын- ша пайғамбарлықтың төртінші жылы туылуы тиіс. Жоғарыдағы мәліметтер мұсылман болғанын, ол кезде төрт жыл толғанын көрсетеді. Ендеше, пайғамбарымызбен 19 жаста үйленген (пайғамбарлыққа дейінгі 5 жыл +13 жылдық Мекке өмірі +7 айлық һижреттен кейінгі Мәдина өмір751=18,7). Айша Меккенің алғашқы жылдары аяттар- ды түсіне алатын. Керек десеңіз, оларды жаттап, айтып бере алатын. Осыны айғақтайтын Юсуф ибн Махак әңгімелеген мынадай бір оқиға бар. Бірде Ирактық біреу Айшаға жолығып, біраз сұрақ қояды. Тіпті сүрелердің ретін анықтау үшін жеке Мусха- бын сұрайды. Айшаның әлгі кісіге айтқан жауабы айрықша назар аударарлық. Ардақты анамыз: – Ең алғаш, ішінде жұмақ пен тозақ туралы ай- тылатын түсінікті бір сүре уаһи етілді. Жұрт Ислам дінін түсініп имандары орныққан кезде ғана халал, харам үкімдері келе бастады. Егер алғашқы түскен 749 Нәуәуи, Тәхзибул Әсма, 2\\597, Хаким, Мүстадрак 3\\635 750 Нәуәуи, Тәхзибул Әсма, 2\\597, Хаким, Мүстадрак 3\\635 751 Айша анамыздың хижреттен жеті айдан кейінгі Шәууәл емес, Бәдірден кейінге тең келетін екінші жылдың Шәууәл айында тұрмысқа шыққаны да айтылады. Бұл жағдайда оның үйлену жасы бір жылға тағы кешіктірілген деген сөз. Қараңыз: Нәуәуи, Тәхзибул Әсма, 2\\616 425

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша үкімдерде «Ішімдік ішпеңдер!» делінсе, арабтар «Біз ішімдікті тастамаймыз» деп қарсылық танытар еді. Сол секілді алғашқы келген аяттарда «Зинақорлық жасамаңдар!» деген үкім болса, онда кейбіреулер «Зинақорлықтан біз бас тарта алмаймыз» деп, бұны да қабылдамас еді. Мен Меккеде ойын ойнап жүрген қыз кезімде хазірет Мұхаммедке «Турасы, олардың негізгі кездесу уақыттары қиямет уақыты, қиямет сағатының қорқынышы айтып жеткізе алмастай күшті және ащы!» (Қамар, 54\\46) деген аят түсті»752 дейді. Бұл сөздер бізге оның жасына қатысты біраз де- ректер береді. Мысалы: Анамыз тілге тиек еткен аят «Қамар» сүресінің 46- аяты және тұтастай түскен бұл сүренің пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ибн Әрқамның үйінде және пайғамбарлықтың төртінші (614)753, сегізінші (618) немесе тоғызыншы (619)754 жылы түскеніне қатысты түрлі риуаяттар бар. Әсіресе, айдың екіге бөліну оқиғасын және сол күні осындай мұғжизаға деген қажеттілікті ескерген кейбір ғалымдар сол жылдың 614 жыл екенін айтады. Бұл мерзімді негізге алатын болсақ, Айша анамыз әлі дүниеге келмеген немесе енді ғана туылған деген сөз. 618 немесе 619 752 Бұхари, Фадаилул Құран 6 (4707), Тәфсиру Сура 54\\6 (4876), Нәсәи, Фадаилул Құран 1\\65, Абдурраззақ ибн Хаммам, Мұсаннаф 3\\352, Айни, Умдәтул Қари20\\21, Ибн Хажар, Фәтхул Бари 1\\319, 9\\39. Мәселеге қатысты түрде кітаптың басындағы «Мекке естеліктері» деген тақырыпқа және №20 сілтемеге қарауға болады. 753 Суюти, Итқан 1\\29, Доғрул, Асры Саадат 2\\148 754 Сегізінші немесе тоғызыншы жыл болуы ай айырмашылығынан ту- ындайды. Өйткені, кейбір риуаяттарда сегізінші жылдың сегізінші айы сияқты мәлімет бар. 426

Айша анамыздың некелескендегі жасы жыл негізге алынатын болса да жағдай онша өзгере қоймайды. Себебі бұл жағдайда ол әлі төрт немесе бес жаста деген сөз. Бұл екі жас та аталмыш оқиғаны ұғынып, бірнеше жылдан кейін айтатындай жас емес. Айша шамамен пайғамбарлық келген кездерде туылған болса керек755. Осы жерде анамыздың айтқан бір сөзі айрықша назар аудартады. Айша Алла елшісіне некелескен кезі жайлы «Ол күндері мен ойын ойнап жүрген қыз едім» дейді. Бұл жерде қыз сөзіне арабтың сөзін қолданған. Жария сөзі бойжеткенді білдіретін сөз. Ал кішілерге «тыфла», одан кішілерге «сыбия» делінеді. Жариядан кейін жастарға фития немесе футия сөзі қолданылады. Бұл жастағы қыз балалар орамал тағып, балалармен ойнауды қойып, үй шаруасына айналысады756. Араб ақыны ибн Яра осы жастағы біреуді меңзеп, былай дейді: «Сегіз жасқа келгенде енді ол мен үшін бір жария емес, Утба немесе Мұғауиямен некелестіруіме болатын қалыңдық». Ал ғалымдардың бір бөлігі жария сөзінің он бір жастан жоғары қыз балалар үшін қолданылғанын айтады757. 755 Қазіргі кезде бұл деректерді саралап, есеп жүргізген ғалымдар Айша анамыздың үйленген кездегі жасының кем дегенде он төрт болғанын, мұның жиырма екі, жиырма үш, жиырма төрт немесе жи- ырма сегіз болуы да ықтимал екенін айтады. Бұл ешқандай негізге сүйенбейтіндіктен мұндай жорамалдарды жазбадық. 756 Ибн Манзур, Лисанул Араб 15\\145, Забиди, Тажул Арус, «ж-р-у» бабы. Негізінде теңізде кемелердің тез жүрісін көрсететін бұл сөз уақыт өте келе үй істерінде шапшаң қимылдайтын қызметші немесе қыз үшін қолданыла бастаған. Қараңыз: Ибн Манзур, Лисанул Араб, Забиди, Тажул Арус «ж-р-у» бабы. 757 Ибн Манзур, Лисанул Араб 10\\128 14\\139 427

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Бұл сөздің қай жастағы қыз балаға қолданылғанын Айша анамыздың мына оқиғасы да көрсетеді. Мысалы: Бір жолы анамыз Үммү Талхатәт Талахатқа барады. Ол жерде балиғат жасындағы қыздардың ора- малсыз намаз оқығанын көріп, дереу: – Бұлардан жас қыздар (жария) орамалсыз намаз оқымасын! – дейді. Сосын оларға мынаны айтады: – Бір жолы расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) келгенде қасымда бір жас қыздың (жария) намаз оқығанын көріп, маған бір пердені ұсынып: – Мынаны екіге бөл де, онымен Үммү Сәләмәнің бөлмесінің арасына тұт, – деді. Ол қыз бала да (жария) балиғат жасына енді толған қыз еді деп ойлаймын758. Балаларға жеті жасқа келгенде намаз үйретіп, он жасқа келгенде одан да қаталырақ талап етуді айтқан Алла расулының сөзі759 және ауа райының ыстығы адамды ерте жетілдіретінін ескеретін болсақ, жария сөзінің жас мөлшері ең кемі жеті жас және оның он жас болуы да ықтимал. Негізінде қай аяттың қай жерде түскенін біліп, оны басқаларға түсіндіре алатын жас та осы кездер. Олай болса, анамыз пайғамбарлықтың төртінші жылы емес, пайғамбарлықтан кем дегенде бірнеше жыл бұрын дүниеге келген дегенді білдіреді. «Қамар» сүресі түскен уақыт 614 жыл десек және жария сөзінің жас мөлшерінің ең азы жеті десек, анамыздың пайғамбарлықтан кем дегенде үш жыл бұрын туылғаны анықталады. Бұл 607 жылға сай 758 Ахмад ибн Ханбал, Мүснад, 6\\96 (24690) 759 Әбу Дәуіт, Салат 26 (495) 428

Айша анамыздың некелескендегі жасы келеді. Нәтижеде пайғамбарымызбен үйленген кезде кем дегенде он жеті жаста болса керек. Сүренің түскен мерзімі деп 618 жылды алсақ, ол ең кеш дегенде 611 жылы дүниеге келген болуы керек. Алайда, барлық осы есептерде жария сөзінің жас мөлшерлемесі 7-11 жас арасы болуы мүмкін және әр риуаятта бұл санға бірнеше жылды тағы қосуға болады. Аталмыш ықтималды жағдайлар бойынша ешқандай сан қоспастан және ешқандай негізге сүйенбей жеті жасты есептейтін болсақ, ол пайғамбарымызбен он үш жасында үйленген деген сөзге саяды. Қалай есептесек те Айша Алла елшісіне пайғамбарлық келгеннен 4 жылдан соң дүниеге келді деп айта аламыз. 3. Мекке жылдары жайлы естеліктері де Айша анамыздың Алла елшісіне бой жетіп айттырылғанын көрсетеді. Мысалы: а) Бір естелігінде «Мен пілге мініскен екі кісінің соқыр кейіпте Меккеде қол жайып, қайыр тілеп жүрген көрдім»760 дейді. Бұл екі кісі піл оқиғасына қатысқан кісілер еді. Пайғамбарлықтан қырық жыл бұрын болған бұл оқиғаға қатысқан бұл кісілер ол күні ең кем де- генде алпыс немесе одан да көп жаста болуы керек. Ендеше, бұл екі кісі исламның алғашқы жылдарын- да өмірден озса керек. Піл оқиғасы Меккеліктер үшін елеулі оқиға. Бұл екі кісіні сахабалар байқамағанына 760 Ибн Хишам, Сира 1\\76, Хәйсәми, Мәжмәуз Зәуәид 3\\285, Ибн Кәсир, Тәфсирул Құран 4\\553, әл-Бидая уән нихая 2\\214, Құртуби, әл-Жами 20\\195 429

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша қарағанда, олар пайғамбарлықтың алғашқы жылда- рында дүниеден өткен. Айша анамыздың бұл жәйтты әпкесінен естуі мүмкін емес. Себебі өзінің «көрдім» дегені сөзі бұл ықтималдықты жояды. Аталмыш оқиғаға қатысты Айшаның «жасы кіші болғанына қарамастан»761 деген сөзді айтуы да айрықша назар аударады. Демек, Айша бұл екі кісіні 5-6 жасында көргеніне қарағанда, пайғамбарлықтан 5-6 жыл бұрын дүниеге келген. ә) Мекке жайлы естеліктері тек бұнымен бітпейтінін Айша тағы бір сөзінде: Мен ес білгелі ата-анам діндар болатын. Мұсылмандар көп теперіш көргенде, әкем Хабашстанға да һижрет жасаған еді,762 – дейді. Хазірет Әбу Бәкір алғашқы мұсылмандардың санатында. Яғни, хазірет Айша мұсылман шаңырағында туып-өскен. Бұған қарап анамыздың Исламнан кейін дүниеге келгенін айтқандар болса да бұл сөздер Айшаның Ислам келгенде ес білген қыз екенін аңғартуда. Анығырақ айтқанда, бұл «туылған кезінде әкесі мұсылман болатын» деген мағынадан гөрі «оң-солын тани бастағанда әкесі мұсылман еді» деген мағынаға жақынырақ. Себебі Алла елшісінің үйлеріне келіп жүретінін, әкесінің һижрет жасағанын айтқанына қарағанда, ол кезде айналасына болып жатқан оқиғаларды бағамдай алатын жаста болған. 761 Куртуби, әл-Жами 20\\195 762 Бұхари, Салат 70, Кафалә 5, Мәнақибул ансар 45, Әдәб 64, Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\198 430

Айша анамыздың некелескендегі жасы Сондықтан бұл Айшаның исламға дейін туылғанын білдіреді. Сахабалар Хабашстанға пайғамбарлықтың бесінші жылы һижрет жасады. Әбу Бәкір сол жылы һижретке ниет білдірді. Осы оқиғаны есте сақтай білгеніне қарағанда Айша (р.а.) ол кездері кем дегенде 7-8 жаста болса керек. Әйтпесе, жаңа туылған сәби бұндайды егжей-тегжейлі айтып беруі мүмкін емес. б) Алғаш рет намаздың екі рәкат болып бекітілгенін, кейіннен төрт рәкатқа ауысқанын, тек сапардағыларға екі рәкат болғанын да жеткізген Айша анамыз763. Айша анамыз айтқан намаз – Исра және миғражға дейінгі оқылған, таңертең және кешкі намаз. Ал миғраж оқиғасынан кейін намаздың оқылу тәртібі біраз өзгерді764. Мәселеге басқа тұрғыдан қарасақ, бұл мағлұматты Айшадан бөлек Ибн Аббас765, Сәлман Фариси766 және Саиб ибн Язид767 те жеткізген. Саиб ибн Язид пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Мәдинаға һижрет еткеннен соң үш жылдан кейін дүниеге келген768. Яғни, Мекке кезеңіндегі оқиғаларды білмейді. Сондықтан бұл мәліметті Айша 763 Табарани, әл-Муғжамул кәбир 2\\285, 286, әл-Мұғжамул Әбсад 12\\145, Ибн Хишам, Сира 1\\243 764 Ибн Хишам, Сира 1\\243 765 Мүслим, Салатул мусафирин 5, 6 (687) 766 Табарани, әл-Муғжамул әбсад 12\\145 767 Табарани, әл-Муғжәмул кәбир 2\\285, 286 768 Хижри 94 жылы Мәдинада қайтыс болатын Саиб ибн Язид өзі жеті жастағы кезде әкесінің Алла расулымен бірге қажылыққа барғанын айтады. Өзі құралпы басқа Мәдинаның балаларымен бірге Тәбүктен қайтқанда, Сәниәтул уәдаға шығып, Алла расулын күтіп алғандарын хабарлайды. Қараңыз: Бұхари, Жихад, 192 (2917) Мәғази 77 (4164) 431

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша анамыз немесе Ибн Аббастан естіп жеткізген болуы кәдік. Сәлман Фариси пайғамбарымызбен һижреттен кейін кездескен. Сондықтан ол да һижретке дейінгі оқиғаларды басқаларды естіп-білген болуы керек. Абдулла ибн Аббас та пайғамбарлықтың оныншы жылы, һижреттен үш жыл бұрын Шиби Әби Тәліп сүргінінде дүниеге келген769. Сол себепті Мекке жылдарындағы оқиғадан ол да бейхабар. Намазға қатысты мағлұматтарды нағашы әпкесі Маймуна анамыз арқылы пайғамбарымыздың үйінде қонақ болып Айша анамыздан естіген болуы керек. Айтылған үш сахаба да миғражға дейінгі екі рәкат намазды және миғраждан кейін парыз болған бес уақыт намаздың парыз болуына куә болмаған. Ал Айша анамыз бұл оқиғаның куәгері. Демек, ол кезде де оқиғаларды есте сақтай алатын жаста болғанын дәлелдейді. в) Надандық дәуіріндегі пұттар туралы сөз ет- кенде, «Исаф деген ер кісі мен Ниала деген әйел Қағбаның түбінде зина жасап, осы күнәсі үшін Алла оларды тасқа айналдырған деп еститінбіз»770 дейді. Бір қызығы, осы және тағы басқа хабарларды тек Айша анамыз жеткізген. Бұл да оның пайғамбарлыққа дейін туылғанын білдіреді. 4. Пайғамбарымыз Айшаны айттырмай тұрып оның әуелі Мутғим ибн Адыйдің ұлы Жүбәйр ибн Мутғиммен атастырылып қойғаны да осы ойды қуаттай түседі. 769 Ибн Кәсир, әл-Бидая 8\\295, Ибн Асакир, Тариху Димашқ 29\\289 770 Ибн Хишам, Сира 1\\83 432

Айша анамыздың некелескендегі жасы Бірақ бұл келісім бұзылады. Әбу Бәкір бала- ларды үйлендіру жайлы олардың ойын тағы бір білуге барғанында, Жүйбәйрдің анасы Умму Сәби: – Ұлымызды қызыңа үйлендірсек, сен оны өз дініңе кіргізесің бе деп алаңдаймыз771, – дейді. Жүбәйрдің әкесі де бұл сөзге қосылады. Сонымен мәселенің шешімі анықталып, екі жасты үйлендірмейтін болып келіседі772. Осы оқиғадан Айша анамыздың жасына қатысты мынадай қорытынды шығарамыз: а) Мутғим ибн Адый мен Умму Сәби ұлдары Әбу Бәкірдің ықпалына түсіп кетер деп қорыққанына қарағанда, Әбу Бәкір құда болу келісімінің исламға дейін немесе мұсылмандығын жұртқа жария етпей тұрып жасаған. Әбу Бәкір алғашқы мұсылмандардан екенін ескерсек, Айша пайғамбарлық келгенде өмірде болғанын айғақтайды. Яғни Айша шамамен 605 жылы дүиеге келген773. ә) Мутғимның отбасы бұл шешімді Ислам алғаш уағыздала бастағанда қабылдаған болуы мүмкін. Бұл Ибн Әрқамның үйінен шығу кезіне яғни 613- 614 жылдарға тұспа-тұс келеді774. Егер Айша анамыз 771 Бұхари, Никах 11, Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\210, Хәйсәми, Мәжмәуз зәуәид 9\\225, Бәйхақи, Сүнән 7\\129, Табари, Тарих 3\\161-163 772 Бұл жерде әлсіз де болса басқа бір ықтималдық туралы айтуға бола- ды. Айшаның туылған жылдарында «Бесік керту» сияқты және ата- аналар арасында бір келісім жасау салты. Алайда, тиісті мәтіндердің ешқайсысында мұны растайтын мәлімет жоқ. 773 Берки, Әли Хикмет, Осман Ескиоғлу, Хатәмул әнбия Хазрети Мұхаммед ве хаяты 210 774 Араларында осындай келісім болған күннің өзінде Ибн Адый отбасының хазірет Әбу Бәкір отбасының өзгерісін назарға алып, бұл келісімшартты бұрыннан жойған болуы да мүмкін. Адый отбасының 433

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша пайғамбарлықтан төрт жыл кейін дүниеге келген болса, 613 жылдары әлі туылмаған болады. Ендеше, атастыру бұзылған кезде Айша он үш немесе он төрт жастарда болуы керек775. б) Бұл жерде назарымызды аударатын тағы бір мәселе пайғамбарымызға аталмыш үйлену ұсынысының Осман ибн Мазунның әйелі Хаулә бинти Хаким сияқты отбасыдан тыс және үшінші тұлға тарапынан жасалуы. Ол кезде Алла елшісіне Айша анамызбен қатар жесір қалған Сәуда ана- мызды да әйелдікке алу ұсынылған. Екеуінің де пайғамбарымызға әйелдікке ұсынылуы Айшаның ол кезде бойжеткенін білдіреді. в) Хазірет Хауләнің әкелген хабарына Үммү Руман мен хазірет Әбу Бәкірдің қуануы да қыздарының жасына ешқандай алаңдаушылық танытпағанына айқын дәлел. Бұл жағдайлардан хабардар хазірет Әбу Бәкірдің алаңдағаны қызының тым жастығы емес, діндес бауыры және жақын досы болуына байланысты қызының расулаллаға үйленуіне рұқсат болып-бол- мауы еді. Бұлардың барлығы ол кезде Айша анамыздың бойжеткенін айқын көрсетеді. Пайғамбарлықтың төртінші жылы дүниеге келді деген пікірді теріске шығарады776. Егер бұл шешім Ибн Әрқамның үйінен кету жыл- дары қабылданды десек, Айша атастырылғанында әлі аталмыш соңғы сөзі одан бұрын шешім қабылданып, жеткізілмеген мәселені қыздың өзіне айтуы дегенді білдіреді. 775 Саваш, Рыза, Д.Е.Ү. Илахият фак. Дерг. 4. Измир, 1995, 139-144-c. 776 Сондықтан да кейбіреулер оның 13 немесе 14 жастардағы жас қыз екенін айтады. Қараңыз: Саваш, Рыза, Д.Е.Ү. Илахият Фак. Дерг. 4. Измир, 1995, 139-144-c. 434

Айша анамыздың некелескендегі жасы туылмаған болып қалады. Бұл мүмкін емес. Әбу Бәкір мен Мутғим ибн Адый арасындағы келісім Айша 7-8 жаста болған кезінде бұзылған. Демек ол 605 жылда- ры туылғанын көрсетеді777. 5. Айша анамыз бен басқа бауырларының арасындағы жас айырмашылығы да назар аудартады. Хазірет Әбу Бәкірдің (р.а.) алты баласы болған. Хазірет Әсма мен хазірет Абдулла Кутайла бинт Сағдтан778, хазірет Айша анамыз бен хазірет Абдуррахман Үммү Руманнан, Мұхаммед Әсма бинти Үмәйстен779, ал Үммү Гүлсім Хабиба бинти Харижадан780 туылған. Әбу Бәкірдің балаларының жас айырмашылығы да бізге көп нәрсені аңғартады: а) Хазірет Әбу Бәкірдің тұңғыш қызы Әсма анамыз һижреттен жиырма жеті жыл бұрын 595 жылы дүниеге келген781. Алла расулының һижреті кезінде Зүбәйр ибн Аууаммен отау құрып алты айлық жүкті болған. Яғни, ол кезде жиырма жеті жаста болған782. Үш айдан кейін Мәдинаға һижрет жасаған кезде Қубада баласы Абдулланы босанады. һижреттің 777 Бәрки, Әли Хикмет, Осман Ескиоғлу, Хатемул әнбия хазреті Мұхаммед уә хаяты 210 778 Кутәйла бинти Сағд хазірет Әбу Бәкірдің алғашқы әйелі. Бірі ұл, екі баласы болған. Әлі мұсылман болмай тұрғанда ажырасқан. Хиж- реттен кейін қызы Әсма анамызды көргісі келіп, мәселені Айшаға жеткізеді және осыған байланысты «Мүмтахина» сүресінің (60) 8-аяты түседі. Қараңыз: Ибнул Әсир, Усудул ғаба 6\\242 779 Хазірет Әсма – Мутәде шәйіт болған хазірет Жағфар ибн Әбу Тәліптің әйелі. 780 Кенже баласы Үммү Гүлсім хазірет Әбу Бәкір қайтыс болғаннан кейін дүниеге келген. Қараңыз: Муатта, Буйу 30 (806), Ибнул Әсир, Усудул ғаба 1\\640-641 781 Нәуәуи, Тәхзибул Әсма, 2\\597 782 Нәуәуи, Тәхзибул Әсма, 2\\597 435

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша жетпіс үшінші жылы жүз жасында тістері түспеген қалпында қайтыс болған. Айша анамыз бен әпкесі Әсма анамыздың арасындағы жас айырмашылығы он жыл783. Осыған орай, Айша анамыздың туылған жылының (595+10=605) 605, һижрет бойынша жасының (27- 10=17) 17 екені байқалады. Үйлену һижреттен жеті айдан кейін784 жүзеге асқанына қарағанда, ол кездерде Айша анамыз он сегіз жаста болған785. ә) Осыған ұқсас жағдай Айша анамыздың бір ше- шеден туған бауыры хазірет Абдуррахман екеуінің арасында да бар. Хазірет Абдуррахман хазірет Әбу Бәкірдің үлкен ұлы және ол тек Худайбиядан кейін мұсылман болған. Бәдірде әкесімен кездеспеуге тырысқан Абдуррахман ол кезде 20 жаста болған786. Соған қарағанда 604 жылы туылса керек. Абдурах- ман 604 жылы туылса, Айша одан бір-екі жыл ғана кіші болуы керек. Болмаса ол кезде екі ағайындының жас айырмашылығының алшақ болуы өте сирек кездесетін құбылыс еді. Демек, Айша пайғамбарлыққа дейін дүиеге келген. 783 Бәйхақи, Сүнән 6\\204, Ибн Мәнда, Марифатус сахаба, Көпрүлі күтубханеси, № 242, (Варак 195), Ибн Асакир, Тариху Димашқ (Те- ражимун Ниса), 9, 10, 28-c. Мәсуди, Муружуз зәхәб 2, 39, Ибн Сағд, Табақат 8\\58 784 Бұл үйленудің хижреттен алты ай немесе сегіз айдан кейін неме- се шамамен бір жарым жыл кейін, Бәдірден кейін жүзеге асқанын айтатын риуаяттар да бар. Қараңыз: Ибн Сағд, Табақат 8\\58, Ибн Абдилбәр, Истиғаб 4\\1881, Нәдәуи, Сиратус сәйидәти Айша, Тахқиқ: Мұхаммед Рахматуллах Хафыз ән- Нәдәуи, 40, 49 785 Бәдірден кейінгі Шәууәл айында үйленгені туралы мәліметті негізге алатын болсақ, оның үйленген кезде он тоғызда екенін қабылдауымыз керек. 786 Ибн Әсир, Усудул ғаба 3\\467 436

Айша анамыздың некелескендегі жасы 6. Жасына қатысты тағы бір мәлімет Айша анамыздың өмірден озған уақыты туралы келген риуаяттарға қатысты. Өйткені, оның қайтыс болған жылы және сол кездегі жасы туралы хижри 55, 56, 57, 58 немесе 59787, ал жасы туралы алпыс бес, алпыс алты, алпыс жеті немесе жетпіс төрт788 деген сияқты түрлі көзқарастар бар. Ал, бұл туылған мерзімі секілді қайтыс болған уақыты туралы да нақты деректің жоқтығын көрсетеді. Әсіресе, һижреттің 58-жылы 74 жасында көз жұмғанын көрсететін риуаятта қайтыс болған күнінің рамазан айының он жетінші түні сәрсенбі күні екені, өсиеті бойынша үтір намазынан кейін Жаннатул Бақиға түнде жерленгені, намазын хазірет Әбу Хұрайраның оқытқаны, мазарына әпкесі хазірет Әсманың екі баласы Абдулла пен Уруа, бауыры Мұхаммедтің екі баласы Қасым мен Абдулла және тағы бір бауыры Абдуррахманның баласы Абдулла сияқты туыстарының қойғаны сияқты мәліметтердің болуы789 басқаларға қарағанда бұл деректің қуатты екенін көрсетеді. Ендеше, осы уақытты негізге алып есептейтін болсақ, пайғамбарымыз көз жұмғаннан кейін тағы қырық сегіз жыл өмір сүргенін (48+10=58+13=71+3=74) көресіз. Бұл есеп бойынша ол пайғамбарлықтан үш жыл бұрын дүниеге келген. Бұл жағдайда үйленген күні оның (74-48=26-9=17+7 ай) он жеті жастан жеті ай асқанын, яғни он сегіз жаста екені аңғарылады. 787 Ибн Абдулбәрр, Истиғаб 2\\108, Тәхзибул кәмал 16\\560 788 Ибн Сағд, Табақат 8\\75, Нәдәуи, Сиратус Сәйидәти Айша 202 789 Ибн Абдулбәрр, Истиғаб2\\108, Доғрул, Асры Саадет 2\\142 437

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Жоғарыдағы деректерге қосымша ер балалардың өзі кері қайтарылған Ухуд күні оның да майданда болуы790, ғылыми мәселелердегі білгірлігі, жала жабу оқиғасында көрсеткен мінезі, Фатима анамызбен арасындағы жас айырмашылығы791, һижрет пен одан кейін болған жағдайларды толық білуі, Мәдинаға келгеннен кейін үйленуді әкесінің қолға алуы және мәхір белгілегеннен кейін жүзеге асуы792, келген аяттарда үйлену мәселесіне қатысты балиғатқа толу шартының қойылуы793, оның жасы мен үйленуіне қатысты риуаяттардың әртүрлі келуі және сол кездегі жасын айтқан кезде «алты немесе жеті» деуі794, ол заманда адамның туылған және өмірден өткен жыл- дарына мән берілмегендігін де қосуға болады. Бірақ, нәтиже өзгермейді. Бұлардың барлығы Айшаның пайғамбарлықтан бұрын дүниеге келгенін, он төрт немесе он бес жаста атастырылғанын және он жеті, 790 Бұхари, Жихад 65 791 Бұхаританушы Ибн Хажар Фатима анамыздың Қағбаға жөндеу жүргізілген жылы және пайғамбарымыздың отыз бес жасында дүниеге келгенін, Айша анамыздан бес жас үлкен болғанын айтады. Бұл дерек дұрыс деп қабылданатын болса, Айша анамыз уаһи келген алғашқы жылы дүниеге келген болуы керек. Бұл бойынша оның тоғыз жаста үйлену ықтималдығы толығымен жойылады. Негізінде Ибн Хажар бұл сөзімен өзі түсіндірме жасаған Бұхари хадисін анық түрде бұзады. 792 Табарани, әл-Мұғжамул кәбир 23-25, Ибн Абдулбәрр, Истиғаб 4\\1937, Ибн Сағд, Табақат, 8\\63 793 Ниса, 4\\6 794 «Хижреттен бір жарым, екі немесе үш жыл бұрын», «алты немесе жеті жаста», «Хадишаның қайтыс болған жылы немесе өлгеніне үш жылдан кейін», «хижреттен жеті, сегіз айдан кейін, хижреттің алғашқы жылы» немесе «Бәдірден кейін» деген сияқты риуаяттар үшін қараңыз: Бұхари, Мәнәқибул ансар 20, 44, Мүслим, Фадаи- лус сахаба 74, Айни, Умдәтул Қари 1\\45, Ибн Абдулбәрр, Истиғаб 4\\1881, Нәдәуи, Сиратус Сәйидәти Айша 406 49 438

Айша анамыздың некелескендегі жасы он сегіз немесе он тоғыз жасында Алла расулы- мен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) отау құрғанын көрсетеді. Осы жерге дейін келтірген дәлелдеріміз «атастырылғанда 6 немесе 7, ал үйленген кезде 9 жаста» болғаны туралы риуаяттарды теріске шығаруымызды керек етпейді. Себебі, бұл риуаяттарды «ол кезде оң- солын танып қалған қыз едім», «пайғамбарлық кел- генде алты-жеті жасар қыз едім» немесе «ол кездері ес біле бастаған едім» деген мағынада түсінуге болады. Айша анамыздың дене бітімінің шағын болуы да осы болжамды қуаттай түседі. Анамыз һижрет еткен- де жол қиындығын көтере алмай ауырып қалған795, анасы Мәдинада ем-дом жасап жазып алған796. Бәни Мұсталық соғысынан қайтарда түйенің үстіне үйшікке кіргенде, салмағы білінбеген797. Бұл оның дене бітімінің шағын болғанын көрсетеді. Тақырыптың басында айтылғандай, Айша анамыз егер тоғыз жасында үйленген болса да бұл ол қоғам үшін қалыпты әрі табиғи жағдай. Алайда келтірген дәлелдеріміз 17, 18 немесе 19 жасын- да «Мүміндердің анасы» деген атқа ие болғанын аңғартады. 795 Бұхари, Мәнәқибул ансар 43, 44, Мүслим, Никах 69, Ибн Мажә, Никах 13 796 Бұхари, Мәнәқибул ансар 44, Мүслим, Никах 69, Әбу Дәуіт, Әдәб 55, Ибн Мажә, Никах 13, Дарими, Никах 56, Табарани, әл-Мұғжамул кәбир 23\\25, Ибн Абдилбер, Истиғаб 4\\1938, Ибн Сағд, Табақат 8\\63 797 Бұхари, Шәхадат 15, Мәғази 34, Тәфсир (24) 6, Мүслим, Тәуба 56, Тир- мизи, Тәфсир (63) 4, Ибн Сағд, Табақат 2\\65, Ибн Хишам, Сира 3\\310 439



Хазірет Әли және Айша анамыз Айша анамызға қатысты тағы бір деректерде оның Әлимен ренжіскені сөз етіледі. Бұл дерек бой- ынша жала жабу оқиғасында Әлиге ренжіп, өмірінің соңына дейін сөйлеспеген. Кейін Жәмәл соғысында Айшаның Әлиге қарсы шығуы да сол бір кездегі реніштің нәтижесі болуы мүмкін. Бұған дәлел – пайғамбарымыз ауырған кезінде жамағатқа беттеген кезінде оны қолтығынан деме- ген екінші адамды Айша «тағы бір кісі» деп атаған. Бұл дәлелді келтірушілердің пікірінше, ол Әли болуы керек. Айша тарқамаған ренішімен оның есімін де атағысы келмей «тағы бір кісі» дей салған798. Оқиғаның анығы қандай? Шынында анамыз хазірет Әлиге ашулы ма еді? Анамыздың жасына қатысты мәселе секілді бұл жерде де әртүрлі мәліметтер мен дәлелдер бар ма? Реніш, ашу, кек, жек көру, өшпенділік секілді жағдайларға кезіккенде 798 Бұхари, Уду 44 (195), Жәмаға 11 (634), Хибә 13, Мәғази 78 (4178), Мүслим, Салат 91, 92 (418), Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\34 (24107), Абдурраззақ Мұсаннаф 5\\428 (9754), Ибн Сағд, Табақат 2\\232 441

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша анамыз не істеуші еді? Енді осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік: Ең әуелі осы оқиғадан басқа хазірет Әли мен анамыздың арасында реніш орын алғанын көрсететіндей өзге дәнеңе жоқ. Жала жабу оқиғасы кезінде хазірет Әли айтты деп берілген сөздердің растығы да күмәнді. Өйткені, ол сөздер дұрыстығы жағынан әлсіз799 және мұндай маңызды мәселе, әсіресе басқа дәлелдер бола тұра бұндай әлсіз риуаятқа негізделуі мүмкін емес. Аталмыш оқиғада «басқа бір кісі» хазірет Әли болуы мүмкін. Дегенмен хадис ғалымдары «басқа бір кісінің» хазірет Усамә немесе Фадл ибн Аббас та болуы мүмкін екенін айтады800. Тіпті, кейбіреулер бұған Бүрәйрә және Нуба деген екі адамды да қосса, тағы бір деректерде ол есімі белгісіз бір құл екені де айтылады801. Ендеше, бұл жерде екі жағдай бар, біріншісі атал- мыш оқиға бірнеше рет қайталанған, ал екіншісі бой- ынша Алла расулын ауырған кезінде сүйегендердің өзгеріп отырғаны. Бұл жерде өзгермеген адам пайғамбарымыздың көкесі хазірет Аббас. Ол туыс болғандықтан, әрдайым пайғамбарымыздың жанында болған. Сондықтан Алла расулының бір қолтығынан әрдайым сол сүйеген. Ал екінші қолтығынан сүйегендер хазірет Үсама, Әли, Фадл, Бурәйрә, Нуба және аты аталмаған әлдебір құл болған802. 799 Ибн Хиббан, Сахих 10\\13, 16\\13, Әбу Яғлә, Мүснад 8\\322, 339 800 Айни, Умдәтул Қари3\\92, 5\\188, Ибн Хажар, Фәтхул бари 1\\263, 8\\141 801 Ибн Хажар, Фәтхул бари 8\\141, Айни, Умдатул қари92, 5\\188 802 Айни, Умдатул қари 3\\92, 5\\188, Нәуәуи, Шарху Мүслим 4\\137, 138, Ибн Хажар, Фәтхул бари 8\\141 442

Хазірет Әли және Айша анамыз Сол себепті бір оқиғаның ішінде әрдайым ауысып отырған бес кісінің атын айтудың орнына анамыз бәрін бірден меңзеп, Алла расулының екінші қолтығынан сүйегендердің барлығын «тағы бір кісі» деп сипаттаған. Мұнда аты айтылмаған тек хазірет Әли емес, сонымен қатар, хазірет Усама, Фадл, Бурәйра, Нуба және аты белгісіз бір құл. Анамыздың бұл бес кісі және хазірет Әли жайында ешқандай жаман ойы болмаған. Жала жабу оқиғасы кезінде хазірет Әли «Уа, расулалла! Бұлай қатты ренжіп, теріс айналма! Алла сені бұдан да ауыр азаптан сақтасын! Одан басқа да қаншама әйел бар. Мына қызметші қыздан сұрап көр, міндетті түрде ол да сені растайды» деген сөзін пайғамбарымызды жұбатқан «уа, расулал- ла сенің басыңа түскен қиындық маған да түскені» деген мағынаға саяды. Бұған қоса, сол күні хазірет Әлидің мәселені хазірет Бәрираға бұруы да анамызды жақыннан танитын адам арқылы ақтағысы келгенін білдіреді. Сонымен қатар, хазірет Әли исламды ең жақсы білетін жан болатын және шамамен бір айдан кейін түскен аятта «Әй, мүминдер! Өсекті естігенде- ақ мүмин ер кісілер мен әйелдер ретінде бір-бірің туралы жақсы ойлап, «Құдай сақтасын, бұл нағыз жала» деулерің керек емес пе еді?» делінеді. Бұл сөздер мүминнің негізсіз жала жабылғанда қалай әрекет жасауы керектігін айқын көрсетеді және сол күні мыңдаған сахабалар осылай жасағанын уақыт көрсетті. Хазірет Әли басқа ойда болды деуге ешқандай дәлел жоқ. 443

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Керісінше сол күні Айша анамыздың күнәсіз екенін айтқан хазірет Әлидің нақты сөздері бар. Осы мәселені сахабаларымен кеңескен кезде пайғамбарымыздың үйіне келген хазірет Омар, Осман және Әли анамызды ақтап, бұның анық жала екенін айтқан. Хазірет Әли: – Уа, расулалла! Мен Айшаның күнәдан таза екенін мына оқиғадан білемін. Сен бірде аяғыңда мәсімен немесе аяқ киіміңмен бізге намаз оқытқан едің. Аяқ астынан мәсі немесе аяқ киімнің бірін шештің. Сол күні бәріміз таңқалдық. Сосын мұның сүннет немесе сүннет еместігін сұрадық. Бізге «Жоқ» деп жауап бердің, артынан «Маған Жәбірейіл келді, аяқ киіміме намазға кедергі болатын нәжіс жұққанын білдірді» дедің. Уа, расулалла! Алла осындай кішігірім нәжістің өзінен сені қорғағанда, жұбайыңды да жамандыққа аяқ бастырмасы анық803 Міне, шынайы хазірет Әлидің мінезі осы бола- тын. Өзіне дейін анамыздың күнәсіз екенін айтқан хазірет Омар мен Осман сияқты ол да ақтады. Бұл жағдай Алла елшісін қуанттты әрі бұл Құранның өзі қолдаған әрекетпен пара-пар еді. 803 Сол күні хазірет Омар «Уа, расулалла! Айша пәк, таза, оған анық жала жабылып отыр. Мұнафықтардың өтірік айтқаны және Айшаның таза екенін мен сенің денеңе жақындай алмайтын шыбын- нан білемін. Себебі Алла сені шыбынның өзінен қорғаса, отбасың мәселесінде сені міндетті түрде қорғайды!» десе, хазірет Осман «Айшаның пәк, таза екенін мен сенің жерге түспейтін көлеңкеңнен түсінемін, Алла сенің көлеңкеңнің өзін адамдардың басуына жол бермесе, отбасың мәселесінде сені ренжітетіндей нәрсеге жол береді дейсің бе?» дейді. Қараңыз: Халәби, Сира 2\\624, 625, Бурсәуи, Рухул Баян 6\\89 444

Хазірет Әли және Айша анамыз Кері жағдайда хазірет Әли де анамыз туралы жабылған жалаға сенген дегенді қабылдауымыз керек болады, бірақ тарихи оқиғалар мұны теріске шығарады. Өйткені, Алла расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) анамыздың күнәдан таза екенін жария еткен аяттар келгеннен кейін жала жапқан Хассан ибн Сабит, Мистах ибн Үсәса және Хамнә бинти Жахшты жазалаған. Егер хазірет Әлидің аталмыш сөзін осы жалаға сенген деп жору мүмкін болғанда, оның да осындай жазаға тартылуы керек еді. Өйткені, Алла расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) кім болмасын жазаны керек ететін бір әрекет жасағанда жазаға тар- татынын ашық түрде айтады804. Егер Әли жала жапса, онда пайғамбарымыз оны да жазалауы керек еді805. Бұған қоса, анамыздың мінезі кекшіл емес еді. Қоғамды жауыздық пен өшпенділіктен тазартқан пайғамбарға ең жақын адам бола тұра оның бұндай жауластыққа баруы мүмкін емес. Оның үстіне Пайғамбарымыздың өшпенділікке бармағанын да бізге жеткізген хазірет Айша болатын806. Жағымсыз қылыққа сондай жағымсыз қылықпен жауап қайтармауға шақыратын807 діннің пайғамбары және бұл діннің уағыздаушысының ең жақын шәкірті 804 Ұрлық жасаған әйелді кешіру туралы өзіне жүгінгендерге пайғамбарымыздың «Қызым Фатимаға болса да сол жазаны қолданар едім» дегені осының ең айқын дәлелі. Қараңыз: Бұхари, Әнбия 52 (3288), Фадаилус сахаба 18 (3526), Мағази 50 (4053), Мүслим, Худуд 8, 9, 11 (1688, 1689) 805 Бути, Айша Уммул муминин 60 806 Бұхари, Мәнәқиб 20 (3367), Әдәб 80 (5775), Худуд 10 (6404), Мүслим, Фәдаил 77, 79 (2327, 2328), Әбу Дәуіт, Әдәб 5 (4785), Ах- мад ибн Ханбал, Мүснад 6\\31 (24080) 807 Фурқан, 25\\72 445

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша ретінде анамыз мұндай кесір мінезден ада болған. Оның нақты мысалдары да бар. Мәселен, аяттар түсіп, күнәдан таза екені белгілі болғанда анамыз мұнафықтардың сөзіне еріп, жалаға қосылғаны үшін жазаға тартылған Хассан ибн Сабитпен кейіннен жауласпаған. Тіпті, жауласу былай тұрсын, Хассан ибн Сабитті қорғаған. Хазірет Хассанды жамандаған біреудің сөзін естігенде, өткір өлеңдерімен Алла ра- сулын қорғаған бұл сахабаны жамандамауды ескерт- кен808. Анамыздың осындай қасиетін көрсететін мы- салдар әрине мұнымен шектелмейді. Өз бауырын809 шейіт еткендерге көрсеткен мінезі де айрықша назар аударады. Өзіне келген Абдуррахман ибн Шумасаға сұрақтар қойды. Халифа ретінде хазірет Мұғауияға риза екендігін көргенде, «Бауырым Мұхаммед ибн Әбу Бәкірге жасаған жамандығына бола естіген хадисімді саған айтпай қоймаймын» деп, өзіне қарасты жұрт ризалық танытқан басшылар үшін ра- сулалладан естіген қуанышты хабарды жеткізді810. Бауырын шейіт етіп, ауыр азап шектірген адамдарға кек сақтамаған анамыздың Алла елшісі жақсы көрген хазірет Әлиге кектенуі мүмкін емес. Жәмәл оқиғасынан кейінгі жиындарда хазірет Әлиге жақындығына бола жеті жолдасымен бірге 808 Бұхари, Мағази 32 (3914), Әдәб 91 (5798), Мәнәқиб 14 (3338), Мүслим, Фадаилус сахаба 156 (2487, 2488), Хаким, Мүстадрак 3\\555 (6063) 809 Анамыздың бауыры Мұхаммед ибн Әби Бәкір Жәмәл және Сыф- фында хазірет Әлиді жақтаған. 810 Мүслим, Имара 19 (1828), Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\93 (24666), Нәсәи, әс-Сунәнул Кубра 5\\275 (8873), Ибн Хиббан, Сахих 2\\313 (533) 446

Хазірет Әли және Айша анамыз шейіт етілген Хужр ибн Адый туралы хазірет Мұғауияға хат жазып, бұндай қылмыстарды тоқтату үшін бар мүмкіндігін қолданған да анамыз болып табылады. Тіпті, ол мұнымен де шектелмей, ашуын білдіріп: «Хужр мен жолдастарын шімірікпей өлтіргенде Алладан қорықпадың ба? Хужрға неге жаның ашымады? Одан мейіріміңді неге аяп қалдың?» деп, қателігін хазірет Мұғауияның бетіне басып айту- дан да тартынбаған811. Ең қиын сәттерде анамыздың хазірет Әлиді қолдағанына куә боламыз812. Хазірет Османнан кейін халифалық міндетті мойнына сол ала алатынын айтып, жұртты осыған бағыттаған813. Өзіне сұрақ қоя келгендерге Әлидің көп білетінін айтып, соның үйіне жіберетін814. Жәмәл шайқасы күні жаны сыздап тұрып айналасындағыларға былай деген: – Балаларым! Өкінішке орай, біріміз бірімізді қинадық, қайғылы оқиғаларды бастан өткердік және біраз шаршадық. Осы болған жағдайларға байланы- сты және бұдан кейін де жалған сөздері үшін ешкім 811 Әртүрлі риуаяттар біріктіріліп берілген. Бұған қоса, бұл оқиғаның Айша анамыз бен хазірет Әли арасында болған айтылатын салқындықты жоққа шығаратын мәнге ие екенін тағы бір рет ескерткен жөн. Қараңыз: Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 4\\92 (16878). Қараңыз: Табари, Тарих 3\\220, 232, Ибн Абдулбәрр, Истиғаб 1\\332 812 Тирмизи, Мәнәқиб 61 (3874), Нәсәи, Хасаис 35 (8496), Хаким, Мүстадрак 3\\167 (4731) 813 Ибн Әби Шәйба, Мұсаннаф 7\\545 (37831), Ибн Хажар, Фәтхул Бари 13\\57, Тахмаз, әс-Сәйидәту Айша 121 814 Мүслим, Тахара 85 (276), Нәсәи, Тахара 99 (129), Ибн Мажә, Та- хара 6 (552), Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 1\\96 (748), Абдурраззақ Мұсаннаф 3\\128 (5029), Тахмаз, әс-Сәйидәту Айша 120 447

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша бір-біріне жаман көзбен қарамасын, зұлымдық жаса- масын. Кешеден бүгінге дейін Әли мен менің арамда бір әйел мен қайнысы арасындағы мәселеден басқа мәселе болмағаны күмәнсіз. Біраз қиындық шексем де мен оған жақсылық тілеймін! Бұл сөздер анамыздың ұлылығын білдіреді. Пайғамбарымыздың Әлиді қаншалықты жақсы көретінін білетін Айша мәселені шиеленістіргісі келетіндердің аузын осылай жапқан815. Ал Әли өзі де ере жүріп сол күні анамыз- ды Мәдинаға қарай шығарып салып, балаларына анамызға жолда серік болуды тапсырды816. Олар барлық жағымен ұлы адамдар еді. Өткен оқиғаға қарамастан бір-бірінің құқығын қорғап, бір-біріне шаң қондырмайтын. Бір күні анамыздың жанына бір кісі келіп, хазірет Әли мен Аммардың үстінен шағым айта бастады. Хазірет Айша болса, әлгі кісінің жамандауына жол бермей, қайта хазірет Әли мен Аммардың бірқатар ізгі қасиеттерін айтып берді817. Өйткені, Алла елшісінің хазірет Аммар туралы айтқандарын және оның хазірет Әлидің сапында соғысқанын да білетін. Өзін азғын бір қауымның мерт ететінін білетін хазірет Аммар Әлидің әскері арасында шейіт болды. Ал қарсы тарап- та Зус Судайя секілді кісілер де қаза тапты. Анамыз оқиғалардың хазірет Әлиді ақтағанын да білді және 815 Тақырыпқа қатысты «Адамның бауыры арқылы сыналуы: Жәмәл» деген тақырыпты және № 496 сілтемеге қарауға болады. 816 Табари, Тарих, 3\\61 817 Зәркәши, әл-Ижәбә 863-864 448

Хазірет Әли және Айша анамыз шеккен қиындықтарын көріп хазірет Әли туралы жақсы сөздер айтып, ол жоқ кезде дұға ететін. Ол хазірет Османнан кейін хазірет Әлиді де ұнатпаған Харижилерге қарсы шығып, халифаны тілдегендерді естігенде «оларға пайғамбарымыздың жолдастары үшін кешірім тілеу бұйырылды, бірақ бәрібір адам аузы бармайтын сөздерін боратуда» деген818. Хазірет Әлидің де шейіт етілгеніне қатты қайғырған анамыз өзіне келген Абдулла ибн Шәддадтан халифаның соңғы күндері туралы сұрап, Ислам жолында жасаған істерін тыңдағаннан кейін хазірет Әлиге дұға етіп, оны шейіт еткендердің шектен шыққанын ашық түрде айтқан819. Тіпті, олар жиналған Харура деген жерді жамандықтың ошағы деп атап, әлдекімнен жағымсыз қылық байқаса, «Әлде сен де харуралысың ба?» дейтін820. Хазірет Әли де Айша анамызға шаң жуытпай- тын. Жәмәл оқиғасында бетпе-бет келгеннің өзінде айналасындағыларға Айша анамызбен сыналғаны үшін қайғыратынын айтқан821. Ибн Сәбә және адамдарының ойынымен екі әскер қарсы келген- де жүрегі аузына тығылып, бүлікшілердің қолынан анамызды құтқарған да хазірет Әли болған. Күймесін көздеп оқ жаудырғандарды көргенде, 818 Мүслим, Тәфсир 15 (3022), Исхақ ибн Рахуия, Мүснад 2\\321 (847) 819 Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 1\\86, 87 (656), Хаким, Мүстадрак 2\\165 (2657), Бәйхақи, Сүнән 8\\180, Әбу Яғлә, Мүснад 1\\367 (474), Мак- диси, әл-Әхадисул Мұхтара 2\\223 (605) 820 Бұхари, Хайз 20 (315), Мүслим, Хайз 67 (335), Әбу Дәуіт, Тахара 105 (262), 120 (312), Тирмизи, Тахара 97 (130), Нәсәи, Хайз 17 (382) 821 Фәтхул Бари 13\\55, Табари, Тарих 3\\61, Ибн Кәсир, әл-Бидая 7\\246 449

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша басын қатерге тіге отырып дереу жүгіріп, анамыз- ды сенімді жерге апарып орналастырған822. Сол күні өз әскерінде болған анамыздың бауыры Мұхаммед ибн Әби Бәкірді шақырып алып, оған көп ескерту жасаған хазірет Әли анамыздың қасына әскерлер мен Басраның беделді қырық әйелін қосып беріп Мәдинаға жіберген. Өз әскерлеріне де ескерту жасап, Айша анамызбен кеткендердің ешқайсысына зиян тигізбеуді тапсырады823. Сондай-ақ, «Бүгін Алла бәрін жұмаққа кіргізетініне үміт етемін» деп, сол күні шейіт болғандардың намазын да өзі оқытқан824. Бұл ерекшелік тек хазірет Әли мен анамызға тән нәрсе емес, бұған дейін де айтылғандай, сол күні хазірет Әлидің әскері де осындай ойда болған825. Бұдан шығатын қорытынды, хазірет Әли мен Айша анамыздың арасында ешқандай реніштің болмаған. Сондықтан Жәмәл секілді қайғылы оқиғалардың астарындағы себептер арасынан мұндай дәлелді көрсету мүмкін емес. 822 Табари, Тарих 3\\29, Ибн Кәсир, әл-Бидая 7\\238 823 Бәйхақи, Сүнән, 8\\181 824 Табари, Тарих 4\\534, Ибн Халдун, Тарих 2\\606. Тахмаз, әс-Сәйидәту Айша 137, 138 825 Нәдәуи, Сиратус сәйидә Айша 180 450


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook