Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Хазрет Айша

Хазрет Айша

Published by Макпал Аусадыкова, 2021-07-28 08:03:26

Description: Хазрет Айша

Search

Read the Text Version

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша – Көз жасым құрғағанға дейін жылағым келеді, аузыма ештеңе салғым келмейді, – деді. Мен таңданып, себебін сұрағанымда: – Расулалланың дүниеден озардағы халі есімнен кетер емес. Уаллаһи, сол күні нан мен етті қосып бір-екі рет тіске басқаннан басқа ештеңе де ауызға алмады256, – деді. Бір қабат қана киімі болатын. Кірлесе, жуып кептіріп, қайтадан соны киетін. Бұл пайғамбарымыздың барлық әйелдеріне тән іс еді257. Мәдин аның алғашқы жылдары, шамамен тұрмысқа шыққанда, киіп келген құны бес дирхам тұратын іліп алар бір көйлегі бар болатын. Тойға не айрықша күндері өзге қыз-келіншектер соны сұрап алып кезектесе киетін258. Киген киімін тозығы жеткенше тастамайтын. Жиені Уруә (р.а.) оның бұл қасиетін былай деп әңгімелеуде: – Айша анамыз киген киімін ескірген жерлерін жамап, бір жағы оңса, екінші жағын айналдырып, ол жағы да ескірмейінше тастамайтын. Тіпті сол күндері: – Алла саған берер, жаңа киім алып кисеңші, – дегендерге: – Жаңа үшін жаратылмағанға жаңа жараспай- ды259,– деген. 256 Тирмизи, Зүһд 38 (2356); Исхақ ибн Рахуиа, Мүснәд 3\\1046 (1811) 257 Бұхари, Хайз 11 (306); Әбу Дәуіт, Таһара 132 (358) 258 Қараңыз: Бұхари, Хиба 32 (2485); Байһақи, Сүнән 6\\88 (11253); Та- барани, әл-Мұғжамул әбсәт 4\\119 (3761) 259 Әбу Нуайм, Хилиятул Әулия 2\\48; Байһақи, Шуабул Иман 5\\159; Бұхари, әл-Әдәбул Мүфрад 1\\166 151

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Үстіндегі жамау киімді көріп, қорашсынып «ауыстырсаңшы» дегендерге, бұл әдетін өзгертпейтінін айтатын260. Осы себепті өзіне бір сыйлық келсе, Алла елшісінің жұпыны өмірін еске алып, көңілі босап ол сыйлықтарды мұқтаждарға таратып беретін. Хали- фат жылдары хазірет Мұғауия оған киім, күміс және біраз заттар жіберді. Оларды көргенде тағы да көзіне жас алып: – Бұлар Алла елшісіне бұйырмаған нәрселер ғой – деп, бәрін мұқтаждарға үлестірді. Кешкісін қолында халифа жіберген нәрседен ештеңе қалмады261. Бір күні біреу себет толы жүзім жіберіпті. Хазірет Айша күңін шақырып, дереу оны тарата бастады. Кешкісін күңнің қолында қалып қойған бір шолақ жүзімді көргенде, реніш білдірді. «Кешке беремін ғой», деп күң иесінен хабарсыз бір шетке алып қойған екен. Өзінен хабарсыз үнем жасаған күңге қабақ шытып анамызға ол: – Ант етемін, бұған қолымды тигізбеймін, бір талын алып жемеймін262, – дейді. Негізінде Айша анамыздың бұл әрекеті өмірінің соңғы кездерінде ғана кездеспеген. Алла елшісімен 260 Табарани, әл-Мұғжамул әбсәт 7\\113 (7010); Тахмаз, әс-Сәйидәту Айша 167-168 261 Әбу Нуайм, Хилиятул әулия 2\\48. Осындай жағдайдың әртүрлі кезеңдерде қайталанғаны және олардың ешқайсысында анамыздың әрекетінде өзгеріс болмағаны байқалады. Өзіне келген мың дирхамның біреуін де қалдырмастан кешке дейін таратып жіберген. Қараңыз: Әбу Нуайм, Хилиятул әулия 2\\47 262 Әбу Нуайм, Хилиятул әулия 2\\48 152

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бірге өткізген күндерінде де осы ұстанымды серік еткен. Сол кезде де келген сыйлықты мұқтаждарға тарататын. Өйткені, қолындағы аз нәрсені қиса, сансыз қазынаның иесі Ұлы Жаратушы одан да мол жақсылық беретінін білетін. Сондықтан да қолындағы азды беріп, арты- нан молынан келген нәрсеге куә болатын. Алайда, оларды да өзі жұмсамай, мұқтаждарға беруді мақсат ететін. Ол үшін мұқтаждарды қуантудан асқан бақыт жоқ еді. Қолында жоқ кезде де сатуға тұратын нәрселерін сатып, ақшасын садақаға тарататын. Тіпті, бұны жақтырмағанын білдірген жиені Абдулла ибн Зубәйрдің: – Айтқаным айтқан, не Айша анамыз бұл жағдайдан бас тартады, не мен бұған ендігәрі жол бермеймін, – дегенін естиді. Хабар айтқан кісіден: – Мұны шынымен сол айтты ма? – деп сұрайды да, артынан: – Ибн Зубәйрмен енді сөйлеспеспін, – деп, онымен енді сөйлеспеуге серт береді. Өйткені, жиені өмірде жақсылық жасау мен көмек берудің мәнін түсінбеуде еді. Расында да жиенімен сөйлеспей қойды. Анамыздың бұл әрекеті Абдулла ибн Зубәйрдің жүрегін жаралап, оған бір шара іздеді. Қанша рет есігіне барса да: – Жоқ, уаллаһи мен кері шегінбеймін, сертімде тұрамын, – дегенін естіді. Уақыт ұзаған сайын ар- ожданы мазалаған хазірет Абдулла (р.а.) араға адам 153

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша салуды ойлады. Сол үшін Мисуар ибн Махрама мен Абдуррахман ибн Абдуласуадтың есігін қақты. Ренжіскен екі мүминнің арасын жарастырудың сауабы мол екені белгілі. Дегенмен, жағдай оңай болып тұрған жоқ. Сондықтан екеуара жоспар құрып, іле анамыздың үйіне барды. Әуелі: – Алланың сәлемі мен берекеті жаусын! Кіруге бола ма? – деп рұқсат сұрады. Қастарында Абдулла ибн Зубәйр де бар еді. Бірақ, оның бар екенін жасыр- ды. Іштен: – Келіңдер! – деген дауыс естілгенде қуанып: – Бәріміз бе? – деп сұрады. – Иә, бәрің кіріңдер! Жоспары іске асқандай, Абдулла ибн Зубәйр де ішке кірді. Кіре сала анамыздың аяғына жығылып кешірім сұрады. Мисуар ибн Махрама мен Абдуррах- ман ибн Абдуләсуад та оны қолдап, анамыздың Аб- дулланы кешіруін өтінді. Алайда, барлық әрекеттерге қарамастан ол райынан қайтпай, жылап тұрған Абдуллаһты кешірдім демеді. Елшілер: – «Бір мұсылманның мұсылман бауырымен үш күннен артық араздасып жүруі халал емес» деген хадисті есіне түсіргенде, анамыз: – Сертке жай қарамау керек, – деді. Бұл жауап оның жұмсарғанының белгісі еді. Өйткені, Абдуллаһ пен хадиске қарсы тұра алмас еді. Соңында хадиске бола Абдулла ибн Зубәйрді кешірді. Онымен сөйлесті, бірақ берген серті үшін қырық құлды азат етті. Сол уақыттарда сертті бұзғаны үшін 154

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша қиналып жылағанын еске алғандар, орамалының жасқа малшынғанын айтқан263. Бірде қасына екі қызын ерткен бір әйел келді. Тақыр кедей екендіктері көрініп тұрды. Өз үйінде де онша ештеңе жоқ еді, тапқан үш құрмасын әкеп ұстатты. Әлгі әйел екі құрманы қыздарына беріп еді, қатты ашыққан олар құрмасын тез жеп тауысып, енді анасының қолындағы құрмаға қарады. Әйел ол құрманы да екіге бөліп қыздарының аузына тосты. Осы көрген оқиғасын әңгімелегенде, пайғамбарымыз мынадай сүйінші хабар айтты: – Осы жасаған ісі үшін Алла тағала ол әйелге жұмақты уәжіп етті немесе оны тозақтан құтқарды!264 Хазірет Айшаның (р.а.) көңілі бос, жүрегі нәзік болатын. Көзіне жас алатын кездері аз емес еді. Жасауы керек істі уақытында жасай алмаса, уәдесін орындай алмай өтеуін жасаса да артынан жылайтын, әділетсіздік көрсе де егілетін. Өз басы үшін емес, үмбеттің басына келетін нәрселерге де қайғырып, болашақ ұрпақ үшін де жылайтын. Бір күні есіне Дәжжал (тажал) түсіп, сол үшін үмбеттің басына келетін қиындықтарды ойлап көзінен жас парлады. Тіпті, сүйікті жарының келгенін де байқамай қалды. Ардақты пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): – Неге жылап отырсың? – деп сұрағанда: Дәжжал есіме түсіп кетті265, – дегені бар. 263 Бұхари, Әдәб, 62 (5725); Мәнәқиб 2 (3314); Әбу Нуайм, Хилиятул әулия 2\\49 264 Мүслим, Бирр уә сыла 148 (2630); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\92 (24655); Қараңыз: Әбу Нуайм, Хилиятул әулия 2\\49 265 Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\75 (24511); Ибн Хиббан, Сахих 15\\235 (6822); Хәйсәми, Мәжмауз зәуәид 7\\338; Мәуаридуз заман 1\\469 (1905) 155

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Жомарттығы Дәл бір басқалар үшін өмір сүретіндей еді. Кедей- кембағалдарды көргенде, өзін ұмытып, қолындағы барын соларға беретін. Өйткені, «Жарты құрмамен болса да өздеріңді тозақ отынан құтқарыңдар»266 деген хадисті ең жақсы білетіндердің бірі еді. Әрі өзі хазірет Әбу Бәкір секілді жомарттығымен танылған кісінің қызы емес пе?! Сондықтан көз ашқалы жомарттықты көріп өсті. Жиені Абдулла ибн Зубәйр (р.а.) анасы Әсма анамыз және нағашы әпкесі хазірет Айшаның (р.а.) осы қасиеті туралы айтқанда олардың жомарттықта жарысатынын айтқан267. Өзінде беретін ештеңе болмаса қарыз алып беретін. Бұл әрекетін жақамай: – Қарыз алып беру қайдан шықты? – дегендерге, «Қарызын өтеймін деген ниеті мен әрекеті бар құлға Алла міндетті түрде көмектеседі»268 деген хадисті алға тартатын. Тағы бір жиені хазірет Уруә (р.а.) оның осы қасиеті жайында мынадай дерек береді: – Мен оның жамау киім киіп жүріп жетпіс мың садақа бергенін көрдім!269 Бірде жүз сексен мың немесе екі жүз мың дирхамға үйін хазірет Мұғауияға сатып, сол жерде-ақ ақшаның барлығын мұқтаждарға таратып жіберді270. 266 Бұхари, Зекет 8, 9 (1347, 1351); Мүслим, Зекет 68 (1016) 267 Қараңыз: Бұхари, әл-Әдәбул муфрад 1\\106 (280); Зәһәби, Сиәр 2\\292 268 Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\99 (24723); 6\\131 (25037), 6\\234 (26019), Хаким, Мүстадрак 2\\26 (2202); Хәйсәми, Мәжмауз зәуәид 4\\132; Байһақи, Сүнән 5\\354 (10739, 10740), Таялиси, Мүснәд 1\\214 (1524) 269 Ибн Сағд, Табақат 8\\67; Зәһәби, Сиәр 2\\187, Ханнад, Зүһд 1\\337 (617) 270 Қараңыз: Ибн Сағд, Табақат 8\\165; Әбу Нуайм, Хилиятул әулия 156

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Бір күні әлдебір пақыр жейтін нәрсе сұрады. Бұл кезде анамыздың алдында жүзім бар болатын, қасындағыға жүзімді келген кісіге беруді сұрады. Алайда, жанындағы кісі беруге тартынып, өзіміз жемейміз бе дегендей ым жасады. Сондай оған жаса- латын жақсылықтың сауабын есіне түсіріп: – Неге тартынасынң? Бұл жүзімнің әр түйірінде қанша жақсылық бар екенін білесің бе?271 – деді. Тағы бір күні оған екі қызы бар жарлы бір әйел келіп жейтін нәрсе сұрады. Ештеңе жоқ болғандықтан, іздеп жүріп бір құрма тауып әкеліп берді. Әйел құрманы екіге бөліп екі қызына берді. Бұдан бұрын да осындай оқиға болып, үш құрма алған әйел өзінің үлесін де екі қызына бөліп бергеніне куә болғаны бар. Демек, аналық мейірім деген осы болса керек. Бұдан қатты әсерленді. Әйел кетсе де Айша анамыз осы әсерден арыла алмады. Сүйікті жары келген кезде осы оқиғаны әңгімелеп айтты. Сонда мынандай жауап естіді: – Бұндай қыздар өздеріне жақсы қараған ата-ана- ларын тозақтан қалқалайтын перде болады!272 Бір күні жанына тағы бір пақыр келді. Үйден бар тапқаны азғантай нан болды. Ауыз бекіткендіктен, кешкісін сол нанмен ораза ашпақ еді. Бірақ, еш кідірместен нанды әйелге ұстата салды. Мұны байқаған қызметшісі: 2\\47, 48. Бұл үй Сәуда анамыздың өзіне сыйлаған үйі. 271 Мәлік, Муатта 2\\997 (1811); Ибн Әби Шәйба, Мұсаннаф 2\\352 (9820), Бұл сөздермен анамыз «Кім кішкентай жақсылық жасаса, қайтарымын көреді» (Зілзала 99\\7) деген мағынадағы аятты еcке түсірді. 272 Бұхари, әл-Әдәбул муфрад 1\\59 (132); Ибн Хиббан, Сахих 7\\201 (2939) 157

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша – Өзіңізге ауыз ашарға ештеңе қалмады ғой, – де- генде, бәрібір селт етпеді. Кешкісін әлдекімнен тағы да сыйлық келді. Бұл жолы олардың арасында қойдың еті мен нан да бар екен. Сауап үшін берген адамға Алла тағала да еселеп бермей ме?! Ауыз ашатын уақыт келгенде қызметшіні жанына шақырған анамыз оған әзілдеп: – Ал, мынадан же. Не де болса бұл сенің кепкен наныңнан жақсырақ273, – деді. Тағы бір осындай оқиға жиенімен екеуінің ара- сында орын алды. Өзіне жүз мың дирхам бағасында зат әкелген Ибн Зубәйр анамыздың табақпен оларды бөлістіріп жүргенін көрді. Өзі сол күні де ауыз бекіткен екен. Қолындағының бәрін таратып, өзіне бір дирхам да қалдырмады. Кеш түскен соң қасындағы қызметшісі Үммү Зәрраға: – Әй, күң. Қане, не бар әкел, ауыз ашайық, – деді. Осы кезде Үммү Зәрра азғантай зәйтүн майы мен нан әкелді. Сосын анамызға қарап: – Әй, мүминдердің анасы! Сол таратқандарыңнан кішкене алып қалғаныңда, бір дирхамға өзімізге ет алғанда болатын еді ғой, – деді. Қызметшінің сөздерінде анамызға ауызашар да- старханын жасай алмағандығына өкіну, қолында сонша мүмкіндігі бола тұра өз жайын ойға алмағанына таңданыс бар еді. Айша анамыз мұны байқап: 273 Қараңыз: Мәлік, Муатта 2\\997 (1810), Байһақи, Шуабул Иман 3\\260 (3482) 158

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша – Мені енді айыптай берме, сол кезде айтсаң бәлкім жасар едім274, – деді. Хазірет Айша (р.а.) таратқан нәрселерінің өзіне сауап әкелетінін білетін, сондықтан ақырет есебін артық көретін. Мұны сүйікті жарынан үйренді. Бір күні құрбан шалып, анамыз бұл құрбан етінің барлығын елге таратып, өзінде тек жауырын сүйек қана қалды. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) келген соң: – Құрбандыққа шалынған малдың етін тараттың ба? – деп сұрады. – Бәрін тараттым, өзімізге тек жауырын ғана бұйырды, – деді анамыз. Сонда Алланың разылығын көздеп таратылған еттің кісіге сауап болып жазыла- тынын ұқтырғысы келген пайғамбарымыз: – Айша, қайта сол жауырыннан басқа еттері бізге сауап болып бұйырады, – деп ойлантты275. Жабық киінудегі ұқыптылығы Айша анамыз қыз-келіншектерге үнемі жабық киініп жүруді ескертетін. Өзі де бұған аса мән беретін. Дін өлшемдері тұрғысынан алғанда өзге мұсылмандарға ана болып саналса да, мұқият қарап, туыстығы жоқ, бөтен адамдармен міндетті түрде ара қашықтық сақтайтын. 274 Ибн Сағд, Табақат 8\\67; Зәһәби, Сиәр 2\\187, Әбу Нуайм, Хилия- тул әулия 2\\47, Ханнад, Зүһд 1\\337 (619). Осыған ұқсас хадис үшін қараңыз: Хаким, Мүстадрак 4\\15 (6745), Әбу Нуайм, Хилиятул әулия 2\\47 275 Тирмизи, Қияма 33 159

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Кейбір көзі көрмейтіндердің алдында да әдебін сақтап жабық киінуге тырысатын. Бір күні жанына табиғиннің алдыңғы қатарлы адамдарынан хазірет Исхақ келгені сол еді, анамыз тағы да перденің арғы жағына өтті. Алайда, хазірет Исхақтың көзі көрмейтін, анамыздың бұл әрекетін жатырқап: – Менен де сақтанып жатырсыз ба? Мен сізді көрмеймін ғой, – дегенде, оған: – Сен мені көрмеуің мүмкін, бірақ мен сені көремін ғой276 – деген еді. Туысы болса да жанына көкесі келгенде қысылатын. Бұл әрекетіне тосырқай қарағандарға: – Мені емізген оның әйелі болатын, өзі емес, – дейтін. Өзінше пайым жасап үкімі осындай болар деп түйген. Сұраған кезінде Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған: – Туыс болғандықтан көкеңнің жаныңа келуіне рұқсат ет277, – деп түсірді. Ибн Аббастың (р.а.) айтуынша, Расулалланың екі немересі Хасан мен Хусейін қасына келгенде де басына жаулық салатын. Сондықтан хазірет Хасан мен Хусейін пайғамбарымыздың әйелдеріне жиі бармағанды жөн көретін, өйткені, аналарымыздың қысылатынын білетін278. – Хазірет Айша ғибадат үшін де көпшіліктің ара- сына қосылмай адам аз кезде тауап жасауды дұрыс көретін. Қағбаны тауап етіп жүргенде әйелдердің бірі: 276 Қараңыз: Ибн Сағд, Табақат, 8\\69 277 Бұхари, Шахадат 7 (2501); Мүслим, Рада 3 (1445) 278 Ибн Сағд, Табақат 8\\58 160

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша – Әй, мүминдердің анасы! Кел, сәлем берейік, – деп қара тасқа бірге баруды ұсынғанда, оған «Осыншама адамның арасында ма?» дегендей кейіп танытқан279. Осындай ұяттылығын білетіндер анамыздың Мәтафқа келетінін ести сала ол жерден ер кісілерді шығарып, еркін тауап етуіне жағдай жасайтын280. Тіпті, осы үшін арнайы кісілер тағайындалып, Мәтафты Айша анамыз тауап ете алатындай етіп әзірлейтін. Шейіт етілген хазірет Омар өз бөлмесіне жерлен- ген соң сүйікті жары мен әкесінің қатар жатқан қабірін бұрынғыдай зиярат етпейтін болды. Ендігі жерде хазірет Омардан ұялып, зиярат кезіндегі киіміне мұқияттылығын арттырды281. Дәріс берген кездерінде де әдебін сақтаған. Өзінен сұрақ сұрап келетіндер көп еді. Тіпті табалдырық тоздырып келушілер жас талғамайтын. Арасын- да жиенінен бастап алыс-жақын туыстарына дейін келетін. Туыстарымен жолығысу қиындық тудыр- майтын. Ал басқа адамдармен анамыздың арасында әрдайым бір перде болып, дәріс кезінде осы перденің арғы жағынан өтетін. Бір айырмашылық туындағанда қолымен ымдап көрсететін. Табиғин имамы Мәсруқ бұл жағдай туралы былай дейді: 279 Бұхари, Хажж 63 (1539), Абдурраззақ, Мұсаннаф 5\\66 (9018), Байһақи, Сүнән 5\\78 (9030) 280 Қараңыз: Бұхари, Хажж 63 (1539) 281 Хаким, Мүстадрак 4\\8 (6721), Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\202 (25701) 161

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша «Перденің артынан мен оның қол соққанын еститінмін»282. Мұқияттылық сақтай отырып, сабақты пайдалы етіп өткізуге тырысатын. Кейде сабақ алу үшін өзіне жиі келуге мәжбүр болғандардың ең жақындарының бірінен сүт алып, ғылым үшін олармен көбірек кез- десуге мүмкіндік табатын283. Өйткені, Алла елшісінің хазірет Әбу Хузайфаның әйелі Сәһлә бинти Сүхәйл үшін осындай рұқсат бергенін және оның жасы ер жетсе де хазірет Сәлимге сүт беріп, өз араларында туыстық қатынас құрғанын білетін284. Қажет кездерде туыс шәкірттеріне өз білгендерін іс жүзінде көрсететін. Мысалы, жақын туыстарының бірінің Сәлим деген құлы бар еді. Сол бір күні келіп анамыздан дәрет алу туралы үйренгісі келеді. Оған анамыз Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қалай дәрет алатынын көрсетеді. Бұл жерде ешқандай айып жоқ болатын. Өйткені, Сәлим анамыздың туысының құлы болатын, осы жағынан оған жақын саналатын. Арадан біраз уақыт өткенде сол кісі тағы келіп: – Әй, мүминдердің анасы! Маған дұға ет! – деді. – Не үшін? Сонда қуанышын анамызбен бөліскісі келген Сәлим: – Алла маған азаттықты бұйыртты, – дейді. 282 Бұхари, Әдахи 15 (5246), Мүслим, Хажж 370 (1321), Ахмад ибн Хан- бал, Мүснәд 6\\30 283 Қараңыз: Муатта, Рада 2 (1265); Әбу Дәуіт, Никах 10 (2061); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\272 284 Қараңыз: Муатта, Рада 2 (1265); Әбу Дәуіт, Никах 10 (2061); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\272 162

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Сонда анамыз оған: – Әп, бәрекелді! Құтты болсын! – деді де дереу пердені түсірді. Өйткені, енді ол бөтен адам еді, сол күннен бастап Сәлиммен тек перденің артынан сөйлескенде жөн санаған285. Уағыз-насихаты Анамыздың Алла елшісінен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) кейінгі өмірі толығымен үгіт-насихатқа толы өтті. Ел ішіндегі істерге араласып, кезінде ол мәселенің қалай шешілгенін айтатын. Қысқаша айтқанда, ол барлық кезде де жақсылықты бұйырып, жамандықтан тыюда алдына жан салмады. Қоғамның ізгілікті өмір сүруі үшін қолынан келгеннің бәрін жасады. Оның бұл еңбектерінің негізінде Құранға тән үкімді қолдану немесе Алла елшісінің әлі қолданылмаған сүннетін адамдарға жеткізу сынды асыл армандар жатыр еді. Сафа мен Мәруәнің арасында бір әйелдің суреті бар киіммен жүргенін көргенде оған: – Киіміңді мына суреттерден тазарт. Өйткені, Расулалла мұндай киім көргенде ашуланатын, – деп ескертті286. Білетінін басқалармен бөлісіп, білгені тек өзімен шектеліп қалмауына алаңдайтын. Арасында ұятты деп айтуға тартынған жайттары да болды, алайда ер кісілерге ашып айта алмаған мәселелерді әйелдеріне 285 Нәсәи, Таһарат, 83 (100) 286 Қараңыз: Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\225; Исхақ ибн Рахуа, Мүснәд 3\\1008 (1752) 163

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша айтып, мұны күйеулеріне жеткізуін сұрайтын. Бір күні былай деп ескерту жасады: – Күйеулеріңе айтыңдар, дәрет сындырғаннан кейін су қолдансын, мен айтуға ұяламын. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) солай жасайтын287. Кішкентай да болса қыз балалардың қол мен аяқтарына таққан әшекейлермен үйге кіруіне қарсы болып, әсіре безенудің шайтанды шақыратыны секілді ол үйдің періштелерден мақұрым қалатынын айтатын288. Кім болса да көрген кемшілігін немесе қателігін сол жерде айтып, оны түзетуді талап ететін. Бір күні бауыры Абдуррахманның Сад ибн Әби Уаққастың жаназасына үлгеру үшін асығыс дәрет алғанын көріп, оған: – Абдуррахман, дәрет алған кезде дене мүшелеріңді мұқият жу. Өйткені, мен Расулдың «Әй, отқа күйгір өкшелер мен тобықтар-ай!» деп кейігенін естігем, – деп ескертті289. Соғыстарға қатысуы Айша анамыз бара алған соғыстарға өзі қатысатын, бара алмаған жеріне басқаларды жіберуге тырыса- тын. Өйткені, шегініс берген жерде де алға шығудан тартынбайтын өжет еді. Осы батылдығымен өзінің әйел екеніне қарамастан Алла елшісімен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бірге бірнеше соғысқа қатысқанын 287 Тирмизи, Таһара 15 (19); Нәсәи, Таһара 41 (46) 288 Әбу Дәуіт, Хатәм 6 (4231); Тирмизи, Жиһад 25 (1703); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\242 (26094) 289 Муатта, Таһара 35, Мүслим, Таһара 25 (240), Тирмизи, Таһара 31 164

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша көреміз. Соғыс әбден қызған кезде де майданға бару- дан тартынбайтын. Ухуд, Хәндәк, Бәни Құрайза, Бәни Мұсталық, Худайбия және Меккенің жеңісі секілді маңызды оқиғаларда Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жанында хазірет Айшаның да жүргенін көреміз290. Соғыс кезінде қолынан келгенше мұсылман сарбаздарға көмектесетін. Бұл туралы Әнәс ибн Мәлік (р.а.) былай деуде: – Мен Ухуд күні Айша мен Үммү Сүләймнің асығыс кейіпте иықтарына көтеріп су тасып жүргенін көрдім. Суды қайта-қайта Мәдинаға барып алып келетін291. Хәндәк күні де соғыс алаңында жүрді. Пайғамбарымыздың әйелдерінен Үммү Сәләма және Зейнеппен бірге ор қазылған жерге барып, сахабаларға кезектесе су тасып қызмет етті. Бұл кезде біраз өзге әйелдер де көмекке келді. Әсіресе, сол күндері Мәдинаның түні ерекше суытты. Жылыну үшін шатырына кірген Пайғамбарымызға, Айша анамыз жәрдемдесті. Расулаллаһ бұл кезде де орға алаңдады. Әлсіз тұстарға көңіл бөлуге, өзі болмаған кездерде соғыс алаңында кемшілік орын алмауы үшін сахаба- ларына ескерту жасады. Мәдина жақын болғандықтан ор мен Мәдина арасында жүрді. Сахабаларға керек нәрселерді анықтап, ертеңгі күнге даярлықтарын пысықтады292. 290 Имам Нәдәуи оның Бәдірге қатысқанын айтады. Қараңыз: Нәдәуи, Сиратус Сәйидәти Айша 170 291 Бұхари, Фадаилус сахаба 48 (3600), Мағази 15 (3837), Мүслим, Жиһад 181 292 Хәндәк күні анамыздың Сағд ибн Муаз және жиені Харис ибн Әус 165

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Хазірет Айшаның (р.а.) бір артықшылығы, ең бір сұрапыл соғыс кездерінде де пайғамбарымыздың өзгеге құпия тылсым жағдайларына куә болды. Мысалы, шамамен бір айдай қиындық тудырған ұзақ уақыттан кейін Ахзаб әскері Хәндәктан кетті. Мұсылмандар Мәдинаға қайтты. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Айша анамыздың бөлмесінде қарусыз жайбарақат тынығып отырған бір сәтінде есіктің қимылы анамызды селт еткізді. Тесіктен сығалап қарағанда сауыт киген, атты бір кісі келіп тұр екен. Үстіндегі шаң-топырағын қағып Алла елшісін шақырып тұр. Дауысын Дыхиятул Кәлбиге ұқсатты ма, пайғамбарымыз орнынан ұшып тұрып әлгінің қасына барды. Сыртқа шыққанда, сәл абдырап қалды. Өйткені, Жәбірейіл әмин келген екен. Көрген бойда: – Уа, Расулалла! Қаруларыңды тастауға неге асықтыңдар? Дұшпан келгеннен бері періштелер болып біз қаруымызды тастаған жоқпыз. Қазір Хам- раул Әсәдқа дейін оларды қуып барып кері оралдық. Алла ешбірін оңдырмады! Біз істің соңында жүргенде сендер неге шетке ысырылдыңдар? Қане, кеттік, Алла саған Бәни Құрайзамен соғысуды бұйырды. Мен қасымдағы періштелермен бірге олардың бекіністерін қиратуды көздеп тұрмын, сахабаларыңды ерт те жүр! – деді. туралы хазірет Сағдтың анасы Үммү Сағдпен (р.а.) сөйлескені және сауыттан көрген кемшілігі туралы оларға ескерту жасағаны байқалады. Қараңыз: Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\141 (25140); Ибн Хиббан, Сахих 15\\497 (7028), Зәһәби, Сиәр 1\\284, Хәйсәми, Мәжмауз зәуәид 6\\136, Ибн Әби Шәйба, Мұсаннаф 7\\373 (36796) 166

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Бұл жайтқа анамыз қатты таңданды. Таңданыспен пайғамбарымыздың не дейтінін тағатсыздана күтті. Сол кезде жары: – Сахабаларым қатты шаршады, демалу үшін ең болмаса бірнеше күн рұқсат болса, – деп өтінді. Бірақ, есік алдындағы періште: – Еш күтпе, дұшпанға дереу шабуыл жаса. Аллаға ант етемін, мен оларды жерлерімен қосып қиратамын! – деп көнбеді. Осыны айтты да, кері бұрылып, қасындағылармен бірге кетіп қалды. Осының бәрін есіктен байқап тұрған Айша анамыз үйге кірген жарынан: – Келген кісі кім? – деп сұрады. – Сен оны көрдің бе? Иә. – Оны кімге ұқсаттың? – Дыйхия ибн Хәлифа әл-Кәлбиге. – Келген кісі Жәбірейіл періште болатын, уақыт ұттырмай тез Бәни Құрайзаға шабуылдау керектігін ескертті, – деп түсіндірді пайғамбарымыз293. Бірақ бұған анамыз аса таңғалмады, себебі, өзі куә болған тылсым жайттар тек мұнымен шектелмейді. Өзіне тосын көрінген бір оқиғаны былай әңгімелегені бар. Сол күні тұтқындар арасынан Бәни Құрайзалық Нүбатә деген әйел еріксіз өзіне назар аудартады. Өйткені, өзі тұтқында жүргеніне қарамастан тым көңілді еді. Бірақ бұл әйел өзін іздеп шақырған дауы- сты естігенде: 293 Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 3\\350 (14815), 6\\141 (25140); Хаким, Мүстадрак 3\\37 (4332) 167

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша – «Мені шақырып жатыр», – деп селт ете қалды. Сірә, бір қылмысы үшін ізделгені белгілі еді. Әлгі әйел «Нүбатә! Нүбатә!» деп атын атап тағы да шақырғанда: – Мені күйеуім өлтірді, – дегенді айтты. Таңданысы арта түскен Айша анамыз одан: – Сені күйеуің қалай өлтірді? – деп сұрады. Сонда Нүбатә: – Зәбир ибн Батаның қамалында болған кезімізде күйеуім маған Мұхаммедтің сахабаларының үстіне диірмен тасын тастауды бұйырды, мен солай жаса- дым, ол тас барып біреуінің басына түсіп, өлтірді. Енді мен сол адамға қысас ретінде өлтірілемін, – деп түсіндірді. Мәселе енді түсінікті болған еді, қоршау барысын- да қамалдан бір тас құлап Халлад ибн Суәйдті шейіт еткен еді. Нәтижеде Бәни Құрайза арасында сол күні жазаға тартылған жалғыз әйел сол болды. Айша анамыз өлімге қуана барған сол әйелді еш ұмытпады, сол күндер есіне түскенде Нүбатә туралы қасындағыларға айтып отыратын294. Меккенің жеңісі сүйіншіленген күні Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): – Айша, Хузааларда маңызды бір оқиға болды, – деді. Дереу түсінгені, сірә, құрайыштар Хұдайбия келсімін бұзған болар деп топшылады. Бірақ меккеліктерде мұны жасайтындай күш қалмағанын білетін. Сондықтан: 294 Уақиди, Мағази 1\\517; Ибн Кәсир, әл-Бидая 4\\144 168

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша – Сонда сізбен жасаған келісімшартты бұзуға құрайыштардың батылы жетеді деп ойлайсыз ба? – деді. Өкінішке қарай, болжамы рас шықты. Меккеліктер тағы бір ессіздік жасапты. Мұсылмандармен одақтас Хуза тайпасына шабуыл жасап, бір түнде бала- шаға деместен жиырма үш адамды өлтіріпті. Бұл ашық түрде Хұдайбия келісімін бұзуды білдіретін. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деді: – Алланың жазуымен құрайыштықтар келісім- шартты бұзды! Бір істі Алла қаласа, соңы қайырлы болатынын білетін, бірақ сонда да: – Әйтеуір соңы жақсы бола ма? – деп сұрады. – Иә, жақсы болады! Біраз уақыт өткеннен кейін пайғамбарымыз Айшаға қарап: – Жолға дайындық жаса, бірақ ешкімге тіс жарма, – деді. Бұл сапар тым өзгеше еді. Балалық шағы өткен өз еліне бармақ. Жолға дайындала бастады. Дәл осы кезде үйге бас сұққан әкесі Әбу Бәкір бір жаңалық барын дереу сезді. Қызынан сыр тартып, бұл дайындықтың себебін сұрады. Бірақ қызы тіс жармады. Анамыз тек соғысқа қатысумен ғана шек- телмей, керек кезінде сарбаздарға материалдық көмек жинауға да атсалысатын. Мысалы, Тәбүк жорығының алдында әскерге көмек ретінде сахаба- лар бар тапқанын ортаға салған. Тіпті әйел сахабалар да сырға, білезік сияқты алтындарын аянып қалмады. 169

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Міне, осы кездерде Айша анамыз әйел сахабалар- ды жомарттыққа шақырды. Үйіндегі бір төсенішті жайып, барша әйелдер қолдағы бағалы заттарын соған әкеліп үйді295. Анамыз өзі қатыса алмаған жорықтарға адам жіберетін. Ол мына оқиғадан анық көрінеді. Бір құлы бар еді. Басына азаттық алу үшін төлемін бөліп төлеп жүр еді. Жаңа жорыққа дайындық кезінде, бір төлемін алып келген екен. Анамыз оған ойланбастан: – Енді маған қарыз төлеймін деп келме! Одан да дін жолындағы мына соғысқа барып қатыс! Өйткені, бірде «Хақ тағала дін жолында жиһад деп соққан жүректі күйдіруді тозаққа харам еткен» деген хадисті естідім, – деді296. Тәйәммүм берекеті Тәйәммүм туралы мәліметті Айша анамыз жеткізген. Бәни Мұсталық соғысы бітіп, әскер Мәдинаға қайтқанда, Зәтул жәйш297 деген жерге демалуға тоқтады. Осы кезде Айша (р.а.) әпкесі Әсмадан алған моншақты жоғалтып алғанын сезді. Өзіне табыстаған біреудің аманаты еді. Түн қараңғысында қанша іздесе де таба алмады. Бір уақытта пайғамбарымыз екеуі 295 Уақиди, Мағази 1\\992 296 Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\85 (24592) 297 Бұл жердің Бәйда екені де айтылады. Қараңыз: Муатта, Таһара 120, Бұхари, Тәйәммум 1; Фадаилус сахаба 5 (3469); Мүслим, Тәйәммум 108 (367) 170

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша қосыла іздеді. Бұған көргендер де қосылып, бәрі жа- былып қараңғыда моншақты іздеді. Бірақ моншақ табылмады. Таба алмайтынына көздері жеткен соң демалғанды жөн көрісті. Жары басын Айша анамыздың тізесіне қойып, демалып жатты. Осы кезде біраз сахабалар хазірет Әбу Бәкірге келіп: – Мына Айшаның істегеніне қарашы. Алла елшісін де, адамдарды да осы жерге ертіп әкелді, не бір жұтым суымыз жоқ, – деді. Шынында да ыдыстары бос, не айналада су барын білдіретін белгі де жоқ еді. Ерте тұрып намаз оқу керек, оған су қайдан табылады? Біраздан кейін оқылатын намазды ойлап, не істерлерін білмей жатты. Хазірет Әбу Бәкір де бұл жағдайға ашуланды. Қызы әшекейін жоғалтпағанда бұл жерге аялдамай бір бұлақтың басына барып тоқтар еді. Сол ашумен қызына барды. Алла елшісі демалып жатқанын көрмегенде қызына ұрысар ма еді. Сонда да бәсең да- уыспен қызына: – Елдің бәрін осында үйірген сенсің. Ешкімде су жоқ, маңайдан су табылатын ыңғай да байқалмайды, – деп ренішін білдіреді. Қиын жағдайда қалған қызы жауап қата алмай, не өзін қорғайтындай ештеңе істей алмай кібіріктеді. Өйткені, Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әлі тізесіне басын қойып жатқан еді. Бір кезде пайғамбарымыз оянды. Сахабалар дәрет алатын мүмкіндік жоқ, намазды қалай оқитындарын білмей дал болып тұр еді. Әрі-сәрі күйде тұрған осы 171

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша бір уақытта Алла елшісің жүзінен уаһидың белгісі байқалды. Жәбірейілдің жеткізген хабарында су жоқ жерде таза топыраққа сүртіну арқылы дәрет алуға бола- тыны туралы үкім бар еді. Осыны естігенде барып сахабалардың көңілі орнықты. Бұл келген аят мынау еді: «Егер сырқат яки сапарда болсаңдар немесе дәрет сындырып келсе, әйелдеріңе жақындаған болсаңдар, (осындай жағдайларда) ғұсыл алатын су таба алмасаңдар онда топырақты тәйәммүм етіп, бет-қолдарыңды сипаңдар. Әлбетте, Алла ′әфуу және Ғафур»298. Сахабалар осыдан былай су жоқ кездерде уайым- дамай, су тапқанға дейін таза топырақпен дәрет алып намаз оқи бастады. Мына жайттарға куә болған хазірет Әбу Бәкір (р.а.) бағана ғана ашуланған қызына енді таңдана қарады. Өйткені, Айша себеп болған осы оқиғаның арқасында бір жаңа үкім түсті. Іле бұны жасыра алмай: – Қызым, сен қандай мүбәрак адамсың. Қарашы, сен себеп болған осы іс арқылы Алла тағала мұсылмандарға жеңілдік жасады, – деді299. Бұған сол жердегілердің бәрі куә болды. Көп өтпей Үсәйд ибн Худайр (р.а.) хазірет Әбу Бәкірдің жанына барып: 298 Ниса, 4\\43 299 Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 2\\272 (26384); Ибн Мажә, Таһара 90 (565); Байһақи, Сүнән 1\\207 (947) 172

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша – Бұл сіздердің алғашқы берекетіңіз емес қой, уа, Әбу Бәкір отбасы! – деп жақсы лебізін білдірді300. Сөйтіп, намаз оқылып, бәрі қайтадан жолға шықты. Шөгіп жатқан түйе орнынан түрегелгенде, әпкесі Әсмадан алған аманат моншақ сол жерден та- былды301. Жала Анамыз тап болған ең ауыр оқиға кезекті жорықтардың бірінде орын алды. Мәдинада басшы болуды көксеп, һижреттен кейін ол дәмесін үзген Хазраж руының сол кездегі көсемі Абдулла ибн Үбәй ибн Сәлул қалаға келген мұсылмандармен іштей жауласты. Қайтадан беделге ие болу үшін Мұхаммед пен Әбу Бәкірден бастап мұсылмандардан кек алуды көздеді. Сол мақсатта неше түрлі жоспар құрып, қулық ойлаумен жүрді. Алайда дегеніне қол жеткізе алмады. Меккеліктерді Мәдина бағытынан тайдыру үшін қаншама рет оларға хат та жіберді. Мәдинаға қарсы шыққан кезде әскермен, қарумен қолдаймыз деп алдап, жеме-жемге келгенде, Ұхыд соғысы кезінде әскердің үштен бір бөлігін бөліп әкету арқылы мүминдерді әлсіретпек болып бақты. Бәни Құрайза бастаған әртүрлі яһуди тайпаларымен бірігіп, Меккенің әскеріне көмек беріп, бірқатар жоспар- ларды жүзеге асырғанмен мақсатына жете алмады. Керісінше, күн өткен сайын өзі мен жақтастарына 300 Бұхари, Тәйәммум 1 (327, 329); Мүслим, Хайз 108 (367) 301 Бұхари, Фадаилус сахаба 5 (3469); Мүслим, Хайз 108 (367); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 2\\272 (26384); Байһақи, Сүнән 1\\207 (947) 173

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша кесірін тигізді. Өйткені, Бәни Надир, Бәни Қайнұқа және Бәни Құрайза сияқты ауыз жаласқан тайпалар Мәдина келісімшартын бұзып, нәтижеде Мәдинадан қуылды. Қысқасы, Абдулла ибн Үбәй діттегеніне қол жеткізе алмай, күн сайын адамдарының саны азая берді. Бұлардың барлығы өзі секілді екіжүзділікпен өмір сүргендерге таяқ жегізіп, жолдастарының басына келгендерді көргенде іштей ерегісе түсті. Енді Алла елшісінің беделіне нұқсан келтіріп, жұртты одан қашыртқысы келді. Оның сәті Мүрәйси құдығының басында туды. Алдыңғы соғыстарда әйтеуір бір сылтау тауып Мәдинада қалуды қалайтын Ибн Сәлүл Бәни Мұсталық соғысына өз еркімен қатысып, жолдаста- рымен302 бірге су әкелу үшін Мүрәйси құдығының ба- сында болған қиын жағдайды пайдаланып, осы сәттен бастап әртүрлі сылтаулар айтып, оқиғаны ансарлар мен мұхажирлардың қақтығысына айналдырғысы келді. Абдуллаһ ибн Сәлул Алла елшісін ренжітетін дөрекі әрекеттерге кірісті. Оның екіжүзділігі және араға от салуымен сол күнге дейін бір-бірімен тату ансарлар мен мұхажирлар да текетіресіп қалды. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) араласпағанда бір даудың басталатыны сөзсіз еді. 302 Баратын жердің жақын болуы және соғысатын тайпаның жеңілетініне сенулеріне байланысты көп олжа түсіруді ойлауы бұл таңдауларында үлкен рөл ойнағанын айтуға болады. Өйткені, бұл соғысқа қатысуды өте қатты қалаған. Бұл соғысқа қатысқан мұнафықтардың саны бұдан бұрынғы ешқандай соғыста мұндай болмаған. Қараңыз: Ибн Сағд, Табақат, 2\\63 174

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Алғашқы шабуылының босқа кеткенін көрген Ибн Сәлул мұнымен тоқтамай, жаңа жоспарлар ойластыр- ды. Мұхажирларды жамандап, пайғамбарымызды меңзеп: – Қарғаны асырасаң көзіңді шұқиды303, – деген- дей ауыр сөздер айтты. Бұған қоса, ашық түрде қоқан- лоқы да жасап: – Аллаға ант етемін, Мәдинаға қайтқан кезімізде қадірлі адам ол жерден қор болған адамды шығарады304, – деп өзін қадірлі адам етіп сипаттады. Өзін сүттен ақ, судан таза адам етіп көрсетуге шебер еді. Бұған шыдамаған Хазірет Омар (р.а.) алға шығып, Ибн Сәлулдің көзін құртуды ұсынды, алайда Алла елшісі: – Уа, Омар, бұл қалай болады? Жұрт «Мұхаммед жолдастарын өлтіреді» демей ме? Болмайды! – деп қарсылық танытты. Сол сәтте жасалатын нәрсе дереу жолға шығу еді. Хазірет Омарға осындай нұсқау берді, сонша- ма ыстыққа қарамастан еш тоқтамастан Мәдинаға қайтты. Осы арада тағы да Жәбірейіл періште келіп Ибн Сәлулдің айтқандарын біртіндеп Алла елшісіне айтып, «Мұнафиқун» сүресін түсірді. Келген уаһи арқылы тағы да үміті үзілген Ибн Сәлул осы сәттен бастап бақсының моласындай енді жалғыз қалды. Өйткені, сол кезге дейін қасына ерте білген өз қауымының адамдары жасаған жаман әрекеттерін 303 Ибн Сәлулдің сөзі «Ит асыра, сосын өзіңді қапсын» деп берілген. Қараңыз: Ибн Һишам, Сира, 2\\290; Ибн Сағд, Табақат 2\\107 304 Қараңыз: Мүнафиқун 63\\8 175

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша бетіне басып, оны тастап кете бастады. Өз баласы хазірет Абдуллаһ та солардың арасынан табыл- ды. Әкесінің істегендерінен жерге кірердей бола- тын. Оның үстіне жасаған жаманшылықтары үшін әкесінің өлтірілмектігін де естіді. Ақыр соңында шешім қабылдап, тікелей Алланың елшісіне барып, басын иіп: – Жасаған ашық қиянаттары үшін әкем Үбәй ибн Сәлулды өлтіргің келгенін естідім. Рас саған тоқталсаң, оны өлтіруді өзіме бұйыр. Өйткені, Хазраж да біледі, бәрінің арасында әкесіне менен жақсылығы өткен ешкім жоқ. Егер әкемді басқа біреу өлтірсе, өлтірген адамға кектеніп мен де оны өлтірермін! Олай етсем, мұсылманның қанын жүктеп, тозаққа барамын ба деп қорқамын, – деді. Бұл адамды селт еткізер ұсыныс еді. Әкесі болса да Алла елшісін ренжіткені үшін өлтіруге бел байлап отыр. Алайда, пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұған бармады. Оған қарап: – Жоқ, керісінше арамызда болған кезінде оған жақсылық жасап, көңілін аулауға тырысамыз, – деді. Алла елшісінен мұны естігенмен жүрегі тыныш- тала қоймады. Әкесінің жолын кесіп, әуелі қылышпен ұрып түйесін құлатты, сосын жағасынын ұстап былай деді: – Мұхаммед қадірлі, нағыз оңбаған өзіммін демейінше мен сені жібермеймін305, – деп тұрып алды. Үсті-үстіне болған осыншама жағымсыз жағдайлардан кейін жолға шығып, демалмастан жүре 305 Қараңыз: Бұхари, Мәнәқиб 9 (3330); Тирмизи, Тәфсир 63 (3315); Әсқалани, Фәтхул бари 8\\649; Ибн Сағд, Табақат 2\\65 176

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша берді. Бұл жағдай аптап ыстықта әбден шаршағанға дейін жалғасты. Қатты шаршап, демалу үшін бір жерге тоқтады. Бірақ, бұл да ұзаққа созылмай, біраз уақыттан кейін пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қайтадан жолға шығуды бұйырды да, Мәдинаға қарай шапшаң басып жол жүреді. Пайғамбарымыз үшін де, сахабалар үшін де қауіптенетін ештеңе жоқ еді. Бір кезде арттарынан түйеге мінген Айша анамызбен бірге сахаба Сафуан ибн Муатталдың өздеріне қарай келе жатқанын көрді. Сөйтсе бәрі демалған жерде Айшаны ұмытып кеткен екен. Анық айтқанда, түйенің үстіне нәудаш306 қойылып, хазірет Айша соның ішінде отыратын. Ол кезде анамыз арық болғандықтан, ешкім сезбестен оны сол үйшіктің ішінде деп ойлаған-ды. Алайда, хазірет Айша дәрет қысып аулақтау жерге барғанда, сол жерде әпкесі Әсма анамыздан алған алқасын жоғалтып соны іздеп көп әуреленген болатын. Қайтып келсе көш кетіп қалыпты. Абдырап әуелі айқайлап көрді. Тырс еткен дыбыс білінер емес. Бір қызығы, жоғалттым деп ойлаған моншағы сол жер жатыр екен. Шарасыз кейіпте орамалын бүркеніп, өзінің жоқ екенін байқаған кезде іздеп келер деген оймен сахаба- ларды күтіп отырды. Бір кезде Сафуан ибн Муаттал307 шыға келді. Оған артта бір нәрсе қалып қоймады ма екен деп қарап келу 306 Нәудәш (үйшік немесе күйме) шөлде арнайы әйелдер жолда жүру үшін арналған түйенің үстіне байланатын жабық орын дегенді білдіреді. 307 Расулалланың «Ол туралы білетінім тек жақсылық» және «Жұмақ киімдерімен Алланың өзі киіндірген адам» деп сүйіншілеген ада- 177

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша тапсырылған болса керек. Бір нәрсенің қарайғанын көрген соң соған қарай беттеді. Барса оранып, бүрісіп отырған мүминдердің анасы Айшаны көргенде аузына алғаш түскені. – Иннә лилләһи уә иннә илейһи ражи′ун, – деген аят болды. «Алла елшісінің отбасы осында қалып қойыпты». Естіген даусына елең ете қалған анамыз дереу шәлісіне бүркенді. Бір жағынан өзін алып кететін адамның келгеніне қуанды. Хазірет Сафуан болса расулдың жары әрі мүминдердің анасы Айшаның қалайша артта жалғыз қалып қойғанын түсінбей: – Алланың мейірімі жаусын! Мұнда қалай қалып кеттіңіз? – деп сұрады. Сөйтті де, түйесін жақындатып: – Мініңіз, – деді. Өзі түйені жетектеп жолға шықты. Екеуінің артта келе жатқан себебі осы еді. Мұны ә дегенде Ибн Сәлул де көрді. Бұл ілік іздеп жүрген адамға нағыз мүмкіндік еді. Дереу жанындағыларға бетін шымшып, Айшаны өсекке таңа бастады. Бұрын да ары таза хазірет Мәриямға жала жабылғанындай бұған да күйе жағып, Алла елшісін елге қарағысыз еткісі келді. Өсекті жасы- рын түрде таратып, мүминдердің арасында бүлік шығарғысы келді. Неде болса әркім өзіне сай мінез көрсетті. мы Сафуан ибн Муаттал хазірет Омар кезеңінде және һижреттің 19 жылы Армения жорығында шәйіт болған. Қараңыз: Ибнул Әсир, Усудул ғаба 3\\31, 32 178

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Ибн Сәлулдің жол бойғы қорқынышы тарап, енді күлімсірей бастады. Өйткені, енді Мұхаммед осы жағдаймен әлек болмақ. Оның үстіне, бұл оның пайғамбарлығына да айтарлықтай күмән тудырмақ. Бұл есеппен жасалған жала болатын. Әлі Мәдинаға бармай тұрып, бұл жала ол жерге жетуі тиіс және естімеген адам қалмауы керек. Сол үшін барлық жерде осы туралы айтылып, адамдардың күмәнін тудыра берді. Осылайша, жылдар бойы іштерінде сақтап келе жатқан кектерін қайтаруды ойлап, туған мүмкіндікті дұрыс қолдана алған жағдайда ертеңгі күні келетін қуанышты болжады. Айша анамыздың науқастануы Бәни Мұсталық үшін жолға шыққандарына дәл жиырма сегіз күн өтті. Мәдинаға қайтып, жорық біткеннен кейін бір айлық сапарға әлсіз денесі шы- дамай, Айша анамыз ауырды. Болған жағдайлардан да, өзі туралы тараған өсектен де әлі хабары жоқ бо- латын. Алайда, мына жақта мұнафықтардың күңкілі тыншымады. Бұл өсек бара-бара күйеуі мен әкесінің құлағына жетті. Бұған пайғамбарымыз да, Әбу Бәкірдің үйі де сенбеді. Сондықтан ол туралы Айша анамызға айтуды қажет деп санамады. Дегенмен хазірет Айша бір келеңсіз жайттың болғанын сезіп, Алла елшісінің неліктен өзгеше күйде жүрген түсінуге тырысты. Өйткені, өзі болса ауырып жатыр. Бұрынғыдай жары ауырған кезінде өзін зиярат етпеді, тіпті 179

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша жақындамады. Анасы бар кезде ғана келіп, жағдайын сұрады. Хазірет Айшаның да іштегі күдігі күшейіп: – Уа, Расулалла, рұқсат берсеңіз, анамының қасында болсам, маған сол кісі қараса, – деді. Бұл да дұрыс шығар. Жары: – Өзің біл, – деді де қойды. Ойынан жаңылмапты, иә, бұрынғымен салыстырғанда бір салқындықтың сезілетіні анық. Себебін түсіне алмаса да өзі науқас болғандықтан, анасы Үммү Румәнға еріп төркініне кетті. Тек жиырма күннен кейін есін жинап, енді ғана белін тіктей бастады. Болып жатқан жағдайдан әлі де хабарсыз еді. Осы арада қалын сұрап келгендер болды, солардың бірі жақын туысы Үммү Мистахпен бірге бір қажеттілігі үшін сыртқа шықты. Бір кезде Үммү Мистахтың308 аяғы бір нәрсеге шалынып, құлап қала жаздады. Түзеліп тұрып жатып өз баласының атын айтып: – Құрып кеткір, Мистах, – деп қалды. Есі бар әйел өз баласына жаманшылық тілей ме? Бір қателік орын алған жерде Айша анамыз оны түзеткісі келетін. Бұл жолы да Үммү Мистахқа қарап: – Алланың разылығын қалап Мәдинаға көшіп, Бәдірге қатысқан кісіні жамандыққа қалай қиясың? – деді. Үммү Мистах Айша анамызға ожырая қарады. Өзін өсектеп жүрген кісіні жақтағаны несі? Рас, 308 Үммү Мистахтың анасы Бинт Сахр Айша анамыздың әкесі хазірет Әбу Бәкірдің нағашы әпкесі болатын. 180

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша баласы Мистах жала жабушылардың арасында еді. Біраздан кейін: – Әй, сен Мистахтың өзің туралы айтқандарын естіген жоқсың ба? Сен шынымен де жаны таза мүмин әйелсің-ау. Әлде өзің туралы гу-гу өсек барын білмегенің бе? – деді. Бұл бір зіл батпан сұрақ еді. Одан да сорақысы, Айша анамыздың шынымен де ештеңе білмеуі еді. Ол: – Мен туралы не депті? Қандай хабар? Ештеңе білмеймін, – деп Үммү Мистахқа қарады. «Болып жатқан нәрселерді маған тезірек айт» деп асықтырғандай Үммү Мистах осы кезде ел ішінен естіген-білгендерін түгел ақтарып салды309. Бұл айтылғандар адам сенгісіз нәрселер еді. Айша не үшін сыртқа шыққанын ұмытып, денесінен жан кеткендей сүлей-сопа болып тұрып қалды. Ауруынан енді айығып келе жатқанда тағы да ауыр соққы алды. Көзі жасаурап, жан дүниесінің астаң-кестеңі шықты. Тыныс алуы да қиындап, тамағына өксік тығылды. Зорға дегенде тілге келіп: – Шынымен де осылар болды ма? – деп сұрады да есінен танып қалды. Үммү Мистах біраз әбігерге түсті. Біраздан кейін есін жинап: – Сүбханалла! Қалайша жұрт осылай айта алады? – деді. Далаға не үшін шыққанын ұмытып, тезірек үйге кіргісі келді. Үммү Мистахқа сүйене орнынан тұрып, 309 Ибн Һишам, Сира 4\\464 181

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша әкесінің үйіне қарай жүрді. Үйге тезірек кіргісі келсе де аяқтары еркіне бағынар емес. Үйге кіре сала анасына: – Алла кешірсін, жұрттың өсегін ести тұра маған неге ештеңе айтпағансыз? – деді. Үммү Румән байсалды, парасатты жан еді. Жағдайға салқынқандылық танытқаны да содан. Қызын жұбатып: – Сабыр ет, құлыным, сабыр ет. Алла тағала саған да бір жеңілдік береді. Сен сияқты сұлу әрі пайғамбарымыз сүйген, сонымен қатар күндестері де бар қай әйелге сөз ермеген, оны мұқату үшін қандай жалалар жабылмайды дейсің? Мұндай адамдар туралы өсек көп болады310, – деді. Анасы дұрыс айтқан еді, бірақ ел ішіндегі өсек те соншалықты жеңіл сөздер емесі белгілі. Қанша күн өтсе де Айша анамыз дөңбекшіп ұйықтай алмады. Мына жақта болса өзі туралы айтылған жаланы естіген және кейбір мүминдердің соған сенгенін білген хазірет Сафуан да ашуға булықты. Өсек айтқандардың бірі Хассан ибн Сәбитпен шарт-шұрт сөзге келіп қалды. Екеуінің дауы ушығып, пайғамбарымыздың алдына дейін барды. Сол кезге дейін Мистахқа көмектесіп келген Әбу Бәкір (р.а.) оның да осындай сөзге ергенін естігенде, іштей ренжіп, енді оған көмектеспеуге бекінді. Осының барлығын жақыннан бақылап жүрген мұнафықтар асығы алшысынан түскендей көтеріңкі көңіл күймен жүрді. Бәни Мұсталықтан қайтқанда 310 Бұхари, Шаһадат 15 (2518); Мағази 32 (3910) 182

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша жоспарлаған зымияндықтары іске асқандай, барлығы жапқан жалаларына мұрттарынан күліп, риза болы- сты. Сахабалардың әрекеті және ойы Бұл өсекке сахабалар да таңданыспен қарап, аз бөлігі мәселеге екі ойлы қараса басым көпшілігі: – Субханаллаһ! Бұл нағыз жала, – деп, бұған сенбеді. Анамыздың адалдығы мен арлылығына шын сенетіндіктен олар әр жиында Айша анамызды қорғап отырды. Кешке үйіне келген Әбу Әюб әл-Әнсариден әйелі: – Айша туралы айтылғандарды сен де естідің бе? – деп сұрады. Ол естісе де естімегендей оңай танытты. Өйткені, мұны шығарғандарды да, олардың мақсатын да білетін. Алла елшісінін некелісінің мұндай жолға бармайтынына сенімді еді. Әйеліне қарап: – Естідім, бірақ бұлардың бәрі жалған, – деді. Сөйтіп әйелінің күдігін біржолата сейткісі келген- дей әйеліне қарап: – Айтшы, сен өзің осындай нәрсе жасар ма едің? – деп сұрады. Әйел сілейіп тұрып қалды, Алла мен ақырет күніне иман келтірген адам мұндай іске ешқашан бармас еді, дереу: – Ант етемін, ешқашан жасамаймын, – деп жауап қатты. Сонда оған күйеуі мынандай мағыналы сөз қатты: – Ұмытпа, Айша сенен де қайырлы! 183

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Міне, бұл нағыз мүминге тән қасиет еді. Кейіннен Алла тағала Әбу Әюбтың осы әрекетін ұнатқанын әрі басқа мұсылмандар да мәселеге әрдайым осылай қарау керектігін білдірген. Мына жақта пайғамбарымыз біраз уақыттан бері уахидің кешіккеніне қынжылды. Өйткені, мұндай жағдайларда істің шынайы жағы үнемі иләһи хабардың келуімен ашылатын. Уаһи тоқтамады, де- генмен дәл осы мәселенің ақиқатын ашатын еш хабар келмеді. Бәлкім, Алла тағала адамдардың естерінде ұзағырақ сақталып, ғибрат алып, мұндай жағдайда қалай әрекет жасау керек екенін ұғынықты ету үшін уақытты созды ма екен?! Мұсылмандар үнсіз, уахи әлі кешігуде. Бұл үнсіздік жала жабушыларды одан сайын ба- тылдандыра түсті. Кейбір мүминдер болса естен танғандай жағдайда жүрді. Нағыз мүминнің міндеті осынау сын сағатта ақиқатқа араша түсіп жалаға орын бермеу еді. Әсіресе, бұл қитұрқылықты әдейі ұйымдастырып отырған басшыларын ауыздықтап, шектен шыққандарды тәртіпке салу керек еді. Елдің өсегіне еріп, байқамай бұл бүлікке қосылып кет- кендер кейіннен пайғамбарымыздан кешірім сұрап, қателіктерін мойындауы керек еді. Сол үшін де Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) намаздан кейін сахабаларына қарап Аллаға мадақ айтқаннан кейін: – Уа, халайық! Әй, мұсылман қауымы! Өмірлік қосағым жайында айтпағанды айтып маған қиянат жасаған адамның қандай сылтауы болуы мүмкін. Уаллаһи, мен Айша туралы жақсылықтан басқа ештеңе білмеймін. Жалаға ұшырап отырған Айша 184

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша ең қайырлы жандардың бірі, бүгінге дейін мен жоқта үйіме бөтен адам кіргізген емес! Алла елшісінің осыншалықты ренжігені саха- баларды да толқытты. Бірақ, жала жауып, бүлікті бастаған адамның нақты кім екенін ешқайсысы білмейтін. Сол себепті Әустің көсемі Сағд ибн Муаз311 орнынан тұрып: – Уа, расулалла, мәселенің шешімін маған қалдыр. Сені ренжіткен адам Әус тайпасынан болса, басын шабамын. Ал Хазраждықтың бірі болса, онда не істе десең соны істейік, – деді. Бұларды естіген және қауымына күдік салған бұл сөздерден қатты әсерленген Сағд ибн Убада орнын- да отыра алмай кетті. Өйткені, күдіктінің кім екені белгілі еді. Орнынан ұшып тұрып, Әустің көсеміне былай деді: – Сенің бір адамды өлтіруге де әлің жетпейді. Сірә, Хазраждан болар деп көсемсіп отырсың. Егер өз қауымыңның адамдары болса бұлай деуге батылың жетпес еді! Мешіт ішінде ерегіс тұтанды. Бұл жолы Сағд ибн Муаздың көкесінің баласы Үсәйд ибн Худайр орны- нан тұрып мұнафықтарды қорғады деп айыпталған Сағд ибн Убадаға: 311 Бұл оқиғаның һижреттің бесінші жылы және Хәндәкқа дейін болғаны туралы мәсіметтер кездесумен қатар һижреттің 6 жылы болғанын айтатын риуаяттар да бар. Екінші мерзімді негізге алған кейбір ғалымдардың ойынша пайғамбарымызға алғаш сөз сөйлеген бұл сахаба Сағд ибн Муаз емес, оның көкесінің баласы Үсәйд ибн Худайр. Өйткені, олардың пікірінше бұл кезде Сағд ибн Муаз өмірден озған. Қараңыз: Айни, Умдатул қари 13\\232, Сондай-ақ, қараңыз; Шәләби, Хаяту Айша 105, 106 185

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша – Өлтіргенде қандай! Уаллаһи, мұны жасағандардың бастары шабылады! – деді. Бір сәтте жүз жыл бұрынғы дау-дамай қайта қоздатылғандай, негізгі мәселе жайына қалып, Әус пен Хазраж арасындағы рулық араздық бас көтере бастады. Осындай кезеңде адамдардың мәселені дұрыс ойлап, ақылға келуі мүмкін емес еді. Өйткені, ол кездегі рулық қақтығыстардың күштілігі соншалықты, мұндай сөздерді ешкім көтере ал- майтын. Сөйткенше болмай «сенің адамың, менің адамым» деп араларында ерегіс басталып кетті. Екі қауым жаңа дауды бастап кетсе екен деп, мұнафықтар да шоқты үрлей түсуге даяр. Алла елшісі екі жаққа да тынышталуды бұйырды. Бәрін тынышталдырған соң құтбасын аяқтап, үйіне келді. Қасына хазірет Усама мен Әлиді шақырып, осы мәселе жайында екеуімен ақылдасқысы келді. Пәк жұбайы Айша жайлы жаман ойға бармады. Дей тұра не ойлайды екен деп басқалардың да пікірін білгісі келді. Хазірет Үсама пікірін нық білдірді: – Уа, Алланың елшісі! Айша анамыз туралы біз жақсылықтан басқа ештеңе білмейміз. Бұлар барып тұрған өтірік, жала! Хазірет Үсаманы тыңдаған пайғамбарымыз енді хазірет Әлиге бұрылды. Хазірет Әли ә дегенмен Алла елшісінің ренішін сейілтуді қалады. Сол ниетпен: – Сары уайымға салына бермеңіз. Алла өзіңізге бұдан асқан қиындық көрсетпесін. Мына қызметші қыздан да сұрап, пікірін біліңіз312, – деді. 312 Мәселенің ауқымдылығын назарға алып, оны еңбектің соңында «Хазірет Әли және Айша анамыз» деген тақырыпта жеке қарастыруды жөн көрдік. 186

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Бұл сөз «қаласаңыз, Айшаны жақын танитын, бірге жүргендерден де сұраңыз» дегенді білдірді. Іле қызметші Бәрирәны шақырып оған: – Айша туралы қандай да бір күмәнің болды ма? – деген сұрақ қойылды. Мұндай сұрақтың өзін ауыр қабылдағандай хазірет Бәрирә (р.а.) қысылып: – Ант етейін, мен ол кісінің титтей де жаман қылығын көрген емеспін. Бір жайт есімде, бір күні қарай тұрыңызшы деп қамыр беріп кеткен едім. Ол кісінің көзі ілініп кетіп, қамырды қой жеп қойыпты. Айша өте пәк, аяулы кісі!313 – деді. Алла елшісі мұнымен қоса, басқалардың да пікірін естіді. Үйіне келгенде, бұл туралы басқа әйелдерінен де сұрағанды жөн санады. Әуелі араларында іштей бәсекелестік бар Зейнеп бинт Жахшқа жолықты. Себебі сіңлісі хазірет Хамна да Айша анамыз туралы өсекке сенген екен. Оған қарап: – Зейнеп, бұған сен не дейсің? Бұрың-соңды Айшаның нашар қылығына куә болып па едің? – деп сұрады. Зейнеп: – Уа, расулалла! Көрмеген нәрсемнен көзімді, естімеген сөзімнен құлағымды сақтағым келеді. Айшаның жаман қылығын көрген емеспін!314 – деп жауап қатты. 313 Бір жолы арпа ұнынан қамыр илейді. Ұйықтаған кезінде көршісінің қойы келіп қамырды алып кеткенін хазірет Бәрирә көрген, бұл жер- де соны айтып отыр. Қараңыз: Бұхари, әл-Әдабул муфрад 1\\55 (120) 314 Бұхари, Шаһадат, Мағази, Мүслим, Тәубе. Айша анамыз кейіннен Зейнептің бұл әрекетін мақтай отырып айтатын. Тіпті араларында бәсеке болғанына қарамастан Зейнептің әр ісі кемел болатынын, тек 187

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Қуанышты хабар Арада тағы бірнеше күн өткен соң пайғамбарымыз Әбу Бәкірдің үйіне барып, сәлем беріп, бір шетке отырды. Бәни Мұсталықтан қайтқаннан бері бұл үйге алғаш келуі. Бұл кезде Айша анамыз жоқ жерден өзіне жабылған жалаға күйініп дұға етіп, жылап отырған болатын. Қастарында ансардың бір әйелі де бар еді. Анасы мен әкесінен естімеген нәрселерін содан сұрауға тыры- сып, мәселені толық білгісі келді. Сол жерде намаз оқыған пайғамбарымыз шаһадат келтіріп, Аллаға мадақ айтқаннан кейін Айша анамызға қарап: – Айша, жұрттың өсегі құлағыңа жеткен болар. Өзіңе бекем бол. Дегенмен мұндай іс рас жасаған болсаң, мойында, сен үшін дұға етіп, кешірім тілейін. Жоқ, бұл жала десең, Алла тағала оны да білдіреді. Ал, шынымен де жамандыққа барған болсаң, тәубе етіп, кешірім тіле. Өйткені, пенде қателігін мойында- са, тәубесі қабыл болады, – деді. Әр сөз Айша анамызға соққы болып тигендей есеңгірете түсті. Сөз арасында Алла өзі істің ақ- қарасын білдіреді дегені көңілге үміт бергенмен, жан жарының өзіне күмәнмен қарағаны ауыр тиді. Бұдан ары не боларын да білмеді. Көзінде жас таусы- лып, тамырларындағы қан да тартылып кеткендей. Жұрттың өсегін естіп жарының өзі күдіктенсе, бұл енді сырын кімге аша алады, дертін кіммен бөлісе сіңлісі Хамна бинт Жахштың ғана әлгі өсекке сенгенін білдірген. Қараңыз: Нәсәи, Ишратун ниса 3; Бұхари, Шаһадат 15 (2518), Мағази 34 (3910); Мүслим, Тәубе 56 (2770) 188

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша алады. Тілі байланып, еш нәрсе сезбей қалғандай күй кешті. Тіпті жүрегінің әлі соғып тұрғанына аң- таң. Ата-анасына жаутаңдады. Жауап айтып, қызын қорғағанын қалады. Алайда, олар да үнсіз. – Уаллаһи, расулаллаға қандай жауап беретінімізді білмейміз, – деп жақ ашпады. Сірә, Мәдинадағы гу-гу өсек оларды да екіұшты ойға итер- мелеген секілді. Сол себепті хазірет Айша бар күш- жігерін жинап, күйеуіне: – Уаллаһи, тәубе етпеймін315, өйткені істемеген ісіме қалай тәубе етпекпін. Жұрттың айтқаны жала десем де сіздерді сендіре алмайтын сияқтымын. Есіме хазірет Жүсіптің әкесінің316 жағдайы түсіп отыр, мен де тек соны айтамын. «Ендігі міндетім үміт үзбей, сабыр ету ғана. Не деймін, бұл жағдайдағы жалғыз сүйенішім – Алла!» – деді. Хазірет Айша (р.а.) не істерін білмей, Аллаға қолын жайып, істің ақ-қарасын көрсетуін өтінді. Өзі туралы өсектің жалғандығын көрсететініне күмәнданбады. «Пайғамбарлықтың қырық алты 315 Айша анамыздың бұл сөздерін тек жарына емес, ата-анасымен қоса баршаға қарап айтқанын көрсететін риуаяттар да бар. Ол бойынша: − Иә, мен жұрттың айтып жүргенін естідім. Сіздер де сол өсекке сенген сыңайлысыздар. «Бұл жаладан тазамын» десем, сірә мені құптамайсыздар. Сіздерге бола мойындасам, рас екен деп ойлай- сыздар. Уаллаһи, мен сіздер мен өзімнің жағдайымды «Ендігі менің міндетім үміт күтіп, сабыр ету. Не дейін, бұл жағдайда жалғыз сүйенішім Алла» деген Жүсіптің әкесінің жағдайын ұқсатамын. Қараңыз: Бұхари, Шаһадат 15 (2518) 316 Сол оқиғаның әсерімен есеңгіреп тұрып есіне хазірет Яқубтың (а.с.) атының түспегенін айтқан Айша анамыз тек «Жүсіптің әкесі» дей алғанын айтады. Қараңыз: Табарани, әл-Мұғжамул кәбир 23\\111 189

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша бөлігінің бірі түстер арқылы Алла елшісі хабар алар, қайғым бітер» деп ойлады. Арада көп өтпей көз тоқтатып қарағанында Расулалланың моншақтап терлеп кеткенін көреді. Бұл бір айдан бері үзілген Жәбірейіл періштенің уахи әкелуі еді. Борша-борша болып терлеп, ауыр зат көтергендей қиналды. Көктен жаңа бір хабар келген еді. Ата-анасының да реңі қашып кетіпті. Сірә, елдің өсегі рас шығып масқара боламыз ба деп қорықты ма екен. Дегенмен, Жәбірейіл періштенің әкелген үкімі өзіне қатысты болса да, иләһи әділдіктің көрініс табатынына күмәнданбады. Үлкен сабырмен нәтижені күтті. Сөйтіп, уаһи жағдайы аяқталды. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) отырған жерінде маңдайының терін сүртіп, Әбу Бәкірдің отбасына қарады. Сол кезге дейін үйге төніп тұрған қайғының орнын бірте-бірте қуаныш басып, үстеріндегі қара бұлттың сейілгенін көздерімен көрді. Өйткені, Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) күлімсіреген еді. Бүгінге дейін баршаны уайымға салған мұнафықтардың өсегіне еріп тосын әрекет жасамағанына қуанды. Әуелі мейірімге толы дауыспен жарына: – Сүйінші, Айша! Алла тағала түсірген аяты арқылы сенің таза екеніңді білдірді! Тұр да, Аллаға мадақ айт! – деді. Бұл бір айлық ауыртпалықтың соңғы нүктесін қойған сүйінші хабар еді. Иә, күткеніндей, үміті ақталған анамыз да күлімдеп: 190

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша – Әлхамдулиллә, – деді. Неде болса осыншама қиындықтан кейін күнәдан пәктігі әлемдердің Раб- бысы тарапынан білдірілді. Өзі бұлай болады деп ойламаған-ды317. Пайғамбарымыз «Нұр» сүресін оқи бастады. Оқылған әрбір аят осы қиындықты жоғалтатындай құдіретке ие еді. Бүгінге дейін болған барлық қиындықтар кетті. Айша анамыз сол кезге дейін өзін сары уайымға салған жайттың енді артта қалғанын сезініп, қуанды. Уайымнан жүрегі алқымына тығылған Әбу Бәкір (р.а.) мен әйелі Үммү Румән да терең тыныс алды. Жәбірейіл әмин әкелген аят пен Алла елшісінің қуанышына куә болған Үммү Румән қызы әрі мүминдердің анасы болған Айшаға қарап: – Қане, тұр да, күйеуіңе рақмет айт, – деп қалды. Мұны айтқанменен Айша анамыз ол сәтте өзі жайлы келген аяттан әсерленіп, қайталанбас сезімге бөленіп тұр еді. Бір айға жуық уақыт өзі туралы айтылған нәрселердің жалған екенін білдіретін хабар келіп, арының тазалығы әлемдердің Раббысының өзі тарапынан, әрі қияметке дейін солай болу шарты- мен жаһанға жария етіліп жатса қуанбау мүмкін бе?! Әлемдердің Раббысының ашық түрдегі жақсылығын көрмеуге болмас еді, анасына қарап: 317 Бұл туралы өзі былай деген: − Мен күнәсіз екенімді білетінмін, Алла да күнәсіздігімді айғақтар деп күттім. Бірақ мен туралы аят түсер деп еш ойламап едім. Ішімнен «Мен туралы аят түсетіндей мен кіммін?» дедім, Расулаллаға ақиқат түсінде көрсетілер» деп күткен едім». Қараңыз: Бұхари, Шаһадат 15 (2518); Мүслим, Тәубә 56 (2770); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\194 (25664), Табарани, әл-Мұғжамул кәбир 23\\111 191

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша – Жоқ, мен оған емес, тек Аллаға мадақ айтып, алғысымды тек Жаратушыға ғана арнаймын318, – дейді. Енді Құраннан анамыздың тазалығын баян- дайтын аяттар орын алды әрі қияметке дейін мәңгі қалмақ. Әр замандағы мүминдерге оның күнәдан пәк екенін үнемі білдіріп отырмақ. Бұл аяттарда Алла тағала Айшаның таза екенін баяндап, ертеңгі күн үшін оған көркем ризықтар уәде етуде. Құранның сүйінші хабары мұнымен шектелмеді, бұл бүлікке араласқандарды ақыретте ауыр азап күтетіні жайлы да ескертті. Түскен аяттарды сахабаларымен де бөліскісі келген пайғамбарымыз былай деді: «Жаланы шығарғандар араларыңдағы шағын бір топ. Сендер бұл жаланы өздерің үшін жамандық деп ойламаңдар, керісінше жақсылық! Әлгі жаланы жабушыларға келетін болсақ, олардың әрқайсысына күнәсінің жазасы бар. Ал, бұған басшылық жасаған адамға тіптен аяусыз азап бар». Сахабалар да үстілерінен ауыр жүк түскендей, рахаттанып қалды. Өйткені, бұл азғындардың кім екенін білмейтін адам жоқ еді. Оларға еріп, көңілдерін кірлетпеген болатын. 318 Қараңыз: Бұхари, Шаһадат; Мүслим, Тәубе. Осы кезде хазірет Әбу Бәкір келіп, қызының маңдайынан сүйді. Мұны көргенде қызы: − Менің күнәсіз екенімді неге ертерек айтпадыңыз? – деп сұрады. Сонда әкесі: − Білмеген нәрсем туралы айтсам, қай аспан маған пана бола ала- ды, қандай жер мені көтере алады? – деп жауап берген. Қараңыз: Байһақи, әл-Мәдхал әс-Сунәнул кубра, 2\\167 (647); Сондай-ақ, қараңыз: Шәләби, Хаяту Айша 120 192

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Демек, жақсы ниетке жетері жоқ. Айтылғандарды зерттеп, шын екені расталмай тұрып даурықпау керек еді. Күнәдан сақтану – мүмин үшін ең дұрыс жол. Ескерту үстіне ескерту жасалған аяттарда жала жабушылардың қателіктерін қайта-қайта айтып, ба- старына ауыр соққы беріп жатқандай еді. «Әлгі жала жабушылар төрт куәгер әкелу керек еді. Куәгер әкелмегеніне қарағанда олар Алла құзырында өтірікшілердің нағыз өзі болып саналады». Демек, адам өз қалауымен ойына келгенді айта алмайды. Біреу туралы негізсіз сөйлемеу керек, айтса да міндетті түрде дәлел ретінде бір сүйенетін нәрсесі болуы керек. Әсіресе, ар-намысты әйелдердің зина жасағанын айту үшін ең кемі төрт куәгерге сүйенуі тиіс. Керісінше жағдайда ең үлкен күнәлардың бірін жасаған болып саналып, бұ дүниеде де оларға жаза қолданылады. Маңдайларына «өтірікші» деген таңба басылады. Қиямет күнінде де маңдайларындағы сол «өтірікші» деген таңбасы өшірілмей, мәңгілік «өтірікші» деп айтылатын болады. Анамыз (р.а.) тағы да көптеген жақсылықтарға себеп болды. Қатты азап шегіп, бір айдай қиналғанмен сабыр ету арқылы осы сынақтың жемісін көрді. Өйткені, жоғарыдағы сөздерден кейін келген басқа да хабарлар осыны айқын көрсетті, осыған байланы- сты бірқатар үкімдер анықталып, адамдар арасын- да құқықтан бастап әлеуметтік өмірде қолданылуы тиіс қағидаларға дейін бірқатар мәселе айқындалды. Нәтижеде қоғамда жаман ой мен күмәнға жол берілмей, парасатпен пайымдайтын жаңа бір қоғамның үлгісі көрсетілген еді. 193

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Араларында Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) болғандықтан сахабалар бұл сынақтан сүрінбей өтті. Бұрынғы үмбеттер ұшыраған қиын жағдайлардан аман қалды. Бұл ақиқатты да Ұлы Жаратушының өзі білдірді: «Дүниеде де, ақыретте де Алланың мейірімі мен рақымы сендермен бірге болмағанда, бұл істерің үшін міндетті түрде жазаға ұшырар едіңдер». Сахабалар Аллаға мадақ айту керектігін айқын түсінді. Күнәнің кішісі де, үлкені де күнә. Демек, әу баста-ақ күнәнің үлкеюіне жол бермеу керек. Жала жабу оқиғасы да осындай бір күнә болатын. Сондықтан да Құран жаланы естісе де оған мән бер- мегендерге былай деді: «Ол кезде сендер жаланы ауыздан-ауызға тара- тып, істің ақиқатына кереғар пікір айттыңдар әрі бұны тым елеусіз көрдіңдер. Алайда, ол Алланың құзырында өте үлкен обал іс болатын. Неге оны естігенде-ақ бұл нағыз жала!» демедіңдер. Егер мүмин болсаңдар, Алла мұндай нәрсені қайталауға қатаң тыйым салады. Алла тағала аяттарды сен- дерге ашық түрде көрсетеді. Алла ′алим (барлық нәрсені біледі) һәм Хаким (толық даналық иесі)». Бұл сақтыққа шақыру еді әрі мүмин айнала- сында болып жатқан жағымсыз жайттарға бей-жай қарамауы тиіс. Өйткені, сол аяттың жалғасында Ұлы Жаратушы былай дейді: «Мүминдер арасында жамандықтардың таралуын қалаған адамдар үшін дүние мен ақыретте ауыр азап бар. Алла біледі, сендер біле алмайсыңдар». 194

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Аяттар жалғаса берді. Барлығы да әрбір мүминге әр сәтін есеппен өткізу керектігін ұқтырды. Өйткені, есебі қиямет күніне қалған адамның ісі бітті деген сөз. Мұны түсіндіргенде Ұлы Алла Жәбірейіл періште арқылы елшісіне мына сөздерді түсірді: «Абыройлы мүмин әйелдерге зинақорлық туралы жала жапқандар дүниеде де, ақыретте де лағынетке ұшырайды. Олар үшін ауыр азап бар. Тілдері, қолдары мен аяқтары жасаған барлық жамандықтарын айтып, біртіндеп өздеріне қарсы куәлік ететін күн туады. Сол күні Алла өз ақыларын толығымен береді және олар Алланың шындықты түсіндіретін хақтың нағыз өзі екенін түсінеді319. Міне, осы аяттар жала бойынша түсті. Аяттар қияметке дейінгі барша мұсылманның назарын ау- дарып, бұдан былай өте мұқият болу керектігін ескертті. Өйткені, осы кезден кейін болмашы сенімсіздіктің өзі Құран мен хадисті терістегендей, адамды діннен шығарып, кәпір ететін еді320. Тіпті, Ибн Аббастың ойынша, бұл іске араласып, кейіннен тәубе еткендердің тәубелері қабыл болмайды. Ол қияметке дейін өздеріне дақ болып қалады321. Аяттар түсіп, қай топқа қалай қарау керектігін белгілегеннен кейін Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мұнафықтардың өсегіне ерген үш сахаба- 319 Қараңыз: Нұр, 24\\11 320 Ғалымдарымыз өзі туралы иләһи ақтау түссе де Айша анамыз ту- ралы кейінгі күмәнданушылардың кәпір болатынын бірауыздан құптауда. 321 Қараңыз: Алуси, Рухул Мағани, Нұр сүресі 20-аяттың тәпсірі, Әбу Хайян, Бахрул Мухит, Нұр сүресі 20-аяттың тәпсірі; сонымен қатар, қараңыз: Шәләби, Хаяту Айша 124 195

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша ны жазаға тартты322. Өйткені, олар дәлелсіз, куәгерсіз бүлік шығармақ болғандардың алдауына түскен еді. Анығында, қандай жағдайда да мүмин абыройлы жандарға тіл тигізбеуі керек. Қоғамның есендігі үшін бұл міндетті қағида болатын және «хуқуқуллаһ» деп аталған құқықтың шетке ысырылуы мағынасына келетін. Жоғарыдағы аяттарда осы жағдай баса ай- тылып, жалақорлардың жазаға тартылуы керектігі көрсетілген, пайғамбарымыз осы бұйрықты орында- ды. Әйтпесе нақақтан нақақ жала жауып күйдіру белең алып кетсе, коғамның быт-шытын шығарары сөзсіз. Бұл өзі Құран қарастырған тақырып болғандықтан, ешқашан назардан тыс қалмауы тиіс. Бүліктің нақ ортасында тұрған және жағдайы ақыретке қалдырылған Абдулла ибн Убәй ибн Сәлул сияқты адамдар болса, бәрібір қитұрқылықтарын қоймады. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бүлік шығарғандарды жақсы біле тұра, сол күні оларды жазаға тартпады. Өйткені, олар қоғамда улы ісік кейпінде еді. Ажалы жетіп өздері құрымаса, бұндайлардың қитұрқылықтарын қолмен тоқтату қиын. Керек десеңіз, олардың жазаны түсінетін санасы да, жазаға тартатындай қадірі де жоқ еді. Сондықтан Алланың елшісі (саллаллаһу аләйһи уә 322 Сексен дүремен жазаланған сахабалар Мистах ибн Үсаса, Хассан ибн Сабит және әйелдерден Зейнеп анамыздың сіңлісі Хамна бинт Жахш болатын. Ақиқат анықталғаннан кейін олар өсекке ергеніне қатты өкінген. Тіпті, Хассан ибн Сәбит өкінгенін, кешірім сұрайтынын өлең жолдарына сыйғызып, сәті түскенде бұл өлеңін оқып жүрді. Қараңыз: Ибн Һишам, Сира 4\\273. Тіпті, бұл өлеңдерінің бірінде өзін жерден алып жерге салған сөздер айтқанын естіген анамыз ренжіп, «Сен он- дай емессің» деп оны жұбатқан. Қараңыз: Бұхари, Мағази 32 (3915), Мүслим, Фадаилус сахаба 155 (2488) 196

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша сәлләм) оларды әділетті Жаратушыға тапсырды да қойды. Неде болса үлкен күнәлардың есебі тек үлкен соттарда қаралмақ. Олай болса Абдулла ибн Убәй ибн Сәлул сияқтылардың есебі үлкен Сотқа қалдырылды. Өйткені түскен аятта Алла тағала ол істің Өзіне қалдырылуы керектігін білдірген еді323. Хазірет Әбу Бәкірдің мұқияттылығы Қателікке беттемеу ізгілік болса, сол қателіктен қайту да үлкен ізгілік. Сахабалардың бәрі де осын- дай ізгілік шеңберінде өмір сүрді. Мәселен, Айша анамыздың басы күнәдан таза екенін көрсеткен аяттардың соңына қарай орын алған мына сөздер хазірет Әбу Бәкірдің (р.а.) назарын айрықша аударды. Аят былай деген еді: «Араларыңдағы ізгі әрі мүмкіндігі барлар ту- ыстарына, кедейлерге, Алла жолында һижрет еткендерге садақа бермеймін деп ант ішпесін, кешіріп, кішіпейілдік танытсын! Өздерің де Алланың сендерді кешіріп, кеңшілік көрсеткенін қаламайсыңдар ма? Алла тағала шынында да Ғафур (өте кешірімді), Рахим (рақымы мол)». Бұның себебі, хазірет Әбу Бәкір (р.а.) өзі сол күнге дейін көмектесіп келген Мистахқа енді көмектеспейтінін айтқан болатын. Өйткені ол Айша туралы жалаға қосылған еді. Жағдай басылғаннан кейін сабасына түсіп, қайтадан көмек беруін 323 Қараңыз: Нұр, 24\\25 197

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша жалғастырды. Өйткені, кешірімді болса, Алла да өзіне кешіріммен қарамақ. Сол себепті аяттың соңындағы: «Алланың да сендерді кешіргенін қаламайсыңдар ма?» дегенін естігенде, көңілі толқып: – Әрине, қалаймын, Алланың мені кешіргенін қалаймын, – деген. Содан бастап хазірет Мистахқа көмек беруін тоқтатпай, өзіне былай деп уәде берді: – Енді көмек беруден бас тартпаймын324. Сыддық (шыншылдық) Ақиқат жолаушысы үшін (шыншылдық) биік мәртебе. Сол биік мәртебеге жеткендер сыддық деп аталған. Бұл жол өтуі қиын асуларға толы. Осы асу- лардан асып, түрлі сынақтардан сүрінбей өткендер ғана сыддық атауына қол жеткізеді. Сыдықтар тарих- та отқа тасталу, құрбандыққа өз баласын шалу секілді сынақтарға да душар болған. Сол себепті Құран кәрім нағыз «Сыддық» ретінде төрт кісіні көрсетеді: үшеуі пайғамбар, біреуі әйел кісі (пайғамбардың анасы). Құран хазірет Ибраһим325 мен Ыдырысты,326бұған берген уәдесінде тұрған хазірет Исмаилді де (а.с.) қосып ең адал жандар ретінде көрсеткен327. Үш пайғамбардың да адалдығы баяндалған сүренің аты «Мәриям» деп аталған. Бұл сүренің негізгі тақырыбы адалдық болып табылады. Сүреде өте адал жандар 324 Бұхари, Мағази 32 (3910); Тәфсир 244 (4473); Әйман 17 (6301); Мүслим, Тәубе 56 (2770); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\194 (25664) 325 Қараңыз: Мәриям, 19\\41 326 Қараңыз: Мәриям, 19\\56 327 Қараңыз: Мәриям, 19\\54 198

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша хазірет Жүсіп пен Мәриямның сынақтарындағы ұқсастықтар да айтылады. Өте арлы-ұятты кісілер болғанына қарамастан екеуіне де жала жабылған. Бұл таңдаулы пайғамбардың анасы әрі өмірін дінге арнаған әйел үшін күтпеген жағдай еді. Бұндай жала хазірет Мәриямның ішкі жан дүниесін қаншалықты ойрандағанын кім білсін?! Бұлар ең ауыр сынаққа Аллаға ең жақын жандардың тап болатынын көрсетуде. Сондықтан Құран кәрім хазірет Жүсіпке «Юсуф, әй, сыддық!...» деп, оның күнәсіздігін білдіріп, «...Күмәнсіз, о адал жандардың бірі еді» дейді. Өйткені, хазірет Жүсіп (а.с.) бауырлары қызғанып құдыққа тасталған. Кейіннен базарда құл ретінде сатылған. Кейіннен тағдыр оны сарайға әкелгенмен, бұл сарайда да оған жала жабылды. Бірақ, әлі тілі шықпаған бір баланың төрешілігімен күнәсіз екендігі жұртқа мәлім етілді. Бұл жетпегендей барлық нәрсе айқын бола тұра зынданға тасталып, ең бағалы жылдарын қараңғы зынданның түбінде өткізуге мәжбүр болды. Міне, осы кезеңдердің барлығында өзінен күтілген тура- шыл мінезін көрсете білгендіктен, кейіннен Мысырда үлкен патша болған328. Хазірет Мәриям да осыған ұқсас жағдайға тап келген. Құран хазірет Исаны ақтаған тұста «Оның анасы да адал болатын!» (Маида, 5\\7) деу арқылы хазірет Мәриямның да осы биік дәрежеге жеткеніне назар аудартқан. Өзіміз білетіндей, хазірет Мәриям жастайынан құлшылыққа берілген бала, өзі 328 Қараңыз: Юсуф, 12\\46, 12\\27, 12\\55 199

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша ғибадатханада дүниеге келген. Кейінгі жылдарын да осы ғибадатханада өткізді. Ол кезде материалық түсінік басым еді. Міне, осындай кезеңде қоғам қабылдай алмайтын сынақтан өтіп, өзіне ер кісінің қолы тимесе де мұжзиза кейіпте Исаға жүкті болған329. Хақ тағаланың жазуы осы, тағдырдың үкімі орындал- ды. Алайда, адамдар оған алғашқыда «Ей, Харунның қарындасы! Сенің анаң да, әкең де мұндай жаман қылық жасаған адамдар емес еді!» (Мәриям, 19\\28) және «Ей, Мәриям! Сен көргенділік танытпадың» (Мәриям, 19\\27) деп қараған. Мұғжиза кейіпте дүниеге әкелген баласын зинақорлықпен тапты деп айыптады. Күнәдан таза адам үшін бұл жан төзгісіз азап емей немене?! Алайда, құлшылыққа құштар құлын Жаратушының өзі қолдады. Жұртқа «Мен Алланың құлымын, Алла маған кітап берді және мені пайғамбар етіп жіберді...» (Мәриям, 19\\30) деп, жаңа туылған хазірет Исаны сөйлетті. Мәселе осылай шешімін тапты330. Өте арлы, ұятты жандар болғанына қарамастан Құран хазірет Жүсіп пен хазірет Мәриямның аппақ арына дақ жағылғанын мысал еткен. 329 Хазірет Мәриямның жүкті болуы жөнінде қосарымыз: бұл алғашқы нұрдың иесі пайғамбарымыздың руханияты болуы мүмкін. Қараңыз: Мәриям, 19\\17 330 Алла расулының бір сөзінде қиямет күні хазірет Мәриямның өзімен некелесетіні айтылады. Қараңыз: Хәйсәми, Мәжмауз зәуәид 9\\218; әз-Зәһәби Мизанул иғтидал 7\\316. Мәселеге осы тұрғыдан қарағанымызда, хазірет Мәриям анамызға пайғамбарымыздың әйелдері арасында деп қарай аламыз, бұл жағдайда Айша анамызбен душар болған сынақ жағынан да бір ұқсастықтың болуы айрықша назар аудартады. 200


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook