Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Айша анамыз да солай. Айша анамыз да «Сыддықа» деп аталған және әкесі Сыддық Әкбар болғандықтан оны Сыддықа бинти Сыддық деп шақырған. Бұл атауды оған шәкірті Мәсруқ берген331. Сондықтан да оны басқа адамдар да Айша Сыддықа деп шақыратын332. Міне, Жүсіп пен Мәриям секілді Айша анамыз да жала мен ауыр сынақтан өтіп, өзінің таңдаулы жандардың қатарында екенін көрсеткен. Әсіресе, жала оқиғасы сыддық дәрежесі тұрғысынан оның қаншалықты қиындықтан өткенін ашық көрсетеді. Айша да хазірет Мәриям сияқты Аллаға шын ықыласпен құлшылық жасалатын үйде дүниеге келіп, кейіннен ең соңғы пайғамбарға жар болып, өмірінде одан басқа ер кісіні мойындамаған. Осыған қарамастан бірқатар яһудилер мен мұнафықтар оның аппақ арына дақ жақпақ болды. Бір айға созылған осындай азапқа толы күндерден кейін таза ақталып, Жүсіп пен Мәриям секілді оның да күнәсіздігін Алла тағаланың өзі баршаға білдірді333. Бір айырмашылығы, Жүсіп пен Мәриямның ақ екені дүниеге жаңа келген сәби немесе қастарындағы бір адам арқылы дәлелденсе, анамыздың пәктігін Алла тағаланың өзі Құранда көрсеткен. Күмәнсіз, бұл назар аударарлық жағдай. Керек десеңіз, пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи 331 Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\241 (26086) 332 Мысалы, қараңыз: Әбу Нуайм, Хилиятул әулия 4\\233; Абд ибн Хумәйд, Мүснәд 1\\428 333 Хазірет Жақыптың атын есіне түсіре алмаған Айша анамыздың «Не дейін, Жүсіптің әкесінің айтқанын айтамын: маған ендігі жер- де үлкен сабыр керек» деуі де осы жерде айрықша назар аударуы мүмкін. 201
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша уә сәлләм) өзге пайғамбарлардан артық тұрғаны секілді өзімен өмірін қосақтаған Сыддықаның да басқалардан ерекшелігін көрсетеді. Пайғамбарымыздың әйелдері және Айша анамыз Хазірет Айшаның (р.а.) басқа аналарымызбен араластығына өтпей тұрып бір мәселені түсіндіріп өткен жөн. Алланың ең сүйікті құлының зайыбы болу бақытын иеленген әйелдердің барлығы қатардағы жай адамдар емес. Олар барша мұсылмандардың анасы һәм мұны оларға Алла тағаланың өзі нәсіп еткен. Оларды зерттегенде үнемі осы шындықты на- зарда ұстау керек. Әрине, олар да ет пен сүйектен жаратылған қарапайым пенде. Кей кездері басқаша ойлап, бір- бірімен қарым-қатынасында өзіне тән мінез көрсетуі мүмкін. Сондықтан осыған қатысты бір мәселені қарастырғанда, міндетті түрде себеп-салдарларын тегіс тексерген жөн. Кері жағдайда негізге сүйенбей бірнеше ғасырдан кейін өзіміздің сүрген өміріміздің өлшемі бойынша оларды сынау әрі орынсыз, әрі ешқандай оң нәтиже бермейді. Түсініктер әрдайым өзгеріп отырады. Қазір бізге дұрыс болып көрінген әрекеттерімізді кейінгі ұрпақ басқаша бағалауы мүмкін. Тарихтағы өткен оқиғаларды сол күннің талаптарымен қате деп қабылдау да, ертеңгі ұрпақ жатырқай қарайтын әрекеттерімізді бүгінгі күні қате деу де дұрыс емес. 202
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Әркім өз дәуірінің адамы және барлық адам сол кезеңге лайықты іс жасайды. Ендеше, тарихтағы белгілі тұлғалар мен оқиғаларды қарастырғанда, олардың сүрген дәуірі мен сол оқиғалар жүзеге асқан ортаның құбылмалы өзгерістерін ескергені жөн. Әйтпесе, көптеген мәселе бүгін қате түсініліп, айрықша тұлғалардың қадірі өз мөлшерінде ұғынылмайды. Жалпы алғанда сахабалардың Алланың назарындағы қадірі жоғары екені белгілі, Хақ тағала оларға разы және олар да Алланың барлық әміріне қалтқысыз мойынсұнған. Олар бәрінен бұрын Құранның мұғжизасы болған қауым. Бұған қоса, пайғамбарымыздың дәрістеріне тізе бүккен, адамзатқа мұғалім ретінде тәрбиленген ең ерекше әрі қадірлі жандар334. Пайғамбарымыздың әйелдеріне келетін болсақ, әрбірінің орны бір төбе болатын, өзгелерге беймәлім сырларға қанық еді, басқаларға берілмеген жақсылықтар соларға берілген. Жұбайлары Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сырласта- ры еді. Хақ жолының жолаушыларына тән, сөздері ерекше даналыққа құрылатын. Сондықтан пайғамбар жұбайларының әрбір іс-әрекетінің астарындағы нәзік хикметтерді көре білу керек-ақ. Осы себепті пайғамбарымыздың әйелдері деген- де екі түрлі мәселеге кезігеміз: Хадиша анамыз және басқа аналарымыз. 334 Сахабаның Алла және расулы назарындағы қадірін білу үшін қараңыз: Чапан Ергүн, Құран кәрімде сахабалар, Ышык йайынлары, Измир 2002 203
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Хадиша анамыз Хадиша анамыздың ертеректе қайтыс болғаны белгілі. Анығырақ айтқанда, Айша анамыз (р.а.) Хадиша анамызбен қатар өмір сүрмеген, өзара апта күндерін бөліспеген. Осыған қарамастан, Айша жарын ең көп Хадиша анамыздан қызғанған. Өйткені, Хадиша пайғамбарымыздың сүйіп қосылған жары әрі ең ауыр күндері қолдау көрсеткен жан еді. Уахиға дейін бірге өткізген он бес жылда адал жар, уахи кезінде ең үлкен қолдаушы бола білді. Хадиша- дан айрылуы да осындай ауыр кезеңмен тұспа-тұс келгені есте. Алайда, Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) адал жар болатын. Өзіне осыншалықты жақын болған, қиын күндерін бірге өткізген жарын есінен шығармай, сәті түскенде үнемі еске алып оты- ратын. Тіпті сындарлы сәттерде де ұмытпайтын. Мысалы, Бәдірде тұтқынға түскен күйеуі Әбул Асты босатуды сұрап қызы Зейнептің жіберген моншағын көргенде, кідіріп қалды. Өйткені, осы моншақты Зейнеп тұрмысқа шыққанда Хадиша сыйлаған бола- тын. Сол себепті бұл моншақ көзіне оттай басылды. Біраз тұрғаннан кейін қасындағыларға: – Қаласаңдар, Зейнептің тұтқынын босатып, мына моншағын өзіне қайтарып беріңдер!335 – деді. Хадиша анамызға деген құрметпен Әбул Ас тұтқыннан босаған. Кейінгі жылдары да осы құрмет өзгермеді. Мек- кеге он мың қолмен келе жатқан кезінде әлдене есіне 335 Әбу Дәуіт, Жиһад 121 (2692); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\276; Байһақи, Сүнән 6\\322; Хаким, Мүстадрак 3\\25, 262, 366, 4\\48; Ибн Сағд, Табақат 8\\31 204
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша түскендей Хажунға кілт бұрылды. Сахабаларының өзіне аңтарыла қарағанына қарамастан, тіке Хадиша анамыздың қабірінің басына барды. Бүгінгі Мекке жеңісінде үлесі барын ескергендей сол жерде ұзақ дұға оқып барып кері қайтты. Хадишаға деген осы сүйіспеншілігі көзі тірісінде сарқылмады. Өзіне бір сыйлық келе қалса, алдымен Хадиша анамыздың жақындарына жіберіп, мейлінше қарасатын. Туыстарынан да құрметін аямайтын. Себебін сұрағандарға: – Мен оның жақсы көргендерін де жақсы көремін336, – деген. Хадишаға шаң жуытпайтын. Бірде Айша анамыз Хадиша туралы ұнамсыз бір сөз айтып қалды. Сол мезет Алла елшісі қабақ шытып былай дейді: – Хадиша менен байлығын да, сүйіспеншілігін де аямаған жан. Тағы бір осындай оқиғада анамыз назданып: – Дүниеде Хадишадан басқа ешкім жоқтай! – деп қалады. Осы сәт Хадиша анамыздың жақсы қасиеттерін тізіп айтқан Расулалла: – Мен әрі сол Хадишадан бала сүйдім!337 – деді. Тағы бірде үйде отырған кезінде есігі қағылды. Есікті ашқан Пайғамбарымыз: – Ой, Алла! Хала келіпті, Хуайлиттің қызы Хала, – деп қуанып кетті. Даусынан жазбай таныды, есікті қаққан Хадиша анамыздың сіңлісі Хала екен. Ішке 336 Ямани, Үммүл Муминин Хадижату бинт Хуайлид Сәйидатун фи Қалбил Мустафа 13 337 Бұхари, Фадаилус сахаба 50 (3607); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\117 (24908) 205
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша кіруге рұқсат сұрап тұр. Даусындағы нәзіктік пен рұқсат сұрау тәсілі Алла елшісін бұрынғы жылдарға апарып, Хадиша анамызды есіне түсірді. Сол жолы жарының толқығанына Айша анамыз куә болып, таңырқап қалған. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Хадишаны осыншалықты жақсы көретін. Пайғамбарға қадірі бар адамның дүние мен ақыретте алаңдауына қажет бар ма? Дегенмен Хадиша қандай қасиетімен осыншалықты сүйіспеншілікке кемелді деген сауалдың туғаны анық. Осы себепті хазірет Айша: – Әлденеше жыл бұрын қайтыс болып кеткен әйелді сонша қадір тұтқаныңыз қалай? Алла одан да қайырлыларын бермеді ме сізге? – деп қалды. Хазірет Айша (р.а.) Алла елшісіның өз аузынан Хадиша анамыздың қадір-қасиетін ұқтырғысы кел- гендей. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) болса бұл сұрақты аса жақтырмаған кейіпте: – Хадишаға жетер адам бар ма? – деп бастады сөзін − Ант етейін, Раббым маған одан асқан қайырлы жар бермеді. Өйткені, ел күпірлікте жүргенде алғаш келіп, сөзіме сенген сол еді. Ел мені өтірікші деп айыптағанда мені растаған, ел менен дүние-мүлкін аяған кезде барын әкеліп алдыма тосқан да сол еді. Жасаған ием маған Хадишадан ұрпақ сүйдірді»338. Анамыз өзі күткен жауабын алды. Расул үшін әркімнің өзіне тән орны бар. Олардың бірін жақсы көруі басқаларды жақсы көрмейтінін білдірмейтін. 338 Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\117 (24908); Хәйсәми, Мәжмауз зәуәид 9\\224, Табарани, әл-Мұғжамул кәбир 23\\13 (22) 206
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Демек, Хадиша анамызды ерекше құрмет тұтуының өзіндік себебі жоқ емес. Айша анамыздың сұрағының арқасында мәселенің мән-жайы барша үмбетке белгілі болды. Бұдан былай Хадиша туралы артық сөз айтпай- тынына уәде беріп, Айша дереу кешірім сұрады339. Міне, бұл Хадиша анамызға деген зор құрмет еді. Өзі тірі болмағанмен әрдайым Алла елшісімен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бірге жүргендей еді. Оны Айша анамыз көзімен көре алмады. Дегенмен пайғамбарымыз үшін Хадиша анамыздың алатын орнын терең түсінді. Әйел болған соң кейде қызғаныш та білдіретін. Күйеуін қызғанғаны ма өзіне бөлген уақыттарын басқалармен бөліскісі келмейтін. Қалай бөліссін, бұрынғы жылдары екі күнде бір Алланың елшісінің жанынан табылса, енді тек тоғыз күнде бір кезек келетін. Оның үстіне бұл күндері Алла елшісі рухани жүдеп Хадиша анамызды жоқтағандай. Сол үшін де басқа әйелдеріне қарағанда Хадишадан көбірек қызғанатын. Бұл жағдайды қасындағыларға былай түсіндірген: – Расулалланы басқа әйелдерінен дәл Хадиша- дан қызғанғандай қызғанбадым. Өйткені, Хадиша туралы көп айтатын және әрдайым мақтап отыратын. Қой сойса да етінен дәм татсын деп Хадишаның ту- ыстарына жіберетін340. 339 Табарани, әл-Мұғжамул кәбир 23\\11; Зәһәби, Сиәр 2\\112 340 Бұхари, Никах; Фадаилус сахаба 50 (3605, 3606, 3607, 5658); Тир- мизи, Бирр 70 (2017); Мәнәқиб 62 (3875, 3876); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\58 (24355) 207
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Басқа аналарымыз Хадиша анамыздан кейін Алла елшісінің табалдырығын тек Сәудә (р.а.) аттаған. Негізі Айша анамызбен бір кезеңде бас қосқан. Дегенмен ол құтты босағаны Сәудә анамыз Айшадан бұрын аттаған. Өйткені, Сәудә анамыздың некесі пайғамбарлықтың 10 жылы қиылса, Айша анамыздың некесі тек хиж- реттен кейін және шамамен төрт жылдан соң қиылған. Қалған аналарымыздың барлығы да хижрет- тен кейін некелескен. Атап көрсетер болсақ, Хафса үшінші, Үммү Сәләма төртінші, Жуәйрие және Зейнеп бинт Жахш бесінші, Үммү Хабиба алтыншы, Мәймуна мен Сафия хижреттің «жетінші жылы» мүминдердің анасы болу құрметін иеленген. Мәселеге пайғамбарымыздың жасы тұрғысынан қарайтын болсақ, Айшамен үйленген кезде жасы елу төртте, Хафсамен қосылған кезде 56, Үммү Сәләмәмен бас қосқан кезде 58, Үммү Хабибамен үйленгенде 59, Мәймуна және Сафия аналарымызбен бас қосқанда 60 жаста болған. Бұл аяулы жандар осыдан бастап мүминдердің анасы ретінде, осы артықшылықтарын сақтап өткен. Тек Сәуда анамызда бір ерекше жағдай болған. Бірде пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзімен ажыраса ма деген оймен: – Мені тастама. Сенімен болатын күнімді Айшаға-ақ арнадым, – деп, мүминдердің анасы болу қасиетін сақтап қалған341. 341 Қараңыз: Бұхари, Никах 97 (4914); Мүслим, Рада 47 (1463); Тирми- зи, Тәфсиру Құран, 5 (3040); Хаким, Мүстадрак 2\\68 (2353); Нәсәи, Никах 1 (3197) 208
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Айша анамыздың жағдайы Мына нәрсе де ақиқат: тағдыр әрбіріне ерекше рөл дайындаған еді. Айшаның жағдайы айрықша бо- латын, бұны өзге аналарымыз да мойындайтын. Жағдай айқын, басы күнәдан таза екендігі тура- сында көктен аят түсті. Сондықтан ғалымдар Айша анамыз туралы әлі де күмәні бар адамдардың ашық түрде аятқа қарсы келетінін және діннен шығып кәпір болатынын, тіпті ондайлар үшін енді тәубе ету мүмкіндігінің жоқтығын айтқан. Өйткені, бұның шала екенін Құран айтуда әрі мұндай әрекет ашық түрде Құран аятына қарсы шығуды білдірді342. Хазірет Әбу Бәкірдің сахаба еместігін айтқан адамның да діннен шығатыны айтылады. Өйткені, Құран пайғамбарымыздың хижретіне байланысты екеуінің көрген қиындықтары туралы айтқан кезде сол күні жанында болған хазірет Әбу Бәкір туралы айтып, ең жақын досы ретінде атаған343. Айша туралы жала нәтижесінде бұл қылмыстың жазасы белгіленді. Ендігі жерде жала жабушылардың жазасыз қалмайтындығы аят арқылы бекіді. Алғашқы жазаны Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өз қолымен осы оқиғада берді. 342 Жалғасында Ибн Аббас «Алла төрт кісіні төрт нәрсемен ақтап, күнәсіз екенін білдірген: Жүсіпті Уәлидпен (абыройына куәлік ет- кен кісі), Мұсаны таспен, Мәриямды ұлы Абдуллаһпен (Ол «мен Алланың құлымын» деген) және Айшаны осы аятпен ақтаған» деген, яғни Айша анамызды ақтаушының адам емес Алланың өзі екенін назарға ұсынған. Қараңыз: Бәйдауи, Тәфсир 1\\181; Замах- шари, Кәшшаф 1\\834; Сонымен қатар, қараңыз: Зеркәши, әл-Ижәбә лима истедрекетху Айша алас сахаба 47 343 Қараңыз: Тәубе, 9\\40 209
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Басқа аналарымызбен салыстырғанда Айша анамыздың көп ерекшелігі болған, тіпті имам Зәркәши сияқты ғалымдар бұл ерекшеліктердің жалпы саны қырыққа жететінін айтқан344. Солардың біразы мына- лар: Тәйәммүм аятының түсуіне себеп болуы (ол оқиға жоғарыда баяндалды). Мекке жылдарында Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Айшаны түсінде көріп Жәбірейіл періште болашақ жары екенін білдірген. Алла елшісіне (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қыздай тұрмысқа шыққан жары тек Айша еді. Әкесі Әбу Бәкір (р.а.) досы әрі өзінің ең жақсы көрген адамы болатын, үмбет арасында жақсылығы мен ізгілігі жағынан Алланың елшісінен кейін тұратын адам сол болатын. Пайғамбарымыздың әйелдері арасында ата-анасы бірге Мәдинаға көшкен кісілер Айша анамыз болатын. Оның отбасына қатысты тағы бір ерекшелік атасы, әкесі, бауыры және жиендерінен екеуі бір әулетке тән төрт ұрпақтың бірден сахаба атына ие болуы еді. Алла елшісіне (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) түсетін уахилерге тек Айша ғана куә болған. Бұл туралы: – Маған уахи әйелдерімнің арасында Айшадан басқа үйде келген емес345, − дегені бар. Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сыйлық бергісі келген сахаба Айша анамыздың үйінде болған кезінде беретін. 344 Қараңыз: Зәркәши, әл-Ижәбә 44-45 345 Бұхари, Хиба 7 (2442) 210
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Жәбірейіл періштені Дыхиятул Кәлби бейнесінде тек Айша ғана көрген, тіпті Жәбірейіл періште оған сәлем берген346. Басқа әйелдермен салыстырғанда мәхірі де жоғары болған. Бірнеше жылдан кейін бұл туралы айтқанда өзі осы мәселеге тоқталып, тек Үммү Хабиба анамыз- ды қоспайды. Мұның себебін: – Патша үйлендірген жоқ па еді? − деп түсіндіреді. Өйткені, Үммү Хабиба анамыздың некесі Хабашстан- да және Хабаш патшасының қатысуымен қиылған. Әсіресе Сәуда анамыздың өз күнін Айшаға беруімен басқалардан гөрі Алла елшісімен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өткізетін уақыты екі есеге артқан. Жарымен махаббаты да айрықша еді. Кейде күйеуіне назданатын, Алла елшісі болса оның көңілін аулауға тырысатын. Басқа әйелдер арасында Расулалла тек сонымен ғана жүгіріп жарысқан, бұл екі рет қайталанған. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оны жұмақтан көргенін айтқан және уысындағы ақ заттың қалай жарқырағанын суреттеген347. Бақиға аттанарда жары разылық танытқан әйелдерінің басында күмәнсіз сол тұрды. Білім жағынан да өзін көрсетіп, басқалардан ерек- шеленген, сахабалар арасында ешқандай әйел хадис 346 Бұхари, Бәдул Халқ 6 (3045); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\74 (24506), 6\\146 (25174); Мүстадрак 3\\37 (4332), Ибн Әби Шәйба Мұсаннаф 6\\389 (32279). Хазірет Дыхия кейпінде Жәбірейілді Сәуда анамыздың да көргені туралы айтылады. 347 Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\138 (25120); Табарани, әл-Мұғжамул кәбир 23\\39 (98); әл-Мұғжамул әбсәт 3\\284 (3161) 211
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша риуаят етпеген. Айшаның ғылымдағы тереңдігі барша әйелдерден басым түсетін. Бір мәселеде шешім таба алмағандар соған келіп жүгінетін. Тахир оқиғасында ақыретті не дүниені таңдау еркі берілгенде, ақыретті таңдаған да Айша болатын. Науқасы асқынған соңғы екі аптасын Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) соның қасында өткізгісі келген. Мәңгілік өмірге аттануы да соның күндерінде, басын соның тізесіне қойған қалыпта жүзеге асты. Соңғы демінде аузына салып езіп жұмсартқан мисуак- ты пайғамбарымыздың аузына салғаны да бар. Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мәйіті Айша анамыздың бөлмесінде жерленді, үмбет үшін ол топырақ ең қайырлы топырақ болып та- былады. Осы тұрғыдан анамыз Алла елшісімен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дүниеден озса да бір бөлмені бөлісуін жалғастырған. Пайғамбарымыз қайтыс болғаннан кейін са- хабалар діни бір мәселенің түйінін Айшадан келіп сұрайтын. Ғибадатқа берілгендігі, ораза, намазға мұқияттылығы, тақуалығы, қолындағы барын тара- туы сияқты қасиеттері оның ерекшелігін көрсететін. Анамыздың осындай қасиеттерін назарға алғандар оны айрықша құрметтеп, көңілін аулап, батасын алуға ұмтылатын. Хазірет Омар (р.а.) халифалығы кезінде өз қызы Хафсаға да қарамастан, Айша анамызға басқалардан көбірек үлес бөлетін. 212
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Қызғаныш па, қызығу ма? Айша анамыз бен пайғамбарымыздың әйелдері арасында болған әңгімелерге қарағанымызда, олардың бір-бірін қызғанғаны, әсіресе Айша анамызға қатысты жайттар, кей кездері Айшаны басқалардан қызғанғаны сөз етіледі. Бұл дұрыс, бірақ түсіндіруді талап ететін мәселе, ол былай: Ең әуелі толықтай мағынада мұны қызғаныш деуге келмейді. Неге десеңіз, бұл сөздің бізде беретін мағынасы онша жағымды емес, басқаның қолындағыға көз алартуды бідіреді. Алайда, аналары- мызда басқада бар нәрсеге іштарлану болмаған, олар сондай жағдайға өздері де қол жеткізгенді қалайтын. Бұған қоса, олар әлі үкімі белгісіз мәселелерде өз білгендерінше әрекет жасап, басқалардың жаңа мәселелерді үйренуіне себеп болған. Ендеше, мұны қызғаныш емес, қызығу деп атаған жөн. Өйткені, олар басқада болмасын демеген, өзі де соған жеткісі келген. Осы тұрғыдан аналарымыздың өзара байланыстарын көрсетуге қызығу сөзі анағұрлым келіңкірейді. Пенде болған соң араларында қызығушылықтың болуы қалыпты. Өйткені, «мүминдердің анасы» дәрежесіндегі жандар мен Алла елшісінің арасын- да өткен оқиғалар осындай жағдайларда Құран мен сүннет аясында не істеу керектігін білуде кейінгілерге өнеге. Ақиқатты анықтау мақсатында олардың да арасында осындай оқиғалардың болып тұруы табиғи нәрсе. Бұл тұста Айшаның басқа аналарымызға қызығуы және басқа әйелдердің Айша анамызға 213
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша қызығуы түрінде екі жақты қызығушылық туралы айтуға болады. Тағы бір назар аударатын тұс, бұл жағдай жай бір адамға қатысты емес, өзімен бір сәтті болса да бөлісуді әрбір мүмин арман еткен Алланың ең сүйікті құлы пайғамбарымызға қатысты. Алайда, босағасын аттаған әр әйелмен Пайғамбарымыздың жұбайларына арнаған күндері бөліске түсетін. Анығырақ айтқанда, Алланың елшісі хижреттің үшінші жылы Хафса анамызбен үйленгенге дейін Сәуда және Айша аналарымызға екі күнде бір кезек келсе, бұл үйге басқа аналарымыздың келуімен оларға кезек тек тоғыз күнде бір келетін. Әсіресе, Айша анамыз уақытты бөлісуге сараң қарағаны белгілі. Мәселеге сырттай әрі әйел табиғатын ескере отырып қарағанда, Алла елшісін (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзінен төрт жыл бұрын некелескен Сәуда анамыздан қызғануы керек-ті. Бірақ, басқа әйелдерге қарағанда Айша (р.а.) осы Сәуда анамызбен жақсы түсініскен. Тіпті ол кісі туралы: – Қандай асыл әйел! Сәудадан асқан әйелді көрмедім348, – дегені де бар. Айша анамыздан кейін келген әйелдердің жанын- да ол жол көрсетуші болатын. Айша мен Хафса анамыз көп араласқан. Хафса (р.а.) хазірет Омардың қызы еді. Әкелерінің достығы қыздарына да өткен секілді еді. Анда-санда отырып кеңесетін, бір-бірінің пікірін құрметтейтін. 348 Мүслим, Рада 47 (1463); Ибн Хиббан, Сахих 10\\12 (4211); Байһақи, Сүнән 7\\74 (13211); Нәсәи, әс-Сунәнул кубра 5\\301 (8934); Исхақ ибн Рахуайх, Мүснәд 2\\207 (712) 214
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Үммү Сәләма анамыз ақыл-ой, зеректігімен оқшау тұрған. Әсіресе, Хұдайбия күні болған қақтығысты шешуде зеректігін байқатқан349. Хазірет Жүбәйрияның қаншалықты жақсы кісі екенін: – Қауымына дәл Жүбәйриядай пайдасы тиген адамды білмеймін350, – дегенімен білдірген. Хазірет Айша (р.а.) басқа аналарымыз үшін де мақтау сөздер айтқан. Бірақ әрбірі анамызды Алланың елшісінен бір-бір күнге алыстатқан жандар еді. Қалыпты жағдайда Алланың ең сүйікті құлынан өзін алыстатқан адамға басқаша қарау керек болса (ұсақ-түйек оқиғаларды қоспағанда) хазірет Айша бұлай жасамаған. Алланың елшісінің таңдауына қиналмастан көнген. Өйткені, ол пайғамбардың үйінен сабақ алған шәкірт болатын. Күйеуінің мақсатын айтқызбай сезетін. Өйткені, пайғамбарымыздың үйленуі жайдан-жай емес, исламды жаю мақсатында екенін жақсы білетін. Біреуімен үйлену арқылы меккеліктерді бері қаратса, біразы арқылы үлкен қауымдар мен тайпаларды исламға шақырғысы 349 Сол күні Меккеліктермен келісімшарт жасалған. Умра жасай алмай кері қайту сахабаларға ауыр тиіп, Хұдайбиядан кеткісі келмейді. Ренжігендері соншалық, Алла расулының талаптарына да бірден «иә» дей алмай абдырап қалды. Бұл жағдай туралы пайғамбарымыз анала- рымызбен ақылдасқанда, Үммү Сәләма анамыз оған өз құрбанын ша- луы керектігін айтады. Шынында да барып құрбанын шалғанда, арты- нан сахабалар да дәл солай жасай бастады, мәселе осылайша шешілді. Қараңыз: Бұхари, Шурут 15 (2581); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 4\\323 (18930); Ибн Әби Шәйба, Мұсаннаф 7\\383 (36840) 350 Әбу Дәуіт, ′Итық 2 (3931); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\277 (26408), Сондай-ақ, оның сұлулығы мен сүйкімділігін де айтады. Қараңыз: Хаким, Мүстадрак 4\\28 (6781) 215
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша келген. Бұның құмарлықтан тумағаны анық, осындай құдандалық дәстүрмен көп адамдар мұсылмандықты қабылдаған. Бұл некелердің кейбірі Үммү Хабиба мен Зейнеп секілді уаһи арқылы жүзеге асқан. Бұл тұрғыдан қарағанда Мекке жеңісінің Үммү Хабиба анамыз бен Алла елшісіның некеленген күні жүзеге асқанын351, Зейнеп анамызға үйленумен сол күнгі қоғамда бар қате түсінікке жол берілмегенін айтуға болады352. Сондай-ақ, анамыздың дәрежесі наз дәрежесі болатын. Бұл дәрежеде кейбір әрекеттер жақсы қабылданатын. Бұл үй осындай мәселелерге кезігетіндер үшін шешім жолын ұсынатын мектеп тәрізді еді. Барлық әйелде болатын мұндай әрекеттердің осы мектептен шығуы керек еді, сонда адамдар шешім жолын табуда Алла елшісінің өміріне қарамақ. Тіпті, даналығы тұрғысынан қарағанда үйінде мұндай оқиғалардың болуы керек те еді. Өйткені, ол кезде аналарымыздың арасында осын- дай шағын жағдайлар орын алмағанда табиғатынан әйелдердің арасындағы осындай мәселелерді шешуде дұрыс жол табу қиындар еді. Олардың мұндай 351 Пайғамбарымыздың Үммү Хабиба анамызбен некесі Хәндәктен кейін және Хұдайбиядан бұрынғы уақытқа тең келеді. Бұл некенің «Алла сендер мен дұшпандарыңның арасындағы осы келеңсіздіктерді жойып, орнына жақсылық орнатар деп үміт етіледі» (Мүмтахина, 60\\7) деген мағынадағы аят келгеннен кейін жүзеге асқаны белгілі. Нәтиже де солай болған, осы некеден кейін Әбу Суфияннан бастап меккеліктердің саясатында біраз өзгерістер болған. Кеңірек мәлімет үшін Ышык баспасынан шығатын «Фетхин мүминлери» атты кітапқа қарауға болады. 352 Зейнеп анамыздың Алла расулымен некесінің қиылатыны уахи түрінде түскен. Қараңыз: Ахзаб, 33\\37 216
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша әрекеттері басқа әйелдердегідей емес, уақытша және бір сәттік оқыс мінезден туындаған. Бұған қоса, Алланың елшісі де (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қызғануға тұратындай жан еді. Сәті түскен бір күні еріне жақындап, назданып: – Егер жемісі төгіліп тұрған жерге барсаңыз, ол жерде жемістердің желінгені және желінбегені болса, қайсысын таңдар едіңіз? – деп сұрады. Айшаның өзіне қыздай қосылғанын меңзегенін жақсы түсінген Пайғамбарымыз оның күткен жауа- бын берді: – Әлі ешкім қол тигізбеген жеміске!353 Сондай-ақ, бұл үйде әркім өз мінезімен үйлесетіндермен жақын араласқан. Мысалы, Айша Хафса мен Сәуда Сафияға жақын болса, Зейнеп Үммү Сәләма анамызға жақын болған354. Бұл үйде Айша анамыздан кейін Зейнеп анамыздың сөзі жүретін. Пайғамбарымыздың әпкесінің қызы, Абдулла ибн Жахш секілді сахабаның қарындасы бо- латын. Алла елшісіне әйел болып, некесі аят арқылы қиылып, Құраннан орын алған355. Яғни, біреуінен жақын болуы басқаларынан алыстауды керек етпейтін. Араларында әртүрлі көзқарастың болуы әрине мүмкін еді, дегенмен қай кезде де Алланың елшісінің таңдауы шешуші рөл атқаратын. Дегенмен араларында өзара құрмет болғаны даусыз. Мәселен, хижреттен кейін Айшаны (р.а.) некеге дайындағандардың басы-қасында Зейнеп 353 Бұхари, Никах 9 (4789); Ибн Хиббан, Сахих 10\\174 (4331) 354 Бұхари, Хиба 7 (2442); Табарани, әл-Мұғжамул кәбир 23\\50 (132) 355 Қараңыз: Ахзаб 33\\37 217
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша анамыз жүрумен қатар жаладан оны ақтағандардың басында да сол тұрды356. Пайғамбарымыздың әйелдерінің арасында болған келіспеушіліктердің түбінде көбінесе жақсылықта жарысу бар еді. Өйткені, бірі жасаған жақсылық не құлшылықты басқасы да жасағысы келетін. Құлшылық жасағысы келгенде мешітке бір шатыр құрылып, Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) рамазанның соңғы он күнін осы шатырда өткізетін. Бір жолы мешіттің ауласында Айша анамызға да шатыр тігілді. Демек, рұқсат деген сөз. Іле басқа ана- ларымыз да осындай талап қойды. Әуелі, Хафса келіп, Айша анамыздан рұқсат сұрап, өзіне шатыр тіккізді. Оның артынша Зейнеп те өзіне шатыр тігілгенін сұрады. Таң атып, ауланың шатырға толып кеткенін көрген Алла елшісі: – Бұларың не? – деп сұрады. Аналарымыз пайғамбарымызға біртіндеп жағдайды түсіндіреді. Алайда, Алла елшісі мазасыз- данып: – Сонда дұрыс істедік деп ойлайсыңдар ма? – деді. Бәсекелестік шыққан жерде ғибадатта қайдан ләззат болсын. Пайғамбарымыз дереу шатырларды жыққызды, өзі жарты құлшылығын Шәууәл айында аяқтады357. 356 Қараңыз: Бұхари, Тәфсир 18 (4473, 4479); Шаһадат 15 (2518); Мүслим, Тәубе, 56 (2770) 357 Бұхари, Иғтикаф 6 (1928); Мүслим, Иғтикаф 2 (1173); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\84 (24588) 218
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Бірде жорықтардың бірінде жеребе Зейнеп пен Сафия анамызға түсіп, екеуі бірге шығады. Жол ұзақ. Ауыр жүрістен Сафияның мінген түйесі болдырып, жүре алмай қалады. Ал, Зейнеп анамыздың жетегінде артық түйе бар еді. Жағдайды білген пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Зейнепке қарап: – Сафияның түйесі болдырып қалды, жетегіңдегі түйеңді бер, – деді. Сол күнге дейін мұсылмандар Бәни Қайнуқа, Бәни Надыр, Бәни Құрайза, Хайбар, Уадил Қура сынды иудей тайпалардан көп теперіш көрген болатын. Әсіресе, Сафияның әкесі Хуай ибн Ахтаб мұсылмандарға қарсы одақты басқарған адам еді. Мәдинада олардың қиянатына куә болмаған жан жоқ. Қысқаша айтқанда, иудейлерді ұнатпайтынын жасырып қала алмай: – Түйемді мына иудейге бер дейсіз бе? – деді. Бұл Алла елшісін ренжітетін сөз еді. Қандай себеппен болса да, мұндай сөзге бұдан кейін ерік берілмеуі керек. Сондықтан Зейнепке қатаң ескер- ту жасап, екі-үш ай бойы енді оған жоламайтынын білдірді. Бұны естігенде Зейнеп анамыздың да жан- дүниесінің астаң-кестеңі шықты. Алланың елшісінен жырақтап қалғанына өкінді. Кешірім тілеп, бұрынғы күнімді келтір деп дұға етті. Мерзім осынша ұзаған соң ажырасқаны шығар деп ойлады, тіпті төсек- орнын да жинай бастады. Соңғы үмітпен Айша анамызға барып, Алланың елшісіне жолығуын өтінді. Дұрысы да осы еді. Өйткені, Айша анамыз араласқан ісінен нәтиже шығаратын. Расында да 219
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша барып сөйлескеннен кейін пайғамбарымыз райынан қайтты. Сөйтіп, Зейнеп анамыз кешірімге қол жеткізді. Осылайша, ең ауыр азапты күндер де аяқталды. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қайтадан үйіне ерекше жарық ала келгендей болды358. Зейнеп анамыз жіберген қателігін түсініп, енді ондай қылығын сап тыйды. Алланың елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үшін алатын орны айрықша болса да Зейнепті (р.а.) мақтап Айша (р.а.) былай деді: – Мен дәл Зейнептей дінге берілген адам көрмедім. Ол тақуалыққа мұқият қарайтын, Ал- ладан қатты қорқатын. Жақындарына қарасып, садақа беруде алдына жан салмайтын. Көмек беруге дайын тұратын. Аллаға ең жақынымыз еді. Бір айырмашылығы, табиғатындағы қызбалығынан тез ашуланатын, алайда қайтуы да тез болатын359. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір күні оларға: 358 Қараңыз: Әбу Дәуіт, Сүнән 4 (4602); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\131 (25046), 6\\261 (26293); Хәйсәми, Мәжмауз зәуәид 4\\323; Та- барани, әл-Мұғжамул әбсәт 3\\99 (2609), әл-Мұғжамул кәбир 24\\71 (188). Айша анамыздың араласқан адамы Сафия анамыз болғаны ту- ралы да айтылады. Тіпті, бұл мәліметте осылай делдалдық жасағаны үшін расулаллаға тән өзінің күнін Айша анамызға берген. Бір-біріне ұқсайтын осы оқиға екі анамызда да болған болуы мүмкін, екеуінде де делдал болып араға Айша анамыз араласса керек. Қараңыз: Ах- мад ибн Ханбал, Мүснәд ; Нәсәи, әс-Сунәнул кубра 5\\300 (8923) 359 Мүслим, Фадаилус сахаба 83 (2452); Нәсәи, Ишратун ниса 3 (3944); Нәсәи, әс-Сунанул кубра 5\\281 (8892); Табарани, әл-Мұғжамул әбсәт 9\\88 (9211); Байһақи, Сүнән 7\\299 (14526) 220
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша – Араларыңда маған алғаш қауышатынның қолы ең ұзының, – дейді. Кейіннен естеріне осы сөз түсіп, бір жерге жинала қалса қолдарын созып бір-бірімен салыстыратын. Осы оқиғаны риуаят еткен Айша анамыз (р.а.): – Біз пайғамбарымыздың әйелі Зейнеп қайтыс болғанға дейін ол сөздің мәнісін түсінбеппіз. Қолы ұзын дегені көп садақаны білдіреді екен. Бірақ, ол арамыздағы бойы ең ұзын емес болатын. Бір ерекшелігі, қолымен іс тігіп, жиған қаражатын үнемі садақаға тарататын360. Тағы бірде Айша анамыз Сафияның бойы қысқа екенін айтып: – Сафияға сонша көңіл бөлгенді доғарсаңызшы, – деп қалды. Ашуланған жары: – Сен сондай бір сөз айттың, егер бұл сөз теңізге тасталса, бәрін былғар еді, – деді. Анамыз да өкінді. Мақсаты Алланың елшісін ренжіту де, Сафия ана- мызды кемсіту де емес еді. Сондықтан да: – Мен тек оны сырттай сипаттадым, – деді. Сонда пайғамбарымыз: – Мейлі дүниені тұтас берсе де ешкімнің оның сыртынан солай дегенін ұнатпаймын361, – деді. Бұдан былай Сафия Айша анамыз үшін Алланың елшісінің аманатындай көрінді. Көңілін жағымсыз ойлардан арылтып, Сафияны қасына ертіп, ең қиын сәттерде де екеуі бірге жүрді. 360 Бұхари, Зекет 10 (1354); Мүслим, Фадаилус сахаба 101 (2452); Нәсәи, Зекет 59 (2541); Ибн Хиббан, Сахих 8\\108 (3314) 361 Әбу Дәуіт, Әдәб 40 (4875); Тирмизи, Сыфатул қияма 51 (2502) 221
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Сұлулығы әрі тамақты дәмді пісірумен көзге түскен362 Сафия анамыз қайтыс болған кезде артын- да жүз мың дирхам қалдырған. Оның үште бірін сіңлісінің баласына арнады. Сонда бұл баланың иудей екенін айтып, ақшаны бергісі келмегендерін естігенде, Айша анамыз дереу іске араласып, оларға былай деді: – Алладан қорқыңдар, өзіне өсиет етіп қалдырған нәрсені беріңдер!363 Бір нәрсеге ренжігенімен оны тез ұмытып кететін. Аналарымыздың қай-қайсысының да қарапайымдылығы мен пәктігі адам қызығарлықтай еді. Бірде Үммү Хабиба Айшаға: – Бір кісінің жары емеспіз бе, екеуміздің ара- мызда біраз түсініспеушіліктер өткен болуы мүмкін, Алла тағала сені де, мені де кешірсін, – дейді. Алайда, тарих кітаптарында, табақат кітаптарында да Үммү Хабиба мен Айша анамыздың арасын- да болған келеңсіздік туралы айтылмайды. Соның өзінде бұған мұқият қарайтын. Өйткені, олар Алла елшісінің әйелі болу бақытына ие болған жандар еді. Ақыретке реніш арқалап кетуді қаламайтын. «Алла кешірсін» деген сөзге сонда Айша анамыз: 362 Нәсәи, Ишрәтун ниса 4 (3957). Бір жолы Айша анамыз оның әкелген табағын сындырып, тамағын төккенін және оның өтемінің не екенін расулалладан сұрағанын айтады. «Табаққа табақ, тамаққа тамақ» деген жауап алады. Қараңыз: Тирмизи, Ахкәм 23 (1359); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\148 (25196); Нәсәи, Ишратун ниса, 4 (3957) Нәсәи, әс-Сунәнул кубра 5\\286 (8905) 363 Ибн Сағд, Табақат 8\\128 222
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша – БәріүшінАлласенідекешірсін,кемшіліктеріңді кешірсін және бұлардың жайсыздығынан сақтасын, – деп дұға етеді. Үммү Хабиба анамыз разы кейіпте: – Сен мені қуанттың ғой, Алла да сені қуантсын!364 – дейді. Осы сөзді Мәймуна анамыздан естиміз: – Ол біздің арамызда ең тақуа, Алладан ең көп қорқатын және туыстарын қолдауда ең алда тұратынымыз еді!365 Бәрі ізгі жандар болғандықтан араларындағы қатынас та әрдайым осы ізгілікке негізделген. Тағы қайталап айтатын болсақ, қызғаныш деп қабылдауға болатын, алайда біз қызығу деп атайтын бұл жағдайлар олар үшін тұрақты емес, бір сәттік мінез болатын. Сабаға түскен мезет жағдайды ушықтырмайтын. Бір күні Сәуда анамыздың үйінде Расулалланың Айшаға деген сезімі әңгіме болды. Ұзақ әңгімеден кейін бір шешімге келіп: – Үммү Сәләма, ант етейік, жұрт сыйлық беретін кезде де Айшаның күнін күтетінін білесің, бірақ Ай- шадан басқамыздың да пейіліміз дұрыс қой. Барып білдірші, жұртқа сыйлықты тек Айшаның кезегінде емес кез-келген басқа уақытта да әкеле берсін деп айтсын, – дейді. Бәрінің ойы осы болғандықтан, Үммү Сәләма анамыз барып жағдайды Алла елшісіне айтты. Алайда, күйеуі бұл өтінішті жақтырмай, жүзін басқа жаққа 364 Хаким, Мүстадрак 4\\24 (6773), Ибн Сағд, Табақат 8\\100; Зәһәби, Сиәр 2\\223; Ибн Хәжар, Исаба 7\\653 365 Хаким, Мүстадрак 4\\34 (6799); Ибн Сағд, Табақат 8\\138; Әбу Нуайм, Хилия 4\\97; Зәһәби, Сияр 2\\244; Ибн Хажар, Исаба 8\\128 223
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша қаратты. Мұңайып қайтып келген Үммү Сәләма (р.а.) жағдайды аналарымызға айтқанда, олар тағы баруын өтінді. Екінші рет те осы жағдай қайталанды. Үммү Сәләма үшінші рет барғанда, Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ашуланып: – Үммү Сәләма, Айшаны айтып мені қинамаңдар! Уаллаһи, одан басқа әйелдің қасында маған уаһи келген емес, – деді. Мұны көріп талабынан бас тартқан Үммү Сәләма: – Сізді қинағаныма өкініп тәубе етемін, – деді. Негізі бәріне ортақ қасиет сол, істің ақиқатын түсінгенде өз пікірінен бас тарта білетін. Сондықтан алған жауабын жеткізіп, енді бұл іске араласқысы келмейтінін білдірді. Аналарымыз жауапты тыңдауын тыңдағанымен әлі де ойымызды анық жеткізе алмаудамыз деп ойлады. Бәрі енді Фатиманы араға салып: – Әкеңе барып Әбу Бәкірдің қызымен басқа әйелдеріңді де тең көрсеңші деп біздің сәлемімізді жеткіз, – деді. Әуелгі жайттан хабарсыз Фатима (р.а.) аналары- мызды ренжітпейін деп естігендерін әкесіне барып айтты. Алайда, пайғамбарымыз оған да ашулана қарап: – Қызым, менің жақсы көргенімді сен жақсы көрмейсің бе? – деді. Бұл жауабы белгілі сұрақ болатын, еш кідірместен: – Жақсы көремін, – деді. Бұл сөздер соншалықты қатқыл естілгендіктен, Фатима анамыз алғашында сілейіп тұрып қалды, іле дереу кейін шегінді. Барып жағдайды аналарымызға айтқанымен, олар тағы да 224
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша барып жолық десті. Бірақ Фатима анамыз енді бұл іске араласқысы келмейтінін кесіп айтты. Ендігі кезек Зейнепте еді. Қанша дегенмен басқалардан артықшылығы жоқ емес, некесі аятпен қиылмап па еді?! Жанындағылардың қыспағымен Зейнеп те барып: – Әйелдерің сенен Айшаны бөлектемей бәріне тең қарауыңды қалайды, – деді. Мұны біраз дауы- сын көтеріп айтты, мұны сол жерде отырған Айша анамыз да естіді. Оның да бұл мәселеден хабардар болғанын көрген пайғамбарымыз бір жағынан Айша анамыздың әрекетіне көзінің қиығын салды. Өз ара- ларында сөйлесе бастады. Айшаның артықшылығы айқын түсті. Зейнеп анамыз райынан қайтып кері шегінді. Мұны көрген пайғамбарымыз тағы да Айшаның артықшылығын білдіріп: – Қанша дегенмен, Әбу Бәкірдің қызы ғой,366 – деді. Сынақ күндері Жақындықабайлаудыкерекетеді.Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сияқты Алланың ең сүйікті құлына жақындық да өте мұқияттылықты қажет ететін. Бұл бір жағы аналарымыздың өте ауыр 366 Бұхари, Хиба 7 (2442); Ибн Сағд, Табақат 8\\172; Нәсәи, Ишратун ниса 3 (3950); Тирмизи, Мәнәқиб 63 (3879). Бұдан бұрын айтылған және Алла расулының «Көрдің бе? Бұл кісінің ашуынан сені қалай құтқардым?» деп әзілдегені де осы кезде жүзеге асқан болуы мүмкін. Қараңыз: Мүслим, Рада 46 (1462); Әбу Дәуіт, Әдәб 92 (4999); Нәсәи, әс-Сунәнул кубра 5\\139 (8495), 5\\365 (9155) 225
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша сынақтардан өтуіне алып келді. Дегенмен қиын өмір сүрді. Пайғамбарлық жүктелген әрі дүниеден өз еркімен бас тартқан жанмен бірге жүрудің әрине бағасы зор болмақ. Өйткені, бұл шаңырақ кейінгі баршаға үлгі болуы тиіс еді. Табиғатына сіңісті болғандықтан аналарымыз да қызғанатын. Бірақ бұл үй әртүрлі жамандықтан таза еді. Кішкентай кемшіліктің өзі ол жерде үлкен айып саналатын. Бұған қоса, сәл де болса жағдайды жақсартқылары да келді. Бірақ пайғамбарымыздың шаңырағы үшін бұл да артық еді. Негізі бұларды кінәға жатқызуға келмейтін, өйткені, әлі шариғат жалғасқан кезеңде олардан шығатын мұндай айырмашылықтар мәселенің шынайы жағының анықталуында маңызды фактор болып көрінетін. Қатарынан болған екі оқиға олар үшін де, кейінгілер үшін де маңызды мәнге ие еді. Нәтижеде Алла мен елшісінің қалауын артық көрген аналарымыз бұл сынақтан өтті. Ал біз үшін мұндай сынақ әлі де қатал жалғасуда. Харам ету Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әсіресе екінді намазынан кейін әйелдеріне арнайы уақыт бөліп, қал-жағдайларын сұрайтын. Араларын- да әділдікті сақтауға тырысатын. Осыған әдеттенген аналарымыз намаздыгерден кейінгі уақытты күтетін. Бірде бәрі бірге Алла елшісін күтті. Алайда, еш хабар болмады. Уақыт өткен сайын олар алаңдай баста- ды. 226
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Кеш те болса бір кезде пайғамбарымыз келді. Әйелдері бұл кезде әлденеден күмәнданғандай еді. Бәрінің атынан Айша анамыз сөз алып, неліктен кешіккенін сұрады. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): – Зейнепке бір әйел бал сыйлапты – деді. Жұбайлары мән-жайды түсіне қойды. Демек кешігуінің себебі Зейнеп анамыз болатын. Әйелге тән қызғаныш сезімі ойнады. Алайда, мұны пайғамбарымызға білдірмеді. Өзара кеңесіп, ол кімнің жанына барса да «Не ішкенсіз? Мынау ненің иісі?» деп сұрауға келіседі. Егер «Бал шәрбатын іштім» десе «Бұл ара гүлдерін сасық ағаштардан жинаған сияқты ғой» деуге келіседі. Өйткені, олар Алланың елшісінің өткір иісті ұнатпайтынын білетін367. Шынында солай болды. Қайсысының жанына барса да мұрнын тыжырайтқанын байқады: – «Зейнеп берген бал шәрбатын іштім», – де- генмен, іштей әйелдерінің бұнысына ренжіді. Тіпті, ендігәрі бал шәрбатын ішпеуге ант етті368. Мұндай антты басқа адам айтса ештеңе болмас еді. Алайда, пайғамбар жай бір адам емес, оның үстіне уахидің келуі әлі тоқтамаған болатын. Дін оған уахи арқылы түсіндіріліп, Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сол діннің іргетасын қалайтын. Сондықтан да оның өмірлік ұстанымын кейінгілер де үлгі етпек еді. 367 Қараңыз: Бұхари, Хиел 11 (6571); Талақ 7 (4967); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\249 (26162) 368 Қараңыз: Бұхари, Тәфсиру сура 386 (4628); Талақ 7 (4966); Мүслим, Талақ 21, (1474); Нәсәи, Талақ 17 (3421) 227
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Көп өтпей Жәбірейіл періште келіп, тағы да уахи жеткізді. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) уахи түсіп жатқан сәтте қара терге малшынып, иығына түскен жүктен белі майысқандай қиналды. Іле жүзі жадырап сала берді. Өйткені, Ұлы Алла оған: «Ей, Нәби! Әйелдеріңнің көңіліне бола өзіңді қинап Алланың саған адал еткенін неге өзіңе тыясың? Білесің, Алла Ғафур һәм Рахим». Бұл аяттармен адамзатқа жаңа хабарлар ұсынылды әрі бірнеше мәселе шешілді. Біріншісі, Алла тыйым салмаған істен адамның бас тартпауы. Екіншісі, егер өзіне тыйым салған болса, дереу кешірім тілеу керектігі әрі Алланың Ғафур, Рахим екенін еске салу. Тағы бір мәселе, адалдан ант ете отырып өзіне тыйым салған жағдайда, сол антының төлеуін төлеп, өзіне тыйым салмауы керек. Өйткені, аяттың жалғасында былай делінген: «Керек кезінде анттарыңды шешу үшін Алла тағала сендердің көмекшілерің, иелерің. Ол барлық нәрсені толық білуші, толық үкім мен даналық иесі»369. Пайғамбарымыздың әйелдеріне қатысты хабар- лар мұнымен шектелмейді. Жәбірейіл періштенің әкелген хабарларында өте өткір сөздер де орын алған. Өйткені, бұл кездерде Алланың елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Хафса анамызға бір сыр айтқан болатын370. Ешкімге айтылмауы тиіс сыр еді. Деген- 369 Тахрим, 66\\1, 2 370 Бұл сырды кімнің кімге жеткізгені туралы Құранда ештеңе айтыл- майды, бірақ хадис кітаптарында түсіндірмелер бар. Хафса анамыз сырды Айшамен бөліскен. Пайғамбарымыздың Хафса анамызға 228
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша мен сырға берік бола тұра мәселенің маңыздылығын түсінбеген Хафса анамыз оны өзімен сырлас Айшаға айтып қойды. Сырдың ашылғанын Алла тағала хабардар етіп, Расулалла сыр сақтай алмағаны үшін Хафсаға реніш білдірді. Сырды ашыпсың ғой дегенді естігенде хазірет Хафса абдырап: – Мұны сізге кім айтты? – деп сұрады. Жары: – Барлық нәрсені білетін Алим, барлық оқиғадан хабардар Хабир Алла білдірді, – деп жауап қатты. Аналарымыз қатты өкінді. Демек, Пайғам- барымызға тән ең кішкентай нәрсенің өзі өте үлкен мәселе болатын. Ұмытылмайтын үлкен сабақ алды. Сырды жан адамға тіс жаруға бол- майды. Пайғамбарымыздың сырын өзара бөліскен жұбайларына тәубе етулері керек. Бұл мәселе Құранда былайша баяндалған. «Енді екеуің де, ей, пайғамбардың әйелдері! Егер жүректерің қалаған жағдайдан тайқуына байланысты тәубе етсеңдер қандай жақсы!371. Жоқ, егер сезімдеріңе айтқан бұл сырына қатысты әртүрлі жорамалдар жасалған. Басты- лары мыналар: 1. Бал шәрбатын ішпеуге ант етуі. Қараңыз: Бұхари, Тәфсиру сура, 386 (4628), Талақ 7 (4966), Мүслим, Талақ 21 (1474), Нәсәи, Талақ 17 (3421), 2. Әлсіз риуаят ретінде хазірет Марияға жақындамайтыны туралы ант ішуі. Қараңыз: Байһақи, Сүнән 7\\353 (14854), Нәсәи, әс-Сунәнул кубра 5\\286 (8907), 6\\495 (11607), Мақдиси, әл-Ахадисул мухтара 5\\69 (1694). 3. Халифалықтың әуелі Әбу Бәкірге, сосын хазірет Омарға өтетіні. Бұл жерде назар аудара- тын тағы бір мәселе Құранның сыр деген мәселесінің сонда да сыр болып қалуы, уахидің отбасы ішіндегі бұл сырды ашпауы болып табылады. Бұл жағынан Құран отбасыға қатысты түрде жан-жақты сабақ береді. 371 Аяттағы сөздерді «Егер Аллаға бет бұрып, тәубе етсеңдер бұл қиын емес, оңай, негізі өз жүректерің де осындай тәубеге бейім» деп 229
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша беріліп, пайғамбарға қарсы бір-біріңді қолдасаңдар, біліп қойыңдар, Алла оның көмекшісі, Жәбірейіл, салих мүминдер және періштелер де тілекшілері. Егер сендермен ажырасса, біліңдер, Раббы оған сендерден қайырлы, Аллаға берілген, мүмин, шын мойынсұнған, тәубешіл, құлшылыққа құлықты, оразаға мұқият, жесір әрі бойдақ басқа әйелдер нәсіп етеді»372. Иә, екеуі бұған күйеуін басқалардан қызғанғаны үшін барған болар. Алайда Ұлы Жаратушының оны қаншалықты қолдап тұрғанын енді жақсы аңғарғандай. Сонымен қатар, бұл сөздер хазірет Мұхаммедтің дәрежесін тағы бір рет көрсетсе, осын- дай дәреже иесінің әйелі болудың қандай бақыт екенін де білдірген. Ендеше, оған әйел болғандардың бұндай әрекеттерге баруына жол жоқ еді. Ендігі жерде әйелдері бұндай орынсыз әрекетке беттемеді. Қиындық көру Біраз оқиға бірінен соң бірі орын алып жатты. Сол күндері әйелдерінің біразы тұрмыс жағдайды біршама жақсартуды сұрады. Себебі бұрынғыдай емес жақсы өмір сүруге мүмкіндіктер туған болатын. Бір жағы, елдің тұрмысы біршама оңалғанын да байқайтын. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) елге ешқандай шектеу қоймайтын. Бірақ өзі әуелгі түсінуге болады. Тіпті, бұл аналарымыздың жағдайын ескерсек, та- лаптары орынды деуге болады. Қараңыз: Нәдәуи, Сирату Сәйидати Айша, 145, 146, 147 372 Тахрим, 66\\3, 4 230
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша қалпынан айнымай, жұпыны тіршілігін жалғастыра берді. Әйелдері мемлекет қазынасы байлыққа толған осы жылдары өз тұрмыстары да дұрысталар деп ойлады. Араларында дәулетті жерден шыққандары да кездесті. Сол күннің жағдайында белгілі ру- тайпалардың атақты адамдарының қыздары еді. Осы себепті жоқшылыққа үйрену қиын соққан-ды. Айтқаны екі етілмей, қалауы болып тұрған жерден келіп, Алла елшісінің жүдеу тіршілігіне шыдауға ты- рысатын. Бұған қоса, мүмкіндік бар жерде жағдайды талап етудің дұрыс еместігіне қатысты шектеу де жоқ бо- латын. Иә, жағдайды дұрыстағанда қайтпек?! Сірә, жоқ кездегі жомарттықтары тәрізді бар кезде де мұқтаждарға таратып, сауап алуға күш салар ма еді. Бұл талапты естігенде, хазірет Омардың өңі бұзылып кетті. Өйткені, қызы Хафса да солардың арасында емес пе? Мәселені әлі Алла елшісі естімеген екен, дереу Хафсаға барып, Алла елшісін (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) меңзеп: – Күйеуіңнен артық нәрсе талап етуші болма! Не керек етсең, менен сұра, – деді. Хазірет Омар өзінің парасаттылығымен егер мұндай талаппен алдына барса, пайғамбарымыздың олармен ажырасатынын сезді. Өйткені, қарапайым тұрмысты өз еркімен таңдаған пайғамбармен тағдыр бөліскендердің одан жағдай талап етуге болмайтынын түсінген еді. Шалқып өмір сүру ол шаңыраққа жараспас еді. Хазірет Омардың ойынша, бұл артықшылықты иеленгендердің оның алдына баруға қақысы да жоқ. 231
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Сондықтан әлдеқандай қателік жасап жүрмесін деп сол күні басқаларға да жолығып бәріне ескерту жасады. Бұл әрекетін бірақ өз туысы Үммү Сәләма жақтырмай: – Хаттабтың баласына не жоқ, барлық нәрсеге араласасың, бір күні Мұхаммедпен әйелдерінің ара- сына кіріп алатын шығарсың, – деді. Иә, бекер күдіктенбепті. Бірақ Үммү Сәләма анамыздікі де орынды. Қайтпек керек, хазірет Омар екі ортада қалғандай күй кешті. Алланың елшісін ренжітуі мүмкін қадамға жол бергісі келмеді. Бір жағы Үммү Сәләма анамыздан сөз естіді. Ештеңеден қаймықпайтын хазірет Омар не істерін білмей дал болды. Сәлден соң шарасыз күйде шығып кетті373. Жағдайды досы Әбу Бәкірмен бөлісті. Айша соның қызы болғандықтан, мүмкін екеулеп бұған жол бермеспіз десті. Хазірет Әбу Бәкір де алаңдаушылық таныт- ты. Уақыт жоғалтпастан, жолға шығып, Алланың елшісіне бет алды. Бірақ кешіккен екен. Барса, Пайғамбарымызды әйелдері қоршап отыр екен. Бәрі жабырқаулы кейіпте, үнсіз. Екеуі дереу түсінді. Демек, Алла елшісінен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жағдай талап етіп, ол ренжіп сөйлемей қойған сыңайлы. Екеуі өз қыздарының қасына барды. Ентіктерін баса алмаған қалпы жекелеп: – Сендер де қолында жоқты күйеулеріңнен талап еттіңдер ме? – деп дүрсе қоя берді. 373 Қараңыз: Бұхари, Илим 27 (89), Тәфсирул Құран 387 (4629); Мүслим, Талақ 30 (1479) 232
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Иә, бар дүние уысына берілсе де өз еркімен бас тартқан Алла елшісінен расында жағдай талап еткен еді. Бірақ, бұған артынан әйелдерінің өздері де қатты өкінді. Дегенмен, болар іс болып қойған-ды. – Ант етейік, ендігәрі мұндай талап жасамай- мыз, Алла елшісінен қолында жоқты сұрамаймыз374, – десті. Жақындарының талабына Алланың елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ренжулі еді. Сондықтан ешбірімен сөйлеспей қойды. Сөйтті де өзі үйден шығып кетті. Жұбайларының пендешілікпен дүние игілігіне құмартқанына кейіді, ақыреттеріне алаңдады. Өйткені, пайғамбардың көңілін қалдырған адамның жағдайы оңбайтын. Үрейленген күйі бәрі артынан қарап қала берді. Тек Айша ғана есікті жауып жатып, бір ай келмеймін деп айтқанын естіді. Шынында да айтқанындай күн артынан күн өткеніне қарамастан келмеді. Бұл аналарымыздың уайымын арттырды. Хазірет Айша кеткен күнін бір жерге жазып, жоқ күндерін санай бастады. Ешкім тіке барып, әлдене деуге батылдық таныта алмады. Негізі өзі де мұндайды күтпеп еді. Хазірет Рабахты есікке күзетке қойып, ешкімді кіргізбеуді тапсырды. Бұны естіген кейбір мұнафықтардың күні туып, Мұхаммед әйелдерімен ажырасыпты деген қауесет таратты. Бұл да жығылғанға жұдырық болды. 374 Мүслим, Талақ 29 (1478) 233
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Түннің бір уағында хазірет Омардың есігін тоқпақтаған көршісі есі шығып, «бір сұмдық болды» деп хабар жеткізді. Хазірет Омар ғассандықтардың Мәдинаға шабуылға дайындық жасап жатқанынан хабардар еді. Сол оймен «Ғассандықтар шабуылдамақ па?» деп сұрады. Көршісі «Жоқ! Одан да сорақы» деді. Ол не болды екен деп ойлап үлгергенше көршісі: – Алла елшісі әйелдерімен ажырасып, оңаша кетіпті, – деді. Ондай адамды ренжітіп, ажырасқан әйел оңбас деп Омар (р.а.) дереу мешітке келді. Барса, жамағат мінберді айнала жылап отыр екен. Ешкім жақ ашпайды. Өзі де барып біраз отырды. Алайда, отырумен іс шешіле ме? Сосын Алла елшісі не барып жолыққанды жөн көрді. Күзетте тұрған Рабахқа: – Омар келіп тұр деп рұқсат сұра, – деді. Хазірет Рабах ішке барып келді де рұқсат етпегенін білдірді: – Алдына бардым. Сенің келіп тұрғаныңды айттым. Бірақ ештеңе демеді. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қос уәзірінің бірі хазірет Омарға да рұқсат бермеді. Хазірет Омар кері қайтқанмен, бір айналып келіп тағы да кіруге рұқсат сұратты. Бірақ рұқсат берілмеді. Осы жағдай үш рет қайталанды, бірақ ойлағаны болмады. Хазірет Омардың беті қайтып, үміті үзіле баста- ды. Кетіп бара жатқанында артынан хазірет Рабахтың дауысы естілді: – Сізге енді рұқсат берді! Омар қуанып кетті. Тез-тез басып босағадан аттады. Пайғамбарымыз жерге салынған бір төсеніштің үстінде бүк түсіп жатыр екен. Барып 234
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша әдеппен қасына отырды. Ол келген кезде Алланың елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жамылғысын жамылды. Өзінде осы жамылғыдан басқа ештеңе жоқ екен. Мұқият қарағанда, мүбәрак денесіне төсенген шидің іздері түскенін көрді. Тіске басардан бұрышта бір уыс арпа ғана көзге түсті. Екінші бұрышта сонша мөлшерде жапырақ езбесі бар еді. Сосын бір қабырғаға ілінген тері тұрды. Көргендері хазірет Омарды қатты толқытты. Көңілі босап, көзіне жас іркілді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм). – Әй, Хаттабтың баласы, неге жылап тұрсың? − деп сұрады. – Уа, Алланың пайғамбары! Мен қайтіп жыла- майын?! Шиді төсеніп, денеңізге ізі батыпты. Жегенің арпа. Кисра мен Қайсарлар сулы жерде қыдырып, ең бір мәуілжіген жемістерді жеп жүр. Алланың ең таңдаулы құлы бола тұра қолыңдағы бар дүниенің түрі мынау – деді. – Әй, Хаттабтың баласы! Дүние солардыкі, ал ақырет біздікі болғанын қаламайсың ба? – Әлбетте, әлбетте, қалаймын, – деді. Алғаш келгендегіден біраз жұмсарғандай. Батылдығын жинап, пайғамбарымыздан сұрады: – Уа, расулалла, әйелдеріңмен не жағдай болды? Егер бәрімен ажырасатын болсаң, күмәнсіз, Алла өзіңді жақтайды. Жәбірейіл мен Микайыл да. Әрине, мен, Әбу Бәкір және басқа мүминдер де. Сонда да білгім келетіні, расында әйелдеріңмен ажырастың ба? Пайғамбарымыз «Жоқ» дегенде, хазірет Омардың жүзі жадырады. Өйткені ішкі күдігі сейілген еді. 235
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Көңілі орнына түсті. Енді бұл хабарды жұртқа білдіргенше асықты. Мұны жасаған кезде басқа қателік жасаудан қорыққан еді. Сондықтан да пайғамбарымызға қарап былай деді: – Уа, расулалла! Мешітке бас сұққанымда жамағаттың «Алланың елшісі әйелдерімен ажыра- сыпты» деп қайғырып жылап отырғанын көрдім. Барып, сенің ажыраспағаныңды айтсам ба екен? Пайғамбарымыз: – Қалауың білсін, – деді. Жауапты қысқа қайырғаны көп сөйлегісі келмегені шығар. Бірақ қысқа да болса жауап алынды. Дереу есіктің алдына шығып, бар даусымен айқай салды. Алланың елшісі ажыраспапты!375 Бұл бәрінің қуанышты хабары еді. Таңдауды ұсыну Мына жақта Айша анамыз әлі күндерді санап жүрді. Күйеуі ренжіп кеткелі жиырма тоғыз күн өтті. Бұл ұзаққа созылған, қиын күндер болды. Бір жағы, қуанды. Өйткені кетерде пайғамбарымыз бір айға кеткенін ескерткені бар. Бұл мерзімде өзі қатты қиналса да ертең кездесетін күн. Себебі бір айдың то- луына бір-ақ күн қалған еді. Дегенмен бір күн қалғанына қарамастан пайғамбарымыз толған айдай жүзі жарқ етіп кіріп келді. Күтпеген жерден жарын көрген анамыз не істерін білмей қалды. Ауыр күндердің біткеніне 375 Мүслим, Талақ 30 (1479) 236
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша қуанғаны түрінен-ақ сезілуде. Баяғы жаймашуақ күн қайта орнағандай. Бұл бір айға созылған азаптың бітуін білдірді. Әрі бірінші болып өзінің жанына келгеніне қуанды. Жарының сөзінде қарама-қайшылық болмай- тын. Бір жағынан қуаныштан көзіне жас алса, екінші жағынан есіне бір сұрақ түсті. – Сіз тура бір ай бойы келмеймін деп кеткенсіз. Мен санап жүрдім, бүгін жиырма тоғызыншы күн! Айтқаны рас болатын. Бірақ, анамыздың білмегені бар еді, оны Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) білдірді: – Бір ай көбіне жиырма тоғыз күннен тұрады!376 Жары бұрынғысынша қасына келуін келгенмен іс-әрекеттерінен әлі де реніші қайтпағаны байқалды. Бар аңсары ақыреттегі адамнан дүниелік жағдай сұрау көңілін қатты ренжіткені белгілі. Ақыретке сай өмір сүру керектігін ол бүгінге дейін жиі айтатын, өзі де ісімен соны көрсететін. Сірә, бұл жерге ойындағысын айтуға келген секілді. Сондықтан жақындап: – Айша! Саған маңызды бір нәрсе айтамын, бірақ ол үшін ата-анаңмен ақылдаспай тұрып асығыс шешім қабылдама, – деді. Айшаның жүрегі аузына тығылды. Расулалла мына аятты оқыды: «Уа, пайғамбар, әйелдеріңе айт: «Егер дүниелік өмірді, сән-салтанатты қаласаңдар, келіңдер, сен- дермен ажырасайын. Жоқ, егер Алланы, елшісін және ақырет мекенін қаласаңдар, біліп қойыңдар, 376 Бұхари, Саум 11 (1811); Никах 91 (4906); Талақ 19 (4984) Мүслим, Сиям 22 (1083) 237
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Алла сендер секілді жақсы әйелдерге үлкен сый дайындады»377. Анамыз қатты толқыды. Жоқшылық көрсе де пайғамбармен бірге болған кездерде өзін ең бақытты адам сезінетін. Әрі бұл шешімді ата-ана- сы емес өзі қабылдауы керек. Бірақ әкесі Әбу Бәкір мен шешесі Үммү Румәнның ажыраспа дейтінін де білетін. Ақылдасатын несі бар деп ойлады, іле пайғамбарымызға қарап былай деді: – Ажырасайын ба деп ата-анаммен ақылдасамын ба? Мен сөзсіз Алланы, елшісін және ақыретті таңдаймын!378 Міне, енді дұрысталғандай. Бұл таңдау арадағы тоңды ерітіп, қайтадан жылылық әкелді. 377 Ахзаб, 33\\30-35 Жалғасындағы аяттарда аналарымызға қарата бы- лай делінді: «Әй, пайғамбар әйелдері! Араларыңнан кім бір күнә істесе, жазасы екі есе болады. Бұл Алла үшін оңай. Алайда, кім Алла мен расулына мойынсұнып, пайдалы істерді жалғастырса, оның да сыйын екі есе етіп береді және оған жұмақта бағалы сый дайындаймыз. Уа, пайғамбар әйелдері! Сендер жай әйел сияқты емессіңдер. Тақуалық негізгі қасиеттерің болғандықтан, бөтен еркісілермен назданып сөйлеспеңдер, жүрегінде кеселі бар адам шайтани үмітке салынбасын. Байсалды түрде, өлшеммен сөйлеңдер. Салмақтылықпен үйлеріңде болыңдар, бұрынғы жахилия кезеңіндегідей сәнденіп шықпаңдар! Намазды дұрыс оқыңдар, зекеттеріңді беріңдер, тек Алла мен расулына мойынсұныңдар! Уа, пайғамбардың үйінің қадірлі мүшелері, ей, Әһли бәйт! Алла сендерден әртүрлі кірді кетіріп, сендерді тап-таза еткісі келеді. Отырыңдар да, үйлеріңде оқылған Алланың аяттарын және расулулланың даналықтарын естеріңе түсіріңдер! Алла Латиф және Хабир (ең құпия істерден хабар- дар)». 378 Бұхари, Мазалим 26 (2336); Тәфсиру сура 276 (4507); Мүслим, Талақ 22 (1475). Бұған қоса, анамыздың «Менің сізді таңдағанымды басқа әйелдерге айтпаңыз» деген талабына нәбидің «Алла мені уағыздаушы ретінде жіберді, қыңыр етіп жібермеді» дегені айтыла- ды. Қараңыз: Мүслим, Талақ 22 (1475) 238
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Пайғамбарымыз күлімсіреді. Бұл күлімсіреу қиын күндердің артта қалғанын білдіргендей. Іле басқа аналарымызға қарай қуаныш тарады. Көп өтпей олар да қуанышқа бөленді. Нәби бұл таңдауды әр әйелінің өз ықтиярына қалдырды. Олар үшін мәселенің шешімі қиындық тудырмады. Олар да парасатты шешім жасап, Айша анамыз секілді нәтижеде Алла мен елшісін таңдады. Бұдан былай дүниелік ештеңе сұрамайтын болды. Өйткені пайғамбардың жары ретінде қиындықтарға төзу керектігін түсінді. Такуа жандар үшін ақырет игілігін бұл дүниеде түгеспеу керектігін ұғынды. Пайғамбарымыздың қыздары және Айша анамыз Пайғамбарымыздың қыздары Зейнеп пен Руқайя Айша келін болып табалдырық аттамай тұрып тұрмыс құрған болатын. Олардың да өмірі оңай болмады. Меккеліктердің қысымына ұшырап, әкелерімен бірге дін жолында қаншама қиындықтарға төзді. Екеуінің үлкені Зейнеп туралы Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): – Зейнеп менің ең сүйікті қызым. Менің жо- лымда көп қиындық шекті, – деген. Зейнептен туған Усама деген жиені Алла елшісін көп айналшақтайтын. Сәждеге бас қойғанда, мойнына асылатын. Кейде пайғамбарымыз оңдайда сәждесін соза түсетін379. 379 Бұхари, Сүтра; Мүслим, Мәсәжид ; Әбу Дәуіт, Салат; Дарими, Салат. 239
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Жиенін жақсы көретін. Бір күні Алла елшісіне сыйлық тарту етілгенде, арасынан моншақты көріп: – Мұны отбасымның ең сүйкімдісіне беремін, − деді. Өзге әйелдері: – Әбу Бәкірдің қызы алды десейші, – десті. Бірақ, олай болмады. Пайғамбарымыз жиен қызы Үмамәны шақырып, моншақты соның мойнына тақты380. Бұл кезде Руқайя анамыз хазірет Османмен некеде еді. Меккенің қиын жылдарында күйеуі хазірет Ос- манмен бірге Хабашстанға һижрет жасаған және кейіннен Мәдина мұхажирларының арасына қосылған болатын. Айша анамыз оң босаға аттағаннан кейін қысқа уақыттан соң өмірден озды. Бұл күйеуі хазірет Османға ауыр тиді. Бір жағы Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Бәдір шайқасында жүргенде болған еді. Хазірет Осман шарасыз түрде оны Мәдинаның топырағына тапсырған еді. Бәдірден кейін Мәдинаға оралған пайғамбарымыз қайғырып, мазарының басына барып, Руқайясы үшін дұға жасады. Сол күннен кейін-ақ хазірет Османның қабағы ашылмады. Күйеу баласының қайғыға салынып жүргенін көрген нәби бір күні одан: – Неге сонша қайғырасың? – деп сұрады. Хазірет Осман: – Менің басыма келген жағдайды кім көріпті?! Аманат еткен қызыңыз қолымда қайтыс болды. Қабырғам қайысты. Сізбен арадағы туыстық байла- ныс та жоғалды, – деді. 380 Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\101 (24748); Хайсами, Мәжмауз зәуәид 9\\254; Табарани, әл-Мұғжамул кәбир 22\\442 (1080) 240
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша – Осман! Жәбірейіл періште келіп, Руқайяның сіңлісі Үммү Гүлсімді де сенімен үйлендіруімді бұйырды!381 – деді. Осыдан бастап хазірет Осман екі нұрдың иесі деген мағынада «Зиннуррайн» деп аталып кетті. Һижреттің тоғызыншы жылы Үммү Гүлсім де қайтыс болды. Әсіресе, Жәйшул Усра деп аталған Тәбук соғысында жасаған азаматтығына тәнті болған байланысты пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): – Үшінші қызым болса, оны да Османға берер едім382,– деген. Алла елшісінің қыздарының арасында Айша анамызға ең жақыны Фатима болатын. Біраз уақыт бір үйде ортақ өмір сүргенмен кейіннен ол да хазірет Әлимен тұрмыс құрды. Оны бұл тойға дайындаушылардың басында Айша анамыз тұрды. Сол күн туралы ардақты анамыз былай дейді: – Расулалла бізге Фатиманы ұзатуға дайындауды бұйырды. Дереу үйге бардық. Батха жерінен жұмсақ топырақ әкеліп жерге төседік. Сосын екі жастықтың ішін талшыққа толтырдық. Құрма мен жүзім, тәтті су дайындадық. Сосын үйдің бір бұрышына үстіне киім және ыдыс ілу үшін ағаш қойдық. Мен Фатиманың тойынан асатын той көрмедім383. Хазірет Әлимен некелескеннен кейін Фатима мен Айша анамыздың бөлмесін бір қабырға ғана бөліп 381 Ибн Мажә, Мұқаддима 1\\40; Хаким, Мүстадрак 4\\54; Табарани, әл- Мұғжамул кәбир 22\\436 382 Ибн Сағд, Табақат 3\\56; Табарани, әл-Мұғжамул кәбир 17\\184 383 Ибн Мажә, Никах 24 (1911) 241
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша тұрды. Бұл қабырғада бір терезе бар еді, анда-санда кездесіп, осы терезеден сөйлесетін384. Айша анамыз Фатиманың ең жақын сырла- сы болатын. Барлық мәселесін сонымен бөлісетін. Қуанышын да, қайғысын да анамызға айтатын. Фатима қол диірменмен ұн тартып, қолын күс басқан кездерде әкесіне барып бір қызметші сұрады. Бірақ, әкесі сұрағанын бермеді. Қайтарында сырласы Айша анамызға барып жағдайды айтты385. Өзі анамызды жанындай жақсы көретін. Алла елшісі жақсы көргендерді жақсы көруі керектігін үйренген еді. Өйткені, әкесі одан: – Қызым, менің жақсы көргенімді сен де жақсы көргің келетін шығар? – деп сұраған. Жүрегін елжіреткен бұл сөздерге ол: – Иә, – деп жауап берген386. Әрине, Айша анамыз үшін де Фатиманың орны айрықша еді. Бір күні өзінен: – Алла елшісі үшін ең сүйікті адам кім еді? – деп сұрағанда: – Фатима, – деп жауап берген387. – Әкесінен кейін Фатимадан көркем адамды көрмедім388, – деп, Айша анамыз біреулердің оған жаман қарағанын ұнатпайтын. Тағы бір сөзінде: 384 Қараңыз: Нәдәуи, Сирату Сәйидәту Айша 122 385 Қараңыз: Бұхари, Хумус 6 (2945); Нәфәқат 7 (5047); Мүслим, Зикр уә Дуа 80 (2727) 386 Мүслим, Фадаилус сахаба 83 (2442); Нәсәи, Ишратун ниса 3 (3944) 387 Қараңыз: Тирмизи, Мәнәқиб 61 (3874); Хаким, Мүстадрак 3\\171 (4744); Табарани, әл-Мұғжамул кәбир 22\\403 (1008) 388 Табарани, әл-Мұғжамул әбсәт 3\\137 (2721); Әбу Яла, Мүснәд 8\\153 (4700) 242
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша – Жүріс-тұрысындағы салмақтылығы мен байсалдылығы, сыпайылығы жағынан әкесіне дәл Фатимадай ұқсайтын ешкімді көрмедім, – деп, сөзін былай аяқтаған: – Қызы келгенде әкесі орнынан тұрып қарсы алатын. Бетінен сүйіп, қасына отырғызатын. Әкесі іздеп барған кезде Фатима да дәл солай қарсы алатын. Орнынан ұшып тұрып әкесін сүйіп, төрге отырғызатын389. Фатиманың ізгілігі туралы айтулы деректерді де Айша анамыз жеткізген. Кейіннен «Әһлі бәйт» деп та- нылатын бұл оқиғада Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қызы Фатимадан бастап Әли, немерелері Хасан мен хазірет Хусейнді меңзеп: – Бұлар менің әһлі бәйтім, – деген және олардың күнәсіздігіне назар аудартып пайғамбарлығын сынағысы келген Әһлі кітапқа қарата айтқан еді390. Қайтыс боларына жақын күндердің бірінде барлық әйелдері Алла елшісінің жанына жиналды. Осы кезде Фатима анамыз келді. Жүрісі де, адымдауы да әкесінен аумайтын. Қызын көргенде Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): – Қош келдің! – деп, қызын қасына отырғызды. Бір уақытта қызының құлағына еңкейіп әлдене айтты. Осы сәт Фатиманың көзінен жас моншақтап қоя берді. Бәрін үнсіздік басты. Қызының жылауы әкесінің де жүрегін елжіретті. Осы сәт оған тағы да 389 Әбу Дәуіт, Әдәб 155 (5217); Тирмизи, Мәнәқиб 61 (3872); Хаким, Мүстадрак 3\\174 (4753); Ибн Хиббан, Сахих 15\\403 (2953) 390 Тирмизи, Мәнәқиб 61 (3871); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\304 (26639); Ибн Әби Шәйба, Мұсаннаф 6\\370 (32103) 243
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша жақындап құлағына сыбырлады. Жаңа ғана екі көзінен жас парлаған Фатиманың енді қуана күлімсірегені байқалды. Айша анамыз бұл сырды білуге қатты құмартты. Дереу жанына барып: – Фатима, әйелдерінен жасырып әкең саған не айтты? – деп сұрады. – Бұл сырды аша алмаймын, – деді Фатима. Алайда, Айша анамыздың қызығушылығы басылма- ды. Расулалла бақиға аттанғаннан кейін де реті кел- генде сұрады. – Сол күні сыбырлап саған не айтты? – Енді айтайын, – дегенін естігінде қуанып кетті. Фатима анамыз: – Алғаш рет Жәбірейіл періштенің Рамазан айында жыл сайын бір рет келіп Құранды бірге хатым етсе, бұл жылы екі рет келгенін айтты. «Ажалым жақын деп ойлаймын» деді. Сөйтті де «Сабыр ет, Алла- дан қорық, тақуалықтан айныма! Сен үшін дәл мендей мейірбан әке болмас!» деді. Осыны естігенде жылап жібердім. Менің қайғырып жылағанымды көрген соң қайтадан құлағыма сыбырлап, жақындарынан алғаш болып өзіне қауышатын жан мен екенімді білдіріп, «Фатима! Мүмин әйелдердің қадірлісі, осы үмбеттің әйелдерінің қадірлісі болуды қалайтын шығарсың?» деді. Езу тартқан себебім сол еді391. 391 Бұхари, Мәнәқиб 22 (3426); Мүслим, Фадаилус сахаба 97 (2450); Тирмизи, Мәнәқиб 61 (3872) 244
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Пайғамбарымызбен өткен соңғы күндер Күндер сырғып өтіп жатты. Пайғамбарымыздың үйіне қадам басқан күні кеше ғана секілді еді, алайда арадан он жыл өтіпті. Он жылдан бергі өмірі көп өзгерістерге толы. «Мүминдердің анасы» атанды. Әсіресе жоқ-жітіктер мен жетімдердің, әйелдер мен ғылым соңында жүргендердің ақыл сұрап жүгінетін адамына айналды. Өйткені, пайғамбардың өмірлік жолдасы болатын. Уақыт өтіп, енді екеуінің қоштасу уақыты таяғандай. Әсіресе, соңғы бір жылда қоштасудың белгілері байқалды. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жиі-жиі Ухудқа барып, етегіндегі шейіттерді зиярат жасап, олармен қоштасқандай болып жүрді. Ақыретте олармен бұдан да жақсы жағдайда кездесетіне кәміл сенетін. Мәдина мазара- ты деп білінген Жәннәтул бақиға жерленген сахаба- ларын да зиярат етіп жүрді. Әсіресе, соңғы бір жыл Мәдинада өмір қызу өтіп жатыр. Күн сайын дерлік алыс-жақын аймақтан ағылып келіп-кетіп жатқан жұртта есеп жоқ. Бәрі де Алла елшісінің жанынан рухани бір күш алып кері қайтатындай. Бұған қоса, Алла елшісі кейбір сахабаларын маңайдағы қауымдар мен елдерге жіберіп, дін насиха- тын соларға міндеттеді. Әрбірімен қимай қоштасып, енді тек ақыретте кезігетіндігін ескертті. Муаз ибн Жәбәлді Йеменге жіберді. Оны Мәдинаның сырты- на дейін шығарып салды. Бір кезде жүзіне тіке қарап көкейдегі сауалын қойды: 245
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша – Муаз, сен кітап иелері мекендеген жерге бара жатырсың, қайтіп үкім бересің? – Алланың кітабымен. Алған жауабы ұнағандай: – Ал Алланың кітабынан таба алмасаң қайтесің? – Елшісінің сүннетімен іздеймін. – Ал, одан да таба алмасаң ше? – Осы екеуінің негізінде өзім үкім етемін. Елші етіп жіберетін сахабасының шешім таба алмаған жерде қалай әрекет жасайтынын біліп көңілі орнықты. Қоштасып тұрып сахабасына: – Муаз, биылдан кейін мені қайтадан көре алмассың. Қайтып оралған кезіңде мына мешітім мен қабірімді зиярат етерсің!392 – деді. Бұл қоштасу хазірет Муазбен шектеліп қалмады. Арафатта кездескен күні барлық сахабаларымен қоштасқандай сөз айтты. Муздалифадағы жина- лыс пен Минадағы жүріс те осы сарындас болатын. Дүниелік өмір бітуге таяған еді. Түскен аяттар діннің толыққанын білдірді. Бұл сөздер парасатты адамдар- ды терең ойға қалдырды. Өйткені бір іс бітсе, бұдан былай ол жерде кейбір кемшіліктер орын алуы мүмкін еді. Демек, алда ұзақ сапар бар, мұндай сапардың бар екенін Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзі де растағандай. Бұлардың барлығы зерек Айша анамыздың назарынан тыс қалмады. Расулалла бір күні Ухудты зиярат етіп, марқұмдарға сәлем берді. Бәрімен жеке-жеке қоштасқандай күйде болды. Бір тұста былай деді: 392 Ибн Хиббан, Сахих 2\\414 (647); Табарани, әл-Мұғжамул кәбир 20\\89 (171) 246
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша – Өздеріңмен қауышуды қалайтыным күмән- сіз. Сендерге куәгер менмін. Жер бетіндегі қазына- лардың кілттері маған тапсырылғанын да көріп тұрғандаймын!393 Сафар айының соңғы дүйсенбісі еді. Алла елшісі соңғы рет қоштасу үшін Жәннәтул бақиге келді. Қайтарда басы қатты ауыра бастады, ыстығы да көтерілді. Ыстығының қатты көтерілгені соншалық, басына ораған ормалдың сыртынан ұстағанда да білініп тұрды. Осы кездерде Айша анамыздың да басы ауырды. Қиналғанда да бірге екенін білдіргісі келгендей жарына: – Ай, басымның ауырғанын-ай! – деді. Мақсаты Алла елшісінің қиналғанын сәл де болса ұмыттыру еді. Алайда, еш күтпеген жауап естіді: – Сен менің басымның ауырғанын көрсең!394 Бәрі жанашыр көзбен Алла елшісіне қарады. Жағдайы шынында да ауырлап барады. Алғашқыда байқамаған екен қатты қиналып кетті. Оның үстіне, бұл өткінші ауруға да ұқсамайтындай. Бұл қиналыс он бір күн бойы жалғасты. Осыған қарамастан намаздарға шығып, сахабаларға намазды өзі оқытты. Алпыс үшке толған жыл. Пайғамбарлық міндетін атқарған жиырма үш жылдан кейін Мекке мен Мәдина оны бауырына басып, өзімен бір кемеге мінбеген жан қалмаған еді. Барлық жағынан үмбетіне үлгі болған пайғамбарымыз артындағыларға ұстанатын бір жол 393 Бұхари, Жәнәиз 71 (1279); Мағази, 25 (3857) Риқақ 7 (6062); Мүслим, Фадаил 30 (2296) 394 Ибн Сағд, Табақат 2\\206, 233, Дарими, Сүнән 1\\51 247
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша қалдырды. Сол жолмен жүргенде әлемнің өзгеретінін іс жүзінде көрсетті. Әбу Жаһил мен Әбу Ләһәбтың ұрпағы да иман келтіреді. Тіпті жиырма бір жыл өздері алысқан осы діннің кең тарауы үшін жанын ая- майтын қаһармандарға айналды. Ендігі кезек ұзақ сапарға аттануға жақындап қалғандай. Қасына жиналған аналарымыз қатты уай- ымдап отыр. Бір уақытта маңайындағылардан: – Мен ертең қайда болатын едім? – деп сұрады. Өте әдепті жан болғандықтан, сол биязылығынан таймады. Аналарымыздың арасында бөліскен күндері турасында ертең кімнің үйінде болатынын сұрады. Алайда, бәрі көзі де, көңілі де Айшада екенін түсінді. Бәрінің кезекті Айшаға бергенін айтысты. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үшін Айша анамыздың орны айрықша еді. Өмірінің соңғы күндерінде ақылды, зерек адам өз қасында болуы керек еді. Айша көрген-естіген барлық нәрсесін кейінгілерге жеткізуі керек еді. Әйелдерінің таңдауы Алла елшісін де, Айша анамызды да қуантты. Пайғамбарымыз соңғы сапарға аттанғанға дейін күндерінің барлығын Айша анамыздың қасында өткізбек болды395. Бірте-бірте жағдайы ауырлап, аяқ басып тұруға да қинала бастады. Аяғын сүйретіп басты. Айша анамыздың үйіне екі кісінің сүйеуімен келді. Бұдан былай соңғы деміне дейін осы жерде болды. Сәрсенбі күні ауруы асқына түсті. Ыстығы қатты көтеріліп, есінен танды. Анамыз қатты қорқып, не істерін білмей дал болды. Бір кезде ол есін жинап, 395 Бұхари, Жәнәиз 94 (1323); Мағази 78 (4185); Никах 103 (49190; Мүслим, Фадаилус сахаба 84 (2443) 248
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша бір нәрсе айтуға оқталды. Жанына жақындап құлақ салған анамыз мынаны естіді: – Әртүрлі құдықтардан су алып, үстіме жеті рет құйыңдар. Мен жұртпен тілдескім келеді. Пайғамбарымыз науқас кезінде де сахабаларын ойлап, оларға әлдене айтуды қалады. Тағы бір назар аударатын тұс, ауруына шипа болатын емді өзінің айтуы еді. Сүйікті жарының көңіл қалауын Айша анамыздың істемеуі мүмкін бе?! Дереу Мәдинаның жеті құдығынан су алдырып, науқастың денесіне құйды. Пайғамбарымыз енді өзін жақсы сезінгендей: – Осы жетеді! – деді. Әрең дегенде орнынан тұрып, мешітке қарай бет алды. Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) араларына келгенін сахабалар қатты қуанды. Бірақ ә дегенше қуаныштары су сепкендей басылды. Себебі ол қоштасу үшін келгендей. Әуелі: – Уа, жарандар! Бері жақындаңдар! Менің ма- зарымды ғибадат ететін пұтханаға айналдырушы болмаңдар!396 – деді. Бір сәтте мешіт іші тынышталып қалды. Алла елшісінің мазар туралы сөз қозғағаны несі? Бір-біріне үрейлене қарасты. Алла елшісі сөзін жалғады: – Араларыңнан кімді ренжіткен болсам, міне арқам, сабап өшін алсын! Кімге ауыр сөз айтып көңілін қалдырсам, келсін, көңіліндегіні жасырмай айтсын! 396 Мәлік, Муатта, Касрус салат 414; Ибн Сағд, Табақат 2\\241 249
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Құдды сахабаларымен қоштасып тұрғандай. Расулдың өтінішіне ешкім тырс етпеді. Өйткені, бұндай кісіде кімнің ақысы болуы мүмкін? Бірақ айтқанынан қайтар емес. Ақыретке кісі ақысын арқалап кетпеуге жіті мән беру керектігін анық түсінген болатын. Бесін намазын оқытқаннан кейін бағанағы айтқандарын тағы да қайталады. Ақысы кеткені болса, тартынбауын өтінді. Бір кісі орнынан тұрып, үш дирхам алашағы бар екенін есіне салды. Расулалла жиеніне қарап: – Фадл, мына кісіге алашағын бер! – деді. Сосын сөзді ансарларға бағыттап: – Сендерге ансарлардың қадірін білуді өсиет етемін. Өйткені, олар менің жанарымның нұры, көзімнің қарашығы. Өз міндеттерін толығымен атқарған бұл кісілер ақыретте сыяпатсыз қалмайды. Араларыңызда ансарлардың саны күн өткен сайын азаюда. Сендердің біреу олардан пайда немесе зарар көрсе, жақсы және пайдалы болғанын құп алсын. Ал, ұнамсыз қылығын кешірсін! − деді. Мәдинаға келген күнінен бастап қазірге дейін өзіне қамқор болғандарды қорғап сөйледі. Одан кейін былай деді: – Алла тағала бұл дүниенің қызығы мен ақыреттегі игіліктер арасында құлына таңдау еркін берді. Құлы Алла құзырындағыны таңдады. Сөзін әлі аяқтамай тұрғанда мешіттің бір бұрышынан: – Жанымыз саған құрбан болсын, уа, Алланың елшісі! – деген дауыс естілді. Құлағына жеткен бұл дауыс мешіт ішін өз бөлмесінен бақылап тұрған 250
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406
- 407
- 408
- 409
- 410
- 411
- 412
- 413
- 414
- 415
- 416
- 417
- 418
- 419
- 420
- 421
- 422
- 423
- 424
- 425
- 426
- 427
- 428
- 429
- 430
- 431
- 432
- 433
- 434
- 435
- 436
- 437
- 438
- 439
- 440
- 441
- 442
- 443
- 444
- 445
- 446
- 447
- 448
- 449
- 450
- 451
- 452
- 453
- 454
- 455
- 456
- 457
- 458
- 459
- 460
- 461
- 462
- 463
- 464
- 1 - 50
- 51 - 100
- 101 - 150
- 151 - 200
- 201 - 250
- 251 - 300
- 301 - 350
- 351 - 400
- 401 - 450
- 451 - 464
Pages: